Файл қосу
Педагогикалық технологиялардың сабақта қолдану әдістемесіне тоқталу
|Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі | |Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті | |Педагогикалық факультеті | |3 деңгейдегі СМК құжаты |ПОӘК |ПОӘК 042-18.30.30-2014 | | |Баспа | | | |№____ | | |«Шағын жинақты мектептегі | | | |педагогикалық үдерістің теориясы мен| | | |технологиясы» пәні бойынша | | | |оқу-әдістемелік материалдар | | | «Шағын жинақты мектептегі педагогикалық үдерістің теориясы мен технологиясы» пәнінен оқыту-әдістемелік кешен 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған Оқу- әдістемелік кешен Семей-2014 МАЗМҰНЫ | |Глоссарий | | | |Дәрістер | | | |Практкалық сабақтар | | | |Студенттердің өздік жұмыстар жоспары | | 1. Глоссарий Педагогикалық үрдіс- білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тәрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызмет. Новация – ұғымы бір жүйеден екінші жағдайға ауысу барысында сапаға қол жеткізу Инновациялық үрдіс -жаңалықты жасақтау, меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекет. Инновациялық іс-әрекет-педагогикалық еңбектің сапасын арттыратын оқу- тәрбие үрдісін жаңа бағытта құру бойынша түбегейлі өзгерістермен ерекшеленетін жаңаша іс-әрекет Технология-бұл қандай да бір істе, өнерде қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы, дидактиканың құрамдас бөлігі Зерттеу нысанасы: тәрбие, білім, даму, жеке тұлғаның, ұжымның қалыптасуы Интеграция- пән аралық байланыс Тәрбие әдістері – ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым –қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Тәрбие технологиясы - процестегі жекелеген педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталған әдістер жүйесі; ұжымдық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру тәсілі; оқушылармен байланыс орнату тәсілі; педагогикалық диагностика тәсілі. Тәрбиелік әлеуметтену - қоғамның тәрбиелік күшін, адамды әлеуметтендіру процесін, әлеуметтік институт ретінде тәрбиені зерттейтін ғылым саласы. Тұлға – 1) дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты және адам болмысының қайталанбас, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны; 2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным – орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Тұлға қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым –қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам, тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады. Тәрбиелік қарым–қатынас – баланы дамытуға, яғни оның өзін - өзі тәрбиелеуіне, өздігінен білімін жетілдіруіне бағытталған қарым – қатынас. Тәрбиелік қарым–қатынас – адамзат тәжірибесінің алмасуы, берілуі, меңгерілуі және пайдаланылуы. Тәртіптілік – адамның адамгершілік бағыттылығын, өз тәртібін ойша жобалау қабілетін және өзіндік күнделікті әрекетін қамтитын тәртіпке, ұйымшылдыққы әдеттенуі. Тәртіптілік – адамдардың қоғамдық ортада белгілі бір тәртіп жүйесін сақтауын және олардың игеруге міндетті нормаларды (құқықтық, моральдық, саяси –этностық) берік сақтауын талап ететін жүйе. Теория – практика мен тәжірибені қорыта келіп, әр алуан қоғамдық құбылыстар мен фактілерді түсіндіретін және оларға әсер ете алатын жалпы ғылыми принциптерді білдіретін ілім. Іскерлік ойын - әр түрлі жағдайларда берілген немесе қатысушылардың өздері бекіткен ережелер бойынша басқаратын шешімдер қабылдауының еліктеушілік әдісі (имитация). Өзін-өзі бағалау - өзін-өзі білу арқылы өзіне баға беретін өзіндік сананың құрамдас бөлігі. Өзін-өзі тәрбиелеу - саналы түрде қойылған мақсатқа сәйкес адамның тұлға ретінде қалыптасуы. Даму- өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың турі. Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кету дамуға байланысты. Кез келген баму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды Ақыл-ой тәрбиесі- тәрбиенің басқа салаларымен үздіксіз байланысты ойлаудың шығармалық қабілеттерін мақсатқа сай дамыту.Ойдың жұмысы адам өмірінің шарттары мен жағдайларында болатын обьективтік қарама-қайшылықтарды шешуге әрдайым бағытталып отырады. Диагностика - жұмыс тәртібінде мүмкін болатын ауытқуларды болжау үшін, процестерде, машиналарда ақауларды сипаттайтын белгілерді техникальқ басқару және зерделеу, ауруларды анықтау және диагноз қою әдістері мен принцптері туралы ілім. Гуманистік- адам сүйгіштік, адам мен қоғамдық қасиеттерге құрметпен қарау Ғылыми абстрактілеу- заттардың белглі бір қасиеттерін немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның бір жағы, турі . Мұның мақсаты мүғалімдердің теориялық деңгейін білімдігін әдістемелік дайындығын көтеру педагогиканың ғылыми жетістіктерін насихаттау, озат тәрбиені жинақтау оқушылар мен жұмыста тиімді әдістер мен жұмыс турлерін қолайлы пайдалануды өндіру. Дәстүрлер -ұзақуақыт бойына қоғамда адамдар арасындағы қатынасқа сақталып ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әлеумттік және мәдени мұралардың құрыамды болігі. Диагностика - жұмыс тәртібінде мүмкін болатын ауытқуларды болжау үшін, процестерде, машиналарда ақауларды сипаттайтын белгілерді техникальқ басқару және зерделеу, ауруларды анықтау және диагноз қою әдістері мен принцптері туралы ілім. Дербестік (индивидуальность) - жеке адамныц өзіне ғана тән ерекшелігі. Адам және оның тұлғасының жеке жағдайда көрінуі. Еліктеу - басқаның ic-әрекетіне еру; басқаның ic-әрекет нәтижесіне еру; Жеке адам (индивид) - жеке өмір сүретін ағза; жеке адам, адам жаратылысының бірегей өкілі. Жеке даму - жеке адамның өмірі мен ic-әрекеті процесінде даму. Жеке тұлғаның дамуы - жеке адамды әлеуметтендіру және тәрбиелеу нәтижесінде, жеке адамды әлеуметтік тұлға ретінде қалыптастыру процессі. Жетекші ic-әрекет - онтогенездің белгілі кезеңінде психикалық дамуды сипатын анықтайтын ic-әрекет. Концепция (тужырымдама) - қандайда бip кұбылысты түсінудің бeлгiлi тәciлi, түсіндірмесі, пікірдің нeгiздeлyi, жeтeкшi идеясы, әр түрдің құрамалы принципі. Көрнекі әрекетті ойлау - қабылдау көрнекі жағдайда өтетін, заттармен байланыс сыртқы бағдарлық әрекет көмегімен орындалатын ойлау. Көрнекі бейнелі ойлау - бейне мен байланыс ішкі бағдарлық әрекет көмегімен орындалатын ойлау. Көрнекілік принципі- сабаққа оқушының дұниетанымы негізінде оқуды көрінекілік арқылы жүзеге асыру Қарым-қатынас - ортақ рухани немесе материалдық нәтижеге жету және байланысты жақсарту мақсатындағы күш-жігерді бipiктipy және үйлестіруге бағытталған адамдардың өзара әрекеті. Әдіснама- грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді «Метод» «әдіс»- термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім. Жіктеу – арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе. Әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән, маңызды мен кездейсоқ, теориялық пен тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді Бір сабақты жоспарлау -мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру. Білімді адам деп – қабілеті өте жоғары дамыған көп жағдайларды түсінетін кей кезде оқығанын қолдана білетін білімді дұрыс ойлай алатын жоғарғы қасиетті адам Білім – тарихи тәжірибені іздестіру процесінде жинақталған адамзаттың рухани байлығының көрінісі жеке тұлғаны әлеуметтендіруге мүмкіншілік туғызу адамның социуиға енуі. Тәрбие принциптері- тәрбие процесінің мазмұнына , әдістеріне, ұйымдастыру жолдарына қойылатын негізгі тплаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары. Оқу- құрал жабдықтары- бұл білім алу, ептіліктер қалыптастыру көздері. Дәріс №1. ШЖМ-те инновациялық білім беруді ұйымдастыру (1 сағ.) Мақсаты: ШЖМ-те инновациялық үрдісті ұйымдастыру бағытындағы іс- әрекетті қарастыру Негізгі ұғымдар: инновациялық білім, инновациялық үрдіс. , инновациялық іс-әрекет Жоспар: 1. Инновациялық білім беру-педагогикалық теорияның бастапқы мәселесі 2. Инновациялық үрдіс түрлері Шағын жинақты мектептің алдына қойған міндеттерінің бірі- шағын жинақты мектептерде инновациялық білім беру үрдісін қолдану. Инновациялық үрдіс деп- жаңалықты жасақтау, меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекет. Инновациялық іс-әрекет-педагогикалық еңбектің сапасын арттыратын оқу-тәрбие үрдісін жаңа бағытта құру бойынша түбегейлі өзгерістермен ерекшеленетін жаңаша іс-әрекет.Инновациялық білім беру- үздіксіз өзгеріс жағдайындағы педагогикалық болмысты нақты айқындайтын педагогикалық теорияның бастапқы мәселесі, негіздері мен құрылымы, білімді меңгеру әдістері мен тәсілдерінің принциптері туралы білім жүйесі болып табылады.Инновациялық үрдісті шартты түрде төмендегідей топқа бөлуге болады: 1) білім беру жүйесіндегі инновациялық қызмет; 2) оқу-тәрбие жұмысы жоспарымен бағдарламасы мазмұны мен құрылымына қатысты инновация; 3) оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыру әдістері мен тәсілдеріне қатысты инновация. Зерттеушілер инновациялық-педагогикалық үрдіске әсер ететін мынандай факторларды атап өтуде. Оларға мыналар жатады.: -жаңалықтың мақсатына сай әдістемесін жасақтау; -жаңалыққа деген мотивацияны туғызу; -мектепте жаңашылдық үрдісін енгізу және бекіту; -қоғам талаптарын қанағаттандыру; -жаңалықтың жұмыс нәтижесі мен білім сапасын арттыру. Инновациялық білім беру-ұстаз бен оқушыың бірлескен әрекеті мен шығармашылығын қамтитын мектептің білімдік ортасын ұйымдастырушы субъект-субъект қатынасында жүзеге асады. Инновациялық білім беру кеңістігінде дәстүрлі әдістер мен әлемдік деңгейдегі озық технологияларды салыстыра, байланыстыра, өмір тәжірибесіне ұштастыра отырып білім беру, білімге дұрыс бағыттай білуге үйрету—әрбір оқытушының міндеті. Білімдерін бақылау сұрақтары: 1. Біртұтас педагогикалық процес-ң мәні, негізгі компоненттері әлеуметтік бөліктері мен азаматтық факторларын атаңыз 2. Оқыту технологиясындағы инновацияларға тоқтал 3. Сапалы білім берудегі инновациялық технологияның рөлін айқында 1. Ж.Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова - «Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» Алматы,- 2010 ж. 2. Адильгазинов Г.З., Хмель Н.Д. Особенности организации управления педагогическим прцессом в малокомплектной школе -А. 2002 3. Адильгазинов Г.З. Педагогические основы подготовки учителя к управлению процессом обучения в малокомплектной школе: теория и практика (монография).-Усть-Каменогорск:Изд.-ВКГУ, 1997.- 180с. 4. П.Т. Фролов «Особеннности педагогического процесса в малокомплектной школе».,-М.-1991 Дәріс №2-3 ШЖМ-гі тұтас педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктері (2 сағ.) Мақсаты: Педагогикалық үрдістің мәні және шағын жинақты мектепте педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктерін айқындау Негізгі ұғымдар:педагогикалық үрдіс, іс-әрекет бөліктері (компоненттері), нысана Жоспар: 1. Педагогикалық үрдіс оның мәні 2. ШЖМ-гі тұтас педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктері 3. Оқу-тәрбие үрдісінің нысанасы- сабақ Педагогикалық үрдіс білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тәрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызмет. Яғни педагогикалық үрдіс - бұл арнайы тар мағынадағы оқу мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мәндегі тәрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс. Педагогикалық процесс деген сөзді ғылыми айналымға 19 ғасырдың екінші жартысында еңгізілгенімен , ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды. Мәндік, мағыналық тұрғыдан педагогикалық процесс-әлеуметтік құбылыс. Педагогикалық процестің басты мақсаты-қоғамның әлеуметтік тапсырысын іске асыру, яғни өздеріне жүктелінген міндеттерді табысты шеше білетін адамның жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету. Қазіргі педагогикалық үрдістің мәні туралы түсінік бірден қалыптасқан жоқ ол біртіндеп зерттеушілердің бірнеше ұрпақтарының күш салуы нәтижесінде бірқатар жинақталған материалдар негізінде жасалды. Педагогикалық процестің ең алдымен көзге түсер, тілге алынар бірліктері бұл оқу мен тәрбие. Ол мақсатты іс-әрекет. Оны ұйымдастыратын педагог қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір іс- әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықтан педагогикалық процестің әлеуметтік бөліктеріне ұстазды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикаылық процестің азаматтық факторы. Олардың іс-әрекетінің бөліктеріне (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақты тапсырмалардың түрін жатқызамыз.Сондықтан процестің бөліктері ұстаздар мен оқушылар жүйесін құрайтын адамдар және олардың іс- әрекетінің бөліктері болады. 1. Педагогикалық процесс бірнеше элементтен тұрады. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: 1) Педагогикалық құрылымы: мақсат-принциптер-мазмұн-әдістер-құралдар 2) Әдістемелік құрылымы сабаққа дайындалу, сабақты өткізу, сабақты талдау т.б. 3) Психологиялық құрылымы: таным процестер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру, оқуға қызығушылық, қуат.) 2 .ШЖМ-те оқу-тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: Бірнеше сыныпты қатарынан оқытудың айырмашылығы-сабақты ұйымдастыруда.Бірнеше сыныпты бір мұғалім оқытқандықтан оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жолы, әдістері өзгешерек. Бұл өзгешеліктер оқу материалының мазмұны, көлемі жөнінде емес. Мұғалім оқушының өз бетімен орындайтын жұмыстарын, оның мөлшері мен түрін, оған кететін уақытты анықтап алуы керек. ШЖМ-те оқу-тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар - біріншіден бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылымын анықтауды қажет етеді. Өзіндік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы керек - екіншіден тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өзіндік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі. ШЖМ-те сыныптарды дұрыс бөлу, тиімді сабақ кестесін жасау, өзіндік жұмысты ұйымдастыру, қатар сыныптардағы сабақтың үлгі жоспарларын мұқият дайындау тиісті. Сондай-ақ, бір сабақтың үстінде мұғалім әр жастағы оқушылармен жұмыс жасайды, және бір пәннен екінші пәнге ауысып отырады. Оқушының жас ерекшелігіне қарай ыңғайланып, білім дәрежесіне сай түсінік беруге ауысу мұғалімнен баланың психологиясын жақсы біліп, сабаққа мұқият дайындалуы қажет етеді. 2. Оқу-тәрбие үрдісінің нысанасы- сабақ. Сабақ құрылымы әр түрлі. Мұғалімнің негізгі мақсаты- өмір сүру қажеттілігіне сенімділігі бар баланың жеке тұлғасын қалыптастыру. Мұғалім бір уақытта бірнеше сыныптарды қатар оқытады. Сабаққа мұқият дайындалған мұғалім, сабақ уақытын үнемді пайдалана отырып: -Жана тақырыпты түсіндіру; -Оқушының сабақ барысындағы іс- әрекетін қадағалау сияқты негізгі міндеттерді атқара отырып: -әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді; -бір пәннен екінші пәнге ауысып отырады; -әр сыныпқа жұмыс жасауға көшкенде оқушының жас ерекшелігіне, олардың білім дәрежесіне сай түсінік беруге ауысады; -Мәселені өз бетімен шешуге, шығармашылыққа баулиды. Мұғалімнің өздігінен орындауға беретін жұмыстарының әдістері оқушыларға түсінікті және бағаланып отыру керек. Шағын жинақты мектепте бағалау жүйесінің жаңа өлшемдерін еңгізу білім сапасының негізгі кепілі. Білімдерін бақылау сұрақтары: 1. Педагогикалық үрдістің басты мақсатына тоқталыңыз 2. Педагогикалық процестің компоненттерін атаңыз 3.Педагогикалық процестің құрылымына тоқталыңыз 4..ШЖМ-те оқу-тәрбие үрдісінің өзіндік ерекшеліктерін атаңыз Білімдерін бақылау сұрақтары: 1. Біртұтас педагогикалық процес-ң мәні, негізгі компоненттері әлеуметтік бөліктері мен азаматтық факторларын атаңыз 2. Оқыту технологиясындағы инновацияларға тоқтал 3. Сапалы білім берудегі инновациялық технологияның рөлін айқында 1. Ж.Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова - «Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» Алматы,- 2010 ж. 2. Адильгазинов Г.З., Хмель Н.Д. Особенности организации управления педагогическим прцессом в малокомплектной школе -А. 2002 3. Адильгазинов Г.З. Педагогические основы подготовки учителя к управлению процессом обучения в малокомплектной школе: теория и практика (монография).-Усть-Каменогорск:Изд.-ВКГУ, 1997.- 180с. 4. П.Т. Фролов «Особеннности педагогического процесса в малокомплектной школе».,-М.-1991 Дәріс №4-5 Пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру жолдары (2 сағ.) Мақсаты: Пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру бағыттарын қарастыру Жоспар: 1.Шағын кешенді мектептерде педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың тиімді бағыттарының бірі пәнішілік және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға негізделген оқу пәндерін инеграциялау 2. Шағын кешенді мектептерде оқу үрдісін интеграциялаудың тиімді тәсілдерін таңдаудағы принциптер Жалпы білім беретін мектептерде, әсіресе, шағын кешенді мектептерде пайдаланылатын пәнаралық интеграцияны жүзеге асыруды іздеу бағыттары қарастырылады. Шағын кешенді мектептерде педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың тиімді бағыттарының бірі пәнішілік және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға негізделген оқу пәндерін инеграциялау болып табылады. 60 жылдардың өзінде П.Я.Гальперин өзінің оқушыларымен бірге ақыл-ой әрекетінің психологиялық тұжырымдамасын жасады. Оқу жұмысының көптеген зерттеулеріне сүйенген бұл тұжырымдаманың табиғаты келесідей. П.Я.Гальперин мен Н.Ф.Талызинаның ойынша, психикалық қызметтерді субъектінің іс-әрекетінің нақты пәндік формасы ретінде қарастыру керек. Тұжырымның авторлары психикалық қызмет формалары бастапқыда сыртқы іс-әрекетте болады, кейін ішкіге ауысады деп есептейді. Сыртқы пәндік іс-әрекеттің «ішкіге» ауысуы бірнеше кезеңнен өтеді. Әр кезең өз оқу әдісін қажет етеді. 1-кестеде белгілі бір кезеңге сәйкес келетін оқу әдістері көрсетілген. 1-кестеде Ақыл-ой әрекеттерін сатылап қалыптастыру теориясын жүзеге асыру (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина) |Кезең атауы |Педагогикалық үрдіске |Қолданылатын әдістер | | |қатысушының | | | |іс-әрекетінің мазмұны | | |Іс-әрекеттің бағдарлы |Оқушылардың мұғаліммен, |Әңгіме, талқылау, | |негізін құру |іс-әрекет мақсатымен, |нұсқау; | | |оның пәнімен, | | | |іс-әрекетті орындау | | | |шарттарымен танысуы; | | |Материалды және жүзеге |Барлық анализаторларды |Кітаппен, көрнекі | |асырылған түрде |пайдалана отырып, |құралдармен жұмыс істеу,| |әрекеттерді қалыптастыру|материалды (табиғи |тәжірибелік және | | |түрде) және жүзеге |лабораториялық жұмыстар;| | |асырылған (үлгі) | | | |объектілерді зерттеу; | | |Сыртқа сөйлеудегі |2-ші кезеңнің |Әңгіме, оқу пікіталасы; | |әрекеттерді құрастыру |материалдарын жалпылау, | | | |ортақ белгілерді бөліп | | | |көрсету, топтастыру, | | | |жүйелеу, ауызша және | | | |жазбаша түрде | | | |қорытындылар жасау; | | |Ішкі сөйлеудегі |Әрекет жалпыланған түрде|Жаттығулар, бақылау, | |әрекеттерді құрастыру |көрініс береді, бірақ |баяндамалар дайындау, | | |оны вербальды игеру |кітаппен жұмыс; | | |сыртқы сөйлеудің | | | |қатысынсыз жүзеге асады;| | |Әрекеттің |Ақыл-ой әрекеті. Әрекет |Өздік жұмыс, тәжірибелік| |интериоризациясы |ойдың актісі, ішкі |және бақылау жұмысы. | | |үрдісі болып табылады. | | Ғылыми түсініктерді қалыптастыру бойынша жұмыс барлық оқу пәндеріне ортақ екенін және пәнаралық интеграцияның бір жолы екендігін ескере отырып, оқушыларды алгоритмге үйретуді – түсінік қалыптастыру деп санау керек. А.В.Усова, В.В.Орехованың жұмыстарының негізінде түсініктерді қалыптастыру бойынша жұмыстың келесідей интегративті бағыттарын ұсынуға болады: - Үрдіс, объект, құбылыстарды нақты-сезімдік қабылдау; - Түсініктердің белгілерін бөліп көрсетуге әкелетін үрдістердің (құбылыс, объект) қатынасы мен қасиеттерін талдау; - Бөліктерді салыстыру, меңгеріп отырған пәндердің негізгі және қосымша белгілерін бөліп көрсету; - Белгілерді біріктіру, осының негізінде түсініктің басты мазмұнының білімдерін қалыптастыру; - Зерттеп отырған түсініктің басқа түсініктермен сандық және сапалық байланысын көрсету; - Түсініктің белгілерін нақтылау; - Түсініктердің мазмұны мен көлемі арасындағы қатынасты нақтылау; - Түсінікті пайдалануды нақтылау; - Теориялық жалпылау негізінде түсініктерді жүйелендіру................. 2.Шағын кешенді мектептегі педагогикалық үрдісті басқару бойынша интегративті бағыт келесі себептер бойынша сыныптарды біріктіру қажеттілігімен анықталады: а) оқушылар санының аздығы (1-ден 10 адамға дейін) және осымен байланысты қарым-қатынас шеңберінің тар болуы, эмоционалды және интеллектуалды фонның төмендігі; б) әр түрлі пәнді бір мұғалім жүргізеді. Негізгі және орта мектептердегі біріктірілген сынып-кешендердегі оқушыларды оқытудың мазмұндық жоспарының ішкі мәселелерін талқылау қажет. Көрсетілген бағыт шағын кешенді мектептердегі біріктірілген сыныптардың оқу іс-әрекетін басқару мәселесін шешудің маңыздысы болады. Шағын кешенді мектеп қызметінің тәжірибесі бұл сатыдағы пәндердің ерекшелігі өздік жұмыстар үшін көп немесе аз мүмкіндіктер беретінін көрсетеді. Бұл сабақтың мақсатына, оқу материалының мазмұнына және оны меңгерудің кезеңдеріне байланысты. Біріктірілген сынып топтарының әрқайсысындағы оқушылардың іс-әрекеті мен мұғалімнің іс-әрекетін координациялау қажеттігін көруімізге болады. Біріктірудің сыртқы белгілері анықталды - бір пән бойынша әр түрлі жастағы оқушыларды бір сыныпқа бір сабаққа біріктіру. Біріктірудің бұл принципін «вертикальды интеграция» деп те атайды (Г.Ф.Суворова және т.б.). Тәжірибелік жұмыстардың көрсетуінше, «вертикальды интеграция» сыныптағы оқушылар санының аз болуы кезіндегі (10 оқушыға дейін) оқу үрдісін ұйымдастырудың рационалды (ақылға жендірушілік) әдісі болып табылады. Оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктеріне байланысты оқу материалының мазмұнын таңдау керек. «Вертикальды интеграция» жағдайында кеңінен таралған бір пәндік сабақтың ұйымдастырушылық нақтылығы мұғалім жұмысының бір сыныптың оқушылары мен басқа сыныптың оқушыларының өздік іс-әрекеттерінің бірігуін қамтамасыз етеді. Мұғалімнің басты міндеті – сабақтағы оқушылар мен өзінің қызметінің тәртібін дидактикалық сауатты түрде сәйкестендіру. Оны шешу үшін келесі жолдарды қарастыруға болады: Шағын кешенді мектептердегі оқу үрдісін интеграциялаудың тиімді тәсілдерін таңдау бірнеше принциптердің негізінде жүзеге асырылады: 1. Біріктірілген сыныптарда оқу материалының мазмұнын тақырыптық сәйкестендіру (мысалы, орыс және қазақ әдебиеті, тілдер және т.б.); 2. Тарихи бірегейлік (Қазақстан дүние жүзі тарихы); 3. Оқу пәндері негізінде мәселесін байланыстарды орнату жолымен (әдебиет сабақтары, бейнелеу өнері, тарих, музыка және т.б.)...... Дәріс № 6-7 Шағын жинақталған мектепте қолданылатын оқытудың жалпы әдіcтері (2 сағ.) Мақсаты: Бастауыш мектепте қолданылатын оқытудың жалпы әдіcтеріне сипаттама беру, шағын жинақталған мектепте сапалы білім беруде инновациялық педагогикалық технологияның орнын айқындау Жоспар: 1. Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама 2. Шағын жинақталған мектепте сапалы білім беруде инновациялық педагогикалық технологияның орны Білімдену процесінің табысты болуы көбінесе қолданылатын оқу әдістеріне тәуелді. Оқу әдістері –тарихи категория.Өндіріс күштерінің деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына, мазмұнына, құрал- жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Оқыту әдісі-дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқтыу әдістері дегеніміз-оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеуі әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылыардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады. (педагогикалық энциклопедия) Оқу әдісі –білім беру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс-әрекеттік қимыл-тәсілдері. Оқу әдісі дегеніміз-мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.(Г.И.Шукина) Оқу әдісі дегеніміз-мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру(Ю.К.Бабанский) Қазіргі педагогикада оқыту әдісі оқушылардың білімді меңгеру және олардың дамуы мен тәжірибесіне бағытталған оқушы мен мұғалім арасындағы бірлесіп жүргізілетін іс-әрекетті қимыл тәсілдер. Оқытудың төмендегідей дәстүрлі әдістері бар: .Ауызша әдіс (түсіндіру, әңгіме, сұқбат-дәріс); Суретпен жұмыс (сипаттау,демонстрация, иллюстрация) Практикалық (лабораториялық, практикалық жұмыстар, И.П.Подласый оқыту әдістерін бес топқа бөлді: а) практикалық, іс-тәжірибе, оқу еңбегі; ә) көрнекілік, иллюстрация, демонстрация; в) сөздік, түсіндіру, әңгіме, дәріс, пікір-талас; г) кітаппен жұмыс әдісі: оқу, жаттау, реферат, жазу, жоспар құру, конспект жазу; д) бейне таспа әдісі, көру, «электрондық мұғалім», бақылаушы, бақылыау. Оқыту әдістерінің келесідей түрі бар: Репродуктивтік әдіс: -оқушыға білім дайын түрінде беріледі; -мұғалім білімді жеткізіп қана қоймай оны түсіндіреді; -оқушылар білімді саналы түрде қабылдап түсінеді және ойына сақтайды; -білімнің беріктігі бірнеше қайталаумен анықталады. Проблемалық баяндау әдісі: Мұғалім оқушыға сұрақ қояды, шешудің ғылыми жолын көрсету. Эвристикалық немесе ішінара іздеу әдісі -Оқушылар білімді өз бетімен ізденіс үстінде табады; - Мұғалім әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып білімді дайын түрінде ұсынбай; оқушының өз бетінше тапқан дәлелін құрастыруды талап етеді; -Оқушылар мұғалім басшылығымен проблемалық ситуация шешеді, танымдық есептер шығарады, талқылайды, салыстырады, қорытынды жасайды..... 2.Шағын жинақталған мектепте сапалы білім беруде инновациялық педагогикалық технологияның орны Бүгінгі таңда заман талабы білім мекемелері мен ұстаздар алдына орасан зор міндеттер жүктейтіні анық.Сондықтан қазіргі таңда ауыл мектебіне, оның ішінде шағын комплектілі мектепке ерекше көңіл бөлініп, оның мәселелері мемлекеттік деңгейде шешілуде. Ауыл мектебі қашанда дана мен даралар шыққан білім ордасы, тәрбие мен білімнің сарқылмас кәусар бұлағы. Қазазстан Республикасының ШЖМ-ді дамыту тұжырымдамасында «Шағын жинақталған мектептер оқушылардың жалпы орта білімге деген сұранысын қанағаттандырады, сондай-ақ мектеп түлектерінің одан әрі кәсіптік білім алуына қажетті олардың бастапқы мүмкіндіктерін қамтамасыз ету міндеттерін шешеді» делінген.Осы міндеттерді жүзеге асыру ауыл мектебінің мұғалімдеріне үлкен жауапкершілікті жүктейді. ШЖМ оқушылардың білім спасын арттырып, толық қанды білім алуы үшін оқыту әдістерін түрлендіріп отыруымыз қажет. Қазіргі таңдағы оқытудың басты міндеті-мұғалімнің білім беру және оқушының білім алу қызметтерінің біріккен түрі екендігін көреміз.Сондықтан қазір оқушының қызметі басым, үйренуші тұлға-шәкірт. ШЖМ үшін өзекті мәселені шешудің бір нұсқасы-оқушыларды олардың жеке таным қабілетіне және мүмкіндігіне сәйкес оқыту.Осы орайда ШЖМ-те сапалы білім берудегі иннновациялық педагогикалық технологияның орны ерекше. Инновациялық технологиялар бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелерінің жиынтығы. Оқыту технологиялары бойынша жұмыс істеу барысында мынандай талаптар сақталуы қажет: -Жаңа материалдан негізгі идеяны бөліп көрсету, білімдерін еске түсіру мен түзету туралы мәлімет, алғашқы бақылау жүргізу; -Материалды жақсы түсінуге және есте сақтауға мүмкіндік беретін ақпаратты ықшамдаудың тиімді тәсілдерін үйрету Инновациялық технологияларды меңгеру мұғалімнен асқан кәсіптік шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауаттылықты талап етеді. Инновациялық оқыту білімді тереңдету мен қатар оқушыны оқу әрекетіне қалыптастырып, олардың оқуға деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттырады.Шығармашылықпен жұмыс істеуге бейімдейді. Дәріс № 8-9 Шағын жинақты мектепте оқыту әдістемесін ұйымдастырудағы тиімді педагогикалық технологиялар (2 сағ.) Мақсаты: Шағын жинақты мектепте оқыту әдістемесін ұйымдастырудағы тиімді педагогикалық технологиялардың рөлін айқындау Жоспар: 1. Оқушының білім сапасын көтерудегі педагогикалық технологияның ролі 2. Педагогикалық технологиялардың сабақта қолдану әдістемесіне тоқталу Мұғалімдер оқу үдерісін жандандыру, оқушылар білім сапасының денгейін, олардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында түрлі әдістер қолданып ізденістер жасауда. Дегенмен бұл әлі жеткіліксіз. Оқушының білім сапасын көтеріп, білім стандарты денгейіне дейін жеткізуде педагогикалық технологияның ролі ерекше. В.П. Беспалько «педагогикалық технология іске асырылатын жүйенің жобасын айтады» десе, В. М. Монахов мынадай анықтама береді: «педагогикалық технология – оқу процесін жоспарлаудың жүйелілік әдісі, оқытудың тиімді түріне жету мақсатында, адам мен технологиялық ресурстарды, олардың ара – қатынасын ескере отырып, бүкіл оқыту мен білімді меңгеру процесін жүргізу, оны бағалау». Технология - бұл әдістеме емес, одан күрделірек түсінік. Қазіргі педагогика теориясы мен тәжірибесінде педагогикалық технологияның бірнеше түрлері келтіріліп, кейбіреулері тәжірибеде қолданылуда. Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып жүрген педагогикалық технологияның төмендегідей түрлері бар: - педагогикалық қарым – қатынасты ізгіліктендіру және демократияландыру негізіндегі (ынтымақтастық технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің гумандық-тұлғалық технологиясы); - оқушының әрекетін белсендіру (ойын технологиясы; проблемалық оқыту; В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары негізінде оқыту технологиясы;) - оқу процесін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі (бағдарламалық оқыту; саралап оқыту технологиясы; компьютерлік технология); - оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технология (дидактикалық бірлікті ірілендіру П. М. Эрдниев); - оқушының білім деңгейін жетілдіру (денгейлеп оқыту Ж. Қараев, Т. Қ. Оспанов, Б.М.Қосанов); - дамыта оқыту технологиясы (В. В. Давыдов, Д. В. Эльконин, Л. В. Занков). Бастауыш сынып оқушысының тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда педагогикалық қарым – қатынасты ізгіліктендіру, демократияландыру, гуманитарландыру ұстанымдарының ролі зор. Ізгіліктендіру - мектеп назарын баланың жеке басының тұлға ретінде дамуына, оның қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, мейірім мен бақытты тілейтін ішкі жан дүниесіне үңіле білу. Балаларға ізгілік тұрғысынан қарау дегеніміз - оларға деген ұстаздық сүйіспеншілік, олардың тағдырына алаңдау, баланың болашағына сену, олардың қабілеттеріне сену, ынтымақтастық, қарым – қатынас шеберлігі, балаларды ынталандыру, келешегіне алаңдау, шыдамдылық, дер кезінде түзету, көмек беру деген сөз. Демократияландыру дегеніміз мұғалім мен оқушының тең құқықтығы, оқушылардың оқыту формаларын еркін таңдауы, оқушылардың өзіндік көзқарас құқығының болуы, қарым – қатынас стилі, оқушыларға бағып беру, оқу процесін бірге басқару, бірге ұйымдастыру болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, «демократияландыру – оқушы деп аталатын адамға бұрылу» (П.И. Пидкасистый). Гуманитарландыру ұстанымының негізгі мақсаты - жеке тұлғаның өзін - өзі анықтау, яғни оның өз табиғатын айқындау, өз ісін көрсете алуы, жүзеге асырылуы және өзектендіре алуы болып табылады. Ынтымақтастық - балалар мен үлкендердің өзара түсіністік, бір – бірінің ішкі жан дүниесіне үңілу негізіндегі біріккен дамыту іс-әрекетінің барысы мен нәтижелерін ұйымды, ұжымды түрде талдау жасаудың гуманистік идеясы. Осының негізінде мектептің барлық іс-әрекеті мұғалім мен оқушының іс-әрекетін жеке тұлға - оқушыға қызмет етуге бағытталады. Ынтымақтастық педагогикасы оқушыны әр түрлі өзара тығыз байланыстағы іс - әрекеттердің, ең алдымен оқу – білім, қоғамдық-пайдалы еңбек, ақыл – ой шығармашылық, т. б. іс-әрекеттердің субьектісі ретінде түсінеді. 2.Осы аталған педагогикалық технологиялардың кейбір түрлерін сабақта қолданудың әдістемесіне тоқталайық........... Математика сабағында оқушылардың оқу әрекетін белсендіру және интенсивтендіру негіздеріндегі педагогикалық технологияларға ойын, проблемалық оқыту, тірек сигналдары негізінде оқыту технологияларын жатқызуға болады. ШКБМ математика сабақтарында оқушылардың жас ерекшелеріне қарай ойын түрлерін қолдануға болады. Математикалық ойындардың бір түрлері логикалық ойын мен математикалық сызбаларға негізделеді, ал кейбіреулері тез ойлап, шешуді талап ететін ауызша есептен тұрады. Ондай ойындарға фигураларды бірден сызып шығу, логикалық есептер, өлең есептері, сөзжұмбақтар шештіру сияқты түрлерін жатқызуға болады. Педагогикалық технологияның келесі түрі - проблемалық оқыту технологиясы. Бұл ғылым негіздерін оқып білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің қалыптасуы. Проблемалық оқытудың мақсаты - мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, білікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады. Проблемалық оқыту кезінде оқушылардың алдына бір проблема қойылады. Олар оның шешу жолын іздестіреді, шешудің нұсқаларын қарастырады, қорытынды жасайды, оны практикада қолданады, мысалы, 4-сынып оқулығының 49 – бетіндегі № 9 жаттығу. ( : 24 + 499 = 501 «әйнекшенің» орнына қандай санды қойғанда тура теңдік шығады? сұрағына жауап беру үшін оқушы іздеу нұсқаларын қарастырады: «Әйнекше орнына 24-тен артық және оған қалдықсыз бөлінетін сан болуы тиіс. Мен сол саннан бастауым мүмкін, яғни (орнына сан қойып, сынап көремін. Бұл – бірінші нұсқа. Екіншісі өрнектің нәтижесінен бастап, кері орындаймын. 501- ден 499-ды азайтамын, екі қалады, енді оны 24-ке көбейтемін, белгісіз сан – 48. Дәлелдеу және тексеру: 48: 24=2; 2+499=501. Бағдарламалап оқыту оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың, оқу үдерісін үйлесімді басқарудың негізгі құралдарының бірі. Бағдарламалап оқытуда қандайда бір материалды бөліктерге бөліп (порциялап) оқиды. Математика сабағында бағдарламалап оқыту амал алгоритмін меңгеру, яғни көп таңбалы сандарды бір, екі және үш таңбалы сандарға бөлу тәсілдерін меңгеру барысында жүзеге асырылады. Бірінші «порция» - көп таңбалы сандарды нөлмен аяқталатын сандарға бөлу. Мұнда оқушылар бөлгішті бір таңбалы сан мен 10, 100, 1000-ның көбейтіндісі түрінде ойша жүктеуге үйренеді. Санды алдымен нөлмен аяқталатын санға, сосын бір таңбалы санға бөлуга үйренеді. Екінші «порция» - бөлінді мәнінде неше таңбалы сан шығатынын анықтау. Мысалы, 5260-ты жиырмаға бөлу керек болсын. Оқушы бес мыңдықтар қайырады, оны жиырмаға бөлсем, бөлінді мәнінде мығдық шықпайды. Сондықтан 52 жүздіктен қайырамын, жүздікте үш таңбалы сан бар, яғни бөлінді мәнінде үш таңбалы сан шығады, сондықтан үш нүкте қоямын. Сосын бөліндінің мәнін табу үшін оқушы жиырманы, 2·10 түріне келтіреді. Үшінші «порция» - үш таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу. Мұнда оқушы бөлгішті алдымен өзіне жақын нөлмен аяқталатын санға айналдырады. Мысалы: 756:84. Оқушы санды 84-ке емес, 80-ге бөледі. Ол үшін 75-ті 8-ге бөледі, 9 шығады. Келесі кезең - бөлінді мәніндегі ақтық санды табу. 9 ақтық сан ба, анықтау керек. Ол – байқау цифры. 9·8онд.= 72онд.; 9·4бірл. =3онд. 6бірл. 72онд.+3онд.6бірл.=75онд.6бірл. Олай болса, 9 бөлінді мәні болмайды, енді одан кем санды табу қажет. Осылай порциялап оқыту бөлу амалының алгоритімін біртіндеп игере отырып, оқушы бастауыш мектеп математикасының ең күрделі жазбаша бөлу тәсілі - көп таңбалы сандарды екң және үш таңбалы санға бөлу тәсілін меңгереді. Қазіргі білім беру саласындағы жеке тұлғаға бағытталған, жан-жақты тәрбиелі тұлға қалыптастыруға ұмтылған тенденцияға орай оқыту мәселесіне ерекше мән беріле бастады. Дифференциялап оқыту дегеніміз оқушының дара ерекшелігіне қарай, дифференциялды өзіндік жұмыс, үйге тапсырмалар беру, өзін - өзі бағалауға үйрету деп ойлаймыз. Дифференциялды өзіндік жұмысты карточкамен және перфокартамен жұмыс, дифференциалды тест тапсырмалары арқылы ұйымдастыруға болады. Соңғы жылдары әр мектептің өз мүмкіндіктеріне орай математиканы оқытуда компьютерлік оқыту да кеңінен қолданыла бастады. Ал жаппай ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге балаларды дайындау үшін төртінші сыныптың соңына қарай микрокалькуляторларды пайдаланып, есептеулер жүргізуге машықтандыруға арналған арнайы сабақтар өткізіледі. Оның алғашқы сабағында микрокалькулятор, оның құрылысымен таныстырып, түрлері қарастырылады. Оқушылар өмірден оның бірнеше түрлерін көрген, кейбіреулері оны пайдалануы да мүмкін. Мұғалімдердің мақсаты –оқушыларға микрокалькулятормен үлкен сандармен есептеулер жүргізуде әр түрлі амалдарды тез әрі жеңіл орындауға болатынын түсіндіру Математика сабағында қолданылатын оқу материалдарын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар қатарына: білімнің дидактикалық бірлігін ірілендіру технологиясын жатқызуға болады. Білімнің дидактикалық бірлігін ірілендіру дегеніміз материалдарды өзара байланыста қатар оқыту деген сөз. Теріс емес бүтін сандардың нумерациясын, оларға амалдар қолдану, сандарды салыстыру, санғы көбейту және бөлу мәселелерін оқытып-үйретуде шамалардың өлшем бірліктері, оларға амал орындау қатар қарастырылады Дамыта оқыту - оқу процесін жеке тұлғаның потенциалдық мүмкіндіктеріне және оларды жүзеге асыруға бағыттау. Дамыта оқыту үдерісі кезіндегі мұғалімнің негізгі міндеті – оқушылардың танымдық өз бетінділігін қалыптастыруға, қабілеттерінің дамуы мен қалыптасуына, саяси және адамгершілік көзқарастарына, белсенді іс - әрекеттеріне бағытталған оқу әрекеттерін ұйымдастыру. Дамыта оқытудың түпкі мақсаты – оқушыларға әр түрлі ситуацияларды талдап, одан қорытынды шығару; бір объектіні екіншісімен салыстырып, ерекшілігін, ұқсастығын ажырату; бақыланған құбылыстарды, жалпылап, белгілі әрекет тәсілдерін таныс емес жағдайларда қолдану. Дамыта оқыту әдістемелеріндегі ең басты нәрсе - оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу, мұның өзі оқытудың зерттеу әдістеріне ерекше мен берілетінін көрсетеді. Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған арнайы жасыл қоршаумен берілген тапсырмалар бар. Бұған қоса, математика сабақтарында есептермен байланысты, төмендегідей шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға болады: берілген есепте кері есеп құрастыру және шығару; белгілі шешуі, берілген қатынас, сызба, сурет бойынша есеп құрастыру; сұраққа сәйкестендірілген және керісінше, шартқа сәйкестендірілген сұрақты түрлендіру; есептің шартын және сұрағын түрлендіру; жай есепті, екі немесе одан да артық амалдармен шығарылатын есептерді түрлендіру; әр түрлі есептер құрастыру және оны тиімді жолдармен шешу және т.б. Дәріс №10. Шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын қосымша материалдар (1 сағ) Мақсаты: Оқу сабақтарында көрнекілікті қолдану мүмкіндігін айқындау Жоспар: 1) Оқу сабақтарында көрнекілікті қолдану мүмкіндігі 2) Көрнекі құралды қолданудың жалпы тәсілдері: Оқу сабақтарында көрнекілікті қолдану мүмкіндігі орасан мол: айнала қоршаған дүниені бақылау, экскурсияға шыққанда бақылау, оқушылардың жинаған заттары, жеке және коллекция түріндегі гербарийлер, жануарлардың, құстардың тұлыбы, модельдер, макеттер және панорамалар (оқушылардың өздері дайындайды), кинофильмдер, диафильмдер, түрлі картиналар, портреттер, оқулықтағы суреттер. Көрнекі құралды қолданудың жалпы тәсілдері: 1. Кинофильмдерге бару, театрдан немесе теледидардан пьесалар көру көркем шығарманы оқудың орнына жүре алмайды. Бұлар кейде көрнекілік ретінде, мәтінді екінші оқығанда немесе оған қорытынды әңгіме жасағанда пайдаланылады. Мысалы, С.Мұқановтың «Шын сырлылар», «Қостағы өмір» әңгімесін оқығанда, қорытындылау кезінде «Ванька» (А.Чехов) диафильмін көрсетуге болады. Көрсетілетін фильмдер материалға тақырыбы жағынан да, мазмұны жағынан да, тығыз байланысып, бір-бірімен қабысып тұруға тиіс. Фильмдер көбінесе мәтінді оқу алдында көрсетілгені дұрыс. Революционерлер, суретшілер, ғалымдар т.б. портреттері де оқуға дайындық кезінде пайдаланылады. 1. Дайын гербарий мен коллекциялар, сондай-ақ балалардың өздері жинаған заттарды, ғылыми мақалаларды оқуға дайындық кезінде зерттеу нысаны ретінде көрсетіледі. Бұл заттарды шығарманың басқа түрлерін оқу кезінде де пайдалануға болады. 2. Оқу сабақтарының барлығында да қолданылатын көрнекіліктің басты түрі көркем суреттер деуге болады. Бұл дайындық кезде де, оқу барысында да, шығарманы талдау кезінде де, жоспар жасау кезінде де, қорытындыәңгіме жасағанда да көмекші құрал есебінде қызмет атқарады. Алайда, мұнда есте болатын жағдай – көрнекі құралды тым көп қолданып, мәтіннің рөлін төмендетіп алудан сақ болған жөн. Оқушыларда оқу барысында туатын эмоция мен бейнелер балалардың өмір тәжірибесіне қарай, жасы өскен сайын күшейе береді. Мәнерлеп оқу, сөзбен суреттеу, сондай-ақ басқа да шығармашылық жұмыстар балаларды оқығандарын көрнекіліксіз-ақ саналы түсінуге баулиды. Сөйтіп, оқу сабақтарында балаларды жан-жақты тәрбиелеу, оларға білім беру т.с.с. міндеттерді іске асыру үшін көрнекі құралдың орасан зор маңызы бар. Дәріс №11-12 Тәрбие жұмысын жоспарлау мен өткізу (2 сағ) Мақсаты: Жоспар: 1) Педагогикалық үрдістің екінші тәрбиелеу механизмінің маңызы 2) Балалар ұжымында қалыптасатын өзара қатынас Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық үрдісінің екінші тәрбиелеу механизмінің де маңызы зор. Бұл оқушының өзара қарым-қатынасы. Балалар арасындағы өзара қарым-қатынасының ықпалы жайлы ой-пікір алғаш рет өткен ғасырлардың зерттеулерінде пайда болды. 19 ғасырдың соңына қарай европалық мектептерде осы мақсатта (балалар арасындағы тәрбиелік қарым-қатынасты пайдалану үшін) балалар мен жас өспірімдермен қоғамдастықтары (бойскауттық және т.б.) құрылды. Кеңестік педагогикада осы механизмге сүйенуге қажеттілік туралы ойды Н.К.Крупская айтты. Адам бірнеше кезең бойынша тәрбиеленбейді, ол барлық ықпалдардың әсерінен жүйелі түрде қалыптасады деген ойды айтқан. А.С.Макаренконың пікірінше педагог жұмысы ұжым мен өзара жағымды байланыста, ұжымдық тәрбиеде қалыптасады. Бұл ой-пікірлерін А.С.Макаренко өзінің тәрбиелеу мекемелеріндегі он бес жылдық жұмыс тәжірибесін талдаумен байланысты айтты. Өзінің жұмыстарының бірінде ол былай деп көрсетті: «алғашқы жылы мен жұмысы жаңа басталған педагог ретінде қарапайым қателер жібердім. Мен ұжымнан қалған тұлғаға мән бердім. Мен қауіпті орындарға бағытталған дұрыс емес көзқарас болды және мен сол қауіпті орындармен айналыстым.....». Тәрбие механизміне алғаш болып сипаттама берген А.С. Макаренконың айтуынша, тек құқылы қоғамды көрсететін кеңестік мектеп үшін, бір жағынан, балалар ұжымын еңбек ұжымы ретінде орындау маңызды, ал екінші жағынан ұжымның алдында тәрбиеші ең алдымен сол еңбек ұжымы ретінде, одан кейін тәрбиеші, маман, педагог ретінде көріну керек. Өз тәжірибесінде қалыптасқан А.С.Макаренконың қорытындылары бірнеше зерттеулер кезінде толығымен расталды. Социалистік мектеп ұжымшыл адамды тәрбиелеуі қажет деген Н.К.Крупскаяның тезисін негізге алған кеңестік зерттеушілер оқу еңбегі (М.Д.Виноградова, Н.С.Дежникова, И.Б.Первин және т.б.), өндірістік (А.А.Пермяков және т.б.), еркін қарым-қатынас (А.В.Мудрин) және т.б. сияқты педагогикалық ықпалдарының түрлі әдістерін пайдалана отырып, балалар ұжымын қалыптастырудың ерекшеліктерін, шарттарын, құрылымын анықтап, көптеген зерттеулер жүргізген Л.И.Новикованың басшылығымен жүргізілген бұл зерттеулер келесідей ойдың пайда болуына негіз берді: «оқушылардың ұжымдық қатынастар жүйесіне ену үрдісі көп жағдайда педагогикалық араласуды, педагогикалық түзетуді қажет етеді. Бұл үрдісті оптимизациялау ұжымдағы балалар қызметінің мазмұны мен құрылымын жүзеге асырумен байланысты. Педагог бала тұлғасының қалыптасу үрдісі бірнеше ұжымдардың ықпалымен жүзеге асатынын ескеруі керек». Л.И.Новикованың авторефератынан алынған бұл пікір зерттеушілер тобының 20 жылдық жұмысының қорытындысын көрсетеді. Бұл қорытындылар ұжымда тұлғаның қалыптасуына бағытталған зерттеулерден алынған нәтижелермен байланысады. Т.Е.Конникова, В.В.Котов, В.А.Синицкая, Т.А.Мальковскаяның зерттеулері баланың ұжымдық қызметін ұйымдастырудың деңгейі жоғары болған сайын, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ету үшін педагогтің мүмкіндіктері соғұрлым кең болатындығын көрсетті. Ғылым негіздері бойынша мораль, өнер саласында, ұжымдық қызмет үрдісінде алатын білімдерінің қоры тұлғаның жан-жақты дамуы және жетілуі үшін негіз болып табылады. Балалар ұжымында қалыптасатын өзара қатынас танымдық сипаттағы табыстарда және баланың эмоционалды-еріктік, өнегелік аймағының қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Бірақ, педагогтың нақты бір балаларға қатынасы басқа оқушылардың сол балаға қатынасын анықтайды және оқу, қоғамдық қызметтің нәтижелеріне ықпал етеді (Н.А.Березовин, Я.Л.Коломинский, А.В.Киричук және т.б.). Оқушының өзара әрекетімен байланыс тәрбиелеу механизмінің табиғатын талдау бұл механизмінің де ұжымдық және ұйымдасқан қызмет болған жағдайда, іскерлік серіктестік қатынас қалыптасу үшін алғы шарттар құрылған жағдайда пайда болатындығын және тиімді нәтиже беретіндігін көрсетті. Бұл қорытындыны өзінің көп жылдық тәжірибесінде В.А.Сухомлинский жасады. Дәріс №13-14-15 ШЖБМ сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар (3 сағ) Мақсаты: Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұнын түсіндіру. Тәрбие жүйесінде оның орыны және рөлін анықтау. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттерін және формаларын сипаттау. Жоспар: 1. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы, тәрбие жүйесінде оның орыны және рөлі. 2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері, мазмұны, формалары. Сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу үдерісінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың табиғи жалғасы болып табылады. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды көрсетіп, олардың ой- өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз еріктерімен қатысуына мүмкіндік береді. Онда оқушыларға баға қойылмайды, бірақ қандай да бір іс-әрекеттері, есептеу шапшаңдығы, тапқырлығы, ұтымды әдістерді пайдалануы мадақталуы тиіс. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалім сынып-комплектінің балаларының жас ерекшелігін, білім деңгейлерін ескеріп, әр сынып балаларына шамалары келетіндей, қиынырақ материалдарды немесе материалдардың негізгі курсын оқып-үйренуде толықтырушы болып табылатын материалды таңдап алуға болады. Аталмыш жұмыстардың өзгешелігі – математикалық ойын-есептер, ойындар, жарыс т.б. сипатта болады, онда балаларды қызықтыратын формадағы жаттығулар қолданылады, бірақ ол жаттығулар мәселенің математикалық мәнін түсінуге, математика жөнінен білімдерін тереңдетуге және айқындауға себі тиюі тиіс. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстардың түрін таңдауды, оны ұйымдастыруды, белсенділікті және оқушылардың өз бетіндік жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ететіндей мұқият ойластыруы тиіс. Сыныптан тыс жұмыстарға мыналар жатады: сыныптан тыс сабақтар, математикалық бұрыштар, математика кештері немесе ертеңгіліктер, математика үйірмелері, олимпиадалар, спартакиадалар, ҚМК (КВН), т.б. Сыныптан тыс сабақтар (қызықты математика сабағы). Сабақ барлық сыныпарға арналып жүргізіледі, сабақтың ұзақтығы оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 30-40 минутқа дейін, сабақ айына бір рет болуы мүмкін. Мазмұны жөнінен сабақтағы жұмыспен байланысты болуы керек, бірақ қиын есептер, тапқырлық есептері, ойын-есептер, геометриялық мазмұнды қызықты есептер, логикалық есептерді шығару көзделеді. Сиқырлы шаршыларды толтыру, ойлаған санды табу, ребустарды, шарадаларды, жұмбақтарды шешу (балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріле) ұсынылады. Айшықты бояулармен салынған плакаттар, суреттер пайдаланылады, ертегілердің кейіпкерлері кірістірілсе, сабақ әсерлі өтеді.Онда топтық және жеке-дара жұмыс ұйымдастыруға мүмкіншілік мол, сонымен бірге оқушылардан тапсырмаларды тек дұрыс орындау ғана емес, оны дәлелдей, негіздей білу де ескеріледі, талап етіледі. 1. Біріктірілген 1 және 2-сыныптардағы сыныптан тыс сабақ: Алдымен оқушыларға сабақтың түрі, балалар деңгейіндегі сабақ мақсаты хабарланады. Содан кейін тақтаны екіге бөліп, бір бөлігіне 1-сынып, келесі бөлігіне 2-сынып деп жазылады. 1. «Тез есепте!» 1+2+3+4+5+6+7+8+9+10 2. Топқа бөлініп әр топ капитанын сайлайды, оларға өз деңгейінде (бірінші сыныпқа арналған тапсырма жеке, ал екіншіге- бөлек) тапсырмалар беріледі, неше тапсырма дұрыс орындалғаны есептеледі. Мысалы: 2+8 9+1 10-10 20+3 30+10 60-4 10-8 5+5 10-0 4+20 50-20 86-6 Әр топқа түстері әр түрлі жетондар дайындалады да, тапсырмаларын Тапқышбектің қалтасына салады. Эстафета. Әр бала санайды, санаған сандары есте сақталады. Сол сан баланың нөмірі болып есептеледі. Қалтадан бір сан алып, оны өз нөміріне қосады. Келесі бала оған өз нөмірін қосады, осылай соңғы балаға дейін жалғасады, кім бұрын және дұрыс есептесе, сол топ жеңіске жетеді. 2. Математикалық бұрыш. Оны оқушылар мұғалімнің басшылығымен құрады. Онда математикалық дәптерлер көрмесі, есеп құрастыру үшін цифрлі мәліметтері бар газет қиындыларынан жасалған альбомдар, өз бетімен құрастырылған есептер жинағы, математикалық есептер, мысалдар және түрлі жаттығулар орындауға арналған тапсырмалары бар түрлі-түсті кестелер болады. Математикалық газеттің атауы қызықты болуы тиіс, мысалы, «Жас математик», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Тапқышбектер клубы», «Ойлан, тап!», «Ойлайық та, ойнайық!», «Математик-ғалымдар», «Менің білгім келеді» т.б. Газет бетінде берілетін тапсырмалар әр сынып балаларына арналуы тиіс, мүмкін болса, әр сынып балаларына арнап, жеке-жеке газет шығарылса ролі орасан зор болар еді. Әрбір газетте балалардың тізімі, апталық не бір күннің тапсырмалары, оқушының жауабына арналған конверт болуы тиіс. Газет тапсырмалары мерзімі келгенде, міндетті түрде тексеріліп, бағаланып, ұпаймен қорытындыланады. 3. Математикалық кеш (математикалық ертеңгілік). Математикалық кеш өткізілмес бұрын газет шығарылып, онда әрбір сынып арасында жарыс ұйымдастырылатыны айтылады. Әділ қазылар мүшелері сайланып, карточкалар, тапсырмалар дайындалып, оқушыларға қарсы топқа сұрақтар дайындауға тапсырмалар беріледі. Кеште 3 және 4 сынып оқушылары жарысуы мүмкін. Жоспары: 1. Кешті ұйымдастыру. 2. Әңгіме. (жалпы кеш белгілі бір тақырыпқа құрылуы мүмкін). «Адамдар санауды қалай үйренген?», «Бізді қоршаған ортадағы шамалар» 3. Жарыс – тапсырмалар (екі топқа ортақ сұрақтар). 4. Ойын «Арифметикалық жүгіру». 5. Тақырыпқа берілген тапсырмалар. 6. Ең мықты есептеушіге сұрақ. 7. Топтардың қарсы топқа қоятын сұрағы. 8. Викторина. 9. Қорытынды. 4. Математика үйірмесі. Онда математикаға ерекше бейімі бар оқушылардан 3-4-сыныптан бастап ұйымдастырылады. Үйірме сабақтары белгілі жоспар бойынша, оқушылардың тұрақты құрамымен жүйелі түрде айына 2-3 рет жүргізіледі. Онда балаларды есептеудің жаңа әдістерімен, қиынырақ есептерді шығару тәсілдерімен, кейбір математика тарихы мәселелерімен таныстырылады. Үйірме мүшелері газет шығаруға, бұрыш жасауға, кеш ұйымдастыруға ерекше тартылады. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатт болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы– тұлғаың әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекетінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. 1. оқудан тыс әр тарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан – жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді. 2. сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысы ның түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады. 3. сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушылрда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысу құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. 4.сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым – қатынас тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жетті түсінеді. 5. сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның оның формалары мен әдістерін құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұған қосымша, одан шығармаршылық белсенділікті талап етеді. 6. сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпыжетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік беріді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады. 7. сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата – аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталады – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгеруту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйсін қалыптастыру. Соған орай негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді. Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерте көрсетілген. 1. балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін - өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. 2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатыстыжағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады. 3. Балада әртүрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушлықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы керек. 4. Баланың дүниетанымының компоненттері;адамгершілік, эмоционалдық, ерік – жігерін қалыптастыру. 5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді. Жоғарыда аталған міндеттер тәрбие берудің ажырамас бөлігін құрайды. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметі. Білімділік қызыметі. Балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, ұжымдық өмірді, қарым – қатынас мәдениетін үйретеді. Дамытушылық қызыметі оқушылардың психикалық процестерін, жеке- дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Тәрбие жұмыс мазмұнының ерекшеліктері. 1. сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне назар аударуды міндеттейді. 2. баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды көздейді. 3. жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру. 4. коммуникативтік біліктілік пен дағдысын тәрбиелеу. 5. этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру. Тәрбие жұмысының формасы. Тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процесінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. «Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендкермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымен, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын анықтайды. ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ | |Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен | |ПІКІРТАЛАС |оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтап,адамдардың | | |әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді. | | |Пікірталастың мақсаты:оқушыларды ұжым болып пікір | | |таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақты жеткізе білуге, өз| | |беттерінше ойлай білуге үйрету. | | |Пікірталастың негізгі мәселесі: дәлелді ой-пікірлердің | | |айтылуы,фактілермен тұжырымдау. | |САЯСИ ХАБАРЛАМА |Саяси білім берудің маңызды формасы, мемлекет саясатында | | |болған оқиғалармен таныстыру. | | |Саяси шолуға арналған хабарда 1-2 жұма ішінде ел мен | | |шетелде болған оқиғалар туралы хабар береді. | |ТАҚЫРЫПТЫҚ |Белгілі бір нақтылы тақырыпқа негізделе отырып, көкейкесті| |КОНФЕРЕНЦИЯ |мәселелерді шешуге арналған. | | |Дайындық жұмыстары барысында оқушылар оның жоспарын | | |құрады. Конференцияға алдын-ала баяндама әзірленеді. Ол | | |жазба немесе ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға | | |көмектеседі. | | |Конференцияны өткізу барысында хабарландыру ілінеді. | | |Тақырыптық конференция көбінесе жоғарғы сынып оқушыларымен| | |ұйымдастырылады. Оның жұмысын ұйымдастыру оқушылардың | | |өздеріне тапсырылады. | |БАСПАСӨЗ |Ол әрбір оқушыны сынып ұжымының алдында ғана емес, бүкіл | |КОНФЕРЕНЦИЯСЫ |мектеп оқушыларының және ата-аналарының алдында өз пікірін| | |білдіріп сараптауға дағдыландырады. | | |Бұл тәрбие жұмысының түрі балаларды байқағыштыққа, | | |оптимистік көтеріңкі көңіл күйге баулиды. | Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар: 1.Сыныптас тыс тәрбие міндеттерін атаңыз. 2.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметтеріне анықтама беріңіз. 3.Сыныптан тыс тәрбие жұмысына анықтама беріңіз. 4.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттерін анықтаңыз. 3. Практикалық сабақтардың мазмұны 1- 2 тақырып Шағын жинақты бастауыш мектепте нновациялық үрдіс Мақсаты: Шағын жинақты бастауыш мектепте нновациялық үрдіс тұтас педагогикалық процесс ретіндегі мәнін ашу және қазіргі қоғамдық даму кезеңіндегі мазмұнын сипаттау. Сұрақтар: 1.Шағын жинақты мектепте нновациялық үрдіс ұғымы 2. Шағын жинақты мектепте нновациялық үрдісті ұйымдастыру мен жоспарлаудың тиімділігі. 3-4 тақырып Шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы мектеп жетекшілерінің қызметтері. Мақсаты: Студенттерге шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда жетекшілері жайлы толық мәліметпен қаруландырып, мектептегі тәрбие жүйесінің маңыздылығын түсіндіру. Сонымен қатар сынып жетекшісінің рөлі мен қызметі жайлы нақты ақпарат беру. Сұрақтар: 1.ШЖМ оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы мектеп жетекшілерінің қызметi мен Мiндеттері туралы түсінік беру. 2.ШЖМ оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда әдістемелік жұмыстың стратегиялық бағыттарына тоқталу. .3.ШЖМ-гі сынып мұғалімдерінің пәнаралық байланысты жүзеге асыру іс- әрекетін зерттеу 5-6 тақырып ШЖМ-те интеграция арқылы оқушылардың білім сапасын артырудың педагогикалық негізі Мақсаты: : Студенттерге интеграция арқылы оқушылардың білім сапасын артырудың педагогикалық негізі туралы түсінік беру, пәнаралық байланысты күшейтудің оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда тигізетін әсері туралы мәлімет беру, алған білімді қолдана білуге үйрету, іскерлікке, педагогикалық шеберлікке төселту. Сұрақтар: 1.ШЖМ-те итеграция арқылы оқытудың жолдарын айқындау 2 ШЖМ-гі сыныпты оқыту барысында пәнаралық байланысты қалыптастыру ерекшеліктері 3.ШЖМ-гі сынып мұғалімдерінің пәнаралық байланысты жүзеге асыру іс- әрекетін зерттеу 7-8 тақырып Шағын жинақталған мектепте қолданылатын оқытудың жалпы әдістерін топтастыру Мақсаты: Студенттерге шағын жинақталған мектепте қолданылатын оқытудың жалпы әдістерін топтастыру туралы толық мағлұмат беру. Оларды болашақ педагогикалық жұмыс барысында орынды да шебер пайдалана білудің амалдарын оқып-білу және жетік меңгерту. Сұрақтар: 1. ШЖМ-тегі оқыту процесінің мәні . 2. ШЖМ-тегі қолданылатын педагогикалық әдістерді жіктеу және оларға сипаттама беру. 3.ШЖМ-тегі педагогикалық әдістерге таңдау, талдау жасаңыз. 9-10 тақырып ШЖМ-те оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру Мақсаты: Студенттерге оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру әдістерін меңгерту; Сұрақтар: 1.ШЖМ-те оқыту әдістемесін ұйымдастырудағы педагогикалық технологиялардың топ пен жеке оқушымен жұмыс істеудегі маңыздылығы, әдістемесі. 2.ШЖМ-те оқыту әдістемесін ұйымдастырудағы педагогикалық технологиялар оқушылардың шығармашылығын дамытуда қолданылатын элементтерді таңдау. 11-12 тақырып ШЖМ-ті оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын оқу құрал - жабдықтары Мақсаты: ШЖМ-ті оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын оқу құрал – жабдықтарына сипаттама бере отырып талдау жұмыстарымен таныстыру. Сұрақтар: 1.ШЖМ-ті оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын қосымша материалдарға қойылатын талаптар қандай? 2.ШЖМ-тегі кейбір шешімін таппай келе жатқан мәселелерді атап көрсетіңіз 13-14 тақырып ШЖМ –те тәрбие жұмысын және сыныптан тыс жұмыстарын жоспарлау, өткізу. Мақсаты: Тәрбие жұмысы және сыныптан тыс жұмысының мазмұнын түсіндіру. Тәрбие жүйесінде оның орыны және рөлін анықтау. Тәрбие жұмысы және сыныптан тыс жұмысының міндеттерін және формаларын сипаттау. Сұрақтар: 1.ШЖМ-те тәрбие жұмысын және сыныптан тыс тәрбие жұмысы, тәрбие жүйесінде оның орыны және рөлі. 2. Тәрбие жұмысын және сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері, мазмұны, формалары. 3. ШЖМ-те тәрбие жұмысын және және сыныптан тыс тәрбие жұмысына қойылатын негізгі талаптар. 4. Тәрбие жұмысын және және сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарының құрылымы және тәрбиелік іс- шаралардың формаларын , тәрбиелік шараларды ұжым болып талдау. . 15- тақырып Қазіргі жағдайда тәрбие принциптері. Мақсаты: Тәрбие процесінің принциптері мазмұнына, әдістеріне ұйымдастыру жолдарына қоылатын талаптар туралы түсінік беру. Педагогикалық қызметтегі тәрбие принциптері мен ережелерінің маңызын ашу. Сұрақтар: 1.Тәрбиенің өмір және еңбекпен ұтымды ұштастыру ережесі 2.Тәрбиелік ықпалдар бірлігі приципінің маңызы. 3 Құқықтық тәрбиенің мақсаты 4. Тұлғаның өзіндік тәрбиесі мен қайта тәрбиелеу 3. Студенттердің өздік жұмыстары 5.1 БАӨЖ №1. ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқада оқыту құралдарына сипаттама (конспект) 5.2 БАӨЖ №2. ШЖБМ жағдайында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері ( конспект) 5.3 БАӨЖ №3.ШЖБМ жағдайында тәрбие жұмысын жоспарлау мен өткізу (тәрбие сағатының жоспары) 5.4 БАӨЖ №4. ШЖБМ-тегі сабақ жоспарларының үлгілері (ШЖБМ-тегі сабақ жоспарларының үлгілерін жинастыру) 8. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі 1.Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер.-Алматы, 2002. 2.Адильгазинов Г.З., Хмель Н.Д. Особенности организации управления педагогическим прцессом в малокомплектной школе -А. 2002 3. Астамбаева Ж.Қ. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясы.-Алматы, 2002. 4. Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектеп жұмысын ұйымдастыру. Алматы, 2001. 5.Құсайынұлы Ы.Қ., Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектептердегі бастауыш сыныптардағы оқыту әдістері.-Алматы, -2001. 6.Кондратенко.А.Е.,Осовский.Е.Г.Сельская малокомплектная школа:целовая программа иследования//Советская педагогика-1987№7.-С.53-57 7.Суворова.Г.Ф.Совершенствовать работу малокомплектных сельских школ// Советская педагогика-1986№2.-С.66-69. 8.республикадағы аз комплектілі мектептер ондағы проблемалар(социологиялық зерттеу материалы бойынша)/Дайындаған Жандарина.М.Ж. жәнет.б-Алматы,1990.- 80С. 9.МамироваК.Н.Малокомплектные школы:состаяние,проблемы,перспективы.Алматы,2000.С.134-136 10. Сельская малокомплектная школа:Пособие для руководителейшкол/НИИшкол/Сост.Давыдов.В.П.,Валенко О.И-М.:НИИШ,1986.-150с 11. Суворова.Г.Ф.,Кудрявцев.С.В.Рациональное использование кадрого потнециала сельских малокомплектных школ// Советская педагогика-1984№9.- С.88-92. 12.В помощь малокомплектной школе:Сб.материалов/Составители:Ж.А.Караев,Е.А.Ушуров идр.-Астана,2000.-69 с 13,Аналитический доклад« О состоянии малокомплектных школ »/Рассмотрен на Республиканском семинаре, проведенном Фондом Сорос-Казакстан 10-11апреля , г.в.г.Алматы. 14.Аскарбаев.А.,Хранченков.Г.М. Содержание и методыобучения в малокомплектных школе.-Алма-Ата:Мектеп,1985.-88с. 15. Адильгазинов Г.З Педагогические основы подготовки учителя к управлению процессом обучения в малокомплектной школе: теория и практика (монография).-Усть-Каменогорск:Изд.-ВКГУ, 1997.- 180с. 16. П.Т. Фролов «Особеннности педагогического процесса в малокомплектной школе».,-М.-1991 17. В.П. Стрезикозин «Урок в сельской малокомплектной школе».,-М. Емтихан сұрақтары ... 1.ШЖМ мектептің ерекшелігін, мәнді белгілерін атаңыз 2.ШЖМ мектептегі оқыу үрдісінің басты міндетері қандай? 3.Білім-біліктілікті пәндік тұрғыда бытыраңқы меңгертудің оқу үрдісіндегі мүмкіндіктері қандай? 4.Шағын жинақты мектептеғі оқу үрдісінің өзіндік ерекшелігі қандай? 5.Шағын жинақты мектептің өзіне тән тиімді жақтарына тоқталыңыз 6. Шағын жинақты мектептің кемшілік тұстары барма, оны шешу жолдарын атаңыз 7. Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс әрекеттеріне кіріктіру, жүзеге асыру дегенді қалай түсінесіз? 8. Оқушыладың сабақтан тыс әрекеттіндегі оқу мен тәрбие үдерістерін кіріктіруді жүзеге асырудың шарттарын атаңыз 9. Л.И. Новикова атап өткен шағын комплектілі мектептің тәрбие жүйесі 10. Тәрбие жүйесінің тұтас топтамасына зерттеушілер қатары сипаттама беруде бұрын атап өтілген мақсаттармен қатар, тағы нені басты атап өткен? 11.Шағын жинақты мектептің ерекшелігі неде? 12. Шағын жинақты мектепте сабақты ұйымдастыру мен жоспарлаудың спецификасы қандай? 13.Шағын жинақты бастауыш мектепте сабақты ұйымдастыру мен жоспарлаудың тиімді жақтарын атаңыз 14. . Жоспар жасау дегеніміз не? 15. Жоспардың түрлеріне тоқталыңыз: 16.Перспективалық жоспар аудандық (қалалық) оқу бөлімдерімен келісілеме?. 17.Жылдық жоспарлар оқу жылының қай мерзімінде жасалады және кімдер бекітеді?. 18.Перспективалық жоспарға не кіреді?: 19.Оқу жылына арналған мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарының, құрылымына не кіреді, үлгі ретінде көрсетіңіз? 20.ШЖМ-тегі тәрбие процесінің ерекшелігі неде? 21. ШЖМ-тегі тәрбие процесінің бағыттары қандай? 22.Өздік жұмыстың түрлері 23. Көрнекіліктердің маңызы 24. Көрнекіліктер жасауға қойылатын талап 25 Революцияға дейін Қазақстанда қандай типтегі мектептер құрылды. 26. Ауыл мектептерінің қоғамдағы рөлі қандай? 27.Н.А.Бобровников,айтуы бойынша ұжымдық оқу жұмысы бастауыш сыныпта аз болшекті мектептерде неге байланысты болды 28. Шағын мектепте педагогикалық процесті басқрудаағы пәнаралық интеграция 29. Пәнаралық интеграцияның мәні 30. Пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру жолдары 31.В.М Монаховтың орта мектептердегі берілетін сынып пәндерінің оқу процестеріндегі технологиялық ерекшеліктеріне тандау жасау. 32.Ұсынылып отырған технологияның оң және теріс жақтарын бағала, шағын жинақы мектептерде педагогикалық процестерге ену мүмкіндігін көрсет. 33. дәрежелі меңгерудің (В.П Беспалько бойынша) нақ бөлінісі қаншалықты ақталған? 34.ШЖМ жайында оқу-әдістемелік құралдар жинақтаңыз. 35.ШЖМ-тегі кейбір шешімін таппаған мәселелерді атап көрсетіңіз 36.ШЖМ-тегі кейбір шешімін таппаған мәселелерді атап көрсетіңіз 37.ШЖМ оқушыларының білім, білік, дағдыларының деңгейін анықтауда тесттің маңызы зор. Тесттің түрлерін көрсетіңіз 38. Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс әрекеттеріне кіріктіру, жүзеге асыру дегенді қалай түсінесіз? 39. Оқушыладың сабақтан тыс әрекеттіндегі оқу мен тәрбие үдерістерін кіріктіруді жүзеге асырудың шарттарын атаңыз 40. Л.И. Новикова атап өткен шағын комплектілі мектептің тәрбие жүйесі 41. Тәрбие жүйесінің тұтас топтамасына зерттеушілер қатары сипаттама беруде бұрын атап өтілген мақсаттармен қатар, тағы нені басты атап өткен? 42.Шағын жинақты мектептің ерекшелігі неде? 43. Шағын жинақты мектептің кемшілік тұстары барма, оны шешу жолдарын атаңыз 44. Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс әрекеттеріне кіріктіру, жүзеге асыру дегенді қалай түсінесіз? 45. Оқушыладың сабақтан тыс әрекеттіндегі оқу мен тәрбие үдерістерін кіріктіруді жүзеге асырудың шарттарын атаңыз 46. Л.И. Новикова атап өткен шағын комплектілі мектептің тәрбие жүйесі 47. Тәрбие жүйесінің тұтас топтамасына зерттеушілер қатары сипаттама беруде бұрын атап өтілген мақсаттармен қатар, тағы нені басты атап өткен? 48.Шағын жинақты мектептің ерекшелігі неде? 49. Көрнекіліктер жасауға қойылатын талап 50 Революцияға дейін Қазақстанда қандай типтегі мектептер құрылды. 51. Ауыл мектептерінің қоғамдағы рөлі қандай? 52.Н.А.Бобровников,айтуы бойынша ұжымдық оқу жұмысы бастауыш сыныпта аз болшекті мектептерде неге байланысты болды
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz