Файл қосу

Күшіктерді өсіру



                       Бағалы терілі аңдарға сипаттама
    Қазіргі уақытта аңшылық шаруашылықтың  негізгі  өсіру  объектісі  болып
табылатын жануарлар топтары – жыртқыштар,  кемірушілер,  насеком жегіштер.
     Бұлғынның терісін өндеуде Ресей  үкіметі  монополист  болып  табылады.
Жабайы торшалары бар бұлғыннан және  әлдеқайда  қаралау  түсі  бар  бұлғынды
ажыратамыз.
     Жергілікті сасықкүзенмен қара  күзенді  шағылыстырып  оның  түршесінен
альбиностық фуро алады.  Фуро ежелден қолға үйретілген. Оны  егеуқұйрықтарды
жою  үшін,  және  де  інде  өмір  сүретін  құсты   аулау   үшін,   және   де
лабараториялық жануар ретінде де қолданған. Сапасын жақсарту үшін  фуро  мен
қаракүзенді шағылыстырып шығарады.
      Ит  тәрізділерден  асырап  өсіреді.   Түлкіні-сұрлау-қара,  мутанттық
формасы бар канадалық қызыл түлкі,  сонымен қатар ең аз  мөлшерде  платиндық
қарлы және кейбір  басқа  мутанттық  бояулары  бар.   Ақырғы  жылдары  қызыл
түлкілерді  өсіре  бастады,  жабайы  қызыл  түлкімен  сұр  қаралау   түлкіні
шағылыстырып оларды көп қып шығарады,
    Көгілдір ақ түлкі  Солтүстік  Азиямен  Американы  мекендейтін  мутантты
формалы ақ түлкі, сонымен қатар басқада мутантты бояулары  бар  ақ  түлкілер
алынды.
     Жанат тәрізді иттер мамық ұлпа деп жиі аталады немесе уссуриялық жанат
деп те атайды. Олардың отаны Ресейде Приморье өлке, сонымен қатар  Монғолия,
 Қытайдың солтүстік бөлігі, Индокитайдың солтүстік шығысы, Корея, Япония.
     Кемірушілерден біздің елде сазқұндызды  асырап  өсіреді,   стандарттық
түрде түрлі түсті бояулар бар. Шет елдерде шиншилдың  кішкентай  және  үлкен
түрлерімен жұмыс істейді. Әртүрлі мех  түріне  сұраныс  көбеюіне  байланысты
торда құндыздың,  ондатрдың, суырдың өсіп өнуіне тәжірбие жүргізілуде.
                                ҚОЛҒА ҮЙРЕТУ.
    Аңшылық шаруашылықта өсірілетін бағалы терілі андар,   жабайы  андардын
тікелей ұрпақтары.  Қолға үйретілген бағалы терілі андардын көбісі  80-90жыл
бұрын,  бұлғын  және жанат тарізді иттер 50-60жыл  бұрын,   қолға  үйретілсе
де,  бірақ сондада олар өздерінің жабайы ұрпақтарынан  айырмашылықтары  жоқ.
Бірақ сондада оларды  үй  жануарлары  деп  санау  керек;  адамның  асырауына
байланысты.  Қолға үйретілген  андарда  ен  алдымен  өзгерген  онын  терісі.
Шаруашылықта көп мөлшерде жабайы ұрпақтарына бояулары ұқсас,  бірақ  олардың
алдынғы формасына қарағанда олардың өмір сүруі талаптары оте  жақсы.  Алайда
көбісінін терісінін бояуы  табиғатта  кездеспеген.   Негізгі  осы  мутанттық
форма біріккен, сонымен қатар андардын кейбіреулерінде мутанттық гендері  де
біріккен.  Бұндай  бояулар  көбінесе  қаракүзенде  тараған.  Олардын   бүкіл
шаруашылыктарымен  тамактандыру  сапасы  Торда  отырған  андарда   жақсырақ,
далада  мекен  етіп  жүрген   андарға   қарағанда.    Бірақ   тіршілік   ету
айырмашылыктары сирек кездеседі.
    Ұдайы  іріктеудін  аркасында  ірі  андардын   көлемі   өсті.    Әсіресе
қаракүзенде. Біздін мемлекетке  30  жылдардын  басында  қаракүзенді  әкелді,
еркек қалыпты қаракүзен,  700-800гр массаға йе болды,  және тек  қана  бөлек
біреуінін салмағы 1, 1-1, 2 кг көрсетті.  Ал  1998  жылы  еркектерінді  тірі
масса 2кг болады,  ал бөлек ерекшеліктерінде 4кг.
    Ен жас ұрғашылары 2,  4-2,  5тен  4,  3-4,  6  ға  өсіп,   қаракүзенмен
түлкінінін күшіктері 5, 1-5, 5тен 9-10,  8  ге  өсті.   Ұрғашылардын  пайызы
азайды.
    Торда  өсірілетін  анмен  жабайы  андардын  айырмашылығы  орнатылмаған.
Асқазанмен ішектерінін дамуы олардын  тамактануында,   әртүрлі  шаруашылыкта
варияцияны  бақылап  отырады.  Бірақ  андардан  алынған  тері  олардың  ішкі
органдарымен байланысты емес.
    Торда өсірілген қаракүзендерге сүнгудінде керегі жоқ,  өйткені  олардын
жүрек бұлшык еттерінін сүнгуге деген бейімделулуері жоғалған.  Бірақ  жабайы
түрінде мінездері сүнгуге  арналғаны  жаксы  сақталған.  Жабайы  және  Торда
өсірілетін  ақтүлкінін   және   түлкілердін   миларын   зерттегенде,   қолда
өсірілетін  андарда,    жабайы   андарға   қарағанда   олардын   ми   көлемі
кішірейтілген.  Бұл  олардын  тыныш   және  шарттары  жаксы,   өмір  сүруіне
байланысы айқын.
     Салыстырып қарағанда сүйек  ұлпасы  түлкі,  қаракүзен,  бұлғыннын  кей
сүйектерінін Тордағылармен далада  жүргендерге  қарағанда  айырмашылық  бар.
Олар   бұлардың   вальерларда   қозғалыстары   аз    болғандақтан.     Қолға
үйретілгендердің  реакциялары  аздап  озгерген:көбі  аңдарда  адамға   деген
қорғаныс  рефлексі  жоғалған,   келе  жаткан  адамға  мән  бермейді.   Бірақ
қозғалыс рефлексі  жоғалғанмен  әр  шаруашалыкта  бір  келкі  емес  дәрежеде
көрсетілген: аңды  қолмен  ұстап  алған  жерлері  ауырады.  Олардың  ауырған
жерлерін қарап немесе  агрессивтік  көрінісін  көруге  болады,  шаруашылыкта
аңдарды жақсы ұқыптап қараса қорғаныс рефлексін көрсетпейді.  Олардың мінез-
 құлықтары мұра фактор ретінде қалыптасқан.
                                    ТҰҚЫМ
    Тұқым -деп андардын тұтас тобын,  біртүрін,  адамдардын  енбегі  арқылы
анықталған  және  социалдық-экономикалық  шарт  арқылы  анықталған,    жалпы
тарихы бар  өсуімен  көбеюі  айырмашылыктары,  денепішінін  өзіндік  сапасын
ұрпақтарына беріп отырады.
    Ан терісі шаруашылыгында ұзак уакыт тұкым өнделмейді. Тек  1968  ж  ара
бұлгыннын бірінші түрі бекітілді. Клеткалык бұлгын өзінін  жабайы  ұрпагынан
көп  көрім  айырмашылығы   болғандыктан   мұндай   шешім   қабылданды.   Бұл
айырмашылык ірінші кезекте онын бояуында болды. Кара бұлгыннын  арасында  ен
коп  мөлшерде,  жабайылар  арасынан  караганда,  өте  көп  таралган  каралау
турлері. Кара булгын жабайы туріне караганда ірі және жібектей жүні  жумсак.
Кара бұлгыннын авторы зверосовхоздын «Пушкинский» Портнова  Н.  Т.  Куличков
В. А, Докукин Ю. Н, Мизгерева В. А мойындалган.
    1971ж сұр қара түлкінін тұқымы бекітілген, сонымен катар күміс түсті ак
түлкі. Келесі заводтық тұқымы,  түрі,  түлкілердін  (бирюлендық,  пушкиндык,
мадондық)
    Тұқымды сипаттай келе, заводтық тұқым түрі, зоналык тұкым  түрі  болсын
бәрінен де бірінші терінін сапасы болып табылады.
                          БИОЛОГИЯЛЫК ЕРЕКШЕЛІКТЕР.
    Үйге үйретілгеннін қортындысында,  мамык жүнді андардын физиологиясынан
манызды өзгеріс болган жоқ.   Олар  негізінде  жабайы  ұрпақтарынын  мінезен
сақтап қалды. Биолигиялық циклда шаруашылықта жыртқыш  бағалы  терілі  андар
мінез мезгілі болады. Шектелген мезгілде көбею, мерзімді анықтау, бір  жылда
өзгерген негізгі зат алмасуларын анықтау.
    Тамактын курамын ж/е көлемін ауа температурасын, дымкылдыгын ж/е  т.  б
мезгілдік өзгерісін қадагалауымыз керек,  бірак  оар  жылдан  жылга  озгеріп
отырады.  Сондыктанда  бірінші  кезекте  жарык  коздыргышка  кызмет   етеді,
белгілі бір коллекс рефлексын  шақырады  және  организмнін  бүкілін  қалпына
келтіреді. Экспериментті  жұмыстар  жарық  күнде  көбею  мерзімін  өзгертуге
мамық жөнді  андардын  және  олардын  қыстық  және  жаздық  негізгі  айырбас
көрсеткішіне куәгерлік  етеді.  Жарық  күнде  дірілдеуін  жалғастырса,  онда
гипаталамусқа, гипофизге қалқанша бездін  функциясынында  өзгеріс  бар  және
бұл жыныстық системагада әсер береді. Аннын  белсенді  болуы  зат  алмасудын
өзгерісіне акеп соқтырады.  Қара күзендерде ноябрь айында 1-1,  5сағ.  Жарық
жоқ болганда олардан өзгеріс көрдік, жыныс мүшелерін және т. б.  Түлкілермен
ақ түлкілнрде жыныс мүшелерінін пісіп  жетілуі  тездетіледі  декабрь  айынан
январь айына ауысқанда, еркектері топпен үлкен белсенділік көрсетеді.


                                    Күзен
   Қазіргі уақытта күзен аң шаруашылығының басты объектісі  болып  табылады.
Ересек  аталықтарының  орташа  салмағы-  1,7-2,3кг,  аналықтары   1,0-1,3кг;
аталықтарының орташа ұзындығы 42-45см, аналықтары 35-38см.
   Күзендерді  өсіру  кезінде  олардың  көлемдеріне  үлкен  көңіл  аударады,
себебі олардың терісінің бағасы осыған байланысты анықталады.
    Тірі күзендердің көлемін  оларды  өлшеу  арқылы  немесе  дене  ұзындығын
өлшеу арқылы анықтайды. Аңдардың сапасын анықтағанда тек оның көлеміне  ғана
емес, сонымен қатар тірі салмағы мен  дене  бітімін  де  қарастырады.  Өлшеу
және есептеу қазан аяғы мен қарашада бонитировка кезінде жүргізеді.
    Аңның көлемі –  нәсілдік  үйреншікті  белгі,  бірақ  оның  көрсеткіштері
сыртқы орта жағдайына байланысты, бірінші кезекте азықтандыруға  байланысты.
Егер олар аз қоректенсе ұрпақтарының  көлемі  кіші  болады.  Аңдарды  таңдау
кезінде осы көрсеткіштерге  баса  назар  аудару  керек:  егер  жас  күшіктер
қолайсыз жағдайда өскен болса, онда жастарды  таңдау  кезінде  олардың  ата-
аналарының көлемдеріне байланысты қарап алған жөн.
     Барлық көрсеткіштерге бағалау  жүргізілгеннен  соң,  негізгі  топқа  ең
жақсы аңдарды таңдап алады және максимальды немесе жоғарғы  көрсеткішті  жас
ұрпақ алу үшін жұмыстар жүргізіледі.
    Күйлеуге дайындық және күйлеуді өткізу. Күзендер 10-11 айлық  мерзімінде
жыныстық жағынан жетіледі. 3 жасқа дейін қалыпты  түрде  ұрпақ  бере  алады,
одан кейін ұрпқ беру қабілеті төмендейді.  Тек  жеке  аңдарды  ғана  аңшылық
шаруашылықтарда 4-5 жыл ұстайды. Бір топтың ішінде :  жас  ұрпақ  45-55%-дан
60%-ға дейін,ал 2 жасарлар 30-40%-ға дейін болады.
     Күзендердің  орташа  күшіктеуі  6-6,5  күшік.  Олар  жылына   бір   рет
күшіктейді. Ақпан- наурыз айларында күйлеуге  дайындық  басталады.  Күйлеуге
дайындық   кезінде   дұрыс   қоректендірмеу,сонымен   қатар    ақуыз    және
витаминдердің жетіспеушілігі  жыныстық  органдардың  дамуын  тежейді,  тіпті
олардың дамымай қалуы мүмкін. Аналықтардың бұл кезде шектен тыс  семіруі  де
ұрпақ беру қабілетіне кері әсерін тигізеді.  Күзендердің  салмағы  маусымдық
зат алмасудың нәтижесінде жыл бойында белгілі бір мөлшерде
     Алғашқы  шағылысу  ақпанның  басында  болуы  мүмкін,  бірақ  бұл  кезде
фолликулалар  дамымайды,  сондықтан  ұрықтану  мүмкін  емес,  тек   наурызда
ұрықтанады. Күйлеу 20-25 наурызда аяқталады.
     Буаздық кезеңі және күшіктеу. Ең ұзақ буаздық мерзімі -78  күн,  орташа
45-50 күн, 37-38 күнде күшіктеп қойғандары да байқалған.
     Күшіктеуге дейін  ұрықтың  жартысы  өліп  қалады,  тек  50%  ғана  тірі
күйінде сақталып қалады. Бірақ оларда бір жұмыртқалы  егіздердің  болуы  жиі
байқалады, бұл аңның ұрпақ бергіштігін арттырады.
      Барлық аналықтарды бірдей жағдайда қоректендіріп ұстайды.Егер аң  буаз
болса, онда оның ең алдымен көз айналасында және  мұрын  айналасындағы  тері
жабыны өзгереді. Күшіктеуге 25-30 күн қалғанда  көз  айналасында  көзілдірік
тәрізді қара дақтар пайда болады. Буаз аналықтар ерте, ал буаз еместері  жай
түлейді. Күшіктеуге 5-7 күн қалғанда аңдардың үйшіктеріне  төсеніш  төсейді.
Аналық күшіктегенге дейін үйшіктің жағдайын қадағалап, қарап  отырады.  Егер
төсеніш  кір  немесе  дымқыл  болса  ауыстырады.  Бұл  жағдайда  күзендердің
төсенішті дене жылуымен жылытып отыратынын ескеру керек. Егер  жиі  ауыстыра
берсе аналық күзен арып кетеді, өйткені ол энергиясын жылу бөлуге  жұмсайды.

     Күшіктеу  түнде  немесе  таңертең  ерте  болады.  Күшіктеу  басталардың
алдында аналықтар  тамақтан  бас  тартып,  үйшіктерінде  болады.  Күшіктеген
аналықтар қыдыруға анда-санда шығады. Күшіктеген аналыққа тән  белгі:  қара-
жасыл түсті нәжіс, себебі плацентасын жеп қояды.
     Кейбір аналықтар 2  рет  күшіктейді:  5-7  күннен  кейін,  тіпті  10-15
күннен кейін де екінші рет күшіктейді. Бұл жағдайда қалыпты күшіктер  туады,
бірақ әр туғанда күшіктер саны аз болады.
    Жас күшіктердің салмағы 10-12кг, ұзындықтары 5-7  см-дей.  Тістері  жоқ,
көздері және есту мүшесінің жолдары жабық болады. Терісінде енді ғана  шығып
келе жатқан түктер байқалады.
     Жаңа туған күзендердің дене температурасы өте  төмен  болады,  қоршаған
орта температурасына  тең  келеді.  Сондықтан  аналық  үнемі  үйшікте  33-35
градус температураны ұстап отырады. Егер күшік үйшіктен шығып  кетіп  аналық
оны кіргізбесе күшік тоңып қалады және оны жылытпаса өледі.
    Қоршаған ортаның температурасына қарай аналық күзен төсенішке  өз  ұясын
салады (үлкен немесе кіші тереңдікте). Егер ұяда  күшік  көп  болса  ,  онда
олар екі топқа бөлініп жатады.  Аналық  күшіктерді  осылай  бөле  отыра,  әр
топта  күшіктердің  бірдей  қоректенуін  қамтамасыз  етеді.  Себебі,   кейде
күшіктер саны сүт безі санынан көп болады. Емізікшелер саны 4-9.
      Ұяда  көлемдері  әртүрлі  күшіктер  болуы  да  ықтимал.  Егер   мұндай
күшіктерді бір аналықтың  қасында  қалдырса,  онда  әлсіз  күшіктердің  өлуі
мүмкін.  Сондықтан  күшіктегеннен   кейін   ұяларды   тексеріп,   күшіктерді
іріктейді: ірілерін ірі, ал ұсақтарын ұсақ күшіктерге қосады.  Азықтандырушы
аналықтарға ұяда күшік көп болса жартысын, аналарында сүт  болмаса  барлығын
отырғызады.  Орташа сүтті аналық 7-8 күшікті, ал көп сүтті  аналықтар  10-12
күшікті   азықтандыра   алады.   Отырғызылған   күшіктерді   аналықтың    өз
күшіктерінен  ажырату  үшін,  олардың  құлақтарының  ұшын  кесіп   тастайды.
Күшікті ұяның аузына қойып қояды, күшіктің дыбысын естіген  аналық  оны  өзі
ұяға кіргізеді. Бөтен күшікті алмай қоятын аналықтар сирек кездеседі.
    Алғашқы тексеруді күшіктегеннен кейін 1-2  күн  өткенде  күшіктер  санын
білу үшін жүргізеді. Егер үйшікте барлығы дұрыс болса  келесі  тексеру  5-10
күн өткенде  жүреді.  Күшіктеу  кезінде  және  сүтпен  қоректендіру  кезінде
аналықтарды үнемі қарап, тексеріп  отыру  қажет.  Егер  ұядан  түсіп  қалған
немесе суықтан тоңып қалған күшік болса, оны дереу  жылытып,  қайта  үйшікке
салады.  Күшіктерді  арнайы  «инкубаторда»  жылытады.бұл  астынан  электрмен
жылынып отыратын жәшік. Жаңа туған күзендер үшін ондағы қалыпты  температура
32-35 градус.
     Күшіктердің өсуі мен дамуы. Күшіктерді  өсіру.   Күзендердің  күшіктері
тез өседі. Бірінші рет  күшіктердің  салмақтары  6-7  күнде  екі  еселенеді,
екінші рет 12-13 күнде, 20 күнде олардың массалары 85-120г  жетеді.  Тістері
15-18 күндік кездерінде шығады. Бірінші болып төменгі  азу  тістері  шығады,
одан кейінгі тістер  кейін  шығады.  30  күн  өткенде  сүт  тістері  тұрақты
тістермен  алмасады.  Түбір  тістер  40-45  күнде   шығады.   65-75   күндік
кездерінде тістері толық шығып бітеді.
      Жаңа туған күшіктердің құлақтары тері  қатпарлрмен  жабық  болады.  Ай
өткенде олар үлкейіп ашыла бастайды.29-30 күнде толығымен ашылады. Басқа  ит
тұқымдастарына қарағанда күзендердің көздері  жай  ашылады.  Орташа  есеппен
олар 30-31 күнде көздерін ашады.
      Жүн жамылғысы 6-8 күнде денесін толық жабады. Алғашқы  жүн  20-25  күн
бойы шығады. Одан кейін жаздық жүн шыға бастайды, ол 40  күнде  толық  шығып
бітеді. Жаздық жүн 2,5-3 айлық жас күзендерде шілде- тамызда  шығып  болады,
ал қыркүйекте түлей бастайды да, қыстық жүн қарашаға дейін шығады.
      16-20 күндік кезінде олар әлі  соқыр  болса  да,  қосымша  азықты  жей
бастайды.
      40-45  күн  өткенде   аналқтарынан   ажыратады.   Егер   күшіктер   аз
қоректенген, әлсіз немесе аналық арып  кетсе,  онда  күшітерді  32-35  күнде
ажыратады.
      Күзендерде аналық түйсік өте жақсы дамыған. Күшіктер  қосымша  қоректі
жей бастаған кезінде аналықтары аз  қоректенеді,  яғни  қоректі  күшіктеріне
қалдырып  отырады.  Осыдан  кейін  аналықтар  қатты  арықтап,  кейде  өледі.
Аналықтар арып кетсе бөлшектеп  ажыратуды  қолданады.  Күшіктерді  аналықтан
бірден емес, 2-3 рет 1-3 күн аралығында 2-3 күшіктен  алып  отырады.  Бұндай
ажыратуды аналықтар сабырлы  көтереді.  Бұдан  кейін  аналықтар  өз  қалыпты
салмақтарына тез келеді.
      Кейде  аналықтар  азықта   тиаминнің   жетіспеушілігінен   де   ариды.
Күшіктерді аналықтан ажыратқан соң, аналықтардың азығы жоғарғы құнарлы  және
қызыға жейтін азықтардан тұруы керек.
     Күшіктерді аналықтан әртүрлі әдіспен ажыратады. Дымқыл, суық  ауа  райы
кезінде  күшіктерді  орындарында  қалдырып,  аналықты  ажыратажы.   Көбінесе
аналықты қалдырып, күшіктерді ажыратады.
    Күшіктерді   бөлгенде   тұқым   қалдыратындарын   жеке,   тері   өңдеуге
арналғандарын бір бөлек  іріктейді.  Терілері  өңдеуге  арналған  аталықтрды
жеке- жеке торларға орналастырады. Себебі, жастар  кейде  төбелеседі  немесе
ойнағанда  бір-  бірін  тістеп  терілерін  зақымдайды.   Ұрғашылар   сабырлы
болғандықтан, олардың барлығын бір торда ұстай беруге болады.
   Рационның  құнарсыздығы,  тордың  көлемінің  кішілігі  күшіктердің  өсуін
тежейді.

Тері сапасын жақсарту жолдары.
      Сапасы бойынша жақсы тері алу үшін  жануардың  барлық  жақсы  тауарлық
қасиеттерін  шығуын  қамтамасыз   ететін   және   оларды   үнемі   жақсартып
отыратындай  жағдай жасау керек.
      Қоректендіру және ұстау. Тері сапасына қорек  үлкен  әсерін  тигізеді.
Жануарды дұрыс қоректендірмену кезінде оның тұқымы жақсы болса да ол  жоғары
бағалы тері бермейді. Жалпы толық  қоректендірмеу,  ақуыздың  жетіспеушілігі
немесе оның толық еместілігі, әсіресе триптофан, метионин және цистин  деген
амин  қышқылдарының   болу   байланысты   жүн   жабыны   дұрыс   жетілмейді.
Витаминдардің, әсіресе В, жетіспеушілігі  түске,  жүн  жабынының  құрылымына
кері әсерін тигізіп, ол сынғыш және жапқыш қылшықтардың сиреуіне әкеледі.
      Жүн жабынын жақсарту  мақсатында  қоректендіруді  ұйымдастырған  кезде
дене бөліктеріндегі жүн жабыны уақытқа байланысты әртүрлі  дами  бастайтынын
ескерген жөн. Қоректендіруге әсіресе жаз айыларының соңында,  қысқы  түктену
басталған кезінде ерекше көңіл бөлген дұрыс. Қыркүйек  пен  қазан  айларында
негізінен жапқыш талшықтар дами  бастайды,  ал  кейіннен  мамықты  қылшықтар
дамиды.  Егер  қыркүйекте  қорек  деңгейін  көтеріп  жіберсе,  онда   осьтік
қылшықтардың тым көп өсіп, ескіруін байқауға болады. Ал  бұл  кезде  мамықты
қылшықтар әлі даму шегіне жетпейінше, тері әлі жетілмейді.  Мұндай  тері  ІІ
сортқа жатқызылады. Уақытынан бұрын сойылған тері бағасы  ондағы  ақаулардың
болуына  байланысты  айтарлықтай  төмендейді.  Көрсетілген  мерзімде   қорек
мөлшерін қысқартқан жағдайда осьтік қылшықтардың өсуі баяулап, олар  мамықты
қылшықтармен бірге жетіліп болады, нәтижесінде тері сапасы жақсарады.
      Қара күзендерде  мұндай  күрт  құбылыс  байқалмайды,  бірақ  рационның
төмендеуі  кезінде  дене  салмағы  төмендейді,  сәйкесінше  дене  көлемі  де
азаяды, нәтижесінде тері бағасы айтарлықтай өзгереді. Сондықтан  жануарларды
жаппай сояр алдында 7-10 күн бұрын рационды қысқартқан жөн.
      Жануарларды ұстау жағдайы да әсер  етеді.  Жануарларды  ашық  торларда
ұстаған кезде  олар үнемі тікелей күн сәулесінің  және  атмосфералық  жауын-
шашындардың  әсеріне  тап  болады,  нәтижесінде  жүн  жабынында  қажет  емес
қоңырқай рең пайда  болады.   Сондықтан  союға  арналған  жануарларды  шатыр
астындағы торларда (шедтар) ұстайды.
Тар торларда түлкілер мен ақ түлкілерді ұстаған кезде  жүн  жабыны  соғылған
болады,  яғни  жануарлар  үнемі  торға  сүйкеніп,  жапқыш  қылшықтары  сынып
қалады. Кей жағдайларда қылшықтардың ұшының сынып қалуы, керісінше,  тиімді.
Мысалы, қара күзендерде үнемі қылшық ұштарының иірмектелу  ақауы  байқалады.
Өсіп келе жатқан жапқыш қылшықтардың ұшы  оның  ортаңғы  бөлігіне  қарағанда
диаметрі кіші болады. Түктену кезінде мұндай ұштардың көп  бөлігі  иірілген,
сынған немесе жарылған болады. Жүн жабыны жетілген  кезе  бұл  ұштар  сынып,
тегістеледі немесе екінші ұш пайда болады. Осыдан кейін ақау жоғалады.  Сыну
және тегістелу жылдамдығы сыртқы ортаға байланысты: ылғалды ауа райында  бұл
процесс құрғақ ауа райына қарағанда баяу  жүреді.  Қатты  төсеніш  пен  шығу
тесігін азайтқан жағдайда бұл ақау тез жойылады.
      Жүн жабыны ашық түсті жануарларды  тат  басатын  торда  ұстау  кезінде
олардың терісі сарғая түседі,  ал  оны  кейін  кетіру  қиынға  соғады.  Қара
күзендердің жүн жабынының  сарғыштануы  төсеніш  ретінде  бояу  заттары  бар
ольха үгінділерін пайдаланғанда болады.
       Тор  таза  болуы  керек:  уақытында  тазаланбаған  нәжіс  пен   қорек
қалдықтарының кесірінен жүн жабысып қалады. Мұндай қылшықтар  тараған  кезде
зақымдануы мүмкін, сонымен қатар беріктілігі жоғалып тез сынады.
      Жануарларды топпен немесе жеке  ұстау  да  тері  сапасына  айтарлықтай
әсер етеді. Топпен ұстаған кезде  тордың  аумағы  үлкен  және  қорегі  жақсы
болса  жануар  көп  қозғалғандықтан  жақсы  өседі.  Алайда  мұндай  жағдайда
көбінде қорек аз  кезде  теріде  тістің  ізі  қалады,  нәтижесінде  мездрада
тістеген жерде қою дақтар пайда болады.  Сондықтан  жаруарларды  күзде  жеке
орналастырған дұрыс.
      Нутрийді сояр алдында оны суға шомылдыру керек, содан ол өзін тазалар,
күте бастайды деп есептеген. Ол үшін торға арнайы шомылатын  су қойған,  душ
жасаған, кейде шланг арқылы су шашқан кездері болған.
      Ұзын түкті жануарларға жататын түлкі мен ақ  түлкінің  жүнін  жақсарту
мақсатында оларды темір  тарақпен  ұйысқан  және  түсіп  қалған  қылшықтарды
түсіру үшін тараған.
      Тарақпен тарауды жүн жабынының құрылымына байланысты қолданылады: егер
жапқыш қылшықтар ұзын әрі қалың болса оны тараудың қажеттілігі болмайды.
      Асылдандыру жұмыстары. Қорек пен ұстау  жағдайының  жақсы  болуы  тері
сапасын жоғарлатуда маңызды роль  атқарады.  Дегенмен,  қажетті  қасиеттерді
аса жоғары деңгейде тұрақты түрде тек асылдандыру  жұмысынан  алуға  болады.
Басты мәселе, алынған төлдің  жақсы  немесе  жаман  сапалы  белгілер  қандай
жағдайда туындайды және жақсы нәтиже алу үшін қандай іс  –  шаралар  жүргізу
керек дегенге тоқталайық.
      Жануарлар  тобынан  жалпы  белгілерден  ерекшеленетін  дараларды  алып
топтау жиі кезедседі,  және  олардың  осы  ерекшеліктерін  жақсартуда  жұмыс
жүргіземіз.  Мысалы,  “Салтыковский”  шаруашылығындағы  түлкілерден   қылшық
ұзындығы мен жүн жабындысының қалықдығы бойынша  іріктеу  жүргізілген,   бұл
топтағы  түлкілерлің  басқа  түлкілерден  қылшық  ұзындығы  8-10%  -ға,   ал
қалыңдығы 10%-ға артық болып шықты.
      Алынған мутацияларды көбейтіп,  жаңа  түсті,  кейде  комбинацияланған,
бірнеше мутант гендерінен тұратын жаңа қасиеттері бар аңдарды алған.
      Мұндағы  негізгі  жұмыс  сыртқы   ортамен   қатар   тұқым   қулаушылық
факторлармен туындаған  ақауларды  жоюмен  байланысты  болу  керек.   мұндай
ақауларды жою жолдарын анықтау үшін  алдымен  олардың  пайда  болу  жағдайын
талдау қажет.
      Мысалы, қара күзендерде құрсақ маңындағы жүн  жабынының  үйкелу  ақауы
болады,  мұнда  зақымдалған  аймақтарда  жапқыш  қылшықтар  жойылады.   Ақау
дәрежесі жоғарлаған жағдайда мамықты қылшықтар де сирей түседі. (кесте)
        кесте.  Қылшықтардың  сиреуі   бойынша   ақаудың   түрлі   зақымдану
деңгейіндегі қара күзеннің құрсағындағы 1 см2-гі қылшықтар саны
|Зақымдалу деңгейі   |Жапқыш                    |Мамықты                   |
|                    |барлығы,     |Нормадан   |барлығы,   |Нормадан      |
|                    |дана         |пайызы     |мың        |пайызы        |
|Жоқ                 |217          |100        |14,6       |100           |
|Орташа              |115          |53,0       |12,3       |84,2          |
|Қатты               |81           |37,0       |11,3       |77,4          |
|Өте қатты           |14           |6,4        |8,7        |59,6          |


      Бұл ақау қалыпты  түлеудің  бір  деңгейі  екендігі  анықталған.  Төлді
тамыз  айының  екінші  жартысында,  жазғы  жүн  қысқы  жүн  жабынына   ауысу
кезіндегітексеру  барысында  мұндай  ақау   барлық   жануарларда   байқалды.
Қазанның соңында сиреген жүн жабыны қайта қалпына  келеді.  Ақпан  –  наурыз
айларында көктемгі түлеу басталады және  жануарларда  құрсақ  жүн  жабынының
сиреуі қайта басталады. Кей жануарларда түлеу кеш басталып, қара  күзендерді
сою кезінде бұл қатты байқалатыны сонша,  ол  теріні  ақаулы  тері  қатарына
жібереді. Ал ересек дараларда мұндай кеш түлеу  аз  байқалады.  Қылшықтардың
сиреуі әдетте аталықтарда көп  кездеседі.  Мысалы,  шаруашылықтың  біріндегі
төлдерді  тексеру  кезінде  аталықтардың   жүнінің   сиреуі   46,2%-ға,   ал
аналықтарда   19,2%  -ға  жеткені  анықталған.  Сонымен  қатар  ақаулар  ірі
жануарларда жиі байқалады:  1,6 кг және одан аз салмақты аталықтарда  29,9%,
ал одан ірі жануарларда 46% дейін жүн сиректілігі байқалған. Ұсақ  аналықтар
арасында (0,8 кг және төмен) ақау 9,2%, ірілерде 21,1%.  Ал  салмағы  бірдей
(1,2-1,4 кг) даралар  арасында       аналықтардың  ақауы  (25%)  аталықтарға
қарағанда (9,7%) көп болып шықты.
       Ақаулары  бар  жануарладың   шығу   тегі   зерттелді   және   ақаусыз
жануарлардан  ереже бойынша  ақауысыз,  ал  аталығы  да,аналығы  да  ақаумен
болса, одан туған төл де ауытқулармен туатындығы анықталды (кесте).  Ақаусыз
төл дәл сондай ата-аналардан алынады, соның негізінде  ақаудың  пайда  болуы
доминантты гендермен анықталады деп айта аламыз. Мұны  ақаулы  және  ақаусыз
ата-аналардан алынған төлдің үлесінен білуге болады.
      кесте. Шығу тегіне байланысты құрсақтағы қылшықтардың  сиреуі  бойынша
ұрпақтарды орналастыру.

|Ата-аналар              |Алынған ұрпақтар, %                              |
|                        |Ақауы бар               |Қалыпты                 |
|Қалыпты × қалыпты       |9,6                     |90,4                    |
|(қалыптылардан)         |                        |                        |
|Ақауы бар × қалыпты     |3,7                     |62,4                    |
|Ақауы бар × ақауы бар   |                        |                        |
|(шығу тегі әртүрлі)     |52,7                    |47,3                    |
|Ақауы бар × ақауы бар   |                        |                        |
|(ақаулары барлардан)    |74,2                    |25,8                    |

      Ақаулардың тұқым  қуалаушылық  бойынша  мәліметтері  табындардағы  оны
жоюдың жолдарын көрсетеді:  ақаулары  бар  барлық  жануарлар,  сонмен  қатар
ондай белгісі жоқ,  бірақ  жүн  жабынының  құрымында  ауытқулары  бар  ұрпақ
беретін дараларды да жою керек.
      Мұндай талдауларды неғұрлым кең  тараған  ақаулардың  себебін  анықтау
үшін жасау керек. бұған жиі жағдайда тұқым қуалаушылықфакторлар әсер  етеді.
Бірақ сонымен қатар осы ақаулардың пайда болауына   сыртқы  орта  жағдайлары
да  әсерін  тигізеді,  оларды  өзгерте  отырып  жоғапы  сапалы  өнім   алуға
мүмкіндік жасау қажет.
                  Жанат тәрізді иттердің өсіп - өну физиологиясы.
    Жанат тәрізді иттер 10 – 11айында жыныстық қатынысқа түседі және 4 –  5
жылға дейін жақсы көбейеді. Қаңтар айының екінші  жартысынан  наурыз  айының
аяғына дейін шағылысу болады.
           Жанат  тәрізді  иттердің  орташа  туу  мөлшері  8  –  9   күшік.
Кейбіреуінде 19 күшікке дейін тууы  кездескен.  Орта  есеппен  бір  аналыққа
шаққанда 5 – 5,2 күшіктен.
           Басқа  да  аңдар  сияқты  бір  жыл  ішінде  салмағы,  тамақтануы
өзгереді. Төменде «Заря» аң совхозында салмақтары көрсетілген:
                            Ай                                       ұрғашы
        еркек
                              Маусым                                    5,4
         5,9
                             Тамыз                                      6,7
           7,2
                               Қыркүйек                                 6,9
        7,4
                             Қазан                                      7,6
            8,5
                              Қараша                                    8,2
          8,6
                               Желтоқсан                                7,6
       8,4
                             Қаңтар                                     7,0
           8,0
                             Ақпан                                      6,2
           6,3
         Жанат тәрізді иттер кү – қыс айында (қараша – желтоқсан) қозғалысы
төмендеп, олар қысқы ұйқыға кетеді.
         Бақылау бойынша жанат тәрізді иттер ұзақ уақыт бойы іннен  шықпай,
тамақ ішпей жатады.
         Қазіргі кезде көпшілік жерде бұл жанат тәрізді  иттерді  жыл  бойы
тамақтандыра береді, қыс айларында аздап азайтады.
          Шағылысу  мерзімін  ұрғашысының  көңіл  күйіне  қарай   анықтайды
(ұрғашысы еркегінің алдында белгі  береді;  отырған  сияқты   болып  арқасын
көтеріп,  құйрығын  көтереді).  Ақ  түлкінің  күйлеу  уақытын  анықтау  үшін
мысалға алынған түлкінікі сияқты анализ  жүргізеді.  Шағылысудың  оптимальды
уақыты  эструс  -2.  Ұрғашылардың  органынан  мазок  алмас   бұрын   олардың
айқасқанын, күнін анықтау қиын. Жанат тәрізді  иттердің  ұрғашылары  активті
келеді, сондықтан олар күніне 2рет шағылысады.
        Жыныстық қатынас кезінде ұрғасысы арқасымен жатады (созылуы 2  –  3
мин – 15 – 20мин дейін)
        Айқасудан шыққан  аналық  буаз  деп  есептеледі.  Жүктілік  мерзімі
орташа есеппен 61күн (58 – 63 күн).  Бұл  кезде  күтімге  алып,  қарау  үшін
торға отырғызады.
        Жүктілік кезінде аналығының  көңіл  күйі  өзгереді,  олар  көбінесе
торда  көп  қимылдамай  отырады,  кейде  адамдарды  көргенде   қарсы   мінез
көрсетеді. Жүктіліктің соңғы кезеңдерінде үйшігін дайындай бастайды.  Астына
ағаш ұнтағын салады, үстіне шөп салып, ұя жасайды.  Күшіктеуге  1  –  2  күн
қалғанда тамақ ішуін тоқтатады. Күшіктер кезінде омырауын жүннен тазартады.
        Көбінесе күшіктеу мерзімі таңертең ерте болады.  Күшігінің  даусына
қарап  жағдайын  білуге  болады.  Жанат  тәрізді  иттердің  күшігін   сақтау
шаралары да  түлкілердікі  секілді:  оларға  аскорбин  қышқылы  мен  глюкоза
ертіндісін беріп, тонып қалған жағдайда жылыту  керек.  Егер  күшіктері  көп
болып  анасының  сүті  жеткіліксіз  болса,  кейбір  күшіктерін  басқа   сүті
жеткілікті аналықтың бауырына салады.  Сүтті  жанат  тәрізді  иттер  8  –  9
күшікке дейін емізеді. Егер ерекше сүтті иттер 12 күшік емізеді. Жаңа  туған
күшіктердің салмағы 80  –  120гр  болады.  Салмағы  аз  болып  туса  жағдайы
төмендейді. Еркек күшіктер, ұрғашыдан үлкендеу болып  туады.Күшіктері  қысқа
қара жүнді болады.Көздері көрмей туады,тістері жоқ,құлақтары жоқ.Көздері  6-
8 күннен кейін ашылады.Тістері 13-15 күнде өседі.Осы уақыттан кейін  қосымша
тамақтанады.Сүйек  қалпында  беруге  болады.Сүт  тістерінің  тұрақты   тіске
ауысуы мерзімі 2,5-3 айда.Жаңа туған  күшікті  35-46  күнде  суалтады.орынды
ықшамдау  үшін  бір  ғана  күшікті  аналықтарының  жанында  қалдырады.,   ал
қалғанын жұбымен жібереді.
         Күшіктер  тез  өсе  бастайды.  1айлығында  салмағы  800  –  900гр,
2айлығында 2,3кг, 3айдығында 4,5 – 5кг, 4айлығында 6,5 –  7,5кг,  5айлығында
9 – 10кг.
         Күшіктерінің салмағы кейбір үлкен аңдар сияқты енесінің  жағдайына
қарай, күтіміне қарай  өзгеріп  тұрады.  Кем  туған  күшіктер  күтімі  төмен
болса, тамақтануы нашар болса, ерте туғандарға қарағанда салмағы  25  –  30%
кем  болады.  Қылшық  жазғы  жүнмен,  қысқы  жүнінің  өсуі  қыркүйек  айында
басталады да қазанның екінші жартысында тезірек өседі.  Қазанның  аяғында  –
қарашаның басында арқасындағы, жамбасындағы, құйрығындағы  жүндерін  тексеру
керек. Аңдарды торға отырғызғанда астына ағаш төсеніш  салу  керек,  өйткені
аяз болғанда табанын,  жыныс  мүшесін  үсітіп  алуы  мүмкін.  Жанат  тәрізді
иттерді өсіру әдістері қазір өзгерген. Түлкі мен қарсақтарды  қалай  өсірсе,
жанат тәрізді иттерді де сол әдіспен өсіреді.




                       Құндыз тұқымдасы (Castoridae).
                            Құндыз (Castor fiber)
       Бұл тұқымдасқа жататын жануарлар – ірі  кеміргіштер.  Денелері  ірі,
ауыр,   мойындары   денесінен   айқын   бөлінбеген.    Құйрықтары    жалпақ,
күректәрізді,  түп  жағына  қарай  мүйзді  қабыршақтармен  қапталған.  Артқы
аяқтарында жүзу жарғақтары бар, алдыңғы аяқтарында  жоқ,  немесе  олар  шала
жетілген. Құндыздың артқы сирақтары алдыңғыларына қарағанда әлдеқайда  күшті
болады.  Артқы  аяқтарындағы  екінші  саусақтың  тырнағы  екіге   айырылған,
шаңышқы тәрізді  болып  келеді,  ол  жүнді  тарауға  және  эктопаразиттерден
құтылуға көмектеседі. Құндыздың дене құрылысында суда өмір  сүруге  арналғаг
көптеген ерекшеліктері бар. Құлақ қалқаншалары суға  сүңгіген  кезде  ерекше
бұлшық еттердің көмегімен жымырайып бүктеледі, мұрыны арнайы домалақ  бұлшық
еттін жиырылуымен жабылып қалады. Күрек  тістер  ауыз  қуысынан  еріндерінің
өсіндісімен бөлініп тұрады, мұндай құрылыс су  астында  да  ағашты  кеміруге
мүмкіндік береді.
       Құндыз тұқымдасы олигоцен дәуірінің төменгі кезеңінде пайда  болған.
Бұл  тұқымдастын  филогенетикалық  байланыстары  дұрыс  зерттелмеген.  Бірақ
олардың тиіндер  тұқымдасымен  жақындығы  ешкімде  қарсылық  туғызбайды.  Ал
жайралармен ұқсастығы тек қана параллельді  дамумен  байланыстырады.  Осыдан
бірнеше мың жыл бұрын құндыздар  жер  шарының  солтүстік  бөлігінің  далалы,
орманды  алқаптарында  кең  таралған.  Ормандардан  басқа  бұлар  далаларды,
шөлейт  тіпті  шөлді  аймақтарда  мекен  еткен.  Адам  әрекетіне  байланысты
құндыздың кең ареалы  бірнеше  бөлек  учаскелерге  бөлініп  кеткен.  Қазіргі
кезде бұл тұқымдасқа екі-ақ түр  кіреді  –  кәдімгі  құндыз  және  канадалық
немесе солтүстік американдық құндыз.
       Құндыз— біздің елімізде  кездесетін  ең  ірі  кеміргіш.  Дене  тұрқы
75—120 см, салмағы 20—30 кг. Суда тіршілік  етуге  жақсы  бейімделген.  Көзі
және құлағы кішкентай, алдыңғы  аяғы,  артқысына  қарағанда  қысқа.  Құйрығы
жалпақ, күрек тәрізді мүйіз  секілді  қабақтармен  және  сиректеу  түктермен
жабылған. Құйрығының ұзындығы  25-29,  жалпақтығы  13-14  сантиметрге  дейін
жетеді. Оның түп жағы цилиндр тәрізді болады, ары  қарай  жалпаяды.  Құйрығы
алты бұрышты мүйзді қабыршақпен қапталған, бұл  қабыршақтар  судын  әсерінен
жақсы сақтайды. Артқы башайларының арасында жүзу  жарғақтары  бар.  Жарғағын
жайып жіберген кезде олардың  көлемі  70  шаршы  сантиметрді  құрайды.  Жүзу
кезінде құндыз екі артқы аяқтарын бірге сермеп  отырады  (бақа  сияқты),  ал
алдыңғы  сирақтарын  денесіне  жиырып  алады.   Терісі  ұзын   және   қатқыл
жүндерден тұрады және түбіті жұмсақ  келеді.  Терісінің  1  шаршы  сантиметр
учаскесінде қыс уақытында арқа жағынды  26,8,  ал  бауырында  30,2  мың  жүн
талшықтары орналасқан. Терісінің  түсі  әр  түрлі,  көбінесе  ақшыл  сарғылт
немесе қара болады. Азу тістерінің  түбірі  болмайды,  қашау  тәрізді  күрек
тістері мықты және өте өткір келеді. Терісінен су өтпеу үшін ол  жүнін  анал
бездерінен бөлінетін май тәрізді  секретпен  майлайды.  Секрет  дегеніміз  —
бездердің организмге керекті заттарды жасап шығаруы. Анал тесігінің  алдыңғы
жағында жұпар иісті қос мускус бездері  бар.  Мускус  дегеніміз  —  бірқатар
жануарлардың ұрық безінен бөлінетін күшті  иісті  зат.  Бұл  без  қапшығының
ұзындығы 80 мм, салмағы 150 г. Осы бездерден хош иісті күшті  зат  бөлінеді.
Осындай зәрмен бірге бөлінетін сұйық затты  олар  көбінесе  жағаның  биіктеу
жерлеріне төгеді, осының иісі арқылы еркек және ұрғашы  құндызтар,  әсіресе,
өсіп-өнуі, көбею кезінде бір-бірімен тез қауышады.
       Құндыз  Европада,  Азияда  және  Солтүстік  Америкада  таралған.  Ол
Европада және Сибирьдің кейбір аудандарында кездеседі. Ертеректе Европа  мен
Азияның жапырақты ормандарында  құндыздар  өте  кең  тараған.  Бірақ  бағалы
терісі үшін оларды аяусыз аулағандықтан құндыздардың саны күрт кеміп  кетті.
Олар XV ғасырда Қазақстанда да — Жайық  өзенінің  төменгі  саласында,  Ойыл,
Ембі  алқаптарында  кездескен.  Соңғы  жылдары  Жайық  өзенінің  жағасындағы
жапырақты  ормандардан  құндыздар  байқалып  қалады.  Олар  көбінесе   орман
ішіндегі баяу ағатын өзендердің жағалауларында, ескі  арналар  мен  көлдерде
мекендейді. Құндыздар  суда  тіршілік  етуге  жақсы  бейімделген  және  олар
тіршілік ететін  жерде  тал,  терек,  көк  терек  тәрізді  ағаштардың  болуы
міндетті. Бұларды құндыз үйшігін жасайтын құрылыс материалына  және  қабығын
қорекке пайдаланады.
       Қазақстан  территориясында  соңғы  жылдары  құндыз  Жайық   өзенінің
жағасындағы жапырақты ормандарда кездесе  бастады.  Бұл  жерге  ол  көршілес
Орынбор және Свердлов облыстарының аймақтарынан  еніп  отыр.  Әрине,  біздің
өңірде осындай сирек  ұшырасатын  және  терісі  өте  бағалы  аңның  кездесуі
қуанарлық жай.
       Тарихи деректерге қарағанда құндыз біздің  еліміздің  жерінде  бұдан
бірнеше ғасырлар бұрын кең таралған және  терісіне  бола  ауланатын  негізгі
аңның бірі болған. Мәселен, XV  ғасырда  ол  Қазақстанда  —  Жайық  өзенінің
төменгі сағасында, Ойыл  өзенінде,  Ембі  бассейнінде  және  Ертіс  өзенінде
кездескен. Соңғы жерде ол тіпті XVIII ғасырда тіршілік еткен. Ертеде  терісі
өте қымбат құндызты аяусыз аулап және  қорын  есепсіз  жою  салдарынан  оның
саны азайып кеткен. Біздің елімізде XX ғасырдың бас кезінде құндыздың  жалпы
саны шамамен 1 мыңға әрең жететін, сөйтіп ол жер бетінен жойылып кетуге  сәл
қалды. Бұл кезде құндыз небары алты-жеті  кішкентай  жерде  ғана  сақталады.
Белоруссияның, Украинаның, Воронеж облы-сының,  Солтүстік  Зауральенің  және
Туваның тек азғантай учаскелерінде ғана қалған  болатын.  Бұдан  соң  терісі
өте бағалы аңды сақтау және көбейту үшін тез  арада  батыл  шаралар  қолдану
керек болды. Совет өкіметі 1919 жылдан бастап құндызды аулауға  толық  тыйым
салды. Сонымен қатар оны қорғау мақсатында бірнеше мемлекеттік қорықтар  мен
заказниктер  ұйымдастырылды.  Осындай   тиімді   шараларды   іске   асырудың
нәтижесінде құндыздар өсіп-өніп, тез арада саны көбейе  түсті.  Міне  осыдан
кейін оларды ертеде мекендеген  жерлеріне  қайтадан  жерсіндіру  жұмысы  кең
қолға алынды. Соңғы 35 жылдың  ішінде  70-ке  жуық  облыстардың,  өлкелердің
және республикалардың территорияларына шамамен 11 мың құндыз жіберілді.  Бұл
аудандардағы  оның  жалпы   саны   1966   жылы—45—50   мыңға   жеткен.   Осы
көрсеткіштердің 30 мыңдайы Ресейде, 15  мыңдайы  Белоруссияда,  1,9  мыңдайы
Украинада, 1,8 мыңдайы Литвада кездескен (Жирков, 1966). Сөйтіп,  30  жылдан
аса  уақыттың  ішінде  құндыздың  саны   алғашқы   жерсіндірілген   кезеңмен
салыстырғанда 50 есе көбейіп отыр. Оны қорғау өз жемісін берді.
       Құндыз  онша  күй  таңдамайтын  аң,  сондықтан  әр   уақытта   сумен
байланысты неше түрлі қоныстарда мекендейді. Тек оған  қажет  жағдай  —  сол
мекендейтін сулар қыста қатпайтын және қоректенетін өсімдіктер  болу  керек.
Ол, әсіресе орманды алқаптарда жай ағатын  кішкентай  өзендердің,  көлдердің
және  тоғандардың  жағаларында  жиі  қоныстанады.  Ал  ормансыз   аймақтарда
сулардың жағасында қалың бұта мен ағаш өсімдіктері бар жерлерде  жүреді.  Ал
тайыз сулар қыста қатып қалатын болғандықтан ол үшін жарамайды.


                            Құндыздың қоректенуі.
       Құндыз негізінде өсімдіктермен  қоректенетін  аң.  Мәселен,  Воронеж
қорығында мекендейтін бұл кеміргіш өсімдіктердің 150 түрімен азықтанады.  Ал
жалпы құндыздар  200  түрлі  өсімдіктермен  қоректенеді.  Ол  көбінесе,  көк
терек, бәйтерек, тал, шеген, мойыл  сияқты  жұмсақ  ағаштар  мен  бұталардың
жапырақтарын,  жас  өркендерін,  қабығын  сүйсініп  жейді.  Орман   жаңғағы,
қарағаш, емен  сияқты  өсімдіктер  қосымша  ғана  жем  болады.  Ал  шөптесін
өсімдіктердің ішінен қоға, қамыс, құрақ, қара елең  (ежеголовка),  дүңгіршек
немесе сары түңғиық (кубышка), су лалагүлі (кувшинка) және  тобылғы  секілді
өсімдіктерді азыққа жиі пайдаланады. Күнделікті қорегі  күрт  азайып  қалған
кезде құндыздар амалсыздан  кылқан  жапырақты  ағаштарды  да  жей  бастайды.
Бірақ бұл  өте  сирек  кездесетін  жағдайлар.  Әрине,  азығының  құрамы  жер
жағдайына және маусымға байланысты өзгеріп отырады. Көктемде мұз су  бетінен
кеткен соң 2-3 аптадан кейін жағада  өсетін  шөптермен  қоректене  бастайда,
және оларға біраз қана қабық пен бұталарды қосады. Күзге  қарай  қабық  және
бұталармен қоректенеді. Қыста ауа райы  15оС  дейн  болғанда  құндыздар  мұз
бетіне, жағаға шығып, қорек  қорын  толықтырып  отырады.  Бір  тәулікте  бұл
кемірушіге 900 грамм тал немесе көктерек қабығымен бұталары қажет.  Ол  үшін
құндыз диаметрі 2,5-3  сантиметр  болатын  бір  немесе  екі  ағашты  кеміріп
құлатуы керек. Өте жиі құндыз  өсімдікті  құлатып  оны  толық  жемей  тастап
кетеді. Бір жылдың ішінде  ересек  құндыз  бірнеше  жүз  жас  ағаштың  көзін
құртады.  Қыс  мезгілінде  бұл  кемірушілер  ұзақ  уақыт  су  өсімдіктерімен
қоректеніп күйін жоғалтпайды, семіз болып қала береді. Көп жылдар бойы  олар
бір-екі түрлі өсімдіктерді  пайдаланады,  және  содан  ешқандай  кер  әсерін
көрмейді.
       Құндыздар жазда шөптесін өсімдіктермен, қыста  жапырақты  ағаштардың
қабығы және өскіндерімен қоректенеді.  Құрлықтағы  шөптердің  жапырақтарымен
сабақтарын  жейді,  ал  су  өсімдіктерінің  тамырларын  пайдаланады.   Қысқа
қажетті азықты күзде дайындайды. Бұл кезде олар түні  бойы  тыныштық  таппай
ағаш діңін кеміріп, құлатумен болады. Сөйтіп, ол ағаштарды қажетті  мөлшерде
бұтап, үйшіктеріне жеткізіп алады.
       Құндыз мықты және өткір күрек тістерімен биіктігі 25—35 м,  диаметрі
кейде 1  метрден  асатын  ағаштарды  кеміріп  жерге  немесе  суға  құлатады.
Көбінесе  осы  құлаған  ағаштарды  бөлек-бөлек  кесіп  құрылыс  материалдары
ретінде пайдаланады, ал қабықтары мен бұтағын қорек етеді. Бұл  аңдар  күзге
қарай азың қорын дайындауға кіріседі.  Ағаштардың  бұтақтарын,  кесіп-жарған
отындарды,  су  өсімдіктерінің  тамырсабақтарын  үйшігінің  жанына  кесектеп
жинайды. Бұл азықтармен қыста  қоректенеді.  Олардың  азық  «қоймасында»  20
текше метрге дейін ағаштың  бұталары  кездеседі,  ал  үлкен  семьялар  тіпті
үлкен қор жинайды, олардың көлемі 60-703 метрге дейін жеткен.
       Құндыз діңінің жуандығы 5-7 см болатын көк  теректі  2  минутта  ті-
сімен кеміріп, құлатады. Кұлатқан ағаштың  бұтақтарын  дереу  ез  құрылысына
қажетті ұзындыққа келтіріп бұтайды. Әрине ол бұтақтардың біраз  бөлігін  сол
жерде өздері қорек  етіп,  қалғандарын  үйшік  немесе  бөгет  жасауға  сумен
ағызып алып барады. Құндыздар диаметрі 1  метрлік  діңі  бар  ағаштарды  бір
түнде құлатады.


                             Нутрия шаруашылығы.
Нутрия- оңтүстік Америка суларының  маңында  мекен  ететін  кеміруші.  Кеңес
Одағына  нутрия  алғаш  рет  1930  жылы  әкелінген.  Содан  кейін  бұл  аңды
жерсіндіру үшін барлық жағдай жасалды.  Нутрияларды  Краснодарск  ауданынан,
Закавказ және Орталық Азия өңіріндегі сулы жерлерге жіберілді. Бірақ,  ешбір
жерде олар жерсінбеді, кейбір аудандарда олар қырылып  қалды.  Сол  аудандар
да басқа да аңдардың көрсеткіші өзгерді. Сондықтан біздің елде  қазір  бірақ
жолмен нутрияны өсіреді, ол торда ұстау.   Ең  алғаш  нутрия  фермасын  салу
үшін Салтық аң совхозының маңы таңдалды. Бірінші жылдың қысы тиімсіз  болды.
Көптеген аңдардың  құйрықтарымен  аяқтар  үсіп  қалды.  Нәтижесінде  ферманы
Краснодарға көшірді. Кейін дәл осындай ферма Азербайжанда құрылды.
50-шы жылдары тұтынушы жүйесінде еркін  нутрия  шаруашылығының  кооперациясы
басталды.  Бұл жүйе бойынша нутрияны қыстың  аязды  күндерінде  басқа  жерде
жылы қып ұстап, жаз басталысымен ашық жерлерге  ауыстырып  отырды.  Төлдерді
жазда ең тиімді жерлерде бақты.  Бірақ бұл жүйе өзін ақтап шықпады.
70-ші жылдардан бастап нутрияның  дамуы  индивидуалдық  шаруашылықтарда  кең
тарады. Әуестенушілер нутрияны тек оңтүстік жақта емес, қатты суық  жақтарды
да ұстады. Бұл шаруашылыұтар терінің негізгі массасын берді.
80-ші жылдардың басында нутрияны өсіру совхоздарда  да  өсе  түсті.   Нутрия
-өсімтал  аң,  сондықтан  оны  қоректендіру  жеңіл.  нутрия   шаруашылығының
тиімділігі тек қана теріде емес, сондай-ақ оның етінде.
Жартылай   қолға   үйретіліп,   торда   ұсталған    нутрияның    анатомиялыұ
ерекшеліктері байұала бастады.  Сүт бездері денесінің бауыр астыңғы  жағында
емес,   жанына  қарай  орналасты.  Нутриялар  қоректерін   су   астында   да
жейтіндіктен,  олар  тістерімен  оларды  кеміріп,  тамыр  бөліктерін  жейді.
Еріндері  күрек  тістерінің  арт  жағына  қарай  жиналып,  суды  ішке  қарай
жібермейді. Аяқтары жүзу қызметін атқарады.  Алдыңғы  аяқтарының  саусақтары
жақсы жетілген солардың көмегімен олар қорегін аузына қарай апарады.
                        Түрлік формасы.  Бонитировка.
Жабайы нутрияның түсі қоңырқай және басқа да түстер жарқылын  беріп  тұрады.
Көптеген нутриялар дәл осындай түстес болады, аяқ  жағындағы  жүндері  ақшыл
тым түстес болады. Жанындағы және арқасындағы  жүндерінің  түстері  біркелкі
болады.
      Караязский аң фермасында ақ Азербайжандық Нутрия  алынып,  көбейтілді.
Оның түсі доминантты ген болып табылады. Бұның бүкіл жері дерлік ақ  болады.
Тек көзінің айналасында ,  құлақ  маңайында  аздап  пигменттер  болады.  Бұл
қасиет нутрияларда тұқымқуалайды. Бонитировка  кезінде  нутриялар  5  балды,
егер олардың денесінде дақтар болмаған жағдайда ала  алады.  Көз  айналасын,
құлақ маңайын бағалағанда 4  балға  түседі.  Егер  пигментті  және  қылшықты
жүндері бүкіл денесінің 10 пайызынан аспаса  3-балл,  егер  30  пайыз  болса
онда 2 балл.
Италиядан бізге ақ италияндық нутрия әкелінген. Оны  жауып  тұратын  жүндері
таза ақ түсті  болуы  тиіс,  бірақ  кейбір  түрлерінде  сұр-қоңыр  жолақтары
болады. Сол үшін тері кірлеңкі көрінеді. Мұндай аңдарды аса таңдамайды  және
баллдары да төмен болады.
Ақ нутрияларды бағалағанда ең бастысы кремовый түс беріп  тұруы  тиіс.  Егер
кремовый түсті бере алатын  болса, онда  5  балл  беріледі.  Кейінгі  балдар
сәйкесәнше өзгеріп отырады. Ақ  италян  нутриясының  түсі  рецессивті  болып
табылады. Шет елдерде арқа жағында және жағында қара  және  күрең-сұр  түсті
болып келетін қара нутрия алынды, доминантты генді. Ал  гетерезиготалы  қара
нутрияларда солар  сияқты  кейде  құлақтарында,  көз  маңайында  сол  түстес
боялатын шаштары болады. Қара нутрияның терісінің аяқтарының түстері  күрең-
қоңырдан қараға дейін, арқасында қара,  жүні  күрең  қоңырдан  сұрға  дейін.
Терілерді бағалау олардың түстеріне қарай жүргізіледі. Ақ, қара және  сарғыш
нутрия терілері, қоңыр түсті теріге қарағанда 10%-ға қымбат.
Терінің мөлшері аңның мөлшеріне ұзындығына байланысты.  Бұлардың  арасындағы
коэффицент коррелияциясы 0, 7, екінші жағдайда 0, 6-ға тең.
        Нутрияларда   жыныстық   диморфизм   жақсы    көрсетілген:аталықтары
аналықтарынан ірі. Үлкен аталықтарының салмағы 5-7кг,  дене  ұзындығы  40-60
см. Аналықтары 4-5 кг, 40-50  см.  Кейбіреулері  12-15  кг  терінің  мөлшері
аңның жасына да байланысты. Бонитировкалық бағалау  кезең  аңның  6-7  айлық
кезінде, қазан-қараша  айларында  басталады.  Сатып  алу  кезінде  нутрияның
басты және маусымдық өзгергіштішін білу керек. Аңның өтпелі  және  маусымдық
өзгергіштігі кезіндегі қоректенуімен күтімі кейін ол аңға баға беру  кезінде
әсер етсе, тұқымқуалайтын жақтары да маңызды.

                        Көбею және өсу физиологиясы.
Күйекке түсуге дайындық және күйек жыныстық жағынан жетілу, нутрия ларда  3-
4 айларында болады, күйекке тек 7-9 айларында түседі. Ерте буаз болу  кезеңі
дайындықты қажет етеді. Олар айқасқаннан кейін шағылыса береді.  Орташа  туу
көрсеткіші 5-7 күшік. Кей  жағдайда  18  күшік  әкелген  кездер  де  болған.
Нутрияның өмір сүруі 6-7 жыл, шаруашылықта  қолданылатындар  үшін  3-4  жыл.
Нутриялардың  жыныстық  жағынан  жетілуіне  байланысты  олар  жылдың  барлық
мезгілінде  көбейе  береді.  Күшіктердің  жыныстық  жағынан  жетілуі,   оның
күтіміне  байланысты.  Буаздық  126-137  күнге  созылады.   Сперматогенездің
кезеңдерін 3-3, 5 айлық кезеңінде байқауға болады.
Буаздық кезеңі . Буаздық  кезеңінде  аналықтары  дұрыс  қоректендіру  қажет.
Буаздық мерзімі 126-137 күн. Эмбрион 2-ші кезеңде жақсы  дами  бастайды.  30
күнде олар  1,  5г,  45  күнде  -7,  5г.  Егер  жағдай  нашарласа  нутрияның
күшіктері шала туады немесе өледі.
Күшіктерді өсіру. Күшіктері жақсы жетіліп туады. Жүн жабындысы эмбрионда  60
күнде басталады. Күшіктердің көздері ашық болып, туасала  анасының   артынан
ере кетеді. Олардың күрек тістері, азу тістері болады. Салмақтары уақыт  өте
келе өзгереді. Олардың  салмағы  баяу  өседі.  нутрия  күшіктерін  туа  сала
тексереді. Егер олар әлсіз әрі аш болса онда  аналықтың  желінін  тексереді.
Егер сүт шықпаса, күшіктерді басқа аналықтарға жібереді. Аналық жанында  8-9
күшік қалдырылады. Күшіүтерді күнделікті тексеріп отырады. 2-3 күннен  кейін
күшіктерді кормаплодтар  арқылы  қоректендіре  бастайды.  15-20  күнде  олар
көбірек  қоректеніп,  аналығына  теңесуі  мүмкін.  Алдағы  уақытта  күшіктің
салмағымен өсуін ьақылауда ұстайды. 6-7 айлық күшіктерді  аналықтардан  бөле
бастайды.
Нутрияны  өсірушілер  аңды  күніне  бөшкелерге  3-4  рет  жіберіп,  10-15  с
ұстайды.  Ол  оның  терісін  жақсартады.   нутрияның   еті   жеуге   жарамды
болғандықтан, оны терісі үшін сойған  кезде  етін  жек  алады.  Етті  жеклеп
алған  соң  оны  салқын  бөлмеде  ұстайды.   Содан   оны   қатырп,   тамаққа
пайдаланады. Тірідей нутрияны қабылдаған кезде оның терісі, еті  де  қосылып
есептеледі.
                                   Аң шаруашылығы өнімі.
         Аң шаруашылығының басты өнімі  -  терілер.   Сонымен  қатар,тамаққа
нутрий етіп  қолданады.   Қосымша  өнім  маймен,  жыртқыш  аңдар  еттерімен,
түбіттермен,      көң      және      тағы      басқалармен      көрсетілген.

            Терілерді  негізінен  түбіттің   ең   жақсы   дамуы   периодында
бауызданатын биылғы төл және де жарамсызға  шыққан  ересек  аңдардан  алады.
Тері сапасы ең алдымен денедегі түк күйінен  және  оның  түсінен,  сондай-ақ
тері көлемдеріне тәуелді . Ақырғысын  бағалау  кезінде  түктерінің  бекітілу
беріктігіне әсер ететін теріге назар аударады.
                          Тері мен жамылғы түктің құрылысы.
        Жоғары сапалы тері алу және оны дұрыс бағалау үшін  аңның  терісімен
жамылғы түктің құрылысын білу қажет. Жамылғы түктілі түбітті  аңдардың  түгі
әр түрлі категорияалардан тұрады. Оның  ең  бастысы  пішінді  және  түбітті.
Біріншісі екіншісінен ұзындау және  жіңішке.  Бірақта  пішінді  түктер  оның
меншікті салмағы 3 -5% болғанмен де олардың өсуі барлығынанда жалпы  терінің
сапасына байланысты. Пішінді түк бағыттаушы және тікенді  болып  бөлінеді  .
Біріншісіне өте ұзын жеке пішінді түктінің 10-20  %   құрайтын  түк  жатады:
олар бәрінен де бұрын біркелкі  боялған  негізгі  түктің  жиынтығынан  шығып
тұрады және терінің үлпілдігіне әсер етеді. Бағыттаушы түктің  пішіні  ұршық
тәрізді. Тікенекті  түк  ланцет  формалы:  жоғары  бөлігі  тығыздалған  және
ұлғайған. Негізгі пластинкалары жай ғана майысқан.  Бұл  төменгі  орналасқан
түбітті түктің жақсы жабылуымен және  қорғануын  қамтамасыз  етеді.  Тікенді
түктің құрылысы өзінше әр  түрлі.  Салыстырмалы  ұзыннан  өте  ланцеттикалық
пластинкасымен  түбіттің ұзындығымен  бірдей  ұшы  ұлғайған.  Түктің  ақырғы
түрі аралық түк тобына кіреді.Кейбір аңдардың түрлерінде (түлкі,қара  күзен)
тікенекті    түк    түбіт    астын    толығымен     жауып     тұрады.     Ал
кейбіреулерінде(мысалы; күзен) Тікенекті түк  нашар  дамыған.  Түбіті  жақсы
көрінеді және ақырғы күзеннің түсі  оның  қай  және  басқа  түрге  жататынын
көрсетеді.
        Өйткені пішінді түк қорғаныс функцияның  аткарады  және  оның  дамуы
терінің мықтылығын анықтайды. Кейбір жағдайларда теріні өндегенде  тікенекті
түк алынып тасталады.  Бұл  салаыстырмалы  мықтылығын  төмендетеді.  Өйткені
тікенекті  түк  алынғанда  (құндыз,  камшат)  терісінің   мықтылығын   5%-ке
төмендейді. (Камшаттың 100%-тен  95%-ке  немесе  күзеннің  90%-тен  85%-ке).
Құндыздың жұлынған терісінің мықтылығы, 50%-ден  25%-ке  дейін  тікенектілей
сақталған терімен салыстырғанда 2 есе төмендейді. Тікенектің  түктінің  оның
жұмсақтығы және  қаттылығы  түтіктің  ұйысун  ескертеді  немесе  қысқартады.
Тікенекті  түбіттің  дұрыс  дамығанда  түктер  кигіз  сияқты  жиынтық  құрап
шатысады. Бұл  терінің тағы да  бағалығын  түсіреді.  Түбіт  астың  құрайтын
түбітті түк  жамылғы түктің негізгі жиынтығын құрайды (қыста 95-97%).  Бірақ
мезгілімен олардың меншікті салмағы өзгереді.  Мысалы:Бұлғында  1  тікенекті
түкке 44 түбіт, ал жазда 22 түбіт сәйкес келеді. Бұл  салыстырмалы  қысқа  –
жіңішке цилиндр пішінді түк. Көп – аз иірілген. Түбіттің негізгі  рөлі  жеке
түптердің  аралық  өабатындағы  ауа  арөылы  жылу  сақтау  қабатын  құрайды.
Түбітті аңдардың әрбір түбі қабықша және  жүрек  тәріздес  қабаттан  тұрады.
Кутикула немесе қабықшалы  қабатбелгілі  бір  ретпен  орналасқан  қабықшадан
тұрады  және  қорғаныс  қызметін  атқарады.  Әр  түрлі  аңдардың  түктерінің
категорияларының әр түрлігіне Черепицца құрастырып жоғарғы  қабықшаның  шеті
төменгі қабықшаның шетіне жабысады. Осындай формалы қабықшада түктер  арқылы
су болмауынан сақтайды.   Қабықшаның  бір  –  біріне  жануының  характерімен
Степени түктің жылтырауына тәуелді. Жоғарғы жағы тегіс болса,  жылтырауы  да
мықты болады.
         Қабықшаның  құбылысы  түбіттенудің  жобағыдыққа  бейімделуіне    де
тәуелді: ақ түлелілерде  осындай кемшіліктері  тығыз  емес  жыбысып  тұратын
қабыршактары бар түтіктері жиі кездеседі.
    Қабыршақтың  асты  қабатта   қабатты   қабат   жатыр,   ұршық   тәрізді
жасушалардың  бір-бірімен   бірігу  арқылы  құрылған  түтік.  Қабықты  қабат
түтіктің  негізін  қаласа,  ақырғысы  ажырыу  мен   сыныққа   төзімділігінің
артыруымен ерекшеленеді. Қабықты қабат жіңішке болса, түтік тез сынады.
    Өзек қабаты қыл негізінің орталық бөлігінде  орналасқан.  Ол  борпылдақ
қуысты іші ауаға толы ұлпалардан тұрады. Бұл ұлпалар жылу  сақтауда  негізгі
роль атқарады. Өзек  қабаты  қылдың  бойымен  біркелкі  таралып  орналасады.
Қылдың иілуі көп болатын ұшында және  негізінде  бұл  қабат  болмайды,  оның
орнына неғұрлым төзімді қабықты қабат болады.
       Өзекті, кейде қабықты  қабаттарда  пигменттік  жасушалар  орналасады.
Пигмент сары немесе қара болуы мүмкін. Жануардың жүн жабынының түсі
пигмент мөлшері, жасуша  пішіні  және  олардың  концентрациясына  байланысты
болады.Қыл жасушалары қыл пиязшығында түзіледі. Қыл өсу  кезінде  пиязшықтың
мүйізделген бөлігі тірі жасушалардан бөлініп,  қылдың  қабы  қысқарады  және
қыл  терінің  жоғарғы  қабаттарына  көтеріледі.  Терідегі  қылдың  тереңдігі
тұрақты емес: өсу кезінде олар төмен орналасады, ал  толық  жетілгенде  одан
қарағанда   жоғарырақ   орналасады.   Мысалы,   қыркүйекте   қара   күзеннің
терісіндегі пиязшықтардың тереңдігі 1370мкм; ал қарашада  талшықтардың  көбі
жетілген кезде 663мкм; нутрияда сәйкесінше  800-850 және 350 – 400 мкм.
      Жабынды талшықтардың тамырлары  мамықты  талшықтарға  қарағанда  терең
орналасады. Барлық терісі  бағалы  торда  ұстайтын  аңдарда  талшықтары  шоқ
болып орналасқан: осьтік және кейбір  мамықты  талшықтардың  талшық  қаптары
ортақ  тері  ойысында  орналасады,  сондықтан  олар  терінің  бір  ұяшығынан
шығады. Талшық шоқтары топ құрады және  олар  бағыттаушы  талшықтың  маңында
болады.
      Қыл бірнеше  қабаттардан  тұратын  терінің  туындысы  болып  табылады.
Үстіңгі қабат –  эпидермис,  немесе  тері  асты  қабат,  талшық  өскен  тері
аймақарында өте жұқа болады.  Жүн  жабыны  неғұрлым  қою  болса,  бұл  қабат
соғұрлым жұқа болады және де эпидермис жаз уақытында қысқа  қарағанда  жақсы
дамыған. Терінің ашық аймақтарында эпидермис үздіксіз  көбейіп,  олар  үнемі
алмасып отырады. Ал жүн жабыны астында ол  қалыпты,  тек  жүн  жабыны  түлеу
кезінде  ауысып  отырады.  Терідегі  аяқ  астынан   қайызғақтың(эпидермистің
мүйізденіп  кеткен  жасушалары)  пайда  болуы  тері  қызметінің   бұзылғанын
көрсетеді.
      Эпидермистің астында терінің негізгі қабаты – дерма  орналасқан.  Оның
дамуы терінің беріктігін анықтайды. Дерманың негізгі  бөлігі  жыртылуға  өте
төзімді коллагенді  талшықтардан   (96-99%  дейін)  тұрады.  Коллаген  түрлі
бағыттарда таралады, бірақ көп бөлігі бастан құйрыққа дейін созылып  жатады.
Нәтижесінде  терінің  көлденең  бағыттағы  жыртылуға  аса  төзімді   қасиеті
байқалады. Бұл әсіресе аздаған тесіктер болған кезде жақсы  байқалады:  егер
теріні  созса  олар  алдымен  көлдегең  емес,  тігінен   жыртыла   бастайды.
Температура 35 – 40 ̊ С   болғанда  коллаген  құрылымы  бұзылып,  нәтижесінде
тері тез сынып, өңдеуде пайдалануға жарамсыз болып қалады.
      Дерманың бұлшық етті бөлігін иілгіш талшықтар  құрайды.  Олар  терінің
иілгіштігін және ылғалды күйіндегі қысылушылығын  қамтамасыз  етеді.  Кепкен
кезде  бұл  қасиеттер  жоғалады,   бірақ   егер   құрғақ   өңделген   теріні
ылғалдандырса, онда бұл қасиеттерді қайта қалпына келтіруге болады.
       Дерменың  астында  май   қабаты   орналасқан.   Оның   дамуы   жануар
семізділігіне тікелей қатысты. Ең терең қабат  –  бұлшық  етті.  Ол  терінің
жұқа, мөлдірге тақау қабығы.
      Жүн жабыны  мен  теріге  дерма  қабатында  орналасқан  май  бездерінің
бөлетін  заттары  әсер  етеді.  Олардың  өзектері  қыл  қаптарының   жоғарғы
бөлігіне  ашылады.  Осы  бөлінген  заттар   қылдың   бойына   жағылып,   оны
механикалық әсерлерге төзімді етеді және өзіне сай жылтырлық  пайда  болады.
Май бездерінің әрекеттері тері жағдайын жақсартады.



                            Аң шаруашылығы өнімі.
         Аң шаруашылығының басты өнімі  -  терілер.   Сонымен  қатар,тамаққа
нутрий етіп  қолданады.   Қосымша  өнім  маймен,  жыртқыш  аңдар  еттерімен,
түбіттермен,      көң      және      тағы      басқалармен      көрсетілген.

    Терілер.  Терілерді  негізінен  түбіттің  ең  жақсы   дамуы   периодында
бауызданатын биылғы төл және де жарамсызға  шыққан  ересек  аңдардан  алады.
Тері сапасы ең алдымен денедегі түк күйінен  және  оның  түсінен,  сондай-ақ
тері көлемдеріне тәуелді . Ақырғысын  бағалау  кезінде  түктерінің  бекітілу
беріктігіне әсер ететін теріге назар аударады.
                          Тері мен жамылғы түктің құрылысы.
        Жоғары сапалы тері алу және оны дұрыс бағалау үшін  аңның  терісімен
жамылғы түктің құрылысын білу қажет. Жамылғы түктілі түбітті  аңдардың  түгі
әр түрлі категорияалардан тұрады. Оның  ең  бастысы  пішінді  және  түбітті.
Біріншісі екіншісінен ұзындау және  жіңішке.  Бірақта  пішінді  түктер  оның
меншікті салмағы 3 -5% болғанмен де олардың өсуі барлығынанда жалпы  терінің
сапасына байланысты. Пішінді түк бағыттаушы және тікенді  болып  бөлінеді  .
Біріншісіне өте ұзын жеке пішінді түктінің 10-20  %   құрайтын  түк  жатады:
олар бәрінен де бұрын біркелкі  боялған  негізгі  түктің  жиынтығынан  шығып
тұрады және терінің үлпілдігіне әсер етеді. Бағыттаушы түктің  пішіні  ұршық
тәрізді. Тікенекті  түк  ланцет  формалы:  жоғары  бөлігі  тығыздалған  және
ұлғайған. Негізгі пластинкалары жай ғана майысқан.  Бұл  төменгі  орналасқан
түбітті түктің жақсы жабылуымен және  қорғануын  қамтамасыз  етеді.  Тікенді
түктің құрылысы өзінше әр  түрлі.  Салыстырмалы  ұзыннан  өте  ланцеттикалық
пластинкасымен  түбіттің ұзындығымен  бірдей  ұшы  ұлғайған.  Түктің  ақырғы
түрі аралық түк тобына кіреді.Кейбір аңдардың түрлерінде (түлкі,қара  күзен)
тікенекті    түк    түбіт    астын    толығымен     жауып     тұрады.     Ал
кейбіреулерінде(мысалы; күзен) Тікенекті түк  нашар  дамыған.  Түбіті  жақсы
көрінеді және ақырғы күзеннің түсі  оның  қай  және  басқа  түрге  жататынын
көрсетеді.
        Өйткені пішінді түк қорғаныс функцияның  аткарады  және  оның  дамуы
терінің мықтылығын анықтайды. Кейбір жағдайларда теріні өндегенде  тікенекті
түк алынып тасталады.  Бұл  салаыстырмалы  мықтылығын  төмендетеді.  Өйткені
тікенекті  түк  алынғанда  (құндыз,  камшат)  терісінің   мықтылығын   5%-ке
төмендейді. (Камшаттың 100%-тен  95%-ке  немесе  күзеннің  90%-тен  85%-ке).
Құндыздың жұлынған терісінің мықтылығы, 50%-ден  25%-ке  дейін  тікенектілей
сақталған терімен салыстырғанда 2 есе төмендейді. Тікенектің  түктінің  оның
жұмсақтығы және  қаттылығы  түтіктің  ұйысун  ескертеді  немесе  қысқартады.
Тікенекті  түбіттің  дұрыс  дамығанда  түктер  кигіз  сияқты  жиынтық  құрап
шатысады. Бұл  терінің тағы да  бағалығын  түсіреді.  Түбіт  астың  құрайтын
түбітті түк  жамылғы түктің негізгі жиынтығын құрайды (қыста 95-97%).  Бірақ
мезгілімен олардың меншікті салмағы өзгереді.  Мысалы:Бұлғында  1  тікенекті
түкке 44 түбіт, ал жазда 22 түбіт сәйкес келеді. Бұл  салыстырмалы  қысқа  –
жіңішке цилиндр пішінді түк. Көп – аз иірілген. Түбіттің негізгі  рөлі  жеке
түптердің  аралық  өабатындағы  ауа  арөылы  жылу  сақтау  қабатын  құрайды.
Түбітті аңдардың әрбір түбі қабықша және  жүрек  тәріздес  қабаттан  тұрады.
Кутикула немесе қабықшалы  қабатбелгілі  бір  ретпен  орналасқан  қабықшадан
тұрады  және  қорғаныс  қызметін  атқарады.  Әр  түрлі  аңдардың  түктерінің
категорияларының әр түрлігіне Черепицца құрастырып жоғарғы  қабықшаның  шеті
төменгі қабықшаның шетіне жабысады. Осындай формалы қабықшада түктер  арқылы
су болмауынан сақтайды.   Қабықшаның  бір  –  біріне  жануының  характерімен
Степени түктің жылтырауына тәуелді. Жоғарғы жағы тегіс болса,  жылтырауы  да
мықты болады.
         Қабықшаның  құбылысы  түбіттенудің  жобағыдыққа  бейімделуіне    де
тәуелді: ақ түлелілерде  осындай кемшіліктері  тығыз  емес  жыбысып  тұратын
қабыршактары бар түтіктері жиі кездеседі.
    Қабыршақтың  асты  қабатта   қабатты   қабат   жатыр,   ұршық   тәрізді
жасушалардың  бір-бірімен   бірігу  арқылы  құрылған  түтік.  Қабықты  қабат
түтіктің  негізін  қаласа,  ақырғысы  ажырыу  мен   сыныққа   төзімділігінің
артыруымен ерекшеленеді. Қабықты қабат жіңішке болса, түтік тез сынады.
    Өзек қабаты қыл негізінің орталық бөлігінде  орналасқан.  Ол  борпылдақ
қуысты іші ауаға толы ұлпалардан тұрады. Бұл ұлпалар жылу  сақтауда  негізгі
роль атқарады. Өзек  қабаты  қылдың  бойымен  біркелкі  таралып  орналасады.
Қылдың иілуі көп болатын ұшында және  негізінде  бұл  қабат  болмайды,  оның
орнына неғұрлым төзімді қабықты қабат болады.
       Өзекті, кейде қабықты  қабаттарда  пигменттік  жасушалар  орналасады.
Пигмент сары немесе қара болуы мүмкін. Жануардың жүн жабынының түсі
пигмент мөлшері, жасуша  пішіні  және  олардың  концентрациясына  байланысты
болады.Қыл жасушалары қыл пиязшығында түзіледі. Қыл өсу  кезінде  пиязшықтың
мүйізделген бөлігі тірі жасушалардан бөлініп,  қылдың  қабы  қысқарады  және
қыл  терінің  жоғарғы  қабаттарына  көтеріледі.  Терідегі  қылдың  тереңдігі
тұрақты емес: өсу кезінде олар төмен орналасады, ал  толық  жетілгенде  одан
қарағанда   жоғарырақ   орналасады.   Мысалы,   қыркүйекте   қара   күзеннің
терісіндегі пиязшықтардың тереңдігі 1370мкм; ал қарашада  талшықтардың  көбі
жетілген кезде 663мкм; нутрияда сәйкесінше  800-850 және 350 – 400 мкм.
      Жабынды талшықтардың тамырлары  мамықты  талшықтарға  қарағанда  терең
орналасады. Барлық терісі  бағалы  торда  ұстайтын  аңдарда  талшықтары  шоқ
болып орналасқан: осьтік және кейбір  мамықты  талшықтардың  талшық  қаптары
ортақ  тері  ойысында  орналасады,  сондықтан  олар  терінің  бір  ұяшығынан
шығады. Талшық шоқтары топ құрады және  олар  бағыттаушы  талшықтың  маңында
болады.
      Қыл бірнеше  қабаттардан  тұратын  терінің  туындысы  болып  табылады.
Үстіңгі қабат –  эпидермис,  немесе  тері  асты  қабат,  талшық  өскен  тері
аймақарында өте жұқа болады.  Жүн  жабыны  неғұрлым  қою  болса,  бұл  қабат
соғұрлым жұқа болады және де эпидермис жаз уақытында қысқа  қарағанда  жақсы
дамыған. Терінің ашық аймақтарында эпидермис үздіксіз  көбейіп,  олар  үнемі
алмасып отырады. Ал жүн жабыны астында ол  қалыпты,  тек  жүн  жабыны  түлеу
кезінде  ауысып  отырады.  Терідегі  аяқ  астынан   қайызғақтың(эпидермистің
мүйізденіп  кеткен  жасушалары)  пайда  болуы  тері  қызметінің   бұзылғанын
көрсетеді.
      Эпидермистің астында терінің негізгі қабаты – дерма  орналасқан.  Оның
дамуы терінің беріктігін анықтайды. Дерманың негізгі  бөлігі  жыртылуға  өте
төзімді коллагенді  талшықтардан   (96-99%  дейін)  тұрады.  Коллаген  түрлі
бағыттарда таралады, бірақ көп бөлігі бастан құйрыққа дейін созылып  жатады.
Нәтижесінде  терінің  көлденең  бағыттағы  жыртылуға  аса  төзімді   қасиеті
байқалады. Бұл әсіресе аздаған тесіктер болған кезде жақсы  байқалады:  егер
теріні  созса  олар  алдымен  көлдегең  емес,  тігінен   жыртыла   бастайды.
Температура 35 – 40 ̊ С   болғанда  коллаген  құрылымы  бұзылып,  нәтижесінде
тері тез сынып, өңдеуде пайдалануға жарамсыз болып қалады.
      Дерманың бұлшық етті бөлігін иілгіш талшықтар  құрайды.  Олар  терінің
иілгіштігін және ылғалды күйіндегі қысылушылығын  қамтамасыз  етеді.  Кепкен
кезде  бұл  қасиеттер  жоғалады,   бірақ   егер   құрғақ   өңделген   теріні
ылғалдандырса, онда бұл қасиеттерді қайта қалпына келтіруге болады.
       Дерменың  астында  май   қабаты   орналасқан.   Оның   дамуы   жануар
семізділігіне тікелей қатысты. Ең терең қабат  –  бұлшық  етті.  Ол  терінің
жұқа, мөлдірге тақау қабығы.
      Жүн жабыны  мен  теріге  дерма  қабатында  орналасқан  май  бездерінің
бөлетін  заттары  әсер  етеді.  Олардың  өзектері  қыл  қаптарының   жоғарғы
бөлігіне  ашылады.  Осы  бөлінген  заттар   қылдың   бойына   жағылып,   оны
механикалық әсерлерге төзімді етеді және өзіне сай жылтырлық  пайда  болады.
Май бездерінің әрекеттері тері жағдайын жақсартады.

Жүн жабындысының өзгергіштігі.
      Жүн жабынының өзгергіштігі көптеген себептерге тәуелді  болуы  мүмкін,
және жоғары сапалы өнімді алу үшін осы себептерді білу керек.
      Түрлік және географиялық өзгергіштік. Жануарлардың  түріне  байланысты
жүн жабынының құрылымы бірдей болмайды. Бұның негізгі себебі олардың  жабайы
ата – тегінің тіршілік ету жағдайына  байланысты.  Ересек  түлкілер  мен  ақ
түлкілер қысқы уақытта өздеріне баспана мүлде  іздемейді,  сондықтан  оларға
суықтан қорғану керек. Бірақ олардың құрсақ пен денесінің жоғарғы  бөлігінің
түбіттенуінде аздаған айырмашылық бар. Құрсағының түбіттенуінің нашар  болуы
оған арқа мен бүйірге қарағанда суықтың аз әсер етуі деуге болады.
       Қара  күзендерде  жүн  жабыны  қысқа.  Бұл  жануарлар  жартылай  суда
тіршілік етеді, қорек алу кезінде суға көп сүңгиді,  сондықтан  ұзын  түктер
су болып  қалар  еді.  Түлкілерге  қарағанда  қара  күзендердің  жүн  жабыны
неғұрлым біркелкі дамиды, себебі суық арқаға, бүйірге және  құрсаққа  бірдей
әсер етеді. Бұлғындар  болса  құрлықта  тіршілік  етеді,  бірақ  олар  қыста
баспаналарды пайдаланады, сондықтан олардың жүн жабыны түлкілерге  қарағанда
аз жетілген, бірақ денесі біркелкі түктенген. Нутрий  көп  уақытын  ұсақ  су
қоймаларында өткізеді, соның әсерінен оның құрсақ бөлігіне арқа мен  бүйірге
қарағанда суық көп әсерін тигізеді.  Нәтижесінде  денесінің  астыңғы  бөлігі
үстіне қарағанда қою, бірақ қысқалау болады.
      Жүн жабынының ұзындығына сәйкес  жануарларды  ұзын  талшықты  (остьтің
ұзындығы аз  дегенде  40-45мм)  және  қысқа  талшықты(ость  25-35  мм)   деп
бөледі. Ұзын талшықтыларға түлкі,  ақ  түлкі,  жанат  тәрізді  иттер;  қысқа
талшықтыларға – қара күзен, бұлғын, күзен.
      Жабайы түрлерде  жүн  жабынының  түрлі  ареалдардың  климаттық  жағдай
әсерімен байланысты географиялық өзгергіштігі үлкен. Бұл  әсіресе  тундрадан
бастап жартылай шөлдерде тіршілік  ететін  түлкілерде  жақсы  байқалады  (1-
кесте). Оңтүстікте тіршілік ететін  жануарларда  жүн  жабыны  әдетте  қысқа,
жуан болады, сондықтан түктенуі неғұрлым дөрекі болады. Бір   жабынды  қылға
келетін мамықты қылдарының мөлшері мен  қоюлығы  азаяды.  Бұл  өзгерістердің
климаттық  жағдайларға  байланысты   екенін   бір   жағынан   жерсіндірілген
жануарлардың түктену сапасының өзгерісінен байқауға болады,  екінші  жағынан
әр жануар түрлеріндегі параллельді өзгерістен көруге болады.


      1–кесте. Түрлі географиялық  аймақтарда  тіршілік  ететін  түлкілердің
түктену сапасының көрсеткіштері. (Кузнецов мәліметтері бойынша).
|                        |Ұзындығы, мм            |Қалыңдығы, мкм          |
|Негізгі тіршілік ету    |                        |                        |
|аймағы                  |                        |                        |
|                        |ость      |мамық       |ость       |мамық       |
|Якут АССР               |58,8      |46,6        |78,8       |21,1        |
|Мурманск, Архангельск   |          |            |           |            |
|облыстары               |64,9      |56,1        |89,0       |21,3        |
|Карельск АССР, Коми     |          |            |           |            |
|АССР, УССР  Оңтүстік    |          |            |           |            |
|аймақтары               |47,7      |37,8        |89,3       |18,2        |
|Өзбек ССР, Түркмен ССР  |44,1      |34,8        |98,9       |19,2        |


       Түрлі  аймақтарда  торда  өсірілетін  жануарларда  да  осы   заңдылық
байқалады. Асылдандыру жұмысын жүргізген кезде жүннің ұзындығына ерекше  мән
береді,  ал  олардың  қалыңдығы  мен  түк  топтарының  қатынасы   шаруашылық
орналасқан аймақтың жағдайына айтарлықтай тәуелді болады (2 –кесте).
2–кесте.  Түрлі  шаруашылықтардағы  стандартты   аталық   қара   күзендердің
жаясындағы қысқы түктенудегі қылдардың даму көрсеткіші.
|                        |«Амудария аң            |«Бирюлинск аң шаруашылық|
|Көрсеткіштер            |шаруашылығы» (Түрік ССР)|совхозы» (Татар ССР)    |
|Қыл ұзындығы,  мм:      |                        |                        |
|бағыттаушы              |22,1                    |26,1                    |
|мамықты                 |15,1                    |14,8                    |
|Жалпақ бөлігіндегі      |144,3                   |128,8                   |
|негізгі қылдың          |                        |                        |
|қалыңдығы, мкм          |                        |                        |
|Мамықты қыл қалыңдығы,  |15,7                    |15,4                    |
|мкм                     |                        |                        |
|Осьтік қылдардың        |6,5                     |4,9                     |
|жұмсақтық коэффиценті   |                        |                        |
|0,5 см2 –қа келетін     |64                      |45                      |
|бағыттаушы қылдың саны  |                        |                        |
|0,5 см2 –қа келетін     |4398                    |5575                    |
|мамықты қылдың саны     |                        |                        |
|Бір бағыттаушы қылға    |68,7                    |123,9                   |
|келетін мамықты қылдың  |                        |                        |
|мөлшері                 |                        |                        |


       Маусымдық  және  жасқа  байланысты  өзгергіштік.  Қалыпты  климаттағы
барлық жануарларда жүн жабынының  маусымдық  өзгергіштігі  айтарлықтай  көп:
қыста  жүн  жабыны  ұзын  және  жіңішке  болады,  олардың  әсіресе   мамықты
қылдарының мөлшері айтарлықтай  көбейеді,  нәтижесінде  жүн  жабынының  жылу
өткізгіштігі жаздағыға қарағанда өте  аз  болады.  Мысалы,  түлкілерде  жылу
өткізу қасиеті 3 есе аз болады.
       Маусым  бойынша  түктенудің  сапасы  түлеудің  нәтижесінде  өзгереді.
Ересек жануарлардың көбінде түлеу екі рет болады: көктемде қысқы түк  түсіп,
орнына жаздық өсіп шығады, ал күзде жаздық  түк  қайтадан  қысқыға  ауысады.
Тек ересек түлкілерде ғана бір рет көктемде түлеу байқалады. Жаздың  басында
өсіп шыққан түк қысқа дейін сақталады,  бірақ  күз  айларында  қосымша  жаңа
түктер өседі.
      Көктемгі  түлеу  барлық  аңдарда  бірдей  басталмайды:  алдымен  жүкті
аналықтар түлей бастайды. Кәрі және ауру жануарларда  түлеу  кеш  басталады;
кейде жүннің бір бөлігі түспей қалады.
      Қыл түсер алдында бозарып немесе қоңырлана бастайды.  Қоңырланған  қыл
қыстың ортасында, қаңтар – ақпан айларында пайда болуы мүмкін.  Бұл  терінің
жылу сақтау қасиетін төмендетпейді, бірақ оның әсемділігін  кемітеді,  кейін
қылдың беріктігін төмендетеді.
      Жануардың әрбір түрдің  өзіне  сай  дене  бөліктеріндегі  ескі  қылдың
түсіп, жаңа қылдың  өсіп  шығу  реті  бар.  Мысалы,  көктемде  қара  күзенде
алдымен көз  маңы  мен  танау  ұшының  түктері  түсе  бастайды.  Бұлғындарда
алдымен беті  және  құйрық  түбіндегі  аймақтар  түлейді.  Ал  жүкті  аналық
түлкілерде мойын бөлігі бірінші түлейді.
      Жануарларда көктемгі түлеу көру мүшелері  қабылдайтын  күндізгі  жарық
ұзақтығы әсерінен басталады. Қыста соқыр болып қалған ақ түлкі  қысқы  түгін
күзге дейін сақтаған кездері де болған. Оның  қылы  жетіліп  кеткен,  қоңыр,
боз болған, бірақ түспеген.
      Қысқы қыл шілденің аяғы мен  тамыздың  басынан  бастап  күн  жарығының
қысқара бастауының әсерінен өсе бастайды. Күн жарығын өзгерте  отырып,  тері
жетілуін керекті уақытқа жылжытуға болады (3 - кесте).
3–кесте. Күмісті – қара ересек түлкілердегі жүн түзілудің мерзімдері.
|Көрсеткіштер      |Топ                                                    |
|                  |І           |ІІ            |ІІІ          |IV           |
|Күн жарығының     |           –|1.05 - 15.06  |–            |1.05 – 15.05 |
|көбейту мерзімі   |            |              |             |             |
|Күн жарығын       |–           |–             |16.05 –4.10  |16.05 – 27.09|
|қысқарту мерзімі  |            |              |             |             |
|Түлеу соңының орта|17.09       |9.09          |27.07        |27.07        |
|мерзімі           |            |              |             |             |
|Тері жетілуінің   |1.12        |6.11          |4.10         |27.09        |
|орташа мерзімі    |            |              |             |             |
|Жүн түзілуінің    |211         |188           |157          |149          |
|ұзақтығы, күн     |            |              |             |             |

      3 – кестедегі келтірілген мәліметтер  осы  бағытта  жасалған  жұмыстың
алғашқыларының бірі болып табылады. Мұнда қызығы сол, шілде  айының  аяғынан
бастап күн жарығын қысқартудан басқа, мамыр  –  маусым  айларындағы  қосымша
жарық түсіруді де көрсеткен. ІІ  топтағы  түлкілерде  мамыр  айында  жарықты
созу көктемгі  түлеу  мерзімін  қысқартып,  қысқы  түктенуді  тездетті.  ІІІ
топтағы жануарларда табиғи  күн  енді  созыла  бастаған  кезде  күн  жарығын
қысқартқан кезде көктемгі түлеу ерте бітіп және жалпы түк түзілуі шамамен  2
айға тоқтады т.б.
      Ақ түлкілерге жүргізілген тәжірбие көрсеткендей жетілу  мерзіміне  күн
көзі және де жарық түсіру күші әсер етеді. 40 люкс  және  одан  төмен  жарық
түсіргенде ақ түлкіге әсер еткен  жоқ.  Сондықтан  шедтың  қақпақ  пен  еден
арасын жарық өтпейтін материалмен жауып жарық  мөлшерін  қысқартады.  Қалған
ашық тор астыңғы және торлы қабырғалардан түскен  жарық  жануар  денесіндегі
түктің ерте түзілуін қамтамасыз етеді. Жарықты өзгерту  мүміндігін  көптеген
шаруашылықтар пайдаланады.
       Теріні   негізгі  бөлігін  жас  аңдарды  сою  кезінде   алады,   олар
түктенудің  айтарлықтай  жас  өзгергіштігімен  сипатталады.  Жыртқыш   аңдар
күшіктерінің түктенуі әлсіз болады: жүн жабыны, немесе  тері  астынана  енді
шығып келе жатады(қара күзен, бұлғын), немесе  оның  ұзындығы  5-8  мм  –ден
аспайды (түлкі, ақ түлкі). Алғашқы жүн жабыны әдетте  өте  жіңішке,  мамықты
қылға ұқсас осьтік қылдардан тұрады. Туғаннан бірнеше күннен  соң  мамықтары
өсіп күшіктер толықтай түктенеді. Жыртқыштардың  күшіктері  алғашында  іннен
шықпайды, сондықтан жүн талшықтары механикалық әсерлерге  түспейді  және  де
денесінің  барлық  аймақтарында  біркелкі  тарайды.  Ал  кемірушілердің  жас
төлдері (нутрий, борсық, шиншилла) бірден тіршілік әрекетіне түсе  бастайды,
және түктенуі ересек жануарлармен бірдей дифференцияланады.
      50 -60 күні  жыртқыш  күшіктерінде  алғашқы  қылдарының  жаздық  қылға
ауысуы жүреді, ол өмірінің 20 -25  күнінде  өсе  бастайды.  Осы  кезде  қара
күзен мен бұлғындарда ость пен мамықты қылдары, түлкі мен ақ түлкілерде  тек
жапқыш қылдары ауысады, ал мамықты қылдар екінші түлеуге дейін сақталады.
      Төлдің алғашқы түгінің ауысуы жазғы уақытта, бірақ белгілі  бір  жаста
болмайды. Олар  үнемі  інде  болғандықтан  орта  өзгермейді.  Сондықтан  күн
жарығының ауысуы бұл түлеуде әсерін тигізбейді.
      Шілде – тамыз айларында күшіктерде  ересектермен  бірге  қысқы  түктің
өсуі басталып, жаздық түк түсе бастайды.
      Жарықтан басқа түктің жетілу мерзіміне жасы да әсер етеді.  Түлкілерде
ерте туған төл мен кеш туған төлдердің жүн  жабынының  айырмашылығы  болады.
Кеш туған төлдің жүн жабыны жақсы жетіледі.
      Температура да жүн  жабынының  жетілуіне  әсерін  тигізеді.  Бақылауға
сәйкес қазан –қараша айларында жануарларды 1  -1,5  апта  кейін  союға  тура
келеді.
      Өмірінің екінші жылында көп жануардың жүн жабыны жақсара түседі, бірақ
қою және ұзындау болады.
      Жас  ұлғайған  сайын  жүн  сапасы  төмендей  береді:  түлеудің   дұрыс
аяқталмай қалуы, шоқ болып қалуы, қылдың баяу дамуы, түсінің  нашарлауы  жиі
байқалады. Кәртейген сайын жануарлардың  көбею  қызметі  нашарлай  бастайды,
сондықтан оларды түктері нашарлағанға дейін сойып тастайды.
      Өзгергіштіктің басқа да түрлері. Түктенудің сапасына қорек айтарлықтай
әсер етеді. Дұрыс тамақтандырмаған кезде талшық  фолликуласының  бір  бөлігі
жетілмейді, бұл қылдың сиреп кетуіне әкеледі, ал өсіп жатқан қылдар  керекті
ұзындыққа жетпейді. Кейбір витаминдердің жетіспеушілігінен қылдың  түсі  мен
жүн   жабынының   жағдайы   нашарлайды.   Ал   қылдың   пигментіне    кейбір
микроэлементтер әсер етеді.
      Жануарларды ұстау жағдайы дұрыс болмағанда  қыл  ұшының  ирелеңдеуіне,
сынуына, жүн жабынының кірленуіне және т.б дефектілеріне әкеліп соғады.
      Сонымен  қатар  тұқым  қуалаушылық  қасиеттерімен   байланысты    жеке
өзгергіштк  те  маңызды;  ол  түктенудің   біркелкі   дамымауынан,   түсінің
ауытқуынан, тері көлемін анықтайтын жануардың мөлшерінен көруге болады.  Бұл
өзгергіштік  қызықты  әрі  маңызды  болып  табылады.  Себебі  пайда   болған
белгілерді асылдандыру жұмыстарында керекті сапаны алу үшін қолданады.




      Тері сапасының көрсеткіштері.
      Терінің тауарлықсапасы ең алдымен жалпы жүн  жабынының  дамуымен  және
жеке қылдың құрылымымен анықтайды.
      Жақсы терінің жүн жабыны қою болуы керек. Алайда жүн жабынының қоюлығы
тек қыл тығыздығымен ғана емес, сондай – ақ қылдың  қалыңдығымен  байланысты
болады: қыл қалың болған жағдайда жүн жабыны қою болып көрінеді.
      Жүн  жабынының  қоюлығын  көзбен  қарап  анықтау  қиын,  себебі  аумақ
бірлігіне қылдың мөлшері теріні созу дәрежесіне қарай өзгеріп отырады.
      Жүн жабынының қоюлығына осьтік қылдар айтарлықтай әсер етеді. Сондай –
ақ жабынды қылшықтар мен мамықты қылшықтардың ара қатынасының да әсері  бар.
Терісі  бағалы  аңдарда  осьтік  қылшықтар  мамықтардан  ұзын  болады,  және
мамықты қалшықтар қалың,  қою  болған  жағдайда  осьтік  қылшықтар  көлденең
орналасады. Олардың кеңейген бөліктері мамықтарды үстінен жауып тұрады  және
қою, үлпілдеген  түктің  көрінісін  береді.  Егер  мамықты  қылшықтар  қысқа
болған жағдайда осьтік қылшықтардың үлпілдектігі азаяды.  Ал  мамық  түктері
нашар  жетілсе  осьтік  қылшықтар  көлденең  жатып,  жазық   болып   қалады.
Қылшықтардың тым ұзын, жіңішке, иілгіштігі аз болса, оның ұшы салбырап,  жүн
жабынының түрі салбырап тұрады. Осьтік қылшық сирек,  қысқа  болғанда  мамық
көрініп қалады. Осындай  жағдайда  мамық  қылшықтар  ұйысып,  мақта  тәрізді
түрге ие болады.
      Жүн жабынының жұмсақтығы–  жеке  қылшықтардың  құрылымына  байланысты.
Қылшық неғұрлым  ұзын  және  жіңішке  болса,  соғұрлым  жұмсақ  болады.  Бұл
белгінің  объективті  көрсеткіші  –   жұмсақтық   коэффиценті.   Ол   қылшық
қалыңдығының (мкм) оның ұзындығына (мм) қатынасын көрсетеді.  Коэффицент  аз
болған сайын, қылшық жұмсара түседі.  Тым  жұмсақ  болғаны  да  қажет  емес,
ондай қылшықтар ұйысқақ болады және серпімділігі азаяды. Терінің  жұмсақтығы
жалпы жапқыш және мамықты қылшықтар ара қатынасына  да  байланысты.  Мамықты
қылшықтардың өзі үнемі жұмсақ болады, оның үлесі  көп  болғандықтан  ол  жүн
жабынына жұмсақ көрініс береді.
      Жүн   жабынының   жылтырлығыкутикула   құрылымына,   жағдайына    және
қылшықтардың  майлануына  байланысты  болады.  Жақсы  жетілген  май  бездері
қылшықтарды  үнемі  майландырып  тұрады.  Көктемде  май  бездерінің  қызметі
қысқарып, нәтижесінде  оның  түгі  бозарып  кетеді.  Мұндай  құбылыс  жануар
ауырған  кезде  немесе  дұрыс  қоректендірмеу  нәтижесінде  май   бездерінің
қызметі бұзылған кезде байқалады.
      Жүн жабынының түсі жапқыш және мамық қылшықтарының  ұшының  түстерінің
үйлесімділігінен құралады. Басқа түске  боялған  бағыттаушы  қылдар  «вуаль»
түзеді, ал мамық ұшының түсі теріге белгілі – бір рең береді.
      Терінің  беріктік  қасиеті  жеке  қылшықтың  мықтылығына   байланысты,
олардың  терімен  байланыс  дәрежесіне,  сондай  –  ақ  мамықтың  бағыттаушы
қылшықпен жабылу дәрежесіне байланысты  анықталады.  Қыртысты  қабығы  қалың
болса,  қылшық  мықты  болады  және  пайдалану  кезінде  оның  құрылымы  кеш
бұзылады.  Мамықты  қылшықтардың  мамықты  қылшықтарға  қарағандаберіктілігі
төмен,  егер  жапқыш  қылдарды  алып  тастаса,  онда   терінің   беріктілігі
төмендейді.  Түлеу  басталған  жануарлардың  терісіндегі  қылшықтардың   жүн
жабындысы енді жетіле бастаған кездегі жануарлар терісіне қарағанда  терімен
байланысы әлсіз болады. Теріні  өңдеу  кезінде  пиязшықтарды  зақымдаса  жүн
жабындысының беріктілігі төмендейді. Теріні өңдеудің түрлі әдістері  де  бұл
көрсеткішке әсер етеді. Және де  тері  беріктігі  жауар  түріне  байланысты,
яғни әр жануар түрінің қылшықтың  құрылым  ерекшеліктері  болатындығын  айта
аламыз. (4 – кесте)


      4-кесте. Әрбір түрге жататын жануар терісінің салыстырмалы беріктігі.
|Тері              |Салыстырмалы      |Тері              |Салыстырмалы      |
|                  |беріктік, %       |                  |беріктік, %       |
|                  |                  |                  |                  |
|                  |                  |                  |                  |
|                  |                  |                  |                  |
|                  |                  |                  |                  |
|                  |                  |                  |                  |
|                  |                  |                  |                  |
|                  |                  |                  |                  |

      Терілердің тауарлық бағасы.
       Бағалы  терілі  аңдардың  тері  сапасын   мемлекеттік   стандартқасай
бағалайды. Түрлі аң терісіне әрекет ететін прейскурантбойынша  алынған  өнім
сапасының бағасынан дайындалған бағасы анықталады.
      Бағалау кезінде  терінің  сортын  анықтайды,  ол  негізінен  аңды  сою
мерзіміне тәуелді, яғни жүн жабынының жетілу  деңгейіне  байланысты.  Қылшық
ұзындығына және мездраның (терінің ішкі жағы)  түсіне  мән  береді.  Боялған
аңдарда  қылшық  пигменті  пиязшықтарда   түзіледі.   Қылшықтардың   түзілуі
тоқтағаннан кейін пигменттің де түзілуі  тоқтайды,  пиязшықтар  түссізденіп,
мездра түсі біртіндеп ашық бола бастайды. Тері бояуының интенсивтілігі  тері
сортын анықтауда негізгі көрсеткіштерінің бірі  болып  табылады.  Бірақ  бұл
қасиет жақсы болғанымен де егер жүн жабыны дұрыс жетілмесе, онда тері  төмен
төмен сортқа жатқызылады.
      І сортқа жүн жабыны жақсы  жетілген,  мездрасы  ашық  немесе  көгілдір
реңі бар тері жатады; ІІ  сортқа  –  жүн  жабыны  толық  жетілмей,  мездрасы
көкшіл тері жатады; ал сортқа жатпайтындарға  көктемгі  түлеу  белгісі  бар,
енді ғана қысқы жүн жабыны жетіле  бастаған  немесе  жазғы  жүн  жабыны  бар
жануар терісі жатады. Ақ және  көгілдір  түсті  қара  күзеннің  терісін  жүн
жабынының сапасы бойынша бағалайды, ал мездра түсі есепке алынбайды.
      Жануарлар терісін көлем бойынша іріктейді.  Мұнда  тері  көлемін  тері
ұзындығын тері ортасынан өлшенген еніне көбейтеді.
      Дайындалған терінің бағасы оның түсіне де байланысты. Бұл  көрсеткішке
және түске байланысты бағаның ауытқуына қойылатын талап жануар түрі  бойынша
дифференцияланған.
      Қара күзен мен нутрий үшін түрлі түсіне қарай жеке баға қойылған.
Күмісті – қара түлкінің терісін жүн жабынының күмістілік  дәрежесі  бойынша,
және жүн жабынындағы осы қылшықтардың үлесі бойынша сортталған  тері  сәйкес
топқа жатады. Күмістілік ауданы көбейген сайын тері бағасы жоғарлай  түседі.

      Жабайы бұлғындардың терісін түсі бойынша 7 категорияға бөледі.
     І – жүн жабыны ерекше қою осьтік қышықтары қара  және  мамықты  қылшығы
қою-көгілдір.
    ІІ – жүн жабыны қою, осьтік қылшықтары қара-қоңыр және  мамықты  қылшығы
қою-көгілдір.
   ІІІ – жүн жабыны аса қою емес, мамықты қылшығының түбі көгілдір және  ұшы
қою-қоңыр қызыл.
IV–жүн жабынының осьтік және мамықты қылшықтары қою – қоңыр, түбі  көгілдір,
ұшы қоңыр - қызыл болып келеді.
V –жүн  жабынының  осьтік  және  мамықты  қылшықтары  қызыл-   қоңыр,   түбі
көгілдір, ал ұшында ашық қызыл – қоңыр.
VІ – жүн жабынының  осьтік  және  мамықты  қылшықтары  ашық  қызыл-   қоңыр,
мамықты қылшықтарының түбі көгілдір, ал ұшында құм түсіті болады.
VІІ – VІ  категорияға қарағанда неғұрлым ашық түсті.

      Бұлғындардың түстік  категориясы  тіршілік  ету  аймағына  байланысты:
батыс аймақтардағы ареалда түсі неғұрлым ашық  даралар  кездеседі;  неғұрлым
қою түсті даралар орталық ареалдарда кездеседі (Байкалдың шығыс  жағалауында
баргузин);  Сібірдің  шығысында  бұлғында  неғұрлым  қоюлау  болады,   бірақ
орталық ареалға қарағанда ашықтау болады.
      Жабайы бұлғындардың бағасын  анықтау  кезінде  І  түстің  терң  тобына
бірінші үш түстік категорияны біріктіреді: IV категория ІІ түске  жатады,  V
категория – ІІІ түске, VІ категория және мамықтық  - IV түске жатады.  Торлы
бұлғындарды бағалау кезінде VІ және VІІ категорияға  жататын  тері  түстерін
ғана біріктіреді.   Торлы бұлғындарда  түске  байланысты  теріні  бағалаудың
айырмашылқтары ерекше көп: неғұрлым нашар түсті бұлғынның бағасы жақсы  тері
бағасының 16%-ын ғана құрайды. (5 - кесте)

5-кесте. Түстік категорияғы байланысты бұлғын терісіне бағалардың  қатынасы,
%
|                       |Бұлғын терісі                                     |
|Түстік категория       |                                                  |
|                       |Жабайы                   |Торлы                   |
|І  категория           |100                      |100                     |
|ІІ категория           |100                      |80                      |
|ІІІ категория          |100                      |60                      |
|IV категория           |80                       |40                      |
|V категория            |70                       |35                      |
|VІ категория           |55                       |16                      |
|VІІ категория          |55                       |16                      |

      Түрлі жануарлардың терісін ақаулар тобына  жіктейді.  Қалыпты  тері  –
ауытқусыз, және  олардың көлемі  ақаулы  немесе  ақаудың  І  тобына  жататын
стандартты көрсеткіштен аз болуы.
      Ақау бойынша терілерді сорттау кезінде ондағы  ауытқулардың  саны  мен
оның  көлемін  ескереді.  Ақаулардың  тері  ауданында   болуына   байланысты
теерінің бағасынан 10 – 50 % аралығында скидка беріледі.  Ауытқуы   нормадан
асып кеткен теріні І сорт бағасының 25% - на ғана бағалайды.
       Сондай  –  ақ,   егер   теріде   оның   жеке   бөліктері   жетіспесе,
майсыздандыруы нашар, терінің кірлесе, кесінді құрыс  балмаса,  оның  бағасы
төмендейді.

                  Тері сапасын жақсарту жолдары.
      Сапасы бойынша жақсы тері алу үшін  жануардың  барлық  жақсы  тауарлық
қасиеттерін  шығуын  қамтамасыз   ететін   және   оларды   үнемі   жақсартып
отыратындай  жағдай жасау керек.
      Қоректендіру және ұстау. Тері сапасына қорек  үлкен  әсерін  тигізеді.
Жануарды дұрыс қоректендірмену кезінде оның тұқымы жақсы болса да ол  жоғары
бағалы тері бермейді. Жалпы толық  қоректендірмеу,  ақуыздың  жетіспеушілігі
немесе оның толық еместілігі, әсіресе триптофан, метионин және цистин  деген
амин  қышқылдарының   болу   байланысты   жүн   жабыны   дұрыс   жетілмейді.
Витаминдардің, әсіресе В, жетіспеушілігі  түске,  жүн  жабынының  құрылымына
кері әсерін тигізіп, ол сынғыш және жапқыш қылшықтардың сиреуіне әкеледі.
      Жүн жабынын жақсарту  мақсатында  қоректендіруді  ұйымдастырған  кезде
дене бөліктеріндегі жүн жабыны уақытқа байланысты әртүрлі  дами  бастайтынын
ескерген жөн. Қоректендіруге әсіресе жаз айыларының соңында,  қысқы  түктену
басталған кезінде ерекше көңіл бөлген дұрыс. Қыркүйек  пен  қазан  айларында
негізінен жапқыш талшықтар дами  бастайды,  ал  кейіннен  мамықты  қылшықтар
дамиды.  Егер  қыркүйекте  қорек  деңгейін  көтеріп  жіберсе,  онда   осьтік
қылшықтардың тым көп өсіп, ескіруін байқауға болады. Ал  бұл  кезде  мамықты
қылшықтар әлі даму шегіне жетпейінше, тері әлі жетілмейді.  Мұндай  тері  ІІ
сортқа жатқызылады. Уақытынан бұрын сойылған тері бағасы  ондағы  ақаулардың
болуына  байланысты  айтарлықтай  төмендейді.  Көрсетілген  мерзімде   қорек
мөлшерін қысқартқан жағдайда осьтік қылшықтардың өсуі баяулап, олар  мамықты
қылшықтармен бірге жетіліп болады, нәтижесінде тері сапасы жақсарады.
      Қара күзендерде  мұндай  күрт  құбылыс  байқалмайды,  бірақ  рационның
төмендеуі  кезінде  дене  салмағы  төмендейді,  сәйкесінше  дене  көлемі  де
азаяды, нәтижесінде тері бағасы айтарлықтай өзгереді. Сондықтан  жануарларды
жаппай сояр алдында 7-10 күн бұрын рационды қысқартқан жөн.
      Жануарларды ұстау жағдайы да әсер  етеді.  Жануарларды  ашық  торларда
ұстаған кезде  олар үнемі тікелей күн сәулесінің  және  атмосфералық  жауын-
шашындардың  әсеріне  тап  болады,  нәтижесінде  жүн  жабынында  қажет  емес
қоңырқай рең пайда  болады.   Сондықтан  союға  арналған  жануарларды  шатыр
астындағы торларда (шедтар) ұстайды.
Тар торларда түлкілер мен ақ түлкілерді ұстаған кезде  жүн  жабыны  соғылған
болады,  яғни  жануарлар  үнемі  торға  сүйкеніп,  жапқыш  қылшықтары  сынып
қалады. Кей жағдайларда қылшықтардың ұшының сынып қалуы, керісінше,  тиімді.
Мысалы, қара күзендерде үнемі қылшық ұштарының иірмектелу  ақауы  байқалады.
Өсіп келе жатқан жапқыш қылшықтардың ұшы  оның  ортаңғы  бөлігіне  қарағанда
диаметрі кіші болады. Түктену кезінде мұндай ұштардың көп  бөлігі  иірілген,
сынған немесе жарылған болады. Жүн жабыны жетілген  кезе  бұл  ұштар  сынып,
тегістеледі немесе екінші ұш пайда болады. Осыдан кейін ақау жоғалады.  Сыну
және тегістелу жылдамдығы сыртқы ортаға байланысты: ылғалды ауа райында  бұл
процесс құрғақ ауа райына қарағанда баяу  жүреді.  Қатты  төсеніш  пен  шығу
тесігін азайтқан жағдайда бұл ақау тез жойылады.
      Жүн жабыны ашық түсті жануарларды  тат  басатын  торда  ұстау  кезінде
олардың терісі сарғая түседі,  ал  оны  кейін  кетіру  қиынға  соғады.  Қара
күзендердің жүн жабынының  сарғыштануы  төсеніш  ретінде  бояу  заттары  бар
ольха үгінділерін пайдаланғанда болады.
       Тор  таза  болуы  керек:  уақытында  тазаланбаған  нәжіс  пен   қорек
қалдықтарының кесірінен жүн жабысып қалады. Мұндай қылшықтар  тараған  кезде
зақымдануы мүмкін, сонымен қатар беріктілігі жоғалып тез сынады.
      Жануарларды топпен немесе жеке  ұстау  да  тері  сапасына  айтарлықтай
әсер етеді. Топпен ұстаған кезде  тордың  аумағы  үлкен  және  қорегі  жақсы
болса  жануар  көп  қозғалғандықтан  жақсы  өседі.  Алайда  мұндай  жағдайда
көбінде қорек аз  кезде  теріде  тістің  ізі  қалады,  нәтижесінде  мездрада
тістеген жерде қою дақтар пайда болады.  Сондықтан  жаруарларды  күзде  жеке
орналастырған дұрыс.
      Нутрийді сояр алдында оны суға шомылдыру керек, содан ол өзін тазалар,
күте бастайды деп есептеген. Ол үшін торға арнайы шомылатын  су қойған,  душ
жасаған, кейде шланг арқылы су шашқан кездері болған.
      Ұзын түкті жануарларға жататын түлкі мен ақ  түлкінің  жүнін  жақсарту
мақсатында оларды темір  тарақпен  ұйысқан  және  түсіп  қалған  қылшықтарды
түсіру үшін тараған.
      Тарақпен тарауды жүн жабынының құрылымына байланысты қолданылады: егер
жапқыш қылшықтар ұзын әрі қалың болса оны тараудың қажеттілігі болмайды.
      Асылдандыру жұмыстары. Қорек пен ұстау  жағдайының  жақсы  болуы  тері
сапасын жоғарлатуда маңызды роль  атқарады.  Дегенмен,  қажетті  қасиеттерді
аса жоғары деңгейде тұрақты түрде тек асылдандыру  жұмысынан  алуға  болады.
Басты мәселе, алынған төлдің  жақсы  немесе  жаман  сапалы  белгілер  қандай
жағдайда туындайды және жақсы нәтиже алу үшін қандай іс  –  шаралар  жүргізу
керек дегенге тоқталайық.
      Жануарлар  тобынан  жалпы  белгілерден  ерекшеленетін  дараларды  алып
топтау жиі кезедседі,  және  олардың  осы  ерекшеліктерін  жақсартуда  жұмыс
жүргіземіз.  Мысалы,  “Салтыковский”  шаруашылығындағы  түлкілерден   қылшық
ұзындығы мен жүн жабындысының қалықдығы бойынша  іріктеу  жүргізілген,   бұл
топтағы  түлкілерлің  басқа  түлкілерден  қылшық  ұзындығы  8-10%  -ға,   ал
қалыңдығы 10%-ға артық болып шықты.
      Алынған мутацияларды көбейтіп,  жаңа  түсті,  кейде  комбинацияланған,
бірнеше мутант гендерінен тұратын жаңа қасиеттері бар аңдарды алған.
      Мұндағы  негізгі  жұмыс  сыртқы   ортамен   қатар   тұқым   қулаушылық
факторлармен туындаған  ақауларды  жоюмен  байланысты  болу  керек.   мұндай
ақауларды жою жолдарын анықтау үшін  алдымен  олардың  пайда  болу  жағдайын
талдау қажет.
      Мысалы, қара күзендерде құрсақ маңындағы жүн  жабынының  үйкелу  ақауы
болады,  мұнда  зақымдалған  аймақтарда  жапқыш  қылшықтар  жойылады.   Ақау
дәрежесі жоғарлаған жағдайда мамықты қылшықтар де сирей түседі. (6 –кесте)
      6  –  кесте.  Қылшықтардың  сиреуі  бойынша  ақаудың  түрлі  зақымдану
деңгейіндегі қара күзеннің құрсағындағы 1 см2-гі қылшықтар саны
|Зақымдалу деңгейі   |Жапқыш                    |Мамықты                   |
|                    |барлығы,     |Нормадан   |барлығы,   |Нормадан      |
|                    |дана         |пайызы     |мың        |пайызы        |
|Жоқ                 |217          |100        |14,6       |100           |
|Орташа              |115          |53,0       |12,3       |84,2          |
|Қатты               |81           |37,0       |11,3       |77,4          |
|Өте қатты           |14           |6,4        |8,7        |59,6          |


      Бұл ақау қалыпты  түлеудің  бір  деңгейі  екендігі  анықталған.  Төлді
тамыз  айының  екінші  жартысында,  жазғы  жүн  қысқы  жүн  жабынына   ауысу
кезіндегітексеру  барысында  мұндай  ақау   барлық   жануарларда   байқалды.
Қазанның соңында сиреген жүн жабыны қайта қалпына  келеді.  Ақпан  –  наурыз
айларында көктемгі түлеу басталады және  жануарларда  құрсақ  жүн  жабынының
сиреуі қайта басталады. Кей жануарларда түлеу кеш басталып, қара  күзендерді
сою кезінде бұл қатты байқалатыны сонша,  ол  теріні  ақаулы  тері  қатарына
жібереді. Ал ересек дараларда мұндай кеш түлеу  аз  байқалады.  Қылшықтардың
сиреуі әдетте аталықтарда көп  кездеседі.  Мысалы,  шаруашылықтың  біріндегі
төлдерді  тексеру  кезінде  аталықтардың   жүнінің   сиреуі   46,2%-ға,   ал
аналықтарда   19,2%  -ға  жеткені  анықталған.  Сонымен  қатар  ақаулар  ірі
жануарларда жиі байқалады:  1,6 кг және одан аз салмақты аталықтарда  29,9%,
ал одан ірі жануарларда 46% дейін жүн сиректілігі байқалған. Ұсақ  аналықтар
арасында (0,8 кг және төмен) ақау 9,2%, ірілерде 21,1%.  Ал  салмағы  бірдей
(1,2-1,4 кг) даралар  арасында       аналықтардың  ақауы  (25%)  аталықтарға
қарағанда (9,7%) көп болып шықты.
       Ақаулары  бар  жануарладың   шығу   тегі   зерттелді   және   ақаусыз
жануарлардан  ереже бойынша  ақауысыз,  ал  аталығы  да,аналығы  да  ақаумен
болса, одан туған төл де ауытқулармен  туатындығы  анықталды  (7  –  кесте).
Ақаусыз төл дәл сондай ата-аналардан алынады, соның негізінде ақаудың  пайда
болуы доминантты гендермен анықталады деп  айта  аламыз.  Мұны  ақаулы  және
ақаусыз ата-аналардан алынған төлдің үлесінен білуге болады.
      7  –кесте.  Шығу  тегіне  байланысты  құрсақтағы  қылшықтардың  сиреуі
бойынша ұрпақтарды орналастыру.

|Ата-аналар              |Алынған ұрпақтар, %                              |
|                        |Ақауы бар               |Қалыпты                 |
|Қалыпты × қалыпты       |9,6                     |90,4                    |
|(қалыптылардан)         |                        |                        |
|Ақауы бар × қалыпты     |3,7                     |62,4                    |
|Ақауы бар × ақауы бар   |                        |                        |
|(шығу тегі әртүрлі)     |52,7                    |47,3                    |
|Ақауы бар × ақауы бар   |                        |                        |
|(ақаулары барлардан)    |74,2                    |25,8                    |

      Ақаулардың тұқым  қуалаушылық  бойынша  мәліметтері  табындардағы  оны
жоюдың жолдарын көрсетеді:  ақаулары  бар  барлық  жануарлар,  сонмен  қатар
ондай белгісі жоқ,  бірақ  жүн  жабынының  құрымында  ауытқулары  бар  ұрпақ
беретін дараларды да жою керек.
      Мұндай талдауларды неғұрлым кең  тараған  ақаулардың  себебін  анықтау
үшін жасау керек. бұған жиі жағдайда тұқым қуалаушылықфакторлар әсер  етеді.
Бірақ сонымен қатар осы ақаулардың пайда болауына   сыртқы  орта  жағдайлары
да  әсерін  тигізеді,  оларды  өзгерте  отырып  жоғапы  сапалы  өнім   алуға
мүмкіндік жасау қажет.










                                  Шиншилла
    Шиншилла – оңтүстік америкалық, (Анды,Кордильер)  тауларды  немесе  тау
етегін  мекендейтін  кеміргіш.  Екі  түрін  ажыратады,  үлкен  немесе  қысқа
құйрықты (Chinchilla brevicaudata W.), және кішкентай ұзын  құйрықты  немесе
жаға жайлық (Chinchilla lanigera M.), шиншилла. Біріншісінің отаны биік  тау
(2000-4000м  және  одан  жоғары).  Оның  терісінің  түгі   кіші   шиншиллаға
қарағанда  сапасы  жақсы  болғанына  қарамастан,   оларды   торда   өсірудің
талаптары  жоғары  болғандықтан  оны  шектеулі  санын  ғана  қолда  өсіреді,
әсіресе Оңтүстік Америкада. Төменгі тау  бөктерлерін  мекендейтін  кішкентай
шиншилла, ортаның жағдайына сезімталдығы  төмен  болғанымен  оған  да  жақсы
жағдай талап  етіледі,  температура  12-20°С  аспауы  керек,  ал  ылғалдылық
қатнасы 50-60% құрауы керек, бирақ 75%-дан аспауы керек.  Сондықтан  климаты
ыстық аймақтарда шиншилланы жабық жерде ұстайды.
    Шиншилланы алғаш  қолда  көбейту  тәжірибесі  1923  жылдары  АҚШ  –  да
жүргізілген. Қазіргі уақытта АҚШ және  Канаданың  аң  фермаларында  шиншилла
кең таралған, олар жылына 100 мыңға  жуық  тері  дайындайды.  Сонымен  қатар
қазіргі уақытта шиншилланы аздап  батыс  европа  елдерінде  де  өсіреді;  ол
Австралия және Оңтүстік Африкаға да әкелінген.
    Біздің  елімізде  1960ж  БҒЗИ   эксперименталды   фермалары   және   аң
шаруашылығы  (Киров  қ.)  және  Терісі  бағалы  аң  шаруашылығы  және   қоян
шаруашылығы (Москва) ұйымдастырылған.  Бірақ  аң  шаруашылығы  өнеркәсібінің
бұл түрі бізде келешегі жоқ деп  саналды.  Қазір  шиншилла  тек  биологиялық
институттар мен әуесқойларда ғана аз көлемде сақталған.
    Кішкентай  шиншилла  салмағы  шамамен  500г  тартады  (кей  жағдайларда
8000г), оның дене ұзындығы 24-26см. үлкен шиншилланың  орташа  салмағы  700-
800г, денесінің ұзындығы 30-35см. олар бір – бірінен құйрықтарының  ұзындығы
бойынша да ажыратылады:  үлкенінде  –  10-12см,  денесінің  ұзындығының  1/3
бөлігін құрайды, кішкентайында – 14-16см, яғни дене ұзындығының 1/2  бөлігін
құрайды. Сонымен қоса  үлкен  шиншиллада  құлағы  дөңгеленген  ал  кішкентай
шиншиллада ұзарған. Шиншиллалардың  аналықтары  аталықтарынан  7-11%  ірілеу
болады.
    Аңдардың мамық жүні жұмсақ әрі үлпек болады. Түбіт талшығының  жуандығы
12-16мкм ғана болады, жапқыш түбіті 25-30. Талшықты  жабынның  биіктігі  25-
30мм, жапқыш түбіттер мамықты түбіттерден 4-6мм –  ге  ғана  ұзын.  Талшықты
жабыны өте қалың  (1см2  25  мыңнан  аса  талшық).  Шиншилланың  түбіті  өте
жоғарғы  ылғалдылықпен  ерешеленеді,  сондықтан  оның  терісі  сыртқы   киім
дайындауға жарамсыз, тек көйлектерді әрлеуге қолданылады.
    Шиншилла түсі сұр түсті, бірақ әр талшықтың  бірнеше  бояулы  бөлімдері
бар: төменгі жағы қою – сұр, кейде қара, жоғары қарай ашық  түс  (кейде  ақ)
және қара түс кетеді. бурыл және қоңыр түүстер шиншиллаға тән  түстер  емес.
Бірақ шет елдерде рецессивті  және  доминантты  түстер  алынған:  ақ,  алтын
түсті,  қоңыр  және  т.б.  Шиншилланың  терісі  жаз  айларында  түгі   қалың
болмайды,  қарашадан  –  наурыз  айы  аралығында   сапасы   жоғары   болады.
Шиншилладан 8-12 айлық  уақытында  сапалы  тері  алуға  болады.  Шиншилланың
ерекше қасиеті түгін тастауы, егер оны бірден түгінен  ұстаса,  сол  ұстаған
жердің түгі түсіп тақырланып қалады,  бұл  оның  қорғаныштық  қасиеті  деуге
болады.
    Су құндыз – ең ірі кеміргіштердің бірі, салмағы 20-25кг  дейін  жетеді.
Құндыздарды терісі  мен  деликатес  деп  саналған  етіне  бола  аулаған,  ең
бастысы «құндыздың аңқымасы» (иісі) үшін. Құндыздың аналығы  мен  аталығының
аналь тесігінің жанында жұп қап орналасқан, оны  ұзақ  уақыт  бойы  сұйықтық
бөлетін ерекше без деп санап келген.  Бірақ  зерттеулер  нәтижесі  бұл  тері
туындысы,  онда  қорытылмаған   қалдықтар,   зәр   мен   нәжіс   түседі   де
ферменттердің әсерінен сұйықтыққа айналады. Құндыз сұйықтығы  ұзақ  уақыттар
бойы көптеген ауруларға күшті емдік зат ретінде қолданылып келді,  бұл  оның
құрамындағы  салицил  қышқылы  байланысы  бар  болуына  байланысты  екендігі
анықталған.  Бұл  құндыздың  организміне  үйеңкі  қабығын  сүйсіне  жегеннен
түседі. Бірақ бұл сұйықтықтың емдік күші жоқ болғандықтан  тек  парфюмерияда
бекіткіш ретінде қолданылып жүрді. Бірақ қазіргі  кезде  одан  күштірек  әрі
арзан бекіткіштер болғандықтан құндыз сұйықтығы маңызын жоғалтты.
    Су құндыздың  екі  түрі  белгілі:  европалық  (Castor  fiber  L.)  және
америкалық  (Castor  Canadensis  Kuhl).  Олар  сыртқы  ұқсастықтарына   және
биологиясында   ерекше   айырмашылықтың   жоқтығына    қарамастан,    оларды
шағылыстырғанда  тұқым  алуға  ешқандай  мүмкіндік  болмаған,  бұл   олардың
хромасома санының  айырмашылығына  байланысты  (европалық  құндызда  48,  ал
канадалықта 40). Құндыздардың аналықтары 3 –  4  жасында  жыныстық  жетілуге
жетеді. Тек аз пайызы ғана 2 жасында жыныстық жетілуге жеткен.  Құндыздардың
көбеюі мезгілге байланысты.шағылысу уақыты желтоқсан айының  соңынан  наурыз
айының соңына дейін жалғасады. Егер аналық бірінші  шағылысуда  ұрықтанбаса,
оның күйі 14 – 15 күннен кейін қайта келеді. жұптасу  көбіне  түнде  болады.
Шағылысу кезінде оларға көп мөлшерде су қою керек, себебі  аталық  аналықпен
суда мауығады. Буаздықтың ұзақтығы 105 – 107 күн. Ұяның орташа көрсеткіші  2
– 3 күшік. Жабайы құндыздарда 7-9 төлге дейін анықталады.  Лактация  мерзімі
45-55 күн. Күшіктер жақсы жетіліп туылады. Орташа салмағы  450-650г  болады.
шамамен 10 күндігінде олар аздап суда жүзе  бастайды  бірақ  сүңги  алмайды.
Жас төлдің жетілуі 3-4 жасына дейін жалғасады, және бұл уақытқа  дейін  көбі
жыныстық  жетілуге  жетеді.  Өмірінің  ұзақтығы  20-25  жылға  дейін.  18-19
жастағы аналықтар төл берген жағдайлар мәлім, бірақ торда ұсталынатын  аңдар
7-8 жылдан артық өмір сүрмейді.
    Құндыздар  тек  өсімдікпен   қоректенеді.   Оларға   аздаған   мөлшерде
концентраттар береді (арпа, жарма), қыста – тамыртүйнек, жазда  –  шөп  және
жыл бойы ағаш сүрегін береді.
    Құндыз шаруашылығына сұраныс әзірге жоқ болғандықтан, құндыздарды өсіру
қазіргі уақытта тиімсіз.




Пәндер