Файл қосу

Мәтіндегі байланыс құралдары



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті | |
|СМК 3 деңгейдегі            |            ПОӘК        |ПОӘК 042-18- 26. 1. 101    |
|құжат                       |                        |/01-2014                   |
|ПОӘК                        |Басылым №2  11.09.      |                           |
|« Лингвистикаық мәтін       |2014ж,                  |                           |
|негіздері» пәнінің          |өзгеріс басылым №1      |                           |
|оқу-әдістемелік материалдары|18.09.2013ж.            |                           |






                «Лингистикалық мәтін негіздері» пәні бойынша

             5В021000 «Шетел  филологиясы» мамандығына арналған

                         оқу-әдістемелік материалдары



















                                    Семей


                                    2014







                                    Мазмұны



   1. Глоссарий

   2. Дәрістер

   3. Практикалық сабақтар

   4. Студенттердің өздік жұмысы











































1 ГЛОССАРИЙ

1.1 СӨЙЛЕУ –  бір мезгілде болатын нақтылы сөйлеу.  Сөйлеудің  дыбыстық
және  жазба  түрлері бар.  Сөйлеуге   сөйлеу қызметі және сөйлеу нәтижесі
жатады.  Әдетте, сөйлеу мен тіл қарама-қарсы қойылады.  Тіл – араласу
құралы болса,  сөйлеу –  осы құрал арқылы   араласуды жүзеге асырады.
Сөйлеу арқылы тіл қолданыс табады.  Сөйлеу әрқашанда  нақтылы болады,  тіл
– абстрактілі болып қайталануы мүмкін. Сөйлеу – кеңістік пен уақытта
жасалады,  оның шегі болмайды, сөйлеу – материалды құбылыс,  ол есту
мүшелері арқылы қабылданады.

1.2 ДИАЛОГ – ( грек. dialogos – әңгіме, екі адамның сөйлесуі) –  екі  немесе
бірнеше адамның   сұрақ-жауап  ретіндегі  сөйлесіп,  тіл қатысуы.  Диалогтың
сөздік құрамына   әсер  ететін  факторлардың   негізгі  сөзді  қабылдау   не
қабылдамау.

1.3  ДИСКУРС  –   (фр.discours   –   сөйлеу)–   экстралинвистикалық,   яғни,
парадигматикалық, әлеуметтік, мәдени, психологиялық факторлармен  байланыста
болатын мәтін. Белгілі бір оқиғаны  баяндайтын  мәтін.  Дискурс  –   өмірдің
тілі,   сондықтан  да   дискурс  термині  «мәтін»  терминімен  салыстырғанда
көне,  басқа да   бүгінгі өмірмен байланысы жоқ текстерге қолданылмайды.

1.4 ПАРАЛИНГВИСТИКА – (грек. para – қасындағы, маңындағы  және  лингвистика)
–  1.  Сөйлеуде   қолданылатын   мағыналы  хабар  жеткізуші,   бірақ   тілге
жатпайтын құралдар; 2. тілдік байланысқа қатысатын  тілдік емес   (вербальды
емес) құралдардың жиынтығы.

1.5 РИТОРИКА – (грек. rhetorike – шешендік өнер) – прозалық қара  сөз   және
ауызекі көркем сөздің  жасалуын зерттейтін   филологиялық  пән.  Поэтикамен,
стилистикамен тығыз байланысты болады.

1.6 МОНОЛОГ –  (грек.monos – бір және   logos  –  сөз,  сөйлеу)  –  белсенді
сөйлеудің   нәтижесінде   пайда    болатын     сөйлеу    түрі.     Монологқа
интраперсональды сөйлеу деген анықтама береді.

1.7 ӘДЕБИ ТІЛ – орныққан, тұрақты нормалары бар, жалпыға  бірдей  түсінікті,
ортақ, қоғамдық  қызметі   әр  алуан,   жалпы  халықтық  тілдің  екшеленген,
сұрыпталған, сымбатталған жүйелі түрі. Әдеби тіл  жалпыхалықтық  тілдің  бір
түрі.

1.8 МОНОЛОГ–  (грек. monos – бір және   logos  –  сөз,  сөйлеу)  –  белсенді
сөйлеу   нәтижесінде   пайда   болатын   сөйлеу   түрі.    Кейде   монологқа
интраперсональды сөйлеу деген  анықтама  береді.   Монологқа  көлемді  мәтін
бөліктерінің болуы тән.  Бұл  бөліктердің  мағынасының жақын  болуы,   дұрыс
композициялық  орында  тұрған сөйлемдерден құралуы шарт.

1.9 ТАБУ –  (полинезия  сөзі)  –  кейбір  сөздерді,  есімдерді,  сөйлемдерді
атауға тиым салу.  Т.  құбылысы  тілдің   магиялық  қызметімен   байланысты,
яғни,   сөз  арқылы  қоршаған  әлемді   өзгертуге   болады  деген   нанымнан
туындайды.  Т.  Барлық  тілдерде  бар.  Ең  көп  тараған  Т.  адам  есімімен
байланысты: туыстардың атын айтуға  тиым салынған, сонымен  қатар  құдайдың,
патшаның  атын атауға  болмайды.  Т. эвфемизм түсінігімен  тығыз  байланысты
болады.

1.10 ЭВФЕМИЗМ – (грек.euphemis –mos, eu    – жақсы және   phemi  –  сөйлеу)-
эмоция  жағынан  бейтарап  сөздер.  Э.  құлаққа  ерсі  естілетін   сөздердің
синонимдері ретінде жұмсалады. Мысалы: «семіз-толық, кәрі-егде,  өлді-қайтыс
болды» және т.б, эвфемизм– дисфемизм сөздерге  қарсы қойылады.

      Дисфемизмде керісінше, эмоциялы  бейтарап  сөз  орнына  әдейі  тұрпайы
сөздер қолданылады.

                      Терминологиялық түсіндірме сөздік

      Абзац – жаңа жолдан  басталатын  мәтін  бірлігі,  күрделі  құрылымдық-
семантикалық тұтастық.
      Автор  бейнесі  –  көркем  шығарманың  мағынасы  мен  стилінің  барлық
элементтерін мәтіндік тұтастыққа біріктіретін лингвистикалық категория.
      Автордың  тілдік  тұлғасы  –  автордың  даралығы  мен   көркем   мәтін
тудырудағы ерекшеліктері.
      Айтылым – бір коммуниканттың бір сөйлеу актісіндегі сөйлеу әрекеті.
      Антропоцентристік бағыт – зерттеу жұмыстарының, танымның  адамға, оның
барлық сипаттарына (жеке басының, ұлттық, әлеуметтік) бағытталғандығы.
      Ақпарат – (лат. informare-суреттеу, бір нәрсе туралы  ұғым  құрастыру,
хабарлау)  қоршаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстардың   қасиеттері   мен
ерекшеліктері туралы қарым-қатынас жағдайында табиғи  тіл  арқылы  берілетін
ақпардың жиынтығы:
      Мазмұнды-фактуалды ақпарат – фактілер мен оқиғаларды,  олардың  уақыты
мен орнын, автордың ойын, сюжеттің дамуын көрсететін ақпарат;
      Мазмұндық-концептуалды ақпарат – автордың қоғамдық  өмір  құбылыстарын
өз бетінше саралауын, түсінуін, бағалауын оқырманға жеткізуінің көрінісі;
      Мазмұндық-астарлы  ақпарат  –  тіл  бірліктерінің  ассоциативті   және
бағалаушы мағына тудыра алу  қабілетіне  қарай  мазмұндық  нақты  ақпараттан
алынатын жасырын ақпарат.
      Ақпараттылық – мәтінге тән негізгі категориялардың бірі.
      Әңгімелеу – тұтастық, байласымдық және мағыналық аяқталғандық, ақпарат
беру категорияларына ие композициялық сөйлеу формаларының бірі.
      Байланыс жарыспалы – мұнда сөйлемдер бір-біріне іліктеспейді;
      Байланыс тізбекті – мұнда әр сөйлем келесі сөйлеммен іліктеседі.
      Байласымдылық  –  мәтінге  тән  негізгі   категориялардың   бірі,   ол
тұтастықпен  бірігіп,  автор  интенциясы  мен  оқырман  қабылдауын  мейлінше
жақындастыруға ықпал етеді.
      Бөлшектік – автор өзі  баяндап  отырған  оқиға,  құбылыстың  жекелеген
қырларына  назар   аударатын   және   оқырманның   алған   ақпары   түсінуін
жеңілдететін мәтін категориясы.
      Гипермәтінділік  –  бір  мәтінді  екінші  бір  мәтін  арқылы  ажуалау,
кемсіту.
      Дискурс  –  (лат.discursum-әңгімелеу,сөйлеу  үдерісі)  кең  мағынадағы
тілдік іс-әрекет, тар мағынада – байласымды мәтін.
      Жағдаят  –  мәтіндегі  оқиғаның  орны  мен  уақыты  және   кейіпкерлер
жөніндегі ақпар.
      Идея – (грек. idea-ұғым, түсінік) –  тақырып  пен  мазмұн  қатынасының
нәтижесі.
      Инвенция – сөйлеуді тудыру.
      Интермәтіндік – мәтінге басқа шығармалардың мәдени кеңістігінің енуі.
      Категория – объективті болмыстың құбылыстары мен  заттар  аралығындағы
қатынастар мен  байланыстары,  ортақ  қасиеттері  мен  белгілері  анықталған
ұғым.
      Категориялар мәтіннің –  ақпараттылық,  концептуалдылық,  байласымдық,
тұтастық, аяқталғандық, модальдылық, коммуникативтілік, прагматикалық т.б.
      Кеңістік – мәтінге тән категориялардың бірі, ол  баяндаудың  нақтылығы
мен  шындығын  қамтамасыз  етеді,  қатарлас  нәрселердің  орналасу  тәртібін
көрсетеді:
      Кеңістік көркем – шектеусіз кеңістік;
      Кеңістік шынайы – нақты кеңістік.
      Когезия – (ағыл.cohesion-«бірігу») –  мәтіндегі  сөйлемдер  мазмұнының
байласымдығы.
      Когеренттік – (ағыл.coherence-«байласымдық») –  мазмұндық,  құрылымдық
байласымдық.
      Континиум – (лат. continuum-үздіксіз,толассыз) – мәтіндегі  уақыт  пен
кеңістік ұғымдарының көрінісі:
      Концептуалдылық – (лат. conceptio-қабылдау)
      1) құбылысты қабылдаудағы пікірлер жүйесі;
      2) негізгі идея.
      Құрылым мәтіннің  –  мәтіннің  мазмұны  мен  формасы  категорияларының
арасындағы қатынастар.
      Мазмұн – тақырыпты ашу  үшін  тілдік  талдауға  түсетін  фактілер  мен
құбылыстар.
      Мәтін   –   (лат.textus-ткань,   өрілім,   қосылым)    –    аяқталған,
объективтелген жазба құжаты ретінде... бірқатар ерекше бірліктері мен  атауы
бар,   түрлі    лексикалық,    грамматикалық,    логикалық,    стилистикалық
байланыстармен біріктірілген, белгілі бір мақсат  пен  прагматикалық  бағыты
бар сөйлеу шығармасының туындысы:
      Макромәтін – көлемі үлкен шығарма;
      Микромәтін – түрлі құжаттар, ақпараттар, көлемі шағын шығармалар.
      Мәтін түзу – «Текст түзу» - жетілген жазба әдебиетінің көрінісі.  Және
ол қаламгердің зор талантын талап ететін құбылыс, өйткені  текст  түзу  үшін
сөз  таптарын,  грамматикалық  амалдарды  таңдай  білу  керек,   әр   сөздің
лексикалық мағынасы мен модальдық өңін тап баса білу  керек.  Метамәтінділік
– мәтіннің алдыңғы бөліктеріне түсіндірме немесе сыни сипаттағы сілтеме.
      Модальділік – айтушының  айтылымға қатынасын көрсететін,  ақпарат  пен
объективті  болмыстың   арақатынасын   бағалауға   арналған   грамматикалық-
семантикалық категория:
      Модальділік мәтіннің –  автордың  оқырманға  болмыстағы  құбылыстардың
себеп-салдарын, қатынастарын түсінуіне ықпал жасау;
      Модальділік объективті – ақпараттың болмысқа қатынасын білдіру;
      Модальділік субъективті – айтушының айтылымға қатынасын көрсету.
      Ойталқы – композициялық сөйлеу формаларының бір түрі,  кейіпкердің  әр
түрлі сезімін, көңіл-күйін, дүниеге  көзқарасын,  кейде  автордың  ішкі  ой-
пікірін баяндайтын форма; ойталқының құрылымына уақыт, кеңістік және  себеп-
салдар категориялары жатады. Себеп-салдар  ойталқыда  құбылыстардың  бірінен
екіншісінің пайда болу байланысын көрсетеді.
      Прагматикалық –  коммуниканттардың  сөйлеу  жағдаятын  ескере  отырып,
айтылым мақсаты мен бір-біріне және ақпарға қатынасын білдіретін категория.
      Проспекция  –  (лат.prospicere-«алға  қарау»)  –   оқиғадан   соң   не
болатынына тілдік құралдар арқылы сілтеме жасайтын категория, ол уақыт  және
кеңістікпен тығыз байланыста.
      Рема  –  (грек.rhema-сөз)  –  сөйлемнің  актуалды  бөлігі;   хабардағы
бастапқы бөлік – тема жөнінде айтылатын  және  ойдың  аяқталмаған  көрінісін
жасаушы.
      Регистр  сөйлеудің  немесе  мәтін   түрлері   –   мәтіндердің   тілдік
ұйымдастырылуы:
      Регистр ақпараттық  –  айтушы  өзі  білетін  оқиғалар  мен  фактілерді
хабарлайды;
      Регистр  волюнтивтік  –  айтушы  адресатты  белгілі  бір   іс-әрекетке
жұмсайды;
      Регистр  генеритивтік  –  айтушы  ой  елегінен  өткізген   және   өмір
тәжірибесінен жинақталған ақпаратты береді;
      Регистр реактивтік – тыңдаушының жағдаятты бағалауы;
      Регистр  репродуктивтік  –  айтушы   көргенін,   естігенін,   сезгенін
хабарлайды.
      Ретроспекция – (лат.retrospicere-артқа  қарау)  –  бұрынғы  айтылғанға
(жазылғанға) оралу.
      Суреттеу  –  болмыстың  белгілі  бір  қалпын,  күй-жайын  толықтайтын,
көрсететін композициялық баяндау формаларының бірі.
      Сюжет – (фр.sujet-шығарманың кейіпкерлері  мен  оқиғаларын  баяндайтын
негізгі мазмұн) – тақырып пен композиция қатынасының нәтижесі.
      Тақырып – автордың құбылысқа қатынасын шығармасында  зерттеу,  көрсету
үшін сұрыптап алған негізгі ойы немесе ой жиынтығы.
      Тәсіл – композиция мен тілдің арақатынасын көрсететін амал.
      Тұтастық  мәтіннің  –  мәтін  ішіндегі  сөйлем,  абзац,  тарау,  бөлім
мазмұндарының тұтастығы.
      Тұтастық  күрделі  синтаксистік  –  ерекше  синтаксистік-стилистикалық
бірлік құрайтын бірнеше сөйлемдер жиынтығы.
      Тұтастық күрделі фразалық – мәтін құрайтын тіл бірлігі.
      Уақыт – мәтінге тән  категориялардың  бірі,  ол  қатарлас  нәрселердің
бірін-бірі ауыстыруын көрсетеді:
      Уақыт концептуалды – оқиға өтетін уақыт;
      Уақыт көркем – сюжеттің, бейнеленген құбылыстардың өмір сүру формасы;
      Уақыт объективті – күнтізбелік уақыт;
      Уақыт перцептуалды – эмоциялық-экспрессивті уақыт;
Уақыт шынайы – басқа материалды объектілер сияқты мәтіннің (кітап, газет,
іс қағаздар, хаттар т.б.) нақты уақытта өмір сүру формасы



























2 ДӘРІСТЕР

  Дәріс 1.   Мәтіннің тіл біліміндегі ролі

Мәтін лингвистикасы ғылыми пән ретінде

Дәріс сабағының мазмұны:

1.Мәтіннің  тіл білімінде зерттелуі

2.Мәтін анықтамалары

    Ұзақ жылдар бойы тілдік жүйені зерттеуге  ден  қойып  келген  лингвистер
кейінгі кезде  тілдік  жүйенің  сөйлеу  кезіндегі  көрінісін  зерттеуге  бет
бұрды.  Антропологиялық  ізденістердің  нәтижесінде  адам,  оның  іс-әрекеті
бірінші кезеңде  тұрды.  Адам  өзін  қоршаған  ортаны   мәтін  арқылы  танып
біледі. Өзіне қажетті ақпаратты  мәтін арқылы алып, мәтін  арқылы  жібереді.
Мәтін әрқашан  коммуникативтік  жағдайларға,  сөзді  айтушы  мен  тыңдаушыға
байланысты   болады.   Ол   адамдар   қарым-қатынасының   алғышарттары   мен
ұйымдастырылуын сипаттайды.

    Мәтін лингвистикасы  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  қалыптаса
бастаған, соңғы жылдары қарқынды дамып  келе  жатқан  тың  сала.  Ол  барлық
гуманитарлық,   философиялық   ойлаудың   негізі   болумен    бірге    мәтін
лингвистикасы пәнінің шығуына түрткі болған.   Мәтін  лингвистикасы  пәнінің
филология ғылымдарының бір саласы  болып қалыптасуы  қазіргі  лингвистиканың
даму бағытын көрсетеді.

    Қазірде мәтін ұғымы жаңаша сипатқа ие болды.  Соның  нәтижесінде,  мәтін
терминін дискурстық терминологияға, мәтіннің статикалық қалпынан  динамикаға
көшіріп, басқаша зерттеуді қолға алды. Ғылымда дискурс,  дискурсивті  талдау
сияқты ұғымдар көрініс тапты. Екі негізгі  бағыт  белең  алды.  Олар:  мәтін
лингвистикасы және дискурс. Аталған дискурс  терминін  қолдануда  осы  кезге
дейін бірізділік  жоқ.  Соған  орай  дискурске  түрлі  анықтамалар  беріліп,
тұжырымдар жасалуда.

   Мәтін туралы ілім – мәтіннің мағыналық, құрылымдық жақтарынан зерттейтін
тіл білімінің іргелі саласы. Мәтін лингвистикасының өзге пәндермен
байланысы. Мәтінді лингвистикалық талдау аспктілері: әдебиет теориясы,
психология, мәдениеттану.


                          Мәтін лингвистикасы ғылыми пән ретінде
           Мәтін  лингвистикасы  –  өзінің   теориясы  мен  практикасы   бар
салыстырмалы түрде алғанда жас (ХХ ғасырдың ортасы) дербес  ғылым  және  оқу
пәні.  Мәтін   лингвистикасы   мәтін  ұғымына   негізделіп,   көбінесе   оны
талдаумен байланыстыратын филологиялық риторика  аталатын  риториканың  тағы
бір бағытының дамуына ықпал етеді.
        Заманауи  мәтін   лингвистикасы   мәтіннің   өзі   мен   құрылымын,
категориялары  мен  тілдік  бірліктерін,  сол  сияқты  мәтінді,  ең  алдымен
көркем мәтінді құрастыру, тудыру және талдау тәсілдерін зерделейді.
      Соңғы отыз жылда  мәтін   лигвистикасында   үш  дербес   ғылыми   сала
анықталды:  - жалпы мәтін теориясы (И. Р. Гальперин);
                    -    мәтін    грамматикасы    (О.    И.    Москальская);


                 - мәтін стилистикасы (И. В. Арнольд, В. В. Одинцов).
      Мәтін лингвистикасы мәтінде қолданылатын  түрлі  коннотация  құралдары
(функционалды-стилистикалық,   эмоционалды-экспрессивті,    бағалаушы)    ең
алдымен,   функционалды   стилистикада   зерделенетіндіктен   стилистикамен,
нормаларын   білмей   қарым-қатынас   мәдениетін   меңгеру,   сауатты   және
коммуникативті  барабар  мәтін  құрастыру  мүмкін   болмағандықтан,   сөйлеу
мәдениетімен тығыз байланысты.
      Шын мәнінде мәтін лингвистикасы  (мәтінді  лингвистикалық  талдау  да)
бұрын оқылып, болашақ тілші-мамандардың санасында айтылған  немесе  жазылған
сөйлеуге  сергек  қарауға,  оқыған  мәтінінің  мазмұны  ғана   емес,   терең
мағынасына да үңілуге ерекше тілдік  (стилистикалық)  сезім  қалыптастыратын
лингвистикалық және  әдебиеттану  пәндерінің  қорытындысын  шығаратын  жалпы
филологиялық пән болып табылады.
      Мәтін-мәтін  лингвистикасы  мен  оның  практикалық  курсының,  мәтінді
лингвистикалық талдау мен әдебиеттанудың ортақ зерттеу объектісі.
      Алайда әдебиеттану объектісіне қарағанда мәтін лингвистикасының талдау
 объектісі кеңірек, себебі ол:
      - тек көркем шығарманы ғана емес, барлық сөйлеу  шығармаларын қамтиды;
      - мәтінді сол  мәтінді  тудырып  тұрған  барлық  тілдік  элементтердің
комбинациясы ретінде зерттейді.  Ол  тілдік  арақатынастардың  өзгерістерін,
мәтін ішіндегі олардың  динамикасын  зерделеп,  мазмұн  тұрғысында  мәтіннің
идеялық-тақырыптық  және   эстетикалық   деңгейінде   жасақталуын,   айтылым
тұрғысындағы  функциясын  белгілейді,  осы  тұста  әдебиеттанумен  ұштасады.
Әдебиеттану  мәтінді  идеялық  мазмұны,   эстетикалық   құндылығы,   жанрлық
артықшылығы,  композициялық  ұйымдастырылуы  қырынан  қарастырады.   Басқаша
айтқанда, өз талдауында формадан мазмұнға қарай, ал әдебиеттануда  мазмұннан
формаға  қарай ауысады;
      - лингвист өз талдауын көп жағдайда нақты мәтінді  талдаумен  шектесе,
яғни зерттеудің имманенттік әдісін  қолданса,  әдебиеттанушы  үнемі  тарихи,
әлеуметтік,  философиялық  сипатта   экскурстар   жүргізеді,   яғни   көбіне
зерттеудің  проекциялық  әдісін  қолданады          (В   .В.   Виноградовтың
терминдері);
      -  лингвист  мәтінді  ең  алдымен  оқырман  (адресат)  тұрғысынан,  ал
әдебиеттанушы ең алдымен автор (адресант) тұрғысынан талдайды.
      Мәтін лингвистикасында мәтіннің негізгі екі объектісі айқындалады:
      -  тұтас  сөйлеу  шығармасы  –  сөйлеудің  кең  мағынасындағы   мәтін,
макромәтін;
      - күрделі фразалық  тұтастық  немесе  күрделі  синтаксистік   тұтастық
–сөйлеудің тар мағынасындағы мәтін, микромәтін.
      Күрделі фразалық тұтастық пен тұтас сөйлеу шығармасы шекараларының сай
келуі мүмкін. Шағын көлемдегі тұтас  сөйлеу  шығармасының  (газет  мақаласы,
қысқа әңгіме, ауа райы туралы хабар, хабарландыру, т.с.с.)  жалғыз  фразадан
тыс бірліктен құралуы мүмкін. Дегенмен, бұл шағын жанрлы және шағын  көлемді
мәтіндерге ғана қатысты  болғандықтан,  мәтіннің  екі  объектісін-макромәтін
мен микромәтінді айырған жөн, себебі күрделі  фразалық  тұтастық  пен  тұтас
сөйлеу шығармасы-мүлде түрліше  тәртіптегі бірліктер.
      Күрделі фразалық тұтастық - синтаксистік ұғым, тұтас сөйлеу  шығармасы
- әлеуметтік-сөйлеу құбылысы, қоғамның түрлі  салаларына  қызмет  ететін  ең
жоғары деңгейдегі коммуникативтік бірлік.
      Байласымды мәтін мен байласымды сөйлеу (мәтін) құрау модельдері  мәтін
лингвистикасының нысаны болып табылады.
      Бұл пәннің міндеттері:
      - болашақ мамандардың бойына  мәтінді  (ең  алдымен-көркем   мәтінді),
тілдік және мағыналық  ұйымын талдаудың кәсіби дағдыларын сіңіру;
      - олардың осы талдаудың теориясы мен  әдістемесін меңгеруі.
      Мәтін лингвистикасының негізгі мәселелері мен ұғымдары:
      - мәтінді талдау;
      - мәтін параметрлері;
      - мәтін бірліктерін анықтау;
      - мәтін категорияларын анықтау;
      - мәтін бірліктерін грамматикалық және семантикалық зерттеу.
      Мәтінді талдаудың негізгі аспектілері:
      - лингвистикалық түсіндірме-қазіргі қазақ әдеби  тілін  қазіргі  әдеби
нормамен шендестіру  тұрғысында  тілдік  бірліктерді,  соның  ішінде  тілдік
бірліктердің функциялық-стильдік және стилистикалық бояуын қарастыру;
      -  семантикалау,  ұғымы  көмескілеу  сөздерді,  сол  сияқты   идеялық-
теориялық  жүктемесі  (лексика-фразеологиялық  деңгейі)   ауырлау   сөздерді
түсіндіру. Бұл мағынада сөйлем мәтіннің бейнелілігі мен  тілдің  эстетикалық
тұрғысынан  статикалы,  шартты  болып  келуін  көрсетеді   (микробейнелерді,
көркемдік және нақыш формаларын және т.б. табу).
      Мәтінді талдаудың негізгі деңгейлері:
      - бейнелік-тілдік (сөздің бейнелеу құралдары);
      - құрылымдық-композициялық;
      - идеялық-тақырыптық.
      Мәтінді лингвистикалық талдаудың негізгі принциптері:
      - историзм принципі (шығарма жазылған тілдік дәуірді ескеру);
      -  шығарманың  формасы  мен   мазмұнының   өзара   байланысын,   өзара
шарттылығын ескеру принципі  (мазмұнға,  сондай-ақ,  сол  мазмұнның  әсерлік
сипатын күшейтуге,  прагматикалық  функциясына  бағытталған  тіл  құралдарын
ескеру);
      - мәтінді талдауға деңгейлік принцип (мәтіндегі тілдік жүйенің  барлық
таңбалық деңгейлерін зерттеу);
      - жалпы мен жекені үйлестіру принципі (мәтіндегі жалпы тілділік, жалпы
стильдік, жалпы жанрлық пен жеке авторлықтың өзара әрекеттестігін ескеру).
      Мәтінді лингвистикалық талдаудың әдістері мен амалдарына жататындар:
      - стилистикалық эксперимент  әдісі  –  синонимдерді  іріктеу,  мәтінді
қысқарту мен кеңейту, мәтіндегі сөйлемдердің орнын алмастыру  сияқты  әрқилы
аранжировка  түрлері,  сөйлемде  компрессия  қолдану:   бағыныңқы   сөйлемді
көсемшелік және есімшелік амалдармен, детерминанттармен  (сөйлемнің  басында
мезгіл және мекен пысықтауыштарын) алмастыру; мәтіндегі  жай  және  құрмалас
сөйлемдердің  арақатынасын,   гипотаксисті   паратаксиске   және   керісінше
өзгерту;
      - семантика-стилистикалық әдіс – тілдік ережелерден ауытқу,  мағынаның
заттық және коннотативтік элементтерін үйлестіру; нақты мәтіндегі дара,  көп
мәнділік; сөйлеуді (мәтіндегі  фразаны)  бірнеше   мәрте  қайталау  есебінен
мағыналық элементтерді арттыру; бұл әдіс  мәтін бірліктерін  жалпы  халықтық
тіл  элементтерімен  (яғни  мәтіндегі  бірліктерді   олардың   сөздіктердегі
мәнімен) салғастыру үшін қолданылады;
      - салғастыру-стилистикалық әдіс –  бір  типті  мазмұндағы  мәтіндердің
тілдік безендірілуіндегі  ұқсастық  пен  айырмашылықты  табуға  көмектеседі,
негізінен  түпнұсқа  мен  аударма  мәтіндерін   салыстырғанда   қолданылады,
авторлық варианттарды  салыстыру  әдісі  деп  аталатын  алғашқы  және  түпкі
варианттарын салыстырғанда да қолданылуы мүмкін;
      - мәтінді сандық талдау әдістері – сандық заңдылықтарды (сын  есімнің,
үстеудің және т.б.-ның санын) тауып, мәтіннің  тілдік  құралдарының  сапалық
айырмашылығын табуға көмектесетін ықтималды-статистикалық әдіс.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Мәтінге берілген анықтамаларды саралап, өзіндік тұжырым жасаңыз

2. Мәтіннің анықтамаларына сүйене отырып, белгілерін жазыңыз

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ.- М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.

2. Г. Смағұлова. Көркем мәтін лингвистикасы Алматы. Триумф-Т 2007.

3. Актуальные проблемы современной лингвистики: Учебное пособие / Сост.
Л.Н. Чурилина.- 4-е изд.- М: Флинта-Наука, 2009.- 411с.

4. Ахметова, М.К. Мәтін лингвистикасы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы -
Орал, 2007.- 1 эл.диск.

 Дәріс 2. Мәтіннің зертелуі, ерешеліктері және дискурс. Мәтіннің
концептуалдық  кеңестігі және концептілік құрылымдар Мәтін және дискурс
және оның  дефиницалары. Дискурс  пен мәтін бірлігінің ерекшеліктері

 Дәріс сабағының мазмұны:

1.Тіл біліміндегі дискурске берілген анықтамалар

2.Дискурс белгілері туралы.

    Қазақ тіл білімінде дискурстың кейбір негізгі белгілерін  Қ.  Жұбановтың
30-жылдардағы зерттеулерінен аталмыш терминді қолданбаса  да  кездестіреміз.
Ғалым: «Сөз бұйымын жасап шығару үшін де  оның  жасалу  жолын,  материалының
сыр-сипатын білу керек. Сөзді дұрыс құраудың жолын білу  –  жазылатын  сөзге
ала-бөтен қарау. Өйткені, ауызекі сөйленетін сөздердің андай-мұндай  қисығын
елетпейтін басқа жағдайлар бар. Дауыстап сөйлеген сөздердің олқысы  көбінесе
ыммен толады. Дұрыс айтылмағанын сезсе сөйлеушінің өзі де сөзін қайта  түзеп
айтып, түсінікті  қылады.  Мұның  бәрі  де  жеткіліксіз  болса,  ауызба-ауыз
сөйлескен адам қайта сұрап алуына болады. Жазулы  сөзде  бұл  кемшіліктердің
бірі де жоқ. Кітаптың  сөзі  қисық  болсын,  дұрыс  болсын,  қалай  жазылған
болса, солай оқылады,  солай  түсініледі  немесе  түсініксіз  күйімен  қалып
қояды. Мұнда жазған кісіден қайта сұрап алуға болмайды. Сөзді қалай  құрудың
тетігін білу ауызекі сөз үшін де аса керекті»,– деп көрсетеді

    Ал қазіргі қазақ тіл білімінде  дискурс термині  соңғы  кезде  сөйлеудің
дәстүрлі ұғымын модификациялап, мәтін, диалог, стиль аясында  тіл  ғылымында
ерекше орын ала бастады.

     Шешендік сөздер табиғаты айырықша феномен болғандықтан,  мәтін  ретінде
лингвистикалық талдауға негіз болады.

    Мәтін – қимыл әрекеттегі тіл. Тілдің негізгі бірлігі сөз, сөйлем емес  –
мәтін. Мәтін лингвистикасын дискурсивті  талдаудың  бір  бөлімі,  компоненті
ретінде тану, сөйлеу мен мәтіннің өзара байланысы – дискурс мәтін  талдаудан
басталады. Ғалым Н.Уәлиев атап көрсеткендей, «Мәтін –  дискурстық  әрекеттің
өнімі, нәтижесі, туындысы

Дискурс туралы түсінікке берілген сан алуан пікірлер.  Дискурс  типологиясы.
Дискурс құрылымы.

1. Мәтін  бірліктері   2.Дискурс бірліктері

    Мәтін жазбаша түрде ғана емес,   сөйлеу  әрекеті  жағдайында  да   пайда
болады.  Сондықтан  қарым-қатынас   үстіндегі    сөйлеу   әрекеті    өзіндік
ерекшеліктері арқылы даралана отырып түрлі қасиеттерге ие болады. Ол  термин
ретінде  тіл білімінде « дискурс», «дискурстық талдау»  деп беріліп жүр.

    Осыған  орай  Ю.А.  Левицкий:  «Речь   можно   осуществляться   в   двух
формах–устной и письменной. Следовательно и  тексты  могут  быть  устными  и
письменными» ,– деп атап көрсетеді

    Сонымен  тіл  білімінде  дискурс,  дискурсивті  анализ  (талдау)  сияқты
ұғымдар қалыптасты. Екі негізгі бағыт белең алды. Олар: мәтін  лингвистикасы
және дискурс.

    Дискурс туралы ойлар қазақ тіл білімінде де, дәл сол терминмен  аталмаса
да қолданыста  болған  деуге  болады.  «Дискурс»  сөзінің  алғашқы  мағынасы
«ақылды ойлану»  (разумные  размышление)  деген  ұғымға  да  жақын.  Дискурс
терминінің жан-жақты кеңеюіне, әр түрлі  сипатқа  ие  болуына  Д.  Ван  Дейк
мектебі әсер етті. Мектеп өкілдері дискурс табиғатын толық ашуда когнитивті-
прагматикалық әдіс-тәсілдерді пайдалануға болатынын айтқан. Бүгінде  дискурс
сөйлеуші----  мәтін-----тыңдаушы    тұрғысында   қарастырылып,   тыңдаушының
қабылдауына айрықша көңіл бөлініп отыр.

     Дискурс ХХ ғасырдың 70-80  жылдарынан  бастап  лингвистикада  алғашында
«сөйлеу»мағынасында қолданылса,  жалпылама  түрде  «коммуникативтік  оқиға»,
«коммуникативтік жағдай» терминдерімен берілуде.Сондай-ақ, дискурс  дәстүрлі
стиль ұғымын  ары қарай нақтылау үшін және  жеке  жазушы,  ақынның   мысалы,
Абай  тілі,  Әуезов  стилі  дейтін  бұрыннан  қалыптасқан  тіркес  мағынасын
жаңалап айтатындар. Мәселен, қазіргі орыс саяси дискурсы,   ғылыми  дискурс,
педагогикалық дискурс, публицистикалық  дискурс,  көркем  әдебиет  дискурсы,
әдеби сын дискурсы деп аталып жүр.

      Мәтіннің қатысымдық табиғаты  –  дискурс.  Дискурс  –  тілдік  әрекет,
сөйлеудің жолы, тәсілі. Дискурс – іс-әрекет, сұхбаттасушылардың өзара қарым-
қатынасы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Мәтіннің зертелуі, ерешеліктері және дискурс.

2.Мәтіннің концептуалдық  кеңестігі және концептілік құрылымдар

3.Мәтін және дискурс және оның  дефиницалары.

4.Дискурс  пен мәтін бірлігінің ерекшеліктері

 Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.

2 Дуличенко, А.Д.  История интерлингвистики: учеб. пособ. - М.: Высш. шк.,
2007.- 183 с.

3 Актуальные проблемы современной лингвистики: Учебное пособие / Сост. Л.Н.
Чурилина.- 4-е изд.- М: Флинта-Наука, 2009.- 411с.

4 Ахметова, М.К. Мәтін лингвистикасы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы -
Орал, 2007.- 1 эл.диск.

5. Г. Смағұлова. Көркем мәтін лингвистикасы Алматы. Триумф-Т 2007.

Дәріс 3.. Мәтіннің байласымдылығы мен тұтастығы

Дәріс сабағының  мазмұны:

Мәтіннің байласымдылығы мен тұтастығы Когезия Когеренттік  Мәтін бірліктері


       Мәтіндегі байланыс құралдары
      Мәтінді бөлшектеу  мәтін  құрайтын  бөлімдердің  шығарманың  бірлігін,
тұтастығын  сақтай  отырып,  қалай   бірігетінін,   сол   сияқты   айтылатын
уақиғалардың, фактілердің, іс-қимылдардың үзіліссіздігін, континуумын  қалай
қамтамасыз                       етілетінін                       көрсетеді.


      Мәтінді  зерделеумен  айналысатын   зерттеушілердің   бәрі   мәтіндегі
байланыс құралдарын  бөледі,  алайда  осы  байланыс  құралдарын    әр  түрлі
белгілер бойынша сипаттап, жіктейді. Әр түрлі   формальды  байланыс  ретінде
когезия (лат. cohaesus, cohesion – байланысты, тіркесті) және мәтінді  басқа
мәтіндерден тұтастық  ретінде  бөліп  тұратын  тұтастықтың  мағыналық  ұйымы
ретінде когеренттілікті (лат.  coraerens,  coherence  –  байланыста  тұрған)
бөледі.
      Л. М. Лосева  формальды  байланыс  құралдарына  сипаттама  береді.  Ол
күрделі фразалық  тұтастықта  байланыстың  жанаспалы,  аралық  және  тізбелі
түрлерін және грамматикалық байланыс құралдарын:
      а)  құрмалас  сөйлемнің  бөліктерін  біріктіру,  сол   сияқты   дербес
сөйлемдер үшін ортақ (жалғаулық, демеулік, қыстырма-модаль сөздер,  етістік-
бастауыштың шақ түрі, есімдікпен және оны синониммен алмастыру және т.б.);
      ә) дербес сөйлемдерді біріктіру  үшін  ғана  қолданылатын  фразааралық
байланыс құралдарының өзін  (сөйлем  шегінде  өзінің  семантикасын  ашпайтын
сөздер мен сөз тіркестері,  лексикалық  қайталау,  екі  құрамды  жай  сөйлем
формасындағы кейбір айтылымдар,  жекелеген  сұраулы  және  лепті  сөйлемдер,
атаулы көріністер);
      б) бір-бірінен алшақ мәтіндік байланыстың қашықтық құралдарын (мысалы,
көсемшелік орам) бөледі [13, 9–15 б.].
      И.   Р.   Гальперин,   Т.   В.   Матвеева,    О.    И.    Москальская,
     Е. А. Реферовская  құрылымдық  та,  мағыналық  та  байланыс  құралдарын
сипаттайды [1,74; 12, 21–27 б.; 5, 42–51 б.].
      И. Р. Гальперин мәтіндегі байланыс  түрлері  мен  құралдарын  сипаттай
келіп, когезия (яғни формальды байланыс  құралдарына)  терминіне  басымдылық
береді.
      Алайда И. Р.  Гальперин  когезия  деп  континуумды  қамтамасыз  ететін
«ерекше» байланыс түрлерін, яғни  жекелеген  хабарлардың,  фактілердің,  іс-
қимылдардың   т.с.с.   логикалық   сабақтастығын   (темпоралды   және/немесе
мезгілдік),  өзара  тәуелділігін,  яғни  мағыналық  байланыс  құралдарын  да
түсіндіреді. И. Р. Гальперин   күрделі фразалық  тұтастықтағы  грамматикалық
байланыстың  бес  типін  –  тізбекті,  параллельді,  сәулелі,   біріктіруші,
жағдаяттық  түрі  туралы   айтып,   мәтіндегі   байланыстың   грамматикалық,
логикалық,      ассоциациялық,      бейнелік,      композициялық-құрылымдық,
стилистикалық, ырғақ түзуші құралдарын бөледі.
      Т. В. Матвеева мағыналық және құрылымдық байланыс құралдарын сипаттап,
түрлі стильді мәтіндерде тақырыптық тізбелер  мен  ой  желісінің  тізбелерін
бөледі.
      О. И. Москальская монолог, диалог және аралас типті  күрделі  фразалық
тұтастықтың   мазмұндық,    коммуникативтік   және   құрылымдық   тұтастығын
қамтамасыз  ететін  мағыналық,  коммуникативтік  және  құрылымдық   байланыс
құралдарын бөліп, сипаттайды.
      Қорыта келгенде, күрделі  фразалық  тұтастықта  да,  қомақтылау  мәтін
үзіндісінде   де   мағыналық   (ассоциациялық    пен    бейнелік    т.с.с.),
коммуникативтік  және   құрылымдық   (соның   ішінде    грамматикалық   және
логикалықпен  қатар  композициялық-құрылымдық,  стилистикалық   және   ырғақ
түзуші) байланыс құралдары негізгі байланыс құралдары болып табылады.


                        Мәтіннің мағыналық тұтастығы


      Мәтіннің  мағыналық   тұтастығы   оның   тақырыбының   біртұтастығымен
анықталып, мәтіннің мағыналық ұясы, мәтіннің жинақталған  мазмұны  түсінігін
береді. Тұтас сөз  туындысының  тақырыбы  жеке  тақырыптардың  арифметикалық
сомасы емес. Бұл көркем әдебиет жанрында барынша анық көрінеді.
      Күрделі фразалық тұтастыққа кіретін тақырып ұсақ  жеке  тақырып  болып
табылады. Ол құрамына – сөйлемдерге  кіретін  ұсақ  тақырыптардың  қосындысы
емес және одан әрі бөлшектенбейді.
      Күрделі фразалық тұтастық монотақырыпты. Оны құрайтын сөйлемдерді  бір
тақырыптың маңайына шоғырландыру –  оның  мағыналық  тұтастығының  көрінісі.
Айтылып  өткендей, бір тақырыптан екіншісіне ауысу –  бір  күрделі  фразалық
тұтастықтың аяқталып, екіншісінің басталғанын білдіретін шекаралық белгі.
      Күрделі фразалық тұтастық пен тұтас мәтін  тақырыбының  бір  тұтастығы
тақырыппен байланысты тірек  сөздердің  жүйелі  қайталаушылығымен  көрінеді.
Жүйелі қайталаушылық оларды сөзбе-сөз қайталаудан, тақырыптық  қолданылуында
жақын және синоним сөздерді қолдануда, сол  сияқты  есімдіктенуден  (есімдік
тобына көшу)   байқалады.
      Көптеген ғалымдар топиктер (тақырыптар) мен топиктік тізбелер  түзудің
тілдік құралдарын: сөздерді немесе  сөз  тіркестерін  қайталау,  түрлендіріп
қайталау,  есімдіктік  қайталау  (зат  есімнің  орнына   есімдік   қолдану),
эллипсистік қайталау (сөз тіркесі  компоненттерінің  бірінің  түсіп  қалуы),
синонимдік іліп әкету (узуальды  синонимдерді қолдану, композиттер мен  оның
компоненттерінің бірін түрлендіру,  қосу  қатынасымен   байланысты  сөздерді
қолдану), тақырып немесе  семантикалық  ортақтасығымен  байланысты  сөздерді
қолдану,  антонимдерді  қолдануды  көрсетеді,  топик   (тақырып)   элементін
перифазалау ғылыми мәтіндерге көбірек тән.
      Түрлі функциялық стильдегі тақырыптық тізбелердің айырықшылығын Т.  В.
Матвеева жан-жақты қарастырған.                          Т.  В.  Матвееваның
пікірінше, мәтіннің тақырыбын бірінші тақырыптық  тізбек  (көбіне  бейтарап,
жалпылама  қолданылатын  сөзбен  белгіленетін  заттың   тура   атауы)   және
субституттер, синонимдер, есімдіктер  жататын  екінші  (қосымша)  тақырыптық
тізбек көрсетеді [12, 21–35 б.].
      Тақырыптың біртұтастығы күрделі фразалық  тұтастық  шеңберінде  сәйкес
сөздер  референциясының  барабарлығымен,  яғни  күрделі  фразалық   тұтастық
бойында сол сөз бен  оны  алмастырушыны  (есімдікті,  синонимді  және  т.б.)
шендестірумен қамтамасыз етіліп,  күрделі  фразалық  тұтастық  пен  бірыңғай
тақырыпта жалпы не жалқы есімнің орнына синоним не  есімдік  қолданылса  да,
әңгіменің бір зат туралы болып отырғанының түсінікті болуы.
      Күрделі   фразалық   тұтастық   тақырыбының    біртұтастығымен    және
референцияның  барабарлығы  жағдаяттық  байланыстарға  немесе   бөлшек   пен
тұтастықтың қатынасына негізделген  импликация  құбылысымен  де  байланысты.
Әлдебір зат, әлдебір жағдаят туралы айтылғанда айтушының немесе  тыңдаушының
ойына солармен байланысты заттардың бар екені түседі.
      Мәтінде негізінде тақырып айқындалатын тірек сөздің болмауы да мүмкін.
Тақырыптың мәтін  мазмұны  элементтерді  жинақталған  ұғымға  әкелу  жолымен
немесе жеке сипаттау негізінде құрылуы мүмкін.
      Ассоциациялық   когезияның   негізінде    коннотация,    ретроспекция,
субъективті – бағалау модальділігі  жатады.  Ассоциациялық  когезия  әрдайым
сезіле  бермейді.  Алайда  ол  мазмұндық-контекстуалды  ақпаратты  ашу  үшін
маңызды сипатталушы құбылыстардың арасындағы байланысты анықтайды.
      Ассоциациялық когезия коннотациядан басқа негізде жүзеге асады.  Есіне
түскені,  соған  ұқсас,  ойына  оралды,  жадын   жаңғыртты   сияқты   сөздер
ассоциациялық когезияның вербальды сигналдары болып табылады.
      Көркем шығармада  ассоциация  аяқ  астынан  тумайды.  Ол  –  логикалық
тіректері байланыспайтын, алыс түсініктер сипатталған құбылыстар  арасындағы
түсінікті байланысқа айналатын көркем шығармашылық үдерістің нәтижесі.
      Халық   поэзиясында   когезияның   ассоциациялық   формалары   табиғат
құбылыстарын адамдардың қатынасына ұқсастандырумен құрылады.
      Когезияның  ассоциациялық  формалары  сол  мәтіннің   шегінен   шығып,
түсінуді қиындатады. Мәселен, аллюзия – ең алдымен ассоциациялық  когезияның
формасы.
      Когезияның ассоциациялық формалары  негізінен  көркем  әдебиетке  тән,
публицистикалық мәтінде  жиі  кездеседі,  алайда  әдетте  оған  ғылыми  және
іскерлік   сипаттағы   мәтіндердің    композициясында    орын    табылмайды.
Ассоциациялық ұғымның  енуі  тілдің  функциялық  стильдерінің  біртұтастығын
бұзып,  ыдырауына  соқтырады,  себебі  ассоциациялық  когезия  құбылыстардың
арасын әлдеқалай шығармашылықпен пайымдауды талап етеді.
      Ассоциациялық когезиямен ұштасып, ақиқаттың сезім арқылы  қабылданатын
объектілері  туралы  түсінік  оятатын  байланыс  түрлерін  И.  Р.  Гальперин
бейнелік когезия  деп  түсіндіреді.  Сөзбен  бейнелеу-синтетикалық  бейненің
алғашқы  элементі.  Бейненің  сезімдік  көркі  сөзбен  жасалып,  сөз  арқылы
көрінеді. Бейнелік когезияның  өте  белгілі  формаларының  бірі  –  ұлғайған
метафора. Алайда бейнені тек метафора емес, көркем мәтіннің кез-келген  сөзі
жасай  алады.  Көркем   сөзде   әрбір   элемент   бейнелі.   Оның    мәтінде
өзектендірілуі  мүмкін.   Өзектендіруге   барлық   тілдік   деңгейлердің   –
фонетикалық  (аллитерация,  ассонанс,  ырғақ,  метр   т.б.),   орфографиялық
(сөздің  көпшілік  қабылдаған  графикалық  бейнесін-графонды  саналы   түрде
бұзу),   морфемалық   (морфемалардың   жаңа   тіркестерімен,   қайталануымен
берілген) деңгейлердің бірліктері қатысады. Алайда,  өзектендірудің  негізгі
көзі –  лексикалық  деңгей:  тірек  және  тақырыптық  сөздерді  бірнеше  рет
қайталау;  сөздің  жеке-көркемдік  мәнін  (контексуалды  мәндісін)  қолдану;
тропалардың негізінде жатқан атауларды  көшіру  (метафоралар,  метонимиялар,
синекдохалар т.б.) [1, 80–81 б.].
      Бейнелік когезияның ерекшелігі автордың заттар мен ақиқат құбылыстарын
емес, солардың бейнелерін ұқсастыруында.
      Таза лингвистикалық тұрғыда бейнелілік әлдебір абстракты ұғымды  нақты
заттардың, құбылыстардың,  ақиқат  үдерістерінің  атауында  және  керісінше,
әлдебір нақты заттарды  немесе  ұғымдарды  абстрактылы  немесе  басқа  нақты
ұғымдардың атауында жаңғыртудың  тілдік  құралы.  Осылайша  хабарды  қосарлы
қабылдауға қол жеткізіледі, онда контекстке  қарай  біреуі  басым  болғанмен
екіншісі шеттетіліп қалмайды.
      Әдебиет кейіпкерінің бейнесін тілдік бейнемен барабар етуге  болмайды.
Абстракциялау фактісі оларға ортақ. Алайда нақтыны абстракцияға, сол  сияқты
абстракцияны нақтылыққа айналдыру  тәсілдері,  түрлері  мен  құралдары  бір-
бірінен мүлде өзгеше.
      Бейне – ақиқатты нақты, дара құбылыс түрінде көркем жинақтап  қабылдау
формасы. Қабылдау қосарлығы – бейнені эксплицитті және  имплицитті  дамытуға
тән ерекшелік  болып  табылады.  Абстрактылық  пен  нақтылық  бейнеде  қатар
жүреді.
      Барлық бейнелер бір ортақ оймен байланысты. Көркем  шығарманың  барлық
элементтерінің өзара байланысы мен өзара шарттылығы  оның  бейнелік  жүйесін
құрайды. Онда кейіпкерлер бейнесі басты орында. Автордың немесе  кейіпкердің
эмоциялық-психологиялық жай-күйін жеткізу  функциясына  ие  болғанда  пейзаж
көркем бейнеге айналады.  Пейзаж өнерде бір-біріне қарсы екі  функцияға  ие,
ол  кейіпкердің  табиғатпен  үйлесімділігін  немесе   олардың   антагонизмін
танытады.
      Нақты фон функциясын зат  бейнелері  –  жағдай,  төңіректі  заттар  да
атқара алады. Кейіпкер бейнесіне бағынышты зат бейнесінің басты функциясы  –
кейіпкерді нақтыландыру, дараландыру.
      Адамдардың  табиғатты  қабылдауында  әлдебір  ортақтық  бар,   мысалы,
көлеңкелі тоғай  суретін  көргенде  тыныштықты  сезінгендей  боламыз.  Киген
кіиімі, ұстаған заттарына қарап, кісінің талғамын, мінезін білгендейміз.
      Кейіпкерлердің,  табиғаттың,  заттың   бейнесі   контекст   шеңберінде
шоғырланған сөздік бейнелердің негізінде біртіндеп жасақталады.
      Дегенмен мәтіндегі  бейнелік  когезияның  сипатын  ақиқаттың  бейнелік
суретінің формаларын тыңғылықты талдаудың көмегімен ғана көруге болады.
                      Мәтіннің коммуникативтік тұтастығы


      О. И. Москальскаяның көзқарасынша, мәтіннің коммуникативтік  тұтастығы
оның құрамдарының сабақтастығында  айтылады.  Бұл  құбылыстың  мәні  күрделі
фразалық тұтастықта  әр  сөйлем  коммуникативтік  тұрғыда  алдыңғы  сөйлемге
сүйеніп,  айтылымды  белгіліден  белгісізге  алға  қарай  жылжытады,   соның
салдарынан  түпкілікті  сипаты  бар,  күрделі  фразалық  тұтастық  шекарасын
анықтайтын тақырып-ремалық тізбек түзіледі.
      Күрделі  фразалық  тұтастық  құрайтын  тақырып-ремалық  тізбектің  кең
тараған моделі алдыңғы сөйлемнің  ремасын  адымдай  тақырыптандыруға  енетін
қарапайым желілік тақырыптық прогрессия деп атайды


               (Т1 – Р1) → [Т2 (=Р1) – Р2] → [Т3 (=Р2) – Р 3]


      Өзекті тақырып (сквозной темой) тақырып-ремалық тізбек моделі жоғарыда
айтылған модельге кері


                    (Т1 – Р1) → ( Т1 – Р2) → ( Т1 – Р 3)


      Тақырып-ремалық  тізбек  ортақ   тақырыптан  шығатын  туынды   тақырып
(гипертақырып) аталатындардың негізінде  тағы бірі туады


                    (Т1- Р1)  ←       Т     →  (Т2 – Р2)

                                 ↓(Т3 – Р3)

       Мұндай  тақырып   –   ремалық   тізбектің   сегменттері   параллельді
байланыстан туындайды.
      Әрине, коммуникативтік прогрессияның  көрсетілген  модельдерінің  таза
күйінде ғана емес, бір-бірімен түрлі комбинацияларда да кездеседі.

      Кейде күрделі  фразалық  тұтастық  құраушылардың  арасындағы  тақырып-
ремалық тізбек күрделі  иерархиялық  құрылым  құрайды.  Тақырып  пен  реманы
ажыратқанда күрделі фразалық тұтастық мазмұнын кеңейтетін, алайда  баяндауды
жалғастыру үшін міндетті бола қоймайтын әлдебір  қалдықтың  табылуы  мүмкін.
Олар мәтінде басы  артық  дүние  емес,  оны  байытып,  сипаттау  детальдарын
қосады, уақиғалар мен кейіпкерлерді сипаттайды, субъективті-модальдық  мәнін
жеткізеді, бір сөзбен айтқанда  баяндаудың  толық  болуын  қамтамасыз  етіп,
тыңдарманға  (оқушыға)   әсер   етеді,   мәтіннің   стилистикалық   байлығын
көрсетеді.
      Егер күрделі фразалық тұтастықты объективті лингвистикалық құбылыс деп
есептесек, онда субъективті-авторлық ескертпеден ауытқып, онда  тақырып  пен
ремадан тұратын  «объективті негізді» («объективный костяк») бөлуге  болады,
мәтінде барлық субъективті сәттер (эмоциялық-экспрессивті) тыс қалып,  мәтін
мазмұнының негізгі желісі ғана сақталады.
      Мәтіндегі субъективті  –  экспрессивті  сәттер  ретінде  айырықшаланып
жазылған сөйлемдер әңгіменің негізгі желісін (мысықтың әрекеті)  бұзбай  шет
қалады, бірақ сипатталған көріністі жақсырақ елестетуге көмектеседі.
      Коммуникативтік  мүшелеудің  негізінде  сөздердің   субъективті   және
объективті  орын  тәртібі  жатады,  өйткені  ол  идеяларды  қандай   адамның
жеткізуіне байланысты – сабырлы немесе тым эмоционалды.
      Г. А. Золотова баяндаудағы сөйлемдерді біріктірудің  параллельді  және
сабақтасты   тәсілдеріне   назар   аударады.    Фразааралық    байланыстарды
параллельді дамытуда алдыңғы  сөйлемнің  тақырыбы  кейінгісінің  тақырыбымен
есімдікпен   алмастыру,  синонимдік,  тек-түрлік,  посессивтік,  партативтік
(бөлшек пен бүтін)  қатынаста  болады,  сабақтасты  тәсілде  осы  қатынастар
алдыңғы сөйлемнің ремасы мен соңғы  сөйлемнің  тақырыбы  арасында  байқалады
[2, 385 б.].
      Мәтіннің суреттеу  фрагменті  не  атаулы   предикатты,  не  лексикалық
жағынан осалданған  етістікті  сөйлемдерден  құрылады  (гипертақырыпты  және
гиперремалы тақырып – рема тізбегі). Бұл мәтін фрагменттерінде: 1) кеңістік-
мекен қатынастарын суреттеу;       2) заттардың  сапасының  сипаттамасы;  3)
іс-әрекет туралы хабарлар болады.
      Мәтін аз көлемдегі ақпарат принципі  бойынша  құрылуы,  яғни  мейлінше
тұжырымды болуы  мүмкін,  сондай-ақ  өзгеше  баяндауға  оқырманда  мазмұнның
тереңдігі мен көп қырлылығы, мәтіннің стилистикалық байлығы мен  мәнерлілігі
әсерін қалдыратындай  көптеген  егжей-тегжейлі  ақпарларды  қосумен  құрылуы
мүмкін. Алайда тақырып-рема суреті бірінші мәтінде де, екіншісінде де  ұқсас
болып шығады.
      Тек тақырыбы немесе тек ремасы бар сөйлемдерден басқа күрделі фразалық
тұтастық құрамына кіретін барлық сөйлемдердің әрқайсысының өз  тақырыбы  мен
ремасы бар. Алайда сөйлемдердің бәрі бірдей, яғни күрделі фразалық  тұтастық
сөйлемдерінің  тақырыбы  мен  ремалардың  бәрі  бірдей  оның  тақырыбы   мен
ремасына кірмейді, тек баяндаудың  негізгі  желісін  жеткізуші  сөйлемдердің
тақырыбы мен ремасы енеді.
      Мәтінді  құрайтын  айтылымдары  ремаларының   сабақтастығын   жасайтын
«ремалық  өзек»-тің  (Т.  В.  Шмелеваның  термині)  мәтінді  коммуникативтік
ұйымдастыруда маңызы ерекше. «Ремалар» бойынша оқу әрбір  мәдениетті  адамға
аян, мәтіннің не жайлы екені алдын-ала оған белгілі  болғандықтан,  хабардың
маңыздысын алу үшін солай істейді. Мұндай оқудың  құпиясы  –  жазбаша  сөзде
ремалар көбінесе сөйлемдердің соңында орналасады.

                        Мәтіннің құрылымдық тұтастығы


      Күрделі  фразалық  тұтастық  пен  тұтас  мәтіннің  құрамына    кіретін
сөйлемдер  тек  тақырыптың  ортақтығымен  және  коммуникативтік   прогрессия
қатынастарымен  ғана  емес,  олардың  бір  бүтіннің  бөлшектері  екенін,  өз
жиынтығында  құрылымдық  бірлік  құрайтынын  көрсететін  әр   алуан   сыртқы
сигналдармен де байланысты.
      Мәтіннің  құрылымдық  тұтастығы  оның  мағыналық   (тақырыптық)   және
тұтастығының сыртқы көрінісі. Сондықтан күрделі фразалық тұтастық  ішіндегі,
тұтас мәтін ішіндегі тақырыптық, коммуникативтік және құрылымдық  тұтастықты
сипаттағанда  әр  қырынан    көрінетін   сол   бір   құбылысты   ұшыратамыз.
Оқшауланған   сөйлемдерді   қарастырғанда   бұл   құбылыстарға    жеткілікті
түсініктеме  табыла  қоймайды,  олардың  функциясы  тек   күрделі   фразалық
тұтастық пен тұтас мәтін шеңберінде ашылады, алайда  олар  күрделі  фразалық
тұтастықты, сондай-ақ  тұтас  мәтінді  құрайтын  сөйлемдер  арасындағы   сол
жақты және оң жақты байланыстарды анықтауға белсене  қатысып,  мәтін  түзуші
функциясын атқарады.
      Сондай-ақ  сөйлемдер  арасындағы  және   сөйлем   ішіндегі   бөліктері
арасындағы анафоралық және катафоралық байланыстар байланыс құралдары  болып
табылады.
      Анафоралық байланыстар (бір айтылымның мағынасы алдындағысына  сілтеме
болып келетін айтылымдар  арасындағы қатынастар) күрделі  фразалық  тұтастық
пен  мәтінде ортаңғы және  соңғы  позициядағы  сөйлемдердің  мағыналық  және
құрылымдық  дербессіздігін  көрсетеді,  яғни  сол  жақты  байланыс  қызметін
атқарады. Мысалы:
      Сіз оқулық  сұрадыңыз ба? Менде ол жоқ.
      Катафоралық  қатынас  (анафоралыққа  керісінше)   оң   жақты,   келесі
байланыстың  сигналы  ретінде  катафора   мәтінде   ортаңғы   және   алғашқы
позициядағы   сөйлемдердің   құрылымдық   және   мағыналық    дербессіздігін
көрсетеді. Мысалы:
      Анық бір нәрсе – менің кетуім керек
      Сөйлемдер   арасында   И.   Р.   Гальперин,   О.    И.    Москальская,
Л. М. Лосева және басқа ғалымдар бөлген а) дәстүрлі  грамматикалық  және  ә)
логикалық байланыс құралдары құрылымдық байланыс сигналдары болып табылады.
      Дәстүрлі-грамматикалық  байланыс   құралдарына:   осыған   байланысты,
сондықтан, алайда, сол себепті, сияқты жалғаулықтар  мен  жалғаулық  сөздер,
барлық дейктикалық құралдар, көсемшелік  және  есімшелік  орамдар,  шақтарды
қолдану және басқалары жатады.  Бұл  құралдар  өзара  жекелеген  сөйлемдерді
ғана емес, мәтіннің ірі үзінділері – күрделі фразалық тұтастық,  абзацтарды,
тіпті   тарауларды   байланыстырып,   бұл   тұрғыда   когезия   құралдарының
мәртебесіне ие болады.
      Логикалық  байланыс  құралдарына  Р.  Гальперин   хабардың   мезгілдік
(таяуда, бірнеше күн, апта, жыл, өткен  соң,  т.с.с.)  және  кеңістік  (алыс
емес,   қарсыда,   артта,   астында,   үстінде,   алыста,   таяуда   т.с.с.)
параметрлерін білдіретін сөздерді (көбіне үстеулерді) жатқызады.
      Л. М. Лосева мезгілдік, кеңістіктік, сол  сияқты  заттық,  акционалдық
және сапалық байланыс құралдарын атайды [13, 9–15 б.]
      Логикалық  когезияға  санамалау  формалары:   біріншіден,   екіншіден,
үшіншіден, графикалық құралдар  «а»,  «ә»,  «б»  немесе  айтылым  бөлімдерін
цифрлармен «1», «2», «3», т.б. бөлу де жатады.
      Бұл когезия құралдары логикалық-философиялық ұғымдарға –  сабақтастық,
мезгілдік, кеңістіктік, себеп-салдар  қатынастарына  еніп,  оңай  байқалады.
Оларда  байланыстың  грамматикалық  және  мәтіндік  формаларының  қиылысқаны
көрінеді. Когезияның логикалық  формаларында  екі-грамматикалық  және  мәтін
құраушы функцияның бір мезгілде өткерілетіні байқалады.
      Синонимдік  алмасулар  мен  перифразаны  қоса  алғанда  мәтінде  тірек
сөздердің жүйелі  қайталануы  күрделі  фразалық  тұтастық  пен  тұтас  мәтін
ішінде сөйлемдердің  арасындағы  байланыстың   формальды   көрсеткіші  болып
табылады. Мысалы, фразааралық байланыс құралы ретінде лексикалывқ  қайталау,
перифраза, тақырыптық жағынан жақын сөздер тізбегі және т.б.
      Сыртқы сөздік көрінісі  жоқ,  бірақ  имплицитті  логикалық  қатынастар
сигналы  болып  табылатын  лексикалық  қайталамасыз,  грамматикалық  анафора
құралдарынсыз,  логикалық  және  басқа   құралдарсыз   құрылымдық   байланыс
көмескілеу айтылады.
      «Нөлдік» анафора деп аталатынның сондай байланыс құралы болуы мүмкін.
      Нөлдік анафора тақырыптық негіз жасау құралы да болып табылады.
      Қатысушылар санын санамалайтын сан есімдер  жиі  катафоралық  байланыс
сигналы болып табылады.
      Сыртқы  құрылымдық  көрсеткіштерсіз  қатарлас   орналасқан   сөйлемдер
арасында мынадай байланыс түрлерінің жүзеге асырылуы мүмкін:
      а) себеп-салдарлық байланыс;
      ә) айырықшылық  (жалпыламадан  жекеге;  мәтін  негізінен  синтаксистік
параллелизм принципі бойынша құрылады.
      Синтаксистік параллелизм  арқылы  сөйлемдер  арасындағы  тектік-түрлік
қатынасты мәтіндер құрылады.
      б) диагностикалық интерпретация.
      Күрделі  фразалық  тұтастықтағы   мағыналық  қатынастарды   сипаттауға
қажетті логикалық байланыс түрлері ретінде мыналар қарастырылады:
      1)  дизъюнкция  (лат.  disjunctio  –  болу,  қарсы   қою)   –   немесе
жалғаулығының логикалық  эквиваленті  (риторикада  силлогизм  дилемма);  осы
жалғаулықтың негізгі логикалық қасиеттерін формалаушы операция:
      Өзің таңда:  мойындасаң – боссың, мойындамасаң – қамаласың;
      2) импликация (лат. implico – тығыз байланыстырамын) – егер  ...  онда
орамының  жуық  логикалық  эквиваленті,  осы  орамның  формалаушы  логикалық
қасиеті,  импликация  әлдебір  мәннің  айтылымсыздығы  сияқты   қолданылады,
байланыс  импликациясы   да   болуы   мүмкін,   антонимдер:   импликация   –
экспликация: Өнерпаз болсаң арқалан;
      3) конъюнкция (лат. conjunction – одақ, байланыс) - және жалғаулығының
логикалық эквиваленті, осы жалғаулықтың формалаушы логикалық қасиеттері:
        Күн күркіреп, жаңбыр жауды;
      4) эквиваленция (лат.   aeguivalens (tis) – тең мәнді, тең  бағалы)  –
әлдебір қатынаста басқасымен тең бағалы, тең мәнді немесе сәйкес зат  немесе
сан, басқаша айтылуы немесе алмастыруы бола алады. Эквиваленттілік –  теңдік
қатынасы: Абай – ұлы ақын.
      Бұл  байланыс  құралдарының  импликациядан  басқасы  күрделі  фразалық
тұтастықтағы  сөйлемдердің  арасында  да,  әртүрлі   байланыстағы   құрмалас
сөйлемнің бөліктерінің арасында вербальды және  вербальсыз  айтылуы  мүмкін.
Импликация вербальды айтылмайды.
      Әр мәтіннің  негізінде  ақиқат  туралы  күрделі  пайымдау  ғана  емес,
коммуникация жағдаятымен және сол жағдаятқа сәйкес айтушының  өзінің  алдына
қойған міндеттерімен  (хабарлау,  уәде  беру,  сақтандыру,  сұрау,  қорқыту,
әңгімеге тарту, түсіндіру, т.б.) жасақталатын  белгілі  бір  коммуникативтік
мақсат   жатыр.   Мұндай   мақсат   күрделі   фразалық   тұтастық   құрайтын
компоненттердің арасындағы мағыналық қатынастарға елеулі  ықпалын  тигізеді.
Күрделі фразалық  тұтастық  құраушылардың  арасындағы  мағыналық  қатынастар
жүйесі (реляциялық жүйе)  ең  алдымен  семантикалық  мәні  нақты  контекстік
шеңберде олардың логикалық-грамматикалық  мәнінен  едәуір  өзгеше  жалғаулық
пен жалғаулық сөздерге қатысты. Мәселен,  және  жалғаулығы  негізгі  мәнінде
логикалық және жалғаулығымен (біріктіруші  функция  атқаратын)  сай  келеді.
Алайда осы жалғаулық нақты сөйлемдер мен нақты  күрделі фразалық  тұтастықта
синтаксисте  зерделенетін  себеп-салдар,  шартты-салдарлы,  қарсылықты  және
басқа қатынастармен байланысты сөйлемдер мен  сөйлем   мүшелерін  біріктіруі
мүмкін.
      Күрделі айтылымда санамалаумен біріккен оқиғалар бір  мезгілде  немесе
хронологиялық ретпен өтеді, яғни  біріктіре  санағанда  темпоральды  қатынас
әрқашан көлегейленіп тұрады. Темпоральды сөздердің болуы  (жалғаулықтар  мен
т.б.:  сонда,  сағат  алтыда,  кейін,  кешке,  т.б.)  санамаланған  оқиғалар
арасындағы  мерзімдік  қатынастарды  ашып  көрсетеді.   Алайда   темпоральды
сөздерді  енгізу  әрдайым  темпоральды  қатынас  алғы  шепке  шықты  дегенді
білдіре  бермейді  және  күрделі  айтылымды  семантикалық  талдағанда   атап
көрсетілуге тиісті емес.
      Сонымен,   сөйлемде    және    сөйлегенде    (мәтінде)    қолданылатын
жалғаулықтардың ерекшелігі –  әрқайсысының  әр  алуан  бағыттарда  ортақ  өз
мәнімен  логикалық жалғаулыққа тән ортақ мәнді нақтылап, онымен тоғысуы.
      Коммуникативтік   семантика   тұрғысынан   мәтінде   мәтіннің    терең
құрылымында  өзге   коммуникативтік   мақсаттағы   (жанама   сөз   актілері)
синонимдік  немесе  омомнимдік  үстіңгі   құрылымдар   қолданылады.   Мұндай
құрылымдар  асқан ізеттілік таныту, сөздік әрекеттің  жағымсыздығын  жасыру,
ишара білдіру, кекету және  басқа  да  субъектінің  іс-әрекетін  сипаттайтын
манипуляциялар жасау керек болғанда қолданылады. Мысалы:
      Жел соғып тұр! Терезені жабыңызшы, соққан желден тоңып кеттім.
      Не айтқыңыз келіп тұр? –Айта беріңіз қысылмай.
Жанама сөз актісіне мағыналы үнсіздік те жатады

1. Мәтінге берілген анықтамаларды саралап, өзіндік тұжырым жасаңыз

2. Мәтіннің анықтамаларына сүйене отырып, белгілерін жазыңыз

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Мәтіндегі байланыс құралдары

2. Мәтіннің мағыналық тұтастығы

3. Мәтіннің коммуникативтік тұтастығы
4. Мәтіннің құрылымдық тұтастығы


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ.- М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.

2. Г. Смағұлова. Көркем мәтін лингвистикасы Алматы. Триумф-Т 2007.

3. Актуальные проблемы современной лингвистики: Учебное пособие / Сост.
Л.Н. Чурилина.- 4-е изд.- М: Флинта-Наука, 2009.- 411с.

4. Ахметова, М.К. Мәтін лингвистикасы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы -
Орал, 2007.- 1 эл.диск.



Дәріс 4. Мәтін талдаудың әдістері мен аспектісі. Мәтінді лингвистикалық
талдау әдістері Мәтін құрылымы Мәтінді бөлшектеу,оның композициялық
бөлімдері

Дәріс мазмұны:

1. Мәтін талдаудың әдістері

2.  Мәтін   талдау   аспектісі   Мәтін   құрылымы   Мәтінді   бөлшектеу,оның
композициялық бөлімдері Көркем мәтіндегі композициялық баяндау формалары

    Гносеологиялық аспект

|1.Мәні тікелей    бақылауға алынбайды|1.Көрініс, құбылыс,сезім мүшелерінің |
|2.Психикалық                         |қабылдауы арқылы бақылауға болады.   |
|                                     |2. Материалды ( дыбыстар мен әріптер |
|                                     |тізбесі)                             |


                                          Онтологиялық аспект

| 1. Статика  ( пассив түрде )        |1.Динамика (актив түрде)             |


                                          Прагматикалық аспект

|Код  (сигналдар жүйесі)              |1.Хабардар ету                       |
|Қару                                 |2. Жекелік (индивидуальды)           |
|                                     |3.Тұлғаның қару ретінде пайдаланылуы |



    Сөйлеу кезінде сөздер тілде қалыптасқан тура  мағынада  ғана  қолданылып
қана қоймай, тек мәтін арқылы ғана  түсінуге  болатын  ауыспалы,  келтірінді
мағынада қолданыла береді.

    Мәтін  мен дискурс теорияларының   негізгі  нысандары   болып  табылатын
прагмалингвистика да тіл  білімінде  айрықша  көрініс  табуда.  Осы  уақытқа
дейін мәтін тек жазбаша материалдарға қатысты  қолданып,  жазуға  байланысты
қарастырылып келді. И.Р. Гальперин, Л.М. Лосева сияқты зерттеушілер  мәтінді
тек жазба тілге тән деп көрсетіп келді. Ол кезде дискурсқа мән берілмеген.

    Мәтіннің ауызша және жазбаша формада келуіне А.А.  Залевская  былай  деп
пікірін білдіреді: «Как отмечается в работе  (О.Б.  Сиротинина  и  др.)  это
один из дискуссионных вопросов, по-разному решаемый  лингвистами:  некоторые
из  них  признают  текст  только  в  письменной   речи,   другие   допускают
существование текста и в  устной,  но  только  монологической  речи,  третьи
считают возможным говорит о  тексте  в  диалогической  речи  как  реализации
любого речевого замысла. Большинство ученых все же  считает  текстом  только
определенным образом построенную, организованную речь»

Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:

1.Гносеологиялық,  онтологиялық  аспектілер   тұрғысынан   зерттеуге   мысал
келтіріңіз.

2. Прагматикалық аспект тұрғысынан зерттеуге мысал келтіріңіз

Ұсынылатын  әдебиеттер:

1 Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.

2 Дуличенко, А.Д.  История интерлингвистики: учеб. пособ. - М.: Высш. шк.,
2007.- 183 с.

3 Актуальные проблемы современной лингвистики: Учебное пособие / Сост. Л.Н.
Чурилина.- 4-е изд.- М: Флинта-Наука, 2009.- 411с.

4 Ахметова, М.К. Мәтін лингвистикасы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы -
Орал, 2007.- 1 эл.диск.

Дәріс 5. Мәтіндегі мағына бірліктері  Фраза аралық  байланыс түрлері
Мәтінді контексті – вариациялық бөлшектеу

Мәтіндегі көркемдеуіш құралдар қызметі

Дәріс мазмұны:

1.Бүгінгі тілтанымдағы негізгі бағыттар

2.Мәтін талдаудың лингвистикалық бағыттары.

    Тіл білімінің аумағына кіретін жас сала прагмалингвистика өткен ғасырдың
70-жылдары қалыптаса бастады. Прагматика (гр.  іс-әрекет)  –  лингвистиканың
бір  саласы.  Ол  тілдегі  белгілер  қызметін  зерттейді.  Бұл  терминді  ХХ
ғасырдың 30 жылдарында  Ч.У.  Моррис  ұсынған.  Прагматиканы  лингвистикалық
зерттеу 60-70 жылдарда Ч.С.  Пирс  идеяларынан  кейін  басталады.  Оған  игі
әсерін тигізген Дж. Остин, Дж. Р. Серл,  З.  Вендлердің  логика-философиялық
сөйлеу  актілері  туралы  теориясы,  П.Грайстың  мағыналардың  прагматикалық
теориялары және Л.  Линский,  П.Ф.  Строссоның  референцияның  прагматикалық
теориясы болатын. Лингвистикалық прагматиканың  нақты  белгіленген  шекарасы
жоқ, оған сөйлеуші мен тыңдаушы  арақатынасынан туындайтын мәселелер  кіреді
.

    Прагматика адамның коммуникативтік іс-әрекетінің ауызша  (дискурс)  және
жазбаша (мәтін) екі формасын да қарастырады. Дискурс  пен  мәтіннің  негізгі
мәселелерінің қатарынан прагматика да орын алады.

     Осыған орай  ғалым З.Ш Ерназарова: «Қазіргі  сөйлеу  тілі  синтаксистік
бірліктерінің  прагматикалық  негіздер»  атты  еңбегінде  мәтіннің   ауызша,
жазбаша да формасында сөйлеуші пен тыңдаушының  сұхбаттасуы,  коммуникацияға
түсуі,  қандай   мақсатта   қолданылуына,   пайда   болуына   алып   келеді.
Коммуникация бейвербалды, вербалды түрде екі немесе  одан  да  көп  тұлғаның
бір-бірімен  ақпарат  алмасуы  прагматикаға  қатысы  арқылы  жүзеге   асады.
Прагматиканың  негізгі  зерттеу  саласының  бірі  –  дискурс.  Прагматика  –
динамикадағы мәтін – дискурсты  оны  дүниеге  келтіруші  адаммен  байланысты
қарастыратын ғылым деп, атауға болады – деген тұжырым жасайды .

      Дискурсты сөйлеу тұрғысынан алып қарастырсақ  та,  сөйлеу  ең  алдымен
ауызша формада жүзеге асырылатыны мәлім.

      . Мәтінді контексті – вариациялық бөлшектеу
      Мәтінді көлемдік-прагматикалық бөлшектеу  мәтінді  бөлудің  контексті-
вариациялық  деп  аталатын  басқа  түрімен  тоғысады.  Онда  сөйлем   тудыру
актілерінің келесі түрлері анықталады:
      а) автор сөзі, оған:
        1) баяндау;
        2) суреттеу (табиғатты, кейіпкердің сыртқы кейпін, жағдайды,  оқиға
орнын, т.б.);
        3)   автордың   ой   толғамы    (қараңыз:    мәтін    үзінділерінің
автосемантиясы);
      ә) бөгде сөз:
        1) диалогтан (авторлық ремаркалардың кіруімен);
        2) цитациядан;
        3) өзгелік төл сөзден тұрады.
      Бөлшектеудің екі түрі  өзара  байланысты  және  мазмұндық-концептуалды
ақпаратты имплицитті ашады.
      Контексті-вариациялық бөлшектеуде  автордың  міндеті  сөйлем  тудырушы
актілер  формаларын  ауыстыруға,  мысалы,  суреттеуден  диалогқа,  диалогтан
авторлық ой толғамға т.с.с. ауыстыруға саяды. Бұлайша ауыстыру  коммуникация
жүріп жатқан жағдайды барынша  тиянақты  суреттеуге  ықпал  етіп,  ақпаратты
жеткізу  құралдарын  ауыстырып  отыруға  мүмкіндік  береді.   Бір   жағынан,
кейіпкерлердің сөйлеу  әдібі  мазмұндық-концептуалды  ақпаратта  үлкен  роль
атқарса,  екінші  жағынан,  романның  (повестің)  сахналық  эпизодына  кіріп
кеткен автордың  ой  толғамы  сол  ақпаратты  елеулі  толықтырады.  Бұл  ой-
толғамдардың векторлық бағыты прагматикалық ұстанымға ие.
      Түрлі  шығарма  актілерінің  ауысып  отыруы  негізінен  көркем   проза
мәтіндеріне тән. Баяндау формаларының алмасуының мұндай сан алуандығы  басқа
функциялық стильдің ешқайсысында кездеспейді.
      Мәтінді  контексті-вариациялық  бөлшектеу-оқырманды  айтылып   отырған
уақиғаға жақындату құралдарының бірі, ол оны сол оқиғаға қатысқандай  етеді.
Бұл, әсіресе, авторлық баяндау  диалогқа ауысқанда ерекше  сезіледі.  Диалог
жанама түрде оқырманға арналып, оны іс-әрекетке  тартады.  Ескертпе  ретінде
диалог монологқа қарағанда қарқынды,  ол  оқырманның  назарын  ненің,  қалай
айтылғанына аударады. Автордың  монолог  сөзін  оқығанда,  автор  айтылымның
формасына емес,  мазмұнына назар аударады.
      Көркем  әдебиетте  диалогтың  негізгі  екі  типі  бар:  суреттеу  және
драмалық.  Суреттеуге  салыстырмалы  түрде  көлемі  үлкен,  әлдебір   оқиға,
әлдеқандай  іс-әрекет  туралы  әңгіме,  суреттеу,   мінездеме   мазмұнындағы
дамыған ескертпелер, фактілерді белгілі  бір  сабақтастықта  әңгімелеу  тән.
Мұнда қысқа ескертпелердің тез ауысуы, олардың қарама-қайшы  қозғалысы  жоқ.
Диалогта  ой  бір  бағытта,  желілі  дамиды.  Бір   кейіпкердің   ескертпесі
басқасының  ескертпесінің  мазмұнын  нақтылайды.   Ескертпелердің   байланыс
формалары бір типті-қайта сұрау, қайталау, іліп әкету.  Көрші  ескертпелерді
біріктіре отырып,  байланыстың  лексикалық-грамматикалық  формалары  кеңінен
қолданылады. Жалпы стилистикалық тұрғыда әдеби тіл нормаларына әдетте  толық
сәйкестігі, айшықты стилистикалық боямалы  элементтердің  болмауы,  көптеген
диалогтарда ауызша  айтылған  сөз  ерекшеліктерін  жаңғыртуға  ұстаным  жоқ,
ескертпелердің монологтық қыры ойдың   желісті  дамуын  алдын  ала  белгілеп
отырады.
      Диалогтың драмаландырылған  типі  драматизмді,  шиеленісті,  жағдайдың
қарама-қайшылығын жеткізуге ұмтылады. Автор диалогты драмаландырады.  Мұндай
диалогқа   эллипсистік,   ескертпелердің    ықшамдылығы,    ауызша    сөйлеу
ерекшеліктерін –  демеуліктерді,  одағайларды,  модальды  сөздерді,  фразаны
құрау ерекшеліктерін   стильдендіру  тән.  Ауызекі  тілден  айырмасы  –  бұл
элементтер  драмалық  көркем  диалогта  өзектендіріліп,  ерекшеленеді,  олар
кейіпкерлердің сезімін, ойын өзінше жеткізуге, экспрессивті күшейтуге  ықпал
етеді  (ауызша   сөйлегенде   мұндай    элементтер   ым-ишарамен,   дауыстың
құбылуымен, бет құбылысымен  толығады,  әңгімені  жазбаша  тіркегенде,  олар
жоғалады). Осындай көркем  диалогта  авторлық  ремаркалар  да  маңызды  роль
атқарады.
      Қатысушыларына  қарай  мынадай  диалог  типтері  бөлінеді:  диалог   –
түсіндіру, диалог – қарама қайшылық, диалог – синтез, диалог –  дау,  диалог
– ұрыс, диалог – унисон, диалог – толықтыру,  сол  сияқты  диалог  –  хабар,
диалог – талқылау, диалог – әңгіме және т.б.
      Көркем әдебиетте бөгде (өзінің емес) сөз түрлері бар  аралас  сөз  жиі
қолданылады. Бұл сөз түрі айтушының  өз  сөзіне  (автор  сөзіне)  бөгде  сөз
түрінде диалог сөзі көрінсе, бөгде айтылым немесе  бірнеше  адамның  сөздері
жеткізілсе, басқа адамның сөзінің қосылуына негізделген.
      Мәтінге бөгде сөз ену жағдайын өз сөзі мен оған қосылған  бөгде  сөзді
салыстырғанда анықтау оңай.
      Айтушының адресатқа  жетізген  оқиғалар  мен  фактілер  айтушының   өз
сөзінің объектісі  болады.  Ал  айтушы  басқаның  сөзін  жеткізсе,  басқаның
айтқаны немесе басқа адамдардың әңгімесі ақпарат объектісі  болып  табылады.
Айтушы өзінің  немесе  адресаттың  айтқандарының  мазмұны  туралы  ақпаратты
адресатқа бөгде сөз формасында мәлімдеуі мүмкін.
      Бөгде сөзді  жеткізу  және  оны  мәтінге  қосу  тәсілдері  сан  алуан,
сөйлеудің   түрлі   функционалдық   тәсілдері   үшін   дифференциалды   және
әрқайсысының грамматикалық безендіру нормасы бар.
      Басқаның сөзін жеткізудің ең қарапайым тәсілі – оны төл сөз формасында
жаңғырту,  яғни  басқа  кісінің  айтқанын  (жазғанын)   сөзбе-сөз   жеткізу.
Мұндайда  айтылым  (әңгіме)  жаңғыртылғанда  ештеңе  қосылмайды.   Төл   сөз
жоғарыда суреттелген монологтың немесе диалогтың қасиетін сақтайды.  Ол  сол
сөзді айтқан адамның атынан айтылып,  оның  жеке  ерекшеліктері  мен  стилін
сақтайды. Автор тек басқаның айтқан сөзін жеткізетінін ескертеді.
      Басқаның сөзін жеткізудің өзге  тәсілдері  сияқты  төл  сөзді  қолдану
кейбір функционалдық стильдерде елеулі ерекшеліктерімен сипатталады.
      Төл сөздің басты екі түрі:
      а) көркем емес  (ғылыми,  публицистік,  іскерлік)  мәтіндерде  өзгенің
монологтық айтылымдарын келтіру;
      ә) көркем шығармаларда кейіпкердің сөзі – көбіне диалог.
      Төл сөзді жеткізуде экспрессивтік синтаксис амалдары: сұрақ,  таң қалу
(восклицания), параллелизм, лексикалық қайталаулар мен қолдау т.с.с.
      Төл сөз кейіпкердің ішкі монологын өзінің  өзіне  арнау  сөзі  ретінде
баяндаушының іштей сөйлеген сөзін бірінші жақтан жеткізе алады.
      Төл сөздің бір түрі-таңбаланбаған төл сөз (несобственно прямая речь) –
графикалық  бөлектенбеген  сөз,  сөз   немесе   ой   етістігінің   көмегімен
енгізіледі.
      Мысалы
      «...Ол үйден шыға ойлаған: ақырын ешкімге білдірмей, станцияға   тайып
тұрамын».
      Әдеттен  тыс  –  хайуандардың,  құстардың,  құрт-құмырсқалардың   сөзі
келтірілсе, төл сөз саласы кеңейеді.
      Жансыз заттардың  төл сөзі кейіпкердің сөзінің  қайталамасы  болуы  да
мүмкін.
      Кейіпкерлердің диалогына жансыз заттардың төл сөзінің қосылуы мүмкін.
      «Көктем, махаббат, бақыт! » – дегендей мына қайың.
      Төл сөзбен берілген жансыз заттың сөзі өлең сөзіне  де  енеді.  Мұндай
сөз көбіне автордың ой  толғамын  білдіру  тәсілі  болып  табылады  (мысалы,
Мұқағали өлеңдері).
      Бөгде сөзді жеткізудің тағы бір аса маңызды тәсілі-төлеу сөз.
      Төлеу сөз  сөздің  синтаксистік  құрылымын  түбегелі  өзгертуді  талап
етеді, бұл оны төл сөзге қатысты қайталама, оны  өзгертудің  жемісі  ретінде
қарауға негіз болады.
      Төлеу сөз бірнеше түрге, соның ішінде  суреттеуші  жанама  (живописная
косвенная) және жартылай төл сөзге (полупрямая речь) бөлініп,  төлеу  сөздің
өз табиғатына қарама-қайшы келетін көріністерінің  бар екенін көрсетеді.
      Сөйлеу түрін таңдау мәтіннің жанры мен типіне, мәтіннің қандай  типіне
жататынына байланысты анықталады.
      Айтылғандардан мәтінді бөлшектеудің екі – көлемдік-прагматикалық  және
контексті-вариациялық  типі  негізінің  бағдарланатынын,  автордың  ниетінен
туатынын көруге болады. Бұл баяндаудың әр типінде материалдың  стилистикалық
өңделгені сезілетінін  білдіреді.  Жазушының  сөзі-әрдайым  «көркем  ақиқат»
көрінісі.
      Бөлшектеудің екі типінің құралдары әр түрлі болғанмен  мақсаты  біреу.
Олардың негізінде объективті ақиқатты біздің  санамыз  қабылдайтындай  етіп,
үзінділерді  реттеп,   ұйымдастырып   бөлшектеу   жатыр.   Көлемді   мәтінді
тарауларға, бөлімдерге бөлінбеген, баяндау формаларының  өзгермеген  түрінде
көз алдыңызға елестетудің өзі  қиын.  Әскери  және  басқа  жарғылар,  заңдар
жиынтығы, іскерлік құжаттар және өзгелері бұдан шет қалмайды.
      Барлық  дерлік  мәтінде  көлемдік-прагматикалық   бөлшектеуден   басқа
контексті-вариациялық, сол  сияқты  алғысөз,  цитация,  аллюзия,  қорытынды,
бөтен сөзді жеткізудің жекелеген тәсілдері және басқа  шектеулі  бөлшектеуді
табуға болады.
      Бөлшектеудің басқа бөлшектеу  категорияларына  тәуелді  екенін  ерекше
атап көрсету керек. Бөлшектеудің өзі ақпарат,  интеграция,  мәтін  байласымы
категорияларымен  және  басқалармен  тікелей  байланысты.   Мәтіннің   түрлі
типтерінде белгілі бір үзінділер сол  үзіндіде  берілетін  мәнге  байланысты
ерекшеленеді. Автордың контексті – вариациялық бөлшектеудің қай  түріне  мән
бергеніне қарай әрбір бөлшектеу  типін қарастыруға болады.


 Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Мәтіндегі мағына бірліктері

2.Фраза аралық  байланыс түрлері

3.Мәтінді контексті – вариациялық бөлшектеу

4.Мәтіндегі көркемдеуіш құралдар қызметі

  Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.

2 Дуличенко, А.Д.  История интерлингвистики: учеб. пособ. - М.: Высш. шк.,
2007.- 183 с.

3 Актуальные проблемы современной лингвистики: Учебное пособие / Сост. Л.Н.
Чурилина.- 4-е изд.- М: Флинта-Наука, 2009.- 411с.

4 Ахметова, М.К. Мәтін лингвистикасы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы.-
Орал, 2007.- 1 эл.диск

Дәріс 6.  Мәтін мен дискурс талдаудың лингвистикалық бағыттары

Дәріс мазмұны:

1.Көркем мәтінді сатылы талдау

2.Стилистикалық  әдістер

    Мәтін лингвистикасын  соңғы  10-15  жыл  ішінде  қарқынды  дамып  келеді
деуіміздің бір реті – лингвистика мен мәтін стилистикасының  аражігін  ашып,
бірін-бірі толықтыратын тең дәрежелі ғылым деп ұсынуға болатындығы. Мәтін  –
күрделі категория. Оны бір әдіс шеңберінде зерттеп,  тануға  келмейді.  1985
жылы 25-27  қыркүйекте  Қазан  университетінде  мәтін  стилистикасы  бойынша
өткізілген бүкілодақтық мәжілісте профессор М.Н. Кожин мәтін  лингвистикасын
«лингвистиканың   перспективалы   бағыты   »    ретінде    бағалап,    мәтін
лингвистикасын функционалды стилистика дамуының заңды жалғасы деп таниды

    Сонымен, қазірде мәтінді түрлі әдістермен,  әр  қырынан  алып  қарастыру
кең өріс алып отыр. Мәселен:

    – Онтологиялық тұрғыда – мәтіннің болмысы, алатын орны

    – Лингвистикалық тұрғыда – мәтіннің тілдік ұйымдасуы

    – Психологиялық тұрғыда – мәтінді қабылдау

    – Прагматикалық тұрғыда  –  мәтін  авторының  обьективті  болмысқа  және
мазмұнға деген қатынасы сипатталады.

Мәтін талдау – таксономдық жүйелеуден басталады.  Мәтіннің  хабарламалылығы.
Семантикалық әдіс. Стилистикалық әдіс. Стильдік маркерлер қызметін  анықтау.
Синтездеу.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

   1. Көркем мәтінді сатылы талдауға мысал келтіріңіз
   2. Стилистикалық әдіс түрлеріне мысалдар келтіріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.

2 Дуличенко, А.Д.  История интерлингвистики: учеб. пособ. - М.: Высш. шк.,
2007.- 183 с.

3 Актуальные проблемы современной лингвистики: Учебное пособие / Сост. Л.Н.
Чурилина.- 4-е изд.- М: Флинта-Наука, 2009.- 411с.

4 Ахметова, М.К. Мәтін лингвистикасы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы -
Орал, 2007.- 1 эл.диск.

Дәріс 7. Мәтіндердің функциональды-стильдік типологиясы. Мәтін  мен  дискурс
талдаудың стильдік ерекшеліктері

Дәріс мазмұны:

1. Типология. Мәтін типологиясы

2. Мәтіндердің функциональды-стильдік типологиясы.

      Мәтін лингвистикасын соңғы 10-15  жыл  ішінде  қарқынды  дамып  келеді
деуіміздің бір реті – лингвистика мен мәтін стилистикасының  аражігін  ашып,
бірін-бірі толықтыратын тең дәрежелі ғылым деп ұсынуға болатындығы. Мәтін  –
күрделі категория. Оны бір әдіс шеңберінде зерттеп,  тануға  келмейді.  1985
жылы 25-27  қыркүйекте  Қазан  университетінде  мәтін  стилистикасы  бойынша
өткізілген бүкілодақтық мәжілісте профессор М.Н. Кожин мәтін  лингвистикасын
«лингвистиканың   перспективалы   бағыты   »    ретінде    бағалап,    мәтін
лингвистикасын функционалды стилистика дамуының заңды жалғасы деп таниды

    Сонымен, қазірде мәтінді түрлі әдістермен,  әр  қырынан  алып  қарастыру
кең өріс алып отыр. Мәселен:

    – Онтологиялық тұрғыда – мәтіннің болмысы, алатын орны

    – Лингвистикалық тұрғыда – мәтіннің тілдік ұйымдасуы

    – Психологиялық тұрғыда – мәтінді қабылдау

    – Прагматикалық тұрғыда  –  мәтін  авторының  обьективті  болмысқа  және
мазмұнға деген қатынасы сипатталады.

    Мәтіндердің   ең   ауқымды    және   лингвистикалық   типологиясы   оның
функционалдық стилі болып табылады.   Кез-келген  мәтін  түрін  белгілі  бір
стиль түріне негіздеуге болады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Мәтіндердің функциональды-стильдік типологиясына мысал келтіріңіз

2. Сөйлеу мәтініне мысал  жазыңыз

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.

2 Дуличенко, А.Д.  История интерлингвистики: учеб. пособ. - М.: Высш. шк.,
2007.- 183 с.

3 Актуальные проблемы современной лингвистики: Учебное пособие / Сост. Л.Н.
Чурилина.- 4-е изд.- М: Флинта-Наука, 2009.- 411с.

4 Ахметова, М.К. Мәтін лингвистикасы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы -
Орал, 2007.- 1 эл.диск.

Дәріс 8. Мәтіндегі көркемдеуіш құралдар қызметі Мәтіннің  ақпараттылығы  мен
модальділігі  Мазмұндық-фактуалды ақпарат

Төл сөз және төлеу сөз

 Мәтін құрылымы.Көлемі. Басталуы. Аяқталуы туралы мәселелер

Дәріс мазмұны:

1.Мәтін талдау түрлері

2.Көркем мәтінді талдау түрлері

      Ал ХХ ғасырдың  соңғы  ширегінде  тіл  білімінде  мәтін  лингвистикасы
қарқынды  дами  бастады.   ХХI   ғасырда,   әлемдік   лингвистикада    мәтін
лингвистикасының ілгері қадамдар жасайтынына  сеніміміз мол.

      Қазіргі  мәтін  лингвистикасында  мәтіннің  бірнеше   даму   бағыттары
көрсетіліп жүр. Олардың бірнешеуі төмендегідей болып келеді:

 –   мәтінді  жоғары дәрежедегі  жүйе  деп  қарап,   оның  басты  белгілері
   тұтастылық  пен байланыстылық  екендігін назарда ұстау;
 –  лингвистикалық белгілерге сүйене  отырып  коммуникативтік   параметрлер
   бойынша  мәтін типологиясын құру (айтып жеткізу мен мазмұн бірлігі);
 –  мәтінді құрайтын бірліктерді анықтау;
 –  негізгі  мәтіндік категорияларды анықтау.
 Мәтінді  аспектілі  талдау,  мәтінді  тақырыптық  талдау,  мәтінді  кешенді
талдау, мәтінді филологиялық талдау.

Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:

   1. Көркем мәтінді талдау түрлеріне мысал келтіріңіз
   2. Шағын мәтінге кешенді талдау жүргізіңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Баранов А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания и
практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.

2 Дуличенко, А.Д.  История интерлингвистики: учеб. пособ. - М.: Высш. шк.,
2007.- 183 с.

3 Актуальные проблемы современной лингвистики: Учебное пособие / Сост. Л.Н.
Чурилина.- 4-е изд.- М: Флинта-Наука, 2009.- 411с.

4 Ахметова, М.К. Мәтін лингвистикасы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы -
Орал, 2007.- 1 эл.диск.

Дәріс 9. Мәтін классификациялары  Монологтық мәтін және оның ерешеліктері  .
Диалогтық мәтін және оның ерешеліктері

Мәтіндегі күрделі синтаксистік тұтастық. Абзац мәселелері

Дәріс мазмұны:

1.Мәтін талдау түрлері

2.Көркем мәтінді талдау түрлері

      Ал ХХ ғасырдың  соңғы  ширегінде  тіл  білімінде  мәтін  лингвистикасы
қарқынды  дами  бастады.   ХХI   ғасырда,   әлемдік   лингвистикада    мәтін
лингвистикасының ілгері қадамдар жасайтынына  сеніміміз мол.

      Қазіргі  мәтін  лингвистикасында  мәтіннің  бірнеше   даму   бағыттары
көрсетіліп жүр. Олардың бірнешеуі төмендегідей болып келеді:

 –   мәтінді  жоғары дәрежедегі  жүйе  деп  қарап,   оның  басты  белгілері
   тұтастылық  пен байланыстылық  екендігін назарда ұстау;
 –  лингвистикалық белгілерге сүйене  отырып  коммуникативтік   параметрлер
   бойынша  мәтін типологиясын құру (айтып жеткізу мен мазмұн бірлігі);
 –  мәтінді құрайтын бірліктерді анықтау;
 –  негізгі  мәтіндік категорияларды анықтау.
 Мәтінді  аспектілі  талдау,  мәтінді  тақырыптық  талдау,  мәтінді  кешенді
талдау, мәтінді филологиялық талдау.

Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:

   3. Көркем мәтінді талдау түрлеріне мысал келтіріңіз
   4. Шағын мәтінге кешенді талдау жүргізіңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Баранов А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания и
практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.

2 Дуличенко, А.Д.  История интерлингвистики: учеб. пособ. - М.: Высш. шк.,
2007.- 183 с.

3 Актуальные проблемы современной лингвистики: Учебное пособие / Сост. Л.Н.
Чурилина.- 4-е изд.- М: Флинта-Наука, 2009.- 411с.

4 Ахметова, М.К. Мәтін лингвистикасы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы -
Орал, 2007.- 1 эл.диск.

                                  Дәріс 10.
     1.2 Мәтін классификациялары. Ғылыми мәтін тілі Көркем әдебиет тілі,
                         публицистика лық мәтін тілі


              Сөйлеу жанрлары мен мәтін жанрлары. Мәтін типтері
Дәріс мазмұны:

1.Сөйлеу жанрлары мен мәтін жанрлары. Мәтін типтері

2.Бүгінгі тілтанымдағы негізгі бағыттар

3.Мәтін талдаудың лингвистикалық бағыттары


      Қазіргі мәтіндер сөйлеу формасына  қарай  ауызша  және  жазбаша  болып
бөлінеді.
      Сөйлеудің ауызша формасындағы мәтіндер жазбаша  формадағы  мәтіндерден
мүлдем  өзгеше.  Жазбаша  мәтін   алдын-ала   ойластырылады,   қабылдаушының
қатысуынсыз  түзетіледі,  ал  ауызша  мәтінде  барлық  түзетулерді  тыңдаушы
қабылдайды. Жазбаша мәтін көру арқылы қабылдауға  арналған,  сондықтан  онда
бөлімдер,  үзінділер  және  т.б.  тақырыптар  мен  тақырыпшалар,   абзацтар,
шрифтік айшықтау мен астын сызу  т.с.с.  ажыратылады.  Ауызша  мәтін  тыңдап
қабылдауға есептелген, сондықтан айтылғанды түзету,  «қайта  тыңдау»  (таспа
жазуы болмаса)  болмайды;  сонымен  бірге  мәтіннің  тыңдаушыға  тәуелділігі
(түсінбегенін  қайта  сұрау  мүмкіндігі,  айтушының  мимикасының  тыңдаушыға
әсері т.б.) байқалады, монологтік емес сөйлеуде  әңгімеге  араласу  мәтіннің
тұтастығына ғана емес, әңгіменің аяқталмай қалуына да әсері айқын  сезіледі.
Ауызша мәтіннің жазбаша мәтіндегі  амалдардан  бөлек  риторикалық  амалы  да
бар.
      Заманауи жанртану сөйлеу жанрлары мен мәтін жанрларын қызықты жіктеуді
ұсынып  отыр.  Бұл  жіктеудің  негізінде  М.  М.  Бахтин  қабылдаған  сөйлеу
жанрлары мен оның бірінші (қарапайым) және екінші (күрделі) сөйлеу  жанрлары
туралы идеясы жатыр.
      М. М. Бахтиннің пікірінше, сөйлеу жанрлары  дегеніміз,   «айтушы  үшін
өзі жасамаған, оған берілген», «айтылымның  берік  тақырыптық  композициялық
және   стилистикалық   типтері»,   «сөйлеу   тұтастығын   жасаудың    типтік
модельдері». «Егер сөйлеу жанрлары болмаса  сөйлеу  қарым-қатынасының  болуы
мүмкін емес еді» [7, 242].
      Солай  бола  тұрса  да,   зерттеулерде   сөйлеу   жанрларына   түрліше
түсініктемелер беріледі. Ол ең  алдымен  зерттеушілердің  жанртанудың  басты
термині-сөйлеу  жанрын  түрліше  түсіндіріп  жүргенінен  туып  отыр.  Кейбір
зерттеулерде  «сөйлеу  жанры»  кең  мағынада   түсіндіріледі,   басқаларында
«сөйлеу  жанры»  ұғымын  сөйлеу  актісіне   балама  ретінде   түсіндіріледі,
үшіншісінде мәтін типтерімен байланыстырылады.
      Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, сөйлеу жанрының  басты  нышандары-
адресат,  адресант,  бақылаушы,   референттік   жағдай,   байланыс   арнасы,
әрекеттестіктің жалпы контексті, уақыт, орын және қоршаған  ортадағы  ахуал,
коммуникативтік  мақсат,  автор  бейнесі,  адресат   бейнесі,   өткендегінің
бейнесі,  келешек  бейнесі,  диктумдық  (оқиға)  мазмұнының   типі,   сөйлеу
жанрының тілдік жүзеге асырылуы.
      М. М. Бахтиннің негізгі және қосымша  сөйлеу  жанрлары  туралы  идеясы
ғалымдардың  отандық  жанртанудың  дамуын  дәстүрлі  семиотикалық  жүйеде  -
семантика (жанрдың аты) – синтактика  (жанрдың  композициясы)  -  прагматика
(айтушының мақсаты  және  оның  тиісті  жанрды  таңдауы)  қарастыруына  және
олардың сөйлеу жанрларын  зерттеуді үш бағытқа бөлуіне мүмкіндік береді.
      Бірінші бағыт (семантикалық): сөйлеу  жанрлары  адамдардың  әлеуметтік
әрекеттестігінің типтік  жағдайын  вербалды  безендіру  ретінде  анықталады.
Қосымша  жанр  негізгіден   функциялық    саласымен   немесе   стилистикалық
өңделуімен ерекшеленетін онтологиялық туынды ретінде түсіндіріледі.
      Бұл бағыт қазіргі  жанртанушыларға  (әсіресе  күнделікті  коммуникация
саласында):
      - информативтік және нақты сөйлеу жанрларын;
      - субжанрлар (бір актілі айтылымдар), гипержанрлар (мысалы,  дастархан
басындағы гипержанр-тост, дастархан басындағы  әңгімелер  жанры  және  т.б.)
жанроидтар (түрлі жанрлардың элементтері енген гибридтер, мысалы,  өсек-аяң,
ақтарыла  сырласу,   ұрыс-керіс   пен   отбасы   әңгімелері),   протожанрлар
(негізінен жеті жасқа дейінгі балаларға тән жанрлы формаларды меңгеру);
      - сөйлеу немесе арнайы жоспарланбаған, риторикалық немесе саналы түрде
жоспарланған,  элементарлық,  кешендік  және  басқаларын  бөліп,  сипаттауға
мүмкіндік берді.
      Жағдайлар, оқиғалар (қарапайым және күрделі)  аттары,  коммуникативтік
әрекеттер  аты,  сол  сияқты  сөйлеу   шығармалары-мәтіндерінің   әр   типті
түрлерінің аты сөйлеу жанры атының ролін атқарады.  Мысалы,  әңгіме,  уағыз,
кешірім, жауап  сияқты  сөйлеу  әрекеттері  мен  оқиғалары,  және  мәтіндер-
өтініш, реферат, бұйрық,  анекдот, құттықтау сөйлеу  жанрларының  да  аттары
болып  табылады,  мысалы,   әңгіменің,   уағыздың,   өтініштің,   бұйрықтың,
рефераттың, анекдоттың және т.б. сөйлеу жанрлары.
      Екінші бағыт (синтактика): Г. И. Богин мәтіндер типологиясын дихотомия
принципі бойынша: жеке және ұжымдық, табиғи және жасанды, моноадрестік  және
полиадрестік,  көркем  және  көркем  емес,  толық  және   толымсыз   түрінде
анықтайды   және   сөйлеу   жанрларының   жазбаша   түрлерін    төмендегідей
топтастырады:
      -  сөйлеу  субъектісі  бойынша  (бүркеншек,  бейтарап,  ұжымдық,  жеке
авторлық);
      - объект бойынша (жеке бағытталған-жеке хат,  көпшілікке  бағытталған-
кітаптар, газеттер, жазылымдар,  белгісіз  бағдарлы,  екі-  жақты  бағдарлы-
жаздым және дереу жауабын күтемін);
      - уақыт бойынша (дереу оқу  үшін-төралқаға  хат,  дереу  оқып,  сақтау
үшін, сақтамай баспалық жаңғырту үшін-газет, баспалық жаңғырту үшін-кітап);
      - мәтін ішіндегі автор сөйлеуі бойынша: субтілді, әлеуметтік  диалект,
ақпараттық қуат [8, 12–22 б.].
      Үшінші бағыт (прагматикалық):  қосымша  сөйлеу  жанры  негізгі  сөйлеу
жанрының  құрылымдық  элементі  болып  саналатын   мәтіндер   типі   ретінде
сипатталады. Сөйлеу жанры  ұғымын  сөйлеу  әрекеттерімен  емес,  мәтіндермен
байланыстырған  жөн  және  сөйлеу  жанры  қажетті  әрі  прагматикалық  мәнде
көрінетін үш аспектіні белгілейді:
      - когнитивтік –құрылымдық аспект (жанрлық қағидаттары сол социумға тән
сөйлеу  әрекеттерінің  жасалу  тәсілдері  мен  өтуінің   әдеттегі   тәртібін
тіркейтін сценарийлер, коммуникативтік жағдайлар модельдері);
      - әлеуметтік-психологиялық аспект сөйлеу жанрының таңдалуы белгілі бір
шамада субъектіні сипаттайды  және  тұлғалық  қасиеттің  көрсеткіші  ретінде
«автор бейнесін» жасауға ықпал етеді;
      - әлеуметтік-мәдени аспект, мұнда сөйлеу жанры - сөйлеу әдібінің мәні,
  әр  социумның  маңызды  конститутивтік  белгісі,   осы  белгілер    арқылы
«менікі», «бөгде», «біздікі» анықталады.
      Сонымен, сөйлеу жанрлары ұғымында түрлі  мәтін  жанрларын   зерделеуге
болады:
      - функционалдық стиліне қатысты (іскерлік  жанрлар:  хаттама,  өтініш,
іскерлік хат, т.б.; публицистикалық:  хроника,  мақала,  сұхбат,  портреттік
очерк,  т.б.);  көркемдік:  әңгіме,  ертегі,  мысал,  т.б.  ғылыми:   пікір,
рецензия, аңдатпа;  ауызекі  тілде:  жеке  хат,  альбомдағы  жазу,  күнделік
жазбалары);
      - сөйлеудің функционалды-мағыналық типіне қарай (суреттеу,  әңгімелеу,
пайымдау);
      -  адресанттың,   адресаттың   прагматикалық   ұстанымына   байланысты
(қолпаштау, тост, әңгіме, пікірталас жанрлары және т.б.);
      - қарым-қатынас саласына қарай (әлеуметтік-саяси, әскери, академиялық,
сот, діни, т.б.).
      Әдеттен тыс мәтіндер де болады, мысалы, фотографиясы немесе суреті бар
мәтіндер, фотозарисовка, фотографияның астына қол қою, мәтінді  көркемдеуші,
фотографиялар.
      Сөйлеу жанрларымен салыстыра  отырып,  біз  тіл  білімінде  қолданыста
жүрген түп нұсқалы (первичные)  мәтіндер  және  оларға  комментарий  ретінде
көрінісі  бар  екінші  қатардағы   (вторичные)   мәтіндер   классификациясын
ұсынамыз.  Түп  нұсқалы  мәтіндерге:  авторлық  өмірбаян,  хат,  БАҚ-тардағы
мақалалар, әңгіме,  күнделік  жазбалары,  жарнамалар,  ал  екінші  қатардағы
мәтіндерге: пікір, аннотация, рецензия, мазмұндама, конспект,  инсценировка,
түйін сөздер жатады. Мәтін лингвистикасы үшін ең  маңызды  топтастыру  –  ол
көркем және көркем емес мәтіндер.
      Бұл жерде біз Г. Әбікенованың еңбегінде  мәтін типтеріне  арналған  1-
кестесін ұсынамыз [9, 17]


1-кесте – Мәтін типологиясы
|Стиль түрлеріне қарай:     |ғылыми, көсемсөз, іскери, көркем мәтін  |
|Ақпаратты тасымалдау түрі  |ауызша,  жазбаша, электронды т.б.       |
|бойынша:                   |                                        |
|Көлеміне қарай:            |макромәтін, микромәтін, күрделі         |
|                           |синтаксистік тұтастық т.б.              |
|Қарым-қатынас тақырыбы мен |гуманитарлық, тарихи, танымдық,         |
|сөйлеу тәсіліне қарай:     |аргументтік т.б.                        |
|Берілу тәсіліне қарай:     |диалог, монолог, полилог                |


    Тіл білімінің аумағына кіретін жас сала прагмалингвистика өткен ғасырдың
70-жылдары қалыптаса бастады. Прагматика (гр.  іс-әрекет)  –  лингвистиканың
бір  саласы.  Ол  тілдегі  белгілер  қызметін  зерттейді.  Бұл  терминді  ХХ
ғасырдың 30 жылдарында  Ч.У.  Моррис  ұсынған.  Прагматиканы  лингвистикалық
зерттеу 60-70 жылдарда Ч.С.  Пирс  идеяларынан  кейін  басталады.  Оған  игі
әсерін тигізген Дж. Остин, Дж. Р. Серл,  З.  Вендлердің  логика-философиялық
сөйлеу  актілері  туралы  теориясы,  П.Грайстың  мағыналардың  прагматикалық
теориялары және Л.  Линский,  П.Ф.  Строссоның  референцияның  прагматикалық
теориясы болатын. Лингвистикалық прагматиканың  нақты  белгіленген  шекарасы
жоқ, оған сөйлеуші мен тыңдаушы  арақатынасынан туындайтын мәселелер  кіреді
.

    Прагматика адамның коммуникативтік іс-әрекетінің ауызша  (дискурс)  және
жазбаша (мәтін) екі формасын да қарастырады. Дискурс  пен  мәтіннің  негізгі
мәселелерінің қатарынан прагматика да орын алады.

     Осыған орай  ғалым З.Ш Ерназарова: «Қазіргі  сөйлеу  тілі  синтаксистік
бірліктерінің  прагматикалық  негіздер»  атты  еңбегінде  мәтіннің   ауызша,
жазбаша да формасында сөйлеуші пен тыңдаушының  сұхбаттасуы,  коммуникацияға
түсуі,  қандай   мақсатта   қолданылуына,   пайда   болуына   алып   келеді.
Коммуникация бейвербалды, вербалды түрде екі немесе  одан  да  көп  тұлғаның
бір-бірімен  ақпарат  алмасуы  прагматикаға  қатысы  арқылы  жүзеге   асады.
Прагматиканың  негізгі  зерттеу  саласының  бірі  –  дискурс.  Прагматика  –
динамикадағы мәтін – дискурсты  оны  дүниеге  келтіруші  адаммен  байланысты
қарастыратын ғылым деп, атауға болады – деген тұжырым жасайды .

      Дискурсты сөйлеу тұрғысынан алып қарастырсақ  та,  сөйлеу  ең  алдымен
ауызша формада жүзеге асырылатыны мәлім.

  Мәтін  талдаудың  негізгі   бағыттары:   мәтін   лингвистикасы,   мәтіннің
лингвостилистикасы, поэтикалық лингвистика.

      Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:

   1.Мәтін талдаудың лингвистикалық бағыттарына мысал келтіріңіз

   2. Бүгінгі тілтанымдағы бағыттың бірнешеуіне мысалдар келтіріңіз

   Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.

2 Дуличенко, А.Д.  История интерлингвистики: учеб. пособ. - М.: Высш. шк.,
2007.- 183 с.

3 Актуальные проблемы современной лингвистики: Учебное пособие / Сост. Л.Н.
Чурилина.- 4-е изд.- М: Флинта-Наука, 2009.- 411с.

4 Ахметова, М.К. Мәтін лингвистикасы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы.-
Орал, 2007.- 1 эл.диск

      Дәріс 11. Мәтіндік таңба
       Мәтіннің ақпараттылығы мен модальділігі
       Мазмұндық-фактуалды ақпарат
      Мазмұндық-фактуалды ақпарат  –  фактілер,  өзімізді  қоршаған   әлемде
болған, болып жатқан, болатын  оқиғалар,  үдерістер  туралы  хабарлайды.  Ол
номиналды тізбек деп аталатын сөйлеу тақырыбының тікелей атауы, аса  маңызды
тақырыптық топтарда өз көрінісін табады.
      Негізгі номиналдық тізбек бүкіл мәтіннің бойымен өтіп, тұтас  мәтіннің
тақырыбының өкілі болып, басты ақпаратты (тақырыптық  тізбені)  қосымшасынан
айыруға көмектеседі.
      Мазмұндық-фактуалды  ақпарат  өз  табиғатында  эксплицитті,   вербалды
айтылады. Ол барлық мәтіндерде (сөйлеу  шығармаларында)  бар.  Автордың  ойы
мазмұндық-концептуалды және мазмұндық-астарлы мәтінді  ақпаратта  да,  мәтін
модальділігінде де көрініс тауып, ең  алдымен  көркем  және  публицистикалық
мәтіндерде  (жекелеген  жанрларында)   байқалады;   ғылыми   және   іскерлік
жанрларда  байқалмайды, байқалмайды деуге болады.


                       Мазмұндық-концептуалды ақпарат


      Мазмұндық-концептуалды ақпарат оқырманға  мазмұндық-фактуалды  ақпарат
құралдарында сипатталған құбылыстар арасындағы қатынастарды, олардың  себеп-
салдар  байланыстарын,  индивидуумдар  арасындағы  қатынасты,  қоса  алғанда
халықтың  әлеуметтік,  экономикалық,  саяси,   мәдени   өміріндегі,   оларды
автордың өзінің қалай түсінгенін хабарлайды.
      Мұндай ақпарат бүкіл шығармадан  алынып,  қоғамда  болып  жатқан  және
жазушы жасаған немесе оның  қиялындағы  әлемде  болып  жатқан  қатынастарды,
фактілерді, оқиғаларды, үдерістерді  шығармашылықпен  пайымдауды  білдіреді.
Мазмұндық-концептуалды   ақпарат   кейде    жеткілікті   айқын   айтылмайды,
сондықтан түрліше ұғындыруға мүмкіндік береді.
      Мазұндық-концептуалды ақпаратты ашуда мазмұндық-фактуалды ақпарат  зор
роль  атқарады.  Мазұндық-концептуалды  ақпаратты  барша   оқырман   барабар
қабылдамағандықтан,  көркем  шығарма  тек  фактуалды  ақпаратқа  саятын,  ал
концептуалды  оқырманға түсініксіз болатын  жағдайлары  жиі  кездеседі.  Бұл
тіл материалының құралын пайдалана білмеудің  салдарынан  немесе  оқырманның
жалпы    тезаурусының    жетімсіздігінің,    яғни    оның     сауаттылығының
жетімсіздігінің, өнер туындысын бағалауға тиісінше тәжірибесінің  болмауының
салдарынан болады.   Өнер  шығармасының  идеясын  түсіндіруде  мол  тәжірибе
жинаған оқырман  концептуалды,  яғни  негізгі,  бірақ  жасырылған  ақпаратты
түрліше түсінуі  мүмкін  (идеяны  түрліше  түсіндіру  ықтималдылығында  кез-
келген өнер шығармасының мәні жатыр).  Концептуалды  ақпаратты  тұтас  мәтін
көлемінде ғана сезінуге (түсінуге) болады.
      Мазмұндық-концептуалды  ақпараттың  толық  болмаса  да   эпиграф   пен
эпилогта ашылуы жиі ұшырасады.


                         Мазмұндық – астарлы ақпарат


      Бұл жерде біз И. Р. Гальпериннің анықтамасын  келтіреміз:  «мазмұндық-
астарлы ақпарат дегеніміз – тіл бірліктерінің  ассоциативті  және  бағалаушы
мағына тудыра алу қабілетіне, сондай-ақ күрделі фразалық тұтастыққа  кіретін
сөйлемдердің мәнін өзгерту қабілетіне  орай  мазмұндық-фактуалды  ақпараттан
алынатын жасырын ақпарат» [1, 28].
      Астарлы ақпаратқа пресуппозиция, символ, ассоциативті және  жағдаяттық
астарлы мәтін, импликация, контрапункт жатады.
      Пресуппозиция  (лат.   praе-алда,   бұрын   және    suppositio-болжау,
презумпция) –  сөйлем   мазмұн  тұрғысынан  аномалды  немесе  сол  контексте
сыйымсыз сияқты қабылданбауы  үшін  ақиқатты  болуға  тиіс   ой  компонентін
білдіретін термин. Мысалы, «Филипп Нью-Йорк АҚШ-тың астанасы екенін  біледі»
аномалды ретінде түсініледі, себебі оның  мағынасына  пресуппозиция  ретінде
«Нью-Йорк – АҚШ астанасы» жалған пайымдау еніп тұр.
      Басқаша айтқанда, пресуппозиция-сөйлем мағынасының барабар түсінілуіне
қол жеткізетін шарт.
      Символ (грекше symbolon – белгі, танымдық нышан) – пайымдау тұрғысынан
көркем  бейненің  сипаты,  онымен  көркем  идеяның   айтылуы.   Аллегориядан
айырмашылығы  символ  мағынасын  оның  бейнелік  құрылымынан   бөліп   алуға
болмайды.
      Символ-санамызда тұрақталған белгінің белгісі, символ эксплицитті.
      В. А. Кухаренконың пікірінше, белгілі бір жағдайларда көркем  сөйлеуде
көркемдік  деталь,  яғни  үлкенді  кіші,  тұтасты  бөлшек   арқылы   көрсету
көркемдік  символ  бола  алады,  метонимия  мен  синекдохадан   айырмашылығы
детальдарда сөйлеудің тура мәні қолданылады [14, 39–49 б.].
      Көркемдік символ:
      а) ұғым мен оның нақты  репрезентанттарының  арасындағы  метонимикалық
қатынастарды білдіруші ретінде көрінеді.  Метонимикалық  символикаға  мысал:
«Қылыштан соқа жасаймыз» («Перекуем мечи на орала»), мұнда символ мен  тұтас
ұғымның  арасындағы  қатынас  нақты  әрі  тұрақты,  реципиент  тарапынан  ой
жүгіртуді  қажет  етпейді.  Символдың  мұндай  типі  «символ-метонимия»  деп
аталады;
      ә) символдың  екінші  типі  «символ-ұқсасу»  (символ-уподобление)  деп
аталады, себебі ол біреуінің мазмұнын түсіндіру үшін  екі  не  одан  да  көп
түрлі текті құбылыстарды ұқсастырумен байланысты. Мұндай  символ  шығарманың
тақырыбы ретінде жиі көрініс табады;
      б) белгілі бір жағдайларда деталь символға  айналады.  Деталь  мен  ол
білдіретін  ұғымның  арасындағы  байланыстың,  тосындылығы   оны  білдіретін
сөйлеудердің сол мәтін шегінде бірнеше рет қайталанылуы – қажетті  жағдайлар
болып табылады. Басқаша айтқанда, деталь-символ өзінің ұғыммен  байланысының
бастапқы экспликациясын қажет етеді және  мәтінде  ұқсас   жағдайда  бірнеше
рет  қайталануы  себепті  символ  құрайды.   Мысалы,   бақытсыздық   символы
Э.Хемингуэйдің «Прощай, оружие!» романында жаңбыр, «Снега  Килиманджаро»  да
– қорқау  қасқыр.
      Қазіргі мәтін лингвистикасында импликация  мен  астарлы  мәтіннің  бір
мәнді  түсініктемесі   жоқ.   Біреулерінде   импликация   астарлы   мәтінмен
ұқсастырылса, екіншісінде ұқсастырылмайды.
      Импликация (латынның implico-тығыз байланыстырамын) – «егер ...  онда»
оралымының жуық логикалық  эквиваленті,  сол  оралымның  логикалық  қасиетін
құрастырушы операция.
      Импликация ойлаған нәрсені аян, сондықтан қалдырып кетуге  болады  деп
топшылайды. Бұл жағынан импликация пресуппозицияға жақындасады.
      Импликация-айтылымда сыртқы астарлы  мәтін  аталатын  мазмұнды  айтпай
тастап кету. Эллипсистен импликация контекст шеңберінің кеңдігімен,  қосымша
ақпаратқа ие болуымен (эллипсис  тек  компрессия  жасайды,  бір  мәнді  ғана
қалпына келтіреді) ерекшеленеді.
      И.  Р.  Гальперин   мазмұндық-астарлы   ақпараттың   жағдаяттық   және
ассоциативті  түрін бөледі [1, 44–46 б.].
      Жағдаяттық мазмұндық-астарлы ақпараттың көлемді повестерде, романдарда
жазылған  фактілермен,  оқиғалармен  байланысты  туады.   Жағдаятты  астарлы
мәтін тарихи немесе әдеби болуы мүмкін, яғни  оқырманның  есіне  прецедентті
немесе  тарихи   фактілерді,   оқиғаларды   түсіреді.     Жағдаятты   (кейде
ассоциативті де) астарлы мәтін құралдарының бірі аллюзия   (фр.  аllusiоn  –
әзіл, ым-ишара, кекесін)  –  мәтіннің  адресатқа  белгілі  өткендегі  немесе
әдеби шығармалардағы  сөздермен,  тұрақты  сөйлеу  тіркестерімен  шендесетін
стилистикалық фигура. Ол мәтінді барабар  түсінуге  септігін  тигізеді,  бұл
тұрғыда импликациямен жақындасады.
      Ассоциативті мазмұндық-астарлы ақпарат -  бұрын  айтылған  фактілермен
байланысты емес, айтылған жайды жинақталған, жеке өзіміздің немесе  қоғамдық
тәжірибемен  байланыстыратын  әдетімізден   туады,  жағдаяттыққа   қарағанда
айқын емес, бұлыңғыр. Ассоциативті  астарлы  ақпарат  сезімімізбен,  өмірлік
тәжірибемізбен,  дәмді,  иісті  сезінуімізбен,   естуімізбен   және   т.с.с.
байланысты.
      Мазмұндық-астарлы  ақпарат   негізінде   болмысты   бірнеше   тұрғыдан
параллельді  немесе  өзара  байланысты  әр  түрлі  хабарларды  бір  мезгілде
қабылдау жатыр. Оқырманға вербалды айтылмаған әлдебір хабар ұшырасады.
      И. Р. Гальпериннің пікірінше, «астарлы мәтін»  мен  «мағынаны  өршіту»
(приращение смысла) ұғымдары жақын болғанмен ұқсас   емес.  Мағынаны  өршіту
өздігінен туады: ол күрделі фразалық тұтастықтың  лексикалық,  синтаксистік,
композициялық ерекшеліктерінің өткерілу үдерісінде пайда болады, ал  астарлы
мәтін  вербальды  айтылуға   байланысты.  Оны  мәтін  тудырушы  жоспарлайды.
Астарлы мәтін поэтикалық шығармаларда айқынырақ  байқалады.  Астарлы  мәтін-
түрлі  құрылымдық  ерекшеліктерінің,  сөйлемдердің   өзінше   байланысуының,
тілдік  фактілер   символикасының  арқасында  сөйлемдердің  қосымша   мағына
тудыратын қабілетінен шығатын  лингвистикалық  құбылыс.  Тура  және  астарлы
мәтін «тақырып-рема» қатысында  тұрады:  тура-тақырып  (болғандық,  шындық),
астарлы мәтін-рема (жаңа).  Астарлы  мәтін  ашық  көрінбейді,  бір  оқығанда
назарға  ілінбейді,  тек  бірнеше  рет  қайталап  оқығанда  ғана  мазмұндық-
фактуалды ақпарат арқылы байқала бастайды.
      Астарлы мәтін контрапунктке ұқсағанмен барабар емес.
      Астарлы  мәтін-ақпараттың  мазмұндық-фактуалды   және   мазмұндық    -
концептуалды қырларының арасындағы диалог іспетті.
      Астарлы мәтіннің сипаттамасының бірі – айқын айтылмауы.
      Мазмұндық-концептуалды ақпараттан  айырмашылығы  астарлы  мәтін  нақты
сөйлемде  немесе  күрделі  фразалық  тұтастықта,  ал  мазмұндық-концептуалды
ақпарат тек тұтас мәтінде байқалады.
      Астарлы мәтінді  қабылдау  оқырманның  тезаурусына  қатысты.  Тезаурус
неғұрлым  бай  болса,  оқырманның  мәтінді  аналитикалық  қабылдау  қабілеті
солғұрлым дамып, айтылмаған, астарлы ойды нақтырақ түсінеді.
      Автордың айтылып (жазылып) отырған жайға  көзқарасы  байқалатындықтан,
астарлы мәтін субъективті бағалау болуы мүмкін,  бұл жағынан ол  модальділік
категориясымен ұштасып жатады.


                             Мәтін модальділігі


      Автордың ойы  мәтіннің  модальділігімен,  яғни  айтушының  (жазушының)
ақиқатқа   грамматикалық,    лексикалық,    фразеологиялық,    интонациялық,
композициялық,   стилистикалық    құралдармен    өткерілетін    көзқарасымен
жеткізіледі.
      Объективті және субъективті модальділік  болады.  Объективті-модальдік
мән – хабардың ақиқатқа қатынасының сипаты,  субъективті   модальдік  мән  –
айтушының  хабарға қатысы. Модальділік арқылы бір жағынан автордың  тұлғасы,
оның дүниетанымы, эмоциялық көңіл-күйі, көркемдік  кредосы,  екінші  жағынан
көркем шығарманың жанры танылады.
      Модальділікті  сөйлемде  және   мәтінде  айыру  қабылданған.  Сөйлемде
субективті модальділікті өткеретін барынша  қарапайым  құрал  –  эпитет,  ол
бірнеше рет қайталанғанда стилистикалық амалға айналып,  одағай  мен  одағай
сөздер, т.б. мәтіндік модальділікті (мысалы, әдеби портретте) аша бастайды.
      Мәтіндік   модальділікті  анықтауда  лингвистикалық  және  әдебиеттану
талдауларының  әдістері  мен  амалдары  тығыз  байланысып  жатады.   Мәтінде
модальділіктің бөлімдерді интеграциялау және оларды кіріктіру  тәсілдерінде,
бейнелеу  құралдарын  пайдалану  сипатында,   автосемантикалық   сөйлемдерді
әңгіменің бойына сіңіруде және мәтіннің  басқа  семантикалық  категорияларын
белгілі бір дәрежеде өткеретін бірқатар амалдарда байқалуы мүмкін.
      И. Р. Гальпериннің есептеуінше, көркем әдебиетте мәтіндік  модальділік
категориясының   кристаллизациясы   ерекше   қиындық   тудырады,    мәтіндік
модальділік мәтіннің  жеке  элементтерінде   шашырап,  фразалық  модальділік
белгілі бір дәрежеде мәтіндік модальділікті көлеңкелейді. Қиялындағы  әлемді
жасағанда сөйлеу суретшісі сол әлемге бейтарап  қарай  алмайды.  Оны  шындық
ретінде түсініп, оған көзқарасын ашық не тұспалдап жеткізеді.
      Г. А. Золотованың пікірінше,  айтылымды  диктум  мен  модусқа  (ғылыми
айналымға Ш.Балли енгізген) бөлу  предикатты  екі  класқа  бөлуді  тудырады:
объективті ақпаратты білдіретін  диктум предикаты және сөйлеу  субъектісінің
позициясын «танытатын» модус предикаты [2, 75–76 б.].
      Автордың ақпаратты қабылдауына қарай үш модустық  рамка  шығады:  «Мен
қалай ... көрдім (көрінді)», «Менің ойлауымша...», «Ол маған ... айтты».
      Үш  модустық  рамканың  бәрі  ақпаратты  қабылдау  тәсілін  білдіреді.
«Сенімді-сенімсіз»,  «күмәндімін-күмәнсізбін»  типті   рамалық   предикаттар
айтушының диктум мазмұнына қатысын  білдіреді,  бірінші  жақтағы  есімдікпен
қосылса, айтушының қатысын көрсетеді, ал  үшінші  жақпен  қосылса,  басқаның
сөйлеуін жеткізгені, оның айтқанын түсіндіргені.
Сөйлеу, ой, пікір етістіктері модустік бөлімде авторландырылған роль
атқарады

1.Бүгінгі тілтанымдағы негізгі бағыттар

2.Мәтін талдаудың лингвистикалық бағыттары.

    Тіл білімінің аумағына кіретін жас сала прагмалингвистика өткен ғасырдың
70-жылдары қалыптаса бастады. Прагматика (гр.  іс-әрекет)  –  лингвистиканың
бір  саласы.  Ол  тілдегі  белгілер  қызметін  зерттейді.  Бұл  терминді  ХХ
ғасырдың 30 жылдарында  Ч.У.  Моррис  ұсынған.  Прагматиканы  лингвистикалық
зерттеу 60-70 жылдарда Ч.С.  Пирс  идеяларынан  кейін  басталады.  Оған  игі
әсерін тигізген Дж. Остин, Дж. Р. Серл,  З.  Вендлердің  логика-философиялық
сөйлеу  актілері  туралы  теориясы,  П.Грайстың  мағыналардың  прагматикалық
теориялары және Л.  Линский,  П.Ф.  Строссоның  референцияның  прагматикалық
теориясы болатын. Лингвистикалық прагматиканың  нақты  белгіленген  шекарасы
жоқ, оған сөйлеуші мен тыңдаушы  арақатынасынан туындайтын мәселелер  кіреді
.

    Прагматика адамның коммуникативтік іс-әрекетінің ауызша  (дискурс)  және
жазбаша (мәтін) екі формасын да қарастырады. Дискурс  пен  мәтіннің  негізгі
мәселелерінің қатарынан прагматика да орын алады.

     Осыған орай  ғалым З.Ш Ерназарова: «Қазіргі  сөйлеу  тілі  синтаксистік
бірліктерінің  прагматикалық  негіздер»  атты  еңбегінде  мәтіннің   ауызша,
жазбаша да формасында сөйлеуші пен тыңдаушының  сұхбаттасуы,  коммуникацияға
түсуі,  қандай   мақсатта   қолданылуына,   пайда   болуына   алып   келеді.
Коммуникация бейвербалды, вербалды түрде екі немесе  одан  да  көп  тұлғаның
бір-бірімен  ақпарат  алмасуы  прагматикаға  қатысы  арқылы  жүзеге   асады.
Прагматиканың  негізгі  зерттеу  саласының  бірі  –  дискурс.  Прагматика  –
динамикадағы мәтін – дискурсты  оны  дүниеге  келтіруші  адаммен  байланысты
қарастыратын ғылым деп, атауға болады – деген тұжырым жасайды .

      Дискурсты сөйлеу тұрғысынан алып қарастырсақ  та,  сөйлеу  ең  алдымен
ауызша формада жүзеге асырылатыны мәлім.

  Мәтін  талдаудың  негізгі   бағыттары:   мәтін   лингвистикасы,   мәтіннің
лингвостилистикасы, поэтикалық лингвистика.

      Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:

   1.Мәтін талдаудың лингвистикалық бағыттарына мысал келтіріңіз

   2. Бүгінгі тілтанымдағы бағыттың бірнешеуіне мысалдар келтіріңіз

   Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.

2 Дуличенко, А.Д.  История интерлингвистики: учеб. пособ. - М.: Высш. шк.,
2007.- 183 с.

3 Актуальные проблемы современной лингвистики: Учебное пособие / Сост. Л.Н.
Чурилина.- 4-е изд.- М: Флинта-Наука, 2009.- 411с.

4 Ахметова, М.К. Мәтін лингвистикасы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы.-
Орал, 2007.- 1 эл.диск

      Дәріс 12
      Мәтін грамматикасы; сөз  реті  Сөйлемдегі  сөз  ретінің  грамматикалық
мағынасы    Грамматикалық    категория.     Темпоралдық      құрылымдарМәтін
интеграциясындағы  лексикалық,  морфологиялық  және  синтаксистік  деңгейлер
бірліктері. Лексикалық деңгей бірліктері
       Лексикалық  деңгей  бірліктері  мәтін  интеграциясында   үлкен   роль
атқарады.  Мәтінде  сөздің  ықтималды  көп  мәнділігінің  өткерілуі,  жүйеде
тіркелмеген  қосымша  қосарлы  мәнділіктің  пайда  болуы  –  жоғары  рангалы
бірліктер ретінде  тек  мәтіннің  пайда  болуымен  туындайтын  интеграциялық
қатынастардың,  мәтіннің  ауқымды   байласымының   нәтижесі.   Стилистикалық
тұрғыда бейтарап сөздің поэтикалық мәтінде, басқа мәтіндерде өзіне тән  емес
коннотация  алуы,  ал  бейтарап  контекске  енген  поэтикалық  сөздің  тұтас
абзацты асқақтатуы мүмкін.
       Белгіленген  мен  белгілейтіннің  арасында   күтілетін   сәйкестіктің
бұзылуынан  күлкілі  немесе  кекесінді  әсер  туады.  Ауызекі   сөйлеу   мен
салтанатты-асқақты лексиканы,  бейтарап  және  ресми-іскерлік,  өзге  кәсіби
лексиканы, диалектизмдер мен жаргонизмдерді, қарабайыр сөздерді  қолданғанда
мұндай әсер жиірек туады.
       Күрделі  құрылымдық-семантикалық   бірлік   ретінде   мәтінге   сөзді
интеграциялау сөздің  көркем  шығармада,  түрлі  функцияларда  қолданылуында
мүмкіндік береді. Сөз мұнда кейіпкердің  белгісі  ретінде  көрінеді.  Мұндай
жағдайда лексикалық бірліктер мәтіннің түрлі  шағын  жүйелерінде-кейіпкердің
сөзінде (диалогтік сөз), өздік емес төл сөзде, әңгімешінің  сөзі  тұрғысында
қолданылады. Сөзде негізгісімен (бірінші кодтық мәнмен)  қатар  бүкіл  мәтін
жүйесінде ғана түсінікті болатын екінші кодтық мәні пайда болады.
      Екінші кодтық мән мәтіннің мазмұнынан ғана емес,  оның  контекстуалды,
жағдаяттық  және  энциклопедиялық  ақпаратпен   әрекеттестігінен   құралатын
мағынаны қалыптастыруға қатысады. Автордың немесе кейіпкердің  сөзіне  енген
лексикалық бірліктер кейіпкер, оның әлеуметтік және мәдени мәртебесі  туралы
қосымша ақпарат жеткізу құралы болуы мүмкін.  Сөзді  жоғары  рангалы  бірлік
ретінде мәтінге интеграциялау кезінде оның жүйелік мәнінің ауытқуы  міндетті
емес. Керісінше, сөздің көп мәнділігін өткеру көп  жағдайда  сөздің  негізгі
сөздік мәні, тілде сөзге ілесе жүретін негізгі  стилистикалық  коннотациялар
аясында жүзеге асырылады. Тіл  тұрақтылық  қасиетінсіз  коммуникация  құралы
бола алмайтындықтан бұл – табиғи жай.
       Дегенмен  интеграциялық  қатынастардың  әсерімен  перифериялық  мәнді
өткеру, ассоциациялық және коннотациялық  мәндерді  белсендірлендіру  жүріп,
сөз стилистикалық бояу алып, кейіпкерлерді сипаттауға қатысады.

                       Морфологиялық деңгей бірліктері


      Морфологиялық деңгейде интеграциялық   қатынастар  әрекеті  етістіктің
шақ түрінде айқын байқалады.
       Мәтін  деңгейінде  шақ  түріндегі  тұлғалар  интеграциялық  қатынасқа
түседі.  Олар  көркем  уақыт   айтылымына,   әңгіме   айтушының   көзқарасын
қалыптастыруға, әңгімешінің уақыт  позициясын  өзгертуге,  авторлық  уақытты
кейіпкердің жеке уақытына ауыстыруға  және  тағы  басқаларға  қатысады.  Шақ
түріндегі тұлғалар композициялық құрылымды күрделендіруде, уақыт  позициясын
көптеп тудыруда белгілі бір роль атқарады.
        Г.   А.   Золотованың   пікірінше,   тұтастық    ретінде    мәтіннің
композициясында  сол  тұтастықтың  бірліктері  (бір   сөйлемнен,   сондай-ақ
сөйлемдер тобынан, абзацтан тұратын мәтін үзінділері, блоктар т.с.с.),  яғни
композитивтер елеулі роль атқарады. Регистрлік композитивтердің қосылуы  мен
кезектесу тәсілдері мен принциптеріне, ең алдымен, етістік-баяндауыштың  шақ
түрі  тұлғаларының  ара  қатысы  жатады,  соның  арқасында   коммуникативтік
мақсатына,  жанр  заңдарына,  әдеби  амалға,  айтушының  еркіне,  оның  жеке
стиліне және тағы басқаларға қарай айтушының хабарға  қатысты  –«бірге  өмір
сүруі» немесе қашықтан қарауы сияқты түрлі позицияларын  көруге  болады  [2,
442].
      Регистрлерді біріктіру амалдары тек  көркем  мәтінге  ғана  тән  емес,
олар журналистикада да, ауыз екі сөзде де қолданылады.
       Автордың  мәтін  мен  мәтіндік  стратегияны  ұйымдастыру   тактикасын
таңдауы мәтіндегі баяндауыш етістіктердің шақ  түрі  тұлғасын  шендестіруіне
қатысты.  Етістіктердің  шақ  түр  функциясы   шағын   жанрлы   шығармаларда
композицияның төрт түрін шектеуге мүмкіндік береді:
      «1» – жабық композиция, етістікпен басталып,  аяқталады,  оқиға  уақыт
ағымынан тыс, бұрынғы-соңғы оқиғалардан бөлініп қалған  сияқты болады;
      «2» – ашық композиция, онда етістіктермен  аталған  ауыспалы  оқиғалар
бұрынғы және кейінгі уақытқа тарап  кеткендей,  сөйтіп  оқиғаның  қайталанып
тұратын, үйреншікті екенін білдіреді;
      «3» және «4» композициялық типтер аралас, қарқынды басталып,   соңында
уақыт жағынан тарап кетеді, оқыс, күтпеген әсер қалдырады.
      Мысалы, қысқа ертегілерде:
      Арыстан келе жатты. Қоянды көрді. Оны ұстап алып, жеп қойды. Бітті.
      Бұл қысқа үзіндіде етістіктің өткен шақ формалары және  есімдіктің  ең
маңызды функцияларының бірі – сөздердің толық мәнді лексикасы болғанда  ғана
өткерілетін субститут функциясы (субститут – лат. substitutus  –  орынбасары
басқа адамды ауыстырған адам).
       Есімдіктің  екінші  функциясы   –   «Мен»   және   «Сен»   тұлғаларын
автосемантикалық белгілеу функциясы,  яғни  есімдіктің  толық  мәнді  бірлік
ретінде көрінуі. Есімдіктің мұндай функциясы түрлі жанрларда  болуы  мүмкін,
бірақ әсіресе лирикалық жанрда айқын байқалады.

                              Мәтіндегі сөйлем

      Синтаксистік  деңгей  бірліктері   (сөйлемдер,   айтылымдар,   күрделі
фразалық  тұтастық)  туралы  өткен  тараулар  мен  параграфтарда   жан-жақты
айтылды.
       Мәтіннің  күшті  позицияларын,  яғни  басы   мен   аяғын   толтыруда,
семантикалық, синтаксистік  және  стилистік  байланыстың  мәтін  құрылымының
доминантты  семантикалық-стилистік  элементтерін   бірыңғай    тұтас   мәтін
мағынасына   интеграциялауда   мәні   ерекше.   Автордың    коммуникативтік-
шығармашылық  ниетін  айқынырақ  айтатын   мәтіннің   композициялық-сюжеттік
құрылысы осындай байланысқа  айналады.  Оқырманның  мәтіннің  бастапқы  және
соңғы позицияларында меңгеретін  білім  аясының  көлемі  де  әр  қилы,  егер
мәтіннің басын  қабылдағанда  жазушының  шығармашылығы  туралы  оның  білімі
бұлыңғыр болса, шығарманың соңғы жолын оқығанда ол   сюжеттік  эпизодтардың,
көркем бейнелердің және мәтінде интеграцияланатын сөз бірліктерінің  жүйелік
жиынтығына қанығады.

      Көркем мәтін интеграциясындағы бейнелік жүйе
      Көркем мәтіннің ауқымды байласымы,  интеграциялық  қатынастардың  ролі
бейнелік жүйесінің деңгейінде де танылады.
      Сөздің мәтінде ие болатын  ассоциациялық  мәндері  жүйелік  (узуальды)
және  контекстуальды  (тосын)  мәнінің  арасындағы  семантикалық  қашықтыққа
қарай өткеріледі.
      Үстеме  (бейнелік)  мән  көркем  шығарманың  мәтінін   интеграциялауға
белсене қатысады.
      Үстеме мәнді тудыратындар:
      -ішкі тұлғасымен сезілетін туынды сөздер (ақшақар –  ақ  қар),  туынды
негізбен салыстырғанда айтылған нышанның әсерлілігіне ие болады;
      -  дыбысқа   еліктеушілікте  жасалған  сөздер  (қарқылдау,   шиқылдау,
сыртылдау);
      - лексикалық мәні ауыспалы типті  сөздер  (метафоралар,  метонимиялар,
синекдохалар т.б.);
      - жеке авторлық құрылымдар (тосын сөздер);
      - сөздер үйлесімділігінің бұзылуы: жапырақ сыбырлайды, уақыт еншісі;
      - тура мәнді және қалыпты дыбыс қабыршақты (оболочка)  сөздер  (көбіне
жалқы есімдерге қатысты).
      Бейнелік жүйе автордың  эстетикалық  -  философиялық  тұжырымдамасымен
тікелей байланысты және жазушының өзіне тән мәнері,  стилінің  барынша  дара
компоненті болып табылады.
Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:

   1.Мәтін грамматикасы;  сөз  реті  Сөйлемдегі  сөз  ретінің  грамматикалық
мағынасы

2.Грамматикалық категория.

3.Темпоралдық  құрылымдарМәтін интеграциясындағы  лексикалық,  морфологиялық
және синтаксистік деңгейлер бірліктері.

4.Лексикалық деңгей бірліктері

   Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.

2 Дуличенко, А.Д.  История интерлингвистики: учеб. пособ. - М.: Высш. шк.,
2007.- 183 с.

3 Актуальные проблемы современной лингвистики: Учебное пособие / Сост. Л.Н.
Чурилина.- 4-е изд.- М: Флинта-Наука, 2009.- 411с.

4 Ахметова, М.К. Мәтін лингвистикасы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы.-
Орал, 2007.- 1 эл.диск


      Дәріс  13
       Мәтінді көлемдік-прагматикалық бөлшектеу
      Мәтіндерді микромәтіндерге – анықтамаға, жеделхатқа, газет мақаласына,
хатқа және макромәтінге –  бірнеше  томнан  тұратын  романға,  алғысөз  және
түйіні жазылған кітаптарға бөлшектеуден өзге бөлшектеудің тағы екі түрге:
      а) көлемдік-прагматикалық;
      ә) контекстік-варианттық түрге бөледі.
      Мәтінді  бөлшектеу  негізгі  және   факультативті,   объективті   және
субъективті болуы мүмкін.
      Мәтінді  объективті  көлемдік–праграмматикалық  бөлшектегенде  мынадай
негізгі бірліктерге бөлінеді: тақырып, бастамасы; мәтіннің ең  ірі  бірлігі-
том немесе кітап; одан әрі бөлім, тарау, тарауша,  отбивка,  абзац,  күрделі
фразалық тұтастық, күрделі синтаксистік тұтастық болып бөлінеді.
      Күрделі фразалық тұтастық – мәтіннің ең кіші бірлігі.
      Н.А. Купина одан да  кіші  мәтін  бірлігін  –  сөйлемді  бөледі.  Оның
көзқарасынша, мәтін бірліктері  –  сөйлем,  күрделі  синтаксистік  тұтастық,
фрагмент, бөлім, параграф, тарау, том.
       Н.А.  Купина  сондай-ақ  мәтін  бірліктерінен  бөлек  мәтінді  талдау
бірліктерін  бөліп,  оған  мәтіннің  дербес  бірліктерін  (сөйлем,   күрделі
синтаксистік  түтастық  және  т.б.),  мәтіннің   дербес   емес   бірліктерін
(аллофон, морф,  сөз,  сөз  тіркесі),  сол  сияқты  мәтіннің  композициялық-
графикалық бірліктерін (екпін, интонация, жол, шумақ, т.б.)  жатқызады  [15,
33].
       Көлемдік-прагматикалық  бөлшектеуде  композициялық  блоктарды   бөліп
алып,  оларды   сипаттағанда   мәтінішілік   бөлшектеуге,   атап   айтқанда,
тақырыпқа,  кіріспеге  (кіріспе,  бастама,  экспозиция),   бірнеше   блоктан
тұратын негізгі бөлімге және аяқталуына (қорытындысы) назар аударылады.
      И. Р. Гальперин мұндай  мәтін  бөлшектеуді  (яғни  мәтінде  алғысөзді,
кіріспені, қорытындыны бөлуді) факультативті бөлшектеу деп атайды.  Мәтіннің
бұл бөліктері көлемдік-прагматикалық және контексті  –  вариантты  бөлшектеу
қасиеттері жинағы сияқты.  Олар атауымен мәтіннен бөлініп, тұтас  шығарманың
мазмұны туралы таза авторлық ой толғау болғандықтан, оқырманға әлсіз   ықпал
етеді. Атау (тақырып) – мәтіннің міндетті, эпиграф-факультативтік бөлігі.
       Кіріспе  әдетте  мазмұндық-концептуалды,  кейде   мазмұндық-фактуалды
ақпараттан хабар береді. Ол оқырманның ойын әңгіменің  не  жайлы  болатынына
аудара отырып, көбіне баяндау жоспарын да, сюжетін де, негізгі ақпаратын  да
ашпайды.
      Алғысөзде мәтінде негізгі болып табылатын  және  тақырыпта  жинақталып
берілген ақпараттың белгілі бір үлесі болады.
      Алғысөздің ықтималды белгілері:
      а) аңдатпа-негізгі мәтінде көтерілген проблемаларды санамалау;
      ә) тезистілік-кейін негізгі мәтінде дамытылатын қағидаларды  қысқартып
сипаттау;
      б) прагматикалық-шығарманың нысанды ұстанымын сипаттау;
      в)  концептуалдық-шығарманың  негізінде   жатқан   кейбір   теориялық,
әдістемелік және басқа қағидалар;
      г) энциклопедиялық-автор туралы мәліметтер және осы жұмыстың алдындағы
осы саладағы жұмыстардың қысқаша сипаттамасы және т.б.
      Бұл белгілердің бәрі алғысөз бен кіріспе үшін міндетті емес.
      Пролог (аңдатпа) – көркем шығарма түрлерінің біріне  алғысөз  іспетті,
алайда  алғысөз  бен  кіріспеден  айрықша  өз  ерекшеліктері  бар.  Көбінесе
ретроспективтік  және  перспективтік  бағытқа  ие.  Ретроспективтік  тұрғыда
прологта  шығарманың  мазмұнын    толығырақ    ашуға   қажетті   құбылыстар,
фактілер, жағдайлар сипатталады.
      Проспективтік тұрғыда пролог авторға оқырманды шығарма  идеясын  дұрыс
түсінуге икемдеуіне мүмкіндік береді. Пролог мәтіннің жаңа критерийлері  мен
сипаттамасын ұсынады. Ең алдымен, мәтіннің бұл бөлімінің  баяндаудың  өзімен
органикалық байланыста болмауы да мүмкін.
      Пролог кейде негізгі мәтіннен уақыттан,  сол  сияқты  кеңістіктен  тыс
параметр  ретінде  алшақтайды.  Екінші  жағынан,  пролог  шынында   мәтіннің
негізгі мазмұнына кіріспе болуы мүмкін. Оқырманның  назары  негізгі  мәтінде
сипатталған оқиғаның өзіне емес, шығарманың қалай туғанына ауады.
       Алғысөздің,  кіріспенің,  прологтың  проспективтік   сипаты   олардың
векторлық бағытында байқалады. Оқырман шығарманың негізгі мәтінін алдын  ала
біліп отырады. Осылайша, мәтін алғы  сөзі  мазмұндық-концептуалды  ақпаратта
жеке-шығармашылық пайымдауды белгілі бір дәрежеде шектейді.
        Векторлық   бағыт   әсіресе   ғылыми   мәтіндерде   айқын   көрінеді
(Монографияның осы томына үш бөлім еніп отыр. Бірінші бөлімде ...  ,  екінші
бөлімде...  ,  үшінші  бөлімде...  .  Демек,   ...   деуге   болады).    Бұл
сөйлемдерден проспекцияны байқау қиын емес.
       Эпилог  мәтіннің  бөлігі  ретінде   романның   мазмұндық-концептуалды
ақпаратын ашады: эпилогсыз роман өзінің басты бағдарынан,   өзінің  дәуірлік
мазмұнынан айырылады, алайда мәтінде эпилог үнемі бола бермейді.
      Соңғы сөз, әдетте, мәтіннен  тыс  тұрады,  предициялық  функцияға  ие.
Мазұнда-концептуалды ақпарат осында өзінің  эксплициттік  айтылымын  табады.
Соңғы сөз  ақпаратты  қысыңқы  түрде  беруге  арналған.  Ол  бүкіл  мәтіннің
интеграция   функциясын   атқарып,   аяқталғандық    категориясының    нақты
формаларының үні болып табылады.
       Автосемантия  алғысөздің,  кіріспенің,  прологтың  (соңғы   сөз   бен
прологтың да) мәтіндік сипаттамасы болып табыладыОларды шартты  түрде  мәтін
алды және мәтін соңы деп  бөлуге  болады.  Оның  үстіне  олар  бір  бүтіннің
бөлшектері: шығарманың өзінсіз алғы сөз де, сөз соңы да болмайды.

       Мәтін үзінділерінің автосемантиясы
      И. Р. Гальперин мәтінде онымен тікелей байланысты емес  фрагменттердің
пайда болу ықтималдылығын мәтін үзіндісінің автосемантиясы  деп  түсіндіреді
[1, 100].
       И.  Р.  Гальперин  микрошегіністерді  (сентенция)   немесе   авторлық
шегіністерді автосемантикалық деп есептейді.
      Л. М. Лосева мәтіннің автосемантикалық үзінділерін  «еркін  сөйлемдер»
деп атап, оларды негізінен  күрделі  синтаксистік  тұтастық  шеңберінен  тыс
бөледі [13, 69–70 б.].
      Т. В. Матвеева «мәтін үзінділерінің автосемантиясы» терминінің  орнына
«мәтіндегі мәтінді», мәтіннің  негізгі  тұлғасымен  ассоциациялы  байланыста
болып,  автордың  мәтіннің  негізгі  логикалық  желісінен  ауытқу  құқығының
өткерілуін  көрсететін  фрагментті  танытатын  «ерекше  композициялық  блок»
ұғымын пайдаланады [12, 34].
      Күрделі фразалық тұтастықтың және  «еркін  сөйлемдердің»  тәуелсіздігі
лексикалық, грамматикалық және мазмұндық қырларынан қарастырылуы мүмкін:
      - логикалық қырынан мәтін   үзінділерінің  тәуелсіздігі  өзін  әлдебір
сөздер мен сөз  тіркестерінің  сөзбе-сөз  немесе  синонимді  қайталанбауынан
көрсетеді;
      - грамматикалық  қырынан  дейктикалық  элементтердің  болмауымен  және
абзац құрылымының бір типтілігінің бұзылуынан байқалады;
      - мазмұндық қырынан  автосемантия  сентенция  және  басқа  жинақталған
айтылым формалары түрінде көрінеді.
      Күрделі фразалық  тұтастықтың  тәуелсіздігі  түрлі  стильдерде,  түрлі
жанрларда  түрліше  байқалады.  Мәтінді  объективті  бөлшектеудің  негізінде
хабардың,   мысалы,   ғылыми,   іскерлік,   газет   мәтіндерінде   логикалық
ұйымдастырылуы көрінеді.
      Дипломатиялық  құжаттарда  (пактілерде,  шарттарда,   меморандумдарда,
т.б.), заңдар  мен  қаулыларда  бөлшектеудің  ерекше  түрі  байқалады.  Онда
цифрлық және әріптік көрсеткіштер жиі кездеседі.
      Көркем   әдебиет   шығармаларында   мәтінді   субъективті   бөлшнектеу
байқалады.
      Поэтикалық мәтіндерде шумақ қана емес,  шумақтың  бөлігі  де,  жол  да
мәтінді бөлшектеу бірлігі болады.
      Кейбір авторлар мәтінді құрастыру үшін табиғи бөлімдер желісінің ретін
әдейі бұзып,  баяндаудың  жалпы  жоспарынан  шығып  қалған  жекелеген  мәтін
«кесектерін»  жасайды.   Олар   тәуелсіздік   алады.   Ондай   «кесектердің»
абзацтарға бөлінетіні сирек емес.
      Сөйлем сияқты мәтін үзінділерінің тәуелсіздігі абсолютті емес.  Қандай
да бір жолмен мәтін үзіндісінің мазмұны не  мәтіннің  тақырыбымен,  не  одан
бұрынғы әйтпесе кейінгі үзіндінің мазұнымен  тіркеседі.  Мәселен,  «Ақбөпе»-
дегі лирикалық шегіністер автордың жалпы тұжырымдамасымен байланысты.
      Мәтіннің үдемелі қозғалысында  жекелеген  үзінділердің  атвосемантиясы
үзіліс,  аялдама,  кідіріс  сияқты  оқырманның  назарын  баяндау   желісінен
басқаға бұрады.
      Күрделі фразалық тұтастық автосемантиясының әдеттегі амалы –  автордың
ой толғамы.  Оның   сентенция,  парадокс,  түрлі  тұжырымдар,  қорытындылар,
ұсыныстар формасында айтылуы мүмкін.
      Автордың ой толғамы ретроспекция және проспекция категорияларында, сол
сияқты авторлық шегіністің басқа түрлерінде көрінеді.
      Сонеттердің эпиграммалық жолдары,  мысалдардың  моралі,  «көріністер»,
«мәлімдемелер», ұлы шешендердің сөзінен жекелеген үзінділер  автосемантияның
белгілі бір дәрежесіне ие. Ондай сөздер шағын мәтін іспетті.  Оларға  көркем
– эстетикалық  формада  айтылған  адамзат  баласының  жинақтаған  тәжірибесі
сіңеді, алайда формальды-құрылымдық жағынан жеке  сөйлемді білдіреді.
      Құрылымы  жағынан бір не бірнеше сөйлемнен тұратын  дәйексөз  (цитата)
сияқты  мәтін  үзіндісі  ерекше   автосемантияға   ие.   Мазмұн   тұрғысында
дәйексөз  контекспен  тіркескен,  бірақ   байланысты  емес,  ретроспективтік
және проспективтік сипатқа ие бола алады.
      Басқаша  айтқанда,  мәтін   үзінділерінің    автосемантиясы   автордың
қалауынша мазмұндық  - концептуалды ақпараттың тереңірек ашылуын  қамтамасыз
етуге қажетті мәтінді ұйымдастыру амалы болып табылады.
      Айтылғаннан көріп отырғанымыздай, мәтін  үзінділерінің  автосемантиясы
объективті,  алайда  көбіне  субъективті   болып,   автордың   ой   толғамын
білдіреді.  Сондықтан  ол  өзін   көлемдік-прагматикалық   бөлшектеуге   де,
контексті-вариациялық бөлшектеуге де қатысы бар мәтінді бөлшектеудің  ерекше
түрі ретінде көрсетеді.
Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:

   1. Мәтінді көлемдік-прагматикалық бөлшектеу

2. Мәтін үзінділерінің автосемантиясы
Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.

2 Дуличенко, А.Д.  История интерлингвистики: учеб. пособ. - М.: Высш. шк.,
2007.- 183 с.

3 Актуальные проблемы современной лингвистики: Учебное пособие / Сост. Л.Н.
Чурилина.- 4-е изд.- М: Флинта-Наука, 2009.- 411с.

4 Ахметова, М.К. Мәтін лингвистикасы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы.-
Орал, 2007.- 1 эл.диск



                           3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

1-тәжірбиелік сабақ. Мәтіннің тіл біліміндегі ролі

 Мәтін лингвистикасы ғылыми пән ретінде

Сабақ мазмұны:

1. Тіл біліміндегі  мәтінге берілген анықтамалар.

2. Жалпы тіл біліміндегі мәтін  зерттеушілердің еңбектеріне шолу.

3. Бүгінгі қазақ тіл біліміндегі мәтінді зерттеушілер еңбегіне шолу.

Сабақтың мақсаты: Қазақ тіл біліміндегі мәтін  мәселелеріне қатысты  ойларды
саралай отырып, осы бағыттағы ғалымдардың еңбектерімен танысу.

Бақылау сұрақтары:

1.Мәтін дегеніміз не?

2.Осы  бағытта  зерттеулер  жүргізіп  жүрген  қандай  қазақ   зерттеушілерін
білесіз?

Әдістемелік нұсқаулық:

1. Тіл біліміндегі  мәтін  мен дискурске берілген анықтамалардың  бірнешеуін
 жазып, салыстырып, өзіндік тұжырым жасаңыз.

2.   Бүгінгі   қазақ  тіл  біліміндегі   зерттеушілер  Р.Сыздық,  Б.Шалабай,
Г.Смағұлова еңбектерімен танысып, мәтінге қатысты ойларын конспектілеу.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ахметова, М.К.  Мәтін лингвистикасы: электр. оқу құралы- Орал, 2007.- 1
эл.диск.

2. Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.

3. Сыздық, Р. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау: оқу құралы - Алматы:
Ғылым, 2002.- 182 б.

4. Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с

2- тәжірбиелік сабақ. Мәтін және дискурс.Дискурс және оның  дефиницалары

Сабақ мазмұны:

1. Мәтін  құрастыру белгілері

2. Мәтін мен дискурс белгілері

Сабақтың мақсаты: Мәтін туралы  ұғымдармен  толық  танысу,  саралау.   Мәтін
бірліктерін ажырату.

Бақылау сұрақтары:

1.Мәтіннің негізгі белгілері қандай?

2.Мәтін мен дискурс бірлігі неде?

Әдістемелік нұсқаулық:

1. Мәтін белгілерін сызба жасау арқылы көрсетіңіз

2. Дискурс белгілерін сызба жасау жасау арқылы көрсетіңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ахметова, М.К.  Мәтін лингвистикасы: электр. оқу құралы.- Орал, 2007.- 1
эл.диск.

2. Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.

3. Сыздық, Р. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау: оқу құралы / Р. Сыздық;
Б. Шалабай, А. Әділова.- 2-ші бас., өңд. толықт.- Алматы: Ғылым, 2002.- 182
б.

4. Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ. .- М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.

3- тәжірбиелік сабақ. Дискурс  пен мәтін бірлігінің ерекшеліктері

Сабақ мазмұны:

1. Дискурстың негізгі  белгілері

2. Мәтіннің негізгі белгілері

3. Мәтін мен дискурстың  бірліктерінің өзара байланысы

Сабақтың мақсаты: Мәтін мен дискурстың негізгі  белгілерін анықтау.

Бақылау сұрақтары:

1.Дискурс белгілеріне не жатады?

2.Мәтін мен дискурстың өзара байланысы неде?

 Әдістемелік нұсқаулық:

1. Мәтіннің негізгі белгілерін лингвистикалық сөздіктің көмегімен жазыңыз

2. Дискурс терминімен тіркесіп қолданылып жүрген атауларға мән беріңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ахметова, М.К.  Мәтін лингвистикасы: электр. оқу құралы.- Орал, 2007.- 1
эл.диск.

2. Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.

3. Сыздық, Р. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау: оқу құралы / Р. Сыздық;
Б. Шалабай, А. Әділова.- 2-ші бас., өңд. толықт.- Алматы: Ғылым, 2002.- 182
б.

4. Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.



4- тәжірбиелік сабақ. Мәтін талдаудың әдістері мен аспектісі.

Көркем мәтінді лингвистикалық талдау әдістері

Сабақ мазмұны:

1. Тіл білімі және А.Байтұрсынов туралы

2. А.Байтұрсыновтың « Тіл-құрал» еңбегіндегі мәтінге қатысты ойлар

Сабақтың  мақсаты:  Тіл  білімінің  атасы  А.Байтұрсыновтың   «   Тіл-құрал»
еңбегіндегі мәтінге қатысты ойларды түйіндеу.

Бақылау сұрақтары:

1.А.Байтұрсынов мәтін туралы қандай тұжырым айтты?

2. Мәтін туралы тағы кімдердің тұжырымдарын білесіз?

Әдістемелік нұсқаулық:

1.  А.Байтұрсыновтың  «Тіл-құрал»  еңбегіндегі   мәтінге   қатысты   ойларды
конспектілеу (112-119 бб)

2.  А.Байтұрсыновтың   «Тіл-құрал»   еңбегіндегі   мәтін   бірлігі   күрделі
синтаксистік тұтастық  қатысты ойларды конспектілеу (211-250 бб)

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ахметова, М.К.  Мәтін лингвистикасы: электр. оқу құралы.- Орал, 2007.- 1
эл.диск.

2. Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.

3. Сыздық, Р. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау: оқу құралы / Р. Сыздық;
Б. Шалабай, А. Әділова.- 2-ші бас., өңд. толықт.- Алматы: Ғылым, 2002.- 182
б.

4. Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.

5- тәжірбиелік сабақ. Мәтін мен дискурс талдаудың лингвистикалық бағыттары

Сабақ мазмұны:

1. Ауызекі сөйлеу мәтінінің тілі

2. Ғылыми мәтін тілі

3. Ресми мәтін тілі

Сабақтың  мақсаты:  Мәтіндердің  функциональды-стильдік  типологиясы  туралы
ойларды тұжырымдау.

Бақылау сұрақтары:

1. Ауызекі сөйлеу мәтінінің тілі дегеніміз не?

2. Мәтіндердің функциональды-стильдік типологиясы дегеніміз не?

Әдістемелік нұсқаулық:

1. Сөйлеу стиліне тән  мәтін үлгісін құрастырыңыз

2. Терминжасамдағы  морфологиялық тәсілдерге талдау жасаңыз

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ахметова, М.К.  Мәтін лингвистикасы: электр. оқу құралы.- Орал, 2007.- 1
эл.диск.

2. Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.

3. Сыздық, Р. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау: оқу құралы / Р. Сыздық;
Б. Шалабай, А. Әділова.- 2-ші бас., өңд. толықт.- Алматы: Ғылым, 2002.- 182
б.

4. Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.-

6 тәжірбиелік сабақ. Мәтіндердің функциональды-стильдік типологиясы. Мәтін
мен дискурс талдаудың стильдік ерекшеліктері

Сабақ мазмұны:

1. Мәтін түрлерінің лингвистикалық маңыздылығы

2.Мәтін, дискурс түрлеріндегі  лексика-грамматикалық,  тілдік  единицалардың
қызметін анықтау

3. Подтекст категориясы. Қосымша мағына жасау техникасы

Сабақтың мақсаты: Мәтін мен дискурс талдаудың стильдік ерекшеліктері

жайында мағлұматтар беру.

Бақылау сұрақтары:

   1. Подтекст категориясы  дегеніміз не?
   2. Қосымша мағына жасау  техникасы  дегеніміз не?
Әдістемелік нұсқаулық:

 1. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау талаптары қандай?

2. Подтекст категориясы дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

 1. Ахметова, М.К.  Мәтін лингвистикасы: электр. оқу құралы .- Орал, 2007.-
1 эл.диск.

2. Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.

3. Сыздық, Р. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау: оқу құралы / Р. Сыздық;
Б. Шалабай, А. Әділова.- 2-ші бас., өңд. толықт.- Алматы: Ғылым, 2002.- 182
б.

4. Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.

7 тәжірбиелік сабақ. Мәтін құрылымы.Көлемі. Басталуы. Аяқталуы туралы
мәселелер

Сабақ мазмұны:

1. Мәтін түрлерінің лингвистикалық маңыздылығы

2.Мәтін, дискурс түрлеріндегі  лексика-грамматикалық,  тілдік  единицалардың
қызметін анықтау

3. Подтекст категориясы. Қосымша мағына жасау техникасы

Сабақтың мақсаты: Мәтін мен дискурс талдаудың стильдік ерекшеліктері

жайында мағлұматтар беру.

Бақылау сұрақтары:

   3. Подтекст категориясы  дегеніміз не?
   4. Қосымша мағына жасау  техникасы  дегеніміз не?
Әдістемелік нұсқаулық:

 1. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау талаптары қандай?

2. Подтекст категориясы дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

 1. Ахметова, М.К.  Мәтін лингвистикасы: электр. оқу құралы .- Орал, 2007.-
1 эл.диск.

2. Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.

3. Сыздық, Р. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау: оқу құралы / Р. Сыздық;
Б. Шалабай, А. Әділова.- 2-ші бас., өңд. толықт.- Алматы: Ғылым, 2002.- 182
б.

4. Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.

8 тәжірбиелік сабақ. Мәтіндегі күрделі синтаксистік тұтастық. Абзац
мәселелері

Сабақ мазмұны:

1. Мәтін түрлерінің лингвистикалық маңыздылығы

2.Мәтін, дискурс түрлеріндегі  лексика-грамматикалық,  тілдік  единицалардың
қызметін анықтау

3. Подтекст категориясы. Қосымша мағына жасау техникасы

Сабақтың мақсаты: Мәтін мен дискурс талдаудың стильдік ерекшеліктері

жайында мағлұматтар беру.

Бақылау сұрақтары:

   5. Подтекст категориясы  дегеніміз не?
   6. Қосымша мағына жасау  техникасы  дегеніміз не?
Әдістемелік нұсқаулық:

 1. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау талаптары қандай?

2. Подтекст категориясы дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

 1. Ахметова, М.К.  Мәтін лингвистикасы: электр. оқу құралы .- Орал, 2007.-
1 эл.диск.

2. Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.

3. Сыздық, Р. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау: оқу құралы / Р. Сыздық;
Б. Шалабай, А. Әділова.- 2-ші бас., өңд. толықт.- Алматы: Ғылым, 2002.- 182
б.

4. Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.

9- тәжірбиелік сабақ.  Мәтіндегі мағына бірліктері.

Сабақ мазмұны:

1. Мәтін түрлерінің лингвистикалық маңыздылығы

2.Мәтін, дискурс түрлеріндегі  лексика-грамматикалық,  тілдік  единицалардың
қызметін анықтау

3. Подтекст категориясы. Қосымша мағына жасау техникасы

Сабақтың мақсаты: Мәтін мен дискурс талдаудың стильдік ерекшеліктері

жайында мағлұматтар беру.

Бақылау сұрақтары:

   7. Подтекст категориясы  дегеніміз не?
   8. Қосымша мағына жасау  техникасы  дегеніміз не?
Әдістемелік нұсқаулық:

 1. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау талаптары қандай?

2. Подтекст категориясы дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

 1. Ахметова, М.К.  Мәтін лингвистикасы: электр. оқу құралы .- Орал, 2007.-
1 эл.диск.

2. Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.

3. Сыздық, Р. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау: оқу құралы / Р. Сыздық;
Б. Шалабай, А. Әділова.- 2-ші бас., өңд. толықт.- Алматы: Ғылым, 2002.- 182
б.

4. Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.



10- тәжірбиелік сабақ. Мәтіндік таңба

Сабақ мазмұны:

1. Мәтін түрлерінің лингвистикалық маңыздылығы

2.Мәтін, дискурс түрлеріндегі  лексика-грамматикалық,  тілдік  единицалардың
қызметін анықтау

3. Подтекст категориясы. Қосымша мағына жасау техникасы

Сабақтың мақсаты: Мәтін мен дискурс талдаудың стильдік ерекшеліктері

жайында мағлұматтар беру.

Бақылау сұрақтары:

   9. Подтекст категориясы  дегеніміз не?
  10. Қосымша мағына жасау  техникасы  дегеніміз не?
Әдістемелік нұсқаулық:

 1. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау талаптары қандай?

2. Подтекст категориясы дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

 1. Ахметова, М.К.  Мәтін лингвистикасы: электр. оқу құралы .- Орал, 2007.-
1 эл.диск.

2. Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.

3. Сыздық, Р. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау: оқу құралы / Р. Сыздық;
Б. Шалабай, А. Әділова.- 2-ші бас., өңд. толықт.- Алматы: Ғылым, 2002.- 182
б.

4. Баранов, А.Н. Лингвистическая экспертиза текста. Теоретические основания
и практика: учеб.пособ. - М.: Флинта: Наука, 2007.- 591 с.

      .


3   СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
 Студенттің өздік жұмысының ұйымдастырылуына  әдістемелік нұсқаулық

      Студент « Мәтін лингвистикасының негізі » пәнінде тәжірибе жүзінде кең
қолданылатын, әрі жан-жақты  игерілген  мәтін  талдаудың  негізгі  әдістерін
білуі  қажет.   Ғылыми   ой-өрісті   қалыптастыруда    дискурс   пен   мәтін
лингвистикасының ғылыми білім ретінде  пайда  болуы  ерекше  роль  атқарады.
Мәтін  лингвистикасыи  мен  дискурс  қазіргі   тіл   білімі   ғылымының   әр
сатысындағы философиялық дүниетаныммен және ғылыми  методологиялық  таныммен
терең байланысын, тіл теориясының  әр  түрлі  мектептерге,  бағыттарға  және
концепцияларға тән процестерге тәуелділігін түсінуге мүмкіндік береді.   Пән
бойынша жүргізілетін  өздік  жұмыстар  мәтін  линвистикасы  мен  дискурс  әр
кезеңдегі ғылым алдына қоятын қоғамдағы әлеуметтік-мәдени шарттардың  шектес
ғылымдармен  және  олардың  практикалық   шешімдерімен   тікелей   байланысы
постулатын түсінуге көмектеседі.

                3.1  Студенттің өздік жұмысының  тақырыптары

                                                                    Кесте  3

|№ п/п |тақырып          | мазмұны                   | Тапсыру    |Бағалау     |
|      |                 |                           |мезгілі     |бойынша     |
|      |                 |                           |( апта)     |берілетін   |
|      |                 |                           |            |балл        |
|1     |2                |3                          |4           |5           |
|1     |Мәтін            |Мәтіннің мағыналық         |4           |55          |
|      |лингвистикасының |тұтастығы мен байланысы    |            |            |
|      |теориялық        |Мәтін белгілері Когезия    |            |            |
|      |мәселелері       |                           |            |            |
|2     |Мәтін құрылымы   | Мәтін Мәтін құрылымы      |6           |55          |
|      |Мәтіндегі мағына |Мәтіндегі мағына бірліктері|            |            |
|      |бірліктері,      |мәтін байласымы            |            |            |
|      |мәтінбайласымы   |                           |            |            |
|3     |Мәтіннің         |Мәтіннің                   |11          |55          |
|      |фунционалдық-стил|фунционалдық-стильдік      |            |            |
|      |ьдік типологиясы |типологиясы                |            |            |
|      |                 |.                          |            |            |
|4     |Сөйлемдегі сөз   |Сөйлемдегі сөз ретінің     |13          |55          |
|      |ретінің          |грамматикалық мағынасы     |            |            |
|      |грамматикалық    |Темпоралдық  құрылымдар    |            |            |
|      |мағынасы         |                           |            |            |
|      |Темпоралдық      |                           |            |            |
|      |құрылымдар       |                           |            |            |

3.2   Реферат тақырыптары
1.Өлең  мәтіндеріне  синтаксистік талдау
 2. Мәтін түзудегі  ұлттық-мәдени коннатация
3. Аударма мәтіндері
4. Мәтіндегі грамматикалық категориялар
5.  Көркем мәтінді талдау бағыттары
 6. Көркем мәтінді  лингвистикалық талдаудың басты аспектілері
7. Мәтін құрамындағы кейбір лексикалық топтар
8. Мәтіндегі қайталама түрлері
9. Мәтін талдаудың  стилистикалық ерекшеліктері
10. Мәтіндегі  мәдениремалар



Пәндер