Файл қосу

Бухгалтерлік есептің міндеті



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                         |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ  ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                     |
|СМЖ 3-деңгейдегі құжат          |ПОӘК            |                             |
|                                |                |                             |
|                                |                |ПОӘК 042-18-7.1.45/03-2014   |
|ПОӘК                            |№1 басылым      |                             |
|«Кәсіпорындардағы технологиялық |«___» қыркүйек  |                             |
|есеп беру» пәнінің оқытушыға    |2014 ж.         |                             |
|арналған                        |                |                             |
|бағдарламасы                    |                |                             |










            ««Кәсіпорындардағы технологиялық есеп беру»» пәнінің
                            ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

     5В072800 - «Өндеу өндірістерінің технологиясы» мамандығына арналған


                           ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ













                                    Семей
                                    2014

          Мазмұны :

     1.  Әдебиеттер


     3.  Дәрістер

     4.  Практикалық сабақтар

     5.  Студенттердің өздік-жұмысы



































                                  Дәріс №1
                  Шаруашылық есептің мақсаты мен міндеттері
   Жоспар:
   1. Жедел есеп
   2. Статистикалық есеп
   3. Бухгалтерлік есеп.


   1. Жедел есеп.
   Экономикалық басқарудың жетіле түсуі нарықтық қатынастардың  қалыптасуына
меншіктің әртүрлі нысандарын пайдалануда, шетелдік әріптестердің  қатысуымен
бірлескен кәсіпорындарын құруда, халықаралық стандартқа  қарай  бағыт  алуда
шаруашылық есептің атқаратын ролі мен мәні  қазіргі  уақытта  өте  зор  және
арта түсуде, әсіресе бухгалтерлік есептің ролі орасан.
   Шаруашылық есептің жүйесі есептің өзара байланысты үш түрінен:
1) жедел;        2) бухгалтерлік;      3) статистикалық  есептерден тұрады.
      Жедел  (немесе  жедел  техникалық)  есеп  шаруашылық  процестері   мен
құбылыстарына  оларды  тікелей  жүзеге  асыру  барысында   бақылау   жасауға
арналған.
Оның ерекшелігі – басшылық  пен  басқарманы  деректермен  қамтамасыз  етудің
жылдамдылығы, жеделдігі. Жедел  есептің  көмегімен  басқару  қызметкерлеріне
кәсіпорындағы материалдық ресурстардың қозғалысы туралы, шығарылған  өнімнің
көлемі, оның тиеп- жөнелтілуі және  сатылуы  жайында,  өндірістік  қорлардың
қолда бары, шарттың тәртібін  жеткізушілер  мен  сатып  алушылардың  сақтауы
туралы және т.б. ақпараттар келіп тусуі. Бұл  есептің  басқаларға  қарағанда
(техникалық жағынан) ең қарапайым түрі. Жедел  есеп  әртүрлі  процестер  мен
құбылыстарды әртүрлі  өлшеуіштердің  –  натуральді,  ақшалай  және  еңбектік
өлшеуіштердің  көмегімен  көрсетеді.  Жедел   есепті   цех,   қойма   сияқты
бөлімшелердің  қызметкерлері  жүргізеді.  Оның  деректері   міндетті   түрде
құжаттарда тіркелмейді; оларды ауызша,  телефонмен,  телеграфпен  және  т.б.
түрде беруге  болады.  Жекелеген  жағдайда  жедел  есеп  үшін  арнайы  құжат
нысандары жасалады: мысалы жұмысқа шығу(табель) мен жұмыс уақытын  пайдалану
табелі, т.б. (тіркеу журналы, t0 уақыт, қысым т.б). Жедел – техникалық  есеп
уақыты бойынша бөлінуі мүмкін және оған деген  сұраныс  қажеттілігіне  қарай
туындайды.
      Сонымен, қорыта  келгенде,  жедел  есеп  шаруашылық  операциялары  мен
процестерін олар жасалып жатқан кезде қадағалауға және бақылауға арналған.
   2. Статистикалық есеп.
   Статистикалық есеп немесе  статистика- экономика,  мәдениет,  білім  беру
және т.б. салалардағы көпшілік сипаттарды құбылыстарды зерттейді.
   Статистика –экономиканың жағдайы, оның дамуының үрдістері, жұмыс  күшінің
қозғалысы, тауарлар, бағалы қағаздар, халықтың саны мен құрамы  (туу,  өлім,
миграция,  эмиграция,   т.б)   туралы   ақпараттарды   қоғамның   әлеуметтік
–экономикалық дамуына талдау және жорамал жасау  мақсатында  әзірлейді  және
жинақтайды. Халық шаруашылығы есебінің жүйесіндегі статистика  –бухгалтерлік
есеп пен жедел есепті біріктіретін қорытынды есеп болып табылады.
   3. Бухгалтерлік есеп.
   Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстарының сандық жағын сапалық  жағымен
байланыстыра  отырып,  заттық  көрсеткіштермен,  сондай  –ақ  ақшалай  түрде
шаруашылық фактілерін жалпылама, үздіксіз, құжатты  негізделген  және  өзара
байланыстыра тіркеу жолымен зерттейді.
   Шаруашылық қызыметін жалпылама көрсету  деп  барлық  мүлікті,  өндірістік
қорлардың барлық түрін, шығындарды, өнімдерді, ақша қаражаттарын,  қорларды,
кәсіпорындардың  берешектерін  және  т.с.с.  міндетті  түрде  есепке   алуды
түсінуге болады.
   Уақыты жағынан үздіксіз материалдық құндылықтардың, ақша  қаражаттарының,
есеп  айырысулардың,  қорлардың,  несиелердің  және  т.б.  қозғалысы  туралы
кәсіпорында жасалып жатқан фактілерді  қадағалауды  және  құжаттарды  жазуды
талап етеді.
   Әрбір шаруашылық фактісі құжатпен немесе бастапқы қағаз  құжатпен  немесе
құқықтық негізі бар ақпараттық  машиналық  тасығыштармен  рәсімделеді,  яғни
соған  сәйкес   орындалатын   шаруашылық   операциясы   үшін   жауапкершілік
белгіленеді, демек  құжат  заңдық  күшке  ие  болады.  Бухгалтерлік  есептің
аталып өткен ерекшеліктері оны есептің жедел –техникалық және  статистикалық
түрлерінен айырықшаландырады. Бірақ есептің барлық үш түрінің  ақпараттарын,
яғни шаруашылық есепті бүтін бір жүйе ретінде пайдалану ғана  кәсіпорындарға
шаруашылық  қызметін  неғұрлым  тиімді  басқаруға,   өнімді   тұтынушылардың
сұранысын қанағаттандыруға, жұмыстар орындауға  және  қызыметтер  көрсетуге,
кәсіпорынның нарықтық жағдайын бағалауға  мүмкіндік  бермек.  Есептің  әрбір
түрі бірін –бірі толықтырып отырады.
   Нарықтық экономиканы  басқару  мен  құруға,  әртүрлі  деңгейдегі  басқару
шешімдерін  әзірлеуге,  негіздеуге  және  қабылдауға  кәсіпорынның   нарықты
тәртібін анықтауға және бәсекелес кәсіпорындардың жағдайын  айқындауға  және
т.с.с. қажетті кәсіпорынның қаржы және шаруашылық қызметі туралы сапалы  әрі
уақтылы  ақпарат  қалыптастыру  шаруашылық  есептің  негізгі  мақсаты  болып
табылады.


                                  Дәріс №2

                        Есепте қолданылатын өлшеулер
Жоспар:
   1) Натуралды өлшеуіштер
   2) Еңбектік өлшеуіштер
   3) Ақшалай өлшеуіштер
1.Натуралды өлшеуіштер

   Шаруашылық  есеп  –  бұл  ең  алдымен   бақылау   мақсатында   шаруашылық
процестерін сан жағынан көрсету және  өлшеу.  Алайда,  шаруашылық  қызметтің
өзінің сипаты мен мағынасы бойынша алуан түрлі болатыны соншалық, тіпті  оны
сан жағынан көрсет у және бақылау үшін әртүрлі көрсеткіштер қажет.  Ол  үшін
өлшеуіштердің үш түрі қолданылады: натуралды, еңбектік, ақшалай өлшеуіштер.
   Натуралды  өлшеуіштер  есепте   біртектес   обьектілерді   көрсету   үшін
пайдаланылады. Олар санымен (дана), салмағымен (кг,т), ұзындығымен (м,  см),
көлемімен (л,м) және т.б. белгіленеді.  өлшеу  бірлігін  таңдау  ескерілетін
заттардың  қажетіне  тәуелді.  Натуралды  өлшеуіштер  материалдық   құндылық
(шикізаттар   мен   материалдар,   негізгі    құралдар,    дайын    өнімдер)
обьектілерінің қозғалысын, сондай – ақ орындалған құрылыс  жұмыстарын  шаршы
және текше метрлермен, автокөлікпен (тонна, км) есепке алу үшін  қажет.  Бұл
өлшеуіштерді материалдық құндылықтарды әртүрлі сұрыптар мен атаулар  бойынша
есепке алуды қолдану, осы құндылықтардың сандық  көрсеткіштері  мен  сапалық
сипаттарын  бір  мезгілде   алуға   мүмкіндік   береді.   Алайда   натуралды
өлшеуіштерді пайдалану шектелген, өйткені оларды біріктіру мүмкін емес.
2. Еңбектік өлшеуіштер.
   Еңбектік өлшеуіштерді уақыт бірлігінде жұмсалған еңбек санын  өлшеу  үшін
пайдаланылады. Бұл  әдетте  жұмыс  уақытының  бірлігі  (жұмыс  күні,  сағат,
минут). Бірақ көп жағдайларда еңбектік өлшеулерді өндірім нормаларын,  еңбек
өнімділігін есепке алу үшін  натуралды  өлшеуіштермен  ұштастыра  қолданады.
Жалақыны дұрыс есептеу үшін бұлардың маңызы өте зор.
3. Ақшалай өлшеуіштер.
   Ақшалай өлшеуіш ескерілетін обьектілерді бірыңғай құндық бағада  (ақшалай
өлшемде – теңгемен немесе басқа  да  волютамен)  көрсетуге  және  жинақтауға
мүмкіндік береді. Оның көмегімен кәсіпорынның мүліктік құқықтарының  көлемі,
бұрын натуралды және  еңбектік  өлшеуіштермен  өлшенген  шығындары  өлшеніп,
анықталады, сметалар, өндірістік тапсырмалар мен қаржы есептемесі  жасалады.

   Өлшеуіштерлі  әртүрлі  үйлесімдермен  де  алады:  натуралды  өлшеуіштерді
құндылықпен (санды – салмақ  есептеледі;  ақшалай  еңбекпен  біріктіру  және
т.с.с.).


                                  Дәріс №3
         Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар.


    Жоспар:
   1. Бухгалтерлік есептің міндеті.
   2. Бухгалтерлік есепке қойылатын талаптар.




   1. Бухгалтерлік есептің міндеті.
   Бухгалтерлік есеп –басқарудың аса маңызды функцияларының  бірі.  Нарықтық
экономикасы дамыған елдерде оны бизнестің кәсіпкерліктің тілі  деп  санайды.
Бухгалтерлік есеп оның алдына қойған  міндеттерді  орындай  алатындай  болып
ұйымдастырылуы керек.
   Қазақстан  Министрлер  кабинетінің  22  желтоқсан  айында  1999ж.   №1068
қаулысымен бекітілген  Қазақстан  Республикасындағы  бухгалтерлік  есеп  пен
есеп беру туралы Ережеге сәкес:
   -  жедел  басшылық  ету  мен   басқаруға   сондай   –ақ   инвесторлардың,
жеткізушілердің,  сатып  алушылардың,  кредиторлардың,   салық   және   банк
орындарының пайдалануына қажетті шаруашылық процестері мен  кәсіпорындардың,
мекемелердің  қызмет  нәтижелері  туралы  толық  және  шынайы   ақпараттарды
қалыптастыру;
   - мүліктердің қолда  бары  мен  қозғалысына  материалдық,  еңбектік  және
қаржылық  ресурстардың  бекітілген  нормаларға,  нормативтерге,   сметаларға
сәйкес жұмысалуына бақылауды қамтамасыз ету;
   - қаржы шаруашылық қызыметіндегі  жағымсыз  құбылыстар  жайында  мерзімді
ескертулер  жасау  ішкі  шаруашылық  резервтерді  анықтау   және   жұмылдыру
бухгалтерлік есептің басты міндеттері болып табылады.
   2. Бухгалтерлік есепке қойылатын талаптар.
   Бухгалтерлік  есептің  алдына  қойылатын  міндеттерді  орындау  үшін   ол
мынандай талаптарға сай болуы тиіс:
   1) Ақпаратты берудің мерзімділігі шаруашылық  қызыметіне  жедел  басшылық
етуге, міндеттерді орындауға,  ағымдағы  жұмыстың  кемшіліктерін,  ресурстар
шығынының нормадан ауытқуын анықтауға бақылауды  жүзеге  асыруға  және  т.б.
үшін қажет. Бұл талапты жүзеге асырған кезде есептік  ақпаратты  өңдеу  және
алу үшін есептегіш техниканы пайдаланудың маңызы зор.
   2) Есептік (нарықты) көрсеткіштердің жоспар  (тапсырма)  көрсеткіштерімен
саластырымдылығы белгіленген көрсеткіштердің  есеп  деректерімен  байланысын
қамтамасыз етеді  және  осы  көрсеткіштердің  орындалуына  мерзімді  бақылау
жасауды қамтамасыз етеді.
   3) Дәлдік,  объективтілік  және  қатаң  негізді  болу  ескерілген  барлық
деректер  дұрыс,  дәл  есептелген,  тиісті  құжаттармен   негізделген   болу
керектігін аңғартады. Олар жұмыстағы жетістіктерді  ғана  емес,  сондай  –ақ
кемшіліктерді де дұрыс көрсетіп беруге тиіс.
   4) Толықтық. Есеп кәсіпорнының шаруашылық қызметіне  толық  сипат  беруге
тиісті. Сонда ғана шаруашылықты басқару кезінде оның  деректерін  қолданудан
пайда болмақ.
   5) Үнемділік. Бухгалтерлік есеп басқару мен басшылық етуге қажетті барлық
көрсеткіштерді аз шығын жұмысау жолымен алуды қамтамасыз  етуі  тиіс.  Бұған
есептің қарапайымдылығы, оның үнемі жетілуі, қол еңбегін  машиналық  жұмысқа
ауыстыру  және  есеп   қызыметкерлерінің   іскерлік   біліктілігін   арттыру
мүмкіндік   жасайды.   Мұның   барлығы   басқару   аппараттарын   қысқартуға
бағытталған.
   6) Есептің қарапайымдылығы мен қолайлы  болуы  алынған  ақпараттың  мәнін
ұжымның  әрбір  мүшесінің  түсінуіне,  басқару   үшін   есептің   деректерін
пайдалану  мүмкіндігіне,  резервтерді  іздеуге,   қаржы   жағдайын   нығайту
жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге себепкер болады.


                                  Дәріс №4
                    Бухгалтерлік есеп және олардың әдісі

      Жоспар:
   1. Бухгалтерлік есеп.
   2. Шаруашылық процестері мен олардың нәтижелері.
   1. Бухгалтерлік есеп.
   Өндірістік  кәсіпорындар  мен  ұйымдар  бухгалтерлік  есепті   қолданудың
негізгі участкелері болып табылады. Онда оның  көмегімен  барлық  шаруашылық
қызыметінің  үстінен  қадағалау  және  бақылау  жасау  қамтамасыз   етіледі.
Кәсіпорындар  құрылған  кезде  қатысушылардың  салымдары   есебінен   қорлар
жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым  мен  тұтынуға  қызымет
етеді. Сонымен қалыптастыру  көздерімен  байланыстағы  шаруашылық  құралдары
және шаруашылық қызыметі процесіндегі олардың айналымы бухгалтерлік  есептің
негізі болып табылады. Бухгалтерлік есептің құрамы, оның  объектілері  халық
шаруашылығының   алуан   түрлі    салаларындағы    кәсіпорындардың    меншік
нысандарына,     ерекшеліктеріне     және     функцияларына      байланысты.
Кәсіпорындарындағы есептің маңызды объектілеріне материалдық емес  активтер,
негізгі құралдар, материалдар,еңбек ақы бойынша есеп айырысу,  өнім  өндіру,
жабдықтау, өнім өндіру және сату процестеріндегі шығындар, ақша  қаражаттары
мен айырысулар, қаржы нәтижелері және т.б. жатады.
   2. Шаруашылық процестері мен олардың нәтижелері.
   Шаруашылық құралдарының құжатпен ресімделген  қозғалысы  мен  өзгерісінің
фактісі  шаруашылық  операциясы  болып  табылады.  Бұл   орайда   шаруашылық
операциялары кәсіпорнының мүлкіне ғана емес (баланстың активі)  немесе  оның
тек пайда болу көзіне (пассив) ғана  емес  бір  мезгілде  мүлікке  де,  оның
қалыптасу көзіне де (баланстың активі де, пассиві де) қатысты болуы мүмкін.
   Шаруашылық    операциялары    жеткізушілерден    тауарлы     –материалдық
құндылықтарды  сатып   алудан,   негізгі   қорларды   пайдаланудан,   жалақы
есептеуден,  өнім  өндіруге  жұмсалған  шығындарды  анықтаудан  және   т.с.с
тұрады.
   Біртектес шаруашылық операцияларының  жиынтығы  –шаруашылық  процесі  деп
аталады.  Кәсіпорнының  шаруашылық  қызметіне  тән  3  шаруашылық   процесін
ажыратуға болады.
    - өндірістік қорларын дайындау
    - өнім өндіру
    - сату (өткізу)
   Дайындаудың мәні еңбек заттарын қажет ететін  кәсіпорнының  оларды  басқа
кәсіпорындардан сатып алуынан  тұрады.  Бұл  жерде  ақша  қаражаттары  еңбек
заттарына  айырбасталады.  Аталған  процесте  дайындалған  материалдар   мен
оларды сатып алуға байланысты шығындар ақшалай бағамен ескеріледі.
   Материалдық   құндылықтарды   дайындау    нәтижесінде    кәсіпорындардың,
компаниялардың арасында көптеген есеп айырысулар туындайды. Олар  екі  жақты
сипатқа ие болады. Бір кәсіпорын басқаның алдында борышкер (дебитор)  ролін,
ал басқасы –несие  берушінің  ролін  (кредитор)  атқарады.  Дебиторлық  және
кредиторлық берешектердің  пайда  болу  себептері  –бұл  құндылықтарды  алу,
қызымет көрсету және т.с.с. мерзімдерінің оларды төлеу мерзімдерімен  сәйкес
келмеуі.
   Өндіріс  процесінің  мәні   –жұмысшылар   машиналармен   еңбектің   басқа
құралдарының көмегімен  еңбек  заттарына  әсер  етіп,  оларды  дайын  өнімге
айналдырады. Бұл жерде материалдық және еңбектік шығындар  ескеріледі.  Өнім
өндіруге жұмысалып ақшалай нысанда көрсетілген шығындар оның  өзіндік  құнын
анықтауға мүмкіндік береді. Олар натуралды және еңбектік   өлшеуіштермен  де
көрсетілуі мүмкін.
   Өнімдерді өткізу және сату процесінде кәсіпорындар  немесе  фирмалар  оны
сатып алушыларға жөнелтеді және сол үшін ақша қаражаттарын алады. Бұл  жерде
дайын өнім өсіңкі (жоғары) сомадағы ақшалай нысанға айналады.  Өйткені  өнім
сатылатын нарықтық (келісімді) бағалар  әдетте  осы  өнімнің  нақты  өзіндік
құнынан жоғары болады. Сату  процесі  өнімді  өткізу  жөніндегі  шығындармен
(буып  –түю,  тиеу,  түсіру  және  т.б)   байланысты.   Сонымен   шаруашылық
процестерінде құралдар қозғалады және өзгереді. Бұл орайда ақша  материалға,
ал  материал  дайын  өнімге  айналады,  содан  кейін  өнім   қайтадан   ақша
қаражатына айналады.  Өндіріс  процесін  жалғастыру  үшін  ақша  қаражатының
көмегімен шикізаттар мен материалдардың жаңа  топтамасын  сатып  алу  керек.
Сөйтіп құралдардың бір нысаннан басқа нысанға  біртіндеп  айналуы  және  бір
процестен басқа процеске ауысуы жүзеге асады.


                                  Дәріс № 5
                         Негізгі құралдардың есебі.
Жоспар.
   1. Негізгі ұғымдар
   2. Жалдау түрлері
   3. Ағымдағы жал бойынша операция есебі
   1) Жалдау – бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа
      негізделген  түрде  жерді  өзге  табиғи  ресурстарды  және   жалгердің
      шаруашылық немесе өзге қызметті өз  бетінше  жүзеге  асыруына  қажетті
      мүліктерді мерзімді қайтарымды түрде  пайдалануы.  Жалдау  нәтижесінде
      жалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар
      пайда болады.
      Жалға беруші – жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мүлікті
жалға беруге меншік иесі өкілеттік берген органдар мен ұйымдар, сондай –  ақ
заңды және жеке тұлғалар жалға юеруші бола алады.
Жалгер – бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға  алатын  заңды  немесе  жеке
тұлға.  Заңды  және  жеке  тұлғалар  біріккен   кәсіпорындаршетелдік   заңды
тұлғалар халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер болуы мүмкін.
Жалдау шарты  –  бұл  тараптардың  өркенділігі  мен  толық  тең  құқықтылығы
негізінде жасалатын  жалдау  шартының  талаптарға  сай  мүлікті  жалға  беру
меншік құқығын беруге әкеп соқтырмайды.
   2) Жалдау түрлері
Халықаралық практикада жалдаудың 3 түрі бар:
1. Ұзақ мерзімді жал (лизинг) – бұл мүлікті 3 жылдан артық мерзімге  жалдау.
 Ұзақ мерзімді лизинг жәй және қаржылық болып бөлінеді.
   Жай лизинг – жалдау  шартының  мерзімі  аяқталған  бойда  мүліктің  жалға
   берушіге қайтарылуын көздейді.
   Қаржылық (қаржыландыратын) лизинг – жалды ұзақ  мерзімге  несиелендірудің
   нысаны.
      Жалгер мүлік құнын жалдық төлем арқылы төлейді. Қаржылық лизингтің  үш
   нысаны бар:
   а) Стандарт лизинг – мұндай кезде жабдықты әзірлеуші  оны  қаржыландырушы
   қоғамға береді. Ол өзінің лизингтік фирмасы арқылы оны  тұтынушыға  жалға
   береді.
   б) «Лиз – бек» лизингі –  мұндайда  жабдық  иесі  оны  лизингтік  фирмаға
   сатады және сонымен бірге одан  жалға  алады  (жалға  берушінің  қаржылық
   жағдайын уақытша жақсарту әдісі).
   в) «Жеткізушіге лизингі» - мұндай кезде негізгі құралдарды сатушы «Лиз  –
   бек» лизингіндегі сияқты жалгерге айналады, жалданған жабдықты  ол  емес,
   басқа жалгерлер пайдаланады.
   Қазақстанда жәй лизинг кең таралған.
   2. Орташа мерзімді жал (хайринг) – бұл жалгердің мүлікке меншік  құқынсыз
      1 жылдан 3 жылға дейінгі мүлікті жалдауы.
   3. Қысқа мерзімді жал (рейтинг, чартер) – мүлікті жалгердің кейінгі сатып
      алу құқынсыз жалдау; жалдау мерзімі – 1 жылға дейін.
   Рейтинг бойынша жалдау ақысы лизингке қарағанда төмендеу.  Чартер  әдетте
   рейсті, кезекті бірнеше рейсті, белгілі  бір  мерзімге  (тайм  –  чартер)
   жалдауға  жасалады  (ұшақ,  кеме).  Чартерлер  алдын  –ала  немесе  шұғыл
   тәртіппен  (промчартер)  және  тіпті  кейде  жедел   тиеуге   дайындықпен
   (спорпромт) жасалуы мүмкін.


                                  Дәрiс №6
                       Негiзгi құрал-жабдықтар есебi.
                 Жоспар:
      1) Негiзгi құрал жабдықтар жiктемесi және экономикалық мәнi
      2) есептiң мiндетi


      1)  Өндiрiс   процесi   өндiрiс   құралдарының    құтысуымен    жүзеге
асырылады. Олар:
      1) Еңбек  заттары  (шекiзат,  материалдар,  сатып  алынатын   жартылай
фабрикаттар)
      2) еңбек құралдары (станоктар, машиналар) болып бөлiнедi.
      Негiзгi құралдарға мыналар жатады:
Жылжымайтын  мүлiктер   (жер  участоктлерi,  үйлер,  ғимараттарғ   көпжылдық
өсiмдiктер, және  жермен  тығыз  байланысты,  қозғалысы  олардың   мақсатына
зиян  келтiрмеуi  мүмкiн  емес  басқа  да  объектiлер),  көлiк    құралдары,
жабдықтар, өндiрiстiк  және шаруашылық  құрал-сайтмандар,  үлкен  және  өнiм
беретiн малдар, арнайы  құралдар мен  басқа  да  негiзгi  қорлар  (кәтапхана
қорлары,  мұражай құндылықтары, автомобиль  жолдары т.б.).
      Негiзгi құралдар  көптеген  өндiрiс   құралдар  бойына  пайдаланылады,
қасиетi мен  нысанын  сақтай  отырып  жанама  түрде  тозады,  өзiнiң   құнын
жаңадан жасалған өнiмге  бiртiндеп көшiредi.  Айналым   құралдары  бiр  ғана
өндiрiстiк  процесте тұтынылады және өзiнiң  құнын жаңадан жасалған   өнiмге
 толықтай көшiрiледi.
      2. Негiзгi құралдар есебiнiң мiндетi.
1. Расталған  есептiк  мәлiметтердiң,  техникалық  паспорттардың,  басқа  да
құжаттар мен түгендеу журналадарының  негiзiнде еңбек  құралдарының   барлық
түрлерiнiң сақталуына  жүйелiк бақылау ұйымдастыру.
2) Негiзгi құралдардың  келiп түсуiн, шығарылуы, қозғалысын есепте   уақтылы
және  дұрыс  көрсетiлуiн қамтамасызету.
3) Негiзгi құралдардың  тозуын дұрыс қадағалау, тиiмдi пайдалануын бақылау.
4) Күрделi  және ағымды  жөндеу шығындарын дұрыс есепте алу.
5) Моральды  және  физикалық  турғыдан  ескiрген  негiзгi  құралдарды  жедел
анықтау.
6) Дұрыс есеп жасау.
3) Өндiрiс  процесiне  қатысу  сипатына  қарай  негiзгi   құралдар   былайша
бөлiнедi:
- өндiрiстiк және  өндiрiстiк емес
      Өндiрiстiк – бұл   өндiрiстiк  процеске   тiкелей  қатынасатын  немесе
өндiрiстiң негiзiн  құрайтын  негiзгi   құралдар.  Олар  өндiрiстiк   үйлер,
ғимараттар, машиналар  мен  жабдықтар,  өлшеушi  және   реттеушi   аспаптар,
көлiк құралдары; өнiм  беретiн, жұмысшы малдар; көпжылдық  өсiмдiктер,  т.б.
етедi.
      Өндiрiстiк емес –бұл  тутыну  мақсатындағы   негiзгi   құралдар.  Олар
өндiрiс  процесiне  қатыспайды,  ол  ұжымның   мәденитұрмыстық   қажетiлiгiн
қамтамасыз етуге арналған (үйлер,  ғимараттар,  керекөжарақтар  ,  денсаулық
сақтау, спорт т.б.).
      Тиiстiлiгi бойынша негiзгi құралдар былайша бөлiнедi:
    – Меншiктi –  бұл  субъектiге  тиесiлi  және  оның  баласында   көрiнiс
      табатын негiзгi құралдар.
    – Жалданған  - жалдау шарты бойынша, анда  белгiленген  мерзiмге  басқа
      субъектiлерден алынған негiзгi  құралдар.
    Қысқа мерзiмге  жалға алынған негiзгi құралдар баланыстан тыс 001-щотта
ескерiледi.
    Ұзақ мерзiмдi жалға алынған негiзгi құралдар жалдау  мерзiмi  аяқталған
бойда  немесе ол аяқталғанға дейiн жалгер  шартта  келiсiлген  отемiн  төлеу
бағасын түгелдей енгiзген болса,   негiзгi   құралдар   жалгердiң  меншiгiне
өтедi. Олар   тиiсiнше  121-125  шоттардағы  «Ұзақ  мерзiмдi  жалға  алынған
негiзгi құралдар» субшотында ескiрiледi. Пайдалану  сипатына  қарай  негiзгi
құралдар былайша бөлiнедi:
      -   қолданыстағы   –   бұл   пайдалану   сатысындағы,   қолданылмаған
        (тоқтатылған) – конференцияға немесе басқа да  себептермен  уақытша
        қолданылмай турған негiзгi құралдар.
      - Запаста турған –  қолданып  жүрген  негiзгi  құралдардың  жөнделуi,
        апатқа ұшырауы жағдайында  оларды  алмастыру  үшiн  запас  құрайтын
        негiзгi құралдар.
    Заттың құрамы  бойынша негiзгi құралдар былайша бөләнедi:
     - Инвентарлық – бұл заттай  нысанға  ие  және  айырбастау  мен  заттай
       санауға   болатын   объектiлерi   (үйлер,   ғимараттар,   машиналар,
       жабдықтар).
     - Инвентарлық емес – бұл  жер,  орман,  су,  яғни  заттың  нысаны  жоқ
       шығындар (жер участкаларын жоспарлау, егiстiк алаңдарды өндеу т.б.)
      Мақсаттың  бағаты  мен  орындайтын  функцияларына  байланысты  негiзгi
      қорлар мынандай түрлерге бөлiнедi:
            Негiзгi қорлар тобына  кiретiндер:  үйлер,  ғимараттарғ  берiлiс
      құрылғылары  (ТЭЦ,  компрессор,  трансформатор  т.б.),  машиналар  мен
      жабдықтар. – Бұлар инвентарлық объектiлер.


                                  Дәріс № 7
                    Шаруашылық құралдары мен оның көздері

      Жоспар.
   1. Құрамы бойынша құралдар.
   2. Пайда болу көздері бойынша құралдар.
   1. Құрамы бойынша құралдар:
   Кәсіпорынның шаруашылық құралдары экономикалық мағынасына сәйкес:
    - құрамы(функциональдік ролі) бойынша
    - олардың пайда болу көздері бойынша жіктеледі.
   Құрамы бойынша шаруашылық құралдары өндіріс саласындағы  құралдарға  және
   айналым саласындағы құралдарға бөлінеді.
      Еңбек құралы – бұл еңбектің құрал-сайманы, оның көмегімен адам өндіріс
   процесінде белгілі бір өнім өндіріп шығару үшін еңбек затына әсер етеді.
      Материалдық емес активтер  –  бұл  құндық  бағасы  бар,  бірақ  заттай
   құндылық болып табылмайтын ұзақ  мерзімді  (бір  жылдан  астам)  салымның
   объектісі. Оған табиғи  ресурстарды,  жер  участкаларын  пайдалану  құқы,
   патенттер, лицензиялар, нау-хау,  тауар  таңбалары  және  т.с.с.  жатады.
   Материалдық емес активтер негізгі құралдар сияқты өзінің  бастапқы  құнын
   нормативтік  қызмет  мерзімі  ішінде  тозуды  есептеу   жолымен   өндіріс
   шығындарына көшіріледі.
      Еңбек заттары – адам еңбек  процесінде  еңбек  құралдарының  көмегімен
   әсер ететін заттар. Олар бір рет қана қатысады, толығымен тұтынылады және
   өздерінің құнын өнім құнына көшіреді. Өндірістің бір кезінде оған шикізат
   пен материалдар, жартылай фабрикаттар, отындар, қайталама ресурстар  және
   т.б. жатады.
      Айналым саласындағы құралдар дайын өнімге, ақша қаражатына  және  есеп
   айырысудағы қаражаттарға  бөлінеді.  Өңделуі  толық  аяқталған,  сынақтан
   өткен, стандартқа сәйкес келетін дайын өнім қоймаға өткізіледі.
       Ақша  қаражаты  –  бұл  кәсіпорнының  кассасындағы   қолма-қол   ақша
   қаражаттарының сомасы, банктегі есеп айырысу шотындағы, валюталы  шоттағы
   және  өзге  шоттардағы  ақша  қаражаттары,  бағалы  қағаздар   (акциялар,
   облигациялар, жинау ақша сертификаттары,  вексельдер)  және  кәсіпорнының
   өзге де ақша қаражаттары.
       Есеп  айырысудағы  қаражат  –  берілген  аванстар  бойынша  тауарлар,
   жұмыстар мен  қызметтер  үшін,  алынған  вексельдер  бойынша,  дебиторлық
   берешектер, есеп беретін адамдардағы сомалар.
      Оқшауландырылған қаражат –  бюджетке  салық  түрінде  аударылуға  тиіс
   пайда сомасы мен кәсіпорнының арнайы қорларын құруға жұмсалған сомалар.
   2. Алу көздері (пайда болу) бойынша құралдар.
      Алу көздері мен  мақсаттың  бағыттарына  сәйкес  шаруашылық  құралдары
      меншікті және тартылған қаражат көздеріне бөлінеді.
      Меншікті қаражат болып табылатындар:
    - жарғылық қор – кәсіпорынды құрған кезде оның қызметін  қамтамасыз  ету
      үшін құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерде құрылтайшылар  (меншік
      иелері)  мүлік  түрінде   (негізгі   құралдардың,   материалдық   емес
      активтердің құны, ақша қаражаты) енгізген салымдарының ақшалай түрдегі
      жиынтығы.
    - Пайда - өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді, материалдық құндылықтарды,
      негізгі  құралдарды  және  т.б.  сатудан  кәсіпорын   алған   табыстың
      шығындардан асу сомасы.
    - Резервтік қор –  мақсаттық  бағыты  бойынша  жұмсалмаған  резервтердің
      сомалары және басқалар.
      Банк несиелері – банктен алынған (өтелмеген) ұзақ мерзімді және  қысқа
      мерзімді саудалардың сомалары қарыз қаражатының көзі болып табылады.
      Басқалай қарыз қаражаттары – кәсіпорнының еңбек  ұжымы  шығарған  және
      сатқан акциялардың сомасы, кәсіпорнының акциялары  мен  облигациялары,
      қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар және басқалар.
                                  Дәріс №8
                Тауарлы - материалдық құндылықтарды түгендеу.
      Жоспар:
1. Жалпы сипаттама
2. Түгендеу процесі

1. Жалпы сипатама
      Түгендеу – бұл меншіктің сақталуын, материалдық құндылықтардың  сапалы
күйін,  олардың  қоймалық  және  бухгалтерлік  есебін  жүргізуді  қамтамасыз
ететін бақылау әдістерінің бірі.Оны  меншік  нысанына,  қызмет  түріне  және
жұмыс  режиміне  қарамастан  барлық   шаруашылық   субьектілері   жүргізеді.
Құралдардың жағдайын жылдық есеп беруде (есепті жылдың 10  қазанынан  кейін)
обьективті түрде көрсету үшін жылына кем дегенде бір  рет  жүргізеді.  Бұған
қоса,  материалдық  жауапты  тұлға  ауысқан  кезде  істі  қабылдаған   күні,
құндылықтарды ұрлау, бүліну фактілері  белгілі  болғанда,  өрт  және  табиғи
апаттардан  кейін   жүргізеді.   Түгендеудің   негізгі   мақсаты:   тауарлы-
материалдық  құндылықтардың  нақты  қолда  барын   натуралды   және   құндық
өлшемдермен айқындау.
2.Түгендеу процесінде:
1. Тауарлы-материалдық құндылықтардың сақталуын;
2. Олардың сақталуының, босатылуының, салмақ және өлшем  құрал-саймандарының
жағдайының дұрыстығы;
3.  Тауарлы-материалдық  қорлардың  қозғалысы  есебін   жүргізудің   тәртібі
тексеріледі.
      Түгендеу  тексерудің  көлеміне  қарай  жалпылама  және  талдамалы,  ал
уақытына қарай уақтылы және аяқасты болып  бөлінеді.  Кәсіпорынның  басшысы,
оның орынбасары немесе бас бухгалтері  түгендеуді  ұйымдастырады  және  оның
жүргізілуіне басшылық жасайды. Басшының  бұйрығымен  тағайындалған  өкілетті
адамдардан  тұратын  комиссия  түгендеу  жүргізу   жөніндегіжұмысты   жүзеге
асырады. Тауарлы-материалдық  құндылықтардың  нақты  қолда  барын  тексеруді
бастағанға дейін түгендеу комиссиясы:
1.  Тауарлы-материалдық  құндылықтар  сақталатын  қосалқы  үй-жайларды  жеке
кіріп шығатын жері бар басқа орындарды жауып, пломболауға;
2.  Барлық  салмақ  өлшеу  приборларының  дұрыстығын  және  оларды  таңбалау
мерзімдерін сақтауды тексеруге;
3. Түгендеу сәтінде кіріс  және  шығыс  құжаттарының  инвентарлық  тізімінің
немесе тауарлы-материалдық құндылықтардың  қозғалысы  туралы  есептемелердің
соңғыларын алуға;
4.  Түгендеу  басталған  кезде   барлық   кіріс   пен   шығыс   құжаттарының
бухгалтерияға    тапсырылғандығын,    келіп    түскен    тауарлы-материалдық
құндылықтар   кіріске   алынғандығын,   шығарылғандары    шығысқа    есептен
шығарылғандығын  растайтын  қолхатты  материалдық  жауапты  тұлғадан   алуға
міндетті.
       Түгендеуді  жүргізу  сәтінде  бухгалтерияда  «  Қоймалар,  участкелер
бойынша  тауарлы-материялдық  құндылықтардың  инвентарлық  тізімі»  (ИНВ  №3
нысаны) жасалады.
       Түгендеуді  комиссияның  толық  құрамы  материялдық  жауапты  адамның
қатысуымен жүргізеді. Материалдардың бар-жоғы міндетті  түрде  салмақ  өлшеу
және   шамалау   жолдарымен   анықталады.   Фабрикалық   қаптамада    тұрған
құндылықтардың саны құжаттар бойынша міндетті түрде  тексерумен  анықталады.
Төгілгіш немесе  жамылғыш  материалдарды  шамалау  және   есептеу  негізінде
анықтайды. Шамалау немесе есептеу актілері тізімге қоса  беріледі.  өлшеудің
материалдық  бірлігінің  атауы  есепте  қабылданған  тұрғылармен   беріледі.
Тізімге  комиссия  қол  қояды.  Субьектіге   тиіселі   емес   материалдарға,
құндылықтарға жеке  тізім  жасалады.жауапты  сақтакға  қабылданған  тауарлы-
құндылықтар бойынша ИНВ №5 нысаны (форма), ал  есептік  деректерден  ауытқуы
анықталған  құндылықтар  бойынша  «Түгендеу   нәтижесі   бойынша   салыстыру
ведомосі»  (ИНВ№19)  нысаны  жасалады.  Тауарлы-материалдық   құндылықтардың
артықшылығы мен кемшілігінің  құны  бағалаумен  бірге  есептік  тіркемелерде
келтіріледі.  Тауарлы-материалдық  құндылықтарды  сақтау  кезіндегі   барлық
кемшіліктер  мен  артықшылықтар   бойынша,   сондай-ақ   ысыраптар   бойынша
материалды   жауапты   адамның   жазбаша   түсініктемесі    беріледі.    Бұл
түсініктемелер түгендеу нәтижелері бойынша  шешім  қабылдаған  кезде  мұқият
тексеріледі.
      Жұмыс түгендеу  комиссиясының  отырысы  хаттамамен  рәсімделеді,  онда
қойма шаруашылығының жағдайын инвентарлық  тексеру  нәтижесі  және  тауарлы-
материалдық қорлардың сақталуын қамтамасыз ету жағдайы көрсетіледі.
            Тауарлық-материалдық    құндылықтардың    бүлінуі     себептері,
пайдаланылмайтын және жарамсыздарының қалыптасуының  себептері  келтіріледі,
оған кінәлі адамдар көрсетіледі,  сондай-ақ  қорытынды  жасалып,  анықталған
кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар жасалады.

                                  Дәріс №9
           Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуын есепке алу

     Жоспар:
1. Негізгі құралдарды есепке алудың екі нұсқасы
2. Негізгі құралдар тозуы
3. Негізгі құралдар амортизациясы

1. Негізгі құралдарды есепке алудың нұсқасы
          Шағын  ұйымдарда  талдамалы  есептің  тіркелімі  ретінде  «Негізгі
құралдарды  есепке  алудың  инвентарлық   кітабы»   атты   НҚ   №11   нысаны
пайдаланылуы мүмкін. Ол сыныптамалық топтары, түрлерімен обьектілер  бойынша
ашылады. әрбір обьектіге сипаттама, аталым, инвентарлық номер,  шыққан  және
пайдалануға берілген күні, амортизация  нормасы  беріледі.  Есепті  кезеңдер
бойынша негізгі құралдардың қолда бары (121-125  шоттар  бойынша  сальдо)мен
қозғалысы туралы ақпараттар алу үшін сыныптамалық топтар шеңберінде  НҚ  №12
карточкалары қолданылады. Бұл карточкалар 121-125 шоттар  бойынша  айналымды
бас  кітаппен  салыстыру  үшін  пайдаланылады.  Негізгі  құралдардың   есебі
компьютерлерарқылы механикаландырылған болса негізгі құралдардың  қозғалысын
есепке алу карточкасының қажеті жоқ.  Мұндай  жағдайда  негізгі  құралдардың
қозғалысы туралы  есептеме  жасау  үшін  ақпараттық  машиналық  тасығыштарды
пайдаланады.
2. Негізгі құралдардың тозуы
         Негізгі құралдар өндіріс процесінде ұзақ  уақыт  бойы  жұмыс  істей
отырып,  біртіндеп  тозады,  яғни  физикалық  күштердің,   техникалық   және
экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін  жоғалтады  және  жарамсыз
болып қалады.
          Тозу  –  бұл  физикалық  және  моральдық  сипиттамаларын   жоғалту
процесі.
          Негізгі  құралдардың  физикалық  тозуы  олар  пайдаланылған  кезде
жабдықтың бөлшектері мен тетіктерінің, үйлер  мен  ғимараттардың  құрылымдық
элементтерінің  механикалық  тозуына  байланысты,  сондай-ақ  темірдің   тот
басуына, ескіруіне, шіруіне әкеп  соқтыратын  табиғи-климаттық  жағдайлардың
әсерінен  басталады.соның  нәтижесінде  негізгі  құралдар   құнының   бөлігі
жоғалады. Негізгі құралдардың моральдық тозуы техникалық процеспен,  өндіріс
әдістерінің жетілуі және жаңаруымен  байланысты.  Техника  мен  технологияны
жетілдіру қолданыстағы  негізгі  құралдарға  қатысты  өндірісті  арзандатуға
мүмкіндік тудырады.  Соған  байланысты  пайдаланудағы  негізгі  құралдар  өз
құнының бөлігін жоғалта отырып, құнсыздана бастайды.
         Негізгі құралдарды моральді тоздыратын негізгі факторлар:
1. Өндірістегі жабдықтар мен басқа жабдықтардың  жаңаруы  (ескі  машиналарды
жаңа, неғұрлым өнімділеуіне ауыстыру).
2. Технологиялық процестің жетілуі  (жаңа  технология  кезінде  қолданыстағы
машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес).
3. Шығарылған өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі  (бүл  орайда  ескі
машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз).
4.  Тауар  өндіруге  арналған  машиналар  мен  жабдықтардың  санын  азайтуды
субьектіден талап ететін, кейбіртауарларға сұраныстың азаюы.
5.  Жұмыс   күшінің,   білікті   қызметкерлердің   еңбекпен   қамтылуындағы,
өндірістің  географиялық  орналасуындағы  өзгерістер.Олар  өндіріс  көлемін,
пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап етуі  мүмкін.

         Моральды тозуды болдырмас үшін  негізгі  құрал  обьектілерін  қайта
құрады және жаңартады.
3. Негізгі құралдар амортизациясы
         Амортизация – бұл тозудың құндық белгісі. Бұл  негізгі  құралдардың
амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның  көмегімен  өндірілетін  еңбек
өнімі   мен   қызметке   ауыстырудың,    өндіріс    шығындарына    қосылатын
амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пацдалану немесе  негізгі
қорлаодың,  құралдардың  жай  және   кеңейтілген   өндірісіне   айналдырудың
обьективтік процесі.
          Амортизациялық  құн  дегеніміз  бастапқы  құн  мен   жою   құнының
арасындағы  айырмашылық.  Ол  негізгі  құралдар   келіп   түскенде   қосалқы
бөлшектердің қызмет мерзімінің  соңында  қалыптасқан  қалдықтардың  болжамды
құны ретінде анықталады.  Амортизациялық  аударымдар  амортизация  нормалары
бойынша жасалады. Амортизация нормасы  –  бұл  амортизациялық  аударымдардың
жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.
4. Құнды тікелей есептен шығару әдісі
          Обьектінің  амортизациялық  ай  сайын   бірдей   сомамен   есептен
шығарылады.
Есептеу.
Мысалы: Станоктың құны-20 мың теңге
                Болжамды жою құны-2 мың теңге
                Пайдалану мерзімі-10 жыл
1. Станоктың амортизациялық құны:
                 20 мың-2 мың=18 мың теңге
2. Амортизацияның жыл сайынғы сомасы:
                  18 мың / 10 жыл = 1800 теңге
3. Амортизацияның ай сайынғы сомасы:
                  1800 /12 ай =150 теңге
Егер  4  жылдан  кейін  шаруашылық  қызметі  түрінің  өзгеруіне   байланысты
станоктың ұтымды қызмет мерзімі 10 жыл емес  7  жыл  болып  белгіленіп,  жою
құны- 2000 емес 3000 теңге болса, онда  жыл  сайынғы  амортизациялық  сомасы
қалған 3 жылға (20.000 - (1800*4) -3000) / 3000= 3267
Ай сайын 3267/12 = 272 теңге

                                  Дәріс № 10
                      Бугалтерлік есептің бас жоспары:
    Жоспар:
  1.    Есептің бөлімдер
  2. 1 бөлім. Айналымнан тыс активтер
  3. 2 бөлім. Тауарлы материалды қорлар
  4. 3 бөлім. Дебиторлық берешек және басқа да  материалдар
  5. 4 бөлім. Ақша қаражаттары
  6. 5 бөлім. Меншікті капитал
  7. 6 бөлім. Міндеттемелер
  8. 7 бөлім. Табыстар
  9. 8 бөлім. Шыгыстар
 10. 9 бөлім. Өндірістік
 11.   10 бөлім. Баланстан тыс шоттар.
                   1. Есесптің бөлімдері.
    Бухгалтерлік септің бас жоспары (шоттарының) дегеніміз кәсіпорынның
қаржы-шаруашылық қызметін есепке алуға қажетті, экономикалық негізделген
шоттардың жүйеленген тізілімі. Бас жоспар және оны қолдану жөніндегі
нұсқаулық 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілген.
    Бухгалтерлік есептің шоттары мынандай бөлімдерге біріккен:
   1) Айналымнан тыс активтер
   2) Тауарлы-материалдық қорлар
   3) Дебиторлықберешек және басқа да активтер.
   4) Ақша қаражаттары
   5) Меншікті капитал
   6) Міндеттемелер
   7) Кірістер
   8) Шығыстар
   9) Өндірістік есептің шоттары
  10) Баланстан тыс шоттар
   І бөлім.
                           Айналыстан тыс активтер
   10. Материалдық емес активтер
   101. Лицензиялық келісімдер
   102. Бағдарламалық қамтамасыз ету
   103. Патенттер
   104. Ұйымдастыру шығындары
   105. Гудвил
   106. Басқалары
 12. Материалдық емес активтердің амортизациясы.
112. Материалдық емес активтердің амортизациясы –  бағдарламалық  қамтамасыз
    ету
113. Материалдық емес активтердің амортизациясы – патенттер
114. Материалдық емес активтердің амортизациясы – ұйымдастыру шығындары
115. Материалдық емес активтердің амортизациясы – гудвил
116. Материалдық емес активтердің амортизациясы – басқалары.
 13. Негізгі құралдар.
121. Жер
122. Ғимараттар мен құрылыстар
123. Машиналар мен жабдықтар
124. Көлік құралдары
125. Басқалары
126. аяқталмаған құрылыс
 14. Негізгі құралдардың тозуы.
131. Ғимараттар мен құрылыстардың тозуы
132. Машиналар мен жабдықтардың тозуы
133. Көлік жолдарының тозуы
134. Басқалардың тозуы
 15. Инвестициялар.
141. Еншілес серіктестіктерге салынған инвестициялар
142. тәуелді серіктестіктерге салынған инвестициялар
143. Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға салынған инвестициялар
144. басқалары.
  ІІ бөлім.
                        Тауарлы – материалдық қорлар
  20. Материалдар
201. Шикізаттар мен материалдар
202. Сатып алынған жартылай фабрикаттар, конструкциялар, бөлшектер
203. Отын
204. Ыдыс және ыдыстық материалдар
205. Қосалқы бөлшектер
206. Басқа да материалдар
207. Қайта өңдеуге берілген материалдар
208. Құрылыс материалдары және басқалар

  21. Аяқталмаған өндіріс
211. Негізгі өндіріс
212. Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары
213. Көмекші өндіріс
214. Басқалары
  ІІІ бөлім.
                   Дебиторлық берешек және басқа активтер
   30. Сатып алушылармен
301. Алуға арналған шоттар
302. Алынған векселдер
303. Басқалар
     31. Күмәнді борыштар жөніндегі резервтер
311.  Күмәнді борыштар жөніндегі резервтер
   32. Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық берешегі
321. Еншілес серіктестіктердің берешегі
322. Тәуелді серіктестіктердің берешегі
323. Бірлісіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі
   33. Басқа да дебиторлык берешектер
331. Орынын толтыруга қосылган құнның салығы
332. Есептелінген проценттер
333. Жұмысшылар мен басқа адамдардың берешегі
334. Басқалар
   34. Алдынғы кезендердің шығындары
341. Сақтандыру полисі
342. Жолдық төлемдер
343. Басқалар
   35. Берілген аванстар
352. Тауарлы – материалдық  қорларды жеткізуге берілген аванстар
353. Жұмыс орындауға және қызмет көрсетуге берілген аванстар


    IV бөлім.
                              Ақша қаражаттары
   40. Қаржылық инвестициялар
 401. Аксиялар
 402. Облигациялар
 403. Басқалар
   41. Жолдағы ақша аударымдары
 411.  Жолдағы ақша аударымдары
   42.   Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары
 421.  Акредиивтердегі ақша қаражаттары
 422.  Чек кітапшасындағы ақша қаражаттары
 423.  Банктегі арнайы шоттардағы қолма – қол   ақшалар
 424.  Басқалар
   42. Валюттік шоттағы қолға берілетін ақшалар
 431.  Ел ішіндегі Валюттық шоттағы  қолма – қол  ақшалар
 432.  Шетелдегі валюталық шоттағы қолма – қол  ақшалар
  44.   Есеп айырысу шотындағы қолма – қол ақшалар
 441.  Есеп айырысудағы (шотындағы) қолма – қол ақша
     Кассадағы қолма – қол ақшалар
 451.  Кассадағы  ұлттық  валютамен берілетін қолма – қол ақшалар
      V бөлім.
                              Меншікті капитал
   50.   Жарғылық капитал
 501.  Жай акциялар
 502.  Ерекшелінген акциялар
 503.  Салымдар мен пайдалар
  51.   Төленбеген капитал
 511.   Төленбеген капитал
       Алынған капитал
 521.  Алынған капитал
 52.    Қосымша төленген капитал
 531.   Қосымша төленген капитал
    54.    Қосымша төленбеген капитал
 541.   Негізгі құралдарды қайта бағалаудың қосымша төленбеген капиталы
 542.   Инвестицияларды қайта бағалаудың қосымша төленбеген капиталы
 543.   Басқалар
    55.   Резервтік капитал
 551.  Заңмен белгіленген резервтік капитал
 552.  Басқа резервтік капитал
   56.   Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)
 561.   Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)
 562.   Бұрынғы жылдардың  Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)
        57.   Жиынтық кіріс (зиян)
 571.   Жиынтық кіріс (зиян)

   VI бөлім.
                                Міндеттемелер
    60.    Несиелер
  601. Банктердін несиелері
  602. Банктен тыс мекемелерден алын ған несиелер
  603. Басқалар


   61.    Алдыңғы кезеңдердегі табыстары
 611.  Алдыңғы кезеңдердегі табыстары


   62.    Дивиденттер бойынша есеп айырысу
 621. Жай акциялар бойынша есеп айырысу


    63.    Бюджетпен есеп айырысу
 631.   Төленуге тиіс ағымдағы табыс салығы
 632.   Төлемі кейінге қалдырылған табыс салығы
 633.   Қосылған құн салығы
 634.   Басқалар

     64.     Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық  берешек
 641.   Еншілес серіктестіктергеберешек
 642.   Тәуелді  серіктестіктерге берешек
 643.   Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға берешек

     65.     Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу
 651.   Мүлікті және сақтандыру бойынша есеп айырысу
 652.   Еңбекпен қамту қоры бойынша есеп айырысу
 653.   Әлеуметтік сақтандыру және зейнет ақымен  қамтамассыз ету бойынша

           есеп айырысу
 654.    Жол қорымен есеп айырысу
 655.    Басқалар
     66.      Алынған аванстар
 661.    Тауарлы – материалдың  құндылықтардыжеткізуге арналған аванстар
 662.    Жұмыстар орындауға алынған аванстар
     67.      Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу
 671.   Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу

    68.      Өзге де кредиторлық берешектер мен есептеулер
 681.   Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу
 682.   Лауазымды тұлғаларға берешек

                                  Дәріс №11
            Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарты

Жоспар
   1. Бухгалтерлік есептің стандарты
   2. Есеп саясаты

   1. БЕС – бухгалтерлік есеп стандарты.
        Нарықтық   экономиканың   қалыптасуы   жағдайында   кәсіпорындардағы
бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру  бағыттарының  бірі.  Оның  Есеп
және  Есеп  берудің  халықаралық  стандарттарға  қарай  бағыт   алуы   болып
табылады. Есептің халықаралық стандартын енгізу есептің,  бақылаудың  сапасы
мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
      Қазіргі кезде  бухгалтерлік есеп  бойынша  2.9  Қазақстандық  стандарт
қолданылады. Олар: Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарты:

|№   |Атауы                                           |Күшіне енген күні  |
|1   |2                                               |3                  |
|1   |Есеп саясаты және оның ашылуы                   |1997ж 1 қаңтар     |
|2   |Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі |1997ж 1 қаңтар     |
|    |негізгі ашулар                                  |                   |
|3   |Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы    |1997ж 1 қаңтар     |
|    |есеп беру                                       |                   |
|4   |Ақшалай қаражаттарының қозғалысы туралы есеп    |1997ж 1 қаңтар     |
|    |беру                                            |                   |
|5   |Кіріс                                           |1997ж 1 қаңтар     |
|6   |Негізгі құралдарды есепке алу                   |1997ж 1 қаңтар     |
|7   |Тауарлы-материалдық қорларды есепке алу         |1997ж 1 қаңтар     |
|8   |Қаржы инвестицияларын есепке алу                |1997ж 1 қаңтар     |
|9   |Шетелдік валютадағы операцияларды есепке алу    |1997ж 1 қаңтар     |
|10  |Байланысқан тараптар туралы ақпараттың ашылуы   |1997ж 1 қаңтар     |
|11  |Табыс салығы бойынша есеп                       |1997ж 1 қаңтар     |
|12  |Күрделі құрылыс мердігерлік шарты               |1997ж 1 қаңтар     |
|13  |Шоғырландырылған қаржылық есептеме және еншілес |1997ж 1 қаңтар     |
|    |серіктестіктерге берілген инвестицияларды есепке|                   |
|    |алу                                             |                   |
|14  |Тәуелді шаруашылық серіктестігіне берілген      |1997ж 1 қаңтар     |
|    |инвестицияларды есепке алу                      |                   |
|15  |Бірлескен қызмет бойынша қатысу үлесін қаржылық |1997ж 1 қаңтар     |
|    |есептемеде көрсету                              |                   |
|16  |Зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған          |1997ж 1 қаңтар     |
|    |шығындарды есепке алу                           |                   |
|17  |Жалды есепке алу                                |1997ж 1 қаңтар     |
|18  |Инвестициялық қорлардағы есеп                   |1997ж 1 қаңтар     |
|19  |Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қорлары       |1997ж 1 қаңтар     |
|    |бойынша есеп және есептеме жасау                |                   |
|20  |Мұнай, газ өндіру қызметінің есебі мен          |1997ж 1 қаңтар     |
|    |есептемелер                                     |                   |

   2. Есеп саясаты.
Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын,  нұсқаулар  рұқсат  еткен  есеп
объектілерін бағалаудың, сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына  және
кәсіпорын қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік  есепті  жүргізу  мен
ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.
Есеп саясатын қолданған кезде есептің мынандай принциптерін сақтау керек:
1. Есептеу – кәсіпорнының кірістері мен  шығыстары,  олардың  келіп  түсуіне
 немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
2. Үздіксіз – яғни объектілер үздіксіз әрекет  ететін,  болашақта  да  жұмыс
 жасайтын болып саналады.
3.  Түсініктілік  принципі  –  қаржы  есептемелеріндегі  барлық   ақпараттар
 пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.
4. Маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауы  және
 кәсіпорнының шаруашылық қызметі бағалауы  үшін  қаржылық  ақпарат  маңызды
 болуы керек.
5. Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде  қандай
 да бір мәліметті жіберіп алсақ немесе дұрыс ұсынбасақ, онда бұл  ақпаратты
 пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
6. Растық. Ақпаратта  қателік  немесе  жалғандық  жоқ  болса  ол  рас  болып
 табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
7. Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.
8. Сақтық – яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін, ал  міндеттеме
 немесе шығын белгісіздік жағдайында кем бағаланбас үшін  шешім  қабылдаған
 кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.
9. Аяқталғандылық – растықты қамтамасыз ету үшін  есепті  кезеңдегі  ақпарат
 толығымен аяқталған болуға тиіс.
10.  Салыстырмалылық  –  қаржылық  ақпарат   бұрынғы   есеп   кезеңдеріндегі
 ақпаратпен салыстырмалы болуға тиіс.
11. Дәйектілік. Субъекті таңдап алған есеп саясаты мен  әдістер,  объектілер
 бір есепті кезеңнен келесі есептік кезеңге дәйекті түрде қолданылуы керек.
 Егер біз бір есеп саясатын таңдап алып, келесі жылы  басқа  есеп  саясатын
 таңдайтын болсақ, онда мұндайжағдайда түсіндірме  жазушылар  болуға  тиіс,
 яғни біз оларды негіздеуге тиіспіз.
12.  Күмәнсіз.  Қаржылық  есептеме  оны  пайдаланушылардың  қаржы   жағдайы,
 нәтижесі,ақша қаражаттарының қозғалысы туралы  күмәнсіз  көзқарас  туғызуы
 керек.
Есеп саясатының ашылуы – бұл қаржылық есептемеге түсіндірме жазуды  неғұрлым
елеулі аспектілерге сипаттама беру. Қаржылық есептеменің  деректері  бойынша
кәсіпорнының  мүліктік  және  қаржылық   жағдайы,   оның   төлем   қабілеті,
шаруашылық етудің негізгі  ережелері,  кәсіпорын  қызметінің  жақсаруындағы,
нашарлауындағы  үрдістер  және  т.б.  көрсеткіштер  белгіленеді.   Бұйрықпен
рәсімделген есеп саясаты нормативтік

                                 Дәріс № 12
              Материалдық құндылықтардың бухгалтериядағы есебі
                                   Жоспар:
   1) Жинақтау ведомосі
   2) №10 ведомосі
   3) Ауытқуларды бөлу тәртібі
      Жинақтау ведомосі
       Қоймадан  тізілім  бойынша  келіп  түскен  құжаттар   алдын   –   ала
жинақталғаннан кейін таксалауға беріледі. Таксалаудан кейін құжат  деректері
кәсіпорында белгіленген есептік топтар бойынша ( орман  материалдары,  темір
және  т.б.)  топтастырылады.  20  және  22(тауарлар)  бөлімшелердің  шоттары
бойынша тауарлы –  материалдық  құндылықтардың  кірісі  мен  шығысы  бойынша
жүретін , материалдың талдамалы  есебінің  жинақтаушы  ведомосте  әрбір  топ
бойынша  сомалық өлшеммен көрсетіледі.
а)  өткен айдағы ведомосте алынған айдың басындағы қалдық.
б)  құжаттарды  өткізу  тізілімінен  ай  ішіндегі  топ  бойынша  тауарлы   –
материалдық құндылықтардың кірісі.
в)  құжаттарды  өткізу  тізілімінен  ай  ішіндегі  топ  бойынша  тауарлы   –
материалдық құндылықтардың шығысы.
г) есептеу жолымен анықталған ай соңындағы қалдық.
      Жинақтау ведомосі (сличит) бухгалтерия мен қойма  есебінің  деректерін
салыстыру үшін пайдаланылады. Қойма  есебі  материалдардың  талдамалы  есебі
карточкаларында  және  қалдықтар  кітабында  жүргізіледі.  Қалдықтар  туралы
деректер сәйкес келу керек, өйткені қоймадағы жазулар (қалдықтар кітабы  мен
жинақтау ведомосі) бір ғана құжаттың негізінде жүргізілген .
      Бухгалтериядағы жинақтау ведомосінің (сальдолық әдіс  кезінде)  немесе
материалдық  құндылықтардың  қалдығы  мен  қозғалысы  туралы   есептемесінің
негізінде “Материалдардың ақшалай өлшемдегі қозғалысы”  деген  №10  ведомосі
жасалады.
2. №10 ведомосі  талдамалы  есептің  деректерін  материалдық  ұқндылықтардың
талдамалы  есебінің  көрсеткіштерімен  ұштастыруға  арналған.  Келіп  түскен
материалдық  құндылықтардың  құны  жинақтамалы  шоттардың   немесе   есептік
топтардың келісімінде есептік бағалар бойынша келтіріледі.
      №10ведомосі бірнеше бөлімнен тұрады:
1) бөлім – нақты өзіндік құн бойынша жиынтық деректер мен  ай  ішінде  келіп
түскен  материалдардың  есептік  құнын  көрсетуге  арналған.  Бұл   деректер
әртүрлі журнал –  ордерлерден  (  №6  ;  №10  ;  №3  ;  №7;  №1  және  т.б.)
көшіріледі.
       Мұнда  жүктерді  жеткізу  жөніндегі  шығындарды  ,  тиеп   –   түсіру
жұмыстарының шығынын , теміржол алымдарына төлемді және материалдарды  сатып
алу  құнынан  тыс  жұмсалған  басқа  шығындарды  қоса  алғанда   материалдық
құндылықтарды сатып алуға және әзірлеуге жұмсалған шығындар ескеріледі.  Дәл
осы   бөлімге   ведомостің   басқа    бөлімдерінен    алынған    материалдық
ұқндылықтардың нақты өзіндік құны және ай басындағы есептік  бағасы  бойынша
қалдығын жазады. Оған ай ішінде келіп түскен материалдардың  құны  қосылады.
Одан кейін нақты құнның есептік баға бойынша құннан  ауытқуының  сомасы  мен
проценті анықталады.
      Ауытқулар  сомасы дегеніміз – осы көрсеткіштер арасындағы  айырмасы  ,
ал ауытқу проценті  - бұл  ауытқу  сомасының  материалдардың  есептік  құнға
қатынасы.
      Ауытқу (“ + “) немесе (“-“) таңбасымен болуы мүмкін.
       №10  ведомосі  екінші  және  одан   кейінгі   бөлімдері   материалдық
құндылықтарды сақтау жері (қоймалар , участкелер) бойынша кірісін ,  шығысын
және қалдығын ақшалай өлшеммен көрсетуге арналған. Бұл деректер  материалдық
есеп берудің сальдолықжинақтаушы ведомостерінің негізінде толтырылады  ,  ал
оларда – материалдық құндылықтардың қозғалысы мен  қалдығы  есептік  бағамен
келтірілген. Материалдың  толық  нақты  өзіндік  құны  есептік  бағалар  мен
ауытқулар бойынша материалдар құнының сомасы ретінде анықталады.
3. Ауытқуларды бөлу тәртібі.
    Ауытқуларды бөлу мынадай тәртіппен жүргізіледі :
   1) Есептік кезеңнің соңындағы материалдық құндылықтар қалдығының есептік
      құнына ауытқулар сомасы анықталады.
   2) Қалған сома есептік бағалары бойынша материалдар  есептен  шығарылған
      баланстық шоттар бойынша ведомосінің басқа бөлімдерінде бөлінеді :
                       а) 845 – шотқа – есептелген процентпен
                     б) 901 – шотқа - әдетте қалған сома
      Егер 921 шотқа көптеген материалдар есептен шығарылатын болса  ,  онда
ауытқудың сомасы есептік бағасы бойынша  ағымдағы  айда  осы  шотқа  есептен
шығарылған материалдар құнын №10 ведомосте  өткен  айда  көрсетілген  ,  сол
айда қолданылған ауытқу процентін көбейту жолымен анықталады. Барлық  қалған
шоттарға( 91 ; 951 ; 941 ; 821 ) ауытқулар есептен шығарылмайды.

                                  Дәріс №13
                   Бухгалтерлік есептің әдістемелік негізі
    Жоспар:
       1. Құжаттау және түгендеу
       2. Бағалау және калькуляция
       3. Шоттар мен екі жақты жазу
       4. Бухгалтерлік баланс
       1. Құжаттау және түгендеу.
    Бухгалтерлік есепті  ұйымдастырудың  әдістемелік  негізін  әдістер  мен
тәсілдер  жүйесі  құрайды.  Олар  құжаттау,  түгендеу,  бухгалтерлік  балама
жасау, екі жақты жазу әдісін  қолданып  жинақтамалы  және  талдамалы  шоттар
жүйесін,  мүліктер   мен   міндеттемелерді   бағалау,   калькуляциялау   мен
кәсіаорнының есеп беруі арқылы жүзеге асырылады.
    Құжаттау – шаруашылық операцияларын құжаттардың көмегімен олар жасалған
сәтте және сол жерде бастапқы тіркеу.
    Құжат бухгалтерлік жазбалар үшін міндетті негіз болып  саналады.  Әрбір
шаруашылық операциясында ол жасалған сәтте  құжат  жасалады,  онда  құжаттың
атауы, операцияның мазмұны, оның жасалған күні, өлшем  бірлігі,  операцияның
жасалуына жауапты адамдардың қойған  қолдары  көрсетіледі.  Сөйтіп  құжаттар
заңдық растаушы күшке ие болады.
    Түгендеу – мүліктің нақты қолда барын  бухгалтерлік  есептің  деректері
бойынша  заттай  сәйкестігін  тексерудің   әдісі.   Ол   бухгалтерлік   есеп
деректерінің растығы  мен  кәсіпорын  меншігінің  сақталуын  қамтамасыз  ету
мақсаттарымен    жүргізіледі.    Негізгі    құралдар,    тауарлы-материалдық
құндылықтар,  ақша  қаражаттары,  аяқталмаған  өндіріс,  сауда  кәсіпорнының
тауарлары және т.б. түгенделуі тиіс.
    Түгендеу белгіленген мерзімде материалды жауапты адамдар ауысқан кезде,
аудиторлардың тергеу  органдарының  талабы  бойынша  және  т.б.  жағдайларда
жүргізіледі.
    Түгендеу деректері актпен рәсімделеді.
       2. Бағалау және калькуляция.
    Бағалау – бұл натуралды көрсеткіштерді  ақшалай  көрсеткіштерге  аудару
әдісі. Мұның өзі  шаруашылық  қорлар  мен  олардың  қорлану  көздері  туралы
жалпылама деректерді алу үшін  бухгалтерлік  есепте  ақшалай  көрсеткіштерді
міндетті түрде пйдаланумен байланысты болып  отыр.  Кәсіпорынның  мүлкі  мен
оның көздерін  бағалаудың  шынайылығы  мен  дұрыстығы  бухгалтерлік  есептің
барлық  жүйесін  құру  кезінде  маңызды   болмақ.   Бағалаудың   принциптері
нормативтік   актілермен   реттеледі.   Мысалы:   қолданыстағы   нормативтік
құжаттарда белгіленгені: бухгалтерлік  баланста  негізгі  құралдар  бастапқы
құны  бойынша,  материалдық  емес  активтер  –  бұларда  бастапқы  құны  мен
жинақталған тозу сомасын көрсету  арқылы  қалдық  құны  бойынша,  өндірістік
қорлар оларды сатып алу мен дайындаудың нақты құны бойынша  бағаланады  және
т.с.с.
    Калькуляця  –  шығындарды  топтастыру  мен  сатып  алынған  материалдық
құндылықтардың, әзірленген өнімдер мен атқарылған жұмыстардың өзіндік  құнын
анықтау әдісі. өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау нормативтік  құжаттармен
реттеледі.
       3. Шоттар мен екі жақты жазу
    Бухгалтерлік  есептің  шоттары   біртектес   шаруашылық   операцияларын
топтастыруға және ағымдағы есебін жүргізуге арналған. Қорлардың  әрбір  түрі
мен олардың  көздеріне  жеке  шот  ашылады.  Мысалы:  441  –  «Есеп  айырысу
шотындағы қолма-қол ақшалар»; 451 – «Кассадағы  Ұлттық  валютамен  берілетін
қолма-қол ақшалар!; 551 – «Заңмен  белгіленген  резервтік  капитал»;  571  –
«жиынтық кіріс» және т.б.
    Екі  жақты  жазу  –  шаруашылық  операцияларын   бехгалтерлік   есептің
шоттарында тіркеудің әдісі. Бұл әдістің мәні - әрбір  шаруашылық  операциясы
екі рет тең сомамен  бір  шоттың  дебетінде  және  басқа  шоттың  кредитінде
жазылады.
       4. Бухгалтерлік баланс
    Бухгалтерлік  баланс  -  кәсіпорынның  мүлкі  мен  олардың  пайда  болу
көздерін ақшалай бағамен  белгілі  бір  күнге,әдетте  айдың  бірінші  күніне
экономикалық топтастырудың әдісі.
    Кәсіпорынның  қорлары  бухгалтерлік  баланста  ақшалай   өлшеммен   екі
топтамада көрсетіледі. Оның бірі кәсіпорынның қандай қорлары  бар  екндігін,
ал екіншісі –  олардың  қандай  көздерден  пайда  болғанын  көрсетеді;  яғни
баланс кесте түрінде жасалады. Ол екіге бөлініп, бір жағы актив,  ал  екінші
жағы пассив деп аталады. Бухгалтерлік баланстың екі жағы өзара тең,  өйткені
оларды бір ғана мүлік кңөрсетіледі; бірақ бір жағынан құрамы  мен  орналасуы
бойынша, екінші жағынан оның пайда болу көздері бойынша көрініс табады.
    Сонымен баланстың негізінде кәсіорындағы шаруашылық қорларының  жағдайы
мен оларды пайдалануға қадағалауды жүзеге асыруға болады.
    Есеп беру дегеніміз – кәсіпорынның белгілі бер кезеңіндегі  өндірістік-
шаруашылық  және  қаржы  қызметтерін  сипаттайтын   көрсеткіштердің   арнайы
кестелерге  толтырылған  жүйесі.  Есеп  берудің  көрсеткіштері  кәсіпорынның
қаржы  жағдайын  талдау  үшін,  нарықты  жағдайын   бағалау   үшін,   тиісті
шаруашылық шешімдерге негіздеме әзірлеу және қабылдау үшін пайдаланылады.
    Бухгалтерлік есептің әдістемесін құрайтын әдістері мен тәсілдері  өзара
тығыз байланысты және  өзара  шарттастырылған.  Оларды  қолдану  нәтижесінде
ескеріліп отырған объектілердің бухгалтерлік есепте ақшалай,  еңбектік  және
натуралды  өлшеуіштермен  үздіксіз,  жалпылама   және   құжатпен   негізделе
көрсетілуін;   мүліктерді,   олардың   пайда   болу   көздерін,   шаруашылық
операцияларын  бухгалтерлік   есептің    шоттарында   біртектес   топтастыру
қамтамасыз етеді.
    Бұл мүліктерді, оның пайда болу көздері мен шарушылық операцияларын екі
жақты жазу   әдісінің  көмегімен   шоттарда   өзара  байланыстырып  көрсету,
мүліктер мен міндеттемелердің нақты қолда барын   есеп  деректерімен  мерзім
сайын  салыстыру  шынайы,  жиынтық,  жүйеленген  есептеме  деректерін  алуға
мүмкіндік береді.


Пәндер