Файл қосу
Тауар жеткізілімі шарты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ОӘК |ОӘК | | | |042-18-20.1.8/01-2014 | |«Азаматтық құқық (ерекше |№1 басылым | | |бөлім)» пәнінің |11.09.2014 ж. | | |оқу-әдістемелік кешені | | | «Азаматтық құқық (ерекше бөлім)» «5В050301»- құқықтану мамандығына арналған ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ СЕМЕЙ 2014 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық сабақтар 4. Студенттердің өздік жұмысы 1. Глоссарий |№ |Терминдік ұғым сөз |Ұғымдық мазмұны | |1 |Сатып алу-сату шарты |бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi | | | |тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық | | | |жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге | | | |мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi | | | |(тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр | | | |ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi. | |2 |Сатушы |мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып | | | |алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе| | | |жедел басқаруына бередi. | |3 |Сатып алушы |бiр тарап (сатушы) берген мүлiктi (тауарды) | | | |қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр аќша сомасын | | | |(баєасын) тґлеуге мiндеттенедi. | |4 |Бөлшектеп сатып алу-сату|тауар сату жөніндегі кәјсіпкерлік қызметті жүзеге| | |шарты |асыратын сатушы сатып алушыға кәсiпкерлiк | | | |қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзiне, | | | |отбасында, үйiнде немесе өзге де пайдалануға | | | |арналған тауарларды беруге мiндеттенедi. | |5 |Тауар жеткiзiлiмi шарты |кәсiпкер болып табылатын сатушы (тауар берушi) | | | |сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын | | | |тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке | | | |өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де| | | |пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға | | | |пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе | | | |мерзімдерде беруге міндеттенеді. | |6 |Келiсiм-шарт жасасу |ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi өзi өсiрген | | |шарты |(өндiрген) ауыл шаруашылық өнiмiн - ұқсату немесе| | | |сату үшiн осындай өнiмдi сатып алуды жүзеге | | | |асыратын дайындаушы-тұлғаға беруге мiндеттенедi. | |7 |Энергиямен жабдықтау | энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке | | |шарты |(тұтынушыға) жалғанған желi арқылы энергия беруге| | | |мiндеттенедi, ал абонент алынған энергия үшiн ақы| | | |төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген| | | |режимiн сақтауға, өзiнiң қарауындағы энергетика | | | |желiлерiн пайдалану қауіпсіздігін және энергияны | | | |тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен | | | |жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге | | | |мiндеттенедi. | |8 |Кәсiпорынды сату шарты |сатушы тұтас алғанда кәсiпорынды мүлiктiк кешен | | | |ретiнде сатып алушының меншiгiне беруге | | | |мiндеттенедi | |9 |Айырбас шарты |тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, | | | |оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр | | | |тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi | |10 |Сыйға тарту шарты |бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың(сыйды | | | |алушының) меншiгiне затты немесе өзiне немесе | | | |үшiншi адамға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн | | | |бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны өзiнiң | | | |немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк | | | |мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi | |11 |Лизинг шарты |лизинг берушi лизинг алушы көрсеткен мүлiктi | | | |сатушыдан меншiгiне сатып алуға және лизинг | | | |алушыға осы мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге | | | |және кәсiпкерлiк мақсатта пайдалануға беруге | | | |мiндеттенедi. | |12 |Кеме жалдау (чартер) |бiр тарап (кемемен жалданушы) басқа тарапқа (кеме| | |шарты |жалдаушы) жолаушыларды, теңдеме жүктi және | | | |жүктердi тасымалдау үшiн бiр немесе бiрнеше көлiк| | | |құралын толық немесе оның сыйымдылығының бiр | | | |бөлiгiн бiр немесе бiрнеше рейске ақы төлеттiрiп | | | |беруге мiндеттенедi. | |13 |Факторинг |ақшалай талапты берiп қаржыландыру шарты. | |14 |Секвестр туралы шарт |затқа деген құқық жөнiнде араларында дау туған | | | |екi немесе бiрнеше адам даулы затты даудың | | | |шешiлуi бойынша соттың шешiмi не дауласып жүрген | | | |барлық адамның келiсуi (шарттық секвестр) бойынша| | | |бұл зат кiмге берiлсе, соған қайтаруды мiндетiне | | | |алатын үшiншi адамға бередi. | |15 |Аннуитет шарты |сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде | | | |пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер | | | |түрiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға | | | |мiндеттi ететiн сақтандыру шарты. | 2. Дәрістер Дәріс сабағының құрылымы 2. Дәрістер Дәріс сабағының құрылымы Тақырып 1.Сату сатып алу шарты 1. Сату сатып алу шарты түсінігі,маңызы 2. Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері 3. Сату сатып алу шартының жекелеген түрлері. 1. Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мулікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті. Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.Сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.Сатып алу-сату шарты — ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кірптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек - ол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетгі нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең, айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын корғау негізінде болуы тиіс.Сатып алу-сату мүлік иесінің (басқа құқық иеленушінің) өзгеруіне (ауысуына) әкеледі. Көрсетілгсн белгілер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлік жалдау (аренда), мердігерлік, сыйға тарту және басқа да шарт-тардан елеулі түрде ерекшеленетіні туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік береді. Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы нормалар жалпы мәнді де иемденеді. 2. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемі). Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы нормалармен шарттын елеулі жағдайларда жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу- сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты талаптар өзгеріп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін. Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тшсті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта санды анықтау үшін қажет алғашкы өлшемнің бағасы бекітілуге тиіс. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін. Мысалы, тауардың (сұйық заттар) саны шартты орындау кезінде сатып алушы ыдысының (қоймасының) шекті сиымдылығымен бекітілсе. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Егер кәсіпкерлік сатып салу-сату шарттарын қарастырсақ, сатылатын заттардың сапасына қойылатын талаптар шартта тікелей сирек белгіленеді. Осыған баланысты, сапа туралы талап бірнеше жағдайларда шартты талқылау (оның мәнісін ашу) негізінде анықталады. Келтірілген талапты тауарлардың сапасына азаматтық заңнама нормаларынын тікелей әсер етуі ретінде бағалауға болады. Сонымен қатар, осыған ұқсас жағдайларда объективтік құқық нормалары субъективтік шарттық қатынастардың ерекшелігіне бейімделіп субъективтік жағдай сипатына ие болады. Егер тараптардьщ арасында тауардың сапасы келісілмесе де, бірақ сатып алушы сатып алудың нақты мақсаттарын көрсетсе, сатушының тиісті сапалы затты беру міндеті өзгеше болып келеді. Осындай жағдайда сатушы сатып алушыға белгілі болып келетін мақсатта пайдалануға жарамды тауарды беруге міндетті.Тауарды үлгісі бойынша және (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда, сатушы сатып алушыға үлгі немесе сипаттамасына сәйкес келетін тауарды беруге міндетті. Тауардың кейбір қасиеттері (көрсеткіштері) бейнелеумен қамтылмаса, онда сатушының міндеті жоғары көрсетілген тәртіптерге сәйкес анықталуы қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, бейнелеудің өзі белгілі бір талаптарға сәйкес болуы керек. Тым жалпы бейнелеуді қарастырып, сатушы іс жүзінде өзіне тиісті сапалы тауар беру бойынша міндетінен босата алады.Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес, міндетті талаптар көзделсе, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Тауардың сапасына қойылатын міндетті талаптар Қазақстан Республикасынын сертификациялау туралы "Заңымен және Қазақстан Республикасының Стандарттау туралы "Заңымен және заңға тәуелді нормативтік актілермен анықталады.Егер шарт пен тауардың сапасына көтеріңкі талаптар қойылса, сатушы сатып алушыға соларға сәйкес тауарды беруге міндетті. Алдын-ала соларды айтып, сатушы тауарды кемшіліктерімен бере алады. Сатушы сатып алушыға беруге міндетті тауарлар берген кезде айтылып кеткен талаптардың бірінс сәйкес болуы керек.Ақылға сиымды мерзім шеңберінде ол, әдетте пайдаланатын мақсаттарда пайдалануға жарамды болуы керек.Сатушы тауарды жарамдылық мерзімдері шегінде пайдалануға мүмкін болатындай етіп беруі керек. Жарамдылық мерзімдері заңдармен, мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарымен немесе өзге міндетті тәртіптермен, өндірушінің өзімен орнатылады. Жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен соң тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналады. Осымен бірге қызмет ету мерзімі деген түсінік қолданылады, оның тұтынылмайтын тауарларды максаты бойынша пайдалану шектеріне қатысы бар, ал жарамдылық мерзімі деген ұғым тағамдарға, дәрілік заттарға және с.с. қолданылады.Шартпен кепілідік мерзімдер орындалуы мүмкін. Бұл мерзімдер тауарды әдеттегі нсмесе өзге мақсаты бойынша қолданымды мүмкін уақыт кезеңдерін белгілейді. Өзінің табиғаты бойынша олардың жоғарыда көрсетілген мерзімдермен ортақтығы бар, бірақ кепілдік мерзімдер оларға толығынан тепе-тең болып келмейді.Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында кепілдік мерзімдерге бұрынғы заңцдардағы сияқты мән берілмейді. Азаматтық кодекстің 425-бабына сәйкес, қазір кепілдік мерзім шарттың өзімен анықталуы керек. Ал, егер де ол шартпен карастырылмаса, онда Азаматтық кодекстің 430-бабының 2-ші тармағына сәйкес, егер өзгеше заң актілерімен немесе шартпен көзделмесе, тауар сатып алушыға ұсынылған күннен бастап екі жыл көлемінде ұсынылуы мүмкін. Сатушы тауарды қай кезде сатып алса немесе ол тауар қай кезде шығарылса, соған қарамастан кепілдік мерзімі тауар сатып алушыға берілген кезден есептеле бастайды. Егер сатушыға байланысты болып келетін себептер бойынша сатып алушы тауарды пайдалану мүмкіншілігінен айырылса, онда мерзімі сатушы аталған себептерді жойғағанға дейін өз ағымын бастамайды. Мысалы, сатушы шартқа сәйкес тауарды жинақтаған жоқ (айта кететін болсақ, сатып алу-сату қатынастарына бұл жағдайда мердігерлік туралы нормалар да қолданымды болып келеді). Тауар (жинақтаушы бұйым) ауыстырылғанда кепілдік мерзімі өз ағымын жаңадан бастайды.Сондай-ақ, тауарды берген жағдайда, тауарды түр-түрімен, жинақтылығымен және жиынтығымен, үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру, тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю сатушының міндеті болып табылады. Тауарлардың түр-түрі бөлшектеп сатып алу-сату, тауар жеткізілімі, келісімшарт жасасу шартта-рында көзделген (энергиямен жабдықтау шартында да теоретикалық көзқарастан оның қарастырылуы мүмкіншілігі туралы айтуға болады).Тауардың түр-түрі дегеніміз (ассортимент) - бір түрлі тауардың жиынтығының ішіндегі белгілеріне және бір түрлі тауардың үлгісіне, мөлшеріне, сортына, түсіне, электр куатының тиісті өлшемдеріне байланысты бөлінуі. Егер тұлға бір сатушыдан тұрмыстық химия затын және тағы бір электр құралын сатып алса, онда тауардың түр-түрі деген сөйлем қолданылмайды.Тауардың түр-түріне қойылатын талаптарды күрделі затты беруге қатысты міндеттемеге қойылатын талаптардан ажырата білу керек. Сатушы сатып алушыға жинақтылық немесе жиынтығы туралы талаптарына сәйкес тауар беруге міндетті. Жиынтылықтық дегеніміз -шартта көзделген немесе заттың функционалдық тағайындалуымен анықталатын барлық құрама бөліктердің затта болуы. Шартпен бұйымдардың стандарттық және қосымша жиынтықтылығы көзделеді немесе жиынтылықтықтан кейбір жиынтықтаушы бөліктер алынып тасталады.Шартта тауардың жиынтықтылығы белгіленбесе, сатушы сатып алушыға жиынтықтылығы іскерлік айналым әдет ғұрыптарымен немесе әдетте қойылатын өзге де талаптармен анықталатын тауар беруге міндетті.Жиынтықтылықтың тауарлардың жиынтығынан айыру қажет. Азаматтық кодексі 432-бабына сәйкес жиынтық дегеніміз бірнеше сатып алу-сату шартының пәні кейбір кездерде күрделі болып келетінін анықтай аламыз. Осымен қатар біздің көзқарасымыз бойынша жиынтық АҚ 121-бабымен анықталатын күрделі зат ұғымына тең болып келмейді. Заттардың жиынтығына қатысты біртұтас құқықтық қатынас пайда болады, одан сатушының тиісті міндеті өз көрінісін табады.Заттардың жиынтығы болуы үшін (оған қатысты) талап қойылуы үшін анық айқындалған себептердің қажеті жоқ, тараптардың ішінен ниеттенуі жеткілікті болып келеді. Мысалы, альпинист тобы Эверестқа шығуға кажетті, оны қамтамасыз етстін заттар сатып адады. Жиынтық талабы, ассортимент және сапа талаптарымен тығыз байланысты. Мысалы, экспедиция сатып алатын жиынтыққа кіретін кейбір заттарға тау биігінде пайдалану жарамдығына, жоғары төзімділігіне, төмен температура тұрақтылығына талап қойылады.Егер шартта өзгеше көзделмесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, сатушы сатып алушыға жиынтыққа енетін барлық тауарды бір мезгілде беруге міндетті.Сатып алушы үшінші тұлғалардьщ кұқықтары жүктелген тауарды қабылдауға келіскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшінші тұлғалардың кез-келген құықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге міндетті (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 413 бабының, 1-тармағы). Сатушының тағы да бір міндеті тауарды үшінші тұлгалардың талаптануынан да босатып беру. Осы міндетті сатушы олар туралы білген жағдайларда ғана қолданылады. Болашақта талаптану заңды деп танылу керек, егер осы болмаса сатушы тауарды басқа тұлғалар талаптануынан босатып беру міндетін бұзбаған деп саналады. Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю талаптарын сатып алу-сату шарттарынын жалпы ережелеріне кірістіру біздің азаматтық заңдарда жаңа болып табылады. Өзінің сыртқы көзге түспейтініне қарамастан, олар сатып алу-сатудың өркениеттілік катынасының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Егер сатып алу-сату шарты қандай түріне қатысты екендігі белгіленбесе, олар тауарды салатын ыдыс және буып-түюмен байланысты даулы жағдайларды шешуге мүмкіндік береді.Егер шартта өзгеше көзделмесе және міндеттеменің мәнінен немесе тауарлардың сипатынан туындамаса, сатушы сатып алушыға тауарды ыдысқа салып және (немесе) буып- түйіп беруге міндетті.Егер шартта ыдыс пен буып-түюге талаптар белгіленбесе, тауар ол үшін арналған әдетті әдіспен, ыдысқа салынуы, буып- түйілуі керек. Бұлай болмағанда сақтау мен тасымалдаудың әдеттегі жағдайларында осы типтес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін әдіспен ыдысқа салынып және (немесе) буып-түйілуге тиіс. Ал егер тауар сақтаудың немесе тасымалдаудың қандай да ерекше жағдайларын талап етсе, онда ыдыс жөне буып-түю оларға сәйкес келуі керек.Тауар сатып алушыға барлық керек- жарағымен берілуі қажет (керек жарақ бұл негізгі затқа қызмет етуші зат). Затты керек-жарақ етіп тек оның және басты заттың функционалды тағайындалуларының өзара байланысына негіздемейді. Азаматтық кодекстің 408- бабында сатушының керек-жарақтарды беруі бойынша міндеті бекітілгеніне қарамастан олар тұтынушыларға (сатып алушыларға) қиянат жасауға тырысады. Бұл реттерде олар сатушылар көп ретте Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 122-бабының міндетті еместігін (диспозитивті екенін) пайдаланады. Қосымша ақыға аудио-видеотехникаға қосалқы шнур, бұйым үшін қорғаныш жапқыш, оны күтіп баптауға арналған зат ұсынылады. Қосалқы (керек-жарақ) зат барлық жағдайда өздігінен атқаратын қызметі жоқ деген қалыптасқан түсінік қате болып саналады. Сондықтан қандай да болмасын тауардың керек-жарақтары оны мақсаттарда кедергісіз қолдану кажеттерімен анықталуы керек. Егер керек-жарақ тұтынылатын (тұтыну барысында өз қасиетін жоғалтатын болса) зат болса оның негізгі зат қызметін қамтамасыз ететін мерзім белгіленіп көрсетілуі тиіс. Тағы да айтатын бір нәрсе бар. Біздің көзқарасымыз бойынша, жиынтықтылық пен керек-жарақ түсініктерінің араларында тығыз байланыс бар. Керек-жарақ болып келетін затты беру жиынтылықпен қарастырылуы керек, егер бұл жасалмаса керек-жарақ туралы нормалар (АК 122 бабы) тікелей қолданылуы керек.Тауармен (өніммен) бірге оның жиынтықтылығын қауіпсіздігін, сапасын, растайтын тұтыну тәртібін растайтын ж.б. құжаттар беріледі. Өнім сатып алушыға берілгенге дейін меншік шаруашылык жүргізу, оралымды басқару құқықтары оған етіп үлгерсе, сатушы тауар берілгенге дейін оны сақтауға, нашарлауына (бұзылуына) жол бермеуге міндетті. Осыған байланысты сатушы мүлікке немқұрайлы қарамауы және оны касақана бүлдірмеуі керек. Сатушы осы міндетін тегін атқармайды. Егер екі тараптың келісімімен өзгеше қарастырылмаса, сатып алушы сатушыға оның тауарды сақтауға жұмсағанын өтейді. Сатушының құқықтарына зат қабылдануын және сатып алу бағасын төлеуді талап ету кұқықтары жатады. Әр міндеттемеге сәйкес келетін қарсы кұқық бар. Сатып алушының шартпен бекітілген міндеттемелері сатушының басқа да құқығы барын ескереді. Сатып алушының негізгі міндеті тауарды қабылдап алу және ақысын төлеуі болып табылады. Сатып алушының тауарды қабылдауы, оның жағынан тауарды беру және алу үшін қажетті шараларды қамтиды. Бірінші кезекте сатып алушы тауарды қабылдап алу үшін алыдын-ала жағдай жасауы қажет. Тауар тасымалдануға тиісті болса сатып алушы жүкті тиеп жіберу үшін қажетті мәліметтерді сатушыға хабарлауға міндетті (егер тауарды сатушы жеткізетін болсаа). Ал кейбір жағдайда сатып алушы тауарды өндірістен немесе сатушының қоймасынан алып кетуді ұйымдастыруы қажет. Егер шарттағы тауарды беру жағдайлары оның жеткізіліп берілуін қарастырса, сатып алушы өз қоймасын жұмысқа дайындап қоюға, өнімді келісілген жерде күтуге міндетті. Бұдан басқа, сатып алушы өзіне ұсынылған тауарды уакытында қабылдап алуға, жүк тасымалдау көлігінен жүкті түсіруге, сатушының көлігін ұстамауға, өзінің тым баяу әрекеттерімен тауардың бұзылуына жол бермеуге міндетті. Сонымен катар, ол өнімді тексеріп алуы, өнім құжатын қабылдауы және өнімді кабылдап алғаны жөнінде сатушыға куәлік беруі қажет.Өнімді қабылдап алу шарттары заңнама бекіткен нормалармен анықталуы мүмкін. Сатып алушы шартты бұзып затты қабылдамаса, сатушыға оның затты қабылдауын талап етуге, болмаса шартты орындаудан бас тартуына болады. Сатушы сатып алушының іс-әрекеті нәтижесінде болған шығынын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 349-бабы 2-тармағы, 350-бабы бойынша өндіріп алуға құқылы. Ағымды өзгеретін бағалар негізінен, ең алдымен дайындалуы ұзақ мерзімді тауарларға немесе тауарлардың дайындалған топтарына қолданылады. Мысалы, шикізатқа деген әлемдік баға тез өзгереді, жабдықтаушымен тұрақты байланыс болмайды, осының әсерінен шикізат әртүрлі жағдайда сатып алынады., ж.б.Нақты тауар үшін ақы төлеу міндетіне көшейік. Ол өзі екіге бөлінеді. Біріншіден, сатып алушы өз есебінен төлемді жүргізуі үшін дайындық әрекетін жасауы керек. Әдетте олардың қатарына сатып алушының есеп шоты, аккредитивті ашуы, шарт сомасында чек беру кіреді. Қандай әрекеттер жасалатыны шарттың өзінің жағдайларымен, сол сияқты заңнама нормаларымен анықталады. Екіншіден, сатып алушы ақшаны төлеуі керек. Төлемақы төлеу қолма-кол ақшамен есеп айырысу немесе оларды пайдаланусыз есеп айырысу жолымен де жүзеге асады. Егер шарт және заң актілері бағаны белгіленген мерзімде төлеу міндетін қарастырмаса, онда сатып алушы тауарды алған соң немесе тауарды билеу құжаттарын алған соң төлемақыны дереу (кейінге қалдырмай төлеу керек. Шартпен тауар бағасын алдын-ала төлеу қарастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда ол сатушыдан тауарды қабылдаған кезге дейін белгіленген мерзімде бағасы толық немесе жартылай төлеу қажет. Егер мерзім шартта көрсетілмесе, ақы тауар берілгенге дейін ақылға сиымды мерзім ішінде төленуі керек.Егер тауар үшін төлеу міндеттемесін орындау мерзімі несие берушінің еркіне байланысты болса, Қазақстан Республика-сының Азаматтық кодексінің 277-бабы бойынша сатып алушы 7 күн мерзім (жеңілдік мерзімі) ішінде несие берушінің талабын орындауы қажет. Тауарды несиеге алу шартпен бекітілуі керек, ал бұл туралы арнайы белгіленген жағдай болмаса, онда сатып алушы тауар бағасын толық төлеуі қажет. Тауарды кредитке сату шарты бойынша сатып алушы бағаны тауар берілгеннен кейін белгіленген мерзімде төлеуге міндетті. Төлеу мерзімі кредитке сату шартымен тікелей карастырылмаса. онда төлем ақылға сыйымды болуы керек. Сол сияқты төлемді жасау мерзімі несие берушінің (сатушының) төлеу туралы сұрау мерзіміне қарай анықталуы мүмкін.Тауарды кредитке сату шартты жасасқан күнде болған бағаға сәйкес жүргізіледі. Болашақта тауардың бағасы өзгерсе де ол қайта есептелуге жобалайды.Тауарды кредитке сату шартының бөлек түрі төлемді бөліп төлеуді қарастыратын шарт. Тауарды кредитке сатудың база-лық шартынан айырмашылығы, оның мазмұнында зат бағасы, төлемдердің тәртібі мөлшері, мерзімі айқын көрсетіледі. Егер сатып алушы шартпен бекітілген мерзім ішінде бағаны төлемесе (соның ішінде кезекті төлем мерзімін өткізіп алса) сатушы шарт-тан бас тартуға және сатылған мүлікті қайтарып алуға құқылы.Сатып алушы сатушыға шарттын тауар саны, сапасы, жиынтықтылығы және басқа көрсеткіштеріне қатысты талаптары бұзылғаны туралы шарттың өзінде бекітілген немесе заңнама нормаларында қарастырылған мерзімде хабарлауға міндетті. Мысалы сатып алушы тауарды қабылдап алғаннан кейін 15 күн мерзім ішінде оның түр- түріне қатысты талаптар бұзылғанын айтып хабарлауы қажет. Егер ол осыны жасамаса, онда тауар үшін сатушымен келісілген баға бойынша ақыны төлеуі тиіс. Сатып алушы сатушыға бұзушылықтар туралы әрқашан хабарлауы керек. Азаматтық кодекстің ережелері сатып алушыға сапасыз зат берілген жағдайда оның құқығын қорғайды. Егер сатушы заттың кемшілігін алдын-ала ескертпеген жағдайда, сатып алушы мынандай талап қоюға құқылы: ▪ сатып алу бағасын тиісті мөлшерде кеміту туралы; ▪ қисынды мерзімде тауардың кемшіліктерін тегін жою жөнінде; ▪ тауар кемшіліктерін жоюға жұмсалған өз шығындарын өтеу туралы; ▪ тиісті сапасы жоқ тауарды шартқа сәйкес келетін тауармен салыстыру туралы; ▪ шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшін төленген ақша сомасын қайтару туралы талап қоя алады. Сатып алушының оған жиынтықталмаған тауар берілген реттегі (жағдайдағы) құқықтары АК 433-бабымен карастырылған. Олар сатып алушының тауар сапасыз болып шыққан жағдайдағы құқықтарына ұқсас. Негізінен, сатып алушыға шарттың бұзылуына қатысты әрбір жағдайда белгілі құқықтар беріледі. Солардың араларында тауар жөніндегі қандай да болсын өзге талаптарды бұзу болып келеді. Сатып алушы тауардың саны жетіспейтініне, оның түр-түрі бұзылғанына байланысты және басқа жағдайларда тиісті құқықтарын жүзеге асыра алады.Көбінесе сатып алушының көрсетілгендей құқықтарын жүзеге асыру белгілі бір бөлігінде азаматтық құқықтық жауап-кершілікті жүзеге асыру болып келеді. Сатып алу-сату шарты тараптарының мойнында тауардың кездсйсоқ жойылуының немесе бүлінуінің тәуекелі белгілі дәрежеде болып келеді.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 411-бабына сәйкес, егер сатып алу-сату шартымен өзгешелік қарастырылмаса, онда сатып алушыға тауардың кездейсоқ жойылуының, бүлінуінің тәуекелі (қаупі) сатушы заң актілеріне, шартқа сәйкес өзінің тауарды сатып алушыға беру міндетін атқарған болып есептелінетін сәттен ауысады.АК 410-бабы сатушының затты беру бойынша міндетін орындауының сәтін анықтау тәртібін бекітеді. Жалпылама олар меншік иесі тәуекелінің ауысуын анықтайтын тәртіптерге сәйкес болып келеді. Мүліктің кездейсоқ жойылуының немесе бүлінуінің қаупі мүлікті шарт бойынша иеленушіге оған меншік құқығы ауысуымен бірге ауысады. Сатып алу-сату шартымен өзгеше қарастырылмаса сатушының тауарды сатып алушыға беру міндеті мынадай әрекеттер жасалса орындалды деп саналады: ▪ Шартпсн сатушының тауарды жеткізу міндеті қарас- тырса, тауар сатып алушыға немесе ол көрсеткен тұлғаға табыс етілген соң; ▪ Егер тауар сатып алушыға немесе көрсетілгсн тұлғаға тауар орналасқан жерде берілуі керек болса, онда тауар сол жерде сатып алушының қарамағына берілсе.Тауар сатып алушының қарамағына берілуі үшін ол тиісті (келісілген) жерде берілу үшін дайындалу керек және сатып алушыға тауар шартқа сәйкес берілуге дайын екені туралы хабарлануы керек.Сатушының аталғандай міндеттері болмаса, шартпен өзгешелік қарастырылмаса оның міндеті тауар сатып алушыға жеткізілу үшін тасымалдаушыға немесе байланыс ұйымына тапсырылған соң, орындалған болып есептеледі. Шартты жасасқан кезде сатушы тауардың жойылғаны немесе бүлінгені туралы білсе немесс білуге тиісті болса және туралы сатып алушыға хабарламаса, онда тәуекелдің тауар бірінші тасымалдаушыға тапсырылған сәтпен ауысуы туралы жағдай жарамсыз деп танылуы мүмкін. Жарамсыздықты сот сатып алушының арызы бойынша таниды.Айтылғандай сатушы өзінің немқұрайлығы үшін де жауапты болады. Мысалы, тауарды сатып алушыға жөнелту алдында сатушының қоймасында ұзақ мерзім бойынша тауардың сақтығын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар болмады. Сондықтан жөнелтілген тауар жарамсыз болып келе-тінін болжау негізді еді, бірақ сатушы зиянды салдарды жою үшін өзіне байланысты шараларды қолданбады.Сатып алушыға артықшылық (жеңілдік) беретін тәуекелдің ауысуы туралы шарт жағдайлары болуы мумкін. Айтатын болсақ, тауар сатып алушыға темір жол көлігімен тиеліп жіберілді дейік, бірақ шартта тәуекелдің сатып алушыға ауысуы оның тауарды іс жүзінде алу сәтімен белгіленген.Сатылатын тауарлар олар ретінде нотариат куәландырудың немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін шарттарды рәсімдеуді талап етсе, тауарға меншік құқығы пайда болуы шартты нотариат куәландыруымен немесе мемлекеттік тіркеумен анықталады (ҚР АК 238-бабы 2-тармақ). Осымен бірге сатып алушыға тәуекел де ауысады.Тауар жолда болған кезінде ол қайта сатылса, шартпен немесе іскерлік айналым әдет-ғұрыптармен өзгешелік қарастырылмаса, сол тауарға қатысты кездейсоқ жойылу әлде кездейсоқ бүліну қаупі (тәуекелі) сатып алушыға сатып алу-сату шарты жасалған сәттен өтеді. 3.Тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді (ҚР АК 445- бабы).Бөлшектеп сатып алу-сату шарты жария шарт (Азаматтық кодекстің 445- бабының 2-тармағы). Оның осы қасиетіне байланысты бөлшек саудамен жүзеге асыратын кәсіпорын немесе қандай да болсын кәсіпкер кезкелген шарт жасауға міндетті. Заңдарда (заңнамада) қарастырылғанды қоспаған кәсіпкер бөлшек сатып алу-сату шарттарын жасағанда бір тұлғаға өзге тұлға алдында артықшылық жасауға құқылы емес. Яғни шарттың бағасы, өзге жағдайлары барлық тұтынушыларға бірдей болуы керек, ал заңнамамен қарастырылса тұтынушылардың бөлек санаттары үшін жеңілдік жасалуы мүмкін. Кәсіпорын тауарды беру мумкіншілігі бола тұрып бөлшек сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартса, тұтынушы өзіне негізсіз бас тартумен келтірілген шығындарды өндіріп ала алады.Бөлшектеп сатып алу-сату шартының осы ерекшелігі оны жасасу тәртібіне де әсер етеді. Көбінесе ұсынушы (оферент) бұл сатушы, ал шарт жасасу туралы ұсыныс (оферта) деп аталады. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты тараптар шарттың заты, бағасы және тиісті қажеттілігі туралы кемінде бір тарап айтатын өзге жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап жасалған болып табылады. Ұсынысты қабылдау (акцепт) туралы айтып кетейік. Сатып алушы тарабының ол көпшілік жағдайларда тауардың бағасын төлеу арқылы жасалады. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысаны. Әдетте бөлшектеп сатып алу-сату шарттарының нысаны ауызша болып келеді, сонымен қатар бұл шарттарды жазбаша нысанда жасау мүмкіншілігі де жоққа шығармайды. Жазбаша нысан тараптардың құқықтары мен міндеттері болашақ уақытқа арналса орынды болып келеді. Мысалы, тауарлар алдын-ала тапсырыстар негізінде, пошта арқылы жіберу жолымен сатылады, жеңіл автокөлік сатылады ж.б.Егер заң актілерінде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында, соның ішінде сатып алушы қосылатын формулалардың немесс өзге де стандарттық нысандарының талаптарында өзгеше белгіленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар чегін немесе тауарға ақы төленгенін растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиісті нысанда жасалған болып ессптеледі. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және жағдайларын растау үшін куәлік айғақтарға сүйену мүмкіндігінен айырмайды.Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң төмендегілерді реттейді: тұтынушылардың тауар туралы ақпарат алуы кезіндегі қарым-қатынасты, сапаға сәйкес келетін тауар ауыстырып алуды, тұтынушылардың оларға сапасы тиісті болып келмейтін тауар сатылғанына жұмыстар орындау, қызмет көрсету туралы шарттардың бұзылуына байланысты құқықтары, тұтынушылар өздерінің өмірімен денсаулыққа құқықтарын асырғанына байланысты қатынастарды. Жоғарыда аталғандар мен оның элементтері бөлшек сатып алу-сату шарттарындағы тараптар қарым қатынастары ерекшелігінің түйінін құрайды.Шарт бойынша, сатушы болып тек қана кәсіпкер тауарларды сататын ұйым немесе азамат табыла алады. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысанасы айналымнан алынып тасталмаған кезкелген заттар болуы мүмкін. Олардың қатарына жеке сипаттарымен де тектік сипаттарымен де анықталатын заттар жатады. Бір ғана тауар бөлшек сатып алу-сатудың да тауар жеткізілімі шартының да нысанасы бола алады (егер мысалы, жеңіл автокөлікті өз мұқтажында көлік ұйымы сатып алса). Егер автомобиль сатушысы жеке тұлға болса, онда бұл Азаматтық кодекстің жалпы нормаларымен реттелетін қарапайым сатып алу-сату шарты болып келеді. Қолда бар затты сатумен қатар келешекте пайда болатын заттар да сатылуы мүмкін. Келешекте пайда болатын заттар каталогтарға енгізілуі, ал өздері болса өндірісте әлі де шығарылмауы мүмкін. Бөлшек сауда болашақтағы заттар сатылатыны тұтынушының жағдайын ешқалайша нашарлатпауы, оған тәуекелдерді жүктемеуі керек. Бұл шартты сипаттайтын ерекшелік — шарт шынайы орындалғанға дейін барлық тәуекелдер сатушының мойнында болып келеді.Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмүны.Сатушының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарында бірне-ше ерекше міндеттері бар. Бөлшек сатып алу-сату шартын жаса-мақ алдында сатушы сатып алушыға тауар туралы қажетті және сснімді ақпарат беруі керек.Кәсіпқой ретінде сатушы сатып алушыға берілетін ақпарат мазмұнын өзі айқындайды. Дегенмен, ақпарат өзіне міндетті кезеңдерді енгізуі қажет: олар, баға жөніндегі сенімді және қажетті хабар алушының қызықтырған өнім туралы тұтынушылық қасиеті жайлы мәлімет, затты тұтыну жайлы ереже, оны сақтау және қауіпсіз пайдаға асыру тәртібі. Ал азық түлік өнімдеріне қатысты өнімнің құрамы, қуаттылығы, денсаулыққа зиянды заттар құрамы және сақталу мерзімі туралы ақпарат берілуі тиіс. Бұл ақпарат тұтынушыға тек ауызша түрде жеткізілмейді, сонымен қатар өнімнің техникалық құжаттамасында көрсетіледі, тауарда өнімнің дайындалған және сатылған мерзімі, өзге де белгілері болуы керек. Олар тауарға сауданың бір немесе өзге саласында қолданылатын тәсілдермен негізделеді. Азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек, косметика бұйымдарына (уақыт өте келе бұзылатын өнімдер) пайдалануға берілген мерзімі, пайдаланудан шығатын уақыты көрсетілуге міндетті. Кейбір тауарлар өзінің тұтынушылық қасиетін мерзімінен ерте жоғалтып алады. Сатып алушыға бұл жағдай да ескертілуі қажет, ал тауар уақытынан ерте бұзылған кезде оны сатуға шығаруды тоқтату керек. Сатушы сатуға шығарған бұйымның сатып алушының өзі мен жанүя мүшелерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеуге міндетті. Осыған сәйкес, тұтынушы өнімінің көрсетілген мерзім ішінде кауіпсіздігін талап етуге құқылы. Өнімнің адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігіне қатысты талаптар міндетті болып келеді және мемлекеттік стандартқа сай анықталады. Мұндай өнім міндетті түрде сертификатталады, ал өнімде оның стандарттар талаптарына сәйкес келетінін растайтын белгісі болмаса өнімді сатуға және пайдалануға тиым салынады.Барлық азық-түлік өнімдері, бояулар мен лактар, шампунь, тіс жуатын ұнтақтар мен пасталарға екі тілде де тауардың тұтыну қасиеті, қоспасы тауар құрамының консерванттары мен бояулары, пайдалану мерзімі, өндірушім туралы деректер болуы қажет. Мұндай түсініктемелер мен нұсқаулар мұздатқыштарға, кір жуғыш машиналарға, шаңсорғыштарға, теледидарға, ойыншықтарға берілуі кажет. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты сатушының тауарды жет-кізіп беру міндетін қарастыруы мүмкін. Азаматтық заңға сәйкес бұл екі жағдайда жүзеге асады. Біріншіден, бөлшектеп сатып алу-сату шарты үлгілер жүйесінде жүзеге асса, яғни сатып алушының тауардың үлгісімен танысуы (тауардың суреттемесі мен каталогы) арқылы жасалса. Егер заң актілерімен немесе шартпен басқа жағдай (талап) қарастырылмаса, сатушы тауарды шартта көрсетілген мекен-жайға мысалы азаматтық жұмыс орнына жеткізіп берсе, келісімшарт орындалған болып есептелінеді. Тауарды беру орны шартпен анықталмаса, онда тауар азаматтың тұрғылықты жеріне немесе заңды тұлғаның тұрған жеріне (орналасқан жеріне) жеткізілген соң тауар берілген болып есептеледі. Осы міндетті орындау мерзімі қисынды қажетті уақыт кезеңімен анықталады.Екіншіден, бөлшектеп сатып алу-сату шарты арнайы тауарды сатып алушыға жеткізіп беру талабымен (жағдайымен) жасалуы мүмкін.Осындай шарт жасалса сатушының және сатып алушының араларында жеткізу мерзімі туралы, сол сияқты сатып алушы сонда қабылдауды жүзеге асырғысы келетін қандай да болсын жер көрсетіледі. Өзгешелік заң актілерімен әлде шартпен қарастырылмаса, болмаса міндеттеме мәнісінен туындамаса сатушы тауарды сатып алушыға бергеннен кейін, ол жоқ болса квитанцияны немесе шарт жасалғанын растайтын өзге тұлғаға бергеннен кейін шарт орындалған болып есептеледі. Қазіргі уақытта оларды жасаған кезде ешқандай құжат толтырылмайтын, тауарды жеткізіп беру міндетін қарастыратын бөлшектеп сатып алу-сату шарттары кең тарады. Мысалы, телефон арқылы дайын тағамдарға, өзге тауарларға тапсырыс беріледі.ҚР АК 451-бабымен бөлшектеп сатып алу-сату шартынын автоматтарды пайдалана отырып тауар сату сияқты бөлек түрі реттеледі. Автоматтарды пайдаланып тауарды сату негізінен сатушының міндеттерін өзгертпейді. Автоматты жүйемен сауда жасау кезінде автомат иесі (меншік иесі болу шарт емес) сатып алушыға тауар туралы ақпарат беруі керек (аты, саны, әр бірліктің бағасы т.б.). Сонымен қатар тауар сатушы туралы ақпарат та автоматты жүйеге енгізілуі қажет, оған сатушының атауы (фирмалық атауы), орналасқан жері, оның жұмыс кестесі туралы деректер жатады. Сол сияқты тауарды алуы үшін сатып алушы жасауы керек әрекеттер тізіліп аталады. Ақпарат автоматқа енгізуден өзге жолмен де берілуі мүмкін. Сатып алушының тауарды алу үшін жасалған әрекеттері аяқталғаннан ксйін шарт жасалды деп есептелінеді.Егер сатып алушыға ақысы төленген тауар берілмесе сатушы тауардың сатып алушыға дереу берілуі немесе тауар үшін төленген ақшалай соманыңмтолық қайтарылуын қамтамасыз етуге міндетті. Тауар жеткізілімі шарты. Тауар жеткізілімі шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы (тауар беруші) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді.Тауар жеткізілімі шартының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарынан және қарапайым тұрмыстық сатып алу-сату шарттарынан түбегейлі айырмашылығы бар. Тауар жеткі-зілімі шарты тауарлы-материалдық құндылықтарды экономиканың кез келгсн салаларында үлестіруге (қайта үлестіруге) мүмкіншілік береді. Бұрын бұл шартқа жасанды түрде әкімшілік- жоспарлау мінез берілетін. Жеке заңнамалық шешімдер оны сатып алу-сату шартының бөлек түрі ретінде қарастыруға әкелді. Алайда, оның функциялары сол күйінде қалады. Өндірістің жекелеген салаларын орталықтандырудың күшеюіне байланысты оның басқа сатып алу-сату шарттарынан айырмашылығы өсе түседі. Тауар жеткізілімі шарты нарық субъектілеріне өндірілген, импортталған, экспортталған өнімдерді кез-келген бағытта тарату мүмкіндігіне ие болады. Оның көмегі арқылы өндіріс құралдары, өндіріске, қажет басқа тауар алынады, тауарлардың жекелеген топтары өндірушіден бөлшектеп сатушыларға дейін жүйеленген нарық инфраструктурасына ауысады.Тауар жеткізілімі шартының елеулі айырмашылыктарының бірі одан туындайтын құқықтық қатынастар ұзаққа созылатын болып келеді. Осыған байланысты ұзақ мерзімдер бойы шарт тараптары өнімді тиеп жіберіп, алып тұрады, тауар жеткізілімін жүзеге асыру үшін қажетті көптеген ұйымдық құқықтық шараларды қолданады. Тауар жеткізілімі шартының жасау тәртібі оның өзгешелігі болып табылады. Шарттың жобасын алған тарап 20 күннің ішінде оны қарап, шарттың бір данасын екінші тарапқа береді. Тараптар арасында шарттың жекелеген жағдайлары бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шарт жасауды ұсынған және басқа тараптан осы жағдайлар бойынша келісу туралы ұсыныс (келіспеушіліктер хаттамасын) алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап отыз күн ішінде, егер өзге мерзім тараптармен келісілмеген болса, шарттың тиісті талаптарын келісу жөнінде шаралар қолдануға не басқа тарапты оны жасаудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландыруға тиіс.Сонымен, акцентантпен қойылған ұсыныстарға жауап беру мерзімі көбею жағынан қарастырылады. Өнім тапсыру туралы ереже бойынша ол 10 күнді құрайды. Алғашқы оферентті шарт жасауға еріксіз көндіруге жол берілмейді өнім тапсыру туралы ереже бойынша сатушының (өндірушінің) шарт жасаудан басын тартқан немесе келіспеген жағдайларға байланысты сұрақтарды және келіспеушіліктерді шешу үшін сот тәртібі қарастырылған еді. Заңнамадағы осы шешім де азаматтық құқықтағы шарттың еркідігі кағидасының күшеюіне мүмкіншілік береді деп айтуға болады.Тауар жеткізілімі шартының нысаны- жазбаша. Шартты жасау, өзгерту, бұзу немесе оның мерзімін ұзарту тараптары қол қойған келісім немесе хаттар, факстар, телеграммалар, телетайпрограммалар, радиограммалар арқылы жасалады.Тауар жеткізілімі шартында шарттың заты мен берілетін тауарлардың санын анықтайтын жағдайларынан басқа, жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын (түр-түрін) бағасын анықтайтын, жеткізілетін өнімнің сапасының жағдайлары да бекітілуі керек. Егер шартта осындай жағдайлар көзделмесе, екі тараптың біреуінің талабы бойынша шарт жасалмаған деп есептелінуі мүмкін. Осыған байланысты осы айтылған барлық жағдайлар тауар жеткізілімі шартының міндетті жағдайларына жатқызылған.Шарттың қосымша жағдайлары болып өнімнің жеткізу тәртібі мен мерзімдері, есеп айырысу тәртібі, шарттың қолданылу мерзімі, жыл сайынғы спецификациялар туралы келісу тәртібі (ұзақ мерзімді шарттар жасалған кезде). Тауар жеткізілімі шарты әрбір мерзімге жасалады: ай, тоқсан және басқа да ұзақ мерзімге. Егер шартта оның қолданылу мерзімі белгіленбесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, шарт бір жылға жасалған деп танылады. Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарт ұзақ мерзімді деп аталады. Ұзақ мерзімді және бірқатар қысқа мерзімді шарттар бір субъектілер арасында жасалса, олар маңызы жоғары нәтижелерге әкеп соғады. Үзіліссіз екі жыл көлемінде және одан да көп жылдарда күші бар шаруашылық байланыстар ұзақ мерзімді деп аталады және оны тауар беруші (өндіруші) бір жақты тәртіппен бұзуға құқығы жоқ. Осы тәртіп Қазақстан Республикасында орналасқан өндірушілермен (тауар берушілермен) тура және ұзақ түрде орнатылған шаруашылық байланыстарға қолданылады.Шарттың жағдайларының бәрін оның жүргізу кезеңдерінде келісіп алуға болады. Кейбір жағдайларда, ұзақ мерзімді шарттарда олар күнтізбелік жылға немесе одан да ұзақ, бірақ шарттар жасалған жалпы мерзімнен аз мерзімге келісіледі. Егер ұзақ мерзімді шартта берілуге тиіс тауардың саны немесе өзге де шарт талаптары бір жылға нсмесе барынша ұзак мерзімге белгіленсе, шарттың қолданылу мерзімі біткенге дейін кейінгі кезеңдерге жағдайлар бойынша тараптардың келісу тәртібі белгіленуге тиіс. Шартта келісу тәртібі болмаған жағдайда шарт тиісшше бір жылға немесе шарт талаптары келісілген ұзақ мерзімге жасалған болып табылады. Тауар жеткізілімі шартының тараптары болып кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын субъектілер келеді. Сатушы тауар беруші жағында тауар жеткізілімі шартында ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан әрбір коммерциялық заңды тұлғалар және заңды тұлғамен құрылмаған жеке және ұжымдық кәсіпкерлер қатысады.Тауар беруші коммерциялық емес заңды тұлға да бола алады. Ол өз қызметін коммерциялық емес заңды тұлғаның бір немесе өзге түрі үшін рұқсат етілген кәсіпкерлік қызмет шегінде жүргізеді. Сатып алушы болып тауарды өзіне (күнделікті) пайдалануға байланысты емес мақсатта алатын кез-келген субъектілер табылады. Мемлекет тауар жеткізілімі қатынастарында сатьш алушы ретінде ғана қатыса алады.Азаматтық айналымнан алынбаған заттар тауар жеткізілімі шартының пәні болады. Азаматтық қүқықтық нормалары тауар жеткізілімін қаты-настардың белгіленген кезінде, жалпы емес, ал арнайы сипат-тауына жатады, тауар жеткізілімін мәніне қарай айтуға болады, тауар жеткізілімі шартының пәні заттан басқа, мүліктік құқық және азаматтық құқыктың объектілері бола алмайды. Сатушы тауарды берумен бірге сатып алушыға оның керек-жарақтарын, сондай-ақ соған қатысты құжаттарды, келісілген көлемінде, түр-түрі және жиынтықтылығына (жиынтығы) сәйкес, бекітілген сапасына, үшінші тұлғалардың кез келген құқықтарынан тыс ыдысқа салып және (немесе) буып-түйіп беруге міндетті.Сатушы шартта бекітілген өнімнің (тауардың) санын беруге міндетті, яғни тауар жеткізілімі шартында тауардың санының жалпы ережелері толық қолданылады. Жеткізілетін өнімнің саны жүк тиеу вагондарының, контейнерлердің орнының санына бай- ланысты шартты есептелуі мүмкін. Жеткізілетін өнімнің (тауар- дың) саны белгіленгенде таразылаудың, өлшеудің туралығымен байланысты тәжірибелік қиындықтар бар болып келеді. Үлкен санында аз емес килограмдар ал кейбір кезде өнімнің тонналары жеткізілмейді немесе тауарлар санына сәйкес қабылдаған жағдайда, жүк тасымалдау құжаттарында белгіленген тауардың саны және сатып алушы алған тауарлардың саны араларында айырмашылықорын алады. Тауар жеткізілімінің жекелеген кезеңінде тауардың жетіс-пеуіне жол берген тауар беруші жетіспейтін тауарлар санының, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарттың қолданылу мерзімі ше-гіндегі келесі кезеңде (кезеңдерде) орнын толтыруға міндетті.Ұзақ мерзімді шарт бойынша жекелеген тауар жеткізілімі кезеңінде кем берілген тауарлардың саны, егер шартта өзгеше көз-делмесе, тауарлардың жетіспеуіне жол берілген жыл ішіндегі келесі кезеңде (кезеңдерде) сатушымен (тауар берушімен) орны толтырылуға тиіс.Тауар беруші шартта немесе сатып алушының тиеп жөнелтуге рұқсат қағазында аталған бірнеше алушыға тауарларды тиеп жөнелткен жағдайларда алушының біреуіне шартта немесе тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазында көзделген санынан артық жіберілген тауарлар, егер шартта өзгеше көзделмесе, басқа алушылардағы жетіспеушіліктерді өтеуге есептелмейді және тауар беруші онын орнын толтыруға тиіс.Тауар беруші сатып алушыдан талаптарды алған күннен бастап кемістіктерді жиырма күн ішінде жою немесе осы мерзім ішінде сапасы бар өнімге ауыстыруға міндетті. Егер кемістіктер тауар берушінің кінәсі бойынша пайда болса, сатып алушы өнімнің жойылым кемістіктерінен бас тартуға құқылы. Егер сатып алушы кемістіктерді өзі жойса, тауар беруші жойылған кемістіктерге кеткен шығындарды өтейді. Сатып алушымен немесе тауар берушімен кемістіктер жойылған кезінен бастап, өнім жеткізілген болып есептеледі. Жарамсыз өнім төленбейді, тауар жеткізілімі міндеттерін орындау есебіне жатқызылмайды. Шартқа, стандарттарының талабына немесе техникалық жағдайларына сәйксс жеткізілетін өнімнің таңбалануы қажет. Өнімде немесе тауардың буып-түюінде тауарлык белгісі болуы керек. Егер стандарттарда көзделсе, өнім тауарлық белгісіз де жеткізіледі. Тауарларға тауарлық белгілер жазылуы тиіс.Жиынтықталмаған тауарлар жеткізілген жағдайда сатып алушы оны толымды жиынтықтауға міндетті. Сатып алушыдан талаптарды алған күннен бастап тауарды толымды жиынтықтауды немесе тауарды жиынтық тиісті тауарға ауыстыру жиырма күн ішінде жасалу керек. Тауар жеткізілімінің он күндік, тәуліктік, сағаттық және басқа да кестелері бекітілуі мүмкін. Шарттың міндеттемелердің орындау күні болып өнімді тауар беруші көлік органына берген, немесе тауар берушінің қоймасында тауарларды алғаны туралы сатып алушының тауарларды қабылдаған қолхатында белгіленген күні есептеледі. Тауар жеткізілімі мерзімінен бұрын жасауға сатып алушының келісімі болғанда жол беріледі. Мерзімінен бұрын жеткізілген жәнс оларды сатып алушы қабылдап алған тауарлар келесі кезеңде жеткізілетін тауарлардың санына есептеледі. Тауар жеткізілімі шартында сатушы сатып алушыға тауарды беру тәртібі өзгешелік болып табылады. Егер тауар жеткізілімі шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды (өнімді) сатып алу-шыға, немесе шартта алушы ретінде белгіленген өзге тұлғаға те-міржол арқылы немесе өнімді автомобиль көлігімен тиеп жіберуге міндетті. Яғни, жалпы тәртіп бойынша сатушы тауарды сатып алушыға жеткізуге міндетті. Егер шартта жеткізіп беру көліктің қандай түрімен және қандай жағдайларда жүзеге асырылатыны белгіленбесе, онда заң актілерінен, іскерлік айналым дағдыларынан немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамаса, көліктің тандау құқығы немесе тауарларды жеткізу жағдайын белгілеуі тауар берушіге жатады.Үшінші тұлғаларға тауарларды тиеп- жөнелтуге шартта тауар тауарларды алушыларға тиеп-жөнелтуі туралы сатып нұсқау (тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз) беру құқығы көзделгенде мүмкін болады. Немесе шартта тікелей (алдын ала) тауар үшінші тұлғаға тиеліп жіберілетіні көрсетілуі мүмкін.Тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаздың мазмұны және оны сатып алушының тауар берушіге жіберудің мерзімі шартта белгіленеді. Тауар жеткізілімі шартында үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру міндеті сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен реттеледі. Тауар жеткізілімінің шарты ыдыс және буып-түюге қойылатын талаптарымен ерекшеленеді. Өнімнің ыдысы буып-түю стандарттар және техникалық жағдайларының талаптарына сәйкес болуы тиіс, тасымалдау кезінде тауарларды сақтауға мүмкіндік туғызу керек.Тауарды қабылдау жүзеге асырылады: а) алушының қоймасында - тауарды сатушы әкелгенде; б) сатушының (тауар жеткізушінің) қоймасында - тауарды алушымен өзі алып кететін болса; в) полмбаланған көлік құралдарынан және контейнерлерінен жүк түсіру орындарында немесе пломбалағандарды ашу жерлерінде немесе көлік органдарының қоймасында тауарды тсміржол, әуе жолы, су және автокөлік органдарымен жеткізіп бергенде іске асырылады. Брутто салмағымен және орын көлеміндс бұзылмаған ыдыста келіп түскен тауарлар осы мерзімде дс қабылданады. Нетто салмағымен және әр орындағы ыдыс санын көлемімен бұзылмаған ыдыспен келіп түскен тауарлар (олар сатушымсн жеткізілсе немесе оның қоймасынан алынып кетілсе), ыдысты ашқан уақытпен бірдей қабылданады, бірақ 5 күннен кешікпей, ал тез бұзылатын тауарлар тауарды алған уақыттан 24 сағаттан кешікпей. Егер тауарды сатушы тиеп жіберетін болса, онда бұл мерзім жүк көлік органымен берілген уақыттан басталып есептследі. Сапасы және жиынтықтылығы жөнінде қабылдау бұл та-уардың жасырын және ашық кемшіліктерін айқындау мақсатында жүргізілетінін тексеру. Тез бұзылатын өнім әр жағдайда алыну жерінде дереу өткізілуге жатады. Қабылдаушы мұндай өнімнің бұзылуын болдырмау шараларын қабылдауға міндетті. Ақы төлеу қолма- кол ақшасыз есеппен жүргізіледі. Сатып алушы заңда немесе шартта қарастырылған әдістің біреуімен ақы төлеуді жасау керек, есептің мерзімдерін, тәртібін сақтайды. Келісімшарт жасасу шарты (Контрактация).Келісімшарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылык өнімін өндіруші өзі өсірген (өндірген) ауыл шаруашылык өнімін-ұқсату немесе сату үшін осындай өнімді сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы-тұлғаға беруге міндеттенеді, ал дайындаушы оны қабылдауға және ол үшін төлеуге міндеттенеді. Келісім-шарт жасасу шарттың заңнамалық түсінігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 478-бабында берілген. Келісімшарт жасасу шарты, тауар жеткізілім шартындай сипатталады, яғни ауыл шаруашылық өнімін дайындаушыға кәсіпкерлік қызметінің жүзеге асырылуы негізінде беріледі, сондықтан келісімшарт жасасу шарты өзінің сипаттамаларымсн тауар жеткізілім шартына жақын. Қазіргі жағдайларда ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірушілері оны бөлшектеп сату жүйесі арқылы сирек өткізеді және өнімді өз бетімен қайта өңдеумен көбінесе шұғылданбайды. Оған себеп, көп нарық субъектілерінің мамандандыруының деңгейі жоғарыланып кетті. Ауыл шаруашылық өнімінің өндірушісі ауа райының жағдайларына, ауыл шаруашылық техникасының жағдайына, пестициттарының, тыңайтқыштардың бар болуына тығыз байланысты. Осыған байланысты келісім шарт жасасу шарты икемді құқықтық институт сияқты қолдануы мүмкін. Ауыл шаруашылық өндірісіне мемлекеттен ақша берілмеген жағдайларда фермерге күнін көру үшін осы келісім шарт жасалады. Мысалы, келісімшарт жасасу шарты контракттың алдын- ала тауардың бөлігіне төлеу міндетін қарастыруы мүмкін. Өз кезегінде бұл фермерге немесе өзге ауылшаруашылық өндірушіге өзінің өзекті мәселелерін шешуге мүмкіншілік береді-Негізінен келісімшарт жасасу шарты сатушының (ауыл шаруашылык өнімін өндірушінің) құқықтық корғауының күшейтуіне мақсатталған. Құқықтық даму кезінде ақыры осы саладағы шарттық тәжірибенің біркелкі өлшемдері (көрсеткіштері) анықталуы қажет. Келісімшарт жасасу шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 478-481-бабының тікелей нормалармен реттеледі. Бірақ оларда ауыл шаруашылық өнімі жеткізілімінін қатынастары толық, түбір-түбіріне дейін реттелмеген. Келісім- шарт жасасу сатып алу-сату шартының түрі болғандықтан сатып алу-сатуға және тауар жеткізіліміне арналған барлық нормаларымен реттеледі. Оған кейбір арнайы нормалар қолданылмайды, мысалы, бөлшектеп сатып алу-сату қатынастарын реттеуге арналғандар. Келісімшарт жасасу және тауар жеткізілім шарттары өзара біріншісі мәнсіз екіншісі өте маңызды нәрселер сияқты қатыспайды. Олар азаматтық құқықтық ортада тең негізде тұрмыс етеді. Заң шығарушы құқыктық реттеудің нәтижелілігін (тиымдылығын) арттыру қажеттіліктер басшылыққа алып сілтемелі норманы енгізді. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 478-б, 2- тармақ). Егер келісімшарт жа-сасу шартының қатынастары жоғары белгіленген баптар нормаларымен реттелмесе, оларға тауар жеткізілім шартының тәртіптері колданылады. Егер ауыл шаруашылық өнім мемлекеттік қажеттілікке сатып алынса, жоғарыда айтылып кеткен нормалардан басқа арнайы мемлекеттік сатып алуға арналған заңнама қолданылады. Сатып алу-сату шарты сияқты, келісім- шарт жасасу шарты ақылы (өтемді) консенсуалды, өзара (екі тарапты құқыктармен міндеттер бар) шарт болып келеді. Ол сатып алу-сату шартының өзге түрлерінен субъектілік қатарымен, айтылғандай затымен, мазмұнының кейбір бөлігінен (құқықтар мен міндеттермен) ерекшеленеді.Келісім-шарт жасасу шартының тараптары ретінде, сатушы (өнім ендіруші) және өнім дайындаушы (контракт) болып, көбінесе кәсіпкерлер әрекет етеді. Кейбір жағдайларда, келісімшарт жасасу қатынастарында өкілетті органдар арқылы мемлекет те қатыса адады.Келісімшарт жасасу шартының пәні (нысанасы) болып ауыл шаруашылық өндірісінің әртүрлі өнімі табылады. Оның ішіне өсімдіктерді баптаудың, мал шаруашылығының, аң өсірудің, саңырауқұлақ өсірудің, балық шаруашылығының өсірілген, өндірілген ауылшаруашылықтың өнімдері кіреді. Біздің ойымызша олар тек шартпен қарастырылған алғашқы өндеуден (дайындықтан) өтуі керек. Яғни, олардың құрамына сапасын және тағайындауын өзгертетін неше түрлі қоспалар кіргізілмеуі керек. Егер әңгіме ауыл шаруашылық өнімінің маңызды қайта өңдеуі туралы болса, онда шарттың пәні (нысанасы) өзгереді, өзіндік айналым қабілеттілігін алатын оңашаланған мүліктік игілік ретінде оны есепке алуды талап ететін жаңа құн пайда болады.Келісімшарт жасасу көп жағдайда болашақтағы енді өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдері жөнінде жасалады. Осымен қатар, келісімшарт жасасу шартының нысанына өсірілген өнім жөнінде жасалатын мәмілелер де бөлінеді. Егер тараптар оған өнім тапсыру туралы ереженің колданылуын қарастырса, онда бағасы келісімшарт жасасу шартының елеулі жағдайларының қатарына жатады. Басқа жағдайда баға келісімшарт жасасу шартының болсын, тауар жеткізілімі шартының да болсын елеулі жағдайларына жатпайды.Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші шартпен келісілген өнімді беруіне міндетті. Оның сапасы тікелей шартпен анықталады. Егер шартта оның сапасы жөнінде жағдай карастырылмаса, ол мемлекеттік стандарттарға сай болуы керек, яғни өндірілген өнімдер соңында тұтынушыға жетеді және де осыған байланысты оның өмірі мен денсаулығына қауіпсіз болуы керек. Өнім шарттар көзделген түр- түрімен беріледі. Сапасы, түр-түрімен бірге елеулі жағдай болып, өнімнің көлеміне байланысты жағдайда есептеледі. Контрактант өнімге ақы төлеуге міндетті, оның осы міндетінің орындалу тәртібі тауар жеткізілім шартының ұқсас міндетінің орындалу тәртібінен айырмашылығы жоқ. Содан баска оған алынатын өнімді ұқыпты тексеру міндеті жүктеледі, ол стандарттарға сай өнімнің сапасын тура анықтауды қамтамасыз етуге міндетті. Энергиямен жабдықтау шарты.Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жаб-дықтаушы ұйым абонентке (тұтынушыға) жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алынған энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимін сақтауға, өзінің карауындағы энергетика желілерін пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуте міндеттенеді (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 482- бабы).Энергия айналымы ерекшелігінің түбінде екі себеп жатыр. Біріншіден, энергия тек шектеулі уақытқа сақталынады. Осыған байланысты энергияны өндіру, бөлу және тарату бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бұл шарт бойынша екі тараптың міндеттері мен құқықтарын бөлуге өз әсерін тигізеді. Екіншіден, энергияны тарату қазіргі жағдайда күрделі болып табылатын жабдықтар көмегімен қалыптасады. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда инженерлік коммуникацияның, бақылау өлшеу аспаптарының, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдардың болуы міндетті. Электрмен жабдықтау шарты консенсуалды, екі жақты, өтемді (ақылы) болып табылады. Энергиямен жабдықтайтын ұйымның құқықтарын заттық құқықтар механизмі де қамтамасыз ете алады. Желілердің иесі белгіленген мер-зім бойы энергиямен жабдықтайтын ұйым үшін қажетті мөлшердегі энергияны өткізу қабілеттілікті сақтап (камтамасыз етіп) тұруға міндетті. Бұл желілер иесі өзіне энергияны өткізу шарты негізінде жүктеген ауыртпалық болып бағалануы мүмкін.Қазақстан Республикасында Біртұтас энергетикалық жүйе қалыптасқан. Тауар ретіндегі электр энергиясын пайдалану ерекшелігі шарт міндеттерін орындау жүрісін бақылайтын құрылымды құруды, оның айналымының айрықша ережесін қалыптастыруды талап етеді.Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау энергиямен жабдықтау шарты негізінде гана қалыптасады. Бұл шарттың нысаны мәміле нысанына қатысты жалпы ережелерге бағынады. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасындағы энергиямен жабдықтау шарты жай жазбаша нысанда бекітілуі мүмкін. Тұрмыстық тұтыну шарты ауызша нысанда бекітілуі мүмкін, тұтынушы электр энергиясын пайдалану, және электр құралдары мен электр желілерінің пайдалану техникалық жағдайын сақтау ережелерімен танысуы қажет. Келісімшартты бекіту айғағы ретінде аталған шарттың жағдайы келтірілген есеп кітапшасын алу қажет. Шарт тарптар арасында кез келген мерзімге (жыл, ай, тәуліктер, сағат ж.т.б.) екі жақты мерзімді шарттар жасалуы мүмкін.Тәжірибеде энергиямен жабдықтау шарты бір жылға жаса-лады. Мерзім аяқталғаннан кейін энергиямен жабдықтау шартын тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардьщ біреуінің өтініші болмаған жағдайда ол шартта көзделген дәл сондай мерзімге және нақ сондай талаптар бойынша ұзартылған болып есептеледі. Энергиямен жабдықтау шартының тараптары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Аталған саладағы құқықтық реттеу ерекшелігі оның субъективтік қатарына, әсіресе электр энергиясын сатушы тарапынан елеулі әсер етеді. Жылу энергиясын жабдықтау ерекшелігі электр энергиясын пайдалану ережелерімен бірге бекітілген жылу энергиясын пайдалану ережелерімен анықталады. Сатып алушы (абонент) —бұл электрмен жабдықтау шартына отырған, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар желісіне электр қондырғыларын қосқан тұлға. Энергиямен жабдықтау шарты сатып алушыларға осындай ерекше талаптары арқылы сатып алу-сатудың басқа шарттарынан ажыратылады. Абонент (сатып алушы) болып жеке, сонымен катар заңды тұлғалар табылады. Сатып алу-сату шартының нысанасы болып, электр немесе жылу қуаты табылады. Жалғанған желі арқылы тұтынушыларға берілетін кез келген заттар энергиямен жабдықтау шартының нысанасы болуы мүмкін деп есептейтін кейбір авторлар мен келісуге болмайды. Жекелеп алсақ, мұнай, мұнай өнімдері, су және басқа өнімдері болады.Баға. Қазақстан Республикасында баға белгілеу бостандығы электр және жылу энергиясы нарығына да таралады. Мемлекеттік реттеуге монополиялық қызмет субъектілеріне баға белгілеу жатады. Бірқатар жағдайларда электр энергиясын жабдықтаушылар (таратушылар) және өндірушілерге Қазақстан Республикасының Табиғи монополия туралы Заңы қолданылуы мүмкін. Атап өткендей, электр энергиясынан алынатын (тұтынылатын) қуатқа байланысты бағалар екі ставкалық немесе бір ставкалық тариф бойынша анықталады. Екі ставкалық тариф энергиямен жабдықтаушы ұйым желісінің ең жоғары жүктемесіне қатысатын шарттық ең жоғары (максималды) қуаттың 1кВт үшін төлемінен - негізгі ставкадан, тұтынушыға босатылған белсенді электр энсргиясын 1кВТ сағаты үшін төлем, яғни қосымша ставкадан тұрады. Шартта электр энергиясына жеңілдіктер (үстеме) белгіленуі мүмкін. Көтерме тұтынушылар-қайта сатушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және энергия көздерімен олардан сатып алынған барлық электр энергиясы үшін шартқа сәйкес қайта сатушылар үшін белгіленген ортақ бір ставкалык тариф бойынша есептеседі.Сатушы (энергиямен жабдықтаушы ұйым) абонентке энергия беруге міндетті. Бұл міндет жеткізілетін энергияның саны (қуаты), сапасы, сонымен бірге оны тарату тәртібі бойынша сұраныс арқылы нақтыланады. Жеткізілетін энергия саны электр энергиясын тұрмыстық тұтыну үшін тапсырмаған жағдайда мәнді болады, мұндай жағдайда ол тікелей шартпен анықталады. Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен берілген және абонентпен қабылданған энергия саны оның нақты тұтынуымен сәйкес анықталады. Анықтау есеп аспаптарына сәйкес, ал ол болмағанда есептеу жолымен жүргізіледі. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда ол энергияны өзіне қажетті мөлшерде пайдалануға құқылы. Тауар өндірумен айналыспайтын электр энергиясын өндірістік тұтынуды талап ететін құрал-жабдықтарды пайдаланбайтын электр энергиясын тек әртүрлі ұйымдастыру техникаларының жұмысын жарақтандыру үшін пайдаланатын ұйымдар тұтынатын энергия саны бойынша тұрмыстық тұтынушылар құқығымен теңестірілуі қажет.Энергиямен жабдықтау бойынша міндеттеме мәні энергияның абонентке үздіксіз берілу қажеттілігіне негізделеді. Толық мөлшерде бұл электр энергиясын тұрмыстық тұтыну шартына үйлесімді болып табылады. Тұтынушының өзіне қажетті көлемде электр энергиясын пайдалануға мүмкіндігі болатын болса, онда ол уақыт кезеңіне тәуелсіз тәулік бойы берілуі қажет. Энергия жабдықтаушы ұйымға кәсіпкерлік шарттың құқықтық тәртібінен бірқатар ерекше болып табылатын құқық беріледі. Егер сатушыда электр энергиясының қажетті саны болмаса, онда ол оны тарату тәртібін ұстап тұра алмайды. Электр энергиясын босатудың талап етілетін қуатының болмауы, сатушының шарт жағдайының сапасы бойынша сәйкес келмейтін энергияны таратуға мәжбүр болуына әкеледі. Электр энергиясын тұтынудың тәуліктік нормасының болуы оны таратудың тәртібіне әсер етеді ж.б. Энергияны беру төмендегі жағдайлар бойынша тоқтатылуы мүмкін: а) шартпен бекітілген мерзімге электр энергиясы үшін тө- лемнің болмауынан; б) электрді тұтынудың шарттық мөлшерінде электр энергиясын жұмсаудың артуы немесе бекітілген электр тұтыну тәртібін бұзу; в) электрмен жабдықтаушы ұйым желісіне тоқ қабылдағышты өз бетімен жалғау немесе қуатты бекітілген шарттан жоғары арттыру; г) тоқ қабылдағыштарды есеп аспаптарынан қатыссыз жалғау немесе электр энергиясы есебінің схемасын бұзу; д) электрмен жабдықтаушы ұйымдар және басқа тұтынушылардың электр қондырғыларының қалыпты жұмысын бұзушы мәнге дейін тұтынушы кінәсінен электр энергиясының сапа көрсеткіштерінің төмендеуі; е) энергиямен жабдықтаушы ұйымның өкілдерін электр энергия есебі аспаптарына жібермеу. Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты. Кәсіпорынды сатып алу-сату шартының бір түрі болып табылады. Оның мазмұнының ерекшелігі кәсіпорынның мүліктік кешен ретіндегі ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Кәсіпорынды сату тәртібі Қазақстан Республикасы АК 493-500-баптарында белгіленеді, одан басқа кәсіпорындарды сату қатынастарына жекешелендіру туралы заңнама қолданылады. Кәсіпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алушының меншігіне беруге міндеттенеді, бұған сатушы басқа тұлғаларға беруге құқығы болмайтын құқықтар мен міндеттер косылмайды. Кәсіпорынды сатып алу-сату шартының тараптары болып сатушы және сатып алушы табылады, оларға азаматтық-құқықтық қатынастардың кез келген субъектілері - жеке және заңды тұл-ғалар жатады. Кәсіпорын кәсіпкерлік мақсаттарда пайдаланатын мүліктік кешен болатындығы осы құқықтық қатынастар қаты- сушыларының құрамына белгілі әсерін тигізу керек. Мысалы, жалпы тәртіп бойынша коммерциялық емес заңды тұлға кәсіпорын сатып алушы болмауы керек. Бұрын заңнамада кәсіпорынды сатып алушылар бір немесс өзге субъектілерге қатысты тікелей шектеу қойылмаған еді. Кәсіпорынды мемлекет мүлкіне айналдыру жағдайында, мемлекеттік кәсіпорынды сатып алушы рөлінде болуы мүмкін. Осы жағдайда азаматтық құқықтар мен міндеттер күрделі заңдық құрамнан пайда болады. Теориялық көзқарастан мемлекеттік кәсіпорынның оған қажетті өндірісті (кәсіпорынды) жеке кәсіп-керлерден сатып алу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды. Сол сияқты, уәкілетті орган — мемлекеттің өкілі белгілі салада мем-лекеттік кәсіпкерлікті ұйымдастыру мақсатында осындай тең құқықтылыққа, тепе-теңдікке негізделгсн құқықтық қатынастарға кірісе алады.Кәсіпорынды сату шартының нысанасы (заты) сатып алу-сату шарттарындай кәсіпорынды сату шартының нысанасы оның елеулі жағдайы болады. Олар негізінде нысана (кәсіпорынды сату шартында) анықтамайтын тәртіптердің кейбір ерекшеліктері бар. Кәсіпорын күрделі зат болып табылғандықтан, оған ҚР АК 121-бабында көзделген күрделі зат құрамын анықтаудың тәртібі қолданылады. Шарттың тараптары қандай мүлік кәсіпорынның құрамына кіретіндігін өздері белгілеуге құқылы. Бірақ ақырында (анықтау нәтижесінде) мүлік кейбір заттар алынғанына қарамастан кешен болып қала беруі керекМүліктік игіліктер болатын материалдық емес активтер (ҚР АК 115-бабы, 2-та.рмағы) дегеніміз -фирмалық атаулар, тауар белгілері қызмет көрсету белгілері және сатушыны оның өнімін дараландырудың өзге де құралдары. Осымен бірге оларға сату-шының лицензия негізінде пайда болған құқықтары да жатады. Қазіргі жағдайларда кәсіпорынның құрамында шығармашылық (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелеріне құқықтар (өнеркәсіптік меншік) және басқа да айрықша құқықтар маңызды орын алуы мүмкін.Тиісті қызметпен айналысуға арнайы рұқсат (лицензия) беру негізінде алынған құқықтар, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, кәсіпорынды сатып алушыға ауыспауы тиіс. Кәсіпорынның құрамына борыштар кіруі мүмкін. Сондықтан кәсіпорынды сатуда дәстүрлі сатып алу-сатумен бірге өзінде борыш ауысуының элементі де бар. Әрине, бұүл айтылған шартты жасасу тәртібіне де әсерін тигізеді (ҚР АК 496-бабы).Тараптар шарт арқылы міндеттерін орындау және құқықтарын жүзеге асыру үшін кез келген мерзімдерін бекітуі мүмкін. Кәсіпорынды сату шарты жазбаша түрде жасалуы тиіс. Кәсіпорынды сату шарты мемлекеттік тіркелуге тиіс, тіркелген кезінен бастап жасалған болып есептеледі. Мемлекеттік тіркеудің талабын орындамау кәсіпорынды сату шартының жарамсыздығына әкеп соғады.Сатушы кәсіпорынның құрамына кіретін мүліктің барлығын, әрбір жеке заттарға немесе мүліктік объектілерге заңмен немесе шартпен койылатын талаптарын сақтап беруге міндетті. Сондықтан, кәсіпорынның жиынтығына қойылатын талаптар бар болатынын айта аламыз. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Сатып алу – сату шартының түсінігі 2. Сатып алу- сату шартының мазмұны 3. Сатып алу – сату шартының түрлеріне жалпы сипаттама Ұсынылатын әдебиет 1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996. 2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997. 3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996. 4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995. 5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98. 6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева. Тақырып 2. Айырбас шарты. 1. Айырбас шартының түсінігі. 2. Айырбас шартының мазмұны. 1. Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi. Айырбас шартына тиiсiнше сатып алу-сату шартының ережелерi қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне және айырбас мәнiне қайшы келмейдi. Бұл орайда тараптардың әрқайсысы тауарды беруге мiндеттенетiн сатушы деп және айырбастап алуға мiндеттенетiн сатып алушы деп танылады. Осы көзделген ережелер, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе және ол тиiстi мiндеттемелер мәнiнен туындамаса, құқықтарды айырбастауға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) қолданылады. Айырбас шарты бойынша баға мен шығындар: 1. Егер шарттан өзгеше туындамаса, айырбастауға жататын тауарлар бiр-бiрiне тең деп ұйғарылады, ал оларды беру мен қабылдап алу жөнiндегi шығындарды әрбiр жағдайда тиiстi мiндет жүктелетiн тарап жүзеге асырады. 2. Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарлар бiр-бiрiне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берiлетiн тауардың бағасынан кем тауарды беруге мiндеттенген тарап, егер шартта өзгеше тәртiп көзделмесе, тауар беру мiндетiн орындағанға дейiн немесе одан кейiн бағадағы айырманы тiкелей өзi төлеуге тиiс. Айырбас шарты бойынша өзара тауар беру мiндеттемелерiн орындау шартқа сәйкес айырбасталатын тауарларды беру мерзiмдерi тұспа-тұс келмейтiн жағдайларда тауар беруге тиiстi тараптың тауарды беру мiндеттемелерiн басқа тарап тауар берген соң орындауына өзара мiндеттемелердi орындау туралы ережелер қолданылады. Айырбасталатын тауарларға меншiк құқығының ауысуы заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, айырбасталатын тауарларға меншiк құқығы айырбас шарты бойынша сатып алушы болатын тараптарға тараптардың әрқайсысы тиiстi тауарларды беру мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн бiр мезгiлде ауысады. Айырбас шарты бойынша сатып алынған тауарды алып қойғаны үшiн жауапкершiлiк : -айырбас шарты бойынша сатып алынған тауарды үшiншi тұлғалар алып қойған тарап осы Кодекстiң 414-бабында көзделген негiздемелер болған кезде басқа тараптан оның айырбасқа алған тауарын, ал тауарды заттай алу мүмкiн болмаған жағдайда оның құнын қайтаруды талап етуге құқылы Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Айырбас шартының баска шарттардан айырмашылығы 2. Айырбас шартының мазмұны Ұсынылатын әдебиет 1. 1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996. 2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997. 3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996. 4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995. 5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98. 6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева. Тақырып 3. Сыйға тарту. 1. Сыйға тарту шартының түсінігі. 2. Сыйға тарту шартының мазмұны. 1. Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты немесе өзiне немесе үшiншi адамға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны өзiнiң немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi. Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы мiндеттеме болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Мұндай шартқа осы Кодекстiң 160-бабының 2-тармағында көзделген ережелер қолданылады. Әлдекiмге затты немесе мүлiктiк құқықты тегiн беруге уәде ету не әлдекiмдi мүлiктiк мiндеттен (сыйға тартуға уәде беруден) босату сыйға тарту шарты болып танылады және егер уәде тиiстi нысанда (508-баптың 2-тармағы) жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегiн беру не оны мүлiктiк мiндеттен босатуға айқын ниет бiлдiрiлген болса, уәде берушiнi босатпай тастайды. Нақты сыйға тарту затын зат, құқық түрiнде көрсетпей-ақ, өзiнiң барлық мүлкiн немесе өзiнiң барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға тартуға уәде беру немесе мiндеттемеден босату жарамсыз болады. Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейiн сый алушыға сый берудi көздейтiн шарт жарамсыз болады. Мұндай сыйға тарту түрiне осы Кодекстiң мұрагерлiк туралы ережелерi қолданылады. Сый алушының сыйды алудан бас тартуы : 1. Сый алушы өзiне сый берiлгенге дейiн кез келген уақытта одан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сыйға тарту шарты бұзылған деп есептеледi. 2. Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалса, сыйдан бас тарту да жазбаша түрде жасалуға тиiс. Сыйға тарту шарты тiркелген жағдайда сыйды алудан бас тарту да мемлекеттiк тiркелуге тиiс. 3. Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалған болса, сый берушi сый алушыдан сыйды алудан бас тартқаны үшiн өзiне келтiрiлген нақты зиянды өтеуiн талап етуге құқылы. Сыйға тарту шартының нысаны : 1. Сый алушыға сыймен қоса сыйға тарту көзделген жағдайларды қоспағанда, ауызша жасалуы мүмкiн. Сыйды беру оны тапсыру, символдық беру (кiлттердi табыс ету және т.б.) не құқық белгiлейтiн құжаттарды тапсыру арқылы жүзеге асырылады. 2. Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты: 1) заңды тұлға сый берушi болған және сыйдың құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiштен асатын; 2) шартта алдағы уақытта сыйға тартуға уәде етiлген жағдайларда жазбаша түрде жасалуға тиiс. Ауызша жасалған сыйға тарту шарты осы тармақта көзделген жағдайларда жарамсыз болады. 3. Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты мемлекеттiк тiркелуге тиiс. Сыйға тартуға тыйым салу құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарды қоспағанда: 1) жас балалар мен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтардың атынан олардың заңды өкiлдерiнiң; 2) емдеу, тәрбиелеу мекемелерiнiң, әлеуметтiк қорғау мекемелерiнiң және сол секiлдi мекемелердiң қызметкерлерiне олардың емдеуiндегi, асырауындағы не тәрбиесiндегi азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарының; 3) мемлекеттiк қызметшiлерге олардың лауазымдық жағдайына байланысты немесе олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты сыйға тартуға жол берiлмейдi. Сыйға тартуды шектеу : 1. Заты шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығына жататын заңды тұлға, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң келiсiмiмен өзiнiң затын сыйлауға құқылы. Бұл шектеу құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарға қолданылмайды. 2. Бiрлескен ортақ меншiктегi мүлiктi сыйға тартуға бiрлескен меншiктiң барлық қатысушыларының келiсiмi бойынша осы Кодекстiң 220-бабында көзделген ережелердi сақтай отырып жол берiледi. 3. Өкiлдiң сыйға тартуға жасаған сенiмхатында сый алушы аталмаса және сыйға тартатын заты көрсетiлмесе, ол жарамсыз болады. Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту: 1. Егер шарт жасалғаннан кейiн сый берушiнiң мүлiктiк немесе отбасылық жағдайы, не денсаулығы шартты жаңа жағдайларда орындау оның тұрмыс деңгейiнiң едәуiр нашарлауына әкеп соқтыратындай болып өзгерсе, сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат немесе құқық беру уәдесiн немесе сый алушыны мүлiктiк мiндеттен босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы. 2. Сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат не құқық беру уәдесiн, не сый алушыны оған сыйға тартуды өзгерту құқығын берушi негiздемелер бойынша мүлiктiк мiндеттемеден босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы Сыйға тартудың күшiн жою : 1. Егер сый алушы сыйға тартушының өмiрiне, оның отбасы мүшелерiнiң немесе жақын туыстарының бiреуiне қастандық жасаса не сый берушiге қасақана дене жарақатын салса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшін жоюға құқылы. Сый алушы сыйға тартушыны қасақана өлтiрген жағдайда сотта сыйға тартудың күшiн жоюды талап етуге сыйға тартушы мұрагерлерiнiң құқығы болады. 2. Егер сый алушының сыйға тартушы үшiн үлкен мүлiктiк емес құндылық болып саналатын сыйланған затты ұстауы оның бiржола жойылу қаупiн тудырса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшiн сот тәртiбiмен жоюды талап етуге құқылы. 3. Сот мүдделi тұлғаның талап етуi бойынша, жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның оның кәсiпкерлiк қызметiне байланысты банкроттық туралы заң актiлерiнiң ережелерiн бұза отырып жасаған сыйға тартуының күшiн мұндай тұлғаны банкрот деп жариялаудың алдындағы бiр жыл iшiнде жоя алады. 4. Сыйға тарту шартында, сый берушi сый алушыдан ұзақ өмiр жүрген жағдайда, сыйға тартудың күшiн жою құқығы ескертiлуi мүмкін. 5. Сыйға тартудың күшi жойылған жағдайда, егер сыйланған зат сыйға тартудың күшi жойылған кезге дейiн сол күйiнде сақталса, сый алушы оны қайтаруға мiндеттi. Сыйланған заттың кемшiлiктерi салдарынан зиян келтiру зардабы сыйланған заттың кемшiлiктерi салдарынан сый алушы азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкіне келтiрiлген зиянды, егер бұл кемшiлiктер сый алушыға затты беруден бұрын пайда болғаны дәлелденсе және анық кемшiлiктер қатарына жатпаса, ал сыйға тартушы ол жөнiнде бiле тұра сый алушыға ескертпесе, ережелерге сәйкес сыйға тартушы өтеуге тиiс. Сыйға тартуға уәде беру кезiндегi құқық мирасқорлығы сыйға тарту шарты бойынша сыйға тартуға уәде берiлген сый алушының құқықтары, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiне (құқық мирасқорларына) ауыспайды. Сыйға тартуға уәде берген сыйға тартушының мiндеттерi, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiне (құқық мирасқорларына) ауысады. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Сыйға тарту шартының ұғымы 2. Сыйға тарту шартының мазмұны 3. Сыйға тарту шартының түрлеріне жалпы сипаттама Ұсынылатын әдебиет 1. 1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996. 2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997. 3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996. 4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995. 5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98. 6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева. Тақырып 4. Рента және өмір бойы асыруда ұстау 1. Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелері. 2. Рента шартының түрлері 3. Тұрақты рента шарты. 4. Ғұмырлық рента шарты. 5. Өмір бойы асырауда ұстау шарты. 1.Рента шарты бойынша бір тарап (рента алушы) екінші тараптың (рента төлеушіге) меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші рента алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп отыруға міндеттелген. Рента шарты мүлікті иеліктен шығаруға арналған шарттардың бірі. Мүлік рента төлеуші меншігіне өтеді және бір уақтылы мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе бүлінуі қаупі оны күтіп ұстау ауыртпалығы да оған ауысады (оның мойнында болады). Сөйтіп, рента шартының мазмұнында басқа сату сатып-алу, сыйға тарту т.б. шарттармен ұқсастықтары бар. Рентаның ерекшеліктерін тап өтетін болсақ, біріншіден, рента алушыда кәсіпкерлік тәуекел (қауіп) орын алады. Екіншіден, кәсіпкерді тіркеуге қатысты талаптар болмайды. Азаматтық кодекстің ерекше бөлімінің жобасында тұжырымдалған ренталық міндеттемелер бойынша рента алушысы коммерциялық ұйым бола алмайды. Сол сиякты кәсіпкер ретінде әрекет ететін азамат та ренталық міндеттеменің тарабы бола алмайды. Шартты пайдалану тұрақты және қажетті жо-ғары пайда табу кәсіпкерлік қызметке байланыссыз. Рента шарты бойынша мүлік едәуір көп көлемдерде берілуі мүмкін. Сол сияқты рентаны тек жеке қажеттер үшін қолдану да жоққа шығарылмайды. Егер мүлікте ерекше қасиеттер болса, онда меншік иесі өзіне еш қиындықсыз оны сата да алады. Сату бағасын да мүлік иесі болашақта алынуы мүмкін ренталық төлемдерді де ескере алады. Тараптар рента төленуі үшін берілген жылжымайтын мүлікке (жер учаскесіне, ғимаратқа, құрылысқа немесе өзге жылжымайтын мүлікке) рента ауыртпалық тудыратынын жоққа шығара алмайды. Егер рента төлеуші осындай мүлікті иелігінен шығарса, онда рента шарты бойынша оның міндеттемелері мүлікті иемденушіге өтеді. Бұл заңнамалық шешім негізде рента төлеушінің де рента алушының да мүдделерін ескереді. Болашақта рента алушы ҚР АК 533-бабы 2-тармағымен қарастырылған мүмкіншіліктерді пайдаланып құны аз емес мүлікті өзіне қайтарып алатынын жоққа шығармау керек. Ал, егер рента ауыртпалығы туралы 520-бабы нормасының әсерін жылжитын мүлікке де таратса, онда бұнымен рента төлеушінің құқықтары негізсіз кемсітіледі. Сондықтан, жылжитын мүлік иеліктен шығарылған кезде тараптардың катынасы ренталық міндеттеме көлемінде сақтала береді, одан асып шықпайды.Рента ауыртпалығының мүлікпен бірге еру (ауысу) сипаты болғаныменен, өмір бойы асырауда ұстау қатынастарын қоспағанда, онын заттық-құқықтық мінезі болмайды. Қозғалмайтын мүлікті беру рента төлеушіні толық міндеттемеден босатпайды. Егер заңнамамен немесе шартпен олардың ортақ бірлескен жауапкершілігі қарастырылмаса, онда алғашқы рента төлеушісі жаңа рента төлеушімен бірге субсидиарлық (қосымша) жауапкершілікті көтереді.Рента төленуін қамтамасыз ететін норманың міндетті мәні бар. ҚР АК 521-бабының 1-тармағына сәйкес, рента төле-нуі үшін жер бөлшегіне немесе өзге жылжымайтын мүлікке құқық (меншік құқығы) берілетін болса, рентаны алушы рента төлеуші міндетін қамтамасыз ету мақсатында сол мүлікке кепіл құқығына иеленеді. Рента төленуін өзге жолмен де қамтамасыз етуге болады, бірақ осы да аса қажеттілік болмауы мүмкін. Рента төленуі үшін жылжымайтын мүлік берілетін болса, заң міндеттеме орындалуды қамтамасыз ету түрін тікелей анықтамайды. Бірақ, әрине, бұл реттерде ең тиімді болып келетін тәсіл бұл рентаға берілетін немесе өзге мүліктің кепілі. Рента төленуін қамтамасыз ету міндеті баламалы болып келеді. Қамтамасыз ету орнына рента төлеушісі бұл міндеттемелерін орындамаудың немесе тиісті орындалмаудың қаупін (тәуекелін) рента алушының пайдасына сақтандыруға құқылы. Таңдау құқығы рента төлеушісінде болады, бұл баламалы міндеттеме орындалуының жалпы ережесіне сәйкес келеді (ҚР АК 285-бап).Ренталық міндеттемені орындамаған үшін жауапкершілік карастырылған. Азаматтық құқыққа жауапкершілікті қарастыратын нормалар әрқашан міндетті болып келеді, жауапкершілікті қолданудан бас тарту, туралы келісімдер жарамсыз болып келеді (ҚР АК 8-бабы 2-тармақ). Нақты рента шартының өзінде оны орындамау немесе тиісті орындамау үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар, ҚР АК 522-бабын қоспағанда, қарастырылмаған. Яғни, оған азаматтық құқықтағы жауапкершілік (шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін) туралы жалпы ережелср қолданылады.Рента төлеу мерзімін өткізіп алған рента төлеуші ҚР АК 522-бабына сәйкес тұрақсыздық төлемді (айыппұлды) төлейді, ол ҚР АК 353-бабына сәйкес өндіріледі. 2. Қазақстан Республикасының заңнамасымсн рента шартының үш түрі көзделген: 1) тұрақты рента шарты; 2) ғұмырлық рента шарты; 3) өмір бойы асырауда ұсту шарты. Жалпы нормалар шарттың аталған үш түріне де қатысты болып табылады. Бұлардың әрқайсысының ерекшеліктері бар. Олар төлемдерін (асыраудың) нысанында, оның ең төмен мөлшерінде, мерзімдерінде көрініс табады. Сол сияқты олардың субъектілік қатары, олардағы құқықтық мирасқорлық және рентаны сатып алу құқығы, мүліктің кездейсоқ бүлінуінің немесе жойылуының ренталық қатынастарға әсері және басқасы ерекшеленеді. Рента шарттарын жіктеудің негіздері осымен шектелмейді. Тұрақты рента және ғұмырлық рента шарттары мүлік рента төлеушіге ақыға немесе тегін берілетініне, мүлік қозғалатын ба әлде қозғалмайтын ба, соған байланысты бөлінуі (жіктелуі) мүмкін.Өмір бойы асырауда ұстау шарты осы екі шарттан едәуір ерек-шеленеді. Онда фидуциарлық (сенімділік) сияқты сипат айқын көрініс табады, осы сипаты азаматтық құқық шеңберінен шығып кетеді деуге болады. Біздің ойымызша, ондағы сенімділік отбасылық құқық ережелеріне де негізделуі мүмкін. 3. Тұрақты рента тараптары болып рента алушы және рента төлеуші табылады. Тұрақты рента алушылары болып азаматтар және коммерциялық емес ұйымдар табылады. Азаматтар ренталық қатынастарда тұрақты рента алушысы болып үш жағдайда табылады: а) егер олар мүлік иесі болса және мүлік олармен рентаға берілсе; ә) тұрақты рентаны алушы мұрагерлік салдарынан құқықтық мирасқор болса; б) тұрақты рента азаматтар пайдасына басқа бір тұлғамен шарт арқылы қарастырылса, яғни үшінші тұлға пайдасына жасалған шарт орын алса.Азаматтарды кәсіпкер ретінде тіркеу олардың тұрақты ренталық төлемдерді алуы үшін кедергі болмайды, себебі мұндай жағдайларда азамат өзіне тиесілі жалпы құқық қабілеттілікке негізделіп рента қатынастарында да қатыса береді. Тұрақты рента алушы ретінде егер бұл олардың мақсатына және қызметіне сай келсе коммерциялық емес ұйымдар да әрекет ете алады. Бірақ Қазақстан Республикасында тұрақты рента алушы болып мемлекеттік мекемелер табылмайды, себебі олар мемлекеттік бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылуы мүмкін емес. Коммерциялық емес заңды тұлғаларда олардың пайдасына өзге тұлғалармен орнатылған тұрақты рентаның алушылары бола алады. Коммерциялық емес ұйымдардың пайдасындағы рентаны алушылардың катары өзгеріп түруы мүмкін.ҚР АК 523-бабының 2-тармағына сәйкес олардың құқықтары заңды тұлғалар қайта құрылуы нәтижесіндегі құқыктық мирасқорлық арқылы өтуі (ауысуы) мүмкін. Яғни, егер екі жеке меншік мекеме біріккен болса және с.с., онда олардың біреуінің тұрақты рентаны алуға құқығы жаңадан пайда болған коммерциялық емес заңды тұлғаға ауысады. Алайда, қайта құру нәтижесінде коммерциялық заңды тұлға болса, онда рентаны төлеу тоқтатылады. Сол сияқты мұра иесіз қалатын болса, рента бойынша мемлекет пайдасына құқықтық мирасқорлық орын алмайды. Тұрақты рентаны алуға құқық өзге (жеке немесе заңды) тұлғаға ішінара сингулярлық мирасқорлық негізінде талап етуді беру арқылы ауысуы мүмкін. Егерде талап етуді беруге тиым салынса немесе оны төлеушімен келістіру талабы тұрақты рента шартының өзінде ұсталмаса, онда талап етуді беру рента төлеушісі келісімінсіз де жүзеге асырылуы мүмкін.Тұрақты рентаны төлеушілері болып азаматтар (жеке тұлғалар) және осыған оларға тиым салынбаса (заңнама бойынша немесе құрылтайшы құжаттармен) коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар табылуы мүмкін.Тұрақты рента шартының нысанасы бір жағынан рента төленуі үшін иеліктен шығармайтын мүлікті, екінші жағынан ренталық төлемдерді қамтиды. Тура (формалді) түрде заңнама ренталық шарт нысанасы болып келе алатын мүлік тізімін (түрлерін) шектемейді, бірақ іс жүзінде ренталық шарт жылжымайтын (қозғалмайтын) мүлікке билікті жүзеге асыруға қолайлырақ болып келеді. Рента болса, ол көбінесе ақшалай қанағаттандыру, ал кейде ақша орнына заттай (натуралды) қанағаттандырылуы мүмкін.Тұрақты рента шартына қатысты рента төлеушінің меншігіне берілетін мүліктің бағасы, ренталық төлемдердің мөлшері және тұрақты рентаны сатып алу бағасы туралы айтуға болады. Рента шартының тәуекелге негізделгеніне байланысты оның бағасы шартты түрде анықталады, қателесулер (тұрақсыздық) орын алуы мүмкін, себебі есепке мүліктік тек таза құны ғана емес, болашақта алынар деген ренталық төлемдердің көлемі де алынады. Рентаның ең төмен сомасы (мөлшері) тұрақты рента шарты бойынша қарастырылмаған. Рентаны бағаның дәстүрлі түсінігіне келтіру өте қиын. Оны анықтауға қатысты белгілі (тұрақты) көрсеткіштер (өлшемдер) қалыптасып үлгерген жоқ. Ал тауарлар, жұмыстар, қызметтер бағалары жөнінде айтатын болсақ, олар үшін нарық жағдайында баға қалыптастыру тетігі дайын. Тұрақты рентаның төлеуші сатып алу бағасы дегеніміз бұл, оны төлеген жагдайда, алушы алдындағы міндеттемесінен босатылатын ақшалай сома. Заңи табиғаты бойынша міндеттемені тоқтатудың бір тәсілі, бас тарту төлемі ретінде бағалауға болады (ҚР АК 369-бабы). Сатып алу бағасы шартпен анықталады. Шарттың өзінде сатып алу бағасы туралы жағдайлар қарастырылмаса, сатып алу ренталық төлемдердің бір жылдық сомасына сәйкес келетін баға бойынша жүргізіледі. Рента төлеушіге тегін берілген мүліктің сатып алу бағасы шартпен бекітілмссе, ол мүліктің құнынан және бір жылдық ренталық төлемдердің сомасынан құралады. Тұрақты рента мерзімсіз төленеді, яғни оны төлеу міндеті өз бетімен тоқтатылуы мүмкін емес. Сондықтан мән міндеттемені орындау мерзіміне беріледі, олар болса төлемдердің мерзімділігіне тіреледі. Төлемдердің мерзімділігі шарттың өзінде анықталмаса, тұрақты рента әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталуымен төленуі керек. Сөйтіп, телем күні жаңа басталған тоқсанның бірінші күнімен анықталады, көрсетілген (тиісті) мерзімде төлемді жасамау мерзімді өткізіп алуға әкеледі. Рента шартының мазмұны сатып алу-сату шартының мазмұны сияқты көлемді болып келмейді. Бірақ, оның мазмұнын кеңейтіп қарауға да болады, себебі бұдан бұүрын айтылғандай, рента шартының қатысушыларында сыйға тарту, сатып алу-сату шарттарының қатысушыларын-дағыдай құқықтар мен міндеттері пайда болады. Рента төлеушінің негізгі міндеті шартпен қарастырылған ренталық төлемдерді тиісті мерзімдерде төлеп тұруда болып келеді. Рентаны төлеуші рентаны сатып алу арқылы оны төлеуден бас тарта алады. Осындай жағдайда (рентаны төлеуден бас тартатын болса) рента төлеушісі өзінің бас тартатыны туралы рента төленуі тоқтатылуына дейін үш айдан кем болмайтын мерзімде рента алушысына хабарлауға міндетті. Бас тарту туралы хабарлау үшш, ұзақтау болып келетін мерзімдер, шартпен қарастырылуы мүмкін. Рента алушысы барлық тиесілі сомаларды алмайынша рента міндеттемесі тоқтатылмайды. Рентаны сатып алудың өзге тәртібі, сатып алу сомасын бөлшектеп төлеу, аралас нысанда төлеу және т.б- шартпен қарастырылуы мүмкін. Тұрақты рента шарты рентаны сатып алу құқығы рента алушының өмірі бойы немесе өзге мерзім ішінде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтынын қарастыра алады. Алайда осындай шектейтін мерзім шарт жасалған сәттен отыз жылдан аспауы керек. Рента төлеушісі рентаны сатып алу құқығынан толығымен бас тартатынын бекітетін шарт жарамсыз болып табылады. Кейбір жағдайларда рента алушының рента төлеушіден оның рентаны сатып алғанын талап етуге құқығы да болады. Бұл құқықтың негіздемелеріне мыналар жатады: Рента төлеушінің рента төлеу мерзімін бір жылдан астам өткізіп алуы (өзге мерзімдер шартпен қарастырылады; 2) рента төлеушінің ренталық міндеттемені қамтамасыз ету (мүлікті кепілге беру ж.б.) бойынша, рента алушы алдындағы өзінің жауапкершілігін сақтандыру бойынша міндеттерш бұзуы; 3) рента төлеушіні төлемге қабілетсіз деп тану, немесе рента шартта қарастырылған мөлшерде және мерзімдерде төленбей- тінін дәлелдейтін өзге жағдайлардың пайда болуы; 4) рента төленуі үшін берілген жылжымайтын мүлік ортақ мен- шікке айналуы немесе бірнеше тұлғалар арасында бөлінуі; 5) шартпен көзделген өзге жағдайлар. Тізіліп айтылғандай жағдайлар болып тұрса, рента алушының біржақты әрекеттеріне байланысты төлеушінің рентаны сатып алуға қатысты міндеті пайда болады. Бұл міндет орындалмаса, рентаны алушы кепілдік нысанасына өндіріс айналдыруға немесе міндеттемелер орындалуын қамтамасыз ететін өзге тетігін қолдануға және рентаны сатып алу бағасын құрайтын өндіріп алуға құқылы. Рента төлеушіге жауапкершіліктің тиісті шараларын қолдануда жоққа шығарылмайды (осының мүмкіншілігі бар болып келеді).Шарттың мазмұнына рентаға мүлік ақыға немесе тегін берілді ме сол елеулі әсерін тигізеді. Егер мүлік тегін (ақысыз) берілсе мүліктің кездейсоқ жойылуының немесе бүлінуінің қаупі (тәуекелі) толығымен рента төлеушіде болып келеді. Бұл орын алғанда (осындай жағдайда), ол өзіне қолайлы болып келетін жағдайлар бойынша келісіп, рентаны тезірек сатып алуы керек. Басқа амал рентаны алушы борышты кешіргенінде болады (ҚР АК 373-бап). Мүлік рентаға ақыға берілсе және мүлік кездейсоқ жойылса немесе бүлінсе, осымен байланысты тәуекел тараптар араларында үлестіріледі. Рента төлеуші рента төлеуді тоқтатуы немесе оны төлеу жағдайларын өзгертуді талап ете алады. Біздің көзқарасымыз бойынша рента ұзақ мерзім төленсе, яғни рентаны алушы едәуір табыс тауып үлгерсе, онда ренталық төлемдерді тоқтатуға болады. Керісінше, ренталық қатынастар аз уақыт тұрмыс етсе, рента алушының мүдделері оған ішінара өтеу жасалуын талап етеді, сондықтан ренталық төлемдер тоқтатылмай тек азайтылуы мүмкін. Өзге де мәселе шешімдерін табуға болады, мысалы, төлемдер сомасы бірден емес, бірте-бірте азайтылу мүмкін. 4. Ғұ-мырлық рента алушы ретінде бірнеше субъектілер бола алады. Ғұмырлық рента алушылар егер шартта өзгеше көзделмесе бірдей тең құқылы болады (олардың үлестері тең). Ғұмырлық рснтаны алушылардың біреуі қайтыс болса, онда оның рентаны алу құқығындағы, шартпен өзгешелік қарастырылмаса, артында тірі қалған рента алушыларына өтеді. Рента алушылардың соңғысы кайтыс болғанда рентаны төлеуге катысты міндеттеме толығымен тоқтатылады. Шартты жасасу сәтінде қайтыс болған азамат пайдасына рентаны (оны алу құқығын) орнататын шарт жарамсыз болып табылады. Осы себептен ғұмырлық рента міндеттемесі олардың орындалуы жеке несие беруші үшін арналған міндеттемелерге жатады (ҚР АК 376-бап 2-т).Рента төлеушілері болып қандай да болсын тұлғалар бола алады. Олар үшін міндеттеменің жеке мінезі болмайды. Әмбебап немесе сингулярлық мирасқорлық тәртібінде рентаны төлеу бой-ынша міндет қандай да болсын жеке және заңды тұлғаларға ауыса алады.Ғұмырлық рента шартының пәні болып әрбір козғалатын және қозғалмайтын мүліктер жатады (азаматтық айналымнан алып тасталған мүліктерді қоспағанда). Екінші құрама бұл ренталық төлемдер пәні (нысанасына) қатысты ғұмырлық рента шартының тұрақты рента шартына қарағанда тағы да бір елеулі айырмашылығы бар. Ол бойынша рента натуралды (заттай) нысанында төленуі мүмкін емес, ол тек ақшалай төленеді. Ғұырлық рента шартта қарастырылатын, рента алушысына оның өмір бойы мерзімді (мезгіл мезгілімен) төленіп тұратын ақшалай сома ретінде анықталады. Ғұмырлық рентаның мөлшері шарттың міндетті жағдайларына жатады. Ол Қазақстан Республикасының заңамасы бойынша бекітілген ең төмен жалақының мөлшерінен кем болмауы керек. Рентаның мақсатты пайдалануы тікелей заңмен қарастырылмаған. Бірақ, егер біз ҚР АК 532-бабымен қарастырылған ғұмырлық рентаны төлеудің мерзімдерін басшылыққа алатын болсақ, біз заңнама ғұмырлық рента жеке тұтынуға арналғанын қарастыратынын түсіне аламыз. Тұрақты рентадан айырмашылығы ғүмырлық рента ай сайынғы төлемдер түрінде әрбір кезекті ай аяқталған соң, төленіп тұрады. Рента төлеуші рента төлемдерін уақтылы мерзімде төлеуге міндетті. Шартта көрсетілгендей тұрақты рента шартынан ерекше айырмашылығы рента алушылар өмір бойына төлейді.Ғұмырлық рентаны сатып алу тәртібі тұрақты рентаны сатып алумен бірдей болып келеді (ҚР АК 528-бабы). Заң-ның бір кемшілігі, онда ғұмырлық рента шартын елеулі бұзу не болып келетіні анықталмаған. Егер ғұмырлық рента төлеу үшін мүлік тегін берілсе, ол мүлік қозғалатын- қозғалмайтын болғанына байланыссыз рента төлеуші шартты бұзса рента алушы мүлік қайтарылуын талап ете алады. 5. Өмір бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы азамат өзіне тиесілі қозғалмайтын мүлікті сол азаматты және (немесе) ол көрсеткен үшінші бір адамды өмір бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға міндеттенген рента төлеушінің меншігіне береді.Өмір бойы асырауда ұстау қатынастарын реттеу ғұмырлық рента шартын реттейтін нормаларға негізделген (ҚР АК 535-бабы 2- тармаш). Айырықша реттеу ҚР АК 28-б, 4-тармағында қарастырылған, ол нормалар өмір бойы асырауда ұстау шартын тікелей реттеуге арналған. Өмір бойы асыраумен қамтамасыз етілетіндер (асыраудағылар) болып азаматтар ғана саналады. Өмір бойы ұстаушы да (рента төлеуші) азаматты азық-түлік-пен, тұрғын үймен, киім-кешекпен, егер керек болған жағдайда, денсаулығына қарап және тағы басқалармен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Тізіліп айтылғанның барлығы адам өмірінің жеке санасына жатады. Сондықтан адамның этикалық, діни, әдептілік, адамгершілік көзқарастары (әдеттері) ескерілуі қажет. Оның ар-намысы, қадір-қасиеті құрметтелуі қажет, және тағы басқа жеке құқықтары сақталуы тиіс. Біздің бірге тұрып жатқан рента төлеушісі мен рента алушы араларында бұл жағдайда өзіндік (жеке) құқықтық қатынастар пайда болады деп айтқанымыздың себебі осында.Сондықтан өмір бойы ұстау шарты қазіргі жағдайда толығымен азаматтық құқық шартты болып келмейді, сондай-ақ кейбір отбасылық құқықтық реттеулерді талап етеді. Егер рента алушысы, яғни өмір бойы асырауда ұстауда болушы мен рента төлеуші арасындағы қатынастар тиісті дамыса, онда рента алушы рента төлеушінің тұлгасы үлкен манызға ие болады. Рснта төлеушіні басқа тұлғаға рента алушының рұқса-тынсыз ауыстыруға жол берілмейтіні ақылға сыйысатындай талал екенін түсінеміз. (ҚР АК 538-бабы 1- тармағы). Өмір бойы асырауда ұстау шартының нысанасы болып қозғалмайтын мүлік, яғни асырау төлемдері жасалуы үшін берілетін мүлік -түрғын үй, пәтер, жер аумақтары және басқалары жатады. Нысананың екінші элементі асырауға қатысты біздің өз пікіріміз орын алады. Шарт бойынша асыраудағы адам (рента алушы) тұрғылықты жаймен қамтамасыз етіледі. Асырау жағдайлары рента алушының тұрғын үй құқықтарының барынша нашарлатпауы қажет. Бұл шартта тұру үшін берілетін тұрғын үйдің мөлшеріне, оның санитарлық жағдайына, қауіпсіздігіне, жылытуына қатысты талаптарды бекітуді қажет етеді. Осы себептен өмір бойы асырауда ұстау шарты біршама тұрғын үй құқығы нормаларымен де реттелуі тиіс. Тұрғын үйдегі, тағамдардағы, күтімдегі мұқтаждарды қамтумен қатар рента төлеуші материалдық жәрдем көрсетуге де міндеттелуі мүмкін. Мысалы, емделуге кездейсоқ бір шығындарды көтеруге, пошталық, телеграфтық байланыс шығындардың өтеуге және басқа мақсаттар қаражаттар жұмсалуы керек болса. Шартпен рента төлеушісі жерлеу рәсімдері үшін төлейтіні көзделуі мүмкін. Басқаша айтқанда, ол рента алушыға жақын адамды жерлеу, немесе рента алушының өзін жерлеу бойынша шығындарды өтейтіні қарастырыла алады. Шартта асыраудың жалпы көлемі (сомасы) аныкталып көрсетілуі тиіс. Тараптар шартта асыраудың қандай түрлері берілетінін көрсетіп қана қоймайды, асырауды берудің жағдайлары, әрбір асырау түрінің сандық және сапалық көрсеткіштері анықталуы мүмкін. Заңнама асыраудың бір айдағы ең төмен мөлшерін бекітеді. Ақшамен бағалағанда ол ең төмен жалақының екі есе мөлшерінен кем болмауы керек. Асыраудың көлемі туралы дау туындаса, ол сот тәртібінде шешілуге жатады. Тараптардың өзінің дауды ерікті реттеуі де жоққа шығарылмайды. Сот, дауды шешкен кезде, шарттың жағдайлары нақты болмаса, немесе бір біріне қайшы болса, басшылыққа адалдық, әділеттілік, парасаттылық талаптарын алуы керек. Шартпен өмір бойы асырауды заттай беруді мезгіл мезгілді ақшалай төлемдермен ауыстыру қарастырыла алады. Осының нәтижесінде өмір бойы асырауда ұстау шарты ғұмырлық рента шартына айналады. Бірақ, рентаның ең төмен мөлшеріне қатысты талаптар сақтала береді. Міндеттеменің осылайша жаңғыртылуына (өзгеруіне) тек рента алушының келісімі бой-ынша және тек оның мүддесінде ғана жол беруге болады.Шарттың мерзімі асырауды алушының өмірінің ұзақтылығымен шектеледі. Төлемдердің мезгілдігін анықтау үшін ҚР АК 532-бабы қарастырған ережелер қолданылады.Ғұмырлық рента шарты бойынша рента төлеушісі көбінесе құрамасында бірнеше бөлшегі бар асырауды көздейтін әрекеттерді жүзеге асыруға міндеттеледі. Тиісінше рента төлеуші оның түр түріне, сапасын және берілудің өзге жағдайларын қамтамасыз етуі керек. Рента төлеушіде оған өмір бойы асырауды қамтамасыз ету үшін берілген мүлікті иеліктен шығаруға, келісе салуға және өзге жолмен билік етуге құқығы бар, бірақ осының барлығына рента алушының алдын ала келісімі қажет. Сондықтан, біз рента алушы өз мүлкіне заттық құқықтардың (шектелген көлемде) сақтап қалатынын айта аламыз. Бұл құқықты өмір бойы асырауда болып келетін тұлганың бұрынғы мүлкіне шектеулі заттық құқық ретінде анықтауға болады. Бұдан бұрын айтылғандай, рента алушының заттық құқығы өзіне берілген тұрғын үйге (жайға) пайда болады. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Рента шартының түсінігі 2. Рента шартының мазмұны 3. Рентаның түрлері Ұсынылатын әдебиет 1.Г.А. Жайлин, Б.К. Абдыкадыров. Юридические лица от «А» до «Я». Пособие, А; 2003. 2.Гражданское право РК. Особенная часть. Т.1-2 / Жайлин Г.А. – А., 2003 3.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 4.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 5.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004 Тақырып 5. Мүлікті жалдау шарты (Аренда) 1. Мүлік жалдау (аренда) шартының ұғымы және элементтері. 2. Мүлік жалдау шартының жекелеген түрлері. Лизинг 3. Кәсіпорындарды жалдау шарты. 4. Көлік кұралдарын жалдау. 5. Прокат. 1.Мүлік жалдау қатынасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 29- тарауында реттелген. Мүлік жалдау (аренда) шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақыға уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 540- б,).Аренда шартының сатып алу, сату рента шарттарынан айырмашылығы, ол мүлікті уақытша иеленуге беруге байланысты қатынасты реттейді. Мүлік жалдау шарты Римде кеңінен таралған еді. Сонымен қатар, мүлікті жалдау затты пайдалануды болжайтын мұнымен қоса жалдаушының иеленуіне назар аударылмайтын, ал негізінен жалдаушы тек затты ұстаушы меншік иесі құқықтарын жүзеге асыруға көмектесетін тұлға ретінде ғана бағаланатын. Мүлікті жалдау шарты консенсуалды (құқықтары мен міндеттері тек тараптардың келісімі негізінде пайда болатын), өзара, өтеулі (ақылы) болып табылады. Арендалық шарттан туындайтын міндеттемелік құқықтық қатынастарды және заттық құқықтык қатынастарды ажыратып қарау қажет. Әрине, міндеттемелік құқық шеңберінде бірінші кезекте аталған қатынастардың бірінші тобын қарау керек. Аренданың заттық құқығы жеткілікті дәрежеде жан-жақты және толық заттық құқық мәселелеріне арналған еңбектерде талданған. Сонымен қатар, аренданың заттық құқығы ескерілмесе жалға алушының да жалға берушінің де құқықтық жағдайының сипаттамасы толық болмайды. Жалдаушы мен жалға берушінің заттық құқық қатынастар негізінде қатысуын жоққа шығаруға болмайды. Мүлікті жалдау шартының нысанына арнайы талаптар да қойылады. Егер, мысалы, шарт бір жылдан астам мерзімге жасалса, онда оның нысаны жазбаша болуы тиіс. Кәсіпкерлік әлде кәсіпкерлік емес болғанына, мерзіміне қарамастан, тарабы заңды тұлға болып келетін мүлікті жалдау шарттары да жазбаша нысанда жасалуы керек. Жылжымайтын мүлікті жалдау шарты мемлекеттік тіркеуге жатады. Азаматтар араларындағы 1 жылға дейінгі мүлікті жалдау шарттары ауызша нысанда жасалуы мүмкін. Егер, болашақта жалдаушыға мүлікке өтетіні қарастырылса, меншік құқығы онда мүлікті жалдау шарты сатып алу- сату шартының нысанындай нысанда жасалуы тиіс. Мүлік жалдау шартының тараптары жалға алушы және жалға беруші, жалға беруші және жалға алушы ретінде кез келген тұлға, заңды және жеке тұлға бола алады. Егер шарт мемлекет атынан не әкімшілік-аумақтық бірлестік атынан жасалса мүлікті жалға беруші болып өкілетті мемлекеттік орган, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру бойынша комитеінің аумақтық органдары табылады.Жалға беруші - бұл пайдалануға берілген мүліктің иесі, ал заңды тұлға - оқшауланған мүлікке меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы бар субъект. Кейбір жағдайларда мүлікті жалға беруші болып оған өзге де құқықтары бар жеке немесе заңды тұлғалар болуы мүмкін, олар мүлікті жалға беруге заңмен немесе шартпен өкілденуі тиіс (мысалы, бұл мүлікті сенімгерлікпен басқаратын болуы мүмкін). Жалдаушы (арендатор) — мүлікті уақытша иелену және пайдалануға, немесе тек пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлға. Мысалы, станокты жалдаушыға белгілі сағаттарда немесе күндерде кажетті жұмыстарды жасау (орындау) мүмкіншілігі берілуі мүмкін. Мүлкіне оралымды басқару құқығы бар коммерциялық емес заңды тұлғалар, олардың мүлкінің меншік иесімен мүлікті жалдау құқығында шектелуі мүмкін. Тараптар құқықтары мен міндеттерінің өзге тұлғаларға ауысуы ішінара және де әмбебап құқықтық мирасқорлық негізінде болуы мүмкін. Мүлік жалдау шартының нысанасы (объектісі) болып негізінен қозғалатын сондай-ақ қозғалмайтын заттар келеді. Аренда шарты бойынша (негізінде) берілетін заттарға жеке сипаттары мен анықталатын, тұтынылмайтын заттар жатады. Осы шарт бойынша оларды пайдалану барысында өздерінің тұтынушылық қасиеттерін бірте-бірте табиғи тозу салдарынан жоғалтады. Кейбір объектілер пайдалану тәртібі дұрыс болса тіпті өздерінің қасиеттерін жоғалтпауы мүмкін, оларға жер учаскелері, көп жылдық екпелер және т.б. жатады. АК 541-бабына сәйкес, мүліктік жалдауға, кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлік құралдары берілуі мүмкін. Жалдаудың объектісі өзге де заттар бола алады. Аренда шартының бағасы ол шартқа сәйкес анықталады. Егер, ол шартта көрсетілмесе, онда басшылыққа бір немссе өзге жағдайларда төленетін аренданың бағасы алынады.Мүлік жалдау шарты нақты анықтамлаған мерзімге жасалуы мүмкін, бұл үшін ол күшінде болып келетін мерзім шартта көрсетілмейді. Нақты анықталмаған мерзімге жасалған мүлікті жалдау шартында әрбір тарап, шарт қозғалмайтын мүлік жөнінде болғанда екінші тарапқа үш ай бұрын ескертіп, ал шарт қозғалатын мүлік жөнінде болғанда бір ай бұрын ескертіп, кез келген уақытта шарттан бас тарта алады. Өзгеше тәртіп заң актілерімен немесе шартпен қарастырылуы мүмкін. Мысалы шартта тараптар нақты анықталмаған мерзімге жасалған мүлікті жалдау шартын бір жақты тәртіпте бұруға тиым салуы мүмкін. Жалға беруші мүлікті жалға алушыға шарт талаптары мен мүліктің мақсатына сәйкес, келетін күйде беруге міндетті (АК 547-6. 1-тармағы). Мүліктің күйі бірінші кезекте шартпен анықталуы тиіс. Мысалы, жалға қоймалар берілгенде, олар өрт қауіпсіздігінің талаптарына бөлмелердегі ауаның ылғалдылығына не құрғақтығына қойылатын талаптарға және басқаларға сәйкес болуы керек екені болжау жасалуы мүмкін.Кейбір жағдайларда заттың кемшіліктерімен байланысты тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселе басқаша шешімін табады. Жалға берілген заттың кемшілікалуыік жен мерзім шартта кеқ.терін оны қараған кезде бірден табуға мүмкін болса, немесе затты жалға алғанға дейін жалдаушы затпен пайдаланып үлгерген болса, онда жалға беруші заттың кемшіліктері үшін жауапты болмауы тиіс. Затты тұтынудың одан құтылу мүмкін емес (сөзсіз) салдары болып оның белгілі дәрежеде нашарлауы (тұтынушылық қасиеттерін жоғалтуы) табылады. Сондықтан бірнеше жыл пайдалануда болып келген мүліктің (заттардың) күйі тиісті емес тіпті қанағаттанатындай болмай шығуы мүмкін. Осыған байланысты шарттың екі тарабы бірдей белгілі бір шешімдерді қабылдап әрекеттерді жасауға мәжбүрлі болады.Жалға беруші мүлікті шартпен қарастырылған мерзімде беруі керек, егер бұл мерзім шартта қарастырылмаса, онда ол қисынды мерзімде берілуге жатады. Жалға беруші шартқа қайшылық жасап мүлікті бермесе жалдаушы бұл мүлікті ҚР АК 355-бабына сәйкес талап ете алады немесе шарт бұзылуын талап ете алады. Екі амалды қолданған кезде де жалға алушы өзіне келтірілген шығындарды өндіріп ала алады.Мүлік жалдау шартының тараптары арасында мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы бөлінеді. Жалға беруші жалға берілген мүлікке тараптармен келісілген мерзімдерде, егер заң актілерінде не шартта өзгеше көзделмесе, оз есебінен күрделі жөндеу жүргізуге міндетті. Жалға алушы жауап бермейтін мән-жайларға байланысты пайда болған аса қажеттілік тапап ететін жөндеуді, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға беруші қисынды мерзімде өз есебінен жүргізеді (АК 552-6 2-бөл.).Шарт жасау кезінде жалға беруші жалға алушыға жалға берілетін мүлікке үшінші тұлғалардың барлык құқықтары (сервитут, кепіл құқығы) туралы ескертуге міндетті. Бұл жағдайда біз бірінші кезекте мүлікке ауыртпалық тудыратын құқықтары туралы айтамыз. Мүлікті жалға беру мүлікке үшінші түлғалардың заттық құқықтарын тоқтату не өзгерту үшін негіз болып табылмайды. Жалға алушы жалға берілген мүлікті шарт жағдайларына сәйкес пайдалануға, ал егер олар шартта қарастырылмаса, мүліктің тағайындалуына сәйкес пайдалануға міндетті. Жалға алушының бұл міндетті жалға берушінің жалға берілген мүлікті күтіп ұстау міндеті орындалуына көмектеседі. Осымен қатар жалға беруші жалға алушының мүлікті пайдалануына шектеу қоюға мүдделі болуы мүмкін. Өз кезегінде осының себебі де болады, мысалы жалға берілген жабдықтарды жоғары дәрежеде пайдалану орын алса, оның мерзімінен бұрын тозуының қаупі төнуі мүмкін ж.б.Қосымша жалдау (субаренда) шартының қолданылуы (кү-шінде болуы) мүлік жалдаудың негізгі шартына тәуелді болып келеді. Заңнамада көзделген негіздер бойынша мүлік жалдау шарты жарамсыз болса, онда оған сәйкес жасалған мүлікті қосымша жалдау шарты да жарамсыз болып келеді. (ҚР АК 560 бабы). Бұл норманың мазмұны мүлікті жалдаудың негізгі шар-тының қолданылуына тек қана қосымша жалдау (субаренданың) емес, барлық өзге туынды құқықтық қатынастардың мүлікті пайдаланудың, кепілдің және басқарудың күшінде болуы (тұрмыс етуі) тәуелді болатынын білдіріп отыр. Жалға алушы өз уақытылы жалдау (аренда) төлемін төлеп тұруға міндетті. 2. Лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушы меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді.Сондықтан, лизинг мақсаттары үшін екі құқықтық қатынас жүзеге асады: 1) лизинг берушінің сатушының (үшінші тұлға) қатысуымен сатып алу-сату; 2) лизинг берушінің және лизинг алушының қатысуымен мүлік жалдау. Осымен, лизинг шартына қатысушылардың құқықтық байланыстары шектелмейді, белгілі құқықтар мен міндеттер лизинг берушінің және лизинг алушының араларында пайда болады.Қаржылық лизингтің мәнісі және ерекшелігі оның түрлік сипаттамасы арқылы көрінеді. Қаржы лизинг нысандарын ажыратады. Оларға мыналар жатады: а) ішкі лизинг, оны жүзеге асырған кезде лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылады: б) халықаралық лизинг, оны жүзеге асырған кезде лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайды. Егер сатушы резидент болмаса, заң лизинг қандай нысанға жататынын айтпайды, біздің ойымызша, ол халықаралық лизингке жатуы мүмкін.Қаржы лизинг түрлері мыналар: 1) қайтарымды лизинг. Ол орын алса сатушы лизинг нысанасын лизинг берушіге осы лизинг нысанасын лизинг алушы ретінде лизингке кері қайтарып алу талабымен сатады; 2) банктік лизинг, мұнда лизинг беруші банк болып келеді; 3) толық лизинг - ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг беруші жүзеге асырады. 4) таза лизинг лизингтің бұл түрі бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг алушы жүзеге асырады.Лизинг шартында үш субъект қатысса да: сатушы, лизинг беруші, лизинг алушы, ол екі тарапты шарт болып табылады. Егер сатушы болмаған жағдайда, шарттық қатынас анық ерек-шелігі жоқ қай мүлік талдау болып табылады. Лизинг шартын жасасқан кезде екі шарттық құқықтық қатынас пайда болады сатып алу-сату шарты және мүлік жалдау шарты. Лизинг шартының тараптары ретінде лизинг беруші және лизинг алушы қатысады. Лизинг беруші - тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебінен лизинг нысанасын өз меншігіне сатып алатын және оны лизинг шартының талаптары негізінде лизинг алушыға беретін лизинг мәмілесіне қатысушы. Лизинг беруші ретінде заңды тұлғалар және жеке кәсіпкер ретінде танылатын жеке тұлғалар болуы мүмкін. Лизинг шарттарында коммерциялық емес заңды тұлғалардың лизинг беруші ретінде қатысуы шектеледі, ол олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келеді, себебі, алдында көрсетілгендей лизинг шарты мамандандырылған мінезі бар қаржылық (кәсіпкерлік) кызметті қамтамасыз етеді.Лизинг алушы-лизинг шартының талаптарына орай кәсіпкерлік мақсаттар үшін лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәмілесіне қатысушы. Олар, кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін.Мәміленің үшінші қатысушысы - сатушы, лизинг нысанасын сатып алу-сату шарты және (немесе) лизинг шарты негізінде оны бұдан кейін лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру мақсатында лизинг берушінің өткізетін лизинг мәмілесіне катысушы.Сатушы бір мезгілде лизинг нысанасының лизинг алушысы ретінде (қайтару лизингі) іс- қимыл жасай алады. (Қазақстан Республикасының Қаржылық лизинг туралы Заңының 2-6).Лизинг шартының пәні ретінде кәсіпкерлік мақсатта пайдаланатын жарамды, тұтынылмайтын заттар болуы мүмкін. Оларға үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік құралдары, жер учаскелері және т.б. жатады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды. Лизинг беруші: 1) лизинг алушымен келісілген лизинг нысанасын шартының талаптарымен лизинг алушыға беру үшін оны сатушыдан өз меншігіне сатып алуға міндетті. Сонымен қатар, сатып алу-сату шартын жасаған кезде лизинг нысанасы белгілі бір сатып алушыға лизингке беруге арналғаны туралы сатушыға жазбаша хабарлауға міндетті. Сондықтан, сатушыға лизинг алушының жеке басы және лизинг шартының жағдайы мәнге ие. Олар жөніндегі көзқарас сатушыға өзінің мүмкіндік қауіп-қатерін есептеуге, мүлік тағайындауды бағалауға мүмкіндік береді; 2) лизинг нысанасын лизинг алушыға беруді қамтамасыз етуге міндетті. Лизинг нысанасын оған нақты беру сатушымен жүзеге асырылады. Лизинг беруші лизинг алушыдан лизинг нысанасын мынадай жағдайларды талап етуге құқылы: а) егер лизинг алушы нысанасын пайдаланылуы лизинг шартының жағдайларына немесе лизинг нысанасын қызметіне сәйкес келмесе; б) егер лизинг алушы берушіге лизинг нысанасын көруге шектеу жасаса; в) егер лизинг алушы лизинг шартымен белгіленген мерзімі өткеннен кейін екі және одан да көп лизинг төлемдерін төлемесе. Лизинг алушының құқықтарының ерекшелігі мынадай: 1) лизинг нысанасының сапасына және жиынтықтылығына, оны жеткізу мерзіміне қатысты және сатушы мен лизинг беруші арасында жасалған шарт тиісті дәрежеде орындалмаған басқа да жағдайларда сатушыға талап қоюға құқылы; 2) егер лизинг нысанасы тиісті кемшіліктермен жеткізілсе, лизинг нысанасын қызметі бойынша пайдалануына кедергі жасаса, лизинг нысанасын ауыстыруға талап етуте құқылы. Лизинг алушы нысанасын көруі не кедергі жасамауға міндетті.Лизинг шарты тараптардың бірінің талап етуі бойынша өзгертілуі немесе сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін. Мерзімінен бұрын бұзылуының негізі жалпы ережелерге сүйенеді. Олар болып, лизинг беруші немесе лизинг алушы шарттың елеулі жағдайларын бұзғандығы болып табылады. 3. Кәсіпорынды жалдау шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы үшін кәсіпорынды ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпорынды толығымен біртұтас мүлік кешені ретінде пайдалануға, оның ішінде құқык иесінің фирмалық атауына және (немесе) коммерциялық белгісіне, қорғалатын коммерциялык ақпараттың құқығын, сондай-ақ жалға берушінің басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ құқықтар мен міндеттерін қоспағанда, шартта көзделген басқа да айрықша құқықтық объек-тілерді - тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін және т.б. (айрықша құқықтар кешенін) беруге міндеттеледі.Кәсіпорынды жалдау шарты консенсуалды, өзара және қайтарымды шарт болып табылады. Бұл шарт заңға сәйкес жазбаша нысанда жасалады. Жазбаша нысанда жасалатын басқа шарттардан айырмашылығы кәсіпорынды жалдау шарты кәсіпорынды сатып алу-сату шартымен бірдей оған тараптар қол қойған бірыңғай құжаттарды жасау жолымен жүргізіледі. Кәсіпорынды жалдау шартының талап етілетін жай жазбаша нысанының сакталмауы шарттың жарамсыздығына әкеліп соқтырды. Кәсіпорынды жалдау шартының тараптары болып азаматтық- құқықтың әртүрлі субъектілері - жеке және заңы тұлғалар бола алады. Көбінесе мұндай қатынастарға кәсіпкерлік қызметтің субъектілері кіреді. Шарттың нысаны болып кәсіпорын табылады. Ол бұдан бұрын көрсетілгендей (кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша) өзінің жұмыс істеуіне қажетті мүліктің барлық түрлерін өз құрамына кіргізеді: ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, шаруашылық қосымша заттарды, шикізат, өнімдерді, учаскелеріне құқықтарды, талап құқықтарын, қарыздарды фирмалык атауына, тауар белгісіне және басқа да интеллектуалдық меншікке құқықтарды. Сонымен, кәсіпорын құрамына азаматтық құқықтар объектісінің екі топтары кіреді: 1) заттар; 2) мүліктік қүқықтар. Бұл мүлікті жалга бергенде заттардың құқықтық режимін және мүліктік құқықтардың құқықтық режимін, соның ішінде интеллектуалдық меншікке құқықтарды жүзеге асырудың тәрті-бін сақталуды талап етеді. Жалдау шарты бойынша, талап етуге құқықтың берілуінің ерекшелігі жалға берушінщ атынан жалға алушы оларды алады және жалға берушінің борышкерлері қа-рыздарды қайтару арқылы пайда болған мүлікке меншік құқығы емес, жалдау құқығы бекітіледі. Мүліктік кешен-кәсіпорын құ-рамына кіретін тектік тұтынылатын заттар мүлік жалдаудың ны-санасы болып объективті бола алмайды. Жалға беруші мүлік жалдаудың басқа да шарттары бойынша жалға алушыға мүлікті беруге міндетті. Жалға берушіге кәсіпорынды жалға беруге дайындықпен байланысты ауыртпашылықтар жүктеледі. Оны беру өткізу актісі бойынша жасалады. Өткізу актісін жасау мен қол қоюға ұсынуды қоса алғанда жалға берушінің міндеті болып табылады және оның есебінен жүзеге асырылады. Егер кәсіпорында борыштар болса, кәсіпорын жалға алушыға жалға берушіден міндеттемелерді тоқтатуды немесе мерзімінен бұрын орындауды талап еткен несие берушілермен есеп айырысу аяқталғаннан кейін ғана берілуі мүмкін.Жалға алушының басты міндеті жалданған кәсіпорынды шарт жағдайларына және оның құрамына кіретін мүліктің тағайындалуына сәйкес пайдалануды және арендалық төлемдерді (ақыны) төлеуде болып келеді.Кәсіпорынды жалдау шартының кәсіпкерлік сипаттамасы болған соң кәсіпорынның құрамына кіретін мүлікке билік ету бойынша жалға берушінің құқықтарды едәуір кеңейтілген ҚР АҚ 578-бабының мағынасы бойынша жалға алушы, жалға берілген кәсіпорын мүлкінің құрамына кіретін материалдық құндылық-тарды (олар айналып қаражаттарына жатса) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушінің келісімінсіз сатуға, айырбастауға, не қарыз етіп беруге құқылы. Бірақ осының нәтижесінде кәсіпорынның құны азаймауы тиіс. Негізгі қорларды (қаражаттарды) жалға алушы уақытша пайдалануға, қосалқы жалға бере алады немесе осындай мүлік арендасының құқықтары басқа тұлғаға берілуі мүмкін. Жалға алушының мүлікпен осылай билеуі өзге тұлғалар құқықтары бұзылуына (кемсітілуіне) әкелмеуге тиіс. Егер жалға берушінің немесе басқа тұлғалардың мүддесіне залал келтірілетін болса, жалға алушы оны өтеуге міндетті. Шартпен немесе заңмен жалға алушының мүлікті билік етуге құқықтары шектелуі мүмкін.Жалға алған мүлікті пайдалану үшін ақы шарт жағдайларына сәйкес төленеді, егер олар шартта қарастырылмаса, онда ақы мүлік жалдау шарттары бойынша ақы төлеу тәртібін бекітетін АК нормаларына сәйкес төленеді. Ең қолданымды (қолайлы) ақы нысандары болып ақшалай төлемдер жәөне өндірілген өнімнің белгілі үлесін бөліп беру келеді. Сондай-ақ, егер жалға алушы мүлікті жақсартатын болса, онда ол жасалған жақсартулардың құнын арендалық төлемдердің есебіне жатқыза алады. Кәсіпорынды жалға алушының қүқықтарының көлемдігі тағы да мынадан көрініс табады. Жалға алушы жалға алынған мүліктік кешеннің құрамына өзгерістер енгізуге, оны қайта құруға, кеңейтуге, техникамен қайта аспаптауға құқылы және осының барлығы жалға беруішнің келісімін талап етпейді.Кәсіпорынды жалдау шарты бойынша мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы тараптардың арасында басқа мүлік жалдау шартта-рының көпшілігіне қарастырылмаса, онда мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы толығымен жалға алушыға жүктеледі. Сондыктан оның үйлесуі туралы біз шартты айтып отырмыз. Кәсіпорын арендаторы шарт күшінде болатын барлық мерзімде кәсіпорынның тиісті техникалық күйін қамтамасыз етуге тиіс. оны ағымдағы және күрделі жөндеуін жүргізеді. Осымен бірге жалға алушы жалға алынған мүлікті тұтынумен (пайдаланумен) байланысты барлық өзге де шығындарды көтеруге міндетті. Жалдау шарты тоқтатылған жағдайда кәсіпорын тұтастай мүлік кешені ретінде ережелерді сақтай отырып жалға берушіге қайтарылуға тиіс. Өткізу актісін жасауды және оны қол қоюға табыс етуді қоса алғанда, кәсіпорынды жалға беруге дайындау, егер шартта көзделмесе, бұл жағдайда жалға алушынын міндеті болып табылады және соның есебінен жүзеге асырылады.Жалға алушы кәсіпкерлік қызмет субъектісі болған соң оған берілген мүліктің сақтығы үшін кінәсіз жауапкершілікті қатерді жәме мүліктің жойылуы немесе бүлінуі бой бермейтін (дүлей) күштердің салдарынан болғанын дәлелдегенде ғана жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. 4. Көлік құралын (уақытша кеме жалдау) басқару және техникалық пайдалану бойынша кызмет көрсетуімен жалдау шарты (көлік құралын экипажымен жалдау шарты) бойынша жалға беруші жалға алушыға ақы төлетіп, көлік құралын уақытша иеленумен пайдалануға беруге және өз күшімен оны басқару мен техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуге міндетті. Мүлік жалдау шартының бұл түрі белгілі мерзімге жасалуға мүмкін. Аренданың ақырғы (ең ұзақ) мерзімі шектелмеген. Осы-ған байланысты, бұдан бұрын аренда мерзімі туралы айтылған пікірлерімізге назар аудару қажет. Көлік құралын экипажымен жалдау шарттары мерзімі көрсетілмей (белгісіз, анықталмаған мерзімдерге) жасалуы мүмкін.Шарттың нысанасы көліктік заңнама негізінде көлік түрлеріне жатқызылған көліктің данасы әуе, автокөлік, теміржол, ішікі су көлік құралы ( Казақстан Республикасында көлік туралы "Заңның 1-бабына сәйкес, көлік оның аумағында тіркелуге тиіс).Шарттың тараптары азаматтық-құқықтық қатынастары-ның кезкелген субъектілері. Бірақ, жалға беруші тарап көлік құ- ралын жалға беру үшін, оны меншік құқығымен немесе езге де заттық құқығымен иелену керек. Көлік құралын экипажымен жалдау шартыньщ мазмунын осы мүлік жалдау шартының түрінде тараптардың құқықтары мен міндеттерін (жалға берушінің және жалға алушының) жалпы және ерекше сипаттағы нормалардың әсерін ескерген кезде нақ-ты болады. Көлік құралы экипажының құрамы және оның биіктілігі тараптар үшін міндетті ережелер мен шарттың жағдайларына, ал егер тараптар үшін міндетті ережелермен мұндай талаптар белгіленбесе - көлік құралының осы түрін пайдаланудың әдеттеп практикасы талаптарына және шарттың жағдайларына сай келуге тиіс. Қазақетан Республикасының Азаматтық кодексінің 588-6. 3-тармағымен экипаж мүшелері жалға берушімен еңбек қатынас-тарын сақтап қалатыны көзделеді. Бұл негізінен өте маңызды заңды ескерту, ол көлік жалдау шартының бүкіл заңды тегіне жүзеге асуына мүмкіншілік береді. Оның болғанының нәтижесінде жалға беруші көлік құралының жағдайына да басқару және пай-далану бойынша қызмет көрсетуіне де толық жауапты болады. Осы айтылған нормаға сәйкес, экипаж мүшелері жалға берушінің басқару мсн техникалық пайдалануға қатысты өкімдеріне бағынады. Егер өкімдер көлік құралын коммерциялық пайдалануға қатысты болса, онда экипаж жалға алушының өкімдеріне бағынуға тиіс. Азаматтық кодекс экипаж мүшелерінің көрсеткен қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды және оларды ұстау жөніндегі шығындарды көтеруге қатысты диспозитивтік нормасын қарастырады. Жалпы ереже бойынша осы міндет жалға берушінікі болып табылады. Тараптардың келісімі бойынша ол жалға алушыға жүктелуі мүмкін. Жалға берушінің келесі міндеті пайдаланылатын көлік құралының бұзылу немесе жойылу қаупінің дәрежесі жоғары болатынына байланысты орнатылады. Жалға беруші көлік құралын немесе оны пайдалануға байланысты орын алуы мүмкін залал үшін жауапкершілікті сақтандыруға міндетті болады. Осы міндетті орындамауы жалға берушіні көлік құралы іске жарамсыз болып қалуына байланысты қолайсыз зардаптарға әкелуі мүмкін. Жалға алушы (немесе басқа тарап) көлік құралын коммерциялық пайдалануға байланысты туындаған басқа да шығындарды көтеруге міндетті. Жалға алушы жалға алынған көлік құралын коммерциялық пайдалануды жүзеге асыруда жалға берушінің келісімінсіз өз атынан үшінші, тұлғалармен, егер олар жалдау шартында көрсетілген көлік құралдарын пайдалану мақсаттарына, ал егер мұндай мақсаттар белгіленбесе көлік құралының мақсатына қайшы келмесе, тасымалдау шарты мен өзге де шарттар жасауға құқылы. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 591-б). 5. Прокат шарты бойынша тұрақты кәсіпкерлік қызмет ретінде қозғалатын мүлікті жалға беруді жүзеге асыратын жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақы төлетіп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді. Прокат шарттарын үйлер мен ғимараттарды жалдау, кәсі-порынды, жер учаскелерін, тұрғын жайларды жалдау шарттарының орындарында қолдануға болмайды, себебі олардың объектілерінде елеулі ерекшелігі бар, олар қозғалатын мүлік болып табылады. Бірақ, көп жағдайларда, мүлік жалдау қатынастарының реттейтін нормалар өзара қатысып тұрады, сондықтан тұрмыстық прокат қатынасына мүлік жалдаудың (аренданың) жалпы ережелері қолданылуы мүмкін. Прокат шартының нысаны жазбаша болады. Ол басқа тұтыну шарттары сияқты түбіртек, жетон және с.с. берілу арқылы жасалады. Прокат шарты жазбаша нысанда жасалмаған реттер үшін заңнама оның жарамсыздығы туралы ережелерді қарастырмайды. Прокат шарты бір жылға дейін шектелген мерзімге жасалады. Жалға алушының мүлікті жалға алу шартын жаңартуға басым құқығы туралы және мүлікті жалға алу шартын белгісіз мерзімге жаңарту туралы ережелер прокат, көлік құралын экипа-жымен жалдау шартына қатысты қолданылмайды. (ҚР АК 596 бабы 2- тармағы). Жалға алушы прокат шартынан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. (ҚР АК 596-6. 3-тармағы). Прокат шартының нысанасы азаматтық айналымнан алынбаған кез келген қозғалатын мүлік болуы мүмкін. Прокатқа азаматтық айналымнан шектелген заттар берілуі күмәнды, бірақ ол да мүмкін. Сондықтан, шарттың нысанасы болып негізінен кең азаматтық айналымдағы заттар табылады. Прокат шарты бойынша берілетін мүлік негізінен тұтынушылық мақсаттарына пайдаланылады.Прокат шартының тараптары - жалға беруші және жалға алушы. Жалға беруші әрқашан кәсіпкерлік қызмет субъектісі және ол заңды тұлға болуы мүмкін немесе заңды тұлға құрусыз жеке кәсіпкер ретінде әрекет ете алады.Коммерциялық емес заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі жалға оларға берушілер ретінде прокат шартын жасасуға негізінен мүмкіншілік бермейді. Бірақ олар оны жарғыларымен немесе құрылтайшымен рұқсат етілген кәсіпкерлік қызмет шеңберінде жасай алады. Жалға берушінің құқықтары мен міндеттерін қарастырайық. Шартта көзделген немесе пайдалануына сәйкес анықталатын мүлікті тиісті күйінде беруге жалпы міндетінен басқа жалға берушінің арнайы міндеттері де болады. Прокат шартын жасасқан жалға беруші жалға алушының қатысуымен жалға берілетін мүліктің тиісті күйінде болатындығын тексеруге міндетті. Сондай-ақ жалға беруші жалға алушыны мүлікті пайдалану ережелерімсн таныстыруга міндетті, бұның орнына жалға беруші жалға алушыға мүлікті пайдалану тәртібі туралы жазбаша нұсқаулықтарды беруге құқылы. Жалға алушы жалға берілген мүліктің кемшіліктерін ақысыз жою бойынша немесе оның тиісті күйіндегі өзге сондай мүлікке ауыстыру бойынша баламалы міндетін көтереді. Бұл міндет жалға алушы жалға берілген мүліктің кемшіліктерін тапқан жағдайда пайда болады. Кемшіліктердің сипаттамасы осындай болу керек, олар толық немесе ішінара мүлікті пайдалануға кедергі келтіру керек. Жалға берушінің жүктелген, белгіленген міндеттің өзгешелігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 598-б нормалары қатаң нысандағы бұйыру жасайды, сондықтан жалға берушінің міндеттері сөзсіз болып келеді. Одан басқа ол (міндет), егер шартта қысқалау мерзім белгіленбесе, он күндік мерзімде орындалуы керек. Прокат шарты бойынша жалға берілетін мүлікті күрделі және ағымдағы жөндеу жалға берушінің міндеті болып табылады. Жалға алушы мүлікті мерзімінен бұрын қайтарған жағдайда жалға беруші мүлікті пайдаланғаны үшін алған ақының тиісті бөлігін оған мүлікті нақты қайтарған күннен кейінгі күннен бастап есептеп қайтарады.. Прокат шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері өзара, яғни бір тараптың құқығына екінші тараптың міндеті сәйкес болады. Сондықтан жалға алушы жалға берушіден бізбен аталған оның барлық міндеттерін орындауды талап етуге құқылы.Осыған қатысты тікелей нормалар болмаса да, прокат шар-ты мүлікті пайдаланудың мақсатына жоғары талап кояды. Егер прокат нысанасы жалға тұтынушылық мақсатта алынса, оның кәсіпкерлік пайдалануы жалға алушы өзінің жағынан мүлікті пайдалану мінезіне қатысты міндеттерін бұзғаны болып табылады. Тағыда бір ерекшелік бар, прокат шарты бойынша жалга алушы мүлікті жақсарту мүмкіншілігінен де айырылады. Жалға берілген мүлікті тиісті пайдаланудан басқа жалға алушы өз уақытында мүлікті пайдаланғаны үшін төленетін ақыны төлеп тұруы тиіс. Прокат шарты бойынша төленетін ақының ерекшелігі бар, ол ақшалай түрде ғана төленуі мүмкін.Жалға алушы мүлікті пайдаланған кезде жалдау ақысын жалданған мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған табысқа сәй-кестеп есептеуге тиым салынады. Прокат шарты бойынша төле-нетін ақы тұрақты сомада белгіленеді. Ол мерзімімен немесе бір жола енгізіледі. Мүлікті пайдаланғаны үшін ақы төлеудің мерзімділігі шартпен белгіленеді. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Мүлік жалдау шартының түсінігі 2. Мүлік жалдау шартының мазмұны 3. Мүлік жалдау шартының түрлері Ұсынылатын әдебиет 1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004 4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004 5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001 Тақырып 6. Мердігерлік шарт 1.Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер 2.Мердігерлік шартының жекелеген түрлері 1.Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті. Мердігерлік шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу кезі және онын орындалу кезі сәйкес келмеуі мүмкін. Мердігерлік шартының түрлі сипаттамасына мыналар кіреді: 1) тұрмыстық мердігерлік; 2) құрылыс мердігерлігі; 3) жобалау немесе іздсстіру жұмыстарына мердігерлік; 4) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік.Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы табылады. Тапсырысшы екінші тарапқа -мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі бір жұмысты орындауды тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретінде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердігер -шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға мін-деттенетін тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, же-ке тұлға немесе жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бір ретті (жүйелі емес) негізде мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара алады. Бірнеше мердігерлер өзара қосымша (акцессорлық) келі-сімдер жасауы мүмкін және олардың мәні де төмен емес, өйтке-ні оларсыз жұмыстарды орындау тәртібінде түсініспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Басқа жағынан, акцессорлык (қосымша) келісімдер, олар аталғандай мәселелерді шешуге көмектесетініне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Мердігерлік шартыньщ нысанасы - бұл мердігер мен орындаған жұмыстың нәтижесі. Мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін белгілі заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзінің бейнеленуін табады.Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуі керек. Баға әр кезде ақша сомасымен белгіленеді, бірақ тө-леудің нысандары әртүрлі болуы мүмкін. Мердігерлік шартында орындалатын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау тәсілдері көрсетіледі.Смета бұл мердігерлік шарты бойынша орындалатын барлық жұмыстың құнын жұмсалатын материалдарды (олардың құнын) анықтайтын құжат.Смета шамалас және тұрақты болуы мүмкін. Мердігер тұрақты сметаны көбейтуді талап ете алмайды, ал тапсырысшы оның азайтылуын талап ете алмайды. Тұрақты сметаны бір жақ-ты өзгертуге құқық шартты жасау кезінде орындалуға тиіс жұ-мыстардың толық көлемін немесе бұл үшін қажетті шығындар-ды анықтау мүмкін болмаса да пайда болмайды. Шарт жасас-қаннан кейін мердігер беруге тиісті материалдар мен жабдық-тардың, сондай-ақ оған үшінші тұлғалар көрсететін қызметтер-дің құны едәуір өскен кезде мердігердің белгіленген бағаны (сметаны) көбейтуді талап ету құқығына иеленеді. Егер тапсы-рысшы осымен байланысты талаптарды орындаудан бас тартса, онда мердігердің шартты бұзуды талап ету құқығы пайда болады. Шамалас сметаның ерекшелігі, оны қарастырған жағдайда мердігер өзі шығындарының көлемін оларды аздап көбейту жа-ғына өзгерте алады. Жұмыстың шамамен белгіленген бағасын (шамалас сметаны) елеулі өсіру қажеттілігі туындаса, мердігер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты тоқтата тұруға міндетті. Мердігерлік шарттың мерзімдері мердігердің және тапсырысшының олардың шарт бойынша міндеттерін атқаруға байланысты қызметінің (іс әрекеттерінің) уакыттық өлшемдерін анықтайды. Мысалы, тапсырысшы белгілі мерзімге мердігерге материалдарды және жабдықтарды беруге міндетті. Ең жоғары мән жұмыстың орындалуының мерзімдерінде болады, себебі бұл да шарттың нысанасы болып тек жұмыстың нәтижесі келмейтінін, нысана құрамына ол жұмыстың (кызметтің) өзі де кіретінін көрсетеді. Мердігерлік шарттарының ақырында орындалуы сол мерзімдерге тікелей тәуелді болады. Оның аралығында жұмыс толығымен жасалып бітуі тиіс уақыт кезеңі мердігерлік шартының жалпы мерзімін құрайды. Онымен қатар шартта жұмыстар орындалуы үшін қарастырылған ақырғы мерзімдер де бекітіледі (ҚР АК 628-бабы 1-тармақ). Жұмыстың жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімдері - аралық мерзімдер де көзделуі мүмкін.Аралық мерзімдер екі жақты қызмет атқарады. Бірінші жағынан, жұмыстың орындалуына байланысты мердігердің қыз-метінің бірдей етіп бөлінуін қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, олар тапсырысшыға жұмысты орындалуын, бақылауын қамтама-сыз етеді. Егер жұмыс жай, уақытылы емес орындалса және оны белгіленген мерзімінде аяқтау мүмкін еместігі айқын болса тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Егер мердігерлік шартта мердігер бастапқы мерзімін бұзса, оны орындауға уақытылы кіріспесе де осы нәтиже орын алады.Мердігер шартта келісілген жұмысты өзінің тәуекелімен орындауға міндетті. Яғни мердігердің мойнында ол кәсіби субъект болған соң, оның жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келеді. Мердігердің осы міндетінің мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз мінез-құлығы ескеріліп тиісті дәрежеде өзгертілуі мүмкін. Оған жұмысты орындамағаны үшін немесе дұрыс орындамағаны үшін мердігерді жауапкершіліктен босататын жағдайлар да әсер етеді. Мердігер жұмысты өз материалдарымен, күштерімен және құралдарымен орындауға міндетті. Мердігер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиісті күйінде (түзеу) болуын қамтамасыз етуге міндетті. Ол өзі жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының оның күнделікті шаруа-шылық қызметіне кірісуіне құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпа-лығы жоқ материалдар мен құралдарды беруге міндетті. Мердігер: ▪ тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, тех- никалық құжаттаманың немесе өңдеуге берілген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы; ▪ оның жұмысты атқару әдісі туралы нұсқаулармен орындаудан тапсырысшы үшін болуы ықтимал қолайсыз салдарлар; ▪ орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына не беріктігіне қауіп туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға бермейтін мердігерге қатысты емес өзге де мән-жайлар аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты тоқтата туруға міндетті. Тапсырысшы мердігер жасаған жұмысты қабылдап оған ақы төлеуге міндетті. Тапсырысшы жұмысты нашарлатқан шарттан ауытқуларды немесе жұмыстағы өзге кемшіліктерді анықтаса, онда ол бұл туралы дереу мердігерге хабарлауы тиіс. Болашақта тапсырыс беруші қабылдау сәтінде анықталған кемістіктерді жою туралы талап қоймақ болса, онда кемшіліктер қабылдауды куәландыратын актіде немесе өзге құжаттарда көрсетілсе ғана, ол соларға сілтеме жасай алады. Тапсырысшы белгіленген бағаны немесе шартпен белгі-ленген өзге соманы төлеу міндетін орындамаса, мердігер шарт нысанасын (жұмыс нәтижесін) орындамағанымен байланысты ұстап қалумен қатар тапсырысшыға тиесілі құрал- жабдықтарын да, жұмысты орындау үшін берілген пайдаланылмаған материал-дар қалдығын да және тапсырысшының өзге мүліктерін тапсы-рысшы керекті ақша соммасын төлегенше бермеуге құқылы. Тапсырысшы өз тандауы бойынша мердігерден: - қисынды мерзімде жұмыстың кемшіліктерін өтемсіз жоюды; -жұмыс үшін белгіленген бағаны тиісті мөлшерде азайтуды талап етуге құқылы.Осымен бірге тапсырысшы кемшіліктерді өзінің қаражаттарымен мысалы, басқа мердігерді жалдау жолымен жоюы мүмкін. Бұл үшін мердігерлік шартында тапсырысшының жұмыстың кемшілігін өз іс- әрекеттерімен жою құқығы көзделуі керек.Мердігер өзі жауап беретін жұмыстың кемшіліктерін жоюдың орнына, тапсырысшыға орындаудың мерзімін өткізіп алу арқылы келтірген зиянды өтей отырып, жұмысты тегін қайта орындауға құқылы. Бұл жағдайда тапсырысшы, егер жұмыс сипаты бойынша ондай қайтарып беру мүмкін болса, оған бұрын тапсырылған жұмыс нәтижесін мердігерге қайтарып беруге міндетті. Сонымен қатар, егер жұмыста шарттың талаптарынан ауытқу немесс жұмыстың өзге де кемшіліктері елеулі болғанда және жоюға келмейтін болса не анықталған кемшіліктер тапсырысшы белгілеген қисынды мерзімде жойылмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы. 2.Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша, кәсіпкерлік кызметті жүзеге асырушы мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған белгілі бір жұмысты орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.Тұрмыстық мердігерлік шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бірге бұл шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады. Жалпы ереже бойынша сгер заң актілерінде немесе шартта, оның ішінде формулярлар ережелерінде немесе тапсырысшы қосатын өзге де стандартты нысандарда басқаша көзделмесе, тұрмыстық мердігерлік шарты мердігердің тапсырысшыға түбіртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиісті нысанда жасалған болып есептеледі.Жұмысты орындауға берілген тапсырыста (шартқа немесе нысандағы құжатта) мыналар көрсетілуі тиіс: орындаушының заңды мскен-жайы; тапсырысшының тегі және аты, оның мекен-жайы және телефоны; тапсырыс қабылданған мерзім, тапсырысты орындаудың басталу және аяқталу мерзімі, аванс сомасы (толық сомасы), тапсырысты қабылдаған және өткізген тұлғалардың қолы, қызмет көрсету (жұмыс) түрлері, орындаушы меы тұтынушының материалдарының (заттарының) толық тізімі, бағасы жөне саны (қанша материалдар жұмыс орындау үшін қажет екені көрсетіледі), жөндеуге берілген заттың зауыттық нөмірі және өзге де реквизиттер. Түбіртектегі бұндай толық ақпарат болуына талаптар тұрмыстық мердігерлік шарты жазбаша нысанда жасалатынын білдіреді. Алайда тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны шарттың жасалу фактісін немесе оның ережелерін растауда куәгерлік айғақтарға сілтеме жасау құқығынан айырмайды.Тұрмыстық мердігерлік шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкін. Және жетон, талон, кассалық түбіртек және тағы басқаларды берумен расталуы мүмкін. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе мердігердің эскизі бойынша немссе үлгілері бойынша қабылданады. Тапсырысшы өзіне жұмыс нәтижелерін өткізгенге дейін кез келген уақытта шарттан бас тартуға құқығы бар. Бас тартуы алдында ол орындалған жұмыс үшін мердігерге белгіленген бағаның бір бөлігін төлеуі керек. Бұл міндет мердігер жұмысты тапсырысшыдан ол шартты бұзатыны туралы хабарлама алғанға орындалса ғана келеді. Тапсырысшы мердігердің мәлімдеме жасау сәтіне дейін орын алған өзге де шығындарын өтеуге міндетті. Ал негізінен тапсырысшының әрқашан шартты бір жақты бұзуға құқығы бар және одан айыратын тұрмыстық мердігерлік шартының жағдайлары жарамсыз болып келеді.Мердігердің негізгі міндеті шарт талаптарына және міндетті талап етілген стандарттарға сай жұмысты орындау. Кейбір жағдайларда жұмыс мердігердің материалдарымен орындалады. Мұндай жағдайда ол материалдар сапасының стандарттар мен шарт талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті. Мердігер жұмысты шартта қарастырылған мерзімде бітіруге тиіс. Тапсырысты орындау мерзімі азаматтық құқықтағы мерзімдерді есептеудің жалпы ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Мерзім жұмыстың орындалып біту уақытымен және жұмысты орындауға кірісу уақытымен анықталынады. Мердігер, егер төтенше және бой бермейтін (дүлей) күш жағдайлары орын алса, осының себебінен материалдардың бүлі-нуі, жұмыстың тиісінше орындалмағаны үшін жауапкершілікті көтермейді.Жиһаздарды жөндеу және дайындау, құрылыстарды салу, жөндеу, аяқ киімдерді, тігін және тоқыма бұйымдарды ірі жөндеу, жаңарту мердігерлік шарттары бойынша, тапсырысшы көрсетілген мөлшерде аванс төлеуі мүмкін.Тапсырысшы орындалған жұмыс нәтижесін алуға келмеген немесе тапсырысшы оларды қабылдаудан жалтарған жағдайда, мердігер тапсырысшыға жазбаша түрде ескерте отырып, сол ескерткен күннен бастап 2 ай өткен соң мердігерлік нысанасын қисынды бағаға сатады. Одан түскен соманы мердігер өзіне тиесілі барлық төлемді шегеріп, қалғанын тапсырысшының атына нотариустың депозитіне салуға құқылы. Мердігер өзінің таңдауы бойынша мердігерлік нысанасын сатудың орнына, оны ұстап қалу немесе тапсырысшыдан келтірілген залалды өндіріп алу құқығын пайдалана алады.Тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдаған сәтте анықталған кемшіліктер 7 күн ішінде жойылуы тиіс, шартпен бұдан қысқалау мерзім қарастырылуы мүмкін. Шарттың тоқтатылу салдары тиісті тараптың құқықтық мирасқоры мен оның келісімшарт жасасушы агентінің арасындағы келісім бойынша, ал олар келісімге келмесе орындалған жұмыстың мөлшері мен бағасы, жұмсалған және сақталған материалдың құны, сондай-ақ басқа да елеулі жағдайлар ескеріле отырып сот арқылы айқындалады. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгіленген мерзімде белгілі бір объектіні салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге жұмысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нәтижесін кабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттеледі.Көрсетілген шарттың субъектілік құрамының ерекшеліктері бар, яғни шартта әрқашан мердігер жағынан кәсіпкерлік қызметінің субъектілері, әртүрлі лицензияланатын құрылыстық жұмыстарды жүргізу үшін рұқсаты (лицензиясы) бар құрылыстық ұйымдар немесе жеке кәсіпкерлер қатысады. Объектінің салынуы, салынатын жер учаскесін белгілеуден басталады. Қазіргі заңға сәйкес, салынатын объектінің болашақ иесі жер учаскесін бөліп керек. Ол құрылыс салу үшін жер учаскесін шартта көр-сетілген көлемде және сондай күйде уақытылы беруге міндетті.Шартта мұндай нұсқау болмаған жағдайда, жер учаскесінің көлемі мен күйі жұмыстың уақытылы басталуын, оның қалыпты жүргізілуін және мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуге тиіс. Шартпен жер учаскесін алу және құрылыс үшін керекті дайындық жұмыстарын, кіріс жолдарын тазалау және т.б. міндеттер мердігерге жүктелуі мүмкін. Бірақ, бұл жағдайда, мердігерлік шарт тапсырма шартының элементтерімен күрделенеді немесе мердігер жеке тапсырма шартының негізінде мұндай қызметті орындайды.Шартта құрылыс ұйымы өз күшімен тұрғын үйді, ғима-ратты салатындығы қарастырылуы мүмкін. Мұндай шарт құры-лысты толық аяқтау туралы шарт деп аталады. Шарт ережелеріне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дайын объекті тапсырылады. Мұндай шартта сатып алу-сату шартының тиісті мазмұны басым болады, мердігерлік (құрылыс мердігерлік) туралы нормалар тек керекті мөлшерде пайдаланылады. Құрылысты толық аяқтау туралы шартта құрылыста болуы ықтимал барлық тәуекелді мердігердің көтеретіндігі көзделеді. Егер өзгешелік шартында қарастырылмаса құрылысты толық аяқтағанға, тапсырысшыға жұмыстың нәтижесін тапсырғанға және жұмысқа ақы төлеуге дейін салынып жатқан объектінің иесі мердігер болып саналады. Құрылыстың материалдық жағынан қамтамасыз етілуін жартылай немесе толығынан тапсырысшы жүзеге асыратын құрылыс мердігерлік шартында қарастырылуы мүмкін. Құрылыс мердігерлік шарты бойынша, бір немесе өзге са- ладағы міндетті талаптарға сәйкес келуі тиіс күрделі жұмыстар жүргізілуіне байланысты, мердігер жұмысты өзінің қамқорлы-ғымен орындауымен бірге, құрылысты және онымен байланысты жұмыстарды жобалау құжаттамасына да сәйкес жүргізуге міндетті. Тапсырысшы қосымша жұмысқа және оған ақы төлеуге келісім берген кезде, жұмыс мердігердің кәсіби қызмет аясына кірмейтін не мердігерге байланыссыз себептермен орындал-майтын болған жағдайларда ғана мердігердің аталған жұмысты орындаудан бас тартута құқығы бар.Тапсырысшы жобалау-сметалық құжаттамаға мердігер үшін қосымша шығындарға не (немесе) жұмыстың орындалу мерзімін үзартута байланысы жоқ өзгерістер енгізуді талап етуге құқылы. Мердігер үшін қосымша шығындарды керек ететін жобалау- сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу тараптардың келісілген қосымша сметасының негізінде тапсырысшының есебінен жүзеге асырылады. Егер мердігерге байланыссыз себептермен жұмыс құны сметадан кемінде он процентке асып кетсе, ол сметаны қайта қарауды талап етуге құқылы.Жобалау-сметалық құжаттамадағы, мұндай құжаттама өзінің тапсырысы бойынша жасалған жағдайларды қоспағанда, мердігер жобалау-сметалық құжаттамада жаңсақтықтарды анықтауға және жоюға байланысты шығарған қисынды (керекті) шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Мердігер құрылыс барысында тапсырысшыдан алған нұсқауларды, егер ондай нұсқаулар шарттың талаптарына қайшы келмесе және мердігердің жедел-шаруашылық қызметіне залалы болмаса, орындауға міндетті. Тапсырысшы шартта көрсетілген мақсат үшін жұмыс нәтижелерін пайдалана алмайтындай кемшіліктер анықталған жағдайда және оларды мердігер, тапсырысшы немесе үшінші тұлға жоя алмайтын болса, жұмыс нәтижелерін қабылдаудан бас тартуға құқылы.Кемшіліктер анықталған жағдайларда олар жөнінде актіде көрсетілуге тиіс. Кейбір жағдайларда, егер олар заң актілерінде көзделсе, салынған объектілерді мемлекеттік комиссия кабыл-дауға тиіс, салынған объектілерді мемлекеттік қабылдаудың тәр-тібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеу қажет және онымен мемлекеттік органдардың аралық қабылдауларға қатысу мүмкіндігі айқындалуы керек.Құрылыс мердігерлігі шартымен әдетте орындалған жұмыс нәтижелері сапасының кепілдіктері қарастырылады. Мердігер, егер өзгешелік шартпен қарастырылмаса, бүкіл кепілдік мерзімі ішіндс құрылыс объектісінің жобалық- сметалық құжаттамасында көрсетілген көрсеткіштерге ие болуына және объектіні пайдалану мүмкіндігіне кепілдік береді. Егер заңнама актілерімен немесе шартпен кепілдік мерзімі көзделмесе, АК 665-бабының 1-тармағына сәйкес, кепілдік мерзімі тапсырысшы объектіні қабылдаған күннен бастап он жылды құрайды.Кепілдік мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер үшін, егер кемшіліктер объектінің немесе оның бөліктерінің қалыпты то-зуының, оны дұрыс пайдаланбаудың немесе тапсырысшы өзі не-месе ол тартқан үшінші тұлғалар жасаған пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың дұрыс болмауының салдарынан болғанын дә-лелдей алмаса, мердігер жауапты болады.Шартпен тапсырысшының талап етуі бойынша және тапсырысшының есебінен мердігер жауапты болмайтын кемшіліктерді (ақаулар мен шала істелген жұмыстарды) мердігердің жою міндеті көзделуі мүмкін. Кемшіліктер шарттың нысанасымен байланысты болмаған немесе жұмыстар өзіне қа-тысы жоқ себептермен мердігермен орындалуы мүмкін болмайтын жағдайларда мердігер кемшіліктерді жоюдан бас тартуға құқылы. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарт бойынша мердігер (жобалаушы, іздестіруші) тапсырысшыньщ тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және (немесе) іздестіру жұмыстарын жүргізуге міндеттенеді, ал тапсырысшы оларды қабылдап алуға және ақы төлеуге міндеттенеді..Тапсырысшы мердігерге жобалауға тапсырманы, сонымен қатар жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау үшін қажетті өзге алғашқы мәліметтерді беруге міндетті.Тапсырысшы шарт бойынша тапсырманы дайындауды мердігерге тапсыруға өкілденуі мүмкін. Мұндай жағдайда тапсырма жобасы әзірленгеннен кейін тапсырысшы қисынды немесе шартта белгіленген мерзімде тапсырманы (жобаны) бекітуге немесе оны қайтаруға міндетті. Тапсырысшымен бекітілген тапсырма, мердігерге міндетті болып табылады.Жобалау және іздестіру жұмыстарын орындау кезінде, тап-сырысшы мердігерге шартта карастырылған көлемде және жағ-дайларда қызмет көрсетіп тұруы керек. Жобалау және іздестіру жұмыстарын жүргізуді реттейтін нормалардың мағынасы бойынша тапсырысшы өзінің берілген тапсырмасын алғашқы берілген мәліметтерді жағдайлардың өзге-руіне сәйкес өзгертіп тұруға құқылы.Мердігердің негізгі міндеті жұмыстарды шарт жасасу кезінде жобалауға берілген бас-тапқы деректерге сәйкес орындау. Әрине, мердігер бұл жұмыс- тарды тиісті түрде мамандығына сәйкес орындауға міндетті. Мердігер дайын жобалау-сметалық құжаттаманы тапсырыс-шымен келістіруі қажет. Қажет болса ол тапсырысшымен бірге жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекет органдарымен және жергілікті басқару органдарымен келістіруде қатысуы керек. Бұл міндетті мердігерге жүктеудің өз себебі бар, мердігер маман болған соң оған жобалау-сметалық құжаттаманы құзыретті мем-лекеттік органдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келістіру, оның бөлек тармақтарының, құрамаларының негіз-ділігін көрсету жеңілдеу болады. Мердігердің мемлекеттік орган-дарымен жобалау-сметалық құжаттама туралы келісуіне қатысуы белгілі бір дәрежеде жобалау жұмыстарының тиісті орындал-ғанына бақылауды жүзеге асыруға мүмкіншілік береді.Жобалау және іздестіру жұмыстарының нәтижелерін беру мердігердің біртұтас (бөлінбейтін) міндеті болып келмегенімен міндеттеменің мәнісінен олардың бірге орындалып, олардың нәтижелерінің бірге берілгенінің тиімділігі көрініс табады, өйткені бұл жұмыстар (олардың нәтижелері) өзара тығыз байланысты. Сондықтан, егер шартта басқаша көзделмесе, мердігер тапсырысшыға дайын жобалау-сметалық құжаттаманы және іздестіру жұмыстарының нәтижелерін бірге беруге міндетті.Мердігер тапсырысшының келісімінсіз жобалау-сметалық құжаттаманы үшінші тұлғаларға бермеуі керек.Мердігерден орындалатын жұмыстың сапасының кепілдіктері мердігерлік туралы жалпы ережелерге сәйкес белгіленеді. (ҚР АК 630-633-б.). Жобалау және Іздестіру жұмыстарының өзгешелігі, олардың кемшіліктері жобаны іске асырғанда, іздестіру жұмыстарының деректерін пайдалану кезінде ғана табылуы мүмкін. Немесе сараптама (маман қорытындысы) қажет болады. Бірақ сараптама негізсіз тағайындалмайтыны түсінікті. Сондықтан, біздің ойымызша, мердігерге мердігерліктің бұл түрі бойынша нәтиже саласына қойылатын талаптың мерзімі жобаларды жүзеге асыру, іздестіру жұмыстарының мәліметтерін пайдалану басталған соң ағымын бастайтыны бекітілуі керек.ҚР АК-ның мердігерлік кепілдіктері деп аталатын арнайы нормасы бар (617-б.), оның мазмұны өте тар, ол әрине тапсы-рысшының құқықтарының кепілдіктерінің бәрін қамти алмайды.Аталған нормада жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерліктің өзгешелігі тікелей ескеріледі. Мердігер жобалау және іздестіру жұмыстарына арналған мердігерлік шарты бойынша тапсырысшыға мердігер әзірлеген жобалау- сметалық құжаттаманың негізінде оның жұмысты орындауына үшінші тұлғалардың бөгет жасау немесе шектеу қою құқығының жоқтығына кепілдік беруге міндетті.Мердігер тапсырысшыдан оның заңда немесе шартта көзделген барлық міндеттерін орындауды талап етуге құқылы. Тапсырысшының жауапкершілігі жалпы тәртіп бойынша белгіленеді. Жобалау және Іздестіру жұмыстарына мердігерлікті реттейтін нормаларда жобалау-сметалық құжаттаманың кемшіліктері үшін мердігердің жауапкершілігі бөлек қарастырылған. Мердігер жобалау және іздестіру жұмыстарының кез келген кемшіліктері үшін жауапты болады. Одан басқа, мердігер құрылысты салу барысынан кейін, сондай-ақ орындалған жобалау-сметалық құжаттама және іздсстіру жұмыстарының деректерінің негізінде салынған объектіні пайдалану барысында анықталған кемшіліктерді қоса алғанда, жобалау-сметалық құжаттаманың және іздестіру жұмыстарының кемшіліктері үшін жауапкершілікті көтереді.Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шарт бойынша мердігер (атқарушы) тапсырысшының тапсырмасында көзделген ғылыми зерттеулерді жүргізуге міндетті. Тапсырысшы мердігерге (атқарушыға) техникалық тапсырма беруге, жұмыс нәтижелерін қабылдауға және оларға ақы төлеуге тиісті. Мердігер тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарты бойынша жаңа бұйымның үлгісін, оның конструкторлық құжаттамасын, жаңа технология жасауға не-месе үлгісін дайындауға міндеттенеді. Жобалау және іздестіру жұмыстарын жұргізу шарттарынан айырмашылығы ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарттарында бірқатар жағдайларда мердігерлер болып кәсіпкерлер қатыспайды. Мердігерлер болып көбінесе жеке зерттеушілер, ғылыми ұйымдар, жоғарғы оқу орындары шартқа қатысады (осылар коммерциялық емес ұйымдар). Ғылыми зерттеу құрылымдары коммерциялық ұйымдар құрамында болуы мүмкін. Тапсырысшылар болып жеке тұлғалар мемлекеттік немесе жеке меншік нысанында негізделген заңды тұлғалар келеді.Бұл мердігерлік тараптардың кейбір ерекшелігі бар құқықтары мен міндеттерін қарастырады. Ғылыми-зерттеу немесе тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарты бойынша тапсырысшы мердігерге техникалық тапсырма беруге тиіс. Тапсырысшының осы міндетінің ерекшелігі бар, себебі, ол мердігермен жасалатын жұмыстың тақырыптары (көрсеткіштері) жөнінде келісуі тиіс. Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және техноло- гиялық жұмыстарына мердігерлік шарты бойынша тапсырысшы өзіне берілген жұмыс нәтижесін, шартта көзделген негіздер мен шектерде ғана қолдануға құқылы.Тараптарға шарттың өзі туралы мәліметтердің таратылмауы бойынша міндеттер жүктеледі. Тапсырысшыға, сондай-ақ мердігерге шарттың орындалуы мен жұмыс нәтижелері туралы мәліметтердің құпиялығын сақтау міндеті жүктеледі. Мердігер жұмыс нәтижесін патенттеуді тапсырысшының келісімімен ғана жүргізеді. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Мердігерлік шартының түсінігі 2. Мердігерлік шарт мазмұны 3. Мердігерлік шарт түрлері Ұсынылатын әдебиет 1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996. 2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997. 3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996. 4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995. 5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98. 6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева. Тақырып 7 . Өтемелі қызмет көрсету 1.Мүлікті тегін пайдалану 2.Өтемелі қызмет көрсету 1. Мүлікті тегін пайдалану шарты (несие шарты) бойынша бір тарап (несие беруші) мүлікті екінші тарапқа (несие алушыға) тегін уакытша пайдалануға береді, ал соңгысы сол мүлікті алған күйінде, қалыпты тозуын ескере отырып, немесе шартта көрсетілген күйінде қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 604-бабының 1-тармағы).Несие шарты, оның реалды немесе консенсуалды болатынына қарамастан, екі жакты шарт болып табылады. Несие шартының бұл белгісі тараптардың құқықтар мен міндеттерді өзара алдын ала келісіп алуынан айқын көрінеді. Заңнама мәміле нысанына катысты арнайы талаптар туралы ескертпейді. Оның реалды сипаты мен мазмұнының ерекшеліктері ешқандай жазбаша шарт жасалмаған кездің өзінде де, даулы жағдайларда несие берушіге мүліктің өзіне заңды түрде тиесілі екендігін мүлікті несие алушыға беру фактісін дәлелдеу жеткілікті және тікелей Азаматтық кодекстегі нормаларды толық көлемде басшылыққа алуға болады. Мүлікті тегін пайдалану шарты мүлікті уакытша пайдалануға беру мәселесін шешетіндіктен, ол осы шарт бойынша мерзімдер категорияларын пайдалануды талап етеді. Бірақ оларды қолдану мүлікті жалға алу (аренда) шарты бойынша мерзімдерді колданумен салыстырғанда. кейбір ерекшеліктерге ие. Шарттың реалды сипаты мүлікті беру мерзімінің маңызын жояды. Сондай-ақ, жалға алу ақысын тану мерзімдері де болмайды. Несие шарты бойынша. мулікті кайтару мерзіміне бара-бар келетін шарт. Мүлікті тегін пайдалану шартының пәні ретінде жылжитын және жылжымайтын заттар бола алады. Мүлікті жалға алу шартындағыдай несие шартының пәні болып жеке белгілі бір тұтынылмайтын заттар табылады. Шарттың тараптары - несие беруші мен несие алушы ҚР Азаматтық кодексінің 605-бабы несие беруші түсінігінің кейбір қырларын анықтайды. Несие берушінің берілетін мүліктің меншік иесі болуы маңызды заң шығарушылық талап болып табылады. Бірақ бұл айтылған сөз басқа заттық құқық иелерінін де несие беруші бола алу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Алайда бұл субъектілер бұған заңнамамен немесе меншік иесінің өзімен уәкілетті болуға тиіс.Несие беруші - азамат шеттетілгенде не несие беруші заңды тұлға болғанда немесе қайта құрылғанда мүлікті тегін пайдалану шарты бойынша несие берушінің құқықтары мен міндеттері мұрагерге (құқық мирасқорына) немесе мүлікке меншік құқығы, не мүлікті тегін пайдалануға беруге негіз болған басқа кұқык, берілген баска тұлғаға өтеді.Несие алушы жеке тұлғалар қайтыс болғанда құқық мирасқорлығына жол берілмейді (тек жеке өздеріне арналған міндеттемелерге катысты). Сондай-ақ, заңды тұлға жойылған кезде несие алушының құқықтарына қатысты әмбебап құқық мирасқорлығы мүмкін емес. Егер несие алушы заңды тұлға қайта құрылса, оның құқықтары мен міндеттері, егер шартпен өзгеше көзделмесе, өзінің құқық мирасқорына (заңды тұлғаға) өтеді.Құжаттар мен керек жарақтарды беру шартпен жоққа шығарылмаған, бірақ олар мүдделері шектелген несие алушыға берілмеген жағдайларда белгілі бір құқықтар беріледі. Егер мүлік құжаттар мен керек-жарақтарсыз мақсатына сай пайдаланыла алмайтын болса не оны пайдалану несие алушы үшін қомақты түрде құндылығын жоятын болса, онда ол өзіне керек жарақтарды және (немесе) құжаттарды беруді не шартты бұзып, өзіне келтірілген нақты шығынды өтеуді талап етуге құқылы. Біз несиеберушінің жауапкершілігі белгіленгенін көріп отырмыз, бірақ ол мүліктің тегін берілетіні ескеріле отырып нақты шығын келтірумен шектелген, бұл өз кезегінде несие шарты мазмұнының жалға алу шарты мазмұнынан бір ерекшелігі болып табылады. Несие беруші сауда алушыны берілетін мүліктің кемшіліктері туралы ескертуге тиіс (ҚР Азаматтық кодексінің 607-бабы, 1-тармағы). Несие алушыға мүлікті ұстау жөніндегі барлық ауыртпалық жүктеледі. Ол тегін пайдалануға алған мүлікті дұрыс күйінде ұстауға міндетті. Оның міндетіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу кіреді. Сонымен қатар, ол мүлікті ұстау жөніндегі барлык ағымдағы шығындарды көтеруге тиіс (ҚР Азаматтык кодекс, 609-бап). Шартпен несие алушы бұл міндеттен босатылуы да мүмкін.ҚР Азаматтық кодексінің 610-бабы "Мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі" деп аталады. Алайда оның мазмұны атауына толық сәйкес келмейтіндігін атап өту қажет. Оның мазмұнына сәйкес несие алушы тегін пайдалануға алған мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупін өз мойнына алады, егер ол тегін пайдалану шартына сәйкес емес немесе мақсатына сай емес пайдаланудың не несие берушінің келісімінің оны үшінші тұлғаға берудің нәтижесінде мүлік жойылса немесе бүлінсе. Несие алушының жауапкершілігі туралы айтқанда оны міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін көзделген жалпы нормаларға сәйкес анықтауға болады. Сондай-ақ оның құқық бұзушылықтары оларды бағалау, осыдан туындайтын несие алушының міндеттерін жалға алушының жауапкершілігін көздейтін нормаларға сүйене отырып бағалауға болады. Алайда, бұған қатысты тікелей заңнамалық нормалар болмаса да несие алушының жауапкершілігін анықтауда соттың қарап шешуі көзделетін кезде оның жауапкершілігінің мөлшері, егер жауапкершілік туындауының тең жағдайы орын алып отырса, жалға алушы жауапкершілігінің мөлшеріне карағанда біршама артық болуға тиіс. Мүлікті тегін пайдалануға берген несие беруші мүлікті беру кезінде қасақана немесе абайсызда айтпаған болса осы мүліктің кемшіліктері үшін, егер ол несие алушыға нақты шығын келтірсе, жауап береді.Несие беруші мүліктің шартын бекіту барысында ескертілмеген немесе несие алушыға алдын ала белгілі болған, не мүлікті қарау барысында немесе шартты бекіту кезінде оның дұрыстығын тексеру барысында немесе затты беру кезінде несие салушы анықтауға тиіс болған кемшіліктері үшін жауап бермейді. Әрине, несие шарты талаптар үшін міндетті күшке ие. Оның күші мүлікті беруде көзделген мерзімдер мен шарттарға байланысты. Оған шартты тоқтатудың азаматтық заңнамамен көзделген жалпы негіздері таралады. Олар: шартты тараптардың келісімімен және оны бұзу салдарынан бір жақты тәртіпте тоқтату. Несие беруші төмендегі жағдайларда мүлікті тегін пайдалану шартын мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге құқылы, егер несие алушы: а) мүлікті шартқа немесе мақсатына сай емес пайдаланса; б) мүлікті сол күйінде ұстап тұру немесе оны ұстау жөніндегі міндеттерін орындамаса; в) мүліктің күйін елеулі түрде нашарлатса; г) несие берушінің келісімінсіз мүлікті үшінші тулғаға берсе.Несие алшы мүлікті тегңн пайдалану шартын мерзімінен бұрын тоқтатуды мына жағдайларда талап етуге құқылы: а) мүлікті қалыпты пайдалануға мүмкіндік бермейтін немесе ол үшін аса ауыртпалық жүктейтін кемшіліктер анықталса; б) егер мүлік ол жауап бермейтін жағдайлардың әсерінен пайдалануға жарамсыз күйге түссе; в) егер шартты бекіту кезінде несие беруші оны берілетін мүлікке қатысты үшінші тұлғалардың құқықтары туралы ескертпесе; г) несие беруші мулікті немесе оның керек- жарақтары мен қатысты кұжаттарды беру міндетін орындамаса.Әрбір тарап мерзімі көрсетілмей бекітілген несие шартынан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Тек бұл туралы екінші тарапты егер шартпен баска мерзім көзделмесе, бір ай бұрын хабарландыруғ тиіс. Мерзімі көрсетіле отырып бекітілген шартпен бір жақты түрд еркін бас тарту құқығы тек несие алушыға берілген. Ол да бұл туралы несие берушіні бір ай бұрын хабарландыруға тиіс. 2. Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгілі бір іс-әрекет жасауға немесе белгілі бір кызметті жүзеге асыруға) міндеттенеді, ал тапсырысшы бұл қызметті көрсетушіге ақы төлеуге міндеттенеді. Өтелмелі қызмет көрсету шарты оның субъектілеріне, бағасына қарай жазбаша нысанда бекітілуге тиіс, не ауызша нысанда да бекітілуі мүмкін. Бұл шартты реттейтін нормалардың мағынасынан байқағанымыздай, шарттың мәнді жағдайлары болып оның пәні мен бағасы туралы жағдайлар табылады.. Шарттың тараптары - атқарушы мен тапсырысшы. Мұнда мердігерлік шарттармен белгілі бір аналогия байқалады. Бір тарапқа атқарушы мәртебесін беру оның алдағы әрекетінің шарт аясындағы тапсырысшыдан түсетін тапсырмамен алдын ала келісіліп қоятындығын білдіреді.Атқарушылар ретінде кез келген жеке немесе заңды тұлғалар болуы мүмкін. Сонымен бірге біз "арнайы" субъектімен байланысып отырмыз. Егер атқарушы жеткілікті дайындықта болмаса, онда оның шартқа отыруы құқықтық маңызға ие болмайды. Тиісті емес субъектінің қатысуымен жасалған мәміле орын алған нақты жағдайларға карай сол немесе басқа бір негіздер бойынша жарамсыз деп танылуға тиіс. Мысалы, біреу тапсырысты орындау үшін талап етілетін білімдер, дағдылар және т.б. бар екендігі туралы тапсырысшыны қасақана жаңылыстыруы мүмкін, онда мәміле (өтелмелі кызмет көрсету шарты) алдау салдарынан жасалғандықтан жарамсыз деп танылуға тиіс. Жоғарыда айткандай өтелмелі кызмет көрсету шарты жаңа институт болғандықтан оның субъектілік құрамының өзекті мәселелері әлі жан-жақты ұғынылған жоқ. Кейбір жағдайларда қызмет көрсету жөніндегі кызмет кәсіпкерлік қызметтің белгілеріне кіріп кетеді, сол себепті атқарушының қатысуы мүмкін болу үшін шартта, оны бекіту сәтінде, оның кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болуы талап етіледі.Өтелмелі қызмет көрсету шартының пәні - шарт бойынша атқарушы жүзеге асыратын қандай да бір әрекеттер. Өтелмелі қызмет көрсету шартының пәні болып заттандырылған көрініс табылмайды. Қызмет көрсетудің нәтижесін реттеу құқықтық маңызға ие емес. Өтелмелі қызмет көрсету туралы шарттың мердігерлік шарттан түбірлі ерекшелігі осында. Соңғысында белгілі бір шамада мердігер қызметінің өзі реттеледі, бірақ негізгі құқықтық маңызға мердігер қызметінің нәтижееі ие болады, ол салынған ғимараттан. Жазылған кітаптан, шаштаразға жүгінгенде сәнді бапталған шаштан және т.с.с. көрінуі мүмкін.Білім беру қызметін көрсету (басқа да қызмет түрлеріндегідей) шартта қызмет көрсету нәтижесіне кепілдік беру мүмкін емес. Жоғары оқу орны студентті барлық талаптарға сай оқытуы мүмкін, бірақ студенттің өзі тиісті деңгейде білімді менгере алмауы да мүмкін. Соған қарамастан жоғары оқу орны білім беру қызметтерін тиісті түрде көрсетті деп танылады. Яғни, кейбір жағдайларда қызмет көрсету нәтижесі тікелей атқарушы қызмет арқылы бағаланады. Егер ол шартқа, қалыптасқан әдеттегі талаптарга сай болса, және атқарушы тарапынан қателіктер орын алмаса, онда нәтижеге (жалпы түрде) кол жеткізілді деп есептеледі немесе тапсырысшы белгілі бір нәтижеге кол жеткізу немесе жеткізбеу қаупін өз мойнына алады. Атқарушы тапсырысшының тапсырмасына яғни шарт жағдайларына сәйкес қызмет көрсетуге міндетті. Сондай-ақ қызмет мазмұны заңнамамен, анықталуы қалыптаскан жағдайдан, іскерлік айналым әдетінен туындауы мүмкін. Әдетте, атқарушы қызметті өзі көрсетуге міндетті. Яғни, мұнда мердігерлік шарты бойынша (қосалқы мердігерлік катынастарға қатысты) сияқты, қызмет көрсетуді басқа тұлғаға қайта тапсыру мүмкіндігі туралы жалпы сипаттағы нормалар жоқ. Бірақ, өтелмелі кызмет көрсету туралы шартта атқарушының қызмет көрсетуді басқа тұлғаға жүктеу туралы құқығы көзделуі мүмкін. Мұндай жағдайларда субмердігерлік туралы ережелер қолданылуға тиіс. Өтелмелі қызмет көрсетуді реттеуде атқарушының кызмет көрсетуден бір жақты түрде бас тарту құқығын шектейтін норманың аса зор маңызы бар. Заңнама тараптардың нақты жай-күйін, олардың құқықтық мүдделерін ескереді. Өйткені кызмет көрсету кезінде, бір жағынан, әдетте кәсіпкерлік қызметтің субъектісі немесе кәсіби субъект (біздің ұсынған түсіндірмемізге сәйкес) шығады, ал екінші жағында, тұтынушы тұрады, сондықтан оның құқықтарын қамтамасыз ету кажеттілігі болады. ҚР Азаматтық кодексінің 686-бабының 2-тармағына сәйкес атқарушы, тапсырысшының кінәсінен болған жағдайларды қоспағанда, өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан тапсырысшыға шартты бұзудан келтірілген залалды толық өтегенде ғана бас тартуға құқылы. Тапсырысшының тапсырмасына сәйкес қызмет көрсету міндетінің болуы, егер шартты бекіту кезінде, ол жалпы түрде берілсе, соңғысына атқарушының тапсырмасын нақтылау міндеті жүктелуі мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тапсырысшының өз міндеттерін орындамауы оның жауапкершілігіне және аткарушымен шартты бұзу мүмкіндігіне алып келуге тиіс. Өтелмелі қызмет көрсетудің ерекшелігі тапсырысшы тапсырмасының көп жағдайда, мердігерлік шарт бойынша берілетін тапсырысшының тапсырмасына қарағанда, нақтырақ болмауында. Тапсырманы нақтылау дәрежесі атқарушыға өзі жүзеге асыруға тиіс әрекеттерді олардың көлемін бірізділігін және т.с.с. жеке дара анықтауға мүмкіндік беруге тиіс.Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша, мердігерлік шартында көзделетіндей, атқарушының нәтижені тапсырысшыға тапсыру міндеті және тапсырысшының оны сондай күйде қабылдап алу міндеті белгіленбейді. Тапсырысшы аткарушының қызметіне, өтелмелі кызмет көрсету шартында көзделген мерзімдер мен тәртіпте, ақы төлеуге міндетті. Ақы төлеу нысанының тәсілі мен тәртібінің жолдары көп болуы мүмкін. Мәселен, қызмет көрсету шарты бойынша алдын ала қаржыландыру аванстық төлемдер және т.б. жүргізу жоққа шығарылмайды. Жалпы ереже бойынша тапсырысшы көрсетілген (нақты жүзеге асырылған) қызметтерге ақы төлеуге міндетті. Бірқатар жағдайларда өтелмелі қызмет керсету шарттары тұтынушы шарттар қосылу шарттары болып табылады. Солар бойынша көзделетін сыйақының мөлшері атқарушының тарифтері, ставкала-рына сәйкес, ал кей жағдайларда, антимонопольді органмен келісіл- ген тарифтер, ставкалар бойынша анықталады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындармен қызмет көрсетілгенде тарифтердің орталықтандырыла белгіленген ставкаларын қолдану да жоққа шығарылмайды.Өтелмелі қызмет көрсету шартын тапсырысшының кінәсінен орындау мүмкін болмаған жағдайларда, егер заң актілерінде немесе шарттың өзінде өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметке акы толық көлемінде төленуге жатады. Орындаудың мүмкін болмауы тараптардың ешқайсысы жауап бермейтін мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы атқарушыға оның іс жүзінде шыққан шығындарын өтейді. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Өтелмелі қызмет көрсетудің түсінігі 2. Өтелмелі қызмет көрсету шартының мазмұны 3. Мүлікті тегін пайдалану Ұсынылатын әдебиет 1.Г.А. Жайлин, Б.К. Абдыкадыров. Юридические лица от «А» до «Я». Пособие, А; 2003. 2.Гражданское право РК. Особенная часть. Т.1-2 / Жайлин Г.А. – А., 2003 3.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 4.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 5.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004 Тақырып 8. Тасымалдау шарты. 1.Тасымалдау шартының ұғымы мен жүйесі. 2.Тасымалдау шартының түрлері 3.Көлік экспидицаиясы шарты. 1.Көлік - бұл жоғары дәрежелі техногендікпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызымен сипатталатын салалардың бірі. Әрекет етуші заңнамамен көлік шарттарының төмендегідей түрлері белгіленген: а) жүкті тасымалдау шарты; б) жолаушыны (және қол жүгін) тасымалдау шарты; в) кеме жалдау (чартер) шарты; г) тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар; д) көлік ұйымдары арасындағы шарттар; е)жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау шарты; ж) көлік экспедициясы шарты. Сонымен қатар, аталған шарттардың кейбіреулері тасымалдау қандай көлікпен жүзеге асырылатынына қарай түрленетінін ескерсек, онда көлік шарттарының құрылымы өте үлкен болып көрінеді.Жүктерді, жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау шартының негізінде жүзеге асырылады. Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүкті немесе жолаушыны (теңдеме жүкті) белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші немесе шартта көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетілген көлік қызметі үшін ақы төлеуге міндеттенеді. Тасымалдау шарты аталған міндеттемелердің ішінде аралық болып табылады.Объективті сипаттағы себептер бойынша бөлінуі қажет болатын, көліктің бірнеше түрі бар, олардың ерекшеліктері мен колданылу аясы пайдалану ерекшеліктеріне себеп болады және олардың қайсыбірімен тасымалдауға бекітілетін шарттардың мазмұнына елеулі түрде ықпал етеді. Тасымалдау шарты - екі жақты және ақылы шарт, оның бұл сипаттамалары оның элементтерін, соның ішінде ерекше тұрғын жүктерді тасымалдау шартының мазмұнын, одан әрі қарастыру кезінде көрінетін болады. Заңнама (жүктерді) тасымалдау шартына қатаң талаптар қояды. Ол көлік накладнойын, коносаментті, тауарлы-көлік накладнойын немесе көлік туралы заңды актілермен көзделген, жүкке деген баска да құжаттарды толтырумен рәсімделеді. Тауарлы-көлік наклад-нойында (накладной мен коносаментте) шарттың негізгі жағдайлары туралы ақпарат болады. Оның (басқа да тасымалдаудың кұжаттарының) нысаны Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігімен жасалады. Осылайша тасымалдау шарттары ерекше формулярлы жазбаша нысанда бекітілетіндігі туралы айтуға болады. Тасымалдау шартының ерекшелігі - оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің көпшілігі тікелей нормативтік актілермен реттелгендігінде. Жалпы алғанда тасымалдау шарты жария сипатқа ие. Қазақстан Республикасының "Көліктуралы" Заңының 11-бабына сәйкес тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының көлік кодекстері мен жарғыларымен көзделген жағдайлардан басқа жеке және заңды тұлғаларға тасымалдаудан бас тартуға құқылы емес. Жүктерді тасымалдау шартының бір тарабы болып тасымалдаушы - заңды немесе жеке тұлға болып табылады. Тасымалдаушы -заңды тұлға ретінде негізінен (мамандырылған) көлік кәсіпорны болады, оның орнында басқа да ұйымдар болуы мүмкін. Көлік кәсіпорындары жүктерді жолаушыларды тасымалдау бойынша көлік құралдарын сақтау, оларға техникалық кызмет көрсету мен жөндеу жүргізу бойынша шаруашылық коммерциялық қызметпен айналысады. Клиент (жүк жөнелтуші, жүк алушы) яғни көлік кызметтерін тұтынушы - бұл жеке немесе заңды тұлға. Мемлекет те клиент болуы мүмкін. Жүк жөнелтуші ретінде жүктін иесі және ол жөнелтілу үшін сеніп тапсырылған тұлға да болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда жүк жөнелтуші мен жүк қабылдаушы бір тұлға болуы мүмкін. Көп жағдайларда жүк алушылар болып жеткізудің азаматтық-құқықтық шарттары бойынша несие берушілер, мүлікті бөлу әкімшілік актісіне сәйкес мүлік алатын субъектілер табылады. Жолаушыларды тасымалдау шарты бойынша клиент ретінде, әр уақытта көліктің кайсыбір түріне билет алған немесе ауызша тасымалдау шартын бекіткен жеке тұлға танылады.Тасымалдау шартының пәні болып тасымалдаушы көрсететін қызмет табылады. Тасымалдау шартының өзі мәнісі жағынан кызмет көрсету шарты болып табылады. Сондықтан оны реттеу кезінде, белгілі бір шамада өтелмелі кызмет көрсету туралы жалпы нормаларды да ескеру қажет. Көлікте керсетілетін қызмет (қызметтер) қандай да бір заттық нысанға ие емес, және оларды тұтыну дер кезінде жүзеге асады. Көлік кызметі - бұл жүктерді (жолаушыларды) кеңістікте тасымалдау болып табылады және осы қасиетіне орай ол тауарлық сипатқа ие жалпы міндеттеменің жеке пәні бар және бұл жағдайда тасымалдау шартының заңдық құрылымының негізі де бар. Жүктерді жолаушылар мен көтерме жүк тасымалдағаны үшін тараптардың келісімімен белгіленетін тасымалдау ақысы төленеді. Автомобиль, әуе, су көліктерімен тасымалдау кезінде еркін шарттық баға қолданылады. Тасымалдаушылар бұл жағдайда өздерінің бағалары мен тарифтерін басшылыкқа алады. Орталықтандырыла белгіленген тарифтер жүктерді, жолаушылар мен қол жүгін қоғамдық көлікпен тасымалдау кезінде қолданылады. Бұрын орталықтандырыла белгіленген бағалар темір жол тасымалдаулары үшін де көзделген болатын. Тасымалдау процесі барысында козғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиіс. Клиенттің көлік қызметі нарығында көлік таңдау еркіндігі шектелмеуге тиіс. Тасымалдаушы жөнелтілетін жүктің өз сертификатына сәйкестігін куәландыратын құжаттарды алуға әлеуметтік маңызды және қорғаныс тасымалдарын жүзеге асыруға мемлекеттік және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың талаптарын сақтауға міндетті. Реітелетін тасымалдаулардан басқа, тасымалдаушы баға қалыптастыру ережелеріне сәйкес тасымалдаудың бағаларын еркін белгілеуге құқылы.Тараптардың құқықтары мен міндеттерін (жүктерді тасымалдау шартын мысалға келтіре отырып) карастырайық. Жүктерді тасымалдау шартын орындау кезінде тасымалдаушы тиісті жүкті тасымалдау үшін жарамды күйдегі көлік құралын беруге міндетті. Яғни, тасымалдаушы қандай да бір жағдайда, қажетті көлік құ-ралының түрін өзі анықтайды. Ол жүк пен кыл-қыбырдың қалдыктарынан таза, реквизиттері алынған күйінде, қажет болған жағдайларда жуылған, дезинфекцияланған күйінде бермейді. Жүк жөнелтуші жүкті жөнелтпеуге (тасымалдауға) бірқатар талаптарды сақтай отырып береді. Олардың бір бөлігі жалпы сипатқа ие және тасымалдаудың барлық жағдайларында қолданылады. Жалпы талаптар жүктің саны мен атауына, оның салмағын, салатын ыдысы мен буып түюін анықтауға таралады. Сондай-ақ олар маркировка не бағалығын хабарлауға қатысты. Арнайы талаптар тасымалдауға қабылданатын жүктің ерекше сипатымен немесе кайсыбір талаптар қойылатын көлік түріне байланысты. Мәселен, жарылған, тез жанатын, радиактивті, улы және басқа да қауіпті жүктерді жөнелтетін және алатын жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар және темір жолдар, олардың қауіпсіз тасымалданатына кепіл болуға, бұл жүктерді тасымалдау кезінде авариялык жағдайлар мен олардың салдарын, олар пайда болған жағдайда, жоюға қажет құралдар мен мобильді бөлімшелерді иеленуге міндетті.Жүктерді вагондар мен автомобильдерге тиеу, сондай-ақ, оларды одан түсіру мыналармен жүзеге асырылады: а) жалпы пайдаланыс орындарында темір жолмен, жүктерді тиегені мен түсіргені үшін темір жол жүк жөнелтушіден, жүк алушыдан еркін тарифтер бойынша алым алады; б) жалпы пайдаланыстағы емес орындарда жүк жөнелтуші мен жүк алушымен сондай-ақ, жалпы пайдаланыстан, орындарда қауіпті және тез бұзылатын заттарды, ішкі жануар өнімдерін, ауыр (бір орында 0.5 тоннадан артық) және габаритті емес жүктерді. Құю үйінді және төгу арқылы мамандандырылған жылжымалы составпен тасымалданатын жүктерді және жүк жөнелтуші мен жүк алушылардың жолсеріктерінен жөнелтілетін жүктерді де. Осылайша, аталған жүк-тердің түрлерін дұрыс тиеумен байланысты тәуекел қауіптері тікелей жөнелтушілер мен жүк алушыларға жүктеледі. Жүктерді тиеу, бекіту мен тасымалдау үшін қажет құрылғылар материалдарды жүк жөнелтуші беруге тиіс. Жекелеген тасымалдау құрылғылар (нан және көкөніс қалкандары) және буып-түю кұрал-дары (тұғырықтар, арқандар, қысқыштар) шарттық жағдайларда, тиісті алымдарды ала отырып, темір жолмен де берілуі мүмкін. Бұл құрылғылар мен материалдарды тиеу кезінде орнату мен түсіру кезінде алу, тиеу мен түсіру кімнің құралдарымен жүзеге асырылатынына қарай, жүк жөнелтушімен, жүк алушымен немесе темір жолмен жүзеге асырылады. Механизацияланған және механизацияланбаған әдістермен жүзеге асатын тиеу белгіленген мерзімдерде аякталуға тиіс. Бұл мерзімдерден асып кеткен жағдайда тиеу міндеті жүктелген тарап мерзімді өткізіп алғаны үшін жауапты болады. Шартқа сәйкес жүк жөнелтуші немесе жүк алушы тасымлдаушы қызметіне ақы төлеуге міндетті. Тиісті төлмдерді төлеушілер қолма-қол ақшамен, чектер негізінде қолма-қол ақшасыз есептеу жолымен, төлем тапсырыстары арқылы жүзеге асырады. Белгілі бір жүкжөнелтушілер мен жүк қабылдаушылар үшін есеп айырысудың өзге тәртібі көзделуі мүмкін. Бұл кезде есеп айырысу тәртібін Көлік және коммуникация министрлігі бекітуі мүмкін, ол өз кезегінде несиелік және есеп айырысу қатынастарын реттейтін заңнаманы басшылыққа алады. Әдетте, төлеушілер тасымалдау төлемдерін жүк станциядан жөнелтілгенге дейін енгізеді. Тасымалдаушы пайдасына тасымал төлемінің жеткіліксіз бөлігін төлету жүк баратын жерге жеткеннен кейін жүзеге асырылады. Сондай-ақ, артық төленген сомалар да қайтарылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының "Темір жол көлігі туралы" Заңының 74-бабының 2- тармағына сәйкес тасымалдаушыға тиесілі төлемдерді төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін бөтеннің ақшаларын заңсыз пайда-ланғаны үшін жауапкершілік мөлшерінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген айыппұл алынады. Тасымалдаушыға төлем жүзеге асырылғанға дейін жүкті жөнелтуді кідірту жолымен шұғыл санкциялар қолдану құқығы беріледі. Жүкті жөнелткенге дейін есеп айырысу кезінде төлемдерді енгізу мерзімі тасымалдауға қабылдау күнімен анықталады, ал жүк баратын жерге есеп айырысу кезінде, тасымалдау құжатында көрсетілген жүкті жүк қабылдаушыға беру күнімен анықталады. Тасымалдау төлемдерін кем төлеу және артық төлеу бойынша есеп айырысу мерзімдері қайсыбір тарап есепті көрсеткен сәттен бастап анықталады.Заңнамамен (ҚР АК 699-бап) жүк жөнелтушінің (басқа тұлғаның) жүкке билік ету құқығы көзделген. Жүк жөнелтуші немесе жүкке билік ету құжатының иесі тасымалдаушыға тасымалдауды токтатуды немесе жүкті қайтаруды талап ете алады не басқа да өкім бере алады. Бұл жағдайда тасымалдаушы жасалған тасымалға ақы төлеуді, сондай-ақ жасалған өкімге байланысты келтірген шығындарды өтеуін талап етуге құқылы. Жүк баратын жеріне жеткеннен кейін жүк алушыға жүкті берген кезде жүк жөнелтуші аталған құқықтардан айырылады. Темір жол тасымалдаулары кезінде жүктерді жаңа мекен- жайға жолдау мүмкіндігі көзделеді. Жаңа мекен-жайға жолдау дегеніміз жүк алушыны немесе тасымалдауға қабылданған жүктің баратын станциясын өзгерту. Темір жол жаңа мекен-жайға жолдауды жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының мәлімдемесі бойынша жүзеге асырады, мәлімдемесі бойынша өзгеріс жүзеге асырылған ұйым бастапқы адресат алдында сол өзгерістің салдары үшін жауапты болады және ол жүк жөнелтуші, бастапкы және соңғы жүк алушылар арасында есеп айырысуды реттеуге міндетті. Теңіз тасымалдау шарты бойынша, егер тиелген жүктің басқа да шығындарын өтемесе, ал жүк жөнелтуші немесе кеме жалдаушы кеме кеткенге дейін тасымал төлемін толық енгізбесе не қосымша қамтамасыз етуді жүзеге асырмаса, тасымалдаушы шарттан бас тарта алады. Бұл жағдайда жүк жөнелтуші тасымалдаушыға толық фрахтының (тасымал төлемінің) екіден бірін ал, бос тұрып қалу орын алған жағдайда бос тұрғаны үшін ақы төлеуге және тасымалдаушының өзге де шығындарын өтеуге тиіс. Тасымалдаушыньщ келісіміндегі - өзіне тапсырылған жүкті белгіленген мерзімде жеткізіп беру. Жүктерді темір жолмен тасымалдауу шарты бойынша жүкті жеткізіп беру мерзімдегі басқа шарттардағыдай ерікті түрде белгіленбейді, ол орталықтан анықталады, өйткені тасымалдаушының жүкті жеткізіп беру бойынша өз міндетін орындауы тек тараптардың еркіне ғана емес, сонымен қатар тасымалдау жүзеге асырылатын жағдайларға да байланысты (жолдың өткізу қабілеттілігіне, поездар қозғалысының белгіленген жылдамдығына, жолдағы аялдамалардың саны мен уақытына және т.б.). Егер жеткізу мерзімі өткенге дейін жүк темір жолдың құралдарымен баратын станцияда түсіріліп қойса немесе жүк тиелген вагон, контейнер жүк алушының құралдарымен түсірілуге берілсе жүк мерзімінде жеткізілді деп есептеледі. Жүктерді тасымалдаудың басқа түрлері бойынша мерзім заңнамамен белгіленбеуі де мүмкін, мұндай жағдайларда тараптар оны шартта көздеуге құқылы. Егер вагондарды, контейнерлерді түсіруге беру түсірушілердің бос болмауы салдарынан немесе жүк алушыға немесе оның атынан әрекет етіп жатқан көлік- экспедициялык кәсіпорынға тәуелді басқа да себептер бойынша кідіртіліп жатса және бұған қатысты жалпы нысандағы акт рәсімделіп қойса, жүк мерзімінде жеткізілді деп есептеледі егер ол баратын станцияға жеткізудің белгіленген мерзімі өткенге дейін келсе. Жүктің келгендігі туралы темір жол жүк алушыны жүк келген күннен кейінгі 12 сағаттан кем емес мерзім ішінде хабарландыруға міндетті. Сондай-ақ, жүк алушы вагондарды, контейнерлерді жүк алушының құралдарымен түсіруге беру уақыты туралы оларды бергенге дейін екі сағаттан кем емес уақыт ішінде хабарландырылады. Кейбір жағдайларда темір жол жүк алушыны хабарландыруды шарт бойынша жүргізеді. Темір жол жүк алушыны жүктің келгендігі туралы хабарландырмаған жағдайда жүк алушыға вагондар мен контейнерлердің тұрып қалғандығы үшін жауапкершілік жүктелмейді және ол жүктің келгендігі туралы хабарландыру жіберілгенге дейін жүктерді сақтау үшін алынатын алымды төлеуден босатылады. Тасымалдаушы тасымалдау құжатында көрсетілген жүк алушыға жүкті беруге міндетті, ал соңғысы өз кезегінде, тиісті тасымал бойынша тиесілі төлемдерді төлеуге міндетті.Егер алушының атына жеткізуі шартпен, келісім- шартпен көзделмеген, сондай-ақ атауы темір жол накладнойына сәйкес келмейтін жүк келсе, жүк алушы оны жауапты түрде сақтауға алуға міндетті.Жүк ортақ пайдалану орындарында алынған кезде жүк алушы өз атына келген жүкті қабылдауға және станциядан алып кетуге міндетті. Жүктің сапасы бүліну немесе зақымдану салдарынан оны пайдалану мүмкіндігі толығымен немесе ішінара жоғалтылатындай өзгеріске ұшыраған кезде ғана жүк алушы жүкті қабылдаудан бас тартуға құқылы. Баратын станцияға келген жүктер 24 сағат ішінде тегін сакталады. Бұл мерзімнің ерекшелігі оның басталуы жүк немесе контейнер темір жолдың құралдарымен түсірілген күннің немесе жүк жүк алушының құралдарымен түсірілуге берілген күннің 24 сағатына сәйкес келетіндігінде. Егер жүк аталған мерзімнен артық сақталатын болса онда темір жол еркін тарифтер бойынша алым алады. Тасымалдаушы жеңуге болмайтын күш жағдайларының орын алды нәтижесінде жүкті жеткізуге немесе жүкті сақтаудың шекті мерзімдері ішінде оны құжатта көрсетілген жүк алушыға беруге мүмкіндігі болмаган кезде темір жол жүкке қатысты жүк жөнелтушінің нұсқауы бойынша шара колданады. Жүк жөнелтуші мұндай нұсқауды өзіне хабарландыру келген күннен бастап бір тәулік ішінде беруге міндетті.Темір жол бөлімі бастығының шешімі бойынша түсірілген жүктерді сақтау үшін алынатын ақы ұлғаюы мүмкін. Баламалы түрде жүк алушыға жүк жөнелтушіге байланысты себептер бойынша вагондарды кіріс жолына өткізуге күтуде темір жолдың кіріс жолдарында немесе станция жолдарында белгіленген мерзімдерден асыра 24 сағаттан артық кідіртілген вагондардың, контейнерлердін тұрып калуы үшін айыппұл төленуі немесе вагондарды пайдаланғаны үшін ақы екі есе мөлшеріне дейін ұлгайтылуы мүмкін.Жүк алушы босатылған вагондарды (контейнерлерді) темір жолға тапсыруға міндетті. Тараптар арасында вагондарды кабылдау тапсырумен байланысты міндеттгер бөлінеді. Вагондардың ішкі және сыртқы беттері тазартылуға тиіс, жылжымайтын инвентарлық бекіту соның ішінде турникет дұрыс техникалық жағдайға келтірілуге тиіс. 2.Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекеніне, ал жолаушы теңдеме жүкті тап-сырған жағдайда теңдеме жүкті де апаратын мекенге жеткізуді және оны теңдеме жүкті алуға құқық берілген адамға беруге міндеттенеді; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгін тапсырған кезде- теңдеме жүгін алып баруға ақы төлеуге міндеттенеді. Жолаушы тасымалдау шарты - екі жақты, ақылы және жүктерді тасымалдау шартына қарағанда консенсуалды.Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шартының нысаны жазбаша, ол тиісінше жол жүру билетімен және теңдеме жүк түбіртегімен рәсімделеді. Тасымалдау шартының жария сипаты жолаушыны тасымалдау шарты үшін айрықша нақтыланады. Оған кез келген көлік түріне және жолаушылар тасымалы үшін ашық болатын кез келген бағыт бойынша билет алу құқығы беріледі. Бекітілген шарт бойынша жолаушы көлік құралында билікке сәйкес орынды иеленуге құқылы. Тасымалдаудың мөлшеріне карай вокзалдарда теңдеме жүкті қабылдау мен беру бөлмелері, қол жүгін сақтау камералары, күту залдары, анықтама бюролары, транзиттік жолаушылардың, ана мен баланың демалу бөлмелері; ресторандар мен буфеттер, жолаушыларға мәдени-тұрмыстық және санитарлы-гигиеналық қызмет көрсететін үй-жайлар (почта, телеграф, радиожелілер, шаштараздар, дәрігерлік көмек пунктері және т.б.) жабдықталады. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін және олардың жол жүру, түсу және өту қауіпсіздігін арттыру үшін станцияларда төбесі жабылған, павильондары бар платформалар, өту тоннельдері немесе көпірлер салынады.Жолаушыға ішкі тасымалдар кезінде 7-ден 15 жаска дейінгі және халықаралық тасымалдар кезінде 5-тен 12 жаска дейінгі балаларға қатысты шартты билет құнын 50% мөлшерінде төлеумен жеңілдік жағдайларында бекітуге құқық беріледі. Бұл жағдайда кәмелетке толмаған бала ересек адаммен бірге немесе бөлек жол жүретіндігі маңызды болып табылмайды.Жолаушы көліктің барлық түрлерімен тасымалдау кезінде жүріс арасындағы аялдамада билет күшін 10 тәуліктен аспайтын мерзімге, қалалық және қала маңына қатынайтыннан басқа, көліктің барлық түрлерінде ұзартуға құқылы. Жүріс барысындағы аялдама кезінде билеттің әрекет ету күші тасымалдаушымен ұзартылуы мүмкін. Егер пайдаланылмаған темір жол билеттері темір жол станциясының кассасына поезд жөнелтілгенге дейін 24 сағат бұрын қайтарылса, онда жолдың толық құны қайта алынуы мүмкін, ал поездың жөнелтілуіне 24 сағаттан кем, бірақ 6 сағатқа дейінгі уақытта қайтарылса билет құнын және плацкарт құнының 50%-ын алуға болады. Егер билет поездың жөнелуіне 6 сағаттан кем уақыт ішінде қайтарылса тек билет құны қайтарылады, бұл кезде плацкарт кұны қайтарылуға жатпайды.Егер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың тапсырыстары бойынша алынған жол жүру құжаттары поезд жөнелтілгенге дейінгі 7 тәуліктен кем, бірақ 3 тәуліктен кешіктірілмей қайтарылса плацкарт құнының 50%-ы ұсталады, егер олар поезд жөнелтілгенге дейінгі үш тәуліктен кешіктіріліп қайтарылса плацкарт құны толығымен ұсталып қалады. Жолаушы өзімен бірге қол жүгін (теңдеме жүкті) алып жүруге құқылы. Әуе көлігінде, қалалық және қала маңына қатынайтын автобустармен тасымалдағанда салмағы 20 кг аспайтын кол жүгін және теңдеме жүкті тегін алып жүру белгіленеді. Темір жол, теңіз, ішкі су көлігінде, сондай-ақ халықаралык автобустарда салмағы 35 кг аспайтын қол жүгін және теңдеме жүкті тегін алып жүру белгіленеді. Тасы- малдаушылар өз шешімі бойынша көліктің барлық түрлерінде тегін тасымалданатын теңдеме жүктін салмағын ұлғайтуға құқылы. Темір жол тасымалы кезінде жолаушы жол жүру құжаты бойынша, ұсақ заттарды есептемегенде, салмағы 36 кг болатын теңдеме жүкті тегін алып жүру үшін тапсыруға құқылы, белгіленген тарифтер бойынша алып жүру ақысын төлей отырып ол салмағы 100 кг-нан аспайтын теңдеме жүкті алып жүре алады.Теңдеме жүкті тасымалдау жөніндегі міндеттеме - тасымалдаушының жолаушы көрсеткен багытта теңдеме жүкті алып жүру мен оны тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап сатып алушыға бергенге оның сақталуын қамтамасыз ету міндеттемесі болып табылады. Теңдеме жүкті автомобиль көлігімен тасымалдаған кезде теңдеме жүк әдетте оны автобустың теңдеме жүк бөлімшесінде орналастыру үшін қабылданады. Дәл осылай теңдеме жүк су, әуе көлігімен де тасымалданады. Жолаушы мен теңдеме жүкті әртүрлі көлікпен тасымалдау да жоққа шығарылмайды. Темір жол тасымалдауы кезінде теңдеме жүкті тасымалдауға қабылдауға және оны сол немесе теңдеме жүк вагоны бар тиісті бағыттағы келесі поезбен жіберуге міндетті. Егер жолаушының мәлімдеуі болса, онда теңдеме жүк жол жүру құжатында көрсетілмеген басқа бағыт бойынша жөнелтілуі мүмкін. Көліктің барлық түрлерінде теңдеме жүкті тасымалдауға алуға болады.Жолаушы теңдеме жүкті тапсыру кезінде тарифке сәйкес алымды төлей отырып оның құндылығын жария ете алады. Жолаушыдан теңдеме жүк ретінде тасымалдауға өзінің көлемі, буып түйілуі мен қасиеттері бойынша еш қиындықсыз теңдеме жүк вагонына тиеліп орналастырыла алатын және басқа жолаушылардың теңдеме жүктеріне зиян келтірмейтін заттар мен нәрселер қабылданады. Теңдеме жүкті жеткізу мерзімі баратын жеріне дейін теңдеме жүк бірге жөнелтілген көлік құралының жүру уақытымен анықталады. Егер теңдеме жүк жол бойында қайта тиеу маршруты бойынша жөнелтілсе, онда оны жеткізу мерзімі қайта тиеуге кеткен уақыт шығынын ескере отырып жол жүру уақытымен анықталады. Темір жол тасымалы бойынша әрбір қайта тиеуге бір тәуліктен қосылады. Егер теңдеме жүк оны жеткізу мерзімі аяқталғаннан кейін 7 тәулік ішінде баратын жеріне келмесе, онда жолаушы теңдеме жүкті жоғалтылды деп есептеуге және оның құнын талап етуге құқылы.Темір жол тасымалдауы кезінде 60 күн ішінде талап етілмеген теңдеме жүк іске асырылу ушін жергілікті сауда ұйымдарына берілуге жатады. Жолаушылардың ұмытып кеткен және тауып алынған заттары да іске асырылуға жатады.Кеме жалдау (чартер) шарты бойынша бір тарап (кемемен жалданушы) басқа тарапқа (кеме жалдаушы) жолаушыларды, теңдеме жүкті және жүктерді тасымалдау үшін бір немесе бірнеше көлік құралын толық немесе оның сыйымдылығының бір бөлігін бір немесе бірнеше рейске ақы төлеттіріп беруге міндеттенеді.Чартер шартының жүктерді жолаушыларды немесе теңдеме жүкті тасымалдау шартынан жалпы ерекшелігі оның сөзсіз консенсуалды екендігінде. Чартерлік тасымалдаулардың тағы бір ерекшелік белгісі – олардың тұрақты емес (кестеден тыс) сипатында. Осының салдарынан чартерлік тасымалдаулар жоспарлы тасымалдар үшін арналған көлік құралдарын пайдаланумен, сондай-ақ тұракты тасымалдар үшін арналған жолдарды, әуетрассаларын пайдаланумен олар орындалуға тиіс болса да жүзеге аспайтындығы алдын ала белгілі болып табылады.Чартерлік тасымалдаулар тасымалдау шарттарының айқын көрсетілген жеке мазмұнымен ерекшеленетін болады. Дегенмен де оларды бекіту кезінде көлік аясындағы қатынастарды реттейтін заңнаманың міндетті талаптарын сақтау да қажетті болып табылады.Тасымалдауды бірнеше тасымалдаушылар жүзеге асырған жағдайда олар жүкті, теңдеме жүкті жоғалтқаны, олардың жеткіліксіздігі бүлінуі (зақымдануы), сондай-ақ жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін жөнелтуші (жүк жөнелтуші), алушы (жүк алушы) алдында ортақ жауапкершілікте болады. Егер тасымалдаушы басқа тасымалдаушының жүк жөнелтушінің, жүк алушының, тармақ иесінің, экспедитордың кінәсі бойынша туындаған жауапкершілікке тартылса, онда ол кінәлілерге регресстік (кері) талап қоюға құқылы.Темір жол көлігімен тасымалдау шартымен айып төлеу жиі- жиі айыппұл сипатына ие екенін атап өткен жөн (ертеректе тек ерекше алынатын айып төлеу ғана басым болатын). Айып төлеу мөлшері Азаматтық кодекспен, арнайы заңнамамен немесе тікелей тасымалдау шарттарымен анықталады. Тасымалдаушы тиесілі төлемдерді төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін, Қазақстан Республи-касының Азаматтық кодексімен белгіленгендей, бөтеннің ақша қаражаттарын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік мөлшерінде айып төлейді. Егер тасымалдау шартының тараптарында өзге келісім болмаса жалпы азаматтық құқықтағыдай, жүзеге асырылған төлем сомасынан ең алдымен айып төленеді, ал қалған бөлігімен қарыздың негізгі сомасы өтеледі. Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша қозғалмалы құрамды берудің орнын толтыру мерзімі тиісінше жарты айды құрайды (жүк жөнелтушінің жауапкершілігін болдырмайтын дәл сол жағдайларда).Тасымалдаушының жауапкершілігі туындамауы керек, егер тасымалдауға қабылданған жүктің жоғалтылуы, бүлінуі, жетіспеушілігі немесе зақымдануы төменде аталған жағдайларда орын алса: а) жүк жөнелтуші немесе жүк алушының кінәсінен; ә) жүктің ерекше табиғи қасиеттерінің салдарынан, сондай-ақ тасымалдау немесе сақтау кезінде жүктің сақталуы үшін ерекше жағдайларды немесе сақтық шараларын талап ететін оның ерекше қасиеттерін накладнойда көрсетпей жүкті тасымалдауға беру салдарынан; б) егер тиеу немесе түсіру жөнелтушінің немесе алушының құралдарымен жүзеге асырылса, жүктерді төбесі жабық вагондарға, контейнерлерге тиеу немесе түсірумен байланысты себептер бойынша; в) жүктерді ашық жылжымалы составта тасымалдаумен байланысты кәдімгі себептер салдарынан; г) жүкті жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының жол серігімен бірге тасымалдау кезінде; ғ) жүктерді тасымалдауға қабылдау кезінде сырттай қарау бойынша да анықталуы мүмкін болмаған ыдысы немесе буып-түйілуінің кемшіліктері салдарынан немесе ыдыста зақымдау іздерінің жол бойында байқалмаған кезінде жүктің қасиеттеріне немесе белгіленген стандарттарға сай келмейтін ыдысты қолданудан; д) жүк жөнелтуші накладнойда көрсеткен мәліметтердің кателігі нақты болмауы немесе толык болмауы салдарынан; е) белгіленген норма шектерінде жүк салмағының орынды түрде азаюы салдарынан; ж) тасымалдау кезінде тасымалдану мерзімдері мен температуралық режим сақталғанда тез бүлінетін жүктердің бүлінуі салдарынан. Жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау бойынша міндеттемелерді орындамаған кезде тасымалдаушы заңнамамен белгіленген жауапкершілікке тартылады. Заңнамамен белгіленген жауапкершіліктің ерекшелігі болып көліктің барлық түрлерімен тасымалдауға қатысты қолданылатын жауапкершілік туралы нормалардың унификациялануы табылады.Жолаушыны тасымалдайтын көлік құралын жөнелтуді кідірткені немесе мұндай көлік құралының баратын жеріне кешігіп барғаны үшін (қалалық және қаламаңы қатынастарындағы тасымалдауды қоспағанда) тасымалдаушы, егер кідірту немесе кешігу дүлей күштің салдарынан орын алғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлік туралы тиісті заң актілерінде белгіленген мөлшерде айыппұл төлейді.Аталған жағдайларда жолаушы тасымалдаудан бас тартуға құқылы, онда тасымалдаушы жолаушыға кірс ақысын толық көлемінде қайтаруға, сондай-ақ жолаушыға осындай кідіртуге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.Қазақстан Республикасының "Көлік туралы" Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес, тасымалдаушының кінәсі бойынша (жолаушы тасымалдаушының қызметтерін пайдаланған жағдайда) жолаушыны тасымалдау кідіртілген кезде, егер олар орын алса жолаушыға залалды өтеумен қатар, тасымалдаушы жолаушыға кідіртілген әрбір сағат үшін билет құнынан 3% мөлшерінде айыппұл төлеуге тиіс. Жолаушыға төлеуге тиіс айыппұлдың сомасы алынған билет құнынан аса алмайды. Жолаушының сұрауы бойынша оған тасымалдаудың кідірту себебі туралы ресми құжат берілетін болады немесе оның билетінде белгі койылуы тиіс. Тасымалдауға қабылданған теңдеме жүктің жоғалғаны кем шыққаны және зақымданғаны (бүлінгені) үшін жауапкершіліктің мөлшері тасымалдауға қабылданған жүктің жоғалғаны, кем шыкқаны, зақымданғаны үшін сияқты болып табылады. Тасымалдаушы теңдеме жүкті жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін теңдеме жүкті алушыға өткізіп алынған әрбір тәулік үшін тасымалдау ақысының 10% мөлшерінде айыппұл төлеуге тиіс. Бұл жағдайда да жауапкершіліктің шекті мөлшері тасымалдау акысының 50%-нан аспауға тиіс. Тараптардың келісімі бойынша, егер тасымалдаушы жауапкершіліктің жоғарырақ мөлшеріне келіссе, жолаушының не теңдеме жүкті алушының шығындарын өтеуге заңнамамен көзделген, аталған жауапкершілік мөлшері ұлғайтылу жағына карай өзгертілуі мүмкін. Бірақ жауапкершіліктің келтірілген санкцияларын жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шарттарын тасымалдаушымен бұзғаны үшін жауапкершіліктің төменгі мөлшері ретінде карастырған жөн. 3. Көлік экспедициясы шарты өз алдына жеке және тек қана көліктік көмекші шарт болып табылады. Осыдан оның латын сөзінен туындайтын - ехреdіtіо - жөнелту деген атауы шығадыЭкспедитор тасымалдау шартын клиенттік нұсқауларына сәйкес бекітуге тиіс. Жүк жөнелтушінің келісімімен экспедитор жөнелтуші-нің мүддесін, тарифтер деңгейін және жеткізу мерзімдерін ескере отырып, жөнелтушінің жүгін көліктің қай түрімен тасымалдауды өзі белгілей алады. Экспедитор тасымалдау шартын тиісті түрде бекіте алу үшін жүк жөнелтуші (алушы) экспедиторға жүктің қасиеттері, оны тасымалдау жағдайлары туралы құжаттар мен өзге де аппаратты, сондай-ақ экспедитордың өз міндеттерін орындауына қажет өзге де ақпаратты беруге міндетті.Экспедитор жүк жөнелтушіге (алушыға) ақпараттың анықталған кемшіліктері туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда, жүк жөнелтушіден (алушыдан) қажетті қосымша деректерді сұрауға тиіс. Егер жүк жөнелтуші (алушы) қажетті ақпаратты бермесе экспедитор осындай ақпарат берілгенге дейін өзінің тиісті міндеттерін атқаруға кіріспеуге құқылы. Егер экспедиция шартынан экспедитордың өз міндеттерін жеке өзінің атқару міндеті туындамаса, экспедитор өз міндеттерін орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Міндеттеменің орындалуын үшінші тұлғаға жүктеу экспедиторды шарттың орындалуы үшін клиенттің алдындағы жауаптылықтан босатпайды. Көлік экспедициясы шартының әрбір тарабы бұл туралы басқа тарапқа қисынды мерзімде ескерте отырып, шарттан бас тартуға құқылы. Экспедитор кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылғандықтан тиісінше ол клиент алдында бой алдырмайтын күш немесе форс-мажорлық жағдайлар салдарынан өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Экспедицияның тасымалдау қатынастарымен аталған өзара бійланыстылығын жауапкершілікке қатысты ескерудің көрінісі, кейбір жағдайларды экспедиция міндеттемелерін бұзу экспедитор емес, тасымалдаушы әрекеттерінің салдарынан болу мүмкін екендігі де есепке алынатынымен сипатталады. Экспедитордың клиент алдындағы жауапкершілігінің мөлшері ондай жағдайларда клиентке келтірілген шынайы залал мөлшерінен, яғни тасымалдаушы жауапкершілігінің мөлшерінен (АК 713-бап 2-т) аспауға тиіс, бірақ клиент алдында тікелей жауапты болып бәрібір экспедитор қалады. Тасымалдаушының кінәлі әрекеттерінің салдарынан жауапқа тартылған экспедитор оған кері талап қою құқығын иеленетін болады. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Тасымалдау шартының түсінігі 2. Тасымалдау шартының мазмұны 3. Тасымалдау шартының түрлері 4. Көлік экспедициясы шартының түсінігі 5. Көлік экспедициясы шартының мазмұны Ұсынылатын әдебиет 1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996. 2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997. 3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996. 4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995. 5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98. 6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева. Тақырып 9. Банкілік қызмет көрсету шарты 1. Банктік қызмет көрсету шарты. 2.Ақша аудару туралы шарт 3. Банк салымы шарты. 1.КР Азаматтық кодексі банктік кызмет көрсету шарттарының төмендегідей түрлерінің тізімін келтіреді: 1) Банктік шот шарты; 2) ақша аудару шарты; 3) банк салымы шарты, ол негізінен несиелік катынастарды қамтамасыз ететін болғандыктан жоғарыда қарастырылып өткен; 4) заңнамамен немесе тараптар келісімімен көзделген өзге де шарт түрлері. Ал енді әрқайсысын жеке ашып қарайық. Банктік шот шарты - кешенді есеп айырысу міндеттемелерінің құрамына кіретін құқықтық катынас. Онда осы шарттық қатынаспен қатар әрқашан да төлемдерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық қатынастар да туындайды. Яғни, есеп айырысу міндеттемелерін жүзеге асыру әрқашан осы қатынастардың орын алуына тәуелді болады.Қазақстан Республикасының "Төлемдер және ақша аударулары туралы" Заңында банктік шот банк пен клиент арасында салым (депозитті) қабылдау бойынша шарттық қатынастарды көрсететін тәсіл ретінде және банктің төменде көрсетілген операцияларды жүзеге асыруымен байланысты анықталады: - Клиентке тиесілі акшалардың болуы мен пайдалануын банктің қамтамасыз етуімен байланысты; - Клиент пайдасына ақшаны қабылдаумен байланысты; - Банктік шот шартымен немесе банк салымы шартымен көзделген тәртіпте ақшаны үшінші тұлғалардың пайдасына аудару туралы клиенттің өкімін орындаумен байланысты; - Егер бұл банк салымы не банктік шот шартымен көзделмесе, клиент ақшасын алу туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындаумен байланысты; - Банктік шот немесе банк салымы шартымен көзделген тәртіпте қолма-қол ақшаны клиенттен кабылдауды және оған беруді жүзеге асырумен байланысты; - Банктік шот немесе банк салымы шартымен көзделген тәртіпте, банктегі клиенттің ақша сомасы және жүргізілген операциялар туралы ақпаратты клиенттің талап етуі бойынша берумен байланысты; - Банктік шот немесе банк салымы шартымен анықталатын мөлшер мен тәртіпте сыйақыны төлеумен байланысты; - Клиентке шартта, заңнамада немесе банктік тәжірибеде қолданатын іскерлік айналым дағдыларында көзделген өзге де банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты. Банктік шоттар банк пен клиент банктік шот немесе банк салымы шартын бекіткен кезде ашылады Банктік шот шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға ақшаның тиісті сомаларын аудару (беру) туралы өкімдерін орындауға және банктік шот шартында көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.Банктік шот шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Банктік шот шартының жазбаша нысанын сақтамау осы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады. Шарт тараптары: банк және клиент - бұл кез келген заңды немесе жеке тұлға. Банк салымдарын енгізу кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігімен қамтылатын болғандықтан, банктік шот шарты бойынша шот иелері ретінде кәмелетке толмағандар да бола алады. Әрекет етуші заңнамада жеке және заңды тұлғалар шоттарының режимі арасында түпкілікті айырмашылық көрсетілмеген, тек осы шоттарды ашу тәртібінде ғана айырмашылық байқалады. Операцияларды жүргізу клиенттің құқық, әрекет қабілеттілігінің көлеміне сәйкес жүзеге асырылатын болады. Шарт пәнін (ақша қаражаттарын) ақша (теңге немесе шетел валютасы) құрайды. Бантік шот шарты бойынша банк тиісті шот ашуға тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары, сондай-ақ банктердің корреспонденттік шоттары көзделеді. Жоғарыда аталған операциялар жүзеге асырыла алмайтын шоттар, сондай-ақ банктерде бухгалтерлік есептің бағыттарын шоттар, баланстық шоттың бөліктері болып табылатын дербес шоттар, (суббағыттар) соның ішінде ссудалық шоттар банктік болып табылмайды. Банктегі ақшасын өндіріп алуға жүгінгенде мұндай өндіріп алу клиенттердің банктік шотта-рынан ғана жүргізіледі (29 наурыз 2000 жылғы басылымдағы ҚР-ң Төлемдер және ақша аударулары туралы" Заңының 6- бабы).Банктік шот шарты бойынша клиентке немесе ол көрсеткен тұлғаға ақшаны есепке алу мақсаттары үшін, тараптардың келісімге келуі жағдайында, бір ізге түсірілген дербес код беріледі. Банк клиенттің шоттарындағы ақшаның есебін жүргізуге міндетті. Код беру мен ақша есебін жүргізудің тәртібі банк заңнамасымен аныкталады. Банк шарт жағдайларына, заңнама талабына және іскерлік айналым дағдыларына сәйкес жоғарыда аталған операцияларды аткаруға міндетті.Банк клиенттің пайдасына келіп түскен ақшаны қабылдауға, сондай-ақ клиенттің ақшасын алып қоюды немесе оның ақшасын беруді, егер заң актілерінде және соларға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған нормативтік құқықтық актілерде өзге мерзімдер көзделмесе, оның бірізге түсірілген дербес коды бойынша тиісті нұсқаумен банкке келіп түскен күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, сондай операцияларды көрсете отырып жүргізуге міндетті.Банктік шоттар бойынша көшірмелер беруді банктер шартқа сәйкес жүргізеді. Банк клиенттерге олардың шоттары бойынша көшірмені электрондык тәсілмен де, егер ол шартта көзделсе, қолма-кол беру (жеткізу) бойынша қызмет көрсетуге құқылы.Егер заңнамада немесе банктік шот шартында өзгеше көзделмесе, банк клиенттің ақшаны пайдалану бағытын белгілеу мен бақылауға және оның өз калауынша ақшаға билік ету құқығына заңнамада көзделмеген шек қоюға құқығы жоқ. Клиент банктік шотты ашу үшін қажетті құжаттарды беруге міндетті. Оның тізімі Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғалары үшін, Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғалары үшін, шаруа қожалықтары үшін, резидент емес заңды және жеке тұлғалар үшін, филиалдар мен өкілдіктер үшін шот ашу кезінде, мемлекеттік мекемелер үшін әртүрлі болып табылады. Филиалдар мен өкілдіктер құқықтық дербес субъектілері болып табылмайды және соған байланысты, олар не банктік шот шартының тарабы, не олардың иесі бола алмайды. Сонымен бірге олардың өздері немесе олар үшін заңды тұлғалар ашқан шот филиалдың (өкілдіктің) қызметін қамтамасыз ету ушін арналады.Клиент, егер заңнаманы немесе шартпен өзгеше көзделмесе, кез келегн уақытта банктік шот шартын бір жақты түрде бұзуға құқылы. Бұл жағдайда банктік шот жабылады, клиенттің ісінде шотты жабу негізі көрсетілуге тиіс. Банктік шотты оған қатысты орындалмаған талаптар болған кезде жабуға тыйым салынады. Бұған клиент-заңды тұлғаның таратылуы немесе қайта құрылуына не заңды тұлға шотында 1 жылдан астам уақыт, ал жеке тұлға шотында 3 жылдан астам уақыт ақша болмауға байланысты шот жабу жағдайлары кірмейді. Банктік шот шартын бұзу клиенттің бір ізге түсірілген дербес кодын жою үшін негіз болып табылады. Егер банкте акша қалып қойса онда банк ол ақшаны клиентке беруге немесе оның нұсқауы бойынша үшінші тұлғалардың пайдасына аударуға тиіс. 2.Ақша аудару туралы шарт бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) тапсырмасы бойынша клиенттік бірыңғайландырылған дербес код бермей-ақ үшінші тұлғаға ақша аударуға міндеттенеді. Бұл шарттың субъектіде банктік шот болмаған кезде бекітілетіндігі туралы атап өткенімізбен, ол, сондай-ақ, не төлеуші не алушы банкпен банктік шоттың шарттық қатынастарында тұрған жағдайларда да бекітілуі мүмкін екенін ескерткен жөн.Ақша аудару шарты консенсуалды шарт ретінде тұжырымдалады. Ақша аудару туралы шарт ақылы шарт болып табылады. Ақша аудару туралы шарт ауызша нысанда бекітіледі. Аударулар ұлттық та, шетелдік валютада да жүзеге асырылуы мүм-кін. Клиент төлем қағаздарын беруге міндетті. Оларға түбіртектер-қолма-қол ақшаны енгізу туралы хабарландырулар, хабарландырушы - шоттар және колма-қол акшаны қабылдау үшін пайдаланылатын басқа да құжаттар жатады. Коммуналдык кызметке ақы төлеу жөніндегі хабарландырушы - шоттардан басқа барлық төлем қағаздары заңнамамен көзделген міндетті реквизиттерді қамтуға тиіс.Жеке тұлғалардың төлем қағаздары мынадай міндетті реквизиттерді қамтуға тиіс: 1) Төлем қағазының атауы; 2) Төлем қағазының нөмірі, оны толтырудың күні, айы, жылы; 3)акша жөнелтуші - жеке тұлғаның және (немесе) бенефициардың аты-жөні; 4)акша жөнелтушінің немесе бенефициардың бірыңғайландырыл-ған жеке коды. Егер жеке тұлғада бірыңғайландырылған жеке код болмаса, онда оның жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері, сондай-ақ почталық мекен-жайы (мемлекет, қала, индекс, көше, үй мен пәтер нөмірі) көрсетіледі; 5)банк жөнелтуші мен банк бенефициардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанымен қоса толық атауы, олардың банктік бірыңғайландырылған кодтары; 6)ақша жөнелтушінің коды "КОД", бенефициардың коды "КБЕ"', Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің нормативті-құқықтық актілермен белгіленетін төлем мақсаты мен оның кодтық белгісі; 7)егер аудару олардың жеке бірыңғайландырылған кодын көрсетумен жүзеге асырылса, акша жөнелтуші немесе бенефициар салық төлеушінін нөмірі (РНН). Алушы - банк ақша жөнелтушіден төлем қағазын алған кезде оған қол қояды және оны қолма-қол ақшасыз тәртіпте төлеу тәртібін анықтайтын заңды актілерде белгіленген мерзімде орындайды. Төлем кағазына қол қоя отырып, алушы-банк бенефициардың пайдасына ақша аударуды жүзеге асыру міндеттемесін қабылдайды. Ақша жөнелтілім қағазын қабылдай отырып алушы-банк ақша жөнелту - қолма-қол ақшаны қабылдағаны туралы тиісті растау кағазын береді.Ақша жөнелтушінің төлем қағаздарына сәйкес ақша аудару мына сәттердің бірінде аяқталды деп есептеледі: а) бенефициардың банктің шоты бойынша оның пайдасына ақша түскен кезде бухгалтерлік жазуды жүзеге асыру; б) егер бенефициарда банктік шот болмаса - оған оның банкі іс жүзінде ақша беруі кезінде.Шарт бойынша тараптардың жауапкершілігі жалпы ережелер бойынша анықталады. Алушы банкке ақша жөнелтушінің төлем қағазын қате орындағаны үшін, егер бұл қателік оның кінәсінен болса, заңнамамен және ақша аудару туралы шартпен көзделген жауапкершілік жүктеледі. Төлем қағазындағы қателік ақша жөнелтушімен жасалған болса, онда банк қате орындалған төлем қағазы бойынша жауапты болмайды. 3. Банк салымы шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тараптан (салымшыдан) ақша (салым) алуға, олар бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және салымның осы түрі үшін заң актілерінде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша салымды қайтаруға міндеттенеді.Бұл шарт банктермен салымшыларды несиелеуді қамтамасыз етеді. Банктер кәсіпкерлік кызмет субъектілері ретінде банктік салым шартын орындаумен байланысты қауіптерді толығымен көтереді, олар салым сомасына оны ақша капиталы ретінде пайдаланғаны үшін есептелетін сыйақыны төлеуді қамтамасыз етуге міндетті. Бұл тұрғындардың заңды тұлғалардың бос ақшаларын пайдаланудың тиімділік дәрежесін арттырады, олар өз кезегінде елеулі қауіпсіз тұрақты табыс алу мүмкіндігіне ие болады.Банктік салым шарты салымшының (банк клиентінің) атына рәсімделетін салымшының салым жасағанын куәландыратын (салым құжатын) құжатты шарт бекіткеннен кейін берумен рәсімделеді. Салым кұжаттары болып депозиттік сертификат немесе салымшының кітапшасы (жинақтаушы кітапшасы) табылады. Салымшының талап етуі бойынша салымның жасалғанын куәландыратын құжат не оның атына, не белгілі бір үшінші тұлғаның атына рәсімделуі мүмкін. Салымшы - азаматтың ол қайтыс болған жағдайда салым берілуі тиіс адамдарды көрсетуге құқығы бар.Аталған нұсқаудың 14-тармағына сәйкес салымның мәнді жағдайлары болып мыналар табылады: 1) шарт пәні; 2) банктің қызмет көрсету жағдайы және оған ақы төлеу тәртібі. Шартта тараптармен келісілген (қосымша жағдайлар) басқа да жағдайлар болуы мүмкін. Онда сондай-ақ, заңнамамен белгіленетін қосымша талаптар да болуға тиіс. Салымдар және соған сәйкес, банктік салым шарттары бірнеше түрге бөлінеді. Бөлу белгілі болып салымдарды қайтару жағдайы табылады. Сонымен салымның мынадай үш түрі бар: талап етілмелі салым; мерзімді салым; шартты салым.Талап етілмелі салым салымшының бірінші талап етуі бойынша немесе ішінара қайтарылуға жататындығымен сипатталады. Мерзімді салым белгілі бір мерзімге, әдетте, бір жылға дейін салынады. Шартты салым шартпен көзделген белгілі бір жағдайлардың туындауына дейін салынады. Ол сол бір немесе өзге кездейсоқ жағдайларда ақша қаражатын іздеп табуға мүмкіндік беретіндігімен ыңғайласты. Өйткені бірқатар жағдайларда олар банктік салым шартында туындайтын шарттар түрінде қамтылатын болып табылады. Заңдық табиғаты жағынан шартты салымның өзі шартты мәміле болып табылады. Шарт мерзімі. Банк салымы шарты салым сомасы банкке келіп түскен күннен бастап жасалған болып саналады. Мерзімді салымдар бойынша шарттың әрекет ету мерзімін ақшаны іс жүзінде салу сәтіне ұштасатын уақыт кезеңінің басталуы құрайды. Бұл мерзім ақша салынған күннен кейінгі келесі күннен бастап жүреді. Шартты салымдар бойынша шарттың әрекет ету мерзімін аяқталуы сөзсіз болуға тиіс. Банк салымы шартының элементтері болып объект, тараптар, мазмұны табылады. Оның объектісі (пәні) ақша (ұлттық және шетелдік валюта) болып табылады. Банк салымы шартының субъектілік құрамы бір жағынан әрқашан банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банк немесе ұйым шығатындығымен сипатталады. Екінші (салымшы) жақтан шартқа және заңды тұлғалар да қатыса алады. Заңнамада тікелей көрсету немесе шектеу болмаса да, салымшылар болып басымды түрде коммерциялық емес заңды тұлғалар болады. Өйткені дәл соларда ақша қаражаттарын пайдалану-басымды шығыс сипаты көрінеді. Яғни олардың ақша қаражат - тұрақты коммерциялық айналымда емес, керісінше салыстырмалы тыныштык жағдайында болады. сондықтан банк салымы шарты оларға қысқа уақыт аралығында белгілі бір қосымша табыс табуға мүмкіндік береді. Банк салымы шарты біржақты шарт болып табылғандыктан ол бойынша міндеттер банкке жүктеледі. Нормалары осы жағдайда да қосымша маңызға ие болатын банктік қызмет көрсету және заем туралы жалпы ережелерге сәйкес банк өз міндеттемелерін қажет болған жағдайда ақшаларды қайтаруды, сөзсіз қамтамасыз ете алатындай орындауға міндетті. Сонымен қатар клиент банк салымы шартымен алдын ала келісілген шектерде ақшаға билік ету мүмкіндігінен айырылуға тиіс емес.Клиент салымдарды қолма-қол ақшамен де және қолма-қол ақшасыз аударулар жолымен де енгізуге құқылы. Талап етілмелі салым кезінде салымдар (қосымша жарналар) клиентпен кез келген сомада және кез келген кезеңде енгізілуі мүмкін. Осыған орай банкке салымдар бойынша қосымша жарналар қабылдау міндеті жүктеледі. Мерзімді салымдар, сондай-ақ шартты салымдар кезінде, егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, салымшы ақшаны бір жолғы жарна түрінде енгізеді.Банк үшінші тұлғалардан салымшының атына түскен ақшаны қабылдауға міндетті, бірақ олар оның бірыңғайландырылған дербес коды туралы қажетті деректерді көрсетуге тиіс.Банк, сондай-ақ салымшыға банк сапымы шартымен анықталатын мөлшерде салым сомасына сыйақы төлеуге міндетті. Клиент талап етілмелі салымдар шарттары бойынша шарттық қатынастарды банк үшін тез және кенеттен тоқтату мүмкіндігі жоғары болғандықтан, әдетте, бұл шарттар бойынша сыйақы мөлшері мерзімді және шартты салымдарға қарағанда төмен.Егер шартта өзгеше көзделмесе, банктің салым бойынша сыйақының мөлшерін біржақты тәртіппен өзгертуге құқығы жоқ. Сыйақы мөлшері талап етілмелі салымдар бойынша енгізілетін қосымша жарналар бойынша өзгеруі мүмкін. Осы ереже қолданылады. Егер мерзімді салым немесе шартты салым шарттарымен клиентке салымға қосымша жарналар енгізу құқығы берілсе, банк бұл жағдайларда сыйақы мөлшерін, ақша түскен күні банк қолданған сыйақыға сүйене отырып, жаңадан түскен қосымша жарналар бойынша есептейді.ҚР АК 764-бабының мәнісінен туындайтыны - үшінші тұлғалардың пайдасына салым жасау банк салымы шартының өз алдына жеке түрін кұрайды. Оны бөлудің себебі тараптардың қандай да бір ерекше құқыктары мен міндеттерін белгілеуде емес, ал үшінші тұлғаның пайдасына салым жасау үшінші тұлғанын пайдасына жасалатын шарттың (ҚР АК 391-бап) белгісіне толық көлемде сай болмайтындығында, бірақ ҚР АК 764- бабының 4-тармағы аталған норманы, ҚР АК 764-бабының 4-тармағы аталған норманы, ҚР АК 764-бабының нормаларына қайшы келмейтін бөлігінде, үшінші тұлға пайдасына салым жасау қатынастарына қолдануға болатындығын ескертеді. Егер ол осы белгілерге сай болғанда оны үшінші жақтың пайдасына жасалатын әдеттегі шарт (салым) деп есептеуге болар еді. Үшінші тұлға пайдасына салым жасаудың ҚР азаматтық кодексінің аталған 391-бабына сәйкес бекітілетін үшінші жақтың пайдасына шарт жасаудан ерекшелігі атына салым енгізілген тұлға салымшыға, яғни шарт бойынша тарапқа айналатындығында. Үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын әдеттегі шартта шартты бастапқы бекіткен субъект шарттан шығып қалмайды, ал үшінші тұлға тек шарт бойынша борышқордан орындауды талап етуге қатысты құқығы бар, құқықтық қатынастардың субъектісіне айналады. Олардың тағы бір ерекшелігі - үшінші тұлға пайдасына жасалатын әдеттегі шарт бойынша ішінара несие берушінің пайдасына және ішінара үшінші тұлғаның пайдасына салым шарты бойынша несие беруші болып толық көлемде салымшы танылады. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Банктік қызмет көрсету шартының түсінігі 2. Банктік қызмет көрсету шартының мазмұны 3. Банктік қызмет шартының түрлеріне жалпы сипаттама Ұсынылатын әдебиет 1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004 4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004 5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001 Тақырып 10. Несие және есеп айырысу қатынастары 1. Есеп айырысу және несие катынастарының түсінігі 2. Заем шарты. 3. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг шарты) 1. Ақылы шарттардың көбісі бойынша затты бергені, жұмысты атқар-ғаны, қызмет көрсеткені үшін жауап ретінде екінші тараптың ақша төлеу жөніндегі міндеті туындайды. Көп жағдайда олар жоғарыда аталған мақсаттарға немесе несиелеу үшін жеке заңды тұлғалармен берілетін ақша қаражаттарын ауыстырумен айналысатын банктер, ар-найы коммерциялық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, кейбір жағдайларда несиелеумен тікелей банктер айналысады. Осы кезде бірқатар құқықтық қатынастар туындайды, оларды жалпы түрде екі топқа бөлуге болады: 1) есеп айырысу құқықтық қатынастары; 2) несиелік құқықтық қатынастар.Олар өзара тығыз байланысты, сатып алу-сату, мүлікі жалға алу, мердігерлік, комиссия және т.б. шарттардың туындайтын басқа да ақша міндеттемелерін жүзеге асыру сияқты, екіншіден біріншісінсіз жүзеге асыру тәжірибе жүзінде техникалық жағынан мүмкін емес болады. Егер есеп айырысу қатынастарын (міндеттемелерін) сипаттайтын болсақ, онда оларға заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттары арқылы ақша қозғалысының процесіне себепші болатын және оларды осы шоттарға орналастыру (қаражаттарды сақтау) тәртібін реттейтін құқықтық қатынастар жататындығын атап өтуге болады.Бұл құқықтық қатынастардың ерекшелігі болып олардың жеке өзіндік экономикалық мазмұнға ие емес екендігі және тек сол немесе өзге бір құқықтық қатынастарға кызмет көрсететіндігі табылады. Олардың экономикалык мазмұны туралы тек шартты түрде есеп айырысу құқықтық қатынастарының өмір сүруі мен жүзеге асырылуы банктік капиталдың қозғалысымен және оны пайдаланумен тығыз байланысты екенін еске ала отырып айтуға болады.Олар қандай да бір қосымша қатынастар (акцессорлық міндеттемелер) нысанында құрастырылмайды, керісінше олар дербес құқықтық катынастар (міндеттемелер) болып табылады. Бір жағдайларда олар ақша операциялары үшін алғышарт ғана болады, мысалы, оған банктік шот шарты жатады, ал басқа жағдайдарда есеп айырысу қатынастары бір субъектілерден екіншілеріне сол немесе өзге бір негіздер бойынша ақша қаражаттарын алмастыруға тікелей бағытталады, мұндай есеп айырысу құқықтық қатынастарына ақша аудару туралы шарт жатады.Казіргі әлемде есеп айырысу қатынастарының маңызы өте үлкен табылады. Қолма-кол ақшамен есеп айырысудың маңызы кәсіпкерлік айналымда және коммерциялық емес заңды тұлғалар арасындағы есеп айырысуда тәжірибе жүзінде жоққа шығарылуда. Уақыт пен тәжірибе қолма-кол ақшасыз есеп айырысудың қолайлы екенін көрсетті. Қолма- қол акшасыз есеп айырысуды пайдалануға заңды тұлғалар қаражаттарының қозғалысын тіркеудің, оларды пайдалануға салықтық бақылау жасаудың қазіргі тәсілдері негізделеді. Бұл салада ақшалардың қолма-кол емес айналымын реттеумен байланысты көп мөлшердегі императивтік нормалардың да көзделгенін атап өтуге болады. 2. Заем шарты бойынша бір тарап (заем беруші) басқа тараптың (заемшының) меншігіне (шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектік белгілермен айқындалған заттарды береді (беруге міндеттенеді), ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегі және сападағы заттардың тең мөлшерін уақытында қайтаруға міндеттенеді.Заем шарты реалды шарт болып табылады, заңнамамен көзделген жағдайларда, ол консенсуалды болуы мүмкін. Реалды заем шарты ақша немесе заттарды беру туралы келісімге қол жеткізілген сәттен бастап бекітілді деп саналады (заңнамада мәнді жағдайдың не болып табылатындығы туралы арнайы жағдайлар жоқ, бірақ Азаматтық кодекс нормаларының мәнісі бойынша, бәрінен де бұрын оған оның пәні туралы жағдай жатады). Егер шарт тараптардың алдын ала келісіміне негізделсе, онда ол консенсуалды болып табылады. Заем шарты ҚР Азаматтық кодексінің 151, 152- бабында шарт заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушінің белгілі бір соманы немесе заттардың белгілі бір мөлшерін бергендігін куәландыратын өзге де кұжат болған жағдайда да тиісті жазбаша нысанда жасалды деп есептеледі (ҚР АК-ң 716-бабынын 2-т.). Заем шартының тараптары - заем беруші мен заемшы болып азаматтық құқықтың кез келген субъектілері бола алады. Жеке тұлғалар әрекет қабілеттіліктің тиісті көлемін иеленбеу себебіне байланысты заем шартының қатысушылары бола алмайды. Осы айтылған сөз құқық қабілеттілігі арнайы сипатқа ие болатын заңды тұлғаларға да қатысты. Олар заем берушілер болып тек олардың жарғысында көзделген жағдайларда не осы заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің нақты рұксатымен ғана бола алады. Заем шартының пәні болып тектік белгілермен анықталатын ақша немесе заттар табылады. Мүліктік құқықтар заем шартының нысанасы бола алмайды. ҚР АК заем пәнін беру тәртібін реттейді. Заем пәнін беру мерзімдері, мөлшері, жағдайлары шартта анықталады. Егер шартпен өзгеше көзделмесе, заем пәні оны заемшыға беру немесе оның банкілік шотына ақша аударған сәтте берілді деп есептеледі. Заемшы заем алудан бас тартуға құқылы, бұл туралы ол заем берушіні оны берудің шартпен белгіленген мерзіміне дейін толығымен немесе ішінара хабарландыруға тиіс. Заемшының бас тарту құқығына тікелей заңнамада немесе шартта көрсету арқылы тыйым салыну мүмкін. Тектік белгілермен анықталатын заттарды беру жөніндегі заем берушінің міндетін анықтайтын Азаматтық кодекстегі норма жаңа норма болып табылады. Оларды беру сатып алу-сату шарттары бойынша заттарды сатушылармен беру жағдайы үшін белгіленген, саны, сапасы, ыдысы мен буып-түйілуі бойынша көзделген талаптарды сақтаумен жүзеге асырылуға тиіс.Заемшы қарызды қайтару бойынша өз міндетін өзінің орындамау қаупін сақтандыруға құқылы. Қазіргі кезеңде сактандыру бірқатар міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің тиімді тәсіліне айналып отыр, алайда нақты заңи мағынада ол міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсіліне жатпайды. Заемшы заем пәнін қайтаруды және сыйақы төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі міндетін орындамаған кезде, сондай-ақ заем беруші білмейтін мән-жайлар бойынша қамтамасыз етуді жоғалтқан оның шарттарын нашарлатқан жағдайда заем беруші шарттан бас тартуға құқылы.Заем шартының жазбаша нысанда бекітілуі заем беруші заемшыға шарт бойынша талап етілетін орындауды іс жүзінде бермейтін жағдай қалыптасуы мүмкін екеніне кепілдік бере алмайды. Осыған байланысты даулар сот тәжірибесінде жиі кездеседі. Әрине, заемшының мүддесін қалай да қорғау қажет, сондықтан оған заем шартын оның валютасыздығы бойынша даулау құқығы берілген. Бұл кейінгі уакыттың тапқырлығы емес, өйткені осындай даулау мүмкіндігі рим құқығында да мойындалған. Заемшы заем шартын заем берушіден өзінің заем пәнін іс жүзінде алмағандығына немесе шартта көрсетілгеннен аз мөлшерде алғандығына сүйене отырып даулауға құқылы. Дәлелдеу міндеті бұл жағдайда заемшыға жүктеледі. Егер заңнамаға сәйкес заем мәмілесінің жазбаша нысаны талап етілсе және ол сақталмаса, онда оны куәгерлік көрсетулер арқылы даулауға жол берілмейді. Бұған шарттың алдау, күш қолдану, қорқыту, тараптар өкілдерінің қасақаналық келісімі немесе ауыр мән-жайлар тоғысуының ықпалымен жасалған жағдайлар косылмайды. Жоғарыда аталған нысаналы заем шартынан басқа Азаматтық кодекспен оның банк заемы шарты және мемлекеттік заем шарты сияқты түрлері көрсетілген. Банк заемы шарты бұрын банкілік ссуда (несиелік шарт) шарты деп аталатын. ҚР АК-сі бұл шартты дербес шарт түрі ретінде топтастыру талпынысынан бас тартты. Банк заемы шарты бойынша заем беруші заемшыға қарызға ақша беруге міндеттенеді. Осылайша, әдеттегі заем шартына қарағанда банк заем шарты консенсуалды болып табылады. Сонымен бірге, заем пәнін заемшының меншігіне, шаруашылык жүргізуіне немесе оралымды басқаруына беру жүзеге асырылатын жағдайлар осы жағдайда да сақталады, яғни банк заемы шартының мазмұнында түпкілікті айырмашылық жоқ.. Банк заемы шарты, жоғарыда атап өтілгендей, заем шартының бұл түрін өз алдына жеке қарастыруға себеп болатын, басқа да ерекшел ік- терге ие: заем беруші ретінде заем беруге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар банк немесе өзге де заңды тұлға бола алады. Басқа заңды және жеке тұлғалар тек әдеттегі заем шарттарын ғана жасай алады. Ломбард - бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банкілік операциялар мен кызметтер-белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын банк болып табылмайтын заңды тұлға. Олардың қатарында жеңіл сатылатын құнды кағаздар мен жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді несиелер беру аталады. Банк заемының пәні болып алдағы уақытта және тікелей шарт жасасу сәтінде беріле алатын ақша табылады.Банк заемы шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Банк заемы шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады. Жалпы, сыйақы (мүдде) мен комиссия ставкалары, сондай-ақ банкілік қызмет көрсеткені үшін тарифтер банктердің өздерімен дербес белгіленеді. Заемды мемлекеттік банктер берген немесе ол мемлекеттің ақша қорларының есебінен берілген жағдайда заем берудің тәртібі мен шарттары заң актілерімен және уәкілетті мемлекеттік органдардың актілерімен реттелуі мүмкін. Бұл жағдайда заем беру заем берушінің міндеті болып табылады, ал оның жасасқан шарты заңнамада немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың актілерінде белгіленген міндетті ережелерге сәйкес болуға тиіс. Банк заемы шарты бойынша заемшының міндеттемелері банктің қабылдау жолымен тоқтатылуы мүмкін емес. Банк заемының қайтарылу шарты заемшы міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің міндеттілік дәрежесі әдеттегі заем шарттарына қарағанда елеулі түрде артық екенін білдіреді.Енді мемлекеттік заем шартын қарастырайық. ҚР АК-ң 726-бабына сәйкес, мемлекеттік заем шарты бойынша заемшы - мемлекет, ал заем беруші - азамат немесе заңды тұлға болады. ҚР Азаматтык кодексінен бұл қатынастар сондай-ақ 2 тамыз 1999 жылғы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және мемлекетпен кепілдік берілген заем алу мен қарыз туралы" №464-1 заңымен реттеледі. Аталған заңын 2-бабында мемлекеттік заем субъектілері толығырақ анықталған. Мемлекеттікке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банк жүзеге асыратын заем алу жатады. Бұл жағдайда заем алу субъектілері болып тиісінше Қазақстан Республикасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі табылады. Сонымен қатар мемлекеттік заем алуды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыра алады, заем алу субъектісі - әкімшілік-аумақтық бірлестік (бірлік) болады.Мемлекеттік заем шарты заем берушінің шығарылған мемлекеттік облигацияларды, сондай-ақ заем берушінің заемшыдан одан қарызға берілген ақшаны немесе заем талаптарына байланысты өзге де мүліктік баламаны, белгіленген сыйақыны немесе өзге де мүліктік құқықтарды (осы заемды айналымға шығару шарттарымен) шартта көзделген мерзімде алу құқығын куәландыратын басқа да мемлекеттік бағалы қағаздарды (құжаттық немесе құжаттық емес) алу жолымен жасалады. Мемлекеттік бағалы қағаздар (мемлекеттік заем шарттары) әрекет ету мерзімі бойынша үш түрге бөлінеді. 1 жылға дейін айналымда бағалы қағаздар қысқа мерзімді, 1 жылдан 10 жылға дейін орта мерзімді, 10 жылдан артық уақыт айналымда жүретін бағалы қағаздар ұзақ мерзімді шарттары басымды түрде қолданылады. 3. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шарты бойынша бір тарап, қаржы агенті (фактор) ақшаны басқа тараптың, клиенттің билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің (несие берушінің) осы үшінші тұлғамен (борышқормен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді.Факторинг шарты екі жақты ақылы шарт. Факторинг шартының екі жақтылығы кейінірек қарастырылатын, тиісті құқықтар мен міндеттердің шарттың екі тарабында да туындайтынынан көрінеді, олар келтірілген анықтамада ашылған осы шарттың негізгі мазмұнымен қамтамасыз етілген. Факторинг шартының ақылылығы алдын ала келісілген соманы беруге жауап ретінде клиенттің факторға мүліктік құқықты беруінен көрінеді. Факторинг шарты реалды да, консенсуалды да сипатқа ие болуы мүмкін. Факторинг шарты жазбаша нысанда жасалуы мүмкін. Талап етуді беру нысанына қойылатын талаптар сақталуға тиіс (346-бап). Бұл талап етуді беру жүзеге асатын мәміле қандай жазбаша нысанда жасалғанына карай факторинг шартының нысаны тиісінше болуға тиіс дегенді білдіреді. Мемлекеттік тіркеуді қажет ететін мәміле бойынша талап етуді беру осы мәмілені тіркеу үшін белгіленген тәртіпте тіркелуге тиіс. Бағалы ордерлік қағаз бойынша талап ету берілген кезде клиентпен индоссамент жүзеге асырылуға тиіс. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты аясында жүзеге асырылатын қызмет банкілік операциялар қатарына жатады. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк кызметі туралы'" Заңының 30-бабына сәйкес факторингтік операция: тауарлар (кызмет көрсету, жұмыс) сатып алушыдан төлемді талап ету құқығын төлемеу қаупінен бірге алу банктермен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады. Аталған заңи актінің 5-бабы бойынша факторингтік операцияларды ұлттық банктің лицензиясы негізінде банкілік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуге құқылы болатын заңды тұлғалар да жүзеге асыра алады.Факторинг шартына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 239-347-баптарымен көзделген талап етуді беру туралы жалпы ережелер қолданылады. Тараптарға тән құқықтар мен міндеттердің ерекшеліктері факторинг қатынастарын арнайы реттейтін нормалармен белгіленуі мүмкін. Осылайша, клиент бұл шартты оған тиесілі талап етуге қатысты борышкордың келісімінсіз бекітуге құқылы. Бұған қоса, ақшалай талапты салу немесе оны шектеу туралы келісім болғанның өзінде де жарамды деп танылады.Клиент қаржы агентіне жарамды талапты беруге міндетті. Бірақ ол жаңа несие беруші алдында борышқор үшін кепілдеме беруші және кепіл болушы болмаса, осы талапты борышқордың орындамағаны үшін жауапты болмайды.Егер клиент борышқормен бекітілген шарт бойынша өз міндеттемесін бұзса және егер шарт жағдайларына байланысты борышқор бұл соманы тікелей клиенттен өндіріп алуға құқылы болса, клиент факторға төленген ақша сомасын борышкорға қайтаруға міндетті.Шартта фактор ақшалай талапты берудің орнына талапты жүзеге асырумен байланысты барлық ауыртпалыктарды өзіне қабылдайтын агенттік келісім элементтерінің болуы клиент үшін фактормен көрсетілетін қаржыландыру мөлшері берілетін ақшалай талап мөлшернен кем болуға тиіс деген оны ойына сүйенеді. Бұл фактор көрсеткен қызметтерді жанама түрде төлеу нысанына себепші болады. Бірақ фактордың осындай тектес қызметтерді көрсетумен байланысты мамандандырылған кәсіп-керлік кызметті жүзеге асыруы оған белгілі бір қауіптердің (тәуекелдің) жүктелетіндігін білдіреді.Мәселен, ақшалай талапты беріп каржыландыру шарты бойынша клиент қаржыландыру одан осы талапты қаржы агентінің сатып алуы жолымен жүзеге асырылғанда, соңғысы борышқордан талапты орындау үшін алатын барлық сомаға құқықты иемденеді, бірақ клиент өзі алған сома қаржы агенті клиентіне төлеген сомадан аз болғаны үшін қаржы агенті алдында жауап бермейді.Фактормен қызмет көрсетудің элементтері, оның міндеттемелері, клиент үшін бухгалтерлік есеп жүргізу және беру пәні болып табылатын ақшалай талаптарға қатысты (ақшалай талаптар бойынша есептер беру) құжаттарды көрсету, сондай-ақ клиентке осы талаптармен байланысты өзге де қаржылық қызметтерді көрсетуді қамтуы мүмкін екені айқын көрініс табады.Талапты берудің нәтижесінде қаржы агентіне төленген соманы тікелей клиенттен талап етуге құқығы бар борышқор белгілі бір жағдайларда оларды қайтаруды қаржы агентінен талап ете алады. Бұл қаржы агенті клиент алдындағы талаптың берілуі бойынша оны қаржыландыруды жүзеге асырудағы міндеттерді орындамағаны не борышқордың алдындағы талаптың берілуіне байланысты каржыландыруға жататын міндеттемені клиенттің бұзғандығын біле тұра қаржы-жүргізгені дәлелденген жағдайларда мүмкін болады. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Есеп айырысу әдістерінң сипаттамасы мен түрлері 2. Заем шартының түсінігі, мазмұны 3. Заем шартының түрлері Ұсынылатын әдебиет 1.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995. 2.Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98. 3.Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева. 4.Г.А. Жайлин, Б.К. Абдыкадыров. Юридические лица от «А» до «Я». Пособие, А; 2003. Тақырып 11 . Сақтау шарты 1. Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері 2. Сақтау шартынын нысаны, мерзімі, мазмұны. 3. Сақтау шарты бойынша жауапкершілік. 4. Сақтау шартының түрлері 1.Сақтау шарты бойынша бір тарап (сақтаушы) оған екінші тараптың (жүк берушінің) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 768-б.1-т.).Сақтау мәселесін баяндайтын бірқатар теориялық зерттеулерде атап өтілгендей сақтау қызмет көрсетудің ерекше түрі, соның ішінде кызмет көрсетулердің ішінде азаматтық-құқықтық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етіле алатын кең таралған түрлерінің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамда сақтау бойынша қатынастардың кеңінен таралуын толық түсінуге болады. Азамат өз үйінен шығып, қоғамдық орындарға барғанда-ақ заттарды сақтауға беру кажеттілігі жиі туындайды. Мұндай жағдайларда азамат үшін шарт еркіндігі, біз бұған мән бермесек те, елеулі түрде шектеледі. Білім беру, дәрігерлік, өзге де мекемелерде, ұйымдарда, театрлар мен т.б. жерлерде сырт киімді гардеробқа өткізу талабы белгіленуі мүмкін. Дүкендерде (сауда кәсіпорындарда) сөмкелерді, қол сандықтарды, кейстер мен өзге де ұқсас заттарды сақтауға өткізуді талап ете алады.Жалпы пайдаланыстағы орындарда (базаларда) саудамен айналысатын кәсіпкерлер базарларға тиесілі үй-жайларда сақтау қызметін пайдалана алады. Жалпы кіші кәсіпкерлік субъектілеріне (сауда фирмаларына) өз тауарларының сақталуын қамтамасыз ету үшін сақтаумен кәсіби түрде айналысатын субъектілердің қызметтерін пайдалану тиімдірек болып табылуы мүмкін. Бұл аталған кәсіпкерлерге қайта үй-жайларының құрылысына (оларды сатып алуға) оларды жалға алуға, күзетуге, сондай-ақ қойма жабдықтарын сатып алуға қомақты соманы жіберуге мәжбүр болғанның орнына өзінің айналым қаражаттарын жұмсамауға мүмкіндік береді.Сақтау қажеттілігі заңдардың талаптарына сәйкес туындайтын жағдайлар да орын алады. Мысалы, арестке алынған мүлікті, мұраға қалдырылған мүлікті, кеден қоймаларындағы мүлікті және т.б. сақтау жүзеге асырылады. Сақтау қолданылатын аялар сақтаудың жекелеген түрлерін сондай- ақ, сақтау қатынастарын реттейтін заңнама актілерін қарастыру (атап өту) кезінде тағы бір рет сипатталатын (нактырақ) болады. Сақтау бойынша міндеттеме басқа түрдегі шарттар мазмұнына кіретін жағдайлар туындауы мүмкін. Бұл объективті де субъективті де факторлармен түсіндірілуі мүмкін. Осылайша сақтау жөніндегі міндеттемелердің қалған құрылымдары - олардың басқа шарттардың мазмұнына кіруіне негізделеді. Бұл жағдайларда да сақтау бойынша қатынастардың қалған үш құрылымын ажыратып алуға мүмкіндік беретін вариациялар мүмкін.Екінші құрылым болып сақтау бойынша міндеттеменің бір аса күрделі шартқа енуі табылады. Сонымен бірге мұндай шарт сақтаусыз әрекет ету мүмкіндігіне ие болмауға тиіс. Мұндай шарттың мысалына тасымалдау шарты жатады. Сақтау күрделі емес, аралас шарттың да кұрамына ене алады. Сақтаудың аралас шарттың құрамына енуі екі құрылымды мүмкін етеді. Бірінші құрылым (яғни жалпы тізім бойынша үшінші) кезінде сақтау шарттағы тараптың негізгі міндеттемесіне қызмет көрсетеді. Яғни оның өзі қосымша болып табылады. Оны ашатын мысалдарға бірнешеуін келтіруге болады. Мәселен, сақтау бойынша қосымша мін-деттеме тараптардың келісімімен көлік экспедициясы, мердігерлік комиссия, тапсырыс шарттарында көзделуі мүмкін.Төртінші құрылым сақтау бойынша міндеттеменің басқа міндеттемелермен қатар орын алуын (басымды немесе кем дегенде теңдей тәртіпте) көздейтін болады. Сақтаушы өзіне экспедициялық қызмет көрсету бойынша, жүк беруші пайдасына қосымша мердігерлік жұмыстар атқару және т.б. міндеттерді қабылдауы мүмкін.Сол бір немесе өзге құрылымды қолдану, сақтау бойынша қызмет көрсететін субъект пен оның несие берушісі қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге әрине ықпал етеді. Алайда, біздің ойымызша, сақтау жөніндегі жалпы, негізгі ережелердің де маңызын кемсітпеген жөн. Сақтау шартын (міндеттемесін) аралас шарттардан бөлектеген жөн. Бұл сақтау шартының өзі туралы толық пікір (әсер) алуға мүмкіндік береді.Мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жалға алушының міндеттері тікелей мүлікті жалға алу шартынан туындайды (тек осы шарттың ерекшелігін құрайды). Жоғарыда мүлікті жалға алу шартын қарастыра отырып, біз мүлікті ұстау жө- ніндегі ауыртпалық сәйкесінше жалға алушыға өтуге тиіс екендігі туралы айтқанбыз. Егер де сақтау шарты туралы сөз қозғайтын болсақ, онда мүлікті ұстау ауыртпалығын сақтаушыға жол берілмейді. Осы айтылған сөз аралас шарттардың соның ішінде жалға алу элементтері бар сақтау шартының бекітілуін жоққа шығармайды. Мұндай сәттерде, тиісінше жалға алу немесе сақтау туралы нормаларды қандай пропорцияда, тараптардың қандай қатынастарына қолдануды анықтау міндеті туындайды. Бұл жөнсіз мәселе емес. Мәселен, жалға беруші мүлікті жалға бере отырып, затты пайдалану нәтижесінде оның мүмкін болатын тозуымен алдын-ала келіседі. Ал, жүк беруші болса затты бұрынғы күйінде, тозусыз қайта алуға жиынтық айырмашылық айқын көрінеді. Қандай нормалар басымды болып табылады, тараптар мүдделерінің балансы кайда? Бұл даулар бойынша істерді шеше алатын аяттар, сондай-ақ зерттеушілер мен азаматтық құкықтың өзге де мамандары үшін күрделі сұрақтар болып табылады.Сондықтан олардың мәнісіне, мазмұнына нормативтік реттелуі мен осыған байланысты, мүмкін болатын тәжірибелік айырмашылықтарға сүйене отырып біз сақтаумен заем сақтау мен қозғалмайтын мүлікті күзету шарттарын ажыратамыз.Субъектілік қатарындағы айырмашылықтарға, мазмұнындағы кейбір ерекшеліктер мен нормативтік бекітілуіне байланысты сақтау шартының мынадай түрлері ажыратылады: 1) заттарды ломбардта сақтау; 2) құндылықтарды банкте сақтау; 3) көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау; 4) ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау; 5) қонақ үйде сақтау; 6) даулы заттарды сақтау - секвестр.Кәсіпкерлік аясындағы қарым-қатынастарды реттеу үшін арнайы көзделген және осыған орай нысанындағы тараптардың құқықтары мен міндеттеріндегі елеулі ерекшеліктерге байланысты жеке бөліп қарастырылатын сақтау шартының тағы бір түрі болып тауарлы қоймада сақтау шарты табылады.Сақтау шарты реалды шарт. Бұл ҚР АК 768-бабының 2-тармағының мазмұнынан көрінеді. Онда сақтау шарты зат сақталуға берілген кезден бастап жасалған деп танылатындығы, тікелей көрсетілген. Аталған норма мағынасынан туындайтындай, бұл шарттың мәні тараптардың еркі бойынша консенсуалды шарт құрылымын қолдануға бейімделмеген. Өйткені алдын ала келісім бойынша жүк берушіні сақтаушымен мәжбүр ету мүмкіндігі ең алдымен егер бұл басқа тұлғалардың мүдделеріне зиян (шарттық немесе шарттық емес) келтірмейтін болса өз мүлкіне билік ету мүмкіндігі болуға тиіс меншік иесі ретіндегі жүк беруші мүдделеріне зиян келтірер еді. Жүк беруші шарттан бас тарту кезінде бұл орын алмайды (орын алмауға тиіс) өйткені кәсіпкер болып табылмайтын сақтаушы сақтау бойынша қызмет көрсетуден жүйелі негізде пайда табуды жоспарламайды.Сақтаушы рөлінде кәсіпкер тұрса басқаша болады. Онымен сақтаудың консенсуалды шарты бекітілуі мүмкін (ҚР АК 769-б.1-т). Бұл жағдайда заң шығарушы сақтаушының заңды мүдделерін ескереді.Кәсіпкермен бекітілетін сақтау шартын консенсуалды сипат қана емес, сондай-ақ оның жариялылығы да ерекшелендіреді (ҚР АК 770-бап). Сақтау шарты жалпы ереже бойынша ақысыз шарт болып табылады, бұл оның келтірілген анықтамасынан айқын көрінеді. Заңнамадан, іскерлік айналым дағдыларынан шарттың ақылылығы байқалған жағдайларда тараптар өзара келісім бойынша ақысыз сақтауды шарттауы мүмкін. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру тәртібінде бекітілген сақтау шарты егер ақысыздық туралы арнайы ескертпе (тараптар келісімі) болмаса, ақылы деп танылады.Сақтау шартын кейде бір жақты шарт деп атайды, өйткені реалды ақысыз сақтау шартын бекіткеннен кейін міндеттердің негізгі бөлігі сақтаушыға жүктеледі, ал жүк беруші негізінен құқылы субъект ретінде көрінеді. Бірақ мұндай сәттерде де сақтау шартының толықтай біржақты сипаты туралы айтуға болмайды. Ал егер сақтау шартының ақылылығы мен (немесе) консенсуалдығы туралы сөз қозғалса, онда сақтаудың біржақтылылығы туралы пікірлер орынсыз болары анық. 2. Сақтау шарты ауызша және жай жазбаша нысанда да бекітілуі мүмкін. Жазбаша нысаны өз бетінше толтыру жолымен немесе заңнамамен көзделген жағдайларда, сақтау құжатының барлық талап етілетін реквизиттерін сақтау жолымен алады. Ауызша нысанда сақтаудың тұрмыстық қызмет көрсетуге де шарттары бекітіледі. Сондай-ақ, ауызша нысанда заттарды қысқа мерзімге вокзалдардың, әуе жайлардың мекемелердің, кәсіпорындардың, тетатрлардың, мұражайлардың стадиондардың, асханалардың және т.б. сақтау камералары мен киім ілгіштеріне сақтаушының нөмірлерді, жетондарды және басқа да заңды деп танылған белгілерді беруі арқылы тапсыру жүзеге асырылады. Бұған қоса заттарды төтенше жағдайлар кезінде (өрт, су тасқыны және т.б.) сақтауға өткізу де ауызша нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.Аталған жағдайларды қоспағанда сақтау шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Егер сақтауға алынған заттар сақтаушы жүк берушіге сақтау қолхатын, түбіртек, куәлік, сақтаушы қол қойған өзге де құжаттар беру жолымен куәландырылған болса, шарттың жазбаша нысаны сақталған болып есептеледі.Егер шарттың заңмен көзделген нысаны сақталса не сақтаушы шарттың жасалу, оның орындалу фактісін дауламаса, онда сақтауға алынған зат пен сақтаушы қайтарған заттың бірдейлігі туралы дау туған жагдайда куәгерлік айғақтарға жол беріледі. Заттарды төтенше жағдайлар кезінде сақтауға өткізу, шарттың жазбаша нысаны болмаған жағдайда сақтауға өткізілген заттардың құнына қарамастан куәгерлік айғақтар бойынша дәлелденуі мүмкін. Сақтауды реттейтін АК нормаларының мағынасына сәйкес сақтау шарты қысқа мерзімді ретінде бекітілуі мүмкін. Мерзімдік белгісі бойынша дәл осы шарттарды бөлудің тәжірибелік маңызы бар. Бұл олардың нысанының ерекшеліктерімен байланысты (оларды ауызша бекітуге мүмкіндік беретіндігімен). Қандай мерзімнің қысқа болып табылатындығы көрсетілмеген кейбір жағдайларда шарт мерзімі қалыптасқан жағдайдан айқындалуы мүмкін. Мәселен, театрдың стадионның мұражайдың киім ілгішіне сақтауға өткізілетін зат соларда болатын уақытқа ғана сақталады. Зат көлік ұйымдарының сақтау камераларына өткізілгенде сақтау мерзімі сақтаудың тиісті ережелерімен анықталады және бірнеше тәуліктен аспайды.АК 773- бабында сақтау шартын талап етілмелі мерзімге немесе мерзімін көрсетпей бекіту мүмкіндігі туралы айтылады. Онымен қатар жоғарыда атап өтілгендей сақтаудың мерзімді шарттары да мүмкін.Соңғыларының мерзімі сақтаушы міндеттерінің уақыт ішінде шектерін анықтайды. Басқа тұстарында ол талап етілмей немесе мерзімсіз шарт сияқты әрекет ете алады. Тек, мерзімді шарт бойынша сақтаушы мерзімнің аяқталу сәтіне затты қайтарудың барлық жағдайларын (мүмкіндіктерін) қамтамасыз етуге міндетті екенін есте ұстаған жөн. Өз кезегінде жүк беруші де құқық бұзушы рөлінде болып қалмас үшін мерзімнің аяқталу сәтінде затты алуға тиіс.Талап етілмелі шарттың мәнісі - жүк берушіге шартты кез келген уақытта, шартты бұзумен сақтаушыға келтірілген шығындарды оған жүктеу қаупінсіз, бұзу құқығы берілетіндігінде. Талап етілмелі шарт мерзімді де мерзімсіз де сақтау шартының элементтерін қамтуы мүмкін.Талап етілмелі шарттың бекіту сақтаушының да құқықтық жағдайын өзгертеді. Егер зат талап етілмелі сақтауға өткізілген болса (шарт мерзімі оны бекіту жағдайларынан туындайды), сақтаушы осындай жағдайлардағы заттың әдеттегі сақталу мерзімі өткен соң жүк берушінің заттарды қайтып алуын талап етуге құқылы. Сақтаушы, сонымен бірге, жүк берушіге затты қабылдап алуға жететіндей қисынды мерзім беруге міндетті.Мерзімсіз сақтау шартының құрылымы сақтаушы мен беруші мүдделерінің теңдігіне негізделеді. Сақтауды аяқтаудың дәл қажетті мерзімі туралы сенімді емес жүк беруші сақтаушымен затты сақтау бойынша сақтаушы міндетінің жоғарғы шегі формальді түрде шектелмейтіндігі туралы келісімге келе алады. Осыған сүйене отырып, жүк беруші өзінің белгілі бір өзекті сатып алушыны тауып әкелуі мүмкін, оның өндірістік мақсаттарда пайдалануы мүмкін және т.с.с. Сонымен бірге, сақтаушының мүддесіне затты шексіз сақтау кірмейді. Соның салдарынан, талап етілмелі шарт кезінде сияқты, сол бір немесе өзге жағдайларда әдеттегі мерзім өтіп кеткенде, сақтаушы жүк берушіге затты қабылдап алуға жететіндей қисынды мерзім бере отырып, оны қайтып алуды талап етуге құқылы болады. Сақтау шарты талап етілмелі шарт ретінде анықталмаған жағдайларда, жүк беруші де, шарт бойынша сақтаудың өзге мерзімі көзделсе де, кез келген уақытта затты сақтаушыдан талап етуге құқылы. Бірақ жүк беруші, егер шартпен өзгеше көзделмесе, сактаушыға мерзімінен бұзу салдарынан келтірілген шығындарды өтеуге болады.Сақтау шартының субъектілері (тараптары). Жоғарыда атап өткеніміздей, сақтау шарты жеке тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандырушы бола алады. Бұл азаматтың ұзақ іссапарға кетуіне байланысты өз туысқанын (танысын) затты сақтауға қабылдауға өтінетін жағдайларда орын алады. Бұл сақтауға үй-жануарларын өсімдіктерді не т.б. беруге қатысты болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда сол бір заматтар қандай да бір объективті не субъективті себептер бойынша ломбард мекемелеріне (теле- радио жабдықтарын сақтау үшін) арнайы құрылған фирмаларға, асыл тастар мен металлдардан жасалған бұйымдарды, құжаттарды сақтау үшін банктерге жүгінетін болады. Сақтау жоғарыда аталғандай кәсіпкерлік айналым қажеттіліктеріне қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін сақтау шешуші маңызға ие. Егер тиісті түрде жабдықталған қоймалар пайдаланылмайтын болса, онда ауыл шаруашылық өнімін өндірудің өзі мағынаға ие болмайды, өйткені өнім бүлініп кетеді.Сақтау шартының қолданылу аяларын қосымша сипаттау оның субъектілік қатарын айқындау мақсатында беріліп отыр. Аса көп жағдайларда сақтаушылар ретінде де жүк берушілер ретінде де азаматтар шыға алады (тұрмыстық сақтау). Кейде шартты азамат-тармен жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлға ретіндегі ұйымдастыру-шылық құқықтық нысандағы кәсіпкерлер, ломбардтар, банктер бекітеді. Бұл сақтау шартының тұтынушылық сипатын қамтамасыз етеді. Заңмен көзделген жағдайларда, кәсіби сақтаушылар жекелеген заттарды сақтауға лицензия алуға тиіс.Коммерциялық болып табылмайтын заңды тұлғалар (мекемелер) сақтау қатынастарына тек сыртқы киімді, сөмкелерді, қол шатырларды, бас киімдерді және т.б. орналастыру үшін ғана түседі. Кейбір жағдайларда олар сақтауды (міндеттемені, сақтау шарты емес) іс жүргізушілік заңнама өзге де заңнама (мәселен табылған заттар орны (стол находок) нормаларының әрекет етуіне байланысты немесе өзінің арнайы құқық қабілеттілігін жүзеге асыру аясында жүзеге асырады. Коммерциялық емес заңды тұлғалар өздерінің уақытша бос тұрған үй-жайларын сақтау қызметтеріне мұқтаж субъектілермен сақтау жасасудың белгіленген режимін сақтауға міндетті. Сақтау шартының пәні. Бұрын әрекет еткен заңнамада сақтау туралы сөз болған. Яғни сақтау пәні нақтыланбаған. Бұл шешім орынды және толық түсіндіріле алады. Бұрынғы заңнамада "мүлік" пен "зат" түсініктерінің арасындағы айырмашылық сірә теориялық сипатқа ие болды. Соның салдарынан сақтау пәнін анықтау үшін "мүлік" терминін де қолдануға болар еді. Қазіргі жағдайда, яғни заңнамаға сәйкес мүлік құрамы соншалықты біртектес болмаған кезде, шарт пәнінің мұндай анықтамасы шарт түсінігін бұрмалауға алып келуі мүмкін. Сақтау шарты өз бетінше "консервативті" түрде болады. Егер сатып алу-сату, жалға алу, сыйға тарту және кейбір өзге шарттар үшін олардың пәндері бола алатын объектілер аясы бірден кеңейтілсе, сақтау шарты үшін ол бұрынғы қалпын сақтап қалды.Сақтау шартының пәні болып қозғалмалы заттар табылады. Олардың қатарына жеке анықталған заттарды да, тектік белгілермен анықталған заттарды да жатқызуға болады. Заттарды сақтауға беру бойынша шек қою (тыйым салу) конституциялық құрылымды қорғау мақсаттарында заңмен көзделген жағдайларда белгіленуі мүмкін. Мысалы діни экстремизмді тудыруға бағытталған, терроризмді (ланкестікті) насихаттау мен соған бағдарлайтын мазмұны бар әдебиеттерді сақтауға тыйым салу. Сол бір немесе өзге заттарды сақтауға шек қоятын басқа да негіздерге өзге тұлғалардың адамгершілігін, денсаулығын құқықтары мен заңды мүдделерін қам-тамасыз ету, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі жатқызылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының "Есірткі құралдары, психотропты заттар, прекурсорлар мен олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы әрекет ету шаралары туралы" Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес, "Есірткі құралдарын, психотропты заттар мен прекурсорларды сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қызмет түріне (мамандандырылған мекемелерге) берілген лицензия негізінде арнайы жабдықталған үй-жайларда жүзеге асырылады". Сақтау шарты бойынша арнайы талаптар Қазақстан Республикасының 23 қараша 1995 жылғы "Дәрілік заттар туралы" Заңымен белгіленеді. Тектік белгілермен анықталған заттар оларды иесіздендіру туралы сақтау шартының пәні бола алады. Басқаша айтқанда ол "қалыпсыз" сақталу деп аталады. Қозғалмайтын заттар сақтау объектісі бола алмайды. Мұндай көзқарас азаматтық құқық теориясында даусыз болып табылады. Азаматтық құқықтың басқа институттарын қолдану мүмкін болады, оларға мыналар жатады: 1) мүлікті мамандандырылған ұйыммен күзету бойынша өтелмелі қызмет көрсету шартын бекіту; 2) еңбек шарты немесе өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша күзетшіні жалдау. Сақтаудың реалды шарты бойынша сақтаушы өзіне берілген затты, оның сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Сақтаушы сақтауды жүзеге асыра отырып затты қолайсыз ауа-райы, үй-жайдағы ылғалдылық сияқты факторлардың әсерінен сақтап қалуға тиіс. Мұндай факторларға сондай-ақ мүлікті бүлдіруі (жоюы), оны ұрлап кетуі мүмкін адамдардың құқыққа қайшы әрекеті де жатады. Соларға сақтаушы қарсы болуы тиіс. Сақтаушы міндеттерінің нақты көлемі оның тұрмыстық кәсіби сақтаушы болып табылатындығына, сақтаудың сол бір немесе өзге жағдайлары және сақтауға берілетін заттардың қасиеттері жүк берушімен ескертілген немесе ескертілмегеніне байланысты болады. Шарттың ақылылығы немесе ақысыздығы сақталушы міндеттерінің аясын анықтау үшін шешу маңызға ие болмайды, өйткені оның барлық шығындары кез келген жағдайда өтелетін болады, бірақ дау туғанда сот шарттың ақысыз сипаты кезінде сақтаудың ерекше жағдайлары ескертілмегендікке көбірек мойынсұнуға тиіс.Сақтаушы өзіне берілген заттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін шартта көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті (ҚР АК 775-б,1-т.). Осылайша, шарт сақтаушы үшін негізгі басшылыққа алатын құжат болып табылады және дәл соның өзі жүк берушінің сақтау бойынша қызметтерге деген мұқтаждығының іс жүзіндегі көлемін ескеруге мүмкіндік береді.Егер шартпен сақтаушының оларды жүргізу жөніндегі сол бір немесе өзге шаралары (міндеттері) ескертілмесе, бірақ, дегенмен де, олар қажетті болып табылса, онда сақтаушы орын алған жағдайға сүйене отырып оларды да қолдануға тиіс.Сақтаушы затты ақысыз сактауға қабылдаған кезде және затты күту бойынша белгілі бір әрекеттерді жасау тараптармен ескертілмеген кезде, сақтаушы сақтауға алынған затқа өз заты сияқты қамқорлық жасауға тиіс.Кәсіби сақтау кезінде сақтау жағдайлары шартта толық сипатталмағанда сақтаушы тиісті іскерлік айналым дағдыларын (егер олар болса) басшылықка алуға тиіс. Кәсіби сақтаушыға сол бір немесе өзге заттарды сақтауға қабылдаған кезде оның өзі дербес олардың қасиеттерін ескеріп, тиісті шаралар қолдану жөніндегі талаптар қойылуы мүмкін. Бұған кәсіби сақтаушының өзі біле алмайтын заттардың ерекше (тән емес) қасиеттері кірмейді.Барлық сақтаушылар, оларлың тұрмыстық не кәсіби сақтаушылар екеніне қарамастан, жария тәртіп ұстанымдарын сақтауға тиіс. Өйткені оларды ұстану немесе ұстанбау заттың сақталуына әсер етуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігінің санэпидемқадағалау органдары тиісті санитарлық- эпидимиологиялық талаптарды белгілейді. Осындай талаптардың сақталуын қамтамасыз етпеген субъектілер егер соның салдарынан заттардың бүлінуі немесе жойылуы орын алса, бұл үшін жүк беруші алдында жауапты болады.Сақтаушыда сол бір немесе өзге жағдайлар орын алғанда ол бұрын өзі болған үй-жайды жөндеуден өткізеді, оны ауыстырады немесе қандай да бір табиғи, техногендік құбылыстардың және т.б. салдарынан затты сақтау жағдайлары өзгеретін болады, онда сақтаушы заттың сақталуын қамтамасыз ету үшін ағымдағы шараларды колдануға тиіс. Сақтаушы, сондай-ақ жүк берушіге сақтау жағдайларының өзгеретіндігі туралы дереу хабарлауға және оның жауабын күтуге міндетті, заттың жоғалу немесе бүліну қаупі туған жағдайда сақтаушы жүк берушінің жауабын күтпестен, сақтаудың шартта көзделген әдісі мен орнын өзгертуге міндетті.Егер де қолданылған шараларға қарамастан, зат сақталу кезінде бүлінуге ұшыраса немесе оның сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін (мысалы желдеткіш жүйелер істен шықса, ал зат сақтау кезінде тұрақты түрде желдетуді талап етсе, бірақ сақтаушы аталған жүйелерді калпына келтіре алмаса) және жүк беруші тарапынан шаралар қолдануды күтуге болмайтын басқа жағдайлар туындағанда, сақтаушы сақтау және сату бойынша өз шығындарын өтей отырып, затты немесе оның бір бөлігін сатуға құқылы.Затты сақтаушы ретінде ұстау кезеңінде, ол затты пайдаланудан тартынуға міндетті. Сақтаушының затты пайдалану мүмкіндігі сақтау шартымен көзделуі мүмкін. Сақтаушыға затты пайдалану құқығын беру кейбір жағдайларда сақтау үшін төленетін ақшалай төлемнің орнын алмастыратын болады. Егер бұл оның сақталуын қамтамасыз етуге қажет болса, сактаушы затты пайдалануға құқылы болады.Сақтаушы өзіне сақтау үшін берілген мүліккке (затқа) заттық құқықтарды иеленбейтін болғандықтан, сақталған заттарданалынған (өсімдер) мен кірістерді меншік иесі мен өзінің арасында туралы да мәселе туындамайды. Сақтаушы затты қайтарумен бірге сақтау уақытысында алынған нәтижелер мен кірістерді де беруге міндетті. Шартпен басқаша көзделуі де мүмкін, жемістермен табыстар көптеген жағдайларда егер бұл жөнінде тараптардың келісімі болса сақтау үшін берілетін әдеттегі сыйақыны толықтай алмастырады және сақтаушының шығындарын өтей алады. Сақтаушы жалпы ереже бойынша өз міндеттерін жеке өзі атқаруға міндетті. 3. Тараптардың жауапкершілігінің жекелеген сәттерін белгілі бір мәселелер аясында жоғарыда қарастырып өткенбіз. Даулы жағдайларды шешу және кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту үшін азаматтық құқықтағы жауапкершілік туралы жалпы ережелерді кеңінен қолданған жөн екенін атап өткен дұрыс. Сақтау стандартты шарттың институт, ал жауапкершілік бойынша талап етілмелі ерекшелік оны реттейтін нормаларда ескерілген.Сақтау шартында кәсіпкерлермен катар кәсіпкер еместер де жиі көрінеді. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, сақтаушының жауапкершілігі, борышқордың жауапкершілігі сияқты. Оның кінәлі іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) негізделеді. Сақтаушы сақтауға алынған заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлінгені үшін егер ол заттың жоғалуы, кем шыққаны немесе бүлінуін өзінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, жауап береді. Сақтаушы шарт бойынша басқа міндеттемелерді орындамағаны, тиісті түрде орындалмағаны үшін де, егер соның салдарынан жүк берушіге зиян (залалдар) келтірілсе немесе айып төлеу түріндегі жауапкершілік санкциялары көзделсе, кінәлі жауапкершілікке тартылады. Егер мерзімді сақтау шартында көзделген сақтау мерзімі немесе мерзімсіз сақтау шарты бойынша затты қайтып алу үшін сақтаушымен көзделген қисынды мезгіл өткен соң жүк беруші затты қайтарып алмаған болса, сақтаушы өз тарапынан қасақана пиғыл немесе өрескел абайсыздық болғанда ғана бұл заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлінгені үшін жауап береді.Жалпы ереже бойынша жүк берушіге заттың жоғалуы, кем шығуы немесе бүлінуінен келтірілген залалдар сақтаушымен ҚР АК 350-бабына сәйкес өтеледі. Яғни, ҚР АК 9-бабының 4-тармағына сәйкес анықталатын зиянды толық көлемде өтеу туралы сөз болып отыр. Табыс алу үшін жүк берушімен қолданылған шаралар және осы үшін онымен жасалған дайындықтар ескерілетін болады.Кез келген жағдайда жоғалған, кем шыққан, бүлінген мүліктің іс жүзіндегі шығынының құны өтелетін болады. Егер сақтауға өткізу кезінде шартта немесе өзге жазбаша құжатта көрсетілгендей заттың бағалануы жүзеге асырылған болса, сақтаушының жауапкершілігі бағалау сомасына сүйене отырып анықталатын болады. Ол барлық жағдайларда даулана алады. 4. Ломбардта сақтау.Жылжымалы мүлікті кепілге қою арқылы азаматтарға несие берумен қатар, ломбардта оларға сақтау бойынша қызметтер де көрсетеді. Ломбардтың осы қызмет түрлеріндегі көрінген айырмашылықтарға қарамастан оларды біріктіретін белгілер де бар. Ломбардтар басым жағдайларда табиғаты жағынан банктік болып табылатын қызметті жүзеге асырады.Сол себептен ломбардтар барлық жағдайларда қаржылық банктік емес ұйымдар ретіндегі олардың арнайы құқық қабілеттілігімен қамтылатын құқықтық қатынастарға қатысады. Олардың қызметі ломбардтар туралы қызметтен басқа Ұлттық Банк басқармасымен 23 тамыз 1997 жылы бекітілген банктік емес қаржылық мекемелер туралы Ережемен реттеледі. Ломбард кепілге несие беру үшін де, азаматтардың құныдылықтарын сақтау үшін де Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын алуға міндетті. Заттарды салу кезінде де ломбард олардың сақталуын қамтамасыз ету міндетін алады, яғни бұл жағдайда да сақтау қатынастары пайда болады.Ломбард заттарды сақтаудың жария шартын жасасады және осыған орай ол өзіне жүгінген тұлғалармен шарт бекітуден бас тартуға құқылы емес. Егер клиент жүгінген сәтте ломбардта сақтау үшін қажет алаңдар (сейфтер, шкафтар немесе үй-жайлар) болмаса ғана бас тартуға жол беріледі. Заттарды ломбардта сақтау шарты сондай-ақ қосылу шарты да болып табылады. Әрбір ломбард ҚР АК мен ломбардтар туралы ереженің негізінде заттарды сақтаудың ішкі ережелерін шығарады, олар заңнаманың императивтік нормаларына қайшы келмеуге тиіс. Сақтауға бекітілген қосылу шартының жағдайлары негізінен осындай ережелермен реттеледі. Біздің білуімізше, косылу шартының негізгі белгілерінің бірі - бұл оның барлық тұтынушылар үшін бір ізге түсірілген мазмұны. Заңнама нормаларының мазмұнына сәйкес ломбардта сақтау шартының нысаны ауызша болып табылады. Алайда, шарттың бекітілуін куәландыратын арнайы жазбаша нысан - атаулы сақтау түбіртегі көзделген. Егер ломбардтың кінәсі бойынша осындай түбіртек берілмеген болса немесе ол жоғалтылса, шартты бекіту фактісі басқа дәлелдемелердің көмегімен аныкталуға тиіс. Ломбард жүк берушінің пайдасына сақтауға қабылданған заттарды сақтандыруға міндетті (олардың жоғалу кем шығу немесе бүліну қаупін). Сақтандыру кезіндегі сақтандыру сомасы сақтандыру шартын бекіту үшін есептеліп, заттың толық бағалау құнына сүйене отырып анықталады. Сақтандырушыға заттың толық бағалау құнына сүйене отырып анықталады. Сақтандырушыға төленетін сақтандыру премиялар оның мөлшері жүк беруші ломбардтқа төлеуге міндетті болатын сыйақы мөлшеріне тиісінше әсер ететін болады.Әдеттегі сақтау шартына қарағанда, ломбардта сақтау шарты бойынша сақтауға өткізілген затты қайтып алудан жалтарып жүрген жүк берушіге ықпал етудің өзге тәртібі көзделген. Жүк беруші затты қайтарып алудан жалтарған жағдайда ломбард оны үш ай бойына сақтауға міндетті. Осы мерзім ішінде жүк беруші сақтау үшін төлем жасауды жалғастыруға міндетті.Бұрын ломбард салынған және сақталып жатқан заттардың (уақытында қайтып алынбаған) сатуды өз бетінше ұйымдастыруға құқылы болған. Меншік иелері құқықтарын кепілдендіру мәселесіне қатысты заң шығарушылардың ерекше көңіл аударуына орай, енді ломбардтта сақталып жатқан затты алып қоюға деген өздерінің сөзсіз құқығын растайтын сот бұйрығын шығару туралы талаппен сотқа жүгінуге міндетті. Сақтау мерзімі өткеннен кейін үш ай сақтау ломбард үшін міндетті болып табылады. Өз білгенінше (клиент мүддесі үшін) ломбард затты аталған мерзімнен асатын уақыт ішінде де сақтай алады. Құндылықтарды банкте сақтау. Жалпылама түрде құндылықтар түсінігі ҚР АК 786- бабының 1-тармағында берілген. Оларға бағалы қағаздар, қымбат металлдар, тастар және өзге де құндылықтар, сондай-ақ құжаттар жатады. Көріп отырғанымыздай олардың тізімі жалпы түрде белгіленген, бұған қоса, бірқатар жағдайларда құндылықтар болып табылмайтьш құжаттар да сақтауға жатады. Құндылықтарды сақтау туралы нормалардың мәнісіне сүйенсек, банкте ақшалар да сақтала алады. Бірақ бұл экономикалык мақсаттылыққа ие емес және ол сірә жекелеген жағдайларда ғана пайдаланылатын болады. Азаматтар өз ақшаларын еркін сақтай алады, ақшаны кәсіпкерлік қызмет субъектілерімен сақтау сірә, қаржылық айналым мен салық салуды реттейтін жария құқық нормаларымен қайшылыққа түседі.Құндылықтардың (бағалы қағаздарды қоспағанда) толығырақ түсінігін арестке алынған мүлікті сақтаудың тәртібі мен жағдайлары туралы жоғарыда бірнеше рет аталып өткен нұсқаудан таба аламыз. Оларға жататындар: "Өндірістік немесе зертханалық мақсаты бар қымбат металдардан, қымбат тастардан жасалған бұйымдар, ювелирлік бұйымдар, қымбат металдардан жасалған тиындар, кесектелген, шлих, самородка, жартылай фабрикат түріндегі қымбат тастар немесе металдардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ аталған бұйымдардың сынықтары, қымбат, коллекциялық ақша белгілері, тарихи немесе көркемдік құндылығы бар мүлік".Құндылықтарды банкте сақтау шарты реалды шарт болып табылады, ол банктің жүк берушіге атаулы сақтау құжатын беруімен рәсімделеді. Оны ұсынып көрсету банктің жүк берушіге немесе оның өкіліне сақтаудағы құндылықтарды беруі үшін негіз болып табылады.Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк беруші кез келген уақытта сейфтен құндылықтарды алуға, оларды қайта қоюға, сақтаулы жаткан құжаттармен жұмыс істеуге құқылы. Банк жүк берушінің құндылықтарды алғандығын және қайтарғандығын есепке алуға құқылы. Жүк беруші сейфтегі құндылықтардың бір бөлігін алған жағдайлардың барлығында банк құндылықтардың қалған бөлігін сақтауға міндетті құндылықтарды банкте сақтаудың осындай шарты кезінде ол бөлек сейфті (сейф ұяларын), үй-жайды бөлусіз де және бөлумен де бекітіле алады. Қонақ үйде сақтау. Қызмет көрсетудің тиісті кешенінде көрсету көзделетін қонақ үйлерде, яғни адамдардың уақытша тұруына арналған үй-жайларда сақтаудың ерекшелігі - сақтау міндеттемесінің қонақ үйде тікелей заң нұсқауы бойынша туындайтындығында. Мұндай міндеттеменің болуын, әрине құрамдас бөлік ретінде сақтау бойынша міндеттеме кіретін, жоғары да қарастырылған күрделі шарт құрылымына сүйене отырып түсіндіруге болады, бірақ қонақ үйлік қызметтерді көрсету шартында қонақ үйдің сақтау бойынша міндеттері көрініс таппауы да мүмкін. Соның салдарынан уақытша тұрушылардың заттарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қонақ үйдің міндеттемесі сақтау туралы жалпы нормаларға сәйкес анықталатын болады. Мұнда қонақ үйдің бөлмелерінде орналасқан уақытша тұрушылар-дың жеке заттары туралы сөз болып отыр. Егер де бұл алдырмайтын күштің, заттың өз қасиетінен не тұрушының оның қасындағы тұлғалардың немесе оған келушілердің кінәсінен болмаса, олар заттың жоғалуы немесе бүлінуі үшін жауап беретін болады.Өз заттары жоғалған немесе бүлінген жағдайда тұрушы тұлғаға өз құқықтарын жүзеге асыру үшін шырақтық таныту қажет. Ол бүл туралы дереу қонақ үй акімшілігіне хабарлауға міндетті. Бұлай жасалмаған жағдайда қонақ үй заттың сақталмағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Даулы заттарды сақтау секвестр. Бұрын әрекет еткен заңнамамен секвестр көзделмеген болатын. Нарық пен толыққанды меншік қатынастарының қалыптасуымен барлық қажетті құқықтық атрибуттар да қалыптаса бастады. Олардың қатарына секвестрді де жатқызуға болады. Секвестр дауласушы тараптардан дау пәнін "бірдей аластатуға" мүмкіндік береді, яғни дауға қатысушылардың мүдделерін камтамасыз етуге мүмкіндік береді.Секвестр туралы шарт бойынша затқа деген құкық жөнінде араларында дау туған екі немесе бірнеше адам даулы затты даудың шешілуі бойынша соттың шешімі не дауласып жүрген барлық тұлғалардың келісуі бойынша бұл зат кімге берілсе, соған қайтаруды міндетіне алатын үшінші адамға береді. Мұндай секвестр шарттық секвестр деген атауға ие, өйткені ол нағыз борышқорды затты беруге мәжбүрлеуге негізделмеген.Бұған қарағанда соттық секвестр бойынша зат үшінші тұлғаға, соттың басқа да актілері сияқты барлық тұлғалар үшін міндетті сипатқа ие болатын сот анықтамасының негізінде беріледі және сол себептен секвестр мәжбүрлеуші болып табылады. Секвестрді Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізушілік кодексінің 15-тарауына сәйкес борышқордың мүлкін арестке алу сияқты талап арызды қамтамасыз ету бойынша осындай шараны жүзеге асырудың нотариалды-құқықтық механизмі ретінде қарастыруға болады.Зат сақталу үшін сотпен тағайындалған адамға да немесе дауласушы тараптардың өзара келісуі бойынша белгіленген адамға да беріле алады. Екі жағдайда да, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, осы аДамдар даулы мүлікті сақтайтын сақтаушы болуға өз келісімдерін беруге міндетті. Егер сақтау шартымен немесе заң актілерімен өзгеше көзделмесе, секвестр ақылы болып табылады. Секвестр ерекшеліктерінің бірі болып, оның пәні ретінде жылжитын да, жылжымайтын да заттар бола алатындығында. Басқа жағдайларға карағанда жылжымайтын мүлік іс жүзінде сақтаушының иелігіне берілетін болғандықтан секвестр үшін осыған қатысты ерекшелік беріледі. Бұған мұндай шешім секвестрді қолданудың ерекшелігімен де қамтамасыз етіледі. Яғни мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін басқа амалды болмауымен. Секвестрге жылжымайтын заттар берілгенде, сақтау мәмілелері белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге алынуға жатады. Тауар қоймасында сақтау. ҚР АК -де қоймада сақтау шартының жеке анықтамасы берілмеген (ҚР АК 769 баптық 1 -т есептемегенде). Осы шарт бойынша да сақтаушы мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге және оны жүк берушіге шарт талаптарына сәйкес беруге міндеттенеді. Қоймада сақтау шартының негізгі ерекшеліктерінің бірі - сақтаушы болып әрқашан тауар қоймасы табылады. Тауарлар сақтауды жүзеге асыратын және кәсіпкерлік қызмет ретінде сақтауға байланысты қызметтер көрсететін коммерциялық ұйымдар тауар қоймасы деп табылады. Тауар қоймасында сақтау шарты жеке анықталған заттарды иесіздендіріп сақтауды да реттеуге бағытталуы мүмкін. Тауар қоймасында сақтаудың тағы бір ерекшелігі болып орындалуы ерекше құжаттарды қойма куәліктерін беру жолымен жүргізілетін шарттың ерекше жазбаша нысаны болып табылады. Аталған қойма кұжаттары жай куәліктеріне және қос қойма куәліктеріне бөлінеді. Қос қойма куәлігі, сондай-ақ оның әрбір бөлігі және жай қойма куәлігі бағалы қағаздар болып табылады. Заңның тікелей нұсқауына (ҚР АК-ң 798 бабы) орай жай қойма куәлігі ұсынып көрсетушіге бағалы кағаз болып табылады, ал қос койма куәлігі, ҚР АК 799-бабының мәнісі бойынша, атаулы бағалы кағаз болып табылады. Қос койма куәлігі қойма куәлігінен және кепілдік куәліктен тұрады. Аталған екі құжат та мазмұны бойынша бірде қажет болған жағдайда біреуін басқасынан айыруға болады. Қойма куәлігі және кепілдік куәлік беру жазбасы (индоссаменттер) бойынша бірге немесе бөлек беріле алады. Қос қойма куәлігінің әр бөлігінде: а) қос қойма куәлігінің тиісті бөлігінің атауы, яғни бұл куәлік қойма немесе кепілдік куәлік екені; б)тауарды сақтауға қабылдаған қойманың атауы мен мекен-жайы; в) қойма тізімі бойынша қойма куәлігінің ағымдағы нөмірі; г) сақтауға тауар қабылданған ұйымның атауы немесе азаматтың аты жөні сондай-ақ, тауар иесінің орналасқан жері (тұрғылықты жері); д) тауардың атауы мен мөлшері, тауарларға арналған орындардың саны; е) қабылданған тауардың сомасы; ж) сақтауға алынаған тауардың, егер ол белгіленген болса сақталу мерзімі; з) сақтауға ақы төлеудің тарифтері мен тәртібі; и) қойма куәлігінің берілген күні; к) уәкілетті адамның (қойма менгерушісінің қабылдаушының) қолы және тауар қоймасының мөрі көрсетілуге тиіс. ҚР АК 801 - бабында қойма куәлігімен кепіл куәлігін беру жазбасы (индоссаменттер) бойынша бірге немесе бөлек беру мүмкіндігінің көрсетілуі іс мәнісіне білдірілген біздің көзқарасымызда да өзгертілмейді. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі кепіл құрылымының барлық ерекшеліктерін де ескеру қажет. Кейбір жағдайларда кепіл куәліктерінің атаулы да және ордерлік бағалы қағаздарда болу мүмкіндігімен байланысты варицацияны да жоққа шығармаймыз.Жай койма куәлігінде сондай реквизиттер көзделеді. Ол куәлік бөліктеріне қатысты нұсқауды қамтымайды. Жай қойма куәлігі ұсынып көрсетушіге арналған бағалы қағаз болғандықтан онда тауар иесінің (жүк берушінің) атауы (аты) көрсетілмейді. Жай қойма куәлігінде оның ұсынып көрсетушіге берілгендігі жазылуға тиіс.Қос койма куәлігі бойынша сақтау шартында оның кәсіпкерлік сипаты айқын көрсетілген. Кәсіпкерлік айналымының ерекшелігі - меншік иесінің. өзгенің мүліктік құқығын иеленуші тауар тағдырын әртүрлі тәсілдермен анықтай алатындығында. Бұл қарастырылып отырған қос қойма куәлігі бойынша сақтау шартында да айқын көрінеді. Жалпы пайдаланыстағы тауар қоймалары мен ведомстволық (корпоративтік) қоймаларда сақтауды ажыратады. Егер заң актілеріне сәйкес ол шектелген тұлғалар аясынан тауарларды сақтауға қабылдай алатын қоймаларға жатқызылмаған болса, тауар қоймасы жалпы пайдаланыстағы қойма деп танылады.Жалпы пайдаланыстағы тауар қоймасымен бекітілетін қоймада сақтау шарты жария шарт ретінде танылады. Мысалы, базарлар (рыноктар) кез келген саудагер мен немесе сақтау қызмет көрсетуді өтініп жүгінген кез келген тұлғамен өз қоймасында сақтау шартын бекітуге міндетті.ҚР АК 793- бабының 1-тармағына сәйкес, тауар қоймасы стандарттарда, техникалық талаптарда технологиялық нұсқаулықтарда, сақтау жөніндегі нұсқаулықтарда, тауарлардың жекелеген түрлерін сактау ережелерінде, қойма үшін міндетгі өзге де арнаулы нормативтік құжаттарды белгіленген сақтау талаптарын (режимін) сақтауға міндетті.Тауар қоймасы, тауар иесіне тауарларды немесе олардың үлгілерін ескеру, егер сақтау иесіздендіре отырып жүзеге асырылатын болса, көру және тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуі үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беруге міндетті. Тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін сақтау жағдайларын дереу өзгерту қажет болған жағдайда тауар қоймасы профессионал ретінде талап етілген шұғыл шараларды өз бетінше қабылдауға құқылы. Ол қабылданған шаралар туралы тауар иесіне хабарлауға міндетті.Тауардың бүлінуі байқалған жағдайда койма дереу акт жасауға және тауар иесін оның тауар қоймасына мәлімдеген мекен-жайы бойынша хабардар етуге міндетті, яғни тауар қоймасы, егер жүк беруші (тауар иесі) оларды өзгерткен болса, оның іс жүзіндегі орналасқан жерін немесе тұрғылықты жерін анықтау бойынша шаралар қолдануға міндетті емес.Тауар иесінің сақтау бойынша арыздануына қатысты тауар қоймасының міндеттері басқаша реттелген. Егер шартты өзгеше көзделмесе тауар иесі қоймадан тауар алу кезінде дұрыс сақталмаудың салдарынан тауардың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлінгені туралы, ол көзге байқалмайтын бүлінулер туралы оларды табу үшін қажет әдеттегі мерзім ішінде тауар қоймасына мәлімдеуге міндетті. Яғни сақталып жатқан заттарды пайдалануға беру, оларды сату алдындағы дайындық және т.с.с. сәттен бастап есептелетін мерзімдер туралы сөз болып отыр. Егер тауардың бүлінгені және кем шыққаны туралы тиісті мерзімде мәлімденбеген болса, бұл залалдар оның қасақана пиғылынан немесе өрескел абайсыздығынан келтірілген жағдайларды қоспағанда тауар қоймасы залалдар үшін жауапты болмайды.Қос қойма куәлігін ұстаушының қоймада сақтаулы тауарға толық көлемде билік етуге құқығы бар. Кепіл куәлігінен бөліп алынған қойма куәлігін ұстаушы тауарға билік етуге құқылы, бірақ оны кепіл куәлігі бойынша берілген несиені өтегенге дейін қоймадан ала алмайды.Егер тауар қоймасы тауарды бере отырып кепіл ұстаушының тауарға деген құқықтарын қамтамасыз етпесе, онда тауар қоймасы кепіл ұстаушыға тиесілі барлық соманың төленуі үшін өзі жауапты болады. Қоймада сақтау шарты бойынша сақтау жөніндегі тауар қоймасының шығындарын өтеу кейбір ерекшеліктерге ие. Әдеттегі шығындардан басқа, қойманың жүк берушінің мүдделерінде жүзеге асырылған қосымша операциялар бойынша, шартта көзделген немесе заң актілерінде белгіленген шығындар ставкаларының орнын толтыруға құқығы бар. Олардың қатарына тауарларды сақтандыруға, тиеу түсіру жұмыстарына кеден баждарын төлеуге және т.б. төленген сомалар кіруі мүмкін. Бұл құқық сақталатын тауарды қойманың ұстап қалу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. (ҚР АК 795-бап). Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Сақтау шартының түсінігі 2. Сақтау шартының мазмұны 3. Сақтау шартының түрлері Ұсынылатын әдебиет 1.Г.А. Жайлин, Б.К. Абдыкадыров. Юридические лица от «А» до «Я». Пособие, А; 2003. 2.Гражданское право РК. Особенная часть. Т.1-2 / Жайлин Г.А. – А., 2003 3.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 4.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 5.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 200 Тақырып 12 . Сақтандыру шарты. 1.Сақтандыру шартының түсінігі, мазмұны. 2.Сақтандырудың түрлері 1. Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандыру шартында көзделген тәртіппен және жағдайларда өзге де төлемдерді жүзеге асыру жағдайлары көзделуі мүмкін. Сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы қатынастар, сондай-ақ олардың сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесi кезiнде туындайтын сақтандырылғандармен және пайда алушылармен қатынастары азаматтық кодекспен реттеледi. Сақтандыру нысандары: 1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша - ерiктi және мiндеттi; 2) сақтандыру объектiсi бойынша - жеке және мүлiктiк; 3) сақтандыру төлемiн жүзеге асыру негiздерi бойынша жинақтаушы және жинақтаушы емес болып табылады. Сақтандыру қызметiн лицензиялау мақсатында заң актiлерiнде өзгеше жiктеу көзделуi мүмкiн. 2. Міндетті сақтандыру - егер сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, талаптары тараптардың келісімімен айқындалатын, заңнамалық актілердің талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. 3. Өз өмiрiн немесе денсаулығын сақтандыру мiндетiн азаматқа заң актiлерiмен де, шартпен де жүктеуге болмайды. Мiндеттi сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге асырылады. 4. Мiндеттi сақтандыру кезiнде сақтанушы, егер сақтандырудың осы түрін реттейтін заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, тараптардың келісімімен айқындалған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға мiндеттi. 5. Мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрiн жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заңнамалық актілерде тәртібі мен талаптары белгіленген міндетті сақтандыру шартын жасасу, егер осы заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, жоғарыда аталған сақтандырушы үшін міндетті болып табылады. 6. Ерiктi сақтандыру - тараптардың еркiн бiлдiруiне орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi. Азаматтардың және заңды тұлғалардың, соның ішінде: 1) азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген мерзімге дейін өмір сүруіне, өліміне, азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың басталуына; 2) жазатайым жағдайлардың және өзге де оқиғалардың, аурулардың салдарынан азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуіне; 3) мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне; 4) басқа тұлғаларға, соның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты кез келген мүліктік мүдделері мүліктік және жеке сақтандыру объектілері бола алады. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша сақтандыру объектiсi заң актiлерiмен айқындалады. Азаматтың өмiрiн, денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгiн және жеке басына байланысты өзге де мүліктік мүдделерiн сақтандыру жеке сақтандыруға жатады. Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзi, сондай- ақ шартта аталған басқа (сақтандырылған) адам сақтандырылған болуы мүмкiн. Мүлікті және оған байланысты мүліктік мүдделерді сақтандыру мүліктік сақтандыруға жатады. Сақтанушының немесе пайда алушының мүлiктердi сақтандыруға мүддесi болмаған жағдайда жасалған мүлiктiк сақтандыру шарты жарамсыз болады. Сақтанушы: 1. Сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. 2. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады. 3. Сақтанушы сақтандырудың ерiктi де, мiндеттi де нысандары бойынша сақтандырушыны таңдап алуға ерiктi. Сақтандырушы : Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегiнде сақтандыру төлемін жүргізуге мiндеттi тұлға. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес өзара сақтандыру қоғамы ғана сақтандырушы бола алады. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Сақтандыру сыйақылары 2. Сақтандыру нысаны Ұсынылатын әдебиет 1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004 4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004 5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001 Тақырып 13 Тапсырма шарты. 1.Тапсырма шартының түсінігі мен элементтері. 2. Тапсырма шартының мазмұны. 1. Тапсырма шарты бойынша бір тарап (сенім білдірілген екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен белгілі бір заңды іс-әрекет жасауға міндеттенеді.Тапсырма шарты сенім білдірілген өкіл жасауға тиіс іс- әрекеттерді анықтау үшін арналады. Тапсырма шарты жазбаша ны-санда жасалуға тиіс.Тұрмыстық (кәсіпкерлік емес) тапсырма шарты жалпы ереже бойынша ақысыз болып табылады. Тапсырма шарты шарттың бір немесе екі тарабымен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болған жағдайларда, ол жалпы ереже бойынша ақылы болып табылады. Тапсырма шарты консенсуалды шарт. Ол оның мәнді жағдайы бойынша келісімге келген сәттен бастап бекітілуі деп есептеледі. Оның мәнді жағдайы болып шарт пәні туралы жағдай табылады.Тапсырма шартының тараптары болып сенім білдіруші және сенім білдірілген өкіл табылады. Тапсырма оған азаматтық құқықтық қатынастар субъектілерінің кеңінен қатысу мүмкіндігімен сипатталады. Тапсырма қатынастарына қатысудың критерийі болып әрекет қабілеттілік табылады. Тапсырма шартына 14 жастан 18 жасқа ішінара әрекет қабілеттілігі бар азаматтардың қатысуы жоққа шығарылмайды. Заңды тұлғалар тапсырманы бере де алады, орындай да алады. Жалпы ереже бойынша коммерциялық емес заңды түлғалардың сенім білдірушілері үшін коммерциялық өкілдікті жүзеге асыратын сенім білдірілген өкілдер ретінде шығуға жол берілмейді. Олар өздеріне рұқсат етілген коммерциялық қызмет кезінде коммерциялық өкілдер бола алады. 2.Сенім білдіруші сенім білдірілген өкілдерге аталған талаптарға сәйкес қажетті нұсқаулар беруге міндетті. Мұндай нұсқаулардың нысаны жазбаша да ауызша да бола алады. Тәжірибеде жазбаша тапсырма шартын бекіту тек сенімхат беруімен жиі алмастырылады. Сенімхат та белгілі бір шамада сенім білдіруші нұсқауларының мазмұнын түсінуге көмектесе алады.Сенім білдірілген өкіл өзіне берілген тапсырманы сенім білдірушінің нұсқауларына сәйкес орындауға тиіс. Тапсырманың орындалуының нұсқауларға сәйкестігін немесе сәйкес еместігін түсіну, көбіне сенім білдірілген өкілдің жеке басына байланысты болады, яғни ол кәсіптенген бе әлде тұрмыстық тапсырманы орындаушы ма. Бірінші жағдайда жоғарыда атап өткеніміздей, нұсқауларға сәйкес келу тиісті нұсқауларға қайшы келмеушілік ретінде қабылдануы мүмкін. Тұрмыстық тапсырма кезінде сенім білдірілген өкілмен жасалатын іс- әрекеттердің сенім білдірушінің нұсқауларына дәлме-дәл сәйкес келуі туралы айтқан орынды болар. Екі жағдайда да сенім білдірілген өкіл сенім білдіруші қайсысына қол жеткізуге тілек білдірсе, сол құқықтық нәтижеге қол жеткізуге тиіс.Сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің нұсқауларынан тек ерекше жағдайларда ғана шалыс кетуге құқылы. Оларға тапсырманы бастапқы түрінде орындауды мүмкін емес болатын кезек күттірмейтін жағдайлардың туындауы жатқызылатын болады. Мысалы, сатып алу туралы тапсырма берілген ауыл шаруашылық машиналарының белгілі бір модификациясы сатылып кеткен болса, бірақ егер сенім білдірілген өкіл өз жауабын бермесе, сатылып кеткен деп тұрған басқа модификациясы қалған болса. Бұл туралы сенім білдірушіден шұғыл түрде рұқсат сұрауға онда мүмкіндік жок, бірақ ауыл шаруашылық машиналар мерзімді жұмыстарды атқару үшін аса қажет. Осы жағдайда сенім білдірілген өкіл сатып алу туралы шешім қабылдауға құқылы және ол дұрыс заңды қадам жасады деп есептеледі.Егер істің мән-жайы бойынша ол сенім білдірушінің мүдделері үшін қажет болса және сенім білдірілген өкіл сенім білдірушіден алдын ала сұрай алмаса не өзінің сауалына дер кезінде жауап алмаса сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің нұсқауларынан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сенім білдірілген өкіл, хабарлау мүмкін болысымен жол берілген ауытқулар туралы сенім білдірушіні хабардар етуге міндетті. Осындай талаптың болуы сенім білдірушіге өзі үшін қалыптасқан қолайсыз жағдайды түзеу бойынша шұғыл шараларды қолдану мүмкіндігін беру логикасымен түсіндіріледі.Сенім білдірілген өкіл өзіне берілген тапсырманы өзі орындауға міндетті. Тапсырманы өзі орындау міндеттілігі тапсырма шартын өтелмелі қызмет көрсету шарттарынан ерекшелендіреді. Заңда көзделген жағдайларда сенімді басқа тұлғаға қайта беру мүмкін болады. Бұл орайда сәйкес келетін сәттер болғанмен де сенімді басқа тұлғаға қайта беру басқа міндеттемелердегі үшінші тұлғаға орындауды тапсырудан біршама ерекшеленеді.Егер сенім білдірілген өкілдің орынбасары шартта атап айтылған болса, сенім білдірілген өкіл шарттан шығып қалады және ол орынбасардың іс- әрекеттері үшін жауап бермейді.Сенім білдірілген өкіл сенім білдірушіге оның талап етуі бойынша тапсырманың орындалу барысы туралы барлық мәліметтерді хаба-рауға (есеп беруге) міндетті. Тапсырманың орындалу барысын бақылау мүмкіндігіне мүдделі сенім білдіруші сенім білдірілген өкіл тарапынан хабардар етудің кезеңділігін тікелей шартта не тапсырманың орындалу барысы туралы барлық мәліметтерді беру туралы сенім білдірілген өкілге нұсқаулар беру қажеттілігі бойынша ескертуге тиіс. Есеп беру міндеті, осылайша, шарттың орындалуы барысында өзгертілуі мүмкін. Сенім білдіруші өзін қызықтыратын мәліметті ғана таңдап сұратып ала алады.Сенім білдіруші шартқа сәйкес сенім білдірілген өкіл орындағанның барлығын кешіктірмей қабылдауға міндетті. Сенім білдіруші тапсырманың орындалуы бойынша сенім білдірілген өкілге, егер бұл заң актілерімен немесе шартпен көзделген болса, сыйақы төлеуге міндетті. Яғни, егер тұрмыстық тапсырма шартында немесе коммерциялық емес, ұйымдар арасындағы тапсырма шартында сыйақы төлеу туралы арнайы ескертілмесе, сенім білдіруші оны төлемеуге де құқылы.Егер тапсырма шарты тараптардың екеуінің немесе олардың бірінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына байланысты болса, шартта өзгеше көзделмесе, сенім білдіруші сенім білдірілген өкілге сыйақы төлеуге міндетті. Сыйақы төлеу үшін оның нақты мөлшері шарттың өзінде тікелей көрсетілуі немесе көрсетілмеуі әсер етпейді. Егер шартта немесе заң актілерінде шартты орындаудың өтелуі көрсетілсе, бірақ сыйақының мөлшері көрсетілмесе, онда ол осыған ұқсас қызметтер үшін әдетте қабылданған баға ескеріле отырып айқындалады.Сенім білдірілген өкіл тапсырмадан бас тартқан жағдайда оған сенім білдірушіге шартты тоқтату мен келтірілген залалдарды өтеу бойынша міндет жүктеле алмайды. Бірақ, егер сенім білдірілген өкіл сенім білдіруші өз мүдделерін өзгеше қамтамасыз ету мүмкіндігінен айырылған кезде бас тартса, оған шартты тоқтату мен келтірілген залалдарды өтеу міндеті жүктелетін болады. Егер тапсырманы орындаудан кәсіпкер сенім білдірілген өкіл бас тартса да, сондай салдар туындайды. Бұл оның тапсырмадан бас тартуға құкығы жоқ дегенді білдіреді. Сонымен қатар, ол өз міндеттемесін іс жүзінде орындауға мәжбүрленбейді. Тапсырма шартының жеке сипатын тағы да ескере отырып, заңнама ол бойынша құқық мирасқорлығының ерекше ережелерін белгілейді. Біз тараптардың бірінің қайтыс болуына байланысты шартты тоқтату туралы айтқан болатынбыз. Сенім білдірілген өкіл қайтыс болған кезде ол тапсырманы орындау тәртібінде алған, сенім білдірушіге тиесілі заттар оның құжаттары мұрагерлердің немесе мұралық мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті өзге тұлғалардың қолында қалып қоятын жағдай орын алуы мүмкін. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 3. Тапсырма шартының түсінігі 4. Тапсырма шартының мазмұны 5. Тапсырма шартының түрлері Ұсынылатын әдебиет 1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996. 2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997. 3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996. 4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995. 5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98. 6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева. Тақырып 14. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау. Конкурстық міндеттемелер 1. Басқаның мүддесінде тапсырыссыз іс әрекет жасау. 2. Конкурстық міндеттемелер. 1. Біржақты іс-әрекеттерге біржақты мәмілелер - құқықтық іс-әрекеттер жатады. Бұған қоса, құқықтық іс-әрекеттер аясында бірқатар іс жүзіндегі іс- әрекеттерде маңызды болуы мүмкін.Туындайтын міндеттеменің өзі шарттан тыс болып табылады. Ол тек іс-әрекет салдарының өзінен ғана емес, сондай-ақ заңнамада көзделген белгілі бір салдардың қатар туындауымен пайда болады. Яғни, міндеттеме өмір сүру үшін іс-әрекет жасау мен байланысты қандай да бір іс жүзіндегі өзгерістер ортада орындалу қажет.Әрекет етуші заңнамаға сәйкес бұл құқықтық қатынас, құқықтар мен мүдделердің бұзылуына жол бермеу үшінші немесе белгілі-бір тұлғаға әкелу мақсатында басқа тұлға іс жүзіндегі немесе заңдық іс-әрекеттер жасайтын жағдайларда туындайды. Бұл орайда, біреудің пайдасына іс-әрекет жасаған тұлға белгілі-бір шығынға ұшырауға тиіс, немесе оның өз құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірілуі мүмкін.Соның салдарынан қосымша, заңмен анықталған талаптар болған кезде, пайдасына іс жүзіндегі немесе заңдық іс-әрекеттер жасалған тұлғаның міндеттемесі туындайды. Сонымен бірге, мұндай міндеттеменің туындау жағдайларынан алшақтайтын болсақ, онда оның мазмұны бір нәрседе тапсырма шартының мазмұнына жакын болатындығын атап өтуге болады, бірақ тапсырма шартынан елеулі ерекшелік болып бұл құқықтық қатынастарда олардың жеке сипаттылығынын болмауы табылады, өйткені пайдасына іс-әрекет жасалған тұлға тарапынан таңдау болмайды. Орын алған жағдайлардың ерекшеліктеріне байланысты, іс-әрекет жасаған тұлға мен міндеттеменің екінші субъектісі оған дейін жеке сенімі ерлік қатынастарда болуы мүмкін, және соған орай соңғысының пайдасына белгілі бір іс-әрекеітерді жасау мүмкін болуы мүмкін. Бірақ жеке сенімгерлік қатынастарда болуы міндетті емес. Сонымен қатар басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекетті кез келген тұлға тіпті кездейсоқ субъект жасай алады.Міндеттеменің осы түрі тындау үшін пайдасына іс-әрекет жасалаған мүдделі тұлғаның тапсырмасынсыз, өзге де нұсқауынсыз немесе алдын ала уәде берілген келісімінсіз іс-әрекет жасау міндетті болып табылады (ҚР АК 855-бап 1-т.). Жалпылама түрде сол бір немесе өзге іс-әрекеттерді жасау туралы келісімнің болмауы туралы айтуға болады. Аталған норма, борышқор өзіне қандай да міндеттемелерді алдын ала алмаған және алуды да ойламаған жағдайда оның заңдық міндеттеу механизмінің әрекетін шартта енгізуді көздеген. Мысалы, мұндай формула орын алған іс-әрекет ақысыз тапсырма шарты емес, тапсырмасыз қызмет аясында болғанын анықтау міндетін қоюға тиіс. Ақысыз тапсырма шарты бойынша сенім білдірілген өкіл адал ниетсіз болуы да мүмкін. Бас кезінде ол тапсырманы (кәсіпкерлік қызмет аясында емес) ақысыз орындауға келісе отырып артынан негізсіз талаптар қоюы мүмкін. Тапсырма шарты бойынша өзінде сыйақы алуға деген құқықтың болмайтынын біле отырып ол талап арыз беріп өз талабын тапсырмасыз қызмет етуден-мыс туындайтын талап ретінде көрсетуі де мүмкін.Іс-әрекеттерден тұлғаның жеке басына немесе мүлкіне зиян келтірілуін болдырмау, оның міндеттемесін орындау немесе оның өзге де заңға қарсы емес мүдделері мақсаттарында жасалуға тиіс. Яғни жасалатын іс-әрекеттер іс жүзінде немесе болжамды түрде нәтижелі болып табылады. Оларды жасаудың айқын тиімділігі немесе пайдалылығы анық болуға тиіс. Бірақ алдында айтылған сөзімізге сүйенетін болсақ, осы іс-әрекеттерді тұлға жасай отырып, олардың шын нәтижелігі туралы қателесуі де мүмкін екенін атап өтуге болады.Жасалатын іс-әрекеттердің негізділігі мен құқықтық маңыздылығы тағы бір критерий болып мүдделі тұлғаның шынайы немесе болжамды ниеттері табылады. Егер баска тұлғалардың мүддесіне жасалатын осындай іс- әрекеттер олардың қызмет мақсаттарының бірі болып табылатын мемлекеттік органдармен жасалатын іс-әрекеттер туралы сөз болып отырса, онда тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын міндеттеме орын алмауға тиіс.Басқаның мүддесіне іс-әрекет жасайтын тұлға алғашқы мүмкіндік туған жағдайда мүдделі тұлғаға бұл туралы хабарлауға міндетті. Бұл талапты сақтамаған кезде, мүдделі тұлғаны хабардар ету мүмкіндігі пайда болғаннан кейін жасалған іс- әрекеттер бойынша гестор мүдделі тұлғадан тиісті өтемақы алу құқығынан айырылады.Жасалған іс-әрекеттер туралы хабардар еткеннен кейін гестор қисынды мерзім ішінде жасалған іс-әрекеттерді мақұлдайтындығы туралы немесе мақұлдамайтындығы туралы шешімді күтуге міндетті. Алайда егер шешімді күту мүдделі тұлға үшін елеулі залал келтіруі мүмкін болса, гестор жауапты күтпестен мүдделі тұлғаның пайдасы үшін қосымша іс-әрекеттерді де жасай алады. Егер мүдделі тұлғамен берілген жауапта гестордің іс-әрекеті мақұлданбаса немесе жауап берілмесе және жағдайға қарай оны мақұлдау ретінде бағалауға болмайтын болса, онда гестор өзінің одан арғы іс- әрекеттерін тоқтатуға тиіс болады.Іс-әрекеттер жасаған тұлға оларды мүдделі тұлғаның мақұлдамағандығы белгілі болған соң жасаған бөтен мүдделердегі іс- әрекеттер осы іс-әрекеттер жасаған тұлғаға қатысты да үшінші бір тұлғаға қатысты да соңғысына міндеттер жүктемейді. Қатерге ұшыраған адамның өміріне төнген қауіпті жою мақсатындағы іс-қимылға осы адамның еркіне қарсы жол беріледі. Сондай-ақ тұлға біреуді асырау жөніндегі міндетті осындай міндеті бар тұлғаның тапсырмасынсыз және оның еркіне қарсы орындай алады. Яғни бұл жерде борышқор басқаның мүддесіне жасалатын іе-әрекеттен туындайтын міндеттеме бойынша заңға немесе шартқа сәйкес асырауға міндетті болған тұлғалар туралы сөз болып отыр. Мысалы, гестор өмірлік асыраудағы адамның ауыр жағдайын дұрыс тамақтанбауын суық күндері жылы киімінің жоқтығын көріп оған аяушылық білдіргендіктен тамағын, қажетті киімін беретін болса, артынан гестор өмірлік асырауда ұстауға міндетті болған тұлғаға тиісті талаптармен жүгіне алады.Жоғарыда сипатталған жағдайға қатысты әрине, басканың мүддесіндесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасаудан туындайтын әдеттегі міндеттемелер сияқты дәл сол категорияларды қолдану, борышқорды мүдделі тұлға деп атау қиын және т.с.с. Бірақ заң шығарушылар осындай жағдайларда басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасаудың да болатындығын ескере отырып, оларды жалпылама белгілеген. Бұған қоса, біздің ойымызша бұл жерде регресстік міндеттемелер механизмі де әрекет етеді (қолданылады).Егер бұл іс-әрекеттер онын қатысуымен жасалса, мүдделі тұлғаға оның мүддесіне жасалған іс-әрекеттер туралы арнайы хабарлау талап етілмейді. Мұндай іс- әрекеттердің жасалуын қаламайтын мүдделі тұлға оларды мақұлдамайтындығын өзі білдіруге тиіс. Басқаның мүддесіне мәмілелер де жасалуы мүмкін. Базардағы сатушы өзінің қасында тұрған басқа сатушы шыдаттырмайтын тіс ауруына байланысты өз тауарын уақытша қалдырып кеткенде оның тауарын ол үшін тиімді бағамен сатып жіберуі мүмкін. Кейбір жағдайларда басқаның мүддесіне іс-әрекет жасаудан туындайтын міндеттеме басқаның мүддесіне мәмілені кәсіпкердің бизнес бойынша әріптесі жасайтын кезде де туындауы мүмкін. Бұл,егер екі кәсіпкер қызметтесу туралы локалды келісімдер мысалы, бір жөнелтушіден алынған әртүрлі тауарларды бірлесе тасымалдау туралы келісімдер бекіткен болса, орын алады. Солардың бірі екінші кәсіпкердің тауарына қатысты жасалған сату туралы офертаға сүйене отырып, оның тауарын жол бойында оның келісімінсіз бірақ, пайда болатындығын ескере отырып сатып жібере алады. Заңнама сонымен бірге басқаның мүддесіне мәміле жасаудың арнайы салдарын көздейді. Басқаның мүддесіне жасалған мәміле бойынша міндеттер ол осы мәмілені мақұлдаған жағдайда мүддесіне мәміле жасалған адамға ауысады оған міндеттердің ауысуына гестор мәміле жасасқан қарсы тарап өз келісімін беруге тиіс. Егер мәміле жасасу кезінде ол бұл мәміленің басқаның мүддесіне жаса-латындығын білген немесе білуге тиіс болған болса, оның келісімі талап етілмейді.Мәміле бойынша міндеттер мүддесіне осы мәміле жасалған адамға ауысқан кезде соңғысына осы мәміле бойынша құқықтар да берілуге тиіс. Егер мүддесіне іс-әрекет жасалған тұлға оларды мақұлдаса, онда оның гестормен ара қатынасында туындайтын қатынастарға алдағы уақытта тапсырма шарты немесе жасалған іс-әрекеттердің сипатына сай келетін өзге шарт туралы ережелер қолданылатын болады. Сонымен гестордың іс-әрекетін мақұлдаған кезде басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын шарттан тыс міндеттеме тиісті шартқа ауысатын болады. Бұл орайда шарттың заңнамамен талап етілетін нысанын сақтау міндетті емес, мүдделі тұлғаның ауызша мақұлдауы жеткілікті болады. Олар бір уақытта екі құқықтық қатынастарда болады.Басқаның мүддесіне іс-әрекеттер жасаған адам мүддесіне іс-әрекеттер жасалған адамға есеп беруге міндетті. Бұл міндет тапсырмасыз жасалған әрекеттерге де шарт аясында жасалған іс-әрекеттерге де таралады. Шарт бойынша жасалған іс-әрекеттер бойынша есеп егер, тиісті шарт туралы нормалармен осындай міндет көзделетін болса берілуге тиіс. Есептің мазмұнында түскен кірістер мен жасалған шығындар және өзге де залалдар көрсетілуге тиіс.Жоғарыда қарастырылған бірқатар талаптар болған кезде және гестор есеп беру жөніндегі міндетін орындаған кезде мүдделі тұлғаның өз міндеттерін орындау кезі туындайды. Оның көлемі заңнамамен анықталады. Міндеттеме тараптары өзара келісім бойынша оны орындаудың тәртібін мерзімдерін және басқа да талап етілетін қырларын нақтылай алады. Оның мазмұны басқаның мүддесіне әрекет еткен тұлғаға залалдарды өтеуді қамтиды. Залалдар басқаның мүддесіне әрекет еткен тұлға жасаған қажетті (артық емес) шығындарды қамтиды. Сондай-ақ залалдар құрамына басқаның мүддесіне әрекет еткен тұлғаның өзге де нақты залалы (алынбаған пайда емес) енгізілуі мүмкін. Мұндай нақты залалға атап айтқанда, егер мүдделі тұлғаның мүлкін құтқару нәтижесінде гестордың денсаулығына зиян келтірілсе, гестордың емделуіне кеткен шығындар жатқызылатын болады. Мүдделі тұлға өзі мақұлдамаған гестордың өз іс-әрекеттерінен туындаған залалдарды өтеуге міндетті емес.Басқаның мүддесіне жасалған іс-әрекеттер болжанған нәтижеге жеткізбеген жағдайда да қажетті шығындар мен өзге де нақты зиянды өтеу құқығы сақталады. ҚР АК 859-бабының 1-тармағының 2-бөлігі гесторға төленетін сыйақының жоғарғы шегін шектеген. Гестордың қажетті шығындары мен өзге де нақты залалын мөлшеріне қарамастан мүдделі тұлғаның өтемі гестордың іс-әрекетімен құтқарылған сақтап қалынған мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төленуге міндетті. Шарттан тыс міндеттеме шарттық міндеттемеге ауысқаннан кейін тараптардың сыйақы төлеумен байланысты құқықтар мен міндеттері ауысады. Басқаның мүддесіне іс-әрекеттер жасаған тұлғаға мүдделі тұлғаның мақұлдауын алған соң жасаған іс-әрекеттерге байланысты келтірілген шығындар мен өзге де залалдар тиісті түрдегі шарт туралы ережелер бойынша өтеледі. Егер гестордың іс-әрекетінің салдарынан мүдделі тұлға пайда (кіріс) тапса, онда ол гестордың залалдарын өтеумен қатар оған сыйақы да төлеуге міндетті болады. Оның мөлшері мүдделі тұлғаның пайдасына сүйене отырып анықталатын болады.Егер мүдделі тұлғамен гестор арасында бұл туралы келісімге қол жеткізілсе, сыйақы төлеу мүдделі тұлғаның пайда көруіне қарамастан барлық жағдайларда мүмкін болады. Гестордың іс-әрекеттері оң нәтижеге алып келетін және іскерлік айналым дағдылары сыйақы төлеуді көздейтін жағдайларда да сыйақы төленуге тиіс. Осы айтылғандарды қорытындылай келсек, басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет ету салдарынан туындайтын міндеттеме деп - гестордын қалыптасқан жағдайларда орынды түрде жүзеге асуын ескерумен оларды болжамды пайдалылығы мен нәтижелігіне сүйене отырып жасалған біржақты іс-әрекеттерінен туындайтын міндеттемені түсінеміз. Ол мүдделі тұлғаның (пайдасына іс-әрекеттер жасалған адам) немесе заңнамада көрсетілген өзге де тұлғаның гесторға залалдарды өтеу ал заңнамамен тараптардың келісімімен немесе іскерлік айналым дағдыларымен көзделген жағдайларда оған сондай-ақ сыйақы төлеу міндетін қамтиды.Біреуге қатысты іс-әрекеттер жасау әрқашан да оңды нәтижеге жеткізбейді, іс-әрекет әрқашан да орын алған жағдай мен тұлғаның болжамды ниеттерімен жетеленбейді, ол әр уақытта оның пайдасы немесе мүддесі үшін жасалмайды. Бұған қоса, адам беру үшін іс-әрекет жасай отырып, оның құқықтары мен мүддесіне зиян келтіруі де мүмкін. Мысалы, адам өміріне оның қандай да бір ауруының асқынуына байланысты жол бойына қауіп төнген кезде оның қасындағы жол серігі оған көмектесіп, ауруын жеңілдету мақсатында оның тамыр ішіне дәрі енгізуі мүмкін. Дәрінің әсер ету эффектісін білмегендіктен ол ауру адамның жағдайын ұшықтырып жіберуі де мүмкін. Осындай мүмкіндікті ескере отырып, 863-бап басқаның мүддесіне жасалған іс-әрекеттермен келгіріліен зиянды өтеу туралы норманы қамтыған.Басқаның мүддесіне жасалған іс- әрекеттермен келтірілген зиян мүліктік зиянды және мүліктік емес залалды өтеудің жалпы ережелері бойынша өтеледі.Егер тұлға басқаның мүддесіне іс- әрекет жасай отырып, өз әрекеттерімен басқа тұлғаны негізсіз байытса, онда соңғысы негізсіз баю міндеттемесі бойынша бірінші тұлға (басқаның мүддесіне іс-әрекет жасаған) алдында міндетті болады. Мұндай міндеттеменің негізі болып басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын міндеттемелер негіздерімен шектес жағдайлар табылады. Яғни, мұнда басқаның мүддесіне әрекет ету қажеттілігі іс жүзінде болмаған жағдайлар туралы сөз болып отыр. Бұл орайда сол бір немесе өзге себептерге байланысты (қасақана емес, өз әрекеттерінің қажет емес екенін білмей) субъект басқаның мүдде-сіне іс- әрекет жасап, шығынға ұшырауы мүмкін. Әрине, өзіне қатысты іс-әрекет жасалған тұлға іс-әрекеттердің пайдасыздығына сүйене отырып, басқаның мүддесіне іс-әрекет жасаған тұлғаның залалдарын өтеуден бас тартуы мүмкін. Алайда, егер бірінші тұлға қандай да бір мүлікті соңғысының есебінен иеленсе немесе сақтап қалса, ол осы мүлікті қайтаруға міндетті болады. Іс жүзінде басқа тұлғаның мүддесіне әрекет ете отырып, оның өз мүдде үшін әрекет еттім деп болжамдауы да орын алған жағдайды өзгертпейді. 2. Конкурстық міндеттемелер біржақты іс-әрекеттерден туындайтын міндеттемелердің тағы бір түрі болып табылады. Оларда шетелдік мемлекеттердің жеке құқығында квази келісім-шарттық деп аталатын міндеітемелердің белгілері жақын көрініс тапқан. Осы айтылған сөз, жоғарыда қарастырылып өткен басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын міндеттемелерге де қатысты.Қазақстан Республикасының міндеттемелік құқығында топтастырудың мұндай негізі қолданылмайды, алайда квази келісім- шарттық міндеттемелерді атап өту конкурстық міндеттемелерді дұрыс түсінуге және бағалауға мүмкіндік береді. Олардың кейбіреулері шарттық міндеттемелерге өте ұқсас, өйткені конкурстық міндеттемелер қатысушылардың еріктерін іс жүзінде келістіру алдағы уақытта бәрібір орын алады, бірақ заңнама сол бір немесе өзге нысанда конкурсқа бастамашылдық білдірген субъектінің еркіне ғана және егер оның ерік білдіруі құқықтық қатынастың негізі ретінде жеткілікті болса, басымды құқықтық маңыз береді.Қалған субъектілердің еркі есте ұсталады және олар көмекші маңызға ие болады (олардың міндеттемелерге қатысуы, бірқатар жағдайларда олармен конклюденттік іс-әрекеттерді жасаумен қамтамасыз етілуі мүмкін, алайда олардың белсенді іс-әрекеттерді де жасауды, конкурстың барлық талаптарын сақтауы жоққа шығарылмайды).Осы міндеттемелердің мазмұны конкурстық тапсырма бойынша конкурсанттардың әдетте борышқорлармен бірқатар азаматтық- құқықтық шарттарды мердігерлік тапсырма, комиссия және т.б жасалатын іс- әрекеттерді қамтуы мүмкін. Конкурсант-тардың заңдық қылықтарды – ғылым, әдебиет және өнер туындысын жасауы жоққа шығарылмайды.Бірінші жағдайда конкурсанттармен конкурсты жария еткен субъектінің пайдасына заңдық маңызы бар іс-әрекеттерді іс жүзінде жасау туралы емес, сол конкурсты жария еткен тұлғамен өз талапта-рын сақтаудың орнына өздерінің заңдык міндеттеуге дайын екендігі туралы сөз болып отыр. Егер конкурсанттардың қайсібірімен іс- әрекеттер жасалса (жұмыс орындалса, тауарлар берілсе, қызметтер көрсетілсе) және конкурс жария еткен тұлға оны қабылдаса(олармен келіссе) және соңғысының мүліктік аясы конкурсант іс-әрекеттерінің салдарынан белгілі бір игіліктермен толықса, онда тараптардың ара-қатынасына белгілі бір шарт туралы ережелер қолданылуға тиіс.Конкурс жария еткен шарттарды бекітуге қатысты тұлға оферталар жасауды ұсынуды және өзіне ең жақсы жағдайлары бар офертаға қосылу міндеттемесін алады. Ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасауға конкурс жария еткен кезде, нақты іс-әрекеттерді жасау талап етіледі. Конкурстық міндеттемелердің көмегімен тараптардың ара қатынасы және қажет болған кезде шарттар мен интеллектуалдық меншіктің әртүрлі обьектілерін жасаудан басқа өзге де заңдық маңызы бар іс-әрекеттер реттелуі мүмкін.Конкурстық міндеттемелер туралы нормалар ҚР Азаматтық кодексінің "конкурстық міндеттемелер" деп аталатын 46-тарауында (910-914-баптар) қамтылған. Аталған баптардың нормаларымен сыйақы беруге көпшілік алдында уәде беруден туындайтын конкурстық міндеттемелер және саудаластық негізінде (тендерлер, аукциондар) туындайтын міндеттемелер реттеледі. Конкурстық міндеттемелер Қазакстан Республикасының өзге заң актілерімен де реттелуі мүмкін. Біз Қазақстан Республикасының 16 ма-мыр 2002 жылғы "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңын атап өткен болатынбыз. Сондай-ақ, міндеттемелердің аталған түрлері үшін ма-ңызды болып табылатындардың қатарын Қазақстан Республикасы Президентінің 23 желтоқсан 1995 жылғы "Жекешелендіру туралы заң күші бар Жарлығы және басқа да бірқатар заңды актілер кіреді.Конкурстық міндеттемеде оның бастамашысы оның пәнін,. сондай-ақ конкурстың бастапқы шарттарын өзі немесс заңнама талаптарына сәйкес анықтайды. Ол осының негізінде тұлғалардың белгісін немесе белгілі бір тобына оған қатысуға ұсыныс жасайды және конкурстың жеңімпазына белгіленген сыйақы төлеуге және (немесе) онымен конкурстық міндеттемелердің мазмұнына сәйкес шарт жасауға міндеттенеді.Конкурсқа қатысу туралы ұсынысты конкурстық бастамашысы тікелей өзі немесе конкурстық делдал - ұйымдастырушысы арқылы жасауы мүмкін. Конкурсты ұйымдастыру тәсіліне қарамастан ол бойынша міндеттеме конкурстың бастамашысында пайда болады. Делдал мен бастамашының құқықтары мен міндеттері олардың арасындағы шартпен анықталады, ол шарт, өз кезегінде, табиғаты жағынан комиссия немесе тапсырма шарты болады. Конкурс ашық болуы мүмкін. Ол бойынша конкурс бастамашысының конкурсқа қатысу туралы ұсынысы барлық тілек білдірушілерге арналады. Мұндай ұсыныс баспасөз немесе өзге де бұқаралық ақпарат құарыл арқылы хабар жолдаумен жасалады.Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші тұлғаларға алдын ала іріктеу жүргізгенде ашық конкурс оған қатысушылардың біліктілігімен байланыстырылуы мүмкін. Ашық конкурсқа қарағанда, конкурсқа қатысуға шақырған ұсыныс конкурс бастамашысының таңдауы бойынша тұлғалардың белгілі бір тобына жалданғанда жабық конкурс жариялануы мүмкін. Жоғарыда атап өткеніміздей, міндеттеменің бір түрі болып сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме табылады. Мұндай міндеттеме де бөлінеді. Сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме тұрмыстық аяда пайда болуы мүмкін. Кейде азаматтар өздеріне тиесілі заттарды (құжаттарды, үй-жануарларын және т.с.с.) жоғалтып алып, оларды іздеп тауып өздеріне қайтаруға талпынады. Соған орай азаматтар оларды қайтаруға үміттене отырып бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе хабарлама ілуге арналған арнайы тақтайшаларда хабарламсы бар жария етеді. Азаматтардың осындай іс-әрекеттерінің салдарынан сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттемелер пайда болуы мүмкін. Олардың пайда болу талаптары мен элементтерін қарастырып өтейік.Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімін қабылдаумен байланысты аталған қатынастар тек конкурстық міндеттемелер туралы нормалармен ғана емес, сонымен қатар тікелей олжа туралы (АК 245-6) нормалармен де реттелуі мүмкін. Кеңестік азаматтық құқықтың әрекет ету кезеңінде олжа табу мен затты тапқан адаммен оны қайтару кезіндегі тараптардың ара қатынастарын реттеу үшін ұқсастыру бойынша конкурстық міндеттемелер туралы нормалар қолданылды және олжа тапқаны үшін сыйақы төлеу тек соған сәйкес сыйақы алуға деген тікелей құқық туындамаған болатын. Енді, жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, біз міндеттемелер сыйақыға жария уәде беру туралы норманың затын екінші тұлғамен тауып алуға байланысты тараптардың құқықтық қатынастарының аясында да туындай алады.Егер еске түсірер болсақ, 245-баптың 6-тармағына сәйкес затты тауып алған тұлға затты алуға заңды құқығы бар адамнан зат құнының отыз пайызы мөлшерінде сыйақы алуға құқылы. Бұл заң нұсқауына орай туындайтын міндеттеме. Затқа онын меншік иесі немесе өзге де құқық иесі сыйақы беруге уәде бере алады. Бұл орайда сыйақының ескертілген мөлшері заңда көрсетілген мөлшерден кем болуы да мүмкін. Егер затты тауып алған тұлға сыйақының уәде етілген мөлшерімен келіспесе, онда ол не жоғарыда аталған норма негізінде онымен құқықтық қарым-қатынасқа түсе алады, не аз мөлшердегі сыйақыны алуға келіседі (конкурстық міндеттеме түзуге). Егер зат тек оның меншік иесі үшін ғана қызығушылық тудыратын болса, онда сыйақы мөлшері тікелей сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеменің талаптарымен анықталатын болады. Сыйақының нақты мөлшерінің көрсетілмеуі маңызды емес. Мұндай жағдайларда ол сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме бойынша тараптардың қосымша келісімімен белгіленетін болады, егер келісімге қол жеткізілмесе, онда сот тәртібімен анықталады. Олжа табу кезінде сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме туындау үшін сыйақы беру уәдесінің жария болуы кажет. Жариялылықтың басты белгісі болып адамдардың белгісіз тобына жүгіну табылады. Сондай-ақ мұндай жүгіну сыйақыға уәде берген субъектіні айқындауға мүмкіндік беруге тиіс. Кейбір осыған ұқсас жағдайларда да міндеттеме туындау мүмкін. Мысалы, қылмыскер туралы ақпарат бергені үшін сыйақы беруге уәде етіледі. Сыйақыға уәде берген тұлға оны төлеуді өз пайдасына, өз мүддесіне мүліктік және (немссе) мүліктік емес сипаттағы іс-әрекеттерді жасаумен шарттай алады. Сыйақының өзі бұл орайда әрқашан мүліктік (ақшалай немесе заттай) нысанда болуға тиіс.Жоғарыда қарастырылып өткен осы жағдайлар конкурс туралы нормаларды ұқсастық бойынша қолдануға қатысты. Ал сыйақыға жария уәде беруден туындайтын конкурстық міндеттеме өз қолданысы көрініс табатын белгілі бір аяларға ие. Олар ҚР АК- ң 910, 911 және 912-баптарының нормаларына толык көлемде жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.Конкурстық міндеттемелердің көмегімен мәдениет, ғылым, білім ұйымдарының мемлекеттік органдар, коммерциялық құрылымдар, қоғамдық бірлестіктер алдында тұрган әртүрлі мәселелер шешімін табады. Кейбір жағдайларда конкурс конкурсанттардың өз мүдделері, яғни оларды ынталандыру, қолдау және т.б. үшін ұйымдастырылады. Конкурс арқылы интеллектуалдық меншік объектілерін (оларға басым түрде әдебиет, ғылым және өнер туындылары жатады) құру қажеттіліктері жиі қанағаттандырылады.Конкурстық негізде әртүрлі бағдарламалар (аймақтарды дамыту, қала құрылысы, жастармен жұмыс істеу және т.с.с.) жасала алады. Конкурстық міндеттемелердің ерекшелігі - олар заңнаманың тек жалпы талаптарын ғана ұстануға міндетті. Конкурстық нақты шарттары мен оның мақсаты, пәні (құқық қайшыларын қоспағанда) тұтастай және толығымен конкурс ұйымдастырушыларымен анықталады. Сонымен қатар, сыйақыға жария уәде беру міндетті түрде тапсырма мәнісін, нәтижелерді ұсыну белгілері мен тәртібін, сыйақы мөлшері мен нысанын көздейтін шарттарды қамтуға тиіс. Конкурстың шарттары нәтижелерді жария етудің тәртібі мен мерзімдерін де көздеуге тиіс.Бастамашы конкурсты ұйымдастыру кезінде өзінің жария хабарламасына сәйкес өзіне жұмысты жақсы орындағаны немесе өзге де нәтижелерге қол жеткізгені үшін ақшалай немесе өзгеше нысанда сыйақы төлеу туралы міндеттеме алады. Яғни, ол барлығына емес, тек аталған талаптарға сай келетін тұлғаға ғана төленеді. Орын алған жағдайға қарай бұл ережелер біршама өзгеруі де мүмкін, мысалы, егер конкурстың ұйымдастырушылары сыйақы төленетін бірнеше номинация көздеген болса.Сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені орындау конкурс шарттарына сәйкес жүргізіледі. Оны төлеу тәртібін конкурстық міндеттемеде тікелей реттеу, әрине, орын алмайды, ол ақшалай немесе өзге де мүліктік міндеттемені орындаудың жалпы ережелеріне сәйкес анықталатын болады, бірақ оны орындау мерзімі аса маңызды болып табылады. Сыйақы төлеу туралы шешім және оны іс жүзінде төлеу уәдеде белгіленген мерзімдерде қабылдануға және жүзеге асырылуға тиіс.Сыйақыға жария уәде беру бойынша өз міндеттемелерін орындаған конкурс бастамашысы, егер сыйақыға жария уәде беруде өзгеше белгіленбесе, туындыны жасаушымен оған қаламақы төлей отырып, оны пайдалануға шарт жасауға басымды құқық алады. Яғни белгілі бір шамада конкурсқа қатысу конкурстантты да міндеттейді. Ол ұсынылған талаптарға алдын ала келісім береді және сондықтан ол жасаған туындыны пайдаланғаны үшін сыйақы азайтылуы мүмкін немесе автор конкурс бойынша сыйақыны алып қойғанына байланысты белгілі бір кезеңде мүлдем төленбейді. Мұндай жағдайларда тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, сыйақыға жария уәде беру шарттарына, сондай-ақ интеллектуалдық меншік объектілерін жасауға байланысты қатынастарды реттейтін заңнамаға сүйену керек.Сыйақы туралы жария уәде берген тұлға, егер конкурс шарттарында өзгеше көзделмесе, сыйақы тағайындалмаған жұмыстарды олардың жасаушыларына қайтарып беруге міндетті. Жұмыстар қайтарылмайтын жағдайда, конкурстың ұйымдастыру-шылары авторлардың айрықша құқықтарын сақтамайынша оларды пайдалануға құқылы емес. Сыйақы төлеу туралы жария хабарлама берген жеке тұлға немесе ұйым дәл сондай нысанда берілген уәдеден бас тартуға құқылы. Егер бұл конкурс шарттарында тікелей ескертілсе, олардан бас тартуға жол берілмейтіндігі айқын көрсетілсе немесе сыйақы уәде етілген іс-әрекеттерді жасау үшін белгілі бір мерзім берілген болса, бас тартуға жол берілмейді.Жария уәдеден бас тартуға үн қоскан адамдардың ен болмағанда біреуі хабарламада көрсетілген іс-әрекеттерді орындап қойған кезде де жол берілмейді. Өз уәдесінен бас тартқан субъект хабарламада көзделген іс-әрекеттерді жасаған кез келген үн қосқан тұлғаға іс-әрекеттер жасауға байланысты көтерген шығындарын өтеуге міндетті. Аталған ережені конкурс бастамашысы үшін белгіленетін жауапкершіліктің санкциясы ретінде қарастыруға болады. оның мөлшері бұл жағдайда конкурстанттардың нақты залалдарымен шектеледі. Сонымен қатар барлық жағдайларда өтемнің мөлшері хабарландыруда аталған сыйақыдан аспауға тиіс.Конкурстың күші жойылмайтын ал конкурсант сыйақы алуға лайық болмайтын кәдімгі жағдайларда оның шығындары өтелмейді. Сыйақыға жария уәде беруге лотереялар, тотализаторлар және өзге де ойындар өткізу де жатады. Конкурс бұл жерде басқа маңызға ие, үміткерлерді іріктеу кездейсоқ негізде жүзеге асады жәме лотереяларды тотализаторлар мен өзге де ойындарды өткізген кезде конкурстық міндеттемелердің шарттан тыс табиғаты неғұрлым айқын көрініс табады.Бұл конкурстық міндеттеме субъектілік құраммен ерекшеленеді. Лотереялардың тотализаторлардың, ойындардың ұйымдыстырушылары болып уәкілетті органдар (немесе олардың өкілдері) арқылы мемлекет немесе әкімшілік аумақтық бөлініс не уәкілетті мемлекеттік органнан лотереялар, тотализаторлар мен тәуекелге негізделген басқа да ойындар өткізуге лицензия алған субъектілер табылады. Лотереялардың (тотализаторлардың, ойындардың) ұйымдастырушысы ретінде субъектілердің соңғы аталған тобы қатысқан кезде лотереяларды, тотализаторларды ойындарды өткізуден туындайтын міндеттеме кәсіпкерлік те болып табылуы мүмкін.ҚР АК 913-бабында сөз болып отырған лотереялар, тотализаторлар немесе өзге де ойындар тәуекелге негізделген. Оларға қатысу жөніндегі ұсыныс әр уақытта адамдардың белгісіз тобына арналады. Аталған баптың 1 -тармағында лотереялық билет, түбіртек немесе өзге құжат берумен рәсімделетін және ойынға қатысушы лотереялық билеттің құнын немесе ойынға қатысудың өзге төлемін төлеген кезден бастап жасалған боп танылатын шарт туралы айтылған. Мұндай шарттың болуы конкурстық міндеттеменің пайда болуының тек бір ғана алғышарты болып табылады. Шарт ойынға қатысу үшін қатысушының төлем енгізуіне және оны ойынға қатысуға ойындардың ұйымдастырушысымен жіберуге (қажетті акпаратты, толтыру карточкалары және т.б. беруге) қатысты тараптардың құқықтары мен міндеттерін бекітеді.Ойындарды ұйымдастырудан туындайтын міндеттеменің өзі ойынның қатысушысы сол бір немесе өзі де ойын (лотерея тотализатор) бойынша ұтыскер критерийлеріне (ұтыскердің сол бір немесе езге категорияларына) сай келген жағдайда ғана туындайды.Лотереяларды өткізу шарттары жалпылама түрде заңнамамен анықталады. Лотереялардың, ойындардың, тотализаторлардың нақты шарттары ұйымдастырушылардың өздерімен анықталатын болады.Ұйымдастырушы міндеттемесінің мәнісі мынада: лотерея, тотализатор немесе өзге де ойындар өткізу шарттарына сәйкес ұтыскер болып танылатын адамдарға ұйымдастырушылар ойындарды өткізудің шарттарында көзделген мөлшер мен нысанда ақшалай немесе заттай) ұтысты төлеуге тиіс. Ұтысты төлеу мерзімдері ойындардың шарттарымен анықталуға тиіс. Егер мерзім көрсетілмесе ұтыс ойындардың нәтижелері шыққан кезден бастап он күннен кешіктірілмей төленуге тиіс. Егер ойындардың ұйымдастырушысы ұтысты төлеу жөніндегі өз міндетін орындамайтын болса, онда оларды ұтып алған қатысушы оған ұтысты төлеуді, сондай-ақ өзіне келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.Заңнама ережелеріне сәйкес, тиісті органдардың бақылауымен лотереяларды, тотализаторларды және өзге де ойындарды ұйымдастырудан туындайтын міндеттемелерден жекелеген азаматтар мен заңды тұлғалар арасында ойындар мен бәстесуді өткізуге және оларға қатысуға байланысты туындайтын міндеттемелерді ажыратқан жөн. Әрекет етуші заңнамада ойындар мен бәстесуден туындайтын талаптардың пайда болу мүмкіндігі танылады. Бірақ оларды осы құқықтық терминнің толық мағынасында міндеттемелер деп атауға да болмайды. Осы "міндеттемеден" туындайтын талаптар сот тарапынан қорғалуға жатпайды және соған орай, оларды орындау "борышқордың" еркіне қалдырылады.Тендерден немесе аукционнан туындайтын конкурстық міндеттемелерге сәйкес оларды өткізудің бастамашылары оларға қатысу жөніндегі ұсынысты қабылдаған тұлғаларға сыйақы төлеуге міндеттенбейді. Ұйымдастырушылар жеңімпаз болып табылған (қойылған барлық талаптарға сай келетін) субъектімен шарт жасауға міндеттенеді. Бұл өз нәтижесінде жеңімпазға мүліктік пайда (немесе олардың мүддесін өзгеше қанағаттандыру) алып келуге тиіс. Тендер нысанында саудаластық өткізген кезде оның бастамашысы өзі ұсынған бастапқы шарттардың негізінде тендер бастамашысы үшін шарттың ең жақсы талаптарын ұсынған тендер қатысушысымен шарт жасасуға міндеттенеді. Бұл орайда бастамашы өзін ненің қызықтыратынына қарай, яғни басқаның тауарларын жұмыстары мен қызмет көрсетулерін иеленуге немесе өз тауарларын жұмыстары мен қызмет көрсетулерін сатуға байланысты әртүрлі мазмұндағы шарттар бекіте алады. Яғни ол сатушы, сатып алушы, мердігер, тапсырыс беруші, атқарушы, жалға беруші, жалға алушы және т.б. болуы мүмкін.Тендерлік міндеттеме туындау үшін күрделі заңдық құрылым қажет. Атап айтканда: -жария етілген талаптардың негізінде оған қатысуға адамдардың белгісіз тобын шақыруға арналған тендер бастамашысының ерік білдіруі; -тендерге қатысатын тұлғалардың ерік білдіруі талап етіледі. Соңғы аталғандардың ерік білдіруі заңнамамен белгіленген нысанда жүзеге асады. Олар тендер шарттарында белгіленген мерзімнің шегінде, тендер бастамашысына (ұйымдастырушысына) тендермен ұйғарылған барлық құжаттаманы қоса бере отырып, өз ұсыныстарын жазбаша түрде жібереді. Тендердің шарттарында ұсыныстарды желімдеген конверттермен және девиздермен жіберу көзделуі мүмкін.Егер тұлға ұсыныстарды беру мерзімін бұзса, онда бұл мерзімді өткізіп алған тұлғаны тендерге қатысушылардың қатарынан шығаруға әкеп соғады. Тендер бастамашысының (ұйымдастырушы) шешімі бойынша оның жазбаша хабарламасымен ұсыныстарды беру мерзімін өткізіп алған тұлға тендерге қатысуға жіберілуі мүмкін.Тендер шарттарымен тендерге қатысатын әрбір қатысушының кепілдік жарна енгізу міндеті көзделуі мүмкін, Ол тендер қорытындылары шығарылғаннан кейін қатысушыларға (жеңімпаз болмағандарға) қайтарылуға тиіс. Егер тендерге катысушы тендердің мерзімі өткенге дейін өз ұсынысынан бас тартса немесе оны өзгертсе, кепілдік жарна қайтарылмайды. Жеңімпаз өз ұсыныстарына жауап беретін жағдайларда тендер бастамашысымен тиісті шарт жасаудан бас тартқан жағдайда да кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды. ІІІарт жасасқан кезде кепілдік жарна жеңімпаздан шарт бойынша тиесілі төлемнің есебіне жатқызылатын болады.Тендерге қатысушылардың арасынан оның жеңімпазын таңдауды тендер бастамашысы немесе ол құрған тендер комиссиясы жүргізеді. Тендер шарттарына қарай жеңімпазды таңдау ашық не жабық тәртіпте жүргізілуі мүмкін. Егер тендерге қатысушылар екеуден аз болса немесе тендерге қатысушылардың ұсыныстарын оның бастамашысы тендердің талаптарын қанағаттандырмайды деп таныса, оның бастамашысы тендерді өткізілмеген деп тануы мүмкін. Онда оны өткізу құқықтық маңызға ие болмайды.Тендердің жеңімпазымен оның бастамашысы тиісті шарт жасасуға міндетті. Егер соңғысының шарт жасасудан бас тартуы орын алса онда тендердің жеңімпазы өзіне келтірілген залалдарды өтетіп алуға құқылы.Аукцион да, тендер сияқты саудаластық жүргізудің ерекше нысаны болып табылады. Аукцион оның ұйымдастырушысының ал бірқатар жағдайларда пайдасына аукцион өткізілетін үшінші тұлғалардың мүдделерін барынша ескеруге мүмкіндік береді. Аукционнан туындайтын міндеттемеге сәйкес, конкурстық сауда-ластық нәтижелері бойынша сатушы аукционның затын ол үшін не-ғұрлым жоғары баға ұсынатын аукцион қатысушысына сатуға міндеттенеді. Аукционның пәні болып азаматтық айналымнан шығарыл-маған кез келген қозгалатын немесе козғалмайтын мүлік табыла алады. Бұған қоса, аукциондарда интеллектуалдық меншік объектілеріне деген құқықтар, импорттық, экспорттык және өзге де квоталар мен лицензияларды қоса алғанда, шарттар бойынша және мүліктік құқықтар сатыла алады. Аукцион сатушымен бастапқы кезде жария етілген бағаны көтеру шарттарында ағылшын әдісі бойынша, не бағаны түсірумен голландық әдіс бойынша өткізілуі мүмкін. Бағаны төмендетуге өткізілетін аукционның шарттарымен минималды баға (ең төменгі баға) көзделуі мүмкін. Яғни аукцион пәнінің сатылу бағасы осы төменгі бағадан ары қарай төмендетілмеуге тиіс.Аукционға қатысу туралы ұсыныстар аукцион пәні туралы мәліметтерді қамтуға, сондай-ақ сол бір немесе өзге сатып алушы қандай аукциондық, саудаластыққа қатысқысы келетінін нақты анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір сатып алушы, егер аукционды өткізудің шарттарында өзгеше белгіленбесе, аукцион басталғанға дейін аукционга қатысуға өтініш беруге және кепілдік жарнаның белгіленген сомасын енгізуге тиіс. Егер аукционға кемінде екі сатып алушы қатысса, ол өткізіле алады. Егер аукционныц затын сатып алушылардың (қатысушылардың) бірде бірі сатып алғысы келмесе, бастапқы баға төмендетілуі (арине егер ол белгіленсе төменгі шекке дейін) немесе аукционның заты осы аукционнан алып тасталуы мүмкін. Егер аукцион шарттарында өзгеше белгіленбесе, аукцион міндет-темесіне сүйене отырып ең жоғары баға ұсынған аукционға қатысу-шымен оған аукционның затын сату туралы шарт жасалуға тиіс.Егер сатып алушы шартты жасасудан бас тартса, ол аукционға қатысушылардың қатарынан шығарылады, оған кепілдік жарна қайтарылмайды. Сатып алушы сатып алудан бас тартқан аукционның заты қайтадан саудаластыққа шығарылуы мүмкін. Егер тұлға аукционға қатысып онда ештеңе сатып алмаса оған ке-пілдік жарна қайтарылуға тиіс. Аукционның қандай да болсын затын сатып алған тұлғаға кепілдік жарнасының сомасы төленген сатып алу бағасының есебіне есептеледі. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Басқаның мүддесінде тапсырыссыз іс әрекет жасау міндеттемесінің түсінігі мен мазмұны. 2 . Конкурстық міндеттемелердің түсінігі және ерекшелігі. Ұсынылатын әдебиет 1. Г.А. Жайлин, Б.К. Абдыкадыров. Юридические лица от «А» до «Я». Пособие, А; 2003. 2.Гражданское право РК. Особенная часть. Т.1-2 / Жайлин Г.А. – А., 2003 3.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 4.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 5.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004 Тақырып 15 . Комиссия шарты 1. Комиссия шартының түсінігі мен элементтері 2. Комиссия шартының элементтері. 3. Комиссия шартының мазмұны 4. Комиссия шарты бойынша жауапкершілік 1.Комиссия шарты бойынша бір тарап (комиссионер) екінші тараптың (комитент) тапсыру бойынша сыйақы үшін комитет есебінен өз атынан бір немесе бірнеше мәміле жасауға міндеттенеді (ҚР АК 865-бап, 1-т).Комиссия шарты да материалдық емес қызмет көрсетулерді туындататын шарттарға жатады, осыдан оның тапсырма шарттарымен ұқсастығы байқалады. Сонымен бірге комиссия шарты тар аяда әрекет етеді, ол комиссионермен комитенттің арнайы барлық заңи маңызы бар іс-әрекеттерді емес, ал тек мәмілелерді ғана жасауды реттеуге арналған.Кеңестік азаматтық құқықтың әрекет ету кезеңінде нарықтық қатынастардың тапшылығы кезінде комиссия шарты азаматтардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуға деген құқық қабілеттілігінің жоқ болған элементтерінің орнын толтыратын. Олар өз тауарларын (өз өнімдерін) базарларда, ал қалған тауарларды мемлекетпен құрылған комиссиялық сауда дүкендері арқылы сатуға тиіс болды. Осы сауда кәіпорындарының қызмет ету мүмкіндігі бірқатар тауарлардың, соның ішінде киім-кешектің жетіспеушілігі немесе жеткіліксіз ассортиментімен себептелетін қазір, кәсіпкерлік қызмет субъектілері әртүрлі тауарларға деген сұранысты толығымен қанағаттандыратын кезде комиссиялық сауда дүкендерінің қызмет ету негіздері бұрынғы күйіндегідей өмір сүрмейді.Осы айтылған сөз комиссиялық сауда немесе өзге де комиссиялық қатынастар қазіргі жағдайларда өз маңызын жоғалтты дегенді білдірмейді. Комиссиялық қатынастар енді жаңа шектерде анықталды. Мысалы, еркін қоғамға өтуімізге орай шығармашылық кәсіп (суретшілер, халықтық кәсіп мамандары, мүсіншілер және т.б.) адамдары белсенділік таныта түсті. Жеке сурет салондары, өнер салондары, халықтық кәсіп заттарын сататын дүкендер пайда болды. Мұнда комиссия қатынастары толық қанды қолданылуға ие болады. Бұл сирек кездесетін заттарды, кітаптарды ювелирлік бұйымдарды сатумен айналысатын дүкендерге де қатысты. Кейбір жағдайларда, олар аталған заттарды сатып алып, содан кейін оларды қайта сатады, ал кейбір олар меншік иелері мен комиссия шартын бекітеді. Бұл орайда меншік (өнер туындысының) иесі сатылатын заттың мамынымен бағаланатындығына сенімді болады. Әрине, меншік иесі затты бағалауға ғана жүгініп, оны өз бетінше сату туралы шешім қабылдауы мүмкін, бірақ бұл ол үшін жоғары қауіпті тәуекел мен байланысты болуы мүмкін. Комиссия шарты комиссионер шартты орындауға байланысты комитентке затты сақтау бойынша қызмет көрсетуге тиіс болатын қатынастарды бекітуге мүмкіндік береді. Кәсіпкер коммиссионер комиссияға тапсырылған мүлікті сақтандыруға міндеттенуі мүмкін. Комиссия шарттары бағалы қағаздардың табиғи ресурстардың -мұнай, газ, көмір және т.б. айналымы кезінде қолданыла алады. Олар біздің кәсіпкер азаматтар сатып алушылардың "тапсырысы бойынша" автокөлік сатып алу үшін шетелге жүретін кезде де осы шартты жасаса алады. Осы жағдайларда азаматтардың, кәсіпкерлердің қызмет көрсетуіне жүгінулерінің себебі болып шетелдік мемлекеттің нарықтық конъюктурасын білмеу, автокөлікті талдап алу үшін қажетті арнайы білімдерді білмеу, уақыт жетіспеушілігі және т.б. факторлар табылады. Комиссия қатынастары аралас шарттар аясында да орын алуы мүмкін. Мәселен, тапсырыс беруші өзінің кәсіптенген маман екеніне сүйене отырып онымен оның өз атынан бірақ тапсырыс берушінің есебінен құрылыс материалдарын сатып алатындығы туралы келісе алады.Комиссиялық келісімдерді бекітудің осыған ұқсас жағдайлары мүмкін болады. Комиссияның заңдык құрылымы тапсырмамен өтелмелі қызмет көрсету сияқты аралас азаматтық құкықтық институттар мен ортақ белгілерге ие. Оның өтелмелі қызмет көрсетуді туындататындығынан басқа, оны тапсырмамен жақындастыратындығы комиссия кезінде комиссионер де комитент мүддесі үшін әрекет ететіндігінде. Бұл өз кезегінде оны өтелмелі кызмет көрсету шартынан ерекшелендіреді. Өтелмелі қызмет көрсету кезінде атқарушы өз бетінше әрекет етеді, оның көрсететін қызметі сырттай орын алады, ал комиссия қызметі "комитент еркінің жалғасы" сияқты болып табылады. Комиссияның өтелмелі қызмет көрсетуге ұқсастығы мынада: екі жағдайда да тиісті субъектілердің, яғни комиссионермен аткарушының қызметтері (қызмет көрсетулері) мүліктік құндылықпен жүзеге асырылатын болып табылады.Комитенттің мүддесі үшін әрекет ету екі жағдайда да тапсырма мен комиссия шарттарының мазмұнына әсер етеді, оларда бір-біріне сәйкес келетін тараптардың құқықтары мен міндеттері бар. Комиссия шартын тапсырма шартынан ерекшелендіретіні - комиссионердің заңдық аспектіде комитенттің өкілі болып табылмайтындығы. [pic] Комиссия қатынастары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 43- тарауының 865-882-баптарымен реттеледі. Соңғы жылдары комиссиялық саудаға қатысты нормативтік актілер онша көп қабылданған жоқ. Бірақ биржалық сауданың ұйымдастыруға қатысты заңнаманың бірқатар актілерінің нормалары комиссиялық шарттарға да қатысы бар екенін ескерген жөн. Комиссия қатынастарын реттейтін арнайы актілердің біріне 2 қазан 1995 жылы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің № 195 бұйрығымен бекітілген. Көлік құралдары мен ауылшаруашылық техникасымен және олардың қосалкы бөлшектерімен комиссиялық сауда жасау ережелерін жатқызған жөн.Комиссиялык сауда кезінде жекелеген тауарлардың, соның ішінде азаматтық қаруды көркемдік және тарихи құндылығы бар бұйымдарды және т.б. сату тәртібін реттейтін заңнама нормаларын сақтау талап етіледі.Комиссия шарты консенсуалды ақылы және екі жақты шарт. Тапсырма шартына қарағанда ол жеке сенім білдірушілік сипатқа ие емес. ҚР АК 865-бабының 2-тармағына сәйкес ол жазбаша нысанында жасалуға тиіс. Заңнамамен көзделген сол бір немесе өзге жағдайларда комиссия шартының бекітілген нысандары қолданылуы мүмкін. Осындай нысандардың (комиссиялық келісімнің) бірі Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және сауда министрлігінің жоғарыда аталған бұйрығына тіркелген 2 қосымшада келтіріледі. 2. Жоғарыда бірнеше рет атап өтілгендей, комиссия шартының тараптары - комиссионер және комитент деп аталады. Мүддесіне комиссия шарты бекітілетін жеке немесе заңды тұлға комитент болып табылады. Көлік кұралдары мен комиссиялык сауда жасаудың ережелеріне сәйкес көлік құралдары, техника және олардың қосалқы бөлшектері комиссияға олар меншік құқығы негізінде тиесілі болған, азаматтардан қабылданады (тиісінше, олар өздерінің меншік иесі екенін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті), не комитенттер сенім білдірілген өкілі ретінде әрекет ететін болады және олар белгіленген тәртіпте рәсімделген сату құқығына сенім хатты ұсынып көрсетуге міндетті. Барлық жағдайларда комитенттер төлқұжатты немес оны алмастыратын құжатты ұсынады. Егер көлік құралы шетелден әкелінген болса, онда комиссияға қабылдау кезінде кедендік рәсімдеу құжаттарын көрсету талап етілетін болады. Аталған заттар, егер олар тәркіленген болса немесе иесіздендірілген болса, иесіз қалған мұраның құрамына кірген болса, комиссияға қаржы органдарынан да қабылдана алады. Бұл орайда мемлекеттің меншік құқығы белгіленген үкімдерді шешімдерді немесе соттардың өзге де актілерің көрсету талап етіледі.Комиссионер болып, әдетте, кәсіпкерлік қызмет субъектісі -жеке немесе заңды тұлға табылады. Кәсіпкер болып табылмайтын азаматтар бір жолғы негізде ғана комиссионерлер ретінде көріне алады. Коммерциялық емес заңды тұлғалар, егер олар заңмен рұқсат етілген кәсіпкерлік қызметтті жүзеге асырмаса, тәжірибе жүзінде комиссионерлер ретінде комиссия шарттарын бекітпейді. Заңнамада комиссонерлерге арнайы талаптар белгіленуі мүмкін.Комиссия шартының пәні болып азаматтык айналымның барлық аясындағы делдалдық қызметтер табылады. Заңнама логикасынан туындайтындай комиссия шарты субъектілердің жеке өзімен жасалуға тиіс мәмілелерді жасау жөнінде бектіле алмайды. Комиссия пәніне комиссионердің тек мәміленің өзін ғана емес, сондай-ақ оны жасауға қажетті іс-шараларды да жүзеге асыруды да жатқызуға болады. Сенім білдірілген өкілге қарағанда, комиссионер мәміле бойынша контрагентті еркін таңдау құқығына ие. 3. Комиссионер кәсіпкер бола отырып бірқатар жағдайларда өзімен комиссия шартын бекітуге жария оферта жасайды. Оның құқықтары мен міндеттері қосылу шартының шектерімен анықталады. Комиссионердің де комитенттің де құқыктары мен міндеттерін айқындауда заңнама АК) нормалары елеулі маңызға ие. Комиссионер бірінші кезекте, комиссия шарты арналып мәміллерді жасауға міндетті. Бұл - комиссионер үшінші тұлғамен бекіткен мәміледен туындайтын барлық міндеттерді орындауға және барлық құқықтарды жүзеге асыруға тиіс дегенді білдіреді. Ол үшінші тұлғамен бекіткен мәміле бойынша міндетке айналады және ол комитенттің мәміледе аталғанына немесе онын мәміле бойынша үшінші тұлғамен тікелей қатынастарға түскеніне қарамастан құқықтарға ие болады. Бірақ, егер комитент мұны талап етсе, комиссионер үшінші тұлғамен мәміле бойынша жасалған құқықтарды комитентке беруге міндетті, бұл орайда ол үшінші тұлғаны құқықтардың комитентке берілгендігі туралы хабардар етуге тиіс. Үшінші тұлға сонымен бірге комиссионерге осы мәміледен туындайтын өз талаптарының негізінде комитент талаптарына қарсылық білдіруге құқығы жоқ. Комиссионер мәмілелерді жасай отырып, комитенттің нұсқауларын басшылыққа алуға комитент үшін тиімді болатын сол бір немесе өзге жағдайларды ұстануға міндетті. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған кезде, комитент іскерлік айналым дағдыларына немесе өзге де әдетте қойылатын талаптарға сәйкес әрекет етуге тиіс.ҚР АК 871-бап комиссионердің мәмілені комитент мүдделері үшін жасайтындығы айқын көрінетін норманы көздеген. Оның әрекеттесуі меншіктің өтуін, не мүлікке өзге де иелік етуді кейбір жағдайларда мүлікті басқарусыз онымен белгілі бір әрекеттер жасауды қамтамасыз ететін мәмілелерді жасасу жағдайларына таралатын болады. Комиссия шартының аясында кез келген негіз бойынша комитенттен комиссионерге келген мүлік шартпен меншік құқығының басқа субъектіге өтетіндігі сатылғанға дейін комитенттің меншігі болып қалады. Мүліктің комиссионерге келіп түскен сәтінен, не бастапқы меншік иесінен меншік құқығының өтуін өзі арқылы қамтамасыз ететін өзге сәттен бастап мүлік комиссионердің меншігі деп танылады. Осыған орай комиссия шартын үшінші тұлғалармен орнатылатын құқықтық қатынастар мен міндеттемелік құқықтық қатынастар белгіленетін шарт болып табылады деп атап өтуге болады. Заттық - құқықтық қатынастардың қатысушысы болып комитент табылады, сонымен біріе ол комитентпен тікелей міндеттемелік қатынастарда болады. Үшінші тұлғамен міндеттемелік қатынастарға қатысушы болып комитент табылады.Комитенттің заттарын сату көзделген жағдайларда комиссионер комитенттің қатысуымен комиссияға қабылданатын заттардың жай-күйін тексеруді жүргізеді. Сатылатын заттардың (көлік құралдарының, техниканың, қосалқы бөлшектердің) бағасын комитент белгілейді. Комиссионер талап етілген жағдайда заттарды сараптамалық бағалаудан өткізеді. Егер олар сатылмаса өткізілген заттар арзандатылуы мүмкін. Мұндай ережелер көлік құралдары мен комиссиялық сауда жасаған кезде де қолданылады. Егер көлік құралдары, техника және нөмірлік агрегаттар он бес жұмыс күнінің ішінде сатылмаса, дүкен оларды комитенттен шақырылған (сенім білдірілген) тұлғамен бірге қайта бағалайды. Егер тауарлар бірінші рет арзандатылғаннан кейін тағы да он бес жұмыс күннің ішінде сатылмаса, комиссионер мөлшері комитентпен келісілетін екінші рет қайта бағалауды (арзандатуды) жүзеге асырады. Содан кейін он бес жұмыс күні ішінде тауарлар сатылмаса дүкен үшінші рет қайта бағалауды жүргізеді.Егер үшінші рет арзандатқаннан кейінгі он бес жұмыс күні ішінде де заттар (көлік құралдары, техника, қосалқы бөлшектер) сатылмаса, комиссионер оларды сатуға мүмкін болатын бағаға дейін қайта бағалайды. Егер комитент мұнымен келіспесе, зат сақтау орнынан алынып, өзіне кайтарылады. Қазіргі таңда комиссияға өткізілетін заттарды қайта бағалау жағдайлары және осымен байланысты комиссионердің құқықтары мен міндеттері негізінен комиссия шартының тараптары арасындағы келісімдер мен анықталатын болады (басқа комиссия шарттарымен деген ой) заттарды қайта бағалаудың ұзақ немесе қысқа мерзімдері белгі-ленуі қайта бағалаудың саны қысқартылуы немесе көбейтілуі, қайта бағалаудың белгілі бір адымы белгіленуі мүмкін және т.б.Тапсырма шартындағы сенім білдірілген өкілге қарағанда комиссионер комитент үшін мәмілелерді және өзі жасаудың орнына оны үшінші тұлғаның орындалуымен алмастыра алады. Міндеттерді үшінші тұлғаға жүктеу қосалқы комиссия деп аталады. Қосалкы комиссия шартын бекіткен комиссионер қосалқы комиссионердің іс-әрекеті үшін комитент алдында жауапты болып қалады. Комиссионердің қосалқы комиссия шартын бекіту құқығы бұл туралы шартта тікелей көрсету арқылы алынып тасталуы мүмкін.Қосалқы комиссия шарты бойынша комиссионер қосалқы комиссионермен жасалған мәміле бойынша құқықтарды өзіне беруді талап ету құқығынан басқа қосалқы комиссионерге қатысты комитенттің құқықтарымен міндеттерін иеленеді. Заң актілерінде комиссионер қосалқы комиссия шартын тек арнайы уәкілдік берілген тұлғамен бекіте алады деп белгіленуі мүмкін, мысалы сатылуы арнайы рұқсатты талап ететін затты қосалқы комиссияға қабылдау туралы сөз болса.Комиссионер орын алған жағдайлар бойынша бұл комитент мүдделері үшін кажет болғанда және осы орайда ол сенім білдірушіден алдын ала сұрай алғанда не өз сұрауына уақытында жауап ала алмаған жағдайларда комитенттің нұсқауларынан ауытқуға құқылы. Комиссионер тапсырма шартындағы сенім білдірілген өкіл сияқты, мүмкіндік туған кезде жол берілген ауытқулар туралы комитентті хабардар етуге міндетті.Комиссионер әдетте, комитент есебінен жасаған мәмілені үшінші тұлғаның орындамағаны үшін комитент алдында жауап бермейді. Егер мәмілені үшінші тұлғамен орындамау аталған тұлғаны таңдаудағы комиссионердің тиісті сақтық көрсетілуімен байланысты болса, онда ол үшінші тұлғаның әрекеті үшін жауапты болады. Егер комиссионер мәміленің үшінші тұлғамен орындалатынына кепілдік берсе, онда оның орындалмағаны үшін жауапкершілікті комиссионер өз мойнына алады. Комиссионер мәмілені өзіне жасауға құқылы. Бұл құқық егер комитент шарт жасаса отырып басқаша талап қоймаса комиссионердің иелігінде болады. Мәмілені өзіне жасау дегеніміз - комиссионер комитенттің мүдделері үшін сатып алушы бола отырып сатушы ретінде тауарларды жеткізеді. Ол комитент үшін сатушы ретінде әрекет ететін жағдайларда ол сатып алушы ретінде жеке өзі тауарды иемдене алады. Мәміле жасау сатып алу-сату бойынша мәмілелер бекіту туралы сөз болғанда ғана емес, сондай-ақ комитент мүддесі үшін өзге де мәмілелерді бекіту кезінде де мүмкін болады. Өзіне мәміле жасау механизмі заңнама заңдык аспектіде де комитетті комиссионермен уәкілдік етуді біржақты түрде жоққа шығармайды деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Өзіне мәміле жасау кезінде комиссионердің, бір жағынан, комитенттің өкілі болып табылатындығын, екінші жағынан, өз бетінше әрекет ететіндігі туралы фикцияға жол берген жөн. Шартты бір тұлғамен ғана осындай фикцияға жол берусіз бекіту мүмкіндігі күмәнді болар еді.Сатушы ретінде өз бетінше тауар ұсынған немесе оны сатып алушы ретінде қабылданған комиссионердің жай комиссиялық ақы алуға құқығы бар. Сонымен қатар ол комиссиялық мәмілелерден туындайтын шығындардың орнын толтыру жөнінде шот ұсына алады. Сенім білдірілген өкілге қарағанда комиссионер, егер тапсырмадан бас тарту құқығы оған шартпен берілмеген болса, қабылданған тапсырманы орындаудан бас тартуға құқылы емес. Комитенттің шартты бұзатын және соның салдарынан комиссионер комитенттің нұсқауларына сәйкес тапсырманы орындау мүмкіндігінен айырылатын барлық басқа жағдайларда комиссионер тапсырманы орындаудан бас тарта алады. Тапсырманы орындаудан бас тарту құқығы комиссионерге ол жауап бермейтін өзге де жағдайлардың салдарынан орындау мүмкін болмайтын жағдайларда да беріледі. Бас тартудың барлық жағдайларында комиссионер өзінің бас тартуы туралы комитентке жазбаша хабарлауга және өзіндегі комитент мүлкінің сақталуына шаралар қолдануға міндетті. Комитет комиссия шартын бекіту кезінде комиссионерге қажетті нұсқаулар беруге, егер өзіне тиесілі затты сату туралы сөз болса, сату бағасын келісіп алуға тиіс. Басқа жағдайларда да комитент өз мүддесі үшін бекітілетін мәміле бойынша талап етілетін бағаны нұсқайтын болады.Комиссия шарты туралы нормаларда, тапсырма шарты туралы нормалардағыдай, комиссионерге тапсырманы орындау үшін барлық қажеттіні беру туралы талаптар қамтылмаған. Комиссионер профессионал ретінде көбінесе комитент үшін мәміле жасау үшін талап етілетіннің барлығын өзі иеленуге тиіс. Бірақ мәміленің комитент есебінен жасалағындығын естен шығармаған жөн, Сондықтан мәмілені жасау үшін алдын- ала төлем талап етілгенде немесе мәмілені тиімді түрде жасау үшін (мысалы кәсіптенген бағалаушы) қажет болатын қосымша қызметтерге ақы төлеу талап етілсе, онда комитент осындай талап етілетін шығындарды алдын ала төлеп қоюға міндетті болады.Комяссиялық сату пәні болып тасымалдануы оның бүліну мүмкіндігіне байланысты тиімсіз және қауіпті болатын үлкен (қолайсыз) зат табылуы мүмкін. Бұл жағдайда комиссиялық дүкенде заттың барлык шамасы және т.б көруге болатын фотосуреті, бейнетаспасы қойыла алады. Сонымен бірге комиссионердің комитентпен белгілі бір күндері (сағатта) комитенттің зат сатып алу туралы шартты бекіткен тұлғаларға заттың өзін көрсетуді қамтамасыз ету туралы келісімі бекітілуі мумкін.Егер комиссионер мүлікті комитентпен келісілгеннен жоғары бағамен сатып алса, мұндай затты кабылдағысы келмейтін комитент үшінші тұлғамен мәміле жасалғандығы туралы хабар алған бойда бұл жөнінде комиссионерге кешіктірмей мәлімдеуге міндетті. Олай болмаған жағдайда комитент сатып алынған затты қабылдады деп танылады. Комитент шарт бойынша комиссионер орындағанның барлығын қабылдауға міндетті. Мәміле бойынша құқықтар мен міндеттер кіммен яғни, комиссионермен немесе комитенттің талабы бойынша алынғанына қарамастан аталған құқықтармен міндеттер комиссиялық тапсырма орындалысымен комитентке қайтарылады. Мәміле бойынша қалған құқықтар соның ішінде комиссионерге сатылған тауарлардың атқарылған мердігерлік жұмыстардың сапасына қатысты талап ету құқықтары тікелей комитентке өтетін болады.Сатып алынған заттың кемшіліктері туралы комиссионермен оны сатушыдан қабылдап алу кезінде не комитентпен оны комиссионерден қабылдап алу кезінде де дереу хабардар еткенде орын алған жағдай екі түрлі бағытта өрби алады. Жалпы ереже бойынша комиссионер тиісті түрде орындалған тапсырма бойынша алынғанды беруге міндетті болғандыктан, комитент затты комиссионер заңнамамен немесе шартпен көзделген тәсілдермен сатушыдан кемшіліктерді жоюға қол жеткізбейінше қабылдамауға құқылы. Екінші жолы,- комитент пен комиссионер арасындағы келісім бойынша комитент сатушыға қоятын талапты өзі жүзеге асыруымен байланысты.Комиссионер мәміле бойынша алынғанды комитентке беруге міндетті. Бұл комиссия шарты туралы нормалармен тікелей көзделмесе де, комитенттің талабы бойынша ол тапсырманың орындалуы туралы есеп беруге міндетті. Мүлікті комитентпен келіскен бағадан төмен сатқан комиссионер комитентке айырманы өтеуге міндетті. Егер ол мүлікті келісілген бағамен сатуға мүмкіндік болмағанын және неғұрлым төмен бағамен сату бұдан да көп залалдан сақтағанын, сондай-ақ оның нұсқауларынан ауытқуға комитенттің алдын ала келісімін алуға мүмкіндігі болмағанын дәлелдеген жағдайда, комиссионер аталған міндеттен босатыла алады.Ол тиесілі сыйақыны, сондай-ақ шарт бойынша тиесілі өзге де соманы төлеуді талап етуге құқылы. Комиссионердің аталған құқығы оған ұстап қалу кұқығын берумен байланысты. Ұстап қалу құқығының мазмұны тар мағынада талқыланады, оған комитенттің мүлкін тікелей өндіріп алу құқығы берілмейді. Комиссионер жасасқан мәміле бойынша комитентке не үшінші тұлғаға берілуге тиіс мүлікті комиссионер комиссия шарты бойынша өзіне тиесілі сома төленгенге дейін ұстап қалуға құқылы.Комитентпен түскен ақша сомасын ұстап қалу құқығының мазмұны біршама басқаша анықталады (ҚР АК 872-бап). Бұл жағдайда ұстап қалу құқығы комитент мүлкін ақша түрінде өз бетінше өндіріп алу құқығы ретінде талқылануға тиіс. 4. Негізінен аталған шарттарды орындамағаны үшін жауапкершілік міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін белгіленген азаматтық құқықтың жалпы нормаларына сәйкес туындайды. ҚР АК 873-бабында комиссионердің жауапкершілігі мстмапапмат ит мтуралы арнайы нормалар көзделген.Комиссионер өзіндегі комитент мүлкінің жоғалуына, кем шығуына немесе бүлінуіне ұшыратқан әрбір қателігі үшін комитент алдында жауап береді. Ол жалпы ереже бойынша комитенттің мүліктік құқықтарының бұзылуына алып келетін үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін жауап бермейді. Комиссия шартын орындауға байланысты комиссионерге берілген комитенттің мүлкін сақтандырмаған комиссионер бұл үшін, егер комитент оған мүлікті сақтандыруды тапсырған (комитент есебінен) немесе сақтандыру бойынша міндет (комиссионер есебінен) оған тараптардың келісімі бойынша жүктелген, не егер бұл мүлікті сақтандыру заң бойынша міндетті болған жағдайларда ғана жауапты болады. Комиссия шартын тоқтату үшін де міндеттемелер мен шарттарды тоқтатуға қатысты азаматтық құқықтағы жалпы ережелер колданылады. Оларды тоқтатуға байланысты комиссия қатынастарының өзіне тән ерекшеліктері де бар. Мәселен, комиссия шартын біржақты түрде тоқтату мүмкіндігі туралы айтуға болады. Ол комитенттің тілегі бойынша тоқтатыла алады. Комитент комиссионерге берілген тапсырманың кез келген уақытта күшін жоюға құқылы. Бұл орайда комиссионердің тапсырманың күшін жоюдан шеккен залалдары жалпы негіздерде өтеледі.Тапсырманың күшін жоя отырып клиент тапсырманың күші жойылған кезден бастап бір айдың ішінде, егер шартта өзге мерзім белгіленбесе, комиссионердегі мүлікке билік етуге міндетті. Егер комитент бұл міндетті орындамаса, комиссионер не мүлікті сақтау үшін өткізуге, не оны комитент үшін неғұрлым тиімді бағамен сатуға құықлы. Комитенттің мерзімі көрсетілмей жасалған комиссия шартынан, егер шартта хабарлаудың бұдан да ұзақ мерзімі көзделмесе, бас тарту туралы комиссионерге бір айдан кешіктірмей хабарлап, кез келген уақытта бас тартуға құқығы бар (ҚР АК 880- 6. 1-т). Комиссионер өзінің бас тартуы туралы комитентке жазбаша хабарлауға және өзіндегі комитент мүлкінің сақталуына шаралар қолдануға міндетті. Комитентке осындай тоқтатуға орай өз құқықтарын қамтамасыз ету бойынша белгілі бір мүмкіндіктер беріледі. Комиссионердің тапсырманы орындаудан бас тартқандығы туралы хабардар етілген комитент, егер шартта өзге мерзім белгіленбесе, бас тартуды алған күннен бастап бір айдың ішінде комиссионердегі мүлікке билік етуге міндетті. Комитенттің өзі шарттан бас тартқан жағдайдағыдай, егер ол бұл міндетті орындамаса, комиссионер мүлікті сақтауға өткізуге не комитент үшін мүмкіндігінше тиімді бағамен сатуға құқылы.Комиссионер комитенттің өз міндеттерін бұзуы салдарынан тапсырманы орындаудан бас тартқан жағдайда, ол комиссиялық сыйақыға, сондай-ақ шыққан шығындардың орнын толтыруға деген құқықты сақтап қалады. Комиссионер, комитент сияқты, мерзімі көрсетілмей жасалған комиссия шартынан, егер шартта хабарлаудың бұдан да ұзақ мерзімі көзделмесе, бас тарту туралы комитенке бір айдан кешіктірмей хабарлап, кез келген уақытта бас тартуға құқылы.Бұл жағдайда комиссионер өзіндегі комитент мүлкінің сақталуына шаралар қолдануға міндетті. Комитент шарт тоқтатылған кезге дейін комиссионердегі мүлікке билік етуге міндетті. Егер ол бұл міндетті орындамаса, комиссионердің не мүлікті сақтауға өткізуге, не комитент үшін неғұрлым тиімді бағамен сатуға құқығы бар. Мерзімі көрсетілмей жасалған шарттан бас тартқан комиссионердің комиссиялық сыйақы алуға және шарт тоқтатылған кезде өзіне тиесілі шығындардың өтемін алуға құқығы бар. Комиссия шартын тоқтатудың негіздерін талдаған кезде комиссионер міндеттемелерінің жеке сипаты байқалады. Комиссия міндеттемесі комиссионердің қайтыс болуы, оны әрекетке қабілетсіз хабар-ошарсыз кеткен немесе төлеуге шамасы жоқ банкрот деп тану салдарынан тоқтатылады. Комиссия шартын тоқтатуға, әрине, заңды тұлғаның таратылуы да алып келеді. Алайда, егер заңды тұлғаны қайта құру жолымен тарату туралы сөз болса, онда сірә, құқық мирасқорлығы орын алады. Бұл орайда заңды тұлға - комиссионер қайта ұйымдастырылған жағдайда, егер қайта ұйымдастырудың болғаны туралы хабарламаса, оның кұқықтары мен міндеттері құқық мирасқорларына ауысады.Комитент (жеке тұлға) қайтыс болған, ол әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жағдайда, сондай-ақ заңды тұлға - комитент таратылған жағдайда комиссионер комитентің мұрагерлерінен немесе өкілдерінен тиісті нұсқаулар келіп түскенше өзіне берілген тапсырманы орындауды жалғастыруға міндетті. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Комиссия шартының түсінігі 2. Комиссия шартының мазмұны 3. Комиссия шартының түсінігін саралау Ұсынылатын әдебиет 1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004 4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004 5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001 Тақырып 16 . Мүлікті сенімгерлікпен басқару 1. Мүлікті сенімгерлікпен баскару туралы жалпы ережелер 2. Мүлікті сенімгерлікпен басқару субъектілері, объектілері. 3. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты 4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері. 1. Сенімгерлікпен басқарудың қазіргі қатынастарына ұқсас қатынастардың тарихи тамыры ұзаққа кетеді. Олар біздің заманымызға дейін пайда болды. Мысалы көне Египетте мұралық мүлікке иелік ету, жасы кіші ханзадалар мен ханшайымдардың меншігіне қамқоршы болу сенімхат бойынша үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіру бойынша қатынастар кеңінен таралған. Мүлікті оның меншік иесімен басқа тұлғаның беруді қамтамасыз ете алатын қатынастарды тиімді түрде реттеуді табу қажетгілігі жеке меншіктің, сондай-ақ меншіктің мақсаты бойынша мемлекеттікке қарама-қайшы жеке нысанының қалыптасуымен пайда болды.Жеке меншіктің қалыптасуы бөтеннің мүлкіне тұрақты негізде иелік етудің, комиссия, тапсырма, сақтау және басқа да шарттардың дәстүрлі механизмдеріне қарағанда анағұрлым жетілген құқықтық нысандарын жасап шығаруға деген потенциалды қажеттілікті анықтады.Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құқықтық қатынастарына тән ерекшелік - оның таза күйінде заттық категорияға да, міндеттемелік құқықтық қатынастар категориясына да жатқызылмайтындығында. Бұған қоса, сенімгерлікпен басқарудың құрылымы оның құрамында шартқа негізделген сенімгерлікпен басқару және шарттан тыс пайда болатын сенімгерлікпен баскару әлементтерінің болуымен күрделенген. "Мүлікті сенімгерлікпен басқару" және "мүлікті сенімгерліклен басқару шарты" деген түсініктер бар. Біріншісі екіншісіне карағанда кең ауқымды, өйткені ол сенімгерлікпен басқарудың шарттан басқа өзге де негіздер бойынша пайда болатын жағдайларын да қамтиды. Алайда мұндай бөлініс шартты сипатқа ие. Бұл тағы да біздің ойымызша, барлық авторлар дерлік атап өткендей сенімгерлікпен басқаруды жаңаша реттеумен байланысты шарттың қай кезде қажет болатыны және қай кезде қажет болмайтындығы нақты анықталмаған.Сенімгерлікпен басқару қатынастары "заң нұсқауына орай", яғни сот шешімі немесе әкімшілік актісі бойынша пайда болатын тәжірибе онша тиімді емес көрінеді. Бұл "субъективизацияның"' есебінен құқықтық қатынастардың қатысушыларына, сол бір немесе өзге құқықтық қатынастарға түсе отырып өздерінің алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуге барынша мүмкіндік беретін жеке құқықтык реттеудің мүмкіндіктерін елеулі түрде төмендетеді.Сенімгерлікпен басқару қатынастарының пайда болуының құқықтық негізінің (сот шешімінің, әкімшілік актінің) болуына қарамастан мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынастары субъектілерінің міндеттемелерінің мазмұнын нақтылау қажет. Мүлікті басқару бойынша ауыртпалықты көтеретін субъект өзі тап болған құықтық жағадайда бірдей қалыптаса алағындығы тұрғысынан қарағанда заңға сүйену (жалпы категорияларға) онша сенімді емес. Кейбір заңды актілерде мүлікті сенімгерлікпен басқаруға қатысты жекелеген нормалар бар. Заңнамалык анықтама сенімгерлікпен басқарудың мазмұны толығымен қамтымаған. Сенімгер баскарушының өкілеттігі мүлікті иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі құқықтарды жүзеге асыруға алып келмейді. Басқаша айтсақ, сенімгер басқарушы сенімгерлікпен басқаруға орай бұл өкілеттіктерді жүзеге асыра алмайды. Сенімгерлікпен басқару осы құқықтарды оның иесі үшін жүзеге асыруды білдіреді. Сенімгерлікпен басқару меншік иесі үшін оның құқықтарын, сондай-ақ мүліктің осы түрімен тығыз байланысты құқықтарды жүзеге асыруды білдіретін жағдайлар орын алуы мүмкін (бұл мысалға, бағалы қағаздарды сенімгерлікпен басқару кезінде орын алатын болады). Сенімгерлікпен басқарудың тағы бір ерекшелігі болып мүлікті қолайлы түрде басқаруды жүзеге асыру үшін сенімгер басқарушының бар күш- жігерін салуы табылады. Бұл, сенімгерлікпен басқару негізінен құқық иеленушісінде мүлікті тиімді түрде пайдалану үшін қажетті дағдылар мен білімдердің жетіспеушілігі немесе болмауының орнын толтыру мақсатында құрылатындығымен түсіндіріледі. Сенімгерлікпен басқару кезінде жалпы алғанда қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға нақты тапсырма болмайды. Меншік иесі немесе өзгенің құқығын иеленуші сенімгерлікпен басқаруды құрудың жалпы мақсаттарын ғана белгілей алады. Дәл солар сенімгер басқарушы үшін белгілі бір сомада басшылыққа алатын нұсқау болады.Жалпы, сенімгерлікпен басқаруды шарттан немесе заңнамамен көзделген өзге де негізден туындайтын құқықтық қатынастардың кешені (заттық, міндеттемелік, авторлық, абсолюттік және қатыстық) ретінде анықтауға болады. Аталған құқықтық қатынастар бір субъектінің құқықтарын басқа субъектімен өз атынан, бірақ біріншісінің мүдделері үшін жүзеге асыруға бағытталған. Әрекет етуші заңнамаға сәйкес сенімгерлікпен басқару мыналардың негізінде пайда болады (құрылады): 1) мәміле, сенімгерлікпен басқару, бұл туралы екі және одан да көп тұлғалардың келісімі болатын, шарт бойынша және біржақты мәміле мәселен, өсиетті орындаушы (сенімгер басқарушы тағайындайдыған өсиет бойынша пайда болады; 2) сот шешімдері (банкроттық, әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкіне белгілеген кезде және заң актілерінде көзделген басқа да жағдайларда); 3) әкімшілік акт (кәмелетке толмаған, қайтыс болған адамның мүлкіне қорғаншылық белгілеген, кәсіпкер мемлекеттік қызметке кіргенде және заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда). 2. Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құқықтық қатынастарына қатысатындар:мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы, мүлікті басқаратын сенімгер басқарушы және пайдаланушы.Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы ретінде заттардың меншік иесі, сондай-ақ оларға деген өзге де заттық құқықтарды иеленуші, мысалы, жер пайдаланушы, мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруге уәкілетті құзыретті орган бола алады.Сенімгер басқарушы болып сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе құқықтарына қатысты сенімгерлікпен басқару құрылған өзге де субъектінің құқықтарын жүзеге асыратын субъект болып табылады. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, кез келген адам сенімгер басқарушы бола алады. Ягни, кәсіпкер де кәсіпкер емес те жеке тұлғалар, коммерциялык және коммерциялык емес заңды тұлғалар. Егер мүлікті басқару кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды талап етсе, онда аталған субъектілер кәсіпкерліктің көзделген режимін сақтауға міндетті болады. Сенімгер басқарушыны тағайындау қалай жүзеге асатынына (яғни шарт негізінде немесе шарт негізінде емес) қарамастан оның келісімі талап етіледі. Сенімгер басқарушысының келісімінсіз одан талап етілетін іс-әрекеттерді жасауға әрқашан да бір жақты емес екенін атап өткіміз келіп отыр.Кейбір жағдайларда сенімгер басқарушы өзінің және сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының арасында ерекше жеке сенімгерлік қатынастардың болуына байланысты тағайындалады. Бұл мысалға, өсиет алушыны тағайындау кезінде орын алуы мүмкін. Мұндай мотивация мүлікті сенімгерлікпен басқару шартында да болуы мүмкін. Бірақ, шарт бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы мүлікті сенімгер басқарушының іскерлік қасиеттеріне арқа сүйейтіні жоққа шығарылмайды, сол кезде оның таңдауы осы субъектілер арасында жеке сенімгерлік қатынастардың болуымен шартталмайды.Пайда алушы - мүддесі үшін мүлікті басқару жүзеге асырылатын субъект (тұлға). Сенімгер басқарушы болып табылмайтын кез келген адам. Соның ішінде мемлекет немесе әкімшілік аумақтық бөлініс пайда бола алады. Жалпы ереже бойынша мүлікті сенімгерлікпен басқару құқықтарды иеленуші де болып табылатындығы білдіріледі. Заң актілерімен немесе шартпен көзделген жағдайларда пайда алушы болып сенімгерлікпен басқару құрылтайшысынан басқа да тұлға табылады. Бұл әрекетке қабілетсіз, бірқатар жағдайларда корғаншылық пен қамқоршылық органымен сенімгерлікпен басқаруды құру кезінде орын алады.Кез келген мүлік мүлікті сенімгерлікпен басқару объектісі бола алады. Яғни ол жылжымалы және жылжымайтын мүлікке (соның ішінде кәсіпорынның мүліктік кешендері жер учаскілері) тарала алады. Сенімгерлікпен басқару объектілері - заттар бір тектес және анықталған бола алады.Сенімгерлікпен басқарудың объектісі ретінде мүліктік құқықтар туралы сөз қозғайтын болсақ, онда олар әдетте, интеллектуалдық меншік объектілері жөнінде туындайтын абсолютті мүліктік құқықтар, жер пайдалану құқығы және т.б. болып табылады. Сенімгерлікпен басқаруға өзге де мүліктік құқықтарды, соның ішінде жалға алу құқығын беру жоққа шығарылмайды. Салыстырмалы мүліктік құқықтарды беру іс жүзінде қиындатылған, өйткені салыстырмалы құқықтың өтуі борышта аудару мен талап етуді беру ережелері бойынша міндеттемелік қатынастар аясында жүзеге асырылуға тиіс және борышқор бір уақытта салыстырмалы мүліктік құқықты сенімгерлікпен басқаруға беруге ниеттенген тұлғаның несие берушісі де болып табылуы мүмкін. Бірақ салыстырмалы мүліктік құқықтар кәсіпорынның - мүліктік кешенінің құрамында да өтуі мүмкін.Сенімгерлікпен басқаруға берілетін мүлік өз алдына жеке есепке алынады. Сенімгер басқарушы сеніп тапсырылған мүлікті өзіне меншік құқығы шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы негізінде тиесілі мүліктен бөліп қоюға міндетті (бұл жерде дене тұрғысынан бөліп қою емес, бөлек есепке алу туралы сөз болып отыр).Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру барысында кіріс, өсім және т.б.түрінде сенімгер басқарушы иеленген және алынғандар сенім тапсырылған мүлік құрамына енгізіледі. Құрылтайшының сенімгерлікпен басқаруға берген мүлкіне оның борыштары бойынша өндіріп алуға жол берілмейді. Құрылтайшының банкроттығы орын алған кезде оның мүлкін сенімгерлікпен басқару тоқтатылады және ол конкурстық массаға енгізіледі. Яғни бұл ерекшеліктер кәсіпкерлердің жеке және заңды тұлғалардың мүліктерін сенімгерлікпен басқаруға беру жағдайларына қатысты болып шығады. Кепілге салынған мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру де кепіл ұстаушыны осы мүлікті өндіріп алу құқығынан айырмайды. 3. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша бір тарап (сенім-герлікпен басқару құрылтайшысы) екінші тарапқа (сенімгер басқарушыға) мүлікті сенімгерлікпен басқаруға береді, ал екінші тарап құрылтайшы атаған тұлғаның (пайда алушының) мүдделері үшін осы мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.Жоғарыда айтылғанға сүйенетін болсақ, сенімгерлікпен басқару шарты бұл сенімгер басқарушы құқықтарының өзіне тән жиынтығын белгілеуге және сонымен қатар сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының еркін ескеруге бағытталған салыстырмалы құқықтық қатынас. Сенімгерлікпен басқарудың мақсаты мүліктен кіріс алу, мүлікті ұлғайту немесе мүлікті тиісті күйінде ұстап тұру ғана болуы мүмкін.Шарт, әрине, сенімгерлікпен басқарудың пайда болу негіздерінің бірі болып табылады. Ол құқыққа қайшыларын қоспағанда, кез келген тілекке сүйене отырып құрыла алады және іс жүзінде меншік иесінің немесе өзге құқық иесі құқықтарының барлык көлемін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол аралас шарттық институттар – тапсырма шарттары мен комиссия шартынан осыған қатысты ерекшеленеді. Сенімгерлікпен басқару меншік иесі құқықтарын жүзеге асыруды әрқашанда көздемейтінін ескерген жөн. Мысалы, мүлікті қамқоршыға беру кезінде, оған қамқорға алынғандар кәмелеттік жасқа толғанға дейін мүлікті сақтау міндеті жүктеледі.Сенімгерлікпен басқару шарты ол бойынша құқықтар мен міндеттер мүлікті сенімгер басқарушыға беру сәтінен бастап туындайтындықтан реалды шарт болып табылады. Сенімгерлікпен басқару шарты өз қатысушыларының қатынастарын түрлендіруге мүмкіндік береді. Сенімгер басқарушы мүлікке деген құқықтарды иеленушінің атынан шығатын мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын, сондай-ақ, сенімгер басқарушы өз атынан іс-әрекет ететін шартты бекітуге болады. Сенімгер басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының атынан іс-әрекет ететін кезде, әрине, мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының аты-нан іс-әрекет ететін кезде, әрине, онда мүлікке деген заттық құқықтар-дың пайда болуы туралы айтуға болмайды.Оны бекітудің жағдайы мен тараптардың ішкі өзара қарым- қатынастарына қарай сенімгерлікпен басқарушы шарты ақылы да ақысыз да болуы мүмкін. Сыйақы мөлшері бұл орайда шарттың өзімен анықталуға тиіс. Өйткені мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру жағдайлары сенімгер басқарушы қызметінің әсері және оны анықтау белгілері әрбір жеке жағдайда әртүрлі болады. Алайда егер сыйақы мөлшері мысалы сонда да шартпен анықталмаған болса, онда олар назар аударуға тұрарлық тараптар мүдделеріне сүйене отырып анықталатын болады.Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың ақылы шарты екі жақты шарт болады, өйткені онда сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының сыйақы төлеу жөніндегі міндеттері көзделетін болады. Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың ақысыз шарты әдеттегідей бір жақты сипатқа ие болады. Онда міндеттер сенімгер басқарушыға жүктеледі. Ал құқықтар сенімгерлікпен басқару құрылтайшысына тиесілі болады.Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты екі жақты шарт оған екі тарап мүлікті сенімгер басқарушы және сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы қатысады. Сенімгерлікпен басқару шартының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі болып, ол үшін шарт еркіндігіне қатысты кейбір шектеулер көзделгені табылады. Сенімгерлікпен басқару шарты үшінші тұлғаның яғни пайда алушының, пайдасына жасалуы мүмкін. Бұл туралы шарттың өзінде көрсетілуге тиіс. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының талап етілетін жай жазбаша нысанын сақтамау жалпы ереже бойынша оның жарамсыздығына алып келмейді. Қозғалмайтын мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шарт үшін көзделген нысан мен тәртіп бойынша жасалады, яғни мемлекеттік тіркеуге алынуға жатады. Кәсіпорынды сенімгерлікпен басқаруға беру шартын тіркеуге алу кезінде кейбір қиындықтар туындайды. Кәсіпорынның мүліктік кешені ретінде бөлінбейтіндігі туралы ұғым "бұзылады". Бұл кәсіпорын үшін арналған жер учаскесіне деген құқықтарды және кәсіпорынның қал-ған мүлкіне деген құқықтарды тіркеу әртүрлі органдарда жүзеге асы-рылатындығымен байланысты.Қозғалмайтын мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі шарттың жазбаша нысанын сақтамау немесе мұндай шартты тіркеуте алмау оның жарамсыздығына әкеп соғады.Заңнама мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының елеулі талаптарын анықтаған. Оған шарт пәні туралы талап жатады. Шарт пәні туралы талап сенімгерлікпен басқаруға берілетін мүліктің құрамын көрсету арқылы аяқталуы тиіс. Бұл шарттың тағы бір елеулі талаптарының бірі болып оның әрекет етуі мерзімі туралы талап табылады. Сенімгерлікпен басқару әрқашан белгілі бір тұлғаның (тұлғалардың) мүддесі (пайдасы) үшін жүзеге асырылатын болғандықтан, олар персонафикациялануға тиіс және сенімгер басқарушы өзінің субъективтік міндеттерінің шектерін нақты білуге тиіс. Сол себептен шарттың елеулі талабы болып пайда алушы туралы талап табылады. Сенімгер басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы нұсқауларының қатаң шектерімен шектелмейді. Соның салдарынан мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының сенімгер бас-қарушының өз бақылауында болуына қатысты кез келген талап тілектері дұрыс негізге ие болуға және белгілі бір тәртіпте реттелуге тиіс. 4. Сенімгер басқарушы сеніп тапсырылған мүлікті шарт мақсаттарына сай басқаруға міндетті. Мысалы, кәсіпорынды сенімгерлікпен басқару кезінде сенімгер басқарушы оның өзімен анықталатын әрекеттер мен іс-шаралар кешенін жасауға міндетті. Оларды қаржыландырудың қайнар көзіне жеке өзінің, заемдық немесе өзге де жолмен біріктірілген соның ішінде қайта инвестицияланған қаражаттар жатады. Қолға алынатын барлық шара-лар кәсіпорынды қаржылық экономикалық сауықтыруға, дамытуға, қайта құруға, техника-технологиялық қайта жабдықтауға, кәсіпорынның тұрақты және шығынсыз ағымдағы өндірістік қызметін қамтамасыз ететін жарқын ұйымдастырушылық - техникалық және әлеуметтік- экономикалық бағдарламалар кешенін жүзеге асыру үшін қолайлы қаржылық жағдайды қалыптастыруға бағытталады. Қызметтің аталған бағыттары мүлікті өзінің кәсіпкерлік қызметінде пайдалану үшін алатын, кез келген сенімгер басқарушы қызметін жеткілікті түр-де көлемді түрде сипаттайды. Осы тұста мүлікті оның өсімін алу үшін беру қазіргі жағдайларда мүлікті сенімгерлікпен басқаруға берудің негізгі себептерінің бірі болып табылатынын айта кеткен мүлікке күтім көрсету, оны қалыпты күйінде ұстап тұру, яғни мүлікті сақтау, әдетте қамқорға алынғанның мүлкін сенімгерлікпен басқару және кейбір басқа да шектелген жағдайлар кезінде негізделеді. Сенімгер басқарушының мүлікті дұрыс басқару мақсатында сеніп тапсырылған мүлікпен меншік иесі жасай алатын кез келген іс-әрекетті жүргізуге құқығы бар. Егер субъектінің өзге құқықтарын сенімгерлікпен басқару туралы сөз болып отырса, онда тиісінше, ол басқа құқық иесінің құқықтарын толық көлемде жүзеге асыруға құқылы болады. Кез келген іс-әрекет жасай отырып, сенімгер басқарушы тиісті түрде басқару критерийлеріне сүйенуге тиіс.Кейбір жағдайларда сеніп берілген мүлікке деген сенімгер басқарушының құқықтары заң актілерімен, шартпен немесе сенімгерлікпен басқару пайда болғанда негізге алынған өзге де актімен шектелуі мүмкін. Осылайша, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша қамқоршының немесе корғаншының құқықтары шектеледі. Қамқорлықтағы тұлғаның кірістері, соның ішінде қамқорлықтағы тұлғаға оның мүлкін басқарудан тиесілі кірістер қамқоршымен немесе қорғаншы мен тек қана қамқорлықтағы тұлғаның мүддесі үшін және қамқорлықпен қорғаншылық органының алдын ала рұқсатымен ғана жұмсалуға тиіс. Қамқорлықтағы тұлғаның мүлкін иеліктен айыру жөніндегі мәмілелер шектеледі. Кәсіпорынды акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін сенімгерлікпен басқару кезінде сенімгер басқарушылар мүлікке билік етуге өз құқықтары жағынан шектелетін болады. Сенімгер басқарушының өзіне берілген қозғалмайтын мүлікк билік ету құқығы тікелей Азаматтық кодекспен шектеледі. Ол қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру мен кепілге салуды сенімгерлікпен басқаруды белгілеу туралы актіде тікелей көрсетілген жағдайда жасауға құқылы.Сенімгер басқарушы құрылтайшыға және пайда алушыға мүлікті сенімгерлікпен басқару шартында белгіленген мерзім мен тәртіп бойынша өз қызметі туралы есеп беруге міндетті. Егер оған қандай да бір себептер түрткі болса, құрылтайшының және (немесе) пайда алушының талап етуі бойынша сенімгер басқарушының қызметі туралы есеп өзге жағдайда да дереу берілуге тиіс.Сенімгер басқарушының өзі үшін белгіленген шектеулерді бұза отырып жасаған мәмілесі жарамсыз деп танылады. Егер мұндай мәмілеге қатысушы үшінші тұлғалар ондай шектеулерді білмесе және білуге тиіс болмаса, ол жарамды деп танылады. Сенімгер басқарушы өзіне берілген құқықты асыра пайдаланып немесе өзі үшін белгіленген шектеулерді бұзып жасаған мәміле бойынша міндеттемені сенімгер басқарушы өз мүлкі есебінен мойнына алады. Сенімгер басқарушының мүлкі жеткіліксіз болған кезде және орын алып отырған құқық бұзушылықтар туралы үшінші тұлғалар мәлімделмеген жағдайда, міндеттемелер меншік иесі мүлкінің өзге құқық иесінің есебінен де орындала аладыЖер пайдалану, жер қойнауын пайдалану құқықтарын, мерзімді бағалы кағаздарды және өзге де мерзімді құқықтарды сенімгерлікпен басқару уақыты жағынан сенімгерлікпен басқаруға берілетін құқықтардың өмір сүру мерзімдерімен объективті түрде шектелген.Аталған негіздерден басқа сенімгерлікпен басқару міндеттемесі мына жағдайларда тоқтатылады: а) сенімгер басқарушы - азаматтың қайтыс болуы, оны өлді деп жариялау, оны әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектелген, хабар-ошарсыз кеткен деп тану; Заңды тұлға сенімгер басқарушының таратылуы; б) сенім берілген мүлікті басқаруды жеке жүзеге асыру өзі үшін мүмкін болмауына байланысты сенімгер басқарушы немесе құрылтайшы бас тартқанда; в) сенімгер басқарушыға залалдар және шартта көзделсе сыйақы төленген жағдайда құрылтайшы шартты орындаудан бас тартқанда; г) кепіл ауыртпалығымен берілген мүлікті басқаруға беру туралы сенімгер басқарушыға хабарланбаған жағдайға орай ол бас тартқанда. Бұл орайда сенімгер басқарушы, егер ол бастапқы кезде шартпен көзделген болса, өзіне сыйақы төлеу құқығын сақтап қалады. Егер шарт тараптардың бірінің бастамасымен тоқтатылатын болса, онда екінші тарап бұл туралы шарт тоқтатылғанға дейін кемінде үш ай бұрын хабардар етілуге тиіс. Бұл ереже қандай да бір тараптың бас тартуы сенімгер басқарушының мүлікті жеке өзінің басқара алмайтындығына сондай-ақ шарттан сенімгер басқарушы бас тартқан және оның бас тартуы оны басқаруға берілген мүліктің ауыртпалығы туралы хабардар етпеуге байланысты болатын жағдайларға таралмайды.Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты тоқтатылған кезде сеніп тапсырылған мүлік шартта көрсетілген тұлғаға берілуге жатады. Құрылтайшы банкрот болған кезде мүлікті сенімгерлікпен басқару тоқтатылады және сеніп тапсырылған мүлік конкурстық массаға беріледі. Жеке тұлға-құрылтайшы қайтыс болған жағдайда сеніп тапсырылған мүлік мұрагерлік массасына келіп түседі.Сеніп тапсырылған мүлікке меншік құқығының немесе өзге де құқықтың ауысуы мүлікті сенімгерлікпен басқаруды токтатпайды. Мемлекеттік қызметшінің мүлкін сенімгерлікпен басқаруға беруге бекітілген шарттың тоқтатылуына тоқталайық. Ол да жалпы ереже бойынша жүргізіледі. Бірақ оның кейбір өзіне тән сәттері де бар. Сенімгерлікпен басқару шарты тараптардың бірімен мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда мемлекеттік қызметші бұл туралы жұмыс орны бойынша кадр қызметтерін хабардар етуге тиіс. Сенімгерлікпен басқаруға берілуге тиіс мүлік, шартты тоқтатқаннан кейінгі бір айлық мерзімде қайтадан сенімгерлікпен басқаруға берілуге тиіс. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының түсінігі 2. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының мазмұны 3. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының ерекшелігі Ұсынылатын әдебиет 1.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995. 2.Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98. 3.Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева. 4.Г.А. Жайлин, Б.К. Абдыкадыров. Юридические лица от «А» до «Я». Пособие, А; 2003. Тақырып 17 . Кешенді кәсіпкерлік лицензия (Франчайзинг) 1. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының түсінігі мен элементтері 2. Шарттың тараптары мен өзге де қатысушылары. 3. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының мазмұны. 1. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты рента, лизинг, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттарымен қатар жаңа шарттық институттарға жатады. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына қарағанда, бұл ТМД елдері ғалымдарымен басқа да мамандарымен жасап шығарылған құрылым емес, ал кұқықтың англо-саксондық және континентальдық жүйелерінде тұрақты түрде қалыптасуға ие болган шарттық қатынастардың апробацияланған түрі. Сонымен бірге оның үш ғасырлық тарихы бар және ол өзінің өміршеңдігін толык дәлелдеді.Франчайзинг келісімі бұл - лицензиар белгілі бір іскерлік операцияларды (бизнесті) лицензарға тиесілі атаумен жүргізуге және оның кәсіпкерлік қызметінің әдісін пайдалануға лицензия беретін шартты түсінеміз. Әдетте, франшиздік келісім лицензиарға рұқсат етілген іскерлік белсенділікке лицензияның әрекет ету мерзімі ішінде қатал бақылау жасау мүмкіндігін береді.Франчайзинг шарты әртүрлі салаларда қолданылады. Патенттердің тауар белгілері мен интеллектуалдық меншіктің басқа да нысандарының иелері оларды басқа тұлғаларға лицензия бере отырып шетелдерде жиі пайдаланады. Яғни франчайзинг кең таралған халықаралық - жеке құқықтық институттардың бірі болып табылады.Қазіргі заманғы Қазақстан жағдайында франчайзингтік қатынастардың шынайы жай-күйі туралы айту оңай емес. Оның себептері алуан түрлі. Қазақстанда өндірістік сектор аса қиындыкпен дамуда. Соның салдарынан франчайзинг сірә, ең алдымен қызмет көрсету аясында белсенді қолданысқа ие болады. Өндірістің ұлғаюы және франчайзингті тиісінше қайта бөлу потенциалды түрде жоққа шығарылмайды. Құқықтық классификация тұрғысынан алып қарағанда қазақстандық заңнамада франчайзинг шарты мен кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты, синонимдер бола отырып, Азаматтық кодекстің 966-бабының мағынасы бойынша лицензиялык шарттың бір түрі болып табылады.Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты Азаматтық кодексте, дәл сол атаумен, 45-тарау 896-909-баптардың нормаларымен реттелген.Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша бір тарап (ке-шенді лицензиялар) екінші тарапқа (кешенді лицензиатқа) сыйақыға айрықша құқықтар кешенін (лицензиялық кешен), соның ішінде лицензиардың фирмалық атауын және қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану құқығын, сондай-ақ лицензиаттың кәсіпкерлік қызметінде пайдалану үшін шартта көзделген айрықша құқықтардың басқа да объектілерін (тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, патент және т.б.) беруге міндеттенеді.Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты белгілі бір көлемде лицензиялық кешенді лицензиардың іскерлік беделі мен коммерциялық тәжірибесін (атап айтқанда, пайдаланудың мейлінше аз және (немесе) мейлінше кең көлемін белгілей отырып) белгілі бір қызмет аясына қолданатын аумақты көрсетіп немесе көрсетпей пайдалануды көздейді. Франчайзингтің лицензиялық келісімдердің басқа түрлерінен ерекшелігі кешенді кәсіпкерлік лицензия арқылы айрықша лицензияны беру қамтамасыз етілетіндігінде. Оның тағы бір ерекшелігі - ол интеллектуалдық меншіктің жеке объектісіне деген құқықтарды беру жөнінде бекітілмейді, ол лицензиялық кешенге деген құқықтарды беруді білдіреді. Франчайзинг шарты қызмет көрсету элементтерімен күрделенуі мүмкін. Ол айқын кәсіпкерлік сипатқа ие. Бұл шарттың мақсаты болып халық тұтынатын тауарларды (тауарлардың өзін, қызмет көрсетулерді, жұмыстарды) өндірудің бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялык тәсілдерін, тауарларды (өндірістік) өндірудің құралдарын тарату табылады.Осыған сүйене отырып кешенді кәсіпкерлік лицензияның (франчайзингтің) түрлерін ажыратуға болады. Оларға мыналар жатады: 1) кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) - жұмыс орны, соған сәйкес лицензиар дайын жұмыс орнын құрады және оны лицензиялық кешенмен бірге лицензиатқа - жеке кәсіпкерге береді; 2) кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) кәсіпорын, бұл кезде лицензиар кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен бірге лицензиатқа береді; 3) конверсиялық кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), бұл жағдайда тараптар құрылымдық бөлімшелерді жеке кәсіпорындарға қайта құру негізінде шарт бекітеді; 4) көбейтілген кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), соның негізінде лицензиат бірнеше кәсіпорындар құрады; 5) өндірістік кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) бұл жағдайда кешенді лицензиар кешенді лицензиатқа кешенді лицензиармен немесе оның келісімімен жеткізілетін шикізатты, материалдарды, технологияларды және жабдықтарды пайда-ланумен өз тауар белгісіне дараландырудың өзге де құралымен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіруге немесе оларды өндіріп сатуға деген құқықты береді; 6) тауарлы кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), бұл орайда кешенді лицензиар кешенді лицензиатқа кешенді лицензиармен берілетін не оның келісімімен белгіленетін маркетинг технологиясын пайдаланумен өз тауар белгісі бойынша немесе дараландырудың өзге де тауарларды (жұмыстарды қызмет керсетулерді) сату құқығын береді. Заңнамамен кешенді кәсіпкерлік лицензияның (франчайзинггің) өзге де түрлері көзделуі мүмкін.Құрылымы бойынша кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты консенсуалды, екі жақты және ақылы шарт болып табылады. Франчайзинг шарттары бойынша төлем жүргізудің нысандары, тәсілдері мен мерзімдері кешенді кәсіпкерлік лицензия шарттары тараптарының келісімдерімен анықталады. Сыйақы төлеудің қалыптасқан тәжірибесі бар. Олар лицензиатпен лицензиарға белгіленген бір кезеңдік төлемдер нысанында, түскен сомадан бөлу нысанында, қайта сату үшін лицензиармен берілетін тауарлардың көтерме бағасын өсіру жолымен және шартпен көзделген басқа да нысанда мүмкін. Әлемдік тәжірибеде шарт бекіткеннен кейін бірден бекітілген соманы бас кезінде енгізп, ал содан кейін мерзімді төлеу кең таралған болып табылады. Франчайзинг шарты кәсіпкерлік болғандықтан жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Осы тұста интеллектуалдық меншік обьектілеріне құқықтарды беру сол объектілердің өзін және берілетін құқықтардың шарттағы көлемін нақтыламайынша мүмкін емес екенін атап еткен жөн. Сондықтан осы шарттың елеулі талаптар ретінде мерзім және берілген лицензияның әрекеті таралатын аумақ танылатын болады. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының елеулі талабы болып баға, яғни, лицензиатпен лицензиялауға төленуге тиіс сыйақы табылады. Бұл сол бір немесе өзге жағдайларда рынокта теленуге тиесілі сыйа-қының әдеттегі (орташаландырылған) ставкаларына сүйене отырып, оның (оның жекелеген беліктерінің) құндылығын анықтауға келмейтін шарт пәнінің ерекшеліктерімен байланысты. Осы айтылғанның негізділігі франчайзинг шартының пәнін қарастырумен расталатын болады.Тараптардың келісімі бойынша елеулілік маңыздылығы шарттың өзге де талаптарға берілуі мүмкін. Лицензиялық кешеннің кейбір бөліктеріне құқықтарды беру мәміле бекітудің заңнамамен көзделген арнайы тәртібін талап ететін болады. Бірақ, басым жағдайларда, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартындағы тараптар тауарлардың жұмыстарды және қызмет көрсетулерді дараландыратын құқықтарды берумен шектелетіндігін ескерген жөн. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты мерзімді шарт және мерзімсіз шарт (оның әрекет ету мерзімін көрсетусіз) ретінде де бекітіле алады. 2.Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының тараптары болып кешенді лицензиар және кешенді лицензиат табылады. Шарттың екі тарабы да кәсіпкерлер болып табылады.Кешенді лицензиар - бұл лицензиялық кешенге деген айрықша құқықтар кешенін беретін субъект. Бұл құқықтардың көлемі олардың шарт бойынша одан әрі беру үшін жеткілікті болуға тиіс. Әдетте, лицензиялар ретінде интеллектуалдық меншік объектілеріне (лицензиялық кешенге) құқықтардың бастапқы иесі болады. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша құқықтарды беру рәсімі жағынан кәсіпкерлік қызмет болады және субъект оны жүзеге асыра отырып өзін кәсіпкер ретінде көрсететіндігін атап өту маңызды. Осыдан франчайзинг шартының басқа шарттардан соның ішінде, мүлікті сенімгерлікпен басқару шартынан ерекшелігі көрініс табады. Соңғы шарт, кейбір жағдайларда өзі арқылы кәсіпкердің мүмкін беруді қамтамасыз ете отырып, сонымен бірге оның кәсіпкерлік қызметке қатысуының аяқталғандығын (мүмкін уақытша) білдіреді.Кешенді лицензиат болып өзіне айрықша құқықтарды беру туралы шартты бекіткен, кәсіпкерлік қызметтің кез келген субъектісі табылады. Алынған лицензиялық кешеннің көмегімен тұрақты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру туралы сөз болып отырғандықтан, лицензиаттар ретінде коммерциялық заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер шығуға тиіс. Осы құқықтық қатынастарға коммерциялық емес заңды тұлғалардың мемлекеттің әкімшілік- аумақтық бөліністердің қатысуына жол берілмейді. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының пәні болып лицензияларға тиесілі айрықша құқықтар табылады. Интеллектуалдық меншік объектілерінің үлгілі тізімі АК-ң 961 -бабында келтірілген. Жоғарыда атап өткеніміздей, лицензиялық кешеннің негізгі құрамдас бөлігі болып азаматтық айналым қатысушыларын және олардың тауарларын жұмыстары мен қызмет көрсетулерін дараландыру құралдары табылады. Оларға аталған баптың 3-тармағына сәйкес фирмалық атаулар, тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері) жатады. Объективті себептерге байланысты лицензиялық кешеннің құрамында тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын (шығатын жерлерін көрсету) беру бірқатар жағдайларда орынсыз болады. Егер заңды актілермен тауарларды (жұмыстарды қызмет көрсетулерді) дараландырудың басқа да құралдары көзделетін болса, онда олар да лицензиялық кешендердің құрамына енгізілетін болады.Заңнамада кешен деген ұғым қолданылғанымен, оның франчайзинг қатынастарына қатысты түсінігі басқаша болып табылады. Құқықтар кешенінің бөлінбейтіндігі туралы талап жоқ. Тараптар лицензиялық құқықтардың өздерінің көңілдерінен шығатын "пакеттерін'' өз беттерінше құрастыра алады. Оның барлығы тараптардың (ең алдымен кешенді лицензиаттың) іс жүзіндегі қажеттіліктеріне, кешенді лицензиаттың төлем қабілеітілігіне байланысты.Кәсіпорындарды иеліктен айырумен байланысты мәмілелерге қарағанда франчайзииг кезінде материалдық ресурстарды беру орын алмайды, материалдық емес мүліктік ресурстарды беру орын алады бұған конверциялык кешенді кәсіпкерлік лицензияны беру жағдайы жатпайды. Бұл лицензиялық кешендерді беру актісін іс жүзінде шектеусіз "тираждауға'" мүмкіндік береді. Шектеулер тек бастапқы кезде бекітілген франшизм келісімдерінің талаптарымен және нарықтағы осы тауар түріне деген сұраныспен белгіленетін болады.Осы айтылғанға сүйене отырып, біз кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының пәні болып айрықша текті тауар (денесіз заттар немесе басқаша айтқанда мүліктік құқықтар) табылады деп айта аламыз. Осы мүліктік құқықтардың басқаларынан ерекшелігі - олар оның иесіне кейіннен кімнен болса да қандай да бір ақшаны немесе заттарды беруді талап етуге мүмкіндік бермейді. Олар өз алдына жеке бір құндылық болып табылады.Азаматтық айналым қатысушыларын, тауарларды жұмыстарды және қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарынан басқа лицензиалық кешен құрамына шығармашылық интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне деген құқықтар кіруі мүмкін. Лицензиялық кешеннің мұндай құрамдас бөліктері әдетте франчайзингті өндірістік аялар үшін пайдалану кезінде қажетті болып табылады. Өндіріс салаларына қарай интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелеріне деген берілетін құқықтар түрленетін болады. Мысалы, ауыл шаруашылық өндіріс аясындағы франчайзинг селекциялық жетістіктерге деген құқықтарды компьютерлерді өндіру жөніндегі технологияларды интегралды микросхемалардың топологияларына деген құқықтарды және т.б беруге себепші болады.ҚР АК 896- бабының 2-т.сәйкес лицензиялық кешенмен қатар кәсіпкердің(лицензиардың) іскерлік беделі мен коммерциялық тәжірибесі сияқты интеллектуалдық меншік сипатына ие емес игіліктерді беру мүмкіндігі көзделеді. Кешенді кәсіпкерлік лицензия пәнінің аясы берілуге жатпайтын игіліктер мен әрекет етуші заңнамаға сәйкес оларға іскерлік бедел жатпайтын кәсіпкер құқықтарымен шектелуге тиіс.Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын қолдану яғни лицензия бойынша айрықша құқықтардың жекелеген түрлерін беру (оларды шарт пәніне енгізу) бойынша шектеулер заңи актілермен белгіленуі мүмкін, Мәселен, франчайзинг бойынша құпия түрде ойлап табылғандарға және т.б. мүліктік құқықтар беріле алмайды. Лицензиялық кешендерді беруге мүмкіндік бермейтін объективті фактор болып лицензиялармен қатар шығармашылық интеллектуалдық қызмет нәтижелелерінің құқық иелері болып табылатын субъектілердің мүдделеріне зиян келтіру мүмкіндігі табылады. Осы айтылғанға сүйене отырып, бұл шарттың негізгі құқықтық мақсаты болып лицензиатқа тиісті лицензияны беру табылатындығын атап өткен жөн. Ол, сондай-ақ айрықша болып табылатындығына қарамастан, әрекет ету аясында белгілі бір аумақтар мен уақыт кезеңдерімен шектелуі мүмкін. Кешенді кәсіпкерлік лицензия белгілі бір қызмет аясына қатысты беріле алады. Мысалы, лицензиялардан алынған немесе пайдаланушымен өндірілген тауарларды сатуға ғана немесе лицензия лицензиатты өзге коммерциялық қызметті (жұмыстар атқаруға, қызмет көрсетуге) жүзеге асыруға уәкілдендіруі мүмкін. Лицензия, әрине, лицензиар жүзеге асыратын қызметтің барлық түрлеріне де беріле алады. Лицензияны беру лицензиатқа берілген құқықтарды жүзеге асырудың іс жүзіндегі мүмкіндігін беру қажеттілігін білдіреді. 3.Франчайзинг шарты консенсуалды болғандықтан, қатысушылар арасындағы заңи байланыс, олар шарттың елеулі талаптары бойын-ша келісімге келген сәттен бастап туындайды. Сондықтан лицензиар тиісті лицензиялық кешенді барлық құқықтарды шартпен көзделмеген мерзімдер мен көлемде беруге міндетті, ал лицензиат оларды өзіне беруді талап етуге құқылы. Сонымен бірге, франчайзингтің ерекшелігі қандай да бір мүлікті физикалық түрде (яғни қолдан қолға) беру орын алмайтындығында, өйткені ол материалдық емес. Лицензиар жоғарыда аталған мақсаттарда лицензиатқа құқықтарды жүзеге асыру мүмкіндігін беру үшін лицензиар белгілі бір ақпартты беруге міндеттелетін болады.Кешенді лицензиар лицензиатты оған берілген құықтарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша оқытуға және оған кеңес беруге міндетті. Сонымен қатар кешенді лицензиар лицензиаттан алынған құпия коммерциялық ақпаратты жария етпеуге міндетті. Шартга лицензиардың басқа да міндеттері көзделуі мүмкін. Қазакстан Республикасының "кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы" Заңның 14-бабына сәйкес кешенді лицензиар мынадай құқықтарға ие. 1.Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша лицснзиатпен шығарылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапасын бақылау; 2. Лицензиат өз кәсіпорнын (кәсіпорындағы өз үлесін) иеліктен айырған кезде оны басымды түрде сатып алу; З.Үшінші тұлғалар алдында лицензиатқа қатысты кепіл болу үшін немесе кепілші болу; 4. Кешенді лицензиатпен өзге де шарттар бекіту, атап айтқанда оған қатысты лицензия беруші болу; 5. Кешенді лицензиат өз міндеттерін орындамаған кезде кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын біржақты тәртіпте бұзу және одан келтірілген залалдарды өндіру, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша берілген айрықша құқықтар кешенін беруге бағытталған әрекеттерді жүзеге асырмау. Заңнамамен немесе кешенді кәсіпкерлік лицензия шартымен кешенді лицензиардың өзге де құқықтары көзделуі мүмкін. Жоғарыда айтылғаннан туындайтындай, франчайзинг шартының алдына қойған міндеттерінің бірі болып лицензиялық кешен бойынша лицензиатпен құқықтарды жүзеге асыруда нақты шектеулерді белгілеу табылады. Оны шешкен кезде франчайзинг екі тараптың да қызығушылығын тудырады. Лицензиар жаңа орында өндірісті, игерілген технология бойынша болса да, шексіз қалпына келтіру қажеттілігімен әртүрлі мемлекеттердің билік басындағылармен тиісті формалдылықты жөнге келтіру т.с.с. босатылады. Сонымен бірге ол өзінің интеллектуалдық меншігін, бизнесті жүргізу тәсілдерін және тіпті басқа тұлғалармен іскерлік беделді пайдалануды лицензиялау арқылы елеулі көлемде табыс ала алады.Лицензиат шығындарды көтереді, бірақ ол оларды тезірек және кепілді түрде қайтару мүмкіндігін алады. Егер сол бір немесе өзге кәсіпкерлік қызметтің қалыптасқан пайдалылық көрсеткіштеріне сүйенетін болсақ, шығындармен алынатын кірістер әрқашанда бір-бірімен арақатынаста болады. Лицензиар үшін лицензиаттың алатын пайдасы немесе өзге де олжасы оның шығындарымен салыстырғанда көп болмауы маңызды болып табылады, олай болмаған жағдайда оның құқықтары елеулі түрде кемсітілген болады.Кешенді лицензия бойынша құқықтардың белгілі бір көлемінің лицензиатқа өтуі белгілі бір шамада оның құқықтарын азайтады. Алайда дәл қандай шамада азайтатынын анықтау қиын. Лицензиар мен лизенциаттық ұқсас құқықтарының өзара бәсекелестігі туралы мәселеде өзекті болып қалып отыр. Заңнама мәнісінен туындайтындай лицензиар құқықтарының толықтығы туралы болжам негізгі болып табылады. Оған соңғысы жекелеген құқықтарын тікелей жоққа шығарылатын жағдайлар ғана күмән келтіре алады.Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартымен тікелей көзделгенде, лицензиарға лицензиатқа бекітілген аумақта қолдану үшін басқа ұқсас кешенді кәсіпкерлік лицензияларды бермеу не осы аумақта тікелей дербес қызметті жүргізуден тартыну міндеті жүктеледі.Заңнамада шектеу талаптарын лицензиат үшін де белгілеу мүмкіндігі көзделген. Оларға мыналар жатады: а) лицензиаттық кешенді кәсіпкерлік лицензияны пайдалану аумағында лицензиат лицензиарға тиесілі айрықша құқықтарды пайдалана отырып жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметке қатысты лицензиармен бәсекеге түспеу міндеттемесі; б) лицензиардың бәсекелестерінен (әлеуметті бәсекелестерінен) басқа да кешенді кәсіпкерлік лицензияларды алудан лицензиаттың бас тартуы. Бұл жағдайда пәні бойынша ұқсас (құқықтар жиынтығы бойынша ұқсас) лицензиялық кешені бар лицензияларды алудан бас тартуы көзделеді; в) шарт бойынша берілген айрықша құқықтарды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын үй-жайдың орналасқан жерін, сондай-ақ оның сырты мен ішін безендіруді лицензиаттң лицензиармен келісу міндеттемесі көзделуі мүмкін. Жоғарыда лицензиаттың қызметіне лицензиардың қатал бақылау мен бақылау бойынша белгілі бір әрекеттер (лицензиаттың қызметін заңсыз шектеу) жасау мүмкіндігі туралы айтылғанына қарамастан лицензиатқа кешенді кәсіпкерлік лицензия талаптарымен көзделген келесі шектеу міндеттемелері жарамсыз болады: 1) лицензиат сататын тауардың бағасы немесе лицензиат орындайтын (көрсететін) жұмыстардың (қызметтердің) бағасы, не аталған бағаның жоғарғы немесе төменгі шегі лицензиармен белгіленетіндігі туралы талап; 2) лицензиат белгілі бір санаттағы сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге) ғана не шартта белгіленген аумақта ғана орналасқан жері бар (тұратын орны) ерекше сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге) тауарлар сатуға, жұмыстар орындауға немесе қызметтер көрсетуге құқылы болатын талап.Шарт бойынша құқықтар берілгеннен кейін лицензиат лицензиялық құқықтарды шарт талаптарына, заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыруға тиіс.Франчайзингтік қатынастардың тұрақтануы мен тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау да және шарт бойынша басқа да мәселелерді шешу кезінде, сондай-ак іскерлік айналым дағдыларын да қолдану жоққа шығарылмайды. Жалпы кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты оны орындау басталғаннан кейін (одан талап етілетін іс-әрекеттерді лицензиармен жасау) лицензиат міндеттерінің басым болуымен сипатталады.Егер шартта өзгеше көзделмесе лицензиат: - лицензияларды өзінін өндірістік аумағына жіберуге, оған қажетті құжаттаманы беруге, яғни лицензиарга өнімнің шығу көлеміне оның таралу (сатылу) аумағына және т.б. бақылау жасауға мүмкіндік беретін құжаттарды беруге; * берілген айрықша құқықтардың дұрыс пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға көмек көрсетуге яғни лицензиаттық кәсіпорнында жүргізілген тексеріс нәтижелерінің шынайылығы үшін лицензияларға өзінің тауарлық белгісін пайдаланумен сатылып кеткен өнімнің сапасын қосымша тексеру, оның қосымша саны лицензиатпен жасырын түрде шығарылатын-шығарылмайтындығын және тағы баска анықтау талап етіледі; - лицензиялардың пайдалануға берілген айрықша құқықтардың сипатына, пайдалану әдісімен шарттарына қатысты барлық нұсқаулықтары мен нұсқауларын сақтауға; - лицензиялардың өндіріс құпиясын және одан алынған коммерциялық жасырын ақпаратты жария етуге; - сатып алушыларды (тапсырыс берушілерді) олар үшін мейлінше айқын әдіспен фирмалық атауын тауар белгісін, қызмет белгісін немесе даралаудың өзге де құралын кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты негізінде пайдаланылатындығы туралы хабардар етуге міндетті. Бұл лицензиармен лицензиаттың өзара қарымқатынасы олардың ішкі мәселесі болып табылатындығымен байланысты. Лицензиар сенім білдіріп немесе ойланбастан кешенді кәсіпкерлік лицензияны лицен- зиатқа бергендігі, оларды лицензия бойынша өндірілген тауарлардың, атқарылған жұмыстардың көрсетілген қызметтердің сапасы төмендеді деп жаңылыстыру салдарынан тұтынушылардың құқықтарын бұзбауға тиіс. Лицензиаттың аталған міндеті тауарлар, жұмыстар (қызметтер) тұтынушыларының олар туралы жан-жақты және сенімді ақпарат алуға деген құқықтарымен байланысты.Лицензиат шарт талаптарына сәйкес сыйақы төлеуге міндетті. Көмекші міндеттемелер нысанында құрылатын қосалқы франчиздік қатынастардың пайда болуы әбден мүмкін. Онда лицензиаиттың өзі қосалқы лицензиатқа қатысты лицензиар ретінде табылады. Бұл кешенді кәсіпкерлік лицензия шартында лицензиатқа берілген барлық немесе жекелеген айрықша құқықтарды басқа тұлғаларға пайдалануға рұқсат ету құқығы лицензиармен келісілген немесе шартта белгіленген жағдайларда көзделуі мүмкін. Негізгі шарт бойынша сыйақы, кешенді кәсіпкерлік қосалкы лицензияға қатысты барлық талаптар атап айтканда, қосалқы лицензия негізінде өндірілетін өнімнің сапасы оны сатып алу және т.б. реттелуге тиіс. Лицензиат үшін қосалқы лицензияның кімге берілетіндігі манызды болады.Кейбір жағдайларда кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының өзінде белгілі бір уақыт кезеңі ішінде пайдалану аумағы көрсетіліп немесе көрсетілмей, лицензиаттың белгілі бір мөлшерде қосалқы лицензия беру міндеті қамтылуы мүмкін. Мұндай міндетті белгілеу лицензиардың мүддесімен байланысты болуы мүмкін. Өйткені ол оны шартта белгілей отырып, сыйақы бағасында оған қосалқы лицензияны сатудан түсетін сома лицензиатпен ескерілетін болғандықтан, лицензияны сатудан мүмкіндігінше көп пайда табу мақсатын көздейді.Қосалқы лицензиялық франчиздік келісімнің көмекшілік сипаты АК бірқатар нормаларынан көрініс табады. Атап айтқанда кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарты лицензиармен лицензиаттың негізгі шартынан неғұрлым мерзімге бекітуге болмайды. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының тоқтатылуы осыған сәйкес жасалған барлық кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шартын токтатады. Егер заң актілерінде көзделген негіздер бойынша негізгі шарт жарамсыз деп танылса, осыған сәйкес жасалған кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарттары да жарамсыз деп танылады.Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты құқықтардың нақты анықталған көлемімен сипатталады. Бұл оны бөтеннің мүлкін пайдалану көзделетін, мысалы мүлікті жалға алу шартынан басқа да шарттардан ерекшелендіреді. Онда мүлікті пайдалану кезінен тек жалпы категориялармен, мерзіммен, мүлікті мақсатына сай пайдалану талабымен және өте сирек жағдайда пайдалану көлемінен ғана анықталады. Сол себептен жалға алу шартының негізінде көмекші шартты бекіту осындай шартты франчайзинг шартының негізінде бекітуден елеулі түрде ерекшеленеді. Бірінші жағдайда қосалқы жалға алушының құқықтары белгілі бір өзіндік мазмұнға ие болады. Екінші жағдайда олар іс жүзінде арифметикалық түрде бірінші лицензиат құқықтарынан алынады. Осыған орай АК 904-бабының нормасы да көзделген. Оның әрекеті қосалқы лицензиат өзіне берілген құқықтарды жүзеге асырмаған жағдайларға арналған. Егер кешенді кәсіпкерлік лицензия шартында өзгеше көзделмесе, ол мерзімінен бұрын токтатылған кезде, кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарты бойынша лицензиаттың құқықтары мен міндеттері осы жағдайда негізгі шарт бойынша лицензиат ретінде шығатын лицензиарға ауысады.Шарт тоқта тылғаннан кейін лицензиат, егер оларды өзінде қалдыру көзделмеген болса, лицензиарга тиісті құжаттаманы қайтарута тиіс. Шартпен егер ол болса, лицензиатпен өндірілген артық өнімнің тағдыры туралы мәселе шешілуі мүмкін. Кешенді лицензиат кешенді лицензиармен негізгі франчайзинг шартынан басқа өзге де шарттар бекітуге құқылы. Заңнамамен немесе шартпен кешенді лицензиаттың өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты өзінің әрекет етуін, лицензиат өзіне берілген құқықтарды жүзеге асыратын бүкіл кезеңге сақтап қалады. Сол бір немесе өзге себептер бойынша (мысалы қайта құрылу) лицензиар өзінің фирмалық атауын өзгерткен жағдайда да шарт өз күшінде сақталады. Бұл орайда лицензиялық кешеннің құрамында берілген ескі фирмалық атауды жаңа фирмалық атауға ауыстыру жүзеге асады. Лицензиаттың еркі бойынша ол шартты бұзуды талап ете алады. Шарт күші сақталған жағдайда лицензиат лицензиарға тиесілі сыйақының тиісінше азайтылуы талап етуге құқылы.Осыған ұқсас норма лицензиялық кешен құрамындағы бір немесе бірнеше құқықтарды өзгерту жағдайлары үшін көзделген. Бұл мысалға патенттің әрекет ету мерзімінің өтіп кетуі салдарынан өнертапқыштыққа деген құқықтың заң бойынша қорғалуы тоқтатылған жағдайларда орын алуы мүмкін. Лицензиар бұл уақытта ескі өнертапқыштықтың орнын толтыра алатын жаңа өнертапқыштықты пайдалану құқығына ие болуы мүмкін және т.б. заңнама мәнісінен туындайтындай, ең бастысы лицензиялық кешен элементтерінің (құқықтарының) негізгі бөлігі өзгермесе болды. Сондай- ақ ауыстыру нәтижесінде үлкен пайда әкелетін интеллектуалдық меншік объектісіне деген құқыққа ие болған лицензиат бұл үшін сыйақыны үлкен мөлшерде төлеуге міндетті емес. Керісінше, егер интеллектуалдық меншіктің жаңа объектілерін пайдалану тиімділігі төмен болса лицензия кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты өз күшінде сақталған кезде, лицензиарға тиесілі сыйақы мөлшерін сәйкесінше азайтуды талап етуге құқылы. Лицензиялық кешен құрамында бір немесе бірнеше құқықтар өзгертілген кезде шарт күшін сақтап қалуға мүдделі емес лицензиат оны бұзуға құқылы.Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының қолданылу мерзімінде шарт бойынша пайдалануға берілген кешенге кіретін қандай да бір айрықша құқықтың қолданылу мерзімі өтіп кеткенде не мұндай құқық өзге де негіз бойынша тоқтатылғанда шарт сақталады. Ал егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат лицензиарға тиісті сыйақыны мөлшеріне қарай азайтуды талап етуге құқылы.Франчайзинг шарты бойынша жауапкершілік жағдайларына оның кәсіпкерлік сипаты әсер ететіні сөзсіз. Талаптардың әрқайсысы шартты орын дамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершіліктен егер олардың өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісті түрде орындамауы бой алдырмайтын күш жағдайларының әрекет ету салдарынан орын алуын дәлелдесе босатылуға тиіс.Лицензиар тарапынан құқық бұзушылықтар одан талап өтілетін құжаттаманы ақпаратты бермеген көрініс табуы мүмкін. Бұған қоса лицензиар егер лицензиат үшін негізсіз шектеулер белгілесе оны фирмалық атаудың беделділігі, интеллектуалдык меншіктің сол бір немесе өзге объектілерінің кұндылығы туралы жаңылыстырылса және осымен оған зиян келтірсе, жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Егер лицензиат шартты лицензиардың фирмалық атауын өзгерту немесе лицензиялық кешеннің құрамына кіретін бір немесе бірнеше құқықтарды өзгерту салдарынан бұзса, онда лицензиар лицензиатқа келтірілген залалдарды өтеуте міндетті (ҚР АК 905, 906-баптар). Лицензиардың лицензиат алдындағы жауапкершілігінің басқа да жағдайлары жоққа шығарылмайды.Франчайзинг шарты бойынша лицензиат алдында лицензиар жауапкершілігінің туындауы ықтималдырақ болып табылады. Лицензиат лицензиардың барлық негізделген нұсқауларын ұстануға тиіс. Егер кешенді кәсіпкерлік лицензия талаптарынан ауытқуларға жол берілсе, лицензиялардың құқықтары мен мүддесі бұзылса, зиян келтірілсе, онда лицензиат толық көлемде соның ішінде лицензиардың барлық залалдары үшін жауапты болады. Бұған коса сапасыз өнімді шығаруға және оны сатып алушыларға сатуға берген лицензиат лицензиардың іскерлік беделін түсіргені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.Жауапкершілік мәселесіндегі тағы бір аспект шарт бойынша көзделетін жауапкершіліктің өзіне емес ал лицензиялық кешенге кіретін құқықтарды пайдалану салдарынан зиян келтірілгендегі үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікке қатысты. Заңнама құқықтардың лицензиарға тиесілі екендігін, лицензиатты таңдағаны және оған көрсетілген сенім үшін оның жанама жауапкершілігін ескереді. Осы айтылғанаға орай АК 901-бабына сәйкес лицензиар кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша сатылатын (орындалатын, көрсетілетін) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасының сәйкессіздігіне байланысты лицензиатқа қойылған талаптар бойынша субсидиарлы жауапты болады.Осыған ұқсас жағдай қосалқы лицензиатпен жасалған әрекеттер үшін жауапкершілік туралы мәселе туындаған кезде қалыптасатын болады. Заңнама мәнісі бойынша оның іс-әрекеті үшін субсидиарлы жауапкершілікке негізгі лицензиар да, лицензиар-лицензиатта тартылуға тиіс.Егер кешенді кәсіпкерлік лицензия шарттарымен өзгеше көзделмесе қосалкы лицензиаттардың іс-әрекеттерімен лицензиарға келтірілген зиян үшін лицензиат субсидиарлық жауапты болады. Субсидиарлық жауапкершілікке тартылған лицензиар не лицензиат, сәйкесінше лицензиат немесе қосалқы лицензиат үшін оларға регрестік талап ету құқықтарына ие болады. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты заңнамада көзделген жалпы негіздер бойынша тоқтатыла алады. Мерзімі көрсетіліп жасалған шарт оның әрекет ету мерзімі өткеннен кейін тоқтатылатын болады. Мерзімі көрсетілмей жасалған шарт лицензиат берілген құқықтардың барлық көлемін жүзеге асырғанда тоқтатылуы мүмкін. Егер құқықтардың көлемі бойынша шектеулер көзделмеген болса, онда шарт тараптар өзара келісім бойынша оның әрекетін тоқтатпағанша, әрекет ететін болады. Мерзімсіз кешенді кәсіпкерлік лицензия шартында шарттан оның кез келген тарабы бас тарта алады. Бірақ екінші тарап бұл туралы айы бұрын хабардар етілуге тиіс. Бұл тарап императивтік болып табылады және хабардар ету мерзімі тараптармен азайтыла алмайды. Шарттағы осы жайлы талап егер шарт бұзылатын тарап өз құқықтарын қорғағысы келсе, жарамсыз болады. Шартпен мерзімі көрсетілмей жасалған кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын бір жақты түрде бұзу туралы хабардар ету үшін негұрлым ұзақ мерзім көзделуі мүмкін.Лицензиаттың пайдалануына берілген құқықтар кешенінің құрамына кіретін айрықша құқықтардың бірі тоқтатылған кезде, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты әрекеті тоқтатылған құқықтарды пайдалануға қатысты өз ережелерінің бөлігіне тоқтатылған құқықты пайдалануға қатысты өз ережелерінің бөлігіне тоқтатылған деп есептеледі. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты белгілі бір шамада мирасқорлыққа жол береді.Егер лицензиар - жеке тұлға болса және ол қайтыс болса онда кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша оның құқықтары мен міндеттері мұрагерге, егер ол кәсіпкер ретінде тіркелген болса немесе мұра ашылған күннен бастап алты айдың ішінде (мұраны қабылдау мерзімінің ішінде) тіркелетін болса, ауысады. Өзге жағдайда шарт тоқтатылады.Заңнама мәнісі бойынша лицензиаттың (жеке немесе заңды тұлға) құқық субъектілігін тоқтату кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын тоқтатуға алып келеді. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Франчайзинг шартының түсінігі 2. Франчайзинг шартының мазмұны 3. Франчайзинг шартының ерекшелігі Ұсынылатын әдебиет 1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996. 2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997. 3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996. 4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995. 5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98. 6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева. Тақырып 18 . Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер 1. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен маңызы. 2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары 3. Зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік. 1.Адамардың өзара қарым-қатынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бірде бір аясы жоқ.Ол басқа азаматтар мен заңды тұл,алардың әртүрлі іс-әрекеттерінің салдарынан азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілеріне тиесілі игіліктер мен құқықтарға келтірілуі мүмкін.Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен, қауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатудан, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен және т.б. келтіріледі.Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына (игіліктеріне) және заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіру заң шығарушының назарынан тыс қала алмайтындығы сөзсіз. Олай болмаған жағдайда қоғамдық қатынастардың реттеушісі ретіндегі азаматтық құқықтың құндылығы елеулі түрде төмендетілер еді. Сол бір немесе өзге субъектілерге зиян келтіру жағдайларын тиісті назардан тыс қалдыру әртүрлі құқықтық және өзге де өзекті мәселелерді одан әрі туындайтын. бір немесе бірнеше құқық бұзушылықтар жасаған құқық бұзушы тарапынан құқық бұзушылықты одан әрі ұшықтыруға алып келуі әбден мүмкін. Бұл, өз кезегінде жәбірленген тарапты озбырлыкқа (рұксат етілген шектен шығуға) және жауап ретінде құқық бұзушылық жасауға итермелеуі мүмкін.Тұлғалардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін бірдей қалпына келтіруге, аталған тенденциялардың қауіптілігін елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік беретін азаматтық құқықтың институты болып азаматтық-құқықтық жауапкершілік табылады.Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қырлары шарттық міндеттемелерді қарастыру кезінде зерделенген болатын. Онда шарттық жауапкершілік туралы сөз болған. Бұл жауапкершілік көп жағдайда азаматтық құқықтық шарттар қатысушыларының арасындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеуге септесетіндігімен сипатталады. Сонымен қатар белсенді қолданысқа деликтілік жауапкершілік те ие. Оны субъектілер өзара шарттық қатынастармен байланысты болмайтын жағдайларда құқық бұзушылықтар жасағаны үшін туындауға тиіс болатын азаматтық құқықтық жауапкершіліктің бір түрі деп атауға болады (қазіргі құқық аясында оны бұрынғыдай бір жақты түсінбейді).Азаматтық- құқықтық жауапкершіліктің аталған түрлерінің ортақтығына қарамастан олардың айырмашылықтарын да атап өту қажет. Деликтілік жауапкершілік дәстүрлі түрде азаматтық құқықтық өз алдына бөлек институты болып табылады. Оның өзіне тән ерекшеліктері бар, олар ең алдымен оның құрамында императивтік нормалардың басым болуымен сипатталады.Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - заңдык (құқықтық) жауапкершіліктің бір түрі болып табылады, Оған да заңдық жауапкершіліктің белгілері тән. Олар: 1) мемлекеттік мәжбүрленумен ажырағысыз байланыс; 2) іс-жүзіндегі негіздеме – құқық бұзушылық болуы; 3) құқық бұзушы тәртібінің мемлекеттік және қоғамдық айыптаумен байланысы. Алайда, азаматтық-құқықтық жауапкершілік спецификалық өзіне тән ішкі белгілерге ие. Ол қылмыстық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, тәртіптік жауапкершілікпен қатар жеке өзіне арналған мақсаттарға ие. Азаматтық- құқықты жауапкершілік субъектілері іс-әрекеттерінің айрықша азаматтық- құқытық салдарына реакция білдіру ретінде қолданылады және өзі сонымен бірге өзін қолдану үшін түрткі болғандардан ерекшеленетін, белгілі бір азаматтық-құқықтық салдарға алып келеді.Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен деликт жасаған құқық бұзушыға әсер ету шарасы болып табылатын, оның санкцияларын ажыратқан жөн. Зиян келтіргені үшін (шарттан тыс, деиліктілік) жауапкершілік аясында негізгі санкция болып келтірілген зиянды өндіріп алу табылады.Азаматтық-құқықтық жауапкершілік жеке сипатқа ие. Яғни оның қолданылуы құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірілген субъектінің немесе жәбірленушінің атынан талап-арыз қоюға құқылы тұлғаның еркіне тәуелді болады. Кәмелетке толмағандардың мүдделеріне зиян келтірілген кезде, егер олар ата-анасының қамқорлығында болмаса, талап-арыз бала тәрбиелеу мекемелерімен, қорғаншылар мен қамқоршылармен, тікелей қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен немесе прокурормен қойылады. Өз құқықтарын өздері қорғай алмайтын тұлғаларға зиян келтірілген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүмкіндігінше мүлтіксіз жүзеге асырылуға тиіс. Ол үшін қажетті жағдайлар заңнамамен қалыптасуға тиіс, мұндай қажеттілікті деликтілік құқық нормаларын қолданатын мемлекеттің құзіретті органдары мен соттары тарапынан ескерген жөн. Мемлекетке, жария мүддеге зиян келтіру жағдайларына да қатысты осындай ой айтыла алады.Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жеке сипаттылығының тағы бір қыры азаматтық-құқықты жауапкершілік лекциялары жәбірленушінің өз пайдасына қолданылады, ал жария- құқықтық жауапкершілікті қолдану санкцияларды салыстырмай-ақ біреудің пайдасына (мысалы бас бостандығынан айыру) не мемлекет пайдасына (мүлікті конфискациялау, әкімшілік айыппұл) қолдануға алып келеді.ҚР АК 917-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтар мен заңды, тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген мүліктік және (немесе) мүліктік емес зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемде өтеуге тиіс. Сондай-ақ заң актілерінде зиянды өтеу міндеті зиян келтіруші болып табылмайтын тұлғаға жүктеледі, сонымен қатар өтеудің неғұрлым жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін екені ескертіледі. Аталған бап, негізінен зиян келтіруден туындайтын жауапкершіліктің жалпы негіздерін белгілеу үшін арналғанмен, ол, сондай-ақ зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеме түсінігінің өзін де анықтау үшін қолданылады.Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - бұл зиян келті- рушінің немесе заңнамада аталған өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін қамтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың (мемлекеттік немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) мүліктік және (немесе) мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме.Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерді жүзеге асырумен азаматтық-құқықтық жауапкершілік және сонымен қатар, оның функциялары жүзеге асырылады. Оның функцияларын компенсациялык, айыппұлдық, тәрбиелік және алдын алушылық ретінде анықтауға болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің компенсациялық функциясы өз мақсаты ретінде бұзылған құқықтар мен мүдделерді олардың бұзылуына тепе-тең түрде қалпына келтіруді көздейді. Аталған жауапкершілікті қолдану құқық бұзушыны, оның сірә өзі деликт жасай отырып байып кетпеген мүліктік аясын кеміту жолымен жазалайды.Оларға азаматтық-құықтық жауапкершіліктің санкцияларын қолдану салдарынан және сот процестеріне негізінен жауапкерлер ретінде қатысқандықтан, құқық бұзушылар азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің белгілі бір тәрбиелік ықпалында сезінері анық. Бұл азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің белгілі бір шамада құқық бұзушыларды одан да ауыр құқық бұзушылықтар жасаудан ұстап қала алатын, алдын алушылық маңызына себепші болады.Зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің элементтерін қарастырайық. Міндеттеме субъектісі болып кредитор (жәбірленуші) және борышқор (зиян келтіруші немесе оның әрекеті үшін заң бойынша жауапты өзге де тұлға) табылады. Міндеттеме қатысушыларының көптігі кредитор тарапынан да, борышқор тарапынан да орын алуы мүмкін. Жәбірленуші ретінде кез келген жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумактық бөліністер бола алады. Объективті түрде өмірі мен денсаулығына зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кредиторлар ретінде, егер сөз регрестік міндеттемелер туралы болып отырмаса, жеке тұлғалардан басқа өзге субъектілер бола алмайды.Борышқорлар ретінде де, құқыққа қайшы іс- әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) салдарынан зиян келтірген, кез келген субъектілер танылады. Басқа тұлғалардың әрекеттері үшін заң бойынша жауап беретін тұлғаларға ата-аналар (асырап алушылар), қамқоршылар, оку, емдеу, тәрбие және кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз тұлғаларға қадағалауды жүзеге асыруға тиіс өзге де мекемелер мемлекеттік ұйымдар (өз жұмысшыларының іс-әрекеті үшін) жатқызылуы мүмкін.Орын алған жағдайға, зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің пайда болу себебіне (не мүліктің не мүліктік емес зиянды келтіру), міндеттемелер қатысушыларына байланысты оларды әмбебап құқық мирасқорлығына немесе суброгацияға жол берілуі мүмкін. Мысалы, мұрагерлер, құқық мирасқорлығының нәтижесінде, қайтыс болған азаматтың мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді талап ету құқығына ие болуы мүмкін. Сақтандыру ұйымы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартына қатыса отырып, сақтандыру жағдайы туындаған және ол зиянды өтеу кезінде зиян келтіруден туындайтын міндеттемеде кредитор орнын иеленетін болады.Борышқор үшін зиянды өтеген тұлға (мысалы, солидарлы борышкорлардың бірі) да оған қатысты регрестік міндеттеме аясында кредитор болады. Міндеттеме түрі болып ол бойынша тиесілі өтем табылады. Өзге міндеттемелерге қарағанда зиян келтіруден туындайтын міндеттеме пәні өте жиі жағдайда анықталмаған болып табылады. Зиян келтіруден туындайтын талап- арыздар "бәсекелесе" алатын талап-арыздарға жатады. Зиян мөлшері және тиісінше тиесілі өтемақы мөлшері талап- арыз бергенде, тәжірибе жүзінде дәлме-дәл есептеле алмайды (егер де оның калькуляциясы жәбірленушімен берілсе де, ол даулана алады). Сол себептен міндеттеме пәні әдетте сотпен нақтыланады. Міндеттеме пәні зиянды өтеудің сотпен таңдап алынған тәсіліне байланысты болады. Сот зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, істің мән-жайына сәйкес зиян үшін жауапты тұлғаны келтірілген залалдарды толығымен өтеуге немесе оны заттай өтеуге (сол тектес және сол сападағы затты беру, бүлінген затты қалпына келтіру және т.с.с.) міндеттейтін болады. Адам өмірі мен денсаулығына және моральдық зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша міндеттеме пәні өзіндік ерекшеліктерге ие болады.Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеме бір жақты міндеттеме болып табылады. Сондықтан оның мазмұнына зиян келтіруші тұлғаның (өзге де тұлғаның) келтірілген зиянды өтеу міндеті кіреді. Оны өтеу тәртібі, мерзімдері заңнамамен, сот шешімімен, тараптардың келісімімен анықталатын болады немесе міндеттеме мәнісінен туындайды. Жәбірленуші зиянды өтеу жөніндегі міндетті онын алдында іс жүзінде орындауды талап етуге құқылы.Жәбірленушілер тарапынан тұлғалардың көптігі, мүлік екі және одан да көп тұлғалардың ортақ бірлескен меншігінде болған кезде немесе өзге де соған ұқсас жағдайларда орын алады. Зиянды бірлесе отырып келтіру ретінде зиян келтіру сол үшін жауапты бірнеше тұлғалардың ортақ ниеттерімен (бірлескен іс-әрекет-термен жүзеге асырылған) қамтылатын жағдайлар бағаланады.Ол заңнамаға сәйкес солидарлы (немесе ортақ) жауапкершілікке алып келеді. ҚР АК 932-бабына сәйкес, бірлесіп зиян келтірген тұлғалар жәбірленушінің алдында ортақтасып жауап береді. Ортақ жауапкершілік кезінде зиян келтірушілердің әрқайсысы жәбірленуші алдында толық көлемде жауап береді. Зиян келтірушінің әрқайсысы төлеуге тиіс өтемнің мөлшері олардың сол бірі немесе өзге біреуі іс жүзінде келтірген зиянның мөлшеріне сәйкес айқындалатын болады. Егер мұндай анықтау мүмкін болмаса, онда оларға бірдей үлестегі жауапкершілік жүктелуі мүмкін. 2.ҚР АК 917-бабының 2-тармағында зиян келтірушінің егер зиян өзінің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелдесе, оны өтеу жауапкершілігінен босатылатындығы көзделген. Заңнама мен тұлғаға зиянды өтеу жауапкершілігі оның кінәсінің болу болмауына қарамастан жүктелетін жағдайлар көзделуі мүмкін.Сонымен зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері (шарттары) болып мыналар табылады: 1) құқыққа қайшы іс-әрекет (әрекетсіздік); 2) зияннның болуы; 3) тұлғаның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен туындаған құқыққа қайшы салдардын (зиянның) арасындағы себепті байланыс; 4) кінә. Аталған төрт шарт бір-бірінен ажырағысыз орын алады. Олар азаматтық құқық бұзушылықтың (деликтінің) өзара байланысты элементтері болып табылады. Осыған сүйене отырып, біз зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің пайда болу (азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолданудың) лездемесі болып аза-маттық құқық бұзушылық табылады.Құқыққа қайшылық түсінігі азаматтық құқықта көп қырлы болып табылады. Құқықка қайшылық ең алдымен тұлғалар іс-әрекетінің (қадамдарының) құқықтық әртүрлі салаларына нормаларына қайшы келуіне сүйене отырып бағаланады. Бұл конституциялық құқық, қылмыстык құқық, әкімшілік құқық және т.б. болуы мүмкін. Іс- әрекеттердің (әрекетсіздіктің) объективтік құқық нормаларына қайшы келу бел- гілері олардың құқыққа қайшылығын оңай және сенімді бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бірқатар басқа мемлекеттердің құқықтарында сияқты, Қазақстан Республикасының да азаматтық құқығында бас деликт қағидасы әрекет ететіндігін ұмытпаған жөн. Соның салда-рынан, егер зиян келтіруші оған заң актілерімен уәкілденген болмаса немесе тұлғаның оған зиян келтіруге деген келісімі (ниеті) болмаса, кез келген зиян келтірушілік құқыққа қайшы деп танылатын болады. Егер адамдардың іс-әрекеттері болашақта зиян келтіру қаупін тудыратын болса, онда бұл іс-әрекеттерге тиым салу туралы талап қоюға зиян келтірудің алдын алуға бағытталған талап-арызға негіз бола алады. Әрине, мұндай талап-арызды қою кезінде іс-әрекетпен (әрекетсіздікпен) зиян келтірілу міндетті емес болып табылады. Бұл талап келтірілген зиянды өтеу туралы талап-арызбен бірге қойылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда адамдар (басым жағдайларда бұл кәсіпкерлер) зиянды өтегеннен кейін, өздеріне тиесілі кәсіпорындардың, құрылымдардың қызметін, өзге де өндірістік қызметті жалғастыра береді, ол өз кезегінде зиян келтіруді де жалғастыруы немесе жаңа зиян келтірумен қауіп төндіруі мүмкін, сот мұндай жағдайларда жауапкерді зиянды өтеумен қатар тиісті қызметті токтатуға міндеттеуге тиіс.Кейбір жағдайларда тұлғаның тиым салуға арызданып отырған қызметтің әлеуметтік маңызын ескере отырып, оның талап-арызын қанағаттандырудан да бас тартуы мүмкін. Егер субъектінің қызметінде заңнаманы бұзу орын алып отырса, мұндай бас тарту негізсіз деп танылады. Сот, егер бұл оны алып отырса, заңнаманы бұзумен жүзеге асырылып отырған іс- әрекеттерге тиым салуға тиіс. Талап-арызын қанағаттандырудан бас тартылған субъект өзіне келтірілген зиянды өтеуді талап ету құқығынан алдағы уақытта айрылмайды. Зиян азаматтық құқықта материалдык немесе материалдық емес игілікті (адам өмірі, денсаулығы) кеміту (жою) арқылы бағаланады. Зиян азаматтық құқықта мүліктік және мүліктік емес деп бөлінеді. Өтемеуге жататын зиян нақты залал түсінігімен біріктіріле отырып, мүліктің (қозғалатын немесе қозғалмайтын. жеке анықтауға немесе біртектес белгілерімен анықталған) бүлінуінен, жойылуынан келтірілген шығындардан көрініс табады (ҚР АК 9-бап, 4-т). Сондай-ақ зиян құрамына жәбірленушінің дағдылы айналым жағдайында алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айырылып қалған пайда) да кіреді. Айырылып қалған пайда деп жоспарланған табысты ғана емес, сондай-ақ бүлінген мүліктен нәтижелер төл түрінде алынуы мүмкін болған табиғи өсімдерді де түсінген жөн. Басым жағдайда нақты залал тікелей "бастапқы" зиян бола отырып айқын көрінеді. Бірақ ол жанама түрдегі "кейінгі" зиян ретінде де көрініс беруі мүмкін. Зиян адам өмірі, оның денсаулығы, ар-намысы, іскерлік беделі, жеке өмірге қол сұғушылық, жеке және отбасылық құпия сияқты игіліктер бойынша туындайтын жеке мүліктік емес құқықтарды бұзатын, сондай-ақ атауға, өзіндік бейнеленуіне және басқа да материалдық емес игіліктерге деген құқықтар бұзылған кездегі құқыққа қайшы іс-әрекеттердің салдары болуы мүмкін. Денсаулықты зақымдаумен, адам өмірін айырумен келтіріліген зиян еңбек ақыны, заңды тұлғаны құрумен немесе құрусыз жеке кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысты жоғалтудан мүліктік залал түрінде де көрініс табуы мүмкін. Бұл орайда мүліктік зиянның құрамына емделуге, күтімге, тамақтануға, протездеуге, көлік құралдарын алуға, жерлеуге және т.б. кеткен шығындар кіретін болады. Сонымен денсаулықты зақымдаумен келтірілген зиян белгілі бір бөлігінде нақты мүліктік залал болып табылады, бірақ ол алынбай қалған пайда нысанында да көрініс табуы мүмкін.Мүмкін емес зиян деп қол сұғылатын обьектіге қарамастан мүліктік емес зиян түсініледі. Яғни моральдық зиян жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне де және субъектілердің жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына да қол сұғушылықтың салдары болуы мүмкін.Себепті байланыс - бұл азаматтық құқық бұзушылықтың элементі. Соған сүйене отырып деликтілік құқық нормаларын қолданатын субъектілер құқықтық және іс жүзінде көзқарастар тұрғысынан зияннның туындаған құқыққа қайшы салдары, тұлғаның жауапкершілікке тарту көзделіп отырган дәл сол іс-әрекеттердің нәтижесі екендігі туралы негізделген қорытынды жасайды.Себепті байланыс - объективті категория. Бірақ ол белгілі бір материалдык көрініске ие емес, сондықтан оның болу болмауы мен сипаты деликтілік және соған орай туындайтын іс жүргізушілік құқықтық қатынастар қатысушыларының субъективтік танымы арқылы анықталады. Әрине, деликтінің басқа да қырлары, тіпті іс жүзіндегі шынайылықтың кез келген жағдайы белгілі бір шамада субъективтік тұрғыдан бағаланатындығын айта кеткен жөн, бірақ себепті байланысты бағалаудың мүмкін болатын субъективизациясының дәрежесі елеулі түрде жоғары. Бұл оның ерекшеліктеріне байланысты.Себепті байланыс, біздің ойымызша, екі түрлі маңызға ие. Біріншіден, ол жауапкершілікті сол бір немесе өзге тұлғаға жүктеу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға көмектеседі. Екінші жағынан, себеп-салдар байланысы зиянды өтеу шектерін белгілеуге мүмкіндік беретін объективті критерийі болып табылады. Қойылған міндеттердің екіншісін шешу үшін себепті байланысты ескеру кезінде тұрған мәселенің мәнісі мынада: субъектіге жауапкершілік жүктеу үшін құқыққа қайшы іс-әрекетпен туындаған нәтиженің зерттеліп отырған себеп-салдар байланыстары ықпалының шынайылық дәрежесін қандай шектерге дейін мойындау жеткілікті болады. Кейбір жагдайда жеке мүліктік емес игілікті кемігу тікелей кұқык бұзушы мен жәбірлеиуші арасында зиян келтіруден туындайтын мін-деттемелік күкыктык қатынасқа себепші болады, басқаша айтқанда, жеке мүліктік емес кеміту кредитор түлғасымен тікелей байланысты (мысалга. ар-намысты корлаган кезде), Егер де азамат қайтыс болса бұл жагдайда біз оның жеке мүліктік емес игілігін жою туралы айта Азаматтық-құқықтық жауапкершілік жүктелген кезде жәбірленген тараптық кінәлігі ескеріледі. Жәбірленушінің теріс пиғылының салдарынан туындаған зиян өтелуге жатпайды.Егер жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы зиянның пайда болуына немесе ұлғаюына себеп болса, жәбірленуші мен зиян келтіруші кінәсінің дәрежесіне қарай өтеу мөлшері азайтылуға тиіс.Жәбірленуші өрескел абайсыздық жасап, зиян келтірушінің кінәсі болмаған жағдайда, оның жауапкершілігі кінәсіне қарамастан туындаған кезде егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, өтеу мөлшері азайтылуға тиіс немесе зиянды өтеуден бас тартылуы мүмкін. Азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда зиянды өтеуден толық бас тартуға жол берілмейді.Жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу кезінде жәбірленушінің кінәсі ҚР АК 937-бабына сәйкес қосымша шығындар бөлігінде ескерілмейді. Азаматтың қайтыс болуы салдарынан асыраудан айырылған тұлғаларға зиян өтелгенде, сондай-ақ оны жерлеуге кеткен шығындарды өтеу кезінде жәбірленуші кінәсінің болуы маңызды болып табылмайды.Кінәні (оның нысанын) ескерудің тағы бір жағдайын атап өтейік, бұл жолы біз зиян келтірушінің кінәсі туралы айтамыз (кінәні ескеру зиян келтірушінің мүліктік жағдайын ескерумен қатар жүзеге асырылады). ҚР АК 935-бабының 5- тармағына сәйкес, зиян азаматпен келтірілген кезде оның нашар мүліктік жағдайын ескере отырып сот одан келтірілген зиян үшін өндірілетін сома мөлшерін азайта алады. Егер зиян тұлғамен қасақана келтірілсе, бұған жол берілмейді.Басқа адамдардың іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу міндетін жүктеу жауапкершілік ретінде шартты түрде қарастырылады. Бұл жәбірленуші тараптың мүдделеріне сүйене отырып, анықталатын зиянды өтеу туралы мәселені шешудің мәжбүрлі тәсілі. Мысалы, сот, прокуратура. тергеу және анықтау органдарының кінәсіз іс-әрекеттері үшін сондай-ақ олармен ҚР АК 923-бабында аталған іс-әрекеттерді жасаумен зиян келтірілгенде мемлекет жауапкершілігі туралы сөз болғанда. Аса қажеттілік кезінде тұлға тікелей өзінің немесе өзге тұлғалардың өміріне, денсаулығына құқықтары мен заңды мүдделеріне қоғам немесе мемлекет мүдделеріне кауіп төндіретін қауіпті жою үшін кейінге қалдырылмайтын іс-әрекеттерді жасау жолындағы жағдайда іс- әрекет етеді. ҚР АК 920-бабының нормасына сәйкес аса қажеттілік жағдайындағы зиян, зиян келтірушінің өзіне қатер төндіріп тұрған қауіпті жою үшін келтірілген жагдайларда ол мүлік иесіне осы зиянды келтірген тұлғамен өтелуге тиіс. Бірақ, сот бұл жағдайда да, осы құқықтық қатынастар субъектілерінің көңіл аударуға түрарлық мүдделерін ескеруге тиіс. Мысалы, зиян келтіру елеусіз болғанда ал меншік иесі тарапынан мүлікті сақтауда олқылықтар жіберілсе. Кейбір жағдайларда, тағы да тұлғалардың мүдделерін ескере оты-рып, зиян келтірген тұлғамен үшінші бір тұлғаға зиянды үлестік тәртіпте өтеу міндеті жүктеле алады. Олар сот пен келтірілген зиянды өтеуден толығымен немесе ішінара босатылуы мүмкін. 3. Зиян келтірудің жекелеген жағдайларындағы жауапкершілікті қарастыра отырып біз өзгеше субъектілік құраммен (мысалы, бір тұлғалардыңщ басқаларының іс-әрекеті үшін жауапкершілігі көзделгенде) туындайтын, тікелей заңмен көзделген негіздер бойынша туындайтын кінә болмаған кезде және басқа да ерекшеліктері бар міндеттемелерге тоқталамыз.Мұндай жауапкершілік туындайтын жағдайлардың бірі болып өзінің еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерін атқару кезінде жұмыскер мен келтірілген зиянды өтеу кезіндегі міндеттеме табылады. Зиянды өтеу міндеті жүктелуі мүмкін болатын субъектілер болып азаматтармен еңбек ққықтық қатынастарына (басымды түрде) түсе алатын кез келген тұлғалар табылады. Оған барлық мүмкін болатын ұйымдастырушылық құқықтық нысандардағы кез келген меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар жатады. Сондай-ақ оларға сол бір немесе өзге азаматтармен еңбек шарттарын жасасқан заңды тұлғаны құрмай-ақ әрекет ететін жеке кәсіпкерлер де жатады.Зиян еңбек шартының шарттарымен немесе заңнамамен жұмыс уақыты ретінде анықталған кез келген уақытта келтірілуі мүмкін. Ол мерзімінен тыс жұмыс жасағанда, демалыс және жұмыс күндері жұмыс істеген кезде келтірілуі мүмкін. Бұл арада ең бастысы, зиян еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерді атқару аясындағы немесе жұмыс берушінің біржолғы тапсырмаларына сүйене отырып жасалған іс-әрекеттермен келтіруте "тиіс". Егер жұмысшылар кәсіпорындағы үзіліс уақытында ішімдік суларын ішіп алып, артынан төбелес шығарса және өз іс-әрекеттерімен біреуге залал келтірсе, жұмыс беруші олар үшін зиянды етеуге міндетті емес.Жаңа азаматтық заңнамамен аталған тұлғаларға зиянды өтеу жөніндегі міндетті жүктеудің мүмкін болатын жағдайлары елеулі түрде кеңейтілген. Белгілі бір тұлғалардың қызметіне, олармен бекітілген азаматтық-құқықтық шарттардың негізінде бақылау жасауға тиіс болған, сондай-ақ жұмыстар жүргізуге тапсырма берген заңды тұлғалар мен азаматтар өздерімен шарт жасасқан тұлғалардың (мердігерлердің) келтірген зияны үшін егер зиян келтірген іс-әрекеттер олармен тапсырма аясында жасаласа, немесе зиян келтіру тапсырыс беруші тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан орын алса, жауап береді.Шаруашылық серіктестіктер, акционерлік коғамдар мен өндірістік кооперативтер өздерінің қатысушылары (мүшелері) серіктестіктің акционерлік қоғамның немесе кооперативтің кәсіпкерлік өндірістік немесе өзге де қызметін жүзеге асыруы кезінде соңғылары келтірген зиянды өтейді. Мемлекеттік органдардың заң актілеріне сәйкес келмейтін актілерді шығарғаны үшін жауапкершілікті көздейтін Азаматтық кодекстің ережесі де жаңа норма болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына, халықтарына, Қазақстан Республикасының Парламентінің қаулыларына сәйкес келмейтін актілер мемлекеттік басқару органдарымен, жоғары атқарушы органдармен, лауазымды тұлғалармен шығарылуы мүмкін. Олар жеке реттеушілік маңызға не нормативтік сипатқа ие болуы мүмкін.Заңға сәйкес келмейтін актілерді шығару нәтижесінде азаматтар мен заңды тұлғалардың әртүрлі құқықтарына шек қойылуы мүмкін (меншік құқығы, өзге де заттық құқықтар, кәсіпкерлікпен айналысу құқығы және т.б.). Аталған актілерді шығару нәтижесінде келтірілген зиян сот шешімінің негізінде өтелуге жатады. Бұл арада акті шығарған органдар мен лауазымды тұлғалар кінәсінің болуы талап етілмейді. Зиян мемлекеттік қазына есебінен өтеледі. Актілер қандай органдармен немесе лауазымды тұлғалармен жергілікті не жоғары атқарушы орган-дарымен шығарылғанына байланысты өтеу республикалық немесе жергілікті қазына қаражатының есебінен жүзеге асырылуға тиіс. Қа-зына өкілдері болып, әрбір жеке жағдайда қаржы органдары не ар-найы тапсырма бойынша басқа органдар мен азаматтар шығады.Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазымды адамдар кез келген заңға қайшы іс- әрекеттерімен келтірілген зияны үшін өз алдына дербес жауап береді. Оларды жауапкершілікке тарту кезінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз иелігіндегі қаражаттармен жауап беретін болады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жауапкершілік мәселесін қарастыра отырып, олардың Қазақстанда енді ғана құрылатынын ұмытпаған жөн. Оларды ұйымдастырумен олардың қызмет ету тәртібі туралы заң әлі қабылданған жоқ.Зиян заң актілеріне сәйкес келмейтін акітлерді шығару мен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік басқару аясындағы мемлекеттік органдар лауазымды тұлгаларының кез келген басқа да іс-әрекеттерімен де келтірілуі мүмкін. Бұл орайда зиянды өтеу жалпы ережелер бойынша, яғни зиян келтірушінің кінәсі болған кезде жүргізілуге тиіс. Мысалы, салық органының өкілі саудагерлерден оның тауарын алып қоюдың заңдығын білетұра оны алып қояды және артынан тауардың бүлінуіне жол береді. Зиян мемлекеттік басқару органының иелігіндегі қаражат есебінен өтелуге тиіс. Қаражаттың жетіспеушілігі орын алған кезде зиян мемлекеттік қазына есебінен субсидиарлық тәртіпте өтелетін болады.ҚР АК 921-бабының 1- тармағында аталған іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде аталған органдардың іс- әрекеттерімен келтірілген зиян анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдары лауазымды тұлғалары зиян келтірудегі кінәсіне қарамастан мемлекетпен өтеледі.Яғни мұнда сот, тергеу, қателіктері туралы сөз болып отыр. Жасалатын іс жүргізушілік әрекеттердің формалды заңдылығына қарамастан, нәтижесінде қылмыстық қудалау немесе іс жүргізушілік шараларды заңсыз қолдану орын алуы мүмкін. Басқа да заңсыз іс-әрекеттер болуы мүмкін.Атап айтқанда, субъект заңсыз сотталуы, заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, оған алдын алу шарасы ретінде қамауға алу, үйде ұстау ешқайда кетпеу қолхатын алу заңсыз қолданылуы мүмкін. Адамға қамау немесе түзеу жұмыстары түріндегі әкімшілік жаза заңсыз белгіленуі мүмкін. Адам психиатриялық стационарға немесе өзге де емдеу мекемесіне заңсыз жатқызылуы мүмкін.Егер зиян азаматқа немесе заңды тұлғаға соттың прокуратура, алдын ала тергеу және анықтау органдарының заң актілеріне сәйкес келмейтін актілерді шығарумен келтірілсе, онда келтірілген зиян, егер ол ҚР АК 923-бабының 1-тармағына сәйкес өтелуге жатпаса, ҚР АК 922- бабының 1-тармағына сәйкес өтелетін болады. Егер азамат жала жасаса, оған келтірілген зиян өтелуге жатпайды. Алайда егер іс бойынша тергеу жүргізудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану не сезіктімен, айыпталушымен, сотталушымен жала жабуға немесе жалған жауап беруге алып келуі мүмкін болған басқа да заңсыздықтар анықталса, тұлғаға заңсыз соттау мен немесе қылмыстық процесс жүргізетін органдардың өзге де заңсыз іс-әрекеттерімен келті-рілген зиян өтелуге жатады. Кәмелетке толмағандар мен келтірілген зиян үшін көзделетін жауапкершіліктің ерекшеліктерін қарастырайық.14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жауапкершіліктің дербес субъектілері болып табылмайды. Олармен келтірілген зиян үшін ата-аналар (асырап алушылар), қамқоршылар. егер зиян олардың кінәсінен болмағанын дәлелдемесе жауап береді. Ата-аналардың қамқоршылардың кінәсі деп балаларды тәрбиелеуге кеткен олқылықтар түсініледі. Олар заңнама мен ата-аналардың тәртібіне қатысты ғана қарастырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот пленумының 28 маусым 1993 жылғы ''Балаларды тәрбиелеумен байланысты дауларды шешу кезінде соттар мен заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" қаулысы бар. Жоғарғы соттың аталған қаулысының 14-тармағында өз міндеттерін орындауда ата-аналардың жалтаруларын анықтау белгілері туралы айтылады. Мұндай бұзушылықтар ретінде баланы адамгершілік, дене және рухани тұрғыдан дамыту оны қоғамдық пайдалы еңбекке үйрету мен дайындау жөніндегі ата-аналық парызды жүйелі түрде орындамау қарастырылады. Ата-аналар балаларға өздерінің аморальді қоғамға қарсы тәртібімен де зиянды ыкпал етуі мүмкін. Осы аталғандар ата-аналардың өз балаларына зиян келтірудегі кінәлі болуының ауыр жағдайлары болып табылады.Егер қорғаншылыққа мұқтаж жас бала тиісті тәрбиелеу, емдеу мекемесінде халықты әлеуметтік қорғау мекемесінде немесе заңға орай өзінің қорғаншысы болып табылатын осы сияқты басқа мекемеде болса, егер зиян өзінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, жас бала келтірген зиянды сол мекеме өтеуге міндетті. Аталған субъектілерден басқа, жас балалардың іс-әрекеттері үшін оларды асырауға емес, ал оларға қадағалау жасауға міндетті мекемелер, (тәрбие, емдеу немесе басқалары) жауап беруі мүмкін. Яғни кәмелетке толмаған бала, күндізгі бала оқуға, емделуге, ақталуға және т.б. келіп одан кейін үйіне қайтады. Мекемелер жас балалардың өздері (мекемелер) қадағалау жасауға міндетті болған уақытында жасаған іс- әрекеттері үшін жауапты болады. Олар егер зиян олардың қадаға-лауды жүзеге асырудағы кінәсінен болғанын дәлелдесе, жас балалар мен келтірілген зияны үшін жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.Заңсыз іс-әрекеттермен зиян келтіргені үшін жауапты болатын барлық тұлғалардың зиянды етеу жөніндегі міндетті жас баланың кәмелетке толуы мен немесе оның зиянды өтеу үшін жеткілікті мүлік алуымен тоқтатылмайды. Егер ата-аналары (асырап алушылар), қорғаншылары қайтыс болса, бала тәрбиелеу, емдеу оқыту және басқа да соған ұқсас мекемелер таратылса,онда міндеттеме өзімен өзі тоқтатылады. Сондай-ақ егер жас баланың іс-әрекеті үшін жауапты азаматтар төлеуге мүмкіндіктері болмаса (жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу үшін жеткілікті қаражаты болмаса) оларды зиянды өтеуден сот-пен босатылуы мүмкін. Егер әрекетке қабілетті болған зиян келтірушіге зиянды өтеу үшін жеткілікті қаражаттар болса бұл мүмкін болады.Сот жәбірленуші мен зиян келтірушінің мүліктік жағдайын сондай-ақ басқа да мән-жайларды ескере отырып, зиян келтірушінің өзінің мүлкі есебінен толық немесе ішінара өтеу туралы шешім қабылдауға құқылы. Тиісінше аталған тұлғаларда зиян өтеуден толығымен немесе ішінара босатылатын болады.14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірілген зиян үшін жалпы негіздер үшін дербес жауап береді. 14 жастан 18-жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың зиянды өтеу үшін жеткілікті мүлкі немесе өзге кіріс көздері болмаған жағдайда егер олар зиянның өз кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетпей тұрған бөлігін ата-аналары (асырап алушылары) немесе қамқоршылары өтеуге тиіс. Яғни бұл жерде аталған тұлғалардың кінәлі субсидиарлық жауапкершілігі туралы сөз болып отыр, кінәлілік белгілері жас балалармен зиян келтіргені үшін туындайтын жауапкершілікті анықтау кезінде қолданылатын белгілер боп табылады. Егер 14 жастан 18-жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам тиісті емдеу мекемесінде, халықты әлеуметтік қолдау мекемесінде немесе заңға орай оның камкоршысы болып табылатын сол сияқты басқа да мекемеде болса, зиян өздерінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе зиянды толық немесе оның жетіспей тұрған бөлігін сол мекемелер өтеуге міндетті.Ата-аналардың (асырап алушылардың) қамқоршының және тиісті мекеменің зиянды өтеу жөніндегі міндетті зиян келтірушінің кәмелетке толуы бойынша немесе онда кәмелетке толғанға дейін зиянды өтеуге (мысалы, мұра алды). Жеткілікті мүлік немесе кіріс көздері пайда болса тоқтатылады. Аталған тұлғалардың міндетін тоқтатудың тағы бір негізі болып кәмелетке толмаған адамның кәмелетке толғанға дейін әрекет қабілеттілігіне ие болуы (мысалы, некеге тұру) табылады. Осы келтірілген тәсілдер мен міндетті тоқтату мүмкіндігі осы жауапкершіліктің жас балалардың жауапкершілігінен ерекшелерін көрсететін белгі оның субсидиарлық сипаты.Жаңа азамттық заңнамада ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға да оларды кәмелетке толмаған балалары мен келтірілген зиян үшін жауапкершілік жүктеу мүмкін екенін белгілейтін норма көзделген (ҚР АК 927-бап). Мұндай тұлғаларға жауапкершілік жүктеу үшін екі түрлі шартты сақтау қажет: 1) ата-ана құқықтарынан айырылған сәттен бастап үш жылдан артық емес уақыт өту керек: 2) зиян келтірілуге әкеп соқтырған баланың тәртібі ата-ананың баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс жүзеге асырмауының салдары болып табылады.Өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе өзіне өзі ие бола алмайтын жағдайда зиян келтірген әрекетке қабілетті азамат, сондай-ақ он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жауап бермейді. Егер зиян жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілсе, сот жәбірленуші мен зиян келтірушінің мүліктік жағдайын сондай-ақ басқа да мән-жайларды ескере отырып, зиянды өтеу жөніндегі міндетті зиян келтірушіге толық немесе ішінара жүктей алады.Егер спирт ішімдіктерін, есірткі заттарды пайдаланып немесе өзге әдіспен өзін осындай жағдайға келтірсе, зиян келтіруші зиянды өтеу жөніндегі (жауапкершіліктен) міндеттен босатылмайды.Шынайылықты қабылдаудың бұзылуы қысқа мерзімді емес, ал денсаулықтың қатты ауруға шалдығуы орын алуы мүмкін, яғни тұлғаның жүйке ауруы және ақыл-ойының кемістігі салдарынан өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алу немесе өзіне өзі ие бола алу мүмкіндігінің болмауы. Алайда, осы тұлғаның әрекетке қабілетсіздігі туралы құқықтық қорытынды сотпен бұрын жасалмағандықтан, осындай тұлғамен зиян келтірілген кезде, тұлғаның өз әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе өзіне өзі ие бола алмайтын жағдайда зиян келтіру туралы нормаларды қолдану қажет болады. Егер зиян келтірушімен бірге тұратын еңбекке қабілеттілер жұбайы, ата-анасы, кәмелетке толған балаларының осындай жағдайын білген бірақ оны әрекетке қабілетсіз деп тану және оған қорғаншылык жасау туралы мәселе қоймаған болса, онда сот зиянды өтеу міндетін осы тұлғаларға жүктеуі мүмкін.Жоғары қауіптілік көздерімен келтірілген зияны үшін жауапкершілік мәселелерін карастырайық. Азаматтық кодекс бұл түсініктің заңды анықтамасын қамтымаған Қазақстан Республикасының 3 сәуір 2002 жылғы "Зиянды өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" Заңының 3-бабында қауіпті өндірістік объектілердің анықтамасы берілген. ҚР АК 931-бабында қызметі айналасындағылар үшін жоғары қауіптілікпен байланысты заңды тұлғалармен азаматтар туралы айтылады. Яғни әрбір өз алдына жеке жағдайда, өзі заңнамалық сілтемеге сүйене отырып, соттар сол бір немесе өзге қызметтің жоғары қауіптілікке жататындығын немесе жатпайтындығын анықтайтын болады.931 - баптың тікелей нұсқауына орай қызметі жоғары қауіптілікпен байланысты субъектілер болып көлік ұйымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыстар (құрылыс ұйымдары) көлік құралдарының иелері және т.б. танылады. Олардың жауапкершілігі кінәсіз сипатқа ие. Аталған және соған ұқсас басқа да субъектілер жоғары қауіптілік көздерінің иелері, егер зиян дүлей күштердің немесе жәбірленушінің теріс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауіптілік көздері келтірген зиянды өтеуге міндетті.Әрекет етуші заңнамамен тұлғаның жоғары қауіптілік кө-зінің иесі болып табылатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін негіздер елеулі түрде кеңейтілген. Бұрын меншік құқығы және оралымды басқару құқығы негізінде ғана ал кейіннен толық шаруашылық жүргізу негізінде түсінілетін болды.Енді жоғары қауіптілік көздерінің иелері ретінде жоғары қауіптілік көзін меншік құқығының, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығының не басқа кез келген заңды негізде иеленетін азаматтар немесе заңды тұлғалар танылады. Яғни, субъект мүлікті оны жалға алу шарты бойынша, көлік құралын жүргізу құқығын сенімхат негізінде, затты беру туралы (мысалы, жауапты сақтауға) құзіретті орган өкіміне орай және т.с.с. негіздер бойынша иелене алады. Мүлікті меншік иесінің еркінен тыс құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасаумен иеленген тұлғалар жоғары қауіптілік көздерінің иелері ретінде жауап бере-тін болады.Жоғары қауіптілік көзінің иесімен еңбек қатынастарында тұрған және тікелей оның пайдаланылуы мен қызмет көрсетуін жүзеге асыратын субъектілер оның иелері ретінде қарастырылмайды. Жоғары қауіптілік көздерінің өзара іс-қимылы салдарынан олардың иелеріне келтірілген зиян жалпы негіздерде өтеледі. Зиян келтірудегі жоғары қауіптілік көзі иелерінің әрқайсысынын кінәсін ескеру кажет. Жоғары қауіптілік бір иесінің кінәсі бойынша келтірілген зиян соның тарапынан толық көлемде өтелуге тиіс. Екі немесе бірнеше тараптың кінәсінен келтірілген зиян олардың әрқайсысының кінәсінің дәрежесіне сай өтеледі. Тараптардың әрқайсысының кінәсінің дәрежесін белгілеу мүмкін болмаған кезде жауаптылық олардың арасында тең бөлінуге тиіс. Егер зиян келтіруде тараптардың кінәсі болмаса, олардың бірде біреуінің зиянды өтеуді талап етуге құқығы жоқ. Тараптардың әрқайсысы мұндай жағдайда өзі шеккен шығындар тәуекелін көтереді.Азаматтарға денсаулығының зақымдануына немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты төленетін зиянды өтеу сомалары күн көріс құны артқан жағдайда заң актілерімен белгіленген тәртіппен индекстелуге тиіс. Жалақының ең төменгі мөлшері заң актілерімен белгіленген тәртіп бойынша артқан жағдайда жоғалтылған табысты (кірісті), жәбірленуші денсаулығының зақымдануына және қайтыс болуына байла-нысты тағайындалған өзге төлемдерді өтеу сомалары айлық есептік көрсеткіштің артуына бара-бар көбейтіледі. Жәбірленуші заң актілеріне сәйкес міндеттемені тоқтатуды немесе мерзімінен бұрын орындауды талап етуге құқығы болған жағдайларда, мұндай талап тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру жолымен қанағаттандырылады.Қылмыстық әрекеттен жәбірленген тұлға емделуге кеткен шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Емделумен байланысты барлық шығындарды (ол тегін емделген жағдайлардан басқа) жәбірленуші зиян келтірушіден өндіріп алуға құқылы. Бұдан баска жәбірленушіге қосымша тамақтануға, протездеуге, сырттан күтім жасауға, санаториялық-курорттык емделуге, арнайы көлік құралдарын алуға басқа мамандыққа дайындауға және т.б. кеткен шығындар өтеледі. Бұл шығындар, егер ол тиісті көмекке мұқтаж екені және оларды тегін алмайтындығы танылса, жәбірленушіге өтеледі. Шығындарды өндіріп алу медициналық сараптама қорытындысының негізінде белгіленген мерзімдер шегінде алдагы уақытқа жүргізілуі мүмкін. Мұндай қажеттілік қызмет көрсету мен мүлік құнын (жолдама сатып алу, жол ақысын төлеу, арнайы көлік құралдарына ақы төлеу) алдын ала ақы төлеу қажет болған кезде туындауы мүмкін. Жәбірленушіге күтім жасауға кеткен шығындар, олардың кіммен жасалатындығына (зайыбымен, ата-анасымен немесе бөтен адамдармен) және мүлдем жасалмағандығына қарамастан өндірілуге тиіс. Олар қосымша дәрігерлік немесе тұрмыстық күтімге деген қажеттілік дәрігерлік қорытындымен анықталғандығына байланысты өндіріліп алуға тиіс. Егер олар күтім үшін нормативті түрде белгіленген өтема-қыдан асып кетсе, жәбірленуші нақты жасалған шығындарды өндіріп алу мүмкіндігіне ие болуға тиіс.Егер жәбірленуші көлік құралына мұқтаж болса, онда оған қызметтік (еңбек) міндеттерін орындау барысында жарақат алған жұмысшылар мен қызметшілерге сияқты қолмен басқаратын (мотоколяскалар) арнайы көлік құралының құны өтелуге тиіс.Азамат қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейін одан жәрдем ақша алуға құқылы болған еңбекке жарамсыз адамдардың, қайтыс болған адамның ол қайтыс болғаннан кейін туған баласының, сондай-ақ ата-анасының біреуі, зайыбы не еңбекке қабілеттілігіне қарамастан жұмыс істемейтін және қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерін, жасы 14-ке толмаған не аталған жасқа толса да, медицина орындарының қорытындысы бойынша денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның күтуіне мұқтаж аға-інілері мен апа- қарындастарын күтумен айналысатын, отбасының басқа да мүшесінің зиянды өтетіп алуға құқығы бар.Қайтыс болған адамның асырауында болған және ол қайтыс болғаннан кейін бес жылдың ішінде енбекке жарамсыз болып калған адамдардың да зиянды өтетіп алуға құқығы бар.Ата-аналарының біреуі, зайыбы не жұмыс істемейтін және қайтыс болған адамның балаларын, немерелерін, жасы 14-ке толмаған не аталған жасқа толса да денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның күтуіне мұқтаж аға-інілері мен апа-қарындастарын күтумен айналысатын және күтуді жүзеге асыру кезеңінде енбекке жарамсыз болып қалған отбасының басқа мүшесі осы адамдарды күту аяқталғаннан кейін зиянды өтетіп алу құқығын сақтап қалады.Зиян, кәмелетке толмағандарға - 18-жасқа толғанға дейін, 18-дегі және одан да ересек жастағы оқушыларға - күндіз оқыту нысанындағы оқу орындарындағы оқуы аяқталғанға дейін, бірақ әрі кеткенде 23-жасқа дейін, 58-жастан асқан әйелдер мен 63-жастан асқан ер адамдарға - өмір бойы; мүгедектерге- мүгедектік мерзіміне; ата-аналарының біреуіне, жұбайына не қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерін, аға-інілері мен апа-қарындастарын күтумен айналысатын отбасының басқа мүшесіне 14-жасқа толғанға дейін не денсаулық жағдайы өзгергенге дейін өтеледі.ҚР АК 940-бабының мәнісіне сәйкес еңбекке жарамсыз асыраудағы адамдар қайтыс болған адамның отбасы мүшелері болып табылады (олардың қатарына отбасына тәрбиелеуге алынған балаларды да жатқызуға болады). Отбасының кәмелетке толмаған мүшелері, олар қайтыс болған адамнан нақты жәрдем ақша алғандығына немесе алмағандығына қарамастан, зиянды өтету құқығына ие болуға тиіс. Зиянды өтету құқығының болуының негізгі белгісі ретінде қайтыс болған адамнан жәрдем ақша алуға деген құқықтың оның көзі тірісінде болуы танылады.Азаматтың қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамдарға зиян оның көзі тірісінде өзінің асырауына алған немесе алуға құқылы қайтыс болған адамның табысының (кірісінің) үлесі мөлшерінде өтеледі. Табысты есептеу тәртібі денсаулыққа зиян келтірудегі тәртіп сияқты жүзеге асырылады. Қайтыс болған адамның кірістерінің құрамына оның табысымен қатар көзі тірісінде алып жүрген зейнетақысы, ғұмырлық жәрдем ақшасымен осы сияқты басқа да төлемдер қосылады.Заңнама мәнісі бойынша ата- анасының екеуінен де айырылған балаларға өтелетін зиянның мөлшерін анықтаған кезде қайтыс болғандар табысының жалпы сомасына сүйену керек. Жәбірленушінің қайтыс болуымен байланысты зиян үшін жауапты тұлғалар жерлеуге қажетті шығындарды осы шығындарды көтерген тұлғага өтеуге міндетті. "Республика соттарымен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 9-шілде 1994 жылғы қаулысының 12- тармағына сәйкес мұндай шығындарға жерлеумен тікелей байланысты шығындар жатқызылады. Оларға табыт жасауға, қайтыс болған адамға киім алуға, гүлдерден өрілген шең-берлер алуға, бейіт қазуға, өлген адамды жерлеу жеріне жеткізуте және т.б. кеткен шығындар жатады. Оларды жасаудың нақты құнына сүйене отырып, ескерткіштер мен қоршаулар орнатуға кеткен шығындар да өтелуте жатады. Бірақ олар сол елді-мекенде белгіленген стандартты ескерткіштер мен қоршаулардың шекті құнынан асып кетпеу керек.Жерлеуге кеткен артық шығындар тараптардың келісімі бойынша өтелетін зиянға енгізілуі мүмкін. ҚР АК 945-бабы заңды тұлға тоқтатылған ретте зиянды өтеуді көздейді (яғни деликвент болып заңды тұлға танылғанда). Өмір мен денсаулыққа келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты болып танылған заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда тиісті төлемдерді төлеу жөніндегі міндетін оның құқық ми-расқоры алады. Оған зиянды өтеу туралы бұрынғы жүзеге асырылмаған немесе кейіннен пайда болған талаптар да қойыла алады.Өмір мен денсаулыққа келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты болып танылған заңды тұлға таратылған жағдайда тиісті төлемдер оларды жәбірленушіге төлеу үшін капиталдандырылуы тиіс. Таратылатын заңды тұлғада мүліктің болмауы немесе оның жеткіліксіз болуына байланысты төлемдерді капиталдандыруды жүргізу мүмкін болмаған жағдайларда тағайындалған соммаларды жәбірленушіге заң актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекет төлейді.Енді моральдық залал (зиян) үшін туындайтын жауапкершілік мәселелеріне тоқталайық. Азаматтық құқық теориясында моральдық зиян жәбірленушіге жан азабы мен тән азабын келтіруден, азаматтық ар-намысы мен абыройын кемсітуден көрінетін мүліктік емес зиян ретінде анықталады.Моральдық зиянның бірінші заңды анықтамасы жоғарыда келтірілгеннен мүлдем ерекшеленген жоқ. Моральдық зиян деп азаматқа заңға қайшы іс-әрекеттермен келтірілген жан, дене азабы түсінілетін.Азаматтық заңнамада мұндай азаптар жәбірленушінің қорлануды, ызалануды, түңілуді, тән ауруын, залал шегуді, қолайсыз жағдайда қалуды және т.б. бастан кешіруі ретінде нақтыландырылған еді. Осы анықтамалар үстүрт болғандықтан олар одан әрі нақтылануды талап етті. Олар бойынша моральдық зиянды зиянның бұрын қалыптасқан жалпы анықтамасына туралау қиын екендігін бірден түсінуге болады. Сол бір немесе өзге зиян құқықтық мағынада - бұл белгілі бір шектерде болуға тиіс өтетіп алу құқығын беретін белгілі бір нысандағы нақты бір игілікті кез келген жағдайда кеміту. Қазіргі уақытта моральдық зиян заңмен қорғалатын кез келген игіліктер мен құқықтарға қол сұғушылық нәтижесі ретінде түсініледі. Әрекет етуші заңи анықтамаға сәйкес, моральдық зиян жеке және заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылуы соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).Моральдық зиянды өздеріне қарсы құқық бұзушылық жасалатын игіліктер мен құқықтарды тікелей келісумен барлық жағдайларда теңдестіруге болмайды. Заң шығарушылар моральдық зиянның өтелуге тиіс мүліктік зиянға қарамастан өтелетіндігіне нұсқай отырып (ҚР АК 952-бап 3-т) мұны ішінара көздеген. Сірә бұл баптың формулировкасын өзгертіп, оны мынадай мазмұнда жазу керек: "моральдық зиян мүліктік зиянға қарамастан өтеледі". Сол кезде ол моральдық зиян деликтілік міндеттеменің жалғыз негіздемесі болып табылатын жағдайларды да қамтиды.Моральдық залал келтіруден туындайтын міндеттеме деликтілік міндеттемелердің бір түрі ретінде танылады. Ол өзі негізі ретінде зиян келтіру бойынша басқа да міндеттемелер сияқты шарттарға ие, моральдық зиян келтірудегі кінәнің болуы талап етіледі. Азаматтың мүліктік құқықтарын бұзатын іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген зиян үшін жауапекершілік тек заңнамада тікелей көзделген жағдайларда ғана туындайтын болады. Азаматтар мүліктік емес зиянды деликтілік міндеттемелердің негізі болып табылатын барлық жағдайларда өтетіп алуға құқылы болады. Заңды тұлғаларға келтірілген мү- ліктік емес залал шектеусіз өтелуге жатады.Зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиян мына жағдайларда егер: - зиян азаматтың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіптілік көзі арқылы келтірілсе; - зиян азаматқа онын заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуының, бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауға алуды, үйде қамауда ұстауды немесе ешқайда кетпеуі туралы қолхат алуды қолданудың, қамауда ұстау, психиатриялық емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу мекемесіне орналастыру түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудың салдарынан келтірілсе; - зиян ар-ожданына, қадір-қасиетімен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы келтірілсе; - заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда өтеледі. Моральдық (мүліктік емес) зиян - элементі өзіне ғана тән болып табылады. Оны анықтау қиынға соғады және әдетте оны бағалаумен ол үшін өтемақы белгілеу шартты болады. Заңнама бұл орайда моральдық залал үшін өтемақының төменгі және жоғарғы шектерін бекітпейді. Оны келтіргені үшін белгіленген негізгі талап - өтемақы әділетті болуға тиіс. Ол үшін белгіленетін өтемақы ақшалай нысанда болуға тиіс. Моральдық зиянның мөлшерін анықтаған кезде жәбірленушінің ізгілік қасиетіне келтірілген адамгершілік залалдың ауырлығын онын субъективті түрде бағалауы ескеріледі. Сондай-ақ жәбірленушінің жан азабымен тән азабының дәрежесін дәлелдейтін объективті деректер де ескеріледі. Есепке қол сұғу объектісі болған игіліктің өмірлік маңыздылығы алынады. Мысалы, заңмен қорғалатын барлық игіліктердің ішінде ең маңыздысы болып өмір табылады. Тиісінше оған қол сұққан үшін белгіленетін өтемақы ең жоғары болуға тиіс. Денсаулыққа, ар ожданға, қадір қасиетке, бостандыққа, тұрғын үйге және т.б. қол сұғу ауыр қол сұғушылыктар деп есептеледі. Сонымен қатар, есепке құқық бұзушылық зардаптарының ауырлығы (жақын туыстарын өлтіру, мүгедектікке әкеп соққан дене жарақатын салу, бас бостандығынан айыру, жұмыстан немесе тұрғын үйден айыру және т.б.) ескеріледі. Ұятқа қалдыратын жалған мәліметтер тарату сипаты мен аясы, жәбірленушінің өмір сүру жағдайлары (қызмет, отбасы, тұрмыс, материалдық, денсаулық жағдайы, жасы және басқалары), өзге де назар аударуға тұрарлық мән жайлар бағаланады. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен маңызы. 2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары 3. Зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік. Ұсынылатын әдебиет 1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004 4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004 5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001 Тақырып 19. Интеллектуалдық меншік құқығы. 1. Интеллектуалдық меншік құқығының ұғымы. 2. Интеллектуалдық меншік объектілерінің құқықтық режимі мен түрлері. 1.Интеллектуалдық меншік обьекетілеріне құқық оларды құру фактісінің күшімен не Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде немесе өзге де Заң актілерінде көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша уәкілетті мемлекеттік органның құқықтық қорғауды беруі нәтижесінде туындайды. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерінің авторлары осы нәтижелерге қатысты жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтырға ие болады. Жеке мүліктік емес құқықтар, оның мүліктік құқығына қарамастан, авторға тиесілі болады және оның мүліктік құқығы басқа тұлғаның интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелеріне ауысқан жағдайда өзінде сақталып қалады. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына арналған құқық іргелері осы құралдарға қатысты мүліктік құқықтарға ие болады. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижесінің авторы болып танылу құқығы жеке мүліктік емес құқық болып табылады және оған шығармашылық еңбегімен интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесін жасаған адам ғана ие бола алады. Авторлық құқықты иеліктен айыруға және басқа адамға беруге болмайды. Егер нәтиже екі немесе одан да көп адамның бірлескен авторлығымен жасалса, олар тең авторлар болып танылады. Тұтастай алғанда туындының тең авторлары болып танылатын адамдар тобы интеллектуалдық меншіктің жекелеген обьктілеріне қатысты заң актілерімен шектелуі мүмкін. Интеллектуалдық меншік обьектілеріне: 1. интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері; 2. азаматтық айналымға қатысушылардың қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды, немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары жатады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне: 1. ғылым, әдебиет және өнер туындылары; 2. эфирлік және кабілдік хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары; 3. өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер; 4. селекциялық жетістіктер; 5. интегралдық микросызба топологиялары; 6. ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары (ноу - хау); 7. Азаматтық Кодексте немесе өзге де заң актілерінде көзделген реттерде интеллектуалдық шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері жатады. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құрадарына: 1. фирмалық атаулар; 2. тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері); 3. тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары (шығатын жерін көрсету); 4. Азаматтық Кодексте және өзге де заң актілерінде көзделген реттерде азаматтық айналымға қатысушылардың, тауалар мен қызмет көрсетулердің басқа да дараландыру құралдары жатады. Интеллектуалдық шығармашылық меншік обьектісін оның иесінің өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Айрықша құқық обьектісін басқа тұлғалардың пайдалануына тек құқық иесінің келісімімен ғана жол беріледі. Интеллектуалдық меншік обьектісіне айрықша құқықты иеленуші, егер ол Азаматтық Кодекстің және өзге заң актілерінің ережелеріне қайшы келмес, осы құқықты басқа адамға толық немесе ішінара беруге, интеллектуалдық меншік обьектісін пайдалануға рұқсат етуге және оны өзгедей түрде пайдалануға құқылы. Айрықша құқықтарды шектеуге, осы құқықтарды жарасыз деп тануға және оларды тоқтатуға (жоюға) Азаматтық заңнамада және өзге де заң актілерінде белгіленген жағдайларда, шектер мен тәртіп бойынша жол беріледі. Интеллектуалдық меншік обьектісіне айрықша құқық Азаматтық заңнамада немесе өзге де заң актілерінде көзделген мерзім ішінде қолданылады. Заң актілерінде мұндай мерзімді ұзартудың мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне жеке мүліктік емес құқық мерзімсіз қолданылады. Заң актілерінде көзделген жағдайларда айрықша құқықтың қолданылуы оны белгілі бір уақыт ішінде қолданбаудың салдарынан тоқтатылуы мүмкін. Айрықша құқықтырды қорғау Азаматтық Кодекстің 9 – бабында көзделген әдістермен жүзеге асырылады. Айрықша құқықтарды қорғау: 1. пайдалану арқылы айрықша құқықты бұзған материалдық обьектілерді және осындай бұзушылық нәтижесінде жасалған материалдық обьектілерді алып қою; 2. жіберілген кемшіліктер туралы, оған бұзылған құқықтың кімге қатысты екендігі туралы мәліметтердіқоса отырып, міндетті жариялау жолымен; 3. заң актілерінде көзделген өзге әдістермен де жүзеге асырылуы мүмкін. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бұзылған жағдайда міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік туралы жалпы ережелер қолданылады. Бұл ретте Азаматтық Кодекстің 20 – тараудың ережелері қолданылады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына, мұндай нәтиже немесе дараландыру құралы көрсетілген материалдық обьектіге меншік құқықғына қарамастан, айрықша құқық қолданылады. 2. Интеллектуалдық меншік обьектісіне айрықша құқықтарды олардың құқық иелері шарт бойынша толық немесе ішінара басқа адамға беруі мүмкін, сондай ақ мұрагерлік бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен және заңды тұлғаның – құқық иесінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде ауысады. Айрықша құқықтардың берілуі авторлық құқық пен өзге мүліктік емес құқықтардың жүйеге ауысуын шектемеуге тиіс. Мұндай құқықтарды беру немесе шектеу туралы шарттың талаптары жарамсыз болады. Басқа адамға оның қолданылуы кезеңінде шектеулі уақытқа айрықша құқық беруді көздейтін шартқа лицензиялық шарт туралы ережелер қолданылады. Бұл туралы Азаматтық Кодекстің 966 – бабында сараланған. Автор шарт бойынша туындыны, өнертабысты немесе интеллектуалдық шығармашылық қызметтің өзге де нәтижесін жасау және өзінің жұмыс берушісі болып табылмайтынтапсырысшыға оны пайдаланудың айрықша құқығын беруге өзіне міндеттеме алуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 967 – бабының 1 – тармағында көзделген шарт интеллектуалдық шығармашылық қызметтің жасалуға тиісті нәтижесінің сипатын, сондай – ақ оның пайдаланудың мақсаттарын не әдістерін белгілеуге тиіс. Шарттың белгілі бір түрдегі не белгілі бір саладағы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелерін жасауға автордың құқығын шектейтін талаптары жарамсыз болады. Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарап (лицензиар) екінші тарапқа (лицензиятқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті обьектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді. Лицензиялық шарт ақылы болып саналады. Лицензиялық шартта лицензиятқа: 1. интеллектуалдық меншік обьектісін лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігі мен лицензияны басқа адамға беру құқығын сақтай отырып пайдалану құқығын (жай, ерекше емес лицензия); 2. интеллектуалдық меншік обьектісін лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігін сақтай отырып, бірақ лицензияны басқа адамдарға беру құқығынсыз пайдалану құқығын (айрықша лицензия); 3. интеллектуалдық меншік обьектісін лицензиардың пайдаланудың заң актілеріне қайшы келмейтін басқа да жағдайларын беру көзделуі мүмкін. Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензия жай (ерекше емес) деп ұйғарылады. Лицензияттың интеллектуалдық меншік обьектісін пайдалану құқығын басқа адамға беруі туралы шарт қосалқы лицензиялық шарт болып танылады. Лицензиат қосалқы лицензиялық шартты тек лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасауға құқылы. Лицензиардың алдында қосалқы лицензиаттың іс - әрекеті үшін, егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат жауапты болады. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Интеллектуалдық меншік құқығының ұғымы. 2. Интеллектуалдық меншік объектілерінің құқықтық режимі мен түрлері. Ұсынылатын әдебиет 1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004 4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004 5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001 Тақырып 20. Мұрагерлік құқық. 1.Мұрагерлік құқық ұғымы. 2.Мұрагерліктің түрлері мен олардың құқықтық реттелуі. 1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1038 – бабына сәйкес мұрагерлік – қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) – мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Қайтыс болған азаматтың мұраны басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер мұрагерлік құқық бөлімінің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір – ақ мезгілде ауысады. Мұрагерлік азаматтық кодекспен, ал тікелей өзі белгіленген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі. Мұрагерлік құқығы жеке меншік құқығымен тығыз байланысты. Мұра қалдыру құқық қатынастары басқа қатынастар сияқты дамыған. Олар қоғамның экономикалық даму өнімі болып табылады. Мұрагерлік құқықтың экономикалық, саяси және өзге де қоғам өмірінің басқа да жағдайларынан тәуелділігін анық көру үшін, оның қалыптасуы мен өзгерістерін тарихи аспектіде қарастыру керек. Ең алғашқы рулық қауымдастықтың экономикалық негізін бекіту мақсатында, әдет – ғұрып бойынша өлген адамның мүлкін рудан тысқары шығармады. Өлген адамға тиісті болған жақын тұқымдастарының арасында бөлінді. Көбінесе мұра шешесі жағындағы жақын қандық туыстарына берілді. Өндірістік қатынастар өзгерген соң мұра қалдыру тәртібі де өзгерді. Ортақ шаруашылық жүргізетін тұлғалар шеңбері тарылуы, мұрагерлердің шеңберінің тарылуына алып келді. Жеке меншік пайда болған соң (Рулық қауымдастықтың соңғы этапында) өсиет бойынша мұра қалдыру институты пайда болды. Көне Египеттік құқықтың сақталған мұраларынан құлдық мемлекетте заң мен өсиет бойынша мұра қалдыру мәлім болғанын көруге болады. Мұра қалдырудың жариялық нысаны рұқсат етілген. Мұра қалдырушы жеткілікті негіздер болған жағдайда, заңды мұрагерлерді мұрадағы үлестерінен айыруға мүмкіндік берді. Өсиет болмаған жағдайда, мұрагер ретінде өлген адамның мүлкі заңды мұрагерлеріне беріледі. Мұрагерлік мүлік балаларының арасында тең үлесте бөлінді. Біздің елімізде мұрагерлік құқық және оның түрлерінің құқықтық негізі 1999 жылғы 1 шілдедегі №409 – І (Ерекше бөлім) Қазақстан Республикасының Азаматтық заңымен қаланды. Заңның 1039 бабына сәйкес мұрагерлік өсиет және заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай – ақ осы Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады. Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай – ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады. Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай – ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін. 2. Заң бойынша мұрагерлер Азаматтық кодекстің 1061 – 1064 баптарында көзделген кезек тәртібімен мұрагерлікке шақырылады. Заң бойынша мұрагерлік кезінде, бір жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екінші жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестіріледі. Заң бойынша мұрагерліктің әрбір келесі кезегі алдыңғы кезектегі мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, Азаматтық кодекстің 1074 – бабының 5 – тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, мұрагерлік құқығын алады. Азаматтық кодекстің заң бойынша мұрагерлерді мұрагерлікке шақырудың кезектілігі туралы және олардың мұрадағы үлестерінің мөлшері туралы ережелері мүдделі мұрагерлердің мұра ашылғаннан кейін жасалып, нотариат куәландырған келісімімен өзгертілуі мүмкін. Мұндай келісім оған қатыспайтын мұрагерлердің, сондай – ақ міндетті үлеске құқығы бар мұрагерлердің құқықтарын қозғамауы тиіс. Енді заң бойынша мұрагерліктің кезектерін атап өтейік: 1- кезек. Мұра қалдырушының балалары, оның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай – ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата – анасы тең үлеспен алады. 2- кезек. Мұра қалдырушының бір әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға – інілері мен апа – қарындастары (сіңілілері), сондай – ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі – тең үлеспен алады. 3- кезек. Мұра қалдырушының әкесімен бірге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады. Заңда сонымен қатар «кейінгі кезектегі мұрагерлер» - деп аталатын бөлім бар. Оған сәйкес егер бірінші, екінші және үшінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагерлік құқығын мұра қалдырушының алдыңғы кезектердегі мұрагерлеріне жатпайтын, үшінші, төртінші және бесінші туыстық дәрежесіндегі туыстары алады. Туыстық дәрежесі туыстарды бір – бірінен сатылап алшақтататын туу санымен айқындалады. Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай – ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата – анасы, өсиеттің мазмұнына қарамастан, заң бойынша мұрагерлік кезінде олардың әрқайсысына тиесілі болатын үлестің (міндетті үлес) кемінде жартысын мұраға алады. Мұндай үлеске құқығы бар мұрагер өсиет бойынша және заң бойынша мұрадан алатынның барлығы, оның ішінде әдеттегі үй жабдықтары мен үй – іші тұрмысында ұсталатын заттардан тұратын мүліктің құны және мұндай мұрагердің пайдасына белгіленген өсиеттік бас тартудың құны, міндеттің үлеске есептеледі. 3. Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады.Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды. Азамат өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай – ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады. Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді. Өсиет қалдырушы себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлердің біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына қолданылмайды. Мұра қалдырушы өзінің кез келген мүлкі, оның ішінде болашақта сатып алуы мүмкін мүлкі туралы да өкім бар өсиет жасауға құқылы. Өсиет қалдырушы мұрагерлердің мұрадағы үлесін кез келген түрде белгілеуі мүмкін, әртүрлі мүлікке қатысты бір немесе бірнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкіне немесе оның қандай да бір бөлігіне билік ете алады. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уақытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудің себебін көрсетуге міндетті емес. Мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік ету міндетін жүктеуге құқығы жоқ. Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс. Мыналар: 1) нотариатта куәландырылған өсиеттер; 2) нотариатта куәландырылғанға теңестірілетін өсиеттер тиісінше ресімделген болып танылады. Өсиетке өсиет қалдырушының өзі қол қоюы қажет. Нотариустың, өсиетті куәландыратын басқа адамның, куәлардың, сондай – ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоятын азаматың мұра ашылғанға дейін өсиеттің мазмұнына, оның жасалуына, күші жойылуына немесе өзгертілуіне қатысты мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ. Тиісті нысанда жасалмаған өсиет жарамсыз болады. Өсиеттің жарамсыздығы Азаматтық кодекстің 4 – тарауында мәмілелердің жарамсыздығы туралы ережелеріне негізделеді. Өсиет қалдырушы өсиетті орындауды мұрагер болып табылмайтын, өсиетте өзі көрсеткен адамға (өсиет орындаушыға), өсиет жүктелген өкілге тапсыра алады. Бұл адамның өсиетті орындаушы болуға келісімі оның не өсиеттің өзіне өз қолымен жазған жазбада не өсиетке қоса берілген өтініште көрсетілуге тиіс. 4. Мұрагер мұраны алу үшін оны қабылдауға тиіс. Иесіз қалған мүлікті алу үшін мұраны қабылдау талап етілмейді. Мұрагер мұраның бір бөлігін қабылдағаны өзіне тиесілі барлық мұраны қабылдағанын білдіреді. Мұрагерді бір мезгілде бірнеше негіздер бойынша мұра алуға шақырған кезде мұрагер огсы негіздердің бірі бойынша, оның бңрнешеуі бойынша немесе барлық негіздер бойынша өзіне тиесілі мұраны қабылдай алады. Мұраны шартпен немесе ескертпелермен қабылдауға жол берілмейді. Мұраны бір немесе бірнеше мұрагердің қабылдағаны мұраны қалған мұрагерлердің қабылдағанын білдірмейді. Қабылданған мұра, оны іс жүзінде қабылдаған уақытқа қарамастан, сондай – ақ мұрагердің мұраға қалдырған мүлікке құқығы мемлекеттік тіркелуге тиісті болғанда, мұндай құқықтың мемлекеттік тіркелген кезіне қарамастан, мұраның ашылған күнінен бастап мұрагерге тиесілі деп танылады. Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегі нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлікті беруге уәкілетті лауазымды адамға мұрагердің мұраны қабылдау туралы өтінішін не мұрагердің мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтінішін беру арқылы жүзеге асырылады. Мұраның ашылу күнінен бастап алты ай ішінде мұра қабылдануы мүмкін. Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагер өтінішімен оған мұрагерлікке құқық туралы куәлік беруге міндетті. Мұрагерлікке құқық туралы куәлік мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін беріледі. Өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлік кезінде, егер нотариуста куәлік берілуін сұраған адамдардан басқа тиісті мүлікке не бүкіл мұраға қатысты басқа мұрагерлер туралы анық деректер болмаса, куәлік аталған мерзім өткенге дейін де берілуі мүмкін. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Мұрагерлік құқықтың түсінігі мен маңызы. 2. Заң бойынша мұрагерлік 3. Өсиет бойынша мұрагерлік 4. Мұрагерлікті қабылдау Ұсынылатын әдебиет 1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004 4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004 5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001 3.Практикалық сабақтың құрылымы Тақырып 1. Сату сатып алу шарты 1. Сату сатып алу шарты түсінігі,маңызы 2. Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері 3. Сату сатып алу шартының жекелеген түрлері. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Сатып алу – сату шартының түсінігі 2. Сатып алу- сату шартының мазмұны 3. Сатып алу – сату шартының түрлеріне жалпы сипаттама Ұсынылатын әдебиет 1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996. 2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997. 3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996. 4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995. 5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98. 6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева. Тақырып 2. Айырбас шарты. 1.Айырбас шартының түсінігі. 2.Айырбас шартының мазмұны. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 3. Айырбас шартының баска шарттардан айырмашылығы 4. Айырбас шартының мазмұны Ұсынылатын әдебиет 1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996. 2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997. 3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996. 4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995. 5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98. 6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева. Тақырып 3. Сыйға тарту. 1. Сыйға тарту шартының түсінігі. 2. Сыйға тарту шартының мазмұны. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Сыйға тарту шартының ұғымы 2. Сыйға тарту шартының мазмұны 3. Сыйға тарту шартының түрлеріне жалпы сипаттама Ұсынылатын әдебиет 1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996. 2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997. 3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996. 4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995. 5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98. 6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева. Тақырып 4. Рента және өмір бойы асыруда ұстау 1. Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелері. 2. Рента шартының түрлері 3. Тұрақты рента шарты. 4. Ғұмырлық рента шарты. 5. Өмір бойы асырауда ұстау шарты. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Рента шартының түсінігі 2. Рента шартының мазмұны 3. Рентаның түрлері Ұсынылатын әдебиет 1.Г.А. Жайлин, Б.К. Абдыкадыров. Юридические лица от «А» до «Я». Пособие, А; 2003. 2.Гражданское право РК. Особенная часть. Т.1-2 / Жайлин Г.А. – А., 2003 3.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 4.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 5.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004 Тақырып 5. Мүлікті жалдау шарты (Аренда) 1. Мүлік жалдау (аренда) шартының ұғымы және элементтері. 2. Мүлік жалдау шартының жекелеген түрлері. Лизинг 3. Кәсіпорындарды жалдау шарты. 4. Көлік кұралдарын жалдау. 5. Прокат. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Мүлік жалдау шартының түсінігі 2. Мүлік жалдау шартының мазмұны 3. Мүлік жалдау шартының түрлері Ұсынылатын әдебиет 1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004 4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004 5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001 Тақырып 6. Мердігерлік шарт 1. Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер 2. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Мердігерлік шартының түсінігі 2. Мердігерлік шарт мазмұны 3. Мердігерлік шарт түрлері Ұсынылатын әдебиет 1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996. 2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997. 3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996. 4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995. 5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98. 6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева. Тақырып 7 . Өтемелі қызмет көрсету 1. Мүлікті тегін пайдалану 2. Өтемелі қызмет көрсету Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Өтелмелі қызмет көрсетудің түсінігі 2. Өтелмелі қызмет көрсету шартының мазмұны 3. Мүлікті тегін пайдалану Ұсынылатын әдебиет 1.Г.А. Жайлин, Б.К. Абдыкадыров. Юридические лица от «А» до «Я». Пособие, А; 2003. 2.Гражданское право РК. Особенная часть. Т.1-2 / Жайлин Г.А. – А., 2003 3.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 4.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 5.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004 Тақырып 8. Тасымалдау шарты 1. Тасымалдау шартының ұғымы мен жүйесі. 2. Тасымалдау шартының түрлері 3. Көлік экспидицаиясы шарты. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Тасымалдау шартының түсінігі 2. Тасымалдау шартының мазмұны 3. Тасымалдау шартының түрлері 4. Көлік экспедициясы шартының түсінігі 5. Көлік экспедициясы шартының мазмұны Ұсынылатын әдебиет 1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996. 2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997. 3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996. 4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995. 5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98. 6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева. Тақырып 9. Банкілік қызмет көрсету шарты 1. Банктік қызмет көрсету шарты. 2.Ақша аудару туралы шарт 3. Банк салымы шарты. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Банктік қызмет көрсету шартының түсінігі 2. Банктік қызмет көрсету шартының мазмұны 3. Банктік қызмет шартының түрлеріне жалпы сипаттама Ұсынылатын әдебиет 1.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995. 2.Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98. 3.Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева. 4.Г.А. Жайлин, Б.К. Абдыкадыров. Юридические лица от «А» до «Я». Пособие, А; 2003. Тақырып 10. Несие және есеп айырысу қатынастары 1. Есеп айырысу және несие катынастарының түсінігі 2. Заем шарты. 3. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг шарты) Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Есеп айырысу әдістерінң сипаттамасы мен түрлері 2. Заем шартының түсінігі, мазмұны 3. Заем шартының түрлері Ұсынылатын әдебиет 1.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995. 2.Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98. 3.Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева. 4.Г.А. Жайлин, Б.К. Абдыкадыров. Юридические лица от «А» до «Я». Пособие, А; 2003. Тақырып 11 . Сақтау шарты 1. Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері 2. Сақтау шартынын нысаны, мерзімі, мазмұны. 3. Сақтау шарты бойынша жауапкершілік. 4. Сақтау шартының түрлері Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Сақтау шартының түсінігі 2. Сақтау шартының мазмұны 3. Сақтау шартының түрлері Ұсынылатын әдебиет 1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004 4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004 5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001 Тақырып 12 . Сақтандыру шарты. 1.Сақтандыру шартының түсінігі, мазмұны. 2.Сақтандырудың түрлері Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Сақтандыру сыйақылары 2. Сақтандыру нысаны Ұсынылатын әдебиет 1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004 4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004 5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001 Тақырып 13. Тапсырма шарты 1.Тапсырма шартының түсінігі мен элементтері. 2.Тапсырма шартының мазмұны Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Тапсырма шартының түсінігі 2. Тапсырма шартының мазмұны 3. Тапсырма шартының түрлері Ұсынылатын әдебиет 1. 1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996. 2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997. 3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996. 4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995. 5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98. 6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева. Тақырып 14. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау. Конкурстық міндеттемелер 1. Басқаның мүддесінде тапсырыссыз іс әрекет жасау. 2. Конкурстық міндеттемелер. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Басқаның мүддесінде тапсырыссыз іс әрекет жасау міндеттемесінің түсінігі мен мазмұны. 2 . Конкурстық міндеттемелердің түсінігі және ерекшелігі. Ұсынылатын әдебиет 1.Г.А. Жайлин, Б.К. Абдыкадыров. Юридические лица от «А» до «Я». Пособие, А; 2003. 2.Гражданское право РК. Особенная часть. Т.1-2 / Жайлин Г.А. – А., 2003 3.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 4.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 5.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 200 Тақырып 15 . Комиссия шарты 1.Комиссия шартының түсінігі мен элементтері 2.Комиссия шартының элементтері. 3.Комиссия шартының мазмұны 4.Комиссия шарты бойынша жауапкершілік Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Комиссия шартының түсінігі 2. Комиссия шартының мазмұны 3. Комиссия шартының түсінігін саралау Ұсынылатын әдебиет 1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004 4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004 5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001 Тақырып 16 . Мүлікті сенімгерлікпен басқару 1. Мүлікті сенімгерлікпен баскару туралы жалпы ережелер 2. Мүлікті сенімгерлікпен басқару субъектілері, объектілері. 3. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты 4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1 Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының түсінігі 2 Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының мазмұны 3 Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының ерекшелігі Ұсынылатын әдебиет 1.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995. 2.Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98. 3.Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева. 4.Г.А. Жайлин, Б.К. Абдыкадыров. Юридические лица от «А» до «Я». Пособие, А; 2003. Тақырып 17 . Кешенді кәсіпкерлік лицензия (Франчайзинг) 1. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының түсінігі мен элементтері 2. Шарттың тараптары мен өзге де қатысушылары. 3. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының мазмұны. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Франчайзинг шартының түсінігі 2. Франчайзинг шартының мазмұны 3. Франчайзинг шартының ерекшелігі Ұсынылатын әдебиет 1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996. 2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997. 3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996. 4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995. 5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98. 6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева. Тақырып 18 . Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер 1. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен маңызы. 2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары 3. Зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен маңызы. 2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары 3. Зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік. Ұсынылатын әдебиет 1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004 4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004 5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001 Тақырып 19. Интеллектуалдық меншік құқығы. 1. Интеллектуалдық меншік құқығының ұғымы. 2. Интеллектуалдық меншік объектілерінің құқықтық режимі мен түрлері. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Интеллектуалдық меншік құқығының ұғымы. 2. Интеллектуалдық меншік объектілерінің құқықтық режимі мен түрлері. Ұсынылатын әдебиет 1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004 4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004 5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001 Тақырып 20. Мұрагерлік құқық. 1.Мұрагерлік құқық ұғымы. 2.Мұрагерліктің түрлері мен олардың құқықтық реттелуі. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Мұрагерлік құқықтың түсінігі мен маңызы. 2. Заң бойынша мұрагерлік 3. Өсиет бойынша мұрагерлік 4. Мұрагерлікті қабылдау Ұсынылатын әдебиет 1.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.1.Оқулық.-Алматы, 2006 2.Жайлин, Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Т.2.Оқулық.-Алматы, 2006 3.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы.Ерекше бөлім.1т.-Алматы, 2004 4.Жайлин Ғ.А. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бөлім 2 т.-Алматы, 2004 5.Жайлин Г.А.Гражданское право РК. Особенная ч. Т.1.-Алматы,2001 4. Студенттердің өздік жұмысы 4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады. Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет. Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет. Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет. Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет. Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет. Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет. Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн. Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет. Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі. Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек. Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады. Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі. Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн. 4.2.Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары 1. Сатып алу – сату шартының түсінігі, мазмұны және түрлері 2. Айырбас шартының түсінігі, мазмұны 3. 3.Сыйға тарту шарты 4. Рента шартының түсінігі,мазмұны, түрлері 5. Жалға алу шартының түсінігі, мазмұны 6. Тұрғын үйді жалға алу шарты 7. Мемлекеттік тұрғын үй қорында тұрғын үйді жалға алу 8. Мердігерлік шарты 9. Өтелмелі қызмет көрсету шарты 10. Тасымалдау шарты 11. Көлік экспедициясы шартының түсінігі және мазмұны 12. 12.Заем шартының түсінігі және маңызы 13. 13. Банктік қызмет көрсету шарты 14. 14. Сақтау шартының түсінігі және мазмұны 15. 15. Сақтандыру шартының түсінігі 16. Сақтау шартының түсінігі, элементтері. 17. Сақтау шартының түрлері 18. Тауар қоймасында сақтау 19. Комиссия шартының түсінігі. 20. Комиссия шартының мазмұны 21. Мүлікті сенімігерлікпен басқарудың түсінігі мен пайда болу негіздері. 22. Мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шарт 23. Франчайзингтің жалпы ұғымы. Франчайзинг шартының мазмұны 24. Басқаның мүддесінде тапсырыссыз іс әрекет жасау. 25. Конкурстық міндеттемелер 26. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеменің ұғымы. 27. Зиян келтіру салдарынан туындайтын шарттар 28. Зиян келтіру салдарынан туындайтын жауапкершілік 29. Мүлікті тегін пайдалану. 30. Өтемелі қызмет көрсету 31. Тасымалдау шартының ұғымы мен жүйесі. 32. Тасымалдау шартының түрлері:Жүкті тасымалдау шарты; Жолаушыларды тасымалдау шарты; Жекелеген көлік түрлерімен тасымалдаудың ерекшелігі: Әуе, темір жол, автомобиль, теңіз тасымалы. 33. Ортақ пайдалану көлігімен тасымалдау ерекшелігі. 34. Көлік экспидицаиясы шарты. 35. Қарыз шартының түсінігі мен нысаны. 36. Қарыз алушының міндеттемісінің орындалуын қамтамасыз ету әдістері. 37. Факторинг. 38. Банкілік қызмет көрсету шартының ұғымы мен түрлері. 39. Банктегі ақшаға билік етуді шектеу. 40. Банкілік шот шарты: ұғымы, нысаны мен мазмұны. 41. Клиенттің ақшасына билік ету. 42. Банкілік шот шартын бұзу ерекшелігі. 43. Ақша аударымы шарты. Оның банкілік шот шартынан айырмашылығы. 44. Банкілік салым шарты: түсінігі, нысаны, мерзімі. 45. Тапсырма шартының түсінігі мен элементтері. 4.5 Аралық аттестацияға (емтихан) дайындық сұрақтары 1. Сату сатып алу шарты түсінігі,маңызы 2. Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері 3. Сату сатып алу шартының жекелеген түрлері. 4. Бөлшектеп сату-сатып алу шарты 5. Тауар жеткізілімі шарты 6. Жылжымайтын мүлікті және кәсіпорынды сату-сатып алу ерекшелігі 7. Контрактация шарты 8. Энергиямен жабдықтау шарты. 9. Айырбас шартының түсінігі, мазмұны 10. Рента шарты: ұғымы, мазмұны нысаны мен түрлері. 11. Тұрақты рента: рента алушы, нысаны, мөлшері, мерзімі. 12. Тұрақты рентаны сатып алу. 13. Ғұмырлық рента: алушы, мөлшері, төлем жүргізу мерзімі. 14. Ғұмырлық рента шартын бұзу. 15. Рентаны төлеу үшін берілген мүліктің кездейсоқ бүліну, жойылу қаупі. 16. Өмір бойы асырап-бағуында ұстау. 17. Шарттың ұғымы мен мазмұны. Өмірілік асырап-бағу шартының аяқталу негіздері. 18. Мүліктік жалдау шартының ұғымы. 19. .Мүлікті жалдау шартының жекелеген түрлері:Лизинг шарты; Кәсіпорынды және ғимараттар мен құрылғыларды жалға беру шарты; Экипажбен көлік құралдарын жалдау шарты (уақытша фрахт);Жекелеген көлік құралдарын жалдау шарты. 4.3 Бірінші аралық аттестация (емтихан) бойынша бақылау сұрақтары 1. Сату сатып алу шарты түсінігі,маңызы 2. Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері 3. Сату сатып алу шартының жекелеген түрлері. 4. Бөлшектеп сату-сатып алу шарты 5. Тауар жеткізілімі шарты 6. Жылжымайтын мүлікті және кәсіпорынды сату-сатып алу ерекшелігі 7. Контрактация шарты 8. Энергиямен жабдықтау шарты. 9.Айырбас шартының түсінігі, мазмұны 10.Рента шарты: ұғымы, мазмұны нысаны мен түрлері. 11. Тұрақты рента: рента алушы, нысаны, мөлшері, мерзімі. 13. Тұрақты рентаны сатып алу. 14.Ғұмырлық рента: алушы, мөлшері, төлем жүргізу мерзімі. 15.Ғұмырлық рента шартын бұзу. 16. Рентаны төлеу үшін берілген мүліктің кездейсоқ бүліну, жойылу қаупі. 17. Өмір бойы асырап-бағуында ұстау. 18.Шарттың ұғымы мен мазмұны. Өмірілік асырап-бағу шартының аяқталу негіздері. 19.Мүліктік жалдау шартының ұғымы. 20.Мүлікті жалдау шартының жекелеген түрлері:Лизинг шарты; Кәсіпорынды және ғимараттар мен құрылғыларды жалға беру шарты; Экипажбен көлік құралдарын жалдау шарты (уақытша фрахт);Жекелеген көлік құралдарын жалдау шарты. 21.Прокат шарты: ұғымы, нысаны, мерзімі 22.Мердігерлік шарт: ұғымы, нысаны. 23.Материалдардың кездейсоқ бүліну, жойылу қаупі. 24. Шарт тараптары, олардың құқықтары мен міндеттері. 4.4 Екінші аралық аттестация (емтихан) бойынша бақылау сұрақтары 1. Кепілді мерзім. 2. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері 3. Тұрмыстық мердігерлік 4.Құрылыс мердігерлігінің ерекшелігі. 5.Жобалау және зерделеу жұмыстарына мердігерлік шарты 6. Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің ерекшелігі. 7.Мүлікті тегін пайдалану. 8.Өтемелі қызмет көрсету 9.Тасымалдау шартының ұғымы мен жүйесі. 10 Тасымалдау шартының түрлері:Жүкті тасымалдау шарты; Жолаушыларды тасымалдау шарты; Жекелеген көлік түрлерімен тасымалдаудың ерекшелігі: Әуе, темір жол, автомобиль, теңіз тасымалы. 11.Ортақ пайдалану көлігімен тасымалдау ерекшелігі. 12.Көлік экспидицаиясы шарты. 13.Қарыз шартының түсінігі мен нысаны. 14.Қарыз алушының міндеттемісінің орындалуын қамтамасыз ету әдістері. 15.Факторинг. 16.Банкілік қызмет көрсету шартының ұғымы мен түрлері. 17.Банктегі ақшаға билік етуді шектеу. 18.Банкілік шот шарты: ұғымы, нысаны мен мазмұны. 19.Клиенттің ақшасына билік ету. 20.Банкілік шот шартын бұзу ерекшелігі. 21.Ақша аударымы шарты. Оның банкілік шот шартынан айырмашылығы. 22.Банкілік салым шарты: түсінігі, нысаны, мерзімі. 23.Тапсырма шартының түсінігі мен элементтері. 24. Тапсырма шартының мазмұны. 25.Сақтау шартының түсінігі, элементтері. 26.Сақтау шартының түрлері 27.Тауар қоймасында сақтау 28.Комиссия шартының түсінігі. 29.Комиссия шартының мазмұны 30.Мүлікті сенімігерлікпен басқарудың түсінігі мен пайда болу негіздері. 31.Мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шарт 32.Франчайзингтің жалпы ұғымы. Франчайзинг шартының мазмұны 33.Басқаның мүддесінде тапсырыссыз іс әрекет жасау. 34.Конкурстық міндеттемелер 35.Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеменің ұғымы. 36.Зиян келтіру салдарынан туындайтын шарттар 37.Зиян келтіру салдарынан туындайтын жауапкершілік 4.5 Аралық аттестацияға (емтихан) дайындық сұрақтары 1.Сату сатып алу шарты түсінігі,маңызы 2.Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері 3.Сату сатып алу шартының жекелеген түрлері. 4.Бөлшектеп сату-сатып алу шарты 5.Тауар жеткізілімі шарты 6.Жылжымайтын мүлікті және кәсіпорынды сату-сатып алу ерекшелігі 7.Контрактация шарты 8.Энергиямен жабдықтау шарты. 9.Айырбас шартының түсінігі, мазмұны 10.Рента шарты: ұғымы, мазмұны нысаны мен түрлері. 11.Тұрақты рента: рента алушы, нысаны, мөлшері, мерзімі. 12.Тұрақты рентаны сатып алу. 13.Ғұмырлық рента: алушы, мөлшері, төлем жүргізу мерзімі. 14.Ғұмырлық рента шартын бұзу. 15.Рентаны төлеу үшін берілген мүліктің кездейсоқ бүліну, жойылу қаупі. 16.Өмір бойы асырап-бағуында ұстау. 17.Шарттың ұғымы мен мазмұны. Өмірілік асырап-бағу шартының аяқталу негіздері. 18.Мүліктік жалдау шартының ұғымы. 19.Мүлікті жалдау шартының жекелеген түрлері:Лизинг шарты; Кәсіпорынды және ғимараттар мен құрылғыларды жалға беру шарты; Экипажбен көлік құралдарын жалдау шарты (уақытша фрахт);Жекелеген көлік құралдарын жалдау шарты. 20.Прокат шарты: ұғымы, нысаны, мерзімі 21.Мердігерлік шарт: ұғымы, нысаны. 22.Материалдардың кездейсоқ бүліну, жойылу қаупі. 23.Шарт тараптары, олардың құқықтары мен міндеттері. 24.Кепілді мерзім.Мердігерлік шартының жекелеген түрлері:Тұрмыстық мердігерлік;Құрылыс мердігерлігінің ерекшелігі. Жобалау және зерделеу жұмыстарына мердігерлік шарты; Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің ерекшелігі. 25.Мүлікті тегін пайдалану. 26.Өтемелі қызмет көрсету 27.Тасымалдау шартының ұғымы мен жүйесі. 28.Тасымалдау шартының түрлері:Жүкті тасымалдау шарты; Жолаушыларды тасымалдау шарты; Жекелеген көлік түрлерімен тасымалдаудың ерекшелігі: Әуе, темір жол, автомобиль, теңіз тасымалы. 29.Ортақ пайдалану көлігімен тасымалдау ерекшелігі. 30.Көлік экспидицаиясы шарты. 31.Қарыз шартының түсінігі мен нысаны. 32.Қарыз алушының міндеттемісінің орындалуын қамтамасыз ету әдістері. 33.Факторинг. 34.Банкілік қызмет көрсету шартының ұғымы мен түрлері. 35.Банктегі ақшаға билік етуді шектеу. 36.Банкілік шот шарты: ұғымы, нысаны мен мазмұны. 37.Клиенттің ақшасына билік ету. 38.Банкілік шот шартын бұзу ерекшелігі. 39.Ақша аударымы шарты. Оның банкілік шот шартынан айырмашылығы. 40.Банкілік салым шарты: түсінігі, нысаны, мерзімі. 41.Тапсырма шартының түсінігі мен элементтері. 42.Тапсырма шартының мазмұны. 43.Сақтау шартының түсінігі, элементтері. 44.Сақтау шартының түрлері 45.Тауар қоймасында сақтау 46.Комиссия шартының түсінігі. 47.Комиссия шартының мазмұны 48.Мүлікті сенімігерлікпен басқарудың түсінігі мен пайда болу негіздері. 49.Мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шарт 50.Франчайзингтің жалпы ұғымы. Франчайзинг шартының мазмұны 51.Басқаның мүддесінде тапсырыссыз іс әрекет жасау. 52.Конкурстық міндеттемелер 53.Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеменің ұғымы. 54.Зиян келтіру салдарынан туындайтын шарттар 55.Зиян келтіру салдарынан туындайтын жауапкершілік
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz