Файл қосу

Органикалық қышқылдар биотехнологиясы



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                 |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                              |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы                                          |
|МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                                  |
|3 деңгейдегі СМЖ құжаты |ПОӘК                    |                        |
|                        |                        |ПОӘК                    |
|                        |                        |042-18-9.1.48/02-2014   |
|ПОӘК                    |«_11_» _09__ 2014ж.     |                        |
|«ББҚ және ББЗ           |№ 1 басылым             |                        |
|биотехнологиясы» пәнінен|                        |                        |
|магистрантқа арналған   |                        |                        |
|бағдарламасы            |                        |                        |










                       «ББҚ ЖӘНЕ ББЗ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ»


                                   пәнінен


                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ








                          6М070100 «Биотехнология»

                               мамандығы үшін



                            МАГИСТРАНТҚА АРНАЛҒАН
                            ПӘННІҢ  БАҒДАРЛАМАСЫ

























                                    Семей


                                     2014



                                  Алғы сөз


    1 ӘЗІРЛЕГЕН
    Құрастырушы __________ 29.08.2014ж.,  Байбалинова  Г.М.,   «Стандарттау
және биотехнология» кафедрасының доцент м.а., т.ғ.к.


    2 ТАЛҚЫЛАҒАН
    2.1  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік   университетінің
«Стандарттау және биотехнология» кафедрасының отырысында


    «29» тамыз 2014ж., № 1 хаттама


    Кафедра меңгерушісі ___________ Ж. Кәкімова


    2.2  Инженерлік-технологиялық  факультеттің  оқу-әдістемелік  бюросының
мәжілісінде


    «05» қыркүйек 2014ж., № 1 хаттама


    Төрайымы_____________ С. Төлеубекова


    3 БЕКІТІЛГЕН
    Университеттің   Оқу-әдістемелік   кеңесінің    мәжілісінде    шығаруға
мақұлданған және ұсынылған


    «__11__» қыркүйек 2014ж., № 1 хаттама


    Оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы  ___________ Г. Искакова


    4 «18» _09_2013 ж. № 1 БАСЫЛЫМ ОРНЫНА



























                                   Мазмұны

|1   |Жалпы ережелер                                                    |4   |
|2   |Пәннің мазмұны және сабақтардың түрлері бойынша сағаттарды        |5   |
|    |үлестіру                                                          |    |
|3   |Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік ұсыныстар                    |7   |
|4   |Курстың форматы                                                   |8   |
|5   |Курстың саясаты                                                   |8   |
|6   |Бағаларды қою саясаты                                             |8   |
|7   |Әдебиеттер                                                        |9   |



1 Жалпы ережелер
    1.1  Оқытушылар мен пән туралы жалпы мәліметтер
Байбалинова Гульмира Муратбековна, доцент м.а., т.ғ.к.
«Стандарттау және биотехнология» кафедрасы
Қатынасу ақпараты тел.35-46-02, оқу ғимараты № 9, № 304 кабинеті
Сабақ өткізілетін орындары -  № 318 аудитория
Бұл пән бойынша кредит саны 3.

      1.2 Пәннің қысқаша мазмұны. Пәнде органикалық заттардың  және  ақуызды
препараттардың технологиясының теориялық  негіздері  оқытылады.  Органикалық
қышқылдар биотехнологиясы. Ақуызды  препараттарының  биотехнологиясы.  Сірке
қышқылын алу. Шай  саңырауқұлақтарының  микроағзалар  кешенін  өсіру  арқылы
алкагольсыз  сусындарды   алу.   Микроскопиялық   саңырауқұлақтарды   беттік
культивирлеу арқылы лимон  қышқылынының  биосинтезінің  ерекшеліктерін  оқу.
Микомицеттерді  қаттыфазада  культивирлеу  кезінде  амилазаның  жинақталуына
қоректік орта құрамының әсері.  Дайын  өнім  шығымына  ферменттердің  бөліну
режимінің әсері. Ақуызды концентраттарды және изоляттарды алу.

   1.3  Берілетін  курстың  мақсаты  микроағзалардың  метаболизімінің  және
биосинтетикалық  мүмкіндіктері,  микроағзалардың  метаболизміні  генетикалық
және   биохимиялық   сатысында   реттеу   принципі,   микроағзалардың    өсу
заңдылықтары,  біріншілік  және   екіншілік   метаболиттерге   сыртқы   орта
жағдайларының әсері туралы түсінік беру.
   1.4 Пәнді оқытудағы басты міндеттері –  мамандық  бойынша  оқыған  пәнді
тәжірибеде пайдалана білу.


   1.5  Пәнді оқу нәтижесінде:
    - Білу керек:  Магистранттар  микроағазалардың  өндірістік  штаммаларына
      қойылатын  талаптарды,  тағам  өнімдерін,   органикалық   қышқылдарды,
      газтәрізді жаңғыш заттарды, түрлі биологиялық  белсенді  заттарды  алу
      кезінде қолданылатын өндірістік микроағзалардың негізгі  фзиологиялық-
      биохимиялық ерекшеліктерін;
    - Игеруі керек: Магистранттар өзінің болашақ кәсіптік  қызметінде  түрлі
      биотехнологиялық  өндірістерде  негізін  алатын  микроағзалар   туралы
      білімдерін қолдануды;
    - Алу керек:  Магистранттар микроағзалардың және олармен  жүзеге  асатын
      биотехнологиялық   үрдістердің    негізгі    сипатталамалары    туралы
      түсініктер.

1.6  Курстың пререквизиттері:
1.6.1 Биотехнологиядағы қазіргі заманғы әдістер
1.6.2 талдаудың микробиологиялық әдістері

1.7 Курстың пререквизиттері: жоқ



    2 Пәннің мазмұны және сабақтардың түрлері бойынша сағаттарды үйлестіру
                                                                     Кесте 1
|Тақырыптардың атаулары мен олардың мазмұны |     |Сағаттар саны            |Әдебие|
|                                           |     |                         |ттер  |
|                                           |ДС   |ТС   | ЗС  |БАОӨЖ  |БАӨЖ  |      |
|                                           |(сағ)|(сағ)|(сағ)|(сағ)  |(сағ) |      |
|1                                          |2    |     |3    |4      |5     |6     |
|Дәріс сабақтары                                                                  |
|Модуль 1 Органикалық қышқылдар биотехнологиясы                                   |
|Кiрiспе.                                   |1    |     |     |1      |4     |7.1.1 |
|Органикалық қышқылдар биотехнологиясы      |2    |     |     |2      |4     |7.1.1 |
|                                           |     |     |     |       |      |7.1.3 |
|Сірке қышқылын өндірудің биотехнологиялық  |2    |     |     |2      |4     |7.1.4 |
|кезеңдерінің негізгі сипаттамалары         |     |     |     |       |      |7.1.6 |
|Сүт қышқылын өндіру сұлбасы. Сүт қышқылын  |2    |     |     |2      |4     |7.1.2 |
|өндірудің биотехнологиялық кезеңдерінің    |     |     |     |       |      |7.1.3 |
|негізгі сипаттамалары                      |     |     |     |       |      |      |
|Лимон қышқылын өндірудің биотехнологиялық  |2    |     |     |1      |4     |7.1.4 |
|кезеңдерінің негізгі сипаттамалары         |     |     |     |       |      |7.1.6 |
|Модуль 2 Ақуызды препараттардың биотехнологиясы.                                 |
|Ақуызды препараттардың биотехнологиясы.    |2    |     |     |2      |4     |7.1.2 |
|Ферменттердің жіктелуі.                    |     |     |     |       |      |7.1.4 |
|                                           |     |     |     |       |      |7.1.5 |
|Ферменттер өндірісінің беттік әдісі        |2    |     |     |2      |4     |7.1.3 |
|                                           |     |     |     |       |      |7.1.4 |
|Ферменттерді өндірудің тереңдік әдісі      |2    |     |     |2      |4     |7.1.4 |
|                                           |     |     |     |       |      |7.1.5 |
|Тәжірибелік сабақтар                                                             |
|Модуль 1 Органикалық қышқылдар биотехнологиясы                                   |
|Сірке қышқылын алу                         |     |4    |     |1      |5     |7.1.6 |
|Синтетикалық ортада сірке қышқылын алу     |     |4    |     |2      |5     |7.1.1 |
|Шай саңырауқұлақтарының микроағзалар       |     |4    |     |1      |5     |7.1.4 |
|кешенін өсіру арқылы алкагольсыз сусындарды|     |     |     |       |      |7.1.6 |
|алу                                        |     |     |     |       |      |      |
|Микроскопиялық саңырауқұлақтарды беттік    |     |4    |     |2      |5     |7.1.2 |
|культивирлеу арқылы лимон қышқылынының     |     |     |     |       |      |7.1.4 |
|биосинтезінің ерекшеліктерін оқу           |     |     |     |       |      |7.1.5 |
|Модуль 2  Ақуызды препараттардың биотехнологиясы.                                |
|Микомицеттерді қаттыфазада культивирлеу    |     |4    |    |1      |5     |7.1.2 |
|кезінде амилазаның жинақталуына қоректік   |     |     |    |       |      |7.1.4 |
|орта құрамының әсері.                      |     |     |    |       |      |7.1.6 |
|Дайын өнім шығымына ферменттердің бөліну   |     |4    |    |1      |5     |7.1.2 |
|режимінің әсері.                           |     |     |    |       |      |7.1.4 |
|Ақуызды концентраттарды және изоляттарды   |     |6    |    |1      |5     |7.1.2 |
|алу                                        |     |     |    |       |      |      |
|Жалпы:                                     |15   |30   |     |23     |67    |      |










    3 Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік ұсыныстар


    Пәнді  жақсы  менгеру  үшін  білім  алушы  алдымен   7-бапта   берілген
әдебиеттерді іздеп, олармен танысуы керек.  Ары  қарай  берілген  тақырыптар
бойынша өз кезегімен жаңағы әдебиеттерден материал  іздеп,  оны  өз  бетімен
оқуы  керек.  Сонымен,  сабаққа  келген  білім  алушы,  онда   қай   тақырып
талданылатыны  туралы  хабарлы   болуы   керек   және   тақырыптың   негізгі
жағдайларын алдын ала оқып алуы керек.
    Курстың бір бөлігі семестр бойы білім алушылардың  өзіндік  жұмыстарына
келеді.
      Өздік жұмыс  «ББҚ және ББЗ биотехнологиясы» пәнінде  маңызды   бөлігі
болып табылады және де басқа аудиториялық   дайындықпен  толтырылады.  Өздік
жұмыста бөлек  әр  түрлі  теориялық  бөлімдерді  оқуда,  тақырыптар  бойынша
есептерді шығарғанда, сонымен қатар  есептік-графикалық  тапсырмаларды  және
жеке сұрақ қатарларын ғылыми  оқыту  кірістіріледі.  Өздік  жұмысқа  бақылау
ауызша  түрде  және  жазбаша  сұрау,  коллоквиум,  тест,   есептік-графиктік
жұмыстарды қорғау, сұхбаттасу,  сонымен  қатар  талқылау  және  рефераттарды
қорғау арқылы жүзеге асады.
     Әр түрлі жұмыстарды орындау барысында  міндетті түрде  жүйеде берілген
әдебиеттермен шектелмеу керек. Каталог қарау барысында қарастырылып  отырған
тақырыпқа келетін аттарға жолығуымыз мүмкін. Міне, сол  жолықтырғандарымызды
бірнешеуі жарап қалуы әбден мүмкін.
    Сонымен қоса,  тақырыппен  байланысқан  немесе  сол  тақырыпқа  келетін
кітаптағы  библиографиялық  нұсқаулықтарға  қарайласуымыз  керек.  Онда  біз
керек тақырыптың басқа қандай кітапта бар екендігі  туралы  ақпарат  алуымыз
мүмкін. Құнды ақпаратты нұсқаушы мақалалардан  сызып  алуымызға  болады.  Ол
нұсқаулықтан керекті, қызықтыратын мақалаларды шыққаны туралы  ақпарттарымен
алуымызға  және  содан  кейін  керекті  номерларымызға  тапсырыс  беруімізге
болады.
    Басты көмекші ретінде компьютерлік жүйе Internet атқарады. Онда ешқашан
мақала болып шықпаған ақпарттарды кездестіруімізге болады.
    Тез және дұрыс керекті әдебиетті таңдау  үшін  ғылыми  және  студенттік
кітапханаларды  және  кітап  іздеу  механизмін  жақсы  білу  қажет.  Керекті
әдебиет  тізімі  университет  кітапханасында   болмаған   жағдайда   ғылыми-
техникалық немесе қалалық кітапханаға жүгіну керек.
    Тағы  бір  жұмыс  түрі  реферат  болып  табылады.   Білім   алушылардың
рефератында сол  тақырып  бойынша  бірнеше  көздерден  алынып  жинақтырылған
негізгі мазмұнын тиянақты жеткізу жеткілікті.
    Мәтінде тақырыпқа келмейтін артық ақпараттар болмауы  шарт.  Рефераттың
мазмұнының сәйкестігі негізгі бағалаудың критериінің бірі болып табылады.
    Рефераттың құрылуы алдына қойылған мақсаттар есебінен  жүреді.  Реферат
титулды бет, мазмұны, кіріспе, негізгі  бөлік,  қорытынды  және  қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.


      4 Курстың форматы


    Семестр бойы білім алушыларға бағдарламаның сәйкес бөлімдері бойынша 15
дәріс және оқу жоспарына сай 30 тәжірибелік сабақ  жүргізіледі.
    Курстағы  өзіндік  жұмысты  былай  жүргізу  ұсынылады.  Курстың   әрбір
тақырыбынан ұсынылған әдебиеттерді  оқып,  оның  теориялық  негіздеріне  көп
тоқталмай, талқыланатын сұрақтарға жалпы түсінік қалыптастыру керек.
      Содан кейін  материалды  толығымен  меңгеруге  көшу  керек:  теориялық
жағдайларды меңгеру, негізгі мәліметтердің қажет жерлерін еске  сақтау  үшін
жұмыс дәптерін жүргізген дұрыс.
      Курсты меңгеру  кезінде білім алушы өткен материялдарды жақсы  меңгеру
үшін  реферат түріндегі БАОӨЖ  және БАӨЖ  алынады.

      5 Курстың саясаты


      Осы курсты меңгеруде білім алушы жүйелі түрде   өзі  дайындалу  керек,
қажет болған жағдайда  оқытушыдан көмек сұраса  болады.  Порталға  жиі  кіру
керек.   Оқытушының   жұмыс   бағдарламасындағы   методикалық    ұсыныстарын
тәжірибелік  сабақта  мұқият  оқыңыздар.  Тек  қана  дәріс   материалдарымен
шектеліп   калмай,   басқа   да   әдебиеттерді,    электронды    ресурстарды
қолданыңыздар. Алдымен бірінші  модульды  меңгеріп,  тапсырмасын  орындаңыз,
кейін келесі модульге көшіңіз. Әрбір бақылау тапсырмасын уақытында  орындап,
тексеруге  беру  керек,  аралық  тесттерді  уақытында  өту  керек.   Бақылау
мерзімдері – 1-7 апталардағы тапсырмалар мен тесттерге 7  –ші  аптаның  соңы
қалғандары 15 аптада.


      6 Бағаларды қою саясаты



      Әрбір білім алушы қорытынды бағасы жақсы  болуы  үшін  әр  пәннен  бір
мөлшерде ұпай сандарын жинау керек.Ұпайдың максимальды саны:
1-7 апталардағы  бірінші рейтинг қорытындысында  - 300 ұпай,
8-15 апталардағы екінші рейтинг қорытындысына - 300 ұпай,
Дисциплина бойынша семестрдағы максимальды ұпай саны - 600.

      «ББҚ және ББЗ биотехнологиясы» пәні бойынша балдарды бөлу кестесі
                                                                     2 кесте
|Апта   |Бақылау түрі                 |Жалпы балл       |Ескерту          |
|1      |2                            |3                |4                |
|       |1 – 7 аптаға дейн барлық     |30               |                 |
|       |аудиториялық сабаққа қатысу  |                 |                 |
|2      |ТС қорғау                    |25               |                 |
|       |БАӨЖ                         |                 |                 |
|3      |ЗС қорғау                    |25               |                 |
|       |БАӨЖ                         |                 |                 |
|4      |ТС қорғау                    |25               |                 |
|       |БАӨЖ                         |50               |                 |
|5      |ЗС қорғау                    |25               |                 |
|       |БАӨЖ                         |                 |                 |
|6      |ТС қорғау                    |                 |                 |
|       |БАӨЖ                         |50               |                 |
|7      |ТС қорғау                    |70               |                 |
|       |БАӨЖ                         |                 |                 |
|       |Рубеждік бақылау             |                 |                 |
|       |8 – 15 аптаға дейн барлық    |30               |                 |
|       |аудиториялық сабаққа қатысу  |                 |                 |
|8      |ТС қорғау                    |                 |                 |
|       |БАӨЖ                         |                 |                 |
|9      |ТС қорғау                    |25               |                 |
|       |БАӨЖ                         |                 |                 |
|10     |ЗС қорғау                    |25               |                 |
|       |БАӨЖ                         |                 |                 |
|11     |ТС қорғау                    |                 |                 |
|       |БАӨЖ                         |50               |                 |
|12     |ТС қорғау                    |25               |                 |
|       |БАӨЖ                         |                 |                 |
|13     |ЗС қорғау                    |25               |                 |
|       |БАӨЖ                         |                 |                 |
|14     |ТС қорғау                    |                 |                 |
|       |БАӨЖ                         |50               |                 |
|15     |ТС қорғау                    |                 |                 |
|       |БАӨЖ                         |                 |                 |
|       |Рубеждік бақылау             |70               |                 |


    7 Әдебиеттер
    7.1 Негізгі әдебиеттер:
7.1.1. Бирюков, В.В. Основы промышленной биотехнологии / В.В. Бирюков. –  М.
: КолосС, 2004.
7.1.2. Грачева, И.М. Технология микробных белковых  препаратов,  аминокислот
и биоэнергия / И.М. Грачева, Л.А.
Иванова, В.М. Кантере. – М. : Колос, 1992.
7.1.3. Грачева, И.М. Технология ферментных препаратов / И.М. Грачева.  –  М.
: Агропромиздат, 1985.
7.1.4. Егорова, Т.А. Основы биотехнологии  /  Т.А.  Егорова,  С.М.  Клунова,
Е.А. Живухина. – М. : Изд. центр "Академия",
2005.
7.1.5. Калунянц, К.А. Микробные ферментные препараты / К.А.  Калунянц,  Л.И.
Голгер. – М. : Пищевая промышленность,
1989.
7.1.6. Кислухина, О.В. Ферменты в производстве пищи и кормов /
О.В. Кислухина. – М. : КолосС, 2002.
7.2 Косымша
7.2.1. Манаков, М.Н. Теоретические основы промышленной биотехнологии /  М.Н.
Манаков, Д.Г. Победимский. – М. :
Высшая школа, 1989. – 310 с.
7.2.2. Мосичев, М.С. Общая технология микробиологических производств /  М.С.
Мосичев, А.А. Складнев, В.Б. Котов. –
М. : Легкая и пищевая промышленность, 1982.
7.2.3. Пищевая биотехнология : в 4 кн. / И.А. Рогов [и др.]. – М. :  КолосС,
2004.
7.2.4 Смирнов, В.А. Пищевые кислоты / В.А. Смирнов. – М. : Легкая и  пищевая
промышленность, 1983.


Пәндер