Файл қосу
Картаны жергілікті жермен салыстыру
| | |ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |сЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы | |МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМК құжаты |ПОӘК |ПОӘК 042-18-34.1.04 | | | |/01-2014 | |ПОӘК | | | |Студенттерге арналған |№ 1 басылым | | |пәннің бағдарламасы |11.09.2014 ж. | | |«Топография негіздері мен | | | |жергілікті жерді | | | |бағдарлау» | | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР «Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау» 5В011600 – «География»мамандығы үшін СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз 1ӘЗІРЛЕГЕН Құрастырушы__________ «02» __09__2014 г. Нурпейсова А.М., «Химия және география» кафедрасының оқытушысы 2ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 «Химия» кафедрасының отырысында «___02_____» ______09________2014 г., №1 хаттама Кафедра меңгерушісі__________ Д.Р.Онтагарова Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында «____03____» _______09_______2014 г., №1 хаттама Төрайымы _____________________З.В.Абдишева 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің Оқу -әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған «____11____» _____09_____2014 г., №1 хаттама ОӘК төрайымы __________ Г.К. Искакова 4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕҢГІЗІЛІП ОТЫР ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕННІҢ ТІЗІМІ МЕН МАЗМҰНЫ 1. Глоссарий Абсолютті биіктік деп жер бетіндегі нүктенің екінші нүктеден теңіз бен мұхит деңгейінен тіктеуіш бойынша алғандағы биіктікті айтады. Ол 0-ге тең. Салыстырмалы биіктік деп жер бетіндегі бір нүктенің екінші нүктеден тіктеуіш бойынша алғандағы биіктікті айтады Азимут дегеніміз солтүстік бағыттан нүктеге дейінгі есептелінетін бұрыш. Азимут нақты (географиялық азимут), магниттік, дирекциондық бұрыш деп бөлінеді. Генерализация– (лат. Generalis- жалпы, негізгі) - бұл ең негізгіні, маңыздыны таңдап алып жинақтау, нәтижесінде құбылыстар картада негізгі қасиеттерімен бейнеленеді. Географиялық ендік деп меридиан доғасының экватордан берілген жерге дейінгі градуспен алынған шамасын айтады. Географиялық бойлық деп параллель доғасының бастапқы меридианнан берілген орынға дейінгі градуспен алынған шамасын айтады. Градус торы деп глобус пен географиялық карталардағы меридиандар мен параллельдер сызықтарының бейнесін айтады. Дирекциондық азимут дегеніміз координаталық зонаның осьтік меридианаға паралель сызықтығының солтүстік бағытынан берілген нүктеге дейінгі бұрышты айтады. Нақты азимут дегеніміз географиялық меридиананың солтүстік бағытынан берілген белгілі нүктеге дейінгі сағат бойымен есептелінетін бұрыш. Магниттік азимут дегеніміз магниттік стрелканың солтүстік бағытынан берілген белгілі нүктеге дейінгі есептелінген бұрышты айтамыз. Меридиан дегеніміз жер бетіндегі бір полюстен екінші полюске қарай шартты түрде жүргізілген ең қысқа сызықты айтады. Параллель деп жер бетіне шартты түрде экваторға параллель жүргізілетін сызықтарды айтады. Картаны бағдарлау — горизонталь тегістік жағдайын ондағы бағыттар жергілікті жердегі тиісті бағыттарға параллель болатындай ету. Түсіру - жергілікті жердің карта мен планын жасау үшін орындалатын геодезиялық өлшеулер процесі Мензулалық түсіріс шағын учаскеде мензула мен кипрегельдің көмегімен атқарылады және тікелей далада топографиялық планды жасауға мүмкіндік береді. Теодолит - горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге қолданылатын аспап. Нивелирлеу - нүктелердің биіктік белгілерінің мәні мен олардың салыстырмалы биіктіктерін есептеп шығаратын геодезиялық өлшеулер. Нивелир - нысаналау осі арқылы жер бетінің горизонталь сызығын түсіру қызметін атқаратын дүрбілі аспап. Техникалық нивелирлеу 1:500 – 1:5000 масштабтардағы топографиялық түсірістердің биіктік негіздеулерін құру мақсатында, сондай –ақ барлау, жобалау және әр түрлі инженерлік құрылыстарды салу үшін жасалады. 2.Дәріс сабағының тезистері № 1 дәріс. Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау пәні мен негізгі түсініктер. Мақсаты: Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау пәні мен зерттеу объектісімен танысу. Жоспар: 1. Кіріспе, пәннің маңыздылығы. 2. Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау пәнін оқудағы мақсат, міндеттер, зерттеу объектісі. 3. Географиялық ғылымдар саласындағы алатын орны. №1 дәрістің қысқаша конспектісі Топография (грек тілінен topos – жерглікті жер, grapho - жазамын)- картографиялық деректерді және барлық географиялық карталардың бастауы болып саналатын ірі масштабты топографиялық карталар дайындап береді. География ғылымы өз тарапынан картадан кез келген табиғи, әлеуметтік құбылыстардың кеңістікте орналасуын, үйлесуін зерттеуге керекті құнды материалдар табады. Карталар далалық түсірулердің және олардың материалдарын өңдеудің негізінде немесе түрлі картографиялық, географиялық, экономика – статистикалық деректерді қорытындылау арқылы жасалады. Топографиялық карталарды жасауға қажетті далалық түсірулермен, оларды өңдеу әдістерімен топография және аэрофототопография ғылымы шұғылданады. Топографиялық карталарды жергілікті жерді бағдарлау үшін саяхатшылар, географтар, геологтар, туристтер және әскери жасақтар пайдаланылады. Өткен кездегі сияқты қазіргі кезде топографиялық карталар бөтен жерде жаяу , көлікпен жүрген кезде, самолетпен ұшқан кезде көмекші жол сілтеуіш болып табылады. Сонымен қатар топографиялық карталар жергілікті жерді далалық зертттеудекеңінен қолданылады. Далалық зерттеу процесінде топографиялық карталар бақыланып отырған объектілердің бұрышын, бағытын, ара қашықтығын өлшеуде, жергілікті заттардың сандық және сапалық сипатын, олардың байланысын анықтауда қолданылады. Далалық зерттеу үшін көбінесе ірі және орта масштабты топографиялық карталар қолданылады. Топография геодезия, картография географиялық ғылымдарымен тығыз байланысты. Геодезия картографияға жердің формасы мен мөлшері туралы өте дәл деректерді, топография, аэрофототопография оған негізгі картографиялық деректерді және барлық географиялық карталардың бастауы болып саналатын ірі масштабты топографиялық карталар дайындап береді. Жергілікті жерді бағдарлау – бұл өзіңнің тұрған жеріңді горизонт тұстары, жергілікті заттар бойынша анықтау және дұрыс бағытты табу. Жергілікті жерді бағдарлау кезінде екі маңызды сұрақ туады: жоспарланған жеріңе жету үшін қай жерде тұрсың және қай бағытта жүруің керектігін білу. Орында тұрып бағдарлау жылдамдығы мен тиімділігі мен жолдың бағытын ұстау жергілікті жердегі бағдарлаушыны таңдау мен қолдануға байланысты. Кез келген жергілікті заттар мен рельефтің бөліктері бағдарлаушы бола алады, олардың ішінде жақсы көрінетін және нашар көрінетіндері болады. Жақсы көрінетін бағдарлаушыға алыстан көрінетін: мысалы, теледидарлық вишкалар,зауыт трубалары, шіркеудің қоңыраулары және т.б. Бағдарлау – бұл жергілікті жерде жүргендегі үзіліссіз іске асатын процесс. Танымайтын, бөтен жерлерде бағдарлану өте қиынға соғады, ол жерлерде бағдарлану картамен, соның ішінде топографиялық картамен іске асады. Танымайтын, бөтен жерлерде бағдарлануда ең алдымен горизонт бағыттырын, содан кейін өзінің тұрған жерін анықтау керек. Курстың мақсаты мен міндеті: шартты белгілер көмегімен жергілікті жердің бейнеленуінің математикалық негізі ретіндегі топографиялық карта туралы толық мәлімет алу; карта тілін меңгеру мен оның құрылымын оқу; географиялық және тікбұрышты координаттар жүйесі мен олардың картада бейнеленуін білу; жергілікті жердің географиялық ерекшелігі ретіндегі топографиялық түсірілімдер түрлерімен танысу. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау пәні нені оқытады? 2. Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау ғылымы қандай ғылымдармен байланысты? Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4 № 2 дәріс. Топографиялық карталар (ТК) Топографиялық картаның математикалық негізі. Мақсаты: Топографиялық картамен танысу және онымен жұмыс істеуді үйрену. Жоспар: 1. Топографиялық картаны безендіру мен құрылымы. 2. Топографиялық картада сызықтарды бағдарлау. Топографиялық карта бойынша есептер шығару 3. Картографиялық проекция түсінігі (түрлері, таңдау мен құру). 4. Картадағы координаттар (географиялық координаттар – ендік пен бойлық, параллелдер мен меридиандар, картографиялық тор, тікбұрышты координаттар – километрлік тор, Х и У координаттар). №2 дәрістің конспектісі Топографиялық картаны безендіру мен құрылымы. Топографиялық картаның беті солтүстік және оңтүстік жағынан параллельдермен, ал батыс және шығыс жағынан меридиандармен шектелген. Кескінделген заттар мен жергілікті жердің контурларының географиялық координаталарын анықтау мүмкіндігі болу үшін картада градус рамкасы болады, ол карта бетінің ішкі және сыртқы рамкаларының аралығында орналасқан. Градус рамкасы шығыс пен батыс қабырғаларындағы ендіктің минуты мен солтүстік пен оңтүстік қабырғаларындағы бойлықтың минуты кезектесіп отыратын қара және ақ шашкалармен белгіленген. Әр ендік пен бойлықтың минуты (шашка) алты тең бөлікке бөлінген. Осы белгіленген нүктелердің ара қашықтығы 10""-ке тең. Градус рамкасының жол-жол сызықтарын пайдаланып карта бетінде градус торын жүргізуге болады; олар картада нүктелердің географиялық координаталарын анықтауға мүмкіндік береді. Картаға градус торынан басқа тікбұрышты зональды координаталар схемасының квадратты координаталар торы салынады. Осы торлардың квадратының қабырғасы әдетте километрлердің толық санымен белгіленеді, сондықтан да оны километрлік деп атайды. Оңтүстіктен солтүстікке қарай жүргізілген километрлік тордың сызықтары зонаның осьтік меридианына параллель (яғни, Ох осіне), ал батыстан шығысқа қарай жүргізілген сызықтар экватордың жазықтықтағы проекциясының кескініне параллель (яғни, Оу осіне) болады. Горизонталь сызықтардың жазуы экватордан километрмен берілген ара қашықтығына, ал вертикаль сызықтар олардың келтірілген ординаталарына (бірінші сан зонаның нөмірін көрсетеді, ал келесілері сызықтың ординатасына плюс 500 км-ге) сәйкес. Километрлік тордың көмегімен нүктелердің тікбұрышты координаталары (х, у) анықталады. Карта бетінің градус рамкасының сыртында безендіру рамкасы сызылады. Осы рамканың сыртында орналасқан жазулар және графиктер шектік безендіруге жатады. Әрбір топографиялық картаның үстіңгі жағында беттің номенклатурасы көрсетіледі. Рамканың төменгі жағында мыналар орналасады: 1) осы карта бетіне тән магнит тілінің орташа бұрылуы және меридиандардың жақындасуы туралы мәліметтер; 2) сандық және сызықтық масштабтары; 3) жер бедері қимасының биіктігі туралы мәліметтер (тұтас горизонтальдардың қанша метр сайын жүргізілгендігі туралы); 4) табан графигі; 5) түсірілген және жаңартылған жылы; мұның өзі картадағы кескіннің дұрыстығы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Шектік безендіруге, тағы да көрші беттердің номенклатурасының жазуы жатады; олар градус және безендіру рамкаларының үзілген әр қабырғасының ортасында жазылады, сонымен қатар жиынтықтардағы беттердің орналасу схемасы мен басқа да түсіндірмелі жазулар кіреді. Топографиялық карталар үлкен территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол-жол сызық, ал беттің белгісін картаның номенклатурасы деп атайды. Топографиялық картаның әрбір беті трапеция болып саналады, оған номенклатура беріледі. Карта бетінің иоменклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан. Номенклатураның жанында, одан басқа осы жерде, ең ірі болып саналатын елді мекеннің аты жазылады. Әрбір бетте тағы да қатар жатқан беттердің номенклатурасы көрсетіледі, мұның өзі карталарды жалғастырып жапсырған кезде оларды іріктеуді жеңілдетеді. Осы жазулар беттің рамкасының сыртындағы қабырғасының ортасында орналасады. Карталардың номенклатурасы негізін 1:1000000 масштабтары карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°.Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифрлардан тұрады. Мысал ретінде М-41-60-Б-Г карта бетінің номенклатурасының 1:1000000 масштабтан бастап рет-ретімен құрастыруды қарастырамыз. М-41 бет 1:100000 масштабтағы 144 бетке бөлінеді, олар 1, 2, 3, ..., 144 цифрларымен белгіленеді. Осы масштабтың 60-нөмірлі бетінің номенклатурасы М-41-60 болады. 1:100000 масштабтағы М-41-60 картасының бір беті 1:50000 масштабтағы картаның 4 бетіне сәйкес келеді: олар А, Б, В және Г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтың екінші бетінің номенклатурасы М-41-60-Б болады. Осы бетті 4-ке бөлуден 1:25000 масштабтағы картаның 4 бетін алады; бұл беттер а, б, в, г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы М-41--60-Б-г-4 болады. 1:5000 масштабтағы картаның номенклатурасының негізі болып 1:10000 масштабтағы картаның беті саналады, ал ол болса 1:5000 масштабтағы картаның 256 бетіне бөлінеді. 1:5000 масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы М-41-60 (256) болады. 1:2000 масштабтағы картаның номенклатурасын алу үшін 1:5000 масштабтағы картаның беті 9 бөлікке бөлінеді; оларды орыс алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен 1:2000 масштабтағы картаның ақырғы бетінің номенклатурасы М-41-60 (256-и) болады. Топографиялык карталардың масштабына байланысты жеке беттерінің өлшемі туралы мәліметтер және номенклатура үлгілері 1-кестеде берілген. 1 - кесте Карталардың номенклатурасы |Масштаб |Беттің өлшемі |Номенклатура үлгілері | | | | | | |Ендікте |Бойлықта | | |1:1000000 |4° |6° |М-41 | |1: 500000 |2° |3° |М-41-А | |1: 200000 |40' |1° |М-41-XXX | |1: 100000 |20' |30' |М-41-60 | |1: 50000 |10' |15' |М-41-60-Б | |1: 25000 |5' |7'30" |М-41-60-Б-г | |1: 10000 |2'30" |3'45" |М-41-60-А-а-1 | |1: 5000 |1'15" |1'52",5 |М-41-60 (256) | |1: 2000 |25" |37",5 |М-41-60 (256-и) | 1 : 5000, 1 : 2000, 1 : 1000 және 1. 500 масштабтағы топографиялық пландарды жасаудың негізгі ережелеріне сәйкес ауданы 20 км2-тан аз учаскелердің планын жасау үшін тікбұрышты жол-жол сызық қолданылады. Топографиялық картада сызықтарды бағдарлау. Топографиялық карта бойынша есептер шығару. Геодезиялық барлау жұмыстарын атқарған кезеңде көбіне жүру маршрутын, яғни жер бетіндегі түсіру жұмыстарының бағытын бағдарлауға тура келеді. Жердегі сызықты бағдарлау дегеніміз оның бағытын бастапқы бағыт арқылы табу. Геодезияда бастапқы бағыт ретінде меридиан пайдаланылады. Сызықтың бағытын анықтайтын бұрыштар ретінде шын азимуттар, магниттік азимуттар және дирекциондық бұрыштар қызмет етеді. Осы бұрыштар бастапқы бағыттан бастап сағат тілінің бағыты бойымен 0°-тан З60°-қа дейін өлшенеді. Шын азимут деп (1-сурет), сағат тілінің бағыты бойымен бастапқы (географиялық) меридианның солтүстік бағытынан осы белгілі бір алынған бағытқа дейінгі есептелетін горизонталь бұрышты атайды. Қандай да бір АВ сызығынын А нүктесінде анықталатын азимут тура азимут деп, ал В нүктесінде анықталған азимут кері азимут деп аталады. Тура және кері азимуттар арасындағы байланыс мына формула мен өрнектеледі: АК=АТ+180°+γ мұндағы γ — меридиандардың жақындасуы, яғни меридиан мен абсцисса осіне немесе осьтік меридианға параллель сызық арасында берілген нүктедегі бұрыш. Бұл бұрыштың мәні берілген нүктедегі әр зонаның осьтік меридианынан қашықтауына байланысты болады, әрі 0°-тан ±3°-қа дейін ауытқуы мүмкін. [pic] 1 - сурет Меридиандардың жақындасуын мына формула бойынша анықтауға болады: γ = l sin φ мұндағы l — нүктелер арқылы өтетін меридиандар бойлығының айырмашылығы; φ — сызықтың орташа геодезиялық ендігі. Сызық азимут бойынша бағдарлау кезінде меридиандар жақындасуын есепке алу қажеттілігі даладағы өлшеулерді өңдеуді қиындатады, сондықтан азимуттар көбінесе жоғары геодезияда қолданылады. Магниттік азимут деп, сағат тілінің бағыты бойымен магниттік меридианның солтүстік бағытынан (магнит тілінің солтүстік шетінен) белгілі бір алынған бағытқа дейін есептелетін горизонталь бұрышты атайды. Магниттік азимуттар компаспен немесе буссольмен өлшенеді. Магниттік азимуттан шын азимутқа көшу үшін магнит тілінің бұрылуының шамасын және атын (шығыс немесе батыс) білу қажет. Магниттік азимутты Ам (2-сурет) анықтап және магниттік бұрылуды δ, яғни шын және магниттік меридиандар арасындағы бұрышты біле отырып шын азимутты (А) мына формуланы пайдаланып табуға болады: А=Ам+ δ ш; А=А'м- δб, мұндағы δ ш, δб - магнит тілінің сәйкесінше шығыс және батыс бұрылулары. Егер шығыс бұрылуды оң деп, ал батыс бұрылуды теріс деп қабылдасақ, онда екі жағдайда да мынаны шығарып аламыз: А =Ам+ δ яғни шын азимут магниттік азимут пен магнит тілінің бұрылуының қосындысына тең. 2 - сурет Жер бетінің әрбір нүктесінде магниттік бұрылудың шамасы әр түрлі және 500 жылға жуық кезең ішінде магнит тілі өзінің орнынан шамамен 22,5°-қа екі жаққа ауытқиды. Демек, сызықты магниттік меридиан бойынша бағдарлау тек қана жер бетінің шағын учаскелерінің пландарын жасаған кезде ғана қолданылады. Карталар мен пландарды координаталардың зоналық жүйесінде жасаумен байланысты, геодезияда дирекциондык бұрыш жиі қолданылады. Егер М2 нүктесінде (3-сурет) сызықтың бағыты А2 азимутымен емес α горизонталь бұрышымен анықталса және ол азимут сияқты сағат тілінің бағыты бойымен, бірақ нақты бір М2 нүкте меридианынан емес, дұрысында меридианға параллель бағыттан кез келген нүктеде, мәселен М1 нүктесінде есептелсе, онда мұндай бұрыш дирекциондық бұрыш деп аталады. 3 - сурет Осыдан келіп, дирекциондық бұрыш (α) дегеніміз осьтік меридианның солтүстік бағытынан немесе абсцисса осінің оң бағытынан сағат тілінің бағыты бойымен осы бағытқа дейін есептелетін горизонталь бұрыш екендігі шығады. Егер М1 нүктесіндегі С101 сызығын тең бұрышты көлденең цилиндрлі проекциясында осьтік меридиан десек, ал С202 сызығын М2 нүктесіндегі шын меридиан, Ох сызығын километрлік тордың вертикаль сызығының бірі деп қабылдасқ, онда А2 шын азимутты, ал α дегеніміз М1М2 сызығының М2 нүктесіндегі дирекциондық бұрышты көрсетеді, оның үстіне А2 - α = γ, яғни нақты бір нүктедегі кез келген сызықтың шын азимуты мен дирекциондық бұрышының арасындағы айырмашылық осы нүктедегі шын меридианның зонаның осьтік меридианымен жақындасуына тең. Мына формуладан шын азимут А2-ні табамыз: А2= α + γ. Осьтік меридианнан батысқа қарай орналасқан нүктелер үшін меридиан- дардың жақындасуы теріс санмен көрсетіледі. Әрбір сызықтың түрлі нүктелеріндегі дирекциондық бұрыш А азимутпен салыстырғанда тұрақты болып қалады. АВ бағытының α дирекциондық бұрышы тура, ал ВА бағытының дирекциондық бұрышы кері бұрыш деп аталады (4-суреттен). α1 = α +180° яғни кері дирекциондық бұрыш тура дирекциондық бұрыш пен 180° - тың қосындысына тең дирекциондық бұрышты мына анықтаған қолайлы α1 = α - 180° Мысалы, а =310°40/ болса, онда α1 = 310о40/+180о=490°40/, немесе α1 = 490°40' -360°=130°40/, себебі дирекциондық бұрыштың 360°-қа өзгеруі сызықтың бағытын өзгертпейді. Ал (12) формуланы пайдаланатын болсақ, онда да α1 = 310°40/—180°= = 130°40' тең болатынын көреміз. [pic] 4 - сурет Геодезиялық өлшеулерді өңдеу кезінде сызықтардың бағытын сүйір бұрыш арқылы анықтауға тура келеді. Бұл жағдайда румбалар қолданылады. Осьтік меридианның жақын бағытынан екі жаққа қарай бір нақты сызыққа дейін есептелетін сүйір бұрыш румба деп аталады. Румбалар 0°-тан 90°-қа дейін өзгереді және әрбір ширектегі шамасы бірдей болуы мүмкін. Бағытты бір мәнде анықтау үшін румбаның сандық мәнінің алдында ширектің аты көрсетіледі. Мысалы: СШ (солтүстік-шығыс), ОШ (оңтүстік-шығыс), ОБ (оңтүстік-батыс), СБ (солтүстік-батыс). 5-суреттен әрбір ширекте румбалар мен дирекциондық бұрыштар арасында мынадай байланыс болатынын көреміз: I ширек (СШ) г= α1; II ширек (ОШ) г2=180°- α2; III ширек (ОБ) r3= α3 - 180°; IV ширек (СБ) r4=360°— α4. [pic] 5 - сурет Мысалы, дирекциондық бұрыш α =230°10' делік. Алдымен осы бағыттың қай ширекте жатқанын анықтаймыз, яғни III ширек (ОБ). Содан кейін румбаны табамыз: г =230°10/ - 180° = 50°10/. Егер 1—2 сызықтың дирекциондық бұрышы (α1-2) белгілі және жүрістің сол жағында жатқан горизонталь бұрышы βс өлшенген болса, онда теодолит жүрісінің келесі 2—3 қабырғасының α2-3 дирекциондық бұрышы былай анықталады (6-суреттен). . α2-3 = α1-2 + φ мұндағы φ = βс - 180°. Ендеше α2-3 = α1-2 - 180°+ βс [pic] 6 – сурет Егер полигондағы жүрістің оң жағындағы жатқан горизонталь бұрыш (βо) белгілі болса, онда α2-3 дирекциондық бұрышы былай табылады: α2-3 = α1-2 + φ мұндағы φ =180°- βо. Енді φ мәнін тендікке қойып, мынаны табамыз: α2-3 = α1-2 +180°- βо Полигонның кез келген келесі қабырғасының дирекциондық бұрышын анықтау үшін табылған және формулаларын пайдаланып, былай жазуға болады: αп-1 = αп +180°- βо, α п-1 = αп - 180°+ βс. Берілген сызықтың дирекциондық бұрышын (а) өлшеу үшін оның бастапқы нүктесі арқылы абсцисса осіне параллель түзу жүргізіледі. 0°-тан 180°-қа дейінгі дирекциондық бұрышты өлшегенде транспортирдің нөлдік градусы километрлік тордың солтүстік вертикаль бағытымен сәйкестендіріледі (7- сурет). Ал 180°-тан артық болса, онда оңтүстік бағытпен сәйкестендіріледі де, бұл кезде алынған санға 180°-ты қосады. [pic] 7 - сурет Картада өлшенген дирекциондық бұрыштың мәнін біле отырып шын азимутты (А) есептеп шығару үшін мына формула пайдаланылады: А ш = α + γ, мұндағы α — бағыттың дирекциондық бұрышының табылған мәні, градус; γ — берілген карта бетіне меридиандар жақындасуының орташа мәні, ол картаның оңтүстік рамкасының астында схема түрінде берірген, градус. Сызықтың магниттік азимутын анықтау үшін магниттік бұрылу шамасын, яғни шын меридиан мен магниттік меридиан арасындағы бұрышты білу қажет. Магнит тілінің бұрылуы шығыстық және батыстық болуы мүмкін. Магниттік азимут Ам = АШ - δш немесе Ам=Аш+δ6 , .мұндағы δ — магнит тілінің бұрылуы, оның мәні картаның оңтүстік рамкасының астындағы схемада көрсетілген. Топографиялык карталар мен пландар жоспарлармен, барлау және құрылыс жұмыстарымен байланысты бірсыпыра есептерді шешуге мүмкіндік береді. Оларға мына есептер жатады: 1) нүктелердің биіктігін анықтау; 2) беткейдің құлама тіктігін анықтау және сызықтың көлбеулігін анықтау; 3) карта бойынша жердің профилін жасау; 4) трассаны берілген еңістікпен жобалау; 5) су жиналу ауданының шегін анықтау; 6) су жайылу шегін анықтау; 7) нүктелер арасындағы көріну мүмкіндігін анықтау; 8) шартты белгілерді оқып-білу т. с. с. Нүктелердің биіктігін анықтау. Қарталар мен пландарды қолданғанда көбінесе жергілікті жердегі нүктелердің биіктік белгісін анықтауға тура келеді. Осы есепті шешуде үш түрлі жағдай кездесуі мүмкін. 1. Нүкте горизонтальда орналасқан. Осы жағдайда нүктенің биіктігі горизонталь белгісіне тең болады. 2. М нүктесі әр түрлі Нк және НN (8-сурет) горизонтальдарының арасында орналасқан. Осы жағдайда нүктенің биіктігін интерполяциялаудың бірнеше әдістері арқылы анықтайды. Бұл үшін сызғыштың көмегімен М нүктесінен ең таяу жатқан горизонтальдарға дейінгі d1 және d2 қашықтықтарды өлшейді. М нүктесінің Нм биіктік белгісін жердің төмендеу бағытына байланысты екі рет табуға болады: Нм= Нк+(һ d1)/ (d1+d2) Нм= НN+(һ d2)/ (d1+d2) [pic] 8 - сурет мұндағы НN , Нк — горизонтальдардын биіктік белгісі, м; d1 және d2—M нүктесінен горизонтальдарға дейінгі ара қашықтықтар, мм; һ — жер бедерінің қима биіктігі, м. Егер де биіктік белгілері Н1 және Н2 көршілес горизонтальдар арасында орналасқан А нүктесіндегі (9-сурет) бұрғылау скважина аузының биіктік белгісін НА анықтау керек болса, онда А нүктесі арқылы горизонтальдарға дейінгі ара қашықтықтарға нормаль сызығын жүргізіп, с және d кесінділерін өлшейміз. Сонда бұрғылау скважинасының ізделіп отырған биіктік белгісі мынадай болады НА=Н1 + с/ d (Н2 – Н1) [pic] 9 - сурет 3. Нүкте тұйық горизонтальдың ішінде орналасқан. Мысалы, Р нүктесі (10- сурет) тұйық горизонтальдың ішінде орналасқан, әрі төбенін ұшар басы болып табылады. Әрине, осы нүктенің НР биіктігі нүктенің маңындағы горизонтальдың биіктік белгісінен, жер бедері қимасының биіктігінің шамасынан кем екені белгілі. Сондықтан Р нүктесінің НР биіктік белгісі шамамен көршілес горизонтальдың биіктік белгісіне жер бедері қимасы биіктігінің жартысын қосқан кезде шығатын санға тең деп алуға болады, яғни НР = 151,25 м. Егер нүкте қазан шұңқырдың түбінде орналасса, онда оның биіктік белгісі көршілес горизонтальдың биіктігінен жер бедері қимасы биіктігінің жарты шамасын алған кезде шығатын санға тең деуге болады. Горизонтальдар арқылы орташа ойлы-қырлы жердегі нүктелердің биіктік белгісін анықтау дәлдігі шамамен жер бедері қимасы биіктігінің 1/3 – іне тең болады. [pic] 10 - сурет Беткейдің құлама тіктігін анықтау. Беткейдің құлама тіктігі v және сызықтың еңістігі (11-сурет) беткей нүктелерінің биіктік айырымының табанына қатынасына тең болады. [pic] 11 - сурет Беткейдің тіктігі мен еңістігін картадан немесе планнан анықтау кезінде есептерді жеңілдету үшін табан графиктері деп аталатын арнайы графиктер қолданылады. Беткейдің еңістіктері бұрыштық шамамен немесе көлбеулілік арқылы (ондық бөлшекпен, процентпен немесе профильмен) берілуі мүмкін. Табан графигін салу үшін горизонталь сызықты кез келген сызықтың тең кесіндісіне бөледі, содан соң кесінділердің шетіне көлбеудің бұрыштық мәнін 30' -тан бастап жазады. График шкаласының бұрыштарының ең соңғы мәні берілген карта мен планда кескінделген беткейлердің максималь тіктігіне байланысты белгіленеді. Бұдан кейін жер бедері қимасының қабылданған биіктігіне және көлбеу бұрышының әрбір мәніне сәйкес табандарды мына формуламен есептейді: d=h/tgv. Табанның карта (план) масштабында анықталған шамаларын горизонталь оське тұрғызылған перпендикулярларға қарсы көлбеу бұрыштарына сәйкес етіп салады. Алынған осы нүктелерін қосып табан графигін аламыз, ал бұл беткей графигін береді (12-сурет). 0° 30' 1° 2° 3° 4° 5° 8° 10° 20° 12 - сурет Егер горизонталь сызығы бөліктерінің нүктелерінде көлбеу бұрыштарының орнына бұрыштардың мәндері жазылған болса және перпендикулярларда тиісінше табандар салынса, онда еңістер графигі алынады (13-сурет). [pic] 0,01 0,02 0,03 0,05 0,07 0,09 0,14 0,18 0,36 13 - сурет Беткейдіқ құлама тіктігін және көлбеулігін планнан анықтау үшін циркульмен көршілес жатқан негізгі горизонтальдардың ара қашықтығын өлшеп, оны төсеу графигіне тақап ұстап шкаланың табанынан градус санын оқиды. Картаның безендіру рамкасының сыртында көрсетілген табан графиктері жер бедері қимасының және берілген картаның немесе планның масштабына сәйкес есептеліп жасалатынын ұмытпау керек. Карта бойынша жердің профилін жасау. Топографиялық картада немесе планда АВ сызығы бойынша жердің профилін салу 14-сурет керек болсын. Профильді кез келген берілген масштабта, демек карта масштабында да салуға болады. Жергілікті жердің профилін салу үшін берілген бағытқа жол-жол миллиметрлік қағазды салады. Оған шығып тұрған барлық горизонтальдарды, жер бетінің кедір-бұдырындағы және беткейлердегі нүктелерді, мысалы, АВ сызығын және 1, 2, ,..., 11 нүктелерді (14-сурет) белгілейді. Содан соң жол-жол қағазды «горизонталь қашықтықтар» графасына көшіріп олардың мәндерін жазады. Осымен қатар «биіктік белгісі» графасына профиль сызығының горизонтальдарымен қиылысқан нүктелерінің биіктік белгісінің мәндері жазылып қойылады. [pic] 14 - сурет Профиль нүктелерін биіктік белгісі арқылы тұрғызу шартты горизонттың сызығынан салынады. Көрнекілік үшін профильдің вертикаль масштабы горизонталь масштабымен салыстырғанда 10 есе үлкейтіп алынады, бірақ масштабтардың қатынасы басқаша да болуы мумкін. Шартты горизонттың биіктік белгісін ең кіші биіктік белгісі бар нүктеде берілген сызықтан 1 см жоғарырақ орналасатындай етіп таңдайды. Шартты горизонттың сызығынан әрбір нүктеге перпендикулярлар тұрғызылып, оларға таңдалған масштабта шартты горизонт сызығы мен нүктелердің биіктік белгілерінің айырымы салынады. Перпендикулярлардың ұштарын қисық сызықпен қосып, жергілікті жердің профилін кескіндейді. Трассаны берілген еңістікпен жобалау. Топографиялық карталарда темір және автомобиль жолдарын, каналдарды және тағы басқа да созылыңқы объектілерді жобалауға тура келеді. Осындай келешектегі жобалау құрылыстарының трассасын белгілі шектік еңістікпен белгілейді (трассаның көлбеу бұрышы берілген шамадан, мысалы, 1,5°-тан артық болмауы тиіс). Айталық, картада осындай келешектегі трассаны А және В нүктелерінің арасында белгілеп, оны жүргізу керек (15-сурет) болсын. Картадағы табан графигі бойынша .берілген көлбеу бұрышқа (1,5°) сәйкес шаманы табамыз да оны өлшеуіштің ашасына аламыз. Берілген А нүктесінен осы өлшеуіштің ашасымен келесі горизонтальды басып өтіп жобаланатын сызықтың б нүктесін табамыз, сонда Аб сызығының еңістігі берілген 1,5° көлбеу бұрышқа тең болады. Одан кейін өлшеуіштің бір ашасын табылған б нүктесінде ұстап тұрып, келесі горизонтальды белгілеп алып, b нүктесін табамыз. Сөйтіп жобаланатын сызықтың келесі bг, гd және de кесінділерін табамыз. е нүктесінен В нүктесіне дейін түзу сызық жүргізуге болады, өйткені осы учаскедегі еңістік берілген шекті еңістіктен аз болады. Бұл берілген есепті шешу кезінде 15 - сурет трассаның әр түрлі варианттарын табуға болатынын, солардың ішінен техникалық-экономикалық тұрғыдан ең қолайлысы таңдап алынатынын атап айтқан жөн. [pic] 15 - сурет Су жиналу ауданының шегін анықтау. Жер бедерінің жағдайына байланысты су белгілі бір суағарға (өзен, қойнау және т. с с.) ағып жиналуға тиіс; жер бетінің осы учаскесін су жиналу ауданы немесе бассейн деп атайды. Су жиналу ауданын контурлау жергілікті жердің жер бедерін есепке ала отырып картадағы горизонтальдар арқылы жасалынады. Горизонтальдарды тік бұрышпен қиып ететін суайрық сызықтары су жиналу ауданының шегі болып саналады. Су жиналу ауданын, жауын – шашынның жылдық мөлшерін жердегі ылғалдың булану және сіңу жағдайын біле отырып су ағынының күш-қуатын есептеп шығаруға болады; ал мұның өзі көпірлердің, бөгендердің және тағы басқа гидротехникалық ірі құрылыстардың аудандарын есептеуге қажет. Су жайылу шегін анықтау. Өзен аңғарына плотиналар мен бөгендер салу кезінде картада немесе планда су жайылу учаскесінің шегін анықтау қажеті туады. Осындай шекті түсіру үшін болашақ құрылыстың орнын және оның айналасындағы судың жобадағы барынша көп денгейін білу керек. Картаға белгіленіп отырған гидротехникалық ірі құрылыстың осі түзу сызықпен сызылады. Құрылыс осінің ұштары горизонтальда немесе жобадағы су деңгейіне тең биіктік белгілері бар горизонтальдардың аралығында жатуы тиіс. Одан әрі жобаланған құрылыс осінің ұштарынан жобадағы су деңгейінің биіктік белгілерін бойлай жылжып, горизонтальдарды пайдалана отырып, тұйық сызықты — су жайылу шегін табуға болады. Су жайылу ауданын штрихтап қояды. Нүктелердің арасындағы көріну мүмкіндігін анықтау. Картада берілген екі нүктелердің арасындағы көріну мүмкіндігін анықтау қажеттігі жиі туып жатады. Егер нүктелердің арасында 16-сурет көріну мүмкіндігі болмаса, ал кейбір жағдайларда олардың болуы үшін осы нүктелерде қанша метр жоғары көтерілу керек екендігін анықтау талап етіледі. Мұндай есептерді, мысалы, әр түрлі кластағы триангуляция мен полигонометрияны жобалауда және рекогносцировка жасауда шешуге тура келеді. [pic] 16 - сурет Бірсыпыра жағдайларда нүктелердің арасында көріну мүмкіндігі бар-жоғын картадағы немесе пландағы кескінделген жер бедеріне зер сала қарай отырып анықтауға болады, мәселен, егер берілген нүктелер ашық жерде, суайрықтардың қарама-қарсы бетінде, немесе аңғарлардың беткейлерінде орналасқан болса, онда нүктелердің арасындағы көріну мүмкіндігі күмән туғызбайды. Алайда көп жағдайда нүктелер арасындағы көріну мүмкіндігіне қатысты күдік немесе оның жоқтығы туралы пікір тууы да мүмкін (16-сурет). Көріну мүмкіндігінің бар екені туралы мәселеге толық сеніммен жауап беру үшін осы нүктелер арасындағы сызықтың бойымен қысқартылған профильді салады. Қысқартылған профильді салу кезінде барлық горизонтальдар мен биіктік белгілері пайдаланылмайды, тек иілімдердің ең сипатты нүктелерін бейнелейтіндері ғана қолданылады. Осы нүктелерді профильде түзу сызықпен қосқанда егер ол түзу профиль сызығының еш жерін қиып өтпесе, онда олардың арасында көріну мүмкіндігі бар болғандығы. Егер ізделіп отырған нүктелерді қосатын сызық профиль сызығын қиып өтетін болса, онда нүктелердің арасында көріну мүмкіндігі болу үшін осы нүктелерде немесе біреуінде қанша метрге көтерілу керек екендігі графикалық жолмен анықталады. Бірақ осы жағдай тек нүктелердің ара қашықтығы 4—5 км-ден аспаған кезде бүгілген жерлерде, кедергілерде, ағаштар және құрылыстар болмаған кезде дұрыс болады. Нүктелердің ара қашықтығы едәуір-болғанда жердің қисықтығы мен рефракция үшін екі нүктеде бірлескен түзету жасалатынын да есепке алу керек. Олар профиль салғанда нүктелердің биіктігін кішірейтеді. Егер ьіқтимал кедергілерде ағаш, бұталар, құрылыс және т. с. с. болса, онда олардың биіктігін қабылданған вертикаль-масштабка сәйкес профильге жоғары қарай вертикальмен салады. 16-суретте масштабы 1 : 10000 картада учаске кескінделген. Жер бедері кимасының биіктігі 20 м. А және В нүктелерінің арасындағы көріну мүмкіндігін анықтау үшін АВ сызығы бойынша қысқартылған профиль саламыз (17- сурет). 50м Вертикаль масштаб 1:2500 17 - сурет Осы сызықта С нүктeci А және В нүктелерінің арасындағы көріну мүмкіндігін болдыртпайтын кедергі болсын. Жердің қисықтығы мен рефракция үшін жасалатын түзетулер мынаған тең: AC үшін 1,4 м, СВ үшін 20 м. Жердің қисықтығы мен рефракция үшін жасалатын түзетулерді есепке ала отырып табылған А және В нүктелерін профильде қосқан кезде, олардың арасында тіпті С кедергісінде ағаш болмағанның өзінде көріну мүмкіндігінің жоқ екенін көріп отырмыз. Көріну мүмкіндігі болу үшін А нүктесінде 50 м-ге көтерілу керек (графикалық жолмен белгіленеді). Әлбетте, экономикалық жағынан А және В нүктесінде де 50 м-ден едәуір кем биіктікке көтерілу орынды болады. Картадағы координаттар (географиялық координаттар – ендік пен бойлық, параллелдер мен меридиандар, картографиялық тор, тікбұрышты координаттар – километрлік тор, Х и У координаттар). Біршама қысқа ара қашықтықтарға байланысты есептерді шешкенде тікбұрышты жазық координаталар жүйесі пайдаланылады. Бұл жүйеде нүктелердің координаталары, ара қашықтығы және бағыттары арасындағы байланыс аналитикалық геометрияның қарапайым формулаларымен өрнектеледі, мұның өзі есептеулерді айтарлықтай жеңілдетеді. Егер жер беті учаскесінің өлшемі жердің сфералылығын ескермеуге мүмкіндік беретін болса, онда геодезиялық жұмыстар жүргізген кезде тікбұрышты жазық координаталардың шартты жүйесі жиі қолданылады, оның координаталары басы еркін таңдап алынады. Осы координаталар жүйесінің элементтері мынандай: х абсцисса осі, оның бағыты бастапқы меридианға, магниттік және осьтік меридианға параллель немесе еркін қабылданады. Оу — ордината осі Ох осіне перпендикуляр болады; О нүктесі — координаталар басы. Горизонталь жазықтық координаталар осімен төрт ширекке бөлінеді. Математикада қолданылатын тікбұрышты жазық координаталар жүйесінен (декарттық) айырмашылығы — геодезияда оң тікбұрышты координаталар жүйесі қолданылады; онда ширектердің нөмірленуі солтүстік-шығыс ширектен басталып, сағат тілінің бағыты бойымен жүргізіледі; мұның өзі геодезиялык есептеулер кезінде тригонометриялық формулаларды ешбір өзгеріссіз пайдалануға мүмкіндік береді. Кез келген А нүктесінің орны бұл координаталар жүйесінде координаталар басынан осы нүктелердің Ох және Оу осьтеріндегі проекцияларына дейінгі ха және уа кесінділерімен анықталады. Ох және Оу осьтеріндегі АВ түзуінің проекциялары координаталар өсімшелері деп аталады, олар ∆х және ∆у деп белгіленеді. Өсімшелердің белгілері де ширектің орнына байланысты; егер координаталар өсімшелерінің бағыттары, яғни тікбұрышты үшбұрыштардың катеттері координаталар осьтерінің оң бағытымен сәйкес болғанда координаталар өсімшелері оң болады да, ал сәйкес келмеген жағдайда теріс болады. Координаталар өсімшелерінің белгілері 2-кестеде келтірілген. 2 – кесте. Координаталар өсімшелерінің белгілері |Ширектер |I |II |III |IV | |Координаталар өсімшелері |СШ |OШ |ОБ |СБ | |∆х |+ |- |- |+ | |∆у |+ |+ |- |- | Егер де А нүктесінің хА, уА координаталары және А мен В нүктелері арасындағы ∆х пен ∆у координаталар өсімшелері белгілі болса, онда В нүктесінің координаталары мынаған тең болады: хв – хА + ∆х ув = уА+∆у Тікбүрышты жазық координаталардың шартты жүйесі жергілікті сипаттағы геодезиялық барлау жұмыстарының жобаларын барлауды жүргізетін жерде бөлу кезінде қолданылады. Жер бетінің едәуір территориясын жазықтықта кескіндеу үшін нүктелерді эллипсоидтың бетінен белгілі бір математикалық заңдылық бойынша жазықтыққа көшіруге мүмкіндік беретін картографиялық проекциялар қолданылады. Геодезияда бұрыштардың мәнін бұрмаламайтын тең бұрышты немесе конформдық проекция қолданылады. Эллипсоидтық едәуір көлемді бетін кескіндеген кезде ұзындықтың бұрмалануын азайту мақсатымен оларды жеке аймақтарға (зоналарға) бөледі. Бұл кезде олардың әркайсысы тікбұрышты координаталар жүйесіндегі жазықтықта кескінделеді. Тікбұрышты жазық координаталардың жалпы мемлекеттік жүйесінде жер бетіндегі нүктелердің орындары жазықтықта х, у тікбұрышты координаталарымен анықталады. Олар жазықтықка Гаусс-Крюгердің тең бұрышты көлденең-цилиндрлі проекциялау заңы бойынша проекцияланады (18-сурет). [pic] 18 - сурет Сонда жер эллипсоиды бойлықта әрбір 6° сайын меридиандармен 60 зонаға бөлінеді, олар полюстен полюске дейін созылады. Зоналардың нөмірлері батыстан шығысқа қарай Гринвич меридианынан жүргізіледі, ал Гринвич меридианы бірінші зонаның батыс шекарасы болып саналады. Әрбір зонаның ортадағы меридианы осьтік меридиан деп аталады. Шығыс жарты шарындағы кез келген зонаның осьтік меридианының бойлығы мына формула бойынша анықталады λ = 6°N—3°, мұндағы N — 6 градустық зонаның нөмірі. Зонаның осьтік меридианы экватор жазықтығында өзара перпендикуляр сызықтармен кескінделеді. Осьтік меридианның кескіні X осі, ал экватор — У осі болып қабылданады. Осьтік меридианның экватормен қиылысқан жері әрбір зонадағы координаталардың басы болып саналады. Абсциссалар экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай, ал ординаталар осьтік меридианнан батысқа және шығысқа қарай саналады. Қазақстан территориясы экватордың солтүстік жағында орналасқан, сондықтан абсциссалардың мәні барлық уақытта оң болады. Бірақ ординаталардың теріс мәнінен туатын қолайсыздықтан құтылу үшін осьтік меридианның ординатасын 0-ге емес, 500 км-ге тең деп есептеу келісілген. Бұл шама осьтік меридианнан алты градустық зонаның шегіне дейінгі (шамамен 330 км) ең үлкен ара қашықтықтан артық, сондықтан ол зонаның барлық нүктелерінің ординаталары мәнінің оң болуын қамтамасыз етеді. Әрбір зонада координаталардың сандық мәндері қайталанып отырады. Нүктелердің координаталары бойынша оның 60 зонанын қайсысына жататынын анықтау үшін ординаталардың сандық мәнінің алдына осы нүкте орналасқан зонаның нөмірі қосымша жазылады. Мысалы, егер А және В (18, б-сурет) нүктелері 7-зонада орналасқан болса, онда олардың координаталары мынадай мәнге ие болады: ха - 6090 км, уА =7430 км, хв = 5020 км, ув = 7210 км. Координаталық осьтер мен тікбұрышты координаталар басының әрбір зонада толық анықталған географиялық орны болатындықтан тікбұрышты және геодезиялық координаталар жүйелері өзара байланысты болады. Ендеше нүктенің тікбұрышты координаталарын геодезиялық координаталарға есептеп шығаруға және қайтадан керісінше жасауға, сонымен қатар нүктенің тікбұрышты координаталарын бір зонадан шектес зонаға есептеп шығаруға болады. Геодезиялық жұмыстарды атқарған кезде, біршама нүктелердің орындарын бастапқы нүкте ретінде қабылданған қандай да бір нүкте арқылы анықтау үшін жазық полярлық координаталар жүйесі қолданылады. Осы координаталар жүйесінің мынадай элементтсрі болады (19-сурет): 1) полярлық осі — Ox; Ox осін кез келген жаққа бағыттауға болады, мысалы теодолит жүрісінің қабырғасы; 2.) О нүктесі— координаталар басы (полюс),еркін қабылданады; полюс ретінде әдетте теодолит жүрісінің нүктесі қабылданады. [pic] 19 - сурет Нүктелердің жазықтықтағы орны қарастырылып отырған жүйеде екі координатамен; яғни β – полярлық осімен анықталатын нүктеге қарай бағытталған кесіндінің арасындағы горизонталь бұрышпен; d – полюстен анықталған нүктеге дейінгі горизонталь ара қашықтықпен анықталады. Мәселен, А нүктесі А (β1, d1), В нүктесі (β2, d2). Полярлық бұрыштар полярлық осінен сағат тілінің бағыты бойымен 0 тан 360 – қа дейін өлшенеді. Осы координаталар жүйесі теодолит түсірісінде және жобадағы барлау скважиналарының горизонталь жазықтықтағы орнын табу кезінде қолданылады. Топографиялық картадағы нүктенің географиялық координаталарыин анықтау, негізінде мынадай жолмен жасалады. А нүктесінің (20-сурет) ендігін (φ) табу үшін осы нүктеден солтүстікке және оңтүстікке қарай параллельдер жүргізеді, яғни минут рамкасының тиісті минуттық немесе он секундтық аралықтардың аттас ұштары түзу сызықтармен қосылады. Осы сызықтардың ендіктерін φ1 және φ 2 әріптерімен белгілейік. А нүктесінен параллель ендігі φ1-ге перпендикуляр түсіріп, оның ұзындығын ∆φ градуспен белгілеп, А нүктесінің ендігін мына теңдіктен табамыз: φ = φ1 + ∆φ ∆φ шамасын жанама әдіспен анықтау қолайлырақ. Ол үшін А нүктесі арқылы еркін бұрышпен φ1 және φ 2 параллельдерімен С және D нүктелерінде қиылысқанша сызық жүргіземіз, мұндағы СА = а және CD = b болсын, 20-суреттен ∆φ = (φ1 - φ 2) а/ b Сонымен, ∆φ шамасын анықтау а және b кесінділерін жеткілікті дәлдікпен миллиметрлік сызғыш арқылы өлшеуге келіп саяды. Осыған ұқсас А нүктесінің λ бойлығын анықтау үшін λ1 және λ2 меридиан кесінділерін қолдануға болады. [pic] 20 - сурет С нүктесінің (21-сурет) тікбүрышты координаталарын анықтау үшін километрлік тордың цифрларын қолдана отырып берілген нүкте орналасқан оңтүстік - батыс бұрыштың (хо, уо) координаталарын табады. Содан кейін С нүктесінен квадраттық қабырғаларына СС1 және СС2 перпендикулярларын түсіреді де карта масштабын ескере отырып, олардың ұзындығын табады: СС1=∆х және СС2 = ∆у. Сонда С нүктесінің тікбұрышты координаталары мынаған тең: хс = хо +∆х, ус = уо + ∆у. Осы С нүктесінің тікбұрышты координаталарын мынандай жолмен анықтауға болады: С нүктесі арқылы кез келген бұрышпен километрлік тордың ординаталарымен А және В нүктелері қиылысқанша түзу жүргізіледі. Содан кейін а және b кесінділерін өлшейді. Сонда С нүктесінің абсциссасы мына формула бойынша анықталады: хс = х1 + а/ b (х2 – х1). 21 - сурет Осыған ұқсас теңдіктен С нүктесінің ординатасын анықтайды. Екі жағдайда да а және b кесінділерін көлденең масштабтың көмегімен өлшеген жөн. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Топографиялық карта неден құралады ? 2. Картографиялық проекция деген не? Проекцияның түрлері. 3. Топографиялық карта бойынша сызықтық бағдарлау қалай жүргізіледі? 4. Тікбұрышты координата деген не? Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4 № 3 дәріс. Бағдарлау түсінігі мен әдістері Мақсаты: Бағдарлау әдістерімен танысу танысу және бағытты бағдарлауды үйрену. Жоспар: 1. Горизонт бағыттары бойынша бағытты анықтау. 2. Уақыт бойынша уақытты анықтау. 3. Орманда, тауда бағдарлау. Елді мекендердің географиялық ендігі мен бойлығын анықтау. Қазіргі жағдайда жергілікті жерде бағдарланудың негізгі түрі топографиялық карта бойынша бағдарлану болып табылады. Карта бойынша бағдарлану — картада бағдарланудан, ондағы тұру нүктесіне берілетін анықтамадан және картаны жергілікті жермен салыстырудан тұрады. Картаны бағдарлау — горизонталь тегістік жағдайын ондағы бағыттар жергілікті жердегі тиісті бағыттарға параллель болатындай ету. Мұндай жағдайда карта жақтауының жоғарғы (солтүстік) жағы — солтүстікке, ал төменгі жағы — оңтүстікке, оң жағы — шығысқа, сол жағы — батысқа бағытталады. Картаның бағдарлануы жуықтап, көзбен не сызғыш не компастың көмегімен дәл орындалуы мүмкін. Жуықтап бағдарлану үшін белгілі тұру нүктесінен картада бейнеленген қоршаған жақын бағдарларға ойша жүргізілген бағыттар жергілікті жердегі осы заттардағы бағыттармен шамамен сәйкес келетіндей етіп картаны бұрса жеткілікті. Картаны шамамен горизонт жағына қараған бағытпен бағдарлайды. Алдын ала горизонт жағын анықтайды, сосын картаның жоғарғы жақтауы — солтүстікке, ал оң жағын төменгі және солтүстік — шығысқа, оңтүстікке және батысқа қарайтындай етіп етіп бұрады. Картаны жергілікті жер сызығы, бағдар мен компас бағыты бойынша неғүрлым толық бағдарлауға болады. Картаны жергілікті жер сызығы бойынша бағдарлау картада бейнеленген түзу сызықты жергілікті заттар болған жағдайда қолданылады. Жергілікті жердің кандай да бір сызығында тұрып, картадан сызықты зат бейнесінің бағыты оның жергілікті жердегі бағытымен сәйкес келетіндей, ал оның сол не оң жағындағы басқа объектілердаң бейнесі картаның да сондай жағында болатындай етіп картаны бұру керек. Егер тұру нүктесі белгілі және картада бейнеленген бағдарлар болса және ол тұру нүктесінен көршіп тұрса, онда картаны сол бағыты бойынша бағдарлайды. Сызғышты картадағы жүру нүктесіне қойып, кандай да бір көрінетін бағдармен сызғыш бойын нысаналап, таңдалған бағдар нысаналанған сызықтың бойында болатындай етіп картамен бірге бұрады. Нысаналау кезінде сызғыштың соңын өзіне қаратып, картада бағдарға қарап тұратындай етіп ұстайды. Құлабыз (компас) бойынша картада бағдарлануда алдымен оны шамамен бағдарлайды. Сосын құлабызды картаға оның лимбасының нөлдік диаметрі карта жақтауының сол жақ бүйірімен сәйкес келетіндей етіп қояды. Үстіне құлабыз қойылған картаны меңзердің солтүстік ұшы бөлініске жеткенше бұрады, ол магнитті меңзердің ауысуына сәйкес келеді, оның көлемі жақтаудың оң жағының астында көрсетіледі. Егер ауысу құлабыз бөлінісі бағасынан (3°) кіші болса, оны есептемейді. Өзінің тұру нүктесі картада бейнеленген бедерге тән формалар мен бөліктер бойынша төмендегі тәсілдердің бірімен: көзбен жуықтап бағдарлау, жүрілген қашыктықты өлшеу, бағдар бойынша белгіленген таңбалар анықталады. Жақын бағдар бойынша түру нүктесін анықтау үшін картаға қарап, ондағы және жергілікті жердегі екі-үш жақын жергілікті заттар мен бедер элементтерін тану керек. Сосын танылған бағдарға, оған дейінгі бағытқа сондай-ақ олардың өзара орналасуына дейінгі "көзбен" өлшеп анықталған қашықтықты картадағы тұру нүктесінің масштабын ескере отырып белгілеу керек. Түру нүктесін жүріп өткен қашықтықты өлшеу арқылы анықтауда бұл қашықтықты картадағы дәл таңылған жергілікті жер нүктесінен бастап өлшеу керек және оны карта масштабындағы қозғалыс бағытына қою керек. Бағдар бойынша белгіленген таңбалар әдісінің мәні мынада: бағдарланған картада сызғышпен екі-үш жергілікті затқа белгі қойылып, одан бағыттар жүргізіледі; бұл сызықтардың қиылысы тұру орны болып шығады. Мұнда бағдарлардың дәл танылуы, ал сызғыш шеті оның картадағы бейнесінің дәл ортасынан өтуі маңызды. Картаны жергілікті жермен салыстыру. Жергілікті заттар мен бедер элементтерінің тұру нүктесінің айналасында орналасқандардың бәрін тауып, сондай-ақ картада көрсетілген жергілікті жер объектілерін тану болып есептеледі. Картада бейнеленген затты табу үшін картаға қарап, ондағы өзінің тұру орнын анықтау керек. Карта бағдарына ығыстырмай бетін затқа қаратып тұрады да, жергілікті жерден оған дейінгі қашықтықты көзбен бағалап, ойша карта масштабындағы бұл қашықтықты өзінің тұру нүктесінен зат бағытына қарай кояды. Қойылған қашықтықтан көрінетін жергілікті заттың картадағы бейнесін табу керек. Картада бейнеленген жергілікті жердегі затты табу картаға қарап, ондағы өзінің тұру орнын анықтағаннан кейін орындалады. Картада бағдарланған жағдайда тұру нүктесінің жергілікті затқа бағытын табады (сызғышты картадағы тұру нүктесіне және заттың шартты белгісіне қою арқылы табуға да болады), бұл бағытқа картада өлшенген бұл нүктелер арасындағы қашықтықты апарып, жергілікті жердегі затты іздестіреді. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Карта бойынша бағдарлану қалай жүзеге асады? 2. Компоспен бағдарлану. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4 № 4 дәріс. Топографиялық түсірілімдер. Мақсаты: Топографиялық түсірілімдермен танысу және оның маңыздылығын білу. Жоспар: 1. Түсірілім туралы жалпы түсінік. 2. Мензульды түсірілімнің маңызы. Құралдар. 3. Нүктелердің пландық орнын анықтау. Планды безендіру мен түсірілімнің толықтығы. Түсірілім туралы жалпы түсінік. Жергілікті жердің карта мен планын жасау үшін орындалатын геодезиялық өлшеулер процесі түсіру деп аталады. Егер осының нәтижесінде контурлар мен объектілердің өзара пландық орны, яғни жергілікті жердің жай-жапсары анықталатын болса, онда түсіру горизонтальдық деп аталады. Егер жай-жапсарынан басқа жергілікті жердің жер бедері түсірілетін болса, онда түсіру топографиялық деп аталады. Топографиялық түсірулер 1 : 25000, 1 : 10000, 1 : 5000, 1 : 2000, 1 : 1000 және 1 : 500 масштабтарда орындалады. Қолданылатын аспатар мен әдістерге байланысты топографиялық түсірулер мынадай түрлерге: фототопографиялық, теодолиттік, мензулалдық, тахеометриялық, көз мөлшерімен және буссольмен түсірулер және жер бетін нивелирлеу болып бөлінеді. Түсірудің қандай да бір әдісін қолдану көптеген факторларға, яғни түсірудің масштабына, учаскесінің өлшеміне, жергілікті жердің ерекшеліктеріне (салынғанына, ормандылығына, жазықтығына, таулылығына және т. б.), жұмыстарды орындау мерзіміне байланысты. Топографиялық түсірулер нәтижесіндс топографиялық пландар мен карталар, фотопландар, сондай-ақ жергілікті жердің цифрлы моделі (жцм) жасалынады. Фотопландарда әуе суреттерін аймақтар бойынша фототрансформациялау арқылы алады. Топографиялық карталардың жаңа түрі әуеден суретке түсіру арқылы материалдарын өңдеу арқылы алынатын ортофотокарталар болып табылады. Ортофотокарталар жергілікті жердің фотографиялық картасы болып есептеледі, оларда шартты белгілер мен жердің жай-жапсары және жер бедері кескінделеді. Техникалық- экономикалық көрсеткіштері жағынан ортофотокарталар жасау процесі әуеден фототопографиялық суреттер түсіру әдісімен айтарлықтай тиімді. Ортофотокарталар информацияның көлемі және жергілікті жердің кескінделуінің көрнектілігі жағынан топографиялық карталардан бірсыпыра асып түседі. Топографиялық түсірулердің материалдары уақыт өткен сайын кеңейе береді, өйткені жергілікті жерде шаруашылыққа пайдалану процесі жүріп жатады: жаңа объектілер салынады, пайдалы қазбаларды шығару жүргізіледі және т. с. с. Оның үстіне физикалық-географиялық жағдайлар да өзгеріп тұрады, солардың бәрі топографиялық карталарда бейнеленіп көрсетілуі тиіс. Топографиялық карталарды қазіргі заман талабына сай деңгейде ұстап түру үшін оларды уақтылы жаңартып отыру керек. Дала өлшеулерін орындаудың дәлдігі, жергілікті жердің жай-жапсары мен жер бедерін түсіруді нақтылау негізінен карта мен планның масштабына байланысты. Неғұрлым планның масштабы үлкен болса, жергілікті жердің планда кескінделуінің дәлдігі мен толықтығына қойылатын талаптар соғүрлым жоғары болады. Топографиялық пландар мен карталарды географиялық барлау жұмыстарында топографиялық негіз ретінде пайдаланған кезде олардың масштабы объекті мен барлау жұмысының кезеңдеріне байланысты тағайындалады. Жер бедері қимасы биіктігінің шамасы топографиялық картадағы жер бедерін кескіндеудің толықтығы мен дәлдігінің көрсеткіші болып табылады. Мензульды түсірілімнің маңызы. Құралдар. Мензулалық түсіріс шағын учаскеде мензула мен кипрегельдің көмегімен атқарылады және тікелей далада топографиялық планды жасауға мүмкіндік береді. Түсірісті жасау жергілікті жердегі нүктелердің планшеттегі өзара орындарын графикалық түрде анықтауға негізделген. Нүктелерге дейінгі aрa қашықтық өлшегіш рейканың көмегімен өлшенеді, ал бұрышты графикалық түрде салады. Құрылыс салынған территорияны түсіргенде ара қашықтықты кипрегельдің объективіне бекітілген ара қашықтық өлшеуіш саптамамен өлшейді. Мензулалық түсірістің артықшылығы оның көрнекілігі болып табылады, себебі түсіру процесі кезінде планды жергілікті жермен салыстыруға мүмкіндік туады, ал кемшілігі: жұмыстың негізгі бөлігі далада өтетіндіктен, қыста және жауын-шашынды күндері жұмыс істеуге мүмкіншілік болмайтындығы, жабдықтардың қолайсыз үлкендігі, істелетін жұмысты бөлудің қиыншылығы, себебі өлшеулер және планды сызуды тек қана бір орындаушы жасайды. Мензулалық түсірісте түсіргі жүйесінің жиі болуы талап етіледі. Түсіргі жүйе жергілікті жердің жағдайына және түсірістің қажетті дәлдігіне байланысты графикалық немесе аналитикалық әдістерімен құрылуы мүмкін. Аналитикалық әдістерге қиылыстырулар, теодолиттік және тахеометриялық жүрістер, ал графикалық әдістерге геометриялық жүйе, қиылыстырулар, мензулалық және буссольдық жүрістер жатады. Ашық жерлерде жүйелерді құрады, ал жабық жерлерде жүрістер жүргізіледі (22-сурет). [pic] 22 - сурет 1 : 5000 және одан ұсақ масштабпен алынған түсірістер үшін геометриялық жүйелерді құрғанда әрбір нүкте үш пункттен қиылыстырылуы керек, ал қиылыстыру бұрыштары 30° және 150°-тан артық болмауы тиіс. Қабырғалары 0,4 мм үшбұрыш қателіктеріне-жол беруге болады. Трапецияда бастапқы пункттер 2-ден кем болмауы керек. Түсіріс алдында планшетті дайындайды: ол үшін Дробышев-сызғышының, штангенциркуль мен координатографтың көмегімен қабырғалары 10 см квадрат торкөздерге бөледі. Мензулалық түсіріс кезінде қағаз жапсырылған планшет штативке горизонталь жағдайда белгілі бір нүктенің үстіне орнатылады (22-сурет). Планшетте жергілікті жердегі А нүктесінің проекциясы болып саналатын а нүктесі арқылы кипрегельдің көмегімен В нүктесін нысаналайды да планшетте аb сызығын, ал одан кейін С нүктесін нысаналап ас сызығын сызады. Планшеттегі сызылған сызықтар кипрегель дүрбісінің коллимациялық жазықтығының планшеттің горизонталь жазықтығымен қиылысу ізі болып саналады. Демек. планшетте табылған ВАС = β' бұрышы жергілікті жердегі бұрыштың горизонталь-проекциясы болып табылады. В және С нүктелеріне дейінгі қашықтықтарды өлшеуішімен аныктайды да, олардың горизонталь проекцияларын алынған масштабта планшетке салады. Нүктелердің салыстырмалы биіктіктерін тригонометриялық нивелирлеу әдісімен анықтайды. Түсірісті жасаған кезде планшеттегі және табиғаттағы жергілікті жердің контурлары мен сызықтарының горизонталь проекциялары бір-біріне параллель болуы тиіс. Сондықтан планшетті жұмыс жағдайына келтірген кезде оны бақылау нүктесінің үстінде центрлеу мен горизонтальдаудан басқа, сондай- ақ планшетті жер шарына байланысты бағдарлауды орындау қажет. Түсіріс негіздеуін жиілендіру мензулалық жүрістермен: негізгі түсіргі және өтпелі нүктелермен атқарылады. Негізгі журістегі салыстырмалы қиыспаушылық жүрістің ұзындығының 1 : 300 - нан, ал пландағы ұзындық қиыспаушылық 0,8—1,5 мм-ден аспауы керек. Жүрісте болған қиыспаушылықты параллель-сызықтар әдісімен графикалық жолмен бөледі (жүрістің нүктелері арқылы қиыспаушылықтың бағытына параллель жүргізілген сызықтарға сәйкес пропорционал кесінділерді салады). Нүктелер арасындағы салыстырмалы биіктікті екі мәрте анықтайды, олардың алшақтығы 100м болған кезде қиыспаушылық 4 см-ден аспауы тиіс. Жүрістегі болатын қиыспаушылық мына формуламен есептеледі: fh = 0,03Pм/ √n (см), мұндағы Рм —жүрістің периметрі, м; п — жүрістің қабырғалар саны. Шығарылған қиыспаушылық жүрістің қабырғаларының ұзындығына пропорционал бөлінеді. Өтпелі нүктелер, яғни геодезиялык жүйе пункттері түсіргі негіздеулер нүктелерінен және де қиылыстырулардан, сондай-ақ геодезиялык жүйе пункттерінің аралығындағы жармадан рулеткамен немесе болат лентамен өлшеу арқылы анықталады. Әр түрлі масштабтағы түсірісте аспаптан рейкаға дейінгі ең үлкен қашыктық 150—350 м, ал план масштабындағы пикет аралығы 2 см болуы тиіс. Анық контурларды түсіргенде олардың пландағы бұрыштарын 0,4 мм дәлдікпен анықтайды, содан соң оларды сызықтармен қосады. Жолдарды түсіргенде пикеттерді бір жағынан алады да, жолдың енін өлшейді. Егер жолдың ені план масштабына салынатын болса, онда оның екінші жағын біріншісіне параллель етіп салады, немесе жолдың ені масштабсыз түсірілетін болса, онда пикеттер осьтің бойына салынып шартты белгімен кескінделеді. Жер бедерін түсіргенде суайрықтары мен тальвегтердің сызықтарын анықтайды; бұл үшін шыңдардың, беткей етегінің, алқап сағасынын және басқа да сипатты нүктелердің биіктік белгілерін анықтайды. Планда горизонтальдарды жүргізуге қажетті пикеттердің биіктіктерінен басқа плотинаның, бөгеттің, шлюздің, көпірдің, трубалардың, жол торабының, квартал бұрыштарының, үйінді мен қазба үстінің және етегінің, ордың, құдықтың, төбенің және т. с. с. биіктік белгілерін анықтау керек. Су деңгейінің төмендеуін 15 см сайын анықтап, күнін көрсетіп жазады. 5-ке еселі горизонтальдарды қалыңдатып, беткейдің бағытын бергштрихтармен көрсетеді. Түсіріс барысында биіктіктер мен контурлар калькасын жасап, оны тушьпен сызады. Түсірістің тексеруін далалық тексеру нәтижесінде жүргізеді. Тексеру пикеттерін биіктіктер мен контурлар калькасына қызыл тушьпен көрсетеді. Жағдайды тексергенде табиғи жердегі өлшенген ара қашықтық планда анықталған шамасынан айырмашылығы план масштабында 0,8 мм-ден артық болмауы тиіс. Горизонталь орындарының биіктік айырмашылығы жер бедері қимасының—бөлігіне дейінгі биіктікте болуы тиіс. Мензула штативтен, тұғырықтан және мензулалық тақта — планшеттен тұрады. Тұғырық планшетті штативпен біріктіру қызметін атқарады және де планшетті центрлеуді, горизонтальдауды және бағдарлауды қамтамасыз етеді. Тұғырық штативтің (23-сурет) бас жағымен стан винтімен бірігеді. М тектес әмбебап металл тұғырық (23-сурет) жоғарғы (4) және төменгі (1) екі бөліктен тұрады. Жоғарғы айналатын бөлігінің планшетті бекітуге арналған үш винті (3) болады, әрі бекіту (2) және жетекші (6) винттермен жабдықталған. Тұғырықтың төменгі айналмайтын бөлігіне мензуланың айналу осі бекітілген, онда планшетті горизонталдауға арналған қатпарлы серіппе арқылы өтетін үш көтеру винті (7) бар. Планшет құрғақ берік шыршадан немесе жөкеден жасалған көлемі 60X60X3 см ағаш тақта. Тақтаға мыс шегелермен фанера немесе алюминий табағы бекітіледі, оған жоғары сапалы сызба қағазы жапсырылады. Кейде қағазды тікелей мензулалық тақтаға жапсырады. Тасымалдаған кезде планшетті кленкаға орап фланель астары бар брезент құндаққа салады. [pic] 23 - сурет Мензуланы жұмыс жағдайына келтіру үшін деңгей аспабы, тіктеуіші бар центрлеу айыры және бағдар-буссоль қолданылады. Планшет жазықтығын горизонталь жағдайға келтіруге арналған цилиндрлік деңгей, әдетте кипрегельдің сызғышына бекітіледі. Тіктеуіші бар центрлеу айыры планшетті жергілікті жердегі нүктенің үстіне центрлеу үшін қолданылады. Бағдар- буссоль планшетті жер шарына алғашқы бағдарлау үшін қолданылады. Түсіру жұмыстарын бастамастан бұрын, алдымен мензуланы мынадай тексерулерден өткізу керек: 1. Мензула айтарлықтай орнықты болуы тиіс. Осы шарттың орындалуын тексеру үшін мензуланы орнатып, оның үстіне кипрегельді қойып, онымен жергілікті жердегі қандай да бір нүктені нысаналайды да, кипрегель сызғышының кесілген қыры жағымен планшетте қарындашпен сызықты сызады. Осыдан кейін тақтаның бұрышын жай ғана саусақпен басады да, содан соң саусақты көтереді. Егер осы кезде кипрегельдің жіптер торының орталық нүктесі бұрынғы қалпына келетін болса, яғни нысаналанған заттан ауытқып кетпесе, онда бірінші шарттың орындалғаны. 2. Мензула планшетінің жоғарғы беті жазықтық болуы керек. Осы шарт арнаулы тексерілген сызғыштың көмегімен орындалады, бұл үшін сызғыштың қырын планшеттің үстінде әр бағытта басып ұстайды. 3. Планшеттің жоғарғы жазықтығы мензуланың айналу осіне перпендикуляр болуы тиіс. Осыны тексеру үшін планшеттің жоғарғы жазықтығын алдын ала тексерілген деңгей аспабы арқылы үш көтеру винттерінің көмегімен горизонталь жағдайға келтіреді. Осыдан кейін планшетті вертикаль осінің төңірегінде айналдырып, деңгей аспабының үлбіреуігінің орнынан ауытқыған- ауытқымағанын қарайды. Егер үлбіреуік ауытқымаса, онда шарттың орындалғаны. Жоғарыда айтылған шарттарды қанағаттандырмайтын мензула жөндеуден өтуі тиіс. Мензулалық түсірісті жасаудың алдында мензулалық планшетті даярлау керек. Планшетті түсіріске даярлау үшін қағазды тікелей планшетке немесе қатты негізге, яғни фанер немесе алюминий табақ бетке жоғарғы беті толығымен тегіс болатындай етіп жапсырады. Планшетке қағазды жапсыру. Мензулалық планшетке сызба қағазын тікелей жапсырады немесе тақтаға алдын ала тығыз коленкорды тереді. Қағаз бетінің өлшемі планшеттен біршама артық болуы керек (шамамен тақтаның қалыңдығынан екі есе артық). Қағаздың бұрыштарын планшеттің қырларына бүктеуді оңайлату үшін кесіп алады. Желім ретінде жұмыртқаның көбікке дейін көпіршітілген ағы қолданылады; оны мензулалық планшеттің үстіңгі бетіне жағып, оған алдын ала суланған қағазды жапсырады. Осыдан кейін суланған қағазды құррақ қағазбен жауып, жапсырылатын бетті планшеттің ортасынан шетіне қарай қағаздың астына ауа қалмайтындай етіп қыртысын біртіндеп жазады. Енді беттің шеттерін бүгіп, оларды планшеттің бүйір және төменгі беттеріне крахмалдан жасалған желіммен жапсырады. Планшетке қағазды жапсыру далалық жұмыстардың басталуына бірнеше күн қалғанға дейін жасалуы тиіс. Қағазды фанераға жапсыру. Мензулалық планшеттің өлшеміне сәйкес кесіп алынған сапалы фанераның өні жағына сызба қағазын сұйық крахмалды желіммен жапсырады; жапсырылған беттерді 5—6 күн престің астында ұстап, содан кейін оларды планшетке бекітеді. Алюминийге қағазды жапсыру. Мензулалық планшеттің өлшемімен бірдей етіп кесіп алынған алюминий тақтаны алдын ала бұдырлау беті тегістелгенше зімпара қағазымен өңдейді. Одан кейін тегістелген бетінің шаңын сүртіп, оған сулы ащы калий қосылған крахмалды желімге фенолфталеин қосып, су мен спиртке ерітіп жағады. Сумен ылғалданған сызба қағазын қатты қысады; қағаздың шеттерін тақтаның екінші бетіне қарай бүгіп, ол жақты да қағазбен желімдейді. Мензулалық түсірісті жүргізуден бұрын жергілікті жерде мензуланы жұмыс жағдайына келтіреді, ол планшетті центрлеуден, горизонтальдаудан және бағдарлаудан тұрады. Планшетке түсірілген нүктені жергілікті жердегі сәйкес нүктенің үстіне қондыру планшетті центрлеу деп аталады. Ол көз мөлшерімен немесе центрлеу айырының көмегімен жасалынады. Мензуланы центрлеу үшін тұғырықтың бекіту винтін босатып, планшетті онда түсірілген нүкте жергілікті жердегі берілген нүкте арқылы өтетін тік сызықтың бойында болғанша жылжытады. Мензуланы көз мөлшермен центрлегенде он сантиметрден аспайтын қателік жіберілуі мүмкін. Сондықтан 1:5000 және ұсақ масштабтық мензулалық түсірістерде центрлеу кезінде центрлеу айырын қолданбайды. Мензула планшетінің жоғарғы жазықтығын горизонтальдау үшін түзетілген деңгей аспабы бар кипрегель сызғышын планшеттің ортасына кез келген екі көтеру винтінің бағытымен қояды да, оларды әр бағытта бұрау арқылы деңгей үлбіреуігін нөл-пунктке келтіреді. Содан соң сызғышты үшінші көтеру винтінің бағытына сәйкес қойып, қайтадан сол деңгейдің үлбіреуігін нөл- пунктке әкеледі. Осындай әрекеттерді денгейдің үлбіреуігі кипрегельді планшеттің бетінде қозғалтқанда нөл-пункттен 1—2 бөліктен аспайтын болып ауытқығанша қайталайды. Түсірісті таулы жерде жасағанда планшетті горизонтальдауды барынша дәлдікпен жүргізу қажет. Планшетті буссоль немесе жергілікті жердің сызықтарының планшетке түсірілген проекциялары арқылы бағдарлайды. Мензуланы жергілікті жердің сызығы арқылы бағдарлау үшін алдымен мензулалық планшетті жергілікті жердің А (22-сурет) нүктесіне центрлейді де, бір мезгілде планшеттегі ас сызығын жергілікті жердегі AC сызығы арқылы көз мөлшерімен бағдарлайды. Сонан соң сызғыштың қиылған қырын бағдарлайтын сызыққа тақап қойып, мысалы AC сызығына планшетті кипрегельмен бірге дүрбінің нысаналау осі С нүктесінде тұрған кадамен беттескенше айналдырады. AC сызығы неғұрлым ұзын болса, соғұрлым планшетті өте дәл бағдарлауға мүмкіндік болатынын есте сақтаған жөн. Планшетті буссоль арқылы түсірілетін учаскенің кез келген нүктесінде бағдарлау мүмкіндігі болу үшін планшетте бағдар сызығы — магниттік меридиан бағыты болуы керек. Бұл үшін планшеттің кез келген жеріне буссольді қойып, оны магнит тілінің солтүстік ұшы 0°-ты көрсеткенше айналдырады. Сонда буссольдың сыртқы қыры бойынша жүргізілген сызық — бағдар сызығы (магниттік меридиан) болып табылады. Осыдан кейін түсірілетін учаскенің кез келген нүктесінде планшетті бағдарлау үшін буссольді бағдар сызығына тақап қойып, планшетті буссоль тілінің солтүстік ұшы 0°-ты көрсеткенше айналдырады. Мензуланы жұмыс жағдайына келтіргенде планшетті бағдарлау осының алдында орындалған центрлеуді бұзатынын еске алған жөн. Сондықтан мензуланы әрбір станцияда жұмыс жағдайына келтіру екі рет жасалынуы қажет. Әуелде, мензуланы нүктенің үстіне орнатқанда штативтін сирағын планшеттегі сәйкес сызық шамамен бағдарланған болатындай етіп қою керек те, одан кейін оны туралап орнату арқылы планшеттің жоғарғы жазықтығын шамамен горизонталь жағдайға келтіру қажет. Планшетті горизонталь жазықтықта бұрып, ал егер қажет болса мензуланы қозғап, оны центрлеу мүмкіндігі болатындай етіп қояды. Осындай шамамен жобалап мензуланы жұмыс жағдайына сәйкес винттерімен келтіреді. Барлық осы үш әрекетті мынадай жүйелілікпен орындайды: центрлеу, горизонтальдау және бағдарлау. Мензулалық-топографиялық түсірістер үшін ең алдымен жергілікті жерде түсіргі негіздеуінің жеткілікті пункттері болуы тиіс, олар аналитикалық немесе графикалық әдістермен құрылуы мүмкін. Түсіргі негіздеуінің дамуының аналитикалық әдісін қолданғанда пункттердің координаталарын анықтау былайша жасалынады: 1. Тірек пункттері аралығында теодолиттік жүрістер (24, б-сурет) салу. 2. Барлық бұрыштары теодолитпен өлшенетін қысқа қабырғалы үшбұрыштар жүйесі болып саналатын триангуляция жүйесін (микротриангуляция) құру (24, а-сурет). 3. Тура, кері және құрама геодезиялық қиылыстырулар құру. Нүктелерді тура қиылыстырумен анықтау геодезиялық жүйенің үш және одан да көп, ал кері—төрт пункттермен жасалынуы тиіс. [pic] 24- сурет Графикалық әдісте түсіргі жүйесінің нүктелерінің орындарын планшетте тура, кері және құрама графикалық қиылыстырулар арқылы табады. Түсіргі жүйесінің пункттерін графикалық әдіспен құрғанда дәлдік жоғары болу үшін планшетте ең алыстағы қада арқылы бағдарлау, жақын орналасқан қадаларды белгілегенде, олардың ең төменгі жағын нысаналау, жүйе пункттерінің барлық бағытын вертикаль дөңгелектің бір орнында сызу қажет. Мензулалық-топографиялық жұмыстарда толықтыру түсірістерін геодезиялық тірек жүйелерінің пункттерінен бастайды. Түсіріс алдында жапсырылған планшеттің үстіне сызба қағазының бетін қондырады да оны планшеттің ернеуіне желімдеп кояды. Осы қағаз «мұқаба» деп аталады. Түсіріс негізгі ватман бетіне түсіріледі. Түсіріс алдында станцияның төңірегіндегі мұқабаның бөлігін кесіп алады, ол осы станциядан түсірілетін территорияның шамасына сәйкестендіріліп алынады, содан соң планшетті жұмыс жағдайына келтіреді. Осыдан кейін рейка-шыны түсірілетін контурдың өзіне тән барлық нүктелеріне жүйелі түрде жібереді де, оларға қойылған рейкаларды нысаналап, қашықтық өлшеуіш арқылы рейкалық нүктелердің ара қашықтығын және салыстырмалы биіктігін анықтайды. Әр нүктеге дейінгі қашықтықты (горизонталь ұзындықты) планшетке түсірістің масштабына сәйкес кипрегель сызғышының қиылған қыры арқылы үстіне мензула орнатылған нүктеден салады. Нүктенің жанында оның нөмірін және биіктік белгісін метрдің ондық бөлігіне дейінгі дәлдікпен дөнгелектеп жазады. Нүктенің биіктік белгісі мына формуламен есептеп шығарылады: НПИК =НСТ + һ мұндағы НСТ — мензула орнатылған нүктенің биіктік белгісі, м; һ — салыстырмалы биіктік, м. Жер бедерін түсіргенде рейканы жергілікті жердің барлық сипатты нүктелеріне екі нүктенің арасындағы горизонтальдарды жай интерполяцияны қолданып жүргізуге болатындай етіп таңдап кояды. Рейкалық нүктелердің есептеліп шығарылған биіктік белгілеріне сәйкес, станциядан кетпей тұрып, планшетке горизонтальдарды салады да, оларды көз мөлшерімен жергілікті жермен салыстырады. Әрбір станциядан тікелей көрініп тұратын түсірілетін учаскенің жер бедерінің бөлігін планшетке түсіріп сызады. Жер бедерін түсіру кезінде пикеттік нүктелерді жер бедерінің өзіне тән сызықтарынан және нүктелерінен — суайрықтарынан, су жиналудан, төбелерден, қойнаудан, ойпаттардан, қазан шұңқырлардың түбінен және беткейлердің бүгілген жерлерінен алады. Жер бедерін түсіргенде рейкалык нүктелерге (пикеттерге), осы станцияда мензуланы вертикаль дөңгелектің қай орнында (OD және CD) бағдарланса, сол жағдайда нысаналайды. Толықтыру түсірістерді, қағида бойынша, орындары планшетте алдын ала анықталған тірек нүктелерінен жүргізеді. Оларға триангуляция, полигонометрия және теодолиттік жүрістер пункттері жатады. Бірақ кейде барлық учаскені түсіруге осындай нүктелер жеткілікті болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда өткінші нүктелер деп аталатын нүктелерге сүйенеді. Өткінші нүктелерді негізгі нүктелермен толықтыру түсірістерін толық жүргізе алмайтын кезде, қалған жерлерді түсіру мүмкіндігі болатындай етіп таңдайды. Өткінші нүктені мензуалдық жүрісті жүргізу немесе қиылыстыруды шешу арқылы табады. Өткінші нүктені мензулалық жүріспен анықтау үшін планшетте орын анықталған нүктенің үстіне мензуланы орнатады. Планшетті бағдарлайды да, рейканы өткінші нүктеге қояды. Нүктені нысаналап, бағытты сызып оған қашықтық өлшеуішпен өлшенген ара қашықтықты салады. Салыстырмалы биіктікті анықтау үшін вертикаль дөңгелектің екі жағдайында осы нүктенің көлбеулік бұрышын өлшейді. Қарындашпен нүктені белгілеп, мензуланы өткінші нүктеге алып барады. Осы нүктеде мензуланы орнатып, планшетті бұрынғы станцияның бағытында бағдарлайды, егер мүмкіндік болса өткінші нүктенің орнын, ал мүмкіндік болмаса қандайда болмасын әйтеуір бір қададан кері қиьілыстыру арқылы тексереді. Рейканы бұрынғы станцияға қойып, қашықтық өлшеуіш арқылы өлшенген ара қашықтықты тексереді де, вертикаль дөңгелектің екі жағдайында вертикаль бұрышты өлшеп кері салыстырмалы биіктікті есептеп шығарады. Егер тура және кері салыстырмалы биіктіктің арасындағы айырмашылық белгілі шарттан аспаса, онда ақтық салыстырмалы биіктік үшін орташа арифметикалық мәні табылып, сол арқылы өткінші нүктенің биіктік белгісінің мәні есептеліп шығарылады. Осылайша өткінші нүктенің орнын және биіктігін тексеріп, осы нүктені белгілеп, айналдыра сызады, сосын планшетке оның биіктік белгісін жазады. Егер жергілікті жерде кез келген үш нүкте беріліп, олардың орындары планшетте анықталған болса, онда осылар арқылы, яғни апықталатын нүктеге мензуланы орнатып төртінш: (өткінші) нүктені табуға болады. Ол үшін жергілікті жердегі өткінші нүктеге (25-сурет) мензуланы орнатып планшетті буссоль арқылы бағдарлайды. Планшетті бекітіп, а нүктесі арқылы А, b аркылы В, с арқылы С-ны нысаналап, Аа, Bb және Сс бағыттары арқылы түзу сызықтарды сызады. Егер осы үш түзу планшетте бір нүктеде қиылысатын болса, онда планшет жеткілікті дәл бағдарланған және де есептеу дұрыс жүргізілген, яғни d нүктесі ізделініп отырған нүкте болып саналады. Ондай болмаса планшеттегі үш түзудің қиылысқан жерінде бір нүкте емес қателік үшбұрыш деп аталатын үш нүкте пайда болады. Сонда ізделініп отырған нүктенің орнын көз мөлшерімен қателік үшбұрышы арқылы анықтап, бағдарлауды қайталайды, бірақ бұл жолы буссольдің көмегімен емес, сызық арқылы белгіленген нүктемен үш нүктенің алыста орналасқанына сызғыштың қиылған қырын тақап ұстайды да, жаңа бағыттарды сызады. Егер ізделіп отырған нүктені сәтті белгілеген болсақ, онда қайтадан сызылған бағыттар бір нүктеде қиылысады. [pic] 25 - сурет Егер жаңа қателік үшбұрышы пайда болса, онда жоғарыда көрсетілген әрекеттерді нысаналаудың үш сызығының қиылысуы бір нүктеден, шыққанша қайталайды. Өткінші нүктенің орнын Болотов (26-сурет) әдісімен анықтау үшін мензуланы өткінші нүктеде орнатып, планшетті бағдарламайды, оған мөлдір қағазды (калька, балауыз) үстіне қояды. Осындай қағазды планшетке бекітіп, оған кез келген т нүктесін белгілеп, осы нүкте арқылы жүйелі түрде А, В және С нүктелерін нысаналап, тА, тВ және тС үш бағытын сызады. Қағазды босатып, бір мезгілде тА сәулесі а нүктесі арқылы, тВ — b нүктесі арқылы, тС — с нүктесі аркылы өтетіндей болғанша оны планшеттің бетінде жылжытады (81-сурет). Осылайша т нүктесін планшетке түсіреді: осы нүкте ізделінген нүкте болып табылады. Кипрегель сызғышының қиылған шетін табылған нүктеге және үш нүктенің біреуіне тақап қойып, планшетті сызық арқылы бағдарлап, бағдарлауды берілген екі нүкте арқылы тексереді. [pic] [pic] 26 - сурет Өткінші нүктенің орнын тура қиылыстыру арқылы анықтаған дұрыс, өйткені қолайлы жағдайда қиылыстырудың қателігі өте аз болады. Төртінші нүктені үш нүкте арқылы анықтап, оған биіктік белгісін әр берілген нүктеден жеткізеді. Айырмашылықтары мүмкін болған жағдайда ақтық нәтижесі ретінде үш анықтаудың арифметпкалык орташа мәні қабылданады. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Топографиялық түсірілім деген не ? 2. Топографиялық түсірілімдердің маңыздылығы. 3. Мензульды түсірілімнің маңызы. 4. Мензуланың құрылысы. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4 № 5 дәріс. Буссольды (компастық) түсірілім. Мақсаты: Буссольды (компастық) түсіріліммен танысу және оның түрлерін, түсіру әдістерін, маңыздылығын білу. Жоспар: 1. Түсірілім әдістері (ординат, полярлы, екі жақты, таңба, айналма). 2. Жергілікті жердің бұрышын горизонтальды және вертикальды өлшеу. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Буссольды (компастық) түсіріс дегеніміз не? 2. Түсірілім әдістері қандай? 3. Жергілікті жердің бұрышын горизонтальды және вертикальды өлшеуде қолданылатын аспап. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4 № 6 дәріс. Теодолиттік түсірілім. Мақсаты: Теодолитті түсіріліммен танысу және оның түрлерін, түсіру әдістерін, маңыздылығын білу. Жоспар: 1. Жұмыс кезеңдері. Құрал - жабдықтар. 2. Теодолитпен бұрыштарды өлшеу. Жұмыс кезеңдері. Құрал - жабдықтар. Бір аспаппен горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу үшін, оның екі жазықтығы болуы тиіс. Өлшеу кезінде бір жазықтық горизонталь, ал екіншісі вертикаль болуы керек. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге қолданылатын аспап теодолит деп аталады. Теодолиттің жалпы кескіні 27-суретте көрсетілген. [pic] 27 - сурет Қолданылып жүрген теодолиттер дәлдігі, есептеу құрылғыларының түрі, горизонталь дөңгелегінің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясы және атқаратын міндеті жағынан әр түрлі текке бөлінеді. Теодолиттерді горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне байланысты 3 түрге бөлуге болады: 1. 1 және 2-класты триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған жоғары дәлдікті Т1 теодолиті. 2. Дәл теодолит Т2-3-және 4-класты триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған; Т5-1-және 2-разрядтық триангуляциялық жүйелер мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеу және жер бетіндегі маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу үшін қолданылады. 3. Техникалық Т15, ТЗО және Т60 - теодолиттік және тахеометриялық жүрістерде және түсіргі жүйелерінде, сондай-ақ жер бетіндегі және жер асты қазбаларындағы маркшейдерлік жұмыстарды атқару кезіндегі бұрыштарды өлшеуге арналған. Теодолиттердің шартты белгілеріндегі цифр горизонталь бұрышты бір тәсілмен өлшеудің секундтық орташа квадраттық қателігін білдіреді; Т5 теодолиті үшін т β = 5 ", ТЗО үшін т β =і = 30" және т. с. с Дөңгелегінің жасалу және есептеу құрылғысының құрылысы жағынан теодолиттер екі топқа бөлінеді: металл және шыны лимбалылар (оптикалық теодолиттер). Вертикаль дөңгелегі, ара қашықтық өлшеуге арналған құрылғысы және буссолі бар теодолит тахеометр деп аталады. Қазіргі уақытта шығарылатын техникалық теодолиттер тахеометрлер болып табылады. Теодолиттің (28-сурет) лимб деп аталатын металл немесе шыны дөңгелегі бар, оның қиғаш шетіне 0°-тан З60°-қа дейінгі бөліктер түсірілген. Бөліктерді есептеу сағат тілінің бағыты бойымен дәл келеді. Лимбаның центрі өлшенілетін бұрыштың төбесі арқылы өтетін тік сызыққа орналастырылады. Лимбаның жазықтығына өлшенілетін бұрыштың жақтары проекцияланады. Бұл кезде лимб жылжымайтын әрі горизонталь болуы тиіс. Лимбаның үстінде тік сызықтың төңірегінде айналатын теодолиттің жоғары бөлігі орналастырылған, бұл бөліктің ішінде алидада және дүрбі (4) бар. Дүрбі тұғырыкқа (2) горизонталь болатын НН1 осінің төңірегінде айналғанда, онда коллимациялық деп аталатын жазықтықтары түсіріледі. Лимба мен алидаданың осьтері сәйкес келуі керек, бұл арада алидаданың ҒҒ1 айналу осі аспаптың негізгі немесе вертикаль осі деп аталады. Алидада да көрсеткіш бар, ол алидаданың лимба шкаласындағы орнын белгілеуге мүмкіндік береді және санаудың дәлдігін арттыру үшін арнайы есептеу құрылғысымен қосақтала жасалған. Лимба мен алидада алидадаға бекітілген металл қаптамамен жабылған. Теодолиттің негізгі осі цилиндрлік деңгей (5) арқылы үш көтеру винттерінің (1) көмегімен вертикаль жағдайға келтіріледі. Теодолиттің дүрбісі горизонталь осі маңайында 180°-қа айналдырылуы, яғни зенит арқылы ауыстырылуы мүмкін. Дүрбінің айналу осінің бір жағында вертикаль дөңгелек (3) бекітілген, ол осьпен берік жалғанған, әрі онымен бірге айналады. Негізінде вертикаль дөңгелек горизонталь дөңгелек тәрізді жасалған; ол вертикаль бұрыштарды (көлбеу бұрыштарды) өлшеуге арналған. Егер теодолитке окуляр жағынан қарасақ вертикаль дөңгелек дүрбінің оң немесе сол жағында орналасуы мүмкін. Бірінші орны «он дөңгелек» (OD), екіншісі - «сол дөңгелек» (CD) деп аталады. 28 - сурет Теодолит буссоль, штатив және тіктеуіштен тұрады. Буссоль магниттік азимутты өлшеу үшін қолданылады. Үш сирақты штативтің бас жағы металдан жасалады. Теодолит штативтің басына стан винттің көмегімен бекітіледі. Тіктеуіш теодолит нүктенің үстіне центрлеу үшін, яғни лимбаның центрін өлшенілетін бұрыштың төбесіне орналастыру үшін қолданылады. Теодолиттің айналатын бөліктерін қозғалмайтын жағдайда келтіру қысу винттерімен, ал бірқалыпты немесе баяу айналдыру микрометрлік (жетекші) винттермен жасалады. Белгілі бір жер территориясыньщ жай-жапсарын 1:500 - 1:5000 масштабтағы пландарда жер бедерінсіз кескіндеу үшін жүргізілетін горизонталь түсіріс теодолиттік түсіріс деп аталады. Осы жұмыстарда бұрыш өлшеуіш аспабы ретінде теодолит қолданылады, ал ара қашықтықты өлшеу үшін ленталар (рулеткалар) және оптикалық қашықтық өлшеуіштер пайдаланылады. Теодолитік түсірілім геологиялық барлауда, тау – кен ісінде, ауыл шаруашылығында, құрылыста т. с. с. пайдаланылатын мәліметтерді алу үшін жүргізіледі. Теодолиттік түсіріс үшін тірек жүйесі әдетте теодолиттік жүрістер жүйесі түрінде құрылады да, олардың нүктелерінен ситуацияны түсіре отырып, қажетті нүктелердің орнын полярлық әдіспен, перпендикулярлар және жарма әдістерімен, сонымен қатар әр түрлі бұрыштық және ұзындық қиыстырулар көмегімен анықтайды. Теодолиттік түсіріс дайындық, далалық және ғылыми өңдеу жұмыстарынан тұрады. Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жапсарын кескіндеудің қажетті дәлдігіне сүйеніп, түсірістің масштабын таңдайлы да, қолдағы бар картографиялық материалдарды (планды, картаны және профильді) мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің пункттері болса, онда олардың орналасқан жерінің схехмасын жасап, каталогтан координаталарын жазып алады. Далалық жұмыстардың құрамына мынадай жұмыстар енеді: 1) жергілікті жерді рекогносцировкалау және пункттерді бекіту; 2) түсірістің пландық негіздеуін жасаған кезде бұрыштарды және сызықтардың ұзындығын өлшеу; 3) жергілікті жердің контурын түсіру; 4) түсіріс негіздеуінің пункттерін мемлекеттік немесе жергілікті жүйе пункттеріне байланыстыру. Рекогносцировка кезінде геодезиялық тірек жүйесінің пункттері ізделініп табылады және жургізілетін теодолиттік жүрістердің неғұрлым қолайлы орындары белгіленеді. Рекогносцировканың нәтижесін ірі масштабтағы немесе жұмыс барысында жасалған схемаға түсіреді. Теодолиттік жүрістер тұйықталған, тұйықталмаған және бір жағы байланыстырылған болуы мүмкін. Тұйықталған теодолиттік жүріс әдетте, геодезиялық негіздеудің пунктіне байланысқан тұйық көпбұрыш түрінде болады. Тұйықталмаған жүрістер басы мен аяғында геодезиялық негіздеудің координаталары белгілі пункттеріне тірелуі тиіс. Бір шеті геодезиялық негіздеудің пунктіне байланыстырылып, ал екінші шеті еркін қалса бұл жүріс бір жағы байланыстырылған жүріс деп аталады. Теодолиттік жүрістерді жүргізу кезінде мына жұмыстар істеледі: - теодолиттік жүрістердің бұрылу нүктелерін қазықшамен, шегемен, үлкен шегемен, металл трубалармен және бағаналармен бекітеді, олардың жанындағы белгілерде нүкте нөмірлері, жұмысты жүргізіп отырған мекеме аты мен орындаған жылы көрсетіледі; - бұрыштарды Т15, ТЗО, 2Т30 және т. б. техникалық теодолиттердің көмегімен бір толық тәсілдер жолымен 30" дәлдікпен өлшейді. Теодолитті орнату нүктесінің үстіне дәлдігі (5—10) мм қателікпен центрлейді. Нысаналау кезінде дүрбіні қаданың көрініп тұрған ең төмен бөлігіне бағыттайды, қабырғаларының көлбеулік бұрыштары v>±2° болса, онда олардың горизонталь ұзындықтарын есептеп шығарады. Горизонталь бұрыштарды бір толық тәсілдер жолымен өлшегенде жартылай тәсілдер арасында лимбаның орнын 90°-қа ауыстырады; - сызықтың ұзындықтарын 20 м-лік өлшеуіш лентамен немесе рулеткамен тура және кері бағытта өлшейді: өлшеудің екі нәтижесін және олардың орта мәнін арнайы дайындалған журналға жазады. Әрбір қабырғаның екі рет өлшенген ұзындығының арасындағы айырмашылығы 1-разрядты жүрістерде ұзындық 1: 2000-нан, ал 2-разрядты жүрістер де - 1:1000-нан аспауы керек. Толықтыру түсірістері теодолиттік жүрістердің пункттерінен жүргізіледі. Ол берілген тапсырмаға және қабылданған масштабына байланысты планда кескінделетін әрбір контурдың және ситуацияның барлық нүктелерінің орнын анықтайтын өлшеулерден тұрады. Перпендикулярлар әдісі анықталатын нүктеден теодолиттік жүрістің қабырғасына түсірілген жергілікті жердегі перпендикулярдың ұзындығын және жүрістің нүктесінен перпендикулярдың табанына дейінгі ара қашықтықты өлшеуден тұрады. Қысқа перпендикулярлар көз мөлшерімен, ал ұзындары — эккердің (29-сурет) көмегімен тұрғызылады. Эккер үш қырлы призма болып табылады, оның екі қыры теодолиттік жүрістің қабырғасына перпендикулярларды түсірістен және көз алдына келтіретін айна қызметін атқарады. 29 - сурет Жармалар әдісі теодолиттік жүрістің қабырғаларына тірелетін сызықтардың жармаларын немесе тірек нүктелерінің жармасында орналасқан нүктелерді түсіруде қолданылады. Бұл әдіс кесінді сызықтардың шеткі нүктелерінің арасында көрінушілік болған жағдайда пайдаланылады. Жармалар әдісі құрылыс салынған аймақтарды түсіруде кең қолданылады, әрі перпендикулярлармен ұзындық қиылыстыру әдістерімен жиі ұштастырылады. Бұрыштық қиылыстыру әдісі әдетте жетуі қиын нүктелердің түсіру үшін қолданылады. Нүктенің орны теодолиттік жүрістің нүктелерінен немесе қабырғаларында орналасқан нүктелерден өлшенілетін екі бұрышпен анықталады. Анықталатын нүктедегі бұрыштық шамасы 30°—150° аралығында болуы тиіс. Нүктенін, кескінін салу транспортирмен жасалынады, олардың қиылысқан жері тиісті нүктенің орны болып табылады. Айналма жол әдісі таса жердегі маңызды объектілерді түсіру үшін, яғни негізгі теодолиттік жүрістің қабырғалары мен ұштарынан алыста орналасқандықтан жергілікті жердегі кедергілеріне байланысты түсіруге мүмкіндігі болмайтын жағдайда қолданылады. Ұзындық қиылыстыру әдісі кезінде нүктенің орны қабырғалары өлшенген үшбұрыштың төбесі арқылы анықталады. Нүктенің пландағы орнын табу үшін жергілікті жерде үшбұрыштың үш қабырғасының ұзындығын өлшеп, содан кейін планда олар арқылы үшбұрышты салу керек. Полярлық координаталар әдісі теодолиттік жүрістен ашық жерде қашықтау орналасқан жергілікті заттарды және контурлардың сипатты нүктелерін түсіру үшін қолданылады. Бұл әдіс кезінде түсіріс тұрақты сызық арқылы жүргізіліп, оның бір шеті полюс ретінде қабылданады. Түсірілетін нүктенің орны екі координаталармен: тұрақты сызықтан берілген нүктенің бағытына дейінгі есептелетін горизонталь бұрышпен және полюстен осы нүктеге дейінгі ара қашықтықпен анықталады. Бұрыштарды полюсте орнатылатын теодолитпен, ал ара қашықтықтарды өлшеуіш лентамен, рулеткамен және қашықтық өлшеуішпен өлшейді. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Теодолитті түсіріс дегеніміз не? 2. Теодолиттің қандай түрлері бар? 3. Теодолиттің бөліктерін ата. 4. Теодолитті түсірісті жүргізгенде қолданылатын әдістер. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4 № 7 дәріс. Биіктікті анықтаудағы түсірілім (нивелирлеу). Мақсаты: Биіктікті анықтаудағы түсіріліммен (нивелирлеу) танысу және оның түрлерін, түсіру әдістерін, маңыздылығын білу. Жоспар: 1. Геометриялық нивелирлеу. Нивелирлік жүрістің орны. 2. Нивелирлер мен нивелирлік рейкалар. 3. Техникалық нивелирлеу. Геометриялық нивелирлеу. Нивелирлік жүрістің орны. Нүктелердің биіктік белгілерінің мәні мен олардың салыстырмалы биіктіктерін есептеп шығаратын геодезиялық өлшеулер нивелирлеу деп аталады. Нүктелердің биіктік белгілерінің мәні барлық масштабтағы топографиялық түсірістердің биіктік негізі болып саналады және олар халық шаруашылығына қажетті инженерлік есептерді, сондай-ақ бірқатар ғылыми есептеулерді шешу үшін қолданылады. Нүктелердің биіктігін техникалық нивелирлеуді қолданып геометриялық нивелирлеумен анықтайды. Геометриялық нивелирлеу ортадан және алға қарай нивелирлеу әдістері болып бөлінеді. Ортадан нивелирлеуде нивелир А және В (30-сурет) нүктелерінің дәл ортасындағы С нүктесіне орнатылады, ал нүктелерге бірдей рейкалар қойылады. Дүрбінің нысаналау осін горизонталь жағдайына келтіреді де, нивелирдің дүрбісін біртіндеп рейкаларға нысаналайды. Бұдан кейін 3 және П есептеулерін алады, олар нысаналау сәулесінен А және В нүктелеріне дейінгі кесінділер болып саналады. Мұнда А және В нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктік (Һ) мына формула бойынша есептеліп шығарылады: Һ=3—П [pic] 30 - сурет Егер «артқа есептеу» 3«алға есептеуден» П артық болса (3>П), онда салыстырмалы биіктік Һ оң болады, яғни В нүктесі А нүктесінен биік орналасады. Ал «артқа есептеу» 3 «алға есептеуден» П кем болса (3<Л), онда салыстырмалы биіктік теріс болады, яғни В нүктесі А нүктесінен төмен орналасады. Егер А нүктесінің биіктік белгісінің мәні На белгілі болса, онда келесі В нүктесінің биіктік белгісінің мәні Нв бұрынғы нүктенің биіктік белгісінің мәні На мен олардың арасындағы салыстырмалы биіктігінің қосындысына тең болады Нв= На + Һ. Нивелирдін нысаналау сәулесінің теңіз денгейінен биіктігі аспаптың горизонты АГ деп аталып, былайша анықталады: АГ = НА+3 = Нв+П. Егер рейканы аралықтағы бір нүктеге (D) қойып, одан d есептеуін алатын болсак, онда оның биіктігі HD = АГ - d, яғни кез келген нүктенің биіктік белгісінің мәні аспаптың горизонтымен осы нүктеге қойылған рейкадан алынған есептеудің айырымына тең. Алға қарай нивелирлеуде (31-сурет) бастапқы А нүктесіне нивелир орнатылады да, ал алдыңғы В нүктесіне рейка қойылады. Содан кейін рейкадан есептеуді П алады да, А нүктесінен нивелир дүрбісінің окулярының центріне дейінгі вертикаль ара қашықтықты, яғни нивелирдің биіктігі болып саналатын қашықтықты өлшейді. 68-суреттен көрініп тұрғандай, А және В нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктік (Һ) мынаған тең болады Һ =і - П. Ортадан нивелирлеудің алға қарай нивелирлеумен салыстырғанда мынадай артықшылықтары болады: еңбектің өнімділігі 2 есе жоғары; нивелирлеуге әсерін тигізетін кейбір қателіктер жойылады. 31 - сурет Едәуір ара қашықтықта орналасқан А және D нүктелерінің (32-сурет) арасындағы салыстырмалы биіктікті анықтау кезінде, егер нивелирдің орналасқан жерінен осы екі нүктенің арасындағы салыстырмалы биіктікті анықтау мүмкін болмаса, онда жүйелі нивелирлеу қолданылады. Ол үшін шеткі нүктелердің ара қашықтығын ортадан ннвелирлеуге мүмкіндік беретін бірнеше тең кесінділерге бөледі. Осы байланыстыру нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктіктерді жүйелі анықтап, олардың қосындысын тауып, бастапқы А және соңғы Д нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктікті анықтайды. Екі нүктенің арасындағы салыстырмалы биіктік байланыстыру нүктелері арасындағы салыстырмалы биіктіктердің алгебралық қосындысы болып саналады. Нивелирдің екі шектес орналасуына ортақ нүктелерді байланыстыру нүктелері деп атайды. J1 станциясына нивелирді орнатады да артқы 31 және алдыңғы П1 рейкалардан есептеулер алады. Содан кейін А нүктесіндегі рейканы B1 нүктесіне апарып қояды да J2 станциясынан 32 және П2 есептеулерін алады, осылайша жүйелі түрде барлық жүрісте нивелирлеуді жүргізеді. [pic] 32 - сурет Шеткі А жэне D нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктік (Һад ) Һад = Һ1+ Һ2+ Һ3+... Һn = (31 - П1) + (32 – П2) + (33 – П3) +…(3n – Пn) n n n Һад = ∑ Һi = ∑ 3 -∑ П 1 1 1 Егер байланыстыру нүктелерінің биіктік белгілерінің мәнін анықтаудың қажеті болмаса, онда соңғы Д нүктесінің биіктік белгісінің мәнін мына формуламен анықтайды: n n n Hd=Ha +∑ Һi =НА +∑ 3 -∑ П. 1 1 1 Геометриялық нивелирлеу мейлінше дәл тәсіл болып табылады, сондықтан бұл тәсіл еліміздің барлық территориясында тірек пункттерінің биіктік жүйелерін жасауда және де әр түрлі инженерлік-техникалық есептерді шешуде кеңінен қолданылады. Нивелирлер мен нивелирлік рейкалар. Нысаналау осі арқылы жер бетінің горизонталь сызығын түсіру қызметін атқаратын дүрбілі аспап нивелир деп аталады. Өндірісте нивелирдің мынадай түрлері жасалып шығарылады: H 05 – оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир, салыстырмалы биіктікті 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған. Н-3, Н-ЗК, Н-ЗЛ ннвелирлері — дәл, 1 км екі мәрте жүрісте салыстырмалы биіктікті 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған дәл аспаптар. Инженерлік - геодезиялық зерттеулерде және III және IV кластық нивелирлеу кезінде қолданылады. Н-10, 2Н-10Л, Н-10К, Н-10КЛ нивелирлері — техникалық, 1 км-лік екі мәрте жүрісте салыстырмалы биіктікті 10 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателіктен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар құрылыста, инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және топографиялық түсірістерде биіктік шама негіздерімен қамтамасыз ету үшін колданылады. Қазіргі кездегі нивелир аспаптарында дүрбінің осін горизонталь жағдайға келтіру деңгейдің көмегімен тексеріледі немесе авторедукциялық компенсаторлардың көмегімен өзінен-өзі жасалады. Инженерлік-техникалық нивелирлеу кезінде кеңінен қолданылатын техникалық Н-3 иивелирін (33-сурет) қарастыралық. Нивелирдің негізгі бөліктеріне цилиндрлік деңгей (6), жапсырылған дүрбі (5), осі бар тірек алаңы (10), көтеру винттері бар (14) тұғырық (1), тесігі және стан винті үшін оймасы бар серіппелі пластинка (8) жатады. [pic] 33 - сурет Бөліктер құны 15" цилиндрлік деңгей қорапта (6) орналасқан, ондағы призмалық құрылғы арқылы деңгей үлбіреуігінің шеткі кескіндері екі жартылай түрде дүрбінің көру алаңына беріледі (33, б-сурет). Дүрбінің нысаналау осін горизонталь жағдайға дәл келтіру элевациялық винтпен (2) орындалады, ол деңгей үлбіреуігінің шеткі кескіндерін сәйкестендіруден тұрады. Цилиндрлік деңгейдің қақпақпен жабылғаи төрт түзету винттері болады. Нивелирдің вертикаль осін шамамен тік жағдайға келтіруге арналған дөңгелек (12) үш түзету винттерімен жабдықталған. Нивелир дүрбісін горизонталь жазықтықта жобалай айналдыру қыспа винттің (10) босатылған кезінде қолмен жасалынады да, ал дәл затты нысаналау қыспа винт бекітулі кезде жетекші винтпен (11) жүргізіледі. Жіптер торының айқын кескінделуін окулярдын диоптриялық сақинасын (3), ал рейканың айқын кескінделуін фокустау құрылғысының маховигін (9) айналдыру арқылы келтіріледі. Дүрбіні жобалай нысаналау қарауылдың (7) көмегімен жасалынады. Нивелирлеу үшін тұтас немесе бүктемелі ағаш рейкалар (34-сурет) қолданылады, олар ұзындығы 3—4 метр, ені 10 см және қалыңдығы 2—3 см бітеу тұтас тақтай ағаш болып табылады. Тақтайлар ақ майлы бояумен боялады және оларға сантиметрлік торкөз бөліктер түсіріледі. Онда әрбір дециметр жазылады, ал санметрлік бөліктер есептеулерді жеңілдету үшін 5 см сайын топтарға біріктіріледі Рейканың ең кішкене бөлігінің сандық шамасы рейка бөлігінің бағасы деп аталады. Тұтас рейканың ең үлкен ұзындығы 3 м – ге тең. Рейканы төменгі жағына рейканы тез тозудан қорғайтын болат пластинкадан тақа қағылып қойылады. 34 - сурет Рейкалар бір жақты немесе екі жақты болуы мүмкін, екіншісінде оның бір жағында қара бөліктер, екінші жағында қызыл бөліктер болады. Осыған орай рейканың жақтары қызыл және қара болып бөлінеді. Рейканың қара жағындағы нөлге тең есептеу, оның тақасымен дәл келеді, ал қызыл жағындағы тақаға сәйкес келетін есептеу нөлге тең. Жұмыс бсталмай тұрып рейкаларды тексеріп алған жөн. Ол үшін рейканы горизонталь күйінде жатқызып, оған тексеру метрін қойып, оның әрбір метрі мен дециметрін өлшейді. Оның дециметрлік бөліктерінің кездейсоқ қателіктері ±1 мм – ден, ал рейканың барлық ұзындығындағы қателік ±2 мм – ден аспауы керек. 3.Техникалық нивелирлеу. Техникалық нивелирлеу 1:500 – 1:5000 масштабтардағы топографиялық түсірістердің биіктік негіздеулерін құру мақсатында, сондай –ақ барлау, жобалау және әр түрлі инженерлік құрылыстарды салу үшін жасалады. Топографиялық түсірістердің биіктік негіздеуін жасағанда техникалық нивелирлеу жүрісінің ұзындығы жер бедері қимасының берілген биіктігіне байланысты болады (2-кесте). Техникалық нивелирлеу жүрісінің мүмкін ұзындығы, км 3 - ке с т е |Жүріс | | | |0,25 |0,5 |1 және одан көп | |Екі негізгі пункттер арасында |2,0 |8 |16 | |Негізгі пункт пен торапты нүкте |1,5 |6 |12 | |Екі торапты нүктелер арасында |1,0 |4 |8 | Нивелирлеу бір бағытта орындалады. Рейкалар бойынша есептеулер тек қана орта жіппен алынады, Әдеттегі екі жақты рейкаларды қолданғанда станциядағы жұмыс атқару реті төмендегідей болады: 1) артқы рейканың қара және қызыл жақтарынан есептеулер алу; 2) алдыңғы рейканың қара және қызыл жақтарынан есептеулер алу. Жұмыс кезінде бір жақты рейкаларды да қолдануға болады. Бұл жағдайда станциядағы жұмыс атқару реті мынадай болуы тиіс: 1) артқы рейкадан есептеу; 2) алдыңғы рейкадан есептеу; 2) нивелирдің горизонтын 10 см – ден артық шамаға өзгерту; 4) қайтадан алдыңғы рейкадан есептеу; 5) қайтадан артқы рейкадан есептеу. Станциядағы салыстырмалы биіктіктің айырмашылығы екі немесе бір жақты рейкаларды қолданғанда 5 мм-ден аспауы тиіс. Жүрістердегі қиыспаушылық ±50√L мм – ден аспауы тиіс, мұндағы L — жүрістің км-лік ұзындығы. Барлау траншеясының трассасын нивелирлеу кезіндегі станциядағы жұмыс атқару ретін қарастырып көрелік. Нивелирді шамамен N: 0 пикет пен R10 байланыстыру нүктелерінен бірдей қашыктыққа орналастырады; ал байланыстыру нүктелеріне екі жақты рейкаларды қояды. Аспапты жұмыс жағдайына келтіріп, дүрбіні соңғы нүктеге нысаналайды да рейканың қара жағынан 0902- (1) есептеуін алады, содан кейін дүрбіні алдыңғы нүктеге нысаналап, рейканың қара жағынан 1731(2) есептеуін алады. Есептеулерді нивелирлеу журналына енгізеді. Осыдан кейін рейкашылар рамкаларының қызыл жақтарын бақылаушыға қарай айналдырады, бұл кезде бақылаушы 6418(3) және 5587(4) есептеулерін алады. Қара 0902—1731=829(5) және қызыл 5587 – 6418 = —831(6) есептеулерінің айырымы +4 мм-ден аспауы тиіс. Енді салыстырмалы биіктіктің 1 мм-ге дейін дөңгелектеніп алынған (—830 мм) орташа мәні 7- графаға жазылады. Бұдан кейін артқы рейкашы № 1 пикетке, ал бақылаушы 2-станцияға көшеді, № 0 пикетте тұрған рейкашы рейканың қара жағын нивелирге қарай қаратады. Нивелирді горизонталь жағдайға келтіргеннен кейін рейканың қара жақтары бойынша есептеулер алынады; ал соңғы 0509(7) және алдыңғы 2532(8) рейкалардың қызыл жақтарын бақылаушыға қаратқаннан кейін, бақылаушы 721(9) және 5198(10) есептеулерін алады. Осыдан кейін салыстырмалы биіктікті қара 0509 - 2532 = - 2023 және қызыл 5198 - 7219 = - 2021 есептеулермен шығарады да, айырмашылығы +4 мм-ден аспайтынына көзі жеткеннен кейін орташа салыстырмалы биіктік —2022-ні тауып, оны 7-графаға жазады. Одан кейін № 0 пикетте тұрған рейкашы +26 аралық нүктеге көшіп, оған рейканы қойып, қара жағын нивелирге қаратады. Бақылаушы рейкадан 0929 (11) есептеуін алады. Аралық нүктеден ( + 26) рейкашы № 2 пикетке көшеді, бақылаушы нивелирді 3- станцияға апарады, ал № 1 пикетте тұрған рейкашы рейканың қара жағын бақылаушыға қаратады және т. с. с. жалғаса береді. Әр станциядағы жұмыс салыстырмалы биіктікті есептеп шығарумен және оларды 3-кестенің 7-графасына жазумен аяқталады. Бақылаушы есептеулер мен есептеп шығарулардың дұрыстығына көзі жеткенде ғана станцияны тастап кетеді. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Нивелирлеу дегеніміз не? 2. Нивелирлеудің қандай түрлері бар? 3. Нивелирдің бөліктерін ата. 4. Техникалық нивелирлеу дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4 3. ОСӨЖ мен СӨЖ тапсырмаларының орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар Реферат Рефератты жазу кезінде келесі құрылымды ұстану керек: 1) Бірінші бетінде рефераттың тақырыбы, факультет, студенттің тобы, аты- жөні жазылады. 2) Жоспар (мазмұны). Мұнда рефераттың негізгі бөлімі және қай бетте екені көрсетіледі. 3) Тақырыбы мен жоспардан кейін кіріспе жазылады. Мұнда берілген материалдың мақсаты мен міндеті және тақырыптың өзектілігікөрсетіледі. 4) Негізгі бөлім. Мұнда рефераттың жоспарланған бөлімдері жазылады. 5) Қорытынды бөлім. Тақырып мәселесіне қатысты автордың өзінің қорытындысы мен ұсынысы. 6) Рефератты жазу үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Реферат көлемі компьютермен терілсе 10 беттен, ал қолмен жазылса 12 беттен кем болмау керек. Барлық беттері нөмірлену керек (бірінші бетіне нөмір қойылмайды, бірақ жалпы сан бетіне кіргізіледі). Жаңа бөлімді міндетті түрде келесі жаңа бетке және оның тақырыбын жазу керек. Тезисті конспект Тақырыпқы байланысты негізгі түсініктер жазылады немесе жоспар жасалынады. Осыған студент сүйене отырып ауызша жауаптың құрылымын қалыптастырады. «» тақырыбы бойынша тезистік конспект жазу және ауызша жауап дайындау. Толық конспект (жазбаша жұмыс) Конспект жоспары құрастырылады. Тақырыптың негізгі сұрақтары қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы толық ашылады. 4. Студенттің оқытушының жетекшілігімен бірге орындалатын өздік жұмыс сабағының жоспары (ОСӨЖ) 1. Картасыз жергілікті жерді бағдарлау. 4 СРО Бақылау түрі – ауызша жауап дайындау 2. Картамен жергілікті жерді бағдарлау. 2 СРО Бақылау түрі – жазбаша жұмыс. 3.Тахеометриялық түсірілімнің атқаратын міндеті және қолданылатын аспаптар 8 СРО Бақылау түрі – реферат жазу. 4.Барометриялық нивелирлеу. 12 СРО Бақылау түрі - толық конспект 5. Көз мөлшерімен түсіру. Бақылау түрі – ауызша жауап дайындау 6. Аэрофототүсіріс пен дешифрлеу туралы толық мәлімет. 14 СРО Бақылау түрі – реферат жазу. 1. Студенттің өздік жұмыс сабағының жоспары (СӨЖ) СӨЖ – ның бақылау жұмысын тапсыруға мыналар кіреді. 1. «План және карта» тақырыбы бойынша тезистік конспект жазу. 2. «Топографиялық карта құрылымы» тақырыбы бойынша - ауызша жауап дайындау 6 СРО 3. «Геодезиялық сызықтық өлшеулер» тақырыбы бойынша - реферат жазу және оны қорғау. 4. «Бұрыштарды өлшеу. Бұрыштық құралдар» тақырыбы бойынша тезистік конспект жазу. 5. «Нивелирлеудің негізгі түрлері мен маңызы» тақырыбы бойынша толық конспект (жазбаша жұмыс). 10 СРО Әдебиеттер тізімі. Негізгі әдебиеттер: 1. Фокина Л.М. Картография с основами топографии. М.: Гуманит. изд. центр. ВЛАДОС,2005.- 335с. 2. Комиссарова Т.С. Картография с основами топографии. М.:2001. 3. Сальников С.Е., Губанов М.Н. Комплексные карты охраны природы: содержание и принципы разработки. М.:1990. 4. Баранский Н.Н, Преобреженский А.И. Экономическая картография.:1962. 5. Геоботаническое картографирование. Л.:1984. Қосымша әдебиеттер: 1. Атлас мира. М.: Издат. Дом ОНИКС, - 2001.-448 с. 2. Қалыбеков Г. Геодезия және топография негіздері. - Алматы: Ана тілі, 1993. – 184 б. 3. А.М.Куприн. Слово о карте. М.: Недра, 1987.-143 с. 4. А.М.Берлянт. Карта второй язык географии. М.: Просвещение, 1985. – 192 с. 5. Гедымин А.В. Картография с основами топографии. М.:1973. 6. П.А.Иваньков. Основы геодезии, топографии и картографии. М.: Просвещение, 1972.-248 с. 7. А.М.Куприн. Как создается топографическая карта. М.: Недра, 1971.-64 с. 8. Лапкина Н.А. практические работы по топографии и картографии. М.:1961 9. Гедымин А.В. Картография. М.:1946. Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау пәні бойынша лабораториялық жұмыстар. Тақырыбы: Картаның масштабы. Масштабты анықтау. Мақсаты: Картаның масштабымен танысып, масштабты айналдыруды үйрену Тапсырма: Әрбір студентке әр түрлі дәрежедегі масштабтардың түрлеріне байланысты географиялық есептер беріледі. Лапкина Н.А. практические работы по топографии и картографии. М.: 1961 кітабының 6,7,8 бетіндегі 10-28 тапсырмаларды орындау. Тақырыбы: Географиялық және тікбұрышты координаттар жүйесі. Мақсаты: Картадан географиялық координаттарды анықтауды меңгеру Тапсырма: Әрбір студентке әр түрлі дәрежедегі географиялық есептер беріледі. Картадан әрбір студент өзіне берілген нүктелердің географиялық координаттарын табу керек. Тақырыбы: Топографиялық карталардың номенклатурасы. Мақсаты: Топографиялық карталардың номенклатурасын оқып үйрену Тапсырма: Әрбір студентке әр түрлі дәрежедегі географиялық есептер беріледі. Лапкина Н.А. практические работы по топографии и картографии. М.:1961 кітабындағы 12-13-14 бетіндегі тапсырмаларды орындау. Тақырыбы: Шартты белгілер. Горизонталь бойынша рельефтің бейнеленуі. Мақсаты: Топографиялық карталардағы шартты белгілерді және топографиялық картада рельефтің бейнеленуін меңгеру. Тапсырма: Әрбір студентке шартты белгілер белгіленген, бірақ атауы жазылмаған карточкалар беріледі, олар әрқайсысы өзіне берілген шартты белгілермен картада нелер бейнеленетінін жазады. Тақырыбы: Буссольды түсірілімнің планын құру. Мақсаты: Буссольды түсірілімнің планын құру меңгеру Тапсырма: Әрбір студентке әр түрлі дәрежедегі географиялық есептер беріледі. Буссольды түсірілімнің планын құруды білуі керек. Тақырыбы: Заттардың бұрыштық көлемі және көз бойынша арақашықтықты анықтау. Мақсаты:. Заттардың бұрыштық көлемі және көз бойынша арақашықтықты анықтауды меңгеру Тапсырма: Лапкина Н.А. практические работы по топографии и картографии. М.:1961 кітабының 4,5,6 бетіндегі 29-39 тапсырмаларды орындау. Тақырыбы: Геометриялық нивелирлеу журналын жасау. Профиль құру. Мақсаты: Геометриялық нивелирлеу журналын жасауды үйрену. Профиль құруды меңгеру Тапсырма: Лапкина Н.А. практические работы по топографии и картографии. М.:1961 кітабындағы 46-61 суреттегі көрсетілген сызық бойынша қима салу. Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау пәнінен өзін - өзі тексеру тест сұрақтары 1-нұсқа 1. Нүктелердің биіктік белгілерінің мәні мен олардың салыстырмалы биіктіктерін есептеп шығаратын геодезиялық өлшеулер? А) Теодолиттік түсірілім В) Нивелирлеу С) Мензулалық түсіріс Д) Тахеометрлік түсіріс Е) Буссольдық түсіріс 2. Бөлшек сан, яғни территорияны планға немесе картаға бейнелеуде неше есе кішірейтілгенін көрсетеді: А) Географиялық атлас В) Географиялық карта С) Географиялық масштаб; Д) План Е) Барлығы дұрыс 3. Магниттік азимут 350 градус 15 минут, ал магниттік бұрылу +10 градус 00 минут болған жағдайдағы нақты азимутты есептеп шығар: А) 0 градус 15 минут В) 9 градус 30 минут С) 260 градус 30 минут Д) 9 градус 30 минут Е) 360 градус 15 минут 4. Өзен, көлдердің тереңдігі қай географиялық жазумен жазылады? А) Жалпы атаулық В) Анықтық жазулар С) Сандық жазулар Д) Сапалық жазулар Е) Сипатамалық жазулар 5. Неміс тілінен аударғанда масштаб қандай мағына береді? А) Таяқпен өлшеу В) Сызғышпен өлшеу С) Адымдап жүру Д) Көзбен өлшеу Е) Циркульмен өлшеу. 6. Жақын меридианнан белгілі нүктеге дейінгі есептелінетін бұрыш: А) Азимут В) Нақты азимут С) Дирекциондық азимут Д) Румб Е) Магниттік азимут 7. Қарама-қарсылық белгісіне байланысты шриф түрлері А) Жуан, жіңішке В) Оң, теріс С) Курсивті, баспа Д) Енсіз, енді Е) Орта, кіші 8. Атаулық масштабты тап: А) 1:200 В) 2:20000 С) 1 см-2 км; Д) 10000 Е) ешқайсысы 9. Планға анықтама бер: А) Жер бетінің ірі масштабта жасалатын сызбасы; В) Жер бетінің формасы С) Жердің бейнесі Д) Жердің үлкейтілген бейнесі Е) Топографиялық бейнесі 10. Картада 1:1000000 берілсе, картада неше есе кішірейтілгенін білдіреді? А) 10 есе В) 100 есе С) 10000 есе Д) 1000000 есе; Е) 1000 есе 11. Градус торының негізгі элементтері: А) Полюс, экватор, паралельдер, меридиандар. В) Экватор, градустық тор С) Масштаб, координаталар Д) Карта, атлас Е) Полюс, экватор, паралельдер 12. Мензула нелерден тұрады? А) штативтен, тұғырықтан, планшеттен В) буссоль, штатив пен тіктеуіштен С) цилиндрлік деңгей, жапсырылған дүрбі серіппелі пластинка Д) осі бар тірек алаңы, көтеру винттері бар Е) тұғырық , тесігі және стан винті үшін оймасы бар 13. Солтүстік және оңтүстік полюстерді қосатын сызықтар: А) Паралель В) Меридиан С) Экватор Д) Полюс Е) Шар 14. Картографиялық проекцияда бұрмалану тұрқы да анықталады. Бұрмаланудың неше түрі болады? А) 1 В) 4. С) 5 Д) 3 Е) 2 15. Географиялық ендік: А) Меридиан доғасының экватор мен полюстің арасындағы ұзындығы В) Паралель доғасының ұзындығы С) Оңтүстік пен шығыс сызығының арасын қосатын сызық Д) Шығыс бойлық Е) Жер білігіне перпиндикуляр етіп кеңістікті орналастырып, оны екі полюстен тең етіп орналастырса шеңбер 16. Топографиялық карталардың географиялық мазмұны ненің көмегімен беріледі? А) Масштаб В) Шартты белгіле С) Сызықтар Д) Графикалы Е) Изометрия 17. «Атлас» сөзінің авторы? А) Т. Меркатор В) К. Салищев С) А. Гебарт Д) Е. Назов Е) А.Фозен 18. Ірі масштабты карталар қалай аталады? А) топографиялық В) топографиялық шолу С) шолу карталары Д) географиялық Е) картографиялық шолу 19. Кеңістіктегі үзіліссіз немесе біртіндеп ауысатын құбылыстардың ауқымын көрсету үшін қолданылатын әдіс: А) Сандық және сапалық фон В) Нүкте әдісі С) Изо сызықтар Д) Ирек сызық Е) Бояулар әдісі 20. Территориялық қамтылуына байланысты атластар нешеге бөлінеді? А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 6 21. Магниттік азимут дегеніміз не? А) Магниттік стрелканың солтүстік бағытынан берілген нүктеге дейінгі бұрыш В) Координаталық зонаның, осьтің меридианға параллель сызықтығының солтүстік бағытынан берілген нүктеге дейінгі бұрыш С) Географиялық мердианның солтүстік бағытынан берілген белгігі бір нүктеге дейінгі есептелінетін бұрыш Д) Магниттік стрелканың оңтүстік бағытынан берілген белгілі бір нүктеге дейінгі есептелінетін бұрыш Е) дұрыс жауабы жоқ 22. 2см -2км атаулық масштабты сандық масштабқа айналдыр: А) 2: 20 000 В) 2:200 000 С) 2:2 000 000 Д) 4:400 000 Е) 4:4 000 000 23. Азимут неше түрге бөлінеді? А. 2 В. 3 С. 4 Д. 5 Е. 6 24. Дүние жүзінің саяси-әкімшілік атласы мазмұнына қарай қандай атласқа жатады? А. Жалпы географиялық В. Тақырыптық С. Кешендік Д. Жеке мемлекеттер Е. Аудандық 25. Геологиялық карталардың қандай түрлерін білесіңдер? А. Стратиграфиялық, тектоникалық В. Гидрологиялық. Климотологиялық С. Литологиялық, экономикалық Д. Гипсометриялық, климотологиялық Е. Морфометриялық, тектоникалық 26. Жер бетінің кез келген бір нүктесінен басқа бір нүктеден биіктік айырмасы қалай аталады? А) Абсолюттік биіктік Б) Көлбеу (горизонталь) С) Биіктік белгісі Д) Салыстырмалы биіктік Е) Қыраттар 27. М.Бехайманның бірінші глобусты жасаған уақыты: А) ХIV Б) XII С) XV Д) XVI Е) XVII 28. Азимутты анықтайтын құрал: А) Термометр Б) Компас В) Флюгер Д) Барометр Е) Планшет 29. Бұрыштары да аудандары да бұрмаланатын проекциялар А) Тең мөлшерлі және тең бұрышты проекция В) Еркін проекциялар С) Тең мөлшерлі және тең ауданды проекциялар Д) Тең ауданды және тең мөлшерлі проекциялар Е) Тең бұрышты еркін проекциялар 30. Жер бетіндегі нүктенің екінші нүктеден тіркеуіш бойынша алғандағы биіктігі: А) Азимут Б) Салыстырмалы биіктік С) Терендік Д) Абсолюттік биіктік Е) Жан –жақты бағдар 2 -нұсқа 1. Кішірейтілген шартты белгілер көмегімен жер бетін кең көлемде бейнелеу: А) Географиялық атлас В) Географиялық карта; С) Географиялық масштаб Д) План Е) Барлығы дұрыс 2. Географиялық меридианның солтүстік бағытынан берілген нүктеге дейінгі сағат бойымен есептелінетін бұрышты қалай атайды? А) азимут В) Магниттік азимут С) Нақты азимут Д) дирекциондық азимут Е) дұрыс жауап жоқ 3. 1:200000 қандай масштабқа жатады? А) Ірі В) орташа; С) ұсақ Д) Ірілі- ұсақты Е) барлығы дұрыс 4. Нақты азимут дегеніміз не? А) географиялық меридианның солтүстік бағытынан берілген нүктеге дейінгі бұрыш В) Магниттік стрелканың оңтүстік бағытынан берілген белгілі бір нүктеге дейінгі есептелінетін бұрыш С) Координаталық зонаның, осьтің меридианға параллель сызықтығының солтүстік бағытынан берілген нүктеге дейінгі бұрыш Д) Координаталық зонаның, осьтің меридианға параллель сызықтығының солтүстік бағытынан берілген нүктеге дейінгі бұрыш Е) барлық жауабы дұрыс 5. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге қолданылатын аспап: А) мензула В) нивелирлік рейка С) теодолит Д) компос Е) тахеометр 6. Ірі масштабты карталары қандай карталарға жатады? А) Топографиялық; В) Топографиялық шолу С) Шолу карталар Д) дүние жүзілік Е) Саяси 7. Жер бірлігіне перпиндикуляр етіп кеңістікті орналастырып, оны екі полюстен тең етіп орналастырса шеңбер пайда болады.Ол шеңбер қалай аталады? А) Паралель В) Меридиан С) Экватор Д) Полюс Е) Шар 8. Географиялық бойлық дегеніміз: А) меридиан доғасының экватор мен полюстің арасындағы ұзындығы В) Паралель доғасының ұзындығы С) Оңтүстік пен шығыс сызығының арасын қосатын сызық Д) Паралель доғасы ұзындығының бастапқы меридианмен берілген нүкте аралығын айтады. Е) Жер білігіне перпиндикуляр етіп кеңістікті орналастырып, оны екі полюстен тең етіп орналастырса шеңбер 9. Нақты азимут 146 градус 00 минутқа тең болып, магниттік бұрылу +6 градус 00 минутқа тең болғандағы магниттік азимутты тап: А) 140 градус 00 минут В) 142 градус 00 минут С) 140 градус 00 минут Д) 139 градус 30 минут Е) 260 градус 00 минут 10. Масштабтың түрлері: А) сандық, атаулық, сызықтық В) ірі,орта,ұсақ С) саяси,топтық,сапалық Д) параллель, экватор,меридиан Е) полюс,бойлық, план 11. Теодолиттің бөліктерін ата? А) штативтен, тұғырықтан, планшеттен В) буссоль, штатив пен тіктеуіштен С) цилиндрлік деңгей, жапсырылған дүрбі серіппелі пластинка Д) осі бар тірек алаңы, көтеру винттері бар Е) тұғырық , тесігі және стан винті үшін оймасы бар 12. Орта масштабты табыңыз А) 1:100000 және одан ірілері В) 1:200000-нан 1:1000000-ға дейін С) 1:1000000 масштабтан ұсақтары Д) В,С жауаптары Е) жауаптардың барлығы дұрыс 13. Төмендегілердің қайсысы картада бейнеленетін әлеуметтік - экономикалық объектілерге жатады? А) Гидрографиялық желі В) Тұрғындық аймақтар С) Жер бетінің рельефі Д) Өсімдіктер әлемі Е) Грунттар 14. Нысаналау осі арқылы жер бетінің горизонталь сызығын түсіру қызметін атқаратын дүрбілі аспап: А) мензула В) нивелирлік рейка С) теодолит Д) компос Е) тахеометр 15. Масштабтың қай түрі сызық бойына жергілікті жерге сәйкес келетін арақашықтықты көрсетеді? А) атаулы В) сызықтық, сандық С) сандық Д) атаулы сандық Е) сызықтық 16. Солтүстік бағыттан берілген нүктеге дейінгі есептелінетін бұрыш қалай аталады? А) Географиялық бойлық В) Азимут С) Румб Д) Географиялық ендік Е) Ауданды проекциялау 17. Векторлар немесе стрелкалар әдістері нені бейнелеу үшін қолданылады? А) Қозғалыс белгісін В) Әуе құбылыстарын С) Сызық объектілерін Д) Карта мазмұнын Е) Картографияланатын территорияның учаскесін 18. 1:20 000 сандық масштабты атаулық масштабқа айналдырғанда: А) 1см-200м В) 1см- 2000м С) 1см -20м Д) 1см- 2м Е) 1см - 200км 19. Атластар қандай белгісіне қарай дүние жүзі атласы, материктер, мұхиттар атласы және т.б. болып бөлінеді? А) Территорияны қамтуына В) Мазмұнына С) Мақсатына Д) Мөлшеріне Е) Масштабына 20. Карта масштабында ауданы жағынан көрсетілмейтін қатаң ықшамдалған объектілерін көрсету үшін қолданылатын шартты белгілер: А)Аудандық В) Көлемдік С) Графикалық Д) Сызықтық Е) Масштабтан тыс 21. Барлық геодезиялық және топографиялық жұмыстар барысында приборлар көмегімен қандай градус аралығындағы шамалар алынады? А) 0-180 градус В) 0-120 градус С) 0-270 градус Д) 0-360 градус Е) 0-450 градус 22. Координаталық зонаның осьтік меридианға параллель сызығының солтүстік бағытына берілген нүктеге дейінгі бұрышты қалай атайды? А) Дирекциондық азимут В) Румб С) Магниттік азимут Д) Нақты азимут Е) Географиялық бойлық 23. Қосымша штрих түрі А) көмекші штрих В) Тік штрих С) Дөңгелек штрих Д) әріпаралық штрих Е) негізгі штрих 24. 2см-10м атаулық масштабты сандық масштабқа айналдыр: А) 2:10 000 В) 2:1000 С) 1:2000 Д) 1: 20 000 Е) 1:200 25. Географиялық координата деп: А) Паралель доғасының бастапқы меридианнан берілген доғаға дейін 0 градуспен берілген Б) Үлкен дәлдікпен картаның көлемін анықтау үшін қажет С) Жер бетіндегі нүктенің бойлығы мен еңдігін айтамыз Д) Меридиан доғасының экватордан берілген жерге дейінгі градуспен алынған шамасын айтамыз Е) Жақын меридианнан белгілі нүктеге дейінгі есептелінетін бұрыш 26. Мазмұнына қарай атластар қалай бөлінеді? А) Ірі, орта, ұсақ В) Жалпы географиялық, тақырыптық С) дүние жүзілік, мемлекеттік Д) Масштабты, масштабсыз Е) Дұрыс жауабы дұрыс 27. Географиялық объектілерді, материктердің, теңіздердің, мемлекеттердің т.б аудандарын бұрмалаусыз көрсететін картографиялық проекция: А) Тең мөлшерлі және тең бұрышты проекция В) Еркін проекциялар С) Тең мөлшерлі және тең ауданды проекциялар Д) Тең ауданды және тең мөлшерлі проекциялар Е) Тең бұрышты еркін проекциялар 28. 270 азимутқа сәйкес келетін көкжиек тұсы: А) Солтүстік, шығыс Б) Батыс В) Солтүстік Д) Оңтүстік Е) Шығыс 29. Картаны әшекейлеу құралы? А) Шрифт В) штрих С) контур Д) таңба Е) горизонталь 30. Қандай жазу түрінде картада өзен- көлдердің тереңдіктері жазылады? А) сандық В) анықтамалық С) жалпы Д) сөздік Е) сапалық Мазмұны |1 |Пәннің оқу бағдарламасы - (SYLLABUS) |3 | |2 |Глоссарий |7 | |3 |Дәріс сабағының тезистері |8 | |4 |№1 дәріс Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау|8 | | |пәні. Негізгі түсініктер. | | |5 |№2 дәріс Топографиялық карталар (ТК) Топографиялық картаның |14 | | |математикалық негізі | | |6 |№3 дәріс Бағдарлау түсінігі мен әдістері |16 | |7 |№4 дәріс Топографиялық түсірілімдер |18 | |8 |№5 дәріс Буссольды (компастық) түсірілім |19 | |9 |№6 дәріс Теодолиттік түсірілім |21 | |10 |№7 дәріс Биіктікті анықтаудағы түсірілім (нивелирлеу) |22 | |11 |Студенттің оқытушының жетекшілігімен бірге орындалатын өздік|26 | | |жұмыс сабағының жоспары (ОСӨЖ) | | |12 |Студенттің өздік жұмыс сабағының жоспары (СӨЖ) |26 | |13 |Әдебиеттер тізімі |26 | |14 |Картография топография негіздерімен пәні |27 | | |бойынша лабораториялық жұмыстар | | |15 |Топография негіздері мен жергілікті жерді бағдарлау | | | |пәнінен өзін - өзі тексеру тест сұрақтары | |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz