Файл қосу
Педагогиканың әдіснамалық негіздері
«Педагогика» пәні 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы 5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы 5В10600-Музыкалық білім 5В012000-Кәсіптік білім 5В010300-Педагогика және психология 5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу мамандығы СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ СЕМЕЙ 2013 1.ӘЗІРЛЕГЕН: Құрастырушы: 28.08.2013 Кабдуалиева А.Ж. педагогика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі ___________________ 2.ТАЛҚЫЛАНДЫ: 2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды. Хаттама № 1 04.09.2013ж. Кафедра меңгерушісі: ______________ Джанбубекова М.З. 2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында. Хаттама № 1 05. 09.2013ж. Төрайымы: ________________________ Ахметова Т.Ш. 3. Бекітілді Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Оқу- әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды. Хаттама № 1 18.09.2013ж. ОӘК төрайымы: ___________________ Искакова Г.К. 1 МАЗМҰНЫ 1 Жалпы ережелер.................................................................... ................... 4-6 2 Пәннің мазмұны және сағаттарды сабақ түріне бөлу...................... 5-6 3 Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулықтары.........................................7-9 4 Курс саясаты мен форматы..................................................................... 11 5 Бағалау саясаты..................................................................... ....................11-12 6 ОСӨЖ және СӨЖ мазмұны..................................................................... 12 7 Пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі.................................... 13 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы туралы жалпы мәлімет: Кабдуалиева А.Ж. педагогика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Кафедра: Педагогика Кафедраның мекен-жайы : Тәңірбергенова 1 ; 414-аудитория Ақпараттық қатынас: телефон : 44-25-33 Кафедрада болатын уақыты: 9.00-17.00. Сабақ өтетін орын: аудитория Кредит саны: 3 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны: Болашақ мамандарды педагогиканың әдіснамалық негіздерімен таныстыру; студенттерде тұтас педагогикалық процесс жөнінде педагогикалық білімдер жүйесін қалыптастыру; білім беру жүйесінің дамуын, тәрбие мен оқытудың мазмұнын ғылыми негіздеу; педагогикалық ойлауын қалыптастыру. 1.3 Аталған курстың мақсаты мен міндеттері: Курстың мақсаттары: студенттердің адамдардың өмір іс-әрекетінің педагогикалық аспектілеріне студенттердің зейін аудару, педагогикалық процесті тұлғаның өзінің тиімді дами алуын мүмкін ететіндей ұйымдастыруда педагогикалық білімдер мен біліктердің жүйесімен қаруландыру. Курстың міндеттері: - негізгі педагогикалық теориялар туралы жалпы білім беру; -өзекті методологиялық жағдайлармен, қазіргі жағдайда білім беру, оқыту, тәрбиелеу, -мектептану процесстерінің мәнімен мазмұнын бүгінгі уақыттың сұраныстарына сәйкес жауап беретіндей тұрғыдан түсіндіру; -білім берудің жаңа технологияларын игерту; -қазіргі заманғы педагогикалық зерттеулер жүргізудің дағдыларымен таныстыру. 1.4 Курс нәтижесі: Курстың соңында студент мыналарды білуі керек: - педагогикалық негізгі ұғымдарды; -педагогика ғылымының негізгі міндеттері мен принциптерін; -педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен қағидаларын; -мұғалімнің кәсіби педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін; -теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануды; оқу-тәрбие процесінің технологиясын. Іскерлігі: - әлеуметтік өмірдің түрлі аумағын ескере отырып, педагогиканы өз бетінше жүргізу және тиімді жолдарын құрып өңдеу; сандық-сапалық талдау, нәтижелерін интерпретациялау. Дағдысы: - педагогика әдістер түрлері, оларды қолдана алу; - педагогика басқа ғылымдармен байланысын түсіну; - педагогика бойынша білімін кәсіби әрекетінде қолдана алуы. 1.5 Курстың пререквизиттері: оқылатын пәнді игеру үшін студент философия негіздерін, тарих, психология, мәдениеттану пәндерін білу қажет. Сонымен қатар, талдау, саралау, салыстыру, пайымдау және тұжырымдау тәсілдерін меңгеру тиіс. 1.6 Пәннің постреквизиттері: оқыту барысында білімдерді педагогикада, педагогика тарихында, этнопедагогикада қолдану. 2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТТАРДЫ САБАҚ ТҮРІНЕ БӨЛУ |№ |Тақырып мазмұны |Сағат саны |Әде-биет| | | | |-тер | | | |ДС |ТС |ЛБ |ОСӨЖ |СӨЖ | | |1. |Мұғалімнің педагогикалық ойлауын |3 | | | |7 |3 | | |қалыптастырудағы педагогика тарихы. | | | | | | | | |Педагогиканың әдіснамалық | | | | | | | | |негіздері.Адамзат дамуының ерте | | | | | | | | |кезеңдеріндегі оқыту мен тәрбиелеу. | | | | | | | |2. |Шетелдік педагогика тарихындағы |2 | | | |7 |3 | | |педагогикалық идеалар мен мектеп, | | | | | | | | |тәрбие. Қазақ педагогика | | | | | | | | |тарихындағы педагогикалық идеалар | | | | | | | | |мен мектеп. | | | | | | | |3. |Қазақстандағы кеңес кезеңдегі |3 |1 | |3 |7 |2,5,9 | | |(1917-1991жж.) педагогика ғылыми | | | | | | | | |мен білім жүйесі. Қазақстанның | | | | | | | | |тәуелсіздік жылдарындағы педагогика| | | | | | | | |ғылымы мен білім жүйесі. | | | | | | | |4. |Мұғалімдерді кәсіби даярлаудың |3 |2 | |4 |6 |2,5,9 | | |педагогикалық теориясы. Педагогика | | | | | | | | |-адамды тәрбиелеу туралы ғылым. | | | | | | | | |Мұғалімдердің оқушылардың негізгі | | | | | | | | |құдіреттіліктерін қалыптастыруға | | | | | | | | |дайындығы оның кәсіби табысты | | | | | | | | |қызметінің шарты ретінде. | | | | | | | |5. |Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің |5 |2 | |4,5 |7 |1 | | |мәні мен мазмұны. Жеке тұлғаны | | | | | | | | |тәрбиелеу , қалыптастыру дамыту | | | | | | | | |факторлары. Тұтас педагогикалық | | | | | | | | |процестің мәні. | | | | | | | |6. |Тәрбиелеу мақсаттары, оның |4 |2 | |4 |7 |2,1,2,4,| | |әлеуметтік шарттары. Әлеуметтендіру | | | | | |5 | | |педагогикалық құбылыс ретінде. | | | | | | | | |Педагогикалық процестегі мұғалім | | | | | | | | |мен оқушылар ұжымының өзара | | | | | | | | |байланысы және өзара әрекеті. | | | | | | | |7. |Отбасылық тәрбие негіздері |2 |2 | | |7 |2,1,2,4,| | | | | | | | |5 | |8. |Оқыту үрдісі: мақсаты, міндеттері, |4 |2 | | |6 |2,1,2,4,| | |қызметі. Оқыту әдістері,формалары, | | | | | |5 | | |ұстанымдары, заңдары. | | | | | | | |9. |Қазіргі педагогикалық технологиялар|2 |2 | |4 |6 |1,6,7,8 | |10.|Мектепті басқару және менеджмент. |2 |2 | |3 |7,5 |11,12 | | |Мектептегі әдістемелік қызмет және | | | | | | | | |мұғалімдерді аттестациялау. | | | | | | | | |Барлығы: |30 |15 | |22,5 |67,5 | | 3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар. Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру. Міндеттері: - әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру; - әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту; - пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету; - курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету. Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді. Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір–бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі. Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады. Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады. Оқытушы жетекшілігімен және студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру. Міндеттері: - дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету; - теорияны практикамен байланыстыру; - библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру; - алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу; - психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру; - зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру; - өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту; - ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету. Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін. Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген. Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер: Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі оқытушылардан, кітапхана қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Өздік жұмыс түрлері: ауызша; жазбаша; практикалық; теориялық; шығармашылық. Өздік жұмысты орындау барысында ерік қалыптасады, жұмысқа қабілет, зейін, оқу еңбегі, тәртібі тәрбиеленеді. Өздік жұмыс формалары: реферат орындау; конспектілеу; аннотация жазу; тезис орындау; ғылыми баяндамалар жазу және т.б. Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау. Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар: Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау. Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін пайдаланғаны бойынша ретімен жазу. Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау. Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі. Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау. Рецензиялау - оқу материалы , кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу. Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат. Реферат – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылымдық түрде берілетін жұмыс. Реферат жазуға әдістемелік нұсқау Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады, тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар, онда ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады. Реферат ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарда жасаған баяндамалары да реферат деп аталады. Ғылыми кандидаты және ғылым докторы дәрежесіне диссертация қорғаушының авторефераты да рефератқа жатады. Реферат жазуда не ескеріледі? 1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты кішігірім зерттеулер жасау. Ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасау. 2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал. 3. Реферат жазуда негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдылану. 4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасау. 5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін қайдан алынғанын (сілтеме), қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсету қажет. 6. Реферат аудиторияда талқыланады. Рефератты талқылау - шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-амазмұны зор әрекет жұмыс. Бұл кезде сөйлесушілер негізгі мәселеден ауытқымай,нақты тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылап, қорытындысын шығару - маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. Рефератмазмұны: - тақырыпқа сай реферат құрылымының деңгейі; - тақырыптың өзектілігі және ақиқаттылығы; - зерттеулердің көлемі және басқа да жаңалықтардың қайнар көзі; - мазмұнның стилі және сауаттылығы; - рефераттың өңделуінің талапқа сәйкестілігі Эссе дегеніміз - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазу барысында сақталынуы тиіс талаптар: Жеке көзқарастың көрінісі; Фактілі дәлелдер (аргументтер); Теоретикалық негіздеме; Цитаталарды келтіру; Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу; Логикалық заңдылықтың сақталынуы; Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану; Сауаттылыққа мән беру. Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады: 1.Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне; 2. Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғанымен танысу; 3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу; 4. Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу; 5. Безендірілу сипатына; 6. Қайталауға берілген сұрақтарға; 7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б. Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс. 4 КУРС ФОРМАТЫ Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып. Жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы,кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу міндеті , өтілген материалды меңгеру деңгейі тест, жатқа ОСӨЖ және СӨЖ мазмұны 5 КУРС САЯСАТЫ Пән бойынша жоғарғы рейтинг алу үшін: Сабаққа кешікпеу және себепсіз босатпау керек Сабаққа үнемі белсенді қатысып отыру Оқу тапсырмаларын уақытында және нақты орындау қажет Сабақты босатқан жағдайда анықтама ұсыну Сабақ үстінде басқа істермен айналыспау Ұжым мүшелерінің жауаптарын толық тыңдау Сонымен қатар: Жауаптар мен жұмыс тақырыпқа сай келуі тиіс Тапсырмаларды орындауда шығармашылық таныту Материалды жетік меңгеру Тақырыптың негізгі ойын білдіру Орындалған жұмыс келесі талаптарға сай болу керек: (формат А-4 редактор Word 6,(7) 0 шрифт Times New Roman, интервал – 1,0, символ - 14, жан-жағы - 20 мм). 6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ « Педагогика» пәні бойынша ұпай бөлінісі |Апта |Бақылау түрі |Балл |Ескерту | |1 |2 |3 |4 | | |Барлық сабақ түрлеріне қатысу 1 – 7 апталар |30 | | |1 |- |- |- | |2 |- |- |- | |3 |Тақырыбы: Педагогика -адамды тәрбиелеу туралы ғылым. |35 |ТС | | |ОСӨЖ мазмұны: -педагогика пәні бойынша картотека | | | | |құрастыру (20-30 әдебиеттің атаулары) |10 |ОСӨЖ | | |СӨЖ мазмұны: Педагогика -адамды тәрбиелеу туралы | | | | |ғылым. (кластер құру) | | | | | | | | | | |25 |СӨЖ | |4 |- |- |- | |5 |Тақырыбы: Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы |35 |ТС | | |педагогика ғылымы мен білім жүйесі. | | | | |ОСӨЖ мазмұны: Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы | | | | |педагогика ғылымы мен білім жүйесі.(тақырып бойынша | | | | |реферат дайындау 15-20 бет, А4) |10 |ОСӨЖ | | |СӨЖ мазмұны: Шетелдік педагогика тарихындағы | | | | |педагогикалық идеалар мен мектеп, тәрбие. Қазақ |25 |СӨЖ | | |педагогика тарихындағы педагогикалық идеалар мен | | | | |мектеп.Microsoft Power Point презентация дайындау. | | | | | | | | |6 |- |- |- | |7 |Тақырыбы: Тәрбиелеу мақсаттары, оның әлеуметтік |35 |ТС | | |шарттары. | | | | |ОСӨЖ мазмұны: Педагогикалық процестегі мұғалім мен | | | | |оқушылар ұжымының өзара байланысы және өзара |10 |ОСӨЖ | | |әрекеті.(реферат жазу) | | | | |СӨЖ мазмұны: Тәрбиелеу мақсаттары, оның әлеуметтік | | | | |шарттары. Кесте құру (5-10 бет, А4) | | | | | |25 |СӨЖ | | | 1 аралық бақылау | | | |1-7 апта аралығындағы қорытынды баллдар | | | | |Барлық сабақ түрлеріне қатысу 1 – 7 апталар |30 | | |10 |Тақырыбы: Оқыту үрдісі: мақсаты, міндеттері, қызметі.|35 |ТС | | |ОСӨЖ мазмұны: әдістерге қысқаша тоқталу, салыстыру, |10 |ОСӨЖ | | |кесте құру («Әдіс», «Сипаты», «Кемшіліктері», | | | | |«Артықшылығы») | | | | |СӨЖ мазмұны: | | | | |Оқыту әдістері,формалары, ұстанымдары, заңдары . |25 |СӨЖ | | |Кесте құру (5-10 бет, А4) | | | |11 |- |- |- | |12 |Тақырыбы: Қазіргі педагогикалық технологиялар . |35 |ТС | | |ОСӨЖ мазмұны: Педагогикалық технология мәселелерін |10 |ОСӨЖ | | |зерттеген ғалымдар еңбегінің каталогын жасау. | | | | |СӨЖ мазмұны: Педагогикалық технологиялардың жүйесін | | | | |жасау. | | | | | |25 |СӨЖ | |13 |- |- |- | |14 |- |- |- | |15 |Тақырыбы: Мектепті басқару және менеджмент. |35 |ТС | | |ОСӨЖ мазмұны: Мектептегі әдістемелік қызмет және |10 |ОСӨЖ | | |мұғалімдерді аттестациялау. (реферат жазу 5 бет, А4) | | | | | | | | | |СӨЖ мазмұны: Педагог портфолиосын жасау. | | | | | |25 |СӨЖ | | |2 аралық бақылау |60 | | |8-15 апта аралығындағы қорытынды баллдар |300 | | |Емтихан қорытындысы |400 | | |Барлығы |1000 | | «Педагогика» пәні бойынша дәріс сабағына, практикалық сабақтарға, ОСӨЖ, СӨЖ жұмыстары арнайы көрсетілген, белгіленген ұпайлар негізінде бағаланады. 15 аптаға белгіленген сабақ үдерісі 8-15 апталарда көбейтіліп ұсынылады. Апталар 12345671-АБ891011121314152-АБТәж.353535105353535105ОСӨЖ1010103010101030СӨЖ2525257525252575Аралық бақ. 60606060Барлығы270270 7 ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі әдебиеттер: 1. Әбиев Ж. Педагогика. Алматы., 2004. 2.ҚоянбаевЖ.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы.- Алматы, 2004-420 бет. 3.Абай атындағы қазақ Ұлттық педагогикалық Университеті. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003. 4.Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы,2005. 5.Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. А., 2002 6.Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов педагогических вузов: в 2кн. – М., 1999. 7.Педагогика. Уч. пособие./ Под ред. П.И. Пидкасистого. М., 1996.-602 с. 8.Сластенин В.А., Исаев И.Ф. Педагогика Уч. пособие. – М.: Школа-пресс, 1997.-512 с. 9.Харламов В.Ф. Педагогика. М., 1999.-512 с. 10.Селиванов В.С. Основы общей педагогики: теория и методика воспитания. М., 2000. 11.Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии/ под ред. С.А.Смирнова. М., 1999 12.Внутришкольные управление. Вопросы теории и практики//Под ред. Т.Ц.Шамовой. М., 1991. 13.Смирнов В.И. Общая педагогика в тезисах, иллюстрациях. М., 2000 14.Лихачев Б.Т. Педагогика. М., 19 15.Щуркова Н.Е. Педагогические технологии. М., 2002 16.Поташник М.М. Управление школой. М., 1994. Қосымша әдебиеттер. 1. Государственные стандарты среднего образования Республики Казахстан / К.У.Устемиров. – Алматы, 1998. 2. Щуркова Н.Е. Программа воспитания. М., 1998 3.Дистанционное обучение / Под ред. Е.С.Полат. – М., 1998. 4.Дьяченко В.К., Кусаинов Г.М. Основы современной дидактики – Алматы, 1996. 5.Закон РК «Образовании». – Алматы, 1999. 6.Конаржевский Ю.А. Анализ урока. М., 2000 7.Клайн П. Справочное руководство по конструированию тестов. – Киев, 1994. 8.Учитель Казахстана. – 2001. – 17 июня. 9.Никандров Н.Д. Духовные ценности и воспитание человека// педагогика. – 1998. - №4. 10.Салина Р.М., Миронова В.Г. Тестирование в учебном процессе. – Алматы, 1994. 11.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М., 1998. 12.Сенько Ю.В.Гуманитарные основы педагогического образования. – М., 2000. 13.Шишов С.Е., Кальней В.А. Мониторинг качества образования в школе. – М., 1999.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz