Файл қосу
Физикалық шама
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ | |БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ қаласының | |ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |СМЖ 3-деңгейдегі құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-18-9.1.38/03-2014 | |«Метрология, стандарттау |11.09.2014ж. | | |және сертификаттау» пәні |№ 2 басылым | | |бойынша оқу-әдістемелік |18.09.2013 ж. | | |материалдар |№ 1 басылымның | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Метрология, стандарттау және сертификаттау» 5В071100 «Геодезия және картография» мамандығына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2014 Мазмұны |1. |Лекциялар …..…………………………………………………………….. |4 | |2. |Практикалық сабақтар …………………………………………………. |4 | |3. |Студенттердің өзіндік жұмыстары |5 | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | 1 Лекциялар Лекция 1. Қазақстан Республикасы Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйесі (МӨЖ) Лекцияның мазмұны 1 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің негізгі міндеттері мен объектілері 2 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің құрылымы Лекцияның қысқаша конспекті Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйе – Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі субъектілерді, нормаларды, құралдарды және әрекет (қызмет) түрлерін басқару жөніндегі мемлекеттік жүйе болып табылады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйені құруға себеп болған мыналар: - біріншіден, өлшеулер адамзат әрекетінің ең массовый жаппай жүргізілетін «өнімі» болып табылады, және оларға сұраныс жылдан жылға ұлғайып келеді; - екіншіден, өлшеулер адамзаттың өте маңызды әрекеті болып табылады және олардың сапасына (яғни дәлдігіне) қойылатын талаптар үнемі өсіп келеді; - үшіншіден, халықаралық ынтымақтастың дамуы (сауда, ғарышты игеру жөніндегі бірлескен бағдарламаларды әзірлеу, медицина, қоршаған ортаны қорғау) өлшеу нәтижелеріне өзара сенімділікті талап етеді. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің негізгі мақсаты - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу үшін құқықтық, нормативтік, ұйымдастыру, техникалық және экономикалық жағдайлар жасау болып табылады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің негізгі міндеттері: - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттерді басқарудың оңтайлы принциптерін зерттеп дайындау; - шама бірліктерінің эталондар базасын құру және жетілдіру; - метрология облысында негізгі түсініктер, терминдер мен анықтамаларды тағайындау; - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік базаны құру және жетілдіру; - метрология облысындағы ережелер, нормалар мен талаптарды халықаралық, мемлекетаралық, аумақтық ұлттық ережелер, нормалар және талаптармен гармонизациялау; - өлшеулер облысын ақпаратпен қамтамасыз ету. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің объектілері болып табылады: - шама бірліктері; - шама бірліктерінің эталондары; - өлшем құралдары; - өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын талаптар; - өлшеулерді орындау өдістемелері; - нормативтік құжаттар. Шама бірліктері. Қазақстан Республикасы аумағында Халықаралық SI бірліктер жүйесі қолданылуға рұқсат етілген. ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитеттің шешімі бойынша SI жүйесініне кірмейтін шама бірліктерін қолдану рұқсат етілуі мүмкін. Шама бірліктерінің Мемлекттік эталондары өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің техникалық негізін құрайды. Мемлекеттік эталондар шама бірліктерін ұдайы қайталау және сақтау үшін арналады және Қазақстан Республикасы территориясында шама бірлігінің мөлшерін басқа өлшеу құралдарына беру мақсатында бастапқы құрал ретінде қолданылады. Өлшеу құралдары бірліктері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шамаларды анықтау үшін қолданылады және өздеріне қойылатын талаптарға және қолдану жағдайларына сай болуы керек. Өлшеулерді орындау әдістемелері мемлекеттік метрологиялық қадағалау сфераларында қолданылатын жағдайда міндетті түрде аттестациядан өтуі және өлшем бірлігін қамтамасыз етужөніндегі мемлекеттік жүйенің тізілімінде тіркелуі керек. Өлшеулерді орындау әдістемелерін әзірлеуші және аттестациядан өткізуші метрологиялық қызметтер бекітілген тәртіп бойынша ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетінде аккредиттелген болуы керек. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің Қазақстан Республикасы аумағында міндетті түрде қолдануға жататын нормативтік құжаттары ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетімен бекітіледі. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР мемлекеттік жүйесінің құрылымы Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР мемлекеттік жүйесі ұйымдық, техникалық және нормативтік негіздердің жиынтығы болып табылады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР мемлекеттік жүйесінің ұйымдық негізі болып Қазақстан Республикасының Метрологиялық қызметі табылады. Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйені мемлекеттік басқару Қазақстан Республикасы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға - Қазақстан Республикасы техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетке (ҚР Мемстандартына) жүктелген. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін ҚР Мемстандарты төмендегі функциялар атқарады: 1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады; 2) Қазақстан Республикасы метрологиялық қызметінің жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады; 3) қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерін белгілейді; 4) метрология саласында іргелі зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады; 5) шама бірліктерініңмемлекеттік эталондарын жасау, бекіту, сақтау және қолдану ережелерін белгілейді. Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің эталондық базасын жетілдіреді; 6) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді; 7) өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын жалпы метрологиялық талаптарды айқындайды; 8) өлшем құралдарын қолдану, өндіру және жөндеу тәртібін белгілейді; 9) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің тізілімін жүргізеді; 10) мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастырады және өткізеді; 11) метрология жөніндегі халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынын өкіл болады; 12) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрларды кәсіби даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Мемлекеттік жүйесінің техникалық негізін құрайды: - шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары және Қазақстан Республикасы Метрология қызметінде қолданылатын шама бірліктерінің эталондар жүйесі; - өлшеу құралдары, оның ішінде республика территориясында қолданылатын заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарртық үлгілері; - физикалық тұрақтылар және заттар мен материалдардың қасиеттері туралы стандарттық анықтамалық мәліметтер. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Мемлекеттік жүйесінің нормативтік негізі төмендегілерді реттейді: - шама бірліктерін; - шамалардың мемлекеттік эталондарын және мемлекеттік салыстырып тексеру схемаларын; - өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістері мен құралдарын; - өлшеу құралдарының нормаланатын сипаттамаларының номенклатурасын; - өлшеу дәлдігі нормаларын; - өлшеу нәтижелерін және өлшеудің дәлдік көрсеткіштерін выражать ету және представлять ету формаларын; - өлшеу жүргізу әдістемелерін; - заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандарттық үлгілеріне қойылатын талаптарды; - өлшеу құралдарын сынау, метрологиялық аттестациялау, салыстырып тексеру және калибрлеу, нормативтік құжаттарды, жобалық, констркутролық және технологиялық құжаттарды метрологиялық сараптамадан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу тәртібін; - метрология саласындағы терминдер мен анықтамаларды. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Мемлекеттік жүйесінің нормативтік құжаттары мынадай екі түрге бөлінеді: - негізін қалаушы құжаттар (жалпы талаптар, ережелер мен нормаларды тағайындайды); - жеке өлшеу түріне талаптар ережелер және нормаларды реттеуші құжаттар. Бақылау сұрақтары: 1 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің негізгі міндеттерін атап беріңіз 2 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің объектілерін атап беріңіз 3 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің негіздерін атап беріңіз Ұсынылатын әдебиеттер: 1 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы (2000 жылдың 7 маусымы № 53-11 ( 09.06.2004 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) 2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с. Лекция 2. Физикалық шамаларды өлшеу. Өлшеу түрлері және принциптері Лекцияның мазмұны 1 Физикалық шама және оны өлшеу 2 Өлшеу түрлері 3 Өлшеу принциптері Лекцияның қысқаша конспекті Физикалық шама. – физикалық объекттің сапа жағынан көптеген физикалық объектілерге ортақ, ал сандық жағынан олардың әрқайсысы үшін өзіне тән болып табылатын қасиеті. Өзіне тән қасиеті дегенде біз бұл қасиет бір объект үшін басқа объектілерге қарағанда бірнеше есе көп немесе аз болуы мүмкүндігін айтамыз. Физикалық шама мысалдары ретінде тығыздық, балқу температурасы, жарықтың сыну корсеткішін және тағы басқаларды келтіруге болады. Физикалық шаманың бірлігі – мөлшері бекітілген, сандық мәні шартты түрде 1-ге тең тағайындалған физикалық шама. Өлшеу – физикалық шаманың мәнін тәжірибелік жолмен арнайы техникалық құралдың көмегімен табу. Өлшеуді жүзеге асыру үшін мыналардың болуы қажет: - физикалық шаманың; - өлшеу әдісінің; - өлшеу құралының; - оператордың; - өлшеуді жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлардың. Өлшеуді жүзеге асырудың мақсаты – физикалық шаманың мәнін қолдануғы ыңғайлы түрде алу. Физикалық шама мөлшерімен, мәнімен, сандық мәнімен, шынайы және іс жүзіндегі мәндерімен сипатталады. Физикалық шаманың мөлшері – нақты материалдық объект, жүйе, құбылыс немесе процеске тән физикалық шаманың сандық белгісі. Физикалық шаманың мәні – физикалық шаманың мөлшерін олл үшін қабылданған бірліктің бірнеше саны түрінде беру (25 кВт). Физикалық шаманың сандық мәні – шама мәніне кіретін сан. Шаманың мөлшері және мәні арасында айырмашылық бар. Шаманың мөлшерін осы шаманың кез келген бірлігімен сандық мәні арқылы көрсетуге болады. Сандық мән таңдалған бірлікке байланысты өзгереді, ал физикалық шаманың мөлшері бірқалыпты болады. Физикалық шаманы оның шынайы мәнімен сипаттайды. Шынайы мән объекттің тиісті қасиетін сапалық және сандық жағанан идеалды түрде көрсетеді. Іс жүзіндегі мән деп физикалық шаманың эксперимент арқылы табылған және шынайы мәнге соншалықты жақын - оны шынайы мәннің орнына қолдануға болады. Өлшеу түрлері. Физикалық шаманың сандық мәнін табу әдісі бойынша барлық өлшеулер 4 негізгі түрге бөлінеді: тура өлшеу, жанама өлшеу, жиынтық өлшеу және бірге өлшеу. Тура өлшеу кезінде физикалық шаманың мәні тікелей тәжірибелік мәліметтерден алынады (мысалы, салмақты таразымен, бөлшек ұзындығын микрометрмен өлшеу). Жанама өлшеу – физикалық шаманың мәнін өлшенетін шамамен функционалды байланыстағы басқа физикалық шаманы тура өлшеу нәтижесінің негізінде анықтау. Жанама өлшеу мына жағдайларда жүргізіледі: - өлшенетін шаманың мәнін тура өлшеуге қарағанда жанама өлшеу арқылы табу жеңілге түседі; - шаманы тура өлшеу мүмкүн емес; - жанама өлшеу тура өлшегенге қарағанда төмендірек қателік береді. Жанама өлшеудің теңдеуі: [pic] мұндағы: y – ізделетін шама, тура өлшеу арқылы табылған х1, х2, хn аргументтердің функциясы болып табылады. Жанама өлшеу мысалдары: металдың қаттылығын (НВ) диаметрі (D) белгілі болат шарикті белгілі салмақпен (Р) басып, ойылған жердің тереңдігін (h) алу арқылы мына формула бойынша табу: [pic] Жиынтық өлшеу – бірнеше аты бір шаманы бір уақытта өлшеу. Өлшенетін шаманың мәнін тура өлшеу жолымен алынған теңдеулер жүйесін шешу арқылы табады. Мысалы, наборға кіретін әр гирянің массасын олардың біреуінің белгілі массасы бойынша және гирялардың әртүрлі сочетаниесінің массаларын тура салыстыру нәтижесінде табу. Бірге өлшеу - екі немесе бірнеше аттары басқа шамаларды олардың арасындағы функционалдық тәуелділікті табу үшін бір уақытта өлшеу. Мысалы, дененің ұзындығының температурадан тәуелділігін табу, қайнау және балқу температурасының қысымнан тәуелділігін табу және т.б. Өлшеулерді былай жіктеуге болады: а) дәлдікті сипаттау бойынша – бір дәлдікті (белгілі шаманы дәлдігі бірдей өлшеу құралдармен біркелкі жағдайда өлшеу қатары (көп есе өлшеу)) және бір дәлдікті емес (белгілі шаманы бірнеше дәлдігі әртүрлі өлшеу құралдармен және (немесе) бірнеше әртүрлі жағдайда өлшеу қатары); б) қатардағы өлшеулер саны бойынша (қатар жүргізілген өлшеу саны бойынша) – бір есе және көп есе өлшеу; в) өлшенетін шаманың өзгеру-өзгермеуіне байланысты – статикалық (уақыт ішінде өзгермейтін физикалық шаманы өлшеу, мысалы, бөлшектің ұзындығын қалыпты температурада немесе жер учаскесінің өлшемдерін өлшеу) және динамикалық (уақыт ішінде өзгеретін физикалық шаманы өлшеу, мысалы ауыспалы электр тогының кернеуін өлшеу, қонып келе жатқан ұшақ пен жер арасындағы қашықтықты өлшеу). г) өлшеу нетижесін білдіру түрі бойынша – абсолют өлшеу (шаманы тура өлшеу және (немесе) физикалық тұрақтылардың мәнін қолдануда негізделген өлтеулер, мысалы, күшті (F) өлшеу массаны тура өлшеу және физикалық тұрақтыны (g) қолдануда негізделеді) және салыстырмалы өлшеу (шаманы өзі сияқты (бір атты) бірлік ролін атқаратын шамамен салыстыру). Өлшеу принциптері. Өлшеу принцибі - өлшеу негізіне қойылатын құбылыс немесе эффект. Кейбір өлшеулер негізіне қойылатын принциптерді қарастырайық. Егер әртүрлі материалдан жасалған екі электродтың спайкаланған жерін қыздыратын болсақ, онда электр қозғалтқыш күш пайда болады. Бұл құбылыс температураны жоғарғы дәлдікпен өлшеу негізіне қойылған (термопара). Электр өткізгіш және жартылай өткізгіштерді қыздыратын болсақ, олардың сопротивлениесі өзгереді. Бұл құбылыс та температураны жоғарғы дәлдікпен өлшеуге мүмкүндік береді, әсіресе платина қолданған кезде. Кейбір материалдарды созу несесе қысу кезінде олардың электр сопротивлениесі өзгереді. Бұл құбылыс аз мөлшердегі дене деформациясын, сондай-ақ жоғары және өте жоғары қысымдарды өлшеу үшін қолданылады. Метал және жартылай өткізгіштің шекарасында сәуле түскен кезде электр қозғалтқыш күш пайда болады (фотоэффект). Фотоэффект құбылысында көптеген өлшеу құралдарында қолданылатын фотоэлементтердің жұмысы негізделген. Дене шығаратын жарықтың қарқыны температурадан тәуелді, ал соңғысы (температура) өз кезегінде денені қыздырушы токтың күшінен тәуелді болып табылады. Бұл құбылыс температураны контактсыз өлшеу әдісінің негізіне қойылған (оптикалық пирометр). Бақылау сұрақтары: 1 Физикалық шама деген не? 2 Өлшеу жүргізу үшін қандай элементтердің болуы керек? 3 Өлшеу түрлерін атап беріңіз 4 Өлшеу принциптерін атап беріңіз Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с. 2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с. Лекция 3. Өлшеу әдістері. Лекцияның мазмұны 1 Өлшеу әдістерінің жіктелуі 2 Өлшеммен салыстыру әдісінің түрлері Лекцияның қысқаша конспекті Заттардың құрамын немесе қасиетін өлшеу немесе физикалық шаманы өлшеу үшін белгілі өлшеу әдісі қолданылады. Өлшеу әдісі – өлшенетін заттың құрамы немесе қасиеттерін немесе өлшенетін физикалық шаманы белгілі заттың құрамы немесе қасиетімен немесе физикалық шама бірлігімен таңдалған өлшеу принцибіне сәйкес салыстыру амалы немесе амалдар жиынтығы. Өлшеу әдістері былайша жіктеледі. А) Өлшеу нәтижесін алудың жалпы амалдары бойынша: 1) тура әдіспен өлшеу – тура өлшеу кезінде жүзеге асырылады; 2) жанама әдіспен өлшеу – жанама өлшеу кезінде жүзеге асырылады; Б) Өлшеу жағдайлары бойынша: 1) контактты әдіспен өлшеу - өлшеу құралының сергіш элементі объектімен контактта болады (дене температурасын термометрмен өлшеу) 2) контактсыз әдіспен өлшеу - өлшеу құралының сергіш элементі объектімен контактта болмайды (объектке дейінгі қашықтықты радиолокатормен өлшеу, домна пешінің температурасын пирометрмен өлшеу). В) Өлшенетін шаманы оның бірлігімен салыстыру тәсіліне байланысты: 1) тікелей бағалау әдісі; 2) өлшеммен салыстыру әдісі. Тікелей бағалау әдісі бойынша шаманың мәнін тікелей өлшеу құралының көрсетуі бойынша анықтайды (термометр, вольтметрдің). Бұл өдіс бойынша өлшеу жылдам жүргізіледі, бірақ оның дәлдігі шектеулі б.т. Аса дәлдікпен өлшеу керек болған жағдайда өлшеммен салыстыру әдісі қолданылады. Бұл әдіс бойынша өлшенетін шаманы өлшеммен берілетін (ұдайы қайталанатын) мөлшермен салыстырады. Мысалы, тұрақты токтың кернеуін қалыпты элементтің электр қозғалтқыш күшімен компенсатор арқылы өлшеу. Өлшеммен салыстыру әдісінің түрлері болып мына әдістер табылады: - қарсы қою әлісі; - дифференциалдық әдіс; - нольдік әдіс; - сәйкес келу әдістері; - орнын басу әдісі. Қарсы қою әдісінде өлшенетін шама мен өлшеммен ұдайы қайталанатын шама салыстыру құралына бір уақытта әсе етеді. Мысалы, тең иықты таразыда салмақты оны гирялармен теңестіру арқылы өлшеу. Дифференциалдық әдісте өлшенетін шама мен өлшеммен ұдайы қайталанатын шаманың айырымы анықталады. Мысалы, бөлшектің ұзындығын эталондық өлшеммен компораторда салыстыру арқылы анықтау. Айырымды өлшеу үшін аса дәл өлшеу құралы керек болмайды. Нольдік әдіс - өлшенетін шама және өлшеммен ұдайы қайталанатын шаманың салыстыру құралы көрсететін нәтижелік эффектін нольге теңестіру. Мысалы – салмақты рычагты таразымен өлшеу, электр сопротивлениені көпір арқылы оны толық теңестіру жолымен өлшеу. Дфференциалдық әдісте шаманың мөлшері өлшенетін мөлшерге жуық болуы керек болса, нольдік әдістің жақсы жері - өлшенетін мөлшерден көп есе аз өлшемді қолдануға болады. Мысалы, рычагты таразыда 1 кг-дық гирямен 100, 1000 кг және одан да үлкен массаны теңестіруге болады. Сәйкес келу әдісінде өлшенетін шама және өлшеммен ұдайы қайталанатын шаманың арасындағы айырымды шкаладағы белгілердің немесе периодтық сигналдардың совпадениесі бойынша өлшенеді. Бұл принцип штангенциркульдің нониусын құрудың негізіне қойылған. Совпадение әдісі уақыт сигналдарын қабылдау кезінде, биениені интерференцияны, стробоскоп эффектін пайдалану кезінде қолданылады. Орнын басуа әдісінде өлшенетін шаманы өлшеммен ұдайы қайталанылатын шамамен орын алмастыралы (бір иықты таразымен өлшеу). Бақылау сұрақтары: 1 Өлшеу әдістері қандай сипаттары бойынша жіктеледі? 2 Өлшеммен салыстыру әдісінің қандай түрлері кездеседі? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с. 2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с. Лекция 4. Өлшеу құралдары. Лекцияның мазмұны 1 «Өлшеу құралы» ұғымы 2 Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары 3 Өлшеу құралдарының жіктелуі Лекцияның қысқаша конспекті. Өлшеу құралы, біріншіден, нормаланған метрологиялық сипаттамаларға ие болу керек. Нормаланған метрологиялық сипаттамалар - өлшеу құралының осы тирінің, өлшеу құралының нормативтік құжатында тағайындалған метрологиялық сипаттамаларының жиынтығы б.т. Екіншіден, анықтамаға сәйкес, өлшеу құралы шама бірлігін сақтай немесе ұдайы қайталай алады (қайталауды «біледі»). Үшіншіден, сақталатын бірлік өз мөлшерін өзгертпейді. Аталған факторлар өлшеу жүргізуді орындауға мүмкүндік береді, яғни техникалық құралды өлшеу құралы қылады. Өлшеу құралының метрологиялық сипаттамасы - өлшеу құралының қасиеттерінің біреуінің сипаттамасы, өлшеу нәтижесіне және оның қателігіне әсер етеді. Нормаланатын өлшеу құралының метрологиялық сипаттамасы – нормативтік құжаттармен тағайындалған метрологиялық сипаттамалар. Эксперимент арқылы анықталған метрологиялық сипаттамаларды өлшеу құралының действительный метрологиялық сипаттамалары деп атайды. Өлшеу құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамалары. ГОСТ 8.009 –ға сәйкес өлшеу құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамаларына жатады: - шкаланың ұзындығы; - шкала бөлігінің бағасы; - өлшеу құралының корсетуінің вариациясы; - өлшеу диапазоны; - өлшемнің номинал мәні; - өлшеу құралының сезгіштігі (сезімталдығы); - өлшеу құралының сезгіштік табалдырығы; - өлшеу құралының дәлдігі; - өлшеу құралының тұрақтылығы. Өлшеу құралы неғұрлым жоғары дәлдікпен өлшейтін болса, ол үшін соғғұрлым коп метрологиялық сипаттамалар ноормаланады. Өлшеу құралдарының жіктелуі. Өлшеу құралдары стандартталған және стандартталмаған болып бөлінеді. Стандартталған өлшен құралдары – стандарттардың талаптарына сәйкес жасап шығарылған және қолданылатын өлшеу құралдары. Стандартталмаған өлшеу құралдары – бұл өлшеу құралдары талаптарды стандарттау қажет емес деп есептеледі (нецелесообразно). Жұмыс істеу принципы бойынша өлшеу құралдары бөлінеді: - механикалық өлшеу құралдары; - физика-химиялық өлшеу құралдары; - электрлік өлшеу құралдары; - оптикалық өлшеу құралдары. Түрлері бойынша өлшеу құралдары бөлінеді: - өлшемдер; - өлшегіш аспаптар (приборы); - өлшегіш қондырғылар; - өлшегіш машиналар; - өлшегіш жүйелер; - өлшегіш-өзгерткіштер; - стандарттық үлгілер. Өлшем – физикалық шаманың бір немесе бірнеше берілген мөлшерін ұдайы қайталау және (немесе) сақтауға арналған өлшеу құралы. Физикалық шаманың мөлшері (мөлшерлері) тағайындалған бірліктерде берілген және қажетті дәлдікпен белгілі болуы керек. Өлшемдер бір мөлшерлі (физикалық шаманың бір ғана мөлшерін ұдайы қайталайтын) және көп мөлшерлі (физикалық шаманың әртүрлі молшерлерін ұдайы қайталайтын) болуы мүмкүн. Өлшемдер жиынтығы – бір физикалық шаманың әртүрлі мөлшерлі өлшемдерінің комплексі. Ноборға кіретін өлшемдер жеке де әртүрлі сочетаниемен де қолданыла алады. Өлшемдер магазины – конструкциясы бойынша бір құрылғыға біріктірілген, оларды әртүрлі комбинацияда қосуға арналған приспособлениелері бар өлшемдер жиынтығы. Өлшегіш аспап - өлшенетін физикалық шаманың мәндерін белгілі диапазонда өлшеуге арналған өлшеу құралы болып табылады. Өлшегіш сапаптар индикация деңгейі бойынша көрсетуші және тіркеуші деп бөлінеді, ал амалы бойынша интегрирующий және суммирующий болады. Бұнымен бірге өлшегіш аспаптар тура өлшегіш (прямого действия), салыстыру аспаптары, аналогты, цифралы, өзі жазушы және басушы деп бөлінеді. Өлшегіш қондырғы – бір жерде финкционалды біріктірілген өлшемдер, өлшегіш аспаптар, өлшегіш-өзгерткіштер және басқа, бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеуге арналған қондырғылардың жиыньығын айтады. Өлшегіш машина - өлшеулерді үлкен бұйым сипатталатын физикалық шамаларды дәл өлшеуге арналған өлшегіш қондырғыны айтады (күшті өлшегіш машина, бөлгіш (делительная) машина, үлкен ұзындықтарды өлшегіш машина және т.б.). Өлшегіш жүйе – осы объкттің әртүрлі нүктелерінде бақыланатын объектіге тән бір немесе бірнеше физикалық шаманы өлшеу және әртүрлі мақсаттарда өлшеу сигналдарын шығару мақсатында орналастырылған функционалды біріктірілген өлшемдер, өлшегіш аспаптар, өлшегіш-өзгерткіштер, электронды есептегіш машиналар және басқа да техникалық құралдар б.т. Өлшегіш жүйелер арналуы бойынша информациялық, өлшегіш- бақылаушы, өлшегіш-басқарушы және т.б. жүйелерге бөлінеді. Өлшеу міндетіне байланысты қайта құрылуға жарамды өлшегіш жүйелерді гибкий өлшегіш жүйелер деп атайды. Өлшегіш-өзгерткіштер нормаланған метрологиялық сипаттарды иеленеді және өлшенетін шаманы басқа шамаға немесе өлшеу сигналына аударуға арналады. Аударылған шама немесе сигнал, әдетте, өңдеу, сақтау, ары да өзгертуге немесе беруге ыңғайлы болып табылады. Өлшегі-өзгерткіштер өлшегіш техниканың құрамына кіреді немесе өлшеу құралдарымен бірге қолданылады. Өзгерту сипаты бойынша (қалай өзгертетініне байланысты) өлшегіш- өзгерткіштер аналогты, цифор-аналогты, аналог-цифралы өдшегіш-өзгерткіштер деп бөлінеді, ал өлшеу тізбегінде алатын орны бойынша – бастапқы және промежуточный өлшегіш-өзгерткіш деп бөлінеді. Бұдан басқа өлшегіш- өзгерткіштер масштабный және передающий болады. Бір өлшеу құралында бірнеше бастапқы өзгерткіш болуы мүмкүн. Бастапқы өлшегіш-өзгерткіш деп өлшенетін физикалық шама біріншіден оған әсер ететін өзгерткішті айтады. Бақылау сұрақтары: 1 «Өлшеу құралы» ұғымының анықтамасын беріңіз 2 Өлшеу құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамаларын атап беріңіз 3 Өлшеу құралдары қалай жіктеледі? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с. 2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с. Лекция 5. Өлшеу құралдарының бірегейлігіне қол жеткізу амалдары. Лекцияның мазмұны 1. Өлшеу құралдарын сынау 2. Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау 3 Өлшеу құралдарын калибрлеу 4 Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру Лекцияның қысқаша конспекті Өлшеу құралдарының бірегейлігіне мына амалдерды жүргізу арқылы жетуге болады: - мемлекеттік сынаудан өткізу; - метрологиялық аттестациядан өткізу; - калибрлеу; - салыстырып тексеру. Өлшеу құралдарын сынау. Сериялап шығаруға арналған немесе Қазақстан Республикасы территориясына шет елдерден партиялап енгізілетін өлшеу құралдары, егер оларға Мемлекеттік қадағалаутаралатын болса сынаудан өткізілуі керек. Соңынан сынаудан өткен өлшеу құралдарының типі бекітіледі. Өлшеу құрылын сынау - өлшеу құралының тағайындалған нормаларға сәйкестігін сынау объектілеріне әртүрлі сынау әсерлерін қолдана отырып деңгейін анықтау үшін жүргізілетін операциялардың жиынтығы. Сынаудан өткізгенде өлшеу құралдарын пайдалану немесе тасымалдау кезінде ықпал ететін факторлардың әсері тексеріледі. Сынау екі мақсатта: өлшеу құралының типін бекіту мақсатында немесе оны бекітілген типіне сәйкестігіне сынау жүзеге асырылады. Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау. Егер өлшеу құралының санаулы экземплярлары шығарылған немесе шет елінен енгізілген болса, олар метрологиялық аттестациялаудан өтуі тиіс. Метрологиялық аттестациялау – метрологиялық қызметтің данный өлшеу құралдарын, олардың қасиеттерін зерттеу негізінде, қолдану заңды деп майындауы. Метрологиялық аттестациялауды Мемлекеттік метрологиялық қызметтің және заңды тұлғалардың осы топтағы өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге құқығы бар метрологиялық қызметтің бөлімшелері жүзеге асырады. Метрологиялық аттестация мыналардан құралады: - техникалық құжаттарды қарастыру; - өлшеу құралдарын эксперттік зерттеу; - өлшеу құралын салыстырып тексеру әдістемесін тексеру; - өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау нәтижесін өңдеу. Метрологиялық аттестациялаудан өткен өлшеу құралдары пайдалану кезінде салыстырып тексеруден өткізіліп отыру керек. Өлшеу құралдарын калибрлеу. Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшеу құралдары зауыттан (өндірістен), жөндеуден шығарылғанда, инморт бойынша енгізілгенде, пайдалану барысында калибрлеуден өтуі керек. Калибрлеу тәртібін шығарушы зауыт, осы өлшеу құралын иеленуші немесе тұиынушы белгілейді. Қазақстан Республикасы өлшеу құралын калибрлеу жүйесі өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің құрылымдық бөлігі болып табылады. Өлшеу құралдарын калибрлеу – шаманың осы өлшеу құралдарының көмегімен алынған мәні мен сол шаманың эталонының көмегімен алынған мәні арасындағы қатынасты анықтаушы операциялардың жиынтығы. Калибрлеудің мақсаты – мемлекеттік қадағалауға жатпайтын өлшеу құралының іс мәніндегі (действительный) метрологиялық сипаттарын және (немесе) өлшеу құралын қолдануға жарамдылығын анықтау болып табылады. Өлшеу құралын калибрлеуге заңды тұлғалардың аккредитациядан өткен метрологтядық қызметтері құқылы. Өлшеу құралдарын калибрлеуді калибрлеу зертханаларында кәсіптік дайындығы және біліктілігі бар тұлғалар жүзеге асырады. Өлшеу құралдарын калибрлеуді калибрлеу әдістемесіне сәйкес, шама бірлігінің мемлекеттік эталонына бағыныстағы калибрлеу құралын қолдана отырып жүргізеді. Калибрлеу нәтижелері бойынша қажет болған жағдайларда калибрлеу хаттамасы толтырылады. Егер калибрлеу нәтиесінде өлшеу құралы пайдалануғ жарамды деп танылса, оған калибрлеу белгісі қойылады немесе калибрлеу туралы сертификат беріледі. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру. Салыстырып тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет пен қатар бекітілген тәртіп бойынша техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет аккредитациядан өткен заңды тұлғалардың метролгиялық қызметтері жүзеге асыра алады. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру - өлшеу құралдарының тағайындалған техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында жүргізілетін операциялардың жиынтығы болып табылады. Салыстырып тексеру нәтижесі бойынша өлшеу құралдары пайдалануға жарамды немесе жарамсыз дап танылады. Өлшеу құралдары салыстырып тексеру аралық интервалдың ішінде пайдалануға жарамды деп танылады, егер оларды салыстырып тексеру олардың нақты өлшеу құралдарына қойылатын метрологиялық және техникалық талаптарға сәйкестігін көрсететін (дәлелдейтін) болса. Салыстырып тексеру арнаулы (салыстырып тексеруге арналған) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі. Салыстырып тексеру бірліктің мөлшерін эталоннан жұмыстық өлшеу құралына беру процесінің сатыларының бірі болып табылады. Эталонмен байланыстығы өлше бірлігінің қажетті шарты болып табылады. Салыстырып тексерудің төмендегі түрлері кездеседі: - алғашқы; - периодтық; - кезектен тыс; - инспекциялық; - эксперттік (сараптамалық). Көптеген жағдайларда салыстырып тексеру кезінде хаттама толтырылады. Хаттаманың формасы салыстырып тексеру бойынша нормативтік құжатта беріледі. Салыстырып тексеру аяқталып, хаттамаға талдау жүргізілгеннен кейін өлшеу құралының пайдалануға жарамдығы немесе жарамсыздығы туралы қорытынды шығарылады және осы туралы хаттамаға тиісті жазу енгізіледі. Салыстырып тексеру хаттамасы заңды күші бар негізгі құжат болып табылады, сондықтан оны мұқият толтыру қажет. Егер реттегіш тораптарға доступ болмауы керек болса, өлшеу құралына номерленген пломба немесе салыстырып тексеру таңбасының суреті бар номерленген қағаздар (наклейка) ілінеді. Бұл жағдайда өлшеу құралының механизмін таңбаны бұзбай ашу мүмүн емес болып табылыады. Өлшеу құралына таңба қоюмен бірге, салыстырып тексеру нәтижелері оң болған жағдайда бекітілген үлгі бойынша салыстырып тексеру туралы сертификат беріледі. Сертификатта өлшеу құралының қандай нормативтік құжаттың талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат беріледі немесе өлшеу құралының көрсетулеріне енгізілетін поправкалар көрсетіледі. Салыстырып тексеру нәтижелері теріс болған жағдайда өлшеу құралы қолдануға жарамсыз екендігі тралы извещение жазылады. Бақылау сұрақтары: 1 Өлшеу құралдарының бірегейлігі деген не? 2 Өлшеу құралдарының бірегейлігіне қол жеткізу амалдарын атап беріңіз 3 Салыстырып тексерудің қандай түрлері кездеседі? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с. 2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с. Лекция 6. Стандарттау. Жалпы сипаттамасы. Лекцияның мазмұны 1. Стандарттау ұғымы 2. Стандарттаудың мақсаттары мен міндеттері Лекцияның қысқаша конспекті Стандарттау ұғымы. Стандарттау саласында ғылым және техниканың кез келген басқа саласында сияқты жемісті қызмет істеу үшін нақты, ғылыми негізделген терминология қажет. Терминологияның реттелмеуі мамандардың ұғынысуын қиындатады, бірыңғай әдістемелік құралдар әзірлеуге кедергі болады, ең жаңа, оның ішінде есептегіш техниканы енгізуде, халық шаруашылығын басқаруда қиындақтар тудырады. «Стандарттау» терминінің анықтамасы ұзақ эволюциялық жолдан өтті. Адамдардың стандарттау туралы түсініктері ғылым және техниканың даму, өндірістің формалары мен әдістерінің жетілу процестеріне қарай қалыптасты. Экономикалық байланыстардың ұлттық және халықаралық деңгейде кеңейуі жағдайында бұл термин нақтыланып отырды. Бұл жерде стандарттаудың өзі де ддамудан өтіп әртүрлі кезеңдерде оның барысында қол жеткен деңгейді көрсетіп отырды. ISO 1952 ж. стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу жөніндегі Комитет (СТАКО) құрып, оның алдына стандарттауға қатысты негізгі терминдерінің анықтамасын беру міндетін қойды. СТАКО «стандарттау», «стандарт», «стандарттау жөніндегі техникалық комитет», «техникалық реттеу» сияқты маңызды терминдердің анықтамаларын зерттеп дайындады. Осы терминдердің СТАКО дайындағаны ИСО Кеңесімен қабылданған және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі тағайындаған анықтамаларының негізіне қойылды. ISO құжаттарында стандарттау термины былаы анықталады: Стандарттау – белгілі салада реттеудің оңтайлы дәрежесіне жетуге бағытталған, ғылым, техника және экономика сфераларында қайталана кездесетін міндеттердің шешімдерін табу әрекеттері (қызметтері). Жалпы түсінік бойынша бұл қызмет стандарттарды зерттеп дайындау, басып шығару және қолданудан көрінеді. Стандарт әлемнің қай географиялық, экономикалық немесе саяси аймағында қабылданғанына байланысты стандарттау әрүрлі деңгейде жүзеге асырылады. Стандарттау жұмысының масштабына байланысты стандарттау халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және ұлттық болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңында жазылған негізгі терминдердің анықтамалары практикалық сабақтарда зерделенеді. 1. Стандарттаудың мақсаттары мен міндеттері Стандарттаудың негізгі мақсаты – белгілі салада бекітілген ережелерді, талаптар, нормаларды қазірде бар, жоспарланаьын немесе болашақта болады деп күтілетін міндеттерді шешу үшін кеңінен және көп мәрте қайтара қолдану арқылы оңтайлы дәрежеде реттеуге қол жеткізу болып табылады. Стандарттау жөніндегі қызметтің бас нәтижелері өнімдердің, қызмет көрсетулердің, процкстердің, жұмыстардың олардың функционалдық міндетіне сәйкестік дәрежесін жоғарылату, халықаралық тауарлар айырбасында техникалық кедергілерді жою, ғылыми – техникалық прогреске және әртүрлі салалардағы ынтымақтастыққа жардемдесу болып табылады. Стандарттау мақсаттарын жалпы және нақты, сәйкестікті қамтамасыз етуге қатысты мақсаттарға бөлуге болады. Жалпы мақсаттар «стандарттау» түсінігінің мазмұнынан табылады. Жалпы мақсаттарды стандарттау үшін нақтылау стандарттардың міндетті талаптарын орындаумен байланысты. Жалпы мақсаттарға жатады: - өнімдердің, процестердің (жұмыстардың), көрсетілетін қызметтердің адамдардың өмірі және денсаулығының, мүлкінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаның сақаталуын қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау; - саудадағы техникалық баръерлерді жою, өнімнің және көрсетілетін қызметтің ішкі және сыртқы рыноктағы бәсекелестігін қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау; - техникалық және ақпараттық сиысымдылықты, сондай- ақ өнімдердің өзара алмасушылығын қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау; - өнімнің, процестердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасының ғылыми- техникалық прогрестің даму деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау; - өнімнің, процестердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мәселелері бойынша тұтынушылардың мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау; - өлшем бірлігін қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау; - ресурстардың барлық түрлерінің сақталуын және рационалды қолданылуын қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау; - әртүрлі табиғи және техногенді сипаты бар апаттардың және басқа да төтенші жағдайлардың оран алу мүмкіндігі тұрғысынан шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау; - еліміздің қорғаныс қабілетін және мобилизациялық дайындығын қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау. Нақты мақсаттар әрекеттердің белгілі облысына, тауарлар шығару мен қызмет көрсетулердің белгілі саласына, белгілі кәсіпорынға, нақты өнімдер, процестер (жұмыстар), қызмет көрсетулерге және т.б. қатысты болып табылады. Стандарттаудың негізгі міндеттері болып табылады: - зерттеп дайындаушылар, шығарушылар, сатушылар және түтынушылар (тапсырыс берушілер) арасында өзара түсінушілікті қамтамасыз ету; - тұтынушы және мемлекеттің мүдделері тұрғысынан, өнімдір, процестер (жұмыстар); қызмет көрсетулер номенклатурасына және сапасына оптималды талаптар, оның ішінде олардың адамдардың өмірі және денсаулығының, мүлкінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаның сақаталуын қамтамасыз ететін талаптарды тағайындау; - өнімдірдің қиылыстырылуына (конструкциялық, электрлік, электромагниттік, ақпараттық, бағдармалық және т.б.), сондай- ақ өзара алмасушылығына талаптар тағайындау; - өнімнің, оның элементтерін, комплекттеуші бұйымдар, шикізат және материалдардың көрсеткіштерін және сипаттамаларын үйлестіру және өзара байланыстыру; - параметрлік және типтік- өлшемдік қатарларды, бұйымдардың базалық конструкцияларын, қонструкциясы боынша унификацияланған блокты- модульды құрамдық бөлшектерін тағайындау және қолдану негізінде унификациялау жұмыстарын жүзеге асыру; - метрологиялық нормалар, ережелер, жағдайлар және талаптарды тағайындау; - өнімдер, процестер (жұмыстар), қызмет көрсетулерді бақылау (сынау, талдау, өлшеу), сапасын бағалау және сертификаттауды нормативтік- техникалық қамтамасыз ету; - технологиялық процестерге олардың материал сиымдылығын, энергия сиымдылығын және еңбек сиымдылығын төмендету, аз қалдықты технологиялар қолданылуын қамтамасыз ету тұрғысынан талаптар тағайындау; - техника- экономикалық және әлеуметтік ақтаратты классификациялау және кодтау жүйесін құру және енгізу; - мемлекетаралық және мемлекетті әлеуметтік- экономикалық және ғылыми- техникалық бағдарламаларды (жобаларды) және инфрақұрылымдық кешендерді (көлік, байланыс, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау, өмір сүру ортаны (среда обитания) бақылау, халықтың қауіпсіздігі және т.б. нормативтік қамтамасыз ету; - тұтынушыларды өнімдірдің номенклатурасы және негізгі көрсеткіштері жөнінде ақпаратпен қамтамасыз ету үшін каталогтау (тіркеу) жүйесін құру; - стандарттау әдістері мен құралдары арқылы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына жардемдесу. Бақылау сұрақтары: 1. Стандарртау ұғымының анықтамасын беріңіз 2. Стандарттаудың мақсаттары 3. Стандарттаудың міндеттері Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с. 2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с. 3 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) Лекция 7. Стандарттау әдістері. Лекцияның мазмұны 1 Стандарттау жұмыстарын өткізу кезінде жиі қолданылатын әдістер 2 Жеке стандарттау әдістеріне қысқаша шолу Лекцияның қысқаша конспекті Стандарттау жұмыстарын өткізу кезінде жиі қолданылатын әдістер Стандарттау қызмет түрі ретінде жалпы ғылыми және арнаулы әдістердің жиынтығына сүйенеді. Бұл әдістер жиынтығы қайталанып кездесетін міндеттерді оптималды шешу үшін қажет болып табылады. Стандарттау жұмыстарында жиі қолданылатын әдістер: 1) стандарттау объектілерін ретке келтіру; 2) параметрлерді стандарттау; 3) унификаицялау; 4) агрегаттау; 5) кешенді стандарттау; 6) озық стандарттау. Стандарттау объектілерін ретке келтіру стандарттау объектілерініңалуан түрлігін басқару болып табылады. Мысалы, жіктеуштер, типтік конструкциялар, комплекттеуші бұйымдар, процестер, ережелер, құжаттардың формалары (нұсқалары) ретке келтіру жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Ретке келтіру стандарттау объектілерін жүйелеу (жүйеге келтіру), типтендіру, селекция, симплификация және оңтайлау арқылы (жолымен) жүзеге асырылады. Параметрлерді стандарттау – параментрлердің целесообразный номенклатурачын және сандық мәндерін таңдау және негіздеумен байланысты стандарттау әдісі. Параметр – (parametron – грек - өлшеу жүргізуші) – процестің, құбылыстың немесе жүйе, машина, аспаптың кез келген қасиетін сипаттаушы шама. Өнімнің ең маңызды параметрлері болып оның арналуын және қолдану шарттарын айқындаушы сипаттары табылады: - өлшемдік параметрлер (киімнің, аяқ киімнің раазмері, ыдыс яқтың сиымдылығы.; - салмақтық параметрлер (спорт инвентарінің жеке түрлерінің масасы); - машиналар мен аспаптардың өнімділігін сипаттаушы параметарлер (желдеткіштің өнімділігі, көліктің жүру жылдамдығы); - энергетикалық параметрлер (тоңазытқыш пайдаланатын қуаттын мөлшері) және т.б. Белгілі типке жататын, яғни белгілі қызметке арналған, жұмыс істеу принцибы мен конструкциясы айқындалған өнім бірнеше парамертлермен сипатталады. Параметрлердің тағайындалған мәндерінің жиынтығы параметрлік қатар беп аталады. Мысалы электр лампалардың параметрлік қатары (пайдаланатын қуаты бойынша): 25, 40, 60, 75, 100, 150, 200, 250, 500 Вт. Параметрлер қатарларын стандарттау процесі параметрлік стандарттау деп аталады. Мысалы, киім және аяқ- киімнің өлшемдік қатарларын құру үшін көптеген еркек және әйел адамдарді (әртүрлі жастағы, әртүрлі региондарда тұратын) антропометриялық өлшеулерден өткізу керек. Алынған нәтижелер математикалық статистика әдістерімен өңделеді. Машина, аспап, ыдыстардың параметрлік қатарлары үйлесімді сандар жүйесіне сәйкес құралады. Үйлесімді сандар деп геометриялық прогрессия бойынша өзгеретін сандар тізбегінің жиынтығын айтады. Бұл жүйенің мағнасы – параметрлер мәндері үшін кез келген санды ала бермей, тек қана белгілі математикалық заңға бағынатын мәндерді ғана алу болып табылады. Параметрлік стандарттауда негізгі стандарттар ГОСТ 8032 «Предпочтительные числа и ряды предпочтительных чисел» және ГОСТ 6636 «Нормальные линейные размерц» болып табылады. Радиотехникада Халықаралық электротехниалық комиссиямен қабылданған Е қатарлары бойынша құрылған үйлесімді сандар қолданылады. Бұл қатарлар ГОСТ 2825 «Ряды номинальных сопротивлений постоянных резисторов» және ГОСТ 2519 «Ряды номинальных емкостей постоянных конденсаторов» стандарттарымен бекітілген. Унификация – (бірыңғайлау) (лат. unus – бір) - өнім, процестер және қызмет көрсетулер түрлерінің, олардың параметрлерінің және өлшемдерінің мәндерінің оңтайлы санын таңдай (тағайындау). Бірыңғайлау – бірдеңені бірыңғай жүйеге, формаға, бірегейлікке келтіру. Мысалы техникада бірыңғайлау деп өнімнің және оны шығаруға қажет құралдардың минимум санды типтік өлшемге, маркаға, қасиеттерге келтіруді айтады. Бірыңғайлаудың мақсаты ө өнімнің, процестердің қажетсіз көп түрлері болуға жол ьермеу және олардың санын негізгі тұтынушыға қажетті минимумға келтіру болып табылады. Бірыңғайлау стандарттау объектілерін жүйелеу, типтендіру (типтеу), селекция, симплификация және оптималдауда (оңтаылауда) негізделеді және төмендегі бағыттарда жүзеге асырылуы мүмкін: - бұйымдар, машиналар, жабдықтар, аспаптар, тораптар мен бөлшектердің параметрлерлік және типті өлшемдік қатарларын әзірлеу; - біртекті өнімдердің бірыңғайланған топтарын құрастыру мақсатында типтік бұйымдарды зерттеп дайындау; - бірыңғайланған технологиялық процестерді, сынау әдістерін, құжат формаларын және т.б. зерттеп дайындау; - біртекті стандарттау объектілерінің номенклатурасын оптималды минимуммен шектеу. Бірыңғайлау мына түрлерге бөлінеді: - типтік- өлшемдік бірыңғайлау (мысалы, функционалдық арналуы бірдей, бір- біріне бас параметрлерінің сандық мәнімен ажырасатын өнімдер); - тип шегіндегі бірыңғайлау (мысалы, бас парамерті бірдей, құрамдық элементтерінің конструкциясымен ажырасатын өнімдер); - тип алалық бірыңғайлу (мысалы, әртүрлітипті және конструкциялы өнімдер). Жүргізу облысына байланысты объектілерді бірыңғайлау салааралық, салалық және зауыттық болуы мүмкін. Ең жоғары экономикалық әсерге жобалау стадиясында қол жеткізуге болады. Бірыңғайлау нәтижелері бұйымдардың, бөлшек, тораптардың типтер, параметрлер және өлшемдер стандарттарының, конструкция, марка және т.б. типтік (бірыңғайланған) конструкциялары альбомы түрінде өңделеді. Агрегаттау - бұйымдардың, машина, аспап және жабдықтарды бөлек стандартты бірыңғайлан бөлшектер мен тораптардан құрау және қолдану әдісі. Бұндай бөлшектер мен тораптар әртүрлі сочетааниеда конструкциясы және сыртқы бейнесімен ажырасатын өлшемдердің кең номенклатурасын өзірлеуге мүмкіндек береді. Мысалы, жиһаэ өндірісінде щиттардың 15 өлшемін және стандартты жәшіктердің 3 өлшемін қолдану осы элементтерді әртүрлі комбинациясы арқылы жиһаздың 52 түрін құруға мүмкіндік береді. Бірыңғайланған, стандартты, өзара алмастырылатын бөлшектер мен тораптарды қолдану нәтижесінде бұйымның жөндеуге келу қабілеті мен жөндеудің тиімділігін жоғарылатады. Агрегаттау машина жасау, радиоэлектроника және өлшем құралдарын жасау салаларында кеңінен қолданылады. Аталған салаларың дамуы бұйымдар конструкциясының күрделігі және жиі өзгеруімен сипатталады. Әртүрлі машиналарды жобалау және жасау үшін машинаның конструкциясын бір-бірінен тәуелсіз жинау бірліктеріне (агрегаттарға) бөлу қажет болып шықты. Әр агрегат машинада белгілі функция атқаратындай қылып жасалатын балды. Бұл шара агрегаттарды бөлек бұйым ретінде шығаруға және оның жұмысын машинаның жұмысынан бөлек (жеке) тексеруге мүмкіндек берді. Бұйымдарды бөлек агрегаттарға бөлу агрегаттау әдісінің дамуының алғашқы предпосылкасы болды. Содан кейін машиналардың конструкцияларын талдау көптеген агрегаттар, тораптар және бөлшектер, құрылымы басқаа болса да әртүрлі машиналарда бірден бір функция атқаратынын көрсетті. Бөлек конструкциялық шешімдерді бірыңғайланғанагрегаттар, тораптар және бөлшектер әзірлеу жолымен жалпылау осы әдістің мүмкіншіліктерін едәуір арттырады. Кешенді стандарттау - стандарттаудың негізгі әдістерінің бірі. Кешенді стандарттау кезінде тұтас объекттің өзіне ғана емес, оның негізгі элементтеріне де өзара байланыстырылған талаптар қойылады және қолданылады. Мақсаты – нақты проблеманың оңтайлы шешімін табу. Өнімге қатысты айтсақ, кешенді стандарттау – дайын өнімнің және оны шығаруға қажетті шикізаттың, материалдар және комплекттеуші тораптардың, сондай-ақ өнімнің бұзылмауы (упаковка, марклау, тасымалдау, сақтау) және қолдану (пайдалану) жағдайларының сапасына өз деңгейлері бойынша өзара байланыстырылған талаптар тағайындау және қолдану болып табыдады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мемлекеттік негізін қалаушы стандарттар комплекстерін қалыптастыру жұмыстарын келтіруге болады. қалыптастыру бойынша іс- әрекеттер жалғастырылуда: - ҚР СТ 1.0 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер»; - ҚР СТ 2.0 «Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Негізгі ережелер»; - ҚР СТ 3.0 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелер»; - ҚР СТ 4.0 «Өнімді зерттеп дайындау және өндіріске қою жүйесі. Негізгі ережелер»; - ҚР СТ 5.0 «Техникаөэкономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтаудың бірыңғай жүйесі. Негізгі ережелер»; - ҚР СТ 6.0 «Штрихты кодтау жүйесі. Негізгі ережелер»; - ҚР СТ 7.0 «Қазақстан Республикасы тіркеу (аккредиттеу) жүйесі. Негізгі ережелер». Озық стандарттау - (немесе перспективалы стандарттар әзірлеу) – стандарттау объектілеріне қазіргі күнгі практикада қол жеткен ноормалар мен талаптардың деңгейінен жоғары, алдыңғы уақытта оңтайлы болады деп болжанатын деңгейде нормалар мен талаптар тағайындау. Стандарттар ғылым және техниканың қол жеткен деңгейін бекітіп қана қоймауы керек, өйткені модельдік ескіру қарқыны жоғары болғандықтан олар техникалық прогрестің тормозы болып қалуы мүмкін. Стандарттар техникалық прогрестің тормозу болмау үшін, олар перспективалық сапа көрсеткіштерін тағайындауы керек, өндірісте оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету мерзімін көрсетуі керек. Озық стандарттар өнімнің перспективалық, сериялап шығарылуы әлі басталмаған немесе бастапқы кезеңдегі түрлерін стандарттау керек. Халықаралық стандарттаудағы жетістіктерге 80- жылдары бекітілген аудио компакт- дисктерге әзірленген халықаралық стандартын жатқызуға болады. Бұл стандарт аудио компакт- дисктер шығарылмай тұрып алдын ала әзірленген болатын. Осы шара компакт- дисктердің басқа техникалық жабдықтармен толық қиылысуын (совместимость) қамтамасыз етті, сонымен қажетсіз шығындардың болмауына қол жеткізді. Бақылау сұрақтары: 1 Параметрлерді стандарттаудың теориялық негізі болып қандай қатарлар табылады? 2 Қандай үйлесімді сандар қатарлары кездеседі? 3 Біріңғайлау әдістерінің түрлерін атап беріңіз Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с. 2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с. Лекция 8. Стандарттау объектілері және облысы. Лекцияның мазмұны 1. Стандарттау объектілері 2. «Стандарттау облысы» ұғымы Лекцияның қысқаша конспекті Стандарттау объектілері болып, әдетте, көп мәрте ұдайы қайталанылатын және/ немесе қолдану перспективасы бар өнімдер, процестер (жұмыстар), қызмет көрсетілер табылады. Екіншіден, стандарттау объектілері болып оларға нормалар, талаптар, сипаттар, параметрлер, ережелер және т.б. әзірленетін объектілер табылады. Стандарртау объектілері 1-таблицада көрсетілген Стандарттау облысы деп өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығын айтады. Мысалы машина жасау стандарттау облысы болып табылады, ал машина жасаудағы стандарттау объектілері: технологиялық процестер, қозғалтқыштар типі, машиналардың қауіпсіздігі және экологиялылығы және т.б. болып табылады (экологияға қолайлығы). Таблица 1. Стандарттау объектілерінің жіктелуі. |Стандарттау объектілері | |Өнімдер (тұтыну |Қызмет |Процестер (жұмыстар)|Бақылау | |тауарлары, өндірістік |көрсетулер | |әдістері | |құралдар) |Ұтұрмыстық, | | | | |өндірістік) | | | |Шикі-з|материа|дайын |мате-ри|матери-а| | | |ат |лдар |өнім-де|-алдық |лдық | | | |және |және |р | |емес | | | |табиғи|азық-тү| | |(әлеу-ме| | | |отын |лік | | |ттік- | | | | | | | |мәдени) | | | |және біртекті өнімдер |және біртекті |өнімнің өмірлік |сынама алу; | |топтарының жеке |қызмет көрсету |циклының жеке |сынау, өлшеу, | |аспектілері: |тпотарының жеке |кезеңдерінде |талдауларды | |терминдер, белгілер; |аспектілері: |кездесетін |өнімді шығару, | |параметрлер мен |терминдер; |процестер; |сапасын | |өлшемдер; |техникалық |бақылау әдістері; |бағалау, | |техникалық талаптар. |талаптар; |қабылдау ережелері; |сертификаттау, | | |бағалау |маркалау, буып- түю,|қолдану | | |әдістері; |тасымалдау және |кезіндежүргізу | | |көсіпорындарды |сақтау ережелері; |амалдары мен | | |жіктеу; |материалдық емес |әдістері. | | |персоналға |өндірістермен | | | |қойылатын |(статистикалық, | | | |талаптар. |банк, баспа қызметі)| | | | |байланысты | | | | |процестер; | | | | |басқару процестері; | | | | |өлшеу процестері; | | | | |ақпаратты есепке алу| | | | |және ұқсату | | | | |процестері; | | | | |қорғау процестері | | | | |(адамдарды, | | | | |табиғатты) | | Бақылау сұрақтары: 1 Стандарттау объектілерін атап берінің 2 Стандарттау объектілері қалай жіктеледі? 3 Стандарттау облысы деген не? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с. 2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с. Лекция 9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Лекцияның мазмұны 1 Стандарттаудың құқықтық негіздері 2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесінің құрылымы. Лекцияның қысқаша конспекті Стандарттаудың құқықтық негіздері. Стандарттаудың құқықтық негіздері алғашқы рет 1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңында бекітілген болатын. 1999 жылы бұл Заң Қазақстанның дамуы және нарықтың реформа жүргізуге байланысты қайта құрылып, жаңа «Стандарттау туралы» Заңы қабылданған. Бұл заңға 10.06.2003 ж. өзгерістер мен толықтырулар негізілген. 2004 ж. қараша айында қабылданған Қахақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес «Стандарттау тыралы» Заңының күші жойылды. Кейбір баптары ғана уақытша күшінде қалды. «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы Қазақстан Республикасында өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестедің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді. Сонымен бірге бұл Заң өнімге, көрсетілетін қызметке, өнімнің өмірлік циклінің процестеріне (процестерге) қойылатын міндетті және ерікті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы реттейді: - техникалық реттеу облысындағы негізгі ұғымдарды; - ҚР техникалық реттеу туралы заңнамасын; - осы заңның қолданылу саласын; - техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптерін; - Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымын; - ҚР Үкіметінің техникалық реттеу саласындағы құзіретін; - Уәкілетті органның құзыреті; - Мемлекеттік органдардың техникалық реттеу саласындағы құзіретін; - Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестерді; - стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құзыретін; - сәйкестікті растау жөніндегі органдарды; - техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін; - сәйкестікті растау, стандарттау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы- аудиторлардың құзреті; - техникалық реттеу саласындағы нормативтік- құқықтық актілерін; - стандарттаудың жалпы ережелерін; - сәйкестікті растауды; - техникалық реттеу саласындағы нормативтік- құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды; - мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жауаптылығын. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен өзге де ноормативтік құқықтық актілерден тұрады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарттау жүйесінің құрылымын құрайды: 1) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган, оның территориялық бөлімшелері және бағынысындағы кәсіпорындар; 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары, олардың стандарттау облысындағы компетенциясы шегінде; 3) жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер, сарапшы- аудиторлар; 4) Қазақстан Республикасы стандарттарының мемлекеттік қоры. Қазақстан Республикасында стандарттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік басқару техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Қомитетке (ары қарай Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет) жүктелген. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет атқару үкіметінің салааралық үйлестіруді, сондай-ақ стандарттау, метрология, сәйкестікті растау және аккредиттеу облысында реттеуді жүзеге асырушы мемлекеттік органы болып табылады. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет тікелей немесе оның бағынысындағы ұйымдар арқылы стандарттау саласында төмендегі негізгі функцияларды орындайды: 1) мемлекеттік стандарттарды және техникалық- экономикалық ақпараттың жіктеуіштерін әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың, өзгертудің, жоюдың және қолданысқа енгізудің тәртібін белгілейді; 2) техникалық реттеу саласындағы нормативтік актілермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады; 3) халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердің техникалық- экономикалық ақпараттың жіктеуіштерін, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттау жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағындаесепке алу және қолдану тәртібін белгілейді; 4) мемлекеттік, халықаралық және өңірлік стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелер мен ұсынымдарды басып шығару туралы ақпаратты жариялайды; 5) мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу тәртібін белгілейді; 6) стандарттау жөніндегі ноормативтік құжаттардың мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады. Стандарттау жөніндегі жұмыстарға мемлекеттік басқару органдары, заңды және жеке тұлғалар қатысуы мүмкін. Мемлекеттік басқару органдары, заңды және жеке тұлғалар өз құзіреті шегінде стандарттау облысында жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді және осы жұмыстарды орындау үшін тиісті стандарттау жөніндегі бөлімшелер мен қызметтер құруы мүмкін. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды стандарттау жөніндегі сарапшы- аудиторлар атқарады. Стандарттау жөніндегі сарапшы- аудиторлар техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет тағайындаған тәртіп бойынша аттестациядан өтуі керек. Кәсіпорындар және мекемелердің стандарттау жөніндегі қызметтер өз құзыреті шегінде стандарттау облысында ұйымдастыру- әдістемелік және ғылыми- техникалық басқаруды жүзеге асырады. Бұл мақсатта олар ғылыми- зерттеу, тәжірибелік- конструкторлық және басқа өнімді, көрсетілетін қызметтерді, өндірістік процестерді, оның ішінде өндірісті басқару процестерін стандарттау және унификациялау жөніндегі жұмыстарды орындайды. Бұл жұмыстар нәтижелері сапа жүйесін және экологиялық басқару жүйесін енгізу арқылы іске қосылады. Бақылау сұрақтары: 1 Стандарттаудың құқықтық негізі болып қай заң табылады? 2 ҚР стандарттау жүйесінің құрылымдық элементтерін атап беріңіңз 3 Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның стандарртау облысындағы функцияларын атап беріңіз Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с. 2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с. Лекция 10. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар. Лекцияның мазмұны 1 Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың түрлері 2 Мемлекетаралық стандарттар 3 ҚР Мемлекеттік стандарттарын әзірлеу кезеңдері 4 Әртүрлі стандарттардың сипаттамалары Лекцияның қысқаша конспекті Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың түрлері. Стандарттау жұмыстарын жүзеге асыру барысында стандарттау объектілеріне тиісті ноормалар, талаптар, ережелер, сипаттар қалыптастырылады. Аталғандар (талаптар және т.б.) нормативтік құжат түрінде өңделеді. ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға жатады: 1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары 2 Қазқстан Республикасының техникалық- экономикалық ақпаратының мемлекеттік жіктеуіштері 3 Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар 4 Халықаралық, өңірлік стандарттарды, шет мемлекеттерінің ұлттық стандарттары мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану Мемлекетаралық стандарттар. Мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ) ТМД мемлекттерінің стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитеттермен (МТК) әзірленеді және міндетті және/ немесе ұсынылатын талаптарды тағайындауы мүмкін. Мемлекетаралық стандарттарды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес (МГС), ал құрылыс саласында арнайы стандарттау, техникалық ноормалау және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық ғылыми- техникалық Комиссия қабылдайды. Мемлекетаралық стандарттар қабылдаудан өткеннен кейін стандарттар жөніндегі Бюрода тіркеледі. Бюро Минск (Беларусь Республикасы) қаласында орналасқан. Қазақстан Республикасы аумағында ГОСТ-тар Комитеттің бұйрығы бойынша енгізіледі. Бұйрықта әр стандарт үшін оны Қазақстан Республикасында мемлекеттік стааандарт ретінде енгізу датасы тағайындалады және оған қайшы келетін (немесе оны қайталайтын) мемлекетаралық немесе ҚР мемлекеттік стандартының күші жойылады. Қазақтың стандарттау және сертификаттау институты (Комитет уәкілет берген орган) Мемлекетаралық Кеңестің стандарттау жөніндегі Бюросынан тіркелген стандарттарды және оларды енгізу туралы ақпрат алады, ГОСТ-тарды көбейтеді (баспадан басып шығарады) және Қазақстан Республикасында олармен заңды және жеке тұлғаларды қамтамасыз етеді. ҚР Мемлекеттік стандарттарын әзірлеу кезеңдері. Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарын мемлекеттік басқару органдары, заңды тұлғалар, стандарттау жөніндегі комитеттер әзірлейді. Стандарттарды әзірлеуге өнімнің технологиясын әзірлеуші, шығарушы және тұтынушылардың өкілдері, ғылыми- техникалық және инженерлік қоғамдар, тұтынушылар қоғамдарының өкілдері, Комитеттің мамандары шақырылуы мүмкін. Стандартты әзірлеуді жоспарлау және ұйымдастыру кезінде ұйымдастыру- әдістемелік бірегейлікке жету мақсатында, сондай- ақ стандартты әзірлеу бойынша жұмыстардың орындалуын талдау және бақылау үшін стандартты әзірлеудің төмендегі 6 кезеңдері тағайындалған. 1-кезең – стандартты әзірлеуді ұйымдастыру және техникалық тапсырма әзірлеу; 2-кезең – стандарттың жобасын (I- редакциярын) әзірлеу және оны пікір алмасуға жіберу; 3-кезең – түскен пікірлерді өңдеу, стандарт жобасының соңғы (II- және келесі) редакциясын (редакцияларын) әзірлеу; 4-кезең – стандарт жобасын дайындау, келісу және бекітуге жіберу; 5-кезең – стандарт жобасын қарастыру, оны бекіту және тіркеу; 6-кезең – стандартты баспадан басып шығару. Әртүрлі стандарттардың сипаттамалары. Стандарттау объектлерінің ерекшеліктеріне және тағайындалатын талаптардың мазмұнына байланысты стандарттардың төмендегі түрлері әзірленеді: - негізін қалаушы стандарттар; - өнімдер мен көрсетілетін қызметтер стандарттары; - бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістерінің стандарттары; - процестер стандарттары. Негізін қалаушы стандарттар тағайындайды: - белгілі әрекеттер саласы үшін жалпы ұйымдастыру- әдістемелік жағдайларды; - өнімді, процестерді (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді әзірлеу және пайдалану процестерінде әртүрлі ғылым, техника және өнімдердің өзара байланысын, техникалық бірегейлігін және өзара түсінушілігін қамтамасыз ететін жалпы талаптар, нормалар мен ережелерді; - басқа да жалпы жехникалық талаптарды. Кең мағынада алғанда негізін қалаушы стандарттардың объектілері болып мемлекеттік және салааралық маңызы бар объектілер: мемлекеттік стандарттау жүйесі, мемлекеттік сертификаттау жүйесі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі, конструкторлық құжаттардың бірдей жүйесі (ЕСКД), өлшем бірліктері, салааралық маңызы бар терминдер мен анықтамалар (сапаны басқару, сенімділік, буып түю) және т.б. табылады. Тар мағынада қарастырғанда негізін қалаушы стандарт нақты жүйенің стандарттар комплекстерінде жалпы ережелерді анықтаушы стандарт болып табылады. Мысалы: ҚР СТ 1.0 – 2000 «ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер». Негізін қалаушы стандарттарды былай бөлуге болады: а) ұйымдастыру-әдістемелік стандарттар. Бұлар белгілі салады жұмыстарды жүргізу жәніндегі жалпы ұйымдастыру- эдістемелік ережелерді тағайындайды. Мысалы: ҚР СТ 1.2 – 2000 «ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі»; СТ РК 1081 – 2002 «Тағамдық өнімдердіге технологиялық ңұсқаулар мен рецептуралар әзірлеу тәртібі. Негізгі жағдайдар». - б) жалпа техникалық стндарттар. Өнімнің (көрсетілетін қызметтің) стандарты біртекті өнімдер (көрсетілетін қызметтер) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар тағайындайды. Өнімге төмендегі стандарттар түрлері әзірленеді: а) жалпы техникалық шарттар стандарты - біртекті өнімдер (көрсетілетін қызметтер) топтарына талаптар тағайындайды (мысалы, СТ РК 1061 – 2002 «Продукты кислоиолочные. Общие технические условия», СТ РК 1040 – 2001 «Условия транспортные по пассажирским перевозкам. Общие технические условия»; б) техникалық шарттар стандарттары – нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар тағайындайды. Мысалы, СТ РК 982 – 95 «Кефир. Технические условия», СТ РК 1095 – 2002 «Волокно хлопковое. Технические условия». Аталған стандарттар, мысалы өнім стандарттары, әдетте, төмендегі бөлімдерден құралады: - жіктелуі; - негізгі параметрлегі және/ немесе өлшемдері; - техникалық (жалпы техникалық) талаптар; - қабылдау ережелері; - маркалау, буып- түю, тасымалдау, сақтау; в) жалпы техникалық талаптар стандарттары – жалпы техникалық шарттар стандартының бір ғана бөлімінен құралатын тар арнаулы стандарттар (мысалы, СТ РК 37 – 98 «Вышивка машинная и ручная. Общие технические требования»; г) техникалық талаптар стандарттары - техникалық шарттар стандартының бір ғана бөлімінен құралатын тар арнаулы стандарттар (мысалы, ГОСТ 20902 – 95 «Столы обеденные школьные. Функциональные размеры»; ГОСТ 20809 – 75 «Патроны охотничьи. Типы и основные размеры»). Бақылау әдістерінің стандарттары өнімді, көрсетілетін қызметті әзірлеу, сертификаттау, пайдалану кезінде сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін тағайындайды (мысалы СТ РК 1049 – 2001 «Премиксы. Методы анализа»). Стандарттарда тағайындалатын бақылау әдістері объективті, дәл, нәтижелердің ұдайы қайталануын қамтамасыз ететіндей болуы керек. Әр әдіс үшін оны жүзеге асырудың ерекшеліктеріне қарай мыналарды тағайындайды: - сынау құралдарын, көмекші құралғыларды, реактивтерді, материалдарды; - сынақ жүргізуге дайындалу тәртібін; - сынақ жүргізу тәртібін; - сынақ нәтижесін өңдеу тәртібін; - сынақ нәтижесін көрсету тәртібін; - сынақтың жіберілетін қателігін. Стандарттың аарналуы тар болуы мүмкін – бір ғана сапа көрсеткішін тексеру (мысалы. таза жүн және жартылай жүннен жасалған материалдардың буды өткізгіш қабілетін анықтау әдісінің стандарты), немесе арналуы кең – көрсеткіштер комплексін тексеру болуы мүмкін (жібек және жартылай жібектен тігілген даналап саналатын өнімдерді сынау әдістерінің стандарты). Сертификаттау тәжірибесі аралас түрлі стандарттарды - өнім мен бақылау әдістерінің стандарттарын, атап айтқанда, өнімге (көрсетілетін қызметке) қауіпсіздік талаптар мен қауіпсіздікті бақылау әдістерінің стандарттарын әзірлеудің қажеттілігін білдіріп отыр (мысалы ГОСТ 25779 – 90 «Игрушки. Общие требования к безопасности и методы контроля»). Процестер (жұмыстар) стандарттары өнімнің (көрсетілетін қызметтің) өмірлік циклының жеке кезеңдерінде әртүрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (тәсілдеріне, амалдарына, режимдеріне, нормаларына) талаптар тағайындайды. (Өнімнің өмірлік циклының негізгі кезеңдері: әзірлеу, шығару, сақтау, тасымалдау, қолдану, утилизациялау). Мысалы ГОСТ 26907 – 86 «Сахар. Условия длительного хранения», ГОСТ 7995 – 79 «Мясо. Разделка говядины для розничной торговли», СТ РК 1155 – 2002 «Ртутьсодержащие приборы и изделия. Вакуум- термическая утилизация». Процестер (жұмыстар) стандарттарына технологиялық операцияларды жүргізу кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғаауға талаптарын енгізуі керек. Қазіргі күні сапа менеджменті жүйелері шегінде басқару процестерінің - құжаттарды сатып алуды, кадрлерді дайындауды және т.б. басқару процестерінің стандарттары үлкен маңыз алып отыр. Басқару процестері – сапа жүйесі жұмыс кәсіпорындардың фирмалық стандарттарының типтік объектілері болып табылады. Бақылау сұрақтары: 1 Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың қандай түрлері тағайындалған? 2 ҚР Мемлекеттік стандарттарын әзірлеу кезендерін айтып беріңіз 3 Стандарттардың қандай түрлері кездеседі? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с. 2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с. Лекция 11. Сәйкестікті растау. Жалпы сипаттамасы. Лекцияның мазмұны 1 Сәйкестікті растаудың мәні және негізгі ұғымдары 2 Сәйкестікті растау мақсаттары Лекцияның қысқаша конспекті Сертификаттаудың мәне және негізгі ұғымдары. Сертификаттау деген сөз латын тілінен «дұрыс істелінген» ден аударылады. Өнім «дұрыс істелгеніне көз жеткізу үшін ол өнім қандай талаптарға сай болуы керектігін және өнімнің сол талаптарға сай екендігін қалай дәлелдеуге болатынын білу керек. Халықаралық практикада бұларды дәлелдеу үшін сертификаттау процедурасы қолданылады. Өнімнің өмірлік циклы тізбегінде шығарушы «бірінші жақ» болып табылады. Ол, әрине, жақсы, тұтынушыны қанағаттандыратын өнім шығардым деп есептейді. Бұл тізбекте «екінші жақ» болып тұтынушы табылады. Ол сапалы тауар алғысы келеді. Тұтынушы қалай бағалағанынан тауардың тағдыры тәуелді болып табылады. «Үшіні жақ» яғни арбитр болып шығарушы мен тұтынушының екеуінен де тәуелсіз орган немесе тұлға табылады. Қазақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» Заңында мынадай анықтама берілген. Сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын рәсім. Өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сертификаттау осы өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нормативтік құжаттарда тағайындалған талаптарға сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін іс- шаралардың комплексі (жиынтығы) болып табылады. Сертификаттау объектілері: 1) өнімдір; 2) көрсетілетін қызметтер; 3) процестер; 4) жұмыстар; 5) сапа менеджментінің жүйелері. Сертификаттау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация б.т. Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат. Сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат. Сәйкестік туралы декларация да, сәйкестік сертификаты да бірдей заңды күшке ие болады. Сәйкестігі сәйкестік сертификатымен немесе сәйкестік туралы декларациямен расталатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) тізілімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сәйкестік сертификатысыз және (немесе) сәйкестік Белгісісіз немесе сәйкестік туралы декларациясыз босатуға тиым салынады. Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, егер олар Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген болса жарнамалауға (реклама жасауға) тиым салынады. Сертификаттау жөніндегі заңнаманы бұзған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылады. Сәйкестікті растау мақсаттары. Сәйкестікті растау мақсаттары болып табылады: - өнімнің, процестердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызттердің адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін, азаматтардың мүлкінің және қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз ету; - өнімнің, көрсетілетін қызттердің сапасы тұрғысынан тұтынушылардың мүддесін қорғау; - саудада техникалық кедергілерді жою, өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің ішкі және сыртқы рыноктағы бәсекелестігін қамтамасыз ету; - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстанның тауарлар рыногындағы іс- әрекеттері үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми- техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуына қажетті жағдайлар тудыру. Бұдан басқа сертификаттаудың мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады: - тұтынушылардың сапалы өнімдерді (көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды) таңдап алуына жәрдемдесу; - тұтынушыларды әділетсіз өндірушіден (сатушыдан, орындушыдан) қорғау; - шығарушы (орындаушы) ұсынған өнімнің (көрсетілетін қызметтің, жұмыстың) сапалық көрсеткіштерін куәландыру. Бақылау сұрақтары: 1 Сәйкестікті растау деген не? 2 Сәйкестікті растау объектілерін атап беріңіз 3 Сәйкестікті растау мақсаттарын атап беріңіз Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с. 2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с. Лекция 12. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Лекцияның мазмұны 1 Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің функциялары 2 Сәйкестікті растауға қатысушылар Лекцияның қысқаша конспекті Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Сертификаттау жүйесінің өзіндік, сертификаттау жұмыстарын жүргізу ережелері және басқару рәсімдері болаты. Сертификаттау жүйелері үлттық (мемлекеттік), мемлекетаралық, өңірлік және халықаралық деңгейде қалыптастырылады. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі: - сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді; - сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін; - сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ зертханаларына (орталықтарына) талаптарды және оларды аккредиттеу рәсімдерін; - сертификаттау жөніндегі сарапшы- аудиторларды дайындау және аттестаттау рәсімдерін; - мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімін жүргізу; аудит және инспекциялық бақылау ережелерін; - және басқаларды тағайындайды, Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттің қаржыларынан және келісім- шарттар негізінде табылған қаржылардын құралады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі мемлектеттік басқару органдарының, Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай- ақ басқа елдердің фирмалары мен ұйымдарының қатысуы үшін ашық болып табылады. Аталған кәсіпорындар, фирмалар мен ұйымдар ҚР МСЖ ережелерін мойындауы және орындауы міндетті болып табылады. ҚР МСЖ-сі шығарушылар, тұтынушылар, қоғамдық ұйымдар. сертификаттау жөніндегі органдар, сынақ зертханалары (орталықтары) үшін, сондай- ақ басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалар үшін ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.. Сәйкестікті растауға қатысушылар. Сәйкестікті расттауға қатысушылар мыналар болып табылады: 1 Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган; 2 Акктериттеуден өткен өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттау жәніндегі органдар 4 Аккредиттеуден өткен сынақ зертханалары (орталықтары); 5 Аккредиттеуден өткен аккредиттеу саласында консалтин қызметін көрсету жөніндегі ұйымдар; 6 Сертификаттау жөнендегі сарапшы- аудиторлар. Өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды, сапа менеджментінің жүйелерін сертификаттау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінде орналасқан 100 ден артық сертификаттау жөніндегі органдар және 300 жуық сынақ зертханалары (орталықтары) жүзеге асырады. Сәйкестікті куәландыру және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды басқаруды техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет (ары қарай – Мемстандарт) – Қазақстан Республикасы үкіметімен тағайындалатын техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Мемстандарт өзінің лауазымы және құқықтары шегінде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және басқарады. Өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттау жәніндегі органдар кез келген меншік түрлеріндегі, заңды тұлға болып табылатын және Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік құжаттарында тағайындалған талаптарға сәйкес келетін ұйымдардың негізінде құрылады. Әрекеттің белгілі сферасында сәйкестікті куәландыру жұмыстарын атқару құқығына ие болам деуші ұйым міндетті түрде аккредиттеу рәсімінен өтуі тиіс. Өнімнің (көрсетілетін қызметтердың) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыруға қатысушы сынақ зертханалары (орталықтары) аккредиттеу облысы шегінде сертификациялық сынақтар жүргізеді. Сынақ зертханасы (орталығы) заңды статусы бар дербес ұйым болуы мүмкін немесе сертификаттауды куәландыру жөніндегі органның немесе басқа да заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болуы мүмкін. Сынақ зертханаларының (орталықтарының) негізгі функциясы сертификациялық сынақтарды жүргізу болып табылады. Сертификациялық сынақтар жүргізгенде стандартталған әдістемелер қолданылуы керек және олар (әдістемелер) сынақ нәтижелерінің дұрыс (объективный және достоверный) болуын қамтамасыз ету керек. Аккредиттеу саласында консалтин қызметін көрсету жөніндегі ұйымдар – сертификаттау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеуге дайындау жөніндегі жұмыстарды атқарушы заңды тұлғалар болып табылады. Бұл ұйымдар Мемстандартпен бекітілген тәртіп боынша аккредиттеуден өткен болулары керек. Сарапшы - аудиторлар. Сәйкестікті куәландыру жөніндегі сарапшы- аудиторлар – бекітілген тәртіп бойынша балгілі әрекеттер саласында өнімдері, көрсетілетін қызметтерді, процестерді, жұмыстарды, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау немесе сынақ зертханаларын (орталықтарын) және сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу жұмыстарын жүргізу құқығына аттестацияланған маман болып табылады. Сарапшы аудитор сынақтардың толық және дұрыс жүргізілуін, олардың нәтижелерінің объективный және достоверный болуын қамтамасыз етеді. Сертификаттау жүйесінің қызметін тұтынушы сертификаттауға қатысушы – өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттауға өтінуші және олардың сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беруші жеке және заңды тұлғалар (шығарушылар, сатушылар, орындаушылар) - өтінушілер болып табылады. Сертификаттауға қатысушыларға тұтынушылар да жатады. Сертификттау жөніндегі іс- әрекеттер тұтынушы үшін маңызды болып табылады, өйткені олар: - өнімнің (жұмыстардың, процестердің) сапасы мен қауіпсіздіген жоғарылатуға; - тауарлар мен көрсетілетін қызметтер жөнінде ақиқат және толық ақпарат таратуға; - сапасыз тауарлардан (жұмыстардан, көрсетілген қызметтерден) адамдардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген шығындарды қайтарып беруге бағытталады. Бақылау сұрақтары: 1 Мемлекеттік сәйкестікті растау жүйесі нелерді қарастырады? 2 Сәйкестікті растауға қатысушылар кімдер болып табылады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с. 2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с. Лекция 13. Сертификаттаудың заңнамалық және нормативтік базасы. Лекцияның мазмұны 1 ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы 2 Сәйкестікті растаудың нормативтік базасы Лекцияның қысқаша конспекті Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде негізін қалаушы нормативтік (құқықтық, әдістемелік және техникалық) құжаттар қолданылуы тиіс. Сертификаттау жөніндегі заңнама Қазақстан Республикасы «Техниклық реттеу туралы» Заңынан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен құралады. Қазақстан экономикасында өтіп жатқан өзгерістерді ескере отырып 1999 жылы ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының орнына халықаралық заңнамаман гармонизацияланған ҚР «Сертификаттау туралы» Заңы қабылданған болатын. Соңынан 10 маусым 2003 жылы бұл Заңға өзгертулер енгізілген және толықтырылған. 9 қараша 2004 жылы ҚР «Техниклық реттеу туралы» Заңы қабылданып, ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының күші жойылды. ҚР «Техниклық реттеу туралы» Заңында техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган және оның сертификаттау саласындағы қызмет бағыттары белгіленген. Заң Қазақстан Республикасында өнімді, сапа менеджменті жүйелерін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін тағайындайды, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құықықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін айқындайды. Заңның баптарын ары қарай дамыту мақсатында заңнамалық актілер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстары, мемлекеттік басқару органдарының нормативтік актілері шығарылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстарымен міндетті түрде сертификаталуға жататын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің номенклатырасы белгіленген және сәйкестігін сәйкестік туралы декларациямен куәландыруға болатын өнімдердің тізімі айқындалған. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен Қазақстан Республикасынды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін реттеуші нормативтік құжаттар (мемлекеттік стандарттар, ережелер, ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулар және т.б.) әзірленген. Қазіргі күнге Қазақстан Республикасында міндетті және ерік сертификаттауға қатысты жүзден артық нормтивтік құжаттар жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік базасы төмендегі құжаттардан (мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық, басқа елдердің ұлттық) құралады: - стандарттар, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыстық нормалар мен ережелер, бекітуден өткен рецептуралар жинақтары, анықтамалық ақпараттық материалдар және т.б. оларға сәйкетікке өнімді сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттар; - өнімді сынау әдістеріне нормативтік құжаттар; - сапа менеджменті жүйелеріне нормативтік құжаттар; - ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің салааралық комплексінің нормативтік құжаттары. Сертификаттау жөніндегі ҚР Мемлекеттік стандарттары үшінші салааралық стандарттар тобына жатады (ҚР СТ 3. ) және сертификаттау объектілері мен процедураларына бірыңғай нормалар мен талаптарды тағайындайды. ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі құжаттарының комплексінің негізін қалаушы стандарты ҚР СТ 3.0 – 2001 «ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі жағдайлар» болып табылады. Бұл стандарт ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің мақсаттарын, принциптерін, құрылымын және бірыңғай ережелерін айқындайды. Нақты біртекті өнімдер мен көрсетілетін қызметтер топтарына таралатын ұйымдық- әдістемелік құжаттар ережелер түрінде орындалған. Мысалы, ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде астық және оны ұқсату өнімдерін; кондитер өнімдерін; балалар ойыншықтарын; автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және олрды жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметті сертификаттау ережелері және т.б. жұмыс істейді. Бақылау сұрақтары: 1 ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы қашан қабылданды? 2 Сәйкестікті растау жөніндегі нормативтік құжаттар нелерді қарастырады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с. 2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с. Лекция 14. Сәйкестікті растау түрлері Лекцияның мазмұны 1 Сәйкестікті растаудың жалпы сипаттамасы. 2 Сәйкестікті растау түрлері Лекцияның қысқаша конспекті Сәйкестікті растаудың жалпы сипаттамасы. Сәйкестікті куәландырудың ұйымдық- әдістемелік негізі барлық сертификаттау объектілеріне таралатын және осы процедураны ұйымдастыру және жүргізу тәртібін реттейтін ережелерден құралады. Отандық және импортталатын өнімдердің сәйкестігін куәландыру бірегей ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тағайындалған ережелер және схемалар бойынша жүзеге асырылады. Өнім қай мемлекетте шығарылғаны, өндіру, сақтау, тасымалдау процестері, келісімдердің түрі мен олардың ерешеліктері ескерілмейді. Импортталған өнімнің сәйкестігін куәландыру шетел сертификатын және сәйкестік Белгісін мойындау жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жерде сертификаттау нәтижесін мойындау туралы тиісті келісім болуы керек. Республикада мойындалатын сертификат болмаған жағдайда өнімнің үлгілерін сертификаттау сынақтарынан өткізеді? Сынақ жүргізгенде өнімнің көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасында жүретін нормативтік құжаттарда мекітілген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Экспортталатын өнімдердің сәйкестігін куәландыру олардың шығарушы және тапсырыс беруші арасындғы контракттта қарастырылған ноормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін көрсету үшін жүргізіледі. Өнімнің, оның ішінде импортталатын өнімнің сәйкестігін куәландыруды сертифиакттау жөніндегі аккредиттелген орган, ал ондай орган болмағанда Мемстандарт жүзеге асырады. Сертификаттау сынақтарын жүргізуге тек аккредиттелген сынау зертханалары (орталықтары) тартылу керек. Өнімді сынау кезінде анықталатын көрсеткіштер үш топқа бөлінеді: 1) идентификациялау мақсатында анықталатын көрсеткіштер; 2) қауіпсіздікті және міндетті сертификаттау үшін қойылатын басқа да талптарды куәландаруға қажетті көрсеткіштер; 3) ерік сертификаттау үшін анықталатын аталғаннан басқа көрсеткіштер. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізумен байланысты барлық шығындарды, жұмыстың нәтижесіне байланысыз, өтінуші өтейді. Бұл үшін өтінуші және сертификаттау жөніндегі орган арасында келісім-шарт жасалады. Сертификаттау жөніндегі орган, өз кезегінде, сертификаттау жұмыстарын жүргізуге өзі тартқан ұйымдардың шығындарын өтейді. Келісім – шарт бойынша. 1. Сертификаттау түрлері. Қазақстан Республикасы территориясында өнімдердің (процестердің, көрсетілетін қызметтерлің, жұмыстардың) сәйкестігін куәландыру ерікті және міндетті түрде жүргізілуі мүмкін. Өз еркімен сәйкестікті куәландыру ерікті сертификаттау түрінде жүзеге асырылады. Ерікті сертификаттау өтінушінің (шығарушы, сатушы, орындауышының) инициативасы бойынша жүргізіледі. Мақсаты - өнімнің (процестің, көрсетілетін қызметтің, жұмыстың) өтінуші ұсынған стандарттың немесе басқа нормативтік құжаттың талаптарына, сондай-ақ өтінушінің арнаулы талаптарына сәйкестігін куәландыру. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды. Басқаша айтқанда, егер өнім міндетті сертификаттауға жататын болса, оны ерікті сертификаттаудан өткізуге болмайды. Сәйкестікті міндетті куәландыру төмендегі түрде жүзеге асырылады: 1) шығарушы кәсіпорын сәйкестік туралы деклорация қабылдау арқылы; 2) міндетті сертификаттау жүргізу арқылы. Міндетті сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі органдрдың қатысуымен өнімнің, көрсетілетін қызметтің техниклық реттеу саласындағы нормтивтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестікті растау нысаны. Міндетті сертификаттау міндетті сертификаттауға жататын өнімдер (процестер, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) тізіміне кірген өнімдер (процестер, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) үшін жүргізіледі. Техниклық реттеу саласындағы нормтивтік құқықтық актілерге техникалық регламенттер, стандарттар немесе өнімнің, процестің, көрсетілетін қызметтің адам өмірі, денсаулығы, мүлкі үшін және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да нормативтік құжаттар жатады. Міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер тізімі, сондай-ақ сәйкестігі туралы декларациямен растауға болатын өнімдір мен көрсетілетін қызметтердің тізімін Мемстандарт мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша әзірлейді. Тізімдер Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі. Қазіргі кезде мұнбай тізілімдер мыңнан астам өнімдер және онға тақау көрсетілетін қызметтерді ауқымдайды. Заңға сәйкес тізілімдерге енгізілген өнімдерді тек қана сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы болған жағдайда сатуға болады. Міндетті және ерікті сертификаттаудың салыстырмалы сипаттамалары 1- таблицада келтірілген. Таблица 1. Міндетті және ерікті сертификаттаудың салыстырмалы сипаттамалары |Сертифи-кат|Жүргізу |Жүргізу |Объектілер |Сәйкестікті |Норматив-ті| |тау түрі |мақсаттары |негізі | |тексеру мәні |к базасы | |Міндетті |Өнімнің |Қазақстан|Міндетті |Нормативтік |Өнімнің | | |(жұмыстың, |Респуб-ли|түрде |және де басқа|(жұмыстың, | | |көрсетілетін |касы-ның |сертификатту-|құжаттарда |көрсетілеті| | |қызметтің) |заңнама-л|ға жататын |қарастырыл-ға|н | | |қауіпсіздігін |ық |өнімдердің |н міндетті |қызметтің) | | |және экологияға|актілері |Қазақстан |талаптарға |сапасы және| | |зиянсыздығын | |Республикасы |сәйкестікті |қауіпсіздіг| | |қамтамасыз ету | |Үкіметімен |тексеру |і-не | | | | |бекітілген | |міндетті | | | | |Тізіміне | |талаптар | | | | |енгізілген | |қоятын | | | | |өнімдер, | |нормативтік| | | | |көрсетілетін | |және басқа | | | | |қызметтер | |құжаттар | |Ерікті |Кәсіпорынның |Заңды |Кез келген |Өтінуші |Өтінуші | | |өнімінің |және жеке|объектілер |белгілеген |ұсынған | | |(жұ-мысының, |тұлғалар-| |кез келген |нормативтік| | |көр-сетілетін |дың | |талаптарға |және басқа | | |қыз-меттінің) |инициа-ти| |сәйкестікті |да құжаттар| | |бәсеке-сестігін|васы | |тексеру | | | |қамтамасыз ету.|бойынша | |(міндетті | | | | |жасалған | |сертифкатау-ғ| | | |Қауіпсіздік |келісім-ш| |а жататын | | | |талаптарына |арт | |өнімдер | | | |ғана емес, | | |бойынша | | | |сапаны | | |міндетті | | | |қамтамасыз | | |талаптарды | | | |ететін | | |толықтыру-шы | | | |талаптар-ға | | |талаптарға | | | |сәйкес келетін | | |сәйкестікті | | | |өнімге | | |тексеру) | | | |(жұмыс-қа, | | | | | | |көрсетілетін | | | | | | |қызметке) | | | | | | |жарнама беру | | | | | Қазақстанда қазіргі кезде көбінесе міндетті сертификаттау орын алады. Себебі – тауарлар рыногындағы бәсекелестіктің деңгейі төмен. Бәсекелестік арта түскен жағдайда ерікті сертификаттаудың ролі артады. Шетел мемлекеттерінде ерікті сертификаттаудан өткен өнімдер жақсы сатылады, бәсекелестікті көтереді. Біз де соған жетеміз өз кезінде. Бақылау сұрақтары: 1 Сәйкестікті растау ережелері нелерден құралады? 2 Өнімді сынау кезінде анықталатын көрсеткіштер неше топқа бөлінеді? 3 Сәйкестікті растау қандай түрде жүргізілуі мүмкін? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с. 2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с. Лекция 15. Өнімдердің сәйкестігін растау. Лекцияның мазмұны 1 Өнімдердің сәйкестігін растау схемалары 2 Сәйкестікті растау тәртібі 3 Сәйкестік декларациясын қабылдау тәртібі Лекцияның қысқаша конспекті Өнімдердің сәйкестігін растау схемалары. Өнімді сертификаттау Мемлекеттік сертификаттау жүйесімен тағайындалған схемалар бойынша жүргізіледі. Сертификаттау схемасы үшінші жақтың өнімнің сәйкестігін бағалау кезіндегі іс-әрекеттерінің құрамы мен кезектілігін белгілейді. Сертификаттау жүйесімен бірнеше сертификаттау схемалары қарастырылған. Схеманы таңдап алу кезінде нақты өнім өндірісінің, оны сынау және қолданудың рекшеліктері ескерілу керек. Бұлармен қатар куәландыру деңгейіне қойылатын талаптар және өтінушінің шығындарының мөлшері ескеріледі. Қазақстан Республикасында қолданылатын сертификаттау схемалары 2- таблицада берілген. Таблицадан растау әдістері ретінде: - сынау; - қосылған құжаттарымен бірге сәйкестік туралы декларацияны қарастыру; - өндірістің жай-күйін талдау; - инспекциялық бақылау қолданылатынын көруге болады. 2- таблица. Қазақстан Республикасында қолданылатын сертификаттау схемалары |Схема |Сәйкестікт|Өндірісті|Инспекциялық бақылау|Сертификаттың|Ескерту | |номері|і |тексеру | |күшінде боле | | | |растау | | |мерзімі, | | | |әдісі | | |артық емес | | |1 |2 |3 |4 |5 |6 | |1 |Типін |- |- |6 ай |Маркалау | | |сынау1 | | | |жүргізілмейд| | | | | | |і | |2 |Типін |Өндірісті|Сатушыдан алынған |12 ай |Осы типтің | | |сынау |ң |үлгілерді сынау. | |барлық | | | |жай-күйін|Өндірістің жай-күйін| |шығарылған | | | |талдау |талдау | |өнімдері | | | | | | |маркланады | |3 |Типін |Өндірісті|Шығарушыдан алынған |12 ай |-«- | | |сынау |ң |үлгілерді сынау. | | | | | |жай-күйін|Өндірістің жай-күйін| | | | | |талдау |талдау | | | |4 |Типін |Өндірісті|Сатушыдан алынған |18 ай | -«- | | |сынау |ң |үлгілерді сынау. | | | | | |жай-күйін|Шыға-рушыдан алынған| | | | | |талдау |үлгі-лерді сынау. | | | | | | |Өндірістің жай-күйін| | | | | | |талдау | | | |5 |Типін |Өндірісті|Сатушыдан алынған |36 ай | -«- | | |сынау |немесе |үлгілерді сынауҮ. | | | | | |сапа |Шығарушыдан алынған | | | | | |жүйесін |үлгілерді сынау. | | | | | |сертифика|Өнді-рісті (сапа | | | | | |ттау |жүйесін) бақылауҮҮ | | | |6 |Типін |Сапа |Сапа жүйесін |36 ай |Маркалау | | |сынау |жүйесін |бақылауҮҮ | |жүргізілмейд| | | |сертифи-к| | |і | | | |аттау | | | | |7 |Партияны |- |- |Партияны |Маркалау | | |сынау | | |босату |жүргізілмейд| | | | | |мерзімі |і | |8 |Әр өнімді |- |- |Тағайындал-ма|Әр өнім | | |сынау | | |йды |маркаланады | |9 |Қосылған |- |- |Өнімнің |Маркалау | | |құжаттарым| | |жарамдылық |жүргізілмейд| | |ен бірге | | |мерзімі, |і | | |сәйкестік | | |бірақ 12 | | | |туралы | | |айдан артық | | | |деклараци-| | |емес | | | |яны | | | | | | |қарастыру | | | | | | | | | | | | |1 |2 |3 |4 |5 |6 | |10 |Қосылған |Өндіріс-т|- |12 ай |Маркалау | | |құжаттарым|ің | | |жүргізілмейд| | |ен бірге |жай-күйін| | |і | | |сәйкестік |талдау | | | | | |туралы | | | | | | |декларация| | | | | | |ны | | | | | | |қарастыру | | | | | 1 Шығарылатын өнімді оның типтік өкілі болып табылатын бір немесе бірнеше үлгілерінің сәйкестігін растау негізінде сынау. Ү Сынаудың қажеттілігін және көлемін өнімді сертификаттау жөнінднгі орган сертификатталған сапа жүйесін (өндірісті) бақылау нәтижесі бойынша анықтайды. ** Өндіріске немесе сапа жүйесіне сертификат берген орган жүзеге асырады. 1 – 6 және 10- сертификаттау схемалары сериялап шығарылатын өнімдерді сертификаттауда қолданылады, 7 – 9 схемалар – шығарылып жатқан өнімді сертификаттауда қолданылады. Өнімді сәйкестігін растау тәртібі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік құжаттары төмендегі өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу ретін қарастырады: 1) өтінімші сертификаттау жөніндегі органға өтінім береді; 2) өтінімді қарастыру нәтижесі бойынша шешімді өтінушіге жіберу; 3) өтінуші және сертификаттау жөніндегі орган арасында өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге келесім-шарт өңдеу; 4) сертифаттауы сұралатын өнімнің үлгілерін таңдап алу, оларды идентификациялау және сынақ зертханаларына жеткізу; 5) сертифаттауы сұралатын өнімнің үлгілеріне сертификаттау сынағын және басқа жұмыстарды жүргізу; 6) өндірістің жай-күйін талдау (таңдалған схемаға сәйкес); 7) алынған нәтижелерді талдау және сәйкестік сертификатын беру мүмкүндігі бойынша шешім қабылдау; 8) сәйкестік сертификатын беру және оны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізіліміне тіркеу; 9) сертификаттаудан өткен өнімді сәйкестік Белгісімен маркалау; 10) өнімгің сертификатталған сипаттарының және сапаны қамтамасыз eту жүйесінің жұмысының үстінен инспекциялық бақылау жүргізу. Кейбір схемалар бойынша сертификаттау кезінде кейбір кезеңдер қарастырылмауы мүмкүн. Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау тәртібі. Өнімнің сәйкестігін сәйкестік туралы декларацияны қабылдау арқылы растау рәсімі отандық тауар өндірушілерді қолдау және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттауға жұмсалатын шығындарды азайту мақсатында енгізілген. Бірақ өнімнің сәйкестігін сәйкестік туралы декларацияны қабылдау арқылы растау отандық өнімдерге ғана таралады және импортталатын өнімдерге қолданылмайды. Сәйкестік туралы декларация міндетті сертификаттауға жататын және «Сәйкестігін сәйкестік туралы декларацияны қабылдау арқылы растау рұқсат етілген өнімдердің Тізіліміне» енгізілген өнімдерге қатысты қолданылады. Өнімді жеткізуші (шығарушы, сатушы) сәйкестік туралы декларацияны өнімнің өзіне қойылатын талаптарға сәйкес келетінінрастайтын құжаттардың негізінде қабылдайды. Мұндай құжаттарға жатады: - өнімнің үстінен шығарушымен (тапсырушымен) және (немесе) компетентный сынақ зертханаларымен жүргізілген бақылау сынақтарының хаттамалары; - өнімге бұрыннан берілген күшіндегі сәйкестік сертификаттар және (немесе) шикізатты, материалдарды, комплекттеуші бұйымдарды сынау хаттамалары; - стандарттардың талаптарының орындалуын мемлекеттік қадағалау актілері (стандарттардың талаптары бұзылмаған жағдайда); - өнімнің (шикізаттың, өндіріс процесінің, буыпөтүю, маркалаудың) тағайындалған талаптарға сәйкестігін растаушы құжаттар, сапа жүйесінің немесе шығарушы кәсіпорынның өндірісінің сәйкестік сертификаты және т.б. Сәйкестік туралы декларация нақты өнім немесе олардың сәйкестікті растайтын бірыңғай талаптар қойылатын біртекті өнімдер топтарына қатысты қабылдануы мүмкүн. Сәйкестік туралы декларация Мемстандартпен бекітілген форма бойынша толтырылады. Бақылау сұрақтары: 1 Сәйкестікті растау схемасы нені білдіреді? 2 Сәйкестікті растау тәсілі ретінде нелер қолданылады? 3 Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі неше схема қолданылады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с. 2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с. 2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР № 1 тәжірибелік сабақ «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы. Негізгі ұғымдар Сабақтың мақсаты: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңының негізгі ұғымдарын оқып үйрену. Қолданылатын әдебиеттер: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы. Тапсырма: 1 Заңның бірінші бабын және осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдарды оқып үйрену. 2 Жазбаша келесі сұрақтарға жауап беру: 2.1 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» туралы ҚР заңында қандай негізгі ұғымдар қолданылады? 2.2 Берілген заң бойынша қандай қарым-қатынастар реттеледі? 2.3 Келесі терминдердің мазмұнын ашыңыз: «өлшеу», «өлшеу құралдары», «өлшеу бірлігі», «өлшеу құралдарын сынау», «өлшеу құралдарын калибрлеу», «өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-құжаттар», «өлшеу құралдарын салыстырып тексеру»? 3 Бақылау сұрақтарына жауап беру. Бақылау сұрактары: 1 Заңның бірінші бабында қандай сұрақтар қарастырылады? 2 Заңның қабылданған уақытын айтыңыз? 3 Осыдан бұрын осы заңға сәйкес заң қабылданды ма? Егер қабылданса ол қай жылы және заң қалай аталды? №2 тәжірибелік сабақ «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы. Жалпы ережелер Сабақтың мақсаты: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңының жалпы ережелерін окып үйрену. Қолданылатын әдебиеттер: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы. Тапсырма: 1 Заңның 2-5 бабтарын оку. 2 Жазбаша келесі сұрақтарға жауап беру: 2.1 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заң шығарғанда қандай жағдайға негізделеді? 2.2 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңнын әрекет ету аумағын көрсетіңіз? 2.3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мақсаты қандай? 2.4 Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның негізгі функцияларын айтыныз? 3 Бақылау сұрақтарына жауап беру. Бақылау сұрақтары: 1 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңынын таралу аймақтарын айтыныз? 2 Қазакстан Республикасындағы өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі баскару әрекеттерін қандай мемлекеттік орган жүзеге асырады? 3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаттарын атаңыз? №3 тәжірибелік сабақ Өлшеу қателіктері Сабактың мақсаты: Өлшеу қателіктерінің түрлерін оқып үйрену. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1 Крылова Г.Д. «Основы стандартизации, сертификации и метрологии» - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с. 2 Тазабеков К.А. Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. - Алматы, 2003. - 450 с. Тапсырма: 1 Өлшеу қателіктерінің түрлеріне дәріс бойынша дайындалу. 2 Өлшеу қателіктерінің жіктелуі кестесін жұмыс дәптеріне салу. 3 Бақылау сұрақтарына жауап беру. [pic] Бақылау сұрақтары: 1 Өлшеу қателіктері неше нышан бойынша жіктеледі? 2 Өлшеу қателіктерінің жіктелу нышандарын атаныз? 3 Қандай қателіктер кездейсок деп аталады? 4 Қандай қателіктер систематикалыққа (жүйелікке) жатады? 5 Қателесу дегеніміз не? 6 Өрескел (дөрекі) қателік дегеніміз не? 7 Сыртқы қандай факторлар әсер етеді? №4 тәжірибелік сабақ Метрологиялық қызмет Сабактың мақсаты: Метрологиялық қызметтің құрылымымен танысу Пайдаланылатын әдебиеттер: 1 Крылова Г.Д. «Основы стандартизации, сертификации и метрологии» - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с. 2 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы. 3 Тазабеков К.А. Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. - Алматы, 2003. - 450 с. Тапсырма: 1 Заңдағы 3 тараудың баптарын оқып меңгеру 2 Мемлекеттік метрологиялық қызметтің функцияларын білу. 3 Уақыт және жиілік мемлекеттік қызметінің мақсаттары мен міндеттемелерін оқу 4 Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметінің функцияларын білу. 5 Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректердің мемлекеттік қызметінің мақсаттары мен міндеттерін оқып үйрену. 6 Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметінің функцияларын оқып меңгеру. 7 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлардың қызметін білу. 8 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында консалтингтік қызметтер көрсететін заңды тұлғалардың басты міндеттерін оқып меңгеру. Бақылау сұрақтары: 1 ҚР метрологиялық қызметтің құрылымы қандай? 2 Мемлекеттік метрологиялық қызмет. 3 Уақыт және жиілік мемлекеттік қызметінің мақсаттары неде? 4 Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметінің қандай функцияларын білесіздер? 5 Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректердің мемлекеттік қызметінің мақсаттары мен міндеттері қандай? 6 Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметінің функцияларын атыңыз? 7 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлардың функциялары неде? 8 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында консалтингтік қызметтер көрсететін заңды тұлғалар қандай жұмыс атқарады? №5 тәжірибелік сабақ Мемлекеттік метрологиялық бақылау Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың объектілері мен қатысты Заң бабтары мен танысу. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1 Крылова Г.Д. «Основы стандартизации, сертификации и метрологии» - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с. 2 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы. 3 Тазабеков К.А. Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. - Алматы, 2003. - 450 с. Тапсырма: 1 Заңдағы 5-ші тарауды меңгеру. 2 Мемлекеттік метрологиялық бақылау нысандарының сызбанұсқасын салу. 3 Бақылау сұрақтарына жауап беру. [pic] Бақылау сүрақтары: 1 Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың мақсаты неде? 2 Түрлі нысандарға Мемлекеттік метрологиялык бақылау жүргізу кезінде қандай жұмыстар атқарылады? 3 Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың қандай объектілерін білесіздер? 4 Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың аясы қандай? 5 Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың түрлерін атаңыздар? 6 Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары қандай? №6 тәжірибелік сабақ «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы. Стандарттау аймағындағы ұғымдар Сабақтың мақсаты: «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының стандарттау аймағындағы негізгі ұғымдарын оқып үйрену. Қолданылатын әдебиеттер: «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы Тапсырма: 1 Заңның бірінші бабын және осы заңда пайдаланылатын стандарттау аймағындағы негізгі ұғымдарды оқып үйрену. 2 Жазбаша келесі сұрақтарға жауап беру: 2.1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңында қандай негізгі ұғымдар қолданылады? 2.2 Берілген заң бойынша қандай қарым-қатынастар реттеледі? 2.3 Келесі терминдердің мазмұнын ашыңыз: «стандарттау», «стандарт», «мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі», «мемлекеттік стандарт», «стандарттау жөніндегі нормативтік құжат», «стандарттау жөніндегі техникалық комитет», «мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі»? 3 Бақылау сұрақтарына жауап беру. Бақылау сұрактары: 1 Заңның бірінші бабында қандай ұғымдар қарастырылады? 2 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін не құрайды? №7 тәжірибелік сабақ ҚР техникалық реттеу жүйесінің заңнамалық негізінің құрылымдық элементтері Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінің заңнамалық негізінің мазмұны мен құрылымдық элементтерін оқып меңгеру. Қолданылатын әдебиеттер: «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы Тапсырма: 1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын қабылдау мен бекіту тәртібімен танысу. 2 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының негізгі құрылымдық элементтерін оқып меңгеру. 3 Бақылау сұрақтарына жауап беру. Бақылау сұрақтары: 1 Қазақстан Республикасында стандарттау саласы бойынша осы күнге дейін қанша заң қабылданды? 2 Стандарттау саласындағы ең алғашқы заң қашан қабылданды және оның толық атауы қандай? 3 Қазақстан Республикасында стандарттау саласындағы басқа заңдары қашан қабылданды? 4 Стандарттау саласындағы қандай заңның қазіргі уақытта күші бар? 5 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын қабылдау тәртібі мен енгізу күні қандай? 6 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын құрудың мақсаттарын атаңыз. 7 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңында қандай негізгі құрылымдық элементтер бар? №8 тәжірибелік сабақ Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымымен танысу Қолданылатын әдебиеттер: «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы Тапсырма: 1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымын оқып меңгеру. 2 Техникалық реттеу аймағындағы ҚР Үкіметінің құзыреттілігін білу. 3 Өкілетті органның құзыреттілігін білу. 4 Техникалық реттеу аймағындағы мемлекеттік органдардың құзыреттілігін білу. 5 Техникалық реттеу аймағындағы сараптамалық кеңестердің міндеттерін оқып меңгеру. 6 Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің негізгі функцияларын білу. 7 Сәйкестікті растау органдарының атқаратын қызметтерімен танысу. 8 Зертханалардың құқықтары мен міндеттерін білу. 9 Ақпараттық орталықтың функцияларын білу. 10 Сарапшы-аудиторлардың құзыреттілігі оқып меңгеру. Бақылау сұрақтары: 1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы қандай? 2 Техникалық реттеу аймағындағы ҚР Үкіметінің құзыреттілігін атаңыз. 3 Өкілетті органның құзыреттілігін неде?. 4 Техникалық реттеу аймағындағы мемлекеттік органдардың құзыреттілігін атап шығу. 5 Техникалық реттеу аймағындағы сараптамалық кеңестердің міндеттері қандай? 6 Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің негізгі функциялары неде?. 7 Сәйкестікті растау органдарының қандай атқаратын қызметтерін білесіздер. 8 Зертханалардың құқықтары мен міндеттері қандай?. 9 Ақпараттық орталықтың негізгі функциялары. 10 Сарапшы-аудиторлардың құзыреттілігін атап шығу. №9 тәжірибелік сабақ Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар Сабақтың мақсаты: Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды оқып меңгеру. Қолданылатын әдебиеттер: «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы Тапсырма: 1 Оқытушы берген нұсқа бойынша тапсырманы орындап, 1 кестені толтыру: -стандарттау нысанын және нормативтік құжаттың түрін табу; -негізге алынатын стандарттарға тән ерекшелік элементтерін табу; 1 кесте |НҚ |НҚ атауы |НҚ түрі |НҚ бекіту|НҚ |Құрылымдық |Ескерту | |белгіленуі| | |күні |енгізу |элементтер | | | | | | |күні | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | 2. Бақылау сұрақтарға жауап беру. Бақылау сұрақтары: 1 Техникалық реттеу саласындағы қандай негізге алынатын нормативтік құжаттардың Қазақстан Республикасының аймағында күші бар? 2 Нормативтік құжаттамалардың қандай түрлері бар? 3 Нормативтік құжаттамаларда қандай талаптар орнатылады? 4 Негізге алынатын стандарттардың нысаны не? 5 Негізге алынатын стандарттарды әзірлеуге негіз болып не табылады? 6 Төменде келтірілген қандай стандарттар негізге алынатын стандарттарға жатады: МЕСТ 1.0; МЕСТ Р 5798; ТШ19РК2365; ССТ 3498 ; МЕСТ 2.11; ҚР СТ 5.0 ; ИСО 6587; МЕСТ Р 1.0; ҚР СТ 2.0; ҚР СТ 3.0 ; РСТ Каз. ССР 5432 ; ФС РК 56770984 ЖШС; СК 001; ИСО СТ 5432; 7 Техникалық реттеу саласында қандай органдар НҚ әзірлейді және бекітеді? №10 тәжірибелік сабақ Стандарттардың айлық және жылдық көрсеткіштері Сабақтың мақсаты: Стандарттардың айлық және жылдық көрсеткіштерімен танысу Қолданылатын әдебиеттер: Стандарттардың айлық көрсеткіштері; Стандарттардың жылдық көрсеткіштері Тапсырма: 1 Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің белгіленуін орнату. 2 Стандарттардың жылдық көрсеткіштерінің белгіленуін орнату. 3 Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің құрылымын оқып меңгеру. 4 Стандарттардың жылдық көрсеткіштерінің құрылымын оқып меңгеру. 5 Оқытушы берген материалдарға сәйкес 1 және 2 кестеллерді толтыру. 6 Бақылау сұрақтарына жауап беру. 1 кесте |Көрсеткіштердің |Көрсеткіштің №|Осы жылы |Осы |Көрсеткіштің | |шыққан жылы | |нөмірлердің |көрсеткіштің |құрылымдық | | | |саны |нөмірінде |элементтері | | | | |қандай ақпарат| | | | | |берілген | | | | | | | | 2 кесте |Көрсеткіштерд|Жылдық |Жылдық |Жылдық |Жылдық |Жылдық | |ің шыққан |көрсеткіші |көрсеткішін|көрсеткішін|көрсеткішін|көрсеткішінің| |жылы |неше томнан|ің 1 |ің 2 |ің 3 |соңғы томында| | |тұрады |томында |томында |томында |қандай | | | |қандай |қандай |қандай |ақпарат | | | |ақпарат |ақпарат |ақпарат |келтірілген | | | |келтірілген|келтірілген|келтірілген| | | | | | | | | Бақылау сұрақтары: 1 Стандарттар көрсеткіштерінің қандай түрлерін білесіздер? 2 Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің басылу мерзімі қандай? 3 Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің негізгі мазмұнында қандай ақпарат беріледі? 4 Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің қосымшаларында қандай ақпарат беріледі? 5 Қандай стандарттар көрсеткіштерінде бекітілген стандарттар жайында мәліметтер келтіріледі? 6 Қандай стандарттар көрсеткіштерінде өзгертулер енгізілген стандарттар жайында мәліметтер келтіріледі? 7 Қандай стандарттар көрсеткіштерінде күшін жойған стандарттар жайында мәліметтер келтіріледі? 8 Қандай стандарттар көрсеткіштерінде стандарттарға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар мәтіндері жөнінде мәліметтер келтіріледі? 9 Стандарттардың жылдық көрсеткіштерінің басылу мерзімі қандай? 10 Стандарттардың жылдық көрсеткіштері неше нөмірден немесе томдардан тұрады? 11 Стандарттардың жылдық көрсеткіштеріне қандай стандарттар кіреді? 12 Стандарттардың жылдық көрсеткіштерінде стандарттар қандай принциппен топтастырылған? №11 тәжірибелік сабақ «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы. Сәйкестікті растау аймағындағы ұғымдар Сабақтың мақсаты: «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының сәйкестікті растау аймағындағы негізгі ұғымдарын оқып үйрену. Қолданылатын әдебиеттер: «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы Тапсырма: 1 Заңның бірінші бабын және осы заңда пайдаланылатын сәйкестікті растау аймағындағы негізгі ұғымдарды оқып үйрену. 2 Жазбаша келесі сұрақтарға жауап беру: 2.1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңында қандай негізгі ұғымдар қолданылады? 2.2 Берілген заң бойынша қандай қарым-қатынастар реттеледі? 2.3 Келесі терминдердің мазмұнын ашыңыз: «сертификаттау», «сәйкестікті ерікті растау», «сәйкестік туралы декларация», «сәйкестік белгісі», «сәйкестікті міндетті растау», «сәйкестік сертификаты»? 3 Бақылау сұрақтарына жауап беру. Бақылау сұрактары: 1 Заңның бірінші бабында қандай ұғымдар қарастырылады? №12 тәжірибелік сабақ Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі Сабақтың мақсаты: Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібімен танысу. Қолданылатын әдебиеттер: «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті. Тапсырма: 1 Өнімді сертификаттау кезінде негізгі операцияларға көңіл аудару. 2 Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі келтірілген: 1) сертификаттауға өтінім беру және оны қарау; 2) өтінім бойынша шешім қабылдау, оның ішінде схеманы таңдау; 3) сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасу; 4) үлгілерді іріктеу, сәйкестендіру және оларды сынау; 5) өндіруді бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе); 6) алынған нәтижелерді талдау мен Сертификат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау; 7) Сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу; 8) Сертификат беру; 9) сертификатталған объектіні инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе); 10) сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат ұсыну. 3 Осы тәртіп бойынша оқытушы берген тапсырмаға сай негізгі құжаттамаларды толтыруды үйрену. Бақылау сұрақтары: 1 ҚР МСЖ өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібінің тізбектілігі қандай? 2 Өтінім беру және оны қарай ережелерін атаңыз? 3 Қандай ережелер бойынша үлгілерді іріктеу жүргізіледі? 4 Сертификаттау мақсатымен өнімді сынау қалай жүргізіледі және оларды кім жүргізеді? 5 Сәйкестік сертификатын беру қалай жүргізіледі? 6 Сертификатталған объектіні инспекциялық бақылау жүзеге қалай асырылады? №13 тәжірибелік сабақ Қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібі Сабақтың мақсаты: Қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібімен танысу. Қолданылатын әдебиеттер: «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті. Тапсырма: 1 Қызметтерді сертификаттау кезінде негізгі кезеңдерге көңіл аудару. 2 Қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібі келтірілген: 1) Органға сертификаттауға өтінім беру; 2) өтінім бойынша шешім қабылдау; 3) сертификаттау схемасын таңдау; 4) Орган мен өтінім берушінің арасындағы сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты ресімдеу; 5) қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу; 6) алынатын нәтижелерді талдау мен Сертификат берудің мүмкіндігі туралы шешім қабылдау; 7) берілген сертификаттардың тізіліміне тіркеу; 8) Сертификат беру; 9) сертификаттау жөніндегі қызметке инспекциялық бақылау жүргізу (сертификаттау схемасына сәйкес). 3 Осы тәртіп бойынша оқытушы берген тапсырмаға сай негізгі құжаттамаларды толтыруды үйрену. Бақылау сұрақтары: 1 ҚР МСЖ қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібінің тізбектілігі қандай? 2 Өтінім беру және оны қарай ережелерін атаңыз? 3 Қандай ережелер бойынша қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу орындалады? 4 Сертификаттау мақсатымен қызметтерді сынау қалай жүргізіледі және оларды кім жүргізеді? 5 Сәйкестік сертификатын беру қалай жүргізіледі? 6 Сертификаттау жөніндегі қызметке инспекциялық бақылауды қалай жүргізеді? №14 тәжірибелік сабақ Өнімді және қызметтерді сертификаттау схемалары Сабақтың мақсаты: Өнімді және қызметтерді сертификаттау схемаларын оқып меңгеру. Қолданылатын әдебиеттер: «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті. Тапсырма: 1 Өнімдерді және қызметтерді сертификаттау схемаларының ерекшеліктеріне көңіл бөлу. 2 Біртекті өнімдер топтарын және қызметтерді сертификаттаған кезде қолданылатын әртүрлі схемаларының артықшылықтары мен кемшіліктерімен танысу. 3 Оқытушының тапсырмасы бойынша әртүрлі схемаларды пайдаланып, белгілі өнімдер топтарына және қызмет түрлеріне сертификаттауды жүргізу. 4 Бақылау сұрақтарына жауап беру. Бақылау сұрақтары: 1 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 1-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 2 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 2-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 3 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 3-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 4 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 4-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 5 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 5-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 6 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 6-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 7 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 7-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 8 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 8-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 9 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 9-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 10 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 10-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 11 Қызметтерді сертификаттау схемаларының ерекшеліктері қандай? №15 тәжірибелік сабақ Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібі Сабақтың мақсаты: Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібімен танысу Қолданылатын әдебиеттер: ҚР СТ 3.9 «ҚР МСЖ. Шетелдік өнімдерді сертификаттау». Тапсырма: 1 Шетелдік өнімдерді сертификаттауды жүргізу мақсаттарын анықтау. 2 ҚР СТ 3.9 қолданып, оқытушының тапсырмасы бойынша сертификаттауға қажетті құжаттамаларды толтыру. 3 Бақылау сұрақтарына жауап беру. Бақылау сұрақтары: 1 ҚР МСЖ шетелдік өнімдерді сертификаттау кезінде қандай процедуралар орнатылған? 2 Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібі қандай? 3 Кедендік бақылауды жүргізу үшін қандай құжаттар қолданылуы керек? 4 Өтініммен бірге қандай құжаттар болуы қажет? 5 Шетелдік сертификатты мойындамауы туралы шешімді қабылдаған кезде сәйкестікті растау органдарының әрекеттері қандай? 6 Өтінуші мен сәйкестікті растау органдары арасындағы түсініспеушіліктер қандай жолмен шешіледі? Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы (2000 жылдың 7 маусымы № 53-11 ( 09.06.2004 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) 2 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) 3 Крылова Г.Д. «Основы стандартизации, сертификации и метрологии» - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с. 4 Тазабеков К.А. Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. - Алматы, 2003. - 450 с. 5 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б. 6 «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті, 2008 ж. 3 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ 3.1 Студенттердің өзіндік жұмысың ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Өзіндік жұмысын орындау кезінде студент нақты тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттерді қалданады, материалды өз бетімен игереді, зерделеген материалдың қысқаша мазмұнын дәптерге түсіреді. СОӨЖ сабағында студент жазбаларын оқытушыға көрсетеді, ал оқытушы оны бағалайды. 3.2 Рефераттар тақырыптарының тізімі немесе студенттердің білімін бақылау үшін арналған бақылау сұрақтары және т.б. Рефераттар тақырыптары. 1 Стандарттаудың заңнамалық базасы 2 Халықаралық стандарттау 3 Нормативтік құжат-тарды қолдану және олардың талаптары-ның сипаттары 4 Стандарттау әдістері. Унификациялау және агрегаттау 5 Қазақстан Республика-сындағы стандарттау-дың қазіргі жағдайы 6 Стандарттаудың экономикалық және әлеуметтік мәселелері 7 Сертификаттаудың заңнамалық базасы 8 Физикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері. Физикалық шамалар шкалалары 9 Өлшеу нәтижелерін бағалау 10 Өлшеу қателіктерінің түрлері
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz