Файл қосу
Қазтуған жырау
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Филология факультеті Қазақ әдебиеті кафедрасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050121 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті » мамандықтарының 2 курс студенттеріне ҚАЗАҚ ХАНДЫҚ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТІ пәнінен оқу кешені Семей – 2013 Құрастырушы, доцент,ф.ғ.к: Тоқсамбаева А.О. Қазақ әдебиеті кафедрасы «____» ________________2013 ж. ________ кафедра отырысында № ____ хаттамада бекітілген. Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к.: _______ Ақтанова А.С. Филология факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен №___ хаттама ____ _________2013 ж. талқыланған. ОӘК төрайымы ________ Мұқанова. Қ.Қ. (қолы) Филология факультетінің деканы, ф.ғ.к.: Қадыров А. Қ. Мазмұны 1. Силлабус................................................................ ......................................4-13 2. Пән бойынша глоссарий.............................................................. .................14 3. Дәрістің қысқаша мазмұны................................................................ ......15-58 4. Тәжірибелік............................................................. ..................................57-66 5. СОБӨЖ бойынша сабақтарға әдістемелік нұсқау. ..............................67-70 6. СӨЖ тапсырмаларына сабақтарға әдістемелік нұсқау.............................70 7. Бақылау нысандары.............................................................. ....................71-77 Дәрістердің қысқаша сипаттамасы. Дәріс 1 Жыраулық поэзиясының даму жолдары Дәрістің мақсаты:Жыраулық поэзияның ғасырлар бойы қалыптасып,дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдік құбылысы екендігін түсіндіру. Тірек сөздер: Жырау, жыршы, жыр,толғау,шешендік оралымдар т.б. Дәрістің жоспары: 1.Жыраулармен қоса ХVIII ғасырдағы ақындар поэзиясы туралы. 2.Поэзияның көрнекті өкілдері Шал мен Көтеш ақын жырларының негізгі сарыны-дін, этика, мораль тақырыптар екендігі. . 3.Жыраулар шығармашылығының көбінің бізге жетпегені, жеткендерінең өзіде текстологиялық жағынан әлі де дәлелдей түсуді, аша түсуді керек ететін тұстары бар екендігін түсіндіру. 4.Олардың туындыларын зерттеуші ғалымдар жайында әңгімелеу. 5.Жырау толғауларын бізге жеткізуші ақындар туралы да сөз қозғау. Әдебиетімізде өзінің жанрлық белгі-сипаттары арқылы ертеден-ақ жеке сала болып дамыған ақындық және жыраулық поэзияның алатын орны ерекше. Көне дәуірлерден бері фольклорлық туындылармен өзектесе, жарыса дамып келген бұл сала халқымыз бастан кешкен тарихи оқиғалардың көркем шежіресі іспеттес ел тұрмысының сан алуан қырларын қамтып бейнелеуге әр кез елеулі үлес қосып отырған. Қазақ жырауларының сан ғасырлық шығармашылығын негізінен үш кезеңге бөліп қарастырған жөн сияқты. Бірінші топқа жыраулық дәстүрдің негізін қалаған алғашқы өкілдері: Қорқыт, Аталық, (Кетбұға), Сыпыра жыраулар жатады. Бұл дәуір XI-XIV ғасырларды қамтиды. Жыраулықтың қалыптасу кезеңін белгілейтін екінші топқа Асан қайғы, Қазтуған, Шәлгез, Доспамбет шығармалары кіреді. Мұның кезеңі XV-XVI ғасырлар. Үшінші топты жыраулықтың әбден толысып, кемелденген кезеңіндегі өкілдері: Үмбетей, Жиембет, Тәтіқара, Ақтамберді, Бұқар жыраулар құрайды. Бұған XVII-XVIII ғасырлар жатады. Сондықтан бұл кезеңдердің ерекшеліктерін ашып әңгімелеуді, ең алдымен, жыраулық поэзияның бірден-бір көрінісі – толғау жанрының қалыптасуынан бастау қажет дер едік. Толғау – әдебиетімізде өзіндік ерекшеліктерімен көрініп, көне дәуірлерде туып қалыптасқан поэзиялық шығарманың бір түрі. Толғау қазақтың «жыр толғау», «толғап айту» деген сөзінен алынып, жеке термин ретінде әдебиетімізде кейінгі кеңестік дәуірде ғана қалыптасты. Толғаулар өзінің табиғи сипатымен жүйелі оқиғасы бар жырға тонның ішкі бауындай жақын, үндес. Бізге жеткен толғаулардың халық, өмірінің, аса бір жауапты, күрделі де қиын тұсында айтылып таралғанын аңғарамыз. Жыраулар толғаған суырып салма жырлар философиялық ойға құрылған тұжырымдарымен де, жеке адам бейнелерін жасаған салиқалы да тартымды мазмұнымен де дараланады. Мұнда ел, жер, халық тағдыры, болашағы жүйелі сөз болады. Осы ерекшелік мұны эпикалық жырларға көп ұқсатады. Қазақ поэзиясы тарихына көз салсақ, толғаудың дербес жанр ретінде қалыптасуы ұзақ ғасырларға ұласқанын көреміз. Бұған әр тұста әр алуан жыраулар өз әлінше үлес қосып отырған. Соның нәтижесінде бұл жанр дәуір талабына сәйкес қалыпты фольклорлық үлгілерден біртіндеп оқшауланып, суырып салмалық дәстүрдің жаңа сипатты бір арнасын құрайды. Бұл әдебиетіміздегі даралық творчествоның ең әуелде тек поэзияда, оның ішінде жыраулық, ақындық толғау, жырларда тұрақтанып қалыптасқанын айқын аңғартады. Әрбір әдеби туындылардың алғаш пайда болуы мен қалыптаса дамуы соның авторларының аренаға шығуымен тікелей байланысты десек, толғау жанрының ең алғашқы өкілдерінің бірі деп, ең алдымен, Сыпыра жырауды атай аламыз. Рас, оған дейін де кейбір деректерге қарағанда Ұлық жыршы, яки Аталық жыраудың (XIII ғ.) бар екенін білеміз. Тіпті бұдан ілгері, Шоқан Уәлиханов айтқандай: «Өзгелерге жыр жырлау өнерін үйреткен бірінші жыршы – Қорқыт» та бар. Өкінішке орай, Қорқыт атаның жырлары белгісіз бір себептермен бізге жетпей, оның орнына сол туралы тек үзік-үзік аңыздар мен әпсаналар ғана сақталып қалған. Ал, Ұлық жыршы, яки Аталық жырауға (кейде Кетбұға деп те аталады) келсек, оның «Жошы хан өлгенде әкесінің айтқаны» деген жалғыз жоқтау жыры мәлім. Осы Ұлық жыршы «Оғызнаме» дастанында да Оғыз қағанға жыр толғап, болашақты болжайтын керемет толғаулар айтады. Дегенмен, әйгілі «Қорқыт ата кітабында» әрбір келелі оқиғаларды баяндау алдында үнемі Қорқыт атынан бірде Дерсе, енді бірде Баяндүр ханға арналып айтылатын сөздердегі «Қорқыт атам сөз сөйлеп, жыр толғады. Бұл хиқаяны өзі шығарып, өзі жырлады» деп үнемі қайталанып келетін жолдардың өзінен-ақ оның жырды суырып салып айтқан «Көмекей әулие» – жырау болғаны айқын аңғарылады. Осы баяндаулар өзінің арнау үлгісінде келуі мен ұлағатты мазмұны арқылы да қалыпты жыраулар поэзиясына жақын тұр. Бір кезде толғау түрінде айтылған бұл жырлар кейін қара сөзге айналған тәрізді. Бұлардан Сыпыра жырау жырларының табиғаты біршама өзгешелеу. Сыпыра жыраудың аты да, толғауы да белгілі бір себептерге орай эпикалық жырлар («Ер Тарғын», т.б.) мен ертегілерде («Құбығұл», т.б.) ғана ұшырасады. Бұларда ол ел-жұртқа қадірлі ақыл иесі, көп жасап, көпті көрген дана, алдын болжағыш абыз, сәуегей кісі болып суреттеледі. Хан да, қара да ақыл таппай қысылып тығырыққа тірелгенде, көпті көрген көне Сыпырадан кеңес сұрайды. Мұның бәрінде де Сыпыра Алтын Орданың белгілі ханы Тоқтамыстың қасындағы көреген биі, кемеңгер ақылшысы ретінде сипатталады. Қазақ жырлары мен ноғай ертегілеріндегі Сыпыра бейнесі бір-біріне табиғи өте ұқсас, көп жасағаннан «адам көрер түсі жоқ, аузында отыз тісі жоқ» сиықсыз да ұсқынсыз қарт болып сипатталады. Сол аңыз-ертегілер мен батырлық жырларда жиі аталып, «өзінің 180 жасаған өмірінде тоғыз ханды қолынан өткізіп, тоғыз ханды түзеткен» Сыпыра туралы тарихи деректер жоқтың қасы. Алайда, Сыпыра жырау туралы айтқанда, ең алдымен, білікті ғалым Ә.Марғұлан еңбектерін негізге алған жөн. Ол кісі дала эпостарын жасаудағы жалпы жыраулардың, соның ішінде Сыпыраның ролін өте жоғары бағалай отырып, оны «XV-XVIII ғасырлардағы көптеген қазақ ақындарының көшбасшысы және ноғай-қазақ эпостарын («Ноғайлы жыры») бірден- бір жасаушы кісі», – деп көрсеткен еді. Заман талабына сәйкес жыраулар қашанда хан қасынан табылып отырған десек, бұған Сыпыра жырау өмірі де айқын дәлел. Ол әр алуан жырларда ең әуелі Тоқтамыс хан мен Ер Тарғын батырды татуластырушы, енді бірде Едіге мен Тоқтамыс арасындағы кек-жанжалды басушы, тағы бірде Тоқтамыс ханға қарсы көтерілген халық толқуын кемеңгерлікпен тоқтатушы данышпан ретінде көзге түседі. Сөйтіп, жыраулар, көбінесе, өзінің көріпкел, болжағыштық, дана- кемеңгерлік қасиеттері арқылы әр кезеңде белгілі бір ханның қысылғанда, кеңес сұрар ақылгөй жыршысы, салауатты биі болғанын көреміз. Бұған дәлел ретінде көне дәуірдегі Қорқыт пен Дерсе, яки Баяндүр хан, Ұлық жыршы мен Оғыз қаған, Ұлық жыршы мен Шыңғыс ханнан бастап, бертінгі Сыпыра мен Тоқтамыс, Асан қайғы мен Жәнібек, Шәлгез бен, Би Темір, Жиембет пен Есім, Бұқар менен Абылай хандардың іс-әрекет, қарым-қатынастарын атай аламыз. Бұл туралы кезінде: «Әрбір хан өз қасында ақылшы болатын биді таңдағанда, ең алдымен, сөз тапқыш, өткір деген суырылған шешеннен, судырлаған ақыннан алатын. Бұлардың саяси салмағы зор болғандықтан, аузынан шыққан сөз де олқы болмауға тиіс. Көлденең кісі мін таба алмайтындай, қоржындай ауыр, оқтай жұмыр, өтімді болу керек. Бұлар қазақтың жоғарғы табынан шығып, ел меңгеру жолындағы саясат адамдары болғандықтан, көпке айтқан сөздерінің бәрі ел мұңына, ел қамына арналған сөздер болады», – деп М. Әуезов айтқандай, жыраулардың әлгіндей өз бастарындағы артық қасиеттерінен тыс, азулы жуан, саны көп рулардан шығуы да, тіпті өзінің ел тағдыры шешілетін ауыр кезеңдерде қол бастайтын әскербасы – батыр болуы да хан қасынан табылуға мәжбүр еткен. Олардың хан қаһарынан қаймықпай қашан да батыл сөйлеп, шындықты тайсалмай бетке басып айтуы да осыдан. Қазақ тағы «Әр ханның тұсында бір сұрқылтай» деген мәтелдің шығу төркіні де осы айтылған оймен терең сабақтас. Бұған ақындар өмірі де айғақ бола алады. Сөз болып отырған Сыпыра тұлғасы үнемі біздегі батырлар жыры мен ертегілердің басты қаһарманы ретінде суреттелу арқылы өзінің жыр толғау мәнерімен де, көреген сәуегейлігімен де қалыпты жырау болып танылады. Толғаудың қалыптасу кезеңінің ірі өкілдері болып саналатын Асан қайғы, Қазтуған, Шәлгез, Доспамбет, Ер Шобандар сол өздерінен бұрынғы қалыпты дәстүрді жалғастырып дамытуға үлкен үлес қосты. Соның нәтижесінде толғау жанры өзге жырлардан табиғаты бөлек жыраулар поэзиясының дәстүрлі де өнімді бір түріне айналады. Толғау бұл кезеңде өзінің тақырыбының ауқымдылығы мен мазмұнының байлығы жағынан ғана емес, сыртқы құрылыс-түзілімі жағынан да түлеп толысып, халықты толғантқан күрделі мәселелерді жырлау дәрежесіне көтерілді. Осыған орай жыраулардың өз тұсындағы өмір көріністерін көркем бейнелеудегі әдіс-тәсілдері де өзгерді. Олар адам мен адам арасындағы әр алуан имандылық, ізгілік, адамгершілік қатынастарды (жақсы мен жаман, достық, дұшпандық) сөз еткенде, көбінесе, өмірде бар танымал құбылыстарды әдейі салғастыра алып, ойдың ұтымдылығы мен тиімділігін еселеп арттыруға мән берді. Осыған орай сол толғаулардың бір алуанында айтушының оқиғаға қарым-қатынасын білдіретін көңіл-күйі мен сезім-талғамы басым болып отырса (Қазтуған, Доспамбет жырлары), енді бір тобында мақал-мәтел іспеттес, өмірлік қорытынды, түйінді толғам, дидактикалық, әлеуметтік мазмұн сарапталады (Асан қайғы, Шәлгез). Толғау жанрының қалыптасып, өркен жаю кезеңі жырлары өз атымен келіп жеткен Асан қайғы творчествосынан басталады. Бұл тұста толғаудың әлеуметтік, қоғамдық мәні артып, арнау, дидактика үлгісіндегі жырлармен толыса түсті. Бұған Асан қайғы өмір сүрген кезеңнің қат-қабат қиындығы мен күрделілігі де елеулі әсер етті. Керей мен Жәнібек бастаған елдің көшіп, Шу бойында жеке хандық құруының өзі өте маңызды мәселе еді. Жырау осы көші- қонға қарсы болса да, болашаққа зор үміт артып, қазақтың алғашқы ханы Жәнібектің (XV ғ.) ел басқару ісіне жиі араласып отырады. Осы мәселелерге сәйкес ол «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің», «Қырында киік жайлаған», «Алты атанға қос артып» атты толғауларын тудырып, ел бірлігі мен іргелі қоныс жайына арнайы тоқталады, ханның мін-кемшіліктерін бетіне айтады. Бейғамдықпен мен-менсінудің, мастанудың жақсылыққа алып келмейтінін ескертеді. Жайлы мекен, жақсы қоныс, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» дәуірді аңсау сол кездегі заман талабынан туған түйінді мәселе еді. Батыстан төнген зор қауіптің болар зардабын Асан қайғы жұрттан бұрын болжап, терең түсінді. Жыраудың «Алты атанға қос артып, тынбай алты жыл қоныс қарауы» да сол болашақ бодандықтың алдын алу болатынды. Асан қайғы құтты қонысқа жаяулап келіп, «өлтірмей жаныңды алатын, бауыздамай қаныңды ішетін» зұлым отаршылдарды шортан бейнесінде сипаттап, мұның әсте болмай қоймайынын, одан құтылудың жолы тек Жиделібайсынға көшу екенін тектен-текке айтпаса керек. Осыны ойламай, «ішкенге мас, жегенге тоқ» Жәнібек ханды жырау өлтіре сынайды. Бұл Асан ата болжаған мәселенің немен тынғанын біздер көріп, бармақ шайнап бастан кешіріп отырмыз. Сол жұмбақтың байламды шешімін кезінде Бұқар жырау да Абылай хан сұрағына орай тап басып шешіп берген еді. Бұған қарсы тұрар, қорғап қалар күштің сол тұста болмағаны жұртқа мәлім. Міне, осы жәйт Асан қайғының «Мұнан соң қилы-қилы заман болар» атты толғауының тууына себеп болғаны мәлім. «Жау жағадан алғанда, ит етектен» дегендей, қалмақ басқыншылығы да қазақ еліне оңайға түскен жоқ. Көп қырғын, сансыз шығынмен халқымыз бұл күндері тәуелсіздікке ие болып отырса да, сол қауіптің ызғарынан әлі де біржола құтылып кеткен жоқ. Асан қайғы жырларынан жалпы жыраулар поэзиясына тән белгі-сипаттардың мол ұшырасуы да заңды. Толғамы терең күрделі ойды мейлінше ұшқырлап әрі дәл, әрі ұтымды етіп жеткізу үшін, жыраулар, көбінесе, күнделікті өмірде жиі ұшырасатын танымал көрініс-құбылыстарды өзара салыстыру арқылы өз ойын орағыта жұмбақтап бейнелейтін болған. Рас, адамның сезім күйін табиғат көріністерімен ұштастыра сипаттау әдебиетімізде бұрыннан бар. Мұның әдемі үлгілерін тұрмыс-салт жырлары мен лиро-эпикалық дастандардан да ұшыратамыз. Алайда, әдеби дамудың әр қилы даму көріністері секілді мұның да жаңа, күрделі сипаттармен толысып, кемелдену кезеңдері болатыны даусыз. Сондықтан осы ерекшелік Асан қайғы толғауларында өмірлік құбылыс пен адамдар арасындағы қатынасты бейнелеудің тұрақты тәсіліне айналды. Өзінен бұрынғы жырауларда бұл жалпылық мәннен жекелікке ауысып отыратын болса, Асан творчествосында, керісінше, үлгілі де өсиетті нақты көріністерден үлкен жинақтауларға ойысатынын көреміз. Көбінесе мұндай жинақтаулар жырау көздеген белгілі бір мақсатқа орай дәлелдеуге жатпайтындай ұлағатты шындық ретінде де ұсынылады. Сөз болып отырған кезеңдегі жыраулар тобынан Қазтуған мен Доспамбет шығармаларын алып қарасақ, бұларда кір жуып, кіндік кескен атамекен мен туған елге деген махаббат, отаншылдық, сезімдер үлкен серпінмен сипатталады. Жыраулар, көбінесе, кешегі мен бүгінгі өмірді, өз басынан кешкен әр алуан ерлік пен қиыншылық сәттерді өзара салыстыру арқылы ой екшегенде, олардың ел мен жерге деген әлгіндей сүйіспеншілігі де нақтылық мәнге ие болып отырады. Айталық, Қазтуған өзінің «Алаң да алаң, алаң жұрт» атты белгілі толғауында атасы Сүйініш пен анасы Бозтуғанның бірі күйеу, бірі келін болып түскен құтты қонысы – айдынды Еділін еске алып тебірене толғайды. Бұл – өз елін, өз жерін беріле сүюдің әдемі үлгісі деуге тұрарлықтай асқақ жыр. Ал, Доспамбет толғауларында осы сүйіспендік сарын бастан кешкен өз өмірін еске түсіру түрінде келіп, өскен ел, туған жерге деген ыстық махаббатпен өріледі. Жырау өзі есейіп, ер жеткен оттай ыстық ата-мекенін сыртқы жаудан қорғаудан артық мақсат жоқ деп санап, бүкіл күреске толы өмір жолын еске ала жырлайды. Доспамбет толғауларындағы секілді асқақ әуен, айқын мұратты сипаттау кейде жыраудың өз бейнесін өзі жасау талабымен ұштасып отырады. Мұндай құбылыс біздің әдебиетімізде бұрын-соңды ұшыраса қоймаған жәйт. Айталық, Қазтуған жырау «мұздай үлкен көбелі екі шекесін» айтумен шектеліп қалмай, өзінің «сұлтандайын жүрісті», «айдаса қойдың көсемі, сөйлесе қызыл тілдің шешені», «қашағанның ұзын құрығы, қалайылаған қасты орданың сырығы», «буыршынның бұта шайнар азуы, бидайықтың көл жайқаған жалғызы» екеніне дейін қалдырмай тәптіштеп суреттейді. Мұндай өзінің елден ерек қасиеттерін кейде көтеріп, кейде бәсендете айту ара-тұра Шәлгез (Шалкиіз) жырларынан да ұшырасады. Ол – әдебиетімізде енді ғана туып, орныға бастаған толғау жанрының өркендеп дамуына ерекше үлес қосқан жырау. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері кімдер еді? 2.Қазақ сөз маржанын жинаушы Ш.Уәлиханов қандай пікір айтты? 3.Қазақ жырауларының сан ғасырлық шығармашылығын неше кезеңге бөлеміз? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 17,22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 34,35, 36. Дәріс 2 Жыраулар мұрасы және қазақ халқының елдік тарихы Дәрістің мақсаты:Қазақ халқының 15-18 ші ғасырлар шегіндегі тарихи- әлеуметтік жағдайын таныстыру. Тірек сөздер: Ақтабан шұбырынды,алқакөл ,сұлама,жоңғар басқыншылығы. Дәрістің жоспары: 1.Жыраулар мұрасы мен кейінгі ХVIII-ХIХ ғасырлардағы көркемсөз өкілдерінің шығармашылықтарының өзгешеліктеріне тоқталу. 2.Хандық үшін күрестің шиеленісуі. 3.Тарихи зерттеулердің айтуы бойынша халықтың сауат ашуы қандай жағдайда болды? 4.Қадырғали Жалайырдың «Шежірелер кітабы» жайында айту. 5. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасының әдебиетте бейнеленуі 6. «Қаратаудың басынан көш келеді» дейтін сөздермен басталатын «Елім -ай»әніне қатысты әңгіме. Халықтың ғасырларды көктей жүріп өткен жолы, сөз жоқ, оның тек қай атырапты мекендеп, қандай елдермен айқасып, кімді қол астында ұстағандығынан, болмаса кімге бодан болғандығынан мәлімет беретін жылнамашы мен тарихшының жазбаларымен шектелмейді. Сәулет өнері, ауыз әдебиеті, саз өнері секілді, негізінен, елдің естиярлығын, халықтың жады мен зердесін таразылайтын рухани қазыналарында да ел тарихының ізі сайрап жататыны хақ. Және бұлардың берер мағлұматтары, шынына келгенде, сырттан келген жиһанкез тарихшының сөзінен гөрі шынайы болуы әбден мүмкін. Ал, бұл тұрғыдан келгенде осы ортада өмір сүрген, оның қуанышы мен күйінішіне ең алдымен өкінетін де, күйінетін де, жыраулар мен ақындар шығармасында сөз болар оқиғалар мен тарихи мағлұматтардың қадір-қасиеті тіптен ерекше. Бәлкім, халқының мерейі үстем тұсын бұл адамдар көтеріп айтатын шығар, бақыты қайтқан кезеңін еңсесі түсе отырып баяндайтын болар, бірақ соған қарамастан осы мұралар өзіне айрықша назар аударуды керек етеді. Өйткені, әр дәуір жыршысының өз заманының тарихи кескінін бейнелеуге әрекет еткен шығармасы әрі белгілі бір ұлт әдебиетінің жасын межелеуге, әрі сол әдебиеттегі тарихилық мәселелерінің жүріп өткен жолын бағдарлауға қызмет көрсетіп қана қоймай, сол халықтың ұлт ретінде қалыптасу, ержетіп, есею кезеңдеріне де куәлік етеді. XX ғасырдың аса көрнекті ақыл-ой иесі, белгілі мемлекет басшысы Джавахарлал Неру өзінің «Взгляд на всемирную историю» атты еңбегінде: «Самые великие и гордые короли и императоры лишь краткий миг выступают на сцене мира. А цивилизации живут долго»,–дегеніндей, шындығында да небір есімімен елді тітіренткен атақты билеушілердің дүниеге келіп-кетіп жататын адам ретіндегі өмірінің кысқа, ал өркениет пен мәдениеттің ұлы ескерткіштерінің оларға қарағанда әлдеқайда ғұмырлы болатыны даусыз. Сондай өмірлі мұралардың қатарына адам ақыл-ойының кейінгіге қалдырар елеулі ескерткіші – жыраулар мен ақындардың толғау жырлары да жатады дер едік. Өйткені, осы мұра арқылы қысқа өмірлі, бірақ тірлігінде елеулі істерге мұрындық болған тарихи жандардың атқарған қызметі ел санасында жаңғырығып, ұрпақтан ұрпаққа ұласып, солар көшін бастаған елдің тарихы өзінің орнын басқандарға – олардың қандай қауымның жалғасы екендігін танытып, белгілі географиялық аймақты қоныс еткендігіне, кімдермен қандай қатынаста тірлік кешкендіктеріне куәлік беруде. Ал, иландыру күшінің ересендігінде шек жоқ. Өйткені, ол сөздерге сүлесоқтық, енжарлық жат. Өйткені, ол халқына пана, жеріне қожа бола білген, соны өзгелерден де күтетін мәрт мінез, көшелі ақылға ие сардар ақынның лебізі. Олай болса, осы лебізден ел тарихын, халықтың өткенін табу – сол жұрттың ұрпағы үшін ғана емес, оның рухани мұрасына енжар қарай алмайтындардың бәрін де ділгер ететін мәселе болса керек-ті. Қазақ әдебиетінің арғы-бергі дәуірін қарастыратын осы саланың білімдар ғылымдары Сыпыра жырау мен Асан қайғыны өздерінің жыраулық дәстүрінің басында тұрған өкілдері ретінде ертеден-ақ ескеріп келе жатқандықтары мәлім. Бірақ, өмір сүрген дәуірі жағынан бұл кісілердің қайсысын бірінші деп білеміз, бұл жағы әзірге басы ашылмаған мәселе. Қазақтың аңыз-әпсаналарында халқымыздың ақылгөй абызы ретінде суреттелетін Асан қайғы, негізінен, қазақ ұлысының атақты билеушілерінің бірі Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген–жасы жеткен қария болып сипатталады. Шығармаларында да солай. Ал, Сыпыра жыраудың Тоқтамыс ханның Едіге бимен араздасып, төңірегіндегілермен кеңескен тұста негізгі тоқтамды пікір айтатын ақылман қарт ретінде былайша жыр толғайтыны белгілі. Жырау айтқан болжамдардың бәрі тарихта айна қатесіз келеді. Едіге барғаннан кейін Темір әмірші Алтын Орда билеушісі Тоқтамысқа қарсы қалың қол шығарады. Тоқтамыс әскері жеңіледі. Елдің билігі Едігеге көшеді. Тоқтамыстың қызын Едіге тоқалдыққа алады. Бірақ, Тоқтамыс қызының аты Қанікей де, Тінікей де емес, Жанике болатын. Алтын Орда билеушісі мен Едіге бидің араздасқан уақыты – Тоқтамыстың 1393жылы Ягайлаға Дон бойынан хатқа түсіртіп жібер–ген пәрмен-жарлығында 1391 жыл деп көрсетілген. Темір әміршімен Тоқтамыс қолының айқасқан мезгілін – осы мәселеге қатынасты қалам тартқан Ш. Уәлиханов, Қ. Сәтбаев, М. Тынышбаев, С. Сейфуллин, Ә.Марғұлан, Р. Бердібаев секілді қазақ ғалымдары әр алуан жазба деректерге, тарихи еңбектерге сүйеніп1391,1395 жылдардағы қанды жорықтармен байланыстырады.Демек, Сыпыра жырау куә болып отырған оқиғаның тарихта болғаны рас. Атақты «Ер Едіге» атты тарихи жырда ұзақ-сонар толғау айтатын абыз жырау осы туындының дүниеге келуіне қандай үлес қосты, ол өз алдына мәселе. Бірақ, әйтеуір, қалай болғанда да ол сол кездегі тақ иесі Тоқтамысты да, оның ұлысын да, қасында жүрген достары мен дұшпандарын да қапысыз білетін адам. Ал, оның қасында жүргендер кімдер еді? Олар–Қарақыпшақ Қобыланды, Арғын Қарақожа батырлар.[16,367- 368б]Қобыландының кім екендігін тарихшылар да, әдебиетшілер де аз жазған жоқ. Бірақ, Қарақожа атты батыр біздің эпос зерттеушілеріміздің де, тарихшыларымыздың да назары көп түспеген тарихи қаһармандардың қатарына жатады. Әрине, оған бола оны эпос авторының, қиялының, арқасында дүниеге келген кейіпкер деуге болмайды. Өйткені, атақты тарихшымыз Қадырғали Қосымұлы Жалайридың: «Едіге... Темір бектің әскерін бастап келіп Тоқтамыс ханды қашырды. Темір бек күшінен (сипатынан) Тоқтамыс хан Солтүстік тарапқа қашты... Қарауылға Ятым батырды, одан кейін Тобал батырды, одан кейін Арғын Қарақожаны қойды. Өздері бірнеше нөкерлерімен (дем алуға) жатып еді. Едіге – Кучук ұлы Нураддин әскер қолбасшысы еді. Ол қарауылды, әуелі Ятым батырды, содан соң бәрін қапысын тауып өлтірді. Хан нөкерлерімен бейқам еді, олардағы опат болды» – дейтін, Тоқтамыс ханның тағынан айрылғаннан кейінгі тағдырынан хабардар ететін тұсында аты мен тегі айқын айтылатын адам осы кісі. Демек, бұл мәліметке қарағанда, ол Тоқтамыстың жанында ақырғы демі таусылғанша, яки 1406 жылға дейін, бірге болған сенімді серігі. Және оның билеушісіне беріле қызмет еткен көптің бірі ғана емес екеніне Шереф-ад-дин Иезди Қарақожаның 1405 жылдың қаңтар айында Темір әміршіге Тоқтамыс атынан елші болып келгендігі арқылы куәлік береді. Осыған қарағанда ол өз қандастарының топ бастаған көсемі, сөз бастаған шешені екені күмәнсіз. Әрине,«Ер Едіге» жырында сипатталатын Қобыланды мен Қарақожа шыққан Қыпшақ пен Арғын руларының бүгінгі қазақ ұлтының негізін құраған қабырғалы қауым екені белгілі. Бұл ретте Сыпыра жырауды қазақ жырауы, жыр кейіпкерлерін қазақ азаматтарының арғы аталары деуге болады. Бірақ, қазіргі қазақ ұлтын құрайтын рулардың жекелеген аталары өзбек, қарақалпақ, ноғай, башқұрт, татар сияқты өзімізбен туыстас өзге халықтардың да құрамында кездесетіндігі рас. Сондықтан тек осы жырда ғана емес, жалпы сол дәуірлердің әдеби мұраларында ұлыстың аты атала ма, тегінде соған да назар аудару керек сияқты. Өйткені, 1022 жылы орыс князі Мстислав Владимировичпен соғысқан, 1223 жылы монғолдар шапқыншылығы кезінде де «косог» атанып жүрген жеке жұрттың келесі ғасырда жер бетінен мүлдем тегіс сызылып кетуі мүмкін емес қой. Ондай жағдайда оның арада жарты ғасыр өткенде Жәнібек пен Керейді өзіне хан көтеріп, табан астынан іргелі елдікке ие бола қалуының өзі күмәнді болған болар еді. XVIII ғасырдың қазақ ұлыстары үшін жан жадыратар қуанышты оқиғалармен басталмағаны мәлім. Әйтсе де, халықтың елдік тарихында бұл ғасырдың алар орны айрықша. Өйткені, қазақ қауымы бұл дәуірде аты шулы «Ақтабан шұбырынды» сынды қайғылы оқиғаны басынан өткерді. Осы зілзаланы қазақтың басына түсірген, сол замандағы Орталық Азиядағы айбарлы мемлекет – жоңғарлармен ширек ғасырдан астам уақыт бойы табан тіресе күресе отырып, оның тарих аренасынан біржола шығып қалған тұсының куәгері болды. Осы халықпен қандас Еділ қалмақтары ата қоныстарына қайтқан тұста олармен айқасып бақты. Ал, осы оқиғалардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты жайлар еді. Өйткені, қазақ ұлыстарының жоңғарларға қарсы азаттық үшін күресі – атышулы «Ақтабан шұбырынды» сынды қасіретті оқиғаның жалғасы, кек қайтару шайқастары болып қана қалған жоқ. Бұл күрес жолында қазақ халқы өзге бір әлеуетті ел тарапынан өзіне сүйенер тірек, дос табуды мақсат тұтты. Ресей, Қытай секілді іргелі елдермен араға елшілерін, хабаршыларын жүргізді. Және соның ақыры ізсіз кеткен жоқ. Қазақ жұрты Ресей елінің боданы болды. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы кезіндегі халқымыз тартқан ауыртпалықтың салмағы исі қазақтың бәрі білетін аты шулы «Елім-ай» әнінде керемет суреттеледі. Бірақ, он бір буынды қара өлеңмен айтылған бұл туындының авторы ұзақ уақыт бойы халық боп есептеліп келеді. Әрине, қазір халықтікі болып есептеліп жүрген талай туындының әу бастағы иесі жеке адам екенінде дау жоқ қой. Бірақ, Бұқар жыраулармен тұстас адамның көкірегін жарып шыққан осы шығарманың авторы жайлы халықтың жақ ашпай келуінде нендей сыр бар? Біздіңше, мұның мәнісі мынада: халық өзінің табиғатында намысқой. Ол бірлі- жарымды адамның емес, күллі халықтың сүйегіне түскен таңбаны, ел болып «етегін жапқаннан» кейін, авторын айта отырып, жаңғырта жырлауға қашан да құштар болмаған. Сондықтан кешегі бір жан даусы шыға қиналған тұста өзінің мұңы мен қайғысын қапысыз тап басқан әуен мен сөзді айтса да, оның авторын айтпайды. Өйткені, мұндай автор кейінгі күндерде өмір сүріп, елміз, халықпыз деп, соның абыройлы, рухтылығын қалай еткенде де жоғары ұстаймыз деп жүргендер үшін кешірілмес күнә иесі секілді болып қабылданады.Ал, жалпы осындай елдің басынан кешкен үлкен трагедиялы хәлді жырлауға сараңдық тек бір қазақ жұртына ғана емес, барша халықтарға тән қасиет. Бұл тұрғыда авторлы туындыларды іздеп табудың қиындығы былай тұрсын, халық атымен айтылатын жай өлең-жырлардың өзі сирек кездеседі. Мәселен, 1771 жылы Еділден Алтайға қоныс аударған кезінде азып-тозып, талай рет қазақ қолының талауына түскен торғауыттарда бір ғана (онда да азапты оқиғаның себебі, жай- күйі айтылмай-ды) халық жырынан өзге сол кезеңнің оқиғасынан хабар беретін әдеби мұра сақталмаған. Сондай-ақ, орыс халқының ел ретінде жусай жеңілген, дүрбелеңге түскен кезін жырлайтын бір ғана Ксенияның жоқтауы болмаса бұл халықтың да тарихи жырларында ондай сұрапыл кезең суреті көп көріне бермеген сияқты. Ал, оның есесіне елдің мерейі өскен, жауын мұқатқан сәттерін жырлайтын туындылар әлдеқайда көптігімен, өміршеңдігімен назар аудармақ. Мысалы, 1771 жылғы оқиға туралы бір ғана қысқа жырдан өзге фольклорлық мұрасы сақталмаған қалмақ жұртында содан бір ғасырдан астам бұрын өткен жайды, яки 1652 жылдың қысында қазақ пен қырғыз жұртының билеушісі Салқам Жәңгірді Цецен ханның он жеті жасар ұлы Галдаманың айқас үстінде қалай өлтіргендігін жырлайтын көркем жыр бар. Сол сияқты қазақтарда да қалмақ жұртының күйрей жеңілген тұстарын көтере көрсететін фольклорлық мұраларды былай қойғанда, авторлы туындылардың өзі бірқыдыру. Дәрісті бекіту сұрақтары:1.Хандық үшін күрес қай жылы шиеленісе түсті ? 2. Тарихи зерттеулердің айтуы бойынша халықтың сауат ашуы қандай жағдайда болды? 3.Қадырғали Жалайырдың «Шежірелер кітабы қазақ хандығы туралы не жазды? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. Дәріс 3 ЖЫРАУЛАР МЕН АҚЫНДАР МҰРАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ Дәрістің мақсаты: Жыраулардың ақын, жыршылардан ерекшелігі неде деген мәселелер айналасында әдеби теориялық ұғым беру. Тірек сөздер:Жырау, жыршы, ақын, эпос,жыр,толғау,толғаныс,толғану т.б Дәрістің жоспары: 1.Жыраулардың ақындардан өзіндік ерекшелігін түсіндіру. 2.Жырау деген кім ,жыраулық өнер туралы түсінік беру. 3.Толғап-толғап сөйлеу, ғажайып шешендікке құрылған философиялық-дидиактикалық толғаулар, даналық афоризімдер мен терең ойлы ақыл- нақыл, мақал- мәтелге құрылған сұлу да айшықты жыр жолдары жыраулардың негізгі белгілері екеніне тоқталу. 4.Садақ оғынан да ұшқыр жырау сөздерінен небір хандар мен дұшпандарын тұқыртуы, олардың керегінде халық үшін қолына найзасын алуы, дана кеудесінен сөз боранын боратып, ірі қоғам қайраткерлері,қабырғалы би болғандықтары жайында сыр шерту. 5.”Қазақ” деген аты бар дербес әдебиетіміздің алдыңғы лебі- бүкіл түркі халқына аты ерекше тараған дала,,абызы,,сөз әулиесі-Асан Қайғы жайынан мәлімет беру. 6.Жорық жыршысы,ірі эпик,әрі нәзік лирик Қазтуған жырау туралы әңгімелей отырып, әсіресе оның ұлттық әшекейі анық,терең суреттеу тәсілдері өте шебер жырлары-шындығында да дала поэзиясының, жыраулықтың биік шыңы екеніне тоқталу. Ақындық және жыраулық поэзияның өзіндік сипат-белгілерін бұлардың өмір шындығын суреттеудегі көркемдік тәсілдері мен белгілі бір тарихи кезеңде аренаға шыққан авторларының нақтылығынан, ғасырлар бойы өзара үзілмей келе жатқан дәстүр жалғастығын танытатын стильдік ерекшеліктерінен де көреміз. Дәл осы аталған поэзияның жазба әдебиетіміздің негізін қалаған ұлы Абайға дейін де, одан кейін де қалыпты үлгілерден табиғаты өзгеше, жеке бір өнімді арна болып дамып келгені де мәлім. Белгілі бір дәуір талабына орай ұлы Абай бір кезде: Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, Өлеңі бірі – жамау, бірі – құрау. Әттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса, Кемшілігі әр жерде-ақ көрініп тұр-ау, – деп, өзіне дейінгі бір топ ел ішінде аты белгілі ақын, жырауларды қатты сынға алса да, олардың шығармаларын оқып білмеді, үйренбеді, яки бәрін бірдей жалғыз шумақпен мансұқ, етті деудің өзі қазіргі әдебиет тарихы деңгейінен қарағанда әрі орынсыз, әрі артық айтқандық болар еді. Бірыңғай импровизация дәстүрінде туып, егіз бір арнадан нәр алып келген сол ақындық поэзия мен жыраулық толғаулардың жырлайтын тақырыбы мен жанрлық ішкі мүмкіндіктерінде де өзіндік елеулі өзгешеліктері бар. Ақындық поэзияда тақырып ауқымының кеңдігіне қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым болып отырса, жыраулық толғауларда әлеуметтік өмірдің әр алуан көріністері мен заман жағдайын сипаттайтындай ой-болжам, асқақ эпикалық үнге көбірек мән беріледі. Осы ерекшеліктерді М.О.Әуезов кезінде дәл басып танып: «Жырау демек, ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Бұның сөз үлгісі, шығармасы – толғау. Жыраудың мақсаты, міндеті – «не болса сол көңіл ашар», «әлдене» дерлік сөзді айту емес. Ол заман сыны, мезгіл, дәуір болжалын, тарихи оқиғаның мазмұн бағасын сөз қылады. Көбінесе әрі жырау, әрі би болады» — деп бағаласа, ақындық дарынның ерекшелігін Е. Ысмайылов: «Ақын өмірдегі құбылысты, тарихи оқиғаны өзінің ой-өрісі дәрежесінде таниды. Ақынның сезінуі, ол сезгенін қабылдауы шапшаң, ол тез көріп, тез әсер ала біледі, алған әсерін ұғып, есіне сақтауы да күшті, тұрақты. Ақын естігенінен гөрі, көзі көргенін тез сезіп, жылдам жырлап кетеді», – деп жазады. Ақындық және жыраулық поэзияның табиғи өзгешеліктері мен оның фольклорлық туындыларға қатысы, жазба әдебиетпен байланысы алғашқы зерттеулерде жалпы әдеби процесті ашу және әдебиет тарихын қай ақын, жыраудан бастау керек деген сол кездегі аса маңызды мәселелерге орай сөз болып келді. Бұл проблема қазақ әдебиеті тарихына арналған көп томдық еңбектер мен кейбір теориялық мәселелерге арналған жеке монографияларда да, белгілі бір ақын, жыраулардың өмірі мен творчествосына арналған ғылыми мақалалар мен орта мектеп оқулықтарында да үзбей әңгімеленді. Алайда, бізде соңғы кезеңге дейін осы мәселеге арналған күрделі еңбектер болмай келді. Бұл тұста, ең алдымен, М. Мағауиннің «Қобыз сарыны» атты кітабы мен Қ.Сыдиықовтың «Ақын, жыраулар», Е. Тұрсыновтың «Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері» деген зерттеулерін, Ә.Дербісәлиннің «Дәстүр және жалғастық» атты монографиясы мен «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» атты коллективтік еңбекті бөліп атауға болар еді. М. Мағауин аталған зерттеуінде XV-XVIII ғасырларда жасаған ақын, жыраулар творчествосын алғаш рет жеке алып арнайы қарастырумен қатар, сол кітаптың «Ақын және жырау» деген соңғы тарауында бұл күрделі мәселені жыр құрылысы (ұйқас, ырғақ, бунақ, тармақ, т.б.) ерекшеліктері тұрғысынан да байыпты ашып талдайды. Ал, Е.Тұрсыновтың жоғарыда айтылған еңбегінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін сақтап таратушы, жасаушы ақын, жырау, сал, сері, сыншылардың шығу тегі, типтік ерекшеліктері мен түп тамыры әлеуметтік, қоғамдық аспектіде қарастырылса, Қ.Сыдиықов өз зерттеуінде жыраулық дәстүрдің жалғасу жолдарына, оның бүгінгі дәуірдегі сипат, ерекшеліктеріне зер салады. «Жырау» деген термин өзіміздегі «жырлау», «жыр айту», «жырламақ» сөзінен келіп шыққан. Мұның түп төркіні байырғы «жыр», «жыршы» деген ұғымдармен өзара астасып жатыр. Бұл пікірді ұлы ойшыл ғалым Ш. Уәлиханов және В.В.Радлов, Л.З.Будагов еңбектерімен қатар, бүгінгі әдебиет зерттеушілері де бірауыздан қуаттайды. Осыған ұқсас тұжырымдар өзге туыстас елдер әдебиетшілерінде де бар. Ш.Уәлиханов кезінде жырдың белгілі бір әуенмен қобыз сүйемелдеуі арқылы орындалып, батырлардың ерлік істерін дәріптеуге құрылатынын айта келіп: «Жыр дегеніміз – рапсодия. «Жырламақ» етістігінің өзі белгілі бір ән- әуенмен жырлау мағынасын білдіреді. Дала жырларының бәрі де қобызда сүйемелдеу арқылы орындалады. Жырдың мазмұны ертеде өткен батырдың өмірі мен ерлік істері туралы болып келеді. Бір жәйт: батырдың өмірі мен ерліктеріне қатысты оқығанын, бәрі қара сөзбен баяндалады, ал жыр поэма қаһарманы мен басты кейіпкерлерді сөйлету қажеттігі туған кезде ғана қолданылады», – деп жазды. Рас, «жыр», «жыршы» деген ұғымдар әдебиетімізде ерте кезеңдерде-ақ, туып қалыптасқан. Бұған өз жанынан шығарып айтуға мүмкіндігі бар әр алуан суырып салма ақындар жатқызылып келген. «Жырау» сөзі де осы ұғыммен терең астасып жатыр. Қазақтағы жыр мен өлеңнің түр, мазмұн құрылысындағы айырмашылық белгілерін алғаш танып әңгімелеген кісінің бірі – Құрбанғали Халидұғлы. Ол ақын мен жыршыны өлеңшілердей емес, өз жанынан шығарып айтатын дарын қасиеті бар деп санап: «Ақындардың бір бөлімін «жыршы» дейді. Бұлар да ақынға тең түседі. Шығармаларында айырмашылық бар. Ақын шығармасын «өлең» дейді, олардың бір жолы төрт немесе одан да көп сөзден тұрады. Ал, жыр болса, одан гөрі қисынға құрылған (қиыннан қиысқан) үш сөзден тұрады. Мысалы, Бұқар жыршының жыры (поэзиясы), Асан атаның мақал сөздері және Абылай хан қайтыс болғандағы Бұқардың көңіл айтуы да жырға жатады. Осы күнгі Құдабай ақынның айтып жүргені «өлең» делінеді. Екінші айырмасы: ақындардың өлеңі жай мағыналы болып, ал, жыршылардың сөзі мадақ, насихат мағыналы болып келеді және мысал сипаттас әсерлі болады. Сонымен бірге өлеңнің алғашқы екі жолы түпкі мағынасына сай келе бермей, қисын үшін де алынады. Ал, жырдың барлық жолы арналған тақырыптан ауытқымайды», – деп жазады. В.В.Радлов жырды шумақа бөлінбейтін импровизация, қайғылы жыр, жоқтау деп жіктеп, ал жырауды – жыршы, көнені жырлаушы, алдын болжаушы (предсказатель) деп түсіндіреді. Сондай-ақ, ол қазақ жырының көнелік сипатын әңгімелегенде: «Қайсыбір жырларда көне түрік ұйқастарының заңдылық іздері сайрап жатыр, бұны, әсіресе, сондағы аллитерация, акростих және ішкі ұйқастар мен көне мәтелдерден айқын аңғаруға болады», – дейді. Сөйтіп, жыр мен жыраудың импровизация тарихында ең көне тип екендігі Ш. Уәлиханов пен В. В. Радловтан бастап В.Жирмунский, X.Зарифов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан, Н.С.Смирнова, З.Ахметов, X.Сүйіншәлиев, Ә.Дербісәлин, Р.Бердібаев, Н.Келімбетов, Е. Тұрсынов, Қ.Айымбетов зерттеулерінде де түгелдей мақұлданған. Бұлардан Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан, З.Ахметов сияқты әдебиетшілер жыраулардың эпикалық жыр тудырудағы рөлімен қатар, алдын болжағыш, білгір, көрегендік қасиеттерін де баса көрсетеді. Е.Ысмайылов жыраулардың қоғамдық рөлін аса жоғары бағалай келіп: «Жыраулар өмірдің ұсақ мәселесіне аз араласып, көбінесе, заман-дәуір, өткен мен келешек, адамгершілік, жақсылық пен жамандық жайында ойлар, болжаулар, қағидалы сөздер айтып отырған», – деп ой түйсе, Ә.Марғүлан: «Жырау ру басы ақсақал, халықтың көкейкесті арманының мұңшысы, жыршысы ретінде өте қажетті тұстарда ғана болмаса, суырып салып жыр тудыра бермеген. Ел құрметіне бөленген жырауларға жұрт болашағына қауіп төніп, қалың бұқара жол таба алмай тығырыққа тығылған екіталай ауыр сағаттарда ғана ақыл салып, кеңес сұрайтын болған. Сонда ғана жыраулар халыққа күш-жігер беріп, осы оқиғаның немен тынарын болжап, тебірене жыр толғайтын болған. Болашақты барлап болжам айту – көреген де білгір жыраулардың поэтикалық өнерінің басты тәсілі болып саналған», – деп жазады. Ал, З.Ахметов жыраудың әлеуметтік қызметін эпостық жырлармен байланыстыра қарап: «Жыраулар творчествосының жанрлық ерекшеліктері өзгеше. Олар өз жырларын қазақ халқының көне поэтикалық үлгісі – толғау арқылы айтып таратқан. «Жырау» сөзінің көне мағынасы эпостарда ғана сақталып қалған. Мұны эпостық кейіпкерге айналған Сыпыра бейнесінен анық аңғарамыз. Бертін келе бұл ұғым өзгерген, жаңа мағынасында қолданыла бастады», – дейді. Бұл айтылған пікірлердің жыраулық поэзияның табиғатын ашып танудағы мәні айрықша. Дегенмен, жыраулар творчествосының өзіндік белгілері қандай, бұлар табиғаты жағынан әдеби түрдің қайсысына жатады, мұның жанрлық белгілері қандай деген тәрізді аса күрделі мәселелер әлі күнге дейін арнайы қарастырылып, өз шешімін әлі де толық таба қойған жоқ. Біз осыған орай жыраулық поэзияның Абай іргесін қалаған жазба әдебиетке келіп жалғасудағы тарихи үлесін елеулі деп айта аламыз. Жыраулар импровизация дәстүрінің бірден-бір негізін қалаушылары ғана емес, сол жанрдың ғасырлар бойы жалғаса дамып, тұрақтап ірге тебуіне де айтарлықтай еңбек сіңіріп келді. Осы тұста Ә.Тәжібаевтың: «Жырау – сөз жоқ ақын. Ақын болмай, жұрт қадірлейтін жырау атану мүмкін емес. Ақындығы күшті жыраулардың жалынды жырлары үнемі жаңғырып, кейінгі ұрпаққа сиқын бұзбай көрікті күйінде жетіп отырады. Ал, жыраулық – ертеден келе жатқан халық поэзиясының үлкен бір дәстүрлі саласы», – деп, жыраулық дәстүрді әдебиетте орны бөлек, жеке сала ретінде алып қарастырады. Ал, Ә.Марғұланның көрсетуінше, жыраулар эпикалық жырды бірден-бір жасаушылар болумен қатар, қоғамдық өмірдің барысын, болашақты болжап айтатын жеке профессионалдық топтың да ірі өкілдері. Бұл пікірді Ә.Қоңыратбаев әрі қарай жалғастырып: «Ертегі, ұсақ салт жырлары жәй айтушылардан басталса, эпос профессионал жыраулардың үлесінде болған», – дейді.... Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Жыраулар деген кімдер? 2 . «Жырау» деген сөздің түп төркіні қайдан шыққан? 3.Ақын мен жыраудың айырмашылығы неде? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35. Дәріс 4 АСАН ҚАЙҒЫ жыраудың өмірі, шығармашылығы. Дәрістің мақсаты:Жырау Асан мен аңыздағы Асанның ара жігін ажыратып түсіндіру. Тірек сөздер:Жерұйық, аңыз, ноғайлы,шұрайлы жер т.б. Дәрістің жоспары:1.Асан қайғы есімінің барша қазақ халқына кеңінен таныс екендігі. 2.Асан қайғының халық арасында әулие ретінде құрмет тұтылуы. 3.Ата тегі туралы нақты деректердің жоқтығы. 4.«Тауарих хамсада» Шыңғыс хан кезіндегі Майқы бидің алтыншы ұрпағы деп келтірілуі. 5. Асанның біраз өмірінің Қазанда хандық құрған Алтын Орда әміршілерінің бірі – Ұлұғ Мұхамед тұсында өтуі. 6. Кейін қазақ ханы Жәнібек маңында болғаны. 7.Асан туралы аңыздарға қысқаша шолу. 8.Асан толғауларының көркемдік ерекшелігі, маңызы тәрбиелік орны. 9.Асан қайғы туралы М.Әуезовтың, Ш.Уәлихановтың, Х.Сүйінішәлиевтің т.б. ғалымдардың пікірлері жайлы. 10. Асан қайғының шығармаларының зерттелуі жайлы. Аты аңызға айналып, ғасырлар бойы өз халқымен рухани бірге жасап келе жатқан жарқын тұлғалардың бірі – Асан қайғы. Бұған оның атына байланысты туып, ел жадында сақталған қыруар аңыз, әңгімелер мен жер-қоныс аттары туралы айтылып келген сан қилы сын-сарап бағалары, сондай-ақ, замана жайын толғаған әр алуан өлең, жырлары толық айғақ. Бұлардың бәрінде дерлік Асан өз халқының бақытты болашағын ойлаған ел мұңшысы, жұрттың көкейкесті арманын арқалаған ардагер азаматы кейпінде сипатталады. Сондықтан Асан есімі әр кез «қайғы» деген сөзбен қатар аталып, ел қамын жеген кемеңгер, ойшыл адамның жиынтық бейнесіне айналып кеткен. Революцияға дейін негізінен мал шаруашылығымен айналысып, табиғатқа тікелей тәуелді болған елге жұтсыз жайлы қоныс пен шапқыншылығы жоқ еркін тұрмыс, байлығы шалқыған бейбіт өмір қашан да асқақ арман еді. Ел-жұрт «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы егіз қоздайтын» шұрайлы жер мен «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» мамыражай заманды арман еткенде де, соның бірден-бір жоқшысы деп Асан есімін атайды. Аңыздарда айтылғандай, Асан қайғы жеті жыл желмаяға мініп жер шолып, кең сахараны шарқ ұрып шарлағанмен, елге дәл ойдағыдай іргелі қоныс таба алмайды. Өзі ұнатқан құт- ырысы мол Жиделібайсынға (халық қиялындағы аты – «Жерұйық») ел көшіремін деген ең соңғы үміті де өшіп, жігері құм болып, ақыры күші қайтып қартайған шағында ойлаған арманына жете алмай қаза табады. Асан тарихта болған адам, алайда оның өмірі туралы нақты тарихи деректер сақтала қоймаған. Халық аңыздарында Асан қайғыны қазақтың бірінші ханы Әз-Жәнібектің тұсында өмір сүрген адам еді дейді. Асан қайғы қай ортадан шығып, қай дәуірде, қандай өмір кешкен еді, көп жасаған өмірінде қандай қызмет атқарды, кімдермен істес, замандас болып еді деген сұрақтарға жауап беретіндей бізде нақты тарихи деректер жоқтық қасы. Бұл тұста Асан Қайғының өз толғауларында айтылатын мәліметтер мен сол тұстағы кейбір жырларда келтірілген қосалқы дерек-түсініктерді, Асан туралы сақталған кейбір аңыз, әңгімелерді ғана негіз етеміз. Қалай дегенде де ол әрқилы аумалы-төкпелі тарихи дәуірлерді бастан өткеріп, талай-талай хандардың қысылғанда ақыл сұрайтын кемеңгер кеңесшісі, болжағыш та білгір биі болғанға ұқсайды. Осы тұста мынандай дерекке назар аударған жөн. Г. Н. Потанин қорына арналған халық мұралары жинағының ғылыми түсінігінде: «Асан қайғы халық арасында Асан ата аталды. Аңыздарға қарағанда, ол XV ғасырда жасаған. Әйтсе де, Хафиз Таныш ибн Мир Мұхаммед ал-Бухари оның (яғни Асан қайғының) сол тұста Сырдария даласындағы. белсенді саяси қайраткерлерінің бірі болғанын жазады», – деп көрсетілген. Аталған автордың «Абдулланома» атты шығармасында Хасен Хожа Нақып деген кісіні Абдолла ханның тұсында мемлекет басқару ісінде биік мансапқа ие болған, ханның XVI ғасырда қазақ даласына жасаған жорығында оның қолбасшы, сенімді серіктерінің бірі еді деп көрсетілетіні рас. Алайда, «Абдулланома» атты кітапта әңгіме болатын Хожа Нақыпты, біздің пікірімізше, дәл Асан қайғы еді деп тұжырып айтуға келе бермейтін сияқты. Осы орайда, ең алдымен, Абдолла ханның қазақ даласына жасаған сол жорығы XVI ғасырдың аяғында болған оқиға екенін еске алсақ, бұл мерзім Асан қайғы өмір сүрді дейтін белгілі тарихи кезеңнен (XV ғасыр) тым алшақ жатыр. Асан қайғыны жоғарыдағы Хафиз Таныш ал-Бухаридің кітабында айтылатын Хасан Хожа Нақыппен тарихи бір кісі еді деп жорамал айтқан автор халық аңыздарындағы «Асанның шын аты Хасен екен, ол пері қызына үйленіп, кейін сол қыздан айрылып қалып, соның қайғысынан «Асан қайғы» атаныпты» дейтін әңгіме мен «Хасен мен Ежен хан» атты аңызды негізге алған тәрізді, дегенмен мұның Асан қайғының алғаш Хасен аталғанын білдіретін деректер ғана екені мәлім. Сондықтан біз бұл жорамалды оның тарихи шындықпен қабысу, қабыспау тұрғысынан алып бағалауды жөн дер едік. Бұл тұста біз білетін тарихи Асанды жоғарыда айтылған Абдолла ханның төңірегінен іздегеннен гөрі, оны өзбек- қазақ ұлыстары бөлініп шыққан Дешті-Қыпшақ мемлекетінің ханы Әбілқайыр тобындағы Хасан атты билермен байланыстыра қарау шындыққа әлдеқайда жақын келетін сияқты. Мақсұт бин Осман Кухистанидің «Тарихи Әбілқайыр-хани» атты кітабында Әбілқайыр ханның оң тізесін басқан салауатты билері мен белгілі әскери басшыларының қатарында Хасан-оғлан-би Шынбай және Хасан-би Ұйғыр деген кісілердің аты құрметпен аталады. Асан қайғының есейіп, егде тартқан кезінде Керей мен Жәнібек сұлтандарға еріп, Әбілқайыр ханның тобынан бөлініп шыққанын, кейінірек қазақ халқының тұңғыш ханы Жәнібектің төңірегінен табылып, соның қысылғанда ақыл сұрайтын кемеңгер кеңесшісі болғанын ескерсек, әлгі айтылған соңғы кісілердің тарихи Асанға бір табан жақындығы ашылып, айқындала түсер еді. Асан қайғының өмір сүрген дәуірі мен сол кездегі тарихи әлеуметтік мән- жайды айтқанда, қолдағы сан алуан аңыз, әңгімелермен қатар, кейбір тарихи өлең, жырлардағы қажетті дерек, қосалқы мәліметтерді де негіз ете аламыз. Бұл орайда Құрбанғали Халидұғлының «Тауарих хамса Шархи» атты кітабында келтірген мына бір деректің орны айрықша. Автор өзінің «Асан атаның бір мақалының мағынасы бұл дүр» атты әңгімесінде Асан қайғының «Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар» деген сөзінің мәнісін сұраған Абылай ханға Бұхар жыраудың «Ханға жауап айтпасам» деп басталатын әйгілі толғауын келтіре отырып: «Бұл хабар көне адамдардың әрбірінің аузында бар, кәриялардың құлағы қанық өздеріне анық дүр. Құдабай намында бір ағмы (екі көзі су қараңғы, әз) ақын бар еді. 1288-1870 хижрие дуалжиғде IV айында бір жайда мәзбүр ақыннан сұрадым, Асан қайғы кім дүр, оның мақалдарынан білсең сөйле дегенімде, бұ язылажақ өлең ила жауап берді: Асанның асыл түбі ноғай деймін, Үлкендердің айтуы солай деймін Тегінде ноғай, қазақ түбіміз бір, Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір. Ормамбет хан Ордадан шыққан күнде, Асан қайғы қайғырып айтыпты жыр, – деп, айтқан екен деп Қошан акам сөйлеуші еді», – дейді. Бұған қарағанда, ең алдымен, Құрбанғали Халидұғлы Асан қайғының шыққан тегін баяндайтын осы өлеңді Құдабай ақынның өз аузынан естіген болып шығады. Бұдан тыс ол ел жүрегінде ұялаған Асан сөздерінің мән-маңызын айта келіп, Асанның асыл заты туралы Құдабайдың Қошан деген дана және білімді адамнан қара сөз күйінде естіп, оны артынан өлеңге айналдырғанын да баяндап береді. Автор: «Асан атаның бағзы ахуалы, шешендік сөздері үзік-үзігімен қазақ арасында айтылып келеді. Әр сөзінде бір тапқырлық сөз, әр тәртібінде бір мағына бар, онысы түсінуге жеңіл, түсіндіруге қиын заттар емес. Қошан намында бір дана уа білімді адам болса керек. Қ. Халидұғлы өз еңбегінде Асан атаның бір кезде Хасен аталғанын әңгімелей келіп, жоғарыдағы Құдабай ақын айтқан өлеңге орай өз ойын білдіреді: «Асан қайғы асылы ноғай еміш. Шыңғысханның тұстасы ұлан Майқы бидің алтыншы немересі», – деп көрсетеді. Бұл «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген көне мәтелдегі Ұлы жүз әйгілі Майқы би болып шығады. Қ. Халидұғлының Майқы биді «ұлан» деп көрсетуіне қарағанда, бұл атақтың біз жоғарыда атаған Хасан-оғлан-би Шынбайда да жүруі кездейсоқ жәйт емес. Олай болса, бұл – біз ілгеріде бөліп атаған Әбілқайыр ханның оң тізесіндегі Хасан-оғлан-би Шынбай тәрізді кісілермен Асан қайғы бір тұлға болуы да мүмкін деген жорамалға негіз бола алатын сияқты. Ал енді, Құдабай ақын айтқан «Асанның асыл түбі ноғай деймін» деген жырдағы сөзге келсек, мына жәйтті еске тұтқан жөн. Тарихи деректерге қарағанда, бұл кезең ноғай мен қазақтың бір-бірінен этникалық жағынан біржолата бөлініп, жеке ұлт болып қалыптаса қоймаған кезін аңғартатын сияқты. Біздің көптеген аңыздарымыз бен тарихи өлеңдеріміздің, тіпті бір алуан эпостық лиро-эпикалық жырларымыздың «ноғайлы дәуірі» деп аталатын тұста туып қалыптасқаны мәлім. Осындай туыстық нышан-белгілерді екі ел әдебиетіне бірдей ортақ Шәлгез, Қазтуған, Доспамбет жырларынан да айқын аңғарамыз. Бұл туралы ұлы ғалымымыз Шоқан Уәлиханов: «Ноғай деген ат жартылай отырықшы елдерден бөліп алу үшін айтылған аты еді. Ноғайды да, өзбекті де – бәрін де ноғай деп атаған. Бірге жасап өмір кешкен ноғай мен қазақ ордасын Жәнібек билеген кезең қазақ жырларында алтын дәуір тұрғысында саналады», – деп көрсетсе, осы пікірді Сәкен Сейфуллин де қуаттап: «Ертедегі батырлар әңгіме-жырлары қазақ атанған елдің ноғайлы болған дәуірінен, немесе «ноғайлы» атын әлі тастамай жүрген дәуірінен қалған әдебиет нұсқалары», – дейді. Ал, Қ. Жұмалиев осыған орай өз ойын: «Мұндағы «ноғайлы» деген сөзді қазақтан бөлек басқа ел деп түсіну керек емес», – деп түйеді. Шыңжандық тарихшы ғалым Н. Мыңжани өзінің «Қазақтың қысқаша тарихы» атты еңбегінде Асан қайғыны Алтын Орданың 1445 жылы қайтыс болған ақырғы ханы Ұлығ Мұхаммедтің (Ормамбет) қасындағы ықпалды билерінің бірі, Сарай және Қазан қалаларында билік басында болған әйгілі жырау және философ, ол Алтын Орда ыдыраған соң, қазақ ханы Әз-Жәнібектің қасында болғандығы мәлім деп жазады. Ормамбет ханның қазақ тарихына қатысын кезінде ұлы Шоқан да атап көрсеткен еді. Асан қайғы туралы аңыз, әңгімелер мен әр алуан деректердің жарық көру мәселесіне келсек, бұл игілікті істің XIX ғасырдың екінші жартысынан басталғанын көреміз. Бұлардың бір алуаны кезінде озық ойлы орыс оқымыстыларының бастыруымен жарық көрсе, енді бір тобы ертедегі қазақ ақын, жазушылары мен тарихшыларының жариялауымен басылып келді. Бұлардың ішінен Я. Лютшь хрестоматиясында басылған Асан туралы ертегі мен Құрбанғали Халидұғлының «Тауарих хамса Шархиындағы» жоғарыда келтірілген құнды деректерді жеке бөліп атаған жөн. Асан қайғы туралы аңыздар мен жыраудың өз жырлары кеңестік дәуірде ғана үздіксіз жарық көріп, жүйелі түрде зерттеле бастады. Бұл істе әйгілі жазушымыз С. Сейфуллин жинап бастырған «Қазақ әдебиеті» жинағының алатын орны ерекше. Мұнда ең алғаш Асан туралы кейбір құнды деректермен қатар, оның Әз-Жәнібек ханға айтқан «Қырында киік жайлаған», «Алты атанға қос артып» атты әлеуметтік мәні зор толғаулары жарық көрді. Осы жырларға орай жазған зерттеуінде автор Асан қайғының өмірде болған тарихи тұлға екенін айтып, оны Әз-Жәнібек ханның замандасы, Майқы бидің ұрпақтары еді деп көрсетеді. Осы жылдарда Асанның Әз-Жәнібек ханға айтқан «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің» атты ұзақ толғауы мен әр алуан қоныс-жерлерге берген баға- сындары «Таң» журналында жарияланса, Асан өлеңінің шешімін айтқан Бұқар жыраудың белгілі жыры «Жас қазақ» журналында жарық көрді. Бұл материалдар, сөз жоқ, Асан қайғы шығармаларының жиналып, зерттелуіне жол салды. Осыған орай Сабыржан Шәкіржанның «Асан қайғы» атты мақаласын бөліп атауға болар еді. Автордың кейбір долбар-жорамалға бейім пікірлерін сын көзбен қарай отырсақта, оның Асан қайғының өмірі мен жасаған дәуіріне байланысты айтқан ойлары елеуге тұрарлық. Әрине, мұның көпшілігі К. Халидұғлының «Тауарих хамса Шархиында» келтірілген деректермен өзара ұштасып жатса да, аталған мақала Асан қайғы өмірінің кейбір қырларын дұрыс ашып көрсеткен. Автор ел болашағын ойлаған Асан өмірінің соңғы жылдарында Ақ Ордаға келіп, одан Жиделібайсын барып қайтыс болған деп көрсетеді. Бұл Шоқан айтқан пікірмен де үндес. Жеті өзеннің аталу тарихын әңгімелей келіп, ол халық аузындағы «Жеті өзенге шейін ел тоқтамас» деген сөз Асан атадан қалған екен» – деп жазады. Асан қайғы жырлары ең алғаш мектеп оқушыларына арналған әдебиет оқулықтарында басылып, жарық көрді. Бұларда Асан белгілі бір дәуірде өмір сүріп, халқының бақытты болашағын аңсаған кісі ретінде аталып, оның өлең- жырлары кешегі өткен ел өмірінің айқын көрінісі тұрғысында бағаланып келді. Асан творчествосының арнайы зерттелуі қазақ әдебиетінің тарихына арналған алғашқы кітаптың үлесіне тисе, «Қазақ ертегілеріндегі» алғы сөз бен «Қазақ әдебиеті тарихының» соңғы басылымдарында Асан қайғының әдебиеттегі орны мен шығармаларының мән-маңызы ғылыми талдаулар арқылы байсалды бағасын алды. Бұлардағы Асан, ең алдымен, көркем сөз иесі – ақын ғана емес, халық әңгімелерінің аңызға айналған басты кейіпкері де. Ол, көбінесе, көшпелі елге ырысы мол құт-береке болатын шұрайлы қоныс іздеп, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» мамыражай заманды аңсаған жұрт қамқоршысы болып сипатталады. Сондай-ақ, ол бұл аңыздарда қазақ елі мекендеген қоныс-жай, жер-сулардың аса білгір сарапшы, сыншысы ретінде де, халықтың ертеңгі болашағын ойлаған асқақ гуманисі тұрғысында да бой көрсетеді. Ә. Марғұлан өзінің «Қазақ халқының поэтикалық көне мәдениетінің сақтаушылары туралы» атты мақаласында Асан қайғы мен Бұхарды әйгілі Сыпыра жыраудың бірден-бір мұрагері, Қорқыт, Ұлық жыршы, Аталық, Сыпыралар негізін салған жыраулық дәстүрдің ізбасар, жалғастырушылары еді деп жазып, оның Сыпыра жырау секілді кезінде эпикалық жырлар тудыруға да үлес қосқанын атап көрсетеді....... Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Асан тарихта болған ба? 2.Асан Қайғы қай ханға, не үшін ренжіді? 3.Асан Қайғының жерұйық іздеу себебі не? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. Дәріс 4 Қазтуған жыраудың өмірі, шығармашылығы Дәрістің мақсаты:Қазтуған жыраудың өмірін,шығармашылығының зерттелуін толық игерту. Тірек сөздер:Жырау,эпик ақын,шайыр,алдаспан. Дәрістің жоспары:1.Қазтуған жыраудың өмірінен мәлімет.Жыраудың көшпенділер аристократиясынан шыққандығы. Туып өскен жері туралы. 2.Қазтуған жыраудың қолбасы батыр болған деген аңыздың шындыққа жақындығы. 3.Мұрат ақын, Мұрын жыраулар жырлаған «Қазтуған», «Қарға бойлы Қазтуған» атты толғау- поэмалары туралы. 4.Қазтуғанның нәзік лирик, әрі ірі эпик, жорық жырауы болғандығы. 5.Қазтуғанға дейінгі жыраулардың аты жеткенмен, толғауларының жетпегені туралы, аз болса да ұлы жырау шығармаларының бір кішкене үзігінің бізге жеткені жайында. 6.Қазтуған жырларының маңызы. Қиял байлығы, суреттеу шеберлігі, таза ұлттық рух, ұлттық тіл тазалығы. 7. Қазтуған толғаулары-орта ғасырлық әдебиеттің алтын мұрасы-жыраулықтың тамаша үлгісі екендігі. Алтын Орда заманындағы ноғайлы-қазақ дәуірі әдебиетінің ірі өкілі Қазтуған жырау. Ноғайлы аталып, артынан бір-бірінен бөлініп кеткен түбі бір, тілі бір түркі тектес тайпалардың, шынтуайтқа келгенде, сол кезде жеке халық болып қалыптасқан қазақтардың бай әдебиеті, ақын-жыраулар поэзиясының бастауында тұрған үлкен эпик. Оның шығармалары бүгінгі уақытқа толық жеткен жоқ, көбі мүлде ұмыт қалса, қолда бары, баспа бетін көріп келе жатқандары үзінді күйінде ғана ақын мұрасынан азды-көпті мағлұмат береді. Қазтуған жыраудың өлеңдері алғаш рет Ғабдолла Мұштақ құрастырған «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында (Орынбор, 1912) жарияланса, кейіннен «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1971), «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1984), «Ұлы арман» (1990), Ленинградтан тұнғыш рет орыс тілінде жарық көрген «Поэты Казахстана» (1978), «Поэты пяти веков» (Алматы, 1994) жинақтарында, «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» хрестоматиясында (1993) басылды. Жырау өмірі мен шығармашылығы туралы азды-көпті болсын С. Сейфуллин, М. Мағауин, Ә. Дербісәлин, Қ. Сыдиықов, X. Сүйіншәлиев, Ж. Тілепов сияқты белгілі әдебиеттанушы-ғалымдар қалам тербеді. Қазтуған XV ғасырда өмір сүрген ноғайлы батыры, би әрі ақын-жырауы екені анық. Алайда, ол туралы деректер өте жұтаң. Сол себепті де жоғарыда аталған ғалымдар жырау туралы азды-көпті жазды деуіміз де осыған саяды. Бұған дейін XIX ғасырдағы көрнекті қазақ ақыны Мұрат Мөңкеұлының «Қазтуған» толғауында айтқандай, Қазтуған жыраудың қонысы «Жайықтың күнбатыс шетіндегі Нарын, Қабыршақты, Қаралау деген жерлер екен» деген жалғыз ғана мәліметке сүйеніп келдік. Жау жағадан алып, қысылтаяң кез туған шақта Қазтуған елін аман сақтап қалу мақсатында жұртты бастап Еділ, Жайықтан Қазақстанның күншығыс жағына ауған деседі. Оның басты себебі – талай құтты қоныс болған туған жердің жайсыз мекенге айналып, ел бірлігінін қожырай бастауынан болса керек. Ел қамын ойлап, халық мұңын жоқтаған Қазтуғандай жаужүрек батыр, қол бастаған басшы жұртын соңына ерте білді, елінің болашағын тереңнен толғанып, оны аман-есен сақтай алуды перзенттік парыз деп білді. Қазтуғанның ақындық қуатын танып, жыраулық жыр жолдарын биікке көтерген шығармалары санаулы ғана. «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Бұдырайған екі шекелі», «Белгілі биік көк сеңгір» деп басталып, бүгінгі ұрпаққа сақталып жеткен үш жырының өзі оның үлкен эпик ақын болғанын дәлелдейді. Қазтуған жырларындағы шоқтығы биік шығарма – оның туған жермен қоштасу жыры. Алаң да алаң, алаң жұрт, Ақала ордам қонған жұрт. Атамыз біздің бұл Сүйініш Күйеу болып барған жұрт, Анамыз біздің Бозтуған Келіншек болып түскен жұрт… деген, адамды елжіретер түйдек-түйдек сөз тізбектері, жыр жолдары арқылы туған жерінен еріксіз үдере көшкен ел көрінісі көз алдымызға келеді. Қазтуғанның Еділ өзенін жағалап, Ақтұба, Бозан бойын жайлаған қазақ, ноғай тайпаларының рубасы, көсемі, қолбасшысы, әрі атақты батыры болғаны мардымсыз тарихи аңыздар арқылы белгілі. Осы қоштасу өлеңі оның XV ғасырдың екінші жартысында өз қарамағындағы руларды бастап Еділден еріксіз ауып, Қазақ мемлекеті құрамына өткенінен сыр шертеді. Салп-салпыншақ анау үш өзен, Салуалы менің ордам қонған жер, Жабағылы жас тайлақ Жардай атан болған жер… Шиыршық атып, шымырқанған тебіреністен туған бұл теңеулер батыр жыраудың туған жерге сағынышын, шексіз махаббатын білдіріп, ақындық қиял ұшқырлығы мен өршіл романтикалық шығармашылық шеберлігін дәлелдей түседі. Қазтуған жырларында оның ақындық ерлігі мен шырқау биігін көрсетер тұс – ол жырды кім шығарғанын нақтылы дәлелдейтін: Бұлт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан, Мұсылман мен кәуірдің Арасын өтіп бұзып дінді ашқан Сүйінішұлы Қазтуған, – деген жолдар арқылы қазақтың ноғайлы дәуіріндегі төл әдебиетінің жаңа белесінің бір қырын аңғартады. Өз шығармаларын ауызша шығарып таратқан Қазтуған сияқты дүлдүл жырау өз есімін жырларында ерекше атап өту арқылы авторлығына дау тудырмайтын амалды сол заманда-ақ білдіргендей. Бұл – сол кезде жеке жыраулардың, батырлардың сөзі үлгісінде туған ноғайлы дәуіріндегі толғау ретіндегі ерлік, батырлық жырдың алғашқы нұсқасы, яғни оған «қазіргі ноғай, қарақалпақ қазақ т.б. халықтардың тарихи кезеңге, уақытқа телінген ауызекі поэзиясының үлгісі деп қарау керек». Соңғы жылдары осы мәселеге байланысты, қазақпен етене бауырлас, түбі де, тілі де бір ноғай, қарақалпақ халықтары әдебиеттанушы ғалымдарының зерттеулерінде Қазтуған жырау өз ұлтының өкілі, туған әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлға ретінде бағаланып, дәріптеліп келеді, Бұл орайда Қазтуғанның «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауының ноғайлар арасына кең тараған нұсқалары «Ноғай жырлары» (Астрахан, 1912), «Шолпан» (Черкесск, 1969) жинақтарында жарияланып, «Ноғайлар» атты көлемді ғылыми зерттеуде ноғай әдебиетінің көрнекті өкілі ретінде жырау шығармашылығы арнайы сөз болды. Сол сияқты, қарақалпақ ғалымы К. Мәмбетов өз зерттеуінде Қазтуған жырауды қарақалпақ әдебиетінің ірі өкілі ретінде қарастырады. Қазтуған – ноғайлы дәуірінен тілі де, ділі де, ұлттық, салт-дәстүрлері де бір болып келген қазақ, қарақалпақ ноғай халықтарына ортақ тұлға. Сол себепті де Қазтуғанды бауырлас осы үш ұлттың төл әдебиетінің бастауында тұрған ортақ ақын-жырау ретінде бағаласақ ақылға сыяды. «Бұдырайған екі шекелі…» деп басталатын толғау-өлең – жыраудың өзіне дейінгі ақындық сөз өнерінен алған үлгі-өнеге негізінде өмірге келген жыр. Көлемі жағынан аз ғана осы жыр үзіндісінің өзі Қазтуғаннан кейінгі ақындар мен жыраулар шығармашылығына үлкен ықпал етті, нақыл, тақпақ, мақал-мәтел үлгісіндегі жыраудың терең толғанысты ой үрдістері қазақ поэзиясына үлкен таусылмас қазына болды. «Бұдырайған екі шекелі…» толғауы жыраулық поэзиядағы басқа толғаулардан оқшауланып тұратын көркемдік өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Жырау өзін таныстыру монологы арқылы шағын толғауға қаймықпас қайсар «мұздай үлкен көбелі» батыр, «қойдың көсемі» іспетті елін соңына ерте білер басшы, халықты аузына қаратып, қара қылды қақ жарғызатын ділмар шешеннің жиынтық бейнесін сыйғыза білген. Мұның өзі жыраудың жай ғана қарапайым адам емес, жеке басы бірнеше өнерді меңгерген сегіз қырлы, бір сырлы жан екенін аңғартса керек. Осы толғаудағы «бұдырайған екі шекелі», «мұздай үлкен көбелі», «айдаса қойдың көсемі» және т. б. сөз тіркестеріндегі ойнақы, асқақ теңеулер жырға шырай келтіріп, соны көркемдік ізденіс, тапқыр да айшықты ой иірімдерін байқатады. «Ұстаса қашағанның ұзын құрығы» деген бір жолдың өзі ғана көшпелі дала өмірін көз алдымызға әкеліп, буырқанған бұла күш иесіне теңеген көркемдік ерекшелікті аңғартады. Буыршынның бұта шайнар азуы, Бидайықтың көл жайқаған жалғызы. Бұлт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан, – деген осы толғаудағы көркем сөз өрнегі кестеленген жыр жолдары – бейнесі ұлғая түскен метафоралардан құралып, үнемі үдей түскен кең үрдісті де күрделі эпитет жасайды. Сонау орта ғасырларда орныққан бұл көркем сөз үлгілері өзінің сол қалпындағы нақышты қасиетін қазіргі қазақ поэзиясына дарытып, сақтап келгені Қазтуған жасаған өлең өрнектерінің өлместігін білдірсе керек. Қазтуғанның «Алаң да алаң, алан жұрт» деп басталатын толғауы да жыраулық поэзияның көркемдік қуаты жағынан шебер жасалған үлгілерінің бірі. Ақын шығармалары көлемі жағынан шағын болып келгенімен, негізгі тұспалдар ойы, ішкі мазмұнынан ерлік рухы, батырлыққа тән қасиеттер анық сезіліп, жыраулық поэзияның айшықты ерекшеліктерімен бедерленеді. Бұл жырларда бір ғана жырау атымен сақталып келген жыраулық үрдістегі поэзияның нағыз қаһармандық үні, жауға қарсы қаймықпас атой салған батырлық лебі басым. Шығармаларының мазмұндылығы мен әлеуметтік салмағы жағынан алғанда, «Қазтуған толғаулары қазақ халқының халық боп құрыла бастау тұсындағы жайлы қоныс, жақсы мекен іздеу мәселелерінің сол алыс замандағы жаңғырығы, поэзия өмірінде сақталған шағын ескерткіш үлгісі тәрізді кейінгі дәуірге жетті. Бұлар өз дәуірі мен шығарушысы жайында кішкентай болса да елес, ұғым бере алса, поэзия эволюциясындағы белгілі бір кезеңнің көркемдік дүниетанымы тарапында нышан таныта алса, өз міндетін артығымен орындағаны болып саналады». Қорыта айтқанда, Қазтуған Сүйінішұлы Сыпыра жырау негізін салған көнеден келе жатқан толғау жанрының дамуына үлкен үлес қосты, жауынгер ақынның дала поэзиясына тән өр рухты, дауылпаз үнді, асқақ қанатты сөздерге толы, көркем тіркестерге бай жырлары қазақ әдебиеті тарихында өшпестей із қалдырды....... Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Қазтуғанды біз тек жырау деп қана танимыз ба? 2.Қазтуғанға артта қалған ұрпақтарынан кімдер жыр арнаған? 3.Қазтуған жырларының маңызы неде? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 7,10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 20, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. Дәріс 6 ШӘЛГЕЗ (ШАЛКИІЗ) ЖЫРАУ Дәрістің мақсаты:Шалкиіздің қазақ әдебиетінің тарихындағы өзгеше құбылыс, «феномен» екендігін,оның шығармашылығының зерттелуін толық меңгерту. Тірек сөздер:Пәлсапа, феномен, толғау, қағбам, араб торымт.б. Дәрістің жоспары:1. Шалкиіздің өмірі, шығармашылығына тоқталу. 2. Өмір сүрген уақытын зерттеуші ғалымдардың әр түрлі топшылаулары. 3.Оның батыр қолбасы болуы жайындағы тарихи әңгімелерге тоқталу. 4.Шалкиіз шығармаларының ерте кезде жарық көруі. 5.Жыраулар ішінде оның тұңғыш рет орысшаға аударылуы. 6.Ақын шығармашылығының төңкерістен кейін көп жылдар бойы партиялық талап пен саясаттың назарына іліккендігі. 7.Шалкиіздің жыраулар ішінде еңсесі биік, шыққан шыңы жоғары екендігіне, Шалкиіздің көмейінен күмбірлеген жыр төгілген классикалық дәрежедегі жырау болғандығына тоқталу. 8.Шалкиіз–қазақ әдебиетіндегі философиялық, дидактикалық, афористік толғаулардың көш басшысы. 9.Қазақ әдебиеті тарихындағы оның алатың орны. XV ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі – Шәлгез (Шалкиіз). Оның шығармалары қазақ ноғай, қарақалпақ халықтары арасына кең тараған. Біздің қолымызда бар деректерге қарағанда Шәлгез шығармаларының алғаш қағаз бетіне түсуі XIX ғасырдың екінші жартысы. Бұған дәлел – жырау өлеңдерінің 1874 жылы жазылған «Қазақ өлеңдері мен хиссалары» дейтін көне дәптерде кездесуі. Бұл дәптерде қазақ, ноғай әдебиетінің көне дәуіріне қатысты көптеген жыраулар мұрасы (Доспамбет, Қазтуған, Шәлгез, т.б.) мен «Орақ», «Мамай», «Әділ сұлтан» сияқты жырлар бар. Ноғай, құмық ауыз әдебиетін тұңғыш жинап бастырушы құмық ақыны Могомед Османов (1840-1904) құрастырып жариялаған «Ноғай уа құмық шиғырлары» (Санкт-Петербург, 1883) деген жинақтың ноғай, құмық жырлары бөліміндегі көптеген өлеңдер Үпі (Уфа) дәптеріндегі шығармаларға өте сәйкес келеді. М. Османов жинағындағы өлеңдер мен қолжазба дәптердегі жырлардың ұқсастығы ғылым үшін мәнді деректер берері хақ. Дәптердегі жазуларға қарағанда жырларды көшіруші Дәулетмырза да, дәптер иесі Ибрагим Шейхали сияқты. М. Османов жинағының бір арнасы осы дәптер ме? Әлде Дәулетмырза М. Османов жинаған материалдардан көшірді ме? Немесе М. Османов пен дәптер иесі құмық ағартушысы Ибрагим Шейхали екеуі де бұл материалды ел арасынан қатар жинады ма? Қалай болғанда да осы дәптердегі мұралар – қазақ, ноғай әдебиетінің көне дәуірінен көптеген мәлімет беретін қымбат қазына. Аталған дәптерде Шәлгездің «Арық хан…». «Қатынасы биік күлләрден», «Боз үстінә от яккан», «Әжікам сен Мансұрұлы Токусан», «Ғизмәт иям би Темір», «Менің иям би Темірдің тұсында» деп басталатын алты өлеңі бар. Бір ғасыр бұрын қағаз бетіне түскен бұл мәтіндерде кейінгі басылымдарға қарағанда сол дәуірдің жазу стилі мол сақталған. Алайда, мәтінде елеулі алшақтық жоқтың қасы. Шәлгездің «Аспанды бұлт құрсайды», «Қарабас құспен шалдырып» деп басталатын көлемді толғаулары алғаш рет 1875 жылы «Записки Оренбургского отдела Императорского Русского географического общества» жинағында жарық көрді. Бұл жинақта би Темірге айтқан екі толғауы («Аспанды бұлт құрсайды», «Қарабас құспен шалдырып») бір-тұтас, жалғас жарияланған. Араб әрпіндегі қазақша мәтіні мен орысша мәтіні қатар, салыстырыла берілген. Аталмыш толғаулардың күні бүгінге дейінгі басылымдарының ішіндегі ең толық нұсқасы – осы жинақтағы мәтіндер. Аталған жинақтағы Шәлгез толғауларының И. Н. Распопов аударған орысша мәтіндері 1885 жылы екінші рет басылады, кейбір кітаптар мен мерзімді баспасөз беттерінде жариялана бастайды. Шәлгез жыраудың өнегелік мәні зор өміршең толғаулары ағартушы Ы. Алтынсарин хрестоматиясынан да елеулі орын алғанын көреміз. Алтынсарин Шәлгездің «Би Темірге айтқаны» («Аспанды бұлт құрсайды») толғауын ағартушылық мақсатына орай өзінше тақырып қойып, «Тобылғының берігі», «Бостаны барды теректің», «Айдынға шүйсең тарлан шүй», «Бар күшіңді сынамай», «Жақсы да келер бұ көпке» деп басталатын шумақтарын қысқартып, кейбір шумақтарын ғана жариялаған. Алтынсарин хрестоматия кәрі құлақ ересек адамдарға емес, жас балаларға арналғандықтан, солардың ұғымына қарай толғауға «Бір ханға бір бидің жамандардан қорлық көргенде айтқан сөзі» деген жалпылама, жеңілдеу тақырып қойып, «Ау, хан ием, хан ием» деген алғашқы жолын өз жанынан қосқан, кейбір сөздерін өзгертіп қолданған. Мысалы, Шәлгез толғауындағы «Аспанды бұлт құрсайды» – Ы. Алтынсаринде «Айды бұлт құрсайды» немесе «Сұлтан ием, сен менің бармай тапқан қағбамсың» – Ы. Алтынсарин хрестоматиясында «Тақсыр, менің бір күнде, сен бармай тапқан кебемсің» болып келеді...... Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Шалкиіз шығармалары қай тілге аударылған? 2.Шалкиіз қажылық сапардан кімді, неге алып қалды? 3.Шалкиіз шығармасын зерттеген кімдер? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. Дәріс 7 ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУдың өмірі, шығармашылығы Дәрістің мақсаты:Доспамбет туралы аңыз әңгімелердің орыстың ұлы ғалымдарына белгілі болғаны жайында,Доспамбет шығармаларының зерттелуін толық меңгерту. Тірек сөздер:Азау,шаһар,аймадет,шаһид,Стамбул,Дешті Қыпшақ т.б. Дәрістің жоспары: 1.Доспамбет туралы аңыз-әңгімелердің В.Радлов сияқты ірі ғалымдарға белгілі болғаны. 2.Доспамбет шығармаларының «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» кітаптарында жарық көруі туралы 3.М.Османовтың 1883 ж. баспадан шыққан «Ноғай уа құмық шиғырлары», Радловтың 1896 ж. «образцы народной литературы тюркских племен» еңбектерінде жариялануы туралы тоқталу. 4.1967 ж. «Ертедегі әдебиет нұсқалары», 1971 ж. «Алдаспан»,1982 ж. «Бес ғасыр жырлайды» еңбектерінде басылған Доспамбет шығармаларын, алдында басылған еңбектердегі шығармаларымен салыстыру. 5.Доспамбет шығармаларының тілі, толғауларының маңызына, өзіне арналған жырларына тоқталу. Жыраулық поэзия туралы сөз қозғағанда,ноғайлы дәуіріндегі әдебиет мұраларына біржақты қарап,оның ірі өкілдерін қазақ, қарақалпақ, ноғайдың әрқайсысына еншілеп келдік. Ал, шын мәнінде, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жырларын «төрде басы, төскейде малы бір болған», түбі бір туысқан, тілі етене жақын осы халықтардың төл шығармалары дегеннен гөрі ортақ туындылар деп таныған жөн болар еді. Мұның өзіндік тарихи сыры бар: Еділ мен Жайық арасын ноғайлар мен «қара бөріктілер» (қарақалпақтар), осы өңір мен оған жапсарлас Сарыарқаны қазақтар жайлап, аралас-құралас отырған бауырлас үш халықтың әдебиеті бір арнадан тарады да, XV-XVI ғасырларда бұл халықтардың ара-жігі соншалықты ашылған жоқ. Үш халық ішінде бәріне ортақ ру аттарының кездесуі де осы туыстық төркінінен болар. Сол себепті де ауылы аралас, қойы қоралас, тілі бір, тіпті әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі де бір үш халық арасында Асан қайғы, Қазтуған, IIIалкиіз, Доспамбет аттары бірдей таралып, қазақ, қарақалпақ ноғайға ортақ тұлғалар болып танылған. Сондықтан да алғаш рет көрнекті қазақ ақыны Ғұмар Қараш «Ғабдолла Мұштақ» деген бүркеншік есіммен құрастырып, 1910 жылы Орынборда шығарған «Шаир, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында олардың жырларын жариялады да, бұл кейін жыраулар шығармаларының белгілі жазушы- ғалым М. Мағауин құрастырған «Алдаспан» (1971). «Бес ғасыр жырлайды» (1984, 1989) жинақтарында, «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» хрестоматиясында (1993) жарық көруіне негіз болды. Сонымен бірге Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз шығармалары ноғай әдебиетінің өкілі ретінде М. Османов құрастырған «Ноғай уа құмық шиғырлары» (СПб, 1883), А. Жәнібеков құрастырған «Ауыл поэзиясы иа де ноғай әдебиеті» (Мақашқала, 1935), «Яшав сокпаклары» (Черкесск, 1979) жинақтарына еніп, А. Сикалиевтің «Сынап қарап, сырласып...» атты зерттеуінде (Черкесск, 1975) олар ноғай ақындары ретінде, ал К. Мәмбетовтың Нөкісте шыққан «Әмудария» журналында жарияланған мақаласында (1972. № 9) қарақалпақ жыраулары ретінде зерттеледі. Қазақ, қарақалпақ және ноғай халықтары бірге өмір сүрген кез жыраулық поэзияның алтын дәуірі болды. Сол себепті де бөле-жаратын ештеңе жоқ екенін айта келіп, «бұл сипаттас біраз сөз үлгілеріне қазақ, ноғай, қарақалпақ, т. б. халықтардың ортақ еншілігі бар мұра ретінде қарау керек» деген Қ. Өмірәлиев пікірі мен бұл нұсқаларды осы халықтарға ортақ туындылар деп тану қажеттігін айтқан Р. Сыздықова ойын толық қостаған дұрыс. Үш халық құраған «ноғайлы цикліндегі» әдебиетте үшеуінің де еншісі бар. Осы дәуірге тән жыраулар поэзиясы қазақ әдебиетінде кең арнамен дамыды да, ата-қоныс жер үшін, атамекен ел үшін «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» қан төгіп, «ақтабан шұбырынды» заманын бастан кешкен халқымыз өлең- жыр өзегін кейінгі ұрпақтарға аман-есен жеткізді. Ғасырлар қойнауынан үзік күйінде болсын жеткен сондай асыл мұраның бірі – қазақ пен ноғайға да, қарақалпаққа да ортақ Доспамбет жырлары. Қазақ халқының өз атымен өмір сүруі XV ғасырдың орта шені десек, осы кезден басталатын қазақтың төл әдебиетіне өзіндік үлес қосқан, сол замандағы әлеуметтік іс-шаралардың бел ортасында болып, ерлігімен де, өрлігімен де, хас батырлығымен де, өр рухты жырларымен де ел құрметіне бөленген көрнекті ақын-жыраудың бірі – Доспамбет жырау. Доспамбет – тарихи тұлға. Ноғайлының атақты биі Мамайдың заманында, яғни XVI ғасырдың орта тұсында Азов теңізі түбінде өз алдына жеке ел болған Азаулы ноғайлыларының басшысы, ел қорғаны, қол бастаған батыры немесе Азаулының Аймадет ер Доспамбет ағасы. Жырау өз есіміне Аймадет деген сөзді қосып айтады. Бұл жөнінде қарақалпақ ғалымы К. Мәмбетов Аймадет пен Доспамбетті екі батыр деп қарастырады, ноғай әдебиетінде Доспамбет Азаулы деген сөз тіркесімен ғана шектеледі. Аймадет пен Доспамбеттің бір адам екендігі туралы М. Мағауин: «Бұл оның руының не тайпасының аты болса керек... Ноғай тайпалары кейде өздерінің билерінің немесе мекен еткен жерлерінің атымен де атала береді екен. Әрине, ондай тайпалардың біраз уақыт өткен соң есімін өзгертуіне тура келеді. «Аймадет» те сондай атаулардың бірі болуға тиіс» деп, дәлелді пікір айтады. Қазақта да ру аты- мен қосақтап айтылатын Албан Асан, Әбубәкір Кердері, т. б. ақындар біршама. Сондықтан да Аймадет Доспамбеттің бір кісі екенінде еш күмән жоқ. Жыраудың бүгінге жеткен мұрасы аз ғана – бар-жоғы 160 жолдың көлемінде. Осы жыр үзінділерінің өзіне қарап оның шығармаларының тікелей жорық үстінде, ұрыс майданында туғанына көзіміз жетеді. Себебі, оның қазір қолда бар шағын толғауларында жырау өмірімен қоштасар алдындағы адам кейпінде өткен дәуренінің мән-мағынасы туралы терең тебіреніп ой қозғайды. Жаралы жауынгер-жыраудың көркем бейнеленген шұрайлы тіл арқылы өткен өмірімен қимай қоштасуы, ішкі қайғы мен өкініштің ақтарылып шыққан зарлы мұңы, кейінгі ұрпаққа арнай сөйлеген жыр-аманаты елес береді. Солай болғанмен де, оның жырларындағы басты қазық – ақынның туған жеріне, еліне деген ыстық махаббаты, ынта-сезімі. Бұл қасиетті ұғым жолында туған жерін жаудан қорғау – жырау үшін басты азаматтық парыз. Сол себепті де ол жауынгерлік жорық жолдарын тебірене еске алып, жырға қосады. Доспамбет жырлары – майдан, ұрыс кезеңінің жылнамасы іспетті. Оның жырларында ел үшін, жер үшін айқас, жаралы жыраудың өлім мен өмір арасында қиналған арпалысты сәттері ерекше әсер қалдырып, жорық кезіндегі қайсар қылықтарымен өршелене жауға ұмтылған ержүрек ерлердің қимыл-әрекеті көркем бейнеленеді. Бұл жырлар – қазақтың қаһармандық поэзиясының нағыз бастапқы қайнар бастаулары. Доспамбет поэзиясына тән үлкен бір ерекшелік – оның өлең-толғауларындағы айтылған ой қазақ мақал-мәтелдерімен астасып, ішкі мағынасы жағынан болсын, сыртқы айтылу түрі, ұйқасы, салыстыру өзгешеліктері жағынан болсын үндесіп, қоғамдық құбылыс жөнінде нақтылы сөз өрнегімен беріледі. Арғымаққа оқ тиді Қыл мықынның түбінен, Аймадетке оқ тиді Отыз екі омыртқаның буынынан. Зырлап аққан қара қан Тыйылмайды жонның уақ тамырдан. Сақ етер тиді саныма, Сақсырым толды қаныма, – деген жыр жолдарында көшпенділер дәуіріндегі еліне жан жүрегімен берілген нағыз батыр жыраудың, ер ақынның бейнесі зерделенген. Доспамбет жырларында айшықты көркем теңеулер, сырлы суреттер, өрнекті ойлар, образды символдар көп кездеседі. Мысалы: Туған айдай нұрланып, Дулыға кидім, өкінбен, – деген жолдарда жай ғана салыстыру, құбылыс мәнін ашу мақсат етілмеген. Бұл үзіндіде, керісінше, нақтылы зат, құбылысқа айқын ой, бедерлі бояу, маңызды мазмұн беру байқалады. Жырау толғауларында батырдың жорық пен майдандағы басты серігі – ат пен жылқы маңызына ерекше мән берілген. Халқымыздың сол замандағы басты байлығының бірі, ер қанаты – жылқыны үстірт сөзбен суреттемейді, керісінше, жауынгер жырау мінер арғымақты мінсе – көлік, шапса – тұлпар, ішсе – сусын ретінде қараған, ел тағдырымен етене құбылыс ретінде таныған. Арыстандай екі бұтын алшайтып, Арғымақ мінген өкінбес... Торы төбел ат мініп, Той тойлаған өкінбес, – деген жыр жолдары осы ойды айқындай түседі. Қасиетті өзен Жайық бойы ежелден тұнған тарих болса, жауынгер жырау жырларында Жайық азаттық жолындағы күрес тарихының ұйтқысындай елес береді. Айналайын Ақ Жайық Ат салмай өтер күн қайда, – деген жыр жолдарындағы жорықтың асқақ үнді, өршіл рухты сарыны Ақ Жайық бейнесімен астасып, бейбіт күндерді аңсаған темірқазық іспетті. Мұның өзі жыраудың ерлікті дәріптеумен бірге бейбіт өмірді армандағанын білдіреді. Доспамбет шығармалары аздығына қарамастан ғұмырлы, қашан да мәңгілік. Оның толғаулары өзінің мән-маңызы, ішкі толғанысы жағынан алып діңгектер сияқты үлкен әлеуметтік жүк арқалап тұр. Жырау жырлары тарихтың талай аласапыран оқиғаларының арасында адасып жоғалып кетпей, бізге келіп жетті де, рухани бастаулардың қуатты көзі бола отырып, шығармашылығы мен күрескерлігі өзімен үндес XVIII ғасырдағы әдебиеттің ірі өкілі Ақтамберді мен XIX ғасырдағы өршіл рухты азамат ақын Махамбет поэзиясына және одан кейінгі бүкіл әдебиет дамуына игі әсерін тигізді. Жырау шығармаларының кеңінен тарап, дәстүрін дамытқан ортасы – қазақ ортасы. Доспамбет есімінің қазақ жыраулар поэзиясының көшбасшылары қатарында аталуы да осыған саяды. Қай шығарма болсын өз алдына жеке пайда болмайды, оны орта тудырады. Доспамбет шығармалары ноғай топырағында туып, қазақ ортасында дамыды. Сондықтан да жырау туындылары бүкіл әдебиетіміздің жемісі болып табылады, халықтың рухани күш-қуаты мен мәдени қарым- қабілетінің артуына орай кейінгі ұрпақ бұл өршіл де асқақ сезімге толы жыр жолдарынан біздің адамгершілік қайнар көзіміздің бастаулары мен ерлік рухын, көркем сөз құдіретін танып ашады. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Орыстың қай ғалымына Доспамбет туралы аңыз әңгімелер белгілі болды? 2.Доспамбеттің толғауларының тақырыбы не жайында? 3.Толғауларының маңызы не? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. Дәріс 8 ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУдың өмірі, шығармашылығы Дәрістің мақсаты: Бізге жеткен өте аз мұрасының өзі –ақ Жиембеттің халқы үшін қолына найза да алғандығын,ел қорғаған ер екендігін, әділетсіздікке,қарсы екендігне студенттердің көзін өлеңдерін талдау арқылы жеткізу. Тірек сөздер:Еңсегей бойлы ер Есім,Алау батыр,әскербасы,би,шежіре т.б. Дәрістің жоспары: 1. Жиембет Бортоғашұлының өмірінен мәлімет. 2.Жиембеттің тек жырау емес, Еңсегей бойлы Ер Есімнің, Кіші жүздегі үлкен тірегі, яғни әскербасы батыры, ел басқарушы биі қызметін атқаруы. 3.Жиембет туралы біршама деректердің барлығы. 4.Жиембеттің атын ескі шежірелер қорынан да кездестіруге болатыны. 5.Жиембет өмір сүрген дәуір сипаты. 6. Жиембеттің есімін кеңінен танытқан «Есімге арнаған толғауы екендігі». 7.Өмірінің ақырығы кездерінде Жиембеттің қуғынға ұшырауы. 8.Жырау шығармашылығының маңызы. 9.Бізге жеткен өте аз мұрасының өзі-ақ Жиембеттің халқы үшін қолына найза да алғандығын, ел қорғаған ер екендігін дәлелдейтіні. Халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған небір майталман ақын- жыраулар өздері өмір сүрген кездің жақсылығын да, келеңсіз мәселесін де кеңінен толғап, кемеліне келтіріп сөз еткен. Осы орайда Асан қайғыны, Қазтуғанды, Бұқар жырауды еске алсақ та жеткілікті. Халқымыз «тіл бас жарады, бас жармаса тас жарады, бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деп сөз өнерін соншама биік бағалапты. Осындай асыл сөз иесі – XVII ғасырдың аса көрнекті ақыны, ірі ойшыл, қырағы сардар Жиембет. Мұхтар Мағауин Жиембет жырау шығармаларын «Алдаспан» жинағында жан-жақты талдай келіп: «Бортоғашұлы Жиембет жырау көшпенділердің әскери аристократиясынан шыққан. Халық аңыздарының және көне шежірелердің айтуынша, Жиембеттің арғы атасы – Ноғайлының қорғаны Алау батыр. Алау – XVII ғасырдың бірінші жартысында жасаған тарихқа белгілі адам. Жыраудың қай жылы туып, қай жылы өлгендігі жайында нақты деректер жоқ. Тек біздің заманымызға жеткен шығармаларындағы кейбір сәттерден, халық жадында сақталған әңгіме, жырлардан, ескі шежірелерден жырау жайында біраз мәлімет ала аламыз. Жиембет – Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы», – десе, бұл жағдай үлкен жыраудың өзінің өлең-толғауларында да әдемі айтылған. Жыраудың барлық саналы ғұмыры Еңсегей бойлы Ер Есім ханның қасында өтіпті. Ол ұлы ханмен тең сөйлесіп, керек жерінде үзеңгі қағыстыруға дейін баратын сияқты... Кейде тіпті ханның жалғыз, қарашаның көптігін айтып, Есім ханның алдында иілмейтіндей сыңай да танытқан. Ақын өзгенің де, өзінің де қадір-қасиетін терең сезінетінін аңғартып, ешнәрседен сескенбей, хан алдында қаймықпай, қасқая толғайды: Еңсегей бойлы Ер Есім, Есім, сені есірткен Есіл де менің кеңесім! Ес білгеннен, Есім хан, Қолыңа болдым сүйесін, Қолтығыңа болдым демесін –дейді. Бұл жерде Жиембет жай ғана жырау емес, жаужүрек батыр жырау ретінде де танылады. Соншама айбатты, соншама қайратты, арғы-бергіні толғай, жақсы- жаманды талғай білетін, данышпан да даңқты ел ағасына биіктен сөйлеу дегеннің қаншама ауыр екенін түсіну де, түсіндіру де қиын. Олай дейтін себебіміз, бірде Бұқар жырау Абылай ханға қатты реніш үстінде: «Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кеше Еңсегей бойлы Ер Есім ханға да жолдас болдым, сен оның бір түстігіне де жарамайсың, – депті. Ер Есімнің бағасын бұдан артық жеткізу мүмкін емес сияқты. Ал бүкіл қазақ «Еңсегей бойлы Ер Есім» деп ардақтап алақанына салса, Алтай мен Атыраудың арасын қалмақтан босатқан асқан жауынгер ханға Жиембеттің назы оңайға түсті деп айту қиын. Жиембеттің Есім ханға шалыс келуі бір себептен Асан қайғыдан тамыр тартқан дәстүр жалғастығы сияқты. Ол – Асанның Әз-Жәнібекке айтты дейтін кең толғамы, терең пәлсапалық дүниесі. Жиембет Асан қайғының сол толғауларының түрі мен мән-мазмұнын дамыта түскен. Жиембеттің жоғарыда сөз еткен «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауы хан мен екеуінің арасындағы келіспеушіліктен туған сияқты. Өйткені, жырау: Ертеңгі күн болғанда, Елің кеңес құрғанда, Айналып ақыл табарға, Есіктегі ебесін, Сонда, ханым, не дейсің, – деп, ханға ауыр салмақ сала отырып, сол салмақты көтеретін жөні бар екенін де тереңнен қозғап айтады. Алайда, азуы алты қарыс ақын ары қарай тарата, тармақтата толғайды. Ол: Мен жоқ болсам, Есім хан, Ит түрткіні көресің. Жиембет қайда дегенде, Не деп жауап бересің?! – деген жыр жолдарынан жыраудың өзінің ел алдында, хан алдында қадір- қасиетінің қаншалықты екенін өте жақсы білетінін көреміз. Бір жағынан ханға мен көппін, сен жалғызсың, «көп қорқытады, терең батырады» деген, сен де артыңды ойла дегендей сыңай танытады. Тіпті қыза-қыза ақын ханға дөң айбат та көрсетіп қояды. Меніменен, ханым, ойнаспа, Менің ерлігімді сұрасаң, Жолбарыс пенен аюдай, Өрлігімді сұрасаң, Жылқыдағы асау тайыңдай. Зорлығымды сұрасаң, Бекіре менен жайындай, Беріктігімді сұрасаң, Қарағай менен қайыңдай. Көруші едім, Есім хан, Ханымды – күнім, сізді – айымдай, – деп толғаған Жиембет жырау өрлігіне сүйсіне түсесің. Жыраудың осы өлеңде қолданған теңеу-эпитеттері жарасымды, қазақы пиғыл, қазақы психология. Ол өзінің ішкі-сыртқы портретін айнытпай салып тұр... Бір жағынан Есім ханға жырау ешкімнен сескенбейтін жаужүрек екенін, тіпті тұрысатын жерінде «жолбарыс пенен аюдай» ерлігі бар екенін де ескерте кетеді. Енді осы өлеңнің туу себебіне сәл тоқталсақ, Еңсегей бойлы Ер Есім – ақынның інісі Жолымбеттің ерсі қылығына наразы екен, енді Есім хан Жиембетке де қыр көрсетіп, өштесе бастайды. Бұл туралы «Жақсы үгітте» былай делінген: «Бұрынғы достық дұшпандыққа душар болды. Жиембет ойлайды: сырттан томырайғанша, бетпе-бет, ауыз-ауызбенен айтып, біржолата ат құйрығын кесіп, қайтып көрместей болып, көкірекке келген сөзді айтып шығайын». Бұдан Жиембеттің өр мінезін, биік парасатын танып білеміз. Көк аспан қақырап, қара жер қақ айрылып кетсе де, көкірегіндегісін жасырмай бетке айту – шынайы ерліктің нағыз кісіліктің ісі екені түсінікті. Тымырайып кек сақтау, үндемей аңысын аңду, ішінде иті өліп жатудан оңбаған тірлік бар ма, одан асқан зұлымдық бар ма?! Жырау бұл жолды қаламай, ақиқатын сардита айтқан. Жиембеттің күші, жоғарыда айтқанымыздай, қаумалаған қалың ағайын-туысы мен ақынды аса қадір тұтатын елі-жұртында екені анық. Оны біз жыраудың өз толғауынан білеміз, ол: Мені өлсе құнсыз кетер деймісің, Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген Тілеуберді құлыңдай. Тілеуберді құлың мен емес, Мұның, ханым, жөн емес, Менің ер екенімді көргенсің, Әзілдеп бірге жүргенсің. Дегенімді қылғансың, Қайратымды білгенсің, Ағбытпа, ханым, күннен соң, Сіздің естен кеткенмен, Біздің естен кеткен жоқ, – деп, ақын тіпті Есім ханмен сырлас-мұңдас болып бірге жүріп, бірге тұрғанын да жан-жақты сөз етеді. Жырау өзінің талай-талай қанды шайқаста көзсіз ерлік көрсеткенін, жайшылықта жанына жалау, қолтығына демеу болып, бір туып, біте қайнасқанын да тереңнен толғайды. Ол «мен кісіден көрген ізгілігімді жақсылықпен қайтаратын адаммын, сен де бір кездері менен мол сыбаға алып едің, соны ұмыта көрме» дей келіп, ары қарай сонау бір алыстағы, ұмыт болып кеткен ескі «жараның» аузын ашып, ханның сасып, қарашаның қашқан, жаудың мысының басқан кезін нақты, шебер суреттейді: Қалмақтың Бөрі ханы келгенде, Соқыр бурыл байталға Сонда бір жайдақ мінгенсің, Қалмақтың Бөрі ханы келгенде, Қаланың қасы бүлгенде, Хандар қалаға қылаған, Сұлтандар суға сылаған, Қаз мойынды ханыша, Қалада тұрып жылаған... Тал шарбаққа мал сақтап, Тас қалаға жан сақтап, Тасқан екен мына хан! Тіпті хан басымен «соқыр бурыл байталға» ер-тоқым, айыл-тұрмансыз мінгеніне дейін тәптіштеп, қорықпай-үрікпей салмақты сөз саптайды. Бұл – бұл ма, одан әрі Жиембет іс-әрекетін тереңдете, әріден қозғап, ханға зіл тастай отырып, оны екіншілей көрмеске, онымен мәжілістес, сұхбаттас болмасқа серт бергендей шымырлата, буырқана, ашына жырлайды: Қайрылып қайыр қылуға, Қылығың жоқ ұнаған. Қайратым қанша қайтса да, Мұныңа, ханым, шыдаман. Арқаға қарай көшермін, Алашыма ұран десермін, Ат құйрығын кесермін, Ат саурысын берермін, Алыста дәурен сүрермін, Қарамасаң, ханым, қарама, Сенсіз де күнім көрермін. Жырау қаншама күш көрсете сөйлегенмен, Есім ханды биік бағалап, оның ерлік істері мен парасатты ел басшысы екенін мойындап тұрғандай. Қалай дегенмен де ханның арғы-бергі, жақсы-жаманды жүріс-тұрысы мен көңілге қона бермейтін кейбір қыңыр қылықтарын есіне салып, құдай тәубасын аузына келтіргендей. Бұл толғау осындай ерекше қасиетімен құнды, шындықты ірікпей-бүкпей, тура қасқая қарап бетке айтуымен қымбат. Сонау арғы ғасырлардан бері ұмытылмай ел есінде сақталып келуі де жұрттың көкірегіндегі көкейкесті айта алмай жүрген сөздерін жеткізуінен болса керек. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Жиембет жыраудың арғы атасы кім болды? 2.Жиембеттің атқарған қызметі қандай болды? 3.Есімге арнаған толғауының себебі не болды? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. Дәріс 9 МАРҒАСҚА ЖЫРАУдың өмірі шығармашылығының зерттелуі Дәрістің мақсаты:Марғасқаның бізге жеткен жырларының тақырыбын ашу,шығармашылығын,өмірін толық меңгерту. Тірек сөздер:Қатаған, Шашышқылы,әмірші,қалмаққа қарсы жорық, жер тәңірсіп т.б. Дәрістің жоспары: 1.Марғасқа жыраудың өміріне тоқталу, шығармашылығының зерттелуі. 2.Марғасқаның ел аузында «бүтін билікке Төле би жеткен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен»! деп атаққа шыққан Еңсегей бойлы Ер Есімнің тұсында өмір сүргендігі. 3.Марғасқа жырау Есім ханның әрі батыры, әрі ақылшы жырау болғандығы жайлы. 4.М.Көпеевтің «Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері» атты қолжазбасындағы Марғасқа жырау туралы айтылғандарға тоқталуы. 5.Біздің заманымызға жеткен Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» жырының шығу тарихы. Марғасқа жырауды қай жылы туып, қай жылы қайтыс болғаны әлі де белгісіз, не тарихи кітаптарда, не көне құжаттарда, немесе ескі шежірелерде мына жылы дүниеге келіп, мына жылы дүниеден өтті деген нақтылы дерек кездеспейді. Ғылымда Марғасқа XVII ғасырда өмір сүрді деп айтылады. Жыраудың өз дәуірінде әлденеше ұзақ-ұзақ толғаулары да болған шығар. Алайда, соның көбісі бізге жетпеген, кезінде хатқа түспегендіктен ел жадынан шығып, бұл күнде ұмыт болған. Марғасқа ел аузында «бүтін билікке Төле би жеткен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен»! деп атаққа шыққан Еңсегей бойлы Ер Есімнің тұсында өмір сүріпті. Ал, осы атақты Ер Есім жайлы Қазанғап Байболов үлкен дастан жазған. Ол жыр Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында (№513) сақтаулы. Осы аталған еңбекте Ер Есімнің қазақ халқын қырық жыл бойы басқарып, белдеуінен тұлпары кетпегені, білегінен қылышы түспегені, өмірінде бел шешіп тыныш ұйықтамағаны жан-жақты айтылыпты. Есім ханның үлгілі істерін талай тарихшылар жазған да, айтқан да шығар, бірақ ол туралы XVII ғасырдағы Марғасқа толғауы ерекше бағалы екені даусыз. Өйткені, ол айбынды ханның әрі батыры, әрі ақылшы жырауы болғанға ұқсайды. Ғалым-жазушы М. Мағауин Марғасқа жырау жөнінде былай депті: «XVII ғасыр әдебиетінен қалған нұсқалар өткен дәуірлермен салыстырғанда біршама аз. Бұл кезде жасаған қазақ ақын-жырауларынан біздің заманымызға шығармалары жеткені – Жиембет, Марғасқа жыраулар. Бұл екеуінің де аты XVII ғасырдың алғашқы жартысында билік құрған хан «Еңсегей бойлы Ер Есіммен» байланыстырылады. Бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құруға тырысқан Есім ханның өз мақсатын орындау жолында жеке ұлыс-тайпалардың хандары мен ірі феодалдарының қарсылығын тойтарып отыруына, кейде қантөгіске баруына да тура келеді. Есімнің жолына кесе-көлденең тұрғандардың бірі – Қатаған, Шанышқылы руларының ханы, Тәшкентті билеуші Тұрсын еді. Тәуелсіз әмірші болғысы келген Тұрсын Есімнің қалмақтарға қарсы жорыққа кетуін пайдаланып қазақ ауылдарын шабады. Көп жұртты харап қылады. Ұзамай-ақ кезек Қатағандарға келеді. Ызақор, дұшпанына мейірімсіз Есім жорықтан орала салысымен Тәшкентті шауып алып, Қатағандарды қырғынға ұшыратады. Тұрсын ханның өзін өлтіреді. Бұл оқиға Абылғазы баһадүр ханның айтуынша 1627 жылы болған. Есім ханның батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы Марғасқаның біздің заманымызға жеткен бір өлеңі осы оқиғаға байланысты туған». М. Мағауинның бұл деректері Марғасқаның өмір сүрген кезінен біраз мәліметтер береді. Жоғарыда айтқанымыздай, XVII ғасырда өмір сүрген Марғасқаның бізге жеткен жалғыз өлеңі ғана бар. Бұл шағын өлең небары 13 жол. 1627 жылдар шамасында Тәшкенттің сол кездегі әміршісі Тұрсын ханға байланысты туған. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының осы уақиғаға қатысты қолжазбасында былай делінеді: «Еңсегей бойлы Ер Есім Түркістанда қазақ ханы болып тұрған күнде Ташкентте Тұрсын хан Қатаған деген жұртты билеп тұрды. Тұрсын хан мен Есім хан ант етісіп, бір-бірімен жау болмасқа бата қылысты. «Күнбатыс Бұқар, Қоқан, Самарқандпен жауласуға мен қарсы тұрайын. Сен күншығысқа қосын қылып аттан. Ұзын аққан Ертістің басынан кір, аяғынан шық», – деп Тұрсын хан кеңес берген соң, мың кісі қосын алып Есім хан күншығысқа бет қойды». Есім ханның Ташкентті алуы өте шұғыл. Қаланы алу барысында көп қан төгіледі. Мұның себебі, біріншіден, Тұрсын ханның сөзінде тұрмауы болса, екіншіден, Есім ханның Тұрсын хан сілтеген жорықта көп қиындықты басынан кешіргендігі болса керек. Мәшһүр Жүсіп бұл ретте былай деп жазады: «Ол күнде Шу мен Сарысу асқан соң, Ертіске дейін елсіз, жыртылып айрылған аңнан басқа дәнеме жоқ екен. Елсіз-күнсіз далада кім жүруші еді деп Есім хандар аттарын қоя беріпті. Бұлар бейғам жатқанда, көліктерін түп көтере қалмақтар айдап кетіпті. Мың сарбаз шөл далада жаяу қалады: Мінгені Есім ханның ала белді, Бойында Шідертінің қара көрді. Көрінген сол қараны кертағы деп, Аттарын шідер салып қоя берді. Есім ханның тобы алыстан көрінген жау жасағын аңдармен шатастырып тағы да алдауға түседі, әрі баспанасыз, әрі азық-түліксіз он күн бой құлан жортпас қу медиенде ауыр қиыншылықтарды бастарынан өткереді. Есім хан жасақтарына: «Азаматтар, шоралар, біз бүйтіп жатпайық. Мен жортар аттың он күнге баратын жеріне бір күнде барамын. Маған еругіе жарайтының бар ма?» – дейді. Хан он күндік жолды бір күнде жүре алмаса да, оның бұл сөзі еңсесі түскен сарбаздардың рухын көтереді. Есім хан ақыры аттарын айдап кеткен жауды қуып жетеді. Алайда, ол өзінің Көкаласын таба алмай көп іздейді. Есім хан тұлпарының сырына қанық қалмақтар оның ер-тоқымын алмай, күндіз-түні қостың қасында, шылбырын қолдарынан шығармай ұстайды. Мұны көрген хан шылбырды жасырынып келіп, білдірмей кесіп жіберіп, атының үстіне қарғып мінеді де, «аттандап» айғайға басып, өз аттарымен бірге жаудың да аттарын айдап кетеді. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Ғалым жазушы Марғасқа туралы қандай пікір айтты? 2.Марғасқа жыраудың хан Тұрсынға арналған өлеңінің шығыуына не себеп болды? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. Дәріс 10 АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУдың өмірі, шығармашылығы Дәрістің мақсаты:Ақтамберді жырларының азаттық,бостандық толғаулары екендігін жеткізу. Тірек сөздер:Күлдір-күлдір кісінетіп,балпаң-балпаң,Жүрек жота т.б. Дәрістің жоспары: 1.Жырау ұрпақтарының айтқан деректері, әрі “Тауарих хамса” бойынша Ақтамбердінің атақты Қаракерей Қабанбаймен бірге Найманның бір көсемі, әскербасы батыры, әрі төгілмелі жырау болғандығы туралы мәлімет. 2.Ақтамбердінің жай жырау емес, жортуыл жыршысы, әрі балуан, әрі батырлығымен халық арасында өте бетті, беделді болғандығы туралы түсінік. 3.Өте жастай өлең шығаруы. Ерте есеюіне сол кездегі жаугершілік заманның да әсері екеніне кеңірек тоқталу. 4.Ақтамберді елін, халықын жаудан қорғаушы, тарихи оқиғалардың бел ортасында жүріп азаттықты, еркіндікті, халық үшін “күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді мінгені”, ерлікке, батырлыққа шақырған жауынгер екендігіне ерекше назар аудару. 5.Ақтамберді толғауларының қайнар көзі- Шалкиіз, Доспанбет сияқты өзінен бұрынғы аталар мұрасының заңды жалғасы, көне қазақ поэзиясы екендігіне түсінік беру. 6.Ақтамбердінің бейіті Семей облысы, Абай ауданының Жүрек Жота төбесінің басында екендігінен хабар беру. 7.Өмірін түсіндіру барысында өлеңдерін дәлел ретінде пайдалану. Ақтамберді жаугершілік заманның әрқилы кезеңдерін басынан көп өткерген. Егер «Алдаспанға» сүйенсек, 93 жыл өмір сүріпті, яғни 1675-1768 жылдарда дәуір кешкен. «Ақындық даңқы жас кезінде шыққанына» қарағанда, бізге мұрасы молырақ жетсе керек еді, әзірше қолда бары шағындау. Немесе Ақтамберді өлеңдерінің біршамасы басқа жырауларда ауысып жүруі мүмкін, XV- XVIII ғасырлар поэзиясында ондай жағдайлар кездеседі. Ақтамберді қазақтың көне жыраулық эпосының белді өкілдерінің бірі, аты әр жерде айтылғанымен, арнайы зерттелмеген авторлар санатында. Қолдағы қазынасына қарағанда, жырау жорық-жортуылдарға мүлдем ілесіпті. Егер ол «он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке» десе, өмірінің тең жарымының көбісі басқыншылармен күресте еткен кісі. Ақтамберді жарлылық пен жалғыздықтың тауқыметін көп көргенге ұқсайды, адамдыққа, адалдыққа, әділетке жүгінеді. Ауыз толтырып айтар байлығы болмағанын өзі жасырмайды. Тұрмыстың қыр-сырын, от басы, елдік, жерлік мәселелерін жырларында жақсы көрсетеді. Жырау ақиқатты айтудан тайсалмайды, шындық туралы шымыр шешендік сөздерді түйдек-түйдегімен тастайды. Бәрі де сол тұстың ауыр тұрмысынан, күрес шындығынан алынған тартымды тирадалар. Жырау баққа да, таққа да таласпайды, көкірек көзі халың даналығымен суарылған. Ақтамберді, асылы, қысқа нақлият сөздерінің шебері болса керек. Көңіліне түйгенін, піскен ойын шашыратпай, шиыршық атқан күйінде айтып кете берген. Эпикалық кең тынысты туындылары да болуы мүмкін. Бірақ, қолымызға әлі қомақты дүниелері түсе қойған жоқ. «Ақтамберді жырау (1675-1768) эпикалық жанрдың ақыны болған. Өзінің жырларында ол батырлардың ересен ерліктерін асқақ береді. Күмбір-күмбір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз. Күрек тісін ақситып, Сұлуды сүйер ме екенбіз. Күдеріден бау тағып, Кіреуке тон киер ме екенбіз. Жағасы алтын, жеңі жез, Шығыршығы торғай көз Сауыт киер ме екенбіз. Сырттан сауыт киген соң, Қоңыраулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып, Қол қашырар ма екенбіз. Ақын өзінің замандас жас ұрпағын табандылыққа, ерлікке шақырады. Ақтамбердінің бүкіл шығармасынан жауынгерлікке, ерлікке үндеу, жауға батыл аттану және оның алдында тізе бүкпеуге үндеу сарыны ерекше естіледі. Жырау жырлары қарапайым қауымның ой, арманын, мінезін, өрісін айқындайды. Әзілмен, айтыспен, сынау-мінеумен, келелі кеңеспен жыраулар ел, жер, күн дауын шешуде зор рөль атқарған. Мәселен, ірілеу боп келсе толғауға түсіп кетіп, дала заңын өздерінше жасауға тырысқан. Кезінде Ақтам6ерді толғауы да осал қызмет істемеген. Ақтамберді творчествосында басқа тұстастарына қарағанда «меннің» көріне бастауы анықтау секілді. Ол өзінің ғұмырнамасын жырларына толық түрінде болмаса да ептеп түсіре берген. Жалған айтып, жағымпазданып тәуір көрінемін деу онда жоқ, күйінгенін, көңілі қалғанын, алыс арманын айтады. Ал тап берген жауға қарсы жігерлендіруге, алға ұмтылдыруға келгенде одан өткір үгітші, трибун кездеспейді. Бала-шағасын ұмытуға, ат үстінде түн қатуға әзір. Исі қазақтың тұтастығын, іргесінің ыдырамауын ойлаған көсем шешендердің бірі. Ақтамберді сияқты көреген жырау атамекенді тар мағынада түсінбесе керек, отырықшылдықты ойлауына қарағанда, біраз алысты қиялмен болжаған адам. Тақпақ-термелерінде ішіне сыймаған ойлары жатыр, соны сыртқа шығарған. Қынжыла толғанып шығарғандары ошақ басы емес, ерлікті, елдікті аңсаған зиялы зергердің келбетін танытады. Көшпенді тіршіліктің де өзінше бір қуаты, романтикасы барын Ақтамбердінің афоризмдерінен байқау қиынға түспейді. «Көшпенді ақындардың өлеңдерінде өзара ұқсас бастау, кіріспе, риторикалық сауалдар, лепті көтермелер, дәстүрлі теңеу, салыстырулар қиялының көріне бастауы бой көрсетеді». Өзге жырауларға қарағанда Ақтамбердіде қаратпа тіркеспен басталатын өлеңдер жоқтың қасы. Жаугершілік заманда өмір сүріп, ел батырларымен үзеңгілес бола жүріп, оларға арнау, толғау айтпауы қалай деген сауал туады. Соған қарағанда Ақтамбердінің әлі қолымызға түсе қоймаған, ел арасында жүрген шығармалары бар шығар. Жырау – өз уақытының көрегені. Тарихи деректердің ар жағында не нәрселер жатқанын біз кейде бажайлап біле бермейміз. Хандардың ішіндегі қаныпезер, ел тонағыш, өз пайдасы үшін қарапайым халық өкілдерін құрбандыққа шалатын әділетсіздерін жыраулар аяусыз мінеп-шенеген. Олар тақта отырған хандардан тайсалмаған. Меніңменен, ханым, ойнаспа, Менің ерлігімді сұрасаң, Жолбарыс пенен аюдай, Өрлігімді сұрасаң, Жылқыдағы асау тайыңдай, Зорлығымды сұрасаң, Бекіре менен жайындай, Беріктігімді сұрасаң, Қарағай мен қайыңдай, – деп, Еңсегей бойлы Ер Есімге тап берген Жиембет жырау Бортоғашұлының жүрегінің түгі бар шығар деп ойлап қаласыз. Әніки, Жиембет пен Марғасқада болған батылдық Ақтамбердіде болмады деп айта алмаймыз. Ерлігімен де, сөзімен де Орта жүзді аузына қаратқан жыраудың ер үстінде өткізген жорық күндерін тізіп айта бермеуі де мүмкін. Қабанбай, Бөгембай, т.б. батырларды Ақтамберді білмеді деп және айта алмаймыз. 1728-1730 жылдары жорықтарға батырлар да, жыраулар да белсене қатысқан. Ақтамберді сол кезде елудің о жақ бұ жағындағы жігіт екен. Сыртқы жауға шапқанда бірігіп кететін де, ішкі жағдайдағы жесір дауында, ер құнының тұсында өзара шыж-быждасып та қалған. Ғалымжан Мұқатовтың айтуынша: «Найманнан Қабанбай батыр мен Ақтамберді жырау жүз кісімен келіп, ерінің құнын, жесірін даулайды. Даугерден сөзді әуелі Ақтамберді жырау бастап: Уа, қарт Бөгембай, Құяр жауын аспаннан, Қара бұлт торласа, Бәлекет елде көбейер, Жігітті жігіт қорласа. Ақбөкен келіп жығылар, Алдын қазып орласа. Пенденің бағы ашылмас, Маңдайы қалың сорласа. Дұшпан қорлап не қылмақ, Бақыт басқа орнаса. Қынаптан қылыш суырмай, Қарысқан жау бүлк етпес. Жуылмай қастың қанымен, Намысқа тиген кір кетпес. Шабыссаң, кәне, шыдап көр, Жау емессің күш жетпес. Дарабоздай қолбасы Абыройын кірлетпес. Ұрын келген ер қайда? Жесірім қайда тіл өтпес? Жендетті көрсет көзіме, Желіккен басты кім кеспес! Еліңді жүндей түткізіп, Қанды көбік жұтқызып, Жайратамыз осы кеш! – дейді сұстанып. Сонда Қанжығалы атынан Үмбетей жырау буырқанып, тебірене тоқтау айтады». Екі жақ пәтуаласады. Бұл да жыраудың өсиетші, ақыншы, кеңесші болғанын көрсететін ерекше көрініс. Алғыр, орақ ауызды шешен, Ақтамберді мұндай ел ішіндегі бітімдерге аз араласпаған болуға керек. Ақтамбердіден қалған мұра әзірше 300 жолдан аспайды. Ерліктің қалың ортасында жүрсе де, жырау қарапайым халық тұрмысын бейнелеуге көбірек бұрылған, тіршілікке көңілі толмай, мол армандағанын, жалғыздықтан, қолдың қысқалығынан жапа-зәбір шеккенін шығармаларынан танимыз. Түр, тақырып, объект жағынан Ақтамбердінің басқа жырауларға ұқсайтын да, ұқсамайтын да жақтары бар. Ақтамберді жырау табиғатқа, адамдарға бір табан жақын. Шарықтап аспанға да шығып кетпейді, жерден, елден қуат алады, мұңын да, сырын да тыңдаушысынан жасырмайды, бастан кешкен ғұмырлық тәжірибесін қорытады, қиындық пен ауыртпалықтың момын халықтың иығына түскеніне күйінеді, ерлік пен өжеттігін және жасырмайды. Ақтамберді өлеңдері жыраулардың ауыз әдебиетінен бөлініп, жеке отау тіге бастағандығына дәлел. Халық даналығын көркейтіп одан әрі жетілдіруші, сөз өнерін жаңа ерге апарушы ретінде көрінеді. Соғыс алаңы мен сөз майданында қатар көзге түсу екінін, бірінің қолынан келе бермейді. Әлгі есіңізде болар, «Ел күйінгенде күйінген батыр, ел сүйінгенде сүйінген батыр, ерегісте мыңға татыр» демекші, Ақтамберділердің өзі де, сөзі де мыңға татитыны рас. Халқына қымбат жыр сыйлаған жүйріктердің қашанда бағасы өлшеусіз болмақ. Өз уақытының қашанда озық ойлы кісісі болу жеңіл міндет емес. «Атадан алтау туғанның» жүрегі қалай, немесе «Атадан жалғыз туғанның» халі қандай, Ақтамберді жырау сол жайды жақсы ұғындырады. Тақырыптың ішіне кірместен бұрын бес-алты ауыз, не одан да көп кіріспе жасайды, не табиғатты суреттеуден, не жыр арнаған адамның өмірбаянынан баяндаудан бастап кетеді. Мұндай әдіс, әдетте, жырауға желпініп, қанатын қомдап, қияға сілтерге қажет. Одан кейін мүдірместен жүйріктей сілтеп кетеді. Діттеген жеріне жетіп тоқтағанша жырау көркем сөзді барынша төгіп салады. Ақтамбердінің «Күмбір-күмбір кісінетіп» дейтін атақты толғауы сондай бір көркем шабыттың келісті көріністі сияқты. Жырау көрген, білгеннің бәрін тізе бермейді, көкірегіне түйгенін салмақтап, саралап қана шығарады. Жыраудың халық үшін қадірі сонда жатса керек. Суырып салмаға да (импровизация) іштей дайындық қажет, ондай әзірлікті жырау ауыз әдебиетінен алады, халық шешендігінен үйренеді. Осындай жақсы үйренудің нышандарын Ақтамберді поэзиясынан көреміз. Жырау толғаулары өміріне, жай-күйіне, қарапайым тұрмысына жақын тұрады. Негізінен дидактикалық сипатын сақтайды. Ақылды да жадағай, жалаң айтпай, аталық өре тұрғысынан толғап екшеп, өз басынан кешкенін қорытып береді. Сондықтан да Ақтамберді афоризмдері иланымды, сенімді сезіледі. «Халық әдебиетіндегі адамгершілік пен ерлік, ел қорғау, кемтар қауым даналығын суреттеу, берекелі бейбіт өмірді іздеу идеялары – халықтық абзал дәстүрдің құлан иек атқан таңы, туу шағы болатын. Ол дәстүрдің өмірлік орнығуын, қалыптасу кезеңін XV-XIX ғасырлардағы тарихи жырлар мен ақын, жыраулар мұрасынан айқын көреміз». Сол адамгершілік пен ерлікті, елдікті жырлаған жыраулардың бірі Ақтамберді толғаулары мен төрттағандарында осы ізгі бағытты берік ұстанған. Түбінде жақсылықтың жеңетіндігіне сенеді, келсе адамдық жаса, пендешілікке барма дейді. Жетім менен жесірді ішіп-жеп, оны қорлауға қарсы шығады. «Сөзі көпке өтпесе, жал-құйрықсыз жалғыздар» екенін анықтайды. Ол өмір туралы көп толғайды, алуан ойларға батады. Қолымызда бар шағын шығармаларының денін Ақтамберді жасының ұлғайған кезінде шығарған шығар деген пікірге тірелеміз. Олай дейтініміз, көрген, білгенін, түйгенін жырау зерделі насихатпен, көңілге қонатын сөзбен табиғи жеткізеді, әшекейлеп, астарлап жатпайды. Бір құбылысты екінші бір құбылысқа теңестіру, салыстыру арқылы әдемі, айшықтай ой тастайды, өз уайымының шеңберінде қалып қоймай, іштегі дертін сыртқа, сол кездегі кедей қауымның ауыр тұрмысына ортақтастырып шығарады. Тұрмыс, тіршілік күйі туралы түйіндері жеке болып келгенмен, өзара тұтас бір туындының келбетін береді. Ғибрат, нақылдары жарасымды, еркін, шебер күйде. Тегі, Ақтамберді ерлікті де, шешендік өнерді де жастайынан аңсаған адам. Ауыз әдебиетінің озақ үлгілерінен өнеге алғанын жыраудың көркем тілі айтып танытады. «Кәрі ақсайды ақылдан, ер ақсайды жақыннан» десе, ащы шындықты аңғарамыз. «Жауласарға жау емес, дауласарға дау емес, жақынға қылман зорлықты» десе, адам қарым-қатынастарының күрделі, астарлы екенін шебер тілмен түйеді. Жыраудың тұжырым-түсініктері өз ортасының қоғамдық түсініктерінен, әдет- ғұрпынан, салт-санасынан хабар береді. Ақтамберді айтпағын аса жұмбақтамай, ашық үнмен, қанық бояулармен береді. Ләззаттан гөрі, тұрмыстан жеген опығының молдығын жасырмайды. Жинақы, жұмыр шумақтарға терең ой сыйғызып жібереді. Ру мәселесіне емес, рухқа көңіл бөледі. Топшыларын өрнекті, таза тілмен жеткізе біледі. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Ақтамберді толғауларының қайнар көзі кімдер? 2.Ақтамбердінің зираты қайда? 3.Ақтамбердінің Қаракерей Қабанбайға қандай қатысы бар ? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. Дәріс 11 ТӘТІҚАРА АҚЫНның өмірі, шығармашылығы Дәрістің мақсаты:Бізге жеткен жырлары аз боса да тіл байлығы өткірлігімен әдебиетімізде өз орнын алатындығын дәлелдеп,өмірін, шығармашылығын меңгерту. Тірек сөздер:Кебеже қарын,кең құрсақ,жортуыл кернейшісі,болат найза т.б. Дәрістің жоспары: 1.Тәтіқараның азаттық үшін күрес ұраншысы, басқыншыларға қарсы халықты ұрысқа шақырушы жауынгер ақын, “жортуыл кернейшісі” екендігі,. 2.Оның өз заманының ең көрнекті, ең қуатты, ең алдыңғы қатарлы жыршысы, яғни ақыны болғандығы. 3.Ұлы Шоқанның Тәтіқара жырларына назар аударуы. 4.Ақын өмірінен мәлімет. 5.Ақын есімінің әсіресе 1756 жылы қазақ жеріне басқыншылықпен кірген Цин үкіметіне қарсы күресте ерекше танылуы. 6.Абылайдың жауынгершілікке аттанғанда жанынан тастамайтын сенімді серігі, оның сарбасшысына дем берушісі болғандығы. 7.Тәтіқара жайында таралған әр түрлі аңыздарға шолу. 8. Шығармашылығына талдау: “ Қамыстың басы майда, түбі сайда”. Өлеңнің шығу тарихына назар аудару). Абылай сарбаздарына қауып төнгенде, жігер беру, намыс қайрау мақсатында туғандығы. -Абылай заманындағы әр батырға сипаттама, баға беруі. Тәтіқара – XVIII ғасырдағы қазақ ақын-жырауларының көрнектілерінің бірі. Абылай бастаған сарбаздардың айтулы жырауы. Жалаң қылыштай өткір мінезімен, табан астында суырып салма шапшаң айтқыштығымен жорықтастары алдында үлкен беделге ие болған. Аспаннан бұрқаған қара дауылдай, жерден шыққан қара пәледей жау төнгенде, яғни жасақтардың барар жер, басар тауы қалмай тығырыққа тірелгенде көптің көш бастайтын серкесі іспеттес. Сол себепті де ол: Алдыңнан – су, артыңнан жау қысқанда, Ер жігіттің ерлігі осындайда! – деп, тосылып тұрған сарбаздарға ұран тастайды. Кескілескен бір ұрыста жыраудың осы ұлағатты сөзінен кейін қара түнек бұлттың ішінен күн жарқ ете түскендей жасақтар арындап тасып жатқан судан аман өтіпті деседі. «Тыңдаусыз болса сөз жетім, іздеусіз болса қыз жетім» дейтін бабаларымыздың ердің құнын екі ауыз сөзбен шешетін есті сөзге тоқтамаған кезі кемде-кем. Өз өмірінің көбін шапқын-сүргінде өткізген қазақ халқы елін жаудың ызғарынан, жерін жаттың атының тұяғынан қорғаштап-ақ баққан ғой. Ол үшін ақау шықпас ауыз бірліктің, мызғымас жігердің қажет екенін өмірдің өзі көрсеткен. Осы орайда сүттей ұйыған татулыққа кім шақырмақ, төмен түскен еңсені кім көтермек? Мұндай кезеңде жыраудың орны өзгеше. Жырау – халықтың қорғаны, ол ең алдымен өзін емес, өзгені ойлаған. Екінші сөзбен айтсақ: Алдаспан ауыр қылыш суырған, Ажалға қарсы жүгірген, – дегендей ел-жұртының қылышы, семсері. Ел аузындағы деректерге сүйенсек, оның ішінде шежіре қарттардың айтқанына құлақ ассақ, Тәтіқара Сарыкөл маңайындағы Уақ руынан шыққан, Уақ ішінде Қалмақ деген атадан, Ақынның туып-өскен жері – қазіргі Қостанай облысының Урицкий ауданы. Тәтіқараның саналы өмірінің бәрі дерліктей Абылай ханның төңі-регінде өткен. Оның себебі, жұрттың бәріне билігін мол жүргізу үшін Абылай өз маңына ақын, жырау, шешен, батырларды топ-топ ұстаған. Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда» атты толғауы мен Ер Шобан жыраудың толғауы сырттай бір-біріне ұқсас. Екеуінде де көптеген батырлардың аттары аталып дәріптеледі. Оқиғаның шығу төркіні де екеуінде бір негіздес. Екеуі де жан қысылғанда айтылған мадақ. Тәтіқара жырында аталатын батырлардың өмірде болған адамдар екені тарихтан белгілі. Айталық: Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақұлы болат найза, – дегендегі Арғын ішіндегі Шақшақ деген кіші атадан шыққан Жәнібек батыр Абылай ханға асқан ержүректілігімен, қара қылды қақ жарып кесіп айтатын әділдігімен, ұсақ-түйекке мән бермейтін еркек мінезді тәкаппарлығымен ұнаған. Ш. Уәлиханов батырдың бір көрінісін былайша суреттейді: «Үнсіз темекі тартып отырған батырға жас жігіт батыл жақындап келіп: – Жәнібек батыр, темекіңізден мархабат етіңіз, – дейді. Жәнібек жас батырды елемеген кейіппен темекісін өзінің қалтасына салып қояды. Аздан соң қайтадан ұрыс басталып кетеді. Сарбаздар бірі садақпен, бірі айбалтамен, бірі шоқпармен ханның төңірегіне жинала бастайды. «Алғы шепке шығатын кім бар?» деп Жәнібек батыр жар салады. Сонда өзінен темекі сұраған жас жігіт Байғазы бірінші болып саптан алға шығады. Он мың сарбазы бар қалмақтар жан қояр емес, түтіп жеп жылжып келеді. Ақыры қазақтар тым-тырақай қаша жөнеледі. Қалмақ басқыншыларының алдында еңгезердей ірі қалмақ бірнеше қазақты аттарынан аударып тастап, жайпап келе жатады. Сонда Жәнібек ақырып: «Біздің қазақтардан мына бір есерсоқтың басын шауып түсіретін бір еркек кіндікті тумаған ба?» – дейді. Бұл сөзді естіген соң қатты намыстанған Байғозы жаңағы атан түйедей қалмақты садағымен ат үстінен қалпақтай ұшырып түсіреді. Қазақтар бұл уақиғаға қатты рухтанып кетіп, кері соғады да, жеңіске жетеді. Байғозының ерлігіне сүйінген Жәнібек оған шақшасын ұсынады. Байғозы Жәнібек батырға жақындап келіп: «Батыр, темекіні тартатын кез енді келді», – дейді. Осыдан бастап Тарақты Байғозының атын жұрттың бәрі біледі». Тәтіқара толғауындағы бір топ сарбазды өз басшылығына алған Жәнібек батыр тек ерлігімен ғана емес, өзінің үлкен адамдығымен, зор беделімен де ірі тұлға. Біз төменде тағы алғыр батырлармен жүздесеміз, олар мыналар: Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы. Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы. Абылай ханның бірде «Өз батырларыңыздың ішінде қайсысы сіздің жүрегіңізге жақын?», – деп сұрағанда, ол: «Ілгеріде өткен азаматтардың ішінен нағыз таңдануға тұрарлығы екеу-ақ. Қалданның қолынан тоқсан тұтқынын қайтарып алған Қаракесек Қазыбек пен тұтқындарға үйде отырып бостандық алып берген Уақ Деріпсәлі. Алғашқысы Қалданға өзі барып сұрап қайтарып алған болса, кейінгісі өз аулында отырып жаудың зәресін алды. Менің батырларымның ішінен байлығы, ерлігі және мінезі жағынан Бәсентин Малайсары, ал ақылы мен ерлігі жағынан Уақ Баян бәрінен жоғары тұр», – дей келіп, тағы да бірнеше қырағы батырларын қосатынын ескерткен. Баянды кейде Сары, Баян деп қосарлап атайды, оның себебі, қалмақпен бір қатты ұрыста Баян батыр өзінің бауыры Сарымен бірге қайтыс болады. Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт, Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгембайды айт. Найзасының ұшына жау мінгізген Еменәлі Керейде Ер Жабайды айт. Бөгембай батыр – қазақ тарихындағы өте ірі тұлға. Ол бар өмірін елі- жұрты үшін сарп қылған аяулы азамат, XVIII ғасырдың 20-30 жылдарында болған жоңғар мен қазақ жасақтарының арасындағы шапқыншылықта қазақ сарбаздарын басқарушы қолбасшы. Бөгембайдың өз тұсында халқына қандай игілікті еңбек еткені, жұртына қандай қадірменді адам болғаны жөнінде мәліметтер өте мол. Ел ішінде ол жайында дастан, аңыздар мол тараған, ал ерлігі жайындағы әңгімелер өз алдына бір қыруар. Біз оның бәріне тоқтап жатпаймыз. Тәтіқара жыраудың тағы бір өлеңі Қытай мен Абылай сарбаздарының арасында болған шабуылды сипаттайды. Бұл жырды кезінде Шоқан Уәлиханов орысшаға қара сөзбен аударған. Осы толғаудан бізге жеткен шағын үзінді Шоқан аудармасының дәлдігін көрсетумен бірге, екеуінің негізінде шындық оқиға болғанын анықтай, айқындай түседі: ...Көп қытайдың жылқысы Тұрымтайдай құнысты. Жау жағадан алғанда, Ит етектен алғанда, Ер Абылай қорыққан жоқ, Әншейін еңкейе бере жылысты. Бәсентин Сырымбет Оқ жіберіп ұрысты. Ақыр қалмақ қашқанда, Дегбір қалмас сасқанда. Баяндай ерді көрмессің, Бұрылып жауды шанышқанда. Осы кішкене үзіндіден ұрыс даласының көп шындығы нақты елес береді, ақын өзі көрген, нақ ортасында болған майдан көрінісін оның барша кейіпкерлерімен, олардың әрқайсысына лайық қимыл-әрекетімен дәл бейнелейді. Мұны жырау сөзінің құдіреттілігі, күштілігі, пәрменділігі ретінде атауымызға болады. Ұрыс даласын, батырлар қимылын ақын батырлар жырындағы белгілі дәстүр негізінде бейнеледі. Соның өзінде жыраудың өзіндік сөз нақышын аңғару қиын емес. Тәтқара Абылаймен бірге жаугершілікте жүріп, оның әрі ақыны, әрі батыры болған. Бұл турасында М. Мағауин: «XVIII ғасыр әдебиеті жайында сөз болса, Тәтіқара ақынның аты аталмай қалмайды. Жұртшылық санасындағы Тәтіқара қазақ халқының тарихындағы қиын кезеңдердің біріндегі сырт жауларға қарсы күрестің ұраншысы, өз отандастарын қайтпай ұрысуға шақырушы жауынгер ақын, жортуыл кернейшісі», – деп, Тәтіқараның тарихи рөлін байыпты бағалаған. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Алғаш Тәтіқара жырына кім көңіл аударды? 2.Тәтіқараның шыққан тегі кім? 3. «Көше тоқыраулы судың бойынан» деген өлеңді кімге арнап шығарған? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 17, 19, 21, 22, 24, 25,27,28, 29, 31,32, 33, 34,35, 36. Дәріс 12 ҮМБЕТЕЙ ЖЫРАУдың өмірі, шығармашылығы Дәрістің мақсаты:Үмбетей шығармаларының халқымыздың Тарихында ерекше орын алатын батырлар туралы бізге мәнді хабар беретіні маңызды екендігін түсіндіру. Тірек сөздер:Жауқашарға, Бәкеге, Бекболат биге, Бөгембай өліміне т.б. Дәрістің жоспары: 1.Үмбетейдің өмірі туралы болжамдар. 2.Қаһармандық жырларды, шешендік сөздерді, халықтың сөз өнерін ерекше меңгеруі, халқының бай музыкасын да жетік білуі. 3.Үмбетейге әкесінің әсері,жасынан ән- жыр, сөз өнеріне еліктеп өсуі, халық әдебиетінің әсері. 4.Үмбетей жырларының басты ерекшелігі философиялық-дидактикалық мәнінде екендігі. 5. Сондай-ақ, оның жыраулық атын ерекше елге танытқан атақты батырлар туралы толғаған жырлары жайында. 6. Әсіресе, ғалымдар жазғандай, ХVIII ғасырдың 70- жылдарында шығарған Бөгенбай атына байланысты толғаулары жырау есімін әдебиетімізге мәңгі қалдырғаны туралы сөз қозғау. 7.Үмбетайдың Абылай заманындағы ел қорғаған халық батырлары туралы мадақ толғауларды шығарушылардың басы болғандығы. 8.Абылайды да ерекше дәріптеуі, құрметтеуі. 9.Жыраудың Бұқармен дос-жаран болуы. 10.Үмбетей жырларының аса көркем келуі, өлең жолдарының көбіне үш буыннан тұруы Тілеуұлы Үмбетейдің жырау ретінде артына қалдырған мұрасы аса көп емес. Небары жеті-сегіз толғау. Бар қазынасына байыптап қарағанда батыр- жыраулығы ерекше көзге түсіп тұрады XVIII ғасырда өмір сүрген дуалы ауыздың бірі – Үмбетей Тілеуұлы әскери жорықтарға қатысқан, батырлығы да, ақындығы да қатар жүрген кісі. Шығармасының дені арнаудан тұрады. Әдебиет зерттеушісі М. Мағауиннің айтуынша: «... өз тұсындағы дабыралы ерлер жайлы тарихи поэмалар жасау ісіне белсене араласқан». Әзір қолда бар шығармалары шағын. Академик Қажым Жұмалиев Үмбетейді Бұқардан кейін атапты. Бұнда бір мәніс жатыр. «Шығармалары өз аттарымен біздің дәуірімізге дейін сақталып келген әдебиет өкілдері: Бұқар, Үмбетей (XVIII ғ.), Дулат, Жанкісі, Байтоқ, Жанұзақ, Шернияз, Алмашты, т. б. (XIX г.) алсақ, бәрі бір дәуір, бір кезеңде өмір сүрсе де, олардың дүние тану, өмірге көзқарастары әр басқа. Өйткені, бұлардың бәрі бір таптың ақындары емес. Әркім өмір құбылысын өз ортасы арқылы, өз табының көзқарасынан танымақ». Үмбетей – бері де өмір сүрген ақын. Оған белгілі дәстүрді жалғастырушы ретінде қараймыз. Үмбетей есімі Бөгембай батырмен қатар аталады. Арнау жырларымен аты шыққан. Жалпы, XV-XVIII ғасырлар арасындағы қазақ поэзиясының дені арнау, толғаулар десек қателеспейміз. Қазақ әдебиеті жанрларының тарихын еске алғанда, алдымен ауызға түсетін жанр толғау екендігін, оның жеке-дара ақындар, жыраулар мұрасында көріне бастағанын айта кету керек. Үмбетей жырларының қолда барының дені толғау. Жырау мақалдап, мәтелдеп сөйлейді, халық даналығына сүйенеді. Айтқандарына қарағанда әділетті, ақылды кісі болып елестейді. Оны Бәкеге арнаған жолдарынан байқаймыз. Бұл өлең 1968 жылы қарт журналист Ғалымжан Мұқатовтан жазып алынған. Ал, Ғалымжанның кімнен, қайдан, қашан алғаны белгісіз. «Алдаспан» жинағында айтылғандай, Үмбетейлермен аталас Жауқашар деген адамның бірінен-бірі өткен бұзық, сойқанды тоғыз ұлы болады. Бір жолы бұлар өздерімен ағайын көрші ауылға барымтаға шығып, үйірге салып жүрген бураларын әкеп сойып алады, Екі атаның арасында дау туады. Бәке деген кісі Жауқашардың тоғызына ара түседі. Сонда Үмбетей әлгі әділетсіздікті әшкерелеп, «Бәкеге» атты өлеңін айтыпты. Әрине, бұл шындықтан туған шымыр жолдар болса керек. Сол дәуірдегі жыраулардың бір қасиеті – ойларынан ешнәрсе шығармаған, өзі өмір сүрген ортаның ғана жағдайын жырға тиек еткен. Үмбетейдің шығармаларында толық мәтіні кездесуі некен-саяқ Арасынан бірдеңелер қалып отырғанға ұқсайды, қайталаулар ұшырайды. «Ауызша дәстүр XVIII ғасырда өмір сүрген үш жыраудың – Бұқардың, Үмбетейдің, Тәтіқараның есімдерін сақтаған. Аңыздарға және кейбір архив құжаттарына қарағанда, бұлар феодалдық ақсүйектерден шыққан», – деп жазады ғалым Н. С. Смирнова «XVIII ғасырдағы қазақ жыраулары» деген мақаласында. Белгілі фольклорист Үмбетейді Бұқардан кейін бекерге атап отырған жоқ сияқты, Үмбетей жыраулық поэзияның толысқан тұсына тап келген кісі. Марқасқа, Үмбетей, Жиембет, Тәтіқара, Ақтамберді, Бұқар жыраулардың толғаулары толғаудың әлеуметтік келбетінің кемелденген кезеңіне келетіндігін өз еңбегінде академик Әлкей Марғұлан көрсеткен. Тәтіқара мен Бұқардың арасындағы орынды толтырып, тарихта болған батырлардың ерлігін паш еткен Үмбетей толғаулары санаулы ақ, онда басқалардан ауысып жүрген дүние көрінбейді, бәрі өзінікіндей оқылады. Үмбетей шығармалары халық поэзиясының қасиетін бойына жақсы сіңірген. Өлеңдері шешендік сөздерге жақын тұрады. Үмбетейдің поэзиясында жеке-даралық творчествоның белгілері айқындау көріне бастаған, оны анық объектісі бар арнау өлеңдерінен аңғаруға болады. Бұған «Бәкеге», «Бұқарға» дейтін Үмбетей айтқан бірқатар толғаулар куә. Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жыраудың үлкен эпикалық сарынға икемі барлығын байқаймыз. Жырау «тоқымы кеппей топтанып, ел тонауға аттанып» жүрген тоғыз тентекті сынға алады, оларға араша түскен Бәкеге «не бетіңмен қорғайсың Жауқашардың тоғызын» деп, озбырларды әділеттілікке, адамдыққа шақырады. Жақсы ұл мен жаман ұлдың айырмашылығын анықтайды. Ұл он беске келгенше, Қолға ұстаған қобызың, Ұл он бестен асқан соң, Тіл алмаса доңызың. Осы шумақтан Үмбетейдің отбасылық институтқа қандай талаптармен қарағандығын сеземіз. Ол баладан көрген базарын да, азарын да жасырмайтын сияқты. Балалық, жастық, кәрілік жыраулардың тұрақты тақырыптарының бірінен саналады. Жыраудың «Дін пұсырман баласы адамдықтан жерімес» деуіне қарағанда, мұсылмандықтан адамды жақсартатын біраз нәрселер іздеген болуға керек. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Үмбетей жырларының басты ерекшелігі неде? 2. «Бөгембай өліміне» өлеңінің шығу тарихы қалай? 3.Үмбетей толғауларында Абылай бейнесі қалай сипатталған? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. Дәріс 13 БҰҚАР ЖЫРАУдың өмірі, шығармашылығы, зерттелуі Дәрістің мақсаты. Шығармашылығы өз заманының ,өз ортасы,оның әлеуметтік саяси келбетінің айнасы екендігін ашу. Тірек сөздер:Арғын,Төртуыл,Қоржас,Тәуке хан, Абылай хан т.б. Дәрістің жоспары:1.Бұқардың ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі болғандығы. 2.Бұқар шығармашылығын жинастырған атақты Мәшһүр Жүсіп жайында сөз қозғау. 3.Бұқардың Тәуке ханға, Абылай ханға қызмет көрсетуі. 4.Абылайдың алдында беделді, қабырғалы биі болуы. 5.Бұқар шығармашылығының зерттелінуі: а)Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің еңбегі. Оның Бұқар туралы “Бұл кісінің сөзін түгел жазамын дегенге: Нұхтың өмірі, Аюбтың сабыры, Аполатонның ақылы керек” деген сөзі; ә)Шоқанның Бұқардың Абылай туралы екі өлеңін орысшалап хатқа түсіруі; б)Г.Потаниннің Бұқардың біраз өлендерін жинастыруы. в)“Тауарих хамсада”, “Таң” журналында кейбір өлеңдерінің шығуы. 6. Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Қ.Мұхаметханов пен М.Мағауин, т.б зерттеулері жайынан мәлімет. 7.Бұқар поэзиясының көтерген тақырып жағынан әр алуандығы. 8.Бұқар поэзиясының қазақ әдебиетінің алтын қорынан алатын орны. Әдебиет тарихынан елеулі орын алып, артына өшпес мұра қалдырған көрнекті жыраулардың бірі – Бұқар Қалқаманұлы. Халық өмірінің алмағайып- аласапыран, тарихта қалу-қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешкен жырау өз толғауларында сол тұстағы көкейтесті, күрделі мәселелерге жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшы-жыршысы бола білді. Оның жыр-толғауларының үнемі әлеуметтік өткір мазмұнға құрылып отыруының басты себебі де осыдан. Тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған аумалы-төкпелі заманға душар болған ел-жұртқа «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» басқыншы жаудың бетін қайтарып, өз тәуелсіздігін қорғап қалу, немесе жау табанында біржола жаншылып құрып біту мәселесі көлденең тұрды. Жырау, ең алдымен, осындай жауапты сәтте шоғырланбай шашырап жатқан халықтың басын тас түйін біріктіру арқылы қанқұйлы жауға тойтарыс беру ісін ұйымдастыра алатын аса алғыр, қолбасшы-көсемнің қажеттігін ерте түсінді, сөйтіп, осы ұлы мақсатқа орай ол әйгілі Орта жүз ханы Абылайға зор сеніммен қарады. Абылай да тәуелсіздік үшін жан сала күрескен халық мүддесін терең түсініп, өзін бірыңғай сол күрес жолына арнады. Мұндай ақылы мен айласы астасқан кемеңгер басшының үлгілі істері мен оның төңірегіндегі белгілі батырларының жанқиярлық ерліктерін жырау үнемі асқақ жырлап, солардың өшпес әдеби бейнесін жасауға күш салды. Осының бәрі, түптеп келгенде, жыраудың туған халқының бірлігі мен болашағын ойлау мақсатындағы ерлікке парапар іс- әрекеттерін аңғартады. Бұқар жыраудың ұзақ жасаған жасындағы өмірлік деректері бізде көп сақтала бермеген. Тек саналы ғұмырының бәрі түгелдей дерлік Абылай ханның қасында, соның оң тізесін басқан қабырғалы да сәуегей биі, ақылшы-кеңесшісі ретінде өткені мәлім. Өз өлеңдерінде келтірілген деректерге қарасақ жыраудың жоқшылықтың зардабын көп тартқан адам болғаны көрінеді. Бұқар жыраудың асыл тегі туралы қолда бар деректер мынадай: Арғыннан – Қодан, одан – Дайырқожа (Ақжол), одан – Қара (Қарақожа), одан – Мейрамсопы, одан – Сүйіндік, одан – Қаржас, одан – Алтынторы, Құлыке, Бегім. Алтынторыдан – Мәмбетәлі, Жолымбет – Келімбет, Бегімбет, Артық. Жолымбеттен – Қойсары, Қалқаман, Рымбет, Назар. Қалқаманнан –Бұқар жырау. Бұқардың да үрім-бұтақтары аз емес, бұлардың көбі сол Бұқар жырау дүниеге келген атамекенді қоныс етіп отыр. Бұқар жырау қазіргі Қарағанды облысына қарайтын (бұрынғы Баянауыл) Ульянов ауданының Далба тауы бойында дүниеге келіп, сол мекенде қайтыс болады. 1993 жылы жыраудың туғанына 325 жыл толған мерекелі тойында оның басына үлкен күмбез орнатылып, Қарағанды қаласында осы мерекеге арнап ғылыми-теориялық конференция өткізілді. Бұқар жыраудың өмірі мен шығармаларын қалың көпшілікке насихаттау мақсатында бір топ мерекелік мақалалар мен бір кіші-гірім зерттеу кітапша жарық көрді. Сондай-ақ, сол жылы тұңғыш рет жырау жырларының жеке жинағы екі рет басылды (бірі – «Жалын» баспасынан шыққан «Әй, Абылай, Абылай», екіншісі – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты дайындап, «Мұраттас» орталығы бастырған жинақ). Бұған жыраудың бұрыннан мәлім жыр, толғауларынан тыс, ертеректе А. Сейдімбеков жариялаған кейінгі нұсқа да енді. Алайда, әлі күнге дейін жыраудың туған, өлген жылдары бір ізге түспей, әркім әр түрлі пікір-болжамдар ұсынып келеді. Бұл орайда Қ. Жұмалиев өзінің қазақ әдебиеті тарихының екінші томындағы Бұқар туралы жазған тарауында жырауды 1693 жылы туып, 1787 жылы 94 жасында қайтыс болды деп көрсеткен еді. Ал, X. Сүйіншәлиев пен М. Мағауин жыраудың Тәуке хан тұсында жасап, Абылайдан кейін өлген деген тұжырымына орай Бұқарды 1668 жылы туып, 1781 жылы 113 жасында өлген дейді. Бұл мерзім Абылай хан қайтыс болған жылға тұстас келеді. Ал енді, жоғарыда айтылған екі болжам-тұжырымнан тіпті өзгеше, яғни алғашқы кездегі 94 жаста қайтыс болды деген дәйектемеге біршама ұқсас пікірді кезінде Қ. Мұхаметханов ұсынған болатынды («Қазақ әдебиеті» газеті. № 31, 32, 1982 ж.). Автор Бұқардың замандасы Үмбетей жыраудың «Бұқардың асында, зиратының басында отырып Үмбетей жыраудың жырлағаны» деген жаңадан табылған толғауы бойынша ой қорытып, Бұқар жырауды 92 жасында қайтыс болды деген пікір ұсынады. Сонда жырау, бұл кісінің айтуынша, 1685 жылы туып, Абылай өлімінен (1781 ж.) 4 жыл бұрын, яғни 1777 жылы қайтыс болған деп тұжырымдалады. Сол Үмбетей айтты деген бір жырдың алғаш 7-8, кейін 11 буынды өлең өлшемімен жазылғанына күдіктенбесек, негізінен, осы ойдың көңілге қонатынын, дәйектілігін айтқан жөн. Бұқар жыраудың Абылайға айтқан бір жырында: Менің жасым тоқсан үш, Мұнан да былай сөйлеуім Маған да болар ауыр күш, – дейтіні және тағы бірде: Күнінде мендей жырлайтын, Тоқсан үште қария Енді саған табылмас, – деп толғайтыны бар. Бұдан тыс Бұқардың: Тоқсан бес деген тор екен, Дүйім жанның қоры екен, – дейтінін де білеміз. Бұған қарасақ, жырау 95 жасқа да келіп, әбден қалжырап, қор болып отырған кезін жырға қосқан сияқты. Қалай дегенде де, Бұқар жыраудың 92-95 жас аралығында қайтыс болғаны шындыққа сай келетін тәрізді. Сондықтан осы айтылған жылдардың біріне үзілді-кесілді тоқтап, бір жүйеге келтіру қажет. Ендігі бір-екі ауыз сөз Бұқардың туған жері туралы. Әдебиетші Қ. Мұхамедханов сол Үмбетей жырында айтылған деректерге сүйене отырып, оның туған жерін Бұхар маңындағы Жиделібайсын, Елібай деп көрсетеді. Бұған себеп: Бұқардың әкесі Қалқаман батыр қалмақ шабуылынан ығысып, сол төңірекке барған делінеді. Қазақтың бала атын туған жеріне қарай қоятын көне дәстүрін ескерсек, бұған да шәк келтірудің жөні жоқ сияқты. Бұқар жыраудың Абылай ханның қасында отыратын кеңесші-жырауы болып қалай келгені туралы бір қызықты дерек «Әдебиет майданы» журналының 1935 жылғы № 1-2 сандарында жыраудың «Бұл кісі жылқыменен бір ат берсін» деген жырымен қоса түсінік ретінде келтірілген. Бұған жариялаушы «Кәріқұлақ» деп қол қойып, «Балқаштағы атақты Шашубай ақынның айтуымен» деген ескертпе жасаған. Журналда басылған жыраудың екі жыры біздегі сол аттас өзге толғауларға өте ұқсас, бірақ айырмашылығы да аз емес. Мұндағы берілген түсінікке қарағанда, Абылай Бұқар жыраудың бір ісіне қатты ренжіп, «басын аламын» деп уәзірін жіберіп, шұғыл шақыртыпты деседі. Суыт хабарды естіген жырау хан жарлығымен Абылай хан ордасына келіп жыр толғапты. Хан жарлығы қатты болды, Шыбын жаннан тәтті болды. Шақырған соң келдім, ханым, Жарлығыңды қайтармай. Жіберген уәзіріңізге екі жауап айта алмай. Кел десең келдім, кет десең кеттім, Кет дегендей мені сөйлетпей не еттім? Бір ауыз сөз сұрамай, басыңды кесемін деп, Мені шошытып түбіме жеттің... – дей келіп, оның бір кезде Түркістанда жетім болып жүргенін, енді басына бақ, астына тақ қонғанын айтады. Ең соңында жырау ханға: Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқардай түледің, Салған сайын үдедің, Алыстан тоят тіледің, Құдайдың сүйікті ұлы едің, Қалмақты қашырдың, Алатаудан асырдың. Қазаққа жер кеңейттің, Дұшпаныңды кеміттің, – депті, сонда Абылай райынан қайтып: «Мынаған бір үйір қысырақ айдап әкеп беріңдер», – дегенде, Бұқар «Маған хан Абылай жақсы бір ат берсін» деген әйгілі жырын толғаса керек. Содан хан қара көз, қара ауыз, қояндай боз атын беріп, өзін қасында жүретін жырауы етіп алыпты делінеді. Бұқар шығармалары XX ғасырдың 20-30-жылдарынан бастап жиналып, зерттеліп келеді. Алғашқы жариялануы дегенде, біз, ең алдымен, «Таң» журналында басылған жырларды айта аламыз. Мұнда жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз», «Ай не болар күннен соң», «Айналасын жер тұтқан», «Ақсаңнан биік тау болмас», «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ей, Абылай, Абылай», «Керей, қайда барасың?», «Ханға жауап айтпасам» атты бір топ өлеңдері жарық көрді. Бұқар шығармаларын жариялауда С. Сейфуллин үлкен еңбек етіп, «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» атты жинағына жыраудың «Ай не болар күннен соң», «Керей, қайда барасың?», «Жал, құйрығы қаба деп», «Асқар таудың өлгені», «Қалданменен ұрысып », «Атам болған жиырма бес», «Құбылып шыққан бәйшешек», «Әй, Абылай, сен он бір жасыңда» атты толғауларын бастырғаны мәлім. Бұдан соң жыраудың бір алуан жырлары әр түрлі хрестоматиялар мен жинақтарда, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып келді. Бұқар туындылары алғаш рет толыққа жуық көлемде «Алдаспан» жинағында басылды. Бұған оның үлкенді-кішілі 49 толғауы енді. Алайда, Бұқар шығармаларының бізге жеткен асыл үлгілерін айтқанда, ең алдымен, белгілі фольклорист Мәшһүр Жүсіп Көпеев есімін атауға тиіспіз. М. Көпеев жырау туындыларын ертеректе көне көз қариялардан қағаз бетіне түсірумен қатар, солардың ғылым үшін қажетті туу, айтылу тарихын да қызықты етіп жазып қалдырған болатынды. Сол себепті Бұқар шығармаларын сөз еткенде, біз сол М.Көпеев жазбаларын түпнұсқа ретінде негізге алуға тиіспіз. Ал, енді Бұқар жырларының ең бастапқы жариялану мәселесіне келсек, оның Ш. Уәлиханов, Г. Н. Потанин, И. Н. Березин қорында сақталып, кейбір үлгілерінің солардың жариялануымен басылғанын, сондай-ақ, бір-екі толғауының Құрбанғали Халидұғлының «Тауарих хамса Шархи» атты кітабында жарық көргенін айта аламыз («Ханға жауап айтпасам», «Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай»). Бұқар творчествосын танып-білуде, әдебиеттегі орнын белгілеп, бағалауда әр тұста әр алуан пікір таластары болып келді. Кейбір зерттеушілер оған «Сарай ақыны», «Орда ақыны» деген ат қойып, феодалдық салт-сана мен Абылай ханның жыршысы деп теріс бағаласа, енді бір топ әдебиетшілер жыраудың үстем тап жыршысы бола тұрса да, өз туындыларымен сол тұстағы ірі саяси- әлеуметтік мәселелерге үн қосып, дұрыс бағыт ұстағанын айтты, мұнымен бірге XVIII ғасырда жасаған ақындардың ішінде жырлары бірден-бір өз атымен сақталып қалған жырау екенін баса көрсетіп, оны сол дәуірдегі әдебиеттің басы деген тұжырым жасады. Бұған белгілі жазушы-ғалым М. Әуезов басқарып өткізген 1959 жылғы әдеби-теориялық конференция көп әсер етті. Соның нәтижесінде Бұқар жырау да біршама дұрыс бағаланып, әдебиеттегі өз орнын алды. Бұқар жырау туындыларының дұрыс бағаланып, оның әдебиет тарихындағы орнын ашып белгілеу ісі М. Әуезов зерттеулерінен басталады. Ол өзінің XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы әдебиетке арналған ертеректегі оқу кітабында Бұқар туралы «Жыраудың мақсаты, міндеті – «не болса сол көңілі ашар», «әлдене» дерлік сөзді айту емес. Ол заман сыны, мезгіл, дәуір болжалын, тарихи уақиғаның мазмұн бағасын сөз қылады. Көбінесе әрі жырау, әрі би болады. Олжа, табыс, абыройды ханмен қатар үлеседі. Өзі хан қасына жуан рудың – Арғынның қосқан «табан шөңгел биі» болуға лайық... Бұл жағынан қарағанда Бұқар, Орта жүз ханы Абылай болса, соның орталық елі, жуан бел руы – Арғын ішінен шыққан анық үстем тап адамы болады... Бұқар сонда үлкен, қырағы саясаттың толғаушысы боп, әрбір сөзін ірі-ірі уақиғалардың, ірі мәселенің тұсында ғана айтады. Сол сөздері жыраудың таптық-қоғамдық мазмұнын көрсетіп, дәуірінің тарихи сырын ашады», – дейді. Бұны бір ғана Бұқар емес, жалпы жыраулық поэзияның табиғатын ашуға жол салатын ғылыми ұстамды пікір деп айта аламыз. Тек зерттеуші заман ағымына сай мәселеге таптық тұрғыдан келуге мәжбүр болған. С. Мұқанов Бұқар шығармаларының көпшілігі Абылай ханға арналып айтылғандықтан, өзі сырттай Орда ақынына ұқсағанмен, жырлары сол кездегі саяси-әлеуметтік тұрмыстың нақты көрінісінен туған деп атап көрсетеді. Ол: «Бұқар жыраудың шығармаларында азаматтық, саяси мотив терең, әлеуметтік маңызы зор. Ол Абылайдың мақтаушысы ғана емес, сыншысы да», – дейді. Қ. Жұмалиев қазақ әдебиетінің орта мектептерге арналған оқулықтарынан бастап, қазақ әдебиетінің алты томдық тарихына жазған Бұқар туралы монографиялық тарауларында да, оны XVIII ғасырдағы авторлығы сақталған тарихи әдебиеттің басы деп бағалай келіп, ол өзінің дидактикалық толғаулары арқылы өмірге ескілік мұнарасынан қараса да, сол кезеңдегі әлеуметтік шындықты тап басып сипаттай алады деп жазады. Ал, Ә. Марғұлан Бұқар жырауды Абылай ханның белгілі жыршысы, кейінгі қазақ ақындарының бірден-бір көшбасшы ұстазы деп бағалайды. Осындай бағаны Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев еңбектерінен де ұшыратамыз. Белгілі фольклорист Н. С. Смирнова Бұқар творчествосына арналған көлемді зерттеулерінде оның импровизаторлық өнерінің ерен қуаты мен демократиялық тенденциясының нығая түсу ерекшеліктеріне, сондай-ақ, соңғы шығармаларында халықтық ұғымның әлеуметтік терең сипатқа ие болып отыру жәйтіне айрықша мән береді. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Бұқардың Абылай туралы екі өлеңін кім орысшалап хатқа түсірді? 2.Бұқар жыраудың өлеңдерін кім жинастырды? 3.Бұқар шығармашылығын зерттеген кімдер? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29,30, 31, 32, 33, 34,35, 36. Дәріс 14 Көтеш ақынның өмірі, шығармашылығы Дәрістің мақсаты: Көтештің қолма қол өлеңдер шығаратын жүйрік ақын,әрі таза қазақ түсінігіндегі ақын екендігін дәлелдеу. Тірек сөздер:Күрелкінің бауыры күнде дауыл,аңыз,Қартайғанда қатының дұшпан болды т.б. Дәрістің жоспары: 1.Көтештің өмірінен мәлімет. 2. Бала кезінен ақын ретінде елге атының кең жайылуы,әсіресе Абылай хан алдында көзге түсуі. 3. Көтеш шығармашылығы туралы профессор Ысмайыловтың пікірі, бағасы. 4. Сондай-ақ бізге жеткен өлендері туралы әңгіме аңыздар. 5. Өлім, өмірінің соңғы кезеңі туралы деректер. 6. Көтештің суырып-салма ақын екендігі. ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі алатын орыны. 7. Шығармашылығын талдау. 8.Көтеш шығармларының жинақталуы. Мәшһүр Жүсіптің бұл жұмыстағы атқаратын істері. Көтеш-18ғасырда өмір сүрген ақын. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туып өскен. Арғы атасы-Тұрлыбек.Халық аңызы бойынша,ақын 1798 жылдары 80 жастан асқан кезінде өмірден озған екен. Көтеш ақындықпен жас кезінен шұғылданған. Әуелі елдегі айтыс дәстүрі бойынша танылып, арнау өлеңдер айтып жүрген.Кейін әлеуметтік мәселелерге үн қосып, елінің тарихын, жауға қарсы жорықтарын, өз дәуірінің келелі мәселелерін көтеріп отырған. Көтешті біз ақындар поэзиясының бастапқы өкілі, аты мәлім ақындық өнердің тұңғышы дейміз.Себебі,бұған дейінгі көркем сөз өкілдері не шешен, не жырау аталған және сол аттарына сай шығармалар қалтырған. Ал, Көтеш болса , нағыз ақпа ақындарға тән қасиеттерімен танылып, сол ақындар поэзиясы үлгісін ұстаған, қара өлең, қайым өлең жанр түрлерін байытқан.Ақынның бізге мәлім шығармалары бұл пікірлерімізді толық дәлелдей алады. Өзінің мазмұны жағынан әлеуметтік, қоғамдық, тұрмыстық мәселелерді кеңінен көтеріп, әр түрлі лирикалық өлеңдерін шығарған.Ақындарша айтысып,арнау, ойнақы терме, сынай арнауларда айтып жүрген. Қалмақтан қазақ жерін босату күресіне белсене араласқан әрі батыр, әрі ақын саналған ол Жасыбай, Олжабай батырлар бастаған Сүйіндіктердің қалың қолдарымен бірге жүріп, әрбір күрес нәтижелерін сөз еткен. Аталмыш батырлар туралы ұзақ жырларды толғап жүрген. Әсіресе, Жасыбайдың жау мергені оғынан қапыда қаза тапқаны ел қабырғасын қайыстырған шақта күңіренген қазақ қолымен бірге ақын Жасыбай батырдың қабірі алдында өлең шығарып айтып, жауынгерлердің намысын оятып, кек алуға үндеген. Осы тұста Олжабай атынан шығарған Көтеш сөзі деген өлең жолдары халық есінде сақталған. Көтеш -өлеңді көп шығарған төкпе ақын. Оның әлі жиналмай, ел аузында жүрген сөздері көп. Соның бірі ақынның «Жасыбай батырдың әйелін жұбатуы» -деген толғауы. Бұл толғауды бізге 1970 жылы Төкен Оразов табыс еткен болатын. «Жұбату» халықтық көңіл айту стиліндегі шығарма. Ақын шығармалары өз кезінің талай тақырыптарын көтеріп, ішкі сыртқы ел қайшылықтарына үн қосқан. Ол өз еліндегі кемтарлар тұрмысын, әлеуметтік теңсіздіктерді де, халықтың мұң – шерлерін де толғана жырлады. «Ақтабан шұбырынды » оқиғасынан мол хабардар Көтеш сол ауыр оқиғаны тебірене толғап, халық қайғысына үн қосады. Ә. Жиреншиннің болжауынша, ел арасына кеңінен мәлім «Қаратаудың басынан көш келеді » өлеңін шығарған осы Көтеш. Қазақ ССР Ғылым академиясының қолжазба қорында Көтеш айтқан осы «Қаратаудың басынан көш келеді » өлеңінің бір нұсқасы жатыр. Оны Көтеш құдаларына кәде ретінде айтыпты - мыс. Текстің ұзын – ырғасында айырмашылық көп емес. Кейбір өлең тармақтарының соңғы жағына бірер жол жаңадан қосылған: Қара таудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Жақсы қыздың үйіне күйеу болсаң, Табақ табақ алдыңа төс келеді... Қалмаққа қарсы соғыс аяқталып, ішкі егестер қозған кезде Көтеш Абылай езгісіне қарсы күрескен ерлер жағында болып, сол ханға қарсы топтың сойылын соғып, Бөгенбай, Қазыбек, Олжабай бастаған топпен бірге Абылайдың зорлық – зомбылығын әшкерелеген. Ел арасындағы «Көтештің «Ер Олжабай », «Ботан » атты жырлары болушы еді. Ол жырларында ақын Абылай ханды қара ниет етіп көрсеткен... Хан қарақшыларынан ақын көп қуғын да көрді. Өле - өлгенше алдына мал салмай, кедейлік зардабын шегіп өтті. Ақыры елден кетіп, сол қарақшылар қолынан қаза тауып еді » - деген аңыздар осыны аңғартады. Тіпті бұл жай ғана аңыз емес, кейбір тарихи шындыққа да сай дерек. Жыраудың Олжабай батыр мен Қазыбек биді қолдап отырғанын осы дәуірдің ауыз әдебиетін зерттеуші Н. С. Смирнова да растайды. «Қазақ әдебиеті тарихының 1- томында «Олжабай жалғыз емес, оны Көтеш ақын да қолдайды...» - делінеді. Бұл тарихи шындық. Абылай, Ботанды сен өлтірдің, Есіл ер жазығы жоқ неге өлтірдің? Хан басың қарашамен даулы болып, Үстіне ақ орданың қол келтірдің. Абылай, күйіп кетті салған қалаң, Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң? Жанайды дәл бүгін күн босатпасаң... Болады ертең жесір қатын – балаң ... Бұл сөздерді Көтеш Абылай барымташылары ұстап әкеткен Мейрам руының Ботан, Жанай деген ерлерін босатпақ болып, артынан қуып барған қол атынан айтса керек. Көтеш ел адамдарына қаратып арнау өлеңдерін шығарып жүрген. Шоң, Шормандар дауына өлеңімен араласқан ақын баққұмар билердің тіл табыспай, күшке салып, шабысқан ниеттерін сезіп, оларға өзінің жалынды сөзін айтып табыстырады. Көтеш ішер асқа ,мінер атқа зар болып өткен. Бұған оның өлеңдеріде айғақ. «Жарқымбайға» деген өлеңінде ақын өзінің тымағының тысын байдан сұрап алғандығын ескертеді. Көтеш сөздері ақыл ретінде де айтылады. Кәрі ақын тәубеге келіп, атаны бала, ананы қызы сыйлап, ағаны іні қадірлеп, көршілерде бір-бірімен санасып, тыныштықпен өмір сүрсе деп армандайды. Көптеген адамгершілік ақылдар айтады. Бірақ адамның бәрі бірдей емес, ағайын тума да, бір туғандар да өздерінше өседі. Бірі үмітті ақтаса, екіншісі ақтай алмайды. Көтеш өлеңсіз сөз сөйлемеген.Ол кез келген сөзін тұспалдап, өлеңдете жөнелетін қас жүйріктің өзі болған. Көтеш-тұспалдап, мәтелдеп сөйлеуге де,сынап-мінеп не мадақтап сөйлеуге де ұста болған заманының ділмәрі. Оның «Қара кемпір Наман-ай, ниетіңнің жаман-ай», «Атадан ұл тусын,ұрпақ жолын қусын», т.б. тұспал сөздерін ел жұрт осы күннің өзінде мәтел ғып қолданады. Уақ Жарқынбай деген Көтешке «Ақындық ата жолыңмен қуған өнеріңіз бе» -деп сұрапты, сонда Көтеш,арғынның арғы аталарына ақындық өнер бітті деп, ежелгі ақын Қотаннан келе жатқан өнерді жалғастырушы өзі екенін айтыпты Қазақта Арғын аға болған зерек, Басқадан ол кісінің жөні бөлек. Арғынның түп атасы ақын Қотан, Өлеңге бізден үстем болса керек, депті. Осы өлең жолдарының бір нұсқасын Жанақ ақын да айтады. Бұған қарағанда екеуі де арғынның атақты жырауын өздеріне пір санаған болса керек. Көтеш өлеңдері түгел жиналған жоқ.Бірақ ақынның біз жоғарыда еске салып өткен өлеңдерінің өздері-ақ оның кезінде ірі ақын болғанын байқатады. Көтешке тете арқада Тәтіқара , Шал , Қобылан , Тоқаұлы ,Өске , Балабек , Ысқақбай, батыста Абыл , Есет , Ақтан , оңтүстікте Жанкісі тағы басқа бір топ ақындар өмір кешкен......... Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Көтеш туралы профессор Е.Ысмайылов қандай пікір айтты? 2 .Көтештің хандық дәуір әдебиетінен алатын орны қандай? 3.Көтеш шығармашылығының зерттелуі жайлы не білесіздер? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 10, 11, 12, 13,17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 31, 32, 33, 36. Дәріс 15 ШАЛ ақынның өмірі, шығармашылығы Дәрістің мақсаты: Шалдың негізгі жырлаған тақырыбы –адам өмірі,өмірінің мәні, «фәни мен бақи», дін екендігін түсіндіру. Тірек сөздер:Дін, фәни,бақи,ақыл-нақыл, үлгі,кәрілік т.б. Дәрістің жоспары:1.Шал ақынның өмірінен мәлімет,шыққан ортасы, анасының Үйсін Төле бидің қызы екендігі.. 2.Шал ақын Шоқан Уалихановтың айтуы, бағалауы бойынша “Қазақ халқын құраған рулар жайлы тамаша эпос жасаған адам”. 3.Шалдың -өз дәуірінен даналығын бойына сіңірген кең тынысты, қуатты ақын болғандығы. 4.Шалдың ұрпақтарының бірі белгілі ақын Нұржан Наушабаев екендігі. 5.Шалдың 15 жастан “ақын” ретінде аты шығуы. 6.Шалдың хат тануы, оған “Мен өзім талай сөзді хатпен жазған” деген өлеңнің дәлел болуы. 7.Шал импровизатор, төкпен ақын. Жырлаған негізгі тақырыбы-адам өмірі, өмірінің мәні, “фәни мен бақи”, дін екендігі. 8. Шал шығармашылығында өзіндік мәні көрінген лирикалық поэзиясының да кезігуі. Шал ақын – XV-XVIII ғасырлар әдебиетіндегі ең көрнекті тұлғаның бірі. Тұңғыш рет «Он бес деген жасым-ай» атты толғауы «Жаңа әдебиет» журналында (1958, № 5) жарық көрген. Егер ақынды 1831 жылы дүниеден кеткен деп есептесек, бір ғасырдан соң өлеңі баспа бетіне жетіпті. Екінші дерек 1958 жылы Ғалым Малдыбаевтың «Қазақ әдебиеті» (№ 48) газетінде жарияланған «Шал ақын кім?» деген мақаласымен ашылды. Шалдың арғы тегінен, өмірбаянынан мәліметтер берілді. Бұрын кейбір оқулықтарда, зерттеулерде аты ғана аталып жүретін Шал жөнінде мақала авторы біраз қысқа хабарлар айтып, кейінгі зерттеушілердің алдына жобалы қазық сала кетеді. Желіге тартқандай сегіз өлеңін іріктеп, оқушының алдына жайып салады. Әр түрлі тақырыпты қозғайтын осы сегіз өлеңнің өзі Шалдың шымыр, шешен кісі екендігін дәлелдегендей еді. Ғ. Малдыбаев кәріқұлақ қариялардың айтуы бойынша ақынның қай жылдың төлі екендігін анықтайды. Және 15 жасынан бастап-ақ өлеңмен әуестене бастағанын ескертеді. Сынау, мінеуге, өсиет сөздерге жиірек барғанын айтады. Ғалым ақсақал айтқан алғашқы деректер «XVIII – XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (Алматы, 1962) деп аталатын кітаптың жекелеген авторларға түсінік беретін тұсында (389-390-66.) қайталанады. Егер «Қазақ әдебиеті» газетінің 1958 жылғы 28 қараша күнгі №48 санында Шалдың 18 шумақ немесе 70 жолдай жыры басылса, қазақ ақындары шығармаларының жинағында 11 өлеңі, яғни 600 жолдай өлең жарияланды. Осы жинақтың «Кіріспесінде» Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ы. Дүйсенбаев Бұқар жыраудың әдебиеттегі лайықты орнын айта келіп: «Бұқар, Тәтіқара, Ақтамберді, Шал ақындар қазақ әдебиетінің жаңа кезеңін бастайды, жеке ақындар творчествосы туады. Сөз жоқ, бұл ақындардың шығармалары әр алуан, кей сәтте біріне-бірі қайшы да келіп отырады. Біз бұл жерде әдебиетімізде болған жаңа құбылысты, ауыз әдебиетінен басқа, белгілі авторлары бар жаңа әдеби үлгілер пайда бола бастағанын, кейін осыдан барып жазба әдебиетіміздің негізгі қаланғанын ескертпекпіз», – деп, әрі күрделі, әрі құнды да қызық пікірмен ой тастап кетеді. Міне, бұл секілді ескертпелер Шал жөніндегі кейін туған шағын мақалаларға мұрындық болған сияқты. Бұл кітапқа енгізілген 11 өлеңнің өзі Бұқар мен Дулаттың арасында Шал секілді сері ақынның тұрғандығын айқындай түседі. 1965 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Үш ғасыр жырлайды» кітабына, марқұм Ғали Әбетовтың көрсеткеніндей, «35 өлеңі оқушылар қауымына ұсынылды, жалпы көлемі – 441 жол». Жинақтың Ысқақ Дүйсенбаев жазған «Алғы сөзінде» Бұқар жырау Қалқаманұлынан кейін Шал Құлекеұлының аты аталып, поэзиясына баға беріледі. «...Қарт ақын ізгілікке сенеді, адамның жарқын жақтарын жырлауды көксейді» деп, Шал мұрасының негізгі тақырыптарына назар аудартады. 1967 жылы шыққан «Ертедегі әдебиет нұсқаларын» құрастырушылар Шалдың афористік поэмасын Қожа Ахмет Иассауи философиясымен салыстырады. Осы кітаптың Шал туралы бір сөзінде «Шал өлеңді жазып та шығаратын болған. Бірақ, ол ең алдымен импровизатор ақын еді» делінген. Ақынның өлеңді жазып шығаруы жайында әлі күнге нақтылы деректер жоқтың қасы. Ал, импровизатор екендігіне ешкімнің таласы болмаса керек. Сосын «Шал мұрасынан біздің заманымызға жеткені – мың жарым жол шамасындағы өлең мен бірнеше ғақлия қара сөздер» дейді. Біздіңше, Шалда қалыптасқан ғақлия жоқ, бұл жайлы да үзілді-кесілді пікір айта қою қиын. Филология ғылымының кандидаты Мұхтар Мағауин «Қобыз сарыны» монографиясында Шал поэзиясына арнайы тоқталып, талдау жасайды. Бас жағында Шалдың туған жылын 12 жылға кері шегеріп, яғни 1748-1819 жылдар аралығында өмір сүрген деп есептейді. Ғалым Малдыбаевтың айтуынша, «Шал 1760 жылдың төлі сияқты». М.Мағауин Шоқан пікіріне сүйенеді. Шоқан Шалдың эпикалық дүниелер құрастырғанын ескертеді. Ендеше, сол Шал жинақтаған аңыздардан ең болмаса үзінді, жұқана қалмауы қалай, әлде Шоқанның айтып отырғаны басқа Шал ма? Біріншіден, туған жылына келетін болсақ, Ғ. Малдыбаев көрсеткен 1760 жыл шындыққа бір табан жақын тұр. Өйткені, ол Шалды әлі ұмыта қоймаған кәріқұлақ қарттардың дерегіне сүйеніп беріп отыр. Егер Шалды 1748 жылғы деп шегерсек, одан біздің ұтарымыз шамалы, оның үстіне бізде нақтылы деректер жоқ сондықтан алғашқы дерекке тоқтаған абзал деп ойлаймыз. Ысқақ Дүйсенбаевтың «Ғасырлар сыры» кітабында «Әдетте, біз әдеби шығарманың қасиеттері мен ерекшеліктеріне басымырақ көңіл бөлудің орнына, қалайда сол ақын-жыраулардың өздерімен көбірек шұғылданып, оларды талай саққа жүгіртумен әурелендік» деген жанды пікір бар. Расында да, біз Абайдың алдында өткен бірқатар ақындардың шыққан тегін, үрім-бұтағын тәуір білеміз де, поэзиясына келгенде жадағай сырғытып өте шығамыз. Сонда олар егіздің сыңарындай бір-бірінен айнымай шыға келеді. Ақындық мұра сол өзін шығарған ортаға тығыз байланысты. «Литература вся целиком, как целое и в своих отдельных частях, зависит от действительности. Она зависит от нее, получая от действительности и воздействуя на нее; зависит в своих внешних отношениях и внутренних, зависит содержанием и формой. При этом типы зависимости весьма разнообразны», – деп академик Д.С.Лихачев бекерге айтпаған. XV–XVIII ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының өздері өмір сүрген қоғамдық ортамен байланысты болмаса, соншалықты шыншыл, сыншыл терең поэзия тумаған болар еді. Мазмұн мен түрдің бірлігі де содан. Шал шығармалары туралы да соны айтуға тура келеді. Шал өлеңдерінің қоғамдағы теңсіздік, заман, адам жайы анық көрініп тұрады, бірақ біз әлі атығайлық айтқыш қарттың батыр әкелеріне, өлеңдеріне сырттай тамсанып, іштей сыналап ене алмай жүрміз. Мен марқұм Ғали Әбетовтың «Шал ақын жайындағы жаңа деректер» деген мақаласын ден қоя оқыдым. Автор біраз материалдарды қараған екен. Әйтсе де, әңгіменің дені Күлеке батыр жөнінде де, соңғы бір-екі беті Шал өлеңдеріне арналады. Күлекенің батырлығын, батылдығын аша түсетін фактілерге қаныға түсеміз де, енді Шалдың өзі хақында азырқанып қаламыз. Оның үстіне Шал толғауларына әлі толық текстологиялық талдау, барлау жасалған жоқ. Ол дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулардың шығармалары кейде біріне-бірі атастырылып, араласатын жағдайы бар. Бұқардікі Шалға, Шалдікі Көтешке ауысып кетіп жүреді. Бәрін бір ізге түсіретін уақыт жеткен сияқты. Әсіресе, ғұмыр, адамның жасы, тіршілік мәнін қозғайтын жырлар тұсында бұлар өзара үндесіп, кейде жолма-жол қайталанып кетеді. «Бұл дүниенің мысалы», «Он бес деген жас қайда», «Асқар таудың өлгені», т.б. өлеңдер бірнеше нұсқамен әрқайсысында кездеседі. Кейде мұндай ұқсастық айтушылардан да, жинаушылардан кетуі мүмкін. Дегенмен аражігін ажыратқан ақын-жыраулар мұрасын араластырмаған абзал. Шоқанның Шал жайындағы айтқан сөзіне орай екі пікір айтылып келеді. Ең алдымен, Шоқанның өзіне сөз берейік: «Из преданий о происхождении киргиз замечателен джир ахуна из племени аргын, из рода атыгай и поколения Худайберди и отделения его Баймбет-Чала, современника прадеда моего, хана Аблая. Знающих эту эпопею теперь очень мало, по крайней мере, я до сих пор не имел случая ее слышать». Сонымен, Шал эпикалық генеалогия жасаған екен, әлі қолға ешнәрсе түскен жоқ деген сөзді М.Мағауин, Ғ.Әбетов қоштайды да, зерттеуші Қ.Өмірәлиев мүлдем кереғар ой білдіреді. Үшінші оппонент: «Шал ақынның өлеңдері деп жүрген өлеңдер Шоқан айтқан XVIII ғасырда жасаған Шал ақынның өлеңдері емес, XIX ғасырдың орта тұсы мен XIX ғасырдың екінші жартысында жасаған өзге бір Шал аттас ақыннын өлеңі» дейді. Сонда тарихта екі Шал болғандай көрінеді. Шоқанның айтып отырған Шалы Күлекенің Шалынан әріде өткен сияқты. Шоқан таратып айтпайды. Әдебиет тарихында екі Шалдың болуы да шындыққа сыйыспайтын нәрсе емес. Бірақ, біздің білеріміз әдебиет тарихында бір-ақ Шал бар. Ол – Шал ақын Құлекеұлы. Бұқар мен Шал поэзиясы жеке ақындар творчествосының басталғандығының куәсі. Жеке ақын, жыраулар фольклордан іргені үзілді-кесілді ажыратып алмағанмен, поэзияға «Мен өгіз терісі талыспын», «Әр жерде қадыр, құрмет көрген жанмын», «Мен, мен едім, мен едім» деген тіркестер енгізе бастады. Әдебиетке автордың өзіндік көзқарасы, стилі, тақырыбы енді. Сөйтіп, ауыз әдебиетінен бөлініп шықты. Бұқар мен Шал өлеңдері осы тұрғыдан алғанда өздері дәуір кешкен заманның қайшылықты көрінісін айнытпай бере білді, халыққа жақын, хан мүддесінен қашық поэзия жасады. Бұлар өлеңге қоғамдық сипат беріп, ұйқасты сөзді үлкен күшке айналдырды. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Шал «Қазақ халқын құраған рулар жайлы тамаша эпос жасаған адам» деген пікірді кім айтқан? 2.Шал неше жасынан өлең шығарған? 3.Шалдың қазіргі кезде ұрпақтары бар ма, бар болса кімдер? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13,17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 34,35. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ. 1 Тәжірибелік сабақ:Жыраулар поэзиясының даму жолдары Сабақтың мақсаты: Жыраулық поэзияның ғасырлар бойы қалыптасып,дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдік құбылысы екендігін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп, бағалау. Сабақ жоспары: 1.Жыраулармен қоса ХVIII ғасырдағы ақындар поэзиясы туралы да сөз қозғау. 2.Поэзияның көрнекті өкілдері Шал мен Көтеш ақын жырларының негізгі сарыны-дін, этика, мораль тақырыптар екендігі. 3.Өмір, дүние туралы философиялық-дидактикалық үлгідегі туындылары, жеке адамдарға арналған өткір эпиграммаларының әдебиетіміздегі орнына тоқталу. 4.Жыраулар шығармашылығын сөз еткенде олардың көптеген толғауларының бізге жетпегені, жеткендерінің өзі де текстологиялық жағынан әлі де дәлелдей түсуді, аша түсуді керек ететін тұстары бар екендігін түсіндіру. 5. Жыраулар шығармашылығы әлі де зерттеуді, анықтауды керек ететінін әңгімелеу. 6.Жырау толғауларын бізге жеткізуші ақындар туралы да сөз қозғау. Әдістемелік нұсқау: Олардың туындыларын зерттеуші ғалымдар жайында әңгімелеу. Мысалы:Шоқанның айтқандарынан бастап, В. Радлов («Образцы народной литературы северных тюркских племен») «Тауарих хамса» кітабының авторы Құрманғали Хамитұлы, Ә. Кенжебаев, Е. Ысмайлов, М.Әуезов, Қ. Жұмалив, Ә. Марғұлан, М. Мағауин, т.б туралы да хабардар ету. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 17,22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 34,35, 36. 2 Тәжірибелік сабақ:Жыраулар мұрасы және қазақ халқының елдік тарихы Сабақтың мақсаты: Жыраулар мұрасының қазақ әдебиетіндегі орнын студенттер қандай дәрежеде меңгергеніне қарай бағалау. Сабақ жоспары:1.Қазақ халқының елдік тарихындағы жыраулардың алатын орны. 2. Тарихтағы жыраулар айтқан болжамдар. 3. Жоңғар басқыншылығы, оған қарсы күрес, оның айбынды ұйымдастырушылары. 4. Ер Едіге жыры туралы. 5. ХVIII ғасырдың қазақ ұлыстары үшін қуанышты оқиғаларман басталуы. Әдістемелік нұсқау:Осы тақырыпқа байланысты мынандай еңбектерді қара: Х.Досмұхамедұлының 1991 жылы Алмадыда жарық көрген «Аламан» еңбегінің 109 бетіндегі «Мұрат ақынның сөздері» деген мақаласын оқыңыз. Әдебиеттер:1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 7,10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 20, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. 3 Тәжірибелік сабақ:Жыраулар мен ақындар мұрасының көркемдік ерекшеліктері Сабақтың мақсаты: Жыраулардың ақын, жыршылардан ерекшелігі неде, толғаулардың мәні не деген мәселелерді студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп, бағалау. Сабақ жоспары: 1. Жыраулар мен ақындар мұрасының көркемдік ерекшелігі. 2. Ақын және жырау.Жырау деген кім, жыраулық өнер туралы түсінік беру. 3. Ғалымдар пікірі. 4. Жорық жыршысы, ірі эпик, әрі нәзік лирик Қазтуғанның өте шебер жырлары дала поэзиясының, жыраулықтың биік шыңы екеніне тоқталу. Әдістемелік нұсқау: Толғап-толғап сөйлеу, ғажайып шешендікке құрылған философиялық-дидиактикалық толғаулар, даналық афоризімдер мен терең ойлы ақыл-нақыл, мақал-мәтелге құрылған сұлу да айшықты жыр жолдары, импровизацияның «ат басындай алтыны» мәңгіге жылтырап жатқан ұлы мұра- жыраулардың негізгі белгілер екеніне тоқталу. Садақ оғынан да ұшқыр жырау сөздерінең небір хандар мен дұшпандарын тұқыртуы, олардың керегінде халық үшін қолына найзасын алуы, дана кеудесінен сөз боранын боратып, ірі қоғам қайраткерлері, қабырғалы би болғандықтары жайында сыр шерту. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35. 4 Тәжірибелік сабақ: Асан қайғы жыраудың өмірі, шығармашылығы,Асан туралы аңыздарға тоқталу Сабақтың мақсаты: СтуденттерАсан Қайғы жыраудың шығармаларын,оның зерттелуін, жырау Асанмен аңыздағы Асанның ара жігін қандай дәрежеде меңгергеніне қарай бағалау. Сабақ жоспары: 1.Асан қайғы есімінің барша қазақ халқына кеңінен таныс екендігі. 2.Асан қайғының шығармаларының зерттелуі жайлы 3.Асан туралы аңыздарға қысқаша шолу. 4.Асан толғауларының көркемдік ерекшелігі, маңызы тәрбиелік орны. 5.Асан қайғының халық арасында әулие ретінде құрмет тұтылуы. 6.Ата тегі туралы нақты деректердің жоқтығы. Әдістемелік нұсқау: . «Тауарих хамсада» Шыңғыс хан кезіндегі Майқы бидің алтыншы ұрпағы деп келтірілуі. Асанның біраз өмірінің Қазанда хандық құрған Алтын Орда әміршілерінің бірі – Ұлұғ Мұхамед тұсында өтуі. Кейін қазақ ханы Жәнібек маңында болғаны Асан қайғы туралы М.Әуезовтың, Ш.Уәлихановтың, Х.Сүйінішәлиевтің т.б. ғалымдардың пікірлері жайлы. «Ежен хан мен Асан», «Жер үйек», әсіресе, «Жер үйектің» халық арасында кеңінен таралуы. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. 5 Тәжрибелік сабақ:Қазтуған жыраудың шығармашылығының зерттелуі Сабақтың мақсаты:Қазтуған жыраудың шығармашылығының зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергенін тексеріп, бағалау. Сабақ жоспары:1.Жыраудың көшпенділер аристократиясынан шыққандығы. Туып өскен жері туралы. 2.Қазтуған жыраудың қолбасы батыр болған деген аңыздың шындыққа жақындығы. 3.Қазтуғанды артындағы ұрпақтарының қадірлейтіні сонша, Мұрат ақын, Мұрын жыраулар жырлаған «Қазтуған», «Қарға бойлы Қазтуған» атты толғау-поэмалар туралы. 4. Қазтуғанға дейінгі жыраулардың аты жеткенмен, толғауларының жетпегені туралы, аз болса да ұлы жырау шығармаларының бір кішкене үзігінің бізге жеткені жайында. Әдістемелік нұсқау: .Жорық жыршысы,ірі эпик,әрі нәзік лирик Қазтуған жырау туралы әңгімелей отырып, әсіресе оның ұлттық әшекейі анық,терең суреттеу тәсілдері өте шебер жырлары- шындығында да дала поэзиясының,жыраулықтың биік шыңы екеніне тоқтал. Қазтуған жырларының маңызы. Қиял байлығы, суреттеу шеберлігі, таза ұлттық рух, ұлттық тіл тазалығы, Қазтуған толғаулары-орта ғасырлық әдебиеттің алтын мұрасы-жыраулықтың тамаша үлгісі екендігі Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 7,10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 20, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. 6 Тәжірибелік сабақ: Шалкиіз өмірі, шығармашылығының жиналып, зерттелуі, шығармаларына әдеби талдау Сабақтың мақсаты: Шалкиіздің шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Сабақ жоспары: 1.Шалкиіздің өмірі, шығармашылығына тоқталу. 2. Өмір сүрген уақытын зерттеуші ғалымдардың әр түрлі топшылаулары. 3.Оның батыр қолбасы болуы жайындағы тарихи әңгімелерге тоқталуы. 4.Жыраулар ішінде оның тұңғыш рет орысшаға аударылуы (төңкеріске дейінгі оқиғалар). 5.Шалкиіз-қазақ әдебиетіндегі философиялық, дидактикалық, афористік толғаулардың көш басшысы. 6.Шалкиіз поэзиясындағы жауынгерлік, ерлік рух, отаншылдық сарын. 7.Шалкиіз поэзиясындағы сырлы, дана афоризмдер мен көркем поэтикалық тіл. 8.Шалкиіз-«шын мәнісіндегі жыраулық поэзияны жасаушы». 9.Қазақ әдебиеті тарихындағы оның алатын орны. Әдістемелік нұсқау: Шалкиіз шығармаларының В.Радловтың, дағыстанды Мұхамед Османовтың кітабында ерте кезде (1883 ж.) жарық көруі. Ақын шығармашылығының төңкерістен кейін көп жылдар бойы партиялық талап пен саясаттың назарына іліккендігі, Шалкиіздің жыраулар ішінде еңсесі биік, шыққан шыңы жоғары екендігіне,сахара жұлдызы, дала данасы, сөз құдіреті, пірі- көмейінен күмбірлеген жыр төгілген классикалық дәрежедегі жырау болғандығына тоқталу. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. 7 Тәжірибелік сабақ: Доспамбет шығармашылығының зерттелуі, толғауларының маңызы Дәрістің мақсаты: Доспамбет шығармашылығының зерттелуін,толғауларының маңызын қандай дәрежеде меңгергенін тексеріп бағалау . Сабақ жоспары: 1.Доспамбет жыраудың өмірі, шығармашылығы. 2.Толғауларының поэтикалық тілі. 3.Доспамбет туралы аңыз-әңгімелердің хикаяларының. Радлов сияқты ірі ғалымдарға белгілі болғаны. 4. М.Османовтың 1883 ж. баспадан шыққан «Ноғай уа құмық шиғырлары», Радловтың 1896 ж. «образцы народной литературы тюркских племен» еңбектерінде жариялануы туралы тоқталу. 5.Доспамбет шығармаларының тілі, толғауларының маңызына, өзіне арналған жырларына тоқталу. Әдістемелік нұсқау: Доспамбет шығармалары деп есептеп жүрген туындылардың негізінен 1908 ж. М.Бекмұхамедовтың Қазан қаласынан шыққан «Жақсыүгіт», Ғабдолла Мұштақтың (Ғұмар Қарашев) 1912 ж. Орынборда жарияланған «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» кітаптарында жарық көруі. 1967 ж. «Ертедегі әдебиет нұсқалары», 1971 ж. «Алдаспан», 1982 ж. «Бес ғасыр жырлайды» еңбектерінде басылған Доспамбет шығармаларын, алдында басылған еңбектердегі шығармаларымен салыстыру. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. 8 Тәжірибелік сабақ: Жиембет шығармаларының жиналып, зерттелуі Сабақтың мақсаты: Жиембет шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Сабақ жоспары: 1.Жиембет жыраудың өмірі, шығармашылығы. 2.Шығармашылығының маңызы. 3.Жиембет өмір сүрген дәуір сипаты. 4.Қазақтардың ойраттарға қарсы күресі 5.Жиембеттің елге есімін кеңінен танытқан «Есімге арнаған толғауы екендігі». 6.Өмірінің ақырығы кездерінде Жиембеттің қуғынға ұшырауы. 7.Бізге жеткен өте аз мұрасының өзі-ақ Жиембеттің халқы үшін қолына найза да алғандығын, ел екендігі дәлелдейтіні. 8.Әділетсіздікке, ханға қарсы ащы дауысы, өткір үні. Әдістемелік нұсқау: Жиембет Бортоғашұлының Алшын руынан шығуы, әскери ақсүйек отбасында дүниеге келуі. Арғы атасы-Ноғайлыдан шыққан Алау батыр болғандығы. Жиембеттің тек жырау емес, Еңсегей бойлы Ер Есімнің, Кіші жүздегі үлкен тірегі, яғни әскербасы батыры, ел басқарушы биі қызметін атқаруы. Жиембет туралы біршама деректердің барлығы. Сондай-ақ Жиембеттің атын ескі шежірелер қорынан да кездестіруге болатыны. Шешендігі, батырлығы, әділдігімен халқының әулиелерінің2 біріне айналған Сырым батырдың ұраны атасы Жиембет болғандығы.Ол туралы әр түрлі әңгімелер, деректер. «Қол аяғым бұғауда» өлеңінің жыраудың хандардан көрген зәбірін дәлелдейтіні. Сондай-ақ, «Басы саудың түгел-дүр» толғауының Жиембеттің өз елі, жерінен қуылғандығын дәлелдейтіні. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. 9 Тәжірибелік сабақ: Марғасқа жыраудың өмірінен мәлімет, толғауларына әдеби талдау Сабақтың мақсаты: Марғасқа жыраудың шығармаларының жиналып зерттелуін,толғауларын студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Сабақ жоспары: 1.Марғасқа жыраудың өміріне тоқталу, шығармашылығының зерттелуі. 2.Марғасқа жырау Есім ханның әрі батыры, әрі ақылшы жырау болғандығы жайлы. 3.М.Көпеевтің «Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері» атты қолжазбасындағы Марғасқа жырау туралы айтылғандарға тоқталуы. 4.Біздің заманымызға жеткен Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» жырының шығу тарихы. 5.Толғауларына әдеби талдау. Әдістемелік нұсқау: Марғасқаның ел аузында «бүтін билікке Төле би жеткен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен»! деп атаққа шыққан Еңсегей бойлы Ер Есімнің тұсында өмір сүргендігі. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. 10 Тәжірибелік сабақ: Тәтіқара ақынның шығармашылығының жиналып, зерттелуі Сабақтың мақсаты: Тәтіқара ақынның шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Сабақ жоспары: 1.Тәтіқараның азаттық үшін күрес ұраншысы, басқыншыларға қарсы халықты ұрысқа шақырушы жауынгер ақын, “жортуыл кернейшісі” екендігі,. 2. Оның өз заманының ең көрнекті, ең қуатты, ең алдыңғы қатарлы жыршысы, яғни ақыны болғандығы. 3.Ұлы Шоқанның Тәтіқара жырларына назар аударуы. 4. Шыққан тегі: Уақ ішіндегі Қалмақ болғандығы туралы әңгімелеу. 5. Тәтіқара жайында таралған әр түрлі аңыздарға шолу. 6. Аблайдың жауынгершілікке аттанғанда жанынын тастамайтын сенімді серігі, оның сарбазшысына дем берушісі болғандығы. 7.Ақындығымен қоса ер жүректілігі, бірбет, қайсар болғандығы. Әдістемелік нұсқау: Ақын есімінің әсіресе 1756 жылы қазақ жеріне басқыншылықпен кірген Цин үкметіне қарсы күресте ерекше танылуы. Шығармашылығына талдау: « Қамыстың басы майда, түбі сайда». Өлеңнің шығу тарихына назар аудар. Абылай сарбаздарына қауып төнгенде, жігер беру, намыс қайрау мақсатында туғандығы. Абылай заманындағы әр батырға сипаттама, баға беруі.а )Жәнібек-«болат найза»; ә)Ер Жабай- «Найзасының ұшына жау мінгізген»; б)дәріптеу, асыра ұлғайта мақтау. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 17, 19, 21, 22, 24, 25,27,28, 29, 31, 32, 33, 34,35, 36. 11 Тәжірибелік сабақ: Үмбетей жыраудың өмірі,шығармашылығының зерттелуі Сабақтың мақсаты: Үмбетей жыраудың шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Сабақ жоспары:1.Үмбетейдің 1706-1778 жылдар шамасында өмір сүруі туралы болжамдар. 2.Үмбетейге әкесінің әсері,жасынан ән-жыр, сөз өнеріне еліктеп өсуі, халық әдебиетінің әсері. 3. Үмбетей жырларының басты ерекшелігі философиялық- дидактикалық мәнінде екендігі. 4.Үмбетейдің Абылай заманындағы ел қорғаған халық батырлары туралы мадақ толғауларды шығарушылардың басы болғандығы. 5. Абылайды да ерекше дәріптеуі, құрметтеуі. 6.Жыраудың Бұқармен дос-жаран болуы. 7. Үмбетей жырларының аса көркем келуі, өлең жолдарының көбіне үш буыннан тұруы.. . Әдістемелік нұсқау: Үмбетейдің жырлаулық атын ерекше елге танытқан атақты батырлар туралы толғаған жырлары жайында. Әсіресе, ғалымдар жазғандай, ХVIII ғасырдың 70-жылдарында шығарған Бөгенбай атына байланысты толғаулары жырау есімін әдебиетімізге мәңгі қалдырғаны туралы сөз қозғалуы. Әкесі Тілеудің шежіре, абыз іспеттес болуы. Қаһармандық жырларды, шешендік сөздерді, халықтың сөз өнерін ерекше меңгеруі, қобызы болуы, халқының бай музыкасын да жетік білуі.Бұқардың қатынына байланысты айтқан жыры сақталған. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. 12 Тәжірибелік сабақ: Ақтамберді жыраудың шығармаларының жиналып, зерттелуі Сабақтың мақсаты: Ақтамберді шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Сабақ жоспары: 1.Ақтамберді жыраудың шығармаларының жиналып, зерттелуі. 2.Ақтамбердінің жай жырау емес, жортуыл жыршысы, әрі балуан, әрі батырлығымен халық арасында өте бетті, беделді болғандығы туралы түсінік. 3.Ақтамберді елін, халықын жаудан қорғаушы жырау. 4. Ақтамберді толғауларының қайнар көзі-Шалкиіз, Доспанбет сияқты өзінен бұрынғы аталар мұрасының заңды жалғасы, көне қазақ поэзиясы тоқталу. 5. Ақтамбердінің бейіті Семей облысы, Абай ауданының Жүрек Жота төбесінің басында екендігінен хабар беру. Жыраудың 93 жасында қайтыс болуынан мәлімет. 6. Өмірін түсіндіру барысында өлеңдерін дәлел ретінде пайдалану. Әдістемелік нұсқау: 1.Жырау ұрпақтары қазір де Семей облысында тұратындығы, солардың айтқан деректері, әрі “Тауари хамса” бойынша Ақтамберді Сарыұлының атақты Қаракерей Қабанбаймен бірге Найманның бір көсемі, әскербасы батыры, әрі төгілмелі жырау болғандығы туралы мәлімет. Орташа, кедей ортада туып өсуі. Өте жастай өлең шығаруы. Ерте есеюіне сол кездегі жаугершілік заманның да әсері екеніне кеңірек тоқталу.(Орта Азия хандықтары, қалмақтармен соғыстар.) тарихи оқиғалардың бел ортасында жүріп азаттықты, еркіндікті, халық үшін “күлдір-күлдір кісінетіп, күрең мінгені”, ерлікке, батырлыққа шақырған жауынгер екендігіне ерекше назар аудар. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. 13 Тәжірибелік сабақ: Бұқар жыраудың өмірі, шығармашылығы Сабақтың мақсаты: Бұқар жыраудың шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Сабақ жоспары: 1.Бұқардың ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі болғандығы. 2. Бұқар өмір сүрген мерзім тынысы, тарихи оқиғалар. Оның жырау шығармашылығына әсері. 3.Бұқар шығармашылығын жинастырған атақты Мәшһүр Жүсіп жайында сөз қозғау. 4.Ата тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл, Қоржас екендігі, 1668-1781 жылдары өмір сүрген деген болжам. 5.Бұқардың Тәуке ханға, Абылай ханға қызмет көрсетуі. 6.Бұқар шығармашылығының зерттелінуі. Әдістемелік нұсқау: Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің еңбегі. Оның Бұқар туралы Бұл кісінің сөзін түгел жазамын дегенге: «Нұхтың өмірі, Аюбтың сабыры, Аполатонның ақылы керек» деген сөзі;Шоқанның Бұқардың Абылай туралы екі өлеңін орысшалап хатқа түсіруі;Г.Потаниннің Бұқардың біраз өлендерін жинастыруы. «Тауарих хамсада», «Таң» журналында кейбір өлеңдерінің шығуы. Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Қ.Мұхаметханов пен М.Мағауин, т.б зерттеулері жайынан мәлімет.Бұқардың ел бірлігі, татулығын жырлай отырып, патшаның отарлау істерін ерте түсінуі, оған қарсы болуы. Бұқар поэзиясының көтерген тақырып жағынаң әр алуандығы. Халық поэзиясының тұнығын жинап, бойына сіңіре отырып, өзінен кейінгі басталар жаңа поэзиясының да кейбір белгілерінің негізін салуы. Бұқар поэзиясының философиялық тереңдігі, даналық, афористік мәні, ақындық интуиция, поэтикалық тілімен, тіпті «Еуропалық лирикаға» жақындау өлең жолдарымен қазақ әдебиетінің алтын қорынан алатын орны. Абылайдың алдында беделді, қабырғалы биі болуы. Қоғамдық мәселелерге атсалысуы, даналық ақыл-ойы, аумалы-төкпелі заманда ел бірлігін жырлап, халқы алдында үлкен қызмет атқаруы, «көмекей әулие атануы», «Бұқар қара сөз білмейді, тек жырлай береді» екен деген аңыздар. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. 14 Тәжірибелік сабақ: Шал ақын өмірі, шығармашылығы Сабақтың мақсаты: Шал ақынның шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Сабақ жоспары: 1. Ақын шыққан орта: Анасының Үйсін Төле бидің қызы екендігі. 2 . Орыс үкіметімен достық қарым-қатынасы, Орынбор губернаторының А.Давыдовқа берген жарлығыда Құлекеңнің беделді батыр екендігін, оған жақсы қарым- қатынас жасау керектігінің ескертілуі. 3. Ғалымдар болжауы бойынша оның 1748-1819 жылдары өмір сүргендігі туралы деректер. 4. Шалдың ұрпақтарының бірі белгілі ақын Нұржан Наушабаев екендігі. 5.Шалдың 15 жастан “ақын” ретінде аты шығуы. 6. Шал импровизатор, төкпе ақын. 7. Шал шығармашылығында өзіндік мәні көрінген лирикалық поэзисының да кезігуі. Әдістемелік нұсқау: Шалдың қақтығыс өлендері (айтыс үлгісі), «Жігіт пен Шал», «Шал мен қыз», «Шал мен кемпір»тоқтал.Шалдың Шоқан Уалихановтың айтуы, бағалауы бойынша «Қазақ халқын құраған рулар жайлы тамаша эпос жасаған адам». «Шалдың -өз дәуірінің даналығын бойына сіңірген кең тынысты, қуатты ақын болғандығы». Құлекеңнің ұрпақтары қазір де Солтүстік Қазақстанда, Сергеев ауданында тұратындығы. Сондай-ақ, оның жақсылықты ту етіп көтеруі, жамандықты жерлеуі, өлеңдеріндегі ақыл-нақыл, үлгі айтудың басымдылығы. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13,17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 34,35. 15 Тәжірибелік сабақ: Көтеш ақынның өмірі, шығармашылығы Сабақтың мақсаты: Көтеш ақынның шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Сабақ жоспары: 1.Көтештің Арғын, оның ішінде Сүйіндіктен тарайтыны. 2. Бала кезінен ақын ретінде елге атының кең жайылуы,әсіресе Абылай хан алдында көзге түсуі. 3. Ол туралы халық арасындағы аңыз (“Абылай, Ботақанды сен өлтірдің” деген өлеңге қараңыз). 4. Көтеш шығармаларының жинақталуы. 5. Көтештің өзі шыққан тегінең де кедей, өзінің де кедей болғандығы жөніндегі деректер. 6. Сондай-ақ бізге жеткен өлендері туралы әңгіме- аңыздар. 7. Өлім, өмірінің соңғы кезеңі туралы деректер. 8. Көтештің суырып-салма ақын екендігі. ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі алатын орыны. 9. Шығармашылығын талдау. Әдістемелік нұсқау:. Мәшһүр Жүсіптің Көтеш шығармаларының жинақталуында атқарған істері (Мәшһүр Жүсіп туралы әңгімелей кету.) Көтештің қолмақол өлеңдер шығаратын жүйрік ақын, әрі таза қазақ түсінігіндегі ақын, күшті ақын екендігі. Көтеш шығармашылығы туралы профессор Ысмайыловтың пікірі, бағасы. «Көтеш-кез келген нәрсені өлеңге айналдыра алатын ақын және күй талғамайтын жүйрік» деді Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 10, 11, 12, 13,17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 31, 32, 33, 36. СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫС ШЕҢБЕРІНДЕГІ ТАПСЫРМАЛАР. 1СОБӨЖ «Халқымыздың ұлы ұландары» жыраулар шығармашылығында /толғау эссе жазу/ Өздік жұмысының мақсаты:Студенттерді шығарма- эссе жазуға баулу. Әдістемелік нұсқау: Студент кез келген бір жырауға өз атынан ,осы эссе деген термин сөзге сүйене отырып шығарма-эссе жазу керек.Эссе- тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап,өзінше толғап,әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек,тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философияның,эстетиканың,әдеби сынның,публицистиканың, көркем әдебиеттің жаныры. 2 СОБӨЖ «Жырау және тарих» /ғылыми сипатттағы мақала әзірлеу/ Өздік жұмысының мақсаты:Студенттерді мақала жазуға баулу. Әдістемелік нұсқау: 1.Жыраулардың тарихтан алатын орны қандай 2.Жыраулардың қазақ хандығының дамып, іргесінің нығаюына қосқан үлестеріне тоқталу. 3.Қоғамдық, саяси қызметтердің әдебиет тарихынан алатын орындарын сөз ету. 3 СОБӨЖ «Жыраулар толғауларындағы архайзм, тарихи көнерген мағынасы түсініксіз сөздер /текстологиялық талдау/ Өздік жұмысының мақсаты:Өздік жұмыстарында түсіндірмелі сөздіктерді, фразеологиялық сөздіктерді пайдаландыру барысында қазақ тіл білімінен алған білімдерін тереңдете түсу. Үлгі: Түсініксіз сөздер Түсіндірмесі 1. Пұсырман баласы 1. Мұсылманның баласы. 2. Жауабы жамшыдай 2. ……………………. 3. Ақре тау 3. ……………………. 4. Өз малын кізнеген 4. ............... ................... Әдістемелік нұсқау: Мынандай еңбектерді қараңыз: Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі Құрастырған А.Құралұлы. А.1997, Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.1-10том. Алматы: Ғылым,1974-1986,Абай тілі сөздігі. Бас редакторы. А.Ысқақов. Алматы: Ғылым,1968. 4 СОБӨЖ « Жыраулар поэзиясында кездесетін троптың түрлерін Теру /кортотека/ Өздік жұмысының мақсаты: Студенттер өздерінің әдебиет теориясынан алған білімдерін шыңдай түсу үшін қажет. Әдістемелік нұсқау:Қ.Жұмалиев айтқан бес түрлі жолмен жасалатын метафора түрлерін жыраулар поэзиясынан табу.Жыраулар поэзиясында кездесетін метонимия мен синекдоханы тауып салыстыру. Жыраулар поэзиясында кездесетін теңеулердің жасалу жолдарына көңіл аударыңыз. Үлгі: Мысалы: Арабы торым өзіңсің, Алдаспаным өзіңсің, Сен –Алтынсың ... Сен –Сұлтансың ... Сен –Сұңқарсың ...,т.с.с. Бұлардың бәрі - метафора. 5 СОБӨЖ Жыраулар поэзиясында кездесетін образдарға тән нышан – элементтерге/кортотека/ Өздік жұмысының мақсаты: Студенттер өздерінің әдебиет теориясынан алған білімдерін шыңдай түсу үшін қажет. Әдістемелік нұсқау:Ақын, жыраулардың бейнелеу әдістерінде юморлық, сатиралық, трагедиялық,геройлық, романтикалық образдарға тән нышан–элементтер көптеп кездеседі. Мысалы:Асанның «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің», Бұқардың «Атаңды білмес құл едің» деп басталатын шумақтарында сатиралық образ детальдары елес береді соған көңіл аударыңыз. 6 СОБӨЖ Жыраулар поэзиясы және батырлар жыры /реферат 13-15 бет/ Өздік жұмысының мақсаты:Ауыз әдебиетімен хандық дәуір әдебиетінің арасындағы байланысқа студент назарын аудару. Әдістемелік нұсқау: Жыраулар поэзиясын батырлар жырымен салыстыр. Жыраулар поэзиясымен батырлар жырының арсындағы үндестікке назар аудар. 7 СОБӨЖ Жыраулар атынан болашақ ұрпаққа хат-аманат жазу /хат үлгісіндегі толғау-эссе/ Өздік жұмысының мақсаты:Студенттердің тіл байлығын дамыта түсу. Әдістемелік нұсқау: Асанның хаты. «Уа, жас ұрпақ...Есті көрсең кем деме. Бәрі тұйғын табылмас », «Артық үшін айтысып, достарыңмен санаспа ». Адамның адамдығы мінген тағы,шыққан тауы атақ – даңқы емес ,ең алдымен адамгершілігі, халқына қызмет етуінде болмақ. Сондықтан «Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама ...» Адам күні адаммен –достық, бейбітшілік жер жүзіне ең керекті дүниелер. Сондықтан да «Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа... » т.с.с Ескерту: Аманат хатта – жыраулардың өз толғауларынан мысалдар көп алынулары керек. 8 СОБӨЖ Ақтамберді мен Шалкиіз жыраулардың шығармаларын ақындар поэзиясымен салыстыру /әдеби талдау/ Өздік жұмысының мақсаты:Жыраулар поэзиясының ақын поэзиясынан айырмашылығын, өзіне тән ерекшелігін дәлелдету. Әдістемелік нұсқау: 1.Ұйқас түрлері,рифманың өзіндік ерекшелігін сарала. 2.Шумақ пен буын саны жырауларда өзгеріп отырады,әр түрлі болып келеді,тармақтарында жүйе көбіне сақталмайды соған көңіл аударыңыз.3.Жыраулар поэзиясының ақын поэзиясынан айырмашылығы,өзіне тән ерекшеліктерін дәлелде. Мысалы. Үлгі: 1.Ақтамберді жырау. “Күдір де күдір / кісінетіп / /9/а Күреңді /мінер ме/ екенбіз,/9/б Күдеріден /бау тағып /7/ а Ақ кіреуке /киер ме екенбіз? /10/б Ор қояндай /жүгінтіп,/б/а Аш күзендей /бүгілтіп,/7/а Жолбарыстай /шұбарды /7/в Таңдап /мінер ме/ екенбіз? /8/б Біржан сал Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, а/11/ Адамға зияным жоқ жүрген жанмын. а/11/ Қасыңа мені сендер неге алмайсың, б/12/ Өзім сұңқар, өзім сал кімге зармын. а/11 9 СОБӨЖ «Жыраулар сөзі тарих шежіресі» /реферат/ Өздік жұмысының мақсаты:Студенттерді өз бетімен ізденуге жол ашу,ғылыми материалдармен жұмыс жасауға баулу. Әдістемелік нұсқау:1.«Жырау»деген кім ,оның шығармашылық ерекшеліктеріне назар аудар.2.Жыраулар поэзиясының тарихтағы орны,әдебиеттегі орнына тоқтал. 10 СОБӨЖ Үмбетейдің жеке адамдарға арнау жырларына қарап отырып жазу /шығарма-эссе/ Өздік жұмысының мақсаты:Студенттерді жазу жұмыстарына төселдіру. Әдістемелік нұсқау: Жыраудың адам психологиясы ,мінезін ашып көрсетудегі шеберлігіне назар аудару керек. Мысалы Үмбетейдің «Жауқашарға» , «Бұқарға», «Ақтамберді», «Қабанбайға», «Бекболат биге», «Бәкеге»,т.с.с. арнау өлеңдері бар.Міне осы арнау өлеңдерін қашан,қандай жағдайда ,неге шығарғанына тоқталу.Басқа жырауларда арнау өлеңдер бар ма екен? Бар болса солармен салыстыру. 11 СОБӨЖ Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай (тарих және көркемдік шындық) /реферат/ Өздік жұмысының мақсаты:Дәріс,семинар сабақтардың ғылыми мәнін арттыру,студенттердің қабілетін дамытып,ғылыми жұмысқа жетелеу. Әдістемелік нұсқау:1.Бұқар ел бірлігінің жыршысы екендігі.2.Абылай ханның халық тарихынан алатын орны.3.Абылай ханның сол заманның жырауы Бұқар шығармашылығына әсері. 4.Бұқар шығармашылығының мәні –ел бірлігі, достықты үндеуі, халықты Абылайдың саясатын қолдауға шақыруы. 5.Сол заман үшін Бұқар шығармашылығының маңызы.6.Абылай портреті Бұқар шығармаларында қалай ашылғандығына назар аудар. 12 СОБӨЖ «Жыраулар поэзиясын салыстыру»/кортотека/ Өздік жұмысының мақсаты:Теориядан алған білімдерін шыңдай түсу. Әдістемелік нұсқау: 1.Жыраулар тоғауларына зер сала отырып,қайталанып келетін өлең жолдарын табу. 2.Өзіңше қалай ойлайсың, жырауларда қайталау неге кезігеді? 3.Тапқан қайталаулардың ең алғашқы негізі қай жыраудікі дер едің? 4.Ойыңды нақты мысалдармен дәлелде. Үлгі: Ақтамберді. Доспамбет. «Күлдір де, күлдір кісінетіп, Күмбір, күмбір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз ». Күреңді мінер күн қайда?” (61- бет. «Бес ғасыр жырлайды» I том) Күдеріден бау тағып, «Күдеріден бау тағып Ақ кіреуке киер ме екенбіз. 64 бет. Кіреуке киер ме екенбіз?» 33 б. 13 СОБӨЖ Көтеш,Шал,Тәтіқара ақындардың шығармаларын /талдау/ Өздік жұмысының мақсаты:Шығарманы әдеби талдауға баулу. Әдістемелік нұсқау:1.Ақындар толғауларының ерекшелігіне,көркемдік әлемі,маңызы не екеніне тоқталу. 2.Жыраулар шығармашылығына тән ақыл –нақыл,өнеге өсиеттің молдығына назар аудару. 3.Шешендік оралымдар,пәлсапалық толғаныстарды қай ақын қалай қолданған салыстырып талда. 14 СОБӨЖ Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуған жыраулардың шығармаларындағы архаизмдер /картотека/ Өздік жұмысының мақсаты:Жыраулар поэзиясындағы кездесетін көнерген сөздердің мағынасын ажырата білу. Әдістемелік нұсқау:15-18ғасырлардағы ақын жыраулар тілінде ерекше көзге түсетін сала –архаизмдер.Ерте кездерде өмір көріністерін бейнелеуге қызмет еткен,ал бұл күндері көне сөз «архаизм» қатарына жататын сөздер. Мысалы:Шалкиіздегі «әбсінде ғалым жиылып», «ашалай шалың ақталап»деген тіркесте кездессе, Доспамбетте»кірмембес ауыр қол», «сақсырым толды қаныма» т.б. тіркестердің кездесуі. 15 СОБӨЖ «ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетінің мәселелері» /конспект 9-10 бет көлемінде/ Өздік жұмысының мақсаты: Ғылыми материалдармен жұмыс жасауға төселдіру. Әдістемелік нұсқау:1. Жыраулар шығармашылығы – өз заманының тарихи шежіресі екендігіне тоқтал.2.Сондай-ақ,олар туралы ғалымдар пікірі, бағасы, замандастарының ойлары, айтқандарынан үзінділер келтір. 3.Жыраулар мұрасының қазақ халқының елдік тарихындағы ролі. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫС ШЕҢБЕРІНДЕГІ ТАПСЫРМАЛАР. I. Өлең жаттау - Орфоэфиялық нормаға сай мәнерлеп,нақышына келтіріп жатқа айту талап етіледі. Өздік жұмысының мақсаты: Мәнерлеп оқуға үйрету. Әдістемелік нұсқау:Мынандай еңбектерді қара: 1. Ай, заман – ай, заман – ай (2 томдық) А., 1991 ж, 2. Ақберен.Жинақ-А.,1972, 3. Бес ғасыр жырлайды.А., 1 том Жазушы 1984ж, 4. «2000 жылдық дала жыры» Қазақ энциклопедиясы, 2000ж, 5. Қазанғап Байболұлы Еңсегей бойлы ер Есім А., Жалын., 2005.6. Алқаласа әлеумет. А., 1991ж. II. Тарихи романдарды оқу. Өздік жұмысының мақсаты:Студенттердің - тарихи тақырыпқа арналған шығармадағы көркемдік көрініске, тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстарға, болған уақиғаларға сол заманда өмір сүрген тұлғалардың арқау болатындығына назарларын аудару. СТУденттердің өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары І-нұсқа 1 Шалкиз жыраудың “Асқар, асқар, асқар тау” толғауы қай жинаққа енген? А) Дала. В) Алдаспан. С) Асау тұлпар. Д) Көктем. Е) Серке. 2 “Қаратаудың басынан көш келеді” әні қандай оқиғаға байланысты шығарылған? А) Жоңғар шапқыншылығы. В) Ұлт азаттық көтеріліске байланысты. С) Ашаршылыққа байланысты. Д) Жазықсыз қудалауға қатысты. Е) Монғол шапқыншылығы. 3 Жорық жыршысы, ірі эпик, әрі нәзік лирик кім? А) Қазтуған. В) Асан қайғы. С) Доспамбет. Д) Марғасқа. Е) Көтеш. 4 Абылайдың ұлы бейнесін ұрпаққа жеткізуші жырау. А) Қазтуған. В) Шал ақын. С) Жиембет. Д) Бұқар. Е) Шалкиіз. 5 “Тауарих хамса” кітабында Шыңғыс хан кезіндегі Майқы бидің алтыншы ұрпағы деп келтірілетін жырау. А) Көтеш. В) Марғасқа. С) Ақтамберді. Д) Асан қайғы. Е) Бұқар. 6 Алтын орда әміршісі-Ұлығ Мұхамед тұсында болған,кейін қазақ ханы Жәнібек маңында болған жырау. А) Асан қайғы. В) Бұқар. С) Доспамбет. Д) Қазтуған. Е) Шалкиіз. 7 Асан қайғы жыраудың зираты Ыстықкөл маңында деп жазған ғалым. А) Мағауин. В) Уәлиханов. С) Әуезов. Д) Сүйіншәлиев. Е.)Радлов. 8 «Екі басса бір базар, малда береке болмайтұғын, екі басса бір мазар,баста береке болмайтұғын, базары жақын байымас, мазары жақын көбеймес» - деп кім айтты? А) Қазтуған. В) Бұқар. С) Тәтіқара. Д) Шал ақын. Е) Асан қайғы. 9 «Бұл заманда не ғаріп»- деп сұрақ қоя отырып,өзі жауап беретін жырау. А) Шалкиіз. В) Асан қайғы. С) Доспамбет. Д) Марғасқа. Е) Үмбетей. 10 Бүкіл Дешті қыпшақты аралаған,Стамбул,Бақша сарайда болған жырау. А) Жиембет. В) Ақтамберді. С) Доспамбет. Д) Асан қайғы. Е) Бұқар. 11 Шешесі ноғайлының ұлы биі Мұсаның қызы болған жырау. А) Үмбетей. В) Асан қайғы. С) Марғасқа. Д) Бұқар. Е) Шалкиіз. 12 Алтын руынан шыққан,әскери ақсүйек отбасында дүниеге келген,арғы атасы- Ноғайлыдан шыққан Алау батыр болған жырау. А) Жиембет. В) Ақтамберді. С) Доспанбет. Д) Шалкиіз. Е) Қазтуған. 13 Цин үкіметіне қарсы күресте ерекше танылған ақын. А) Көтеш. В) Ақтамберді. С) Тәтіқара. Д) Жиембет. Е) Шалкиіз. 14 Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жырау. А) Бұқар. В) Марғасқа. С) Қазтуған. Д) Үмбетей. Е) Ақтамберді. 15 Ш.Уәлиханов «Қазақ халқын құраған рулар жайлы тамаша эпос жасаған адам» – деп баға берген ақын. А) Асан қайғы. В) Шал ақын. С) Көтеш. Д) Марғасқа. Е) Үмбетей. 16 Арғын ішінде Сүйіндіктен тарайтын ақын. А) Көтеш. В) Қазтуған. С) Шал. Д) Жиембет. Е) Ақтамберді. 17 «Тауарих хамса» кітабында Қаракерей Қабанбаймен бірге Найманның бір көсемі,әскербасы батыры,әрі төгілмелі жырауы болған жырау. А) Ақтамберді. В) Бұқар. С) Шалкиіз. Д) Жиембет. Е) Үмбетей. 18 Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларын жинастырған жырау. А) Қазтуған. В) Марғасқа. С) Доспамбет. Д) Ақтамберді. Е) Бұқар. 19 «15-18 ғасырлардағы ақын, жыраулар мұрасынан да бес түрлі жолмен жасалатын метафора түрлерін түгел кезіктіреміз» –деп қай ғалым өз зерттеу еңбегінде айтқан? А) Мағауин. М. В) Әуезов. М. С) Уәлиханов. Ш. Д) Жұмалиев. Қ. Е) Сүйінішәлиев. Х. 20 Қазтуған толғауының авторы. А) Мұрың жырау. В) Дулат Бабатайұлы. С) Бұқар жырау. Д) Мұрат Мөңкеұлы. Е) Доспамбет жырау. 21 Ей, Қатағанның хан Тұрсын, Кім арамды ант .тұрсын – деп басталатын өлең жолдары қай жыраудікі? А) Үмбетей жырау. В) Марғасқа жырау. С) Бұқар жырау. Д) Жиембет жырау. Е) Қазтуған жырау. 22 18 ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі болған жырау. А) Бұқар. В) Ақтамберді. С) Доспамбет. Д) Бұқар. Е) Марғасқа. 23 Жауынгер жырау, жорықшы ақын, әрі батыр болған кім? А) Жиембет. В) Доспамбет. С) Марғасқа. Д) Қазтуған. Е) Үмбетей. 24 Абылайдың жаугершілікке аттанғанда жанынан тастамайтын сенімді серігі кім еді? А) Бұқар. В) Тәтіқара. С) Көтеш. Д) Жиембет. Е) Марғасқа. 25 Бұқар жыраумен дос – жаран болған жырау. А) Доспамбет. В) Қазтуған. С) Үмбетей. Д) Жиембет. Е) Ақтамберді. 26 «Ақын –жырау дегеніміз – көңіліне келгенін айта салатын еркін жүрген бір пенде емес, ол да өз заманының айнасы, жемісі » - деген пікірді айтқан кім? А) Мұхтар Әуезов. В) Қажым Жұмалиев. С) Ысқақ Дүйсенбаев. Д) Ханғали Сүйіншіәлиев. Е) Мұхтар Мағауин. 27 «Қарға бойлы Қазтуған » атты шағын дастанның авторы. А) Марғасқа жырау. В) Мұрын жырау. С) Ақтамберді жырау. Д) Бұқар жырау. Е) Доспамбет жырау. 28 Белгілі ақын Нұржан Наушабаев қай ақынның ұрпағы? А) Шал. В) Көтеш. С) Мұрат. Д) Дулат. Е) Шалкиіз. 29 Профессор Ысмайылов «Ол кез келген нәрсені өлеңге айналдыра алатын ақын және күй талғамайтын жүйрік » - деп пікір айтып баға берген ақын. А) Көтеш. В) Шал. С) Бұқар. Д) Үмбетей. Е) Мұрат. 30 «Жағалбай деген ел болар» - деген өлең авторы. А) Жиембет. В) Марғасқа. С) Шалкиіз. Д) Қазтуған. Е) Ақтамберді. ІІ-нұсқа 1 Ата тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл, Қаржас, 1668 – 1781 жылдары өмір сүрген жырау. А) Бұқар жырау. В) Мұрын жырау. С) Қазтуған жырау. Д) Үмбетей жырау. Е) Марғасқа жырау. 2 «Тауарих хамса» кітабында «ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қолынының ба сында жүрген ерлердің бірі, Найманның ру басы көсемі, әскер басы батыры » - деп қай жырау туралы айтылған? А) Қазтуған. В) Ақтамберді. С) Жиембет. Д) Марғасқа. Е) Үмбетей. 3 Асан қайғы жырау «Сарымсағы сабаудай, бүлдіргені бүйректей, алмасы бар жүректей » деп қай жерді сипаттаған? А) Шымкенті. В) Баянауылды. С) Шыңғыстауды. Д) Таразды. Е) Үш Алматыны. 4 Өз өмірінің басым көпшілігін Ноғай ордасының әміршісі Темір бидің төңірегінде өткізген жырау. А) Асан Қайғы. В) Қазтуған. С) Жиембет. Д) Шалкиіз. Е) Марғасқа. 5 Еңсегей бойлы Ер Есімнің, кіші жүздегі үлкен тірегі, әскер басы, ел басқарушы биі. А) Бұқар. В) Асан Қайғы. С) Үмбетей. Д) Жиембет. Е) Марғасқа. 6 М. Мағауин «Жортуыл жыршы, әулетті жырау » деп кімді айтқан? А) Ақтамберді. В) Жиембет. С) Шалкиіз. Д) Бұқар. Е) Доспамбет. 7 15 жасында «ақын» ретінде шыққан ақын. А) Көтеш. В) Марабай. С) Мұрат. Д) Дулат. Е) Шал. 8 1523 ж.Астрахань түбінде қаза тапқан жырау. А) Қазтуған. В) Бұқар. С) Доспамбет. Д) Үмбетей. Е) Жиембет. 9 «Рухани жағынан алғанда қазақтар бойына үлкен қабылет дарыған халықтардың қатарына жатады.Олардың әдебиеті байлығымен де мазмұндылығымен де ерекше көзге түседі» - деп кім жазды? А) В.Радлов. В) Д.Клеменц. С) Г.Потанин. Д) М.В.Готовицкий. Е) А.Е.Алекторов. 10 Мұхтар Әуезов «аңыз әңгіменің тарихтық адамды біржола өзіне ұқсамаған кейіпке түсіріп әкететіні болмайды...Әрбір аңыз әңгіменің негізінде тарихта болған адамның шын кескінінің түбегейлі ерекшеліктері жүреді» - деп қай жырау туралы айтқан. А) Бұқар. В) Доспамбет. С) Марғасқа. Д) Асан Қайғы. Е)Шалкиіз. 11 Шығармалары В. Радловтың, дағыстандық мұхамед Османовтың кітабында ерте кезде (1883жылы) жарық көрген жырау. А) Үмбетей. В) Шалкиіз. С) Мұрат. Д) Ақтамберді. Е) Шал. 12 Уа, қарт Бөгембай өлеңі қай жыраудікі? А) Ақтамберді. В) Шалкиіз. С) Жиембет. Д) Бұқар. Е) Марғасқа. 13 Тәуке ханға, Абылай ханға қызмет көрсеткен, Абылайдың алдында беделді, қабырғалы би болған жырау. А) Үмбетей. В) Қазтуған. С) Бұқар. Д) Доспамбет. Е) Көтеш. 14 Жырлаған негізгі тақырыбы – адам өмірі, өмірінің мәні, «фәни мен бақи», дін туралы болған ақын. А) Көтеш. В) Мұрат. С) Тәтіқара. Д) Жиембет. Е)Шал. 15 «Ерлер жортар мал үшін», «Ерлер мінер ат үшін», «Өрісінде мал өсер», Мал бітпесе немене деген өлең жолдары кімдікі? А) Тәтіқара. В) Бұқар. С) Марғасқа. Д) Шал. Е) Ақтамберді. 16 «Көмекей әулие атанған», «қара сөз білмейді, тек жырлай береді» деген аңыздар қай жырау туралы айтылған? А) Бұқар. В) Асан Қайғы. С) Үмбетей. Д) Қазтуған. Е) Доспамбет. 17 Орыстың қай оқымыстысы “Жасандылық пен жылтырақтықтан ада қазақ өлеңдері өзінің жоғары көркемдігімен,сонымен қатар, қарапайымдылығымен,шыншылдығымен бізді таң қалдырады»,- деп жазды. А) П.И.Пашино. В) М.В.Готовицкий. С) А.Е.Алекторов. Д) А.Брем. Е) В.Радлов. 18 Доспамбет жыраудың бізге жеткен мұрасының көлемі неше жол? А) 150. В) 155. С) 170. Д) 160. Е) 165. 19 «Қазақтар нақысты сөйлеуді бар өнердің алды деп біледі, сондықтан олардың поэзиясы дамудың жоғарғы сатысына жеткен»,-деген орыстың қай ғалымы? А) Г.Н.Потанин. В) И.Н.Березин. С) В.Радлов. Д) А.Е.Алектров. Е) А.Брем. 20 «Асан Қайғы жайындағы әңгіменің екінші,халыққа жат, бөтен саналы түрлері тағы бар.Ол аңыздағы Асан-халық мүддесімен қабысатын Асан емес, хан сарайының ақылшы сыншысы, санашылы болған Асан...»-деп басталатын қай ғалымның сөзі? А) М.Мағауин. В) Х.Сүйінішәлиев. С) М.Әуезов. Д) Қ.Жұмалиев. Е) Ш.Уәлиханов. 21 Абат батыр қай жыраудың ұлы А) Бұқар. В) Қазтуған. С) Ақтамберді. Д) Жиембет. Е) Асан Қайғы. 22 Жыраулар ішінде шығармасы тұңғыш орысшаға аударылған жырау. А) Үмбетей. В) Марғасқа. С) Асан Қайғы. Д) Шалкиіз. Е) Ақтамберді. 23 «Пәк, таза қазақ поэзиясы –үлкен творчестволық күштің жемісі» , - деп орыстың қай оқымыстысы айтқан? А) Д.Клеменц. В) П.И.Пашино. С) А.Брем. Д) А.Е.Алекторов. Е) М.В.Готовицкий. 24 Сахара жұлдызы, дала данасы, сөз құдіреті, көмейінен күмбірлеген жыр төгілген классикалық дәрежедегі жырау. А) Шалкиіз. В) Доспамбет. С) Жиембет. Д) Марғасқа. Е)Үмбетей. 25 «Өлең, жыр – қазақтардың жан серігі. Жай қарапайым адамдардың өзі суырып салып айтуға бейім тұрады», - деген кім? А) А.Брем. В) П.И.Пашино. С) В.Радлов. Д) Г.Н.Потанин. Е) И.Н.Березин. 26 Шалкиіз толғауларын орысшаға аударған кім? А) В.В.Радлов. В) Г.Н.Потанин. С) М.Османов. Д) И.Н.Распопов. Е) А.Сикалиев. 27 Жырау сонау көне замандардың өзінде, ең алдымен, ақын ретінде танылған сияқты –деп түсіндірген қай ғалым? А) Шоқан Уәлиханов. В) Әлкей Марғұлан. С) Мұхтар Әуезов. Д) Мұхтар Мағауин. Е) Махмұт Қашғари. 28 Шоқан Уәлиханов Абылай туралы екі өлеңін орысшалап хатқа түсірген жырау. А) Шалкиіз. В) Асан қайғы. С) Ақтамберді. Д) Қазтуған Е) Бұқар. 29 «Еңсегей бойлы, Ер Есім » өлеңінің авторы. А) Шал. В) Жиембет. С) Марғасқа. Д) Доспамбет. Е) Үмбетей. 30 Г. Потанин біраз өлендерін жинастырған жырау. А). Қазтуған. В) Мұрын. С) Бұқар. Д) Жиембет. Е) Асан Қайғы. ІІІ-нұсқа 1 Абылай заманындағы әр батырға сипаттама, баға берген ақын а) Жәнібек «болат найза» ә) Ер Жабай «найзасынын ұшына жау мінгізген ». А) Тәтіқарта. В) Көтеш. С) Шалкиіз. Д) Бұқар. Е) Шал. 2 «Қазақтың белгілі батырлар жырын ең әуелі Жиен, Шәлгез, Сыпыра жыраулар сынды жыраулар шығарып таратса керек. Нүрпейіс Байғанин де, Мұрын жырау да өздері жырлап берген батырлар жыры алты–жеті атаға дейін жыраудан үйреніп таралғандығын және желілі жырларды ақындардан емес, жыраулардан үйренгендігін айтады », деген профессор. А) М. Әуезов. В) Е. Исмаилов. С) М.Қашғари. Д) З.Қабдолов. Е) М.Мағауин. 3 Доспамбет шығармасы қай жылы Мақаш Бекмұхамедовтың Қазан қаласынан шыққан «Жақсы үгіт» жинағына басылды А) 1900 ж. В) 1902 ж. С) 1905 ж. Д) 1907 ж. Е) 1908 ж. 4 1948 жылы шығарылған «Асан Қайғы»-деген ұзақ поэманың авторы кім А) Жамбыл Жабаев. В) Сәкен Сейфуллин. С) Қасым Аманжолов. Д) Ілияс Ысқақов. Е) Жұмағали Сайын. 5 «Жетесі жаман жігіттер, тоқсандағы шалмен тең» , «Жақсы ағаңыз бар болса, алдыңдағы сары балмен тең» -деген өлең жолдары қай ақындікі А) Шал. В) Тәтіқара. С) Мұрат. Д) Көтеш. Е) Ақтамберді. 6 Доспамбет шығармалары 1912 жылы Ғабдолла Мұштақтың Ғұмар Қарашев «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» деген кітабында басылды. Сол кітап қай қалада басылып шыққан А) Қазанда. В) Орынборда. С) Ташкентте. Д) Семейде.Е) Қызылжарда. 7 «Бірі – етек, бірі – жең болған, Ежелден саған ел болған, Орта жүздей кісің жоқ» – деген үзінді қай жыраудікі А) Қазтуған. В) Үмбетей. С) Бұқар. Д) Марғасқа. Е) Шалкиіз. 8 «Шабылып жатқан халқың бар,аймағын көздей көрмейсің» -деп кімге айтты А) Халыққа. В) Жастарға. С) Ханға. Д) Батырға. Е) Биге. 9 М.Мағауин «Алдаспан» жинағында «Көшпенділердің әскери аристократиясынан шыққан. Халық аңыздарында және көне шежірелердің айтуынша –арғы атасы Ноғайлының қорғаны Алау батыр. Алау батыр-17ғасырдың бірінші жартысында жасаған тарихқа белгілі адам»- дегенде қай жырау туралы айтып отыр А) Бұқар. В) Марғасқа. С) Асан Қайғы. Д) Шалкиіз. Е) Жиембет. 10 Е.Ысмайлов – «Ол ақын ғана емес ,Абылайдың қолшоқпар бітімші биі, ол 18ғасырдағы қазақ елінің жоңғарға қарсы күресін дұрыс жырлағанымен, ішкі қоғамдық мәселеде үстем тап жыршысы болды» -деген пікірде қай жырау туралы айтқан А) Доспамбет. В) Бұқар. С) Қазтуған. Д) Үмбетей. Е) Ақтамберді. 11 «Түйе мойнын тұз кесер,жігіт мойнын қыз кесер, Сартылдаған сары аяз, жылқының мойнын сол кесер» деген өлең жолдарының авторы. А) Ақтамберді. В) Шалкиіз. С) Доспамбет. Д) Бұқар. Е) Марғасқа. 12 Қай ханның есімі Жиембет жыраудың шығармаларында көп кездеседі? А) Есім хан. В) Тәуке хан. С) Абылай хан. Д) Қасым хан.Е) Жәңгір хан. 13 Шалкиіз жырау қай биге толғау шығарған? А) Мұса. В) Темір. С) Жүсіп. Д) Досай. Е) Ысмайыл. 14 Қоғалы көлдер, қом сулар Қоныстар қонған өкінбес – деген өлең жолдары қай жыраудікі? А) Шалкиіз. В) Жиембет. С) Доспамбет. Д) Асанқайғы. Е) Бұқар. 15 «Ай, хан мен айтпасам білмейсің, Айтқаныма көнбейсің...». Асанның сөздері қай ханға қаратыла айтылған? А) Әбілқайыр. В) Абылай. С) Тәуке. Д) Жәнібек. Е) Есім. 16 «Жарға ойнаған лақтай» , «Таудан аққан бұлақтай» , «Байлаулы тұрған құр аттай» -деген өлең жолдары кімдікі? А) Тәтіқара. В) Көтеш. С) Бұқар. Д) Доспамбет. Е) Шал ақын. 17 Доспамбеттің кейбір туындылары 1883 жылы «Ноғай уа құмақ шиғырлары» деген кімнің еңбегінде басылды? А) И.Шейхали. В) А.Беркалыұғылы. С) С.А.Жантурин.Д) Ғ.Мұштақ. Е) М.Османов. 18 С.Сейфуллин «Абылай ханның заманында ханның бірінші жыршысы-шешен ақылшысы болған» деген пікірді қай жырауға айтқан? А) Асан Қайғы. В) Шалкиіз. С) Бұқар. Д) Жиембет. Е) Марғасқа. 19 Би Темірді хажы сапарынан тоқтатқан жырау. А) Асан Қайғы. В) Шалкиіз. С) Жиембет. Д) Марғасқа. Е) Доспамбет. 20 Абылайдың үлкен ұлы Жанбай қайтыс болғанда, қайғыдан бас көтере алмай жатқан Абылайға арнап «Көше тоқыраулы судың бойынан» өлеңін шығарған ақын. А) Шал. В) Тәтіқара. С) Бұқар. Д) Көтеш. Е) Доспамбет. 21 Х.Сүйінішәлиев «...хандық құрлысты нығайту мақсатын көздейді. Абылайдың сыртқы саясатына араласып, ақыл береді. Бірақ оның кейбір ісіне наразылық та білдіреді» – деп қай жырау туралы айтып отыр? А) Бұқар. В) Асан Қайғы. С) Марғасқа. Д) Шалкиіз. Е) Үмбетей. 22 «Қазақтардың түсінігінше ақын дегеніміз – бойына ерекше қабылет дарыған, аңғарымпаз да тапқыр, табан аузында кез келген тақырыпқа өлең шығара алатын адам», – деген пікір кімдікі? А) И.Безверхов. В) М.Н.Готовицкий. С) П.И.Пошино. Д) А.Е.Алекторов. Е) В.Радлов. 23 «Ақылы жоқ надандар, іс бітірмес жамандар, жүз болса да бірмен тең» қай ақынның сөзі? А) Тәтіқара. В) Мұрат. С) Шал. Д) Көтеш. Е) Қазтуған. 24 Айналайын Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда. Еңсесі биік боз орда, Еміне кірер күн қайда? А) Үмбетай. В) Шалкиіз. С) Бұқар. Д) Доспамбет. Е) Жиембет. 25 «Мен салмадым, сен салдың, қайырлы болсын сіздерге, менен қалған Еділ жұрт » деген өлен жолдары қай жыраудікі. А) Асан Қаиғы. В) Шалкиіз. С) Қазтуған. Д) Доспамбет.Е) Марғасқа. 26 Ш. Уәлиханов «...хан алдында тайсалмай сөз сөйлеп, өз пікірін еркін айтып, ел атынан хан пиғылына қарсы шыққан » – деп қай жырауды айтып отыр. А) Бұқар. В) Қазтуған. С) Үмбетей. Д) Шалкиіз. Е) Асан Қайғы. 27 «Шежірелі қартың болса хатын деген, Кітапқа қарттың сөзі жақын деген » тармақтар қай ақындікі. А) Мұрат. В) Шал. С) Көтеш. Д) Марғасқа Е) Тәтіқара. 28 Б. Кенжебаев «Шығармашылықтары тақырыбы мен мазмұны жағынан Асан Қайғының үлгілі шәкірті, өз дәуірінің Асан қайғысы » деп – қай жырауды айтқан? А) Доспамбет В) Бұқар. С) Қазтуған. Д) Үмбетей. Е) Марғасқа. 29 В.В. Радловтың 1896 жылы «Образцы народной литературы тюркских племен» атанатын еңбегінің нешінші томында Доспамбет шығармасы басылды? А) 1- нші. В) 2- нші. С) 4- нші. Д) 5- нші. Е) 7- нші. 30 Шәңгерей Бөкеев қамқорлғыме «Шайыр», «Көксілдер»жинақтарында қай жыраудың мұрасы жарияланды? А) Шалкиіз. В) Асан қайғы. С) Атамбері. Д) Қазтуған. Е) Доспамбет. № 1нұсқа 2нұсқа 3нұсқа 1 В. А. А. 2 А. В. В. 3 А. Е. Е. 4 Д. Д. Д. 5 Д. Д. А. 6 А. А. В. 7 В. С. С. 8 Е. С. С. 9 В. В. Е. 10 С. Д. В. 11 Е. В. А. 12 А. А. А. 13 С. С. В. 14 Д. Е. С. 15 В. Е. Д. 16 А. А. Е 17 А. В. Е. 18 Е. Д. С. 19 Д. С. В. 20 Д. С. В. 21 В. Е. А. 22 А. Д. А. 23 В. Д. С. 24 В. А. Д. 25 С. В. С. 26 С. Д. А. 27 В. Е. В. 28 А. Е. В. 29 А. В. Е. 30 Е. С. А.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz