Файл қосу
Тәжірибенің міндеттері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Қаржы-экономикалық факультеті «Қаржы» кафедрасы Күндізгі оқыту формасының 5В050900 «Қаржы» мамандық студенттері үшін оқу тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқау Семей 2014 1 ӘЗІРЛЕНДІ 5В050900– «Каржы» мамандығы студенттері үшін оқу тәжірибе бойынша бағдарлама мен әдістемелік нұсқаулықты «Қаржы» кафедрасының профессор- оқытушылар құрамы әзірлеген 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Қаржы» кафедрасының отырысында Хаттама № 9 16.04. 2014 ж. «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., доцент Ибраимова С.Ж. 2.2 Қаржы экономикалық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды Хаттама № 8 27.04 2014 ж. Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы, а.ш.ғ.к., доцент Тойкин С.Х. Мазмұны |1 | Мақсаты мен міндеті | | |2 | Тәжірибені ұйымдастыру | | |3 |Тәжірибеден өтеудегі студенттің міндеттері | | |4 | Тәжірибе бағдарламасы | | |5 | Есеп беруге қойылатын талаптар | | |6 | Бақылау түрі | | |7 | Тәжірибедегі есеп берудің мазмұны | | |8 | Есеп беру жұмысын қорғау | | |9 |Тәжірибеден өту барысындағы есеп беру жұмысын қорғау бойынша | | | |ұсыныстар | | 1. Оқу тәжірибенің міндеті мен мақсаты 2007 г. 27.07. №319-ІІІ ҚР білім және ғылым Министрлігінің бұйрығы және ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес нарықтық экономиканың тұрақтану шартына сай «Студенттердің» мамандалған тәжірибені бекіту жағдайында оқулық тәжірибе оқу үрдісінің ең басты міндетті формасы және де тәжірибелі мамандарды дайындаудың маңызды бөлігі болып табылады. Ол маманданған дағдыларды қабылдауға және теоретикалық білімді кушейтуге бағытталған. Оқулық тәжірибе студенттердің қазіргі заманғы қаржы туралы білімін, қаржылық қатынастарды, қаржы механизмін, ақша ағымын басқару технологиясын және шаруашылық субъектілердің қаржылық қызметін (қаржы органдары, мекемелері) қалыптастырады Өндірістік тәжірибе жоғары мамандырылған студенттерді дайындаудың соңғы бөлімі болып табылады. Тәжірибе мақсаты келесілер болып табылады: өндірісті экономикалық, басқару жұмыстары мен операцияларын оқытуды тереңдету, бекіту, кеңейту және студенттердің теориялық және тәжірибелік білімін тереңдету,оқу жоспары бойынша алынған жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді оқыту, білімді жүйелендіру, арнайы тәртіпті оқудан алынған, белгілі бір кәсіпорынның қызметін оқуда, таңдалынған мамандық бойынша алғашқы тәжірибелер алу. Тәжірибенің міндеттері: ▪ Оқу үрдісінде алынған теориялық білімді тереңдету және бекіту; ▪ Заңдық, нормативтік материалдармен жұмысты өңдеу; ▪ Кәсіпорынының өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымен танысу, нақты қызмет және бөлімдердің қызметімен мақсаттарымен танысу; ▪ Кәсіпорынның маркетингтік және коммерциялық бөлім қызметімен тереңірек танысу; ▪ Қаржылық сұрақтар және маркетинг, өндіріс, қаржылар және еңбек ресурстары сұрақтарымен жұмыс жасау; ▪ Болашақ мамандық дағдыларын тәжірибелік меңгеру; ▪ Экономикалық шешімдерді шешу кезінде студенттердің тәжірибе алуы, жалпы құрылымды басқару және жеке бөлімдерінің функцияларымен танысу ▪ Жалпыландыру, жүйелендіру, нақтыландыру және белгілі бір кәсіпорынның тәжірибесінде теориялық білім негізінде қорытындылау; ▪ Экономика саласындағы ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыстардың тәжірибелік қызметіне үйрену; ▪ Болашақ мамандырылған қызметтің дұрыс шешімін ұйымдастыру; ▪ Кәсіпорынынн қызметін сараптауда компьютерлік үлгілерді меңгеру; ▪ Таңдалынған мамандықтың барлық тәжірибесін оқып білу; ▪ Басқарушылық шешімдердің теориялық негізінен алынған әдістердің дұрыс орындалуын бақылау; ▪ Кәсіпорын қызметін болжау, жоспарлай алу қабілетін игеру, бизнес- жоспарларды құру негізінде жұмыс жасау, кәсіпорынның мәселелерін және алған қойған мақсатын шешудегі бағдарламалар мен іс-шаралар. Талдау жасау және қарастырудың объектісі болып келесі маңызды сұрақтар табылады. Олар фирманың қаржылық тактикалық және стратегиялық негізі, несиелік құралдары тарту саясаты, табысты болу, ұйымының қаржылық-экономикалық қызметін басқарудың негізі және т.б. Өндірістік тәжірибе 1 аптаға созылады (6 жұмыс күні) Тәжірибені өтетін жерде студент фирманың қаржылық құрылымымен, әр бөлімшесінің қызметімен, бөліміндегі әрбір қызметтердің белгілі тәртіппен бөлінген міндеттерімен танысады. Тәжірибені өту кезінде студент әр күн сайын тәжірибені өткенін күнделікке толтыру керек, ол күнделікті тәжірибе жетекшісімен тексеріліп отырылуы керек. Тәжірибені өту үрдісіне студент тәжірибені өту нәтижені бойынша есеп құруы керек. Тәжірибе кезеңінде студенттерге қаржылық органда қызмет ететін ішкі тәртіліптіліктің ережесі және еңбек заңдары таратылады. Тәжірибені өту кезеңінде студент күнделікті бағдарлама бойынша өзінің міндеттерін, бекітілген күн тәртібі бақылауды, берілгенұйымның қоғамдық жұмыстарына қатысып отыруы керек. Тәжірибелік бағдарламаны атқарудан бұрын студент тәжірибені өтіп отырған жердің құрылымдық материалымен және қажетті құжаттар материалымен және қажетті құжаттар мен олардың толтырылуы мен танысуы керек. 2. Практиканы ұйымдастыру 5В050900 «Қаржы» мамандығының күндізгі оқу бөлімінің 2 курс студенттері оқу практикасынан өтеді. Ол оқу жоспарының негізгі бөлімі және жоғары квалификациялы мамандарды дайындаудағы негізгі элементі болып табылады.Тәжірибе мазмұны тәжірибе бағдарламасында анықталады. Студенттер тәжірибені кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерде, материалдық және материалдық емес өндіріс сферасында өтеді. Оқу тәжірибесінің оқу-әдістемелік жетекшілігін «Қаржы» кафедрасы жүзеге асырады. Тәжірибе басталуына 2 апта қалғанда, кафедра оқытушылары мен студент тәлімгерлер қатысуымен ұйымдық методикалық жиын өтеді. Кафедра студенттерді тәжірибе орны бойынша бөледі, оның мақсаты мен міндеттерін белгілейі, тәжірибе өтуін, өту тәртібін, тәжірибе бағдарламасын және тағы басқа ұйымдық жұмыстарды, кафедра оқытушыларының ішінің тәжірибе жетекшісін бекітеді. Оқу тәжірибесінің есеп беруі студенттерден кафедра жетекшілігімен жүзеге асады, оған есеп мазмұнын алды-ала тексеру және есепке пікір жазу жатады.оқу практикасынан өту нәтижесі реитингтік балл жүйесі бойынша бағаланады, кафедра меңгерушісінің қолдауымен комиссия 4 балдық шкалады бағалайды. Тәжірибе базасы келесілер: ▪ Әртүрлі өндіріс саласындағы кәсіпорындар; ▪ Фирмалар, шағын және орта бизнес кәсіпорындары; ▪ Ұйымдар, мекемелер Студенттер оқу тәжірибесін тәжірибе графигіне сай жұмыс орындарында өтеді.Студенттердің жұмыс орны тәжірибе міндетіне сай келуі тиіс. Тәжірибеден өту барысында студент мамандығы бойынша тәлімгер-маман ретінде жұмыс атқарады. Тәжірибені өтудің бірінші күнінде студент ұжыммен танысады. Жұмыс көлемімінен, тәжірибе жетекшісімен бірігіп тәжірибе бағдарламасына сай тәжірибелік график құрады. Студент тәжіри өтетін орынға белгіленген уақытта келуге міндетті және тәжірибе жетекшісімен құрылған график бойынша тәжірибелік бағдарламаны орындауы керек. Кафедра тәжірибе басталарда бекітілген келісім-шарт негізінде студенттерді тәжірибе базасы бойынша бөледі, кафедра олардың ішінен кафедра оқытушылары тәжірибе жетекужшісне тағайындалады. Студенттерді практика базасына бөлу және кафедрадан тәжірибе жетекшілерін тағайындау университет проректорының бұйрығымен жүзеге асады. Тәжірибеден өту алдында,кафедра студенттермен тәжірибенің мақсаты, міндеті, мазмұны және өндірістік тәжірибеден өтудің бағдарламасымен өту ретін өндірістік жиында түсіндіріледі. Кафедра студенттерді тәжірибе орны бойынша бөледі, оның мақсаты мен міндеттерін белгілейі, тәжірибе өтуін, өту тәртібін, тәжірибе бағдарламасын және тағы басқа ұйымдық жұмыстарды, кафедра оқытушыларының ішінің тәжірибе жетекшісін бекітеді. Тәжірибе қатаң түрде әрбір студентке күнтізбелік график бойынша жүргізіледі, ол тәжірибе университетегі және ұйымдағы жетекшілермен бекітіледі. Университеттегі тәжірибе жетекшілерінің міндеттері: Университеттегі тәжірибе жетекшілері негізгі маман, ол оған бекітілген тәжірибенің оқу-әдістемелік жетекшілігіне жауапты болып табылады. Ұйымға барғанға дейін студенттер университеттегі тәжірибе жетекшісі ұйымдағы тәжірибе жетекшісіимен алдын-ала қатынасады, ұйымдағы жұмыс орындарына, белгілі бір жағдайларына байланысты студент тәлімгерлерді ұйым жағдайымен таныстыруды ұйымдастырады. Оқытушы тәжірибесіне қатысқанда кеңестер жүргізеді, студенттердің жұмысын бақылайды және олардың күнтізбелік грфигін жасайды, оларды бір орнынан келесі жерге ауыстыруды ұйымдастырады. Ұйымдағы тәжірибе жетекшісінің міндеттері: Ұйымдағы тәжірибе жетекшісі: ▪ Ұйымның жоғары білімді мамандары ішінен таңдалып, оған 4-5 студент-тәлімгер есебінде белгілейді; ▪ Студен тәлімгерлерді ұйымжұмысымен таныстырады, оның ұйымдық жүйесін ұйым өндірісін, еңбек және басқаруды және әртүрлі өндіріс бөлімдерімен таныстырады; ▪ Әртүрлі бөлімдерге арнайы шолулар және бөлім мамандарынан дәрістер жүргізеді; ▪ Студент-тәлімгерлердің жұмыс орнында күнделіктерін дұрыс жазуын, берілген тапсырмаларын оарныдауынг жиі бақылап отырады; ▪ Тәжірибе аяқталғанда ұйымдағы тәжірибе жетекшісі әр студен тәлімгерге мінездеме береді. Әр бір жұмыс орнында студенттер белгіленген бөлім бойынша бөлім жетекшілеріне бағынады және олардың тапсырмалар мен бұйрықтарын басқа қызметкерлермен тең орындайды. 3. СТУДЕНТТІҢ ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУ КЕЗІНДЕГІ МІНДЕТТЕРІ Әрбір студент тәжірибе өту туралы бланкті 3 данадан толтыруға міндетті. Студенттің тәжірибеден өту кезеңі басталғаннан бастап жұмыстық күшке еніп, еңбек қорғау ережесі және ішкі басқару ережесімен, кәсіпорын қозғалысымен, белгілі бір тәртіпте таныс болуға тиіс. Тәжірибе өту кезеңінде әрбір студент күнделік жүргізеді, және күнделікте олармен істелген күні белгіленеді. Тәжірибе өту аралығында студент міндетті: ▪ Ұжым бөлімінің жұмыстарымен танысу ▪ Техникалық –қауіпсіздік және еңбек құқығы ережесін қатаң қадағалау және оқу ▪ Тәжірибе орны бойынша ұжым өміріне, қоғамдық жұмыстарына қатысу ▪ Тәжірибе күнделігін жүйелі құру және өту туралы уақытында есеп жасау. Студент ұйымның әрбір бөлімінің қызметінің бағыты бойынша бөлімдермен танысуға міндетті. Ұйымға келегеннен бастап студент тәжірибе уақытын білуі керек, тәжірибе бағдарламасының есебін тәжірибе уақытында жүйелі пайдалануы тиіс. Ұйым өндірісі мен технологиясымен басқару жүйесімен танысу 2 күн, мәліметтер мен ақпараттарды жинау 2күн, тәжірибе бағдарламасы және жеке тапсырмаларды орындау, жұмыстарды қарау 4 күн, тәжірибе есебін құру 2күн. Графикте және күнделікте орын ауысуын белгілеп, өткен тақырыптарды бекітуі қажет. Студент тәжірибе орнына университеттің бұйрығымен келеді, тәжірибе жетекшілігіне сай ұйымда жұмыс істейді. Күн сайын ол орындаған жұмыс көлемін күнделікке жазып отыруы тиіс. Күнделікте қай күндері, жұмыс орнында, жұмыс істегені туралы жазылуы міндетті. Күнделік ұйымдағы практика жетекшісінің бақылауында және тексерісінде болыды. Жұмыс орнында қызметі аяқталғанда тәжірибе жетекшісі студенттің тәжірибелік қабілеттілігін тексереді және студентке жұмыс туралы ескертулер береді, күнделікке тәжірибе жетекшісінің қолы және ұйым мөрі қойылады. Жеткші қолымен көрсетілген күнделік тәжірибе есебіне дайындығын көрсетеді. Тәжірибеден өткенде студент еңбек ұхымының бір мүшесі болып қалыптасады, ондағы еңбек тәртібімен танысып күнделікті қызығушылықпен жұмыс істейді. Ең басты талап студенттердің еңбек ұжымындағы қалыптасуды жүзеге асыру ол ұйым өндіріс барысындағы жееке және алынған білімі мен тапсырмаларды орындауы ұйымдағы қызметкерлермен бірге қоғамдық өмірге қатынасуы, қызметте пайда болған мәселелерді өз еркімен шеше білу болып табылады. Тәжірибе уақытында студент өзінің белсенді жұмаскер ретінде көрсете білуі тиіс ол нақты, әдепті, ұйым жетекшілерімен, қызметкерлерімен сөйлесе білуі қажет. Тәжірибе басталуға 2 ай бұрын студент тәжірибе өту туралы 3 көшірмедегі келісім-шартты толтыруы тиіс. Тәжірибеге 1 ай қалғанда мед. Қаралымнан өтуі тиіс. Техникалық-қауіпсіздік және еңбек құқық ережесін қатаң қадағалау тиіс. Ұйымның ішкі тәртібін сақтау. Тәжірибе бағдарламасымен танысып күнделік басталуы керек. Студент тәжірибенің аяқталғанан кейін 10 күнде тәжірибе есебін қорғауы тиіс. Осылардан кейін студент тәжірибе графигін жүзеге асырып, ұйыммен толық танысады. Тәжірибе аяқталғанда студент ұйымдағы тәжірибе жетекшісінің қолымен және мөрімен бекітілген келесілерді өткізеді: ▪ Тәжірибе есебі (титульный лист) ▪ Тәжірибе күнделігі ▪ Тәжірибе өткендігі туралы анықтама (тәжірибе күнделігінің 5 беті) ▪ Мінездеме (тәжірибе күнделігінің 18 беті) 4 Оқу тәжірибесінің бағдарламасы Оқу тәжірибесінің есептік жүйесі Титулдық бет Мінездеме Тәжірибе күнделігі Мазмұны Кіріспе Жалпы шаруашылық субъектісінің басқару құрылымымен танысу (қаржы органы, ұйымы) Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасымен танысу (қаржы органы, ұйымы) Кәсіпорынның қаржылық қамтамасыз ету қызметінің әдістері, қайнар көзі және формаларымен танысу (қаржы органы, ұйымы) Кәсіпорынның қаржылық жағдайының анализі (қаржы органы, ұйымы) Кәсіпорынның (қаржы органы, ұйымы) банктермен қарым-қатынасы) Кәсіпорынға салық салу (қаржы органы, ұйымы) Студенттің жеке тапсырмасы. Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер тізімі Қосымшалар Университеттегі тәжірибе жетекшісінің пікірі. Оқу тәжірибе есебінің қысқаша мазмұны: Оқу тәжірибесінің есебі 35-40 беттен кем емес және келесі бөлімдерді қамтуы тиіс. Кіріспе Бұл бөлімде ҚР экономикасын құрудағы негізгі міндеттері, ұйымның әлеуметтік-экономикалық мәселелердегі ролі мен орын анықталады. Кәсәпорынның болашағы. Есеп барысындағы пайдаланылған ақпараттар көзі бөлім көлемі 2-3 бет. 1.Зерттеу объектісінің жалпы мазмұны Жалпы шаруашылық субъектісінің басқару құрылымымен танысу (қаржы органы, ұйымы). Кәсіпорын туралы жалпы деректер, оның қалыптасуы, құрылу және даму тарихы көрсетіледі. Ұйымның шаруашылық қызметі, ұйымдастырушылық жүйесі және басқару түрлері беріледі. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасымен танысу (қаржы органы, ұйымы) Кәсіпорынның ұйымдастырушылық және құқықтық формасы қарастырылады, жеке меншік формадағы кәсіпорынның жеке құүжаттары бейнеленеді.зерттеп отырған ұйымның қазіргі кездегі менеджменті мен маркетинг қағидаларымен танысу, кәсіпорынның нарықтық-шаруышылық қызметін бақылауды ұйымдастыру кіреді. Цехтардың және кәсіпорынның қызметтері туралы жұмыстарының негізгі және қосымша жұмыстары туралы мінездеме беру. Кәсіпорын жүйесімен танысу. Мәліметтерді кесте түрінде беру. Кәсіпорынның өндірістік арналары туралы, өндірістік ресурстардың қалай және қайдан түсуі туралы, жартылай фабрикаттардың, дайын өнімнің келуін бақылау және кесте түрінде беру. Ол үшін келесідеу технологиялық тәртіппен жүзеге асады: ▪ Кәсіпорынның өндірістік күшін пайдалану ▪ Кәсіпорынынң негізгі ресурс түрлеріне қажеттілігі ▪ Өнім сапасын бақылау жүйесі ▪ Өндіріс түрі, негізгі өндірісті ұйымдастыру қағидалары, еңбек құралдарының түрлері. Кәсіпорынынң ұйымдастырудағы қолданылған әдіс-тәсілдерін қарастырады. Бөлім көлемі 12-15 бет. 2. Ұйымның бөлімдерінің қызметтері мен міндеттерімен танысу Кәсіпорынның қаржылық қамтамасыз ету қызметінің әдістері, қайнар көзі және формаларымен танысу Бұл бөлімде кәсіпорынның жеке қызметтік бөлімдеріне сараптама жасалады. Білім деңгейі бөлімдердегі барлық қызметкерлер мен жетекшілір саны. Ұйым жұмысындағы әдістермен таныстырылады.әрбір бөлім бойынша олардың қызметтері қызмтеркерлердің жұмысы көрсетіледі. Әрбір бөлімде мамандардың жұмысқа кеткен уақыты сарапқа аланады. Көрсетілген бөлімдер бойынша олардың жұмысын жаңа технологиямен қамтамасыз етілуін қатаң бағалау, ақпараттардың компьютерлік технологиялармен және техникамен қамсыздандырылғананы көрсету. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының анализі Әрбір бөлімде негізін құраушы құқықтық құжаттар, оның ішінде коммерциялық, шаруашылық, қаржылық және әлеуметттік қызмет туралы. Жұмыстардың орындалуын және дайындаған бағалау, ұйым жетекшіліерінің жұмыс үлгісімен танысу, алдыңғы мамандардың олрадың жұмыс әдістерімен танысып, баға беру. Әрбір бөлім бойынша жалпы еңбекақы туралы, оларға қолданылатын есеп, кәсіпорын қызметіндегі жаңа құрылғағылар дәрежесі туралы ақпарат беруге міндетті. Ерекше мәнде экономист мамандарына аударады. Ондағы жоспарлау- экономика бөліміндегі қызметкерлердің жұмыстары мен әдістерін бағалап, кәсіпорынынң экономикалық көрсеткіштеріне назар аудару. Бөлім көлемі 18-20 бет. Кәсіпорынның (қаржы органы, ұйымы) банктермен қарым-қатынасы Әрбір кәсіпорын бөлімінің банктермен қарым-қатынасы тәртіппен қарастырылады. Мұнда есептесу түрлері, формалары іске асыру жүйесін назар аударуы тиіс. Бөлім көлемі 10-15 бет. Кәсіпорынға салық салу (қаржы органы, ұйымы) Әрбір кәсіпорынның салық Басқармасымен қарым-қатынасы салық Кодексіне сәйкес тәртіппен қарастырылады. Мұнда салық төлеу түрлері, формалары іске асыру жүйесін назар аударуы тиіс. Бөлім көлемі 10-15 бет. 2. Студенттің жеке тапсырмасы. Тәжірибенің қабілеттілгін көтеруде әрбір студент ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша жеке тапсырма орындауы тиіс. Жеке тапсырма мазмұны арнайы экономист дайындығында анықталады. Бұл жеке тапсырманы университеттегі практика жетекшісі береді. Бөлім көлемі 5-7 бет. Қорытынды Мұнда қысқаша қорытынды жасалынады және кәсіпорын қызметінің нәтижесіне баға беріледі. Бұл бөлімде студент өткен тәжірибесі бойынша қысқаша ақпараттық есеп береді. Бөлім көлемі 3-5 бет. Қосымшалар Бұл бөлім негізгі қағидаларға сәйкес енгізілген есеп бойынша: үлкен кестелер, графиктер, құжаттар үлгілері тіркеледі. Есепті дұрыс құру үшін студент әр түрлі теориялық, методологиялы материалдармен қамтамсыз етілуі тиіс. 5.Есеп беру талабы Тәжірибе аяқталғанда студенттер кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісінің мінездемесінің бірге жазбаша есеп өткізеді және толық толтырылған тәжірибе күнделігі. Тәжірибеден өту күнделігі қолмен, сиялы қаламмен жазылады және әр жұма сайын кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісімен тексеріліп қол қойылады. Кәсіпорын тәжірибе жетекшісінің қолы мен мөрі бекітілген: титулдық бет, мінездеме, күнделік, график өткізіледі.есепте тәжірибе уақытында орындалған барлықжұмыстар тіркелдеі. 1. Есеп барлық компьютерлік жүйеге сай бір ақ бет А4 форматында 1,5 интервалда, шрифт қалыпты, кегль 14. Есептің текстін келесі мөлшерлерге байланысты шығарады: сол-3см., жоғары-2,5 см., төмен-2 см, оң-1 см. Шеттен бастан коллонтитул көлемі 1,5 см. 2. Барлық есепте көрсетілген текстер ЭВМ жүйесінде кестелер толық түрде шығарылады. 3. Есепте қате табылған жағдайда оған ақ түспен белгілеп береді. 4. Ұйым атауы, өнім атауы нақты жазылады есепте. 5. Есептің жүйелік элементтері есеп жүйесінің атаулары болып табылады. 6. Есептерді бөлімдерге бөлуге болады.Әрбір бөлім есебі барлық құжаттарға байланысты араб цифрларымен нүктесіз абзац пен жазылады. Бөлімдер номерленуі тиіс. Әрбір бөлім 2 және одан жоғары түрде болады. Мысал 1 Типі және негізгі өлшемдері 1.1 1.2 1-ші бөлімнің бөлімшелерінің номерленуі 1.3 2 Техникалық қажеттілік 2.1 2.2 2-ші бөлімнің бөлімшелернің номерленуі 2.3 7. Бөлімдер, бөлімшелердің атаулары болуы тиіс. Әрбір бөлім аяқталған ақпаратты көрсетуі тиіс. 8. Есептің әрбір бөлімін жаңа беттен бастау керек. Бөлім ішіндегі бөлімшелер өзара екі жолдан кейін жазылады. 9. Есеп беттерін араб цифрларымен номерлеу керек және бет номері беттің төменгі жағында ортасында нүктесіз орналасқан. 10. Титулдық бет өзара барлы номерленуді қосады. Титулдық бетте номерлену көрсетілмейді. 11. Есепте көрсетілген формулалардың мәндері беріліу керек. Көрсетілген септе сандық коэффициеттер символдардың анықтамасыгн тексте формуламен берілуі керек және оларды әрбір жаңа жолдан бастайды. Олар өзара үтірмен бөлінеді. 12. Формулаларды және теңдіктерді текстен бөлек жолға қоюға тиіс. Олар кем дегенде текстен бір жол төмен орналасуы керек. Теңдікте қосу, алу, көбейту ,бөлу символдары орналасқан. 13. Текстегі сілтемелер жақшаның ішінде көрсетіледі. 14. Формулаларды номерлеу бөлімдерден бөлек орналасады. 15. Кестелер, диаграммалар, графиктер мемлекеттік стандарттқа сай болуы керек. 6.Бақылау түрі Тәжірибені бақылау 2 жетекшінің қатысуымен өтеді. Тәжірибе аяқталғанда студент ұйымдағы тәжірибе жетекшісінің қолымен және мөрімен бекітілген келесілерді өткізеді: ▪ Тәжірибе есебі (титульный лист) ▪ Іс-тәжірибеден өткендігі туралы анықтама (тәжірибе күнделігінің 5 бетінде) ▪ Тәжірибе күнделігі ▪ Мінездеме (тәжірибе күнделігінің 18 бетінде) Тәжірибені өту есебі кафедраға келген уақытында тапсырылады. Практика жетекшісі студентке пікір береді егер тәжірибе есебінде қателіктер табылса, студентті қайта толықтыруға жібереді. Пікір алған студент есебін қорғауға босатылады. Қорғау уақытында есепті қорғау хаттамасы тіркеледі. Есепті қорғау аяқталғанда студентке балдықжүйе бағасында баға қойылады. 7. Тәжірибе есебінің мазмұны | |Тәжірибе тақырыптарының аты |Күн | |№ | |саны | | |Мазмұны |1 | | |Кіріспе | | |1 |Жалпы шаруашылық субъектісінің басқару құрылымымен танысу (қаржы | | | |органы, ұйымы) | | |2 |Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасымен танысу (қаржы органы, |1 | | |ұйымы) | | |3 |Кәсіпорынның қаржылық қамтамасыз ету қызметінің әдістері, қайнар |1 | | |көзі және формаларымен танысу (қаржы органы, ұйымы) | | |4 |Кәсіпорынның қаржылық жағдайының анализі (қаржы органы, ұйымы) |1 | |5 |Кәсіпорынның (қаржы органы, ұйымы) банктермен қарым-қатынасы) |1 | |6 |Кәсіпорынға салық салу (қаржы органы, ұйымы) |1 | | |Студенттің жеке тапсырмасы. | | | |Қорытынды | | | |Пайдаланған әдебиеттер тізімі | | | |Қосымшалар | | | |Барлығы: |6 | Тәжірибе есебінің мазмұны 1. Жалпы шаруашылық субъектісінің басқару құрылымымен танысу - кәсіпорын тарихымен; - басқару құрылымы және бөлімшелермен; - бөлімше жетекшілерінің қызметтік міндеттерімен. 2. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасымен танысу - кәсіпорын мәртебесі және оның ұйымдастырушылық құжаттарымен 3. Кәсіпорынның қаржылық қамтамасыз ету қызметінің әдістері, қайнар көзі және формаларымен танысу (қаржы органы, ұйымы) - кәсіпорынның қаржыландыру қызметінің қайнар көзінің құрылымы және құрамымен: өзіндік қайнар көз, банктік несие және т.б. 4. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының анализі - кәсіпорында қаржылық жоспарлаумен; - ақша ағынымен; - қаржылық есеп берушілікпен 5. Шаруашылық субъектілердің коммерциялық банктермен қарым-қатынасы: - шаруашылық субъектілердің коммерциялық банкпен қызмет көрсетуіндегі есеп- кассасының тәртібі; - шаруашылық субъектінің банкте ашқан шоттар түрі, шот алуға қажет құжаттар, шот ашу тәртібі; - шаруашылық субъектімен ақша құралдарын алу тәртібі; (қолма-қолсыз ақша есебі формалары) 1. Шаруашылық субъектілеріне несие беру тәртібі: - шаруашылық субъектілерге коммерциялық банктермен ұсынылатын несие түрлері; - несие алу тәртібі (қажетті құжаттар) - несиелік келісім шарт, борышқордың банкке кепіл келісімшарты. 6. Кәсіпорынға салық салу (қаржы органы, ұйымы) Шаруашылық субъектісімен төленетін салық түрлерімен танысу. Шаруашылық субъектімен төленетін салықты есептеу және төлеу тәртібін ашу ( қаржы органымен, ұйымымен): төлеушілер, салу объектісі, ставка және декларация беру мерзімі және салық төлеу. Шаруашылық субъектімен төленетін салық бойынша декларация өткізу. (қаржы органымен, ұйымымен) 8. Тәжірибе есебін қорғау. Университеттен тәжірибе жетекшісі тәжірибе біткеннен кейін, (10 күн ішінде) «Қаржы» кафедрасының деканатпен келісілген графигіне сәйкес, сынақтан өтіп, баға қойылады. Есеп беру қорытындысы 4 баллдық жүйеде GPA есебімен есептеледі.. Есеп беруді қорғау кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссиямен алынады. Қорғауда жұмыстың бағдарламаға сәйкестігі мен көлемі, құжаттардың толық дұрыс толтырылуы, мінездеме мазмұны, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берулер, талдау жасай алу, есеп беруге қоымшалар қаралады. Студенттердің есеп берулерін бағалау критериі: • Жинақталған мәліметтердің бағдарламаға сәйкес болуы; • Тәжірибеден өтуде ұйымның жұмыстарына байланысты нормативтік актілерді білу, белгілі бір себептерсіз орындамаған студент университеттен шығарылады. Ал тәжірибе жұмыстары толық көлемді болмаған жағдайда студент жұмысты қорғауға жіберілмейді. Тәжірибе мәліметтері (есеп беру, күнделік, мінездеме.) қорғаудан өткеннен кейін жетекшіге кафедраға жіберу үшін өткізіледі. • кәсіби маман ретінде жауап беру; • Ұйым мінездемесінің мазмұны – тәжірибеден өту орынынан алынады. 9.Тәжірибелік есепті қорғау бойынша студенттерді бағалау Есеп тәжірибе бағдарламасына сацй орындалады, ессепте барлық бөлім бағдарламасы бойынша материалдар қамтылған, тәжірибелік есеп кәсіпорын қызметі бойынша соңғы 3-5жылдағы әртүрлі талдау жасалуы тиіс. Есеп комиссия алдында 8-10мин мөлшерінде қорғалады. Оған есепті қорғау хаттамасы беріледі. Комиссия есепті орындау көлеміне, күнделіктің мазмұны, сапасы, есептің қорғалуын бағалайды. Есептің қорғау нәтижесі рейтингтік балдық жүйеде бағаланады және студенттің курстан курсқа өту GPA мөлшері есептеледі. |Әріптік бағалау |Дәстүрлі бағалау жүйесі |Цифрлік балдау |Пайыз | |А |Өте жақсы |4.0 |95-100 | |А- | |3,67 |90-94 | |В+ | |3,33 |85-89 | | |Жақсы | | | |В | |3,0 |80-84 | |В- | |2,67 |75-79 | |С+ | |2,33 |70-74 | |С | |2,0 |65-69 | |С- |Қанағаттаннарлық |1,67 |60-64 | |D+ | |1,33 |55-59 | |D | |1,0 |50-54 | |F |Қанағаттананрлықсыз |0 |0-49 | |I |Аяқталмаған |NA |- | |W |Тәжірибеге кіргізілмеген |NA |- | |AW |Әкімшіліктен кіргізілмеген |NA |- | |P |Тәжірибеден өтті |- |өтті | | | | | | ҚОСЫМША А ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ «Қаржы» кафедрасы 5В050900 «Қаржы» мамандығы ЕСЕП БЕРУ практика орны Студент _____________ _____________ _________________________ топ, курс қолы, күні Аты – жөні Кәсіпорыннан жетекші _____________ _________________________ қолы, күні Аты – жөні Университеттен жетекші _____________ _________________________ қолы, күні Аты – жөні Комиссия мүшелері _____________ _________________________ қолы, күні Аты – жөні _____________ _________________________ қолы, күні Аты – жөні _____________ _________________________ қолы, күні Аты – жөні _________________ Бағасы Семей – 20___
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz