Файл қосу

Азаматтар әкімшілік құқық субъектілері ретінде




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ                          |
|ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                  |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты       |ОӘК                       |ОӘК042-14-5-07.01.20.43-|
|                            |                          |03- 2013                |
|«Қазақстан Республикасының  |                          |                        |
|әкімшілік құқығы» пәнінің   |№1 басылым 05.09.2013     |                        |
|оқу-әдістемелік кешені      |                          |                        |






























                          ӨҚУ ӘДЕСТЕМЕЛІК КОМЛЕКСЫ
                       ӨҚУ - ӘДЕСТЕМЕЛӘК МАТЕРИАЛДАРЫ
           Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқығы





























                                СЕМЕЙ-2013 ж




 1.   ӘЗІРЛЕГЕН
 Құрастырушы:  Тастекеев   Кайрат   Кулбаевич,   Шәкәрім   атындағы   Семей
мемлекеттік университетінің «Заңтану» кафедрасының аға оқытушы


           «_____»___қырқүек________2013  ж.
 2.   ТАЛҚЫЛАҒАН
 2.1.  Шәкәрім  атындағы  Семей  мемлекеттік   университетінің    «Заңтану»
кафедрасының отырысында
 «_____»__қырқүек_________2013  ж., №__1____хаттама


 Кафедра меңгерушісі                        Елеманов С.Х..


 2.2. Гуманитарлық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында
 «___»___қырқүек_________2013 ж., №__1__        хаттама


                                                                     Төраға
         Григорьева Г.Б.
 2.3. Гуманитарлық факультетінің ғылыми кеңесінің отырысында
 «___»___қырқүек_________2013 ж., №__1__        хаттама


                                                                     Төраға
   Мамырбеков А.М.


 3.   БЕКІТІЛДІ
 Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында  шығаруға  мақұлданған
және  ұсынылған
 «___»__қыркуек__________2013 ж., №___1_хаттама


 ОӘК  төрағасы,  оқу  жұмысының   проректоры                Искакова   Г.К.

           Алғаш енгізілді:




























 Глоссарий
 Абайсыздық    -   қылмыс   істеген   адам   өзінің    әрекетінің    немесе
әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті екенін  біле  тұра,  бірақ  жеңіл  ойлықпен
ондай зардаптар болуы мүмкін екендігін болжамау.
 Алкоголизм – ішімдікті үнемі қолдану салдарынан болатын аурудың түрі.
 Азаматтардың   әкімшілік  құқық  қабілеттілігі  –   мемлекетпен   танылған
азаматтардың әкімшілік құқық нормасымен  қарастырылған,  әкімшілік  құқықтық
міндеттермен сипатталатын құқықтарды иеленеді.
 Айыппұл – ақшалай жаза материалды шара ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы  кодексінде  және  Қазақстан  республикасы  Қылмыстық
кодексте қолданылады.
 Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  істерді  жүргізу  -  осындай  істерді
жүргізудің шаралары: әрбір істің жағдайларын дер кезінде,  жан-жақты,  толық
және әділетті  анықтау,  оны  заңға  дәлме-дәл  сәйкестеп  шешу,  шығарылған
қаулының орын-далуын қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  әкімшілік  құқықты  бұзуға
әсер еткен себептер мен жағдайларды анықтау, құқық бұзушылықтың  алдын  алу,
азаматтарды заңдарды сақтау рухында тәрбиелеу, зандылықты нығайту.
 Әкімшілік жауаптылық -  занды бұзғаңдық  үшін  белгіленетін  жауаптылықтың
түрі.  Әкімшілік  жауаптылыққа  әкімшілік  қатынастарды  реттейтін  қүқықтық
ережелерді бұзған адамдар тартылады. Мұндай жауаптылыққа азаматтар 16  жасқа
толғаннан  кейін  ғана  тартылады.  Шетел  азаматтары  және  азаматтығы  жоқ
адамдар да әкімшілік ережелерін бұзғаны үшін жалпыға бірдей негізде  жауапқа
тартылады. Дипломатиялық  иммунитеті  бар  шетел  азаматтарының  заң  бұзуға
байланысты мәселесі дипломатиялық жолмен шешіледі.
 Әкімшілік жаза - әкімшілік заңды  бұзғаны  үшін  мемлекет  органы  (тиісті
лауазымы бар адам) әкімшілік жаза қолдана алады. Жазаның  түрлері:  ескерту,
айып салу, заңға қарсы әрекеттің құралы немесе тікелей зиянын шеккен  заттың
кінәлыдан құнын төлетіп  алу,  заңсыз  әрекет  жасауға  қолданылған  құралды
тәркілеу, азаматқа берілген арнайы құқықтан (аң  аулау,  тасымал  құралдарын
жүргізу құқықтары) айыру, әкімшілік жолмен қамауға алу.
 Әкімшілік жолмен ұстау, тікелей өзін тексеру, заттарды тексеріп қарау және
заттармен құжаттарды алып қою - Республика  зандарында  тікелей  көрсетілген
жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтаттыру,  хаттама  жасау,  істің
дер  кезінде  және  дұрыс  қаралуын  қамтамасыз  ету  және  әкімшілік  құқық
бұзушылық  туралы  істер  жөніндегі  қаулыларды  орындау  мақсатында  адамды
әкімшілік жолмен ұстауға, оның өз  басын,  заттарын  тексеріп  қарауға  және
заттары мен құжаттарын алып қоюға жол  беріледі.  Әкімшілік  құқықты  бұзған
адам әкімшілік жолмен тек заң өкілеттік берген органдар (лауазымды  адамдар)
ғана ұстай алады. Ондай ұстау үш сағаттан  аспауға  тиіс.  Әкімшілік  жолмен
ұстау мерзімі құқық бұзушы хаттама жасау үшін әкелінген  кезден  бастап,  ал
мас күйінде әкелінген адамды ұстау мерзімі —  оның  айыққан  кезінен  бастап
есептеледі.
 Әкімшілік жолмен қамауға алу -  әкімшілік  жолмен  қамауға  алу  әкімшілік
құқық бұзушылықтың жекелеген түрлері  үшін,  тек  ерекше  занда  көрсетілген
жағдайларда ғана, он бес тәулікке дейінгі мерзімге бёлгіленіп,  қолданылады.
Әкімшілік  жолмен  қамауға  алуды  аудандық  (қалалық)  халық  соты   (халық
судьясы) тағайындайды. Әкімшілік жолмен қамауға алу жүкті әйелдерге, он  екі
жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, он сегізге толмаған жастарға,  бірінші
және екінші топтағы мүгедектерге қолданылмайды.
 Әкімшілік қадағалау - сот үкімі  бойынша  жазасын  өтеп  келген  адамдарға
әкімшілік қадағалау белгіленеді, оны милиция органдары жүргізеді.
 Әкімшілік органдар - түрлі саладағы қоғамдық тәртіпті  бұзушыларға  тиісті
шара қолданатын орган.
 Әкімшілік  юрисдикция  –  мемлекеттік  басқару  органдары  мен   лауазымды
тұлғаларды құқық нормаларымен реттелетін қызметі.
 Әкімшілік жаза - әкімшілік заңды бұзғаны үшін  мемлекет  органы  әкімшілік
жаза қолданады. Жазаның түрлері: ескерту, айып салу, заңға  қарсы  әрекеттің
құралы немесе тікелей зиянын  шеккен  заттың  кінәліден  құнын  төлетіп  алу
заңсыз  әрекет  жасауға  қолданылған  құралды  тәркілеу,  азаматқа  берілген
арнайы құқықтарын айыру, әкімшілік жолмен қамауға алу т.б.
 Әкімшілік  қамау  -  әкімшілік  құқық  бұзушылық  жасаған  тұлғаның  қысқа
мерзімге бас бостандығынан немесе жүріп тұруынан айыру.
 Әкімшілік құқығы – ұлттың құқықтарының  бір  саласы.  Мемлекеттік  басқару
органдарының басқарушылық  жарлықшы  қызметін  реттейтін  құқықтық  рәсімдер
жиынтығы. Әкімшілік құқық қатынастарға қатысушы  тараптардың  біреуі  әдетте
мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болады.
 Әкімшілік құқық бұзушылық – мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, меншікке
азамттардың құқықтары мен  бостандықтарына,  белгіленген  басқару  тәртібіне
қол сұғуға бағытталған кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.
 Әкімшілік  құқықтық  норма  –  мемлекеттік  басқару  жүйесіндегі  қоғамдық
қатынасты реттейтін құқықтық норма.
 Әкімшілік құқықтық  қатынас  -  әкімшілік  құқық  нормаларымен  реттелетін
мемлекет басқару жүйесі мен қоғам қатынастары.
 Қазақстан Республикасы  территориялық  бөлігі  -  әкімшілік  территориялық
бөлінудің құрылым элементі.
 Әкімшілік территориялық бөліну – мемлекеттің территориялық  ұйымдастырудың
жүйесі, оларға мемлекеттік билік және басқару қызметі құрылады.
 Әкімшілік аумақтық  құрылым – ол белгілі бір бөлікке  бөлінеді,  облыстық,
аудандық,  қалалық,  қаладағы  аудандық,  поселкелік  селолық  және  ауылдық
әкімшіліктер.
 Әкімшілік іс-жүргізу – жеке, белгілі істі мемлекеттік басқаруға  құзыретті
субъектілердің  әкімшілік  іс  жүргізу   қатынасы   әкімшілік   іс   жүргізу
нормасымен қадағалау.
 Әкімшілік қадағалау – сот үкімі  бойынша  жазасын  өтеп  келген  адамдарға
әкімшілік қадағалау белгіленеді, оны лицензия органдары жүргізеді.
 Қазақстан Республикасы азаматтарының әкімшілік құқықтық
 Әскери тәртіп - әскери қызметкерлердің,  ережелерін,  заңмен  белгіленген,
жарлық бұйрықтарды сақтауы.
 Әрекет қабілеттілігі  –  азаматтардың  және  ұйымдардың  өз  әрекеттерімен
құқықтарыға ие болу  өзі  үшін  азаматтық  міндеттер  туғызу  сондай-ақ  заң
бұзған жағдайда қылығы үшін жауап беру мүмкіндігі.
 Белгілі бір лауазым иесі болу құқығынан айыру - белгілі бір  лауазым  иесі
болу құқығынан айыруды негізгі немесе  қосымша  түрде  сот  бір  жылдан  бес
жылға дейінгі мерзімге тағайындай алады.
 Биліктің шешімі – мемлекеттік органдар  немесе  лауазымды  тұлғалардың  өз
құзыреті  шегінде  құқықтық  актілерді  белгілі   бір  мақсатқа  жету   үшін
қолданылуы.
 Басқару аппараты - нормативтік құқықтық акт негізінде  ұйымдасатын  арнайы
мамандырылған жұмыскерлер жиынтығы министрлік,  агенство,  департамент  т.б.
жатады.
 Вето – мемлекеттерде қандай болсын  органдардың  шешімін  күшіне  енгізбеу
немесе оның орындалуын тоқтату.
 Діни бірлестік – рухани қажеттерін  қанағаттандыру  үшін  өз  мүдделерінің
ортақтығы негізінде, заң қүжаттарында белгіленген  тәртіп  бойынша  біріккен
азаматтардың ерікті бірлестігі.
 Дәлелдемелер – қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істе заңда  белгіленген
тәртіппен алынған және істің материалдарында бекітілген істің дұрыс  шешімін
табу үшін маңызды мән-*жайлар туралы мәліметтер.
 Дара басшылық – басқарудың бір  түрі.  Ұйымды  жеке  өзі  басқарып,  соған
берілген өкілеттікті жүзеге асыруды және соның жұмысына жауап береді.
 Есі дұрыстық - өз әрекетіне есеп бере алатын, өзін-өзі ұстай білу қабілеті
бар дені сау адам.
 Жан күйзелісі (аффект) - уақытша патологиялық  емес  ірітке  салу,  ол  өз
еркінсіз жмоционалды әсер, ол эндокриондық жүйе  қызметінің  өзгеруіне  әкеп
соғады.
 Жеке шағым - азаматтар, бір топ тұлғалар, бейүкіметтік ұйымдар
 беретін шағымдар.
 Жеке тұлға – құқықтық қатынасқа түсетін субъектілердің құқықтары мен заңды
міндеттері.
 Заң – ең жоғарғы күші бар акт. Ол заң шығару органдарымен немее референдум
арқылы қабылданады.
 Заңдылық   –   мемлекет   органдарының,   лауазым   иелерінің,    қоғамдық
бірлестіктердің,  азаматтардың  заңдардың,  басқа  да   рәсімді   актілердің
талабын орындау.
 Заңдар – нақты  тарихи  даму  кезеңінде  мемлекеттік  заңның  және  заңдық
актілердің қолданылу жүйесі.
 Заң жобасы – жоғары заң шығарушы орган  қарауы  үшін  немесе  референдумға
салу үшін әзірленген заңның қабылдануға ұсынылатын мәтіні.
 Заңдылыққа кепілдік – мемлекеттің, қоғамның,  адам  құқықтарын  қамтамасыз
ететін заң және заңдық актілердің орындалуы.
 Заңға тәуелді нормативтік акт – заң негізінде шығарылған және  орындалуына
әсер ететін акт, құрамында заң нормалары бар.
 Кәмелетке жасы толмаған бала  - заң бойынша он  сегіз  жасқа  толған  адам
заңдарда көрсетілген барлық құқықтар мен бостандықтарға ие  болады,  өз  іс-
қимылы, әрекеті үшін өзі заң бойынша толық  жауап  береді.  Он  сегіз  жасқа
толмаған адамдар айтылған қүқықтар мен бостандықтарға тек  ішінара  ие  бола
алады,  сонымен  қатар  заңда  көрсетілген  жауаптылыққа   шектелген   түрде
тартылады.
 Конституциялық   заң   -  ҚР  Конституциясының  62  бабының  4  тармағында
көзделген тәртіппен қабылданатын заңдар.
 Кодекс  –  нақты  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін,  құқықтық   ресімдері
біріктіріліп жүйелендірілген заңдар жиынтығы.
 Кінә - адам өзінің заң бұзу әрекетін жан дүниесімен,  демек  психологиялық
тұрғыдан сезінуі.
 Куә (айғақ адам) –  тергеу  әрекеттерін  растау  үшін  прокурор,  тергеуші
немесе анықтама жүргізетін орган шақырып алған бөгде адам.
 Қазақстан Республикасы  Бас  прокуроры  –  Қазақстан  Республикасы  жоғары
өкілетті тұлға. Ол орталық жүйеленген органдар мен прокуратура  бөлімшелерін
бақылайды. Оны Сенат келісімімен Қазақстан Республикасы Президенті  5  жылға
тағайындайды.
 Қорғаушы, адвокат  - қоғамдық  кәсіби  ұйым  болып  саналатын  қорғаушылар
алқасының  мүшесі.  Қорғаушылар  қатарына  жоғары  білімі  бар   заң   адамы
қабылданады. Қорғаушының негізгі міндеті — азаматтар  мен  заңды  тұлғаларға
заң көмегін  көрсету.  Олардың  заңды  мүдделерін  қорғауға,  сот  әділдігін
жүзеге асыруға, демократиялық заңдылықтың сақталуына жәрдемдеседі.
 Қоғамның саяси жүйесі – құқықпен басқа да  әлеуметтік  нормалар  негізінде
құрылған институттар, солардың арасында саяси билік жүзеге асады.
 Құзырет  –  мемлекеттік  органның  құқықтары  мен   міндеттері   жиынтығы,
мемлекеттік өкімет және басқару органдарының негізгі өкілетті  Конституцияда
белгіленеді.
 Құқық нормасы – мемлекеттік  орган  немес  оның  мақұлдауымен  қабылданған
немесе бекітілген жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі.
 Құқық  актілеріне  түсіндірме   –   арнайы   органмен   шығарылатын   заңи
анықтамаларға берілетін түсініктеме.
 Құқықтық қолдану актісі – белгіленген іс бойынша арнайы органдар шығаратын
құқықтық акт.
 Құқықтық норманың болжамы  –  құқықтық  рәсімді  қолдану  шарты.  Болжамда
қолданатын өмірлік жағдай анық және тікелей көрсетіледі.
 Қылмыстың сыртқы көрінісі –  бұл  құқық  бұзушылықтың  белгілерін  қоғамға
қауіптілігін, мемлекетке, тұлғаға әсерін сипаттайды.
 Құқықтық мемлекет – құқықтық  мемлекетте  қоғамдық  қатынастарды  реттеуде
заңдар  бірінші   орында   тұрады.   Адам   мен   азамттық   құқықтары   мен
бостандықтарын қамтамасыз ету үшін және мемлекеттік  билікпен  байланыстыруы
үшін құрылған саяси билік.
 Құқықтық қолдану – құқықты жалпылай және толық  түрде  жүзеге  асыру  үшін
атқарылатын мемлекет органдарының ұйымдастыру қызметі.
 Құқықты  сақтау  –  құқық  нормаларының  орындалу  формасы,  заңмен  тыйым
салынған субъектілер оған бағынуы тиіс.
 Құқықтық  мәртебесі  –  заңмен  және  де  басқа  да   құқықтық   актілерде
белгіленген   құқықтары,   міндеттері   және    жауапкершіліктері    олардың
мемлекеттік басқаруға мемлекеттік органдар қызметі арқылы қатысуы.
 Лауазымды   адамдар   -    мемлекеттiк   функцияларды   (өкiмет   өкiлiнiң
функцияларын)  тұрақты,  уақытша  немесе  арнайы  өкiлеттiк  бойынша  жүзеге
асыратын   не   мемлекеттiк   органдарда   ұйымдастырушылық-өкiмдiк   немесе
әкiмшілiк-шаруашылық функцияларын орындайтын адамдар.
 Мафия – қоқан-лоқы, зорлық – зомбылық, кісі өлтіру әдісімен әрекет  ететін
астыртын қылмыстық ұйым. Бұл ұғым алғаш ХІХ ғасырда Сицилияда пайда  болған.

 Мемлекеттiк органдар  -  мемлекет  атынан  Конституция,  заңдар,  өзге  де
нормативтік құқықтық актiлер  арқылы  жалпыға  бiрдей  мiндетті  мiнез-құлық
ережелерiн  белгілейтiн  актiлер  шығару,  әлеуметтiк  мәнi   бар   қоғамдық
қатынастарды басқару мен реттеп отыру, мемлекет  белгiлеген  жалпыға  бiрдей
мiндеттi  мiнез-құлық  ережелерiнiң  сақталуына  бақылау   жасау   жөнiндегі
функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттік берiлген мемлекеттiк мекемелер.
 Мемлекеттік  қызметтер  -  жеке   және   заңды   тұлғалардың   құқықтарын,
бостандықтарын  және   заңды   мүдделерінің   қорғалуын   қамтамасыз   етуге
бағытталған, бюджеттік бағдарламаларды  (кіші  бағдарламаларды)  іске  асыру
аясында мемлекеттік органдар, өзге  де  мемлекеттік  мекемелер,  мемлекеттік
кәсіпорындар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет.
 Мемлекеттік аппарат  –  мемлекеттік  органның  біртұтас  жүйесі.  Оған  ең
төменгі  органдарынан  ең  жоғарғы  органдарына  дейін  жатады:  мемлекеттік
өкімет  органдары,  бақару  органдары  сот,  прокуратура,   қарулы   күштер,
лицензия.
 Мемлекеттік тәртіп – барлық мемлекеттік органдарына,  лауазымды  адамдарға
жүктелген,  олар  мүлтіксіз  орындайтын  міндеттерді   қадағалайтын   тәртіп
ережелері.
 Мемлекет басшысы  –  атқарушылық  билік  пен  сыртқы  байланыстар  аясында
мемлекеттің мәртебелі өкілі болып есептелетін мемлекеттегі жоғары  лауазымды
тұлға.
 Нормативтік құқықтық акт  –  референдумда  немес  уәкілетті  орган  немесе
мемлекеттік  лауазымды  адам  қабылдаған  құқықтық  нормаларды  белгілейтін,
өзгертетін  тоқтататын  немесе  тоқтата  тұратынғ,   белгіленген   нысандағы
жазбаша ресми құжат. Есірткі – құрамында  есірткі  бар  өсімдіктер,  дәрілер
немесе  заттар  мемлекет  органдары  белгіленген   және   есірткі   тізіміне
жатқызылатын заттар.
 Оқыс оқиға – адамның еркінен тыс өздігінен туындайтын уақиға сондықтан  да
нақты  жағдайда  қарастырылмайды  немесе   қасақана   немесе   абайсыздықпен
жасалған  әрекет  айырмашылығы   сырт  белгілері   құқық   бұзушылық   болып
көрінгенмен, заңи жауапекршілік жүктемейтін кездейсоқ әрекет.
 Өкілеттілік – құқықтық қатынасқа қатысушының  басқа  қатысушылардан  заңға
сәйкес белгілі бір әрекет жасауды талап ету құқығы.
 Рұқсат ету  жүйесі  –  құқықтық  тәртіпті  сақтауды  қамтамасыз  ету  үшін
мемлекет тарапынан қолданылатын қызмет тәсілі.
 Реквизициялау – дүлей апаттар, төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар  болған
ретте мүлік қоғам мүддесі үшін мемлекеттік өкімет және басқару  органдарының
шешімі бойынша заңда белгіленген тәртіп пен жағдайларда меншік иесінен  оған
мүліктің құны төлене отырып алып қойылуы мүмкін.
 Сарапшы – қылмыстық және азаматтық, әкімшілік іс бойынша  жүргізу  кезінде
туған, арнаулы білімдері  бар  талап  етілген  мәселелер  бойынша  қорытынды
беруге сот, тергеуші немесе анықтама жүргізуші орган шығарған адам.
 Теріс қылық – заңда көрсетілген жағдайда құқықтық жауаптылыққа кінәлі адам
тартылады. Құқықта теріс қылыққа байланысты жауаптылық  негізінен  әкімшілік
құқық бұзушылыққа жатады, соған арналған заңдармен реттеледі.
 Халық еркі – көпшіліктің қызығушылығын  білдіруге  шоғырлануы,  әлеуметтік
жағдайдың жақсаруына байланысты басқарманың шешімі.
 Хабар-ошарсыз жоғалу – адамның еш себепсіз жоғалуы, оның тұрғылықты   жері
мен өмірі белгісіз бөлу.
 Ұстау – қылмыстық, әкімшілік, іс-жүргізуде қысқа мерзімге сезіктіні  құқық
бұзушылықты жүзеге асыру деп ұстау.


 Өзіне-өзін сұрақтар
 1.    Әкімшілік  мәжбүрлеуде  әкімшілік  ескерту  шараларының   ролі   мен
мағынасы.
 2.   Әкімшілік ескерту шараларының түрлері.
 3.   Әкімшілік ескерту шаралары сипаттамалық белгілері және басқа әсер ету
шараларынан айырмашылығы.


























 Дәріс № 1.
 1- тақырып. Әкімшілік құқықтың пәні және әдісі.


 Негізгі сұрақтар:
 1.1   Әкімшілік құқықтың түсінігі  және мәні.
 1.2  Әкімшілік құқықтың пәні, әдісі және жүйесі.


 1.1  Әкімшілік құқықтың түсінігі  және мәні.
 Әкімшілік  құқық  атқарушы  билік  органдарының  (Үкімет,  министрлер  пен
ведомствалар, өзге де орталық атқарушы органдар, акиматтар, сондай-ақ  басқа
да  жергілікті  атқарушы  органдар)   қызметін   ұйымдастырумен   байланысты
қатынастарды  реттейді,  олардың  кұрылымын,  өкілеттіктері  мен  құзіретін,
сонымен бірге олардың арасындағы өзара  іс-қимылдарын  анықтайды.  Әкімшілік
құқықпен  сондай-ақ  мемлекеттік  билік  органдарының  азаматтар  мен   және
өздерінің құзіретгеріне сәйкес мемлекеттік емес ұйымдар мен  өзара  іс-қимыл
жасауы барысында туындаған қатынастары, сондай-әкімшілік кұкық  бұзушылықпен
байланысты қатынастар реттеледі.
 Әкімшілік кұқық жалпы әмбебеп жинақталған актінің болмауымен  сипатталады,
мұның  соңғысы  құқықтың  осы  саласымен  реттелетін  қатынастар   құрамының
күрделі  болуына  байланысты.  Әкімшілік  құқықтың  қайнар   көздері   болып
Қазақстан   Республикасының   Конституциясы,    Қазақстан    Республикасының
әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексі,  әкімшілік-құқықтық  қатынастары
нормалары бар және осы қатынастарды реттейтін өзге де заң актілері,  сондай-
ақ   Қазақстан   Республикасы   қатысушысы   болатын    халықаралық-құқықтық
келісімдер болып табылады.
 Әкімшілік  құкық  мемлекеттік   билік   органдарының   билік-өкім   шығару
өкілеттіктерімен  сипатталады.  Заңның  негізінде  және  олардың  құзіретіне
сәйкес қабылданатын  шешімдер  орындау  үшін  міндетті  болып  табылады.  Ал
өзінің  ішкі  мазмұны  жағынан  олардың  ерік  беру  -  шешімдер  жолданатын
адамдардың белсенді іс-әрекеттеріне құқық беру;  тиым  салу  -  белгілі  бір
әрекеттер жасаудан тартыну талабы, нұсқаулар,  яғни  белгілі  бір  әрекеттер
жөнінде  адамдарға  міндеттер  жүктеу  сипатында  болуы   мүмкін.   Бұл   өз
кезегінде, әкімшілік кұқық саласының ерекшелігін дәлелдейді,  бұл  әкімшілік
құқықтық қатынастар субъектілері  жағдайының  бірдей  маңызды  болмайтынынан
көрінеді.  Алайда,  осыған   қарамастан,   әкімшілік-құқықтық   қатынастарға
қатысушылар, мұның азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар үшін  сипатта
болатынындай тең болып табылмайды, бүл ұғым азаматтар мен заңды  тұлғалардың
заңды  құқықтары  мен  бостандықтарына  қысым  жасалады  деген   сөз   емес.
Әкімшілік заңнамасында осы қатынастарға барлық қатысушылардың кұқықтары  мен
бостандықтарын  қорғау  кепілдіктері  айтылады,  олар  азаматтар  мен  занды
тұлғалардың, олардың арасындағы қатынастарындағы  мемлекеттік  органдар  мен
уәкілетті адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне  шағым  беру  мүмкіндігіндей
құзіретін айқын реттеуден көрінеді.
 Сонымен әкімшілік құкық Қазақстан  Республикасы  құкық  жүйесінің  кұрамды
буыны болып табылады. Әкімшілік құқықтың  тағы  бір  маңызы  мынада:  қаржы,
банк, кеден, салык кұкығы  және  басқалары  сияқты  құкық  салаларының  жаңа
институттарын  кұру  процессінде  әкімшілік-құкықтық   нормалар   басқарушы,
әдістемелік  орталық  рольді  атқарады,  және  олардың  орнығуына,   кешенді
институттар мен дербес салалар болып бөлініп шығуына көмекгеседі.
 Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнаманың міндеті -  адам  мен  азаматгың
құқықтарын,  бостандықтары  мен  занды  мүдделерін,  халыктың   денсаулығын,
санитарлық-әпидемиологиялық    саулығын,    қоршаған    ортаны,     қоғамдық
имандылықты,  меншікті,  коғамдық  тәртіп  пен  қауіпсіздікті,   белгіленген
тәртіпте жүзеге асыратын мемлекетгік билікті, ұйымдардың  заңмен  қорғалатын
құқықтары мен бостандықтарын әкімшілік құкық бұзушылықтан қорғау,  сондай-ақ
олардың жасалуының алдын алу.


 1.2. Әкімшілік құқықтың пәні, әдісі және жүйесі.
 Қазақстан  Республикасының  «әкімшілік  кұқығы»   мемлекеттік   басқарудың
негіздерімен байланысты  мәселелерді  қамтиды,  атқарушы  өкіметтің  жүйесін
ашады,  сонымен  қатар  жеке   адамдардың   мемлекетті   басқарудағы   рөлін
көрсетеді. Ол әкономиканы мемлекеттік басқарудың құқықтық, әлеуметтік  дамуы
мен  мәдениеттің,  әкімшілік-саяси  құрылымдардың,  Қазақстан   Республикасы
салааралык мемлекеттік  басқарудың  негіздерін,  сонымен  қатар  баскармалық
қызметте зандылықты  қамтамасыз  ету  нысандары  (формалары)  мен  әдістерін
оқытуды қарастырады.
 Қазақстан Республикасының «әкімшілік құқығы»  мемлекеттік  басқару  жұмысы
мен бұл саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу  механизміне  түсінік
береді. Басқармалық қатынастарда әкімшілік құқық  пәнін  окытуды  республика
және белгілі бір аймақ (облыс немесе аудан)  көлемінде  қарастыруға  болады.
Сондықтан министрліктердің, әкімшіліктердің, басқа  да  мемлекеттік  басқару
органдарының болашак  қызметкерлеріне  тәжірибелік  қызметте  қажетті  білім
беру, біліктілік және дағдыларды қалыптастыру мен бекітудің маңызы жоғары.
 Қазакстан Республикасының«әкімшілік құқығы» пәнін окыту міндеттерін  жалпы
алғанда былай көрсетуге болады:
 -    басқармалық катынастардың ерекшеліктері мен мағынасын
 зерттеу;
 -    басқармалык қатынастарды  реттеудегі  әкімшілік-құқықтық  нормалардың
қызметін аныкгау;
 -    әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық орнын анықтау,
 -    әкімшілік құқық қызметінің әдістері мен түрлерін зерттеу.
 -     әкімшілік  құқық   субъектілерінің   жұмысында   зандылық   тәртібін
қамтамасыздандыратын тәсілдерін белгілеу.
        Бүгінгі  таңда  Қазақстан   тәуелсіз,   дербес   мемлекет   ретінде
орныкқанына 20 жыл толып отыр.  Қазақстан  -  зайырлы,  әлеуметтік,  бастысы
құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуға міндет койып отыр.  Оның  стратегиялык
мақсаттары:   әкономиканы   нарықтық   қатынастарға    негіздеу,    либерал-
демократиялық қоғам құру және  құқықтық  мемлекет  орнату.  Осы  мақсатгарды
жүзеге асыру жолында реформалар жүргізіліп  жатыр  және  алдағы  уақытта  да
жүргізіле бермек. Қоғамдағы ең басты құндылық: адам және оның құқықтары  мен
бостандықтары  болып   табылады.   Ал   азаматтардың   мемлекеттік   басқару
саласындағы  құқықтары  мен  бостандықтарының  сақталуын  қамтамасыз   етіп,
оларды құқықтық реттеп отыратын пән әкімшілік  құқық  пәні  болып  табылады.
Қоғамда құқықтың алатын орны ерекше, жалпы қоғамдық,  даму  құқықсыз  мүмкін
емес. Құқық - қалыпты өміріміздің арқауы. Мамандар пікірінше құқық  -  жалпы
өркениет процессіндегі үзілмес компонент, қоғамдық мәдениет институты.
 Белгілі   құқықтанушы   Алексеевтің   ойынша    кұқық    миссиясы    терең
қажеттіліктерден туындаған. Олар:
 -    азаматгық қағидаларды (принциптерді) қалыптастыру.
 -    баскарудағы түрлі мүдделердің ескерілуін қамтамасыз ету
 -    автономды тұлғаның дербес мәртебесін (статусын) сақтау.
     Бұлардың бәрі әкімшілік құқыққа да қатысты. Қоғамдық санада  әкімшілік
құқық атқарушы биліктің күштеу кұралы ретінде қалыптасқан.  Әкімшілік  құқық
конституциялык құқық  бұзушылықтық  құқықтар  секілді  дербес  құқық  саласы
болып табылады. «Әкімшілік»
 сөзі латынша«басқару» мағынасында, сондыктан бүл  саланы  көбіне  «баскару
құқығы»деп те атайды. Сонымен әкімшілік құқық дегеніміз мемлекеттік  баскару
саласында, аткарушы мемлекеттік органдар
 қызметін  жүзеге  асыру  процессінде  қалыптасатын  қоғамдық  қатынастарды
құқықтық  реттейтін  заң   саласы.   Әкімшілік   құқықтық   реттеу   кызметі
мемлекеттік басқару аясында (сферасында)
 қарастырылады,  сонымен   қатар   әкімшілік   құқық   тұрғысынан   басқару
мазмұнындағы қатынастар мәселесі кетіріледі.
 Әкімшілік  құқық  жалпы  қоғамдық  қатынастарды,  оның  ішінде   әкімшілік
құқықтық реттелуін қарастырып,  тәжірибеде  (практикада)  әкімшілік-құқықтық
нормалардың орындалуын бақылайды және мемлекеттік басқаруда  объектілер  мен
субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілеп,  басқарудың  кұ-құқық  әдістері
мен нормаларын және  олардың  жүргізілу  тәртібін  айкындап,  сонымен  қатар
басқарушы мен басқарылушы жақтардың қызметін құқықтық реттейді.
 Әкімшілік құқықтың негізгі мақсат-міндеттері:
 -     қоғамның,   мемлекеттік   аппараттың,   азаматтардың   қауіпсіздігін
қамтамасыз етудегі басты құрал  ретінде  әкімшілік  биліктің  тиімді  қызмет
етуіне жағдай жасау.
 -    атқарушы билікті демократиялық ұйымдастыру.
 -    атқарушы биліктің  қалыптасуымен  байланысты  азаматтар  мен  олардың
бірлестіктерінің құқықтары мен бостандыктарының нығаюына оң әсер ету.
 -    азаматтар мен қоғамды -  атқарушы  биліктің  бір  жақты  озбырлығынан
қорғау.
 -    қоғамдық қатынастарды реттеу, нығайту.
 -    Конституция талаптарына сай немесе қоғамдық даму заңдарына  сай  жаңа
қоғамдық қатынастарды қалыптастыру.
 -    әкімшілік нормалармен, өзгеде құқық салаларымен реттелген
 -    қоғамдық қатынастарды қорғау.
 -    қоғам, мемлекет, азаматтар мүддесіне  сай  емес  басқару  сапасындағы
катынастарды ығыстыру.
 Қазіргі әкімшілік құқық- құқық саласы ретінде құқық  жүйесінде  жеткілікті
деңгейде жеке  тұлға  құқығын  нығайтатын  және  оны  әкімшілік  үстемдіктен
қорғайтын нормалар пайда болған кезде калыптасты. Әкімшілік құқық  жәй  ғана
аткарушы биліктің еркін ғана білдіріп қоймай, сонымен  қатар  үлкен  кұбылыс
болып саналады. Әкімшілік құқық- өте  маңызды,  әрі  күрделі  сала,  өйткені
мемлекеттік  әкімшіліктің  қоғамдық  мәні  зор.  Басқару   қоғамның   барлық
саласында бар және оның қызмет көлемі үлкен, мазмұны әр қилы.
 Әкімшілік құқық - құқықтық нормалар мен  институттардың  біртұтас  жүйесі.
Оларды біріктіретін қағидалары (принциптері),  мақсаттары,  реттеу  әдістері
және пәні, Әкімшілік құкық әлеуметтік мүддеге қызмет ете отырып  өзге  құқық
салалары секілді өзінің заңдық басымдыкгары ретінде  азаматтардың  құқықтары
мен бостандыктарын қарастырады. Қазакстан  Республикасының  Конституциясында
азаматтардың бұлжымас-абсолюттік құқықтарының концепциясы айқындалған.
 Әкімшілік құқықтың басты максаты-мемлекетгік билік аппаратын заң мүддесіне
кызмететіп, оның талаптарын орындауға бағытгау. Қүқық салалары  өзара  пәні,
қүқықтық реттеу әдістері бойынша ажыратылады. Заңдык әдебиеттерде  әкімшілік
құқықтың ғылым  немесе  пән  ретінде  қатынасы  әлі  де  таластар  тудыруда.
Әкімшілік құқық  пәні  дегеніміз  оның  нормаларымен  реттелетін  қатынастар
жүйесі. Әкімшілік құқық Қазақстан  Республикасьшың  құқық  жүйесіндегі  жеке
сала ретінде қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттейді. Олар  іс  басқару
саласында пайда болып, дамып, жойылатын  қатынастар.  Мұндай  қатынастар  әр
қилы, әрі әкімшілік құқық пәнін кұрайды. Бұлар баскарушылық  қатынастар  деп
атапады.
 Әкімшілік құқық пәні шартты түрде екі бөлімнен тұрады:
 I. Аппарат  ішілік  қатынастар.  Мұнда  мемлекеттік  органдардағы  аппарат
ішілік жұмыс әдістерін және формаларын, қызметін үйымдастыру нығайтылады.
   2.    Әкімшілік биліктің түрлі  ұйымдармен,  мекемелермен,  азаматтармен
қатынасы.
 Әкімшілік құқық пәні астарында басқару мазмұнындағы катынастар жатыр.  Бұл
қатынастардың түрлері:
 - баскару органдары арасындағы  көлбеу  (вертикальды)  қатынас  (Қазакстан
Республикасы Үкіметі және Мининистрлік)
 -басқару органдары арасындағы бағынушылық қатынас (аудандық  әкімдік  және
жергілікті орган)
 -басқару органдарының өздеріне бағынышты  ұйым,  бірлестіктермен  қатынасы
(завод және министрлік).
 Әкімшілік құқық  пәнімен  қоса  әкімшілік  құқық  ғылымына  тоқталып  өтер
болсақ, әкімшілік құқық ғылымы заң ғылымының негізгі бөлігі болып  саналады.
Ол әкімшілік құқықтың даму заңдылыктарын зерттейді.  Әкімшілік  кұкық  ғылым
ретінде әкімшілік-құқықтық  құбылыстар  туралы  ұғымдар,  категориялар  және
тұжырымдар жуйесі болып табылады.
 Әкімшілік  құқық  ғылымы  мемлекеттік  басқару  сферасындағы  қатынастарды
реттейтін  құқықтық  нормаларды  зерттеп,  мемлекеттік  басқару  аппаратының
кұкықтық реттелу зандылығын қарастырады.  Ол  басқару  қатынастарын  талдап,
мәнін ашып және тәжірибеде әкімшілік-құқықтық  нормалардың  кең  қолданылуын
дәрістейді. Әкімшілік  құқық  ғылымы  мемлекеттік  басқару  объектілері  мен
субъектілерінін мәртебесін, басқарудың  кұқықтық  формалары  мен  әдістерін,
мемлекеттік басқарудағы  заңдылыкты,  тәртіпті  қамтамасыз  ету  тәсілдерін,
әкімшілік  процесс  мәнін  қарастырып,  осылардың  ғылыми  жақтары   бойынша
мәселелерді қозғайды.
 Осы заңдылықтарды  терең,  әрі  жан-жақты  талдау  нәтижесінде  әкімшілік-
құқықтық  нормаларды  өзгертуге,  реттеуге,  бастысы   олардың   тиімділігін
көтеруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар,  сілтемелер  жатқызылады.
Әкімшілік құқық ғылымының да құқық саласы сияқты  өзіндік  жүйесі  бар  және
олар әкімшілік-құқықтық институттар арасындағы  ішкі  байланыстар  негізінде
қалыптаскан.  Әкімшілік  құқық  ғылымы  сондай-ак  әкімшілік  құқықтың  даму
заңдылықтарын және  оның  өзге  де  теориялық  мәселелерін  қарастырады.  Әр
қоғарғы деңгейде дамыған әлеуметтік, демократиялык елдерде  әкімшілік  құқық
қоғам дамуының  ерекшелігін,  деңгейін  және  басқару  органдары  қызметінің
шынайылығын  көрсетеді.  Қорытындылай   келе   әкімшілік   құқық   дегеніміз
Қазакстан Республикасының әкімшілік-құқықтық нормаларымен және  нормативтік-
құқықтық актілермен бекітілген, жалпыға міндетгі нормалар жүйесі.
 1. Әкімшілік құкық және  конституциялык  құқық,  бұл  салалар  бір-бірімен
тығыз байланысты және тіпті олардың нормаларын бір-бірінен  айыру  да  қиын.
Бірақ,   бұл   салалардың   арасында   айырмашылыктар   да   бар.    Мысалы,
конституциялық құқық  қоғамдық  құрылыс  пен  мемлекет  саясатының  негізін,
мемлекет пен тұлға арасындағы байланыстың негізін, улттық  мемлекеттік  және
әкімшілік  территориялық  кұрылысты  қарастырып,   мемлекеттік   органдардың
жүйесін және сонымен қатар барлық мемлекеттік органдарға тән  ортақ  негізгі
қағидаларды құрайды.
 2. Әкімшілік құқық сонымен қатар  құқық  бұзушылықтық  құқықпен  де  тығыз
байланысты. Әкімшілік құқыққа барлығы орындауға  міндетті  тәртіптер  кіреді
(жол  козғалысы,  паспорттық  жүйе,  санитарлық,  өртке  карсы  және  т.б.).
Әкімшілік құқық әр түрлі коғамдық қатынастарды ретгейді.
 Әкімшілік құқық 2 бөлімнен: жаппы және ерекше бөлімнен  тұрады.  Әкімшілік
құқық  жалпы  бөлімінің  жүйесі  -  акт,   нормалар,   мемлекеттік   басқару
саласындағы жалпы мәселелер. Оларға мыналар жатады.
 1.   мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаларын қарастыратын нормалар;
 2.   әкімшілік құқық субъектілерінің  құқықтық  қатынастарын  қарастыратын
нормалар;
 3.   мемлекеттік қызметтің негізі мен қағидаларын анықтайтын нормалар;
 4.   мемлекетгік басқарудың түрлері мен тәсілдерін қарастыратын нормалар.
 Ерекше бөлімінде әкімшілік құқықтың  институттарын  біріктіретін  нормалар
қарастырылады, сонымен қатар  әр  сала  бойынша  басқару  органдары  олардың
нақты атқаратын  функциялары  туралы  айтылады  (мысалы,  әділетті  басқару,
сыртқы істерді басқару, ішкі істерді басқару,  қорғанысты  басқару,  білімді
басқару, денсаулық сақтауды басқару, көлік және коммуникацияны басқару  және
т.б.).
 Өзіңе-өзі сұрақтар
 1.1   Әкімшілік құқықтың түсінігі  және мәні.
 1.2  Әкімшілік құқықтың пәні, әдісі және жүйесі.
 2 апта
 Дәріс № 2.
 2- тақырып. Әкімшілік-құқықтық реттеу механизмі.


 Негізгі сұрақтары:
 2.1. Әкімшілік-құқықтық нормалар ұғымы.
 2.2. Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері.
 2.1  Әкімшілік-құқықтық нормалар ұғымы.
 Басқа құқық салалары сияқты, әкімшілік құқық та заңды нормалардан  тұрады.
Жалпы пән мен әдістерді біріктіру  нәтижесінде  әкімшілік-құқықтық  нормалар
институты  құрылып,   осы   негізде   толық   бекітілген   салааралық   жүйе
қалыптасады.  «Әкімшілік  норма»   түсінігі   негізінен   мынадай   мағынада
қолданылады:
 1.   заңды ережелермен басқару.
 2.   жариялық мүдде негізінде бекітілген ережелер арқылы
 басқару.
 Қазақстан  Республикасы   Конституциясында   көрсетілгендей   «мемлекеттік
биліктің бірден-бір бастауы - халық,  халық  билікті  тікелей  республикалық
референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге  асырады,  сондай-ақ  өз  билігін
жүзеге асыруды  мемлекеттік  органдарға  береді».  (3-бап,  1  ,2  -тармақ).
Әдебиетте  «билік»түсінігінің  мәні  —  құқық  негізінде  өз   еркін   басқа
субъектілер  арқылы  орындату.  Ертеде  әкімшілік  құқықтық  нормалар  жалпы
міндеттеуші сипатта болып, билікгі  белгілі  бір  орталықтан  басқару  керек
деген пікірге келді, себебі мемлекет қызметі біртұтас  организм  (жүйе)  деп
саналды. Атқарушы биліктің институттарын құруда белгілі  бір  мақсатқа  жету
үшін әкімшілік құқықтық нормалар көмегімен модельді  ситуациялар  туындайды.
Яғни:
 - субъектілердің құқықтары  мен  кепілдерін  құқық  көмегімен  бекіту  мен
дамытуды талап ету;
  - цивильді нысандадаулы конфликтілерді  шешу  негізінде  билік  құрылымын
күшейту (мысалы, соттык реформаны жүргізу барысында  сот  ролі  мен  ықпалын
күшейту).
 Әкімшілік-құқыктық нормалар дегеніміз - міндетті немесе кейде ерікті түрде
мемлекеттік басқару органдарымен қабылданған, ( яғни, атқарушы  және  заңды)
атқарушы билік сферасында қоғамдық қатынастарды реттеуші ереже.
 2.2  Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері.
 Әкімшілік құқық нормалары белгілі бір  критерияларға  байланысты  жіктеліп
(классификацияланып), бірнеше түрлерге бөлінеді.
 Әкімшілік құқық нормаларының ең күрделі түсінігі, яғни мәні  мен  мазмұнын
ашатын негізгі критериялар мыналар:
 а) мазмұны;
 б) субъектілердің мінез-құқына әсер ететін әдістер;
 в) белгілі бір мақсатты тағайындау;
 г) белгілі бір ортада қолданылуы (в сфере);
 д) занды күші;
 е) қолданылу шегі (белгілі бір аймаққа, уақытқа, субъектілер
 тобына қолданылуы).
 Әкімшілік құқық нормалары мазмұны бойынша:
 - материалдық (қаржылық) нормалар
 - процессуадды болып екіге бөлінеді.
 Материалдық  нормалар  -   азаматтардың   әкімшілік-құқықтық   мәртебесін,
атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер. Мысалы:  атқарушы
билік  органдары  субъектілерінің  қоғамға,  тұлғаларға   көрсететін   заңды
түрдегі құзіреті (компетенциясы).
 Процессуалды нормалар - мемлекетпен бекітіліп,  санкцияланған  материаддық
нормаларды жүзеге асыру  барысында  және  мемлекеттік  басқару  органдарының
жаңа нормативтік актілерді шығарумен сипатталады.  Процессуалды  нормалардың
материалдық нормалардан айырмашылығы:
 а)өзінің  тағайындалуымен,  яғни  материалдық   нормалар   субъектілерінің
әкімшілік-құқықтық  мәртебесін  тағайындаса,   ал   процессуалдық   нормалар
олардың орындалуы мен міндеттелуін занды түрде жүзеге асырады;
 б)  талап  ету,  яғни  процессуалды  нормалар,  ең   алдымен   материалдық
нормалардың орындалуын талап етеді;
 в)   іске   асыру,   яғни   әкімшілік-құқықтық   материалдық   нормалардың
қабыддануын, олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.
 Процессуалды  нормалар  материалдық   нормалар   сияқты   классификациялау
дәрежесіне байланысты жіктеледі. Мысалы: заңды  күшіне  байланысты,  белгілі
бір ортага, яғни сфераға байланысты және т.б.
 Субъетілердің мінез-қүлқына әсер ететін әдістер:
 1.   міндеттеуші (обьязывающие);
 2.   тыйым салушы (запрещающие);
 3.   уәкілдік беруші (уполномочивающие) әкімшілік-құқыкггык нормалар болып
бөлінеді.
 1.  Міндеттуші   әкімшілік-құқықтық   нормалар   -тұлғаның   белгілі   бір
ережелердің орындалуын міндеттеп,  талап  етуі.  Мысалы,  заңды  тұлғалардың
міндетті  түрде  Әділет  органдарында  тіркелуі,   азаматтардың   шағымдарын
(жалоба) белгілі бір мерзімде басқару органдарының  қарастыру  міндеттілігі.
«Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  салық  жүйесі  мен  бюджеті»  атты
Президент  Жарлығының  171  -бабында  салық  жүйесін  міндетті  түрде  салық
қызметкерлері атқарады.
 2. Тыйым салушы (запрещающие) әкімшілік-құқықтық нормалар - норма көздеген
мақсаттан  тыс  белгілі  бір  іс-әрекеттердің  орындалуына   тыйым    салып,
шектейді.
 Тыйым салудың екі түрі бар:
 а) жәй тыйым  салу;
 б) арнайы тыйым  салу.
 Жәй тыйым  салу  дегеніміз  -  әкімшілік  құқық  бұзушылық  белгілері  бар
істердің орындалуы мен жүзеге асуын шектеуі.
 Арнайы шектеу дегеніміз- Қазақстан Республикасы  Президенті  заңының  174-
бабында көрсетілгендей, салық қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін  өздерінің
тікелей немесе жанама туыстығы бар салық төлеушілермен қаржылық  мәселелерді
шешуге шектеу қоюы.
 3. Уәкілдік беруші (уполномочивающие) нормалар — субъектілердің әкімшілік-
құқықтық қарым-қатынасында өз  шешімі  бойынша  қатынастарды  жүзеге  асыру,
бірақ   нормалардың   сақталуын    бұзбау    керек.    Мысалы:    «Қазакстан
Республикасының банктері мен банк жүйесі» туралы  Президент  жарлығының  46-
бабында  былай  делінген:  Егер  Қазақстан   Республикасы   Ұлттықбанкі   II
дәрежедегі  әкономикалық  нормаларды   бұзған   жағдайда   мынадай   шаралар
қолданылады:
 а) міндеттеуші хатты талап етеді;
 б) банкпен жазбаша түрде келісім жасайды;
 в) ескерту, сөгіс береді;
 г)жазбашатүрдебереді;
 Қолданылу шегіне байланысты:
 а) жалпы міндетті;
 б) ішкі жүйелік.
 а) жалпы міндетті нормалар әкімшілік- құқықтық қатынасқа
 түсетін барлық субъектілерден талап етіледі.
 б) ішкі жүйелік нормалар белгілі бір атқарушы билікгің талап
 етуіне байланысты қолданылуы.
 Мекен-жайға байланысты (по адресату): белгілі бір ұйым іс  атқарушы  билік
органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін (статусын) белгілеу арқылы  бөлу,
яғни қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік  бірлестіктерге  және  азаматтарға
байланысты қолданылуы.
 Сонымен қорытындылай келе әкімшілік құқықтық нормалар  -бұл  конституцияда
бекітілген белгілі бір кағидалар мен  ережелердің  жиынтыгы.  Ал  әкімшілік-
құқықтық  қатынастар  -  бұл   әкімшілік-құқықтық   нормалармен   реттелген,
мемлекеттік басқару саласындағы  коғамдык  қатынастар.  Бүл  екі  ұғым  бір-
бірімен  тығыз  байланысты,  біріншісі  мемлекет  бекіткен   қағидалар   мен
ережелердің  жиынтығы  болса,  сол  ережелер  құқықтық  қатынастарды  реттеп
баскарып отырады.
 Әкімшілік-құқықтық қатынастар - әкімшілік-құкықтық нормалармен  реттелген,
мемлекеттік  басқару  саласындағы  қоғамдық   қатынастар.   Атқарушы   билік
органдары өз қызметі барысында түрлі субъектілермен  өзара  әрекет  жасайды.
Көп жағдайда олардың мүддесі бір-біріне сәйкес  келмейді.  Бұл  сәйкессіздік
азаматтар,  ұйымдар,  органдар  тарапынан   ортақ   қатынастарды   реттеуге,
жүйелеуге ұмтылдырады. Осы  тұрғыдан  әкімшілік  құқықтың  субъектілері  заң
алдында  тең.  Әкімшілік-  құқықтық  қатынастардың  мақсаты  тұракгц  заңмен
карастырылған катынастар жүйесін қамтамасыз ету  және  қатынастар  барысында
субъектілердің  әр  түрлі  мүделері  мен  қажеттіліктерін  қамтамасыз   ету.
Әкімшілік-кұқықтық қатынастар субъектілердің өз  құқықтары  мен  міндеттерін
ерікгі  түрде  орындауға  бағытталған.  Басқару   органы   өзінің   биліктік
өкілеттіліктеріне қарамастан  өздерінің  қызметтерінде  мемлекет  және  оның
мүддесін көздейді. Әкімшілік-құқықтық  қатынастардың  қатысушыларының  ,бірі
кұқық  бұзушылық  жасаса,  нормаларды  бұзса,   мемлекет   алдында   жауапқа
тартылады. Ал бұл жағдайды  әкімшілік  тәртіп  реттейді.  Әкімшілік-құқықтық
қатынастар түрлі тараптардың өз құкықтары мен міндеттерін орындау  барысында
туындайды  және  ол   ережелермен  процедураларға  негізделген.   Әкімшілік-
кұқықтық.Іс қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен  міндеттерін  өзінше
өзгерту мүмкіндігі шектелген.
 Әкімшілік-құқықтық қатынастардың құрылымы және түрлері
 Әкімшілік-құқықтық  қатынастардың  өзіндік  құрылымы   бар,   ол   субъект
(қатысушы)  -  құқықтық   қатынасқа   қатысушы   нормаға   сай   кұқықтармен
міндеттерге ие  тұлға..  Құқықтық  қатынастардың  бағытталған  мақсаты  оның
мазмұнын  құрайды,  сол  бағытталған  мақсатқа   жету   барысында   құқықтық
қатынастар туындайды.
 Материалдық мазмұны - бұл тұлғаның нақты әрекеті, бұны  орындау  барысында
тараптардың  кұқықтары  мен  міндеттері  жүзеге  асады.  Заңдык  мазмұн  бұл
субъективтік  кұқықгар  мен  міндеттер  болып  табылады.  Әкімшілік-кұқықтық
қатынастардың   пайда   болуы,   өзгеруі,   жойылуы   заңдық    қатынастарға
негізделген. Заңдық  фактілер  -тараптар  арасында  нақты  кұқықтық  қатынас
тудыратын нормамен бекітілген жағдай. Әрекет-субъектінің  өз  еркін  білдіру
актісі, ол өз кезегінде заңды және заңсыз  болып  екіге  бөлінеді.  Оқиғаның
әрекетке қарағанда ерекшелігі -  ол  субъектінің  еркіне  бағынбайды.  Бұған
адамның дүниеге келуі, қайтыс болуы және т.б. жаткызуға  болады.  Әкімшілік-
кұқықтық қатынастар зандық сипаты бойынша  тік  (вертикапьный)  және  көлбеу
(гаризонтальный)  болып  бөлінеді.   Тік   әкімшілік   кұқықтық   қатынастар
әкімшілік  кұқықтық  реттеудің  және  мемлекетті   басқару   қызметіне   тән
субъектілер  мен  объектілер  арасындағы  бағыныштылық   байланыстың   мәнін
білдіреді. Көлбеу кұқықтық қатынастардың  көбінесе  тіке  қатынастарға  алғы
шарт болатыны тәжірибеден белгілі.
 Қорытындылай келе, жалпы қоғамда әкімшілік нормалар мен қатынастар болмай,
қоғамның дамуы мүмкін  емес  сиякты,  өйткені  әкімшіліқ  кұқықтық  нормалар
бекітілуі арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Ал  әкімшілік  кұқықтық  қатынастар
тек биліктік өкілеттілікке ие болып қана  қоймай,  сонымен  қатар  әкімшілік
құқыктың  субъектілерінің  түрлі  қажеттіліктері  мен   мүдделерін   қорғап,
кұқықтық қатынастарды тұрақтандырады.
 Өзіңе-өзі сұрақтар
 1.1. Әкімшілік-құқықтық нормалар ұғымы.
 1.2. Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері.
 1.3  Әкімшілік-құқықтық нормалар ұғымы.
 3 апта
 Дәріс № 3.
 3- тақырып. Әкімшілік құқықтың жеке және ұжымдық субъектілері.


 Негізгі сұрақтар:
 3.1. Азаматтар әкімшілік құқық субъектілері ретінде.
 3.2. Қоғамдық ұйымдар  және  діни  ұйымдар  әкімшілік  құқық  субъектілері
ретінде.
 3.1. Азаматтар әкімшілік құқық субъектілері ретінде.
        Әкімшілік-құқықтық  субъектілерге  тоқталмас  бұрын,   ең   алдымен
«әкімшілік құқық субъектісі» ұғымына түсінік беру керек. Әкімшілік  құқықтың
субъектісі болып азаматтар, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктер  мен
олардың қызметкерлері, сондай-ақ кәсіпорындар мен  мекемелер,  ұйымдар  және
еңбек ұжымдары саналады.
    Әкімшілік құқық субъектілері мынадай 3  шарт  бойынша  ғана   әкімшілік
құқықтық қатынастардың субъектісі болып табылады:
 - субъектілердің құқықтары мен міндеттерін  қарастыратын  әкімшілік  құқық
нормалары;
 -   субьектілердің құқықтық және  әрекет ету қабілеттілігінің болуы;
 -  құқықтық қатынастардың өзгеруі мен тоқтатылу негіздерінің қалыптасуы.
   Әкімшілік-құқықтық субъектілер жеке және ұжымдық  болып  2-ге  бөлінеді.
Жеке субъектілерге азаматтардың және  Қазақстан  Республикасы  Президентінің
әкімшілік   құқықтық   әрекеттері   мен   құқықтары   жатады.   Ал   ұжымдық
субъектілерге    Қазақстан    республикасының    Үкіметі,     Министрліктер,
Мемлекетттік комитеттер және  ведомствалар,  сондай-ақ  жергілікті  органдар
мен  ұйымдар  жатады.  Жеке  әкімшілік  құқықтың  субъектісін   қарастыратын
болсақ, ол ең алдымен азаматтың құқықтық мәртебесінен басталады.
   Сондықтан ең алдымен «азамат» деген түсінікті  анықтап  алу  қажет.  Заң
әдебиеттерінде ол біріншіден,  адамның  қандай  да  бір  мемлекетпен  саяси-
құқықтық қатынастарын анықтайды.  Екіншіден,  азамат  деп  кейбір  құқықтын,
саласында белгілі бір  салада  нақты  құқықтарға  ие  жеке  тұлғаны  атайды.
Әкімшілік құқықта «азамат» деген ұғымға осындай  түсінік  беріледі.  Сонымен
бірге конституциялық-құқықтық анықтама бойынша  азаматтығы  жоқ  және  шетел
азаматтары да әкімшілік құқықтың субъектісі болып табылады. Заң  ғылымы  мен
әдебиеттерде де азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне,  азаматтар  мен
мемлекеттік   басқару   органдары   арасындағы    қарым-қатынастар    туралы
мәселелерге де көп көңіл бөлінеді. Бүл мәселелер қазіргі  Қазакстанның  даму
кезеңінде елеулі мәнге ие болып отыр.
    Кез  келген  азамат  өзінің,  өмір  сүру  барысында  басқа  мемлекеттік
органдарға қарағанда мемлекеттің басқару органдарымен  көбірек  қақтығысады.
Олардың қарым-қатынастарынан көптеген конституциялық және  басқада  қүқықтар
туындайды,сонымен  қатар,  әкімшілік  -  құқықтық  нормалар  азаматтар   мен
мемлекет   арасында   қалыптасып   келе   жатқан   қатынастарды    реттейді;
азаматтардың  негізгі  құқықтық   мәртебелерін,   олардың   бостандығы   мен
конституциялық құқықтарын дамытып, бақылайды,  азаматтардың  бостандығы  мен
құқықтарын ұйымдастыру  механизмін  қалыптастырады.  Мысалы,  тіпті  адамның
өмір сүру құқығы  әкімшілік-құқықтық  нормалар  мен  актілерде  белгіленген.
    Азаматтың  өмірге  келгеннен  бастап,  дүниеден  өткенге,  тіпті  өлімді
анықтаудың өзі актілермен жузеге асырылады. Сонымен  бірге  азаматтың  білім
алуы  білім  туралы  заң  және  басқа  да  актілермен  бекітіліп,   бірқатар
әкімшілік-құқықтық нормалармен негізделген. Сондай-ақ, әкімшілік құқық,  тек
мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады.
    Азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесі жаппы  құқықтық  мәртебесінің
бөлігі болып табылады және оның төмендегідей әлементтері бар:
 1.   әкімшілік құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі;
 2.   мемлекеттік басқару саласындағы қүқық пен міндеттер;
 3.   азаматтардың бостандығы мен құқығының әкімшілік- құқықтық кепілдігі.
    Әкімшілік құқықтың  субъектісі  болу  үшін  азаматтар  әкімшілік  құқық
кабілеттілігіне және мемлекетті басқару саласында қүқықтар  мен  міндеттерге
ие болу  керек.  Жалпы  азаматтарда  әкімшілік  әрекет  қабілеттілігі  басқа
құқықтықсалаларға  қарағанда  ерте  қалыптасады.  Мысалы,  мектеп  оқушылары
бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге шаралар қолдануды  әкімшіліктен  талап
ете алады, мысалы, жастар ісі жөнінде мемлекеттік органдарға үндеу  жариялау
сияқты.
    Толыққанды әкімшілік әрекет қабілеттілігі  18  жастан  ғана  басталады.
Әкімшілік құқық және әрекет  кабілеттілігі  тек  жас  мөлшеріне  ғана  емес,
сондай-ақ  денсаулыққа,  тұрғылықты   жеріне,   біліміне   және   басқа   да
факторларға негізделіп қалыптасады. Кейбір факторлар  әкімшілік  құқық  және
әрекет қабілеттілігін толығымен немесе  жартылай  шектеуі  мүмкін.  Мәселен,
психикалық аурулар мен мүгедектер транспорт жүргізу құқықтарынан  айырылады,
соттық  жауапкершілікке  тартылған  және   арнайы   білімі   жоқ   азаматтар
мемлекеттік аппаратта лауазымды міндет атқару құқығын жоғалтады.
     Кез  келген  құқық  субъектісінің  және  азаматтың  әкімшілік-құқықтық
мәртебесінің басты әлементі болып,  мемлекеттік  басқару  саласындағы  құкық
пен  міндеттер  саналады.  Оларды  бірнеше  себептерге  байланысты  жіктеуге
(классификациялауға)   болады.    Әкімшілік-құқықтық    мәртебе    азаматтың
конституциялық  мәртебесімен  тығыз  байланысты  болғандықтан  конституцияға
қатысты құқықты бөліп көрсетуге болады. Оған мемлекеттік  істерді  басқаруға
қатысу,  мемлекеттік  қызмет   атқару   қүқығы,   лауазымды   тұлгалар   мен
мемлекеттік  органдардың  Іс-әрекеттері  мен  шешімдеріне  сотқа   шағымдану
құқығы  жатады.  Сондай-ақ  азаматтардың  конституциялық  құқығын  әкімшілік
құқық  мәртебесінің  әлементі  ретінде  қарастыруға  болады.  Бүл   құқықтар
мемлекеттік   басқару   органының   қатысуынсыз   және    әкімшілік-құқыктық
қатынастарынсыз  жүзеге  аспайды.  Мемлекеттік  басқару  сапасындағы   басқа
құқықтар конституциялық құқықты дамытады.
 -     денсаулықты  қорғау  конституциялык  құқығы,  бүл  құқық  дәрігерлік
(медициналық)-санитарлық,  медициналық-әлеуметтік   көмек,   дәрі-дәрмектік,
ортопедиялық және протездік көмекпен қамтамасыз ету,  сауықтыру  мекемелерін
қолдану және өзінің денсаулығы жайлы ақпарат алу сияқты азаматтың әкімшілік-
құқықтық мәртебесінің бөлігі болып табылатын құқықтармен нақтыланады.
 -     бұқаралық  ақпараттар  құралдарын  тіркеу  құқығы.  Бұл  құқық   сөз
бостандығына, өз ойын еркін жеткізуге және ақпарат таратуға негізделген.  Әр
конституциялық құқық әкімшілік занда көрініс табады,  яғни  бұл  құқықтардың
дамуы,   азаматтардың   әкімшілік-құқықтық   мәртебесіне    кіретін    басқа
құқықтармен  қамтамасыз   етіледі.   Конституциялық   және   соған   қатысты
құқықтардан басқа, мемлекеттік басқару  саласында  азаматтар  көптеген  өзге
құқықтарға ие. Бұл құқықтар әр түрлі құқықтық  актілермен  бекітіледі.  Оған
мыналар жатады: қару алу, әр түрлі тауарлар  сатып  алуға,  сондай-ақ  басқа
кызметтерді пайдалануға;  некеге  тұруға,  мемлекеттік  басқару  органдарына
арыздануға,  транспорт  жүргізуге,  тегін,  аты-жөнін  және  әкесінің   атын
өзгертуге құқықтары бар.
     Әкімшілік-құқықтық  мәртебесінің   құқықтарымен   бірге   азаматтардың
міндеттері  де  елеулі  роль  атқарады.  Құқықтың   кез   келген   саласында
азаматтың,   негізгі    құқықтық    мәртебесін,    Қазақстан    Республикасы
Конституциясы мен заңдарын сақтау, басқа тұлғалардың  құқығын,  бостандығын,
ар-намысын құрметтеу міндет болып табылады. Осы  басты  міндеттерден,  басқа
қосалқы  міндеттер   қалыптасады.   Олар   құқықтық   актілерде   бекітіліп,
адамдардың әр  түрлі  өмір  сүру  әрекеттеріне  қатысты  болады.  Әкімшілік-
құқықтық  нормалар   көптеген   азаматтардың   мінез-құлық   ережелері   мен
міндеттерін бекітеді. Мысалы, жол жүру ережелері  мен  қоғамдық  транспортты
пайдалану;  керекті  жағдайда  міндетті  түрде   медициналық   тексеру   мен
емделуден  өту;  транспорттық  көліктерді  тіркеу  және   кейбір   іс-әрекет
түрлерімен айналысуға рұқсат алу.
       Сондай-ақ   азаматтық   құқықта   азаматтардың    әкімшілік-құқықтық
мәртебесінің жалпы және арнайы  түрлерін  ажырата  білу  қажет.  Біріншіден,
жалпы әкімшілік-құқықтық  мәртебеге  жас  мөлшері,  денсаулығы,  айналысатын
кәсібі, тұрғылықты жері және басқа факторлардың  ерекшеліктеріне  қарамастан
барлық  азаматтар  ие  болады.  Ол  ең  алдымен   азаматтың   конституциялық
мәртебесімен  байланысты.  Бірақ  әр  адам  өз  өмірінде  әр  салада  қызмет
атқарып, әр түрлі жағдайлардан өтеді. Бұл азаматтардың арнайы құқықтары  мен
міндеттерін қалыптастырады. Арнайы әкімшілік-құқықтық мәртебеге  мемлекеттік
басқару саласындағы, мемлекеттік жоғарғы оқу орны  студенттері,  әкологиялық
аймақта тұратын тұлғалар, мүгедектер, жеке кәсіпкерлер және қауіпті  жұқпалы
аурулармен  ауыратын  науқастар  ие  болып,  олардың  арнайы  құқықтары  мен
міндеттері қалыптасады. Сондықтан әкімшілік  құқықта  және  басқа  салаларда
арнайы субьектілер және олардың арнайы әкімшілік құқықтық мәртебесі  бөлініп
көрсетіледі.
     Әкімшілік-құқықтық мәртебесінің  әлементі  болып  табылатын  азаматтың
құқықтары мен  міндеттері  заңды  құқықтық  фактілерге  түскен  азаматтармен
мемлекеттік  басқару  органдарының  әкімшілік-құқықтық  қатынастары   арқылы
қалыптасады. Сонымен бірге әкімшілік-құқықтық мәртебесінің  келесі  әлементі
- азаматтардың  бостандығы  мен  құқықтарының  әкімшілік-құқықтық  кепілдігі
болып саналады. Белгілі бір шарттар  мен  құралдар  құқықтық  субъектілердің
құқығын  қорғауды  ұйымдастыруға   берілген   кепілдік   деп   түсіндіріледі
әкімшілік-құқықтық кепілдік азаматтардың  құқығын  тек  мемлекеттік  басқару
саласында ғана  емес,  сондай-ақ  басқа  да  коғамдық  өмірде  де  корғайды.
Азаматтардың конституциялық, еңбек, жер және басқа да  құқықтарын  қорғайды.
Көптеген елдерде соттан  тыс  азаматтардың  құқығының  сақталуын  бақылайтын
органдар бар: Мысалы,  Скандинавия  және  басқа  да  бірқатар  мемлекеттерде
-Омбудсмендер;  Францияда-  Мемлекетгік  Кеңес;  адамдардың  құқығы   туралы
өкілеттілік  Польша  мен  Ресей  мемлекеттерінде,   ал   адамдардың   құқығы
мәселерімен  айналысатын,  осындай  Республикалық  Комиссия  Қазақстанда  да
құрылды.  Азаматтардың   өздерінің   қызығушылықтарын,   бостандықтары   мен
құқықтарын  қорғаудың  тәсілі  -  шағым  түсіру   құқығы   болып   табылады.
  Шағымданудың  екі  түрі  бар:  әкімшілік  және  соттық.  Жалпы   әкімшілік
шағымдану  құқығы  1995  жылғы   19   маусымда   қабылданған   «азаматтардың
өтініштерін қарастыру тәртібі» туралы Қазақстан  Республикасы  Президентінің
заң күші бар Жарлығымен  реттеледі.  Шағымдану  мемлекеттік  органға  немесе
лауазымды тулғаға  беріледі.  Шағым  түскен  кезден  бастап  15  күн  ішінде
қаралып, белгілі бір шешімге келу қажет, ал талап етуші  жақ  бойынша  шағым
қосымша 1 айдың ішінде қарастырылып тексеріледі. Шағымның  шешімімен  азамат
келіспесе, онда жоғары тұрған органға немесе лауазымды тұлғаға, сотқа  қайта
шағымдануға  болады.  Ал  арнайы  әкімшілік  шағымдануды  қарастырып,  шешім
қабылдау  белгілі  бір  тәртіппен  откізіледі.  Мәселен,   әкімшілік   құқық
бұзушылық ісі бойынша мемлекеттік  басқару  органдарына  шағымданғанда  онда
орган мен қызмет  етуші  арасындағы  әкімшілік  құқықтық  қатынас  әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодекс арқылы реттеледі.
     Сонымен қатар әкімшілік құқықтың  субъектісі  болып  шетел  азаматтары
және азаматтығы жоқ түлғалар да саналады.  Оларды  2  топқа  бөлуге  болады:
тұрақты  тұратындар  және  уақытша  тұруға  келгендер.   Бұл   екі   топтағы
азаматтардың да мемлекеттік басқару саласында құқықтары мен міндеттері  бар,
сонымен бірге олар әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатыса алады.
     3.2. Қоғамдық ұйымдар және діни ұйымдар әкімшілік  құқық  субъектілері
ретінде.
 Біздің  қогам  —  мемлекеттік  өмірге  еңбекшілер  барған  сайын  белсенді
қатысатын  шынайы  демократиялық  қоғам.  Мемлекеттік  басқару   саласындағы
қогамдық ұйымдар мен азаматтардың құқықтық жағдайы Ата Заңда  айқын  көрініс
тапқан (33-бап). Қоғамдық ұйымдар  сан  алуан,  олар  не  бұқаралық  ұйымдар
(саяси партиялар, бұқаралық қозғалыстар,  кәсіподак,  шығармашылык  одақтар,
діни және азаматтардың  басқа  да  бірлестіктері),  не  өз  бетімен  болатын
сипатта (соғыс ардагерлерінің  кеңестері,  ғылыми-техникалық  кеңестер  және
т.б.) көрінеді.Қоғамдық ұйымдар мемлекеттік биліктік  өкілеттікке  ие  емес.
Олардың  шешімдері  ұйым  мүшелері  үшін  ғана  міндетті.  Бірақ   олар   өз
ұсыныстарымен   басқару   органдарына    жүгінуге,    мемлекеттік    басқару
органдарының  шараларын  талқылап,  өмірге  кіргізуге  қатысуға,  шаралардың
орындалуына қоғамдық бақылау жасауға құқылы.  Осылардың  барлығына  қоғамдық
ұйымдардың басқару органдарының қызметіне тигізетін ықпалды  көрінісі  болып
табылады. Сонымен бірге қоғамдык ұйымдар мемлекеттік органдардың  әкімшілік-
құқыктық сипаттағы актілерін шығарады. Мысалы, кәсіподақтар  өз  мүшелерінің
еңбек, басқа да әлеуметтік-экономикалық  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау,
жұмыс жағдайын қорғап жақсарту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі  бекіткен
әкімшілік-кұқықтык нормалар қабылдауы мүмкін.  Кейбір  жағдайларда  қоғамдық
ұйымдар мемлекеттік органдардың қызметіне тікелей араласады. Мысалы,  әскери
комиссариаттардың шақыру комиссиясына қатысады.
 Қоғамдық ұйымдардың құқықтық  өкілеттігінің  жиынтығы  олардың  әкімшілік-
кұқықтық  маңызды  субъектілері  екенін  дәлелдейді.  Азаматтардың  құқықтық
мәртебесі,  яғни  мемлекеттік  басқару  саласындағы  қоғамдық  қатынастардың
қатысушылары ретіндегі құқықтарының, демократиялық міндеттерінің,  сондай-ақ
бостандықтарының   кең   ауқымы   Конституцияда   баянды    етілген.    Атап
көрсетілгеніндей,  Ата  Заң  азаматтардың   құқықтары   мен   бостандықтарын
жариялап қана  қоймайды,  оларға  кепілдік  береді.  Азаматтардың  құқықтары
мемлекеттік басқару органдарының қызметімен (мемлекеттік істерді)  басқаруға
қатысу құқығы, мемлекеттік органдарға олардың  қызметін  жақсарту  жөніндегі
ұсыныс жасау немесе жұмыстағы  кемшіліктерді  сынау  құқықтары,  мемлекетгік
органдардың, лауазымды тұлғалардың  әрекеттеріне  шағым  жасау  құқығы  және
т.б.) тығыз байланыста болады.
               Әкімшілік-құқықтық  қабілет  дегеніміз  —  адамның  туғаннан
бастап,  өмірінің  соңына   дейін   күші   бар   субъективтік   құқықтарының
кепілдігіне тұжырымдалады. Өз құқықтарын пайдалана және міндеттерін  орындай
отырып,  азаматтар  әкімшілік-құқықтық   қатынастардың   қатысушысы   болуға
кұқылы. Азамат­тар мемлекеттік басқаруға  басқару  аппараттарының  қызметіне
бақылау жасау арқылы араласады. Әкімшілік қабілет әрекеті,  яғни  әкімшілік-
құқықтық  қатынастар  аясындағы  нақты  құқықты  жүзеге  асыру  және  ерекше
міндеттерді орындау заңда көрсетілген әрбір  жастық  кезенде  пайда  болады.
Мысалы, 7 жасқа келісімен  балалар  мектепке  баруға  құқылы,  азаматтар­дың
әскери қызметті атқару міндеті 18 жастан.
 Әкімшілік құқықтың субъектісі болып кәсіпорындар мен  мекемелер  саналады.
Негізгі  кәсіпорындарға  шаруашылық-коммерциялық  қызмет  атқаратын  үйымдар
жатады.  Олардың  негізгі  мақсаты  -  пайда  табу.  Кәсіпорынға   карағанда
мекемелер  әкімшілік-саяси,  ғылыми,  мәдени-әлеуметтік  және  басқа   пайда
түсірмейтін  сферада  функция  атқарады.  Кәсіпорын  мен  мекеме  қызметінің
нормативтік-құқықтық негізі болып Азаматтық кодекс, заң және  заңга  тәуелді
актілер   саналады.   Кәсіпорындар   мен   мекемелердің   әкімшілік-құқықтық
мәртебесі олардың түрлеріне байланысты. Ұйымдарды мына  жағдайларға  қатысты
жіктеуге (классификациялауға) болады:
 1. меншік нысанына (формасына)  қарай:  мемлекеттік,  жеке  меншік,  заңды
немесе жеке тулғалардың жеке меншігіне негізделген, аралас және т.б;
 2.   негізгі   қызметіне   қарай:   өндірістік,   ауылшаруашылық,   сауда,
транспорттық, банктік, сақтандыру, құрылыс кәсіпорындары және т.б.
     Денсаулық сақтау,  білім,  мәдениет,  ғылым,  спорттық  мекемелер.  Өз
кезегінде   кәсіпорын   ұйымдық-құқықтық   нысанына   қарай    кооперативті;
акционерлік қоғамға,  қоғамдық  және  діни  ұйымдардың  кәсіпорны,  концерн,
корпарация, фирма және т.б. бөлінеді.
     Ұйымның   әкімшілік-құқықтық   субъектілігі,   Әділет   Министрлігінен
тіркеуден өткеннен кейін  қалыптасады.  Тіркеу  оларға  мемлекеттік  басқару
және әртүрлі сферада құқықтар мен міндеттер береді. Бұл  сферада  құқық  пен
міндет олардың әкімшілік-құқықтық  мәртебесіндегі  ең  басты  әлемент  болып
табылады. Мемлекеттік ұйымдарға мемлекет өз  тарапынан  тапсырамалар  беріп,
кұрылу нысанымен, функциясын,  құрылысын  анықтайды.  Ал  жеке  ұйымдар  бұл
мәселелерді өздері қарастырғанымен жалпы заң ережелеріне  бағынады.  Үйымдар
мемлекеттік басқару сферасында мынадай құқықтармен белгіленеді:
 - әр түрлі істермен айналысып, олардың жүзеге асуына рұқсат алу;
 -  кұзіреттеріне   кірмейтін   мәселелер   бойынша   тексеріс   жүргізетін
мемлекеттік органдарының талабын орындамау;
 - құжаттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге;
   Сондай-ақ мемлекет мынадай құқықтарын шектейді:
 -    мемлекеттік құнды қағаз жасауға, қару және жарылғыш  заттар  жасауға,
жұқпалы  және  психикалық  аурумен  ауыратын   науқастарды   емдеуге   тыйым
салынады.  Бұл  тек  мемлекеттік  ұйымдарға  ғана  беріледі.  Сонымен  қатар
ұйымдарға мынадай міндеттер жүктеледі:
 -    мемлекеттік органдарға статистикалық ақпарат жеткізу;
 -    мемлекеттік және стандарттық, техникалық  шарттарды  сақтау;  әртүрлі
істер  атқару  үшін  лицензиялар  алу;  антимонополиялық  және   әкологиялық
шарттарды сақтау. Арнайы ұйымдарға келесі міндеттер қойылады:
 -     денсаулық  сақтау  мекемелерінің  азаматқа  жедел  дәрігерлік  көмек
көрсетуі;
 -    транспорт козғалыстарындағы  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету.  Ұйымдар
әкімшілік жауапқа тартылғанда мемлекет тарапынан  бақылау  болады.  Құқықтар
мен заң мүдделері ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің  бір  әлементі.
Оған келесі заң ережелері жатады:
 -    ұйымның ісіне мемлекеттік орган араласпайды;
 -    ұйымның құқықтық және заңды мүддесін бұзушы мемлекеттік орган  немесе
лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылады;
 -    мемлекеттік органмен жүргізілетін тексеріс заңды түрде шектеледі;
 -    ұйымдардың меншік нысанына және басқа да ресурстарға  қарамастан  тең
құқыққа ие болу кепілдігі;
 -     үйымдарды қорғау, сонымен бірге мемлекет денсаулық сақтау және билік
мекемелерін қаржыландырады.
 Көптеген мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдардың заңды  мүдделері  мен
құқықтарының   кепілдігі   деп   қарастыруға   болады.   Мысалы,   Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік  баға  және  антимонополиялық  саясат  жөніндегі
комитеті нарыкта монополиялык әрекеттің болмауын  және  алдын  ала  ескертуі
туралы шаралар қабылдайды. Ұйымдарда өздерінің  басқару  органдары  бар.  Ал
мемлекеттік  ұйымдарда  жетекшілерді  тағайындау  және  босатуды,   құқықтық
актіге  сәйкес  мемлекеттік  басқарудың  өкілетті  органы  жүзеге   асырады.
Үйымдардың  құқықтық  және  әкімшілік  субъектілігін   мемлекеттік   басқару
органдары реттейді. Жеке және аралас  ұйымдардың  басқару  органдары  меншік
иелері  арқылы  құрылады   және   олардың   мемлекеттік-билік   өкілетгілігі
болмайды. Ола басқару әкімшілік актісіз,ұйымдық норма және  құқық  саласының
басқа нормаларымен жүргізіледі.
     Ұйымдар құқықтық норманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады және
айып тағылып лицензияларынан айырылады. Күрделі  жағдайларда  үйымды  жояды.
Ол ерікті түрде де  жүргізіледі.  Ерікті  түрде  меншік  иесінің  өз  шешімі
бойынша жүзеге асады. Сонымен бірге оның екінші түрі -  мәжбүрлеп  тарату  -
бұл сот органының шешімімен қабылданады.
     Қорыта  келе,  әкімшілік-құқықтық  субъектілердің  жеке  және  ұжымдық
субъектілер   болып   екіге   бөлінуіне   байланысты   олардың   бір-бірінен
айырмашылықтары бар.
     Жеке әкімшілік-құқықтық субъектілерде жеке және жалғыз  субъектілердің
құқықтары  мен  міндеттері,  сонымен  бірге  субъектінің  мемлекеттік  орган
арасындағы  кұқықтық  қатынастары,  олардың  әкімшілік-құқықтық  мәртебелері
жеке тұлғаға  ғана  бағытталады.  Сондай-ақ,  жеке  субъектілердің  қоғамдық
қатынастары мен  әрекеттері  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  және
басқа да заңды актілер арқылы жүзеге асады.
     Ал ұжымдық әкімшілік-құқықтық субъектісінде белгілі бір ұйымның немесе
мемлекеттің басқару органдарының, яғни бірнеше жеке субъектілердің  топтасуы
нәтижесінде қалыптасқан  қатынастар  мен  әрекеттер  қарастырылады.  Сонымен
қатар  олардың  әкімшілік-құқықтық  мәртебелері,  сондай-ақ,  субъектілердің
құқықтары  мен  міндеттері,  олардың  қоғамдык  және  мемлекеттік   органдар
арасындағы  қатынастары  бірнеше  тұлғаларға  бағытталады.   Сонымен   қатар
ұжымдық субъектілердің де іс-әрекеттері мен қарым-қатынастары белгілі  заңды
күшке ие ережелер мен актілер арқылы атқарылады.
 Қазақстан Республикасы мемлекет басшысының құқықтық мәртебесі  1995  жылғы
26 желтоксандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заң күші  бар
Президенттің Жарлығымен және Конституциямен анықталады.  ТМД  елдерінде  заң
шығарушы салыстырмалы сараптама кезінде осы  мемлекеттердің  әр  қағидасында
Президент мәртебесінің  жалпы  және  ерекше  аспектілерінің  болуы,  осындай
мемлекеттік институт қалыптасқан жерлерден көрінеді. Қазақстан  Республикасы
Президентінің әкімшілік-кұқықтық мәртебесі:
 1.   жоғары лауазымды тұлғаның мемлекеттік органдар жүйесінде  әлеуметтік-
құқықтық тағайындалуы;
 2.   сайлау тәртібі (құрылуы, тағайындалуы).
 3.   кұзіреттері (компетенция) мен өкілеттіліктері;
 4.   басқа органдармен қарым-қатынас тәртібі;
 5.   жауапкершілік;
 6.   әрекет кепілдігі;
    Қазіргі заң шығаруға сәйкес Президент Қазақстан Республикасының басшысы
және  жоғарғы  лауазымды  тұлға  болып  танылады.  Халық   бірлігінің   және
мемлекеттік биліктің, Конституцияның тұрақтылығының, адам және  азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарының символы, гаранты  болып  саналатын  Президент
мемлекеттік биліктің барлық  тармақтарының  келісімді  жұмыс  атқаруын  және
халық алдында билік ұйымдарының жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
 Кандидатқа қойылатын талаптар:
 - Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;
 - активті сайлау құқығына ие;
 - жас мөлшері 40 - (шексіз);
 - Қазақстан Республикасының территориясында тұрақты  10  жылдан  кем  емес
өмір сүруі керек;
 - соттылығы болмау керек;
 - мемлекеттік тілді жетік меңгерген болуы шарт;
 - бір тұлға екі реттен артық Президент бола алмайды;
 - өкілетті органның депутаты болмауы қажет;
 -  оқытушылық  қызметтен  басқа  кәсікерліктің  немесе  жалақы   төленетін
кәсіптің кез-келген түрімен айналысуға тыйым салынады.
     Президент жалпы халықтық жасырын дауыс берумен,  жалпы,  тең,  тікелей
сайлау арқылы 7 жыл мерзімге сайланады. Президент өзінің қызметін  қаңтардың
2  сәрсенбісінде  ант  беруден   бастайды,   оған   Парламент   депутаттары,
Конституциялық Кеңес  мүшелері,  Жогарғы  Сот  өкілдері  және  республиканың
бұрынғы Президенттері қатысады. Егер Президент кезектен  тыс  сайлау  арқылы
сайланса, онда ант беру сайлау қорытындысы жарияланған  күннен  бастап,  бір
аи Ішінде жүзеге асады. Мемлекет басшысы өз міндеттерін  орындау  мақсатында
Қазақстан Республикасы Конституциясы және  басқада  заң  актілері  құқықтық,
ұйымдық, әлеуметтік кепілдіктер орнатады. Берілетін құқықтық кепілдіктер:
 Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай құқықтары бар:
 - халықтың және мемлекеттің атынан сөз сөйлеуге;
 - халық бірлігі  және  мемлекеттік  биліктің,  сонымен  қатар  Конституция
тұрақтылығының кепілі болуға;
 - мемлекеттік  биліктің  барлық  тармақтарының  келісімді  жүмыс  атқаруын
қамтамасыз етеді;
 -   Конституцияның   44-бабында   бекітілген   кең   өкілеттіктерге    ие.
Әрекеттің негізгі бағытына байланысты келесі  өкілеттіктері  атап  өтуімізге
болады.
 -  мемлекеттік  егемендігінің  және  адам  мен  азаматтың  құқықтары   мен
бостандықтарын қамтамасыз ету;
 - Қазақстан  Республикасының  мүдделерін  халықаралық  қатынастарда,  ішкі
саяси өмірде жүзеге асырады;
 - мемлекеттік билік институттарын және органдардың лауазымдарын  айқындау,
қалыптастыру, кұру;
 - жарғылар мен бұйрықтар шығару, олар республиканын барлық территориясында
заңды күшіне ие, сонымен қатар Конституцияда қаралған  жағдайда  заң  күшіне
ие заңдар шығару;
 -  Президент  өкілдерін  жүйелеуді  (классификациялауды)  бірнеше  негізге
байланысты  жүргізуге  болады,  мысалы  түрақты  және   уақытша   жіберілген
өкілдер.
  Ұйымдық кепілдік:
 - кезекті және кезектен тыс Парламент сайлауларын тағайындайды;
 - Парламент және Үкімет  өкілдерін  Конституцияда  қарастырылған  жағдайға
сәйкес мерзімінен ерте тоқтату құқығы бар;
 - Үлттық Қауіпсіздік Комитетін және Мемлекеттік  Тергеу  комитетін  кұруға
құқылы;
 - атқарушы және биліктің басқа тармақтарын ұйымдастыру жүйесіне әсер ету;
 - ерекше маңызды мәселелер жөнінде Үкімет отырыстарын басқарады;
 -  Президент әкімшілігін құру.
    Әлеуметтік кепілдік:
 -     Президент және оның жанұясының қорғалуы, олардың  қамтамасыз  етілуі
мемлекет есебінен жүзеге асырылады;
 -    төте және белсенді сайлау құқығы, сайлау институттары арқылы халықпен
үнемі байланыста болу, референдум және жыл сайынғы халыққа   жолдауы  арқылы
жүзеге асырылады. Жауапкершілік  Президент  мәртебесінің  әкімшілік-құқықтық
әлементі ретінде өзіне тән ерекшеліктерге ие болады.
    Президент Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабына сәйкес  тек
мемлекетке опасыздық  жасағанда  жауапқа,  тартылады  және  лауазымынан  тек
Парламент айыруы мүмкін. Кінасын қарастырып, шешімге келу үшін  Парламенттің
төменгі палатасының депутаттары,  яғни  Мәжілістің  1/3  депутаты  қатысады.
Кінәсін анықтау Сенатпен ұйымдастырылып, Сенаттың жалпы  депутаттар  санының
көпшілік дауысы арқылы шешіліп, Парламент Палаталарының бірлескен  отырысына
қаралуға  беріледі.  Нақты  шешім   бұл   сұрақ   бойынша   Жоғарғы   Соттын
қорытындысымен депутаттардын 4\3 дауысы арқылы шешіледі.
           Үкімет Қазақстан Республикасының атқару билігін жүзеге  асырады.
Конституцияға сәйкес ол атқарушы  органдар  жүйесін  басқарып,  қызметтеріне
жетекшілік   етеді.   Үкіметтің   қызметінің   құқықтық   негізі   Қазақстан
Республикасы   Конституциясы,   1995   жылғы   18   желтоқсанда    Қазақстан
Республикасы  Президентінің  заң  күші  бар  Жарлығы   бойынша   қабылданған
«Қазақстан Республикасы Үкіметі  туралы»  және  ұйымды  анықтайтын,  сонымен
бірге органның қызметін анықтайтын Президент пен Парламеттің актілері  болып
табылады.
     Үкімет  құрамы  -  Премьер-Министр  және  үкіметтің  мүшелері  кіретін
ұжымдық орган. Онын, әкімшілік-құқықтық  мәртебесі  бірнеше  ерекшеліктермен
ерекшеленеді:   құрылу   тәртібі,   қызметінен   кетіру    (отставка)    мен
өкілеттілігін тоқтату институтымен;
 1 Үкімет басшысы тағайындалғаннан кейін 10 күндік мерзім  ішінде  Премьер-
Министр Үкіметтің құрылысы мен құрамы жөнінде ұсыныс жасайды;
 2. Үкімет Президенттің қатысуымен кұрылады;
 3. Үкімет мүшелері халыққа және Президентке ант береді;
 4. Үкімет барлық істерінде  Президент  алдында  жауапты  және  Парламентке
Қазақстан Республикасы Конституциясында қарастырылған  тәртіп  бойынша  есеп
береді.  Үкімет  атқарушы  билікке  қатысты  сүрақтарды  шешуге   байланысты
өкілеттілікке ие;
 5. бұл  негізгі  бағыттағы  әлеуметтік-әкономикалық  саясат,  қауіпсіздік,
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және көрсетілген бағыттар  бойынша  орталық
және жергіліқті атқару органдарына жетекшілік етуді жүзеге асыру;
 6.  Парламентке  республикалық  бюджетті  дайындап,  таныстыру  және  оның
орындалуын қамтамасыз етіп, ол туралы есеп беріп отырады;
 7. мемлекеттік меншікті басқарады;
 8. Мәжіліске заң жобаларын енгізіп, олардың орындалуын қамтамасыз ету;
 9. Ішкі саясатты жүргізу туралы шаралар қабылдау.
     Халық шаруашылығымен байланысты сұрақтарды  шұғыл  шешу  үшін  тұрақты
орган ретінде Үкіметтің Президиумы  қызмет  етеді.  Оның  құрамына  Премьер-
Министр;  бірінші  орынбасар  және  Премьер-Министрдің  орынбасары   кіреді.
Премьер-Министр  үкімет  жұмысында  алқалылықты  (коллегиялықты)  қамтамасыз
етеді.  Президенттің  тапсырмасы   бойынша,   ол   Қазақстан   Республикасын
халықаралық қатынастарда таныстырып,  үкіметаралық  келісімдерге  қол  қояды
және  үкімет  кеңесінде  қарастыруды  талап  етпейтіні  мемлекеттік  басқару
туралы мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
     Премьер-Министрдің орынбасары атқаратын міндетіне сәйкес министрліктер
мен үкіметтің ведомстваларына тәуелді  органдардың  қызметтерін  үйлестіруді
(координациялауды) жүзеге асырады. Заңның орындалу және  Парламенттің  басқа
да актілері, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы  мен
қаулысы  негізінде  Үкімет  қаулы  шығарып,  оның  орындалуын    ведомстваға
тәуелді органдар арқылы тексереді.
     Үкіметтің мүшелері үкімет қабылдаған шешімдерге, олар шешім қабылдауға
дауыстарын  бермесе,  сонымен  қатар  өз  келісімдерін  бермесе  де  жауапты
болады. Заң бойынша үкімет мүшелерінің құқықтары белгілі  органның  депутаты
болуға, басқа  лауазымды  міндет  атқаруға  және  кәсіпкерлікпен  айналысуға
шектеу қояды. Сонымен  қатар  оларға  дәріс  беруге  және  ғылыми  басқа  да
шығармашылықпен   айналысуға   рұқсат   беріледі.   Қазақстан   Республикасы
Үкіметінің  өкілеттілігі  Президенттің  өкілеттілік   мерзімімен   өлшенеді.
Сонымен қатар Үкімет өзінің өкілеттілігіне  сәйкес  құқықтық,  ұйымдық  және
әлеуметтік кепілдікке ие болады.
 Құқықтық кепілдік:
 -    үкіметтің қызметі Конституция және заң негізінде, биліктің жеке  және
тәуелсіз болып тармақталу негізінде жүзеге асады;
 -    өкілеттілік негізінде бүкіл территорияға міндеттілік күшіне ие  қаулы
қабылдайды;
 -    өкілеттілік негізінде Конституция және заң, Президент қаулысы бойынша
билік  көздерін  (ресурстарын)  бөледі.  (әкономика-қаржылық,  кадрлық  және
ақпараттық);
 Үйымдык кепілдік:
 - атқарушы органдардың қызметіне жетекшілік ету;
 - үкімет құрамына кірмейтін жетекшілерді  лауазымды  міндетке  тағайындап,
одан босатады;
 - ақпараттық-сараптама,  атқару  және  шаруашылық  функцияларын  атқаратын
үкімет аппаратын құрады.. Әлеуметтік кепілдік:
 - еңбек ақы  және  қамтамасыз  ету,  яғни,  асырау  мемлекеттік  бюджеттен
бөлінеді;
 - қорғау, медициналық қызмет көрсету және  басқа  да  әлеуметтік  төлемдер
мемлекет бюджеті есебінен жүзеге асырылады.
     Заң бойынша үкімет  өкілеттілігінің  тоқтатылу  және  қызметінен  кету
(отставкаға) институты  қарастырылған.  Үкімет  өздерінің  өкілеттілігі  мен
функциясын әрі қарай жүзеге асыруын мүмкін емес деп  тапса,  онда  өздерінің
өкілеттілігін тоқтату жайлы Президентке  хабардар  етуге  құқылы.  Қазақстан
Республикасының Президенті 10 күн ішінде өкілеттілігінің  тоқтатылуы  немесе
тоқтатылмауы жайлы сұрақты қарастыруға  тиіс.  Егер  тоқтатылуын  қабылдаса,
онда үкіметтің және оның мүшелерінің  кызметі  тоқтатылады.  Премьер-Министр
отставкаға кетсе, онда үкіметтің өкілеттілігі де  тоқтайды.  Егер  үкіметтің
және оның мүшелерінің отставкаға  кетуі  кабылданбаса,  онда  Президент  әрі
қарай міндеттерін атқару туралы тапсырма береді. Егер, үкіметтің  отставкаға
кетуі  Парламенттің  сенімсіздік  вотумымен  байланысты   болса,   Президент
Парламентті таратуға  құқығы  бар.  Президент  өз  бастамасы  (инициативасы)
бойынша  да  үкіметтің  өкілеттілігін  тоқтатуға  және  кез  келген  мүшесін
лауазымды міндетінен босату туралы шешім қабылдауға құқылы.
 Атқарушы биліктің орталық (республикалық)  органдарын  олардьң  қызметінің
сипатына  карай   салалық   құзыретті   органдарға,   салааралық   құзыретті
органдарға, бақылау және кадағалау органдарына,  мемлекеттің  арнайы  немесе
ерекше функцияларын іске асыратын  мамандандырылған  мемлекеттік  органдарға
бөлуге болады.
 Қазіргі кезде төмеңдегі салалар  бойынша  республиканың  орталық  атқарушы
органдары бар:
 а) экономика салалары бойынша: Экономика; Мемлекетгік кіріс;  Қаржы;  Ауыл
Шаруашылығы; Көлік және коммуника­ция;  Энергетика,  Индустрия  және  сауда;
Табиғи ресурстар және  айналадағы  қоршаған  ортаны  корғау  министрліктері;
Табиғи монополияларды реттеу,  бәсекелестікті  қорғау  және  шағын  бизнесті
колдау жөніндегі; Мемлекеттік сатып алу жөніндегі; Инвестициялау  жөніндегі;
Стратегиялық  жоспарлау  жөніндегі;  Жер  ресурстарын   басқару   жөніндегі;
Статистика  жөніндегі  агенттіктер;   Бағалы   қағаздар   жөніндегі   ұлттық
комиссия;             ә)  әлеуметтік-мәдениет  салалары  бойынша:  Мәдениет,
ақпарат  және  қоғамдык  келісім;  Білім  және  ғылым;  Еңбек  жөне  халыкты
әлеуметтік қорғау министрліктері; Денсаулық  сақтау  ісі  жөніндегі;  Туризм
және  спорт  жөніндегі;  Көші-қон  және  демография  жөніндегі  агенттіктер;
Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия;
 б) әкімшілік-саяси қызмет бойынша: Сыртқы  істер,  Қорғаныс;  Ішкі  істер;
Әділет  министрліктері;  Төтенше  жағдайлар  жөніндегі;  Мемлекеттік  кызмет
істері жөніндегі;  Мемлекеттік  құпияларды  қорғау  жөніндегі;  Нашақорлыкка
және  есірткі  бизнесіне   қарсы   күрес   жөніндегі   агенттіктер;   Ұлттык
қауіпсіздік комитет; Сыбайлас жемқорлыққа карсы күрес жөніндегі  мемлекеттік
комиссия.
 Қазақстан  Республикасы   министрліктерінің   құрамында   Үкімет   құратын
ведомстволар   болады.   Мысалы,   Энергетика,    индустрия    және    сауда
министрлігінде  Атом  энергетикасы  жөніндегі  және  Аэроғарыш  комитеттері;
Табиғи ресурстар және аиналадағы ортаны корғау министрлігінде; Орман,  балық
және аң шаруашылығы және Су ресурстары жөніндегі комитеттері.
       Кейбір  органдардың  өкілеттіктері  мемлекеттін  бірнеше  салаларына
таратылады, мысалы, Қарулы Күштер, ІІМ, ҮҚҚ және басқа да министрліктер  мен
ведомстволарда да  денсаулык  сақтау  мекемелері  мен  органдары  бар.  Олар
арнайы және  аймақтық  қызмет  көрсетеді,  жергілікті  басқару  органдарының
құрамына кіреді, сонымен бірге Денсаулык сақтау  ісі  жөніндегі  агенттіктің
емдеу ісін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулары мен өкімдерін орындап отырады.
 Қазіргі кезде атқарушы биліктің орталық органдарын үйымдастыру мен  қызмет
аткаруының тәртібі «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы  18
желтоксандағы Конституциялық заңмен,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің
«Қазақстан Республикасының  Үкіметі  туралы»  Конститупиялық  зан  күші  бар
Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1999 жылғы  6-мамырдағы
Конституциялық заңмен, Республика Үкіметінің 1997 жылғы 13  наурыздағы  №321
қаулысымен бекітілген  Қазақстан  Республикасының  Министрлігі  (Мемлекеттік
комитеті) туралы Үлгі Ережемен және  әрбір  министрлік,  агенттік,  комитет,
комиссия туралы жеке ережелермен реттеледі.
 Сонымен, Қазакстан Республикасында ұйымдык-құкықтық нысандарда  қалыптасып
қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей орталық атқарушы органдар бар:
 1) Қазақстан Республикасының министрліктері;
 2) Қазакстан Республикасынының агенттіктері;
 3) Қазақстан Республикасы министрліктерінің кұрылымдык  бөлімшелері  больш
табылатын комитеттер (ведомстволар), департаменттер және баскармалар.
 Орталық органдардың, әдетте, тәжірибеде тұрактанған үш буынды  құрылымдары
бар: басшылар, функционалдык бөлімшелер, қызмет көрсететін бөлімшелер.
 1. Қазақстан  Республикасының  министрлігі  мемлекеттік  басқаруды  тиісті
саласына (аясына) басшылык жасауды, сондай-ақ заңдарда көрсетілген  шектерде
— салааралық үйлестіруді  жүзеге  асыратын  Республиканын  орталык  аткарушы
органы больш табылады.
 Министрлікті Республика  Премьер-Министрінің  ұсынысы  бойынша  Республика
Президенті құрады, қайта құрады және таратады.  Министрлерді  де  Республика
Премьер-Министрінін   ұсынуы   бойынша   Республика    Президент    қызметке
тағайындайды  және  қызметтен  босатады.  Министр   министрліктің   жұмысына
басшылык жасайды және министрлікке жүктелген  міндеттердің  орындалуына  һәм
оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке басымен жауап береді.
 Министр  лауазымы  бойынша  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің   құрамына
кіреді. Министрліктің құрылымы мен штат санының шеңберін Үкімет бекітеді.
 Министрлікте министрдің орынбасарларының  (вице-министрлердің),  сондай-ак
министрліктің  басқа  басшы  кызметкерлерінің  құрамында  министр   басшылық
ететін (алқа төрағасы) алқа Конституциялық кеңесші орган  кұрылады.  Алканың
сандык құрамын Үкімет, ал жеке адамдар  құрамын  Министр  бекітеді.  Алқаның
шешімі министрдің бұйрығымен ресімделеді.
 Министрлік  өз  құзыретінің  мәселелері   бойынша   зандарда   белгіленген
тәртішіен Қазақстан  Республикасының  барлық  аумағында  міндетті  күші  бар
бұйрықтар түрінде актілер шығарады.
 Министрлік өзінің ұйымдық-құқықтық мәртебесі бойын­ша  занды  тұлға  болып
табылады. Мемлекеттік  биліктің  дербес  органы  ретінде  мемлекеттік  тілде
өзінің аты жазылған мөрі мен  мөртабаны,  белгіленген  үлгідегі  бланкілері,
сондай-ақ зандарға сәйкес банкілерде есеп-шоттары болады.
 Министрліктің кызметін қаржыландыру тек кана мемлекеттік бюджеттен  жүзеге
асырылады.
 Заң бойынша барлық министрліктер өзара тең болып  табы­лады  және  біріне-
бірі  әкімшілік  бағыныста  болмайды,  бірак   олар   өздерінің   жұмыстарын
үйлестіре алады, бірлесіп кызмет атқару немесе әртүрлі  ведомстволардың  іс-
қимылын қажет ететін, мысалы, республикалық  мақсатты  бағдарламаларды  іске
асыру, құқық бұзушылықпен күресу тағы баскалар  жөніндегі  мәселелерді  шешу
туралы шарттар мен келісімдер жасай алады.
 2. Қазакстан Республикасының агенттігі Үкімет  құрамына  еңбейтін  орталык
атқарушы орган болып  табылады.  Агенттікті  Республика  Премьер-Министрінің
ұсынысы бойынша Респуб­лика  Президенті  құрады,  кайта  ұйымдастырады  және
таратады.
 Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты,  сондай-
ақ заңдарда белгіленген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де  арнайы
және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады.
 Агенттіктердің және баска  Үкімет  құрамына  кірмейтін  ор­талык  атқарушы
органдардың  басшыларын  қызметке   Үкімет   тағайындайды   және   кызметтен
босатады.
 Агенттіктің  құрылымын  оның  басшысы  —  төраға  бекітеді.  Әдетте,  оның
кұрылымы департаменттер мен басқармалардан тұрады.
 Агенттік  төрағасының  жаңынан  консультациялық-кеңесші   орган   —   алқа
құрылады.  Оның  сан  және  адам  құрамын  агенттіктің  төрағасы   бекітеді.
Агентгіктің құқықтык актілері болып оның төрағасының бұйрықтары табылады.
 Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы  органдар  ту­ралы  ережелерді,
сондай-ақ   олардың   аумақтық   органдарының   және   оларға   ведомстволық
бағыныстағы мемлекеттік  мекемелердің  штат  санының  лимиттерін  Республика
Үкіметі бекітеді.
 3. Қазакстан Республикасының  Үлттық  қауіпсіздік  комитеті,  стратегиялық
жоспарлау  және   реформалар   жөніндегі,   мемлекеттік   қызмет   жөніндегі
агенттіктер,   Бағалы   қағаздар   жөніндегі   ұлттық   комитет    жөніндегі
агенттіктер,   Бағалы   кағаздар   жөніндегі   ұлттық   комиссия,   сыбайлас
жемкорлықка қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия, Отбасы және  әйелдер
істері жөніндегі ұлттық комиссия (бұл  комиссиянын  төрайымы  әрі  Қазақстан
Республикасының  министрі)  Қазақстан  Республи­касы  Президентіне   тікелей
бағынады.
 4.  Республиканың  орталық  атқарушы  органының  Комитеті  тиісті  орталық
атқарушы органның ведомствосы болып табы­лады.
 Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен  республика
Үкіметі құрады, кайта ұйымдастырады және таратады.  Ведомство  Республиканың
орталық атқарушы кұзыретінің шегінде арнайы  атқару  және  бақылау-кадағалау
міндеттерін, сондай-ак салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік  баскарудың
ішкі саласына (аясына) басшылық жасауды  жүзеге  асырады.  Орталық  атқарушы
орган басшысының ұсынуы бойынша  Республика  Үкіметі  ведомствоның  басшысын
кызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
 Ведомствоның құрылымын, құзыретін және баска мемлекеттік органдармен өзара
іс-кимылының тәртібін Үкімет белгілейді.
 Министрліктер, мемлекеттік  комитеттер  мен  ведомствалар  заңды  атқарушы
биліктің   мемлекеттік   органдары   жүйесінің   орталық   органы    ретінде
қарастырылады.  Олар  мемлекет  өміріндегі  әр  саладағы  басқаруды   жүзеге
асырады.  Сонымен  бірге  үкіметтің  заңдары  мен   актілерінің   орындалуын
қалыптастырады.
     Министрлік - мемлекеттік органдар арасындағы  тұрақты  ұйымдық  форма.
Дәстүр бойынша әкімшілік құқықта министрлік  әкімшілік-саяси,  әкономикалык,
әлеуметтік-мәдени сферада, қандай да бір сала арқылы  мемлекеттік  басқаруды
жүзеге  асырушы  орган  ретінде  қарастырылады.  Мемлекеттік   комитетке   -
салааралық басқару функциясын  атқару  тән.  Министрліктер  мен  Мемлекеттік
комитет  Қазакстан  Республикасы  Президентінің  қатысуымен  құрылып,  қайта
құрылады,  олардың  жетекшілері   лауазымды   орынға   Президент   тарапынан
тағайындалып, орнынан босатылады. Ал Бас  Прокурор  мен  Үлттық  Қауіпсіздік
Комитетінің  төрағасын  тағайындау  кезінде  Конституцияға  сәйкес  Сенаттың
келісімі қажет.  Министрліктер  мен  мемлекеттік  комитеттің  құқықтық  және
әкімшілік-құқыктық мәртебелері әр түрлі заңдар  мен  актілерде  көрсетіледі,
олардың кызметтері бірінші  жетекшілері  және  орынбасарлары  арқылы  жүзеге
асырылады.   Орынбасарларды    Министрлердің    ұсынысы    бойынша    үкімет
тағайындайды. Ал ведомстваларға тек орталық органдар  ғана  емес,  сондай-ақ
Департаменттер, мемлекеттік комиссия және инспекциялар да жатады.
 Ал орталық мемлекеттік органдағы ведомства -  ол  белгілі  бір  министрлік
немесе мемлекеттік комитет негізінде жеке салааралық басқару  немесе  арнайы
салалық функцияларды атқарады. Ведомствалар ішінде 2 топты  бөліп  көрсетуге
болады:  1)  үкіметте  құрылатын  ведомства;  мұнда  ведомства  Президенттің
қатысуымен  құрылып,  ұйымдастырылады.  2)  министрлік  құрамында   құрылып,
қызмет  ететін  ведомства  (қаржы  министрлік  жүйесінде   құрылған   қаржы-
валюталық  бақылау  комитеті).  Екінші  топтағы  ведомствалар  өз  тарапынан
актілер шығарып, әкімшілік жауапкершілікке тарта  алмайды  және  жеке  билік
өкілеттілігін жүргізе алмайды.  Сонымен  бірге  тағы  да  бір  айта  кететін
жағдай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заң бойынша оған  жатпаса  да,
республикалық мәртебесі бойынша  орталық  мемлекеттік  органға  жатқызылады.
Бұл органдар өзіндік ведомствалар рөлін атқарады.
 Атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын облыстар, аудандар,  қалалар,
қала  аудандарындағы  әкімнің   басқаруымен   жергілікті   орган   атқарады.
Жергілікті атқару органдарының қызметтері белгілі қағидалар  бойынша  жүзеге
асырылады.
 - Үкіметке, Президентке және  жоғары  тұрған  әкімшіліктердің  басшыларына
есеп береді;
 - заңдылық;
 -  азаматтардың  заңды  мүдделері  мен   құқықтары   және   бостандықтарын
қамтамасыз ету;
 - өзінің қызметі мен қабыддаған шешіміне жауапкершілік.
       Олардың  әкімшілік-құқықтық  мәртебесі   Қазақстан   Республикасының
Конституциясы және заңды актілері арқылы анықталады. Әкімдердің  қызметтерін
үйымдық, құқықтық және материалды-техникамен  камтамасыз  ету  үшін  аппарат
құрылады. Сондай-ақ, консультативтік -  кеңесші  орган  -  коллегия  құрылуы
мүмкін, оның құрамын әкім тағайындайды.  Коллегияның  отырысы,  қажет  кезде
маслихат хатшысының шақырылуымен өтеді. Облыс, қала  және  астана  әкімдерін
лауазымды  міндетке   Қазақстан   Республикасының   Президенті   тағайындап,
міндетінен босата алады: Барлық әкімшілік-территориялық бірліктің әкімдері:
 -    өз құзіреті бойынша мемлекеттік-реттеу өкілеттілігін орындайды;
 -    территорияға сәйкес белгілі күшке ие шешімдер қабылдайды
 Әкімдердің қызметтерінің негізгі бағытына мыналар жатады:
 -    белгілі территорияға сәйкес әкономикалық және әлеуметті  даму  туралы
бағдарлама жобасын жасап; маслихаттың бекітуін ұсыну;
 -     мәслихаттың  бекітуіне  бюджет  жобасын  ұсынып,   онын   орындалуын
қамтамасыз ету;
 -    коммуналдық жеке меншікті басқару;
 -    жергілікті әкімшілікке лауазымды қызметке тағайындау және босату;
 -    Қазақстан Республикасының «жер туралы заңы» бойынша жер  қатынастарын
реттеу;
 -    қарыз (ссуда) және басқа да ұзақ мерзімдік  міндеттемеліктер  бойынша
шешім қабылдау.
      Соныме бірге Қазақстан Республикасының заңы  бойынша  әкім  әкімшілік
бірлікке сәйкес облыста, ауданда, қапада  басқа  өкілеттелік  атқара  алады.
Әкім жалпы қаулы мен жарлық қабылдап, орынбасарлары тапсырыстар береді.
        Жергілікті    әкімшіліктің    актілері    Қазақстан    Республикасы
Конституциясына қайшы келмеуі керек, егер қайшы келетіндей жағдай  туындаса,
онда  жоғары  тұрған  атқарушы  орган   немесе   Қазақстан   Республикасының
Президенті немесе сот тарапынан алынып тасталынуы мүмкін.
 Өзіңе-өзі сұрақтар
1.1.  Азаматтар әкімшілік құқық субъектілері ретінде.
 1.2. Қоғамдық ұйымдар  және  діни  ұйымдар  әкімшілік  құқық  субъектілері
ретінде.
 1.3. Азаматтар әкімшілік құқық субъектілері ретінде.
 4 АПТА
 Дәріс № 4.
 4 тақырып. Мемлекеттік қызметшілер.
 Негізгі сұрақтары:
 4.1. Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның қағидалары.
 4.2. Мемлекеттік қызметкерлерді топтастыру.


 4.1. Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның қағидалары.
      Мемлекет қызметін ұйымдастырудың басты, негізгі  талаптары  Қазақстан
Республикасы  Конституциясында   қарастырылған   (33-бап),   сонымен   қатар
Қазақстан   Республикасы   Президентінің   1995   жылғы   26   желтоқсандағы
«Мемлекеттік  қызмет  туралы»  заң   күші   бар   Жарлығында   толық   түрде
қарастырылған.  Бұл  Жарлық  мемлекеттік  қызметті  ұйымдастырудың  негізін,
мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық  жағдайларын  және  мемлекеттік  қызмет
аясындағы қарым-қатынастардың реттелуін анықтайды.
     Мемлекеттік қызметтің азаматтардың еңбек іс-әрекетінін бір турі  болып
келетіні сөзсіз. Сондықтан да мемлекеттік қызмет жалпылай ұйымдастыруға  тән
барлық қасиеттерге негізделеді. Мемлекеттік қызмет  деп  әлеуметті  пайдалы,
объективті  қажет  және  басқарылу   персоналының   ұйымдасқан   нысанындағы
қызметін айтамаыз.
     Мемлекетті басқару органдарында басқару  қадрларын  жинаудың,  басқару
функциялары  мен  өкілеттіктердің  лауазымды  тулғалар  арасында   бөлінудің
арнайы  тәсілдері,   мемлекет   және   еңбек   процесін   басқару,   басқару
органдарының  жұмыс  істеуіне  қажетті  жағдай  жасақталған.  Бұл   тұрғыдан
мемлекеттік қызмет еңбек құқығының жалпы нормаларына негізделеді.
     Мемлекеттік қызметдеп белгілі бір іс-әрекеттің  түріне  қатысты,  яғни
кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын  айтамыз.
Кәсіп  -  еңбек  қызметінің  кең  саласы.  Бұнда  мемлекет   қызметкері   өз
мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен  қолдана  алады.  Мамандық
көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметініңтар  саласы.  Бұнда  мемлекет
қызметкері жұмысты тиімді атқаруы ушін өзінің бұл сала бойынша алған  терең,
жан-жақты  білімін  қолдана  алады.  Ал  біліктілік   болса,   белгілі   бір
қызметкердің қандай да дәрежедегі ауыр қызметті атқара  алатынын  анықтайды.
Біліктілік -біліктілік класстарымен анықталады.
     Мемлекеттік қызметтің тагы  бір  белгісі  -  мемлекеттік  қызметкердің
басқару органы қызметіне тікелей  қатысуы.  Бұл  Дегеніміз-азаматты  басқару
органының құрамына, яғни штатқа және мемлекеттік органның басқару  қызметіне
гқгізілуін айтамыз.
 Лауазымды тұлғаның басқару  органының  ішкі  еңбек  тәртібіне  бағьінуы  -
мемлекеттік  қызметтің  келесі  белгіс/   боль/п   табыладьг.   Ішкі   еңбек
тәртібінің  мазмұнын  құрайтын  лауазымды  тұлғалардың   бірлескен   басқару
қызметін, ұжымның нақты және дұрыс жұмыс
 істеуін қамтамасыз ететін, басқару органының  осындай  режимін  анықтайтын
нормалар құрайды.  Ішкі  еңбек  тәртібі  заңдармен,  ішкі  еңбек  тәртібінің
хиптік ережелерімен және  осының  негізінде  қабылданған  басқару  органының
жергілікті ішкі тәртіп ережесімен реттеледі. Мемлекеттік  басқару  органының
ішкі еңбек тәртібінің айрылмас  әлементі  болып  субординация  жүйесі,  яғни
лауазымы  бойынша  төмен   Іуіемлекеттік   қызметкерлер   лауазыіуы   жоғары
қызметкерлерге толық  есеп  беруімен  айқындалады.  Басқару  органының  ішкі
еңбек тәртібіне бағыну - әрбір лауазымды тұлғаның міндеті болып саналады.
 Мемлекеттік  қызметтің  тағы  бір  ерекшелігі   жалақы   болып   габылады.
Мемлекеттік  қызметкерге   жалақы:   еңбекті   бағалауда   барлығына   ортақ
критерийлерге негізделе отырып, жалақы еңбектің сапасы мен мөлшеріне  сәйкес
төленеді.  Жалақы  алдын-ала  қабылданған  нормалар  негізінде   өндіріледі;
жалақының негізгі бөлігі басқару органының штат  кестесімен  анықталады,  ал
қосымшасы  -мемлекет   қызметкерінің   біліктілік   деңгейіне   және   басқа
жағдайларга (біліктілік класстар үшін мемлекеттік қызметтте істеген  жылдары
үшін төлемдер, сыйақы және т. с. с.) байланысты анықталады,  төленетін  ақша
мөлшері жагынан шектелмейді, бірақ заңда  көрсетілген  минимальды  мөлшерден
төмен болмауы тиіс.
 Мемлекеттік  қызмет  дегеніміз  -  мемлекеттік  органдарда  және   олардың
аппараттарындағы   Конституцияның   негізінде   жүзеге    асырылатын    және
мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік қызметтер мен мақсаттарды жүзеге  асыруға
бағытталған  азаматтардаң  кәсіби  қызметі.  Келтірілген  анықтама   бойынша
мемлекеттік қызметтің кәсіптік қызмет  ретіндегі  жалпы  белгілерін  былайша
айқындаймыз:
 1?   мемлекектгік қызмет  мемлекеттік  мақсаттар  мен  қызметтерді  жүзеге
асырумен байланысты;
 2?   мемлекеттік қызметтер мен мақсаттардың салалы әкономика,  әлеуметтік-
саяси құрылым бойынша дамуы мемлекетті басқару, мемлекеттік  қызметкерлердің
кәсіби  қызметі   арқылы   жүзеге   асырылады.      Бұл      қызмет      көп
қырлылығымен     басқару  функцияларының    көлемділігімен,    ауырлылығымен
және ауқымдылығымен (масштабтылығымен) ерекшеленеді.  Мемлекетгік  басқаруда
бүкіл қоғамныңжәне мемлекеттің мүдделері көрсетіледі;
 3)   мемлекеттік қызмет қоғамда басқару қызметін  жүзеге  асыратын  арнайы
аппарат аясында жүзеге асырылады.  Осындай  аппаратсыз  жұмыс  істеу  мүмкін
емес, себебі мемлекеттік басқарудың  кез  келген  саласы  осындай  аппаратты
қажет етеді. Әкономика,  әлеуметтіксаламенәкімшілік-саяси  құрылысдамуындагы
мемлекет қызметкері  органдар  жүйесі  арқылы  жүзеге  асады.  Бұл  органдар
алдында  тұрған  мақсаттары  олардың  қызметінің  мазмұнын  және  сәйкесінше
мемлекеттік   қызметкерлер   функциясын   анықгайды;мемлекеттік    қызметгің
спецификасы басқару функциясын жүзеге  асырумен  тығыз  байланысты.  Басқару
аппаратында  мемлекет  функцияларыныңбасқару  функцияларымен  бірігуі   және
мемлекеттік  қызметкерлердің  нақты  функцияларының  қүралуы  арқылы  жүзеге
асады.  Соның  өзінде  басқару  органдарының  мақсаттары   мен   функциялары
мемлекеттің мақсаты мен функцияларынасәйкес болуы керек;
 4?   мемлекеттік  қызметкерлер  мемлекет  атынан  сөйлейді,  сондықтан  да
мемлекеттік билік қүзіретгеріне ие;
 5?    мемлекеттік  қызмет  Конституция  нормаларына,  зандарға,  Қазақстан
Республикасы  Президентінің  Жарлықтарына   және   басқа   заңды   актілерге
негізделеді. Басқаша айтқанда мвемлекеттік қызметкерлердің  басқару  қызметі
мемлекетгік басқарудағы заңдылық қағидасыныңталаптарынасай болуы керек.  Бүл
жерде  Конституция  нормаларын  және  басқа  да  заң  актілерін  мемлекеттік
басқару  аясына  сәйкес  басқа  заң  актілерін  жүзеге  асыру.   Мемлекеттік
басқарудың  бар  мағынасы  әлеуметтік  процестердің  мемлекеттің   басқаруын
ұйымдастыру;
 6?   мемлекеттік қызмет - атқарушы сипаттағы үйымдасқан қызмет. Бұл  жерде
Конституция  нормалдарын,  зандарын,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің
Жарлықтары мен басқа  заң  актілерінің  мемлекеттік  басқару  аясына  сәйкес
тәжірибелі  түрде  іске  асыру  айтылады.   Мемлекеттік   қызметтің   түйіні
әлеуметтік  процестердің  мемлекеттік  басқаруын  ұйымдастыру   мен   сәйкес
мемлекеттік  органдардың  функциялары  мен  уәкілеттіктерін  жүзеге  асыруда
жатыр;
 7?    мемлекеттік  қызмет  -  жарлықшы  сипаттағы  қызмет.  Бұл  дегеніміз
мемлекет  қызметкерлерінің   өзіне   жүктелген   саласында   мақсаттар   мен
қызметгерді жүзеге асыру барысында заңды-актілі үйғарымды қолдануға  құқылы.
Жарлықшы   қызметі   қажетті   жағдайларда   басқару   актілерін   шығарумен
ерекшеленеді. Бұл актілердің  көмегімен  ведомстваларға  қарасты  объектілер
мен олардың негізгі қызметінің бағыттарына тікелей ықпал жасайды.
 Мемлекеттік  қызмет  саясаттандырылған  түрімен   де   ерекшеленеді.   Бүл
дегеніміз мемлекеттік қызметкерлер өзінің міндетті қызметі  мен  өкілеттігін
атқару кезінде заң талаптарын басшылыққа алу міндеті  мен  саяси  партиялар,
қоғамдықбірлестіктер    мен    олардың    органдарының    шешімдерімен    еш
байланыстырмау. Осыған орай мемлекеттік органдар мен олардың  аппаратгарында
саяси партиялар үйымдарын құру рұқсат етілмейді. Мемлекет қызметкері  өзінің
басқару әрекетін жүзеге асыруға қүқығы  бар.  Заңцарда  бекітілген  бірыңғай
мемлекет саясаты мен мүдделерін басшылыққа алуы тиіс.
 Қоғамда  басқару  функцияларын  орындаумен  қатар  арнайы   адамдар   тобы
мемлекетгік  қызметтің  ерекше  кәсіптік  қьпметі  ретінде  айқын,   белгілі
қағидаларға негізделеді.  Ал  қағидалар  орындалуын  өз  кезегінде  жалпылай
мемлекеттік   қызмет   институтының    қызметімен    кепілденген    талаптар
түріндетүсіндіріледі.  Бұның   өзінде   мемлекетгік   қызметті   ұйымдастыру
мемлекеттік  басқарудың  ерекше   қагидаларына   сонымен   қатар   лауазымды
тулғалардың кәсіптік қызметінің мағынасын көрсететін мемлекеттік  басқарудың
ереше қағидаларына да негізделеді.
 Қазақстан   Республикасында   мемлекеттік   қызмет   келесі    қағидаларға
негізделеді:
 1.   Заңдылық. Бүл қағида барлық мемлекет  қызметкерлерінің  алатын  орны,
лауазымы,   рангісінен   тәуелсіз   Конституцияны,    зандарды,    Қазақстан
Республикасы Президентінің  Жарлықтарының  талаптарын,  міндетті  ережелерін
мултіксіз сақтау, бұзбаумен анықталады.   Мемлекеттік  басқару    процесінде
 заңдылық қағидасының  талаптары,  басқару  актілерінің  шығарылуы,  басылуы
кезінен бастап  жүзеге  асырылады.  Мемлекетті  басқару  аппараты  жуйесінде
басқару актісінің  заңды  күші  сол  актіні  қабылдаган  органның  орны  мен
өкілеттілігінің көлемімен анықгалады.
 2.   Мемлекеттік   қызмет   жуйесінің   біртүтастығы. Мемлекеттік биліктің
заң шығарушы, атқарушы және сот билігі  гарамақтарына  бөлінуіне  қарамастан
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет  жүйесі  біртүтас.  Мемлекеттік
билік өзінің мәні, қурылысы  және  қоғамда  әрекет  етуінің  біртутастығымен
түсіндіріледі.        Мемлекеттікқызметжүйесініңбіртутастығы        мемлекет
аппаратындагы еңбек бөлінісіне қарамастан  барлық  мемлекетгік  органдар  өз
қызметтері мен екілеттіктерін  мемлекет  атынан  жузеге  асырады.  Қазақстан
Республикасы Конституциясы  мемлекеттік  билік  тармақтарының,  заң  шығару,
атқарушы және сот билігіне бөліну қагидасын  бекітіп,  сонымен  қатар  тепе-
теңдік  және  тежемелік  қағидасын  да  берік  ұстанады.  Осыған  байланысты
мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы қағидасы барлық мемлекеттік  билік
тармақтарын біртутас мемлекет механизміне біріктіретін берік  негіз  ретінде
түсіндіреді.
 3.   Занды қуқықіарыііы», ерісіндігінін және заңды  мүдделерінің  мемлекет
мүдделері алдында приоритеті бар. Бүл қағида азамат пен мемлекет  арасындагы
қарым-қатынас  аумағындағы  маңызды  ресми  бағыт  болып  келеді.  Қазақстан
Республикасы Конституциясы  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандығын  басты
орынға қояды. Адамға құқық пен бостандық туғанынан беріледі. Олар  абсолютті
және ажыратылмайтын болып танылады, зандар және басқа  нормативтік  қуқықтық
актілердін мазмұны мен қолдануын анықтайды.
 4.    Қол  жетерлік  қағидасы,   яғни   азаматтар   қабілетіне,   кәсіптік
дайындығына сәйкес мемлекеттік қызметке түсуге  бірдей  қүқылы.  Бұл  туралы
Конституцияның 33-бабында нақты жазылған. Осы  қағида  бойынша  жалғыз  ғана
шек  қоятын  -ол   кандидатқа   қойылатын   жас   мөлшері,   ягни   мемлекет
қызметкерінің жасы 63 жастан аспауы керектігі бекітілген.
 Азаматтардың  мемлекеттік  қызметкер  қызметіне  кандидатураларды   жинау,
іріктеу қатаң ерікті негізде жүзеге асырылуға міндетті. Ешкім  де  мәжбүрлеу
тәртібінде  мемлекеттік  қызметке  азаматты  тағайындай   алмайды.   Басқаша
айтқанда мемлекетік қызметке тұру күрделі заң құрылысының  болуын,  яғни  бр
мезгілде екі фактінің болуын  талап  етеді:  қызметке  тағайындау  актісінің
болуы және азаматтың бұл қызметке тұруга байланысты алдын ала келісімі.
 Шешімдерді  орындау  міндеттілігі.  Жоғары  тұрған  мемлекеттік   органдар
лауазымды түлғаларының  өз  өкілеттілігі  аясындағы  қабылданған  шешімдерін
төмечгі сатыда  тұрған  мемлекет  органдары  қызметкерлері  үшін  орындау  -
міндет. Бұл қағида мемлекеттік  органдардыц  «вертикальды»  багыну  жүйесін,
экономика әлеуметтік сфера және әкімшілік-саяси құрылыс салаларында  қажетті
басқаруды  орталықтандыруды  айқындайды.  Мемлекеттік  басқару  органдарының
жалпы жүйесін біріктіреді,  сөйтіп  мемлекет  аппаратының  қызметінде  жалпы
мемлекеттік мүдделер есебін жргізу қамтамасыз етіледі.
 6.   (Мемлекет қызметкерінін бақылауға тәуелділік және есептілік қағидасы.
 Барлық мемлекеттік органдар мен мемлекетгік қызметшілер халық алдында және
өзінен жоғары түрған лауазым немесе жоғары тұрған орган алдында жауапты.
 7. Кәсіпқойлығы және қузырлығы.  Мемлекеттік  қызметке  орналасқан  азамат
өзінің қызметтерін орындау үшін  арнайы  білімі,  тәжірибесі  және  қабілеті
болуы қажет.
 7?   Қызметшілердін жеке жауапкершілігі. Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің
лауазымына сай белгілі бір қызмет атқарады  және  сол  істеген  ісіне  жауап
береді, т. б.   Осы аталған  қағидалардың  орындалуы  мемлекеттік  қызметтің
тиімді орындалуын қамтамасыз етеді.


 4.2. Мемлекеттік қызметкерлерді топтастыру.
      Әкімшілік лауазымдар мемлекеттік қызметшілердің  90  пайызын  құрайды
және  олар  саяси  қызметшілер  ауыстырылғанда  қызметтен  шыгарылмауы  үшін
заңмен қорғалған. Мемлекеттік  қызметтің  мемлекеттік  басқарудағы   негізгі
құзіреттеріне  (компоненттеріне)  лауазымдардың  топтарга   (категорияларға)
бөлінуін  жатқызуға  болады.  Лауазымдар  иерархиясы   мемлекеттік   басқару
жүйесінде пирамидаға  сәйкес  лауазымдардың  таралуы  барлық  елде  тараған.
Лауазымдардың құзырлығының көлемі неғұрлым жоғары  болса,  соғұрлым  олардың
иерархиялық пирамидадагы лауазымдық орны болады және  жауапкершілігі  жоғары
болады. Сондықтан  мемлекеттік  лауазымдарды  йерархиялық  дифференциациялау
объективті заң болып табылады.
 Қазақстан   Республикасының   «мемлекеттік    кызмет    туралы»    заңында
көрсетілгендей, мемлекеттік қызметкерлер лауазымдары  саяси  және  әкімшілік
болып екіге бөлінеді.
 Саяси  лауазымдарға  саяси  мемлекеттік  қызметке  тағайындалуы  (сайлау),
қызметтен босатылуы және қызметі саяси сипаттаболатын лауазымдар жатады.
 Әкімшілік  лауазымдарға  мемлекетгік  қызметте  тұрақты  қызмет  атқаратын
лауазымдар жатады. Әкімшілік лауазымдар  мемлекетімізде  қабылданган  арнайы
лауазымдар Реестрінде топтар категориясымен жуйелендірілген.  А  категориясы
тобына  Қазақстан  Республикасы   Прзидентінің   Әкімшілігінің   лауазымдары
жатады.  Ал  В   категориясы   тобына   республикалык   деңгейдегі   аппарат
органдарының  саласы  лауазымдары  (Парламент  палатасы  аппараты,  Премьер-
Министр Кеңсесі (Канцеляриясы), Конституциялык Кеңес аппараты,  Жогаргы  Сот
аппараты, Президент Істері БасқармасыХ  С  категориясы  тобына,  Президентке
тікелей багынышты және есеп беретін мемлекеттік органдар,  Орталық  атқарушы
органдар,  Үкіметке,  Орталықатқарушы  органдар  Ведомстваларына   кірмейтін
Орталық атқарушы органдары, Облыстық және аудандық  герриториялық  бөлімдері
кіреді. Д категориялары тобына облыс, аудан, ауыл  әкімдерінің  аппараттары,
облыстық, аудандық мәслихат аппараттары, облыстық, аудандық сот  аппараттары
жатадь/. Ал Е категориялар тобына, жергілікті атқару органдары  жатады.  Осы
жоғарыда аталған категориялар өз  іштерінде  мемлекеттік  орган  құрылымында
алатын орнына, әкімшілік лауазымдарына сай тағы бірнеше топтарға бөлінеді.
 1999 жылы 23 шіддеде Қазақстан Республикасыньщ Президенті жаңа «мемлекетік
қызмет туралы»  заңға  қол  қойды.  Заңмен  және  заңға  тәуелді  актілермен
мемлекеттік  қызметтің  жаңа   моделі   анықталды.   Бұл   заң   мемлекеттік
қызметшілердің анықтамасын нақты анықтады.
 Мемлекеттік қызметші - ол заңмен  белгіленген  қызметті  атқаратын,  ақысы
республикалық   немесе   жергілікті   бюджетген,   не   болмаса    Қазақстан
Республикасының Ұлттық  Банкімен  төленетін  мемлекеттік  органдағы  лауазым
иесі және өзінің лауазымына сәйкес мемлекеттік  қызметі  міндетін  атқаратын
Қазақстан Республикасының азаматы. Тек мемлекеттік қызметшілерге  техникалық
қызметшілер, қызмет етуді  қамтамасыз  ететін  персоналдар  кірмейді.  Саяси
мемлекеттік  қызметшілерге  министрлер  мен  олардың  орынбасарлары,   облыс
әкімдері мен  олардың  орынбасарлары,  аудан,  қала,  ауыл  әкімдері  жатса,
қалған  лауазымдар  әкімшілік  лауазымдарға  жатады.  Әкімшілік   лауазымдар
мемлекеттік қызметшілердің 90 пайызын құрайды және олар  саяси  қь/зметшілер
ауыстырылғанда қызметтен  шығарылмауы  үшін  заңмен  қорғалған.  Мемлекеттік
қызметкер  үшін  азаматтың  біліміне,  дайындығына  және  тәжірибесіне   сай
қабылдану, тағайындалу, конкурс және сайлау арқылы алынады:
 -    Қабылдану - бүл мемлекеттік қызметке алынғанда  ең  көп  қодданылатын
тәсіл.
 -    Тағайындау - бүл мемлекетке алу тәсілі 3 түрлі жолмен жүреді:
 1?   сәйкес органның немесе  лауазымның  тағайындалуы.  Мысалы,  Қазақстан
Республикасы Президентінің Мемлекет хатшысын тағайындау.
 2?   ұсыныс  - сәйкес органның немесе лауазымның басқа бір сәйкес  органға
немесе  лауазымға  жасаған  ұсынысы  арқылы  мемлекеттік  қызметке  алынады.
Мысалы,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  ұсынысы  бойынша  Қазақстан
Республикасы Сенаты Жоғарғы Сот төрағасын тағайындайды.
 3?   келісім - сәйкес орган  немесе  лауазым  басқа  бір  сәйкес  органмен
немесе лауазыммен келісім арқылы мемлекеттік қызметке  тағайындалу.  Мысалы,
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Қазақстан  Республикасы   Парламентімен
келісіп, Қазақстан Республикавы Премьер-Министрін тағайындайды.
 сайлау - мемлекеттік қызметке саяси қызметшілердің ішіндегі ең  бастылары,
ең жоғарғысы Қазақстан Респрубликасы Президенті және Қазақстан  Республикасы
Парламент депутаттары сайлау арқылы мемлекеттік қызметке тагайындалады.
 конкурс - Қазақстан Республикасының «мемлекеттік қызмет туралы» заңының І2-
бабына сәйкес мемлекеттік қызметке мамандардьщ  орналасуы  және  мемлекеттік
әкімшілік  қызметте  жоғары  көтерілуі,   тек   конкурстық   тандау   арқылы
жүргізіледі деп нақтыланган.
 Конкурс   арқылы   әкімшілік   мемлекеттік   қызметке   тұруға   Қазақстан
Республикасыныңбарлықазаматгарыныңтең   құқығы   бар.   Бұл   құқық   біздің
мемлекетіміздің Конституцияға сәйкес демократизациялануыныңбірбелгісі  болып
табылады. Мемлекеттік қызметке тұруға тең құқық болғанмен, оған  әркім  тұра
алмайды.  Алдымен  мемлекеттік  қызметке  тұрушыларға  белгілі  бір  шарттар
қойылады.  Конкурстық  таңдау  мемлекеттік  қызметке   үміткерлер   арасында
бәсекелестіктугызады, ал бұл болса  мемлекеттік  қызметке  жоғарғы  сападағы
мамандарды алуға алғы шарттардың бірі болып табылады.  Мемлекетгік  қызметке
алудың ескі тәртібіне қарағанда,  конкурс  бойынша  ваканттық  орындары  бар
мемлекеттік  органдар  жүргізеді.  Бүл  конкурстардан  өтудің  белгілі   бір
әтаптары  бар,  олардың  қатарына:   конкурстын   өтуі   туралы   жарнаманың
жариялануы;
 ?    коықурстық комиссияның құрылуы;
 -     берілген  шарттарга  сәйкес  конкурсқа   қатысушылардың   құжаттарын
қабылдау және оларды талдау;
 ?    үміткерлерді тестілеуден өткізу;
 ?    әңгімелесу (собеседование);
 ?    конкурс комиссиясының соңғы отырысы.
 Конкурсты өткізуші мемлекеттік органның ашықтығын қамтамасыз ету үшін  сол
орган өткізілейін деп жатқан конкурс және бос орындар  туралы  республикалык
ақпарат құралдары арқылы жариялауға  міндетті.  Конкурстық  комиссия  болса,
сәйкес органның басшыларынан  құрылады.  Содан  кейін  құжаттарын  тапсырған
уміткерлердің қужатгарын талдау арқылы  таңдау  басталады.  Жасалған  талдау
негізінде  конкурс  комиссиясы  үміткерлерді  тестілеуге   жіберу-жібермеуге
шешім қабылдайды. Тестілеу арқылы үміткерлердің білімін анықтау  жүргізілген
соң ең жоғарғы балл жинагандар  әңгімелесуге  (собеседованиеге)  еткізіледі.
Осы арқылы конкурс  комиссиясы  алдын  ала  белгіленген  критерийлер  арқылы
үміткерлерді тандайды. Критерийлерге қабілеті  мен  білімі,  тәжірибесі  мен
лауазымға сәйкестігін жатқызуга болады.  Әңгімелесуден  өткеннен  кейін  екі
күннен  кейін  қорытындысы  айтылады.   Конкурс   комиссиясы   үміткерлердің
тапсырған қужаттарына,  тест  нәтижесіне,  әңгімелесу  қорытындысына  сәйкес
уміткерлер арасынан таңдалады.
 Қазақстан Республикасының «мемлекеттік қызмет  туралы»  заңының  27-бабына
сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердгң  жұмысының  тоқтатылуына  негіз
болатындар:
 -    мемлекеттік қызметшінің өз еркімен жазған өтініші;
 -    келісім-шарт уақытының бітуі немесе келісім-шарттың бұзылуы;
 ?    өзінің кірістері мен мулкі туралы жалған ақпарат бергенде;
 ?    міндетгері мен шектеулері бұзылған жағдайда;
 ?    Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайда;
 ?    коррупциялық заң бұзушылық жасағанда;
 ?    конкурстан тыс қызметке алынғаны әшекереленгенде;
 ?    аттестациядан өткенде теріс иәтиже алғанда; а
 ?    заңмен белгіленген өзге де жағдайларда.
        Қазіргі  тавда  елімізде   осы   уақыттың   білімімен   қаруланған,
стратегиялық қабілеті бар мамандар аса қажет. Мемлекеттік қызмет гуралы  заң
шығармаларында   мемлекеттік   қызметтің   қоғамға,   азаматтарға   ашықтығы
демократиялық  дамуымыздың  дұрыс  жодда  екендігін  көрсетеді.  Мемлекеттік
органдардың  ашықтыгы  мен  жариялығы,  оның  қоғам  мен  мемлекетке   қауіп
төндіретін  құбылыстардың  бірі  коррупцияны  төмендетуге  көмектеседі.   Ең
бастысы, жаңа демократиялық дәстур жолында қажырлы еңбек
   етуіміз  қажет.  Ол  әрине  көптеген   жылдарды   қажет   етеді.   Соның
ішіндееңбастысы шенеуніктердің патриотгық  сезімін  жоғарылатып,  қогам  мен
азаматтарга адал қызмет етуін, заңдардың  дұрыс  орындалуын  қамтамасыз  ету
қажет.
 Қорытындылай келе,  мемлекетіміз  ешқандай  елдің  жүйесін  көшіріп  алған
жоқдеп батыл айтуымызгаболады. Себебі  мемлекеттік  қызмет  дегёніміз  -  әр
елдің  өз  мәдениетін,  тарихын,  дәстүрін,  дінін  ескеретін   ерекше   бір
мемлекетіміздің аясы болып табылады.
 Болашақга, енді бізге ең маңыздысы мемлекеттік қызмет  туралы  заңдар  мен
нормативтік құқықтық актілердің демократиялық құндылықтарды сақтауын,  қоғам
мен  азаматтардың  мүдделерінің  сақталуын,  қоғам  мен   азаматтарға   адал
қызметатқаруын қамтамасыз ету болып табылады.


 Мемлекеттік қызметке кірудің тәртібі мына төмендегі жағдайларды:
 а) мемлекеттік орган мәртебесінің ерекшеліктерін;
 б) органның кіретін аясы мен саласының ерекшеліктерін;
 в) мемлекеттік лауазымньщ санатын;
             г)  тиісті  лауазымға  орналасудың  тәсілдерін  ескере  отырып
құқықтық
             актілермен белгіленеді.
 Қазакстан Республикасы  азаматтарының  мемлекеттік  қызметке  кіруге  бәрі
бірдей тең кұқылы деген Конституциялық  принцип  бұл  қызметке  кіру  немесе
нактылы мемлекеттік лауазымға тұру үшін  белгілі  шектеулер  болмайды  деген
ұғым туғызбайды. Ондай шектеулер заңдармен және  баска  құқықтық  актілермен
тағайыңдалған.
 Азамат мемлекеттік кызметке мына жағдайларда қабылдануға тиіс емес:
 а) егер ол сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет  кабілеттілігі  кемшін
деп танылған болса;
 ө) егер оны сотпен белгілі бір  мерзімге  мемлекеттік  лауазымға  орналасу
құкығынан айырған болса;
 б)  лауазымдық   міндеттерін   орындауға   кедергі   келтіретін   медицина
мекемесінің қорытындысымен анықталған науқасы болса;
 в) мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл  ішінде  сыбайлас  жемқорлык
құққық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған  немесе  қасақана
құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған болса;
 г) мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе  заңда  белгіленген
тәртіппен алынбаған соттылығы бар болса.
 Аталған мәліметтерді табыс етпеген немесе бұрмалаған жағдайда  мемлекеттік
қызметке алуға жатпайды.
 Мемлекеттік кызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сәйкес келуге:
 1)  Республиканың  заңдарында  тиісті  лауазымдар   жөнінде   өзгеше   жас
белгіленбесе, жасы  он  сегізге  толған  Қазакстан  Республикасының  азаматы
болуға;
 2) тиісті біліктілік талаптарына сәйкес келетін қажетті білімі мен  кәсіби
даярлык  деңгейі,  сондай-ақ  заңдарда  көзделген  жағдайларда  жұмыс  стажы
болуға тиіс.
 Мемлекеттік кызметке кірген кезде азамат салық қызметі органдарына  өзінің
алған табыстары мен өзіне меншік қүқығымен тиесілі мүлік  туралы  мәліметтер
тапсыруға міндетті.
 Азаматтар міндетті арнайы  тексеруден  өткеннен  кейін  барып  мемлекеттік
әкімшілік лауазымға орналаса алады.
 Мемлекеттік  кызметшілердің  лауазымдарьна   орналасу   сайлау,   конкурс,
контракт, тағайындау арқылы жүзеге асырылады.
           Сайлау мемлекеттік  лауазымдарға  орналасудың  ен  демократиялык
нысаны ретінде сайланатын адамның  келісімі  болуымен  катар  кандидатурасын
ұсынуды және сайлау  актісін  мезгейді.  «Мемлекетті  қызмет  туралы»  заңда
мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік кызметке  кіруі  тағайындау  не
сайлау негізіңде, сондай-ак заңдарда белгіленген тәртіппен шарттарға  сәйкес
баска жағдайларда да жүзеге асырылады делінген.
 Конкурс мемлекеттік қызметтегі бос лауазымға таңдау аркылы  орналастырудың
накты нысаны болып табылады. Ол конкурсқа қатысушылар  арасында  мемлекеттік
қызметшілерге койылатын талаптарға неғұрлым сай  келетін  адамдарды  аныктау
үшін өткізіледі.
 Мемлекеттік  әкімшілік   кызметшінің   мемлекеттік   әкімшілік   лауазымға
орналасушы  және  кызметі  бойынша   жоғары   тұрған   санаттағы   лауазымға
жоғарылауы,  «Мемлекеттік  қызмет   тура­лы»   заңмен,   өзгедей   көзделген
жағдайларды қоспағанда, тек конкурстық негізде ғана жүзеге асырылады.
 Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға арналған  конкурс  Қазақстан
Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке тең  қол  жеткізу  жөніндегі
конституциялық құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
 Мұндай конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі мемлекеттік қызмет  туралы
заңның талабына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі төрағасының  1999
жылғы 24 қарашадағы А—202 бұйрығымен бекітілген «Бос  әкімшілік  мемлекеттік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің кағидасында қаралып бекітілген.
 Бұл кағида бойынша конкурс  ашык  және  жабық  жағдайда  өткізіледі.  Ашық
конкурсқа  Қазакстан  Республикасының  барлык  азаматтары  катысуға  кұқылы.
Жабық конкурсқа  тек  әкімшілік  мемлекеттік  кызметшілердің  ғана  қатысуға
құкығы болады.
 Конкурстық  комиссия  конкурсқа  қатысушылар  берген  мемлекеттік   қызмет
атқарғаны туралы және басқа  қажетті  құжаттарды  қарап,  соның  нәтижесінде
тестілеуге  жіберілген  үміткерлердің  білімі  мен  қабілетін,  одан   кейін
әңгімелесу арқылы кәсіби және жеке  касиеттерін  әділ  бағалаудың  негізінде
тиісті шешім қабылдайды.
 Әңгімелесуден өткен үміткерлерді әрбір бос  лауазымға  біреуін  ғана  кадр
резервін есепке алуға  конкурс  комиссиясының  өкілетті  органға  ұсьныстама
жасауға кұкығы бар.
 Конкурс комиссиясының дұрыс қорытындысына ие болған үміткерді  мемлекеттік
органның басшысы жарияланған қызметке қабылдауға міндетті.
 Кейбір  санаттағы  қызметшілердің  конкурс  арқылы  мемлекеттік   қызметке
орналасуы міндетті емес. Бұларға мемлекеттік  саяси  кызметшілер,  сондай-ақ
тұракты негізде жұмыс істейтін,  өз  өкілеттігін  тоқтатқан  және  қойылатын
біліктілік  талаптарға   сай   келетін   Парламент   депутаттары,   мәслихат
депутаттары  жатады.  Олардын  мемлекеттік  әкімшілік  лауазымға  конкурстық
іріктеусіз орналасуға құқықтары бар. Мүның  тәртібін  Республика  Президенті
айқындайды.
 Контракт.  Мемлекеттік  лауазымға  орналасу  контрактісі  мемлекеттік  те,
азаматтык  та  кызмет  жүйесінде  қолданылуы   мүмкін.   Контракт   жасаудың
тәртібі, оның шарттары, тараптардың міндеттері әртүрлі құқықтык  актілермен,
олардың  ішінде  еңбек  заңдарының   актілерімен,   Қазақстан   Республикасы
Укіметінің  1996  жылғы  21  мамырдағы  қаулысымен  бекітілген   Мемлекеттік
қызметке қабылдаудын ‡лгі контрактісімен белгіленген.
 Мемлекеттік  лауазымға  тағайындау—  осы   лауазым   бойынша   белгіленген
функцияларды, міндеттер  мен  құқықтарды  жүзеге  асыруды  кызметшіге  ресми
түрде  жүктеу  кезін  айқындайтын  өкілетті  мемлекеттік   органның   немесе
лауазымды  адамның  заңдык  актісі.   Тағайындауды   мемлекеттік   өкіметтің
органдары мен лауазымды адамдары өздерінің  құзыретінің  шеңберінде  белгілі
санаттың лауазымдарына орналасудың тәртібін сақтай отырып жүргізеді.
 Мемлекеттік  қызметтің  ерекшеліктеріне  байланысты  және  тиімдіқ  қызмет
атқаруын  қамтамасыз  ету  мақсатында  заңдармен  мемлекеттік  қызметшілерге
құқықтық шектеулер каралған. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік  билікті  жүзеге
асырудың құралы. Сондықтан, бұл билікті  қашан  да  теріс  пайдалану  мүмкін
болғандықтан, оған белгілі, оның ішінде құқықтық тосқауылдар болу керек.
 Мемлекеттік қызметте болуға байланысты мемлекеттік қызметшінің мыналарға:
 1)  өкілді  органдардың  депутаты   және   жергілікті   өзін-өзі   басқару
органдарының мүшесі болуға;
 2) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылык қызметті  коспағанда,  ақы
төленетін басқа қызметпен айналысуға; )  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысуға,
оның  ішінде  коммерциялық  ұйымды  басқаруға  қатысуға,  егер  коммерциялык
ұиымды баскаруға тікелей катысу Қазақстан Республикасының  заңдарына  сәйкес
оның қызметтік міндетіне кірмейтін болса;
 4) үшінші тұлғалардьщ істері бойьшша өзі кызмет істейтін не өзіне  тікелей
бағынысты немесе өзінің бақылауындағы мемлекеттік органда өкіл болуға;
 5) өзінің  кызметтік  іс-әрекетін  материалдық-техникалық.  қаржылық  және
ақпараттык камтамасыз  ету  кұралдарын,  бас­ка  да  мемлекеттік  мүлік  пен
қызметтік ақпаратты қызметтік емес максатта пайдалануға;
 6)  мемлекеттік  органдардың  калыпты  жұмыс   істеуіне   және   кызметтік
міндеттерді  орындауға   кедергі   келтіретін   әрекеттерге,   оның   ішінде
ереуілдерге қатысуға;
 7)  лауазымдық  өкілеттігін  орындауға  байланысты  азаматтар  мен   заңды
тұлғалардың кызметін жеке максатына пайдалануға кұкығы жок.
 Мемлекеттік кызметші зандарға  белгіленген  тәртіппен  кызметке  кіргеннен
кейін бір ай ішінде мемлекеттік қызмет өткеру уакытында өзінің  меншігіндегі
коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесті (акциялар  пакеттерін)
және табыс табуға әкеп соқтыратын  өзге  де  мүлікті,  осы  адамдарға  занды
түрде тиесілі  акшаны,  сондай-ақ  мүліктік  жалға  берілген  басқа  мүлікті
коспағанда, сенім білдірілген басқаруға беруге міндетті.
 Мемлекеттік кызметші өзінің жакьн туыстары (ата-анасы, жұбайы,  аға-інісі,
апа-сіңлісі,  балалары)  немесе  жекжаттары   (аға-інілері,   апа-сіңлілері,
жұбайының  ата-аналары  мен  балалары)  атқарып  отырған  кызметке   тікелей
бағынысты, заңдарда  көзделген  жағдайларды  қоспағаңда,  кызметті  атқаруға
болмайды.
 Тағайындалған шектеулер мемлекеттік қызметшілердің  азаматтық  құқықтарына
нұксан  келтіруді  көздемейді,  қайта  олардың  қызмет  атқаруының  тәуелсіз
болуын камтамасыз  етуге,  сыбайластықка  (коррупцияға)  қарсы,  мемлекеттік
аппараттың жұмысына қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
 Мемлекеттік әкімшілік кызметшілер мемлекеттік қызметте  болған  кездеріңде
әркезде      аттестациялаудан,       арнайы       құрылған       мемлекеттік
орындарында,курстардан т. с. с. біліктіліктерін арттырудан өтіп отырады.
 Мемлекеттік  әкімшілік   қызметшілердің   кәсіби   даярлығының,   құқықтық
мәдениетінің,  азаматтармен  жұмыс  істеу   қабілетінің   деңгейін   анықтау
мақсатында олар аттестациялдан өтеді.
           Қазакстан Республикасы Президентінің  2000  жылғы  21-кантардағы
Жарлығамен  «Мемлекеттік  әкімшілік   қызметшілерді   аттестациядан   өткізу
ережелері»  бекітілді.  Бұл  ереже  бойынша   (4-ші   тармағы)   кызметшілер
мемлекеттік қызметте болудың әрбір кезекті екі жылы өткен сайын, осы  мерзім
келген уакыттан бастап алты айдын ішінде аттестациядан өтеді.
 Мемлекеттік қызметке тұнғыш  peт  немесе  мемлекеттік  қыз­мет  стажындағы
үзілістен кірген кызметшілер,  мемлекеттік  қызметте  үзіліссіз  болудың  үш
жылы өткен мерзімде аттеста­циядан өтеді.
 Біліктілігін көтеру. Мемлекеттік қызметшілер біліктіліктерін  әртүрлі  оқу
орындарында көтереді, кайта даярлаудан өтеді. Мысалы,  1998  жылы  Қазақстан
Республикасы Президентінің жаңынан Мемлекеттік кызмет академиясы кұрылды.
 Іс сапар, сыныптык, шен, рангі, формалы киім. Мемлекеттік
 қызмет   атқару   қызметтік   іс    сапарларды    реттеуді,    мемлекеттік
қызметшілердің,  кейбір   санаттарына   арнайы   атақтар,   рангілер,формалы
киімдер, айырықша белгілер енгізуді, табельдік қаруға құқығын,  оны  қолдану
мен пайдаланудың тәртібін  бекітуді  т.  с.  с.  камтиды.        Мемлекеттік
қызметті тоқтату. Мемлекеттік  қызметті  тоқтатудың  негіздері  мен  тәртібі
еңбек заңдарында және басқа актілермен  белгіленген.             Мемлекеттік
қызметті тоқтатудың екі түрі бар: а) шығару(босату);б) орнынан түсу.
       Мемлекеттік қызмет туралы  заңда  мемлекеттік  саяси  қызметшілердің
және  мемлекеттік  әкімшілік   кызметшілердің   жәй   мемлекеттік   кызметті
токтатуының негіздері ажыратылыпбөлек бекітілген.
 Мемлекеттік саяси қызметшілер отставкаға шығуы және
 кызметтен босатылуы мүмкін.
     Отставка дегеніміз мемлекеттік саяси қызметшінің жазба-
 ша арызының  негізінде  жүзеге  асырылатын  тиісті  мемлекеттіклауазымдағы
міңдеттерін    атқаруды    тоқтатуы.    Мемлекеттік    са-яси    қызметшілер
Конституцияда, «Мемлекеттік қызмет  туралы»  заңда  және  өзге  де  заңдарда
белгіленген   негіздер   мен   тәртіп        бойынша   отставкаға    шығады.
                    Мемлекеттік  саяси  кызметшінің  лауазымдык  өкілеттігін
өрескел бұзуы,  мемлекеттік  қызметте  болумен  сыйыспайтын  теріс  кылыктар
жасауы оны кызметтен босатуға негіз болып табылады.
 Аталған заңда (27-бап) мемлекеттік  әкімшілік  кызметшілердің  мемлекеттік
қызметті тоқтатудың негіздері ретінде бірнеше себептер белгіленген.  Олардың
ішінде, мысалы: 1) қызметшілердің өз тілегі бойынша кызметтен босату  туралы
арыз беруі;
 2) келісім-шарт мерзімінің бітуі не заңдарда  көзделген  негіздер  бойьшша
келісім-шарттың бұзылуы;
 3) кызметшілердің өз табысы мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәлімет беруі;
 4) Казакстан Республикасының азаматтығьн жоғалтуы;
 5) сыбайлас жемқорлық құкық бұзушылығын жасауы;
 6)  осы  заңда  белгіленген  міндеттер  мен  шектеулерді  сактамауы   және
басқалар.
 Бұлардың сыртында Қазакстан  Республикасының  еңбек  заңдарында  көзделген
өзге де себептер негіз болып табылады.
 Мемлекеттік  әкімшілік  кызметшілерді   мемлекеттік   органның   әкімшілік
лауазымға кабыддауға құқығы бар тиісті лауазымды адамы заңдарда  белгіленген
тәртіппен қызметтен босатады.
       Оларды  үш  топка  бөлуге  болады:  а)  жеңілдіктер;  б)  көтермелеу
шаралары; в) кұкықтык жауапкершілік шаралары.
 Жеңілдіктер. Олар әртүрлі болады және әдетте,  мемлекеттік  қызметшілердің
тиісті санаттарына карай тағайындалады.
 Мемлекеттік  қызметшілер,  мысалы,  Заңдарда  белгіленген  тәртіп  бойынша
тұрғын үймен қамтамасыз етіледі; оларға жеке тұрғын  үй  құрылысы  үшін  жер
учаскесі тегін беріледі; өздері және отбасы мүшелері  мемлекеттік  денсаулык
мекемелерінде медициналық қызмет көрсетуді пайдаланады;
 ерекше енбектері,  атақтары  тағы  басқалар  үшін  еңбекакыларына  қосымша
ақшалай әртүрлі төлемдер төленеді.
 Мемлекеттік орган таратылған немесе қайта ұымдастырылған жағдайда  кемінде
үш жыл  жұмыс  стажы  бар  мемлекеттік  әкімшілік  кызметшілер  не  жүмыспен
камтамасыз  етіледі,  не  орташа  төрт  айлық   жалақысы   мөлшеріңде   шығу
жәрдемақысы  төленеді,  ал  штат   саны   қыскарған   жағдайда   мемлекеттік
қызметшіге төрт орташа айлық жалакысы мөлшерінде шығу  жәрдемакысы  беріледі
және басқалар.
           Көтермелеу шаралары. Көтермелеудін жалпы шаралары  еңбек  туралы
зандармен, арнайылары  —  мемлекеттік  қызметшілердің  нақтылы  санаттарының
құқықтық   мәртебесінің   ерекшеліктерін   қарайтын   құқықтық    актілермен
тағайындалады.
 Көтермелеудің  жалпы  шараларына  ақшалай  сыйлықтар,   алғыстар,   бағалы
сыйлыктар, құрметті атактар  беру,  ордендер  және  медальдармен  марапаттау
жатады.
 Көтермелеудің арнайы шаралары да әртүрлі: мерзімінен  бұрын  арнайы  атақ,
сыныптық шен беру, жоғары санаттағы мемлекеттік  лауазымға  жоғарылату  және
баскалар.
 Көтермелеу шаралары мемлекеттік кызметшілердің қызметін жоғары бағалау мен
мақұлдауды  білдіре  отырып,  мемлекеттік  кызметтің  тиімділігін  арттыруға
бағытталады.
 Мемлекеттік қызметшілер жауапкершілігінің лауазымдық кызметің  тиімділігін
арттыруды ынталандыратын едәуір, өзіне тән, потенциалы бар.  Ол  мемлекеттік
қызметшілердің осы қызметінің  кұкықтық  негіздерімен,  олардың  мемлекеттік
және кызметтік тәртіпті, заңдылықты қатал  сақтаудың  кажеттілігімен  табиғи
байланысты.   Мемлекеттік   қызметшілердің,    әсіресе    заңдық    биліктік
өкілеттіктері барларының, оларды бұзуы мемлекеттің мүдделеріне тікелей  әсер
етеді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қысым келтіруі мүмкін.
 Мемлекеттік қызметшілердің жасаған құкық бұзушылыктарының  сипатына  қарай
олар  тәртіптік,  әкімшілік,  материалдық,  азаматтық-құқықтық  және   құқық
бұзушылықтық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
 Мемлекеттік қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны немесе
тиісінше   орындамағаны,   лауазымдық   өкілеттігін   асыра    пайдаланғаны,
мемлекеттік  және  еңбек  тәртібін  бұзғаны  үшін,   сондай-ак   мемлекеттік
қызметте  болуға  бай­ланысты  белгіленген  шектеулерді   сақтамағаны   үшін
мемлекеттік кызметшіге мынандай тәртіптік жазалар:
 1) ескерту; 2) сөгіс; 3) қатан, сөгіс; 4) қызметке сәйкес еместігі  туралы
ескерту; 5) атқаратын қызметінен босату колданылуы мүмкін.
 Өзіңе-өзі сұрақтар
 1.1. Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның қағидалары.
 1.2. Мемлекеттік қызметкерлерді топтастыру.
 № 5 АПТА
 Дәріс № 5.
 Тақырып 5. Әкімшілік-құқықтық нысандар мен әдістер


 Негізгі сұрақтары:
 5.1. Басқару әдістер ұғымы.
 5.2. Басқару әдістерін топтастыру.


 5.1. Басқару әдістер ұғымы.
 Мемлекеттік басқару әдістері- бұл мемлекеттік  органдардың   және  олардың
лауазымды  тұлғаларының  (ғни  атқарушы   билік   субъектілерінің)   басқару
объектісіне (яғни басқарылатындарға  -  бағынышты  органдар,  ааматтар  және
т.б. объектілерге, олардың санасы  мен  еріктеріне)  тікелей  және  мақсатты
түрде практика жүзінде әртүрлі ықпал ету тәсілдері.
        Мемлекеттік басқару әдістеріне мына белгілер тән:
  1) мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттің еркі бойынша қалыптасады және
содан туындайды;
  2) ереже бойынша олар мемлекеттік қызметті атқару кезінде іске асырылады;
  3) мемлекеттік басқару субъектілері мемлекеттің атынан және соның мүддесі
үшін пайдаланады;
  4) мемлекеттік - биліктік өктем өкілеттіліктер берілген;
  5) құқықтық және ұйымдық нысандарға ие болады;
  6) жан-жақты бағыттылығы болады (бұл басқару үрдісінің көп түрлілігі  мен
күрделілігі көрінеді).
 Мемлекеттік басқарудың тиімділігі.  Басқару міндеттерін және  функцияларын
жүзеге асыруда қандайда бір әдістерді  дұрыс  қолдануға  байланысты  болады,
сондықтан  осы   әдістерді   жетілдіру   басқарудың   жақсаруын   білдіреді.
Мемлекеттік  басқару  әдістері   мемлекеттік  қызметті  жүзеге  асыру   үшін
пайдаланылады. Осыған байланысты олар көбінесе  бсқару  қызметінің  құқықтық
нысандарында көрсетіледі.
        Мемлекеттік басқару әдістерінің түрлері:
  1) универсалды әдістері немесе негізгі: сендіру  мен мәжбүрлеу;
  2) құқықтық әдістер -  практикада  қолданғанда  заңды  салдарға  әкеледі,
оларға мыналар жатады: тікелей бөлу, ұсыныс, шешу, келісу;
  3) құқықтық емес  (ұйымдық) - практикада қолданғанда  заңды  салдарлардың
туындауына әкелмейді, оларға мыналар жатады: қаулы,  бұйрықтар,  түсіндірме,
шешімді дайындау; көрмелер, жарнама, шешімнің орындалуын тексеру.
  4) басқару ықпалының мазмұны бойынша:
  а) моралдық - саяси  әдістер - бұл тәрбиелеу, моралдық  қолдау,  үгіттеу,
насихаттау;
  б) ұйымдық  әдістер  -  үйлестіру,  келістіру,  бақылау,  субъектінің  өз
жұмысын ұйымдастыру (нұсқау беру, сілтеу), қадағалау, тексеру;
  в) әлеуметтік әдістер  -  бақылау,  эксперимент  жасау,   байқау,  анкета
жүргізу, интервью алу;
  г) психологиялық әдістер - психологиялық аяу,  дәлелдеу,  кәсіби  іріктеу
мен оқыту, бедел;
  д) әкімшілік әдістер - әкімшілік юрисдикция, жарлық, бұйрықтар
  е) экономикалық әдіс - баға, несие, материалдық қолдау  көрсету,  сыйақы,
жәрдемақы;
      Осы  әдістердің  барлығы  бірін-бірі  жоймайды,  тек  бір   -   бірін
толықтырады  және  әрбір   басқару    әдісі   қандайда   болмасын    басқару
функцияларын ерекше тәсілмен жүзеге асырылуымен сипатталады.
        Мемлекеттік басқаруда әкімшілік және экономикалық  әдістер  маңызды
орын алады.
       Әкімшілік -  құқықтық  әдістер  -  бағынушылардың   басқаратындардың
еркіне бағынуымен  сипатталады,  яғни  "билік-бағыныштылық"  оларда  басқару
қызметінің биліктік табиғатын өте  айқын  көрсетеді.  Әкімшілік  -  құқықтық
әдістерді  пайдалану  басқару  субъектісінің  басқарылатындарға  тура  ықпал
етеді.  Бірақта басқарылатындарға әкімшілік әдісті пайдаланып ықпал  еткенде
басқарылатындардың   (бағынатындардың)  мүдделерін  есепке   алмау   дегенді
білдірмейді, керісіше ғылым  олардың мүдделерін  ескере  отырып  пайдалануды
ұсынады. Әкімшілік-құқықтық әдістер мемлекеттік қауіпсіздікті, ішкі  істерді
басқаруда ерекше орын алады.
 Атқарушы биліктің  басты міндеті - заңдардың  орындалуын  қамтамасыз  ету.
Бұл міндет  әртүрлі басқару  нысандарында  жүзеге асырылады.


 5.2. Басқару әдістерін топтастыру.
 Басқарудың құқықтық емес нысандарына мыналар жатады:
 а)  ұйымдық;
 б) материалды-техникалық әрекеттер.
 Ұйымдық әрекеттер мынадан көрініс табады:
 - заңнамалардың немесе өзге де актілердің мағынасын түсіндіру;
 - қызметкерлер мен лауазымды тұлғаларды аттестациядан  және  инструкциядан
өткізу;
 - басқару органдарының жұмысын  тексеру және қорытындылау;
 - төменгі басқару  органдарының  жетекшілерін қатыстыру арқылы  отырыстар,
мәжілістер өткізу , екі министрліктердің   алқаларын   біріккен  отырыстарын
және өзге де іс-шаралар өткізу.
 Материалды-техникалық әрекеттер мыналармен байланысты:
 а) органдардың және лауазымды тұлғалардың   жұмысын  қамтамасыз  ету  үшін
ақпараттық- анықтама  жүргізумен;
 б) іс қағаздарын  жүргізу  (хат  алысу,   құжаттарды  көбейту,  көшірмесін
дайындау, оларды сақтау);
 в) тіркеу - есепке алу  жұмыстарымен,   қабылданған шешімдердің  негізінде
 қажетті құжаттарды берумен (реестрге кіргізу,  тиісті нөмірін көрсету  және
т.б.).
 Әкімшілік - құқықтық әдістердің мынадай түрлерін атап көрсетуге болады:
  1) көрсетілу нысаны бойынша:
  а) әкімшілік -құқықтық - құқықтық нысандарда көрініс табатын;
   б)  әкімшілік  -  ұйымдық  -  басқару   субъектісінің   ұйымдастырушылық
әрекетінде көрініс табады;
  2) заңдық қасиеті бойынша:
  а) нормативті - нұсқаулар, бұйрықтар, бағынушылардың  қызметін  реттейтін
басқада актілер;
  б) жеке - нақты орындаушыға берілетін өкімдер;
   3)  басқару  субъектілерінің  мінез-құлықтарына   ықпал  ету   тәсілдері
бойынша:
  а) нақты әрекеттерді жасауға міндеттейтін әдістер;
  б) нақты әрекеттерді істеуге өкілеттілік беретін әдістер;
  в) әлеуметтік пайдалы әрекеттерді істеуді қолдайтын;
  г) қандайда болмасын әрекеттерді істеуге тиым салушы әдістер;
  4) бұйрықтың нысаны бойынша:
  а) императивті;
  б) тапсырушы;
 г) ұсыныстар.
        Әкімшілік әдістердің мазмұны:
   1)  мемлекеттік  басқару  сферасында  міндетті  мінез-құлық   ережелерін
белгілеу;
  2) нақты тапсырмаларды бекіту;
  3) лауазымға тағайындау;
  4) белгілі бір әрекетті жасауды ұйғару;
  5) белгілі бір әрекеттерді істеуге тиым салу;
  6) белгілі бір әрекеттерді істеуге рұқсат беру;
  7) қоғамдық қатынастарға қатысушылардың заңды мүдделерін қанағаттандыру;
  8) материалдық санкция қолдану;
  9) стандарттаржы белгілеу;
  10) тіркеу;
  11) бақылау мен қадағалау;
  12) материалдық және моралдық мадақтау;
  13) басқару қатынастарына қатысушылардың дауларын шешу;
  14) мемлекеттік тапсырыстарды дайындау;
  15) әкімшілік - мәжбүрлеу шараларын қолдану.
       Әкімшілік - құқықтық әдістерден  айырмашылығы  экономикалық  әдістер
басқару  объектілеріне  тура  емес,  жанама  ықпал  етеді,  өйткені  олардың
басқару ықпалы материалды  стимулдар  беру   арқылы,  қажетті  мінез-құлыққа
деге  ұмтылысын  тудыратын  экономикалық  жағдайларды  туғызу  арқылы  ықпал
етеді. Экономикалық әдістердің ішінде баға, табыс, кіріс, несие,  шаруашылық
есеп маңызды рөл атқарады.
        Әкімшілік және экономикалық әдістер  бір-бірімен  тығыз  байланысты
болып келеді.
     Басқарушы субъектілердің қызметін ұйымдастыру процесі - бұл  құрылымды
бөлімдерді  құру  және  олардың  орындауына  функцияларын    беру,    оларды
атқарушы билік  органдарының жүйесіне кіргізу болып  табылады.   Бір  сөзбен
айтқанда, атқарушы билік органдары  алдына  қойған  міндеттеріне  байланысты
және сәйкес нәтижелерге жету үшін өзінің аппаратын ұйымдастырады.
       Басқару   процесінде  нақты  сұрақтар  жеке   (министрлер,   комитет
төрағасы),  алқалы  (алқада,  ғылыми-әдістемелік   кеңесте)   немесе   ортақ
бірілесіп (2 немесе одан да көп министрліктердің, комитеттердің  қатысуымен)
шешіледі.
 Басқарудың әкімшілік - құқықтық нысаны – бұл атқарушы органның  (лауазымды
тұлғасының) өз құзырлығы шегінде  жүзеге  асырылатын  және  нақты  салдарлар
тудыратын, оның әрекетінің сырттай  көрсетілген   әрекеті.
 Мемлекеттік  басқарудың әкімшілік-құқықтық  нысандарының  мынадай  түрлері
болады:
 1) әрекетінің сипатына қарай:
 а) құқықтық;
 б) құқықтық емес;
 2) мақсаттылығына байланысты:
 а) ішкі - ішкі ұйымдастыру мәселелерін шешуге қолданылады;
 б)  сыртқы  -органның  міндеттері  мен  функцияларын  орындау   мақсатында
қолданылады;
 3) көрсетілу әдісіне қарай:
 а) ауызша және жазбаша;
 б) конклюдентті.
 Басқару қызметінің нысандарының ішінде ең көп тараған классификациясы  оны
құқықтық  және құқықтық емес деп бөлу.
 Құқықтық нысандар  нақты  айқындалған  құқықтық  салдарларға  әкеледі,  ал
құқықтық емес нысандар құқықтық салдарларға әкелмейді. Құқықтық  нысандарына
мыналар жатады:
 1)   нормативті-құқықтық   актілерді   дайындау   және   қабылдау   (құқық
шығармашылық депте атауға болады);
 2) жеке нормативті актілерді шығару (немесе құқық қолданушылық);
 3) әкімшілік-құқықтық шарттар жасасу;
 4) әкімшілік - іс жүргізушілік әрекеттер жасау;
 5) заңды мәні бар өзге де әрекеттерді жасау.
 Нормативті-құқықтық актілерді дайындау және шығару -  бұл  атқарушы  билік
органдарына  заңнамамен  ұйғарылған   және  тек  заңдардың   көмегімен  ғана
бұқаралық  мүдделерді  қамтамасыз  ету  мүмкін  болмағанда  әкімшілік  норма
шығармашылыққа  мұқтажыдығымен  байланыстырылған,  заңдарды   орындау   үшін
арналған  атқарушы  биліктің  қызметінің  негізгі  түрі.  Тек  осы  құқықтық
нысандарда  ғана  өктемік  өкілеттіліктер   айқын   көрініс   табады.мысалы,
Президенттің заңды күші бар жарлық немесе  өкімдер  шығаруы,  ҚР  Үкіметінің
қаулылар  мен өкімдер шығаруы.
 Жеке құқықтық (әкімшілік)  актілерді  шығару  -  бұл  көп  жағдайда  құқық
қолданушылық болып табылады, яғни құқық нормасын  адрестік  қолдану  бойынша
қызмет,  мысалы,   қоршаған   ортаны   ластайтын   кәсіпорындардға   айыппұл
санкцияларын салу;
 Әкімшілік келісімшарт жасасу - бұл  тараптарының  біреуіне  мемлекеттік  -
өкімді  өкілеттіліктер берілетін  келісімшарт, мысалы, контракт жасасу.
 Әкімшілік - іс жүргізшілік әрекеттерді жасау  -  бұл  қызмет  нақты  заңды
істерді  шешумен  байланысты  қызмет  және  іс   жүргізушілік   нормаларымен
толықтай реттелеген. Оның мынадай негізгі белгілі бар:
 1)  бұл  қызметте  өктемдік  өкілеттіліктер   жүзеге   асырылады.   Тиісті
қатынастарға  азаматтарда,  ұйымдарда  қатысады,  бірақ   бұл   қатынастарда
басымдылықт бұқаралық  билік органдарына беріледі, мысалы, тіркей,  пресс  -
конференция ұйымдастыру, дауыс беруді ұйымдастыру және т.б.
 2) іс жүргізушілік қызметтің нәтижесі  заңды істерді шешу,  мысалы,  заңды
мәні бар құжаттарды қабылдау, азаматтылық беру, санкция қолдану және т.б.
 3) іс жүргізушілік  қызмет іс  жүргізушілік  нормалармен   реттеледі;  бұл
нормаларда  процеске қатысушылар,  олардың құқықтары мен  міндеттері,  іс  -
әрекеттерді  істеу  тәртібі   мен    мерзімдері   анықталады,    құжаттарды,
шғымдарды рәсімдеу ережелері, шешімді орындау анықталады.
 Заңды мәні бар өзге де іс - әрекеттерді жасау - қандайда болмасын құқықтық
салдарларды  туғызатындығын білдіреді. Атқарушы  органдар   (немесе  олардың
лауазымды  тұлғалары)  әртүрлі  азаматтарға,  қоғамдық  бірлестіктерге  және
басқару  қатынастарының  өзге  де   қатысушыларына   нақты    іс-әрекеттерді
істеуге,  белгіленген  жағдайларда  міндетті  мемлекеттік  тіркеуді   жүзеге
асыруға, көлік құралдарын жүргізу  құқығына, қару - жарақ алу,  сақтау  және
пайдалану құқығына, аң немесе балық аулау құқығына және т.б.  куәлік  сияқты
 ресми құжаттарды беру. Осындай  әрекеттердің  және  олардың   салдарларының
заңды мәні бар екендігі сөзсіз, бірақ олар  аралық  көрініс  табады.  Арнайы
құқықтар  беру   қабылданып  қойған  құқықтық  актілердің  негізінде  жүзеге
асырылады.
 Өзіңе-өзі сұрақтар
 1.1. Басқару әдістер ұғымы.
 1.2. Басқару әдістерін топтастыру.
 6 АПТА
 Дәріс № 6.
 6 тақырып. Әкімшілік мәжбүрлеу түсінігі мен түрлері.


 Негізгі сұрақтары:


 6.1. Әкімшілік мәжбүрлеу түсінігі
 6.2. Әкімшілік мәжбүрлеу түрлері.


 6.1. Әкімшілік мәжбүрлеу түсінігі
 Әкімшілік мәжбүрлеу басқару әдісі ретінде адамдардың санасына және мінез –
құлықтарына психикалық, материалдық немесе физикалық ықпал етуді  білдіреді.
Мемлекеттік басқару сферасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және  қорғау
құралы, амал – тәсілі ретінде пайдаланылады, жазалау функциясын атқарады.
 Әкімшілік – мәжбүрлеудің белгілері:
 1) Заңның  негізінде  қолданылады.  Құқық  нормасымен  мыналар  реттеледі:
қандай шаралар, қандай  жағдайда,  қандай  тәртіпте,  кім  қолдануы  мүмкін.
Мәжбүрлеу шараларының айқын регламентациясы жеке басқа, тұрғын  жеріне  және
азаматтардың  жеке  меншігіне  қол  сұғылмаушылық  қағидаларын  сақтау  үшін
қажет;
 2) Юрисдикциялық (іс жүргізушілік),  құқық  қолданушылық  актілері  арқылы
жүзеге асырылады;
 3) Жеке тұлғаларға арналған, яғни әкімшілік – құқықтық  нормаларды  бұзған
нақты құқық субъектілерге ғана қолданылады;
 4)  Әкімшілік  мәжбүрлеуге  соттан  тыс  қолдану  тәртібі  тән.  Әкімшілік
мәжбүрлеу шараларын қолдану оларды сотқа бармай –ақ тікелей жүзеге  асыратын
тиісті атқарушы органдардың (лауазымды тұлғалардың)  құзырылығына  берілген.
ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік мәжбүрлеу шараларының  жекеленген  шараларын
соттар пайдаланады (аса қатаң әкімшілік жазаларға тартқанда);
 5) Ведомстволық шектеулері болмайтын  (жол  жүру  қауіпсіздігі  ережелері,
санитралық қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету)  мемлекеттік  басқару  сферасында
жалпыға  міндетті  мінез-құлық  ережелерін   қалыптастыратын   әкімшілік   –
құқықтық нормаларды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
      Негізгі белгілері:
 1) Мемлекеттік  басқару  сфераларында  қалыптасқан  қоғамдық  қатынастарды
қорғау  үшін  арналған  мемлекеттік  мәжүрлеудің  ерекше   түрі.   Әкімшілік
мәжбүрлеу шаралары мемлекеттік – биліктік сипатта болады.
 2) Әкімшілік мәжбүрлеуді қолдану негіздері болып, ереже бойынша, әкімшілік
құқық  бұзушылық  мазмұны  немесе  әкімшілік  мәжбүрлеу  шаралары   қандайда
болмасын  қауіпті  салдарлардың  туындауының   алдын   алу,   ескерту   үшін
пайдаланатын,  құқық  нормасында  көзделген  ерекше  жағдайлардың   (мысалы,
індет,  (эпидемия),  эпизоотия,  табиғи  апаттар  немесе  басқа  да   табиғи
апаттар) басталуы болып табылады.
 3) Оны  қолдану  қызметтік  бағынушылық  қатынастарымен  байланысты  емес.
Әкімшілік билік субъектісі мен құқық  бұзушы  бір  еңбек  ұжымының  мүшелері
болып табылмайды, құқық бұзушы қызмет бабы бойынша оған әкімшілік  мәжбүрлеу
шараларын  қолданатын  тұлғаға  бағынышты  болмайды.   Егер   тұлға   ұжымда
қызметтік – әскери, еңбектік немесе  өзге  де  мемлекеттік  тәртіпті  бұзған
жағдайда, оған тәртіптік мәжбүрлеу шаралары қолданылар еді.
 4) Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдануды  реттейтін  актілерді  көптеген
мемлекеттік  басқару  органдары  шығаруға  құқылы:   Парламент,   Президент,
Үкімет, маслихаттар, әкімшіліктер. Бірақ әкімшілік құқық бұзушылық  жасағаны
үшін  санкциялар  тек  заңдармен  немесе   заңды   күші   бар   Президенттің
жарлықтарымен белгіленеді.
 5) Әкімшілік мәжбүрлеуді  нормативті  –  құқықтық  актілермен  белгіленген
топтағы осыған өкілеттілігі бар органдар  мен  олардың  лауазымды  тұлғалары
ғана қолданады. Осындай органдардың толық тізімі  Қазақстан  Республикасының
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 17 тарауында берілген.
 6) Мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге шараларын (құқық бұзушылықтық,  азаматтық
іс  жүргізу)  қолданудың   іс   жүргізушілік   тәртіптерімен   салыстырғанда
әкімшілік мәжбүрлеу  шараларының  қолданудың  іс  жүргізушілік  тәртібі  өте
қарапайым,  күрделі  процедура  тән  емес.  Әкімшілік  мәжбүрлеу   шараларын
қолдану мәселелері іс  жүзінде  болған  мән  –  жайлардың  әдеттегі  дәлелді
жағдайында  шешіледі,  күрделі  дәлелдеу   материаклдарын   талап   етпейді,
сондықтан да күрделі іс жүргізушілік регламенттіде қажет етпейді.  Әкімшілік
– іс жүргізушілік әрекеттер  жеделдігімен,  салыстырмалы  қарапайымдылығымен
және үнемділігімен ерекшеленеді.
 Әкімшілік мәжбүрлеу – біртекті  ұғым  емес,  керісінше  құқықтық  тәртіпті
қорғау  мақсатында  өкілетті  құқық  қолданушы  субъектілермен  қолданылатын
мәжбүрлеу ықпал етудің әкімшілік – құқықтық амал – тәсілдердің,  құралдардың
жиынтығынан құралатын күрделі ұғым.  Әкімшілік  мәжбүрлеуді  қолдану  негізі
болып, ереже бойынша, әкімшілік құқық  бұзушылықты  жасау  немесе  әкімшілік
мәжбүрлеу шаралары қандайда болмасын қауіпті салдарлардың туындауының  алдын
алу үшін, ескерту  үшін  пайдаланатын,  құқық  нормасында  көзделген  ерекше
жағдайлардың (мысалы, індет, (эпидемия), эпизоотия,  табиғи  апаттар  немесе
басқа да  табиғи  апаттар)  басталуы  болып  табылады.  Әкімшілік  мәжбүрлеу
шараларының  кешені  алуан  түрлі.  Олардың  барлығын  мақсаттары   бойынша,
негіздері  бойынша  және  қолданылу  тәртібі  бойынша  бөлуге  болады,   осы
аталғандардың барлығы әкімшлік мәжбүрлеу шараларын  топтау  үшін  объективті
алғы  шарттар  болып   табылады.Қандайда   болмасын   шаралардың   мәжбүрлеу
жүйесіндегі орны ең алдымен, оның сәйкес  қоғамдық  қатынастарға  ықпал  ету
тәсіліне байланыстырлыған оның мақсатымен анықталады.
 6.2. Әкімшілік мәжбүрлеу түрлері.
 Әкімшілік мәжбүрлеу түрлері
 1) мақсатты міндеті бойынша:
 а) әкімшілік – мәжбүрлеу шаралары ( бақылау және қадағалау  үшін  тексеру,
құжаттарды тексеру, және заттарды  қарау,  транспорт  құралдарын  техникалық
қараудан өткізу және т.б.);
 б) Әкімшілік – бұлтартпау шаралары (құқыққа қайшы іс  –  әрекетті  тоқтату
талаптары, тұлғаны әкімшілік ұстау, қаруды және өзге  де  арнайы  құралдарды
қолдану және т.б.);
 в) Әкімшілік жауапкершілік шаралары (әкімшілік жазалар).
 Әкімшілік  мәжбүрлеу,  бұлтартпау  және  іс  жүргізушілік  қамтамасыз  ету
шаралары
 Әкімшілік мәжбүрлеу басқару әдісі ретінде адамдардың санасына және мінез –
құлықтарына психикалық, материалдық немесе физикалық ықпал етуді  білдіреді.
Мемлекеттік басқару сферасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және  қорғау
құралы, амал – тәсілі ретінде пайдаланылады,  жазалау  функциясын  атқарады.
Мемлекеттік мәжбүрлеу, бұл оның жекеленген түрлеріне белгілі  дифференциация
жасамайды.  Құқықпен  реттелетін  қоғамдық  қатынастардың  алуан   түрлілігі
оларды қорғау мақсатында мемлекеттік мәжбүрлеудің әртүрлі  түрлерін  қолдану
қажеттілігімен  байланыстырады.  Мәжбүрлеудің  осы  түрлері  бір-бірінен  өз
мазмұны  бойынша,  негіздері  бойынша,  жүзеге   асырылы   тәртібі   бойынша
ажыратылады.  Қалыптасқан  практика  бойынша  мемлекеттік   мәжбүрлеудің   4
негізгі  түрі  бар:  құқық  бұзушылықтық  –   құқықтық;   азаматтық-құқытық;
тәртіптік; әкімшілік-құқықтық.  Әкімшілік  мәжбүрлеу  –  бұл  құқыққа  қайшы
әрекеттерді тоқтату, әкімшілік теріс  қылықтар  үшін  жауапкершілікке  тарту
немесе  қоғамдық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  мақсатында   азаматтардың,
лауазымды   тұлғалардың   заңды    міндеттерін    орындауға    итермелейтін,
мәжбүрлеуден  тұратын  заңмен  белгіленген  шараларды  мемлекеттік   басқару
органдарының (соттардың, судьялардың),  сонымен  қатар  осындай  мемлекеттік
биліктік  өкілеттіліктерді  делегирлеген  жағдайда  –  қоғамдық   ұйымдардың
қолдануы.
 Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсаты мен  тәсіліне  байланысты  барлық
әкімшілік мәжбүрлеу шараларын үш топқабөлуге болады:
 1) Әкімшілік – ескерту шаралары - мемлекеттік  басқару  сферасында  мүмкін
болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу  мақсатында,  сонымен  қатар  табиғи
апат жағдайлары, авариялар, бақытсыз жағдайлар кезінде қоғамдық  қауіпсіздік
қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын мәжбүрлеу  шаралары.  Бұлар  көбінесе
құқық  бұзушылықтармен  байланысты  емес,  яғни  құқық  бұзушылық   болмаған
кездерде, азаматтардың денсаулықтары мен өмірлері үшін  төнген  қауіпті  жою
үшін пайдаланылады. Бұл шаралар айқын  көрсетілетін  ескерту,  алдын  –  алу
сипатта болады.  Олардың  мәжбүрлеушілік  сипаты  оларды  өкілетті  органдар
(лауазымды тұлғалармен) әкімшілік – құқықтық нормалардың шегінде  бұйырылған
әрекеттерді орындауға немесе  қандайда  болмасын  әрекеттерден  бас  тартуға
міндетті  екінші  тараптың  келісімінсіз   қолдануында   көрінеді.   Басқару
органдарының  (лауазымды  тұлғалардың)  әкімшілік  –  ескерту  (алдын   алу)
шараларын қолдану бойынша  өкілеттіліктері  заңдарда  немесе  заң  күшіндегі
әкімшілік –құқықтық нормаларда анық белгіленген, тіпті қай  субъекті  қандай
шараны қолданатындығына дейін нақты анықталған. Ереже бойынша бұл  бақылаушы
–  қадағалаушы  органдар  және  олардың  өкілдері  (полиция   қызметкерлері,
санитарлық  қадағалау  органдары,  кедендік  және  өзге  де  органдар).  Осы
облыста  халық  бақылаушылары  да  осындай  тиісті   өкілеттіліктер   көлемі
берілген.
 Әкімшілік – ескерту (алдын алу)  шаралары  алуан  түрлі.  Солардың  ішінде
анағұрлым кең тарағандары:
 - тұрғын үйлерге және қызметтік кеңселерге полиция қызметкерлерінің кіруі,
мысалы, төл құжаттық тәртіпті (режимді) сақтауларын тексеру үшін;
 - құқық бұзушылықтың алдын  алу  мақсатында  құжаттарды  тексеру,  мысалы,
жүргізушілерден  –  жүргізуші  куәлігін,  жолдама,  тауаркөліктік  құжаттар;
азаматтардан  –  жеке  басын  куәландыратын  құжаттар,  аңшылар  мен   балық
аулаушылардан - тиісті лицензияларын тексеру;  - мемлекеттік  шекара  арқылы
өткенде  контрабанданың  алдын  алу  мақсатында,  сонымен  қатар   азаматтық
авиация кемелерінде ұшу  кезінде  тиым  салынған  жүктерді  және  құралдарды
(мысалы, қару –жарақ, жарлығыш заттар,  тез  жанатын,  улы  заттар,  сонымен
қатар есірткілерді) табу мақсатында заттарды, қол жүктерін қарау,  сондай-ақ
жеке басын қарау;
 - көліктер мен жаяу адамдардың қозғалысын қозғалыс  қауіпсіздігіне  төнген
қауіп –қатерді төнген кезде тоқтату немесе шектеу,  мысалы,  табиғи  апаттар
кезінде, жол апаттарында,  жолдарды,  газ,  электр  және  басқада  желілерді
жөндегенде);
 - желіге техникалық бұзылған көліктерді шығаруға тиым салу;
 -  тұлғалардың  (мысалы,  тамақ  өнеркәсібі  мен  сауда  қызметкерлерінің)
денсаулық жағдайларын және кәсіпорындардың  (мысалы,  қоғамдық  тамақтандыру
кәсіпорындарының) санитарлық жағдайларын тексеруден өткізу;
 - эпидемия және эпизотиялар кезінде карантин енгізу (мысалы,  кіруге  және
шығуға тиым салу немесе шектеу);
 - бас бостандығын айыру орындарынан келген тұлғаларды әкімшілік қадағалау;

 - мүліктерді реквизициялау,  яғни  мүліктің  ақысын  төлеп  мәжбүрлеп  алу
(мысалы, әскери жағдай кезінде жеке көліктерді алу);
 2 ) Әкімшілік – бұлтартпау  шаралары  және  іс  жүргізуді  қамтамасыз  ету
шаралары мәжбүрлі  түрде  құқыққа  қайшы  әрекеттерді  тоқтату  (кесу)  және
олардың зиянды салдарларын жою кезінде қолданылады. Бұл  шаралар  да  кінәлі
тұлғаларды жауапкершілікке тартуды қамтамасыз етеді және полиция  органдары,
мемлекеттік  инспекторлар  және  кейбір  жағдайларда   халық   бақылаушылары
(народные дружинники) қолданады. Әкімшілік бұлтартпау  шараларына  мыналарды
жатқызуға болады:
 - әкімшілік ұстау, яғни тұлғаның физикалық бостандығын қысқа уақыт  ішінде
шектеу. әкімшілік құқық бұзушылықтарды тоқтату, хаттама  толтыру,  әкімшілік
істерді өз уақытында қарауды  қамтамасыз  ету  мақсатында  қолданылады.  Бұл
шараны көбінесе полиция қызметкерлері қолданады;
 - кәсіпорындардың жұмыстарын тоқтату, мысалы, еңбекті  қорғау  ережелерін,
техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған жағдайда;
 - техникалық жағдайы қауіпсіз жол қозғалысына  қауіп  төндіретін  жағдайда
ақауы бар автокөліктерді пайдалануға тиым салу;
 - егерде оларды иемденуге рұқсаты болмаса,  қандайда  болмасын  ережелерді
бұзушы тұлғалардан мүліктерін алу (суық қаруды, мөрлерді, штамптарды);
 - қалпына келтіру  сипатындағы  мәжбүрлеу  шаралары  (мысалы,  өз  бетімен
тұрғызған  құрылыстарды  бұзу,  өз  бетімен  тұрғын  үйге  кіріп  алғандарды
әкімшілік шығару);
 - полиция қызметкерлерінің қаруды қолдануы, мысалы, шабуылдан  азаматтарды
қорғауда, кепілге  алғандарды  босатқанда,  полиция  қызметкерлеріне  шабуыл
көрсеткенде;
 - қоғамдық тәртіпті әдейі бұзушыларға  самбоның,  еркін  күрестің,  әскери
күрес әдістерін қолдану, рәзіңке таяқшаларды пайдалану,  кісен  салу  арқылы
тікелей физикалық ықпал ету;
 - өкілетті органдардың  (лауазымды  тұлғалардың)  қоғамға  жат  қылықтарды
тоқтату талабы.
 Әкімшілік – ескерту шаралары да (құқық бұзушылықтардың алдын алу),  сондай
–  ақ   әкімшілік   бұлтартпау   шаралары   да   (жасалынып   жатқан   құқық
бұзушылықтарды тоқтату), ереже  бойынша,  кінәлі  тұлғаларды  олардың  құқық
бұзушылық  жасағаны  үшін  жазалауға  дейін  қолданылады,   яғни   әкімшілік
жауапкершілік шараларын қолданудың алғы шарты болып табылады.  Іс  жүргізуді
қамтамасыз ету шаралары, мысалы, жеке басын тінту, қарау, тексеру,  заттарды
тінту, тексеру, қарау, заттар мен құжаттарды  алу,  әкімшілік  істерді  шешу
тәртібі заңдылықты нығайтуға ықпал  етеді,  заңнамада  белгіленген  шектерде
және тәртіпте қарастырылған жағдайда ғана қолданылады.
 3) Әкімшілік жазалау шаралары, мысалы, айыппұл салу,  тәркілеу,  әкімшілік
қамау  -  заңды  жауапкершілік  шараларын   білдіреді   және   нақты   құқық
бұзушылықтарды істегенде қолданылады. Әкімшілік  мәжбүрлеу  шараларының  бұл
тобы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны  заңдылықты  сақтау,  адамзат
тұрмыс – тіршілігінің ережелерін құрметтеу және құқық  бұзушылардың  өзерін,
сондай-ақ  басқа  да  тұлғалардың  жаңа  құқық  бұзушылықтарды  жасамауларын
ескерту рухында тәрбиелеу мақсатында қолданылады.
 Өзіңе-өзі сұрақтар
 1.1.Әкімшілік мәжбүрлеу түсінігі
 1.2. Әкімшілік мәжбүрлеу түрлері.
 7 АПТА
 Дәріс №7.
 7 тақырып. Әкімшілік бұлтартпау шаралары.


 Негізгі сұрақтары:
 7.1. Әкімшілік бұлтартпау шаралар түсінігі.
 7.2. Әкімшілік бұлтартпау шараларынің жіктелуі.


 7.1. Әкімшілік бұлтартпау шаралар түсінігі.
 Құқықтық мәжбүрлеу дегеніміз - заңды  норма  негізінде  қолданылатын  және
мемлекеттік билік белгілеуіндегі мемлекеттік іс-әрекет әдісі.
     Мәжбүрлеу деп - белгілі  объективтік  физикалық  немесе  психологиялық
жағынан әсер етуді  айтады.  Мәжбүрлеуді  өкілеттілердің  құқық  бұзушылыққа
қарсы санкциялар мен құқықтық нормаларда көрсетілген  шараларды  мемлекеттік
органдарға, лауазымды тұлғалар мен қауым құрамындағы  субъектілердің  санасы
мен  мінез-құлқына  процессуалдық  тәртіп  бойынша  әсер  ету  арқылы   іске
асырады.
     Мәжбүрлеуді қолдану туралы  мәселе  өте  даулы.  Кейбір  ғалымдар  (С.
Алексеев) мемлекеттік  мәжбүрлеу  саласында  әкімшілік  бұлтартпау  шаралары
өмір сүрмейді десе, екіншілері (Н.С. Самощенко, М. X.  Фарукшин)  -  олардың
маңызды  орны   бар   және   олар   санкциямен   емес,   құқықтық   нормалар
диспозициясымен қарастырылады деп пайымдаған. Сонымен  қатар,  процессуалдық
мәжбүрлеуді мінез-құлықтың  заңды  негізі  деп  қарастыруға  болмайды  деген
пікір де бар. Кейбір заңгерлер бұлтарпау  шараларын  санкциямен  ұштастырып,
құқықтық  қатынастардағы  ерекше  маңыздылығын  ашып   көрсетеді.   (Б.   Т.
Базылов,С. Н. Кожевников).
     Бұлтарпау әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеудің бір формасы ретінде бірқатар
белгілерге ие.  Бұл  жерде  әкімшілік  жаза  мен  мәжбүрлеудің  жазаламайтын
құралдарының айырмашылық шекарасын  айыра  білу  керек.  Бұлтарпау  шаралары
құқықтық нормалардың бұзылмауы үшін, заң  бұзушылықтын  келеңсіз  салдарынан
алдын-алудың жолын кесу және ескерту үшін  және  кінәлілерді  міндеткерлікке
тарту шараларын ұйымдастыру үшін қажет.  Әкімшілік  бұлтарпаудың  мақсаты  -
бұзақының еркін емес,  оның  теріс,  заңға  қайшы  іс-әрекеттерін  тоқтатуды
ескерту. Бұл шаралардың көлемі, уақыты түрақты  айқындалмаған  және  құқыққа
қарсы  әрекеттілігін  қолданады.  Әкімшілік   міндеткерліктен   жазаламайтын
құралдардың айырмашылығы – мәжбүрлеу тек қана субъектілерге емес  (әкімшілік
ұстау,  тікелей  ;істің  жолын  кесу  шараларын  қолдану),  сонымен   қатар,
материалды заттарғада (мүлікті пайдалануға тыйым салу, өз  бетімен  салынған
құрылыстарды бұзу) ұлғаға  қатыссыз  бағытталады.  Заттың  бағытының  мінез-
құлқына айланысты  бұл  тарпау  шаралары  табиғи  бостандық  шектеулері  мен
мүліктік құқықтары көлемінде болуы мүмкін.  Табиғи  тандық  шектеулерін  шын
мәнісінде, айыпты тұлғаға мәжбүрлеу шараларын қолданудан көруге болады.
     Мүліктік тұрпаттағы бұлтартпау шаралары,  көбінесе,  мүлікке  жасалған
құқыққа қарсы зардапты  алғашқы  қалпына  келтіру  үшін  қолданылады.  Жалпы
теориялық әдебиеттерде тыйым  салушы  шаралар  мен  процессуалдық-қамтамасыз
ету  функциясындағы  тиым  салушылық  арасында  шектеу  шекараларын   айырып
көрсетуді талап етеді.
     Қол  сұғу  іс-әрекеті  кейбір  заңдар  мен  заңға  тәуелді  актілермен
түсіндіріледі. Құқық  нормалары  функционалды  тағайындалуына  байланысты  -
материалды және процессуалды болып бөлінеді. Ал осыған байланысты тиым  салу
шаралары - жалпы, арнайы және процессуалды деп жіктеледі.
     7.2. Әкімшілік бұлтартпау шараларынің жіктелуі.
         Жалпы бұлтарпау  шаралары  -азаматтарға  қолданылады,  себебі  бұл
шаралар  субъектінің  құқыққа  қайшы  іс-әрекеттеріне  шектеу   қоюда   жеке
тұлғаның еркіне құқықтық шектеу қояды.
  Мұндай шараларға:
 а)   күшпен әсер ету  кұралдары  (қоян-қолтық  күрес  әдістері,  қызметтік
арнайы жануарлардың қолданылуы);
 б)   арнайы  құрал-жабдықтардың  қолданылуы  (дубинка,  кісен,  брондалған
машиналар, т. б.);
 в)   атыс каруының колданылуы.
     Процессуалды бүлтарпау шараларына -  жеткізу,  ұстау,  жеке  тексеріс,
заттарды  тексеру,  құжаттар  мен   мүлікті   тәркілеу,   көлік   құралдарын
пайдаланудан босату жатады. Аталмыш бұлтартпа  шараларын  қолдану  барысында
заңдылық, мақсатқа лайықтылық және зиянды мүмкіндігінше  аз  келтіру  сияқты
қағидаларды ұстанған жөн.
     Әкімшілік ұстау - әкімшілік құқық бұзушылық  жасаған  азаматтың  еркін
әрекетіне қысқа мерзімде шек қою. Әкімшілік ұстау құқық бұзушылықтың  алдын-
алу шарасы ретінде қолданылады. Ол құқық бұзушы тулғаны айқындау,  әкімшілік
құқық бұзушылық туралы хаттама жүргізу, құқық бұзушы  тұлғаны  құқық  қорғау
органдарына  тапсыру  және  әкімшілік  жауапкершілікке  тарту  мақсаттарында
пайдаланылады.  Әкімшілік  ұстау  жауапкершілігінен  депутаттар,   судьялар,
прокурорлар,  шетел  азаматтары  және  дипломатия  саласындағы  қызметкерлер
босатылады. Әкімшілік ұстау әкімшілік құқық бұзушылықты  тоқтату  мақсатында
жургізіледі және құқық бұзушыны хаттама  жазу  әкелгеннен  бастап,  3  сағат
өткеннен кейін оны ұстап отыруға құқығы жоқ, яғни, ол босатылады.
      Тек  қана  ерекше  жағдайда  Қазақстан   Республикасынын   заңнамалық
келісімдеріне байланысты  бұл  уақыт  өзгеруі  мумкін.  Бұл  жағдайлар  мына
түлғаларға қатысты:
 - шекаралық тәртіпті немесе мемлекеттік шекарадан өту пунктіндегі тәртіпті
бұзушы. Бұнда құқық бұзушыны хаттама толтыруға әкелгеннен бастап  3  сағатка
дейін  ұстайды;  ал  тұлғаның  азаматтығы  мен  құқық  бұзушылық   дәрежесін
анықтауға байланысты прокурорға 24 сағаттың ішінде  жазбаша  түрде  баяндама
жасағаннан кейін 3 күнге дейін ұстауға  немесе  егер  құқық  бұзушының  ата-
тегін   пәлелдейтін   куәлік-құжаттары   болмаған    жағдайда    прокурордың
санкциясымен 10 күнге дейін ұсталынады;
 -     белгілі  бір  аймаққа  коменданттық  сағаттың  енгізілуі   барысында
тәртіпті бұзған азаматтар. Бұл кезде  полиция,  не  әскери  патруль  ұстаған
құқық бұзушыны 3 күн емес, коменданттық сағат біткенше ұстауға құқылы;
 -    ұсак бұзақылық  істеген  және  жиналыс,  митинг,  көше  шерулері  мен
демонстрациялардың өткізілу ережелерін бұзғандар. Бұлар қозғалған  істі  сот
қарағанға дейін әкімшілік  ұстау  шарасын  жүзеге  асыруға  болады.  Сонымен
қатар, автокөлік жүргізушілердің көлікке мас күйінде отыруы да  ерекше  атап
көрсетіледі.  Рөлдегі  адамның   алкагольдік   ішімдік   ішкендігінен   -жол
ережелерінің бұзылуы, жол-  көлік  оқиғаларының  болуы,  азаматгардың  көлік
айдаушысы мас, не есірткі заттарын қолданғандығы  туралы  хабар  беруі  және
көлік қозғаласының күдік туғызуы, т. б. жағдайлар себеп бола алады.
     Ішкі істер органдары мына жағдайларда әкімшілік ұстау жауапкершілігіне
тартады: ұсақ бұзақылык  істегенде,-  заңды  өкімдерге  қатал  бағынбағанда,
спиртті  ішімдіктер   ішіп,   қоғамға   қауіп   төндіргенде,   жезөкшелікпен
айналысатын түлғаның мас күйінде  адамның  ар-ожданына,  намысына,  коғамдық
ізгілікке қорлау жасағанда және т.б.
     Мүлікті алып қою әкімшілік тәртіп бойынша, заңға қайшы мүліктерді алып
қоюға  байланысты  затқа  қатысты   іс-әрекет.   Заңға   қайшы   мүлікке   -
заңсыз.түрде сатып алынған атыс қару; жол ережелерін бұзуда көлік  және  оны
пайдалануға қатысты заңсыз құжаттар; заң тыйым салған мекенде  аңдар  аулау,
балық аулау т. б. жатады.
     Егер де құқық қорғау органдарына белгілі  бір  объект  немесе  мысалы,
азаматтар тасымалдайтын ұшақтардың  жолаушылары  жарылғыш  зат,  қару-жарақ,
әскери ок-дәрі, уландырғыш,  радиоактивті  заттар  тасымалдауы  мүмкіндігіне
күдік болса, онда заттарға,  қол  сөмкелері  мен  жүктерге  заттық  тексеріс
қойылады,  ал   кейде   жолаушылардың   өздеріне   де   жеке   тексеріс   те
ұйымдастырылуы үмкін. Тексеріс аэропортта немесе  полиция,  кеден  органдары
мен шекаралық әскердің қатысуымен әуе кемесінде  жүргізіледі.  Зат  ексерісі
мүлікті иеленуші адамның қатысуымен өтеді. Жеке тексеріс жынысы бір  адамдар
арасында өткізіледі.
     Әкімшілік құқық бұзушылық немесе  әкімшілік  ұстау  жазу  не  болмаса,
тексеріс  туралы  жалпы  хаттама  жазылады.  Ұстау  және  тексеріс   кезінде
табылған   заңға   қайшы   құжаттар   мен   заттар   әкімшілік   алып    қою
жауапкершілігіне тартылады.
     Заттар мен құжаттардың алынуы жүргізіледі:
 а) Ішкі істер органдарымен - атыс қаруынын заңға  қайшы  жолмен  алу  және
пайдалануы; жол ережелерін заңсыз құжатты көлікпен  бұзу; пайдалануға  тыйым
салынатын жерлерде аңшылықпен айналысу (балық аулау);
 б) кеден органдарында - шекара арқылы контрабандалық заттардың өтуі;
 с)   шекара қорғау органдарында - шекаралық  тәртіп  ережесін  сақтамайтын
теңіз және өзен-көл жолдарымен заңсыз құжатпен өту;
 д) балық қорғау органдарында - жүзу мен  басқа  көлік  құралдарының  балық
аулау ережелерін сақтамауы;
 е) аңшылық шаруашылығы органдарында - аң аулау қарулары  мен  құралдарының
аң аулағанда заңсыз қолданылуы.
     Алып қойылған заттар мен құжаттар қаралып жатқан  істің  соңына  дейін
арнайы мемлекеттік  орган  қарамағында  болады.  Істің  шешіміне  байланысты
алынған мүлік  тәркіленеді,  жүк  иесіне  қайтарылады  немесе  жойылады,  ал
заттарды ақылы алған  жағдайда,  оларды  өткізеді,  Зат  не  құжат  адынғаны
туралы жеке,  өз  алдына  хаттама  жасалады,  не  болмаса,  әкімшілік  құқық
бұзушылық  туралы  жазба  хаттамада   баяндалады.   Қазақстан   Республикасы
Конституциясының  6-бабы  бойынша  жеке  меншік   қорғауға   алынған.   Жеке
меншіктің заңды күшін тек қана сот шешімі жоя алады.
     Заңсыз әрекеттердің нәтижелерін тарату дегеніміз  -  алғашқы  жағдайды
қалпына келтіруші құрал болып табылады.
     Уақытша қызметтен  босату  денсаулығы  басқа  адамдарға  жұқпалы  ауру
қаупін  туғызатын  тұлғаларға  қатысты  әкімшілік  бұлтартпаудың  бірден-бір
құралы ретінде қолданылады.
     Сауда және  қоғамдық  тамақтану  орындарындағы  қызметкерлер  міндетті
түрде дәрігерлік тексерістен  өткізілуі  тиіс.  Алты  айда  бір  рет  өтетін
дәрігерлікте  тексерістен  қызметкердің  санитарлық  кітапшасыңда   жазбалар
жүргізіп  отырады.  Уақытында  дәрігерлік  тексерістен   өтпеген   азаматтар
жұмысқа жіберілмейді.
     Заңға қайшы әрекеттердің бұдан да бірнеше  мәрте  қайталануы,  полиция
қызметкерінің  өкімдері  мен  талаптарын  қайталауы  немесе   құқық   қоргау
органдарының мәдениетсіздігі, қоғамдык  тәртіпті  сақтамау  және  өзін  ерсі
ұстауы,  полиция  қызметкеріне  бағынбауы  заңды   өкімдер   мен   әкімшілік
заңнамадағы екімдерде көрсетілген жауапқа тартылады.
     Бас  бостандығынан  айыру  орындарынан  шыққан  азаматтарға  әкімшілік
қадағалау - бұл шараны ішкі  істер  органдары  жоғарыда  аталған  адамдардың
тәртібін,  олардың  тарапынан  шиеленістің  алдын  алып  ескертіп   отырады.
Құқықтық қағидалардың негізіне ішкі  істер  органдарының  бас  бостандығынан
айыру орындарынан шыққан азаматтарды  әкімшілік  қадағалау  туралы  ережесін
жатқызуға болады.
 Әкімшілік қадағалау мына жағдайларға қатысты орнатылады:
 а)   сот шешімімен рецидивистер деп танылғандар;
 б)   аса ауыр құқық бұзушылықкерлер мен екі не одан да көп қасақана  құқық
бұзушылық жасағандар.
     Әкімшілік қадағалау мерзімі 6 айдан 1 жылға дейінгі аралықты  қамтиды.
Кей жағдайларда мерзім тағы да 6 айға созылуы  мүмкін.  Әкімшілік  қадағалау
тоқтатылады:
 а)   қадағалау- мерзімінің аяқталуына байланысты;
 б)   қадағалауға алынған азамат тұрмыста-да, еңбек  етуде  де  белсенділік
танытып, мерзімінен бұрын босаса
 в)   сот шешімі бойынша қадағалауға алынған азаматтан әкімшілік  қадағалау
алынып тасталған жағдайда.
     Әкімшілік қадағалаудың тоқтағаны жайлы ішкі  істер  бөлімінің  басшысы
жариялайды. Әкімшілік қадағалауды тоқтату  туралы  ұсынысты  прокурор  заңды
негізсіз деп тапса, онда ол қабылданбайды.
     Қадағалауға алынған тұлғаның міндеттері
 а)   ішкі істер органдары  шақырған  уақытта  келіп,  әкімшілік  қадағалау
ережелерінің орындалу сипаты жайлы ауызша  және  жазбаша  түрде  түсініктеме
беру;
 б)    қызмет  бабына  байланысты   жергілікті   тұрып   жатқан   мекенінің
өзгергенін, бір ауданнан екінші ауданға көшкендігін полиция  қызметкерлеріне
мерзімді жеткізіп тұру;
 в)   жергілікті ішкі істер органдарында, басқа  елді  мекенге  бір  куннен
артық уақытқа кеткен жағдайда, хабардар етіп, тіркеуге тұру.
     Сонымен қатар, аталмыш міндеттерге  ҚОСР  жеке  де  шектеулер  қойылуы
мүмкін:
 а)   белгілі бір уақыттан кейін үйден (пәтер) шығуға тиым салу;
 б)   ауданның белгілі бір жерлерінде болуға тиым салу;
 в)   аудан (қала) шегінен шығуға  мулдем  тиым  салу  немесе  белгілі  бір
уақытқа дейін кетуге шектеу қою;
 г)   бір айдан төрт ай мерзімінде келіп, полицияға тіркеуден өтіп тұру.
     Көрсетілген міндеттер мен шектеулер толық не  жартылай  көлемде  жанұя
жағдайына, қызмет ету орнына, т.б. жағдайына баиланысты қолданылуы мүмкін.
     Арнайы құралдар мен қару-жарақтарды пайдалану тек қана әкімшілік билік
субъектілеріне   ғана   рұқсат   берілген.   Олардың   қолданылуының   құқық
бұзушылықтық істің қозғалуына тікелей қатысы жоқ.
     Арнайы құралдар мен  қару-жарақты  пайдалану  тәртібі,  негізі,мақсаты
туралы 1992  жылдың  23  маусымындағы  «Қазақстан  Республикасы  Ішкі  Істер
органдары  туралы»  Заңында  толық  талқыланған.  Арнайы  кұралдар  қоғамдық
тәртіп бұзушылық,топтық бұзақылықтар күштеу сипатына ие  болғанда;  ғимарат,
ескерткіш, мәдени құнды объектілерге  зиянды  қарақшылық  немесе  мемлекетке
қарасты  жол  көліктеріне  қатер  төндірушілерге  қарсы  бүлтартпау   шарасы
қолданылады.
     Арнайы құралдар мен қару-жарақты пайдаланудағы мақсат қоғамдық қауіпті
әрекеттердің алдын алу және азаматтардың  заңды  мүдделері,  құқықтары  және
конституциялық еркіндігіне қол сұғушылыққа жол бермеу.
     Арнайы құралдарға  кісен,  байлау,  самбо  әдістері,  қызметке  иісшіл
иттерді пайдалану, дубинка, көзден жас ағызатын газ, т.б. жатады.
      Құқық  бұзушылықтың  бұлтартпау  шарасы  деп   -   қару-жарақтар   да
есептеледі; оны заңда негізделгендей тек қана ішкі істер қызметкерлері  ғана
пайдаланады.
     Қару-жарақты пайдаланудың мынадай түрлері бар;
 1.   Адамға бағытталмаған:
 а) жануарлардың шабуылынан азаматтардың қорғануы;
 б)бұлтартпау мақсатында (жол  көлігінің  техникалық  ахауларға  байланысты
дабыл белгісін беру немесе комекке  шақыру;  көлік  жүргізушісі  ішкі  істер
органдарының ескертулерін  тыңдамай,  азаматтардың  денсаулығы  мен  өміріне
қауіп төндіретіндей шаралар).
 2.   Адамдарға бағытталған:
 а)   азаматтарды құқық бұзушылықтық қастандық әрекеттен қорғау мақсатында;
ішкі істер органдары  мен  басқа  да  қоғамдық  тәртіпті  реттеуші  органдар
қызметкерлерінің жеке басына, жан-ұясына қауіп  төндіргендерге  қарсы;  ішкі
істер  органдарының  арнайы  қорғауындағы  объектілер,  мемлекеттік   мекеме
орындары,  үйымдарға  қауіп  төндірушілерге  қарсы;  ішкі  істер   органдары
қатарындағы   әскерилерге   қарсы   іс-әрекет    ұйымдастырушыларға    қарсы
бағытталады;
 б)   аса қажеттілік жағдайларда  (аманаттағы  немесе  кепілдіктегі  адамды
босату  аса  ауыр  құқық  бұзушылық  барысында  құқық  қорғау   органдарының
шараларына мойынсұңбау;  әкімшілік  тұтқындаудағы  түлғалардан  басқаларының
күзеттен қашу әрекетін  жасауы),  сонымен  қатар  заңды  түрде  қару-жарақты
тапсырудан бас. Тартатын түлғалардың тұтқындалуы да жатады.
     Ішкі істер қызметкерлері кез келген қауіп  төндіруші  адамдарға,  оның
әрекеттілігіне,   жасына,    азаматтығына,    дипломатиялық    иммунитетіне,
қызметіне, әлеуметтік жағдайына  және  т.б.  қасиеттеріне  қарамастан  қару-
жарақты қолдануға құқылы. Заң қару-жарақты әйелдер  мен  кәмелетке  толмаған
жас өспірімдерге қолдануға тиым салады.
     Жалпы қару-жарақты көшеде, елді мекенде, көлік ішінде, жарылғыш,  отқа
қауіпті қоймаларда қолдануға болмайды. Ал  егер  де  оқ  атушы  өзінің  жан-
жағындағыларға ешқандай зиян тигізбейтіндігіне сенімді  болса,  пайдалануына
болады. Полиция қызметкері жаралы  адамға  дер  кезінде  бірінші  дәрігерлік
жедел жәрдем көрсете білуі қажет. Жараланған тұлға туралы ең алдымен
 Дәрігерлік көмек сұрау  үшін  кезекші  органға  телефон  салады,  ал  өлім
үстінде жатса, онда окиға болған жерді прокурор келгенше басқа  азаматтардың
тәртіп бұзушылығынан және т.б. заңға қайшы іс-әрекеттерден сақтауы керек.
     Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1995 жылы 17  наурызда
«кейбір өзгерістер мен  толықтырулар  енгізу  туралы  заңнамалық  актілерге»
байланысты, «Қазақстан Республикасының Ішкі Істер органдары туралы»  заңында
қару-жарақты пайдаланатынын ескертпей-ак  қолдана  береді  деген  өзгерістер
енгізілген болатын.
      Шектеулер  тек  субъективтік  ғана  емес,  сонымен  қатар  объективті
белгілеріне  байланысты  да  қойылады.  Заң   барлық   азаматтарға   олардың
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барлық ішкі істер органдарын міндеттейді.
     Полиция қызметкерлері  кәсіби  әрекетіндегі  заңдылық  қағидалары  мен
кәсібилігімен қатар, зиянның минимальды қағидасы да ескерілуі қажет. Сондай-
ак, заңда қосымша заңдылық кепілдігін  тағайындайды.  Полиция  қызметкерлері
қару-жарақты  пайдаланғаннан  кейін  24  сағаттың  ішінде   полиция   бөлімі
басшысына рапорт жазып беруі тиіс. Полиция  бөлімінің  басшысы  мұнан  кейін
қарудың пайдалану  ережелері  бойынша  қызметтік  тексеріс  жүргізеді.  Қару
қолдану нәтижесінде адам өлімі, не  жаралану  сияқты  жағдайлармен  прокурор
хабардар болып отыруы тиіс.
     Мәжбүрлеп емдеу. Мәжбүрлеп  емдеу  бүлтартпаудың  бір  шарасы  ретінде
біршама қысқарды деп айтуымызға болады.
 Дәрігерлік  сипаттағы    мәжбүрлеу   шаралары   маскүнемдік,   нашақорлық,
токсикамание ауруларын  Құқық  бұзушылықтық  кодексте  көрсетілген  баптарға
байланысты қолданатын болды. 1995 жылғы
 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан
 Республикасының заңнамалық актілеріне кейбір өзгерістер  мен  толықтырулар
енгізу  туралы»  Жарлығына  сәйкес  әкімшілік  құқық   бұзушылық   Кодексіне
бірқатар  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізді:  маскүнем,  нашақор   және
таксикоманияға  шалдыққан,  өз  еркімен  емделуден  бас   тартқан   тұлғаның
әкімшілік теріс қылық жасағаны  үшін  сот  әкімшілік  жазамен  қоса,  арнайы
денсаулық сақтау оранына мәжбүрлеп емдеу шарасын да олданады.
     Қазақстан  Республикасының  Ішкі  Істер  органдары  туралы  заңына  да
өзгерістер енген. Осыған сәйкес, ішкі істер органдары нашақорлық,  маскүнем,
таксикомания, психикалык тежелген және басқа азаматтардың жеке  құқықтарына,
қоғамдық  тәртіпке  нұқсан,  зиян  келтіруші  тұлғаларды   мәжбүрлеп   емдеу
шарасымен денсаулық сақтау органдарына хабарлап, жіберіп  отыруға  міндетті.
«Қазақстан  Республикасы  халқының  денсаулығын   сақтау   туралы»   заңының
езгерістері   мен   толықтыруына   байланысты   маскүнем,   нашақор,   басқа
азаматтардың құқықтарын шектеп, қоғамдық тәртіпті бұзушы  тұлғаларды  арнайы
денсаулық сақтау органдарына мәжбүрлеп емдеуге жіберуге тиісті.
      1995  жылдың  7  сәуіріндегі  Қазақстан  Республикасы   Президентінің
«Маскүнем,  нашақорлық,  таксикомания»   Жарлығы   бойынша   арнайы   емдеу-
профилактикалық  мекемелердегі  стационарлық  емдеу  бөлімдерінде  мәжбүрлеп
емдеу регламенті болады және емделу  барысында  еңбекпен,  не  кәсіптің  бір
түрімен айналысуы мүмкін.
          Әкімшілік  алдын  алу  шаралары.  Әкімшілік  алдын  алу  шаралары
мақсатқа  жетудегі  профилактикалық  сипаттағы  шараларға  толы  және   олар
қоғамға зиянды, қауіпті  жағдайлардың  алдын  алуға  бағытталған.  Әкімшілік
алдын алу шараларына құқық бұзушылық негіз болмайды, оған ерекше  заңнамалық
орнатылған шаралардың орындалмауы негіз  бола  алады.  Әкімшілік  алдын  алу
шараларына мыналар жатады:
 -  бас  бостандығынан  айыру  жерлерінен  шыққан   азаматтарға   әкімшілік
қадағалау;
 - кедендік тексеріс;
 - азаматтық авиация мен басқа да көлік жолаушыларына арнайы тексеріс;
 - жүйке жүйесі ауруларымен  ауыратын  азаматтардан  қару-жарақ  құралдарын
алып кою;
 -  құжаттар  тексерісі  (автокөлік   жүргізушілерінің   паспорттық   режим
негізіндегі құжаттары, шекаралық күзетте, т. б.);
 - сапар алдында автокөлік пен оның жүргізушісін куәландыру;
 - денсаулыққа қауіпті жұқпалы ауру тараған  аудан  шекарасынан  әрі  қарай
өткізбеу немесе шекараны жабу;
 - жөнделіп жатқан көлік жүру жолына көлік өткізбеу;
 - сапасыз азық-түліктерді жою;
 - суды пайдалану құқығын шектеу және т.б.
     Әкімшілік алдын алу шаралары көбінесе әкімшілік шектеу немесе  белгілі
бір  ұйым  не  азаматтар  категориясына  байланысты  әкімшілік  әрекеттердің
қолданылуы арқылы жүзеге асады.
     Алдын алудың  іс  жүргізушілік  шараларына  мыналар  жатады:  жеткізу,
ұстау, тұла-бойын қарау, заттарын қарау, заттарын және құжаттарын алып  қою,
көлік  құралдарын  басқарудан  шеттету.  Алдын  алу  шараларын   қолданғанда
заңдылық қағидасы қатаң сақталуы тиіс.
      Жеткізу-заң  бойынша  теріс  қылық  жасаған  адам  мына   жағдайларда
жеткізіледі:
 1.   құқық бұзылған жерде хаттама жасау мүмкін болмай, бірақ хаттама жасау
міндетті болған жағдайда - әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  хаттама  жасау
үшін полиция қызметкері жеткізеді;
 2. құқық бұзушыны, егер оның жеке басын куәлендіретін құжаты болмаса не ол
жайында қажетті деректер бере алатын куйгер  болмаса,  өкілеттігі  бар  адам
оны полицияға жеткізеді;
 3. орман және аң аулау ережелерін,  сонымен  қатар  балық  аулау  тәртібін
бұзған  жағдайда  хаттама  жасау  мақсатында,  егер  құқық   бұзушының   кім
екендігін сол жерде анықтау мүмкін болмаса, оны  жеткізуді  сол  ережелердің
сақталуын қамтамасыз ететін өкілетті адамдар жүзеге асырады;
 - күзет қызметкерлері  сол  күзет  объектілеріне  қатысты  құқық  бұзылган
жағдайда, оның  кім  екендігін  аныктау  және  хаттама  жасау  үшін  псшиция
орындарына жеткізеді.
     Әкімшілік ұстау  -  әкімшілік  құқық  бұзушылықты  жасаған  адамдардың
белгілі бір әрекеттер жасауына сонымен қатар  жүріп-тұру  құқығын  мәжбүрлеп
қысқа уақытқа шектеу. Әкімшілік ұстаудағы басты  мақсат  -  құқық  бұзушының
кім екендігін  анықтау,  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  хаттама  жасау
сонымен  қатар  құқық  бұзушыны  полицияға  жеткізу   және   оны   әкімшілік
жауапкершілікке тарту болып табылады.  Заң  бойынша  судьялар,  прокурорлар,
депутаттар сонымен  қатар  дипломатиялық  иммунитеті  бар  шетел  азаматтары
әкімшілік ұстауға жатпайды.
      Әкімшілік  ұстауды  Ішкі  Істер  органдары  мына  жағдайларда  жүзеге
асырады: кішігірім  бұзақылық  жасағанда,  полиция  қызметкерлері  тәртібіне
бағынбаса, ішімдік ішіп қоғамдық орындарда адамдық  қасиеттерді  таптағанда,
сонымен қатар жезөкшелікпен айналысады деп ойлауға негіз болғанда және  т.б.
жағдайларда.
     Тұла бойын қарау және заттарын қарау белгіленген ережелер бойынша және
белгілі бір тәртіппен негіз болғанда жүзеге асырылады:
 1.   қауіпті жүктер мен заттарды, өсімдіктер мен бағалы жануарларды заңсыз
алып өтуді болдырмау мақсатында және оның алдын алуды көздейді;
 2.   ұшудың, жолаушылардың, экипаж мүшелерінің  және  халықтың  өмірі  мен
денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында;
     Тұла-бойын қарауды сол әрекетке  өкілеттілік  берілген  бір  жыныстағы
адам, сол жыныстағы куәнің көзінше жүргізеді.  Жүкті  қарау  жолаушылар  жоқ
болса лауазымды адамдардың  аәропорт  басшылары  немесе  оның  орынбасарлары
немесе  тасымалдаудың,  кауіпсіздіктің  ұйымдастырылуын  қамтамасыз   ететін
басқа  да  басшылардың  тапсыруымен  жүргізіледі.  Заттар   мен   құжаттарды
алатындар:
 1.   Ішкі істер органдары - иемдену және қолдану ережесін бұзған  жағдайда
атылатын қаруды; жол жүру ережелерін бұзған жағдайда көлік  құралдарын  және
оларды  пайдалануға  құқық  беретін  құжаттарды;  тиым   салынған   кәсіптің
өнімдерін, заңсыз аң аулау және балық аулау құралдарын;
 2. шекара күзету органдары - шекара режимінің ережелері  бұзылғанда  теңіз
және өзен кемелерін және құжаттарды;
 3. кеден органдары - контрабанда заттарын, шекара арқылы  тасымалдау  және
басқа тасығыш құралдарын;
 4. балық қорғау органдары - балық аулау ережелері бұзылғанда жүзетін  және
басқа  көлік құралдарын, қаруларын және ауланған өнімді;
 5. аңшылық шаруашылық  органдары  -  аң  аулаудың  ережелері  мен  мерзімі
бұзылған жағдайда аң  аулау  құралдарын,  қаруларын  және  заңсыз  аң  аулау
заттарын.
     Алынған құжаттар мен заттар мемлекеттік органның қарамағына өткізіледі
және шешім қабылданғанша сонда болады.  Іс  қаралғаннан  кейін,  оның  қалай
шешілгеніне қарай алынған заттар мен құжаттар тәркіленеді,  немесе  қайтадан
иесіне  қайтып  беріледі,  немесе  жойылады,  ал  өтемі  төленіп  алынса   -
сатылады. Заттар мен құжаттар алынған жағдайда арнайы хаттама жасалынады.
     Әкімшілік алдын алу  шараларының  бір  түрі  -  рұқсат  етілетін  жүйе
объектілерінің  жұмысын  уақытша  тоқтатата  тұру.  Өз  кезегінде   мемлекет
қаруды, оқ-дәріні,  жарылғыш,  күшті  әсер  ететін,  ұлы  және  радиоактивті
заттарды  иемденудің,  сақтаудың   және   тасымалдаудың   рұқсат   етілетін,
бақыланатын тәртібін белгілеген.
     Заңсыз әрекеттердің нәтижелерін жою бастапқы күйді қалпына  келтірудің
құралы болып табылады, егер  құрылыстарды  өз  бетімен  тұрғызса,  онда  заң
бойынша белгіленген 8 ең аз жалақы мөлшерінде айыппұл  салуға  әкеп  соғады,
заңсыз салынған объектілер  болатын  болса,  онда  олар  кінәлінің  есебінен
бұзылатын болады.
     Жұмыстан уақытша шеттету азаматтарға қауіп төндіруші адамдарға қатысты
және оның әрекеттері белгіленген  тәртіпті  бұзады  деп  ойлауға  жеткілікті
негіз бар адамдарға қатысты қолданылатын әкімшілік алдын алу шаралары  болып
табылады.
     Бас бостандығынан айыру органдарынан  босатылған  адамдарды  әкімшілік
қадағалауды ішкі істер органдары жүзеге  асырады.  1996  жылы  15  шілдедегі
«Бас  бостандығынан  айыру  орындарынан   босатылған   адамдарды   әкімшілік
қадағалау  туралы»  Казақстан  Республикасының  Заңы  қадағалаудың  құқықтық
негізі болып табылады.
     Әкімшілік қадағалауға мына адамдар жатады:
 1. рецедивист, яғни сот аса қауіпті деп танығандар;
 2. ауыр құқық бұзушылық үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандар немесе
қасақана құқық бұзушылық үшін екі немесе  одан  көп  рет  бас  бостандығынан
айыруға  сотталғандар.егер  олар  дұрыс  жолға   түсуге   ешкандай   ұмтылыс
білдірмесе және коғам үшін қауіпті болып қалса;
 3. қасақана құқық бұзушылық үшін бас бостандығынан  айыруға  сотталғандар,
егер олар жазасын өтегеннен кейін немесе жаза өтеуден  шартты  -  мерзімінен
бұрын  босатылғаннан   кейін,   ішкі   істер   органдарының   ескертпелеріне
қарамастан. қоғамдық және мемлекеттік тәртіпті бұзса  және  басқа  да  құқық
бұзушылықтар асаған жағдайда.
     Әкімшілік қадағалау 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге белгіленеді. Егер
қажет болса ол тағы да 6 айға, бірақ соттылықты  алу  және  жою  үшін  заңда
белгіленген мерзімнен аспайтын мерзімге ұзартылады.
      Әкімшілік  қадағалауды  жүзеге  асыру  кезінде   полиция   қызметкері
қадағалаудағы адамды  әңгімелесуге  шақыруға,  одан  қадағалау  ережелерінің
орындалуымен байланысты түсініктеме талап  етуге,  оның  отбасына  тәуліктің
кез келген уақытында баруға құқысы бар.
     Арнайы құралдар мен атылатын қаруды мәжбүрлеу шарасы ретінде қолдануға
әкімшілік билік субъектісі ғана құқылы. Оларды пайдалану құқық  бұзушылықтық
іс  қозғаумен  тікелей  байланысты  емес,  олар  құқық   бұзушылықтық   істі
қозғағанға дейін де, оны уақытша тоқтатқаннан,  немесе  қысқартқаннан  кейін
де, сондай-ақ қоғамға қауіпті іс-әрекетті тыю үшін де қолданылуы мүмкін.
     Арнайы кұралдарды (олардың қатарына мыналарды  жатқызуға  болады:  қол
кісендері, байлап тастау, самбо тәсілдерін қолдану, иісшіл иттерді  қолдану,
көзден жас ағызатын газ, таяқтар, су ілашқыш және т.б.)
      Байлап  тастағанда  дене  жарақатын  салуы   мүмкін   емес   құралдар
қолданылады. Байлап тасталған күйде екі  сағаттан  артық  ұстауға  болмайды.
Самбо  тәсілдерін  тандағанда  полиция  қызметкері  нақты  жағдайды,   құқық
бұзушылықтың мән-жайын, ұсталғанның  қаншалықты  қауіпті  екендігін  ескеруі
керек.
 Өзіңе-өзі сұрақтар
 1.1. Әкімшілік бұлтартпау шаралар түсінігі.
 1.2. Әкімшілік бұлтартпау шараларынің жіктелуі. № 8 АПТА
 Дәріс № 8.
 Тақырып 8. Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы және мәні.


 Негізгі сұрақтары:
 8.1. Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы
 8.2.Әкімшілік құқық бұзушылықтың құқық бұзушылықтан және  тәртіптік  құқық
бұзушылықтан айырмашылығы.
 8.3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы: объект, объективті жақ, субъект,
субъективті жақ.


 8.1. Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы
 Әкімшілік құкык бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың негізі  больш  табылады.
Әкімшілік право бұзушылық кодексінің (ӘПБК) 9-бабы  бұл  құкық  бұзушылыктың
түсінігін  былай  деп  берген:  »Мемлекеттік   немесе   қоғамдык   тәртіпке,
социалистік меншікке (казір социалистік жоқ — Б.Е.), азаматтардың  праволары
мен бостандыктарына, басқарудың белгіленген төртібіне  киянат  жасайтын  сол
үшін  зандармен  әкімшілік  жауаптылық  көзделген  правоға   қарсы,   кінәлі
(касакана  немесе  абайсыз)  әрекет  немесе  әрекетсіздік  әкімшілік   право
бұзушылық (теріс кылық) деп танылады».
    Құкык бүзушылық үшін, егер бұл құқық бұзушылық өзінің сипаты
 бойынша қолданылып жүрген зандарға  сәйкес  кылмыстық  жауаптылыққа   әкеп
соктырмайтын  болса,  әкімшілік  заңдармен  және  басқа  қүкык   салаларының
нормаларымен  (каржы,  жер   және   басқалардың)   тағайындалған   әкімшілік
жауаптылық пайда  болады.
 Әкімшілік  құқык  бұзушылық  әкімшілік  кукыктың  нормаларымен  жауаптылык
каралатын, белгілі өрекеттерді жасауға  тыйым  салатьш  (мысалы,  жекеленген
кару туралы Қазакстан Республикасының занымен  тағайындалған  тәртіпті  бұза
отырып  қаруға  ие  болуға  немесе  билетсіз  пойызда  жүруге  тағы   с.с.),
қорғалатын коғамдык катынастарға нұқсан  келтіреді.  Осы  сияқты  ережелерді
бұзу әкімшілік кұқык бұзушылықтын күрамын құрайды.
 Әкімшілік құқық бұзушылыктың зандык белгілері:
 а) қуқыққа қарсылык, — бұл құқық нормаларын бұзатын әрекеттер жасау  больш
табылады. Бұл нормалар тек қана  әкімшілік  құқықтікі  емес,  сонымен  қатар
құқықтың бірнеше баска салаларынікі де болуы мүмкін.
 Бірақ, белгіленген нормаларды  сактау  әкімшілік  жауапты­лық  шараларымен
корғалады.
 б) кінәлілік, яғни кұқыкка карсылық әрекетгі  қасақана  не­месе  абайсызда
жасау. Заң бойынша егер кұкыкка карсы әрекет не  әрекетсіздік  жасаған  адам
оның сипатын біле тұра, өз қылығының зиянды зардаптарын  болжай  тұра,  мұны
тілеп істесе  немесе  бұл  зардаптардың  болуына  саналы  түрде  жол  берсе,
әкімшілік құкық бузушылық қасақана жасалған  деп  танылады.  Егер  әкімшілік
кұқық бұзушылык жасаған адам өз әрекетінін  немесе  әрекетсіздігінің  зиянды
зардаптары болуы мумкін екенін біле турса  да,  бірақ  жеңілтектікпен  ондай
зардаптар болмас деп ойлаған болса, не  болжауға  тиіс  және  болжай  алатын
болса да, ондай зардаптар болуы мүмкін екенін  болжамаған  болса,  әкімшілік
құкык бүзушылық абайсыздыкпен жасалған деп танылады.
 Құкык  теориясында  қасақана  әдейі  және  жанама   болып   бөлінеді,   ал
абайсыздықтың  құқық  бұзушылықтык  менмендік  немесе   құқық   бұзушылықтык
салақтық түрлері бар. Мысалы, ұсақ  бұзакылык  ұсак  ұрлық,  тыйым  салынған
тәсілмен аң аулау тағы сол сияктылар — осылардың  бәрі  және  соларға  үқсас
әрекеттер  тек  кана  касақана  жасалуы  мүмкін.  Көптеген  әкімшілік  құкык
бузушылыктар абайсыздықтан жасалынады, мысалы, жол  жүру,  өрт  кауіпсіздігі
ережелерін бұзу, тағы сол сияктылар.
 Кінә—әкімшілік қүқық бүзушылыктың  міндетті  белгісі;  ол  болмаса  адамды
әкімшілік жауаптылыкка тартуға негіз жок деп табылады.
 в) қогамга зиянды деп азаматгың, қоғамның,  мемлекеттін  мүдделеріне  зиян
келтіретін  әрекет  танылады.Әкімшілік  жауаптылык  институтының  шеңберінде
қандай әрекет қоғамға қарсы деп табылатыны зандармен белгіленеді.
 Әкімшілік қуқық бузушылықтың коғамға  зияндык  салмағы  кылмыс  жасағаннан
едәуір төмен, сондықтан олар занды түрде баскаша бағаланады  да,  аса  катал
емес   жауаптылык   белгіленеді.   Бұлардан    басқа,    зандармен    арнайы
субъектілердің — жасы кәмелетке толмағандардын, әскери  қызметшілердің  және
тәртіптік  жарғыларды  басшылыққа  алатын   басқа   адамдармен   катар   шет
елдіктердің  де  әкімшілік  құқық  бұзушылык  жасағаны  ұшін  жауаптылығының
тәртібі белгіленеді.
 Азаматтар өздерінің жасаған әкімшілік  құкык  бұзушылыктары  үшін  соларды
жасаған кезде он алты  жаска  толғандары  жауапты  болады.  Әкімшілік  қукық
бұзушылық жасаған он алты  жастан он  сегіз  жасқа  дейінгі  адамдарға  жасы
толмағандардың  істері   жөніндегі  комиссиялар  туралы  Ережеде   көзделген
шаралар                                                         колданылады,
   16 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар ӘҚБтК-тің 13 -бабының
  екінші абзацында  көрсетілген  (ұсақ  бұзакылық,  атылатьш  карудан  елді
мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда, немесе белгіленген  тәртіптің
ережесін бұзып ату, полиция қызметкерінің немесе  халық  жасакшысының  заңды
өкіміне  немесе  талабына  қасақана  бағынбау  жөне  с.с.)  әкімшілік  құқык
бұзушылықты жасаған жағдайда, олар жалпы негізде әкімшілік жауапты болады.
  Әскери кызметшілер және жиындарға  шақырылған  әскери  міндетті  адамдар,
сондай-ақ ішкі істер органдарының қатардағы және  басшы  құрамдағы  адамдары
әкімшілік қүкык бұзғандары үшін тәртіптік жарғылар бойынша  жауапты  болады.
Бұған жол жүру ережесін, аң аулау, балық аулау және  балық  қорларын  қорғау
ережелерін, кеден ережесін бұзған және контра­банда жатпайды.
        Осы көрсетілген жағдайларда бүл адамдар жалпы негіздерде  өкімшілік
жауапты болады. Сосын, бул санаттағы азаматтарды  өкімшілік  қамауға  алуға,
ал кезекті шақырылған әскери қызметшілерге айыппұл да салуға болмайды.
 Қазақстан аумағында тұратьн шет ел азаматтары мен азаматтығы  жоқ  адамдар
Қазақстан Республикасының азаматтығымен бірдей  жалпы  негіздерде  әкімшілік
жауапты  болады.   Қазакстан   Республикасының   әкімшілік   юрисдикциясынан
иммунитетпен пайдаланатын шет ел  азаматтарының  жауаптылығы  туралы  мәселе
дипломатиялық жолмен шешіледі.
 Лауазымды адамдар олардың кызмет жағдайларына байланысты  әкімшілік  құкык
субъектілерінің ерекше санатын кұрайды. Басқару тәртібін,  мемлекеттік  және
қоғамдык  тәртіпті,  табиғатты,  халықтың  денсаулығын  корғау   саласындағы
белгіленген ережелерді және  орындалуын  қамтамасыз  ету  «өздерінін  кызмет
міндетіне жататын баска ережелерді сактамауына бай-ланысты  әкімшілік  кұкык
бұзушылык жасағаны үшін лауазымды адамдар жауапты болады.
        8. 2.Әкімшілік құқық бұзушылықтың құқық бұзушылықтан және тәртіптік
құқық бұзушылықтан айырмашылығы.
         Жалпы құқық бұзушылық - бұл адамға,  мемлекетке  зиян  келтіретін,
құқықкқ қайшы, қоғамға кауіпті, кінәлі  іс-қимыл.  Құқық  бүзушылық  қоғамға
қауіптілігіне қарай екіге бөлінеді.
 1.  Құқық  бұзушылық  —  бұл  Қазақстан  Республикасы  құқық  бұзушылықтық
кодексінде  көрсетілген,  құқық   бұзушылықтық   жауапкершілік   пен   құқық
бұзушылықтық жазаны туындататын қоғамға аса қауіпті іс-әрекет.
 2. Теріс қылық - қоғам өмірінің әр түрлі  саласындағы  жасалатын  және  әр
түрлі салдар туғызатын қоғамға орташа және кішігірім  қауіпті  іс-әрекеттер.
Теріс қылықтар заңды жауапкершілікке байланысты бірнеше  түрлерге  бөлінеді:
әкімшілік,  азаматтық-  құқықтық,  материалдық  бөліктік,  тәртіптік.  Соның
ішінде біздің қарастырайын деп отырғанымыз - әкімшілік құқық бұзушылық.
     Қазақстан Республикасының әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодексі
2001 жылдың 30 қаңтарында қолданысқа енгізілді.  Әкімшілік  құқық  бұзушылық
туралы кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясына,  халықаралық  құқықтың
жалпы  жұрт  таныған  кағидалары  мен  нормаларына  негізделеді.   Қазақстан
Республикасының   әкімшілік-деликтік   құқықтық    қатынастарды    реттейтін
халықаралық  шарттық  және  өзге  де  міндеттемелері,  сондай-ак   Қазақстан
Республикасы  Конституциялық  Кеңесі   мен   Жоғарғы   Сотының   нормативтік
қаулылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас  бөлігі  болып
табылады.
     Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  заңдардың  міндеттері  —  адам  және
азаматтардың  құқықтарын,  бостандықтары  мен  заңды  мүдделерін,   қоршаған
ортаны, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін,  құқықтары
мен  мүдделерін  әкімшілік  құқық  бұзушылықтан  қоргау,  сондай-ақ  олардың
жасалуының алдын алу.
 1. Әкімшілік қүқық бұзушылық түсінігі. Жеке адамның, әкімшілік  жауаптылық
көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана  немесе  абайсызда  жасалған)  іс-
әрекеті, не әрекетсіздігі немесе заңды түлғаның  құқыққа  қарсы  іс-әрекеті,
не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бүзушылық болып табылады.
     Егер әкімшілік құқық бұзушылык жасаған жеке адам өзінің  іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы  сипатын  сезінсе,  онын  залалды  салдарын
алдын-ала білсе және осы  салдардьщ  туындауын  қаласа  немесе  оған  саналы
түрде жол берсе не  оларға  немқұрайлы  қараса,  әкімшілік  құқық  бұзушылық
қасақана жасалған. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке  адам  өзінің
іс-әрекетінің зиянды салдарының туындау мүмкіндігін алдын-ала  білсе,  бірақ
жеткілікті негізсіз оның алдын алуға болады деп  ұшқары  ойласа,  не  тиісті
назар салған және ескерген  жағдайда  оның  алдын  алуға  болса  ла  осындай
салдардың туындау мумкіндігін алдын-ала білмесе, әкімшілік  құқық  бұзушылық
абайсызда жасалды деп танылады (30- бап).
          8.3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы: объект, объективті жақ,
субъект, субъективті жақ.
           Әкімшілік  құқық  бұзушылықтың  құрамы  -  бұл  әкімшілік  құқық
бұзушылық жасаған тұлғаны жауапкршілікке тарту үшін жеткілікті және  қажетті
заңмен белгіленген  белгілердің жиынтығы. Егер  осы  заңды  құрамның  барлық
белгілері болғанда ғана әрекет  құқық бұзушылық деп танылады. Ол  мынадай  4
элементтен тұрады:
 1) әкімшілік құқық бұзушылық субъектісі;
 2) әкімшілік құқық бұзушылық объектісі;
 3) әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағы;
 4) әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағы.
          Әкімшілік  құқық  бұзушылықтың  субъектісі   -   әкімшілік  құқық
бұзушылық жасаған, 16 жасқа толған және ақыл есі  дұрыс   тұлға.  Бұл  жалпы
субъект болып табылады. Арнайы субъект-  лауазымды  тұлғ,алар,  диплматиялық
қорғаншылықтарды пйдаланбайтын  шетел азаматтары,  азаматтығы жоқ  тұлғалар;
ерекше субъект -  әскери  қызметкерлер,  әскери  жиында   жүрген  азаматтар,
прокурорлар,  ІІО  қатардағы  және  басшы   құрамындағы    тұлғалар,   қаржы
полициясы  мен кеден органдарының қызметкерлері.
          Әкімшілік  құқық  бұзушылықтың   объектісі   құқық   нормаларымен
реттелетін және  әкімшілік  жауапкершілік  шараларымен  қорғалатын  қоғамдық
қатынастар. Оның 4 түрі бар:
 1) жалпы объект - мемлекеттік басқару облысында туындайтын және  бұқаралық
құқық салалырмен  реттелетін қоғамдық қатынастар;
 2) текті объект - пайда болу және жүзеге асырылу саласы бойынша бір  текті
жақын қоғамдық қатынастар тобы. ,  мысалы,  жеке  меншік,  қоғамдық  тәртіп,
табиғатты қорғау, тұрғындардың денсаулығы, басқару тәртібі;
 3) түрлі объект  -  бір  текті  құқық  бұзушылықтар  үшін  ортақ  қоғамдық
қатынастар тобы, мысалы, жол жүру ережелерін      бұзу,  паспорттық  режимді
бұзу, кеден ережелерін бұзу.
 4) тікелей объект- әкімшілік жауапкершілік шараларымен  қорғалатын,  нақты
қоғамдық қатынастарға зиян келтіру,     мысалы, кедендік  бақылау  зонасының
режимін бұзу.
         Әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағы - бұл әкімшілік құқық
бұзушылықтың сыртқы жағын  білдіретін  белгілердің  жиынтығы.  Оған  мыналар
жатады:
 1) құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік;
 2) құқық бұзушылықтың сипаты (әлденеш рет жасау, қайталану);
 3) құқық бұзушылық уақыты (күндіз, түнде);
 4) оның тигізген зиянды салдарлары (зиянның мөлшері кейде әкімшілік немесе
құқық бұзушылықтық жауаптылық шараларын   қолдануды анықтайды);
  5) құқық бұзушылық істеген кезде пайдаланылған  құралдар  (көлік  құралы,
ішімдік заттары, есірткі заттары, қару-жарақ).
         Әлденеше рет жасау - бұл бір текті әрекетті немесе  әрекетсіздікті
бірнеше рет жасауды білдіреді.
          Қайталану - бұл тұлғаның 1 жыл ішінде біртекті құқық  бұзушылықты
жасап,  сол  үшін  алдында  ғана   әкімшілік  жазаға  тартылған  болса.  Бұл
жауапкершілікті  ауырлататын  мән-жай  болып  табылады.  Құқық   бұзушылықты
әлденеше рет жасаудың қайталанудан айырмашылығы -  бірнеше  құқық  бұзушылық
емес, тек бір ғана құқық бұзушылық болып саналады.
         Әкімшілік құқық  бұзушылықтың  субъективті  жағы  құқық  бұзушының
істеген  құқыққа  қайшы   әрекетіне   немесе   әрекетсіздігіне   және   оның
салдарларына  ішкі,  психикалық  қатысы.  Құқық  бұзушылықтың    субъективті
жағының  міндетті  белгісі  -  кінә.   Оның  2  нысаны  бар:  қасақана  және
абайсызда; Факультативті белгілері : мақсат және себеп.
         Қасақана - бұл тұлғаның  өзінің  ісәрекетінің  құқыққа  қайшылығын
сезсе, оның зиянды салдарларын алдын ала білсе,  ол  салдарлардың  туындауын
қаласа, әкімшілік құқық бұзушылық әдейі  жасалған  деп  танылады.  Оның  екі
нысаны бар; тура және жанама;
         Абайсызда -әкімшілік құқық  бұзушылық  жасаған  тұлға  өзінің  іс-
әрекетінің зиянды саладарларының туындау мүмкіндігін алдын ала білсе,  бірақ
оның алдын алуға болатындығын ұшқары ойласа немесе тиісті  назар  аударғанда
оның  алдын  алуға  болатындығын,соындай  салдарлардың  туындау  мүмкіндігін
алдын  ала  білмесе,  әкімшілік  құқық  бұзушылық  абайсызда  жасалған   деп
саналады. Оның екі түрі бар: немқұрайлылық пен менмендік.
 Өзіңе-өзі сұрақтар
 1.    Әкімшілік  мәжбүрлеуде  әкімшілік  ескерту  шараларының   ролі   мен
мағынасы.
 2.   Әкімшілік ескерту шараларының түрлері.
 3.   Әкімшілік ескерту шаралары сипаттамалық белгілері және басқа әсер ету
шараларынан айырмашылығы.
 9 АПТА
 Дәріс № 9.
 9 тақырып. Әкімшілік жауаптылық.
 Негізгі сұрақтары:
 9.1. Әкімшілік жауаптылық ұғымы және негізгі белгілері
 9.2. Әкімшілік жауаптылықтың заңдылық негіздері
 9.3. Әкімшілік жауаптылықтан босату
 9.1. Әкімшілік жауаптылық ұғымы және негізгі белгілері
 Әкімшілік жауапкершілік – бұл әкімшілік  құқық бұзушылық  жасаған  тұлғаға
өкілетті органның (лауазымды тұлғаның)  қолданатын әкімшілік жаза  түріндегі
әкімшілік  мәжбүрлеу.
         Әкімшілік   құқық  бұзушылық  жасаған   кінәлі   адамға   өкілетті
мемлекеттік   органдар   әкімшілік   жауапкершілік    түрінде    мемлекеттік
мәжбүрлеу  шараларын  қолданады.   Әкімшілік   жауапкершілікті    сот   және
Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде  мемлекеттік  жергілікті  өкілді
және  атқарушы  органдарда  белгілеуге  құқылы.  Әкімшілік   жауапкершілікті
реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт -  ҚР  Әкімшілік  құқық  бұзушылық
туралы   Кодексі   (2001   жылы   30   қаңтарда   қабылданған).    Әкімшілік
жауапкершілікке мынадай белгілер тән:
  1) құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау  құралы болып табылады;
  2)  әкімшілік  жауапкершілікті  заңдар,  заң  күшіндегі   актілер  немесе
олардың әкімшілік  құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;
  3) әкімшілік жауапкершіліктің негізі - әкімшілік құқық бұзушылық;
  4) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған;
  5) әкімшілік жазаны  мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды
тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;
   6)  әкімшілік  жазаны  қолданғанда  бас  бостандығынан  айырлмайды  және
жұмыстан шығару негізі болып табылмайды;
  7) әкімшілік жауапкершілік шараларын  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы
істер бойынша  реттейтін заңға сәйкес қолданады.
          Әкімшілік  жауапкершілікке   әкімшілік  құқық  бұзушылық  жасаған
кезде 16 жасқа толған  тұлғалар тартылады.
         Кәмелетке толмағандардың   әкімшілік  -  құқықтық  жауапкершілікке
тартылуы.  16 жастан 18 жасқа  дейінгі  әкімшілік  құқық  бұзушылық  жасаған
тұлғаларға  кәмелетке   толмағандардың  істері   бойынша   Комиссия   туралы
жағдаймен қарастырылған  шаралар  қолданылады.  Қазіргі  уақытта   Қазақстан
кәмелетке жасы толмағандардың  құқық  бұзушылықтарын  қарау  үшін  Ювеналдық
юстиция енгізілі отыр.
        Әскери қызметкерлердің  жауапкершілігі.  Әскери  қызметкерлер  және
әскери міндетін өтеуге  шақырылғандар,  Ішкі  Істер  органдарының  қатардағы
және басшылық ету құрамындағы  тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық  жасағанда
  тәртіптік  жарғылары  бойынша  жауапкершілікке  тартылады.   Осы   аталған
тұлғалар жер қойнауын, жер  және су ресурстарын, атмосфераны,  жан-жануарлар
мен өсімдік әлемін тиімді пайдалану және  қорғау  ережелері  мен  нормаларын
бұзғаны үшін, жол жүру  режелерін,  кедендік  ережелерді,  карантин  бойынша
ережелерді бұзғаны үшін және  контрабанда  үшін  жалпы  негізде    әкімшілік
жауапкершілікке тарталады.
        9.2. Әкімшілік жауаптылықтың заңдылық негіздері
 Әкімшілік   жауапкершілікті   реттейтін,   не   регламенттейтін    негізгі
нормативтік құқықтық акті-Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі кодекс  (КоАП)
болып  есептеледі.  Әкімшілік  жауапкершілікті  жеңілдететін  немесе  жоятын
актілер кері күшке  ие,  яғни  олардың  басылымына  дейінгі  жасалған  құқық
бұзушылыққа  да  танылады.  Әкімшілік   жауапкершілікті   қиындататын   және
бекітетін актілердің кері күші жоқ.  Жауапкершілікке  қатысушылардың  жастық
ерекшеліктері  де  маңызды.  Мысалы,  16  жастан  18  жасқа  дейінгі   құқық
бұзушыларға кәмелеттік жасқа  дейін  қолданылатын  шаралар  арнайы  комиссия
мүшелерінің қаулысымен қадағаланады.
     Ал әскер қызметкерлері мен әскерде әскери  борышын  өтеушілерге,  ішкі
істер органының төменгі және басқарушы өкілдері  әкімшілік  құқық  бұзушылық
үшін тәртіптік жарғы  бойынша  жауапкершілікке  тартылады.  Бұл  азаматтарға
қазба байлықтарды, жер және су ресурстарын,  атмосфералық  ауа  мен  өсімдік
және  жануарлар  әлемін,  жол   жүру   ережелері   мен   кеден   ережелерін,
өсімдіктердің карантины жайлы ережелер мен  қонтрабандалық  әрекеттерге  жол
бермеуді   қадағалайтын   нормаларды   орындамаған    жағдайда,    әкімшілік
жауапкершілікке  жалпы  түрде  тартылады.  Аталған   азаматтарға   әкімшілік
қадағалау орындалмайды.
     Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел азаматтары мен  азаматтығы
жоқ  тұлғаларға  Қазақстан  Республикасының  азаматтарына  қолданатын  жалпы
әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады. Ал  Қазақстан  Республикасының
аумағында   шетел   азаматтары   жасаған   құқық    бұзушылыққа    әкімшілік
жауапкершілік шараларын қолдану дипломатиялық  келісімдер  арқылы  шешіледі.
Шетел  азаматтары  мен  азаматтығы  жоқ   тұлғалардың   жауапкершілігі.   ҚР
территориясындағы  шетел  азаматтары  және  азаматтығы  жоқ  тұлғалар  жалпы
негізде   әкімшілік  жауапкершілікке  ҚР  азаматтары  сияқты  тартылады.  Ал
диплматиялық қорғаншылықты пайдаланатын тұлғалар әкімшілік  құқық  бұзушылық
жасаған кезде әкімшілік  жауапкершілікке  тарту  ҚР  заңдарына  және  сәйкес
елмен жасасқан халықаралық шарттарға сай жүзеге асырылады.
      9. 3. Әкімшілік жауаптылықтан босату
              Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын   мынадай  мән-жайлар  ҚР
Әкімшілік  құқық   бұзушылық   туралы   Кодексінің   38   -   43   бабарында
қарастырылған:
  1) қажетті қорғану;
  2) қол сұғушылық жасаған адамды ұстау;
  3) аса қажеттілік;
  4) негізді тәуекел;
  5) күштеп немесе санаға әсер етіп мәжбүреу;
  6) бұйрықты немесе өкімді орындау;
  7) ақыл есінің кемдігі (33 бап).
           Әкімшілік құқық бұзушылық үшін  жауаптылықты  жеңілдететін  мән-
жайлар болып мыналар танылады (61 бап):
  1) кінәлі адамның өкінуі;
  2)  кінәлі  адамның  құқық  бұзушылықтың  зиянды  зардаптарды  бодырмауы,
залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірген зиянды жоюы;
  3) әкімшілік құқық бұзушылықты  күшті жан  толқынысының әсерімен не  жеке
басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;
  4) әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамдардың жасауы;
  5) әкімшілік құқық бұзушылықты  жүкті  әйелдің  немесе  3  жасқа  дейінгі
баласы бар әйелдің жасауы;
  6) әкімшілік құқық бұзушылықты күш қолдану  немесе  психикалық  мәжбүрлеу
нәтжесінде жасау;
  7) әкімшілік құқық бұзушылықты  қажетті  қорғанудың  заңдылығы  шарттарын
бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық  жасаған  адамды  ұстау,  бұйрықты  немесе
өкімді орындау кезінде жасау.
           Әкімшілік құқық бұзушылық  үшін  жауаптылықты  ауырлататын  мән-
жайлар болып мыналар танылады (62 бап):
  1) уәкілетті адамдардың талап  етуіне  қарамастан  құқыққа  қарсы  мінез-
құлықты жалғастыра беру;
  2) бұрын жасаған әкімшілік  құқық  бұзушылығы  үшін  әкімшілік  жазалауға
ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстің 66 бабында көзделген мерзімі  бітпеген
адамның  біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы;
  3) кәмелетке толмаған адамдарды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту;
  4)  кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын  адамдарды,
не әкімшілік   жауаптылық  туындайтын  жасқа  жетпеген  адамдарды  әкімшілік
құқық бұзушылық жасауға тартуы;
  5) ұлттық, нәсілдік және діни жек көрушілік  немесе  жауласушылық  себебі
бойынша, басқа  адамдардың  заңы  әрекеті  үшін  кек  алу,  сондай-ақ  басқа
құқық  бұзушылықты  жасыру  немесе  оның   жасалуын   жеңілдету   мақсатында
әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
  6) адамға немесе оның жақындарына  қатысты  белгілі  бір  адамның  өзінің
қызметтік, кәсіптік немесе қоғамлық борышын орындауына байланысты  әкімшілік
құқық бұзушылық жасау;
  7) кінәлі адамның  біле  тұра  жүкті  әйелдерге  қатысты,  сондай-ақ  жас
балаға, басқа да қорғаныс   немесе  дәрменсіз  адамға  не  кінәліге  тәуелді
адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
  8) адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;
  9) табиғи апат жағдайында  немесе  басқа  да  төтенше  жағдайлар  кезінде
әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
  10) маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық күйінде   әкімшілік  құқық
бұзушылық жасау.
 Қажетті қорғану.
 1. Қажетті қорғану жағдайында, яғни жеке басын,тұрғын үйін, меншігін,  жер
учаскесін және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа  да  құқықтарын,
қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қол сұғушыға  зиян
келтіру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезінде,  егер  бүл  ретте
қажетті қорғану шегінен шығып кетуге  жол  берілмеген  болса,  осы  Кодексте
көзделген әрекетті жасау әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.
 2. Өздерінің  кәсіби  немесе  өзгеде  арнаулы  даярлықтарына  және  қызмет
жағдайына қарамастан, барлық адамдар бірдей дәрежеде етті қорғаныс  құқығына
ие. Құқыққа қарсы қол сұғушылықтан аулақ  болу  не  басқа  адамдарға  немесе
мемлекеттік органдарға көмек сурап жүгіну мүмкіндігі  болғанына  қарамастан,
бұл құқық адамға тиесілі болады.
 3. Қол сұғу сипаты мен дәрежесіне қорғанудың айқын сәикес келмеуі,  осынын
нәтижесінде  қол  сұғушыға  жағдайдан  туындамаған  шектен  тыс  айқын  зиян
келтіру қажетті қорғану шегінен  шығып  кету  деп  танылады.  Мұндай  шектен
шығушылық  тек  қасақана  зиян  келтірілген   жағдайларда   ғана   әкімшілік
жауаптылыққа әкеп соғады.
 4.  Құқыққа  қарсы  қол  сұғудан  туындаған   үрейдің,   қорқудың   немесе
сасқалақтап қалудың салдарынан қажетті қорғаныс  шегінен  асып  кеткен  адам
әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс емес.
 Аса қажеттілік.
 1. Аса қажеттілік жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге  де  адамдардың
өміріне, денсаулығына,  құқықтар  мен  заңды  мүдделеріне,  қоғамның  немесе
мемлекеттің мүдделеріне  тікелей  қатер  төндіретін  қауіпті  жою  үшін  осы
Кодекспен  қорғалатын  мүдделерге  зиян  келтіру,  егер  бұл  қауіпті   өзге
құралдармен жою мүмкін болмаса және бүл орайда аса қажеттілік шегінен  асуға
жол берілмесе, әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.
 2. Қатер төндірген қауіптің сипаты мен  дәрежесіне  және  қауіп  жойылған,
құқық қорғау мүдделеріне тең немесе зиянды болдырмаудан айтарлықтай  көбірек
зиян келтірген жағдайға анық сәйкес келмейтін зиян  келтіру  аса  кажеттілік
шегінен  асып  кету  деп  танылады.  Мұндай  асып  кету  тек  қасақана  зиян
келтірген жағдайда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.
 Негізді тәуекел.
 1. Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшін негізді тәуекел жасалған кезде  осы
Кодекспен қорғалатын  мүдделерге  зиян  келтіру  әкімшілік  құқық  бұзушылық
болып табылмайды.
 2.  Егер  тәуекелмен  байланысты  емес  іс-әрекеттермен  (әрекетсіздікпен)
аталған мақсатқа қол жеткізу мүмкін болмағанда  және  тәуекел  жасаған  адам
осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келуін  болдырмау  үшін  жеткілікті
шаралар қолданса, тәуекел негізді деп танылады.
 Бұйрықты немесе өкімді орындау.
 1. Өзі үшін міндетті бұйрықты немесе  өкімді  орындау  үшін  әрекет  еткен
адамның осы Кодексте көзделген әрекетті  жасауы  әкімшілік  құқық  бұзушылық
болып табылмайды. Осындай әрекеттің  жасалуына  заңсыз  бұйрық  немесе  өкім
берген адам әкімшілік жауаптылықта болады.
 2. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындау үшін  қасақана  әкімшілік
құқық  бұзушылық  жасаған  адам  жалпы  негіздерде  әкімшілік   жауаптылықта
болады.  Көрінеу  заңсыз  бұйрықты   немесе   өкімді   орындамау   әкімшілік
жауаптылықты болдырмайды.
 Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары
 Әкімшілік жауапкершілікке мынадай жағдайда тартылмайды:
 1. Жеңіл тәртіп.бұзушылық деп танылса.
 - арнайы орган немесе лауазымды тұлга жеңіл тәртіп бұзушылықтың  мән-жайын
тексеріп,  оның  ешбір  ауыр  залалы  болмағанын  растаса,   оларға   ауызша
ескертулер айтып қана  қояды.  Яғни,  мұндай  жағдай  заңды  олқылықтар  мен
ауыртпалықтарға әкелмейді (ақысыз жол жүру, шу көтеру);
 2. Басқа жауапкершілік түрлерімен  алмастыру  немесе  қоғамдық  ыкпал  ету
шараларын қолдану.
 - сот билігіне немесе ұжымдық талдауға барлық материалдарды беруге болады;
(мұндай жағдайлар тәрбиелік маңызды болып, объективтік  негізде  қалыптасқан
жағдайда ғана колданылады);
 - әкімшілік  жауапкершілікті  басқа  жауапкершіліктермен  алмастыру  әскер
қызметкерлері   мен   әскери   борышын   өтеушілерге,    сот,    прокуратура
қызметкерлеріне қолданылады;
 -  жауапкершіліктің  мерзімін  қысқартуға  болады.  Мұндай  жағдай  құрмет
көрсетіп, тәртіп пен тәрбиелік танытқан жағдайда жүзеге асады.
 Өзіңе-өзі сұрақтар
 1.   Әкімшілік  мәжбүрлеуде  әкімшілік  бұлтартпау  шараларының  ролі  мен
мағынасы.
 2.   Әкімшілік бұлтартпау шараларының түрлері.
 3.   Әкімшілік бұлтартпау шаралары сипаттамалық белгілері және басқа  әсер
ету шараларынан айырмашылығы.
 10 АПТА
 Дәріс № 10.
 10 тақырып. Әкімшілік жаза.
 Негізгі сұрақтары:
 10.1.     Әкімшілік жаза ұғымы.
 10.2.     Әкімшілік жазалардың түрлері.
 10.3.     Әкімшілік жаза қолдану мерзімдері және  әкімшілік  жазаға  тарту
мерзімінің өтуі.
 10.4.     Әкімшілік теріс қылықтардың көптігі үшін әкімшілік жаза қолдану.
10. 1. Әкімшілік жаза ұғымы.
 Әкімшілік жаза — әкімшілік кұқық бұзғаны үшін жауаптылық  шарасы.  Ол:  а)
әкімшілік құкық бұзушылық  жасаған  адамды  зандарды  сақтау  және  құқықтық
тәртіпті қүрметтеу рухында тәрбиелеу;
 б) құкык бұзушьшың да, баска адамдардың да жаңа құкық  бұзушылық жасауының
алдын алу максатында қолданылады . Әкімшілік жазалар  белгілі  межеде  құқық
бұзушылықтың алдын алу функциясын орындайды.
 Әкімшілік жазалар, әдетте, құқық бұзушыға  иә  моральдық,  иә  материалдық
ыкпал  жасаудан  көрінісін  табады.  Кейбір  әкімшілік  жазалар  өзіне   бір
мезгілде әрі моральдық айыптауды, әрі  материалдык  ықпалды,  әрі  бұзушының
құқығын уакытша шектеуді біріктіреді (мысалы,  әкімшілік  камауға  алу,  ар-
найы қүкығынан айыру және басқалар).
 Әкімшілік жазалар мәнінің бірлігімен, оларды қолданудың негіздерімен  және
мақсаттарымен, оларды бірімен  бірін  ауыстырудың  мүмкіндігімен  айырылатын
үйлесімді жүйе кұрады.
 ӘПБтК-тін 23-бабында мынадай әкімшілік жазалар белгіленіп, бекітілген:  1)
ескерту; 2) затты  құнын  өтеп  алып  қою;  4)  затты  тәркілеу;  5)  арнайы
кұкығынан  айыру;  6)  әкімшілік  камауға  алу;  7)   кәсіпкерлік   қызметке
қадағалау  тағайындау;  8)  белгілі   бір   қызмет   түрінін   лицензиясынан
(патентінен) айыру.
 Шетел азаматтары мен  азаматтығы  жоқ  адамдар  Казакстан  Республикасынын
аумағынан аласталуы мүімкін.
 Занда әкімшілік жазалар негізгі  және  қосымша  болып  бөлінеді.  Заттарды
құнын өтеп алып қою және тәркілеу негізгі  және  косымша  әкімшілік  жазалар
ретінде  колданылуы  мүмкін,  қалғандары  —  тек  кана  негізгілер  ретінде.
Қосымша жазалар жеке  түрінде  қолданылмайды.Әкімшілік  құқық  пәнінде  жаза
қолдану ұғымын уәкілеттілік берілген  мемлекеттік  орган  немесе  өкілеттігі
бар лауазымды адамның әкімшілік теріс қылық  жасаған  адамға  заң  негізінде
қолданатын мемлекеттік ықпап  ету  шарасы  деп  түсінуге  болады.  Әкімшілік
құқық нормасы қандай да бір  әрекетке  әкімшілік-құқықтық  тыйым  белгілейді
және сол арқылы ереженің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар  бұзылған
жағдайда кінәліге жаза  қолданылады.  Әкімшілік  ықпал  ету  шаралары  құқық
бұзушыға қатысты әкімшілік  құқықтағы  жазаны  қолдануды  көздейді.Әкімшілік
жазалардың түрлері.
 10.2. Әкімшілік жазалардың түрлері.
 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік жазалар бірнеше
түрлерге бөлінеді, олар:
 1 ескерту жасау;     '
 2.айыппұл салу;
 3.әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы  болған  заттың  өтемін  төлеп
апу;
 әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың қүралы немесе тікелей объектісі  болған
затты тіркілеу;
 5. арнаулы берілген құқықтардан айыру (мысалы, аң аулау  құқығынан,  көлік
құралын жургізу құқығынан);
 6. берілген арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестаттан  (куәліктен)  айыру,
ягни, ол дегеніміз белгілі бір қызмет түріне, не белгілі бір әрекет  жасауға
оның күшін тоқтату, лицензиядал айыру;
 7.  тұрғызылып  қойылған  немесе  өз  бетімен  түрғызып  жатқан  құрылысты
мәжбүрлеп бұзып тастау;
 8. кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру немесе оган мүддем тыйым салу;
 9. әкімшілік қамауға алу;
 10. азаматтығы жоқ  адамды  немесе  шетелдікті  Қазақстан  республикасының
(территориясынан) аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу.
     Кішігірім, елеусіз әкімшілік теріс әрекет жасағандық  үшін  тартылатын
әкімшілік жауапкершіліктің ең  жеңіл  түрі  ескерту  жасау  болып  табылады.
Ескерту жасау бір жағынан  тәрбиелік  ықпалдың  мәжбүрлеу  шараларының  бірі
болып табылады, онда теріс әрекет жасаған адам  басқа  азаматтарға  қоғамдық
және мемлекеттік институттарға зиян келтіретін  әрекеттерді  алдағы  уақытта
қайталап інде ескертеді. Ескерту жасау  кінәлі  адамға  қандай  да  құқықтық
салдарлар әкеледі, ол әкімшілік жазаға  тартылған  болып  саналады,  сонымен
қатар ескерту жасауды қолдану қайтара жасалған  теріс  әрекет  үшін  жазалау
мәселесін шешкенде жазаның басқа түрлерімен қоса есепке алынады.
     Айыппұл салу - белгілі бір әкімшілік-құқықтық нормаларды бұзған кінәлі
адамға  ақшалай  жаза  қолдану  арқылы  мүліктік  ықпал  ету  шарасы   болып
табылады.
     Лауазымды  адамдарға  салынатын  әкімшілік  айыппүлдың  мөлшері  құқық
бұзушылықтың  сипатына  қарай  өзгеріп  отырады,  мысалы,  әкімшілік  құқық,
бұзушылық туралы кодекс әкімшілік  айыппұлдың  мөлшерін  құқық  бұзушылықтың
сипатына және құқық  бұзушының  мәртебесіне  қарай  белгілеп  отырады.  Жеке
тұлғаға  салынатын  айыппұлдың  мөлшері  айлық  есептік  көрсеткіштің  оннан
бірінен аз емес, лауазымды адамдарға салынатын  айыппұл  мөлшері  бес  айлық
есептік көрсеткіштен кем емес, ал заңды тұлғаларға  екі  мың  айлық  есептік
көрсеткіштен кем емес мөлшерде  болады.  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы
кодекстің 48-бабында:
 ақшалай жаза ретінде;
 әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген және шектерде;
 айлық есептік көрсеткіш санына сәйкес келетін сома  түрінде  салынады  деп
қаралады;
 азаматтарға салынатын айыппул, әдетте айлық  есептік  көрсеткіштің  жиырма
мөлшерінен,  ал  лауазымды  адамдарға  -   мөлшерінен   аспауға   тиіс   деп
көрсетілген.
     Айыппұлды құқық бұзушы өзіне айыппұл салу туралы қаулы  тапсырылғаннан
кейін 15 күннен кешіктірмей телейді. Бұл ретте азаматтың, лауазымды  адамның
шағымдану құқығы сақталады және егер шағым беріліп қаралғаннан кейін  немесе
прокурордың наразылығынан кейін  шағым  қанағаттандырусыз  қалдырылса,  онда
жоғарыдағы мерзім шағымның қанағаттандырусыз қалдырыл-ғандағы жайында  хабар
берілген күннен бастап саналады.
     Әкімшілік құқық бұзушылық қаруы болған немесе тікелей объектісі болған
затты өтемін төлеп алып кою әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодекстің  49-
бабы бойынша жүзеге асырылатын әкімшілік жазанын бір  түрі  болып  табылады.
Осы бап бойынша зат алынып  сатылады,  ал  сатуға  байланысты  шығын  алынып
тастапынады, қалган сома заттың бұрынғы иесіне тапсырылады.
     Тәркілеу мүліктік сипаттағы әкімшілік жаза ол  құқық  бұзушылық  жасау
құралдары  немесе  оның  тікелей  объектілері   болған   заттарды   мемлекет
меншігіне тегін алу, бұл туралы әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодекстің
50-бабында  нақтырақ  айтылған.  Тәркілегенде  әкімшілік   құқық   бүзушылық
жасаудың  кұралы  болған  немесе  тікелей  объектісі  болып  табылатын   зат
төлемсіз алынады. Қүзіретті  орган  немесе  өкілеттілік  берілген  лауазымды
тұлға затты кілегенде тәркілеу туралы  тиісті  қаулы  шығарады,  ал  алынған
күні қаулының орындалғаны туралы тиісті қаулы шығарады.
     Әкімшілік ықпал етудің қаралып отырған тәртібін анықтай келе шығарушы,
атылатын кару мен оқ дәрінің тәркіленуі де, өтемі төленіп алынуы да  аңшылық
күн көрудің негізгі көзі болып табылатын адамға қатысты  қолданылмайтындығын
әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте айырыкша атап өтеді.
 - Нақты адамға берілген арнаулы  құқықтан  айыру  дегеніміз  -осы  құқықты
пайдалану тәртібін өрескел немесе үнемі бұзғаны үшін оны сол құқықтан  айыру
болып табылады, бұл туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  51  -
бабында  айтылып  өткен.  Осы  баптың  негізінде   белгілі   бір   қызметпен
айналысудың немесе  белгілі  біртурін  орындаудың  арнаулы  құқығынан  айыру
мынадай  2  жағдайда  ғана  пайдаланылады;  1)  көлік  құралын  мас  күйінде
басқарғанда, жол козғалысы ережесін басқадай бұзған жағдайда.  2)  аң  аулау
ережесін бұзғанда.
   Басқару құқығынан айырумен қатар, күшіндегі заң, көлік  құралын  басқару
құқығының күшін тоқтатудың басқа да негіздемелерін белгілейді:
 жүргізуші куәлігі күшінің белгіленген мерзімінің өтуі;
 жүргізушінің  денсаулығының  көлік  құралын  қауіпсіз  басқаруға   кедергі
келтіретіндей дәрігерлік (медициналық) қорытындымен расталып нашарлауы.
     Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 48-бабында:
     Әкімшілік қамауға алу - әкімшілік жаза қолданудың негізгі түрі. Ерекше
жағдайда әкімшілік  құқық  бұзушылықтын  кейбір  түрлері  үшін  15  тәулікке
дейінгі мерзімге, ал төтенше  жағдайда  жасалған  құқық  бұзушылық  үшін  30
тәулікке  дейінгі  мерзімге  қолданылады.  Осы  әкімшілік  жазаға  тартылған
адамдар ішкі істер органдары белгілеген жерлерде  ұсталады,  олар  қамаудағы
адамдардың басқа санаттарынан бөлек болады.
     Әкімшілік ұстау мерзімі әкімшілік қамауға алу  мерзіміне  кіреді,  сол
себепті қамауда  ұстау  мерзімі  қысқарады.  Қызметтің  белгілі  бір  түріне
берілген  рұқсаттан  лицензиядан  айыру  азаматтарға,  шаруашылық  жүргізуші
субъектілерге   және   лауазымды   адамдарға   арнайы   өкілеттік   берілген
мемлекеттік органдар  мен  лауазымды  адамдардың  Қазақстан  Республикасында
белгіленген тәртіпте қолданатын әкімшілік жазасы.
     10.3. Әкімшілік жаза қолдану мерзімдері және  әкімшілік  жазаға  тарту
мерзімінің өтуі.
 Жеке кәсіпкердің немесе заңды тулғаның қызметін тоқтата тұру  немесе  тиым
салу  әкімшілік  шара  болып   табылады   және   белгілі   бір   жағдайларда
қолданылады, бұл туралы  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодекстің  53-
бабының 1- бөлігінде айтылған. Біріншіден,  бұл  тек  сот  арқылы  беріледі.
Екіншіден, іс сотта өкілетті органның өтініші  бойынша  қаралады.  Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексі қызметі ерекше  жағдайларда  және  үш  күннен
аспайтын  мерзімге  сот  шешімінсіз  тоқтата  тұру  немесе  оған  тиым  салу
мүмкіндігіне жол береді,
     Осы аталып көрсетілген  шаралармен  қатар  әкімшілік  құқық  бұзушылық
туралы кодексте, өз бетімен  салынып  жатқан  немесе  салынған  құрылыстарды
мәжбүрлеп    бұзу,    сондай-ақ     Қазақстан     Республикасы     аумағынан
(территориясынан) әкімшілік жолмең аластату шараларын қарастырған.
 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің.7-тарауында әкімшілік жазаларды
қолдану ережелері көрсетілген.
 Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодекстің  65-бабына  сәйкес  әкімшілік
жазалардың  мерзімі  жылдармен,  айлармен   немесе   күнтізбелік   күндермен
есептеледі. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаннан кейін 2 ай өткен соң  жеке
адамға  қарсы  әкімшілік  жаза  қолдануға  болмайды,  ал   әкімшілік   құқық
бұзушылықты қоршаған отаны қорғау саласында жасаса - 6  айдан  кейін,  салық
салу аласында жасаса - үш жыл өткен соң әкімшілік  жауапқа  тартылмаған  деп
санауға болатын мерзімді де белгілеген.
 Заң шығарушы іс бойынша қабылдануы  мүмкін  қаулылардың  мынадай  түрлерін
белгілейді: .
 1. әкімшілік жаза беру туралы;
 1.   іс бойынша істің жүргізілуін тоқтату туралы;
 2.   істі жазаның  басқа  турін  немесе  мөлшерін  белгілеуге  құқығы  бар
судьяның,  органның  қарауына  беру  туралы;  айыппұл  салу  туралы  қаулыны
мәжбүрлеп орындату турапы.
       10.4.  Әкімшілік  теріс  қылықтардың  көптігі  үшін  әкімшілік  жаза
қолдану.
         Бір ғана тұлғаның бірнеше рет құқық бұзушылыққа баруы – қоғам үшін
аса  қауіпті  болып  табылады.  Біріншіден,  құқық   бұзушылықтық   құқықтық
қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян  объективті  түрде  анағұрлым
арта түседі. Екіншіден,  бір  тұлғаның  жасаған  құқықбұзушылықтары  әртүрлі
объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян  келетін  қоғамдық  қатынастардың
қатарының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір  ғана  емес,
бірнеше құқық бұзушылық жасауының  өзі  әдетте,  бұл  құқық  бұзушылықкердің
бойында тұрақты  түрде  қоғамға  қарсы  бағыт  қалыптасқандығын  дәлелдейді.
Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл  тұлғаға  неғұрлым  қатал
құқық бұзушылықтық – құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді.
       Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше  құқық  бұзушылық  жасауы,  оның
істегендерінің дұрыс саралануы мәселесін де туындатады.
       Тұлғаның  құқық  бұзушылықтық  жауапқа  тартылуының  ескіру  мерзімі
өтпеген немесе соттылығы  жойылмаған  не  алынып  тасталмаған  немесе  құқық
бұзушылықтық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан  да  көп
құқық бұзушылық жасауы  құқық  бұзушылықтық  құқыққа  құқық  бұзушылықтардың
көптігі деп  танылады.  Қазіргі  құқық  бұзушылықтық  заңдар  бойынша  құқық
бұзушылықтардың көптігінің төмендегідей түрлері айқындалып, ажыратылады:
   1) құқық бұзушылықтың бірнеше мәрте жасалуы;
   2) құқық бұзушылықтардың жиынтығы;
   3) құқық бұзушылықтың қайталануы.
       Құқық бұзушылықтардың көптігінің өзіне тән белгісі  –  бір  тұлғаның
кемінде  екі  рет  құқық  бұзушылық,  яғни  құқық   бұзушылықтардың   дербес
құрамдарының белгілері  бар  әрекеттер  (немесе  жиынтықталған  бір  әрекет)
жасауы. Ал әкімшілік құқық бұзушылық,  тәртіпке  қарсы  қылық,  азаматтық  –
құқықтық тәртіп бұзушылық, сол сияқты,  ҚК-тің  9-бабының  екінші  бөлігінде
қарастырылған іс - әрекет немесе әрекетсіздік құқық  бұзушылықтың  көптігіне
жатпайды.
       Құқық бұзушылықтық жауаптылықтың ескеру мерзімі өтіп  кеткен  немесе
соттылығы  жойылған   (алынып   тасталған)   заң   бұзушылықтар   да   құқық
бұзушылықтың көптігіне  жатпайды.  Бұл  туралы  құқық  бұзушылықтың  бірнеше
мәрте жасалуына қатысты ҚК-тің 11-бабының үшінші бөлігінде анық айтылған.
 Өзіңе-өзі сұрақтар
 1.   Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізуді қамтамасыз  ету
шараларының ұғымы.
 2.   Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізуді қамтамасыз  ету
шараларының түрлері.
 3.   Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізуді қамтамасыз  ету
шараларының қолданылу мақсаты мен негізі.








Пәндер