Файл қосу
Оқушылар білімінің жылдамдылық принціпі
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |СМК құжатының 3-деңгейі |ПОӘҚ | | | | |ПОӘҚ 042-33.1.27/03-2014 | | ПОӘҚ |№1 басылым | | |« Кәсіпті оқыту |11.09.2014 | | |әдістемесі» | | | |пәнінен оқу - методикалық | | | |материалдар | | | ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН « Кәсіпті оқыту әдістемесі» 5В012000 – « Кәсіптік білім» мамандығына ОҚУ-МЕТОДИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР Семей 2014 Мазмұны |1 Глоссарий | | |2 Дәріс | | |3 Тәжірибелі сабақ | | |4 Курстық жоба | | |5 Студенттердің өздік жұмыстары | | Глоссарий Ағаш - сызбада қолданылатын сызғыш кұралдар (сызғыш, үшбұрыш) жасалатын материалдар. Ағымды, мерзімді, қорытынды - сызудан оқушылардың үлгерімін бакылау түрлері Ажыратылған қосылыстар - бұрандалы қосылыстар. Аралас сабақ - жиі қолданылатын сызу сабағының түрі Әдіс - амал, тәсіс немесе кимыл бейнесі; баска мағынада – танымалы, кершгс зерттеулері Әдістеме - қандай да бір жұмысты мақсатты қолданудың әдіс-тәсілдер жиынтығы, білім құндылығын зерттейтін педагогикалық білім. Акционерлік қоғам – бұл жарғылықты қаржысы белгілі бір бөлікке бөлінетін номиналды бағаға тең қоғам. Ампельді өсімдіктер – жоғары ілінген горшоктар мен корзиналарға өсірілген ұзын салақтаған өсінді өсімдік. Талшықты мата – химиялық заттармен қосылған мақта қалдықтары. Бастапқы баға – тауардың сорты мен сапасын анықтайтын баға, сату-саудалау процесіндегі екі жақтың келісімімен және сол тауардың нағыз бағасын анықтаудағы нәтиже. Биостимуляторлар – қалқанжапырақтың тұнбасы, календула, түймедақ және басқа да өсімдіктер, қан айналымын, кішкене жараларды т.б жазатын табиғи өсімдіктер. Бисквитті қамыр – көтерілуі үшін шайқаған белок қосылады. Бланширлеу – аз уақытта (1-6 минутке дейін) қайнаған су мен бумен өңдеу шикізаты. Жейде – кеудеше. Ол жеңді, жеңсіз, түймелі және түймесіз болады. Дененің үстіңгі жартысын жауып тұратын киім түрі. Вискозды мата – ағаш талшығы (шыршалы) мен химиялық заттан жасалған. Күйдіру – қызған затпен белгі, сурет өрнегін салу. Өндіру – бір өнімнің жасалуына кеткен уақыт мөлшері. Гигиеналық талап – киімге сай бағытталған талап. Яғни киім адам денесіне ыңғайлы, жайлы болуы, жұмсақ, жеңіл болуы. Гиматий – ерлердің грекше жоғарғы жабыны (төртбұрышты плащ). Тігін өндірісіндегі негізгі технологиялық дайындауды оқудағы басты мақсат – оқушылардың жағалы және белді заттарды өз бетімен тігуді үйренуі деген сөз (өзіне немесе жанұясына, туысына, достарына). Екі қатар тігіс – тарқатылған мата мен іш киімдерді тігуде қолданылатын тігіс. Дымдау – дайын болған бұйымның тігістерін жатқызу үшін сулау. Сәндік-гүлді өсімдіктер - өсімдіктің аз ғана тобы, сәнді тиімді гүлдендіру үшін өсірілетін. Ватман - сызба салу үшін, арнайы ақ және тығыз кағаз. Даярша - қорапқа салынған сызу аспаптарының жиынтығы. Дәрк-эдпме – пәнге байланысты мұғалімнің кең акпаратты айтуы. Диаметр - центр арқылы етіп екі нүктені қосатын кесінді. Дидактикалык принциптер - ғылымилық, укыптылык, көрнекілік, жүелік, саналылық және белсенділікті оқыту. Деңгейлік жазықтық - проекциялар жазықтығына параллель жазықтық. Екі жақты бұрыш - ортақ қабырғасы бар екі үшбұрыш. ЕСКД - сызу және құрастыру құжаттарында дұрыс орындауды камтамасыз ететін құжат. Жазық фигура - барлық нүктелері бір жазықтыкта жататын фигура Жұмыс орнында тексеру - окушылардың сызбаларын сабақ уақытында, олардың қатысуымен тексеру. Кеңістікте елестету - сызу сабағында заттардың геометриялық көлемді пішін талдау түрі. Кино және видеофильм - окытудың техникалық құралдары Көрнекілік әдістері - сабак барысындағы оқу көрнекілік құралдарын: плакат, модельдер, кино және видеофильмдер түрлерін игеру. Кілтек - біліктен дөнгелекке жүріс беретін, шеңбер кесінділі, призмалы және тағы басқа формалы бөлшек. Күнтізбе - тақырыптық жоспар - оку материалдарының мазмұны, әр сабақ сағаттарына бөлінген, жүйелі түрде жасалған оқу құжаты. Қаріптер - әріптердің, цифрлардың және сызб аларда қолданылатын белгілердің жиыны. Құрама сызба - машина жасауға қажетті бейнелерде кұрастырылған бұйым. Құрастырмалы-техникалық - сызуда құрастырмалы және технологиялық ұғымдарды бейнелейтін термин. Масштаб - заттың сызбадағы ұзындығының, оның натуралық ұзындығына қатынасы (бөлшек сан) Миллиметр - машина жасау сызбаларда өлшемдерді есеппен көрсету. Миллиметрлық қағаз - сызу сабағында эскиздеуге колданылатын қағаз. Модельдеу - сызуда білім беру мүшесінің процесі. Параллель - түзу мен жазықтықтың ортақ нүктесінің болмауы. Перпендикуляр табаны - перпендикуляр және жазықтықтің қиылысу нұктесі Практикалық әдістер - оқушылардың, орындауымен жасалатын жаттығулар, есептер, практикалық жұмыстар. Проблемалык оқыту - оқушылардың жаңа білімді қабылдау процессіндегі шығармашылық мүмкіндіктерді тұлғаның танымдық ұызығушылығының және шығармашылық ойлауының қалыптасуын қамтамасыз ететін әдістемелік және құралдар жүйесі. Проекциялаушы жазықтық - проекциялар жазықтығына перпендикуляр орналасқан жазықтық. Пішім (формат) - өлшемдері тағайындалған сызба салуға арналған қағаз. Оқу - сызудағы, геометрия және сызу геометриясына негізделген термин. Оқу бағдарламасы - тақырыпты оқу үшін, сағат саны бөлінген, оқушылардың менгеретін білімі мен дағдыларын анықтайтын оқу құралы. Оқыту әдістемесі - оқу пәнінің, окыту процессінің катаң бірізділікті, жүйелікті, нақты жоспары. Рейсшина - горизонталь сызыұтарды жүргізу үшін, басы көлденең планкасы бар сызғыш. Сабақ - окушылардың теориялық білімін және дүниетанымдағы ой-әрекетін бағыттайтын негізгі жұмыс түрі Сызу - техника тілі болғандықтан, казіргі заманғы ощцрютщ негізгі, заңдылықтарын түсінуде аткаратын кызметі ораса зор. Сөз әдістері - мұғалімнің ауызша баяндамасы, оку материалының дәріс, әнгіме түрінде өтетін, сынып тақтасын қолдана отырып түсіндіру, оку және анықтамалық әдебиетімен жұмыс істеу. Сызба – нәрсенің кескінінен және оны жасауға керекті басқада мәліметтерден тұратын құжат. Тапсырма материлдары - окушыларға практикалық жұмыстарды орындау үшін берілетін құралдар. Тік бұрышты проекциялау - геометриялык денелердің және модельдердің жобаларын үш жазыктықта бейнелеу. Тікбурыштық изометриялық проекциясы - осьтер өзара 120°-та орналасқан аксонометрия. Түйіндесу - бір сызықтан екінші сызыққа үшінші сызықтың көмегімен біртіндеп ету. Орталық (центр) – нүктеден бірдей қашықтықтағы, жазықтық нүктелерінің геометриялық орны. Формализм белгісі - сызбаларды оқу құжаттардан және тақтадан мағынасын түсініксіз көшіру. Эллипс – шеңбердің аксонометрия проекциясында болатын қисық, тұйық сызық. Эскиз – көз мөлшерлі масштабпен бақылап, колмен орындалған детальдың кескіні, қысқа мерзімде қолданатын Лекциялар тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар: №1 тақырыбы: Кіріспе. Еңбек және кәсіптік оқытудың дамуына тарихи- педагогикалық шолу. Пән және оның міндеті « Кәсіпті оқыту әдістемесі». Еңбек және кәсіптік оқыту әдісі педагогика ғылымының бір саласы . Сабақтың мақсаты: Пән мен, еңбек және кәсіптік оқыту міндеттерімен таныстыру. Қысқаша мазмұны: Педагогикалыцқ теорияның пайда болуына дейін, Ежелгі Русьте жастарды көпғасырлық еңбекке баулу практикасының алатын орны айтарлықтай үлкен болған. Еңбекті сүю, еңбекке баулу сол кездегі салт- дәстүрлер мен әдет-ғұрып ішінде маңызды болатын. Феодалдық қауымның пайымдауынша моральды-этикалық нормалар өзіндік мән-мағынаға ие болды. Бай қоғам өкілдері ақсүйектер еңбекке оның ішінде қара жұмыс туралы көзқарастары теріс болған. Себебі, қара жұмыс қарапайым халыққа тән деп есептеген. Алайда еңбек халықтың басым бөлігінің өмірлік қажеттілігін өтейтін болғандықтан, өскелең жас ұрпақтың еңбек етуге көзқарасын жақсартты. Осы көрініс әсіресе қарапайым отбасыларда орын алып, халықтық педагогикалық ойдың негізін қалауға себеп болды. Халықтық педагогика еңбек етудің маңызын тереңірек талдай отырып, оның халықтың материалдық қана емес сонымен қатар рухани дамуына қажет екенін айтты. Әдіс-тәсілдер пән ретінде оқу барысының заңдылықтары мен ерекшеліктерін қарастырады. Педагогика ғылымында әдіс-тәсілдерді жалпы және жеке деп екіге бөледі. Оқытудың жалпы заңдылықтары – дидактикамен қарастырады, ал оқытудың жеке заңдылықтары әрбір пәнді жекелей қарастырады. Әдіс-тәсілдердің өзіндік міндеттері мен зерттеу тәсілдері бар. Оқыту процесінің бір-бірімен байланысты үш түрі бар: оқытудың мазмұны, оқытушылық-мұғалімнің міндеті, ал оқу-оқушылардың міндеті болып табылады. Әдіс-тәсілдердің міндеті осы оқыту процесінің бір-бірімен байланыстылығын зерттей отырып, нәтижесінде ойлап табылған мәселелер арқылы оқытуды жаңартып отыру. Сөйтіп, әдіс-тәсілдердің объектісі оқыту процесі болып табылады. Әдіс-тәсілдер оқытудың мән-мақсатын айқындай отырып, әрбір оқушыны жан-жақты дамытуды көздейді. Оқыту үрдісі әрқашан белгілі бір мақсатқа бағытталған. Оның мақсаты оқушыларды біліммен қаруландырып қана қоймай, өзінің позициясын толығымен ұстанып қорғайтын, қоғамда өзіндік орнын таба білетін тұлғаны тәрбиелеу. Оқыту әдіс-тәсілдері жақсы нетижелер беретін оқыту процесін ұстанады. Қазіргі еңбекке баулу әдіс-тәсілдері ғылыми әдебиеттерден оқыту пәндеріне мәліметтер таңдап алуда белгілі бір әдіс қалыптасқан. Еңбекке баулу әдіс-тәсілдері еңбек пәні мұғалімін дайындап шығаруда. Өйткені ол ғылыми педагогика, психология және қазіргі техника саласынан негізін алады. Сөйтіп «Арнайы және жалпытехникалық мамандықтарды оқыту әдісі» мамандығын психология, техника негіздері, оқу процесін ұйымдастыруды білмей игеру мүмкін емес. Педагогикалық білімді игеру үшін әр түрлі күнде кездесіп жатқан жағдайларда жақсы нәтижеге қол жеткізуге қол жеткізуге болатындығы туралы әдіс-тәсілдерді білу керек. Мұғалім әрдайым өзінің білім сапасын көтеріп отыруы қажет. Сабақтың міндеті: Технология мұғалімінің алдында Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген бап бойынша әр республика азаматын даярлап шығаруда оқушыларды жан-жақты дамыту міндеті тұр. Еңбекке баулу міндеті оқушыларды бір-бірімен байланысты оқыту процесі мен тәрбиені қатар ала отырып, оқушыларды мектеп бітірісімен қоғамдық-әлеуметтік ортаға оңай араласып кетуіне септігін тигізу, өзін-өзі көрсете алуы. Ғылыми-техникалық жетістіктер біздің елімізде оқушылардың мектеп қабырғасынан дайындығын қажет етеді. №2 тақырып: Кәсіптік оқыту жүйесіне қатысты оқытудың дидактикалық принциптері. Сабақтың мақсаты: оқытудың дидактикалық принциптерімен таныстыру. Қысқаша мазмұны: Еңбекке баулудың дамуы процесінде оқыту процесінің жалпы нормалары қалыптасқан,оны біз оқыту принциптері (латынша principium-негіз,бастау) деп атаймыз. Олар оқытудың мақсатын қандай қызығушылықпен қамтамасыз етуге болатындығын анықтайды. Оқу қатысты сабағынан да көруге болады. Оқу принциптері туралы түсінік. Оқыту принциптерін оқытудың мазмұнын,әдістерін,ұйымдастыру формаларын анықтайтын басқару жүйесін ретінде қатыстыруға болады. Негізінен бұл дидактикалық мінез-құлық нормалары. Бқл нормаларды сақтау арқылы мұғалім оқушыларды әлем туралы жүцелік білімнің негіздерімен таныстырады,олардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін,көзқарастарын қалыптастырады.Егер оқыту мақсаты –неге оқыту керектігін анықтай болса, ал оқыту принциптері оны қалай іске асыру керектігін анықтайды.Еңбекке баулу пәнінде қолданылатын оқыту процесі ұйымдастыру нормаларын атап көрсетуге болады: - көрнекілік принципі; - жүйелік және бірізділік принципі; - оқыту процесіндегі оқушылардың саналық және белсенділік беріктілік принйіпі; - оқушылар білімнің беріктілік принціпі - теория мен тәжірибенің, оқудың өмірмен байланыстылық принціпі; - ғылымилық принціптері. - оқушылар білімнің жылдамдылық принціптері. Осы барлық басқау жүйелері бір- бірімен тығыз байланысты. Принциптердің топтастылуы: Көрнекілік принципі. Ян Амос Коменский өзінің «Ұлы дидактикасында» кқрнекілік оқытудың «алтын ережесін» қалыптастырған. Осыған сәйкес заттардың өзін ,бейнесін өзіндік қабылдау арқылы байқап,тануға болады,яғни дәлірек айтсаң: көруге болатынды –көрсету, есіте алатынды- естірту, иісті, дәмді –сезім мүшелерімен сездірту,түйсікті туғызу. Бастауыш сынып оқушылары (7-12жас) нақты-бейнелі ойлаумен сипатталады.Оқушылар оқу процесінде материалды сөзбен түсіндіргенде емес,ал көрнекіліктерді қолданып түсіндіргенде жақсы меңгереді. Жоғары сынып оқушыларын оқыту барысында керсінше сөздік –логикалық ойлау басым болып келеді.Бұл жағдайлар технология пәнән жүргізу барысында көрнекілік принциптерімен байланысты екі маңызды дидактикалық принципті сақтауда ескерілуі қажет: 1.іс- әрекетті тікелей зерттеу, яғни бақылауға, өлшеуге жіне іс-ірекеттің басқы тәжірибелік түрлеріне негізделген зерттеу.Бқлар оқушыларға сабақ барысында зерттелетін тақырыпты түсіну өте қажет. 2.Оқушы нақты заттар,құбылысжәне процестерді зерттеу арқылы дұрыс, жүйелі білімді меңгеру үшін, оның танымдық іс- әрекетін дұрыс басқара білу керек, яғни оны сәйкес нұсқаулар жүйесімен қамтамасыз етіп, оқушының назарын оқытылатын пәнге аудару керек. 3.Психологиялық жағынан көрнекілікті заттық,бейнелік сөздік деп бөлуге болады.Заттық көрнекілік технологияда өндірістік объектілерді (көліктердк, көлік бөлшектерін, шикі заттарды және т.с.с), жұмыс тәсілдерін қабылдауды болжайды.Бейнелік көрнекілік оқу және көрнекі құралдар арқылы жүзеге асады: үлгілер және макеттер, оқу кестелері, технолгоиялық қарталар, диапозитиптер, диафильмдер,теледидар және видео фильмдер.Сөздік көрнекілікке оқушылардан нақты көріністі тудыратын педагогтың ашық,бейнелі айқын сөзі жатады. Жүйелік және бірізділік принціпі. Іс-әрекеттің жетістігі,қойылған мақсатқа жетудегі жұмыстағы жүйелілікке байланысты.Әсіресе, бұл еңбекке баулу барысында өте маңызды.Жұйелілік принціптің негізі мынада:оқытуда оқу материалының логикасын қатан сақтағанда,оқушылар білім,білік,дағдыларды ұзіліссіз меңгереді.Онда мынадай талап қойылады: жаңа материалды түсіндірместен бұрын, өткен материалға қысқаша шолу жасап, оның қаншалықты меңгерілгендігін тексеру қажет.Бұл дидактикалық ережелер сынып сабақтарын тыс сабақтарды да қамтиды.Еңбек пәнінің мұғалімі сабаққа әзірлену барысында келесідей дидактикалық ережелерді назарға алады: 1.Нақты бөлімді зерттеу барысында материалды сабақтар бойынша тарауларға бөлу қажет, және бұл «бөліктер» бірдей болуы керек. 2.Оқушылардың жаңа материалмен танысуындағы жетістіктерінің басты шарты олардың меңгерген білімдеңгейлерін анықтау және осы білімнің жүйелі түрде қолданылуын анықтау. 3.Әрбір сабақта оның мазмұнды орталығын анықтау маңызды болып келеді,соған сәйкес тәжірибелік зерттеу жүйесін, білім, дағдыны көрсетуге болады. 4.Технологияның алғашқы сабағынан бастап оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге үйрету керек, өз білімдерін өздері толықтыратындай етіп, жағдайлар жасау керек. Жүйелілік және бірізділік принципін дұрыс жүзеге асырумен байланысты технология мұғалімінің тағы да міндетін көрсетуге болады.Бұл принцип мұғалімнің өзінен де сабақтарға деген жүйелік дайындықты, әрбір сабақтың тақырыбын мұқият талдауды, оқыту нәтижесін объективті бақылауды,бағалауды талап етеді. Я.А.Коменский,материалдың сәйкестігін көрнекілік секілді, табысты оқу процесінің маңызды шарты ретінде есептеу,келесі дидактикалық ережелерді көрсетеді. 1.Оқыту процесінде оқушыға не жақсы және осыған дейін таныс емес болып келген мәселеге көшу керек. 2.Оқыту процесінде жеңілден күрделіге көшіп оқыту керек. 3.Оқыту процесінде таныстан бейтанысқа көшіп оқыту керек. 4.Оқыту процесінде оқыту жылдамдығының ерешеліктерін жеке оқушының ілгері тарту мақсатын ескеру керек. Оқыту процесіндегі оқушылардың саналылық және белсенділік принципі. Еңбекке баулу процесінде оқушылардың саналылық және белсенділік принціпі төмендегідей бірнеше дидактикалық ережелерде атап көрсетеді. 1.Оқушылардың жекелей қызығушылықтарын,білім алу деген ынтасын дамытып,белсенді қоғам мүшесі екенін ұмытпау 2.Оқушылар алдына жағдаяттар қойып,талдай білу дағдысын,іскерлігін талап ету. 3.Оқушыларды ұжымдық жұмыс формаларына қатыстыру үшін жағдайлар жасау. Оқушылар білімінің беріктілік принціпі. Ақпараттың ағынның дамуы,ақпараттың мазмұнның дамуы шартында «Технология» мәселесіне қатысты болашақ еңбек іс- әрекетіне дайындауда білімінің беріктілігіне деген беталыс өзгеруі мүмкін.Еңбек мұғалімінің қажетті ақпаратты тауып,ізденуге деген мақсатқа бағытталған іс-әрекеті өте маңызды.Егер оқушы алғашқы сабақтан бастап-ақ сөздік кестеге қарап отырса,ол әдетке,нормаға айналып,кейін балада құнды кәсіби дағды қалыптасатын болады. Теория мен тәжірибенің, оқытудың өмірмен байланыстылығы принціпі. Мектеп бағдарламасына «Технология» білім бөлімінің енуі,осы принціпке жаңа бағыт берді.Өйткені еңбекке баулу пәнінде сабақты теориялық және тәжірибелік деп бөлу болмайды.Теориялық материалды оқудан тәжірибелік іс- әрекеткекөшуді қамтамасыз ету үшін теориялық мәліметтерді жеке сабақтарға бөледі. Осылайша,жаңатехнологиялық бағыттар(биотехнология,нанотехнология,инжинерлік генетика және т.б.) қалыптасады.Мектеп бұл бағыт бойынша артта қалады.Бірақ ол өзінің түлектерін шынайы өмірге дайындап,қоғамда өз орнын табуға деген қасиетті қалыптастырып,уақытқа сәйкес келуі керек. Ғылымилық принцип. «Технология» пәні көптеген технологиялық бағыттардың бірігуін, сәйкестігін қарастырады.Бірақ олардың барлығы мемлекеттік стандартта бекітілген,нақты технологиялық көрінісі бар өндірістік процестермен байланысты.Техникалық өлшеулер,электрлік-радио технологиялар,бағдарламалық тілдер,экономикалық терминдер-осының барлығы ғылыми бағытты қалыптасып,стандарт бойынша Халықаралық ұйымының талабына,мемлекеттік нормативке сәйкес келеді.Жоғары дәрежелі кәсіби маман ғана күрделі технологиялық жағдайды мысалмен түсіндіре отырып,оқушыға жеткізе алады.Мұндай кезде күнделікті тұрмыстық терминді қолданудан аулақ болу керек.Міне,осы себептен технология пәні мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті мен кәсіпкерлігінің ерекшелігі политехникалық дайындықты талап етеді. Оқушылар білімінің жылдамдылық принціпі. Оперативті білім қазіргі адамның білім алуында өте маңызды рөл атқарады.Мұнда оқушыларды өзінің бойындағы білімді қолдана білу іскерлігіне оқыту бойынша мақсатқа бағытталған іс-әрекет қажет.Бұған көбінесе жобалық іс- әрекетте қол жеткізуге болады.Оқушылар алған білімдерін саналы түрде қолдана іс-әрекетті көп жұмсауды талап етеді. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1.Принцип ұғымына анықтама беріңіз? 2.Оқыту принциптерінің саны күнделікті,қолданбалы болып келе ме? 3.Көрнекілік принципіне сипаттама беріңіз? 4.Білімнің жүцелілік және бірізділік принципінің жүйелілік және бірізділік принципінің мазмұнын ашып беріңіз? 5.Технология сабағына қатысты ма? 6.Оқыту процесіндегі саналылық және бірізділік принципі мен оқушылар білімінің жылдамдық принципінің ұқсастықтары неде,салыстырыңыз? 7. Технология мұғалімі ғылымилық принціпті қалай жүзеге асфырады? 8. Бұл кезде қандай қиындықтар туындауы мүмкін? № 3 Тақырыбы: Еңбек және кәсіптік білім әдістері. Оқыту әдістері және оның классификациясы. Мақсаты: Еңбек және кәсіптік білім әдістерімен студенттерді таныстыру. Қысқаша мазмұны: Әдіс (methodos) грек тілінен «жол», «тәртіп әдісі» деген мағынаны білдіреді. Әдістерді өту барысында біз мұғалімнің оқушылармен жұмыс істеуде қолданатын жүйелік тәсілдерін, білім қабілеттері мен қызығушылықтарын дамытып, білімді меңгеріп оны тәжірибеде қолдануды үйренеміз. Қазіргі уақытта дидакттардың арасында оқыту әдістерінің бірдей классификациясы жоқ. Л.Я.Лернер мен М.Н. Статкиннің ұсынған классификациясын көптеген ғалымдар дұрыс деп санайды. Түсіндірмелі – көрнекілі (репродуктивті) әдіс. Оған демонстрация, лекция, әдебиетті талдау, радио және теледидар бағдарламаларын, дидактикалық машиналардың қолданылуын және т.с.с. жатады. Ол есте сақтау қабілетін шынықтырады, бірақ зерттеу жұмысын қызығушылықпен қамтамасыз етпейді және шығармашылықты дамытпайды. Проблемалық әдіс лекция барысында бақылау, кітаппен жұмыс істеуде, тәжірибе барысында, экскурсияда қолданылады. Оның арқасында оқушылардың логикалық ойлауы дамиды. Бөлшекті ізденіс әдісі оқушылардың өздік жұмысында әңгімелесуде, лекцияда, жобалау және т.б. Оқушылар ізденістің кейбір этаптарына қатыса алады. Сонымен қатар олар ғылыми – ізденіс жұмысының белгілі бөлімдерімен таныса алады. Зерттеу әдісі оқушылар ақырын ғылыми зерттеудің принциптері мен этаптарымен меңгереді, гипотезаларды тексереді және алынған қорытындыларды бағалайды. Кәсіби білім беруде бұл әдістер үш топта нақтыланады. Ол берілген ақпаратты меңгеруге байланысты: сөздік, көрнекілікті және тәжірибелі болады. Әрбір топтың өзіндік ерекшеліктері болады. Технология сабағын беруде қолданылатын әдіс тәжірибе барысында өңделген. Технология сабағында оқушылармен жұмыс істеу үшін әр топтың дидактикалық ерекшелікткрін және әдістемелік аспектісін білу керек. Ақпаратты білу және меңгеру әдістері және оларға сипаттама. Сөздік әдістер көп қолданыста болғандықтан олардың әрқайсысының қолданыстағы ерекшеліктерін айыра білу керек. Бұл әдістің басты ерекшелігі сөз арқылы берілетін тіл байлығы, мәнер, көптеген түсініктердің болуы. Технология пәнінің мұғалімі оқушыларға күрделі техникалық түсініктерді түсіндіре отырып, оған сәтті таңдалған бейнелер мен аналогтарды қолдана алады. Сөздік әдістерде кәсіби маман жетік меңгеруге міндетті бірнеше талаптар бар. Дикция, темп, оқығанда анық дауыс оқушылардың ақпаратты қабылдауында үлкен орын алады. Анық айтылған терминдер, айтылған сөзді естіп, түсініп, ойлану үшін қолданылатын паузалар – бұның бәрі сөдік әдістің шарттары болып табылады. Дұрыс интонация, омонимдер мен омофондардың ден қойылып айтылуы, дұрыс екпін қою сөздік әдістің қойылатын талаптары. Технология пәнінің мұғалімі қолданатын сөздер оқушыларға анық, нақты мағынаны білдіру керек. Егер оқушыларға плакат не диафильмнен кадр ұсынылған болса, онда түсіндіу барысында пауза қоюдың керегі жоқ. Оқушылардың назары белгілі бір элементте болып тұрғанда олар айтылған сөзді қабылдамайды. Әңгіменің мазмұнының дұрыстығы мазмұндаушының эмоционалдығына байланысты. Әңгімелеушінің немқұрайлығы аудиторияға таралып тыңдаушыларға көшеді. Керісінше мұғалімнің өзі тақырыпты түсіндіргенде шынайы көңілмен түсіндірсе, қызықты фактілер келтіріп оқушылардың бар назарын өзіне аударса, онда оқушылардың да қызығушылОқушылардың техникалық оқулықпен жұмыс істеп өздік жұмыс жасауы оқушылардың білімін бекітудің ең тиімді әдісі болып табылады. Кітаппен жұмыс істеу бұл оқушыдан бақылау алу және оқушының өздік білім алуына көмектеседі. Технология пәнінің мұғалімінің тәжірибесінде көрнекіліктер маңызды орын алады. Тақырыпқа байланысты затты көргенде ғана оқушыда нақты білімі қалыптасады. Көрнекілікті қолданғанда да оның қолдану әдісі болады. Мұғалім білуге міндетті ережелер: Оқушылар нені қарайды, қандай мақсатпен қарайтынын түсіндіру керек; Көрсетілген зат оқушылардың отырған оқушылардың барлығына көрінетіндей етіп ұйымдастырылуы керек; Оқушылар ол затты тек ған көрмей, сезінуі керек; Заттардың ерекшеліктері оқушыларға әсер ететіндей етіп тырысу керек. Оқушыларға жұмыс барысын көрсетуде келесі әдістер қолданылуы керек: Еңбек процесін жұмыс темпінде көрсету; Оны баяулатып көрсету; Әр әдістен кейін тоқтатып көрсету; Жұмыс ритмінде еңбек процесін қорытындылап көрсету; Оқушыларға үйретілген әдісті меңгергенін тексеру. Жаттығуларды орындау барысында технология мұғалімі оқушыларды асықтырмай жұмыстарын көріп олардың қорытындысын бағалау керек. Өз бетімен жұмыс істеуді үйренудегі негізгі жолдар: Әртүрлі техникалық құралдардың қолданылуы; Инструктаждың қолданылуы; Оқушылардың сызуларды өз беттерімен сызып талдауы; Жұмыс режимдерін талдау; Бақылау – өлшеу құралдарды өз беттерімен қолдана алуы; Дайын болған жұмыстың сапасын өзі бағалай алуы. Жазулар сабақтың басында ғана болуы керек. Егер сабақтың көп уақытын жазу алатын болса, онда оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін тежейді. Оқушылар үшін тәжірибе көп болу керек. Тәжірибенің арқасында олардың білімі тереңдей түседі. №4 тақырыбы: Технология мұғалімінің мектептегі міндеттері. Оқу және сыныптан тыс іс- әрекет мазмұны. Мұғалімнің тұлғалық және кәсіби қасиеттері. Технология пәніне қойылатын талаптар. Сабақтың мақсаты: Студенттерді технология мұғалімінің іс- әрекеттерімен таныстыру. Қысқаша мазмұны: Мұғалімнің технологиялық міндеттері: -технология қауіпсіздігін сақтау, мектеп ережелерін ұстану. -технологияның қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, жалпы жиындарда мәлімет беру. -өрттен сақтану қауіпсіздік ережесі, сонымен қатар еңбекті қорғау қауіпсіздік ережелерін білу. Мұғалім өзін мысалға ала отырып, үлгі бола білу керек. Бұл әртүрлі жағдайға байланысты; мысалы мектепте кезекшілік қызметін атқару, мұнда оған үлкен міндет атқарылады. Технология мұғалімінің тұлғалық міндеттері администратор арқылы бекітілген келісім - шартта көрсетіледі. Оқу мазмұны оқу жүктемесімен байланысты. Ол педагог жалпы техникалық және алдын- ала қабылдау синтезін құрайды. Технология мұғалімінің перспективті дайындығы белгілі- бір сыныпта оқу программасын және жылдық жоспар құруды негіздейді. Уақытша интервалды ( тоқсандық, жарты жылдық, жыл) мұғалім өзі таңдайды. Оқу процесінің ғылыми ұйымы ретінде келесі сұрақтар жоспарланады: -программаның толық орындалуы мақсатында оқу процесінің рационалды ұйымы. -сабаққа тиянақты дайындалуға жеңілдіктердің болуы. -үй жұмысын орындауда оқу әдебиеттерінің жүйелілігінің қалыптасуы. -практиканың теориямен байланыстылығы. -пәнаралық байланыстардың дамуы. -мектеп шеберханасының материалдық оқу базаларын толық қамтамасыз ету. Ағымдағы дайындық, конспект- жоспар құрып, сапалы сабақ өткізуге дайындық. Сабақ - оқушылармен жұмыс істеудің негізгі формасы, жоспар құру мұғалімнің негізгі құжаттарының бірі болып саналады. Жақсы құрылған жоспар сабақтың жақсы өтуіне себеп болады. Қандай жақсы құрылған сабақ болмасын, міндетті түрде кемшілігі болады; мысалы, уақыт жағынан оқушылар тақырыптан тыс сұрақтар қоюы мүмкін. Мұнда уақытты үнемдеу керек, себебі, әр кезеңнің өз уақыты болады. Тағы біреуі- сыныптан тыс жұмыстар, мұнда мұғалім уақыт пен белгілі бір жоспар шегі қатаң қарастырылмайды. Технология пәні мұғалімі қосымша үйірмелер, қызығушылықты арттыруға байланыстыклубтар құруы мүмкін. Сыныптан тыс жұмыс еркін тақырып бойынша құрылады, ал оның мазмұны оқушының жеке қызығушылығына жауап береді. Сыныптан тыс міндеттемелер мұғалім оқушының қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттырып, техникалық ойлау қабілеттерін оятуы керек. Мұғалімнің тұлғалық және кәсіби қасиеттерінің бірі ретінде психологиялық сауаттылығы жатады. Бұған мысал ретінде жасөспірімнің уайым- қайғысын, яғни жағдайын түсіне білу- дұрыс қарым- қатынаста болу. Қысқаша «алтын ережені» ұстану керек: « Саған адамдардың дұрыс қарым- қатынаста болуы үшін олармен жақсы араласуың керек». Болашақ технология мамандарына оқу үрдісі барысында кәсіби қасиеттерді ұстану керек. Білім- шығармашылық еңбектің нәтижесі. Оқушылардың білімі -мұғалімнің еңбегінің өлшемі. Білімнің тәрбиелік маңыздылығы, оқушының тұлға болып қалыптасуына апаратын мақсат болып табылады. Кәсіби және еңбекті оқыту мұғалімдері өздерінің педагогикалық шеберліктерін көрсету барысында, методика мен дидактикада қолданылған әдістерді пайдаланады; бақылау, педагогикалық эксперимент және теориялық зерттеу. Бақылау. Еңбек сабағын өткізуде әртүрлі методикалық тәсілдерді меңгеруді көздейді. Әр түрлі әдістерді қолдануда нәтижесін саралау. Оқушылардың оқуы барысында эмоционалды және танымдық іс- әрекеттерін бақылау, белсенділіктері және тежелу мөлшерін анықтайды. Педагогикалық эксперимент. Эксперимент дидактикалық зерттеуде көп қолданылады. Оқытудың мазмұнын тексергенде ( оқу жоспары, оқу программасы, оқулықтар) форма және оқыту әдістерін, оқу жабдықтарын тексеру мақсатында; сыныптан тыс жұмыстар - оқу тәрбиелік іс- шараларды меңгеруде қолданылады. Педагогикалық тәжірибені зерттеу және қорытындылау. Бұл зерттеу әдісі оқу- тәрбие процесінің басты кілті болып табылады. Алғашқы жұмыс істеу кезеңі педагогикалық тәжірибемен таныс болу болып табылады.Керекті мәліметтерді жинау үшін әр түрлі жолдар қарастырылған; сабақ өтуін қадағалау, оқушылардың жұмыстарына талдау жасау, мұғалімнің педагогикалық конференцияларда сөйлеуі, мектептің оқу- әдістеме құжаттары. Теориялық зерттеу. Теориялық зерттеу ғылыми- педагог зерттеуде маңызды рөл атқарады, теориялық зерттеуге мынадай жағдайда жүгінеді; егер берілген зерттеу жұмысы эксперимент, бақылау әдісімен толық зерттелмеген жағдайда. Теориялық зерттеу өткізгенде ең басты міндет берілген тақырып бойынша әдебиеттерді қарастыру теориялық талдау болып табылады. Технология пәні мұғаліміне қойылатын талаптар. Оқушылардың білім алу процесін мұғалім өз мойнына алады. Ол әрбір сабақтың мақсатын, құрылымын, ұйымдасуын қадағалайды. Теориялық мәлімет және кәсіптік білім қорлары оқушылармен жақсы меңгерілсін десе, оқыту әдісін және сабақ өткізу формасын, тігін құрал- жабдықтарын, көрнекілік құралдарын және техникалық құжаттардың дұрыс- бұрыстығын қадағалап, ескеру қажет. Сабақ барысында мұғалім алға қойған міндеттерін жүзеге асуын қадағалайды; білімділік, дамытушылық, тәрбиелік. Ол үшін оқыту процесіне байланысты әрдайым оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп отыру қажет, берілген тапсырманы дұрыс орындату керек. Технология мамандығының мұғалімі оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, арнайы еңбектік, кәсіби, т.б. мамандық таңдауға көмектеседі. Еңбекке деген дұрыс көзқарас, өмірдің белсенді ұстанымдарын ғылыми тұрғыдан таңдау. №5 тақырып Технологияларды үйретуде ұйымдастыратын форма ретінде технология сабағының құрылымдық схемасы, технология сабағының арнайы формалары Сабақтың мақсаты: Студенттерді технология сабағының типтерімен таныстыру. Қысқаша мазмұны: Ұжымдық оқытудың сыныптық-сабақтық нұсқасының анықтаушы белгілері бар: - Сыныпта оқитындардың жастары шамалас және оның құрамы салыстырмалы тұрақты - Жұмыс жоспары бойынша, белгіленген уақытта, сабақтың құрылымдық-ұйымдық нақты тұжырыммен өтеді. - Оқу тәрбие сабағының негізгі бірлігі сабақ б.т. - Сыныптық-сабақтық түр тиімдірек, себебі ұжымдық жұмыс рухани бәсекелестікке әкеледі, ол өз кезегінде тәрбиелік мағынасы зор. Бұл түрдің қиындығы оқу-тәрбие процессінің индивидуализациясында. Негізгі сабақ типтері және олардың ерекшеліктері. Сабақ ұйымның негізгі мектептегі білімдік жұмысы б.т. Бірақ та еңбекке баулу сабақтарының өзіндік мәні бар. Біріншіден, 2 еселенген технология сабақтарында өзін көрсеткен тәжірибе болады. Ол еңбекке баулу сабақтарындағы орталық орынды оқушылардың тәжірибелік жұмыстары алатындығымен түсіндіріледі. Екі еселенген сабақтарда оқушылар алдына қойылған есептерді оңай шешеді. Екіншіден, технология сабақтары оқушылардың жұмысын істеуінде қауіпсіздікті талап етеді. Бұл міндетті түрдегі талап, кез келген құрал- жабдықтармен оқушылар дұрыс пайдаланбағанда жарақат көзі бола алады. Үшіншіден, технология сабақтарында оқушылардың салыстырмалы жұмысын болжай отырып, мұғалім сыныптағылардың барлығын қатаң қадағалауы, өз кезегінде болуы мүмкін жарақаттар мен және жұмыс атқару барысындағы қателіктердің алдын алуы керек. Сонымен қатар әрбір сабаққа мынандай дидактикалық талаптар қойылды. Оқу және тәрбие жұмыстарының бірлігі, оқу материалдарының оқу программасына сай болуы. Техника және технологиялардағы оқу материалының мазмұны қазіргі ғылым жетістіктері дәрежесінде болуы. Оқу материалының дұрыс таңдалуы және оның қол жетімділігі. Дидактикалық мақсатқа бағынышты технология сабақтары мынадай негізгі типтерге бөлінеді. Оқушылардың жаңа білім алу сабағы (негізгі орынды жаң материалды оқу алады) Білімімді тәжірбиеде қолдану сабағы (көбінесе моделдеу және конструкциялау сабақтарында). Жүйелеу және білімді жалпылау, қайталау сабағы (сабақ отырысында – тақырыпты қайталау, білім жүйесіне дұрыс бағыттау, ол оқытушыдан түпкілікті дайындықты талап етеді). Комбинирленген сабақ (осы – сабақтың өтілуінде әр түрлі дидактикалық, есептерді шешуге мүмкіндік береді, бұл сабақ типі еңбекке баулуды оқыту жүесінде маңызды орын алады) Әр сабақ типі құрылымың ерекшелігі болады, кез-келген технология сабақтары кезең бойынша өтеді: - Дайындық-ұйымдық Теориялық Тәжірбиелік Қорытынды-ұйымдық Технология сабағының типті құрылымы. Аралас сабақ кең таралған, оның құрылымы әдетте былай: Оқушылардың ұйымдасуы Үй жұмысына дайындықты тексеру Бұрын өткен тақырыпты қайталау Жаңа тақырыптың мазмұны Өткен тақырыпты бекіту Үй жұмысын түсіндіру Технология сабақтарының арнайы түрлері: Технология оқытушысының тәжірибесінде арнайы түрдегі сабақтардың маңызы зор. Олар сыныптық және мектептен тыс болуы мүмкін. Олар сыныптық программадағы жеке тақырыптарға лабораторлы-тәжірибелік сабақтар, экскурсиялар жатады. Әрбір лабраторлы – тәжірибілік жұмыс әдетте мынандай негізгі элементтерді қосады: Ұйымдастырушы бөлім-оқушылардың сабаққа келуін және сабаққа дайынығын қадағалау. Жалпы құрастыру лабараторлы-тәжірибелік жұмыстың тақырыбын, мақсаты мен мазмұнын айту, еңбек қауіпсіздігі инструкторы жұмысқа қажетті құрал- жабдықтарды, қысқаша түрде теорияны қайталау. Оқушыларды жұмыс орнына орналастыру (қажеттілігіне байланысты). Оқушылардың өзінік жұмысы (жұмыспен танысу, оның орналасуының реттілігі). Жұмыстың орындалуы, жұмыстың барысында оқытушының қарауы және қадағалауы мен; жұмыс орнын тазалау және құрал-саймандарды тапсыру; мұғалімге есеп. Жұмыстың орындалуын талқылау (айытлмаған материадарды сондай-ақ қателіктерді көрсету). Лабораториялы-тәжірибелік жұмыста жазбаша инстуктирование (құрастыру) кең қолданылады, оқушылардың нақты ұйымдастыру жұмыс өздігімен орындауға бейнелеуді. (Саяхат) Экскурциялар алдына қойылған мақсатына қарай әр қалай тағайындалуы мүмкін. Олар танымдық және мақсаттық болуы мүмкін. (Саяхат) Экскурцияларды өткізу әдісінде келесідей сұрақтарды қамтиды: Саяхатқа дайындық өткізу және қорытынды шығару. № 6 тақырып. Еңбек сабағындағы өндірістің негізгі түсініктері. Технологиядан сабақ беруде базалық түсініктерді жинақтау. Экономикалық түсініктерді оқыту әдісі. Оқушыларға экологиялық білім беру. Стандарттау әдістері. Сабақтың мақсаты: студенттерді оқушыларға өндірістегі, экономикадағы, экологиядағы және стандартизациядағы негізгі түсініктерді оқыту әдістерімен таныстыру. Қысқаша мазмұны: Технология өндірістік ғылым болғандықтан кез келген өндірістік процестің құраушы органикалық бөліміне және материалдық күшіне айналды. Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектеп оқушыларына экономикалық тәрбие беру өзекті мәселеге айналып отыр. Оқушыларға негізгі экономикалық түсініктерді түсіндірмейінше экономикалық тәрбие беру қиынға соғады. Қоршаған ортаны қорғау туралы сұрақтар оқушыларға экологиялық тәрбие берудің негізгі факторы болып табылады. Табиғатты қорғауды бүгін біз бүкіл өндірістік процестің ажырамас бөлігі ретінде қарастыруымыз керек. Мұғалім терминдерді түсіндіруде оқушылардың жас ерекшелігін, білім деңгейін ескеру керек. Өндіріс әлеміне толығымен кіру, техникалық құралдарды түсіну, терминологияны түсіну, бұның бәрі технология мұғалімінің міндетті тапсырмалары. Бұл тапсырмалардың шешімі толығымен технология мұғаліміне жүктеледі. Технологиядан сабақ берудегі базалық түсініктерді жинақтау. Оқушыларды негізгі өндірістік түсініктермен алғашқы кіріспе сабақтан бастап таныстыру керек. Ең дұрысы адамның табиғатпен өзара байланысын түсіндіру. Біздің табиғатқа тәуелділігімізді мысалдар арқылы көрсету. Табиғат бізді бәрімен қамтамасыз етіп отыр. Табиғат азық – түлігінің адам азық – түлігіне айналуы өндіріс процесі болып табылады. Технология – материалдарды, техниканы, адам еңбегін қолдана отырып қысқа ғана уақытта шикізатты сапалы азыққа айналдыру туралы ғылым. Экономика және өндірісті ұйымдастыру – бұл технологиялық процесте шикізаттың, техниканың және еңбектің қолданылуы рационалды болуын, ал өнім аз шығынмен өндірілуін мақсат ететін ғылымдар. Қорытындысында оқушылардың ойында өндірісті құрайтын компоненттер схемасы қалыптасады: Материалдар (шикізат); Адам еңбегі; Техника (техникалық құрылғылар жиынтығы); Технология (технологиялық құрылғылар мен материалдарды қолдану туралы ғылым); Экономика және өндірісті ұйымдастыру. Оқушыларды негізгі жалпы техникалық білімдермен таныстыру әрқашан жалпыдан жекеге жүреді: Оқушылардың негізгі өндірістік түсініктерді меңгеруі (техника, технология, экономика және өндірісті ұйымдастыру, табиғатты және қоршаған ортаны қорғау); Оқушылардың жалпы техникалық түсініктерді олардың классификациясы мен қасиеттері бойынша меңгеруі (машина, механизм, аппарат, прибор, құрал – жабдықтар, құрылғылар); Оқушылардың техникалық құрылғылардың спецификалық ерекшеліктерімен танысуы; Техникалық құрылғыларды құрылымы, бөлшектері бойынша топқа бөліп талдап, оларды басқару және қолданылу аймағы туралы оқу. Негізгі өндірістік түсініктер бөлімін оқудағы ерекшеліктер. Негізгі өндірістік түсініктердің мысалды бөлімі: Техникалық – машина, механизм, прибор, аппарат, инструмент, құрылғылар… Технологиялық – операция, құру, көшу, өту… Ұйымдастырушылық – ұйым құрылымы, жұмыс орнының дайындығы, еңбекті ғылыми ұйымдасуы… Экономикалық – баға, өндірушілік, рентабельділік. Экономикалық түсініктерді оқудағы әдіс. Оқушылардың негізгі экономикалық түсініктерді және кәсіпкерлік туралы алғашқы білім беру көптеген елдердің тәжірибесі. Мұғалім белгілі бір экономикалық терминнің немесе түсініктің мағынасымен оқушылар жеңіл қабылдайтын етіп түсіндіру керек. Оқушыларда экологиялық білімді қалыптастыру әдістемелік аспектісі. Технология сабағында мұғалім оқушыларды материалдармен таныстыра отырып, олардың экологиялық құрамымен де таныстыруы керек. Мысалға ең көп қолданылатын ДСП мен ДВП фенол мен формальдегид бөледі. Егер оның беті белгілі бір материалмен өңделіп жабылмаса одан бөлінген формальдегид ауаға тарайды. Осылай организм үнсіз уланады. Формальдегид концентрациясының ауаға бөлінуге болатын мөлшері – 0,0 ал егер ода насып кетсе оның денсаулыққа қаупі төнеді. Құрылыстық жұмыстарда қазір полимерді құрылыстық материал (ПСМ) кең қолданыста. Стандарттау сұрақтарын оқыту әдістемесі. Техниканың жетістіктерге жетуіндегі, технологияның ғылыми - техникалық погресске шығуындағы шарттардың бірі стандартизация болып табылады. Стандарттау сұрақтарын оқыту спецификалық түсініктер мен анықтамаларға қойылған ГОСТ – тар санымен байланысты. №7 тақырып. Оқу процесін ұйымдастыруға гигиеналық, еңбекті қорғау және материалдық нормативтер.Оқушылардың еңбекті қорғау ұйымының жұмысы. Сабақтың мақсаты: Студенттерді оқу процесінің нормативтерімен таныстыру. Қысқаша мазмұны: Оқушылардың технологиялық қабілетінің жинақталу процесі олардың еңбек ұйымындағы ғылыми методикаға және жұмыс объектісінің дұрыс таңдалуына байланысты. Технология пәні өтуге арналған оқу ғимараттарының нормативтері. Кәсіптік білім берудің материалдықбазасы – шеберханалар, еңбектік қызмет көрсету кабинеттері, бастауыш және жоғарғы сыныптарда кәсіптік оқытуға арналған жұмыс бөлмелері – (мектеп ғимараттарының жобасына байланысты) мектеп ғимаратының ішінде немесе жеке ғимаратта орналасуы мүмкін. Педагогикалық процестің ерекшеліктерін және оқушылардың үлкен белсенділіктерін есепке ала отырып, жұмыс уақытында үлкен үлкен адамның жұмыс орнының ауданымен салыстырғанда бір оқушыға жұмыс орнының ауданы 25-40 пайыздан артық болуы тиіс. Бір оқушыға арналған жұмыс орнының ауданы төмендегідей белгіленген: Слесарлық шеберханада – 4м 2 Столярлық шеберханада – 4...5 м 2 Тігін шеберханасында – 4 м 2 Токарьлар үшін – 6...8 м 2 Фрезеровщик және шлифрвщик үшін – 9...12м 2 Электросварщик үшін – 7,5 м 2 Оқу-өндірістік шеберханалары, жертөреден басқа, ғимараттың кез келген қабатында орналасуы мүмкін. Оқу шеберханалары жарық, жылы және құрғақ болуы тиіс. Шеберханалар саны, олардың түрлері және аудандары әр мектептегі сынып оқушыларының саны мен тығыздығына байланысты қабылданылады, негізі ауданы үлкен болған жөн. Әр шеберхана ауданы 70 м 2 болғаны дұрыс. Шеберханалардағы жұмыс орнының саны V - IX сынып оқушыларының белгіленген нормаға сай бөлінуімен анықталады: қалалық мектептерде оқушылар саны 25 және одан жоғары, ауыл мектептерінде 20 және одан жоғары. Оқушылардың еңбекті қорғау ұйымының жұмысы. Еңбекті қорғау туралы инструкциялар білім беру мекемелеріндегі жұмысшылардың жеке қол қоюларымен жыл сайын таныстырылады. Оқушылардың жұмыс орнындағы инструктажы және кіріспе инструктаждың журналы. Оқушылардың қауіпсіздік ережелері туралы барлық инструктаждар қауіпсіздік техникасы туралы журналдың үлгісіне сәйкес жасалуы керек. Гигиеналық нормалар келесідей уақыт интервалдарын көрсетеді. 5-7 сыныптарда технология пәніндегі практикалық жұмыс сабақ уақытының 65 пайызынан аспауы керек; Еңбектегі негізгі үздіксіз жұмыстардың ұзақтығы 5-7 сыныптар үшін – 10 мин, 6-сынып – үшін 12мин, 7-сынып оқушылары үшін – 16 мин аспауы керек. Технология пәнінің мүғалімдері диафильм, диапозитив, кинофильм және телебағдарламаларға байланысты гигиенистердің ұсыныстарын білуі тиіс. 5-7 сыныптар үшін – 20...25 мин; 8-11 сыныптар үшін – 25...30 мин. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: Оқу шеберханаларының талабына қандай документ сай келеді? Оқу шеберханаларының, кабинеттерінің тығыздығын қалай анықтауға болады? Еңбекті қорғаудың міндетті номенклатурасын ата. Еңбек қауіпсіздігінің ережесіне байланысты мұғалімнің негізгі міндеттерін ата. Оқу шеберханаларында уақыт режимін сақтаудың міндеттілігін түсіндір. №8 тақырып. Оқытудың жобалау әдісі жайлы ұғым. Жобалармен жұмыс жасау және оның әдіспен қамтамасыз етілуі. Сабақтың мақсаты: студенттерді жобаның әдісімен таныстыру. Қысқаша мазмұны: Жобалау әдісі – бұл оқушылардың субъективтік жаңалығы мен практикалық маңыздылығы бар жаңа тауар мен қызмет құруына деген интеллектуалдық және физикалық мүмкіндіктері негізделген оқыту кешендерінің әдісі. Оқушының концептуальдік келіс жобалау әдісіне деген қазіргі заманға сай еңбектік дайындығына түбірлі орын бөлінеді. Оның орындалуына үлкен үміт артылған. 2- ші сыныптан 11-ші сыныпқа дейінгі оқыту үрдісі кешенінің осы моделі жасөспірімдерде әлеуметтік-экономикалық шарттардың тез өзгеруіне бейімделуін жақсырақ тәрбиелейді деп болжамдалады. Жобалау әдісі дамушы жеке тұлғаның өзіндік шығармашылық тәрбиесіне, күш-жігердің дамуына, тапқырлыққа, мақсаттылыққа негізделген. Жобалау әдісі (лат. projectus – алдыға тасталынған, болашаққа жоспар) – бұл оқушының сатылай күрделенетін практикалық тапсырмаларының орындалуының және жоспарлануының үрдісінде жиналатын білімдеріне негізделген оқыту системасы. Оқушылардың өзіне әртүрлі сферада өзін сынап көру мүмкіндігі, сондай-ақ өзіне қызығырақ және жақынырақ бір нәрсені жасап шығаруы және осыған өз тілектерін, күшін, мүмкіндіктерін шоғырландыру мүмкіндігі беріледі. Бұл оқыту үрдісіне ең бастысы:саналы түрде оқушылардың өз активтілігін, қызығушылығы мен өзіндік тануын қамтуына мүмкіндік береді. Жобалау әдісінің басты бір дидактикалық ерекшелігі бар. Ол – оқушының бүкіл қызмет түбірінде өзіндік тәжірибесі жатқан оның ойлау қабілетінің құрылуына негізделуі керек. Немесе оқушы өзі көріп, қателесіп, қайта дұрыс жолға түсу барысында өзі болашақ өмірде керек болып қалады дегенге кәміл сенген барлық нәрселерді жіберіп алады. Ол осыған дейін тек мұғалімнің мойнында болған өзіндік дамуын, болашақтағы өзіндік іскерлігіне дайындығының сатысын өзі шешеді. Жобалау әдісі мазмұнының ерекшелігі оның іздестіру негізі болып саналады. Оқушыларды ақырындап әрбір саналы түрдегі іскерлікпен бірнеше нағыз мақсаттарға жетуге бағытталуына дайындайды. Оқушының өзінің қоғамға дайындап шығаратын өнімінің қажеттілігін анықтап білуі артық болмас еді. Ол өнім үйде, мектепте, дала ойындарында және т.б орындарда өз қажетін таба ма? Өткізу мүмкіндігі сияқты факторлардың шығуы да әбден мүмкін. Өндіріс мақсаттылығының мойындалуы осы жерде бекітілген, яғни болашақ бұйымның түсімділілігі. Оқушылардың материалдарының әртүрлі технологиялық өзгеруінің үрдісіне қажетті біліммен кіруі маңызды. Бұл жерде өңдеу тәсілдерінің рационалдық шешім қабылдауының алғышарты, оның экономикалық үнемділігі жатыр. Жобалау әдісі мазмұнында табиғат пен қоғамға келтірілетін салдардың тіркеуі альтернативтік келу массасынан қайта құру іскерлігінде адамдардың оптимальдік құралының саналы және шығармашылық таңдауы жатыр. Ойлау қабілетінің осындай мінезін құру оңай емес. Бұл тапсырмалар оқытудың қазіргі заманғы системасымен шешіледі деген үмітте жобалау әдісінің инновациондық мағынасы, оның мазмұндық толықтығы жатыр. Мектептік жобаның классификациясы. В. Д Симоненко мазмұны бойынша жобаның келесі классификациясын ұсынады. Интеллектуалдық. Оқушылар материалдардың, жер құйқасының, бұйым өңдеудің біртуар, жаңа технологиясын және т.б-ды өңдеудің модернделген құралдарын бейнелеу білуі керек. ЭВМ-ге арналған дайындалған программалар, компьютерлік графика және т.б ұсыныла алады. Жобалау жұмысының заты ретінде оқу, тұрғын және өнім шығаратын бөлмелердің интерьері, кез келген бұйымның – үй заты, өнім үлгісінің дизайны бола алады. Сонымен қоса үйреншікті заттарға деген ерекше, кенеттен пайда болған жас көзқарасқа ерекше үміт артылған. Бұған дәлел – көптеген, және жобалаудың бұл категориясын мектеп жастарының тек жоғарғы сатысына ғана жатқызбау керек. Материалдық. Осындайлардың түбірінде құрал-жабдықтардың жасалуы, көрнекі пособиелер мен үй жабдықтары, кіші механизация мен автоматизацияның құралдары жатыр. Осы түрдің жобалары ретінде оқушылардың шығармашылық-қолданбалы және техникалық шығармашылықтың бұйымдары, материалды түрде іске асырылған оқушылардың рационализаторлық ұсыныстары бола алады. Мұғалімнің келісімімен осындай жобаларға конструктивтік жетілдіру, сыртқы көрініс өзгерісі, әрлеу, материалдардың негізделген айырбасы ұсынысы кіретін еңбектің эталондық объектілерінің орындалуын кіргізуге болады. Экологиялық. Бұл жобаларда газды-ауа ортасының, суқойма мен жер құйқасының келбеті, эрозия мен тақырланудың эксперттік бағасы жүзеге асырыла алады. Зерттеу мен анализдің заты ретінде ластанған өндіріс бөлмелерін, орман және орман шаруашылығының жер-суы, табиғи және жасанды суқоймаларды тазалау құралдары қолданыла алады. №9.Тақырып Шығармашылық жобаның орындалуындағы оқушылардың ұйымдастыру қызметінің психологиялық-педагогикалық тәсілі. Сабақ мақсаты: Шығармашылық жобаны орындалуынды студенттерге үйрету Қысқаша мазмұны: Оқушылардың шығармашылық потенциалының дамуына әр түрлі аспектілі бір бағыттағы әсері бұрын және психологиялық – педагогикалық ғылым мен сәтті қарастырылады. Жобалау әрекеті қалыпты еңбекті жұмыстан әлдеқайда айырмашылығына технология мұғалім назар аудару керек. Жобалау кезінде еңбекті және оқытуту ісі өзара қатынаста қарастырылады, себебі екі кезеңде бір бүтін іс ретінде қаралады. Еңбек ісін орындау процесі кезінде маңызды орын алады. Осы істің себебін жас өспірімдердің қажеттіліктерімен анықталады. Бұл кезде оқушылардың ісін бағалауға, яғни қанағаттарлық емес деген баға қоюға болмайды, себебі бұл процесс әрбір жобаның логикалық түйініне жеткізу үшін жасалған. Мұғалім оқушылардың өз жұмыстын көп жоспарлы етіп бағалауға үйрету керек. Технологиялық кезең немесе ұйымдастырушылық дайындастырылу процесінде жиналған немесе өңделген құжаттардың және істелген жұмыстардың сапасы жеке бағаланады: жоба орындау кезінде меңгерілген білім және істеу қабілеті талқыланады. Орындалған технология және рационалды ұсыны дәрежесі ерекше талқылану керек. Осындай прогматикалық тәсіл үйреншікті болғандықтан оқушыларды белсенді және адекватты өмірлік бағытын ұстауына көмектеседі. Міндетті түрде өзіне есеп беру керек: жобалау кезінде көптеген оқушылар үйреншікті дидактикалық ортадан шығуға міндетті болады, бұл кезде оқытушы орталық мүсін және басынан аяғына дейін оның бақылаушысы болады. Бұл кезде оқушылардың қате бағытқа кету қаупі бар. Сондықтан технология пәні мұғалімі ісі аздаған басқа бағытта болады. Ол оқушылармен бірге әрбір нұсқаның әлсіз және мықты жақтарын конструктивті қарастыратын беймаза емес экспорт ретінде роль атқарады. Мұғалімнен басқарушы және бағыттаушы ролін ешкім жауапкершілігіне алмайды. Бірақ оқушы ісінің бабын табу негізгі жұмыс технология пәні мұғалімі әрбір адамның алдында тұратын психологиялық бөгеттер туралы білу керек. Ал баланың алдындағысын және оқушыларға оны жеңуге көмектесе білу керек. Оқушылар тәртібін қалыптастыру өте маңызды әсіресе іздестіру тобы үшін. Бұл кейін ұжым ішінде тіл табысуына әсер етеді. Еңбек ету кезінде пайда болатын жаңа мәселені шешу үшін қажет тактика және стратегия жиынтығы, эмоционалды ерік тепе – теңдігін сақтау бірден қалыптаспайды. Ол біртіндеп келеді. Педагогикалық ойлар оқушының жекешелігін ескере отырып, талаптар жекешеленуі мүмкін. Бірақ олардың таңдауы негізінен тұрақты. Мұндай шығармашылық тренинг оқушыларға негізгісі - өмірге және еңбекке деген қызығушылыққа жол көрсетуді, осы жолмен іздеу және жүруді, танысуды, оқуды, жаңалыққа жетуді үйретеді. Жоба жұмыс ұйымының методикалық әрекеті. Әрбір оқушының жұмыс алдында өзіндік жол көрсетер адамы болған жөн, келесі ісінің алгоритмі оқушыларға жаднама осы түрде болуы мүмкін: Оқушы жаднамасы: Сен жоба жасау жолына барғалы отырсын. Бұл процесті бізді қоршаған барлық заттар өткен. Мәселе немесе қажеттілікті түсіну. Қажеттілік сен тұрған жеріңнен басталады. Адам қай жерде пайда болса, сол жерде шешімін табатын мәселелер туындайды. Сенің мәселең қысқаша суреттеу түрінде болуы керек. Ол сен істегелі жатқан ісіңді анық тұжырымдау керек. Ойдың дамуы мен реттелуі. Келесі қадам – сенің мәселеңдегі ақпаратты көп мөлшерде іздеу. Сенің ойыңша, саған көмектесетін барлық жағдайларды жазып алу керек. Эскиздарды, диаграммаларды, белгілерді қос. Мынаны ойла: Уақытты – бұл мәселеге қанша уақыт кететінін ? Жабдықтарды - сенің жаныңда қандай құрал-жабдықтар жатқанын ? Бағасын – бұл қанша баға тұратынын Сырқы көрінісін – қалай көрінетіндігін Өз ойыңның дамуын – мынаны есте сақта – жай идеялар әрқашан ерекше ойға айналатынын. Жоспарлау мен дайындау: Қазір сен бұл мәселені шешу жөнінде жоспар құру қажет. Өз жұмысының тізімін жаз. Бұл сенің қанша уақыт алатындығын және оған қандай жабдықтар кететіндігін жақсылап ойлан. Сынау және бағалау. Сен бұл мәселені шештің бе ? Осыны ойла да басқаларынан сұра. Мүмкін саған жасаған жобаңа сәл өзгеріс жасап немесе қайтадан басынан бастау керек болар. Негізінде дизайнерлердің шешімдері ғажайып, әрқашан жасаған жұмысыңның керемет, ғажайып жолдары бар. Берілген парақ – оқушыларға дұрыс бағдар. Кезеңнің әрбірін иллюстрация немесе символдық белгілермен жабдықтауға болады. Оқушыларға қосымша олар тауып алатын ақпараттар болады: ғылыми-техникалық бөлімі жазылған кітапхана аты, журнал, кітап аттары т.б. Мұғалім алдында міндетті экономикалық есеп үлгісі болу керек. Критерия мен түрі В.Д. Симрненконың жұмысында ұсынылған.( 42;43) Жасалған жұмыстың нәтижесі, т.б. жазылған дәптерлер әрқашан пайдалы болып табылады. Осымен қатар жоғарыда ұсынылған жаднама қатысушыға тест түрінде беруге болады, жобаны әрекеттеу өзіндік сараптамалау алгоритмі. Қажеттілік пен мүмкіндікті түсіну. Мәселе неде?ысты жүзеге асыру үшін неқажет ? Ой мен шешімді өңдеу. Өз ойыңды өңдеу үшін сәтті шешімдеріңді суретте. Жоспарла, дайында. Істегелі жатқан ісіңді жақсылап ойла. Өз ісіңді кезеңдерге бөліп көр, әр кезеңде не істейтініңді кезек- кезегімен жаз, суретте.Тексер, бағала. Сен істеу керек жұмысыңды, сенің жүйең істеп жатыр ма? Егер бәрін жаңадан бастасаң, қандай өзгеріс енгізер едің? Оқушыларға жаттығу ретінде жобаның тапсырмасын ұсыныңдар – олар өз ойларын әдетке айналдыруды тәртіпке салады. Мысалы, Біз қолданатын жабдықтарды төменнен сана. Құралдарды таңдап әрқайсы туралы қалай ойлайсын және ол соған лайық сапалы құрал екендігін жаз. Пән құрал-жабдық таңдау себебі. Шелек Орындық Сызығыш Картинка рамкасы Кәстрөл Кәстрөл тұтқасы Киім ілгіш және т.б. Ең алдымен өз жобаңды өзің бағала, содан кейін әл қазылар, мұғалімдер мен қатысушылар құрамы бағалайды. Берілмейтін жабдықтармен, қиын құрамы бағалайды. Берілмейтін жабдықтармен, қиын құралдармен жұмыс істеу барысында жобалау шығармашылық жүйесі үйренушілердің ерік – жігерлерін оятады. Өзін қадағалайтын сұрақтар мен тапсырмалар. Жобаны орындау кезіндегі психология педагогикалық шарты қысқаша тұжырымда. Жобалау жұмысы кезінде болатын кезеңдерді сана. Жобалау кезінде негізгі ерекшеліктер бағалауды сипатта. Технология бойынша программа тақырыбын таңда да мүмкін болатын жобалау жұмысының үлгісін көрсет. Лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: №1 лабораториялық жұмыс Тақырыбы: Технология пәні бойынша мектептік бағдарламалардың зерттемелері мен қорытындылары; Жұмыстың мақсаты: бастауыштағы мектептік бағдарламалардың қорытынды анализінің қабілеті мен бейімі бейімделген технология пәнінің болащақ мамандарының қалыптасуы; базалық инварианттық және вариятивтік курстар бойынша құрылысы мен мазмұнының зертемесі; Ақпаратты-анықтаушы блогі: Оқыту бағдарламасы оқушылырдың меңгеруіне жататын еңбек объекттерін және тағы басқа заттарды жинақтай отырып мұғалім білімнің көлемі мен мен қабілетті анықтай отырып басқаратын негізгі құрал болып табылады. Бағдарламаның қорытындысын табу үшін міндетті түрде оныңмазмұнын білу қажет, оны бүтіндей көзге елестетіп, нақты түрде бөлімдерінің арасындағы дидактикалық байланыстарды қарастыру қажет. Оқыту бағдарламасы жай ғана өшіп қалған зат емес – оның мазмұны жылдан- жылғатүзетіліп отырады. Кез-келген бағдарлама мұғалімнен шығармашылықты талап етеді және мектептің оқыту-жабдық базасының жағдайының және оның қоршаған ортаның өндірісінің есебімен өзіндік шешімге келетін сұрақтар қатарын қалдырады. Тапсырма: техникалық еңбекке тапсырма) V-VII сыныптар аралығындағы технология пәнінің бағдарламасының құрылысы мен мазмұныментанысу. Мұғалімнің нұсқауымен төменде берілген сұрақтар мен тапсырмалардың кейбіріне жазбаша жауап беру. Негізгі тапсырмалар көрсетіп нұсқау және V-VІІ сыныптарындағы еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың мақсатын алдын-ала бекіту. Ағаштан, металлдан бұйым жасау барысында оқушылар танысатын еңбек операцияларын анықтау және ұқсастықтарын анықтау (белгі, бөлу-аралау және тағы басқа). Материалдарды өңдеу барысында операцияны ретімен орындап, машықтану барысында қарапайымнан күрделіге өту ұстанымы сақталуын, сақталмауын көрсету. V-VІІ сынып оқушылары технология пәнінде қандайграфикалық түсініктермен танысады? Сыныптар арасындағы оқу-үйренудің ретін және материалдар туралы, олардың қасиеттері мен қолдану қажеттігі жөнінде м әліметтердің бағдарлама бөлімдерін қарастыру. Машина кіріспесінің мәліметтерін оқушылардың (сыныптар бойынша) иемдену барысында жүйелік танысу орын алуын бағалау. Мектеп бағдарламалардың (сыныптар бойынша) қандай тақырыптарында оқушылар бөлшектердің пішінін қалыптастырудың жаңа заманға сай кезеңдермен танысады ? Жұмыстың орындалу рет: Түсіндірмелік қағаздың мазмұнымен және еңбекке баулудың үлгілі тақырыптық жоспармен танысу. Қалалық және ауылдық мектептерінің ұл және қыз балалар үшін айырмашылықтарды салыстыру және айырмашылықтарын табу. V-VІІ сынып бағдарламаларының бөлімдері бойынша бөлшектік танысу және қорытынды анализ жүргізу. «Техникалық мәлімдеме» бөлімдері бойынша сынып аралық оқытудың сұрақтары мен тапсырмалырының жауаптарын анықтау. «Тәжірибелік жұмыстар» бөлімі бойынша және оқу кітаптпры бойынша (сынып аралық) еңбектің мүмкіншілігі бар объектерін белгілеу. Бағдарламалардың бөлімдерімен танысып, олардың қай түрімен лабораториялық- тәжірибелік жұмыстар жүргізілуі мүмкін екенін анықтау. Жазбаша түрде қойылған сұрақтарға жауап беру. Жұмыстың орындалу реті: Түсіндірмелік қағаздың мазмұнымен және еңбекке баулудың үлгілі тақырыптық жоспармен танысу. Қалалық және ауылдық мектептерінің ұл және қыз балалар үшін айырмашылықтарды салыстыру және айырмашылықтарын табу. V-VІІ сынып бағдарламаларының бөлімдері бойынша бөлшектік танысу және қорытынды анализ жүргізу. «Техникалық мәлімдеме» бөлімдері бойынша сынып аралық оқытудың сұрақтары мен тапсырмалырының жауаптарын анықтау. «Тәжірибелік жұмыстар» бөлімі бойынша және оқу кітаптпры бойынша (сынып аралық) еңбектің мүмкіншілігі бар объектерін белгілеу. Бағдарламалардың бөлімдерімен танысып, олардың қай түрімен лабораториялық- тәжірибелік жұмыстар жүргізілуі мүмкін екенін анықтау. Жазбаша түрде қойылған сұрақтарға жауап беру. №2 лабораториялық жұмыс Тақырыбы: Әдістемелік және оқуға арналған әдебиеттерді оқыту мен анализдеу. Жұмыстың мақсаты: Әдістемелік, оқуға арналған және ғылыми әдебиеттерді талдауға үйрену. 5-7 сыныптарда еңбекке оқытуға арналған негізгі оқыту-әдістемелік әдебиетті зерттеу. Ақпаратты-анықтаушы блогі: Мектеп уақытпен және қоғамның дамуымен бірге жүруі керек. Бұл үрдісті басқару үшін, мұғалім педагогика ғылымының және технология әдістемесінің дамуындағы барлық жаңалықтарды білуі керек. Біріншіден, жаңа оқу- әдістемелік әдебиеттерді үнемі зерттеп, анализдеу керек. Әдістемелік әдебиетке мұғалімге арналған пособие, оқытуға арналғанға – оқушыларға бағытталған әдебиет жатқызылады. Технология бойынша оқу-әдістемелік пособиелерде автордың өзінің немесе онымен жалпыланған жұмыстардың нақтыланған тәжірибесі жинақталған. Алайда, мектептің материалдық базасы, жергілікті шарттар, оқушылардың дайындық деңгейі әртүрлі, ал еңбектік оқытуда көбі осы факторлармен анықталады. Сондықтан, мұғалім оқу-әдістемелік әдебиетті зерттегеннен соң, оны қорытындылап шығуы керек. Сондай-ақ, ұсыныстарды мүмкіндіктерге қарай бағалап, сынмен қарап, ал алған білімдерді шығармашылықпен қолдануы керек. Оқу әдебиеттері оларға сынайы көзқараспен келуді талап етеді. Бірақ, оның сабақ үстінде қалыптасуы міндетті түрде қажет. Машинатану, материалтану, құрылымдық материалдар, маталар және тамақ өнімдерін өңдеу технология саласына жататын тәжірибелік білім және дағдымен қатар технология сабақтарында құрылатын білім жүйесі бірқатар ұғымдарды жинақтайды. Оқу құжаттары жетіспеген жағдайда олардың құрылымына көп уақыт жұмсалады. Оқу құжаттары оқушыларды уақыттың жетіспеушілігіне байланысты сабақ үстінде мұғалім сирек айтатын техникалық мәліметтермен анағұрлым тереңірек таныстырады. Еңбек тәртібі және өнім сапасы жоғары деңгейіне оқу-техникалық құжат бойынша өндірістік тапсырманың орындалу жағдайында, ең алдымен бұйымның сызбасы және оның дайындалуының технологиялық картасының болуы кезінде жетеді. Мектептер қатарында осындай құжаттың көшірмесі қиынырақ түседі. Егер де оқу-техникалық құжат оқу пособиесінің құрылымында болса, бұл қиындықтар жоғалып кетер еді. Оқу құжаттары көрнекілігінің сапасы жоғары болған кезде, олардың дидактикалық бағасы өнімдік үрдістердің технологиялық және техникалық ерекшеліктерін анықтауына әсер етеді. Осылайша, болашақ мұғалімнен өзінің жұмысында әдебиеттің қолданылуына және оның іріктелуіне деген терең оймен келген қатынас қажет етіледі. Осымен негізінен жоғарыда көрсетілген мақсаттар анықталады. Тапсырма: Еңбекке баулып, оқытуға байланысты әдістемелік және оқу әдебиеттерінің арнайы сыныптарға арналған (мұғалім анықтайды) тізімімен танысу. Технология сабақтарында қолданылатын оқу пособиесін таңдап, таңдау себебін дәлелдеу. 3. Әр құжатты зерттеудің жоспары. 4. Құжаттың белгіленуін анықтаңыз. 5. Оқу бағдарламасының мазмұнының сәйкес келуін (немесе келмеуін) белгілеңіз. 6. Ол өзінің белгіленуін қанағаттандыра ма (дәлелдеу)? 7. «Технология» және бөлек оқытулардың бағдарламасындағы жеке тақырыптардың қандай әдістемелік зерттемелері пособиелерде жинақталған? Осы зерттемелердің толықтығы қандай дәрежеде? Пособиенің іс жүзіндегі оқу материалының мазмұны бағдарламаның қай тақырыптарына сәйкес келеді? 8. Оқушыларға оның мазмұндауының қол жетерлігін, жас ерекшелігінің есебін, көрнекілігін; технология бойынша әрекеттегі бағдарламаның талаптарына сәйкес оқу материалы мазмұнының толықтығын анықтаңдар. 9. Қандай еңбек объектілері, бұйымның жасалуының техникалық құжаты пособиеде көрсетілген? 10. Оқушылардың және мектептегі оқу шеберханасының шарттары негізінде дайындаудың мүмкіндіктеріне қарай еңбек объектілеріне қорытынды беріңіз. Бұл бұйымдар қандай тақырыптарға сәйкес келеді? 11. Оқу шеберханаларының қандай жабдықтары, қандай құрал-саймандары пособиеде сипатталған? Оларға қысқаша мінездеме беріңіз. 12. Осы жабдықтағы, осы бағдарламада көрсетілген бұйым дайындығының мүмкіндігін бағалаңыз. 13. Пособиеде тағы басқа қандай сұрақтар айқындалған? Технология мұғалімінің тәжірибелік іскерлігіне олар пайдалы ма? 14. Институт кітапханасының анықтамалық-библиографиялық бөлімшесінде бағдарламаның айқын бір бөлімінде оқу-әдістемелік әдебиеттің іріктеуін орындау. Оқушылармен сыныптан тыс әдебиетті таңдаңыз. 15. Қойылған сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру. Әдебиет: (7, 8, 22, 35, 36). №3 лабораториялық жұмыс Тақырыбы: Мектеп шеберханасындағы құрал- жабдықтар. Жұмыс мақсаты: Мектеп еңбекті оқутудағы материалдық базасының жағдайын талдауға болашақ мұғалімдерді үйрету. Мектеп шеберханасындағы құрал- жабдықтарға қойылатын талаптармен таныстыру материалдық база- мектептегі тәлім- тәрбие дәрежесін анықтайтын- негізгі факторлардың бірі. Көпнесе жас маманның алғашқы өзіндік қадамы еңбекке оқытудағы материалдық базаны және оның нормаға сәйкестігін бағалаудан турады. Студенттер еңбекке оқытудың материалдық базасына қойылатын келесідей аппаратарды білуі керек. Шеберхана аймағы типті орналасуы мектеп оқушыларды санына сәйкес келеді. Керекті құрал- жабдықтармен қамтамыз етілу. Санитарлы-гигиеналық талаптардың сақталуы Оқушылардың еңбектенунде қауіпсіз жағдайдың болуы Өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етілуі материалды базаның талаптарын арнайы әдебиеттерден білуге болады Ақпаратты-анықтаушы блогі: техника қауіпсіздік жөніндегі ережелерді қолдану, мысалдары кітапта көрсетілген [41] кулинарлы жұмыстарды [қосымша 21,180-181 бет] материалдармен жұмыс істегенде [қосым 22,181-182 бет] ағаш оңдеудегі қол өнер жұмысында метал өңдеудегі қол өнер жұмысында токарлы станок арқылы ағашпен жұмыс істегенде. тесік жасайтын станокпен жұмыс жасағанда фрезерлы станокпен жұмыс жасағанда металды өңдеудегі токармен жұмыс істегенде Мектеп шеберханасындағы техника қауіпсіздік ережелерімен және санитарлық талаптар көрсетілген. Есеп: Қала мектептеріндегі оқу шеберханаларын мұғалімнің келесімімен бару. Оқушылармен танысқан соң, шеберханада дайындалушылармен, еңбек объектерімен, орындалуы тиісті жағдайлар жөнінде берілген жоспар бойынша жазбаша есеп бару. Есептің орындалуындағы реттілік. Тапсырманың шеберхана типтіке сәйкестігін белгілеу. Жалпы білім беру мектебіндегі шеберхана оқу құрал жабдықтары мен көркем әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілген бе? Жұмыс істеу жағдайында ма! Көрсетілген, атап шығылған шеберхана жабдықтармен қамтамасыз етілген бе? Ол жөнделеме? Бөлменің ішкі контурымен құрал-жабдықтардың арақашықтығы нормаға сәйкесті келеме? Қай иональды орналасқан ба? Құралдар мен бұ йымдар, материалдардың сақталуы қалай ұйымдастаралғаг ғылыми еңбек ұйымдастару көз қарасы бойынша бағалау. Жалпы шеберхананың техника қауіпсіздік ережесі мен, өртке қарсы шаралар орындалудама? ТСО сабағында жұмыс жасауға жағдай жасалған ба? Жетік оймен көремдеудегі және шеберхана интерьіндегі эстетиканы бағалау. Бөлме керекті мөлшерде жарықтандырылған ба А 4-форматтағы бетте көрнекі өңдеуге мақсатпен, көлемді мөлшерде, құралдың орналасуымен жұмыс орнын көрсету. Еңбек шеберханасы жағдайын жақсартудағы сіздің ұсынысыңыз. Әдебиеттер: [19, 24, 29, 41, 45, 50] №4 лабороториялық жұмыс. Тақырыбы: Мұғалімнің жұмысын перспективті жоспарлау.Перспективті күнтізбелік жоспарды құру. Жұмыстың мақсаты: -жоспарлау мақсатымен таныстыру;-студенттерді еңбекті оқытудың күнтізбелік тақырыптың жоспарын құруды үйретуі- күнтізбелік тақырыптың жоспардың әртүрлі формаларымен таныстыру. Еңбекті оқыту нәтижесі тек оқытушы мен оқушының арасындағы іс- әрекеттің сабақтастығы арқылы жетеді. Сондықтан оқытушы сабақтың әр элементін мұқият қарастырып, өз іс- әрекетін жоспарлап алу керек. Бұнда оқушылардың әрекеті де қарастырылып, жоспарлануы қажет. Студенттер өз жұмысын жоспарлау- оқу процесін ғылыми ұйымдастырудың негізі. Болашақ мұғалімдер оған жоспарлаудың мақсатына жете отырып көз жеткізу керек. Оқытушы жұмысын жоспарлау мақсаты: оқу үрдісін рационалды ұйымдастыру оқу жоспары мен бағдарламасын орындаудың толық және өз уақытында орындалуын қамтамасыз етеді; уақыт жағдайына сәйкес құру және мұғаліммен сабақты мұқият дайындау; сабақтарды жүйелеу; оқу әдебиеті мен үй жұмыстарын жүйелеу; теория мен практиканың байланысын көрсету; пәнаралық байланысты көрсету; неғұрлым толық және рационалды оқу- материалдық базаны қолдану. Ақпаратты-анықтаушы блогі: Жоспардың формасы мен құрылған мерзім- ол оқытушының ісі, оның таңдауы.Сонымен қатар жоспар үйретілетін материалдың бірізділігі мен байланысқа ие, ол біртұтас жүйе болуы керек. Жоспар құрғанда келесідей ақыл- кеңестерді басшылыққа алу қажет. Пәннің тақырыбы белгілі бір сабақты құрады. Ол сабақта оқушымеңгеруі тиіс негізгі еңбек әдістерінің негізгі сұрақтарын анықтайды. Техникалық мәліметтер оқытушы оқушыларды таныстыратын сұрақтарды қамтиды. Бұл жолға оқытушы сабақ үрдісі кезінде еңбекке байланысты жоспарлаған техникалық түсініктер кіреді. Тәжірибелік жұмыс оқушылардың жаттығуды орындау және жеке әрекеттері кезінде айқын көрінеді. Еңбектің объектісі- оқушыға берілген пәнде жоспарланған тапсырмаларды жасауға арналған белгілі бір өнім ( деталь). Сабақтың барысында өзгерістер орын алуы мүмкін (материалдың жетіспеуі кезінде объектіні айырбастау, т.б.). Егер технология мұғалімі өз пәнінде пәнаралық байланыс орнатқысы келсе, онда жоспар- желілік графика арқылы жүзеге асады. Мұндай жағдайда үйретілетін тақырып жазылып, оның негізін талдайды. Перспективті жоспарды құруға мұғалім әр сабақтағы оқушылардың алған білім деңгейлерін, қабілеті мен практикалық дағдысын есепке алу қажет. Тәжірибе көрсеткеніндей толық және талқыланған перспективті жоспар белгіленген мақсатты жүзеге асырады және бағдарлама бойынша пәннің сәтті өтуіне қамтамасыз етеді. Тапсырма: 1.Белгілі бір сыныпқа оқу тоқсанының біреуіне күнтізбелік- тақырыптық жоспар құру.Еңбек объектісін оқу бағдарламасы мен қосымша құралды пайдалана отырып, өздерің таңдаңдар. Жұмысты орындау тәртібі: Технология бағдарламасы мен күнтізбені басшылыққа ала отырып, белгілі оқу кезеңіндегі пәндер көлемін анықтаңдар; оларды тәртіпке келтіріп, нөмірлеңдер. Әр сабақтың тақырыбын, сабақтың түрін, негізгі мақсаты мен мазмұнын анықтаңдар. Негізгі сұрақтар: а) әр сабаққа теориялық мәліметтер көлемін анықтаңдар; б) орындалған практикалық жұмыстың мазмұнын анықтаңдар; в)берілген тақырыпқа байланысты ғылым негізінде пәнаралық байланыс орнатыңдар ( дисциплина, бөлімді көрсет); г) технология бағдарламасында келтірілген еңбек объектілерінің ( практикалық жұмыс) тізімін басшылыққа ала отырып, пәнге сәйкес келетін өнімді таңдап алыңдар; д) өнімнің белгілерін, оның қоғамдық маңызын, педагогикалық және өнімдерін мәнін, жуық құнын анықтаңдар; е) өнімнің эскизін құр немесе оқушылар қолдана алатын құжаттан тұратын қосымша оқу құралын тап; ж) дайындалған өнімнің технологиясын ойланыңдар, оған қажетті құралдар мен аспаптарды таңдап алыңдар; з) материалға кететін шығынды есепте, дайындалған өнімге 10% қосып, өнімді дайындауға кететін ( жуықтап) уақыт шамасын анықтаңдар; и) сабақта қолдануға қажетті дидактикалық материал, көрнекілік құрал, ТСО және т.б. таңдап ал. Жеке таңдап алынған формадағы күнтізбелік жоспарды толтыр. Келесі орындалатын лабороториялық жұмыстың тақырыбын таңда (оқытушымен келісу) Әдебиеттер: ( 15, 18, 20, 22, 28, 35, 46, 49, 53). № 5 лабораториялық жұмыс. Тақырыбы: Оқытудың мақсаты мен оқу-тәрбие міндеттерін анықтау. Сабақтың мақсаты: Сабақтың мақсаты мен оқыту-тәрбиелеу міндеттірін анықтаудағы бастапқы дағдыларын игеру. Оқыту-тәрбиелеу міндеттерімен таныстыру. Бастапқыда дұрыс пайдаланылған оқытудың мақсаттары тәрбиелеу ісінде оң нәтижелерге жетуге септігін тигізеді. Оқушылармен осы мақсаттарға жетуде дұрыс жұмыс жүргізу үшін әр оқушыны жекек тұлға ретінде жан-жақты зерттеген жөн. Арнайы мақсат-жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Технология сабағында жастардың бейім тұстарын ашып, шектемей жұмыс жүргізуді көздейді. Бұл тек оқытушы мен оқушылардың бірлесе отырып, алға мақсат қою, шешу арқылы жүргізіледі. Сабақтың мақсаты жоспарланып, күнделікті сабақта белгіленген уақытта жүзеге асады. Ақпаратты-анықтаушы блогі: Дұрыс сабақты тыңдап, ынта қойып, келтірілген мысалдарды түсіне оқу, анықтау. Кей кездерде оқыту, дамыта оқыту, тәрбиелеу мақсатында сабақ өткізуде үшеуі түрлі анықтамаларға иек артады. Оқушыларды дұрыс бағытта тәрбиелеп оқыту үшін оқу ісі олардың қызығушылығын оятып отыру керек. Жас мұғалім-алға қойылған мақсат, міндеттерді бірте-бірте жүзеге асырып отырады. Күнделікті сабақ өткізгенде оқушылар білім игеруде күнделікті білімдері артып, дағдылары нығая түседі. Тек алға мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра отырып мұғалім табысқа жетеді. Міндеттері: Оқыту, тәрбиелеу, дамыта оқытудың міндеттерін анықтау, сәйкес мақсат қою. Орындалу тәртібі: Белгіленген сабақ тақырыбы бойынша орны мен жоспарланған сабақты жүйелеу. Оқыту-тәрбиелеу міндеттері ішінен, осы сабақта шешімін табуға тиіс міндеттерді белгілеп алу. Сабақ өткізуде өзіндік әдіс-тәсілдер қалыптастыру: а). түсіндіру б). конспект №6 лабораториялық жұмыс Тақырыбы: Кіріспе, ағымдағы және қорытынды инструктаждың мазмұны мен әдістемесін өңдеу. Жұмыс мақсаты: Болашақ технология пәнінің мұғалімдеріне кіріспе, ағымдағы және қорытынды инструктажды өңдеу мен өткізуді үйрету; Болашақ мұғалімге оқытушы берген тапсырмаларды оқушылар танымды, белсенді түрде орындау үшін олардың психологиясын дайындауды үйрету. Ақпаратты-анықтаушы блогі: Инструктажды технология мұғалімі оқушылардың практикалық жұмыс істеу басында, жұмыс істеу барысында және жұмыс аяқталғанда өткізу керек. Оның әрбіреуінің өзіндік спецификалық ерекшеліктері бар, бірақ соған қарамастан олардың көздеу мақсаттары бір. Жас мұғалімнің жіберетін қателіктерінің ең көп тарағаны кіріспе инструктажға жаңа теориялық материалды кіргізгенінде. Анықтама: кіріспе инструктаж бұл - өздік жұмысының барысында оқушылар орындайтын белгілі бір бұйымның жасалуы немесе белгілі бір қимылдардың мазмұны туралы түсіндірме. Кіріпе инструктажды мұғалім оқушыларға ұсынғанда онда жоспарланған жұмыс мақсаты, оған жету жолдары нақты көрсетіліуі тиіс. Мұғалім әр оқушының жеке қасиеттерін біліп, оған сабақты түсіндіру жолдарын тауып сабақты өткізу керек. Кіріспе инструктажға қойылатын талап - өздік жұмысының барысында жіберілетін қателіктерді алдынала ескерту. Бүкіл жұмыс бағдарлама бойынша жүргізіледі ғой. Олар типті, жыл сайын оқушылар бір қиындықтан өтеді, бір қателік жібереді мұғалім бұның бәрін алдынала көріп отырады. Кіріспе инстуктаждың міндетті элементі жұмысты істеуде қауіпсіз амалды іздей отырып, міндетті түрде еңбектегі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Кіріспе инструктажда сіздің сабағыныздың сәттілігінің (немесе сәтсіздігінің) фундаменті қаланады. Технология сабағындағы кіріспе инструктаждың өткізілуі міндетті және онда мына сұрақтар кіреді: Бұйымның жасалуы және оның орындалуы туралы белгілеме; Берілген бұйымның технологиясы және ерекшеліктері; Құрал – жабдықтарды қолдану ережелері; Өндірісті тапсырманы орындаудың рационалды әдіс – тәсілдері; Берілген бұйымды орындауда сақталатын қауіпсіздік ережелері; Жұмыс орнының ұйымдастырылуы; Берілген бұйымның сапа бағасының негізгі критерийлері және т. б. Ағымдағы инструктаж оқушылардың өздік жұмысымен қатар келеді және жұмыс барысында жүргізіледі. Ол фронтальді, топтық, индивидуальді болады және олардың өзіндік ерекшеліктері болады. Оның мазмұны қажеттілік шарттарынан туады. Сабақтың бұл бөлімінде мұғалім әр оқушыға жеке қарап оның қызығушылығын, белсенділігін арттырады. Қорытынды инструктаж әрқашан практикалық сабақтың соңынан жүргізіледі. Дәстүрлі түрде ол өзіне: Сабақтың қорытындысын жүргізу; Жіберілген қателіктердің себептерін талдау; Алған білімдерін қоғамға пайдалы еңбекте қолдану. Мұғалімге қойылатын ең басты психологиялық аспект ол «әділеттік». Егер мұғалім бағалауда әділетті болса, онда оқушылар алдында да мұғалімнің атақ дәрежесі өседі. №7 лабораториялық жұмыс. Тақырыбы: Сабақты оптимальды әдіс арқылы өткізу. Жұмыстың мақсаты: Сабақ өткізу үшін алғашқы әдістерді меңгеру; Оқу әдістерін пайдалануда білімнің тереңдігін жетілдіру. Ақпаратты-анықтаушы блогі: Технология пәні мұғалімінің шеберлігінің бірі падагогикалық шеберлік пен кәсіпкерлік болып табылады және сабақ барысында әртүрлі әдістерді қолдана білу. Оқу әдістері – бұл мұғалім мен оқушының өзара байланысы.Сондықтан оны екі жақты қарау керек: Мұғалім жағынан сабақты беру әдісі, ал оқушы жағынан оқу әдісі. Оқушының оқу барысындағы іс-әрекеті мұғалімнің іс-әрекеті сияқты жоспарланады.Ол өнімді немесе өнімсіз болуы мүмкін, егер оқушы өзіндік болса оның мағынасы кем болады.Екінші жағдайда оқушыдан білім мен қабілетті өз бетінше іздеу талап етіледі. Мұндай оқытуды проблемалы деп санайды. Проблемалы оқытуда оқушының шығармашылық белсенділігі тәрбиеленіледі. Оқу әдістерінің бір ғана классификациясы педагогикада жоқ.Оқу әдістерін таңдағанда олардың әрқайсының әлсіз және мықты жақтарын есте ұстаған жөн. Универсалды әдіс болмайды. Қойылған оқу міндетіне байланысты әдіс дұрыс және өнімді болады. Әдісті таңдау жалпы жағдайда анықталады : Оқу принциптарымен; оқу міндеттері және мақсаттарымен; сабақтың мазмұны және нақты тақырыбымен; оқушылардың оқу мүмкіндіктерімен (жасы, даму сатысы және т.б.); Еңбектік (өндірістік) оқуда қолданылатын оқу-материалды база мүмкіндіктерінің системасы;Мұғалімнің өзінің мүмкіндіктері, оның жеке қасиеттері, тәжірибесі және т.б. Оптималды әдісті таңдай білу оқыту-тәрбиелеу үрдісінің сапасын көтереді, мұғалімге алға қойылған мақсатқа жетуге кепілдік береді. Тапсырма: Таңдалған сабаққа негізгі тапсырманы шешу үшін әдісті таңдау. Тапсырманың орындалу реті: Алдымен сабақта қолданылатын әдісті анықтаңыз. Таңдаудың дұрыс екенін тексеріңіз. Берілген тапсырмаға қандай жол мақсатты: индуктивті немесе дедуктивті? Таңдалған әдіс тапсырманың проблемасын және оны шешу жолдарын анықтайды ма? №8 лабораториялық жұмыс Тақырыбы: Мұғалімінің сабаққа дайындығы. Сабақтың ағымдық жоспарлануы. Сабақ конспектісінің жоспарын құру. Жұмыстың мақсаты: Сабақтың құрылымын анықтауда алғашқы білімдерді алу. Сабақ конспектісінің- жоспарын құру тәртібімен таныстыру. Ақпаратты-анықтаушы блогі: Сабақтың нәтижелілігі оқыту әдістеріне байланысты емес. Белгілі дәрежедегі жетістіктің нәтижесі мұғалімінің іскерлік қабілеті мен оқушылардың қызметіне де байланысты болып келеді. Сабақтағы барлық технологиялардың біріккен формасы сабақтастырылған сабақта көрсетілген – бұл барлық қалған сабақ түрлерінің негізінде жасалған кең ауқымды сабақ түрі. Қазіргі кезде ғылыми- әдістемелік әдебиеттерде синтетикалық деп аталған сабақтастырылған сабақтың әртүрлілігін жиі кездестіреміз. Профессор М.Т.Огородниковтың «Педагогикалық школы» оқулығында былай жазылған: Синтетикалық сабақта түрлі дидақтикалық тапсырмаларды орындау ойластырылған: оқушыларды жаңа біліммен таныстыру, алдыңғы өткен тақырыпты қайталау және бекіту. Сабақтастырылған сабаққа қарағанда синтетикалық сабақ түрлі дидактикалық талаптар мен оқулықтағы материалдың спецификасына байланысты әр түрлі құрылады. Бұл сабақтарда жаңа материалды оқу оны бекітумен байланысы, өткенді қайталау, оқушылардың мазмұндауы ғана емес, мұғалімнің түсіндіруі, сонымен қатар оқушылардың әр түрлі өздік жұмыстары да жиі кездеседі. Академик М.М.Махмудов синтетикалық сабақтың ең маңызды белгізін көрсетті- сабақтың негізінде оқушылардың өз бетімен ізденісі жатыр. Сонымен қатар бірнеше ғалымдар ( Ю.А. Конаржевский, М.Ф. Харламов т.б.) барлық сабақ типтерін қарастыра келіп, олар сабақтастырылған сабақ кезендерінің әр түрлі құрылымдық мазмұны мен бірдей деген. Әр сабақ типінде оның құрылымына байланысты өз ерекшелігі болады, сондықтан төменде жалпы жағдайға байланысты еңбек сабағының құрылымы көрсетілген Ұйымдастыру- дайындық бөлімі. а) сабаққа қатысушыларды және дайындықты бақылау б) жұмыс істейтін орындарына байланысты қажетті құрал- жабдықтарды бөліп жарату. в) осы жерде оқушыларға жұмыс тәртібін түсіндіре кету керек. 2. Теориялық бөлім а) оқушылардың жаңа білімдерді өз бетімен меңгеруге деген дайындығы. б) оқылған материалды жалпылау, жаңа материалды түсіндіру в)оқушылардың жаңа, теориялық материалды меңгеруін бақылау 3. Тәжірибелік бөлім а) тапсырмалар беріп, оларға сай құрал- жабдық тарату б) өткен сабақта жіберген қателіктерді жалпылау, талдау, қателік жіберу себебін талдау в) мұғалімнің бақылауымен жүргізілетін оқушылардың өздік жұмыс кезінде білімі мен білігін қалыптастыру г) ағымдық бақылау, оқушылардың жаңа материалды түсінуін қадағалау 4. Ұйымдастыру- қорытындылау бөлімі а) оқушылардың жұмысын бағалау, сабақты қорытындылау б) келесі сабақты тағайындау в) жұмыс орнын және еңбек кабинетін жинау. Сабақ жоспарын жеке беттерде құру ыңғайлы. Біріншіден – тақырыбы, мақсаты, материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету, әдісі.Екіншіден – сабақтың барысы, кезендерді, қоятын сұрақтарды, мәселелермен жағдаяттарды көрсету.Үшінші бетте оқушыларға жазуға берілетін қысқаша конспект.Конспект жазуға көп уақыт берілмейді, сондықтан қысқа және нүсқа жазызуға мұғалім көп көңіл бөлуі қажет. Сонымен қатар суреттермен схемаларға орын қалдырылады немесе үй жұмысына беріледі. Сабақ басталмас бұрын мұғалімде- сабақ коспектісі болуы керек- бұл еңбек мұғаліміне қойылатын міндетті шарт Тапсырма: өткен зертханалық жұмыста алған материалдарға қарап сабақтың құрылымын анықтау сабақ конспектісінің жоспарын құру туралы түсінік алу Жұмысты орындау тәртібі: Өткізетін сабақтың номерін, сыныбын, күнін тағайындау. Сабақтың негізгі талаптарын, мақсатын, тақырыбын нақтылау. Сабақтын құрылымы мен типін нақтылау. Сабақтың өткізу әдісін көрсетіп, негізгі кездерге бөлу. Әр кезен бойынша уақытты алдынө ала бөлу ( оқушыларға тапсырманы орындауға қажет алдын ала анықталады) Сабақтың материалдық техникалық және дидактикалық тұрғыдан жабдықталуын нақтылау. Сабақтың әр кезеңінің мазмұнын ойластырып, қысқаша жазу және әр кезенге кететін уақыттың нөмерлерін тексеру. Егер ойдағыдай жоба құрылымы 80 минутта жүзеге өзгешелікпен келесі тәсілдерді қолдану: а) Уақыт аралығында белгілеу мақсатында әр кезеннің мазмұнын қайта қарау, кезендерді толықтыру керек болу мүмкін. б) Арнайы кезендерді длоктарға топтастыру немесе бөлу. Мысалы, жаңа материалды бір мезетте емес, сабақ бойы мөлшерге сай бөліп хабарлау. в) Қандай да бір кезенді өткізудің нәтижелі болатындай әдісі мен технологиялық тәсілін таңдау. Сабақтың өткізілуін жазғандай барлық нақты сәттерін көрсету керек ( қайталауға арналған сұрақтар, түсіндіру – жоспарларының қысқа мазмұны, мақсаты, типтік қателіктерге ескертулер және т.с.с.) Әдебиет: ( 18, 22, 23, 26, 35, 40, 50) №9 лабораториялық жұмыс Тақырыбы: Элементтар мен бөлшектерді дайындау үшін технологиялық және құрау картасы. Тапсырмаларды орындау. Жұмыс мақсаты: Оқу технологиясының құжаттарын дайындауда тәжірибелік қабілет. Келешек технология пәні мұғалімінің инженерлік жүйесін қалыптастыру. Ақпаратты анықтаушы блогі: Мектептегі шеберханадағы тәжірибелік сабақтарда әр түрлі бөлшектер мен бұйымдар жасайды. Бұл жұмыстар табысты болу үшін ең бірінші оқушыларды бір бағытта құжаттармен ережелермен өздері кейін жақсы жұмыс істеу үшін таныстыру керек.Технология пәні мұғліміне болашақта жақсы табыстарға жету үшін қабілетпен жұмыс атқару керек. Мектептерде қолданылатын технологиялық документацияның формасы біртіндеп оқушыларды жұмысқа стандартты сай дайындау үшін болу керек. Кейіннен оқушылардың жасына байланысты басқа да түрлері келе бастады. Технология барысында шартты түсіндірмелі элементтерді дайындау қажетті. Егер документацямен қатысушылар алғаш танысқанан кейін оны түсініп қабылдаса, орнатылған ГОСТом; операция – аталуы мен нөмірі ( мысалы, токарьлы 025, фрезерлі 010, слесарная 005 және т.б.), әр операциядан орнату – орыс тілінің бас әліпбиімен А, Б, В, және т.б., бір орнатудан ауысу – араб әріпімен 1,2,3, және т.б. Эскиздерде жұмыс жасалғаннан кейінгі қалыпты көрсетеді. Сонымен қатар, барлығы анық болу үшін ең бастысы түсті таңдап алу керек. Технология әдістемесі қатысушыларға таныс емес операцияға қатысты толық технологиялық картадан құралатынын болжамдайды. Қалған кездерде сабақтағы оқушылардың өзіндік қабілетін арту үшін, толық бейнелеулер қысқартылады: толық емес ақпаратпен техникалық карталар, құрамды – технологиялық карта, технологиялық инструкция. Технологиялық карта – кішкентай график, сонымен қызмет көрсету еңбегі жай болуы мүмкін., бірақ кең көлемдегі әрекеттің мәтіндік анықтамасымен. Жазбалы инструктаж міндетті элемент болатын және әсіресе қадағалауға нұсқаудың технологиялық карта формасы іске асады. Оқытудың әрбір кезеңінде технологиялық документация ГОСТ-ті қоса өзгеруі керек. Технология сабағында оқушылардың білімдерін тереңдету үшін әртүрлі карточкалар қолданылады. Олардың түрлері де, құрылымы, мазмұны бәрі әртүрлі болады. Сонымен бірге оқытушыларға да қажетті кеңестер беріледі. Бәрінен де карточканы бөлек киып дайындайды және сонымен бірге олар сұрақтарға дұрыс, әрі нақты жауап беруі керек. Сонда дайындықта үздікті болады. Сұрақты бірнеше жауап торымен беру керек ( 3.4)..олар дұрыс болмауы керек.Психологтардың пайымдауынша, қате жауаптар дұрыс жауапқа қарағанда есте көбірек сақталынады.Сондықтан олардың біреуі дұрыс, қалғандары толық емес болуы керек.Қатысушылардың жауаптарының түрлерін оқытушыларға әріппен немесе санмен белгілеп тексерген ыңғайлы. Мысалы; 3213 нұсқа 3-жауап.Осыны белгілі секунд ішінде тексеру де оңайырақ. Мұнда трафаретті қойып белгілеу ыңғайлы. Оның екі жағын картонмен жабыстырып, ламинирлау бойынша қолданса ол көп уақытқа жетеді. Тапсырма: ( мұғалім нұсқасы бойынша- бір сабаққа немесе өзіңнің алдын- ала дайындық сабағына). Еңбек бұйымдарын таңдау; Көрсетілген бұйымды таңдау; Өзіңнің дайындалған сабағыңа документацияңды таңдау, жұмыс жасау тәртібі. Алдыңғы лабороториялық жұмыста орындалған материалды қолдана отырып, қатысушылардың сабақтағы жоспарлаған еңбек объектісін толықтыр. Соған қажетті бұйымдар мен дайындық эскиздерінен бұйымдарды дайындаудың бірнеше процестерін және мүмкін болатын нұсқауларын анықта.Сыныпты оқытуға сай келетін технологиялық құжаттың түрін таңдап ал, сол технологиялық құжатты орындаңыз.Осы каточкалардағы тапсырмаларды қайталау және тексеру үшін орында. Әдебиет ( 18, 22, 45, 46, 50, 53). № 10 лабораториялық жұмыс Тақырыбы: Сабақты сараптау әдіснамасы және конспект сабақ жоспары. Сабақтың мақсаты: өткен сабақтарды сараптаудың бастапқы дағдыларын игеру. өзіндік сабақты сараптау. Дұрыс әрі тиімді жұмыс жүргізу үшін мұғалім өзінің сабағын сараптап, анықтап, мақсат қоя білу керек. Бұл өтіп жатқан өтуге тиіс сабақтарға қатысты. Әрдайым сараптама мұғалімге қажет. Себебі ол өз қателіктерін түзеу арқылы жұмысын ынталы жүргізеді және жан-жақты дамиды. Үнемі ізденісте болу, шеберлігін арттыруға септігін тигізеді. Шеберлікке қол жеткізу үшін бірте-бірте күнделікті ізденісті әдетке айналдыру керек. Қазіргі таңда ғалымдар әр түрлі көзқарастан туындайтын сабақты анықтайтын сызбалар ұсынуда. Ұсынылған әдебиеттер: 1. Еңбек тәртібі мен кәсіптік білімнің орыс педагоктарымен ұлттың білімнің тәсілі / сост. Н.Н. Кузьмин-Антология педагогический мысли. В 3Т-Н, 1989 –Т-2. 2. Положения Государственной программы развития образования в Республике Казахстан на 2005-2010 г. 3. Закон об образовании Республики Казахстан. 1999 г. 4. Кальней В.А., Капралова B.C., Поляков В.А. Основы методики трудового и профессионального обучения. М.Просвещение, 1987.-191с. 5. Поляков В.А., Ставровский А.Е. Общая методика трудового обучения в старших классах. 1987. -191 с. 6. Методика трудового обучения с практикумом. /Под.ред. Д.А.Тхоржевского. М.Просвещение. 1987.-448с. 7. Мельникова Л.В. Осипова Л.В. Фридман Т.Б. Методика трудового обучения. М.: Просвещение. 1987.-221с. 8. Программы средней общеобразовательной школы. Трудовое обучение: 5-11 классы. Алматы, Рауан. 1995.-158с. 9. Школьная интегративная образовательная область «Технология». Рауан.: 2001.-75 с. 10. Программы: Профессиональное обучение: 8-9 классы. -М.: Просвещение, 1986. 11. Дополнительная: 12. Методические разработки уроков./Под ред. И.Н.Федоровой. М. Просвещение, 1981.-186 с. 13. Васильченко Е.В., Лабзина А.Я. Методическое пособие по обслуживающему труду. Пособие для учителя. М..Просвещение.1983.- 159с. 14. Мельникова Л.В., Осипова Л.В. Фридман Т.В. Методика трудового обучения: Обслуживающий труд.- М.:Просвещение, 1989.-254с. 15. Атутов П. Р., Бабкин Н.И., Васильев Ю.К., Связь трудового обучения с основами наук. М.: Просвещение, 1983.-128с. 16. Воспитание учащихся в процессе трудового обучения. /Т.Н.Мальковская/ и другие. М.:Просвещение, 1976.- 190с. 17. Чернякова В.И. Технология обработки ткани: учебник для общеобразовательных учреждений. - 3-е изд. - М.: Просвещение, 2000.- 160 с.: ил. “ Кәсіпі оқыту әдістемесі ” пәнінен бақылау сұрақтары 1. Мектепте кәсіпке оқытдың және еңбекке баулудың мақсаттары міндеттері. Кәсіпке және еңбекке оқытудың негізін қалайтын принциптер. 3. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары 4. Сабақтан және мектептен тыс жүргізетін оқыту жұмыстары 5. Сабаққа қойылатын дидактикалық міндеттер. 6. Сабақ түрлері. 7. Сабақтың құрымы. 8. Сабаққа қойылатын мақсаттар мен талаптар. Оқу әдістері мен тәсілдері. Нұсқау түрлері. Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Оқу жұмысының жоспарлары. Күнтізбелі-тақырыптық жоспардың құрылымы мен мазмұны. Сабақтың жоспары. оқушылардың білімін тексеру және бағалау. Оқу кабинетіне. жабдықтарына және оқушылардың жұмыс орнына қойылатын талаптар. Технология кабинетінің жабдықтары. Шеберханадағы жұмыс уақыты. Қауіпсіздік сақтау ережелері. 20. Технология кабинетінің оқу-әдістемелік құжаттары. Курстық жумыстардың ұсыныс тақырыптары: 1. Жалпытехникалык пәндер және еңбек технологиясы тараулары бойынша сабактар өткізу әдістемесі. 2. Жалпытехникалық пәндер және еңбек технологиясы тараулары бойынша сабақ өткізүдің тиімді әдістері мен формалары. 3. Жалпытехникалык пәндер және еңбек технологиясы тараулары бойынша сабақ өткізүден оқытудың инновациялык әдістері. .4. Жалпытехникалық пәндер және еңбек технологиясы тараулары бойынша сабактарды аяктағанда окушылардың білімі мен ептіліктерін есепке алу мен тексерудің әдістемесі. 5. Сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесі. 6. Мектептен тыс жумыстарды өткізу әдістемесі.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz