Файл қосу
Лабораториялық жануарлар. Лабораториялық жануарлардан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК |ПОӘК 042-18-24.1-10/ 02 2013 | | «Лабораториялық іс» пәнінің |№1 басылым | | |студенттерге арналған | | | |оқу-әдістемелік бағдарлама | | | |кешені | | | 5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған «Лабораториялық іс» пәнінен ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2013 Алғы сөз «Лабораториялық іс» пәні лабораториялық зерттеулер барысында қолданылатын әдістемелік, техникалық, ұйымдастыру мәселелерімен қамтамасыз етуді және зерттеулерді тәжірибе жүзінде іске асыруды қарастырады. Болашақ ветеринар дәрігерлеріне инновациялық жетістіктегі лабораториялық әдістер арқылы - ауруларды анықтау, олардан сақтандыру және емдеу процессінің нәтижесін бақылау үшін жан-жануарлар организмінен алынған биологиялық сұйықтар, патологиялық материал және биосынаманы зерттеуге негізделіп оқытылады. 1 ӘЗІРЛЕНДІ Құрастырғандар: Билялов Е.Е., ветеринария ғылымдарының кандидаты Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының аға оқытушысы; Ахметжанова А.Е., в.ғ. магистрі., Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының оқытушысы; Жайлаубаева А.Р., в.ғ. магистрі., Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының оқытушысы. « » 2013 ж. Е.Билялов., А.Жайлаубаева., А.Ахметжанова. 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының отырысында « » 20 жылы № хаттама Кафедра меңгерушісі, профессор м.а. Г.Тойкина 2.2 Аграрлық факультетіның оқу-әдістемелік бюросының отырысында « » 20 жылы, № хаттама Төрайымы А. Тлеубаева 3. БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған. « » 20 жыл, № хаттама ОӘК төрайымы, ОӘЖ проректоры Г. Искакова 4 АЛҒАШҚЫ ЕНГІЗІЛУІ Мазмұны 1 Жалпы ереже....................................................................... .................................4 2 Пәннің мазмұны және сабақ тақырыптарына сәйкес бөлінген сағат.............5 3 Пәнді оқуға арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар............................................7 4 Курс форматы..................................................................... .................................8 5 Курс саясаты..................................................................... ...................................9 6 Бағалау саясаты..................................................................... ..............................9 7 Әдебиеттер.................................................................. .......................................10 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ 1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер Билялов Е.Е., ветеринария ғылымдарының кандидаты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының аға оқытушысы; Ахметжанова А.Е., в.ғ. магистрі, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының оқытушысы; Жайлаубаева А.Р., в.ғ. магистрі, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының оқытушысы; Байланыс ақпараты- тел. 53-19-20, № 6 оқу ғимараты, кабинет 3; Сабақ өткізу орны- аудиториялар 112, 120, 131; Кредиттың саны – 3; 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны мен сипаттамасы: Мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарында теңдесіп дамуына орай ветеринария саласының да зертханалық ісі заман ағымына қарай дамуда. Ветеринария саласының ең негізгі міндеттерінің бірі эпизоотиялық тазалықты сақтау болып табылады. Бұл талап жоғарғы деңгейдегі зертханалық жұмыстарды жүргізудің арқасында ғана іске асады. Өте күрделі зерттеулерді жүргізе алумен қатар зерттеудің инновациялық тәсілдерін пайдалана білуге үйретуде пәнді оқытудың маңызы өте зор. 1.3 Пәнді оқудың мақсаты: Студенттердің зертханалық жұмыстарды жүргізе алуы мен оған сараптама беруге үйрете отырып, биосынамамен жұмыс істеу тәсілдерін үйретеді. Сонымен қатар әртүрлі мақсаттағы зерттеулерді жүргізу үшін лабораториялық жануарлармен жұмыс істеуге және қажетті қоректік орталарды дайындап онда, микроб, вирус т.б өсіре отырып идентификациялау, қоздырғыш түрлерінен препараттар дайындауға оқытады. 1.4 Пәнді оқудың негізгі мақсаты: Болашақ ветеринар дәрігерлеріне ветеринария саласындағы кең қолданыстағы лабораториялық зерттеу тәсілдерін меңгерту. 1.5 Оқу нәтижесі: - Пәнді оқу нәтижесінде студент білу керек: Студенттер ветеринария саласындағы ветеринариялық лабораториялар жүйесімен танысуды; Лабораториялық жұмысты жүргізуді және ұйымдастыруды; Ветеринариялық лабораториялардың жұмысына қажетті құрал – жабдықтарды таңдауды; Лабораториялық жануарларды ұстау, күту, пайдалануды; Ветеринариялық лабораторияларда жұмыс істеудің ережелерін; Мамандық этикасы мен деонтологиялық негіздемені; Техникалық қауіпсіздік пен жеке бастың гигиенасы және қоршаған ортаға зиян келтірмеу; Зерттелген биосынамаларды жою және лабораториялық техникаларға күтіммен қарау. 1.6 Пәннің пререквизиттері: 1.6.1 биология 1.6.2 жануарлар морфологиясы және физиологиясы 1.6.3 микробиология 1.6.4 вирусология 1.7 Пәннің постреквизиттері: 1.7.1 эпизоотология және инфекциялық аурулар 1.7.2 паразитология және инвазиялық аурулар 1.7.3 ішкі жұқпалы емес аурулар 1.7.4 клиникалық диагностика 1.7.5 ветеринариялық санитариялық сарапта 2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНА СӘЙКЕС БӨЛІНГЕН САҒАТ Кесте 1 |Тақырыптың аталуы және оның мазмұны | | | |Сағат | | |саны | |Дәрістік сабақтар |Зертханалық сабақтар | | |1 |2 |3 | |Модуль 1 | |Кіріспе. Лабораториялық зерттеудің|Лабораторияларда жұмыс істеудің |2 | |маңызы. Жалпы техникалық |қауіпсіздік техникалары | | |қауіпсіздік талаптары. | | | |Лабораториялық істің дамуы. | | | |Лабораториялық ыдыстар туралы |Лабораториялық ыдыстар және |1 | |сипаттама |оларды қолдануға дайындау | | | |Лабораториялық ыдыстарды жуу және| | | |кептіру әдістері | | |Лабораториялық ыдыстарды тазалау |Лабораториялық ыдыстарды химиялық|1 | |әдістері |тәсілдермен тазалау және | | | |стерильдеу | | |Лабораториялық техника. |Микроскоптардың түрлері. Жарық |1 | |Микроскопиялық жұмыстар. |микроскобы, құрылысы, | | | |лабораториялық зерттеулерде | | | |қолданылуы | | |Микроскоп түрлері, жұмыс істеу |Микроскоппен заттарды қарау, |1 | |принципі |табу, ұқсату, өлшеу, ажырату | | |Арнайы қолданылатын лабораториялық|Құрғатқыш шкафтар, автоклавтар, |1 | |техникалар. |центрифугалар, құрылыстары, | | | |лабораториялық зерттеулерде | | | |қолданылуы Қорытынды сабақ | | |Химиялық реактивтер |Аралық бақылау |1 | |Модуль 2 | |Лабораториялық жануарлар |ФЭК, құрылысы, лабораториялық |1 | | |зерттеулерде қолданылуы | | |Лабораториялық жануарларды |Микротомдар, термостаттар, |1 | |ауруларды анықтауда пайдалану |құрылысы, лабораториялық | | |тәртібі |зерттеулерде қолданылуы | | | |Қорытынды сабақ | | |Модуль 3 | |Биосынамаларды анықтау, приборлар.|Автоматтандырылған гематологиялық|1 | | |анализатор (РСЕ90вет) | | |Өлшеу құралдары |Сұйық және қатты заттарды өлшеу |1 | | |құралдары және оларды | | | |лабораторияда пайдалану | | |Ерітінділер туралы түсінік, |Ерітінділер дайындау және |1 | |дайындау әдістерін меңгеру. |концентрациясын анықтау | | |Дистилятор жұмысы. Дистильді су. |Суды дистілдеу. Дистиллятор, |1 | | |құрылысы, жұмысқа дайындау, қосу | | |Лабораториялық жануарлардан |Лабораториялық жануарлар, ұстау,|1 | |биосынамалар алу тәртібі. |азықтандыру, көбейту | | | |Лабораториялық жануарларды | | | |(қоянды) бекіту, тәжірибеге | | | |дайындау, пайдалану | | |Лабораторияға жіберілетін |Аралық бақылау |1 | |биосынама мен патологиялық | | | |материалдарға жолдама хат жазу, | | | |жеткізу, сақтау қағидалары. | | | |Барлық оқу сағаттары: 15 |Барлық оқу сағаттары: 15 |15 | Кесте 2 |Тәжірибелік сабақтар |Сағат | | |саны | |ҚР ветеринария саласының лабораторияларының құрылымымен және |2 | |қызметтерімен танысу | | |Ветеринариялық лабораторияларда жүргізілетін бактериологиялық |2 | |зерттеулер және оған қажетті құрал - жабдықтар | | |Ветеринариялық лабораторияларда жүргізілетін вирусологиялық |2 | |зерттеулер және оған қажетті құрал - жабдықтар | | |Ветеринариялық – санитариялық сараптау лабораторияларда |1 | |жүргізілетін зерттеулер және оған қажетті құрал - жабдықтар | | | Қорытынды сабақ |1 | |Ветеринариялық лабораторияларда жүргізілетін паразитологиялық |2 | |зерттеулер және оған қажетті құрал - жабдықтар | | |Ветеринариялық токсикологиялық лабораторияларда жүргізілетін |2 | |зерттеулер және оған қажетті құрал - жабдықтар | | |Ветеринариялық лабораториялардың радиология бөлімі, жабдықталуы, |2 | |жүргізілетін зерттеулер | | |Қорытынды сабақ |1 | |Барлығы |15 | 2.3 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ • Оқытушының көмегімен атқарылатын жұмыстар: (СОӨЖ) • Лабораторияларда қолданылатын электр құралдары және электр тогы соққанда алғашқы көмек көрсету; • Қышқылмен күйгенде көрсетілетін бірінші көмек; • Сілтілермен күйгенде көрсетілетін бірінші көмек; • Арнайы қолдануға арналған лабораториялық ыдыстар; • Люминесценттік микроскоптар; • Инвертирленген микроскоптар; • Спектрометрлер; • Рефрактометрлер; • УДС – ультрадыбыстық сканер (РU2200Vet), (УЗИ), лабораториялық зерттеулерде қолданылуы; • Сұйықтарды биохимиялық зерттеуге арналған өлшегіш приборлар. Студенттердің өзіндік жұмысы СӨЖ • Ветеринариялық лабораториялар және оларға қойылатын талаптар; • Лабораторияда пайдаланылатын химиялық заттардан қорғану шаралары; • Электронды микроскоп, құрылысы, лабораториялық зерттеулерде қолданылуы; • Виварилер мен питомниктер; • - Теңіз шошқаларын азықтандыру, суғару салмағын, тамыр соғысын, дем алысын анықтау. Лабораторияда пайдалану; • - Ақ тышқандарды азықтандыру, суғару салмағын, тамыр соғысын, дем алысын анықтау. Лабораторияда пайдалану; • - Ветеринариялық лабораторияда пайдаланылатын қазіргі заманғы лабораториялық құрал - жабдықтар және олардың пайдаланылу аясы; • - Лабораториялық жануарлардың инфекциялық аурулары; • - Лабораториялық жануарлардың жұқпалы емес аурулары; • - Лабораториялық жануарлардың инвазиялық аурулары. 3. ПӘНДІ ОҚУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР Студенттер пәнді толық менгеру үшін олар төмендегі талаптарды толық орындаулары қажет: Сабақ басталғанда оқытушыдан пәннің оқу – әдістемелік кешенін алып танысу. Аудиториялық сабақтарды (дәріс, тәжірибе және жаттығу сабақтары) босатпау, дайындалып келу, сабаққа белсенді қатысу, өзіндік жұмыстарды дайындау және уақытында қорғау сөйтіп ең жоғарғы балл жинау. Пән бойынша мемлекеттік және ресми (орыс) тілдерінде негізгі және қосымша әдебиеттермен оқу құралдық басылымдарды, ҚР «Ветеринария туралы» заңын, ветеринария саласына қатысты нормативтік-құқықтық актілерді, ережелерді т.б қосымша оқу құралдарын пайдалану. Студенттер пәнді меңгеру барысында 2 қорытынды сабақ тапсырады. Қорытынды сабақ сұрақтары алдын ала беріледі. Қорытынды сабақта алған баллдары суденттің аралық рейтингісін есептегенде пайдаланылады. Қорытынды сабақ сұрақтары емтихан сұрақтарының негізін құрайды. Оқу-әдістемелік кешен әдебиеттермен жұмыс істеуді жеңілдетеді. Әрбір бөлімнен дәріс оқылып біткенде сол бөлім бойынша студенттерге өздерін бақылаулары үшін бақылау сұрақтары қойылады. Пәнді игеру барысында студенттерге негізгі және қосымша әдебиеттер ұсынылады. Пән бойынша мемлекеттік тілде әдебиеттердің тапшылығынан студенттер үшін оны таңдау және табу өте маңызды мәселе. Оқытушы ұсынған әдебиеттердің ішінде біреуі негізгі оқулық ретінде ұсынылады. Басқа әдебиеттер қосымша оқу құралы ретінде қолданылады. Студенттерге пәнді оқудағы негізгі бағыттаушы материал – ол дәріс материалдары болып табылады. Пәнді бағдарламада берілген тәртіппен игеру өте қолайлы. Студенттер өзіндік жұмыстарының барысында ізденуге, өздігінен білім алуға үйренулері керек. Оқытушы бақылау сұрақтары арқылы студенттердің пәнді игеру деңгейлерін үнемі тексеріп отырады. 4 КУРС ФОРМАТЫ Аудиториялық сабаққа кіретіндер: дәріс және семинарлық сабақта оқылатын материалдармен пікір алмасу, әртүрлі материалдарды және кейстерді талдау. Әрбір сабаққа студенттер жоспардағы негізгі және қосымша әдебиеттер тізіміне сәйкес дайындалуы тиіс (негізгі бөлімдер мен тараулар әрбір сабаққа анықталып отырады). Бақылау жұмысына қатыспаған және кешіккен студент ешқандай балл алмайды. Әрбір сабақтың бас кезінде шағын бақылау жұмысы жүргізіледі, ол өткен дәрісте қарастырылған негізгі ұғымдарға қатысты сұрақтардан тұрады. Негізгі ұғымдар әрбір дәріс барысында түсіндіріледі. Сабақтарға қатысу және негізгі ұғымдарды, анықтамаларымен, түсініктерімен жазу студенттердің міндеті. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыспаса, дәрісті ол топтағы басқа студенттерден алуы керек. Ал оқытушы дәрісті сабақттан тысқары уақытта студентке беруге тиіс емес (қандай себеп- салдары болса да). Пәннің бағдарламасын меңгеруі жеке жауап беру және жазбаша түрде орындалады. Тыңдаушы түсінбегенін оқытушыдан сұрауға болады Студенттің білімін бағалау емтихан бойынша өткізіледі. Емтиханға пәннің бағдарламаға сәйкес толық курстық тақырыптар сұрақтары енгізіледі. 5 КУРС САЯСАТЫ Негізгі талап – «лабораториялық іс» пәнінің оқу әдістемелік кешені бағдарламасының қағидасына сәйкес пәнді толық игеру үшін, ұсынылған талаптарды студенттер түсініп және жауапкершілікпен қарайды деп есептейміз. Студент әрбір сабаққа міндетті түрде қатысуы керек және қаралатын материалдарды талқылауға белсенділік көрсетуі керек. Сондай-ақ, күнделікті сабақтағы оқу бағдарламасын сапалы деңгейде меңгеруді студент өз міндетім деп түсінуге тиіс. Аралық бақылауға қойылатын талаптар – зертханадағы жұмыс қауіпсіздігін өте сауатты меңгеру және жұмыс барысында өте мұқият болуы. Семинарлық сабақтар – аудиториялық тапсырмаларды, үй тапсырмасын орындап, сабаққа әрдайым дайындалып келуі керек. Өзіндік жұмыстарды орындауда ұсынылған және қосымша әдебиеттер мен ақпарат көздерін пайдалана білу озық үлгідегі лабораториялық техникаларды пайдалануға жету. СӨЖ тапсырмаларын әр студент жазбаша және тиісті уақытында тапсыруға міндетті. СӨЖ жұмысын бағалау оқу әдістемелік кешен бағдарламасының қағидасында көрсетілген бағалау парағының жобалық ұсынымына сәйкес бағаланады. Студенттің білімін бағалау емтихан бойынша өткізіледі. Емтиханға пәннің бағдарламаға сәйкес толық курстық тақырыптар сұрақтары енгізіледі. Міндетті түрде орындау және тапсыру – семинарлық сабақ тапсырмаларды, жаттығулық немесе өзіндік жұмыстарының барлық түрлерін және аралық пен қортынды бақылауды тапсыруға міндеттісіз. Сонымен қатар, босатылған сабақпен есептескеннің өзінде Сіз толық межелі көрсеткішті (жоғарғы балл) ала алмайсыз. Сабақты себепті жағдаймен босатқанның өзінде де Сіз пәннің толық курсын меңгеруге міндеттісіз және деканаттың ресми рұқсаты арқылы ғана сабаққа қатыса аласыз. Пәннің толық курсын меңгеру Сіздің білікті маман болудағы ең басты борышыңыз болып табылады.. Студенттер алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітулері үшін оқу процесі және өндірістік тәжірибе мерзімдерінде Семей қалалық және т.б озық үлгідегі ветеринариялық диагностикалық лабораторияға және базарлардағы санитарлық сараптау лабораторияларында болып өз біліктілігін жетілдіреді. 6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ «Лабораториялық іс» пәнінен әр аптаға және аралық бақылау түрлеріне сәйкес бағалық меженің бөлінуі (кестеде көрсетілгендей). Кесте 3 |Апта |Бақылау түрі |Бағалаудың |Ескеру | | | |толық межесі| | |1 |2 |3 |4 | | |1-7 аптада барлық семинарлық сабаққа қатысу |30 | | |1 |Практикалық |0 | | |2 |Практикалық |21 | | |3 |Пр+СОӨЖ+СӨЖ |21+6+15 | | |4 |Пр+СОӨЖ+СӨЖ |21+6+15 | | |5 |Пр+СОӨЖ+СӨЖ |21+6+15 | | |6 |Пр+СОӨЖ+СӨЖ |21+6+15 | | |7 |Аралық бақылау № 1+СОӨЖ+СӨЖ |60+6+15 | | | |1-7 апта бойынша барлығы: |300 | | | |8-15 аптада барлық аудиториялық сабаққа қатысу|30 | | |8 |Практикалық |0 | | |9 |Практикалық |17 | | |10 |Пр+СОӨЖ+СӨЖ |18+6+15 | | |11 |Пр+СОӨЖ+СӨЖ |17+6+15 | | |12 |Пр+СОӨЖ+СӨЖ |18+6+15 | | |13 |Пр+СОӨЖ+СӨЖ |18+6+15 | | |14 |Пр+СОӨЖ+СӨЖ |17+6+15 | | |15 |Аралық бақылау №2 |60 | | | |8-15 апта бойынша барлығы: |300 | | |Емтихандық баға межесі |400 | | |Академиялық мерзімдегі баға межесі |1000 | | 7 ӘДЕБИЕТТЕР 7.1 Негізгі әдебиеттер 7.1.1 К.Н. Қожанов т.б. «Лабораториялық іс» (оқу құралы). Алматы, 2008 жыл. 183 бет. 7.2 Қосымша әдебиеттер 7.2.1 Кырыкбайулы С. И. и др. Лабораторное дело. Учебное пособие. Алматы. 2005, с.270. 7.2.2 Антонов В.И. и др. Лабораторные исследования в ветеринарии: биохимические и микологические. Справочник. М., «Агропромиздат», 1991, с. 287. 7.2.3 Дымко Е.Ф. и др. Руководство по биохимическим, токсикологическим и микологическим исследованиям тканей, органов, кормов, воды и др. материалов. (Для биохимических и токсикологических отделов ветеринарных лабораторий). Алматы, «Кайнар», 1980, с. 496. 7.2.4 Золотинцкий М.Д. Лабораторный практикум по охране труда. М., «Высшая школа», 1979, с. 215. 7.2.5 Калугин Ю.А. Кормление кроликов. М., «Агропромиздат», 1985, с. 120. 7.2.6 Судаков М.О. и др. Лабораторные исследования в ветеринарной терапии. Киев, «Колос», 1975, с.111. 7.2.7 Уткин Л.Г. Кролиководство: Справочник. М., «Агропромиздат», 1987, с. 206. 7.2.8 ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 жыл. Т- 3 [pic]
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz