Файл қосу

Жас кезеңдерінде психологиялық диагностика




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                       |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                 |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |ПОӘК               |                            |
|ПОӘК                     |11.09.2014 ж.      |ПОӘК 042-18-31.1.74/02-     |
|«Мектепке дейінгі жастағы|№ 1 басылым.       |2014                        |
|балалардың диагностикасы»|                   |                            |
|пәнінің студенттерге     |                   |                            |
|арналған                 |                   |                            |











                                   ПӘННІҢ
                          ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ

             «Мектепке дейінгі жастағы балалардың диагностикасы»
              5В010100-  «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»
                           мамандықтарына  арналған

                            СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН
                              ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ



















                                    Семей
                                    2014


                                  Алғы сөз

1ӘЗІРЛЕГЕН
Құрастырушы: аға оқытушы,  педагогика ғылымдарының магиcтрі Серикбаева Н.Б.
 ____________ «25» 08. 2014ж.

2 КЕЛІСІЛДІ
2.1 Педагогикалық психология кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.
Хаттама № 1 «03» 09. 2014ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ псх.ғ.к. Джумажанова Г.К.

2.2 Педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып,
бекітілді.
Хаттама № 1 «05» 09. 2014 ж.

Төрайымы _________________ п.ғ.к. Ахметова Т.Ш.



3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданып, басуға ұсынылды.
Хаттама № 1 «11»  09. 2014ж.

ОӘК төрағасы________________ с.ғ.д., профессор Искакова Г.К.

4  АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН




























                                   Мазмұны


1 Жалпы ережелер
2 Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу
3 Пәнді оқу бойынша  әдістемелік нұсқаулар
4 Курс форматы
5 Курс саясаты
6 Бағалау саясаты
7 Әдебиеттер









































1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет
Серикбаева Н.Б. педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы
Педагогикалық психология  кафедрасы
Ақпараттық  қатынас – телефон- 87752057050
Сабақ өтетін орын - № 308 аудитория
Пән бойынша кредит саны - 3



1.2 Пәннің қысқаша мазмұны
    Психологиялық ғылымдардың кез-келген мәселесі адам өмірінің  сан  алуан
салаларымен тығыз байланысты.
    Соңғы жылдары психология ғылымдарының аса  мән  беріп  отырған  маңызды
мәселелерінің бірі - ол адамдар психологиясын зерттеу.
    Психологиялық диагностика -  ғылымдар  жүйесінде  ерекше  орын  алатын,
тұлғаның даралық-  психологиялық  ерекшеліктерін  зерттейтін  дербес  ғылыми
психологиялық пән.
      Студенттерде түрлі әлеуметтік педагогикалық  практикада  психологиялық
диагностиканы  ұйымдастыру,  қолдана  алу  технологиялары   туралы   түсінік
беріледі.


1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:
Студенттерге психологиялық диагностика саласы бойынша білім және іскерлікті
меңгеруге көмектесу.
1.4 Пәнді оқыту міндеттері:
- студенттерді  теориялық  тұрғыда  түбегейлі  білім  беру  және  студенттер
бойына  психодиагностиканың  теориялық   және   практикалық   ғылым   саласы
ретіндегі білімдер жүйесін қалыптастыру болып табылады;
- олардың психологиялық дайындықтарын күшейту;
-  тұлғаның  ғылыми-  теориялық  психодиагностикалық  негіздерін  тереңдетіп
меңгеруі;
-   психологиялық   көмек   көрсету   кезіндегі   жұмыстарында   мамандардың
практикалық дағдыларды меңгеріп жетілдіру үшін дайындау;
- ғылымдар жүйесіндегі кәсіби психологтардың  жұмысында  психодиагностиканың
алатын орнын анықтау;
-   студенттерді   психодиагностиканы    қалыптастырудағы    психометрикалық
негіздерін меңгеруін қамтамасыз ету;
- психометриканың теориялық негіздерін практикалық қолдана алуға баулу.
1.5 Оқытудың нәтижесі:
Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:
-  психологиялық  диагностиканың  ғылыми-теориялық  негіздерін,   көпшілікке
танымал психодиагностикалық әдістерді және олардың  түрлері,  сонымен  қатар
сапаларын бағалау талаптарын;
- психологтың диагностикалық зерттеу жұмысының мазмұнын;
психодиагностика мақсаты мен міндеттерін;
психодиагностика формаларын.
Игеру керек:
мектеп         оқушыларымен            жүргізілетін           диагностикалық
жұмыстың           негізгі  бағыттары мен принциптерін;
әр     түрлі       жастағы        балалардың     дербес        психологиялық
    және       жас ерекшеліктерін оқып, үйренуді;
- қазіргі психологиялық диагностиканың ғылыми-теориялық негізі;
жеке  адамның  даралық  психологиялық  ерекшеліктерін  бағалау  жолдары  мен
тәсілдерін.
Меңгеру керек:
-  әлеуметтік  өмірдің   түрлі   аумағын   ескере   отырып,   психологиялық-
педагогикалық диагностиканы өзбетінше жүргізу  және  тиімді  жолдарын  құрып
өңдеу; сандық-сапалық талдау, нәтижелерін интерпретациялау;
мектеп      оқушыларымен     жүргізілетін        диагностикалық     жұмыстың
әдістемелерін;
дарынды балалармен жұмыс істеу дағдыларын;
педагогикалық қарым-қатынас дағдыларын.
Қолдана білу керек:
- Психологиялық диагностиканың негізгі әдіс-тәсілдерін қолдана білу;
-  Психологиялық диагностика бойынша  меңгерген  білімін   кәсіби  іс-әрекет
практикасында өздігінен қолдана білу.
Түсінуі керек:
 -  Психологиялық  диагностика   негіздері   саласындағы    теориялық   және
   қолданбалы зерттеулерді;
 -   Психологиялық   диагностика    негіздерінің    негізгі    түсініктерін,
   категорияларын, механизмдерін;
 - Психологиялық диагностиканың даму және қалыптасуы тарихын.
Істей алуы керек:
оқушыларға психологиялық зерттеудің  түрлерін жүргізе білу;
оқушылар, педагогтар арасыңдағы ағартушылық жұмыстарын жүргізу;
-көпке танымал психодиагностикалық әдістердің  нәтижелерін  интерпретациялау
тәсілдері, зерттеулерді дұрыс жүргізе білуі;
- психологиялық практиканың түрлі  салаларында  психологиялық  диагностиканы
ұйымдастыру, қолдана алу дағдыларының болуы.
Иемдену керек:
       мектеп       оқушыларымен         жүргізілетін         диагностикалық
жұмыстың           негізгі  бағыттарын;
әр     түрлі    жастағы     балаларға    психологиялық     зерттеу   жүргізу
әдістемелерін.
- «Мектепке дейінгі жастағы балалардың  диагностикасы»  пәні  бойынша  алған
білімді   практикалық-қолданбалы   ғылыми-зерттеу   жұмыстарында   өзбетінше
қолдана алу.

1.6 Курстың пререквизиттері:
1.6.1 Психология және адам дамуы
1.6.2 Педагогика
1.6.3 Өзін-өзі тану
1.6.4 Балалар психологиясы

1.7 Курстың постреквизиті:
1.7.1 Педагогика тарихы
1.7.2 Педагогикалық психология
1.7.3 Оқу-таным іс-әрекетін ұйымдастыру










2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛУ


                                                                     Кесте 1
|   |Тақырып атауы          |Сағат саны                          |               |
|   |                       |                                    |Әдебиеттер     |
|   |                       |Дәріс |Семи   |Лаб  |БОӨЖ    |БӨЖ    |               |
|   |                       |      |нар    |     |        |       |               |
|1  |2                      |3     |4      |5    |6       |7      |8              |
|   |Модуль 1.   Кіріспе    |      |       |     |        |       |               |
|1  |Психодиагностикаға     |2     |1      |-    |1.5     |       |1,3,5,7,8      |
|   |кіріспе                |      |       |     |        |       |               |
|2  |Психодиагностиканың    |2     |1      |-    |1.5     |       |8,7,5,3        |
|   |ғылыми-теориялық       |      |       |     |        |       |               |
|   |негізі.                |      |       |     |        |       |               |
|3  |Психодиагностиканың    |2     |1      |-    |1.5     |12     |8,7,5,3        |
|   |даму тарихы.           |      |       |     |        |       |               |
|4  |Психодиагностиканың    |2     |1      |-    |1.5     |       |3,5,7,8,       |
|   |қазіргі жағдайы.       |      |       |     |        |       |               |
|   |Модуль 2.              |      |       |     |        |       |               |
|   |Психодиагностикалық    |      |       |     |        |       |               |
|   |әдістердің жалпы       |      |       |     |        |       |               |
|   |сипаттамасы.           |      |       |     |        |       |               |
|5  |Психодиагностикалық    |2     |2      |-    |2       |12     |5,8,10         |
|   |әдістердің жалпы       |      |       |     |        |       |               |
|   |сипаттамасы.           |      |       |     |        |       |               |
|6  |Тестердің сенімділігі  |2     |1      |-    |2       |       |3,7,11         |
|   |мен жарамдылығы.       |      |       |     |        |       |               |
|   |Модуль 3. Тұлғаның     |      |       |     |        |       |               |
|   |психологиялық          |      |       |     |        |       |               |
|   |қасиеттерін            |      |       |     |        |       |               |
|   |диагностикалау.        |      |       |     |        |       |               |
|7  |Ақыл-ойдың             |2     |1      |-    |2       |12     |               |
|   |психологиялық          |      |       |     |        |       |               |
|   |диагностикасы.         |      |       |     |        |       |               |
|8  |Арнайы және жалпы      |2     |1      |-    |2       |       |3,5,7,9        |
|   |қабілеттер.            |      |       |     |        |       |               |
|9  |Тұлғалық сапалардың    |2     |2      |-    |2       |       |3,5,7,8        |
|   |психодиагностикасы.    |      |       |     |        |       |               |
|   |Модуль 4. Жас          |      |       |     |        |       |               |
|   |кезеңдерінде           |      |       |     |        |       |               |
|   |психологиялық          |      |       |     |        |       |               |
|   |диагностика            |      |       |     |        |       |               |
|10 |Мектеп жасына дейінгі  |4     |1      |-    |2       |12     |3,5,7,8        |
|   |балалардың             |      |       |     |        |       |               |
|   |психодиагностикасы.    |      |       |     |        |       |               |
|11 |Мектеп жасына дейінгі  |4     |1      |-    |2       |12     |3,5,7,8,10     |
|   |балалардың  тұлғалық   |      |       |     |        |       |               |
|   |психодиагностикасы.    |      |       |     |        |       |               |
|12 |Ата-аналарды           |2     |1      |-    |1.5     |       |3,5,7,8,10     |
|   |психодиагностикалау    |      |       |     |        |       |               |
|   |ерекшеліктері.         |      |       |     |        |       |               |
|13 |Педагогтардың          |2     |1      |-    |1       |7,5    |3,5,7,8,10     |
|   |психодиагностикасы.    |      |       |     |        |       |               |
|   |Барлығы                |30    |15     |-    |22,5    |67,5   |-              |



      3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША  ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


    Студент  аталған   курс  бойынша  мынадай  теориялық  және  практикалық
мәселелерді игеруі керек. Оқу жоспарының көшірмесінде  бөлініп  берілген  әр
сабақ түрлері сағатқа  шағылған,  пәннің  қысқаша  мазмұны,  мақсаттары  мен
міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу  пәнін  меңгерудің  барлық  талаптарына  сай
келеді.  Негізгі  және  қосымша  әдебиеттер  тізімі  бар.   Оқытушылар   мен
студенттерге арналған жүмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған  жүмыс
бағдарламасында  оқылуға  тиісті  тақырыптар  мен  жүмыс  түрлерінің  тізімі
әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр  дәріс  сабағы  бойынша  қысқаша
мәлімет берілген. Тәжірибелік  сабақтардың  тақырыптары  және  әр  тақырыпта
қарастырылатын   мәселелер   жоспар   түрінде   нақты    көрсетілген.    БӨЖ
тапсырмаларын өткізудің  мерзімі,  тақырыптары  және  әдебиеттері  жазылған.
Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар.
Дәрісті  тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар.
       Мақсаты:  студенттерді  курс  бойынша   тиісті   теориялық   біліммен
қаруландыру.
      Міндеттері:
      - әр  тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
      - әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
      - пәнге қызығушылығын тудыру және  ары  қарай  өздігінен  жұмыс  істей
білуге үйрету;
      - курс  бойынша  тиісті  білімді  меңгеру  үшін  қажетті  жағдайлармен
қамтамасыз ету.
      Жоғары оқу орындарында  оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  формаларының
бірі - дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар  үшін  күрделі  және  жаңа
ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге  қызығушылық  тудырады,
алынған  білімді  практикалық  міндеттерді  шешуде  қолдануға   көмектеседі,
тақырыптың және қарастырылып отырған  материалдың  теориялық  жақтарын  ашып
көрсетеді.
      Дәріс - студенттерде өздігінен  терең білім алуға   ізденіс  туғызады.
Дәрісті тыңдау – бұл  өзара  бір-бірімен  байланысқан  танымдық  үрдістердің
(зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау)  бірлігі.
      Сіздің курс бойынша жан-жақты білім  алуыңыз  дәріс  сабақтарын  толық
тыңдауыңызға  байланысты   екенін  еш   ұмытпаңыз.    Сондықтан   бағдарлама
мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала  қарастырып  жүріңіз.  Сіздің
білімініңізің деңгейі  тек  өзіңіздің  жауапкершілігіңіз  және  өздігіңізден
жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
      Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс
дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында  мәтінді қалмай
жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға
даярлануда негіз болады.

  Білім алушылардың  өздігінен орындайтын жұмыстарын  орындауға әдістемелік
                                  нұсқаулар
      Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған
білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.
      Міндеттері:
      - дәріс  және тәжірибелік  сабақтарында алған білімдерін тереңдету;
      - теорияны практикамен байланыстыру;
      - библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;
      - алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды  өздігінен шешу;
      - психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық
дағдыларын жетілдіру;
      - зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;
      - өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
      - ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.
      Өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша
меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай
ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті  әрбір өздік жұмыс тапсырмасын
өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты
болыңыз.      Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан
көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем
есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.
       Өздік жұмысын  орындау  формалары  әр  түрлі:  кесте,  таблица  құру,
коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау,  аннотация  жазу
және т.б. Оларды орындау үшін  оқу  әдістемелік  кешеннің  мазмұнында  жалпы
әдістемелік нұсқаулар берілген.
      Білім алушылардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:
   1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға
      (іштей жылдам  оқи  білу,  библиографиялық  дағдылар,  түрлі  анықтама
      әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып  алу  т.б.  )  ие  болу
      керек.
   2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт,  орын,  тиісті
      әдебиеттер  мен  құралдардың  болуы  т.б.)  керек  етеді,  ең   дұрысы
      кітапханаларда, оқу залдарында  даялануға  дағдылану.
   3. Өздігінен білім алатын адам  нені  оқитынын  анық  біліп,  ол  жұмысты
      белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
   4.  Алғашқы  кезде  оқытушылардан,  тәжірибелі  оқытушылардан,  кітапхана
      қызметкерлерінен  ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
   5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
   6. Оқыған материалды мұқият  ұғатындай  етіп  ұғып,  түсінбеген  жерлерді
      қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
   7.  Анықтама  әдебиеттерді,  энциклопедияларды,  түрлі  сөздіктерді  қоса
      пайдаланып отыру керек.
       Өздік  жұмыс  түрлері:  ауызша;  жазбаша;   практикалық;   теориялық;
шығармашылық.
   Өздік жұмысты  орындау  барысында  ерік  қалыптасады,  жұмысқа  қабілет,
зейін, оқу еңбегі, тәртібі тәрбиеленеді.
   Өздік жұмыс формалары:   конспектілеу; аннотация  жазу;  тезис  орындау;
ғылыми баяндамалар жазу және т.б.
      Конспектілеу -  кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.
Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын  негізгі талаптар:
   1.  Жазып  отырған  тақырыптан  алшақтамай,  оның  мазмұнын  нақты  ашуға
      талпыну.
   2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
   3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын  жоспарға  сай  рет-
      ретімен жүйелі баяндауы қажет.
   4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
   5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
      Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда
пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін
пайдаланғаны бойынша ретімен жазу.
      Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау.
      Цитаталау -  мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап
(жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі.
      Аннотация -  мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау.
      Рецензиялау -  оқу материалы , кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа
жазу.
      Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде
жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының мазмұнын
баяндайтын ғылыми құжат.
      Эссе дегеніміз -  философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық,
әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке
көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазу барысында сақталынуы тиіс
талаптар:
    • Жеке көзқарастың көрінісі;
    • Фактілі дәлелдер (аргументтер);  
    •  Теоретикалық негіздеме;  
    •  Цитаталарды келтіру;
    •  Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
    •  Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
    • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
    • Сауаттылыққа мән беру.
                Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі
      Кітаппен (негізгі әдебиетпен  жұмыс  жасағанда)  жұмыс  жасауда  басты
назар  аударылады:
      1.Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы,  шыққан
жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің  немесе  кіріспе  сөздің
авторы); оның тұтастай көлеміне;
      2. Мазмұны  арқылы  кітаптың  жоспарымен  (бөлім,  тарауларымен)  және
қандай жүйеде жазылғанымен танысу;
      3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну  үшін
үстірт танысып шығу;
      4. Негізгі  мәтіннің  құрылымымен  (жеке  тарауларға;  мәтіннің   жеке
бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу;
      5. Безендірілу сипатына;
      6. Қайталауға берілген сұрақтарға;
      7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.
      Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс.

    4 КУРС ФОРМАТЫ
    Семинарға дайындық кезінде  студент  мұғалімнің  дәрісін  назарға  ұстай
отырып,  біршама  ізденіс  жұмыстарын  жасау  қажет.  Ғылыми  мақалалар  мен
монографиялар, сондай-ақ интернет желісінен алынған материалдардағы  керекті
деректер  конспектіленіп  алынады.   Семинар   студенттің   ізденіс   жұмысы
болғандықтан,  бір  емес  бірнеше  дереккөздерді  пайдалануға  тиісті.  Курс
бойынша  білуге  тиісті  терминдер  мен  шартты  ұғымдарды  оқытушы  қамтып,
түсіндіреді. БӨЖ тақырыптары берілген сұрақтарды қамти отырып, жазбаша  және
ауызша жұмыс түрінде орындалады.  БӨЖ-ді  конспект  түрінде  дәптерге  жазып
өткізу қажет. Сабақ барысында студенттің  теориялық   білімі,  белсенділігі,
ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады.



    5 КУРС САЯСАТЫ
    Курсты оқу барысында алынған ұпай  жинақталып,  жалпы  саны  шығарылады.
Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырманы орындауы, сабаққа  қатысуы,  БӨЖ
тапсырмаларын,  тиісті  жаттығу  жұмыстарын   орындағаны   жөніндегі    ұпай
жиынтығы, кезеңдік, қорытынды  бақылау  нәтижелері  т.б.  түгел  ескеріледі.
Курсты  оқу  барысында  алынған  барлық   ұпайлар   жинақталып,   бір-біріне
қосылады.  Осы курстан алған жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырама  мен
рейтинг  бақылауынан  алынған  баға  және  емтихан  бағаларының  қорытындысы
бойынша орташа балл есептеледі. Барлық тапсырмаларды  көрсетілген  уақытында
өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу  емтиханға  7  күн  қалғанда
аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға  кіргізілмейді.
Жұмысты  кеш  тапсырсаңыз:  қосымша  тапсырма  беру  арқылы  жұмыс   көлемін
ұлғайтылады;   Тапсырмалар   оқытушы   тағайындаған   уақытта   қабылданады.
Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса,  бұрынғы  орындалған  жұмыстарыңыз
есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет  және  осы
мәселеге  қатысты  университет  саясаты  есепке  алынады.  Әрбір   тақырыпты
қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест  арқылы
тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық  сабақтарды
босатпау,   кешікпеу   міндетті.   Себепсіз   сабақтан   қалсаңыз:   қосымша
шығармашылылық  жұмыс  беріледі.  Сабаққа  екі  рет  кешігу  бір  рет  сабақ
босатылғанға теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет.


      6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
«Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  диагностикасы»  пәні  бойынша  ұпай
бөлінісі
                                                                     Кесте 2
|Апта  |Бақылау түрі        |Ұпай жиыны                  |Ескерту           |
|1     |2                   |3                           |4                 |
|      |1-8 апта бойы       |30                          |                  |
|      |дәріске қатысу      |                            |                  |
|2     |Семинар             |20                          |                  |
|      |Семинар             |20                          |                  |
|3     |                    |                            |                  |
|      |БӨЖ                 |30                          |                  |
|4     |Семинар             |20                          |                  |
|5     |Семинар             |20                          |                  |
|      |БӨЖ                 |35                          |                  |
|      |Семинар             |20                          |                  |
|6     |                    |                            |                  |
|      |БӨЖ                 |35                          |                  |
|7     |Семинар             |0                           |                  |
|      |1аралық бақылау     |70                          |                  |
|1-7апта бойынша барлық    |300                         |                  |
|ұпай саны                 |                            |                  |
|      |9-15 апта бойы      |30                          |                  |
|      |дәріске қатысу      |                            |                  |
|8     |Семинар             |10                          |                  |
|      |Семинар             |10                          |                  |
|9     |                    |                            |                  |
|      |БӨЖ                 |30                          |                  |
|10    |Семинар             |20                          |                  |
|      |Семинар             |10                          |                  |
|11    |                    |                            |                  |
|      |БӨЖ                 |35                          |                  |
|12    |Семинар             |20                          |                  |
|13    |Семинар             |10                          |                  |
|      |БӨЖ                 |35                          |                  |
|15    |2 аралық бақылау    |70                          |                  |
|9-15 апта бойынша барлық  |300                         |                  |
|ұпай саны                 |                            |                  |
|Емтихан ұпайы             |400                         |                  |
|Академиялық мерзімге      |1000                        |                  |
|жиынтық ұпай              |                            |                  |



7 ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиеттер тізімі.
1. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. Екатеринбург, 2005.
2. Бурлачук Л.Ф.Психодиагностика личности.-Киев,2009.
3.   Бурлачук   Л.Ф.,Морозов   С.М.Словарь-справочник   по   психологической
диагностике.-Киев.,1989.
4.Гуреевич К.М.Психологическая диагностика.-М.,2011.
5.Гильбух Ю.З. Психодиагностика в школе.-М,.2008.
6.Общая психодиагностика./Под ред.А.А.Бодалева,В.В.Столина./-М.,1987.
7.Психологическая диагностика детей и  подростков.  Под.  Ред.  К.М.Гуревич.
Е.М.Борисова.-М.,2010.
8.Шмелев А.Г .Основы психодиагностики. Р- на Дону,2006.
9.Немов Р.С.Психология.3-том.-М.,1998.
10.Рогов Е.И.Настольная книга практического психолога.1-том.-М.,2008.
11.Дубровина И.В.Индивидуальные особенности школьников.-М.,2005.

Қосымша әдебиеттер тізімі

1. Айзенк Г.Проверьте свои способности.-М.,1972.
2. Анастази А. Психологическое тестирование в 2-х томах М., 1998.
3. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. – М., 2006.
4.Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте.- М., 2001.
5.Бурменская Г.В., Карабанова О.А.,  Лидерс  А.Г.  Возрастно-психологисеское
консультирование.- МГУ, 1990.
6.Гуткмна Н.И. Психологическая готовность к школе.- М., 2000.
7.Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М., 1972.
8.Методики     психодиагностики     в     учебно-воспитательном     процессе
/Сост.В.В.Гришин,П.В.Мушин/-М.,1990.
9.Психодиагностические   материалы   по   изучению   личности    школьника.-
Минск.,1989.
10.Кулагин Б.Г.Основы профессиональной психодиагностики.-Л.,2004.







Пәндер