Файл қосу

Кітаптану ғылымның даму кезеңдері













               5В050400 «Журналистика»   мамандығына  арналған
                        «Кітаптану негіздері» пәнінің
                          ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ



                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


















                                    СЕМЕЙ
                                    2013

                                   МАЗМҰНЫ


1  Глоссарий
2  Дәрістер
3  Практикалық сабақтар
4  Студенттердің өздік жұмысы
5  Студенттердің оқытушы басшылығымен жүргізетін жұмыстары
6  Өзгерістерді тіркеу парағы
7  Әріптестердің танысуы

































1  ГЛОССАРИЙ
1  АББРЕВИАТУРА –  сөздерді   шартты  түрде  қысқарту  немесе  оны  бастапқы
әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары.
2 АБЗАЦ – жаңа  жолдан  әрі  кейін  шегеріліп  басталатын  текс  бөлігі.  Ол
бірнеше жолды қамтып, сөйлемдер мағынасын біріктіріп тұрады.
3  АБСТРАКЦИЯ – зат пен құбылыс туралы нақты ойламай, ауытқушылық,  дерексіз
ұғымға ұрыну.
4  АВТОБИОГРАФИЯ – қандай да бір тұлғаның өмірбаяндық өз туындысы.
5  АВТОР – түрлі салаларда шығарма  жасаушы  тұлға.  Әдебиеттегі,  өнердегі,
ғылымдағы, т.б. твочестволық еңбек иесі.
6  АГИТАЦИЯ – ауызша немесе баспасөз арқылы  қалың  көпшілікке  идеялар  мен
лозунгілер таратып, саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі.
7 АКСИОМА – дәлелдеуді қажет етпейтін, онысыз да белгілі ақиқат.
8 АКТУАЛЬНЫЙ –  бүгінгі  күні  уақыты  пісіп  жетілген,  тез  шешімді  қажет
ететін, маңызды да, өзнкті мәселе.
9  АЛЬМАНАХ - әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы.  Кезең  –  кезең
сайын шығып тұруы мүмкін.
10 АНАЛИЗ –  тиісті  оъектіні  жан  –  жақты  талдап  көрсететін,  ғылыми  –
логикалық тұрғыдан ой – топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.
11 АНОНИМ - өз есімін жасырушы шығарма авторы.
12  АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым.
13 БРИФИНГ – белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет  ұстаған  бағытты  арнаулы
өкілдің  бұқаралық  ақпарат  құралдары  журналистері  алдына  шағын  мәжіліс
өткізіп, баяндап беруі. Мысалы, халықаралық  келіссөздерде  болған  мәмілені
мәлімдеу, түсіндірме жасау.
14 БРОШЮРА – шағын көлемдегі  шығарма  берілген,  жұмсақ  мұқабамен  шығатын
жұқа кітап.
15 ВЕРСИЯ – факті немесе оқиға туралы бір-бірінен  айырмашылығы  бар  әрқилы
түсіндірмелер, ұғымдар.
16. ВЕРСТКА – терілген  материлдар  гранкілері  арқылы  типографияда  газет,
журнал беттерін дайындау.
17  ВУЛЬГАРИЗМ - әдеби тілде қолданылмайтын дөрекі сөздер.
18  ГОНОРАР – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары үшін
авторға берілетін қаламақы.
19  ГРАНКА - әлі верстка жасалмаған баспаханалық терімнің бір бөлігі.
Әдетте жүз жолдай көлемнен аспайды.
20  ДЕЗИНФОРМАЦИЯ – жалған хабар арқылы жаңылыстыру.
21 ДЕНЬ ПЕЧАТИ – дәстүрлі баспасөз күні. Жыл сайын  28  маусым  күні  аталып
өтеді. “Түркістан уалаяты” газетінің 1870 жылы алғашқы нөмірі  шыққан  күнге
орай белгіленген. Аталмыш  мерекелік  күні  творчестволық  арнайы  сыйлықтар
тапсырылады.
22  ЖАНР - әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері.
23 ЖУРНАЛИСТ  –  бұқаралық  ақпарат  қүралдарында  тұрақты  жұмыс  істейтін,
арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы  идеологиялық,  қоғамдық
саланы қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек  етеді.  Отанға,  халыққа  қызмет
етіп, публицистика  саласында  шығармалар  береді.  Ішкі-сыртқы  мәселелерге
белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады.
24  ЗАМЕТКА – бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар.
25  ИДЕОЛОГИЯ – қоғамдық санадағы  идеялар  жүйесі,  ілім.  Саясат,  мораль,
ғылым, өнер, дін  жөніндегі  ұғымдар  мен  көзқарастар  жиынтығы.  Ол  қоғам
дамуына белсене әсер етеді. Идеология прогресшіл немесе реакцияшыл болуы  да
мүмкін.
26  ИЛЛЮСТРАЦИЯ–кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін суреттер.
27  ИНТЕЛЛЕКТ – ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі.
28  ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ – ой еңбегінің адамдары. Мәдениет пен  ғылымның  әр  түрлі
салаларынан арнаулы білімі бар адамдар.
29  ИНТЕРВЬЮ – сұрақ-жауап түрінде белгілі  бір  тұлғаның  оқиға  мен  факті
жөнінде журналистке айтқан  әңгімесі,  сұхбаты.  Оның  зәру  мәселе  бойынша
пікірлері мен көзқарасын, берген мәліметін  бұқаралық  ақпарат  құралдарында
жариялау үшін журналистің жазып алуы.
30 ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – бір  нәрсенің  мәнін  ашу,  ұғындыру,.  Қайсыбір  текстке
түсіндірме жасау.
31  ҚазТАГ  –  Қазақстан  мемлекеттік  телегреф   агенттігі.   Республиканың
бұқаралық ақпарат құралдарын  информациямен  қамтамасыз  етеді.  Ішкі-сыртқы
хабарларды жинап таратады.
32  КАЛЛИГРАФИЯ – анық, әдемі жазу өнері.
33  КОНЦЕПЦИЯ - өмір құбылысына көзқарас білдіріп, тұжырым жасау.
Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары.
34  КОРРЕКТОР –  баспасөз  материалдарын  баспаханада  теру  кезінде  кеткен
қателерді гранкіден,  не  версткалау  кезінде  беттерден  жөндеп,  түзететін
қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан  сауатты  болуы  тиіс.
Типографиялық техникадан хабары болуы керек.
35 КОРРЕКТУРА – баспаханалық терімнен кейін  оттискіде  байқалған  қателерді
жөндеу.
36  КОРРЕСПОНДЕНТ – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жерден хабар жинап
беріп тұратын тілші қызметкері.
37  КОПИЯ – түпнұсқаның тура көшірмесі.
38  КУРСИВ–формалық тұрғыдан қолжазба әріптерге ұқсайтын типографиялық
қаріп.
39  ЛЕТУЧКА – редакция  ұжымының  жедел  әрі  қысқаша  өткізетін  өндірістік
жиналысы.
40  МАКЕТ – арнаулы бланкіге сызықтар арқылы түсірілген газет беттерінің
дәл жасалынған жоспары.Сонын үлгісінде шығатын газет беттері дайындалып
,безендіріледі.
41  ОФСЕТ – типографияда жасалынған цинк қаңылтырдағы газет бетінін бейнесі
сол күйінде резина пленкасына түсіріледі де, одан соң қағазға басылатын
тәсіл.
42  ОЧЕРК – көркем жанрға жатады, публицистикалық сарында жазылады.
Негізінен фактіге құрылады,ойдан шығарылмайды. Оқиға,фактілер
зерттеліп,баяндалады. Оныңкейіпкерлері өмірде бар адамдар, нақты деректер
баяндалады.Көбіне кейіпкерлер бейнесі суреттеліп беріледі.
43  ПАМФЛЕТ – заманға кереғар, қоғамдық- саяси өмірдегі кейбір келеңсіз
құбылысты, сондай-ақ әлдебір жеке қайраткерлер туралы әшкерлеу, келемеж
мақсатындағы актуальды да, көркем публицистикалық шығарма.
44  ПАРАДОКС - әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген тосын пікір,
құбылыс.
45  ПЕТИТ – ұсақ типографиялық шрифтің түрі.
46  ПОЛЕМИКА – баспасөзде, жиналыста бір нәрсеніталқылау кезінде болатын
айтыстар.
47  ПОЛИГРАФИЯ – баспа өнімдерінің барлық түрін шығаратын өндіріс саласы.
48  ПРЕССА – мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б.
49  ПРИНЦИП – негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртәбі.
50  ПРОБЛЕМА – теориялық және практикалық мақсаттағы шешімін күткен
өзектіде, аса қажетті мәселе.
51 ПРОГРЕСС – алға жылжу, қоғамда неғұрлым жақсы жағдайға жету, дамудың
жоғары сатысына  өту.
52  ПРОПАГАНДА – ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасөзде және
ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау.
53  ПУБЛИКАЦИЯ – баспасөзде жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған
материал.
54  ПУБЛИЦИСТ – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген
журналист, қаламгер.
55  ПУБЛИЦИСТИКА – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір
мәселелерінің жазылып,жариялануы. Журналистика саласының материалдары.
56  ПСЕВДОНИМ – жазушы. журналистердің
баспасөзде  шын  аты-жөнінің  орнына  ойдан  шығарылған   бүркеншік   есімді
пайдалануы.
57  РЕДАКТОР – мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллективінің
басшысы. Газет,журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы
оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті
мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші.
58  РЕКЛАМА – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлдебір нәрсені кеңінен
білгізу мақсатында жарнамалау.
59  РУБРИКА – газет бетіндегі біріктіріліп берілген материалдарға, сондай-
ақ жүйелі түрде жарияланып тұратын кезеңдік материалдарға тағылатын ортақ
айдар.
60  СТАТЬЯ – мақалада ірі өмір құбылыстары мен фактілері терең анализ
жасалып, теориялық және практикалық тұрғыдан жинақталып, қорытылады.
61  ХРОНИКА - әдетте тақырыпсыз берілетін қысқаша хабар түрі.
62  ЦЕНЗУРА – баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше бақылау жасау.
63  ЭТИКА – адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттер  жөніндегі  нормалар
жүйесі. Отанға, қоғамға және өзара қарым – қатынас мәселелерін,  міндеттерін
айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.

                                 2 ДӘРІСТЕР
1 - дәріс.
Кітаптану ғылымы жайында
   1. Кітаптану үшбірлік жүйе
   2. Кітаптану ғылымының жалпы теориялық проблемалары


      Кітаптану дегеніміз кітап және кітап  ісі  туралы  кешенді  ғылым.  Ол
қоғамда  жазба   және   баспа   шығармаларының   жасалуы,   таратылуы   және
пайдаланылуы процестерін  зерттейді.(Үлкен  Кеңес  энциклопедиясында.  т.12.
337 бет)
      Кітаптану ғылымының кешенді ғылым аталу себебі оның зерттеу  объектісі
- кітап өндірісінің тұтас, күрделі жүйеден  тұратындығына байланысты.  Автор
қолынан шыққан қолжазба редакциялық - баспагерлік өңдеуден  өтіп,  өндіріске
түседі, яки баспаханада  теріледі,  басылады,  бүктеледі,  түптеледі.  Дайын
кітап тиражы (таралымы) кітап  саудасы  және  кітапхана  жүйелеріне  түседі,
библиографиялық өңдеуден өтеді.  Ақыры  кітап  оқырман  қолына  түседі.  Бұл
процестер бірімен бірі  тығыз байланысты, бәрін жинақтап келгенде кітап  ісі
деп аталады.
      Кітаптану үшбірлік жүйеден тұрады: кітап - кітап ісі - оқырман.  Кітап
өндірісі дамуының осы аталған кезеңдерінің әрқайсысын арнайы  ғылыми  пәндер
зерттейді. Солардың бәрінің басын  біріктіргенде   кітаптану  ғылымы:  кітап
тарихы,  баспагерлік  ісінің  тарихы,  теориясы,  әдістемесі,  полиграфияның
тарихы мен теориясы кітап саудасының теориясы мен практикасы  және  бұл  екі
саланың тарихы салаларынан тұрады. Бұған тағы да кітапхана ісін  зерттейтін-
кітапханатану,   библиографиялық   қызметті   зерттейтін   библиографиятану,
оқырман  талап-тілегін,  психологиясын  тексеретін-  оқырмантану   ғылымдары
жатады.
      Кітап туралы  ғылым  кітап  ісіне  қатысты  мәселелерді  назардан  тыс
қалмауы тиіс.  Кітап  пен  кітап  ісін  зерттеу  соңғы  жылдары  оқырмантану
ғылымына ұқсады. Алайда соңғы жылдары  кітаптану  құрамындағы  жеке  салалар
үрдіс даму жолына түсті.  Бұлардың  әрқайсысы  өздерінше  “  кітап”  секілді
іргелі категорияның анықтамасын табуға  тырысты.  Әр  сала,  сайып  келгенде
кітап үшін қызмет етеді.
      Кітап оқырманға қызмет етеді. Кітаптану ғылымын  зерттейтін  мәселелер
сол оқырман  талап-тілегіне  байланысты  болуы  керек.  Кітапты  оқырманмен,
ондағы   ақпаратты   тұтынушымен    байланыста    зерттеу-    функционалдық,
қызметшілдік әдіс осы талаптарға негізделеді.
      Кітаптану  ғылымының  жалпы  теориялық  проблемаларын  шешуде  белгілі
кітаптанушы А.И.Барсук елеулі еңбек етті.  Ол  кітаптың  төмендегідей  жалпы
анықтамасын  берді.  “Кітап-  бұл  қолжазба  және  баспа  шығармасы,  немесе
екеуінің жиынтығы болып табылады. Кітап- қоғамдық  сана  туындысы,  қоғамның
идеялық-  рухани  өмірінің  жемісі,  идиологияның  барлық  түрлерін  (саяси,
ғылым,  мораль  т.б)  тарату  және  дамыту   құралдарының  бірі,  әлеуметтік
күресті,  тәрбиені,  қоғамдық  пікірді  қалыптастыру  құралы   ғылыми   және
техникалық прогресс қаруы”, - деген  (Книговедение.  1970  №6.  6-бет.  А.И.
Барсук)

Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922
2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926
3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999
Қосымша:
   1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981
   2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971
   3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986
   4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929
   5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994

2 - дәріс.
Кітаптану ғылымының туу, қалыптасу,  даму тарихынан
   1. Кітаптану ғылымның даму кезеңдері.
   2. Кітаптың туу процесі.


      Кітаптану  ғылымы үлкен тарихи  жолдан  өтті.  Кітап  және  кітап  ісі
тарихын, теориясы мен методологиясын зерттеу барысында ол  қыруар  материал,
фактілер жинақтады,  теориялық  ізденістерін  тереңдетті,  ғылыми  әдістерін
жетілдірді. Тамшыдан бұлақ,  бұлақтан  өзен  құралатын  сияқты,  ой-пікірлер
жалғасты, ғылыми-айтыс шыңдала келіп кітап  тұралы  мол  ғылым  бас  құрады.
Кітаптану тарихы дегеніміз кітап туралы білімнің, міне,  осы  туу,қалыптасып
өсу, өркендеу жолдарын тексереді.
Кітаптану ғылымының дамуында  кітаптану  тарихының  міндеті  зор.  Ол  кітап
білімінің   тарихы,теориясы  мен  методологиясы   арасындағы   диалектикалық
байланыстарға мән береді. Кітаптану тарихы- кітап  туралы  ғылымның  құрамды
және маңызды бөлімдерінің бірі. Ол басқа нақты  айтқанда  кітап  жіне  кітап
ісін ғылыми басқару, кітаптану ғылымын жаңа белеске шығару мақсатында  жұмыс
істейді
         Кітаптану  ғылымның  жас  бұтағы.  XVIII   ғасырдың   бас   шенінде
қалыптасқан, ол бірден осы бүгінгі күйіне  келе  қалған  жоқ.  Қоғамдағы  әр
құбылыс сияқты туу, есею, кемелдену сатыларынан өтті. Ол үш кезеңді  басынан
өткерді.
        Бірінші кезең- Қазан төңкерісіне дейінгі кезең.
        Екінші кезең – Кеңестік кезең.
        Үшінші кезең- Қазіргі кезең.
       Бірінші кезеңде кітаптану  ғылым  ретінде  жеке  отау  құрды.  Өзінің
теориялық,методологиялық  ізденістерін  бастады.  Өз  объектісі  –  кітаптың
анықтамасын беруге әрекеттенді.
       Кітап туралы жалпы білім беретін ғылым-кітаптану деп,  бұл  терминнің
ғылым жүйесіне енуіне үлес қосқан зерттеуші-  Николай  Михаилович  Лисовский
(1854-1920).  Лисовский  кітаптану  мақсатын   кітап  зерттеу  деп  анықтама
жасады. Ол кітаптану ғылымы кітапқа байланысты техникалық, тәжірибелік  және
теориялық білімдердің басын  құрайтын  ғылым  деп  түсіндірді.  Ол  кітаптың
кешегісі мен  бүгінгісіне  зер  салып,  жазу-сызудың,  баспа  шығармаларының
тууы, таратылуы және пайдалану жағдайын талдады.  Н.М.  Лисовский  кітаптану
д/з- кітап және кітап ісі туралы кешенді ғылым деген   тұжырымға  жол  ашып,
кітап жөніндегі ғылымның теориялық және методологиялық  жағынан дамуына  зор
әсер етті.
      Кітаптану ғылымына Александр  Михайлович  Александрович  Ловягин(1870-
1925),  Куфаев,  Николай  Александрович   Рубакин   (1862-1946),   Александр
Григорьевич Фомин т.б елеулі үлес қосты.
      Екінші   кезең   Кеңес   дәуірінде   кітаптану   ғылымының    бірқатар
методологиялық қателіктерге бой алдыруына  қарамастан,  қазан  төңкерілісіне
дейінгі кітаптану ғылымының жетістіктері баянды етілді.
      1920-30 жылдардың кітаптану ғылымында  тапқан олжасы- кітапты қоғамдық
құбылыс ретінде тану болды.
      1930 жылдардың ортасынан бастап елуінші жылдарға дейін кітаптану ақсап
қалды.  Тек  алпысыншы  жылдардың  басында  қайта  жанданып  дами   бастады.
Көптеген оқулықтар дүниеге келді. Ғылыми-техникалық ақпаратты,  информацияны
жүргізетін арнайы мекеме ашылды. 1980 жылдан бастап “Информ печать”  ашылып,
Кеңес  одағындағы  және  шет  елдердегі   баспа   орындарының   тәжірибесін,
жетістіктерін насихаттады.
    Екінші кезеңнің елеулі жетістігі- көп ұлтты  кеңес  кітаптану  ғылымының
негізі қаланғанды.
      Осы еңбектің бірінші тарауында  кітап  тарихына  шолу  жасалу  жолымен
кітап — әлеуметтік катынас құралы екендігі айқындалды.  Адам  мен  адам,  ел
мен ел кітап арқылы жалғасып, ой байытып,  өмірді  ілгері  бастыраты-ны  сөз
етілді.
      Енді кітап деген ұғымды басқа кырларынан танып білуіміз  керек.  Жалпы
кітаптану және оның белді-белді салалары әрқайсысы кітапқа өз  ерекшелігіне
карай баға беріп, анықтамасын жасайды және оның бәрі «әне жері, мына  жері»
дейтіні жок, дұрыстығына күмән туғызбайды. Бұл тараудың міндеті — кітаптану
ғылымының бас объектісі — кітап туралы ұғымға жауап іздеп табу.
      Кітап дегеніміз не?
      Украин ғалымы М. Ф. Яновский «О книге. Опыт ана  лиза  понятия  книга»
деген еңбегінде кітап туралы елу  шақты  анықтаманы  жіпке  тізгендей  етіп
тексеріп шығады да, ақыры біреуін місе түтпай, өз нұскдсын ұсынады.  «Книга
— продукт человеческого  творчества,  воспринимаемая  органами  зрения  или
осязания  в  устойчивой  форме»  де-ген  қағида  жасайды.  Алайда  ғалымдар
Яновскийдін 51 анықтамасына кол қоймағаны былай тұрсын, оны  мінеп  сынады.
Сынайтын жөні  бар.     Біріншіден,  Яновский  кітаптың  тіпті  зат,  бүйым
есебіндегі ерекшеліктерінің өзін дөп басып айта алмай отыр.  Көзбен  көріп,
қолмен ұстай тын шығарма кітап қана ма екен? Газет туралы  да  солай  деуге
толық негіз бар. Екіншіден, — бүл Яновскийдің ең үлкен кателігі, —  аталған
аныктама білік теориясынын ілкі сатысы — сезіммен  ғана  шектеледі.  Ғылыми
зерттеу эмпирика сатысында тоқтап калмайды. Тіпті онан әрі асып түсіп,  бай
фактілер,  ғажайып  идеялар  тапса  да,  жүйелі,  түтас  көзқарассыз  ғылым
жасалуы, атап айтқанда, кітаптанудың бас категориясы — кітап туралы аукымды
теориялык ұғым түзу мүмкін емес.
      Жалпы  ғылыми  үғымдарды,  категорияларды  дефиницияның  тар  кауызына
сыйғызамын деп әурелену көп жағдайда тиісті нәтиже  бере  бермейді.  Тұжырым
әрқашан  белгілі  бір  түсініктердін  шеңберімен  шектеледі.  А.  Беловицкая
кағидасына осы кателік  салқыны  тиген.  Зерттеу  аясы  жаңағы  корытындыдан
әлдеқайда кең. Жалпы алғанда, А. Беловицкая кітап және кітап  ісі  тақырыбын
негізінен дұрыс аша білгендігін мойындау керек.
      А. Беловицкая кітаптың  туу  процесін  және  оқушыға  барар  жолдарын
 «кітапқа дейінгі» және «кітаптан кейінгі» деп  екі  кезеңге  бөледі.  Кітап
 жүйесінің барша сатылары бір-бірімен іштей  жалғаса  отырып,  диалектикалык
 тұтас бітім боп калыптасады. Әр  саты  бүрынғысының  нәтижесі  және  өзінен
 соңғысының мүмкіндігі, бірінсіз бірінің күні жок. Міне, осыны  негізге  ала
 отырып, Беловицкая «кітап»  үғымының  қайнар  көздеріне  үніліп  зерттейді,
 кітапты қоғамдык  құбылыстын  бір  буыны  деп  біліп,  жүйелі-типо-логиялык
 түжырымдама талаптары бойынша, кітаптану ғылымының өзі «мүше» боп  кұрамына
 кіретін, одан көлемдірек ауданға назар тігеді. Осы түста кітаптың, ата тегі
 өріден екендігі, кітап — информациялык процесс нәтижелерінің бірі  екендігі
 аныкталады.
 Кітап такырыбынан кысқаша мағлұмат беріп, аванти-тулды кірлеуден  сақтайтын
бет қосылса, оны «шмуцтитул» дейду Кітап тарауларына  арнайы  бетгер  берілш
тақырыптарын жазу  кездеседі.  Кітап  материалын  жүйелеп  ұқсатудың  мұндай
түрін де шмуцтитул дейді. Ал тарау-лардың тақырыбы кітап  беттерінің  жоғары
жағына жа-зылса, оны колонтитул  атайды.  Кітап  беттерінің  рет  саны,  яки
нөмірлері  қойылатыны  белгілі.  Оны  колонцифрлар,  ал  бұлардың  жиынтығын
«пагинация» дейді.
Шығарманың негізгі  мөтінінен  өзге  басылым  туралы  косымша  мағлұматтар,
аннотация,  алғы  сөз  түсініктемелер   (комментарийлер),   библиографиялык
көрсеткіштер, басқа да кітап форматы, кағазы жөнінде мағлұматтар  беріледі.
Оны кітапшаты деп атайлы.
      Қазакстанда кітаптану ғылымы әлі аяғынан қаз түрған жоқ. Талпыныс бар.
Әсіресе казак кітабының тарихын жазуға деген ықылас  үлкен.  Бұл  такырыпта
біршама кітап жарияланып үлгерді. Сонда да толыккднды кітап тари-хын  жазып
болдык деп айта алмаймыз. Жарык  көрген  туындыларда  мазмұндау,  сипаттау,
библиографиялык реңк басым. Кітап өнерін игерген  рылым  кадрларын  өзірлеу
мәселесі  қолға  алынбағандықтан,  жеке  іздену-лердің  нәтижесі  ойдағыдай
болмай отыр.
   Кітаптану ғылымының кең өріске шыруының жөне бір шарты — өндіріспен тығыз
байланыс орнатуда. Кітаптану практикамен, практика ғылыммен санасып отыруға
міндетті. Екеуінің арасында едәуір ерекшелік болғанымен, бұлардың  әрекеті,
қызметі, максаты бір ар-нада  тоғысады. Ол арнаның аты — кітап.
   Кітап әлемі — күрделі де нәзік дүние. Оның мәнін, табиғатын ашу,  коғамда
алатын орнын белгілеу, кітап өндірісін басқарудың ғылыми негіздерін  анықтау
кітаптану ғылымының методологиялық, теориялық
қызметін кандай дәрежеде атқаруына байланысты.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922
2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926
3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999
Қосымша:
   1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981
   2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971
   3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986
   4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929
   5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994

3 - дәріс.
    Кітап және оның адам мен қоғам өміріндегі ролі
1 Жазу-сызу (графика) таңбалары, жазудың пайда болу тарихы
2 Кітаптану ғылымының кешенділігі


        Археологиялық,  этнографиялық   және   жазбаша   деректер   көрсетіп
отырғандай Еуропа мен Азия құрлықтарының Ұлы даласын  мекендеген  рулар  мен
тайпалар өздерінің  тіршілігі,  тағдырлы  оқиғалары  туралы  тасқа  таңбалар
салып,  әртүрлі  белгілер  қалдырған.  Бұларды  ежелгі  қандастарымыздың  өз
ұрпақтарына  қалдырған хаты деуге болады.  Ғылым  тілінде  оны  петроглифтер
(гректің петро- тас  және  глиф- қашау деген сөзінен  шыққан)   деп  атайды.
Жазу өнерінің бастапқы түрі болып табылатын бұл таңбалар  қашап  сызу   және
түрлі-түсті  бояулармен нақыштауға дейінгі ұзақ даму  жолынан  өткен.  Тасқа
бейнелеу әдістері Қазақстанда- Жетісу, Солтүстік Балқаш өңірі,  Ертіс  Алтай
аймағында, Сарыарқада, Маңғыстауда жиі ұшырайды.
       Жазу-сызу  (графика)  таңбалары  арқылы  сөз-лебізді,  хабар-  ошарды
қашықтыққа  жеткізу  үшін  бастапқы   кезде   түрліше   тәсілдер,   мәселен,
пиктография- “суретті хат”, белгі,  ойық  салу,  т.б  қолданылған.  “Пиктос”
дегеніміз грекше “сурет” деген сөз.
      Бір кезде қытай иероглифті жазбасы да сурет секілді болған.  Келе-келе
суреттер шартты белгіге айналған. Қазіргі қытай иероглифтері дәл осындай.
      Жазу-сызу дамуының келесі кезеңі- буын, сына жазуы. Мұнда әрбір  белгі
белгілі  бір  мән-мағынаны  білдіреді.  Американың  ежелгі   тұрғыны   –майя
үндістерінің  жазу-сызуы да сына белгісін кең пайдаланған.
    Ежелгі египеттіктер көне  дүниенің  барлық  елдерінде  көп  жылдар  бойы
кеңінен пайдаланылған папирусты ойлап тапты. Папирус Ніл өзенінің  жағасында
үш-төрт метр бойлап өсетін құрақты өсімдіктің өзегінен жасалған.
       Папирус  бумасының  әдеттегі  ұзындығы   алты   метрге,   ені   15-30
сантиметрге жететін  Папирус  бумалары  біздің  заманымызға  дейінгі  екінші
мыңжылдықта таралды. Кейінірек папирус жерорта теңізі  елдерінің  жазу-сызуы
үшін кең таралған материалға айналды. Папирус шетке  шығаратын  маңызды  зат
болды.. Оны әзірлеу мен сату ісі бір ғана перғауындардың қолында болды.
      Сондай-ақ ағаш  ерте заманнан жазу-сызу  үшін  материал  болған.  Қиыр
Шығыста  жұрт ағаш тақтайшаларға жазған. Жазу-сызу  және кітап бастыру  үшін
бамбук пайдаланылған,  одан  жұқа  тақтайшалар  жасап,   олардың  ара-арасын
баумен бекітіп тастаған. IV ғасырда Қытайда жазу-сызу материалы  үшін  жібек
пайдаланылып, одан орамдар жасалған
      Көптеген халықтар ағаш  қабығына  жазу  жазған.  Ежелгі  Русьте  қайың
қабығы- берестке жазу  жазған.  Үндістанда   пальма  жапырақтары  мен  теңіз
бақашанақтары пайдаланылған.
      Египетте, Грецияда, Кіші Азияда әсіресе Сирия мен  Палестинада  бірте-
бірте  жазу-сызуға  мал  терісі  қолданылған.  Біздің  заманымыздың  алғашқы
ғасырларында майя тайпалары бұғы терісіне жазған.
      Біздің заманымызға дейінгі I- ғасырда гректер жазу-сызуға  жас  малдың
терісін  илеп,  өңдеуден  жасалған  пергаментті  бірінші  болып  пайдаланды.
Пергаментті  жасау  үшін  қойдың,  ешкінің,  бұзаудың  терісін  пайдаланған.
Теріні әк ерітілген суға салып илегеннен  кейін   жүнінен  тазартып,  ағашқа
керіп қойған. Кептіріп, өңдегеннен кейін бор  жаққан.  Пергамент  папирустен
әлдеқайда төзімді болған. Әрі оның екі бетіне де  жазу  жазған.  IV-ғасырдың
өзінде кітап өндірісінде басым орынға ие болды. Пергаментке  жазылған  кітап
Еуропада 1000 жыл бойы үстем болып келді.
      Кітап өз дамуында үлкен тарихи жолдан өтті. Дәл бугінгі калпына бірден
ене қойған жоқ. Әр заман кітабы өз бойына шақ. Мазмұны жағынан  да,  пішіні
жағынан да. Кітаптың кітап болып көзге көрінуі, қолга ұсталуы, оқылуы  үшін
негізгі  үш  шарт  орындалуға  тиісті.  1.  Ауызе-кі   тіл   жазба   тілмен
толыктырылуы қажет. Мүның өзі  жазу-сызудың  (письменность)  жүзеге  асуына
байланыс-ты. 2. Жазуды түсіретін материал  керек.  3.  Жазылганды  көбейту,
колжазбаны көпшіліктің игілігі ету, яки  топтык  жөне  әлеуметтік  байланыс
(коммуникация) құралдарына айналдыру ләзім. |
Жазу туралы.Дүние жүзіндегі  барша  халык  дерлік  жазу-сызудың  негізгі  үш
сатысынан өткені байқалады. Бүларды бас-басына атайтын болсак,  біріншісі  —
пиктографиялык яғни бейнелеп жазу, екіншісі — идеографиялық  (логографиялық)
немесе рәміздік (символдық) жазу, үшіншісі — алфавиттік, өріп  немесе  дыбыс
жазуы делінеді. Бейнелеп жазудың  таңбалары,  суреттері  пиктограммалар  деп
аталады. Ол жеке сөздерге бөлшектенбейді, бугіндей хабар білдіреді.  Мысалы,
осы жерден үш күндік кашық-тықта аю жүр дегенді хабарлау үшін  аюдың  суреті
және үш сызық белгісі қойылады деген сияқты.
Біздің заманымызға дейінгі екінші  ғасырда  Кіші  Азияның  Пергам  каласында
жазу-сызуға мал терісін илеп өңдеуден жасалған жарыакты пайдалана  бастаған.
Бұл  материалды  пергамент  деп  атап   кеткен.   Көне   пергамент-кодекстен
сакталған ескерткіш — «Кодекс Синаитикус» төртінші ғасырда жазылған.
Ежелгі Русь жазу материалы  етіп  берестаны  —  кайың  кабығын  пайдаланғаны
белгілі.  Үндістанда  пальма  жа-папрақтарына  жазған.   Қазіргі   жазу-сызу
материалы — кағаз тұңғыш  рет  біздің  заманымыздың  II  ғасырында  өндіріле
бастады.  105  жылы  қытай  шебері  Цай  Лунь  өсімдік  талшықтарын  сүзгіде
қалдырып,  суспензия  жасаған.  Қағазды  сол  сус-пензиядан  өндіруді  ойлап
тапкан. Қытайлар  қағаз  өндіру  төсілін  көптеген  уақыт  кұпияда  ұстаған.
Еуропада кағаз өндірісі он үшінші ғасырда  ғана  негізгі  жазу  материалы-на
айналы. Бұдан өзге,  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидың  (1499  —  1551)  «Тарих  и
Рашиди» («Рашидтің тарихы»), Қыдырғали Жалаиридің (1530 —  1605)  «Жами  ат-
тауарих» (Шежіре-лер жинағы., 1602) деген еңбектері — қазақ рухани  әлемінің
тамырлары тарих тереңіне кететіндігін көрсетсе керек.
      Кітаптану дегеніміз кітап және кітап ісі  туралы  кешенді  ғылым.  Бүл
ғылыми  тұжырымдаманың  төркіні  осы  тараудың  бас  шенінде  айтылғанындай,
Лисовский,   Ловягин,   Куфаевтардан   басталады.   Соңғы   уақыттарда   бұл
тұжырымдаманы дамытуға белгілі кітаптанушы ғалым-дар А. А.  Сидоров,  Н.  М.
Сикорский, А. И. Барсук, И. Е. Баренбаум және  басқалары  қатысты.  Айтыстың
және  бір  пайдасы  —  кітаптану  жөніндегі  ғылымның  бәрінің  басын   қосу
кажетгігін түсінуге қол жеткізді.
      Кітаптану ғылымының кешенді ғылым аталу себебі оның зерттеу  объектісі
— кітап өндірісінің тұтас, күрделі жүйеден түратындығына байланысты.  Автор
қолынан шыққан қолжазба редакциялық-баспагерлік  өңдеуден  өтіп,  өндіріске
түседі, яки баспаханада теріледі, басыла-ды,  бүктеледі,  түптеледі.  Дайын
кітап тиражы (таралы-мы) кітап саудасы және  кітапхана  жүйелеріне  түседі,
биб-лиографиялык өңдеуден өтеді. Ақыры  кітап  оқырман  қолына  тиеді.  Бүл
процестер бірімен бірі тығыз байла-нысты, бәрін жинактап келгенде кітап ісі
деп аталады. Үлкен Кеңес Энциклопедиясында кітап  туралы  ғылым  анықтамасы
былай деп түжырымдалады.
      Соңы уакыттарда «кітаптану ғылымының кешенділігі» деген үғыммен  катар
«кітаптану ғылымдарының кешені» деген ұғым колданылып жүр.  Бұл  кітаптануға
қоңсы, оның шетін ала орналаскан  ғылымдарға  байланысты  айтылады.  Мысалы,
кітап  өнері,  яғни  кітапты   көркемдік   жағынан   безендіру   мөселелерін
зерттейтін ғылым өзінің сипаты жағынан кітаптану  мен  өнертану  ғылымдарына
бірдей қатысты. Бұл топтағы  ғылымдарға  интеграциядан  гөрі  дифференциация
тән.  Ағайындас  ғылымдардан  ауылын  бөлек,  алшағырақ  қондырғысы  келеді.
Дегенмен бұлар да жалпы кітаптану заңдылықтарынан тыс тұра алмайды.
      Осыдан барып басылым типологиясы деген ұғым туады. Кітап  белгілі  бір
оқушылар тобына арналуы тиіс. Мұны кітаптану ғылымында  жоғарыдағы  айтылған
кешенді  тұжырымдамадан  өзгеше  қызметшілдік  тұжы-рымдама   (функционалдық
тұжырымдама) деп атап жур.  Кітаптану  проблемаларына  арналған  1974  жылғы
және  1977   жылғы   Букілодактық   конференцияларда   жаңағы   кызметшілдік
тұжырымдама кеңес ғылымының улкен жетісгігі есепті бағаланды.
       Кітап оқырманға қызмет етеді. Кітаптану ғылымы  зерттейтін  мәселелер
 сол окырман талап-тілегіне  бай-ланысты  болу  керек.  Кітапты  оқырманмен,
 ондағы  ақпаратгы  тұтынушымен   байланыста   зертгеу   —   функци-оналдық,
 қызметшілдік әдіс осы талаптарға негіз-деледі.
  Кітаптану  ғылымының  жалпы   теориялық   проблемаларын   шешуде   белгілі
кітаптанушы А. И. Барсук елеулі еңбек етті.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922
2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926
3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999
Қосымша:
   1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981
   2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971
   3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986
   4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929
   5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994

      4 - дәріс.
        Қолжазба кітап
     1. Жазу-сызудың негізгі үш сатысы
      2  Әлем алфавиттерінің тарихы


      Кітап дамудың  көп  салалы,  сындарлы  жолынан  өтті.  Ол  бірден  тап
бүгінгідей қалыпта  болған  жоқ.  Әр  заманда  кітап  ісі  әр  қилы  дамыды.
Кітаптың кітап болып көзге көрінуі, қолға ұсталуы, оқылуы  үшін  негізгі  үш
шарт орындалуға тиісті.
     1. Ауызекі тіл жазба тілмен толықтырылуы қажет. Мұның өзі жазу- сызудың
        жүзеге асуына байланысты.
     2. Жазуды түсіретін материал қажет.
     3. Жазылғанды көбейту, қолжазбаны  көпшіліктің  қажетіне  жарату,  яғни
        топтық және әлеуметтік байланыс құралдарына айналуы шарт.
      Дүниежүзінің барша халқы  жазу-сызудың  негізгі  үш  сатысынан  өткен.
Біріншісі – пиктографиялық яғни  бейнелеп  жазу,  екіншісі  –  идеографиялық
(лолографиялық) немесе рәзімдік (символдық)  жазу,  үшіншісі  –  алфавиттік,
әріп немесе дыбыс жазуы  делінеді.  Бейнелеп  жазудың  таңбалары,  суреттері
пиктограммалар жеке сөздерге бөлшектенбей толық хабар береді.
      Әр түрлі таңбаларды  пайдалану  қиынға  түсе  бастады.  Кітап  оқығысы
келетіндер саны жиілей бастады. Осы олқылықтың орнын толтыру  мақсатында  әр
түрлі елдерде бір дыбысты бір әріппен белгілейтін болды.  Сөйтіп  әріп  және
олардың жүйесі – алфавит пайда бола бастады.  Тұңғыш  алфавит  жасағандар  –
Финикая елінің тұрғындары. Финикаялықтар оңнан солға қарай  жазатын  болған.
Олардың алфавитінде дауысты дыбыстар жоқ, тек дауыссыз  дыбыстар  ғана  әріп
таңбамен белгіленген. Орта  теңіз  жағалауындағы  барлық  елдер  осы  жазуды
пайдаланған. Оның  негізінде  арамей  (арабтардың  бір  тайпасы)  және  грек
алфавиттері туған. Арамей алфавитін Шығыс  елдері  қолданған.  Одан  қазіргі
еврей  сириялық,  иран,  араб  алфавиттері   дамыған.   Бұларда   әріп   тек
дауыссыздарды  ғана  бейнелейді,  дауысты  дыбыстар  үшін  арнайы   белгілер
қолданылып оңнан солға қарай жазылады.
      Грек алфавиті финикиялық алфавиттің жетілдірілген түрі.  Онда  гректер
дауысты дыбыстар үшін де әріптер  ойлап  тапқан.  Батыс  елдердің  көпшілігі
грек алфавиті негізінде латын алфавитін құрастырған.
      Ал, кириллицаға келсек, бұл  алфавитті  бұдан  мың  жылдан  аса  бұрын
болгар оқымыстысы,  ағартушысы  Кирилл  шәкірті  Мефодиймен  словяндар  үшін
арнайы жасаған. Византия алфавиті үлгісімен Кирилл глаголица  және  кирллица
әліппесін шығарған. Глаголица иероглифке өте ұқсас.  Жазуға  оншама  оңтайлы
емес. Глаголицаны қысып словяндар кириллицаға көшкен,  19-ы  словян  тілінің
ерекшеліктеріне байланысты.
      Қазақстан ертеректе араб әрпін, 1929 жылы латын графикасына жақын
жаңа алфавитті қабылдаған. Орыс алфавитіндегі 33 және орыс тілінде жоқ
дыбыстарды таңбалайтын 9 әріп қосылған.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922
2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926
3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999
Қосымша:
   1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981
   2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971
   3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986
   4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929
   5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994

5 - дәріс.
  Баспа кітап
1 Ксилография немесе ағаш грвюрасы тәсілі
2 Литера құятын тәсіл иесі (Гутенберг)


      Баспа кітапқа жол салу  жолын  зерттегенде  ертедегі  Шығыс  елдерінің
тақтайға бедерлі ою жасап, оған бояу жағып, мықтап керілген матаға  таңбасын
басқан өнерден бастау  алған.  Кейін  матаға  нақыш  бедер  түсіру  Еуропаға
ауысқан. Дәл осы принцип граверленген, оймаланған  ағаш  тақтайшалар  арқылы
сурет, мәтін басу негізінен алынған. Бұл  тәсілді  ксилография  деп  атаған.
Бірақ бұл тәсілдер қолжазба кітапты ауыстыра алмады.  Осы  олқылықтың  орнын
толықтырған ХV ғасырдың тамаша перзенті неміс өнертапқышы  Иоганн  Гутенберг
(1406-1468).
      Полиграфиялық процесс белгілі бір баспа формасын, пішінін мәтін немесе
суретті  бұлардың  таңбасын  түсіретін  материалға,  айталық,  қағаз  бетіне
көшіруді көздейді. Бұлайша  таңба  түсіру  түпнұсқаны  айнытпай  қайталайтын
форма (пішін) бейнесін көптеп, көбейтіп басып шығаруға жағдай жасайды.
      Пішіннің  таңба  түсетін  шығыңқы  және   түспейтін   ақтаңдақ,   ойық
учаскелері болады. Таңбасы түсірілетін участокке  тиісті  баспаханалық  бояу
жағылады да қысым күшімен қағазға басылады. Таңба түскен  қағаз  оттиск  деп
аталады. Баспаның бұл түрін шығыңқы баспа (высокая печать) дейміз.
      Шығыңқы баспа формасын жасауға алғашында ағаш  формасы  жұмсалды.  Ұшы
өткір  металл  сайманы  көшегімен  түсірілуге  тиісті  форма   ойып,   қашап
түсірілетін. Мұндай тәсілді ксилография немесе  ағаш  грвюрасы  деп  атайды.
Шығыңқы баспа тәсілін атақты неміс өнертапқышы Гутенберг  қағаз  материалдың
өзгешеліктеріне  қарай  ыңғайлап,   жетілдіріп,   баспа   станогын   жасады.
Гутенбергтің негізгі табысы бұл емес, басқа тәсіл.  Атап  айтқанда  –  терім
формасынан мәтінді жаңғыртып көбейту тәсілін ойлап тапты.
      Осы  тәсіл  арқасында,  біріншіден  -  баспа  формасын  жасау   жұмысы
әлдеқайда  жеңілдеді.   Бұл   форма   алдын   ала   терілген   элементтерден
материалдардан түзілетін болған.
      2-ші Терім жіберілетін қатені түзету жолын  оңайлатты.  Формадан  қате
кетсе, түзету қиын емес. Қате түскен әріпті (литераны)  дұыс  дегенімен  оп-
оңай ауыстырасың. Ксилографиядан  қате  жіберілсе,  жұмысты  басынан  бастап
қайта істеуге тура келер еді.
      3-ші Терім жазу ісін бір қалыпқа түсіріп, түпнұсқаны айнытпай,  қандай
болса, сондай етіп жеткізуге мүмкіндік берді.
      Гутенберг алғашында шрифтілерді ағаштан жасап көрген, кейіннен  шрифті
металдан құйды. Арнайы баспаханалық құйма ойлап тапты. Металдарды  әр  түрлі
қасиеттеріне қарай пайдаланды. Гутенберг баспа  станогын  ойлап  тапты.  Оны
литера құятын тәсіл иесі деп атайды.
      Баспа кітап-күллі баспасөз атаулының атасы. Газет, журналдардың  шығуы
жылжымалы литерасыз, баспаханасыз бояу  мен  баспа  пресінсіз  мүмкін  емес.
Газет Еуропада Гутенбергтің «В4-2»  деп  аталатын  «Інжіп»  кітабынан  кейін
ХҮІІІ ғасырдың басында пайда болды. Ресейде алғашқы баспа газет  «Ведомости»
Петр 1 тұсында, 1702 жылы дүниеге келген.

Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922
2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926
3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999
Қосымша:
   1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981
   2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971
   3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986
   4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929
   5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994

6 - дәріс.
   Кітаптану ғылымының  функционалдық, қызметшілдік тұжырымдамасы
     1 Басылым типологиясы
     2  Кітаптану ғылымында қызметшілдік тұжырымдамасы(функционалдық
тұжырымдама)

      Кітап туралы ғылым тараулары кітапқа ғана емес,  кітап  ісіне  қатысты
мәселелерді де назарынан  тыс   қалдырмауы  тиіс.  Кітап  тарихын  жазушылар
көбінесе кітап тақырыбының, проблематикасының қасынан ұзап  шықпайды.  Ондай
жағдайда кітап тарихынан гөрі оның библиографиясына көбірек ұқсайды.
      Кітап пен  кітап  ісін  зерттеу  соңғы  жылдары  оқырмантану  ғылымына
ұқсады. Бұл заңды  нәрсе.  Ал,  60-шы  жылдары  кітаптану  құрамындағы  жеке
салалар қарышты  дамыды.  Бұлардың  әр  қайсысы  өздерінше  «кітап»  секілді
іргелі категорияның анықтамасын табуға тырысты. Әр сала, кітап  үшін  қызмет
етті. Бірақ, әр  сала  кітап  анықтамасын  өзіне  бейімдеді.  Мысалы:  Алиса
Александровна Беловицкая өзінің «Общее книговедение» кітабында кітап  білімі
салаларынан  редакциялық  баспагерлік  саланы  бөліп  қарастырған.  Редакция
талқылауынан өткен кезде ғана  шығарма  қолжазбасы  кітапқа  айналады.  Онда
кітап өзінің бет-әлпетін толық айқындайды,  нақтылы  оқушысын  табады,  яғни
оқырман типін белгілейді.
      Осыдан барып басылым типологиясы деген ұғым туады. Кезе  келген  кітап
белгілі  бір  оқушылар  тобына  арналуы  тиіс.  Мұны   кітаптану   ғылымында
қызметшілдік тұжырымдамасы деп аталады.(функционалдық тұжырымдама).
Кітаптану проблемеларына арналған 1974 жылғы Бүкілодақтық   конференцияларда
қызметшілдік тұжырымдама кеңес ғылымының үлкен жетістігі болып бағаланған.
Кітап оқырманға қызмет етеді.  Кітаптану  ғылымы  зерттейтін  мәселелер  сол
оқырман талап-тілегіне байланысты болу  керек.  Кітапты  оқырманмен,  ондағы
ақпаратты тұтынушымен  байланыста  зерттеу  –  қызметшілдік  (функционалдық)
әдіс  осы  талаптарға  негізделді.  Кітаптану  ғылымының   жалпы   теориялық
проблемелерын шешуде белгілі кітаптанушы А. И. Барсук елеулі еңбек етті.  Ол
кітаптың төмендегідей жалпы анықтамасын береді. «Кітап – бұл  қолжазба  және
баспа шығармасы, немесе екеуінің жиынтығы болып табылады. Кітап  –  қоғамдық
сана туындысы, қоғамның идеялық-рухани өмірінің жемісі, идеологияның  барлық
түрлерін,  (саяси,  көзқарас,  ғылым,  мораль,  т.б.)  тарату  және   дамыту
құралдарының  бірі,   әлеуметтік   күресті,   тәрбиені,   қоғамдық   пікірді
қалыптастыру құралы, ғылыми және техникалық прогресс қаруы).
Кітаптың нақтылы оқырманға қызмет  етуі  тұрғысынан  оның  жеке  қасиеттерін
ғана мөлшерлеп айтуға болады. Мысалы, белгілі бір  кітап  басылымынң  немесе
шығарманың  кімге  арналып  отырғандығын,   әлеуметтік,   таптық   қызметін,
идеологиясын зерттеуге мүмкіндік ашады.

Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922
2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926
3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999
Қосымша:
   1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981
   2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971
   3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986
   4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929
   5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994

7 - дәріс
Жүйелі типологиялық тұжырымдама
   1
   2
      Дүниедегі құбылыстардың барлығы бір-бірімен байланыстағы  бір  жүйеден
тұрады. Олар бірінен-бірі туындайды, бірінің орнын бірі басады,  бірі  өшсе,
екіншісі жанады. «Жүйе»,  «жүйелілік»  ұғымдары  осы  диалектика  заңдарының
нақты  көріністерінен  табылады.  Табиғат  пен  қоғам  дамуы   заңдылықтарын
тексеретін ғылымдар да  бір-бірімен  тығыз  байланыста,  жүйе-жүйемен  дамып
өркендейді.
      Жүйе дегеніміз тұтастық белгісі. Белгілі  бір  құрылымның,  құбылыстың
бір-бірімен тығыз байланысты мүшелерден, компоненттерден тұратындығы.
      Жүйесіз ғылым жасалуы мүмкін емес. Адам білмегенін білгісі, көрмегенін
көргісі келеді. Не мәселенің ақиқатын іздейді. Сол тұрғысында  ол  білгенін,
тапқанын  келтіруге,   азды-көпті   білімін   жүйелеуге   кіріседі.   Жүйеге
келтірудің бір амалы  кездейсоқтықтан  арылу.  Ғылым  соңғы  нәтижеге  көңіл
бөледі. Құбылыстардың ортақ принциптері мен заңдылықтарын  табуға  тырысады.
Ғылым дегеніміз жүйеге келтірілген білім.
      Жүйе дегеніміз белгілі бір құрылымның, құбылыстың  бірімен-бірі  іштей
тығыз байланысты., бірінсіз бірінің  күні  жоқ  компоненттерден  тұртындығын
және осылардың тұрақты байланыстығы жаңа сапаға  көтерілгендігін  білдіреді.
Жүйенің сапасы оның барлық мүшелерінің жиынтық сапасына тепе-тең  емес  және
сол мүшенің әрқайсысының сапасын қайталамайды.
      Жүйенің өзі (система) қосалқы жүйеден  (подсистеме)  яки  белгілі  бір
компоненттерден тұратын болса, дәл сондай құрылым  қосалқы  жүйеге  де  тән.
Сондықтан  жүйені  тұтастай  зерттеудің  мәнісі  қосалқы   жүйені   тұтастай
зерттеудің мәнісі қосалқы жүйені де талдау деген сөз.
      Кітаптану – тұтас, жүйелі ғылым. Ол кітап және кітап  ісін  зерттейді:
баспагерлік іс, кітап өнері, кітап саудасы, кітапхана, библиогрфия  салалары
кітаптану жүйесінің қосалқы жүйелері болып табылады.
      Кітап дегеніміз белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік информацияны жеткізуші
құрал. Адамдарға бір-бірін біліммен байытудың,  әлеуметтік  қатынасты  жолға
қою тәсілінің ең ұтымды  түрі.  Адамдар  қоғамдық  –  практикалық  қызметіне
керекті әлеуметтік мағлұматтарды негізінен кітаптан іздейді.
      Кітапқа  жүйелі  көзқарас  дегеніміз  сол   әлеуметтік   информацияның
оқушысына  барар   жолын   қадағалау,   зерттеу.   Қызметшілдік   қиысушылық
тұжырымдамалары  кітаптану  салаларының  арасындағы  тұрақты   байланыстарды
ашуда үлкен  рөл  атқарады,  жаңа  ғылымның  өрісін  кеңейтті.  Кітаптану  –
кешенді ғылым. Жүйе, құрылымы күрделі. Өз алдына бөлек,  бірақ  бір-бірінсіз
күнелте алмайтын іштей тығыз  байланысқан  тұтас  жүйе.  Ал  осы  тұрақтылық
байланыстан туатын тұтастық жалпы кітаптануды  жаңа  сапаға  көтереді.  Жаңа
сапаға көтеретіні – кітаптану өз жүйесіндегі ғылымдардың жай қосындысы  емес
және  сол  ғылымдардың  біреуінің  де  қайталамасы  емес.  Жүйелі   көзқарас
дегеніміз, міне, осы жаңағы сапалы тұтастық.
      Қазіргі  кезде  кітаптану  ғылымының  негізгі  әдісі  ретінде   жүйелі
типологиялық әдіс қолданылуда.
      Кітаптанудың жүйелі  –  типологиялық  әдісі  тірек  қылатын  үш  негіз
мыналар:
1. Кітап және кітап ісі жүйелі, сатылы құрылымнан тұрады.
2. Бұл жүйенің өзі басқа, өзінен  жоғары  жүйенің  буыны.  Жоғары  жүйе  деп
отырғанымыз – табиғат пен қоғамда  объективтік  өмір  сүретін  информациялық
процесс.
3. Кітап және  кітап  ісі  тұтас  жүйе  есебінде  қоршаған  шындық  дүниемен
айрықша байланыста дамиды.
      Кітаптанудың жүйелі – типологиялық әдісін  біз  оның  объектісі  кітап
және кітап ісін ғылыми басқару жолдарын белгілеуде пайдаланмыз.
       Бұл тақырыптың  әңгімесін  өткен  тарауларда  бастағанбыз.  Кітаптану
дегеніміз кітап және кітап ісі туралы кешенді ғылым дедік.  Осы  анықтаманың
өзінен-ақ кітаптану ғылымының нені зерттейтінін, тұтас жүйесін аңғарамыз.
      Кітаптану ғылымының туу, қалыптасу жолы оңай  болмағандығын  біз  оның
тарихынан жақсы білеміз. Ғылымның зерттеу аймағын аныктау,  ана  жер,  мына
жер-ден өз алдына отау тіккен, бірак іштей туыстас, арнасы бір  дара  пәнді
ғылымдарды ортақ шаңырақ  астына  жи-нау  оңайға  түскен  жоқ.  Үлкен  өзен
теңізін таппай тын-байды. Сол секілді үлкен білім тармақтары кұяр  жүйесіне
карай ұмтылады. Бүл — объективтік процесс. Яғни жоғарыда сөз етілген жүйелі-
типологиялық әдіс ғылым-ның даму заңдылыктарынан туып табиғи калыптаса бас-
тайды деген сөз.
      Жүйелік түтастыкка үмтылу кітаптануға ғана тән емес. Барша  ғылым  осы
жолдан өтті. Оған ғылымтану тарихы анық айғак. Табиғат  және  коғам  туралы
ғылы-ми білімдерді топтастыру, жүйелеу  бағытындағы  өрекет  өсіресе  XVIII
ғасырда кеңінен өріс  алды.  Нешеме  алуан  шашырап-бытыраған  мағлүматтар,
қағидалар, ілімдер жіктеліп, жүйеленіл келіп тоғысуынан білім  ғылымға  ай-
налды.  Өз  алдына  зертгеу  болмаса  да,  зерттеу  жемісгерінің   казыналы
қоймасына бара-бар энциклопедия жасау иде-ясының дәл сол XVIII ғасырда тууы
әбден заңды еді. Соның нәтижесінде ғылымдардың бір-бірімен іштей бай-ланысы
ашылды, олардың кайсыбіреулерінін сағасы нда жаңа ғылымдар туып дамыды.
      Кітаптаптану ғылымы өз тарихынын өн бойына өз  салаларында  жинақталып
қорытылған ғылымдардың басын біріктіруге,  оларды  жіктеп  жүйелеуге,  ортақ
заңды-лықтарын табуға тырысты. Өз зертгеу объектісін,  яғни  нені,  ғылымның
қай   саласын   зертгейтіндігін,   пәнін,   кұра-мын   (состав),   кұрылымын
(структура), өдістерін анықтапалуға қмтылды.
 Кітаптану ғылымының калай калыптасқаны алдынғы  тарауларда  егжей-тегжейлі
көрсетілді. Әуелі кітаптану  практикасында  эмпирикалық  білім  жинак-талды,
нактылы кітаптану салалары әр жақты тексерілді, содан барып белгілі  кезеңде
кітаптану ғылымы бой тү-зеді.
      Енді кітаптану ғылымы жаңа сапалы негізде дамуда. Ол философия,  жалпы
ғылым заңдарына сүйенеді. Оның тағы да бір қозғаушы күші — арнайы,  салалық
кітаптану ғылымдарының жетісіктері. Сонымен бірге  жеке,  арнайы  кітаптану
пәндері жалпы кітаптану ғылымы теориясы-ның жемістерінен нәр алады.
   Кітаптану — кешенді, жүйелі ғылым.  Онын  кұрамы-на  көптеген  жеке  дара
кітаптану пәндері енеді. Солардың басты-бастыларынан  төмендегідей  негізгі
төрт жүйеге тоқталамыз:
 * Кітап баспагерлік білімі жүйесі.
 * Кітап саудасы білімі жүйесі (библиополистика).
 * Кітапхана білімі жүйесі (кітапханатану).
 * Библиография білімі жүйесі (библиографиятану).
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922
2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926
3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999
Қосымша:
   1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981
   2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971
   3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986
   4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929
   5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994

8 -Дәріс. Кітап музейі.
      Кітап – қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы,  мәдениеттің
қайнар  бұлағы,  оның  өзекті  саласының  бірі.  Рухани  мөлдірліктің,  биік
парасаттың, асқақ адамгершіліктің, арқалы ойдың қоймасы.  Кітап  арқылы  біз
өткенге көз жібереміз, одан  қымбат  мұра  жинаймыз,  тәжірибеге  кенелеміз.
Мінеки, осынау кітаптың қалыптасу, даму тарихы өте күрделі.  Ежелгі  заманда
жазуды қыш  текшелеріне,  тақта  тастарға  таңбалайтын  болған.  Ал,  біздің
заманымыздан бұрынғы  25-ғасырда  қыш  текшелердің  орнына  қамыс  (папирус)
қолданылған. Содан соң біздің заманымыздан  бұрынғы  2-ғасырда  тері  жарғақ
(пергамент) қолданыла бастайды. Бертін келе біздің заманымыздың  1-ғасырынан
бастап, түптелген, парақты  бүктеме  кітап  дүниеге  келді.  Қадым  замандар
шежіресі, міне осындай ғажап сыр шертеді.
       Кітаптың  сан-салалы   жасампаздық  мән-маңызы  ғылыми-зерттеу   және
мәдени-ағарту мекемелерінің қызметтерінен айқын көрінеді.  Солардың  бірі  –
Қазақстанда  1978  жылы  20  қазанда  ашылған  Республикалық  кітап  музейі.
Музейдің  әр  тарапты  жұмысында  оған  бірегей   кітапқұмарлар,   ғалымдар,
жазушылар, баспагерлер ұдайы көмек көрсетіп отырады. Музейдің алтын  қорында
белгілі ғалымдар меншігінде болған көптеген басылымдар бар.
   Кітап музейінің ашылуы Қазақстанның мәдени және рухани өміріндегі  елеулі
оқиға болды. Біршама қысқа  мерзімнің  ішінде  музей  өзін  біздің  егеменді
мемлекетімізде ғана емес, сонымен бірге одан  тысқары  жерлерге  де  кеңінен
мәлім етті. Музей экспозициясын қазірдің  өзінде  Достастық  мемлекеттерден,
алыс шетелдерден келген қонақтар аралауға  мүмкіндіктер  жасалған.  Музейдің
кітап сақтау бөлімі түрлі басылымдармен жылма-жыл толықтырыла  түсуде.  Оның
бес қоры бар. Негізгі қорда Қазақстан баспалары шығарған  әдебиеттің  барлық
түрлері мен жанрларын қамтитын сан мыңнан астам кітап сақтаулы.
       Музей  босағасынан  аттаған  бетте  алғашқы  залдың  бүкіл  сол   жақ
қабырғасын  алып  тұрған  электрлендірілген  карта   орналастырылған.   Онда
Қазақстанның  кітап   баспаларының,   полиграфия   кәсіпорындарының   желісі
көрстеілген. Ол картаға  қарап республикадағы кітап бастыру  ісінің  қазіргі
жайы туралы түсінік алуға болады.
      Қазір Алматыда мемлекеттік 12 баспа бар. Олар – «Қазақстан» (қоғамдық-
саяси, ғылыми-көпшілік, өндірістік-техникалық, анықтама әдебиет).
    «Жазушы» (көркем әдебиет,фольклор мен әдебиеттану).
   «Рауан» (мектептерге арналған оқу-педагогикалық басылым).
   «Жалын» (жастар әдебиеті).
   «Өнер» (музыка мен өнер жөніндегі кітаптар).
   «Қайнар» (ауылшаруашылық  әдебиеті,  кейінгі  жылдары  аспаздық  кітаптар
шығаруда).
   «Ғылым» (ғылыми басылымдар).
    «Қазақ  энциклопедиясы»,  «Ана  тілі»  (жоғары  және  арнаулы  орта  оқу
орындарына арналған оқу-педагогикалық әдебиет).
   «Қазақ университеті» (оқулықтар мен ғылыми әдебиет).
   «Балауса» (балаларға арналған кітаптар).
   «Дәуір» (республикалық газет-журналдар мен кітаптар).
      Музейдің қызметі түптеп келгенде еш нәрсемен айырбастауға болмайтын
құбылыс.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922
2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926
3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999
Қосымша:
   1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981
   2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971
   3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986
   4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929
   5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994

9 -Дәріс. Кітап баспагерлік білімі жүйесі.

      Кітаптың адам мен коғам өміріндегі  маңызын  жете  түсінген  елде  оны
әкімшілік саясаттың өктемдігіне  құрбан  етпейді.  Тілі  кісендеулі  кітап,
сайып  келгенде,  ғылым   өрісін   тарылтады,   елді   рухани   мешеулікке,
мәңгүрггікке әкеліп соқтырады.  Идеялық-саяси,  ғылыми  өрісі  кең,  ерікті
әдебиет жасау — әлеуметтік-экономикалық прогрестің басты шарттарының бірі.
             Ерікті  баспасөздің  және  бір  артықшылығы   —   жеке   адамды
мемлекетпен, тұтас әлеммен байланыстырады, дейді  Маркс.  Бұл  да  жаны  бар
сөз. Өзіңмен өзің болсаң, пікіріңді  елге  естіртіп  ашық  айта  алмасаң,  —
нағыз мола-сындай бақсының жалғыз  калдымға  ұшырауың  ғажап  емес.  Сонымен
бірге ел мұң-мұқтажын еркін білдіруге пұрсат берген мемлекеттің айтам  деген
сөзі үшін әр үйдің кұлағы түрік, жүрегі ашық.
      Соңғы жетпіс жыл бойы  Коммунистік  партия  өз  косемінің  нұсқауларын
мүлтіксіз  басшылыкка  алып  келді.  Ленин   газет,   журнал   т.б.   партия
ұйымдарының органына айналуы керек десе,  бұл  талап  асыра  орындалды.  Тек
партиялык баспасөз ғана емес, бүкіл бұкаралық  ақпарат  күралдары,  кітап  —
баршасы партиялық катаң басшы-лық, бақылауда болды. Баспалар, қағаз,  дүкен,
кітапхана атаулы қарамағына алынды.  Жазу-сызумен  айналысатын  каламгерлер,
әдебиетшілер партияға өтуі тиіс  десе,  тек  бұлар  ғана  емес,  суретшілер,
сазгерлер, киношылар, — өнер иелерінің бәр-бәрі  Коммунистік  партияға  мүше
болуга тырысты, мүшелікке алынбағандары  да  партия-ның  дегенінен  сыртқары
шыққан жоқ.
   Ресейдегі баспасөздің бір елі аузына екі елі кақпақ қойылғаны рас.  Бірак
сол кесапат патшаның тактан түсуімен тиылды ма?
      Сүрақтың жауабын өмірдің өзі кайтарды.  1917  жылғы  Ақпан  мен  Қазан
төңкерістері  аралығындағы  бостандық  ауасын  енді  жұтам  деген  баспасөз
Кеңестің алғашкы кезінен-ақ тұншыға бастады. Самодержавие түсында
коммунистік  идеология  қуғынға  ұшыраса,   енді   буржуа-зиялык   идеология
дейтінге ымырасыз күрес жариялан-ды. Партиялык принцип күллі  ойлау,  сезіну
жүйесінің казығына, бұлжымас принципіне айналды.
      Баспа академиясы жанында Оқу-методологиялық бірлестік (УМО)  құрылған.
Ол салалас оқу орындарын оқу  багдарламасымен,  оқу-методикалық  қүралдармен
кам-тамасыз етеді. Қазіргі кезде Баспа академиясы оқулық-тардың  жаңартылган
нұскаларын әзірлеу үстінде.
   Маман кадрлар даярлауда  Мәскеу,  Санкт-Петербург,  Саратов,  Новосибирск
калаларындағы  кітап  саудасы  тех-никумдары  айтарлыктай  жұмыс   атқаруда.
Мәскеу техни-кумы жуықта колледж статусына  көтерілді.  Мұнда  эко-номикалык
және  бухгалтерлік  пәндердің  сағаты  көбей-тілді.  Мақсат   —   товаровед-
бухгалтер  мамандарын  даяр-лау.   Енді   менеджмент,   өндіріс   басшыларын
өзірлемек.
      Кітап ісіне ғылыми басшылық  жасау  дегеніміз  маман  кадрлар  даярлау
жөніндегі  алдынғы  қатарлы  елдердің  тәжірибесін   іске   асыру   жолдарын
іздестіру деген сөз. Ресейдегідей көлемде  болмаса  да,  Қазакстанның  кітап
және кітап ісін болашакта ғылыми  негізде,  биік  профес-сионалдык  дәрежеде
жүргізетін білгірлер  даярлау  «әлі  көрерміз»  деген  сиякты  арқаны  кеңге
салушылыкты көтермейді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922
2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926
3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999
Қосымша:
   1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981
   2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971
   3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986
   4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929
   5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994

10 -Дәріс.  Кітапханатану білімі жүйесі.
      Кітаптануға шектес, жапсарлас ғылымдар дегенде тексеру объектісі  мен
пәні жөнінен ішінара ұқсас,  бірінің  зерттеу  нәтижелерін  екіншілері  іске
жарата  беретін  ғылымдарды  бөліп  атаймыз.  Кітаптанумен  мұндай  шек-тес,
туыстас ғылымдар аз емес. Мысалы, кітап өнері, окырмантану  т.  б.  салалар.
Осының алдындағы тарауда бұларды біз кітап ісі  білімі  жүйесіне  косқанымыз
жоқ. Қоспауымыздың себебі кітап өнері ғылымының теория-лык моделі екі  ұдай.
Ол кітаптану ғылымынын да, өнер-тану ғылымының  да  зертгеу  объектісі,  яки
оны екі ғылым-ның екеуі де зерттейді.
   Кітіп өнері  хақында  ғылыми  еңбек  көп  жазылды.  Олардан  ауызға  жиі
алынатындары — А. А. Сидоровтың «Исторйя оформления русской  книги»  (1946),
«Русская графика начала XX века», В. Н. Ляховтың «Очерки  тео-рии  искусства
книги»  (1.971)  атгы  еңбектері.  Ал  осы  екі  ғалымның  екеуінің  аталған
кітаптары кітаптану мен өнертануға артық-кемі  жоқ  бірдей  қатысты.  В.  Н.
Ляхов — өнертану ғылымының докторы.  Солай  бола  түрса  да,  оның  кітаптың
теориялык моделі туралы  анықтамасы  кітаптану  ғылымы  талаптарына  да  сай
келеді
      Жалпы кітаптанудың теориялык моделі бойынша,  «кітап  дегеніміз  кітап
ісіндегі кітап».  Кітаптын  теория-лык  моделін  көрсету  үшін  әрдайым  бұл
қағиданы толық айтып шығу мүмкін емес. Ляхов «кітап —  адамдар  каты-насының
құралы  бүқаралық  информация  каруы.>  деген-де,  бұл   анықтамасын   жалпы
кгаптану денгейілен жасап отыр.  Мүнда  кітап  белгілі  бірөндіріс  нәтижесі
есебінде көрсетілген. Ал нотижеге бар процестің бөріи, кітаптың қандай саты-
салалардан өтетіндігін кіргізудің еш қажеті жоқ.


Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922
2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926
3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999
Қосымша:
   1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981
   2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971
   3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986
   4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929
   5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994

11 -Дәріс.  Кітаптану білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны және басқа
ғылымдармен байланысы.
          Ғылым атаулы  шартты  түрде  үш  топқа  бөлінеді.  Біршші  тобына
 жаратылыстану  гылымдары,   екіншісіне   коғамдық   ғылымдар,   үшіншісіне
 техникалық ғылымдар жатады. Кітап  осылардың  бәріне  ортақ.  Объективтік,
 субъективтік дүниеде кітапта жазылмайтын тақырып іс жүзінде жок.
      Кітап — коғамдык. күбылыс. Ол коғам дамуының белгілі сатысында  дамып,
өркендеді. Кітаптану гылымы сол рухани дүние жемісінін қоғамда алатын  орны
мен рөлін көбірек тексереді, солардың заңдылықтарын ашып отырады. Сондыктан
ол қоғамдык ғылымдар тобына жа-тады.
 Бұдан кітаптану жаратылыстану ғылымдарынан окшауланады деген үғым тумайды.
Жаратылыстану мен коғамтану ғылымдарының ортак белгілері  көп.  Қазір  ғылым
атаулы тікелей  өндіргіш  күшке  айналып  отыр.  Ол  өндіріспен  қоян-қолтык
ынтымак жасап, оған жаңа  идеялармен  дем  салғандай,  үнемі  алға  жетектеп
отыра-тын  құралға  айналған.  Ендігі  прогрестің  карқыны  ғылым,  техника,
өндірістің өзара ықпалына байланысты. Қолжазба  және  баспа  кітабының  туу,
қалыптасу,  өркендеу  процестерін  зерттегенде  кітаптану  тарих  ғылы-мының
деректерін кең пайдаланады. Кітап тарихы — сол кітапты  туғызған  және  соны
оқып үйренетін бүкіл адам-заттың және әр ел халкының  тарихы.  Демек,  кітап
тари-хын жаһан және ел тарихынан бөліп алып қарауға бол-майды.  Бүл  —  бір.
Екіншіден, тарих ғылымының  мағлұматтарын  кітаптану  пайдаланса,  кітаптану
салала-рыньң тапқан жаңалықтарына тарих ғылымы  молығып  отырады.  Кітаптану
өз  ізденістерінде  археология   мағлұматтарына   көз   жібереді.   Айталык,
шрифтология деп аталатын кітап өнерісаласынын бірі өзі  шыккан  тегін  таска
ойылып жазылған не пергаментте калған таңбалардан іздестіреді. Оның  есесіне
шрифтологияның табыстарына археология ғылымы ортактасады.
      Кітаптану, әсіресе оның редакциялық-баспагерлік саласы логика ғылыммен
үштасып отырады. Сондпй-ақ тіл білімімен тығыз байланысты. Логика  —  ойлау
злндары мен нысандары турялы ғылым. Ал ойлау тіл арқылы жарыққа шығады. Тіл
мен  ойлаудың  өзара  катынасы   тіл   білімі   мен   логиканы   дәнекерлеп
байланыстырады. Кітаптану осы кос  ғыльшның  жетісетістіктерін  практикалык
стилистика, жалпы тіл ұстарту,  кітапты  тіл  жағынан  мәдениетті,  сауатгы
шыгаруға пайдаланады. Автордың бәрі бірдей  айтайын  деген  ойын  дәлме-дәл
етігі кагаз бетіне түсіре бермейді. Кейбіреуі ойын шашыратып  алады,  бірді
айтып бірге кетеді. Кайсыбірі тілге олақ. Редакциялау ісінің  теориясы  мен
практшсасы атты курс тілдік катего-риялар ерекшелігі мен бірлік  түтастығьш
жетік білуге баулиды.
Ктаптану ғылымы тіл білімінің және бір  жүйесі  —  семиотикамен  байланысты.
Бұл жерде ол тілмен оның коммуникативті рөлі жағьшан  жанасады,  танбалардын
жалпы теориясы туралы ғылым — семиотикамен байланыска түседі.
           Жалпы кітаптану ғылымы философиямен іштей байлаысты. Философия
дегеніміз табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдары туралы ғылым.
   Одан кітаптану үнемі нәр алып отырады. Барша құбылысты өзара байланыста,
қозғалу,  өзгеру,  даму  тұрғысынан  зерттейтін  диалектийка   заңдылықтарын
мүлтіксіз басшылықка алады. Жоғарыдағы  тексерулерден  көзіміз  жеткеніндей,
кітап құбылысынын сыртқы байланыстарын  есептемегенде,  оның  сала-саласынын
өзі де бір-біріне байланысты, шарттас. Міне, осы кітап пен кітап ісін  іштей
өзара тығыз байланыста  саралағанда,  кітап  салаларын  бір-біріне  тәуелді,
бірінен бірі туындайтын  құбылыстардың  жиынтық  жүйесі  есебінде  қарағанда
ғана кітап табиғатын толық танып білуге болады.
      Кітаптану  негіздері  —  университетіің   журналистика   факультетінде
өтілетін  теориялык  жөне  методологиялык  пән.  Бұл  пәннің  алдына  қоятын
максаты мен міндеггері қандай?  Оны  игеруді  неден  бастауымыз  керек?  Кай
мөселеден бастаған дұрыс сабақты? Сауалдың жауабы сол  —  алдымен  кітаптану
ғылымының негізгі объектісі — кітаптың адам мен қоғам  өміріндегі  орны  мен
рөлі тұра-ды мөселенін басын ашып алуымыз қажет.  Мұның  өзі  түсінікті  де.
Кітап жайында гасырлар бойы түзілген сан қилы қашдаларды, байламдарды  екшеп
қорыту арқылы рана кітаптану ғылымы үгымдары мен  терминдерін,  оның  басты-
басты  теориялык  һәм  методологиялык  мөселелерін  талдап  тарактауга   кең
мүмкіндік, нақтылы жол ашыла-ды.
      Кітап туралы, оның қоғамдық, әлеуметгік кұбылыс  болып  табылатындығы,
коғам мен адам өміріндегі кызметі жөнінде  бұрын-соңды  айтылған  пікірлерді
теріп, жинак-гаған басылымдар баршылык.  Солардан  студенттер  «Хрес-гоматия
по истории русской книги.  1564—1917».  М.,  «Кни-томатияда.  1965),  «Учись
работать с книгой»  («Молодая  гвардия»,  1961)  деген  кітаптарды  парақтап
шығуларына болады.
      Енді бір есте болатын мәселе — біз кітаптану ғылымынан басқа ілімдерді
жат деп аластап шықтық. Мыса-лы, діни көзқарас мүлде  есепке  алынбады.  Бір
ғана дүниетаныммен шектелген  адам  ойлаудан  калды,  жаттап  алған  бірнеше
кдғидаларға тұсалып, карилікке, догмат-шылыкка ұрынды. Ал  діннің  де  кітап
жөнінде айтары мол.
      Кітап дегешміз не? Бұл сұраккқа толыққанды жауап  қайтаратын  анықтама
түзу қиын. Кітаптың бұрын-соңды жасалған анықтамаларын  талдау  бұған  айқын
дәлел. Кітаптанудың өзі және оның салалары тұрғысынан  жасалған  анықтамалар
негізінен дұрыс, шындыққа қайшы келмейді  десек  те,  бұл  кұбылыстың  барша
кадыр-қасиетін,  белгі-сипатарын  толық,  жан-жакты,  жеріне  жеткізе   кам-
титындай қағида жасау  мүмкін  емес.  Кітаптың  мөні  жөне  оның  әлеуметтік
кызметі жөнінде талдап шешілген пікірлерді, қағидаларды  бір  тұжырымның  не
анықтама-ның  кауызына  сыйғызбай-ак,  ретін  тауып  жүйелеу  әбден  мүмкін.
Жүйелегенде, мұның мәнісі — тексеріліп  отырған  объектінін,  яғни  кітаптын
бар қасиетін, белгі-бедерлерін жіпке тізе беру дегендік емес. Одан  пәлендей
нөтиже шықпайды.

Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922
2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926
3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999
Қосымша:
   1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981
   2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971
   3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986
   4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929
   5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994

12 -Дәріс.   Кітап және кітап ісінің материалдық, экономикалық негізін
нығайтып, байытып отыру.
      Кітаптану ғылымы үлкен  тарихи  жолдан  өтті.  Кітап  және  кітап  ісі
тарихын, теориясы мен методологиясын зерттеу барысында ол  қыруар  материал,
фактілер жинақтады,  теориялық  ізденістерін  тереңдетті,  ғылыми  әдістерін
жетілдірді. Тамшыдан бұлақ, бүлақтан өзен  құралатыны  секілді,  ой-пікірлер
жалғаса, ғылыми айтыс-тартыс дүкенінде шыңдала, қордалана келе, кітап  тура-
лы мол ғылым бас қүрады. Кітаптану тарихы дегеніміз кітап  туралы  білімнің,
міне, осы туу, қалыптасып өсу, өркендеу жолдарын тексереді.  Пәні  кітаптану
білімінің жасалу процесіне  үңілуді,  жетекші  заңдылықтары  мен  бағыттарын
айкындап түйіндеуді көздейді.  Кітаптану тарихы ғылымының  міндеті  зор.  Ол
ең ал-дымен кітап білімінің тарихы, теориясы мен  методологи-ясы  арасындағы
диалектикалық байланыстарға тереңдеп үңілуге тиіс. Қандайда ғылым  қараңғыда
қармалап қалғысы келмесе, өз теориясы мен методологиясын жа-сап алуы  керек.
Теориясыз — практика, практикасыз — теория  тұл.  Ал  теория  мен  өдіс  сан
ғасырлар бойғы ізденістер тәжірибесінен кұралатыны мәлім. Қазіргі  кітаптану
осы орасан төжірибеге сүйене отырып,  өз  саласындағы  білім  қорын  жүйелеу
ісін жетілдіруде, тео-риялық кағидаларын бүгінгі талаптар  деңгейінен  қайта
карап дамытуда, кітап туралы  ғылымның  ерекшеліктерін,  кітаптың  адам  мен
коғам өміріндегі рөлі мен қызметін айқындай түсуде.
      Кітаптану  тарихы  —  кітап  туралы  ғылымның  күрам-ды  және  маңызды
бөлімдерінің бірі. Ол  басқа  ғылымдар  сияқты  қоғамдык  практикаға  қызмет
етеді, нақты айтқанда  кітап  және  кітап  ісін  ғылыми  басқару,  кітаптану
ғылымын жаңа белеске шығару мақсатына жегіледі.
      Кітап әлемдік экономикалық және  мәдени  дамудың  ішкі  қажеттілігінен
туды. Кітап  өндірісі  өнеркөсіптің  үлкен  тармағына  айналды.  Кітап  саны
көбейген сайын оны реттеу, жүйелеу қажетгігі күшейе түсті.  Оны  адам-дардың
рухани  талаптарын  неғұрлым  тиімді  өтеу  міндеттеріне  жұмылдыру  жолдары
зерттелді. Сөйтіп кітаптану ғылымының табантасы қаланды. 1778  жылы  Австрия
библиографы Михаэль Денис  (1729—1800)  «Кітаптануға  кіріспе»  деген  еңбек
жазды. Тақырыбынан көрініп тұрғанындай,  ол  жаңа  ғылымға,  оның  мазмұнына
сәйкес терминді дәл тапты. Ол «библиография» ұғымын кең мағынада  қолданады.
Бүл пәнге қосымша диплома-тика, типографика, ісітаптану  пәндерін  енгізеді.
Яғни әуел бастан-ақ кітаптанудың қүрама сипатты, кешенді (комплексті)  ғылым
екендігі дүрыс  анықталады.  Фран-цуз  ғалымы  Рошель  «Библиография  ғылымы
туралы ой-лар» деген еңбегінде (1782), жаңағы түсінікке ұқсас пікір  айтады.
Ол  библиографияны  екі  тармаққа  бөледі  де,  біріншісіне  «тарихи-әдеби»,
екіншісіне баспахана өнері са-лаларын жатқызады.
      Ендігі бір француз ғалымы Пеньо (1767—1849)  кітаптану  ғылымы  орнына
қолданылып жүрген библиог-рафия  терминіне  қосымша  «библиология»  терминін
ғылы-ми айналымға енгізді. Өзінің «Библиология жөніндегі түсіндірме  сөздік»
(1804)  кітабында  библиография  ғылы-мының  теориясы  болуға  керек,   мұны
зерттейтін саланы «библиология» деп атаймыз,бүл пән «бір  жүйеге  түсірілген
адамзат білімдеріне талдау жасайды... адамзат ойы та-быстарының  әр  қадамын
қадағалап,  жазба әлемі
шежіресін»деген.
       ХVШ ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың бірінші  жарты-сына  дейін  кітаптану
ғылымы библиографиялық сипат алып келді.  Кітаптану  жүйесіне  библиография,
типогра-фика, кітапханатану, жазу тарихы ғылымдарын қосып зерттеген.  В.  Г.
Анастасевич  библиология  мен  библиогра-фия  теориясының   арасына   теңдік
белгісін қойып, оның жүйесіне кітап тарихы, баспагерлік іс,  кітап  саудасы,
кітапханатану,  палеография  (жазба   ісі),   архивтану   секілді   пәндерді
енгізді.
      Кітаптану философиясы дегеніміз міне, осы кітап ту-ралы ғылым, оның
теориясы мен методологиясы. Ол кітап хақындағы біліміміздің жүйесін
қүрайды. Кітаптың та-рихи фактор есебіндегі орны мен рөлін анықтайды. Ку-
фаев кітаптану ғылымы жүйесіне кітап философиясын, библиологияны, кітап
ісі, библиопсихология мен библио-социологияны енгізген.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922
2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926
3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999
Қосымша:
   1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981
   2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971
   3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986
   4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929
   5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994

13 -Дәріс.   Кітап және кітап ісінің  маман кадрларын даярлау.
       Кітап  және  кітап  ісі   өркендеген   сайын   оның   заңдыльқтарын,
 тәжірибесін,  қоғам  дамуында  атқаратын  рөлін  зерттеу  кажетгігі  күшейе
 түседі.
      Бастапқы кезде жаңа шықкан кітаптар тізімі беріліп жүрді. Одан соң қай
 кітап нені  жазғаны  хабарланатын  болды.  Библиография  деген  сала  туып,
 кітаптарға түсінік, сипаттама жасала бастады. Сипаггама  зерттеуге  ауысты.
 Бара-бара кітаптың өсу, өркендеу заңдылықтары  ашы-лып  айқындалды.  Осының
 нәтижесінде білім ғылымға айналды.
   Кітаптану — жас ғылым. Калыптаса  бастағанына  ары  кетсе  екі-үш  ғасыр
ғана. Ресейде XVII — XVIII ғасырлар-дан бері бас кұрай бастады.  Ал  қазакта
бұл ғыльмның іргетасы енді-енді қалана батағандай.  Ізденіс жұмыстары  жаңа-
жаңа колға алынуда. Сол ізденістерімізде біз  де  ал-дымен  Ресей  кітаптану
ғылымының даму тарихына зер саламыз. Оның себептері  тусінікті.  Біріншіден,
кай  елмен  де  тәжірбие   алмасу   артықтық   етпейді.   Екіншіден,   Ресей
менҚазақстантағдырлас.
     Отандас,  замандас  авторлардың  кітаптары  мазмұн,  про-блема  жағынан
орайлас, пікірлес келетіндігі заңды нәрсе. Сндыктан Ресей кітабы  мен  кітап
ісінің теориясы және практикасы, тарихы қазақ кітабына тікелей қатысты.  Оны
білу, зерттеу казақ кітабының өркен жаюына септік ететіндігісөзсіз.
      Кітап ғылымының үлкен орталықтарының бірінен са-налатын  Мәскеу  кітап
палатасы 1920 жылдан бері істейді. 1930 жылы  Кітап,  кұжат  және  жазбанама
мұражайы кұрылды. Кейін ол аттас  институтка  айналды.  1935  жылы  КСРО  ҒА
Тарих институтына косылды
  Кітапқа катысты барлық оқу орындарында  «Кітап  білміне  кіріспе»  (немесе
«Кітаптану  негіздері»,  «Жалпы   кітаптану»)   пәндері   оку   жоспарларына
енгізілді. Кітаптану ғылымы бойынша аспирантуралар ашылып,  05.25.04  шифрлы
мамандығы бойынша ғылым кандидаттары мен докторларын даярлау жолға қойылды.
       Республикамызда  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  әсіресе  кітап  саласында
кенже калып отыр.  Нарык  кыспағы  салдарынан  кітап  өндірісінің  өзі  күрт
төмендеп барады. Кітаптану  ғылымы  қалыптасқан  жағдайдың,  атап  айтканда,
кітап  дағдарысының  себептерін  ашып,  киын-дыктан  шығудың,   орын   алған
кемшіліктерді мүмкін кадарынша   жоюдың   тиімді   амалдарын   қарастыруы.
            1994 жылы мемлекеттік баспа орындары тарапынан 686 аталым  кітап
және кітапша шығарылды. Жалпы та-ралымы 14,4 миллион  дана  болды.  Оның  да
басым  бөлігі  (400  аталым)  оқу-педагогикалык  әдебиет.  Қазақ   кітабының
революцияға дейнгі және Кеңес дәуіріндегі тарихын  жазып  шығу;  соңғы  жыл-
дардағы кітап хақындағы кұжаттарды құрастырып, кітап не кітапша  етіп  басып
шығару; қазақ кітабы кай-раткерлері туралы жинак құрастырып жариялау.
       Кітаптану саласында істелетін жұмыстың бірінші ке-зекте  тұрғандары,
біздіңше,  төмендегідей:  бұрын  қалыптаскан  теориялық   мұраны   өзгерген
жағдайға сәйкес қайта карап, жаңаша қорыту; жалпы теорияны және баспагерлік
іс пен кітап саудасының теориясын,  тарихы  мен  методикасын  (өдістемесін)
талдап шешу; кітаптанумен шектес ғылымдардын бір-біріне  әсер  ету  сипатын
анықтау;  орыс  кітаптану  ғылымынан   ауыскан   терминология   тәржімесіне
байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізу, сөйтіп казак  тілінде  кітап  жүйесі
туралы  ғылымның  ка-тегориялық-үғымдық  жүйсін  жасау;   республикамыздағы
қолжазба  қорын   тексеріп   бағалау;   кітаптану   ғылымының   шет   елдік
тұжырымдамаларын шолып бағалау; оқыр-мантану ғылымын негіздеу;  кітап  және
ғыльми-техника-лық революция проблемасын талқылау.
       Баспагерлік іс саласында — казіргі  электрондық  тех-ника  негізінде
редакциялык-баспагерлік  процесті  қайта  құру  жолдарын  ғылыми  негіздеу;
баспагерлік репертуар мөселесін бүгінгі талаптарға сөйкес шешу ісін  ғылыми
жағынан саралау; баспа,  кітап  саудасы  және  полиграфия  салаларын  нарык
жағдайында  тиімді  жүргізу  шарттарын   қарастыру;   баспа   статистикасын
жетілдіру.
      Кітап саудасы саласьнда — ассортимент жүмысы мен еңбек ұйымдастырудың
экономикалык тиімді ғылыми негіздерін жасау; нарық  экономикасы  жағдайында
кітап  таратудың  және   таралымың   белгілеудің   әлеуметтік-эко-номикалық
өлшемдерін белгілеу;  ең  жаңа  коммуникаци-ялық  техника  негізінде  кітап
тарату ісін кайта күру жол-дарын ғылыми негіздеу;  жұртшылықтың  сатып  алу
қабілетін тексеру мен калыптастырудың ғылыми негіздерін жасау.
      Библиография саласында - ең жаңа техника негізінде құлақтандыру  және
іздестіру  процесін  жетілдіру;   библиографияның   терминологиялык-ұғымдық
аппаратын жолға кою; қазак кітабының барлық кезеңдегі  репертуа-рын  жасау;
«Қазакстандағы кітап және кітап ісі» деген тақырыпта жылнама күрастыру.
      Кітап тарихы саласында - кітап және кітап  ісі  тари-хының  теориялық
һәм методологиялык принциптерін
тұжырымдау; Қазақ  кітабының  революцияға  дейнгі  және  Кеңес  дәуіріндегі
тарихын  жазып  шығу;  соңғы   жыл-дардағы   кітап   хақындағы   кұжаттарды
құрастырып, кітап не кітапша етіп басып шығару; қазақ кітабы кай-раткерлері
туралы жинак құрастырып жариялау.
      Кітапкұмарлар  қозғалысы  саласында  —  бұл  коз-ғалыстың   әлеуметтік
негіздерін тексеру; кітапқұмар қоғамдарының тарихын  зерттеу;  жеке  меншік
кітап-ханалардың   қоғамдық   маңызын   ашып,   олардың   кұнды-кұнсыздығын
аныктайтын тәртіп-ережелерді белгілеу.

Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922
2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926
3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999
Қосымша:
   1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981
   2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971
   3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986
   4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929
   5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994

14 -Дәріс.  Кітап және кітап ісін ғылыми басқаруда ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізудің маңызы.
      Қазыр біздің еліміз жоспарлы социалистік экономика-дан стихиялы  нарық
экономикасына көшуді аяқтап келеді. Социализм  жағдайында  коғамды  тұтастай
алғанда және  оның  буын-буындарын,  сала-салаларын  ғылыми  баскдру  саналы
түрде, алға белгілі бір мақсат койып жасалатын.  Жоспардың  орындалуы  бірде
сәтті, бірде сәтсіз шығатын. Енді казіргі көшерін жел,  қонарын  сай  біледі
дейтіндей экономиканы, рухани  өндірісті  объективтілікпен  зерттеп,  қоғам,
мемлекет тарапынан ғылыми тұрғыдан баскару мүмкін бе?
      Бұл сұракка берілер. жауап кыска122 әбден мүмкін. Олай деуге екі себеп
бар. Біріншісі, Қазакстан жағдайында  әлі  де  мемлекеттік  баспа  орындары
бұрынғы қалпында сакталуы үстіне, екі есе көбейді  де.  Мемлекет  халыктың,
бүкіл қоғамның рухани кажетін өтеу барысында өз  баспа  орындарына  белгілі
бір бағыт беріп, ісінің оңға  басуына  камқорлық  жасайтыны  сөзсіз.  Кенес
кезіндегідей басшы-лық, бақылауын тым  катайтьп  ұстамаса  да,  іс  жүзінде
жүмысын кадағаламай, шаруа-жабдығына  көмектесіп,  қолғабыс  етпей  отырған
жоқ.
      Жеке  меншік  баспалардың  ішкі  жүмысына  жалпы  ешкім  араласпайды.
Дегенмен, мемлекет олардың ойдағыдай қызмет етуі үшін тиісі заңдық, құкылык
тәртіп  жасап  беруге  міндетгі.  Оның  бер  жағында  жеке   меншік   баспа
орындарының иелері баспа, полиграфия және кітап  саудасы  салаларынын  ішкі
заңдарымен санаспай отыра алмайды. Мемлекет, қоғам баспаларға маман кадрлар
да-ялау жағынан да көмектесуі тиіс.
      Өркендеуінің қажет алғышарттары қандай?  Бұларды  бас-басына  атағанда
төмендегідей  боп  келеді:  1)  Баспасөз  бостандығы.   Жалпы   баспа   ісін
жүргізудің заңдылык, қүқылық негіздері. 2.  Баспа  ісін  замана  талаптарына
сай  көтеретін  маман  кадрлар  даярлау.  3.  Ғылыми-техника-лық   революция
жетістіктерін баспа, полиграфия және  кітап  саудасы  саласына  енгізуге  ат
салысу. 4. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жолға қою.
      Енді осы аталған принциптердін, жетекші шарттар-дың  әркайсысына  жеке
токталып көрелік.

Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922
2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926
3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999
Қосымша:
   1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981
   2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971
   3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986
   4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929
   5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994

15 -Дәріс.   Балалар мен жасөспірімдерге арналған басылымдар.
             Өтпелі  кезеңде  өмір  сүріп,  дербес   мемлекетімізді   құрып,
өркениетті коғамдық қарым-қатынастар  қалыптастырып  жатқан  бүгінгі  біздің
замандастарымыздың ауыр азабы  мен  мехнатының  жемісін  ертеңгі  жас  ұрпақ
-балаларымыз  бен  немерелеріміз   көретіні   ақиқат.   Осы   сезім   біздің
отандастарымызды күнделікті тіршіліктің қиындықтарына қарамай, болашақ  үшін
еңбек етуге,  ортақ  мүдде  жолында  топтасуға  итермелейді.  Елдің  болашақ
азаматтарының  білім  мен  білікті,  ұлттық  дүниетаным   мен   дәстүрлерді,
адамгершілік пен ізгі қасиеттерді жастайынан бойына сіңіріп  өсуі  тек  жеке
отбасылық қана емес, мемлекеттік мәселе.  Тіпті,  бүгінгі  замандастарымызды
алаңдатып отырған ана тіліміздің жәй-күйі де, қазақ кітаптарының тағдыры  да
болашақ ұрпағымыздың кандай  болып  ер  жетуіне  байланысты  шешілмек.  Егер
бүгінгі сәбилер жастайынан кітапты серік етіп өспесе, ертең  есейгенде  оның
кітапқұмар оқырманға  айнала  қоюы  екіталай.  Ал  кітап  оқымайтын  адамнан
рухани кемелдікті, парасаттылық пен  ізгілікті,  демократиялық  принциптерге
берілгендікті  күтпей-ақ  қой.  Сондықтан,  балаларға  арналған   кітаптарды
көптеп  шығару,  оларды  тұрақты  окырмандарға  айналдыру  ісі   -   бүгінгі
тәуелсіздігімізді орнықтыру, демократиялық  принциптерді  орнықтыру  жолында
жұмсап жатқан  барлық  күш-жігеріміз  нәтижесінің  баянды  болуына  кепілдік
беретін үлкен әлеуметтік мәселе.
      Сонау сексенінші жылдарда балалар әдебиетін  шығарудың  жалпы  одақтық
көрсеткіші 12,8 процент болғанда, Қазақстанда  1988-1990  жылдары  балаларға
арналған кітап жалпы баспалық  өнімдердің  19,2—22,4  проценті  болған  еді.
Мұның  мәнісі  әрбір  бесінші  кітап  балдырғандарға  арналған  боямақтардан
бастап, ғажайыптар энциклопедиясына дейінгі балалар кітабы болды деген  сөз.
Сол жылдардың сандық көрсеткіштеріне қарағанда  сексенінші  жылдардағы  бала
оқырмандардын жағдайына қызығасың:  1988  жылы  көлемі  982,7  есепті  баспа
табақ 129 кітап атауы 8,8 миллион дана таралыммен шығарылған  болса,  келесі
жылы  1425  баспа  табақ   кітап   атауы   9,2   миллион   дана   таралыммен
шықты.Балаларға арналған кітаптың кемуі 1990 жылдан басталды. Ал оған  дейін
бұрынғы Одақтың көптеген республикаларында бұл әдебиет шығару  күрт  кеміген
кезде Қазақстан әлдеқайда алда болатын.
      Балалар кітабын шығару ісінің өркеңдеуінің бір құпиясы бұл жылдары оны
арнайы маманданған „Жалын" баспасының шығаруында  ғана  емес  еді.  Өзге  де
баспалардың ұжымдары бұл жұмысты өздеріне мәртебе санап,  жыл  сайын  бестен
он жеті аталымға дейін балаларға арналған  кітаптар  шығаратын.  Бұл  келелі
іске барша баспалардың қатысатын осындай дәстүрін болашақта да сақтау  керек
қой  деп  ойлаймын.  Болашақ  ұрпақ  өмірінде,  тәлім-тәрбиесінде   кітаптың
қаншалықты мән-маңызға  ие  екені  баршамызға  белгілі  жай.  Қандай  жанрда
болмасын балаларға арналған кітаптар көркімен де,  ой-мазмұнымен  де  сапалы
болуы  шарт.  Өйткені  одан  жас  өскін  өмірлік  қажетін  бойына  сіңіреді,
ұғынады, көңіліне түйеді.
      Қазіргі нарық жағдайында да балаларға арналған кітап ең алдымен рухани
қорек  болуға,  өнегелі  мінез-құлық,  туған  жер  мен  өз   халқына   деген
сүйіспеншілік қасиеттерін тәрбиелеуге тиіс екеніне көзіміз анық жетіп  отыр.
Балаларға  арналған  әдебиет  өзінің  тақырыптары  мен   идеяларын   әлемдік
көпұлтты мәдениеттің  классикалық  мұрасынан  алып,  халықтың  өмірін,  оның
адамгершілік  салауаттылығын,  өмір  сүйгіштігін,  ата-баларымыздың   ықылым
замандардан бергі  салт-дәстүрін  ұрпақ  бойына  сіңіруге  тиіс.  Міне,  осы
себептен де балаларға үлгі-өнеге  беруде  фольклордың,  ертегілердің,  халық
шығармашылығының рөлі ерекше.
      Барша замандардағы секілді балаларға  арналған  кітап  байыпты,  тіпті
„ересектерге арналған" тақырыптардан да қашқақтамауға тиіс. Содан да  болар,
2000 жылы АҚШ-та тұңғыш президентке арналған „Біздің  ұлы  Медисон  балақай"
деп аталатын балалар кітабына ең жоғары сыйлық берілді[11,76б].
       Назар  аударар  болсақ,  балалар  кітабындағы  ең  жақсы  кейіпкерлер
әрқашан да жарқын да кесек мінезді адамдар болып  келеді,  оларға  еліктегің
келеді.  Әдемі  суреттермен  безендірілген  кітаптың  балаларға  ғана  емес,
ересек адамдардың да жан  дүниесіне  әсері  күшті.  Ал,  баланың  айналадағы
әлемді сезімдік тұрғыдан қабылдауы нақ осындай  кітаптардан  басталады  және
екінің бірінде бала кездегі сол бір әдемі әсер бүкіл өмір бойына  сақталады.

      Балалар кітабын шығарудың әлемдік тәжірибесінің арқасында біз қазірдің
өзінде сурет-кітапшалар, боямақтар,  әдеби  шығармалардың  кейіпкерлері  бар
ойыншықтар шығаруды ойдағыдай игердік. Ішінде пластинкалары мен  кассеталары
бар балалар кітабын шығара бастайтын кез де алыс емес.  Ал  болашақта  әрбір
жасөспірім оқырманға оның сүйікті шығармалары бар  жеке  жинақшалар  шығару,
балалардың өздері әріп танып кетуі  үшін   ұйқасты  мәтіндері  бар  кітаптар
шығару, балалар мен ата-аналары бірлесіп оқуға арналған басылымдар  шығаруды
үйрену дұрыс болар еді.
      Бұл тұрғыда үш жүз жылдан астам тарихы бар американ  балалар  әдебиеті
бізге  рухани  мәдениет  шығармаларын  қалыптастыруға   деген   бірегей   де
шығармашылық көзқарастың, айқын бейнеленген патриотизм,  әлемдік  әдебиеттің
классикалық  мұрасын  ескерудің  бірталай  үлгісін  көрсетеді.  Онда  ежелгі
Грекияның аңыздарынан  бастап, осы заманға отбасылық тәрбие тамаша  үлгілері
ескеріліп отырады.
      Тағы бір назар аударатын жай американ  балалар  әдебиетінің  көпұлттық
сипаты деуге болады. Онда негрлердің  фольклоры  да,  үндістердің   аңыздары
да, ағылшын классикасы да үйлесімін тауып,  үндесіп  жатыр.  АҚШ  жазушылары
балалар  кітабын  қызғылықты  да  тартымды,  шығармашылықпен   ойнақы   әзіл
араластыра отырып жазуға ден қояды.
      Американ әдебиетінде жылма-жыл жүзден  астам  балалалар  жазушыларының
тырнақалды шығармалары жарияланады, ал балаларға арналған  кітаптар  жылдан-
жылға көбейіп, олардың саны жылына  төрт  мыңға  жетті.  “Баспагерлер  тіпті
ешқашан шықпайтын кітаптардың өзін оқуға мамандар мен  сыншыларды  жалдайды.
Балалар  әдебиетіне  ерекше  назар  аударылады  -  баспаға   келіп   түсетін
қолжазбалар түгел оқылады. Сонда баспагерлердің  іздейтіні  не?  Ең  алдымен
шығарма несімен назар аударады: тілі жақсы  ма,  сюжеті  жақсы  қиыстырылған
ба, беретін мағлұматы қызғылықты  ма? Автордың еңбегі  тек  екі  рецензиядан
кейін ғана редактордың алдына келеді.  Бұл  орайда  атап  айтатын  жағдай  -
келіп   түсетін   қолжазбалардың   бірде-бірі   арнайы    өңдеусіз    басуға
берілмейді”[12,253б].
              Өзіміздің отандық баспагерлеріміздің де бұл салада  бір  кезде
көптеген игі бастамалары болғанын бүгін еске салуға тура  келеді.  Сондықтан
экономикалық  мүмкіндіктердің  көбейгені  туралы  айтқанда,   өзімізге   сын
тұрғысынан  келсек,  көптеген  жақсы  кәсіптік  дәстүрлерімізден  көз  жазып
қалғанымызды елемеуге болмайды. Ең алдымен  балалар  әдебиетінің  тақырыптық
сан алуандығы, оның ассортименті және  барлық  жастағы  оқырмандар  топтарын
қамтитындығы төмендеді. Бүгінде балалар басылымдарын  шығарушылар  негізінен
проблеманы шешудің  оңай  жолдарымен  жүріп  фольклормен  және  алуан  түрлі
ертегілер шығарумен шектеледі. Ал  сексенінші  жылдардың  тәжірибесі  отызға
тарта тақырыптық  бағдарлардың  болғанын  көрсетеді.  Бұрын  әлемдік,  орыс,
қазақ классикасы,  балалар  жазушыларының  өлеңдері  мен  әңгімелері,  туған
өлке, ұлы адамдар  мен  ата-бабалар  туралы,  өнер,  табиғат  және  қорықтар
туралы,  спортшылар  мен  музыканттар   туралы,   адамдардың   өзара   етене
адамгершілік қарым-қатынастары, этикалық  және  эстетикалық  тәрбие  туралы,
ғарыш, ғалам кеңістігі туралы кітаптар шығарылатын. Экономика,  компьютерлік
техника, гендік инженерия туралы үғынықты  етіп  жазылған  кітаптар,  ғылыми
фантастика, әлем халықтары балаларының ойындары, қызғылықты пәндер  (әліппе,
грамматика, география және т.б.) туралы,  мемлекетіміздің  рәміздері  туралы
кітаптар, мектеп сөздіктері, мамандықтар  туралы  әңгімелер,  жұмбақтар  мен
жаңылтпаштар,  өзге  елдердің  қазіргі  балалар  жазушылары   шығармаларының
аудармалары және баска да алуан түрлі  әдебиет  шығарылатын  еді.  Төмендегі
кесте  осы  кезге  дейінгі  балаларға  арналған  кітаптардың  сериялары  мен
түрлерінің қаншалықты мол екендігінен хабардар етеді.

            Балаларға арналған басылымдардың жанрлары мен түрлері

|1. |Дәстүрлі сериялар,            |„Жалынның" сериялары: „Тілашар",|
|   |кітапханалар мен көпжылдық    |„Қос тілде сөйлейміз", „Алау",  |
|   |басылымдар                    |„Өзің жасап ал" т.б.            |
|2. |Арнайы шағын кітапханалар мен |„Фантастика. Ғажайып оқиғалар.  |
|   |балаларға арналған            |Саяхаттар", „Қазақ балалар      |
|   |антологиялар                  |әдебиетінің кітапханасы".       |
|3. |Балаларға арналған            |„Әдепті бала - әдемі"           |
|   |педагогикалық әдебиеттің      |(мінез-кұлық мәдениеті туралы), |
|   |тақырыптық жинақтары          |„Бастау", „Чудо лет" жинақтары. |
|4. |Ана тіліндегі „Менің сүйікті  |Бұл „Рауан" баспасының дәстүрлі |
|   |жазушым" сериясы              |сериясы еді.                    |
|5. |Балалар мен ата-аналардың     |„Ертегі әлеміне саяхат" „Үй     |
|   |бірлесіп оқуына арналған      |саламыз", „Сөз құпиясы".        |
|   |кітаптар                      |                                |
|6. |Балаларға арналған            |Біздің баспаларда шығарылмайды. |
|   |фото-кітаптар                 |                                |
|7. |Ойын арқылы оқыту кітаптары   |„Ана тілі", „Рауан"  т.б.       |
|   |                              |баспаларда бар.                 |
|8. |Қосарлас мәтіндері бар        |„Қазақстан" және „Жалын"        |
|   |қостілді басылымдар           |баспаларында ертеректе          |
|   |                              |шығарылатын.                    |
|9. |Балдырғандарға арналған       |„Махаон" және Қазақстанның      |
|   |„Есеп", „Жазу", „Түс" атты    |кейбір баспалары шығарады.      |
|   |жетілдіріп оқытатын сериялар  |                                |
|10.|Балаларға арналған            |Республикада мұндай кітаптар    |
|   |ғылыми-танымдық әдебиет       |шығару біршама кеміп кетті      |
|11.|Комикстер                     |Алғашқы комикс „Рауан"          |
|   |                              |баспасында  шығарылды           |
|12.|Балалар әдебиетінің таңдаулы  |АҚШ-та балаларға арналған       |
|   |үлгілерін қайта басып шығару  |кітаптардың  40-60 пайызы қайта |
|   |                              |шығарылып отырады.              |
|13.|Қолдан жасауға келетін        |Ішінара отандык баспаларда      |
|   |кітаптар                      |шығарылады.                     |
|14.|Балаларға арналған тақырыптық |„Қазақ энциклопедиясында"       |
|   |энциклопедиялар мен           |жақсы тәжірибелер               |
|   |анықтамалық басылымдар.       |бар.                            |


      Нарық жағдайында балаларға арналған басылымдардың  бұрынғы  және  жаңа
түрлерін салыстырғанда Ресейдегі „Детская литература" баспасының  директоры
Тамара Михайловна Шатунованың 2002 жылы айтқан: „Балаларға  арналған  кітап
балмұздақтардан да арзан болатын еді, қазір еттен де қымбат  болды"[13,94б]
- деген пікірімен келіспеске болмайды.  Балаларға  арналған  кітапқа  бұрын
үнемі жасалып келген мемлекеттік  қамқорлықты  негізге  алып  айтқанда  бұл
түсінікті де. Бізге, әлбетте, елдің  қажетін  ескеріп  балалар  кітаптарына
бүгін де қамкорлық жасау міндеті тұр. Өйткені ол қазіргі  өскелең  ұрпақтың
рухани азығы, ал Қазакстанның келешегі осы болашақ ұрпақты тәрбиелеп,  оған
білім беруге байланысты болады.
      Елімізді өркеңдетудің 2030 жылға дейінгі дамуының Елбасымыз белгілеген
стратегиялық жоспары баспагерлердің алдына  үлкен  міндеттер  қойды.  Олар:
адамгершілік, от басындағы тәрбие, ұлтаралық қарым-қатынасты жақсарту, өмір
салтының жағымсыз факторларына (темекі тарту, нашақорлық, СПИД) қарсы күрес
проблемалары бойынша,  адамдардың  арасында  қарым-қатынас,  мәдениет  және
әдеп, өзін-өзі тәрбиелеу және ойын арқылы оқыту, балаларға жыныстық,  дене,
құқықтық, эстетикалық тәрбие мәселелері бойынша  кітаптар  шығаруды  жүзеге
асыру. Бұлардың бәрі  оңай  шаруа  емес.  Дегенмен,  ұрпақ  қамы  біздерден
мүмкіндікті пайдалана білуді талап етеді. Сондықтан  арнайы  баспалар  ғана
емес барлық баспалардың  алдында  төмендегідей  бірқатар  жүйелі  шараларды
жүзеге асыру  міндеті тұр:
   -  ғалымдардан, ақындардан, жазушылардан, түрлі сала мамандарынан кәсіби
авторлық ұжым кұру;
*  алдын  ала  балалар  аудиторияларында  сынақ  өткізу   жолымен   таңдаулы
қолжазбаларды іріктеу;
* оқырмандардың негізгі-негізгі жас топтарының барлығын  (мектепке  дейінгі,
төменгі сыныптарда, орта және жоғары сыныптардағы мектеп жасы) топқа бөлу;
* сынаржақ әуестенушілер мен  ауытқуларға  жол  бермей,  әртүрлі  тақырыптық
бағыттағы кітаптар шығаруда сәйкестілікті сақтау;
* жыл  сайынғы,  үш  жылдық  және  бес  жылдық  парлау  негізінде  балаларға
арналған кітап  бағдарламаларының,  сондай-ақ  сериялық,  іргелі  көпжылдық
басылымдардың үйлестірілуін қамтамасыз ету;
* жүйедегі барлық баспалардың тақырыптық парларын  талдай  отырып,  елімізде
балалар әдебиетін шығарудың жыл сайынғы жиынтық жоспарларын жасау.
    Балаларға арналған кітаптардың өзіндік ерешеліктеріне қарай  баспагерлер
осы  жастағы  әр  алуан  әртүрлі  категориялардағы   оқырмандардың   талап-
тілектерін нысаналы қанағаттандыруды көздеуі қажет.  Бұл  үшін  баспалардың
ауылдық жерлердегі оқырмандарға, оқушы жастарға, мектепке  дейінгі  балалар
мекемелеріне  және  т.б.  бағышталған  арнаулы  тараулары  бар   такырыптық
жоспарлар түзу жөніндегі  қызметін  күшейту  міндеті  тұр.  Ал,  сексенінші
жылдардың  тәжірибесі  көптеген  баспалардың  балаларға  арналған   ғылыми-
көпшілік және танымдық әдебиет,  педагогика,  жаңа  тұрғыдан  педагогикалық
ойлау, балалар тәрбиесінің психологиясы  жөніндегі  кітаптар,  осы  заманғы
мамандықтарды насихаттау жөніндегі, табигат  пен  жануарлар  әлемін  қоргау
жөніндегі кітаптар жоспарлау және  шығару  ісіне  қиындықсыз  кірісіп  кете
алатынын көрсетеді.
      Ресейдің және баска да ТМД елдерінің тәжірибесі көрсетіп  отырғанындай
қазіргі балалар әдебиетін шығаратын баспалар нарық жағдайында өз мақсаттары
мен міндеттерін жетілдіріп жаңартуда.  Кітап  балаларға  ермек  болып  қана
қоймай,  сонымен  бірге  оны  өзіне  бейтаныс  әлемге  шақырып  тұрарлықтай
тартымды болуға тиіс.  Кітап  балаларды  кемелдендіруге,  тәрбиелеуге  және
оқытуға  тиіс.  Ресей  баспаларының  тәжірибесі  мынаны  айқын   көрсетеді:
баспагерлер  қаншама  алуан  түрлі  тақырыптық  бағдарларды   ұстанса   да,
балаларға арналған кітаптың ең басты қасиеті -  оның  сапасы  жоғары  болуы
керек. Осы тұрғыда балаларға арналған жас баспа „Махаонның"  бас  директоры
Наталья Львовна Дранова „Сіз сапалы кітап деп  қандай  кітапты  түсінесіз?"
деген сұраққа былай  деп  жауап  берген  еді:  „Біріншіден,  кітап  мазмұны
түрғысынан сапалы болуға  тиіс: біздің білігі жоғары редакторлар  құрамымыз
маркетинг  бөлімімен   тығыз   ынтымақтаса   отырып   жариялауға   арналған
басылымдарды өте-мөте мұқият іріктейді; ал мен өзімнің балама  оқып  бермей
тұрып ешқандай кітаптың басылуына қол қоймаймын. Екіншіден, материал  жақсы
редакцияланып, әдемі ұсынылып, оқырманға орайластырылып (әңгіме лицензиялық
әдебиет туралы болса)  өнделуге  тиіс.  Үшіншіден,  әлбетте,  басылымдардың
безендірілуінің полиграфиялық деңгейі биік болуға тиіс..."[14,108].
       Республикада балаларға арналған кітаптың  сапалық  деңгейін  көтеруге
басылымдарға баға берудің ұжымдық және конкурстық нысандарының  көп  көмегі
болар еді.  Балалар кітабын бағалау конкурстарының кеңінен  өткізілуі  үшін
баспа басшылары мүдделі  ұйымдар  мен  шығармашылық  одақтарға  әдеби  және
қоғамдық  сыйлықтар  белгілейік  деген  ұсыныстармен  баруға  тиіс.  Мұндай
сыйлықтар  мектепке  дейінгі  және  төменгі  сыныптарда  оқитын   балаларға
арналған тандаулы көркем шығарма үшін, таңдаулы  ғылыми-көпшілік,  танымдық
анықтамалық-энциклопедиялық   басылым   үшін   біздегі   кітап    баспалары
ұжымдарының бағдарына басылымдардың басқа түрлері үшін белгіленуі мүмкін.
      Баспалар ұжымы жасөспірімдерге арналған әдебиеттерді шығаруға айырыкша
көңіл бөлуде.  Тартымды  да  жатық  тілмен  жазылған  „Құқық  әліппесі”  жас
оқырмандар қолына тиді, мұнда авторлар неғұрлым жиі  қолданылатын  терминдер
мен ұғымдардың мәні  мен  мазмұнын  түсіндіріп,  оқушысын  заңның  қыр-сырын
тереңірек ұғынуға ұмтылдырады.  Балаларға  арналған  „Сенің  құкығың",  „Сен
азаматсың"   деп   аталатын   еңбектер   адам   құқығының   жалпыға   бірдей
декларациясына  және  Республика  Конституциясының  „  Адам   және   азамат"
бөліміне сәйкестендіріліп даярланған.
      Баспалардың  балаларға  арнап  шығарған  сан  сипаттағы   кітаптарының
сандық, сапалық деңгейіне келетін болсақ, жақсы  жақтары  да  мол,  кемшілік
тұстары да жетерлік. Соның бәрін  ой  сарабынан  өткізе  отырып  мынадай  ой
түйдік. Болашақ қамы бүгіннен басталады. Егемен елдің ертеңі бүгінгі  біздің
рухани тәлімдерімізден бойлап өспек. Ол  үшін  балаларға  арналған  кітаптар
керек. Оны тыңғылықты да табандылықпен жүйелі түрде жүргізсек қана оның  игі
нәтижелерін  көретін  боламыз.  Ол  үшін  әлемдік  және  көршілес  елдердегі
балалар кітабын шығарудағы жақсы үлгілер  мен  дәстүрлерден  үйрене  отырып,
өзіміздің ұлттық рухымыз тұрғысында балаларға қажетті  басылымдарды  көбейте
түсудің  қажеттілігін  айтқым  келеді.  Балалар   әдебиетін   тек   „Жалын",
„Балауса" ғана емес барлық баспалар назарда ұстап, белсене атсалысуы  керек.
Бұл бәріміздің парызымыз. Қоғамымыздағы  демократиялық  жаңарулардың  бәріне
ұйытқы болып,  еліміздің  келер  ғасырда  өркениетті  мемлекеттер  деңгейіне
жетуіне хал-қадірінше үлес қосып келе жаткан баспагерлер өмірінде  де  үлкен
өзгерістер жүзеге асқанын атап өтуіміз керек.

Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922
2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926
3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999
Қосымша:
   1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981
   2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971
   3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986
   4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929
   5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994



4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

4.1. Кітап және кітап ісін дамыту.
4.2. ХХ ғ.б. қазақ тіліндегі кітаптар.
4.3. Жүйелі типологиялық тұжырымдама.
4.4. Кітаптану ғылымының қазіргі жайы мен міндеттері.
4.5. Кітап және БАҚ.
4.6.  ХХ ғ.б. қазақ тіліндегі кітаптар.
4.7. Кітаптанудың функционалдық, қызметшілдік тұжырымдамасы.
4.8. Кітаптану ғылымының Кеңес дәуіріндегі қалыптасуы, негізгі бағыттары.
4.9.  Кітаптанумен көршілес, іргелес ғылымдар.
4.10. Кітап және оның адам мен қоғам өміріндегі рөлі.
4.11. Кітап баспагерлік білімі жүйесі.
4.12. Кітаптың алғашқы түрлері.
4.13. Қиылысушы ғылымдар тұжырымдамасы.
4.14. Кітаптану және оған салалас пәндер.
4.15. Баспа кітап.
4.16. Қолжазба кітап.
4.17. Кітаптану және оған салалас пәндер.
4.18. Қазақ балаларына арналған алғашқы басылымдар.
4.19. Кітап және информация жөніндегі түсінік.
4.20. Кітап басылымы туралы түсінік.
4.21. Кітаптану туралы ғылымның кешенділігі.
4.22. Қазан төңкерісіне дейінгі кітаптану ғылымының туу процесі.
4.23. Кітап және оның даму заңдылықтары.
4.24. Атамұра» баспасының тарихы.
4.25. Жалпы кітаптың пайда болуы.
4.26. Кітап саудасы білімі жүйесі.
4.27. «Мектеп» баспасының тарихы.
4.28. Ресейдегі кітап дамуының алғашқы кезеңдері.
4.29. Кітаптың алғашқы түрлері.
4.30. «Санат» баспасының тарихы.

4.1 СТУДЕНТТІҢ   ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ЖҮРГІЗЕТІН  ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРЫ
     1. Кітаптану ғылымының төңкеріске дейінгі дамуы.
     2. Кітап өнері, кітап экономикасы, баспа статистикасы.
     3. Кітап және БАҚ туралы.
     4. Кітаптану ғыдымының тұжырымдамалары, анықтамалары, концепциялары.
     5. Кітап және кітап ісі оны басқарудың ғылыми негіздер.
     6. Баспа бостандығы және кітап саудасы, білімі, жүйесі.
     7. Кітаптың алғашқы түрлері.
     8. Кітаптану ғылымының қазіргі Ресей мен Қазақстандағы жайы.
     9. Ресейдегі кітап дамуының алғашқы кезеңдері.
    10.  Кітап және әлеуметтік коммуникация құралдарының түрлері.
    11. Кітап басу, кітапханатану, библиографиятану, библиологиятану
        білімінің жүйелері.
    12.  Кітаптанудың басқа қоғамдық ғылымдармен қарым-қатынасының мәні.
    13. Кітап-бұқаралық сананы ұйымдастырудың құралы.
    14.  Кітап және кітап ісі мамандарын даярлау, материалдық-техникалық
        базасын жасау.
    15.  Кітаптану ғылымының кеңес дәуіріндегі дамуы және қазіргі жайы.
    16.  Н.М.Лисовский, А.М.Ловягин, Н.М.Куфаев т.б. кітаптанушылық
        қызметтері.

5 ӘДЕБИЕТТЕР

5.1 Негізгі әдебиеттер
     5.1.1. Ш.Елеукенов. Кітаптану негіздері. А., Санат. 1998.
     5.1.2.А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926.
     5.1.3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат.
   1999.
     4. Беловецкая А.А. Общее книговедения. – М.,1974.
     5. Люблинский С.Б. Подвижники книги М.,1988.
     6. 8.1.6. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922.
     7.  Рукописная книга в культуре народов Востока т.2. М.,1988.

5.2  Қосымша әдебиеттер
5.2.1 Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981.
5.2.2 Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971.
5.2.3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986.
5.2.4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929.
5.2.5. Сұбханбердина Ү. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді
баспасөзіндегі материалдар. – А., 1963.
5.2.6. Книга Исследования и материалы. - ., 1994.
5.2.7. Иоффе А.М. История книги и книговедения.
5.2.8. Тюличев Д.В. Книгоиздательская деятельность Петербургской Академии
наук им. М.В.Ломоносова. Л.,1988.




6  ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ

|Өзгерістің |Құжаттың   |Өзгеріс    |Хабарламаның   |Өзгеріс енгізілді      |
|рет нөмірі |тарауы     |түрі       |нөмірі және    |                       |
|           |пункті     |(ауыстыру, |күні           |                       |
|           |           |жою, қосу) |               |                       |
|           |           |           |               |Күні      |Аты-жөні,   |
|           |           |           |               |          |қолы,       |
|           |           |           |               |          |қызметі     |
|           |           |           |               |          |            |









7 ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ТАНЫСУЫ

№
о/қҚыз
метіАты-жөніУақы
тыҚолыӨзгерту
№Уақы
тыҚолыӨзгерту
№Уақы
тыҚолы
Пәндер