Файл қосу
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі - дүние жүзі елдері ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |3 деңгейлі СМК құжаты |ПОӘК |ПОӘК 042-16-13.1.04 | | | |/01-2013 | |«Дүниежүзілік шаруашылық| | | |географиясы» пәнінің |№ 2 басылым | | |оқу-әдістемелік |10.01.2013 ж. | | |материалдары | | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Дүниежүзілік шаруашылық географиясы» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ Семей 2013 Мазмұны |1 |Глоссарий | | |2 |Дәрістер | | |3 |Практикалық сабақтар | | |4 |Студенттердің өздік жұмыстары | | 1. глоссарий Атом энергиясы жөніндегі агенттік. Атом энергиясы жөніндегі агенттік , Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Ғылым академиясының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі — атом энергиясын пайдалану және ядролық қаруларды таратпау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын басқару органы. ҚР Президентінің 1992 ж. 15 мамырдағы Жарлығымен құрылған. Агенттік өзінің уәкілеттеріне сәйкес ядролық қызметті жүргізу жөніндегі өтініштерді қарап, лицензия береді; лицензия шарттарының сақталуына мемлекет қадағалау орнатып, ядролық қызмет саласында қолдануға міндетті құжаттар тізімін бекітіп, қағидалар мен принциптерді анықтайды, меншік түріне және әкімшілік бағыныштылығына қарамастан заңды тұлғалар мен жекелеген азаматтардың іс- әрекетін бақылайды; ядролық қаруларды таратпаудың және ядролық энергияны қауіпсіз пайдаланудың халықаралық режимін қамтамасыз етуге байланысты қызметтерді атқарып, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ) өзара ықпалдасу шараларын іске асырып, үйлестіріп отырады; арнаулы бейядролық материалдар мен ядролық технологияларды экспорттау және импортқа алу ісіне мемл. бақылау орнатып отырады.http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82:FAO_logo .sv ФАО — БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы. Штаб-пәтері Римде орналасқан. Бұл арнайы мекеме 1945 жылдан бастап әлемдегі азық-түлік ресурстары мен ауыл шаруашылығы дамуының мәселелерімен айналысады. 1990 жылы ФАО әлемдегі 62 елдегі тропиктік ылғалды ормандарды (ғарыштық суреттерді пайдаланып) есепке алды. Сөйтіп орман ауданы (1,2 млрд га-дан артық) анықталды.[1] http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82:Flag_of_UNESCO.s vЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) — Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы. Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 1972 жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды, дәл қазір 184 елде бекітілген (КСРО — 1988 жылы). 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бас директоры— Коитиро Мацура. 2005 жылы ол 4-жылдық мерзімге қайта сайланды. XX ғ. ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери әрекеттерден зардап шеккен кітапхана және мұражай қорларын қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей байланыстар орнату арқылы Батыс пен Шығыстың арасында мәдени алмасуды дамыту; дамушы елдердегі сауатсыздықты жойып, "негізгі білім беру" жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу Шығыс елдерінде); өркениет ескерткіштерін сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады. Мақсаты. ЮНЕСКО негізгі мақсаты — бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын БҰҰ Қаулысында айтылғандай жалпыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы, әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық елге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту. Мақсатына жету үшін ЮНЕСКО бес негізгі функцияларды жүзеге асырады: • болашағы бар, келешекте адамзатқа керек білім, ғылым, мәдениет пен байланыс формаларын зерттеу; • білімді ғылыми зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып таныту, алмасу, таратумен айналысу; • заңнамалық іскерлікпен: ұсыныстарды іске асыруға міндет болатын халықаралық актілерді дайындау және қабылдау; • мүше-мемлекеттерге «техникалық ынтымақтастық» түрінде жобалар жасау мен дамыту салаларындағы саясатын анықтауда эксперттерінің қызметтерін ұсынады; • арнайы ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады. Мүше елдер. 2009 жылдың қазан айына сәйкес ЮНЕСКО ұйымына 193 мемлекет мүше және 7 мемлекет серіктес мүше дәрежелеріне ие. 1. Австралия, ұйымға қосылу күні - қарашаның 4, 1946 2. Австрия - тамыздың 13, 1948 3. Албания - қазанның 16, 1958 4. Алжир - қазанның 15, 1962 5. Америка Құрама Штаттары - қазанның 1, 2003 6. Андорра - қазанның 20, 1993 7. Ангола - наурыздың 11, 1977 8. Антигуа және Барбуда - шілденің 15, 1982 9. Аргентина - қыркүйектің 15, 1948 10. Армения - маусымның 9, 1992 11. Ауғаныстан - мамырдың 4, 1948 12. Әзірбайжан - маусымның 3, 1992 13. Багамалар - сәуірдің 23, 1981 14. Бангладеш - қазанның 27, 1972 15. Барбодос - қазанның 24, 1968 16. Бахреин - қаңтардың 18, 1972 17. Беларусь - мамырдың 12, 1954 18. Бельгия - қарашаның 29, 1946 19. Белиз - мамырдың 10, 1982 20. Бенин - қазанның 18, 1960 21. Болгария - мамырдың 17, 1956 22. Боливия - қарашаның 13, 1946 23. Босния және Герцоговина - маусымның 2, 1993 24. Ботсвана - қаңтардың 16, 1980 25. Бразилия - қарашаның 4, 1946 26. Бруней Даруссалам - наурыздың 17, 2005 27. Біріккен Араб Әмірліктері - сәуірдің 20, 1972 28. Буркина Фасо - қарашаның 14, 1960 29. Бурунди - қарашаның 16, 1962 30. Бутан - сәуірдің 13, 1982 31. Вануату - ақпанның 10, 1994 32. Венгрия - қыркүйектің 14, 1948 33. Венесуэла - қарашаның 25, 1946 34. Въетнам - шілденің 6, 1951 35. Габон - қарашаның 16, 1960 36. Гаити - қарашаның 18, 1946 37. Гайана - наурыздың 21, 1967 38. Гамбия - тамыздың 1, 1973 39. Гана - сәуірдің 11, 1958 40. Гватемала - қаңтардың 2, 1950 41. Гвинея - ақанның 2, 1960 42. Гвинея-Биссау - қарашаның 1, 1974 43. Германия - шілденің 11, 1951 44. Грек Республикасы - қарашаның 4, 1946 45. Гренада - ақпанның 17, 1975 46. Гондурас - желтоқсанның 16, 1947 47. Грузия - қазанның 7, 1992 48. Дания - қарашаның 4, 1946 49. Джибути - тамыздың 31, 1989 50. Доминика - қаңтардың 9, 1979 51. Доминикан Республикасы - қарашаның 4, 1946 52. Египет - қарашаның 4, 1946 53. Жаңа Зеландия - қарашаның 4, 1946 54. Жапония - шілденің 2, 1951 55. Замбия - қарашаның 9, 1964 56. Зимбабве - қыркүйектің 22, 1980 57. Израиль - қыркүектің 16, 1949 58. Индонезия Республикасы - мамырдың 27, 1950 59. Иордания - маусымның 14, 1950 60. Иран Ислам Республикасы - қыркүйектің 6, 1948 61. Ирак - қазанның 21, 1948 62. Ирландия - қазанның 3, 1961 63. Исландия - маусымның 8, 1964 64. Испания - қаңтардың 30, 1953 65. Италия - қаңтардың 27, 1948 66. Йемен - сәуірдің 2, 1962 67. Камбоджа - шілденің 3, 1951 68. Камерун - қарашаның 11, 1960 69. Канада - қарашаның 4, 1946 70. Капо Верде - ақпанның 15, 1978 71. Катар - қаңтардың 27, 1972 72. Кения - сәуірдің 7, 1964 73. Кипр - ақпанның 6, 1961 74. Кирибати - қазанның 24, 1989 75. Колумбия - қазанның 31, 1947 76. Коморос - наурыздың 22, 1977 77. Конго - қазанның 24, 1960 78. Конго Демократиялық Республикасы - қарашаның 25, 1960 79. Корея Демократиялық Халықтық Республикасы - қазанның 18, 1974 80. Корея Республикасы - маусымның 14, 1950 81. Коста Рика - мамырдың 19, 1950 82. Кот д'Ивуар - қазанның 27, 1960 83. Куба - тамыздың 29, 1947 84. Кувейт - қарашаның 18, 1960 85. Кук Aралдары - қазанның 25, 1989 86. Қазақстан - мамырдың 22, 1992 87. Қырғызстан - маусымның 2, 1992 88. Қытай - қарашаның 4, 1946 89. Лаос Халықтық Демократиялық Республикасы - шілденің 9, 1951 90. Латвия - қазанның 14, 1991 91. Леван - қарашаның 4, 1946 92. Лесотто - қыркүйектің 29, 1967 93. Либерия - наурыздың 6, 1947 94. Ливия Араб Джамахириясы - маусымның - 27, 1953 95. Литва - қазанның 7, 1991 96. Люксембург - қазанның 27, 1947 97. Маврикия - қазанның 25, 1968 98. Мавритания - қаңтардың 10, 1962 99. Мадагаскар - қарашаның 10, 1960 100. Македония Республикасы - Маусымны 28, 1993 101. Малави - қазанның 27, 1964 102. Малайзия - маусымның 16, 1958 103. Мали - қарашаның 7, 1960 104. Мальдивтер - шілденің 18, 1980 105. Мальта - ақпанның 10, 1965 106. Маршал аралдары - маусымның 30, 1995 107. Мексика - қарашаның 4, 1946 108. Микранезия - қазанның 19, 1999 109. Мозамбик - қазанның 11, 1976 110. Молдова Республикасы - мамырдың 27, 1992 111. Монако - шілденің 6, 1949 112. Моңғолия - қарашаның 1, 1962 113. Морокко - қарашаның 7, 1956 114. Мьянмар - маусымның 27, 1949 115. Намибия - қарашаның 2, 1978 116. Науру - қазанның 17, 1996 117. Недерландтар - қаңтардың 1, 1947 118. Непал - мамырдың 1, 1953 119. Никарагуа - ақпанның 22, 1952 120. Нигер - қараашаның 10, 1960 121. Нигерия - қарашаның 14, 1960 122. Niue 26 October 1993 123. Норвегия - қарашаның 4, 1946 124. Оман - ақпанның 10, 1972 125. Орталық Африка Республикасы - қарашаның 11, 1960 126. Оңтүстік Африка - желтоқсанның 12, 1994 127. Өзбекстан - 128. Палау - қыркүйектің 20, 1999 129. Панама - қаңтардың 10, 1950 130. Папуа Жаңа Гвинея - қазанның 4, 1976 131. Парагвай - маусымның 20, 1955 132. Пәкстан - қыркүйектің 14, 1949 133. Перу - қарашаның 21, 1946 134. Польша - қарашаның 6, 1946 135. Португалия - қыркүйектің 11, 1974 136. Ресей Федерациясы - сәуірдің 21, 1954 137. Руанда - қарашаның 7, 1962 138. Румыния - шілденің 27, 1956 139. Самоа - сәуірдің 3, 1981 140. Сан Марино - қарашаның 12, 1974 141. Сао Томе және Принсип - қаңтардың 22, 1980 142. Сауд Араб Корольдігі - қарашаның 4, 1946 143. Свазиланд - қаңтардың 25, 1978 144. Сейнт Винсент және Гренадинес - қаңтардың 14, 1983 145. Сейнт Киттс және Невис - қазанның 26, 1983 146. Сейнт Лусия - наурыздың 6, 1980 147. Сейшелдер - қазанның 18, 1976 148. Сенегал - қарашаның 10, 1960 149. Сербия - желтоқсанның 20, 2000 150. Сингапур - қазанның 8, 2007 151. Сирия Араб Рспубликасы - қарашаның 16, 1946 152. Словакия - ақпанның 9, 1993 153. Словения - мамырдың 27, 1992 154. Соломон Аралдары - қыркүйектің 7, 1993 155. Сомалия - қарашаның 15, 1960 156. Судан - қарашаның 26, 1956 157. Суринам - шілденің 16, 1976 158. Съера Леоне - наурыздың 28, 1962 159. Таиланд - қаңтардың 1, 1949 160. Танзания Біріккен Республикасы - наурыздың 6, 1962 161. Тәжікстан - сәуірдің 6, 1993 162. Того - қарашаның 17, 1960 163. Тонга - қыркүйектің 29, 1980 164. Тринидад және Тобаго - қарашаның 2, 1962 165. Тунис - қарашаның 8, 1956 166. Туркия Республикасы - қарашаның 4, 1946 167. Түркменстан - тамыздың 17, 1993 168. Тувалу - қазанның 21, 1991 169. Уганда - қарашаның 9, 1962 170. Украина - мамырдың 12, 1954 171. Уругвай - қарашаның 8, 1947 172. Үндістан - қарашаның 4, 1946 173. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі - шілденің 1, 1997 174. Фиджи - шілденідің 14, 1983 175. Филиппиндер Республикасы - қарашаның 21, 1946 176. Финлндия - қазанның 10, 1956 177. Франция - қарашаның 4, 1946 178. Хорватия - маусымның 1, 1992 179. Чад - желтоқсанның 19, 1960 180. Черногорие - наурыздың 1, 2007 181. Чехия Республикасы - ақпанның 22, 1993 182. Чили - шілденің 7, 1953 183. Швеция - қаңтардың 23, 1950 184. Швейцария - қаңтардың 28, 1949 185. Шри Ланка - қарашаның 14, 1949 186. Шығыс Тимор - маусымның 5, 2003 187. Эквадор - қаңтардың 22, 1947 188. Экваториялық Гвинея - қарашаның 29, 1979 189. Эл Сальвадор - сәуірдің 28, 1948 190. Эритрея - қыркүйектің 2, 1993 191. Эстония - қазанның 14, 1991 192. Эфиопия - шілденің 1, 1955 193. Ямайка - қарашаның 7, 1962 Серіктес мүше елдер 1. Аруба - қазанның 20, 1987 2. Британдық Виргиния Аралдары - қарашаның 24, 1983 3. Кайман Аралдары - қазанның 30, 1999 4. Макао, Қытай - қазанның 25, 1995 5. Недерландықтардың Антиллері - қазанның 26, 1983 6. Токелау - қазанның 15, 2001 7. Фарер Аралдары - қазанның 12, 2009 Бақылаушы елдер 1. Палестина 2. Әулие Теңіз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыhttp://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82:Logo_UNDP.g ihttp://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82:Flag_of_WHO.sv. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы(ДДСҰ) – 1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады.Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жоғары органы — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы. Ассамблея Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмыс бағытын анықтап, Бас директорын (5 жылға) тағайындайды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының орта әкімшілік органы — Хатшылық (штаб пәтері Женева қаласы; Швейцария). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 192 мемлекет мүше (2000). Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 1992 жылы 19 тамызда мүше болып қабылданды (Еуропа аймақтық ұйымына кіреді). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы 6 аймақтық ұйымнан (олардың атқару органдары — аймақтық бюро) тұрады: [Еуропа] (аймақтық бюросы — Копенгаген қаласында, Дания); Африкалық (Браззавиль қаласы; Конго); Жерорта тенізнің шығыс бөлігі (Александрия қаласы, Египет); Оңтүстік-Шығыс Азиялық (Нью-Дели қаласы, Үндістан); Тынық мұхит жағалауының батыс бөлігі (Манила қаласы, Филиппин) және америкалық (Вашингтон қаласы, АҚШ). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмысының негізгі бағыттары: жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күрес жүргізу, оған мүше елдердің денсаулық сақтау жүйесі мен қызметін дамыту, маман дәрігерлер дайындау, медицина статистика есеп жүргізу (мысалы, ауру түрлері мен одан қайтыс болу себептерін халықаралық деңгейде саралап жүйелеу, адамдардың денсаулығы туралы мәліметті тарату, т.б.), дәрілік препараттардың дайындалуын жіті қадағалау, медицинаның маңызды мәселелерін шешуде ғылым зерттеулер жүргізуді қолдау, т.б. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының сәтті аяқталған халықараралық жобаларына дүние жүзінде безгек және шешек ауруларын жою бағдарламасы жатады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, сондай-ақ, туберкулезбен, жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулармен, паразиттік, жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен (мысалы, жүрек-қантамыр, қатерлі ісік, психикалық аурулар, т.б.) күрес жүргізу бағдарламаларын іске асыруда. 1978 жылы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы мен БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырған Алматы халықараралық конференциясында 20 ғасырдағы Денсаулық сақтау ісінің хартиясы аталған “Алматы декларациясы” қабылданды. 1979 жылы Өлкелік патология ғылым-зерттеу институты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылым-зерттеу ортлық) жанынан Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымымен бірлесіп жұмыс істейтін алғашқы медицина- санитариялық көмек жөніндегі Халықараралық орта ашылды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы бюджетінің негізін оған мүше елдерден жүйелі түрде жиналатын жарналары құрайды. БҰҰ-дың Деңсаулық сақтау мәселелері жөнңндегң бүкіл дүниежүзілік Ұйымы (БДҮ) (World Health Organization)[1] 1946 жылы құрылған. Қатысушылар — БҰҰ-ға мүше мемлекеттер. Мақсаты — қоршаған ортаға жағымсыз ықпал-әсерлерді бақылау және басқару арқылы адам денсаулығын қорғау және жақсарту. Негізгі кызметі — қоршаған ортаны сауықтыру жөнінде шаралар өткізу, соның ішінде химиялық препараттарды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ластану деңгейін бағамдау және бақылау, радиоактивтік соулеленуден қорғау, климаттың өзгерістерінің адамның денсаулығына ықпал-әсерін бағамдау, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғаудың ғаламдық стратегиясын талдап- белгілеу. Мекен-тұрағы — Швейцария, Женева. Женевадағы штаб-пәтері Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы МЭЕҰ жалауы Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ) - (The organisation of the Petroleum Exporting Countries, OPEC)[1] - табысының негізгі көзі мұнай және мұнай өнімдерін шығару мен экспорттау болып табылатын, құрамына 11 ел кіретін халықаралық ұйым; Азия, Африка және Латын Америкасының негізгі мұнай өндіруші мемлекеттерінің бірілестігі.[2] Мұнай шығарушы елдердің мұнайды сыртқа шығару саласындағы саясатын үйлестіру мақсатындағы алғашқы қадамдары 1949 ж. Венесуэлланың бастамасымен жүзеге асты. Өзара ықпалдасу және пікір алмасу барысында 1960 ж. қыркүйекте Бағдадтағы конференцияда МЭЕҰ құру туралы шешім қабылданды, ол конференцияға Венесуэлла, Ирак, Иран, Кувейт және Сауд Арабиясы (осы мемлекеттер ұйымның негізін қалады) елдерінің өкілдері қатысты. МЭЕҰ штаб- пәтері Бүгінгі таңда жоғарыда аталған елдерден өзге мына елдер МЭЕҰ-ның толыққанды мүшелері болып табылады: Алжир, Индонезия, Катар, Ливия, Нигерия және Біріккен Араб Эмираттары. Эквадор 1973-1992 жж. аралығында, Габон - 1975- 1995 жж. аралығында МЭЕҰ-ның мүшесі болды. Ұйымға мұнай және мұнай өнімдерін экспорттаушы кез келген мемлекет, егер оның өтініші ұйымның өзге мүшелерінің төрттен үшінің қолдауына ие болып, негізін қалаушы елдер наразы болмаған жағдайда мүше бола алады. МЭЕҰ-ның штаб-пәтері бастапқыда Женевада (Швейцария), ал 1965 жылдан Венада (Австрия) орналасқан.[3] Африка Бірлігі Ұйым. Африка Бірлігі Ұйымы – Африканың 50-ден астам елдерін біріктіретін ұйым. 1963 жылы мамыр айында Аддис-Абебада (Эфиопия) құрылған. Ұйымның негізгі мақсаты – жаңартылған отаршылдыққа тойтарыс беру, Африка мемлекеттерінің өзара саяси және экономикалық ынтымағын дамыту, олардың тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау, сыртқы саясатта , экономика мен мәдениет салаларында келісілген іс-қимыл жүргізу. Жоғарғы органы – мемлекеттер мен үкімет басшыларының Ассамблеясы (жылына бір рет жиналады), жоғарғы атқарушы органы – сыртқы істер министрлерінің кеңесі (сессиясы жылына екі рет жиналады). Ұйымдастыру-атқару жұмыстары Бас секретариатқа жүктелген. Штаб-пәтері Аддис-Абебада арналасқан. |- экстенсивті өндіріс, өнім көлемі негізінен өндірістің көлемін ұлғайту | |арқылы жүргізіледі. Мысалы, егіншілік жерлерді, мал басын көбейту, т.б. | |- интенсивті өндіріс, өнім көлемі өндірістің өнімділігін арттыру арқылы | |жүргізіледі.Мысалы, егіншіліктің түсімін жаңа тұқым арқылы арттыру, | |малдың сүттік немесе еттік өнімділігін жоғарылату. | |Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті | |сақтап, нығайту және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту | |мақсатында егемен мемлекеттерді ерікті негізде біріктіретін ең ықпалы | |халықаралық ұйым. «Біріккен Ұлттар» деген атты АҚШ-тың президенті | |Франклин Рузвельт екінші дүниежүзілік соғыс уақытында ұсынған болатын. | |Ал БҰҰ-ның құрылған ресми датасы 1945 жыл болып табылады, сол жылы оның | |Жарғысына қол қойған мемлекеттердің көпшілігі осы Жарғыны бекіткен | |болатын. Жарғыда Біріккен Ұлттар Ұйымы болашақ ұрпақтарды соғыс | |апаттарынан құтқару үшін, тең құқықтылық пен халықтардың өзін-өзі билеуі| |принципін құрметтеу негізінде ұлттар арасындағы достық қатынастарды | |дамыту үшін, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық | |сипаттағы халықаралық проблемаларды шешуге жәрдемдесу үшін құрылған деп | |жазылған. | | | |Біріккен Ұлттар Ұйымы оның Жарғысын мойындап, орындауға әзір, | |бейбітшілік сүйгіш барлық мемлекеттер мүше бола алады. Бүгінде оған | |дүние жүзінің 185-ке жуық елі мүше. БҰҰ-ның басты-басты органдары | |мыналар: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік| |Кеңес, Халықаралық сот және Секретариат. БҰҰ-ның орталық мекемелері | |Нью-Йорк қаласында. | |Халықаралық еңбек ұйым (ХЕҰ) – БҰҰ-ның мамандандырылған ұйымы ХЕҰ | |Жарғысына сәйкес оның мақсаттары адамдардың тұрмыс және еңбек | |жағдайларын жақсарту, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа жетуге | |жәрдемдесу. ХЕҰ-да жалақы, жұмыс күні, жұмысқа жалдануға болатын жас | |шегі, әлеуметтік сақтандыру, еңбек жағдайлары және т.б. мәселелер | |бойынша халықаралық конвенциялар талдап белгіленеді. | |Штаб-пәтері Женева қаласында. | |Еуропалық Одақ (ЕО, Ортақ рынок) – батыс еуропалық 12 елдің экономикалық| |топтасуы; бұл елдер: Франция, ГДР, Италия, Бельгия, Нидерланды, | |Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия | |(1992 жылғы қалпы). Одаққа қатысушылардың арасындағы саудада кеден | |алымдарын жою, үшінші елдерге қатысты келісілген сауда саясатын жүргізу,| |ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік салаларында шараларды бірлесіп | |өткізу, ортақ экономикалық және әлеуметтік саясатты үйлестіріп отыру | |арқылы тауарлардың, капиталдар мен жұмыс күшінің ортақ рыногын құру | |мақсатымен ұйымдастырылған. Көптеген елдердің ЕО-ның ассоциацияланған | |мүшесі деп аталатын мәртебесі бар. Одақтың шеңберінде оған кіретін | |елдердің салалық халықаралық ұйымдары: Еуропалық көмір мен болат | |бірлестігі (ЕКББ) және Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қоғамдастық | |(Еуратом) жұмыс істейді. | |Одақтың штаб-пәтері Брюссельде. | |Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы (АСЕАН) – аймақтық | |ұйым, құрамына Индонезия, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Филиппин, Бруней | |кіреді. АСЕАН-ның көздеген мақсаты мүше елдердің экономикалық өсуін, | |әлеуметтік прогресі мен мәдени дамуын жеделдету және Оңтүстік-Шығыс | |Азияда бейбітшілік пен тұрақтылық орнату. Таяудағы кезге дейін артта | |қалып келген, ал қазір қауырт өрлеп келе жатқан бұл елдердің өте маңызды| |экономикалық серіктері АҚШ пен Жапония болып отыр. | |Штаб-пәтерлері Бангкок пен Джакартада. | |Американ мемлекеттерінің ұйымы – батыс жарты шардағы мемлекеттердің аса | |ірі ассоциациясы. Оған Америка континентінің АҚШ-ты қоса 30-ға тарта елі| |кіреді. Ұйымның мақсаты – аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту,| |алауыздықтарға жол бермей, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу, | |агрессия болғандай жағдайда бірлесіп іс-қимыл жасау, америкалық елдердің| |саяси, экономикалық және құқықтық проблемаларының шешілуіне жәрдемдесу, | |ғылыми-техникалық және мәдени прогресс мақсатында күш-жігерді біріктіру.| |Штаб-пәтері Вашингтонда. | Аймақ (лат. Regio - облыс) – бұл термин «аудан» түсінігіне синоним ретінде және нақты шекарасы көрсетілмеген аймақты сипаттау үшін пайдаланылады. Анклав- (француз.enclave) – жан-жағынан басқа мемлекеттің аумағымен қоршалған бір мемлекет аумағының бөлігі. Ассимилияция – (лат. Assimilatio-бірігу, ұқсастыру)- бір халықтың басқа халықтың тілін, мәдениетін үйреніп, бірлесуі; өзінің тілін, мәдениетін және ұлттық сана- сезімін жоғалтуы. Табиғи ассимилация халықтардың этникалық топтарының аралас үйленуі барысында жүзеге асады; күштеу арқылы жүретін ассимилация-қысым көрсетудің нәтижесінде жүзеге асады. (мысалы, туған тілінде кітап басып шығаруға және білім алуға тыйым салу, т.б) Аудан (rayon – тікелей аудармасы шырақ, радиус) – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық әкімшілік белгілі көрсеткіштері негізінде бөлінетін аумақ. Әкімшілік – аумақтық бөлінуі (лат.adminstratio – басқару, басқарма) – мемлекеттің аумақтық жүйесінің ұйымдастырылуы, соның негізінде мемлекеттік басшылық пен билік жүйесінің жұмыс атқаруы. Геосаясат – елдің географиялық жағдайы және басқа физикалық, экономикалық, географиялық факторлармен шартталатын мемлекеттің сыртқы саясаты мен халықаралық қатынасты саяси, әскери-стратегиялық, экологиялық, халықаралық байланыстарға тәуелділігін зерттейтін ғылыми бағыт. Дезурбанизация – урбандалу процесіне белгілі бір қарама- қарсы жағдай, халықтың қаладан тыс жерге шоғырланбауы және қоныстану процесі. Демография – (грекше demos-халық және grafo - жазу) – халық санының өсуі және халықтың ұдайы өсуі. Демографиялық жарылыс – туудың жоғары қарқынын сақтау арқылы өлімнің шұғыл төмендеуі нәтижесінде, халық саны өсімінің күрт артуы. Депопуляция – (depopulation- халықтың азаюы) - халық санының төмендеуі, азаюы. Еңбек өнімділігі - адамның еңбек әрекетінің жемісі, өнімділігі. Бір жұмысшының белгілі уақытта жасап шығарған өнім мөлшері немесе белгілі өнімді жасауға кеткен уақыт бірлігімен есептеледі. Еңбек ресурстары- еңбек ету үшін білім, ойлау қабілеті, қажетті физикалық дамуы бар ел халқының бір бөлігі. Иерархия – (грекше – hierarchia-әулие, arche- билік) – тұтастық элементтері және бөліктерінің жоғарыдан төменге қарай орналасу реті. Импорт (ағыл. Import - әкелу) - басқа мемлекеттерден елге тауар әкелу, тасу. Индустриалиизация (лат. Industria – ынта, жігер) – шаруашылықтың барлық салаларында, өнеркәсіпте, әсіресе ірі машиналық өндірісті жасау нәтижесінде елдің аграрлықтан индустриялдық құрылымға өтуі. Инфрақұрылым (лат.infra – төмен және structura - орналасу)- халықтың күнделікті сұранысын қамтамасыз ету үшін қажетті жүйелер мен қызметтер, құрылыстар, ғимараттар, т.б жиынтығы. Өндірістік инфрақұрылымға: көлік, байланыс, энергетика, сумен қамтамасыз ету; әлеуметтік инфрақұрылымға (қызмет көрсету сферасы)- білім беру, денсаулық сақтау, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, т.б жатқызылады. Кооперациялау- белгілі бір өнімді дайындауды бірлесіп атқаратын дербес кәсіпорындар мен жекелеген шаруашылық салалары арасындағы тығыз өндірістік байланыс. Ол өндірісті мамандандырудың күшеюі және қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы нәтижесінде өрістеуде. Ол даяр бұйым шығаратын жетекші кәсіпорын тапсырмасымен бірнеше өндіріс орындары бірігіп, оларды түйіндермен тетіктермен, дайындамалармен, сондай-ақ агрегаттармен, шала фабрикаттармен қамтамасыз ету ісін қамтиды. Аумақтық жағынан жақын жатқан кәсіпорындардың өзара байланыс тиімділігінің жетілдіруді ұйымдастыру тұрғысындағы іс- шара. Мұның да мамандандыру түрлеріне сәйкес 3 түрі бар. Ол аумақтық (аудан іші немесе ауданаралық) немесе салалық (сала ішіндегі немесе салааралық) принцптер бойынша ұйымдастырылады, өнеркәсіптің экономикалық ұтымдылығын арттыруға бағытталған өндірісті ұйымдастырудың аса маңызды формаларының бірі. Құрамдастыру – бір кәсіпорын аясында әр түрлі өнімдер шығаратын бірнеше өндірісті технологиялық жағынан аумақтық және ұйымдық тұрғыда біріктіретін өндірісті ұйымдастырудың прогресшіл түрі. Ол келесі үш түрде: шикізат өнімдерінсатылап өңдеу; шикізат пен отынды кешенді пайдалану; қалдықтарды қолдану бағытында жүзеге асырылады. Бұл форма-металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп тамақ, ағаш, мұнай өңдеу, т.б. салаларда кеңінен қолданылады. Мысалы: толық циклді металлургия камбинатында бірнеше (шойын, болат, прокат, кокс, химиялық өнім, цемент, т.б.құрылыс материалдарын өндіру)өндіріс түрлері біріктірілген. Қызметкерлердің тапшылығы (лат. defecit - жетіспеу)-қызметкерлердің жетіспеуі, жұмыс орынының жұмыс істеуге ынталылардан көп болуы. Мамандану (лат.specialis дара, ерекше)- Ауданның мамандануы-ауданда белгілі өнім өндірісі немесе белгілі қызмет көрсету түрінің шоғырлануы. Мамандандыру- белгілі бір дайын өнімді, оның жеке бөліктерін даярлау немесе дербес технологиялық операцияларды орындау ісі арнайы бір салаға, оқшауланған кәсіпорныға оның ішіндегі құрылымдарға жүктелуі. Осы тұрғыдағы оның 3 түрі ажыратылады: заттық немесе нақтылы бір дайын өнім шығаруға мамандандыру (станок, автомабиль жасау, аяқкиім, т.б.); тетіктік немесе өнімнің жеке бір тетігін жасауға мамандандыру (поршень, шарик- подшипниктер, реле, т.б.); технологиялық кезеңдерге немесе стадиялық мамандандыру (құрастыру) цех, иіру фабрикасы, құю зауыты, т.б. Мегалополис (грекше megas-үлкен және polis – қала; бұл атау 35 мекеннің қосылуынан пайда болған ертедегі грек қаласы Мегалоаполь атымен аталған) – бірнеше қала агломерациясының бірігуінің нәтижесінде пайда болған ең ірі қоныстану формасы. Мигарция (лат. migratio – көшіп - қону)- халықтың аумақтар бойынша көші- қоны (қоныс аудару, мезгілді және тербелмелі көші-қоны). Миграция сальдосы (итал. saldo өтемақы, есеп, қалдық) – халықтың механикалық өсімі тәріздес белгілі аумаққа қоныс аударып келушілер мен белгілі уақыт аралығында қоныс аударып кетушілер саны (бір жыл ішінде) айырмашылығы. Нәрестелер өлімі – туған мың нәрестеге шаққандағы бір жасқа дейінгі өлгендердің саны. Негізгі өндірістік қорлар-материалдық өндірістің машина жасау, құрал- жабдықтар, өндірістік ғимарат, құрылыстар салуда пайдаланылды. Өнеркәсіп – адамзат қоғамының өндіргіш күштерінің даму денгейіне ықпал етуші шаруашылықтың жетекші саласы. Ол өзі үшін де, шаруашылықтыңбасқа да салалары үшін де әрі адам игілігіне қажетті өзге де материалдық құндылықтарды өндіретін бірегей кешен. Ол шикізат пен материал, отын мен энергия өндірумен бірге өзінің құрамындағы түрлі салалардан алынған немесе ауыл шаруышылығында өндірілген өнімді ары қарай өңдеумен де айналысатын сан мыңдаған арнаулы кәсіпорныдардың жиынтығы. Құрылымы өте күрделі осы кешеннің салаларын атқаратын міндеті мен технологиялық ерекшеліктеріне қарай өндіруші және өнеркәсіп түрлеріне топтастырамыз. Өз кезегінде өндіруші өнеркәсіп өзінің еңбек затын табиғаттан алса, өндіруші өнеркәсіп еңбек өніміне айналған заттарды ғана өңдейді. Өнеркәсіп орталықтары - өнеркәсіп салаларының шоғырланып орналасуымен ерекшеленетін қала немесе кент аумағы. Өнеркәсіп орталықтары, негізінен, өндірістің ауқымдылығымен және құрамының күрделілігімен ерекшеленеді. Ол индустриялдық мазмұндағы қызметімен қоса әрі көлік қатынасында маңызды рөл атқарады. Әдетте, өндіруші өнеркәсіп орталықтары (шахталар, кеніштер, т.б.) өңдеуші өнеркәсіп орталықтарымен (машина жасау, химия, т.б.) салыстырғанда тар профильді болып келеді. Өйткені өндіруші өнеркәсіп орталықтары белгілі бір шикізат түрін немесе табиғат қорын пайдаға жарату мен ғана шектеледі, ал өндәруші өнеркәсіп орталықтарының өндірістік профилі өзінің жан – жақтылығымен сипатталынады. Өнеркәсіп орталықтары өзі орналасқан аумаққа қатысты үйлесімді ұйымдастырушылық рөл атқара отырып, сол жердегі өндіргіш күштердің қарқынды дамуына да зор ықпал жасайды. Өнекәсіп торабы – ортақ мүдделі жағдайда бірыңғайлы көліктік географиялық орнымен, өзара өндірістік – технологиялық байланыстармен бірлестірілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың серіктесіп орналасқан аумағы. Өнеркәсіп торабы бірнеше қаалар мен олардың маңында орналасқан кенттерді қамтиды, өте сирек жағдайда бір қаланың аумағымен де шектелуі мүмкін. Атқаратын қызметіне қарай өндіруші өнекәсіп торабы және өңдеуші өнеркәсіп торабы болып бөлінеді. Өндіруші өнеркәсіп торабы: көмір, мұнай, қара металлургия, т.б салаларға, ал өңдеуші өнеркәсіп торабы: машина жасау, химия, тоқыма және басқа да тармақтарға бөлінеді. Өнеркәсіптің кооперациялануы (лат. cooperatio – ынтымақтастық, әріптестік)- белгілі бір өнімді бірлесіп шығаратын маманданған кәсіпорындардың арасындағы өндірістік байланыс. Өндіруші өнеркәсіп - минералдық ресурстар, кен байыту, құрылыс материалдарын, басқадай шикізат түрлерін өндіру, балық аулау, ағаш дайындау, т.б. салалары жатады. Өндірістік ұйымдастыру - сапалы өнім шығару, оның түрлерін көбейту, еңбек өнімділігін арттыру, өндірістік шығындарды азайту, еңбек жағдайын жақсарту және мамандардың біліктілігін көтеру негізінде өндіріс орынының тиімділігін көтеру мақсатындағы еңбек процесі мен өндіріс заттарын уақыт пен кеңістікте ұтымды ұштастыруға бағытталған іс- шаралар жиынтығы. Ол негізгі, көмекші, қызмет көрсетуші өндірістер мен басқару процестерін қамтиды. Өндірісті ұйымдастыруда түйдекті, дара және партиялық әдістер қолданылады, соңғысында алғашқы екі әдіс ұштастырылады. Өндірісті ұйымдастырудың маңызды формаларына: құрамдастыру, шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау жатады. Өңдеуші өнеркәсіп – аралық өнімдер мен даяр бұйымдар алумен шұғылданатын: металлургия, химия, машина және құрал-жабдықтар жасау, металл және ағаш өндеу, тоқыма тамақ т.б. өнеркәсіп салаларынан тұрады. Өнеркәсіп өзі шығаратын өнім түрлеріне қарай екі үлкен топқа бөлінеді: 1) «А»тобына немесе ауыр өнеркәсіп бөлігіне өндіріс құрал- жабдықтарын (станок,прокат, минералдық тыңвйтқыш, целлюлоза т.б.) жасап шығаруға; 2) «Б» тобына немесе жеңіл өнеркәсіпке күнделікті тұтыну заттарын (тігін, балық, астық өнімі, тағамдар, үй мүліктері, дәрі-дәрмек, т.б.) жасайтын салалар кіреді. Аталмыш қос салалық топ бірнеше кешенді салаларға бөлінеді, ал олар өз кезегінде тармақталып жекеленген өндіріс түрлеріне жіктеледі. Мысалы, машина жасау өнеркәсіп кешені – ауылшаруашылық, энергетикалық, көліктік машиналар, станок, аспаптар жасау, т.б. салаларға бөлінеді, олардың өзі ары қарай жеке өндіріс түрлеріне (көліктік машина жасау-автомабиль, авиация кеме жасау,т.б.), олар өз кезегінде жеке (автомабиль жасау – автобус, жүк, жеңіл, спорттық,т.б) арнайы бағыттарға тармақталады. Приватизация (лат. privatus - жеке)- мемлекеттің меншігіне жеке қожайындарға беру, жекешелендіру. Рекрация (recreatio – қалпына келтіру). Рекрациялық ресурстар – адам денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін, жақсы демалыс үшін жасайтын ресурстар. Субсидия (лат. subsidium –көмек, қолдау)- мемлекеттен әлдебір аймаққа, әлеуметтік топтарға, салаларға бөлінетін ақша қоры. Терминал (лат. terminus – шектен шығу, соңы) – көлік торабының жекешеленген, маманданған бөлігі (мысалы, теңіз портындағы мұнай айлағы, т.б.). Урбанизация (лат. urbanus - қалалық)- қала халқының үлес салмағының өсуі, қалалар рөлінің артуы және қалалық өмір салтының таралуы процесі. Халықтың аймақтарға шоғырлануы (лат. concentratio – жинақталу, үйірілу)- халықтың жеке, орталық, зона, аудандарға шоғырлануы. Шоғырлану процесі халықтың әркелкі орналасуын күшейтеді. Халықтың табиғи өсімі – туу мен өлім саны аралығындағы айырмашылық. Шаруашылықтың салалық құрылымы - өнімнің бағасы, негізгі өндірістік қордың бағасы және жұмыс істейтіндердің саны бойынша әр түрлі өнеркәсіп салаларының арасындағы өзара арақатынасы. Шоғырландыру - өндірісті ірілендіру мақсатында өндіріс құрал-жабдығының, еңбек қорларының және өндірілетін өнімінің барынша іргелі кәсіпорындарға тоғыстырылып жинақталуы. Осындай кәсіпорын аясында – еңбек құралдарын, т.б. жарақатарды жетілдіріп жаңғыртып отыру еңбек және шикізат ресурстарын үнемдеу, еңбек өнімділігін арттыру, тиімді. Олардың ұсақ немесе орта кәсіпорындарға қарағанда техникалық- экономикалық, т.б. артықшылықтарымен қатар пайдасы да мол, бәсекеге қабілеті де зор. Экономикалық аудан- экономикалық – географиялық жағдайы, табиғи, еңбек ресурстары мамандануы. Өндірістің өзара байланыстылығы бойынша айырмашылығы бар аумақ. Экологиялық жағдай – белгілі аумақтағы қоршаған ортаның табиғи жағдайы. Адамның тіршілік әрекеті жағдайларымен бағаланады. Экологиялық жағдайдың нашарлауына қарай қанағаттанарлық, дағдарысты, ауыр, апатты және шиеленіскен экологиялық жағдайлар деп бөлінеді. Экологиялық белсенді халық – жұмыспен қамтылған халық (жұмыс істейтіндер) пен жұмыссыздарды біріктіреді (белсенді түрде жұмыс іздеушілер және еңбекке даярлау). Экспорт (ағыл. Export – сыртқа шығару)- басқа елдерге тауар шығару. Этнос (ағыл.ethnos - халық) – адамдардың – тайпа, халық, ұлыс тарихи қалыптасқан тұрақты топтары. -Егемендік- мемлекеттің, аймақтың басқа мемлекеттер мен аймақтардан экономикалық және саяси тәуелсіздігі. -Аудан-экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, әкімшілік белгілі көрсеткіштері негізінде бөлінетін аумақ. - Мемлекеттік шекара көрші ел мен арадағы құқықтық- заңдық, экономикалық, әлеуметтік функцияларды шектейтін сызық . -Табиғи қорларды экономикалық тұрғыдан бағалау дегеніміз- бұл ел шаруашылығында нақты бір табиғи қорларды, жағдайларды пайдаланғаннан болатын қаржыдай түрде алынатын тиімділік. -Еңбек қорлары – бұл еңбек етуге қабілетті адамдардың мөлшері -Жұмыс күші- бұл жұмыс істеп жүрген және жұмыссыз бірақ еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. -Геосаяси жағдай дегеніміз елдің географиялық ағзаларын саяси тұрғыдан зерттеп, әлем елдерінің деңгейлерімен салыстыру. 3.Дәрістердің қысқаша конспектері 1. Тақырыбы: Кіріспе. Дүниежүзілік шарушылықтың қалыптасуы және оның құрылымы Дәріс мақсаты: Дүниежүзілік шарушылықтың қалыптасуы және оның құрылымы білу. Негізгі сұрақтар және олардың қысқаша мазмұны: 1. Курстың мақсаты мен міндеті 2. Дүниежүзілік шарушылықтың қалыптасу кезеңдері 3. Қазіргі заманғы дүниежүзілік шарушылық және оның құрылымы Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі — дүние жүзі елдері ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі сыртқы сауда, капиталды сыртқа шығару, жұмыс күшінің көші-қоны, экономикалық келісімшарттар жасау, халықаралық экономикалық ұйымдарды құру, ғылыми- техникалық ақпарат алмасу сияқты өзара экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастардан тұрады. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі, негізінен, 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында ірі машиналық индустрияның, көліктің және әлемдік рыноктың дамуы нәтижесінде қалыптасты. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі саласы — өнеркәсіптердің Дүниежүзілік өнеркәсіпте 20 ғасырдың аяғында шамамен 350 миллионға жуық адам жұмыс істеді. Соңғы жүз жыл ішінде өнеркәсіп өндірісі 50 есе өсті, бұл өсімнің 3/4-і 20 ғасырдың 2-жартысына келеді. Пайда болу уақытына қарай өнеркәсіптің барлық салалары, әдетте, 3 топқа бөлінеді. Бірінші топқа “дәстүрлі” салалар: көмір, тау-кен өндірісі, металлургия, темір жол көлігі, кеме жасау, тоқыма өнеркәсібі; екінші топқа жаңа салалар: автомоб. жасау, алюминий қорыту, пластмасса, химиялық талшықтар өндірісі; үшінші топқа ғылыми-зерттеу жұмыстарын қажет ететін “жоғары технология” салалары: микроэлектроника, есептеуіш техника, робот жасау, информатика индустриясы, атом және аэроғарыш өндірісі, органикалық синтез химиясы, микробиология өнеркәсібі жатады. АҚШ-та, ГФР-де, Ұлыбританияда, Францияда өңдеуші өнеркәсіптің жалпы өнімінің 35 — 40%-і осы 3 топтағы салаларға келеді. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі салаларының бірі — отын- энергетика кешені. Бастапқы энергетика байлықтарын дүние жүзі бойынша өндіру және тұтыну ұдайы өсіп келеді. Ол 1900 жыл 1 миллиард тонна шартты отыннан 1990 жыл 10 миллиард тоннаға дейін өсті, ал 2000 жыл 14 миллиард тоннаға жетті. Соңғы 200 жыл ішінде дүниежүзілік отын-энергетика өнеркәсібі өзінің дамуында басты екі кезеңнен өтті. 19 ғасырдың өн бойында және 20 ғасырдың 1- жартысында көмір кезеңі болды, яғни дүниежүзілік отын-энергетика балансының құрылымында көмір отыны басым болды. Одан кейін мұнай-газ кезеңі келді. Бұл — қатты отынмен салыстырғанда неғұрлым тиімді энергия көзі. 20 ғасырдың 80- жылдары дүниежүзілік энергетика өз дамуының 3-кезеңіне өтті, ол бірнеше ондаған жылдарға созылмақ. Бұл уақыт ішінде, негізінен, сарқылатын минералдық отын байлықтарын пайдаланудан гөрі қалпына келетін және сарқылмайтын байлықтарға (Күн, жел, атом энергиясы, т.б.) негізделген энергетикаға біртіндеп көшу жүзеге асуға тиіс. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде мұнай өнеркәсібінің орны ерекше. Мұнайды дүние жүзінің 80 елінде (жылына 3,5 миллиард тонна) өндіреді. 2000 жылғы дерек бойынша ірі мұнай өндіретін елдер (миллион тонна есебімен): Ресей (385), АҚШ (365), Сауд Арабиясы (325), Мексика (145), Ирак (100), Қытай (140), Біріккен Араб Әмірлігі (90), Иран (115), Канада (95), Ұлыбритания (95), Венесуэла (95). Қазақстан мұнай өндірудің көлемі жағынан (35 миллион тонна; 2000) дүние жүзінде 18 орында, ал мұнайдың барланған қоры жағынан 5 орында. Дүние жүзіндегі мұнайдың барланған қорының 65%-і ОПЕК-ке (мұнайды экспорттаушы елдер ұйымы), оның ішінде Парсы шығанағы елдерінің үлесіне тиеді. Дүниежүзілік газ өнеркәсібі 20 ғасырдың 2- жартысында айтарлықтай дамыды. 90-жылдардың ортасында дүние жүзінде орта есеппен 2 триллион тонна газ өндірілді. Ол жақын уақытқа дейін, негізінен, экономикасы дамыған елдерге шоғырланған болатын. Бірақ, соңғы 20 жыл ішінде газ өндіру дамушы елдерде де өсе бастады. Бұл елдер газды сұйытылған күйінде, сондай-ақ, құрлықаралық су асты газ құбырларымен экспортқа шығаруды жолға қойған. Ірі газ өндіретін елдер (миллиард/м3): Ресей (640), АҚШ (500), Канада (120), Нидерланд (75), Ұлыбритания (50). Қазақстан газ қорының көлемі (1,4 триллион/м3) жағынан дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде, ал газ өндіруден (10 миллиард/м3) 40 — 45 орындарда. Көмір өнеркәсібінің (жылына орта есеппен 4,5 миллиард тонна көмір өндіріледі) дамуы мұнайдың арзан кезеңінде баяулады, бірақ одан кейін қайтадан жеделдеді. Көмір дүние жүзінің 60 елінде өндіріледі, әрі, негізінен, сол елдердің өзінде тұтынылады, дүниежүз. рынокқа 1/10 бөлігі ғана түседі. Көмірмен халықар. сауда жасау, негізінен, теңіз жолдарымен іске асырылады. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің отын-энергетика кешеніндегі негізгі салалардың бірі — электр энергетикасы. Жылына дүние жүзінде 12,0 триллион кВт/сағ электр энергиясы өндіріледі (1999). Ол, әсіресе, 20 ғасырдың аяғында қарқынды өсті. Электр энергетикасы жылу, су және атом энергетикаларына бөлінеді. Дүние жүзінде минералдық отынмен жұмыс істейтін ЖЭС-тердің жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 63%. Әдетте, ЖЭС-тер көмір алаптарына немесе энергияны тұтынатын аудандарға жақын орналасады. Су энергетикасының үлесі — 20%. Бірақ, СЭС-тердің үлесі барған сайын кеміп келеді. Энергетиканың тағы бір саласы — атом энергетикасы. Дүние жүзінде 29 елде 50-ге тарта ірі АЭС-тер жұмыс істейді. Оның дүниежүз. энергетикасындағы үлесі — 22%. Электр энергиясын басты экспорттаушы елдер: Ресей, Украина, Венгрия, Франция, Швейцария, Канада; импорттаушы елдер: Италия, Нидерланд, АҚШ. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесін минералдық шикізаттармен қамтамасыз ету тау-кен өнеркәсібінің үлесіне келеді. Ол көптеген елдерде дамыған, алайда оның өнімінің 65%-ін ТМД елдері, АҚШ, Қытай, Австралия, Канада, Оңтүстік Африка республикасы өндіреді. Кейінгі 10 жыл ішінде дүниежүз. кен өнеркәсібінде дамушы елдердің рөлі артып отыр. Кез келген елдің экон. қуатын металлургия өнеркәсібі анықтайды. Оның қара металлургия саласы көп уақыт бойы тас көмір алаптарында ғана дамыды. АҚШ- тағы, шетелдік Еуропадағы, Ресейдегі, Украинадағы, Қытайдағы басты металлургия базалары осылайша пайда болған. Темір кені қазір 50 шақты елде өндіріледі. Дүние жүзіндегі ірі темір кенін өндіретін елдер (млн. т): Қытай (160), Ресей (105), АҚШ (55), Канада (40), Австралия (110), Украина (100), Бразилия (160), Үндістан (55), Қазақстан (18 млн. т). Болат қорытудан (млн. т): Жапония (110), Ресей (90), АҚШ (90), Қытай (60), Украина (50), Германия (50). Қазақстанда жылына ора есеппен 5 млн. т болат қорытылады. Дүние жүзіндегі түсті металлургия өндірісінің көлемі қара металлургиядан 20 есе аз. Мұнда ауыр, түсті, легирленген және асыл металдар металлургиясы, әдетте оларды өндіретін елдер мен аудандарда дамыған. Қазақстан түсті металлургия өндірісі бойынша дүние жүзінде жетекші орын алады. Нақты айтқанда, хром және барит кентастарын өндіруден 1-орынды алса, мыс, хром, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, тантал, титан, ниобий, цирконий кентастарының қоры жағынан алдыңғы 5 елдің құрамына кіреді. Алтын, күміс кентастарынан 6- орындарды алады. Сонымен қатар, дүние жүзінде өндірілетін 29 металл шикізаттарының 23-і Қазақстанда өндіріледі. Машина жасау өнеркәсібі осыдан 200 жыл бұрын Англиядағы өнеркәсіп революциясы кезінде пайда болған. Қазіргі кезде жұмыс істейтін адамдардың саны (80 миллионан астам) және өнімнің құны жөнінен ол дүниежүзілік өнеркәсіптің барлық салаларының ішінде 1-орын алады. Дүниежүзілік экономика картадан, жалпы алғанда, машина жасайтын төрт аймақты бөліп көрсетуге болады. Олар — Солтүстік Америка, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңттүстік-Шығыс Азия және ТМД елдері. Бұл аймақтарға кіретін елдердің көпшілігі үшін машина жасау — халықар. маманданудың басты саласы болып табылады. Дамушы елдер дүниежүзілік машина жасау өнімдерінің 10%-ін ғана өндіреді. Дүниежүзілік химия өнеркәсібі де төрт аймақта қалыптасты: АҚШ, Бат. Еуропа, ТМД және Жапония. Олардың әр қайсысында кен-химия өнеркәсібі, минералдық тыңайтқыштар, негізгі химия өнімдері өндірісі, әсіресе, органикалық синтез және полимер материалдар өндірісі дамыған. Дамушы елдерде бұл сала таяу уақытқа дейін, негізінен, шикізат көзі ретінде ғана қалыптасты. Алайда 1970 жылғы энергетикалық дағдарыстан кейін химия өнеркәсібі Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде, әсіресе, мұнай мен газ мол өндірілетін елдерде тез өсе бастады. Қазақстанда ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі, көбінесе, орман байлықтарының таралуына байланысты. Солтүстік орман белдеуі шегінде, негізінен, қылқан жапырақты ағаш сүрегі дайындалады да, ол тілуге дайын ағаш, ағаш тақта, целлюлоза, қағаз, картон болып өндіріледі. Ресей, Канада, Швеция, Финляндия үшін ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі — халықаралық маманданудың маңызды салалары. Канада ағаш өнімдерін сыртқа шығару жөнінен дүние жүзінде 1-орынды алады. Оңтүстік орман белдеуі шегінде жапырақты ағаш сүрегі дайындалады. Мұнда ағаш өнеркәсібінің басты үш ареалы қалыптасқан. Олар: Бразилия, Тропиктік Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия. Дайындалатын ағаш сүрегі теңіз жолымен Жапонияға, Батыс Еуропаға шығарылады, ал қалған бөлігі, негізінен, отынға пайдаланылады. Жеңіл өнеркәсіптің негізгі және жетекші саласы — тоқыма өнеркәсібі. 20 ғасырдың 90-жылдарының басында дүние жүзінде табиғи және химиялық талшықтардан 115 миллиард/м2 шамасында мата өндірілді. Егер қолөнер өндірісін есепке алса, бұл сала дүние жүзінің барлық елдерінде дамыған. Дүниежүзілік тоқыма өнеркәсібінде басты бес аймақ қалыптасқан. Олар: Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, ТМД, Еуропа және АҚШ. 1950 жылдардан бастап экономикасы дамыған батыс елдерінің дүниежүзілік мата және киім өндірісіндегі үлесі барған сайын кеміп келеді. Бұрын мата өндіруден дүние жүзінде 1-орын алатын Ұлыбритания енді 20-орынға түсті. Бұл сала, әсіресе, Қытайда жақсы дамып келеді, өйткені тоқыма және тігін өнеркәсібі ең алдымен арзан жұмыс күшіне бағдарланған. Мұнда өндірілетін матаның едәуір бөлігі сыртқа шығарылады. Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің ежелгі әрі кең тараған саласы. Дүние жүзінде ауыл шаруашылығымен және оған шектес орман шаруашылығымен, аңшылықпен, балық аулаумен айналысатын салаларда 1,1 миллиард адам еңбек етеді. Ауыл шаруашылығының барлық жерде таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Олар үлкен екі топқа біріктіріледі. Біріншісі — дамыған тауарлы ауыл шаруашылығы. Оған ауыспалы егістігі бар интенсивті егіншілік, мал азығын дайындау қоса жүргізілетін интенсивті мал шаруашылығы, сондай-ақ, тыңайған жері және жайылымдық мал шаруашылығы бар экстенсивті егіншілік жатады. Екіншісі — дәстүрлі тұтынушы ауыл шаруашылығы. Ол артта қалған соқалы-теселі егіншілікті, жайылымдық мал шаруашылығын, көшпелі және жартылай көшпелі мал өсіруді, сондай-ақ, бұдан да қарапайым терімшілікті, аңшылық пен балық аулауды қамтиды. Ауыл шаруашылығының басты саласы — өсімдік шаруашылығы. Оның ішінде дәнді дақылдар — дүниежүзілік ауыл шаруашылының негізі, дүние жүзінде өңделетін бүкіл жер аумағының 50%-інен астамын қамтиды. Дәнді дақылдардың дүниежүз. өндірісі бірте-бірте өсіп келеді. Жылына 1,9 миллиард. тоннаға дейін астық жиналады. Дәнді дақылдар, яғни астық шаруашылығын құрайтын үш дақыл — бидай, күріш және жүгері жалпы түсімнің 80%-ін береді және адамдардың бүкіл тамақ энергиясының 50%-ке жуығын қамтамасыз етеді. Бидай — дәнді дақылдардың ең негізгісі және дүние жүзіндегі адам баласының жартысының басты азығы. Ол 70-ке тарта елде өсіріледі. Бірақ жалпы өнімнің басым бөлігі (миллион тонна есебімен): АҚШ (75), Канада (30), Австралия (16), Ресей (45), Қазақстан (17), Украина (20), Қытай (95), Үндістан (50), Франция (32) елдерінің үлесіне тиеді. Күріш — адамзат баласының бидайдан кейінгі негізгі тағамы. 20 ғасырдың аяғында күріш өсірумен жүзге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік түсімінің 90%-ін Азияның “күрішті” елдері береді. Ірі күріш өндіретін елдер (миллион тонна есебімен): Қытай (180), Үндістан (110), Бангладеш (20), Таиланд (21), Индонезия (45). Дүние жүзіндегі суармалы жерлердің 60 — 65%-іне күріш егіледі. Жүгері өндіру Мексикада басталып, кейін дүние жүзінің басқа аудандарына да тарады. Қазіргі кезде жүгеріні негізгі өндіруші елдер — АҚШ, Қытай және Бразилия. Әлемдік рынокқа дүние жүзінде өндірілетін астықтың, негізінен, бидай мен жүгерінің 10 — 15%-і түседі. Майлы дақылдар астық дақылдарынан кейінгі 2-орында. Дүние жүзінде соя жинаудан 1-орынды АҚШ (50%-тен астамы), жер жаңғағы жөнінен — Үндістан, зәйтүннен — Италия алады. Дүние жүзінде жыл сайын 100 миллион тоннадан астам қант өндіріледі. Оның 60%-і қант құрағынан (Бразилия, Үндістан, Қытай, Куба), 40%-і қант қызылшасынан алынады. Қант құрағы Америкада, тропиктік және субтропиктік аудандарда көп өсіріледі. Қант қызылшасы — қоңыржай белдеудің дақылы. Оның басты өндірушілері — Ресей, Украина, Бат. Еуропа мен Солт. Америка елдері. Сергітпе дақылдардың (шай, кофе және какао) барлығы дерлік тропиктік елдерде өсіріледі. Өсімдік шаруашылығындағы талшықты дақылдардың ең маңыздысы — мақта. Мақта талшығының дүниежүзілік өндірісі — 20 миллион тонна Егісінің аумағы және жинау жөнінен мақта өсірудің негізгі ауданы — Азия. Басқа талшықтардан — зығырдың, әсіресе, сизаль мен джуттың таралу ареалы анағұрлым шектелген. Дүние жүзі бойынша зығыр өндірудің 75%-і Ресей мен Беларуське, джут өндіруден Бангладешке тиеді. Табиғи каучуктің 85%-і — Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, әсіресе, Малайзия, Индонезия және Таиландта өндіріледі. Ауыл шаруашылығының негізгі саласының бірі — мал шаруашылығы. Мал шаруашылығынан алынатын өнімдердің негізгі бөлігін қоңыржай белдеудің елдері береді. Дүние жүзінде мал басының жалпы саны 4 миллардтан асады. Балық аулау адамзаттың ең ежелгі кәсіптерінің бірі. Қазіргі кезде ол — кемінде 15 миллион адамның күнкөрісін қамтамасыз етіп отыр. Дүние жүзі бойынша ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына 100 миллион тоннадан алады (2000). Оның шамамен 90%- ін теңіздер мен мұхиттардан, 10%-ін тұщы судан ауланатын балық құрайды. Балық аулау барлық жерде таралғанымен, бүкіл дүние жүзінде ауланатын балықтың 50%-тен астамы 6 елдің — Жапонияның, Қытайдың, Ресейдің, АҚШ-тың, Чили мен Перудің үлесіне тиеді. Көлік Дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі материалдық өндірістің үшінші бір жетекші саласы. Бүкіл қатынас жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары қосылып, дүниежүзілік көлік жүйесін құрайды. Дүниежүзілік көлік саласында 100 миллионнан астам адам жұмыс істейді. Көлік желісінің жалпы ұзындығы (теңіз жолын қоспағанда) 35 миллион км-ден асады. Жыл сайын дүние жүзінде көліктің барлық түрлерімен 100 миллиардтан астам жүк және 1 триллионнан астам жолаушы тасылынады. Бұл тасымалға бірнеше миллиондаған көлік құралдары қатынасады. Дүниежүзілік көлік желісі жалпы ұзындығының және дүниежүзілік жүк және жолаушылар айналымының 75 — 80%-і экономикасы дамыған елдердің үлесіне тиеді. Автомобиль жолдарының ұзындығы ұдайы өсуде, ол 20 ғасырдың соңында 25 миллион км-ге жетті. Оның шамамен 50%-і АҚШ, Үндістан, Ресей, Жапония, Қытайға тиесілі. Елді автомобильдендіру жөнінен АҚШ ең жоғарғы деңгейге жетті. Мұнда 1000 тұрғынға орта есеппен 600 автомобильден келеді. Темір жол көлігі тасымалдау үлесінің кемігеніне қарамастан, құрлықтағы көліктің маңызды түрі болып отыр. Дүниежүзілік темір жол желісі, негізінен алғанда, 20 ғасырдың басында қалыптасқан. Оның жалпы ұзындығы 1,3 миллион км. Темір жол 140 елде болғанымен, оның жалпы ұзындығының 50%-тен астамы АҚШ, Ресей, Канада, Үндістан, Қытай, Австралия, Аргентина, Франция, Германия және Бразилия елдері үлесіне тиеді. Темір жол желісінің жиілігі жөнінен Еуропа алда келеді. Құбыр тасымалы ең алдымен мұнай мен табиғи газ өндірудің тез өсуі, оларды өндіретін және тұтынатын басты аудандар арасын байланыстыру нәтижесінде дамыды. Ұзындығы ондаған мың км-ге жететін құбырлар ТМД елдерінде, Канадада, АҚШ-та, Таяу Шығыс елдерінде салынған. Теңіз көлігі — дүниежүзілік көлік жүйесінің өте маңызды құрамдас бөлігі. Бүкіл халықаралық сауданың шамамен 80%-ін қамтамасыз етеді. Теңіз сауда флотының жалпы тоннажы (сыйымдылығы) 420 миллион тоннадан асады. 1970 жыл бұл тоннаждың 50%-ке жуығын танкерлер құраған. Кейінгі жылдары олардың үлесі айтарлықтай азайды. Кеме қатынасы 160-қа жуық елдерде бар. Әуе көлігі — көліктің ең жас түрі. Әуе көлігімен 1948 жыл бүкіл дүние жүзінде 20 миллионға жуық адам тасымалданған болса, 1990 жылы 1,2 миллиардтан астам тасылды. Тұрақты әуе жолдары желісі миллиондаған километрге созылған. Дүние жүзінде 5 мың әуежай бар. АҚШ, Ресей, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Канада, Германия — дүние жүзіндегі ең басты әуе державалары. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде халықаралық экономикалық қатынастардың рөлі ерекше. Ешқандай тұйық құрылымдардың, аймақтық интеграциялық топтардың халықаралық экономикалық қатынастарды алмастыра алмайтынын тәжірибе көрсетті. Мұны батыстың экономикасы дамыған елдері өзгелерден ерте түсінді. Олар халықаралық экономикалық байланыстарда жетекші орын алып отыр. Мұндай байланыстардың барлық түрлерінің 60 — 75%-і осылардың үлесіне тиеді. Халықаралық сауда — Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Халықаралық сауданың 70%-тен астамы Батыстың экономикасы дамыған елдерінің, оның ішінде 45%-тен астамы Батыс Еуропаның үлесіне тиеді. Қару-жарақпен халықаралық сауда жасау дүниежүзілік саясат пен экономикада үлкен рөл атқарады. 20 ғасырдың 90-жылдары АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Қытай, Ресей қару-жарақты экспорттаушы елдер, ал әскери техника мен жабдықтардың бүкіл дүниежүзілік импортының шамамен 60%-ін иеленіп отырған дамушы елдер — импорттаушылар болды. Дүниежүзілік “қара” рынок та үлкен қаржы айналымын жасап отыр. Онда есірткі заттар, қолдан жасалған валюталар, жасырын өндірілетін алтын мен алмас, порнографиялық бұйымдар, т.б. тыйым салынған тауарлар сатылады. Халықар. экон. қатынастардың бір түрі — халықар. несие- қаржы қатынастары, яғни заемдер мен несие беру, капиталды экспорттау мен импорттау. Оның маңызды алғы шарты — еркін айырбасталатын валютаның болуы. Капиталды басты экспорттаушы елдер: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Нидерланд, Жапония, т.б. Бұл экспорттың шамамен 80%-і осы топтағы басқа елдерге, 20%-і дамушы елдерге жіберіледі. Халықар. еркін экономикалық аймақтар деп аталатын немесе 20 ғ-дың 70 — 90 жылдары бүкіл дүние жүзінде кең таралған еркін кәсіпкерлік аймақтардың құрылуы — ашық экономиканың жарқын көріністерінің бірі. Дүние жүзінде олардың жалпы саны 500-ден асады (1995). Жаҝандану процесі Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде әлемдік қаржы қорлары мен өндірістік қуаттың жеке қаржылық-өндірістік топтар мен трансұлттық компанияларға шоғырлануына ықпал етуде. Осыған байланысты трансұлттық компаниялардың Дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі рөлі арта түсуде. Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар: 1. Курстың мақсаты мен міндеті 1. Дүниежүзілік шарушылықтың қалыптасу кезеңдері 2. Қазіргі заманғы дүниежүзілік шарушылық және оның құрылымы Әдебиеттер 1.Алисов Н.Н., Хорев Б.С. Экономическая и социальная география мира / Н.Н. Алисов, Хорев Б.С. - М.: Гардарики, 2003 . - 704 с. 2.Социально-экономическая география зарубежного мира/ Под ред. В.В.Вольского.-М.: Дрофа, 2001- 560 с. 3.Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны/ Под ред. С.Б. Лаврова, Н.В. Колед. - М.: Гардарика, 2002. - 928 с. 4.Максаковский В. П. Географическая картина мира. Я.- 2004 г. 5.Любимов И.М. Общая политическая, экономическая и социальная география. М. , 2001. - 336 с. 6. М. М.Голубчик. Экономическая и социальная география: Основы науки: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений.- М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003- 400с. 7.Страны и регионы мира: экономико-политический справочник / под ред. А.С.Булатова.-М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2006.-624 с. 8.Колесник И.В. Справочник статистических данных по географии / И.В Колесник. - Саратов: Лицей, 2000. 9.Липец Ю.Г. География мирового хозяйства / Ю.Г. Липец, В.А. Пуляркин, С.Б.Шлихтер. -М.: Владос, 1999. -400 с. 10.Мировые природные ресурсы: Учеб.-метод. пособие. - Алматы: Қазақ университеті, 1998. 11.Родионова И.А. Макрогеографическая промышленность мира / И.А.Родионова. - М.: Лицей. 2000. - 240 с. 12.Завьялова Е.Б., Радищева Н.В.Экономическая география в схемах и таблицах: учеб.пособие.- М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005.-248 с. 13.Страны мира: Справочник. - М: Республика. 2000. - 480 с. 14.Экономическая география / В.П.Желтиков, Н.Г.Кузнецов, С.Г.Тяглов - Ростов-на-Дону, 2001 . 15. Войтович М.С. Практикум по экономической и социальной географии зарубежных стран /М.С. Войтович. - Минск: Высшая шк., 1985. 2. Тақырыбы: Ғылыми – техникалық революция дүниежүзілік шарушылықтың дамуы Дәріс мақсаты: Ғылыми-техникалық революция және дүние жүзілік шаруашылықтың мәнін, мағынасын түсіндіру. Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 1. ҒТР ұғым. 2. Дүние жүзілік шаруашылық ұғымы, оның қалыптасу кезеңдері.. 3. Географиялық еңбек бөлінісі. 4. Халықаралық экономикалық интеграция. Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер): ҒТР дегеніміз-ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса отырып, ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапасын күрт жаңарту. Әлем шаруашылығының өнеркәсіптік дамуында үш революциялық кезең болып өтті. 1.Өнеркәсіптік революция 18 ғасырдың 70 жылдарынан 19 ғасырдың 70 жылдарына дейін қамтыды, осы кезеңде қол еңбегін машина өндірісі алмастырды.Негізінен тігін, тоқыма өнеркәсібі дамыды. 2.19 ғасырдың 70 жылдарыныан 20 ғасырдың ортасына дейінгі аралықты екінші кезең қамтыды.Осы кезеңде жекелеген механизмдер мен машиналарды тоқыма, тігін салаларында ғана емес, өнеркәсіптің барлық салаларында енгізді. 3.Өндірістік революция 20 ғасырдың 50 жылдарында басталып, осы кезге дейін жалғасуда.Осы кезеңді ҒТР деп атауда. Себебі, ол қоғамның өндіргіш күштерінің толықтай сапалық тұрғыдан өзгеруіне әкелді. Ғылым әлемде таусылмайтын, керсінше көбейіп, дамып отыратын қорға айналды. Ғылымың негізіндегі жаңа технологиялардың маңызы артып, оның ҒТР мәні тереңдей түсті. Әлемдік шаруашылықтың қалыптасуының, орналасуының тарихы және қазіргі уақыттағы факторлары. Әлемнің шаруашылығын зерттеу барысында ғалымдар өндірістің дамуының белгілі бір заңдылықтарын байқаған.Осы теориялардың ішінде Н.Д.Кондратевтің «Ұзын толқындар» теориясын айтуға болады. Осы теория бойынша әлем шаруашылығы өндірістердің орналасуы 50-60 жыл ішінде қайталанып отыратын өндірістік жаңалықтарды енгізудің нәтижесінде дамыған.Әлемнің әрбір аймақтарындағы негізгі өндіріс салаларының орналасу факторлары өзгеріп, өндірісі дамыған, шоғырланған аймақтар пайда болады. Әлем шаруашылығы – бұл халықаралық географиялық еңбек бөлісуінің нәтижесінде бір-бірімен экономикалық қатынастар арқылы байланысқан және тарихи қалыптасқан барлық елдердің ұлттық шаруашылықтарының жүйесі. Ол өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.Адамзат қоғамы негізгі даму кезеңдерінде 3-кезеңнен өтті. Олар: аграрлық (осы кезеңде негізінен ауыл шаруашылығы мен соған байланысты шаруашылықтар дамыды), индустриалды (өнеркәсіптік революцияның XVIII-XIX ғасырдағы нәтижесі. Осы кезеңде әлем шаруашылығының құрылысында өнеркәсіп жетекші рөл атқарды. Ал XX ғасырдың 2- жартысында ҒТР-ның нәтижесінде шаруашылықтың жаңа типі –постиндустриалды тип қалыптаса бастады. ҒТР-ның негізгі әсері қызмет көрсету саласының дамуы. Нәтижесінде соңғы уақытта әлем шаруашылығында жекелеген елдерде де шаруашылықтың салалық құрылымдарында нақты 3-деңгей қалыптасты деуге болады. Осы заманғы әлемдік өнеркәсіп күрделілігімен және аса диверсификацияланған құрылымымен ерекшеленеді. БҰҰ жіктеуі бойынша әлем шаруашылығында 300-ден аса салалар мен сала ішіндік құрылымдар бар. Кез келген елдің әлем шаруашылығына байланысы осы елдің индустриализациялануы деңгейіне өнеркәсіптің қуатына, ішкі нарығының сыйымдылығына байланысты. Өнеркәсіп өнімінің құрамы мен номенклатурасы (өнімнің түрлері) бойынша АҚШ, Жапония, Германия сияқты дамыған елдер кіреді. Интеграция-шаруашылық өмірді интернационалдандырудың жоғарғы формасы. Ол жоғарғы дәрежедегі халықаралық еңбек бөлінісі мен корпорациялық байланыстардың нәтижесі. Ғылыми-техникалық прогрестің даму бағыттары мен ерекшеліктері. Адамзат баласы өз басынан әр түлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізгені тарихтан белгілі. Олардың даму дәрежесін сиппайтын ортақ көрсеткіш бар. Ол- еңбек құралдары. Экономикалық дәуірдің айырмашылығы не нәрсе өндірілетіндігінде емес, оны қалай және қандай еңбек құралдарымен өндірілетіндігінде. Шындығында еңбек құралы қоғамның өсу дәрижесін анықтайды. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы, еңбек құралдарының даму тарихы десе де болады.Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс сонау ерте заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкі нәтижесі және шарықтау шегі. Бір кезде ең қарапайым құралдарына негізделгең қоғамдық құрылыс үстіміздегі ғасырдың екінші жартысында технологиялық өндіріс ретінде ең жоғары дәрежесіне жетті. Осы технологиялық өндіріс әдісі дегеніміз не? Қоғамдық өндірісті дамытуға тек қана еңбек құралының болуы жеткіліксіз. Оған қоса қажетті материалдар, тиісті технологиялар, қуаттар ақпараттар және өндірісті ұйымдастыру керек. Осылардың жиынтық мазмұны технологиялық өндіріс әдісі деп аталады. Демек, технологиялық өндіріс әдісі дегеніміз қоғамдық өндірісті дамытуға қажетті еңбек құралы, материалдар, технологиялар, қуаттар, ақпараттар және өндірісті ұйымдастырудың жиынтығы. Бұл арифметикалық сандық қосынды емес, сапалық категориялар. Технологиялық өндіріс әдісінің даму сатылары бар. Ол қоғам дамуының тарихымен ұласып жатады. Сондықтан жекелеген қоғамдық экономикалық формациялардың даму тарихы технологиялық өндіріс әдісі бірден пайда болған жоқ, әлі тарихи ұзақ мерзімді қамтитын күрделі процесс. Алғашқы қауым тұсында адамдар ең қарапайым еңбек құралдарын пайдалады. Сондықтан олар табиғатқа бағынышты еді. Бертін келе от жағу пайда болды. Осы бір қарапайым құбылыс адам қоғамының дамуындағы тұңғыш революциялық қадам еді. Ол металлургия өндірісінің өмірлік өзегіне айналды. Тас, қола, темір «ғасырлары» атағына ие болған әр түрлі технологиялық өндіріс әдістері өмірге келді. Осы технологиялық әдістердің бәрі де бір ғана энергетикалық күшке негізделіп дамыды. Құл иеленуші, әсіресе феодалдық қоғамда технологиялық өндіріс әдістері елеулі табыстарға жетті. Олардың қозғаушы күштері сол кездегі мақсаттарға байланысты маериалдық өндірісті дамыту қажеттігі. Жаңа технология, техника пайда болды да өндірісті және еңбекті ұйымдастыруға өзгерістер енгізілді. Мұның бәрі туып келе жатқан жаңа қоғам-капиталистік қоғамның талаптарына сай келмеді. Капитализмге мүлдем басқаша технологиялық өндіріс әдістері қажет болды. Ол тек қана еңбек құралының дамуының жаңа сапалық белгілерімен, ірі машиналы өндіріске жетудің жолдарымен белгіленеді. Ал ірі машиналы өндіріс бірден пайда болған жоқ, оның тарихи даму және қалыптасу белестері бар. Ірі машиналы өндірістің құрылуы бірнеше кезеңнен тұрады. Олар: жай кооперция мануфактура, фабрика. Жай кооперация дегеніміз белгілі бір өндіріс процесінде немесе түрліше,бірақ бір-бірімен өзара байланысты өндіріс процестерінде көп адам ,жоспарлы түрде,бірақ бір-бірімен қатар, өзара әрекетте жұмыс істейтін еңбек нысаны. Екінші кезең- манифактура (XVI ғасырдың орта шенінен XVII ғасырдың 70- жылдарына дейін орын алды.).Манифактура машина әлі пайда болмаған, еңбек бөлінісіне негізделген коопнрация. Осы кезле еңбек бөлінісі, қолмен істейтін еңбек құралы шарықтау шегіне жетті, жиынтық жұмысшылар пайда болды және капитал қоғамына қажетті алғы шарттар қаланды. Өмірге үшінші кезең- фабрика(XVIII ғасырдың соңы ) келді.Ол ірі машиналы өндіріске негізделген.Фабрика дамуы ұзақ мерзімді қамтып, үнемі сапалық өзгерістерде болатын тарихы кезеңдері басынан өткізді. Қазіргі әр алуан, көп нұсқалы негізге сүйенген жаңа технологиялық өндіріс әдісі- фабрика дамуының түпкі жиынтық нәтижесі. Ғылыми- техникалық прогресте осы фабрика дамуының сапалық қорытындысы. Өндіргіш күштердің тарихи өркендеуінің нәтижесі қазіргі ғылыми техникалық прогресс. Сондықтан, қазіргі заман ғылыми-техникалық немесе технологиялық революция заманы. Олай болса осы құбылыстың басты көріністері және мәні қандай? – ғылыми- техникалық прогресс кең ауқымды, әмбебап сипатқа ие болды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды, тұрмыс жағдайына да, ұдайы өндіріс фазаларына да ықпал етті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру және басқару жүйесін мүлдем өзгертті; – ғылым мен өндірістің интергациялық қатынасы жоғары дәрежеге жетті. Экономикалық өсу-өрлеудің факторлары мен қайнар көздерін, шаруашылық құрылымын және т. б. жағдайларды күрт өзгертті; – жаңа принципті техника мен технология жасалып өндіріске енгізілуде. Сапалық жаңа өндіріс аппараты қалыптасып келеді. Бірлескен жұмыс күші даму үстінде; – қазіргі ғылыми -техникалық прогрестің ерекшеліктерінің бірі микроэлектрониканың жедел қарқынмен дамуы және пайдаланылуы. Микроэкономикалық техниканың негізінде электрондық ақпарат, жасанды интеллектуалды элементтерді бойына дарытқан электронды есептеу машиналары, икемді автоматтандырылған өндіріс пайда болды. Бұл қазірдің өзінде, әсіресе келешекте қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі факторына айналары сөзсіз; – ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы қоғамдық өндірісті алға бастыруда ғылымның рөлінің өскендігінің айқын көрінісі. Ғылым мен өндіріс қосылып біртұтас процеске айналды. Демек, ғылым өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналғандығы жөнінде айтқымыз келеді. Осының негізінде: – қалдықты аз қалдыратын немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді. Мұның экономикалық және экологиялық маңызы өз алдына ереше, өндіріске озық технологияны пайдалну қазіргі ғылыми- техникалық революцияның негізгі көріністерінің бірі, машина компонентіне және элементтеріне жаңа сапалық өзгерістер енді. Бұл жағдай адамның өндірістегі орны мен рөлін мүлдем өзгертті, жұмысты күрделендірді, жаңа биік талаптар қойылды, қазіргі ғылыми –техникалық революция әлемдік сипатқа ие болды, бүкіл дүниежүзілік құбылысқа айналды, биотехника кең өріс алды. Қазіргі ғылыми- техникалық прогресс өте тапшы шикізаттарды жасанды жолмен алған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып отыр. Бұл материалдарды өңдеудің жаңа әдістерін одан сайн жетілдіріп және іс жүзінде пайдалануды тездетеді. Ғылыми техникалық революция жұмыс күшінің сапасын жақсартуға жол ашады. Демек,бұл білімберу жүйесінде де революциялық өзгерістер енгізеді. Осы бағытта капитализм едәуір икемділік көрсетті, білім мен ғылымнң мән- мағынасын дұрыс түсінді, оларға жағдай жасап, жан-жақты дамуына жол ашты. Тәуелсіздікке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшін мұның маңызы зор. Білім беру жүйесін уақыт, өмір талабына сай қайта құру сөзсіз ізгі ниеттен туған , ұлы мақсатты көздейтін прцесс екендігін естен шығармаған абзал. Ғылыми- техникалық революцияның дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне тән ортақ жағдайлары мен заңдылықтары бар. Олардың негізгілері мыналар: шаруашылық салаларының және экономиканың құрылымдық өзгеріске ұшырауы ; техника мен технологияның бір типтегі түрлері; бірлескен жұмыс күшінің кәсіптік- мамандық құрылымының өзгеруі; - жұмыс күшінің сапасына деген талаптың өсуі; еңбек өнімділігі мен еңбек интенсивтілігінің артуы; жұмысшы күшінің әрдайым босап қалуы; өндірістік емес салада жұмыс істеушілердің үлес салмағының өсуі және т. б. Ғылыми – техникалық прогрестің екі нысаны бар. Ол эколюциялық және эволюциялық нысандар. Бірінші нысанда өндіріске енгізілген техника мен технологияны жетілдіру және тарату прцестеті сол бұрынғы ғылыми- техникалық принципке негізделген. Ғылыми – техникалық прогрестің революциялық нысны өндірісте жаңа сападағы ғылыми – технкалық прнциптерді пайдалануға негізделген. Бұл процесс қазіргі заман – ғылыми- техникалық прогресс заманы екендігін көрсетеді. Қазіргі ғылым мен техниканы адамдардың игілігіне қызмет еткізу үшін не қажеттің бәрі бар. Қазіргі ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетлуіне, оның әл-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылыми- техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке айналды. Ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен рыноқктық қатынасқа байланысты еңбекшілердің қоғам алдына қоятын талаптарының ауқымы өсті, түрлері көбейді. Қазір қарапайым адамдар еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту және сауықтыру, еңбек ақы мөлшерін жұмыс күшінің ұдайы өндірісінің талабына сәйкестендіру, кәсіпорындарға жұмысшы бақылауын кең түрде қолдану, өндірісті басқару және әлеуметтік мәселелерді шешуге хақылы болуын, қоршаған ортаны аялау жөнінде өкіметтің, атқарушы органдардың батыл шешім қабылдауын, еңбекке деген құқықты іске асыру, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және соғыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы саладағы жетістіктердің бәрін де бейбіт мақсатқа пайдалану және т.б. талаптарды өткір қойып отыр. Қазіргі технологияның дамуы өндірістің табиғи фактордан тәуелсіздігін бәсеңдетсе, екінші жағынан, оның рөлі барған сайын күшейіп (мысалы, ұдайы өндіріс процесінде бұрын ескерілмеген немесе жете ескерілмеген ресурстар) әуе және космос кеңістігі, дүниежүзілік мұхит т.б. еніп отыр. Осылайша табиғат ресурстарын экономикалық айналымға қамту көлемі барған сайын арта түсуде. Бұдан бір тұтас экологиялық-экономикалық ұдайы өндірістік жүйе қалыптасты деп қорытынды жасауға болады. Заманымыздың ғұлама ғалымы академик Вернадскийдің сөзімен айтқанда, бұл – ноосфера дәуірінің басталуы. Ғылым мен практикада дәлелдегеніндей, интенсивтендіру қоршаған ортаны, табиғатты әлсіретпейді, қайта оның сол қалпында сақталып, жетіліп отыруына, табиғи қалпында қоры таусылмай ұдайы өндіріліп тұруына ықпал етеді. Адамдардың табиғатқа ықпалы қай қоғамда да қандай шаралар қабылдап, оны ақылмен ойластырып, ұйымдастырып іске асыратындығына байланысты. Біздің еліміз жағдайында табиғатқа көзқарас, оны аялау, қорғау, сақтау мәселесіне жете көңіл бөлінбей келгені өкінерлік жағдай. Қандай мөлшерде, қаншаға түссе де ең алдымен өндірістік жоспарды орындау керек деген принцип табиғатқа, адам баласына орны толмас зиян келтіріп келгенін айтпасқа болмайды. Арал теңізі, Семей, Капустин Яр полигондарына байланысты жайлар, аймақтық мәселе дер едік.Өйткені республика халқына, табиғатына, оның болашағына тигізген қайғы-қасіретін бір мемлекет күшімен жою қиын, оған әлемдік деңгейде бірлескен шаралар жүйесі керек. Дүниежүзілік мұхит, теңіздер де олардың мұнай өндірумен ( бұл өндірудің 25 проценті) байланысты қатты ластанып отыр, тіпті ондағы өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесіне зор қауіп төнуде. Сондай-ақ егістік жерлерде минерал тыңайтқыштарын орынсыз енгізудің адамзат пен табиғатқа зиянды әсер- ықпалы қаншама десеңізші. Сондықтан экологиялық проблемалар қазір дүниежүзілік көлемде қатты шиеленіскен күйде. Табиғаттан алуды ғана білу жеткіліксңз, оны сақтап , қорғау туралы кең бағдарламалық шараларлы тез арада іске асыру бүкіл адамзаттың, болашақтың ең басты міндеті. Қорыта айтқанда, ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық дамудың, оның әлеуметтік мәні мен мазмұнын жоя алмайтын, бірақ дүниеде болып жатқан барлық құбылыстарға орасан зор ықпал ететін табмғи, обьективті процесс. Адам тарихы дамудың жемісі, барлық қоғамдық- экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам өндіргіш күштің басты элементі, өндірістің субьективті жеке факторы. Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді. Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар. Ол да адам. Қоғамды өркендетушіде адам .Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аяаында болады, соның өрісінде дамиды. Адам барлық өндіріс түрлерінің шешуші факторы. Сондықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол үнемі даму үстінде болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік, әлеуметтік және т.б. талаптар күшейді. Еңбектің сипаты мен мазмұны, ұйымдастыру, басқару, тиімділігін арттыру, жұмыс жағдайлары мен жұмыс уақыты, еңбек белсенділігін арттыру және т.б. сан алуан жағдайлар қоғам да әр түрлі болып келгендігі белгілі. Сондықтан жүйесінде адам дамуының заңдылықтары әр түрлі қоғамдық құрылыстың дамуына сәйкес келеді, сонымен белгіленеді.Өндірісте адам факторының барлық қоғамға тән ортақ даму заңдылықтары бар. Олардың негізгілері:бірлескен жұмыс күшінің қалыптасуы, еңбекшілердің жалпы және кәсіптік білімінің өсуі, мамандфқ дәркжесінің көтерілуі, маманданған еңбектің нәтижелілігі мен тиімділінің артуы, күрделі еңбектің басым болуы, кәсіптік құрамының және ой еңбегі мен дене еңбегінің арақатынастарының өзгеруі, енбек мазмұнының және жұмысшылардың өндірістегі атқаратын қызметінің өзгеруі, адам факторының маңызының арта беруі және т. б. Енді осыларға қысқаша тоқталамыз. Өндірістегі адам фвкторының даму заңдылықтарының бірі-жиынтық жұмыс күшінің қалыптасуы. Бірлескен жұмыс күші – тарихи ұзақ мерзімді қамтитын, тереңдей түскен қоғамдық еңбек бөлінісінің және коопеоациясының нәтижесі. Оның материалдық негізін өндіріс құрал- жабдықтарының дәрежесінен іздеген жөн. Қарапайым еңбек құралы, еңбек бөлінісі бұл құбылысты қажет еткен жоқ. Әрбір детал және жекелеген операциялар бойынша еңбек бөлінісі бірлескен жұмыс күші құрылуының беташары болса, машина дәуірі оны біржолата қалыптастырады. Машина еңбекті кооперациялауға, қоғамдастыруға топтастыруға, еңбек бөлінісіне тікелей жол ашады. Өйткені машинаның жұмыс жасауы тек қана бірігіп қоғамдастырылған еңбектің арқасында жүзеге асады, маманданған еңбекті қажет етеді. Әрбір еңбек ететін адам өзгелермен бірлесіп өндірісте өнім өндіреді. Бірлескен жұмыс күші өндірісте еңбек ететін адамдардың арифметикалық сандық қосынды көрсеткіші емес. Ол әлеуметтік-экономикалық салдар, байланыс қатынастарын сипаттайтын ерекше сапалық бірігу процесі. Адамның өндіріс факторы ретінде дамуының негізгі бір заңдылығы оның жалпы және біліми кәсібінің өсуі. Әлемдегі дамыған кездерде адамдардың жалпы және кәсіби білімінің биік деңгейге көтерілгендігі өмір талабы. Келесі заңдылық- маманданған еңбектің салмағы өсті , берер нәтижесі мен тиімділігі артты. Бұл қоғамдық өндірістің материалдық базасының жақсаруымен, озық техника мен технологияны пайдаланумен тығыз байланысты. Бірдей уақыттың ішінде жоғары білікті еңбек, жай еңбекке қарағанда анағұрлым көп тұтыну құнын өндіреді, мұндай еңбектің нәтижесі мен тиімділігі жоғары. Қоғамдық өндірістің дамыған сайын ондағы күрделі еңбектің басым болуы да заңдылық.Өйткені күрделі еңбек жай еңбектен көп тиімді. Сондықтан өндіріс оны басым пайдалануға мүдделі. Ғылыми-техникалық прогоестің нәтижесі, шаруашылықтың салалық құрамдарының өзгеруі, жаңа өндіріс салаларының дүниеге келуі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі кәсіптік құрылымның өзгеріп тұруын заңды процеске айналдырды. Жаңа кәсіп, жаңа мамандық түрлері пайда болды. Қоғамдық өндірістің дамуы нәтижесінде дене және ой еңбектерінің ара салмағы да өзгеріп отырады. Адамның өндірісте атқаратын қызметтерінің ішінде ой еңбегі басымырақ болып келеді. Дене еңбегінің де бейнесі өзгеріске ұшырайды. Бұлар ғылыми- техникалық прогрестің озық нәтижелерін өндіріске тікелей пайдалануға байланысты. Адамзат қоғамының даму сатысының бәрінде еңбек мазмұны күрделі бола бермек. Өндірісті механикаландырып, кешенді түрде автоматтандырғанда, робот техникаларды, икемді технологияны енгізгенде және т. б. Ғажайыптардың бәрі де еңбек мазмұнына сапалы өзгерістер енгізеді. Бұл әкономикалық дамудың жалпылама негіздерінің зор ерекшелігі. Өндірістегі адам факторының дамуындағы келесі заңдылық- адамның өндірісте атқаратын қызметініңөзгеруі. Адам өндіріспен тікелей араласудан қалады, оның ұйымдастырушы, басқарушы, реттеуші, бақылаушы агентіне айналады. Сонымен қатар еңбек функцияларының деңгейі кеңейеді, әр түрлі операцияларды атқаратын кең ауқымды жұмысшылардың жаңа типі өмірге келеді. Барлық қоғамдық- экономикалық формациялардың даму тарихы өндірісте адамның маңызы мен рөлі арта түсетіндігін көрсетеді. Өмір шындығы осындай. Қазіргі қоғамдық өндірісте өнеркәсіп жұмысшыларының санының өсуі кеміді. Бұл ғылыми - техникалық прогрестің өндірісте қолданылуына және еңбек шығынын аз тілнйтін жаңа сала мен технологияны пайдалануға байланысаты. Өнеркәсіптің келешек дамуы ғылыми сиымдылығы басым салалар арқылы жүзеге асуға тиіс. Барлық дамыған мемлекеттерде материалдық салада жұмыс істеушілердің саны азайды. Ғылыми өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналу процесі бірлескен жұмыс күшінің құрамын өзгертіп қана қоймайды, олардың шегін ұлғайтады. Оған әсер ететін жағдайдың келесі тобы- материалдық емес саладағы еңбек сипатының өзгеруі және осы салалардың өндіріске тигізетін оң әсерлерінің барған сайын артуы артуы. Біріккен жұмыс күші шегінің ұлғаюына экономиканы басққару саласында жұмыс істейтіндердің еңбек сипатының өзгеруі де әсер етеді. Бұл заңдылықты елемеуге болмайды. Осы обьективті зсңдылықтарды іс жүзінде пайдалану, еңбектің маңызын және еңбектің белсенділігін экономикалық дамудың жалпы негіздерінің бірі ретінде тереңіпек түсінуге мүмкіндік береді. Өндірістегі адам факторының дамуы және өзгеріске ұшырауы олардың еңбекке деген қабілетіне байланысты . Олацй болса, еңбектің мән- маңызына және еңбек белсенділігін арттыру жолдарына талдау жасаған жөн. Еңбек материалдық және рухани игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Күрделі мәселелердің бірі – адамның жұмыстағы белсенділігін арттыру. Белсенділіктің түрлері көп. Бұл жерде еңбек белсенділігі жөнінде сөз болып отыр. Қоғамдық өндірістің даму сатысында еңбектің сипаты және мазмұны өзгеріске ұшырады. Еңбектің кейбір түрлерінің мағынасы артты. Мымалы, еңбек белсенділігі, іскерлік, кәсіпкерлік, жауапкершілік, ұқыптылығы, саналылығы, өнегелілігі., моральдық қанағаттанушылығы, твочестволық сипаты, еңбек нәтижесіне иелік етуі, еңбек қуанышы және т. б. Бұлардың іске асу жолдары , әдістері мен сипаты қоғамдық өндірістің нысандарына байланысты. Еңбек белсенділігін арттырудың сан алуан амалы бар. Олардың негізгілері мыналар:моральдық және матетиалдық ынталандыру еңбек жағдайын, қоғамдық қатынастарды жақсарту, өндіргіш күштерді жетілдіру, қоғамдық өмірді демократияландыру, қол еңбегін азайту, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік принциптерін нығайту, әл-ауқатты және рухани байлықты өсіру, жаңа типтегі адамдарды қалыптастыру, жаңаша ойлау және жаңа коммерциялық шаруашылық механизмін іске қосу, еңбекті нормалауды, ұйымдастыруды және басқаруды жаңа сапслық дәрежеге көтеру, басқару жүйесін жетілдіру, еңбек бәсекесін үнемі қолдап отыру, өндірісті гуманизациялау , жұмыс уақытын ұтымды пайдалану және т.б. Еңбек белсенділігін арттырудың жолдары қоғам дамуының барлық сатыларына тән. Алайда оларды іске асыру әдістері әр түрлі. Ол нақтылы алынған қоғамдық өндірістің сипатына байланысты. Қазіргі қоғамдық өндірісте жаңа типтегі адамдар қалыптасып келеді. Олардың негізгі белгілері жоғары біліктілігінде, өндірістік өзгерістерге тнз бейімделуінде. Бұларға тән қасиет ұқыптылығы мен жауапкершілігінің жоғары болуына Жаңа типті адам туралы түсінік мазмұны өзгермейтін мәңгілік ұғым емес, керісінше, үнемі сапалық өзгерісте болып отыратын құбылыс. Өнеге тұтар, үлгі болар адам болу қоғамдық өндірістің өзегі және күре тамыры. Барлық қоғамда аз да болса өнегелі адамдардың болғаны өмір шындығы. Олай болса әлеуметтік- экономикалық сапалы өзгерісті бейнелейтін бұл категория экономикалық дамудың жалпыға бірдей негізі. Еңбек белсенділігін арттыратын экономикалық дамудың мұндай негізінің келесі тобы – басқару жүйесін жетілдіру, еңбек бәсекесін үнемі пайдаланып отыру, жұмыс уақытын неғұрлым ұтымды пайдалану,еңбек тәртібін және басқа тәртіптерді нығайту , қол еңбегін азайту. Материалдық игіліктерді және рухани байлықтарды көбейту экономикалық дамудың жалпы негізі ретінде еңбек белсенділігін арттыруға белгілі дәрежеде әсер етеді. Өйткені бұлар адамның барлық жағдайын белгілейді. Еңбек белсенділігін арттыру үшін адамның еңбекке деген ішкі сезімін ояту қажет. Әрбір адам қоғамда істелініп жатқан әрекет әділетті де, рақымшыл, адамгершілікті, сөз бен істің бірлігі сақталған, екіжүзділік, алдап- арбау мен бүркемеленген айлалы әрекет жоқ деп түсінген жағдайда еңбек етуге құлшына түседі. Өндіріс экологиясы еңбек белсенділігін арттырудың негізгі буыны. Қазіргі кезеңде өндіріс экологиясының ахуалы мә емес. Осының салдарынан «Заманымыздың кеселі» аллергия, улану, т. б. етек алып барады. Міндет- өндіріс экологиясын сауықтыуру. Ұжымда салауатты моральдық- психологиялық ахуал жасау, өндіріс орындарын эстетикалық дұрыс көркемдек жұмысқа деген ынтаны өсіреді, еңбекті шығармашылық күшке айналдырады. Қоғамдық өмірдің демократияландырудың берер жемісі өз алдына бір төбе. Алайда бұл істі жүзеге асыруда байыптылық қажет. Асығыстық, даурықпа іс- қимыл, қызба сөз істі оңға бастырмайды. Экономикалық өмірді демократияландыру басқаларға қарағанда ілгері , алда болуы шарт. Бұл шарт бұзылса келеңсіз жағдайлар туындап, кедергілер көбейеді, көздеген мақсатқа жету едәуір қиындыққа түседі. Еңбек белсенділігін арттыруда рухани және қызмет көрсету жүйелерін дамытудың берер жемісі де аз емес. Қоғамдық сана, ойлау жүйесі, іс – қимыл әрекеті, адамның әлеуметтік рөлі, сезім мен талаптану, өнегелі адам болу түптеп келгенде рухани байлыққа байланысты. Меншік нысандары түрленіп, шаруашылық жүргізу рыноктық қатынасқа негізделіп отырған қазіргі жағдайда еңбек белсенділігін, еңбекке деген мүдделікті арттыру елдің тағдырын шешетін басты буынға айналды. Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар: 1.Дүние жүзілік шаруашылықтың қалыптасуындағы машина өндірісінің рөлін сипаттап жазыңыз. 2. «Халықаралық экономикалық интеграция ұғымын» сипаттаңыз. Әдебиеттер 1.Алисов Н.Н., Хорев Б.С. Экономическая и социальная география мира / Н.Н. Алисов, Хорев Б.С. - М.: Гардарики, 2003 . - 704 с. 2.Социально-экономическая география зарубежного мира/ Под ред. В.В.Вольского.-М.: Дрофа, 2001- 560 с. 3.Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны/ Под ред. С.Б. Лаврова, Н.В. Колед. - М.: Гардарика, 2002. - 928 с. 4.Максаковский В. П. Географическая картина мира. Я.- 2004 г. 5.Любимов И.М. Общая политическая, экономическая и социальная география. М. , 2001. - 336 с. 6. М. М.Голубчик. Экономическая и социальная география: Основы науки: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений.- М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003- 400с. 7.Страны и регионы мира: экономико-политический справочник / под ред. А.С.Булатова.-М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2006.-624 с. 8.Колесник И.В. Справочник статистических данных по географии / И.В Колесник. - Саратов: Лицей, 2000. 9.Липец Ю.Г. География мирового хозяйства / Ю.Г. Липец, В.А. Пуляркин, С.Б.Шлихтер. -М.: Владос, 1999. -400 с. 10.Мировые природные ресурсы: Учеб.-метод. пособие. - Алматы: Қазақ университеті, 1998. 11.Родионова И.А. Макрогеографическая промышленность мира / И.А.Родионова. - М.: Лицей. 2000. - 240 с. 12.Завьялова Е.Б., Радищева Н.В.Экономическая география в схемах и таблицах: учеб.пособие.- М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005.-248 с. 13.Страны мира: Справочник. - М: Республика. 2000. - 480 с. 14.Экономическая география / В.П.Желтиков, Н.Г.Кузнецов, С.Г.Тяглов - Ростов-на-Дону, 2001 . 15. Войтович М.С. Практикум по экономической и социальной географии зарубежных стран /М.С. Войтович. - Минск: Высшая шк., 1985. 3.Тақырыбы: Өнеркәсіптің орналасу заңдылықтары. Отын-энергетикалық кешен Дәріс мақсаты: Өнеркәсіп салаларының географиялық орналасуын, дамуын түсіндіру. Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 1. Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп. 2. Отын-энергетика, металлургия, машина жасау, химия өнеркәсіп салалары. 3. Қоршаған орта мәселелері. Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер): Жалпы алғанда, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі өндірістердің жиынтығы болып табылады. Өнеркәсіп өндірісі мен салаларының қаржыны, ғылымды, еңбекті, шикізатты, энергияны және суды қажет ету деңгейі әртүрлі. Өнеркәсіп өнімінің 10%-ы (өзіндік құны бойынша) өндіруші салаға тиесілі болса, қалған өнімді өңдеуші кәсіпорындар береді. Қазіргі заманғы өңдеуші өнеркәсіп байырғы (таскөмір, қара металлургия, кеме жасау және тоқыма), жаңа (автомобиль жасау, алюминий өндіру, химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі) және ең жаңа салаларды (микроэлектроника, робот жасау, есептеуіш машиналар жасау, атом және аэроғарыш өндірісі және т.б.) қамтиды. Өнеркәсіп өндірісі құрылымы жағынан ғана емес, ұйымдасуы және орналасуы жөнінен де күрделі жүйе болып табылады. Өнеркәсіптің орналасуына әсер ететін факторлар ел экономикасының даму жағдайына сәйкес ұдайы өзгеріске түсіп отырады. Бұл әсіресе өңдеуші өнеркәсіптің орналасуынан айқын көрінеді. Өнеркәсіптің жаңа салаларын орналастыруда еңбек ресурстарының сапалық көрсеткіштері (білім және кәсіби деңгейі), көлік, байланыс, экологиялық жағдай, ғылыми-техникалық әлеует шешуші рөл атқарады. Өнеркәсіптің байырғы және жаңа салалары ірі өнеркәсіпті аудандардың қалыптасуына ықпал етті. Алғашқы өнеркәсіпті аудандар (Орта Англия, Рур, Силезия, Орталық Ресей, Орал) көмір алаптары мен металлургия, тоқыма өндірісі негізінде қалыптасты. Жаңа өнеркәсіпті аудандар өндірістің күрделі сипатымен және оның орналасуьша ықпал ететін факторлардың жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Дамыған елдерде ескі өнеркәсіпті аудандардың еңбек ресурстары мен дамыған инфрақұрылымы негізінде жаңа аудандардың қалыптасуы байқалады. Өнеркәсіптің орналасуына "астаналық" фактор да әсер етеді. Жаңа индустриялық аудандар өнеркәсіптің ел астанасы мен ірі қалаларының маңында шоғырлануынан пайда болуда. Мұндай аудандарда ғылымды көп қажет ететін ең жаңа өндірісті іске қосуға мүмкіндік бар, сонымен қатар өндірілетін өнім ірі тұтыну көзіне де бағдарланады. Қазіргі заманғы кәсіпорындар салық жеңілдіктері бар еркін экономикалық зоналарда және шекаралық аудандарда көбірек орналасады, бұл аумақтарда халықаралық экономикалық аудандар да қалыптасуда. Өнеркәсіптің теңіз жағалауларына "ығысуы" да байқалады. Соның нәтижесінде кейбір портты қалалар маңында сырттан әкелінетін шикізатты бастапқы өңдеуден өткізетін ірі өнеркәсіптік кешендер пайда болған. Өңдеуші өнеркәсіптердің құрылымы, (%) |Салалар |Қазақстан |Дуние жүзі|Дамыған елдер | |Тамақ өнеркәсібі |22 |11 |10 | |Жеңіл өнеркәсіп |1 |4 |3 | |Орман және ағаш өңдеу |2 |9 |10 | |Химия және мұнай өңдейтін |11 |17 |16 | |Металлургия |42 |5 |4 | |Машина жасау |9 |50 |53 | |Басқа салалар |13 |4 |4 | |Барлығы |100 |100 |100 | Сонымен, өнеркәсіптің дамуы мен орналасуында қарама-қарсы екі бағыт түйіседі. Біріншіден, технологиялық жағынан сабақтас өндірістерді біріктіру негізінде аумақтық-өндірістік кешендер түзілсе, екіншіден, экономикалық тиімділік факторы негізінде бір саладағы кәсіпорындарды шашырата орналастыру байқалады. Отын-энергетика кешені Аталған кешен құрамына казіргі заманғы шаруашылықтың негізін құрайтын отын (мұнай, табиғи газ, көмір және т.б.) мен электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау енеді. Өндірістің дамуы отын мен энергия түрлерін игерумен тығыз байланыста жүреді. Адамзат қоғамы дамудың неғүрлым жоғары сатысына көтерілген сайын өндірістің отын мен энергияға сұранысы арта түсті. Бастапқы энергия көздері (БЭК) қатарына жататын мұнай мен табиғи газдың, көмірдің отын-энергетика құрылымындағы арасалмағы XX ғасырда күшті өзгеріске түсті. Дүниежүзілік отын-энергетика балансында көмір ұзақ уақыт бойы басым болып келсе, XX ғасырдың ортасынан бастап мұнай жетекші орынға шықты. Мұнай өнеркәсібі Мұнай өнеркәсібі — дүниежүзілік шаруашылықтың Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды өркендеген саласы. Дүниежүзіндегі басты мұнай алаптары дамушы елдер аумағында орналасқан. Әлемдік нарықта бағасының ұдайы өзгеріске түсетіндігіне қарамастан, мұнай мен одан алынатын өнімдер стратегиялық маңызы бар ресурс болып отыр. Мұнайды көп мөлшерде өндіріп, шетке шығаратын елдердің халықаралық деңгейде айрықша орны бар, тіпті олардың геосаяси жағдайына мұнай қоры елеулі түрде ықпал етеді деуге болады. Мұнай өнеркәсібі — күшті монополияланған саланың бірі, дүниежүзі бойынша мұнай саласында АҚШ пен Батыс Еуропаның аса ірі ұлтаралық компаниялары жетекші орын алады. Бұған қарсы тұру мақсатында 1960 жылы мұнай экспорттайтын дамушы елдер арнайы ұйым (ОПЕК) құрды. Ұйымның негізгі мақсаты — осы ұйымға мүше елдердің мұнайды өндіру және сыртқа сатумен байланысты қызметін халықаралық деңгейде үйлестіру. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзінде өндірілген 3,5 млрд т (газ конденсатымен қоса) мұнайдың 40%-ға жуығы ОПЕК елдеріне тиесілі болды. Ресей әлемдегі жетекші мұнай өндіретін елдердің бірі (39-сызбанұсқаға қараңдар). Жан басына шаққанда мұнай өндіруден дүниежүзінде Кувейт 1-орын алады (2008 жылы — 54,6 т). Қазақстан Республикасында 2008 жылы 70,7 млн т мұнай өндірілді; жан басына шаққандағы көрсеткіш 4,36 т болды. Мұнай — аса маңызды экспорттық тауар, дүниежүзінде өндірілетін мұнайдың 45%- ға жуығы сыртқа сатылады. Мұнайды өндіретін (Парсы шығанағы елдері, Латын Америкасы мен Африка елдері) және тұтынатын аудандардың (Еуропа, АҚШ, Жапония) аумақтық алшақтығына байланысты мұнай тасымалы күрделі көлік жүйесіне айналып отыр. Қазіргі заманғы ірі порттар мен жүк сыйымдылығы аса жоғары танкерлер, қуатты мұнай құбырлары осы мақсатқа жұмылдырылған. Негізгі тасымал жолдары Парсы шығанағынан Батыс Еуропаға және Жапонияға, АҚШ-қа бағытталған. Сонымен қатар Венесуэла мен Мексика мұнайы АҚШ порттарына жеткізіледі. Аса ірі мұнай құбырлары Ресейдің мұнайлы аудандарын Еуропа елдерімен байланыстырады. Канада мұнайы АҚШ-қа құбыр арқылы жеткізіледі. Теңіздегі қайраңдық (шельф) кен орындарында өндірілген мұнай құрлыққа суасты құбырлары арқылы тасымалданады. Қазіргі кезде олар 500 м- ден төмен тереңдікте орналастырылған. Мұнай өндіру мен тасымалдау қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. 1977 жылы Оңтүстік Африка жағалауында әрқайсысының жүк сыйымдылығы 330 мың т болатын екі мұнай таситын танкер соқтығысып қирады. 1989 жылы Аляска жағалауында қайраңға тұрып қалған "Вальдес" танкерінен суға 40 мың т мұнай ағып жайылған. 2002 жылы күзде Испания жағалауларында (Галиссия) болған мұнай апаты да қоршаған ортаға зор зиян тигізді. Мұнай өңдеу кәсіпорындары, әдетте, шикізат көзіне жақын жерде немесе аса ірі портты қалаларда орналасады. Қазіргі кезде дүниежүзінде ірілі-ұсақты 700-ден астам мұнай өңдейтін зауыттар жұмыс істейді. Олардың 30-ға жуығының қуаттылығы жылына 15 млн т-дан асып түседі. Мұнай өнімдеріне қатысты экологиялық талаптардың күшейтілуі бұл салада ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен қолдануға итермелейді. Мысалы, дүниежүзінде өндірілетін бензиннің жартысынан астамының құрамында зиянды қорғасын жоқ, ал АҚШ пен Германияда, Жапонияда тек осындай бензин ғана пайдаланылады. Газ өнеркәсібі Дүниежүзі бойынша газ өндірісі XX ғасырдың ортасынан бастап өркендей бастады, содан бері оның өндіру көлемі 10 есеге артты. Табиғи газбен қатар, мұнайға серік газды өндірудің де маңызы зор. Газ энергетикалық мақсатта ғана емес, химиялық шикізат ретінде азот тыңайткыштары мен полимер өндірісінде пайдаланылады. Табиғи газдың маңызды кен орындары Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа, Парсы шығанағы, Ресей жері мен Орта Азияда шоғырланған. Қазіргі кезде кептеген елдер (Бруней, Малайзия, Норвегия және Ұлыбритания) табиғи газды теңіздегі газ кәсіпшіліктерінен өндіреді, су астындағы газ жинау қондырғылары 500 м-ден астам тереңдікте жұмыс істейді. Қазіргі кезде дамыған елдердің отын-энергетика құрылымында газ үлесі көмірмен бірдей мөлшерде. 2006 жылы дүниежүзінде 3646 млрд м3 табиғи газ өндірілді, оның 36%-ға жуығы Ресей мен АҚШ-тың үлесіне тиесілі. Қазақстанда 2008 жылы 32,9 млрд м3 табиғи газ өндірілді, яғни жан басына шаққанда 1474 м3-ден келеді. Көмір өнеркәсібі Дүниежүзі бойынша көмір өндірісінің қарқыны бәсеңдегенімен, бұл байырғы шикізат түрі әлі де болса көптеген елдердің отын-энергетика құрылымында елеулі орын алады. XX ғасырдың 50—60-жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты көмір өнеркәсібі күйзеліске ұшырап, көптеген шахталар жабылып қалған болатын. XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап мұнай бағасының өсуі көмірді ашық әдіспен өндіруге болатын ірі кен орындарының қайтадан өркендеуіне себепші болды. Сонымен қатар көмір өндіру географиясында өзгерістер болды. Батыс Еуропа шахталары жабылып, Азия басты өндіру аймағына (барлық көмірдің 45%-ын береді) айналды. Қазақстан көмір өндіретін жетекші 10 елдің қатарыыа енеді, мұнда 2007 жылы 103 млн т көмір өндірілді. Дүниежүзі бойынша өндірілетін көмірдің 12%-ы ғана экспортқа шығарылады. Көмір экспортында Аустралия мен ОАР, АҚШ жетекші орын алса, импортында Батыс Еуропа елдері мен Жапония басымдылық танытады. Электр энергетикасы Энергияның экономикалық жағынан ең тиімді, экологиялық жағынан қауіпсіз әмбебап түрі болып саналатын электр энергиясын өндіру үшін алуан түрлі минералды шикізат, су және атом энергиясы пайдаланылады. Минералды отынмен жұмыс істейтін жылу электрстансылары (ЖЭС) шикізат көздерінде және ірі тұтыну орталықтарында орналасады; олардың жалпы электр энергиясының өндірісіндегі үлесі — 63%. Су электрстансылары (СЭС) дүниежүзінде өндірілетін электр энергиясының 1/5-ін береді. Су энергиясы ресурстары, негізінен, дамушы елдерде шоғырланған, сондықтан әзірше толық игерілмей келеді. Мысалы, Латын Америкасында су энергиясы қорынын 10%-ы, Африкада 5%- ы ғана игерілген. Энергияның бұл түрін пайдалануда AҚШ пен Ресей алдыңғы орында, бірақ жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша Норвегия басымдылық көрсетеді. Атом электрстансылары Атом электрстансыларының (АЭС) да маңызы артып келеді. Олар дүниежүзінде өндірілетін электр энергиясының 17%-ын, Францияда 80%-ын береді. Соңғы кездері электр энергиясын сарқылмайтын балама энергия көздерінен (жел, гелио-, геотермалдық, толысу энергиясы) де алатын болды. Электр энергиясын өндіру жыл сайын артып келеді; соңғы 50 жылда оның көрсеткіші 14 есе артты. Оның басым бөлігі әлемдегі жетекші елдер үлесіне тиесілі болды Қазақстанда 2008 жылы 80,3 млрд кВт/сағ, яғни жан басына шаққанда 4959 кВт/сағ электр энергиясы өндірілді. Елімізді бұл көрсеткіш бойынша басқа елдермен салыстырып көріңдер Сонымен электр энергетикасының дамуы аумақтық айырмашылықтарға ие. Халқының саны адамзаттың 20%-ын құрайтын дамыған елдердің үлесіне өндірілген электр энергиясының 3/4-і тиесілі. Көмір өнеркәсібі – еліміздегі пайдаланатын отынның 1/2 бөлігі-көмірдің үлесіне тиеді. Елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу (байыту мен брикеттеу) шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады. | | Қазақстандағы көмір өнеркәсібі Қазақстанда көмір өнеркәсібі шаруашылықтың ең көне саласына жатады. Тарихы • 1833 ж. қойшы Байжанов Аппақ Қарағанды мекенінен “отқа жанатын қара тасты” кездейсоқ тауып алған. Бірақ 23 жыл өткеннен кейін ғана өнеркәсіп иелері кен орнына назар аудара бастады. Қарағанды кенінен алғашқы 30 жылда (1857 – 87) 303 мың т немесе әр жылы орта есеппен 10 мың т көмір өндірілді. Ал, кейінгі 21 жылда (1899 – 1920) мұнда 860 мың т көмір қазылды. • 1905 ж. Қарағанды көмір кеніне француздар, сонан соң ағылшындар қожалық етті. Ол кезде көмір қазатын құрал қайла, күрек болды, тасымалдауға сүйретпе шана пайдаланылды. Көмір, негізінен, “Кариб”, “Карно”, “Герберт” секілді шағын шахта-кәсіпорындарда қазылды. Мұнда небәрі 1 қызмет үйі, балшықтан қаланған 3 үй, кірпіштен салынған 1 үй, 2 бу қазаны және 1 желдеткіш қана болды. • 1920 ж. кен орнында 125 жұмысшы істеп, олардың әрқайсысы айына 26 т- дан көмір өндірді. • 19 ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында тағы да бірнеше кен орындары, соның ішінде Екібастұз көмір кеніші де ашылды. Бірақ олардың барлығынан алынған көмір небәрі 500 мың т-дай ғана болды. Қазақстанда кеңестік көмір өнеркәсібі 1930 жылдан құрыла бастады. Осы жылы Қарағандыда алғашқы 4 шахта ашылды. Қарағанды көмір алабында көмір өндірісін дамытуға үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінді. • 1937 ж. Қарағанды көмір тресі 3,5 млн. т-дан астам көмір өндірді, мұның өзі 1936 жылмен салыстырғанда 10,1% артық еді. 2-дүниежүзілік соғысқа (1941 – 45) дейінгі кезеңде 23 шахта ашылып, олардан 6 635 мың т көмір алынды. Осы жылдарда Қазақстан Кеңес Одағында өндірілген көмірдің 4%-ын берді. Көмірді қазу, қопару жұмыстары толық механикаландырылып, жұмыстың 80%-дан астамы көмір қопарғыш машиналармен атқарылды. Жер астынан көмірді тасып шығару жұмыстарын механикаландыру деңгейі артты. Жұмысшылардың еңбек өнімділігі айына 42,6 т-ға дейін жетті. • Соғыс жылдарында Қазақстанда көмір өндіру көлемі шұғыл артып, жылына 12 млн. т-ға дейін (одақ бойынша 8%) өсті. Бұл кезеңде Қарағанды Кеңес Одағының негізгі отын базасына айналды. • 1945 ж. 39 шахта мен 3 тілік жұмыс істеді. • Соғыстан кейінгі 10 жылда (1946 – 55) Қарағанды алабында жаңа шахталардың салынуы, Саран, Шерубайнұра тіліктерінің игерілуі, сондай- ақ, шағын шахталарды біріктірудің және көмірді ашық әдіспен алудың дамытыла бастауы нәтижесінде көмір өндіру 2 еседей артып, жылына 28 млн. т-ға дейін жетті. Салада аса өнімді комбайндарды, жер астынан дүркін-дүркін көмір таситын электровоздардың орнына толассыз конвейерлерді, механикаландырылған құралдарды пайдалану нәтижесінде көмір өндіру қарқыны арта түсті. Көмір тіліктерінде алымы аз бір шөмішті экскаваторлардың орнына, сағатына 5 мың т көмір өндіретін көп шөмішті роторлы экскаваторлар, паровоздардың орнына электровоздар қолданылды. • 1955 жылдан бастап Қазақстанда көмір өнеркәсібінің дамуы елеулі кезеңге аяқ басты. Осы жылы Екібастұз алабында 3 тілік пайдалануға берілді. Солардың бірі – жылына 50 млн. т көмір өндіретін дүние жүзіндегі ең ірі “Богатырь” тілігі. Екібастұз алабындағы көмір қоры (10 млрд. т) жер бетіне таяу жатыр әрі көмір қабаты 200 м-ге дейін жетеді. Осыған орай мұнда көмір ең тиімді ашық әдіспен қазылып алынады. • Қазақстанда көмір өнеркәсібі орындары 1980 ж. 115 млн. т, 1985 ж. 131 млн. т көмір өндірді. • Көмір өндіру көлемінің ең жоғары деңгейіне 1988 ж. қол жеткізілді (143 млн. т). Экономикалық реформалар жағдайында жүргізілген құрылымдық өзгерістерге байланысты көмір өндіру көлемі республикада 1989 жылдан бастап (138 млн. т көмір өндірілген) азая бастады. • 1990 ж. республикада 131 млн. т көмір өндірілген болса, 1997 ж. өндірілген көмірдің көлемі 72,6 млн. т болды. Дағдарыс кезеңі 1990 – 97 ж. елде көмір өндіру көлемі 44,6%-ға құлдырады. Нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңіндегі қайта құру барысында көмір өнеркәсібі саласындағы мұндай дағдарыстың өзіндік объективті себептері болды: 1. отын-энергетика кешенінің (ОЭК) жұмыс істеудегі мақсаты өзгерді. Бұрын сандық көрсеткіштер көмір кәсіпорындарының әрқашан басты сипаттамалары болып есептелді, өйткені көмір стратегиялық шикізат қоры болып саналатын еді. Өнімнің сапасына назар аударылмады. Көптеген жылдар бойына бұрын іске қосылған шахталарды сақтай отырып, жаңа шахталар кең ауқымда салынып келді; 2. ОЭК жаппай мемлекеттік меншіктен (олардың қорларын, мүлкін, өнімін қоса) меншіктің түрлі нысандары мен қатынастарына (жекеше, ұжымдық, мемлекеттік, аралас) көшіріле бастады. Нарықтық экономика талаптарына орай, көмір өндіретін кәсіпорындардың санын қысқарта отырып, басқару қайта ұйымдастырылды, көптеген тиімсіз, залалды шахталар жабылды; 3. кәсіпорындар мен саланың қысқа және орта мерзімді саясатын әзірлеу кезінде сұраным мен оның ауытқуы негізгі нысанға айналды, яғни өндіріс көлемін анықтау үшін төлеуге қабілетті сұранымның ықпалы күшейді; 4. ОЭК өнімінің сапасы, оның экологияға тигізетін әсері бірінші орынға қойыла бастады; 5. саланы мемлекет тарапынан қаржыландырудың тоқтатылуына, төлемнің төленбеу дағдарысына байланысты салаға жекеше және сыртқы инвестициялар тартуда қиындықтар туды; 6. энергетикалық саясатта және тиісінше елдің отын-энергетикалық балансының құрылымында да өзгерістер болды, көмірдің бұрынғысынша отын- энергетикалық баланста жетекші орын алатынына және оның экономикада стратегиялық маңызы зор екеніне қарамастан, экономиканы дамытудың жаңа басым бағыттарын белгілеуде және экспортқа бағдарланған салаларды басым дамытуда көмір өнеркәсібіне жете назар аударылмады.Саланың жағдайы 1999 жылдың 2-жартысынан бастап жақсара бастады. Көмір өндіру көлемінің өсу қарқыны 1999 жылмен (58,2 млн. т) салыстырғанда 2000 ж. (74,8 млн. т-дай) 28,5%-ға өсті. 1995 – 2000 ж. кезеңінде Қарағанды көмір алабында көмірді ашық және жерасты тәсілдерімен өндірудің арақатынасы айтарлықтай өзгерді. Бұл кезеңде Екібастұз көмір алабының рөлі артты. Қазір республикада өндірілген көмірдің жалпы көлемінің үштен екі бөлігін Екібастұз кеншілері өндіруде. Нарықтық экономика жағдайында “Богатырь Аксес Көмір” Қазақстан-Американ компаниясы құрылып, “Богатырь” кенжармасы соның қарамағына берілді. Екібастұз көмір алабының елдің отын-энергетика балансындағы рөлі арта түсті, осыны ескере отырып, Үкімет “Екібастұз көмірі” бағдарламасын бекітті, ал, Энергетика және минералдық қорлар минералдық “Екібастұз тас көмір алабын игерудің кешенді жобасын” әзірледі. Бұл бағдарламалық құжаттар жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге, көмір өндіру көлемін Қазақстан тұтынушылары мен экспорттың қажеттері деңгейіне дейін жеткізуге, өткізу рыноктарын сақтауға бағытталған. 2001 ж. көмір экспортының жалпы көлемі 27 млн. т-дан асып түсті. Көмір өнімін шет елге шығару географиясы кеңейтілді, Қазақстан көмірін Румыния, Польша, Эстония тұтына бастады. Көмір өнеркәсібі саласының өндірістік әлуеті республиканың қазіргі кезде шет елге шығарылатын көмір көлемін 30 – 35 млн. т-ға жеткізуіне мүмкіндік береді. Соңғы жылдары Шұбаркөл, Шөптікөл және Қаражыра кеніштеріндегі сапалы көмірдің үлесін молайту есебінен өндірілетін көмірдің құрылымын жақсартуға мүмкіндік туды. Қарағанды, көмір алабы Орталықта орналасуымен және жоғары сапалы, аз күлді, кокстелетін тас көмір ретінде қолайлы және тиімді. Негізінен технологиялық отын-кокс ретінде өнеркәсіпте қолданылады. Біраз бөлігі электр қуатын алу үшін электр стансаларында энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Кемір тереңде орналасқан, қазып алынатын орташа тереңдігі 300 метр. Сондықтан да жер астында шахталық әдіспен өндіріледі. Бұндай жағдайда өндірілген көмірдің өзіндік құны жоғары болады. Қарағанды көмірін негізгі тұтынушылар - Қазақстан мен Ресейдін, металлургиялық зауыттары мен электр стансалары. Екібастұз, көмір алабы Тас көмір болғанымен, күлі көп (орташа күлділігі 43%), сапасы төмен, өте ауыр байытылады және кокстеуге келмейді. Сондықтан да тек қана энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Алаптың ерекшелігі - көмір қабатының қалыңдығы 150 метр және жер бетіне жақын орналасқандықтан ашық әдіспен өндіріледі. Соған сай өндіру құны арзан болып келеді. «Богатырь», «Восточный» жәнө «Северный» кесінділерінде ашық әдіспен өте мықты роторлы экскаватормен қазып алады. «Богатырь» кесіндісінің қуаттылығы өте жоғары. Жылына 50 млн тонна өндіріліп, дүние жүзіндегі жетекші кесінділердің біріне жатады. Екібастұз көмірі республикамыздағы өзіндік құны ең төмен көмір. Соның нөтижесінде жан-жақты игерілуде. Оны пайдалану үшін Қазақстанның Солтүстігінде және Ресейде ірі электр стансалары (Орал және Омск) салынған.[1] Қазіргі кездегі көмір өнеркәсібі Қазіргі кезде Қазақстанда 100-ден астам көмір кеніштері орналасқан, олардың геологиялық қоры 176,7 млрд. т. Олардың ішінде барланған қор – 38,63 млрд. т және қазіргі кезде өндіруге жарамды көмір қоры 34,1 млрд. т. Республика бойынша тас көмірдің қоры 14,33 млрд. т, соның ішінде 12,39 млрд. т – А+В–С1 санатына, 1,94 млрд. т – С2 санатына жатады. Тас көмірдің негізгі кеніштері – Қарағанды, Екібастұз алаптары, Қошеке кеніші. Кокстелетін көмір Қарағанды алабында өндіріледі және көмір өндіру көлемінің 50%-ын құрайды. Кокстелетін көмірдің жалпы қоры 6,12 млрд. т-ға тең, олар, негізінен, А+В+С1 (5,82 млрд. т) және С2 (0,31 млрд. т) санатына жатады. Қоңыр көмір қорлары – 24,3 млрд. т, олардың 21,55 млрд т-сы – А+В+С1 және 2,55 млрд. т- сы С2 санатын құрайды және Торғай, Төменгі Іле алаптарында, Майкөбі кенішінде шоғырланған. Республика аумағы бойынша көмір қорлары мынадай тәртіппен орналасқан: • Шығыс Қазақстанда 4,5 млрд. т жалпы геологиялық қор және 3,04 млрд. т барланған қор; • Батыс Қазақстанда тиісінше – 2,9 млрд. т және 1,79 млрд. т; • Солтүстік Қазақстанда 81,8 млрд. т және 18,52 т; • Оңтүстік Қазақстанда – 33,0 млрд. т және 0,48 млрд. т. Салада 62 өнеркәсіп орны мен өндірістік бірлестік жұмыс істейді (1998), олардың өндіріс көлемі 2698,5 млн. теңге болды. Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар: 1. Электр энергиясын өндіру, машина жасау, химия, өнеркәсібінің негізгі аудандарының орналасуы бойынша карта-сызба сызыңыз. 2. Қазіргі кезеңдегі өнеркәсіп салаларының қоршаған ортаға әсерін сипаттаңыз. 3. Өңдеуші өнеркәсіп салалары дамыған елдерге сипаттама жазыңыз. Әдебиеттер 1.Алисов Н.Н., Хорев Б.С. Экономическая и социальная география мира / Н.Н. Алисов, Хорев Б.С. - М.: Гардарики, 2003 . - 704 с. 2.Социально-экономическая география зарубежного мира/ Под ред. В.В.Вольского.-М.: Дрофа, 2001- 560 с. 3.Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны/ Под ред. С.Б. Лаврова, Н.В. Колед. - М.: Гардарика, 2002. - 928 с. 4.Максаковский В. П. Географическая картина мира. Я.- 2004 г. 5.Любимов И.М. Общая политическая, экономическая и социальная география. М. , 2001. - 336 с. 6. М. М.Голубчик. Экономическая и социальная география: Основы науки: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений.- М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003- 400с. 7.Страны и регионы мира: экономико-политический справочник / под ред. А.С.Булатова.-М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2006.-624 с. 8.Колесник И.В. Справочник статистических данных по географии / И.В Колесник. - Саратов: Лицей, 2000. 9.Липец Ю.Г. География мирового хозяйства / Ю.Г. Липец, В.А. Пуляркин, С.Б.Шлихтер. -М.: Владос, 1999. -400 с. 10.Мировые природные ресурсы: Учеб.-метод. пособие. - Алматы: Қазақ университеті, 1998. 11.Родионова И.А. Макрогеографическая промышленность мира / И.А.Родионова. - М.: Лицей. 2000. - 240 с. 12.Завьялова Е.Б., Радищева Н.В.Экономическая география в схемах и таблицах: учеб.пособие.- М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005.-248 с. 13.Страны мира: Справочник. - М: Республика. 2000. - 480 с. 14.Экономическая география / В.П.Желтиков, Н.Г.Кузнецов, С.Г.Тяглов - Ростов-на-Дону, 2001 . 15. Войтович М.С. Практикум по экономической и социальной географии зарубежных стран /М.С. Войтович. - Минск: Высшая шк., 1985. 4. Тақырыбы: Металлургия және машина жасау өнеркәсібі Дәріс мақсаты: Дүниежүзілік машина жасау өнеркәсібіне сипаттамам беру. Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 1. Машина жасау өнеркәсібі шығаратын негізгі өнім түрлері. Бұл саладағы мамаандану мен шоғырлануға не себеп болады? 2. Жаңа индустриялық елдерде неліктен машина жасау, соның ішінде ғылым мен еңбекті көп қажет ететін салалар өркендеуде? Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер): Машина жасау – ауыр өнеркәсібінің еңбек құралдарын, тұтыну заттарын және қару жарақ өнімдерін жасайтын негізгі саласы. Машина жасау өндірісі энергетика, электротехника, станок жасау және құрал-саймандар өнеркәсібі, аспап жасау, ауыл шаруашылық машиналарын жасау, т.б. салаларға бөлінеді. Қазақстанда машина жасау екінші дүние жүзлік соғыс жылдарында басқа республикалардан көшіріліп келген жабдықтар негізінде жасалды. Соғыстан кейін бұл сала жоғарғы қарқынмен дамып, көптеген жаңа өндіріс түрлері пайда болды. Республиканың машина жасау кәсіпорындары күрделі әрі металды көп қажет ететін машиналар, тау-кен, көмір, мұнай, металлургия, тамақ кәсіпорындары мен жеңіл өнеркәсіпке қажетті жабдықтар, сондай-ақ ауыл шаруашылығына, көлікке, құрылысқа арналған машиналар мен құрал-саймандар және электротехникалық аппараттар мен станоктар – барлығы мыннан астам өнім түрлерін шығарады. Алматыда метал кесу станогын, электр аппаратурасын, гидротехникалық жабдықтар, Қарағандыда тау-кен шахтасы жарағын, кокс – химия техникасын, Шымкентте прессавтомат, карданвал, Өскеменде түсті металургия жабдығын, конденсатор, Павлодарда трактор, Астанада ауыл шаруашылығы техникасы, Қостанайда дизель маторын, Ақтөбеде ренген аппаратурасын, Атырауда мұнай өндірісіне қажетті машина мен жабдықтар, Талдықорғанда (Алматы облысы) аккумулятор, Кентауда эксковатор шығаратын өндіріс орындары жұмыс істейді [2; 77]. Машина жасау өнеркәсібі дүние жүзлік шаруашылықтың материалдық сферасындағы өнеркәсіп саласының бірі. Ол маңыздылығы бойынша отын- энергетика кешені мен металлургия өнеркәсібінен кейін үшінші тұрады. Машина жасау өнеркәсібі еңбекпен қамтылуы мен шығарған өнімнің құны бойынша басқа өнеркәсіп салаларға қарағанда алда тұр. Бұл машина жасау өнеркәсібі басқа салаларды керек құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететіндігімен түсіндіріледі. Машина жасау өнеркәсіп кешені басқа да сала аралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол отын-энергетика кешені өнімдерісіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ, отын-энергетики кешені машина жасаудан энергетикалы, тау-кен өндірісі машиналарын және басқа да құрал-жабдықтар, әр түрлі машиналар алады. Мншина жасау өнеркәсіп кешені металлургия балқытқан металды пайдаланып, өзі оған техника, шикізат (мысалы, металл сынығы мен жоңқаларын) жеткізеді. Машина жасау үшін көп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалық талшық пен каучук, бояу) жұмсалады. Оларрды өндіру, керсінше, машина жасау өнеркәсібісіз мүмкін емес. Жеңіл өнеркәсібі машина жасаудан қажетті станоктар, құрал-жабдықтар алады да, машина жасау өнеркәсібіне қажетті техникалық маталар, тері т.б. шығарады. Сонымен машина жасау өнеркәсібі әлемдік шаруашылықтың барлық салаларын еңбек құралдарымен қамтамасыз етеді және олардың өнімдерін (пластмасса, резина, шыны және т.б.) мен металлдардың ең негізгі тұтынушысы болып табылады. Машина жасау кешені өндірісті құрал-жабдыұтармен, детальдармен, қосымша бөлшектермен қамтамасыз етумен бірге ол ғылым мен техниканың жетістігін өндіріске енгізуге, өндірісті автоматикалық жүйеге көшіруге, еңбек өнімділігін арттыруға, материалдық шығынды азайтуға, халық тұрмысына қажетті ұзақ уақытқа қолданылатын тауарлар шығаруға, адамдардың уақытын үнемдеуге және дұрыс пайдалануға көмектеседі. Машина жасау өнеркәсібінің маңызы – оның шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдықтар, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер, теледидар, тұрмыстық техникалар) шығарумен анықталады. Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің қауіпсіздігі оның даму деңгейімен тығыз байланысты. [6; 25] Машина жасау өнеркәсібінің негізгі шикізаты жоғарыда аталғандай металлургиядан алады (болат, шойын, түсті металлдар). Дайын өнім алу үшін шикізат бірнеше сатыдан өтеді. Машина жасау өнеркәсібінің технологилық сатысы бойынша дайындау, механикалық өндеу және жинау болып бөлінеді. Дайындау сатысы металды көп жұсайды, сондықтан шикізат көздеріне жақын орналасады. Бұл сатыда сұйық металды арнайы алдын ала дайындалған пішінге құяды. Одан келесі сатыда, яғни механикалық өндеу сатысында алынған құйманы өндеп бөлшектер дайындайды (станокта кеседі, жонады т.с.с.). Үшінші сатыда машина жасау зауыттарда бөлшектерді құрастырып дайын өнім шығарды. Мысалы, автомобиль, станок және т.б. Осы саты орналастыруды жан-жақты әр түрлі вариянттармен территориялық ұйымдастыруға болады [6; 26]. Машина жасау өнеркәсібінің салалары, оның сипаттамасы Машина жасау өнеркәсібі шығаратын өнім түрлеріне байланысты көптеген салаларға бөлінеді. Соның ішінде Қазақстанда дамыған салалары: автомабиль жасау өнеркәсібі, трактор және ауыл шаруашылық машина жасау, энергетикалық машина жасау, металлургиялық машина жасау, тау-кен машина жасау, мұнай мен газ өндіру кәсіпорындарына арналған құрал-жабдықтар өндірісі, химия машина жасау өнеркәсібі, электротехникалық өнеркәсіп, құрылыс жол жөндеу машина жасау, кеме жасау, радиоэлектрондық өнеркәсіп, металдық құрастырмалар, жабдықтар жасау, аспап жасау, құрылыс құрастырма құрал-жабдықтар жасау және т.б. Автомобиль жасау өнеркәсібі. Бұл сала ХІХ ғасырдың сонында пайда болды. Ол жаңа салаларға жатады. Бұл саланың басқа салаларға қарағанда орны ерекше. Автомбиль өнеркәсібі басқа өнеркәсіп салалардың өнімдерінің негізгі түтынушысы болып табылады (шойын, болат, алюминий, пластмасса, қорғасын, каучук, электрондық бұйымдар және т.б.). Ол ғылыми-техникалық процес әсерінен жылдан-жылға дами түсуде. Елімізде автомобиль өнеркәсібі Шығыс Қазақстан облысында (Өскеменде «Востокмашзавод», «АЗИЯ АВТО», Семейде «СемАЗ»), Алматы облысында (Алматыды «ІскерГАЗ») жақсы дамыған. Трактор және ауыл шаруашылық машина жасау – ауыл шаруашылық машиналар мен құрал-саймандар шығаратын машина жасау өндірісінің саласы. өнеркәсіптің бұл саласы. Трактор және ауыл шаруашылығы машина жасау өнеркәсібі бұрынғы өндірістік базаны қалпына келтіпу және реконструкциялау арқылы жүргізіледі. Олраға «Қазастантрактор» ААҚ (Павлодар), «Астана- Тенопарк» ААҚ (Астана), «Қызылордакүрішмаш» ААқ (Қызылорда), «Оралагромаш» ААҚ, «Алматы «Поршень» зацыты» ААҚ т.б. кәсіпорындар кіреді [7; 150]. Ауыл шаруашылық техникасы — ауыл шаруашылығында қолданылатын қондырғылар, машиналар мен құралдардың жиынтық атауы. Қазақстанда мақта, қызылша, картоп, көкөніс, бақ, мал шарушықтары, сондай-ақ топыраққа тыңайтқыш себу процестері жақсы механикаландырылған. Ауыл шаруашылық техникасын қолданылу мақсаттарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Энергетика, көлік және тиеуіш машиналарына түрлі тракторлар, тіркемелер, тиеуіштер, майқұйғыштар, жүккөтергіштер, жылу және электр моторлары жатады. Тракторлар тарту күшіне қарай түрлі кластарға бөлінеді. Олар жалпы және арнайы жұмыстарға арналған дөңғалақты және жыланбауырлы болып келеді. Павлодар трактор зауытында ДТ-75Т “Қазақстан” (класы 30 кН) тракторы шығарылады. Оған түрлі аспалы және жартылай аспалы құралдар жегіледі. Мұндай трактор көмегімен жер жырту, тырмалау, қопсыту, тұқым себу, қар тоқтату, суландыру жұмыстары атқарылады. Петропавлда шығарылатын қуаты 1 кВт агрегат шағын электр стансасы ретінде мал қораға, шопан үйіне, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының түрлі қызметтеріне жарық беру үшін қолданылады. Топырақ өңдеу, тыңайтқыш себу, егістік зиянкестерін жою мақсатында қолданылатын машиналар да топырақ өңдейтін аспалы және жартылай аспалы соқалар, қопсытқыштар, тісті, инетісті және делегейлі тырмалар, тығыздағыштар, тыңайтқыш сепкіштер, көң, сұйық тыңайтқыш шашқыштар; сұйық және түйіршікті улы қоспаларды бүріккіштер және тозаңдатқыштар, дән улағыштар, фумигаторлар, аэрозоль шашқыштар; қар тоқтатқыштар жатады. Қазақстанның ауыл шаруашылық машина жасау кәсіпорындарында (Астана, Қарағанды, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Атбасар, Өскемен т.б. қалаларда осы топқа жататын 57 түрлі күрделі және қарапайым ауыл шаруашылық техникасы шығарылады. Станок жасау – машина жасаудың жетекші саласы. Халық шаруашылығының барлық саласы үшін металл өндейтін станоктар, автоматт және жартылай автоматты, автоматты комплекстер өндіру. Прибор жасау – машина жасаудың өлшеуіш, реттеуіш приборларын автоматтандырумен басқару жүйесінің құралдарын шығаратын саласы. Қазіргі прибор жасау әр алуан мақсатқа қолданылатын приборлардың көптеген түрлерін өндіреді. Приборлардың негізгі топтары: математикалық және есептеуші машиналар мен приборлары, жылу тежегіш приборлар,заттың құрамын анықтайтын приборлар,электр өлшеуіш, приборлар, материалдардың механикалық қасиетін өлшейтін приборлар, физикалық зерттеулерге арналған приборлар, метрологиялық приборлар, бұрыштық және сызықтық жылдамдық пен үдеуді өлшейтін приборлар, уақыт өлшейтін приборлар, метеорологиялық, акустикалық приборлар, уақыт өлшейтін приборлар, лабораториялық, астрономиялық, геодезиялық, агротехникалық, медициналық приборлар, арнайы мақсатқа қолданылатын (авиациялық, автомобиль) приборлар т.б. Өлшеуіш приборлар көрсету нәтижесіне қарай көрсеткіш, тіркегіш, жинақтауыш, сигналдық, және реттеуіш приборларға бөлінеді. Өнеркәсіптің барлық саласында кең қолданылатын приборлар бұйымдарын (мысалы, манометр, термометр, щығын өлшеуіш, ылғал өлшеуіш, тығыздық өлшеуіш, амперметр,вольтметр т.б.) шарты түрде жалпы өнеркәсіптік приборлар, ал бір ғана салада қолданылатын приборлар бұйымдарын (Мысалы, автопилот, жылдамдық, көрсткіш,нивелир, теодолит, электрокардиограф т.б.) арнайы приборлар деп аталады. Энергетикалық машина жасау – двигательдер мен оларға байланысты аппаратураларды және бастапқы двигательдердің жұмыс істейтінденелері болып табылатын энергия тасмлдағыштарды )су буын, газды, сығылған ауаны) жасауға және пайдалануға әзірлеуге қызмет ететін қоңдырғыларды шығарады. Негізі өнімдері: бу, гидравикалық (су) және газ турбиналарын, іштен жану двигательдерді, газ турбиналы айдағыштар, бу генераторлары, гидронасостар,турбокомпрессорлы машина, турбо желдеткіштер т.б. түрлері. Энергетикалық машина жасаудың экономикалық мәні халық шаруашлығының барлық салалары энергетикасының техника негіздерін жасаудағы рлімен анықталады. Осыған орай энергетикалық машина жасау өнімдерін қолданылатын салалары да әр қилы болып келеді. Кеме жасау – машина жасау өнеркәсібінің кемелерді жасайтын әрі жөндейтін саласы. Химия машина жасау – машина жасаудың химия өнеркәсібі үшін технологиялық жабдықтар, сондай-ақ комплектілік технологиялық линиялар мен қондырғылар дайындайтын саласы. Химия машина жасау негізгі бұйымдары: жылу масса алмастырғыш, реакциялаушы, кептіпгіш аппаратура, сұйық бір текті емес системаларды айыру жабдықтары, химия өнімдерді араластыру және топтау, газ қоспаларын айыру, резина қоспалар мен пластикалық массаларды өндейтін машиналар. Химия машина жасау кәсіпорны шығратын химия аппаратура өзінің техникалық экономикалық сипаттамасы, түрлерінің саны және көлемі жағынан негізінен заманғы техникасына сай келеді. Машина жасау өнеркәсіптер өндірістік мамандану бойынша мынандай топтарға бөлінеді: - заттық мамандану салалары: станок, прибор жасау, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы т.б. машиналарын жасау; - бөлшектік мамандану: подшипник, қосымша бөлшектер мен детальдар, узельдер, металдық конструкциялар т.б.; - технологиялық мамандану: метал құю, өндеу және жөндеу, ұсталық- престік бұйымдар т.б. жөндеу жұмыстары өндірісі. Мамандану процесі арқасында негізгі кәсіпорынның айналасында бір- бірімен өзара байланысты қосымша кәсіпорындар пайда болды, яғни дайын машиналар мен техникалар шығару үшін өндірісті ұйымдастыру формалары: мамандану, шоғырлану, серіктесу, септесу дамиды. Өндірісті ұйымдастыру формаларының дамуы территориялық (локалдық) машина жасау тораптарының, аудандарының, кешендердің құрылуына себеп болады. Белгілі бір дайын өнім шығару үшін машина жасау зауыттарының бір-бірімен территориялық икемді өндірісті құруға, ғылым мен техниканың жетістіктерін жылдам енгізуге, тұтыну нарығының сұранысына жылдам жауап беруге мүмкіндік жасайды. Технологиялық процестің стадияларына (сатыларына) және орналасу ерекшеліктеріне байланысты машина жасау өнеркәсібі мынандай топтарға бөлінеді: 1. Ауыр машина жасау өнеркәсібі. Мұның құрамына металлургиялық тау-кен, көтерме көлік құрал-жабдықтары, энергетикалық блоктар (бу қазандары, атом реакторлары, турбина мен генераторлар), металды көп жұмсайтын габариттік құрал-жабдықтар. Кәсіпорындары негізінен толық өндірістік циклді болады және металлургиялық базаларға жақын орналасады. 2. Жалпы машина жасау өнеркәсібі. Бұған әр түрлі металдық конструкция жинау және ірі габаритті, бірақ жинауы күрделі емес (автомобильден басқа) машина жасау өнеркәсібі, өнеркәсіпке және құрылысқа технологиялық құрал-жабдықтар (жеңіл және тамақ өнеркәсібіненбасқа), ауылшаруашылығы машиналарын жасау (трактордан басқа) өнеркәсіптері жатады. Шикізатты (металл) көп шығындайтын салалар мен кәсіпорындар металлургия базаларына жақын орналасады. 3. Орта машина жасау өнеркәсібі. Автомобиль, трактор, станок жасау, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылысқа керек орта және кіші мөлшердегі машиналар мен құрал-жабдықтар өнеркісптері кіреді. Мұның құрамына технологиялық сатылар бойынша маманданған көптеген кәсіпорындар кіреді. Оларға серіктесу (кооперация) және септесу (комбинирование) арқылы территориялық ұйымдастыру тән. 4. Дәл машина жасау жасау өнеркәсібі – дәл машиналар мен механизмдер, аспап пен инструмент жасау, компьютерлік техника, робототехника, автоматиалық құрал-жабдықтар, космос, т.б. өнеркәсіптер жатады. Бұл салалардың технологиялық процесі дәл механикалық өндеу мен жинауды қажет етеді. Сондықтан олар жоғарғы білікті жұмысшылар бар аудандарда орналасады. 5. Металдық дайын құрамалар мен жабдықтар өнеркәсібі. Металдық дайын құрамалар дайындау шикізат көздеріне, ал металдық жабдықтар шығару, тұтыну рыногына жақын орналасады [2; 78]. Машина жасау кәсіпорындардың орналасу ерекшеліктері Машина жасау өнеркәсіптердің орналасуына әртүрлі факторлар әсер етеді. Әйтседе негізгі әсер етуші факторлар ғылым, шикізат, тұтынушы, электро- энергетикалық, еңбек пен көлік болып табылады. Ғылым. Бүгінгі таңда машина жасау өнеркәсібін ғылыми жетістіктерсіз елестету мүмкін емес. Сондықтан қазіргі замандағы күрделі техниканы өндіру ғылыми базасы жоғары дамыған аудандар мен орталықтарда шоғырландырылады. Ғылыми потенциал – машина жасау кәсіпорындардың негізгі қалаушы фактор. Олар ірі қалалардағы ғылыми орталықтарға жақын орналасады. Шикізат. Машина жасау өнеркәсібінің кейбір салалары (металлургиялық, энергетикалық, тау-кен шахта құрал-жабдықтар) қара және түсті металлдарды көп қолданады. Соған байланысты осындай өнім шығаратын машина жасау зауыттары шикізатты тасмалдауға шығынды азайту үшін көбінесе шикізат көздеріне жақын орналасады. Еңбек. Машина жасау өнеркісібі көп еңбек күшін мен жоғарғы білікті мамандарды қажет етеді. Сондықтан машина жасау өнеркәсіптің салалары мемлекеттің халық көп шоғырланған аудандарда, әсіресе инженерлі-техникалық кадрлары бар жерлерде орналасады. Ерекше еңбек күшін қажет ететін салаларға авиациялық кешен, станок жасау, электро-техника өндірісі салалары жатады. Мысалы, конденсатор мен аспап шығаратынзауыттарда әйелдерді жұмыспен қамту мақсатында – Өскемен қаласында орналастырған. Көліктік. Машина жасау өнеркәсіптерін орналастыруда шикізатты әкелу мен дайын өнімді аппару мүмкіндігінде үлкен манызы бар. Мамандану мен кооперативтендірудің дамуының нәтижесінде көліктік көліктік факторлардың рөлі артады. Оның барлық зауыттары үшін, әсіресе өнімдері барлық жерлерде қажет болып табылатындар үшін (мысалы, автомобильдер мен металл кесетін станоктар шығаратын) маңызы зор. Мысалы, темір жолдың болуы Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін станоктар шығаратын, ал Шымкентте – алып пресс-автоматтар шығаратын зауыттарды орналастыруға мүмкіндік береді [16; 25]. Тұтыну. Машина жасау өнеркәсіптерінің орналасуында сондай-ақ жеткілікті мөлшерде тұтынушы рыноктың болуыда анықтайды. Дайын өнімдерді тасмалдауға кететін шығын (құрал-жабдықтар, трактор) оларды шығаратын металды тасмалдау шығынан жоғары. Сондықтан ауыр, тасмалдауға қолайсыз машиналарды оларды тікелей пайдаланатын жерлерде шығаруға тырысады. Мысалы, мұнай машиналарын жасау зауыты мұнай өндірілетін жерлерде (Атырауда) орналасқан. Шахталық кен өндіру құрал-жабдықтары көмір өндіретін жерде (Қарағандыда), ал металлургиялық құрал-жабдық пен машиналарды металл қорыту орталықтарында (Өскемен) орналастырады. Трактор және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары егіншілік (Павлодар, Астана, Қызылорда) пен мал шаруашылығы (Ақмола облысындағы Макинск) дамыған аудандарда орналастырылады. Машина жасаудың географиялық орналасуының жеке факторы ретінде әскери- стратегиялық аспектіні айтуға болады. Мемлекеттің қауіпсіздігін ескере отырып машина жасау өнеркәсібінің (көп салалары) қорғанысқа негізделген өнімдер шығаратын салалары мемлекет шекарасынан алыстатылған. Олардың көбі жабық қалаларда шоғырланған. Машина жасау кешенінің орналасуына бірқатар ерекшеліктер әсер етеді. Ең алдымен бұл – шығарылатын өнімдердің күрделігі. Ол оның салалары мен сала ішілік кәсіпорындарының мамандану қажеттілігін туғызады. Маманданудың үш түрі – бұйымдық, тетеіктер шығару және технологиялық түрлері бар. Машина жассаудың әр саласы белгілі бір өнім түрлерін шығарады. Бір салаға жататын зауыттар да өз мамандануы бар.Мысалы, Қызылордадағы ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын зауыт – күріш жинайтын машина, Астанадағы – трактор тұқым сепкіштерін, Павлодардағы зауыт – тракторлар шығарады. Өнімдер бойынша ондай мамандану - бұйымдық мамандану деп атайды [16; 126]. Машина жасау зауыттары, көп жағдайда, дайын өнім емес (Станок, автомобиль т.б.), оның тетіктерін шығарумен айналысады. Ондай мамандануды тетік бойынша мамандану деп атайды. Мысалы, Степногордағы зауыт темір жол подшипниктерін, Қостанайдағы – ауыл шаруашылық машиналары үшін дизель двигательдерін шығарады. Машина жасау зауыттарының үшінші ббір мамандану түрі – технологиялық мамандану. Машина жасау үш негізгі технологиялық стыдан тұрады: 1- Құю, соғу немесе бастырмалар арқылы тетеіктер даярлау; 2- тетеіктерді станоктарда механикалық өндеуден өткізу; 3- тетіктерден дайын өнім шығару. Егер зауыт өндірістің барлық үш сатысын жүзеге асырмай, тек біреуімен айналысса, ол технологиялық мамандану, яғни технологиялық процестер сатысы бойынша мамандану болып табылады. Мысалы, өскемендегі «Азия-Авто» автомабил құрастыру зауыты автомобильдерді тек дайын тетіктер жиынтығынан құрастырады. Түсті металлургияның әлемдік шаруашылық жүйесінде алатын орны Металлургия (грекше: metallurgeo- руда өндіремін, металл өндіремін, metallon- рудник, металл және ergon – жұмыс) ғылымын техниканың және өндірісінің рудадан әр түрлі металлдар тағы басқа материалдар өндіру және металл қортпаларының химиялық құрамы мен құрылымын яғни қасиеттерін өзгерту мәселесімен шұғылданатын саласы. Металлургиялық процестерге жер қойнауынан қазып алынған руданы алдын ала өндеу бұлардан металлдар мен қорытпалар өндіру және оларды бөгде қоспалардан арылту, яғни тазарту, металлдар мен қортпаларға қажетті пішіндер мен қасиеттер беру жұмыстары жатады. Жалпы алғанда « Металлургия » термині галоидтар мен газдардан өзге элеметтерді өндіру процесстерін қамтиды. Қазіргі техникада металлургия темір негізді қорытпалар (шойын, болат, прокат) өндіру мәселесімен шұғылданатын қара металлургия және бұдан басқа металлдарды өндіруге арналған түсті металлургия деген салаларға бөлінеді. Түсті металлдар – темірден басқа барлық металдардаң өнеркәсіптік атауы. Физикалық және химиялық қасиеттері мен жер қыртысында орналасу сипатына қарай түсті металлдар темір емес металдар деп аталады. Түсті металлдар: ауыр (мыс, қорғасын, қалайы, мырыш, никель), жеңіл (алюминий, магний, титан, натрий, калий, т.б.), сирек кездесетін металдар (висмут, кадмий, сурьма, мышяк, кобольт, сынап), қоспаға тиімді металдар (вольфрам, молибден, тантал, ниобий, ванадий), асыл металдар (алтын, күміс, платина және платиноидтар), шашаранды және өте сирек кездесетін металдар (цирконий, галий, индий, талий, германий, стронций, селен т.б.), радиоактивті металдар (уран, технеций уран және трансуран элеметтері, берилий, осмий, радий) деген топтарға бөлуге болады. Шектеулі мөлшерде өндіріліп, өндіріс саласында жуырда ғана қолданыла бастаған металдар сирек металдар деп аталады. Оларға барлық сирек, сирек жер және радиоактивтік, баяу балқитын металдардың көпшілігі мен кейбір жаңа металдарды жатқызады. Түсті металдармен олардың қорытпаларын өндіруде кен - тастық шікізатты өндіруден бастап дайын өнім алуға дейінгі сатысын қамтитын саласын түсті металургия деп атайды. Оның негізгі тармақтарына алюминийлік, никель - кобальттық, мыс, қорғасын - мырыштық, қалайылық, сирек металдық, вольфрам- молибдендік, титан - магнийлік, сүрмелік, балқыма шпаттық, электродтық, қатты қорытпалық, түсті металдарды өндеу, арнайы шала өткізгіштік, екіншілік металлургия жатады. Сондай- ақ түсті металлургия өндірісіне алмаз, электродтар, кейбір химиялық қосылыстар (сирек кездесетін элеметтердің тотықтары, күн қышқылы, тынайтқыштар, химикаттар т.б.) өндірісі де кіреді. Түсті металлургия саласы, қара металлургия өндірісі сияқты өнеркәсіптің ескі салаларының бірі. Ол сонау өндірістік төнкеріс дәуірінде пайда болған. ХХ ғасырда түсті металлургияның дамуын 3 кезеңге бөліп қарастырады: 1-кезең. 100 жылдықтың бірінші жартысында ауыр металдарды - мыс, мырыш, қорғасын, қалайы өндірумен сипатталған. 2-кезең. 1950 – жылдың басы мен 1970 жылдың аяғына дейінгі кезеңде жеңіл металдарды - алюминий, магний, титан және т.б. қорыту тез қарқынмен дамыды, соның нәтижесінде алюминий өндірісі барлық өндірістерді қуып жетіп бірінші орынға шықты. 3-кезең. 1970 жылдың ортасынан осы уақытқа дейін созылған бұл кезең дүние жүзі шаруашылығы энергетикалық және шикізат базасының аздығымен, қоршаған ортаны қорғауды күшейтумен сипатталады. Осы кезеңде көбінесе қоспалы металдар (вольфрам, молибден, ванадий, тантал, ниобий), сирек кездесетін металдар (висмут, кобальт), шашыранды (германий, селен, цирконий) және «ХХ ғасырдың металдарын » дамыту қолға алынды. Сонымен бірге дәстүрлі түсті металдарға, соның ішінде бағалы металдарға деген сұраныс сақталды. 3 - кезеңде шикізатты екінші рет қолдану да дамыды. Нәтижесінде 1990 – жылдың басында барлық қалайының 1/5 бөлігі, алюминий мен қорғасынның 1/4 тен 1/3 дейін 2/5 мысты, қорғасынның 1/2 бөлігі әлемде қайта қорыту әдісімен өндіріле бастады. Сондай- ақ бұл кезеңде негізінен барлық түсті металдардың өндірісі әр түрлі қарқынмен өсті. 2006 жылы алюминийден 33 млн. тонна, рафинадталған мыстан 15 млн. тонна, ал қорғасын мен мырыштан 12 млн. тонна өнім алынды( 14, 247 (. Дүние жүзінде 70 – тен астам түсті метал балқытылады. Оларды 14 сала өндіреді. Олардың барлығы қосылып түсті металлургияны құрайды. Түсті металдардың барлығы аз уақыттан бері ғана пайдалана бастады. Ғылыми – техникалық ревалюцияның (ҒТР) нәтижесінде олар кеңінен қолданысқа түсті. Реактивті ұшақтар , ғарыш кемелерін, атом реакторларын жасау үшін ерекше қасиеттері бар, мүлдем жаңа конструкциялық материалдарды қажет етті. Ондай қасиеттер тек түсті металдарда ғана бар. Қорғасын, никель және қалайы жемірлеуге (корразия), титан ыстыққа төзімді келеді, ал күміс, мыс және алюминий жоғары электр өткізгіштігімен сипатталады. Сондықтан, олардың қолдану аясы өте ауқымды: медициналық аспаптармен материалдардан бастап күрделі электроника және ядролық техника осы металдардан жасалады және әр металл «өз кәсібін тапқан». Мысалы: аллюминий «қанатты» металл болса, қалайы «консерві құтыларының » металы болып саналады. Аллюминий жеңілдігімен жоғары электр өткізгіштігіне байланысты ол шаруашылықта кеңінен қолданылады. Магниттік қасиеттерінің болмауы, әсіресе, авиация, электроника және кеме жасауда, ал улы болмауы – тамақ өнеркәсібі үшін құнды болып саналады. Аллюминийдің жемірілімге төзімді болуы – көлік пен құрылыс үшін тамаша сапалы өнім болып табылады. Оны алатын шикізат құрамында алюминий тотығы (глинозем) бар боксид. Оның қорымен (әлемде 28-орында) еліміз 50 жылдан астам уақытқа қамтамасыз етілген. Көптеген түсті металдармен сапасы жөнінен бастапқы материалдардан да асып түсетін қорытпалар жасалады. Мыстын қалайымен (қола) мырышпен (жез), никельмен (мельхиор), алюминиймен (дюралюминий) қорытпалары бұрыннан қолданып келсе, ал берилий қоласы ҒТР дәуірінде пайда болды. Дюралюминий беріктігі жөнінен болаттан кем түспейді, ал салмағы одан 3 еседей жеңіл. Оны ұшақ жасауда кеңіңнен қолданады. Берилий қоласы – мыстың берилиймен (1,5 – 3() қорытпасы жемірлеуге төзімді және өте берік. Одан сағаттың, басқада дәл механизмдердің, электрониканың, байланыс құралдарының, автомобильдердің бөлшектерін жасайды. Түсті металдар өздерінің «салмақ дәрежелері» бойынша да ерекшеленеді. Мысалы, родий мен цезийдің әлемдік деңгейдегі қорытпалары ондаған килограммен өлшенсе, мыс пен алюминий миллиондаған тоннамен шығарылады. Ауыр металдарға қарағанда жеңіл металдар кендерінде пайдалы компоненттер көп болады. Бұл – тасымалдауға қолайлы шикізат ( 12, 15 (. Азия құрлығының таулы қыратты аймақтарында түсті металдардың, алмаздың ірі кен орындары бар. Австралияда түсті металлургия өндірісі қорғасын, мырыш, мыс, алтын, күміс кен орындары аясында дамыған. Африка құрлығы бойынша кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгада, алмаз, платина, алтын кендері Оңтүстік Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде орналасқан. Америка құрлығында түсті металдардың бай қоры түсті металлургияның дамуына айтарлықтай септігін тигізді. Мұнда Чили мыс белдеуі (Анд мыс белдеуі), Чили, Перу, Мексика аумағын өтіп, Солтүстік Америка кордильерасымен жалғасып жатыр, осыған орай ірі монополистік компаниялар (Анаконда, Кеннеконт, Коппер, Нью-Верде) жұмыс істейді. Еуропа құрлығында сирек металдардың бай қоры Орал, Батыс Еуропа, Кавказ және Скандинавия өңірлерінде түсті металлургия өнеркәсібінің дамуына жол ашты. Түсті металлургия салаларының құрлымы және орналасу факторлары. Қазақстан жерінде палеозойдың алғашқы жартысында каледондық тау түзілу процесі жүзеге асып, құрлықтар қалыптаса бастады. Күшті тектоникалық қозғалыстар әсерінен геосинклиндер орнына Сарыарқаның солтүстік батысы мен Тянь – Шаньның солтүстігіндегі тау жүйелері қалыптасқан. Теңіз бірте – бірте тартылып, құрлық көлемі ұлғая берген. Ежелгі Шығыс Еуропа платформасы да көтерілуге ұшырады. Жанартаулық әрекеттердің күшеюіне байланысты пайдалы қазбалар мен көптеген тау жыныстары пайда болды. Тектоникалық қозғалыстардың әрекетінен пайда болған жарықтардағы магмалық жыныстар магний мен темір элементтеріне бай болып келеді. Палеозой жыныстары көптеген таулы аудандарда кездеседі. Мұғалжар, Сарыарқа, Солтүстік Тянь – Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай және Алтай таулары осы жыныстардан тұрады. Оған: әктас, құмтас, қызғылт құмтас, сазды тақтатас жатады. Мысалы, қорғасын, темір, марганец, қалайы, вольфрам, алтын, т.б. кен орындарының пайда болуы палеозойлық жыныстарға байланысты. Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрлысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу кезінде, магмалық жыныстар енгенде метаморфтанып (түрінің өзгеруі), яғни эндогендік үрдістердің әртүрлілігі құрылымындағы тау жыныстарының минералдық және химиялық құрамындағы қандай да бір өзгерістермен түрлі минералдар пайда болады. Әдетте, таулы аймақтардан (қатпарлы және жатпарлы аудандарда) шөгінді қабығынан айырылған қабаттарда яғни қалқандарда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі. Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір және т.б.) шөгінді қабығы бар қабаттардан (жазықтарда) кездестіруге болады ( 1, 196 ( Түсті металлдугия өнеркәсібі кәсіпорындарының орналасуы көптеген табиғи және экономикалық факторлаға байланысты. Техникалық – экономикалық ерекшеліктеріне байланысты ол дайын өнім алу үшін материалды ( шикізатты ) көп жұмсайтын өндіріс саласына жатады. Рудалардың құрамында мыс, қалайы, мырыш, никель, қорғасын т.б. металдардың үлесі бар болғаны бірнеше пайызға немесе бірнеше есеге төмен ширек пайызға ғана тең болады, яғни көптеген түсті металдар рудада бір пайыздың ширегіне жетпейді. Сирек кездесетін түсті металдар өндіру үшін шығындалатын шикізаттың құны дайын өнімнен жүзден астам, тіпті мың есе асып түседі. Сондықтан көптеген кәсіпорындардың бірінші технологиялық сатысын шикізат орындарына жақын, яғни түсті металдар рудасы кен орындары, рудниктер мен шахталардың маңайына жақын орналасады. Кешенді байыту технологиясы және әртүрлі өндірістік қалдықтарды өңдеу олардың экономикалық тиімділігін арттырады. Орналасу факторларының ішінде екінші орынға энергетикалық факторды қоюға болады. Никель, алюминий, магний, титан т.б. көптеген металдарды қорыту үшін электр энергиясын көп жұмсау керек. Мысалы, 1 т никель алу үшін 50 - 55 т шартты отын, 1 т алюминий – 17 – 18 мың кВт.сағ, магний – 18 – 28 мың, титан – 20 – 60 мың кВт.сағ электр энергиясын жұмсау керек. Түсті металдарды өңдеу және олардан дайын өнімдер алу тұтыну ерекшеліктеріне және техникалық мүмкіндіктеріне байланысты орналасады. Қазіргі уақытта түсті металлургияның соңғы технологиялық сатысын дамыту, яғни толық өндірістік циклді құру, - Қазақстан түсті металлургия өнеркәсібінің басты мақсаттарының бірі ( 11, 260 ( (Қосымша 2). Ауыр түсті, легирленген және асыл металдар металлургиясы әдетте оларды өндіретін елдер мен аудандарда дамытылады. Бұл металдар кенінде, әдетте, пайдалы құнды бөліктерінің мөлшері өте аз болады. Азияның, Африканың, Латын Америкасының бір қатар елдерінде түсті металлургияның отарлау кезенінде – ақ пайда болғанын осылайша түсіндіруге болады. Ауыр металдар кеніне қарағанда, жеңіл түсті металдар, әсіресе алюминий кені пайдалы құрамды бөліктерінің мөлшері жөнінен темір кеніне ұқсайды әрі тасымалдауға қолайлы. Алюминий өнеркәсібінің шикізат өндіру мен дайын өнімдерін тұтыну арасындағы территориялық алшақтық күшті байқалатын саланың тағы бір жарқын мысалы бола алатыны, міне, сондықтан. Дүние жүзінде өндірілетін бокситтің 1/3 астамы сыртқа шығарылады, ал оларды теңіз жолымен тасымалдаудың орташа қашықтығы 7 мың км – ден асады. Мысалы, дүние жүзіндегі боксит өндіретін аса әрі аудан Солтүстік Австралиядағы Йорк түбегінде орналасқан. Мұндағы арзан ашық әдіспен өндірілетін боксит глиноземге айналдырылып, өнделеді де, басқа елдерге шығарылады. Түсті металлургия салаларының экономикалық маңызы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында кен- металлургия кешені Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық жағынан жоғары дамыған елдердің қатарына қосылуын қамтамассыз етуге жәрдемдесетін басым салалардың бірі ретінде белгіленген. Республика кен – металлургия кешеннің басты міндеті ішкі және сыртқы нарықтардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өнімдер шығару болып табылады. Қазақстанның минералдық – шикізаттық кешені әлемдік минералдық шикізат балансында айтарлықтай күшті позицияға ие, әлемдік минералды шикізат нарығының дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал ете алады. Бүгінгі Қазақстандағы кен – металлургия жүйесіне келсек, ол екі ірі саладан тұрады - қара және түсті метеллургия. Еліміздің экономикасында түсті металлургия басты өнеркәсіп саласына жатады. Түсті металлургия 26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан, бағалы және сирек металдар, глинозем молибден концентратын , уран шикізатын өндеу сияқты 8 саладан тұрады. Технологиялық өндірістік цикл мынадай стадиялардан(сатылардан) тұрады: – бастапқы табиғи шикізатты өндіру мен байыту; – метал қорыту; – түсті металдарды өңдеу және әртүрлі формадағы бұйымдар шығару ( прокат, сым, қалапрық формаалар т.б ). Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанда алғашқы екі технологиялық циклдер жақсы дамыды, ал үшінші цикл, яғни түсті металдарда өндеу мен дайын өнімдер (бұйымдар, материалдар), Ресейдің зауыттарында, әсіресе Орал экономикалық ауданында іске асырылды. Қазақстан түсті металлургиясының шикізаттық бағыты, нарықтық экономикаға көшу кезінде оның келеңсіз жақтары туралы мәселелерді (экологиялық, шикізаттық, технологиялық т.б) шешуді талап етіп отыр. Дүние жүзі нарығында шикізат пен жартылай фабрикаттармен салыстырғанда дайын өнімдер жоғары бағаланады. Мысалы, 1 т глиноземның бағасы 1500 – 2000 АҚШ доллар болса, одан алатын 1 т таза алюминий прокаты 4000 – 5000 долларға дейін бағаланады. 2003 жылы дүние жүзі рынногында 1 т мыс металының бағасы 1647 – 2178 АҚШ доллар, мырыш- 819 – 914, алюминий – 1415 – 1549, никель – 9968 – 13526 доллар болды. Сондықтан жоғарыда көрсетілген өндірістік циклдерді толығымен құру біздің мемлекетіміздің экономикасы үшін аса қажет ( 11, 259 (. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру коммитетінің ақпараттық – талдау орталығының мәліметтері (2003 жыл) бойынша әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай: Алтын 2,7( әлемде 8 – орнында ), күміс 16, мыс 7,1, марганец 30 ( 2 – орын ), қорғасын 22, мырыш - 15,2, барит – 47,2,( 1 – орын ), темір 6, кобальт – 3,9, ( 5 – орын ), хром – 37,6 , ( 8 – орын ), боксит - 1,4, ( 10 – орын ),никель - 1,4, ( 10 – орын ). Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша екінші орында, титан бойынша – екінші – үшінші, мырыш және қорғасын бойынша – алтыншы, марганец бойынша – сегізінші, күміс бойынша тоғызыншы орында. Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат нарығында Қазақстанның атқаратын ролі аз емес, ал Еуразиялық субконтинентте хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік нарықта (ТМД елдері, Ресей ) айтарлықтай ықпалы бар. Ресурстарды пайдаланушылардан өндіріліп алынған табиғи рента әлемдік нарықтағы шикізат бағасының құбылуына қарамастан ел бюджетін елеулі түрде толықтырып, ұлттық экономиканы инвестициялаудың өз қолымыздағы көздерін көбейте алады және көптегн әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге, минералды шикізат базасын ұдайы өндіруді мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Осыған орай табиғи ресурстардың меншік проблемасын шешу тұжырымдамасын жасау маңыздылығы жоғары міндетке айналып отыр. Табиғатты пайдалану жүйесін реформалау табиғи ресурстарға экономикалық тұрғыдан баға беру, табиғи рентаны меншік иелерінен өндіріп алу және пайдалану тетігін қалыптастыру жөніндегі қағидатты мәні бар шешімдер осы тұжырымдама аясында қабылдануға тиіс. Рента өндіру мәселесін Қазақстан заңнамасын жетілдіру жолымен де біршама деңгейде шешуге болады. Табиғи рентаға меншік құқығын нақты меншік иесімен байланыстыра қарау қоғамның шикізат өнеркәсібі саласында түзілетін абсолюттік және дифференциялық рентаны иеленуге мүмкіндік береді. Сирек металдар өндірісі – жаңа технологиялардың шикізат қоры. Бұларсыз жаңа өндіріс буындары дамымайды. Өндірісті дамыту бағытымызда бұл сала басым бағыт есебінде қаралуы керек. Бұрын Қазақстан өндірісінде шығарылған, бірақ соңғы кезде нарықта өз секторын жоғалтып алған металдарға назар аударған жөн. Бұл металдар электроника, аэроғарыш, машина жасау т.б. салалардың негізін қалайды. Бүгін де ашылып жатқан даму институттарын пайдалана отырып елімізде өндіріс саласын, соның ішінде сирек металдар өндірісін жасауға болады. Бұл елімізде дамыған индустриалық метал алу өндірісін кеңейту, құрал – жабдықтарды, тұрмыстық заттар, машина жасауға қажет балқыламалар алуға мүмкіндік береді. Қай мемлекеттің болмасын өз атын әлемге паш ететіндей маманданған саласы бар. Жапондықтар робот жасаудың өндірісін мақтан етеді, немістер автомобиль жасауда, финдер байланыс құрал – жабдықтар шығару жөнінен әлемге танымал. Белгілі бір өндіріс саласының әр елінде өсіп өркендеуі кездейсоқ емес. Қазақстанның индустриялық – иновациялық өркендеуі де өздігінен туындамайтыны анық. Бұл үшін нарықтан басым орын алған түсті металлургия өндіріс салаларын дамыту осы салаларда қамтамассыз ететін ғылыми күштермен мамандарды сақтау, елде бар бәсекеге қабілетті факторларды пайдалану қажет. Шығыс Қазақстанда полиметалды кеннің үлкен қоры бар, осының негізінде 200 жыл бұрын Қазақстан металургиясының негізі қалыптасқан. Шығыс Қазақстандағы зерттелген полиметалды кен және кенсіз пайдалы қазба қорлары негізінде кен өндіру кені динамикалық түрде дамуда, өнімі мен өңірдің металлургия кәсіп орындарының өндіріс қызметін қамтамассыз етеді. 2008 жылы жеті ай ішінде кеншілермен әр түрлі санаттағы минералды шикізат пен металды қайта балқыту дайындалған концентратындағы металл 51,7 млрд. теңгеге өндірілді, бұл өнеркәсіп өндірісінің облыстық көлемінің 18,2( - ын және республикалық көлемінің 1,3( - н құрады. Кен өндіру кешенінің өндіріс құрылымындағы ең үлкен үлес салмағын ( 95( - ға жуығы) түсті металл кенін өндіру алады. Жыл басынан бері кеншілермен 2,3млн. тонна тас көмір, 12,1 млн. тонна түсті метал кені, 1,6 тонна әктас, 1,1 млн. куб. м – құм және қиыршық тас шығарылады. Облыс үлесіне республикалық өндіруде мыс – мырыш кенінің – 97,1( -ы , қорғасын мырыш кенінің 75,0( - ы, табиғи құм - 13,3( - ы, тас көмір-3,6( - ы, мырыш концентратындағы мырыш өнірісі – 92,5( - ы, қорғасын концентратындағы қорғасын – 84,0(-ы келеді. Барлық өнеркәсіп өндірісінде қызмет ететіндер санының әрбір төртінші немесе Шығыс Қазақстандағы кеніш пен шахталарда еңбек ететіндер саны 19767 адам. Кеншілер еңбегі әжептәуір жоғары төленеді, олардың орташа айлық жалақылары орташа облыстық көрсеткіштен 40( - ғы жуық артты және 66015 теңгені құрады . Түсті металдар электр өнеркәсібінде, кеме, машина жасауда және әскери өнеркәсіпте маңызды рөл атқарады. ТМД елдері арасында Қазақстан кейбір түсті металл қорлары бойынша бірінші орынға ие ( қорғасын, мырыш, күміс ), ал мыс – екінші орында. Полиметалл рудаларының негізгі қорлары Шығыс пен Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Ал Орталық Қазақстан территориясында 1700 - ге жуық кен орындары және мыс рудасының қорлары белгілі. Жоңғар және Іле Алатауында 110 кен орындары мен полиметалл рудаларының қорлары болса, Алтайда 900 - ге жуық кездеседі. Сондай –ақ Қарағанды, Қасқайыр, Ақтал, Ұзынжал, Алтай және т.б. кен орындарын дамыту экономикалық тиімді ірі қолайлы болып саналады. Ал түсті металлургияның алыбы «Казмырыш», «Өскемен титан-магний комбинаты», «Үлбі металлургия» акционерлік қоғамдарының алатын орны ерекше. Олар шығаратын қымбат металдар Лондон биржасында лайықты орын алады. ( 15, 108 (. Экономикасы жоғары дамыған елдерде түсті металлургияның негізгі белгілерін былайша көрсетуге болады: табиғи шикізатпен қамтамасыз етілуі орташа дәрежеде; екінші реттік шикізаттың рөлі тез және қарқынды өсуде (әлемде 1/5 қалайы, ¼ алюминий және мырыш, 2/5 мыс, ½ мырыш), дамушы елдермен салыстырғанда саланың құрылымы толық және сирек, стратегиялық маңызды металлдарды алу (титан, кобальт, тантал, германий) қосады; өндірістік цикл құрылымында орташа және жоғары сатылардың болуы; кәсіпорын шикізатты тасымалдау қолайлы және арзан электр энергия көзіне жақын орналасады 5. Тақырыбы:Ауыл шаруашылығының жалпы сипаты Дәріс мақсаты: Ауыл шаруашылығы салаларының географиялық орналасуын, дамуын түсіндіру. Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 1.Құрамы және орналасу ерекшеліктері, экстенсивтік және интенсивтік даму жолдары. 2.Өсімдік шаруашылығының астық және техникалық дақылдары. 3. Мал шаруашылығы. 4. Қоршаған орта мен ауыл шаруашылығы. Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер): Ауыл шаруашылығының басты саласы — өсімдік шаруашылығы. Оның ішінде дәнді дақылдар — дүниежүзілік ауыл шаруашылының негізі, дүние жүзінде өңделетін бүкіл жер аумағының 50%-інен астамын қамтиды. Дәнді дақылдардың дүниежүз. өндірісі бірте-бірте өсіп келеді. Жылына 1,9 миллиард. тоннаға дейін астық жиналады. Дәнді дақылдар, яғни астық шаруашылығын құрайтын үш дақыл — бидай, күріш және жүгері жалпы түсімнің 80%-ін береді және адамдардың бүкіл тамақ энергиясының 50%-ке жуығын қамтамасыз етеді. Бидай — дәнді дақылдардың ең негізгісі және дүние жүзіндегі адам баласының жартысының басты азығы. Ол 70-ке тарта елде өсіріледі. Бірақ жалпы өнімнің басым бөлігі (миллион тонна есебімен): АҚШ (75), Канада (30), Австралия (16), Ресей (45), Қазақстан (17), Украина (20), Қытай (95), Үндістан (50), Франция (32) елдерінің үлесіне тиеді. Күріш — адамзат баласының бидайдан кейінгі негізгі тағамы. 20 ғасырдың аяғында күріш өсірумен жүзге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік түсімінің 90%-ін Азияның “күрішті” елдері береді. Ірі күріш өндіретін елдер (миллион тонна есебімен): Қытай (180), Үндістан (110), Бангладеш (20), Таиланд (21), Индонезия (45). Дүние жүзіндегі суармалы жерлердің 60 — 65%-іне күріш егіледі. Жүгері өндіру Мексикада басталып, кейін дүние жүзінің басқа аудандарына да тарады. Қазіргі кезде жүгеріні негізгі өндіруші елдер — АҚШ, Қытай және Бразилия. Әлемдік рынокқа дүние жүзінде өндірілетін астықтың, негізінен, бидай мен жүгерінің 10 — 15%-і түседі. Майлы дақылдар астық дақылдарынан кейінгі 2-орында. Дүние жүзінде соя жинаудан 1-орынды АҚШ (50%-тен астамы), жер жаңғағы жөнінен — Үндістан, зәйтүннен — Италия алады. Дүние жүзінде жыл сайын 100 миллион тоннадан астам қант өндіріледі. Оның 60%-і қант құрағынан (Бразилия, Үндістан, Қытай, Куба), 40%-і қант қызылшасынан алынады. Қант құрағы Америкада, тропиктік және субтропиктік аудандарда көп өсіріледі. Қант қызылшасы — қоңыржай белдеудің дақылы. Оның басты өндірушілері — Ресей, Украина, Бат. Еуропа мен Солт. Америка елдері. Сергітпе дақылдардың (шай, кофе және какао) барлығы дерлік тропиктік елдерде өсіріледі. Өсімдік шаруашылығындағы талшықты дақылдардың ең маңыздысы — мақта. Мақта талшығының дүниежүзілік өндірісі — 20 миллион тонна Егісінің аумағы және жинау жөнінен мақта өсірудің негізгі ауданы — Азия. Басқа талшықтардан — зығырдың, әсіресе, сизаль мен джуттың таралу ареалы анағұрлым шектелген. Дүние жүзі бойынша зығыр өндірудің 75%-і Ресей мен Беларуське, джут өндіруден Бангладешке тиеді. Табиғи каучуктің 85%-і — Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, әсіресе, Малайзия, Индонезия және Таиландта өндіріледі. Ауыл шаруашылығының негізгі саласының бірі — мал шаруашылығы. Мал шаруашылығынан алынатын өнімдердің негізгі бөлігін қоңыржай белдеудің елдері береді. Дүние жүзінде мал басының жалпы саны 4 миллардтан асады. Балық аулау адамзаттың ең ежелгі кәсіптерінің бірі. Қазіргі кезде ол — кемінде 15 миллион адамның күнкөрісін қамтамасыз етіп отыр. Дүние жүзі бойынша ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына 100 миллион тоннадан алады (2000). Оның шамамен 90%- ін теңіздер мен мұхиттардан, 10%-ін тұщы судан ауланатын балық құрайды. Балық аулау барлық жерде таралғанымен, бүкіл дүние жүзінде ауланатын балықтың 50%-тен астамы 6 елдің — Жапонияның, Қытайдың, Ресейдің, АҚШ-тың, Чили мен Перудің үлесіне тиеді. Ауыл шаруашылығы типі дегеніміз – бұл белгілі бір аграрлық қатынастардың тұрақты жиынтығы,тауарлық-мамандануы және шаруашылықты жүргізу жүйесі. Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері - табиғи жағдайлардың ауыл шаруашылығының орналасуы мен салаларына, оның өнімділігіне әсері. Сонымен бірге ауылшаруашылығында жер еңбек құралы және еңбек объектісі , себебі жердің топырағының құнарлылығына байланысты ауыл шарушылығы өнімділігі мен экономикалық тиімділігі анықталады. Ауыл шаруашылығының салалары - өсімдік шаруашылығы, ол өз кезегінде астық шаруашылығы, техникалық дақылдар мен картоп шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, бақша және жүзім шаруашылығы салаларынан тұрады, мал шаруашылығы – ірі қара мал шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, қой шаруашылығы, құс шаруашылығы. - экстенсивті өндіріс, өнім көлемі негізінен өндірістің көлемін ұлғайту арқылы жүргізіледі. Мысалы, егіншілік жерлерді, мал басын көбейту, т.б. - интенсивті өндіріс, өнім көлемі өндірістің өнімділігін арттыру арқылы жүргізіледі.Мысалы, егіншіліктің түсімін жаңа тұқым арқылы арттыру, малдың сүттік немесе еттік өнімділігін жоғарылату. Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар: 1.Дүние жүзінің кескін картасына ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіретін алдыңғы қатарлы елдерді белгілеп, олардың ішінен бидай мен күрішті экспортқа шығаратын елдерге сипаттама жазыңыз. 2.Мал шаруашылығының басты салаларын сипаттаңыз. Әдебиеттер 1.Алисов Н.Н., Хорев Б.С. Экономическая и социальная география мира / Н.Н. Алисов, Хорев Б.С. - М.: Гардарики, 2003 . - 704 с. 2.Социально-экономическая география зарубежного мира/ Под ред. В.В.Вольского.-М.: Дрофа, 2001- 560 с. 3.Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны/ Под ред. С.Б. Лаврова, Н.В. Колед. - М.: Гардарика, 2002. - 928 с. 4.Максаковский В. П. Географическая картина мира. Я.- 2004 г. 5.Любимов И.М. Общая политическая, экономическая и социальная география. М. , 2001. - 336 с. 6. М. М.Голубчик. Экономическая и социальная география: Основы науки: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений.- М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003- 400с. 7.Страны и регионы мира: экономико-политический справочник / под ред. А.С.Булатова.-М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2006.-624 с. 8.Колесник И.В. Справочник статистических данных по географии / И.В Колесник. - Саратов: Лицей, 2000. 9.Липец Ю.Г. География мирового хозяйства / Ю.Г. Липец, В.А. Пуляркин, С.Б.Шлихтер. -М.: Владос, 1999. -400 с. 10.Мировые природные ресурсы: Учеб.-метод. пособие. - Алматы: Қазақ университеті, 1998. 11.Родионова И.А. Макрогеографическая промышленность мира / И.А.Родионова. - М.: Лицей. 2000. - 240 с. 12.Завьялова Е.Б., Радищева Н.В.Экономическая география в схемах и таблицах: учеб.пособие.- М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005.-248 с. 13.Страны мира: Справочник. - М: Республика. 2000. - 480 с. 14.Экономическая география / В.П.Желтиков, Н.Г.Кузнецов, С.Г.Тяглов - Ростов-на-Дону, 2001 . 15. Войтович М.С. Практикум по экономической и социальной географии зарубежных стран /М.С. Войтович. - Минск: Высшая шк., 1985. 6. Тақырыбы:. Көлік және байланыс географиясы Дәріс мақсаты: Транспорт және халықаралық экономикалық қатынас түрлерін, маңызын, орналасуын ерекшеліктерін, дамуын түсіндіру. Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 1.Транспорт түрлері, маңызы, орналасу ерекшеліктері. 2.Халықаралық экономикалық қатынастар, олардың формалары. 3.Халықаралық туризм. Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер): Атқаратын функциясына байланысты транспорт екі түрге бөлінеді – жолаушы және жүк тасымалдаушы.Транспорт түрлері табиғи (жер, су, ауа) және жасанды (канал, темір және жолдар, құбырлар) қатынас жолдарын қолдануға байланысты бөлінеді. Жалпы транспорттың дамуына ҒТП, сауданың дамуы, аумақтық еңбек бөлісу әсер еткен. Транспорттың маңызы. Ол материалды өндірістің жетекші саласы, себебі транспорт ел ішіндегі және халықаралық еңбек бөлісудің негізін құрайды. Транспорт - өндіру ауданы мен тауарды, қызметті тұтыну аудандарын байланыстырады, өндірістік кәсіпорындардың орналасуына әсер етеді, аудандар мен елдердің мамандануына, халықаралық интеграция үрдістерінің дамуына жағдай туғызады, халықаралық экономикалық, мәдени байланыстардың барлық түрін қамтамасыз етеді. Транспорттың түрлері; құрлықтағы т. – темір жол, құбырлар, автомобил жолдары, су т. – теңіз және өзен т., әуе жолдары. Халықаралық экономикалық қатынастардың орны. Қазіргі уақыттағы елдердің мамандану деңгейі өте жоғары болған себепті, кейбір елдер тауар мен қызмет экспорты арқылы өздерінің елеулі деңгейдегі табысын қамтамасыз етіп отыр. Осындай елдерді экономикасы ашық елдер дейді. Қазіргі уақытта елдің өндіруші салалары жоғары деңгейде дамуы үшін мол шикізат қоры, қаржымен қамтамасыз етілген, ғылыми- техникалық потенциалы дамыған, шетелдік капиталдың келуі жеңілдетілген және басқа елдермен қарым-қатынасы ашық та тиімді болуы керек. Осы жағдай елдің өзінің ішкі мүмкіндігін толықтай пайдаланып, шеттен қаржыдай, еңбек, шикізат, т.б. қорларды әкелуге мүмкіндік береді. Осындай қарым – қатынастарда халықаралық интеграцияның орыны зор. Осындай ынтымақтастықтың тиімді жолы – бұл еркін экономикалық аймақтарды құру. Осындай аудандардың тиімді экономикалық – географиялық жағдайы, тауарлар мен қызметті экспортау мен импортауға жеңілдетілген салық жүйесі, баға қоюдың ерекше жағдайлары шет елдік озық технологияларды әкелуге мүмкіндік беретін, т.б. жағдайлары бар. Қазіргі уақытта әлемде 500- ден артық ЕЭА бар. Жаңа халықаралық экономикалық тәртіптің бағдарламасы. Халықаралық экономикалық қатынастарда жетекші орынды дамыған елдер алады. Олардың үлесіне шамамен 70 % келеді. Ал дамушы елдер дамыған елдерге тек арзан еңбек күшін, шикізат, егіншілік өнімдерін, т.б. берумен шектелген. Соған байланысты 1970-ші жылдарда БҰҰ «Жаңа халықаралық экономикалық тәртіп» бағдарламасын енгізген, оның мақсаты – бұл халықаралық қатынастарды тең серіктестік негізінде дамытып, әлемдік шаруашылықтың дамуына барлық елдердің жан- жақты қатынасуын қамтамасыз ету. Басты халықаралық экономикалық байланыстардың түрлері: -әлемдік сауда. -қаржы – несие қатынастары. -өндірістік қатынастар. -ғылыми – техникалық қатынастар. -халықаралық қызметтерді ұсыну. -халықаралық туризм. Әлемдік сауда. Ол халықаралық қатынастардың аса маңыздысы, үш көрсеткішпен сипатталады: - сыртқы сауда айналымы. - сыртқы сауданың тауарлық құрылымы. - сыртқы сауданың географиялық таралуы. Халықаралық кредиттік – қаржы қатынастары. Осы бағыт халықаралық қатынастардың жас саласы. Оның бағыттары: -халықаралық қарыздар мен несиелер (кредиттер). -тікелей шетелдік капиталдық салымдар. Ғылыми-техникалық байланыстар – бұл ҒТР салдарынан пайда болған экономикалық қатынастар. Оның негізгі бағыттары – ғылыми-техникалық өнімдерді сату,сатып алу немесе алмасу. - бірлескен жобаларды істеу. Халықаралық қызмет жасау. Негізінен халықаралық транспорттық қызметтерде кемелерді, самолеттерді жалға беру дамуда. Жаңа халықаралық қызмет жасаудың түрлері: - ақпараттық қызметтер. -инженерлік қызметтер. -банк қызметі. -жарнама қызметі. Негізгі қызмет экспорттаушы елдер – Жапония, АҚШ, Германия, Англия, Франция, Италия. Халықаралық туризм – соңғы он жылдықта қарқынды дамыған халықаралық байланыстардың түрі. Туризм географиясы әлеуметтік – экономикалық, табиғи, экономикалық – географиялық жағдайлар, т.б. факторларға тәуелді.Көптеген елдер үшін халықаралық туризм маманданудың жетекші саласына айналған. Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар: 1.Ірі теңіз каналдары мен бұғаздарды көрсетіп, олардың жүк тасымалдауындағы маңызын сипаттаңыз. 2.Кескін картаға ең ірі порттарды түсіріңіз. 3.Халықаралық экономикалық байланыстардың түрлерін атап, олардың сызбасын сызыңыз. Әдебиеттер: 1.Алисов Н.Н., Хорев Б.С. Экономическая и социальная география мира / Н.Н. Алисов, Хорев Б.С. - М.: Гардарики, 2003 . - 704 с. 2.Социально-экономическая география зарубежного мира/ Под ред. В.В.Вольского.-М.: Дрофа, 2001- 560 с. 3.Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны/ Под ред. С.Б. Лаврова, Н.В. Колед. - М.: Гардарика, 2002. - 928 с. 4.Максаковский В. П. Географическая картина мира. Я.- 2004 г. 5.Любимов И.М. Общая политическая, экономическая и социальная география. М. , 2001. - 336 с. 6. М. М.Голубчик. Экономическая и социальная география: Основы науки: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений.- М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003- 400с. 7.Страны и регионы мира: экономико-политический справочник / под ред. А.С.Булатова.-М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2006.-624 с. 8.Колесник И.В. Справочник статистических данных по географии / И.В Колесник. - Саратов: Лицей, 2000. 9.Липец Ю.Г. География мирового хозяйства / Ю.Г. Липец, В.А. Пуляркин, С.Б.Шлихтер. -М.: Владос, 1999. -400 с. 10.Мировые природные ресурсы: Учеб.-метод. пособие. - Алматы: Қазақ университеті, 1998. 11.Родионова И.А. Макрогеографическая промышленность мира / И.А.Родионова. - М.: Лицей. 2000. - 240 с. 12.Завьялова Е.Б., Радищева Н.В.Экономическая география в схемах и таблицах: учеб.пособие.- М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005.-248 с. 13.Страны мира: Справочник. - М: Республика. 2000. - 480 с. 14.Экономическая география / В.П.Желтиков, Н.Г.Кузнецов, С.Г.Тяглов - Ростов-на-Дону, 2001 . 15. Войтович М.С. Практикум по экономической и социальной географии зарубежных стран /М.С. Войтович. - Минск: Высшая шк., 1985. 7. Тақырыбы:Халықаралық экономикалық байланыстары Дәріс мақсаты: халықаралық экономиканы қарастыру арқылы, оның ішкі ұлттық экономикаға әсерін, оның негізгі түрлерін көрсете білу. Әсіресе сыртқы сауданың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қалай әсер ететіндігін талдау. 1. Тақырыпқа қатысты сұрақтар: Дүниежүзілік шаруашылық. 2. Халықаралық қатынастар және оның негізгі көріну нысандары. 3. Қазақстанның әлемдік шаруашылықтағы рөлі Негізгі түсініктер мен терминдер Валюталық курс; Ғаламдық проблемалар;Еркін сауда (фритредерство); Еркін экономикалық зона; Әлемдік шаруашылық; Протекционизм; Сауда балансы; Халықаралық сауда; Халықаралық экономикалық интеграция. Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер): Дүниежүзілік шаруашылық бір-бірімен тауарларлы - ақша қатынастарымен байланысқан егеменді ұлттық мемлекеттердің жиынтығы. Дүниежүзілік шаруашылық нарықтық экономиканың заңдарына негізделген, өзара байланысты және бір біріне тәуелді ұлттық экономикалардың жиынтық әрекеттерін көрсететін экономикалық организм. Яғни бұл ұлттық шаруашылықтар бір бірімен халықаралық еңбек бөлінісі, өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар арқылы әр түрлі деңгейде және әр түрлі сипатта көрінетін өндірістік, ғылыми- техникалық, ғылымдық, т.б. байланыстар арқылы біріккен ғаламдық экономика. Дүниежүзілік шаруашылықтың даму ерекшеліктерінің бірі тұйықталған ұлттық шаруашылықтың жүргізу тәжірибесінің бірте-бірте сыртқы нарыққа бағытталып, ашық экономикаға көшу. Көптеген саяси және әлеуметтік- экономикалық өзгерістер нәтижесінде дүниежүзілік шаруашылықта өзгерістер боды. Соған байланысты бүкіл дүниежүзілік шаруашылық бір тұтас жүйе ретінде қалыптаса бастады. Бірақ елдердің даму деңгейлері бірдей емес. Дүниежүзілік шаруашылықтың болашағына және оның дамуына әсер ететін себептер: - ғылыми-техникалық прогрестің жылдамдадауы, жаңа технологияның тарауы; - қоршаған ортаның проблемаларындағы ғаламдық өзгерістер; - халықаралық өсу мен қоныстаудың қозғалысы; - бай және кедей елдердің арасындағы алшақтықтың өсуі. Халықаралық қатынастардың басты формаларына жататындар: - халықаралық еңбек бөлінісі, - тауарлар мен қызмет көрсетудегі дүниежүзілік сауда, - халықаралық несие, - өндірістік факторлардың (еңбек, капитал) халықаралық ауысуы, - халықаралық валюта-қаржы қатынастары, - халықаралық ғылыми-техникалық байланыстар, - экономикалық интеграция. Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықт-арының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми- техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге болады. 1. Әлеуметтік жағрапиялық факторлар – жағрапиялық орналасу, халықтың құрылымы саны, және де олардың шаруашылық тәжірибесі, білімі, әдет-ғұрпы бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық. 2. Табиғи экономикалық факторлар – табиғи климаттық жағдайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтары, су және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы айырмашылық. 3. Техникалық экономикалық факторлар – жеке елдердің экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі әр түрлі болуымен анықталады. 4. Ғылыми техникалық процесс. Халықаралық еңбек бөлінісі өнімдердің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің және олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне әкеледі. Халықаралық еңбек бөлінісі мен өнеркәсібі дамыған елдерді нығайту өнеркәсіп өнімдерін айырбастаудың өсуіне алып келеді. Халықаралық саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі қазіргі өндірісте шикізат ролі кемуінің тенденциясын байқатады. ҒТР-ның дамуы жаңа технологияны қолдануға әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын өнімнің мөлшеріне энергияны қысқарта ҒТР сауданың қалыптасқан түрлерінен басқа түрлерін де тудырады. Оларға: техникалық білім техникалық іс-тәжірибе, техникалық процесс пен лицензия патенттер жатады. Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса – онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды. Халықаралық сауданың тиімділігін бағалау мынадай теориялар арқылы жүргізіледі: 1. Абсолюттік артықшылық теориясы – басқа мемлекетпен салыстырғанда климаттық, жағрапиялық, техникалық жоғары деңгейде болуымен өндіріс шығындары кем болады. 2. Салыстыру артықшылық теориясы (Д.Рикардо ХІХ ғ.)- мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда альтернативтік шығындар аз болуы қажет сонда жалпы өнім көлеміде жоғары деңгейде болады. Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі. 1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады: - Кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту. - Тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу қою: квота, лицензия және т.б. шаралар арқылы). - Экспортты қолдау. Артықшылықтары: Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады. 2. Фритредерство немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі. Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем балансы қолданылады. Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезендік статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді: - белгілі бір елдің басқа елдер арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар; - меншіктегі өзгерістер және сол елдің қаржылық талаптар мен міндеттемелеріндегі өзгерістер; - бір жақты аудармалар. Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда, төмендеуіне әкеліп соғады. Халықаралық несие – бұл қайтарымдылық, жеделдік, процент төлеу шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі, яғни мемлекеттердің бір - біріне ақша немесе тауар ресурстарын қарызға беруі. Бұл жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушы рөлінде жеке фирмалар, компаниялар, мемлекеттің үкіметі, аймақ, облыс, қала әкімшіліктері мен халықаралық мекемелер болады. Халықаралық несие әр түрлі формада болады: 1. Өзінің мақсатты пайдаланылуына байланысты халықаралық несие байланысқан және қаржылық деп бөлінеді. - байланысқан несие несиелік келісімде бекітілген қатаң түрдегі мақсатты сипаты болады (коммерциялық, инвестициялық несиелер); - қаржылық несиелер қарыз алушының кез келген мақсатына сәйкес беріледі. 2. Ұсынылу формасы бойынша тауарлық және валюталық деп бөлінеді. 3. Берілу мерземі бойынша қысқамерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, онкольдік деп бөлуге болады. 4. Несие берушінің кім екендігіне байланысты жекеше, үкіметтік, халықаралық ұйымдар несиелерді ажыратады. 5. Валюталық несиелер берілу валюта бойынша бөлінеді. Халықаралық жұмысшы күші нарығы жұмыс күшінің сырттан келуімен (эмиграция) және кетуімен (иммиграция) қалыптасады, яғни ұлттық шаруашылықтар арасындағы жалдамалы еңбектің ауысуы (миграция) Оның пайда болуы өмір сүру деңгейінің төмендегі мен даму қарқыны төмен елдерде тұрғындардың салыстырмалы елдердің дәрежесінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Сол себептен қосымша жұмыс күшін қажет ететін интенсивті дамыған елдерге ауысып отырады. Дүниежүзілік шаруашылықтың интернациалануының тереңдеуі жағдайында капитал экспортының мәні өсуде. Капиталдың миграциясы – бұл белгілі бір ұлттың айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі. Оның басты себебі: бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көр болуы, яғни оның шектен тыс көп жинақталуы. Капитал миграциясының түрлері көп: 1. жеке меншік және мемлекеттік капитал миграциясы; 2. ақша және тауар капитал миграциясы; 3. қысқа және ұзақ мерзімдегі миграциясы; 4. қарыз және кәсіпкерлік капитал миграциясы. Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан, несиеден түсетін процент көлемінде табыс әкеледі. Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару – басқа елдердің территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау. Кәсіпкерлік капитал екі түрге бөлінеді: - Тікелей инвестиция - өнеркәсіп, сауда т.б. салаларға бағытталған. – Портфельдік инвестиция – шетелдік облигация, акция мен басқа да құнды қағаздарға бағытталған. Валюталық курс – бір елдің ақша бірлігінің басқа елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Валюта қатынастары тарихында үш валюта жүйесі белгілі. 1. Алтын стандарты негізінде 1879-1934 жылға дейін: ақша бірлігінде алтын үлесінің болуы, алтын қоры мен ішкі ақша ұсынысының тең болуы, осының нәтижесінде мемлекет валюталық курсты қатал шектеуде ұстап отырады. 2. Бреттон Вуд жүйесі 1944-1971 ж. ақша айналымына алтын девиза енгізілді, яғни мұндай өлшеуіш алтынның орнына алтыны аз елдердің кейбір ұлттық немесе бірлескен валюталардың жүруіне жол берілді. (алтын-доллор стандарты) 3. 1971 жылдан бастап дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық валюта мен біріккен валюта атқара бастады да бұл жүйе - еркін өзгеріп отыратын валюталық курс жүйесі деп аталды, яғни валюталық курс мемлекет әсерін тигізіп отыратын сұраныс пен ұсынысқа қарай өзгеріп отырады. Валюталық курсты реттеу үшін 4 негізгі тәсіл қолданылады: 1. Валюталық интервенция валюталық нарыққа мемлекеттің араласуы. Валюталық сұраныспен ұсынысты қажетті бағытқа өзгерту үшін мемлекет осы валютаның қажетті санын сатады немесе сатып алады. 2. Валюталық бақылау жүргізу, яғни егер елде шетелдік валютаның көлемі кемісе, оған сұраныс өссе, оның өсуін баяулату үшін валютаның легін ішкі нарықта қайта бөлуге кіріседі. 3. Сыртқы сауданы бақылау арқылы валюталық сұраныс пен ұсынысқа жанама түрде мемлекет ықпалын жүргізеді. 4. Ішкі макроэкономикалық реттеудің әртүрлі шаралары бойынша валютаның айырбас пропорциясына мемлекет әсерін тигізеді. Халықаралық экономикалық интеграция Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы – ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен өзара тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің құрылуы. Елдің мұндай жақындасуы мен бірлесуін экономикалық интеграция деп атайды. Еркін экономикалық зона (ЕЭЗ) - кейбір аймақтағы аудандарға экономикалық-әлеуметтік ғылыми техникалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыруды өздері шешуге берілген еркіндік. Осы мәселелерді қолайлы, жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін арнайы кеден және сауда тәртібі, тауарлар, еңбек ресурстары, капитал мен пайданың ауысуы, салық жеңілдіктері, инвестицияны қолдау шаралары қолданылады. ЕЭЗ-ның негізгі мақсаттары:Осы аймақты дамыту; Әлемдік тәжірибе алу; Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту; Экономикалық, ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізу. Мақсаттың нақты түріне байланысты ЕЭЗ-ның әртүрлі түрлері болуы мүмкін: еркін кедендік зона; еркін сауда зонасы; өндіріс экспорты зонасы; ғылыми- техникалық зона (технопарк, технополис т.б.); ашық аудандар мен қалалар. Ғаламдық проблемалар дегеніміз - жер шарындағы көкейкесті мәселелер ауқымын қамту болып табылады. Оған жататындар: дүниежүзілік өзара соғысты болдырмау, қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жою, энергетикалық, ішкі заттық, азық-түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт жағдайда космосты игеру, ауруларды жою және т.б. Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол - оның барлығы адам тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын төмендету болып табылмақ. Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процестердің әсеріне ұшырап отырады : - милитаризация мен қару-жарақтану; - қоршаған ортаның төзімсіз ластануы; - қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б. - дамушы елдердегі демографиялық процестердің асқыну салдарынан тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы; - ұлттық мәдениеттің жойылуы; - дүниежүзілік мұхитты бақылаусыз қанау. Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар: 1. Әлем елдерінің географиялық еңбек бөлісіне сипаттама жазыңыз. 2. Халықаралық экономикалық қатынастардың қандай түрлері бар? 3. Қайта өңдеу өнеркәсібінің халықаралық саудадағы үлесі қандай? 3. Халықаралық сауданың қандай ерекшеліктері болуы қажет? 4. Лицензияларды экспортқа шығарудың мәнісі неде? 5. Еркін экономикалық аймақтар құрылуының мәнісін түсіндіріңдер? 3. Практикалық жұмыстар Практикалық жұмыс №1 Тақырыбы: Ғылыми – техникалық революция Мақсаты: Ғылыми-техникалық революция түсінігі, оның айқындаушы белгілері және техника мен технология дамуының жолдарын түсіндіру. Бақылау түрі: ауызша жауап. Сүрақтар: 1. Ғылыми-техникалық прогрестің кезеңдеріне сипаттама беріңдер. 2. Ғылымның өндіргіш күшке айналу процесінде еңбектің сипаты қандай өзгеріске ұшырады? 3. Техника мен технология дамуының қандай негізгі жолдарын білесіңдер? Технологияны одан әрі жетілдіруді қалай түсінесіңдер? 4. Технологияның соңғы жетістіктеріне күнделікті өмірден мысал келтіріңдер және оларды биология, физика, химия пәндерімен ұштастырыңдар. Практикалық жұмыс №2 Тақырыбы: Дүниежүзілік мұнай өнеркәсібі Мақсаты: Дүниежүзілік мұнай өнеркәсібіне сипаттама беру Бақылау түрі: ауызша жауап. Сүрақтар: 1. Энергия өндірудегі бастапқы қуат көзі не? Оған қандай отын түрлері жатады? 2. Парсы шығанағы жағалауындағы елдер дүние жүзінде өндірілетін мұнайдың шамамен қаншасын береді? Ондағы мұнайды өндіретін елдерді атап, оларды картадан көрсетіңдер. 3. Халықаралық саудаға өндірілген мұнайдың қанша пайызы түседі? Картадан мұнай өндіретін елдерді көрсетіңдер. Практикалық жұмыс №3 Тақырыбы: Дүниежүзілік орман шаруашылығы Мақсаты Дүниежүзілік орман шаруашылығына сипаттама беру Бақылау түріауызша жауап. Сүрақтар: 1. Дүниежүзілік орман шаруашылығына сипаттама бер. 2. Дүниежүзілік кескін картаға орманды түсір. 3. Орманның дүниежүзілік шаруашылыққа тигізер әсері. Практикалық жұмыс №4 Тақырыбы: Дүниежүзілік түсті және қара металлургиясы Мақсаты Дүниежүзілік түсті және қара металлургиясына сипаттама беру Бақылау түрі: ауызша жауап. Сүрақтар: 1. Қара металлургияның дүниежүзілік шаруашылықта алатын орны маңызды бола тұрса, кейінгі 20-30 жыл ішінде болат пен шойын өндіру және оған деген сұраныс неге төмендеп кетті? Машина жасау қандай негізгі салаларға бөлінеді? 2. Алюминий «ХХІ ғасырдың металы» деп аталуының себебі неліктен? 3. Батыс Европаның жетекші елдерінде неліктен металлургия комбинаттары шеттен әкелінетін шикізатпен жұмыс істейді? 4. Темір кен орындары мен қара металлургия кәсіпорындарының орналасуы сәйкес келе ме? Бұл немен түсіндіріледі? 5. ХХ ғасырдың 70-жылдары болат пен шойынға деген сұраныс неге төмендеп кетті? Себебін түсіндіріңдер. 6. ХХІ ғасырдың металын атаңдар. Ол туралы реферат жазыңдар. Практикалық жұмыс №5 Тақырыбы: Дүниежүзілік құбыр транспорты Мақсаты: Дүниежүзілік құбыр транспортына сипаттама беру Бақылау түрі: ауызша жауап. Сүрақтар: 4. Соңғы жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты құбыр көлігінің қарқынды дамуы. 5. Мұнай және газ тасымалдайтын құбырлардың маңызы. Практикалық жұмыс №6 Тақырыбы: Халықаралық экономикалық қатынастар Мақсаты: Халықаралық экономикалық қатынастар туралы білу Бақылау түрі: ауызша жауап. Сұрақтар: 1. Халықаралық экономикалық қатынастардың қандай түрлері бар? 2. Қайта өңдеу өнеркәсібінің халықаралық саудадағы үлесі қандай? 2. Халықаралық сауданың қандай ерекшеліктері болуы қажет? 3. Лицензияларды экспортқа шығарудың мәнісі неде? 4. Еркін экономикалық аймақтар құрылуының мәнісін түсіндіріңдер? Практикалық жұмыс №7 Тақырыбы: Халықаралық туризмнің дамуы Мақсаты: Халықаралық туризмнің дамуына сипаттама беру Бақылау түрі: ауызша жауап. Сұрақтар: 1. Халықаралық туризмнің дамуы неге байланысты? 2. Дүние жүзіндегі ірі халықаралық туризм қалыптасқан аймақтарды атап, кескін картаға түсіріңдер? 3. Халықаралық туризмнің Еуропа мен АҚШ-та дамуына қандай жағдайлар себепші болуда? мысалдарды кіргізу тиіс. 1. Дүниежүзілік газ өнеркәсібі Мақсаты: Дүниежүзілік газ өнеркәсібі туралы түсінік беру. Орындалу формасы: конспект Тапсыру формасы: ауызша конспектті қорғау және сұрақтарға жауап беру. Конспектті құрастырудаға қажетті материал тапсырма сұрақтары: 1. Табиғи газды молынан өндіретін елдерді атап, оларды картадан көрсетіңдер. 2. Дүние жүзінде және Қазақстанда табиғи газды өндіру мен тұтынудың болашағы қандай болмақ? 2. Өнеркәсіп және қоршаған орта Мақсаты: Өнеркәсіп және өнеркәсіптің қоршаған орта тигізетін әсерін білу. Орындалу формасы: реферат. Тапсыру формасы: ауызша рефератты қорғау және сұрақтарға жауап беру. Рефератты құрастырудаға қажетті материал тапсырма сұрақтары: 1. Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп. 2. Отын-энергетика, металлургия, машина жасау, химия өнеркәсіп салалары. 3. Қоршаған орта мәселелері. 4. Электр энергиясын өндіру, машина жасау, химия, өнеркәсібінің негізгі аудандарының орналасуы бойынша карта-сызба сызыңыз. 5. Қазіргі кезеңдегі өнеркәсіп салаларының қоршаған ортаға әсерін сипаттаңыз. 6. Өңдеуші өнеркәсіп салалары дамыған елдерге сипаттама жазыңыз. 3. Дүниежүзілік темір жол транспорты Мақсаты: Дүниежүзілік темір жол транспортының дамуына ғылыми-техникалық революцияның әсерін білу. Орындалу формасы: кескін картаға түсіру Тапсыру формасы: кескін карта тапсырма сұрақтары: 1. Теміржол желілерінің жиілігі нені көрсетеді? 2. Жолаушы тасымалы көлік жүйесінің қайсысында басым? 3. Дамып келе жатқан елдердегі көлік жүйесінің даму барысын сипаттаңдар. 4. Транспорт және қоршаған орта Мақсаты: Транспорт түрлері және олардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін білу. Орындалу формасы: реферат. Тапсыру формасы: ауызша рефератты қорғау және сұрақтарға жауап беру. Рефератты құрастырудаға қажетті материал тапсырма сұрақтары: 1. Жеке елдердегі көліктің даму деңгейі қандай негізгі факторларға тәуелді? 2. Көлік жүйесі құрылымы өте күрделі елдерді атаңдар. Оның күрделі болуының негізгі себептері қандай? 3. Дүниежүзілік теңіз сауда флотының «ыңғайлы тулар» астында тіркелуін қалай түсіндіресіңдер? 4. Теңіз жүк тасымалында бірінші орынды қандай өнімдер алады? 5. Теміржол желілерінің жиілігі нені көрсетеді? 6. Жолаушы тасымалы көлік жүйесінің қайсысында басым? 7. Дамып келе жатқан елдердегі көлік жүйесінің даму барысын сипаттаңдар. 8. Контейнерлік тасымалдың көлік саласындағы маңызы қандай? 5. Дүниежүзілік қаржы орталығы Мақсаты: Дүниежүзілік қаржы орталығы білу. Орындалу формасы: конспект Тапсыру формасы: ауызша конспектті қорғау және сұрақтарға жауап беру. Конспектті құрастырудаға қажетті материал тапсырма сұрақтары: 1. Халықаралық қаржы-қаражат қатынастары жүйесіне не кіреді? 2. Валюта дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? 3. Дүние жүзінің қандай елдері ең жоғары ваюта және алтын қорына ие. 6. Халықаралық туризмнің географиясы Мақсаты: Халықаралық туризмнің географиясы туралы түсінік беру. Орындалу формасы: конспект Тапсыру формасы: ауызша конспектті қорғау және сұрақтарға жауап беру. Конспектті құрастырудаға қажетті материал тапсырма сұрақтары: 1. Халықаралық туризмнің дамуы неге байланысты? 2. Дүние жүзіндегі ірі халықаралық туризм қалыптасқан аймақтарды атап, кескін картаға түсіріңдер? 3. Халықаралық туризмнің Еуропа мен АҚШ-та дамуына қандай жағдайлар себепші болуда? 5. СӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ Тақырыбы: Дүниежүзілік кен байыту өнеркәсібі Мақсаты: Дүниежүзілік кен байыту өнеркәсібі туралы түсінік беру. Орындалу формасы: реферат жазу. Тапсыру формасы: рефератты қорғау. тапсырма сұрақтары: 4. Дүниежүзілік кен байыту өнеркәсібі 2 Дүниежүзілік кен байыту өнеркәсібінің түрлері Тақырыбы: Дүниежүзілік машина жасау өнеркәсібі. Мақсаты: Дүниежүзілік машина жасау өнеркәсібіне сипаттама беру. Орындалу формасы: конспект жазу. Тапсыру формасы: ауызша коллоквиум, конспект тапсыру. тапсырма сұрақтары: 1. Машина жасау өнеркәсібі шығаратын негізгі өнім түрлерін атаңдар. Бұл саладағы мамаандану мен шоғырлануға не себеп болады? 2. Жаңа индустриялық елдерде неліктен машина жасау, соның ішінде ғылым мен еңбекті көп қажет ететін салалар өркендеуде? Тақырыбы: Дүниежүзілік еркін экономикалық зоналар Мақсаты: Дүниежүзілік еркін экономикалық зоналар туралы түсінік беру. Орындалу формасы: ауызша. Тапсыру формасы: аыузша коллоквиум, конспект тапсыру. тапсырма сұрақтары: 1. Еркін экономикалық аймақтар құрылуының мәнісін түсіндіріңдер? 2. Дүниежүзілік еркін экономикалық зоналарды ата Тақырыбы: Дүниежүзілік офшорлы зонасы Мақсаты: Дүниежүзілік офшорлы зонасы туралы түсінік беру. Орындалу формасы: ауызша. Тапсыру формасы: аузсша коллоквиум, конспект тапсыру. тапсырма сұрақтары: 1. Офшорлы зона дегенімізне? 2. Офшорлы зонаның дүниежүзілік экономикадағы ролі 3. Офшорлі бизнес
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz