Файл қосу

Тау жыныстарының түзілімі












                        «ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕОМОРФОЛОГИЯ»


                       ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



          5В071100 «Геодезия және картография» мамандығына арналған





                        ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  МАТЕРИАЛДАР























                                    Семей


                                     2013



                                  Алғы сөз
    1. ӘЗІРЛЕГЕН
         Құрастырған  –  Семей  қаласындағы  Шәкәрім  атындағы   мемлекеттік
    университет,    «Геодезия және құрылыс»кафедрасының  меңгерушісі,т.ғ.к.
    Күдіринова Н.А.,және аға оқытушы Күдіринов С.М.
                                                  «_02_» __09__2013 ж.


    2. ТАЛҚЫЛАНДЫ.
    2.1.  Семей   қаласы   Шәкәрім   атындағы    мемлекеттік   университет,
    «Геодезия және құрылыс» кафедрасының отырысында.
                                                      №  1 хаттама   «_02_»
__09___ 2013 жыл




      Кафедра меңгерушісі, доцент ____________   Н.А.Күдерінова






      2.2.    Ақпараттық-коммуникациялық    факультетінің    оқу-әдістемелік
      кеңесінің отырысында


      № 1 хаттама  «_11_» __09__ 2013 жыл.




    Төрағасы _________________________    Р.С.Бекбаева




    3. БЕКІТІЛГЕН.
    Университеттің оқу-әдістемелік жиынында ұсынылып,құпталға
    № 1 хаттама  «_18_» __09__ 2013 жыл.




    ОӘК төрайымы,бірінші проректор_________________Г.К.Искакова














    4. БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН





    Мазмұны


    |1 |Лекциялар                                                        |4    |
|2 |Тәжірибелік (семинар) сабақтары                                  |20   |
|3 |Студенттің өздік жұмысы                                          |21   |
|4 |Студенттерге арналған тест сұрақтары                             |22   |



   1. ЛЕКЦИЯЛАР

№  1 лекция
Кіріспе. Жердің құрамы мен құрлымы, физикалық қасиеттері.
Лекция дәрісінің мазмұны:
1. Геология пәні мен міндеттері.
2. Геологиялық ғылымдар циклі.
3. Жер қойнауын зерттеу әдістері.
4. Жердің құрылымы.
      Геология  –  Жердің  құрылымын,  құрамын,  пайда  болуын  және  дамуын
зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының бірі. Ол Жердің  беті  мен  қойнауында
өтетін құбылыстар мен процестерді зерттейді. Зерттеу барысында геология  Жер
туралы көп ғасырлық тәжірибелерге және әртүрлі  арнайы  әдістерге  сүйенеді.
Басқа Жерді зерттейтін ғылымдардан  айырмашылығы  геология  Жердің  қойнауын
зерттейді. Сондай-ақ, жердің тас қабаты – жер  қыртысын  және  ішкі  (мантия
мен ядро), сыртқы (атмосфера, биосфера,  гидросфера)  қабаттарын  зерттейді.
Геологияның зерттеу объектілеріне  минералдар,  тау  жыныстары,  органикалық
қалдықтар қазындысы, геологиялық процестер жатады.
      Геология  Жермен  байланысты  басқа  ғылым  салаларымен  де,   мысалы,
астрономиямен,  геодезиямен,  географиямен,  биологиямен  тығыз  байланысты.
Геология,  сондай-ақ,  дәл  ғылымдар  -  математика,  физика,   химияға   да
сүйенеді.  Геология  өз   ішінде   көптеген   ғылыми   салаларға   бөлінеді.
Петрография – магмалық және метаморфтық  тау  жыныстарын  зерттейтін  ғылым.
Литология  –  шөгінді  тау  жыныстарын  зерттейді.  Минералогия   –   табиғи
қосылыстар, яғни минералдарды зерттесе, геохимия – жер  қойнауында  химиялық
элементтердің   таралу   заңдылығын   қарастырады.   Динамикалық    геология
(геотектоника, сейсмология,  вулканология)  –  жер  бетінің  бедерін  түзуші
геологиялық процестерді қарастырады.
      Геологияның  қолданатын  әдістерін  негізгі  геологиялық  және  жанама
(топырақтану, археологиялық, геоморфологиялық) деп  бөлуге  болады.  Негізгі
геологиялық әдістерге мыналар жатады:
     1. Далалық геологиялық түсіріс әдісі – скважиналарды бұрғылау  кезінде
        алынған керн материалдары арқылы геологиялық жыныстарды, шахталарда
        тау жыныстарының қабаттарын, жанартау қалдықтарын далалық  жағдайда
        зерттейді.
     2. Геофизикалық  әдіс  –  Жердің  терең  қабаттарын  және  литосфераны
        зерттеу кезінде қолданылады. Сейсмикалық  әдіс  –  арқылы  көлденең
        және қума толқындардың таралу  жылдамдығын  ескере  отырып,  Жердің
        ішкі қабаттарын бірнеше бөліктерге бөлу мүмкін болды.  Гравиметрлік
        әдіс – Жер бетіндегі ауырлық  күшінің  тарауын,  өзгеруін  бақылап,
        гравитациялық аномалиялардың теріс және оң екендігін ажыратады, сол
        арқылы пайдалы қазба кен орындарын анықтауға болады. Палеомагниттік
        әдіс – тау  жыныстарының  құрамындағы  кристалдардың  магниттілігін
        анықтайды.
     3.  Асторномиялық  және  космостық  әдіс  –  метеориттерді  зерттеуге,
        литосфераның  шалқу-қайту  қозғалысына,  сондай-ақ  ғарыштан  басқа
        планеталар ен Жерді зерттеуге негізделген. Осы арқылы Жер мен басқа
        планеталарда болып жатқан  процесстер  мен  олардың  пайда  болуына
        болжамдар жасалады.
     4. Моделдеу әдісі – зертханалық жағдайда геологиялық процестердің  өту
        кезеңдерін зерттеуге мүмкіндік береді.
     5.  Актуализм  әдісі  –  қазіргі  кезде  болып   жатқан   геолеогиялық
        процестердің әсерінен  түзілетін  тау  жыныстарының  ерекшеліктерін
        зерттеумен айналысады. Бұрынғы  заманда  өтіп  кеткен  процестердің
        қайталауы байқалады.
     6. Минерологиялық  және  петрографиялық  әдіс  –  минералдар  мен  тау
        жыныстарын зерттейді (пайдалы қазбаларды іздеу, Жердің даму тарихын
        қалпына келтіру, т.б.).
      Күн жүйесіне енетін  Жер  планетасы  осы  жүйедегі  массаның  99,87%-н
алады. Жалпы  осы  жүйеге  енетін  барлық  планеталардың  ерекшелігі  оларда
құрамы  әртүрлі  бірнеше  қабаттардың  болуы.  Жердің  сыртқы   қабаттарына:
экватордан 17 км биіктікте орналасқан – тропосфера, одан жоғары  стратосфера
мен мезосфера, 80-800 км биіктікте – ионосфера, 1800 км  биіктікке  дейін  –
экзосфера жатады. Жердің  массасы 5,98*1027 г, ал көлемі –  1,083*1027  см3.
Жердің орташа тығыздығы 5,5 г/см3 шамада.  Жердің  ішкі  қабаттарын  зерттеу
үшін геофизикалық әдістер қолданылады. Бұл әдісте  сейсмикалық  толқындардың
таралуы   басты   негізге   алынады.   Толқындар   түрлі   жарылыстар    мен
сілкіністердің нәтижесінде туындайды және  олардың  көлденең,  қума   толқын
түрлері  көп  таралған.  Қума  толқындар   толқындардың   таралу   бағытында
заттардың сығылу және  созылуы  кезектесіп  отыруымен  сипатталса,  көлденең
толқындарда  толқын  таралуына   перпендикуляр,   бағытының   ұзына   бойына
жылжымалар кезектесіп отырады. Қума  толқындар  сұйық  және  қатты  заттарда
бірдей  таралса,  көлденеңдер  тек  қатты  заттың  бойымен   таралады.   Осы
толқындардың  белгілі  бір  тереңдікте  қалай  таралуына  байланысты  Жердің
бірнеше ішкі  қабаты  (геосфералар)  анықталып  отыр.  Сонымен,  негізгі  үш
шекараға байланысты жер қыртысын, мантия мен ядроны ажыратуға болады.
      Бұл қабаттарды бір бірінен ажырататын аралық зоналар да  бар,  мысалы,
жер қыртысын мантиядан  ажырататын  Мохоровичич  (Мохо)  шекарасы  бар.  Бұл
қабаттарда қума толқындар  6,7-8,1  км/с  жылдамдықпен  таралады.  Заттардың
тығыздығы 2,7-3 г/см3, Мохо шекарасы құрлықтан 30-80 км, ал  мұхиттардан  4-
10 км тереңдікте орналасқан.Мантия – Жер геосферасының ең қылың  қабаты.  Ол
2900 км тереңдікке дейін созылып, жердің 82,26 % көлемін алып жатыр.  Жердің
67,8 % массасы мантияда жинақталған. Жер  қыртысымен  байланысқан  бөлігінде
мантияның құрамы  тығыз  заттардан  тұрады,  сондықтан  осы  аралас  қабатты
литосфера деп те атайды.Жердің ядросы  –  планетаның  орталық  бөлігі  болып
табылады.  Жер массасының үштен бір бөлігін алып жатқан ядро көлемі  жағынан
16  %  ғана  меншіктейді.  Сейсмикалық  толқындардың  таралуына   байланысты
анықталған зерттеулер нәтижесі  ядроның  құрамы  сұйық  заттардан  тұратыны,
қысымның өте жоғары екендігі белгілі болған. Ядроның тығыздығы  5520  кг/м3.
Мөлшермен 5100 км тереңдікте сейсмикалық толқындардың таралуы  8100  м/с-тан
11000  м/с-ге  дейін  артады.  Осыған  байланысты  ядроның  орталық   бөлігі
қаттырақ заттан тұрады деп есептеледі, яғни  темірдің  оксидті  қосылысынан,
никельден, кремний қосылыстарынан тұрады.
      Жер қыртысы мен жалпы жерде ең басты  10  химиялық  элемент  таралған.
Оларға, пайызбен есептегенде: оттегі - 30,12; кремний – 15,12;  аллюминий  –
1,41; темір – 32,07; магний – 13,9; кальций – 1,54; натрий – 0,12;  калий  –
0,023; никель – 1,82; күкірт – 2,92.
      Жердің пайда болуына ең алдымен кеңістіктегі  иондалған  атомдары  бар
жұлдызды газ  әсер  еткен  деп  болжайды.  Температураның  өзгеру  жағдайына
байланысты бұл атомдар суынып, өзара консолидация  жүрген.  Күн  жүйесіндегі
көне денелердің бірі  метеориттердің  геохронологиялық  жасы  4,5-4,7  млрд.
жыл. Ал Айдың заттық құрамының абсолюттік жасы –  4,7  млрд.  жыл.  Осыларға
сәйкес Жер 5 млрд. жыл бұрын пайда болды деп болжайды.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Добровольский В.В Геология-М.: Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2001.
2. Құсайнов Б.Ж.  Жалпы геоморфология. – Алматы: Рауан, 2005.
3. Ананьев В.П., Потапов А.Д. Основы геологии, минерологии и петрографии.  –
М.: Высшая школа, 1999.
4. Гурский Б.Н., Гурский Г.В. Геология. – Минск: Вышэйшая школа, 1985.

№2 лекция
Кристаллографияның негізгі заңдылығы.
Лекция дәрісінің мазмұны:
1. Кристаллографияның негізгі заңдылығы.
2.Табиғи кристалдық заттардың қасиеттері.
3.Кристаллогенезис.
      Жер бетіне жақын  орналасқан  тау  жыныстары  геологтарға  сол  жердің
өткені  мен  бүгіні  туралы   мәліметтерді   бере   алады.   Тау   жыныстары
минералдардан немесе  көне  тау  жыныстарының  қалдықтарынан  тұрады.  Жалпы
минералдарға олардың кристалдық маңызы көп әсер  етеді.   Кристаллографияның
ғылым болып дамуына Стенон Николай көп еңбек сіңірді. 1669 жылы  бұрыштардың
тұрақтылық заңдылығын ашты, бұл заңда «бір минералдың немесе заттың  әртүрлі
пішіндегі кристаллдары өзгермейтін, өздерін қайталайтын бұрыштар мен  сәйкес
келетін қырлардан тұрады» деп  айтылған.  Бұл  заңды  1740  жылдары  орыстың
көрнекті ғалымы М. В. Ломоносов пен француз минерологы  Жан  –  Б.  Роме  де
Лильде ашқандықтан атауында Стенон –  Ломоносов  –  Роме  де  Лил  заңы  деп
айтады.
      Кристалдардың  табиғи  қасиеттерінің  біріне  –  біртектілік   жатады.
Дененің біртектілігі криталдың бір басында  болған  бұрыш  немесе  қыры  сол
дененің тағы бір бөлігінде геометриялық жағынан да,  физикалық  тұрғыдан  да
сәйкес келетін нүктені табады. Анизотроптылық –  криталдың  әртүрлі  бағытта
әртүрлі қасиетке ие болуын айтамыз.  Симметрия  –  геометриялық  пішіндердің
бөліктері бір-бірін қайталап, бастапқы қалпына келу  қасиеті.  1-ші  суретте
сииметриялы                      пішіндер                       келтірілген.




                                    [pic]
                        1-ші сурет. Симметрия түрлері

      Табиғи жағдайда кристалдар әртүрлі геологиялық процестер нәтижесінде:
ерітіндіден, балқудан, бідан, газдан немесе қатты фазадан пайда болады.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Добровольский В.В Геология-М.:Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2001
2. Құсайнов .  Жалпы геоморфология
3. Ананьев В.П., Потапов А.Д. Основы геологии, минерологии и петрографии.  –
М.: Высшая школа, 1999.
4. Гурский Б.Н., Гурский Г.В. Геология. – Минск: Вышэйшая школа, 1985.

№3 лекция

Минералдардың таралуы мен пайда болуы.

Лекция дәрісінің мазмұны:
1. Минералдардың химиялық кластары.
2. Минералдардың құрылымы мен полиморфизм.
3. Минералдардың морфологиясы
      Жер қыртысы көптеген таужыныстарынан тұратыны белгілі. Ал таужыныстары
дегеніміз - бір немесе бірнеше минералдардан құралған  зат.  Минерал  деп  –
бір  немесе  бірнеше  химиялық  элементтердің  атомдарынан  тұратын   табиғи
химиялық қосылыстарды айтады. Кез келген  физикалық  дене,  яғни  минералдың
өзіндік  диагностикалық  қасиеттері  болады.  Оның  өзіне  ғана  тән   түсі,
меншікті салмағы, тығыздылығы, қаттылығы, жымдастығы, оптикалық  қасиеттері,
жалтырлығы, түсінің дағы және т.б. болады.
      Минералдардың меншікті салмағы кең ауқымда өзгереді. 19-21-ден 1  және
одан да төмен меншікті салмағы бар минералдар  табиғатта  өте  көп  тараған.
Әсіресе, ауыр металдардың қосылысына  түзілген  минералдардың  салмағы  ауыр
болып келеді. Меншікті салмақтың ауыр болуы кристаллохимиялық құрылымына  да
тікелей байланысты. Мысалы,  алмас  бен  графиттің  химиялық  құрамы  бірдей
көміртегінен тұрса да,  кристаллохимиялық  құрылымдары  әркелкі,  сәйкесінше
алмас графиттен екі есе ауыр болып келеді.
      Минералдардың  кристаллохимиялық  құрылымы  олардың   қаттылығына   да
байланысты.  Минералдардың  қаттылығы  оларды  қатты  бір  затпен   (алмасты
инемен) сызғанда қалатын ізбен анықталады. Геологияды  қаттылықты  анықтауға
арналған Моос шкаласы бар, ол он минералдан құралған. Тәлк – 1,  гипс  –  2,
кальцит – 3, флюорит – 4, апатит – 5, дала шпаты – 6, кварц – 7, топаз –  8,
корунд – 9, алмас - 10.
      Минералдардың тағы  бір  сыртқы  құрылымына  қатысты  қасиеті  олардың
жымдастығы болып табылады. Оның аса жымдасқан, жымдасқан, шынайы  жымдасқан,
жымдаспаған деген түрлері болады. Кейбір минералдардың жымдастығы емес,  тек
сынғыштығы анықталады. Оған сәйкес – жарықшақ тәрізді, ирек  тәрізді,  ілгек
тәрізді, топырақ тәрізді болып бөлінеді.
      Мөлдірлігіне байланысты минералдардың  мөлдір  емес,  жартылай  мөлдір
және мөлдір деген түрлері бар. Мөлдірліктің өзі  минералдың  жарық  сәулесін
өзінен өткізу, жарықтың жұтылу қасиетін сипаттайды.
      Ал жалтырлық болса минералдардың бетіне  жарық  сәулесінің  түскендегі
сипатын көрсетеді. Егер минералдың  беті  тегіс,  майда  болса  оған  түскен
жарық әсерінен көзбен қарағанда жылтырлық  байқалады,  ал  егер  беті  тегіс
емес,  кедір-бұдырлы  болса,  майлы,  қылқанды,  жылтырлық  әр  жерінде  бір
байқалғанын көреміз.  Жалтырлыққа  байланысты  металдай,  металша,  шыныдай,
алмастай деп ажыратамыз.
      Минералдың түсінің дағы майда фарфор  сынығына  минералды  үйкелегенде
қалатын ұнтақпен анықталады.
      Сондай-ақ жекелеген минералдарға ғана тән қасиеттер  де  болады,  оған
мысал   ретінде,   темірге   тән   –   магниттілікті,   уранитке    тән    –
радиоактивтілікті, лабродорға тән – иризацияны айтуға болады.
      Минералдардың  негізгі  құрамы  периодтық  системаның  мына   химиялық
элементтерінен тұрады: Si, O, H, Al, Ca, Na, Mg, Cu, Pb, S және т.б.
      Минералдардың классификацияға жіктелу  минералдардың  химиялық  құрамы
мен кристалдық құрылымына бацланысты болады:
1 класс – саф элементтер мен қарапайым заттар: Au, Ag, Pt, Hg, Cu, As, Sb,
Bi, C, S.
2 класс – сульфидтер.
3 класс – галоидтар (галогенидтер).
4 класс – оксидтер мен гидроксидтер.
5 класс - силикаттар, алюмосиликатар.
6 класс – бораттар.
7 класс – карбонаттар [CO3]2-.
8 класс – нитраттар [NO3]-.
9 класс – фосфаттар РО4]3-.
10 класс – сульфиттер.
11 класс – молибдаттар [МоО4]2-  мен вольфраматтар [WO4]2- .


Тау жыныстары - әртүрлі минералдық агрегаттардан тұрады. Тау жыныстары
мономинералдардан және полиминералдардан тұрады. Тау жыныстары белгілі бір
геологиялық жағдайда пайда болады, оның жатыс жағдайы, минералдық
құрамындағы өзара байланыс та әсер етеді. Осыған сәйкес тау жыныстарының
құрылымы мен түзілімі анықталады. 2-ші суретте тау жыныстарында кездесетін
құрылым мен түзілімдердің түрлері келтірілген.

                                    [pic]

                    2-ші сурет. Тау жыныстарының түзілімі
      Жаратылысына байланысты тау жыныстары үшке бөлінеді:
     1. Магмалық – магма әрекетінен пайда болған жыныстар;
     2. Шөгінді – экзогенді процестермен байланысты жыныстар;
     3. Метаморфтық – магмалық және шөгінді  жыныстардың  өзгеруінен  пайда
        болған жыныстар.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Добровольский В.В Геология-М.:Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2001
2. Құсайнов .  Жалпы геоморфология
3. Ананьев В.П., Потапов А.Д. Основы геологии, минерологии и петрографии.  –
М.: Высшая школа, 1999.
4. Гурский Б.Н., Гурский Г.В. Геология. – Минск: Вышэйшая школа, 1985.

№4 лекция
Геодинамикалық процестер. Магматизм.
Лекция дәрісінің мазмұны:
1. Геодинамикалық процестер туралы жалпы түсінік.
2. Магматизм. Магма туралы түсінік.
3. Интрузивті магматизм.
4. Эффузивті магматизм немесе вулканизм.
5. Постмагмалық процестер.
6. Магмалық тау жыныстары.
      Тау жыныстарының  бұзылып,  үгітілген  материалдардың  орын  ауыстыруы
денудация  деп  аталады.  Бұл  процес  биіктігі  жоғары  аудандарда  жүреді.
Бедердің аласарған аймақтарында аккумуляция процесі  жүреді,  яғни  жыныстар
үйіліп, жыналып қалуын айтады.
      Магматизм деп жоғары температура мен қсымда  Жердің  жоғарғы  мантиясы
мен жер қыртысының терең  қабаттарында  жүретін  процесті  айтады.  Магманың
химиялық құрамында мына элементтер  көп  кездеседі:  SiO2,  FeO,  CaO,  MgO,
Na2O, K2O (97% дейін), жеңіл компоненттер: CO2, H2, H2O,  F2,  B  және  т.б.
магманың кристалдануы 1000-16000 С аралығындағы температурады жүреді.
       Интрузивті магматизм –  жер  қыртысының  әртүрлі  тереңдігіндегі  тау
жыныстарында магманың еніп, қату процесін айтады.  Олардың  өзіне  ғана  тән
интрузивті  пішіндері  болады.  Орналасу  тереңдігіне  байланысты   жартылай
тереңдікті (гипабиссальді) және тереңдікті (абиссальді)  дене  деп  аталады.
Интрузивті денелердің түрлері 3-суретте келтірілген.


                                 [pic][pic]

3-ші сурет. Интрузивті дененің түрлері: 1 – тарамдалған желілер, 2 –
пластты желілер, 3 - лополит, 4 - факолит, 5 – лакколит, 6 - батолит, 7-
шток.
      Эффузивті магматизм немесе вулканизм – бұл Жер бетіне лаваның төгіліп,
газдың бөлінуінен немесе кесек материалдың шығуын айтады. Газдың  мөлшеріне,
олардың құрамы  мен  температурасына  байланысты:  лава  құрамының  өзгеруі,
жарылысты атқылау, магманың баяу қайнау процестері  жүреді.  Вулкан  атқылау
нәтижесінде  сұйық,  қатты  және  газ  тәрізді  заттар  бөлінеді.  Вулкандар
типтеріне байланысты: орталықтанған,  сызықты  немесе  жарықты  болып  екіге
бөлінеді. 4-ші суретте  а  -  орталықтанған,  б  -  сызықты  вулканның  типі
келтірілген.


                                 [pic][pic]
              Орталықтанған вулкан типі.              Сызықты вулканның
типі
                       4-ші сурет. Вулканның типтері.


      Постмагмалық процестерге: фумаролалар, термиялар, гейзерлер жатады.
      Магмалық тау жыныстарының құрамында барлық химиялық элементтер
кездеседі. Ең бастыларына O, Si, Al, Fe, Ca, Mg, K, Na, Ti, H.  Құрамында
Si O2 қанша пайыз болуына байланысты магмалық жыныстар: ультранегізді <
45,0; негізгі 45 – 52,0; орташа 52 – 65,0; қышқыл 65 – 75,0 деп бөлінеді.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Добровольский В.В Геология-М.:Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2001
2. Құсайнов .  Жалпы геоморфология
3. Ананьев В.П., Потапов А.Д. Основы геологии, минерологии и петрографии.  –
М.: Высшая школа, 1999.
4. Гурский Б.Н., Гурский Г.В. Геология. – Минск: Вышэйшая школа, 1985.

№5 лекция
Физикалық   үгілу-мору.   Химиялық   үгілу-мору.   Үгілу   қыртысы.   Желдің
геологиялық әрекеті.
Лекция дәрісінің мазмұны:
1. Физикалық үгілу-мору.
2. Химиялық үгілу-мору.
3. Үгілу қыртысы.
4. Желдің геологиялық әрекеті.
      Үгілу-мору процесінің екі типі бар: физикалық және химиялық. Физикалық
үгілу – жылу  мен  ылғал  жетпейтін,  шөлді  және  суық  аймақтарда  жүретін
процес.  Негізінен  атмосфералық  температураның  өзгерісі   басты   назарға
алынады. Химиялық үгілу ауасы ылғалды және жылы аймақтарда  жүретін  процес.
Мысалы  гетит  минералы  гидрогетитке  (FeFe2O4→  Fe2O3)   өзгеріп   кетеді.
Химиялық процес кезінде гидратация, еру, гидролиз әрекеті де жүреді.
      Үгілу қыртысы деп  түпкілікті  тау  жыныстарының  бұзылып  өз  орнында
үгітіліп қалған, қалдық  жыныстарды  айтады.  Бұл  процесті  эллюви  деп  те
айтады. Бұл жерлерде боксидтердің, темір рудаларының,  никельдің,  кобальтың
кен орындары пайда болады.
      Жел құрлықтағы денудациялық агент болып табылады. Әсіресе,  құрылықтың
20% алып жатқан шөлді және  жартылай  шөлді  аймақтарда  желдің  геологиялық
әрекеті жақсы жүреді. Желдің әрекетін эол деп  те  айтады.  Ол  дефляциядан,
корразиядан, орын ауыстырудан және аккумуляциядан тұрады..
Ұсынылатын әдебиет:
1. Добровольский В.В Геология-М.:Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2001
2. Құсайнов .  Жалпы геоморфология
3. Ананьев В.П., Потапов А.Д. Основы геологии, минерологии и петрографии.  –
М.: Высшая школа, 1999.
4. Гурский Б.Н., Гурский Г.В. Геология. – Минск: Вышэйшая школа, 1985.

№6 лекция
Уақытша арналық ағыстар мен олардың жыныстары.
Лекция дәрісінің мазмұны:
1. Уақытша арналық ағыстар мен олардың жыныстары.
2. Өзендердің геологиялық әрекеті.
3. Өзен аңғарының жалпы құрылысы.
4. Өзеннің жарқабақтық бөлігі.
      Жазқтық шайылуды геологияда деллюви деп атайды. Делювидің қалыңдығы 15-
20 және одан жоғары метрге дейін жетеді. Делювидің пайда болу  схемасы  5-ші
суретте көрсетілген.
                                    [pic]

  5-ші сурет. Делювидің пайда болу схемасы: 1 – алғашқы беті; 2 – жазықтық
          шайылу нәтижесінде жартас бетінің төмендеуі; 3 – делюви.
      Өзендер  денудациялық  және  аккумуляциялық  жұмысты  қатар  атқарады.
Өзендердің  жұмыс  атқару  қабілеті  өзен  энергиясы  немесе  күші  (К)  деп
аталады.
      Өзеннің террасаларының типтері 6-шы суретте келтіріген.
                                    [pic]

      6-шы  сурет.  Өзен  террасасының   типтері:   А-   эрозиондық   немесе
скульптуралық; Б-аккумулятивтік; В-цокольдік; Р-арна;  П-пойма  ;  I,II,III-
поймалық террасалар;  H1,H2,H3-эрозионды  циклдер.  1-аллювий;  2-түпкілікті
жыныстар.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Добровольский В.В Геология-М.:Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2001
2. Құсайнов .  Жалпы геоморфология
3. Ананьев В.П., Потапов А.Д. Основы геологии, минерологии и петрографии.  –
М.: Высшая школа, 1999.
4. Гурский Б.Н., Гурский Г.В. Геология. – Минск: Вышэйшая школа, 1985.

№7 лекция
Жер асты суларының геологиялық әрекеті.
Лекция дәрісінің мазмұны:
1. Жер асты суларының геологиялық әрекеті.
2. Мұздықтардың геологиялық әрекеті.
3. Теңіздің геологиялық әрекеті.
4. Шөгінді тау жыныстары.
      Жерасты суларына  Жердің  қойнауындағы  тау  жыныстарының  кеуектерін,
жарықтарын толтырып отырған сұйық, бу тәрізді және  қатты  күйдегі  сулардың
барлығы  жатады.  Жаратылысына  байланысты  инфильтрациялы;   конденсациялы,
седиментті,  аморфоген  аралық  деп  бөлінеді.аэрация  зонасында  орналасқан
суларды: топырақтық, беттік,  пласт  аралық,  арынды  деп  бөледі.  Сулардың
кермектілігі құрамында CaSO4, MgSO2, NaCl тұздарының, Ca(HCO3)2,  Mg(HCO3)2,
NaHCO3 сілтілерінің болуымен анықталады.
      Шөгінді тау жыныстары: кесекті, хемогенді  немесе  органогенді,  сазды
деп классификацияланады.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Добровольский В.В Геология-М.:Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2001
2. Құсайнов .  Жалпы геоморфология
3. Ананьев В.П., Потапов А.Д. Основы геологии, минерологии и петрографии.  –
М.: Высшая школа, 1999.
4. Гурский Б.Н., Гурский Г.В. Геология. – Минск: Вышэйшая школа, 1985.

№8 лекция
Метаморфизм  туралы  жалпы   түсінік.   Метаморфизм   факторлары,   типтері.
Метаморфизмдегі  кезеңділік,  зоналары   мен   фациялары.   Метаморфты   тау
жыныстары.
Лекция дәрісінің мазмұны:
1. Метаморфизм туралы жалпы түсінік.
2. Метаморфизм факторлары, типтері.
3. Метаморфизмдегі кезеңділік, зоналары мен фациялары.
4. Метаморфты тау жыныстары.
      Метаморфизм  деп  тау   жыныстарының   әртүрлі   эндогенді   процестер
нәтижесінде қайта өзгеруін айтамыз. Тау жыныстарының  барлық  өзгерісі  қайа
кристалдану процесінде жүзеге асады. Негізгі факторларға температура,  қысым
және химиялық заттар  жатады.  Метаморфизмнің  негізгі  типтеріне  аймақтық,
контактілі  және  динамиметаморфизм  жатады.  Метаморфты  тау   жыныстарының
түзілім түрлері: сланецті, жолақты, бұра, линзалы.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Добровольский В.В Геология-М.:Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2001
2. Құсайнов .  Жалпы геоморфология
4. Гурский Б.Н., Гурский Г.В. Геология. – Минск: Вышэйшая школа, 1985.

№9 лекция
Жер  қыртысының  типтері.  Жердің  және  жер  қыртысының  тектоникалық  даму
гипотезасы.
Лекция дәрісінің мазмұны:
1. Жер қыртысының типтері.
2. Жердің және жер қыртысының тектоникалық даму гипотезасы.
Жер қыртысының екі негізгі түрі бар: құрлықтық және мұхиттық және екі
аралық: субконтинентальді және субмұхиттық болып бөлінеді.

                                    [pic]
      7-ші  сурет.  Жер  қыртысының  қабаттары.  1-  шөгінді  жыныстар;   2-
вулкандық жыныс; 3- гранитті  қабат;  4-  базальтты  қабат;  5-  Мохоровичич
шекарасы; 6- жоғарғы мантия.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Добровольский В.В Геология-М.:Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2001
2. Құсайнов .  Жалпы геоморфология
3. Ананьев В.П., Потапов А.Д. Основы геологии, минерологии и петрографии.  –
М.: Высшая школа, 1999.
4. Гурский Б.Н., Гурский Г.В. Геология. – Минск: Вышэйшая школа, 1985.

№10 лекция
Жердің жасы. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы мен оларды анықтау әдісі.
Лекция дәрісінің мазмұны:

Возраст Земли и периодизация геологических событий

1. Жердің жасы.
2. Тау жыныстарының салыстырмалы жасы мен оларды анықтау әдісі.
      Жердің жасы 4,6 млрд. Жыл деп болжанып отыр. Жердің жасын анықтау үшін
салыстырмалы  және  абсольютті  жас  анықтау   әдістері   қолданылады.   Тау
жыныстарының салыстырмалы  жасын  анықтауда  стратиграфиялық,  литологиялық,
тектоникалық, геофизикалық әдістер қолданылады. Тау  жыныстарының  абсолютті
жасын   анықтауда   геохронологияның   ядерлік   әдісі,    тұздану    әдісі,
седиментациялық, биологиялық, сызықты саздардың қабаттарын есептеу  әдістері
қарастырылады. 1-ші кестеде  геохронологиялық  және  стратиграфиялық  бөліну
түрлері келтірілген.


                    1-ші кесте. Геохронологиялық және стратиграфиялық бөліну
|Геохронологиялық бөліну   |Стратиграфиялық бөліну   |Қосымша бөлімдер     |
|эон                       |эонотема                 |-                    |
|эра                       |эрастема                 |-                    |
|кезең                     |жүйе                     |серия (формация)     |
|эпоха                     |бөлім                    |свита (қабат)        |
|ғасыр                     |ярус                     |-                    |
|уақыт (фаза)              |зона (горизонт)          | пачка, қабат,       |
|                          |                         |горизонт             |


Ұсынылатын әдебиет:
1. Добровольский В.В Геология-М.:Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2001
2. Құсайнов .  Жалпы геоморфология
3. Ананьев В.П., Потапов А.Д. Основы геологии, минерологии и петрографии.  –
М.: Высшая школа, 1999.
4. Гурский Б.Н., Гурский Г.В. Геология. – Минск: Вышэйшая школа, 1985.

№11 лекция
Вертикаль тектоникалық қозғалыстар.  Горизонталь  тектоникалық  қозғалыстар.
Тектоникалық жарылымдар (деформация).
Лекция дәрісінің мазмұны:
1. Вертикаль тектоникалық қозғалыстар.
2. Горизонталь тектоникалық қозғалыстар.
3. Тектоникалық жарылымдар (деформация).
      Геотектоника – жер қыртысының дамуы мен құрылымын оқытатын геологиялық
ғылымның бір түрі. Тектоникалық қозғалыстар деп  -  жер  қойнауында  жүретін
процестер нәтижесінде жер қыртысындағы қозғалыстардың пайда болуын айтады.
      Қабаттардың кеңістікте орналасуы екі түрлі өзара перпендикульяр
бағытпен анықталады: созылу сызығы мен құлау сызығы.

                                    [pic]

 8-ші сурет. Қабаттардың жатыс элементтері:  а,б- созылу сызығы; в,г- құлау
                          сызығы; α- құлау бұрышы.

                                    [pic]

      9-шы сурет. Қатпарлар. 1-антиклинальді қатпар; 2-синклинальді  қатпар;
3-антиклинальдармен    периклинальді    байланысуы    (а     планда);     4-
синклинальдармен центриклинальді байланысуы ( в планда).


      Жер сілкінісі дегеніміз  жер қыртысының әртүрі  бөліктерінде  жиналған
кернеудің  нәтижесінде  жер  қыртысының  аяқ  асты  дірілдеуі.   Массалардың
араласып, Жердің денесінде серпінді толқындарды тудыратын  жер  қыртысындағы
немесе жоғары мантиядағы орынды  гипоцентр  деп  айтады.  7-ші  суретте  жер
сілкіну ошағы келтірілген.
                                    [pic]

      10-шы сурет. Жер  сілкінісінің  ошағы  мен  изосейсттері.  1-ошақ;  2-
эпицентр; 3-изосейст; 4-плейстосейстті облыс; 5,6,7,8-балдық зоналар.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Добровольский В.В Геология-М.:Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2001
2. Құсайнов .  Жалпы геоморфология
3. Ананьев В.П., Потапов А.Д. Основы геологии, минерологии и петрографии.  –
М.: Высшая школа, 1999.
4. Гурский Б.Н., Гурский Г.В. Геология. – Минск: Вышэйшая школа, 1985.

№12 лекция
Геоморфология. Кіріспе. Негізгі бедертүзу процестері мен факторлары
Лекция дәрісінің мазмұны:
1. Геоморфология ғылымы туралы түсінік.
2.  Негізгі  бедертүзуші  процестер  мен   факторлар   Олардың   генетикалық
байланысының сипаттамасы.
3. Экзогенді факторлар.
4. Эндогенді факторлар.
5. Статикалық бедертүзуші факторлар.
      Геоморфология – Жердің бетіндегі бедер туралы,  оның  кеңістікте  және
мерзім аралығында дамуы туралы ғылым. Бедер  –  көлемі,  жаралуы,  жасы  мен
даму тарихы, пішіні жағынан  әркелкі  болып  келетін  жер  бетіндегі  барлық
кедір-бұдырларды айтады. Дұрыс пішінді немесе биіктіктер және теріс  пішінді
немесе ойыстардан тұрады. Бедер пішіні – жер қыртысының белгілі бір  көлемін
алып жатқан, үш өлшемді жеке дене.  Бедер  элементі  –  бұл  жазықтықтардан,
сызықтар мен нүктелерден, яғни, бедер пішінін  түзуші  үш  өлшемнен  тұрады.
Бедертүзуге   эндогенді   процестердің   ішінен   литосфераның   механикалық
қозғалысы,  магматизм   мен   метаморфизм   көп   әсер   етеді.    Экзогенді
процестердің ішінен денудация  мен  аккумуляция  бедерді  тегістеуші  қызмет
атқарады.  Бедертүзуге,  сондай-ақ,  сол  уақыттағы  климатта   көп   әсерін
тигізеді.
      Экзогенді факторлар деп – бедертүзілудің үгілу, денудация, аккумуляция
процестеріне негізделуін айтамыз.  Олар  генетикалық  тұрғыдан  да,  туындау
себебі бойынша да эндогенді  факторлармен,  Жердің  гравитациялық  өрісімен,
жердің климатымен, Ай мен Күннің  әсеріне  де  байланысты  болады.  Үгілу  –
жердің сыртқы қабаттары мен Күннің әсерінен  жер  бетін  түзуші  жыныстардың
бұзылып, үгітілу  процесі.  Онда  денудация  мен  аккумуляция  процестерінің
материалдары  дайындалады  десе  де  болады.  Денудация  процесін  жер  беті
қабатының төмендеуі деп жалпылама қарастыруға болады. Жалпы немесе  алаңдық,
сызықтық деп екіге бөлінеді. Аккумуляция –  жер  бетінің  қалыңдау  процесі.
Оның аймақтық және жеке түрлері болады.
      Эндогенді  факторларға литосфераның ішіндегі  дамитын  процестер  және
Жердің беткі гравитациялық өрісінің әсеріне  негізделген  процестер  жатады.
Эндогенді процестердің шығу көзін ғарыштық және жерлік деп бөлуге болады.
       Плато – 0 - 2о бұрышпен қабаттың еңкіш орналасуы; куэста – 10  –  12о
бұрышқа дейін қабаттың еңкіш орналасуы;  грядтар  (моноклинальді  гребнь)  –
12о бұрыштан артық қабаттың еңкіш орналасуы.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Добровольский В.В Геология-М.:Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2001
2. Құсайнов .  Жалпы геоморфология
3. Ананьев В.П., Потапов А.Д. Основы геологии, минерологии и петрографии.  –
М.: Высшая школа, 1999.
4. Гурский Б.Н., Гурский Г.В. Геология. – Минск: Вышэйшая школа, 1985.

№13 лекция
Таулы және жазық жерлердің геоморфологиясы.
Лекция дәрісінің мазмұны:
1. Таулы және жазық жерлердің геоморфологиясы.
       Мегаформалар І, ІІ және ІІІ кезеңді болып келеді: І – ірі мұхиттардың
ойысы  мен  құрлықтардағы  биіктіктер;  ІІ  –  тектоникалық  режимдегі   кең
аймақтар, платформалық жазықтықтар мен тау түзілу облыстары; ІІІ  –  негізгі
биіктіктер мен  ойыстар.  Континентальді  немесе  құрлықтық  биіктіктерге  –
құрлық,  шельф,  олардың  жартастары  жатады.   Оларда   екі   түрлі   режим
қалыптасқан: платформалық және орогендік.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Добровольский В.В Геология-М.:Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2001
2. Құсайнов .  Жалпы геоморфология
3. Ананьев В.П., Потапов А.Д. Основы геологии, минерологии и петрографии.  –
М.: Высшая школа, 1999.
4. Гурский Б.Н., Гурский Г.В. Геология. – Минск: Вышэйшая школа, 1985.

№14 лекция
Құрлықтың экзогенді бедері.
Лекция дәрісінің мазмұны:
1. Құрлықтың экзогенді бедері.
2. Жартастану процессі, бедер пішіні мен жыныстары.
       Генетикалық типтеріне байланысты жартастар эндогенді  және  экзогенді
деп бөлінеді. Экзогенді жартас  –  экзогенді  процестер  нәтижесінде  иілген
беттердің  пайда  болуын  айтады.  Жартастардың   басты   сипатына   олардың
сатылылығы   жатады.   Жартастардың   геоморфологиялық   орналасуы    таудың
архитектуралық ерекшеліктеріне  байланысты.  Таулы  аймақтардың  бір  ярусты
және екі ярусты бедері болады. Жергілікті климаттық  жағдай  біктігі  жағары
таулы аймақтарда ерекше орын алады.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Добровольский В.В Геология-М.:Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2001
2. Құсайнов .  Жалпы геоморфология
3. Ананьев В.П., Потапов А.Д. Основы геологии, минерологии и петрографии.  –
М.: Высшая школа, 1999.
4. Гурский Б.Н., Гурский Г.В. Геология. – Минск: Вышэйшая школа, 1985.

№15 лекция
Өзен аңғарының бойындағы қиылыс құрылымы. Өзеннің бойлық профильі.
Лекция дәрісінің мазмұны:
1. Өзен аңғарының бойындағы қиылыс құрылымы.
2. Өзеннің бойлық профильі.
       Бедердің флювиальді пішіні уақытша және үнемі ағып тұратын  жер  беті
суларының ағынына  пайда  болады.  Аккумулятивті  қима  –  бір  ғана  циклді
эрозиялық процестің үстінен аккумулятивті процестің  басып  өтуінен  дамиды.
Аллювиальді жыныстардың жиналуы өте аз мөлшерден  бастап,  аллювийдің  толық
сақталуымен  қабаттар  түзеді.  Осыған  сәйкес  қабатталған,  жамылғы   және
біріккен қима, террасалар болып бөлінеді. Қабатталған қима – бұл  эрозиялық-
аккумулятивтіден аккумулятивтіге өту формасы  болып  келеді.  Мұнда  қималар
жыныстармен толтырылып,  қайтадан  шайылып  кетеді,  осы  жағдайда  бастапқы
жиналған аллювий  толығымен  жойылып  кетеді.  Аллювий  қабатының  қалыңдығы
артпайды.  Жамылғы  қималарда  эрозиялық   және   аккумулятивтік   процестер
кезектесіп  жүреді.  Біріккен  қималарда  аккумуляция  процесі  көп  жүреді.
Аккумулятивті терраса  –  пішіні  анық  көрінбейтін,  флювиалды  жыныстардын
толық құралған шығарынды болып табылады.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Добровольский В.В Геология - М.:Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2001
2. Құсайнов .  Жалпы геоморфология
3. Ананьев В.П., Потапов А.Д. Основы геологии, минерологии и петрографии.  –
М.: Высшая школа, 1999.
4. Гурский Б.Н., Гурский Г.В. Геология. – Минск: Вышэйшая школа, 1985.





    2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫ


№1 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС.
ТАҚЫРЫБЫ: Жердің пішіні мен көлемін анықтау

№2 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС.
ТАҚЫРЫБЫ: Жыныстардың химиялық құрамын анықтау

№3 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС.
ТАҚЫРЫБЫ: Жыныстардың химиялық құрамын анықтау

№4 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС.
ТАҚЫРЫБЫ: Тереңдіктен жылу ағымын және температураны анықтау

№5 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС.
ТАҚЫРЫБЫ: Жердің құрлымы қандай.

№6 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС.
ТАҚЫРЫБЫ: Астеносфераның орналасу тереңдігі

№7 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС.
ТАҚЫРЫБЫ: Литосфераның  шекарасы

№8 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС.
ТАҚЫРЫБЫ: Кристалдардың пішінін анықтау

№9 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС.
ТАҚЫРЫБЫ: Кристалдық торды құру

№10 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС.
ТАҚЫРЫБЫ: Тау жыныстарының генетикалық классификациясын анықтау негізі

№11 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС.
ТАҚЫРЫБЫ: Жыныстардың құрылымдық және түзілімдік еркшеліктері

№12 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС.
ТАҚЫРЫБЫ: Өзендердегі су шығынын есептеу

№13 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС.
ТАҚЫРЫБЫ: Вулканизмнің пайда болу принципін анықтау

№14 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС.
ТАҚЫРЫБЫ: Жер асты суларының құрылым мен құрамын анықтау

    3 Студенттің өздік жұмысы (тақырыптары)

1. Жердің құрамы мен құрлымы, оның пайда болуы мен жасы.
2. Кристалдық заттар мен олардың құрылымы.
3.  Жер қыртысының минералдық құрамының ерекшеліктері.
4.  Геодинамикалық процестер.
5. Минералдардың парагенезисі.
6. Катагенез, диагенез, дефляция, гипергенез процестері.
7. Мұздардың геологиялық әрекеті.
8. Метоморфизм.
9. Жер қыртысының пайда болуында  туындаған  проблемалар  мен  оның  құрамы,
құрлымы.


































Пәндер