Файл қосу

Электр өрісіндегі өткізгіштер










                5В071700 -«Жылу энергетикасы»  мамандығы үшін
                                  «Физика»
                       ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



                        СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ
                                БАҒДАРЛАМАСЫ




















                                    Семей
                                    2013


                                  Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырушы  –  «___»  _____  2013   ж.   ________   Рахимбердина   Анаргуль
Турысбековна «Физика» кафедрасының аға оқытушысы

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 «Физика» кафедрасының отырысында
№     хаттама,  ___  ________  2013 ж.
Кафедра меңгерушісі  _______   Маусымбаев С.С.

2.2.   Физика-математика   факультетінің   оқу-әдістемелік   бюросы   кеңесі
отырысында
№  ____  хаттама, _____ ___________ 2013 ж.
Төраға ________  Батырова К.А.

3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында  құпталып  және  баспаға
ұсынылды
№ __   хаттама, ____ ____________2013 ж.

ОӘК төрағасы  ________ Искакова Г.К.

4 Алғаш рет енгізілді





















                                   Мазмұны

   1. Жалпы мағлұмат
   2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағатты жіктеу.
   3. Курсты оқыту туралы әдістемелік нұсқау
   4. Курстың форматы
   5. Курстың  саясаты
   6. Баға қою саясаты
   7. Әдебиеттер

































1 ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат
Рахимбердина Анаргуль Турысбековна
Кафедра «Физика және электротехника»
Байланыс туралы ақпарат – тел. 35-26-22, №1 оқу корпусы, № 1110 каб.
Сабақты жүргізу орыны – 11-ші қабат аудиториялары
Осы пән бойынша кредит саны  – 4

 2. Пәннің мазмұнының қысқаша сипаттамасы
        Механика.  Кинематика.  Материалық  нүктенің  және   қатты   дененің
динамикасы.   Сақталу   заңдары.    Арнайы    салыстырмалылық    теориясының
элементтері.  Тұтас  орталар  механикасының  элементтері.  Тербелістер   мен
толқындар. Молекулалық физика және термодинамика. Статистикалық физика  және
термодинамика.   Статистикалық    үлестірілу.    Термодинамика    негіздері.
Тасымалдау құбылысы. Реал газдар.  Электр  және  магнетизм.  Электростатика.
Тұрақты   электр   тоғы.    Магнит   өрісі.    Заттардың    магнит    өрісі.
Электромагниттік индукция құбылысы.  Максвелл  теңдеулері.  Электромагниттік
тербелістер.
        Оптика.  Сәулелік  (геометриялық)  оптика  туралы   түсінік.   Жарық
толқындарының    қасиеттері.    Интерференция,     дифракция.     Заттардағы
электромагниттік толқындар. Жарықтың  дисперсиясы,  поляризациясы.  Кванттық
физика.Жылулық сәулелену. Фотондар. Фотоэффект. Комптон эффектісі.  Кванттық
теорияның негізгі  идеяларын  тәжірибе  жүзінде  тұжырымдау.  Корпускаулалы-
толқындық екіжақтылық. Шредингер теңдеулері. Кванттық теориядағы  атом  және
молекула.   Өздігінен  және   ынталандырушы   (стимулированное)   сәулелену.
Лазерлер. Кванттық статистиканың элементтері.
1.3.  Осы курстың мақсаты физика туралы мағлұматтар алулары керек;
1.4 Осы  пәннің  негізгі  мақсаты   қарастыратын  негізгі  құбылыстар  жайлы
білімді,     олардың  өту  ерекшеліктерін,  негізгі   ұғымдарды,   физикалық
шамаларды,  олардың      математикалық   жазылуларын,   өлшем   бірліктерін;
тәжірибелік әдістердің     негіздерін  және  өлшеу  нәтижелерін        өңдеу
туралы мағлұматтар алулары керек.
5.  Оқытудың нәтижелері:
Курсты оқығаннан соң студент  игеруі  қажет:
негізгі  құбылыстарды,  олардың  өту  ерекшеліктерін,   негізгі   ұғымдарды,
шамаларды,   олардың   математикалық   жазылуларын,    өлшем    бірліктерін;
тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу  нәтижелерін   өңдеуді;  физика
заңдарын нақты физикалық есептерге қолдануды, құралдармен жұмыс істеуді;
ұға білуі қажет:
негізгі физикалық заңдылықтарды, олардың табиғатта байқалуын және  техникада
қолданылуын, математикалық сипатталуын;
меңгеруі қажет:
  физикалық приборлармен жұмыс істеуді, физиканың нақты есептерін  шығаруды
және оны физика заңдарымен   байланыстыра білуді;
     Курсты оқығаннан соң студент мынаны істей білуі қажет:
          - құбылыстың физикалық механизмін аша білуі,  белгілі  бір  нақты
процестерде термодинамикалық параметрлердің өзгерісіне талдау жасай білуі,
          -  статистикалық әдісті қолдана білуі;
           -  құралдармен  және  жүйелердің  негізгі  параметрлерін   өлшеу
әдістерімен
            жұмыс істей білуі;
          - молекулалық жүйелермен істелінетін физикалық эксперименттердің
техникасын меңгеруі, термодинамилық параметрлерді, тұрақтыларды
          - процесс сипаттамаларын өлшей  білуі,  өлшеу  нәтижесін  бағалай
білуі,
компьютерді қолдана білуі және  өлшеу  нәтижесінің  статистикалық  өңдеуінің
нәтижесін  ала  білуі;  молекулалық  физика  және  термодинамика   есептерін
  шығара білуі.
1.6   Курс пререквизиттері:
1.6.1   математикалық анализ
1.6.2  дифференциалдық және интегралдық теңдеулер
1.6.3 аналитикалық геометрия және жоғарғы математика
1.6.4  векторлық және тензорлық анализ негіздері
1.7   Курс постреквизиттері:
1.7.1 Электротехника

1.7.2 Жылу техникасы;


2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІНЕ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
                                                                     1-кесте
|№  |                                            |Сағаттар саны             |Әдебиет |
|   |Тақырып аттары                              |                          |тер     |
|   |                                            |Дәр |Зер  |Маш   |ОБС  |СӨЖ|        |
|   |                                            |    |     |саб   |ӨЖ   |   |        |
|1  |2                                           |3   |4    |5     |6    |7  |8       |
|Модуль № 1  Механика. Молекулалық физика                                            |
|1. |Дәріс № 1. Кинематика. Механикалық қозғалыс |1   |1    |1     |3    |3  |        |
|   |– материя қозғалысының қарапайым үлгісі.    |    |     |      |     |   |        |
|   |Кеңістік пен уақыт. Санақ жүйесі. Материялық|    |     |      |     |   |        |
|   |нүкте туралы түсінік. Материялық нүкте      |    |     |      |     |   |        |
|   |қозғалысының сипаттамасы. Қозғалыс заңы.    |    |     |      |     |   |        |
|   |Траектория теңдеуі. Жылдамдық пен үдеу      |    |     |      |     |   |        |
|   |радиус-вектордың уақыт бойынша туындылары.  |    |     |      |     |   |        |
|   |Айналмалы қозғалыстың кинематикасының       |    |     |      |     |   |        |
|   |элементтері. Қисық сызықты қозғалыстағы     |    |     |      |     |   |        |
|   |жылдамдық пен үдеу. Бұрыштық жылдамдық пен  |    |     |      |     |   |        |
|   |бұрыштық үдеу.                              |    |     |      |     |   |        |
|   |Машықтану сабағы № 1 Материалық нүктенің    |    |     |      |     |   |        |
|   |кинематикасы,  динамикасы.                  |    |     |      |     |   |        |
|   |Зертханалық  сабақ № 1 «Қателіктер          |    |     |      |     |   |        |
|   |теориясына кіріспе. Геометриялық дұрыс      |    |     |      |     |   |        |
|   |формалы денелердің тығыздықтарын анықтау»   |    |     |      |     |   |        |
|   |Өздік жұмыс № 1 Бұкіл әлемдік тартылыс күші.|    |     |      |     |   |        |
|2. |Дәріс  № 2  Материялық нүкте мен қатты      |1   |1    |      |3    |3  |        |
|   |дененің динамикасы.  Инерциялды санақ       |    |     |      |     |   |        |
|   |жүйесі. Ньютон заңдары. Масса. Импульс. Күш.|    |     |      |     |   |        |
|   |Механикадағы күштер. Гравитациялық күштер.  |    |     |      |     |   |        |
|   |Бүкіл әлемдік тартылыс күші.   Серпімділік  |    |     |      |     |   |        |
|   |күші. Гук заңы. Үйкеліс күштері. Абсолют    |    |     |      |     |   |        |
|   |қатты дене туралы түсінік. Импульс моменті. |    |     |      |     |   |        |
|   |Күш моменті және қатты дененің инерция      |    |     |      |     |   |        |
|   |моменті. Қатты дененің қозғалмайтын оське   |    |     |      |     |   |        |
|   |қатысты айналмалы қозғалысының              |    |     |      |     |   |        |
|   |динами-касының теңдеуі. Материялық          |    |     |      |     |   |        |
|   |нүктелердің жүйесі. Ішкі және сыртқы күштер.|    |     |      |     |   |        |
|   |                                            |    |     |      |     |   |        |
|   |Зертханалық сабақ № 2 «Обербек маятнигі     |    |     |      |     |   |        |
|   |көмегімен айналмалы қозғалыс заңдылықтарын  |    |     |      |     |   |        |
|   |зерттеу».                                   |    |     |      |     |   |        |
|   |Өздік жұмыс № 2 Консервативті және          |    |     |      |     |   |        |
|   |консервативтік емес кұштер.                 |    |     |      |     |   |        |
|3. |Дәріс  № 3 Энергия - қозғалыс және әсерлесу |1   |1    |1     |3    |3  |        |
|   |түрлерінің универсал мөлшері.  Күш жұмысы   |    |     |      |     |   |        |
|   |және оның қисық сызықты интеграл арқылы     |    |     |      |     |   |        |
|   |алынған өрнегі. Механикалық жүйенің         |    |     |      |     |   |        |
|   |кинетикалық энергиясы және оның жүйеге      |    |     |      |     |   |        |
|   |түсірілген ішкі және сыртқы күштердің       |    |     |      |     |   |        |
|   |жұмысымен байланысы. Сыртқы күш өрісіндегі  |    |     |      |     |   |        |
|   |материялық нүктенің потенциалдық энергиясы  |    |     |      |     |   |        |
|   |және оның материялық нүктеге әсер етуші     |    |     |      |     |   |        |
|   |күшпен байланысы. Консервативті және        |    |     |      |     |   |        |
|   |консервативті емес күштер. Орталық күш      |    |     |      |     |   |        |
|   |өрісіндегі қозғалыс.                        |    |     |      |     |   |        |
|   |Сақталу заңдары.  Импульстің сақталу заңы.  |    |     |      |     |   |        |
|   |Импульс моментінің сақталу заңы.            |    |     |      |     |   |        |
|   |Механикадағы энергияның сақталу заңы.       |    |     |      |     |   |        |
|   |Машықтану сабағы № 2 Қатты дененің          |    |     |      |     |   |        |
|   |динамикасы. Механикадағы сақталу заңдары.   |    |     |      |     |   |        |
|   |Зертханалық сабақ № 3   «Тұтас дөңгелектің  |    |     |      |     |   |        |
|   |инерция моментін және үйкеліс күшін анықтау»|    |     |      |     |   |        |
|   |Өздік жұмыс № 3 Инерциальды емес санақ      |    |     |      |     |   |        |
|   |жүйесіндегі қозғалысты сипаттау             |    |     |      |     |   |        |
|4. |Дәріс  № 4 Механикадағы салыстырмалылық     |1   |     |1     |3    |3  |        |
|   |принципі. Механикалық салыстырмалылық       |    |     |      |     |   |        |
|   |принцип.  Галилей түрлендірулері. Эйнштейн  |    |     |      |     |   |        |
|   |постулаттары. Лоренц  түрлендірулері.       |    |     |      |     |   |        |
|   |Түрлендіру инварианттары.  Релятивистік     |    |     |      |     |   |        |
|   |механика элементтері. Жылдамдықтарды қосудың|    |     |      |     |   |        |
|   |релятивистік заңы.                          |    |     |      |     |   |        |
|   |Машықтану сабағы № 3 Арнайы салыстырмалылық |    |     |      |     |   |        |
|   |теориясы элементтері. Тұтас орталар         |    |     |      |     |   |        |
|   |механикасының элементтері                   |    |     |      |     |   |        |
|   |Өздік жұмыс № 4 Импульс пен энергияны       |    |     |      |     |   |        |
|   |релятивистік түрлендіру.                    |    |     |      |     |   |        |
|5. |Дәріс № 5 Инерциалды емес санақ жүйесіндегі |1   |     |      |3    |3  |        |
|   |қозғалысты сипаттау. Статистикалық және     |    |     |      |     |   |        |
|   |термодинамикалық зерттеу әдістері.          |    |     |      |     |   |        |
|   |Молекула-кинетикалық теория негіздері. Идеал|    |     |      |     |   |        |
|   |газ молекулаларының орташа кинетикалық      |    |     |      |     |   |        |
|   |энергиясы. Термодинамикалық параметрлер.    |    |     |      |     |   |        |
|   |Тепе-теңдік күй және процестер, оларды      |    |     |      |     |   |        |
|   |термодинамикалық диаграммаларда кескіндеу.  |    |     |      |     |   |        |
|   |Газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі.     |    |     |      |     |   |        |
|   |Өздік жұмыс №  5 Тепе-тең күй және          |    |     |      |     |   |        |
|   |процестер, оларды термодинамикалық          |    |     |      |     |   |        |
|   |диаграммаларда кескіндеу.                   |    |     |      |     |   |        |
|6. |Дәріс № 6 Статистикалық таралулар.          |1   |1    |1     |     |   |        |
|   |Ықтималдылық және флуктуациялар. Максвелл   |    |     |      |     |   |        |
|   |таралуы. Бөлшектердің жылулық қозғалысының  |    |     |      |     |   |        |
|   |жылдамдығы. Сыртқы потенциал өрістегі       |    |     |      |     |   |        |
|   |бөлшектер үшін Больцман таралуы.            |    |     |      |     |   |        |
|   |Машықтану сабағы № 4 Газ заңдары.           |    |     |      |     |   |        |
|   |Статистикалық таралу. Тасымалдау            |    |     |      |     |   |        |
|   |құбылыстары. Термодинамика негіздері. Реал  |    |     |      |     |   |        |
|   |газдар.                                     |    |     |      |     |   |        |
|   |Зертханалық жұмыс № 4 «Газдың жылу          |    |     |      |     |   |        |
|   |сиымдылықтарының қатынасын Клеман-Дезорма   |    |     |      |     |   |        |
|   |әдісімен анықтау»                           |    |     |      |     |   |        |
|   |Өздік жұмыс № 6 Тепе-теңдіксіз              |    |     |      |     |   |        |
|   |термодинамикалық жүйелердегі  тасымалдау    |    |     |      |     |   |        |
|   |құбылыстары.                                |    |     |      |     |   |        |
|7. |Дәріс № 7 Идеал газдың ішкі энергиясы. Идеал|1   |     |      |3    |3  |        |
|   |газдың жылу сыйымдылығының                  |    |     |      |     |   |        |
|   |молекула-кинетикалық теориясы және оның     |    |     |      |     |   |        |
|   |шектелуі. Термодинамика негіздері.          |    |     |      |     |   |        |
|   |Термодинамиканың бірінші бастамасы.         |    |     |      |     |   |        |
|   |Изопроцестер.                               |    |     |      |     |   |        |
|   |Өздік жұмыс №  6 Идеал газдың жылу          |    |     |      |     |   |        |
|   |сыйымдылығының молекула-кинетикалық теориясы|    |     |      |     |   |        |
|   |және оның шектелуі                          |    |     |      |     |   |        |
|8. |Дәріс № 8 Қайтымды және қайтымсыз жылулық   |1   |1    |      |3    |3  |        |
|   |процестер. Карно циклі және оның ПӘК-і.     |    |     |      |     |   |        |
|   |Карно теоремасы. Келтірілген жылу. Энтропия.|    |     |      |     |   |        |
|   |Термодинамикалық потенциалдар.              |    |     |      |     |   |        |
|   |Термодинамиканың екінші бастамасы және оның |    |     |      |     |   |        |
|   |физикалық мағынасы. Термодинамиканың екінші |    |     |      |     |   |        |
|   |бастаманың статистикалық түсіндірмесі.      |    |     |      |     |   |        |
|   |Энтропияның күй ықтималдылығымен байланысы. |    |     |      |     |   |        |
|   |Тасымалдау құбылысы. Тасымалдау             |    |     |      |     |   |        |
|   |құбылыстарының жалпы сипаттамасы.           |    |     |      |     |   |        |
|   |Соқтығысулардың орташа саны және еркін жүру |    |     |      |     |   |        |
|   |жолының орташа ұзындығы. Релаксация уақыты. |    |     |      |     |   |        |
|   |Тепе - теңдіксіз термодинамикалық           |    |     |      |     |   |        |
|   |жүйелердегі тасымалдау құбылыстары.         |    |     |      |     |   |        |
|   |Жылуөткізгіштік,тұтқыр үйкеліс, диффузия:   |    |     |      |     |   |        |
|   |тасымалдау құбылыстарының                   |    |     |      |     |   |        |
|   |молекула-кинетикалық теориясы. Тасымалдау   |    |     |      |     |   |        |
|   |коэффициенттері.                            |    |     |      |     |   |        |
|   |Зертханалық жұмыс № 5   «Стокс әдісі        |    |     |      |     |   |        |
|   |көмегімен сұйықтың тұтқырлық коэффициеннтін |    |     |      |     |   |        |
|   |анықтау»                                    |    |     |      |     |   |        |
|   |Өздік жұмыс №7  Тасымалдау коэффициенттері. |    |     |      |     |   |        |
|Модуль № 2 Электр және магнетизм. Оптика                                            |
|9. |Дәріс №  9 Электростатика. Электр           |1   |1    |1     |     |   |        |
|   |зарядтарының өзара әсерлесуі. Электр        |    |     |      |     |   |        |
|   |зарядтарының сақталу заңы.  Электр өрісі.   |    |     |      |     |   |        |
|   |Электр өрісінің кернеулігі.  Суперпозиция   |    |     |      |     |   |        |
|   |принципі. Электр диполь.                    |    |     |      |     |   |        |
|   |Машықтану сабағы № 5 Вакуумдағы тұрақты     |    |     |      |     |   |        |
|   |электр өрісі. Электростатикалық өрістегі    |    |     |      |     |   |        |
|   |өткізгіштер мен диэлектриктер.              |    |     |      |     |   |        |
|   |Электрсиымдылық. Электр өрісінің энергиясы. |    |     |      |     |   |        |
|   |Зертханалық сабақ  № 6  «Электростатикалық  |    |     |      |     |   |        |
|   |өрісті зерттеу»                             |    |     |      |     |   |        |
|10.|Дәріс № 10  Вектор ағыны. Гаусс теоремасы.  |1   |     |      |3    |3  |        |
|   |Электр өрісінің кернеуліктерін есептеу үшін |    |     |      |     |   |        |
|   |Гаусс теоремасын пайдалану. Электр өрісінің |    |     |      |     |   |        |
|   |жұмысы.  Электр өрісінің циркуляциясы.      |    |     |      |     |   |        |
|   |Потенциал. Потенциал мен электр өрісінің    |    |     |      |     |   |        |
|   |кернеулігінің арасындағы байланыс.          |    |     |      |     |   |        |
|   |Электр өрісіндегі өткізгіштер. Өткізгіш     |    |     |      |     |   |        |
|   |ішіндегі және бетке жақын айналасындағы     |    |     |      |     |   |        |
|   |электр өрісі. «Өткізгіш-вакуум»             |    |     |      |     |   |        |
|   |шекарасындағы шекаралық шарттар. Электр     |    |     |      |     |   |        |
|   |сиымдылық. Конденсаторлар. Әр түрлі пішінді |    |     |      |     |   |        |
|   |конденсаторлардың сиымдылығы.               |    |     |      |     |   |        |
|   |Өздік жұмыс № 8 Өткізгіш ішіндегі және бетке|    |     |      |     |   |        |
|   |жақын айналасындағы электр өрісі            |    |     |      |     |   |        |
|11.|Дәріс № 11 Электростатикалық өрістегі       |1   |     |      |3    |3  |        |
|   |диэлектриктер. Үйектелген                   |    |     |      |     |   |        |
|   |(Поляризацияланған) зарядтар.               |    |     |      |     |   |        |
|   |Поляризациялану. Диэлектриктердің типтері.  |    |     |      |     |   |        |
|   |Заттың диэлектриктік қабылдағыштығы және    |    |     |      |     |   |        |
|   |оның температураға тәуелділігі. Электр      |    |     |      |     |   |        |
|   |ығысуы. Электростатиканың негізгі           |    |     |      |     |   |        |
|   |теоремалары – электростатикалық өрістің     |    |     |      |     |   |        |
|   |қасиеттерінің бейнесі. Электр зарядтарының  |    |     |      |     |   |        |
|   |әсерлесу энергиясы. Зарядталған             |    |     |      |     |   |        |
|   |конденсатордың және өткізгіштер жүйесінің   |    |     |      |     |   |        |
|   |энергиясы. Электростатикалық өрістің        |    |     |      |     |   |        |
|   |энергиясы. Электростатикалық өрістің        |    |     |      |     |   |        |
|   |энергиясының көлемдік тығыздығы.            |    |     |      |     |   |        |
|   |Өздік жұмыс № 9 Екі диэлектриктің және      |    |     |      |     |   |        |
|   |өткізгіш-диэлектрик шекарасындағы шарттар.  |    |     |      |     |   |        |
|12.|Дәріс № 12 Тұрақты электр тогы. Электр      |1   |1    |1     |3    |3  |        |
|   |тогының бар болу шарттары және оның жалпы   |    |     |      |     |   |        |
|   |сипаттамалары. Үзіліссіз теңдеуі. Электр    |    |     |      |     |   |        |
|   |тогының стационарлық шарты.                 |    |     |      |     |   |        |
|   |Металдардың электр өткізгіштігінің          |    |     |      |     |   |        |
|   |классикалық электрондық теориясы.           |    |     |      |     |   |        |
|   |Дифференциаль түрдегі Ом және Джоуль-Ленц   |    |     |      |     |   |        |
|   |заңы. Бөгде күштер. Гальвани элементінің    |    |     |      |     |   |        |
|   |ЭҚК-і                                       |    |     |      |     |   |        |
|   |Машықтану сабағы № 6 Тұрақты электр тоғы.   |    |     |      |     |   |        |
|   |Магнит өрісі.                               |    |     |      |     |   |        |
|   |Зертханалық сабақ  № 7 «Уитстон көпірі      |    |     |      |     |   |        |
|   |арқылы кедергілерді анықтау»                |    |     |      |     |   |        |
|13.|Дәріс № 13  Магнит өрісі. Магнит индукция   |1   |1    |      |3    |3  |        |
|   |векторы. Суперпозиция принципі.             |    |     |      |     |   |        |
|   |Био-Савар-Лаплас заңы. Қарапайым жүйелердің |    |     |      |     |   |        |
|   |магнит өрістерін есептеу. Зарядталған       |    |     |      |     |   |        |
|   |бөлшектің магнит өрісіндегі қозғалысы. Холл |    |     |      |     |   |        |
|   |эффектісі. Магнит өрісінің зарядталған      |    |     |      |     |   |        |
|   |бөлшектерге және токтарға әсері. Магнит     |    |     |      |     |   |        |
|   |ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы.   |    |     |      |     |   |        |
|   |Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгіштің орын |    |     |      |     |   |        |
|   |ауыстыру жұмысы.                            |    |     |      |     |   |        |
|   |Зертханалық сабақ  № 8 «Жердің магнит       |    |     |      |     |   |        |
|   |өрісінің кернеулігінің горизонталь          |    |     |      |     |   |        |
|   |құраушысын анықтау»                         |    |     |      |     |   |        |
|   |Өздік жұмыс № 10 Магнит өрісіндегі тогы бар |    |     |      |     |   |        |
|   |өткізгіштің орын ауыстыру жұмысы.           |    |     |      |     |   |        |
|14.|Дәріс № 14  Заттағы магнит өрісі.           |1   |     |1     |3    |3  |        |
|   |Магнетиктер. Магнетиктердің түрлері.        |    |     |      |     |   |        |
|   |Диамагнетиктер. Парамагнетиктер.            |    |     |      |     |   |        |
|   |Ферромагнетиктер. Магнит тұзағы. Заттағы    |    |     |      |     |   |        |
|   |магнит өрісі үшін толық ток заңы.           |    |     |      |     |   |        |
|   |Магнетистатистиканың негізгі теоремалары-   |    |     |      |     |   |        |
|   |магнит өрісі қасиеттерінің бейнесі. В және Н|    |     |      |     |   |        |
|   |векторлары үшін шекаралық шарттар.          |    |     |      |     |   |        |
|   |Машықтану сабағы № 7 Электромагниттік       |    |     |      |     |   |        |
|   |индукция. Максвелл теңдеулер. Магнит және   |    |     |      |     |   |        |
|   |электр өрістерінде зарядталған бөлшектердің |    |     |      |     |   |        |
|   |қозғалысы. Айнымалы электр өрісі.           |    |     |      |     |   |        |
|   |Электромагниттік толқындар.                 |    |     |      |     |   |        |
|15.|Дәріс № 15  Электромагниттік индукция       |1   |     |      |     |   |        |
|   |құбылысы. Электромагниттік индукцияның      |    |     |      |     |   |        |
|   |негізгі заңы. Ленц ережесі. Өзара және өздік|    |     |      |     |   |        |
|   |индукция құбылысы. Индуктивтілік. Өзара     |    |     |      |     |   |        |
|   |индукция коэффициенті. Токтың магниттік     |    |     |      |     |   |        |
|   |энергиясы. Магнит өрісі энергиясының        |    |     |      |     |   |        |
|   |тығыздығы.                                  |    |     |      |     |   |        |
|   |Максвелл теңдеулері. Электромагниттік       |    |     |      |     |   |        |
|   |индукция құбылысына Фарадей және Максвелл   |    |     |      |     |   |        |
|   |түсіндірмесі. Ығысу тогы. Максвелл теңдеулер|    |     |      |     |   |        |
|   |жүйесі. Электр және магнит өрістерінің      |    |     |      |     |   |        |
|   |салыстырмалылығы.                           |    |     |      |     |   |        |
|16.|Дәріс № 16 Тербелістер мен толқындар.       |1   |1    |      |     |   |        |
|   |Гармоникалық тербелістердің жалпы           |    |     |      |     |   |        |
|   |сипаттамасы. Гармоникалық осцилляторлар.    |    |     |      |     |   |        |
|   |Векторлық диаграмма. Тербелістерді қосу.    |    |     |      |     |   |        |
|   |Гармоникалық тербелістердің энергиясы.      |    |     |      |     |   |        |
|   |Зертханалық сабақ № 9 «Тербелмелі қозғалыс  |    |     |      |     |   |        |
|   |заңдылықтарын зерттеу»                      |    |     |      |     |   |        |
|17.|Дәріс № 17 Өшетін және мәжбүр тербелістер.  |1   |     |      |3    |3  |        |
|   |Мәжбүр тербелістердің амплитудасы мен       |    |     |      |     |   |        |
|   |фазасы. Резонанс. Толқындық процестер.      |    |     |      |     |   |        |
|   |Толқындық қозғалыстың негізгі сипаттамалары.|    |     |      |     |   |        |
|   |Толқын теңдеуі. Жазық және сфералық толқын. |    |     |      |     |   |        |
|   |Толқындық теңдеу. Фазалық жылдамдық.        |    |     |      |     |   |        |
|   |Толқындарды  қосу: интерференция. Толқындық |    |     |      |     |   |        |
|   |пакет. Топтық жылдамдық.                    |    |     |      |     |   |        |
|   |Өздік жұмыс №  11 Толқындар дифракциясы.    |    |     |      |     |   |        |
|18.|Дәріс № 18  Электромагниттік өріс үшін      |1   |1    |1     |3    |3  |        |
|   |толқындық теңдеу. Электромагниттік толқын   |    |     |      |     |   |        |
|   |қасиеттері. Электромагниттік энергия        |    |     |      |     |   |        |
|   |ағынының тығыздығы. Пойтинг векторы.        |    |     |      |     |   |        |
|   |Дипольдің сәуле шығаруы. Жарық              |    |     |      |     |   |        |
|   |электромагниттік толқын. Жарық толқындырының|    |     |      |     |   |        |
|   |қасиеттері. Жарық толқындарының             |    |     |      |     |   |        |
|   |интерференциясы. Уақыттық және кеңістіктік  |    |     |      |     |   |        |
|   |когеренттіліктері.                          |    |     |      |     |   |        |
|   |Машықтану сабағы № 8 Тербелістер мен        |    |     |      |     |   |        |
|   |толқындар. Жарық толқындарының              |    |     |      |     |   |        |
|   |интерференциясы.                            |    |     |      |     |   |        |
|   |Зертханалық сабақ № 10 «Френель             |    |     |      |     |   |        |
|   |бипризмасының көмегімен жарықтың  толқын    |    |     |      |     |   |        |
|   |ұзындығын анықтау»                          |    |     |      |     |   |        |
|19.|Дәріс № 19 Жарықтың дифракциясы.            |1   |     |      |     |   |        |
|   |Гюйгенс-Френель принципі. Френельдің        |    |     |      |     |   |        |
|   |аумақтар (зона) әдісі. Бір саңылаудағы және |    |     |      |     |   |        |
|   |көп саңылаудағы дифракция.                  |    |     |      |     |   |        |
|   |Өздік жұмыс № 12 Интерферометрлер.          |    |     |      |     |   |        |
|   |Голография                                  |    |     |      |     |   |        |
|20.|Дәріс № 20 Жарықтың затпен әсерлесуі Заттағы|1   |1    |1     |     |   |        |
|   |жарықтың таралуы. Жарықтың дисперсиясы.     |    |     |      |     |   |        |
|   |Жарықтың жұтылуы. Жарықтың поляризациясы.   |    |     |      |     |   |        |
|   |Машықтану сабағы № 9 Толқындардың           |    |     |      |     |   |        |
|   |дифракциясы. Заттағы электромаг ниттік      |    |     |      |     |   |        |
|   |толқындар. Заттағы жарықтың таралуы. Жарық  |    |     |      |     |   |        |
|   |дисперсиясы. Жарықтың жұтылуы. Жарықтың     |    |     |      |     |   |        |
|   |поляризациясы.                              |    |     |      |     |   |        |
|   |Зертханалық сабақ № 11 Дифракциялық тордың  |    |     |      |     |   |        |
|   |көмегімен толқын ұзындығын анықтау.         |    |     |      |     |   |        |
|21.|Дәріс № 21  Электромагниттік сәуле шығарудың|1   |1    |      |3    |3  |        |
|   |кванттық табиғаты. Жылулық сәуле шығару.    |    |     |      |     |   |        |
|   |Абсолют қара дененің сәуле шығаруының       |    |     |      |     |   |        |
|   |мәселелері.  Кванттық гипотеза және Планк   |    |     |      |     |   |        |
|   |формуласы. Фотондар. Жарық кванттарының     |    |     |      |     |   |        |
|   |энергиясы мен импульсі. Франк және Герц     |    |     |      |     |   |        |
|   |тәжірибесі.                                 |    |     |      |     |   |        |
|   |Зертханалық сабақ № 12 Малюс заңын тексеру. |    |     |      |     |   |        |
|22.|Дәріс № 22 Фотоэффект. Комптон эффектісі.   |1   |1    |1     |3    |3  |        |
|   |Электромагниттік сәуле шығарудың            |    |     |      |     |   |        |
|   |корпускулалық-толқындық дуализмі.           |    |     |      |     |   |        |
|   |Машықтану сабағы № 10 Жылулық сәулелену.    |    |     |      |     |   |        |
|   |Абсолют қара дененің сәулеленуінің          |    |     |      |     |   |        |
|   |проблемалары. Фотоэффект. Комптон эффектісі.|    |     |      |     |   |        |
|   |Зертханалық сабақ № 13 «Планк тұрақтысын    |    |     |      |     |   |        |
|   |анықтау                                     |    |     |      |     |   |        |
|   |Өздік жұмыс № 13 Абсолют қара дененің       |    |     |      |     |   |        |
|   |сәулеленуінің проблемалары.                 |    |     |      |     |   |        |
|23.|Дәріс № 23 Заттың корпускулалық-толқындық   |1   |     |      |     |   |        |
|   |дуалмзмі. Де Бройль гипотезасы. Де Бройль   |    |     |      |     |   |        |
|   |толқындарының қасиеттері. Микробөлшектердің |    |     |      |     |   |        |
|   |толқындық қасиеттері және Гейзенбергтің     |    |     |      |     |   |        |
|   |анықталмағандық қатысы.                     |    |     |      |     |   |        |
|Модуль № 3 Кванттық механика                                                        |
|24.|Дәріс № 24 Кванттық механикадағы бөлшектің  |1   |1    |1     |     |   |        |
|   |күйі. Толқындық функция және оның           |    |     |      |     |   |        |
|   |статистикалық мағынасы. Шредингердің        |    |     |      |     |   |        |
|   |уақыттық және стационарлық теңдеуі. Бір     |    |     |      |     |   |        |
|   |өлшемді тікбұрышты потенциал шұңқырдағы     |    |     |      |     |   |        |
|   |бөлшек. Бөлшектің потенциалды тосқауыл      |    |     |      |     |   |        |
|   |арқылы өтуі. Бордың сәйкестік принципі.     |    |     |      |     |   |        |
|   |Машықтану сабағы №11  Кванттық теориядағы   |    |     |      |     |   |        |
|   |сутегі атомы және  молекуласы. Сутегі       |    |     |      |     |   |        |
|   |атомына арналған Шредингер теңдеуі. Паули   |    |     |      |     |   |        |
|   |принципі. Фазалық кеңістік. Элементар ұяшық.|    |     |      |     |   |        |
|   |Күй тығыздығы. Нернст теоремасы және оның   |    |     |      |     |   |        |
|   |салдарлары. Бозе-Эйнштейн және Ферми -      |    |     |      |     |   |        |
|   |Дирактың кванттық статистикалары туралы     |    |     |      |     |   |        |
|   |түсінік. Квазибөлшектер.                    |    |     |      |     |   |        |
|   |Зертханалық сабақ  №  14 «Стефан-Больцман   |    |     |      |     |   |        |
|   |тұрақтысын анықтау»                         |    |     |      |     |   |        |
|25.|Дәріс №  25 Сутегі атомының кванттық        |1   |     |      |3    |3  |        |
|   |теориясы. Бор теориясы дегеніміз-классикалық|    |     |      |     |   |        |
|   |физиканың кванттық физикаға ауысуы. Сутегі  |    |     |      |     |   |        |
|   |атомы үшін Шредингер теңдеуі. Энергетикалық |    |     |      |     |   |        |
|   |деңгейлер. Деңгейлер ені. Кеңістіктік       |    |     |      |     |   |        |
|   |кванттану. Паули приницпі.                  |    |     |      |     |   |        |
|   |Кванттық статистика элементтері. Фазалық    |    |     |      |     |   |        |
|   |кеңістік. Элементар ұяшық. Күй тығыздығы.   |    |     |      |     |   |        |
|   |Бозе-Эйнштейн және Ферми-Дирактың кванттық  |    |     |      |     |   |        |
|   |статистикасы туралы түсінік. Квазибөлшектер.|    |     |      |     |   |        |
|26.|Дәріс № 26 Қатты денедегі электрондар мен   |1   |     |      |     |   |        |
|   |фонондар. Кристалл торының жылулық қасиеті  |    |     |      |     |   |        |
|   |және  фонондар. Кристалдағы электрондардың  |    |     |      |     |   |        |
|   |стационарлық күйі. Кристалл электрондарының |    |     |      |     |   |        |
|   |энергетикалық зоналары. Ферми деңгейі.      |    |     |      |     |   |        |
|27.|Дәріс № 27 Металдар. Металдардағы электр    |1   |     |1     |3    |3  |        |
|   |өткізгіштігі (еркін электрондардың кванттық |    |     |      |     |   |        |
|   |моделі). Асқын өткізгіштік.Жартылай         |    |     |      |     |   |        |
|   |өткізгіштегі ток тасымалдайтын бөлшектер.   |    |     |      |     |   |        |
|   |Меншікті және қоспа жартылай өткізгіштік.   |    |     |      |     |   |        |
|   |Машықтану сабағы № 12 Металдардың электр    |    |     |      |     |   |        |
|   |өткізгіштігі. Токты тасымалдаушы            |    |     |      |     |   |        |
|   |квазибөлшектер.  Ферми деңгейі.             |    |     |      |     |   |        |
|   |Өздік жұмыс № 14 Металл және жартылай       |    |     |      |     |   |        |
|   |өткізгіштегі түйісу құбылыстары.            |    |     |      |     |   |        |
|Модуль № 4 Атомдық және ядролық физика.                                             |
|28.|Дәріс № 28 Атом ядросы. Атом ядроларының    |1   |1    |1     |     |   |        |
|   |құрылысы. Ядролық күштер. Ядролық күштердің |    |     |      |     |   |        |
|   |алмасу сипаты.  Ядро моделі. Альфа-, бета-, |    |     |      |     |   |        |
|   |гамма- сәуле шығарулардың заңдылықтары мен  |    |     |      |     |   |        |
|   |пайда болуы және олардың затпен әсерлесуі.  |    |     |      |     |   |        |
|   |Ядролық реакциялар.  Атом ядроларының       |    |     |      |     |   |        |
|   |радиоактивті түрленулері.                   |    |     |      |     |   |        |
|   |Машықтану сабағы №13 Атом ядросы. Атом      |    |     |      |     |   |        |
|   |ядросының құрылысы. Ядролық күштерАльфа-бета|    |     |      |     |   |        |
|   |және гамма сәулеленудің тегі мен            |    |     |      |     |   |        |
|   |заңдылықтары және олардың затпен әсерлесуі. |    |     |      |     |   |        |
|   |Зертханалық сабақ  № 15 «Сутегі атомын      |    |     |      |     |   |        |
|   |зерттеу. Ридберг тұрақтысын анықтау         |    |     |      |     |   |        |
|29.|Дәріс № 29 Ядролық бөліну реакциясы.        |1   |     |1     |3    |3  |        |
|   |Тізбекті бөліну реакциясы. Ядролық реактор. |    |     |      |     |   |        |
|   |Синтез реакциясы.                           |    |     |      |     |   |        |
|   |Машықтану сабағы № 14 Ядролық реакциялар.   |    |     |      |     |   |        |
|   |Атом ядроларының радиоактивті ыдырауы.      |    |     |      |     |   |        |
|   |Өздік жұмыс № 15  Энергия көздерінің        |    |     |      |     |   |        |
|   |проблемасы.                                 |    |     |      |     |   |        |
|30.|Дәріс № 30 Элементар бөлшектер. Лептондар,  |1   |     |1     |     |   |        |
|   |адрондар. Кварктар. Күшті, электромагнитті, |    |     |      |     |   |        |
|   |әлсіз, гравитациялық әсерлесулер. Қазіргі   |    |     |      |     |   |        |
|   |физика мен астрофизиканың негізгі мәселелері|    |     |      |     |   |        |
|   |туралы түсінік.                             |    |     |      |     |   |        |
|   |Машықтану сабағы №  15 Элементар бөлшектер. |    |     |      |     |   |        |
|   |Лептондар, адрондар. Кварктер.              |    |     |      |     |   |        |


3. ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН  ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Курсты оқыған кезде берілген  тақырыптың  негізгі   жағдайларын  қарастыруға
баса назар аудару керек, осы мақсатта пәннің оқу-әдістемелік кешенін  ұсынып
отырмыз, ол студенттердің оқулықпен жұмыс істеуін  жеңілдетеді.  Пәнді  оқып
меңгеруі  үшін  студенттің  қолында  оқулықтар,  оқу  құралдары,   физикадан
зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар бар.
Ең  маңыздысы  дұрыс  оқулық  таңдап  алу.  Бір  уақытта  бірнеше   оқулықты
пайдаланудың қажеті жоқ, ұсынылып отырға әдебиеттердің  ішінен  тек  біреуін
ғана  негізгі  етіп  алу  керек.  Басқа  оқулықтарды  тек  қажетті  материал
болмаған  кезде  немесе  оқулықта  қысқаша  ғана  көрсетілген   кезде   ғана
пайдаланады. Курсты тақырып бойынша, пән бағдарламасына  сәйкес оқыған  жөн.

Студент барлық аудиториялық сабақтарға  және  ОКӨБЖ  –қа  қатысуы  міндетті,
оқытушымен қосымша сабақ өтуге мүмкіндігі бар.
4. КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ
  Студент  мерзімінде   оқытушыға   ӨБЖ   тапсырмаларын   тапсыруы   қажет,
зертханалық, машықтану сабақтарына дайын болуы керек.
      Студент  сабақты  босататын  болса,  оның  рейтингісі  төмендетіледі,
сондықтан ол босатылған сабақтар бойынша бақылау жұмысын орындауы қажет.
      Студент оқу сабақтарының  барлық  түрлерінде  белсенді  жұмыс  істеуі
қажет, оның жұмысы баллмен бағаланады  да,  қосылып  аралық  және  қорытынды
рейтинг қойылады.
  ОКӨБЖ –қа сабақ және өзбетімен жұмыс кезінде  қиындық  тудырған  сұрақтар
шығарылады. Егер ондай сұрақтар туындамайтын болса,  дәріс  бойынша  білімін
кеңейтіп тереңдетеді, қосымша ғылыми әдебиеттермен танысуына болады.
  5. КУРСТЫҢ САЯСАТЫ
Студентке қойылатын талаптар:
Сабаққа қатысу: Дәріс, машықтану сабақтарына қатысу міндетті  түрде.  Қандай
да бір себептермен сабақты босататын жағдайда  да  студент  өзбетімен  жұмыс
тақырыптарын дәл уақытында өткізу қажет,  ал  босатылған  сабақтар  тақырыбы
бойынша бақылау жұмысын жазу немесе тест тапсыру керек.

Мінез-құлық:  Сабақ  уақытында  үнемі  тәртіп  бұзған  студент  аудиториядан
шығарылып жіберіледі немесе  бүкіл  курс  бойынша  “қанағаттанғысыз”   деген
баға қойылады.

Бақылау тапсырмалары: Міндетті түрде  оларды дәл уақытында  орындап  тапсыру
керек.  Уақытынан  кешіктіріліп  тапсырылған  тапсырмалар  автоматты   түрде
төмендетіліп  бағаланады.

Межелік аттестация: Межелік аттестация  сабаққа  қатысу,  өзбетімен  жұмысты
дәл уақытында өткізу, сабақ  кезінде  ауызша  және  жазбаша  түрде  тапсыру,
межелік бақылау нәтижесінде қойылады.

Көшіру  мен  плагиат:  Кез-келген  көшіріп   алу   немесе   плагиат   (басқа
студенттердің  дайын  тапсырмалары   мен   шығарылған   есептерін   қолдану)
анықталатын болса студент аудиториядан  шығарылып  жіберіледі  немесе  бүкіл
курс бойынша “қанағаттанғысыз”  деген баға қойылады.

Ұялы телефондар: Сабақ кезінде өшіріліп қоюы керек.

Емтихан: Қорытынды ауызша емтиханға пән бойынша қойылатын ең жоғары  баллдың
50% алған студенттер жіберіледі.



6. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ.

  «Физика» пәні бойынша балдардың бөлінуі

                                                                    2- кесте

                                                                    2- кесте

|Апталар   |Бақылау түрлері            |Барлық балдар     |Ескерту           |
|3 апта    |Машықтану сабағы           |20                |                  |
|          |Зертханалық сабақ          |20                |                  |
|          |СОӨЖ                       |10                |                  |
|          |СӨЖ                        |20                |                  |
|6 апта    |Машықтану сабағы           |20                |                  |
|          |Зертханалық сабақ          |20                |                  |
|          |СОӨЖ                       |10                |                  |
|          |СӨЖ                        |20                |                  |
|7 апта    |Машықтану сабағы           |20                |                  |
|          |Зертханалық сабақ          |20                |                  |
|          |СОӨЖ                       |10                |                  |
|          |СӨЖ                        |20                |                  |
|          |Рейтинг                    |60                |                  |
|11 апта   |Машықтану сабағы           |20                |                  |
|          |Зертханалық сабақ          |20                |                  |
|          |СОӨЖ                       |10                |                  |
|          |СӨЖ                        |20                |                  |
|14 апта   |Машықтану сабағы           |20                |                  |
|          |Зертханалық сабақ          |20                |                  |
|          |СОӨЖ                       |10                |                  |
|          |СӨЖ                        |20                |                  |
|15 апта   |Машықтану сабағы           |20                |                  |
|          |Зертханалық сабақ          |20                |                  |
|          |СОӨЖ                       |10                |                  |
|          |СӨЖ                        |20                |                  |
|          |Рейтинг                    |60                |                  |

7. ОҚУЛЫҚТАР
7.1 Негізгі оқулықтар
7.1.1 Трофимова Т.И. Курс физики. М, Высшая школа, 1981-1999 г.
7.1.2 Савельев И.В. Жалпы физика курсы I, II. Алматы Мектеп 77ж.(аударма)
7.1.3 Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики, М, Высшая школа, 1989 г.
7.1.4 Волькенштейн  В.С.  Жалпы  физика  курсының  есептер  жинағы  Алматы,
Мектеп, 1974 ж.
7.1.5 Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 1991 ж..
7.1.6 Жумагулов А.Ж., Естекбаев М.Қ.,  Тұрысбекова  Б.Ш.,  Паримбеков  З.А.
Физика лабораториялық практикум. Семей,1 995 ж.
7.1.7 Сивухин Д.В. Общий курс физики. М, Наука, 1977-1986 г.
7.1.8. Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж. Механика. Методикалық  нұсқау,  Семей
1990 ж.
7.1.9.  Естекбаев  М.Қ.,  Жумагулов  А.Ж.   Методическое   разработка    по
молекулярной физике, Семей 1991
7.1.1.0. Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж., Турысбекова Б.Ш. Электромагнетизм,
Семей 1991 ж.
7.1.11 Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж. Тербелістер мен толқындар, Семей 1991
|7.1.12.Мұқышева М.К., Паримбеков З.А., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсы        |
|1-бөлім, Физика курсы, 2-бөлім Оқу құралы: Семей 2010ж.                     |
|7.1.13. Паримбеков З.А., Рахимбердина А.Т., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсынан|
|зертханалық практикум: Оқу-әдістемелік құрал, 2012 ж.                       |


7.2. Қосымша
7.2.1.  Дж. Орир Физика в 2-х томах ., Москва, Мир, 1981 г.
7.2.2. Берклеевский курс физики 1-6  томы, Москва, Наука, 1971 – 1978.
7.2.3. Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачи по физики. М. Высшая школа, 1988
г.
7.2.4.Белешина А.М. Учебное пособие для самостоятельного обучения решения
задач по физики в вузе, Воронеж, ВГУ, 1968 г.
7.2.5 Физический практикум под редакцией Ивероновой В.И., М, Наука, 1968 г.
7.2.6. Беликов Б.С. Решение задач по физики, М, Высшая школа, 198
Пәндер