Файл қосу

Бас ауру

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |
|4 деңгейлі СМЖ құжаты   |ПОӘК                    |ПОӘК                      |
|                        |                        |042-14.4.05.1.20.13/03-200|
|                        |                        |8                         |
|«Биогеохимия және       |                        |                          |
|экотоксикология» пәнінің|№1 басылым              |                          |
|оқу-әдістемелік кешені  |                        |                          |

                   050608-«Экология»  мамандығына арналған
                 «Биогеохимия және экотоксикология » пәнінің
                           ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

                      Оқытушының жұмыс оқу бағдарламасы

                                 Семей-2011

                                  Глоссарии

      Биогеохимия —       биосферада        организмдердің        қатысуымен
жүретін геохимиялықпроцестерді  зерттейтін ғылым саласы,   геохимияның   бір
бөлімі.

      Геохимия — Жердің  химиялық  құрамын,  элементтердің  көшу  не  таралу
заңдылықтарын, атомдардың  табиғи процестер  кезіндегі  орналасу  мен   көшу
тәсілдерін зерттейтін ғылым

      Тірі организм  өз  тіршілігінде  түрлі  химиялық  элементтерді  бойына
сіңіреді, ал ол өлген соң бұл элементтер ыдырайды, шашырайды немесе  белгілі
бір орынға шоғырланады. 

      Жер бетінде  тірі  организмдер  біркелкі  тарамаған,  кейбір  тіршілік
ортасында  олардың  белгілі  бір  тобы  көп  жиылады.  Бұған  мұхиттар   мен
теңіздердегі планктон, құрлықтағы қалың  орман  мен  шалғындар,  ылғалы  мол
қара топырақты жерлердегі шірінді мен шымтезек, халықтың  бір  жерде  тығыз,
бір жерде сирек орналасуы мысал болады.

          Тірі  заттың  негізгі   массасы   —   өсімдіктерде.   Олар   жерге
түсетін күн энергиясының 1%-ке жуығын сіңіреді. Биогеохимиялық  процестердің
қарқыны организмдердің шапшаң көбеюіне байланысты.     Тірі  дене  құрамының
негізгі массасы химиялық элементтердің аз ғана тобынан құралады.

Геохимияның салалары - теориялық геохимия, кристаллохимия,  жеке  элементтер
геохимиясы, радиогеология, физикалық
геохимия, топогеохимия, биогеохимия сияқты салалары бар. 

Жердегі хим. элементтер 4 топқа бөлінеді:

   1.  Сидерофильдер [темірге  жақындар  (Fe,  Nі,  Co,  т.б.)],   көбінесе,
      орталық ядрода орналасқан;
   2. Халькофильдер [күкіртке жақындар (Cu,  Zn,  Sb,  т.б.)]  оксидті  және
      сульфидті қабатта кездеседі;
   3. Литофильдер [тас құраушылар  (Sі,  Mg,  Ca,  Ba,  т.б.)]  —  силикатты
      қабатта;
   4.  Атмофильдер [ауа  құраушылар  (Не,  Ar,  Ne,  т.б.)]  ауа   қабатында
      жиналады.

Ауа   қабатында элементтер   -   газ    немесе    жеке    элемент    түрінде
кездеседі. Атомның газ түрінде болуы оның кеңістікте еркін  таралуын  немесе
су мен тас қабаттардағы атомдармен жылдам алмасуын жеңілдетеді. 

Геохимиялық процестер - көбінесе, тропосфера қабатында өтеді. 

Су қабатында элементтер ерітінді түрінде, ал 

Жер қыртысында — минерал, молекула, атом, ерітінді, бу түрінде кездеседі. 

Табиғаттың ластануы - дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе  бар
заттардың  консентрациясының  (химиялық,  физикалық,  биологиялық)   артуын,
санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз.

 Ластандырушы заттарға - тек  улы  заттар  ғана  емес,  зиянды  емес  немесе
ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады. 
Ластануды  жүйенің  тепе  –  теңдігін  бұзатын  кез  келген  агент   ретінде
бағалауға болады. 
Ластану түрлері - әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі: 
• шығу тегі бойынша: 
табиғи және жасанды (антропогенді); 
• пайда болу көзіне байланысты: 
а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.; 
ә)  нүктелік  (өнеркәсіп  орнының  құбыры),  объектілі   (өнеркәсіп   орны),
шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе),  трансгрессивті  (басқа  аймақтар
мен мемлекеттерден енетін); 
• әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті; 
• қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ,  гидросфера  және
оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит,  тұщы  су,  жер  асты  сулары,
өзен сулары және т.б.); 
• әсер ететін жеріне байланысты: химиялық (химиялық заттар мен  элементтер),
физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік),  физико
– химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б); 
•  әсер  етудің  периодтылығына   байланысты:   бірінші   ретті   (өнеркәсіп
орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері); 
• тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты  –  100  және  1000  жыл  тұратын
(азот, оттегі,  аргон  және  басқа  инертті  газдар),  тұрақты  –  5-25  жыл
(көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз  (су  буы,  көміртегі  тотығы,
күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон). 
Ферменттер -  тірі  организм  клеткалары  жасап  шығаратын  барлық  химиялық
реакциялардың жүрісін тездететін биологиялық катализаторлар.
Жаңа классификация бойынша бізге белгілі ферменттердің барлығы  алты  класқа
бөлінеді.
1. Оксидоредуктаза — тотығу-тотықсыздану ферменттері.
2.  Трансфераза  —  атомдардың  түрліше  топтарының  тасымалдау   реакциясын
катализдейтін ферменттер.
3.  Гидролаза  —  заттардың  түрліше   топтарының   гидролизіне   қа-тысатын
ферменттер.
4. Лиаза — еселенген байланыс түзе  және  оны  бұза  отырып,  атомдар  тобын
қосып немесе ажыратып алу реакциясын ка-тализдейтін ферменттер.
5. Изомераза — изомеризация реакциясын катализдейтін ферменттер.
6. Лигаза (синтетаза) — АТР  энергиясының  есебінен  жай  заттардан  күрделі
органикалық заттар түзу реакциясын катализдейтін ферменттер.
Гипофиз. Эпифиз Ішкі секреция  бездері  немесе  эндокриндік  мүшелер  жүйесі
(гр. «endon» - ішкі, «сrino» -  бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін
мүшелерге жатады. Ішкі  секреция  бездерінің  жасушаларын  ұсақ  қантамырлар
мен лимфа қылтамырлары торлайды.

 Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек  болмағандықтан,  сұйыктық
бірден қанға өтеді.  Сондықтан  мұндай  бездерді  ішкі секреция бездері  деп
атайды.

Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз,  қалқанша  без,  қалқанша  маңы
безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті  бездері  және  т.  б.  Ұйқыбез  бен  жыныс
бездері - аралас бездер.  Олар  әрі  ішкі,  әрі  сыртқы  секрециялық  қызмет
аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және  басқа  мүшелерге  де
өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.

Гормондар (гр. «һоrmae» -  қоздырамын,   козғалыска   келтіремін)   -   ішкі
секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін  биологиялық
белсенді  заттар.  Гормондардың  барлығы  ағзалық  заттар,  себебі,  олардың
біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес  заттардан
құралған.  Гормондар  ішкі  секреция  бездерінен  бөлінін, қан, лимфа,  ұлпа
сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі.

 Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін  орталық  -  аралық гипоталамус
(гр.«һуро» - асты, төменгі жағы, «tаlаmое» - бөлме). Оны көру төмпешік  асты
бөлімі деп те атайды.

Гипоталамус  пен   гипофиздің   қызметі   бірімен-бірі   тығыз   байланысып,
гипоталамустен  гипофиздік  жүйе   құралады.   Жүйке   ұлпасынан   бөлінетін
гормондар - нейрогор-явтт аталады.

јсер  етуші  зат  -  препараттыќ  нысандаєы  пестицидтіѕ  (улы   химикаттыѕ)
биологиялыќ тўрєыдан белсенді бґлігі;
      биологиялыќ препарат (биопрепарат, биопестицид) - јсер  ету  бастамасы
микроорганизм  немесе  оныѕ  тіршілік  јрекетініѕ  ґнімі   болып   табылатын
препарат;
       гербицид  -  ќажетсіз  ґсімдіктерді  жоюєа  арналєан  пестицид   (улы
химикат);
      зиянды  организмдер  -  топыраќќа,  ґсімдікке  жјне  ауыл  шаруашылыєы
ґніміне кері јсер ететін зиянкестер, арамшґптер жјне ґсімдік аурулары;
       инсектицид  -  ґсімдіктерді  зиянды  жјндіктерден  ќорєауєа  арналєан
пестицид (улы химикат);
       пестицидтер  (улы   химикаттар)   айналымы   -   пестицидтерді   (улы
химикаттарды) енгізуді (импорт) жјне шыєаруды  (экспорт),  сондай-аќ  онымен
байланысты ґлшеп орау, орау, таѕбалау, саќтау  жјне  тасымалдау  процестерін
ќоса алєанда, пестицидтерді (улы химикаттарды) ґткізу (сату  немесе  жеткізу
процестері (кезеѕдері);
      пестицидтер (улы химикаттар) - зиянды организмдерге жјне  аса  ќауіпті
зиянды  организмдерге  ќарсы,  сондай-аќ  ґнімді  жинар   алдында   кептіру,
жапыраќтарын  тїсіру  жјне  ґсімдіктердіѕ  ґсуін  реттеу  їшін  ќолданылатын
химиялыќ, биологиялыќ жјне басќа да заттар;
      пестицидтердіѕ (улы химикаттардыѕ) ќауіптілік сыныбы -  адамныѕ  ґмірі
мен денсаулыєына жјне ќоршаєан ортаныѕ  жаєдайына  зиянды  јсерін  тигізетін
ќасиеттерін  аныќтау  їшін  пестицидтерді  (улы   химикаттарды)   ќауіптілік
тїрлері жјне санаттары бойынша бґлу;
      пестицидтерді (улы  химикаттарды)  залалсыздандыру  -  тыйым  салынєан
немесе жарамсыз болып ќалєан  пестицидтерді  (улы  химикаттарды),  сондай-аќ
олардыѕ  ыдыстарын  Ќазаќстан  Республикасыныѕ  заѕнамасына  сјйкес   кјдеге
жаратуєа немесе жоюєа баєытталєан іс-шаралар;
       пестицидтердіѕ  (улы   химикаттардыѕ)   ќалдыќ   кґлемі   -   ґсімдік
шаруашылыєы ґнімі мен  ќоршаєан  орта  объектілеріндегі  химиялыќ  заттардыѕ
мґлшерлік  кґрсеткіші,  оныѕ  кґмегімен  олардыѕ  адам  мен  жануарлар  їшін
ќауіпсіздігі баєаланады;
      пестицидтердіѕ (улы химикаттардыѕ)  ќауіпсіздігі  -  ќауіпті  факторды
іске  асыру  мїмкіндігі  мен   оныѕ   салдарыныѕ   ауыртпалыєы   дјрежесініѕ
їйлесімділігі ескеріле отырып, азаматтардыѕ ґміріне, денсаулыєына,  ќоршаєан
ортаєа,  оныѕ  ішінде  ґсімдіктер  мен  жануарлар  јлеміне  зиян  келтіруіне
байланысты  пестицидтердіѕ  (улы   химикаттардыѕ)   жол   беруге   болмайтын
ќатерініѕ болмауы;
      пестицидтіѕ  (улы  химикаттыѕ)  ќауіптілігі  -  адамєа  жјне  ќоршаєан
ортаєа ќолайсыз јсер ету мїмкіндігі;
        пестицидтер   (улы   химикаттар)    ќауіпсіздігініѕ    паспорты    -
пестицидтердіѕ (улы химикаттардыѕ) сипаттары  жјне  оларды  ќолдану  кезінде
ќауіпсіздікті ќамтамасыз ету жґніндегі шаралар  туралы  деректерді  ќамтитын
ќўжат;
      пестицидтерді  (улы  химикаттарды)  мемлекеттік  тіркеу  -  нјтижелері
бойынша Ќазаќстан Республикасыныѕ  ґсімдіктерді  ќорєау  туралы  заѕнамасына
сјйкес  жеке  жјне  заѕды  тўлєаларєа  Ќазаќстан  Республикасыныѕ  аумаєында
ќолдану  ќўќыєына   арналєан   тіркеу   кујлігі   берілетін,   препараттарды
биологиялыќ, токсикологиялыќ, санитарлыќ-эпидемиологиялыќ  жјне  экологиялыќ
баєалау процесін аяќтайтын рјсім;
        пестицидтерді   (улы   химикаттарды)   ґндіру   (формуляциялау)    -
пестицидтерді   (улы   химикаттарды)   бастапќы    компоненттер    негізінде
дайындаудыѕ технологиялыќ процесі;
      пестицидті (улы химикатты)  ќолдану  жґніндегі  ўсынымдар  -  халыќтыѕ
денсаулыєын  жјне  ќоршаєан  ортаны  пестицидтіѕ  (улы  химикаттыѕ)   зиянды
јсерінен ќорєауды ќамтамасыз  ететін,  пестицидті  (улы  химикатты)  ќолдану
тјртібі мен ќауіпсіздік талаптары туралы мјліметтерді ќамтитын,  ґндірушініѕ
(жеткізушініѕ) ќўжаты;
      пайдалану (ќолдану)  регламенті  -  пестицидтерді  (улы  химикаттарды)
ќолдану шарттары мен тјртібіне ќойылатын талаптар;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) сјйкестендіру -  пестицидтердіѕ  (улы
химикаттардыѕ) елеулі белгілері олардыѕ сипаттарына ўќсастыєын белгілеу;
      пестицидтердіѕ (улы химикаттардыѕ) тізімі - Ќазаќстан  Республикасыныѕ
аумаєында  ќолдануєа   рўќсат   етілген,   тіркелген   пестицидтердіѕ   (улы
химикаттардыѕ) тізбесі;
      пестицидпен (улы химикатпен) фумигациялау  -  бу  немесе  газ  тїрінде
пестицидті (улы химикатты) зиянкес организм тіршілік ететін ортаєа енгізу;
      пестицидтіѕ  (улы  химикаттыѕ)  шекті  рўќсат  етілген  концентрациясы
(бўдан јрі - ШРК) -  ўзаќтыєы  шектелмеген  уаќытта  кїн  сайын  јсер  еткен
жаєдайда  ауру  немесе  адам  денсаулыєы  жаєдайыныѕ  ауытќуын   тудырмайтын
пестицидтіѕ (улы химикаттыѕ) јсер етуші  затыныѕ  кґлем  (ауа,  су),  салмаќ
(тамаќ   ґнімдері,   топыраќ)   немесе   сыртќы   (жўмыскерлердіѕ    терісі)
бірлігіндегі саны;
      препарат - физикалыќ-химиялыќ ќасиеттеріне,  уыттылыєына,  пайдаланылу
маќсаты мен тјсіліне (эмульсия концентраттары,  суспензиялыќ  концентраттар,
тїйіршектелген, микрокапсуландырылєан препараттар, дымќылданылатын  ўнтаќтар
жјне таєы басќалар) байланысты пестицидті (улы химикатты) ќолдану нысаны;
      родентицид - зиянды кеміргіштермен  кїресуге  арналєан  пестицид  (улы
химикат);
      фунгицид - ґсімдіктерді таз  ауруларынан  ќорєауєа  арналєан  пестицид
(улы химикат).
       ВИТАМИНДЕР  (латын  тілінде  —  тіршілік)  —  адам  мен  жануарлардың
тіршілігіне, олардың денсаулығын  сақтауға,  өсіп-өнуіне  қажетті,  химиялық
табиғаты жағынан әр түрлі органикалық қосылыстар тобы.
 Суда еритін Витаминдер. Бұған  жататындар:  Ві  витамині  (тиамин)  —  нерв
ауруларын, В2  витамині  (рибо-флавин)  —  тотығу  процесін  жақсартуда,  В6
витамині (пиридрксин) —  тері  ауруларын,  Ві2  витамині  (цианкобаламин)  —
анемияны,  РР  витамині  (никотин  қышқылы)  —   пеллагра   ауруын   емдеуге
қолданылады.
 М а й д а    е р  и  т  і  н  Витаминдер.  Бұған  жататындар:  Аі  және  А2
витаминдері  (ретинол  және  дегидроретинол)   —   көз   ауруларын   емдеуге
пайдаланылады.

Биогеохимия  және экотоксикология пәні

Дәріс тақырыбы №1: Биогеохимия пәні.
Мақсаты - 050608-«Экология»  мамандығындағы студенттерге  биосферада
организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау

      Биогеохимия пәні

      [pic]
[pic]
 Жоспар:
   1. Биогеохимия пәні
   2. Оның міндеттері

      Биогеохимия —       биосферада        организмдердің        қатысуымен
жүретін геохимиялықпроцестерді  зерттейтін ғылым саласы,   геохимияның   бір
бөлімі. Тірі организм өз тіршілігінде  түрлі  химиялық  элементтерді  бойына
сіңіреді, ал ол өлген соң бұл элементтер ыдырайды, шашырайды немесе  белгілі
бір орынға  шоғырланады. Жербетінде  тірі  организмдер  біркелкі  тарамаған,
кейбір тіршілік ортасында  олардың  белгілі  бір  тобы  көп  жиылады.  Бұған
мұхиттар мен теңіздердегі планктон, құрлықтағы қалың  орман  мен  шалғындар,
ылғалы мол  қара  топырақты  жерлердегі шірінді мен шымтезек,  халықтың  бір
жерде тығыз, бір жерде сирек орналасуы мысал болады.

      Тірі   заттың   негізгі   массасы   —   өсімдіктерде.    Олар    жерге
түсетін күн энергиясының 1%-ке жуығын сіңіреді. Биогеохимиялық  процестердің
қарқыны организмдердің  шапшаң  көбеюіне  байланысты.  Тірі  дене  құрамының
негізгі  массасы  химиялық   элементтердің   аз   ғана   тобынан   құралады.
Бұларға биосфера жағдайында  оңай  қозғалып,  тез  қосылыстар  түзуші:  CO2,
NH3 сияқты газдар, су, H+, OH-, NО3- — SО32-, PО43-, Na+,  K+ иондары,  т.б.
жатады.    Организмдер тіршілік ортасында     белгілі     бір     элементтер
тобының химиялық қосылыстарын  ғана  сұрыптап  сіңіру   арқылы   геохимиялық
функция   атқарады.   Олардың   қаңқасын   құруға кальций   оксиді қатысады.
Организмдердің     тікелей     қатысуымен диатомит,әктас, көмір, мұнай пайда
болады.
Жасыл өсімдіктер фотосинтезінен оттек бөлінеді. Микроорганизмдер темір, марг
анец,  т.б.  элементтер  қосылыстарының   тотығуына   да   қатысып,   оларды
тұндырады,  сульфаттарды  тотықсыздандырып,  күкірттің  биогендік   кендерін
түзеді.  Тірі организм геохимиялық   процестердің   сипатын,   элементтердің
шоғырлану ортасын өзгертіп отырады. Тіршілік ортасы организмдер құрамына  да
әсер  етеді,  ал  организмдер химиялық  элементтердің биогендік   шашырауына
(миграциясына) себепші болады,  олардың  (көміртектің,  оттектің)  изотоптық
құрамын  да  өзгертеді.  Адамның атмосфера, биосфера және   жер   қыртысының
изотоптық құрамына тигізетін әсері ұдайы артып келеді. [1][2]

      Пайдаланылған әдебиет

   1.  ↑ Орысша-қазакша  түсіндірме  сөздік:  Ғылымтану.  Жалпы  редакциясын
      басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. -  430
      б. 
   2. ISBN 9965-808-78-3
   3. ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”

Биогеохимия  және экотоксикология пәні

Дәріс тақырыбы №2: Биогеохимияның ғылым ретінде қалыптасуы.
Мақсаты - 050608-«Экология»  мамандығындағы студенттерге  биосферада
организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау
[pic]
[pic] Жоспар:
   1. Биогеохимия шығу тарихы

Биогеохимия  — Жердің  химиялық құрамын,  элементтердің   көшу   не   таралу
заңдылықтарын, атомдардың  табиғи процестер  кезіндегі  орналасу  мен   көшу
тәсілдерін зерттейтін ғылым.[1] Геохимия терминін 1838 ж. неміс  химигі Х.Ф.
Шенбейненгізді. Геохимия жөніндегі алғашқы деректер М.В.  Ломоносов пен Д.И.
Менделеевтің еңбектерімен      байланысты.       Геохимия       негізін В.И.
Вернадский қалады. Ол 1910 ж. Г-ның  атом  туралы  ғылым  екенін  дәлелдеді.
Геохимиядағы  кристаллохим.   бағыт   норвег   ғалымы   М.В.   Гольдшмидтің,
энергетикалық және теориялық  бағыт  А.Е.  Ферсманның  есімімен  байланысты.
Американ ғалымы Ф.  Кларк  20  ғ-дың  басына  дейінгі  Геохимияның  көптеген
деректерін  жинақтап  қорытты. Қазақстанда Геохимия саласындағы   зерттеулер
1950 жылдары басталды.

|Мазмұны                         |
|1 Геохимияның міндеттері        |
|2 Геохимияның салалары          |
|3 Жердегі химиялық элементтер   |
|4 Геохимияны зерттеушілер       |
|5 Пайдаланған әдебиет           |

Геохимияның міндеттері

Геохимияның міндеттері:

   1. элементтердің таралу заңдылығы, олардың Жердегі, басқа  планеталардағы
      таралу  мөлшерінің  (кларкінің)  элементтердің  периодты   жүйесіндегі
      атомдар құрылысымен байланысы;
   2.  геохимиялық  және  геологиялық  процестердегі  атомдар   қозғалысының
      заңдылықтары, жеке элементтердің, элементтер тобы мен кіші  топтарының
      ауыспалы заңдылықтары;
   3. радиоактивті элементтердің геохим. процестердегі ерекшеліктері;
   4. геохимиялық процестердегі энергия заңдылықтары;
   5. кен іздеу мен барлау жұмыстарына  қажет  индикаторларды  табу,  оларды
      геохим. тұрғыдан дәлелдеу;
   6. геохимиялық карталар жасау;
   7.  геохимиялық  заңдылықтарды   түсіндіруге   математикалық   тәсілдерді
      қолдану.

Геохимияның салалары

Геохимияның     теориялық геохимия, кристаллохимия,     жеке      элементтер
геохимиясы, радиогеология, физикалық
геохимия, топогеохимия, биогеохимия сияқты                          салалары
бар. Жердегі, ғарыштағы (Ай,   Күн,   т.б.)    денелер Менделеев жүйесіндегі
элементтер мен изотоптардың қосындысынан құралған. Жер беті  мен  оның  1200
км
тереңдігіндегі, Юпитер атмосферасында, Күн сәулесінде, Марста, Айда, Шолпанд
а және метеоритте кездесетін  хим.  элементтердің  кларкі  (таралу  мөлшері)
белгілі    деуге     болады.     Егер     олардың     таралу     заңдылығына
қарасақ, Менделеев жүйесіндегі  ат.   н.   кіші   элементтер Ғарыш құрамында
басымырақ кездеседі. Тек литий (Lі), берилий (Be), бор (B) ғана аз  тараған.
Үшеуінің жеткіліксіздігі олардағы атом ядросының тұрақсыздығына  байланысты.
Элементтердің  қатар  саны  жоғарылаған  сайын   таралуы   да   азаяды. Ауыр
элементтердің ішінде  көп  таралғандары  —  Ас,  Ra,  Po,  Pа.  Бұл  олардың
радиоактивтік ыдырауына байланысты. Жерде  тараған  хим.  элементтердің  жұп
нөмірлісі — 86,4%, ал тақ нөмірлісі 13,6%. Мұның  себебі  жұп  элементтердің
атом ядросының масса саны да жұп  болғандықтан,  ядр.  реакцияларда  тұрақты
болуына сәйкес, Жер мен ғарыш денелерінде тараған  элементтердің  мөлшерінде
көп айырмашылықтар бар. Жерді ауа қабаты (атмосфера) қоршап тұр.  Одан  төм.
су   қабаты   (гидросфера), Жер қыртысы   (литосфера),   тірі    организмдер
мекендеген биосфера орналасқан.

Жердегі химиялық элементтер

Жердегі хим. элементтер 4 топқа бөлінеді:

   5.  Сидерофильдер [темірге  жақындар  (Fe,  Nі,  Co,  т.б.)],   көбінесе,
      орталық ядрода орналасқан;
   6. Халькофильдер [күкіртке жақындар (Cu,  Zn,  Sb,  т.б.)]  оксидті  және
      сульфидті қабатта кездеседі;
   7. Литофильдер [тас құраушылар  (Sі,  Mg,  Ca,  Ba,  т.б.)]  —  силикатты
      қабатта;
   8.  Атмофильдер [ауа  құраушылар  (Не,  Ar,  Ne,  т.б.)]  ауа   қабатында
      жиналады.
Ауа    қабатында элементтер    газ    немесе    жеке     элемент     түрінде
кездеседі. Атомның газ түрінде болуы оның кеңістікте еркін  таралуын  немесе
су мен тас қабаттардағы атомдармен жылдам алмасуын  жеңілдетеді. Геохимиялық
процестер,  көбінесе, тропосфера қабатында  өтеді. Су   қабатында элементтер
ерітінді                           түрінде,                           ал Жер
қыртысында — минерал, молекула, атом, ерітінді, бу түрінде
кездеседі. Геохимия, физика, геология, минерология  ғылымдарының  әдістеріне
сүйенеді.                   Геохимияның магмалық                    жыныстар
геохимиясы (петрохимия), гидротермальдік   процестер   геохимиясы, изотоптар
геохимиясы, биогеохимия, шөгінді                                    жыныстар
геохимиясы, гидрохимия, гидрогеохимиясы,  сондай-ақ, метаморфтық   процестер
геохимиясы, мұхит  геохимиясы, мұнай  геохимиясы, кен  байлықтарын  іздеудің
геохимиясы әдістері сияқты  бөлімдері  дамып  келеді.  Аймақтық  геохимиялық
зерттеулер Қазақстанның көптеген  кендерінің  түзілу   заңдылықтарын   ашуға
мүмкіндік берді. Табиғи шикізатты кешенді пайдалану  қажеттігіне  байланысты
кентастағы қоспа  элементтердің  таралу  ерекшеліктерін  және  қандай  күйде
кездесетінін           зерттеу           кеңінен           дамыды. Қорғасын-
мырыш кендеріндегі талийдің, индийдің, фтордың, т.б. серіктес  элементтердің
Геохимиясы жөніндегі алғашқы  зерттеулер Қазақстанның кен  байлықтарын  жете
білудегі жаңа бағыттың бастамасы болды. Сирек  және  шашыранды  элементтерді
зерттеу нәтижесінде көптеген  кендердің  кешенді  екендігі  анықталды. Түсті
металдарды іздеуге  байланысты   шашыраудың   бастапқы   ореолдары   бойынша
іздеудің  геохим.  тәсілдері  кеңінен  дамыды.  Түсті  металдардың  көптеген
кендеріндегі   бастапқы    геохим.    ореолдардың    түзілу    ерекшеліктері
айқындалды.[2]

Биогеохимияны зерттеушілер

Қазақстанда геохим. зерттеулерге елеулі  үлес  қосқандар:  Р.Б.  Әубәкірова,
Х.А. Беспаев, Қ. Жәмінов, С.К. Калинин, Н.Г.  Сыромятников,  Б.Ә.  Досанова,
Ә.Е. Ермекбаев, Н.И. Замятин, К. Мұқанов, И.П. Новохатский, Г.Б.  Жилинский,
т.б.[3]

Пайдаланған әдебиет

        1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
        2.  Қазақ тілі терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігі:
           Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
        3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
        4. Мұнай және газ геологиясы танымдық  және  кәсіптік-технологиялық
           терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.-  Алматы:
           2003.
        5. ISBN 9965-472-27-0
        6. Қазақ энциклопедиясы

Биогеохимия  және экотоксикология пәні

Дәріс тақырыбы №3  Витаминдер.
Мақсаты - 050608-«Экология»  мамандығындағы студенттерге  биосферада
организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Витаминдер

      Витаминдерге  жалпы сипаттама, аталуы және жіктелуі

Витаминдер  химиялық  табиғаты   әр   түрлі,   организмдерде   аз   мөлшерде
кездесетін,  өмір  сүруге  өте  қажетті,  жеке,  немесе   құрылымы   күрделі
заттардың құрамына еніп, каталитикалық  және  реттеушілік  қызмет  атқаратын
төменгі молекулалы органикалық қосылыстар.

Витаминдерді 1880 жылы орыс ғалымы Н.И. Лунин ашты. Ол тышқандарға  тәжірибе
жүргізу арқылы тағамның құрамында белоктар, майлар, көмірсулар  және  тұздар
мен судан басқа, тағы бір қосылыстардың бар екендігін анықтады.
1912 жылы поляк ғалымы  К.  Функ  күріш  кебегінен  сондай  заттардың  бірін
кристалды түрде бөліп алып, оның  құрамында  азот  бар  екендігін  анықтаған
соң, оны витамин (лат. vіta – тіршілік, amіn – амин) деп атауды ұсынады.
Кейінгі ашылған витаминдердің көпшілігінің құрамында азот  болмаса  да,  бұл
термин қазіргі кезге дейін биология мен медицинада қолданылады.
Витаминдерді зерттейтін  ілім  витаминология  XІІІ  ғасырдың  80  жылдарында
қалыптасты. Витаминология – витаминдердің ашылу тарихын,  құрылымын,  құрамы
мен қасиеттерін, олардың  алу  жолдарын  және  организмге  керекті  мөлшерін
анықтайтын ғылым.
Витаминдер  өсімдіктерде,  бактерияларда,   балдырларда   синтезделеді,   ал
адамдар   мен   жануарларда   өте   аз   мөлшерде,   ал   кейбіреуі   мүлдем
синтезделмейді. Адам  мен  жануарлар  организміне  витаминдер  тағам  арқылы
түседі, кейбір витаминдер ішек микроорганизмдері  әрекеті  арқылы  түзіледі.
Астың  құрамында  витаминдер  жеткілікті  болған  кезде  ғана  тағам  құрамы
құнарлы, толық деп есептеледі.  Ересек  адамның  тәулігіне  пайдаланатын  әр
түрлі тағамдағы витаминдердің орташа мөлшері микрограммен  есептеледі.  Олар
тек  белгілі  бір  мөлшерде  ғана  зат  алмасу  процесін  реттейді:  аурудан
қорғайды, терінің, органдардың қалыпты жағдайда қызмет істеуіне әсер  етеді.
Сондықтан, витаминдердің ас физиологиясында  атқаратын  маңызы  өте  жоғары.
Егер  организмге  витаминнің  қалыпты  түсуі  бұзылса,   онда   зат   алмасу
процесінде авитаминоз, гиповитаминоз, гипервитаминоз,  поливитаминоз  сияқты
әр түрлі өзгерістер пайда болып, адам ауруға шалдығады.
Авитаминоз дегеніміз белгілі бір  витаминнің  организмде  өте  аз  мөлшерде,
немесе жоқ болуынан туатын зат алмасу процесінің қалыптан  тыс  өзгерістері.
Мұндай  өзгерістер  денсаулыққа  өте  зиянды,  кейде  өлімге  әкеліп   соғуы
ықтимал.
Гиповитаминоз – кейбір витаминдердің организмде  көп  мөлшерде  жетіспеуінен
болатын зат алмасудағы өзгерістер.
Поливитаминоз –  организмде  көптеген  витаминдердің  аз  мөлшерде  болуының
нәтижесіндегі метаболизмдік өзгерістер.
Гипервитаминоз деп кейбір витаминдердің организмде шектен тыс  көп  болуының
әсерінен   туатын   зат    алмасудағы,    немесе    физиологиялық    функция
процестеріндегі өзгерістерді айтады.
Адам организміне ас арқылы түсетін витаминдердің ферменттер  коферменттеріне
құрылымдық  ұқсастығы  бар.  Сондықтан,  витаминдер  жоғарғы   организмдерде
коферменттік қызмет атқарады

Пайдаланған әдебиет

        1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
        2.  Қазақ тілі терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігі:
           Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
        3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
        4. Мұнай және газ геологиясы танымдық  және  кәсіптік-технологиялық
           терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.-  Алматы:
           2003.
        5. ISBN 9965-472-27-0
        6. Қазақ энциклопедиясы

Биогеохимия  және экотоксикология пәні

Дәріс тақырыбы № 4  М а й д а    е р и т і н  Витаминдер
Мақсаты - 050608-«Экология»  мамандығындағы студенттерге  биосферада
организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау.
М а й д а    е р и т і н  Витаминдер
   1. Д-витаминозбен күрес жолдары

М а й д а    е р  и  т  і  н   Витаминдер.  Бұған  жататындар:  Аі  және  А2
витаминдері  (ретинол  және  дегидроретинол)   —   көз   ауруларын   емдеуге
пайдаланылады.   В2   және    Въ    витаминдері    (эрго-кальциферол    және
холекальциферол) — баланың және жас төлдің мешел ауруына қарсы,  Е  витамині
(то-коферол) — жануарлардың қысыр қалуына қарсы, Кь К2 және  К3  витаминдері
(филлохинон, фарнохинон және викасол) қан  тоқтату  үшін  қолданылады.  Адам
мен  жануарларға  қажетті  В.   негізінен   өсімдіктердің,   (қ.   Витаминді
өсімдіктер), өсімдік тектес тағамдардың, өсімдікпен  қоректенетін  жануарлар
өнімдерінің құрамында болады. Сондай-ақ кейбір Витамин  адам  мен  жануарлар
организмдерінде түзіледі.  Витамин  түзілуіне  микроорганизмдердің,  әсіресе
жануарлардың  (мыс,  ірі  қара  малдың)  ішек-қарындарындағы   микрофлораның
тікелей қатысы бар. Адам организміне өте қажетті Ві, В2.  В3,  В6,  Ві2,  РР
витаминдері  сиырдың  бауырында,  бүйректе,  сүтте,  қара   бидай   нанында,
ашытқыда мол болады. С витамині  овощ  пен  жемістерде,  әсіресе  итмұрында,
шиеде,  қарақатта  көп.  А  витамині  балық  майында,   сиырдың   бауырында,
жұмыртқаның сары уызында, сүтте болады.
В-дің мал шаруашылығында да маңызы аса зор. Мал азығында Витамин кем  болса,
малдың   өнімі   төмендейді,   олар   жүдеп-жадап,   әр   түрлі    ауруларға
(авитаминозға) шалдығады. Мал азығында А, В,  Е,  К  витаминдері  жеткілікті
мөлшерде болуы қажет. Мыс,  А  витамині  жетіспеген  жағдайда  сиырдың  көзі
ауырады, сүті кемиді жәнее ол қысыр қалуы.
А витамині жетіспеуінен биенің  қысыр  қалуы,  іш  тастауы  жиі  кез-деседі.
Малға қажетті Витамин көк  шөпте,  жоңышқа,  сүрленген  жемшөптерде:  т.  б.
болады. Қыста авитаминозға  шалдыққан,  т.  б.  түрлі  жағдайлармен  жүдеген
малға Витамин концентраттарын; немесе жемшөптік  сәбіз,  балың  майы  т.  б.
Витаминдері мол азықтар беру керек.
Мал азығындағы Витамин  мөлшерін  көбейту  өнеркәсіптері  арнайы  В.  құрғақ
ашытқы шығарады.
Витаминдердің  көпшілігі  ферменттердің  негізгі   құрамдас   бөлігі   болып
табылады. Организмде үздіксіз жүріп  жататын  химиялық  реакциялар,  мысалы,
ішкен тағамның, мал  азығының  ыдырап,  қорытылуы,  ферменттердің  қызметіне
байланысты. Тағамның құрамында витамин  жеткіліксіз  болса,  адам  әр  түрлі
ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан  тыс
көп қабылдау организмнің улануына (гипервитаминоз) соқтырады.  Ол  көбінесе,
жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін  витамин,
майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі.  Витаминнің  мал
үшін де маңызы зор. Мал азығында витамин  жеткіліксіз  болса,  малдың  өнімі
төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д,  Е,
К  витаминдері  жеткілікті  мөлшерде  болуы  қажет.   Мысалы,   А   витамині
жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді,  сондай-
ақ олар қысыр қалуы,  іш  тастауы  мүмкін.  Малға  қажетті  витамин  балауса
шөпте,  жоңышқада,  сүрленген  шөптерде,  т.б.  болады.  Қыста  авитаминозға
шалдыққан, т.б. түрлі жағдайлармен жүдеген  малға  витамин  концентраттарын,
сәбіз, балық майы,  т.б.  витамині  мол  азық  беру  керек.  Мал  азығындағы
витамин  мөлшерін  көбейту  үшін  арнайы  витамин  препараттары  мен  құрғақ
ашытқылар шығарылады. Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті  ішетін
тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың  бойға  сіңуінің  бұзылуынан  не
витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам  үнемі  витамині
аз,   бірыңғай   тағаммен   (консервіленген,   кептірілген,   рафинадталған)
тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, т.б.) ғана түсіп,  белок
пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер  мүлдем  болмаса  витамин
жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса  немесе  олардан
сапасыз  тағам  дайындалса,  азық-түлік  құрамындағы  витаминдер   бұзылады.
Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз  дәнді  дақылдармен  ғана
қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте  ұнтақталған
бидай ұнынан жасалған  нанмен  ғана  тамақтану  бери-бери  сырқатына  әкелуі
мүмкін.   Тағамда   витаминдердің   жеткіліксіз   болуы,   адам   организмін
әлсіретеді. Мұндай жағдайды  гиповитаминоз  деп  атайды.  Оған  ауа  райының
қолайсыз  жағдайы,  ауасы  лас  жерде  ұзақ  уақыт  жұмыс  істеу,  сондай-ақ
гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз,  т.б.  аурулар  себеп  болады.
Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі  бұзылып,  оның
жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның  көңіл-
күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы  кезеңдерінде,  әйелдердің
жүктілігі  не   сәбиін   емізуі,   т.б.   жағдайларда   организмде   витамин
жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы  витаминдер
қабылдап,  көкөніс  пен  жемістерді   көбірек   пайдалану   қажет.   Витамин
жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады.  Мал  авитаминозбен,
көбінесе  көктемде  ауырады.  Витамин  жетіспеушіліктен  аналық  мал   қысыр
қалады,  төл  нашар  өседі.  Мысалы,  В  витамині  жетіспеген  жағдайда  құс
полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині  жетіспесе,  төл  қатпа
болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.
ВИТАМИНДІ   ЖЕМШӨП  —өсімдіктектес  және  жануар  тектес  азық,   сон-дай-ақ
құрамында витамині көп  құрама  жем.  Рационға  В.  ж.  қосу  арқылы  арнайы
витамин қоспасын  қолданбай-ақ  малдың  витамин  қажетін  өтеуге  болады.  А
витамині мен каротин балық майында, уызда,  сүтте,  жұ-мыртқада,  көк  шөпте
көп болады. Бұршақ туқымдас шөптерде (бөде, жоңышқа, сиыр жоңышқа,  эспарцет
т. б.) каротин көп. Мыс,  1  кг  мұндай  шөпте  30—100  мг,  астық  тұқымдас
шөптерде (қара бидай, сулы, арпа,  судан  шөбі,  атқонақ  т.  б.)  20—70  мг
каротин болады. Шөпті кептіргенде, әсіресе пішенді жаңбырлы  күні  жинағанда
каротин мөлшері күрт кемиді. Шөпті күн сәулесіне  кептіргенде  және  арнаулы
қорада желдеткіш кө-мегімен құрғатқанда  каротин  20—25%,  шөп  кептіргішпен
құрғатқанда(85% сақталады. 1 кг пішенде  35—  50  мг  каротин  болса  —  өте
жақсы,20—30 мг болса жақсы, 10—15 мг болса — орташа деп  бағаланады.  Барлық
мал үшін ең жақсы Б. ж.—қолдан кептірілген пішен ұнтағы. Мұның жоғарғы  және
1-сортыньщ 1мл г-нда 110—250 мг каротин болады. Сүрленген азықта да  каротин
жақсы сақталады. Әр  түрлі  дгөдтен  салынған  сүрлемнің  кг-нце  25—30  мг,
бұршақ сүрлемінде 40—60, жүгері-бұршақ сүрлемінде 20—40 мг  каротин  болады.
СССР-де құрама жем өнеркәсібінің  дамуына  байланысты  В.  ж.  көп  өндіріле
бастады.
ВИТАМИНДІ  ӨСІМДІКТЕР  —  құрамында  витаминдер  болатын   өсімдік-тер.   В.
өсімдіктерден өндірісте витамин концентраттары  алынады.  В.  ө.,  құрамында
витаминдермен қатар, олардың провитаминдері де болады.  Олар  азықпен  бірге
организмге түскеннен ;кейін, қажетті  витаминге  айналады.Мыс,  өсімдікте  А
витамині болмайды. Бірақ кейбір өсімдіктер құрамында болатын  А  провитамині
— каротин организмге түскеннен кейін А витаминіне айналады.  Сол  сияқты,  Т
-витамині — эргостерин организмге барғаннан кейін В витаминіне  айналады.  А
витамині, негізінен, құрамында каротині бар жасыл өсімдіктерде  мыс,  сәбіз,
қымыздың, көк.

Пайдаланған әдебиет

        1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
        2.  Қазақ тілі терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігі:
           Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
        3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
        4. Мұнай және газ геологиясы танымдық  және  кәсіптік-технологиялық
           терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.-  Алматы:
           2003.
        5. ISBN 9965-472-27-0
        6. Қазақ энциклопедиясы

Биогеохимия  және экотоксикология пәні

Дәріс тақырыбы № 5  Суда еритін Витаминдер
Мақсаты - 050608-«Экология»  мамандығындағы студенттерге  биосферада
организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау.
Суда еритін Витаминдер
    - В-тобындағы витаминдер

Барлық Витаминдер екі топқа бөлінеді:
            1)  Суда  еритін  Витаминдер.  Бұған  жататындар:  Ві   витамині
(тиамин) — нерв ауруларын,  В2  витамині  (рибо-флавин)  —  тотығу  процесін
жақсартуда,  В6  витамині  (пиридрксин)  —  тері  ауруларын,  Ві2   витамині
(цианкобаламин) — анемияны, РР витамині (никотин қышқылы) — пеллагра  ауруын
емдеуге  қолданылады.  Витамин  қатарына  жататын  пантатен   қышқылы   тері
ауруларын, фолий қышқылы қан ауруларын емдеуге  қолданылады.  Парааминбензой
қышқылы — бактерияның өсуіне қажет. С витамині (аскорбин  қышқылы)  құрқұлаң
ауруын  емдеуге  қолданылады.  Р  витамині  (биофлавоноид)  —  клеткаға  зат
өткізгіш витамин. Ві5 витамині (пангама қышқылы) — оттек жеткіліксіз  болған
кезде тыныс алуды жеңілдетеді.

B тобының  витаминдері  табиғи ортада әрдайым бірге  болатындықтан,  осындай
жиынтықталған атқа ие болған.
В тобының витаминдері бірігіп, өзінің басты қызметін – ұлпаның тыныс  алуына
және энергия қуатының шығарылуына қатысады.  Ойлау  және  эмоциялық  жүктеме
көп түсірілетін, созылмалы  аурулармен  ауратын  қазіргі  заманғы  адамға  В
тобының витаминдері көп мөлшерде қажет.

В тобының витаминдері мына жағдайларда қажет: 
Иммунитет жүйесін күшейту
Тұмау және жіті вирустық аурулар
Созылмалы шаршау синдромы  
Жүйке жүйесін нығайту
Депрессия
Мазасыздық
Ұйқысыздық
Зейіннің нашарлауы және/немесе гипербелсенділік
Бас ауру (бас сақинасының ұстауы)
Бас ауру
Ұмытшақтық
Жүрек-қан тамыр жүйесін нығайту
Кардиомиопатия және іркілген жүрек жетіспеушілігі
Гепатиттер
Остеопороз
Қант диабеті
Гипогликемия
Гипотиреоз
Алкоголизм
Анемия
Семіру
Жіті фарингит
Бронхиттер мен пневмониялар
Синусит
Отит
Тері денсаулығын жақсарту
Қызғылт бездер 
Себорея дерматиті
Афтозды стоматит 
Көру қызметінің жақсаруы 

Мұнымен қоса В тобының витаминдері мына жағдайларда қажет: ойлау  және  дене
күшіне көп түсетін  жүктеме;  психоэмоционалдық  стресстер;  созылмалы  және
жіті инфекциялық  аурулар;  екінші  рет  қайталанған   иммунитет  тапшылығы,
аллергиялық  және  аутоиммундық  аурулар,   монотерапия   кезінде   В   тобы
витаминдерінің жекелеген түрлерімен емдеу.

B тобының  витаминдерін  ағзаға жинап алу мүмкін емес, сол себепті  оны  күн
сайын  арттырып  отыру  қажет.  Осы  витаминдердің  күші  бәрі  алкогольмен,
рафинад қантпен, никотинмен және кофеинмен жойылады,  сол  себепті  көптеген
адамдардың ағзасы осы топтағы  витаминдерге тапшы болатыны таң емес.
Витамин – адам мен  жануарлардың  тіршілігіне,  олардың  организміндегі  зат
алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық  активті
органикалық қоспалар. Витамин  (латынша  vіta  –  тіршілік)  туралы  ілімнің
негізін 1880 ж. орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912  ж.  поляк  дәрігері
Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған  тәжірибелер  нәтижесін  қорытындылап,
ғылымға витамин терминін енгізді.
ВИТАМИНДЕР (латын тілінде — тіршілік) — адам мен  жануарлардың  тіршілігіне,
олардың  денсаулығын  сақтауға,  өсіп-өнуіне  қажетті,   химиялық   табиғаты
жағынан әр  түрлі  органикалық  қосылыстар  тобы.  Бүкіл  органикалық  дүние
тіршілігінде,  әсіресе  мал  шаруашылығын  өркендетуде,  оның   сапасы   мен
өнімділігін арттыруда Витаминіндердің маңызы  аса  зор.  Витамин  тағам  мен
жемшөп құрамында өте аз мөлшерде  болғанымен  де  маңызды  қызмет  атқарады.
Олар клеткадағы зат алмасу процестеріне, әр түрлі  ферменттер  молекуласының
синтезделуіне, құрылуына ңатысады, көптеген ферменттердің молекула  құрамына
кіреді. Организмде үздіксіз  жүріп  жататын  көптеген  химиялық  реакциялар,
мыс, ішкен тамақтың немесе  мал  азығының  ыдырап,  қорытылуы  ферменттердің
қызметіне байланысты. Ішер астың құрамында Витамин жеткіліксіз  болса,  адам
әр түрлі ауруға шалдығады. Мұны медицинада авитаминоз  деп  атайды.  Витамин
туралы ілімнің негізін салушы орыс дәрігері Н. И. Лунин 1880 ж.  тышқандарды
май, тұз, казеин және сүт қантынан құралған  қолдан  жасаған  сүтпен  асырап
байқағанда, олар қырылып  қалған.  Осы  эксперимент  нәтижесінде  ол  табиғи
сүттің құрамында бұлардан басқа да организмге өте  қажетті  ңоректік  заттар
бар деген қорытындыға келеді. 1912 ж.  поляк  дәрігері  К.  Функ  сол  кезге
дейін жасалған эксперименттер нәтижесін қорытындылап, ғылымға  «В»  терминін
енгізген.  Құрқұлаң,  пеллагра,  бери-бери,  мешел  сияқты  аурулар  тамақта
Витаминдердің жеткіліксіздігінен болады деп тұжырымдаған.
Ертеректе Витаминдердің химиялық табиғаты мәлім болмаған кезде, олардың  аты
латын  алфавитінің  әріптерімен  аталатын  болған.  Қазір  көптеген  Витамин
химиялық әдіспен синтездеу арңылы  өндірілетін  болғандықтан,  олардың  жаңа
атаулары да бар.

Пайдаланған әдебиет

        1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
        2.  Қазақ тілі терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігі:
           Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
        3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
        4. Мұнай және газ геологиясы танымдық  және  кәсіптік-технологиялық
           терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.-  Алматы:
           2003.
        5. ISBN 9965-472-27-0
        6. Қазақ энциклопедиясы

Биогеохимия  және экотоксикология пәні

Дәріс тақырыбы № 6,7    :Ферменттер туралы ұғым, жалпы қасиеті.
Мақсаты - 050608-«Экология»  мамандығындағы студенттерге  биосферада
организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау

      Ферменттердің қысқаша тарихы

      Әсер ету механизмі

Ферменттер-тірі  организм  клеткалары  жасап   шығаратын   барлық   химиялық
реакциялардың жүрісін тездететін биологиялық катализаторлар.
Тіршіліктің негізіне тірі организм клеткаларында жүріп жататын  алуан  түрлі
химиялық  реакциялар  жатады.  Осы   реакциялардың   барлығы   белгілі   бір
ферметтердің   қатысуымен   өте   жоғары   жылдамдықпен   жүреді.    Мысалы,
лабораториялық жағдайда 1 г белокты ыдырату  100  о  Стемпературада  6№  НСЕ
әсерімен 24 сағат аралығында жүрсе, осы реакция ас қорту жолдарында 37  о  С
температура шамасында 2 сағатта өтеді.
Қазіргі  кезде  белгілі  ферменттердің  бәрі   химиялық   табиғаты   жағынан
белоктар,ферменттер молекулаларының құрлысына қарай 2 топқа бөлінеді:1)  тек
қана белоктардан  тұратын  бір  компоненті  ферменттер;  2)  молекулаларының
құрамына белоктан басқа  простетикалық  топ  деп  аталатын  белоксыз  заттар
кіретін екі компонентті ферменттер. Әртүрлі химиялық  реакциялардың  жүрісін
тездетуге  фермент  молекуласы  түгел  қатыспай,оның  белсенді  орталық  деп
аталатын   бөлімшесі    ғана    тездетеді.Бір    компонентті    ферменттерде
аминқышқылдарының  әртүрлі  функционалды  топтарды  осы   белсенді   орталық
қызыметін  атқарса,екі  компанентті  ферменттерде  белсенді  орталық   метал
(Ғе,Со,Си,Мп)  немесе  кіші  молекулалы  органикалық   заттар;   витаминдер,
нуклеотидтер т.б. болуы мүмкін.
Тірі клеткаларда зат  алмасу  процесі  үздіксіз  жүріп  жатады.  Зат  алмасу
процесі дегеніміз белгілі бір тәртіппен кезектесіп келіп отыратын  әр  түрлі
химиялық реакциялардың жиынтығы. Дәл осы реакциялар клеткадан тыс  жерде (іп
vіtrо) өте қиындықпен және өте баяу жүреді. Тірі клеткада бұл  реакциялардың
жүрісін ферменттер тездетеді.
Ферменттік әсер ету механизмі. Химиялық реакциялардың  жылдамдығы  реакцияға
түсетін молекулалардың соқтығысу жиілігіне байланысты. Ал соқтығысу  жиілігі
молекулалардың концентрациясы мен ортаның температурасына байланысты.
Температураның артуына қарай молекулалар қозғалысының кинетикалық  энергиясы
да артады, бұл молекулалар  соқтығысуы-ның  жиілігіне  әсер  етеді.  Сонымен
қатар реакдияның өтуі үшін молекулалардың соқтығысуы жеткіліксіз. Бұл  кезде
олар активті күйде  болуы  қажет,  басқаша  айтқанда,  оларда  реакция  үшін
қажетті   энергияның    біршама    артық    қоры    болуы    тиіс.    Мұндай
энергияны активация  энергиясы деп  атайды.  Фермент  осы  реакцияға   қажет
активация энергиясын кемітеді. Ол үшін фермент  реакцияға  ұшырайтын  заттың
молекуласымен (оны субстрат деп атайды)бірігіп комплекс  түзеді.  Комплексті
қысқаша Ф  +  С  (фермент+  +  субстрат)  деп  белгілейді.  Бұл  комплекстің
түзілуіне әлдеқайда аз мөлшердегі энергия қажет.
Фермент + субстрат аралық  комплексін  түзу  кезінде  субстрат  молекулалары
біраз  деформацияға  ұшырайды,  сондықтан  реакция-ның  активация  энергиясы
кемиді. Бұл деформация субстраттың молекула ішілік байланыстарын  әлсіретеді
және молекуланы белгі-лі бір реакцияға  неғұрлым  қабілетті  етіп  шығарады.
Комплекстің түзілуі спектрлік методтардың жәрдемімен дәлелденген.
Ф + С аралық комплексін  түзуде  субстрат  ферменттің  бүкіл  мо-лекуласымен
емес,  оныд  активтік  орталықтар  деп  аталатын  жеке-легең   учаскелерімен
қосылады. Ферменттің әрбір молекуласында 1—2 активтік орталық  бар  екендігі
анықталып отыр.
Активтік орталықтық кеңістіктік құрылысы мен химиялық та-биғаты белгілі  бір
субстратқа  ғана  сай  келетіндей  болып  қалып-тасқан.  Бұл  фермент  басқа
субстратқа   катализатор   бола   алмайды.   Осы   ерекшелік   ферменттердің
талдаушылық қасиетін белгілейді.
Органикалық заттар мен ферменттердің структурасын зерттей  келе,  Э..  Фишер
фермент  пен  субстраттың  кедістіктік   сәйкестігінің   жақындығы   женінде
қорытынды шығарып, фермент субстратқа құлпының кілтіндей сәйкес  келеді  деп
сипаттады.
Ферменттердің  химиялық табиғаты. Алғаш  рет  ферменгті   1814   жылы   орыс
академигі К. С. Кирхгофф ашқан.  Ол  бидай  тұқымынан  крахмалды  ыдырататын
амилаза ферментін тапты. Қазіргі кезде 1 000-нан астам  ферменттердің  әсері
зерттелген. Оның ішінде 100-ге жуығы кристалл түрінде алынған. Олардың  бәрі
де белоктар болып табылады.
Ферменттер молекулаларының құрылысына қарай
2  топқа  бөлінеді:  1)  тек  қана  белоктардан  тұратын   бір   компонентті
ферменттер;
2) молекулаларының құрамына белоктан  басқа  активтік  немесе  простетикалық
топ деп аталатын белоксыз текті заттар кіретін екі компонентті ферменттер.
Бір компонентті ферменттерде активтік орталықтың  ролің  амин  қышқылдарының
бүйірлік радикалдары атқарады. Белок — фер-мент молекуласының  II  және  III
деңгейлік структурасы жасалған кезде, бүйірлік радикалдар өзара  жақындасады
да,  активтік  орта-лығын  қүрады.  Мысалы,  панкреатикалық  рибонуклеазаның
актив-тік орталығына гистидин-16-ның, лизин-  41-дің  және  гистидин-119-дық
қалдықтары кіреді. Активтік орталықтың  осы  компоненттері-нін.  кеңістіктік
жақындасуын күрделендіре түсетін амин қышқылдары да ферменттер үшін  маңызды
роль  атқарады.  Белок  —  фермент  молекуласының   құрамынан   басқа   амин
қышқылдарын ферменттің  активтік  қасиетіне  нұқсан  келтірмей  де  ажыратып
алуға болады.
Екі компонентті ферменттердегі активті топ  металл  немесе  кіші  молекулалы
органикалық зат болып табылады. Органикалық таби-ғатты  активті  топтар  екі
типке белінеді:
1)  коферменттер:  олар  ферменттің  белокты  бөлігімен   берік байланысады.
Оксидоредуктазаның  құрамындағы  флавинаденин  динуклеотид   (ҒАБ)   осындай
коферментке мысал бола алады;
2) косубстраттар;  олар  ферменттің  белокты  бөлігімен  нашар  байланысқан,
сондықтан олар ферменттің бір молекуласынан екін-ші молекуласына өте  алады.
Косубстратқа        анаэробты        оксидоредук-тазанын,        құрамындағы
никотинамидадениндинуклеотид (NАD+) мысал бола алады.
Ғе, Со, Си, Мп металдары ферменттердін, активті  топтарында  белокпен  берік
байланысқан,  ал  К,  Са,  Мg,  Zп,  С1  сияқты  басқа  элементтер  —  әлсіз
байланысқан, олар өздерінің қатысуы арқылы көбінесе  ферментті  активтендіре
түседі.
Ферменттер  субстратқа  да,  сондай-ақ  химиялық   байланыстың   типіне   де
талғаушылық қасиет көрсетеді.
Ферменттердің  классификациясы. Ферменттердің  саны   бүрынғыдан   әлдеқайда
артып отырғандықтан, барлық ферменттерді ескі классификациямен қамту  мүмкін
болмай қалды.  1961  жылы  көрнекті  биохимик-ғалымдардан  тұратын  комиссия
құрылды, бұл комиссия ферменттердің жаңа  классификациясын  жасап,  оны  Ха-
лықаралық биохимиялық Одақтың қарауына ұсынды.  Жаңа  классификация  бойынша
бізге белгілі ферменттердің барлығы алты класқа бөлінеді.
1. Оксидоредуктаза — тотығу-тотықсыздану ферменттері.
2.  Трансфераза  —  атомдардың  түрліше  топтарының  тасымалдау   реакциясын
катализдейтін ферменттер.
3.  Гидролаза  —  заттардың  түрліше   топтарының   гидролизіне   қа-тысатын
ферменттер.
4. Лиаза — еселенген байланыс түзе  және  оны  бұза  отырып,  атомдар  тобын
қосып немесе ажыратып алу реакциясын ка-тализдейтін ферменттер.
5. Изомераза — изомеризация реакциясын катализдейтін ферменттер.
6. Лигаза (синтетаза) — АТР  энергиясының  есебінен  жай  заттардан  күрделі
органикалық заттар түзу реакциясын катализдейтін ферменттер.
Жаңа  классификация  бойынша  әрбір  фермент  атауының  алдына   төрт   цифр
қойылады.  Бұл  цифрлардың  біріншісі  осы  фермент негізгі   алты   кластың
қайсысына  жататындығын  керсетеді.  Екінші   цифр   оның   класс   тармағын
білдіреді. Оксидоредуктаза ферментінде  екінші  цифр  донор  молекуласындағы
тотығатын   топтың   табиғатын   көрсетеді.   Трансфераза   ферментінде   ол
тасымалданатын топтық  табиғатын  көрсетеді.  Гидролаза  ферментінде  екінші
цифр гидролизденетін  байланыстың  типін,  лиаза  ферментінде   —   үзілетін
байланыс  типін,  изомераза  ферментінде   —   катализденетін   изомеризация
реакциясының типін, ал  лигаза  ферментінде  —  жаңадан  түзілетін  байланыс
типін   көрсетеді.   Үшінші   цифр   класс   тармағының   түрін   білдіреді.
Оксидоредуктаза  ферментінде ол  реакцияға   Қатысатын   акцептордьщ   типін
белгілейді,  трансфераза  ферментінде  —  тасымалданатын  топты,   гидролаза
ферментінде  —  гидролизденетін  байланыстың  типін,  ал  лиаза  ферментінде
— ыдыратылатын  топты   анықтайды.   Изомераза   ферментінде   үшінші   цифр
субстраттың өзгеру  сипатын,  ал  лигаза  ферментінде  түзілетін  қосылыстың
табиғатын  көрсетеді.  Сонымен,  алғашқы  үш  цифр  ферменттіқ  типін  нақты
анықтайды, ал төртінші сан ферменттің осы ; класс тармағындағы  рет  нөмірін
білдіреді. Ферменттің шифрындағы әрбір цифр бір-бірінен нүктемен бөлінеді.
Оксидоредуктаза — организмдегі  көптеген  тотығу-тотықсызда-ну  реакцияларын
катализдеуші   фермент.   Биологиялық   тотығудын   кептеген   жағдайларында
тотығатын заттардан сутегін бөліп шығару  процесі  жүзеге  асады,  сондықтан
бұл ферменттер дегидрогеназа ферменттері деген атқа ие болды.
Дегидрогеназа ферментінің екі класс  тармағы  бар.  Анаэробты  дегидрогеназа
ферменті сутегін субстраттан бөліп алу реакциясын және оны  акцепторға  беру
процесін жүзеге асырады. Субстраттан алынған  сутекті  олар  оттегіне  емес,
басқа затқа — акцепторға бере-
тіндіктен, дегидрогеназаның бұл класс тармағы анаэробты  класс  тармағы  деп
аталған. Бұл — молекулалары белок пен активті топ-тан  немесе  косубстраттан
тұратын екі компонентті ферменттер. Никотинамидадениндинуклеотид  (қысқартып
айтқанда  NАD+)  немесе  никотинамидадениндинуклеотидфосфат  NАD+  анаэробты
дегидрогеназаньвд  косубстраттары  болып  саналады.  NАD+  мен  NАD+  фосфор
қышқылының қалдығы арқылы өзара байланыс-қан динуклеотидтер болып  табылады.
Бір нуклеотидтің құрамында никотинамид және рибоза, ал  екінші  нуклеотидтің
құрамында  аде-нин  және  рибоза  болады.  NАD+-ның  NАD+-ден   айырмашылығы
мынада: ондағы рибоза құрамындағы екінші көміртектің  жанында  тағы  да  бір
фосфор қышқылының қалдығы болады.
никотинамидадениндинуклеотид (NАD")
Бұл косубстраттардың мынадай ерекшеліктері бар: олар белокты  бөлімнен  онай
ажырайды да, басқа  дегидрогеназаларға  көшеді.  Анаэробты  дегидрогеназаның
талдаушылығы  жоғары.  Мысалы,  алкогольдегидрогеназа   этил  спиртін   ғана
тотықтырады,  басқа  субстраттарға  әсер  етпейді.  Малатдегидрогеназа   сүт
қышқылын қымыздық  сірке  қышқылына  дейін  тотықтырады.  Субстраттан  бөліп
шығаратын сутекті олар аэробты дегидрогеназаға береді.
Аэробты дегидрогеназа  анаэробты  дегидрогеназаға  қарағанда  ауа  оттегімен
өзара  әрекеттесіп,  оған  субстраттан  немесе  анаэробты   дегидрогеназадан
қабылданған сутегін береді. Олардың  активті  тобының  құрамында  рибофлавин
(В2  витамині) туындылары бола-ды, сондықтан олар  флавинді  ферменттер  деп
те    аталады.    Аэробты    дегидрогеназаның    активті    тобы    көбінесе
флавинмононуклеотид  (ҒМN)  немесе   флавинадениндинуклеотид   (ҒАd)   болып
табылады. ҒМN-нің құрамында  бес  көміртекті  рибит  спиртімен  және  фосфор
кышқылының қалдығымен байланысқан диметилизоаллоксазин болады. 
Флавинадениндинуклеотидтіқ  қүрамына  диметилизоаллоксазин,  рибит,   фосфор
қышқылының екі қалдығы, рибоза мен аденин кіре-ді, яғни бұл — динуклеотид.
Флавинді ферменттердің кейбіреулері ғана  қабылданған  сутегін  тікелей  ауа
оттегіне бере алады. Олароксидаза деп аталады:
лактатоксидаза  (1.1.3.2),  альдегидоксидаза   (1.2.3.1),   аспартатоксидаза
(1.4.3.1), аскорбинатоксидаза (1.10.3.3)  және  т.  б.  Сутегін  субстраттан
бөліп  алып,  ауа  оттегіне   берер   жолында   олардың   көпшілігі   аралық
тасымалдаушылардың тағы бір  тобы  —  цитохромдарға  кездеседі.  Цитохромдық
система электрондарды тасымалдайды  және  цитохромдар  мен  цитохромоксидаза
(1.9.3.1) ферментінен  тұрады.  Клеткада  20-ға  жуық  цитохромдар  белгілі.
Цитохромдардың активті тобы  темірді  порфирин  болып  табылады.  Электронды
тасымалдау қабілеті бұған кіретін темір  атомының  айнымалы  валенттілігінің
арқасында жүзеге асады.
Ғе3+ + е---Ғе2+
Цитохромдар аэробты дегидрогеназа тасымалдайтын  сутектен  электронды  бөліп
алады, бұдан  соң  сутек  атомдары  протондар  кү-йінде  ортада  қалады,  ал
электрон цитохромдар тізбектері бойымен  тасымалданады.  Цитохромдардың  осы
қатары арқылы өте отырып,  электрон  цитохромоксидаза  ферментіне  беріледі,
бұл фермент оны тікелей ауа оттегіне жеткізеді.  Электронды  қабылдап  алған
оттек ионданып, сутек иондарымен су түзе отырып әрекеттеседі.
2Н+.+ О2-—*Н2О
Клеткадағы органикалық заттың  тотығуы  тұтасымен  алғанда  осылайша  өтеді.
Бөлінетін сутек пен  электронның  дегидрогеназалар  тізбегі  бойымен  берілу
жолын мынадай схема бойынша көрсетуге болады:
[pic]
2) NАD-Н + Н+ + ҒАD—FAD+ + ҒАD-Н2;
3) ҒАD • Н2 + 2 цитохром---ҒАD + 2 ците - + 2 Н+;
е— е— е— е—
4) цит в—>-цит сі—цит с—>-цит а3—"щтохромоксидаза —>
—>'/2О2.
Трансфераза —  молекула  қалдықтарының  атомдар  тобының  немесе   жекелеген
радикалдардын, бір қосылыстан екінші қосылыс-қа  тасымалдануын  катализдеуші
ферменттер класы. Биологиялық  системаларда  мұндай  тасымалдау  реакциялары
кең таралған. Та-сымалдайтын атомдар тобына қарай трансфераза бірнеше  топқа
бөлінеді. Бір көміртекті СН3 және СООН топтарын  тиісінше  метил-трансфераза
(2.1.1.)  мен  карбоксилтрансфераза  (2.1.3)  тасымал-дайды.  Альдегид  және
кетон  тобын  трансальдолаза  (2.2.1.1.)  тасымалдайды.   Сірке   қышқылының
қалдығын  (СН3СО)  ацил-трансфераза  (2.3.1)   тасымалдайды.   Бұл   —   екі
компонентті  ферменттер,  олардың  активті  тобыны  құрамында   А-коферменті
болады.  Моносахаридтер  қалдықтарын  трансгликозилаза   тасымалдайды.   Бұл
ферменттер  өсімдіктерде  кең  таралған,   олар   угле-водтар   биосинтезіне
қатысады. Амин тобын аминотрансфераза  (2.6.1)  ферменті  тасымалдайды,  бұл
ферменттің жәрдемімен қайта аминдеу реакциясы етеді. Амин тобы бұл  жағдайда
амин  қыш-қылынан  кетоқышқылға  тасымалданады.  Қайта  аминдеу  реакция-сын
совет  биохимиктері  А.  Е.  Браунштейн  мен  М.  Г.  Крицман   ашкан.   Вб 
витаминінің туындысы фосфопиридоксаль осы фермент-тердің активті тобы  болып
табылады.Фосфор  кышқылының  қалдығын  (Н2РОз)  тасымалдайтын  кең  таралған
фосфортрансфераза немесе киназа  ферменттері  барлық  клеткаларда  кездеседі
және    организмде    зор    роль    атқарады.    Гек-сокиназа    (2.7.1.1),
фосфофруктокиназа  (2.7.1.11),   пируваткиназа   (2.7.1.40)   және   т.   б.
ферменттерді мысалға  алуға  болады.  Күкіртті  топтарды  сульфидтрансфераза
(2.8.1), сульфотрансфераза (2.8.2) және КоА-трансфераза (2.8.3)  ферменттері
тасымалдайды.
Гидролаза гидролиз  реакцияларын,  ал   кейде   судың   жәрдемімен   күрделі
органикалық заттардың синтезін де  катализдейді.  Бұл  класс  бірнеше  класс
тармағына бөлінеді.
1) Эстераза күрделі эфир байланысын  ыдыратады.  Оған  май-ларды  ыдырататын
липаза (3.1.1), тиол және фосфор  эфирлерінін,  гидролазасы  жатады.  Липаза
өсімдіктерге кең таралған. Өсімдік-тердің әрбір  түрінің  өз  липазасы  бар.
Тиол  эфирлерінің  гидролаза-сына  ацетил-КоА-гидролаза  (3.1.2.1),   фосфор
эфирлерінің гидрола-засына глюкоза-1-фосфатаза, глюкоза-6-фосфатаза және  т.
б. жатады.
2) Углеводтар мен гликозидтер  гидролазасы  да  өсімдіктерде  кең  таралған.
Оларға  крахмалды  ыдырататын  а  және  р  амилаза   (3.2.1.1),   (3.2.1.2),
целлюлозаны  ыдырататын  целлюлаза  (3.2.1.4),  мальтозаны   ыдырататын   а-
глюкозидаза   (3.2.1.20),   сахарозаны    ыдырататын    в-фруктофуранозидаза
(3.2.1.26) жатады.
3)   Пептидаза   белоктар   мен   пептидтердегі   пептидтік   байланыс-тарды
гидролиздеп  ыдыратады.  Олардың  көпшілігі   тек   жануарлар   организмінде
кездеседі.   Өсімдіктерден   осы   класс   тармағына   жата-тын   бір   ғана
фермент—папаин (3.4.4.10) табылған.
4)  Дезамидаза  амидтерден  амин  топтарының  бөлінуін  катализ-дейді.  Оған
мочевинаны ыдырататын уреаза (3.5.1.5) жатады. Жақ-сы тазартылған,  кристалл
түрінде бұл ферментті 1930 жылы Нортроп тапты. Ол  сояның  тұқымында  едәуір
мөлшерде кездеседі.
Аспарагиназа (3.5.1.1) мен глутаминаза (3.5.1.2) аспарагин  мен  глутаминнің
гидролиздік ыдырауын катализдейді.
Лиаза атомдардың түрліше  топтарын  ажыратып  немесе  қосып  алу  реакциясын
судың немесе фосфор қышқылының қатысуынсыз катализдейді. Олардың  әсер  етуі
нәтижесінде еселенген байланыс-тар түзіледі,  сондай-ақ  олар  бұл  топтарды
еселенген  байланыстар   түзілген   жерде   қосып   алады.   Лиазаны   класс
тармақтарына бөлу ажыратылатын  байланыстар  типіне  негізделген.  Үш  класс
тармағын ажыратады.
1.  Көміртек-көміртек-лиаза  көміртек  атомдарының   арасындағы   байланысты
үзеді. Бұған пирожүзім қышқылынан СО2-нің бөлінуін
37
катализдейтін пируватдекарбоксилаза (4.1.1.1) жатады. Бұл — екі  компонентті
фермент, оның активті  тобы  тиаминпирофосфат  дея  аталатын  В1 витаминінің
фосфорлы эфирі. Альдолаза (4.1.2.13)  ферменті  фруктоза-1,6-дифосфатты  екі
триозаға ыдыратады.
2. Көміртек-оттек-лиаза субстраттан сутек пен гидроксилді бөліп шығарып,  су
түзеді. Мысалы, фумаратгидратаза  (4.2.1.2)  ферменті  фумар  қышқылын  түзе
отырып, алма қышқылынан суды бөліп шығарады:
СООНСНОНСН2СООН----СООНСН = СНСООН + Н2О
Карбангидраза (4.2.1.1) көмір қышқылынан суды бөліп шығарады:
3.   Көміртек-азот-лиаза   азотты   қосылыстардың   қосылуы   мен   бөлінуін
катализдейді.  Аспартат-аммиак-лиаза   (4.3.1.1)   аммиактың   қосылуы   мен
бөлінуін катализдейді.
Изомераза органикалық   заттардың   изомерлік   өзгерістерін   катализдейді.
Атомдардың,  атом  топтарының,  фосфор  қышқылы  қалдықтары  мен  әр   түрлі
радикалдардың  молекула  ішілік  орын  ауыстыруы   салдарынан   изомеризация
процесі өтеді. Изомеризация процесіне көбінесе углеводтар,  амин  қышқылдары
мен   органика-лық   қышқылдар    ұшырайды.    Изомераза    бірнеше    класс
тармағына бөлінеді.
1. Рацемаза  және  эпимераза.  Рацемаза  D  және  L-изомерлердің  бір-біріне
айналуын, ал эпимераза — эпимеризация реакцияларын катализдейді.
2.  Молекула  ішілік  оксидоредуктаза  альдоза  мен   кетозаның   бір-біріне
айналуын   катализдейді.   Мысалы,   триозофосфат-изомераза   (5.3.1.1)   3-
фосфоглицеринді альдегидті  фосфодиоксиацетонға  ай-налдырады.  Бұл  реакция
фотосинтез және тыныс алу процестері
кезінде өтеді.
Лигаза немесе синтетаза — АТР  энергиясы  есебінен  жай  зат-тардан  күрделі
органикалық заттар синтездейтін ферменттер. Аце-тил-ҚоА-синтетаза  (6.2.1.1)
осы  кластың  өкілі  болып  табылады,  оньщ   жәрдемімен   ацетилкофермент-А
түзіледі:
АТР + СНзСООН + НS—КоА->АМР + Н4Р2О7 + СН3СО ~ SКоА
Аспарагинсинтетаза   (6.3.1.1)   мен    глютаминсинтетаза    (6.3.1.2)    да
ферменттердін, осы класына жатады. Аспарагинсинтетаза  биосин-тезді  бірнеше
кезеңде жүзеге асырады,  мұның  нәтижесінде  осы  фермент  АТР  энергиясының
жәрдемімен аспарагин қышқылын амидқа айналдырады.
1.1.5.4.    Клеткадағы     ферменттер әсері. Организмдегі     фермент-тердің
активтілігі   алуан   түрлі   факторларға   байланысты.   Оларға    организм
клеткаларындағы газ, температура, су, қышқыл және  жарық  режимдері  жатады.
Сонымен қатар субстрат пен фермент концентрациясының, түрлі  кофакторлардың,
активатор мен инги-биторлардың болуының, метаболиттер концентрациясынық,  әр
түрлі клетка структурасында ферменттерді байланыстырудың да маңызы бар.
Клеткадағы су мөлшерінің де зор маңызы бар. Ылғалдылығы 14 проценттен  төмен
кезде  құрғақ  тұқымдағы   ферменттер   әлсіз келеді;   ылғалдылықты   14—15
процентке жеткізу және одан да жоғарылату  ферменттердің  активтілігін  күрт
арттырады. Бұл жағдай астықты сақтау  процесі  кезінде  ескеріледі,  өйткені
ферменттер активтілігінің күшеюі  сақталатын  астықтың  сапасын  төмендетеді
де, астықтың едәуір мөлшерін  ысырапқа  ұшыратады.  Ортанын.  газ  құрамының
реттеушілік әсері белгілі. Бұл тыныс  алу  ферменттері  активтілігінің  арта
түсуінен де көрінеді. Аэрация  процесі  күшейген  кезде  аэробты  тыныс  алу
ферменттерінің активтілігі артады да, спирттік  ашу  ферменттерінің  қызметі
баяулайды.
+  9  градустан  +1  градусқа  дейінгі  төмендетілген  температурада  картоп
түйнектерінде  крахмал  гидролизі  есебінен  моносахаридтер   жиналады;   ал
неғұрлым  жоғары   температурада,   керісінше, крахмал   синтезделеді.   Бұл
өзгерістер  төмендетілген   температурада   сахарозо-UDР-гликозилтрансфераза
ферментінің,  ал   екінші   жағ-дайда   —   гликоген-UDР-гликозилтрансфераза
ферментінің активте-ну нәтижесі болып табылады.
Әр түрлі металдардың да ферменттер активтілігіне әсері бар. Топырақта  мырыш
жетіспеген жағдайда  өсімдіктерде  глютамат-дегидрогеназа  ферментінің  күші
төмендейді.   Молибден   жетіспеген   кезде   нитратредуктаза    ферментінің
активтілігі төмендейді.
Ферменттердің активтілігіне метаболизм процесінде  пайда болатын  заттар  да
әсер етеді. Едәуір  мөлшерде  жинала  келе, метаболиттер  ферменттерге  кері
байланыс  принципі  бойынша  басыңқы  әсер  етеді.  Мысалы,  L-треонин  амин
қышқылы треониндезаминаза ферментінін, жәрдемімен  бірқатар  аралық  өнімдер
арқылы L-изолейцинге айналады. L-изолейциннін, артық мөлшері түзілісімен  ол
треониндезаминаза ферментін байланыстырады және оның активтілігін кемітеді.
Жоғарыда сипатталған факторлардың  еріген  күйдегі  ферменттер  үшін  маңызы
бар. Алайда ферменттер. клеткаларда ерімеген күйде болуы да  мүмкін.  Клетка
органоидтарының   көпшілігі   мембраналар   принципі    бойынша    құрылған.
Ферменттердің   едәуір   бөлігі   клетка    мембранасымен    байланысқандығы
анықталған. Мембраналарда ферменттер мелокулаларын липидтер  қоршап  жатады.
Ферменттің  липидтермен   және   мембрананың   басқа   да   компоненттерімен
әрекеттесуі салдарынан оның  қасиеттері  мен  структурасы  бұрынғы  қалпында
қалмайды.  Мұның  ферменттік  активтілігін  реттеуде  маңызы  бар.   Мысалы,
рибосомаларда рибонуклеаза  ферменті  адсорбталған.  Әр  түрлі  жағдайлардың
әсерімен  бұл  фермент  активтілігін  арттырса,  рибосоманы  бұзуы   мүмкін.
Лизосомалардың құрамында  ферменттер  болады.  Егер  лизосоманың  мембранасы
зақымдалса,  бұл  ферменттер  босап  шығады  да,  клетканы   еріте   отырып,
цитоплазма   заттарын   ыдырата   бастайды.   Кребс   циклінің   ферменттері
кристалардың бетінде адсорбталған.

Аминолиттік ферменттер [5 бет]

Организмде байқалатын барлық тіршілік белгілерін оның ішкі  ортасында  жүріп
жатқан сан қилы реакциялардың  тікелей  нәтижесі  деп  қарауға  болады.  Бұл
реакциялардың тіршілік қимылына сәйкес  жылдамдықпен  жүріп  отыруы  фермент
арқылы жүзеге асады, яғни фермент дегеніміз  –  организмде  барлық  химиялық
реакциялардың  жылдамдығын,  бағытын  және  оның  сипатын  реттеп   отыратын
биологиялық катализатор. Алғашында фермент ашытқыдан  табылғандықтан,  латын
тіліндегі – «fermentum» - ашытқы деген сөзден шыққан. 
Ферменттік реакцияларда  бейорганикалық  катализатордың  ерекшеліктері  бар,
олар бірнеше ортақ қасиеттерге ие: 
1) энергетикалық мүмкіншілігі бар реакцияларды ғана катализдейді. 
2) Реакцияның тепе-теңдігін  немесе  тепе-теңдік  константасын  өзгертпейді,
тек осы тепе-теңдікке жету уақытын ғана қысқартады. 
3) Реакцияның бағытын өзгерпейді 
4) Реакцияның соңғы өніміне айналмайды, яғни реакцияның  бас-аяғанда  өзінің
санын және сапасын өзгертпейді. 
Фермент  субстратпен  әрекеттескенде  тұтас  молекуласымен  емес,  үшіншілік
құрылымдағы  белгілі  бір  аймақ  арқылы  әрекетескенде  ферменттің  активті
орталығы пайда болады. Осы активті  орталық  арқылы  фермент  өз  субстратын
таниды және катализдейді. Активті орталық бір-біріне сәйкес  отырып,  қызмет
атқаратын 2  аймақтан  тұрады.  Оның  бірі-субстраттық  аймақ,  ал  екіншісі
катализдік аймақ. 
Субстраттық аймақ - өз субстратын тану, онымен байланысу  қызметін  атқарса,
ал катализдік аймақ химиялық реакцияның сипатын анықтайды. 
Ферменттің  активті  орталығы  пашпептид  тізбектеріндегі  амин   қышқылының
функционалды топтарынан құралады. Оған бос – СООН және –NH2  тобы,  аргиннің
гуанидин тобы, триптофанның индол сақинасы, гистидиннің  имидазои  сақинасы,
серин мен теориннің  –  он  тобы,  меотиннің  тиоэфир  тобы,  фенилаланиннің
ароматты сақинасы, цисттеиннің тио топтары қатысуы мүмкін. 
Кейбір ферменттерде активті орталықтан тыс аллостерикалық орталық болады.

Қазіргі  кезде  Қазақстан   Республикасындағы   медициналық   препараттардың
меншікті өндірісі 11%-ды (олардың ішінде вакциналар  -  1,1%),  ветеринарлық
препараттар 78% құрайды,  қалған препараттар басқа елден әкелінеді.
Қазақстан  үшін  негізгі  проблема  –  бұл  перспективалы   экспериментальды
әзірлемелердің  болу  барысында  өзіндік  отандық  биотехнологиялық  дәрілік
препараттарының болмауы.
Биотехнологияның тағы бір басым  сипаттағы  бағыттарының  бірі  ұйытқыларды,
ферментті препараттарды, биологиялық  белсенді  қоспаларды  және  тамақ  пен
өңдеу  өнеркәсібінің   қажеттілігі   үшін   пробиотиктерді   әзірлеу   болып
табылады. 
Саланы дамытудың негізгі міндеті – денсаулық сақтау  мен  ауыл  шаруашылығы,
қоршаған ортаны қорғау, тамақ пен өңдеу өнеркәсібіне арналған ғылымды  қажет
ететін  технология мен бәсекеге қабілетті биотехнологиялық өнімді құру  және
оны қолданысқа енгізу.
Секторды дамытудың негізгі бағыттары
Биотехнология  саласын  тиімді  және  сапалы  дамыту  мақсатында   төмендегі
шаралар іске асырылатын болады:
 • әлеуметтік маңызды ауруларды диагностикалау үшін геномды  технологияларды
   пайдалану негізінде жаңа тест-жүйелерін құру;
 • генно-инженерлік рекомбинантты  субстанциялар негізінде  өзіндік  дәрілік
   препараттар технологиясы мен өнеркәсіптік өндірісті әзірлеу;
 •  мүшелерді  трансплантациялау,  стволдық  клеткалар,   ұзақ   өмір   сүру
   медицинасы және оларды  регенеративті  медицина  мен  клеткалы  терапияда
   қолданудың әдіснамалық негізін әзірлеу жөніндегі орталық құру;
 •  өндірістік   тәжірибенің   халықаралық   стандарттарына   сәйкес   (GMP)
   диагностикум мен вакцина шығару бойынша өдіріс құру;
 •  ұйытқы,  тамақ  белогын,  аминокислоттар,  ферменттер,  биоконсерванттар
   шығару   бойынша   микроорганизм   мен    биотехнологиялық    өндірісінің
   коллекциясын құру;
 •  ауыл  шаруашылығына  арналған  өсімдіктердің  жоғары  құнарлы,  бәсекеге
   қабілетті сорттарын шығару;
 •  өсімдіктерді  зиянкестер  мен  аурулардан  қорғайтын  экологиялық  таза 
   биологиялық әдістерін әзірлеу;
 •   мұнай   өнімдерімен   ластанған   топырақтық   және    су    экожүйесін
   биоремедиациялау  мақсатында  пайдалану  үшін   микроорганизм   штаммдары
   консорциумын құру;
 • өсімдік-гипераккумуляторларды  пайдалану  негізінде  ауыр  металдар  және
   пестицидтармен ластанған топырақты фиторемедиациялау әдістерін әзірлеу;
 • малдардың жоғары өнімді тұқымдарын өсіру.

      1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
      2.  Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігі:
         Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
      3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
      4. Мұнай және газ  геологиясы  танымдық  және  кәсіптік-технологиялық
         терминдерінің түсіндірме сөздігі.  Анықтамалық  басылым.-  Алматы:
         2003. ISBN 9965-472-27-0
      5. Қазақ энциклопедиясы

Биогеохимия  және экотоксикология пәні

Дәріс тақырыбы №     :Гармондардың жалпы сипаттамасы, зат алмасудағы
қызметі.
Мақсаты - 050608-«Экология»  мамандығындағы студенттерге  биосферада
организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Гормондар. Гипофиз. Эпифиз

  Гормондар.  Гипофиз.  Эпифиз Ішкі  секреция  бездері  немесе   эндокриндік
мүшелер       жүйесі       (гр. «endon» -       ішкі,       «сrino»        -
бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін    мүшелерге    жатады.    Ішкі
секреция  бездерінің  жасушаларын  ұсақ  қантамырлар  мен лимфа қылтамырлары
торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын  өзек  болмағандықтан,
сұйыктық    бірден    қанға     өтеді.     Сондықтан     мұндай     бездерді
ішкі секреция бездері деп атайды.

Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз,  қалқанша  без,  қалқанша  маңы
безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті  бездері  және  т.  б.  Ұйқыбез  бен  жыныс
бездері - аралас бездер.  Олар  әрі  ішкі,  әрі  сыртқы  секрециялық  қызмет
аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және  басқа  мүшелерге  де
өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.

Гормондар (гр. «һоrmae» -  қоздырамын,   козғалыска   келтіремін)   -   ішкі
секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін  биологиялық
белсенді  заттар.  Гормондардың  барлығы  ағзалық  заттар,  себебі,  олардың
біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес  заттардан
құралған.  Гормондар  ішкі  секреция  бездерінен  бөлінін, қан, лимфа,  ұлпа
сұйыктығы арқылы  басқа  мүшелерге  жеткізіледі.  ішкі  секреция  бездерінің
қызметін реттейтін  орталық  -  аралық дағы гипоталамус  (гр.«һуро» -  асты,
төменгі жағы, «tаlаmое» - бөлме). Оны  көру  төмпешік  асты  бөлімі  деп  те
атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі  бірімен-бірі  тығыз  байланысып,
гипоталамустен  гипофиздік  жүйе   құралады.   Жүйке   ұлпасынан   бөлінетін
гормондар - нейрогор-явтт аталады.

Гармондардың әсер ету механизмі.
       Қанқа  қосылған  гармондардың  әсері   іс   жүзінде   зат   алмасудың
барлық жағына  бірдей  таралады.  Гормон   әсерін  іске  асыру  үшін  өзінің
нысана-клеткасын  білуі тиіс. Гормонды  танитын клетка  компоненті  рецептор
деп аталады.
         Рецепторлар   –   гормондарды   байланыстыра    алатын    белоктар.
Рецепторлардың өзіндік ерекшелігі болады.  Мәселен,  активтену  үшін  гормон
молекулалары мен  олардың  сәйкестігі  «құлыпқа  дәл  келген  кілт»  сияқты,
субстраттың ферменттің  активті  центріне  «үйлесе  алғандай»  болуы  керек.

       Әрбір  гормонның  өздерінің  меншікті  рецепторлары  болады.  Нысана-
клетканың бірнеше мың рецептор-белогы  бар.  Мысалы,  стероидты  гормондарға
10000 шамасындай рецептор арналады. Әр рецептор гормонның  бір   молекуласын
қайтымды байланыстыра алады.
      Кейбір гормондардың рецепторлары белгілі, таза күйінде бөліп   алынған
және құрылымы да анықталған. Олардың  көпшілігі  гликопротеидтен  екен  және
углеводтық бөлігі арқылы өз гормондарымен қосылыса алатын болып шықты.
       Гормондар  бір-бірінен   химиялық   табиғаты,   физикалық,   химиялық
қасиеттері бойынша  ерекшеленеді.  Гидрофильдік  қасиетіне  қарай  гормондар
әсері молекулалық механизімінің екі жолын  бөліп  қарастырады.  1).Белоктық,
пептидтік  гормондар  мен   амин  қышқылдарының  туындысы  болып   табылатын
гормондардың  гидрофильдік  қасиеті  бар.  Оларға  тән  нәрсе  –  әсер   ету
механизмі ұқсас болады. 2). Стероидты гормондар гидрофобты  болады.  Олардың
әсер ету механизмі гидрофильді гормондар әсері механизмінен өзгеше келеді.
      Белоктық, пептидтік гормондардың  және  амин  қышқылдарының   туындысы
болып табылатын гормондардың әсер ету механизмі.
      Бұл топқа  жататын  гормондардың  (адреналин,  глюкагон,  кальцитонин,
паратгормон,  гипофиз  гормондары,  т.б.)   гидрофильдік   қасиеті   болады,
сондықтан олар клетка мембранасының липидтік қабатынан  өтіп  кете  алмайды.
Олардың рецепторлары клетканың үстінгі бетіне орналасады.
      Бұл гормондардың әсер ету механизмі плазмалық мембранамен  байланысқан
рецепторлармен өзара  әрекеттесуден  басталады.  Гормондардың  өзі  клеткаға
енбейді,  сондай-ақ  плазмалық   мембранамен   байланысқан   аденилатциклаза
ферментіне қолайлы жағдай туғызу жлымен әрекет  етеді.  Осының  нәтижесінде,
клеткадағы  цАМФ  мөлшері  көбейеді,  оны  жоғарыда  біз  екінші   кезектегі
реттегіш деп атағанбыз.
      Клеткадағы гормондар қасиетінің әрі қарай іске асуы цАМФ арқылы,  оның
синтезін күшейту немесе  тежеу  жолымен  орындалады.  Жануарлар  клеткасында
цАМФ  әсері  клетка  ферменттерін  активтендіру  арқылы   басталады,   ондай
ферменттер цАМФ – тәуелді протеинкиназа деп аталады. Ол  ферменттер  АТФ-тен
фосфатты ерекше  белоктардың  (солардың  ішінде  ферменттердің)  серині  мен
треонинінің   белгілі   бір    қалдықтарына    ауыстырылуын    қатализдейді.
Фосфорланған  белоктар  биологиялық  активті  болады.   Фосфорланбаса   олар
өздерінің арнайы қызметін атқара алмайды. Активтенген протеинкиназа  әртүрлі
ферменттерді (мысалы,фосфорилазаны), хроматин белоктарын және клеткадағы  әр
гормонға  ерекше  тән  басқа  да  белоктарды  фосфорлайды.   Гормонның   бір
молекуласы белоктың 10 5  молекулаларын фосфорлай алады.
       Фосфорлау   жолымен   активтенген   фосфорилаза   гликоген   ыдырауын
катализдейді де, ол бірнеше  аралық  өнімдерден  кейін  глюкоза  береді.
       Хромотин  белоктарын  фосфорлау  оның  құрылымын  өзгертеді,  ДНҚ-ның
 жекелеген  участкелері  белоктан босанады (дерепрессия болады) , оларда  әр
гормонның  өзіне ғана  тән  иРНҚ  синтезі  (транскрипция)  басталады.  Бұдан
кейін сәйкес  белоктар  трансляцияланады.
       Клеткада цАМФ әсерімен  ферменттердің  активтенуі   арқылы,  жоғарыда
аталғандардан    басқа:   гликолиз,   липолиз     процестері,    әр    түрлі
биомолекулалар  синтезі  мен  бөлініп  шығуы,   иондарды   тасымалдау   және
басқалар іске  асады.
        Инсулин,  ацетилхолин,   окситоциннің   әрқайсысы    өздеріне    тән
мөлшерде  клеткада цГМФ  шамасын көтереді, бірақ  цГМФ  әсер  ету  механизмі
әлі дәл анықталған жоқ.
       Стероидты гормондардың әсер ету механизмі.
        Арнайы  тасымалдаушыбелоктардың  –   кортикостероид-транспор-тинмен,
адрогендер және эстрогендер арнайы глобулиндермен, т.б. көмегімен  стероидты
гормондар қанға қосылады.
       Стероидты гормондардың  рецепторлары  клетка  ішінде  –  цитоплазмада
орналасқан. Нысана-клеткамен кездескен кезде өзінің май  еріткіштігіне  және
шағын мөлшеріне сәйкес  стероидты  гормондар  цитоплазма  мембранасы  арқылы
өтіп кетеді. Клетка ішінде енгеннен кейін стероидтар арнаулы  рецепторлармен
байланысады. Осылайша құралған гормон-рецептор  жиынтығы  әрі  қарай  ядроға
өтеді. Ядроға енген гормон-рецептор жиынтығы  хромотиннің  арнайы  бөлігімен
байланысады  және  белгілі   бір   гендер    транскрипциясының   жылдамдығын
өзгертеді. Транскрипция қолдай Ирнк молекуласының көбеюіне себеп болады  да,
ондац белоктар  синдезі  күшейедә.  Мұндай  стероидтытгормондардың  көмегмен
іске-асатын процесс индукция деп аталады.

     Пайдаланылған әдебиет:
  1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
  2.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—
     Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
  3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  4.  Мұнай  және  газ  геологиясы  танымдық  және   кәсіптік-технологиялық
     терминдерінің  түсіндірме  сөздігі.  Анықтамалық   басылым.-   Алматы:
     2003. ISBN 9965-472-27-0
  5. Қазақ энциклопедиясы
  6.  С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997     жыл,114-149 бттер.

5-кесте Ішкі секреция  бездерінен  бөлінетін  гормондар  және  олардың  адам
ағзасына әсері

|Гормондар      |Бөлетін бездер  |Ағзаға әсері                           |
|Тироксин       |Қалқанша безі   |Негізінен зат алмасу каркындылығын     |
|               |                |арттырады                              |
|Паратгормон    |Қалканшамаңы    |Кальций және фосфор алмасуын реттейді  |
|               |безі            |                                       |
|Инсулин        |Ұйкыбездің      |Бұлшық ет және басқа жасушалардың      |
|               |аралды бөлігі   |глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның|
|               |                |құрамындағы канттың мөлшерін азайтады, |
|               |                |гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның|
|               |                |алмасуына әсер етеді                   |
|Глюкагон       |----            |Бауырдағы гликогеннің канда глюкозаға  |
|               |                |айналуына әсер етеді                   |
|Адреналин      |Бүйрек үсті     |Симпатикалык жүйкелердің әсерін        |
|               |бездің без заты |арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі  |
|               |                |гликогеннің ыдырауына әсер етеді       |
|Норадреналин   |----            |Қантамырларын тарылтады                | |
|Өсу гормоны    |Гипофиздің      |Сүйектің және ағзаның калыпты өсуін    | |
|(соматропты    |алдыңғы бөлігі  |реттейді, нәруыздың, көмірсудың және   | |
|гормон)        |                |майдың алмасуына әсер етеді            | |
|Гиреотропты    |----            |Калқанша бездің өсуіне және тироксиннін| |
|гормон         |                |түзілуіне әсер етеді                   | |
|Адренокорти-кот|----            |Бүйрек үсті бездердің өсуіне және      | |
|ропты гормон   |                |оларда гормондардың түзілуіне әсер     | |
|(АКТГ)         |                |етеді                                  | |
|Окцитоцин      |Гипоталамус     |Жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына және | |
|               |(гипофиздің     |сүттің бөлінуіне әсер етеді            | |
|               |артқы бөлігі)   |                                       | |
|Вазопрессин    |----            |Бірыңғай салалы бұлшық еттердің        | |
|               |                |жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің      | |
|               |                |бөлінуін азайтады                      | |
|Тестостерон    |Аталық бездер   |Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі   | |
|(андрогендер)  |                |сақталуына әсер етеді                  | |
|Эстрадиол      |Аналық бездер   |Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі    | |
|(экстрогендер) |                |сақталуын қамтамасыз етеді             | |

алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза кызметінің  әрі
рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады (5-кесте).

Қызметі: 1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді;

2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады;

3. Өсу мен көбеюді реттейді;

4.   Ағзадағы   физиологиялық   үдерістерді   үдетеді   (күшейтеді)   немесе
бәсеңдетеді.

Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» -  өсінді)  аралық мидың астыңғы  жағына   жіңішке
өсінді  арқылы  бекінеді.  Пішіні  үрмебұршақ  тәрізді,  ересек  адамдар  да
салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан  тұрады.
Гипофиз  алдыңғы,  ортаңғы  және  артқы  бөліктерден  тұрады.   Бұл   безден
бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.

Қызметі: 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан  тұратын өсу гормонын
(соматотропин)  бөледі.  Өсу  гормоны  дененің,  өсіресе  ұзын  сүйектерінің
өсуіне әсер етеді;

2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;

3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;

4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;

5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне,  одан  бірнеше  гормондар  бөлінуіне,
қалқанша бездің дамуына әсер етеді;

6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.

Гипофиздің   ортаңғы   бөлігі пигментті жасушалардың   мөлшері   мен   санын
ұлғайтады. Тері пигмент/ - меланиннің түзілуін күшейтеді.

Гипофиздің  артқы  бөлігінен  2  түрлі   гормон   (вазопрессин,   окситоцин)
бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің  жиырылуын
күшейтеді. Екіншісі (вазопрессин)  ұсақ артерия қан  тамырларының  жиырылуын
арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады (5-
кесте).

Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар.  Гипофизден  бөлінетін
гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады.  Шамадан  тыс  көп
бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде  нәруыз
түзілуі  күшейіп,  азоттың  денеден  шығарылуы  азаяды.  Өсу  гормоны  артық
бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.

Алыптылық  әсіресе  жас  кезде  сүйектің  ұзынынан  қарқынды  өсуі   кезінде
байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға  шығыңқы
болып, тілі аузына сыймайтын  ауруға  ұшырайды.  Мұндай  ауруды  акромегалия
(гр. «аkros» -  аяк-қол  сүйектері,  «mega»  -  үлкен)  деп  атайды.   Дыбыс
сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек  рентген
сәулесімен емдейді.

Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның  бойы  өспей  калады.  Ер  адамның
бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің  дәнекер
ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.

Ергежейлілік (гр. «nanos» - тым  аласа  бойлылық)  -  гипофиз,  бүйрек  үсті
бездері,  қалқанша  бездердің  зақымдануынан  пайда   болады.   Себебі   бұл
бездердің жұмысын орталық жүйке  жүйесі  реттейді.  Ергежейліліктің  2  түрі
бар: біріншісі - дене бітімінің сәйкестілігі  (пропорционалды),  екіншісінің
дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы).

Дене  бітімінің   сәйкестілігіне   қарамай   ергежейлі   болуын   -гипофизді
ергежейлілік  дейді.  Гипофиздің  алдыңғы  бөлігінің  қызметінің  бұзылуынан
адамның калкы өсуімен зат алмасу процесі өзгереді.  Мұндай  адамдардың  дене
бітімі, мінез-құлқы дұрыс  дамығанымен  денесі  бала  сияқты  өспей  калады.
Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.

Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша  бездің  зақымдануынан  болады.  Бұдан
басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің  тым  құрғақ  болуы,  зат  алмасуының
бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады.

Эпифиз - пішіні домалақша без, салмағы 0,2  г.  Ол  ортаңғы  ми  мен  аралық
мидың ортасында орналасқан. Одан мелатонин  гормоны  бөлінеді.  Ол  ағзадағы
тәуліктік    ырғаққа,    басқа     ішкі     секреция     бездерінің     және
қандағы калий мөлшеріне әсер етеді. [1]

Пайдаланған әдебиеттер

Дәріс тақырыбы №  11   :Нейтраттар мен азықтық қоспалар туғызатын аурулар.
Мақсаты - 050608-«Экология»  мамандығындағы студенттерге  биосферада
организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау

   1. Пестицидтердіѕ қолдану саласы
   2. Адам денсаулығы
      1. Осы "Пестицидтердіѕ (улы  химикаттардыѕ)  ќауіпсіздігіне  ќойылатын
талаптар"  Техникалыќ  регламенті  (бўдан  јрі   -   Техникалыќ   регламент)
Ќазаќстан Республикасыныѕ 2007  жылєы  9  ќаѕтардаєы  Экологиялыќ кодексіне,
Ќазаќстан  Республикасыныѕ  "Ґрт  ќауіпсіздігі   туралы"   1996   жылєы   22
ќарашадаєы, "Ґсімдіктер карантині туралы" 1999 жылєы 11 аќпандаєы,  "Ќауіпті
ґндірістік объектілердегі ґнеркјсіптік  ќауіпсіздік  туралы"  2002  жылєы  3
сјуірдегі, "Ґсімдіктерді ќорєау туралы" 2002 жылєы  3  шілдедегі,  "Халыќтыѕ
санитарлыќ-эпидемиологиялыќ   салауаттылыєы    туралы"    2002    жылєы    4
желтоќсандаєы, "Техникалыќ реттеу туралы" 2004 жылєы  9  ќарашадаєы,  "Химия
ґнімдерініѕ ќауіпсіздігі туралы" 2007 жылєы 21  шілдедегі  заѕдарына  сјйкес
јзірленді.
      2. Осы Техникалыќ регламенттіѕ талаптары осы Техникалыќ регламентке 1-
ќосымшада кґрсетілген   Ќазаќстан   Республикасыныѕ   сыртќы    экономикалыќ
ќызметініѕ тауарлыќ номенклатурасындаєы (ЌР  СЭЌ  ТН)  тауарлар  жіктеліміне
сјйкес   жіктелетін,   техникалыќ   реттеу   объектілері   болып   табылатын
пестицидтерге  (улы  химикаттарєа)  жјне  олардыѕ  јсер   ететін   заттарына
таралады.
2. Терминдер мен аныќтамалар
      3.  Осы  техникалыќ  регламентте  мынадай  терминдер  мен  аныќтамалар
пайдаланылады:
      јсер етуші зат - препараттыќ нысандаєы  пестицидтіѕ  (улы  химикаттыѕ)
биологиялыќ тўрєыдан белсенді бґлігі;
      биологиялыќ препарат (биопрепарат, биопестицид) - јсер  ету  бастамасы
микроорганизм  немесе  оныѕ  тіршілік  јрекетініѕ  ґнімі   болып   табылатын
препарат;
       гербицид  -  ќажетсіз  ґсімдіктерді  жоюєа  арналєан  пестицид   (улы
химикат);
      зиянды  организмдер  -  топыраќќа,  ґсімдікке  жјне  ауыл  шаруашылыєы
ґніміне кері јсер ететін зиянкестер, арамшґптер жјне ґсімдік аурулары;
       инсектицид  -  ґсімдіктерді  зиянды  жјндіктерден  ќорєауєа  арналєан
пестицид (улы химикат);
       пестицидтер  (улы   химикаттар)   айналымы   -   пестицидтерді   (улы
химикаттарды) енгізуді (импорт) жјне шыєаруды  (экспорт),  сондай-аќ  онымен
байланысты ґлшеп орау, орау, таѕбалау, саќтау  жјне  тасымалдау  процестерін
ќоса алєанда, пестицидтерді (улы химикаттарды) ґткізу (сату  немесе  жеткізу
процестері (кезеѕдері);
      пестицидтер (улы химикаттар) - зиянды организмдерге жјне  аса  ќауіпті
зиянды  организмдерге  ќарсы,  сондай-аќ  ґнімді  жинар   алдында   кептіру,
жапыраќтарын  тїсіру  жјне  ґсімдіктердіѕ  ґсуін  реттеу  їшін  ќолданылатын
химиялыќ, биологиялыќ жјне басќа да заттар;
      пестицидтердіѕ (улы химикаттардыѕ) ќауіптілік сыныбы -  адамныѕ  ґмірі
мен денсаулыєына жјне ќоршаєан ортаныѕ  жаєдайына  зиянды  јсерін  тигізетін
ќасиеттерін  аныќтау  їшін  пестицидтерді  (улы   химикаттарды)   ќауіптілік
тїрлері жјне санаттары бойынша бґлу;
      пестицидтерді (улы  химикаттарды)  залалсыздандыру  -  тыйым  салынєан
немесе жарамсыз болып ќалєан  пестицидтерді  (улы  химикаттарды),  сондай-аќ
олардыѕ  ыдыстарын  Ќазаќстан  Республикасыныѕ  заѕнамасына  сјйкес   кјдеге
жаратуєа немесе жоюєа баєытталєан іс-шаралар;
       пестицидтердіѕ  (улы   химикаттардыѕ)   ќалдыќ   кґлемі   -   ґсімдік
шаруашылыєы ґнімі мен  ќоршаєан  орта  объектілеріндегі  химиялыќ  заттардыѕ
мґлшерлік  кґрсеткіші,  оныѕ  кґмегімен  олардыѕ  адам  мен  жануарлар  їшін
ќауіпсіздігі баєаланады;
      пестицидтердіѕ (улы химикаттардыѕ)  ќауіпсіздігі  -  ќауіпті  факторды
іске  асыру  мїмкіндігі  мен   оныѕ   салдарыныѕ   ауыртпалыєы   дјрежесініѕ
їйлесімділігі ескеріле отырып, азаматтардыѕ ґміріне, денсаулыєына,  ќоршаєан
ортаєа,  оныѕ  ішінде  ґсімдіктер  мен  жануарлар  јлеміне  зиян  келтіруіне
байланысты  пестицидтердіѕ  (улы   химикаттардыѕ)   жол   беруге   болмайтын
ќатерініѕ болмауы;
      пестицидтіѕ  (улы  химикаттыѕ)  ќауіптілігі  -  адамєа  жјне  ќоршаєан
ортаєа ќолайсыз јсер ету мїмкіндігі;
        пестицидтер   (улы   химикаттар)    ќауіпсіздігініѕ    паспорты    -
пестицидтердіѕ (улы химикаттардыѕ) сипаттары  жјне  оларды  ќолдану  кезінде
ќауіпсіздікті ќамтамасыз ету жґніндегі шаралар  туралы  деректерді  ќамтитын
ќўжат;
      пестицидтерді  (улы  химикаттарды)  мемлекеттік  тіркеу  -  нјтижелері
бойынша Ќазаќстан Республикасыныѕ  ґсімдіктерді  ќорєау  туралы  заѕнамасына
сјйкес  жеке  жјне  заѕды  тўлєаларєа  Ќазаќстан  Республикасыныѕ  аумаєында
ќолдану  ќўќыєына   арналєан   тіркеу   кујлігі   берілетін,   препараттарды
биологиялыќ, токсикологиялыќ, санитарлыќ-эпидемиологиялыќ  жјне  экологиялыќ
баєалау процесін аяќтайтын рјсім;
        пестицидтерді   (улы   химикаттарды)   ґндіру   (формуляциялау)    -
пестицидтерді   (улы   химикаттарды)   бастапќы    компоненттер    негізінде
дайындаудыѕ технологиялыќ процесі;
      пестицидті (улы химикатты)  ќолдану  жґніндегі  ўсынымдар  -  халыќтыѕ
денсаулыєын  жјне  ќоршаєан  ортаны  пестицидтіѕ  (улы  химикаттыѕ)   зиянды
јсерінен ќорєауды ќамтамасыз  ететін,  пестицидті  (улы  химикатты)  ќолдану
тјртібі мен ќауіпсіздік талаптары туралы мјліметтерді ќамтитын,  ґндірушініѕ
(жеткізушініѕ) ќўжаты;
      пайдалану (ќолдану)  регламенті  -  пестицидтерді  (улы  химикаттарды)
ќолдану шарттары мен тјртібіне ќойылатын талаптар;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) сјйкестендіру -  пестицидтердіѕ  (улы
химикаттардыѕ) елеулі белгілері олардыѕ сипаттарына ўќсастыєын белгілеу;
      пестицидтердіѕ (улы химикаттардыѕ) тізімі - Ќазаќстан  Республикасыныѕ
аумаєында  ќолдануєа   рўќсат   етілген,   тіркелген   пестицидтердіѕ   (улы
химикаттардыѕ) тізбесі;
      пестицидпен (улы химикатпен) фумигациялау  -  бу  немесе  газ  тїрінде
пестицидті (улы химикатты) зиянкес организм тіршілік ететін ортаєа енгізу;
      пестицидтіѕ  (улы  химикаттыѕ)  шекті  рўќсат  етілген  концентрациясы
(бўдан јрі - ШРК) -  ўзаќтыєы  шектелмеген  уаќытта  кїн  сайын  јсер  еткен
жаєдайда  ауру  немесе  адам  денсаулыєы  жаєдайыныѕ  ауытќуын   тудырмайтын
пестицидтіѕ (улы химикаттыѕ) јсер етуші  затыныѕ  кґлем  (ауа,  су),  салмаќ
(тамаќ   ґнімдері,   топыраќ)   немесе   сыртќы   (жўмыскерлердіѕ    терісі)
бірлігіндегі саны;
      препарат - физикалыќ-химиялыќ ќасиеттеріне,  уыттылыєына,  пайдаланылу
маќсаты мен тјсіліне (эмульсия концентраттары,  суспензиялыќ  концентраттар,
тїйіршектелген, микрокапсуландырылєан препараттар, дымќылданылатын  ўнтаќтар
жјне таєы басќалар) байланысты пестицидті (улы химикатты) ќолдану нысаны;
      родентицид - зиянды кеміргіштермен  кїресуге  арналєан  пестицид  (улы
химикат);
      фунгицид - ґсімдіктерді таз  ауруларынан  ќорєауєа  арналєан  пестицид
(улы химикат).

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
  2.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—
     Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
  3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  4.  Мұнай  және  газ  геологиясы  танымдық  және   кәсіптік-технологиялық
     терминдерінің  түсіндірме  сөздігі.  Анықтамалық   басылым.-   Алматы:
     2003. ISBN 9965-472-27-0
  5. Қазақ энциклопедиясы
  6.  С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997     жыл,114-149 бттер.

Биогеохимия  және экотоксикология пәні
Дәріс тақырыбы №   9  :Қоршаған ортаның микроорганизмдермен ластануы.
Мақсаты - 050608-«Экология»  мамандығындағы студенттерге  биосферада
организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау
Қоршаған ортаның микроорганизмдермен ластануы.

  1. Ауру туғызатын микробтар сипаттамасы
|                                                             |          |
|Жоспар:                                                                 |
|1.Инфекцияның түрлері                                                   |
|2.Инфекцияның таралу жолдары                                            |
|3.Негізгі эпедемиялық түсінік                                           |
|                                                                        |
|Адам ағзасымен микробтар арасындағы қарым-қатынастар, биологялық        |
|заңдылықтарға сәйкес симбоз (грек Symbiosis-ортақ тұрушы) деп атайды.   |
|Инфекция дегеніміз-микроорганизмдердің микроорганизмдер ағзасына еніп   |
|көбеюі, соның нәтижесінде инфекциялық кезеңінің басталуын айтады. Ол    |
|қарым-қатынасы екеуара ыңғайлас қарым-қатынас «мутуализм» бір-біріне    |
|кедергі келтірмейтін қатынас «комменсализм», бөгде ағза басқа организм  |
|арқылы қоректеніп зиянын тигізуді «паразитизм» деп аталады.             |
|Медициналық микробиология үшін «паразитизм» ең қауіптісі. Себебі:осы    |
|паразитизм арқасында инфекциялық аурулар кеңінен таралған.              |
|Паразитизм (грек. Parasites-арамтамақ) ағза бөгде ағзаның денесінде     |
|тіршілік етіп оған зиянын тигізеді. Паразиттерге-вирустар, приондар,    |
|бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, құрттар-гельминті.        |
|Адамда және жануарларда ауру туғызатын микроорганизмдер (грек.          |
|Ppathos-қайғы, қасірет, genos-туылу) ал олардыңауру туғызуы-патагендік  |
|деп аталады. Адамға қауіпті 2500 инфекциялық аурулар түрлері белгілі.   |
|Инфекциялық сөзі лат. «infectio» -жұғу, жұқтыру деген мағынаны          |
|білдіреді. Қазіргі кезде адам организмдерімен потагенді микробтар       |
|арасындағы қарым-қатынасты 3түрлі терминдермен қарастырады:инфекция,    |
|инфекциялық процесс, инфекциялық ауру.                                  |
|Инфекция термині эволюциялық процесс кезінде адам ағзасы-микроорганизм  |
|және қоздырушы микроорганизм арасындағы биологиялық қарым-қатынасты     |
|атайды.                                                                 |
|Инфекциялық процесс термині микроорганизмдегі потагенді микробтарға     |
|қойылатын қарсы әрекетін білдіреді.                                     |
|Инфекциялық ауру-инфекциялық процестің клиникалық өзгешелігі, әр түрлі  |
|симптомдар және признактармен көрінеді.                                 |
|                                                                        |
|Инфекциялық аурулардың таралуы:                                         |
|                                                                        |
|Инкубациялық кезең –ауруды жұқтырғаннан бастап клиникалық белгілерінің  |
|шығуына дейінгі уақыт.                                                  |
|Продромальдік кезең-ең алғашқы клиникалық белгілердің көрінуі. Аурудың  |
|асқынған кезеңі-аурудың кезеңі.                                         |
|Реконвалесценттік кезең-симптомдардың жойылып, аурудың жазылу кезеңі.   |
|Бактерия тасушы-ағзадағы патогенді микробтар ауаға, айналаға тарап,     |
|бірақ организм клеткасын зақымдайды. Тасымалдаушының қауіпті кезеңі-ауру|
|организмде 3ай сақталса хронический-ұзақ уақытқа созылады.              |
|Инфекциялық аурудың жұғуы-ауру адамнан қоздырғыштар сау адамға жұғуы.   |
|Ауру тез шалдыққыш ағзада инфекциялық аурулар жұғушы қасиетін           |
|көбейтеді.                                                              |
|Инфекциялық аурулардың таралу деңгейін 5топқа бөледі:                   |
|1.Ең жиі таралған аурулар (1 000 000 халыққа 1 000 оқиға)-тұмау, ОРВИ   |
|2.Кең таралғандар (1 000 000 халыққа 100 оқиға)-вирустік гипотит А,     |
|жедел ішек инфекциялар, қызылша, қарамық т.б.                           |
|3.Жиі кездесетіндер (1 000 000 халыққа 10 оқиға)-көк жөтел, вирустік    |
|гипотит В.                                                              |
|4.Сирек кездесетіндер (1 000 000 халыққа 1-10 оқиға)-бруцеллез.         |
|5.Өте сирек кездесетіндер (1 00 000 адамға 1 оқиға)-дифтерия, құтыру,   |
|сібір жарасы т.б.                                                       |
|                                                                        |
|МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ РӨЛІ.                       |
|Инфекцияның дамуында 3түрлі факторлар өзара әрекеттеседі: патогендік    |
|микроорганизмдер, ауруға шалдыққыш микроорганизм және сыртқы орта, өзара|
|әрекеттесуі болады. Ауруды туғызу үшін микроорганизмдер патогендік және |
|вируленттік қасиетті оларды ауру қоздырушы ретінде көрсетеді.           |
|Патогендік-эволюциялық әрекетін арқасында микроорганизмдердің           |
|генитекалық белгілері арқылы ауру туғызатын айтады. Патогендік          |
|микроорганизмде микроорганизм тіршілік ету үшін көптеген генитикалық    |
|ферменттермен структуралармен айқындалады. Газды гангрена қоздырғышы    |
|адам ішегінде тіршілік етеді, жарақаттанған, әсіресе язвалық жарақатқа  |
|түссе өлімге алып келеді. Патогендік тек кейбір микроорганизм мен адам  |
|ағзасы арасында немесе микроорганизм және белгілі бір иесі арасында     |
|болады.                                                                 |
|Вируленттік-микроорганизмдер патогенді өзінің негізгі иесінде мөлшері.  |
|Вируленттік жеке микроорганизм ішіндегі ауыспалы штамы. Әр түрлі аурулар|
|туғызу қасиеттілігі бар. Патогендік және вируленттік микроорганизмдері  |
|сыртқы ортаға тіршілік ету барысында улы токсиндер, ферменттер бөледі,  |
|клетканың мембраналық қабығын бұзып, ұлпаларға өтіп, клетканың          |
|структурасын бұзады.                                                    |
|Патогенді микробтар вируленттігі ауытқып отырады. Ағзадан бөлініп алған |
|вирулентті микроб, жасанды ортада лабараторияда өсіргендігіне қарағанда |
|қауіпті.                                                                |
|Инфекциялық процесс әр түрлі клиникалық түрде отеді. Оларды арнайы      |
|терминдермен атайды.                                                    |
|Сепсис-инфекцияның генералдық формасы. Қоздырғыштардың қанда көбейіп    |
|иммунитетті төмендетеді.                                                |
|Инфекциялық аурулардың патогенез кезеңі бактериемия және вирусемия деп  |
|аталады. Олардың сепсистен айырмашылығы қанның тікелей ішінде көбеймей, |
|қан тек басқа органдарға жеткізушісі болып табылады. Микроорганизмдердің|
|бір түрмен тудырған инфекциялық ауру-аралас инфекция деп аталады. Аралас|
|инфекция екі еселенген инфекция ерекшеленеді, ал алғашқы инфекция басқа |
|бөлек инфекцияның келіп қосылуын айтады.                                |
|Реинфекция-алғашқы қоздырғышты қайта жұқтыру. Ауру сауыққанға дейін     |
|қайталанса суперинфекция деп аталады.                                   |
|Органотропностік-көптеген микроорганизмдерге тән инфекциялық ауру       |
|қоздырғыштарына ішек микробтары тек белгілі бөлікті зақымдайды.         |

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
  2.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—
     Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
  3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  4.  Мұнай  және  газ  геологиясы  танымдық  және   кәсіптік-технологиялық
     терминдерінің  түсіндірме  сөздігі.  Анықтамалық   басылым.-   Алматы:
     2003. ISBN 9965-472-27-0
  5. Қазақ энциклопедиясы
  6.  С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997     жыл,114-149 бттер.

Биогеохимия  және экотоксикология пәні
Дәріс тақырыбы №  10   :Денсаулық үшін зиянды органикалық және
бейорганикалық заттар.
Мақсаты - 050608-«Экология»  мамандығындағы студенттерге  биосферада
организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау
Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар.

   1. Ауыр металдардың ағзаға әсері. Күміс.
Қазақ халқы ежелден күмістің адам ағзасына  пайдасы  бар  деп  сеніп,  күміс
ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге  келгенде  нәрестені
күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей  жарық  болсын»
деген жоралғы жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар, таңғажайып  емдік
қасиеті де жоқ емес. Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген.  Емшілер
өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы,  Үндістанда,
Египетте,  Ресейде  күміс  қосылған  суды   түрлі   ауруларға   ем   ретінде
пайдаланған.  Адамдар  мұндай  судың  өмірлік  қуат  беретін  ерекше  сиқыры
барлығына сенген. Ғалымдар болса, күмістің  бұл  қасиеттеріне  ХІХ  ғасырдың
аяғында  ғана  мән  беріп,  зерттей  бастапты.  Күміс  сумен  әрекеттескенде
иондалып,  оның  құрамында  ұзақ  сақталады.  Сондықтан  күміс  қосылған  су
ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды.  Адам  ағзасының  тұмау  және
жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының  себебі  иммундық  жүйедегі  күмістің
азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын  элементтерді  жойып  қоймай,
ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды  шығарады.  Тіпті  ағзада  аз  ғана
күміс  жетіспеушілігі  байқалған  жағдайда  адамның  жұмыс  істеу   қабілеті
төмендеп,  қорғаныш  қасиеті  азайып,  тез  шаршау  пайда  болады.  Шетелдік
дәрігер  Роберт  Бекер  күміс  иондарының  адам   ағзасындағы   жасушалардың
көбеюіне әсер ете алатындығын дәлелдеген. Ол өзінің ғылыми  кітабында  күміс
иондарының қатерлі  ісік  ауруына  шалдыққан  адамдардың  жасушаларын  қайта
тірілтіп, көбеюіне көмегі барлығын жазған. Алынған жері
    • Күміс, 
    • су, 
    • халық емі, 
    • күміс ыдыстар, 
    • медицина
    • Бөлісу…
«Күміс» суды үйде жасауға  арналғана  иондаушы(ионизатор).  Бұл  құрылға  60
тонна суды күмістей алады екен.  Үш  адамнан  тұратын  жанұяға  бұл  су  бес
жылдам астам уақытқа жетпек.

Құрылғы екі түрлі күміс су жасай алады:

1. Ауыз су,  күміс  иондарының  концентрациясы  —  35  мкг/литр.  Мұндай  су
санитарлық нормалара бойынша тамаққа(әшуге)  жарамды  деп  саналады  (СанПиН
2.1.4.539-96 бойынша ауыз  суының  күмістік  құрамы  50  мкг/литр)ге  шейін.
Дәрігерлер бұл суды сусын ретінде және  түрлі  кеселдерді  болдырмау  шарасы
ретінде де пайдалануға болады деп кеңес береді.

Орасан  зор   пайдасы   —   асқазан   мен   ішек   жолдарындағы   ауыруларды
емдеуі(болдырмауы).  Тамақ  даярлаған  кезде  де  қолданған   дұрыс.   Түрлі
тосаптар  мен  тұздаулар  жасағанда  да  пайдасы  зор.  Ыдыстар   мен   бала
ойыншықтарын жуу арқылы бактерияларға қарсы шараларға да таптырмайды.

2. Күміс иондарының концентрациясы 10 000 мкг/литр болатын су.  Мұндай  суды
өкпе-бронх ауыруларына  қарсы(ингаляция),  жуынуға,  өсімдіктерді  суғаруға,
жеміс-жидектреді жууға қолданған абзал.

Қазақ  халқы ежелден күміске  ерекше  мән  берген.  Күмістің  адам  ағзасына
пайдасы бар  деп  сенген жұрт күміс  ыдыстан  тамақ  ішіп,  күміс  әшекейлер
тағып,  сәби  дүниеге  келгенде  нәрестені   күміс   теңге   салынған   суда
шомылдырып,   «Баланың   күні   күмістей   жарық    болсын» деген    жоралғы
жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар,  таңғажайып  емдік  қасиеті  де
жоқ емес. Кейбіреулердің айтуынша, ол адам ғұмырын ұзартады- мыс.

Әлі күнге дейін кей өңірлерде сәбидің “бірінші тісінің  шығуына”  байланысты
күміс қасық сыйлау  дәстүрінің  сақталғаны  да  кездейсоқ  жайт  емес.  Ерте
заманнан бері күмістің түрлі жамандықтан  сақтайтын  қасиеті  бар  деген  де
сенім бар. Күмістің бұл қасиетін молдалар суды тазарту үшін де қолданған.

Халқымыз қадір тұтатын күміс —  жұмсақ,  қақтауға  төзімді,  оңай  өңделетін
металл  және  жарқыраған  ашық  түсімен  көз  тартады.  Оның  осы   қасиетін
зергерлер барынша шебер пайдаланған.

Шеберлер әшекей бұйымдарды  көбіне  алтын  мен  күмістен  жасаған.  Қазақтар
күмістің адамға игі әсер ететін  айрықша  қасиетін  ерте  кезден-ақ  білген.
Сондай-ақ,  асыл  тастардың  қасиетіне  сенушілік  қазақ   халқының   тұрмыс
-дәстүрінде әлі де болса сақталып келеді. Інжу көз  қарашығын  шел  басудан,
көз сүйелінен, ноғаладан, ал маржан дуаның әсерінен  немесе  азғындаушылыққа
ұрынудан сақтайды. Сарғылт  дүр  (янтарь)  тамақ  ұрасы  мен  жемсау  ісігін
басады, әрі дұрыс жолға бастайды.

Күміс — ем

Күмістің адам ағзасына емдік қасиеті  ерекше  екенін  медицина  да  дәлелдеп
отыр. Емшілер  өте  ерте  заманда-ақ  күмістің  қасиетін  ерекше  бағалаған.
Мысалы,  Үндістанда  оны  адам  иммунитетін  көтеруге  қолданса,   Египетте 
жараға  жабыстырған. Ал, Ресейде шіркеулердегі  күміс  қосылған  суды  киелі
деп санаған.  Адамдар  мұндай  судың  өмірлік  қуат  беретін  ерекше  сиқыры

аяғында ғана мән  беріп  зерттей  бастапты.  Сонымен,  күміс  адам  ағзасына
неліктен  жақсы   әсер  береді?  Мәселе  бұл  металлдың  өте  күшті   табиғи
антисептикалық қасиетінде болып тұр. Күміс  сумен  әрекеттескенде  иондалып,
оның  құрамында  ұзақ  сақталады.  Сондықтан  күміс  қосылған  су   ағзадағы
көптеген  зиянды  микроағзаларды  жояды.   Бұрын   ауруға   қарсы    дәрілер
(антибиотиктер)   өндірілгенге  дейін  күмісті  ем  ретінде  жиі  пайдаланып
келген.  Кейін  дәрілер  пайда  болысымен   ол   ысырыла   бастапты.   Бірақ
антибиотиктерді көп ішкен адам  ағзасы  сол  дәріге  үйреніп,  аурудың  беті
қайтпай қоятын кездері де  болады.  Ал,  күміспен  емделгенде  ондай  жағдай
кездеспейді екен. Ол өзінің белсенділігін жоймайды.

Күміс залалсыздандырады

Күмісті  тек  медицинада  ғана  емес,  косметологияда,  тіпті,   саяжайларда
бағбандар тыңайтқыш ретінде пайдаланса, аспаздар күміс қосылған сумен  тағам
әзірлеген. Сондай-ақ, оның залалсыздандыру қасиеті  де  бар.  Мысалы,  күміс
қосылған  сумен  балалар  ойыншықтарын,  бөлмелерді  тазалап  қоюға  болады.
Жұқпалы     аурулардың     алдын     алуда     күмістің     пайдасы     зор.
                                                                 —
Кіршіксіз таза күміс су –  бүгінде  ең  керемет  дәрі,  –  дейді  Пенсильван
университетінің профессоры, АҚШ-тың Халықаралық Ғылым  академиясының  мүшесі
Рустум Рой.  —  Оның  шипалылығы  сондай,  Ауғанстандағы,  Ирактағы  Америка
әскері           осы            суды            ғана            пайдаланады.
                                                                  АҚШ
Президенті дизенфекция үшін қолын осы сумен шаяды екен. Ал, қарапайым  халық
кәдімгі таза суды күміс құтыға құйып, дем салып, емге ішкен.

Күміс қуат береді

Адам ағзасының тұмау және жұқпалы  ауруларға  төтеп  бере  алмауының  себебі
иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана   ауру  тудыратын
элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды  токсиндер  мен  микробтарды  қуып
шығады. Тіпті,  ағзада  аз  ғана  күміс  жетіспеушілігі  байқалған  жағдайда
адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып,  тез  шаршау
пайда болады. Аталған микроэлементке қаныққан ағза сирек ауырады, тәбеті  де
жақсы  болады.  Тарихшылар   ертедегі  вавилондықтар  мен  гректер  күмістің
залалсыздандратын қасиетін ескеріп, патшалары пайдаланатын ауыз  суды  күміс
ыдыстарда  сақтағанын  анықтаған.   Бұны  археологтардың   қазбаларынан   да
кездестіруге болады.   Біздің  заманымызға  дейінгі  4000  мың  жыл  бұрынғы
патшалардың қабірлерінен   де  күміс  ыдыстар  табылған.  Әйгілі  Геродоттың
жазбаларында  да   Парсы  патшасының  суды   күміс    ыдыстарда   сақтағаны 
көрсетілген.

Күміс суының сиқырын сонау Зұлқарнайын  кезіндегі  жауынгерлер   де  білген.
Олар су  ішетін  торсықтарына  күміс  теңгелер  салып  жүреді  екен.  Ежелгі
Ресейде де құдыққа қой басындай күміс  тастайтын болыпты. Бұл елдің  жұқпалы
аурулардан аман қалуына көмектескен

Рак ауруын емдейді

Шетелдік  дәрігер   Роберт   Бекер   күміс   иондарының   адам   ағзасындағы
жасушалардың көбеюіне әсер ете  алатындығын  дәлелдеген.  Ол  өзінің  ғылыми
кітабында күміс иондарының рак  ауруына  шалдыққан  адамдардың   жасушаларын
қайта тірілтіп, көбеюіне көмегі  барлығын  жазған.  Ол:  «Менің  қарамағымда
созылмалы сүйек инфекциясына шалдығып,  жарасында  рак  ісігі  пайда  болған
науқас  емделді. Ол  сүйекті кесіп тастаудан бас  тартты  және  менен  күміс
иондарымен  емдеуді  өтінді.  Мен  оның  жарасын  күміс  қолдану   тәсілімен
емдедім.  Үш айдан соң аурудың беті бері  қарады.  Рак  жасушалары   қалыпқа
түсті. Кейін сол адамды сегіз жылдан соң кездестіргенімде ол өзін өте  жақсы
сезінетіндігін айтты», — деп жазыпты.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
  2.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—
     Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
  3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  4.  Мұнай  және  газ  геологиясы  танымдық  және   кәсіптік-технологиялық
     терминдерінің  түсіндірме  сөздігі.  Анықтамалық   басылым.-   Алматы:
     2003. ISBN 9965-472-27-0
  5. Қазақ энциклопедиясы
  6.  С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997     жыл,114-149 бттер.

Биогеохимия  және экотоксикология пәні

Дәріс тақырыбы №     : Табиғи ресурстар және олардың классификациясы.
Мақсаты - 050608-«Экология»  мамандығындағы студенттерге  биосферада
организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Табиғи ресурстар және олардың түрлері

    Табиғи ресурстар - адамның өз мұқтажын  қамтамасыз  ету  және  көздеген
мақсатына   жету   үшін   пайдаланатын    қоршаған    ортадағы    заттардың,
құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы. Оларға ауа, күн,  жел,  су,  жер,
орман, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар және т.б. жатады.
    Табиғи ресурстардың бірінші белгісі - олардың түрі. Бұл белгіге  сәйкес
олар табиғи құбылыстар  (күн  энергиясы,  жел,  мұхиттардағы  су  деңгейінің
көтерілуі мен судың қайтымы),  өсімдіктер  әлемі,  жануарлар  әлемі,  табиғи
заттар (су, ауа, топырақ) және пайдалы қазбалар (мұнай, алтын, т.б.  әртүрлі
рудалар) болып бөлінеді. Сонымен қатар пайдалы  қазбалар  пайдалануға  дайын
(көмір, бағалы тастар, тұз) және өңдеуді қажет ететін  (мұнай,  синтетикалық
тыңайтқыштар) болуы мүмкін.
    Табиғи ресурстардың екінші белгісі - олардың қоры. Бұл белгісі  бойынша
оларды сарқылатын және сарқылмайтын деп бөледі.
    Сарқылмайтын табиғи ресурстар - табиғатты ұзақ пайдалану  кезінде  саны
мен  сапасы  өзгермейтін  немесе  аздап  қана  өзгеретін  табиғи   физикалық
құбылыстар және денелер. Мұндай ресурстарға Күн  энергиясы,  жел  энергиясы,
қозғалыстағы су энергиясы, жер қойнауы энергиясы  жатады.  Қоршаған  ортаның
ауасы мен  суы  саны  бойынша  өзгермеуі  мүмкін,  бірақ  адамның  тіршілігі
барысында сапасы  төмендеуі  әбден  мүмкін.  Бұл  табиғи  байлықтар  қазіргі
таңдағы техника мен технологияның көмегімен (су, шаң, газ  тазалау,  сондай-
ақ санитарлық-гигиеналық шаралар) сарқылмайтын бола алады.
    Сарқылатын табиғи байлықтар - табиғатты пайдалану  барысында  саны  мен
сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер.
    Үшінші классификациялық белгі - сарқылатын табиғи  байлықтардың  орнына
кайта келуі. Бұл белгісі бойынша  сарқылатын  байлықтардың  мынадай  түрлері
бар:
    - қалпына келетін -өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер әлемі;
    - қалпына келмейтін - миллиондаған жылдар бойы жер қойнауында  түзілген
пайдалы қазбалар (қара, түсті,  асыл  және  сирек  кездесетін,  радиоактивті
металдар рудалары, мұнай, газ және т.б.);
    - салыстырмалы қалпына келетін -  пайдалануға  қарағанда  орнына  қайта
келуі баяу жүретін ресурстар (құнарлы қара топырақ, үлкен жастағы ағаштар  -
секвойя, баобаб және т.б.).

Пайдаланған әдебиеттер

  7. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
  8.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—
     Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
  9. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
 10.  Мұнай  және  газ  геологиясы  танымдық  және   кәсіптік-технологиялық
     терминдерінің  түсіндірме  сөздігі.  Анықтамалық   басылым.-   Алматы:
     2003. ISBN 9965-472-27-0
 11. Қазақ энциклопедиясы
 12.  С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997     жыл,114-149 бттер.

Биогеохимия  және экотоксикология пәні

Дәріс тақырыбы №     : Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану.
Мақсаты - 050608-«Экология»  мамандығындағы студенттерге  биосферада
организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану

Адамзат  ежелгі  уақыттардан  бері  экологиялық  шараларды  аңғармай  жүзеге
асырды. Өсімдіктерді сақтап қалу  мақсатында  бір  аумақтан  екіншісіне  мал
айдап көшті; балық аулайтын  орындарда  балықтарды  жемге  үйретті;  аумақты
дауыл  құлатқан  ағаштан  және  арамшөптерден  тазартты;  құстарды  ұя  салу
кезінде,     кәсіптік     жануарлардың     төлдеуі      немесе      кәсіптік
балықтардың уылдырық шашқан кезінде аулауға тыйым салды.

Ғылыми-техникалық  төңкеріс адамның  табиғатқа  ықпал  ету  қарқынын   шұғыл
күшейтті. Сондықтан адамның іс-әрекетін табиғатпен өзара әсер кезінде  қатаң
реттеу қажеттігі туды. Барлық елдерде адамның табиғи ортаны  реттеу  бойынша
және  табиғатты  қорғау  мен табиғи  ресурстарды ұтымды  пайдалану   бойынша
сансыз көп заңнамалық актілер қабылданды.  Әр  түрлі  экологиялық  шараларды
жүзеге      асыру      үшін       ең       алдымен       белгілі       уақыт
кезеңінде литосфера, гидросфера және атмосфераныңтерең     де      жан-жақты
экологиялық        зерттеулерін        жүргізу         қажет.         Мұндай
зерттеулер мониторинг (бақылау)  деп  аталады.  Белгілі   уақыт   аралықтары
арқылы  бақылау,  зерттеулерін  салыстыру  қоршаған   ортадағы   экологиялық
өзгерістер қозғалыстарының зерзаттық көрінісін береді.

Ғарыштан бақылау жасау

Ғарыштан бақылау жасау  (мониторинг) жанартаулардың  атқылауы,  су  тасқыны,
қуаңшылық, орман және даладағы ірі  өрттер,  үлкси  кеңістіктердегі  өсімдік
жабындарына,      бунақденелілерге,      мысалы,       шегіртке       немесе
басқа зиянкестердің үлкен  зиян  келтіруі  тәізді  ірі  табиғи  құбылыстарды
бақылауға мүмкіндік  береді.  Мұндай  құбылыстар  туралы  ақпараттар  шынайы
уақыт тәртібінде түсетіндіктен, елдер үкіметі  мен  халықаралық  экологиялық
ұйымдар осы құбылыстардың келеңсіз  салдарларын  жою  немесе  бәсеңтуге  тез
және тиімді шаралар  қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Ғарыштық  мониторингтен
басқа  аспаптық  мониторинг  өткізіледі.  Бұғап  әр  түрлі   ұшу   құралдары
(ұшақтар, тікұшақтар), автомашиналар, тіпті  жаяу  экспедициялық  бағдар  да
пайдалануы  мүмкін.  Бұдан  басқа  атмосфера,  гидросфера   және   литосфера
жағдайына тұрақты бақылау өткізетін стансалардың кең торабы болады.  Алынған
ақпараттар  барлығы  жергілікті,  аудандық,  облыстық   және   республикалық
арнаулы экологиялық  мекемелерге  жиналады.  Жаһандық  мониторинг  торабының
құрылуы  арқасында  табиғат  қорғау  шараларын  тиімдірек  өткізуге   мүмкін
болады.[1]

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
  2.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—
     Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
  3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  4.  Мұнай  және  газ  геологиясы  танымдық  және   кәсіптік-технологиялық
     терминдерінің  түсіндірме  сөздігі.  Анықтамалық   басылым.-   Алматы:
     2003. ISBN 9965-472-27-0
  5. Қазақ энциклопедиясы
  6.  С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997     жыл,114-149 бттер.

Биогеохимия  және экотоксикология пәні

Дәріс тақырыбы №14:Топырақтың ластануы.
Мақсаты  -   050608-«Экология    мамандығындағы   студенттерге    биосферада
организмдердің  қатысуымен  жүретін геохимиялық  процестерді  зерттеп   қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Топырақтың ластануы
         1. Табиғаттың ластануы
         2. Бүліну процессі

|Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар|
|заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын,   |
|санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы     |
|заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың|
|оптималды консентрациядан артық болуы да жатады.                         |
|Ластануды жүйенің тепе – теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде       |
|бағалауға болады.                                                        |
|Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:                            |
|• шығу тегі бойынша:                                                     |
|табиғи және жасанды (антропогенді);                                      |
|• пайда болу көзіне байланысты:                                          |
|а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.;                  |
|ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны),      |
|шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар|
|мен мемлекеттерден енетін);                                              |
|• әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;       |
|• қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера    |
|және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты     |
|сулары, өзен сулары және т.б.);                                          |
|• әсер ететін жеріне байланысты: химиялық (химиялық заттар мен           |
|элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу,           |
|электромагниттік), физико – химиялық (аэрозольдер), биологиялық          |
|(микробиологиялық және т.б);                                             |
|• әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп        |
|орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері);   |
|• тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – 100 және 1000 жыл тұратын   |
|(азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты – 5-25 жыл      |
|(көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, |
|күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон).   |
|Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті |
|жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметр бойынша бағалауға болады:  |
|қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне   |
|қарай. Мысалы, көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған     |
|ортаға түсетін көлеміне және ұзақ сақталу уақытына, олай болса оның      |
|жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффекттің пайда болуы        |
|қамтамасыз етеді.                                                        |
|Өндірілетін ресурстардың тек 2 – 3% ғана пайдалы өнім ретінде            |
|қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т.б).         |
|Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән     |
|емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы       |
|жатады. Тбиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық |
|қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн. – нан астам қосылыстарды синтездей     |
|алады. Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.               |
|Жер бетіндегі адам мекен етпейтін кеңістіктің болуы (құрлықтың жалпы     |
|ауданы 149 млн. км2 болса, мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2  |
|тиеді) қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең     |
|алдымен атмосфера мен судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы  |
|қабықшамен әлемдік мұхиттың бетінің 15 – 25% ластанған. Қазіргі кезде    |
|атомдық двигательдер мен радиоактивтік қалдықтардың көмілуі нәтижесінде  |
|әлемдік мұхиттың радиоактивті ластануы зор қауіп төніп отыр.             |
|Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы          |
|кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.                   |
|Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы,  |
|өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен|
|ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20 – 30% -|
|ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық    |
|температурасы 1 – 30С – ға артады. Ал мұның өзі биосфераның              |
|термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы|
|мүмкін.                                                                  |
|Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар|
|болып есептеледі. Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның  |
|мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары   |
|ендіктерінде бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1% - ға     |
|кемуі терінің қатерлі ісігімен ауру деңгейін 5 – 7% - ға арттыруы        |
|мүмкін.                                                                  |
|Көптеген мемлекеттер фреондардың өндірісін 50% кеміту және оларды басқа  |
|пропиленттермен алмастыру туралы міндеттеме қабылдады.                   |
|Судың ластануы. Ластануға судың барлық категориялары: мұхит,             |
|континенттік, жерасты, әртүрлі дәрежеде ұшырайды.                        |
|Судың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың |
|келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті      |
|ластаушылардың әр түрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді.       |
|Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық     |
|тыңайтқыштар, улы химикаттар және т.б заттар жатады. Ластаушы заттардың  |
|басым көпшілігін амосфералық жауын – шашын әкеледі. Сулардың канализация |
|ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су|
|таранспорттарымен ластану үлесі де жоғары. Қазір бүкіл планетада іс      |
|жүзінде қандай да бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде ластанбаған      |
|беттік тұщы су көзі жоқ деуге болады.                                    |
|Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радиациялық ластану болып   |
|қалып отыр. Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп  |
|мөлшері жасалды. Олар еліміздің территориясының біраз бөлігінің          |
|радиациялық ластануына әкелді. Қазақстан территориясында радиациялық     |
|ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған   |
|жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық   |
|өнеркәсіп орындары, ғламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу  |
|мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, |
|радиоактивті қалдықтар.                                                  |

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
  2.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—
     Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
  3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  4.  Мұнай  және  газ  геологиясы  танымдық  және   кәсіптік-технологиялық
     терминдерінің  түсіндірме  сөздігі.  Анықтамалық   басылым.-   Алматы:
     2003. ISBN 9965-472-27-0
  5. Қазақ энциклопедиясы
  6.  С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997     жыл,114-149 бттер.

Биогеохимия  және экотоксикология пәні
Дәріс тақырыбы №   15  : Қауіпті қалдықтар және токсиндер.
Мақсаты - 050608-«Экология»  мамандығындағы студенттерге  биосферада
организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау

                      Қауіпті қалдықтар және токсиндер

         3. Қауіпті қалдықтар түрлері
         4. Зиянды заттардың классификациясы

Адам ағзасына әсер ету дәрежесіне МЕСТ 12.1.007-76 ССБТ   байланысты  зиянды
заттарды 4 класқа бөледі:
   1- Қаупі аса жоғары заттар;
   2- қаупі жоғары заттар;
   3- қаупі орташа заттар;
   4- қаупі аз заттар.
   Қажетті шекті концентрация мөлшері – жұмыс  аумағындағы  аукадағы  зиянды
   заттардың күнделікті жұмыс уақытындағы (күніне 8 сағат немесе аптасына 41
   сағат) адам  ағзасына  әсерін  тигізбейтін  және  ауруға  шалдықтырмайтын
   концентрация.
   Асқазанға енген орташа өлім шегі- 50% жануарлардың  асқазанына   енгізген
   дозадан,олардың өлуін тудырады.
   Теріге  енген  орташа  өлім  шегі-  50%  жануарлардың  терісіне  енгізген
   дозадан,олардың өлуін тудырады.
   Ауадағы орташа өлім  концентрациясы-  50%  жануарлардың  2-4  сағат  бойы
   ингалязиялық әрекетінен олардың өлуін тудырады, мг/м3.
   Жұмыс аумағы – биіктігі еденнен немесе ауданннан 2 м болатын,  күнделікті
   немесе уақытша жұмыс істейтін орын.
   Ингаляциялық улану жағдайының коэффициенті - 20˚С  температурадағы зиянды
   заттардың максималды  шекті  концентрациясының  тышқандардың  2  сағаттық
   әсерінің орташа өлім концентрациясына қатынасы.
   Жіті әрекеттің аумағы -  зиянды заттардың орташа  өлім  концентрациясының
   бүлінбеген ағза дәрежесінің биологиялық көрсеткішінің ауысуының минималды
   (шекті) концентрациясына қатынасы.
   Созылмалы әрекеттің аумағының – бүлінбеген ағза  дәрежесінің  биологиялық
   көрсеткішінің ауысуының минималды (шекті) концентрациясының  4-  сағаттық
   созылмалы  тәжірибеде  зиянды  әсер   ететін   минималды   концентрацияға
   қатынасы.
   Бірбағыттағы әрекет  –  қандай  да  бір  қоспа  компоненттерінің   бірдей
   организм жүйелеріне әсері. Мысалы, көмірсутегі қоспаларының нашақорлықтық
   әрекеті.
   Тәуелсіз әрекет – қоспа компоненттері әр түрлі организм жүйелеріне әсерін
   және  олардың  улы  эффектілері  бір-бірімен  байланысты  болмайды.   Бұл
   жағдайда олардың қажетті шекті  концентрация  мөлшері  қалпынша  өзгермей
   қалады.
|                                                                         |
|Токсиндер                                                                |
|Көпшілікті ауаның қазіргі күйі толғандырады екен. Жағдайды жақсарту      |
|мақсатында табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды бақылау         |
|Департаменті былтырғы жылы Қазақстандық көлік және коммуникация          |
|акадаемиясына қаламыздағы көліктерден шығатын газ құрамын анықтау және   |
|бағалау жүйесінің жобасын жүзеге асыруды тапсырды.                       |
|- Сараптама нәтижесі дәлелдегендей олардың құрамында 200-ге дейін әр     |
|түрлі химиялық зиян заттар кездеседі, ең бастылары көміртегі оксиді,     |
|көміртегі, азот оксидтері, саж, формалдегид және т.б. болып табылады.    |
|– Егер де көлік-транспорт станцияларының экологиялық жағдайын жақсартсақ |
|және көлік жанармайларын пайдаланғаннан кейін шығатын қалдықтар мен      |
|токсиндер төмендесе, көліктердің қоршаған ортаға кері ықпалы тиюі күрт   |
|төмендер еді. Сол себептен, мәселені толыққанды және жан-жақты шешу      |
|мақсатында, біз АҚШ, Жапон, Ресей, Еуроодақ секілді дамыған              |
|мемлекеттердің атмосфера ауасының ластануын азайтуда қолданылатын ең     |
|үздік тәжірибелерін зерттедік және енгіздік. Мысалы, американдық         |
|Калифорния штатында 1963 жылы-ақ көліктердің көбею мәселесі туындаған.   |
|Сол кезде, таза ауа федералдық заңы қабылданды, кейіннен көліктердің     |
|қоршаған ортаға экологиялық әсерін шектейтін қатаң заңды тараулармен     |
|толықтырылды. Қалыпқа және стандарттарға сәйкес болуын қадағалайтын қатаң|
|бақылау, Калифорнияны ластанғаннан ең экологиялық таза Американың штатына|
|айналдырды.                                                              |
|Алматы қаласына біртіндеп экологиялық тазалау жүйесін ендіру үшін,       |
|ғалымдар Алматы көліктерінен шыққан токсикалық газдарды бағалайтын және  |
|бақылайтын тәуелсіз қосымша және орталық сынақты түрде станса құрды      |
|ұсынды. Енгізілген компьютерлік бағдарламаның сынақтары дербес режимде   |
|жұмыс жасайтын болады, токсикалық көрсеткіштің барлық сипатын көрсетіп,  |
|нақты қай көлік екенін сараптап, бланк күйінде қорытындылары орталық     |
|станцияға жөнелтіп отырады. Егер, олар рұқсат етілуге жетпейтін болса,   |
|көлікті пайдалануға бір жыл мерзім беріледі. Жобада көпқұрамды қолайлы   |
|жағдай жасалған. Яғни, қазір тәжірбиеленіп жүргендей СО және СН құрамын  |
|анықтайтын ғана емес, басқа да көліктен шығатын бес газдың құрамын       |
|өлшегіш құралдары шығарылмақ. Сонымен қатар, көліктің артқы жағын        |
|тексергенде толық мәлімет алынбайды, сол себептен двигательдің әр түрлі  |
|режимін тексеретін құрылғы болады.                                       |
|Балама ТЖО-ның, диагностика орталығы жұмысының жаңашылдығы, сараптама    |
|орталығы көлікті тексерген кезде жүргізушімен ешқандай байланыста        |
|болмайды. Және де, сараптаманың нәтижесін жалған жасауға немесе қайта    |
|өңдеу мүмкін емес. Осының арқасында, көліктерден бөлінген газдағы        |
|токсинді тексеру механизмі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сиппатта болады.   |
|Осы сияқты тәуелсіз тексеру елімізге экологиялық таза емес көліктерді    |
|кіргізбеуге және ескі көліктерді біртіндеп алып тастауға мүмкіндік       |
|береді. Жүйені жүзеге асыру Қазақстанның алғаш озық оймен және нәтижелі  |
|әлемдік стандартқа біртіндеп енуіне жол ашады. Бұл, қаламыздың тазалығын |
|сақтап қана қоймай, ТМД елдерінің ЕВРО-1-ЕВРО-4 стандартын               |
|қалыптастырудың бастамасы болмақ. Осы жылдың сәуір айында қала           |
|әкімшілігі, қалаға келетін жанармай туралы мониторинг өткеннен кейін, ҚР |
|Үкіметіне мұнай өнімдерінің ерекше түрлерін мемлекеттік басқару туралы   |
|Заңына толықтырулар ендіруге ұсыныс хаттар жіберді. Хаттардың мазмұны,   |
|көлік моторларына арналған жанармайлардың жасалуынан пайдалануына дейін  |
|қатаң бақылауға алынуы жайлы болды. Токсинді көп бөлетін көліктерді      |
|Қазақстанға ендірмеу туралы Әкімшілік кодекске өзгерту енгізуді ұсынды.  |

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
  2.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—
     Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
  3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  4.  Мұнай  және  газ  геологиясы  танымдық  және   кәсіптік-технологиялық
     терминдерінің  түсіндірме  сөздігі.  Анықтамалық   басылым.-   Алматы:
     2003. ISBN 9965-472-27-0
  5. Қазақ энциклопедиясы
  6.  С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997     жыл,114-149 бттер.

                            Зертханалық жұмыстар

Биогеохимия  және экотоксикология пәні

Дәріс тақырыбы №  1  :Ферменттердің  жалпы қасиетін зерттеу.
Мақсаты - 050608-«Экология»  мамандығындағы студенттерге  биосферада
организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау

                                   Жоспар

      Ферменттердің қысқаша тарихы

      Әсер ету механизмі

Ферменттер-тірі  организм  клеткалары  жасап   шығаратын   барлық   химиялық
реакциялардың жүрісін тездететін биологиялық катализаторлар.
Тіршіліктің негізіне тірі организм клеткаларында жүріп жататын  алуан  түрлі
химиялық  реакциялар  жатады.  Осы   реакциялардың   барлығы   белгілі   бір
ферметтердің   қатысуымен   өте   жоғары   жылдамдықпен   жүреді.    Мысалы,
лабораториялық жағдайда 1 г белокты ыдырату  100  о  Стемпературада  6№  НСЕ
әсерімен 24 сағат аралығында жүрсе, осы реакция ас қорту жолдарында 37  о  С
температура шамасында 2 сағатта өтеді.
Қазіргі  кезде  белгілі  ферменттердің  бәрі   химиялық   табиғаты   жағынан
белоктар,ферменттер молекулаларының құрлысына қарай 2 топқа бөлінеді:1)  тек
қана белоктардан  тұратын  бір  компоненті  ферменттер;  2)  молекулаларының
құрамына белоктан басқа  простетикалық  топ  деп  аталатын  белоксыз  заттар
кіретін екі компонентті ферменттер. Әртүрлі химиялық  реакциялардың  жүрісін
тездетуге  фермент  молекуласы  түгел  қатыспай,оның  белсенді  орталық  деп
аталатын   бөлімшесі    ғана    тездетеді.Бір    компонентті    ферменттерде
аминқышқылдарының  әртүрлі  функционалды  топтарды  осы   белсенді   орталық
қызыметін  атқарса,екі  компанентті  ферменттерде  белсенді  орталық   метал
(Ғе,Со,Си,Мп)  немесе  кіші  молекулалы  органикалық   заттар;   витаминдер,
нуклеотидтер т.б. болуы мүмкін.
Тірі клеткаларда зат  алмасу  процесі  үздіксіз  жүріп  жатады.  Зат  алмасу
процесі дегеніміз белгілі бір тәртіппен кезектесіп келіп отыратын  әр  түрлі
химиялық реакциялардың жиынтығы. Дәл осы реакциялар клеткадан тыс  жерде (іп
vіtrо) өте қиындықпен және өте баяу жүреді. Тірі клеткада бұл  реакциялардың
жүрісін ферменттер тездетеді.
Ферменттік әсер ету механизмі. Химиялық реакциялардың  жылдамдығы  реакцияға
түсетін молекулалардың соқтығысу жиілігіне байланысты. Ал соқтығысу  жиілігі
молекулалардың концентрациясы мен ортаның температурасына байланысты.
Температураның артуына қарай молекулалар қозғалысының кинетикалық  энергиясы
да артады, бұл молекулалар  соқтығысуы-ның  жиілігіне  әсер  етеді.  Сонымен
қатар реакдияның өтуі үшін молекулалардың соқтығысуы жеткіліксіз. Бұл  кезде
олар активті күйде  болуы  қажет,  басқаша  айтқанда,  оларда  реакция  үшін
қажетті   энергияның    біршама    артық    қоры    болуы    тиіс.    Мұндай
энергияны активация  энергиясы деп  атайды.  Фермент  осы  реакцияға   қажет
активация энергиясын кемітеді. Ол үшін фермент  реакцияға  ұшырайтын  заттың
молекуласымен (оны субстрат деп атайды)бірігіп комплекс  түзеді.  Комплексті
қысқаша Ф  +  С  (фермент+  +  субстрат)  деп  белгілейді.  Бұл  комплекстің
түзілуіне әлдеқайда аз мөлшердегі энергия қажет.
Фермент + субстрат аралық  комплексін  түзу  кезінде  субстрат  молекулалары
біраз  деформацияға  ұшырайды,  сондықтан  реакция-ның  активация  энергиясы
кемиді. Бұл деформация субстраттың молекула ішілік байланыстарын  әлсіретеді
және молекуланы белгі-лі бір реакцияға  неғұрлым  қабілетті  етіп  шығарады.
Комплекстің түзілуі спектрлік методтардың жәрдемімен дәлелденген.
Ф + С аралық комплексін  түзуде  субстрат  ферменттің  бүкіл  мо-лекуласымен
емес,  оныд  активтік  орталықтар  деп  аталатын  жеке-легең   учаскелерімен
қосылады. Ферменттің әрбір молекуласында 1—2 активтік орталық  бар  екендігі
анықталып отыр.
Активтік орталықтық кеңістіктік құрылысы мен химиялық та-биғаты белгілі  бір
субстратқа  ғана  сай  келетіндей  болып  қалып-тасқан.  Бұл  фермент  басқа
субстратқа   катализатор   бола   алмайды.   Осы   ерекшелік   ферменттердің
талдаушылық қасиетін белгілейді.
Органикалық заттар мен ферменттердің структурасын зерттей  келе,  Э..  Фишер
фермент  пен  субстраттың  кедістіктік   сәйкестігінің   жақындығы   женінде
қорытынды шығарып, фермент субстратқа құлпының кілтіндей сәйкес  келеді  деп
сипаттады.
Ферменттердің  химиялық табиғаты. Алғаш  рет  ферменгті   1814   жылы   орыс
академигі К. С. Кирхгофф ашқан.  Ол  бидай  тұқымынан  крахмалды  ыдырататын
амилаза ферментін тапты. Қазіргі кезде 1 000-нан астам  ферменттердің  әсері
зерттелген. Оның ішінде 100-ге жуығы кристалл түрінде алынған. Олардың  бәрі
де белоктар болып табылады.
Ферменттер молекулаларының құрылысына қарай
2  топқа  бөлінеді:  1)  тек  қана  белоктардан  тұратын   бір   компонентті
ферменттер;
2) молекулаларының құрамына белоктан  басқа  активтік  немесе  простетикалық
топ деп аталатын белоксыз текті заттар кіретін екі компонентті ферменттер.
Бір компонентті ферменттерде активтік орталықтың  ролің  амин  қышқылдарының
бүйірлік радикалдары атқарады. Белок — фер-мент молекуласының  II  және  III
деңгейлік структурасы жасалған кезде, бүйірлік радикалдар өзара  жақындасады
да,  активтік  орта-лығын  қүрады.  Мысалы,  панкреатикалық  рибонуклеазаның
актив-тік орталығына гистидин-16-ның, лизин-  41-дің  және  гистидин-119-дық
қалдықтары кіреді. Активтік орталықтың  осы  компоненттері-нін.  кеңістіктік
жақындасуын күрделендіре түсетін амин қышқылдары да ферменттер үшін  маңызды
роль  атқарады.  Белок  —  фермент  молекуласының   құрамынан   басқа   амин
қышқылдарын ферменттің  активтік  қасиетіне  нұқсан  келтірмей  де  ажыратып
алуға болады.
Екі компонентті ферменттердегі активті топ  металл  немесе  кіші  молекулалы
органикалық зат болып табылады. Органикалық таби-ғатты  активті  топтар  екі
типке белінеді:
1)  коферменттер:  олар  ферменттің  белокты  бөлігімен   берік байланысады.
Оксидоредуктазаның  құрамындағы  флавинаденин  динуклеотид   (ҒАБ)   осындай
коферментке мысал бола алады;
2) косубстраттар;  олар  ферменттің  белокты  бөлігімен  нашар  байланысқан,
сондықтан олар ферменттің бір молекуласынан екін-ші молекуласына өте  алады.
Косубстратқа        анаэробты        оксидоредук-тазанын,        құрамындағы
никотинамидадениндинуклеотид (NАD+) мысал бола алады.
Ғе, Со, Си, Мп металдары ферменттердін, активті  топтарында  белокпен  берік
байланысқан,  ал  К,  Са,  Мg,  Zп,  С1  сияқты  басқа  элементтер  —  әлсіз
байланысқан, олар өздерінің қатысуы арқылы көбінесе  ферментті  активтендіре
түседі.
Ферменттер  субстратқа  да,  сондай-ақ  химиялық   байланыстың   типіне   де
талғаушылық қасиет көрсетеді.
Ферменттердің  классификациясы. Ферменттердің  саны   бүрынғыдан   әлдеқайда
артып отырғандықтан, барлық ферменттерді ескі классификациямен қамту  мүмкін
болмай қалды.  1961  жылы  көрнекті  биохимик-ғалымдардан  тұратын  комиссия
құрылды, бұл комиссия ферменттердің жаңа  классификациясын  жасап,  оны  Ха-
лықаралық биохимиялық Одақтың қарауына ұсынды.  Жаңа  классификация  бойынша
бізге белгілі ферменттердің барлығы алты класқа бөлінеді.
1. Оксидоредуктаза — тотығу-тотықсыздану ферменттері.
2.  Трансфераза  —  атомдардың  түрліше  топтарының  тасымалдау   реакциясын
катализдейтін ферменттер.
3.  Гидролаза  —  заттардың  түрліше   топтарының   гидролизіне   қа-тысатын
ферменттер.
4. Лиаза — еселенген байланыс түзе  және  оны  бұза  отырып,  атомдар  тобын
қосып немесе ажыратып алу реакциясын ка-тализдейтін ферменттер.
5. Изомераза — изомеризация реакциясын катализдейтін ферменттер.
6. Лигаза (синтетаза) — АТР  энергиясының  есебінен  жай  заттардан  күрделі
органикалық заттар түзу реакциясын катализдейтін ферменттер.
Жаңа  классификация  бойынша  әрбір  фермент  атауының  алдына   төрт   цифр
қойылады.  Бұл  цифрлардың  біріншісі  осы  фермент негізгі   алты   кластың
қайсысына  жататындығын  керсетеді.  Екінші   цифр   оның   класс   тармағын
білдіреді. Оксидоредуктаза ферментінде  екінші  цифр  донор  молекуласындағы
тотығатын   топтың   табиғатын   көрсетеді.   Трансфераза   ферментінде   ол
тасымалданатын топтық  табиғатын  көрсетеді.  Гидролаза  ферментінде  екінші
цифр гидролизденетін  байланыстың  типін,  лиаза  ферментінде   —   үзілетін
байланыс  типін,  изомераза  ферментінде   —   катализденетін   изомеризация
реакциясының типін, ал  лигаза  ферментінде  —  жаңадан  түзілетін  байланыс
типін   көрсетеді.   Үшінші   цифр   класс   тармағының   түрін   білдіреді.
Оксидоредуктаза  ферментінде ол  реакцияға   Қатысатын   акцептордьщ   типін
белгілейді,  трансфераза  ферментінде  —  тасымалданатын  топты,   гидролаза
ферментінде  —  гидролизденетін  байланыстың  типін,  ал  лиаза  ферментінде
— ыдыратылатын  топты   анықтайды.   Изомераза   ферментінде   үшінші   цифр
субстраттың өзгеру  сипатын,  ал  лигаза  ферментінде  түзілетін  қосылыстың
табиғатын  көрсетеді.  Сонымен,  алғашқы  үш  цифр  ферменттіқ  типін  нақты
анықтайды, ал төртінші сан ферменттің осы ; класс тармағындағы  рет  нөмірін
білдіреді. Ферменттің шифрындағы әрбір цифр бір-бірінен нүктемен бөлінеді.
Оксидоредуктаза — организмдегі  көптеген  тотығу-тотықсызда-ну  реакцияларын
катализдеуші   фермент.   Биологиялық   тотығудын   кептеген   жағдайларында
тотығатын заттардан сутегін бөліп шығару  процесі  жүзеге  асады,  сондықтан
бұл ферменттер дегидрогеназа ферменттері деген атқа ие болды.
Дегидрогеназа ферментінің екі класс  тармағы  бар.  Анаэробты  дегидрогеназа
ферменті сутегін субстраттан бөліп алу реакциясын және оны  акцепторға  беру
процесін жүзеге асырады. Субстраттан алынған  сутекті  олар  оттегіне  емес,
басқа затқа — акцепторға бере-
тіндіктен, дегидрогеназаның бұл класс тармағы анаэробты  класс  тармағы  деп
аталған. Бұл — молекулалары белок пен активті топ-тан  немесе  косубстраттан
тұратын екі компонентті ферменттер. Никотинамидадениндинуклеотид  (қысқартып
айтқанда  NАD+)  немесе  никотинамидадениндинуклеотидфосфат  NАD+  анаэробты
дегидрогеназаньвд  косубстраттары  болып  саналады.  NАD+  мен  NАD+  фосфор
қышқылының қалдығы арқылы өзара байланыс-қан динуклеотидтер болып  табылады.
Бір нуклеотидтің құрамында никотинамид және рибоза, ал  екінші  нуклеотидтің
құрамында  аде-нин  және  рибоза  болады.  NАD+-ның  NАD+-ден   айырмашылығы
мынада: ондағы рибоза құрамындағы екінші көміртектің  жанында  тағы  да  бір
фосфор қышқылының қалдығы болады.
никотинамидадениндинуклеотид (NАD")
Бұл косубстраттардың мынадай ерекшеліктері бар: олар белокты  бөлімнен  онай
ажырайды да, басқа  дегидрогеназаларға  көшеді.  Анаэробты  дегидрогеназаның
талдаушылығы  жоғары.  Мысалы,  алкогольдегидрогеназа   этил  спиртін   ғана
тотықтырады,  басқа  субстраттарға  әсер  етпейді.  Малатдегидрогеназа   сүт
қышқылын қымыздық  сірке  қышқылына  дейін  тотықтырады.  Субстраттан  бөліп
шығаратын сутекті олар аэробты дегидрогеназаға береді.
Аэробты дегидрогеназа  анаэробты  дегидрогеназаға  қарағанда  ауа  оттегімен
өзара  әрекеттесіп,  оған  субстраттан  немесе  анаэробты   дегидрогеназадан
қабылданған сутегін береді. Олардың  активті  тобының  құрамында  рибофлавин
(В2  витамині) туындылары бола-ды, сондықтан олар  флавинді  ферменттер  деп
те    аталады.    Аэробты    дегидрогеназаның    активті    тобы    көбінесе
флавинмононуклеотид  (ҒМN)  немесе   флавинадениндинуклеотид   (ҒАd)   болып
табылады. ҒМN-нің құрамында  бес  көміртекті  рибит  спиртімен  және  фосфор
кышқылының қалдығымен байланысқан диметилизоаллоксазин болады. 
Флавинадениндинуклеотидтіқ  қүрамына  диметилизоаллоксазин,  рибит,   фосфор
қышқылының екі қалдығы, рибоза мен аденин кіре-ді, яғни бұл — динуклеотид.
Флавинді ферменттердің кейбіреулері ғана  қабылданған  сутегін  тікелей  ауа
оттегіне бере алады. Олароксидаза деп аталады:
лактатоксидаза  (1.1.3.2),  альдегидоксидаза   (1.2.3.1),   аспартатоксидаза
(1.4.3.1), аскорбинатоксидаза (1.10.3.3)  және  т.  б.  Сутегін  субстраттан
бөліп  алып,  ауа  оттегіне   берер   жолында   олардың   көпшілігі   аралық
тасымалдаушылардың тағы бір  тобы  —  цитохромдарға  кездеседі.  Цитохромдық
система электрондарды тасымалдайды  және  цитохромдар  мен  цитохромоксидаза
(1.9.3.1) ферментінен  тұрады.  Клеткада  20-ға  жуық  цитохромдар  белгілі.
Цитохромдардың активті тобы  темірді  порфирин  болып  табылады.  Электронды
тасымалдау қабілеті бұған кіретін темір  атомының  айнымалы  валенттілігінің
арқасында жүзеге асады.
Ғе3+ + е---Ғе2+
Цитохромдар аэробты дегидрогеназа тасымалдайтын  сутектен  электронды  бөліп
алады, бұдан  соң  сутек  атомдары  протондар  кү-йінде  ортада  қалады,  ал
электрон цитохромдар тізбектері бойымен  тасымалданады.  Цитохромдардың  осы
қатары арқылы өте отырып,  электрон  цитохромоксидаза  ферментіне  беріледі,
бұл фермент оны тікелей ауа оттегіне жеткізеді.  Электронды  қабылдап  алған
оттек ионданып, сутек иондарымен су түзе отырып әрекеттеседі.
2Н+.+ О2-—*Н2О
Клеткадағы органикалық заттың  тотығуы  тұтасымен  алғанда  осылайша  өтеді.
Бөлінетін сутек пен  электронның  дегидрогеназалар  тізбегі  бойымен  берілу
жолын мынадай схема бойынша көрсетуге болады:
[pic]
2) NАD-Н + Н+ + ҒАD—FAD+ + ҒАD-Н2;
3) ҒАD • Н2 + 2 цитохром---ҒАD + 2 ците - + 2 Н+;
е— е— е— е—
4) цит в—>-цит сі—цит с—>-цит а3—"щтохромоксидаза —>
—>'/2О2.
Трансфераза —  молекула  қалдықтарының  атомдар  тобының  немесе   жекелеген
радикалдардын, бір қосылыстан екінші қосылыс-қа  тасымалдануын  катализдеуші
ферменттер класы. Биологиялық  системаларда  мұндай  тасымалдау  реакциялары
кең таралған. Та-сымалдайтын атомдар тобына қарай трансфераза бірнеше  топқа
бөлінеді. Бір көміртекті СН3 және СООН топтарын  тиісінше  метил-трансфераза
(2.1.1.)  мен  карбоксилтрансфераза  (2.1.3)  тасымал-дайды.  Альдегид  және
кетон  тобын  трансальдолаза  (2.2.1.1.)  тасымалдайды.   Сірке   қышқылының
қалдығын  (СН3СО)  ацил-трансфераза  (2.3.1)   тасымалдайды.   Бұл   —   екі
компонентті  ферменттер,  олардың  активті  тобыны  құрамында   А-коферменті
болады.  Моносахаридтер  қалдықтарын  трансгликозилаза   тасымалдайды.   Бұл
ферменттер  өсімдіктерде  кең  таралған,   олар   угле-водтар   биосинтезіне
қатысады. Амин тобын аминотрансфераза  (2.6.1)  ферменті  тасымалдайды,  бұл
ферменттің жәрдемімен қайта аминдеу реакциясы етеді. Амин тобы бұл  жағдайда
амин  қыш-қылынан  кетоқышқылға  тасымалданады.  Қайта  аминдеу  реакция-сын
совет  биохимиктері  А.  Е.  Браунштейн  мен  М.  Г.  Крицман   ашкан.   Вб 
витаминінің туындысы фосфопиридоксаль осы фермент-тердің активті тобы  болып
табылады.Фосфор  кышқылының  қалдығын  (Н2РОз)  тасымалдайтын  кең  таралған
фосфортрансфераза немесе киназа  ферменттері  барлық  клеткаларда  кездеседі
және    организмде    зор    роль    атқарады.    Гек-сокиназа    (2.7.1.1),
фосфофруктокиназа  (2.7.1.11),   пируваткиназа   (2.7.1.40)   және   т.   б.
ферменттерді мысалға  алуға  болады.  Күкіртті  топтарды  сульфидтрансфераза
(2.8.1), сульфотрансфераза (2.8.2) және КоА-трансфераза (2.8.3)  ферменттері
тасымалдайды.
Гидролаза гидролиз  реакцияларын,  ал   кейде   судың   жәрдемімен   күрделі
органикалық заттардың синтезін де  катализдейді.  Бұл  класс  бірнеше  класс
тармағына бөлінеді.
1) Эстераза күрделі эфир байланысын  ыдыратады.  Оған  май-ларды  ыдырататын
липаза (3.1.1), тиол және фосфор  эфирлерінін,  гидролазасы  жатады.  Липаза
өсімдіктерге кең таралған. Өсімдік-тердің әрбір  түрінің  өз  липазасы  бар.
Тиол  эфирлерінің  гидролаза-сына  ацетил-КоА-гидролаза  (3.1.2.1),   фосфор
эфирлерінің гидрола-засына глюкоза-1-фосфатаза, глюкоза-6-фосфатаза және  т.
б. жатады.
2) Углеводтар мен гликозидтер  гидролазасы  да  өсімдіктерде  кең  таралған.
Оларға  крахмалды  ыдырататын  а  және  р  амилаза   (3.2.1.1),   (3.2.1.2),
целлюлозаны  ыдырататын  целлюлаза  (3.2.1.4),  мальтозаны   ыдырататын   а-
глюкозидаза   (3.2.1.20),   сахарозаны    ыдырататын    в-фруктофуранозидаза
(3.2.1.26) жатады.
3)   Пептидаза   белоктар   мен   пептидтердегі   пептидтік   байланыс-тарды
гидролиздеп  ыдыратады.  Олардың  көпшілігі   тек   жануарлар   организмінде
кездеседі.   Өсімдіктерден   осы   класс   тармағына   жата-тын   бір   ғана
фермент—папаин (3.4.4.10) табылған.
4)  Дезамидаза  амидтерден  амин  топтарының  бөлінуін  катализ-дейді.  Оған
мочевинаны ыдырататын уреаза (3.5.1.5) жатады. Жақ-сы тазартылған,  кристалл
түрінде бұл ферментті 1930 жылы Нортроп тапты. Ол  сояның  тұқымында  едәуір
мөлшерде кездеседі.
Аспарагиназа (3.5.1.1) мен глутаминаза (3.5.1.2) аспарагин  мен  глутаминнің
гидролиздік ыдырауын катализдейді.
Лиаза атомдардың түрліше  топтарын  ажыратып  немесе  қосып  алу  реакциясын
судың немесе фосфор қышқылының қатысуынсыз катализдейді. Олардың  әсер  етуі
нәтижесінде еселенген байланыс-тар түзіледі,  сондай-ақ  олар  бұл  топтарды
еселенген  байланыстар   түзілген   жерде   қосып   алады.   Лиазаны   класс
тармақтарына бөлу ажыратылатын  байланыстар  типіне  негізделген.  Үш  класс
тармағын ажыратады.
1.  Көміртек-көміртек-лиаза  көміртек  атомдарының   арасындағы   байланысты
үзеді. Бұған пирожүзім қышқылынан СО2-нің бөлінуін
37
катализдейтін пируватдекарбоксилаза (4.1.1.1) жатады. Бұл — екі  компонентті
фермент, оның активті  тобы  тиаминпирофосфат  дея  аталатын  В1 витаминінің
фосфорлы эфирі. Альдолаза (4.1.2.13)  ферменті  фруктоза-1,6-дифосфатты  екі
триозаға ыдыратады.
2. Көміртек-оттек-лиаза субстраттан сутек пен гидроксилді бөліп шығарып,  су
түзеді. Мысалы, фумаратгидратаза  (4.2.1.2)  ферменті  фумар  қышқылын  түзе
отырып, алма қышқылынан суды бөліп шығарады:
СООНСНОНСН2СООН----СООНСН = СНСООН + Н2О
Карбангидраза (4.2.1.1) көмір қышқылынан суды бөліп шығарады:
3.   Көміртек-азот-лиаза   азотты   қосылыстардың   қосылуы   мен   бөлінуін
катализдейді.  Аспартат-аммиак-лиаза   (4.3.1.1)   аммиактың   қосылуы   мен
бөлінуін катализдейді.
Изомераза органикалық   заттардың   изомерлік   өзгерістерін   катализдейді.
Атомдардың,  атом  топтарының,  фосфор  қышқылы  қалдықтары  мен  әр   түрлі
радикалдардың  молекула  ішілік  орын  ауыстыруы   салдарынан   изомеризация
процесі өтеді. Изомеризация процесіне көбінесе углеводтар,  амин  қышқылдары
мен   органика-лық   қышқылдар    ұшырайды.    Изомераза    бірнеше    класс
тармағына бөлінеді.
1. Рацемаза  және  эпимераза.  Рацемаза  D  және  L-изомерлердің  бір-біріне
айналуын, ал эпимераза — эпимеризация реакцияларын катализдейді.
2.  Молекула  ішілік  оксидоредуктаза  альдоза  мен   кетозаның   бір-біріне
айналуын   катализдейді.   Мысалы,   триозофосфат-изомераза   (5.3.1.1)   3-
фосфоглицеринді альдегидті  фосфодиоксиацетонға  ай-налдырады.  Бұл  реакция
фотосинтез және тыныс алу процестері
кезінде өтеді.
Лигаза немесе синтетаза — АТР  энергиясы  есебінен  жай  зат-тардан  күрделі
органикалық заттар синтездейтін ферменттер. Аце-тил-ҚоА-синтетаза  (6.2.1.1)
осы  кластың  өкілі  болып  табылады,  оньщ   жәрдемімен   ацетилкофермент-А
түзіледі:
АТР + СНзСООН + НS—КоА->АМР + Н4Р2О7 + СН3СО ~ SКоА
Аспарагинсинтетаза   (6.3.1.1)   мен    глютаминсинтетаза    (6.3.1.2)    да
ферменттердін, осы класына жатады. Аспарагинсинтетаза  биосин-тезді  бірнеше
кезеңде жүзеге асырады,  мұның  нәтижесінде  осы  фермент  АТР  энергиясының
жәрдемімен аспарагин қышқылын амидқа айналдырады.
1.1.5.4.    Клеткадағы     ферменттер әсері. Организмдегі     фермент-тердің
активтілігі   алуан   түрлі   факторларға   байланысты.   Оларға    организм
клеткаларындағы газ, температура, су, қышқыл және  жарық  режимдері  жатады.
Сонымен қатар субстрат пен фермент концентрациясының, түрлі  кофакторлардың,
активатор мен инги-биторлардың болуының, метаболиттер концентрациясынық,  әр
түрлі клетка структурасында ферменттерді байланыстырудың да маңызы бар.
Клеткадағы су мөлшерінің де зор маңызы бар. Ылғалдылығы 14 проценттен  төмен
кезде  құрғақ  тұқымдағы   ферменттер   әлсіз келеді;   ылғалдылықты   14—15
процентке жеткізу және одан да жоғарылату  ферменттердің  активтілігін  күрт
арттырады. Бұл жағдай астықты сақтау  процесі  кезінде  ескеріледі,  өйткені
ферменттер активтілігінің күшеюі  сақталатын  астықтың  сапасын  төмендетеді
де, астықтың едәуір мөлшерін  ысырапқа  ұшыратады.  Ортанын.  газ  құрамының
реттеушілік әсері белгілі. Бұл тыныс  алу  ферменттері  активтілігінің  арта
түсуінен де көрінеді. Аэрация  процесі  күшейген  кезде  аэробты  тыныс  алу
ферменттерінің активтілігі артады да, спирттік  ашу  ферменттерінің  қызметі
баяулайды.
+  9  градустан  +1  градусқа  дейінгі  төмендетілген  температурада  картоп
түйнектерінде  крахмал  гидролизі  есебінен  моносахаридтер   жиналады;   ал
неғұрлым  жоғары   температурада,   керісінше, крахмал   синтезделеді.   Бұл
өзгерістер  төмендетілген   температурада   сахарозо-UDР-гликозилтрансфераза
ферментінің,  ал   екінші   жағ-дайда   —   гликоген-UDР-гликозилтрансфераза
ферментінің активте-ну нәтижесі болып табылады.
Әр түрлі металдардың да ферменттер активтілігіне әсері бар. Топырақта  мырыш
жетіспеген жағдайда  өсімдіктерде  глютамат-дегидрогеназа  ферментінің  күші
төмендейді.   Молибден   жетіспеген   кезде   нитратредуктаза    ферментінің
активтілігі төмендейді.
Ферменттердің активтілігіне метаболизм процесінде  пайда болатын  заттар  да
әсер етеді. Едәуір  мөлшерде  жинала  келе, метаболиттер  ферменттерге  кері
байланыс  принципі  бойынша  басыңқы  әсер  етеді.  Мысалы,  L-треонин  амин
қышқылы треониндезаминаза ферментінін, жәрдемімен  бірқатар  аралық  өнімдер
арқылы L-изолейцинге айналады. L-изолейциннін, артық мөлшері түзілісімен  ол
треониндезаминаза ферментін байланыстырады және оның активтілігін кемітеді.
Жоғарыда сипатталған факторлардың  еріген  күйдегі  ферменттер  үшін  маңызы
бар. Алайда ферменттер. клеткаларда ерімеген күйде болуы да  мүмкін.  Клетка
органоидтарының   көпшілігі   мембраналар   принципі    бойынша    құрылған.
Ферменттердің   едәуір   бөлігі   клетка    мембранасымен    байланысқандығы
анықталған. Мембраналарда ферменттер мелокулаларын липидтер  қоршап  жатады.
Ферменттің  липидтермен   және   мембрананың   басқа   да   компоненттерімен
әрекеттесуі салдарынан оның  қасиеттері  мен  структурасы  бұрынғы  қалпында
қалмайды.  Мұның  ферменттік  активтілігін  реттеуде  маңызы  бар.   Мысалы,
рибосомаларда рибонуклеаза  ферменті  адсорбталған.  Әр  түрлі  жағдайлардың
әсерімен  бұл  фермент  активтілігін  арттырса,  рибосоманы  бұзуы   мүмкін.
Лизосомалардың құрамында  ферменттер  болады.  Егер  лизосоманың  мембранасы
зақымдалса,  бұл  ферменттер  босап  шығады  да,  клетканы   еріте   отырып,
цитоплазма   заттарын   ыдырата   бастайды.   Кребс   циклінің   ферменттері
кристалардың бетінде адсорбталған.

Аминолиттік ферменттер [5 бет]

Организмде байқалатын барлық тіршілік белгілерін оның ішкі  ортасында  жүріп
жатқан сан қилы реакциялардың  тікелей  нәтижесі  деп  қарауға  болады.  Бұл
реакциялардың тіршілік қимылына сәйкес  жылдамдықпен  жүріп  отыруы  фермент
арқылы жүзеге асады, яғни фермент дегеніміз  –  организмде  барлық  химиялық
реакциялардың  жылдамдығын,  бағытын  және  оның  сипатын  реттеп   отыратын
биологиялық катализатор. Алғашында фермент ашытқыдан  табылғандықтан,  латын
тіліндегі – «fermentum» - ашытқы деген сөзден шыққан. 
Ферменттік реакцияларда  бейорганикалық  катализатордың  ерекшеліктері  бар,
олар бірнеше ортақ қасиеттерге ие: 
1) энергетикалық мүмкіншілігі бар реакцияларды ғана катализдейді. 
2) Реакцияның тепе-теңдігін  немесе  тепе-теңдік  константасын  өзгертпейді,
тек осы тепе-теңдікке жету уақытын ғана қысқартады. 
3) Реакцияның бағытын өзгерпейді 
4) Реакцияның соңғы өніміне айналмайды, яғни реакцияның  бас-аяғанда  өзінің
санын және сапасын өзгертпейді. 
Фермент  субстратпен  әрекеттескенде  тұтас  молекуласымен  емес,  үшіншілік
құрылымдағы  белгілі  бір  аймақ  арқылы  әрекетескенде  ферменттің  активті
орталығы пайда болады. Осы активті  орталық  арқылы  фермент  өз  субстратын
таниды және катализдейді. Активті орталық бір-біріне сәйкес  отырып,  қызмет
атқаратын 2  аймақтан  тұрады.  Оның  бірі-субстраттық  аймақ,  ал  екіншісі
катализдік аймақ. 
Субстраттық аймақ - өз субстратын тану, онымен байланысу  қызметін  атқарса,
ал катализдік аймақ химиялық реакцияның сипатын анықтайды. 
Ферменттің  активті  орталығы  пашпептид  тізбектеріндегі  амин   қышқылының
функционалды топтарынан құралады. Оған бос – СООН және –NH2  тобы,  аргиннің
гуанидин тобы, триптофанның индол сақинасы, гистидиннің  имидазои  сақинасы,
серин мен теориннің  –  он  тобы,  меотиннің  тиоэфир  тобы,  фенилаланиннің
ароматты сақинасы, цисттеиннің тио топтары қатысуы мүмкін. 
Кейбір ферменттерде активті орталықтан тыс аллостерикалық орталық болады.

Қазіргі  кезде  Қазақстан   Республикасындағы   медициналық   препараттардың
меншікті өндірісі 11%-ды (олардың ішінде вакциналар  -  1,1%),  ветеринарлық
препараттар 78% құрайды,  қалған препараттар басқа елден әкелінеді.
Қазақстан  үшін  негізгі  проблема  –  бұл  перспективалы   экспериментальды
әзірлемелердің  болу  барысында  өзіндік  отандық  биотехнологиялық  дәрілік
препараттарының болмауы.
Биотехнологияның тағы бір басым  сипаттағы  бағыттарының  бірі  ұйытқыларды,
ферментті препараттарды, биологиялық  белсенді  қоспаларды  және  тамақ  пен
өңдеу  өнеркәсібінің   қажеттілігі   үшін   пробиотиктерді   әзірлеу   болып
табылады. 
Саланы дамытудың негізгі міндеті – денсаулық сақтау  мен  ауыл  шаруашылығы,
қоршаған ортаны қорғау, тамақ пен өңдеу өнеркәсібіне арналған ғылымды  қажет
ететін  технология мен бәсекеге қабілетті биотехнологиялық өнімді құру  және
оны қолданысқа енгізу.
Секторды дамытудың негізгі бағыттары
Биотехнология  саласын  тиімді  және  сапалы  дамыту  мақсатында   төмендегі
шаралар іске асырылатын болады:
 • әлеуметтік маңызды ауруларды диагностикалау үшін геномды  технологияларды
   пайдалану негізінде жаңа тест-жүйелерін құру;
 • генно-инженерлік рекомбинантты  субстанциялар негізінде  өзіндік  дәрілік
   препараттар технологиясы мен өнеркәсіптік өндірісті әзірлеу;
 •  мүшелерді  трансплантациялау,  стволдық  клеткалар,   ұзақ   өмір   сүру
   медицинасы және оларды  регенеративті  медицина  мен  клеткалы  терапияда
   қолданудың әдіснамалық негізін әзірлеу жөніндегі орталық құру;
 •  өндірістік   тәжірибенің   халықаралық   стандарттарына   сәйкес   (GMP)
   диагностикум мен вакцина шығару бойынша өдіріс құру;
 •  ұйытқы,  тамақ  белогын,  аминокислоттар,  ферменттер,  биоконсерванттар
   шығару   бойынша   микроорганизм   мен    биотехнологиялық    өндірісінің
   коллекциясын құру;
 •  ауыл  шаруашылығына  арналған  өсімдіктердің  жоғары  құнарлы,  бәсекеге
   қабілетті сорттарын шығару;
 •  өсімдіктерді  зиянкестер  мен  аурулардан  қорғайтын  экологиялық  таза 
   биологиялық әдістерін әзірлеу;
 •   мұнай   өнімдерімен   ластанған   топырақтық   және    су    экожүйесін
   биоремедиациялау  мақсатында  пайдалану  үшін   микроорганизм   штаммдары
   консорциумын құру;
 • өсімдік-гипераккумуляторларды  пайдалану  негізінде  ауыр  металдар  және
   пестицидтармен ластанған топырақты фиторемедиациялау әдістерін әзірлеу;
 • малдардың жоғары өнімді тұқымдарын өсіру.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
  2.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—
     Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
  3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  4.  Мұнай  және  газ  геологиясы  танымдық  және   кәсіптік-технологиялық
     терминдерінің  түсіндірме  сөздігі.  Анықтамалық   басылым.-   Алматы:
     2003. ISBN 9965-472-27-0
  5. Қазақ энциклопедиясы
  6.  С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997     жыл,114-149 бттер.

Биогеохимия  және экотоксикология пәні

Дәріс тақырыбы № 2    :Гармондардың жалпы сипаттамасы.
Мақсаты - 050608-«Экология»  мамандығындағы студенттерге  биосферада
организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Гормондар. Гипофиз. Эпифиз

  Гормондар.  Гипофиз.  Эпифиз Ішкі  секреция  бездері  немесе   эндокриндік
мүшелер       жүйесі       (гр. «endon» -       ішкі,       «сrino»        -
бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін    мүшелерге    жатады.    Ішкі
секреция  бездерінің  жасушаларын  ұсақ  қантамырлар  мен лимфа қылтамырлары
торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын  өзек  болмағандықтан,
сұйыктық    бірден    қанға     өтеді.     Сондықтан     мұндай     бездерді
ішкі секреция бездері деп атайды.

Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз,  қалқанша  без,  қалқанша  маңы
безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті  бездері  және  т.  б.  Ұйқыбез  бен  жыныс
бездері - аралас бездер.  Олар  әрі  ішкі,  әрі  сыртқы  секрециялық  қызмет
аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және  басқа  мүшелерге  де
өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.

Гормондар (гр. «һоrmae» -  қоздырамын,   козғалыска   келтіремін)   -   ішкі
секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін  биологиялық
белсенді  заттар.  Гормондардың  барлығы  ағзалық  заттар,  себебі,  олардың
біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес  заттардан
құралған.  Гормондар  ішкі  секреция  бездерінен  бөлінін, қан, лимфа,  ұлпа
сұйыктығы арқылы  басқа  мүшелерге  жеткізіледі.  ішкі  секреция  бездерінің
қызметін реттейтін  орталық  -  аралық дағы гипоталамус  (гр.«һуро» -  асты,
төменгі жағы, «tаlаmое» - бөлме). Оны  көру  төмпешік  асты  бөлімі  деп  те
атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі  бірімен-бірі  тығыз  байланысып,
гипоталамустен  гипофиздік  жүйе   құралады.   Жүйке   ұлпасынан   бөлінетін
гормондар - нейрогор-явтт аталады.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
  2.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—
     Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
  3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  4.  Мұнай  және  газ  геологиясы  танымдық  және   кәсіптік-технологиялық
     терминдерінің  түсіндірме  сөздігі.  Анықтамалық   басылым.-   Алматы:
     2003. ISBN 9965-472-27-0
  5. Қазақ энциклопедиясы
  6.  С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997     жыл,114-149 бттер.

Биогеохимия  және экотоксикология пәні

Дәріс тақырыбы № 3   : Гармондардың әсер ету механизмі..
Мақсаты  -  050608-«Экология»    мамандығындағы   студенттерге    биосферада
организмдердің  қатысуымен  жүретін геохимиялық  процестерді  зерттеп   қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Гармондардың әсер ету механизмі.
       Қанқа  қосылған  гармондардың  әсері   іс   жүзінде   зат   алмасудың
барлық жағына  бірдей  таралады.  Гормон   әсерін  іске  асыру  үшін  өзінің
нысана-клеткасын  білуі тиіс. Гормонды  танитын клетка  компоненті  рецептор
деп аталады.
         Рецепторлар   –   гормондарды   байланыстыра    алатын    белоктар.
Рецепторлардың өзіндік ерекшелігі болады.  Мәселен,  активтену  үшін  гормон
молекулалары мен  олардың  сәйкестігі  «құлыпқа  дәл  келген  кілт»  сияқты,
субстраттың ферменттің  активті  центріне  «үйлесе  алғандай»  болуы  керек.

       Әрбір  гормонның  өздерінің  меншікті  рецепторлары  болады.  Нысана-
клетканың бірнеше мың рецептор-белогы  бар.  Мысалы,  стероидты  гормондарға
10000 шамасындай рецептор арналады. Әр рецептор гормонның  бір   молекуласын
қайтымды байланыстыра алады.
      Кейбір гормондардың рецепторлары белгілі, таза күйінде бөліп   алынған
және құрылымы да анықталған. Олардың  көпшілігі  гликопротеидтен  екен  және
углеводтық бөлігі арқылы өз гормондарымен қосылыса алатын болып шықты.
       Гормондар  бір-бірінен   химиялық   табиғаты,   физикалық,   химиялық
қасиеттері бойынша  ерекшеленеді.  Гидрофильдік  қасиетіне  қарай  гормондар
әсері молекулалық механизімінің екі жолын  бөліп  қарастырады.  1).Белоктық,
пептидтік  гормондар  мен   амин  қышқылдарының  туындысы  болып   табылатын
гормондардың  гидрофильдік  қасиеті  бар.  Оларға  тән  нәрсе  –  әсер   ету
механизмі ұқсас болады. 2). Стероидты гормондар гидрофобты  болады.  Олардың
әсер ету механизмі гидрофильді гормондар әсері механизмінен өзгеше келеді.
      Белоктық, пептидтік гормондардың  және  амин  қышқылдарының   туындысы
болып табылатын гормондардың әсер ету механизмі.
      Бұл топқа  жататын  гормондардың  (адреналин,  глюкагон,  кальцитонин,
паратгормон,  гипофиз  гормондары,  т.б.)   гидрофильдік   қасиеті   болады,
сондықтан олар клетка мембранасының липидтік қабатынан  өтіп  кете  алмайды.
Олардың рецепторлары клетканың үстінгі бетіне орналасады.
      Бұл гормондардың әсер ету механизмі плазмалық мембранамен  байланысқан
рецепторлармен өзара  әрекеттесуден  басталады.  Гормондардың  өзі  клеткаға
енбейді,  сондай-ақ  плазмалық   мембранамен   байланысқан   аденилатциклаза
ферментіне қолайлы жағдай туғызу жлымен әрекет  етеді.  Осының  нәтижесінде,
клеткадағы  цАМФ  мөлшері  көбейеді,  оны  жоғарыда  біз  екінші   кезектегі
реттегіш деп атағанбыз.
      Клеткадағы гормондар қасиетінің әрі қарай іске асуы цАМФ арқылы,  оның
синтезін күшейту немесе  тежеу  жолымен  орындалады.  Жануарлар  клеткасында
цАМФ  әсері  клетка  ферменттерін  активтендіру  арқылы   басталады,   ондай
ферменттер цАМФ – тәуелді протеинкиназа деп аталады. Ол  ферменттер  АТФ-тен
фосфатты ерекше  белоктардың  (солардың  ішінде  ферменттердің)  серині  мен
треонинінің   белгілі   бір    қалдықтарына    ауыстырылуын    қатализдейді.
Фосфорланған  белоктар  биологиялық  активті  болады.   Фосфорланбаса   олар
өздерінің арнайы қызметін атқара алмайды. Активтенген протеинкиназа  әртүрлі
ферменттерді (мысалы,фосфорилазаны), хроматин белоктарын және клеткадағы  әр
гормонға  ерекше  тән  басқа  да  белоктарды  фосфорлайды.   Гормонның   бір
молекуласы белоктың 10 5  молекулаларын фосфорлай алады.
       Фосфорлау   жолымен   активтенген   фосфорилаза   гликоген   ыдырауын
катализдейді де, ол бірнеше  аралық  өнімдерден  кейін  глюкоза  береді.
       Хромотин  белоктарын  фосфорлау  оның  құрылымын  өзгертеді,  ДНҚ-ның
 жекелеген  участкелері  белоктан босанады (дерепрессия болады) , оларда  әр
гормонның  өзіне ғана  тән  иРНҚ  синтезі  (транскрипция)  басталады.  Бұдан
кейін сәйкес  белоктар  трансляцияланады.
       Клеткада цАМФ әсерімен  ферменттердің  активтенуі   арқылы,  жоғарыда
аталғандардан    басқа:   гликолиз,   липолиз     процестері,    әр    түрлі
биомолекулалар  синтезі  мен  бөлініп  шығуы,   иондарды   тасымалдау   және
басқалар іске  асады.
        Инсулин,  ацетилхолин,   окситоциннің   әрқайсысы    өздеріне    тән
мөлшерде  клеткада цГМФ  шамасын көтереді, бірақ  цГМФ  әсер  ету  механизмі
әлі дәл анықталған жоқ.
       Стероидты гормондардың әсер ету механизмі.
        Арнайы  тасымалдаушыбелоктардың  –   кортикостероид-транспор-тинмен,
адрогендер және эстрогендер арнайы глобулиндермен, т.б. көмегімен  стероидты
гормондар қанға қосылады.
       Стероидты гормондардың  рецепторлары  клетка  ішінде  –  цитоплазмада
орналасқан. Нысана-клеткамен кездескен кезде өзінің май  еріткіштігіне  және
шағын мөлшеріне сәйкес  стероидты  гормондар  цитоплазма  мембранасы  арқылы
өтіп кетеді. Клетка ішінде енгеннен кейін стероидтар арнаулы  рецепторлармен
байланысады. Осылайша құралған гормон-рецептор  жиынтығы  әрі  қарай  ядроға
өтеді. Ядроға енген гормон-рецептор жиынтығы  хромотиннің  арнайы  бөлігімен
байланысады  және  белгілі   бір   гендер    транскрипциясының   жылдамдығын
өзгертеді. Транскрипция қолдай Ирнк молекуласының көбеюіне себеп болады  да,
ондац белоктар  синдезі  күшейедә.  Мұндай  стероидтытгормондардың  көмегмен
іске-асатын процесс индукция деп аталады.

     5-кесте Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың  адам
ағзасына әсері

|Гормондар      |Бөлетін бездер  |Ағзаға әсері                           |
|Тироксин       |Қалқанша безі   |Негізінен зат алмасу каркындылығын     |
|               |                |арттырады                              |
|Паратгормон    |Қалканшамаңы    |Кальций және фосфор алмасуын реттейді  |
|               |безі            |                                       |
|Инсулин        |Ұйкыбездің      |Бұлшық ет және басқа жасушалардың      |
|               |аралды бөлігі   |глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның|
|               |                |құрамындағы канттың мөлшерін азайтады, |
|               |                |гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның|
|               |                |алмасуына әсер етеді                   |
|Глюкагон       |----            |Бауырдағы гликогеннің канда глюкозаға  |
|               |                |айналуына әсер етеді                   |
|Адреналин      |Бүйрек үсті     |Симпатикалык жүйкелердің әсерін        |
|               |бездің без заты |арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі  |
|               |                |гликогеннің ыдырауына әсер етеді       |
|Норадреналин   |----            |Қантамырларын тарылтады                | |
|Өсу гормоны    |Гипофиздің      |Сүйектің және ағзаның калыпты өсуін    | |
|(соматропты    |алдыңғы бөлігі  |реттейді, нәруыздың, көмірсудың және   | |
|гормон)        |                |майдың алмасуына әсер етеді            | |
|Гиреотропты    |----            |Калқанша бездің өсуіне және тироксиннін| |
|гормон         |                |түзілуіне әсер етеді                   | |
|Адренокорти-кот|----            |Бүйрек үсті бездердің өсуіне және      | |
|ропты гормон   |                |оларда гормондардың түзілуіне әсер     | |
|(АКТГ)         |                |етеді                                  | |
|Окцитоцин      |Гипоталамус     |Жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына және | |
|               |(гипофиздің     |сүттің бөлінуіне әсер етеді            | |
|               |артқы бөлігі)   |                                       | |
|Вазопрессин    |----            |Бірыңғай салалы бұлшық еттердің        | |
|               |                |жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің      | |
|               |                |бөлінуін азайтады                      | |
|Тестостерон    |Аталық бездер   |Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі   | |
|(андрогендер)  |                |сақталуына әсер етеді                  | |
|Эстрадиол      |Аналық бездер   |Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі    | |
|(экстрогендер) |                |сақталуын қамтамасыз етеді             | |

алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза кызметінің  әрі
рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады (5-кесте).

Қызметі: 1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді;

2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады;

3. Өсу мен көбеюді реттейді;

4.   Ағзадағы   физиологиялық   үдерістерді   үдетеді   (күшейтеді)   немесе
бәсеңдетеді.

Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» -  өсінді)  аралық мидың астыңғы  жағына   жіңішке
өсінді  арқылы  бекінеді.  Пішіні  үрмебұршақ  тәрізді,  ересек  адамдар  да
салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан  тұрады.
Гипофиз  алдыңғы,  ортаңғы  және  артқы  бөліктерден  тұрады.   Бұл   безден
бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.

Қызметі: 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан  тұратын өсу гормонын
(соматотропин)  бөледі.  Өсу  гормоны  дененің,  өсіресе  ұзын  сүйектерінің
өсуіне әсер етеді;

2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;

3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;

4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;

5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне,  одан  бірнеше  гормондар  бөлінуіне,
қалқанша бездің дамуына әсер етеді;

6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.

Гипофиздің   ортаңғы   бөлігі пигментті жасушалардың   мөлшері   мен   санын
ұлғайтады. Тері пигмент/ - меланиннің түзілуін күшейтеді.

Гипофиздің  артқы  бөлігінен  2  түрлі   гормон   (вазопрессин,   окситоцин)
бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің  жиырылуын
күшейтеді. Екіншісі (вазопрессин)  ұсақ артерия қан  тамырларының  жиырылуын
арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады (5-
кесте).

Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар.  Гипофизден  бөлінетін
гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады.  Шамадан  тыс  көп
бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде  нәруыз
түзілуі  күшейіп,  азоттың  денеден  шығарылуы  азаяды.  Өсу  гормоны  артық
бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.

Алыптылық  әсіресе  жас  кезде  сүйектің  ұзынынан  қарқынды  өсуі   кезінде
байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға  шығыңқы
болып, тілі аузына сыймайтын  ауруға  ұшырайды.  Мұндай  ауруды  акромегалия
(гр. «аkros» -  аяк-қол  сүйектері,  «mega»  -  үлкен)  деп  атайды.   Дыбыс
сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек  рентген
сәулесімен емдейді.

Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның  бойы  өспей  калады.  Ер  адамның
бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің  дәнекер
ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.

Ергежейлілік (гр. «nanos» - тым  аласа  бойлылық)  -  гипофиз,  бүйрек  үсті
бездері,  қалқанша  бездердің  зақымдануынан  пайда   болады.   Себебі   бұл
бездердің жұмысын орталық жүйке  жүйесі  реттейді.  Ергежейліліктің  2  түрі
бар: біріншісі - дене бітімінің сәйкестілігі  (пропорционалды),  екіншісінің
дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы).

Дене  бітімінің   сәйкестілігіне   қарамай   ергежейлі   болуын   -гипофизді
ергежейлілік  дейді.  Гипофиздің  алдыңғы  бөлігінің  қызметінің  бұзылуынан
адамның калкы өсуімен зат алмасу процесі өзгереді.  Мұндай  адамдардың  дене
бітімі, мінез-құлқы дұрыс  дамығанымен  денесі  бала  сияқты  өспей  калады.
Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.

Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша  бездің  зақымдануынан  болады.  Бұдан
басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің  тым  құрғақ  болуы,  зат  алмасуының
бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады.

Эпифиз - пішіні домалақша без, салмағы 0,2  г.  Ол  ортаңғы  ми  мен  аралық
мидың ортасында орналасқан. Одан мелатонин  гормоны  бөлінеді.  Ол  ағзадағы
тәуліктік    ырғаққа,    басқа     ішкі     секреция     бездерінің     және
қандағы калий мөлшеріне әсер етеді. [1]

Пайдаланған әдебиеттер

  7. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
  8.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—
     Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
  9. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
 10.  Мұнай  және  газ  геологиясы  танымдық  және   кәсіптік-технологиялық
     терминдерінің  түсіндірме  сөздігі.  Анықтамалық   басылым.-   Алматы:
     2003. ISBN 9965-472-27-0
 11. Қазақ энциклопедиясы
 12.  С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997     жыл,114-149 бттер.

Биогеохимия  және экотоксикология пәні

Дәріс тақырыбы №  4 :Қоршаған ортаның микроорганизмдермен ластануы.
Мақсаты - 050608-«Экология»  мамандығындағы студенттерге  биосферада
организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау
Қоршаған ортаның микроорганизмдермен ластануы.

|                                                             |          |
|Жоспар:                                                                 |
|1.Инфекцияның түрлері                                                   |
|2.Инфекцияның таралу жолдары                                            |
|3.Негізгі эпедемиялық түсінік                                           |
|                                                                        |
|Адам ағзасымен микробтар арасындағы қарым-қатынастар, биологялық        |
|заңдылықтарға сәйкес симбоз (грек Symbiosis-ортақ тұрушы) деп атайды.   |
|Инфекция дегеніміз-микроорганизмдердің микроорганизмдер ағзасына еніп   |
|көбеюі, соның нәтижесінде инфекциялық кезеңінің басталуын айтады. Ол    |
|қарым-қатынасы екеуара ыңғайлас қарым-қатынас «мутуализм» бір-біріне    |
|кедергі келтірмейтін қатынас «комменсализм», бөгде ағза басқа организм  |
|арқылы қоректеніп зиянын тигізуді «паразитизм» деп аталады.             |
|Медициналық микробиология үшін «паразитизм» ең қауіптісі. Себебі:осы    |
|паразитизм арқасында инфекциялық аурулар кеңінен таралған.              |
|Паразитизм (грек. Parasites-арамтамақ) ағза бөгде ағзаның денесінде     |
|тіршілік етіп оған зиянын тигізеді. Паразиттерге-вирустар, приондар,    |
|бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, құрттар-гельминті.        |
|Адамда және жануарларда ауру туғызатын микроорганизмдер (грек.          |
|Ppathos-қайғы, қасірет, genos-туылу) ал олардыңауру туғызуы-патагендік  |
|деп аталады. Адамға қауіпті 2500 инфекциялық аурулар түрлері белгілі.   |
|Инфекциялық сөзі лат. «infectio» -жұғу, жұқтыру деген мағынаны          |
|білдіреді. Қазіргі кезде адам организмдерімен потагенді микробтар       |
|арасындағы қарым-қатынасты 3түрлі терминдермен қарастырады:инфекция,    |
|инфекциялық процесс, инфекциялық ауру.                                  |
|Инфекция термині эволюциялық процесс кезінде адам ағзасы-микроорганизм  |
|және қоздырушы микроорганизм арасындағы биологиялық қарым-қатынасты     |
|атайды.                                                                 |
|Инфекциялық процесс термині микроорганизмдегі потагенді микробтарға     |
|қойылатын қарсы әрекетін білдіреді.                                     |
|Инфекциялық ауру-инфекциялық процестің клиникалық өзгешелігі, әр түрлі  |
|симптомдар және признактармен көрінеді.                                 |
|                                                                        |
|Инфекциялық аурулардың таралуы:                                         |
|                                                                        |
|Инкубациялық кезең –ауруды жұқтырғаннан бастап клиникалық белгілерінің  |
|шығуына дейінгі уақыт.                                                  |
|Продромальдік кезең-ең алғашқы клиникалық белгілердің көрінуі. Аурудың  |
|асқынған кезеңі-аурудың кезеңі.                                         |
|Реконвалесценттік кезең-симптомдардың жойылып, аурудың жазылу кезеңі.   |
|Бактерия тасушы-ағзадағы патогенді микробтар ауаға, айналаға тарап,     |
|бірақ организм клеткасын зақымдайды. Тасымалдаушының қауіпті кезеңі-ауру|
|организмде 3ай сақталса хронический-ұзақ уақытқа созылады.              |
|Инфекциялық аурудың жұғуы-ауру адамнан қоздырғыштар сау адамға жұғуы.   |
|Ауру тез шалдыққыш ағзада инфекциялық аурулар жұғушы қасиетін           |
|көбейтеді.                                                              |
|Инфекциялық аурулардың таралу деңгейін 5топқа бөледі:                   |
|1.Ең жиі таралған аурулар (1 000 000 халыққа 1 000 оқиға)-тұмау, ОРВИ   |
|2.Кең таралғандар (1 000 000 халыққа 100 оқиға)-вирустік гипотит А,     |
|жедел ішек инфекциялар, қызылша, қарамық т.б.                           |
|3.Жиі кездесетіндер (1 000 000 халыққа 10 оқиға)-көк жөтел, вирустік    |
|гипотит В.                                                              |
|4.Сирек кездесетіндер (1 000 000 халыққа 1-10 оқиға)-бруцеллез.         |
|5.Өте сирек кездесетіндер (1 00 000 адамға 1 оқиға)-дифтерия, құтыру,   |
|сібір жарасы т.б.                                                       |
|                                                                        |
|МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ РӨЛІ.                       |
|Инфекцияның дамуында 3түрлі факторлар өзара әрекеттеседі: патогендік    |
|микроорганизмдер, ауруға шалдыққыш микроорганизм және сыртқы орта, өзара|
|әрекеттесуі болады. Ауруды туғызу үшін микроорганизмдер патогендік және |
|вируленттік қасиетті оларды ауру қоздырушы ретінде көрсетеді.           |
|Патогендік-эволюциялық әрекетін арқасында микроорганизмдердің           |
|генитекалық белгілері арқылы ауру туғызатын айтады. Патогендік          |
|микроорганизмде микроорганизм тіршілік ету үшін көптеген генитикалық    |
|ферменттермен структуралармен айқындалады. Газды гангрена қоздырғышы    |
|адам ішегінде тіршілік етеді, жарақаттанған, әсіресе язвалық жарақатқа  |
|түссе өлімге алып келеді. Патогендік тек кейбір микроорганизм мен адам  |
|ағзасы арасында немесе микроорганизм және белгілі бір иесі арасында     |
|болады.                                                                 |
|Вируленттік-микроорганизмдер патогенді өзінің негізгі иесінде мөлшері.  |
|Вируленттік жеке микроорганизм ішіндегі ауыспалы штамы. Әр түрлі аурулар|
|туғызу қасиеттілігі бар. Патогендік және вируленттік микроорганизмдері  |
|сыртқы ортаға тіршілік ету барысында улы токсиндер, ферменттер бөледі,  |
|клетканың мембраналық қабығын бұзып, ұлпаларға өтіп, клетканың          |
|структурасын бұзады.                                                    |
|Патогенді микробтар вируленттігі ауытқып отырады. Ағзадан бөлініп алған |
|вирулентті микроб, жасанды ортада лабараторияда өсіргендігіне қарағанда |
|қауіпті.                                                                |
|Инфекциялық процесс әр түрлі клиникалық түрде отеді. Оларды арнайы      |
|терминдермен атайды.                                                    |
|Сепсис-инфекцияның генералдық формасы. Қоздырғыштардың қанда көбейіп    |
|иммунитетті төмендетеді.                                                |
|Инфекциялық аурулардың патогенез кезеңі бактериемия және вирусемия деп  |
|аталады. Олардың сепсистен айырмашылығы қанның тікелей ішінде көбеймей, |
|қан тек басқа органдарға жеткізушісі болып табылады. Микроорганизмдердің|
|бір түрмен тудырған инфекциялық ауру-аралас инфекция деп аталады. Аралас|
|инфекция екі еселенген инфекция ерекшеленеді, ал алғашқы инфекция басқа |
|бөлек инфекцияның келіп қосылуын айтады.                                |
|Реинфекция-алғашқы қоздырғышты қайта жұқтыру. Ауру сауыққанға дейін     |
|қайталанса суперинфекция деп аталады.                                   |
|Органотропностік-көптеген микроорганизмдерге тән инфекциялық ауру       |
|қоздырғыштарына ішек микробтары тек белгілі бөлікті зақымдайды.         |

Пайдаланған әдебиеттер

      1.Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
     2.  Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме   сөздігі:
     Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
     3.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
     4.Мұнай  және  газ  геологиясы  танымдық  және  кәсіптік-технологиялық
     терминдерінің  түсіндірме  сөздігі.  Анықтамалық   басылым.-   Алматы:
     2003. ISBN 9965-472-27-0
     5.Қазақ энциклопедиясы
     6.С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997     жыл,114-149 бттер.

Биогеохимия  және экотоксикология пәні

Дәріс тақырыбы №  5   :Денсаулық үшін зиянды органикалық және
бейорганикалық заттар.
Мақсаты - 050608-«Экология»  мамандығындағы студенттерге  биосферада
организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау
Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар.

   2. Ауыр металдардың ағзаға әсері. Күміс.
Қазақ халқы ежелден күмістің адам ағзасына  пайдасы  бар  деп  сеніп,  күміс
ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге  келгенде  нәрестені
күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей  жарық  болсын»
деген жоралғы жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар, таңғажайып  емдік
қасиеті де жоқ емес. Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген.  Емшілер
өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы,  Үндістанда,
Египетте,  Ресейде  күміс  қосылған  суды   түрлі   ауруларға   ем   ретінде
пайдаланған.  Адамдар  мұндай  судың  өмірлік  қуат  беретін  ерекше  сиқыры
барлығына сенген. Ғалымдар болса, күмістің  бұл  қасиеттеріне  ХІХ  ғасырдың
аяғында  ғана  мән  беріп,  зерттей  бастапты.  Күміс  сумен  әрекеттескенде
иондалып,  оның  құрамында  ұзақ  сақталады.  Сондықтан  күміс  қосылған  су
ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды.  Адам  ағзасының  тұмау  және
жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының  себебі  иммундық  жүйедегі  күмістің
азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын  элементтерді  жойып  қоймай,
ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды  шығарады.  Тіпті  ағзада  аз  ғана
күміс  жетіспеушілігі  байқалған  жағдайда  адамның  жұмыс  істеу   қабілеті
төмендеп,  қорғаныш  қасиеті  азайып,  тез  шаршау  пайда  болады.  Шетелдік
дәрігер  Роберт  Бекер  күміс  иондарының  адам   ағзасындағы   жасушалардың
көбеюіне әсер ете алатындығын дәлелдеген. Ол өзінің ғылыми  кітабында  күміс
иондарының қатерлі  ісік  ауруына  шалдыққан  адамдардың  жасушаларын  қайта
тірілтіп, көбеюіне көмегі барлығын жазған. Алынған жері
    • Күміс, 
    • су, 
    • халық емі, 
    • күміс ыдыстар, 
    • медицина
    • Бөлісу…
«Күміс» суды үйде жасауға  арналғана  иондаушы(ионизатор).  Бұл  құрылға  60
тонна суды күмістей алады екен.  Үш  адамнан  тұратын  жанұяға  бұл  су  бес
жылдам астам уақытқа жетпек.

Құрылғы екі түрлі күміс су жасай алады:

1. Ауыз су,  күміс  иондарының  концентрациясы  —  35  мкг/литр.  Мұндай  су
санитарлық нормалара бойынша тамаққа(әшуге)  жарамды  деп  саналады  (СанПиН
2.1.4.539-96 бойынша ауыз  суының  күмістік  құрамы  50  мкг/литр)ге  шейін.
Дәрігерлер бұл суды сусын ретінде және  түрлі  кеселдерді  болдырмау  шарасы
ретінде де пайдалануға болады деп кеңес береді.

Орасан  зор   пайдасы   —   асқазан   мен   ішек   жолдарындағы   ауыруларды
емдеуі(болдырмауы).  Тамақ  даярлаған  кезде  де  қолданған   дұрыс.   Түрлі
тосаптар  мен  тұздаулар  жасағанда  да  пайдасы  зор.  Ыдыстар   мен   бала
ойыншықтарын жуу арқылы бактерияларға қарсы шараларға да таптырмайды.

2. Күміс иондарының концентрациясы 10 000 мкг/литр болатын су.  Мұндай  суды
өкпе-бронх ауыруларына  қарсы(ингаляция),  жуынуға,  өсімдіктерді  суғаруға,
жеміс-жидектреді жууға қолданған абзал.

Қазақ  халқы ежелден күміске  ерекше  мән  берген.  Күмістің  адам  ағзасына
пайдасы бар  деп  сенген жұрт күміс  ыдыстан  тамақ  ішіп,  күміс  әшекейлер
тағып,  сәби  дүниеге  келгенде  нәрестені   күміс   теңге   салынған   суда
шомылдырып,   «Баланың   күні   күмістей   жарық    болсын» деген    жоралғы
жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар,  таңғажайып  емдік  қасиеті  де
жоқ емес. Кейбіреулердің айтуынша, ол адам ғұмырын ұзартады- мыс.

Әлі күнге дейін кей өңірлерде сәбидің “бірінші тісінің  шығуына”  байланысты
күміс қасық сыйлау  дәстүрінің  сақталғаны  да  кездейсоқ  жайт  емес.  Ерте
заманнан бері күмістің түрлі жамандықтан  сақтайтын  қасиеті  бар  деген  де
сенім бар. Күмістің бұл қасиетін молдалар суды тазарту үшін де қолданған.

Халқымыз қадір тұтатын күміс —  жұмсақ,  қақтауға  төзімді,  оңай  өңделетін
металл  және  жарқыраған  ашық  түсімен  көз  тартады.  Оның  осы   қасиетін
зергерлер барынша шебер пайдаланған.

Шеберлер әшекей бұйымдарды  көбіне  алтын  мен  күмістен  жасаған.  Қазақтар
күмістің адамға игі әсер ететін  айрықша  қасиетін  ерте  кезден-ақ  білген.
Сондай-ақ,  асыл  тастардың  қасиетіне  сенушілік  қазақ   халқының   тұрмыс
-дәстүрінде әлі де болса сақталып келеді. Інжу көз  қарашығын  шел  басудан,
көз сүйелінен, ноғаладан, ал маржан дуаның әсерінен  немесе  азғындаушылыққа
ұрынудан сақтайды. Сарғылт  дүр  (янтарь)  тамақ  ұрасы  мен  жемсау  ісігін
басады, әрі дұрыс жолға бастайды.

Күміс — ем

Күмістің адам ағзасына емдік қасиеті  ерекше  екенін  медицина  да  дәлелдеп
отыр. Емшілер  өте  ерте  заманда-ақ  күмістің  қасиетін  ерекше  бағалаған.
Мысалы,  Үндістанда  оны  адам  иммунитетін  көтеруге  қолданса,   Египетте 
жараға  жабыстырған. Ал, Ресейде шіркеулердегі  күміс  қосылған  суды  киелі
деп санаған.  Адамдар  мұндай  судың  өмірлік  қуат  беретін  ерекше  сиқыры
барлығына сенген. Ғалымдар болса, күмістің бұл  қасиеттеріне   ХІХ  ғасырдың
аяғында ғана мән  беріп  зерттей  бастапты.  Сонымен,  күміс  адам  ағзасына
неліктен  жақсы   әсер  береді?  Мәселе  бұл  металлдың  өте  күшті   табиғи
антисептикалық қасиетінде болып тұр. Күміс  сумен  әрекеттескенде  иондалып,
оның  құрамында  ұзақ  сақталады.  Сондықтан  күміс  қосылған  су   ағзадағы
көптеген  зиянды  микроағзаларды  жояды.   Бұрын   ауруға   қарсы    дәрілер
(антибиотиктер)   өндірілгенге  дейін  күмісті  ем  ретінде  жиі  пайдаланып
келген.  Кейін  дәрілер  пайда  болысымен   ол   ысырыла   бастапты.   Бірақ
антибиотиктерді көп ішкен адам  ағзасы  сол  дәріге  үйреніп,  аурудың  беті
қайтпай қоятын кездері де  болады.  Ал,  күміспен  емделгенде  ондай  жағдай
кездеспейді екен. Ол өзінің белсенділігін жоймайды.

Күміс залалсыздандырады

Күмісті  тек  медицинада  ғана  емес,  косметологияда,  тіпті,   саяжайларда
бағбандар тыңайтқыш ретінде пайдаланса, аспаздар күміс қосылған сумен  тағам
әзірлеген. Сондай-ақ, оның залалсыздандыру қасиеті  де  бар.  Мысалы,  күміс
қосылған  сумен  балалар  ойыншықтарын,  бөлмелерді  тазалап  қоюға  болады.
Жұқпалы     аурулардың     алдын     алуда     күмістің     пайдасы     зор.
                                                                 —
Кіршіксіз таза күміс су –  бүгінде  ең  керемет  дәрі,  –  дейді  Пенсильван
университетінің профессоры, АҚШ-тың Халықаралық Ғылым  академиясының  мүшесі
Рустум Рой.  —  Оның  шипалылығы  сондай,  Ауғанстандағы,  Ирактағы  Америка
әскері           осы            суды            ғана            пайдаланады.
                                                                  АҚШ
Президенті дизенфекция үшін қолын осы сумен шаяды екен. Ал, қарапайым  халық
кәдімгі таза суды күміс құтыға құйып, дем салып, емге ішкен.

Күміс қуат береді

Адам ағзасының тұмау және жұқпалы  ауруларға  төтеп  бере  алмауының  себебі
иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана   ауру  тудыратын
элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды  токсиндер  мен  микробтарды  қуып
шығады. Тіпті,  ағзада  аз  ғана  күміс  жетіспеушілігі  байқалған  жағдайда
адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып,  тез  шаршау
пайда болады. Аталған микроэлементке қаныққан ағза сирек ауырады, тәбеті  де
жақсы  болады.  Тарихшылар   ертедегі  вавилондықтар  мен  гректер  күмістің
залалсыздандратын қасиетін ескеріп, патшалары пайдаланатын ауыз  суды  күміс
ыдыстарда  сақтағанын  анықтаған.   Бұны  археологтардың   қазбаларынан   да
кездестіруге болады.   Біздің  заманымызға  дейінгі  4000  мың  жыл  бұрынғы
патшалардың қабірлерінен   де  күміс  ыдыстар  табылған.  Әйгілі  Геродоттың
жазбаларында  да   Парсы  патшасының  суды   күміс    ыдыстарда   сақтағаны 
көрсетілген.

Күміс суының сиқырын сонау Зұлқарнайын  кезіндегі  жауынгерлер   де  білген.
Олар су  ішетін  торсықтарына  күміс  теңгелер  салып  жүреді  екен.  Ежелгі
Ресейде де құдыққа қой басындай күміс  тастайтын болыпты. Бұл елдің  жұқпалы
аурулардан аман қалуына көмектескен

Рак ауруын емдейді

Шетелдік  дәрігер   Роберт   Бекер   күміс   иондарының   адам   ағзасындағы
жасушалардың көбеюіне әсер ете  алатындығын  дәлелдеген.  Ол  өзінің  ғылыми
кітабында күміс иондарының рак  ауруына  шалдыққан  адамдардың   жасушаларын
қайта тірілтіп, көбеюіне көмегі  барлығын  жазған.  Ол:  «Менің  қарамағымда
созылмалы сүйек инфекциясына шалдығып,  жарасында  рак  ісігі  пайда  болған
науқас  емделді. Ол  сүйекті кесіп тастаудан бас  тартты  және  менен  күміс
иондарымен  емдеуді  өтінді.  Мен  оның  жарасын  күміс  қолдану   тәсілімен
емдедім.  Үш айдан соң аурудың беті бері  қарады.  Рак  жасушалары   қалыпқа
түсті. Кейін сол адамды сегіз жылдан соң кездестіргенімде ол өзін өте  жақсы
сезінетіндігін айтты», — деп жазыпты.

Пайдаланған әдебиеттер

         1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
         2.  Қазақ тілі терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігі:
            Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
         3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
         4. Мұнай және газ геологиясы танымдық  және  кәсіптік-технологиялық
            терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.-  Алматы:
            2003. ISBN 9965-472-27-0
         5. Қазақ энциклопедиясы
         6.  С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997     жыл,114-149 бттер.

Биогеохимия  және экотоксикология пәні

Дәріс тақырыбы №  6   : Табиғи ресурстар және олардың классификациясы.
Мақсаты - 050608-«Экология»  мамандығындағы студенттерге  биосферада
организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Табиғи ресурстар және олардың түрлері

    Табиғи ресурстар - адамның өз мұқтажын  қамтамасыз  ету  және  көздеген
мақсатына   жету   үшін   пайдаланатын    қоршаған    ортадағы    заттардың,
құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы. Оларға ауа, күн,  жел,  су,  жер,
орман, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар және т.б. жатады.
    Табиғи ресурстардың бірінші белгісі - олардың түрі. Бұл белгіге  сәйкес
олар табиғи құбылыстар  (күн  энергиясы,  жел,  мұхиттардағы  су  деңгейінің
көтерілуі мен судың қайтымы),  өсімдіктер  әлемі,  жануарлар  әлемі,  табиғи
заттар (су, ауа, топырақ) және пайдалы қазбалар (мұнай, алтын, т.б.  әртүрлі
рудалар) болып бөлінеді. Сонымен қатар пайдалы  қазбалар  пайдалануға  дайын
(көмір, бағалы тастар, тұз) және өңдеуді қажет ететін  (мұнай,  синтетикалық
тыңайтқыштар) болуы мүмкін.
    Табиғи ресурстардың екінші белгісі - олардың қоры. Бұл белгісі  бойынша
оларды сарқылатын және сарқылмайтын деп бөледі.
    Сарқылмайтын табиғи ресурстар - табиғатты ұзақ пайдалану  кезінде  саны
мен  сапасы  өзгермейтін  немесе  аздап  қана  өзгеретін  табиғи   физикалық
құбылыстар және денелер. Мұндай ресурстарға Күн  энергиясы,  жел  энергиясы,
қозғалыстағы су энергиясы, жер қойнауы энергиясы  жатады.  Қоршаған  ортаның
ауасы мен  суы  саны  бойынша  өзгермеуі  мүмкін,  бірақ  адамның  тіршілігі
барысында сапасы  төмендеуі  әбден  мүмкін.  Бұл  табиғи  байлықтар  қазіргі
таңдағы техника мен технологияның көмегімен (су, шаң, газ  тазалау,  сондай-
ақ санитарлық-гигиеналық шаралар) сарқылмайтын бола алады.
    Сарқылатын табиғи байлықтар - табиғатты пайдалану  барысында  саны  мен
сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер.
    Үшінші классификациялық белгі - сарқылатын табиғи  байлықтардың  орнына
кайта келуі. Бұл белгісі бойынша  сарқылатын  байлықтардың  мынадай  түрлері
бар:
    - қалпына келетін -өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер әлемі;
    - қалпына келмейтін - миллиондаған жылдар бойы жер қойнауында  түзілген
пайдалы қазбалар (қара, түсті,  асыл  және  сирек  кездесетін,  радиоактивті
металдар рудалары, мұнай, газ және т.б.);
    - салыстырмалы қалпына келетін -  пайдалануға  қарағанда  орнына  қайта
келуі баяу жүретін ресурстар (құнарлы қара топырақ, үлкен жастағы ағаштар  -
секвойя, баобаб және т.б.).

Пайдаланған әдебиеттер

      1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
      2.  Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігі:
         Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
      3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
      4. Мұнай және газ  геологиясы  танымдық  және  кәсіптік-технологиялық
         терминдерінің түсіндірме сөздігі.  Анықтамалық  басылым.-  Алматы:
         2003. ISBN 9965-472-27-0
      5. Қазақ энциклопедиясы
      6.  С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997     жыл,114-149 бттер.

Биогеохимия  және экотоксикология пәні

Дәріс тақырыбы №7:Топырақтың ластануы.
Мақсаты  -   050608-«Экология    мамандығындағы   студенттерге    биосферада
организмдердің  қатысуымен  жүретін геохимиялық  процестерді  зерттеп   қана
қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Топырақтың ластануы
      7. Табиғаттың ластануы
      8. Бүліну процессі

|Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар|
|заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын,   |
|санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы     |
|заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың|
|оптималды консентрациядан артық болуы да жатады.                         |
|Ластануды жүйенің тепе – теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде       |
|бағалауға болады.                                                        |
|Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:                            |
|• шығу тегі бойынша:                                                     |
|табиғи және жасанды (антропогенді);                                      |
|• пайда болу көзіне байланысты:                                          |
|а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.;                  |
|ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны),      |
|шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар|
|мен мемлекеттерден енетін);                                              |
|• әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;       |
|• қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера    |
|және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты     |
|сулары, өзен сулары және т.б.);                                          |
|• әсер ететін жеріне байланысты: химиялық (химиялық заттар мен           |
|элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу,           |
|электромагниттік), физико – химиялық (аэрозольдер), биологиялық          |
|(микробиологиялық және т.б);                                             |
|• әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп        |
|орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері);   |
|• тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – 100 және 1000 жыл тұратын   |
|(азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты – 5-25 жыл      |
|(көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, |
|күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон).   |
|Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті |
|жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметр бойынша бағалауға болады:  |
|қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне   |
|қарай. Мысалы, көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған     |
|ортаға түсетін көлеміне және ұзақ сақталу уақытына, олай болса оның      |
|жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффекттің пайда болуы        |
|қамтамасыз етеді.                                                        |
|Өндірілетін ресурстардың тек 2 – 3% ғана пайдалы өнім ретінде            |
|қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т.б).         |
|Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән     |
|емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы       |
|жатады. Тбиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық |
|қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн. – нан астам қосылыстарды синтездей     |
|алады. Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.               |
|Жер бетіндегі адам мекен етпейтін кеңістіктің болуы (құрлықтың жалпы     |
|ауданы 149 млн. км2 болса, мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2  |
|тиеді) қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең     |
|алдымен атмосфера мен судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы  |
|қабықшамен әлемдік мұхиттың бетінің 15 – 25% ластанған. Қазіргі кезде    |
|атомдық двигательдер мен радиоактивтік қалдықтардың көмілуі нәтижесінде  |
|әлемдік мұхиттың радиоактивті ластануы зор қауіп төніп отыр.             |
|Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы          |
|кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.                   |
|Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы,  |
|өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен|
|ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20 – 30% -|
|ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық    |
|температурасы 1 – 30С – ға артады. Ал мұның өзі биосфераның              |
|термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы|
|мүмкін.                                                                  |
|Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар|
|болып есептеледі. Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның  |
|мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары   |
|ендіктерінде бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1% - ға     |
|кемуі терінің қатерлі ісігімен ауру деңгейін 5 – 7% - ға арттыруы        |
|мүмкін.                                                                  |
|Көптеген мемлекеттер фреондардың өндірісін 50% кеміту және оларды басқа  |
|пропиленттермен алмастыру туралы міндеттеме қабылдады.                   |
|Судың ластануы. Ластануға судың барлық категориялары: мұхит,             |
|континенттік, жерасты, әртүрлі дәрежеде ұшырайды.                        |
|Судың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың |
|келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті      |
|ластаушылардың әр түрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді.       |
|Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық     |
|тыңайтқыштар, улы химикаттар және т.б заттар жатады. Ластаушы заттардың  |
|басым көпшілігін амосфералық жауын – шашын әкеледі. Сулардың канализация |
|ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су|
|таранспорттарымен ластану үлесі де жоғары. Қазір бүкіл планетада іс      |
|жүзінде қандай да бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде ластанбаған      |
|беттік тұщы су көзі жоқ деуге болады.                                    |
|Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радиациялық ластану болып   |
|қалып отыр. Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп  |
|мөлшері жасалды. Олар еліміздің территориясының біраз бөлігінің          |
|радиациялық ластануына әкелді. Қазақстан территориясында радиациялық     |
|ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған   |
|жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық   |
|өнеркәсіп орындары, ғламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу  |
|мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, |
|радиоактивті қалдықтар.                                                  |

Пайдаланған әдебиеттер

      1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997
      2.  Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігі:
         Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.
      3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
      4. Мұнай және газ  геологиясы  танымдық  және  кәсіптік-технологиялық
         терминдерінің түсіндірме сөздігі.  Анықтамалық  басылым.-  Алматы:
         2003. ISBN 9965-472-27-0
      5. Қазақ энциклопедиясы
      6.  С. Сейтов «Биологиялық химия» 1997     жыл,114-149 бттер.

                          Өзіндік жұмыс тақырыптары
   1. Биогеохимия пәні
   2. Оның міндеттері

      Ферменттердің қысқаша тарихы

      Ферменттердің әсер ету механизмі

      Гармондардың жалпы сипаттамасы, зат алмасудағы қызметі

7. Инфекцияның түрлері, инфекцияның таралу жолдары  
   8. Негізгі эпедемиялық түсінік 
   9. Қауіпті қалдықтар түрлері
   10.Зиянды заттардың классификациясы
   11.Табиғаттың ластануы
   12.Бүліну процессі

     13.Табиғи ресурстар және олардың түрлері

      14. Ауыр металдардың ағзаға әсері
     15. Пестицидтердіѕ қолдану саласы
      16.Адам денсаулығы

      17. Витаминдерге  жалпы сипаттама

Пәндер