Файл қосу
Геодезиялық құралтану
| ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |СМК 3 деңгейдегі құжат | ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-18-14.1.8/03-2013| | | | | | ПОӘК | | | |« Геодезиялық құралтану » |№ 1 баспа | | |пәнінің оқу - әдістемелік | | | |кешені материалдар үшін | | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Геодезиялық құралтану» пәні бойынша 050711 «Геодезия және картография» мамандығы үшін, ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ МАТЕРИАЛДАР ҮШІН Семей 2013 ж. 1. ӘЗІРЛЕГЕН Құрастырған – Ахметов Б.Ж. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, «Геодезия және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы «__1__» __09_____2013 ж. 2. ҚАРАЛҒАН 2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Геодезия және қүрылыс» кафедрасының отрысында Хаттама «_2___» ____09____ 2013 жылғы, № 1__ Каф. меңгерушісі ____________ Кудеринова Н.А. 3. Макұлданған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» факультетінің оқу- әдістемелік кеңесінің отырысында Хаттама «__11__» ___09_____ 2013 жылғы, № _1_ Төрайым ____________ Бекбаева Р.С. 4. БЕКІТІЛГЕН Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында келісіліп, баспаға ұсынылды Хаттама «_18___» ___09_____ 2013 жылғы, № _1_ ОӘК төрайымы _____________ Искакова Г.К. Мазмұны 1. Дәрістер 2. Лабораториялық сабақтар 3. Студенттің өздік жұмысы 4. Студенттердің өзін-өзі тексеру тапсырмаларының тізімі. 5. Емтихан сұрақтары. 1. Дәрістер Дәріс № 1 Кіріспе . Геодезиялық құралтану пәніне кіріспе. 1. Геодезиялық құралтану пәнінің міндеттері мен мақсаты. Геодезиялық құралтану пәні-геодезиялық құрал, олардың теориясы мен құрылымын, зерттеу әдісін сонымен қатар құралдармен жұмыс жасауды зерттейтін қолданбалы техникалық пән. Сонау 1919 жыл Ленин заманы кезінде геодезиялық құралтану мен оптика саласы ерекшеленген. Құралтану геодезия, физика және материалтану және т.б. ғылымдармен тығыз байланысты. Геодезиялық құралтану өз даму барысында құралтанудың нақтылығы, өнімділігін және жазықтық экспедициялық шарттарға сәйкестігін қамтиды. Өлшеу әдістерінде геодезияда геодезиялық құралтанумен ұйымдастыруға сүйенеді. Әрбір жаңа заманғы инженер-геодезист, инженер астроном- геодезист, 2.Геодезиялық құралтанудың пәні және міндеттері. Геодезиялық құралтану- геодезиялық құралдарды (приборларды), олардың теориясын, зерттеу әдісін дұрыс пайдалану ережелерін және оларды қалай күту керек тілін оқытатын техникалық пән. Лениндік Декретінде бекітілген 1919 жылы жоғарғы геодезиялық мекемеде басқада маңызды талаптар мен қоса ведомство, мекемелердің геодезиялық және оптикалық құралдарымен қамтамассыз етілуі, және құралдардың жасалып шығуы қарастырылды; ғылымдық жұмыстардың геодезия , астрономия, картографияда ғана емес, сонымен қатар оптика саласын да және геодезиялық құралдануда қолданылуының маңыздылығы белгіленді. Жаңа этапта елдің халық шаруашылығының қарқынды дамуы азайған жоқ, керсінше , ғылыми техникалық прогресінің тез дамуы және ұлғайған СССР-дің экономикалық потенциялының ұлғаюы арқасында өсіп келеді. Теория саласында жас мамандардың сапалы даярлауындағы маңызды нәрсенің бірі – геодезиялық құрал туралы білімнің тереңдігінде. Құралтану, геодезия, физика, іс-қағаздарын жүргізу және басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Геодезиялық құралтану өзінің дамуында, мысалы: геодезияның дәлдікке деген сұранысын, құралдардың далалық экспидиция жағдайында жұмыс істеуі шарты ескеріледі. Геодезия өзінің кезегінде , проект құрғанда жұмысты жұмылдырғанда, өлшеу әдістерін таңдап, ойлап шығарғанда геодезиялық құралтану және геодезиялық құрал құрастырудың жетістікткріне сүйенеді. Қазіргі кездің инженер- геодезисті, инженер- астроном геодезисі, жер және әлем мұхитын зерттейтін инженер геодезисті геодезиялық құралдарды жақсы білу оларды дұрыс таңдап, берілген жұмыстарды қолдана алу, кемшіліктерін жоя білу және жаңа геодезиялық құралдарды ойлап табуға өз үлесін қосу керек. 3. Геодезиялык құралдардың, геодезиялық құралтанудың даму тарихы. Бірінші геодезиялық құралдардың ойлап шығарылған уақытың табу қиын. Олардың пайда болуы көне заманда жане олар адамның материалдық сурасымен байланысты.Египеттегі суреттер сол кездің жер бөліктерінің жіп жане «узем» арқылы өлшенгеніне куә береді.Б.Э.Д. VI ғ.Нил жане Кызыл теніз арасындағы канал сияқты көптеген ірі инжинерлік кұрылғылар болды.Олардың салынуы геодезиялық құралсыз өлшеулерсіз мүмкін емес. Геодезиялық құралдардың дамуы б.э.д. II ғ. Герон Александриіскийдің «О диоптрах» атты шығармасында айтылған, мұнда сұйықтық толтырылған ыдыс тәрізді невилир жане бұрышты өлшеуге арналған құрал суреттеледі.Александырлық астроном Гипарх ойлап тапқан бұрыш өлшейтін құрал – астролябия да сол дәуірге жатады (ағылшын тілінен аударганда «жұлдызды алу» деген мағына береді) . Ресейде бірінші геодезиялық құралдар X-XII ғасырда пайда болды.Көне Ресейдің ХІ ғ жататың «Русская правда» атты заң жинағында геодезиялық құрал арқылы өлшеніп, белгіленген жер шекаралары туралы айтылған. Х ғ Худжанди деген бағдат астрономы секстатты ойлап тапты.Әйгілі оқымысты энциклопедист Бируни өзінің «ключ к астраномий» атты трактатыңда жердің ұзыңдығын аңықтайтың әдісті баяндайды.Орта Азия топографиясына еңбек жазды жане мелебті бөлуге арналған машинаны ойлап тапты.ХІV-XV өмір сүрген өзбек астраном математика Ұлықбек бір-бірімен 3 сызық (сызғыш) арқылы қосылған бағыттар арасындағы бұрышты өлшейтің құралды шығард ол құрал, астролябия жане квандрантты ауыстырды. Дәріс № 2 Сызықтық және дөңгелектік шкала 1.Геодезиялық құралдардағы сызықтық және дөңгелектік шкала. Шкала геодезиялық құралдарға қажетті бір бөлік.Олар өлшенетін өлшемдерді салыстыратын көлеммен қызмет етеді. Шкаланың құрамына сонымен қатар қандай да бір жазықтықта салынған және өстік деп аталады.Сызықтың бойында орналасқан штрихтардың жүйесі,системасы кіреді.Олардың пішініне байланысты шкаланың сызықтарын сызықтық және қисық сызықтық деп бөлінеді.Қисық сызықты шкалалардың жиі кездесетіні - дөңгелек шкала.Олар бұрыштарды өлшейтін геодезиялық құралдарда жиі қолданылады.Оларды лимба деп атайды.Шкалалардың бірі болып штрих саналады.Ол шкаланың шеттерінен орналасуы немесе ортасынан(сызықтық және дөңгелек –үзіліссіз шкалаларда) орналасуы мүмкін. Штрихтар арасындағы интервалдарды – бөлік деп атап, ч(тетта) өлшемімен белгіленеді.Ол шкаланың екі штрихтың айырмасына тең.ч = Xi+1-Xi. Шкалаларды тең өлшемді және тең өлшемді емес деп бөледі.Тең өлшемді шкалада штрихтар бір бірінен тең арақашықтықта орналасқан.Геодезиялық құралдарда көбіне осы тең өлшемді шкалалар қолданылады.Тең өлшемді емес шкалаларға мысал ретінде вольтметр және амперметрдің шкаласын келтіруге болады. Есептеу кезінде ыңғайлы болу үшін шкала штрихтары белгілі бір арақашықтық арқылы жазады.Көбінесе штрихтарды бүтін бірлік мәніне сәйкес етіп жазады.Мысалы,см,дм,мин,градус және т.б. және де көбіне 5-10 сандарына қысқартылатын штрих мәндері жазылады.Мысалы,жай көзбен және лупа арқылы саналатын лимб штрихтары, негізінен 5 және 10 минут арақашықтықта жазылады.Сонымен қатар,есептің өсуі сағат тілі бойынша жүреді. Жазылған штрихтарды басқаларына қарағанда ұзақ жасайды.Кейде ыңғайлы болу үшін есептеуді бірнеше ұзартылған және кейбір жазылмаған штрихтармен жасайды.Мысалы егер де лимбдағы градус штрихтарын ұзартса, онда бірталай жартылай градустарды да ұзартады. Егер шкаланы есептеуде микроскоп қарастырылса, онда штрихтарды микроскоптың көру аймағанда бір уақытта екі жазылған штрих көрінетіндей етіп жазады.Кей жағдайда микроскоптардың көру аймағында бір ғана жазылған штрих көрінуі мүмкін.Көбіне микроскоппен есептелетін кезде лимбтарға әрбір градусты жазады. 2.Шкаладағы штрихтардын қазіргі заманғы әдістері. Геодезиялық құралдардың шкалаларының негізінде ағаштың бір бөлігіне,металға және шыныға салады.Ағаш рейка даярланғанда қолданылады.Шкалалардың металл бөлігі болып, күмісжәне мыс ерітіндісі(күміс 90%-ке дейін),нейзелбер,латуп және инвар.Шыны шкалаларды жіңішке штрихтарды салуға болатын БК-10 маркасының шынысымен жасайды.Өте жоғарғы деңгейлі дәлдікті квкрцтың шынымен жасайды.Штрихтарды шкалаларға бөліктермен және көшіруменен болады.Қарапайым , жартылай автоматты және автоматты машиналармен жасайды. Дәріс № 3 Геодезиялық құралдарды жобалау. 1. Геодезиялық құралдардың негізгі бөлшектерінің жасалуы. Техникалық талаптар мен техникалық тапсырмалар білім мен техниканың дамуын ескеру керек. Техникалық тапсырмалар белгілі бір ережелер және тәртіптерді техникалық талаптарға сүйену керек. Тексеріс жасау кезінде инженерлік білімділік болуды талап етеді. Жобалау жұмыстары кезінде оптикалық, электрлік немесе басқа да схемалар мен функциялардың схемаларға сүйену керек. Техникалық тапсырмаларды келесі пунктерден тұруы керек. 1. Заттың атауы 2. Жұмысты құрастырушы 3. Орындау себептері мен кезеңдері ( сызбалар, техникалық проектілер, габариттік сызбалар және т.б.) 4. Шығарылатын заттың қолданылуы құралдау жолы сипаттамасы 5. Орындалатын талаптар а) температура мөлшері б) температураның ылғалдылығы в) қысым г) вибрациялық шамадан асу д) радиациялық жағдайлар 6. Техникалық талаптар 6.1 Өлшеу класы, бұрышты теодолитпен өлшеу дәлдігі, нивелирге 1 км жүріске кететін қателігі және т.б. 6.2. Құралдың құрамы 6.3. Оптикалық құралдар жүйесінің талаптары 6.4. Шкала мөлшері және диаметрі 6.5. Есеп беру ауданының түрі 6.6. Теодолиттегі микрометр шкаласының біліну ошағын, нивелирдегі және басқа құралдардағы барабанның пластикалары 6.7. Барабанның бөліну доғасы ( ромбалық және цилиндрлік) 6.8. Құралдарды дәлдік орнату 6.9 Электрлік схемаға кіретін және шығатын белгілер 6.10 Басты остің түрлері 6.11. Керекті материалдар. 6.12 Орындалуы жарылғыш , сақтандырғыш, шыныны сақтау, вибрацияға қарсы т.б. 6.13 Энергия беру 6.14. Жұмыс істеу мерзімі 6.15 Сақтау талабы мен мерзімі 7. Сенімділік талаптары 8. Регламенттік жұмыстың кезектесуі 9. Унификациялық және стандартизация талаптары 10. Құрал салғыш жәшіктердің талаптары 2. Геодезиялық құралдармен жұмыс жасау, құралдардың сақталуын, қолданылуын білу. Геодезиялық құралдармен жұмыс жасау құралдарды қорғауда орындалатын топография геодезиялық жұмыстардың сапасы орындаушының білімі мен біліктілігіне байланысты емес. Және де дәлдік өлшенуіне арналған құралдарынының жағдайына байланысты. Геодезиялық құралдар сезімтал және қиын оптика механикалық және оптика электрондық болып келеді.Құралдармен қарау орындаушыға сенімділікпен нақты дәлдікті есеп алуға мүмкіндік береді. Жазықтық жұмыстары ауыр физика-географиялық жағдайда орындалады, ол құралдардың сақталуына кері әсер береді. Құралдарды транспорпен тасу кезінде ережелерге сүйену керек. Орындаушы әрқашан өзінің құралдарын күтуі тиіс: құралдардың орнын ауыстыруы барысында селкілдеуіне шара қолдану керек, ылғалыдылықтан, шамнанқұралды сақтау керек, ауа-райының тез ауысуына жол бермеу, күннің, жаңбырдың, қардың тікелей түсуінен қорғалуға тиіс. Жүйелі түрде құралдың жұмыс істеуін қадағалап отыру қажет және де уақытында оны тазалап, майлап және жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыруы керек. Құралдың барлық мәліметтері , оны тексеру жұмыстары мен жөндеу жұмыстары жөніндегі мәліметтер құралдардың зауыттан берілген паспортына жазылуы тиіс. Құралды алған кезде тексеру жұмыстарын жүргізу қажет. Құралды жәшіктен алғаннан кейін міндетті түрде оны штативке орнатылады. Тексеру жұмыстарын жүргізген кезде винттердің дұрыс жұмыс істегенін тексеріп отыруы керек. Жұмыс істеу барысында құралды шатырдың астына орнатады және басқа жерге ауысқан кезде құралдың бетін чехолмен жабады. Кездейсоқ түскен тамшының құрғақ матамен сүртіп алу қажет. Жазықтық жұмыстарын жүргізу кезінде құралды штативпен бірге қозғау қажет. Құрал тұратын бөлме құрғақ, ашық, жылы болуы тиіс. Жұмыс соңында құралды дұрыстап жәшікке салып, штативті жинап, геокамераға өткізеді. Онда құралды тексеру жұмысы жүргізіледі. Жөндеу жөніндегі мәліметтер құрау құжатына енгізіледі. 3. Жалпы құралдардың құрылымы мен құрылысы тетіктерін білу Геодезиялық құралдарды жақсылап күтіп, оларды тазалау жұмыстары жүргізіледі, ол құралдың ұзақ уақытқа жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Орындаушы құралды жақсы білу қажет, оны қарау және бұзу жұмысьтарын еркін жүргізу керек. Құралды тазалау жөнінде білімі болу керек. Оптикалық бөлімдеріне жолауға болмайды. Құралды бұзу жұмыстарын тек керек жағдайда ғана бұзу қажет. Орындаушы жоғарғы классификациялы маман болуы қажет, өйткені құралдың құрылымын және жұмыстың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету қажет. Геодезиялық құралдарды таза , және құрғақ жылы, әрі жарық жерде бөлшектейді. Ашық далада бөлшектеуге тыйым салынады. Құралдарды бөлшектеу, жинау, тазалау, майлау және орналастыру кезінде мынандай талаптарға жауап беру қажет: - Қажетті құралдарды, қосымшаларды және материалдарды жасақтау; ( бұрағыштар тізімі жұмсақ кист, пенцет, бензин, спирт, май, тіс щеткасы, ағаш тақтайшалар, шүберектер, винттер, шеберханалық клей т.б.) - Бөлшектерге дейін оның қайтадан жинағандығы ретін білу - Шектес қондырғы бөлшектің жанына белгі салу - Бұрандаларды бұрамас бұрын оған қажетті бұрауыштарды тауып алу - Тазалау кезінде негізгі ережелерді сақтау - Таза бөлшектерді шыны және таза қағазбен жабады - Артық мөлшерде жағылған май құралдың шаң жинауына әкеледі - Жинау кезінде винттерді тартуға болмайды - Бұрандаларды бұрамас бұрын орнын жеңіл майлар қолданады Жиналғаннан кейін құралды тексеру және қажетті зерттеулер жүргізу керек. 4. Геодезиялық құралдармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жалпы қауіпсіздік шаралары топографиялық геодезиялық жұмыстарда тиісті ережелерге сай жүргізіледі - күнге арнайы шынысы жоқ оптикалық приборлармен қарауға тыйым салынады, өйткені көзді күйдіріп алуға болады. - Құралды биік құз шыңының шоқырларына, ойыстарға, тор шың карниздарына орнатуға тыйым салынады - Электрлік құралдарға тек техникалық қауіпсіздік ережелерін білетін, тексеруден өткен мамандар ғана жұмыс істеу рұқсат етіледі. Ондай құралдар жарық дальномерлер радиодальномерлер, лазерлер т.б. Бұндай құралдар жұмыс жүргізуге қауіпті жоғары жиілікті электромагнитті өріс пайда болады Дәріс № 4 Қазіргі кездегі теодолиттер. 1. Қазіргі кездегі теодолиттердің жалпы сипаттамасы. Гост 10529-79 отандық өнеркәсіптер Т1, Т2, Т5, Т15, Т30, Т60 және олардың жаңаларын осындай типті теодолиттерді шығарады. Жаңартылған жоғарыдәлдікті теодолиттер: Т15М және Т30М-маркшейдерлік атқару;Т5К,Т15К және Т30К-бұрыштық компенсатормен бірге вертикальдық шеңберде қолданылады; Т1А, Т2А, Т5А-автокаллимациондық окуляр; Т15К және Т60-тура түсірістер үшін шығарылған. Теодолиттерді шығаруда 2 әдісте-тура және теріс түсірісте оптикалық көру дүрбісі-тура түсіріс жасайтын теодолиттердің маркісінде П әріпі болады. Т1 және Т2 теодолиттері екі жақты (диаметрлік қарама-қарсы штрихтар), Т5,Т15,Т30 және Т60 теодолиттері бір жақты лимба бойынша санау. Барлық теодолиттер Т60 теодолиттерінен басқа электрлікжарық құрылғысы бар. Оптикалық орталығы Т1, Т2, Т5 және Т15 алидада құрылған, Т30, Т60 теодолиттері үшін оптикалық орталық арқылы вертикальдық өстің көмегімен көру дүрбісі жіберіледі. Теодолит Т1-τ=10, Т2-τ =15, T5-τ=30, T15-τ=45, T30 және T60-τ=60 бөлу бағасымен алидада бөлігін қамтамасыз етеді. Теодолиттердің жұмыста қолдануының орташа уақыты-8 жыл, ал маркшейдерлік пайдалануда-6 жыл. Отандық өнеркәсіп теодолиттерді геодезиялық жұмыстарда пайдалануда шығарған күннен бастап 2 жыл уақытқа кепілдік береді. Соңғы үлгіде шығарылған теодолиттерде жоғарыдәлдікті көру дүрбісіне қатысты көп емес ұзындықта апохроматикалық немесе ахроматикалық коррекция арқылы аспан биіктігінде қолданылады. Жоғарыдәлдікті құралдардың дүрбісі шарт бойынша теріс түсірісті қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта отандық өнеркәсіптер жаңа теодолиттерді 2Т2, т5К, 2Т5 жақсартылған техникалық және жаңартылған теодолиттерді шығаруда. Т5К, Т15К және Т30М вертикальдық шеңбер бойымен компенсатары бар соған сәйкес жұмыс диапозоны 3, 4, 5, компенсация қателігі 3, 10, 15. Т60 типті теодолиттер зенитті қондырғымен жабдықталған, ол көлденең проектілеу жүргізуді қамтамасыз етеді. Теодолит-горизонталь көлбеу бұрышты өлшеуге арналған геодезиялық құрал. Геодезиялық құралдарда көру дүрбісі нысаналау және рейка шкалалары бойынша санақ алуда, сонымен қатар геодезиялық құралмен өлшеу кезінде тұрақтылығы тексерілуі керек. Барлық көру дүрбілері-объектив, окуляр, жіптік тордан тұрады. Theo-10 теодолиттерде айна-линзалы объективі бар көру дүрбісі қолданылады. Көру дүрбісі барлық құралдарда бірдей болып келеді, тек фокустау механизмінің құрылысы ғана әртүрлі болады 2. Теодолиттерді топтастыру Теодолиттер дәлдігіне байланысты 3 түрге бөлінеді . 1. Жоғарғы дәлдікті теодолит 2. Дәл теодолит 3. Техникалық теодолит Техникалық теодолиттер-бұрыштық өлшеуде, инженерлік-геодезиялық, геологиялық және бағыттық ізденістерде, теодолиттік және тахеометрлік жүрістер жүргізуде, түсіріс торларында, жобаларды натураға көшіруде, гедезиялық құрылыстарда қолданылады. Бұл құрал көлемді емес, массасы төмен және қолданылуы қарапайым. Құралдың горизонтальдық шеңберінің диамеирі 50- 80 мм, ал вертикальдық 40-70 мм, көру дүрьісінің үлкейтілуі 17-25. Күшіне қатысты жоғары емес дәлдікте бұл теодолит әдетте қарапайым есептік қасиетке ескі верньердің конструкциясы бойынша, ал қазіргі бір жақты штрихтық және шкалалық микроскоптардан тұрады. Бұл кластық теодолиттерге қазіргі оптикалық теодолиттер Т15, Т30, Т60 жатады. Бұл құралдар шетел фирмалаында өндірілген. Theo-10 (ГДР), ТЕ-Д2 (ВНР, «Нуппон» Жапония), «Отте Феннель»(ФРГ), «Фило»(ФРГ) және тағы басқа өндірістер. Теодолит Т30К оптикалық схемасы Т30 теодолитінің бір каналды есептеу системасы шеңберінде біржақ бұрыштық өлшемде қолданылады. Вертикальдық шеңбердің санағы 358,46, ал горизонтальдық 70,05 тең болады. Т15К теодолитті Т15 базасымен дайындалған. Басты айырмашылығы вертикальдық шеңбердік түйінді компенсаторы, көру дүрбісінің конструкциясы өзгерген. Т15К көру дүрбісі тура түсірісте және Т15 теодолитінен айырмашылығы Т15К теодолиттерінде айналмалы призма Порро системасы бойынша жасалынған. Мұндағы компенсатор қатесі 1-2 басым болады. Қазір өндірісте Т30 теодолиттеріне ұқсас 2Т30 техникалық теодолиттерін шығаруды ойластыруда. [pic] [pic] [pic] 187 x 325 - 32558 байт. 403 x 713 - 207258 байт. Дәріс № 5 Ұзындықты өлшейтің қазіргі заманғы құралдар. 1. Сызық ұзындығын өлшеудің әдістері Ұзындықты өлшеудің мақсаты жердің бетіндегі нүктелердің арасындағы горизонталь қашықтықты өлшеу болып табылады. Жерде ұзындықты өлшеу тікелей немесе жанама әдістермен жүргізіледі және әр әдістің өзінің аспаптары мен тәсілдері бар . Тікелей өлшеу әдісі жер бетінде ұзындықты механикалық сызықтық аспаптармен тікелей өлшеуге негізделген Жанама өлшеу әдісінде сызықтың ұзындығы геометриялық немесе физикалық қатынастар арқылы аңықталады. Геометриялық қатынастарда ұзындықтарды аңықтау үшін базис пен бұрыштарды өлшейді, бұған оптикалық қашықтық өлшеуіштер жатады. Электрофизикалық аспаптар жарық пен радио қашықтық өлшеуіш-тердің құрылғылары физикалық қатынасқа негізделіп жасалған . Осы екі әдісті қолдану – геодезиялық жұмыстардың түрлі қызметіне, талабы мен дәлдігіне, сондай-ақ өлшеу жағдайына байланысты болады . 2. Ұзындықты өлшеудің механикалық құралдары Геодезиялық жұмыстарда созылған ұзындықтары 20 жіне 24 метрлік өлшеуіш ленталармен өлшейді. Өлшеуіш ленталар болаттан немесе инвардан ( 64% болаттан және 36 % никельден тұратын қортпа, оның температуралық ұлғаю коэффициенті аз) жасалынады. Ленталар құрылғысына байланысты штрихты және шкалалы болып бөлінеді. Инженерлік геодезиялық жұмыстарда көбінесе маркасы ЛЗ штрихты болат өлшеуіш ленталар қолданады. Штрихты лента (9.1 сурет) ұзындығы 20 м және 24 м, ені 15-20 мм және қалындығы 0,3-0,4 мм болат жолақтан тұрады. [pic] ( 9.1 сурет ) Шкалалы лента . Сызықты үлкен дәлдікпен өлшеу үшін маркасы ЛЗШ шкалалы ленталар қолданылады .(9.2 сурет). Бұл ленталар тұтас жолақтан тұрады, екі шетінде миллиметрге бөлінген 10 см. шкала орналасқан . [pic] Дәріс № 6 Жаңа заманғы нивелирлер. 1. Нивелирді жұмысқа дайындау: - рейкаларды ашып, оларды фиксациялау, оларды нивелир белгісіне орнату, визирлік сәуленің ұзындығы 100 метрден көп алуға болмайды, ал сәуле биіктіктерін-0,2 м аз болмауы керек; - белбеуді шешіп, штатив аяқтарын қажетті ұзындыққа қояды; - штативті рейкалармен бірдей қашықтықта орнату оның бастарының орналасқан беті горизонталь болып, ал биіктігі бақылаулардың биіктіктеріне (бойына) келетіндей болуы керек; - иықтың ұзындығын жіптік дальномерін өлшейді; - футлярды ашып, нивелирді асықпай алу; - нивелирді штативке бекітіп, көтеру бұрандаларын дөңгелек деңгейлердің көпіршігін 0 пунктке келтіреді; - дөңгелек деңгейлердің юстировкасын тексеру. 2. Құралдың техникалық жағдайларын тексеру. Тексеру нивилердің қатесін тауып, оны уақытпен тексеруге мүмкіндік береді.Нивелерді тексеруді жүргізу реті ПР 50.2.006.94бөліміне сәйкес келеді. Эксплуатациядағы нивелер периодтық тексеріске 2жылда бір рет жүргізіледі. 3. Сақтау, транспорттау ережесі. Нивелир +5˚-+40˚C температурада, таза бөлмеде сақталуы керек, ылғалдылық 60% көп емес. 25˚C температура , ылғалдылық 80% қатысты болады. Нивелирмен бір бөлмеде аккумуляторлар, қышқылдар, сілтілер сақтауға болмайды. Футлярға жинақталған нивелир стелажда немесе шкафта бір қатарға орнатылады. Құралды еденде, пеш жанында және батарея, терезе қастарында сақтауға болмайды. Жиналған нивелирді жабық транспортпен тасымалдау керек. Нивелир мен рейкаларды байқаусыз соққыдан сақтау керек. Тасымалдау кезінде құралды футлярмен транспорттың алдыңғы жағына бекіту қажет және оған ылғалдылық өтпеуін бақылау керек. Нивелирдің жұмыс істеу мерзімі-6 жыл. 4. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жалпы топография-геодезиялық жұмыстарда қауіпсіздік шаралары тиісті ережелерге сай жүргізіледі: - күнге арнайы шынысы болмаған оптикалық құралмен қарауға тыйым салынады, өйткені көзді күйдіріп алуға болады; - құралды биік құз шыңның шоқыларға, ойыстарға, тар шың иілімдеріне орнатуға тыйым салынады; - электрлік құралдарда тек техникалық қауіпсіздік ережесін білетін, тексерістен өткен мамандар ғана жұмыс істеуге рұқсат алады. Ондай құралдар жарық дальномерлері, радиодальномерлер, лазерлік нивелирлер және тағы басқа. Мұндай құралдармен жұмыс жүргізуде қауіпті жоғары жиілікті электромагнитті өріс пайда болады. 5. Тексеру әдістері. Өлшеу алдында құралды мұқият қарап тексереді, себебі әр сериямен шығатын аспаптың өзіндік ерекшелігі болады. Алғашқы тексеріс құралдың барлық бұрандаларының жұмыс істеу қабілеті. Нивелир лимбаларының айналмалары қажалып, тербеліп қозғалмай, бір қалыппен айналуы керек. Шкала және жіптік тор бейнесі айқын көрінуі керек. Оптикалық тетікке шаң және кір қонбауын қадағалау керек. 6. Құралдан есеп алу. Топографиялық пландар мен карталарды, инженерлік жобалауда және құрылыс өстерін жобадан жерге шығару, жер бетіндегі нүктелер биіктіктерін білу қажет. Осы мәселеге байланысты жер бетінде бірқатар геодезиялық жұмыстар орындалады, оны нивелирлеу деп аталады. Нивелирлеу кезінде жер бетінде бірінші нүктелер мен екінші нүктелер аралықты өзара биіктіктер анықталады, содан кейін бастапқы нүктелердің берілген биіктігі арқылы келесі, нүктелердің деңгейін беттен саналатын биіктіктер есептелінеді. Құралмен есеп алу реті. Алдымен нивелирдің екі жағынан рейкаларды қойып, бірінші рейканың қара жағынан санақ алынады, сосын рейканың қызыл жағына бұрып, дәл сол рейкадан санақ алады, нивелирдің айналу өсін бастапқы бірінші рейкаға бұрып, оның да қызыл жағынан санақ алады. Рейканың қара жағынан алынған санақ негізгі өлшеу үшін қажетті сандарды береді, ал қызыл жағынан алынған санақ тексеру үшін қажет. Алынған санақтарды нивелир журналына жазады. Дәріс №7 Жаңа заманғы тахеометрлер. 1. Тахеометр түрлері. «Тахеометрия» грек тілінен аударғанда «тез өлшеу» дегенді білдіреді. Тахеометрлік түсірістер үлкен масштабты кішігірім участікке планын жасауға қолданады. Оған теодолит пен тахеометр жатады. Қазіргі заманғы жаңа тахеометрлердің шығуына байланысты көбіне, электрондық теометрлер қолданысқа ие болды. Электрондық тахеометр теодолит, жарықдальномері және микро ЭЕМ-ны біріктіреді, сызықтық және бұрыштық өлшемдер жүргізуге және осы өлшемдердің нәтижелерін өңдеуді орындайды. Сонымен қатар, ол электронды және оптикалық теодолиттердің де міндеттерін атқарады. Электрондық тахеометрлердің (ЭТ) бөлінуі: 1. бұрыштық визиуальды есептердің ЭТ; 2. электронды санағы бар ЭТ (Tctal staticn-универсал станциясы). Бірінші жағдайда шкалалы микрометр немесе оптикалық микрометр бойынша алынған визиуальды санақ процессорға пернетақта арқылы енгізу жолдарын, ал екіншісінде бұрыштар сандық түрде таблоға шығады. Бұрыштарды автоматты оқу аналогты-сандық түрлендіргіш көмегімен ауысады. Оның екі түрі қолданылады: кодтық және инкремальді. Отандық электрондық тахеометр Та 5-2Т5К шкалалы теодолиттердің СТ5 жарықдальномерлерін және микро ЭЕМ-ны біріктіреді. 1 км қашықтықты бір призмадан шағылыстырып өлшеуге мүмкіндік береді. Электрондық теодолит 31А5 (Уральский оптика-механикалық заводы). Оларды ірі масштабты топографиялық түсірістерін жасауға, жерді тіркеуге алу, жер кадастрын жаңарту мен жасауға, полярлық және тікбұрышты координаттарды өлшеу, жер учаскелерінің аудандарын өлшеуге арналған. Өлшеу нәтижелері жад карталарында сақталады немесе IBM PС типті жеке компьютерге жіберіледі. Электрондық тахеометр Та 3 (Агат) конструкциясы кодтық теодолит, жарықдальномері мен микро ЭВМ-ді біріктіреді. 0,5-5м қашықтықты 10мм + 3мм/км дәлдікте өлшеуге мүмкіндік береді. Шетелдік ЭТ әртүрлі фирмалар: Gec Dat Геотроникс фирмасы, Rec-Оптон фирмасы, SDR Sokkia және тағы басқа. Тахимат ТС-2000-0,5 бұрыштық, сызықтық өлшемдердің жоғары дәлдігін береді. Бұрыш өлшеу бөлігі Teomat Т2000 ЭТ болып табылады. Электрондық тахеометр ДГМ-500 (Nikon корпорациясы) 33 үлкейтілуі мен көру дүрбісі-тура бейнелі. Жады 5000 нүкте. ДГМ500 барлық модельдері екі қызыл жарық сәулесін сәулелендіретін қондырғыдан тұрады. Тахеометрде есептеу, бақылау және басқару үшін-микропроцессор құрылғысы қолданылады. Таблода процессордың басқару пульті командасы бойынша көлбеу қашықтықтар, горизонталь жүрістер, горизонталь және вертикаль бұрыштар, артулары берілуі мүмкін. ЭТ соңғы модельдегі мәліметтерді енгізуге және шығаруға арналған құрылғы бар, ондағы есте сақтауқұралында ақпарат тіркеліп және оны жинақтауышқа шығарыла алады. Жаңа ЭТ-лер автоматтандырылған картография, жүйелерінің кешендерін, яғни ЭТ, далалық ақпарат жинақтауыш, стационар ЭЕМ және графотұрғызғыштан тұрады. Электрондық тахеометр келесі есептерді шешуге көмектеседі: 1. полиграфия әдістерін геодезиялық торларды жиілету; 2. трилатирациядағы қабырғаларды өлшеу; 3. пландық-биіктік негізді құру; 4. түсірістерді қиыстыру; 5. топографиялық ірі масштабты жер түсірісі; 6. инженерлік-геодезиялық ізденістер кезіндегі геодезиялық жұмыстар; 7. ғимараттарды және инженерлік ғимараттарды салу кезіндегі жұмыстарды геодезиялық қамтамасыз ету; Та 5 ЭТ-нің өлшеу дәлдігі- горизонталь бұрышы-5, вертикаль бұрышы-10, өлшеу қашықтығы-20мм. Та5 ЭТ шкалалы микроскоп пен маятник типті компенсатордан тұрады. Жарықдальномерімен өлшенген арақашықтық нәтижелерін есептікке автоматты түрде енгізіледі. Сандық таблоға горизонталь жүрістер, артулар, тікбұрышты координаталары және тағы басқа шығады. Құрал жұмыстың төрт режимінде: жекелей, жартылай автоматты, автоматты және аңду (трекинг) режимінде жұмыс істейді. Геодезиялық есептерді шешу кезінде жердің қисығы үшін және рефракция үшін, құралдың штативтерінің әртүрлі биіктіктері мен шағылыстырғыш биіктіктеріне байланысты түзетулер есеп алады. Өлшеу жүргізу алдында құралды мұқия тексерістен өткізеді. Құралдың электрондық таблодағы мәліметтерін қарастырып, оны жұмысқа дайындайды. Горизонтальды және вертикальды бұрыштарды өлшегенде механикалық ақаулар болмауы керек. Орындаушы құралды әрқашан бақылап отыруы қажет. Әкелу, апару кезінде құралдың шайқалуын, ылғал, шаң, температура өзгерісінен, күн сәулесінің құралға тура түсуінен, жаңбыр, қардан қорғау қажет. Құралды тексеру және орнату кезінде түзету бұрандаларын қатайтып тастауға болмайды. Күн сәулесінің тура түсуінен құралдың ішкі бөліктері қызып, өлшеу және есептеу құрылғыларының, есте сақтау блогтарының қателік жіберуі мүмкін. Тахеометрдің батареясын әрқашан қуаттандырып отыруы керек, әрі жадына ақпарат сыймаған жағдайда оларды уақытымен өшіріп тастау қажет. Дәріс №8 Жерді қашықтықтан барлауда қолданатын құралдар. Оптикалық- электронды құралдар. GPS – қабылдағыштар. Геодезия-жер бетін өлшеу және оны зерттеу жұмыстарын жүргізгендегі мәліметтерді карталар мен пландарға түсіруді зерттейтін ғылым. Біздің елде соңғы жылдары геодезиялық құралдардың қолданылуы күннен-күнге өсіп келеді. Геодезиялық құралдардың құрылыс жұмыстарында қолданылатын негізгі түрлеріне мыналар жатады: нивелир, теодолит, тахеометр, дальномер, кипрегель, электронды және лазерлі құралдар. Геодезиялық жер үсті жұмыстары кезінде топографиялық жұмыстар үшін тахеометрді қолдануға болады. Тахеометрдің қазіргі уақытта орын алатын ерекше қасиеттері болады: оның есеп алу кезінде алынған есеп қортындыларын жадында сақтау қасиеті, шаң мен дымқылдың әсерінен қорғаныс дәрежесінің ұлғаю нәтижесі және т.б. Мұндай тахеометрлер 2003жылдың қыркүйек айында Гамбургдегі INTERGEO халықаралық көрмесінде Sokkia Жапондық компаниясы өздерінің Х030R3 бейнесіз тахеометрін ұсынды. RED TECH – жаңа технологиямен құрылған дальномердің ескі құралдардан ерекшелігі: арақашықтықты өлшегенде әртүрлі диапазонда қажет етілетін аналогтық- сандық көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш шағылысқан сәуленің аналитикалық қажетті процессі болып есептелінеді. Leica Geosystems әлемге қолмен басқарылатын лазерлі дальномерді ұсынды. Бұлар басқа лазерлік дальномерден өздерінің габаритті көлемімен және салмағымен ерекшелінеді. Жаңа заманғы геодезиялық құралдардың басты ерекшеліктері: - қазіргі құралдар аз еңбек күшімен жұмыс істеуді жеңілдетті; - өлшеу жұмыстарында алынған өлшемдерді жадында сақтау құрылғысымен; - әртүрлі табиғат әсерлерінен қорғаныс қасиеті жоғарлатылған; - құралдың өлшеу дәлдіктері жоғары, себебі бұрынғы құралдардың өлшеу қателіктері минутпен есептелсе, қазіргі қолданыста жүрген құралдардың өлшеу қателіктері секундпен есептелінеді. Жоғарыда аталған құралдардың барлығы өздерінің функцияларымен ерекшеленіп, геодезиялық құралдар сериясында үлкен орын алады. Және де біздің елдегі және әлемдегі тұтынушылардың үлкен сұранысына ие. Сонымен қатар осындай басты ерекшеліктеріне қарап, қазіргі кезде жүргізілген өлшемдердің дәл әрі сапалы мәлімет беретіндігіне көзіміз жетеді. Жапондық Sokkia компониясымен қатар қазіргі уақытта қолданыста жүрген кейбір геодезиялық құралдарды Ресейдің «Экспериментальды оптика-механикалық заводының» өнімі болып табылады. Бұл завод геодезияда, өндірісте, модернизацияда, фотограмметрияда, картографияда және құрылыста қолданылған көптеген техникаларды шығаруда. Заводтың шығарған техникалық құралдары көптеген тұтынушылардың сұранысына ие. Заводтың негізгі өнімі фотограмметриялық түсті сканер СКФ-ЦМ шығарылды. Сканер қара, ақ және түрлі түсті суреттерді сканерлеуге арналған. Бұл сканердің ескі сканердің айырмашылығы, мұнда автоматты түрде суреттерді жадында сақтап, кезектеп көрсетуге мүмкіндік береді. Самолетте орналасқан лазерлік локатрде жартылайөткізгіш сәулелендіру лазері орналасқан, ол импульстік режимде жұмыс атқарады. Шағылыстыру нүктесінен локатр координаттарының қашықтығын барлау жүйесінің бағытында көлбеу қашықтықты сканерлеу арқылы анықтайды. Нысаналаудың әрбір түзуі үшін сканерлеу кезінде түсіріс объектілерінің бірнеше қоспаларының бес шағылысуға дейін алуға болады: өсімдік жапырағын, өткізгіш сымдарынан, жарық бағандарының тіреуіштерінен, ғимарат қабырғаларынан. Жеткізгіш трассасы GPS порттық қабылдағышымен тіркеледі. Алынған мәліметтердің қосындысы объектілердің координаталарын анықтауға мүмкіндік береді. Жердегі топографиялық түсірістің GPS лазерлік түсіріс мәліметтерін салыстыру кезінде топографиялық түсіріс масштабымен пикеттердің тығыздығын анықтауға болады және түсіру бригадаларының өнімділігін-бір күнде бірнеше жүздеген пикеттерді салу, дәлдігі 1см жуық. Лазерлік түсіріс кезінде 1м жер бетінде 3-5 лазерлік нүкте сәйкес келеді. Сканердің өнімділігі секундына 50- 70 мың өлшеу, дәлдігі 15-30см. Жергілікті лазерлік сканерлері, лазерлік шағылысудың үлкен дәлдігі мен тығыздығын қамтамасыз етеді. Жергілікті лазерлік сканерлеу көмегімен инженерлік ғимараттардың ішінде түсіріс жүргізуге мүмкіндік береді, кейбір объектілердің сипаттамаларын алуға болады. Жергілікті лазерлік сканерлерді архитектуралық ескерткіштерді түсіру үшін, әртүрлі объектілердің сандық модельдерін алу үшін және осы объектілердің белгілі бір уақыт айырмасы арқылы олардың диформациясын қайталап сканерлеу кезінде қолданылады. 2. Зертханалық жұмыстар № 1 Геодезиялық құралтану пәні. Мақсаты : студенттер картамен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуге үйрету . Құралдар : атлас, контурлы және топографиялық карталар, дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор Тапсырмалар : 1. Геодезиялық құралтану пәні мен мақсаты. 2. Геодезиялық құралтанудың міндеттері. 3. Геодезиялык құралдардың, геодезиялық құралтанудың даму тарихы. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын жасау. Алматы. 1995. - 20 б. 2. Атымтаев Б.Б. План және карта. Алматы 992.-26 б. 3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия. Алматы, 2005 4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу. Алматы, 2004. 5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б., Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с. 6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ. Алматы. 1993-120 6. 7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері Алматы. 1993.-184 б. 8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б. 9. Кузнецов В.П. Геодезические инструментоведение М. №2 Өстік жүйелер және басқада механикалық бөлшектер. Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек Құралдар : теодолиттер, суреттер, топографиялық карталар, дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор Тапсырмалар : 1. Өстік жүйелер және басқада механикалық бөлшектерді жіктеу.. 2. Көлденең және тік өстік жүйелердің конструкциялық типтері және қателіктерін зерттеу. 3. Штативтің құрылуы. 4. Бұрандалы винттер. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын жасау. Алматы. 1995. - 20 б. 2. Атымтаев Б.Б. План және карта. Алматы 992.-26 б. 3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия. Алматы, 2005 4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу. Алматы, 2004. 5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б., Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с. 6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ. Алматы. 1993-120 6. 7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері Алматы. 1993.-184 б. 8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б. 9. Кузнецов В.П. Геодезические инструментоведение М. 1986. №3 Сызықтық және дөңгелектік шкала. Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек Құралдар : ұзындықты өлшейтін аспаптар, суреттер, топографиялық карталар, дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор Тапсырмалар : 1. Геодезиялық құралдардағы сызықтық және дөңгелектік шкала. 2. Шкаладағы штрихтардын қазіргі заманғы әдістері. 3. Есептік құрылғы. 4. Штрихты микроскоп. 5. Шкалалы микроскоп. 6. Оптикалық микрометр. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын жасау. Алматы. 1995. - 20 б. 2. Атымтаев Б.Б. План және карта. Алматы 992.-26 б. 3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия. Алматы, 2005 4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу. Алматы, 2004. 5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б., Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с. 6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ. Алматы. 1993-120 6. 7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері Алматы. 1993.-184 б. 8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б. №4 Геодезиялық құралдардың негізгі бөлшектерінің жасалуы. Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек Құралдар : нивелир, суреттер, топографиялық карталар, дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор Тапсырмалар : 1. Геодезиялық құралдарды тексеру. 2. Геодезиялық құралдардың сақталуы. 3. Құралдардың жиналуы, тазалығы және майлануының жалпы ережелері. 4. Геодезиялық құралдармен жұмыс істеген кезде кауіпсіздік ережелері. 5. Геодезиялық құралдарды жобалау. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын жасау. Алматы. 1995. - 20 б. 2. Атымтаев Б.Б. План және карта. Алматы 992.-26 б. 3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия. Алматы, 2005 4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу. Алматы, 2004. 5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б., Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с. 6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ. Алматы. 1993-120 6. 7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері Алматы. 1993.-184 б. 8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б. №5 Қазіргі кездегі теодолиттер. Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек Құралдар : теодолиттер, суреттер, топографиялық карталар, дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор Тапсырмалар : 1. Қазіргі кездегі теодолиттердің жалпы сипаттамасы. 2. Техникалық теодолиттер. 3. Дәл теодолиттер. 4. Өте дәл теодолиттер. 5. Қазіргі кездегі теодолиттердің негізгі құралдық қателері және оларды зерттеу. 6. Кодтық теодолиттер. 7. Лазерлік теодолиттер. 8. Гироскопиялық теодолиттер. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын жасау. Алматы. 1995. - 20 б. 2. Атымтаев Б.Б. План және карта. Алматы 992.-26 б. 3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия. Алматы, 2005 4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу. Алматы, 2004. 5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б., Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с. 6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ. Алматы. 1993-120 6. 7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері Алматы. 1993.-184 б. 8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б. №6 Ұзындықты өлшейтің қазіргі заманғы құралдар. Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек Құралдар : тахеометр, суреттер, топографиялық карталар, дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор Тапсырмалар : 1. Ұзындықты өлшеудің механикалық құралдары. 2. Қазіргі кездегі жіптік қашықтық өлшейтін аспаптар . 3. Ұзындықты жанама әдіспен өлшеу аспаптары. 4. Ұзындықты өлшейтін ленталар. 5. Жарық және радио арқылы қашықтық өлшеуіш құралдары. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын жасау. Алматы. 1995. - 20 б. 2. Атымтаев Б.Б. План және карта. Алматы 992.-26 б. 3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия. Алматы, 2005 4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу. Алматы, 2004. 5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б., Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с. 6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ. Алматы. 1993-120 6. 7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері Алматы. 1993.-184 б. 8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б. №7 Жаңа заманғы нивелирлер. Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек Құралдар : мензула, суреттер, топографиялық карталар, дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор Тапсырмалар : 1. Жаңа заманғы нивелирлер түрлері, құрлысы және жалпы сипаттамасы. 2. Нивелирді тексеру, зерттеу және жөндеу . 3. Нивелирлік рейкалар. 4. Лазерлік нивелир. 5. Гидронивелирлік құрал. Микробарометр. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын жасау. Алматы. 1995. - 20 б. 2. Атымтаев Б.Б. План және карта. Алматы 992.-26 б. 3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия. Алматы, 2005 4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу. Алматы, 2004. 5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б., Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с. 6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ. Алматы. 1993-120 6. 7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері Алматы. 1993.-184 б. 8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б. №8 Жаңа заманғы тахеометрлер. Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек Құралдар : құралдар, суреттер, топографиялық карталар, дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор Тапсырмалар : 1. Қазіргі кездегі тахеометрлердің түрлері мен сипаттамасы. 2. Номограммдық тахеометрлер. 3. Тахеометрлерді тексеру, зерттеу және жөндеу . 4. Электронды-оптикалық тахеометрлер. 5. Leika- тахеометрлері. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын жасау. Алматы. 1995. - 20 б. 2. Атымтаев Б.Б. План және карта. Алматы 992.-26 б. 3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия. Алматы, 2005 4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу. Алматы, 2004. 5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б., Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с. 6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ. Алматы. 1993-120 6. 7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері Алматы. 1993.-184 б. 8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б. 3. Студенттердің өздік жұмысын ( СӨЖ ) орындау кестесі |Рет, | Мазмұны |Бақылау түрі |Орындау | |саны | | |мерзімі | | | | | | |1 |Теодолит құралы, құрлысы және |Баяндама |4 – 5 апта | | |түрлері. | | | | | | | | |2 |Нивелир құралы, құрлысы және |Баяндама |7 – 8 апта | | |түрлері. | | | | | | | | |3 |Фототопографиялық түсіріс |Реферат |11 – 12 апта | 4. Студенттердің өзін - өзі тексеру тапсырмаларының тізімі . 1 Картографиялық проекциялар 2 Картаның номенклатурасы 3 Жарық және радио қашықтық өлшеуiштер 4 Тахеометр-автоматтар және электронды тахеометрлер 5 Жердiң сандық моделi. Топографиялық ақпаратты алудың және өңдеудiң автоматтандырылған әдiсi 6 Глобалды позициялық жүйе (ГПЖ) және оның қолданылуы 7 Теодолиттiк түсiрiс кезiнде жазық жердегi және құрылыс салынған территориядағы iрi масштабты түсiрiстiң ерекшелiгi 8 Қателер бойынша сызықтық және бұрыштық өлшеулердiң дәлдiгiн бағалау 9 Гаусс-Крюгер проекциясы және тiк бұрышты координаталар 10 Топографиялық түсiрiстiң сапасын бағалау 11 Картада ауылшаруашылық пайдалы жерлердің аудандардын анықтау 12 ¤лшеуге қолайсыз қашықтықтарды анықтау 13 Тең дәлдіксіз өлшеулердің нәтижелерін математикалық өңдеу 14 1 және 2 полигонометриялық жүрістердің нәтижелерін есептік өңдеу 15 Нивелирлік торлар мен жүрістерді үйлестіру бойынша есептер 5. Емтихан сұрақтары. 1.Геодезиялық құралтану мен геодезиялық құралдардың даму тарихы . 2.Геодезиялық құралдарды жобалау . 3.Нивелирлерге жалпы сипаттама және типтері . 4.Геодезиялық құралдарға қойылатын талаптар . 5.Геодезиялық құралдарды жасау және олардың негізгі жүйелері . 6.Жоғарғы дәлдікті нивелир . 7.Құралдарды жіктеу және стандарттау . Өлшеуді метрологиялық жабдықтау . 8.Геодезиялық құралдарды тексеру . 9.Дәл және техникалық нивелир . 10.Физикалық оптикаға қысқаша сипаттама . 11.Геодезиялық құралдарды қарастыру . 12.Нивелир құралын зерттеу, тексеру және қателер көзі, 13.Геодезиялық құралдардың жүйелері және оптикалық бөлшектері. 14.Құралдардың сақталуы және оларды күту. 15.Нивелир рейкасы . 16.Геодезиялық құралдардың көру дүрбісі. 17.Құралдардың тазалануы, майлануы және жинақталу мен құралуының жалпы ережесі . 18.Лазерлік нивелир . 19.Есептік құрылғы . 20.Ұсақ түзелмейтін қателерді жою . 21.Гидронивелир құралы . 22.Геодезиялық құралдардың сызықтық және дөңгелектік шкаласы, қалыптасуы және оларға қойылатын талап . 23.Геодезиялық құралдармен жұмыс істеу кезіңдегі сақтық шаралары . 24.Микробарометр. 25.Шкаладағы штрихтарды қолданудың қазіргі әдісі . 26.Қазіргі теодолиттердің жалпы мәліметтері . 27.Қашықтықты өлшеудің механикалық құралдары . 28.Штрихтарды қолданудағы қателер түсінігі және аңықтау жолдары . 29.Техникалық теодолит. 30.Жіптік дальномердің ішкі фокустық көру дүрбісі . 31.Верньердің есептік құрылғысы . 32.Дәл теодолит . 33.Қос бейнелі дальномерге сипаттама . 34.Деңгейлік, олардың құрлымдық типтері . 35.Жоғарғы дәлдікті теодолит . 36.Тахеометр және кипрегел типтері және жалпы мәліметтері . 37.Компенсатордың ыңғайлығы . 38.Теодолит құралының негізгі қателері және оларды зерттеу . 39.Қос бейнелі дальномердің авторедукционды тахеометры . 40.Нивелир компенсаторының ыңғайлық жұмысын зерттеу . 41.Кодтық теодолит 42.Номограммдық техеометр және номограммдық кипрегел 43.Вертикал және горизонтал өстік жүйелерінің конструкциялық типтері . 44.Лазерлік теодолит . 45.Жеңілдетілген мензула . 46.Редуциялық және басқада автоматтық құрылғылар . 47.Гироскопиялық теодолитпен автономды бағдарлау . 48.Жаңа геодезиялық құралдар.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz