Файл қосу

Педагогикалық инновация




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                         |
|ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                             |
|ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ                                                       |
|ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ                                                        |
|СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты |ПОӘК                 |                           |
|                          |                     |УМКД  042-18.19-060-2013   |
|«Педагогикалық инновация» |                     |                           |
|пәнінің оқу-әдістемелік   |№ 1-басылым          |                           |
|кешені (студенттер үшін)  |                     |                           |












                          «Педагогикалық инновация»


                      ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

                 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие
                      МАМАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРІ  ҮШІН ПӘННІҢ
                             ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ




















                                 Семей 2013




1.ӘЗІРЛЕГЕН:
Құрастырушы:  28.08.2013
п.ғ.м., аға оқытушы Мухметова Раукен Женисовна

2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика
кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № 1  04.09.2013ж.
Кафедра меңгерушісі:  ______________ /Джанбубекова М.З./

2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.
Хаттама № 1  «05» 09.2013ж.
Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./

3. БЕКІТІЛДІ:
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Оқу-
әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.
Хаттама №1   18.09.2013ж.
ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./

4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына)




































                                   Мазмұны



   1. Жалпы ережелер
   2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
   3. Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары
   4. Курс форматы
     5. Курс саясаты
     6. Баға қою саясаты
   7. Әдебиеттер




































































      1.Жалпы ережелер
      1.1 Пән және оқытушы туралы жалпы ережелер
п.ғ.м., аға оқытушы Мухметова Раукен Женисовна.
Байланыс ақпараты – тел. 42-25-33, Таңірбергенов 2 ғимарат,
Сабақ өткізу орны – №2
Пән аты – «Педагогикалық инновация»
Кредит саны - 3
          1.2. Курстың қысқаша мазмұны:
    Әлемдік деңгейдегі  білім  берудің  қазіргі  парадигмасы  білім  беруде
нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке  тұлғасына  бағытталу,  ал  оқыту
әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр.  Демек,  оқушы
білімді  дайын  күйінде  мұғалім  түсіндірмесінен  алмай,   өзінің   өмірлік
тәжірибесіне   сүйену   арқылы   танымдық   "жаңалық”   ашуы    шығармашылық
тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер  жасауы  тиіс.  Нәтижесінде
оқушының  дүниетанымы  кеңейіп,  өзіндік  пікірі  мен  көзқарасы  қалыптасуы
керек. Инновация – бұл таным іс-әрекетін ұйымдастырудың арнайы  нысаны.   Ол
толық нақтылықты және болжамды мақсаттарды анықтайды.
      «Педагогикалық инновация» таңдау пәні педагогикалық технологияны  іске
асыру  механизмі  шығармашылық  өзін-өзі  дамыту  іс-әрекеті,  ол:  өзін-өзі
анықтау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту.  Кәсіби   шеберліктің  жоғарғы
шегі шығармашылық  еңбек,  оқу-  тәрбие  үрдісін  жаңашылдықпен,  өзгеріспен
құрай білуі, яғни инновациялық  қызметті жүзеге  асыру.
      Оқытудың инновациялық әдістері студенттерге рөльдік ойындар арқылы  әр
түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол  ашады,  әр  түрлі  білімдерді  синтездеу
кезінде   шығармашылық  өнім   жасауға   жағдай   жасайды,   дегенмен  түрлі
жағдаяттар мен мәліметтерді  талдап,  сараптап,  зерттеу  барысында  жаңалық
ашуға көбірек мүмкіндік береді.
      «Педагогикалық инновация»   дәстүрлі оқыту әдістерінен  оқу  үрдісінде
студенттердің өзінің  өмірлік  тәжірибелерін  пайдалану  арқылы  есте  берік
сақтауымен,  мәліметтерді  талдап,  жинақтау  арқылы  жеке   және   кәсіптік
қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.
      Педагогикалық инновация әдістері  тиімділігінің  сыртқы  көрсеткіштері
ретінде оқушылардың  бірлескен  әрекет  ережелерін  мойындай  отырып,  өзара
әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып,  ұжымдық  ынтымақтастықтың
қалыптасуын, ал әсерлілігінің  ішкі  көрсеткіштері  ретінде  оқушылардың  өз
міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет  дағдыларын  меңгеріп,
топтық жұмысқа дайын болуын,  оқу  әрекетінің  субъектісіне  айнала  отырып,
өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.


    1.3. Курстың мақсаты :
    Педагогикалық мамандарды даярлауда  «Педагогикалық  инновация»  пәнінің
маңызын қазіргі кездегі педагогиклық процестерде жасалып  жатқан  жаңалықтар
арқылы анықтауға болады.
    Педагогикалық үрдіске қатысты инновацияны оның мақсатына,  мазмұнына  ,
оқыту әдістері мен формаларына, педагог пен   баланың  біріккен  іс-әрекетін
ұйымдастыруға жаңалық енгізу деп анықтауға болады.
      Міне осы  пәннің  мақсаты  оқу  үрдісінде  жаңашыл  әдістердің   дамуы
туралы шетел және отандық ғылыми еңбектер  мен  тұжырымдар  басшылыққа   ала
отырып,  студенттерге  балаларды  оқыту   мен   тәрбиелеуде   педагогикадағы
жаңалықтар   туралы теориялық және практикалық  білімді меңгерту.


    4.  Пәннің негізгі міндеттері
1. Болашақ мамандарды оқытудың инновациялық әдістерін қолдану  қағидаларымен
   қаруландырып, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;
2.  Балаларды   оқыту  және  тәрбиелеуде  шығармашылықпен  жұмыс   жүргізуге
   үйрету;
3. Болашақ  маманды ғылыми ізденіске, ғылыми әдіснамалық  жұмысқа баулу;
4. Студенттерге тренингтер, рөльдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда  әсерді
   сезінуді,  әр  түрлі  білімдерді  синтездеу  кезінде   шығармашылық  өнім
   жасауға   түрлі   жағдаяттар   мен   мәліметтерді   талдап,    сараптауды
   қалыптастыру.


1.5. Пәнді оқу барысында студент білу керек:
      білуі тиіс:
-   Инновациялық   педагогика   әдістеріннің   ұғымдары   және   әдіснамалық
негіздерін;
-  Балалардың тұлғалық дамуы және қалыптасу заңдылықтарын;
-   Инновациялық  педагогика  жаңалықтарын  қолдану   барысында   балалардың
анатомиялық-физиологиялық негізгі заңдылықтары мен дамуын;
- Баланың дайындығының мониторингінің ғылыми – теориялық негіздерін;
-Қазіргі қолданыстағы  білімнің  стандарты,  оқу  бағдарламалары,  және  оқу
құралдарының құрылымы мен мазмұнын;
- Оқытатын  пәндердің теориялық негіздерін;
- Оқытатын пәндердің мақсаты мен міндеттері;
біліктілігі:
-   инновация   әдістерін   қолдануда   педагогикалық   әрекетті    үлгілеу,
педагогикалық  қызметте  рефлексияны  жүзеге  асыру,   мақсатты  қоя   білу,
педагогикалық диагностика жүргізу;  оқыту  және  тәрбиелеу  үдерісін  құруды
жүзеге асыру;
-  оқу-танымдық әрекетті оқушылардың жас және  жеке  ерекшеліктеріне  сәйкес
ұйымдастыра білу;
-  оқыту мен тәрбиелеудің жаңашыл технологияны пайдалану;
- сабақта және сабақтан тыс уақытта инновациялық  әдістерді  балалардың  оқу
танымдық  мотивациясының  негізін  түйінді  құзыреттіліктерді   қалыптастыру
мақсатында қолдану;
      дағдысы:
-    компьютерлік  және коммуникативті сауаттылық;
-    балалардың   шығармашылық   және   сыни   ойлауын   дамытуға   арналған
инновациялық жаңалықтарды   қолдана  отырып  оқу-тәрбиені  ұйымдастыру  және
өткізу;
- педагогикалық процесінде инновациялық технологияларды пайдалану.
      құзыреттілігі:
- балалардың  түйінді құзыреттілігін қалыптастыру;
- балалардың  қызығушылықтары мен қабілеттерінің мониторнигін жасау;


1.6    Пәннің    пререквизиті:     жалпы    білім    беретін    мектептердің
бағдарламасындағы гуманитарлық  пәндер бойынша білім.

1.7. Пәннің постреквизиті: «Педагогикалық  инновация»  таңдау  курсын  оқыту
негізінде  оқытудың  жаңашыл  әдістерінің  негіздері,  жаңашыл   әдістерінің
қолданылуы туралы білім мен білік   дағдысын  қалыптастыра  отырып,   психо-
педагогикалық,   тәрбие   жұмысының   әдістемесі,   әлеуметтік   педагогика,
педагогикалық  шеберлік   және  басқа   педагогикалық  циклдардағы  пәндерді
меңгерту.



      Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

                                                                    Кесте 1.
|№  |Тақырыптары                             |Дәріс |Практикалы|СОӨЖ   |СӨЖ   |
|   |                                        |      |қ         |       |      |
|1  |Инновация ұғымы және педагогикалық      |3     |1         |       |      |
|   |жүйеге енгізілетін жаңалықтардың мәні   |      |          |       |      |
|   |мен бағыттылығы.                        |      |          |       |      |
|2  |Оқыту технологиясын ұйымдастырудағы     |3     |1         |       |      |
|   |инновациялық тәсілдер.                  |      |          |       |      |
|3  |Мектеп мұғалімінің инновациялық         |3     |1         |+      |      |
|   |іс-әрекеті                              |      |          |       |      |
|4  |Педагогикалық тәжірибе және озат        |3     |1         |       |      |
|   |педагогикалық тәжірибе туралы ұғым,     |      |          |       |      |
|   |маңызды белгілері.                      |      |          |       |      |
|5  |Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу,  |3     |1         |+      |+     |
|   |жинақтау және тарату.                   |      |          |       |      |
|6  |Инновация туралы ұғым, маңызы,          |3     |2         |       |      |
|   |топтастырылуы, шығармашылық іс-әрекет.  |      |          |       |      |
|7  |Ынтымақтастық педагогикасы.             |3     |2         |+      |      |
|8  |Қазақстандық және шетелдік              |3     |2         |       |      |
|   |жаңашылдардың іс-тәжірибесі.            |      |          |       |      |
|9  |Педагогикалық технология туралы түсінік |3     |2         |+      |      |
|10 |Қазіргі білім беру саласына оқытудың    |3     |2         |       |+     |
|   |озық технологияларын енгізу             |      |          |       |      |


       Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары

Мақсаты:  студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.
Міндеттері:  әр тақырыпты меңгеру мақсатымен жүйелі білім беру;
пәнге қызығушылығын тудыру және өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;
Жоғарғы оқу орындарындағы  оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  формасы   дәріс
болып табылады. Дәріс студенттерге пәнге деген қызығушылығын тудырады.
Дәріс – студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады.
Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық:
сабаққа кешікпеңіз;
дәріс дәптеріңізді және қаламыңызды ұмытпаңыз;
дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз.
Семинарлық сабақтың мақсаты:
• теориялық материалдарды тереңдетіп зерттеу;
• ғылыми мәтіндерді сұрыптау,  материалды  жалпылау  дағдысын  қалыптастыру,
ойлау сынын дамыту және т.б.;
•  білімді  меңгеруде  өзбеттілік,  шығармашылық  инициатива,   шығармашылық
қабілеттерін дамыту;
• көпшіліктің алдында сөйлеу, пікірін  білдіру  және  өз  көзқарасын  қорғау
дағдысын қалыптастыру.
Мақсаты: Пән  бойынша  лекцияда  алған  білімдерін  бекіту,  тереңдету  және
кеңейту.
Міндеттері:
- Пән бойынша алған теориялық материалдарын тереңдету және жүйелеу;
- Библиографиямен өздігінен жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру;
- Аудиторияда өз ойын білдіруге, басқаны  тыңдай  білуге,өз  пікірін  қорғай
білуге және талқылауға қатысуға үйрету.


       Курс форматы

   Аудиториялық сабақтар келесi түрлерден: дәрiстер  (Д),  практикалық  (Пр)
сабақтардан, СОӨЖ , СӨЖ  тұрады.
   Тақырыптардың барлығы дәрістік, практикалық сабақтарда берілген,  қалғаны
өздiгiнен орындалады.
   Дәрiстiк, практикалық  сабақтарды орындау  мiндеттi.
   Аралық  аттестация  қортындылары  студенттiң  сабаққа   қатысуын,   өздiк
жұмыстарын өз  уақытында  орындауын,  сабақ  үстiнде  жауап  беруiн,  аралық
бақылау нәтижелерiн ескере отырып қойылады.
   Олар мiндеттi түрде айтылған уақытында тапсырылуы тиiс. Өз уақытынан  кеш
тапсырылған бақылау жұмыстарына автоматты түрде төмен баға қойылады.
   Студенттердiң бiр-бiрiнен  көшiргенi  немесе  плагиат  (дайын  тапсырманы
көшiру) үшiн оған курс бойынша “қанағаттандырарлықсыз” деген баға қойылады.


     3. Курс саясаты.
   Сабаққа қатысу: Дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде  қатысу,
әрбір тақырыпқа  конспект  жазу.  Оқулық  материалдары  бойынша  өз  бетімен
практикалық үй жұмыстарын көрсетілген уақытта орындау. Егер студент  белгілі
бір себептермен сабаққа қатыса  алмаса,  барлық  өткен  материалдар  бойынша
жауап беру тиіс.
      Тәртіп:  Сабақ  үстінде  үнемі  тәртіп  бұзған  студент   аудиториядан
шығарылып жіберіледі  және  барлық  курс  бойынша  «қанағаттанғысыз»  бағасы
қойылады.
      Бақылау жұмыстары:  Межелік  бақылау  қорытындысы  студенттің  сабаққа
қатысуын, өздік жұмысты уақытында орындауын,  сабақта  ауызша  және  жазбаша
түрде жауап беруін ескере отырып қойылады.
      Көшіріп алу: Кез-келген көшіріп алу  үшін  қатаң  жазалап  аудиторядан
шығарумен қоса, жалпы курс үшін «F» бағасын қоюмен қамтылады.
      Ұялық телефон:  Сабақ кезінде ұялық телефондар өшірілуі керек.
      Емтихан: Қорытынды емтихан  оған  босатылған  барлық  студенттер  үшін
компьютерлық тест жүйе негізінде жүргізіледі.  Емтиханның  қорытынды  бағасы
қорытынды аттестациямен емтиханның орташа проценті арқылы есептеледі.

   6. Баға қою саясаты
      «Педагогикалық инновация» пәнін оқытуда екі рет  аттестация  қойылады.
Әр аттестацияны есептеу үшін келесідей критерийлер қарастырылады:
 • Дәріс сабағына қатысу төмендегідей бағаланады:
 • дәріс сабағы – 30 баллға тең.
 • Тәжірибелік сабақтың жауабы –105 баллмен бағаланада.
 • СОӨЖ бірінші және екінші аттестацияда екі реттен тапсырылады –   30 балл
 • СӨЖ-де бірінші және екінші аттестацияда екі реттен тапсырылады  – 75
   балл
    «Педагогикалық инновация»  пәнінің балдық жүктемесі:
                                                                    Кесте 2.
|Апта  |Бақылау түрі           |Ұпай жиыны           |Ескерту          |
|1     |2                      |3                    |4                |
|      |1-5 апта бойы          |30                   |                 |
|      |дәріске қатысу         |                     |                 |
|2     |№1 Практикалық сабақ   |30                   |                 |
|3     |СОӨЖ                   |15                   |                 |
|      |№2 Практикалық сабақ   |30                   |                 |
|4     |№3,4 Практикалық сабақ |30                   |                 |
|5     |№5 Практикалық сабақ   |15                   |                 |
|      |СОӨЖ                   |15                   |                 |
|      |СӨЖ                    |75                   |                 |
|      |Аралық бақылау         |60                   |                 |
|1-5 апта бойынша барлық ұпай  |300                  |                 |
|саны                          |                     |                 |
|      |6-10 апта бойы         |                     |                 |
|      |дәріске қатысу         |                     |                 |
|7     |№6 Практикалық сабақ   |30                   |                 |
|      |СОӨЖ                   |15                   |                 |
|8     |№7 Практикалық сабақ   |30                   |                 |
|9     |№8 Практикалық сабақ   |30                   |                 |
|      |СОӨЖ                   |15                   |                 |
|10    |СӨЖ                    |75                   |                 |
|      |Аралық бақылау         |60                   |                 |
|6-10 апта бойынша барлық ұпай |300                  |                 |
|саны                          |                     |                 |
|Емтихан ұпайы                 |400                  |                 |
|Академиялық мерзімге жиынтық  |1000                 |                 |
|ұпай                          |                     |                 |

Кесте 3.
|СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларды бағалау жүйесі                                   |
|1 |өте жақсы бағасын қою барысында тәлімгер тақырып бойыншы берілген ауысша,|
|  |жазбаша, тәжірибелік жұмысты толығымен орындаған жағдай ескеріледі; егер |
|  |нақтылау үшін берілген сұраққа жауап берілмеген жағдайда бір кемшілігі   |
|  |ескеріліп   1-4% алынып койылады                                         |
|2 |жақсы бағасы ауысша, жазбаша, тәжірибелік жұмыс, оның нәтижелері жалпы   |
|  |түрде оқу жоспарына сай, бірақ бір немесе екі өрескел қатесі немесе үш   |
|  |кемшілігі жалпы пайыздан 1 шегеріліп отырылады (дұрыс, бірақ жетілген дәл|
|  |жауап емес).                                                             |
|3 |қанағаттанарлық  бағасы егер де ауысша, жазбаша, тәжірибелік жұмыс  оның |
|  |нәтижелері негізінен бағдарламаның талаптарына сай келіп, бірақ 1 өрескел|
|  |қатесі және 2 кемшілігі болса, немесе 1 өрескел қатесі және 1 өрескел    |
|  |емес қатесі, немесе 2 – 3 өрескел қатесі, немесе 1 өрескел емес және 3   |
|  |кемшілігі болса, немесе 4 – 5 кемшілігі болса  қойылады.                 |
|4 |Негізінен  қанағаттанарлықсыз  бағасы жұмыстың жоқтығын көрсетеді, және  |
|  |оқушыға оны қайта жасауды ұсынуға болады.                                |

Дәріс және практикалық сабақтардың қысқаша жоспары.
Тақырып-1.   Инновация   ұғымы   және   педагогикалық   жүйеге   енгізілетін
жаңалықтардың мәні мен бағыттылығы. ( 3 -сағ)
Инновация ұғымы.
Педагогикалық   инновацияларға,    педагоикалық   іс-әрекетке   инновациялық
бағыттылық беру.  Жаңалық енгізудің деңгейілері.
Педагогикалық инновацияларды сипаттайтын критерийлер:

Тақырып-2. Оқыту технологиясын ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер.  (  3-
сағ)
Гуманистік  мектеп  практикасындағы  инновациялық  іс-әрекет  формалары  мен
әдістері.
Инновациялық оқу мекемелері.
Оқу мекемелерінің инновациялылығын көрсететін белгілі өлшемдер.

Тақарып-3. Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті (3 -сағ)
Инновациялық білім беру жолдары.
Педагогтың инновациялык іс-әрекет белгілері.
Мұғалімінің    инновацилық    іс-әрекеттің    негізгі міндеттері.
Болашақ   маманның   кәсіби   педагогикалық    функциялары    конструктивтік
ұйымдастрышылық,      қарым-қатынастық,       дамытушылық,       ақпараттық,
зерттеушілік.
Ұйымдастырушылық іс-әрекет міндеттері.
Білім сферасына  идеалогиялық  әдістемелік,  психология  -педагогиялық  және
ақпараттық мағлұматтар жатады.

Тақырып-4. Педагогикалық тәжірибе және озат  педагогикалық  тәжірибе  туралы
ұғым, маңызды белгілері. (3-сағ)
Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар.
Жаңалық – озат тәжірибенің белгісі.
Педагогикалық  озат  тәжірибе  оқу-тәрбие   жұмысын   үнемі   дамытып   және
жетілдіріп отырады.

Тақырып-5. Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату.  (3-
сағ)
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары
Мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау іс

Тақырып-6. Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық іс-
әрекет. (3-сағ)
Инновация   –   педагогикалық   процеске   оқыту    мен    тәрбиенің    жаңа
тұжырымдамаларын,   оқу   жоспарларын   және   бағдарламаларын,    түрлерін,
әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету.
Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.
Н.Нұрахметовтың инновацияны топтарға бөлуі.
Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.
Инновациялық процестің кезеңдері:

Тақырып-7. Ынтымақтастық педагогикасы. (3-сағ)
Ынтымақтастың - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет.
Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуы.

Тақырып-8. Қазақстандық және шетелдік  жаңашылдардың іс-тәжірибесі. (3-сағ)
Архимед  Мыңбайұлы  Ысқақовтың  ұстаздық  қызметі.  Негізгі   идеялары   мен
тәжірибелері
Қ.М.Нұрғалиевтың негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі
Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева– Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.
Шалва Александрович Амонашвили- Жаңашыл педагогтің қызметі.
В.Ф.Шаталов тәжірибесі.
С.Н.Лысенкова – Ресей педагогының әдістемесінің негізі.

Тақырып 9. Педагогикалық технология туралы түсінік (3-сағ)
1.Педагогикалық технологиялардың  қолданылу жодарын көрсету
2.Оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың маңыздылығы
3.Жаңа технологиялардың  теориялық  тұрғыдан  дәлелденіп,  тәжірибеде  жақсы
нәтиже беру.
4.Мұғалімдер мен тәрбиешілерге шығармашылық еркіндіктің берілуі.

Тақырып 10.  Қазіргі  білім  беру  саласына  оқытудың  озық  технологияларын
енгізу (3-сағ)
1.Оқу тәрбие процесіне модульдік оқыту технологиясын енгізу тиімділігі
2.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
3.Деңгейлеп оқыту технологиясы және дамыта оқыту технологиясы
4.Сорос орталығының «Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  технологиясының  «Ой
қозғау», «Топтастыру», «Кубизм, «Венн диограммасы» стратегиясы

СОӨЖ тапсырмаларының кестесі
|№  |Тапсырма мазмұны  |Мақсаты    |Әдебиет         |Формасы   |Өтілу   |Ұпай  |
|   |                  |           |                |          |мерзімі |саны  |
|1  |Инновациялық білім|Инновация  |Педагогикалық   |Жоспар-   |3 апта  |15    |
|   |беру жолдары.     |туралы     |технологиялар   |сценарий. |        |      |
|   |Инновациялық оқыту|жалпы      |Сальникова, 2005|          |        |      |
|   |білімді           |түсінік    |ж.              |          |        |      |
|   |тереңдетеді       |беру       |                |          |        |      |
|2  |Инновациялық      |Тәрбиеде   |Тұрлыханова М.  |Жоспар    |5 апта  |15    |
|   |тәрбие            |жаңа       |Педагогикалық   |құру      |        |      |
|   |ерекшеліктері.    |технологиян|технологиялар   |          |        |      |
|   |                  |ы қолдану  |оқу үрдісінде.  |          |        |      |
|   |                  |           |Алматы, 2000    |          |        |      |
|3  |Педагогикалық     |Жаңашыл    |Шоқаева Г.Ә.    |Конспект. |7-апта  |15    |
|   |инновация         |іс-әрекетпе|Жаңа технология |          |        |      |
|   |негізінде мектеп  |н танысу   |енгізу арқылы   |          |        |      |
|   |жұмысын           |           |оқу процесінің  |          |        |      |
|   |ұйымдастыру.      |           |деңгейін көтеру.|          |        |      |
|   |                  |           |№18,5б.//Қазақст|          |        |      |
|   |                  |           |ан мұғалімі//№18|          |        |      |
|   |                  |           |2002            |          |        |      |
|4  |Педагогтың        |Педагогтың |Әлімбекова А.С. |Схема     |9 апта  |15    |
|   |инновациялық      |инновациялы|Білім беруді    |арқылы    |        |      |
|   |іс-әрекетін       |қ          |жаңаша          |көрсетіңіз|        |      |
|   |қалыптастырудың   |іс-әрекетім|ұйымдастыру     |          |        |      |
|   |педагогикалық     |ен танысу  |тәжірибесінен   |          |        |      |
|   |шарттары.         |           |//Білім-        |          |        |      |
|   |                  |           |Образовангие.// |          |        |      |
|   |                  |           |№2(8), 2002     |          |        |      |

СӨЖ тапсырмаларының кестесі
№Тапсырма тақырыбы, мазмұны: Мақсаты:
ӘдебиетФормасы
Өтілу мерзіміҰпайсаны1Тақырыбы: Психолог-педагогтың инновациялық технологияларды қолдана отырып қиын баламен жұмыс жасау жолдары.Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы этникалық, саяси, экономикалық, психологиялық ерешеліктерді ескере отырып, қиын балалар тобына жататын оқушыларды қайта тәрбиелеудің тиімді инновациялық формаларын  қолдана білу жолдарын меңгерту.
«Қиын балалар»  терминіне түсінік беру. Жан-жақты қарастыру.
«Қиын балалармен»  бірлескен жемісті еңбек етудің жолын табу.
Қазақстан Республикасындағы «қиын балаларды» педагогикалық тұрғыдан зерттеу .Ұсынылған   әдебиеттер тізімін қараңыз
Шығарма-шылық жоба. 1,2,3,4,5-апта
752-апта: 
Топқа боліну
  1.Топ жетекшілері мен мүшелерінің атқаратын міндеттерін анықтау.
2. Жобаның атын беру. 
3.Жобаның өзектілігін, мақсатын, міндетін, болжамын, әдістерін, негізгі бағыттарын анықтау.3- апта:
1.Негізгі әдебиеттер тізімін жасау.
2.Ғылыми әдебиеттер мен мерзімді басылым беттерінен ақпарат жинақтау. 
3.Қажетті инновациялық технологияларды анықтау.
4.Нақты материалдар іріктеңіз.4-апта:
1.Жоба бойынша соңғы жұмыстар.
2.Мектеп психологынан  пікір алу.5-апта:
Жобаны қорғау2Педагог-психологтың ана-аналармен жүргізетін жұмыстарындағы инновацияАта-аналармен байласыс орнатудың жаңа жолдарымен танысу, ата-аналармен бала тәрбиесіне байланысты жүйелі жұмыстар жүргізу жолдарымен танысу. отбасымен мектептің тәрбие беруі нәтижелі және тиімді болу жолдарымен танысу.Ұсынылған   әдебиеттер тізімін қараңыз
Шығармашылық жоба6,7,8,9,10 апта756-апта. 
Топқа боліну
1.Топ жетекшілері мен мүшелерінің атқаратын міндеттерін анықтау. 
2.Жобаның өзектілігін, мақсатын, міндетін, болжамын, әдістерін, негізгі бағыттарын анықтау.7–апта. Ақпарат жинақтап әкелу8-апта. Жинақталған материалдарды топ болып талдау, қорытындыға келу.10-апта-Жұмысты қортындылап, әдістеме өткізу, қорғау.
7. Әдебиеттер:  
Исаева З.А., Мынбаева А.К., Садвакасова З.М., КазНУ им. аль-Фараби,  Активные методы и формы обучения в высшей школе 2005ж
Бұзаубақова К.Ж.. Жаңа педагогикалық технология. (Оқулық) Тараз. ТарМУ,2003ж.
Өстеміров Қ.,.Айтбаева А, Қазіргі білім беру технологиялары, Алматы, 2006ж.
Нағымжанова Қ. М., Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Өскемен, 1999ж.
Білім заңы. Алматы, 2007 ж.
Мұхаметжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә., Интерактивті жабдықтармен   жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.
Иманбаева А., Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру технологиялары. Қазақстан мектебі, №2, 2000
Педагогика журналы №2-2009ж.
Жаңашыл педагогтар іс-тәжірибелері. – Алматы,1991.
Әлімбекова А.С. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру тәжірибесінен //Білім- Образование.// №2(8), 2002 
Елеубай С. Білім беру технологиясының қазіргі проблемалары. Алматы, 2001. 270б.
Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы- оқушыны дамыту құралы ретінде. –Алматы, 2002
Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы,2000
Тұрлыханова М. Педагогикалық технологиялар оқу үрдісінде. Алматы, 2000
Ұлт тағлымы 2001жыл,№4 73-79бет
Ұлт тағлымы 2006жыл, №4 53-62бет
ХХІғасыр мектебі 2007жыл,№5 5-7бет
Шамова Т.И., Третьякова П.И. Педагогические технологии: что это такое и как их использовать в современной школе.-М.,1994
Елеубай С. Білім беру технологиясының қазіргі проблемалары. Алматы, 2001. 270б.
Шоқаева Г.Ә. Жаңа технология енгізу арқылы оқу процесінің деңгейін көтеру. №18,5б.//Қазақстан мұғалімі//№18 2002
Курманалина Ш.Х. Совершенствование методической подготовки будущих учителей начальных классов по обучению математике младших школьников: учебное пособие, Алматы: Алем, 1999.-160 с.
Курманалина Ш.Х. Функциональная модель электронной методической системы в колледже: Учебное пособие. – Алматы: Алем, 2000. -206 с.
Курманалина Ш.Х. Совершенствование методической подготовки будущих учителей начальных классов по обучению мптематике младших школьников: учебное пособие, Алматы: Алем, 1999.-160 с.
Курманалина Ш.Х. Функциональная модель электронной мстодической системы в колледже: Учебное пособие. – Алматы: Алем, 2000. -206 с.
Курманалина Ш.Х. Методология и технология создания электронной методической системы в условиях информатизации оброзования: монография. – Алматы: Алем, 2002. – 316 с.
Курманалина Ш.Х. Обновление методического обеспечения учебного процесса в условиях информатизации образования (в соавторстве: Н.Б.Чекалева): Монография. Омск: ОмГПУ, 2002. – 89с.
"Педагогикалық технологиялар" Сальникова, 2005 ж.
Ұстазға рухани қуат керек. Р.Нұртазина туралы//Қазақстан мектебі, 1999. №1-2. 8-11-бет.
Пәндер