Файл қосу

Психология ғылымының анықтамасы




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                     |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                  |
|ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |ПОӘК                        |                        |
|                         |                            |ПОӘК 042-14.05.01.      |
|                         |                            |20.01/01-2012           |
|                         |                            |                        |
|Оқытушыға арналған пәннің|№ 1 басылым 13.09.2012      |                        |
|жұмыс оқу бағдарламасы   |                            |                        |
|«Жалпы психология»       |                            |                        |







                       «ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША
                            ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                   «5В050300»- «Психология» мамандықтарына



                          ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ
                           ЖҰМЫС ОҚУ  БАҒДАРЛАМАСЫ



















                                    Семей


                                    2012

                                   Алғысөз



 1. ЖАСАЛЫНДЫ
    Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
    «Психология» кафедрасының доцент м.а. Т.К.Кунслямова
     «__28_» __08_ 2012 ж.


    2.ҚАРАЛДЫ
 1.  Шәкәрім  атындағы  Семей  мемлекеттік   университетінің   «Психология»
    кафедрасының отырысында
     Хаттама № _1_  «_28_»_08__  2012 жыл


    Кафедра меңгерушісі:________ Сатиева Ш.С.


    2.2.ГЗФ-тің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
    Хаттама № _1_ «_05_»__09_  2012 жыл


    Төрайымы _______ Григорьева Г.Б.


    3.БЕКІТІЛДІ
    3.1.Университеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды және
    баспаға ұсынылды
    Хаттама № _1_ «_13_»__09__  2012 жыл


    ОӘК төраасы, бірінші проректор _________ Б.А. Рскелдиев








Мазмұны:

     1. Қолданыс аймағы
     2. Нормативтік сілтемелер
     3. Жалпы ережелер
     4. Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
     5. Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптарының тізімі
     6. Пәнге арналған оқу-әдістемелік картасы
     7. Әдебиетпен қамтамасыз ету оқу-әдістемелік картасы
     8. Әдебиеттер



      1.ҚОЛДАНЫС АЙМАҒЫ
       «Жалпы психология»пәні  бойынша  оқу  әдістемелік  кешен  «5В050300»-
«Психология»  мамандығы  студенттеріне  арналған.   Ол   студенттерді   курс
мазмұнымен, оның өзектілігімен, курс  саясатымен,  оқу  процесі  барысындағы
студенттердің  білуге  жіне  істеуге  тиіс  білімдерін  таныстырады.  Оқу  -
әдістемелік кешен пәнді оқудағы негізгі құрал болып табылады.



      2.НОРМАТИВТІК НҰСҚАМА


    Осы «Жалпы  психология»  пәнінен  оқу  -  әдістемелік  кешен  төмендегі
құжаттардағы барнлық талаптар  мен  ұсыныстарға  сай  талаптар  бойынша  оқу
процесінің ұйымдастыру ретін белгілеп  құрастырған:  «5В050300»-«Психология»
мамандығы бойынша Мемлекеттік Жалпыға бірдей Оқу Стандарты ҚР МЖОС 5.04.033-
2011 Қазақстан Республикасы білім және ғылым  министрлігінің  2011  жылғы  7
тамызындағы № 671 бұйрықпен бекітілген және күшіне енгізілген.



    3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


    3.1  Пәннің қысқаша мазмұны.
    Қазақстан Республикасында жүріп жатқан  реформалау  процесі,  оның  тек
экономикалық  саласын  ғана  қамтып   қоймай,  сонымен   қатар   әлеуметтік-
гуманитарлық салада да үлкен өзгерістер  жасалуда.  Жалпы  психология  курсы
бүгінгі күннің талабына сай психолгия  мамандығы  студенттері  үшін  негізгі
базалық пән болып есептеледі.  Бұл  курста  психологияның  жалпы  мәселелрі,
әсіресе жеке адам проблемасы және  тұлғаның  сезімдік  аймағы  мен  қасиеті,
сапалары  жөніндегі  ғылыми-қолданбалы  ақпарат  осы  заманғы  психологиялық
теориялар негізінде беріледі.


    3.2. Пәннің мақсаты: Курстың  мақсаты  болашақ  мамандардың  психология
ғылым  саласын  оқып-зерттеуге   бағытталған   кәсіптік   білім   негіздерін
қалыптастыруды әрі қарай жалғастыру.


    3.3.Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері:
             ✓ Психология ғылымының категориялық құрылымын ашу;
             ✓ Пәнге қызығушылықтарын қалыптастыру;
             ✓   Психологиялық   білімдер   жүйесін   тәжірибеде    қолдану
               дағдыларын дамыту


    3.4.Оқып-зерттеу нәтижесінде студент:
    ✓     Психология   негіздерін   меңгеру   (негізгі   ұғымдар,    негізгі
      құрылымдар);
    ✓ Психологияны оқып-зерттеудің әдістерін қолдана алуы;
    ✓ Психологияның қазіргі теорияларын білуі;
    ✓ Кәсіптік іс-әрекет  жағдайында  психологиялық  алған  білімін  қолдану
      туралы түсінігі болуы қажет.


    3.5.Курстың  пререквизиттері:  философия,   жалпы   және   салыстырмалы
психология.

    3.6.Курстың постреквизиті:
   1. Жалпы психология
   2. Жас ерекшелік психологиясы;
   3. Әлеуметтік психология;
   4. Практикалық психология;
   5. Дифференциалды психология.


                                                                      Кесте1
|Курс                                                               |Семестр  |
|1                                                                  |2        |
|Дәрістер сабақтары                                                 |         |
|Психология пәні және нысаны.                                       |2        |
|Психология негізгі міндеттері. Психологияның негізгі даму          |         |
|кезеңдері. Психологияның негізгі әдіснамалық принциптері.          |         |
|Психология әдістері.                                               |2        |
|Психологиялық зерттеулер кезеңдері. Психологиялық эксперименттің   |         |
|негізгі міндеті.                                                   |         |
|Психологияның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны |2        |
|Осы заман психологиясының құрылымы.                                |4        |
|Психологияның арнайы және қолданбалы салалары                      |         |
|Адам психикасы жөнінде түсінік. Психика. Психиканың негізгі        |4        |
|көріністері.                                                       |         |
|Ми және психика. Психика құрылымы.                                 |4        |
|Психика қызметтері                                                 |         |
|Психикалық үдерістерді топтастыру. Психикалық қалыптар. Психикалық |4        |
|қасиеттері.                                                        |         |
|Сана – психиканың жоғары формасы.                                  |4        |
|Сананың пайда болуы және дамуы                                     |         |
|Психика деңгейлерінің өзара байланысы.                             |4        |
|Практикалық (семинар) сабақтары                                    |         |
|Психология ғылым саласы ретінде                                    |1        |
|Психологияның пәні, міндеттері мен зерттеу әдістері                |1        |
|Психологияның жаратылыстану-ғылыми негіздері                       |2        |
|Адам миы және психика: байланыс принципі және жалпы механизмі      |2        |
|Психика мен әрекет-қылықтың төменгі формаларының қалыптасуы        |2        |
|Адамның жоғары психикалық функцияларының дамуы                     |2        |
|Сананың пайда болуы және дамуы. Бейсана                            |2        |
|Психология және адам туралы ғылымдар                               |1        |
|Психологияның дамуының тарихи кезеңдері                            |1        |
|Кеңестік психологияның қалыптасуы және қазіргі психологияның       |1        |
|жағдайы                                                            |         |


            5. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

1. Психология ғылымының анықтамасы
     2. Психология  тарихының негізгі даму кезеңдері
     3. Психиканың рефлекторлық қызметінің белсенді келуі-нерв жүйесінің,
        мидің қызметі.
     4. Психологиялық заңдылықтардың объективті сипаты.
     5. Ми және психика
     6. Психика эволюциялық дамудың жемісі және нәтижесі
     7. Антропогенездік дамуда психикалық әрекеттің жағынан түрлі
        өзгерістерге ұшырауы.
     8. Психика және сана
     9. Сананың құрылысы және оның негізгі психологиялық сипаты.
    10. Сана және санадан тыс үрдістер
    11. Қазіргі психология және оның мақсат-міндеттері мен әдістері,
        ғылымдар жүйесінде алатын орны.
    12. Психология және табиғаттану ғылымдары.
    13. Психология и педагогика
    14. Психология ғылымының құрылысы
    15. Осы замаңғы шетел психологиясының негізгі ағымдары
    16. Психология салаларын топтастыру принципі және қазіргі заман
        психология ғылымының құрылысы
    17. Психологияның өзге ғылымдармен «ұштас» салаларының дамып шығуы.
    18. Психология ғылымының пәнаралық байланыстары.
    19. Психологияның негізгі зерттеу әдістері.
    20. Лабораториялық эксперимент және оның мүмкіндігі.
    21. Бақылау әдісі мен табиғи эксперимент.
    22. Анкеталарды пайдалану, интервью алу  т.б.материалдарды  жинау  және
        талдау тәсілдері
    23. Ұстаздың қолы  жетерлік  психологиялық  зерттеу  әдістерін  қолдана
        білуі.
    24.   Психологиянық   зерттеулердің   диагностика    қою    әдістерінің
        проблемалары.
    25. Психологиялық тест және оны бағалау.
    26.  Тест  әдісін   пайдалану   тәсілдері,   ғылыми   тұрғыдан   талдау
        мүмкіндіктері.
    27. Психологиялық нақтылы зерттеулерде қолданылатын жеке әдістер туралы
        түсінік.
    28. Сыртқы шындық пен ақиқатты бейнелеу формаларының дамуы.
    29. Психиканың пайда болуы –материя дамуының (эволюциясының) жемісі.
    30. Психика әрекетінің талдағыштық және біріктірігіштік қызметі.
    31. Психиканың филогенезде дамуы.
    32. Жәндіктер дүниесінде дамуы.
    33. Жәндіктер дүниесіндегі дамудың әртүрлі сатыларындағы мінез-құлықтың
        түрлері:тропизмдер,инстинкт, үйрену, интеллектуалдық әрекеттер.
    34. Психиканың қызметі және мүшелердің құрылысы.
    35. Психикалық фнукция және орта.
    36. Психика және нерв жүйесінің эволюциясы.
    37. Бейнелеу үрдісінің ең жоғарғы сатысында-адамға тән саналық дәрежеге
        көшудің негізгі шарттары.
    38. Сананың дамып шығуындағы еңбектің ролі.
    39. Сананың дамып шығуы, сана және тіл.





6. ПӘН АРНАЛҒАН ОҚІ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
                                                                     Кесте 3

|                |Тақырыптар      |Көрнекіліктер,   |Өздік оқуға   |Бақылау     |
|                |                |ТСО, плакаттар,  |арналған      |формасы     |
|                |                |лабора           |сұрақтар      |            |
|                |                |ториялық стенд   |              |            |
|Дәрістер        |Практикалық     |                 |              |            |
|                |(семинар)       |                 |              |            |
|                |сабақтар        |                 |              |            |
|1               |2               |3                |4             |5           |
|Психология пәні |Психология ғылым|Психология сызба |Психологияны  |Конспект,   |
|және нысаны.    |саласы ретінде  |сы               |оқып, үйрену  |СӨОЖ        |
|                |                |                 |дің қандай    |            |
|                |                |                 |маңызы бар?   |            |
|Психология      |Психологияның   |Адамның психика  |Психологқа    |Конспект,   |
|әдістері        |пәні, міндеттері|лық құбылыстарын |психологияны  |СӨОЖ        |
|                |мен зерттеу     |бейнелейтін сурет|білу не үшін  |            |
|                |әдістері        |тер.             |қажет?        |            |
|Психология-ның  |Психологияның   |                 |Психикалық    |Конспект,   |
|қоғамдық және   |жаратылыстану-ғы|                 |құбылыстар    |СӨОЖ        |
|гуманитарлық    |лыми негіздері  |                 |классификация |            |
|ғылымдар        |                |                 |сының сызбасы |            |
|жүйесіндегі орны|                |                 |              |            |
|Осы заман       |Адам миы және   |Гамезо М.В.,     |Гамезо М.В.,  |Конспект,   |
|психологиясының |психика:        |Домашенко И.Л.   |Домашенко И.Л.|СӨОЖ        |
|құрылымы        |байланыс        |Атлас по         |Атлас по      |            |
|                |принципі және   |психологии. – М. |психологии. – |            |
|                |жалпы механизмі |                 |М.,1998       |            |
|Адам психикасы  |Психика мен     | Гамезо М.В.,Дома|Гамезо М.В.,  |Конспект,   |
|жөнінде түсінік |әрекет-қылықтың |шенко И.Л. Атлас |Домашенко И.Л.|СӨОЖ        |
|                |төменгі         |по психологии. – |Атлас по      |            |
|                |формаларының    |М.               |психологии. – |            |
|                |қалыптасуы      |                 |М.,1998       |            |
|Ми және психика.|Адамның жоғары  | Гамезо М.В.,Дома|Гамезо М.В.,  |Конспект,   |
|Психика құрылымы|психикалық      |шенко И.Л. Атлас |Домашенко И.Л.|СӨОЖ        |
|                |функцияларының  |по психологии. – |Атлас по      |            |
|                |дамуы           |М.               |психологии. – |            |
|                |                |                 |М.,1998       |            |
|Психикалық      |Сананың пайда   |Адамның психика  |              |Конспект,   |
|үдерістерді     |болуы және      |лық құбылыстарын |              |СӨОЖ        |
|топтастыру      |дамуы. Бейсана  |бейнелейтін      |              |            |
|                |                |суреттері.       |              |            |
|Сана –          |Психология және |Нерв клеткалары  |Леонтьев А.Н. |Конспект,   |
|психиканың      |адам туралы     |ның суреттері.   |Проблемы раз  |СӨОЖ        |
|жоғары формасы  |ғылымдар        |                 |вития психики.|            |
|Психика         |Психологияның   |ми муляжі немесе |Фейгенберг    |Конспект,   |
|деңгейлерінің   |дамуының тарихи |схемасы.         |И.М. Мозг,    |СӨОЖ        |
|өзара байланысы |кезеңдері       |                 |психика,      |            |
|                |                |                 |здоровье.     |            |
|                |Кеңестік        |                 |              |Конспект,   |
|                |психологияның   |                 |              |СӨОЖ        |
|                |қалыптасуы және |                 |              |            |
|                |қазіргі         |                 |              |            |
|                |психологияның   |                 |              |            |
|                |жағдайы         |                 |              |            |


7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КАРТАСЫ
                                                                     Кесте 4
|№ р/с|Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар |Саны  |Студенттер |Қамтамасыз ету  |
|     |атауы                               |      |саны       |пайызы          |
|1    |Общая психология (Курс              |20    |20         |100             |
|     |лекции)./Сост. Е.И.Рогов. – М., 1995|      |           |                |
|2    |Жарықбаев. Жалпы психология. – А.   |20    |20         |100             |
|     |1998                                |      |           |                |
|3    |Сатиева Ш.С.Психология  С, 2007     |20    |20         |100             |
|4    |Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по |20    |20         |100             |
|     |психологии. – М.,1998               |      |           |                |
|5    |Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. - |20    |20         |100             |
|     |А., 2005                            |      |           |                |
8. ӘДЕБИЕТТЕР
    8.1 Негізгі әдебиеттер
    8.1. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.
    Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003
    8.2. Общая психология (Курс лекции)./Сост. Е.И.Рогов. – М., 1995
    8.3. Қ. Жарықбаев. Жалпы психология. – А. 1998
    8.4.Сатиева Ш.С.Психология  С., 2007
    8.2 Қосымша әдебиеттер
    8.1.2.Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987
    8.1.3.Гриншпун И.Б. Введение в психологию. – М., 1994
    8.1.4.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999
    8.1.5. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. - А., 2005
    8. 1.6.Ярошовский М.Г. История психологии. – М., 1985
    8.1.7.Ждан А.Н. История психологии: От античности до наших дней. –  М.,
1990
    8.1.8. Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.





|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                    |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                 |
|ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                               |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |ПОӘК                     |                          |
|                         |                         |ПОӘК 042-14.05.01.20.01/  |
|                         |                         |02-2012                   |
|                         |                         |                          |
|«Жалпы психология»       |№1 басылым 13.09.2012    |                          |
|Студентке арналған пәннің|                         |                          |
|жұмыс оқу бағдарламасы   |                         |                          |









                     «ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ - І» ПӘНІ БОЙЫНША
                      ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ (Sillabus)

                   «5В050300»- «Психология» мамандықтарына



                          СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ
                           ЖҰМЫС ОҚУ  БАҒДАРЛАМАСЫ












                                    Семей


                                    2012



                                   Алғысөз



40. ЖАСАЛЫНДЫ
    Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
    «Психология» кафедрасының доцент м.а. Т.К.Кунслямова
     «__28_» __08_ 2012 ж.


    2.ҚАРАЛДЫ
 2.  Шәкәрім  атындағы  Семей  мемлекеттік   университетінің   «Психология»
    кафедрасының отырысында
     Хаттама № _1_  «_28_»_08__  2012 жыл


    Кафедра меңгерушісі:________ Сатиева Ш.С.


    2.2.ГЗФ-тің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
    Хаттама № _1_ «_05_»__09_  2012 жыл


    Төрайымы _______ Григорьева Г.Б.


    3.БЕКІТІЛДІ
    3.1.Университеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды және
    баспаға ұсынылды
    Хаттама № _1_ «_13_»__09__  2012 жыл


    ОӘК төраасы, бірінші проректор _________ Б.А. Рскелдиев








Мазмұны:

      1.Жалпы талаптар
      2.Пәнді оқудың әдістемелік нұсқауы
      3.Курс саясаты
      4.Студент рейтингісін санау саясаты
      5.Пән мазмұны мен сағат санының бөлінуі
      6.СОӨЖ және СӨЖ жоспары
      7. Пән бойынша оқу процесінің күнтізбелік кестесі





      1 ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР


    1.1  «Жалпы психология»пәні бойынша оқу әдістемелік  кешен  «5В050300»-
«Психология»  мамандығы  студенттеріне  арналған.   Ол   студенттерді   курс
мазмұнымен, оның өзектілігімен, курс  саясатымен,  оқу  процесі  барысындағы
студенттердің  білуге  жіне  істеуге  тиіс  білімдерін  таныстырады.  Оқу  -
әдістемелік кешен пәнді оқудағы негізгі құрал болып табылады.

      1.2  Пәннің қысқаша мазмұны.
    Қазақстан Республикасында жүріп жатқан  реформалау  процесі,  оның  тек
экономикалық  саласын  ғана  қамтып   қоймай,  сонымен   қатар   әлеуметтік-
гуманитарлық салада да үлкен өзгерістер  жасалуда.  Жалпы  психология  курсы
бүгінгі күннің талабына сай психолгия  мамандығы  студенттері  үшін  негізгі
базалық пән болып есептеледі.  Бұл  курста  психологияның  жалпы  мәселелрі,
әсіресе жеке адам проблемасы және  тұлғаның  сезімдік  аймағы  мен  қасиеті,
сапалары  жөніндегі  ғылыми-қолданбалы  ақпарат  осы  заманғы  психологиялық
теориялар негізінде беріледі.


    1.3. Пәннің мақсаты  Курстың  мақсаты  болашақ  мамандардың  психология
ғылым  саласын  оқып-зерттеуге   бағытталған   кәсіптік   білім   негіздерін
қалыптастыруды әрі қарай жалғастыру.


    1.4. Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері:
             ✓ Психология ғылымының категориялық құрылымын ашу;
             ✓ Пәнге қызығушылықтарын қалыптастыру;
             ✓   Психологиялық   білімдер   жүйесін   тәжірибеде    қолдану
               дағдыларын дамыту


    1.5. Оқып-зерттеу нәтижесінде студент:
    ✓     Психология   негіздерін   меңгеру   (негізгі   ұғымдар,    негізгі
      құрылымдар);
    ✓ Психологияны оқып-зерттеудің әдістерін қолдана алуы;
    ✓ Психологияның қазіргі теорияларын білуі;
    ✓ Кәсіптік іс-әрекет  жағдайында  психологиялық  алған  білімін  қолдану
      туралы түсінігі болуы қажет.


    1.6.  Курстың  пререквизиттері:  философия,  жалпы  және   салыстырмалы
психология.

    1.7. Курстың постреквизиті:
   6. Жалпы психология
   7. Жас ерекшелік психологиясы;
   8. Әлеуметтік психология;
   9. Практикалық психология;
  10. Дифференциалды психология.




    2 ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
                                                                     Кесте 2
|Тақырыптар                           |Сағаттар саны             |Әдебиет     |
|                                     |Д  |СПС  |ЗС |СӨЖО  |СӨЖ  |            |
|1                                    |2  |3    |4  |5     |6    |7           |
|Психология пәні және нысаны.         |2  |1    |   |      |     |            |
|Психология әдістері                  |2  |1    |   |      |     |            |
|Психологияның қоғамдық және          |2  |2    |   |      |     |            |
|гуманитарлық                         |   |     |   |      |     |            |
|ғылымдар жүйесіндегі орны            |   |     |   |      |     |            |
|Осы заман психологиясының құрылымы   |4  |2    |   |      |     |            |
|Адам психикасы жөнінде түсінік       |4  |2    |   |      |     |            |
|Ми және психика. Психика құрылымы    |4  |2    |   |      |     |            |
|Психикалық үдерістерді топтастыру    |4  |2    |   |      |     |            |
|Сана – психиканың жоғары формасы     |4  |1    |   |      |     |            |
|Психика деңгейлерінің өзара байланысы|4  | 2   |   |      |     |            |
|                                     |30 |15   |   |45    |45   |            |


    3 ПӘНДІ ОҚЫП-ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
                            Құрметті студенттер!
    Бұл курс психологиялық-педагогикалық факультет студенттеріне  арналған.
  Білім беру реформасын жүзеге асыру бағытында  көзделген  басты  шаралардын
бірі оқытушылардың психология ғылымы саласындығы дайындығын  үнемі  жақсарта
түсу мәселесі. Қазақстан жағдайында  төл  тілімізде  бұл  салада  атқарылған
шаралар аз емес. Білім беру  бағдарламалары  тиісті  деңгейлер  мен  олардың
сатыларының білім беру мазмұны айқындалған
     Психология курсының әр  түрлі  әдістемелік  аспектілерін  зерттеу  ісі
елімізде  жаңадан  қолға  алынып   келеді.   Жоғары   мектептердің   өзіндік
ерекшеліктеріне орай жазылған осындай  еңбектер  аз.  Студенттерге  ұсынылып
отырған осынау құрал  оқу  бағдарламасының  жекелеген  такырыптарға  қатысты
келелі мәселелерін тәжірибе жүзінде, нақты экспериментті  зерттеулер  арқылы
түсіндіруді мақсат еткен.
Пәннің сапалық және  көлемдік  параметрлері  өте  ауқымды  болғандықтан  оны
толық  оқып-зерттеу   үшін   аудиториялық   сабақпен   шектелуге   болмайды,
сондықтан, сіздерге  көптеген  тақырыптарды  өзбетімен  оқып-зерттеуге  тура
келеді.
       Аудиториялық  сабақтарға  дәрістер   практикалық   сабақтар   кіреді.
Семинарлық  сабақтар  сіздерге  ғылыми  әдебиеттермен   жұмыс   істеу   және
аудитория  алдында  сөйлеу  сияқты  практикалық   дағдылады   қалыптастыруға
көмектеседі. Практикалық  сабақтарға  өз  уақытында   және  жоспарға  сәйкес
толық көлемде дайындалу талап етіледі. Тақырып бойынша дайындалу тек  арнайы
оқулықтарды  пайдаланумен  шектелмеуі  тиіс.  Конспект  жұмыстарды   семинар
сабағына арнайы басталған жұмыс дәптерінде жазба түрде ұсынылуы қажет.
       Сонымен  қатар,  жұмыс  бағдарламасында  өзбетімен  жұмыстың   келесі
түрлері  ұсынылады:  СӨЖО  (студенттің   оқытушы   басшылығымен   жүргізетін
өзбетімен жұмысы ), және СӨЖ (кейбір  тақырыптарды  тереңірек  оқып-зерттеуі
мақсатындағы студенттің өзбетімен жұмысы). Берілген жұмыс түріне  байланысты
тапсырмалар мен олардың орындалу мерзімдері 4,5 кестелерде көрсетілген.
       Жұмыстар  студенттердің өзіндік ойлауы мен шығармашылығы  да  кеңінен
қарастырылған.  Жалпы  психология  пәніне   байланысты   барлық   тақырыптар
қамтылып,  сол  тақырыптарға  орай  қосымша  әдебиеттер  тізімі  қарастырылу
ұсынылады.
 Бұл бағдарламаны құрастырғанда осы мәселелерді мүмкіндігіше  пәнге  қатысты
толық қамтуды көздедік.

    4 КУРС ФОРМАТЫ
                                                                     Кесте 2
|Әріптік жүйе     |Ұпайлардың сандық|Пайыздық мазмұны |Дәстүрлі жүйе бойынша   |
|бойынша бағалау  |эквиваленті      |                 |бағалау                 |
|А                |4                |95-100           |                        |
|А                |3,6              |90-94            |Үздік                   |
|В+               |3,4              |85-89            |                        |
|В                |3,2              |80-84            |Жақсы                   |
|В-               |3,0              |75-79            |                        |
|С+               |2,8              |70-74            |                        |
|С                |2,6              |65-69            |Қанағаттанарлық         |
|С-               |2,4              |60-64            |                        |
|Д+               |2,2              |55-59            |                        |
|Д                |2,0              |50-54            |                        |
|F                |0                |0-49             |Қанағаттанарлықсыз      |
|I                |NA               |                 |Аяқталмаған             |
|P                |-                |өтті             |Пәнді өтті              |




        5  КУРС ПОЛИТИКАСЫ

    Сабаққа қатынасу.
    1.Студенттің дәріс, практикалық сабақтарға қатысу міндетті.
    2.Белгілі  себептермен  сабаққа  қатынаса  алмаған  жағдай,  Сізді  пән
міндетінен босатпайды.
    3.Кешігуге немесе дәріс, практикалық сабақ кезінде басқа  студенттермен
сөйлесуге болмайды.
    Тәртіп.
    1.Тәртіп студенттің  оқу  үлгеріміне  тәуелді  емес,  демек,  барлығына
ортақ. 2.Сабақ  үстінде  тәртіп  бұзушылар  аудиториядан  шығарылады  немесе
курсты қорытындылауда “қанағаттанарлықсыз” бағасы қойылады.
    3.Сабақ үрдісінде Сіздің қалталы телефоныңыз өшірілуге тиіс.
    4. Оқытушы мен курстастарыңызға ашық жарқын болуға  және  шыдамдылықпен
қарауды ұмытпаңыз.
    СӨЖ бойынша тапсырмалар.
    1.СӨЖ бойынша тапсырмалар өз уақытында міндетті түрде  орындалуы  тиіс.
2.Мерзімінде орындалмаған тапсырмалар автоматты түрде төмен бағаланылады.
    Емтихан.
    1.Емтихан – білімді  қорытынды  рубеждік  тексеру  болғандықтан  барлық
студенттерге міндетті.
    2.Емтихан тестілеу немесе билеттік жүйеде орындалады.
    3.Тестік тапсырма әрбір модуль бойынша 360 тестіні,  ал  әрбір  емтихан
билеті 3 сұрақты құрайды.



   6 І МОДУЛЬ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БОЙЫНША ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


6  БАҒА ҚОЮ ПОЛИТИКАСЫ
                                                                     Кесте 2
|Апта     |Бақылау түрі                            |Ұпайлар  |Қосымша        |
|1        |2                                       |3        |4              |
|1        |1-8 апта аралығы бойынша дәріс          |30       |               |
|         |сабақтарына қатысуы                     |         |               |
|2        |Конспект, СӨОЖ                          |0        |               |
|3        |Конспект, СӨОЖ                          |45       |               |
|4        |Конспект, СӨОЖ                          |45       |               |
|5        |Конспект, СӨОЖ                          |45       |               |
|6        |Конспект, СӨОЖ                          |45       |               |
|7        |Конспект, СӨОЖ                          |45       |               |
|8        |1 рубеждік бақылау 1-8 апта бойынша     |45       |               |
|         |коллоквиум, тесттер                     |         |               |
|Барлығы  |1-8 апта бойынша қорытынды ұпайлар      |300      |               |
|9        |9-15 апта аралығы бойынша дәріс         |30       |               |
|         |сабақтарына қатысуы                     |         |               |
|10       |Конспект, СӨОЖ                          |45       |               |
|11       |Конспект, СӨОЖ                          |45       |               |
|12       |Конспект, СӨОЖ                          |45       |               |
|13       |Конспект, СӨОЖ                          |45       |               |
|14       |Конспект, СӨОЖ                          |45       |               |
|15       |2 рубеждік бақылау 9-15 апта бойынша    |45       |               |
|         |коллоквиум, тесттер                     |         |               |
|Барлығы  |9-15 апта бойынша қорытынды ұпайлар     |300      |               |
|Емтихан  |бойынша барлық ұпайлар                  |400      |Кесте бойынша  |
|Барлығы  |академиялық кезең бойынша ұпайлар       |1000     |               |


    7. ӘДЕБИЕТТЕР
    7.1 Негізгі әдебиеттер
    8.1. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.
    Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003
    8.2. Общая психология (Курс лекции)./Сост. Е.И.Рогов. – М., 1995
    8.3. Қ. Жарықбаев. Жалпы психология. – А. 1998
    8.4.Сатиева Ш.С.Психология  С. 2007


    7.2 Қосымша әдебиеттер
    8.1.2.Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987
    8.1.3.Гриншпун И.Б. Введение в психологию. – М., 1994
    8.1.4.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999
    8.1.5. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. - А., 2005
    8. 1.6.Ярошовский М.Г. История психологии. – М., 1985
    8.1.7.Ждан А.Н. История психологии: От античности до наших дней. –  М.,
1990
    8.1.8. Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.





|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                   |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                |
|ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                              |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |ПОӘК                        |                      |
|                         |                            |ПОӘК                  |
|                         |                            |042-14.05.01.20.01/03-|
|                         |                            |2012                  |
|                         |                            |                      |
|«Жалпы психология» пәні  |№ 1 басылым  13.09.2012     |                      |
|бойынша оқу-әдістемелік  |                            |                      |
|материалдар              |                            |                      |








                       «ЖАЛПЫ  ПСИХОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША
                            ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                   «5В050300»- «Психология» мамандықтарына



                        ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  МАТЕРИАЛДАР















                                    Семей


                                    2012







Мазмұны

       1. Глоссарий
       2. Дәрістер
       3. Практикалық және лабораториялық сабақтар
       4. Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
       5. Студенттің өздік жұмысы

1 ГЛОССАРИЙ

   1. Адаптация – сыртқы орта  заттары  мен  құбылыстарының  ерекшеліктеріне
      сезім мүшелерінің бейімделуі.
   2. Анимизм – жан мен рухтың ауыспалылығы және олардың объективті  тірлігі
      туралы ежелгі ілім.
   3. Ассоциация – психикалық құбылыстардың өзара байланысы.
   4. Бейсана (астар сана) –  адамның  психологиялық  қасиет,  процесс  және
      кейіпінің санадан тыс көрнісі.
   5. Психология пәні - психикалық кұбылыстардың пайда болу, қалыптасу  және
      даму зандылыктары туралы ғылым.
   6.  Психологияныц   объектісі   —   әлемнің   субъективті   кұбылысындағы
      процсстерді адамның тану жагдайы.
   7. Психология – психиканың даму  заңдылықтарын,  оны  зерттеу  әдістерін,
      ғылыми теориялық ұғымдардың қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.
   8. Психика – тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі ағза мен сыртқы
      ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі.
   9. Психология әдістері - нсгізгі жэне қосалқы болып екіге бөлінеді:
-Эксперимент - психологиядағы негізгі зерттеу эдісі оның екі түрі бар.
-Лабораториялық  эксперимент,  адамның  сезгіштік  қасиеттерін,  ақыл-ойының
даму  деңгейін,  белгілі  бір   мамандыкқа   икемділігін   анықтау,   арнайы
жабдықталған лабораторияда  кұрал-жабдықтарын  колдана  отырып  жүргізіледі.
1879  жылы  Лейпцигте  В.Вундттың   басшылығымен   дүние   жүзінде   бірінші
лаборатория ашылды.
-Табиги  эксперимент   бойынша   психологиялық   зерттеулер   адамньщ   өмір
тіршілігіндегі   үйреншікті   жағдайына   сәйкес    жүргізіледі.    1910жылы
А.Ф.Лазурский алғашқылардың бірі болып табиғи экспериментті ендірді.
-Бақылау  -   аркылы   байқалған   фактілер   мен   қүбылыстардың   табиғаты
психологиялық   тұрғыдан   түсіндіріледі.   Өмір   тәжірбиесінде    әдеттегі
бақылаудан ғылыми бақылаудың  негізгі  айырмашылығы  құбылыстардың  себеп  -
салдар принципі бойынша әрбір нәрсенің сырын ашып керсетеді.
-Қосалқы  зерттеу   әдістері   -   әңгіме,    сұрақ-жауап   (анкета),   тест
(тесттілеу),  әрекеттің   өнімін   талдау   (анализ),   сұхбат,   модельдеу,
математикалық және статистикалық анализ, т.б.
  10. Психология ғылымының даму кезеңдері:
-кезең ғылымға дейінгі шамамен б.д. VII - VI ғ.ғ.
-кезең философиялык б.д-VII - VI ғ.ғ.- XVIII ғ. аяғы, - XIX ғ. басы.
-кезең ассоциативтік психология XVIII ғ. аяғы, XIX ғ.басы жэне ортасы.
-кезең эксперименттік психология XIX ғ. ортасы - ХХғ. басы.
-кезең  методологиялық  (эдіснамалық)  дағдарыс  және  психологияның  ағымды
мектептерге бөлінуі.
-кезең психологиялық мектептердің дамуы ( 1920-1930,1940-1960ж.ж).
-кезең казіргі психология (1960ж - ХХғ аяғы) және XXI ғасыр.
  11. Психика - дегеніміз  үнемі  болып  отыратын  қозу  мен  тежелу  сияқты
      физиологиялық процестердің ми  қабығында  жасалуы.  Тіршілік  дамуының
      белгілі бір сатысында тірі организм мен сырткы ортаның өзара қатынасын
      білдіретін бейнелеудің айырықша түрі.
  12. Сана - объективтік шындықты тану. Психиканың тек адамға  ғана  тэн  ең
      жогары сатысы, объективтік болмыстың адам миындағы бейнесі. Болмыс пен
      шындықтың бейнесін адам тіл мен  сөйлеуі  арқылы  бейнелеп,  мән-жайын
      танып біледі.
  13. Өзіндік сана -  сананың  өзінді  білу  мен  озіңе  катынастың  бірлігі
      ретінде көрінетін бір түрі және күрделі психологиялық күрылым:
Біріншіден- өзінің теңдестігін ұғынуды;
Екіншіден-  белсенді  іс-әрекет  субъектісі  ретінде  өз  «менін»   ұғынуды;
Үшіншіден- езінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды;  Төртіншіден-
өзін-езі  әлеуметтік  -  адамгершілік  бағалаулардың  белгілі  бір   жүйесін
қамтиды.
  14. Жүйке жүйесі - организмнің сыртқы ортамен  байланысын  жүзеге  асырып,
      айналадағы әсер еткен тітіркендіргіштерге жауап қайтаруы.  (нейрондар,
      дендриттер)
  15. Динамикалық стереотип- шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы жэне
      оның тұтастық жүйесінің қүрылуы. Мүндай жүйе организм  тіршілігі  ушін
      өте маңызды және ол дағдыны калыптастырудың физиологиялық негізі.
  16. Жеке адам (түлға) - сананың иесі, элеуметтік қатынастар субъектісі эрі
      әлеуметтік мәнді касиеттердің иегері ретінде эрбір адам  -  жеке  адам
      болып сипатталады. Жеке адам түсінігіне байланысты ең алдымен  адамның
      коғамдык мэнді сапалары енеді, адамның элеуметтік мэні  оның  қоғаммен
      байланысында қалыптасады да, іс-әрекетінен көрініс береді.




















2.1 І-МОДУЛЬ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ

    1-тақырып. Психология пәні және нысаны. (1 сағат)


                            Психология міндеттері
    Адамның ішкі жан дүниесін, оның  сырттай  болмыспен  өзара  ықпалдастық
байланыстарының жалпы заңдылықтарын зерттеумен  арнайы  ғылым  –  психология
(грек.-psiche, logos-ғылым) айналысады.
    Психологияның   негізгі   даму   кезеңдеріне   сәйкес   оған   берілген
анықтамаларды қарастырайық.
    1-кезең – психология жан жөніндегі ғылым. Психологияға мұндай  анықтама
бұдан екі мың жылдай бұрын берілген. Ежелгі адамзат жан  бар  деген  ұғыммен
өзіне түсініксіз барша өмір құбылыстарын дәйектеуге тырысқан.
    II-кезең – психология сана жөніндегі ғылым. XVII-ғасырда  жаратылыстану
ғылымдарының өркендеуімен пайда болды. Адам өзінің ойлау, сезу және  ниеттеу
қабілеттерін  сана  категориясымен  баламаластырған.  Ал  сананы  зерттеудің
негізгі  әдісі  адамның  өзін  өзі  бақылап   (интроспекция),   одан   алған
деректерін баяндау болған.
    III-кезең – психология әрекет-қылық жөніндегі ғылым. XX  ғасырда  пайда
болды. Психология бұл кезеңде өз міндетіне эксперимент жасап, тікелей  нақты
көруге мүмкін болғандарды  ғана,  яғни  адамның  мінез  әрекеттерін,  қылық-
қимылдарын, сыртқы әсерге жауап қозғалыстарын зерттеуге алды,  бірақ  оларға
себепші болған мотивтерді ескеруді қажет деп білмеді.
    IV-кезең – психология шынайы  заңдылықтарды,  психика  көріністері  мен
тетіктерін зерттеуші ғылым ретінде танылды.
    Психология - психиканың дамуы мен әрекетке келуі және оның  көрінісінің
жеке-дара  типологиялық  ерекшеліктері  жөніндегі,  сонымен  бірге   адамның
қоршаған ортамен өзара ықпалдасты байланыстарының жалпы заңдылықтары  туралы
ғылым.
    Психология пәні 1) іс-әрекет  субъекті  ретіндегі  адам,  2)  өзін  өзі
реттеуіне  қажет  тұлғаның  жүйелі  өз  сапалары;   3)   адам   психикасының
қалыптасуы мен әрекеттік қызметке келу  заңдылықтары;  4)  адамның  болмысты
бейнелеу қабілеттері және оны тануы; 5)  соның  нәтижесінде  өзінің  сырттай
дүниемен өзара ықпалдасты байланыстарын реттей алуы.
    Психология нысаны: психиканың пайда болуы мен оның дамуы; психикалық іс-
әрекеттің нейрофизиологиялық негіздері; психиканың ең жоғары формасы –  адам
санасы; сырттай болмыстың  ішкі  жан  дүниелікке  ауысу  заңдылықтары;  адам
психикасының әлеуметтік- тарихи  жағдайларға  тәуелділігі;  психикалық  әлем
бейнелерінің қалыптасуы  мен  сол  бейнелердің  адамның  сырттай  тұрмыстық,
тәжірибелік  іс-әрекеттерінде   көрініп,   іске   асуы;   биологиялық   және
әлеуметтік  жағдаяттардың  адамның  өзін  өзі  реттеуіндегі  бірлігі;   адам
психикасының құрылымы; тұлғаның танымдық, еріктік және көңіл-күй  үдерістері
мен  жеке-дара  психологиялық  ерекшеліктерінің  бейнелеу-реттеушілік  мәні;
адамның әлеуметтік ортадағы қылық - әрекетінің психологиялық  ерекшеліктері;
адамның нақты іс-әрекет түрлерінің психологиясы.
    Психологияның негізгі міндеттері:
    - психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу;
    - психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму барысын талдау;
    - психикалық құбылыстардың физиологиялық тетіктерін зерттеу;
    -  психологиялық  білімдерді  адам  өмірі  мен  іс-әрекетіне   жоспарлы
ендіруге жәрдем ету.
    Психология  зерттеулерінің  міндеттері  мен  әдістері   қоғамдық   және
жаратылыстану ғылымдарының тоғысынан туындайды.
    Психологияның негізгі әдіснамалық принциптері: 1) заттасқан  болмыстағы
психикалық  құбылыстардың  себеп-салдарлылығын   мойындау;   2)   психикалық
құбылыстарды танудың генетикалық бағытын ұстану және оларды даму  үдерісінде
зерттеу; 3) психика мен іс-әрекеттің ажыралмас  бірлікте  болатынын  қолдау;
4)  адам  психикасын  биологиялық  және  әлеуметтік  жағдаяттардың  бірлігін
ескерумен зерттеп бару.
    XX-ғасырдың соңына қарай психология  адами  ғылымдар  жүйесінде  өзекті
пәнге айналды, ал оның қолданбалы салалары  адамзат  тіршілік  әрекеттерінің
барша тарауларындағы тиімділіктің кепілі ретінде қолданылуда.
    Жетістіктерінің соншалықты ауқымды болуынан психология ғылымы бұл күнде
адам жөніндегі ғылымдар жүйесінің бірінші қатарларынан орын иелеуде.
    Қазіргі   заманда   психологияның   келесідей   қолданбалы    салалары:
экономикалық, педагогикалық, құқықтық,  әскери,  ғарыштық,  спорттық,  өнер,
басқару, менеджмент, т.б. – жедел де өнімді қарқынмен дамуда.


    2 тақырып. Психология әдістері  (1 сағат)
                     Психологиялық зерттеулер кезеңдері
    «Әдіс» сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын  білдіреді,
сонымен  бірге  болмысты  тәжірибелік  және  теориялық   тұрғыдан   игерудің
тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады.
    Психологияға орайластыра әдісті  психика  жөніндегі  деректерді  алудың
және оларды талдап түсінудің жолы деп білеміз.
    Кейбір басқа да  ғылымдардағыдай,  психологиядағы  зерттеу  әдістерінің
негізгілері – бақылау және эксперимент.
    Бақылау – зерттеудің ғылыми әдісі – деректі  суреттеп  баяндаудан  оның
ішкі мәнін түсіндіруге өту үшін қажет. Бақылау әдісінің  негізгі  тиімділігі
–  психикалық  үдерістерді  табиғи  жағдайларда  зерттеу  мүмкіндігінің  мол
болуы.
    Араласа бақылау – зерттеушінің зерттелуші топпен етене жақын қатынастар
әрекетінде болуы.
    Сырттай  бақылау  –   әлеуметтік-психологиялық   құбылыстарды   шеттен,
зерттелуші адам не  топпен  қарым-қатынасқа  түспей-ақ  зерттеп,  мәліметтер
жинақтау.
    Өзіндік бақылау (интроспекция) – адамның өзін-өзі бақылап, өзінің  ішкі
жан дүниелік үдерістерін тану жолы.
    Дегенмен, психологиялық зерттеу әдістерінің  арасындағы  ең  бастысы  –
эксперимент - психологиялық деректердің ашылуына жағдайлар жасау  мақсатында
зерттеушінің сыналушы адамның не топтың іс- әрекетіне белсенді араласуы.
    Психологиялық эксперименттің  негізгі  міндеті  –  жан  дүниелік  іштей
психологиялық  үдерістердің  мәнді  ерекшеліктерін  шынайылылықпен   сырттай
бақылауға жағдайлар жасап, мол нақты деректерге қол жеткізу.
    Зертханалық  эксперимент  –  арнайы  жағдайларда  жүргізіледі,   арнайы
жабдықтар пайдаланылады, сыналушының  әрекеттері  нұсқаулармен  белгіленеді,
сыналушы экспериментке түсетінін біледі, бірақ оның  толық  мәнін  аңғармауы
да ықтимал.
    Табиғи   эксперимент   –   еңбек,   оқу,   қарым-қатынастың    әдеттегі
жағдайларында жүргізіледі, ал адам  өзінің  эксперименттік  сыналуда  екенін
сезбейді.
    Тестілеу әдісі – адамның белгілі психикалық сапаларын сынақтан өткізіп,
анықтау.
    Психологиялық тест – сыналушының  жеке  басының  кейбір  ерекшеліктерін
анықтау үшін орындалатын, әдетте,  қысқа  мерзімді  шағын  стандартты  сынақ
тапсырмалары  беріледі.  Бұл  күнде  психологияда   адамның   ақыл-ес   даму
деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, психикалық әрекетке  келу
мүмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге қабілетін,  тұлғалық  сапаларын
анықтаушы тестер жиі қолданылуда.
    Құжаттарды  талдау  әдісі  –  адамның  қызмет,  іс-әрекеттік  өнімдерін
талдауға  арналған  жалпы  психологиялық  әдістердің  бір  түрі.  Құжаттарды
талдау әдістері  сапалық  және  сандық  болып  ажыралады.  Сапалық  талдауда
баяндалған  мәтіндік  ақпарат  сандық   көрсеткіштерге   келтіріліп,   кейін
математика-статистикалық өңдеуге түседі. Бұл ғылымда  контент-талдау  атауын
алған.
    Құрастырып жобалау әдісі – осы  күнгі  психологиялық  зерттеулерде  кең
қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні – психикалық құбылыстарды  таңба
күйіне  келтіру  немесе  адам  іс-әрекеттерінің  әрқилы   түрлерін   жасанды
құрастырылған ортада ұйымдастыру. Осы жолмен  қабылдаудың,  жадтың,  қисынды
ойлаудың кейбір қырларын қолдан жобалап жасауға,  сондай-ақ  психикалық  іс-
әрекеттің бионикалық модельдерін тұрғызуға болады.
    Сауалнама   әдісі   –   әлеуметтік-психологиялық    зерттеулерде    кең
қолданылатын әдіс. Оның  мәні  –  объектив  не  субъектив  деректер  жөнінде
сауалға тартылған адам аузынан ақпар топтау.
    Өмірнамалық әдіс – кейінгі уақыттары тұлғаны зерттеуде көп қолданылатын
әдістердің бірі. Мұнда жеке адамның қалыптасуындағы өзекті жағдаяттар,  оның
өмір жолы, дамуындағы дағдарысты  кезеңдер,  әлеуметтенуіндегі  ерекшеліктер
анықталады. Адам өміріндегі күнделікті оқиғалар талданып, болашақта  кезігер
жағдайлар болжастырылады, өмірлік кестесі түзіледі, каузометриясы жасалады.
    Каузометрия (лат. causa-себеп, грек. metro-өлшем) –оқиғалар  арасындағы
қатынастардың себептік сарабы, тұлғаның психологиялық  мерзім  –кезеңдерінің
талдауы  беріледі,  оқиғаларға  қатысы  бар  жағдайлар   анықталады,   тұлға
дамуының не тоқырауының кейбір кезеңдерінің бастау оқиғалары айқындалады.
    Жас   ерекшеліктері   психологиясында   салыстырмалы-генетикалық   әдіс
қолданылуда. Бұл  әдістің  мәні  –  психикалық  заңдылықтарды  жеке  адамның
психикалық дамуының әр кезеңдерін салыстыру арқылы зерттеу.
    Социометрия – әлеуметтік психологиядағы зерттеу әдісі  –  бірлікті  іс-
әрекетке не оқиғаға араласу (араласпау)  мүмкіндіктерін  анықтау  мақсатында
шағын  топтың  әрбір  мүшесін  жеке  сауалға  тарту  әрекеттері.  Бұл   әдіс
нәтижелері  топтағы   қатынастар   құрылымын   графикпен   бейнелейтін   соц
иометриялық   кесте,   социограмма,    сондай-ақ    топтағы    психологиялық
қатынастарды  сандық   көрсеткіштермен   танытуға   болатын   социометриялық
индекстер күйінде өрнектеуге болады.
    Жеке тұлғаның бағыт-бағдарына әлеумет ықпалын зерттеу үшін  жасақталған
топ әдісі қолданылады.
    Тұлғаның мәнді әлеуметтік  сапа-қасиеттерін  диагностикалау  мақсатында
эксперттік бағалау және тұлғаны топпен бағалау әдістері пайдаланылуда.
    Тұлғаны топпен бағалау әдісі – адам мінездемесін топ мүшелерінің  өзара
бағалауы арқылы  алу.  Бұл  әдіс  топтағы  адамдардың  өзара  таныстығы  мен
бірлікті іс-әрекеті және қатынасы нәтижесінде топтың  әрбір  мүшесі  жөнінде
қалыптасқан топтық санаға негізделген.
    Қандай  да  психологиялық  проблеманы  зерттеуде  сол  мәселеге  сәйкес
зерттеу тәсілдері мен ережелері, яғни нақты  зерттеу  әдістері  қолданылады.
Олар:  болжам  ұсыну,  эксперименталдық  тәсіл  мен  соған   сай   материал,
сыналушылардың  бастапқы  бақылау  және   эксперименттік   топтарын   айыру,
эксперимент серияларын анықтау, эксперименталды материалдарды  статистикалық
және теориялық өңдеуден өткізу және т.б.


    3 тақырып. Психологияның қоғамдық және гуманитарлық
                    ғылымдар жүйесіндегі орны  (1 сағат)


    XIX ғасырда позитивизм  бағытындағы  философияның  негізін  қалаған  О.
Конттың (1798-1857)  ғылымдарды  топтастыру  жүйесі  кең  қолданымда  болды.
Дегенмен  осы  жүйеде  психологияға  орын  табылмады.  Ғалым   пайымдауынша,
психология әлі (үш кезең заңына орай) метафизикалық  сатыда,  ғылым  ретінде
пісіп жетілмеген. XIX ғасырдың бірінші жартысы үшін мұндай  тұжырым,  әрине,
әділ болатын.
    Ол заманнан бері ұланғайыр өзгерістер болды: психология дербес  ғылымға
айналды, адамзатқа қажет табыстарымен көзге еленді.  Екі  ортада  ғылымдарды
жүйесімен  топтастырудың  талай  амалдары  талдау,  талқыдан   өтті.   Солар
арасында аса танымал болғаны орыс философы және  ғылымтанушысы  Е.М.  Кедров
(1903-1985) ұсынған топтастыру амалы еді. Кедров пікірінше,  ғылымдарды  бір
беткей түзулік (линейный метод) сипатымен топтастыруға  болмайды.  Ол  барша
ғылымдарды үш топқа: жаратылыстану, әлеуметтік және  философиялық  –  бөлуді
ұсынады да, олардың  бастарын  бір  түзу  бойында  емес,  үшбұрыш  шыңдарына
орналастыра  қосады.  Сонда,   үшбұрыштың   жоғары   шыңында   жаратылыстану
қылымдары, төменгі  сол  жақта  –  әлеуметтану,  ал  төменгі  оң  тарапта  –
философиялық пәндер жайғасады. Психология  осы  ғылымдардың  бәрімен  бірдей
тығыз байланыста, сондықтан ол  үшбұрыштың  ішінен  кең  орынға  ие  болады.
Себебі адам  ойы,  ойлауы  (психологияның  маңызды  бөлімдерінің  бірі)  тек
психология тұрғысынан зерттеліп қалмастан, олармен философия да,  логика  да
айналысады. Психология, сонымен, барша ғылыми білімдермен  өзара  байланысқа
келеді.
    Психологияның  аса  маңызды  мәселелерінің  қандайы   болмасын,   басқа
ғылымдармен байланыспай шешілуі мүмкін  емес.  Психиканың  пайда  болуы  мен
дамуын  зерттеу  үшін  биология,  генетика,  антропология,   білімдері   мен
әдістерін  қолдану  қажет;  психофизиологиялық   проблемаларды   шешу   үшін
нейрофизиология,  нейроанатомия,  нейрохимия,  медицина  әдістерін   тартуды
талап  етеді;  психикаға  орай  биологиялық   және   әлеуметтік   жағдаяттар
байланысы  проблемасы  әлеуметтік,  биологиялық,  психологиялық  білімдердің
басын қоспай мүлде шешілмейді. Осылайша,  психологияның  басқа  ғылымдармен,
ғылым салаларымен ара қатынас түрлерін шексіз жалғастыра беруге  болады.  Өз
кезегінде,   психологиялық   зерттеулер   нәтижесінде    алынған    деректер
психологиямен сыбайлас пәндер үшін өте қажет.
    Психология және логика байланысы ойлау жөніндегі психологиялық білімдер
тарихында анық көрінеді. Осы ғылыми білімдердің  әрбірі  ойлау  құбылыстарын
ашуда өз зерттеу аймақтарына ие. Логиканың  шұғылданатыны  ақиқат  жөніндегі
мәселе, ойлаудың  болмысқа  деген  танымдық  қатынасы  туралы  проблема.  Ал
психологияның айналысатыны – ойлау үдерісінің жүрісі, жеке адамның ойлау іс-
әрекеті, ойлау  құбылысының  сананың  басқа  да  тараптарымен  аралық  нақты
байланыс, қатынастары.
    Психология және әлеуметтану байланысы әлеуметтік  психологияны  жарыққа
келтірді. Әлеуметтік психологияны қызықтыратын екі  өзекті  проблема:  тұлға
және топ  арасындағы  өзара  ықпалдасты  қатынас;  тұлғааралық  байланыстар.
Шағын социологиялық зерттеулер деңгейінде  (кіші  топ  зерттеулері:  отбасы,
еңбек   ұжымы)   әлеуметтік   бақыт   пен   әлеуметтік-психологиялық   бағыт
айырмашылықтарын   ажырату   қиынға   соғады.    Дегенмен,    әлеуметтанудың
(социологиялық) әлеуметтік психологиядан  бөліне  көрінетін  тұсы  –  ондағы
зерттеулердің  ірі  де   ауқымды,   макроәлеуметтік   деңгейде   жүргізілуі,
зерттеуге түскен  құбылыстарды  қоғам  және  оның  құрылымдық  бөлшектерінің
жасауы мен әрекетке түсу заңдары тұрғысынан түсіндіруге ұмтылыстың болуы.
    Психология және педагогика  байланысы  ежелден  келе  жатқан,  дәстүрлі
қалыптасқан құбылыс. Барша ғұлама  педагогтар  адамның  табиғи  қасиеттерін,
оның  тума  қажеттері  мен  мүмкіндіктерін   түсіну   керектігін,   тұлғаның
психикалық іс-әрекеттері және дамуына орай тетіктер мен  заңдарды  ескеруді,
солар негізінде оқыту, білім беру, тәрбиелеу маңыздылығын алға тартты.
    Психология  және  биология  байланысы.  Адам   дамуының   табиғи   және
әлеуметтік жағдаяттарының ара қатынасы жөніндегі проблема-  психология  үшін
аса маңызды мәселелердің бірі,  ол  биология  үшін  де  ізденіс  азығы.  Екі
ғылыми  білімдердің  қосыла  зерттеулері  нәтижесінде  әрбір  жеке   адамның
даралықты дамуындағы тума берілген және өмір  барысында  қалыптасатын  сапа-
қасиеттерінің сыры ашылады.
    Психология және медицина байланысы медициналық психологияның туындауына
әсер етті. Бұл сала дәрігер  қызметінің  психологиялық  ерекшеліктерін  және
сырқат  адамның  әекет-қылығындағы  психологиялық  көріністерді   зерттейді,
емдеу мен психотерапия, сондай-ақ психика дамуындағы ауытқулар  мен  әртүрлі
ми науқастарына байланысты психика  бұзылысын  зерттеуші  медициналық  білім
саласы патопсихологияның психологиялық әдістерін орайластырады.
    Психология және  саясаттану  байланысынан  саясатқа  орай  қалыптасатын
әрекеттердің субъектив тетіктерін, оларға ықпал жасаушы  сана,  астар  сана,
адам көңіл күйі, еркі,  оның  нанымдары,  құндылықты  бағыт-бағдарлары  және
ұстанымдарын зерттеуші саясат  психологиясы  пайда  болды.  Бұл  ғылым  адам
әрекет-қылығын үдеріс ретінде танып,  оны  жеке  тұлғаның  қоршаған  ортамен
өзара ықпалдастық қатынасының нәтижесі деп біледі. Себебі  тұлға  әрекеттері
сыртқы  ықпалдар  мен  психологиялық   талдаудың   тікелей   нысаны   болған
субъекттің оларды қабылдау және түсіну ерекшеліктерімен анықталады.

          4 тақырып.  Осы заман психологиясының құрылымы (2 сағат)
                Психологияның арнайы және қолданбалы салалары
    Осы заман психологиясы – басқа ғылымдармен тығыз  байланысқан  қарқынды
даму  жолына  түскен  адамзат  білімдерінің  елеулі  аймағы.  Сондықтан  да,
дамудағы құбылыс ретінде психология үздіксіз өзгерісте болады: жаңа  ізденіс
бағыттары, проблемалар туындап  отырады,  жаңа  жобалар  іске  асып  жатады,
нәтижеде психологияның соны салалары ғылым  қорына  ене  береді.  Психология
салаларының  бәріне  ортақ  құбылыс  –  бұл  пән  біртектілігінің  сақталуы:
психология  білімдерінің  бәрі  де  психика  деректерін,  заңдылықтары   мен
тетіктерін  жағдайға  байланысты,  іс-әрекет  барысында,  даму  деңгейлеріне
орайластырып, зерттеп отырады.
    Психологияның негізі - жалпы психология. Бұл саланың атқаратын қызметі:
психиканың  жоғары  жалпыланған  заңдарын,   заңдылықтары   мен   тетіктерін
зерттейді. Аса маңызды психологиялық пәндердің бірі психология  тарихы.  Бұл
пән өз назарын психологиялық білімдердің қалыптасуы мен  дамуына  байланысты
тарихи үдерістердің мән-мағынасына аударып, оларға түсіндірме береді.
    Көп түрлі психология салаларының өз алдына бөлінуінің негіздемелері  де
сан қилы. Әдетте, олардың жіктелуі  мен  топтасуына  арқау  болар  жағдайлар
келесідей:
    1) нақты  іс-әрекет  (еңбек  психологиясы,  медициналық,  педагогикалық
психология, өнер, спорт және т.б. психологиясы);
    2)  даму  (жануарлар  психологиясы,   салыстырмалы   психология,   даму
психологиясы, балалар психологиясы және т.б.);
    3) адамның әлеуметтік жағдайы мен  оның  қоғамға  қатынасы  (әлеуметтік
психология; тұлға психологиясы; топ психологиясы; тап,  тайпа  психологиясы;
ұлыс, ұлт психологиясы және т.б.).
    Және  бір  аса  маңызды  жағдаят  –  бұл  іс-әрекет  мақсаттары   (жаңа
білімдерді ашу, алу немесе  олардың  қолданылуы):  тұғырлы  және  қолданбалы
ғылымдар;  зерттеу  аймағына  орай:  даму,  шығармашылық,  тұлға  және  т.б.
психологиясы.  Өзге  ғылымдармен   байланысына   қарай   психология   келесі
салаларға   бөлінген:   психофизиология,   нейропсихология,    математикалық
психология.  Психологияның  әртүрлі  қызмет,  тәжірибемен   болған   күрделі
байланыстары   ұйымдастырушылық,   инженерлік,    спорттық,    педагогикалық
психологияда байқалады.
    Жануарлардың психикалық ерекшіліктерін зоопсихология зерттейді.
    Балалар психологиясы өсіп, кемелденудегі  адамның  санасын,  психикалық
үдерістерін, іс-әрекеттерін, барша тұлғалық сапа-қасиеттері мен  жедел  даму
шарттарының заң-заңдылықтарын зерттейді.
    Әлеуметтік психологияның  айналысатыны:  адамның  тұлғалық  сапаларының
әлеуметтік-психологиялық көріністері; оның  адамдар  және  топтармен  қарым-
қатынастары; адамдардың психологиялық үйлестігі, ірі топтардағы  әлеуметтік-
психологиялық  қатынастар  заңдылықтары  (адамдардың  әрқилы  қауымдастығына
радионың, теледидардың, басылымдардың, моданың, өсек-аяңның ықпалы).
    Педагогикалық психология тұлғаның оқу және тәрбие үдерісіне  байланысты
даму заңдылықтарын зерттейді.
    Саясат психологиясы саясатқа орай қалыптасатын  әрекеттердің  субъектив
тетіктерін, оларға ықпал жасаушы сана және астар сана, адам көңіл күйі  және
еркі,  оның  нанымдары,   құндылықты   бағыт-бағдарлары   мен   ұстанымдарын
зерттеумен шұғылданады.
    Адамның нақты қызметі, іс-әрекеті  түрлеріне  орайласқан  проблемаларды
зерттеуші көптеген психология салаларын бөліп атауға болады.  Мысалы,  еңбек
психологиясы – адамның еңбектену  және  іс-әрекетке  келуінің  психологиялық
ерекшеліктерін,  еңбектену  дағдыларының  даму   заңдылықтарын   айқындаумен
шұғылданады.
    Инженерлік психология – адам және осы заманғы техника арасындағы  өзара
ықпалдасты  қатынастар  үдерісінің  заңдылықтарын  зерттеп,  оларды  жобалау
тәжірибесінде,  автоматтасқан  жаңа  басқару  жүйелерін,   техниканың   соңы
түрлерін жасау мен пайдалануда қолдану жолдарын қарастырады.
    Авиация  және  ғарыштық  психология  -  ұшқыш,  ғарышкер  іс-әрекетінің
психологиялық ерекшеліктерін талдайды.
    Медициналық   психология    –    дәрігер    қызметінің    психологиялық
ерекшеліктерін және сырқат  адамның  әрекет  –  қылығына  тән  психологиялық
көріністерді зерттейді, емдеу мен  психотерапияның  психологиялық  әдістерін
орайластырады.
    Патопсихология  –  психика  дамуындағы   ауытқулар   мен   әртүрлі   ми
науқастарына байланысты психика бұзылыстарының заңдылықтарын ашады.
    Заңгерлік  психология  –   қылмыс   үдерісіне   қатысқандардың   мінез-
құлығындағы   психологиялық   заңдылықтарды   ашып,   қылмыскер   тұлғасының
қалыптасуы   мен   оның   бойына   біткен   мінез-құлығының    психологиялық
проблемаларымен  айналысады  (куәгер  психологиясы,   сауалнама   жүргізудің
психологиялық талаптары және т.б.).
         Әскери психология - соғыс әрекеттері жағдайындағы сарбаздар


    5-тақырып. Адам психикасы жөнінде түсінік (2 сағат)


    Психика – бұл адамның қоршаған  ортамен  белсенді  өзара  қарым-қатынас
әрекеттеріне негіз болушы  болмыстық  саналық  (идеалды)  өрнек  жүйесіндегі
субъектив ақпардың (сигналдың)  әлеуметтікпен  шарттасқан  бейнесі.  Психика
адам мінез-құлығы және іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беріп,  реттеу  қызметін
атқарады.
    Адам психикасы  өз  тіршілігіне  арқау  болған  қоғамдық  әдіс-тәсілдер
негізінде туындаған ерекше құбылыс – сана формасына  енеді.  Дегенмен,  сана
психиканың  барша  мән-мағынасын  қамти   алмайды.   Онымен   қатар   адамда
табиғаттан берілген тума  құрылымдар  (тума-бейсана  іс-әрекеттері  аймағы),
сондай-ақ өмір барысында  қабылданып,  автоматтасқан  дағдылар  (астар  сана
аймағы) бар.
    Психиканың   негізгі   көріністері:   саналық   (психикалық)   бейнелер
қалыптасуына байланысты психикалық  үдерістер  және  іс-әрекетті  психикалық
тұрғыдан реттеп барушы үдерістер.
    Меншікті, өзіндік іс-әрекет – адам психикасының қалыптасуы  мен  жүзеге
келуінің басты негізі.
    Іс-әрекет – жалпы  адамзаттың  тәжірибе  негізінде  саналы  белгіленген
мақсаттардың іске асуымен болатын болмысты меңгерудің  адамдық  әдіс-тәсілі.
Адам іс-әрекеті қоғамдық – тарихи ілгерілеудің қозғаушы күші, сонымен  бірге
ол жеке адамның психикалық даму құралы  ретінде  де  қызмет  етеді.  Адамның
заттасқан  іс-әрекеті,  оның  қоғамдық-тарихи  тәжірибесі  тұлға   санасының
сезімдік және ұғым-теориялық аймақтарының басын біріктіреді.
    Адам  психикасының  қалыптасу  үдерісінде  оның  заттасқан  нысандармен
болған сырттай әрекеттері ішкі ақыл-ес әрекеттеріне  ауысады.  Осыдан,  яғни
ой әрекеті қабілетінен адам нысандар арасындағы әртүрлі  қатынастар  жобасын
құруға, өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері барластыруға үйренеді.  Бұдан
көзіміз  жететіні  –  психика  мазмұны  жалпыланған  қатынастар,  мән   және
мағыналарды, яғни бейнелік қалыптан тыс құрылымдарды да қамтиды.
    Психиканың ғылыми түсініктемесі келесідей негіздемелерді сүйеніш етеді:
    1) психика материя дамуының белгілі сатысында, яғни жануарлар ағзасының
туындау кезеңінде пайда болып, сол ағзалардың  икемдесу,  бейімделу  әрекет-
қылығының бейнелеу – реттеу тетігіне айналды. Жануарлардың эволюциялық  даму
барысында олардың психикасы жетіліп  барды.  Өз  қалыптасу  жолында  психика
екі: инстинкттік қалыптасу  және  даралықты  дағдылану  –  кезеңдерін  басып
өтті.
    2) Адам психикасы, сана – психика дамуының ең жоғары сатысы; оның пайда
болуы адамның ұжымдық қарым-қатынас жағдайындағы  еңбектік  іс-әрекеттерімен
тікелей байланысты.
    3) Адам психикасы оның белсенді іс-әрекеттерінің арқасында қалыптасады.
Психика заңдылықтары – сырттай заттармен болған өзара ықпалды  қатынастардың
алғашқыда  психикалық  бейнелерге   ауысуы   және   кейін   сол   психикалық
бейнелердің өз реттеуімен басқарымды әрекеттерге өтуі заңдылықтары.
    4) Психика ми қызметімен жанамаласқан, бірақ ол өздігінен идеалды, яғни
әлеуметтік - мәдени жағдаяттар нәтижесінде пайда болған саналық құбылыс.
    5) Психикалық құбылыстар белгілі құрылымға және ұйымдасу жүйесіне ие.


    6-тақырып. Ми және психика. Психика құрылымы(2 сағат)
                             Психика қызметтері
    Адам  психикасы  –  мидың  табиғи  өнімі  емес,  әлеуметтік   жағдайлар
туындысы. Алайда, ол табиғи, физиологиялық зат –  мидың  арқасында  әрекетке
келеді. Психиканы ми әрекетінен ажыратып  та  болмайды,  сонымен  бірге  оны
бүтіндей  нейрофизиологиялық  үдеріс  деп  те  атау  орынсыз.  Психика   мен
физиологиялық үдерістердің өзара қатынасы  –  идеалды  дүние  мен  заттасқан
болмыстық ажыралмас байланысы.
    Психика – ми қызметінің әлеуметтік жанамаланған өнімі.
    Адам миының жұмыс ерекшелігі сырттан  түсіп  жатқан  ақпараттың  ерекше
тәсілмен таңба, белгілерге айналуынан көрінеді. Адамның болмысты  психикалық
бейнелеуі  –  бұл  қоғамды-  тарихи  тәжірибеде  қалыптасқан  сөздік  белгі,
адамдық ұғымдармен жанама күйде берілген өрнек, бейне.
    Психиканың негізгі жасау белгілері  –  оның  жүйелілігі,  біртұтастығы,
бөлшекке түспейтіндігі.
    Психика әрқилы күрделілік деңгейіндегі әрекет-қылықты қамтамасыз  етуші
көп сатылы (бірінен бірі жоғары) қызметтік жүйелерден  тұрады.  Психика  көп
деңгейлі ғана емес, ол  сонымен  бірге  көптеген  қасиет-сапаларға  ие  бола
тұрып, сан  алуан  қызметтерді  орындайды.  Көрінген  жүйе  өз  құрылымымен,
әрекеттік  қозғалысымен,  бірлікті  (интегралды)  күй-қалпымен  және  жүйелі
қасиеттерімен сипатталады.
    Психикалық жүйе  өзінің  ұйымдасу  шарттарымен  ерекшеленеді.  Ол  жүйе
психикалық үдерістерге, психикалық қалыптарға  және  психикалық  қасиеттерге
ажыралады.
    Психикалық болмыс өте күрделі, дегенмен, оны келесідей шартты  түрлерге
бөліп қарастыруға болады: экзопсихика, эндопсихика және интропсихика.
    Экзопсихика – психикалық дүниенің адам ағзасынан  тыс  жатқан  болмысты
бейнелеуші бір бөлігі.
    Эндопсихика – психикалық болмыстың  адам  азғысының  қалпын  бейнелеуші
құрамы.
    Интропсихика –  құрамды  психиканың  адам  ойын,  ерік  күшін,  қиялын,
ұйқыдағы түстерін қамтыған бөлшегі.
    Психика қоршаған  дүние  жөніндегі  санаға  келіп  түскен  ақпараттарды
біріктіру  және  оларға  түсініктеме  беру,  оларды   адамның   қажеттерімен
сәйкестендіру  және  адам  әрекет  қылығының  бейімделу,  болмысқа  икемделу
үдерісінде реттеу қызметтерін атқарып бару үшін қажет.
    У.  Джемс  пікірінше,  психиканың  негізгі  қызметі:  сырттай  болмысты
бейнелеу негізінде жеке әрекет-қылықты басқару және ретке  келтіру,  сонымен
бірге оны адам қажетіне сәйкестендіру.
    Е.Ф.  Ломов  өз  еңбектерінде  тұлға  әрекет-қылығы  мен   іс-әрекетіне
байланысты психиканың  үш  түрлі  қызметін  ажырат:  танымдық,  реттеушілік,
ақпарат алмасымен қарым-қатынасқа келу (коммуникативті). Адамның  бейімделуі
мен шығармашыл әрекетке түсуі осы үш қызметтің орындалуына тікелеу тәуелді.


    7-тақырып. Психикалық үдерістерді топтастыру (2 сағат)
    Барша  психикалық  құбылыстар  өзара  байланыста,   дегенмен   дәстүрлі
психология оларды үш топқа бөліп қарастырады: 1)  психикалық  үдерістер;  2)
психикалық қалыптар; 3) тұлғаның психикалық қасиеттері.
    Психикалық үдерістер негізгі тірек құбылыстар ретінде қарастырылады, ал
психикалық қалыптар мен  қасиеттерді  уақытша  әрі  психикалық  үдерістердің
тектік ауысулары деп білеміз. Барша психикалық  құбылыстар  өзара  бірігумен
бейнелеу-реттеу іс-әрекеттерінің біртұтас сарынын құрайды.
    Негізгі үш психикалық құбылыс сипаттамасы төмендегідей:
    Психикалық үдерістер – бейнелеу –  реттеу  іс-әрекеттерінің  жекеленген
тұтас қозғалысы. Психикалық үдерістің  әр  түрі  өз  бейнелеу  нысанына,  өз
реттеп бару ерекшелігі және меншікті заңдылықтарына ие.
    Психикалық  үдерістер  психикалық  құбылыстардың  бастау  көзі-  осылар
негізінде психикалық өрнектер қалыптасады.
    Субъекттің бейнеленуші нысанмен белсенді қарым-қатынасы, нысанды тануға
және онымен әрекеттік байланысқа түсуге бағытталған ерекше  өту  жүйесі  осы
психикалық үдерістерден көрінеді.
    Психикалық үдерістер түрі: 1) танымдық (түйсік, қабылдау,  ойлау,  қиял
және жад); 2) еріктік; 3) көңіл-күйлік.
    Адамның  психикалық  іс-әрекеті  –  бұл  таным,  ерік  және   көңіл-күй
үдерістерінің бірігімі.
    Психикалық қалыптар – іс-әрекет мазмұны және сол мазмұнға  болған  адам
қатынасында айқындалушы  психиканың  уақытша  өзіндік  көрінісі.  Психикалық
қалып - адам психикасы  бейнелерінің  үздіксіз  жаңаланып,  ауысып  тұруымен
болады.  Болмыспен  араласу  барысында  адамның   барша   психикалық   әлемі
салыстырмалы тұрақты бірігімде болып, оның нақты  мезеттегі  уақытша  көңіл-
күйінен, ынта-ықыласынан, яғни психикалық қалпынан байқалады.
    Психикалық қалып психикалық белсенділіктің жалпы  қызметтік  деңгейінде
адамның   нақты   мезеттік   іс-әрекетіне,   бағдары   мен   оның   тұлғалық
ерекшеліктеріне тәуелді көрініс береді.
    Психикалық  қалыптың  барша  түрлері  төмендегідей  өзара   топтасуымен
ажыралады:
    · сеп  түрткілік  (мотивтік)  -  қажеттіктерге  байланысты  ұстанымдар,
ниеттер, қызығулар, мұдделер, құмарлықтар.
    · сана дайындығы қалпы – зейінділік пен жұмыс  қабілеттілігінің  әрқилы
деңгейлерінде көрінеді;
    · эмоционалдық – көңіл-күйге байланысты түйсіну, көңіл-күйге байланысты
сырттай  ықпал-әсерге  жауап,  көңіл-күй   шарпулары   –   стресс,   аффект,
фрустрация;
    · еріктік -  адамның  нақты  мезеттегі  іс-әрекетке  деген  ынталылығы,
ұмтылысы,  шешімділігі,   табандылығы,   өжеттігі   т.б.   Бұлар   қатарында
психиканың өзара сыбайлас тұлғалық қалыптары да  болады:  психопатия,  мінез
асқынуы, невроздар және психикалық дамудың тоқырауы.
    Психикалық  қасиеттері  –  психиканың  әрбір  жеке  адамға  тән  тектік
ерекшеліктері,  тұлға  бойына  біткен  психикалық  үдерістердің   іске   асу
ерекшеліктері.
    Тұлғалық психика қасиеттері: 1)  темперамент,  2)  тұлға  бағыт-бағдары
(қажеттер  мүдделер,  дүниетаным  және  мұрат-мақсаттар);   3)   мінез;   4)
қабілеттер.


            8-тақырып. Сана – психиканың жоғары формасы (2 сағат)
                       Сананың пайда болуы және дамуы
    Психика дамуы бірнеше кезеңдерден өтеді.
    I-кезең.  қарапайым  сезімталдық   –   бұл   сатыда   тек   өкілдерінің
инстинкттері, яғни белгілі орта  жағдайларына  бейімделудің  тума  формалары
қалыптасады.
    II-кезең. Заттай қабылдау. Бұл кезеңнің нәтижесі – дағдылар,  яғни  тек
өкілінің жеке-дара тәжірибесімен игерілген әрекет-қылықтар формасы.
    III-кезең. Затаралық байланыстарды бейнелеу, яғни интеллектуалды әрекет-
қылық – заттар арасындағы  байланыс  –  қатынастарды  бейнелеуші  психикалық
әрекеттердің күрделі формасы.
    Қарапайым  сезімдік  сатыда  тіршілік  иесі  сыртқы  дүние   заттарының
жекеленген қасиеттеріне ғана назар  аударады,  ал  оның  әрекет-қылығы  тума
инстинкттерге (қоректену,  қорғану,  көбею  және  т.б.)  байланысты  келеді.
Заттай қабылдау кезеңінде болмысты бейнелеу заттарды тұтастай  күйінде  тану
жолымен іске асады, осыдан тек өкілі үйренуге бейімделіп, жеке-дара  әрекет-
қылық дағдыларын қалыптастыру қабілеттерін ала бастайды.
    Үшінші,  интеллекттік  кезеңінде  жан  иесі   затаралық   байланыстарды
бейнелеуге,  орта  жағдайларын  тұтастай   тануға   қабілеттеніп,   нәтижеде
кедергілерді айналып өту, алдағы әрекетке  дайындық  көріп,  оны  орындаудың
жаңа жолдарын «ойластыру» дәрежесіне  көтеріледі.  Бірақ  «ақыл-ес»  әрекеті
бұл кезеңде биологиялық қажеттер  аймағынан  шықпай,  көрнекілік  шеңберінде
орындалып жатады.
    Жануарлар психикасымен  салыстырғанда  адам  психикасы  біршама  жоғары
деңгейлі  (себебі  Homo  sapiens  –  ақылды  адам).  Адам  санасы,  ақыл-ойы
қажеттіктен  туындаған  еңбек  үдерісінде,  ежелгі  адамның  қиын   тіршілік
жағдайларының шұғыл өзгерістерінде бірлікті  әрекетке  келуінен  бірте-бірте
қалыптасып барды. Сонымен, адамзаттық материалды, рухани мәдениеті  –  барша
адамдардың психикалық  дамуымен  байланысты  жүзеге  келген  жетістіктерінің
ұжымдық формасы.
    Қоғамның тарихи даму барысында адам өз мінез-құлқы мен әрекет-қылығының
әдіс-тәсілдерін өзгертіп барады, өзінің  табиғи  нышандары  мен  қызметтерін
аса  жоғары  психикалық  қызметтерге  ауыстырады.  Енді   тума   қалыптасқан
инстинкт не жағдай үйреткен ауыспалы дағдылар анайы  адамиласқан,  қоғамдық-
тарихи шарттасқан ес,  ойлау,  қабылдау  (қисынды  ес,  дерексіз  –  қисынды
ойлау)  формаларына  өтеді.  Адам  бұдан  былай   тарихи   даму   үдерісінде
қалыптасқан  жанама  құралдарды  пайдаланып,   сөйлеу   рәміздерін   қолдану
қызметтерін атқаратын дәрежеге жетті. Жоғары  психикалық  қызметтер  бірлігі
адам санасының пайда болып, орнығуына арқау болды.
    Жануарлар   психикасымен   салыстырғанда   адам   психикасы   келесідей
ерекшеліктерге ие:
    · нәсілдік  және  табиғи  түрткі  (эмпирикалық)  жолдармен  қабылданған
әрекет-қылық  формаларымен  қатар  адам  қоршаған  ортада  бағдар  таңдаудың
түбегейлі  жаңа  құралы  –  сөзбен  ұрпақтан  ұрпаққа  берілетін  адамзаттық
тәжірибе  жоғары  біліммен  қаруланған  адам   психикасы   әлеуметтік   орта
жағдайында, әлеуметтік тәжірибені игеру барысында қалыптасады  әрі  үздіксіз
өрістеп, молайып барады.
    ·  адам  санасы  болмыстың  мәнді  тараптарын  және  заңдылықты   өзара
байланыстарын бейнелейді.  Тұлға  өзінің  тіршілігі  проблемаларын  қоршаған
ортаның  түрлі  жағдайлары  арасындағы  тұрақты  да  заңды  байланыстар  мен
қатынастарды анықтау негізінде шешіп отырады.
    ·  сана  сипаттары:  іс-әрекет  мақсаттарының  түсінімділігі,   болашақ
оқиғаларды ұғымдық жобаға келтіру, жалпы адамзаттық түсініктер мен  білімдер
жүйесіндегі өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері байқастыра білу.
    Сана арқасында адамға ғана дарыған қасиет – бұл оның  өз  әрекеттерінің
нәтижесін алдын ала көре біліп, жоспарлай алу  және  соларға  сәйкестендіріп
әдіс, тәсілдер мен құрал-жабдықтарды таңдай  білу  қабілеті.  Тұлға  өз  іс-
әрекет, қызметінің бағдарламасын алғашқыда оймен жобалап,  құрастырады.  Бұл
іс-әрекет жағдайды тікелей қабылдаумен шектелмей,  оның  даму  заңдылықтарын
білу негізінде орындалып жатады. Адам санасы алдағы  оқиғалардың  заңдылықты
қалануын болжастырады, яғни  бүгінгі  болмыстың  ертеңгі  болашағынан  хабар
бере алады.
    · жеке адам санасы қоғамдық санаға тәуелді. Қоғамдық сана  төмендегідей
формаларда көрінеді:
    1) ғылым –  заңдасқан  (канонды)  білімдер,  ұғымдар,  тұжырымдар  және
дүниетаным мен идеялық бағыттар жүйесі;
    2) өнер – болмысты  бейнелік  өрнектермен  рухани-тәжірибелік  тұрғыдан
игерудің  арнайы  түрі,  адамзат  тіршілігінің  әртүрлі  қырларының  бейнеге
келтірілген моделі;
    3) әлеуметтік талап, өлшем – шектеулер – қоғамдық  сана  аймағы,  нақты
қоғамның адамгершілік, идеологиялық,  саяси  және  құқықтық  құндылықтарының
жүйесі;
    4) адамдардың өз тіршілігінің экзистенциалды проблемаларына  (өмір  мен
өлім, ақырет, жақсылық пен  жамандық,  т.б.)  болған  қатынастарын  реттеуге
қолданатын  наным-сенімдері,  рәміздері   және   әрекет-қыймыл   үлгілерінің
жиынтығын бейнелеуші әлеуметтік-мәдени сана формасы.
    Сенім  –  заттасқан  дүние  зерттеулері   және   ой   қисыны   (логика)
негіздерімен дәлелденбейтін ерекше психикалық құбылыс.
    Қоғамдық сананың барша формалары бірлікті идеология құрайды.  Идеология
– бұл адамдардың болмысқа, бір-біріне,  қоғам  өміріне  болған  қатынастарын
реттеуші тірек құндылықтар мен негіздемелік ұғым, пікірлер жүйесі.
    Сана өзіндік сана және  өзіндік  жауап  әрекетке  келу  (саморефлексия)
қабілеттерімен байланысты.
    Өз төңірегіндегі дүниені сезінумен адам өзін сол  дүниеге  байланыстыра
қабылдайды.
    Өзіндік сана – бұл адамның қоршаған әлемге болған  құндылықты  –  мәнді
тұлғалық қатынастарының жүйесі.
    Адам психикасының ерекшелігі ретінде сана бидоминанта тетіктері  арқылы
іске  асып  отырады.  Бидоминанта  дегеніміз  тұлғаның  көп  түрлі  «мендік»
болмыстары (нақты «мен», қияли «мен», өткендегі  «мен»,  болашақтағы  «мен»,
отбасындағы  «мен»,  ресми  «мен»  және  т.б.)  арасындағы  «ой   ортақтасу»
қабілеті, оның өзімен  өзі  қатынасқа  келуі.  Осы  тұлға  бойындағы  диалог
әлеуметтік  өлшемдермен  жанама  күйге  енеді.   Адамның   ішкі   «Мені»   -
интериоризацияланған  «Өзге»,  яғни  өмір  барысында  тұлға  бойына   сіңген
әлеуметтік бастау.
    Болмыс құбылыстары адамның тәжірибе, қажеттеріне тәуелді оның санасында
өзіндік қалау- таңдауға сәйкестендіріле бейнеленеді.
    Ой, ойлауға қарағанда сана мәні кеңірек. Ол психикалық  іс-әрекеттердің
барша формаларын қамтыған сыртқы дүниенің біртұтас, бірігімді бейнесі.  Оның
құрамы әлемдік бейнелердің сезімдік формаларынан (түйсік,  қабылдау,  елес),
рационалдық танымнан  (дүниенің  жалпылама  –  теориялық  бейнесі),  сонымен
бірге  психикалық  өзіндік  реттеулердің  көңіл-күй,  еріктік   аймақтарынан
тұрады.
    Сана  -  болмыстың  категориялық  –  құндылықты  бейнесі   және   жалпы
адамзаттық  тәжірибені  меңгерудің  арқасында  адамның   өз   әрекет-қылығын
өзіндік реттеу білімдерінен құралған  психика  дамуындағы  ең  жоғары  саты,
деңгей.
    Сана қызметі адамның қоршаған ортамен  қатынас  жасаудағы  белсенділігі
мен  әрекетшеңдігі  нәтижесінде  қалыптасқан   өзара   сыбайлас   байланысты
психикалық бейнелердің үздіксіз ағымы күйінде орындалып барады. Осыдан  сана
біршама үдерістік (процессуальные) және мазмұндық ерекшеліктерге ие.
    Сана үдерістік тұрғыдан адамның өз тіршілігіне қажет  қоршаған  ортамен
байланыстар   түзудегі   белсенді   қозғалғыштығымен   (динамика),    заттық
бағдарлылығымен және бейнелеудегі  қателіктерден  сақтаушы  өзіндік  бағалау
(саморефлексия) қабілетімен сипатталады.
    Жеке тұлғаның төңірегіндегілермен ықпалдасты ара  қатынастарының  берік
тұрақтанған әдіс-тәсілдері түбегейлі бекіп, оның  астар  санасы  мен  жоғары
санасын қалыптастырады.
    Мазмұндық тұрғыдан адам санасы әлеуметтік  –  тарихи  ықпалға  тәуелді.
Даму (антропогенез) үдерісінде қалыптаса отырып, сананың  барша  құрылымдары
әлеуметтік –мәдени сипат алады.
    Жеке адам санасы және  оның  құрылымдары  кіші  балалық  шақтан  сыртқы
әлеуметтік жанамаланған іс-әрекеттер құрамын өз бойына  сіңіре  меншіктеумен
(интериоризация) қалыптасып барады.


    9-тақырып. Психика деңгейлерінің өзара байланысы (2 сағат)


    Адамның психикалық іс-әрекеті және оның  психикасы  бірдей  уақытта  үш
өзара байланысты деңгейде қызмет етеді. Мұндай деңгейлер  ғылымда  келесідей
аталған: бейсана, астар сана және ашық сана.
    Психикалық іс-әрекеттің бейсана (бессознательный) деңгейі адамда, жалпы
жануарлар  әлемінде  тума  инстинктті   –   рефлекторлы   қалыптасады.   Бұл
деңгейдегі  барша  әрекет  –  қылықтар  ой  түсінімінде   жоқ,   ойластыруға
келмейтін биологиялық тетіктер арқылы басқарылып,  реттеледі.  Олардың  бәрі
биологиялық қажеттерден туындайтын әрекеттер, яғни –  организмнің  және  тек
өкілінің өз  тіршілігін  сақтауы,  жалғастыруы  (қоректену,  қорғану,  ұрпақ
қалдыру).
    Алайда, адам әрекет-қылығының (генетикалық шартты) бағдарламасы  түптен
дербес емес, ол дамудың соңғы  кезеңдерінде  қалыптасқан  ми  құрылымдарының
бақылауында болады.  Дегенмен,  кейбір  сындарлы  жағдайларда  (адам  басына
қауіп-қатер төнгенде) бейсана психика  өзінен  өзі  іске  қосылып,  тіршілік
сақтау, қорғану әрекеттерін реттеп,  басқарады.  Тек  өкілінің  (индивидтің)
бұл  көңіл-күй  және  бей-берекет  (импульс)  әрекеттері  аймағы  ми   жарым
шарларының таламус және гипоталамус бөліктерінде орналасқан.
    Психикалық іс-әрекеттің астар сана  (подсознательный)  деңгейі  -  жеке
тұлғаның тәжірибесінде жалпыланып, автоматтық күйге енген  оның  өз  әрекет-
қылығының  тұрақтанған  формалары  –   ептіліктері,   дағдылары,   әдеттері,
сезімдік көрегендігі (интуиция).  Тек  өкілінің  мұндай  әрекет-қылықтарының
негізі оның  алғашқы  даму  кезеңдерінде  қалыптасқан.  Бұлар  қатарына  бас
миының қабық асты (лимбикалық) жүйесінде құрылымдық орын тепкен  импульстік-
көңіл-күйлік (импульсивно-эмоциональные) әрекеттері аймағы  да  кіреді.  Осы
психикалық  аймақта  тек  өкілінің  өзі  сезбейтін  ұмтылыстары,   ниеттері,
құмарлықтары мен ұстанымдары қалыптасады.  Бұлардың  бәрі  тұлғаның  ырықсыз
аймағы, «адамның екінші табиғаты» немесе  дағдылы  жеке  қылық-әрекеттерінің
«көзі», бойға біткен мінез әдеттері.
    Астар сана көп деңгейлі құрылым: төменгі деңгейде  ол  –  автоматтасқан
дағдылар  және  олардың  бірігімдері,  ал  жоғары  деңгейде  бұл   –   сезім
көрегендігі (интуиция).
    Астар деңгейлі автоматизмдер – бұл орындалатын іс-әрекеттердің біртекті
жағдайларда  бірыңғай  тұрақты   қайталанып   отыратын   көріністері,   яғни
динамикалық стереотиптер.  Бұл  ұғым  мәні  –  қалыпты  жағдайлардағы  жауап
әрекеттердің  үздік  байланысты,  «шынжырлы»  тізбегі  (көлік   жүргізушінің
әдетті қызметі, «отбасы, ошақ  қасы»  міндеттерін  орындау,  қолдағы  құрал-
саймандарды  ойланып  жатпастан  пайдалана   білу,   сөйлеу   мен   ым-ишара
әдеттері).  Бұлардың  бәрі  тек  өкілінің  өз   іс-әрекетін   реттеуі   үшін
қолданатын  дайын  қылық-әрекеттерінің  жиынтық   топтамасы.   Осы   дағдылы
әрекеттердің  болуынан  сана  жүктемесі   жеңілдеп,   оның   бұдан   былайғы
шығармашыл  істермен  айналысуына  жол  ашылады.  Сана  үздіксіз  қайталанып
отыратын біртекті әрекет, міндеттер шешуден құтылады.
    Астар санаға әрқилы психикалық бірігімдер де ысырыла, өтіп жатады. Олар
– орындалмай қалған тілек, ниеттер; шектелген  ұмтылыстар;  әрқилы  қатерлер
мен күйзелістер; амбициялар мен әсіре  талғамдар  (ұялшақтық,  жасқаншақтық,
мансап құмарлық және  т.б.).  Мұндай  бірігімдер  тұлғаның  тұрақты  әрекет-
қылықтарының астар саналық бағыт-бағдарын аңдатады.
    Астар сана – бұл бойға сіңген қалыптар мен ұстанымдар, жоғары  деңгейлі
адамгершілік қасиеттер мен сапалар. Ашық сана мүмкіндіктері әбден  шектелген
шақта астар сана әрекетке келеді (шектен тыс ашу,  ыза,  күтілмеген  қуаныш,
аса күшті психикалық жүктеме, күйзеліс жағдайларында).
    Астар сананың аса жоғары аймағы – сезім көрегендігі (интуиция),  аян  –
бұл  проблемді   жағдайды   бірігімді   қабылдау,   күтілмеген   шешімдердің
«жарқылы», өткен тәжірибенің  «суырып  салма»  қорытылуынан  болатын  алдағы
оқиғаның дамуын ырықсыз жобалай білу, яғни көрегендік.
    Адам психикасының санадан тыс аймағы –  оның  психикасының  тұңғиығында
жатқан күнделікті тұрмыста белгісіз құбылыс. Ол көбіне  адамның  эволюциялық
даму үдерісінде қалыптасқан. Астар сана аймағына  келесі  құбылыстар  енген:
түс көру, көрегендік, көңіл шарпуы, гипноз,  сенім,  қорқыныш,  қияли  үрей,
өзінше  пайда  болған  қауіптер,  негізсіз  қуаныш.  Тек   өкілінің   әрқилы
жағдайларда қандай да әдіспен, ойланбастан жоспарсыз  әрекет  істеуге  дайын
болуы да психиканың санадан тыс көріністері.
    Астар сана аймағы өте тұрақты, бұлжымас. Бұл  деңгейдегі  адам  әрекет-
қылығын тек қана психотерапия  және  гипноз  әдістерімен  біршама  басқаруға
болады.
    Ойлау аймағынан тыс үдерістер ашық санада  өз  жалғасын  табуы  мүмкін.
Керісінше, ашық санадағы психикалық әрекеттер астар санаға өтіп те жатады.
    Психиканың  санадан  тыс  аймағы  өзіндік  бағамға   келмейді,   ырықты
бақылауға  түспейді.  З.Фрейд  пайымдауынша,  бейсана  аймағы  ашық  санамен
сиыспайтын сеп-түрткілік (мотивационный)  қуат.  Әлеуметтік  орта  тыйымдары
Фрейд пікірінше, санаға «шек»  қояды,  жүйкелік  асқыну  сәттеріндегі  астар
саналық тосын ниеттерді басып отырады.
    Дау-дамайлы қалыптан құтылу үшін адам қорғаныс әрекеттеріне өтеді, яғни
психикалық қалпын санадан ығыстырады,  ауыстырады,  жаңалайды  не  шегініске
мәжбүр болады.
    Ал психоаналитик К.Г.Юнг ойы З.Фрейд  тұжырымдарынан  өзгеше.  Ол  ашық
сана мен астар сананы қарама-қарсы қоймай,  керісінше  ашық  сананы  ұжымдық
бейсананың тереңде жатқан  қабаттарының  жалғасы,  яғни  архетип  –  адамзат
тіршілігінің  бастау  кезеңдерінде  қалыптасқан  қылықтарының  елестері  деп
түсіндіреді.
    Юнг пайымдауынша, адам көпшілікпен араласу  себепті  жинақталған  астар
саналық  ұмтылыстары  негізінде  өз  бойындағы  мүмкіндіктерін  дербес  іске
асыруға талпынады. Ненің  жақсы,  ненің  жаман  екендігін  бізге  «сыбырлап»
тұратын ой не сана  емес,  ол  «көзсіз»  сезім,  астар  сана.  Біздің  барша
бейберекет,  ырықсыз  әрекеттеріміздің  билігі  өз   психикамыздың   тұңғиық
құрылымдары, тума берілген бағдарламалары мен әмбебап рәміздердің  ықпалында
жатыр.
    Сана құралы - ұғым, түсініктер,  ал  астар  сана  көңіл  шарпулары  мен
сезімдерге арқа сүйейді. Астар  сана  деңгейінде  қабылданған  нысандар  мен
құбылыстарға және олардың астар  санада  қалыптасқан  өлшем-шектеріне  «қас-
қағымда» шұғыл баға беріледі.
    Астар санамен  бір  қатар  З.Фрейд  адам  психикасының  тұғырлы  мәндік
тетіктері, яғни тұлғаның әлеуметтік ықпал жасау, өзін инабаттылық  арнасында
қадағалай білу қабілеттері ретінде танылған  жоғары  сана  –  «супер  эгоны»
ажырата қарастырады.  Адамның  барша  рухани  дүниесі  –  бұл  тек  өкілінің
өзімшілдік  тоқырауына  қарсы  тұратын,  идеялық  шыңдалуы   мен   ізгілікті
жетілуін білдіруші жоғары сана аймағы.
    Ашық сана – бұл тұлғаның білімдері және мәдени әлеуметтену  саласы.  Ол
көп жағдайларда адамның тума, табиғи (инстинкт) құмарлықтары  мен  әдеттерін
қадағалайды әрі шегеріп отырады.
    Танымал грузин психологі Д.Н.Узнадзе (1886-1950) және  оның  шәкірттері
өзекті  түсініктеме   принципі   ретінде   ұстаным   (установка)   принципін
ажыратады. Бұл  принцип  мәні  –  әрқандай  ұстанымнан  субъекттің  біртұтас
модификациясын,  оның  болмысты  қабылдауға  әрі  белгілі   нақты   тәсілмен
әрекеттенуге дайындығын байқаймыз. Узнадзе пікірінше,  ұстанымда  психиканың
ашық сана және астар сана аймақтары бірігімге келеді. Әрбір әрекет  –  қылық
жағдайы ежелден қалыптасқан мінез-құлық, әрекет  топтарын  жүзеге  келтіріп,
іске қосады.
    Адам психикасы  құрамында  ашық  сананың,  астар  сана  мен  бейсананың
болуынан   адамның   әрекет-қимылдарының   келесідей   түрлерінің    ықтимал
дербестігі көрінеді: 1) бейсана – инстинкттік тума қимылдар;  2)  бейберекет
әрекеттер, жете түсінімге  келмеген  қимылдар,  әдетке  айналған,  автоматты
астар саналы іс-әрекеттер; дағдылы қызметтер; 3) саналы  да  ырықты,  ерікке
бағындырылған  әрекеттер.  Мұндай   әрекеттер   адамның   қоршаған   ортамен
байланысында жетекшілік рөл атқарады.
    Адам санасы –  оның  іс-әрекеті  мен  мінез-құлығын  реттеудің  ұғымдық
тетігі.  Іс-әрекеттен  біз  белсенділіктің   ерекше   адамиласқан   формасын
танимыз. Жануарлар қылығынан адамның бұл белсенділігі  жасампаздық  өнімімен
ажыралады. Сонымен бірге бұл белсенділік құрылым тұрғысынан жіктемелі.  Онда
іс-әрекеттің сеп-түрткілері мен  мақсаттарының  түсінімге  келуі  адамзаттың
мәдени-тарихи   даму   үдерісінде   жасалған    құрал-сайман,    жабдықтарды
пайдалануы, әлеуметтену барысында  меңгерілген  ептіліктер  мен  дағдылардың
қолданылуы жеке-жеке көрініс береді.
    Сана адамның іс-әрекетке келуіне себептік ықпал жасап әрі  бағдар  бере
отырып, сол  іс-әрекетте  қалыптасады  және  көрінеді.  Күні  ілгері  санада
қалыптасқан психикалық бейне, заттасқан әрекет жобасы осы іс-әрекетте,  оның
нысаны мен нәтижесінде өз нақтылығын табады.  Болмыс  заттарының  психикалық
бейнесі  сол  заттардың  іс-әрекет  желісінде  алған  орны  мен   құрылымына
тәуелді.
    Заттарды іс-әрекет барысында қамтудың өзі олардың психикалық бейнесінің
сәйкестігін  қамтамасыз  етеді.  Адам  іс-әрекеті  заттар  мағынасын  ашумен
байланысты, ал оған орай қолданылатын  құрал-жабдықтар  өз  бойында  адамның
тарихи жетілген әрекеттерінің сұлбасын сақтайды.













3.1 І-МОДУЛЬ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҒЫНЫҢ СҰРАҚТАРЫ

№ 1 семинар сабағы. Психология ғылым саласы ретінде (1 сағат)
Мақсаты:
Психология  ғылымының  дербес  ғылым  саласы  ретіндегі  мәнін  аша  атырып,
қазіргі заман психологиясының  негізгі  мәселелерімен  психолог-студенттерді
таныстыру.
                        Талқылауға арналған сұрақтар:
   1. Психология – психика механизімі мен оның заңдылықтарын зерттеуші ғылым
      саласы ретінде.
   2. Психиология ғылымында қарастырылатын негізгі мәселелер.
   3. Қазіргі заман психологиясында қарастырылатын жалпы түсініктер.
   4.  Қазіргі  заман  психологиясының  оқыту  және  тәрбиелеуге  байланысты
      арнаулы салалары.
Әдістемелік нұсқау:
      Психологияның ғылым  саласы  ретінде  даму  перспективасына  сараптама
жасай   отырып,   негізгі   қарастырылатын   ұғымдарға   студенттердің    өз
түсініктерін беруі көзделеді.

Әдебиеттер:

   1. Немов Р.С.  Учебник  для  студентов  высших  пед.  учебных  заведений.
      Т1.(Общие основы психологии) – М., 2003
   2. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. - А., 2005


№2 семинар сабағы. Психологияның пәні, міндеттері мен зерттеу әдістері
(1 сағат)
Мақсаты:
Психологияның теориялық (пәні,  міндеті)  және  методологиялық  негіздерінің
(зерттеу әдістері) мәнін ашу, олардың танымдық роліне көз жеткізу.
                        Талқылауға арналған сұрақтар:
   1. Психологиялық зерттеу әдісінің негізгі мәселелері.
   2. Психологиялық зерттеу әдістері тарихынан мәліметтер.
   3. Бақылау, өзін-өзі бақылау, олардың танымдық ролі.
   4.   Психологиядағы  моделдеу,  сауалнама,   эксперимент,   психологиялық
      тесттер.
Әдістемелік нұсқау:
    Психологияның теориялық және методологиялық негіздерін талдау.  Зерттеу
әдістерінің қалыптасу заңдылықтарына көңіл аударып, психиологиядағы  зерттеу
әдістерінің өзіндік жетістіктері және кемшіліктеріне сараптама жасаңыз.
Әдебиеттер:

   1. Немов Р.С.  Учебник  для  студентов  высших  пед.  учебных  заведений.
      Т1.(Общие основы психологии) – М., 2003
   2. Жарықбаев Қ. Психология. – А., 2001

№ 3 семинар сабағы. Психологияның жаратылыстану-ғылыми негіздері
(2 сағат)
Мақсаты:
    Психология  ғылымының  пайда  болу  тарихын   түсіну   негізінде   оның
жаратылыстық ғылыми негіздерін теориялық әрі практикалық маңызын көрсету.
                        Талқылауға арналған сұрақтар:
   1. Адамның орталық  жүйке  жүйесінің  құрылысы,  қызметі  және  қасиетіне
      сипаттама.
   2.  Ми  қыртысының  негізгі  өрістері  және   қызметтері.   Ми   қыртысы,
      жартышарлар, гипоталамус, гипофиз.
   3. Орталық жүйке жүйесіндегі жағдай, ролі және  ретикулярлық  формацияның
      қызметі.
Әдістемелік нұсқау:
       Адамның  орталық  жүйке  жүйесінің  құрылысы,  қызметі  және  қасиет-
сапаларына анатомиялық-физиологиялық сараптама жасаңыз.

Әдебиеттер:

   1. Гамезо М.В., Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998
   2. Немов Р.С.  Учебник  для  студентов  высших  пед.  учебных  заведений.
      Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003

№ 4 семинар сабағы. Адам миы және  психика:  байланыс  принципі  және  жалпы
механизмі (2 сағат)
Мақсаты:
Психиканың пайда болуы туралы  теориялармен  таыстыру,  психика  мен  жоғары
жүйке жүйесінің байланысын көрсету.
                        Талқылауға арналған сұрақтар:
   1. Психикалық процестердің адам миының жұмысымен байланысы.
   2.  Қозғалысты  реттеудегі  психиканың  қатысуы  туралы  Н.А.Бернштейннің
      ілімі.
   3. Әрекет-қылықты реттеудегі психикалық және физиологиялық  құбылыстардың
      өзара байланыс моделі ретінде П.К.Анохин  бойынша  функционалдық  жүйе
      концепциясы.
   4. А.Р.Лурия зерттеулері бойынша мидың негізгі функционалды блоктары.
   5. Ырықты зейіннің физиологиялық механизмі туралы Т.Рибоның теориясы.
Әдістемелік нұсқау:
       Адам  миы  мен  психиканың  байланыс  қызметінің   приципін   ашыңыз.
Психикалық  құбылыстарды  ми  қызметі  жұмысымен   салыстыра   отырып,   бұл
бағыттағы орыс физиологтарының еңбектері мен олардың ұсынған  концепцияларын
талдау жасаңыз.

Әдебиеттер:

   1. Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998
   2. Немов Р.С.  Учебник  для  студентов  высших  пед.  учебных  заведений.
      Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003

№  5  семинар  сабағы.  Психика  мен  әрекет-қылықтың  төменгі  формаларының
қалыптасуы (2 сағат)
Мақсаты:
Психиканың пайда болуын материалистік  және  идеалистік  тұрғыдан  түсіндіре
отырып, психикалық бейнелеу ерекшіліктерімен таныстыру.
                        Талқылауға арналған сұрақтар:
   1. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері.
   2. Жүйке жүйесінің пайда болуы және оның психиканың дамуындағы ролі.
   3.  Жануарлар  тәртібі  мен  психикасының  даму  деңгейінің   стадияларын
      талдау(А.Н.Леонтьев, К.Э.Фабри бойынша).
Әдістемелік нұсқау:
    Психиканың  шығу   тегін   материалистік   және   идеалистік   тұрғыдан
түсіндіруге көңіл  аударыңыз.  Бұл  екі  бағыттың  ұсынатын  аргументтерінің
жағымды және жағымсыз жақтарын зерделеңіз.
Әдебиеттер:
   1. Гамезо М.В., Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998
   2. Немов Р.С.  Учебник  для  студентов  высших  пед.  учебных  заведений.
      Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003
   3. Столяренко Л.Д. Основы психолоии. – Ростов-на Дону, 1996

№ 6 семинар  сабағы.  Адамның  жоғары  психикалық  функцияларының  дамуы  (2
сағат)
Мақсаты:
Адам  және  жануар  психикасының  даму  заңдылықтарын  түсіндіру,  салыстыру
негізінде жоғары психикалық қызмет дамуының заңдылықтарын көрсету.
                        Талқылауға арналған сұрақтар:
   1. Жоғары психикалық функция туралы түсінік.
   2. Жоғары психикалық қызметтің дамуының негізгі көздері мен алғышарттары.
   3.  Таным  процестерінің  жоғары   психикалық   функция   ретінде    даму
      ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқау:
        Жоғары   психикалық   қызметтің   дамуының   негізгі   көздері   мен
алғышарттарына  (белгілер   жүйесіне,   материалдық   заттар   және   рухани
мәдениеттің қалыптасуына) талдау жасаңыз. Адам және  жануарлар  психикасының
дамуын кесте жұмысы арқылы салыстырыңыз.
Әдебиеттер:
   1. Немов Р.С.  Учебник  для  студентов  высших  пед.  учебных  заведений.
      Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003
   2. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб., 2004
   3. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. - А., 2005
   3. Столяренко Л.Д. Основы психолоии. – Ростов-на Дону, 1996

№ 7 семинар сабағы. Сананың пайда болуы және дамуы. Бейсана
(2 сағат)
Мақсаты:
Сананың негізгі  белгілерімен,  оның  қалыптасуының  алғышарттарымен  таныса
отырып, сананың – психика дамуының жоғары формасы  екендігіне  көз  жеткізу.
Сана және бейсана арақатынасын көрсету.
                        Талқылауға арналған сұрақтар:
   1. Сананың негізгі белгілері.
   2. Сана адамның шындықты бейнелеуінің формасы ретінде.
   3. Сананың қалыптасуының алғы шарттары.
Әдістемелік нұсқау:
      Сананың фило-онтогенетикалық даму бағыттарына  талдау  жасай  отырып,
адам санасының мүмкіндіктеріне  мысалдар  келтіріңіз.  Оларға  психологиялық
талдау жасаңыз. Адам  әркет-қылығындағы,  психикалық  процестер  кейіп  және
қасиеттеріндегі бейсаналылықтық көрінуін түсіндіруге байланысты  қалыптасқан
психологиялық ағымдардың тұжырымдамаларына көңіл аударыңыз.

Әдебиеттер:
   1. Немов Р.С.  Учебник  для  студентов  высших  пед.  учебных  заведений.
      Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003
   2. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб., 2004
   3. Столяренко Л.Д. Основы психолоии. – Ростов-на Дону, 1996

№ 8 семинар сабағы. Психология және адам туралы ғылымдар (1 сағат)
Мақсаты:
Психологияның басқа  ғылымдармен  байланысын  көрсету  және  басқа  ғылымдар
жүйесінде алатын орнын белгілеу.
                        Талқылауға арналған сұрақтар:
   1.  Психология  ғылымының   тарих,   философия   арасындағы   қалыптасқан
      байланыстар.
   2. Әлеуметтану ғылым салаларымен байланысы,олардың өзара толықтырулары.
   3. Психология және педагогика одағының дәстүрлілігі.
Әдістемелік нұсқау:
    Психология ғылымының  тарих,  философия  және  педагогика  ғылымдарымен
өзара  байланысын  тарихи  және  қазіргі  заман   тұрғысынан   түсіндіріңіз.
Балаларды  оқыту  және   тәрбиелеу   мәселесін   шешудегі   педагогика   мен
психологияның   бірігуінің   объективті   және    субъективті    мәселелерін
қарастырыңыз.

Әдебиеттер:

   1. Немов Р.С.  Учебник  для  студентов  высших  пед.  учебных  заведений.
      Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003
   2. Крысько В.Г. Психология и педагогика  в  схемах  и  таблицах  (Учебно-
      методическое пособие).  – М., 2000

№ 9 семинар сабағы. Психологияның дамуының тарихи кезеңдері (1 сағат)
Мақсаты:
Психологияның дербес ғылымға  айналу  процесінде  әр  заманның  бұл  ғылымға
тигізген  әсерін  көрсету  негізінде  маңызды  тарихи  кезеңдерге  теориялық
талдау жасау.
                        Талқылауға арналған сұрақтар:
   1.  Психологиялық  білімдердің  пайда  болуы,оған  деген   қызығушылықтың
      ежелгілігі.
   2. Қайта өрлеу  дәуірінен  XIX-ғасырдың  ортасына  дейінгі  психологияның
      дамуы.
   3.  XIX-ғасырдың   ортасынан   XX-ғасырдың   екінші   жартысына   дейінгі
      психологиялық білімдердің дамуы.
                             Әдістемелік нұсқау:
      Психологияның  дамуының  тарихи  кезеңдеріне  хронологиялық  сараптама
жасаңыз.  Психологияның  дамуына  өз   үлестерін   қосқан   негізгі   ғылыми
жаңалықтарға (Р.Декарттың рефлекс туралы ілімі;  Эмпиризм  және  сенсуализм;
Интроспекция әдісінің  пайда  болуы;  Психофизиологияның,    эксперименталды
психологияның қалыптасуы; Психологияның жеке  ғылым  саласына  айналуы;  Осы
кезеңдегі     психологиядағы     дағдарыстың     себептері;     Бихевиоризм,
гештальтпсихология, фрейдизм бағыттарының қалыптасуы) тезаирус жасаңыз.
                                 Әдебиеттер:

   1. Немов Р.С.  Учебник  для  студентов  высших  пед.  учебных  заведений.
      Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003
   2. Ждан А.Н. История психологии: От античности до наших дней. – М., 1990

№  10  семинар  сабағы.  Кеңестік  психологияның  қалыптасуы  және   қазіргі
психологияның жағдайы (1 сағат)
Мақсаты:
Кеңестік  психологияның  қалыптасуы  және  қазіргі  психологияның  жағдайына
теориялық талдау жасап, маңызды кезңдерді көрсету.
                        Талқылауға арналған сұрақтар:
   1.  ХХ-жылдардағы   кеңес   психологтарының   ғылыми-зерттеудің   негізгі
      бағыттары.
   2. С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, Д.Н.Узнадзенің жаңа ғылым мектептерінің
      ашылуы.
   3. Қалыптасқан негізгі бағыттардың қарастыратын мәселелері.
Әдістемелік нұсқау:
        Қазіргі   заманғы   психологиялық   ғылымдардың   дамуының   негізгі
тенденцияларына талдау жасаңыз.  Қазақстанда  психология  ғылымының  дамуына
байланысты мәліметтер жинақтаңыз.

Әдебиеттер:

   1. Немов Р.С.  Учебник  для  студентов  высших  пед.  учебных  заведений.
      Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003
   2. Жарыкбаев К. Психологическая наука в Казахстане. -  А., 2002


5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
5.1 СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау
Студенттің  өздік  жұмысы  (СӨЖ)  олардың  индивидуалды  және   топпен   оқу
әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз  іске  асады
(немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).
       Өздік  жұмысының  маңыздылығы  оқытыушының   көмегінсіз,   студенттің
міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде  қолдану  оның  қандай
да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.
      СӨЖ– өзінің білімін  жетілдіру  әдісі,  оқытудағы  әртүрлі  әдістермен
дедактикалық   байланысы.   Студент   өздік   жұмысы   процесінде   белсенді
шығармашылық  жеке  тұлға  ретінде  көрінеді,  өзінің  мәдениетін  таратушы,
бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.
Берілген тақырыпты конспектілеу
Негізгі талаптар:
   1.  Жазып  отырған  тақырыптан  алшақтамай,  оның  мазмұнын  нақты  ашуға
      талпыну.
   2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
   3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын  жоспарға  сай  рет-
      ретімен жүйелі баяндауы қажет.
   4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.
   5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
                             Реферат жазуда не ескеріледі?
   1.  Таңдап  алған  рефераттың  тақырыбына   қатысты   студент   кішігірім
      зерттеулер жасайды.  Студен  осы  алғашқы  ғылыми  жұмысқа  байланысты
      мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.
   2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.
   3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың  өзара
      сабақтастығын тануға дағдыланады.
   4. Фактілер,  фактілік  материалдарды  іріктеу  және  жинақтау  негізінде
      таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.
   5.  Пайдаланған  деректер,  материалдар,  әдебиеттердің  тізімін,  қайдан
      алғанын  (сілтеме)  қайда,  қашан,  қандай  баспадан  жарық   көргенін
      көрсетуі қажет.
   6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы
      қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады.  Тақырыпты
      зерттеуші студен реферат мазмұнын  аудиторияда  баяндайды,  сұрақтарға
      жауап береді.
Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық  белсенділігін
арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.
    Рефератты  талқылау  –  шығармашылық  жұмыстың   бір   көрінісі,   яғни
білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік  мән-мазмұны  зор  әрекет,
жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай,  нақты,  тұжырымды
ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
    Рефератты талқылып, қорытындысын  шығару  –  маңызы  зор  жауапты  сәт,
белгілі бір тақырып төңірегінде  ғылыми  дәйекті  тұжырымдар  жасап  үйрену.
Соңында оқытушы  реферат  жазған  студенттің,  пікір  айтушылардың  сөздерін
жинақтап,  қажетті  толықтырулар  енгізеді,  мәселенің  түсініксіз  тұстарын
анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.

Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
    1.  Өздігінен  білім  алу  үшін,  алдымен  сол  жұмысқа  қажетті  нақты
дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі  анықтама
әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
    2.  Біліммен  жемісті  шұғылдану  қолайлы  жағдайларды  (уақыт,   орын,
тиісті әдебиеттер  мен  құралдардың  болуы  т.б.)  керек  етеді,  ең  дұрысы
кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
    3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын  анық  біліп,  ол  жұмысты
белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
    4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі  адамдардан,  кітапханалардан
ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
    5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп  үзіліс  жасамай  жүргізген
жөн.
    6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп  ұғып,  түсінбеген  жерлерді
қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
    7. Анықтама әдебиеттерді,  энциклопедияларды,  түрлі  сөздіктерді  қоса
пайдаланып отыру керек.

    Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
   1. Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай,  оның  сапасын  арттыруға  көңіл
      аудару;
   2. Студенттердің өздік  жұмысын  оқу  жұмысының  басқа  түрлерімен  дұрыс
      ұштастыра білу;
   3. Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі
      түрде дамыту;
   4. Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден  алынған  материалдарды,
      хабарларды енгізу;
   5. Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы  заңдылықтарын,  сонымен
      қатар  нақты  фактілер  мен  құбылыстарды  өздігінен  талдап  түсінуге
      үйрету;
   6. Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
   7. Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан  қарауға,  әр  уақытта
      дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
   8. Студенттердің өздігінен  дербес  жұмыс  істеу,  еңбек  ету  дағдыларын
      қалыптастыру.


































Пәндер