Файл қосу
Көркем өнер шығармасы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ | |БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ | |МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты|ПОӘК | | | | |УМКД 042-18.1.03/02-2013| |«Көркем өнер шығармасы» | | | |пәнінің оқу-әдістемелік |№ 1-басылым | | |кешені | | | «Көркем өнер шығармасы» ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ (бейнелеу өнері және дизайн мамандықтары үшін) ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ Cемей 2013 МАЗМҰНЫ 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Семинар сабақтары 4. Студенттердің өздік жұмыстары. 1. КӨРКЕМ ӨНЕР ШЫҒАРМАСЫ ПӘНІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР (ГЛОССАРИЙ) АВТОПОРТРЕТ - өз портреті. Суретшінің өзін-өзі салған портреті не суреті. Автопортрет көбінесе айнаға қарап немесе еске сақтау, санада ұстау, елес әдісін қолдану тәсілдерімен салынуы мүмкін. АЙҚЫН СУРЕТ (БРОСКИЙ РИСУНОК) – көрушінің көзіне бірден ілігетін, айқын бейнеленген суретті айтамыз. Мұндай суреттерде шебердің қолы, әдіс- тәсілінің айқындылығы бірден көзге түседі. АКВАРЕЛЬ – «Акварель» деген атау латынның «aqua» (су) деген сөзінен шыққан. АҚИҚАТ, ШЫНДЫҚ, БОЛМЫС (ДЕЙСТВИТЕЛЬНОСТЬ) – қоршаған орта болмысы. Натураның өзіне қарап сурет салу шындық, яғни қиял емес. АНАЛИЗ – талдау, бір нәрсені не құбылысты ойша бөлшектерге, құрама бөліктер мен белгілерге бөлу. Мысалы, адам басының суретін салмастан бұрын, пішінді ой елегінен өткізіп, ойша талдау әрекетін жасап, оның бас бөліктерінің бейне бір заттарға салыстырмалы түрде ұқсатып, мысалы: геометриялық денелерге (куб, призма, шар, конус т.б.) байқау. АНТИКАЛЫҚ (АНТИЧНЫЙ лат.ANTIGVUS) – арғы, көне; көбінесе көне грек, көне Римнің қоғамдық құрылысы, көне антикалық гипс көшірмелерінен суретке салу бейнелеу өнеріне оқытудың ережесі мен әдістемесіне айналған. АНФАС (фр.ANFACE) – қарсы алдынан деген мағынада. Адамның портретін қарсы алдынан бетпе-бет бейнелеу. Өнерде де оқу процесінде мұндай жұмыстар өте жиі кезігеді. АКАДЕМИЯЛЫҚ СУРЕТ – академиялық суреттің суреттен әйтпесе суреттемеден айырмашылығы суретшінің натураны егжей-тегжейлі талдап салуы, үлкен көлемдерге бөліктерді біріктіру арқылы бейнені толық зерттеп шығуы. АССИММЕТРИЯ – бір дененің, не бір заттың біліктерінің бір-біріне сай болмауы. Симметриядағыдай орта сызықтың екі жағындағы көріністің бірдей шықпауы. АКТИВИЗАЦИЯ (лат.ACTIVUS - АКТИВТЕНДІРУШІЛІК) (НАҚТЫ ІСТІ ЖЫЛДАМДАТУ, КҮШЕЙТУ) – сурет салу процесінде ерекше талпыныспен, әсерленгіштікпен жұмыс жүргізу. ӘУЕСҚОЙ - өнерпаздық, өз күшімен сурет салуды үйрену әрекеті. БИБЛИОГРАФИЯ – баспа шығармаларының көрсеткіштерін, тізімдерін құрастыру тәсілдері және әдістері жайында ғылым (кітаптардың атын, мазмұнын, авторын т.б. жазып отыру). БЮСТ – адамның кеуде нұсқасының суреті, құйылған мүсіндік тұрпай. Оқып- үйрену сабақтарында бюст салу міндетті тапсырмаларға жатады. ВИРТУОЗ (ит.VIRTUOSO) – асқан шебер, үздік шыққан, өнерлі. Өнерде шеберлік шыңына шыққандарды осылай атайды. ГАРМОНИЯ (гр.HARMONIA) – үндестік, үйлесім. Мысалы, алдыңызға қойылған натюрморттағы заттар жиынтығы үйлесіп, тұтастай көз қызығарлық тартымды көрініс тудырса, оны біз үйлесімді деп бағалаймыз. Ондағы заттардың формаларының және түстерінің сүйкімді үйлесімділігі, реңктерінің үндестігі бәрі-бәрі «гармония» туғызады. ГРАФИКА (гр.GRAFIKA) – «жазамын», «суретке саламын» деген сөздерден шыққан. Ол-сурет салу өнері. Сурет салу өнерінің күллі жиынтығын «графика» деп атайды. Суретте бейнелеу құралы сызық, дақ және штрих болып келеді. Мысалы, кітаптардағы суреттер «кітап графикасы» деп аталады ДРАПИРОВКА – шаршалау, перделеу. Натюрморт қойылымын әсерлеу. Сурет өнерінде оқу жұмыстарында шаршалау жиі қолданылады. Шаршалау натюрмортта заттар жиынтығын біртұтастыққа келтіру үшін өте қажет әдіс. ЖАРЫҚ ПЕН КӨЛЕҢКЕ – картинада жарық та, қою көлеңке де, жарық көлеңкеге алмасар тұстарда жартылай көлеңке ұшырасады. Ол арқылы адамдар мен заттардың көлемін, табиғат көрінісін, ауаның ұтымды бейнелеуге болады. ЖИВОПИСЬ ӨНЕРІ – суреттегі нәрсені өмірдегідей қып тірілте бейнелеу. Живопись екіге бөлінеді: станоктік, монументтік. Суретші суретін мольберт, станок деп аталады, тиянақ қондырылып, жақтауға керілген кенепке салады. «Станоктік живопись» деп аталады. «Монументтік живопись» үйлердің ішкі немесе сыртқы қабырғаларының өзіне салынған шығарма жатады. ЕЛЕСТЕТУ, ҚИЯЛ ЕЛЕС (ВООБРАЖЕНИЕ) – қиялдау не көз алдына алып келу, адам бойына біткен ажырамас тамаша қасиет. Суретші елестету мен қиялы өнермен тікелей ұштасып жатады. Ол оқыған кітабының желісіне қиялдап сурет сала алады. ИНТУИЦИЯ (лат.INTUERI) – қадала, үңіле қарау. 1) сезу, түйсік арқылы білу; 2) зерделік, ғылыми-теориялық білім мен алдыңғы тәжірибеге сүйену негізінде шындыққа жету. ҚАҒАЗ – алғаш рет қағаз екінші ғ. Қытайлар ойлап тапты деген пікір бар. Қағаз жұқа, қалың, тегіс, бұдыр түрлері бар.Қарындаш пен акварель бояуларымен сурет салу, ватман, жартылай ватман, деп аталатын қатты тығыз қағаздар ыңғайлы. Қағаз өте бағалы түрлері арнаулы әдіспен тек күнге қарағанда көрінетін ерекше өрнектер салынады. Ондай өрнек «су таңбалары» деп аталады. ҚАРЫНДАШ – тас дәуіріндегі адам көмірді алып, тас қабырғаларғы сызып, күнді қарындаш жарыққа келді. 18 ғасырда металл-қарындаштар пайда болды. Қазіргі рейсфедер. Металл түтікшеге қорғасын, күміс тіпті алтын сымдар кішкентай үзігі салынады.Қарындаш қатты, жұмсаққа бөлінеді: Т,2Т,3Т. ҚАШАП, ОЙЫП САЛЫНАТЫН СУРЕТТЕР – ағаштен, сүйектен, тастан ойып адамның, жан-жануар, өсімдік бейнесін ою-өрнек салуға болады. Оған қашау, тесеу, шапқы секілді аспап қолданылады. ҚЫЛҚАЛАМ – акварельге ақ тиын қалам әрі жұмыр, тығыз болуға тиіс.Майлы бояуға ақ түсті тікеннен қылтақтар пайдаланылады. Олар қалақ тәрізді жалпақ келген. Үлкен қылқалам бояу тұтас жазылып, үлкен таңдақтарды кішкене қылқаламдар шығармашылықта майда детальдарды бояйды. Қылқалам сыртына : 1,2,3,4... цифралар үлкен болған сайын қылқалам соғұрлым үлкен. КОНТУР (фр.CONTOUR) – нұсқа. Бір нәрсенің сырт кескіні. Мысалы, құмыраның суретін салу барысында, алдымен құмыраның кескін-пішінін айқындап алу, яғни контурын сызып нұсқасын келтіру. КОНСТРУКЦИЯ – түзіліс, құрылыс. Сурет өнерінде заттың конструкциясын анықтау, конструкциялық тәсілмен салу ұғымдары бар. Бұл заттың жасалу құрылысын білу деген сөз. Конструкция – форманың негізін құрайтын қаңқа. КОНТРАСТ – қарама-қарсылық. Натура мен суреттегі реңдердің қарама- қарсылығы. Бейнелеу өнерінде жарық пен көлеңкелердің, өңдер мен түстердің реңдік қарама-қарсылығын көрсететін сипат. МАНЕРА – үлгі, тәсіл, ерекшелік. Суретшінің өнердегі бсқаға ұқсамайтын мәнер ерекшелігі. Сурет салудың өзіндік үлгісі – мәнері. МОДЕЛЬ (фр.MODELA) – үлгі, кейіп. Оқу процесінде қолданылатын заттар (геометриялық модельдер, суретін салғызушы адам т.б.). МАЙЛЫ БОЯУЛАР – 10ғ. шыққан, дәстүрге енуі, 15ғ. ө.с. нидерл. Суретшілері Ван-Эйктердің атымен байл. Тәжірибеде жасап бояулардың жаңғақ майы мен зығыр майына жақсы еритінін анықтайды. Ондай майларға еріт. бояу тез құрғайды, ажарлы болады. МИНИАТЮРА – ескі қолжазба кітаптардың беттерінде айтылып отырған оқиғаны бейнелейтін суреттер кездеседі.Оны миниат. Көлемі жағынан сурет, суретші елеусіз нәрселердің өзін жібермей, тәптіштеп көрсетеді. НАТУРА (лат.NATURE) – табиғат, заттың өзі. Сурет салу практикасында заттың немесе табиғаттың, қалап алған бөлігінің суретін өөзіне қарап бейнелеу. НАҚЫШ – (инкрустация) стол, шкаф, әуелі жалтырата тегістелетін, сосын оюлап нақышталатын ағаш бетіне ерекше ағаш түрлері мен басқа заттардан жасалынған кішкене тақтайша өрнек салынған. Мұндай нақышқа қола, күміс, алтын, жақып аса құнды бұйымды жасалатын. НАТЮРМОРТ – французша «өлі табиғат» .Тұрмыста күнде кездесіп жүретін зат, жеміс, гүлдерді немесе балықтан дайындалған түрлі тағам бейнеленетін картина. ОЮ-ӨРНЕК (ОРНАМЕНТ) – белгілі сурет пен сызықтар, белгілі бір тәртіппен орналасқан, латын «ornamentum» - әшекей. Ою-өрнек: сызық, геометриялық пішін, жапырақтардың, гүлдер, жеміс-жидек, құстар мен аңдар суреті. ОБЪЕКТ (лат.ABJECTUN) – зат. Материалды дүниенің сыртқы құрамды бөлігі. Адам әрекетінің танып білетін заты. Мысалы, картинадағы талдар немесе адамдар мен хайуанаттардың орналасуы т.с.с. ПАСТЕЛЬ – итальян «pasta» - «қамыр» түрлі-түсті пигмент ұнтақталған бормен балауыз аралардан қамыр илейді. Сосын жұмыр таяқшалар жасап кептіреді. Суға езіп акварель, гуашь секілді пайдаланады. Пастель бояуы ұзаққа сақталмайды. ПРОПОРЦИЯ (лат.PROPORTIO) – сәйкестілік. Белгілі бөліктердің бір-бірімен ара қатынасы, сай келісушілігі. Үлкен көлемді заттың суретін салу процесінде оның жеке бөліктерін үлкен көлемге сәйкестендіре белгілеп алу тәсілі. ТЕМПЕРА – бояудың атын да сол бояумен салынған шығарма. 4 түрге бөлінеді: гуммиарбин- қағазға сурет салып және гуашьқа ұқсайды, екнші, майлы бояуға ұқсайды. Үй қабырғасына сурет салу үшін жұмыртқаның сары уызына езіліп дайындалатын темпера қолданылады. ТөСЕН (ГРУНТ) – кенеп матаның бетібор таспен желім, ұнтақ қосылған сылақ жағылып тегістеледі . Сонда ғана бояулар ұзақ уақытқа дейін өз өңін жоғалтпайды. ТҮПНҰСҚА (АФТОГРАФ) – суретші кенепке тек әдемі көріну үшін өзіне ұнаған адамның, өлкенің көрінісін бейнелеу үшін, өз шығармасын, ой-сезімін білдіру үшін жан-дүниесін жарқыратып, жайып салу үшін туғызады. ТҮРЛІ-ТҮСТІ ЛАКТАР – шап-шағын кішкене қорапшаның, жып-жылтыр қақпағына алтындап өрнек салынады. Олар қақпағына қара лак жағып, үстіне түрлі-тісті бояулармен әшекейлеген. ТҮС – түстердің саны (7) екіге бөлінеді: жзылы,суық. Сары, қызыл, қызғылт сары- жылы түс. Көк, күлгін, көгілдір түстер – суық түстер. Жылы суық түске жататын түстер же бар. Мысалы: жасылға не сары, не көк қосылуы. Көк пен қызыл күлгін. Импрессионистер бояуды бір-бірімен астасып жаңаша құбылатын сипатын тек сонда ғана байқауға болады. ТУШЬ – кәдуілгі тушь-сұйқылт қара бояу. Жапон суретінде тушьті суға, хош иісті заттар араластырып кесек плиталар жасап, шыныға не тарелкаға үйкеп, ұнтақтап суға ерітеді. Тушьпен сурет салуға қылқалам деп аталатын темір қаламұш жарайды. ТЕХНИКА – бір істі орындағанда қолданылатын тәсіл. Кәсіби суретшілердің өзіне тән қалыптасатын бейнелеу техникасы, өзіндік бейнелеу тәсілі. Сурет техникасына жаттығу қажет (мысал: штрихтау тәсілі, өң беру тәсілі т.б.) ФАКТУРА – сурет өнерінде суреттің реңінің сипаты. Қойылым суретін салу барысында заттардың материалдығын шыншыл көрсете білу шеберлігі. ФОРМА – 1) сыртқы пішін, оның ішінде пропорция, конструкциялық құрылым, көлем деген мағынаны білдіреді; 2) бейнелеу өнерінде «форма» ұғымы жиі қолданылады. Әр нәрсенің өзіне ғана тән формасы болады, сол сан-алуан формаларды бейнелеу арқылы тану, зерттеп суретін салу арқылы мән мағынасын анықтау. ШАБЫТ, РУХ (ВДОХНОВЕНИЕ) – шығармашылық күштің пайда болуы, көңіл-күй шабыты, әсерленгіш шабыт. Сурет салушы көңіл-күйінің шабытын өзі жасап рухтануы керек, ол рух күші көркем шығармасына берілуі керек. ЭКСПОНАТ – экспонат (мұражайға, көрмеге қойылатын зат); мұражай экспонаттары (құнды бұйымдар, картиналар т.с.с.). ЭСКИЗ (фр.ESGUISSE) – алдын-ала жасалатын долбар. Негізгі жобаны жасау үшін алдын-ала дайындалатын үлгі сурет. Мысалы, картинаның түпкі мағынасымен ойын тауып көрсетуге арналған суретшінің ізденіс жұмыстары. 2. Көркем өнер шығармасы пәні бойынша дәрістер кешені Тақырып № 1. Көркем шығармашылық оның атқаратын қызметі Дәріс тезистері: Көркем шығармашылық оның атқаратын қызметі. Көркемдік өнер – қоғамдық сананың ең көне формаларсы ретінде. Оның басқада сана формаларынан айырмашылғы. ғылым мен философия, сыртқы дүниенің теориялық бейнесі, ойлау, өнердің шындық түріндегі көркем бейнесі категориялары. Өнер қалай пайда болды оның ұғымдары мен бастапқы көрініністері. Өнер теоретиктері олардың көркемдік өнердегі көзқарастары. Өнердің шығуы жөніндегі мұндай көзқарастың теориялық негізі -философиялық идеализм Өнердің шындықты бейнелендіру формасы ретіндегі ерекшелігі. Көркемдік өнер және жалпы өнер айырмашылықтары мен ұқсастықтары. Құбылыс пен мән. Адам сезім мүшелерімен құбылыстар. Ғылыми заттар мен құбылыстар. Көркем образ: типтік образ және жеке образ. Нағыз өнер. Көркем шығарманың идеологиялық формасы. Өнердің саяси, моральдық, философиялық, эстетикалық т.б. және адамдардың қоғамдық қатынастарымен тығыз байланысты, қоғамдық сананың басқа формалары сияқты, қоғам алдында тұрған әлеуметтік мәселелерді шешудегі идеологиялық қызметі. Көркем шығарманың эстетикалық сезім тудыратын формасы Әдемілік, көркемділік, қораған орта. Мәдениет пен өнер өзара байланыстар. №2 дәріс тақырыбы. Бейнелеу өнері: Қазақстан және әлемдік бейнелеу өнері. Дәріс тезистері: Бейнелеу өнері. дүниені байқау, бақылау, көру, көркем бейне. Өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесу. Бейнелеу өнерінің танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметері. Бейнелеу өнерінде шектеулік, кеңістіктік және ауқым. Суретші және бейне. Өмір құбылыстары, заманның тірлік-тынысы. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдары: сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ т.б. Шығармалар, заттық материалдар. Бейнелеу өнерінің жанры мен түрлері. Кескіндеме түр мен түс. графика түрлі сызықтардың қиылысуы, көлеңке мен жарықтың астасуы. Мүсін пластикалық үш өлшем: биіктік, ендік және аумақтық пайдаланады. Бейнелеу өнері: монументальді-сәндік және қондырмалы. Интерьермен және экстерьер. Шығыс және батыс бейнелеу өнерініңе тарихи даму процесі. Портрет, пейзаж, натюрморт жанрлары. Қазақ бейнелеу өнері: көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салалары. Халықтық қолөнері Ш.Уәлиханов “Потанин” “Тезек төре”(“Аға сұлтан портреті”, “Бақсы”, “Қазақ музыканттары”, “Шығыс ұйғырларының киімі” т.б. шығармалары Қазақстан бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлері Н.Г. Хлудов, Н.Антонов және мүсінші А.С. Пономарев. 20 ғасырдың 20 – 30 жылдарындағы Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдар (Н.И. Крутильников, Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, И.И. Савельев, Б.Сәрсенбаев, Қ.Қожықов, т.б.) 1928 жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі (Б.В. Иогансон, А.А. Дейнека, С.В. Герасимов, А.А. Пластов) 1933 жылы республика Суретшілер одағының ұйымдастырылуы. Ә.Қастеев шығармаларының ұлттық бояуы, отан келбетін бейнелейтін Ә.Ысмайылов шығармалары. Кескіндемешілер – А.А. Риттих, Н.В. Соловьев, А.И. Бортников, Л.П. Леонтьев, графиктер Г.А. Брылов, Б.А. Чекалин, Л.В. Гербановский, т.б. 40-жылдардың басында қазақ кескіндемесі мен графикасы. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Бұл жылдары Леонтьев, К.Я. Баранов, Риттих, А.И. Черкасский, И.Я. Иткинд, М.С. Лизогуб, т.б. Алғашқы академик-суретші О.Н. Таңсықбаев. 50-жылдардың соңы (Қ.Телжанов, М.Кенбаев). 60-жылдары акварельдің, офорттың,линогравюраның, автолитографияның өзіндік бағыттары (А.А. Дячкин, Е.Г. Сидоркин, Н.С. Гаев, Ш.Б. Кенжебаев, И.Г. Квачко, т.б.) Әлемдік бейнелеу өнері Солт. және Орт. Еуропа елдерінде Қайта өркендеу дәуірі хронологиялық жағынан ғана емес, сондай-ақ, түр, идеалық мазмұн тұрғысынан да бір-бірінен ерекшеленеді. Солтүстік Қайта Өркендеуі аталған Нидерланд, Германия, Франция Бейнелеу өнері готикамен туыстас белгілерімен, белгілі бір ортаның, адам және оның іс-әрекеті, еңбегі, өмір салтының нақты белгілеріне ден қоюымен ерекше. Франция мен Нидерландттың жаңа реалистік өнерінің бастаулары 14—15 ғ-лар шегінде Бургундияда пайда болды. Бұл кезеңнің белгілі туындылары — ағайынды Лимбургтардың миниатюралары. Неміс қайта өркендеуінің ірі шебері Альбрехт Дюрер (15—16 ғ-лар шегі) болып табылады. 15 ғ-дағы Нидерланд кескіндеме мектебі (мехрабтық картина, портреттер, миниатюра) солт.-еуропалық көркемсурет мектептері арасындағы ең бір ықпалдысы болды. Бұл мектептің ірі өкілдері — Я. ван Эйк, Хуго ван дер Гус, Рогир ван дер Вейден. 15 — 16 ғ-лар шегінде салынған сатиралық- ғақлиялық, символдың-мистикалық мазмұндағы Х. Босхтың картиналары белгілі. 17—18 ғ-ларда Еуропа Б. өнеріннің даму процесі күрделенді. Францияда ( Ф. де ла Тур, Н. Пуссен, А. Ватто, Ж.Б. Шарден, Ж.О. Фрагонар), Италияда (М. Караваджо, Б. Тьеполо, Дж. Креспи, Ф. Тварди), Испанияда (Эль Греко, Д. Веласкес, Ф. Сурбаран, Б. Мурильо, Ф. Гойя), Фландрияда (П.П. Рубенс, Я. Йорданс, А. ван Дейк, Ф. Снейдерс), Голландияда (Ф. Хальс, Рембрандт, Я. Вермеер), Ұлыбританияда (Дж. Рейнольдс, Т. Гейнсборо, У. Хогарт), Ресейде (Ф.С. Рокотов, Д. Г. Левицкий, В. Л. Боровиковский) ұлттық мектептер қалыптаса бастады. Жанрлар жүйесі нақтыланды. Стильдік белгілері ортақ түрлі көркемдік жүйелер қалыптасты (тұйықталмаған, спиралды, композициялық, динамикалы барокко, қанық суретті, айқын сызықты классицизм, нәзік бояулы сұлу мүсінді, ойнақы табиғатты рококо). 19 ғ-да Америка мен Азия Б. өнерінің ұлттық мектептері қалыптаса бастады. Бұл аймақта реалистік тәжірибе жергілікті көне дәстүрлермен өріле дамып, ерекше өзіндік сипат алды (Үндістан, Жапон, Қытай). Сондай-ақ, еуропалық Б. ө-нің түрленіп дамуына қиыр шығыс елдері, Африка халықтарының алғашқы және көне дәуірдегі өнерлерінің ықпалы болды. Осы кезеңде Б. ө-нде академизм, натурализм, т.б. бағыттар пайда болды (Францияда — Т. Жерико, Э. Делакруа, Германияда — К. Д. Фридрих, Ресейде — О.Кипренский, С.Шедрин, К. Брюллов, А. Иванов). Барбизон мектебінің шеберлері ақиқат нәрсені көріп-тану арқылы өмірдің шынайы бейнесін беруге зейін қойды: (Ұлыбританияда Дж. Конетебл, Францияда О. Домье, Ресейде А.Г. Венецианов, П. Федотов). 19 ғ-да француз Б. ө-нде әлемнің табиғилығы мен өзгермелілігін бейнелеуге ұмтылған импрессионизм пайда болды (Э.Мане, К. Моне, О. Ренуар, К. Писсарро, А.Сислей, Э. Дега). 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-да түрлі реалистік және модерндік ағымдар пайда болып, Б. ө-нің даму процесі күрделі де қайшылықты арнаға түсті. Осы кезеңде өзінің қайталанбас шеберлігімен өнерге Ван Гог келді. Өнердің постимпрессионизм (П. Гоген, А. Дерен), фовизм (А. Матисс), кубизм (П. Пикассо, П. Сезанн, Ж. Брак), футуризм (У. Боччони, К. Малевич), дадаизм ( М. Дюшан, Ф. Пикабия, М. Эрност), сюрреализм (С. Дали), неопластицизм (П. Мондриан, Т. ван Дусбюрг), т.б. авангарттық бағыттары дамыды. 20 ғ-да адамның ішкі әлеміндегі күрделі өзгерістерді барлық қырынан көрсетуге ұмтылыс нәтижесінде түрлі бағыттағы мәңгілік туындылар дүниеге келді. 1910—13 ж. кубизм, экспрессионизм, футуризмнің тармақталуы нәтижесінде абстрактілі өнер (затсыздық) белең алды. Б. ө-ндегі түрлі бағыттар негізінде “Стиль” және “Баухауз” тобы, Н.Габоның скульптуралық композициясы, О. Цадкин шығармалары, В. Е. Ташлин конструкциясы, америкалық абстракты экспроссионизм мектебі (Дж. Поллок, М. Тоби), ағылшын мүсіншісі Г. Мура, неміс хеппингін қалыптастырушы Г. Юккер, жапон абстракцияшы И. Ногуги, т.б. танымал болды. №3 дәріс тақырыбы. Бейнелеу өнерінің көркемдік кеңістік пен уақытқа қатынасы . Дәріс тезистері: №4-5 дәріс тақырыбы. Бейнелеу өнерінің жіктелу белгілері. Дәріс тезистері: №6-7 дәріс тақырыбы. Таза өнер теориясы. Дәріс тезистері: № 8 дәріс тақырыбы. Көркемдік кеңістік пен уақыт ырғағында дәстүрлі пластикалық үлгілердің қалыптасуы. Дәріс тезистері: № 9 дәріс тақырыбы. Бояу түсінің табиғи және эмоционалды көріністері. Дәріс тезистері: № 10-11 дәріс тақырыбы. Бояу түсінің дәстүрлі сипатты. Дәріс тезистері: № 12-13 лекцияның тақырыбы. Модельдеу теориясы. Дәріс тезистері: № 14 дәріс тақырыбы. Этика және эстетика: кескін мен әдемілік. Дәріс тезистері: № 15 дәріс тақырыбы. Өнер. Философия. Мәдениет. Дәріс тезистері: 3. семинар сабақтары |№ |Тақырыптардың атауы және олардың мазмұны |Сағаттар | | | |саны | | |Дәріс, семинар сабақтары | | |1 |2 |3 | |1 |Көркем шығармашылық оның атқаратын қызметі |1 | |2 |Бейнелеу өнері: Қазақстан және әлемдік бейнелеу өнері |1 | |3 |Бейнелеу өнерінің көркемдік кеңістік пен уақытқа |1 | | |қатынасы | | |4 |Бейнелеу өнерінің жіктелу белгілері |1 | |5 |Бейнелеу өнерінің жіктелу белгілері |1 | |6 |Таза өнер теориясы |1 | |7 |Таза өнер теориясы |1 | |8 |Көркемдік кеңістік пен уақыт ырғағында дәстүрлі |1 | | |пластикалық үлгілердің қалыптасуы | | |9 |Бояу түсінің табиғи және эмоционалды көріністері |1 | |10 |Бояу түсінің дәстүрлі сипатты |1 | |11 |Бояу түсінің дәстүрлі сипатты |1 | |12 |Модельдеу теориясы |1 | |13 |Модельдеу теориясы |1 | |14 |Этика және эстетика: кескін мен әдемілік |1 | |15 |Өнер. Философия. Мәдениет |1 | |Барлығы |15 | 4. Студенттердің өздік жұмыстары. |№ |Тақырыптардың атауы және олардың мазмұны |Сағаттар | | | |саны | | |Дәріс, семинар сабақтары | | |1 |2 |3 | |1 |Көркем шығармашылық оның атқаратын қызметі |1 | |2 |Бейнелеу өнері: Қазақстан және әлемдік бейнелеу өнері |1 | |3 |Бейнелеу өнерінің көркемдік кеңістік пен уақытқа |1 | | |қатынасы | | |4 |Бейнелеу өнерінің жіктелу белгілері |1 | |5 |Бейнелеу өнерінің жіктелу белгілері |1 | |6 |Таза өнер теориясы |1 | |7 |Таза өнер теориясы |1 | |8 |Көркемдік кеңістік пен уақыт ырғағында дәстүрлі |1 | | |пластикалық үлгілердің қалыптасуы | | |9 |Бояу түсінің табиғи және эмоционалды көріністері |1 | |10 |Бояу түсінің дәстүрлі сипатты |1 | |11 |Бояу түсінің дәстүрлі сипатты |1 | |12 |Модельдеу теориясы |1 | |13 |Модельдеу теориясы |1 | |14 |Этика және эстетика: кескін мен әдемілік |1 | |15 |Өнер. Философия. Мәдениет |1 | |Барлығы |15 |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz