Файл қосу
Эллиндік философия
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты|ПОӘК | | | | |УМКД 042-18.1.01/03-2013| |«Философия» пәнінің | | | |оқу-әдістемелік кешені |№3 – басылым | | ФИЛОСОФИЯ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ (Барлық мамандықтарға арналған) ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Cемей -2013 1.ӘЗІРЛЕГЕН: Құрастырушы: «03.09.2013 » ф.ғ.к., доцент м.а Мұқатаева А.А, Болысова Қ.М., аға оқытушылар Кенжебулатова А.М., Камиева К.Р., Садыков Д.К., Татиев Е.Е. 2.ТАЛҚЫЛАНДЫ: 2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Философия кафедрасының мәжілісінде қаралды. Хаттама № 1 03.09. 2013ж. Кафедра меңгерушісі м.а.: ______________ /Кенжебулатова А.М./ 2.2. Гуманитарлық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында. Хаттама № 1 05.09.2013ж. Төрағасы: ________________ /ф.ғ.к. Кенесбаева Ш.С./ 3. БЕКІТІЛДІ: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды. Хаттама №1 13.09.2013ж. ОӘК төрағасы, проректор: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./ 4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН МАЗМҰНЫ 1. Философия пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий) 2. Философия пәні бойынша дәрістер кешені 3. Философия пәні бойынша семинар тапсырмалары 4. Қорытытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары 5. Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР (ГЛОССАРИЙ) Философия - (гр.т.даналықты сүйемін) - әлемнің, дүниенің, қоғамның және ойлау жүйесінің ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Философия ой дамуы адамзат қоғамының кезеңінде де болған. Әсіресе көне Шығыс өркениеттерінде. Бірақ дін мен мифологиядан өзгеше дүниетаным ретінде ол Ежелгі Грекияда қалыптасты Дүниетаным - адамдардың өзін қоршаған ортаға деген пікірлердің, идеялардың, теориялардың жиынтығы ретінде көрінетін және сол ортадағы алатын адамдардың орнын білдіретін ұғым. Материализм - материя мен сана қатынасында бірінші материя пайда болады деп есептейтін философиялық бағыт. Идеализм - материя мен сана жағдайында бірінші болып сана (идея, рух) пайда болады деп есептейтін философиялық бағыт. Деизм - жақтаушылары құдайдың бар екендігін мойындайтын, олардың ойынша құдай бір рет өмірді құрғаннан кейінгі, оның әрі қарай дамуына қатыспайды және адамдардың іс-әрекетіне ықпал етпейді деп есептейтін философиядағы бағыт. Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау. Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылыр алынады. Софистика - дауласу және дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмді яғни сыртай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану. Герменевтика - текстің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері. Эмпиризм – көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс бағыт. Рационализм - шынайы абсолютті білімге тәжірибе мен түйсіктің ықпалынсыз тек қана ақыл -ойдың көмегімен жетуге болады деп есептейтін философиялық бағыт . Атман (санскрит) - дем, жан, бар нәрсені қамтитын субъективті рухани бастау, «Мен»-жан. Брахман (санскрит) - жоғарғы объективті шындық, одан әлем пайда болатын абсолютті рухани бастау. Ведалар (санскрит) - әріптік білім, білу, ежелгі үнді мәтінінде жазылған өте ертедегі мәтіндердің жиынтығы және діни философиялық мұра болып табылады. Дхарма (санскрит) - заң, тәртіп, борыш, әділеттілік, жағымды сипаттағы бeлгiлі бip белгілену, оған норма ретінде ұстану қажетті үлгі. Карма (санскрит) - әрекет, ic, жеребе, тipi жанның жаңадан дүниеге келуінің сипатын анықтаушы, оның жасаған қарекеттерінің және олардың салдарының жалпы сомасы. Мокша – Атман мен Брахманның қосылуы, қайта туылу дөңгелегінен арылу, мокшаға жеткен жан шексіз өмір тосқауылынан азат болып махатма – Ұлылық дәрежесіне өтеді. Конфуцийшілдік - ежелгі Қытайдағы басты идеялық ағымдардың бipi. Конфуцийшілдіктің негізін калаушы - Конфуций (б.з.б.551-479), оның көзқарасын ізбасарлары « Лунь юй» кітабында баяндап берген. Даосизм-дао немесе «жол туралы ілім, Қытайда б.з.б. 6-5 ғ-да пайда болған. Даосизмнің нeriзін қалаушы ежелгі Қытай философы, табиғаттан айнымауға, табиғи өмір суруге шақырған Лаоцзы болып есептелінеді. Жэнь-«адамдықты», «Адам сүйгіштікті» білдіреді. Ол Қытай философясының және мәдениетінің негізгі категорясы. Сяо-адамгершіліктің негізі, Конфуций іліміндегі үлкенді құрметтеу принципі. Оның мағынасы «ата-анаға ли ережесі арқылы қызмет ету, оларды ли ережесімен жерлеуде» жатыр. Ли- «этикет», «этика», «дәстүр». Конфуций ілімінің ортақ принципіне, ол өмірдің әртүрлі сфераларында адамдардың қарым - қатынастарын реттейді. И – «әділеттік», «шыншыл». Қытай философиясының негізгі категориясы. Инь – ян - Қытай философиясының негізін қалаушы категориялар, оларды бipre қарастырады. Ол әлемнің жалпылы идеясын көрсетеді: қараңғы-жарық, ер- әйел, тыныштық, қозғалыс т.б. Инь-ян Әлемдегі өмірді қалыптастырушы, ғарыштық бастау. Чжи - ақыл-ой, даналық, интеллект. Ол тар мағынасында «жоғарғы ердің» бас сапасының бipi. Кең мағынасында - ол адамды жануарлар әлемінен ажырататын қасиет. Дао-Қытай классикалық философиясының аса маңызды категориясы» «жол» дегенді білдіреді. Кейіннен Дао ұғымы философияда табиғаттың «жолын», оньң заңдылықтарын белгілеу үшін қолданылады. Цзюнь-цзы- «жоғарғы», «қайырымды ер», ол өзінің мінез-құлқымен әлемдегі теңдікті және peттіліктi ұстаушы . Оны « қайырымды ер» қылатын бес сапа болуы керек: жэнь, ли ,сяо, и ,чжи. Моизм - Қытайда б.з.д. 5-6 ғғ-да пайда болған, философиялық бағыт. Негізін калаушы Мо Ди. Легизм - (фа-цзя) заңгерлер мектебі, ел адамды, қоғамды, мемлекетті басқарудағы этикалық-саяси ілім. Ол б.з.д.VI-III ғ-да пайда болды. Номос және Фюзис ( гр.заң және табиғат ) - көне грек философиясындағы түсінік. Софистер іліміндегі «Тезис пен фюзиске қарама-қарсы ілім. Софистика - гр.софистердің ілімімен п.б.көне Грециядағы ағым. Жалған сөздер мен аргументтерді қолдана отырып адамды сөз арқылы сендіру. Элей мектебі - көне Грециядағы философиялық мектеп. Негізін салған – Парменид пен Зенон. Анамнесис ( гр.т. еске түсіру ). Платон философиясындағы термин адам жағдайының қал-жағдайын түсіндіреді. Эрос (гр.т.күшті) тілек, махаббат. Грек мифологиясындағы және поэзиясында махаббат құдайы. Эпикуреизм — көне грек және Рим философиясындағы материалистік бағыт. Негізін салушын Эпикур. Стоицизм — көне грек философиясының мектебі. Негізін салушы Зенон. Скептицизм — ( гр.т. зерттеуші, қараушы) Пиррон негізін салған философиялық бағыт. Неоплотонизм — антикалық платонизмның соңғы даму этапы. Негізін салушы Плотин. Атараксия — (гр.т.толқымау, жайбарақаттық) Эпикур ілімі бойынша адам ұмтылуға тіисті идеалды жағдай. Эвдемонизм — (гр.т.бақыт) өмірді түсіндіру антикалық принципі, кейін келе этикада моральді негіздеу принципі. «Бақыт адам өмірінің ең жоғары мақсаты»дегенге сай. Перепатетизм — Перипат немесе Ликей, гимназия деп аталған, Аристотельдің философиялық мектебі. Метафизика — (гр.т.физикадан кейін) болмыстың басталуы және жоғары ілімдер туралы ғылым. Диалектика — гр.т. әңгіме дүкен құру өнері, пікірталас. Эйдос — көне грек термині, философиялық қолдануға дейін (Гомерден бастап) Сократқа дейінгелер, сыртқы түрі, бейне деп қолданған. Қалам - араб -түрік философиясындағы негізгі бағыт, «сөз» немесе «сөйлеу» дегенді білдіреді. Мутазалиттер - материалистік сипаттағы философиялық бағыт. Суффизм (гр.т. жүннен тоқылған шекпен) - исламдағы мистикалық- эстетикалық ілім. Негізін салған – Қ.Яссауи. Акл - ақыл-ой Схоластика (schola - мектеп) - шынайы өмірден бас тарту, консерватизм, діни идеяларға толық бағыну. Теоцентризм - құдай туралы ілім, философиялық зерттеудің негізгі мәні болып, құдай есептелінеді. Эманация - құдайдың әлемге әрдайым әсер етуі. Креационизм- бір күннің ішінде құдайдың әлемді жаратуы Монетеизм - бір құдай Теология- (teos-құдай) - құдай туралы ілім. Пантеизм- құдай әлемді жаратып, сол әлемге таралып кетуі Гуманизм - білімді, адамгершілік. Антропоцентризм - адамды дүниенің ең басты құндылығы деп есептейтін көзқарас. Антиклерикализм - дінге емес, керісінше шіркеудің басыбайлығына қарсы бағытталған қозғалыс. Реформация - католицизмді реформалауды көздейтін XVI - XVIІ ғасырда пайда болған қозғалыс. Секуляризация - қоғам мен жеке тұлғаның дін ықпалынан арылуы. Натурфилософия - табиғатты бірлікте қарастыратын философия бөлімі. Социалистік-утопистік (ХУ-ХУІІғ.ғ.) бағыт мемлекет пен қоғамды құрудың идеалды - қияли формаларын, тендестіру, жаппай реттеу және т.б. мәселелерді қарастырды. Субстанция - (лат. substantia— мазмұн, негізде жатқан нәрсе) — объективті шындық, оның қозғалысының барлық түрлерінің тұтастығы аспектісіндегі материя; сезімдік алуан түрлілікті және қасиеттердің өзгергіштігін салыстырмалы түрде тұрақты және дербес тіршілік ететін алуандылыққа сыйдыру мүмкіндігін беретін шегіне жеткен негіздеме. Сенсуализм - (фр. -sensualisme, лат. - sensus- қабылдау, сезім, сезіну), таным теориясындағы бағыт, оған сәйкес сезімділік ең анық танымның басты түрі болып табылады. Рационализм - (лат.т. «rationalis» -саналы, ratio-сана), сананы танымның және адамдардың мінез-құлқының негізі деп танитын философиялық бағыт. Әдіс (метод) - (гр.т. «metods» - зерттеу немесе тану жолы, теория, ілім), философиялық және ғылыми білім жүйесін құру және негіздеудің тәсілі; шындықты практикалық және теориялық игерудің айла-тәсілдері мен операцияларының жиынтығы. Эмпиризм - (лат. «emperia» - тәжірибе), сезімдік тәжірибені білімнің көзі деп мойындайтын таным теориясындағы бағыт, онда білімнің мазмұны осы тәжірибенің сипаттамасы ретінде келтіріліп, не оған сая алады. Индукция - (лат. «induction» - келтіру) — танымдағы жекеден, дарадан жалпыға ауысу, жалпыны жекеден, дарадан шығару. Дедукция - (лат. «deduction» - шығару)- танымдағы жалпыдан жекеге және дараға ауысу, жалпыдан жеке және дараны шығару. Априорий - тәжірибеге дейін. Антиномия - екі қарама - қарсы түсініктер арасындағы қарама- қайшылық әрбіреуі логикалық дәлелді және тиімді. Трасценденттік - адамдардың санасынан тыс заттай түсінілетін біздің тәжірибеде шектен тыс барлығын түсінікті белгілеу. Феноменология - (феномендер туралы ілім) натуралдық ережелерден есті босату Диалектика - әңгіме жүргізу өнері, дау Гносеология - таным жайлы философиялық ілім Антропологизм - адам туралы ілім Абстрактілік - бөлек шығарылып және жеке қарастырылады Абсолют - (лат. « absolutus») - тұйықталмаған, шексіз Абсолюттік идея - Гегель философиясының басты категориясы, нақты және шартсыз жалпылықты білдіреді Антитезис - (грекше ) қарама - қайшылық Категориялық империатив - мінездің тұйықталмаған принципі, этиканың негізгі заңы. Иррационализм - (латын тілінен) - санасыз, зердесіз, қылға сыйымсыз. Тезис -жағдайы, тұжырым Позитивизм - (лат.оңды) ғылымдардың нақты шынайы білімнің бірден-бір көзі және ғылымның оң, жағымды жағын мойындайтын философиялық бағыт. Білім жеке ғылымдардың нәтижесі ретінде беріледі және философия жеке ерекше ғылым болғандықтан шынайылықты өзіндік тексеруге құқылы. Прагматизм (лат. іс,әрекет) - адам болмысындағы іс-әрекет, білімнің маңызын тәжірибелік нәтижелер арқылы белгілейді. Белгілі бір қайшылықтарды тәжірибелік нәтижелер арқылы салыстырып шешуге негіздейді. Эмпиризм – тәжірибенің құндылығы басты және жетістік ақиқаттың мағанасы болып танылады деп мойындайтын философиялық бағыт. Негізгі өкілдері Джеймс Пирс, Дьюи, Леруа, Лабертоньер. Бұл ағым ғылымдағы тәжірибелік нақтылықа сүйенген заңдар мен қағидаларды мойындайды. Өмірге деген ерік - Шопенгауэр философиясындағы өмірге деген көзсіз және үздіксіз қалаулар жиынтығы және тұлғаның жеке қасиеттерін сақтай отырып, ұрпақ жалғастыруы. Парадигма - ғылым даму кезеңіндегі теоретикалық, методологиялық, құндылық қасиеттерінің жиынтығы. Бұл термин ғылымда америкалық ойшыл Т.Кун есімімен байланысты. Ерік - алдын ала жоспарланған саналы іс-әрекет, белгілі бір құндылықты құрайтын мақсатқа ұмтылу, классикалық жүйе бойынша ерік: 1)себептердің болуы, 2)саналылық ,3)шешім., 4)іске асу. Батысшылдық (XIXғ. 40-50 ж.ж.) «еуропашыландыруды» насихаттаған бағыт. Оның өкілдері –А.И. Герцен, В.Г. Белинский, Н.П. Огарев, К.Д. Кавелин, П.В.Боткин, Т.Н. Грановский. Славянофильдік (XIX ғ. 40-50 ж.ж.) - Ресей мен өзге славян елдерінің дүниедегі ерекше орнын дәріптейтін, православие мен қауымдастық өмірді аңсайтын философиялық бағыт. Оның өкілдері - А.С. Хомяков, И.В. Киреевский, Ю.Ф. Самарин, А.Н. ағайынды К.С. мен И.С. Аксаковтар. Бүткілбірлік - әлемнің, барлық тіршіліктің бірлігі, болмысты ұйымдастырудың принципі; барлық заттар мен дүние құбылыстарының өзара шарттасуы, байланысы, өзара жіктелуі. Онтологияда бүткілбірлік: игілік - ақиқат - сұлулық (добро - истина - красота), ал гносеологияда -біртұтастық білім жүйесі: Біртұтастық білім - ғылым, философия және діни сенімнің бірлігі, синтезі; Герменевтика (грек., герменойтикос - түсіндіруші, ұғындырушы деген сөзін білдіреді, ежелгі грек құдайы Герместің атынан шыққан) - ұғыну, түсіну философиясы, тұспалдап сөйлеу тәсілін зерттейді, мәтіндерді түсіндіру өнерін, практикасы мен теориясын қарастыратын философиялық бағыт. Прагматизм - гректің «прагма» - «іс-әрекет» деген сөзді білдіреді. Бұл философия XIX ғ. 70-жылдары АҚШ-та пайда болған. Прагматизм - абстрактті ақиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды. Ұғым тек субъектке ғана қатысты болып, оның мағынасы нақты салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі болып табылды. Экзистенциализм (лат.т. «өмір сүру, тіршілік» деген мағынаны білдіреді) философиялық ағым ретінде XXғ. 20-жылдарында, ең алдымен, неміс жерінде, ал 40-жылдары француз жерінде пайда болған. Экзистенциализм адам өміріне қатысты көптеген мәселелерді қарастырады. Абсурд (лат.т.) - мағынасыз, қисынсыз деген мағынаны білдіреді. Абсурд Камюдің шығармаларында философиялық мәнге ие болады. Ол өзінің «Сизиф туралы аңыз» атты еңбегінде «Мағынасыздық – адамзат өркениетінің тағдыры, осыны түсінген тұлға тағдырын жеңіп шығады», - дейді. Онтология – болмыс фундаментальды үрдіс пен құрамның құралы болатын философия бөлімі. Болмыс - барлық тіршілікті қамтитын абстрактілі философия категориясы. Субстанция - жойылмайтын және жоқтан пайда болмайтын, болмыс формасын өзгертіп отыратын болмыс негізі. Плюрализм - бірлікті жоққа шығарады, болмыс түрінің бірнеше тәуелсіздігін және сәйкес келмеуін мойындайды. Дуализм - тең кұқылы және бір - біріне сәйкес келмейтін бастаманың рухани және материалдылығын мойындайды. Зат - құрамы бар және басқа заттармен қатынаста болу. Құрам - заттың басқа заттарға әсер ету және басқа заттармен сәйкес келу қабілеті. Кеңістік — қозғалушы материяның объективті түрде өмір сүруінің формасы. Материалдық объектілердің және жүйелердің аумағын, алатын орнын, олардың өзара орналасуы мен байланысын сипаттайтын ұғым. Уақыт - материалдық объектілердің өмір сүруінің ұзақтығын, олардың күй - жағдайларының өзгеру ретін білдіреді. Диалектика - толық, жан - жақты және терең мазмұнды, өзара байланысты қарастыратын ілім. Объект (лат.т. «алдында орналасқан») көзге түскеннің барлығы. Тар мағынасында ойлаушы субъектіге қарсы орналасқан біздің ойымыздың қарама- қарсы жағы. Объект - зерттелуші, субъект - зерттеуші. Ғылым-табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білімдер жасауға бағытталған және оның барлық шарттары мен сәттерін білімдерімен және қабілеттерімен, біліктілігі дене тәжірибесімен, ғылым еңбегінің бөлінісімен және кооперациясымен қоса ғалымдарды, ғылыми мекемелерді, тәжірибелік іс- әрекеттермен айналысады. Ақиқат - өмір шындығының ойдағы нанымды, дұрыс бейнесі, әлеуметтік процесс, тәжірибе сайып келгенде, өлшемі болып табылады. Ақиқаттың сипаттамасы заттарға емес және олардың тілмен тұжырымдалу емес нақты ойға қатысты. Интуиция (лат.т. «зер салу») - ақиқатқа тікелей көз жеткізу қабілеті. Жаңа дәуірдегі философияда интуиция таным қызметінің ерекше формасы ретінде қаралды. Интуиция таным процесінде елеулі орын алады және оны танымның , «үшінші тетігі» , айшықты әрі маңызды, заттардың мәнін тап басатын таным деп санады. Агностицизм (гр. «теріске шығару және білім») - дүниені танып білу мүмкіндігін толық немесе ішінара теріске шығаратын ілім. Агностицизм ғылымды шектеу, логикалық ойлаудан, табиғаттың заңдарын танып білуге бас тартады. Таным - іс-әрекеттің адам мақсаттарымен ұмтылыстарының негізі болатын білімді қалыптастырушы, шығармашылық қызметтің қоғамдық тарихи процесі. Сезім - адам сезім мүшелері арқылы алынатын ақпарат. Сезім шындықты бейнелеудің ерекше формасы. Ол адамдардың бір-біріне деген, сондай-ақ объективті дүниеге көзқарасын білдіреді. Детерминизм (лат.т. «анықтаймын») - нақты әлемнің құбылыстары мен процесстерінің, заттарының объективті заңды өзара байланыстары, өзара шарттастығы жөніндегі философиялық ілім. Ғылым тарихында детерминизм себептілік ретінде кездестірілді, алайда материя дамуының буын тізбегі, әлемдік өзара тәуелділіктің кезеңі ретінде ғана себепті байланыс детерминизмнің негізгі формасы ретінде екенін ғылыми танымның дамуын көрсетіп берді. Геосаясат - саясаттанудың концепциясы мемлекеттің ішкі саясатына сәйкес негізінен әр түрлі географиялық факторлармен, мысалға кеңістікпен алдын-ала анықталған. Табиғат ресурстарымен, климатпен, халықтың басым көпшілігімен және оның өсу қарқынымен көрінеді. Биосфера (гр.т. «Био»-өмір, «сфера» -шар) өмірмен қамтылған және ұйымдастырылған, кешенді жердің қабықшасы бар өмірдің бөлігі. Ноосфера (гр.т. «ақыл-ой») дамудың басты анықтаушы факторы болып табылатын адам қызметі көрінетін табиғат пен қоғамның өзара әрекет етуінің сферасы. Ноосфера туралы түсінік 20 ғасырдың 1- ші жартысында берілген болатын. Географиялық орта - қоғамның дамуы мен өмір сүру шарттарын құрастыратын және қазіргі тарихи кезеңде қоғамдық өндіріс процесіне тартылған табиғаттың құбылыстары мен заттарының жиынтығы. Әлеуметтік стратификация (лат.т.қабат және жасаймын) батыс әлеуметтануындағы қоғамның әлеуметтік құрылымын, ондағы теңсіздікті, әлеуметтік қабаттасу шарттарын белгілейтін негізгі түсініктердің бірі болып есептеледі. Постиндустриалдьқ қоғам - қазіргі батыс әлеуметтануында және футурологиясында кеңінен тараған қоғамның жаңа кезеңі. Дүниежүзілік тарих кезеңіндегі әртүрлі технологияны алмастыратын әлеуметтік үдеудің негізіне қаланатын дамулар болып табылады. Өркениет (лат.т.азаматтық, мемлекеттік) 1) мәдениет ұғымының синонимі. Марксистік әдебиетте материалдық мәдениетті белгілеу үшін де қолданылған. 2) рухани, материалдық мәдениеттің қоғамдық дамуының деңгейі, сатысы. Мәдениет (лат.т.-өңдеу, тәрбие, білім, даму, құрметтеу) өзіндік және өзара, табиғатқа қарым-қатынас жиынтығында, рухани құндылықтарында, әлеуметтік норма мен мекемелер жүйесінде , материалдық және рухани еңбектерінде, адамның өмірлік іс-әрекетінің дамуы мен ұйымдасуындағы тәсіл. 2. Философия пәні бойынша дәрістер кешені 1-дәріс. Философия пәні: ұғымы мен мазмұны Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады. Күнделікті практикалық өмірдің барысында әрбір адам философиялық мәселелермен соқтығысады. «Философия» термині грек тілінен аударғанда «филео - махаббат, құштарлық; софия – даналық» деген мағынаны білдіреді. Терминнің шығу тегін грек ойшылдары Пифагор, Сократ есімдерімен байланыстырады. Осыдан кейін «ғылымдардың ғылымы» ретінде саналатын философиядан тарихи түрде әртүрлі білім салалары бөлініп шығады: астрономия, математика, механика, физика, медицина және т.б. Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды: • Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей алмайды. • Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды. • Ол дүниені тану әдістерін меңгереді. Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат қоғамының басты құндылықтарының жағымды және жағымсыз қатынастарын анықтайды. Философиялық білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында: 1. Оның ғылыми біліммен ұқсастықтары өте көп, мысалы - пәні, әдістері, логикалық - түсініктік ойлау аппараты. 2. Бір жағынан философия таза күйдегі ғылыми білім емес. Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы — ол философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы болып табылады. Сөйтіп, философия дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған рационалдық, жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән. Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар. Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар. • Мифология • Дін. • Философия. Мифология (грекше мифос - аңыз, шежіре; логос - сөз, ілім) алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы. Әдетте, миф мына негізгі мәселелерге көңіл аударады: • Әлем, жер және адамның пайда болуы; • Табиғи құбылыстарды ұғыну; Дін - жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы. Дін мына мәселелерді қарастырады: - Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу; - Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну; - Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, жаратылуы. Философия дүниеге көзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуы жағынан үш кезеңнен өтті. - космоцентризм; - теоцентризм; - антропоцентризм; Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Ежелгі Грекия). Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылысым күш – Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады (Ортағасырлық философияға тән). Антропоцентризм деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық көзқарас түрін айтады (Қайта өрлеу, жаңа заман, Қазіргі заман философиялық кезеңдерге тән). Философияның әдістері, философиялық зерттеулердің көмегімен жүзеге асады. Философия ғылымының негізгі әдістері: Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама- қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылады. Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен, статикалық және біржақты қарастырылады. Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау. Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылар алынады. Софистика – айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі. Герменевтика - мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері. Сонымен қатар, философиялық әдіс, әрі философиялық бағыт болып табылатындар: - материализм; - идеализм; - эмпиризм; - рационализм. Материалистік әдісте материя алғашқы субстанция ретінде, ал сана оның модусы сана, материяның көрінісі деп қарастырылады. Идеалистік әдістің мәні – керісінше, идеяны алғашқы бастама, ал материя идеяның туындысы деп ұғыну. Эмпиризм – көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс және бағыт. Рационализм - шынайы абсолютті білімге тәжірибе мен түйсіктің ықпалынсыз тек қана ақыл-ойдың көмегімен жетуге болады деп есептейтін философиялық бағыт және әдіс. Философия функциясы - философия мақсатын, міндетін, тағлымын жүзеге асырудағы философияның атқаратын қызметі. Философияның негізгі функциялары: - дүниеге көзқарастық; - методологиялық: - теориялық; - гносеологиялық; - сыншылдық; - аксиологиялық; - әлеуметтік; - тәрбиелік-гуманитарлық; - эвристикалық. Дүниеге көзқарастық функция - дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның құрылымы жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы туралы көзқарасты қалыптастыру. Методологиялық функция - философия коршаған дүниені, шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін жасайды. Теориялық функция - философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды мейлінше жалпылайды, концептуалды - логикалық жүйелер жасайды, теориялық тұжырымдар түзейді. Гносеологиялық функция - философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс әрі айқын тануды (таным тетігін) мақсат етеді. Сыншылдық функция - философия кез келген теорияны, білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп, ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын айқындайды. Бұл функцияның міндеті - догмаларды әшкерелеу, білімнің дәйектілігін пысықтау және таным шеңберін мейлінше кеңейту. Аксиологиялық функция - философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды моральдік-әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани және т.б. құндылықтар жағынан қарастырады. Әлеуметтік функция - философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін карастырады. Тәрбиелік функция - философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Философия - тарих қойнауындағы барлық адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді. Эвристикалық функция - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге бөленеді. Дәріс №1. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Дүниеге көзқарас дегеніміз не? 2. Философия мен гылымның арақатынасы қандай? 3. Философия мен тілдің байланысы қандай? 4. Философияның негізгі мәселесі және сұрағы не болып табылады? 5. Философияның қандай қызметтері бар? 2-дәріс. Ежелгі Үнді философиясы Үнді философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады: |Варналар - топтар |Варналардың өкілдері | |Брахмандар |Абыздық варна | |Кшатрийлер |Әскери ақсүйектер тобының| | |варналары | |Вайшьялар |Егінші-варналар | |Шудралар |Төменгі варна | Варналарға бөліну дінмен ерекше қасиетті сипатқа келтірілді. Текті абыздық жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал етті. Варналардың тіршілік етуі (варналарға бөліну) құрбандық шалу формулаларымен, атаулармен, дұғалармен сакрализацияланған еді. Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды. «Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бір- ақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген. Ведалар құрамына мына бөлімдер кірді: |Бөлімнің атауы | Негізгі мазмұны | |Ригведа |Діни әнұрандар жинағы. (Б.з.д. 1,5 мың жыл | | |шамасында). Көптеген құдайларға арналған құрбандық | | |әндері, дуалар мен дұғалар. Ригведада Ежелгі Үндістан| | |ойшылдары болмыстың алғашқы бастамасы туралы, әлемнің| | |пайда болуы туралы, оны басқаратын заңдылықтар мен | | |әлеуметтік айырмашылықтардың себептері туралы ой | | |толғай бастайды. | |Брахмандар |Жол-жора мәтіндер жинағы. Оларға буддизмнің пайда | | |болуына дейін үстем болған брахманизм діні | | |негізделді. | |Араньяктар |Орман тақуаларының кітаптары. | |_________________ | | |Упанишадтар |Б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда болды. Мағынасы - | | |«жанында отыру», яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың | | |аяғының қасында отыру мағынасында; немесе «құпия | | |тылсым білім». Бұл мәтіндерде ең бірінші себептілік | | |мәселесі, болмыстың бастауы мәселесі басым келеді, | | |оның көмегімен барлық табиғат құбылыстарының және | | |адамның пайда болуы түсіндіріледі. Упанишадтарда | | |басты орынға болмыстың ең басты себебі мен алғашқы | | |негізі ретінде рухани бастау - брахман немесе атманды| | |алатын ілімдер ие болады. Упанишадтар мәтіндерінің | | |көпшілігінде брахман және атман рухани абсолют, | | |табиғат пен адамның денесіз ең бастапқы себебі | | |ретінде түсіндіріледі. Упанишадтардағы таным | | |теориясының басты мәселесі білімді екі түрге: | | |жоғарғысына және төменгісіне бөлу. Төменгі білім - | | |эмпирикалық шындық туралы білім. Жоғарғысы - рухани | | |абсолют туралы білім, оған тек мистикалық интуиция, | | |йогтык тәжірибенің көмегімен ғана қол жеткізуге | | |болады. Нақ осы білім әлемге билік ету мүмкіндігін | | |береді. | Упанишадтар негізінде Үндістанда пайда болған барлық немесе барлық дерлік бұдан кейін пайда болған философиялық ағымдар үшін негіз болып табылады, өйткені онда ұзақ уақыт бойына Үндістанның философиялық ойын «қоректендірген» идеялар қойылып, өңделді. Ежелгі үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз: а) Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер. Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI- Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың физикалық заңдарына ғана тәуелді емес, олар карманың жалпылама моральдық заңына да бағынышты. Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан алғанда ньяя философиясының-шындықты тануға, логикасының – дұрыс танымның тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер ықпалы мол. Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды. Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру. Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған. «Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау. Сонымен қатар, Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика теолоиямен қатар қарастырылады. Санкхья – қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе. Оның негізін қалаған Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану. Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар. ә) Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) философиялық мектептер. Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген. 1.Азаптану. 2.Азаптанудың себебі. 3.Азаптанудан босану. 4.Азаптанудан босануға апаратын жол. Будда кейіннен нағыз шындыққа жетудің және нирванаға жақындаудың сегіз сатылы жолын атап өтеді: 1.Шынайы сенім. Дүние қайғы-қасіретке толы, оны тоқтату үшін ой мен бойдағы құмарлықты басу керек деген Будда сөзіне сену; 2.Тура, әділ ұмтылу. Өз құмарлығың мен қызбалықты шектейтін қасқа жолды біржолта айқындау; 3.Шыншыл сөз. Айтпақ сөзіңді мұқият қадағала, ол зұлымдыққа итермейтін, қайта дұрыс, рақымды болсын; 4.Дұрыс істер.Теріс ниетті, қас қимыл-әрекеттен сақтану, игі іске икемді болу; 5.Дұрыс өмір. Тіріге зиян келтірмейтін, құрметтеуге тұрарлық өмір сүру; 6.Дұрыс ой. Ойыңның бағытын саралай отырып, одан, күдікті, күмәнді нәрсені қудалап, жағымдыны жалғастыру; 7.Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма; 8.Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды үнемі және төзімділікпен жаттықтыру, шындыққа жетпек талпынысты өзіңе шоғырландыру, оның тереңдету қабілетін шыңдау. Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады. Дәріс №2. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Философияның дүниеге келуінің қандай себептерін айтар едіңіз? 2. Каста дегеніміз не? 3. Буддизм деген ұғымның мәні неде? 4. Буддизмнің төрт ақиқатын және сегіз жолын атаңыз? 5. Ортадоксальді және ортадоксальді емес мектептер 3-дәріс. Көне Қытай философиясы Қытай – көне тарихтың, мәдениеттің, философияның елі мен жері. Мамандар Қытай өркениетінің басталуын ся дәуіріне, яғни б.д.д. III – II мыңжылдықтың саясына жатқызады. Б.д.д. XVII-XIIғ.ғ. Шан-Инь мемлекетінде қола мәдениеті дамиды, шаруашылықтың құлдық қоғамдық түрі жетілді. Шан-Инь дәуірінде Қытайда алғаш жазу пайда болған. Ежелгі Қытай тілінің грамматикасы қалыптаса бастаған. Шан-Инь қоғамының саяси билігі ван топтары арқылы жүргізілді. Ван шаруашылық мәселесіне де, әскери, діни билікте де ең жоғарғы басшы болды. Ванның билігін шандықтар дәріптеп, оны тәңірге теңеген. «Шан-ди» деген титулға ие болған ван өзін «Мен-адамдардың арасындағы ерекше жаратылыспын. Жалғызбын» деп жариялады. Шан — жер кіндігінің Ұлы қаласы, Қытай — жердің Ұлы орталығы деген уағыздар таралды. Өте көне дәуірде, аспан мен жер де болмаған заманда, әлем түрсіз хаосқа ұқсаған. Сол түрсіз тұңғиықта, делінген мифте, екі рух (немесе екі құдай) – инь және ян пайда болды да, дүниені реттейді. Кейіннен ян рухы аспанды, инь рухы жерді басқаратын болды. Ян – еркек бастамасы, күн нұрындай жарық, ашық бекем және күшті. Ян жалпы жағымды нәрсенің бастамасы. Инь - әйел бастамасы, аймен байланысты, сондықтан көлеңкелі, күңгірт және әлсіз. Екі бастама өзара байланыста болған, сол үйлесімділіктің нәтижесінен күллі мәнді нәрселер туындайды. Дүниеге деген осы қосжақты көзқарас кейінгі чжоу дәуіріндегі философиялық тексте усин бағдарламасымен толықтырылды. Усин бағдарламасы бес алғашқы элементтердің немесе бес субстанцияның – оттың – судың – жердің – металдың - ағаштың өзара байланысымен өзара алмасуына негізделеді, соған сүйенеді. Қытайдың көне текстері – философиялық толғаныстың шежіресіндей. Көне текстерде «Өзгерістер кітабында» («И цзин»), «Өлеңдер кітабында» (Ши цзин»), «Тарих кітабында» (Шу цзин») және т.б. ертедегі мифтер мен рухани қайнар көздерге толы шығармалар болып табылады. Көне Қытай философиясындағы негізі мектептер Конфуцийшілдік – адамды әлеуметтік өмірдің өзекті мәселесі деп қарастыраты ежелгі философиялық мектеп. Конфуций (Кун- Фу-Цзы) – б.з.д. 551-479 жылдары өмір сүрген. Оның негізгі шығармасы – «Лун Юй» - «Сұхбаттар мен пікірлер», ол 6 кітаптан тұрады. Ескіні елеп, жаңаға жақындау - қытайдың көне дәстүрі. Ескіні дәріптеу конфуций дәуірінде өзіндік мақсатқа айналады. Конфуций ілімінің түп тамыры адам және қоғам мәселесіне тіреледі. Адам табиғаты Конфуций философиясында басты мәселелердің қатарына жатады. «Аспан адамға нені сыйласа, ол адамның табиғатын құрайды». Табиғат — адамның алғашқы қасиеті. Адам өмірге немен келсе, сол бастама оның табиғатын құрайды. Бірақ адамның табиғатын тек табиғатпен салыстыру шеңберінде анықталынбайды. Адам мәнісі - табиғилықтан тыс, әлеуметтік - мәдени жетістік. «Адамның бәрі де байлық пен беделге ұмтылады. Адамның бәрі де кедейлік пен жамандықты жек көреді» — дейді ұлы Ұстаз. Екі қасиет те адамның табиғатына тән ерекшелік. Адамға үнемі тыныштық бермейтін төрт ұмтылысты Конфуций тізіп өтеді. Олар — жасын ұзартпақ, даңққа ұмтылған, қоғамда орнын таппақ, байлыққа деген ұмтылыс. Осы атақты нәрсеге жеткендер, рухтан тартынады, күштен сескенеді, адамнан қорқады, жазадан қауіптенеді. Бәрінен жоғары тұрған қасиет – «адамды сүйе білушілік» (жэнь). Ұлы Ұстаз адамды сүйе білудің жолы мен жөнін (дао) талдайды. Дао Конфуций үшін адамды шынайы жолға салатын, адамға оң ықпал ете отырып, оны басқаруға кажетті бүкіл идеялардың, амал-әрекет пен қағидалардың жиьнтығы. Адамның табиғатын үш тұрғыдан саралайды: қайырымды ер (цзюнь-цзы), шағын адам (сяо-жэнь), адамсүйгіштік (жэнь). Адамсүйгіштік-тің мәнісі - өз олқылығын жеңіп, сөзі мен іс-әрекетінде дұрыс жолға түсуде. Даоның осы идеясы «вэнь» термині арқылы жеткізіледі. Түптеп келгенде «вэнь» - сөз бен білімділік арқылы жеткізуге болатын рухани мәдениет. «Вэньге» ниет қойған адам күнделікті өмірде көптеген қиыншылыққа ұшырайды. Асыл да ақылды жандарға жалған мен жаман ортада тіршілік жасау жеңіл болмайды. Бірақ ұлысты ұстаз болу үшін, дейді Конфуций мына қасиеттерді игеру шарт: 1) өзінше ұстаздыққа жету; 2) ұстаздыққа ылайық биязы болу; 3) ұстаздыққа іштей бейімділігі; 4) адамдармен тіл табыса білуі; 5) өз өсиетіне берік болуы; 6) өз уәжінде тұру; 7) ұстаздың даралығы; 8) ұстаздың еркін тәуелсіздігі; 9) жұмыстағы мінез - құлықтың ұстамдылығы; 10) ұстаз ниетінің адалдығы; 11) ұстаз жанының мейірімділігі; 12) ұстаздың ақылдыны айқындап, таланттыны қолдай білуі; 13) жолдасқа деген сенімділігі; 14) ұстаздық талапты орындауы; 15) ұстаздың қарым-қатынастағы тартымдылығы; 16) ұстаздың құрметтеуі және төзімділігі. Даосизм - қоршаған дүниенің құрылымы мен тіршілігінің негізін түсіндіру және адам, табиғат пен ғарыштың игілікке апаратын жолын табу мәселесін қарастырады. Даосизмнің негізін б.з.д. VI ғ. соңы - б.з.д. V ғ. басында өмір сүрген Лао Цзы (Қарт ұстаз) салды. Даосизмнің қайнар көзі - «Дао-Дэ- цзин» деп аталатын философиялық трактатта көрсетілген. «Дао» - «жол, алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз» деген мағынаны білдіреді. Дао-заттардың табиғи өсу, өнуімен бірге, әлемнің негізін құрайды. Бүкіл әлем Дао заңына бағынады. Даосизм философиясының негізгі мәселесі - ұлы Дао туралы, жалпылама Заң және Абсолют туралы ілім. Даоны ешкім жасаған жоқ, бірақ бәрі де содан тараған. Дао барлық жерде, әрқашан, әр уақытта, шексіз өз үстемдігін жүргізеді. Оны сезім арқылы көруге, естуге болмайды. Дао табиғаттың, қоғамның, адам мінезі мен ойының табиғи, бірақ көрінбейтін заңы. Оның бастамасы да, аяғы да жоқ. Сондықтан ол атаусыз. Ол уақыт пен кеңістіктен тәуелсіз, солай бола тұра, жарық дүниедегі барлық нәрсенің негізі мен бастамасы, аты мен түрі. Дао сансыз заттарды жасаса да, әрекетсіз күйін сақтайды; бос қуыс сияқты, бірақ мәңгі, таусылмайды, оларды әруақытта реттейді. Ұлы аспанда Даоның ықпалында. Өмірдің мәні де, мақсаты да, оны танып білу, соның тәртібіне еру, сонымен жарасу. Даоны тану дегеніміз табиғаттың заңын ұғыну және сол тәртіпке үйлесе білу. Легизм – (латынша заң дегенді білдіреді) – фацзя мектебінің заң туралы ілімі, ерте қытайдағы саяси-этикалық ілім, адамды, қоғамды және мемлекетті басқару туралы көзқарастар. Легизм Чжоу династиясының билігі ыдырай бастағанда қалыптасады. Легизмнің көрнекті өкілдері – Гуань Чжун (б.д.д. 645), Шан Ян (б.д.д. 390-338), Хань Фэй цзы (280-233 шамасы). Легистер байырғы рулық қатынастарды, оның тірегі – ақсүйектік тұқым қуалаушылықты сынады. Олар елді басқарудың рулық дәстүрі мен рәсімдерін қабылдамады. Осыған орай бастапқы Конфуций ілімімен тай-таласта қалыптасты. Конфуцийдың этикалық талаптарын «ойын» сөзге жатқызды. Конфуций басқару идеясын жэнь және ли принципіне сүйеніп жалғастырса, легистер оның орнына заңға (фа) сүйенген мемлекеттік реформаны жасады, басқару теориясын ұсынды. ГуаньЧжун: «Заңдар – халықтың әкесі де, шешесі де... Билеуші мен шонжар да, мәртебелі мен төменгілер де, байлар мен кедейлер де – бәрі де заңға бағыну керек. Басқарудың түп өнері осында»,- дейді. Дәріс №3. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Қытай философиясында қалыптасқан мектептер 2. Даосизмның этикалық-саяси көзқарастарының ерекшіліктері қандай? 3. Конфуцийдің «алтын ережесі» 4. Ян және инь философиясы 5. Қытай философиясындағы категориялар 4-дәріс. Ежелгі Грек философиясы Грек философиясы мен мәдениетінің өркендеген жері грек жері емес, Жерорта теңізі жағалауындағы елдер. Бұл елдерді бір кезде гректер жаулап алған болатын. Милет, Самос, Абдер сияқты қалалар Жерорта теңізіне жақын болып, оларда сауда-саттық және экономикалық қатынастар кеңінен өркендеді. Сондықтан бұл қалаларда ірі мәдениет ошағы, философиялық орта пайда болып, дами бастады. Алғашқы грек философиялық мектебі Милет қаласында пайда болды. Милет мектебі Ежелгі Грекияда б.з.д. VI ғ. өмір сүрді. Бұл Милет мектебінің негізін қалаушылар Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Бұлар дүниені біртұтас, бір-бірінен бөлінбейтін жалпы процесс деп қарай отырып, оның негізін материалдықтан іздеді. Фалес (б.з.д. 640-560 ж.ж.) дүниенің негізін судан, Анаксимандр (б.з.д. 610-540ж.ж) апейроннан (шексіздіктен), Анаксимен (б.з.д. 546ж. туған) ауадан іздеді. Олар өткен дәуірдегі мифологиялық көзқарастан бас тартты. Алдымен жаратылыстану саласын зерттеушілер болды. Олар дүниеде не бірінші деген мәселені емес, керсінше, дүниенің біртұтастығын белгілі бір материалдық бірінші негіз арқылы шешуге тырысты. Эфестік Гераклит (шамамен б.д.д.540ж.). Оның есімі философия тарихында өшпес із қалдырған. Сонымен қатар, Гераклит тарихта Қараңғы деген қосымша атпен белгілі. Мұндай теңеу оның шығармаларының ерекшелігіне: ойлау машығының сипатына, тіліне, стиліне қарай айтылады. Гераклиттің ойлары өте қысқа әрі жинақты келеді. Ол түсініксіз сөздер арқылы терең ой жүйесін ширатып, әрбір құбылыс пен заттың мәнін ашуға тырысады. Гераклит қарама-қарсылықтардың бірінсіз-бірі өмір сүрмейтіндігін дәлелдеп шықты. Ол дүниенің тұрақсыздығын, оның үнемі қозғалыс пен өзгерісте, жалпы дамуда болатынын айқындап берді. «Өзендегі суға екі рет түсе алмайсың, өйткені ол ағып жатыр» дейді. Мұның өзі барлығы ағып, үнемі дамуда болады деген пікірді білдіреді. Гераклит қарама-қарсылықтардың бір - бірінен ажыраспайтынын, бір - біріне өтетінін, алмасатынын, бірін-бірі толықтыратынын, бірі жойылса, екіншісі де жоғалатынын айқындап берді. Гераклит сол кездегі басқа ойшылдар сияқты жаратылыстану саласымен айналысып, дүниенің негізін материалдық біртұтастықтан іздеді. Сондықтан да ол дүниенің негізін отта деп есептеді. Гераклит – көрнекті диалектик, теориялық ойлаудың шым-шытырман тұңғиығына, оның қайшылықтары мен бұрылысы көп жолдарына батыл көз жүгірткен ғұлама философ. Гераклиттің диалектикасы көптеген келелі мәселелерді көтерді. Сондай проблемалардың бірі таным процесін, әсіресе, диалектикалық танымның салыстыру әдісімен қалыптасатынын атап көрсетті. Салыстыру арқылы жақсылық пен жамандықтың, әсемдік пен көріксіздіктің т.б, жігін ашып, мәнін негіздеуге тырысты. Грек философиясында Гераклит диалектикасына қарама-қарсы бағытта пайда болған сол кездегі ағымдардың бірі - Элей мектебі болды. Ол мектептердің өкілдері – Парменид пен Зенон. Парменид пен Зенон бастаған Элей мектебі келелі философиялық мәселелерді көтерді. Ең алдымен олар болмыс туралы проблеманы жан-жақты талқылады. Элей мектебі болмыс туралы философиялық мәселе көтере отырып, оның мәнін ашуға әрекеттенді. Болмысты тек ойлау арқылы білуге, түсінуге, сырын ашуға болады. Ендеше, негізгі мәселе – ойлаудың болмысқа деген қатынасы. Бұл - Элей мектебінің ашқан жаңалығы. Мұның өзі кейін философияның негізгі мәселесіне айналды. Элей мектебінің негізін қалаған Парменид деген ойшыл. Оның ұстазы атақты ақын, ойшыл Ксенофан. Міне, Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: «Болмыс бар, болмыс емес жоқ» - кесіп айтты. Зенонның атақты апориялары: «Ахиллес пен тасбақа», «Жебе». Апория - ойлаудағы қиналу, аң-таң болу, шешілмейтін жұмбақ мәселе. Пифагоршылдар – ежелгі грек философы, әрі математигі, Пифагордың ізбасарлары. Олар дүниенің негізін сандық қатынастарда, сан барлық заттар мен процестердің мәні деп есептеді. Сандардың негізі әрбір зат пен процестің өлшемінде жатыр. Атомистер – материалистік тұрғыдағы философиялық мектеп. Негізі өкілдерінің бірі: Демокрит. Оның пікірінше, барлық материалдық дүние атомдардан тұрады. Атом бөлінбейді, мәңгілік, өзгермейді, өзіне-өзі тең. Софистер б.д.д. V-IVғ. өмір сүрген. Софистік философия, шын мәнісінде, антропалогиялық ілім болып қалыптасқан еді. Оның негізін қалаушы аға буынның өкілі — Протагор болатын. Протагордың «Адам - барлық дүниедегі заттардың мөлшері» деген қағидасы адам туралы ілімнің іргетасын калаған негізгі принцип болды. Шынында да, адам барлық заттардың және соған қатысты процестердің мөлшері болуға тиіс. Мұндай идеяның негізінде адамның өзінің рөлі де және оның қызметінің маңызы да жан-жақты қамтылады. Классикалық философия. Сократ, Платон, Аристотель. Сократ (б.з.б. 469-399 жылдары) жасында мүсіншілікпен айналысып, кейін философ, қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді. Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарды үнемі ойлантатын, ешуақытта маңызын жоймайтын аса қажетті ілім. Сократ софистер басын бастап, бірақ, аяқтай алмаған адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Ол, ең алдымен өзіне дейінгі философтардың ой-пікірлерін талдай келе, олар негізгі кемшілігін көре білді. Сократтың ойынша, таным философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Сократ мәселені батыл қойды. Дүниені тану, әлемді тану, әрине, қажет-ақ. Дегенмен адам өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керек. Осыдан келіп Сократтың бірінші принципі шықты. «Сен алдымен өзінді-өзің таны». Сократ бұл жерде адамның өмірін философияның негізгі мәселесі етіп қараумен шектелмей, өмірдің өзін өзіндік сана ретінде қарап отырған. Ендеше, адамша өмір сүрудің өзі өнер екен. Оның екінші қағидасы: Менің білетінім - менің ештеңе білмейтіндігім, ал басқалар мұны да білмейді». Адам өзіне-өзі сырттай үңілген сайын, өзін өзі тануға ұмтылған сайын, сайып келгенде ештеңе білмейтіндігін анықтайды. Платон (б.з.б. 427-347 жылдары өмір сүрген) атақты және аса ауқатты бай жанұядан шыққан. Философия тарихында Платонның қалыптасуы, көбінесе оның ұстазы Сократтың есімімен тығыз байланыстырады. Оның үстіне Платонның көптеген шығарма сұхбаттарының негізгі кейіпкері — Сократ. Ол Афины демократиясын қатты сынға алды. Платонның еңбектері: «Мемлекет», «Театет», «Федон», т.б. Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес, ол тек өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Таным дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Идея деген ұғымды алғаш философияға енгізген де - сол. Табиғатта идея тек түр ретінде өмір сүреді. Заттар өз қасиет сипатын сол түрге сәйкестенуі арқылы иемденеді. Идея ол біріншіден мәңгі, ол тумайды да, өлмейді де, өспейді де, кемімейді де; екіншіден, ол біртектес, әр түрлілік тек заттарға тән, олар өнеді, өшеді, - дейді Платон. Сөйтіп, ол идеяны алға тартады. Шәкірттерін оқыту үшін Академия ашты. Мемлекетті философтар басқармайынша адам баласы зұлымдықтан арылмайды. Платон жастарды философиямен айналысуға шақырды. Философ болу үшін, таңдана білу керек, — дейді. Аристотель (б.з.б. 384-322 ж.ж.) философиясы, жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан-жақты талдау жасап, өз заманының көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті. Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол «Метафизика» деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі - болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты. Аристотель - Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау процесінде ол Платонның көзқарасына қарсы шықты. Аристотельге: «Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың», - деп айып таққанда, ол: «Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да гөрі қымбатырақ» - деп жауап беріпті. Эллиндік философия. Эллинизм дәуірі (б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырдағы) басталды. Эллинизм ойшылдары стоялықтар – Аристотель ілімін, эпикуршілдер Демокритті, скептиктер Элей мектебі мен софистерді, Платонды әрі қарай ілгері жалғастырушылар болды. Ендеше, заманның мәнін, ішкі рухани дүниесін түсіну үшін эллинизм дәуірі, ондағы стоялықтар, эпикуршілдер және скептиктер маңызды рөл атқарды. Стоялық бағыттың негізін салған – Зенон. Әсіресе, стоялық ойшылдар өзінің логикасында, физика мен этикасында табиғатты, яғни сезімдік материалды, ғарышты субъекті ретінде қарап, сол арқылы адамның негізін түсінуге ұмтылды. Эпикуршілдік бағыттың өкілі Эпикурдің есімімен аталатын философиялық ағым сонау Демокриттің атомдық философиясын дамыта отырып, осы эллинизм дәуірінде адам туралы көптеген мәселелер көтерді. Эпикуршілдікті жаратылыстану саласын және этика мен эстетика мәселелерін көтерген ғылыми бағыт деп қарауға болады. Бұл ағымның негізгі бір ерекшелігі ұсақ бөлшекті атомдарды қарастыра отырып, солар арқылы адамдардың қоғамдық өміріне талдау жасайды. Скептиктер (грек тілінде «қараймын», «зерттеймін», «күдіктенемін») бағыты адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен көптеген ойларды қамтыды. Бұл ағымның негізін қалаушылар Пиррон, Секст Эмпирик, тағы басқалары болды. Бұл философияның негзі адамның ойы арқылы айналадағы дүниеге кеңінен көз салу, оны жақсылап көріп алу, өткен жолымызға қайта қарау және танымның жетістігіне сын көзбен шолу арқылы оны қайта бағыттау. Неоплатонизм өз дәуіріне тән философиялық бағыт болғандықтан сол заманның қоғамы мен адамының әлеуметтік тәжірибесін дәл ұғынып, оны абстракциялық философиялық формулаларда шебер көрсете білді. Тіл жеткісіз Тұтастық пен оның алуан түрлілікпен байланысын іздеу, Тұтастықты абсолюттендіру және Тұтастық пен материалдық ғарыш, құдай мен адам арасындағы шексіз аралық сатыларды іздеу мифологиялық ойлауды философиялық тұрғыда жаңғыртуға әкелді. Тәнге қатысты барлық нәрселерге қарсы шығу, аскетизм мен экстаз туралы ілімге басымдылық беру тек ерте христиандық философияға ғана емес, бүкіл ортағасырлық теологиялық ойлауға озінің едәуір ықпалын тигізді. Филон Александрийскийдің Көне Өсиет (Ветхий Завет) грек философиясымен алғаш синтездеуге ұмтылысы өзінің жалғасын таппады. Христиан дінінің жеңіске жетуі ертедегі гректердің ойлау тәсілін игере отырып, теріске шығару арқылы жүзеге асты. Бұл ортағасырлық өркениетте бастапқыда антиктік-христиандықты, ал кейінірек еуропалық христиандықты даярлады. Дәріс №4. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Алғашқы грек натурфилософтарының атын атаңыз? 2. Апейрон дегеніміз не? 3. Зенонның қандай «апорияларын» білесіз? 4. Сократтың «ирония» мен «маевтикасын» қалай түсінесіз? 5. «Платондық сүйіспеншілік» деп нені айтамыз? 5-дәріс. Ортағасырлық батысеуропалық философия Орта ғасырдағы теологиялық философия деп Европада V-XV ғасырларда таралған философиялық бағытты атаймыз, онда жоғарғы жаратушы ретінде құдайды, ал қоршаған орта оның туындысы. Осы кезеңде қоғамның рухани өмірінде үстемдік етуші дін болды. Ортағасырлық батысеуропалық философияның басты мәселелерінің негізі құдай болмысының дәлелі, сенім мен ақылдың ара- қатынасы адам жанының мәңгілігі болды. Антикалық философияға қарағанда орта ғасырдағы ойлау стилі теологиялық болды, яғни әлемді жаратушы ғарыш емес, құдай болды. Ортағасыр философтарының идеялары теологиялық ойға негізделді. Білімділіктің, зиялылықтың орталығы христиан дінінің шіркеуі болды. Шіркеу- мемлекет ішіндегі мемлекет, яғни көптеген мемлекеттік функцияларды атқарды. Философия теологияға қызмет етті. Онтологиялық мәселе-жаратылу идеясы, креационизм болса, ал гносеологияда христиандық аян идеясы орын тапты. Ортағасырлық батысеуропалық философиясы басты екі негізгі идеяға сүйенді: барлық заттың бастамасы шындық пен туындылық. Ортағасырлық батысеуропалық философиясында үстемдік етуші дүниетаным христиандық болды. Ортағасырлық теологиялық философияның көрнекті өкілдері: Тертуллиан Карфагендік (160-220), Аврелий Августин (354-430), Боэций (480- 524), Ұлы Альберт (1193-1280), Фома Аквинский (1225-1274), Ансельм Кснтерберийлік (1033-1109), Пьер Абеляр (1079-1142), Уильям Оккам (1285- 1349), Николай Отрекурлык (ХІVғ.) Орта ғасырлық батысеуропалық философиясын келесі кезеңдерге бөлуге болады: Патристика (латынша - әке) – ІІ-VІғғ. алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі. Апологетика ( грекше - қорғаймын, ақтаймын ) – ІІ – ІІІ ғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздаған ілім; Классикалық патристика - (ІV-Vғғ.) - тринитарлық мәселе, яғни әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім; христологиялық мәселе, яғни Христостағы екіұдайлық, яғни құдайлық және адамдық екі бастама туралы; антропологиялық мәселе, яғни құтқару мен арылу барысындағы Құдайдың мейірімі мен адамның күнәһарлық табиғаты жөніндегі ілім; Соңғы кезең (VІ-V ІІІ ғғ.) - христиандық догматиканың орнығуы, теология мен ғылымның энциклопедиялық кодификациялануы. Схоластика (латынша мектеп) - ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы. Схоластиканың үш кезеңі болды: - Балауса схоластика (ІХ-ХІІғғ.); - Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІғ.); - Құлдырау кезеңі (ХІV-ХVғғ.). Схоластикалық философияның негізгі мәселесі: • Құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу; • Жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе «универсали», яғни жалпылық ұғым мәселесі. Осы сұрақтарға жауап бере келе схоластикада екі бағыт пайда болды: Номиналаизм (лат.nomo- ат, атау) бойынша алдымен қандай да бір зат пайда болса, оған ат беріледі. Олар құдайдың бар екендігін былай дәлелдейді: Әке - құдай, ұл - құдайы, рух - құдай. Номинализм өкілдері - П.Абеляр, Росцелин, Дунс Скот, Жан Буридан, Роджер Бэкон. Реализм бағыты бойынша алдымен заттың өзі емес, оның жалпы атауы «универсалийлер» пайда болады, яғни сөз, соған сәйкес зат болады. Құдайдың бар екендігін былай дәлелдейді: Құдай туралы сөз бар, яғни құдайдың заты да, өзі де бар. Реализм өкілдері: А.Кентерберийский, Шампо. Аврелий Августин Ә у л и е (354-430) - христиандық теолог, «шіркеу аталарының» (католиктерде) бірі, христиандық дүниетаным жүйесін жасаған әулие. Христиандық әлемде дін және философия мәселелері бойынша шексіз беделі болған және «Ұстаз» деген атаққа ие болған. Антиктік мәдени мұра мен оған христиандықтың қатысы туралы пікірталаста сенім мен ақылдың үйлесімдігі туралы ілімді тұжырымдап, «Қасиетті Жазу» мен «Қасиетті Өсиеттің» күмәнсіз беделдігін мойындай отыра, адамның діни өміріндегі ғылым мен философияның рөлін кемітпеді. Августин жүйесіне рухани бастауларды әсірелеу тән. Адам үшін, дейді ол, Құдай мен дүние арасында таңдау бірден- бір абыройлы құндылық болып табылады. Адам тіршілігі құндылықтарының арасында ылғи жақсы көріп аялайтын игіліктер мен тек пайдалануға жарайтындарын бөлуге болады. Біріншісіне тіршіліктің бастауы болып табылатын абсолютті жақсылық ретінде Құдайды сүю жатады. Екіншісіне адамзат мәдениетінің жемістері мен нақтылы дүнияуи игіліктерді қосуға болады. Оларсыз тіршілік ету мүмкін емес. Бірақ оларға үйреніп, жақын көруге болмайды. Августин Құдайға біртіндеп жақындатып, тән мен жанды тазартатын, аскеттік сипатта болатын «катарсис» жүйесін тұжырымдады. Августиннің мәдениетке деген көзқарасы «Құдай қаласы туралы» еңбегінде берілген. Ол екі адамдық қауымдастықты бөліп қарастырады: «Жер қаласы» — Құдайды ұмытқан өзімшілдікке негізделген мемлекет пен мәдениет және «Құдай қаласы» — өзін ұмытқан, Құдайға деген сүйіспеншілігі шексіз рухани бірлестік. Рим империясының соңғы уақытына ұқсас «Жер қаласы» нәпсіқұмарлық пен күнәһарлыққа толы және «алғашқы күнәдан» бастау алады. Осы қалада өмір сүруге мәжбүр адам бар ықыласын Құдайлық Қалаға бағыттауы керек. Августиннің теологиялық ілімдері оның эстетикасымен де тығыз байланысты. Фома Аквинский (1225-1274) - италияндық діни ойшыл. Католиктік шіркеудің ең ірі ойшылы. Дегдар отбасынан шықса да, ол ата-анасының қарсылығына қарамастан, доминикандық діни ұйымға кіреді. Париждегі Сен-Жак монастырында, кейін Париж унверситетінде дәріс береді. Сонан соң Италияға қайтып келіп, Рим Папасының сарайында болады. Сол жылдары ол Аристотельдің философиясын тереңдетіп, өз ілімінің негізіне айналдырады. 1269 ж. Парижге қайтып оралып, Құдайтану қосындысы жұмысын жалғастырады (1266—1273). 1274 ж. Неапольдан Лионға шіркеулік кеңеске бара жатып қайтыс болады. Логик, метафизик, теолог, Фома әулие Аристотельдің рационалды философиясын христиан дінімен сәйкестендіруге тырысқан. Ф. Аквинский ойынша, дін мен білімнің қарым-қатынасы гармонияға, бейбіт жарасымға құрылуға тиіс. Философия қарама-қайшылыққа ұрынған шағында (мысалы, уақыт шеңберіндегі жарату мәселесі), оның көмекке дінді шақыруы қажет. Ф. Аквинский- теоретикалық теологияның негізін салушы. Негізгі еңбектері: «Теология жиынтығы», «Философия жиынтығы». Ол Құдайдың барына 5 дәлелді келтіреді: 1. қозғалыс: барлық заттың алғашқы қозғаушысы – құдай; 2. себеп: барлық нәрсенің бір себебі болады: ол – құдай; 3. кездейсоқтық пен қажеттілік; 4. сапа дәрежесі: заттардың сапасы әр түрлі, ең жоғарғысы құдай; 5. мақсат: қоршаған заттың белгілі бір мақсаты болады, құдай - мәңгі. Ф. Аквинский томизм бағытының негізін қалаушы. Томизм – Ф.Аквинский іліміне негізделген католиктік философияның бағыты. Дәріс №5. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Монотеизм дегеніміз не? 2. Креационизм дегеніміз не? 3. Ортағасыр христиан философиясының бағыттары 4. Номинализм және реализм 5. Әулие Августин және Ф. Аквинский философиясы 6-дәріс. Ортағасырлық араб – түрік философиясы Батыс философиясында өнер мен ғылым өз дамуында белгілі бір уақыт аралығында тоқтап қалып, христиандық дінді идеологияландыру жүріп жатса, ал Шығыс философиясында әсіресе VІІ-Х ғасырларда араб ойшылдарының арқасында философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешіреді. Ортағасырлық араб-түрік философиясы деп арабтар мен Таяу және орта Шығыс халықтарының мәдени-саяси әсерімен қалыптаса отырып, Гибралтардан Индқа дейін созылған Араб Халифаты териториясында орналасқан, VIII-XIV ғасырдағы кезеңді қамтитын философияны айтамыз. Ортағасырлық араб-түрік философиясы мен мәдениеті антика мұрасын сақтай отырып, діни сипаттағы дамуды күшейтті. Арнайы білім салаларының дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, Ибн- Сина, Омар Хайям және т.б. ойшылдар өз үлесін қосты. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық және теориялық зор ықпалын тигізді. Ортағасырлық араб-түрік философиясын екі негізгі кезеңге бөлуге болады: 1.VІІ-ІХ - араб-түрік философиясының пайда болуы. 2.IX- XV- араб-түрік философиясының ерте грек философиясын игеру кезеңі. Ортағасырлық араб-түрік философиясының негізгі бағыттары: • Калам - исламдағы діни-саяси ағымдардың пайда болуымен қатар дамыған дискуссиялар, мұсылмандардың басқа сенім өкілдерімен, христиан өкілдерімен пікірталасы. Бұл пікірталаста құдайдың мәні, құранның негізі, құдайдың жазуы, бостандық мәселесі қаралды. Каламда екі бағытты атап көрсетеміз: ерте калам-мутазализм, кейінгі калам - ашаризм. • Мутазалиттер (ерекше, айрықша) - ХІ ғасырдың бірінші жартысында гүлденген калам мектебінің өкілдері. Олар Алладан басқа ешкімді мойындамайды, ең құдіретті Алла. Сондай-ақ мутазализм-шийттердің идеялық ағымы болып табылады. Мутазализмнің атақты өкілдері ал-Алляф, ан- Наззам, ал-Джахисс. • Суффизм - исламдағы мистикалық аскеттік ағым. Адам үшін жоғарғы игілік адамның қоршаған ортадан, барлық қызықтан бас тартуы. Өкілдерінің бірі Қожа Ахмет Яссауи. Ортағасырлық араб-түрік философиясы грек философиясы мен Европа филоссофиясы - схоластика арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. VІІІ-ХІІ ғасырдан бастап, шығыста ғылымның дамуына жол ашылады. Алдымен тригонометрия, алгебра, оптика, психология кейіннен, астрономия химия, география, ботаника мен медицина дамиды. Одан кейін біртіндеп діни- филоссофиялық бағыттар алдыға шыға бастайды. Орта ғасырлық араб-түрік философиясының басты бағыты ислам мен мешіттің догматтарын сақтау, оны дамыту болды. Орта ғасырлық араб-түрік философиясының басты өкілдерінің бірі Ибн - Сина (Авиценна) (980-1037). Ол Әл-Фарабидің кейбір идеяларын шығармашылық тұрғыда жалғастырды: эманация идеясы, ақыл-ой туралы идея т.б. Ибн-Сина философиялық білімді екі салаға бөледі: теориялық және практикалық. Оның ойынша, егер теориялық философия ақиқатты игеруге ұмтылса, практикалық философия - игілікке жетуге ұмтылады. Теориялық философияға физиканы, математиканы, ал практикалық философияға саясатты, экономиканы жатқызады. Ал логика ғылымдардың барлығын пысықтайды, ол әлемді тану құралы. Барлық ғылымдардың шыңы метафизика деп аталынады, ал метафизика деп кейде теологияны, кейде философияны атайды. Қорытындылай келгенде, Ибн-Сина өз жауаптарында мынадай идеяларға келеді: егер философия ақыл-ой мәліметіне, дәлелге негізделген шындық туралы білім берсе, ал теологиялық білім сенімге сүйенеді. Әл-Фараби (870-950) Аристотельдің ізбасары болып табылады. Оның еңбектері «Герменевтика», «Қайырымды қала тұрғындары», т.б. Оның көптеген идеялары батыс европа идеяларымен философиялық концепциялардың дамуына теориялық әсерін тигізді. Фараби ғылыми болжамға, әлемді ғылыми танып білу мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы шықты. Жер бетіндегі соғыссыз қоғам идеалын теориялық тұрғыда негіздеді. «Фусул әл-мадани» еңбегінде Әл-Фараби адамдық болмыс ретіндегі мәдениетті талдауды бірінші ұядан - отбасынан бастайды. Үйдің өзіне тән мақсаттары болғанымен, ол қаланың құрамдас бір бөлігі болып табылады. Қалада отбасылар келісімді, тату-тәтті өмір сүруі керек. Қала ұғымы мемлекетпен жақындастырылады. Тағы бір мағынасында қала ұғымы әлеуметтік- мәдени топ түсінігімен де байланысты қарастырылады. Әл-Фараби 4 түрлі қалалар бар дейді: қайырымдылар қаласы, надандар қаласы, адасқандар қаласы, азғындар қаласы. Бұл әлеуметтік мәдени типтер сол заманның мәдени бағдарларымен сәйкес келеді. Рухани мәдениет бастауларын Әл-Фараби адамдарды өзара байланыстыратын құндылықтардан - жан дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздеді. Қайырымды қала тұрғындары ақыл-ой, әділеттілік, теңдік, бақыт бастауларын жоғары бағалайды. Бұларға жету үшін мәдени тәрбиенің маңызы зор. Тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі - білімді қалыптастыру. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгелердің ақылдылығын аңғармайды. Ғылым мен тәрбие ұштаса келе жоғары мәдениеттілікке жол ашылады. Мәдениеттілікке тәрбиелеу мәселесін Әл-Фараби жалпы мұсылмандық білім жүйесі - мағрипатпен үндес қарастырады. Оның басты түйіні - мінсіз ақылды әрі жетілген адамды қалыптастыру (әл-камили әл- инсани). Әбу-Жүсіп-әл-Кинди құдай, ақыл-ой, философия мәні, ғылымды классификациялау мәселелеріне көп көңіл аударған. Құдай туралы мынадай анықтама береді: «құдай - түп негіз, барлық нәрсенің бастауы», ол абсолютті шексіздік және мәңгілік. Адамның әлемді танудағы ақылдың рөлін анықтай отырып, әл-Кинди ақыл-ойдың төрт түрін және танымның үш сатысы туралы ой айтады. Ақыл-ойдың төрт түрі: белсенді ақыл-ой, енжар ақыл-ой, бейжай ақыл- ой, жариялаушы ақыл-ой. Болмыстық біртұтас принципін Ибн Араби (1165-1240) екі «ғарыштық» және «феноменальдық» деңгейде қарастырады. Араби үшін, Болмыстың бірлігі үш деңгейде – Абсолют ретінде, Атаулар (архетиптер) тұрғысынан, тұтас дүние көрінісінен білінеді. Абсолютте бәрі де өздігінен, жағдайын шектемей-ақ өмір сүреді. Болмыссыз өмір сүре алмайды. Өмір сүру бастауы туралы айтыста спекулятивті теологиясының жаңа түрі — калам, мутакалалимдік ағым қалыптасты. Мутакалимнің пікірталасына иудаистер, христиандар сияқты мұсылман емес сарапшылар да қатысқан. Мутакалимдердің ой-толғаныстары мына мәселелерге «біртұтас құдайлық», «Құдайдың қалтқысыз туралығы», қылығына қарай Құдайдың «мейірімділігі және қаһары», күнә жасаған мұсылманның «өтпелі күйі», мұсылманның зұлымдыққа қарсы әрекетіндегі «тыйымды бетке басу» және игілік жасатар «жарлықты құптау» және т.б. Ибн Араби Болмыстың бірінші деңгейін – Абсолют, Құдай, Шындық деп атайды. Бұл деңгей - Болмыстық біртұтас мәнді реалдылығы, абсолютті жетілгені. Дүние болса, ол «Құдайдың көлеңкесі». Құдай жалғыздықта жапа шекпеу үшін өз атауын басқалар айту үшін дүниені жаратты. Ибн Араби, басқа суфистер сияқты, мұндай түсініктемені киелі хадиске (Пайғамбардың емес, Алланың өз сөзіне) сүйенгенін еске салады. Дәріс №6. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Аль- Киндидің философиялық көзқарасы 2. Әл- Фарабидің онтологиялық ілімі. 3. Ибн-Синаның өмір сүру мен мән-мағына жөніндегі ілімі. 4. Жүсіп Баласағүни философиясы 5. Шығыс перепатитизмі және суффизм 7-дәріс. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы Қайта өрлеу дәуірі өнеркәсіптің, сауданың, әскери істің, яғни материалдық өндірістің дамуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар техника, жаратылыстану, механика, математиканың дамуы да байқалады. Бұндай өзгерістер орта ғасырға тән схоластикалық ойлаудың принциптерінен арылуды талап етеді. Жаңа дәуірге ауысуға себепкер болған жаңалықтар: Американың ашылуы, астрономия жүйесінің орнауы, өмірге, дүниеге деген адамдардың көзқарасын өзгертіп, ғылым мен философияның әрі қарай дамуына үлкен із қалдырды. Осы дәуірдің ойшылдары тәжірибеге сүйене отырып, қоғамды, адамдарды, табиғатты, өмірді түсіндіргісі келді. Осы дәуірге сонымен қатар антикалық идеялардың қайта жаңғыруы тән. Гуманизм, адамның шығармашылық дербестігі принципі, оның өмірдегі барлық жақсылықтарды иеленуге құқығы бар сияқты идеялары кең тарады. Уақыт жағынан қайта өрлеу дәуірі XIVғ. аяғы мен XVIІ ғасырдың аралығын қамтиды. Қайта өрлеу дәуірі қандай да болмасын бір ғана дәстүрге ғана бағынудан бас тартты. Қайта өрлеу дәуірінің философиясының пайда болуының алғышарттары: 1.Феодализмнің дағдарысы; 2.Сауда, мәдени, саяси орталықтарға айналған қалалардың өсуі; 3.Европа мемлекеттерінің орталықтануы; 4.Алғашқы парламенттің пайда болуы; 5.Ғылыми-техникалық жаңалықтар. Қайта өрлеу дәуіріне тән ерекше белгілер: - антропоцентризм мен гуманизм; - шіркеу мен шіркеу идеологиясына деген оппозиция; - қоршаған ортаны ғылыми-материалды негізде түсіну; - әлеуметтік мәселелерге, қоғам мен мемлекетке деген үлкен қызығушылық; - индивидуализмнің басымдылығы; - әлеуметтік теңдік идеясының кең таралуы; Қайта өрлеу дәуір философиясына бірнеше бағыттың болуы тән: 1.Гуманизм; 2.Неопалтонизм; 3.Натурфилософия; 4.Реформация; 5.Саяси бағыт; 6.Утопистік-социалистік. Гуманистік бағыт XIVғ.-XVғ. орта шені, оның орталығы Италия болды. Гуманизм бағытының негізін салушы Ф. Петрарка. Шығармалары: «Өлеңдер кітабы», «Менің құпиям». Ол бірінші болып жеке бастың өзіндік санасының қалыптасуының негізін салды. Гуманистік антропоцентризмнің басты сипаттамасы - адам басты құндылық болып есептелінеді. Гуманистер не еретиктер, не атеистер болған емес, керісінше олардың көпшілігі құдайға сенді, бірақ олар ең бірінші орынға адамды қойса, одан кейін құдай туралы сөз қозғайды. XVI ғасырдың басы рим-католиктік шіркеудің ірі дағдарысымен ерекшеленді. Осы кезеңде шіркеудің кейбір жат қылықтарына қарсы бағытталған реформация қозғалысы қалыптасты. Реформациялық процесстер рим шіркеуінің бөлінуіне және протестантизмнің пайда болуына әкеліп соқты. Николай Коперник – поляк астрономы. Әлемнің гелиоцентристік жүйесін жасаушы. Коперник ілімі шын мәнінде революциялық іс болды, сол арқылы табиғат зерттеу істері өзінің діннен тәуелсіз екенін паш етті. Жердің күнді айналуы және жердің бір тәулік ішінде өз кіндігін айналып шығуы туралы теорияны айтты. Джордано Бруно – поляк астрономы Негізгі еңбектері: «Себептілік бастама және біртұтастық туралы», «Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы». Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру формасы. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем мен Құдай бір. Әлем - әмбебап бастама, жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан ол мәңгі және өзгермейді. Социалистік-утопистік (ХУ-ХУІІғ.ғ.) бағыт мемлекет пен қоғамды құрудың идеалды - қияли формаларын, тендестіру, жаппай реттеу және т.б. мәселелерді қарастырды. Томас Мор (1478-1535)-утопистік социализмнің негізін салды. Мордың атақты шығармасы "Утопия" деп аталды. Утопия грекше «жоқ жер» дегенді білдіреді. Томас Мордың Утопиясында: - жеке меншік жоқ; - барлық азаматтар өндірістік еңбекпенен айналысады; - еңбек ету бәрін еңбекке міндеттеу негізінде жүзеге асады; - барлық өндірілген өнім қоғам меншігіне өтеді және барлық Утопия тұрғындарына бірдей бөлініп беріледі; - барлығының еңбекпен айналысуына байланысты Утопияны қамтамасыз ету үшін 6 сағатық жұмыс күні жеткілікті; - ғылымға ерекше қабілеті бар адамдар қара жұмыстан босатылады; - ауыр қара жұмысты құлдар-тұтқындар және сотталған қылмыскерлер атқарады; Утопистік социализмнің көрнекті өкілі Томмазо Камнанелла (1568-1639) «Күн қаласы», «Галилей апологиясы» деген еңбектер жазды. «Күн қаласында» оның тұрғындары-солярийлер әлеуметтік әділеттілікті орнықтырып, өмір мен еңбектің рахатын көреді. Томмазо Кампанелланың Күн қаласында: - жеке меншік болмайды; - коммунистік идеал-4 сағаттық жұмыс күні; - барлық азаматтар еңбек етеді, еңбектің нәтижесі бүкіл қоғам меншігіне өтіп, барлық тұрғындарға, қоғам мүшелеріне теңдей бөлінеді. Дәріс №7. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Қайта өрлеу заманы деп қай ғасырларды айтамыз? 2. Гуманизм дегеніміз не? 3. Антропоцентризм дегеніміз не? 4. Утопия ұғымы 5. Ренесанс және реформация 8-дәріс. Жаңа дәуір философиясы Жаңа дәуір философиясы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық, саяси- қоғамдық қатынастардың жемісі болатын Өйткені, Батыс Еуропада капиталистік құрылыстың пайда болуы орта ғасырлық діни идеологияға қарсы күресті үдете түсті. Тауарлы-ақшалы шаруашылықтың дамуы ортағасырлардағы тұйық қоғамның жемісі болған барлық әлеуметтік, саяси-идеологиялық қатынастарды талқандауға әкеліп соқты. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді. Адам ендігі жерде сатып алатын, сатылатын тауарларға бағынышты болды. Оны өлтіруге, сатуға және сатып алуға болмайды. Бірақ, адамның жұмысшы күші сатылады, өйткені, ол қосымша құн тудырады. Бүкіл байлық — капитал осы процесс арқылы дүниеге келеді. Философияның ендігі мәселесі капиталистік өндіріс нарық тудырған, бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастаған жаңа типтегі ғылым және оның жаңа әдісі туралы болды. Философия сонымен қатар жаңа дүниетаным жаңа көзқарасты дүниеге әкелді. Жаңа философия қалыптасты. Жаңа көзқарас әлемді біртұтас дүние ретінде тануға, дүниенің барлық салаларын жан-жақты қамтуға әрекет етті. Табиғатты толық тануға ұмтылған бұл көзқарас, бір жағынан, жаңа заман ойшылдарының діни-мистикалық қапастан шыққаннан кейінгі еркіндік аңсаған армандарының орындалуы еді. Дүние кең байтақ, ұшы-қиыры жоқ, оны танитын, оның сырын ашатын табиғаттың нәрестесі (құдайдың жаратқан құлы емес) — адам. Ол бүкіл дүниені тануға және игеруге ұмтылды. Адам орта ғасырлық, қаратүнек қараңғылықтан, шырмаудан босанып шығысымен ендігі жерде тек өзіне ғана сенді. Ол өзінің еркіндігін және күшін танып, өз ісін қызметінен әділеттілік пен зерделілікті көрді. Жаңа дәуір өндіргіш күштердің ерекше қарқынмен дамуына кеңінен жол ашты. Өндіргіш күшке айнала бастаған ғылым мен техниканың өркендеуі бірте- бірте жаңа философиялық және ғылыми танымды қажет етті. Сондықтан да жаңа дәуір ойшылдары таным процесіне, табиғатты тануға ерекше назар аударып, ғылыми танымның негізін қалыптастыруға кірісті. Ең алдымен танымның жалпы әдісі, сонымен бірге жекелеген ғылымдардың саласындағы әдістер пайда бола бастады. Жаратылыстану саласының дамуы қоғам алдына қойылған мақсатқа сәйкес келді. Өйткені, бұл көзқарас философияны жаратылыстану ғылымының жетегіне іліктірді. Дегенмен, даму процесі диалектикалық жолмен жүреді. Жаңа дәуірдегі ғылымның, яғни жаратылыстану ғылымының дамуы сол кездегі философияның өркендеуіне ішкі мазмұны жағынан өзара сәйкес келді. Оларды біріктірген жалпыға бірдей әдіс — метафизикалық, механикалық әдіс болды. Бұл әдіс, ең алдымен, сол кездегі ғылымның дамуына байланысты шықты. Ғылым бұрынғы шашылған ұсақ-түйек ілімдерден бір арнаға жинақталған жүйеге айналуды қажет етті. Сондықтан ғылым білімдер жүйесіне айналды. Сонымен қатар ғылымдардың жекелеген таным тәсілдері философияға да тән әрі ортақ болып шықты. Таным теориясында бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт пайда болды. Олар сырт қарағанда ойлау процесіндегі ой-пікір, пайым мен зердеден келіп шықты. Олардың бірі эмпирикалық (эмпирия - латын тілінде тәжірибе), ал екінші рационалистік (рацио - латын тілінде ақыл, зерде) болып бөлінді. Бұлар кейін келе-келе бір-бірімен қарама-қарсы бағытқа айналды. Таным теориясындағы бел екі бағыт философия тарихындағы, таным процесіндегі көптеген қайшылықтардың бетін ашты. Ал метафизикалық, механикалық әдіс таным теориясындағы осы екі ағымның диалектикалық байланысын анықтаудың орнына, оларды бір-бірінен алшақтатып жіберді. Бұл әдіс ақыл мен зердені табиғаттың, тіпті, құдайдың тудырған жемісі ретінде қарастырды. Айталық, ағылшын ғалымы Ф. Бэкон «Жаңа Органон» атты шығармасында табиғатты өзінің зерттеу нысаны етіп ала отырып, одан алынған білімнің қандай әдіспен, қалай пайда болғанына назар аударады. Сөйтіп, ол философия мен ғылымда эмпирикалық және индуктивтік әдістердің негізін қалаушы болды. Бірақ, оның әдісінің бәрі тәжірибемен тығыз байланысты болып, кең көлемді теорияның тууына жол аша алмады. Мұндай тар өрістілік Бэкон сияқты философқа танымның әлеуметтік негізін ашып, адамның табиғатын түсінуіне мүмкіндік бермеді. Ол табиғатты байлықтың көзі деп қарай отырып, оның негізгі мәнін, адамға қатысты жақтарын аша алмады. Сондай-ақ, ұлы философтың ғылыми жаңалықтарымен бірге, негізгі кемшілігі қоғамды, ондағы қатынастарды түсінуде де айқын көрінді. Ол орта ғасырдағы ақылдың адасушылығын тамаша көркем тілмен суреттеп бере отырып, оның мәнін терең түсіндіре алмады. Сондықтан да біз ағылшынның ұлы ғалымы, әрі философы Ф.Бэконның жаратылыстану саласындағы ғылыми еңбегін зор бағалай отырып, оған тән тар өрістілік оның ғылыми әдісінде, әсіресе пайымның шеңберінен толық шыға алмағандығында жатыр дер едік. Мұндай тар өрістілікті сезе отырып, одан шығудың жолын ақылдан, зердеден іздеген француздың атақты ғалымы, әрі философы Рене Декарт болды. Оның философиясы зерделі ойдың негізінде дүниені екі субстанциядан (латын тілінде - негіз деген мағынада), яғни материалдық және рухани негіздерден тұрады деп есептеді. Бұл екі субстанцияның мәнісі-басқа заттың бар болуынан тәуелсіз өмір сүріп тұрған зат бір-біріне бағынышты емес, бір-бірінен келіп шықпайды. Айталық, материалдық субстанция рухтан немесе санадан пайда болмайды. Сондай-ақ, идеалдық субстанция да алғашқы болып саналады, ол да өз алдына тәуелсіз, дербес. Бұл екеуінің өзіне тән ажырамас қасиеттері, атрибуттары бар. Материалдық субстанцияның атрибуты - тұрақ немесе өріс, ал идеалдық субстанцияның атрибуты - ойлау. Философиямен айналысқан Декарт математикалық принциптер сияқты философияны да абсолюттік негізде тудыру керек деп санады. Сондықтан да ол философияның негізгі бір тапжылмайтын, нақты принцип арқылы дамытуды көздеді. Философия тарихында әйгілі болған бұл принцип «күмәндану» деп аталады. Ұлы философ өзінің күмәндану принципін былай деп негіздеді: «Егер мен күмәндансам, онда менің ойлай алатыным сөзсіз. Егер мен ойлайтын болсам, онда менің өмір сүргенім». Бұл принциптің маңызы, ең алдымен, орта ғасырлық схоластикалық, қатып- семіп қалған ұғымдарға қарсы соққы берді. Сөйтіп, Декарттың күмәндану принципі ғылым мен философияның ескі көзқарастардан арылып, жаңалыққа бой ұруына мүмкіндік туғызды. Өз принципі арқылы Декарт ғасырлар бойы өзгермейді деп келген қиюы қашқан қағидаларды теріске шығарды. Жаратылыстану саласындағы ғылыми жаңалықтар мен қоғам өміріндегі ұлы өзгерістердің орталығына айналып, жаңа қоғамның барынша дамып, өркендеуіне жол ашқан Англия елінің Т. Гоббс сияқты ойшылы дүниеге келді. Оның философиясы өзіне дейінгі өмір сүрген атақты ойшыл Т. Гоббстың саяси- әлеуметтік, қоғамдық көзқарасын айқын бейнелейтін шығарма – «Левиафан». Бұл шығарма қоғамның пайда болуын, оның даму жолдарын жан-жақты талдауға әрекет жасайды. Ұлы ойшыл қоғамды екі дәуірге бөледі. Алғашқы дәуір табиғи деп аталады. Мұндағы адамдардың барлығы тең қүқылы, олар барлығына, яғни заттарға толық иелік етеді. Бірақ, бұл тең құқылық адамдардың арасындағы өзара қақтығысқа, соғысқа, бірін-бірі қырып-жоюға, сөйтіп адамзаттың жер бетінен кұрып кетуіне әкеліп соғатын еді. Осыған байланысты «адам адамға қасқыр» принципі шықты. Сондықтан адамдар өзара келісе отырып, «мынау менікі, мынау сенікі» деген құқықтық қатынастарды тудырады. Мұның өзі әркімнің жеке меншігінің пайда болуына әкелді. Ал жеке меншікті қорғау керек. Ол үшін белгілі бір күш, әкімшілік орын, яғни мемлекет қажет. Ендігі жерде адам баласы екінші дәуірге аяқ басты, яғни бұлардың шығуы қоғамның тууына әкеліп соқты. Сөйтіп, Гоббстың ойынша, қоғамның шығуы заңды түрде жеке меншік пен мемлекеттің тууына әкеліп соғады. Олай болса, жеке меншік, мемлекет әрі заңды, әрі қажетті, әрі объективті, әрі қасиетті. Ендеше, заңды түрде пайда болған бұл процеске қарсы шығуға болмайды. Осыған орай, «қоғамдық келісім» теориясы орнайды. Дж. Локк (1632-1704) XVII ғасырда Англияда болған саяси-әлеуметтік өзгерістер ғылым мен техника саласында да, сондай-ақ, ойлау процесінің дамуында да көптеген жаңалықтар әкелді. Бұл жаңалықтар, әсіресе, 1688 жылғы Англиядағы қала буржуазиясы мен ауылшаруашылық аристократиясының өзара ымыраға келуімен тығыз байланысты еді. Осындай ірі төңкерістер мен өзгерістерді басынан кешірген ұлы философ Локк өз қоғамындағы қайшылықтардың шиеленісе түскенін шығармаларында айқын көрсетіп берді. Оның «Адам ақыл-ойының тәжірибесі туралы» деген еңбегінде философия тарихында бірінші рет таным теориясының жүйеге келген негізі көрсетілді. Адамның ақылы, зердесі - зерттеудің негізгі нысаны. Сондықтан ақылдың мүмкіндігін, оның қабілетін зерттей отырып, оны қалай пайдалану керектігін білуіміз қажет. Білім қандай жолмен пайда болады? Ақыл білімге қалай келді? Локк осы мәселелерді шешуде жалаң рационалистік көзқарасқа сүйенген Декарттың дүниетанымын қатты сынға алды. Ол ең алдымен Декарттың білім «туа пайда болады» деген идеясын сынай отырып, сезімде жоқ нәрсе ақылда да болуы мүмкін емес деп, эмпирикалық таным әдісін ұсынады. Адамның жаны ақ қағаздай тап-таза, оған белгі түсіріп, жазу жазатын сыртқы дүние. Ал сыртқы дүние сезім мүшелеріміз арқылы бізге әсер етіп, білім береді. Білімнің негізі тәжірибеде жатыр. Мұндай көзқарас сонау Бэконның философиясынан басталатын белгілі бір эмпирикалық бағыттың сара жолы болатын. Европа философиясының эмпирикалық-сенсуалистік бағытын XVIII ғасырда ағылшын философы Джордж Беркли (1685-1753) жалғастырды, бірақ бұл Ф.Бэкон, Гоббс пен Локктың ілімдеріндегіден бөлек түбегейлі түрде ерекше ыңғайларға негізделген жалғасу болды. Локктың бастапқы және кейінгі қасиеттерге бөлуіне қарсылық білдіре келе, Беркли олардың екеуі де бізге тең дәрежеде сезіну ретінде берілген деп санады. Сонымен бірге, сезініп қабылдаулардың комбинациялары, Берклидің айтуынша, бізді қоршаушы заттар болып табылады. Ойшыл «Тіршілік ету, бар болу - сезіну, қабылдану» деген принципті ұсынды. Ол: «Біз өзіміздің идеяларымыз бен сезінулерімізді қабылдамасақ, онда нені сезінеміз? Белгілі бір идеялар немесе сезінулер не олардың комбинациялары қабылданбастан бар бола алады деген тұжырым мағынасыз емес пе»,- деп жазды. Қысқасы, Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді. Философияның міндеттерінің бірі, Берклидің пікірінше, материализм мен атеизмді сынау болып табылады. Ол материяның болуы мүмкін деген ойдың өзін қабылдауға қарсы шықты. «Біз тіршілік етуін жоққа шығаратын жалғыз нәрсе - философтардың материя немесе денелік субстанция деп атайтыны. Бұл жоққа шығарудан адамдар ешбір зиян шекпейді, өйткені мен олар ешқашан да оған деген қажеттілікті сезінген емес деп тұжырымдауға құқылымын. Атеистер, қолында олардың арамзалығына тірек болатын бос сөздің әдемі қабықшасынан айырылып, ал философтар, бәлкім, бос сөз сөйлеу үшін қомақты сылтаудан айырылғанын түсінер», - деп ерекше тоқталды ойшыл. Осылайша, Беркли созылымдылық, кеңістік және т.б. дерексіз идеясы секілді, жалпы материя туралы дерексіз идеяның болуы мүмкін емес деп тұжырымдады. Ол адамның ақылы жалпы дерексіз идеяны құра алмайды, тек жалпы зат идеясын құра алатындығын дәлелдеуге тырысты. Беркли субъективті идеализм принциптерін ұстанғанмен, өз позициясын қорғауға тырысып, ол оны объективті-идеалистік позицияларға ауысуымен қуаттау шешімін қабылдады. Атап айтқанда, философ мынадай ойларды түйіндеді: егер тіпті барлық қабылдаушы, сезінуші субъектілер жоғалып кетсе де (ал Берклидің айтуынша, тіршілік ету - субъектілермен қабылдану), ешбір зат жоғалып кетпейді. Олардың барлығы Құдайдың ойында «идеялардың» сомасын ретінде тіршілік етуін жалғастырады, яғни онымен қабылданады. Берклидің замандасы ағылшын философы Давид Юм (1711-1776) оның көзқарастарының ықпалында болды, бірақ олардан скептицизм және агностицизм бағытына ауысты. Егер Берклидің көзқарасы бойынша, сыртқы әлем менің сезінуім болса, Юм сыртқы әлемнің тіршілік етуі туралы мәселе шешілмес мәселе деп сенді. Оның пікірінше, шындық — себептері белгісіз және тануға жатпайтын әсерлердің ағымы. Сонымен бірге, біздің қабылдап-сезінулеріміз сыртқы әлемнің тіршілік етуіне, оның сол сияқты тіршілік етпеуіне де аз дәлелдер береді. Сезінулер не олардың комбинациялары қабылданбастан бар бола алады деген тұжырым мағынасыз емес пе»,- деп жазды. Қысқасы, Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді. Г.Ф.Лейбниц (1646-1716) немістің атақты ғалымы, көрнекті философ болды. Ол Германиядағы жаңа қалыптасып келе жатқан капиталистік қатынастардың негізінен туған ғылыми теорияларды айқын көре білді. Жаңа дәуірдегі таным теориясында эмпиризм мен рационализмнің арасындағы күрестің шиеленіскен жағдайы Лейбницке де өз әсерін тигізді. Ол өзінің «Адам зердесінің жаңа тәжірибелері», «Монадология» деген еңбектерінде таным теориясындағы рационалистік әдістің әрі қарай дамуына кеңінен жол ашуға тырысты. Г.Лейбництің рационалистік көзқарасы оның ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жан-жақты ұштасты. Ол өзі әрі физик, әрі математик, әрі механик, тағы басқа ғылымдардың негізін қалаушы болды. Оның осы ғылыми білімдер саласындағы пайымдық қызметі философиялық жүйені зерделік негізде толығынан жасап шығуға бөгет болмады. Г. Лейбництің рационализмі өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Декарт пен Спинозаға қарсы бағытталды. Ол өзінің рационалистік көзқарасында осы ойшылдардың дүниетанымындағы негізгі кемшіліктерге тоқталды. Егер Декарт өзінің философиясында дүние екі субстанциядан тұрады деп, ал Спиноза ол субстанция - табиғатты жалғыз деп есептесе, Г. Лейбниц мұндай ойлардың ағат екендігін дәлелдеуге тырысты. Оның ойынша, субстанция ұшы-қиыры жоқ дүние заттары болып есептеледі және ол өте көп. Философ әрбір субстанция болмыстың «біреу», яғни жалғыз екендігін, монада (дара, қарапайым деген сөз) екендігін анықтады. Монада материалдық емес, ол рухани атом. Кез келген монада әрі жан, әрі дене, сол екеуінің бірлігі. Монадалар арқылы материя мәңгі қозғалыс қабілетіне ие болды. Сөйтіп, ол материя мен қозғалыстың бір-бірінен ажыраспайтынын және өзара бірлікте екендігін анықтап берді. Дәріс №8. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Сенсуализм дегеніміз не? 2. Рационализм және эмпиризм дегеніміз не? 3. Механикалық және метафизикалық материализмі 4. Жаңа замандағы гносеология мәселесі 5. Жаңа замандағы ғылыми көзқарас 9-дәріс. Неміс классикалық философиясы Жаңа дәуірден бастап дамыған қоғамның өндірістік қатынастары XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. Ғылымы, өндірісі мен техникасы жоғары дәрежеде дамыған Англия сол кездегі елдердің алдыңғы қатарына шықты. Капиталистік даму процесі біртіндеп еніп, елдегі әлеуметтік жіктелуді күшейте бастағандықтан, Францияда жаңадан көптеген саяси ілімдер мен көзқарастар туды. Соның негізінде революциялық идеялар белең алып, мұның ақыры саяси төңкерістерге алып келді. Ал осы кездегі Германия үшін капиталистік қарым-қатынастың кеңінен дамуы болашақтың ісі сияқты еді. Өйткені неміс жерінде бытыраңқы, ұсақ (үш жүзге тарта) мемлекеттер пайда болып, олардың арасында шиеленіскен соғыстар жүріп жатқандықтан, жалпы елдің экономикасы мен саяси дамуы кенжелеп қалды. Алайда, Германияда осы кезде ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер ерекше дамып, осы салаларда дүние жүзін таң қалдырған ұлы жаңалықтар ашылды. Сондықтан неміс ойшылдары Батыс Еуропадағы осы тарихи дамуды басынан кешіре отырып, ағылшындар және француздардың мәдени, рухани дамуының байлығын бойына сіңіре отырып, жаңа классикалық философияның озық үлгілерін берді. Классикалық неміс философиясы бүкіл философия тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйеніп, сол кездегі қоғамдық дамуды терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логиканың шығуына түрткі болды. Классикалық неміс философиясы ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындады. Сондай-ақ, ойлаудың болмысқа қатынасы арқылы таным теориясындағы объекті мен субъектінің диалектикалық арақатынасын ашып, теориялық ойлау формасын жаңа сатыға көтеріп, философиялық категориялардың атқаратын рөлін көрсетіп берді. Жаңа заман философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы – И. Кант (1724-1804) болды. Ол өзінің философиясын ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады. Ол «Таза зердеге сын» (1781) деген атақты шығармасында сөзді бұрын ерекше бағаланып, бас иіп келген зерденің қазіргі кезеңдегі қайшылыққа ұшырап отырған тағдырынан бастайды. Зерде тап болған қайшылықтардың бетін аша отырып, логикаға, таным теориясына және диалектикаға тән мәселелердің де шет жағасын шығарды. И. Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризм мен рационализм саласындағы сыңаржақ кеткен кемшіліктерін көрсете отырып, философияда бұрын-соңды болмаған үлкен жаңалық ашты. Ол бұл жаңалықты философиядағы коперниктік төңкеріс деп атады. Бұл төңкерістің мәні мынада еді: егер Кантқа дейінгі ойшылдар табиғатты зерттей отырып, болмысты, материяны философияның негізгі нысанына айналдырса, немістің ұлы ойшылы, керісінше, біздің философиялық талдауымыз ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағытталуға тиіс деді. Ал болмыс, материя, объекті осы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағынады және солардан келіп шығады деп білді. Мұның өзі Канттың сол уақытқа дейін кеңінен орын алып келген таным теориясындағы және философиядағы көзқарасты толығынан қайта қарап, жаңа ілімнің, ағымның іргетасын қалағанын көрсетеді. Канттың философиясындағы, таным теориясындағы коперниктік төңкерістің мәні таным процесіндегі субъектінің белсенді рөлін айқындап, негіздеп беру еді. Кант жоғарыдағы еңбегінде таным процесіндегі қайшылықтарды кеңінен ашып, олардан шығудың жолын көрсетті. Ұлы ойшыл адам баласының таным қабілетін: сезімдік, пайым және зерде деп үшке бөледі. Оның мақсаты жаңа дәуірдегі эмпиризм мен рационализмнің тар өрістілігінен шығып, оларды өзара ымыраластыру еді. Сондықтан ол априорлы (априорлы - латын тіліндегі тәжірибеден тыс пайда болған ұғым, ой, идея) синтетикалық пікірдің жаратылыстану саласында қандай орын алғандығын көрсету үшін білімдердің әртүрлі салаларын алды. Кант ең алдымен математиканы, жаратылыстануды және метафизиканы (философияны) априорлы синтетикалық тұжырым арқылы талдай келіп, таным процесінің қалыптасуы мен белгілі бір сатылардан өту жағдайын көрсетті. Осыдан математика - сезімділікке, жаратылыстану - пайымға, метафизика, яғни философия - зердеге қатысты екені анықталды. Кант осылайша белгілеген адамның таным қабілетінің үш түрі философия тарихында ерекше рөл атқарады. Өйткені, бұл бір жағынан танымды біртұтас, бірақ ішкі қайшылыққа толы процесс деп қарау болса, екінші жағынан, философияны жаратылыстану саласымен тығыз байланыстыруға жасалған әрекет еді. Сондықтан Кант белгілеп берген адамның бұл таным қабілетінің үш түрі бүгінгі күнде де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып, оны ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан классикалық неміс философиясының ірі өкілі Г.Ф. Гегель (1770-1831) болатын. Оның шығармашылығының даму кезеңі Германияның саяси-әлеуметтік жағ-дайының біршама үлкен өзгеріске түсіп, елдегі ішкі қайшылықтар белең алған тұста басталды. Сондықтан ол өзіне дейінгі барлық ойшылдардың, әсіресе, ХУII- ХҮIII ғасырлардағы ағылшын және француз ағартушыларының, сондай-ақ, неміс жерінде кеңінен өрістеген ғылым мен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттің жетістіктерін толық зерттей отырып, оларды өз жүйесін жасауға кеңінен пайдаланды. Гегель негізінен өзіне дейінгі философияны тек пайымның әдісінде ғана қалыптасқан деп айқындай отырып, зерденің сан-қилы шығармашылық кезеңдеріне айрықша мән берді. Ол өзінің алғашқы философиялық шығармаларында қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат мәселелеріне айрықша назар аударды. Гегельдің осы алғашқы шығармаларының ішінен болашақ диалектикалық, зерделілік әдісті тудыруға негіз болған еңбектерінің бірі – « Кім абстрактылы ойлайды?» деген мақаласы. Бұл шағын ғана еңбек болғандығына қарамастан, таным теориясының келелі мәселелерін көтерді. Ол ең алдымен ұзақ жылдар бойы қалыптасып келген таным процесіндегі тек сезімділік пен танымға ғана сүйенген абстрактылы ойды қатты сынға алды. Расында да Гегельге дейінгі дәуірде сезімділік, пайым - нақтылықтың бейнесі, ал абстрактылық - ойдың жоғарғы даму процесімен тығыз байланысты деген көзқарас айрықша орын алып келді. Міне, осындай ағат пікірге Гегель ашықтан-ашық қарсы шықты. Оның ойынша, абстрактылы ойлау сауатсыз, білімсіз, топас адамның әрекеті. Өйткені, абстрактылы ойлау қандай ғана болмасын мәселенің басын ашып бере алмайды. Ол тек сыртқы көрініске, одан соң сезімге ғана мойын ұсынады. Абстрактылы ойлау таным процесіндегі сыңаржақтылықтың нақты бір белгісі. Абстрактылы ойлаған адам өз ойына өзі мән бермей, каралып отырған мәселеге терең үңілмей, оның мәнін, тарихын ашып беруге дәрменсіз. Сондықтан Гегель абстрактылы ойлаған кейбір адамдарды мысалға ала отырып, олардың сауатсыздығын, надандығын, білімсіздігін көрсетті. Олай болса, таным процесі негізінен нақтылыққа ұмтылады. Нақтылық дегеніміз-көптеген анықтамалардың синтезі, көпжақтылықтың бірлігі. Яғни нақтылық қандай да мәселеге болмасын, объективті, тарихи, ішкі байланыстарды анықтау арқылы қарауды талап етеді. Ендеше, таным процесі әуелі абстрактылықтан басталып, нактылыққа қарай өрлейді. Бұл - таным процесіндегі негізгі принцип. Бұл принципті К.Маркс өзінің «Капиталын» жазу процесінде шебер пайдалана білді. Таным процесінде логика мен диалектикаға ерекше назар аудара отырып, пайым мен зерденің өзара байланысын тереңнен зерттеген Гегель өзінің алғашқы еңбектерінің бірі «Рух феноменологиясында» зерделі ойдың негізін көрсетті. Бұл шығарма Гегель философиясының «ақиқаттың қайнар көзі және жасырын сыры» рухтың-көріну формаларын, яғни оның сана, өзіндік сана, рух, абсолюттік субъекті арқылы даму жолдарын суреттеп берді. Гегель «Рух феноменологиясында» сананың қалыптасу және даму жолдарын қоғам өмірімен байланыстыра отырып айқындап берді. Сана әуелі қарапайым түрде (яғни жеке индивидтің санасы ретінде) басталып, сан ғасырларға созылған тарихи белестерден өтіп, қоғамдық санаға дейін көтеріледі. Оның бұл даму жолы, ең алдымен, қоғамдық өмірдің, тарихтың пайда болып, даму кезеңдерімен тығыз байланысты. Зерделі философияға жаңа бет-бұрыс жасауға ұмтылған немістің ұлы ойшылы Л. Фейербах (1804-1872) болды. Оның 1841 жылы жарық көрген «Христиан дінінің мәні» деген еңбегі философия тарихындағы жаңа дәуірдің бетін ашты деуге болады. Фейербах классикалық неміс философиясының ақырғы буыны еді. Ол өз жүйесін И. Кант қалыптастырған жолдан тайдырып, жаңадан философиялық жүйе жасады. Ол өзінің философиясын «болашақтың философиясы» деп атады. Оның ойынша, философия ойлар мен рухтар дүниесінен босап шығып, жаңа патшалыққа қарай, яғни адамның қайғы-қасіреті қабаттаса қорланған дүниеге қарай бет бұруы тиіс. Демек, философия ендігі жерде өзінің ойларын таза зерденің ықпалынан адамға, антропологияға қарай алып шығуға тиіс. Ол өзінің «Болашақ философиясының негізгі қағидалары» деген еңбегінде құдай туралы, яғни теологиялық ілімнен шығып, адам туралы ілімді тудыру керек дейді. Осындай жаңа ілімді тудыру үшін ол классикалық неміс философиясында қалыптасып қалған ілімдерге қарсы шықты. Содан да болар, Фейербах «жаңаша философияның», яғни Гегель философиясының аяқталуының бейнесі іспетті. Бұл философияның тарихи қажеттілігі мен оны ақтаудың негізі, көбінесе, оны сынаумен байланысты болды. Сөйтіп, Л. Фейербах жаңа философияның негізін қалай отырып, алдымен Гегельдің кең таралған жүйесін сынауға кірісті. Ол оған қарама-қарсы ой мен болмыстың арасындағы тепе-тендік қатынасты ашуда табиғатты негізгі объекті етіп алып, соның мәнін анықтауға тырысты. Табиғат перзенті - адам философияның негізгі субъектісі. Алайда, Фейербах объекті мен субъекті туралы мәселені табиғат пен адамның арасындағы қарым-қатынас деп қараумен шектелді. Гегельдің ойлау мен болмыстың теңдігі туралы мәселесін Фейербах материалистік негізде шеш-пекші болды. Сол себептен ол адамның болмысын нақты өмір сүретін объективтік шындық деп қарады. Бұл классикалық неміс философиясына қарама-қарсы дүниетаным болатын. Егер Гегель табиғатты идеяның жатсынуы деп қараса, Фейербах оны барлық ғылымның, адамзаттың шығу тегі деп есептеді. Ендеше, адам баласының болмысын біз ойлау процесі арқылы ғана анықтай алмаймыз. Рас, ол ойлау мен болмыстың байланысы диалектикалық екенін мойындады. Өзінің философиясында болмысқа анықтама бере келе, ол оның ойлаусыз өмір сүруі - материя екендігін, шындықтың субстраты екендігін айқындады. Сөйтіп, Фейербах өз заманындағы философиялық негізде материя туралы ұғымды нақтылады. Егер ХVІІ-ХҮIII ғасырлардағы философ-материалистер материяны субстанция ұғымы арқылы анықтауға тырысса, Фейербах оған сезімділік пен зерденің негізгі пәні ретінде қарады. Оның ойынша, егер материя болмаса, біздің зердеміз ешбір сезімділікке, белгілі бір әсерге ие болмас еді. Онда ойлауда да ешқандай мән қалмайды. Ендеше, материяны жоққа шығару дегеніміз зердені жоққа шығарумен бірдей. Фейербах материяның негізгі өмір сүру формалары - уақыт пен кеңістікке де айрықша көңіл бөлді. Ол «Уақыт пен кеңістік құбылыстың жай формалары ғана емес, олар - болмыстың, сондай-ақ, ойлаудың түп тамырлы жағдайы, зерде формаларының заңдары. Шын мәнісіндегі ойлау уақыт пен кеңістіктегі ойлау» деп көрсетті. Дәріс №9. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Неміс классикалық философиясындағы көрнекті тұлғаларды есіңізге түсіріңіз. 2. Кант «сынға дейінгі» өмір кезеңінде қандай гипотеза ұсынды? 3. Гегельдің философиялық жүйесі. 4. Диалектиканың негізгі зандарын атаңыз. 5. Фейрбахтың «сүйіспеншілік» ілімі. 10-дәріс. XIX ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия Классикалық неміс философиясы әлемдік философияның дамуына зор ықпал етті. Ол онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді, яғни болмыс, мән, таным және өзге де философиялық мәселелерді идеалистік тұрғыда шегіне жете зерттеп, дамытты. Алайда, XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, классикалық философия дәстүрі әртүрлі сынға ұшырап, екі жарым мың жылдық тарихы бар философиялық мән мен таным мәселесінің орнына «өмір», жеке адам, құбылыс, психологиялық және т.б. мәселелерді қарастыру белең алды. Осы дәуірде классикалық неміс философиясын, әсіесе гегельдік философияны сынаудың екі бағыты көзге түсті: «сол жақтан сынау», материалистік философия өкілдері - Л.Фейербах, К.Маркс, Ф.Энгельс; «оң жақтан сынау», идеалистік «бейклассикалық» философия өкілдері; Сонымен бірге «Кантқа қайта оралу», «Гегельге қайта оралу» деген ұранмен неокантшылдық, неогегельшілдік философиялық мектептер пайда бола бастады: ■ Неокантшылдық мектептер. Марбург мектебі - Канттың таным теориясы, логика мәселелерімен айналысты. Бұл мектеп - Герман Коген (1842 - 1918), Пауль Наторп (1854 - 1924), Кассирер (1874 - 1945), Ганс Файхингер (1852 - 1933); ■ Бадендік (Фрейбургтік) мектеп - Канттың әлеуметтік философиясы мәселелерімен айналысты. Өкілдері - В. Виндельбанд (1848 - 1915), Генрих Риккерт (1863 - 1936); ■ Неогегельшілдер - Рихард Кронер (1884-1974), Г.Лассон (1862 Бейклассикалық идеалистік философияның негізінен екі бағытта кең тарады: иррационализм және «өмір философиясы»; Иррационализм – табиғатта, қоршаған дүниеде логикалық қисынды байланысты жоққа шығарады. Иррационализмнің негізгі идеясы - қоршаған дүниенің бәрі бөлшектенген байланыссыз хаос, ішкі заңдылықтары жоқ, ақыл- парасат бақылауына бағынбайтын, тек ерік-жігерді қозғаушы күш деп түсіну. Иррационализмнің көрнекті өкілі – Артур Шопенгауэр. Шопенгауэрдің «Дүние, ырық және елестету» деген еңбегінің төртінші кітабында философтың құнды идеяларының бірі анығырақ баяндалған. Дүниені елестету арқылы оны әрі сенімді, әрі анық тануға мүмкіндік туады. Осыдан соң ғана ырықтың алдында оның өзін жарқырата көрсететін айна пайда болады. Ол айнадан ырық өзін өзі толығырак, анығырақ, үнемі өсіп отыратын дәрежеде танып, соның ең жоғарғысы адам ырқы екеніне көз жеткізеді. Бірақ адамның мәні оның іс-қимылы мен әрекетінің байланыстары арқылы белгілі болады. Осындай саналы бірлік ақылдың, зерденің пайда болуына жеткізеді, ал одан тұтастықты қамтуға мүмкіндік туады. Органикалық емес нәрселердің, өсімдіктердің табиғаты мен оның заңдарындағы бізге көрінбейтін ырық соқыр, бой бермейтін ұмтылыс қана. Оның өзі не істеймін десе сонысы болмай қоймайтын осы дүние, өмір. Сондықтан біз өмірдің құбылысын ырықтың айнасы, оның нысаны дейміз. Ал ырықтың ең қажеттісі - ол өмір. Өйткені өмір дегеніміз елестетуге арналған осы ырықтың бейнесі ғана. Ендеше бұл ырық немесе «өмірге қарай ырық» деген сөз. Иррационализмнің барынша өріс алып, әсіресе, XX ғасырда негізгі ағымдардың тұтқасына айналуына үлес қосқан ойшыл, неміс философы Фридрих Ницше (1844-1900) болды. Ф.Ницше бүкіл адамзаттың ғасырлар бойы қалыптасып келген салт-санасы мен дәстүріне, әсіресе, философияда зердеге қарсы шықты. Ол бүкіл философия тарихына қайтадан шолу жасап, ескі соқпақты жолдардан бас тартып, бұрын- соңды болмаған бағытқа бет бұрды. Ол көне грек тарихының бүкіл проблемаларын, ондағы философиялық, ойлардың пайда болуын сол кездегі халықтың музыкалық рухына және олар өмір сүрген дәуір деп тіршілік қарекетіне байланысты деп есептеді. Осыдан келіп, философ олардың күнделікті мүшкіл халінен туған рухты шебер тілмен суреттеп берді. Мұндай жаңалық философия тарихында бұрын-соңды болмаған еді. Ол өзінің шығармасында көне грек мәдениетін, әдебиетін және өнерін жетік білетіндігін көрсетіп қана қоймай, сол кездегі рухани дүниені танудың жаңа бір әдісін тапқандай болды. Ф.Ницше өмірдің негізінде ерік, жігер, құлшыныс жатыр дейді. Оның философиясының негізі – билікке деген ерік. Билік – ғарыштық күш, ол бар өмірдің өзегі. Психоанализ деп бейсаналықтың қоғам мен адам өміріндегі өзге де психикалық процестердің себептерін, маңызын түсіндіретін қазіргі заман философиясының бағытын атайды. Психоананализ теориясын австриялық ғалым-психиатр Зигмунд Фрейд (1856 - 1939) салды. Психоанализдің бастамасы ретінде З.Фрейд екі жаңалық ашты: ■ бейсаналық - ерекше психикалық шындық, сананың бақылауына келмейтін, адам санасынан тыс жататын психикалық құбылыстар, жағдайлар және әрекеттер жиынтығы; ■ ығыстырып шығару реакциясы- психологиялық қорғаныс әдісі ретіндегі психиканың тендігі мен салауаттылығын бұзатын теріс эмоцияны, теріс тәжірибені санадан бейсаналыққа ығыстырып шығару реакциясы. Өмірдегі теріс эмоциялар, жүзеге аспаған үміт, арманның бәрі ерте ме, кеш пе санадан бейсаналыққа ығыстырылып шығарылады, сөйтіп ол «кездейсоқтық», оғаштық мінез-құлықтарда, жаңылу, бейадекватты іс- әректтерде көрініс табады. З.Фрейд ілімінің негізінде философиялық неофрейдизм ағымы пайда болды. Оның өкілдері: А.Адлер, К.Г.Юнг, Э.Фромм. Карл Густав Юнг (1875 - 1961) – архетиптер теориясын қарастырды. Архетиптер - әмбебап бейнелер, жалпы адамзаттылық ығыстырылған өмірлік энергияның «коды». Архетиптер - барлық адамдарда туа біте пайда болатын «ұжымдық бейсаналық» құрылымы, адамзаттың «шифрленген» құпия тарихы, ізгі ақиқаттар. Олар адамның ұжымдық өміріне, шығу тегіне байланысты. Архетиптер адам психикасында тұқым қуалау арқылы тарихи сақталады. Архетиптер адамға түс көру, бейне, әпсана, парапсихологиялық эффект, қиял, галлюцинация арқылы көрінеді. Оларды санамен, парасат, ақылмен байқауға болмайды, архетиптер - тылсым, құпия дүние. К.Юнгтың пікірінше философия мақсаты - адамға архетиптерді «ашып беруге» көмектесу, оның мағынасын, мәнін ұғыну, сол арқылы өзін жәнс қоршаған шындықты тану. Позитивизм (лат.т. «оң», «жағымды» деген сөзінен шыққан) - 30 - 40 жылдары пайда болған философиялық бағыт. Позитивизм ғылымды философияға қарсы қоятын, философиялық мәселелерді терістейтін, тек арнайы, «оң» ғылымдардың білімін мойындайтын философиялық ағым. Өзінің дамуында позитивизм төрт негізгі кезеңнен өтті. 1.Классикалық позитивизм; (О.Конт, Г.Спенсер); 2.Махизм; 3.Неопозитивизм; 4.Постпозитивизм. Позитивизм негізін француз философы Огюст Конт (1798 -1857) салды. Ол ғылымға «социология» деген терминді енгізді. О.Конттың негізгі шығармалары: «Позитивтік философия курсы», «Позитивтік философияға жалпы шолу». О.Конттың пікірінше идеализм мен материализм арасындағы философиялық айтыстың негізі жоқ, әрі мағынасыз. Философия материализмнен де, идеализмнен де бас тартып позитвтік білімге көңіл бөлу керек. Ол дегеніміз- философиялық білім абсолютті дәлелденген, әрі анық болуы керек және оған жету үшін философия танымда ғылыми әдісті қолданып, өзге ғылымдардың жетістіктеріне сүйенуі қажет. Дәріс №10. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Маркстік философияның негізгі қағидасы қандай? 2. Маркс дамудың қайнар көзін неден іздейді? 3. Шопенгауэр философиясының негізінде не жатыр? 4. ХХ ғасырдың адамзат тарихындағы ерекше орны және оның философиялық ой-пікірге тигізген ықпалы. 5. Фрейд адам психикасын қандай қабаттарға бөледі? 11-дәріс. Орыс философиясы Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі. Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі – XI - XVII ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философия-сының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Мұнан өзге Византиямен қатынас Ресейге шығыстық христиандық философия тұжырымдамаларының бекітілуіне ықпал етті. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуының негізгі бағытына сай дами отырып, христиандандырылған күйінде болса да антиктік, византиялық, ертеболгар дүниетанымы идеяларын бойына сіңірді. Оның үстіне орыс философиясы IX ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке жазба тілін әуел бастан қолданды. Философиялық білім дүниетанымдық функциямен қатар данышпандық қызметті де атқарады, ал Ертедегі Русьтің рухани өмірі монастырларда (ғибадатханаларда) шоғырланғандықтан, бұл философиялық ілімнің сипатына өз әсерін тигізді. Жалпы алғанда, философиялық және тарихи ой христиандық принципіке негізделді. Адамзат пен орыс халқы тағдырларын философиялық пайымдауда әуел бастан- ақ патриотизм мен тарихи тереңдік орын алады. Ең алғашқы орыс философы - киевтік митрополит Илларион (XI ғасыр) «Заң және береке туралы» сөзінде-ақ «орыс жерінің» қасиетті дүние құдіретінің жалпыәлемдік үдерісіне енуін дінтанулық тарихи тұрғыда негіздейді. Оның жұмысында Ресейдің тағдыры және орыс халқы мен орыс мемлекетінің әлемдегі мәні мен мақсаты туралы терең пайымдаулар кездеседі. Сонымен орыс философиясындағы ой «орыс идеясы» ағымында қалыптасты. Ресейдің ерекше тағдыры мен орны туралы идея XVI ғасырда қалыптасып, орыс халқының ұлттық өзіндік санасының алғашқы идеологиялық құралы болды. Орыс идеясы мұнан әрі қарай отандық философияның XIX ғасыры мен XX ғасырдың бастапқы кезеңдерінде қалыптасты. Бұл кезеңдегі оның негізін салаушылар П.Я.Чаадаев, Ф.М.Достоевский, Н.И.Бердяевтер болды. «Орыс идеясы» әлем халықтарын бүтіндей біртұтастыққа біріктіретін жалпыадамзаттық идеяның терең көрінісі болды. Бұл идея бойынша тек Ресей ғана христиандық негізінде бүкіл адамзаттық өркениеттік қозғалыстың басында болуы тиіс. Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер XVI— XVIII ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарама-қайшылығы негізінде өтті. Мұның алғашқысы орыс ойының төлтумалылығына басты назар аударып, бұл төлтумалылықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырады. Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үдерісін тануға тырысты. Бұл үрдіс өкілдерінің айтуынша Ресей Еуропаның даму жолына барлығынан кейін түскендіктен, Батыстан көп нәрсені үйреніп, сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс. Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы XIX ғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылдар білдірді. Осыған байланысты орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бұл екі бағыттың да қалыптасуында П.Я.Чаадаев (1794—1856) үлкен рөл атқарды. Өзінің көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында» баяндады. Чаадаев католиктік Батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «Ғаламдық миссиясында» деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегі славянофильдіктің де, батысшылдықтың да негізін қалаушы болып табылады. Әрине, Чаадаев өз позициясының екіжақтылығын түсінді және осыған байланысты орыс халқы өзіне тиесілі идеяны іздестіру үстінде дейді. Ұлттық идея сипатының белгісіздігі туралы автордың пікірі кейінгі орыс қоғамдық ойы өкілдерінің көзқарастарды талдауында айқындала түседі. Бұл екі бағыт та Орыс идеясының мәні мен мағынасын қарама-қайшы кейіпте түсіндіреді. Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт - бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері қатарына А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, Н.Г.Чернышевский, Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белинский, И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты. Бұлардың барлығы шіркеуді сынап, материализмге сүйенді, бұл ағымнан орыстың революциялық демократтары өсіп шықты. Батысшылдар Ресейдің «еуропаландыру» идеясын насихаттады және қорғады. Олардың пікірінше, ел Батыс Еуропаға бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде экономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс. Славянофильдік болса орыстың ерекше философиялық-идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық (құтқарушылық) идеясын негіздеді. Славянофильдік өкілдері батысшылдарға да, революциялық демократтарға да қарсы шықты. Бұл бағыттан діни орыс философиясы өсіп шықты. Славянофильдіктің негізін қалаушылар: А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, К.С.Аксаков, Ю.Ф.Самариндер болды. Бұл идеялық позицияға В.И.Даль, А.Н.Островский, В.И.Тютчев сияқты ақын-жазушылар жақын болды. Бұл қоғам қайраткерлерінің шығармашылығы бойынша, философия - Ресей өркениетті елдермен бірқатар болу үшін Батыстан алынған үлгілердің бірі емес, ұлттық дамудың рухани жетістіктері шеңберіндегі қажетті элемент. Олардың жұмысында тарихтың өзінен туындайтын дербес сара жол мен ерекше міндеттерді шешу үшін орыс ойының қажеттілігі туралы ойы бекітіледі. Орыстың төлтума философиясының зерттеу аймағы осымен сипатталады. Бұл міндеттер мен зерттеу аймағы Православиемен тығыз байланыстырылды. Славянофильдер Ресей дамуының бүкіл Батыс өркениетінен түбірлі айырмашылығы туралы тезисті ұстанады. Бұл жерде ең алдыңғы орынға діни бастау шығады. Жоғарыда айтылғандай славянофильдердің бастапқы тезисі Православиенің шешуші рөлін бекіту болып табылады. Олардың пікірінше, дәл осы орыс жерін жаратқан «орыс рухын» қалыптастырады. Христиан діні үш ірі бағытқа бөлінеді: Католиктік, Православиелік, Протестанттық. Бұл бөліністен кейін «еркіндік бастауы» шіркеулердің кейбіреуінде өзінің мәнін жоғалтқан. Славянофильдер католицизмде шіркеу еркіндігі жоқ деп есептейді, өйткені онда Рим папасының күнәсыздығы туралы догма бар. Протестантизм болса шіркеудің жойылуына әкелетін адами еркіндікті, индивидуалдық бастауды абсолюттендіре отырып, өзге біржақтылыққа ұрынады. Тек православие ғана еркіндік пен қажеттілікті үйлесімді түрде үндестіреді. Еркіндік пен қажеттілік үйлесімділігі мәселесін шешу үшін славянофильдер өздерінің философиялық көзқарастарындағы маңызды принцип - соборшылдық (еркін қауымдастық) ұғымын енгізеді. Бұл ұғымды даярлаған А.С.Хомяков (1804-1860). Ол Русьтегі патриархалдық өмірді қалпына келтіру, «Қасиетті Русь» идеалдарына бет бұру, православиені ең жоғарғы бастау ретіндегі концепциясын бекіту сияқты идеяларды қолданды. Хомяковтың тарихи концепциясында шіркеу «бастапқы нақтылық» болып табылады. «Соборшылдық» ұғымы да осымен байланысты. «Соборшылдық» принципін бекіту индивидуализмді ғана теріске шығару емес, жеке еркіндіктен айыратын ұжымды да мойындамайды. XX ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық-саяси ойдың ең басты бағыттарының бірі діни философия болды. Бұл бағыттың өкілдері - Николай Бердяевтің, Сергей Булгаковтың, Павел Флоренскийдің және т.б. ойшылдардың есімі әлемге белгілі. Олардың шығармашылығына XIX ғасырдағы орыс философиясының дәстүрлерімен қатар (славянофильдерден бастап Ф.Достоевский мен Вл.Соловьевқа дейін), әр түрлі мистикалық және пессимистік көңіл-күйлерге толы сол дәуірдің өзі де үлкен ықпалын тигізді. Орыстың діни философиясында сыртқы әлемнің танымдылығы туралы көзқарас кеңінен таралған. Бүл көзқарас өзінің шеткі формасында, дәлірек айтқанда объекті сол күйінде интуитивті тікелей пайымдау ілімі формасында көрінеді. Киреевский және Хомяков бүтін ақиқат тек бүтін адамға ғана ашылады дейді. Тек өзінің барлық рухани күштерін - сезімдік тәжірибе, рационалды ойлау, эстетикалық перцепция, адамгершілік тәжірибе және діни парасатты, - бүтін бір тұтастыққа жинағанда ғана, адам әлемнің нағыз болмысын түсіне бастайды және Құдай туралы жоғары рационалды ақиқатты игереді. Дәл осы бүтіндік тәжірибе көптеген орыс ойшылдарының - С.Трубецкойдың, Е.Трубецкойдың, П.Флоренскийдің, С.Булгаковтың, Н.Бердяевтің, Н.Лосскийдің, С.Франктің, Л.Карсавиннің, А.Лосевтің, И.Ильиннің және т.б. шығармашылық қызметінің негізін құрады. XIX ғасырдың 60-70 жылдары славянофильдер ілімін жалғастырған түбіршілдер болды. Олардың философиялық ізденістерінің басты идеясы - «ұлттық түбір» Ресей дамуының негізі. Барлық түбіршілдерді олардың дүниетанымының діни сипаты біріктірді. «Ұлттық түбір» ретінде православие идеалдары мен құндылықтары алынды. Бұл бағыттың негізгі өкілдері - А.А.Григорьев, Н.Н.Страхов, Ф.М.Достоевскийлер болды. Түбіршілдер арасындағы ең көрнекті ойшылдың бірі - Ф.М.Достоевский (1821-1881). Ол философ болмағанымен, таза философиялық шығармалар жазбағанымен, оның философиясы - ол қалыптастырған әдеби кейіпкерлерінің ойынан көруге болады. Оның шығармаларының философиялылығы соншалық, тіпті әдеби-көркем жанр шеңберінен шығып кетеді. Жазушы шығармаларында адам тағдыры мен мәнінің әлем және Құдаймен терең байланыстылығы туралы идеясын көтереді. Достоевский бойынша еркіндіктің «шынайы жолы» бұл Құдай-адамға жеткізетін жол, Құдайдың жолымен жүру. Ол үшін Құдай адамгершіліктің барлық кепілінің негізі болып табылады. Достоевскийді үрейлендіретін нәрсе - бір нәрестенің болса да көз жасына құрылған әлем мен адамдар әрекетін жарқын болашақтың атымен ақтап алуға бола ма деген мәселе. Оның жауабы дайын - ешқандай да жоғары мақсат бейкүнә сәбидің қайғысы мен зорлықты ақтай алмайды. Бұл жолмен Құдай мен Әлемді келісімге келтіру мүмкін емес. Достоевскийдің ойынша, Ресейдің жоғары ұлттық миссиясы халықтарды христиандық тұрғыда біріктіру болып табылады. В.С.Соловьев (1853—1900) діни орыс философиясының, білімнің біртұтастығы мен бүтіндігі туралы идеяның негізін қалаушы, орыстың көрнекті христиандық философы. В.С.Соловьев философиясы діни философиялық дәстүрдің бүкіл рухы мен кейпін білдіреді. Көптеген ірі философтар өздерін В.С.Соловьевтің ізбасарлары ретінде санайды. Соловьев дәуіріне Трубецкой шығармашылығын, Флоренский мен Бердяевтің ерте шығармашылығын жатқызуға болады. В.С.Соловьев адамның діни және әлеуметтік өмірі сұраныстарын біртұтастыққа байланыстыратын бүтіндей дүниетанымдық жүйені құруға тырысты. Соловьевтің ойы бойынша мұндай дүниетаным негізі христиандық болып табылады. Соловьев философиясының негізгі идеясы - жалпы тұтастық идеясы. Бұл идеяны дайындауда славянофильдердің соборшылдық идеясына сүйенгенмен, оған жалпы қамтушы, ғарыштық мағына береді. Болмыстың төменгі және жоғарғы деңгейлері өзара байланысты, өйткені төменгі үнемі жоғарыға тартылып отырса, ал әрбір жоғары өзіне төменгіні «енгізеді». Соловьевте жалпы тұтастық, «құдайдың қасиетті Үштігі барлық құдіретті жаратылыстармен, оның ішінде ең бастысы адаммен байланысты» деген тұжырымынан көрінеді. Жалпы тұтастықтың негізгі принципі: «Құдайда барлығы біртұтас». Жалпы тұтастық бұл ең алдымен жаратушы мен жаратылыс тұтастығы. Дәріс №11. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Илларионның орыс философиясының қалыптасуындағы негізгі ойлары 2. Славянофильдік бағытты ұстанушылар және негізгі ойлары 3 батысшылдық бағытты ұстанушылар және негізгі ойлары 4. Діни философиясының өкілдері және негізгі ойлары 5. Орыс философиясы және әдебиет 12-дәріс. Қазақ философиясы Көне гректер айтқандай, философия дүниеге таңғалудан басталады. Әрине, дүниеде таңғалатын нәрселер көп. Соның бірі Әлем болса, екіншісі Адам болмақ. Қазақ та басқа халықтар тәрізді осы аталған екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған. Бұл - біріншіден. Екіншіден, қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін айтқанда, ескерер мәселе, ол - қашанда олардың еркіндік пен бостандық сүйгіштігі. Қазақ жерінде ешқашанда құлдық болмаған. Үшіншіден, қазақ қашанда теңдік пен әділеттілік мәселесіне қатты назар аударған. Төртіншіден, теңдікке негізделген әділеттіліктен әлеуметтік айырмашылықтар мен әлеуметтік топталу аз болған. Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау халықтың қанына терең сіңген құндылық. Онымен тығыз байланысы бар нәрсе - бар затқа қанағат ету де қазаққа тән қасиет. Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау – ол да көшпенділік өмір салтынан шыққан құндылық. Жетіншіден, өне бойы көшіп-қону барысында қашанда әр қилы қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келді. Ол - ерлікті, батырлықты қасиет етуді талап етті. Сегізіншіден, көшпенділердің өмірі өне бойы қауіп-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейін ол күнбе-күнгі өмірді бағалап, алудан гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді той-думанға айналдыру, өзін шешен сөзбен, даналықпен көрсете білу, әртүрлі сайыстарға қатысу, «сегіз қырлы, бір сырлы болу» бабаларымызға тән нәрселер болған. Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген көңілінің ашықтығы, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру - бұл да біздің халықтың керемет қасиеттерінің бірі болып саналады. Оныншыдан, көшпенділердің негізігі құндылықтарының бірі - ата-ананы, үлкендерді сыйлау. Әрине, халықтың мыңдаған жылдар шеңберінде бойына жинаған көп қадір- қасиеттерінің ішінен біз негізгілерін ғана көрсеттік. Енді келесі мәселеге - қазақ философиясының ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ: Біріншіден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді. Екіншіден, адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбінесе экзистенциялық тұрғыдан қаралады және ол көшпенділік өмір салтын түсірсек түсінікті де болар. Үшіншіден, Отандық философияда абстрактылы-теоретикалық жүйелер жасау өте сирек кездесетін құбылыс - философиялық ізденіс адамның нақтылы өмірдегі жүріс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінеді. Төртіншіден, адам болмысының этикалық жақтарына: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, абырой т.с.с. категорияларға терең талдаулар жасалады. Бесіншіден, қоғам өмірінің негізгі мәселесі ретінде әрқашанда әлеуметтік әділеттілікке көбірек назар аударылады; Алтыншыдан, Отандық философияны аксиологиялық философия десек те болғаны, өйткені, онда құндылық әлеміне зор қөңіл бөлінеді. Енді мәселені нақтылай түсіп, Отандық философияның негізгі сатыларына қысқаша көз жіберейік. Басқа халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзін көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар. Өйткені, өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды, ол оның тілі, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, философиялық тұрғыдан талдануда. Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан бұрын пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние негізінен: жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлі қайшылыққа толы: жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с. Аспанға көз жіберген ежелгі түрік бабаларымыз оны Тәңір Жаратқан әлеміне жатқызған. Сонымен қатар, көне түріктердің нанымында ерекше орынға ие болған әйел Құдай - Ұмай болды. ХV-ХVIII ғ.ғ. философиялық ой - толғамдар негізінен жыраулық түрде дамыды. Қазақ халқының ақын-жырауларының ішінен Сыпыра жырауды, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар жырауларды атауға болады. Қазақ халқының тарихында XIX ғасыр ерекше орын алады. Бұл ғасыр қазақ мәдениетінде «ағартушылық философия» деп аталады. Қазақ ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев. Ш.Уалиханов (1835—1865) – ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым. Болашақ ғалым дала әніне, ана уіліне, түркілердің елдігімен ерлігіне әлдиленіп өскен. Бабаларымыздың өсиетнамасын, елін, жерін, тілін сақтауға алтын арқау, аялы өзек болған фольклорды қадір тұтты. Ол «Ер Едіге» жырының үш нұсқасын өзара салыстырып, жаңа нұсқасын жасаған кезде Шоқан небәрі жеті жаста еді. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын да сол кезде қағаз бетіне түсірген. Елінің тарихын, ауыз әдебиетін, этнографиясын, экономикасын жетік білген ел ағасы Шыңғыстан, өз заманының тек білімді ғана емес, сонымен қатар озық ойлы, парасатты, зиялы әкесінен болашақ оқымысты зор ғибрат алған. Ш.Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің, Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын қуаттады. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, барша шығармаларынан дерлік философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады Қазақ жеріндегі шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние - күн, ай, жұлдыздар және жер - алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы, «Тәңір (құдай)» мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдары себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен түсіндіреді. Сонымен, Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде-ақ айтып кеткен. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан түпсіз сырға толы ғажайып таңдану пәні болды деп көрсетеді. Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) дүниетанымы қалыптасуына туған ел, халық ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері елеулі әсерін тигізді. Ш.Уәлиханов секілді Ы.Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді және Қазақстандағы халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты. Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен, ағарту және қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдері табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл - ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екінші, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұл ойды ол көптеген шығармаларында қайталап отырады. Мысалы, «Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!» (Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. А., 1988, 18-бет), «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасы» т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды. «Мұсылманшылдықтың тұтқасында» бүкіл дүниені, жан-жануарларды айта келіп, «мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық - қадір екендігіне дәлел болса керек» деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда, Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды, сонымен бірге дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұдан Алтынсариннің дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз. А.Құнанбаев (1845-1904) қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл. Оның шығармашылық мұрасы өлең, дастан, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай - қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын дедік. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам «...көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» (А.Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық жинағы. А., 1961, 48-бет), - дейді. Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жан- жануарларды, адамды, тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен» - ақын, жан, «менікі» - адам денесі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі» деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді. Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдар бейнесін көруге болады. Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) Шығармалары: «Үш анық», «Мұсылмандық шарты». Оның «Үш анық» еңбегінде ар-ұждан мәселесі қарастырылады. Шәкәрім біріншіден - онтологиялық жолындағы гносеологиялық, таныммен, екіншіден, дін жолындағы теологиялық дүниетанымды екінші анық деп көрсетеді. Ал үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына барып ұштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді. «Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім - үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. Мұны орысша «совесть» деп атайды. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды. Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды» - дейді. Дәріс №12. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Қазақ дүниетанымының қандай ерекшеліктерін көрсетуге болады? 2. Қазак даласындағы алғашқы утопист- жырау кім болды? 3. «Адам бол!» ұраның тастаған ойшыл кім еді? 4. «Үш анықты» жазған кім? 5. «Оян қазақ!» өлендер жинағын жазған ағартушы- демократты есіңізге түсіріңіз. 13-дәріс. XX ғ.- XX I ғ. мәдениетіндегі батыс философиясы XX ғасыр бүкіл адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған саяси- экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық түбегейлі демократиялық өзгерістерді дүниеге ала келді. Ғасыр адамзат тарихындағы ең серпінді жаңа диалектикалық даму процесін тудырды. Ең алдымен осы ғасырды, оның даму тарихын ақыл-оймен екшелеп, түсіну өте қиынға соқты. Өзіміз өмір сүріп отырған қоғамды, оның қозғаушы күші болып саналатын адамды, оның мәнін ашу ешбір ғылымның және философияның шама-шарқы келмейтін проблемаға айналды. Өйткені қоғам, адам және оның тағдыры шым-шытырық, шешілмейтін қайшылықтарға белшесінен батып, одан шыға алмайтын жағдайға тап болды. Соған қарамастан адам және оның мәнін анықтауға, тіпті, жаңа тапсыз қоғам орнатуға, сөйтіп адамзаттың тағдырының жұмбағын шешуге бағытталған бүкіләлемдік, әлеуметтік-саяси тәжірибелер, жобалар жасалып, оларды жүзеге асыру әрекеттері орын алды. ХХ ғасыр философиясында әртүрлі мәселелерді қамтыған ағымдар көп болды. Әсіресе, ғасырдың бас кезінде ғылым мен техникаға бас иген замана ырқына байланысты адамды, оның көзқарасы мен ой толғамын, дүниетанымын, олардың мәнін қайта қарау мәселесі көтерілді. Прагматизм - гректің «прагма» - «іс-әрекет» деген сөзді білдіреді. Бұл философия XIX ғ. 70-жылдары АҚШ-та пайда болды. Прагматизм - абстракті акиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды. Ұғым тек субъектке ғана қатысты болып, оның мағынасы нақты салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі болып табылды. Прагматизмнің негізін алғашқы өкілдері, философтары - Ч.Пирс пен У. Джеймс салды. Ч. Пирс (1839-1914) ғылым мен дінді ымыраға келтіруге тырысты, «ақылға қонымды философияны», яғни утилитаризм, іскерлік, пайдалы, практикалық мәні бар философия, «американдық өмір бейнесін» жасауға ұмтылды. Герменевтика (грекше - түсіндіруші, ұғындырушы деген сөзін білдіреді, ежелгі грек құдайы Герместің атынан шыққан) - ұғыну, түсіну философиясы, тұспалдап сөйлеу тәсілін зерттейді, мәтіндерді түсіндіру өнерін, практикасы мен теориясын қарастыратын философиялық бағыт. Қазіргі заманғы философ-герменевттерге - Ф.Шлейермахерді, М.Хайдеггерді, Г.Гадамерді жатқызуға болады. Г.Гадамер (1900-1993) философия гносеологиядан (танымнан) герменевтикаға (ұғынуға) өтуі керек деп ойлаған. Оның атақты шығармасы: «Ақиқат және метод», «Герменевтика философиясының негіздері». Гадамер адами тіршілік адамның өз болмысын бастан кешіруінсіз болмақ емес дейді. Өз өмірінің барысында әрбір адам тәжірибе жинайды. «Дүние тәжірибесін» өткен шақтан осы шақка, одан келер шаққа жеткізу- кітаптар, мәтіндер, «тіл» арқылы жүзеге асады. Сондықтан мәтіндердің тілін ұғыну, оны түсіндіру философияның басты бағыты болу керек,- дейді Гадамер. Мәтінді түсіну адам өмірін экзистенциалды оқиға ретінде, ал өткен мәдениетті тұлға мен қоғамның өзіндік ұғынысу формасы ретінде қарастырды. Экзистенциализм (лат.т. «өмір сүру, тіршілік» деген мағынаны білдіреді) философиялық ағым ретінде XXғ. 20-жылдарында, ең алдымен, неміс жерінде пайда болған. Көрнекті өкілдерінің бірі – М.Хайдеггер (1889-1976) - неміс философы. 1927 ж. «Болмыс пен уақыт» кітабын шығарады. Бұл шығарманың өте ықпалды болуының себебі мұнда адамның белгілі жағдайға түсуі терең экзистенциалдық талдаудан өтеді. Бірақ сол кейінірек философ «Болмыс пен уақытқа» кіріспе жазып, ең басты назарды адамға емес, болмысқа аударады. Хайдеггерше, болмысты ұмыту Батыс философиясының тағдырына айналған, оны осы ұмытшақтығынан құтқару керек. Осы кезден бастап М.Хайдеггерге болмыс туралы ілім қалыптастыру өмірлік мақсатына айналады. М.Хайдеггер үшін философия - болмыс туралы ілім. Болмыс пен тірлік болу мүмкіндігі мен нақты бар болу бір емес. Болмыс - бар тіршіліктің өзгеру мүмкіндігі. Сондықтан болмыстың атойын тыңдау керек. Болмыс пен тірлік, мән мен мағына бір болмағандықтан, М.Хайдеггер Батыс философиясының классикалық философиясын сынап, «деструкция» ұғьмын енгізеді. Деструкция дегеніміз - философияның үйреншікті схемаларын бұзып, жаңаша пайымдау. Бұл тұрғыда, Хайдеггерше, ежелгі грек философтары ақиқатқа жақын болған. Сондықтан ол осы фи- лософияның көп қағидаларын қайта жаңғыртады. Егер Декарт философиясы күмәндану бағытында дамыса, грек философиясы таңдану, таңырқау бағытында дамыған. Егер өмірді соқпақ жол деп есептесек, ол жолға аттану мен жол басына қайта оралудан тұрады. Ал жалпы болмыстың үйі - тіл. Ойлау процесі тіл арқылы жасалады. Тілсіз ой жоқ. Тіл сөйлеу, тыңдау, ұғыну қарым- қатынасынан тұрады. Экзистенциализм көрнекті ағым ретінде ғасырымыздың 40-жылдарының басында Франция жерінде пайда болды. Бұл философиялық ағымның ерекшелігі - оның өкілдері шетінен жазушы, драматург, сыншы, қоғам қайраткерлері еді. Солардың ішінен Жан Поль Сартр (1905-1980) мен Альбер Камюді (1913- 1960) жатқызуға болады. Жан Поль Сартр философ қана емес, француздың көрнекті жазушысы. Оның романдары – «Еркіндікке қарай жолдар», «Қабырға», «Бөлме», «Герострат сияқты бірнеше новеллалары әлемге әйгілі. Ж.П. Сартрдың қарастырған негізгі мәселелерінің бірі- адам және оның еркіндігі болғандықтан, гуманизм проблемасын көтеріп, оны басқаша шешкен «Экзистенциализм - ол гуманизм» деген еңбегін атап өткеніміз жөн. Бұрынғы гуманистік идея бойынша адамның мәнін ашып, оның бойындағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығару керек. Біз, амал нешік, күні бүгінге дейін осылай ойлаумен келеміз. Ал шындығында бұл көзқарас адамды тірі жан ретінде емес, оған зат деп қарауға әкеліп соғады. Өйткені біз күні бұрын бірдеңені, айталық, пышақты жасауды, оны қалай пайдалануды ойластырамыз. Яғни біз күні бұрын мақсат қоямыз. Пышақ - сол мақсаттың жүзеге асуы. Ал адам - зат емес. Оны күні бұрын жоспарлап, дайындап, белгілі бір мақсат ретінде жүзеге асыруға болмайды. «Адам деген ол өзін-өзі жүзеге асыру», сондықтан да ол өзіне өзі жауапкершілік артады, өйткені өзіне-өзі ерікті. «Адам дегеніміз – еркіндік». Адам сондай-ақ моральдік зандылықтарды қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін, ол өз еркінде. Өйткені оның өз моралі бар. Осыдан келіп адам - болашақ, болашақтың жобасы болып шығады. Экзистенциализмді өзінше ілгері дамытып, романдары мен философиялық эсселерінде заманымыздың қайшылыққа толы көкейтесті мәселелерін көтерген ойшыл француз жазушысы Альбер Камю еді. Оның дүниежүзіне белгілі «Бөтен», «Сизиф туралы аңыз», «Бүлікшіл адам», т.б. шығармалары экзистенциализмнің өзіндік бір түрі дүниеге келгенін айқындайды. А. Камюдің көзқарасын абсурд (латын тілінде мағынасыз, қисынсыз) философиясы деуге болады. Осы абсурд философиясын үш кезеңге бөліп қараған жөн. Бірінші кезеңде абсурдтың пайда болып, қалыптасуы. Бұл кезең оның «Бөтен» деген повесі мен «Сизиф туралы аңыз» атты эссесінде толығынан баяндалған. Адам, оның еңбегі, күнделікті күйбең тіршілігі, барлық өмірі - абсурд. Абсурдтық ойлау, абсурдтық шығармашылық. Екінші кезең - абсурдқа қарсы күресу. Бұл мәселе оның «Оба деп аталатын романында көркем тілмен, терең оймен суреттелген. Бірақ күрес, обаға қарсы қолданған тәсілдер уақытша нәтиже беріп, жеңіске әкелгенімен түбінде оба тарататын сабау қүйрық тышқандар қайтадан бой көрсете бастады. Ендеше бұл күрес, қарсылық нәтижесіз, абсурдқа алып келе береді. Үшінші кезең күрес, әрекет, бүлік еш нәтиже бермеген соң «қуғында болу, «айырылысу. Осы кезеңнің мазмұнын «Құлдырау» деген повесі айқындап берді. Бұл дәуірде адамның жалғыздығын, тіршіліктен безушілігін қарастырумен қатар адам мен адамды жақындастыруды сағыну, аңсау сарыны бар. Экзистенциализм философиясын түйіндей келе, оның XX ғасырдың қайғы- қасыретін, адамның басына түскен ауыртпашылықты терең ой, көркем тілмен суреттеп бергенін атап өткен жөн. Сондықтан да бұл философия адам, оның өмір сүруі мен өмірі туралы философия деуге әбден болады. Дәріс №13. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Верификация дегеніміз не? 2. Парадигма дегеніміз не? 3. Поппердің фальсификация принципінің маңызы неде? 4. Хайдегердің «болмыстын үйі-тіл» деген ойын қалай түсінесіз? 5. Ницше философиясының негізгі ұғымы. 14-дәріс. Онтология «Болмыс» ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің (онтологияның) төңірегінде философияда ежелден бері және қазірде де қызу пікірталас болып келеді, өйткені дүниеге көзқарастық және методологиялық басты проблемалардың бірі болып табылады. Болмыс проблемасының мәні неде? Не себепті көптеген философтар оны өздерінің философиялық ой - пікірлер жүйесінің негізгі мәселесі деп санайды? Не себепті құдайдың болмысы, яғни ол бар ма, әлде жоқ па? — деген сұрақтың төңірегінде ғылыми көзқарас пен діннің арасында ымырасыз күрес жүріп келеді? Осы және осы сияқты басқа да алуан түрлі сұрақтардың жауабын табу үшін болмыс ұғымының философиялық мазмұнын ашып көрсету қажет. Болмыс бүкіл шындық дүниені қамтитын шегіне жеткен жалпы ұғым - философиялық категория болып табылады. Болмыс - дегеніміз дүниеде өмір сүретіннің бәрі: материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де, қатығыстар мен байланыстар да, яғни бәрі - бәрі. Тіпті адамның қиялы, ертек, аңыздар, ауру адамның сандырағы сияқты рухани өмір көріністері де болмысқа жатады. Болмыс сияқты философиялық категориялардың барлығы: материя, сана, сапа, сан, кұбылыс, кеңістік, уақыт, себеп, салдар т.б. бәрі тілде сөздер арқылы тұжырымдалады. Философиялық категориялардың, оларды білдіретін сөздермен байланысы іштей қайшылықты: бір жағынан алғанда, көптеген ғасырлар бойғы сөйлеу тілінің практикасы философиялық категорияларға сәйкес сөздердің мән - мазмұнын жинақтап, олардың мағынасын түсіндіруге көмектессе, екінші жағынан алғанда, күнделікті сөйлеу тіліндегі сөздерді білдіретін философиялық категорияның, тек философия ғана анықтайтын ерекше мағынасы болатынын әрдайым естен шығармау керек. Сондықтан философиялық «болмыс» категориясының мәнін түсіну үшін, оның өзіне ғана тән айрықша мазмұнын және күнделікті сөйлеу практикасымен байланысын ескерудің маңызы зор. Түрліше нәрселер мен құбылыстар арасында байланыстар мен қатынастар бар екенін, болғанын немесе болатынын адамдар ғасырлар бойы байқай келе, олардың бәріне ортақ жалпы қасиетті бейнелендіретін «болмыс» деген жалпы ұғым қорытып шығарылды және болмыстың толып жатқан түрлерін танып білді. «Болмыс» категориясын фплософияға түңғыш енгізгендердің бірі ертедегі грек философы Парменид болды. Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: «Болмыс бар, болмыс емес жоқ» - деп кесіп айтты. Өйткені оның ойынша, «болмыс еместіні» тануға, білуге тіпті болмайды, оны сөзбен де айтып жеткізе алмайсың. Осыдан ой мен болмыстың өзара қатынасы келіп шығады. «Ойлау мен болу бір» дейді Парменид. Яғни, ойлау мен болмыс бір деген ұғым туады. Болмыс еместі жоққа шығара отырып, болмысты өзгермейтін, қозғалмайтын процесс деп қарады. Ғасырлар бойғы дүние тану процесінде адамдар болмыстың мынадай негізгі формаларын танып білді: 1.Заттар (денелер) болмысы, ал бұлардың өзі біртұтас табиғат болмысы және адамның қолымен жасалған заттар мен процестер болмысы болып екіге бөлінеді; 2.Адам болмысы, бұл да заттар дүниесіндегі адам болмысы және таза адамдық болмыс болып бөлінеді; 3.Рухани (идеялық) болмыс, бұл жеке адамның рухани болмысы (идеясы) және объективтендірілген (жалпы адамдық) рухани болмыс болып жіктеледі; 4.Әлеуметтік болмыс, бұл жеке адам болмысы мен қоғамдық болмыстан тұрады. Болмыстың бұл формаларын топтастыра келгенде, материалдық болмыс және рухани болмыс болып екі топқа бөлінеді. Осы екі болмыстың арасындағы қатынастан философияның негізгі мәселесі - руханидың (ойлаудың, сананың) руханидан тыс, тәуелсіз объективтік (материалдық) болмысқа қатынас мәселесі шықты. Болмыстың барлық басты салаларын қарастырғанда мынадай сұрақ туады: бұлардың бәрін біріктіретін не нәрсе, шексіз алуан түрлі дүниенің бәрінің бірлігі неде? Бұл бірлік жайындағы ой пікірлер дүниеде бар барлық нәрселердің бәріне ортақ негіз туралы түсініктің тууына алып келді, ал бұл философияда субстанция категориясын тудырады. Субстанция (латынша substantia - негізінде жатқан мән дегенді білдіреді) толып жатқан нақты заттардың, құбылыстардың, процестер мен оқиғалардың көп түрлілігінің ішкі бірлігін, мәнін білдіреді. Дәлірек айтсақ, субстанция деп дүниедегі барлық нәрселердің бастапқы мәнін, пайда болу негізін түсінеді. Егер түрліше жеке заттар мен құбылыстар пайда болатын және жойылатын болса, ал субстанция жойылмайды да жоқтан пайда болмайды, тек өзінің болмысының формасын ғана өзгертіп, басқа күйге өзгереді. Ол - өзі өзінің себебі және басқа нәрселердің өзгерісінің негізі. Қоғамдық сананың формасы ретінде философияның қалыптасуының өзі ең алдымен осы субстанция идеясының тууынан және айналадағы дүниенің субстандиялық бірлігінің, шындық дүние құбылыстарының заңды байланысының тууынан болды. Дүниенің бірлігін бір субстанция арқылы түсіндіретін ілімдер монизм философиясына жатады. Алайда, негізге алатын субстанция түрліше болады, субстанция ретінде не материяны, не рухты негізге алуға болады. Осыған сәйкес материалистік монизмді (мәселен, Фалестің, Гераклиттің, Спинозаның т.б ілімін) және идеалистік монизмді (мәселен, Платонның, Гегельдің философиясын) айыра білген жөн. Монизмге қарсы дүниенің дуалистік түсінігі бар. Дуализм түсінігі бойынша, дүниенің екі бастапқы негізі - материалдық және идеалдық субстанциялары бар. Оның біріншісі - денесі бар шындық дүние заттары болса, екіншісі - рух дүниесі (Р.Декарт). Материалдық субстанцияның өзін философия тарихында түрліше түсінді. Мәселен, ертедегі Грецияның Милет мектебінің материалистік ілімінде дүииенің субстанциясы ретінде заттардың нақты бір формасы алынды: су (Фалес), ауа (Анаксимен), от (Гераклит) т.с.с.. Алайда, бұл түсініктердің бәрі субстанцияның жалпылық идеясын жүйелі түрде, қайшылықсыз көрсете алмады. Дүниенің жеке заттық бастапқы төрт субстанцияның ешқайсысында қажетті жалпылық пен тұрақтылық болмады. Левклипп пен Демокрит негізін салған (біздің заманымызға дейінгі Ү ғ), кейіннен Эпикур әрі қарай дамытқан (біздің заманымызға дейінгі III ғ) субстанцияның атомистік теориясы ондай кемшіліктерден арылды. Атомистік теорияда тұңғыш рет атомдардың беріктік принципі ретінде материяның сақталу принципі нақты, айқын формада ұсынылды. Бұл теорияда дүниенің бастапқы негізгі, субстанциясы ең ұсақ бөлшектер - атомдар, олар жоқтан жасалмайды және жоғалып кетпейді, үздіксіз қозғалыста болады, салмағы, формасы, денеде өзара орналасуы бойынша айырылады деген пікір ұсынылды. Атомистік теория жаңа заманның философиясы мен жаратылыстану ғылымдарында, атап айтқанда, Ньютонның, Гассендидің, Бойльдің, Ломоносовтың, Гольбахтың, Дидроның және басқа ойшылдардың еңбектерінде одан әрі дамуын тапты. Соның негізінде жылудың табиғатының, диффузияның, жылу өткізгіштің, көптеген химиялық құбылыстардың ғылыми түсіндірмесін жасауға қол жетті. Ол жарықтың корпускулалық теориясының тууына көмектесті. Алайда, сол кездегі ғылымның дамуының төмендігі табиғат пен қоғамның көптеген құбылыстарының мәнін түсіндіруге мүмкіндік бермеді. Сонымен қатар, Маркске дейінгі материализмнің өкілдері материя жайындағы ғылымның одан әрі дамуын теріске шығарған бірқатар метафизикалық үстірт пікірлер айтты. Олар, атап айтқанда, дүниедегі құбылыстардың барлық байқалатын қасиеттерін таратушы не «тірегі» ретінде белгісіз бір бастапқы және өзгермейтін материалдық субстанция бар дегенді мойындады, заттар пайда болып және жойылып, түрлі өзгірістерге ұшырап отырғанымен, бірақ субстанция біртекті және оның негізі мызғымайды, оның сыртқы формасы ғана өзгереді деп санады. Материалдық субстанцияның сапалық біртектілігі жөніндегі түсінік дүниенің механистік ұғымының негізі болып келді. Ньютон механикасының заңдары табиғаттың универсалды заңдары ретінде, табиғат пен қоғамның барлық басқа заңдарына байланысты болатын болмыстың іргелі принциптері ретінде қарастырылды. Материализмге, атомдық теорияға қарама - қарсы субстанция ретінде түрліше идеалистік теориялар пайда болып, олар дүниенің ең жалпы негізі ретінде құдайдың жаратушылық идеясын, дүниежүзілік ақыл – ой немесе абсолюттік рух идеясын т.б. ұсынды. Адам миының қасиеті болып табылатын психикалық процестерді ми қызметінен бөліп алып, материяны, кеңістік пен уақытты жаратушы дүниежүзілік ақыл – ой, абсолюттік рух деп жарияланады. Субстанцияның идеалистік және соған жақын діни түсінігі дүниенің мәні жайындағы мәселенің шешімін ілгері дамыту былай тұрсын, керісінше, олар белгісіз «бірдеңені» одан да гөрі белгісіздеу сиқырды басқа «бірдеңемен» - бүкіл әлемдік құдайдың әмірімен, абсолюттік рухпен, адамның қабылдауына, түсінігіне көнбейтін ғаламат күшпен ауыстырды. Сөйтіп, идеализм мен дін дүниенің табиғи - ғылыми түсінігін әрдайым жалған, қияли уағыздармен ауыстырып, адамның санасын шатастырумен болды. Бұған қарама - қарсы материалист - философтар құбылыстардың табиғи себептерін ашып көрсетіп, олар материя қозғалысының объективтік заңдарының әрекетінің нәтижесі екенін түсіндіру мақсатын көздеді. Материализм дегеніміз дүние, табиғат іс жүзінде қандай болса, оларды дәл сол күйінде, ешбір қоспасыз ақиқат күйінде түсіндіретін көзқарас. Дүниені осы тұрғыдан түсіндірудің дұрыстығын ғылымның дамуы барған сайын дәлелдей түсті, сөйтіп дүние жайындағы діни - идеалистік түсініктердің бәрін дәйекті түрде әшкерлеп отырды. XX ғасырда пайда болып өріс алған алуан түрлі философиялық ағымдардың арасында болмыс мәселесіне көңіл бөліп, жан-жақты қарастырған экзистенциализм - өмір сүру философиясы болды. Оның түп қазығы, басты мәселесі - адам, оның осы заманғы шиеленіскен қайшылықтар легі тарихи - әлеуметтік апаттарға толы жағдайда өмір сүру мүмкіндігі. Адам және адамзат болмысының елеулі принципті өзгешелігі, өзіндік сапалық мәні неде деген мәселеге келейік. Әрине, бұл болмыстың да табиғаттың көшпелі заттармен ортақ болып келетін маңызды өмір сүру белгілері бар. Бұл тұрғыдан алғанда, адам мен заттардың арасында зат, денелердің арасында дене деп қараудың еш себептігі жоқ. Кезінде кейбір материалистер мен жаратылыстанушылардың да осындай пікірде болғаны белгілі. Тек ескертетін жай, бұл көзқарас адамды «затқа», «объектіге» теңестірушілікке, оны қалай болса солай қуыршаққа айналдырғысы келген адамгершілікке кереғар пиғылдан аулақ болса ғана өзін ақтамақ. Бірақ болмыс туралы жалпы философиялық ілім үшін ең алдымен адам қалап өмір сүреді деген сұрақ төңірегінде ойлану әлдеқашан маңызды. Адам ең әуелі тіршілік иесі, нақты кісі ретінде, былайша айтқанда, «сүйек пен еттен жаралған пенде» есебінде өмір сүреді. Оның тәні, денесі - табиғаттың бөлшегі. Ол дүниеге келеді, тіршілік иесі есебінде іс - әрекет жасайды, мезгілі жеткенде өледі. Адам өмірі шектеулі, ол өйткені, болмыс иесі. Табиғаттың бөлшегі ретінде адамның бүкіл тіршілік әрекеті оның заңдылықтарын бұзбайды. Оған тамақтану, киім - кешек, жай күйі үшін өзінше жағдай жасау, ыстық - суықтан қорғану, табиғаттың түрлі өмірге қауіпті күштерінен сақтану т.б. қысқасы, тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Сондай - ақ, ол табиғи түрлі тұқым қуалаушылық заңдарына бағына отырып, жаңа ұрпақтын өсіп - өрлеуіне себепкер болуға тиіс. Дәріс №14. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Болмыс ұғымына қарсы тұрған ұғымды атаңыз. 2. Секіріс деп нені айтамыз? 3. Қозғалыс дегеніміз не? 4. Даму дегеніміз не? 5. Әлеуметтік кеңістік пен уақыт тарихи өзгере ме? 15-дәріс. Гносеология Таным проблемалары: оның мүмкіндік шарттары мен ұқсас ақиқатқа жету жолдары ғылыми және ғылыми емес білімнің қатыстылығы; танымдылығы мен күйзелісі яғни таным шындығына қатысты барлық сұрақтарды гносеология зерттейді. Гносеология немесе таным теориясы философиялық білімнің бөлігі, танымдық іс - әрекетінің мәні шарттары ұқсас білімге жету жолдарын қарастырады. Одан басқа таным теориясын адасушылық оның пайда болу себептері мен оны жеңу жолдары білімнің өмірлік экзистенциалды мазмұны қызықтырады. Гносеология философиялық білімнің бір бөлімі, сондықтан оның зерттеуі адам өмір жүйесіндегі жалпылық болып қолданады. Бірақ, гносеология - бұл қатынастың тек танымдық аспектісін зерттеп, танымның негізділігі мен жан жақтылығын ашады. Гносеология термині гректің «gnosis» - білім және «logos» – ұғым, ілім деген сөздерінен шыққан. Таным - гносеологияның негізгі ұғымы. Бұл термин әртүрлі мағынада қолданыла береді. Біріншіден, адамның туа біткен жануарлардан ерекшелейтін қабілеті деп есептеледі. Бұл жағдайда таным тіршілік үшін күресте ортаға бейімделу жағдайында адамның ерекше қасиеттерінің бірі болып табылады. Екіншіден, таным білім алудың шығармашылық процессін түсіндіруі мүмкін. Бұл түсінік тұрғысында таным - жеке тұлға мен жалпы адамзат деңгейінде жүзеге асырлатын мәдени іс-шараның бір түрі. Үшіншіден, таным біліммен теңдесе алады. Бұл жағдайда адамның ерекше қайраткерлігі мен оның нәтижесі бір-бірімен теңдеседі. Соңғы таным қатал философиялық ойдың тұрғысынан аса қарапайым деп есептелмейді, бірақ күнделікті өмірде біз танымды біліммен теңестіреміз. Гносеологияда танымның өзі де, білім де жетілген шешім ретінде қарастырылады. Және таным теориясында білімнің барлық түрі: философиялық, ғылыми, күнделікті, әдеби тағы басқа түрлері қарастырыла береді. Гносеология білімнің барлық түрін негіздеуге, оның мүмкіндік деңгейін, оның мазмұны мен мәнін анықтауға бағытталған. Танымның (ойлаудың) екі формасы: - сезімдік, түйсіктік таным, немесе эмпирикалық деңгей; - рационалдық, логикалық таным, немесе теориялық деңгей. а) Танымның сезімдік формасы. Эмпиризм (гр.т. тәжірибе) - сезімдік тәжірибені білімнің қайнар көзі деп біледі және бақылау мен эксперименттің нәтижелеріне сүйенеді. Идеалистік сенсуализм - түйсіктер мен сезімді шындықтың көзі, ал олардың шығу тегі, қайнар көзі мәселесін терістейді. (Беркли. Юм, Мах). Қарапайым реализм - адамнан тыс тұрған заттарды, құбылыстарды біз қалай қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер етпейді. Сезімдік таным формалары: Түйсік - заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелеу; Қабылдау - сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі; Елестету - бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта жаңғырту. ә) Танымның рационалистік формасы. Рационализм (лат.т. ақыл, парасат) - логика, ойлауды абсолюттендіру, танымның негізі ақыл, парасат деп ұғыну. (Декарт, Спиноза, Гегель). Рационалистік таным формалары: Ұғым - заттар мен құбылыстардың елеулі белгілері мен қасиеттерін бейнелейтін абстрактілі ойлау формасы. Пікір - дегеніміз бір нәрсені растайтын немесе терістейтін ойлау формасы. Пікір объективтік шындықтағы құбылыстардың, заттардың болмысының ақиқаттығын, не жалғандығын бейнелейтін ойлау формасы. Тұжырым деп бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасын айтады. Таным методтары: Метод (гр.т.зерттеу жолы, теория, ілім) - білімдер жүйесін кұру мен негіздеу әдісі, тәсілі. Эмпирикалық зерттеулер методтары. Бақылау - сыртқы дүниені алдын ала, мақсатты түрде қабылдау, яғни құбылыстарды табиғи шындықта, оларға араласпай, тікелей қабылдау, зерттеу. Эксперимент - шындықты, құбылыстарды бақылауға, басқаруға болатын жағдайларда, шарттарда зерттеу. Зерттеуші объект жасанды, тәжірибелік, жан-жақты ескерілетін жағдайда қарастырылады. Салыстыру - объекттердің ұқсастығы мен айырмашылығын аңғару, салыстыру әдісі. Өлшеу - бір шаманың басқа бір шамаға қатынасын анықтау. Аналогия - бір немесе бірнеше қасиеттері бойынша «заттардың ұқсастығын анықтау. Индукция (лат.т. нысанаға алу) - ой қозғалысы процесінің жекеден ерекше арқылы жалпылыққа өтуі. Теориялық зерттеулер методтары Дедукция (лат.т. шығару) - ой қозғалысы процесінің жалпылықтан ерекше арқылы жекелікке өтуі. Моделдеу (лат.т.өлшем, норма, үлгі) - оригиналдың аналогын жасау. Оригиналды тану үшін моделді жасау немесе таңдау процесі. Идеализация (гр.т.түр, көлеңке) - шындығында бейнесі бар, бірақ күнделікті тіршілікте кездеспейтін объекттерді ойда құрастыру, конструкциялау. Абстракциялау (лат.т. дерексіз, тиянақсыз) – заттардың бірқатар қасиеттерінің ойда дерексізденуі немесе кейбір қасиеттерінің жіктеленуі, бөлініп шығуы. Анализ - бүтіннің құрамдас бөліктерге ойша немесе іс жүзінде ыдырауы, жіктелінуі, бөлінуі. Синтез - әртүрлі элементтердің біртұтастыққа бірігу процесі. Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой-пікірлер, идеялар мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде - ақ қалыптаса бастаған. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болды, ол қалай дамиды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде, қоғамдық құбылыстар мен процестердің байланысы қандай, өзара әсер, себеп, қарым-қатынастар заңдылықтары бар ма деген және басқа да көптеген сұрақтар, ой-пікірлер мен идеялар туады. Ал мұндай ой-пікірлер мен идеялар адамдардың қоғамға бірігуіне және осының негізінде өздерінің тіршілігін сақтау, күн көру, одан әрі даму қажеттілігіне, олардың тікелей тәжірибелік өміріне байланысты пайда болған. Қоғамдық құбылыстарды, процестерді, тарихты танып білуде, өзгертуде философия тарихында материализм мен идеализм арасында ұдайы қарама - қарсы күрес болып келді. Жалпы алғанда, ғылым қоғамды, оның даму заңдарын дұрыс, объективті тұрғыдан түсіндіруге ұмтылса, идеализм, керісінше, ғылымға жат, қоғамдық тәжірибеге тырысады. Өйткені, бұл бағыттарды қолдаушы қоғамда әртүрлі әлеуметтік таптар мен топтар болады. Егер ғылымды әр уақытта қоғамның прогресшіл, демократиялық таптары мен топтары қолдаса, идеализмді кертартпа әлеуметтік элементтер жақтайды. Қоғамның ілгерілеп дамуы, таптардың пайда болуы, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуі, еңбекші бұқараны қанаудың күшеюі қоғам туралы ой- пікірлерді, идеяларды одан әрі дамыта, тереңдете түсті. Құл иеленушілер, феодалдар, буржуазия өкілдері өндіріс құрал- жабдықтарын толық иеленіп алып, дене еңбегінен біржола аулақтады. Бұдан кейін үстем таптар мен олардың идеологтары өздері өмір сүріп отырған қоғамды, таптардың арасындағы қалыптасқан қоғамдық-өндірістік қатынастарды қайткенде де сақтап қалып, оларды ұдайы жетілдіріп отырды, олардың мәңгілігін, өзгермейтіндігін дәлелдеуді мақсат етті. Бұрын айтылғандай, адамзат қоғамы - табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциялық даму нәтижесінде пайда болды. Адамзат қоғамы - әлемдегі барлық тірі жүйенің нәтижесі ең жоғары, ерекше сапалы даму дәрежесінің нәтижесі. Қоғам дегеніміз- адамдардың алуан түрлі саналы іс-қимылы мен қызметінің негізінде қалыптасқан тарихи қауымдастығы. Адам қоғамда өмір сүріп, әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі және оған тәуелді. Сондай-ақ, қоғам да адамдардан құрылады, адамдарсыз қоғам болмайды. Қоғамдық өмірге, оның дамуына байланысты көзқараста бұрын идеализм үстемдік етіп келді. Оның үш түрлі себептері бар. Біріншіден, адамдардың іс-әрекеті, олардың делебесі қозуынан, ал делебе қозу санадан басталады, олай болса, бәрін билейтін сана, деп қарады. Екіншіден, түрлі құбылыстардың ішкі заңдылықтарын ашып көрсете алмады. Сондықтан олардың себептерін кез келген кездейсоқтық жағдайларға таңып, метафизикалық пікірде болды. Мәселен, француз материалисті Гольбах жоғарыда келтіргендей өзінің «Табиғат жүйесі» деген еңбегінде қоғамдағы түрлі оқиғалар, сұрапыл соғыстардың, жақтық пен кеселдердің себебін жай механикалық материализм тұрғысынан түсіндірмек болды. Олай болса, тарихқа идеалистік көзқараста тек идеалистер емес, сондай-ақ ол кезде ғылымға сүйене алмаған материализм өкілдері де ұстанған. Үшіншіден, тарихты жасайтын жеке адамдар деп санады, халықтың шешуші рөлін түсінбеді. Ал XVIII ғасырдың аяғымен - XIX ғасырдың басындағы Францияда болған жағдайлар, айталық, бурбондар әулеті үстемдігінің құлауы. Мирабо партиясының өкімет басына келуі, оны ығыстырып якобиншілердің жеңуі. Робеспьердің өкімет басына келуі, одан соң құлауы, директорияның қалыптасуы. Наполеон Бонапарттың император болуы, оның құлауы, бурбондардың қайтып билік басына келуі, осылардың бәрі аз уақыт он шақты жылдар ішінде болып, Маркс пен Энгельсті ойға қалдырды. Егер тарихты жасайтын жеке адамдар болса, Жан Поль Марат, Дальтон, Робеспьер, Наполеон Бонапарт бірінен соң бірі неліктен шетінен құлап жатты, әр қайсысының тағдыры әртүрлі қасіретпен аяқталғаны неліктен? Олай болса, оның себебі, тарихты жасайтын жеке адамдар емес, халық деген тұжырым туындағанын жоғарыда айтқан болатынбыз. Ол барлық материалдық байлықтарды да, рухани игілікті де өндіреді, революция жасайды, үкіметті сайлайды. Ішіп - жейтін тамақты да, киім - кешекті де, тілді де, әдет- ғұрыптарды да өмірге әкелетін - сол. Жеке адамдар сол халықтың өкілі ғана. Халық қашанда жеке адамдардан тұрады. Сөйтіп, тарихқа жаңа ғылыми көзқарас қалыптасты. Бұрынғы социологтар табиғат заңдары мен құбылыстарын материалистік тұрғыдан түсіндіріп келгенімен, тарихи жағдайлар мен қоғамдық қозғалыстарды метафизикалық шектеушілік әдісі салдарынан тарихи өмірді танып-білу саласына өз материализмін қолдана да, тарата да алмады, қоғамды жалпылама, абстрактілі қарастырды, сөйтіп тарихқа деген көзқарастарды идеалистік шырмаудан шығара алмады, оны ғылыми диалектика тұрғысынан түсіндіруге дәрменсіз болды. Тарихты ғылыми тұрғыдан түсіндіру белгілі бір нақтылы объективті жағдайлар талабына байланысты туындаған соның рухани нәтижесі еді. Ол қоғамның, философияның, ғылымның жаңа тәжірибелік талабына сәйкес өмірге ойдың жетістіктеріне сүйену арқылы, соның жалғасы ретінде және ғылым, тәжірибе жаңалықтарына сүйене отырып, солардың талабына сай қалыптаса бастады. Тарихи дамудың қажетті, заңды өрлеу процесс екендігі туралы (Гегель), тап күресінің ашылуы (Тьерри, Минье, Гизо), капиталистік еңбек теориясы (Смит, Рикардо), социализм туралы утопиялық болжаулар (Сен-Симон, Фурье, Оуэн) қоғам туралы ғылыми ойдың дүниеге келуіне негізгі алғышарт болды. Тарихты объективтік тұрғыдан түсіну өзінен бұрынғы алдыңғы қатарлы қоғамдық ойдың жай жалғасы емес, қоғамтану тарихындағы мүлдем жаңа сапалы кезең. Тарихқа объетивтік көзқарастың қалыптасуы табиғатты да, қоғамды да қамтитын біртұтас ғылыми - философиялық дүниетанымдық негіз болды. Қоғамды ғылыми принциптер негізінде зерттеу нәтижесінде, оның даму заңдылықтарын ашу барысында әлеуметтік тану, саясаттану ілімдері дүниеге келді. Ол ғылымдар адамзат тарихын түсіндірудің кілтін, көзін қоғамның материалдық-экономикалық қатынастар жүйесінен шығарып, оны жан-жақты терең талап, дәлелдеді. Қоғамдық құбылыстар, процестер заңды дамиды. Бұл заңдар объективті сипатта болады. Өзінің іс-қимылы мен тәжірибелік қызметінде адам даму заңдарының өмір сүріп тұрған жағдайлары мен шарттарына ықпал жасайды, бірақ заңдардың өзін қолдан жасап, не жоя алмасады. Екінші жағынан, мұның, өзі даму заңдарының объективтік сипаты адам санасының қабілетсіздігін, түсініксіздігін, ұтымсыздығын туғызбайды. Агностиктердің ұйғаруынша емес, сана адамдардың нақтылы дүниеден алыстатпайды. Қайта керісінше, адамдар шынайы дүниемен тығыз байланыста болады. Олар қоғамның даму заңдарын терең біліп меңгереді, оларды өздерінің пайдасына қолдана алады, даму процесінде екпінді әсер етеді. Қоғам заңдары бадырайып көрініп тұрмайды, оларды тікелей байқау, көру, бақылау арқылы қабылдау өте қиын. Осы себепті қоғам заңдарын терең танып- білу арқылы пайдалану оңай емес, ол көп күш жұмсап, зерттеуді керек етеді. Олар абстрактілі ойлау арқылы белгілі болады. Қоғамдық-экономикалық формациялар деген не? Ол - өзіндік экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық ерекшеліктері бар құбылыс. Өйткені, тарих біркелкі, үздіксіз ағып жатқан өзен емес, ол бөлшек-бөлшек буындардан, кезеңдерден тұрады. Тарихтың ондай буындары мен кезеңдерін әлеуметтік- экономикалық формация дейміз. Әр формацияның өзіндік заңдары, өзіндік меншіктері, таптары, базисі мен қондырмасы болады. Ол ұғымды дүниеге әкелген Маркс емес. Құлдық қоғам, феодалдық қоғам, капитализм, тіпті социализм ұғымдары Маркске дейін болған. Маркс олардың даму заңдылығын ашты. Олай болса олардың өзгеріп, дамуының объективті заңдылықтары бар. Сол заңдылықтарды ашу нәтижесінде тарих ғылымға айналады. Бірақ, Маркс адам баласы даму тарихын белгілі бес формациямен ғана шектеді. Мұнысы өмірге де, диалектикаға да қайшы еді. Әлеуметтік философия қоғамның, оның дамуының философиялық- методологиялық теориясы болып табылады. Философиялық теория ретінде ол қоғамдық құбылыстарды, процесстерді зерттеп-талдағанда оның негізгі мәселесін шешу тұрғысынан қарайды. Ал социологиялық теория ретінде ол қоғамдық құбылыстарды, процестерді зерттеп-талдағанда оның негізгі мәселесін шешу тұрғысынан қарайды. Ал социологиялық теория дегенде қоғамды зерттеп, талдау біртұтас ыңғай, бүтін бір құбылыс, белгілі бір жүйе, өзін- өзі қозғаушы, өзін-өзі дамытушы ретінде де оның нақты салаларын, бөлшектерін талдап, арнайы қарауды да айтамыз. Біріншіден, қоғамдағы іс- әрекет, қызметтің субъектісі - нақтылы адам, ол өзінің материалдық және рухани қажеттері мен мұқтаждарын тек қоғамда ғана қанағаттандырады. Қоғам дамуының екінші бір маңызды алғышарты - қоғамдағы адамдардың енжар емес, керісінше, белсенді болып, қоғамда болған жағдайды жайбарақат қабылдамауы. Егер адамдар қоғамда жағымсыз жағдайды байқаса, олар оны белсенді іс- әрекетті, саналы қызметі арқылы өзгертіп, өздеріне тиімді, ыңғайлы жағдай жасайды. Үшіншіден, қоғам дамуындағы алғы шарт - әрбір дара адамның өзіне тән потенциалдық күш-жігері, қасиеті, жағдай мен ортада өзара байланыста ғана дамиды. Өйткені, бұл болмаса, қоғам да адам да болмайды. Адамның мәнін қоғамнан тыс, еңбек құралсыз, материалдық өндіріссіз танып білу мүмкін емес. Төртіншіден, методологиялық алғы шарт - қоғам жеке адамдардың жай ғана механикалық жиынтығы емес, ол өзгеше бір тұтас әлеуметтік жүйе, олардың бірімен-бірі тығыз байланыста болатын қоғамдық қатынасы. Қоғамды зерттеп, талдаудағы ақырғы методологиялық алғы шарт - қоғам біртұтас бөлінбейтін әлеуметтік өмір, бір-бірінен ажырамас, бір-біріне әсер ететін екі фактордан, яғни адамдардың белгілі бір қызмет әдісінен және әлеуметтік фактордан тұрады. Олар адамдардың материалдық, рухани өндірісті дамытудағы тарихи қызметі арқылы пайда болады. Дәріс №15. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Сезімдік танымның формаларын келтіріңіз. 2. Интуиция дегеніміз не? 3. Танымдағы әдістерінің қызметі қандай? 4. Рационалдық танымның формаларың келтіріңіз. 5. Теория дегеніміз не? 3. Практикалық сабақтың тақырыптары 1-семинар. Философия пәні: ұғымы мен мазмұны. 1.Философия пәні және мазмұны. 2.Дүниетанымның формалары мен типтері. 3.Философия және ғылым, философияның негізгі қызметтері. 4.Философияның мәдени-алғышарттары және негізгі бағыттары. 2-семинар. Ежелгі Үнді философиясы. 1.Ежелгі үнді философиясының ерекшелігі. 2.Ведалар – Үнді мәдениетінің көне ескерткіші және ертедегі үнді философиясының бастауы ретінде. 3.Ежелгі үнді философиясының ортодоксалды және ортодоксалды емес мектептері. 3-семинар. Ежелгі Қытай философиясы. 1.Көне Қытай философиясының пайда болуы, негізгі кезеңдері. 2.Конфуцийдің әлеуметтік-этикалық ілімі. 3. Доасизм. 4.Легистердің саяси-этикалық ілімдері. 4-семинар. Ежелгі Грек философиясы. 1.Антика философиясының пайда болуы және даму ерекшелігі. 2.Алғашқы негіз мәселелері. Милет және Элей мектептері. 3.Классикалық философия. 4.Эллиндік философия. 5-семинар. Ортағасырлық батысеуропалық философия. 1.Орта ғасырлық философияның ерекшелігі, оның дамуының негізгі кезеңдері. 2.А. Августин: құдай мен адам туралы ілімі, жеке тұлға концепциясы 3.Ф. Аквинскийдің философиясы схоластика жүйесі ретінде. 4.П.Абеляр концептуализмі. 6-семинар. Ортағасырлық араб – түрік философиясы. 1.Араб-мұсылман мемлекеттеріндегі мәдениет және дін. 2.Әл-Кинди мен Әл-Газали философиясы. 3.Ибн-Синаның ғылыми-философиялық шығармашылығы және Ибн-Рушдтың діни көзқарастары. 4.Әл-Фарабидің философиялық көзқарастарының жүйесі 7-семинар. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы. 1.Қайта өрлеу дәуір философиясындағы гуманизм бағыты. 2.Н. Макиавеллидің әлеуметтік - саяси философиясы. 3.Қайта өрлеу дәуір философиясындағы социал - утопистік бағытының ерекшеліктері. 8-семинар. Жаңа дәуір философиясы. 1.«Жаңа дәуір» және «жаңа еуропалық философия» түсініктерінің ерекшеліктері. 2.Жаңа дәуір философиясындағы рационалистік және эмпиристік тенденциялар. 3.Дж. Локк пен Т.Гоббстың қоғамдық-саяси концепциясы. 4.Д.Беркли мен Д.Юмның субъективті философиясы. 9-семинар . Неміс классикалық философиясы. 1.Неміс философиясына жалпы түсінік. И.Кант этикасы 2.Гегельдің философиялық жүйесі. 3.Фихте және Шеллинг философиясы. 10- семинар.. XIX ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия. 1.XIX ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философиясының ерешеліктері. 2.Иррационализм. 3. Шопенгауэрдің «билікке ерік мәселесі». 4.Фрейдтің «санасыздық» ілімі. 11- семинар. Орыс философиясы 1.Н.Бердяев орыс философиясындағы христиандық-экзистенциалистік бағыттың өкілі ретінде. 2.Ф. Достоевский шығармашылығының философиялық мазмұны. 3.В. Соловьевтің махаббат философиясы. 4.Л. Толстойдың адамгершілік философиясы. 12-семинар. Қазақ философиясы. І.Қазақ философиясының қалыптасуының әлеуметтік - мәдени алғы шарттары. 2.Асан Қайғы шығармашылығындағы экзистенциалдық сарын. Бақыт мәселесі. Жерұйықты іздеу. 3. Қазақ ағартушылық философиясының ерекшеліктері - Ш.Уәлиханов, Ы Алтынсарин. 4.Абай іліміндегі адам мәселесі. 5.Ш.Құдайбердиевтің философиялық-діни көзқарастары 13- семинар. XX ғ.- XX I ғ. мәдениетіндегі батыс философиясы. 1. XX ғ. әлемдік философияның даму ерекшеліктері. 2.Неопозитивизм және постпозитивизм; логика және ғылыми методологияның проблемасы. 3.Экзистенциализм: адам мәселесін іздестірудегі жаңа ізденістер. 4.Батыстағы жаңа «технократиялық» толқын. 14 - семинар. Онтология. 1.Болмыс ұғымы, оның мәні және ерекшелігі. 2.Адам болмысының әлеуметтік-мәдени мәні. 3.Онтологияның ұғымдары. 15- семинар. Гносеология. 1.Таным – шындықты бейнелеу формасы. 2.Танымның объектісі және субъектісі. 3.Сезімдік және рационалдық таным формалары. 4.Ғылым - танымның арнаулы формалары ретінде. 4. Кұрстық жумыс жоқ 5. Студенттердің өздік жумысы ОСӨЖ арналған тапсырмалар 1.Философия пәні. Философиялық білімнің табиғаты. Философия дүниетаным ретінде. 2.Философиялық пайымдаудың басты тақырыптары. Философияның негізгі сұрақтары бар ма? 3.Менің пәнге, философияның мәні мен міндетіне көзқарасым мынадан көрінеді (...). 4.Қазіргі кезеңдегі әлемдегі философияның құрылымы мен қызметі. 5.Дүниеге көзқарас дегеніміз не? Дүниеге көзқарастың өзіне тән ерекшеліктері. 6.Философиялық ойлаудың өзіне тән ерекшелігі неде? 7.Философиялық проблеманың табиғаты қандай? Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Қандай проблемаларды біз философиялық проблема деп атаймыз? 2. Философия неден және қалай «туады»? 3. Адам не үшін философиямен айналысады? 4. Философия дегеніміз не? 5. Философия мен дүниетаным өзара қалай әрекет етеді? 6. Философиялық проблемалардың сипаттары қандай? 7. Философиядағы әдіс дегеніміз не? 8. Қандай философиялық әдістер болады? 9. Философияның функцияларын атаңыз. 10. Философиядағы дүниетанымдық және методологиялық функциялардың мәнісі неде? 11. Философия мен ғылым өзара қалай байланысады? 12. Білім мен сенімнің ара -қатынасы қандай? 13. Данышпандық деген не? 14. Философияда тарихи сатыларының критерийлері қандай? 16. Философия тарихында прогресс бар ма және онда ұлттық философия қандай рөл атқарады? Реферат тақырыптары 1.Философия көзқарас ретінде. 2.Мифология және дін. 3.Мифологиялық көзқарастың ерешелігі. 4.Философияның мәдениеттегі орн мен рөлі. 5.Философия және өнер. 6.Діни көзқарастың ерекшеліктері 7.Философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі. 8.Философия және ғылым. 9.Философияның мәні мен алғышарттары. 10. Мифология және философия. Әдебиеттер тізімі: 1.Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002 2.Спиркин А.П. Философия М., 2002 3.Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006 4. Ғабитов Т. Философия А., 2004 5.Әбжанов Т.Ы., Нысанбаев Ә. Қысқаша философия тарихы. А., 2009 6. Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002 7. Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 №2. ОСӨЖ ОСӨЖ арналған тапсырмалар 1. Ежелгі үнді қоғамның стратификациялану мәселесі. 2. Упаништардың негізгі философиялық мәселелері. 3. Ежелгі Үндістанның ортодоксалды және ортодоксалды емес мектептерінің негізгі мінездемесі. 4. Упаништардың құқықтық – этикалық поэмасының негізгі мазмұны. 5. «Махабхарата» эпикалық поэмасының негізгі мазмұны. 6. Йога жүйесі: құтылудың жеке жолы. Реферат тақырыптары: 1.Ведалар - философиялық ойдың қайнар көзі ретінде. 2.Ежелгі үнді философиясының нeгiзгi бағыттары мен мектептері. 3.Буддизм философиясы. 4.Индуизм философиясы. 5.Джайнизм философиясы. 6.Веданта философиясы. 7.Индуизм философиясы. Кестені толтырыңыздар: «Үнді философиясындағы ортодоксалды мектептер» |№ |Мектептер |Негізін |Негізгі |Мағынасы | | |атауы |салушы |ілімдеріне жалпы| | | | | |сипаттама | | | | | | | | Кестені толтырыңыздар: «Үнді философиясындағы ортодоксалды емес мектептер» |№ |Мектептер |Негізін |Негізгі |Мағынасы | | |атауы |салушы |ілімдеріне жалпы| | | | | |сипаттама | | | | | | | | Әдебиеттер тізімі: 1.Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002 2.Спиркин А.П. Философия М., 2002 3. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006 4. Ғабитов Т. Философия А., 2004 5. Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002 6. Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 №3. ОСӨЖ ОСӨЖ арналған сұрақтар. 1.Көне Қытай философиясы пайда болуының негізгі алғышарттары. 2.Тянь діні және Көне Қытай философиясы. 3.Қытай философиясының негізгі бағыттары мен мектептері. 4.Көне Қытай философиясының қалыптасуындағы «Өзгepic кітабінің» мағынасы. 5.Конфуций философиясының негізгі жағдайы. Оның іліміндегі дәстүрдің мағынасы және орны. 6.Даосизм философиясының негізгі жағдайы. Осы философиядағы «Әрекетсіздікті» қалай түсінуге болады? 7.Легистер философиясының негізгі жағдайы. 8.Мо Дидің философиялық идеялары. 9.Легистердің этикалық — саяси ілімі. 10.Қытай білім беруінің классикалық кітаптары. Реферат тақырыптары 1.Конфуций іліміндегі тұлға және ұжым мәселесі. 2.Даосизмдегі ғарыш және адам. 3.Конфуций іліміндегі адам мәселесі. 4.Конфуцийдің идеалды мемлекет туралы ілімі. 5.Көне Қытай философиялық мектептері. 6.Хань хандығы кезеңіндегі философия. 7.III-V ғ.ғ. Қытай философиясының дамуы. 8.Мо-Дидің философиялық көзқарастары. 9.Қытай философиясындағы «жэнь» заңының мағынасы және орны. 10.Көне Қытайдағы мифтік сананың ерекшелектері. ОСӨЖ арналған тапсырмалар 1.Ежелгі Қытайда философияның пайда болуы. 2.Ертедегі Қытай философиясының ерекшеліктері және ежелгі Қытайдағы бас философиялық мектептер. Кестені толтырыңыздар: «Көне Қытай философиясының негізгі бағыттары» |№ |Көне Қытай |Негізін |Жалпы |Негізінің |Ерекшеліктері | | |философиясының |салушы |сипаттама |құрылуына | | | |негізгі бағыттары | | |арқау болған | | | | | | |принциптері | | |1. | | | | | | |2. | | | | | | |3. | | | | | | Әдебиеттер тізімі: 1. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008. 2.Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009. 3.Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009. 4. Қытай философиясының тарихы.М., 2002. 5.Философиялық сөздік.А.,1996 6. В.Лавриненко. Философия.М.,2002. 7. Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002 8. Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 №4. ОСӨЖ ОСӨЖ арналған тапсырмалар 1.Ежелгі Греция философиясының ерекшеліктері. 2.Алғашқы негіз мәселесі (Милет мектебі). 3.Демокриттің атомизмі. 4.Элей мектебі: Парменид және Зенон. 5.Сократ философиясындағы адам мәселесі. 6.Киниктер мектебі: Антисфен және Диоген. 7.Платонның саяси - әлеуметтік концепциялары. 8.Софистердің субъективтік диалектикасы. 9.Эрос және адамның рухани тууы. 10.Платонның жан туралы ілімі. 11.Аристотель философиясы. 12.Платон және Аристотель. 13.Аристотельдің этикасы. 14.Эмпириктің скептицизмі. 15.Эллинизм дәуірінің философиясы. Реферат тақырыптары 1.Грек мифологиясы және антика философиясы. 2.Пифагор және оның сан туралы ілімі. 3.Сократтың этикасы. 4.Сократ философиясындағы адам проблемасы. 5.Киниктер философиялық мектебі. 6.Платонның жан туралы ілімі. 7.Идеалды мемлекеттегі өнердің рөлі. 8.Платонның мемлекет туралы ілімі. 9.Платон және Сократ. 10.Аристотельдің метафизикасы. 11.Аристотельдің этикасы. 12.Аристотельдің саяси әлеуметтік - көзқарасы. 13.Эллинизм философиясы. 14.Эпикурдің эвдемонизмі. 15.Неоплотонизмдегі бірлік мәселесі. 16.Стоицизм этикасы. 17.Эллинизм философиясындағы бақыт мәселесі. 18.Гераклит диалектикасы. 19.Зенонның апорийлары. 20.Софистер және Сократ. Кестені толтырыңыздар: «Ежелгі Грек философиясындағы негізгі мектептер» | |Милет |Пифагоршылдар |Эфестік |Элей |Атомистер | | |мектебі | |Гераклит |мектебі |мектебі | | | | |мектебі | | | |Пайда болу | | | | | | |кезеңдері | | | | | | |Негізін салған | | | | | | |өкілдері | | | | | | |Негізгі | | | | | | |көзқарастары | | | | | | |Ерекшеліктері | | | | | | Әдебиеттер тізімі: 1.Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002 2.Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. А.,2001 3. Богомолов А.С. Античная философия. М., 2004 4. Чанышев А.Н. Курс лекций по древней философии. М., 2001 5. П.Спиркин А.Г. Философия. М.,2002 6. Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 7. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009. №5. ОСӨЖ ОСӨЖ арналған тапсырмалар 1.«Схоластика», «догматизм», «формализм» терминдерін түсіндіріңіз. Осы терминдердің қазіргі мағынасы қандай? 2.Антика және орта ғасыр философиясының онтологиясын салыстырыңыз. 3.«Универсалий» туралы дау нені білдіреді? Ол философтарды қандай екі бағытқа бөлді? 4.Ф. Аквинский бойынша құдай болмысының дәлелін келтіріңіз. Қандай философ өз ілімімен осы аргументтерді жоққа шығарды? 5.Томизм дегеніміз не және оның негізгі принциптері қандай? Ол қалай пайда болды және оның негізін салған кім? 6.«Дін» және «теология» терминдерін түсіндіріңіз, оның ұқсастықтары неде? «Философия» терминімен салыстырыңыз. 7.Орта ғасыр батыс философиясының ерекшеліктерін атаңыз. 8.Орта ғасырлық схоласт - бұл философ па, әлде теолог па? Реферат тақырыптары 1.Философия тарихындағы орта ғасыр философиясының өзіндік ерекшелегі. 2.Аврелий Августиннің философиялық идеялары. 3.Универсалий мәселесі: номинализм және реализм. 4.У. Оккамның философиялық ілімі. 5.П. Абелярдың концептуализмі. 6.Ф. Аквинский іліміндегі құдай болмысының негізгі дәлелдемелері. 7.«Екі ақиқат теориясының» мағынасы мен мәні. 8.Орта ғасыр философиясындағы діннің рөлі мен орны. 9.Орта ғасыр философиясындағы қайырымдылық пен зұлымдылық мәселесі. 10.Философия тарихындағы орта ғасыр философиясының маңызы және тигізген әсері. Кестені толтырыңыздар: « Ортағасырлық батысеуропалық философиядағы басты ұғымдар» | |Номинализм |Реализм |Схоластика | |Негізгі | | | | |алғышарттары | | | | Кестені толтырыңыздар:« Ортағасырлық батысеуропалық философиядағы көрнекті өкілдер» | |Августин |Ф.Аквинский |П.Абеляр |У.Оккам | | |Блаженнй |(1225-1274) |(1079-1142) |(1285-1349) | | |(354-430) | | | | |Өмір жолы | | | | | |Философиялық | | | | | |көзқарастары | | | | | |Тарихи мәні | | | | | Әдебиеттер тізімі: 1.Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002 2.Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. А.,2001 3. Богомолов А.С. Античная философия. М., 2004 4. Чанышев А.Н. Курс лекций по древней философии. М., 2001 5. П.Спиркин А.Г. Философия. М.,2002 6. Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 7. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009. 8.Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002 9. Спиркин А.П. Философия М., 2002 10.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 1І.Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002 12.Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. А.,2001 №6. ОСӨЖ ОСӨЖ арналған тапсырмалар 1.Ортағасырлық араб-түрік философиясының ерекшелігін атаңыз. 2.Ортағасырлық араб-түрік философиясының ортағасырлық батыс философиясынан ұқсастығы мен айырмашылығын атаңыз? З.Суффизм дегеніміз не және оның өкілдері кім? 4.Ортағасырлық араб-түрік философиясының негізгі бағыттарын атаңыз. 5.Ибн-Синаның басты қарастыратын мәселесі қандай? 6.Ортағасырлық араб-түрік философиясында кім алғаш рет ғылымды классификациялап жасады? 7.Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегі жайлы не білесіз? 8.Эманация терминін қалай түсінесіз? 9.Ортағасырлық араб-түрік философиясындағы басты философтарды атаңыз. 10.Әл-Кинди бойынша құдайдың анықтамасын беріңіз. Реферат тақырыптары 1.Әл-Киндидің философиялық ілімдері. 2.Қожа Ахмет Яссауидің философияға қосқан үлесі. 3.Шығыс философиясының қалыптасуы мен дамуы. 4.Орта ғасырлық араб-түрік философиясының негізгі бағыттары. 5.Махмұд Қашқаридің философиялық көзқарастары. 6.Орта ғасырлық араб-түрік философиясындағы адам проблемасы . 7.Әл-Фараби философиясы бойынша бақыт мәселесі. 8.Суфизм - орта ғасырлық араб-түрік философиясы бағыттарының бірі ретінде. 9.Орта ғасырлық араб-түрік философиясындағы даналық пен әділдік мәселесі 10.Ибн-Сина философиялық ілімдерінің ерекшелігі. Кестені толтырыңыз: «Ортағасырлық араб – түрік философиясының негізгі өкілдері» | |Әл-Кинди |Ибн-Сина |Ибн-Рушд |Әл-Фараби | |Өмір жолы | | | | | |Негізгі | | | | | |көзқарастары | | | | | |Ерекшеліктері | | | | | Әдебиеттер тізімі: 1.Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002 2.Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. А.,2001 3. Богомолов А.С. Античная философия. М., 2004 4. Чанышев А.Н. Курс лекций по древней философии. М., 2001 5. П.Спиркин А.Г. Философия. М.,2002 6. Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 7. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009. 8.Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002 9. Спиркин А.П. Философия М., 2002 10.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 1І.Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002 12.Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. А.,2001 №7. ОСӨЖ ОСӨЖ арналған тапсырмалар 1.Қайта өрлеу дәуірінің философиясының негізгі сипаттамаларын атаңыз. 2.Қайта өрлеу дәуірінің философиясының негізгі тақырыптары мен мәселелері қандай? 3.Бұл дәуірдің қандай философтарын білесіз? 4.Қайта өрлеу дәуірінің философиясы гуманизмнің негізгі идеялары қандай? 5.Гуманистердің дін мен шіркеуге көзқарастарына сипаттама беріңіз. 6.Реформацияның негізгі мазмұны неде және оның нәтижелері қандай? 7.Н. Макиавеллидің саяси теориясының негізгі идеяларын атаңыз. 8.Н. Коперниктің жаңалығы неде және оның философиялық ойдың дамуындағы рөлі қандай? 9.Н. Кузанскийдің философиясын сипаттаңыз. 10.Қайта өрлеу дәуірінің философиясының негізгі идеяларының ерекшелігі неде? 11.Қайта өрлеу дәуірінің философиясының негізгі нәтижелері қандай? Рефераттар мен баяндамалардың тақырыптары 1.Қайта өрлеу дәуірінің философиясындағы антропоцентризм және гуманизм. 2.М. Монтень мен Э. Роттердамскийдің этикасы. 3.Н. Макиавеллидің әлеуметтік ойлары. 4.Қайта өрлеу дәуірінің философиясындағы натурфилософия. 5.Қайта өрлеу дәуірінің философиясындағы тұлға мәселесі. 6.Дж. Бруноның натурфилософиясы. 7.Қайта өрлеу дәуірі философиясындағы жаңа көзқарастар. 8.Н. Макиавеллидің мемлекет және саясат туралы ілімі. Әдебиеттер тізімі: 1. Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002 2. Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 3. Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002 4.Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. А.,2001 №8. ОСӨЖ ОСӨЖ арналған тапсырмалар 1.Ф.Бэкон: соқыр нанымдарды танымдағы «пұттар» ретінде сынға алу. 2.Б. Спинозаның философиясындағы саналы қажеттілік ретіндегі бостандық мәселесі. 3.Дж.Локк: «бастапқы» және «кейінгі» қасиеттер теориясы. 4.Т. Гоббстың «қоғамдық келісім» концепциясы. 5.Б. Спинозаның субстанция мәселесі мен пантеизмі. 6.Д. Беркли және Д.Юмның субъективті идеализмі. 7.Д. Юм: Себептілік, субстанция түсініктеріне сын. 8.Жаңа дәуір философиясындағы әдіс мәселесі. Рефераттар мен баяндамалардың тақырыптары 1.Р.Декарттың философиясындағы рационализм. 2.Р.Декартың философиясындағы құдай мәселесі және «туа біткен идеялар» концепциясы. 3.Ф.Бэкон: тәжірибе мен жалпылаудың бірлігі. 4.Б. Спиноза және оның «Этикасы». 5.Лейбництің «Монадологиясы». 6.Д. Беркли философиясы. Кестені толтырыңыз: «Р. Декарттың субстанция туралы ілімі» |№ |Субстанцияның түрлері |Жалпы сипаттама | |1. |Материалдық субстанция | | |2. |Рухани субстанция | | |3. |Адам субстанцияны жасаушы | | | |ретінде | | Әдебиеттер: 1.Ғабитов Т. Философия А., 2004 2.Әбжанов Т.И., Нысанбаев Ә. Қысқаша философия тарихы. А., 2009 3.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 4.Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002 5.Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. А.,2001 №9. ОСӨЖ ОСӨЖ арналған тапсырмалар 1.Канттың «сынға дейінгі» кезеңде қандай проблемалар актуальді болды? 2.Канттың философиядағы «коперниктік төңкерісі» неден тұрады? З.Зерде антиномиясы деген не? И.Кант оны қалай шешті? 4.Канттың, «өзіндік затты» нені білдіреді және неге "өзіндік заттың" танымға биік енуі? 5.И.Канттың этикалық принциптерінің негізін ашыңыз? 6.И.Фихте өзінің «ғылыми ілімінде» И.Канттың қандай шығармашылық философиясының мотивін қарастырады? 7.Неге Ф.Шеллинг өзінің философиясында өнерді философиядан жоғары қояды? 8.Ф.Шеллингтің қандай идеялары қазіргі әлемдік өнерімен сәйкес келеді? 9.Г.Гегельдің философиялық идеясы немен аяқталады? 10.Г.Гегельдің басты диалектикалық принциптерін жинақтаңыз. 11.Г.Гегель «тарих ирониясына» қосқан үлесі қандай? 12.Фейербахтың философиялық антропологиясының негізі не? Реферат және баяндама тақырыптары 1.И.Канттың «Этикасы» 2.И.Канттың «Космологиясы» З.И.Фихтенің «Ғылыми ілімі» 4.Ф.Шеллинтің «Натурфилософиясы» 5.Г.Гегельдің «Рух феноменологиясы» 6.Г.Гегельдің «Парыз философиясы» 7.Г.Гегельдің «Құқық философиясы» 8.Л.Фейербахтың «Махаббат философиясы» 9.Л.Фейербахтың «Антропологиялық философиясы» 10.Л.Фейербахтың «Этикасы» Кестені толтырыңыз: «Неміс классикалық философиясының көрнекті өкілдері» | |И.Кант |Г.Гегель |И.Фихте |Л.Фейербах | |Өмір жолы | | | | | |Негізгі | | | | | |көзқарастары | | | | | |Ерекшеліктері | | | | | Әдебиеттер тізімі: 1.Алексеев П.В. Панин А.В. Философия М.,2002 2.Лавриненко В.Н. Ратникова В.П. Философия М.,2002 3.Әбжанов Т.И., Нысанбаев Ә. Қысқаша философия тарихы. А., 2009 4.Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002 5.Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. А.,2001 №10. ОСӨЖ ОСӨЖ арналған тапсырмалар 1.ХІХ ғ. Батыс философиясының мәні мен мағынасы. 2.Позитивизм және оның тарихи формалары. 3.Өмірге деген ерік адамның мәні. 4.Неокантшылдық баден мектебіндегі, құндылық теориясы. 5.Неокантшылдық Марбург мектебіндегі психологияға қарсы ілімнің дамуы. 6.Прагматизм және классикалық философиядағы абстрактылық. 7.У. Джеимстың психологиялық прагматизмі. Реферат тақырыптары 1.Өмірге деген ерік А. Шопенгауэр 2.Позитивизм 3.Неоконтенаство 4.Прагматизм 5.«Үш кезең заңы» О. Конт 6.Г. Спенсердің «Ғылымның бырыңғай жүйесі» 7. К. Поппердің «ашық қоғамы» 8. А. Пуанкаренің «Ғылымның құндылығы» 9.Неокантиандық Баден мектебі Әдебиеттер тізімі: 1.Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002 2.Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. А.,2001 3. Богомолов А.С. Античная философия. М., 2004 4. Чанышев А.Н. Курс лекций по древней философии. М., 2001 5. П.Спиркин А.Г. Философия. М.,2002 6. Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 7. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009. 8.Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002 9. Спиркин А.П. Философия М., 2002 10.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 1І.Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002 12.Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. А.,2001 №11. ОСӨЖ ОСӨЖ арналған тапсырмалар 1.Славянофильдер мен батысшылдардың бағыт ретінде қалыптасуының рухани алғышарттары неде? 2.Славянофильдердің философиялық көзқарастарының ерекшелігі неде? 3.Орыс батысшылдарының негізгі идеяларына сипаттама беріңіз. 4.Орыс консерватизмінің негізгі белгілері неде? 5.Орыс консерваторлары өткенге қайтып оралуды көздеді ме? 6.Орыс космизмі философиясының негізгі идеяларына сипаттама беріңіз. 7.Соборшылдық идеясының мәні неде? 8.Орыс діни философиясының негізгі бағыттарын атаңыз. 9.Орыс діни философиясында Ресей тағдыры, дін, адам мәселелері қалай талқыланды? 10.Орыс шетелдік философиясы қандай мәселелерді зерттейді? 11.Батысшылдардың өкілдерін атаңыз? 12.Орыс философиясы үшін қандай ерекше белгілер тән? ІЗ.Орыс философиясының негізгі кезеңдерін атаңыз. 14.Желтоқсаншылар философиясының негізгі идеяларын атаңыз. 15.Л.Н.Толстой философиясы бойынша өмір мағынасы неде? 16.Ф.М.Достоевский бойынша адам өмірінің жолының 2 қандай мүмкіндігі бар? Реферат және баяндама тақырыптары 1.XIX ғасырдағы орыс материалистік философиясы. 2.Орыс діни философиясы. 3.Орыс космизмі феномені. 5.Ф. Достоевскийдің философиясындағы адам мәселесі. 6.Орыс философиясындағы мораль мен адамгершілік мәселесі. 7.Орыс философиясындағы билік мәселесі. 8.Орыс философиясындағы әлеуметтік әділдік мәселесі. 9.А. Л. Чижевскийдің космизм тұжырымдамасы. 10.В. Соловьев философиясындағы адам мәселесі. 11.Н. А. Бердяев шығармашылығындағы Ресей тағдыры мен тарихы. 12.Н. Данилевскийдің мәдени-тарихи типтерінің концепциясы. Әдебиеттер тізімі: 1.Спиркин А.П. Философия М., 2002 2. Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 3. Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002 4. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. А., 2001 №12. ОСӨЖ ОСӨЖ арналған тапсырмалар 1.Ж.Баласағұн: адамгершілік және әділеттілік проблемалары. 2.Қазақ эпосы: пайда болуы және ерекшеліктері. 3.Ш. Уәлиханов дін туралы. 4.VIII—XI ғ.ғ. жыраулар поэзиясы. 5.Абайдың «Қара сөздерінің» философиялық мәні. 6.«Алашорда» және оның қазақ халқының ұлттық сезімінің дамуына әсері. 7.Ә.Бөкейханов — XX ғ. бас кезіндегі қазақ зиялылары басты өкілдерінің бірі. 8.Мұстафа Шоқай: «Біріккен Түркістан» идеясы». 9.Қазақ даласындағы алғашқы утопист - жырау Асан Қайғы. 10.М.Дулатовтың әлеуметтік-антропологиялық ойлары. Реферат тақырыптары 1.Абай философиясындағы құдай мәселесі. 2.Ш.Құдайбердиев философиясындағы сенім және парасат мәселесі. 3.Ә.Бөкейхановтың философиялық идеялары. 4.М.Дулатовтың әлеуметтік-антропологиялық идеялары. 5.М.Әуезовтың философиялық көзқарастары. 6.Қазақ менталитетінің даму ерекшеліктері. Әдебиеттер тізімі: 1. Ғ.Есім Сана болмысы А.,2000. 2. Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясы А.,2006 3. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең.А., 2009 4. Бурбаев Т. Ұлт менталитеті А.,2001. 5. Қасабек А.Тарихи философиялық таным А., 2002 №13. ОСӨЖ ОСӨЖ арналған тапсырмалар 1.Прагматизм және классикалык философияның «абстрактілігіне» сын. Ч. Пирстің Р.Декарттың рационализміне қарсы пікірталасы. 2.У.Джемстің психологиялық прагматизмі. 3.Дж.Дьюдің «философияны қайта кұрастыру» әрекеті. 4.Постструктурализм. 5.Экзистенциализм. 6.М.Хайдеггердің «экзистенция, «адам болмысы», «уақыт» ұғымдары. 7.Ж. П. Сартр философиясындағы еркіндік мәселесі. 8.А.Камю адамның өмір сүруінің мәнсіздігі туралы. 9.Герменевтика және тексті түсіндіру мәселесі. 10.Г.Г. Гадамер түсіну механизмдері туралы (тіл, қимылдар, көзқарас, өзара үнсіздік ). Реферат тақырыптары 1.К.Поппердің еңбектеріндегі «ашық қоғам» ұғымы. 2.Э.Гуссерльдің феноменологиясы. 3.Прагматизм философиясындағы ақиқат мәселесі. 4.Экзистенциализм философиясындағы еркіндік мәселесі. 5.Герменевтика және тексті түсіндіру мәселесі. Әдебиеттер тізімі: 1.Ғабитов Т. Философия А., 2004 2.Әбжанов Т.И., Нысанбаев Ә. Қысқаша философия тарихы. А., 2009 3.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 4.Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002 5.Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002 6.Спиркин А.П. Философия М., 2002 7. Ғабитов Т. Философия А., 2004 №14. ОСӨЖ ОСӨЖ арналған тапсырмалар 1.Болмыс ұғымы, оның мәні. Болмыстың философиялық және физикалық түсініктері. 2.Дүниенің бірлігі және көптүрлілігі. 3.Болмыс және мән (сущность). Бірегейлік және көптілік мәселесі. 4.Мән болмыстың бірегейі және түрдің бірлігі ретінде. 5.Негізгі онтологиялык ұғымдар: материя және түр (форма); себеп және салдар; мүмкіндік және шындық; мән және құбылыс; кездейсоқтық және қажеттілік; терістеуді терістеу; 6.Адам болмысының экзистенциалдық негіздері. 7.Мән және өмір сүру. Мән субстанция ретінде. Құдай мән ретінде. 8.Монизм. Дуализм. Философиялық плюрализм. Реферат тақырыптары 1.Мәдениет тарихындағы болмыс мәселесі. 2.Ұғымдар болмыстың жоғарғы түрі және таным баспалдақтары. 3.Рухани болмыс. 4.Философия тарихындағы болмыс мәселесі. 5.Адам болмысының қайталанбас ерекшелігі. Кестені толтырыңыз. Онтология ұғымына анықтама беріңіз. | | |Онтология - ..... | |№ |Болмыстың негізгі түрлері |Жалпы сипаттама | |1. |Рухани болмыс | | |2. |Адам болмысы | | |3. |Әлеуметтік болмысы | | |4. |Заттар болмысы | | Әдебиеттер тізімі: 1.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 2.Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002 3.Спиркин А.П. Философия М., 2002 4. Ғабитов Т. Философия А., 2004 5. Әбжанов Т.И., Нысанбаев Ә. Қысқаша философия тарихы. А., 2009 №15. ОСӨЖ ОСӨЖ арналған тапсырмалар І.Білімнің ғылыми және ғылыми емес формалары. 2.Сезімдік тәжірибе. З.Танымның субъектісі мен объектісі. 4.Философия мен ғылымдағы ақиқат проблемасы. 5.Ақиқат, адасу және жалған. б.Скептицизм мен агностицизмнің сыны. 7.Таным және шығармашылық. 8.Символ танымдық іс-әрекетінің атрибуті ретінде. 9.Эпистемология мен гносеология. 10.Ақиқат. Реферат тақырыптары 1.Таным және шығармашылық. 2.Қазіргі мәдениеттегі ғылым бейнесі. З.Ғылымның философиялық негізі. 4.Әлемнің ғылыми көрінісі. 5.Ақиқат пен адасушылық. б.Философия тарихында ақиқат проблемасы. 7.Адам таным субъектісі ретінде. 8.Рационолизм мен сенсуализм. 9.Ғылым және техника. 10.Скептицизм мен агностика. Әдебиеттер тізімі: 1.Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002 2.Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. А.,2001 3. Богомолов А.С. Античная философия. М., 2004 4. Чанышев А.Н. Курс лекций по древней философии. М., 2001 5. П.Спиркин А.Г. Философия. М.,2002 6. Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 7. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009. 8.Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002 9. Спиркин А.П. Философия М., 2002 10.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 1І.Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002 12.Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. А.,2001 6.2 СӨЖ СӨЖ № 1 Тапсырма. Ежелгі қытай және үнді философиясының негізгі ұғымдарының сөздігін жасау. СӨЖ № 2 Тапсырма. Ежелгі философияның космоцентризм конспект –тезис жасау. СӨЖ № 3 Тапсырма. Ортағасырлық философияның терминологиялық сөздігі: креационизм, провиденциализм, теология, аян қағидасы, универсалийлер, реализм, номинализм, патристика, схоластика, қалам, мутазилиттер, сопылық, аскетизм, перипатетизм. СӨЖ № 4 Тапсырма. Прагматизм философиясы. Конспект, тезис жасау. СӨЖ № 5 Тапсырма. Қазіргі замаңғы мәдениеттегі адам мәселесі. «Дөңгелек үстел» дайындау. СӨЖ № 6 Тапсырма. Кесте құру «20ғ.философиялық негізгі бағыттар». Негізгі батыстық қазіргі замандық философиялық бағыттарды талдап, кесте жасау: 1. Феноменология 2. Экзистенциализм 3. Позитивизм және оның тарихи түрлері 4. Психоанализ философиясы 5. Прагматизм 6. Персонализм 7. Неотомизм 8. Философиялық антропология 9. Структурализм 10. Постструктурализм Кестені толтыру үлгісі: Негізгі батыстық қазіргі замандық философиялық бағыттар |Бағыттың атауы | Философтың |Шығармасының |Негізгі идеялары | | |есімі |атауы | | |1.Феноменология |Эдмунд |. . . . |. . . | | |Гуссерль | | | СӨЖ № 7 Тапсырма. Экзистенциалдык философия және оның негізгі багыттары. СӨЖ № 8 Тапсырма. Позитивизм, оның тарихи түрлері. Постпозитивизм. СӨЖ № 9 Тапсырма. Алаш – орда қозғалысының тарихи маңызы неде? СӨЖ № 10 Тапсырма. Онтология: негізгі ұғымдар мен принциптері. СӨЖ № 11 Тапсырма. Философиядағы сана мәселесі. СӨЖ № 12 Тапсырма. Ғылыми танымның тарихи және логикалық әдістері, олардың өзара қарым-қатынасы. СӨЖ № 13 Тапсырма. Философиядағы адам мәселесі. СӨЖ № 14 Тапсырма. Қоғам – философиялық талдаудың объектісі. Қоғамдық даму. СӨЖ № 15 Тапсырма. Ғылым мен техника философиясы.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz