Файл қосу

Тәжірбиелік сабақтары



|ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ                  |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ  АТЫНДАҒЫ  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ               |
|3-деңгейлі  СМЖ құжаты  |ПОӘК             |                               |
|ПОӘК                    |                 |                               |
|«Мұғалімнің             |____2013 жылғы   |УМКД 042-18.30.-2013           |
|педагогикалық           |№ 3 басылым      |                               |
|іс-әрекетінің           |                 |                               |
|диагностикасы мен       |                 |                               |
|экспертизасы» пәнінің   |                 |                               |
|оқу – әдістемелік кешені|                 |                               |


             5В010300  – Педагогика және психология мамандығының
                           студенттеріне арналған

   «Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы»
                                   пәнінің
                           ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ
                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР























                                Семей – 2013


                                   Мазмұны


1
Глоссарий...................................................................
.......................................
2                                                                      Дәріс
сабақтары...................................................................
..........................................
3                                                                Тәжірбиелік
сабақтары...................................................................
.................
4                            Студенттердің                             өздік
жұмыстары...................................................................
.....













































      1 ГЛОССАРИЙ

                             Пән бойынша глоссарий

   1. Мұғалім — болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін
      және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз  ету
      қабілетін арттыру  үшін  тәрбиелеу  мен  оқыту  қажеттілігі  себебінен
      әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.

   2.      Ұстаз —      жас ұрпақты,      жалпы       адамды       ізгілікке
      баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін                оқытушы.
      Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші  маман  педагог ұстаз деп
      аталады.
   3.   Педагог (гр. рaіdagogs —   тәрбиеші)   — білім беру,    тәрбиелеумен
      немесе тәрбие мәселесімен  айналысатын  маман.  Жалпы  білім   беретін
      мектеп мұғалімі, арнаулы орта, жоғары оқу орнының оқытушысы,  мектепке
      дейінгі     мекеменің, мектеп-интернаттың, балалар      үйінің, түзету
      колониясының тәрбиешісі, педагогиканың  ғылыми  мәселелерін  зерттеуші
      ғылыми қызметкер педагог делінеді.
   4. Сынып жетекші – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып,  үйлестіріп,
      келістіріп өткізетін педагог.
   5. Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін,  ұнамды  мінез-
      құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында  жүргізілетін  жүйелі
      процесс.

   6. Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі  бойынша,
      шығармашылық          қабілеттерін, дүниетанымдықты,          өнегелі-
      әдептікөзқарастарды дамыту  бойынша  оқушылардың   белсенді   танымдық
      қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. 

   7.  Шеберлік -  кәсіби  немесе әуесқойлық білімдердің  каңдай  да  болсын
      түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді
      әрекеттерді жүзеге асырушылық.
   8. Педагогикалық шеберлік –үнемі жетіліп отыруды қажет  ететін  балаларды
      оқыту  мен тәрбиелеу өнері.  Ол  өнерге  балаларды  сүйетін  және   өз
      қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз
      ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым  мен
      өнердің  тиісті   салаларынан   хабардар,   жалпы,   әсіресе   балалар
      психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту  мен  тәрбиенің  әдістемесін
      жетік игерген маман.
   9. Озық  педагогикалық  тәжірибені  зерттеу  —  мұғалімнің  педагогикалық
      қызметі айқындауға мүмкіндік беретін  оның  кәсіби  шеберлік  жиынтығы
      деңгейін анықтайтын әдіс.
  10.  Профессиограмма — адамға қойылатын талап ету жүйесі арқылы кандай  да
      бір кәсіптің егжей-тегжейлі сипатталуы. Ол талаптарға  берілген  кәсіп
      саласын  жетістікпен  меңгеру  үшін  қажет  тұлғаның   сапасы,   ойлау
      қабілетінің ерекшеліктері, білімі икемділігі және дағдысы жатады.
  11.  Профессиография  —  адамның  жеке  басының  қасиетіне,  психологиялық
      қабілетіне, психологиялық-физикалық мүмкіндігіне қойылатын  талаптарды
      зерттеу технологиясы.
  12.  Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы.
      Балалар тәрбиесін жүзеге асырып,  басқа  да  қоғамдық  тұрғыдан  мәнді
      кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен
      байланысқан адамдар тобы.
  13.  Мотив (латын тілінде moveo – қозғаушы, итермелеуші) – адамды  белгілі
      бір іс-әрекетке бастайтын  ішкі субъективті себеп,  оның  қажеттіктері
      мен мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет. 
  14.  Әдістемелік және теориялық негіз — зерттеу негізіне  жататын  негізгі
      теориялар мен әдістемелік ережелер.
  15.  Әдістемелік  зерттеулер  —  зерттеу  нәтижелері  эмпириялық  деңгейде
      тәжірибені  жинақтаумен,  ережелерді  қалыптастырумен,   педагогикалық
      қызмет  нормаларын  айқындаумен,  деректер  алумен,  оны  талдау  және
      жүйелеумен       айқындалады.
  16.  Деректерді таңдамалы тағайындау — тәжірибеде  өлшемге  түскен  немесе
      өткізілген психикалық диагностиканың ең аз шамадан ең  үлкеніне  қарай
      орналасуы.
  17.   Тәжірибелік  психологиялық-педагогикалық  зерттеу  —  бұл  теориялық
      болжамдар мен тәжірибелік  ұсыныстардың  толықтылығына  қатысты  нақты
      білім алуға мүмкіндік беретін психология  мен  педагогика  саласындағы
      зерттеулер.
  18.  Тәжірибелік  деректерді  алғашқы  статистикалық  өңдеу  әдісі  —  бұл
      тәжірибеде жүзеге асырылатын өлшемдер нәтижелерін тікелей  айқындайтын
      көрсеткіштер алуға көмектесетің әдістер.
  19.  Тәуелсіз мінездемелерді жинақтау әдісі —  зерттелетін  тұлғаға  түрлі
      адамдар баға бере алатын тиімді әдіс. Мінездемелерді талдап  қорыту  —
      әр түрлі мінездемелерді талдап, жинақтауда  кездейсоң  және  мардымсыз
      тұжырымдар алынып тасталады.
  20.  Теориялық зерттеулер — әдебиетке  шолу  мен  сын;  берілген  мәселені
      шешуде, автордың теориялық болжамын бағыттайтын зерттеулер.
  21.   Өзін-өзі  бағалау  әдісі  —  жеке  тұлғаға  өзі  баға   беруде,   өз
      мүмкіндіктерін,  қасиеттері  мен  басқа   адамдар   арасындағы   орнын
      анықтауға көмектесетін әдіс.
  22.  Өзара әрекет талдау — бақылаудың бір түрі, оның  көмегі  арқылы  адам
      мінез-құлқының  ішкі  көрінісі,  коммуникациясын,  ақпарат   алмасуын,
      келісу  мен  келіспеушілік,  ұжымдар   мен   жеке   тұлғаға   қатынасы
      зерттеледі.
  23.  Диагностика (техникалық)  —  техникалық  ақауларды  іздестіруге  және
      анықтауға         арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім.
      (Уикипедия)
  24.  Диагностика – бұл обьектің жағдайын  көрсететін  белгілерді  меңгеру,
      оның  ауытқушылықтары  мен  қателіктерді  түзеу   немесе   алдын   алу
      жұмыстарын  атқару.   (Источник: http://bigox.kz/kasiptik-bagdar-beru-
      sabagynyn-mani-men-mazmuny/© bigox.kz)
  25.     Сараптама — ғылым, техника, өнер,    т.б.     салаларда     арнайы
      таным, білім мен білік талап ететін қандай  да  бір  мәселеге  зерттеу
      жүргізу.   Сараптаманың   ғылыми    зерттеуден    айырмашылығы    сол,
      ол құбылыстарды емес,  болып  кеткен  жағдайды  және  оның  себептерін
      анықтау     мақсатында     жүргізіледі.      Көбіне      экономикалық,
      бухгалтерлік, медициналық, соттық сараптамалар  жүргізіледі.  (Орысша-
      қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. -  Алматы:  Жеті  жарғы,
      2008)
  26.  Қайталама сараптама - сарапшының қорытындысының негізділігіне  немесе
      оның  дұрыстығына  күдік  туындаған  жағданда,  оны   өткізуді   басқа
      сарапшыға немесе сарапшылар тобына тапсырып, тағайындайтын сараптама.
  27.   Экологиялық  сараптама (Экологическая   экспертиза)   —   адамдардың
      шаруашылық  немесе  басқа  да  іс-әрекетінің   тексеруге   бағытталған
      шаралар жүйесі немесе таңдалған аймақ төңірегіндегі жаңадан енгізілген
      шаруашылық                          кешеннің тіршілік ортасына, табиғи
      ресурстарға және адам денсаулығына тигізетін әсерін бағалау. 
  28.  Coт сараптамасы —  шешілуі  үшін  маңызы  бар  жағдаяттарды  белгілеу
      мақсатында,  арнаулы   ғылыми   білім-білік   негізінде   жүргізілетін
      қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істердің материалдарын зерттеу.
  29.  Криминалистикалық сараптама - қылмыстық іс бойынша айғақтамалық  мәні
      бар мәселелер жөнінде қорытынды алу мақсатымен жүргізлетін іс  жүргізу
      әрекеті.  Неғұрлым   кең   таралған   түрлері:   трассол,   баллистик.
      криминалистикалық сараптамалары, суық қару қолдану.
  30.  Диагностика – диагноз жөніндегі медицина ғылымының тарауы.
  31.     Экспертиза    (сарап) - мәселенің өз    шешімін    табуы     үшін,
      оның ғылымның кейбір      саласы      бойынша      (мысалы медицинада)
      арнайы білімді, техникалық шеберлікті т.б. біліктілік дәрежесін  талап
      ететін, маман (немесе мамандар тобы)  тарапынан  белгілі  бip  тұжырым
      шығара отырып зерделенуі.
  32.  Экспертиза  –  бір  даулы  мәселе  туралы  эксперттердің  бас  қосқан
      мәжілісі. (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, - А, 1986)
  33.  Соттық – психиатриалық экспертиза – бұл психиатрияның арнайы  білімін
      керек ететін  соттық  экспертизаның  бір  түрі.  Түрлер:  амбулаторлы,
      стационарлы және өлкенен кейін жүргізілетін экспертиза.
  34.   Ғылыми-техникалық   экспертиза -   ғылым, техника саласында   арнайы
      білімді кажет ететін қандай да бір  сұрақтарды  сарапшының  (маманның)
      зерттеуі.
  35.  Бақылау — зерттеу не  тексеру  әдісі.  Бақылау  арнайы жоспар бойынша
      жүргізіледі.  Жоспарда  Бақылаудың мақсаты мен міндеттері,   объектісі
      (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы,           оқу-тәжірибе
      учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары  дұрыс
      көрсетілуі тиіс.
  36.  Арнайы бақылау — бұл  зерттелетін  құбылыс  суретін  талдамалы  түрде
      қарастыруға әкелетін әдіс.
  37.   Ашық  бақылау  —  зерттеушіге  оны  қызықтыратын  барлық  құбылыстар
      тараптарын қамтуға үлкен мүмкіндік  береді,  сонымен  бірге  зерттеуші
      қатысуының теріс әрекеттеріне көп ұшырайды.
  38.  Ашық сауал — мұнда жауаптар сипаты  мен  саны,  олардың  түрлері  мен
      формалары алдын ала қарастырылмаған.
  39.  Дидактикалық бақылау — бақылау нысаны  ретінде  оқыту  процесі  тұтас
      енеді.
  40.  Монографиялық бақылау —  өзара  байланысқан  құбылыстардың  әр  түрлі
      өлшемдегі  бірталай  санын  қамтиды,  олардың  дамуын,  өзара  ықпалын
      ерекшеліктерімен арақатынасын қарастырады.
  41.  Педагогикалық бақылау — бұл педагогикалық үрдісті тану әдісі, ол ұзақ
      мақсатты түрде бағытталған жоспарлы қабылдау.
  42.  Сарапшы - арнайы ғылыми ілімдерді меңгерген және тергеу, сот, төрелік
      сот және  т.б.  органдарда сараптама өткізу  үшін   тартылған,   істің
      ақырының немен бітеріне мүдделі емес түлға.
  43.  Рейтинг — білікті адамдар көмегі  арқылы  жеке  тұлғаның  қасиеттерін
      бағалайтын сызба.  Белгіленген  сызба  бойынша  кез  келген  құбылысты
      субъективті бағалауға болады.
  44.  Сауалдар — толтыратын адам туралы кейбір мәліметтерді алуға  арналған
      сұрақ парағы.

      2 ДӘРІСТЕР
                Дәрісті  тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар

       Мақсаты:  студенттерді  курс  бойынша   тиісті   теориялық   біліммен
қаруландыру.
      Міндеттері:
      - әр  тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
      - әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
      - пәнге қызығушылығын тудыру және  ары  қарай  өздігінен  жұмыс  істей
білуге үйрету;
      - курс  бойынша  тиісті  білімді  меңгеру  үшін  қажетті  жағдайлармен
қамтамасыз ету.
      Жоғары оқу орындарында  оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  формаларының
бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар  үшін  күрделі  және  жаңа
ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге  қызығушылық  тудырады,
алынған  білімді  практикалық  міндеттерді  шешуде  қолдануға   көмектеседі,
тақырыптың және қарастырылып отырған  материалдың  теориялық  жақтарын  ашып
көрсетеді.
      Дәріс - студенттерде өздігінен  терең білім алуға   ізденіс  туғызады.
Дәрісті тыңдау – бұл  өзара  бір–бірімен  байланысқан  танымдық  үрдістердің
(зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау)  бірлігі.
      Сіздің курс бойынша жан-жақты білім  алуыңыз  дәріс  сабақтарын  толық
тыңдауыңызға  байланысты   екенін  еш   ұмытпаңыз.    Сондықтан   бағдарлама
мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала  қарастырып  жүріңіз.  Сіздің
білімініңізің деңгейі  тек  өзіңіздің  жауапкершілігіңіз  және  өздігіңізден
жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
      Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық:  сабаққа  кешікпеңіз;  дәріс
дәптеріңіз және  қаламыңызды  ұмытпаңыз;  дәріс  барысында   мәтінді  қалмай
жазып  отыруға  талпыныңыз,  ол  тәжірибелік  сабақтарға,  өздік  жұмыстарға
даярлануда негіз болады.
            Дәріс  сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
          Модуль 1. Мұғалімнің  кәсіби іс-әрекеті және жеке тұлғасы
    Тақырып 1. «Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен
                 экспертизасы» пәні, мақсаты мен міндеттері
      «Мұғалімнің    педагогикалық    іс-әрекетінің    диагностикасы     мен
экспертизасы» пәнінің  мақсаты  мен  міндеттері.  Пәннің  басқа  ғылымдармен
байланысы.  Қазіргі  теориясы  мен  приктикадағы  пәннің  рөлі   мен   орны.
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы.
         Тақырып 2. Мұғалімнің  кәсіби іс-әрекеті және жеке тұлғасы
      Педагогикалық іс-  әрекет  туралы  жалпы  түсінік.  Педагогикалық  іс-
әрекеттің құрылымы, құралдары, тәсілдері және  нәтижесі.  Педагогикалық  іс-
әрекеттегі қарама-қайшылықтар.Мұғалім педагогикалық іс-әрекеттің  субъектісі
ретінде.
    Тақырып 3. Диагностика және экспертиза ұғымдары және олардың мазмұны
      Диагностика және экспертиза ұғымдары туралы жалпы түсінік. Диагностика
және   экспертиза   ұғымдарының   әртүрлі   ғылым   салаларында    қолданылу
ерекшеліктері және мазмұны. Диагностиканы жүргізуге қойылатын талаптар  және
кезеңдері.
      Модуль 2.Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен
                                экспертизасы

   Тақырып 4. Мұғалімнің кәсіби және жеке бас қасиеттерінің диагностикасы
      Мұғалімнің  негізгі   міндеттері  мен  қызметтері.  Мұғалімнің  кәсіби
қасиеттері. Мұғалімнің адамгершілік қасиеттері. Мұғалімнің кәсіби және  жеке
бас қасиеттерінің диагностикасы.
       Тақырып 5. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің мотивациясын
                               диагностикалау
      Мотив және мотивация түсініктері, олардың айырмашылықтары.  Мұғалімнің
педагогикалық  іс-әрекетінің   мотивациясының    ерекшеліктері.   Мұғалімнің
педагогикалық іс-әрекетінің  мотивациясын  диагностикалау  әдістемелері  мен
жолдары.
  Тақырып 6. Мұғалімнің оқыту іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы
      Оқыту іс-әрекеті туралы жалпы түсінік.  Мұғалімнің  оқыту  іс-әрекетін
ұйымдастыруы.  Мұғалімнің   кәсіби   шеберлігі   оқыту   процесінің   сапалы
көрсеткішінің негізі ретінде. Мұғалімнің оқыту  іс-әрекетін   диагностикалау
әдістемелері.  Мұғалімнің оқыту іс-әрекетіне  экспертиза жүргізу.
 Тақырып 7. Мұғалімнің педагогикалық босаңсуға түскен балалармен жұмысы және
                                диагностикасы
      Педагогикалық босаңсуға түскен балалар   және  олардың  ерекшеліктері.
Мұғалімнің педагогикалық босаңсуға түскен балалармен  жұмысының  міндеттері,
мазмұны. Педагогикалық босаңсуға түскен  балалармен  жүргізілетін  алдын-алу
жұмыстары. Мұғалімнің  педагогикалық  босаңсуға  түскен  балалармен  жұмысын
диагностикалау әдістемелері және жолдары.
       Тақырып 8. Мұғалімнің тәрбиелеу іс-әрекетінің диагностикасы мен
                                экспертизасы
      Тәрбиелеу   іс-әрекетінің   психологиялық-педагогикалық    мәселелері.
Мұғалімнің  тәрбиелеу  іс-әрекетінің  мазмұны:  тәрбие  түрлері,   әдістері,
құралдары.  Мұғалімнің  тәрбиелеу  іс-әрекетін  диагностикалау  әдістемелері
және жолдары. Мұғалімнің тәрбиелеу  іс-әрекетіне  экспертиза жүргізу.
      Модуль3. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен
                                экспертизасы

  Тақырып 9. Мұғалімнің отбасымен жұмысының диагностикасы мен экспертизасы
      Отбасымен жұмыс міндеттері және  мазмұны.  Отбасын  зерттеу  жұмысының
ұйымдастырылуы.  Ата-аналарды   зерттеу.   Ата-аналарға   бала   тәрбиесінде
психологиялық-педагогикалық қолдау  көрсету.  Мұғалімнің  отбасымен  жұмысын
диагностикалау  және  экспертиза жүргізу.
      Тақырып 10. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің  диагностикасы
     Педагогикалық шеберлік мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің компоненті
ретінде. Педагогикалық  шеберлік  компоненттері:  гуманистік  бағыт,  кәсіби
білім, педагогикалық қабілет, педагогикалық техника. Мұғалім  мамандығындағы
 актерлік және режиссерлік шеберлік  элементтері.  Мұғалімнің  педагогикалық
техникасының  диагностикасы.
  Тақырып 11. Бір тұтас педагогикалық процестегі мұғалім-сынып жетекшісінің
                       жұмысы және оның диагностикасы
      Бір  тұтас  педагогикалық  процестегі  мұғалімнің    сынып   жетекшісі
ретіндегі міндеттері, жұмысының  мазмұны.Мұғалім-сынып  жетекшісінің  тәрбие
жұмыстарын ұйымдастыруы  және  оған  қойылатын  талаптар.  Оқушылардың  ата-
аналарымен жұмысының мазмұны. Бір тұтас  педагогикалық  процестегі  мұғалім-
сынып жетекшісінің жұмысына  диагностика жүргізу және карта толтыру.

      3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

         Тәжірибелік  сабақтарына  даярлануға әдістемелік нұсқаулар
      Тәжірибелік сабақтар студенттердің оқу жұмыстарының маңызды
формаларының бірі.
      Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – білімді бекіту, іскерліктер мен
дағдыларды қалыптастыру.
      Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен алған білімдерін
практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруда өте
жоғары.
      Тәжірибелік  сабақтардың міндеттері:
      1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды
кеңейту және нақтылау.
      2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім,
дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін  дамыту.
      3. Теориялық білімді  практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.
      4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.
      5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.
      6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.
      7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.
      8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті  және ұқыптылықты
тәрбиелеу.
      9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.
      Тәжірибелік  сабақтарға  даярлануда  әр   тақырып   бойынша   берілген
сұрақтардың мазмұнын ашу керек. Сұрақтардың мазмұнын ашуда  нақты  мысалдар,
фактілер,  аргументтер   келтіру   қажет.   Сабаққа   даярлануда   ұсынылған
әдебиеттерден басқа  әдебиеттерді,  күнделікті  баслымдардағы  материалдарды
қолдануға болады. Тәжірибелік  сабақтарда  оқылатын  пәнге  жағымды  қатынас
қалыптасады, алған білім және іскерліктер бекиді және жетіледі.


          Тәжірибелік  сабақтардың тақырыптары және қысқаша мазмұны

          Модуль 1. Мұғалімнің  кәсіби іс-әрекеті және жеке тұлғасы
                      Тақырып 1. Қазіргі заман мұғалімі
      Мұғалімнің міндеттері және қызметтері. Мұғалімге  қойылатын  талаптар.
Мұғалімнің кәсіби потенциалы. Құзырлылық,  кәсіби  құзырлылық  туралы  жалпы
түсінік.Мұғалімнің  кәсіби құзырлығының  мазмұны.
             Тақырып 2. Педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық
Кәсіби даярлық түсінігі. Кәсіби даярлық құрылымы. Педагогикалық жоғарғы  оқу
орындарында педагогты кәсіби даярлау мәселелері. Педагогикалық  жоғарғы  оқу
орындарында педагогикалық мамандарды даярлауға қойылатын талаптар.
      Модуль 2.Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен
                                экспертизасы

   Тақырып 3. Мұғалімнің кәсіби және жеке бас қасиеттерінің диагностикасы
      Мұғалімнің  қызметтері.  Мұғалімнің  кәсіби   қасиеттері.   Мұғалімнің
адамгершілік қасиеттері.  Мұғалімнің  кәсіби  және  жеке  бас  қасиеттерінің
диагностикалау әдістемелері және жолдары.
       Тақырып 4. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің мотивациясын
                               диагностикалау
      Мотив және мотивация түсініктері, олардың айырмашылықтары.  Мұғалімнің
педагогикалық  іс-әрекетінің   мотивациясының    ерекшеліктері.   Мұғалімнің
педагогикалық іс-әрекетінің  мотивациясын  диагностикалау  әдістемелері  мен
жолдары.
  Тақырып 5. Мұғалімнің оқыту іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы
      Оқыту іс-әрекеті туралы жалпы түсінік.  Мұғалімнің  оқыту  іс-әрекетін
ұйымдастыруы.  Мұғалімнің   кәсіби   шеберлігі   оқыту   процесінің   сапалы
көрсеткішінің негізі ретінде. Мұғалімнің оқыту  іс-әрекетін   диагностикалау
әдістемелері.  Мұғалімнің оқыту іс-әрекетіне  экспертиза жүргізу.
 Тақырып 6. Мұғалімнің педагогикалық босаңсуға түскен балалармен жұмысы және
                                диагностикасы
      Педагогикалық босаңсуға түскен балалар   және  олардың  ерекшеліктері.
Мұғалімнің педагогикалық босаңсуға түскен балалармен  жұмысының  міндеттері,
мазмұны. Педагогикалық босаңсуға түскен  балалармен  жүргізілетін  алдын-алу
жұмыстары. Мұғалімнің  педагогикалық  босаңсуға  түскен  балалармен  жұмысын
диагностикалау әдістемелері және жолдары.
       Тақырып 7. Мұғалімнің тәрбиелеу іс-әрекетінің диагностикасы мен
                                экспертизасы
      Тәрбиелеу   іс-әрекетінің   психологиялық-педагогикалық    мәселелері.
Мұғалімнің  тәрбиелеу  іс-әрекетінің  мазмұны:  тәрбие  түрлері,   әдістері,
құралдары.  Мұғалімнің  тәрбиелеу  іс-әрекетін  диагностикалау  әдістемелері
және жолдары. Мұғалімнің тәрбиелеу  іс-әрекетіне  экспертиза жүргізу.
     Тақырып 8. Өзін-өзі тәрбиелеу мұғалімнің кәсіби даярлығының құралы
                                   ретінде
    Өзін-  өзі  тәрбиелеу  түсінігі.   Тұлғаның   қалыптасуындағы   өзін-өзі
тәрбиелеудің рөлі. Мұғалімнің адамгершілік мәдениеті.  Өзін-  өзі  тәрбиелеу
мазмұны. Өзін- өзі тәрбиелеу әдістемесі.
    Болашақ маманның өзін-өзі тәрбиелеуі кәсіби  шеберлікті  қалыптастырудың
құралы ретінде. Болашақ маманның өз  бетінше  кәсіптік  білімін  жетілдіруі.
Болашақ  маманның кәсіптік өзін - өзі тәрбиелеу.
      Модуль3. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен
                                экспертизасы
  Тақырып 9. Мұғалімнің отбасымен жұмысының диагностикасы мен экспертизасы
      Отбасымен жұмыс міндеттері және  мазмұны.  Отбасын  зерттеу  жұмысының
ұйымдастырылуы.  Ата-аналарды   зерттеу.   Ата-аналарға   бала   тәрбиесінде
психологиялық-педагогикалық қолдау  көрсету.  Мұғалімнің  отбасымен  жұмысын
диагностикалау  және  экспертиза жүргізу.
      Тақырып 10. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің  диагностикасы
     1.  Педагогикалық  шеберлік   мұғалімнің   педагогикалық   мәдениетінің
компоненті  ретінде.  Мұғалім  мамандығындағы   актерлік  және   режиссерлік
шеберлік элементтері.
   Педагогикалық квалифиметрия мен шеберлік. Мұғалімнің  білімді  пайдалану,
материалмен жұмыс жасау қабілеттілігі, қатынас және сезім мәдениеті.
   2.Жас      мұғалімнің      педагогикалық      техникасында       әдеттегі
кемшіліктер.Мұғалімнің өзін  -  өзі  басқара  білу  шеберлігі,  өзін  -  өзі
қалыпқа  келтіру   техникасы,  өзінің   психофизикалық    жағдайын   меңгеру
техникасы. Педагогикалық өзара қызметтегі вербальдық  және  вербальдық  емес
қатынас  құралдарының  рөлі.  Мұғалімнің  сыртқы  пішін  мәдениеті:   киімі,
тұрысы,  жүрісі,  беті,  шашы,   әсемдік   бұйымдары.Мұғалім   педагогикалық
техникасының диагностикасы.
   Мұғалімнің сөйлеу  мәдениетіне  диагностика:  мұғалім  сөзінің  логикасы,
сөздің лексикалық мәдениеті,  сөздің  грамматикалық  дұрыстығы,  сөз  сөйлеу
құралдары, сөйлеу техникалар: дем алу, дауыс, дикция, ырғақ.
Тақырып 11. Мұғалімнің қарым-қатынас мәдениеті және диагностикасы
      Қарым- қатынас мәдениеті туралы түсінік. Қарым-қатынас стилі.  Педагог
пен   тәрбиеленуші   арасындағы   кәсіби   қарым-қатынас.    Қарым-қатынасты
ұйымдастыра білу және өзінің  психологиялық  жағдайында  оны  басқара  білу.
Педагогикалық такт және  педагогикалық этика.
      Мұғалімнің  кәсіби  қызметіндегі  жанжалдар,   олардың   түрлері   мен
себептері.  Дауларды  шешу  жолдары.  Мұғалімнің  қарым-қатынас  мәдениетіне
диагностика және экспертиза жүргізу.
  Тақырып 12. Бір тұтас педагогикалық процестегі мұғалім-сынып жетекшісінің
                       жұмысы және оның диагностикасы

      Бір  тұтас  педагогикалық  процестегі  мұғалімнің    сынып   жетекшісі
ретіндегі міндеттері, жұмысының  мазмұны.Мұғалім-сынып  жетекшісінің  тәрбие
жұмыстарын ұйымдастыруы  және  оған  қойылатын  талаптар.  Оқушылардың  ата-
аналарымен жұмысының мазмұны. Бір тұтас  педагогикалық  процестегі  мұғалім-
сынып жетекшісінің жұмысына  диагностика жүргізу және карта толтыру.

      4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

 Оқытушы жетекшілігімен және студенттердің  өздігінен орындайтын жұмыстарын
                       орындауға әдістемелік нұсқаулар

      Мақсаты:  студенттердің  дәріс  және  тәжірибелік  сабақтарында  алған
білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.
      Міндеттері:
      - дәріс  және тәжірибелік  сабақтарында алған білімдерін тереңдету;
      - теорияны практикамен байланыстыру;
      - библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;
      - алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды  өздігінен шешу;
        -   психологиялық-педагогикалық   бақылау   жүргізудің   практикалық
дағдыларын жетілдіру;
      - зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;
      - өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
      - ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.
      Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден  орындайтын  өздік  жұмысыңыз
Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге  және  рейтинг  бойынша  жинайтын
ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті  әрбір  өздік
жұмыс тапсырмасын  өзіңіз  дербес  орындаңыз,  тапсырманы  орындауға  мұқият
қараңыз,  әрі  жауапты  болыңыз.       Өздік  жұмыс  тапсырмаларын   орындау
барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін  жұмысыңыз
мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.
       Өздік жұмысын  орындау  формалары  әр  түрлі:  кесте,  таблица  құру,
реферат,   коллоквиум,  сөзжұмбақ,  пікірталас,  конспект  бойынша   талдау,
аннотация жазу және  т.б.  Оларды  орындау  үшін  оқу  әдістемелік  кешеннің
мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.
     Студенттердің оқытушы жетекшілігімен  орындайтын өздік жұмыстарының
                                тапсырмалары

|№     |Тақырыптары               |Тапсырма  мақсаты және    |Бақылау    |Өткізілу   |
|      |                          |мазмұны                   |түрі       |уақыты және|
|      |                          |                          |           |балл       |
|1     |Қазіргі заман мұғалімі    |Мұғалім мамандығының      |Профессигра|2 апта     |
|      |                          |профессиограммасын құру   |мма мен    |10 балл    |
|      |                          |                          |жұмыс      |           |
|2     |Педагогтың кәсіби         |Педагогикалық мамандықты  |Конспект   |4 апта     |
|      |қалыптасуы және дамуы     |таңдау мотивтері.         |бойынша    |10 балл    |
|      |                          |Педагогикалық іс- әрекет  |талдау     |           |
|      |                          |мотивациясы. Педагогикалық|           |           |
|      |                          |білім беру жүйесінде      |           |           |
|      |                          |мұғалім тұлғасының дамуы. |           |           |
|3     |Біртутас педагогикалық    |Оқу құралына аннотация    |Аннотация  |6  апта    |
|      |процесті жүзеге асырудың  |жазу                      |           |10 балл    |
|      |теориясы мен технологиясы |                          |           |           |
|      |(Н.Д.Хмель).              |                          |           |           |
|4     |Мұғалімнің оқыту          |Диагностикалық әдістемелер|Әдістемелер|  10 апта  |
|      |іс-әрекетінің             |кешенін құру              |мен жұмыс  |10 балл    |
|      |диагностикасы мен         |                          |           |           |
|      |экспертизасы. Мұғалімнің  |                          |           |           |
|      |педагогикалық босаңсуға   |                          |           |           |
|      |түскен балалармен жұмысы  |                          |           |           |
|      |және диагностикасы        |                          |           |           |
|      |Мұғалімнің тәрбиелеу      |                          |           |           |
|      |іс-әрекетінің             |                          |           |           |
|      |диагностикасы мен         |                          |           |           |
|      |экспертизасы.             |                          |           |           |
|5     |Бір тұтас педагогикалық   |Диагностикалық әдістемелер|Әдістемелер|12  апта   |
|      |процестегі мұғалім-сынып  |кешенін құру              |мен жұмыс  |10 балл    |
|      |жетекшісінің жұмысы және  |                          |           |           |
|      |оның диагностикасы        |                          |           |           |
|      |                          |                          |           |           |
|6     |«ХХІ- ғасыр мұғалімі»     |Берілген тақырып бойынша  |Эссені     |  14 апта  |
|      |                          |эссе орындау              |талқылау   |10балл     |


          Студенттердің орындайтын өздік жұмыстарының тапсырмалары

|№     |Тақырыптары               |Тапсырма  мақсаты және    |Бақылау    |Өткізілу   |
|      |                          |мазмұны                   |түрі       |уақыты және|
|      |                          |                          |           |балл       |
|1     |Пән бойынша библиография  |Кітапханада жұмыс         |Библиографи|3 апта     |
|      |құру                      |                          |я          |25 балл    |
|2     |Пән мазмұны бойынша       |Глосарий құру. Ұғымдармен |Глоссарий  |5 апта     |
|      |глоссарий                 |жұмыс                     |           |25 балл    |
|3     |ҚР білім беру саласындағы |Құжаттар тізімін құру     |Құжаттар   |7 апта     |
|      |заңнамалық құжаттары      |Олармен танысу            |тізімі     |25 балл    |
|4     |Пән мазмұны бойынша тест  |Тапсырма мазмұны: 2       |Тест       |11 апта    |
|      |тапсырмаларын құрастырыңыз|нұсқадан, әр нұсқада  15  |тапсырма   |25 балл    |
|      |                          |сұрақтан болуы және       |лары       |           |
|      |                          |жауаптары ұсынылуы керек  |           |           |
|5     |«Мұғалімнің педагогикалық |Пән мазмұны бойынша сөз   |Сөз жұмбақ | 13  апта  |
|      |іс-әрекетінің             |жұмбақ құру               |пен жұмыс  |25 балл    |
|      |диагностикасы мен         |                          |           |           |
|      |экспертизасы» пәні        |                          |           |           |
|6     |Пән мазмұны бойынша       |Глосарий құру. Ұғымдармен |Глоссарий  |15 апта    |
|      |глоссарий                 |жұмыс                     |           |25 балл    |


                       I – Рубеждік бақылауға тапсырма
      1 – ші нұсқа
       1.Диагностика  ұғымына  әр  ғылымда  берілген   анықтамалар,   оларды
қарастыра отырып ұғымның  мағынасын ашу  керек.
      2. Мұғалімге қойылатын  талаптар:  жалпы,  психологиялық,  әлеуметтік,
дидактикалық т.б.
      3. Мұғалімнің кәсіби және жеке бас қасиеттері,  оларды  диагностикалау
әдістемелері мен жолдары.

      2 – ші нұсқа
       1.  Экспертиза  ұғымына  әр  ғылымда  берілген  анықтамалар,   оларды
қарастыра отырып ұғымның  мағынасын ашу  керек.
      2. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті және жеке тұлғасы.
       3.Мұғалімнің  оқыту  іс-әрекетін  диагностикалау  әдістемелері   және
экспертиза жүргізу.
                      II – Рубеждік бақылауға тапсырма
      1 – ші нұсқа
       1.Мұғалімнің  педагогикалық  босаңсуға  түскен   балалармен   жұмысын
   диагностикалау әдістемелері және жолдары.
          2.Болашақ   маманның   өзін-өзі   тәрбиелеуі   кәсіби   шеберлікті
   қалыптастырудың құралы ретінде.
      3. Мұғалімнің өзін - өзі басқара білу шеберлігі, өзін  -  өзі  қалыпқа
   келтіру  техникасы, өзінің психофизикалық  жағдайын меңгеру техникасы.
      4. Мұғалімнің қарым-қатынас мәдениетіне  диагностика  және  экспертиза
   жүргізу.
      5. Мұғалімнің  кәсіби  қызметіндегі  жанжалдар,  олардың  түрлері  мен
   себептері. Дауларды шешу жолдары.
      2 – ші нұсқа
      1. Мұғалімнің  отбасымен  жұмысын   диагностикалау   және   экспертиза
жүргізу.
      2. Болашақ маманның өз бетінше кәсіптік  білімін  жетілдіруі.  Болашақ
маманның кәсіптік өзін - өзі тәрбиелеу.
      3. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне диагностика.
      4.  Бір  тұтас  педагогикалық  процестегі  мұғалім-сынып  жетекшісінің
жұмысына  диагностика жүргізу және карта толтыру.
       5.  Қарым-қатынасты  ұйымдастыра  білу  және   өзінің   психологиялық
жағдайында оны басқара білу. Педагогикалық такт және  педагогикалық этика.

















































Пәндер