Файл қосу
Шартты міндеттемелер мен шартты активтерді тану
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ | |БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ қаласы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |СМЖ 3-деңгейдегі құжаты |ПОӘК | | | | | | | | |УМКД | | | |042-18-3.1.30/03-2014 | |«Қаржылық есеп 2» пәнінің| | | |оқу-әдістемелік |№2- басылым | | |материалдары | | | «ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП 2» ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В050800 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2014 | |Мазмұны | | | | | | | |1 |3 | | |Глоссарий |5 | | |4 |67 | | | |73 | | |2 | | | |Лекциялар | | | |4 | | | | | | | |3 | | | |Тәжірибелік сабақтар | | | |4 | | | | | | | |4 | | | |Студенттердің өздік жұмыстары | | | |5 | | | | | | 1. ГЛОССАРИЙ Қаржылық есеп 2 – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән. Қаржылық есептілік - шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі Инвестициялар - өнеркәсіптің, кұрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың баска да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығы. Нақты инвестициялар — бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық- өндірістік корын өсіруге салынатын салымдар. Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мөміленің нәтижесі). Валюта бағамы – бір валютаны басқасына айырбастау коэффициенті. Еншілес ұйым – басқа ұйым (бас ұйым деп аталатын) бақылайтын ұйым, оның ішінде серіктестік тәрізді корпорацияланбаған ұйым. Есеп саясаты – бұл қаржы есептiлiгiн әзiрлеу және ұсыну үшiн үйым қабылдаған нақты принциптер, негіздер, келісімдер, ережелер мен практика Жалдау - жалға беруші жалгерге жалдау ақысына немесе төлемдер тобының орнына келісілген уақыт ішінде активтерді пайдалану құқығын беретін шарт. Жылжымайтын мүлікке инвестициялар - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік. Инвестициялық қызмет – ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату. Депозитті сертификат - салушының депозитті алуға құкығын куәландыратын ақшаларды депозитке өткізгені туралы қаржы мекемесі беретін куәлік. Депозиттер — бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары. Мүдделерді біріктіру – компаниялардың бірігуі, мұнда біріккен компаниялардың акционерлері біртұтас таза активтерге бақылау жүргізіп, табыстар мен тәуекелді бірдей бөліседі. Бақылау – компанияның қаржылық және шаруашылық саясатын басқару мүмкіндігі, ол қызметтен табыстар алу көзделеді. Азшылық үлесі – еншілес компанияның операцияларының таза нәтижелері мен таза активтерінің бір бөлігі. Онда аналық компания тікелей немесе жанама түрде үлестеріне иелік ете алмайды. Әділетті құн – бір – біріне тәуелсіз екі жақтың арасында активтерді немесе міндеттемелерді айырбастауға болатын сома. Сатып алу датасы – жаңа иесіне таза активтер мен операцияларды бақылаудың ауысу уақыты. Бондар — мемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер мен кәсіпорындар шығаратын қарыздық міндеттемелері. Қазыналық вексельдер — мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі; олардың пайыздық купондары болмайды. Қазыналық ноталар — қазыналық эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың түрі. Опцион — опциондық контрактінің нәтижесі болып табылатын бағалы қағаз, соған сәйкес қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен соң бағалы кағаздарды алдын-ала ескертілген бағасы бойынша алуына немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыйақы алу үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға құқысы бар. Варрант — бұл негізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар (корпоративтік артықшылығы бар акциялар, облигациялар) көрсетілген қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар. Актив – бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді Пропорционалды консолидация — есептік әдіс, онда әрбір жолдары өзінің ұқсас баптарымен қосылады. Қаржылық есеп берудің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады Төленуге тиісті вексельдер – жазба түрде бекітілген міндеттеме, вексель ұстаушы белгілі уақытта екінші жаққа келісілген соманы төлеуді міндетке алады. Қаржыландырылатын жал — мүлікке меншіктік құқымен байланысты, жалға берушінің олжасымен қоса, онымен байланысты болатын тәуекелділіктің де үлкен бір бөлігін жалға алушы өз жауапкершілігіне алады. Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома Нақты ұйымға арналған айрықша құн – ұйымның болжамына сәйкес қандай да бір активті пайдалануға және оның пайдалы қызмет мерзімінің соңында шығып қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттар тасқынының дисконтталған құны. Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері – салық салынатын уақытша айырмашылықтарға байланысты алдағы кезеңдерде төленуге тиісті пайдаға салынатын салық сомасы. Қаржы құралы – бірдей уақытта бір ұйымда қаржы активі пайда болып және екіншісінде қаржы міндеттемесі немесе үлестік құрал пайда болатын кез келген шарт. Облигация – ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер ұзақ мерзімді негізде үлкен капитал сомаларын қорғау үшін шығаратын қарыздық куәлік. Қаржылық лизинг — бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға алу, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Операциялық қызмет – компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметі және инвестициялық және қаржы қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет. Операциялық жалдау - қаржылық жалдан өзгеше жал. Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы. Салық салынатын пайда (салық салу кезінде есептелетін залал) – салық органдары белгілеген ережелерге сәйкес анықталатын кезең ішіндегі пайда (залал), осыған байланысты пайдаға салынатын салық төленеді (өтеледі). Табыстар – бұл есеп беру кезеңінде активтердің көбеюі немесе міндеттемелердің азаюы. Шартты актив - бұрынғы оқиғалардан туындайтын және болуы компания толық бақыламайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал актив ретінде айқындайды. Шоғырландырылған қаржы есептілігі – топтың біртұтас экономикалық ұйым дайындаған сияқты болып ұсынылатын қаржы есептілігі. 2. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ Модуль 1. Бизнесті біріктіру және бағалау Тақырып 1. Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі (ҚЕХС (IFRS) 3) Лекция жоспары: ( 2 сағат) 1.Бизнесті біріктіру түсінігі. 2. Біріккен кәсіпорындар формалары 2.Қаржылық есептің ақпараттарын ашу. 1. Бизнесті біріктіру – жекелеген кәсіпорындардың бір экономикалық ұйымға бірігіп, таза активтерге және басқа кәсіпорындардың операцияларына бақылау алуы. Сатып алу – компаниялардың бірігуі, мұнда бір компания сатып алушы, ол сатушының активтері мен операцияларына бақылау жүргізеді. Мүдделерді біріктіру – компаниялардың бірігуі, мұнда біріккен компаниялардың акционерлері біртұтас таза активтерге бақылау жүргізіп, табыстар мен тәуекелді бірдей бөліседі. Мұнда ешқандай да жақ сатып алушы ретінде қарастырылмайды. Бақылау – компанияның қаржылық және шаруашылық саясатын басқару мүмкіндігі, ол қызметтен табыстар алу көзделеді. Азшылық үлесі – еншілес компанияның операцияларының таза нәтижелері мен таза активтерінің бір бөлігі. Онда аналық компания тікелей немесе жанама түрде үлестеріне иелік ете алмайды. Әділетті құн – бір – біріне тәуелсіз екі жақтың арасында активтерді немесе міндеттемелерді айырбастауға болатын сома. Сатып алу датасы – жаңа иесіне таза активтер мен операцияларды бақылаудың ауысу уақыты. Бизнестің бірігуі бухгалтерлік есепте қаржылық есеп берушілікте таза мәні бойынша көрсетіледі.Бизнесті біріктіргенде жақтар есеп жүргізудің әдістерін келісіп таңдап алады. Сатып алу әдісі арқылы бизнесті біріктіру компаниялардың активтерін сатып алу арқылы жүргізіледі. Басқа компанияның активтерін сатып ала отырып, оның міндеттемелерін де алады.Компания тұтас сатып алынғанда, оның жекелеген активтерін бағалау қиынға түседі. Қарыздық міндеттемелердің ағымдағы құны пассивтің таза құнына тең.Егер қарыздық міндеттеменің пайыздық ставкасы болса, есеп берушілікте сәйкес сыйақы мен дисконтты көрсету керек. Егер активтер акцияға айырбасталса, оның құны акциялардың таза құнымен анықталады. Қор нарығында айналатын бағалы қағаздардың таза құнын, сатып алынған компанияның құнына қарағанда анықтау жеңілірек. 2. Біріккен кәсіпорынның әр түрлі формалары мен құрылымдары бар. Біріккен қызметке қатысу туралы ҚЕХС 3 негізгі түрі бар: ➢ Бірге бақыланатын операциялар бірге бақыланатын активтер мен бірге бақыланатын субьектілер ➢ Келісімшарттың болуы біріккен бақылаудың инвесторларының елеулі ықпал етуінің қауымдасқан кәсіпорынға салынған инвестициядағы қатысу үлесі; ➢ Келісімшарттың куәсі болып біріккен қызметтің қатысушылар арасындағы біріккендер немесе немесе хаттама; Келісімшартта мынадай сұрақтар қамтылуы тиіс: 1 Біріккен кәсіпорын есептілігі бойынша міндеттемелері, қызметі және ұзақтылығы 2 Біріккен кәсіпорындағы директорлар кеңесінің немесе басқа да балама басқа орындарды тағайындау 3Біріккен қатысушылардың капиталға салған үлестірін анықтау 4 Біріккен қызметке қатысушыларының арасында өндіріс көлемі,табыс пен шығыстарының, нәтижелерін бөлісу Келісімшарт біріккен қызметтің бір мүшесінің басшы ретінде немесе біріккен кәсіпорын жетекшісі етіп тағайындайды. Кейбір біріккен кәсіпорын қызметі корпорация, серіктестік, кәсіпорын емес біріккен қызметке қатысу активтерін және ресурстарын пайдалануды білдіреді. Біріккен қатысушы өзінің қорларынан және негізгі құралдарды пайдаланады. Ол сонымен қатар міндеттемелер мен шығындарды өзі көтереді, қаржыландыруды өзі алады. Біріге бақылатын қызметке мысал ретінде екі немесе одан да көп қатысушылар өз ресурстарын қызметтерін біріктіріп біріге отырып бөлісуі. Әрбір қатысушы өндіріс процесінің өзіне тиесілі бөлігін жүзеге асырады.Әрбір шығысын өзі көтеріп, өнім өткізуден түскен табысты өзінің үлесіне алады және бұл үлес келісімшарттың негізінде болады. Біріге бақылатын активтер: Кейбір біріккен кәсіпорындар біріккен кәсіпорын мүддесін сатып алады немесе салынған бір немесе бірнеше активтерін біріккен қызметке қатысушылар біріге бақылау мен біріге иемденуін талап етеді. Біріккен қызметтің әрбір қатысушысы болашақтағы экономикалық табысындағы өз үлесін біріге бақыланатын активтер үлесі арқылы бақылайды.Біріге бақыланатын активтер үлесіне сәйкес біріге бақыланатын қызметке қатысушы өзінің жеке қаржы есептілігінде және шоғырланған қаржылық есептілігінде мыналарды жеке көрсетеді: ➢ Активтердің сипатына сәйкес жіктелген біріге бақыланатын активтеріндегі өз үлесін; ➢ Керек міндеттемелерін; ➢ Басқа қатысушылармен қатар біріккен кәсіпорын міндеттемелеріндегі өз үлесін; ➢ Біріккен кәсіпорында өндіретін өнімдегі сатудағы өз үлесін; ➢ Зияндағы өз үлесін; ➢ Шығындардағы өз үлесін; Біріге бақыланатын субьектілер- корпорация серіктестік немесе басқа да кәсіпорын ретінде құрылған және біріккен қызметте әрбір қатысушысы қатысушы үлесіне ие біріккен кәсіпорын. Субьект- жоғарыда көрсетілгендей басқа да кәсіпорындарда жұмыс істейді тек бір айырмашылығы қатысушы арасындағы келісімшарт негізінде субьект экономикалық қызмет біріккен бақылау орнатады. Біріге бақыланатын субьект- біріккен кәсіпорын активтерінде бақылап, міндеттемелер қабылдап, табыстары мен шығыстарын көреді жеке қаржыландыруды да ала алады. Әрбір қатысушының біріге бақыланатын субьект қызметінің нәтижелеріне, үлесіне сәйкес иемденуге құқығы бар,алайда, олардың кейбіреулері біріккен кәсіпорын болып өндіруден өнімді ұсынады. 3. Бизнесті біріктіргенде активтер мен міндеттемелерді бағалау мына тәртіпке сүйенеді: • өтімді бағалы қағаздар ағымдағы нарықтық құны бойынша бағаланады; • өтімді емес бағалы қағаздар кәсіпорынның таза табысының нарықтық бағаларға қатысы арқылы анықталады; • дебиторлық қарыздар ағымдағы пайыздық ставкаларды қоса есептегендегі таза құны бойынша есептеледі; • дайын өнім мен тауарлар – сату шығындарын алып тастағандағы бағасы арқылы есептеледі; • шикізат мен материалдар ағымдағы қалпына келтіру құны бойынша есептеледі; • жер мен ғимараттар пайдалану мақсатына қарай нарықтық құны бойынша бағаланады; • машиналар мен жабдықтар алғашқы құнынан амортизация құнын алып тастағандағы құны арқылы анықталады; • материалдық емес активтер бекітілген құны бойынша бағаланады; • төленуге тиісті шоттар мен вексельдер ағымдағы құны бойынша пайыздық ставкаларды қосып бағаланады. Бизнесті біріктіру қаржылық есепте көрсетілгенде мына деректер ашылуы керек: • Біріккен бизнестің атауы мен түсінігі; • Компанияның есеп әдісі; • Есептік мақсатта бизнестің бірігуінің күшіне енген уақыты; • Бизнесті біріктіргенде айналысатын өндірістік қызмет; • Дауыс құқы бар акцияларды сатып алу, олардың пайызы; • Біріккендегі активтер мен міндеттемелердің сомасы; • Сатудан түскен табыс, таза табыс және біріккен компаниялардың қаржылық есебіндегі басқа да деректер. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 1.Бизнесті біріктіру деген не? 2.Біріккен компанияларда есеп қалай жүргізіледі? 3.Азшылық үлесі деген не? 4.Сатып алу датасы нені білдіреді? Тақырып 2. Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік (ҚЕХС (IFRS) 27) Лекция жоспары: (2 сағат) 1.Консалидарлық бухгалтерлік баланс 2.Бөлінбеген пайда туралы консолидарлық есептілік 1. Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді. Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жүмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және ннвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді. Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқада ережелерді сақтау болып табылады. Қаржылық есеп берудің қағидалары төмендегілер: Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап,олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығыны мен зияны орын алынған кезден бастап танылады. Үздіксіздік. Кез-келген кәсіпорын ұзақ уақыт ағымында үздіксіз қызмет етеді. Бұл егер кәсіпорын жабылып жатса, оның активтерін ағымдағы нарықтық құнымен қайта бағалау мүмкін болады дегеннен туындаған. Жұмыс ісгеп тұрған кәсіпорын концепцияларына сәйкес, мұның қажеттігі шамалы. Бұл қағида егер кәсіпорын тұтасымен сатылса, алғашқыда, ликвидациялық та баланстар жасалмайды дегенді мегзейді. Меншік иесі ауысқанмен кәсіпорын басқа болып кетпейді, ол өзінің есеп жүйесін толығымен сақтайды. Түсініктілік. Шаруашылық сүбъектісінің қаржылық есеп берушілігінде көрсетілетін ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуы керек. Мағыналылық. Қаржылық ақпарат шаруашылық қызметті бағалау кезінде дұрыс шешімдер қабылдау үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мағыналы болуы қажет. Мәнділік. Бұл қағида ақпарат мәнді және мәнсіз болатынын көрсетеді. Мәнді ақпараттың болмауы экономикалық шешімдер қабылдауға әсер етеді. Нақтылық. Егер ақпаратта қателер жоқ болса ғана, ол нақты бола алады да, тұтынушылар сенімін туғызады. Байыптылық. Шаруашылық қызмет ағымындағы шешімдер байыппен қабылданғаны дұрыс. Активтер мен табыстар артық бағаланып, ал міндеттемелер мен шығындар кем бағаланбауы қажет. Салыстырмалылық. Қаржылық ақпарат қажетті де мазмұнды болуы үшін, бір есепті кезеңді екінші есептік кезеңмен салыстырып, сәйкестілік, бір ізділік негізінде қарау керек. Тұтастылық. Қаржылық есептегі ақпарат тұтас, толық болуы керек. Бірізділік. Есептің таңдалған әдістері мен қабылданған әдістемесі оны өзгертуге нақты себептер туындамайынша өзгермеуі керек. Дұрыс, шын түсінік қалыптастыру. Қаржылық есеп берушіліктер тұтынушыларға субъектінің қаржылық жағдайы, қаржылық-шаруашылық қызмет қорытындылары және ақша қаржыларының қозғалысы туралы шындықты, айқын түсінікті қалыптастыруы қажет. Уақыттылық.. Ақпарат өз уақытында қалыптасып, ұсынылуы қажет. Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтерден алшақ болуы керек. Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн.Белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай – ақ міндеттемелер мен шығынның қайта бағалануына барынша жол бермеу керек. Есептік кезең біткен соң ұйым қаржылық есеп беруді жасайды. Ұйымның құрамында Қазақстан Республикасының аймағында және онан тысқары жерлерде тұратын еншілес немесе тәуелді серіктестіктері бар болса, өзінің қаржылық есеп беруімен қоса, консолидацияланған есеп беруді жасайды, яғни бірнеше занды тұлғаның есеп беруін біріктіреді. Заңды тұлға (коммандалық және толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік, акционерлік қоғам) егер де басқа (негізгі) занды түлғаның өзінің жарғылық қорына салған салымдарының басым көпшілігін иеленсе және қабылданатын шешімдердің басым бөлігін анықтау мүмкіндігіне ие болса, онда олар еншілес серіктестік ретінде танылады. Заңды тұлға (коммандылық және толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік, акционерлік қоғам) егер де басқа (қатысушы, артыкшылығы бар) занды тұлғаның бар болғаны 20% дауыс беретін акциясына ие болса немесе сондай деңгейде қатысушылық үлесі бар болса, тәуелді серіктестік ретінде танылады. Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидацияланған есеп беруі. Занды тұлға басқа кәсіпорынның акциясын сатып алу арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін; егер де сол сатып алынған акциясы 50%-тен астам болса, онда инвестицияланған объектіге бақылау жасау мүмкіндігін алады. Инвестор бақылауды белгілейтін болса, онда ол кәсіпорын негізгі занды тұлға болып танылады, ал бақыланатын (инвестицияланған) кәсіпорынды еншілес кәсіпорын деп атайды. Негізгі кәсіпорында және барлық еншілес көсіпорындар бірігіп, біріккен заңды тұлғалар тобын құрайды және олардың мәліметі бойынша консолидацияланған есеп беруін жасайды. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар олардың топтасқан бөлігін емес, тұтас бөлігін білуге мүдделі болып келеді. Бұндай қажеттілік консолидацияланған есеп беруге қойылатын талапты күшейтеді. 2.Консолидацияланған есеп берудің құрамына: консолидацияланған бухгалтерлік балансы, консолидацияланған каржылық-шаруашылык кызметінің нәтижесі туралы есеп беру, консолидацияланған ақшалардың қозғалысы туралы есеп беруі және түсініктеме жазбасы кіреді. ҚЕХС сәйкес "Консолидацияланған есеп беру және еншілес серіктестіктегі инвестицияның есебі" негізгі занды тұлға жергілікті және шетелдегі еншілес заңды тұлғалардың консолидацияланған қаржылык есеп беруі енгізіледі, тек мыналарды қоспағанда: егер де еншілес серіктестік жақын арада сатуға арналса және оларды бақылау уақытша сипатта болса немесе олар қатаң түрде ұзақ мерзімді шектеулі жағдайда әрекет етіп тұрса, онда бұл аталған жағдайларда жүрген серіктестіктердің мәліметі консолидацияланған қаржылық есеп беруге қосылмайды. Негізгі кәсіпорын өз кезегінде, еншілес кәсіпорында болуы мүмкін, онда ондай кәсіпорындар консолидацияланған қаржылық есеп бермеуі мүмкін, егер де оны негізгі кәсіпорын талап етпесе. Негізгі занды тұлға және оның еншілес занды тұлғасы қаржылық есеп беруді келесі жолмен консолидациялайды (яғни, біріктіреді): есеп беруді өзара сәйкестендіреді (есеп беру қосымша өнделеді, жіктемесі өзгертіледі, түзетулер енгізіледі); активтер, міндеттемелер, меншік капиталы, табысы, шығысы туралы мәліметтердің әрқайсысы жолы мен бабы бойынша қосылады; кейбір баптар бойынша қайталауға жол берілмейді және кейбір баптар жойылуы мүмкін. Бірнеше заңды тұлғалардың есеп беруінен бір ғана қаржылық есеп беруді жасау үшін ішкі есеп, бағалы қағаздар, меншік капиталдар және т.б. мәліметтердің негізінде тиісті түзетулер жасалынады. Түзету жазбалары консолидацияланған қаржылық есеп берудің дайындау барысы оның жұмысшы кестесінде жасалынады және ол негізгі кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде де, еншілес занды тұлғада да көрсетілмейді. Топтық есеп беру жасау кезінде еншілес заңды тұлғаның бухгалтерлік балансында бөлек көрсетіледі, яғни еншілес занды тұлғанын нақты таза активімен алмастырылады. Баланста әрбір еншілес серіктестіктің және негізгі заңды тұлғанын үлесі бойынша меншік капиталы қалыптастырылады. Бұл жерде меншік капиталында негізгі заңды тұлғаның үлесінен оған енген (кірген) еншілес серіктестіктердің үлесі кем немесе аз болуы мүмкін. Негізгі заңды тұлғаның таза активінен оған енген (немесе кірген) еншілес серіктестіктердің таза активтері асып түссе, онда оның ағымдағы сатып алынған активтерінің құнынан мәмілесі бойынша өтетін міндеттемесін шегеріп, келіп қосылған заңды тұлғалардың гудвиллі ретінде анықтайды және консолидацияланған бухгалтерлік баланста актив ретінде жеке бап болып көрініс табады. Егер де негізгі заңды тұлғаның құрамына кіретін еншілес занды тұлғаның құны олардың таза активінен кем болса, онда алынған активтердің ағымдағы кұны мен сол күні алынған міндеттемелердің арасында теріс айырма, яғни гудвилл (бэдвилл) пайда болады, бірақ ол да консолидацияланған бухгалтерлік баланстың жеке бабы болып көрініс табады. Консолидацияланған есеп беруді қалыптастыру үшін операцияларды жою (түзету) кестесі жасалынады , ал ол келесі кезеңдерден тұрады: бірінші кезекте еншілес занды тұлғаны алысымен, алдымен, негізгі занды тұлғаның өзіне қатысты таза активінің үлесі анықталады (кәсіпорынның активінен оның міндеттемесі алынып тасталынады); содан соң түзетулер жасалынады: Негізгі заңды тұлға 100% акцияны иеленген жағдайда, еншілес кәсіпорын өзінің акционерлерінің мүддесін ескеруі қажет, өйткені олардың меншігінде 50% акция қалуы мүмкін. Акционерлердін бүл мүддесі азшылық мүддесі болып саналады және оларға тиесілі таза активтің және таза табыстың (зиянның) сомасы консолидацияланған қаржылық есеп беруде көрініс табуы тиіс. Таза табыстағы (зияндағы) азшылықтың үлесі есепті кезеңдегі еншілес тұлғаның алған таза табысынан анықталады және онын денгейі есеп беруде көрсетілгенімен, ол негізгі заңды тұлғаның меншігі болып саналмайды, сондықтан ол консолидацияланған қаржылық-шаруашылык қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде жеке бап болып көрсетіледі. Таза активтегі азшылықтың үлесі консолидацияланған қаржылық есеп берудің жасаған күніндегі меншік капиталындағы еншілес занды тұлғаның сомасынан анықталады. Азшылықтың таза активі бойынша үлесі консолидацияланған • негізгі занды тұлғаның инвестициясының деңгейін еншілестің үлесіне азайтады және еншілес занды тұлғаның жарлық капиталының деңгейін өсіреді; азшылықгың үлесі өседі; • негізгі занды тұлғаға жатпайтын табыс үлесіне таратылмайтын табыс деңгейін азайтады және азшылықтың үлесін өсіру керек. Егер де тәуелді занды тұлға өзінің тәуелді занды тұлға ретіндегі анықтамасына сәйкес келуін тоқтатса, онда ол кезден бастап, оның инвестициясы қабылданған есеп саясатына сәйкес, ұзақ мерзімді инвестицияның есебі бойынша есепке алынады. Кәсіпорында еншілес занды тұлғаның инвестициясы болмаса, онда ол жеке қаржылық есеп беруді жасайды. Инвестордың да, тәуелді заңды тұлғаның да қаржылық есеп беру күні сәйкес келеді. Егер де негізгі компания мен тәуелді заңды тұлғалардың қаржылық есеп беру күні сәйкес келмесе, онда тәуелді тұлға негізгі кәсіпорынның жасаған күні бойынша жасайды. Дегенмен де, олардың күні сәйкес келмесе, онда мәнді операциялардың, құбылыстардың нәтижесі бойынша түзетулер жасалынады. Негізгі және тәуелді заңды тұлғалар қаржылық есеп беруде біртұтас есептік саясатын пайдаланса, аналитикалық операцияларың және қаржылық- шаруашылық қызметінің оқиғаларын қолданады. Егер де олардың пайдаланған есептік саясатында өзгешеліктер болса, онда тәуелді занды тұлғалардың қаржылық есеп беруіне тиесілі түзетулер енгізіледі. Егер де түзетулер енгізу мүмкін болмаса, онда орын алған факт түсініктеме жазбада көрініс табады. Бірлескен қызмет бойынша қатыстық үлесті қаржылық есепте көрсетудің ерекшеліктері. Өзінің қатысу үлесін есептеу үшін бірлескен қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъекттер, "Бірлескен кызметі бойынша үлестік қатысуды қаржылык есепте көрсету" деп аталатын ҚЕХС басшылыққа ала отырып, олардың ұйымдық-құқықтық нысанынан тәуелсіз, осы қызмет бойынша қатысушылардың шығысы мен табысы, міндеттемесі, активтері қатысушылардың қаржылық есеп беруінде көрініс табады. Бірлескен қызмет - жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін екі және одан да көп тараптар бірлесіп әрекет еткен кезіндегі қызмет болып табылады. ҚЕХС сәйкес, бірлескен қызметі бойынша қатысушылар өзінің қаржылық есеп беруінде және консолидацияланған есеп беруінде танылуы тиіс: бірлесіп бақыланатын өндірісте: активтер консолидацияланады және міндеттемелерін өз жауапкершіліктеріне алады; олардың жасаған шығысы олардың бірлесіп қызмет етумен байланысты, қызметгі немесе тауарды сатқаннан түскен табыстан өз үлестерін алады; бірлесіп бақыланатын активтері: активтердің сипатына сәйкес жіктелініп, бірлесіп бақыланатын активтері әрқайсысының үлесі бойынша анықталады; бірлескен кызмет олардың қабылданған міндеттемелері бойынша; баска қатысушылармен бірлескен қызметінде бірігіп жасаған өз міндеттемесінің үлесін; бірлескен қызмет бойынша өзінің жасаған шығысын қоса өз үлесіндегі өнімін пайдаланудан немесе сатудан түскен табысы бірлескен қызметте қатысу үлесіне сәйкес жасаған шығысы бойынша анықталынады. Бірлесіп бақыланатын занды тұлғаның қатысушылары өзінің жекелеген қаржылық есеп беруінде және консолидацияланған қаржылық есеп беруінде пропорционалды консолидация үшін арналған екі бірдей есеп берудің бір форматын пайдалана отырып, өзінің қатысу үлесін көрсету керек. Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғада қатысу үлесі жақын арада сату мақсатында алынса, қатаң ұзақ мерзімді шектеулер жағдайында әрекет ететін болса, онда бұндай жағдайларда пропорционалды консолидация әдісі пайдаланылмайды. Бірлескен қызметке қатысушылардың қаржылық есеп беруінде келесі ақпараттар ашылуы тиіс: бүкіл бірлескен қызметке қатысты міндеттемелер және әрбір қатысушының үлесі; үшінші жаққа (тарапқа) қатысты шартты міндеттемелердің жағдайы және т.б., өйткені бүл аталғандардан зиян шегу ыктималдығы зор. Бірлескен қызметке қатысушылар қаржылык, есеп берген кезде мына жағдайларды ашып беруі тиіс: Пропорционалды консолидация — есептік әдіс, онда әрбір жолдары өзінің ұқсас баптарымен қосылады, мысалы, табыс табысқа, шығыс шығысқа, актив активке және т.б. Негізгі серіктестік: үлестік қатысу әдісін және ұзак мерзімді инвестицияны есептеу әдісін пайдаланады. үлестік қатысушымен байланысты міндеттеменің жалпы сомасы және осы қызметке қатысы жоқ міндеттемелер; бірлескен қызметтің мақсаты бойынша оның басым бөлігіне сипаттама беру және олардың тізімін келтіру керек; үлестік қатысумен байланысты ағымдағы активтердің, ұзақ мерзімді активтердің, ағымдағы міндеттемелердің, табыстардың және шығыстардың жиынтық сомасы. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 1.Консалидацияланған есептілік деген қандай есеп берушілік? 2. Консалидацияланған бухгалтерлік баланс ерекшелігі неде? 3. Консалидацияланған есптіліктің қандай ерекшеліктері бар? 4.Пропорционалды консолидация деген не? 5.Бірлескен қызмет бойынша үлесті қаржылық есепте қалай көрсетеді? Тақырып 3. Инвестициялық меншік (ҚЕХС 40) Лекция жоспары: (2 сағат) 1.Жылжымайтын мүлікке инвестициялар 2.Инвестициялық меншікті тану 1.Баланстық құн – ол бойынша актив баланста танылатын сома. Өзіндік құн – төленген ақша қаражаттарының немесе олардың баламаларының сомасы немесе оны немесе ғимаратты сатып алу кезінде активті сатып алу мақсатында берілген басқа өтемнің әділ құны немесе мұны қолдануға болса, басқа Халықаралық стандартқа, мысалы, 2-«Акцияларға негізделген төлем» IFRS нақты талаптарына сәйкес бастапқы тану кезіндегі осы активке жатқызылған сома. Әділ құн - бұл осындай операцияны жасағысы келетін, жақсы хабардар, тәуелсіз тараптардың арасында актив айырбасталуы мүмкін сома. Жылжымайтын мүлікке инвестициялар - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік (жер немесе үй, не үйдің бір бөлігі, не сол да, басқасы да), жалгерлік төлемдер немесе капиталдың өсуінен кірістер немесе соны да, басқасын да алу мақсатымен, бірақ: (а) тауар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде пайдалану үшін емес, әкімшілік мақсаттар үшін емес; немесе b) әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес. Иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік, тауарлар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде немесе әкімшілік мақсаттарға пайдалануға арналған. Жалгер операциялық жалгерлік бойынша иелік ететін жылжымайтын мүлік, мұндай жылжымайтын мүлік барлық қалған жағдайларда жылжымайтын мүлікке инвестициялар ұғымына сай келсе және жалгер активті тану үшін баяндалған әділ құн бойынша есеп моделін пайдаланса, жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде жіктеле және есепте көрсетіле алады. Жіктеудің мұндай нұсқасы объектілік негізде мүмкін болады. Алайда операциялық жалгерлік шарты бойынша жалгердің иелігінде тұрған жылжымайтын мүліктің бір осындай объектісі үшін жіктеудің осы нұсқасы таңдап алынса, жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде жіктелетін бүкіл жылжымайтын мүлік әділ құн бойынша есеп моделін пайдалану арқылы ескерілуге тиіс. Егер жіктеудің осы нұсқасы таңдап алынса, онда бұлайша жіктелген жылжымайтын мүлік бойынша 74-78- параграфтарда талап етілетін ақпарат ашып көрсетіледі. Жылжымайтын мүлікке инвестициялар жалгерлік төлем немесе капитал құнының өсуінен кірістер, не соны да, басқасын да алуға арналған. Сондықтан жылжымайтын мүлікке инвестициялар түсетін ақшалай тасқындар, әдетте, кәсіпорынның қалған активтерімен байланысты болмайды. Бұл жылжымайтын мүлікке инвестицияларды иеленуші орналасқан жылжымайтын мүліктен өзгешелендіреді. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру немесе жеткізу (немесе мүлікті әкімшілік мақсаттарда пайдалану) мүлікке ғана емес, өндіру немесе жеткізу процесінде пайдаланылатын басқа активтерге де жатпайтын ақшалай қаражаттарды туғызады. 16-“Негізгі құралдар” IAS иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлікті көрсету үшін қолданылады.Жылжымайтын мүлікке инвестициялар мысалдары төменде келтірілген: (а) әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерзімді болашақта сату үшін емес, ұзақ мерзімді болашақта капитал құнының өсуінен пайда алуға арналған жер; (b) қазір әрі қарай арналу мақсаты әзірше анықталмаған жер. (Егер кәсіпорын жерді иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде пайдаланатыны немесе әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерзімді болашақта сататыны туралы шешім қабылдамаған ретте, жер капитал құнының өсімін алуға арналған деп есептеледі); (с) кәсіпорынның меншігіндегі (немесе қаржылық жалдау шарты бойынша есеп беретін кәсіпорынның қарауындағы) және операциялық жалгерліктің бір немесе бірнеше шарттары бойынша жалға берілген ғимарат; және (d) қазір бос тұрған, бірақ операциялық жалгерліктің бір немесе бірнеше шарттары бойынша жалға беруге арналған ғимарат. Жылжымайтын мүлікке инвестициялар болып табылмайтын, осы Стандарттың ережелері қолданылмайтын баптардың мысалдары келтірілген: (а) әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында сатуға арналған немесе құрылысы салынып жатқан немесе сату мақсатымен қайта құру сатысындағы жылжымайтын мүлік; мысалы, таяу болашақта сатуға немесе қайта құрып, қайта сатуға ғана арналған жылжымайтын мүлік; (b) үшінші тұлғалардың тапсыруы бойынша салынып жатқан немесе қайта құру сатысындағы жылжымайтын мүлік; c) иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік, оның ішінде (басқаларымен қоса) иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде одан әрі пайдалануға арналған жылжымайтын мүлік; қайта құрып, кейіннен иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде пайдалануға арналған жылжымайтын мүлік; кәсіпорынның қызметкерлері тұратын жылжымайтын мүлік (қызметкерлер рыноктық ставка бойынша жалгерлік ақы төлейтін-төлемейтініне қарамастан), сондай-ақ иеленуші орналасқан және істен шығаруға арналған жылжымайтын мүлік; және d) болашақта жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде пайдалану болжанып отырған салынып жатқан және қайта құру сатысындағы жылжымайтын мүлік объектісі. Болашақта жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде одан әрі пайдалану үшін қайта құрылатын қазір бар жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектілеріне қолданылады e) Қаржылық жалдау шарты бойынша басқа кәсіпорынға жалға берілген жылжымайтын мүлік.Жекелеген реттерде жылжымайтын мүлік объектісінің бір бөлігі - жалгерлік ақы алу немесе капитал құнының өсімін алу үшін, ал екінші бөлігі тауарлар өндіру немесе жеткізу, қызметтер көрсету үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін. Егер объектінің аталған бөліктерін бір- біріне тәуелсіз сату мүмкін болса (немесе бір-біріне тәуелсіз қаржылық жалгерлікке беру), кәсіпорын объектінің көрсетілген бөліктерін жеке-жеке ескереді. Ал егер объектінің бөліктерін жеке-жеке сатуға болмаса, осы объектінің аз ғана бөлігі тауар өндіруге немесе жеткізуге, қызмет көрсетуге немесе әкімшілік мақсаттарға арналған болса ғана, объект жылжымайтын мүлікке инвестициялар деп есептеледі. Кейбір жағдайларда кәсіпорын кәсіпорынға тиесілі жылжымайтын мүлікті жалға алушыларға қосымша қызмет көрсетеді. Кәсіпорын, көрсетілетін қызметтер барлық мәміленің салыстырмалы түрде аз ғана бөлігін құраған жағдайда, осы жылжымайтын мүлікті жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде қарастырады. Кеңсе үйінің иесі жалға алушыларға осы үйді күзету және ағымдағы пайдалану жөнінде қызмет көрсететін жағдай жоғарыда айтылғанның мысалы болып табылады. Басқа жағдайларда көрсетілетін қызметтер неғұрлым маңызды болады. Мысалы, егер кәсіпорын қонақ үйге иелік етіп, оны басқаратын болса, онда тұрғындарға көрсетілетін қызметтер тұтастай келісім үшін маңызды болып табылады. Сөйтіп, иеленуші басқаратын қонақ үй жылжымайтын мүлікке инвестицияны емес, иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлікті білдіреді. 2.Кейде қосымша қызмет көрсетулер жылжымайтын мүлікті жылжымайтын мүлікке инвестицияларға жатқызуға болмайтындай соншалықты елеулі болатын- болмайтынын анықтау қиын. Мысалы, қонақ үйдің иесі кейде жекелеген міндеттерді орындауды басқару шарты бойынша үшінші тарапқа береді. Ондай шарттардың талаптары алуан түрлі болады. Бір жағынан, иеленуші нақты түрде енжар инвестор жағдайында болуы мүмкін. Екінші жағынан, иеленуші бөтен ұйымға жекелеген жедел басқару міндеттерін бере алады, бұл жағдайда ол қонақ үйге байланысты ақшалай тасқындардың өзгеру тәуекелін одан әрі көтере береді. Объект жылжымайтын мүлікке инвестициялар анықтамасына сәйкес келетінін анықтау үшін, кәсіптік пікірге сүйену қажет. Кейде кәсіпорын өзінің бас кәсіпорны немесе сол топтағы басқа да еншілес кәсіпорны жалға алған және орналасқан жылжымайтын мүлікке ие болады. Мұндай жылжымайтын мүлік шоғырландырылған қаржы есептілігінде жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде көрсетілмейді, өйткені барлық топтың көзқарасы бойынша, осы объект иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік болып табылады. Алайда, жеке алынған меншіктенуші-кәсіпорынның көзқарасы бойынша, объект, егер ол анықтаманы қанағаттандыратын болса, жылжымайтын мүлікке инвестиция болып табылады. Сондықтан жалға беруші өзінің жеке қаржы есептілігінде аталған жылжымайтын мүлікті жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде көрсетеді. Жылжымайтын мүлікке инвестицияларды мынадай кезде ғана активтердің құрамында тану керек: (а) жылжымайтын мүлікке инвестициялармен байланысты болашақ экономикалық пайдалардың кәсіпорынға келіп түсу мүмкіндігі бар; және (b) жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құнын сенімді түрде өлшеуге болады. Танудың осы принципіне сәйкес кәсіпорын жылжымайтын мүлікке инвестицияларға жұмсалған шығындарды олар туындаған кезде бағалайды. Мұндай шығындар жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектісін сатып алған кезде бастапқыда жұмсалған шығындарды және кейіннен объектіні қосымша жабдықтауға, бөлшегін ауыстыруға немесе жылжымайтын мүлік объектісіне қызмет көрсетуге арналған шығындарды қамтиды. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 1.Инвестициялық меншікке нелер жатады? 2.Инвестициялық меншікке анықтама беріңіз. Тақырып 4. Сатуға арналған айналымнан тыс активтер (ҚЕХС (IFRS) 5) Лекция жоспары: (2 сағат) 1. Сатуға арналған айналымнан тыс активтерді жіктеу 2. Жалғастырылатын қызметке қатысты басқа да пайда немесе залал 1. Егер ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) баланстық құнының оны пайдалануды жалғастыра беру арқылы емес, негізінен сату есебінен толтырылса, кәсіпорын оны сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс. Ол үшін актив (немесе шығаруға арналған топ) қазіргі күйінде және осындай активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) сатқанда қоса жүретін әдеттегі талаптармен дереу сатуда болуы тиіс, және де сату ықтималдығы жоғары болуы тиіс. Сату ықтималдығы жоғары болу үшін, тиісті басшылық деңгейі активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жөнінде жоспар қабылдауы тиіс және сатып алушыны іздеу әрі жоспарды орындау жөнінде қарқынды бағдарлама басталуға тиіс. Оның үстіне, активті (немесе шығаруға арналған топты) оның ағымдағы әділ құнымен салыстырғанда негізделген бағамен сату жөнінде қарқынды жұмыс жүргізілуі тиіс. Бұған қоса, 9-параграфпен шешілген жағдайларды қоспағанда, сату жіктеу күнінен бастап бір жыл ішіндегі аяқталған сату деп тануға арналған талаптарды қанағаттандырады деп күтілуге тиіс және сату жөніндегі жоспарды орындау үшін талап етілетін іс-әрекеттер жоспарда маңызды өзгерістер болуының немесе жоспарды болдырмай тастаудың тіпті де мүмкін емес екендігін көрсетуге тиіс. Оқиғалардың немесе жағдайлардың ықпалымен сатуды аяқтау кезеңі бір жылдан асуы мүмкін. Егер кешіктірілу себебі кәсіпорын бақыламайтын оқиғалар немесе жағдайлар болып табылса әрі кәсіпорынның активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жөніндегі жоспарды орындауды жалғастыратыны жеткілікті расталып тұрса, сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайту активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктеуге кедергі келтірмейді. Бұл В Қосымшасындағы критерийлер сақталғанда орындалады. Айырбастаудың 16-«Негізгі құралдар» IAS Халықаралық стандартына сәйкес коммерциялық мәні болған жағдайда, ұзақ мерзімді активтерді басқа ұзақ мерзімді активтерге айырбастау сату операцияларына жатады. Кәсіпорын ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) тек кейіннен шығару мақсатында сатып алғанда ғана ол ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сатып алу күні сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс, және де осы күнге қанағаттандырылмаған кез келген басқа критерийдің сатып алғаннан кейін қысқа кезең ішінде (әдетте үш ай ішінде) қанағаттандырылуы әбден мүмкін. Егер көрсетілген критерийлер есепті күннен кейін қанағаттандырылса, онда кәсіпорын шығару сәтінде осы қаржы есептілігінде ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктемеуі тиіс. Алайда, егер бұл критерийлер есепті күннен кейін, бірақ қаржы есептілігі шығаруға бекітілгенге дейін қанағаттандырылған болса, онда кәсіпорын бұл ақпаратты Сатылмай тоқтатылуға тиіс ұзақ мерзімді активтер Кәсіпорын пайдаланылуы тоқтатылуға тиіс ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктемеуі тиіс, өйткені оның баланстық құны негізінен алғанда пайдалануды жалғастыру арқылы өтеледі. Алайда, егер пайдаланылуы тоқтатылуға тиіс шығаруға арналған топ көрсетілген критерийлерге жауап берсе, онда кәсіпорын шығаруға арналған топтың ақша қаражатының нәтижелері мен ағындарын пайдалану тоқтатылған күні сәйкес тоқтатылған қызмет ретінде көрсетуі тиіс. Пайдаланылуы тоқтатылатын ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтарға) экономикалық қызметінің мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылатын ұзақ мерзімді активтер (немесе шығаруға арналған топтар) және жабылатын, бірақ сатылмайтын ұзақ мерзімді активтер (немесе шығаруға арналған топтар) кіреді. Кәсіпорын пайдаланудан уақытша алынып тасталған активті (немесе шығаруға арналған топты) оның пайдаланылуы тоқтатылған ретінде есепке алмауға тиіс. 2.Жалғастырылатын қызметке қатысты басқа да пайда немесе залал Сатуға арналған ретінде жіктелген, тоқтатылған қызметтің анықтамасына сәйкес келмейтін ұзақ мерзімді активті (шығаруға арналған топтарды) қайта өлшеуден болған басқа да пайда немесе залал жалғастырылған қызметтен түскен пайдаға немесе залалға жатқызылуға тиіс. Сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті немесе шығаруға арналған топты көрсету Кәсіпорын сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті және сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың активтерін баланста басқа активтерден бөлек көрсетуге тиіс. Сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың міндеттемелері баланста басқа міндеттемелерден бөлек көрсетілуі керек. Бұл активтер мен міндеттемелер өзара есепке алынбауы және бір сома ретінде көрсетілмеуі керек. Сатуға арналған ретінде жіктелген активтер мен міндеттемелердің негізгі қызметі бөлек не баланстың өзінде, не рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, ескертулерде ашып көрсетілуге тиіс. Кәсіпорын тікелей меншікті капиталда танылған және сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активке (шығаруға арналған топқа) жататын кез келген жинақталған кірістер мен шығыстарды бөлек көрсетуге тиіс. Егер шығаруға арналған топ сатып алған кезде сатуға арналған ретінде жіктелген критерийлерді қанағаттандыратын еншілес кәсіпорын таяу арада сатып алған болып табылса, онда активтер мен міндеттемелердің негізгі қызметтерін ашып көрсету талап етілмейді. Кәсіпорын ұзақ мерзімді активтер бойынша немесе сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтардың активтері мен міндеттемелері бойынша көрсетілген сомаларды өткен кезеңдердің баланстарында ең соңғы көрсетілген кезең үшін баланста көрсету үшін екінші рет қайта жіктемеуге және ұсынбауға тиіс. Ақпаратты қосымша ашып көрсету Кәсіпорын ұзақ мерзімді актив (немесе шығаруға арналған топ) сатуға арналған ретінде жіктелген не сатылған кезең үшін ескертулерде мынадай ақпаратты: (а) ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) сипатын; (b) сату немесе болжанатын шығаруға әкелетін фактілер мен жағдайлардың сипатын және осы шығарудың күтілген тәсілі мен уақытын; Кәсіпорын компонентіне операциялық жағынан және қаржы есептілігінің мақсаттары үшін кәсіпорынның басқа бөлігінен айқын оңашаланған болуы мүмкін ақша қаражатының қызметі мен ағындары кіреді. Басқаша айтқанда, кәсіпорын компоненті ол пайдалануға арналып тұрған кезде ақша қаражатын құрайтын бірлік немесе бірліктер тобы болуға тиіс. Тоқтатылған қызмет кәсіпорынның не шығарылып кеткен, не сатуға арналған ретінде жіктелетін компоненті болып табылады, және (а) жеке маңызды қызмет түрі немесе операциялар жүргізудің географиялық ауданы болып табылады; (b) жеке маңызды қызмет түрінің үйлестірілген біртұтас шығару жоспарының бір бөлігі болып табылады; (с) тек кейіннен сату мақсатында сатып алынған еншілес кәсіпорын болып табылады. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 1. Сатуға арналған айналымнан тыс активтерді қалай анықтайды? 2. Жалғастырылатын қызметке қатысты басқа да пайда немесе залал қалай анықталады? Тақырып 5. Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер (ҚЕХС (IFRS) 37) Лекция жоспары: (2 сағат) 1. Бағалау міндеттемелерін жіктеу 2. Шартты міндеттемелер мен шартты активтерді тану 1. Бағалау міндеттемелері : (а) компанияның бұрынғы оқиғалар нәтижесіндегі ағымдағы міндеттемелері (заңды немесе тәжірибеден туындайтын) бар болғанда; (b) міндеттемелерді өтеу үшін мүмкін болып табылатын экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару қажеттілігі туындағанда (яғни мүмкін емес болғаннан, мүмкін болуы ықтимал); (с) міндеттеме сомасы шынайы бағалануы тиіс. Сенімді бағалау тек сирек жағдайда ғана мүмкін емес. Кейбір жағдайларда, мәселен, сотта қарағанда, компанияның ағымдағы міндеттемелерінің бар-жоқтығы анық болмайды. Мұндай жағдайларда бұрынғы оқиға, есептік күніне ағымдағы міндеттемелердің болу ықтималдығы осындай міндеттемелердің болмау мүмкіндігінен асып түскен жағдайда барлық бар куәліктерді ескере отырып, ағымдағы міндеттемелердің пайда болуына алып келеді деп есептеледі. Жоғарыда сипатталған мойындау критерийлері орындалған жағдайда, компания осы ағымдағы міндеттемелерді бағалау деп таниды. Міндеттемелердің болмау мүмкіндігі оның бар болуынан жоғары болған жағдайда, компания экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігі оқшау болған жағдайлардан басқа, шартты міндеттемелерді ашады. Танылған бағалау міндеттемесінің сомасы есепті күні болған міндеттемелерді орындау үшін қажетті шығыстардың ең жақсы бағасын білдіруге тиіс, басқаша айтсақ, есептік күніне міндеттемелерді өтеу үшін немесе осы күні үшінші тарапқа осы міндеттемелерді беру үшін дұрыс пікірді негізге ала отырып, компания төлейтін сома. Бағалау міндеттемелерінің сомасын анықтау кезінде компания: (а) тәуекелдер мен белгісіздікті есепке алуы қажет. Бірақ белгісіздік шамадан тыс бағалау міндеттемелерін жасауды немесе міндеттемелерді әдейі көтеруді ақтап ала алмайды; (b) ақшаның және шығындарды есептік бағалауда көрінбейтін міндеттемелер үшін ерекше тәуекелдердің уақытша құнын ағымдағы нарықтық бағалау көрінетін салыққа дейін дисконтталған ставканы (ставкаларды) қолдану арқылы бағалау міндеттемелерін ақшаның уақытша құны елеулі түрде дисконттайды. Дисконттау қолданылғанда уақыттың ағынымен бағалау міндеттемелерінің өсуі пайыз төлемдеріне шығыстар ретінде танылады; (с) заңнамаға өзгеріс және технологиялық өзгерістер сияқты олардың болуына жеткілікті түрде объективті негіздемесі бар болашақ оқиғаларды есепке алады; және (d) күтілген шығару бағалау міндеттемелерінің пайда болуына себеп болатын оқиғалармен тығыз байланысты болса да активтердің күтіліп отырған шығуынан түскен пайда есепке алынбайды; Компания бағалау міндеттемелерін реттеу үшін қажетті кейбір немесе барлық шығындарды (мәселен, сақтандыру шарты арқылы, залалдарды өтеу немесе жеткізушілердің кепілдіктері туралы келіссөздер) өтеуді күтуі мүмкін. Бағалау міндеттемелері әрбір есептік күнде қайта қаралуы және ағымдағы ең жақсы есептік бағалауды көрсету үшін түзетілуі тиіс. Міндеттемені реттеу үшін экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару қажет болмаған жағдайда бағалау міндеттемелері жойылуы тиіс. Бағалау міндеттемелері бастапқыда танылған шығындар бойынша ғана пайдалануы тиіс. Бағалау міндеттемелері мойындау және өлшеу бойынша жалпы талаптар сияқты үш ерекше жағдайда қолданылатынын түсіндіреді: болашақ операциялық залалдар; міндет жүктелген шарттар; және қайта құрылымдау. Компанияның міндет жүктелген шарты болған жағдайда осындай шарт бойынша ағымдағы міндеттеме бағалау міндеттемелері ретінде танылуы және өлшенуі тиіс. Міндет жүктелген келісім-шарт дегеніміз міндеттемелерді орындау көлемі ол бойынша алатын экономикалық пайдадан асып түсетін шарасыз шығындарды талап ететін келісім-шарт. 2. Шартты міндеттемелер бұрынғы оқиғалардан туындайтын және компанияның бақылауында толық болмайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал міндеттеме; экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару қажет болатындығына сенімнің жоқтығынан; міндеттеме сомасы жеткілікті сенімділікпен бағалана алмайтындықтан, танылмайтын ағымдағы міндеттеме сияқты шартты міндеттемені айқындайды. Компания шартты міндеттемені танымауға тиіс. Компания, экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігі алыс болып табылған жағдайларды қоспағанда, шартты міндеттемені ашуға тиіс. Шартты активтерті бұрынғы оқиғалардан туындайтын және болуы компания толық бақыламайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал актив ретінде айқындайды. Оған компания соттың қарауы арқылы ғана қанағаттанатын, нәтижесі белгісіз талап-арыз мысал бола алады. Компания шартты активті танымауға тиіс. Шартты актив экономикалық пайданың түсуі ықтимал болған жағдайда ғана ашылады. Кіріс алу іс жүзінде күмәнсіз болса, онда қолданылып жүрген актив шартты актив болып табылмайды және оны мойындау орынды Бағалау міндеттемелері мөлшері бойынша не орындалу мерзімі бойынша белгісіз міндеттемені білдіреді. Міндеттеме - реттеу экономикалық пайдасы бар ресурстарды компаниядан шығаруға себеп болатын өткен кезеңдер оқиғаларының нәтижесі ретінде пайда болған компанияның ағымдағы міндеттемесі. Міндеттейтін оқиға - нәтижесінде компанияда осы міндеттемені орындаудың нақты баламасы болмайтын заңды түрде немесе міндеттеменің практикасынан пайда болатын оқиға. Заңды міндеттеме - бұл: (а) шарттан (нақты немесе болжанған жағдайлар негізінде); (b) заңнама; немесе (с) заңның басқа да іс-әрекеттерінен туындайтын міндеттеме. Енгізілген міндеттеме - компанияның іс-әрекеттерінен пайда болатын міндеттемелер, мұнда: (а) саясатпен немесе жеткілікті түрде нақты ағымдағы мәлімдемемен жарияланған, бұрынғы қызмет тәжірибесімен қалыптасқан компания өзіне жекелеген міндеттерді қабылдайтынын басқа тараптарға көрсетті; және (b) нәтижесінде компания өзіне қабылдаған міндеттерді орындайтынын негізделген күтулермен тараптарға сендірді. Шартты міндеттеме - бұл: (а) бұрынғы оқиғалардан туындайтын және компанияның бақылауында толық болмайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал міндеттеме; немесе (b) бұрынғы оқиғалардан туындайтындықтан, бірақ: (і) экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару міндеттемелерді реттеу үшін қажет болатындығына сенімнің жоқтығынан; немесе (іі) міндеттеменің көлемі жеткілікті сенімділікпен өлшенбейтіндіктен, танылмайтын ағымдағы міндеттеме сияқты шартты міндеттемені айқындайды. Шартты актив - бұрынғы оқиғалардан туындайтын және болуы компания толық бақыламайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал актив ретінде айқындайды. Міндет жүктелген шарт - бұл келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындау көлемі ол бойынша алатын экономикалық пайдадан асып түсетін шарасыз шығындарды талап ететін келісім-шарт. Әдетте, барлық жағдайларда өткен оқиғаның ағымдағы міндеттемелердің пайда болуына әсері анық болады. Сирек жағдайларда ғана, мәселен, сот қарауларында, ағымдағы міндеттемелердің пайда болуына белгілі бір оқиғалардың әсері болған-болмағандығы туралы пікір таластыруға болады. Мұндай жағдайда компания, мысалы, сарапшылардың пікірлерін қоса алғанда, барлық мәліметтерді назарға ала отырып, есептік күніне ағымдағы міндеттеменің болғандығын анықтайды. Қаралатын мәліметтерге есептік күнінен кейінгі оқиғаларға байланысты алынған кез келген қосымша деректер де кіреді. Осындай мәліметтер негізінде: (а) есептік күні ағымдағы міндеттеменің болу мүмкіндігі оның болмау мүмкіндігінен жоғары болған жағдайда, компания бағалау міндеттемесін таниды; (b) есепті күні ағымдағы міндеттеменің болуына ешқандай негіз жоқ болған жағдайда, компания экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігі оқшау болған жағдайлардан басқа, шартты міндеттемелерді ашады. Бағалау міндеттемелері ретінде компанияның болашақ іс- әрекеттеріне (яғни, өз ісін болашақта жүргізуге) тәуелсіз бұрынғы оқиғалардан пайда болған міндеттемелер ғана танылады. Осындай міндеттемелердің мысалы ретінде айыппұл немесе компанияның болашақ іс- әрекеттеріне тәуелсіз міндеттемелерді реттеу кезінде экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығаруға әкеп соғатын қоршаған ортаның заңға қарсы ластануы нәтижесінде ауаны тазалауға кеткен шығындарды айтуға болады. Компания, сол сияқты, мұнай өңдеу немесе атом электр станциясы ғимараттарын жоюға кеткен шығындар бойынша бағалау міндеттемелерін таниды және компания үшін келтірілген зиянды жою міндет болып саналады. Осыған қарама-қарсы нарық конъюктурасының қысымымен немесе заң талаптарына байланысты компания болашақта белгілі бір түрде (мысалы, компанияға белгілі бір түрдегі түтін фильтрлерін орнату) жұмыс істеу үшін шығын шығару қажет болуы мүмкін. Компания өз іс-әрекеттерімен болашақ шығындарды болдырмау үшін операцияларды жүргізу әдісін өзгерте отырып, осы болашақ шығындар бойынша ағымдағы міндеттемелерді қабылдамауы мүмкін және ешқандай бағалау міндеттемелері мойындалмайды. Міндеттеме әрқашан алдында міндеттемесі бар басқа тараптарды тартады. Осыған қарамастан, алдында міндеттемесі бар тарапты білу міндет емес, - бұл тұтастай бір қоғам болуы мүмкін. Міндеттеме басқа тараптың алдындағы міндет болғандықтан, басшылықтың немесе директорлар кеңесінің шешімі практикадан туындаған міндеттемелердің есептік күні пайда болуына әкелмейді, бұған осындай шешімге тап болатын тараптар бұл туралы есептік күніне дейін және барынша нақты нысанда компанияның өз міндеттемелерін орындайтыны туралы негізделген күтулер тараптарда пайда болғандығы хабарланған жағдайлар қосылмайды. Міндеттеменің тез туындауына әкелмейтін оқиғаның басталуы міндеттеменің кейін, мысалы, заңнамаға өзгерістер немесе компанияның іс- әрекеті (мысалы, нақты ашық мәлімдеме жасау) практикадан туындайтын міндеттемелерге әкелуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Мысалы, қоршаған ортаға зиян келтірілген кезде зардаптарды жою жөніндегі міндеттеме болмауы мүмкін. Алайда, жаңа заң бар зиянды жоюды талап еткен немесе компания өзіне ашық түрде практикадан туындайтын міндеттеме жасайтын зиянды жоюға жауапкершілік қабылдаған жағдайларда зиян келтіру міндет жүктелген оқиға болады. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 1. Бағалау міндеттемелерін қандай белгілері бойынша анықтайды? 2. Шартты міндеттемелер мен шартты активтерді жіктеп, қалай ажыратады? Модуль 2. Валюта бағамы және жалгерлік Тақырып 6. Ақшаның уақытша құны Лекция жоспары: (2 сағат) 1.Келтірілген құн тұжырымдамасы. Болашақ және ағымдағы құнды есептеу 2. Аннуитет. Аннуитеттің болашақтағы және ағымдағы құны. 3.Ақшалардың қозғалысы туралы есептілікті даярлау. 1. Жалдау бойынша операциялар, не болмаса ұзақ мерзімді қаржылық салымдар секілді қаржылық операцияларды бағалауда бухгалтерлік есепте дисконтталған құн ұғымы пайдаланылады. Құн теориясында ең маңызды мәселе – оны анықтаудың әдісі болып табылады. Анықтаудың бірнеше әдісі бар: 1. Таза келтірілген құн. 2. Өзін-өзі ақтау 3. Активтердің баланстық құнына есептелген орташа пайда 4. Табыстылықтың ішкі нормасы 5. Пайдалылық коэффициенті Ақша қаражаты ағымы дисконтталуының негізгі екі себебі бар: біріншіден, бүгінгі теңге ертеңгі күнге қарағанда қымбаттырақ, ал екіншіден, сенімді теңгеге қарағанда тәуекелдік теңгенің құны аздау. Ағымдық құн инфляцияға байланысты емес, себебі инфляция көрсеткіші 0-ге тең болған жағдайдың өзінде, ақшаның уақыт шеңберінде құны болады. Келтірілген құнның және таза келтірілген құнның формулалары бұл идеяны сандық тілде бейнелейді. Р. Брейли және С. Майерстің «Корпоативті қаржы қағидалары» атты еңбегіндегі келтірілген құн тұжырымдамасын толықырақ түсінуге мүмкіндік беретін мысал келтірілген. Мысал. Сіздің көппәтерлі үйіңіз жанып кетіп, сіз тек 50 мың доллар тұратын жер мен қолыңыздағы сақтандыру компаниясының 200 мың доллар сомасына жазылған чекпен ғана қалдыңыз делік. Сіз үйді қайта қалпына келтіруді ойладыңыз, ал сіздің жылжымайтын мүлік мәселелері жөніндегі кеңесшіңіз ескі үйдің орнына жаңа кеңселік үй салуды ұсынды. Құрылысқа кететін шығын 300 мың доллар болуы мүмкін және де жеріңізді 50 мың долларға сата алатыныңызды ескеру өажет. Сонымен бірге сіздің кеңесшіңіз болашақта кеңселік бөлмелердің сұранысы жоғарылап, бір жылдан кейін жаңа үйді сату 400 мың доллар әкелуі болжайды, яғни бүгінгі күні 350 мың доллар инвестициялау нәтижесінде, сіз алдағы жылы 400 мың доллар әкелуін күтесіз. Егер күтілген табыстың келтірілген құны 350 мың доллар инвестиция сомасынан асатын болса, онда бұл ұсынысты қабылдауыңыз қажет. Яғни сіздің алдыңыздағы тұрған мәселе – 400 мың доллардың бір жылдан кейінгі келтірілген құны қанша болады және оның келтірілген құны 350 мың доллардан аса ма деген мәселені ойлану. Келтірілген құнды табу қиын емес. Табыстылықтың шекті нормасы немесе балама шығындар деп аталатын мөлшерлеме бойынша ақша қаражатының болашақ ағымын дисконттау ғана қажет. Дисконт мөлшерлемесі капитал нарығындағы басым табыстылық нормалармен анықталады. Егерде ақша қаражатының болашақ ағымы сенімді болған жағдайда, дисконт мөлшерлемесі Үкіметтің борыштық міндеттемелері секілді бағалы қағаздар мөлшерлемесіне тең болады. Ақша қаражатының болашақ ағымының көлемі белгісіз болған жағдайда, күтілетін ақша қаражатының ағымын сәйкес тәуекелділігі бар бағалы қағаздардың табыстылығының нормасы бойынша дисконттау қажет. Ағымдық және болашақ құнды есептеуде күрделі пайыз қағидаты қолданылады. Жай пайыздар – алғашқы ақша сомасына қолданылатын пайыздар. Күрделі пайыздар – қайта қаржыландырылатын пайызға алынатын пайыз, яғни несие немесе қаржы салымы бойынша төленетін пайыз, негізгі сомаға қосылады және нәтижесінде пайыз негізгі сомамен қатар алынған пайызға да төленеді. Болашақ құн – қазіргі таңда инвестицияланған ақша қаражатының болашақтағы құны, яғни күрделі пайыз рәсімін пайдалану нәтижесінде бірнеше жылдан кейінгі инвестицияның құны. Болашақ құнды есептеуде келесі формула қолданылады: [pic], мұндағы, FV – инвестицияның болашақ құны; PV – ағымдағы құн; r - ағымдағы пайыздық мөлшерлеме; n – пайыздарды есептеу жиілігі. Мысал. Біздің жылдық 10 пайызбен ақша салуымызға мүмкіндігіміз бар деп қарастырайық. Бүгінгі салған 1 теңгенің 3 жылдан кейінгі құнын есептейік: Үшінші жылдың соңында : 1* (1+0,1) *3=1,33 теңге болады. Егер де бүгін 250 теңгені жылдық 10 пайызбен 8 жылға салатын болсақ, онда бұл салым 250*(1,1)*8=535,90 теңге алып келеді. Ағымдағы құн – болашақ ақша ағымының дисконтталған құны. Дисконттау әдісін қолдана отырып, біз болашақ ақша ағымының ағымдағы құнын біле аламыз, яғни болашақта белгілі бір мөлшерлеме бойынша белгілі бір соманы алу үшін қазір қанша қаражат салу керектігін біле аламыз. Ағымдағы келтірілген құнды есептеу үшін келесі формула қолданылады: [pic], мұндағы, FV – инвестицияның болашақ құны; PV – ағымдағы құн; r - ағымдағы пайыздық мөлшерлеме; n – пайыздарды есептеу жиілігі. Мысал. 5 жылдан кейін 1 теңге алу үшін жылдық 10 пайызбен салатын қазіргі сомамызды анықтау керек, сонда / (1.10) = 1 / 1,61051 = 0,62092. Алынған нәтиже 5 жылдан кейін 1 теңге алуымыз үшін, біз 0.62092 теңгені жылдық 10 пайызбен салуымыз керектігін көрсетіп тұр. Егер 1000 теңге алғымыз келсе (1000) * (0,62092) = 620,92 теңге салуымыз керек. Таза келтірілген құн келтірілген құн мен мерзімі жақын ақша қаражаты ағымының қосындысына тең. [pic], мұндағы, Со – мерзімі жақын ақша қаражаты ағымы; С – егер мерзімі жақын ақша қаражатының ағымы инвестициялар, яғни ақша қаражатының кері ағыны болса, онда теріс мәнді болады. Активтер құнын анықтаудың қалған төрт әдісі таза келтірілген құнының бәсекелестері болып табылады. Әрқайсысые жеке қарастырамыз. Өзін- өзі ақтау әдісі. Кейбір компаниялар инвестициялық шешім жасағанда, белгілі бір мерзім ішінде алғашқы инвестициялар өзінің құнын қайтаратын жобалармен ғана жұмыс істейді. Өзінің құнын қайтару (өзін-өзі ақтау) әдісі тар мақсатты болып табылады. Бұл әдісте өзін-өзі ақтау кезеңінде ақшалай қаражаттың қалыптасу тәртібі есепке алынбайды және де болашақ ақша ағымдары тіптен қарастырылмайды. Яғни бұл әдіс балама шығындарды қарастырмайды. Мысал. Инвестициялаудың негізгі екі көзі бар: А және Б. Әрбір жоба 20 млн. теңге мөлшерінде алғашқы инвестицияны талап етеді және де әрбіреуі бірінші жылдан ақшалай қаражат ағымын бере бастайды. А жобасы үшін ақшалай қаражат ағымы 6,5 млн. теңгені құрайды және де бұл жоба 4 жылға жалғасады. Б жобасының ақшалай қаражаты 6 млн. теңгені құрайды, бірақ оның мерзімі 8 жыл. Менеджерлер әдетте А жобасын таңдайды, себебі бұл жоба тез арада өзін-өзі ақтайды, дегенмен де егер таза келтірілген құн әдісін қолданатын болсақ, Б жобасы А жобасына қарағанда тиімдірек. Активтердің баланстық құнына есептелген орташа пайда. Кейбір фирмалар инвестициялық жобаларды пайдалылықтың бухгалтерлік пайдасы нормасы көмегімен бағалайды. Оны анықтау үшін жобадан болжанған орташа пайданы (амортизация мен салықтарды шегеріп) инвестициялардың орташа баланстық құнына бөлу қажет. Одан кейін бұл коэффициентті фирманың пайдалылығының бухгалтерлік нормасымен және тағы басқа сыртқы өлшемдермен салыстырады.. Табыстылықтың ішкі нормасы немесе дисконтталған ақша қаражаты ағымдарының табыстылық нормасы. Таза келтірілген құн табыстылық нормасы арқылы да көрініс табуы мүмкін, бұдан келесідей ереже шығаруға болады: «Табыстылық нормасы балама шығындардан жоғары барлық инвестициялық мүмкіндікті іске асыру». Бұл тұжырымдаманың мәні дұрыс. Дегенмен ұзақ мерзімді инвестициялық жобаға қатысты мәселе қиындай түседі, себебі ұзақ мерзімді активтердің нақты табыстылық нормасын табудың толық қанағатты әдісі жоқ. Келтірілген құн әдісіне ұқсас, бұл әдіс те ақша қаражатын дисконттауға негізделеді. Сондықтан да оны дұрыс пайдаланғанда тиімді нәтиже береді. Мәселе оның дұрыс қолданылмау мүмкіндігінде. Пайдалылық коэффициенті немесе тиімділік- шығын коэффициенті. Бұл әдіс болжанған ақша қаражаты ағымының келтірілген құнының алғашқы инвестицияға қатынасымен анықталады. Пайдалылық коэффициенті = PV / - Co Бұл әдіс жобаны дисконтталған болашақ ақша ағымдарының инвестицияға қатынасы бірден үлкен болған жағдайда қабылдау қажет. Яғни компаниялар оң мәнді таза келтірілген құны бар жобаларды қабылдауы қажет. Бұл коэффициенттің жалғыз кемшілігі – келтірілген құн секілді қасиеті жоқтығында. Сондықтан да жобаны қабылдау барысында аса мұқият болу қажет. 2. Көп жағдайда бұл бір жолғы төлем емес, белгілі бір кезең ішіндегі ақшалай түсімдердің тізбегі болып табылады. Бұл табыстар мен шығыстардың сериясы не болмаса тұрақты және тұрақсыз жарналары, әр түрлі қорлар құны, инвестициялық операциялардан түскен пайыздар, т.б. Бұндай тізбек – төлемдер ағыны деп аталады. Аннуитет (немесе қаржылық рента) – белгілі бір жылдар ішіндегі тізбекті төлемдер арасында әр түрлі интервалдары бар біржақты бағытталған төлемдер ағыны. Аннуитет теориясы қаржылық математиканың маңызды бөлігі болып табылады. Ол бағалы қағаздың табыстылығы мәселелері не болмаса инвестициялық талдауда, тағы басқа жағдайларда қолданылады. Аннуитеттің кең тараған үлгілері: зейнетақы қорларына қосылатын жарналар, ұзақ мерзімді несиені өтеу, бағалы қағаздар бойынша пайыздарды төлеу, т.б. Аннуитеттер келесі сипаттарына байланысты өзара ажыратылады: - әрбір жеке төлемнің мөлшеріне; - тізбекті төлемдердің арасындағы уақыт интервалына (аннуитет мерзімі); - аннуитеттің басынан оның соңғы кезеңіне дейінгі мерзімі (шексіз, яғни уақыт бойынша шектелмеген аннуитеттер де болуы мүмкін); - төлемдерді дисконттау кезінде қолданылатын пайыз мөлшерлемесімен. Төлемдердің қай кезде жүзеге асатынын ажырату өте маңызды ұмерзім соңында, әлде мерзім басында). Сәйкесінше интервалдың басында төлемдер жүргізілетін аннуитет – пренумерандо аннуитеті деп аталады, егер де төлемдер интервалдардың соңында жүзеге асса, онда ол постнумерандо аннуитеті деп аталады. Тәжірибелік тұрғыдан алғанда, барлық төлемдер өзара тең болатын немесе кейбір заңдылықтарға сәйкес өзгеретін аннуитеттер үлкен қызығушылыққа ие. Аннуитеттің болашақ құны – аннуитетке қосылған әрбір жеке төлем немесе түсімнің әрбіреуінің болашақ құндарының сомасы. Мысал. 3 жыл ішінде біз жылдық 10 пайыз мөлшерлемесімен 250 мың теңге инвестициялай аламыз. 250 мыңдық аннуитеттің болашақ құны қандай? Есептеуде болашақ құнының формуласы қолданылады [pic] әрбір кезең үшін жеке есептеледі. Болашақ құн – 250 мың, әрбір жылдың соңында 3 жыл бойын инвестицияланады. 1-жыл: [pic] 2-жыл: 250000 * (1+0,1) = 250000* 1,1 = 2750000 3-жыл: 250000 * 1 = 250000 Барлығы: 827500 теңге. Есептеуді жеңілдету мақсатында 1 теңгелік аннуитеттің болашақ құн кестесі қолданылады: 250000 * 3.31 = 827500 теңге. Аннуитеттің ағымдағы (дисконтталған) құны – аннуитетке қосылған әрбір жеке төлем мен түсімнің ағымдағы құндарының сомасы. Болашақ түсімдер мен төлемдердің ағымдағы құнын анықтау үшін, аннуитеттің ағымдағы құны қолданылады. Мысал. 3 жылға жылдық 10 пайызбен 250000 теңгелік аннуитеттің ағымдағы құны ағымдағы (дисконтталған) құн формуласы көмегімен есептеледі [pic] - әрбір кезең үшін жеке есептеледі. 1- жыл: [pic] 2-жыл: [pic] 3-жыл: [pic] Барлығы: 621720 теңге. Бұл нәтижеге неғұрлым жеңіл жолмен жетуге болады, яғни біз 1 теңге аннуитет құнына арналған ағымдағы (дисконтталған) құнның формуласын қолданамыз: 250000 теңге * 2.4868 = 621720 теңге. Тұрақты немесе аннуитеттің кейбір заңдары бойынша өзгеруші ретінде бейнеленетін сериялар кездесетін барлық жағдайда, төлемдердің толық ағымының бастапқы сәті мен мерзіміне сәйкес келмейтін бастапқы сәтке және оның мерзіміне көңіл аудару керек. немесе ануттетің : 250000 теңге * 2.4868 еңге аннуитет құнына арналған . аннуитеттер үлкен қызығушылыққа ие.норман қарас 3.Есепте негізгі (немесе операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынатын ақшалардың ағыны (тасқыны) туралы барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланылатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі1. Ұйымдар жасаған "Ақшалардың қозғалысы туралы есеп" заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық (кіріс алатын негізгі қызмет пен инвестициялық және қаржы қызметтеріне жатпайтын өзге де қызметі), инвестициялық (ұзақ мерзімді алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржылық қызметі (жеке капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері және құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі) тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп ұйымның есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі. Ақшалардың қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді. Операциондық қызметі - заңды тұлғаның табыс алатын негізгі қызметі және инвестициялық пен кдржылық қызметтеріне қатысы жоқ басқадай қызметі; Инвестициялық қызметі — ұзақ мерзімді активтерді алу және сату; Қаржылық қызметі — заңды тұлғаның меншікті капиталының және несие қаражатының мөлшері мен құрамындағы өзгерістері. Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім каражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянға ағымдағы активтер мен міндеттемелерге, ақша операцияларының өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық немесе каржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап түзетулер енгізіледі. Операциондық қызметтегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады. Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, КДШ (көлік-дайындау шығыстарының) төлемін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді. Операциондық қызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражатының түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, пайыздан, дивиденттен, роялтиден және т.б. табыстардан; жабдықтаушылармен және мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен және т.б. шығыстарынын тұрады. Жанама әдістер — бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылык және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету (корректировка) жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржылық- шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі. Инвестициялық және қаржылық қызмет. Инвестициялық қызмет — ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, сату және берілген несиені өтеу және алу. Инвестициялық қызметке мыналар жатады: негізгі кұралдарды, материалдык емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылык инвестицияны сатудан, баска кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары жөне басқа да түсімдер; негізгі кұралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттарының шығысы; қаржылык инвестицияларды алу, басқа кәсіпорындарға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер. Инвестициялыкқ қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерінің құрамына кіреді. Оған қаржылык инвестицияға әсер ететін операциялар да кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық-шаруашшылык қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінде көрініс табады, онда ол акцияларды сатудан алынған табыс немесе шығыс ретінде көрінеді, сондай-ақ негізгі құралдарды және басқа да сатудың нәтижесі көрініс табады. Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің нәтижесі болып табылады. Оған мыналар жатады: шығарылған акциядан түскен ақша каражаттары және басқа да бағалы қағаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа да түсімдер; алынған банктік жоне банктік емес несиелерді өтеуге жұмсалған ақша қаражаттары, өз акционерлерінен акциясын сатып алу үшін жұмсалған қаражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражаттар. Кәсіпорын каржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтерді, және негізгі құралдарды ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу; кредиторлық қарызды кредиторға акцияны жөне басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу; басқа көспіорынның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу және т.б. жатады. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру үшін арнайы әзірленген кестелерді пайдаланады, онда келесі ақпараттар келтіріледі (ақша қаражатының қозғалысын жанама әдіспен есептеу): өткен және есептік жылдағы баланс, оның барлық баптары салыстырылады және олардың әрқайсысы бойынша ауытқуы анықталады (+,—); өткен және есептік жылдағы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, оның барлық табыстары мен шығыстары, сондай-ақ есептік кезеңнің соңындағы таратылмаған табысы (зияны) салыстырылады. Мәліметтерді салыстырудың нәтижесінде қандайда кызмет түріне (операциондык, инвестициялық немесе қаржылық) сомалардың үлес салмағын анықтауға болады. Осы әзірленген кестелердің мәліметтеріне шолу жасап, есеп беруге түзетулер енгізу мүмкіндігі туады. Операциондық қызметтен түскен ақшалардың қозғалысын тікелей әдіс бойынша анықтаған кезде олардың қозғалысына әсер ететін факторлардың мазмұны ашылады, яғни ақшалай және ақшасыз жасалған операцияларының ара жігі ашылады. Егер де операциялар өзінің экономикалық мазмұны бойынша біртектес болып келсе, онда олар есеп беруде бір бапқа біріктірілуі мүмкін. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 1.Ақшалардың қозғалысы туралы есептілік қандай бөлімдерден тұрады? 2.Тікелей әдістің ерекшелігі қандай? 3.Жанама әдістің ерекшелігі неде? 4.Қаржылық қызметтен болатын ақшалардың қозғалысына нелер жатады? 5.Операциялық қызметке қандай қызмет түрлері кіреді? Тақырып 7. Жалгерліктің есебі (ҚЕХС (IFRS)17) Лекция жоспары: (2 сағат) 1. Жал, оның түрлері. 2. Қаржыландырылған жалгерліктің есебі. 1. Қандайда болмасын заттарды - еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. Жалпы беруші - жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мүлікті жалға беруге меншік иесі өкілеттік бергсн органдар мен ұйымдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға беруші бола алады. Жалгер - бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатып заңды немесе жеке тұлға. Жал (аренда) - бұл жалға берушінің активті келісілген уақытқа белгілі бір мерзімге жал төлемі үшін жалға алушыға беруі туралы мәміле. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартында №17 «Жалдау» атгы есепте жалға алушы мен жалға беруші арасында қалыптасқан міндеттер бойышна талаптар көрсетіледі.Жалдаудың 2 түрі бар: қаржылындырылған және операциялык жал. Қаржылық жал – активті иелік етумен байланысты барлық тәуекелдіктер және пайдалардың елеулі аударылуы болатын жал түрі. Ұйым үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін. Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны, жал ақысының мөлшері, жалдың мерзімі, жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері, жал ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және тағы басқалары қарастырылады. Жалға алынған негізгі кұралдар жалға алушының талаптарына сай келе бермейді, сондыктан олар ондай негізгі құралдарға жөндеу жұмысын жүргізеді, бірақ ол үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады. Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады. Жалға жалға алушының жүргізген күрделі жөндеу жұмыстарының есебі жалға алған мүлік бойынша келісілген шарт жағдайына байланысты болып келеді. Мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз жалдау - бұл жалдау шарты бойынша тек мынадай жағдайларда ғана: - кандай да бір ықтималдығы шамалы оқиғаның басталуы жағдайында; - жалга берушініи рүксатымен; - жалдауды кабылдаған күні жалгердің төлеген қосымша сомасы оның бұдан әрі жалғасуына кепіл болған жағдайда, тоқтатылуы мүмкін. Жалды қабылдау күні - бұл мынадай күндерден: жалдау шартын жасасу күні немесе жалдаудың негізгі талаптарына қатысты тараптардың міндеттемелерді қабылдау күнінен неғұрлым ертерек жасалатын жалдау. Жалдау мерзімінің басталу күні жалға алынған активтерді пайдалану мүмкіндігін іскс асыру құқығын алған күн болып есептеледі. Жалдау мерзімі - жалгер шартқа сәйкес активті жалдауға алған, қысқартылуға жатпайтын кезең, сондай-ақ, бұл кезеңдер ішінде, егер жалдау мерзімінің басында жалгердің осы кұқығын іске асыруға негізді сенімі болса, жалгердің қосымша мынадай ақы төлеумен немесе онсыз активті одан әрі жалдауға құқығы бар кез - келген өзге де кезеңдер. Жалгер жалдан мүлікті тіркелген бағасы бойынша немесе жалдау мерзімінің сонында белгіленген бағасы бойынша өтемін төлеп алуға құқылы болса. Жалдау мерзімі жалданатын мүліктің ұтымды қызмет көрсету мерзімінің 80%-нен астам болса. Жал мерзімінің сонында жалданған активтің калдық құны жалдаудың бас кезіндегі оның ағымдағы құнының 20%-нан кем болмаса. Жалдау ақысының жалдық барлық кезеніндегі дисконтталған құны жалданған мүліктің ағымдағы құнының 90% -нан асатын болса. Жал мерзімінің сонында жалданған активті меншіктену құқы жалгерге берілетін немесе берілмейтін болса, жал қаржылық болып табылды. Жалгердің бухгалтерлік есебінде жалданған мүлік актив ретінде, ал төленуге тиісті жалдау ақысы міндеттеме ретінде ескеріледі. Жал мерзімінің басында жалдау ақысы жөніндегі міндеттемелер өткізу бойынша немесе, егер ол өткізу құнынан төмен болса, жалдау ақысының дисконтталган құнымен жазылады. Ұйым үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін. Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны; жал ақысының мөлшері, жалдың мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарты жөне қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жал ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және т.б. қарастырылады. Жал келісім шарты қол койылған күннен бастау алады. Жал мерзімі — көпке дейін өзгертуге жатпайтын кезеңімен ерекшеленеді және сол жалға алынған мүлік келісім-шартпен рәсімделеді, сондай-ақ кез келген келесі кезеңге оның ақысы төленіп немесе төленбей-ақ ұзартылуы мүмкін. Ағымдағы жалгерлік. Ағымдағы деп қаржыландырылатын жалгерліктен басқа, кез келген жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте жалгерлік төлемі бүтін жалгерлік мерзімінің бойында жүйелі түрде әрбір есеп беру кезеңінің шығысы болып табылады. Ағымдағы жалгерлікте, активке деген меншік құқымен байланысты тәуекелділік пен марапаттау жағдайы жалға берушінің өзінде қалады. Сондықтан олардың жалға берген активтері амортизацияланатын мүлік ретінде қарастырылады және бүкіл жал мерзімінің бойында алынған жал ақысы табысқа енгізіледі. Ағымдағы жалгерлікті жалға алушының мүлікті тек уақытша иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға берілген негізгі күрал, жалға берушінің бухгалтерлік есебіндегі 2400 "Негізгі құралдар" бөлімшесінің тиесілі субшоттарында, яғни негізгі қүралдардың құрамында көрініс табады. Алынуға жататын жал ақысы келісілген келісім-шартқа сәйкес "Басқа да" шоттың дебетінде және шоттың кредитінде көрініс табады. Жалға берілген мүліктер жалға берушінің балансында көрініс табатын болғандықтан, олар бойынша есептелген тозу сомасына шоты дебеттеліп, бөлімше шоттары кредиттеледі. Жал акысы келіп түссе тиесілі ақша қаражаттарының шоттары дебеттеліп, шоты кредиттеледі. Жал ақысы тиесілі өндіріс шоттарында, яғни келесі шоттардың дебетінде: егер де негізгі құралдар әлеуметтік сферада пайдаланылса; егер де негізгі құралдар тауарды сатумен байланысты болса; егер де негізгі кұралдар жалпы шаруашылық қажеттілігі үшін пайдаланылса, «Басқалар» шоттың кредитінде көрініс табады. Жалға алынған негізгі кұралдар жалға алушының талаптарына сай келе бермейді, сондықтан олар ондай негізгі құралдарға жөндеу жұмысын жүргізеді, бірақ ол үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады. Жалға алушының жүргізген күрделі жөндеу жұмыстарының есебі жалға алған мүлік бойынша келісілген шарт жағдайына байланысты болып келеді. Егер де жал ақысы келешектегі есеп кезендеріне жатқызылатын болса, онда "Жал ақысы" шоты дебеттеліп және тиісті ақша каражаттарының шоты кредиттеледі. Олардың есептік кезеңі жеткен кезде, тиесілі жал ақысы өндіріс шоттарына немесе 8-ші бөлімдегі шоттарына ауыстырылады. 2. Қаржыландырылатын жалгерлік. Қаржыландырылатын жал өз мәні бойынша жалға алушының есебінен ұзақ мерзімге алынатын несиелеудің нысаны болып табылады. Қаржыландырылатын жал — мүлікке меншіктік құқымен байланысты, жалға берушінің олжасымен қоса, онымен байланысты болатын тәуекелділіктің де үлкен бір бөлігін жалға алушы өз жауапкершілігіне алады. Бұл кезде жалға алушы алынған мүліктерді өз балансында көрсетеді. Ал жалгерлік кезеңдегі құқықтың өзі берілуі немесе берілмеуі мүмкін. Жалға алушының қаржылық есебінде келесі жайттар айқын көрсетілуі тиіс: қаржыландыратын жалгерлікке алынған мүліктің жалпы құны; мүлікті жалға алу бойынша ағымдағы және үзақ мерзімді міндеттемелер; каржыландырылатын жалгерлік және мерзімі бір жылдан артық біртұтас (кері қайтарымсыз) ағымдағы жалгерлік кезіндегі ең төмен жалгерлік төлемдер (төлемдердің жүзеге асырылу мерзімі мен сомалары қысқаша формада көрсетілуі тиіс) бойынша міндеттемелер; жалгерлікті немесе мүлікті сатып алу уақытын ұзартуды тандау құқығы, келісім-шарттардан туындайтын күтпеген жалгерлік төлемдер және басқа да күтпеген жағдайлар. Жалга берушінің қаржылық есебінде келесі жайттар айқын көрсетілуі тиіс: қаржыландырылатын жалгерлікке жалпы капитал салымы (ақша қаражатын жұмсау); жалға берілген мүліктен түскен пайдаланбаған табыс; активтердің құны, сондай-ақ осыған байланысты есепті кезең ішіндегі активтердің түрлері бойынша жинақталып қалған амортизациялық аударымдар. Жалға берілген мүліктің пайдалану құқының басым бөлігі мынадай жағдайда берілуі мүмкін: жалға алынған мүлікті тұрақталған (тіркелген) бағасы бойынша немесе жал соңында анықталған бағасы бойынша жалға алушының сатып алу кұқығы бар болса; егер де жалға берілген мүліктің пайдалану қызметінің мерзімі 80%-ке жетсе; егер де негізгі құралдың жал мерзімі біткен кезде бастапқы құны оның 20%- тін ғана құраса; бүкіл жал кезеңінде оның дисконтталған құны төленетін жал ақысының 90% құраса; - жал мерзімі біткен соң жалға алушы жалға берушіден негізгі құрал объектісін сатып алуға немесс алмауға құқы бар болса. Жалгерлік төлем ағымдағы бағасы бойынша немесе дисконтталған кұн бойынша есептелуі мүмкін. Дисконтталған құн бойынша есептеген кезде жал ақысының өте аз (минималды) деңгейін анықтау үшін қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін пайдаланады, ал егер де оны анықтау мүмкін болмаған жағдайда қарыз капиталына пайдаланатын өсіп (артып) отыратын пайыздық мөлшерлемесін қолданады. Қарастырылған пайыздық мөлшерлемесі ақша ағынының болашақтағы құнын анықтайтын арнайы кестесінен алынып анықталады және ол келесідей формула бойынша есептелінеді: ҒҮ = РУ(\ + г)\ Мұндағы, ҒУ — п жылдарынан кейін ақша ағынының болашақтағы құны; РУ — есептеу кезінде салынған сомасы; г — пайыздық мөлшерлемесі; п — есептеу кезеңіне алынған жылдар саны. Жалға алушының қарыз капиталына өсіп (артып) отыратын пайыздық мөлшерлеме — бұл пайыз мөлшерлемесі, оны осы тәріздес жал үшін жалға алушы төлейді; немесе бұл мөлшерлемені жалға алушы жал басында басшылыққа алады. Жалгерлік мерзімінің барысында келісім-шартқа сәйкес жалға берушіге минималды жал ақысын төлейді. Минималды жал ақысы — бұл төлем түрі, оны жалгерлік мерзімінің барысында, жалға алушы жүзеге асырады (көрсетілген қызмет кұны мең салық сомасы шегеріледі, негізінде олар жалға берушіге өтелуі керек). Қаржыландырылатын жал жағдайында қабылданған жалгерлік актив, "Жалгерлік міндеттемесі" шотында көрініс табады. Активтердің пайдалану аясына байланысты мына шоттар дебеттеледі: егер де негізгі қүралдар мен материалдық емес активтер өндіріс аясында пайдаланылса; егер де негізгі кұрал тауарды (жұмысты, кызметті) сату процесімен байланысты болса; егер де негізгі кұрал жалпы шаруашылық кажеттілігі не арналған болса бөлімше шоттары кредиттеледі. Жал мерзімінің барысында жалға алушы жалға алынған активтерді мерзімінен бұрын сатып алуына болады. Ол кезде ақша каражаттарының шоттары кредиттеліп, шоты дебеттеледі. Бұл кезде шоты бөлімше шоттарының тиісті аналитикалық шоттарымен жабылады. Жалға берілген мүліктің құны есепке түсетін жал міндеттемесі ретінде дисконтталған құн бойынша көрініс табады, яғни активті пайдаланғаны үшін төленетін пайыз сомасы қоса есептелінеді. Қаржыландырылатын жал бойынша төлем жалға беруші инвестицияланған капиталдың қайтарылғаны ретінде карастырады және табыс алған болып есептелінеді. Ал минималды жал төлемі жалға салған күрделі салымдарынан түскен табыс ретінде танылады. ну арқылы қаржыландырылған жал операцияларын керсету жолын қарастырып көрейік. Шаруашылық жүргізуші субъектілер кұрал-жабдықты жалға беру үшін, өзара мынадай жағдайлар бойынша Қаржылық лизингісі. Қаржылық лизинг — бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға алу, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары: лизинг беруші (жалға беруші); лизинг алушылар (жалға алушылар) болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда, каржылық лизинг — бұл инвестициялық кызметтің біртүрі;онда: лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім-шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс; лизинг алушы келісім-шартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісім-шарттың мерзімі өткен соң лизинг бұйымы лизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса. Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, күрал- жабдықтар, транспорт құралдары, жер төлімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг түрлері: -қайтарылатын лизинг — лизингтің бір түрі, онда сатушы осы бұйымды (нәрсені) кері кайтарып ала алатын болса ғана лизинг алушыға лизинг ретінде сатады; банкі лизингі — лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші ролін банк атқарады; толық лизинг — лизингтің бір түрі, онда лизинг беруші ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына (нәрсесіне) техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады; таза лизинг — лизингтің бір түрі,онда лизинг алушы ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына (нәрсесіне) техникалық қызмет көрсету жүмысын атқарады. Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін. Ішкі лизингте лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Халықаралық лизингті, негізінен Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалары жүзеге асырады. Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг келісім-шартымен, сатып алу-сату келісім-шартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Лизинг келісім-шарты мынадай міндетті мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп саналмайды: келісімшарт жасалатын нәрсесі; лизинг нәрсесін сатушының аты-жөні және сатушыны тандауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг нәрсесін лизингті алушыға берудің мерзімі мен жағдайы; лизинг төлемінің мерзімділігі мен мөлшері; лизинг нәрсесінің кұны; келісім-шарттың әрекет ету мерзімі; лизинг нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы; лизинг нәрсесін суреттеу (сипаттау); лизинг нәрсесін ұстау мен жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинг нәрсесін мемлекеттік тіркеуден өткізуін екі жақтың біріне жүктеу; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын мүлік бойынша жасалатын келісім-шарттар міндетті түрде, заң актілерімен анықталатын тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қозғалыстағы мүліктер кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Лизинг бойынша марапаттау өз кезегінде екі әдісті пайдаланады: не өсіп (артып) отыратын пайыздық мөлшерлемесін, немесе алдын-ала қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін. Бухгалтерлік есепте қаржылық лизинг бойынша жасалатын операциялар онда қарастырылған келісім-шарттың жағдайына байланысты көрініс табады. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 1.Жалгерліктің қандай түрлері? 2.Қаржыландырылатын жалдың қандай ерекшеліктері бар? 3.Лизинг дегеніміз не? 4.Лизингтің қандай түрлері бар? Тақырып 8. Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері. Лекция жоспары: (2 сағат) 1.Шетелдік қызметтер мен шетелдік компаниялардың есебі 2.Шетел валютасы операцияларының есебі 1. Есептік кезең біткен соң шетелдік компаниялар қаржылық есеп беруді жасайды. Ұйымның құрамында Қазақстан Республикасының аймағында және онан тысқары жерлерде тұратын еншілес немесе тәуелді серіктестіктері бар болса, өзінің қаржылық есеп беруімен қоса, консолидацияланған есеп беруді жасайды, яғни бірнеше занды тұлғаның есеп беруін біріктіреді. Шетелдік компания (коммандалық және толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік, акционерлік қоғам) егер де басқа (негізгі) занды түлғаның өзінің жарғылық қорына салған салымдарының басым көпшілігін иеленсе және қабылданатын шешімдердің басым бөлігін анықтау мүмкіндігіне ие болса, онда олар еншілес серіктестік ретінде танылады. Заңды тұлға (коммандылық және толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік, акционерлік қоғам) егер де басқа (қатысушы, артыкшылығы бар) занды тұлғаның бар болғаны 20% дауыс беретін акциясына ие болса немесе сондай деңгейде қатысушылық үлесі бар болса, тәуелді серіктестік ретінде танылады. Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидацияланған есеп беруі. Занды тұлға басқа кәсіпорынның акциясын сатып алу арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін; егер де сол сатып алынған акциясы 50%-тен астам болса, онда инвестицияланған объектіге бақылау жасау мүмкіндігін алады. Инвестор бақылауды белгілейтін болса, онда ол кәсіпорын негізгі занды тұлға болып танылады, ал бақыланатын (инвестицияланған) кәсіпорынды еншілес кәсіпорын деп атайды. Негізгі кәсіпорында және барлық еншілес көсіпорындар бірігіп, біріккен заңды тұлғалар тобын құрайды және олардың мәліметі бойынша консолидацияланған есеп беруін жасайды. 2.Шетелдік валютасында жасалатын операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету үшін ҚЕХС ережелерін пайдаланады. Шетелдік валюталық операцияларына шетелдік валютада жасалатын мәмілелер жатады, олардың қатарына: шетелдік валютаға сатып алынған немесе сатылған мүліктер; шетелдік валютамен алынған немесе берілген несиелер (қарыздар); басқа да жолдармен алынған немесе валютаға сатылған активтер және т.б. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарында шетелдік валютадағы ақша қаражаттарын есептеу үшін мынадай арнайы синтетикалық шоттар қарастырылған: 1010,1030. Ал басқа активтері мен міндеттемелерін есептеу үшін мына шоттарға субшоттар ашылады: 1210, 1220, 1280, 3310, 1290 т.б., демек, шетел валютасында жасалған операцияларын бөліп көрсету мүмкіндігі зор. Бірақ ол операциялар бухгалтерлік есеп жазбасында тек теңгемен ғана көрсетіледі, яғни Қазакстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгіленген бағамы бойынша қайта есептелінеді. Бірақ олар алғашқы құжаттарда (касса кітабында, кіріс және шығыс касса ордерлерінде, есеп регистрларында) номиналдық түрі бойынша көрсетілуі мүмкін. Шетелдік валютада операцияны жасау кезінде операцияның жасалған күнін білу керек, онсыз операция дұрыс жасалған болып саналмайды. Ақша қаражаты мен есептесулер (шетел валютасында алынған (берілген) дебиторлық және кредиторлық қарыздар, несиелер, арнайы қаржыландыру қаражаттарының қалдықтары) міндетті түрде, ҚР ҰБ белгілеген бағамы бойынша ең соңғы есептік кезеңнің күніне қайта есептелуіне жатады. Шетелдік валютаға алынған (қалыптасқан) негізгі құралдардың құны, аяқталмаған күрделі құрылыстар, тауарлы-материалдық құндылықтар, материалдық емес активтер, меншік капиталы одан әрі қайта бағалануға жатпайды. Шетелдік валютаға алынған (қалыптасқан) меншік капиталы және аударылған активтер ҚР ҰБ бағамы бойынша бағаланады және шетел валютасының өзгеруіне байланысты қайта есептеулер жүргізілмейді. Ондағы орын алған айырма бағамның айырмасы болып саналады. Сондықтан ондағы табыстың және шығыстың айырмасын ажырата білу керек. Ол үшін баға белгілеу агенттігінің ақпараттарына сүйену керек. Бағамдық айырма бухгалтерлік есепте және есеп беруде келесі тәртіп бойынша көрініс табады (танылады): шетел валютасыңда көрсетілген дебиторлық және кредиторлық қарыздарды өтеумен байланысты, операциялары бойынша жасалған ҚР ҰБ есептесу күніндегі бағам, бухгалтерлік есепте көрсетілген қарыздың бағамынан ерекшеленетін болса; әрбір есептік күнге шетелдік валютадағы ақша қаражатының қалдық құнын (ақша қаражаттарын қоса алғанда) қайта бағалаумен байланысты операциялар бойынша және әрбір операцияның алдында осы шоттардағы қаражаттардың қозғалысы бойынша айырмашылығы болса. Төменде бағам айырмасының өте жиі кездесетін жағдайлары келтірілген: тауарларды және басқа да мүліктерді импорттау кезінде тауарды кедендік рәсімдеу күніндегі теңгенің нақты эквиваленттік құнымен және сол үшін аударылған ақша қаражатының күні арасындағы пайда болған айырма (жабдықтаушылармен есеп айырысу, кредиторлык карыздардың темендеуі немесе қайта бағалануы немесе дебиторлық қарыздың берілген аванстары бойынша); көрсетілетін қызметтің импортталуы кезінде — осы қызметтің нақты тұтынған кезіндегісімен және соған аударылған ақша қаражатының күні арасында пайда болған айырма; экспортталған операциялардың кезінде ; экспортталатын тауарды кедендік рәсімдеу күніндегі теңгенің нақты эквиваленттік құны мен және соған аударылған ақша қаражатының күні арасындағы пайда болған айырма; дебиторлық және кредиторлык қарыздардың пайда болуы мен олардың өтелу күнінің арасындағы болған айырма; валюталық қаражаттар бойынша қарызы бар болған жағдайда, яғни несиелік мекемелерден немесе басқа да қарыз берушілерден алынған қарызды теңгелік тұрғысынан бағалаған кезде пайда болады. Бағамдық айырманың пайда болу кезеңінен бастап қарыздың өтелу кезеңіне дейін есептеу арқылы анықталуы керек. Бухгалтерлік есепте, оның ішінде есеп беру кезеңде бағамдық айырма көрініс табады, оған оның пайда болу күні мен қаржылық есеп беруді жасаған күнінің арасындағы айырма жатады. Бағамдық айырма не табыстың (оң болса), не шығыстың (теріс болса) құрамына жатқызылады, олар мынадай арнайы синтетикалық шоттарда көрініс табады: "Бағамдық айырмадан алынған табыс" және "Бағамдық айырмадан алынған шығыс". Төменде шетел валютасындағы операциялардың қайта бағалануына және бағамдық айырманың есебіне бір мысал келтіріп көрейік. Мысал. "Узень" ЖШС қаржылық есебінде тауар үшін 3500 АҚШ долларында дебиторлық қарызы көрсетілген, осы аталған қарыз 27 қаңтар 2011 жылы пайда болған, ол кезде 1 доллардың бағамы 151 теңгеге тең болатын. "Узень" ЖШС 2 ақпан 2011 жылы "СіоЬаі" компаниясы 3000 АҚШ долларына тауар алған; осы операцияның жасалған күні ҚР ҰБ валюталык бағамы 1 доллар үшін 151,20 теңге құраған. Осыдан басқа операциялар жасалған жоқ, ал 2011 жылдың 28 ақпанында "СіоЬаі" компаниясының дебиторлық қарызы 500 АҚШ долларын құраған. Есеп беру күніне, яғни 31 қаңтар 2012 ж. (ҚР ҰБ валюталық бағамы 1 доллар үшін 151,30 теңге) және 28 акпан 2006 ж. (ҚР ҰБ валюталық бағамы 1 доллар үшін 151,40 теңге). Осы процестегі операцияларды көрсету үшін "Узень" ЖШС бухгалтерлік есебінде келесі жазбалар жазылған. |р/с |Шаруашылық операция мазмұны | | | | |1 |Есеп беру күні бойынша дебиторлық қарыздың қайта бағаланған сомасы | | |көрсетілді 31,01,02 – 1050 теңге (3500*151,3-3500*151) | |2 |Келіп түскен тауар кірістелді (кедендік рәсімделген күніне ҚР ҰБ | | |бағамы бойынша есептелді) – 453600 теңге (3000*151,2) | |3 |Тауарды кірістеу кезінде болған бағамдық айырмасы көрсетілді – | | |3000 теңге (3000*151,3 – 3000*151,2) | |4 |Есеп беру күніне дебиторлық қарыздың қайта бағаланған сомасы | | |көрсетілді 28.02.11 «500*151,4 – 500*151,3) | Сонымен, "Узень" ЖШС 2011 жылдың 28 ақпанындағы балансында "СіоЬаі" компаниясының дебиторлық қарызы 75700 теңге (528500 + 1050 - 453600 - 300 + 50) құраған. Бағамдық айырмадан пайда болатын жоғалтудан қорғаудың бір тәсілі— хеджирование болып табылады, ал ол бағамдық жоғалту тәуекелділігін сақтандырудың бір түрі болып келеді. Шетелдік тәуелді еншілес заңды тұлғаларымен немесе бірлескен көсіпорындармен есеп айырысу есебі жоғары айтылғандардан ерекше ереже бойынша жүреді. Шетелдік тәуелді еншілес заңды тұлғалардың немесе бірлескен кәсіпорындардың нетто-инвестициясын анықтау үшін осы кәсіпорындардың таза активіне келетін инвестицияның сомасын есептеп шығару керек. Егер де ұйым бөлімшелерінің 60% акциясына ие болса, онда оның таза активінің 60% нетто- инвестициясын құрайды; егер де ол 100% акциясына ие болса, онда нетто- инвестиция сомасы болып табылады, және ол көсіпорынның таза активіне тең болады. Ұйымның шетел валютасында дебиторлық пен кредиторлық қарыздары болуы мүмкін, ал кәсіпорынның алашағы немесе берешегі болуы мүмкін. Нетто- инвестициясы бойынша бағамдық айырма есептен шыққанға дейін, кәсіпорынның меншік капиталы ретінде көрініс табады. Есептен шыққан кезде, ол не табыс ретінде; не шығыс ретінде танылады. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 1.Шетел валютасымен жасалатын операциялар қандай жағдайларда кездеседі? 2.Бағамдық айырманың есебі қалай жүргізіледі? 3.Нетто – инвестициялар дегеніміз не? 4.Бағам айырмасы қандай жағдайларда кездеседі? Тақырып 9. Табысқа салынатын салық (ҚЕХС 12) Лекция жоспары: (2 сағат) 1. Салық базасы. Ағымды салық міндеттемелері және ағымды салық активтерін анықтау 2.Тұрақты және уақытша айырмашылықтар 1. Активтерді немесе міндеттемелерді мойындаудың өзінен есеп беретін компания осы активтердің немесе міндеттемелердің баланстық құнының орнын толтыруды немесе өтеуді көздейтінін көрсетеді. Егер де баланстық құнының орнын толтыру немесе өтеу бұрынғымен салыстырғанда көбірек (азырақ) салық төлеуге соқтыруы ықтимал болса, егер де мұндай орнын толтыру немесе өтеу салық салдарын тудырмайтын болса, онда бұл Стандарт жекелеген жағдайларды қоспағанда, компания кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін (кейінге қалдырылған салық активін) мойындауын талап етеді. 12 ҚЕХС мақсаты үшін пайдаға салынатын салыққа салық салынатын пайдаға негізделетін барлық ұлттық және шетелдік салықтар кіреді. Сондай-ақ пайдаға салынатын салыққа пайданың көзінен ұсталатын, еншілес компания, қауымдастырылған компания төлейтін немесе есеп беретін компанияға бөлінген пайдадан бірлескен қызмет шеңберінде төленетін салық сияқты салықтар кіреді. Бухгалтерлік пайда - салық төлеуге кететін шығысты шегерілгенге дейінгі кезең ішіндегі таза пайда немесе залал. Салық салынатын пайда (салық салу кезінде есептелетін залал) – салық органдары белгілеген ережелерге сәйкес анықталатын кезең ішіндегі пайда (залал), осыған байланысты пайдаға салынатын салық төленеді (өтеледі). Салық төлеуге кететін шығыстар (салық өтемінен түскен кіріс) - ағымдағы салыққа немесе кейінге қалдырылған салыққа қатысты кезең ішіндегі таза пайданы немесе залалды есептеуге қосылатын жиынтық көлем. Ағымдағы салық – салық салынатын пайдаға (салық салу кезінде есептелетін залалға) қатысты кезең ішінде төленуге (өтелуге) тиісті пайдаға салынатын салық сомасы. Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері – салық салынатын уақытша айырмашылықтарға байланысты алдағы кезеңдерде төленуге тиісті пайдаға салынатын салық сомасы. Кейінге қалдырылған салық активтері - алдағы кезеңдерде өтелуге тиісті пайдаға салынатын салық сомасы. Ол мыналарға байланысты: есептелген уақытша айырмашылықтарға; пайдаланылмаған салық залалдарын алдағы кезеңге көшіруге; және пайдаланылмаған салық кредиттерін алдағы кезеңге көшіруге. Уақытша айырмашылықтар - активтің немесе міндеттеменің баланстық құны мен олардың салықтық базасы арасындағы айырмашылық. Уақытша айырмашылықтар мынадай болуы мүмкін: салық салынатын уақытша айырмашылықтар, активтің немесе міндеттеменің баланстық құнының орны толатын немесе өтелетін алдағы кезеңдердегі салық салынатын пайданы (салық залалын) анықтаған кезде салық салынатын соманың пайда болуына және туындауына әкеліп соқтыратын уақытша айырмашылықтар болып саналатын айырмашылықтар; не ұстап қалынатын уақытша айырмашылықтар. Тиісті активтің немесе міндеттеменің баланстық құнының орны толатын немесе өтелетін алдағы кезеңдердегі салық салынатын пайданы (салық салу кезінде есептелетін залалды) анықтаған кезде нәтижесі ұстап қалу болып саналатын айырмашылықтар. Активтің немесе міндеттеменің салық базасы - салық салу мақсатында активке немесе міндеттемеге берілетін көлем. 12 ҚЕХС мемлекеттік субсидияны есептеу әдістеріне (20-«Мемлекеттік субсидияны есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашып көрсету» IAS Халықаралық стандартын қараңыз:) немесе инвестициялық салық кредиттеріне қатысты емес. Алайда осы Стандарт осындай жәрдемақылардан немесе инвестицияланған салық кредиттерінен туындайтын уақытша айырмашылықтарды есептеуге байланысты болады. Салық төлеуге кететін шығыстарға (салық өтемінен түскен кіріске) ағымдағы салық шығыстары (ағымдағы салықты өтеуден түскен кіріс) және кейінге қалдырылған салық шығысы (салық өтемінен кейінге қалдырылған кіріс) енгізіледі. Активтің салық базасы – компания активтің баланстық құнын өтегеннен кейін алатын кез келген салық салынатын экономикалық пайдадан салық салу мақсатында есептелетін сома. Егер де осы экономикалық пайдаға салық салынбайтын болса, активтің салық базасы оның баланстық құнына тең болады. |М ы с а л д а р | |1. Станок 100 тұрады. Салық салу мақсатында амортизацияның 30 сомасы | |ағымдағы және алдағы кезеңге есептелді, қалған құны алдағы кезеңдерде не | |амортизация түрінде, не істен шыққан кезде шегеру жолымен шығарылатын | |болады. Станокты қолдану нәтижесінде алынған түсімге кіріске салық салынуы | |тиіс, станокты іске асырудан алынған кез келген табысқа салық салынатын | |болады, ал іске асырудан болған кез келген шығын салық салу мақсатында | |есептелетін болады. Станоктың салық базасы 70-ке тең болады. | |2. Баланс бойынша алуға есептелген пайыз сомасы 100 тең болады. Тиісті | |пайыздық түсімге касса негізіндегі салық салынады. Алуға есептелген | |пайыздардың салық базасы нөлге тең болады. | |3. Сауда дебиторларының баланс бойынша сомасы 100 болады. Тиісті түсім | |салық салынатын пайдаға (салық залалына) кіргізілген. Сауда дебиторларының | |салық базасы 100-ге тең болады. | |4. Еншілес компаниялардан алуға есептелген дивидендтердің баланстық құны | |100-ге тең. Дивидендтерге салық салынбайды. Шын мәнінде активтің барлық | |баланстық құны экономикалық пайдадан шегерілуі тиіс. Тиісінше дивидендтердің| |салық базасы 100-ге тең. | |5. Алуға есептелген несиенің баланстық құны 100-ге тең. Несиені өтеу | |ешқандай салық салдарын туғызбайды. Несиенің базасы -100-ге теңестіріледі . | Міндеттеменің салық базасы оның баланстық құнына тең болады, бұған алдағы уақытта осы міндеттемеге қатысты салық салу мақсатында шегерілетін кез келген сома қосылмайды. Аванспен алынған түсімге келетін болсақ, пайда болатын міндеттеменің салық базасы оның баланстық құнына тең болады, бұған алдағы уақытта салық салынбайтын түсімнің кез келген сомасы қосылмайды. |М ы с а л д а р | |1. Қысқа мерзімді міндеттемелерге баланстық құны 100 болатын есептелген | |шығыстар кіреді. Тиісті шығыс кассалық негізде салық салу мақсатында | |есептеледі. Есептелген шығындардың салықтық базасы нөлге тең болады. | |2. Қысқа мерзімді міндеттемелерге баланстық құны 100-ге тең болатын | |аванспен алынған пайыздық табыс кіреді. Тиісті пайыздық табысқа кассалық | |негізде салық салынды. Аванспен алынған пайыздар бойынша соманың салықтық | |базасы нөлге тең болады. | |3. Қысқа мерзімді міндеттемелерге баланстық құны 100-ге тең болатын | |есептелген шығыстар кіреді. Тиісті шығыс салық салу мақсатында шегеріліп | |қойылған. Есептелген шығындардың салықтық базасы 100-ге тең болады. | |4. Қысқа мерзімді міндеттемелерге баланстық құны 100 болатын есептелген | |айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбы кіреді. Айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбы | |салық салу мақсатында шегерілмейді. Есептелген айыппұлдар мен тұрақсыздық | |айыбының салықтық базасы 100-ге тең болады ( Бұл талдау әдісіне сәйкес | |ұстап қалынатын уақытша айырмашылық болмайды. Баламалы талдау алуға | |есептелген айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбы бойынша кредиторлық берешектің | |нөлге тең салық базасы болатынын, ал 100-ге тең ұстап қалынатын уақытша | |айырмашылыққ нөлдік салық мөлшері қолданылатынын көздейді. Талдау | |әдістеріне сәйкес кейінге қалдырылған салық талабы туындамайды.) | |5. Төлеуге есептелген несиенің баланстық құны 100-ге тең болады. Несиені | |өтеудің ешқандай салықтық салдары болмайды. Несиенің салықтық базасы | |100-ге тең болады. | Кейбір баптардың салықтық базасы бар, бірақ баланста актив пен міндеттеме ретінде танылмайды. Мәселен, зерттеуге кететін нақты шығын пайда болу кезеңінде бухгалтерлік пайданы анықтаған кезде шығын ретінде көрсетіледі, бірақ оны салық салынатын пайданы (салық залалын) белгілеген кезде шегеруге көпке дейін рұқсат берілмеуі мүмкін. Салық органдары болашақта шегеруге рұқсат беретін сома болып табылатын зерттеуге кететін шығынның салықтық базасы мен нөлге тең болатын баланстық құны арасындағы айырмашылық кейінге қалдырылған салық активінің пайда болуына жол ашатын шегерілетін уақытша айырмашылық болып табылады. Активтің немесе міндеттеменің салықтық базасы онша айқын болмаған жағдайларда 12 ҚЕХС негіз болатын іргелі принципті қарастырған пайдалы: компания белгілі бір шектеулерді есептемегенде активтің немесе міндеттеменің баланстық құнының орнын толтыру немесе өтеу болашақ салық төлемдерін, егер де осы орнын толтырудың немесе өтеудің салықтық салдарлары болмайтын болса, олардың қандай боларымен салыстырғанда көбейтетін (азайтатын) болса, кейінге қалдырылған салық міндеттемесін (активін) мойындауға міндетті. С мысалы осынау іргелі принципті қарастырған пайдалы болатындай, мысалы, активтің немесе міндеттеменің салықтық базасы орнын толтырудың немесе өтеудің қажетті тәсіліне тәуелді болатындай жағдайды көрсетеді. Шоғырландырылған қаржы есептілігінде уақытша айырмашылықтар шоғырландырылған қаржы есептілігіндегі активтердің және міндеттемелердің баланстық сомаларын тиісті салық базасымен салыстыру арқылы анықталады. Салық базасы шоғырландырылған салық декларациясына, ол есептелетін заңдылықтарға қатысты айқындалады. Басқа заңдылықта салық базасы топтағы компаниялардың әрқайсысының салық декларациясына қатысты анықталады. Ағымдағы және алдыңғы кезеңдер үшін ағымдағы салық төленбеген сомаға тең міндеттеме ретінде мойындалуға тиіс. Егер ағымдағы және алдыңғы кезеңдерге қатысты төленген сома осы кезеңдер үшін төленуге тиіс сомадан асса, онда асып кету мөлшері актив ретінде танылуға тиіс. Өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін өткен кезеңге көшірілуі мүмкін салық залалымен байланысты пайда актив ретінде мойындалуы керек. Салық залалы өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін пайдаланылатын болса, компания салық залалы пайда болған кезеңде пайданы актив ретінде мойындайды, өйткені пайда компанияға түсуі және осы пайдалар дұрыс бағалануы тиіс. Ағымдағы және алдыңғы кезеңдер үшін ағымдағы салық төленбеген сомаға тең міндеттеме ретінде мойындалуға тиіс. Егер ағымдағы және алдыңғы кезеңдерге қатысты төленген сома осы кезеңдер үшін төленуге тиіс сомадан асса, онда асып кету мөлшері актив ретінде танылуға тиіс. Өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін өткен кезеңге көшірілуі мүмкін салық залалымен байланысты пайда актив ретінде мойындалуы керек. Салық залалы өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін пайдаланылатын болса, компания салық залалы пайда болған кезеңде пайданы актив ретінде мойындайды, өйткені пайда компанияға түсуі және осы пайдалар дұрыс бағалануы тиіс. 2. Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері барлық салық салудағы уақытша айырмашылықты мойындаулары тиіс, егер тек ол мыналардан пайда болмаса: а) іскерлік беделді алғашқы танумен; немесе б) активті немесе міндеттемені мынадай операцияда: 1) кәсіпорындарды біріктіру болып табылмайтын; және 2) оны жасаған кезде не бухгалтерлік, не салық салынатын пайдаға (салық залалына) әсер етпейтін операцияда бастапқы мойындау. Алайда еншілес компанияларға, филиалдар мен қауымдастырылған компанияларға салынатын инвестициялармен және бірлескен қызметке қатысу үлесімен байланысты салық салудағы уақытша айырмашылық үшін кейінге қалдырылған салық міндеттемесі мойындалуы тиіс. Активтерді мойындауда компания алдағы кезеңде алатын экономикалық пайда ретінде оның баланстық құнын болашақта өтеу жатыр. Активтің баланстық құны оның салық базасынан асатын болса, салық салынатын экономикалық пайда сомасы салық салу мақсатында шегеруге рұқсат етілетін көлемнен асып түсетін болады. Бұл айырмашылық салық салынатын уақытша айырмашылық болып саналады, ал алдағы кезеңдерде туындайтын пайдаға салынатын салықты төлеу міндеттемесі кейінге қалдырылған салық міндеттемесі болып табылады. Компания активтің баланстық құнын өтеуіне қарай салық салынатын уақытша айырмашылық қалпына келеді, ал компанияда салық салынатын пайда туындайды. Бұл экономикалық пайдалар компаниялардан салық төлемі кейпінде кететін болады дегенді білдіреді. |М ы с а л | |Бастапқы құны 150 тұратын активтің баланстық құны 100. Салық салу | |мақсатында жиналған амортизация 90-ға тең болды, ал салық ставкасы 25%-ды | |құрайды. | |Активтің салықтық базасы 60-қа тең болады (өзіндік құны 150-ден шегерілген | |жинақталған салық амортизациясы 90). 100-ге тең баланстық құнын өтеу үшін | |компания 100-ге тең салық салынатын пайда алу керек, бірақ мұндай жағдайда | |тек қана сомасы 60 салық амортизациясын шегере алады. Демек активтің | |баланстық құнын өтеуде компания пайда салынатын салықты 10 пайыз мөлшерінде| |төлейтін болады (25% ставка бойынша 40). 100-ге тең баланстық құн мен 60-қа| |тең салық базасы арасындағы айырмашылық 40-қа тең болатын салық салынатын | |уақытша айырмашылықты құрайды. Сайып келгенде, компания мөлшері 10-ға тең | |кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін мойындайды (25% ставка бойынша | |40), мұны активтің баланстық құнын өтеген кезде төлейді. | Кейбір уақытша айырмашылықтар табысты немесе шығысты бір кезеңдегі бухгалтерлік пайданың құрамына, ал басқа уақытта салық салынатын пайдаға қосқан кезде пайда болады. Мұндай уақытша айырмашылықтар көбіне мерзімді айырмашылықтар деп аталады. Осындай уақытша айырмашылықтардың мысалдары төменде келтіріліп отыр. Бұларға салық салынады, сайып келгенде, олар кейінге қалдырылған салық міндеттемелерінің пайда болуына әкеліп соқтырады: а) пайыздық түсім уақытына қарай бухгалтерлік пайдаға қосылады, бірақ кейбір заңды құқықтарда ол ақша қаражатын алған кезде салық салынатын пайдаға қосылуы мүмкін. Осындай түсімге қатысты баланста мойындалатын кез келген дебиторлық берешектің салықтық базасы нөлге тең болады, себебі түсім ақша қаражатын алғанға дейін салық салынатын пайдаға әсер етпейді; б) салық салынатын пайданы (салық залалын) анықтаған кезде пайдаланылатын амортизация бухгалтерлік пайдаға қолданылатын пайдадан өзгеше болуы мүмкін. Уақытша айырмашылық - активтің баланстық құны мен оның салық базасы арасындағы айырмашылық, ал ол ағымдағы және мұның алдындағы кезеңдерде анықталған салық салынатын пайданы анықтаған кезде салық органдары рұқсат еткен осы активке қатысты барлық шегерулерді ескергенде активтің бастапқы құнына тең келеді. Салық салынатын уақытша айырмашылық амортизация тездетілген кезде кейінге қалдырылған салық міндеттемесінде пайда болады және көрінеді (егер салық амортизациясы бухгалтерлік амортизацияға қарағанда жай болса, онда шегерілетін уақытша айырмашылық пайда болады. Мұның өзі кейінге қалдырылған салық активінен көрінеді); және в) әзірлеуге кететін шығындар бухгалтерлік пайданы анықтаған кезде алдағы уақытта капиталдандырылуы және амортизациялануы мүмкін, бірақ олар пайда болған кезеңдегі салық салынатын пайданы анықтаған кезде шегеріледі. Әзірлеуге кеткен мұндай шығындардың салықтық базасы нөлге тең болады, өйткені олар салық салынатын пайдадан шегерілген. Уақытша айырмашылық - әзірлеуге кеткен шығынның баланстық құны мен олардың нөлге тең салық базасының арасындағы айырмасы. Уақытша айырмашылықтар сонымен қатар: а) сатып алу болып табылатын кәсіпорындарды біріктіру жөніндегі шығын алынған теңестірілетін актив пен міндеттемелерге олардың бастапқы әділ құнымен, бірақ салық салу мақсаты үшін эквиваленттік түзетусіз бөлінеді; б) (салық салу мақсаты үшін эквиваленттік түзетусіз активтер қайта бағаланады; в) іскерлік бедел кәсіпорындар біріккен кезде пайда болады; г) активтің немесе міндеттеменің салықтық базасы бастапқы мойындалған кезде оның бастапқы баланстық құнынан өзгеше болады, мысалы, компания активтерге жататын салық салынбайтын мемлекеттік субсидиядан пайда алған кезде; не д) еншілес компанияларға, филиалдар мен қауымдастырылған компанияларға салынатын инвестициялармен және бірлескен қызметке қатысу үлесімен байланысты инвестициялардың баланстық құны инвестициялардың салық базасынан немесе қатысу үлесінен өзгеше болады. Кейінге қалдырылған салық активі шегерілетін барлық уақытша айырмашылық үшін шегерілетін уақытша айырмашылық қолданылуы мүмкін салық салынатын пайда алыну ықтималдығы бар дәрежеде мойындалуға тиіс, егер тек кейінге қалдырылған актив мынадай мәміле бойынша активті немесе міндеттемені алғашқы танумен байланысты туындамаса: а) кәсіпорындарды біріктіру болып табылмаса; және б) мәмілені жүргізген кезде не есептік, не салық салынатын пайдаға (салық залалына) әсер етпейтін болса. Алайда еншілес компанияларға, филиалдар мен қауымдастырылған компанияларға салынатын инвестициялармен және бірлескен қызметке қатысу үлесімен байланысты есептелетін уақытша айырмашылық үшін кейінге қалдырылған салық міндеттемесі мойындалуы тиіс. Міндеттемені мойындаудың өзі алдағы уақытта компаниядан экономикалық пайда әкелетін ресурстарды шығару жолымен баланстық құнның өтелетінін көрсетеді. Компаниядан ресурсты шығару кезінде барлық сома немесе бір бөлігі салық пайдасын міндеттемені мойындаған кезге қарағанда неғұрлым кешірек кезеңдегі салық салынатын пайданы белгілегенде шегерілуге тиіс. Мұндай жағдайда міндеттеменің баланстық құны мен оның салық базасының арасында уақытша айырмашылық болады. Тиісінше пайдаға салынатын салыққа қатысты кейінге қалдырылған салық активі пайда болады, ол міндеттеменің бір бөлігі салық салынатын пайданы анықтаған кезде шешілетін алдағы кезеңдерде өтелетін болады. Сол іспеттес, егер активтің баланстық құны оның салықтық базасынан аз болса, айырмашылық алдағы кезеңдерде өтелетін пайдаға салынатын салыққа қатысты кейінге қалдырылған актив салығының пайда болуына әкеліп соқтырады. |Мысал | |Компания кепілдеме берілген жөндеуге есептелген шығын бойынша міндеттемені | |100 мөлшерінде мойындайды. Компания тауар сапасына жасалған шағым бойынша | |төлем жасамайынша, салық салу мақсатында бұл шығындар шегерілмейді. Салық | |ставкасы -25%. | |Міндеттеменің салық базасы нөлге теңестіріледі (баланстық құны – 100, минус| |алдағы уақытта бұл міндеттемеге қатысты салық салу мақсатында шегерілетін | |сома). Міндеттемені баланстық құнына қарай өтеу кезінде компания өзінің | |болашақтағы 100-ге тең салық салынатын пайдасының сомасын азайтады, демек | |өзінің болашақтағы салық төлемдерін 25-ке азайтады деген сөз (25% ставка | |бойынша 100). 100-ге тең баланстық құны мен нөлге тең салық базасы | |арасындағы айырма 100-ге тең шегерілген уақытша айырмашылықты құрайды. | |Сонымен компания алдағы уақытта салық төлемдерін азайтудан пайда алу үшін | |жеткілікті салық салынатын пайда алу ықтималдығы болған жағдайда кейінге | |қалдырылған 25 пайыздық салық активін мойындайды (25% ставка бойынша 100). | Төменде кейінге қалдырылған салық активтерінің пайда болуына әкеліп соқтыратын уақытша айырмашылықтың мысалдары келтіріліп отыр: а) зейнетақы төлеуге кететін шығын қызметкерлерге қызмет көрсетілуіне қарай бухгалтерлік пайданы анықтаған кезде шегерілуі мүмкін, ал салық салынатын пайданы анықтаған кезде компания зейнетақы қорына жарна аударған кезде немесе қызметкерлерге зейнетақы төлеген кезде шегерілуі мүмкін. Уақытша айырмашылық міндеттеменің баланстық құны мен оның салық базасы арасында болады; міндеттеменің салық базасы әдетте нөлге тең болады. Мұндай шегерілетін уақытша айырмашылық кейінге қалдырылған салық активінде көрініс табады, өйткені экономикалық пайда компанияға қорға жарна аударылған кезде немесе зейнетақы төленген кезде салық салынатын пайдадан шегерім түрінде түсетін болады. б) зерттеуге жұмсалатын шығын ол пайда болған кезеңде бухгалтерлік пайданы анықтаған кезде мойындалады, бірақ оны шегеруге салық салынатын пайданы (салық залалын) анықтаған кезде көпке дейін рұқсат етілмеуі де мүмкін. Салық органдары алдағы уақытта шегеруге рұқсат ететін сома болып табылатын зерттеуге жұмсалатын шығынның салық базасы мен нөлге тең баланстық құны арасындағы айырмашылық шегерілетін уақытша айырмашылықты құрайды, ол кейінге қалдырылған салық активінің құралуына алып келеді; в) кәсіпорындарды біріктіру құны сатып алу күніндегі әділ құнына қатысты сатып алынған және қабылданған бірегейлендірілетін активтер мен міндеттемелерді тану арқылы бөлінеді. Міндеттеме сатып алған кезде мойындалатын болса, бірақ олармен байланысты шығындар көпке дейін салық салынатын пайданы анықтаған кезде шегерілмесе, алынып тасталатын уақытша айырмашылық құралады, ол кейінге қалдырылған салық активінен көрінеді. Сондай-ақ кейінге қалдырылған салық активі сатып алынған теңестірілген активтің әділ құны оның салық базасынан аз болып қалса да пайда болады. Екі жағдайда да барлық кейінге қалдырылған салық активі іскерлік беделге әсер етеді; және с) анықталған активтер салық салу мақсатында жасалған әділ құнына қарай ескеріледі немесе баламасыз түзетусіз қайта бағаланады. Егер активтің салықтық базасы оның баланстық құнынан асып кетсе, шегерілетін уақытша айырмашылық пайда болады. Шегерілген уақытша айырмашылықтың қайтарылуы алдағы уақытта анықталған салық салынатын пайданың азаюынан көрінеді. Алайда компания экономикалық пайданы салық төлемдерін қысқарту түрінде алады, тек ол үшін шегерімдер өзара есептелуі мүмкін жеткілікті салық салынатын пайда табуы керек. Сонымен компания кейінге қалдырылған салық активтерін шегерілетін уақытша айырмашылық қолданылуы мүмкін салық салынатын пайда ықтималдығы бар болған жағдайда мойындайды. Компанияда шегерілетін уақытша айырмашылық қолданылуы мүмкін салық салынатын пайда ықтималдығы белгілі бір салық органына және де белгілі бір салық салынатын заңды тұлғаға жататын жеткілікті салық салынатын уақытша айырмашылықтар бар болған кезде орын алады. Оларды мынадай жағдайларда қайтару көзделген: а) шегерілген уақытша айырмашылықты қалпына келтіру болжамдалған кезеңде; не б) кейінге қалдырылған салық активтерінен пайда болған салық залалы өткен немесе алдағы уақытқа аударылуы мүмкін кезеңдерде. Мұндай жағдайда кейінге қалдырылған салық активтері шегерілген уақытша айырмашылықтар пайда болған кезеңде мойындалады. Белгілі бір салық органына және де белгілі бір салық салынатын заңды тұлғаға жататын жеткіліксіз салық салынатын уақытша айырмашылықтар бар болған кезде кейінге қалдырылған салық активі мынадай жағдайда мойындалады: а) компанияның шегерілген уақытша айырмашылықтар қайтарылған кезеңде (немесе шегерілген салық активтерінен туындайтын салық залалы өткен немесе болашақ кезеңдерге аударылуы мүмкін кезеңдерде) белгілі бір салық органына және де белгілі бір салық салынатын компанияға жататын жеткілікті салық салынатын пайдасы болады деген ықтималдық бар. Алдағы уақытта салық салынатын пайданың жеткіліктілігін бағалаған кезде компания болашақ кезеңдерде күтілетін шегерілетін уақытша айырмашылықтарды құрайтын салық салынатын соманы есептемейді, өйткені осы шегерілетін уақытша айырмашылықтар құрайтын кейінге қалдырылған салық активі болашақта өзі пайдаланатын салық салынатын пайданың болуын талап етеді; не б) компанияда салықты жоспарлау мүмкіндіктері бар, мұның өзі тиісті кезеңдерде салық салынатын пайда түсіруге жәрдемдеседі. Салықты жоспарлау мүмкіндіктері – тиісті кезеңде салық залалын немесе салық кредитін мұның алдындағы кезеңнен көшіру мерзімі біткенге дейін салық салынатын пайда жасау немесе көбейту үшін компания жасайтын әрекеттер. Мысалы, кейбір заңдылықтарда салық салынатын пайда мыналардың көмегімен жасалуы немесе көбейтілуі мүмкін: а) пайыздық табысқа салық салудың екі нұсқасының бірін таңдау: алынған сома бойынша немесе алынатын сома бойынша; б) салық салынатын пайдадан белгілі бір шегерім жасауға талап мерзімін ұзарту; в) қымбаттаған, бірақ салық базасы құнның бұлайша артуын көрсету үшін түзетілмеген активтерді, сатулар, қайта жалға беру мүмкіндігі; және с) салық салынатын пайда түсіретін басқа инвестицияны сатып алу үшін салық салынбайтын пайда әкелетін активті сату (кейбір заңдылықтарда - мемлекеттік құнды қағаздар). Салықты жоспарлау мүмкіндіктері салық салынатын пайданы неғұрлым бұрынғы кезеңнен ертерек кезеңге көшірілген кезде салық залалын немесе салық кредитін көшіруді пайдалану әлі де болса болашақта уақытша айырмашылықты тудыратын көзден өзгеше болатын болашақтағы салық салынатын пайданың болуына байланысты болады. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 1. Табыс салығын есептеу қалай жүргізіледі? 2. Табыс салығы қандай бухгалтерлік шотта көрініс табады? 3. Салық салынатын табыс қалай анықталады? Тақырып 10.Ассоцияланған компанияларға инвестициялар (ҚЕХС (IFRS) 28) Лекция жоспары: (2 сағат) 1. Ассоцияланған компаниялар ұғымы және есептілігі 2. Инвестициялар есебіндегі әдістер Қауымдасқан ұйым - инвестордың елеулі ықпалы бар және ол не еншілес кәсіпорын, не инвестордың бірлескен қызметтегі азшылық үлесі болып табылмайтын ұйым, оның ішінде серіктестік сияқты корпорацияланбаған ұйым. Шоғырландырылған қаржы есептілігі – топтың біртұтас экономикалық ұйым дайындағандай болып ұсынылатын қаржы есептілігі. Бақылау – ұйымның қаржылық және операциялық саясатын оның қызметінен пайда алатындай етіп басқару мүмкіндігі. Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі - соған сәйкес инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша ескеріледі де, ал содан соң инвестициялар объектісінің таза активтеріндегі инвестор үлесі алынғаннан кейін болған өзгерісіне түзетілетін бухгалтерлік есепке алу әдісі. Инвестордың пайдасына немесе залалына оның инвестициялар объектісінің пайдалары мен залалдарындағы үлесі кіреді. Бірлескен бақылау шарт бойынша экономикалық қызметке бақылауды бөлуді білдіреді және мұндай қызметпен байланысты стратегиялық қаржылық және операциялық шешімдер олардың арасында бақылау бөлінген тараптардың (кәсіпкерлердің) ортақ келісімін талап ететін жағдайларда ғана орын алады. Жеке қаржы есептілігі – бас ұйым, қауымдасқан ұйымның инвесторы немесе бірлесіп бақыланатын ұйымның кәсіпкері ұсынатын есептілік, мұнда инвестицияларды есепке алу есептілікте ұсынылатын нәтижелердің және инвестициялар объектілерінің таза активтерінің негізінде емес, тікелей қатысу үлесі негізінде жүргізіледі. Елеулі ықпал - инвестициялар объектісінің қаржылық және операциялық қызметі бойынша шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігі, бірақ осындай саясатты жеке өзі немесе бірлесіп бақылау емес . Еншілес ұйым – басқа ұйым (бас ұйым деп аталатын) бақылайтын ұйым, оның ішінде серіктестік сияқты корпорацияланбаған ұйым. Жеке қаржы есептілігі үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі қолданылатын қаржы есептілігі де, не еншілес ұйымы, не қауымдасқан ұйымы, не бірлескен қызметке қатысу үлесі жоқ ұйымның қаржы есептілігі де болып табылмайды. Жеке қаржы есептілігі шоғырландырылған қаржы есептілігіне инвестицияларды есепке алу үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдалана жүзеге асырылатын қаржы есептілігіне, бірлескен қызметтегі кәсіпкерлердің үлестері теңбе-тең негізде шоғырландырылатын қаржы есептілігіне толықтыру ретінде ұсынылатын қаржы есептілігі. Жеке қаржы есептілігі осындай қаржы есептілігіне ілесе жүруі мүмккін немесе ілеспеуі де мүмкін. Егер инвестор инвестициялар объектісінің дауыс беру құқығы бар акцияларының кемінде 20%-ына тікелей немесе жанама иелік етсе (мысалы, еншілес кәсіпорындар арқылы), бұл керісінше жағдайдың айқын дәлелдері болмаған жағдайда, инвестордың елеулі ықпалы бар екенін білдіреді. Және керісінше, егер инвестор инвестициялар объектісінің дауыс беру құқығы бар акцияларының 20%-ынан азына тікелей немесе жанама иелік етсе (мысалы, еншілес кәсіпорындар арқылы), бұл керісінше жағдайдың айқын дәлелдері болмаған жағдайда, инвестордың елеулі ықпалы жоқ екенін білдіреді. Басқа инвестордың акциялардың ірі немесе бақылау пакетіне ие болуы инвестордың елеулі ықпалы бар екенін жоққа шығаруы міндетті емес. Инвестордың елеулі ықпалының болуы, әдетте, төменде келтірілген тәсілдердің бірімен немесе бірнешеуімен расталады: (а) инвестициялар объектісінің директорлар кеңесіндегі немесе сондай басқару органындағы өкілдігі; (b) дивидендтерге немесе басқа бөлістерге қатысты шешімдерді қабылдауға қатысуды қосқанда, саясатты әзірлеу барысына қатысуы; (с) инвестор мен инвестициялар объектісі арасындағы ірі операциялар; (d) басқару қызметкерлерімен алмасуы; (е) маңызды техникалық ақпарат беруі. Ұйым жазылу сертификаттарына, акциялар алуға арналған опциондарға, жай акцияларға айырбасталатын борыштық және үлестік құралдарға немесе орындау немесе айырбастау жағдайында компанияға дауыс құқығын беруге, немесе басқа ұйымның қаржылық және операциялық саясатын айқындауға қатысты мәселелерде басқа тараптың дауыс құқығын азайтуға (әлуетті дауыс құқығы) қабілетті сол секілді құралдарға ие бола алады. Ағымдағы сәтте іске асырылуы және айырбасталуы мүмкін әлуетті дауыс құқықтарының болуын және оның ықпалын ұйымның елеулі ықпалын бағалау кезінде есепке алу қажет. Егер, мысалы, әлуетті дауыс құқықтары болашақтағы белгілі бір күн немесе болашақ оқиға басталғанға дейін іске асырыла немесе айырбастала алмайтын болса, онда олар ағымдағы сәтте жүзеге асырылатын немесе айырбасталатын болып табылмайды. Әлуетті дауыс құқықтарының елеулі ықпалға үлес қосатын- қоспайтынын бағалай отырып, ұйым басшылықтың талап-тілектерін және осындай құқықтарды жүзеге асыру мен айырбастау мәселелеріндегі қаржылық мүмкіндіктерді қоспағанда, әлуетті құқықтарға ықпал ететін фактілер мен жағдайларды (әлуетті дауыс құқықтарын іске асыру талаптарын және кез келген шарттық келісімдерді қосқанда жеке-жеке, сол сияқты бір-бірімен байланыста) зерделейді. Ұйым инвестициялар объектісінің қаржылық және операциялық саясатының мәселелерінде шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігін жоғалтумен бірге инвестициялар объектісіне тигізетін елеулі ықпалын жоғалтады. Елеулі ықпалды жоғалту абсолютті және салыстырмалы ие болу деңгейінде өзгерістер болған кезде де, сол сияқты осындай өзгерістер болмаған кезде де орын алуы мүмкін. Мұндай жоғалту, мысалы, қауымдасқан ұйым мемлекет тарапынан, сот, әкімшілік немесе реттеуші орган тарапынан бақылау объектісіне айналғанда орын алуы мүмкін. Ол сондай-ақ шарттық келісім салдарынан да болуы мүмкін. 2. Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісіне сәйкес, инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша танылады және олардың баланстық құны инвестордың алынған күннен кейінгі инвестициялар объектісінің пайдасы мен залалындағы танылған үлесіне ұлғайтылады немесе азайтылады. Инвестициялар объектісінің пайдасы мен залалының инвесторға тиесілі үлесі инвестордың пайдасы мен залалында танылады. Инвестициялар объектісінен алынған табыс инвестициялардың баланстық құнын азайтады. Инвестордың инвестициялар объектісіне қатысуының теңбе-тең үлесінің инвестициялар объектісінің меншік капиталындағы өзгерістердің нәтижесінде туындайтын, оның пайдалары мен залалдары туралы есебіне кіргізілмеген өзгерістерін көрсету үшін баланстық құнды түзету қажеттігі туындауы мүмкін. Әлуетті дауыс құқықтары болған жағдайда инвестордың инвестициялар объектісінің пайдасы мен залалындағы және инвестициялар объектісінің меншік капиталындағы өзгерістердің үлесі ағымдағы ие болу үлестерінің негізінде айқындалады және әлуетті дауыс құқықтарын ықтимал орындауды немесе айырбастауды көрсетпейді. Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қолдану (і) басқа ұйымның толық немесе ішінара меншігіндегі еншілес ұйым және оның басқа иеленушілері, оның ішінде басқа жағдайларда дауыс құқығы болмайтын, инвестордың үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қолданбайтыны жөнінде хабардар етілген және қарсы болмайтындары да инвестор болып табылған; (іі) инвестордың борыштық немесе үлестік құралдары ашық нарықта айналыста болмаған (ішкі немесе шетелдік қор биржасында немесе жергілікті және аймақтық нарықтарды қоса алғанда, биржадан тыс нарықта); (ііі) ашық нарықта кейіннен қандай да бір құралдар класын айналысқа шығару мақсатында инвестор өзінің қаржы есептілігін бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға немесе басқа реттеуші органға ұсынбаған немесе ұсыну барысында болмаған; (іv) инвестордың соңғы және кез келген аралық бас ұйымы ашық қол жету үшін Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сәйкес келетін шоғырландырылған қаржы есептілігін шығарған жағдайлардың бәрі қолданылатын жағдайларды қоспағанда, үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі пайдаланыла отырып есепке алынуға тиіс. Бұрын сатуға арналған ретінде жіктелген қауымдасқан ұйымға инвестиция мұндай ретінде тану критерийлерін қанағаттандыруын тоқтатқан кезде, ол сатуға арналған ретінде жіктей бастаған күннен бастап үлестік қатысу әдісін пайдалану арқылы есепке алынады. Тиісінше осындай қатысу үлесі сату үшін арналған деп жіктелген кезден басталатын кезеңдер үшін қаржы есептілігі тиісті түрде түзетілуге тиіс. Алынған түсімдер негізінде табысты тану инвестордың қауымдасқан компаниянға салған инвестициясы бойынша алған табысының мөлшерлеріне сәйкес келмеуі мүмкін, себебі алынған табыстың қауымдасқан компания қызметінің нәтижелерімен байланысы шамалы болуы мүмкін. Инвестор қауымдасқан компанияға айтарлықтай ықпал ететіндіктен, ол оның қызметінің нәтижесіне, яғни, инвестицияның рентабельділігіне де мүдделі. Инвестор бұл мүдделілікті есепте өзі ұсынатын қаржы есептілігіне осы қауымдасқан ұйымның пайдалары мен залалдарындағы өз үлесін кіргізу арқылы көрсетеді. Қорыта келгенде, үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі есептілікте инвестордың таза активтері және таза пайдасы немесе залалы туралы егжей-тегжейлі ақпарат болуын қамтамасыз етеді. Инвестор үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қауымдасқан ұйымға елеулі ықпал етуді жоғалтқан күннен бастап тоқтатуға міндетті және осы күннен бастап инвестицияны қауымдасқан ұйым 31 IAS Халықаралық стандартының анықтамасына сәйкес еншілес ұйым немесе бірлескен қызмет мәртебесін алмайды деген шартпен 39 IAS Халықаралық стандартына сәйкес есепке алуға тиіс. Топтың қауымдасқан ұйымдағы үлесі бас ұйымның немесе оның еншілес ұйымдарының осы қауымдасқан ұйымға қатысу сомасына тең болады. Топтың құрамындағы басқа қауымдасқан ұйымдардың немесе бірлескен қызметтің иелену үлестері осы мақсаттарда ескерілмейді. Қауымдасқан ұйымның еншілес, қауымдасқан компаниялары немесе бірлескен қызметі болғанда үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қолданған кезде пайдалар немесе залалдар және таза активтер ретінде шоғырландырылған қаржы есептілігінде танылатын (қауымдасқан ұйымның қауымдасқан ұйымдары мен бірлескен қызметінің пайдалары мен залалдарының және таза активтерінің оған тиесілі үлесін қосқанда), бірыңғай есеп саясатын жүзеге асыру үшін қажет кез келген түзетулерден кейінгі шамалар қолданылады Инвестор (оның шоғырландырылған еншілес ұйымдарын қосқанда) мен қауымдасқан ұйым арасындағы «төменнен жоғары» және «жоғарыдан төмен» операцияларының нәтижесінде туындаған пайдалар мен залалдар инвестордың қаржы есептілігінде тек қана инвестордың осы қауымдасқан ұйымға қатысу үлесіне жатпайтын сомада ғана танылады. «Төменнен жоғары» операциясының бір мысалы активтерді қауымдасқан ұйымнан инвесторға сату болып табылады. «Жоғарыдан төмен» операциясының мысалы активтерді инвестордан қауымдасқан ұйымға сату болып табылады. Инвестордың қауымдасқан ұйымның осы операциялар нәтижесінде туындаған пайдалары мен залалдарындағы үлесі алынып тасталады. Егер инвестордың қауымдасқан ұйымның залалдарындағы үлесі оның оған қатысу үлесін құраса немесе одан асып кетсе, инвестор одан арғы залалдардағы өз үлесін тануды тоқтатуға тиіс. Қауымдасқан ұйымдағы қатысу үлесі негізінен, инвестордың қауымдасқан ұйымға салған инвестициясының бір бөлігін құрайтын кез келген ұзақ мерзімді қатысу үлестерімен қатар, осы қауымдасқан ұйым инвестициясының үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісінің көмегімен есептелген баланстық құнына тең болады. Мысалы, өтелуі жоспарланбаған немесе таяу болашақта өтеу мүмкіндігі жоқ бап негізінен алғанда ұйымның осы қауымдасқан ұйымға салған инвестициясын ұлғайтады. Осындай баптарға артықшылығы бар акциялар және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек немесе кредиттер, бірақ сауда-саттық дебиторлық немесе кредиторлық берешек емес, немесе тиісті кепіл қамтамасыз етуі бар дебиторлық берешек, мысалы, қамтамасыз етілген кредиттер жатқызылуы мүмкін. Жай акцияларға салынған инвестициялардың үстіне үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі пайдаланыла отырып танылған залалдар кері бағыныштылық (яғни тарату кезіндегі басымдық) тәртіппен инвестордың қауымдасқан ұйымға қатысу үлесінің басқа баптарына жатқызылады. Инвестордың үлесі нөлге дейін төмендетілгеннен кейін қосымша залалдар қамтамасыз етіледі және міндеттемелер тек инвестор өзіне заңдық немесе жүктелген міндеттер қабылдаған немесе қауымдасқан ұйымның атынан төлемдерді жүзеге асырған дәрежеде ғана танылады. Егер қауымдасқан ұйым кейіннен пайдалар жарияласа, онда инвестор оның осы пайдадағы үлесі танылмаған залалдардың үлесімен теңестірілгеннен кейін ғана осы пайдадағы өзінің үлесін тануды жаңартады. Мынадай ақпарат: (а) солар үшін ашық баға белгілеулері бар қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялардың әділ құны; b) активтердің, міндеттемелердің, табыстардың және пайдалар мен залалдардың жалпы сомаларын қоса алғанда, қауымдасқан ұйымдардың қорытынды қаржы ақпараты; c) егер инвестор өзінің еншілес ұйымдары арқылы тікелей немесе жанама түрде инвестициялар объектісінің қолданыстағы немесе әлуетті дауыс құқығының 20 немесе одан көп пайызына иелік етсе, бірақ өзінің елеулі ықпалы жоқ деп есептесе, инвестордың елеулі ықпалы болмауының болжамы бұзылатын себептер; d) егер инвестор өзінің еншілес ұйымдары арқылы тікелей немесе жанама түрде инвестициялар объектісінің қолданыстағы немесе әлуетті дауыс құқығының 20 немесе одан көп пайызына иелік етсе, бірақ өзінің елеулі ықпалы жоқ деп есептесе, инвестордың елеулі ықпалы болуының болжамы бұзылатын себептер; e) үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі қолданылған кезде қауымдасқан ұйымның қаржы есептілігі пайдаланылса және инвестордың есептік күнінен және есептік кезеңінен басқа күні немесе кезеңде жасалса, қауымдасқан ұйым қаржы есептілігін жасаған күн және басқа есептік күнді және есептік кезеңді пайдаланудың себебі; f) қауымдасқан ұйымдардың инвесторға ақшалай дивидендтер, кредит немесе аванстарды қайтару түрінде қаражат аудару жөніндегі мүмкіндігіне қойылған кез келген шектеулердің (мысалы, кредит-заем уағдаластықтарының немесе әкімшілік талаптардың) сипаты мен дәрежесі; g) егер инвестор қауымдасқан ұйымның залалдарындағы өз үлесін тануды тоқтатса, қауымдасқан ұйымдардың кезең ішіндегі залалдарының, сол сияқты жинақталған, танылмаған үлесі; Қауымдасқан ұйымға салынған, үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі қолданылатын инвестициялар ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктелуге тиіс. Инвестордың осындай қауымдасқан ұйымдардың кез келген тоқтатылған қызметіндегі үлесі бөлек ашып көрсетілуге тиіс. Инвестордың осындай қауымдасқан ұйымдардың тоқтатылатын қызметіндегі үлесі де жеке ашып көрсетілуге тиіс. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 1. Қауымдасқан ұйымдар деген қандай заңды тұлғалар? 2. Қауымдасқан ұйымдардың қандай есептілігі бар? 3.Қауымдасқан ұйымдардың инвестицияларын есепке алуда қандай әдістер қолданылады? Модуль 3. Есеп саясатындағы өзгерістер Тақырып 11. Қаржылық инвестицияларды бағалау және оның есебі.(ҚЕХС 32) Лекция жоспары: (2 сағат) 1.Қаржылық құралдар, олардың жіктелуі 2.Инвестициялар есебі 3.Еншілес серіктестіктерге инвестициялар 1.Инвестициялар деп өнеркәсіптің, кұрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың баска да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялык қызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады. Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде калған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды. Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзак мерзімді болып белінеді. Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді. Нақты инвестициялар — бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік корын өсіруге салынатын салымдар. Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мөміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық бағалы (қүнды) қағаздар екі топқа бөлінеді — ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай карыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан темен бағаға сатып алудың есебінен кдлыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі. Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (проценттерді) төлеуді және негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, вексельдер жатады. Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады. Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі. Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған. Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін. Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды. Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін. Ақша нарығы дегеніміз — қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылык. нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі - бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы кағаздар, әдетте, төменгі төлем тәуекелімен катар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады. тараптандырудың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бүл салымдардың тәуекелділігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы неғұрлым аз ауытқитын біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық (фондылык) портфел деп аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байланысты болады. Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау өзінің күрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін және тап сондай тәуекелділіктің де сол және баска да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы қағаздардың тізбесін де, келемін де инвестор өзгерте алады. Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар типін. Инвестор инвестициялық Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді калыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип - өсім коржыны, екінші тип — табыс коржыны. Ақша нарығының қоржындары (портфелі) капиталды толық сақтау мақсатынан тұрады. Оның құрамына ақшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың есебінен қалыптасады және нольдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі. Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары әсер етеді.Табыс қоржындары тұрақты құрамға және құрылымға ие. Қоржын қызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелген және мерзімі шектелмеген болып белінеді. Инвестиция - экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор. Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды каржыландыратын және үзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялык банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан қүрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғүрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды. Қаржылык инвестициялар техникалык-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтык қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін. Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық түрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен преференциялар әзірленіп жасалған. Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты- жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет керсету; отандықтауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы ендірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетинггің әдістерін енгізу, жаңа жүмыс орындарын қүру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады. 2.Қаржылық инвестициялардың есебі "Қаржылық инвестициялар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған "Акциялар", "Облигациялар" және "Басқа қаржылық инвестициялар" шоттары кіреді. Бұл шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың кему операциялары жазылады. Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді. Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді. Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарықтық) құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты. Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады. Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу қүнының ең төменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық кұнын келесі негізде анықтайды: жалпы қоржындық (портфельдік) жиынтығымен; инвестицияның түрі бойынша қоржындык жиынтығымен; жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша. Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда — табыс ретінде танылады. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста төмендегідей жолмен анықталады: -сатып алу құнымен; қайта бағалау құны ескерілген құнмен; сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең кіші (төменгі) бағасымен бағаланады, яғни қоржындық бағалы қағаздар негізінде. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды қайта бағалау үшін: қайта бағалаудың мерзімін анықтау қажет және бір уақытта ұзақ мерзімді инвестициялардың бір ғана түрі қайта бағаланады. Инвестицияның үстеме бағасының сомасы, бұрын құны төмендеген болса, сол инвестицияның зияны өтелгеннен кейін меншік капиталына жатқызылады, яғни сол сомаға өседі. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар кұны төмендеген жағдайда сөзсіз бұл инвестициялардың баланстық құны қайта қарауды талап етеді. Құнды тап осылайша төмендету әрбір инвестиция үшін жеке анықталынады және есептелінеді. Бұл кезде инвестицияланған субъектідегі инвестордың үлес салмағы және тәуекелділіктің түрі ескерілуі керек. Қаржылық инвестициялар есептен шығарылғанда, оны сатқаннан түскен пайда мен баланстың құнының арасындағы айырмасынан шығындарды алып тастағаннан кейін (брокердің немесе дилердің қызметі) ол не табысқа, не шығысқа жатқызылады. Егер инвестиция бұрынырақта қайта бағаланған немесе ағымдағы құны бойынша бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы табысқа немесе қабылданған есеп саясатына сай бөлінбеген табысқа жатқызылады. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция қысқа мерзімді инвестициясына өтетін болса, онда оның сатып алу мен баланстық құны ең төменгі баға бойынша аударылады. Егер инвестиция бұрынырақта қайта бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы аудару кезінде шығарылып тасталынады. Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы құнмен есептелсе, онда ол баланстық құн бойынша аударылады. Бұр арада бұрындары жүргізілген қайта бағалау сомасы инвестицияның табысы болып саналады. Қысқа мерзімді инвестицияларды ұзақ мерзімді инвестицияға аударсақ, онда: олар сатып алу жөне ағымдағы құнның ең төменгі бағасы бойынша немесе ағымдағы кұны бойынша (егер де олар бұрындары осы кұны бойынша көрсетілген болса) бағаланады. Кәсіпорынның есептік саясатында қысқа мерзімді каржылық инвестицияны ағымдағы құны бойынша, ал ұзақ мерзімді инвестицияны сатып алу құны бойынша есептеуді қарастырған болатын. Депозитті сертификат - салушының депозитгі алуға құкығын куәландыратын ақшаларды депозитке өткізгені туралы қаржы мекемесі беретін куәлік. Депозиттер — бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап етілгенше салынатын депозиттер жөне шартты депозиттер (шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның салыным иесі атына салған қаражаттары) болып бөлінеді. Бондар — мемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер мен кәсіпорындар шығаратын қарыздық міндеттемелері. Бондарды сатып алу және сату қаражаттары суррогатгарының есебінде қолдана алады, ақша суррогаттарының ролін атқарады. Қазыналық вексельдер — мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі; олардың пайыздық купондары болмайды. Негізінен, банктер арасында номиналдан кеміту немесе жеңілдік жолымен сатылады. Толық өзіндік құны бойынша сатып алынады. Вексельдердің иелері көрсетілген (номиналдық) бағалар мен сату бағасы арасындағы айырмашылыққа тең табыс алады. Қазыналық ноталар — қазыналық эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың түрі. Қазыналық билеттердің синонимі (асыл металдармен қамсыздандырылмаған және алтын мен күміске ауыстырылуға жатпайды); ұсыну үшін шығарылатын мемлекеттік міндеттемелердің орташа мерзімділігінің бір түрі. Опцион — опциондық контрактінің нәтижесі болып табылатын бағалы қағаз, соған сәйкес қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен соң бағалы кағаздарды алдын-ала ескертілген бағасы бойынша алуына немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыйақы алу үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға құқысы бар. Варрант — бұл негізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар (корпоративтік артықшылығы бар акциялар, облигациялар) көрсетілген қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар. Варрант оның иесіне белгілі бір уақыт ішінде алдын ала белгіленген баға бойынша сатып алынған бағалы қағаздарға берілетін құқық. Варрант иесі — оның сатып алушысы. Варрантты сатушы тұлға болып сол шартты қағаздарды шығаратын (эмиссияны жүзеге асыратын) жөне варрант сатып алушыларға қатысты (тиесілі) міндеттемелерді қабылдайтындар. Бағалы қағаздардың варрант бойынша алынған бағасы, сол варранттың атқаратын бағасы болып аталады. Варранттар кей жағдайда, бағалы қағаздың өзімен бірге ұсынылады және олардың құны бағалы қағаздың кұнымен бірдей болуы мүмкін. Бұл бағалы қағаздардың кұны варранттардан бөлінуі мүмкін, егер бағалы қағаздар нарығында (рыногында) өз бағамына ие болса және дербес қызмет ете алса. Фьючерлік контракт — мәміле жасасу кезінде белгілі бір уақыт мерзімі ішінде белгіленген бағалар бойынша уағда етілген кұндылықтар көлемін жеткізіп беру туралы келісім жасалған құнды кағаздар. Фьючерлік контракт мәмілеге катысушыларға қор құндылықтарын жеткізумен ғана аяқталмауы мүмкін, бірақ ол нақты тауарды жеткізіп беруді де қарастыруы мүмкін. Бүл жағдайда фьючерлік контракт мәмілеге катысушылардың біріне контрактының құны мен биржалық бағаның арасындағы айырманы төлеуді қарастырады. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 1.Қаржылық құралдарға нелер жатады? 2.Инвестицияларға анықтама беріңіз. 3.Қаржылық инвестициялар деген қандай инвестициялар? 4.Инвестициялар қандай шоттарда есептеледі? Тақырып 12. Бірігіп бақыланатын активтер, бірігіп бақыланатын компаниялар (ҚЕХС 31) Лекция жоспары: (2 сағат) 1.Бақылау түрлері 2.Бірлескен қызмет нысандары 3. Бірігіп бақыланатын операциялар 1. Бақылау – ұйымның қаржы және операция саясатын оның қызметінен пайда алатындай етіп басқару мүмкіндігі.Үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісі – бірлесе бақыланатын ұйымдағы үлес бастапқыда өзіндік құн бойынша ескеріледі, содан соң кәсіпкердің бірлесе бақыланатын ұйымның таза активтеріндегі үлесінде сатып алудан кейін болған өзгерістер бойынша түзетіледі. Кәсіпкердің пайдасы немесе залалы бірлесе бақыланатын ұйымның пайдасындағы немесе залалындағы оның үлесін қамтиды. Бірлескен қызметке инвестор - бірлескен қызмет туралы шарт бойынша сол қызметке бірлескен бақылауға қатыспайтын тарап.Бірлескен бақылау шарт бойынша келісілген экономикалық қызметке бақылауды бөлуді білдіреді және мұндай қызметпен байланысты стратегиялық қаржылық және операциялық шешімдер бақылау бөлінген тараптар (кәсіпкерлер) арасындағы ортақ келісімді талап еткен жағдайларда болады.Бірлескен қызмет – екі немесе одан көп тарап экономикалық қызметке бірлескен бақылау бар жағдайда оны өзі бойынша жүзеге асыратын шартты келісім. Тепе-тең шоғырлану – бірлесе бақыланатын ұйымның активтеріндегі, міндеттемелеріндегі, кірістері мен шығыстарындағы кәсіпкердің үлесі кәсіпкердің қаржы есептілігіндегі ұқсас баптармен құрамдастырылатын, не оның қаржы есептілігінде жеке жолдармен көрсетілетін есепке алу әдісі. Жеке қаржы есептілігі – басты ұйым, қауымдасқан ұйым инвесторы немесе кәсіпкер бақыланатын ұйыммен бірлесе ұсынатын есептілік, онда инвестицияларға есеп инвестициялар объектілерінің есептілікте берілетін нәтижелері мен таза активтерінің емес, ал тікелей қатысу үлесінің негізінде жүргізіледі. Елеулі ықпал - инвестициялар объектілерінің қаржы және операциялар саясатына жеке-дара немесе бірлесе бақылау жасау мүмкіндігі емес, ал сол саясаттың мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігі. Кәсіпкер – бірлескен қызмет туралы шарт бойынша сол қызметке бақылау жасаушы тарап. Жеке қаржы есептілігі – тепе-тең шоғырлану немесе үлесті қатысу бойынша есепке алу қолданылатын қаржы есептілігі де, еншілес те, қауымдастырылған да ұйымы, бірлесе бақыланатын ұйымға қатысу үлесі де жоқ ұйымның қаржы есептілігі де емес. Жеке қаржы есептілігі – шоғырландырылған қаржы есептілігіне, инвестицияларды есепке алу үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдалана жүзеге асырылатын қаржы есептілігіне, кәсіпкерлердің бірлескен қызметтегі үлесі тепе-тең негізде шоғырландырылатын қаржы есептілігіне толықтыру ретінде ұсынылатын қаржы есептілігі. Жеке қаржы есептілігі мұндай есептілікті толықтыруға немесе сүйемелдеуге міндетті емес. 2.Бірлескен қызмет нысандары Бірлескен қызметті түрлі нысандар мен құрылымдар түрінде жүзеге асыруға болады. Осы Стандартта үш негізгі түр белгіленген - бірлесе бақыланатын операциялар, бірлесе бақыланатын активтер және бірлесе бақыланатын ұйымдар – бұлар осылай деп жинақтап аталады және бірлескен қызмет анықтамасына сай келеді. Мына сипаттамалар бірлескен қызметтің барлық түрлеріне тән: (а) екі немесе одан көп компания шартты келісіммен байланысты; (b) шарттық келісімдерде бірлескен бақылау орнатылады. Бірлескен бақылау Инвестициялар объекті заң жүзінде қайта ұйымдастырылатын немесе банкрот болған, немесе кәсіпкерге қаражат аудару жөніндегі өз мүмкіндігіне қатысты ұзақ мерзімді қатаң шектеулер жағдайларында жұмыс істеген кезде бірлескен бақылау алып тасталуы мүмкін. Егер бірлескен бақылау одан әрі жалғасатын болса, ол оқиғалар сәйкес бірлескен қызметті есепке алудан бас тарту үшін өздігінен жеткілікті негіз бермейді. Шарттық келісімнің болуы бірлескен бақылауды қамтитын қатысу үлесін инвестордың елеулі ықпалы бар қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялардан өзгеше етеді. Өз негізінде бірлескен бақылау орнату туралы шарттық келісімі жоқ қызмет мақсаттарында бірлескен қызмет болып мойындалмайды. Шарттық келісімнің дәлелі, мысалы, кәсіпкерлер арасындағы шарт немесе олардың арасындағы келіссөздер хаттамасы болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда келісім жарғыға немесе бірлескен қызметтің басқа да құрылтай құжаттарына қосылады. Нысаны қандай екеніне қарамастан, шарттық келісім, әдетте, жазбаша нысанда рәсімделеді және мына мәселелерге: (а) бірлескен қызмет есептілігі бойынша қызметке, ұзақтыққа және міндеттемелерге; (b) директорлар кеңесін немесе бірлескен қызметті басқарудың баламалы органын тағайындауға және кәсіпкерлердің дауыс беру құқықтарына; (с) кәсіпкерлердің капиталға төлеген жарналарына; және (d) кәсіпкерлер арасында өндіріс көлемін, кірісті, шығысты немесе бірлескен қызмет нәтижелерін бөлуге қатысты болады. Шарттық келісім бірлескен қызметке бірлескен бақылау орнатады. Мұндай талап бірлескен кәсіпкерлердің бір де бірінің бұл қызметке жеке- дара бақылау орнатуға мүмкіндігі болмайтынына кепілдік береді. Шарттық келісім бір кәсіпкерді бірлескен қызметтің жетекшісі немесе басқарушысы етіп белгілей алады. Жетекші бірлескен қызметке бақылау жасай алмайды, ал шарттық келісімге сәйкес кәсіпкерлер келіскен және функционер ретінде оған табысталған қаржы және операция саясатының шеңберінде іс-қимыл жасайды. Егер жетекші экономикалық қызметтің қаржы және операция саясатын басқару жөніндегі өкілдіктерге ие болса, ол ондай қызметті бақылайды және ол бірлескен қызмет емес, ал оның еншілес ұйымы болып табылады. 3.Бірлесе бақыланатын операциялар Бірлескен қызметтің кейбір түрлерінің операциялары корпорация, серіктестік немесе өзге ұйым, немесе бірлескен кәсіпкерлерден бөлек қаржы құрылымын құруды емес, ал кәсіпкерлердің активтері мен өзге де ресурстарын пайдалануды көздейді. Әрбір кәсіпкер өзінің негізгі құралдарын пайдаланады және өз қорларын жасайды. Оның сондай-ақ өз шығыстары мен міндеттемелері болады, ол өз міндеттемелері болып саналатын өзінің қаржыландыру көзін алады. Бірлескен қызметті кәсіпкердің жалдамалы қызметкерлері оның өзінің сондай қызметімен қатарластыра жүзеге асыра алады. Бірлескен қызметті тағайындау туралы келісімде әдетте бірлесе өндірілген өнімді сатудан түскен түсім және кез келген бірлесе жұмсалған шығыстар кәсіпкерлер арасында өз көмегімен бөлінетін құрал көзделеді. Екі немесе одан көп кәсіпкер нақты өнімді, мысалы, ұшақты жасау, оны сату және тарату үшін өз операцияларын, ресурстары мен тәжірибесін біріктіретін жағдай бірлесе бақыланатын қызметінің мысалы бола алады. Әрбір кәсіпкер өндірістік процестегі өз бөлігін жүзеге асырады. Әрбір кәсіпкер өз шығынын жұмсайды және ұшақты сатудан түсетін түсімнен өз үлесін алады, ал бұл үлес шарттық келісімге сәйкес анықталады. Бірлесе бақыланатын активтерге өзінің қатысу үлесі жөнінде әрбір кәсіпкер өзінің қаржы есептілігінің жекелеген нысандарында мыналарды: (а) өзі бақылайтын активтер мен бар міндеттемелерді; (b) жұмсалған шығыстарды және бірлескен қызметпен өндірілген тауарларды сату немесе қызметтер көрсету нәтижесінде кірістерден алатын өз үлесін мойындауға міндетті. Активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар кәсіпкердің қаржы есептілігінде мойындалғандықтан, ол шоғырландырылған есептілікті ұсынған кезде бұл баптарға түзетулер немесе шоғырландырудың басқа рәсімдері қажет етілмейді. Бірлескен қызметтің өзі үшін жекелеген есеп жазбаларының қажет етілмеуі, сол сияқты қаржы есептілігінің жасалмауы мүмкін. Алайда кәсіпкерлер бірлескен қызмет нәтижелерін бағалау үшін басқару шоттарын әзірлей алады. Бірлесе бақыланатын активтер Бірлескен қызметтің кейбір түрлері бірлескен бақылау болуын, көп ретте – бірлескен қызмет мақсатында салынған немесе алынған және бірлескен қызмет мақсаттарына жетуге арналған бір немесе бірнеше активтерді кәсіпкерлердің бірлесе иеленуін көздейді. Кәсіпкерлер ол активтерді пайда табу үшін пайдаланады. Әрбір кәсіпкер активтермен өндірілген өнімнен үлес алуына болады және әрбір кәсіпкер шығыстардың келісілген бөлігін өз мойнына алады. Бірлескен қызметтің мұндай түрлері корпорация, серіктестік немесе өзге ұйым, немесе кәсіпкерлердің өздерінен бөлек қаржы құрылымын құруды қажет етпейді. Әрбір кәсіпкер болашақтағы экономикалық пайдалар үлесін бірлесе бақыланатын активтегі өз үлесі арқылы бақылайды. Мұнай мен газ өндіру саласындағы көптеген компаниялар, сондай-ақ минералдық шикізат өндіретін компаниялар бірлесе бақыланатын активтерді пайдаланады. Мысалы, бірқатар мұнай компаниялары мұнай құбырын бірлесе бақылай және пайдалана алады. Әрбір кәсіпкер мұнай құбырын өз өнімін тасымалдау үшін пайдаланады, ал оның орнына сол мұнай құбырын пайдалануға жұмсалатын шығыстардың келісілген бөлігін өз мойнына алады. Бірлесе бақыланатын активтің басқа мысалы - екі ұйым мүлікті бірлесе бақылайды, алынатын жалдау ақысының бір бөлігі әрқайсысына тиесілі және де шығыстардың тиісті бөлігін әрқайсысы өз мойнына алады. Бірлесе бақыланатын активтерге қатысу үлесі жөнінде кәсіпкер өзінің қаржы есептілігінде: (а) активтердің сипатына сәйкес сараланған бірлесе бақыланатын активтердегі өз үлесін; (b)өзі қабылдаған кез келген міндеттемені; (с) бірлескен қызмет жөнінде басқа да кәсіпкерлермен қатар кез келген міндеттемедегі өз үлесін; (d) бірлескен қызмет нәтижесінде өндірілген өнімдегі өз үлесін, бірлескен қызметке байланысты жұмсалған кез келген шығыстағы өз үлесімен бірге, сатудан немесе пайдаланудан алынған кез келген табысты; (е) бірлескен қызметке қатысудағы өз үлесі жөнінде, мысалы, кәсіпкердің активтердегі үлесінің қаржыландырылуына, өндірілген өнімдегі өз үлесін сатуға байланысты ол жұмсаған кез келген шығыстарды мойындауға міндетті. Бірлесе бақыланатын активтерге қатысудағы өз үлесі жөнінде әрбір кәсіпкер: (а) инвестициялар сияқты емес, ал бірлесе бақыланатын, активтердің сипатына сәйкес сараланатын активтердегі өз үлесін. Мысалы, бірлесе бақыланатын мұнай құбырының үлесі негізгі құрал ретінде сараланады; (b) мысалы, активтердегі өз үлесін қаржыландыру жөнінде ол қабылдаған кез келген міндеттемелерді; (с) бірлескен қызмет жөнінде басқа кәсіпкерлермен бірге қабылданған кез келген міндеттемелердегі өз үлесін; (d) бірлескен қызмет нәтижесінде өндірілген өнімдегі өз үлесін, бірлескен қызметке байланысты жұмсалған кез келген шығыстағы өз үлесімен бірге, сатудан немесе пайдаланудан алынған кез келген табысты; (е) бірлескен қызметке қатысудағы өз үлесі жөнінде, кәсіпкердің активтердегі үлесін қаржыландыруға және өндірілген өнімдегі өз үлесін сатуға байланысты ол жұмсаған кез келген шығыстарды өзінің есеп жазбаларына қосады және қаржы есептілігінде мойындайды. Активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар кәсіпкердің қаржы есептілігінде мойындалғандықтан, ол шоғырландырылған есептілікті ұсынған кезде бұл баптарға түзетулер немесе шоғырландырудың басқа рәсімдері қажет етілмейді. Бірлесе бақыланатын активтерді есепке алу тәртібі бірлескен қызметтің мазмұны мен экономикалық мәнін және, әдетте, заңдылық нысанын көрсетеді. Бірлескен қызметтің өзіне арналған жекелеген есептілік жазбалар кәсіпкерлер бірігіп жұмсаған және, түптеп келгенде, қатысудың келісілген үлестеріне сәйкес олардың арасында бөлінген шығыстармен шектелуі мүмкін. Бірлескен қызметтің қаржы есептілігінің жасалмауы да мүмкін, дегенмен кәсіпкерлер бірлескен қызметтің тиімділігін бағалауларына мүмкіндік беретін басқару шоттарын дайындай алады. Бірлесе бақыланатын кәсіпорындар Бірлесе бақыланатын ұйым – корпорация, серіктестік немесе әрбір кәсіпкерлерде өзінің қатысу үлесі бар басқа ұйым құруды көздейтін бірлескен қызмет. Ондай ұйым, кәсіпкерлер арасындағы шарттық келісім оның экономикалық қызметіне бірлескен бақылау орнататыннан басқа жағдайларда, өзге ұйымдар сияқты жұмыс істейді. Бірлесе бақыланатын кәсіпорын бірлескен қызметтің активтерін бақылайды, міндеттемелер қабылдайды, шығындар жұмсайды және пайда алады. Ол өз атынан бірлескен қызмет мүдделерінде шарттар жасайды және қаржы алады. Әрбір кәсіпкер бірлесе бақыланатын ұйым пайдасының бір бөлігін алуға құқылы, алайда кейбір бірлесе бақыланатын ұйымдар бірлескен қызмет нәтижесінде алынған өнімнің бөлінуін көздейді. Бірлесе бақыланатын кәсіпорынға тән мысал - екі ұйым нақты саладағы өз қызметін тиісті активтері мен міндеттемелерін бірлесе бақыланатын ұйымға беру жолымен біріктіретін жағдай. Оның басқа бір мысалы – ұйым басқа елдің үкіметімен немесе басқа агенттігімен ынтымақтаса отырып, сол ұйымның, үкіметтің немесе агенттіктің бірлескен бақылауында болатын жеке компания құру жолымен өз ісін сол елде бастайтын жағдай. Көптеген бірлесе бақыланатын ұйымдар іс жүзінде бірлесе бақыланатын операциялар немесе бірлесе бақыланатын активтер деп аталатын бірлескен ұйымдарға ұқсас. Мысалы, кәсіпкерлер мұнай құбыры сияқты бірлесе бақыланатын активті салықты немесе басқа да себептерді басшылыққа ала отырып бірлесе бақыланатын ұйымға аудара алады. Кәсіпкерлер бірлесе пайдаланылатын активтерді бірлесе бақыланатын ұйымға нақ солайша енгізе алады. Кейбір бірлесе бақыланатын операцияларда қызметтің нақты аспектілерін жүзеге асыру үшін, мысалы, өнімді әзірлеу, өткізу, тарату немесе тауарды сатудан кейін қызметпен қамту үшін бірлесе бақыланатын ұйым құру көзделеді. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 1.Бақылау түрлері қандай болады 2.Бірлескен қызметте қолданылатын қаржылық есептілік түрлері 3. Бірігіп бақыланатын операциялар, активтер, міндеттемелердің анықтамасы және ерекшеліктері Тақырып 13. Акциядан пайда (ҚЕХС 33) Лекция жоспары: (2 сағат) 1.Пайыздық және пайыздық емес акциялар 2.Бағалы қағаздардан табыстар 1. Таратылуға қарсы - акцияға келетін пайданы ұлғайту немесе кеміту, оның өзі айырбасталатын құралдарды айырбастауға қатыстырудың, опциондар мен варранттарды орындаудың немесе белгілі бір шарттар орындалғаннан кейін жай акциялар шығарудың нәтижесі болып табылады. Орналастырылуы кейінге қалдырыған акциялар шығару туралы шарт – акциялар шығару туралы белгілі бір шарттардың орындалуына байланысты келісім. Орналастырылуы кейінге қалдырылған акциялар - орналастырылуы кейінге қалдырылған акциялар шығару туралы шартта белгіленген талаптар орындалғаннан кейін шағын ақшалай өтем төлеуге айырбас ретінде немесе қандай да болсын, соның ішінде шағын ақшалай өтем төлеусіз шығарылатын жай акциялар. Тарату - акцияға келетін пайданы кеміту немесе акцияға келетін залалды ұлғайту, бұл айырбасталатын құралдарды айырбастауға қатыстырудың, опциондар немесе варранттар орындау немесе белгілі бір жағдайлар орындалғаннан кейін жай акциялар шығару нәтижесі болып табылады. Опциондар, варранттар және олардың баламалары - өздерін ұстаушыға жай акциялар сатып алу құқығын беретін қаржы құралдары. Жай акция – үлескерлік құралдардың барлық басқа сыныптарына неғұрлым төмен статусы бар үлескерлік құрал. Әлуетті жай акция - өз иесіне жай акцияларды иелену құқығын бере алатын қаржы құралы немесе өзге шарт. Жай акцияларды сату опциондары – мұндай опционды ұстаушыға жай акцияларды белгілі бір баға бойынша белгілі бір кезең ішінде сату құқығын беретін келісім-шарттар. Жай акцияларды ұстаушылар кезеңдегі пайданы бөлуге тек артықшылықты акциялар сияқты басқа акция түрлері иелерінен кейін ғана қатысады. Ұйымда жай акциялардың бірнеше сыныбы болуы мүмкін. Бір сыныптағы жай акцияларды ұстаушылар дивидендтер алуға тең құқылы. Әлуетті жай акциялардың мысалдары: (а) қаржы міндеттемелері немесе үлескерлік құралдар, соның ішінде жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялар; (b) опциондар мен варранттар; (с) шарт келісімдерінде көзделген талаптар орындалғаннан кейін, мысалы, кәсіпорын немесе басқа активтер сатып алу кезінде шығарылатын акциялар. Ұйым артықшылықты акцияларды сататын жеңілдікті өтеу есебіне бастапқы төмен дивидендтерді немесе дивидендтерді неғұрлым кейінгі кезеңдерде инвесторлар артықшылықты акцияларды сатып алатын үстемені өтеу есебінен «рыноктан жоғары» төлеуді көздейтін артықшылықты акциялар кейде ставкасы ұлғайтылған артықшылықты акциялар деп аталады. Артықшылықты акциялар шығару кезіндегі кез келген жеңілдік немесе үстеме ставканың ұлғаюына қарай пайыздың тиімді ставкасы әдісін пайдалана бөлінбеген пайдаға амортизацияланады және есепке алуда акцияға келетін пайданы есептеу мақсатында артықшылықты акцияға дивиденд түрінде көрсетіледі. Артықшылықты акцияларды ұйымның соларды ұстаушыларға тендерлік ұсынысы шеңберінде сатып алуға болады. Артықшылықты акциялар ұстаушыларға төленген өтемді төлеудің әділ құнының сол артықшылықты акциялардың баланстық құнынан асып кетуі артықшылықты акциялар ұстаушылар пайдасындағы кіріс және ұйымның бөлінбеген пайдасынан шегерім болып табылады. Бұл сома басты ұйымның артықшылықты акцияларын ұстаушыларға келетін пайданы немесе залалды есептеу кезінде шегеріледі. Айырбасталатын артықшылықты акцияларды мерзімінен бұрын айырбастауды ұйымның айырбастаудың бастапқы жағдайларын қолайлы түрде өзгерту немесе қосымша ыңғайласпа қосымша ұсынысты төлеу арқылы ынталандыра алады. Жай акциялардың әділ құнының немесе төленген басқа өтемді төлеудің айырбастаудың бастапқы шарттарына сәйкес орналастырылатын акциялардың әділ құнынан асуы артықшылықты акциялар ұстаушылар пайдасындағы кіріс болып табылады және басты ұйымның артықшылықты акцияларын ұстаушыларға келетін пайданы немесе залалды есептеу кезінде шегеріледі. Артықшылықты акциялардың баланстық құнының оларды өтеу кезіндегі өтемді төлеудің әділ құнынан кез келген асуы басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін кезеңдегі пайданы немесе залалды есептеу кезінде шегерілуге жатады. Акцияға келетін негізгі пайданы есептеу үшін жай акциялардың саны кезең ішіндегі айналыстағы жай акциялардың орташа алынған санына тең болуға тиіс. Кезең ішінде айналыста болатын жай акциялардың орташа алынған санын пайдалану акционерлік капитал мөлшерінің түрлі кезеңде акциялардың көп немесе аз санының айналыста болатындығына байланысты өзгеруінің ықтималдығын көрсетеді. Кезең ішінде айналыста болатын жай акциялардың орташа алынған саны кезеңнің бас кезінде айналыста болатын жай акциялардың кезең ішінде сатып алынған немесе орналастырылған жай акциялар саны бойынша түзетілген, орташа алынған уақыт коэффициентіне көбейтілген санына тең болады. Орташа алынған уақыт коэффициенті акциялар айналыста болатын күндер санын есепті кезеңдегі күндердің жалпы санына бөлудің бөліндісі ретінде айқындалады; көптеген жағдайларда, жеткілікті негіздер бар болған жағдайда, орташа алынған көрсеткішті шамамен есептеуге жол беріледі. Акциялар айналыстағы акциялардың орташа алынған санының есебіне, әдетте, оларды өтеу жөніндегі дебиторлық берешек пайда болған сәттен (әдетте олар орналастырылған күннен) бастап қосылады, мысалы: (а) ақша қаражатын төлеу арқылы орналастырылған жай акциялар есепке оларды төлеу бойынша дебиторлық берешек пайда болған сәттен бастап қосылады; (b) жай немесе артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді ерікті қайта инвестициялау барысында орналастырылған жай акциялар есепке дивидендтер төленген күннен бастап қосылады; (с) қарыз құралын жай акцияларға айырбастау нәтижесінде орналастырылған жай акциялар есепке пайыздар есептеу тоқтатылған күннен бастап қосылады; (d) басқа қаржы құралдарының пайыздарын немесе негізгі сомасын төлеу есебінен орналастырылған жай акциялар есепке пайыздар есептеу тоқтатылған күннен бастап қосылады; (е) ұйымның міндеттемелерін орындау есебінен орналастырылған жай акциялар есепке міндеттемелер орындалған күннен бастап қосылады; (f) ақша қаражаты болып табылмайтын активті сатып алған кезде өтемді төлеу ретінде орналастырылған жай акциялар есепке сатып алынған актив ұйым балансында мойындалған күннен бастап қосылады; және (g) ұйымға көрсетілген қызметке ақы төлеу есебінен орналастырылған жай акциялар есепке ондай қызметтердің көрсетілуіне қарай қосылады. Жай акцияларды айналыстағы акциялардың орташа алынған санының есебіне қосу сәті оларды шығаруға және орналастыруға байланысты жағдайлармен айқындалады. Акцияларды орналастыруға қатысты кез келген шарттың мазмұнын тиісті түрде ескеру қажет. Кәсіпорындар бірігуі құнының құрамдас бөліктерінің бірі түрінде шығарылған жай акциялар орташа алынған акциялар санының есебіне сатып алынған күннен бастап қосылады. Мұның өзі сатып алушы ұйымның сатып алынатын ұйым пайдалары мен залалдарын сол күннен бастап пайдалар мен залалдар туралы өз есебіне қосуының нәтижесі болып табылады. Төленуге тиісті вексельдер – жазба түрде бекітілген міндеттеме, вексель ұстаушы белгілі уақытта екінші жаққа келісілген соманы төлеуді міндетке алады. Вексель ұйым банктен займ алғанда жасалады немесе басқа қаржылық институтта жасалуы мүмкін. Вексельдер ұзақ мерзімді объектілерді: жабдықтарды, станоктарды және басқа да активтерді несиеге алғанда да пайдаланылады. Вексельдер кепілдікпен қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді. Вексельдер көбінесе пайыздық болады. Пайыздық вексельде пайыз ставкасы вексель сомасынан бөлек жазылады. Пайыздық емес вексельде пайыз дисконтты бекіту жолымен төленеді, онда пайыз нормасы жанама түрде көрсетіледі, ол нақты пайыздық ставка немесе пайыздық табыс деп аталады. Атауынан тәуелсіз, барлық қарыздық құжаттар тікелей және жанама түрде қарыз алушыға пайыз төлеуді талап етеді. Бұл уақыт ағымында ақшаның құнсыздануына байланысты. Қарыздық міндеттеме бойынша кезеңдік пайыз сомасы мына тәртіпте анықталады. Қарыздың негізгі сомасы х Пайыздық ставка х Уақыт = пайыз сомасы Пайыздық ставка – қарыздық құжатта көрсетілетін пайыз нормасы, ол қарыздың негізгі сомасына төленетін пайыздық төлемдердің сомасын анықтайды. Қаржылық нарықта пайыздық ставка экономикалық ситуациямен анықталады және уақыт ағымына қарай өзгереді. Қарыз бойынша нақты пайыздық ставка қарыз сомаларының белгілі кезеңдегі нарықтық ставкаларына сәйкес келеді. Нақты пайыздық ставка болашақтағы ақша төлемдерін дисконттау үшін пайдаланылады. Ақша қаржыларының сомасына немесе ақша эквиваленттеріне нақты пайыздық ставка қолданылады. Қарыздың толық сомасы – пайыздық төлемдерсіз белгілі уақытқа төленетін негізгі сома. Пайыздық вексельдің орнына вексельдің беттік жағында көрсетілген пайыздық ставкасы көрсетілмеген пайыздық емес вексель қолданылуы мүмкін. Бірақ онда пайыз есептеле береді, өйткені вексель шығару пайыз төлеумен байланысты. Қарыз алушы ақша қаржыларының орнына вексельдің дисконтталған құнын алады. Дисконтталған құн номинальдық құннан пайызды алып тастағанға тең. Банк вексельді шығарғанда сыйақысын бірден алады, оны өтеу уақытын күтпейді. Мысал: 2011 жылдың 10 қазанында ұйым номиналдық құны 100 000 тенге вексель алды, жылдық вексель төлемі өтеу кезінде 12%. Есептік жыл 2011 жылы 31 желтоқсанда бітеді, ал вексельді өтеу уақыты -2012 жылдың 30 қыркүйегі. Бұл операциялар бузгалтерлік шоттарда былай көрініс табады: 1.10.2011.Вексельдің ағымдағы құны: Д «Ағымдағы, банктік шоттардағы ақша» 100000 тенге К «Басқалар» субшот «Төленуге тиісті вексель» 100000 тенге 31.12.2011. Пайыздар есептелді: Д «Сыйақы түріндегі шығындар»(100000*12%*3/12) 3000 тенге К «Төленуге тиісті сыйақы» 3000 31.12.2011. Табыстар мен шығындар туралы есептегі жазба: Пайыздар бойынша шығындар 3000 тенге Бухгалтерлік баланстағы жазба: Ағымдағы міндеттемелер: «Төленуге тиісті вексель» 100000 тенге «Төленуге тиісті сыйақы» 3000 тенге Вексельді өтеу кезіндегі жазба: 30.09.2012. Өтеу уақытында номиналдық сома мен пайыздарды төлеу: Д «Төленуге тиісті сыйақы» 3000 тенге «Төленуге тиісті сыйақылар» 9000 тенге «Басқалар», субшот «Төленуге тиісті вексель»100000 тенге К «Ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы ұлттық валютадағы ақша» 112000 тенге. 2.Облигация – ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер ұзақ мерзімді негізде үлкен капитал сомаларын қорғау үшін шығаратын қарыздық куәлік. Облигациялар – эмитент-ұйымның негізгі соманы және капиталды қайтарғандағы пайызды төлеуі туралы формальды серті бар құжат. Облигациялар бірнеше тәсілдер арқылы сатылады.Әдетте, облигацияның барлық эмиссиясы банк- инвестормен сатылады. Инвестициялық банктер жеке инвесторларға белгілі баға бойынша облигация эмиссиясын жасауға кепілдік береді.( сатуға көмектесіп,тәуекелдің бір бөлігін өзіне алады) Қаржылық ұйымдар мен жеке инвесторлар арасында тікелей тарату альтернативті кепілдік болып табылады. Облигация эмиссиясының көпшілігі құжаттық формада жүргізіледі. Ұйым облигация шығарғанда, кредиторға кезең сайын мүддесін төлеп отыруға міндеттеме алады және белгіленген күнде алынған соманы төлеп отырады. Егер бухгалтерлік есепте тіркелгенде бір жылдан артық уақытқа шығарылса, облигациялар ұзақ мерзімді деп аталады. Халықаралық тәжірибеде ұзақ мерзімді облигациялар 10 жылдан 50 жылға дейін беріледі. Шығарылған облигациялар сатылып алынады және көптеген салымшылардың қолында болады. Ұйымдар облигациялық келісім шарт жасап,онда облигация ұстаушылардың құқықтарын,облигацияны өтеу уақыттарын, пайыздық үстеме мөлшерлерін және оларды төлеу уақыттарын көрсетеді. Облигациялар бухгалтерлік баланста ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде көрсетіледі. Облигация дегеніміз — ұстаушысына (иесіне) өз құнынан процент түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік муниципалды органдар және басқалары) облигацияны шығарушының кредиторы болып табылады. Облигация - жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге де құқысы жоқ. Облигациялармен байланысты операциялардың есебі "Облигация" шотында жүреді. Облигациялардың төмендегідей реквизиттері болуы керек: аты, фирмалық атауы және эмитенттің тұрған жері (облигацияны айналымға шығарушы мемлекет, кәсіпорын, мекеме); фирмалық атауы немесе сатып алушының аты немесе облигацияның талап етушіге жазылғаны туралы жазба; номиналдық құны, қарастырылған болса пайыз мөлшері; өтеу және пайыздарды (проценттерді) төлеу мерзімдері, шығарылған орны мен күні, сондай-ақ облигацияның сериясы мен нөмірі, эмитенттің өкілетті түлғаларының қол қою үлгілері. Облигацияның мақсатын білдіретін міндетті реквизит облигацияның кандай тауар үшін шығарылғандығын көрсетеді. Облигацияларды өтеу мерзімін және шығару туралы шешімін эмитент айқындайды. Облигацияға салынған қаражат инвестициясы олардың номиналдық құнының деңгейіне байланысты тұрақты пайыз түрінде алуды көздейді. Облигацияны алудың екі нұсқасы бар: номиналдық құнынан үлкен бағасы бойынша (сыйлығымен) және номиналдық құнынан төмен бағасы бойынша (жеңілдіктермен). Облигация номиналдық құны бойынша немесе облигация сыйлығымен (сыйақысымен) немесе облигация жеңілдігімен шығарылуы мүмкін. Ұйым облигацияны сатып алғанда не номиналдық құнынан төмен, не жоғары бағаға сатып алады. Бірақ осы екі жағдайда да олардың сатып алу құны мен номиналдық құнының арасында айырма болады. Облигацияның табысын есептеу осы айырманың төңірегінде жасалады. Заемдар бойынша шығындар қандай кезеңде болса, сол кезеңде есепке алынады.Заемдар бойынша шығындар есебінде мына әдістер қолданылады: • негізгі әдіс; • альтернативтік әдіс. Заемдар бойынша шығындар капитализацияланады. Капитализациялауға белгілі бір активті сатып алуға, құрылысқа және өндіріске арналған шығындар жатады. Актив бойынша операциялар тоқтаған кезде капитализация да тоқтайды. Капитализация нормасы – есепті кезеңде өтелмеген заемдар бойынша шығындардың орта өлшенген құны. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 1.Акциялар қандай бухгалтерлік шотта есептеледі? 2.Облигациялар есебінде қандай әдістер қолданылады? 3.Заемдар бойынша шығындар қандай шығындар? 4.Облигациялар қалай сатылады? Тақырып 14. Компанияның есеп саясатындағы өзгерістер (ҚЕХС 8) Лекция жоспары: (2 сағат) 1.Есеп саясаты және оның негізгі қағидалары 2. Есеп саясатындағы түпкілікті қателіктер түзету, есеп саясатын өзгерту 1.Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік нұсқауларында басқарушылық және қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған. Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы,құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есеп саясатында көрініс табуы тиіс. Есептік саясат – бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі. Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік – құқықтық құжаттарда белгіленген. Есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы – кәсіпорынның қызметін барынша пара – пар көрсету,іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы ақпаратпен қаптастыру. Әдістемелік аспектісі деп кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын есептеу, амортизацияны шығару, міндеттеме мен мүлікті бағалау үшін пайдаланатын әдістерін айтады; ұйымдық деп осы әдістердің бухгалтерлік қызмет тұрғысынан жүзеге асқандығын, оның кәсіпорындағы басқару құрылымындағы алатын орнын айтады. Есеп саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп стандартының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен таңдап алу жолымен қалыптасады. Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес, кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің прцедурасын дербес әзірлей алады. Есеп саясаты және оның ашылуы бухгалтерлік есептің бірінші стандартында көрініс тапқан. Ұйымның өзінің есеп саясатын өндеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтарлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтарлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады: • бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі; • бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмысын жоспары; • алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары; • ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары; • актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері; • актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентарзациясын) өткізу тәртібі (реті); • құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу технологиясы; • шаруашылық операциялары бақылау тәртібі; • бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер. Кәсіпорының қабылдаған есеп саясатын сол ұйымдағы бухгатерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі. Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді: • меншік нысанымен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа); • салалық қызметтің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа); • қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа); • салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа); • қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, келешектегі (перспективалық) мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері); • ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша); • материалдық базасының болуы (компьтерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық- әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар); • кәсіпорындағы бухгалтерлік мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі. Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет. Көрсетілген талаптардың әрқайсының мазмұнын қарастырайық. Толықтылық.Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек. Уақыттық.Кәсіпорының шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды. Сақтық.Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады. Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет. Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек. Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды. Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты. Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет: • Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері. • Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасы есептеу және олаврды есептеп шығару жолдары. • Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) әдістері. • Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі. • Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі. • Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі. • Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау және бағалау жолдары. • Материалдық қорларды бағалау әдістері. • Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру. • Курстық айырманы есептеу. Есеп саясатын негіздеу және таңдау кезінде барынша жалпы танылған талаптар мен қағидалар басшылыққа алынады, оны сақтаған жағдайда кәсіпорын үшін де, шаруашылық жағдайына бейімделген есеп саясатын қалыптастыру мүмкіндігі туады. Есеп саясатын әзірлеген кезде кәсіпорын өз мүліктері мен міндеттемелерін басқа кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелерінен бөліп көрсетуі тиіс, кәсіпорын өзінің көз жетерлік болашақ кезеңінде өз қызметін жалғастыруды көздейтін болса, яғни өз қызметін тоқтату жөнінде ниетінің жоқтығын білдірсе, онда толассыздық, үздіксіздік қағидасын сақтағаны болып табылады, кәсіпорын өзі таңдап алған бухгалтерлік есепті жүргізудің тәсілін жүйелі пайдаланып, тек тиімді түзетулерді ғана жасап отырса,онда ол жүйелілік қағидасын сақтағаны, ал егерде кәсіпорында орын алған барлық шаруашылық фактілерін сол кезеңіне жатқызатын болса, онда мерзімділігі анықталған қағидасын ұстағаны болып табылады. Бұдан басқа да мына талаптарды ұстайды: • шаруашылық қызметінің барлық фактілерін бухгалтерлік есепте толығымен көрсету; • сақтық жағдайын ұстау керек, яғни бухгалтерлік есепте жоғалту мен пассивтерді көрсетуге дайын болуы тиіс,активтер мен табыстарға қарағанда; • шаруашылық нысанының басымдылық мазмұнын, яғни шаруашылық қызметінің барлық фактілерін есепте көрсетілуін қамтамасыз ету керек, демек, оның тек құқықтық негізін ғана емес, сонымен қатар, пайда болған шаруашылық ахуалын, оның экономикалық мазмұнын да қамтуы керек; • қайшылықсыз деп әрқилы есеп түрлерінен қалыптасқан мәліметтердің сәйкестілігін, бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштерінің және синтетикалық, аналитикалық есеп мәліметтерінің ұқсастылығын айтады; • ұйымдылық кәсіпорынның көлемімен, оның қызмет масштабына лайықты келетін есепті жүргізудің қолайлылығын білдіреді. Аталған қағидалар мен талаптар кез – келген кәсіпорынның есептік саясатын әзірлеу барысында оның негізін қалайды.Егер де олар толығымен сақталмаса, онда бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыс еместігі ретінде танылуы және кәсіпорын мәліметтерінің бұрмалануы мүмкін. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» ҚР-ның заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте қолданылатын тіркелімдердің мазмұны мен бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері коммециялық құпия болып табылады. Есеп саясатының қалыптасуы бухгалтерлік есептің барлық жағын қамтиды: 1. Методологиялық (әдістемелік) – яғни, негізгі ереже, тәртіп пен заңды нормативтер, есеп жүйесінің жағдайы, міндеттемелер мен мүлік бағасының әдісі, НҚ, ТМҚ, материалдық емс активтер есебін жүргізудің ерекшеліктері мен бағасы, НҚ кейбір түрлеріне амортизация есептеудің тәсілін таңдау, кірістерді есептеудің тәсілі және т.б; 2. Техникалық – есеп жүргізу түрін таңдау және есептердің меншікті жұмыс жоспарының әзірлемесі, есеп тіркелімінің тізімі, олардың құрылымы, жазбаның кезегі мен техникасы, олардың байланыстылығы, сонымен қатар бухгалтерлік бақылаудың алдын ала, күнделікті және болатын жүйесі. Бұдан басқа есеп саясатының техникалық аспектісіне өндіріс басқаруы бойынша және оған қызмет ету, шығындарды бөлудің әр түрлі нұсқауларының әзірлемесі кіреді, бухгалтерлік есеп жүргізудің түрлері, басқарма ақпараты үшін өнеркәсіп есебінің құрамын анықтау; 3. Ұйымдастыру – бухгалтерлер аппаратының құқықтары мен міндеттерін анықтау, олардың құрылымын, лауазымды міндеттерін (функцияларын) анықтау және субъектінің бухгалтерлік тұлғаларын реттемеу үшін қажетті мәселелер. Басқаша айтқанда, есеп саясатының ұйымдастыру аспектісінің құрамды бөлігі есеп персоналының еңбекті бөлу шекарасы болып табылады. Шаруашылықтың ірі және орта субъектілерінде қазіргі уақытта мынадай бөлімшенің үш түріне бөлінеді: а) пән (зат) нұсқасы, бөлімдер атауына сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастыру: есептесу (еңбекақы төлеу); материалдық, өндірістік, қаржылық есептесу және өткізу, жалпы, т.б. Мұндай ұйым күнделікті есепті жүргізуге тиімді (құжат алу кезінде, оны өңдеу, тиісті есеп тіркелімдеріне енгізу (кітаптар, тізімдемелер,т.б.). Бұл нұсқа кезінде мәліметті дайындау сапасы жоғары, сондықтан бухгалтер есептің нақты көлеміне жақындайды. ә) функциялық нұсқа – есеп ұйымдастыру үшін керек, мұнда әр орын жеке компьютермен жабдықталған, олар қазіргі заман талабына сай толығымен жауап береді. Есеп мәліметтерін қалыптастыруда технологиялық процесс сатысына сәйкес, есеп операциясының біртектілігі бойынша қызметкерлердің жеке және топпен анықталған мамандықтарын орындауды қарастырады. Бұл нұсқаның жағымды ерекшеліктері бір жұмыстан басқа жұмыстарды орындауға ауысқанда өндірістік операцияларға жіберілетін уақытты үнемдеу немесе қысқарту; б) өнеркәсіп құрылымдық бөлімшелер үшін тұрпатты болып жеке еңбек бөлінісінің желілі нұсқасы (учаскелер, өнеркәсіп цехтары) табылады. Аталған есеп топтарына есеп мәліметтерін өңдеу және қорыту, жинау, байқаудан бастап есеп процесін жүктейді. Субъектілерге ішкі өнеркәсіп бақылаудың жүйесін енгізедіжәне құруда тізбектелген нұсқалардың әртүрлі үйлесуі қаралады,есеп процесін қисындастырып бөлу құқығын береді. Бұл жағдайда әр бухгалтердің жеке жауапкершілігі үлкен рөл атқарады. Есеп саясатының таңдауы мен негіздемесі 1-кестедегі факторларға әсер ететінін атап өтпеуге болмайды: Кесте 1- Есеп саясатына әсер ететін негізгі факторлар |Факторлар |Көрінісі (білінуі) | |Субъектінің |Меншік нысаны (мемлекеттік, меншікті). | |құқықтық және |Ұйымдастыру-құқықтық нысаны (акционерлік қоғам, | |ұйымдастыру-эконом|жауапкершілігі шектеулі, т.б.). | |икалық мәртебесі |Қызмет түрі мен саласы (сауда, өнеркәсіп, құрылыс, | | |көлік, т.б.). | | |Мөлшері (қызмет ауқымы, персонал саны, сату көлемі, | | |т.б.). | |Күнделікті және |Қосымша қаржы ресурстарын тарату. | |ұзақ мерзімді |Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру. | |мақсаттар |Нарықтағы бәсекелестік ұстанымды бекіту. | |Қызметтің |Өнеркәсіптік (технологиялық құрылым, ресурстарды | |ерекшеліктері |пайдалану). | | |Сауда (жабдықтау және өткізуді ұйымдастыру, есептесудің| | |түрлері мен жүйесі, сатып алушылармен өзара байланыс). | | |Қаржылық (банктермен және басқа қаржы институттарымен | | |өзара байланыс, салық жүйесімен байланыс). | | |Басқару (құрылым, меншіктен тәуелсіз болу, олардың | | |алдында есеп беру, техникалық қамтамасыз ету, оның | | |ішінде компьютер техникасы). | |Кадрлық қамтамасыз|Персоналдың біліктілік деңгейі (тәжірибесі, машығы, | |ету |алдында тұрған мақсаттар мен мәселелерді түсіну | | |деңгейі, оларды шешу қабілеті). | |Шаруашылық ахуалы |Инфрақұрылымдық нарықтың дамуы, шаруашылық, салық және | |(жағдайы) |бухгалтерлік заңнамалардың жағдайы, инвестициялық | | |климаттың қолайлылығы, т.б. | Субъектінің қабылдап алған есеп саясаты ұйымдастыру-өкімдік құжатқа сәйкес рәсімделеді (бұйрықтар, өкімдер, т.б.). Аталған есепті жүргізу әдісі жылдық есеп беру үшін бухгалтерлік есеп құрамына енеді. Есеп саясатының элементтері: – шоттардың жұмыс жоспары, есеп беру мен есептің толықтылығы мен уақыттылығының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу үшін синтетикалық және аналитикалық есептер қажет; – бастапқы есеп құжаттарының нысандары, типтік түрлері қаралмаған, сонымен қатар ішкі бухгалтерлік есептің құжат түрлері (бастапқы құжат, жинақ құжаты, тіркемелер) бойынша шаруашылық қызметін рәсімдеу үшін пайдаланылады; – шаруашылық субъектісінің активтері мен міндеттемелерін түгендеудің тәртібі; – активтер, міндеттемелер мен капитал бағасының әдісі; – есепті ұйымдастыру үшін қажетті шаруашылық операциялар мен басқа мәселелерді бақылауды жүзеге асыру тәртібі; – есеп мәліметінің құжат айналымы ережесі мен технологиясын өңдеу. Есеп саясатын тіркемелеуде келесі талаптарға мән беріледі: а) есеп саясаты ұйымның барлық құрылым бөлімшелерінде қолданылады.Болашақта енгізгенде өз қызметін жалғастыру көзделеді; б) шарушылық қызмет фактілері есеп беру мерзімінде көрсетіледі. 2.Есеп саясаты көптеген жылдар бойы қолданылып келеді. Субъектінің қолданатын есеп саясатын тағайындау біріншіден субъектінің шаруашылық жұмыстарының жағдайы туралы толығырақ, объективті және дұрыс мәліметтер алу үшін керек. Мұндай мәліметтер шаруашылық құрамындағы немесе оның құрамына енетін барлық категориялық тұлғаларды қызықтырады. Есеп саясатын таңдауда келесі талаптарға сүйеніп жетекшілік етеді: толықтылығы, ұқыптылығы (құнттылығы), формалардың басымдылық мазмұны, қайшылық еместігі, тиімділігі, т.б. Осы талаптарға сәйкес қабылданған есеп саясаты өнеркәсіпте бухгалтерлік есеп жүйесінің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Есеп саясатына келесі жағдайларда түзетулер енгізуге болады: - қайтадан ұйымдастырғанда (біріккенде, бөлінгенде, қосылғанда); – меншік иесі өзгергенде; – Қазақстан Республикасы заңдарындағы өзгерістер немесе бухгалтерлік есепті реттеудің нормативтік жүйесі; – бухгалтерлік жаңа әдістерін әзірлегенде. Мұндай жағдайда кез келген өзгеріс есеп саясаты сияқты тәртіп бойынша негізделіп, рәсімделеді. Шаруашылық субъектісі есеп саясатың қабылдай отырып, опрацияларды бейнелеу үшін анықталған өлшеуіштерді алдын ала қарауға міндетті. Есеп саясатына қатысты барлық талаптарды орындау бухгалтерлік есепті нормативтік жүйеде, сонымен қатар шаруашылық өмірінде маңызды өзгерістер түрінде белгілі бір қиындықтар туғызады. Есеп процесінің артық регламентациясының күші жойылғанда және есеп әдісін таңдаудағы бостандық ішкі пайдаланушылар мүддесі мен оның мүддесі арасындағы оптималдық арақатынастың мәселесін субъектінің алдына қояды. Есеп саясатын әзірлеуді және жүзеге асыруды өнеркәсіптегі бухгалтерлік есепті практикалық жүзеге асыруға байланысты және мемлекеттік тіркеме күнінен бастап қолданылады деп есептеледі. Көптеген дамыған елдерде өткізілгендей есеп саясатындағы өзгерістердің зардабын алдын ала қарау қажет. Дұрыс орындалған және рәсімделген есеп саясаты мүмкін болатын айыптардан (салық органдары, бюджеттен тыс қорлар) құтқарады, сонымен бірге залалдарды нақты төмендетуге рұқсат етіледі және бизнестің тиімділігі артады. Бүгінгі таңда есеп саясаты мен есеп процесін автоматтандыруға тығыз байланыс бар, өйткені керекті мәліметтер көлемін ұлғайтуда тұтынушылық (қажеттілік) туындайды. Сондықтан, есеп саясаты басқарудың нақты құралы және жетекшінің атқарушы көмекшісі болып табылады. Есеп саясатының концепциясын жүзеге асырумен бірге субъектілер қызметіне тәуелсіздік пен кеңдікті қамтамасыз ете отырып, ішкі пайдаланушылар мүддесіне қысым жасайды, оларды енгізу мүмкіндігін заңдастыруда жаңылады, әр түрлі есеп саясатын пайдалану өнеркәсіп қызметінің қорытындысы туралы мәліметтердің салыстыруын шығарады. Мүдделер балансы бұл жағдайда өнеркәсіп пайдасында бұзылды деп саналады. Есеп саясатын жетілдіре отырып, бухгалтерлік есеп туралы ұсымынынан шығатын қоғам қатынасының жиынтығы сияқты. Есеп саясаты – бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және практика. Есептік бағалаудағы өзгеріс – бұл активтің немесе міндеттемелердің баланстық құнын немесе активті кезең-кезеңмен тұтынудың активтердің және міндеттемелердің ағымдағы жай-күйін бағалау салдарынан болатын, сондай-ақ оларға байланысты күтілетін болашақ пайдалар мен міндеттерге байланысты өлшемін түзету. Есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер жаңа ақпарат алу немесе жаңа міндеттемелердің басталу нәтижесі болып табылады және тиісінше қателерді түзету болып табылмайды. Қаржы есептілігінің баптары туралы ақпараттың елеулі түрде бұзылуы немесе бұрмалануы, егер олар әрқайсысы жеке-жеке немесе жиынтығымен пайдаланушылардың осы қаржы есептілігі негізінде қабылдаған экономикалық шешімдеріне әсер етсе, маңызды болып табылады. Маңыздылық ақпараттың нақты бұзылуының немесе бұрмалануының ілеспе жағдайлардың мәтініндегі бағаланатын мөлшеріне және сипатына қатысты болады. Қаржы есептілігінің тиісті бабының не мөлшері, не сипаты, не екеуінің де үйлесуі шешуші фактор болуы мүмкін. Өткен кезеңнің қателері – бұл ұйымның бір немесе одан көп кезеңдегі мынадай сенімді ақпаратты пайдаланбауы немесе қате пайдалануы салдарынан қаржы есептілігіндегі қателер және сенімсіз деректер: – осы ақпарт осы кезеңдердің қаржы есептілігін бекіту үшін рұқсат етілсе; – осы ақпаратқа қатысты оның осы қаржы есептілігін дайындау және ұсыну кезінде алынатын және ескерілетінін күту дұрыс болады. Мұндай қателерге есептеулердегі дәлсіздіктердің, есеп саясатын қолдану кезіндегі қателердің, фактілерді толық бағаламаудың немесе дұрыс түсіндірмеудің, сондай-ақ алаяқтықтың салдары кіреді. Ретроспективалық қолдану – бұл жаңа есеп саясатын операцияларға, басқа оқиғаларға және жағдайларға осы саясаттың үнемі қолданылатындай түрде қолдану. Ретроспективалық есеп айырысу – бұл егер өткен кезеңнің қателері ешқашан болмаса қаржы есептілігінің элементтеріндегі сомаларды тануды түзету, бағалау және ашып көрсету. Мүлдем мүмкін болмау – ұйым осы үшін барлық тиімді күшті қолдана отырып, қандай да болмасын талапты қолдану мүлдем мүмкін болып табылмайды, бірақ осы талапты қолдана алмайды. Өткен жеке кезеңге қатысты есеп саясатындағы өзгерісті ретроспективалық қолдануға немесе қателерді түзету үшін ретроспективалық қайта санауды орындауға мүлдем болмайды, егер: – осындай ретроспективалық қолданудың немесе рестроспективалық қайта санаудың нәтижесін белгілеуге болмаса; – тиісті ретроспективалық қолданудың немесе ретроспективалық қайта санау ұйым басшылығының қарастырылып отырған кезеңдегі ниеті қандай болғаны туралы жорамал жасауды талап етеді; – тиісті ретроспективалық қолдану немесе ретроспективалық қайта санау сомалары бойынша маңызды бағалау есептерін жүргізуді талап етеді және бұл ретте осындай есептер туралы осындай ақпаратты объективтік түрде атап көрсету мүмкін емес, ол: ( қарастырылып отырған сомалар танылуы, бағалануы немесе ашып көрсету тиіс болған күні (күндері) болған осындай жағдайлар туралы растайды; ( осы кезеңдегі есептілігін шығару үшін бекітілген кезде қол жеткен болуы тиіс. Есеп саясатындағы өзгерістерді перспективалық қолдану және өзгерістің қандай да болмасын есептік бағалауға әсер етуін тану – бұл, тиісінше: – жаңа есеп саясатын операцияларға, басқа оқиғаларға және саясат өзгерген күннен кейін орын алған басқа оқиғаларға және жағдайларға қолдану; – осы өзгерітің ағымдағы және болашақ кезеңдердегі есептік бағалауға осы өзгеріспен болған әсер етуін тану. Ақпараттың осы нақты бүлінуі немесе бұрмалануы пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер ететінін не етпейтінін және қандай түрде маңызды болатынын бағалау осы пайдаланушылардың нақты ерекшеліктерін зерттеуді талап етеді. «Қаржы есептілігін дайындау және ұсыну қағидаттарында», былай делінген: «пайдаланушылардың іскерлік және экономикалық қызмет және бухгалтерлік есеп саласында жеткілікті білімі және ұсынылған ақпаратты тиісті талаптанумен зерделеуге дайындығы бар екені жобаланады». Осылайша, осы бағалауды жүргізген кезде осындай сипаттағы қасиеттері бар пайдаланушылардың экономикалық шешім қабылдау кезінде әсер етуге ұшырап қалатынын қандай түрде тиімді күтуге болатынын ескеру қажет. Кәсіпкерлік қызметке тән айқындалмау нәтижесінде қаржы есептілігінің көптеген баптары дәл есептелмейді, тек бағалануы ғана мүмкін. Бағалау ең жаңа қол жеткізілетін, сенімді ақпаратқа негізделген пайымдауды білдіреді. Мысалы, мыналарды бағалау қажеттілігі туындауы мүмкін: – сенімсіз борыштарды; – қорлардың ескіруін; – қаржы активтерінің немесе қаржы міндеттемелерінің әділ құнын; – пайдалы қызмет ету мерзімдерін немесе амортизацияланған активтерден экономикалық пайда алудың күтілетін схемасын; – кепілдік берілген міндеттемелерді. Негізделген есептік бағалауларды пайдалану қаржы есептілігін дайындаудың маңызды бөлігі болып табылады және оны шынайы жасамайды. Есептік бағалау, егер ол негізделген жағдай өзгерсе немесе жаңа ақпараттың пайда болуы немесе тәжірибе жинақтаудың нәтижесінде қайта қаралуы мүмкін. Бағалауларды қайта қарау өз табиғатында өткен кезеңдерге жатпайды және түзетілген қателер болып табылмайды. Бағалаудың қолданылатын негізіндегі өзгеріс – есептік бағалаудағы өзгеріс емес, есеп саясатындағы өзгеріс. Есеп саясатының өзгерісін есептік бағалаудың өзгерісінен айыру қиын болған кезде, бұл өзгеріс есептік бағалаудың өзгерісі ретінде қарастырылады. Қандай да болмасын есептік бағалаудағы өзгерістің нәтижесі міндетті түрде оны пайдаға немесе залалға енгізу арқылы перспективалық түрде танылуы тиіс: – өзгеріс болған кезеңде, егер ол осы кезеңге ғана әсер етсе; – өзгеріс болған кезеңде және болашақ кезеңдерде, егер ол қайсысына да болмасын әсер етсе. Есептік бағалаудағы өзгеріс активтердің және міндеттемелердің өзгеруін туғызғанға дейінгі дәрежеде немесе меншікті капиталдың бабына байланысты болса, ол міндетті түрде осы өзгеріс кезеңіндегі тиісті активтің, міндеттемелердің немесе меншікті капитал баптарының баланстық құнын түзету арқылы танылуы тиіс. Есептік бағалау өзгерісінің әсер етуін перспективалық тану осы өзгерістің операцияларға, басқа оқиғаларға және жағдайларға есептік бағалаудағы өзгеріс болған күннен бастап қолданылатынын білдіреді. Есептік бағалаудағы өзгеріс ағымдағы кезеңнің пайдасына немесе залалына ғана не ағымдағы және сол сияқты болашақ кезеңдердің пайдасына және залалына әсер етуі мүмкін. Мысалы, сенімсіз борыштардың сомаларын есептік бағалаудағы өзгеріс ағымдағы кезеңнің пайдасына немесе залалына ғана әсер етеді және сондықтан ағымдағы кезеңде танылады. Дегенмен пайдалы қызмет етудің бағаланған мерзімінің немесе амортизацияланған активтен экономикалық пайда алудың жобаланған схемасының өзгерісі ағымдағы кезеңде және активтің пайдалы қызмет етуінің қалған мерзімінің әрбір келесі кезеңіндегі амортизациялық шығыстарға әсер етеді. Екі жағдайда да ағымдағы кезеңге қатысты өзгерістердің әсер етуі ағымдағы кезеңде табыс немесе шығыс ретінде танылады. Болашақ кезеңдерге тиісті әсер ету, егер ол болса, осы болашақ кезеңдердегі табыс немесе шығыс ретінде танылады. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 1.Есеп саясаты қандай бухгалтерлік стандартта көрсетілген? 2.Есеп саясатының негізгі талаптары қандай? 3.Есеп саясатын қандай жағдайларда түзетеді? Тақырып 15. Байланысты тараптар (ҚЕХС 24) Лекция жоспары: (2 сағат) 1.Кепілді міндеттемелер. 2.Байланысты жақтар туралы ақпарат 1.Есептік кезеңде кез келген заңды тұлғаның қызмет нәтижесін ашу керек, өйткені қаржылық есеп беруде келтірілген сандар (цифрлар) болған оқиғаның себебін толық аша бермейді. Көптеген себептердің ішінен ең маныздысы зерттеледі, әсіресе бір занды тұлғаның екінші бір нарық субъектісімен болған ара қатынасы, яғни шаруашылык жүргізуші субъектің қаржылық нәтижесіне қатты кері әсер еткен факторлар алынады. Егер де екі субъекттің арасында айрықша қатынастар қалыптасса, онда олар "байланысқан тараптар" деп аталады. Ондай байланысқан тараптар қатынасын № 10 ҚЕХС реттеледі. Занды тұлғаның қызметіне, яғни қаржылық нәтижесіне және жағдайына әсер ететін негізгі факторлар, ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі факторларға осы заңды тұлғаның қызметіне қатысты шешімдерді қабылдауға және басқаруға, жоспарлауға тікелей араласатын басшылардың іскерлік атағын (репутациясын) және жіктемесін жатқызуға болады. Кей кезде басшылардың қабылдаған шешімдеріне жақын туысқандары едәуір әсер етуі мүмкін. Сыртқы факторларға инвестициялық және контрактылық жағдайды жатқызуға болады. Көптеген заңды тұлғаларға инвестиция көбінесе қосымша қаржылық ресурстарының көзі ғана болып табылады. Заңды тұлғаның бағалы қағазын ала отырып, инвестор оның басқару қызметімен байланысты құқын және оның мүлкін бірлесіп қожалық етуші болып табылады. Контрактылық факторға заңды тұлғаның басқа субъектілермен жасасқан контрактісін, басқару аясына берілетін қызметін, есеп жүргізу тәсілін, ақпараттық қызмет көрсетуін жатқызуға болады. Бұл қызмет түрлерін басқарушы қызметкер шешім қабылдау үшін пайдалануы мүмкін және онымен айлалы (немесе епті) әрекет жасап және оны біршама өндеп содан соң жүзеге асыруы мүмкін. Жоғарыда айтылғандар (жазылғандар) шын мәнінде заңды тұлғаның қызметіне едәуір әсер етуі мүмкін, сондықтан бір-бірімен байланысты тараптар болып келесі жағдайларды сақтағанда ғана танылады: занды түлға тікелей немесе жанама бір немесе бірнеше бақылаушы делдалдар арқылы бақыланатын кәсіпорынның қызметін бақылайды; жеке тұлға өзі есеп беретін занды тұлғаның үлестік акциясын иелену арқылы жанама немесе тікелей бақылай алады; басшы қызметкерлер (жоспарлауға, басқаруға, бақылауға жауап беретін және соған құқы бар тұлға), сондай-ақ жақын туыстық байланыстары бар жеке тұлғалар да. 2.Егер де екі занды тұлғаның жалпы басшысы бір ғана тұлға болса шаруашылык жүргізуші субъектер 10 БЕС сәйкес байланысты тараптар болып танылмайды, өйткені ол бұл екі занды тұлғаның өзара іскерлік қатынасына саяси әсер етпейді; занды тұлға несиелік-қаржылық кәсіподақтық, қайырымдылық қызметте құрылса; егер де жабдықтаушылармен, сатып алушылармен, сауда агенттерімен басқа да ұйымдармен экономикалық тұрғыдағы тәуелділіктерін аса үлкен емес үлестік қатынаста жасаған операциялары болады. Заңды тұлғаның қызметі белгілі бір дәрежеде нарықтың басқа субъектілеріне (жабдықтаушы, сатып алушы) тәуелді болып келеді, бірақ олар бұл кезде оның саясатына әсер ете алмайды, өйткені олардың ара қатынасы келісімшарттық негізде жүреді, тек егер субъект басқа субъектпен басқару немесе ақпараттармен қамтамасыз ету келісім-шарттарын қоспағанда, бұл соңғы жағдай бір тараптың екінші тарапқа әсер етуіне әкеледі, демек олар байланысқан тараптар ретінде танылуы мүмкін. Байланысқан тараптар арасындағы жасалатын операциялар шаруашылық қызметтің жай түрі болып табылады. Кәсіпорын-инвестор өз қызметін тәуелді немесе еншілес занды тұлғалар арқылы жүзеге асырып, олар арқылы басқа заңды тұлғаның үлесін алады да, инвестицияланған занды тұлғаның саясатына біршама әсер етеді немесе оларды бақылауына алады. Байланысқан тараптардың арасындағы операцияларды жасаған кезде анықталатын баға біршама дәрежеде түрлендірілуі мүмкін, ал байланыспаған тараптардың арасындағы операцияларды жасаған кезде мұндай мүмкіндік туындамайды. Байланысқан тараптардың арасында өзара жасалатын операцияларға бағаны белгілеу үшін әртүрлі әдістер қолданылуы мүмкін: бақыланбайтын бағаларды салыстыру әдісі — экономиканың салыстырмалы нарығында сатып алушыларға сатылатын сатушымен ешқандай байланыста емес, ондағы салыстырылатын тауарларға сүйене отырып баға белгіленеді; қайта сатылатын бағасы бойынша — бұл әдіс тауарларды басқа тәуелсіз жаққа сатқанға дейін байланысты тараптардың бірінен екіншісіне аударған жағдайда пайдаланылады. Бұл кезде сатушы тараптардан өз пайдасын және өз шығындарын өтеп алу үшін қайта сатылатын бағалар төмендетіледі; - қосымша шығындар әдісі — жабдықтаушылардың жасаған шығындарына қолайлы үстемелер қосылады. Қайта сату бағасын анықтау үшін орташа рентабельділік деңгейін пайдаланады, ал ол ұқсас өнеркәсіп саласының айналысын немесе капиталды пайдалануын салыстыруға мүмкіндік береді. Кей жағдайларда байланысты тараптардың пайдаланатын мәмілелерінде тек жасалған шығындар деңгейінде (өнімнің өзіндік құны бойынша) баға белгілеу басшылықка алынуы мүмкін немесе жалпы баға белгілеуден бас тартады (демек, тегін қызмет көрсетеді). Байланысты тараптар сатып алынған акциялары бойынша, сондай-ақ құрылтайшылық құжаттары, жарлығы, акцияны шығару туралы ақпараттары бойынша анықталады. Занды түлғалардың байланысты тараптар екендігін анықтаған соң, олардың арасындағы инвестициилық қатынастың сипатын ашу керек, ал ол инвестицияның пайызбен көрсетілетін деңгейімен анықталады. Есептік кезең өтеу мен қаржылық есеп беруді жасау кезінде түсіндірме жазбада байланысты тараптар туралы ақпараттар ашып көрсетіледі. Байланысты тараптардың арасында операциялар болмаса да, қатынастық жағдайы ашылып көрсетіледі. Есеп беруші занды тұлға тек байланысты тараптар болып қана қоймай, сонымен қатар тараптардың қатынастық (инвестициялық немесе контрактылық) сипатына қарап ашылады. Әрбір қатынастың сипатына қарамастан, олар міндетті түрде ашылуы тиіс. Есеп беретін тараптар келесі операциялардың түрлері мен элементтерін ашады: құндық немесе пайыздық түрінде көрсетілген операциялардың көлемі;белгіленген баға саясаты; тауарларды сатып алу немесе сату; жылжымайтын жөне басқа да активтерді сатып алу немесе сату; қызметті көрсету немесе алу; жал бойынша келісім; зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстың нәтижесін беру; лицензиондық келісім; қаржылык операциялар (қарызды және колма-қол нысанында салынған үлестерді қоса алғанда); кепілдік; басқару бойынша контракті; марапаттау және басқарушы қызметкерлердің алатын қарызы; басқа да өзара жасалатын операциялар. Есеп беретін тараптар бір-бірімен байланысты тараптар болса, онда жасалатын операциялардың бағасын белгілеудін әдісі мен тәсілдері ашылады. Кей жағдайда байланысты тараптар арасындағы операциялардың мазмұны ашылмауы мүмкін: екі субъекттің арасында өндірілетін болса және олар бір консолидацияланған қаржылық есеп беруге енетін болса; негізгі шаруашылық серіктестіктерінің қаржылық беруі, консолидацияланған қаржылық есеп беруінде ашық түрде баспасөзде жарияланады Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 1.Байланысқан жақтарға анықтама беріңіз? 2.Байланысқан жақтардың есеп берушілігі қандай? 3.Тараптардың арасындағы келісімдер қалай өңделеді? 4.Байланысқан жақтар арасында бағаларды белгілеуде қандай әдістер қолданылады? 3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР Тақырып 1. Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі (ҚЕХС (IFRS) 3) Тәжірибелік сабақ жоспары: 1.Бизнесті біріктіру түсінігі. 2. Біріккен кәсіпорындар формалары 2.Қаржылық есептің ақпараттарын ашу. Сабақтың мақсаты- бизнесті біріктіру және оларды қаржылық есептілікте көрсетуді меңгеру. Әдістемелік нұсқаулар-бизнесті біріктіру қандай жағдайларда жүргізілетіндігін және азшылық үлес мөлшерін анықтау. Әдебиеттер 1.Миржакыпова С.Т., Аппакова Г.Н. Основы бухгалтерского учета по МСФО. Алматы 2009 2. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл 3.Черняк В.,Шалболова У. Қаржылық талдау Астана 2013 ж. 4. Международные стандарты учета и финансовой отчетности: учеб. пособие / под ред. Л.И.Ушвицкого, А.А.Мазуренко.- Ростов н/Д: Феникс, 2009 Тақырып 2. Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік (ҚЕХС (IFRS) 27) Тәжірибелік сабақ жоспары: 1.Консалидарлық бухгалтерлік баланс 2.Бөлінбеген пайда туралы консолидарлық есептілік Сабақ мақсаты-қаржылық есепті консалидациялау сұрақтарын меңгерту. Әдістемелік нұсқаулар-ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып, қойылған сұрақтарға өзіндік талдау жасау. Әдебиеттер 1. Мырзалиев Б.С.,Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есепті үйренудің әдістемелері Алматы 2014 ж. 2. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл 3.Черняк В.,Шалболова У. Қаржылық талдау Астана 2013 ж. 4. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А. Международные стандарты финансовой отчетности Омега – Л 2009 Тақырып 3. Инвестициялық меншік (ҚЕХС 40) Тәжірибелік сабақ жоспары: 1.Инвестициялық меншік түрлері. 2.Жылжымайтын мүлікке инвестициялар Сабақ мақсаты-инвестициялық меншік сұрақтарын меңгерту. Әдістемелік нұсқаулар-ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып, қойылған сұрақтарға өзіндік талдау жасау. Әдебиеттер 1. Мырзалиев Б.С.,Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есепті үйренудің әдістемелері Алматы 2014 ж. 2. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл 3.Черняк В.,Шалболова У. Қаржылық талдау Астана 2013 ж. 4. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А. Международные стандарты финансовой отчетности Омега – Л 2009 Тақырып 4. Сатуға арналған айналымнан тыс активтер (ҚЕХС (IFRS) 5) Тәжірибелік сабақ жоспары: 1. Бағалау міндеттемелерін жіктеу 2. Шартты міндеттемелер мен шартты активтерді тану Сабақтың мақсаты – сатуға арналған айналымнан тыс активтерді жіктеп, олардың есебін жүргізу. Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер 1.Миржакыпова С.Т., Аппакова Г.Н. Основы бухгалтерского учета по МСФО. Алматы 2009 2. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл 3.Черняк В.,Шалболова У. Қаржылық талдау Астана 2013 ж. 4. Международные стандарты учета и финансовой отчетности: учеб. пособие / под ред. Л.И.Ушвицкого, А.А.Мазуренко.- Ростов н/Д: Феникс, 2009 Тақырып 5. Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер (ҚЕХС (IFRS) 37) Тәжірибелік сабақ жоспары: 1. Бағалау міндеттемелерін жіктеу 2. Шартты міндеттемелер мен шартты активтерді тану Сабақ мақсаты – Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер (есебінің жүргізілу ерекшеліктерін меңгеру Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер 1. Мырзалиев Б.С.,Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есепті үйренудің әдістемелері Алматы 2014 ж. 2. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл 3.Черняк В.,Шалболова У. Қаржылық талдау Астана 2013 ж. 4. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А. Международные стандарты финансовой отчетности Омега – Л 2009 Тақырып 6. Ақшаның уақытша құны Тәжірибелік сабақ жоспары: 1.Келтірілген құн тұжырымдамасы. Болашақ және ағымдағы құнды есептеу 2. Аннуитет. Аннуитеттің болашақтағы және ағымдағы құны. 3.Ақшалардың қозғалысы туралы есептілікті даярлау. Сабақ мақсаты – ақшаның уақытша құнын анықтау және болашақтағы құнын есепке алу. Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер 1. Мырзалиев Б.С.,Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есепті үйренудің әдістемелері Алматы 2014 ж. 2. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл 3.Черняк В.,Шалболова У. Қаржылық талдау Астана 2013 ж. 4. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А. Международные стандарты финансовой отчетности Омега – Л 2009 Тақырып 7. Жалгерліктің есебі (ҚЕХС (IFRS)17) Тәжірибелік сабақ жоспары: 1. Операционды және қаржыландырылатын жал. 2. Лизинг берушінің жал есебі. Сабақ мақсаты – қаржыландырылатын жал есебінің жүргізілу ерекшеліктерін меңгеру Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Есептер: 1. 2006 жылғы 1 қаңтарда компания «Арман» және компания «Туркестан» шарт жасасып, компания «Туркестан» (жалға беруші) компания «Арманға» (жалға алушы) әділетті құны 10 000 доллар болатын жабдықьы жалға берді. Жалға беру мерзімі 5 жыл және компания «Арман» әрбір жылдың соңында 3 000 доллар төлеуге міндеттеме алды. Жабдық жалға барлық пайдалы уақытына беріледі және жал соңында қалдық құн қалмайды. Жалға беруші тарапынан жал тоқтатылмайды деп келісілді. Жабдықпен байланысты салықтық жеңілдіктер жоқ. Табу керек: • жалға беру операциясының бухгалтерлік байланысын беру керек; • бір жылдағы жалдық төлемді; • екінші жылдағы жалдық төлемді; • жалға берілген активтің бірінші жылғы амортизациясын; • жалға беруші балансындағы жазбаларды. 2. Актив құны 2 млн. теңге. Жалға 5 жыл мерзімге берілді. Осы уақыт ішінде жалға беруші активтің бастапқы құнын екі есе қайтарып алу үшін қандай мөлшерде жал ақысын талап етуі керек. (тозу сомалары ескеріледі) Әдебиеттер 1. Мырзалиев Б.С.,Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есепті үйренудің әдістемелері Алматы 2014 ж. 2. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл 3.Черняк В.,Шалболова У. Қаржылық талдау Астана 2013 ж. 4. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А. Международные стандарты финансовой отчетности Омега – Л 2009 Тақырып 8. Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері. Тәжірибелік сабақ жоспары: 1. Шетел валютасы операцияларының есебі 2.Ақшалай және ақшалай емес баптар. Сабақ мақсаты-шетелдік қызметтердің есебін оқу, шетел валютасымен болатын операцияларды меңгерту. Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сүрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Есептер: 1.Ұйымның валюталық шотында АҚШ 1000 доллары бар.Кезең басында доллар курсы 133 теңге, ал кезең соңында 133,3 теңге болды. Курстық айырманы анықтап, қаржылық нәтижеге жазыңыздар. Шоттар корреспонденцияларын беріңіздер. 2.Шетелдік жабдықтаушыдан тауарлар 2005 жылғы 5 шілдеде алынды. Тауар құны 5 000 доллар. Сол күнгі доллар курсы 134 теңге. Жабдықтаушылармен есеп айырысу 7 шілде күні жүргізілді. Ол күнгі доллар курсы 135 теңге. Курстық айырманы анықтап, оны қаржылық нәтижеге жазыңыздар, Шоттар корреспонденцияларын беріңіздер. Әдебиеттер 1.Миржакыпова С.Т., Аппакова Г.Н. Основы бухгалтерского учета по МСФО. Алматы 2009 2. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл 3.Черняк В.,Шалболова У. Қаржылық талдау Астана 2013 ж. 4. Международные стандарты учета и финансовой отчетности: учеб. пособие / под ред. Л.И.Ушвицкого, А.А.Мазуренко.- Ростов н/Д: Феникс, 2009 Тақырып 9. Табысқа салынатын салық (ҚЕХС (IFRS)12) Тәжірибелік сабақ жоспары: 1.Табыстар мен шығындар есептілігінің міндеттемелік әдісі бойынша жеке табыс салығының шығындарының есебі. 2.Бухгалтерлік баланстың міндеттемелік әдісі бойынша жеке табыс салығының шығындарының есебі. Сабақ мақсаты – студенттерге табыс салығын есептеуді меңгерту. Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Тапсырма: Табыс салығын есептеу.(кез – келген ұйымның деректері алынады) Әдебиеттер 1. Мырзалиев Б.С.,Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есепті үйренудің әдістемелері Алматы 2014 ж. 2. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл 3.Черняк В.,Шалболова У. Қаржылық талдау Астана 2013 ж. 4. Международные стандарты учета и финансовой отчетности: учеб. пособие / под ред. Л.И.Ушвицкого, А.А.Мазуренко.- Ростов н/Д: Феникс, 2009 Тақырып 10. Ассоцияланған компанияларға инвестициялар (ҚЕХС (IFRS) 28) Тәжірибелік сабақ жоспары: 1. Ассоцияланған компаниялар ұғымы және есептілігі 2. Инвестициялар есебіндегі әдістер Сабақ мақсаты-қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар есебінің ұйымдастырылуына тоқталу Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Есептер: 1.Ұйым 2005 жылғы 1 наурызда номиналдық ставкасы 12 % болатын 100 000 теңгеге облигация сатып алды. Пайздарды төлеу жылына екі рет жүргізіледі – 1 шілдеде және 1 қаңтарда. Пайыздар бойынша табысты анықтаңыздар. Шоттар корреспонденциясын көрсетіңіздер. 2.Ұйым номиналдық құны 300 000 теңге болатын облигацияларды 3 жыл мерзіміне сатып алды. Айдағы пайыздық ставкасы 8%. Осы 3 жылғы табысын анықтаңыздар. Шоттар корреспонденциясын көрсетіңіздер. 3.Вексель үш айға берілген. Вексель сомасы 200 000 теңге. Пайыздық ставкасы жылына 8%. Төленуге тиісті пайыздар сомасын анықтаңыздар. Шоттар корреспонденциясын көрсетіңіздер. 4.Ұйым банктегі депозиттік шотқа 500 000 теңге 6 айға аударды. Жылдық 24% сыйақысы бар. Депозит бойынша табысты анықтаңыздар. Шоттар корреспонденциясын көрсетіңіздер. Әдебиеттер 1. Мырзалиев Б.С.,Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есепті үйренудің әдістемелері Алматы 2014 ж. 2. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл 3.Черняк В.,Шалболова У. Қаржылық талдау Астана 2013 ж. 4. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А. Международные стандарты финансовой отчетности Омега – Л 2009 Тақырып 11. Қаржылық инвестицияларды бағалау және оның есебі.(ҚЕХС 32) Тәжірибелік сабақ жоспары: 1.Қаржылық құралдар, олардың жіктелуі 2.Инвестициялар есебі 3.Еншілес серіктестіктерге инвестициялар Сабақ мақсаты-қаржылық инвестициялар есебінің ұйымдастырылуына тоқталу Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер 1. Мырзалиев Б.С.,Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есепті үйренудің әдістемелері Алматы 2014 ж. 2. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл 3.Черняк В.,Шалболова У. Қаржылық талдау Астана 2013 ж. 4. Международные стандарты учета и финансовой отчетности: учеб. пособие / под ред. Л.И.Ушвицкого, А.А.Мазуренко.- Ростов н/Д: Феникс, 2009 Тақырып 12. Бірігіп бақыланатын активтер, бірігіп бақыланатын компаниялар (ҚЕХС 31) Тәжірибелік сабақ жоспары: 1.Бақылау түрлері 2.Бірлескен қызмет нысандары 3. Бірігіп бақыланатын операциялар Сабақ мақсаты-бірігіп бақыланатын активтер және біріккен компаниялардың есебін ұйымдастыру Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер 1.Миржакыпова С.Т., Аппакова Г.Н. Основы бухгалтерского учета по МСФО. Алматы 2009 2. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл 3.Черняк В.,Шалболова У. Қаржылық талдау Астана 2013 ж. 4. Международные стандарты учета и финансовой отчетности: учеб. пособие / под ред. Л.И.Ушвицкого, А.А.Мазуренко.- Ростов н/Д: Феникс, 2009 Тақырып 13. Акциядан пайда (ҚЕХС 33) Тәжірибелік сабақ жоспары: 1.Пайыздық және пайыздық емес акциялар 2.Бағалы қағаздардан табыстар Сабақ мақсаты-акциядан пайда есебінің ұйымдастырылуы, акциялардың түрлерінен табысқа тоқталу Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер 1. Мырзалиев Б.С.,Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есепті үйренудің әдістемелері Алматы 2014 ж. 2. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл 3.Черняк В.,Шалболова У. Қаржылық талдау Астана 2013 ж. 4. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А. Международные стандарты финансовой отчетности Омега – Л 2009 Тақырып 14. Компанияның есеп саясатындағы өзгерістер (ҚЕХС 8) Тәжірибелік сабақ жоспары: 1.Есеп саясаты және оның негізгі қағидалары 2. Есеп саясатындағы түпкілікті қателіктер түзету, есеп саясатын өзгерту Сабақ мақсаты-есеп саясатындағы түбегейлі қателіктер болса тауып, түзету, есеп саясатын өзгерту сұрақтарын қарастыру. Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Әдебиеттер 1. Мырзалиев Б.С.,Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есепті үйренудің әдістемелері Алматы 2014 ж. 2. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл 3.Черняк В.,Шалболова У. Қаржылық талдау Астана 2013 ж. 4. Международные стандарты учета и финансовой отчетности: учеб. пособие / под ред. Л.И.Ушвицкого, А.А.Мазуренко.- Ростов н/Д: Феникс, 2009 Тақырып 15. Байланысты тараптар (ҚЕХС 24) Тәжірибелік сабақ жоспары: 1.Кепілді міндеттемелер. 2.Байланысты жақтар туралы ақпарат Сабақтың мақсаты –студенттерге шартты оқиғалар және байланысты жақтар бойынша ақпараттарды бекіту. Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау. Есептер: 1.Аналық компания өзінен 100% тәуелді еншілес компанияға 120 000 доллар сомасында тауар сатты.Еншілес компания ол тауарларды басқа жақтарға өткізді. Сонымен қоса еншілес компания ішкіфирмалық несие бойынша аналық фирмаға пайыздармен қоса 2 000 доллар төледі. Осы іскерлік қатынастарға бухгалтерлік корреспонденциялар беріңіздер. 2. «Зорекс» аналық компаниясы еншілес ұйымға активті 3 жылға жалға беріп отыр.Алдыңғы алты айға 2004 жылдың 1 қарашасында 6 000 доллар көлемінде жал ақысын алды. Есептік кезең 31 желтоқсанда бітеді. Аналық компанияның әр жылғы табысын есептеп, оларды шоттар корреспонденцияларымен көрсетіңіз. Әдебиеттер 1. Мырзалиев Б.С.,Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есепті үйренудің әдістемелері Алматы 2014 ж. 2. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл 3.Черняк В.,Шалболова У. Қаржылық талдау Астана 2013 ж. 4. Международные стандарты учета и финансовой отчетности: учеб. пособие / под ред. Л.И.Ушвицкого, А.А.Мазуренко.- Ростов н/Д: Феникс, 2009 4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ 4.1 Өздік жұмыстарды орындауға жалпы нұсқаулар «Қаржылық есеп 2» пәнінен өздік жұмыстарды өткізудің әдістемелік нұсқауы студенттердің ілгерілемелі қаржылық есеп пәнінен оқу барысындағы алған білімдерін дамытуға, тереңдетуге және нақтылай түсуге көмектеседі. Қаржылық есеп 2 - кәсіпорынның қалыпты шаруашылық қызметін жүргізу үшін жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге қаржылық есепті дамытуға арналған бірқатар құрылымнан тұрады. Курстың басты мақсаты – халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша дамыған есепті студенттерге меңгерту. Оларға ілгерілемелі қаржылық есеп ақпараттарын қалай қолдану қажеттілігін жэне осы ақпараттардың қайдан алынғандығы жайлы түсінікпен таныстыруды көздейді. Сонымен қатар мұнда есеп стандарттарындағы өзгерістер де қарастырылады. Студенттерге ілгерілемелі қаржылық есепті оқытуда бағдарлама, яғни осы пәнді оқытуда жұмыс бағдарламасы жасалған. «Қаржылық есеп 2» пәнінен өздік жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар осы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалды. Ол студенттерге ілгерілемелі қаржылық есеп курсының өздік жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға көмектеседі. «Қаржылық есеп 2» пәнінен жүргізілетін тәжірибелік сабақтар бекітілген жоспарға сәйкес, есептер шығару, студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында жүргізіледі. «Қаржылық есеп 2» пәнінен жүргізілетін өздік жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес, есептер шығару, студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында жүргізіледі. «Қаржылық есеп 2» пәнінен өздік жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіреді. 4.2 Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары ОӨЖ №1 1. Еншілес серіктестіктерге инвестициялар есебі. 2. Компанияларды біріктіру. 3. Бизнесті біріктіру есебі – қызығушылықтарын біріктіру әдісі. 4. Консолидациялық бухгалтерлік баланс. 5. Интегрирленген шетелдік компания. ОӨЖ №2 1. Оң және теріс курстық айырмашылықтар. 2. Пайыздық және пайыздық емес вексельдер. 3. Форварейтингтік операциялар есебі. 4. Жеке табыс салығының есебі. 5. Шартты оқиғалар, шартты активтер және шартты міндеттемелер. ОӨЖ №3 1. Қаржылық құралдардың есебі 2. Инвестициялар есебі 3. Вексельдердің есебі 4. Облигациялардың есебі 5. Қаржылық есепкерлікті консалидациялау ОӨЖ №4 1. Қысқа мерзімді міндеттемелердің есебі 2. Таза табыс немесе зиян 3. Есеп саясатының түпкілікті қателері мен өзгерістері 4. Есеп беру күнінен кейінгі оқиғаларға байланысты жақтар туралы жалпы ақпарат. 5. Шетелдік қызметтер мен шетелдік компаниялардың консалидацияланған есебі ОӨЖ №5 1 Шетел валютасы операцияларының есебі 2 Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі 3 Қаржыландырылатын жалгерліктің есебі 4 Ағымдағы жалгерліктің есебі 5. Жалгерліктің келісім шарты
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz