Файл қосу

Абай жолы халық жолы, халық жолы Абай жолы




                                 ГЛОССАРИЙ :

                         Әдебиет  –  (араб  тілінде  «адаб»  -  үлгілі  сөз)
тыңдарман,  оқырманның  ақылына,  сезіміне,  көңіліне  бірдей  әсер  беретін
дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері.Яғни, сөз  өнері
адам тәрбиелеудің ең күшті рухани құралы. Сонымен бірге нағыз өнер  туындысы
қалың қауымға емес, сол өнерді жанымен ұғар жандарға арналады.  Осы  себепті
де М.Әуезов: «Әдебиет  -  әдебиет  үшін  деген  таңба  айқын  болмай,  нәрлі
әдебиет болуға жол жоқ»- деген.
    Әдебиеттің халықтығы – шығарманың халықтың тілек-мүддесіне толық сәйкес
келер идеялық сипаты.  Яғни  шығарма  туындыда  суреттеліп  отырған  дәуірді
халық көзімен, халық мүддесі аясында бейнелеп беруі шарт. Ол үшін  сөз  иесі
(автор)  тыңдарман  мен  оқырман  қауымның  ой-санасына   жанасымды,   ұғым-
түсінігіне жақын, болмысты мейлінше қарапайым түрде бейнелейді.
     Дәстүр және  жаңашылдық  –  көркем  мұралар  мен  әдебиет  тарихындағы
қалыптасқан   түсініктер,   әдеби-эстетикалық   үлгі-өрнектер,   тақырыптық,
идеялық, көркемдік әдіс-тәсілдер жиынтығы әдеби дәстүрді қалыптастырса,  осы
әдеби  дәстүрдің  озық  үлгілерін  пайдалана  отырып,  мән-мағынасы   терең,
көркемдігі жоғары, заман талабына жауап беріп  қана  қоймай,  болашаққа  жол
ашатын өнердегі тың тақырыптарды бұрын қолданылмаған  әдіс-тәсілдермен  соны
мәселелерге батыл шешім таба суреттеген әдеби  ізденістердің  көркемөнердегі
нәтижелі көріністерін жаңашылдық дейміз.
      Тарихи жыр – тарихи  оқиғалардың  ізімен  шығарылған,  авторлары  бар,
реалистік сипатта  жырланған,  тарихи  дәуірдің  нақышы  айқын  бедерленген,
сюжеті тарихта  болған  тұлғалардың  ел  мүддесі  жолында  атқарған  істерін
баяндайтын,  шығарушы  автордың  субъективтік  көзқарасы,  стилі   танылатын
эпикалық туындылар.
   Стиль  –  сөз  зергерінің  болмысты,  бүтін  дүниені  танып-білу,  сезіну
қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға-бітімін  танытатын
даралық өзгешелігі,  жазу  мәнері,  қолтаңбасы.  Көркемдік  стиль  жазушының
өмірлік тәжірибесі негізінде, оның суреткерлік дарынының  табиғатына  сәйкес
қалыптасып, әлеуметтік жағдайларға,  заманның  эстетикалық  мақсат-мүддесіне
сәйкес қалыптасады.
 Эпитет – (айқындау) заттың, құбылыстың айрықша белгісін, сипатын,  қасиетін
айқындап көрсететін бейнелі сөз.
  Фигура – (айшықтау,  әсерлеу,  лептеу)  сөзге  мәнерлілік  сипат  дарытып,
көркемдігін,  әсерлілігін  арттыра  түсетін  сөйлем  құрылымын   түрлендіру,
айрықша айшықпен дағдылы қалыптан өзгеше айту. Фигураның түрлері мол.  Олар:
арнау, қайталақтау, сөз орнын  ауыстыру,  шендестіру,  түйдектеу,  бүкпелеу,
риторикалық айшықтар,

Прототип – көркем шығарма кейіпкерінің өмірде болған немесе өмірде  бар  түп
      тұлғасы.
Академиялық басылым – қаламгер  шығармасының  ғылыми-текстологиялық  зерттеу
      негізінде даярланған жинағы.
Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен  елдердің,
      аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе  жатқан
      әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.
Әдеби характер (гр. мінез, ерекшелік) – кейіпкердің  мінез  бітімі,  адамның
      бойына психологиясына, қимыл әрекеттеріне тән сан  түрлі  қасиеттердің
      бірігіп, біте қайнаған тұтастығын танытатын мінез-құлық өзгешелігі.
Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, олардың көркемдік, идеялық,  тарихи,
      танымдық қырларын,  әдеби  процесстегі  орнын  анықтайтын  әдебиеттану
      ғылымының бір саласы.
Әдебиеттің ұлттық сипаты - әдеби шығарманың ұлттық тіл,  ұлттық  дүниетаным,
      тарихи-поэтикалық зерде аясында қалыптасқан қаламгер туындысы.
Әдебиеттің халықтық сиапты  –  шығарманың  халық  мүддесіне  сай  идеялық  –
      көркемдік сапасы.
Образ – көркем бейне,  әдебиеттегі  суреттілік,  болмысты  өнерде  көркемдік
      тұрғыда сөзбен сурттеп жазу.
Идея  -  әдебиет  шығармасында  өмірдегі   жәй   жағдайлар,   адам   тағдыры
      баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз  болып  отырған  мәселелерге
      қатынасы, көзқарасы да аңғарылады.
Стиль – жазушының  өмір  шындығын  танып-білу,  сезіну  қабілетін,  бейнелеу
      шеберлігін,  өзіндік  суреткерлік  тұлға  бітімін  танытатын   даралық
      өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.
 Сюжет (франц. зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі.
 Тақырып - әдеби шығармада сөз  болатын  басты  мәселе,  шығарма  мазмұнының
      негізгі арқауы, айтылатын жай жағдайлардың бағыт-бағдары.
Тартыс - өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі
Композиция  -  әдеби  шығарманың   құрылысы,   оның   үлкен   кішілі   бөлім
      бөлшектерінің  бір-бірімен  қисынды  түрде  қиюластырылып,  әр   түрлі
      тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі.










              Дәріс № 1    М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы.


   1897 жылы қазіргі Семей облысы Абай ауданында  дүниеге  келді.  Алғашында
атасы  Әуезден  мұсылманша  сауат  ашып,  хат   таниды.   Кейін   мұғалімдер
семинариясында  оқиды.  Төңкеріс  қарсаңында  Алаш  қозғалысының   Семейдегі
жұмысына қатысады. 20 жылдары Ленинград  университетінде,  Ташкенттегі  Орта
Азия университетінің аспирантурасында оқиды. Бұл жылдары Мұхтар Әуезов  әлем
әдебиеті үлгісімен терең танысып, жан-жақты, кемел білім алып шығады.
   Мұхтар  Әуезовтің  алғашқы  шығармашыларының  көлемдісі  де,  көркемі  де
прозалық әңгіме, повесть түрлерінде жасалды.
Мұхтар Әуезов жиырмасыншы жылдардың  бас  кезі  мен  орта  шенінде  көптеген
әңгімелер   (   “Қорғансыздың   күні”,   “Жетім”   ,   “Жуандык”,   “Ескілік
көленкесінде”, “Кім кінәлі”, “Бартыма” т.  б.)   жазып,  оларда  ескі  қазақ
ауылының алуан түрлі әлеуметтік шындығын реалистік дәстүрде бейнелейді.
“Қорғансыздың күні ”  (1921) –  жазушының  алғашқы  жарық  көрген  әнгімесі.
Мұнда Ғазиза деген панасыз жетім қыздың  адам  айтқысыз  озбырлық,  қорлыққа
шыдамай, боранға ұрынып, үсіп өлгені айтылған.  Бұл  шығармада  Ақан  сияқты
қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді.
“Қорғансыздың күні” өзінің көркемдік бітімі жағынан  қазақ  әдебиетіне  жаңа
өрнек енгізді. Адам өмірінің қайталанбас,  дара  ерекшелігі  әңгімеде  шебер
ашылған. Шығармада болыс Ақан, оның серігі Қалтай,  пәк,  сәби  қыз  Ғазиза,
оның қарт әжесінің бейнелері өте шынайы көрінеді.
“Жетім” деген әңгімеде Қасым атты жетім баланың қасіретті балалық шағы,  Иса
деген жамағайынның қорлығына шыдамай, ауылдан қашып шыққан бетінде,  қараңғы
түнде, тоғай ішінде өлгені  айтылады.Өмірден  зәбір  көргендердің  мұңы  мен
наласын үлкен әлеуметтік толғақты мәселе ретінде сипаттау сыншыл  реализмнің
негізгі белгісі еді.
   “Ескілік көлеңкесінде” ескі  салт  бойынша  өлген  апасының  орнына  кәрі
жездесіне тоқалдыққа баруға ризалық білдірген, өзін  сүйген  жігіт  Қабыштың
тілегімен есептеспеген Жәмеш деген қыздың халі әңгімеленген.  Мұхтар  Әуезов
өмір қайшылықтары   мен  теңсіздіктерін  әр  қырынан  көрсету  арқылы  қазақ
әдебиетінде психологиялық прозаның үлгілерін тудырды.
   “Жуандық” (1926) әңгімесінде момын  кедей  Жақсылықтың  өз  жолын  тауып,
ерікті, баянды өмір жасауға  ұмтылғаны,  бірақ  бұрыннан  кедей  -  кемтарды
уысында ұстап, тізе батырып үйренген Әбіш,  Құрман  секілді  байлардың  оған
қиянат, зорлық жасағаны көрсетіледі.
Мұхтар   Әуезовтің   жиырмасыншы   жылдардағы   шығармашылығындағы   негізгі
тақырыптың бірі - әйел теңдігі.   Шығармаларында өмір шындығына берік  табан
тіреп отыратын  жазушы  сол  кезеңдегі  қазақ  әйелінің  басындағы    хал  –
ахуалды асырмай да, жасырмай да, қаз қалпында көрсетеді. Бірде жазушы ата  –
анасының  еркімен  күйеуге  шығып,  тағдырына  мойын  ұсынған  әйел  тарихын
(“Cөніп – жану” ) әңгімелесе, екінші шығармасында  сүйгеніне  қосыла  алмай,
қүсадан өлген Ғазиза (  “Кім  кінәлі”  )  жайын  сөз  етеді.  Тағы  бірде  (
“Үйлену” ) әке әміріне көнбей, көңілі  сүйген  жігітімен  қашып  кеткен  қыз
хикаясына тоқталады.
   “Қараш – қараш оқиғасы” төңкеріс қарсаңындағы қазақ қоғамының  шындығынан
туған, ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік тәрізді өткір  тартысқа  құрылған.
Мұнда  да  20  жылдардың  әңгімелеріндегідей  дала   билеушілерінің   заңсыз
жуандығы  –  байлардың  кедейлерге  жасар  өктемдігі,  зорлығы,  кедейлердің
байлардан көрер қиянаты, қорлығы сөз болады.
   Бірақ повестің бас кейіпкері Бақтығұлдың ісі мен мінезі өзіне дейінгі өзі
секілділерден өзгеше. Бұл – олар секілді өз  тағдырының  құлы  емес,  қожасы
болуға ұмтылған адам.
   “Қилы заман” повесінде 1916  жылғы  ұлт  –  азаттық  қозғалыстың  барысы,
әділетсіздікке  төзбей,  ел  бастап  шыққан  ерлердің  бейнесі  көрсетілген.
Мұхтар Әуезов бейбіт жатқан Албан руының 1916 жылғы  маусым  жарлығының  зіл
салмағынан іште тұншығып жатқан кегі оянып,   дүр  сілкініп,  айбарлы  күшке
айналғанын өмір шындығына сәйкес суреттеген.  Өз  жерінен,  малына  иеліктен
айрылған, патша әкімдерінің, қазақтың өз ішінен шыққан обыр  болыс,  парақор
би, жебір тілмаштардың қиянатынан ығыр болған халықтың  еріксіз  халі  бірде
кейіпкер сөзімен, кейде авторлық баяндау үстінде айқындалады.
   “Абай жолы” – қазақ совет әдебиетіндегі  тұңғыш  роман  –  эпопея.  “Абай
жолында”  өткен  ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақ   қоғамының   шындығы
мейлінше  кең  көрсетілді,  қаһармандардың  жеке  өмірі  халық   тарихындағы
күрделі өзгерістермен байланысты берілді. Абай өмір сүрген  қоғамның  өзекті
тартыстары  мен  күрестерін,  ізгілік  пен  зұлымдықтың   шайқасын,   көркем
тұлғалардың  өткенін,  бүгінгісін  кеңінен   қамтып,   болмыстың   екшелген,
жинақталған шындығын айту міндеті роман –  эпопеяда  зор  шеберлікпен  шешім
тапты. “Абай жолында” ұлы ақынның  жеке  бастық  іс  -  әрекеттері  дәуірдің
көкейкесті   мәселелерімен,   нәсілдер,   таптар,   халықтар   тағдырларының
тоғысуымен  орайластырыла   баяндалады.   Роман   –   эпопеяда   оқиғалардың
объективтік ағысы, жеке адамдар тағдырының қоғамдық тіршілікке  тәуелділігі,
тұлғалардың даралық келбеті, зұлымдықты әшкерелеу мен  ізгілікті  мадақ  ету
өмір шындығына сәйкес көрсетіледі.
   Эпопеяның желілерін тұтастырып тұрған негізгі арна –  Абайдың  және  оған
тілектес  топтың  озбыр,  содыр  үстем  қауым  өкілдерінің  зорлығына  қарсы
күресі. Абай бастаған жаңашыл  қауымның  халық  бақыты  үшін  батыл  айқасқа
шығатын кезі өте көп. Сырттай қарағанда эпопеядағы әрбір  тараудың  әңгімесі
жеке – дара,  оқшау  секілденеді.  Бірақ  оларды  іштей  жалғастырып  тұрған
негізгі арқау ылғи  сезіліп  отырады.  Ол  –  ақын,  азамат,  еңбекші  қауым
мүддесі үшін жаны ауыратын,  күштілерге  қарсы  тапжылмай  тартысқа  шығатын
Абайдың өмірі, оның шығармашылық, әлеуметтік  қызметі,  Абайдың  араласуымен
шешілетін әр түрлі оқиғалар.  Романның  құрылысы  Абайдың  ұзақ  та  қажырлы
ақындық, қайраткерлік қызметін танытуға бағындырылған.
   Эпопеядағы орталық тұлға, типтік характер – Абай. Ол – бүкіл бір халықтың
рухани адамшылық келбетін елестете алатын бейне. Абай сөзі мен ісі  соншалық
нақты, әрбір  әрекетіне  нандыратын  тұлға,  заман  мен  халық  қамын  терең
толғайтын үлкен ойшыл, ұлы ақын сипатында көрінеді. Абайдың көркем  бейнесін
жасауға ақынның өз өлеңдерінің көп көмегі болғанын  жазушы  ризалықпен  еске
алады. Суреткер  ұлы  ақынның  шығармаларын  туғызған  жағдай  мен  себептер
табиғатына терең  болжау  арқылы  оның  өмір  жолына  қанығады.  Абай  халық
қиялында қаншалық биік сатыда тұрса, роман  оның  көркем  бейнесін  соншалық
жоғары деңгейде көрсетеді.
   Абайдың өз әкесі Құнанбайдан мүлде  басқа  ой-өріс  бағытында  қалыптасып
келе жатқандығы оның оқуға  аттанар  алдында  Тобықтының  білгір  шешендерін
сөзден  жығуынан,  Құнанбайдың  «мінің»  деп  көрсеткендерін  жақсылық   деп
дәлелдеуінен айқын аңғарылады. Бұл тұста болашақ ұлы ойшыл ақын  мінезіндегі
қайсар тегеурін сезіледі.
   Абайдың өмір өткелдерін, әлеуметтік майдандағы әр алуан  күрделі  істерін
оның  нағыз  адамдық  ықыластарымен,  үміт-арманымен,   күйініші-сүйінішімен
бірлестіре көрсету арқылы суреткер оның тұлғасын типтік характер  дәрежесіне
көтерді, ақын, ойшыл, қоғам қайраткерінің асыл бейнесін жасады.
   Құнанбай образының жасалу шеберлігі бүкіл дүние жүзілік әдебиет тарихында
сирек  ұшырасады.  Мейлінше  шыншыл  суреткер  бұл  образды   мінездеу   мен
мүсіндеуге, жинақтау мен даралауға өзінің бай палитрасындағы бір ғана  емес,
бірнеше (ақ, көк, сары...) бояуды қоса,  қатар  жұмсап,  түрлі-түсті  табиғи
кескінде, алдымен адам ретінде, бірақ күнгей-көлеңкесімен жан-жақты,  толық,
тұтас тұлғаландырған. Автор ұнамсыз кейіпкер  бойындағы  ұнамды  қасиеттерді
күзеп, не тонап әкетпейді, өзіне береді, өзінде қалдырады.
   Құнанбай – азулы ғана емес, ақылды; шоқпар мен сойылдың ғана емес, әріден
толғайтын ойдың адамы. Көзі дара болғанмен көкірегі  сара  –  көреген;  ашуы
мен қайратын қатар ұстайтын, қаталдығының арғы  жағында  қайсарлығы  жатқан,
қасарма сұғын қадағанды сілейтпей тынбайтын қазымыр, қатал кісі.  Арыстанның
айбаты да, жолбарыстың жүрегі де бір өзінде; жыртқыштығы да сондай;  бүргені
құтылмайды,  құтылса,  мынаның  тырнағы  сонымен   бірге   кетеді.   Мұнысын
қайталанбас қайсарлыққа саяды.  Осыған  енді  амалы  мен  айласы  қосылғанда
Құнанбайдың  қулығы  мен  сұмдығына,  сұңғыла  зымияндығына  найза  бойламай
шығады. Мұнысы – ақылдан туған тәсіл.
Құнанбай алыс-жұлысқа, арпалысқа ғана емес, сөзге  де  жүйрік,  шешен;  тілі
өткір, тиген жерін тіліп түседі.
   Осылардың бәрі Құнанбайдың өз ортасынан биік, оқшау тұрған  жоталы  тұлға
екенін көрсетеді және оның осындай өзгеше бөлек бітімін өз ортасы  да  әбден
иойындап болған. Құнанбайдың көп қырлы қасиетін досы түгіл тіпті дұшпаны  да
жоққа шығара алмайды.
   Құнанбай жалғыз емес. Оның маңында әр рудың  басы,  әр  ауылдың  ақсақал-
қарасақалдары – Бөжей, Байдалы,  Байсал,  Сүйіндіктер  бар.  Өз  іргесіндегі
Майбасар, Ызғұтты, Тәкежан, Жиреншелер бар. Оразбай, Шұбар, Әзімбайлар  бар.
Дәуірлік белестен алып қарағанда  осылар  –  бір  топтың  адамдары,  Абайдың
қарсыластары, Абай бастаған жаңаның ата  дұшпандары.  Сонымен  қатар  осылар
өзара  қырғи-қабақ:  бақастар,  бәсекелестер,  бақталастар.  Қарақан  бастың
қамына келгенде бұлар бір-бірін аямайды, біріге бере  талап  тастап,  бөліне
бере түтіп жеп жүргендер...
Бұл  –  адам  адамға  дос  емес,  қасқыр  болған  Құнанбай  заманының  заңы.
Майталман суреткер Құнанбай маңындағы бар адам және  әр  адам  арқылы  солар
өмір сүрген заман кескінін де зергерлікпен бейнелеп көрсеткен.
   Жалпы, XX ғасырдың соңғы елу жылындағы қазақ өмірінің көркем шежіресі боп
табылатын ұлан-ғайыр  эпопеяда  барлық  қыры-сырымен  халық  образы  жасалды
десек, сол халық өкілдерінің ішінен айрықша атап айтарлық  бедерлі  бейнелер
– Дәркембай  мен  Базаралы.  Балағаз  бен  Абылғазыдан  Дәрмен  мен  Сейітке
дейінгі ондаған кейіпкерлер – Дәркембай мен Базаралының  әлеуметтік  ортасы,
таптық қоршауы. Бұл екеуі жүрген жердегі әлеуметтік күрестің  де  сыр-сипаты
бөлек, ақ пен қарадай айқын. Осылар арқылы автор романдағы  жүздеген  типтер
мен характерлер ішінен уақыт  сынынан  өтіп  өсетіндерін  де,  келешегі  жоқ
өшетіндерін де өмірдің өзіне іріктетіп, сұрыптатып отырады.
   Мұхтар  Әуезов  шығармашылығының  көк  қауырсын  кезінде  жазылып,  кейін
өңделіп, толықтырылған «Еңлік – Кебек» трагедиясы  қазақ  драматургиясындағы
төл басы туындылардың бірі. «Еңлік – Кебек» екі жастың  бақытсыз  махаббатын
көрсетуге арналғанымен, онда қыр елінің басқа да  мәселелері  қамтылған.  Ең
алдымен, адамгершілік, адамның жеке  басын  қадірлеу,  ел  бірлігін  көксеу,
бұқара халыққа бейбіт  өмір  тілеу,  болашаққа  үміт,  сенім  көзімен  қарау
мәселесі ұсталады. 1916 жылғы оқиғаға  арналған  «Түнгі  сарын»  пьесасы  да
кесек туындылардың бірі.  Ол  қазақ  драматургиясы  тарихынан  лайықты  орын
алатын,  мазмұн-идеясы  терең,  көркемдігі  жоғары  шығарма.  Л.  Соболевпен
бірлесіп жазған «Абай» трагедиясында қазақ  халқының  ұлы  ақыны  Абай  өмір
сүрген заманның ащы  шындығы  бейнеленген.  Қазақ  драматургиясының  шоқтығы
биік  туындыларының  бірі  саналатын  «Қаракөз  трагедиясы»  да  екі  жастың
махаббатына арналып, етектен тартар ескі әдет-ғұрыптарды сынауға арналған.
   Жазушы қазақ халқының әдебиеті, мәдениеті, рухани мұрасы  жайында  тамаша
ғылыми еңбектер жазды. 1927 жылы  қазақ  әдебиетінің  сан  ғасырлық  тарихын
аралаған «Қазақ әдебиетінің тарихы»  атты  іргелі  ғылыми  еңбек  жариялады.
1959 жылы жазушының әдебиеттану саласындағы  көлемді  еңбектері  «Әр  жылдар
ойлары» деген атпен жеке кітап болып басылды. Кейінірек «Уақыт пен  әдебиет»
деген зерттеу еңбегі басылды.
Туған жері бұрынғы Семей уезінің  Шыңғыс  болысы  (қазіргі  Шығыс  Қазақстан
облысының Абай ауданы).
   Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған.  өскен.  Атасы  Әуез
бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш  сауатын  ашушы
да атасы. Ол сол арқылы алты жасынан Абайдың өлеңдерін жаттап  ауылдастырына
оқып беретін дәрежеге жетеді.
   1908 жылы Семейдегі  Камалиддин  хазірет  медресесінде  оқып,  одан  орыс
мектебінің дайындық курсына ауысады.
1910 жылы бес кластық орыс училищесіне түседі. Осы жерде оқып жүріп  «Дауыл»
атты алғашқы шығармасын жазады.
   1915  жылы  Семей  қалалық  мұғалімдер  семинариясына  қабылданады.  Оқып
жүргенде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза»  дастаны  негізінде  «Еңлік-
Кебек» пьесасын жазып, оны 1917  жылы  маусым  айында  Ойқұдық  деген  жерде
тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасына шығарады.
1918 жылы М.Әуезов Семей қаласының өкілі ретінде Омбы қаласында өткен  жалпы
қазақ  жастарының  құрылтайына  қатысып,  оның  орталық  атқару  комитетінің
мүшесі болып сайланады. Құрылтайда «Алашорда» үкіметі мен Алаш  қозғалысының
бағытын ұстанған «Жас азамат» атты Бүкілқазақстандық жастар ұйымы  құрылады.
Ұйымның  белсенді  мүшесі  бола  жүріп,  «Абай»   ғылыми-көпшілік   журналын
шығаруға (Ж. Аймауытовпен бірігіп) атсалысады.
   1919  жылы  —  Семей  губревкомының  жанынан  ашылған   қазақ   бөлімінің
қызметкері, 1920 жылдың ақпанынан бөлім меңгерушісі. «Қазақ тілі»  газетінің
ресми шығарушысы болып тағайындалады.
1921 жылы Семей облревкомының төралқа мүшесі,  атқару  комитетінің  төрағасы
қызметін атқарады. 1921 жылғы қараша айында  Қазақ  АКСР-і  ОАК-нің  төралқа
мүшелігіне сайланып, онда саяси хатшы  міндетін  атқарып,  кадр  мәселесімен
айналысады. Мұхаңның «Еңбекші қазақ» газетіне басшылық жасайтын тұсы да  осы
кезеңмен дәлме-дәл келеді.
Бір  қыс  Ташкенттегі  Орта  Азия  мемлекеттік  университетінде,  төрт   жыл
Ленинград университетінде оқып, филология  факультетін  бітіреді.  Сол  жылы
Орта  Азия  университетінің  Шығыс  факультетінің  жанындағы   аспирантурада
оқиды.
   Ұлттық теңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою жөніндегі ашық пікірі мен
шығармалары  үшін  «ұлтшыл,  алашордашыл»  атанып,  саяси  сахнадан  шеттету
басталған тұста Мұхаң  бірыңғай  шығармашылық  жұмыспен  айналысуға  көшеді.
Ғылыми жұмыстарды да қолға алады.
1930 жылы идеялық көзқарасы үшін тұтқынға алынады.  Тергеу  ұзаққа  созылып,
1932 жылғы сәуір айында  үш  жылға  шартты  түрде  бас  бостандығынан  айыру
туралы үкім шығарылады. Осы жылғы 10 маусым  күнгі  «Социалистік  Қазақстан»
және  «Казахстанская  правда»  газеттерінде   М.   Әуезовтің   «Ашық   хаты»
жарияланады. Онда Мұхаң өзінің қазақ әдебиетінің  тарихы  және  Абай  туралы
зерттеулерінен, «Қарагөз», «Еңлік-Кебек», «Хан Кене»,  «Қилы  заман»  сияқты
шығармаларынан бас тартатынын мәлімдеуге мәжбүр болды. Сонан кейін  ғана  ол
түрмеден босатылып, оқытушылық жұмыспен айналысуына рұқсат алды.
   Ол 1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция
кезінде қайтыс болды.
   1961 жылы қайтыс болғаннан  кейін  Республика  Үкіметі  қаулы  алып,  ұлы
жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Ғылым  академиясының  Әдебиет
және өнер институты мен  Қазақтың  мемлекеттік  академиялық  драма  театрына
Мұхтар Әуезовтың аты беріледі, әдеби мемориалдық мұражайы  ашылып,  бірқатар
мектеп, көше және Алматының бір ауданы М.Әуезов атымен аталды.
   Жазушы өзінің шығармашылық жолында  талай  жанрға,  тақырыпқа  із  салып,
қыруар, очерк, әңгіме, пьесалар жазған,  тамаша  аудармалар  жасаған,  әдеби
сынға,  әдебиет  тарихын  зерттеу  жұмысына  белсене  ат  салысып,  көптеген
мағыналы  мақалалар  жариялаған,  баяндамалар  жасаған,  оқулықтар  құраған,
жоғары оқу орындарында дәріс беріп, теориялық білімін жетілдіріп отырған.
   Сөйте жүре,  үлкен  дарын  өзінің  шығармашылық  асқарына  апаратын  Абай
тақырыбына  қалам  тартады.   Үлкен   жұмыстың   алғашқы   қарлығашы   болып
«Татьянаның қырдағы әні» келеді өмірге.
Бұдан кейін жазушы Абай образын кең аумақта алып, бірнеше жанрда  бейнелеуге
кіріседі. Сөйтіп, «Абай» трагедиясы туады. Бұл ұлы ақынның  образын  сахнада
тұңғыш бейнелеген шығарма болатын.
Ұзақ зерттеп, кең тыныспен кіріскен «Абай жолы»  романдарын  Мұхтар  он  бес
жылға  жуық  жазады.  Жазушының  өзі  айтқандай,  «Абай»  және  «Абай  жолы»
романдарын жазу жазушының шығармашылық өміріндегі  сүйікті  ісіне  айналады.
Абай жолы халық жолы, халық жолы Абай жолы.  Осы  бірлікті  тарихи  шындыққа
сай  асқан  көркемдік  шеберлікпен  көрсету  Мұхтар  Әуезовтың  шығармашылық
жеңісі еді.
Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры - Қызылорда  қаласында
1926 жылы 13  қаңтарда  М.Әуезовтің  «Еңлік-Кебек»,  пьесасымен  және  халық
өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен тұңғыш рет театр шымылдығы ашылды
   Алғашқы құрылған  жылдары  театр  құрамында  көркемөнерпаздық  пен  халық
шығармашылығының  танымал  шеберлері  —  И.  Байзаков,  Ә.   Қашаубаев,   С.
Қожамқұлов, Е. Өмірзақов,Ж. Шанин,Қ Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, Қ.  Бадыров,
Қ. Мұңайтпасов, З. Атабаева, Ш.  Әлібекова,  Ш.  Байзакова,  М.  Шамова,  Ж.
Шанина ойнады.
1929 жылы театр труппасы  Алматыға  қоныс  аударды.  1937  жылы  27  ақпанда
академиялық театр атағын алды. 20 жылдығына орай 1946 жылы  Еңбек  Қызыл  ту
орденімен, ал 50 жылдығына байланысты 1976 жылы Халықтар  достығы  орденімен
марапатталды. Театрға 1961 жылы жазушы,  драматург  М.  О.  Әуезовтің  есімі
берілді.
   Театр сахнасында  ерлікке  толы  ұлы  өмірлер,  патриоттық  —  отаншылдық
сезімдер,  жанқиярлық  ерен  еңбектер  жан-жақты  жырланатын   қойылымдармен
қатар, халқымыздың  рухани  асыл  армандары  мен  мұң-мұқтаж,  талап-тілегін
бейнелейтін тарихи-эпостық тақырыптағы шығармаларға да көп ден  қойылды.  М.
Әуезовтың  «Абай»,  «Еңлік  —  Кебек»,  «Қобыланды»,  С.  Мұқановтың  «Шоқан
Уәлиханов» спектакльдері шығармашылық үлкен жеңіс болды.
   Соңғы жылдары  театр  Қазақстан  және  таяу  шетелдерге  жиі  гастрольдік
сапармен барып тұрады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен  Омбы
қаласы  (Ресей  Федерациясы),  Оңтүстік  Қазақстан,  Маңғыстау,   Қызылорда,
Жамбыл облыстарына, Астана, Павлодар, Семей, Қарағанды,  Өскемен  қалаларына
қойылымдарымен барып қайтты.
   2006 жылы театр 80 жасқа толды.  Мерейтойының  қарсаңында  Ә.  Әмзеұлының
«Қара кемпір», Қ. Ысқақтың «Қазақтар» атты жаңа қойылымдарын дайындады.








          Дәріс № 2    М.Әуезов шығармашылығының алғашқы бастаулары
    Мұхтар Әуезов- қайта жаңару мен  өрлеу ауқымындағы тұлға.  Мұндай  алып
тұлғалар қоғамның  рухани  өмірінің   көптеген  салаларында  жарқырап  жарық
жұлдыз  кейпінде   көрінеді.Олар,  тұтас  алғанда,  бүкіләлемдік  мәдениетке
күшті ықпал жасайды. Қайта өрлеу дәуірінің биік міндеттері оларды әрі  қоғам
қайраткері, әрі жазушысы, әрі ғалымы,  әрі  ұстазы  болуға  ұмтылдырады.  М.
Әуезов - тұңғыш режисері әрі  ұйымдастырушысы,  ол-тұңғыш  журналисттер  мен
прозашылар  санында,  тұңғыш  әдебиеттанушы,  абайтанушы,  республика  Ғылым
академиясының толық мүшесі болған тұңғыш жазушы.
    Қазан төңкерісі тұсында М. О. Әуезов 20-жаста  болатын.  Оның  қоғамдық
қызметімен мәдени шығармашылығы,  ғылымға  ден  қоюы  патша  өкіметі  құлап,
еліміздегі  сан  алуан  өзгерістер  қолдау  мен  қарсылыққа  бірдей  ұшырап,
теориялық та, практикалық та істер жедел  ұғылып  кете  қоймаған  аласапыран
заманғи,  қиын-қыстау  кезеңге  тап  келді.   Жазушының   саяси   әлеуметтік
көзқарасының,  дүниетанымының  қалыптасуына  еліміздегі  жаңа   қоғам   құру
барысыныдағы идеологиялық күрес, қолдан жасалған тап тартысы,  мәдениет  пен
өнер, философия  мен  әдебиет  және  тағы  басқа  салалардағы  дау-айтыстар,
сыңаржақ түсініктер әсер етпей қойған жоқ.
    Бұл,  әсіресе,  жазушының  20-30-жылдардағы   шығармашылығына   тікелей
қатысты. Дегенмен, М.Әуезовтің  осы  жылдардағы  шығармашылығының  ХХ  ғасыр
басындағы   Қазақстандағы   мәдени-ағартушылық,   саяси-әлеуметтік    ойдың,
қоғамдық сананың, білім, өнер  дамуының  тарихи  жолдарын  танып-білуде  зор
мәні бар.Сондай-ақ олар ХІХ ғасырдың екінші жартысы  мен  ХХғасыр  басындағы
қазақ  ойшылдарынан  кейінгі  дәуірдегі  Қазақстандағы   философиялық   және
қоғамдық ойдың даму тарихын, қазақ философиясын және әдебиетін  зерттеушілер
үшін де қажетті дүниелер.
    Академик Әлкей  Марғұланның  деректеріне  қарағанда,  Мұхтар  Әуезовтің
қауым  алдында,  әдебиет  жүзінде  көріне  бастауы  1917  жылдан  басталады.
Әсіресе оның  атын  көпшілікке  әйгілі  еткен  сол  кездегі  «Абай»  журналы
болған. Журнал үйымдастырушысының  бірі де, оның негізгі мақалаларын  жазған
да Әуезовтің өзі.
    Журналдың әр  санында  шыққан  М.Әуезов  мақалаларының  «Ғылым»,  Ғылым
тілі»,  «Қазақ  ішіндегі  партия  неден?»,  «Мәдениетке  қай  кәсіп  жуық?»,
«Мәдениет һәм үлт», «Оқу ісі»,  «Философия  жайынан»,  «Япония»  т.б.  болып
аталуының өзі-ақ осы тұстағы  жас  Мұхтардың  терең  таным-талғамынан  біраз
мағлұмат беріп тұрғандай.
    М.Әуезовтің біздің көзімізге түскен ең бірінші  шығармасы  –  «Қазақтың
өзгеше  мінездері»  атты  мақаласы  1917  жылы  Ташкентте  шығаратын  «Алаш»
газетінің 30 наурызындағы 16 санында жарияланған. Ал келесі «Адамдық  негізі
-әйел», «Қайсысын қолданамыз?»  деген  мақалалары  да  осы  жылдары  Семейде
шығып  тұрған  «Сарыарқа»  газетінің  5-қыркуйек,  19-қазандағы   сандарында
басылған. Ол бұл  мақалаларында  үлкен  әлеуметтік  мәні  бар,  сол  кездегі
қоғамөмірінің, қазақ  тұрмысының  көкейтесті  мәселелерін  көтеріп,  соларды
ғылыми тұрғыдан шешуге талпынған.
    Айталық, «Қазақтың  өзгеше  мінездері»  атты  мақаласында  автор  халық
тұрмысының өсу, даму жағдайларын қозғап, соған кесір  келтіріп  отырғанқазақ
арасындағы «ұйымсыздық,  күндестік,  парақорлық,  партия,  әділетсіз  билік,
әйелдің халі» деген сияқты түрлі  кемшіліктерді  сынап,  сол  кемшіліктерден
құтылудың жолын іздестіреді, жұртшылықты соған шақырады.Мінез түзеу  дегенді
М.уезов нағыз прогрессивті жолмен түсінген. Алғашқы мақаласында оған  арнайы
түсінік   бермегенмен,   келесілерінде:   «Адам   баласының   жаман    құлқы
жаратылысынан емес, оны өскен орта, көрген үлгі,  өнеге  билейді»,-деп  ашып
айтады. «Адамдық негізі-әйел» атты мақаласында да Әуезов  осы  мәселені  әрі
қарай жалғастырып, халық тұрмысының, яғни  мінез  құлқының  өзгермей,  өспей
отыруының негізгі бір себебі-қазақ арасындағы әйел деген көзқарасқа  тікелей
байланысты деп біледі. Автор бұл мақалада  әйелдің  қоғам  өмірінде  атқарар
рөлін  ғылым жолыменпсихологиялық, педагогикалық,  философиялық  дәйектермен
дәлелдей келіп: «Адам болып қалғың келсе, тағылымыңды, бесігіңді  түзе!  Оны
түзеймін десең, әйелдің халін түзе»,-қорытынды ойын айтады.
    Ал, «Қайсысын қолданамыз?» және тақырыбы жағынан соның тікелей  жалғасы
болып  саналатын  «Ғылым  тілі»  сияқты  мақалаларында  М.   Әуезов   ғылыми
терминология мәселесін сөз етеді. Халықты ағарту  жолында,  ғылымды  тарату,
дамыту үшін ғылыми терминнің бір қалыпқа, бір  жүйеге  түсуінің  маңызы  өте
зор. Сол кездегі қазақ зиялыларының  бір  тобы  Ресейдегі,  не  Қазақстанның
өзіндегі  орысша  оқу  орындарынан   шықса,   екінші   бөлігі   Қазан,   Уфа
қалаларындағы  медреселерді   бітірген.   Міне,   осы   жайларды   оқығандар
арасындағы екі ұдайы алалықтан  туар  зиянды  салдарды  аңғарған  М.  Әуезов
ғылыми термин мәселесін дер кезінде  көтеріп,  көпшілік  талқысына  ұсынады,
бұл бағыттағы өз ізденістері мен мен ғылыми негіздегі шешімдерін баяндайды.
    М. Әуезовтің «Қазақ ішіндегі партия неден?» (бұл жерде партия деген сөз
жік мағынасында -Ә.Н.) деген мақаласында ел ішіндегі алауыздылық,  жікшілдік
сияқты теріс әлеуметтік құбылыстың шығу төркініне жауап  іздеу  бар:  «Әрбір
халықтың өзгеден өзгеше халықтығында  екі түрлі шарт бар.  Оның  бірі-   сол
халықтың  кәсібі,  екіншісі-   жұрт  тәртібі»,-  дей  келіп,  олардың  қазақ
даласындағы  өзгеру,  шығу  тегінен   хабардар  етеді,  осы  жайлардың  адам
болмысы мен санасына, психологиялық қалпына, сол арқылы бүкіл көзқарасы  мен
салт-санасына қалай  әсер  ететіндіктеріне   нақтырақ  тоқталады,  қоғамдық-
әлеуметтік мәні бар тұжырымдар жасайды.  Сондықтан  жоғарыдағы  екі  шарттың
екеуі де басынан аяғына  дейін  әлеуметтікәділеттілік  тұрғысынан    шешілуі
керек. Өйткені, «Әділеттілік жоқ жерде ұрлық, жала, зорлық көбейеді,  көптің
азға күштінің әлсізге көз алартуы туады, бұлар ел ішіне  жік  салып,  жұртты
қоздырады.  Бұған  басшылардың  жуандық  құмар  мінездері  қосылады,  оларды
қоршаған  жағымпаздар  пайда  болады,  осыдан  барып  екінші  партия   (жік)
шықпасына ешкім кепілдік бере алмайды.»
    М. Әуезовтың ойынша , осы жікшілдікке қарсы қоятын үш түрлі құрал  бар.
Біріншіден, ел басындағы кісі әділ, оқыған, кез келген істі  тез  бітіретін,
жауапкершілігі зор адам болуы керек; екіншіден, кәсібі жоқ, жұмыссыз  жүрген
адамдарға жұмыс тауып беріп, оларды жалшылықтан құтқаруы  керек;  үшіншіден,
еңбекке ынталандырады, жемісін көрсетеді.
    «Мәдениетке қай кәсіп жуық?» атты мақаласында ол «осы күнгі адам баласы
тұтынып жүрген кәсіптерді», оның ішінде, «ертеден адам  баласының  ұзын-ырға
тарихымен қол ұстасып келе жатқандарын»  саралап  өтеді.   Мұнда  М.  Әуезов
халықтың мінез-құлқына, сана-сезіміне, жалпы тұрмыс-халіне  «сыртқы  өмірдің
ыңғайы, отырған жерінің табиғат жағдайы және тұтынған кәсібі әсер  етеді.»,-
деген зор дүниетанымдық мәні бар пікір ұсынады.
    М. Әуезовтің «Абай »  журналында  жарияланған,  көлемі  жағынан  шағын,
бірақ оқырманға қоғам өміріндегі ғылымның алатын орны туралы терең  мағлұмат
беретін «Ғылым» атты мақаласының да орны  ерекше.  Бұл  еңбегінде   ғылымның
дамуын адамзаттық даму жолдарымен диелектикалық байланыста  алып  қарап,  ол
жүйелі пікірлер айтады.  Ол жалпы өмірджегі әлеуметтік,  саяси  және  рухани
процестерді, соның ішінде ғылымды да материалдық  өмірдің  өндіріс  әдістері
туғызатынын нақтылы  ескерткен.  Мақалада  ағартушылық  бағыт  ұстанған  жас
Мұхтардың  кейбір  сыртқы  тілегінен  туған  тұстары  да  бар.  Бұл  жердегі
ескертетін  бір  жәй-  адамның  тілек-талабынсыз,  бағдар-мақсатынсыз  ғылым
жолында  өрге басу мүмкін емес екендігі.
    Әйтсе де жас Мұхтар түгел субьективті позиция  ұстаудан  мүлдем  аулақ.
Мұның дәлелі ретінде оның ауыл  шаруашылығы  ғылымдарының  дамуы  мен  пайда
болуы туралы ойын  келтіруге  болады.  Ол  адам  баласының  өсіп-өну,  соған
байланысты жер байлығын игеру, тамақ өнімдерін шығару қажеттігі туралы  айта
келіп, ... ел бұған амал тапты. Мал бағу, егін салу секілді  кәсіп  шығарды,
бірте-бірте  осылармен  айналысатын    шаруа    ғылымы   көркейіп,   гүлдене
бастады», -деп көрсетті. Бұл «... адамзат  өзінің  алдына  әрқашан  тек  өзі
шеше алатын міндеттерді ғана қояды,,  өйткені  анықтап  қарағанда  әрқашанда
міндеттің өзі тек оны шешуге қажетті  жағдайлар  болып  отырған  кезде  ғана
туатынына сай келеді.»
    Адам баласының табиғат құпиясын меңгерумен қатар өздерін де зерттеу мен
тану, мінез-құлық, адамшылдық, ақтық пен шыншылдық, алауыздық  пен  арамдық,
жақсы мен жамандық  қайдан  деген  де  сұрақтар  мазалаған.  Осыларға  жауап
іздеген ойшыл: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес,  өскен  орта,
көрген  үлгі,  өнеге  білетіндігінен  және  түзелу,   бұзылу   жас   уақытта
болатынын, көпшілікті адамшылдыққа жеткізу үшін жас буынды тәрбиелеу  қажет»
екендігін айта келіп, «адамшылдықты таза жүргізу үшін  көп  ой  керек,  олау
үшін оқу керек, оқу әр тараптан  мағлұмат  беріп,  хахиқатқа  баланың  көзін
жеткізіп, көңілін жақсылықпен тәрбие қылу керек...»,- деп түйеді өз ойын.
    Сол  заман  тұрғысынан  қарағанда  жас  Мұхтардың   мәдениет   мәселесі
төңірегіндегі пікірлері де өте құнды. «мәдениет  пен  адамның  дүние  жүзіне
алғаш  келгенін осы күнге шейін тапқын білімі мен  һәм сол  білімге  сүйеніп
істеп отырған өнерін айтамыз»,-деп  жазады  ол  өзінің  «Мәдениет  һәь  ұлт»
деген еңбегінде. Әрі қарай ұлттың гүлденіп дамуы,  оның  өсіп  өрбуі,  ғылым
дәрежесіне тікелей байланысты, өйткені «ғылым мен мәдениет  барлық  дүниенің
алтын алқасы болып отыр. Осы күнде мәдениет жерде-суды,  ауаны,  аспанда-ай,
жұлдыз, күнді билейді»,-дейді. М. Әуезовтың түсінігінше, ұлттың дамуы,  оның
жалпы мәдени өркендеуі өскен ортаға, тұрмыс тіршілігіне, ұстанған  жолдарына
тікелей байланысты және мемлекет ұстанған  экономикалық,  әлеуметтік  саясат
осы мәселелерді шешудің негізгі тұтқасы болып табылады.
    М.  Әуезовтің  «Абай»  журналының  екі  санында   (№4,5)   жарияланған,
жұртшылыққа Жапонияның екі ғасырлық даму жолынан нақтылы  тарихи  мәліметтер
беретін  келесі  бір  мақаласы  «Япония»  кең  көлемде  жазылған  әлеуметтік
бағыттағы  очерк  десе  де   болғандай.   Мақалада   сол   кездегі   Азиялық
мемлекеттердің ішінде нарықтық дамудың біркелкі жоғары сатысынан орын  алған
Жапонияның саяси, әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени-рухани  өсу  жолдары
тарихи тұрғыдан талданады.Оның кемшіліктерін  ашық  сынап,  жетістігін  үлгі
етіп ұсынады.Мәселен, ол бұрынғы Жапон патшалықтарының батыл  саяси  өзгеріс
жасаудағы жасқаншақтығын, жаңалықты тез қабылдауға  деген   енжарлық  сияқты
осал  жақтарын  сынай  келіп,  олардың  жеме-жемге  келгенде  «өз   халқының
жетілуіне зияндары тигенін, оны тежегенін» тілге тиек етеді.  Айлалы,  азулы
жауға  өзінің  ұстап  келген  қаруларындай  қару  ұстап,   өзінің   сүйенген
тәртібіндей тәртіпке сүйенбесе басқа ылаж болмайтынында ескертеді.
    Жазушының пайымдауынша, елдің өркениетті жолмен  ілгерілеуіне  көптеген
жағдайлар   қажет.   Жапонияның    даму   барысында   әсер   еткен   нақтылы
бағыттар:ұлттық намыс,патриотизм, басқа халықтарға ұлттық намысын  жібермеу,
елдің  және  сыртқы  жағдайларын  шеберлікпен  үйлестіре  білу,  Конституция
негізінде басшылық жасау, үкімет басындағы кісілерді халықтың  өзі  сайлауы,
әйелдердің әлеуметтік орны, сауданың өсуі,  елдің  кірісі  мен  шығысы,  оқу
жолына бөлінген қаражат, діннің таралуы, ғылым жәйі т.б. .
    Осыларға байланысты сол тұста қыр қазағы үшін өте  сирек  және  аларлық
қажетті жағдай болып көрінетін Жапонияның жоғарыда аталған салаларды  дамыту
 барысы туралы нақтылы  деректер  келтіреді.  Біздің  ойымызша,  бұрын-соңды
қоғамтанушы  ғалымдарымыз  бен  әдебиетшілеріміз  назарына   ілінбеген   бұл
социалогиялық очерк арнаулы зерттеуді қажет ететін сияқты.
    М.Әуезовтің    жас    шағындағы    дүниетанымдық    ізденістері     мен
шығармашылығының құндылық  бағыттарын  анық  көрсететін  ьақалаларының  тағы
бірі - өз тұсында терең ізденіспен жазылған  «Философия  жайынан»  мақаласы.
Ол ғылымдар тарауының түйіскен жері-  философия  деп  есептейді,  оны  терең
ойдың  ғылымы,  адамның  ақыл  аумағын  кеңейтетін,  ақиқатқа   жетуге   жол
көрсететін, адам санасы мен танымын дамытатын ғылым деп түсіндіреді.
    Жас Мұхтардың философия мен діннің ара қатысын ашуға талпынуы,  әсіресе
дін  ауқымының  кеңдігін,  оның  ақылдан  бұрын   жүректі   тәрбиелейтініне,
мінезділікке үйрететініне  оқырман  назарын  аударуы  танымдық  тұрғыдан  да
құнды. Аталмыш жұмыста ол философияның  мынандай  бөліктері  мен  тарауларын
қарастырады: гносеология, логика, психология, философия тарихы,  метафизика,
онтология,  рационалдық  теология,   рационалдық   космология,   рационалдық
психология  деп  бөледі.Әрі  қарай  философия  тарихын:   ескі   және   жаңа
философияға бөліп, қазақ танымына ыңғайлап,  Фалестен  немістің  классикалық
философиясына дейін желі арта  отырып  түсіндіреді.Өз  мақаласын  «философия
адамшылық жолындағы  қараңғы  қалтарыстарда  қолға  ұстайтын  шамшырақ»  деп
аяқтайды.
    Жалпы,  біздің  ойымызша,  М.Әуезовтің  1918-1930  жылдар  аралығындағы
басылымдарда  жарық  көріп,  белгілі  себептермен  ұзақ  уақыт  бойы  ғылыми
айналымға түспей, сондықтан да  көпшілік  игілігіне  толық  айнала  қоймаған
мақалаларына алдағы уақытта арнаулы зерттеу жасау- қазіргі уақыт талабы.
    М.Әуезовтің жоғарыда аталған мақалаларында айтылған  ойлары,  теориялық
тұжырымдары мен идеялық ізденістері қазіргі  үшін  қарапайым  болып  көрінуі
әбден мүмкін. Алайда,  тоталитарлық  замандағы  идеологиялық  күрес,  таптық
тартыс, жағдайында жарық көрген  жас  Мұхтар  туындылары-  біздер  үшін  өте
құнды мұра. Сондықтан, әуезовтану ісін  дүниетанымдық  тұрғыдан  алғанда  да
көңіл аударуға тұрарлық іс.
    М.Әуезов, ең алдымен, ғалым-жазушы, көркем  ойдың,  сол  арқылы  көркем
идеяның алыбы. Бұл ой мен  идея  асқақ  міндет,  мұрат-мақсат  ретінде  оның
бүкіл саналы өміріне, құлшыныс-құштарлығына қанат беріп, өзекті  тақырыбының
арқауын анықтап берді. Ал Әуезов сынды ғұлама-жазушы  өзі  үшін  мұны  бүкіл
өмір жолының ең басында-ақ айқындап алған болатын. Ол-Абай  тақырыбы.    Жас
Мұхтар Абай өлеңдерінің қолжазба жинақтарын оқып сауатын ашты, бала кезінен-
ақ оның ақындық әлемінің құдіретті қуатын бойына сіңірді, сонан  соң  өзінің
өлшеулі өмірін түгелдей ұстазының шығармашылығы  мен  мұрасын  зерттеп,  оны
тануға, насихаттауға, басқаларға  танытуға  арнады.  Бұл  күндері  Әуезовтің
табандылығы болмаса оқырмандардың  бүгінгі  ұрпағы  Абайды,  ол  арқылы  сол
замандағы қазақ қоғамының даму динамикасын  танып  біле  алмаған  болар  еді
деуге біздің толық хақымыз бар.  Ғұламаны  тек  ғұлама  ғана  түсінеді  және
таниды.
    Жоғарыда айтылған «Абай» журналында да  ғылымның,  саясат  пен  өнердің
мейлінше  әр  алуан  тақырыптарына   арналған   мақалаларымен   қатар   Абай
шығармашылығы туралы да жазылған  мақалалары  кездеседі.  1923  жылы  Мұхтар
Омарханұлы «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деген тарихи-әдеби  сынжазады,
онда Абайға едәуір орын берілген. Бұл еңбек кезінде барынша  танымал  болды,
жалпы  ұлттық  бас  ақын  ретіндегі   Абайға   деген   қоғамдық   көзқарасты
қалыптастырады.
    Бұрынғы Кеңес үкіметі тұсында орыс совет әдебиетінің  20-30  жылдардағы
даму кезеңі белгілі дәрежеде жақсы зерттелген. Осы кезде оларда түрлі  әдеби
бағыттар  мен  мектептер  де  өркен   жайғаны   белгілі.Бұл   жылдарда   ұлт
республикалары  да  творчестволық   жалынға   толы   болды.   Біздің   Қазақ
Республикасы да солардың қатарында еді,мұнда да Ахмет Байтұрсынов,  Міржақып
Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов  тағы  басқалар  сияқты  жарқын
таланттар  жарқырай  көрініп,  қайталанбас  тұлғалар  халқына  қызмет  етуді
алдарына ұлы мақсат тұтып еді. Әттеген-ай, қазіргі  қазақ  зиялылары  да  өз
халқына осындай қызмет жасаса, нұр үстіне нұр болар еді.
    Әйтпесе, Мағжан Жұмабаев:
    Азамат! Анау қазақ қаным десең,
    Жұмақтың суын апар, жаным десең.
    Болмаса, ібіліс бол да у алып бар,
    Тоқтатам тұншықтырып зарын десең!..
    деп ашына жазып, Міржақып Дулатов: ! «Оян, қазақ!» деп  жар  салып,  ал
Ахмет Байтұрсынов ұлтын ояту үшін «Маса» болып шығар ма еді.
    Бірақ күні кешеге дейін еліміз тәуелсіздік пен  егемендік  алғанша  біз
олар  жайында  үзік-үзік  мәліметтерге  қарап  қана  бағамдай   алғанбыз.Бұл
күндері олар жайлы жүйелі деректерді жүрегің сыздап отырып оқисың.
    Дәл  осы  жылдарда  Абайдың  бүкіл  шығармашылығын,   әсіресе,   ұлттық
философиясын «буржуазиялық қоқыс» деп тұрпайы-социологиялық  тұрғыдан  сынап
жатты.Бірақ  М.О.Әуезов  Абай  өмірін  табандылықпен  терең  жырлай   берді.
Болашақ роман-эпопеяның алғашқы беттері, Татьянаның Онегинге хатын  аударуға
арналған тарау дәл  сол  1937  жылы  жазылған  еді.Алайда,  осындай  аумалы-
төкпелі әлеуметтік кезеңде М.Әуезов алаңсыз творчестволық жұмыспен  айналыса
алмады. Тіпті  романға  біріеші  дәрежелі  Сталиндік  сыйлықтың  берілуі  де
сұмдық  байбаламнан  қорғай  алмады.  1951  жылы  шабуылдың   жаңа   толқыны
басталып, М.Әуезов пен Қ. Сәтпаев Мәскеуге  кетуге  мәжбүр  болды.  М.Әуезов
онда МГУ-де СССР халықтарының әдебиетінен сабақ берді. Тек  1954  жылы  ғана
отанына оралуға, алаңсыз шығармашылық жұмыс істеуге, өзінің ғаламат  еңбегін
аяқтауға тұңғыш рет мүмкіндік алды. Сөйтіп бұл еңбекке  1959  жылы  Лениндік
сыйлық берілді. Екі жылдан кейін Мұхтар Омарханұлы дүние салды.
    М.О.Әуезов  тоталитаризмнің  зардабынан  айтайын  дегенін  айта   алмай
арманда кетті.Бірақ ол миллиондаған  адамдардың  санасында  қазақтың  ұлттық
энциклопедиясы саналған ұлы  ақын  Абайдың  жарқын  бейнесін  қалдырды,  оны
бүкіл түп-тамырымен дәстүрлі халық  мәдениетінің  қалың  қойнауына  бойлаған
алып тұлға ретінде бейнелей отырып,  өз  үлтының  сана-сезімін  жаңа  сатыға
көтерді, қазақ әдебиетін дүниежүзілік мәдени  процеске  қоса  отырып,  бүкіл
Шығыс халықтарының, соның ішінде түрік  әлемінің  көркем  ойына  үлкен  әсер
етті.Шыңғыс Айтматов роман туралы былай деген  болатын:  «Бұл  роман-  бүкіл
түркі тілдес халықтардың,  оның  ішінде  өткендегі  көшпелі  халықтардың  да
адамзат мәдениетіне қосқан зор үлесі. «Абай»  эпопеясы  –  біздің  көркемдік
және әлеуметтік энциклопедиямыз. Бұл – біздің ортақ мандатымыз, біздің ұлан-
байтақ Еуразия кеңістігіндегі бүкіл  бастан  кешкен  заманымыз  тура  келген
бүкіл тауқыметіміз үшін, өз қазынамыздың жүйесін, өзіміздің  көркемдік  және
адамгершілік дүниемізді, өзіміздің ұлы  поэтикалық  сезімімізді  жасап,  қол
жеткізе алған бүкіл игіліктеріміз үшін берілген  есеп...  Әуезов  бізді  осы
мағнада алғанда  жалпы  жұрт  үшін  маңызды  көркемдік-  тарихи  ой-пікірдің
дүниежүзілік  деңгейіне  көтерді.   Дүниені   көз   алдыңа   келтіру   үшін,
басқалардың  көзіне  түсу  үшін,  адам  рухының   қадір-қасиетін   асқақтата
көтеріп, жар салу үшін өз биігің- Мұхтар  Әуезов  сияқты  асқар  шыңың  болу
керек. Біздің өзіміз  жайында  Мұхтар  Әуезов  көтерілген  биікте  тұрып  ой
түйеміз және басқа халықтармен сол биік арқылы араласамыз».
    Ал біз шыққан осынау биік бұл күндері өткенге байсалды, мұқият зер сала
қарауымызға,   объективті   ауқымдағы   оқиғалар   мен    алып    тұлғаларды
көтеруімізге, оларды әсірелемей де, көмескілемей де көрсетуімізге  мүмкіндік
береді.
    Абайды көтергенде,  халықтың  сана-сезімін  самғатқанда  Мұхтар  Әуезов
дүние жүзінің көз алдында өсіп-өркендеудің ең жақсы,  ең  адамгершіл  тәсілі
арқылы өзін де шырқау шыңға  шарықтатты.  Өйткені,  бұдан  басқа  қандай  да
болсын әдіс жеке  тұлғалар  мен  халықтардың  өмірлік  тәжірибесінде  өзінің
өресіздігін дәлелдеді.Тек тізе  қосып,  бір-бірімізді  қолдап,  көтермелеген
жағдайда ғана біз өзіміздің ұлттық  биігімізге  шыға  алмақпыз.  Ал  адамның
бүкіл әлеуметтік дүниемен  диалектикалық  өзара  қатынасының  осы  формуласы
Мұхтар Әуезовтің тағдырына  мейлінше  толық  көрініс  тапты,  бұл  тағдырдың
жоғары типтік және бірегей сипатын айқындады.
    Қазақ жазушыларының ішінде М.Әуезов алғашқылардың бірі болып, ұлы  Абай
тұлғасы арқылы  халқының  өткен  заманына,  өміріне,  тұрмыс-тіршілігіне-бір
сөзбен  айтқанда,  ұлттық  тарихына   көз   салды.   Ғылыми-көркем,   тарихи
ізденістер нәтижесінде ол бізге  халық  өмірінің  тұтас  бір  ғасырын  қайта
тірілтті, жеке адамдар тағдырының бүкіл дүниежүзілік  тарихи  тәжірибелермен
сабақтасып жататынын ашты, жазушы эпопеясының арқасында Абай  біздің  өтпелі
заманымызбен тілдесті, біздің дәуірімізге қайта  оралды.Сондықтан,  данышпан
Абай- қазіргі қазақ халқының рухани кеңесшісі.
    Жазушының  «Абай жолы» эпопеясының рухани мәдениетімізді дамытудағы зор
ролі  сол,  ол   Шәкәрім   қажы,   А.Байтұрсынов,   М.Дулатов,   М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов,Х.Досмұхаметовтердіайтпағанда,     50-ші     жылдарға      дейін
С.Сейфуллинсіз,  Б.Майлинсіз,  І.  Жансүгіровсіз   өскен   ұрпақтардыңрухани
дамуына аса ерекше әсер етті. Бұл жағдайда М.Әуезовтің «Абай жолы»  эпопеясы
тек жәй көркем-тарихи шығарма емес, ұлтымыздың сан ғасырлық тұстарын  көркем
оймен кестелеген, өз тұсында ұлтымыз  бен  халқымыздың  абройын  асқақтатқан
даналық дастаны, дала тарихы мен философиясы болды.
    Шындығында  да,  «Абай  жолы»  романы  –  өзінің  көркемдік-эстетикалық
әсерімен де, мазмұнының терең философиялық және тарихи  болуымен  де  бұрын-
соңды көркем мәдениетімізде болмаған құбылыс. Халық менталитеті  мен  өмірін
терең  білуі  жазушыға  қазақ  қоғамының  рухани  даму  сатыларын  шыншылдық
тұрғыдан, диалектикалық ойлау жүйесі негізінде түсіндіруге мүмкіндік  берді.
Халықтың ең үздік  өкілдерінің  бірі-Абай  бейнесі  мен  болмысы  арқылы  ол
өзінің  де   әчемдік  әлемімен   дүниетанымдық  көзқарасын  көрсетті.   Ақын
бейнесін сомдау барысында ол   данышпан  суреткер,  ұлы  ойшыл-жазушы  болып
қалыптасты. Абай сынды данышпанды Мұхтар сияқты  данышпан  ғана  танып,  оны
әлемдік мәдениет шеңберінде қарап, оның таңғажайып сыры мен құпиясын  ашады.

    Қазақ әдебиетінің қол  жеткен  табысы,  Қазақстан  руханы  мәдениетінің
қалыптасуы мен дамуы, өз тұсында  өөркендеп,  гүлденуі  М.  Әуезов  есімімен
тікелей байланысты сол себепті,  біздің  ойымызша,  жазушыынң  көркем-әдеби,
ғылыми шығармашылығын таңдау тек  қазақстандық  қоғамдық  және  философиялық
ойдың даму тарихын білу  үшін  ғана  емес,  халықтар  арасын  жақындастыруға
септігі  тиетін,  бүкіл  осы  заманғы  шығыс,  соның  ішінде  түркі   тектес
халықтарының философиясы мен психологиясын түсіну үшін қажет.
    Соңғы  жылдарда   халықтардың   рухани   мәдениетінің   көне   тарихына
қызығушылығы өскен сайын, М.  Әуезовтің  философиялық  және  ғылыми  мұрасын
зерттеу де ерекше маңызға ие бола бастады.  Бұл  жерде  де  табиғи  заңдылық
бар.  Өйткені,  бүкіл  адамзат  өркениеті  өтпелі  кезеңдегі  әр  елдің  ұлы
ойшылары  мен  зиялыларының   санасымен   ұғынылып,   олардың   еңбектерінде
зерделенген. Осыдан Жас егемен елдер мен азаттыққа қолы жеткен ұлттардың  өз
өркениеттерінің бір діңгегі рухани мәдениетінің бай тарихын  тану  барысында
олардың шығармашылықтарына қайта оралып, жаңаша ұғынуға  ұмтылыс  жасауы  да
заңды.
    Ал М.О.Әуезовтің теңдесі жоқ мұрасы,  оның  кезінде  әлемдік  әдебиетке
қосқан  іргелі  үлесі  –  романдары   мен   повестері,   драматургиясы   мен
әдебиеттанусаласындағы  шығармалары,  абайтану  мен  публицистикасы  бүгінгі
таңда да көмескі тартқан  жоқ.  Бұл  мұра  –  қазақ   халқының  мәдениетінде
қалыптасқан бай ұлттық қазына.М.О.Әуезовтің есімі екі  мәдениеттің  –  Шығыс
пен Батыс келбетінің құрыш қоймасын бейнелейді.  Егер  Абай  қазақ  халқының
өткен  замандағы  зиялылығы  мен  кемеңгерлігінің  асқар  шыңы  болса,   бұл
құдіретті бейнені романист қаламымен қайта тірілткен  Мұхтар  Әуезовтің  өзі
жаңа  замандағы  жаңғырған  қазақ   мәдениетінің   тарихында   асқар   шыңға
айналды.Зеңгір  аспандағы  бір-бірімен  біте  қайнасқан  қос  жұлдыз  сияқты
ұлттың аса көрнекті екі алып тұлғасының бұлайша ғажайып түрде  тұтасып  және
тілдесіп кетуі –  бүкіл  дүниежүзілік  әдебиет  тарихындағы,  көркем  ойдағы
өзіндік бір ерекше құбылыс.
    М.О.Әуезовтің  республикамыздың   рухани   мәдениетін   жетілдіру   мен
дамытудағы   орны   тек   Абайға   байланысты   ізденістермен,   абайтанумен
шектелмейді. Ол ұзақ жылдар бойы  Қазақ  мемлекеттік  университетінде  қазақ
әдебиеті  тарихынан   студент   жастарға   лекция   оқыды,   студеттер   мен
аспиранттардың  ғылыми  жұмыстарына   жетекшілік   етті.   Қазақстан   Ғылым
академиясының  академигі   ретінде   өмірінің   ақырына   дейін   республика
көмегіндегі әдебиеттану жұмысын жүйелеп, оған басшылық жасап, құнды  кеңесін
беріп жүрді. Оның тікелей жетекшілік етуімен,  болмаса  редалқа  мүшелігімен
қазақ халқының рухани мәдениеті мен тарихын танытуға зор септігі тиген,  бұл
саладағы ғылымдарға  қомақты  үлес  болып  қосылған  «Қазақ  совет  әдебиеті
тарихы»  (1948),  «Қазақ  совет  әдебиеті  тарихының  очеркі»  (1958),   мен
көптеген фольклорлық басылымдар жарық көрді.
    М.О.Әуезовтің қазақтың дүниетанымы мен рухани дүниесін дамытудағы орнын
айтқанда, жазушы – ғалымның қазақ әдебиетінің арна басы, халықтың ең  қымбат
тарихи ескерткіші деп бағаланған қазақ эпосы









             Дәріс №3.  Мұхтар Әуезов әдебиет тарихын зерттеуші.


    -  М.  Әуезовтің  қазақ  халқының  ауыз  әдебиеті  туындыларын   жинап,
жариялауға қосқан үлесі. Қазақ фольклоры жайлы ой-пікірлері. 
    - Қазақ ертегілері туралы зерттеулерінің ғылыми мәні. Эпостық  жырларды
зерттеп танудағы еңбектері. Қазақтың айтыс өнері туралы ой-толғамдары.
    - "Әдебиет тарихы" кітабының қазақ әдебиеттану ғылымында алатын орны. -
- Әдебиет тарихын дәуірлеу тәжірибесі. Көшпелі дәуір әдебиеті мен зар  заман
ақындары жайлы ой-пікірлері.  Жыраулар  поэзиясы  мен  оның  басты  өкілдері
туралы ой-пікірлері.
    -  Туысқан  халықтардың  фольклоры  туралы  еңбектері.  "Манас"  эпосын
зерттеп танудағы қосқан үлесі.
            
    М.Әуезовтің қазақ әдебиеті мен тарихындағы алар орнын оның  әдебиеттану
ғылымына  сіңірген  еңбектерінсіз,  атап  айтқанда  талант  қыры   жан-жақты
ғалымның   әдеби   сын,   теориялық   тұжырымдарға   толы   ғылыми   зерттеу
еңбектерінсіз толық күйде сипаттап, талдап шығу  мүмкін  емес.  Ол  –  қазақ
әдебиеттану,  фольклортану  ғылымының  негізін  салушы   ғалымдардың   бірі.
Әдебиетші ғалымның фольклор, әдебиет тарихы, әдебиеттер байланысы,  абайтану
мәселелері бойынша жазған еңбектері бір  ғана  қазақ  әдебиеттану  ғылымында
емес,  кешегі  кеңес  одағы  көлемінде  де  аса  жоғары  бағаланып  отырғаны
тарихтан мәлім.
             Ғалымның әдебиет тарихы, оның басталуы мен дамуы жайлы  айтқан
пікірлері мен ойлары өте маңызды. Өкінішке орай қазақтың  қоғамдық  өмірінің
дамуы жағдайларына сүйеніп айтылған  бұл  ойлар  кеңінен  өріс  ала  алмады,
керісінше  ғалымның  ұлтшыл  ретінде  айыпталуына   (1929-1932)   байланысты
тоқталып қалды. М.Әуезовтің бұл саладағы  алғашқы  күрделі  еңбегі  «Әдебиет
тарихы» (1927, Қызылорда)  пайдаланылудан  алынып  тасталып,  тіпті  идеялық
жағынан  зиянды  кітаптардың  қатарына  қосылды,  осылайша  халық  игілігіне
пайдаланудан тыс қалды. Бұл кітап  Қазақстан  өзінің  ғасырлар  бойы  күткен
тәуелсіздігіне қолы жеткеннен кейін ғана  «ұлтшылдық  ағым»  ақталып,  соған
қатысты тиым  салынған  әдебиеттер  ішіндегі  М.Әуезовтің  «Әдебиет  тарихы»
(Алматы,1991)  да  толық  күйінде  қайта  басылып   шықты,   сөйтіп   рухани
байлығымыздың алтын қорын толықтыра түсті.
             Қазақ халқының тарихи өткен жолын шолу мен оған  баға  беруде,
әдебиет туындыларын солармен  байланыста  қарастыруда  М.Әуезов  тұжырымдары
алғашқы ғылыми ойлардың басы деп  те  айтуға  әбден  болады.  Жазба  әдебиет
тарихын ғалым Әуезов әйгілі  Абылай  ханның  заманынан,  күміс  көмей  жырау
Бұқар жырау дәуірінен бастайды.  Бұл  айтылған  пікірлер  кейінгі  кезеңдегі
Қажым  Жұмалиев   еңбектерінде   («Қазақ   эпосы   мен   әдебиет   тарихының
мәселелері»,1968) дамытылып,  көп  уақыт  ғылымда  осы  жоба  үстемдік  етіп
келді. Одан арғы заманның деректері ол ғалымдардың қолына  түсе  қойған  жоқ
еді. Қазақтың ұлттық әдебиетінің тарихи жолы қазақ хандарының  тұсынан  (ХҮ-
ХҮІ-ғасырлар) басталып, жыраулар поэзиясы  үлгісінде  дамығаны,  олардың  ар
жағында жалпы түріктік  ортақ  мұралардың  жазба  әдебиетке  бастау  болғаны
кейінгі жылдары зерттеліп,  ғылыми  тұрғыдан  дәлелденді.  Соған  қарамастан
әдебиет зерттеушісі  Әуезовтің  жобасы  әдебиет  тарихының  алғашқы  сүрлеуі
есебінде аса бағалы.
             Абылай заманынан басталатын әдебиетті Мұхтар Әуезов «Зар заман
әдебиеті» деп (Шортанбай өлеңінің атын  алған)  атайды.  Оның  пікінше,  зар
заман  ақындарын  сол  дәуірдің  тарихи   жағдайлары   туғызған.   «Ақтабан-
шұбырындыдан  басталған  қазақ  қайғысы  кейін  орыс  патшалығына   бағынуға
ұласып», «ноқтаға бас  иіп,  асаудың  жуасып,  алыптың  басылған  уақытымен»
жалғасады. «Абылай заманынан бастап, -дейді Мұхтар, -жоғарыда саналған  екі-
үш тарихи өлеңдерді туғызған  оқиғаларға  шейін  өткен  мезгілді  алсақ  бұл
дәуір жүз жылдай уақытқа созылады.  Осы  жүз  жылдық  дәуір  қазақ  өмірінің
барлық суретін өзгертіп, бар өмірін екінші салаға түсіріп жібереді...  Бұрын
жаман-жақсы болса да өзінің ханы билеп, өз  бетімен  өмір  сүрген  ел,  бері
келгенде  әуелі  ханынан  айрылды.  Бұрынғы  хан  елдің  өзгеден  бөлек  бір
тіршілігінің белгісі сияқты болса, бері келген уақытта орыс үкіметінің  көз,
құлағы сияқты, болымсыз ғана төрешігі болып қалды.  Соңғы  уақыттың  хандары
қазақтың қасы, патша үкіметінің  тыңшысы  болды.  Шенге,  шекпенге  сатылған
сатымсақ ханның маңайынан өлекседен тараған сасық иістей толып  жатқан  ұсақ
төрешік, ұсақ би, ру жуандары шықты. Мұның бәрі патша өкіметінің жорға  құлы
болды. Ел тіршілігінің өзгеріп, азуға айналғанының  бір  белгісі  осы  еді».
Бұлардың  қатарына  автор  патша  үкіметінің  қазақ  жеріне  иелік  жасауын,
қалалар  мен  бекіністер  салып  орыстың  жерсіз  шаруаларын  қоныстандыруын
қосады. Бірінен соң бірі шыққан «закондар» ел шаруасын  қыса  бастайды.  Осы
мезгіл қазақ қауымының ішінен ел  мұңын,  ел  тілегін  жоқтайтын  екі  алуан
адамды шығарады, біреулері – заман халін қайғырып, елдің  мұң-зарын  жалынды
сөзбен суреттеген кемеңгер ақылшы қария, толғаушыл жырау,  сезімді  ақындар,
яғни ой батырлары болса, екіншісі –елдің ескі  күйін  қайтармақ  болған  қол
батырлар (Сырым, Кенесары, Исатай, Махамбет сияқты).
             Зар  заман  ақындарының  шығуын  М.Әуезов  ХІХ  ғасырдың  орта
кезінен бері  қарай,  Исатай,  Махамбет,  Кенесарылар  қозғалысынан  кейінгі
кезеңге  жатқызады.  Бұл   кезеңмен  Абылай  заманының   арасындағы   тарихи
байланыстарға лайық әдебиеттегі Кенесары жорығының артынан шыққан зар  заман
ақындарымен Абылай  дәуіріндегі  ақындардың  арасынан  сондайлық  үзілмейтін
жалғастық табады. Ол Абылай дәуіріндегі зар заман ақынын екі  топқа  бөледі:
бірі –  келер  күннің  жұмбағын  шешіп  беріп,  елге  өсиет  айтатын  қария,
екіншісі – толғау  айтқан  жырау.  Екеуінің  де  көпке  айтар  сөздері  өлең
күйінде  айтылып,  тақпақ,  толғау  болып  келеді.  Олар  –   елдің   ақылшы
кемеңгері, заман сыншысы, елді  меңгерген  хан  мен  бектің  ақылшы  уәзірі.
Қауым тіршілігінде саяси салмағы  зор  ақындардың  аузынан  шыққан  сөзі  де
қорғасындай ауыр, оқтай жұмыр өтімді болған.
             Зар заман әдебиетіне М.Әуезов ХІХ  ғасырда  болған  ақындардың
бәрін де қосады. Махамбетті оның басы санап, аяғын  Ы.Алтынсаринге  тірейді.
Аралықта нағыз зар заман әдебиеті ақындары  ретінде  мойындалған  Шортанбай,
Мұрат, екі ғасыр шекарасында  өмір  кешкен  Нарманбет  шығармаларына  талдау
береді. Айтыс ақындарынан осы топқа  Шернияз,  Досқожа,  Күдеріқожа,  тарихи
жыр  айтушылардан  Нысанбай  мен  Ығылманды  қоса  қарастырады.  Махамбеттің
көтеріліс жалауын көтеріп, тар  заманда  елді  күреске  үгіттеген  өлеңдерін
талдау тұсында ғалым онда алдан күткен үміт, тілек барын, соған жетем  деген
екпін, жалын барын атайды.
             Кітаптағы Шортанбай, Мұрат, Нарманбет шығармашылығына берілген
баға – қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы  бұл  ақындар  жайлы  алғашқы  пікір.
Олардың өлеңдерін Мұхтар Әуезов заман шындығымен салыстыра  отырып  байсалды
талдаған. Шортанбай, Мұрат өлеңдеріндегі заманның бұзылу суреттерімен  заман
адамының кейпі, Мұрат көбірек жырлаған қазақтың жерінің  алынуы,  қоныс  пен
өрістің тарылу идеяларының көрінісі сөз  болады.  Ақындардың  шындықты  айта
білу ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді. Нарманбетті автор зар  заманның  ақырғы
ақыны санайды. «Ол бұрынғы зарлы мұңның  бәріне  ақырғы  күмбезді  тұрғызып,
әдебиеттің бір ғасырлық дәуірін осы жоқтаумен тындырады» дейді.
             М.Әуезовтің бұл кітабы  ұлттық  әдебиеттің  даму  жолы  туралы
алғашқы сүрлеу болғандықтан, ол кітапта әдебиет  тарихына  қатысты  көптеген
деректер, жеке ақындар еңбектері өзінің толық бағасын ала қойған  жоқ.  Оның
негізгі себебі сол  кезеңдегі  аталған  ақындардың  шығармаларының  түгелдей
жиналып  басылмауы  басты  себеп  болған.  Жалпы  түйіндеп  келгенде  Мұхтар
Әуезовтің «Әдебиет тарихы» кітабы қазақ  әдебиеті  тарихын  жүйелеуде,  оның
тарихи сүрлеуін салуда  аса  маңызды,  тұңғыш  еңбек  болып  табылады.  Оның
негізгі қағидалары қазақ халқының сыртқы басқыншылық пен отаршылдыққа  қарсы
күресі  тұсында  туған  әдебиет  материалдарына  сүйеніп  жасалды.  Автордың
позициясында ел тағдыры, ұлт мүддесі жайында ойлану жағы басым келеді.
              Мұхтар  Әуезов  сол  кездің  өзінде  әдебиет  тарихы   «Қазақ
мектебінде ана тілінің іргесін нығайтып толық білім беру үшін» қажет  екенін
жете түсінген. «Әдебиет мектеп  ішіндегі  ақыл,  сезім  тәрбиелеп,  қалыптап
жетілуден басқа оқушыға қазақ деген елдің өткендегісі мен бүгіндегі  пішінін
танытуға керек» дейді ғалым.
             Әдебиетші ғалым Әуезовтің осы саладағы еңбектерін сөз  еткенде
ең алдымен тоқталып өтетін үлкен  бір  сала,  жемісі  мол  арна  бар,  ол  -
абайтану саласы. Осы ретте  академик  Зәки  Ахметовтің  «Абай  және  Әуезов»
деген еңбегіне аз кем тоқталып өтсек. «Абай  және  Әуезов»  деген  тақырыпты
сөз еткенде Мұхтар Әуезовтің  Абайдың  өмірі  мен  өнерпаздық  жолын  танып-
білуге қосқан үлесі көбірек айтылады. Мұның  өзі  екі  үлкен  сала.  Бірі  -
Әуезовтің Абайтануға, яғни Абайдың өмірі мен творчествосын,  оларға  қатысты
мәселелерді  баяндайтын  ғылыми  еңбектерін,  зерттеулері  мен   мақалаларын
талдап бағалау. Екіншісі - Әуезовтің  көркем  шығармаларында  Абай  бейнесін
суреттеуі...». Әрине,  бұл  екі  сала  бір-бірімен  тығыз  байланысты  екені
түсінікті,  алайда  мұның  бәрін  кеңінен  қозғап   талдап   шығуға   біздің
мүмкіндігіміз жоқ және алдымызға мақсат етіп  қоймаймыз  да.  Біздің  мақсат
ұлы Әуезовтің  Абайтану  ғылымына  қосқан  үлесі,  алар  орны  жайында  ғана
болмақ. 
             М.Әуезовтің ұзақ жылдар бойы жүргізген ізденіс  үстінде  туған
ой-пікірлері түгелге жуық «Әр жылдар  ойлары»  деген  атпен  басылым  көрген
монографиялық еңбегінде жарияланды. Еңбектегі назар аударарлық  ерекшелік  –
Абайдың әдеби мұрасының тұтас  қамтылып,  ақындық  мәдениеті  мен  көркемдік
шеберлігінің  даму  жолдары,  дүниетанымы  мен  рухани  өсуінің  эволюциясын
хронологиялық желіге сүйене отырып  әрі  ақын  творчествосындағы  өзгерістер
мен бетбұрыстардың  себебін  сол  дәуірдің  тарихи  шындығымен  сабақтастыра
қарап, сырын ашып саралауында жатыр.
             Елуінші жылдар ішіндегі зерттеулерінде  М.Әуезов  Абай  мұрасы
жайында кейбір талас тудырған  күрделі  мәселелерге  көңіл  аудара  бастады.
Әсіресе, Абайдың  әдеби  мектебі,  немесе  Абайдың  ақын  шәкірттері  туралы
қолдан  қоздырылған,  бірақ  ғылыми  ойдан  тыс,  саяси-идеологиялық  мақсат
көздеген теріс бағыттағы ой-танымдарымен  пікір  таластырып,  өз  көзқарасын
қорғау жолында күреске түсті. Ұтыстар да,  ұтылыстар  да  болып  жатты.  Бұл
саладағы күресте ақыры шындық жеңді.
             Түйіндей келгенде Абайтанудың негізін  салған  әрі  ол  мұраны
ғылыми тұрғыдан меңгеру жолында тарихи еңбек атқарған М.Әуезов артына  ұлан-
ғайыр көркем туындыларын, әсіресе, атақты  «Абай  жолы»  эпопеясы  мен  ұзақ
жылдарғы ізденуден туған ғылыми-зерттеу еңбектерін қалдырды.
    М.Әуезовтің әдебиеттану саласындағы еңбектері де сан алуан.  Соның  бір
шоғыры ауыз әдебиеті мұраларына қатысты жазған ғылыми-зерттеу еңбектері.  Ең
алдымен фольклор ғылымының қыр-сырына жетік М.Әуезов қазақ халқының аса  бай
ауыз  әдебиеті  мұраларын   ыждағаттылықпен   жинап,   баспасөз   беттерінде
жариялап, ғылыми тұрғыдан зерттеу саласында  өлшеусіз  еңбек  етті.  Осындай
тұрғыдағы ұдайы ізденістер, ғұмыр бойғы  жоғары  оқу  орындарының  филология
факультеттеріндегі  ұзтаздық  қызметтер,  сабақ  жүргізулер   ғалымға   ауыз
әдебиетінің  көптеген  жанрлары  туралы  іргелі  ғылыми  жұмыстар   жазуына,
жүргізуіне мол мүмкіндер беріп отырды.  Ауыз  әдебиетін  зерттеуді  М.Әуезов
шығармашылық өмірінің барлық кезеңінде жазушылық жұмысымен қатар алып  жүрді
десе де болғандай. Ғалымның 20-30  жылдардағы  көптеген  зерттеу  мақалалары
газет, журнал беттерінде үнемі жарияланып  отырды.  1939  жылы  Л.Соболевпен
бірлесе отырып жазған «Қазақ халқының эпосы  мен  фольклоры»  деген  көлемді
еңбегі – ғалымның есімін Одақ көлеміне  кеңінен  мәшһүр  етті.  Бұл  аталған
еңбекте қазақ фольклорының барша жанрына ғылыми тұрғыдан сипаттама берілді.
             М.Әуезовтің аса бағалы еңбектерінің  бірі  –  қырғыз  халқының
атақты  эпосы  «Манас»  жөніндегі  монографиясы.  Ғалым  «Манас»   жайындағы
зерттеулерін  де  үздіксіз  жүргізді,  өткен  ғасырдың  жиырмасыншы  жылдары
бастау алған ізденіс нәтижесінде ол елімізге  ең  танымал  манастанушылардың
қатарынан берік орын алды. Манастанушы маман жырдың шығу тегі,  тақырыптары,
көркемдік ерекшеліктері және жырды орындаушылар жайында  терең  де  тиянақты
ойлар айтты, яғни манастану  ғылымын  жаңа  сатыға  көтерді.  Әйгілі  жырдың
халыққа танымал нұсқаларын талдап, танып, олардың  тарихи-мәдени,  көркемдік
мәнін түсіндіруде М.Әуезов жасаған тұжырымдар манастану  ғылымындағы  шешуші
роль атқарғаны тарихи шындық, болған ақиқат.
             Әдебиетші ғалым қазақ халқының ғажайып  ертегілерінің  жанрлық
сипатын кең түрде анықтап, оның  ішкі  түрлерін  (қиял-ғажайып,  хайуанаттар
туралы, тұрмыс-салт ертегілері) жүйелеп талдады,  бұл  талдаулар  әлі  күнге
дейін өз құндылығын жойған жоқ. Ол ертегінің қаншама ғасырлар  бойғы  ауызша
айту дәстүрінің қазіргі таңдағы жазба прозаға да тигізетін  әсері,  игілікті
ықпалы жайында бағалы пікірлер айтты. Соның бірін ғалым былайша  сабақтайды:
«Көркем поэзияға ауызша поэзия қаншалық бөгетсіз,  сатысыз  көп  қор  құйған
болса, бүгінгі көркем прозаға да халықтың ауызша  әңгімесі  сондайлық  жатық
жолмен көп араласып, қабысып жатыр».
               Мұхтар Әуезовтің артында қалған бай  әдеби-ғылыми  мұрасы  -
драматургтің, оның қаламгерлік  қарымының,  ой-арманы  мен  мақсат-мұратының
биік мүдделері  туралы  сыр  шертуге  үлкен  темірқазық.  Әдебиетші-ғалымның
өлмес  туындылары  ұлы  суреткердің   жеке   басының   зиялылығының,   асқақ
азаматтығының, қаламгердің шығармашылық қызметте де, өмірде де  шексіз  адал
болуының жарқын өнегесі болып қала береді.

















              Дәріс №4.  М. Әуезов әңгімелерінің зерттелу тарихы

    М.Әуезовтің шығармашылық мұрасының күрделі де ажырамас бөлігін  құрайтн
20-жылдардағы  әңгімелерінің  зерттелу  тарихын   қарастыру   арқылы   қазақ
әңгімелерінің  даму,  көркею,  жаңа  сапаға  көтерілу  сипатын   анықтарымыз
белгілі.
    Әдебиеттің қадам алысымен бірге әдеби  сынның  да  қалыптаса  бастағаны
аян, бұл ретте М.Әуезовтің де баспасөз арқылы төл әдебиетіміздің  сол  күнгі
даму үрдісі жайындағы  толғамдарымен  оқырманмен  бөлісіп  отырғанын  айтқан
ләзім. Бұл жылдары прозаның алғашқы үлгілерін жасаушылардың алдыңғы  легінен
көрінген  М.Әуезовтің  де  төлтума  шығармалары  нысанаға  алынын  жетістік,
кемшілік жақтарын таразылау басталды.
      Суреткердің көркемдік әлеміндегі  алғашқы  тәжірибелері,  шығармашылық
ізденісі мен суреткерлік  даралығы  ХХ  ғасырдың  20-жылдарында-ақ  жазылып,
айтыла бастады. Жазушының өзі жайлы  баспасөзде  жарияланған  еңбектің  басы
«Сарыарқа» газетінде басылды, «Игілікті іс» деп аталатын мақалада  Ойқұдықта
«Еңлік-Кебек» пьесасының қойылып, оны М.Әуезовтің  ұйымдастырғаны  айтылған.
Бұл мақала жазушы жайлы жазылған талай толымды еңбектің төлбасы болуымен  де
аса  құнды   Мақала   жазылған   уақыттан   бүгінгі   күнге   дейін   Әуезов
шығармашылығы турасындағы ғылыми еңбектер тізімі  артып,  әуезовтану  саласы
кең қанат жая өркендеді.
    Жазушы шығармасына қатысты баспасөз арқылы Ж.Аймауытов , Ж.Орманбайұлы,
Д.Ысқақов,  С.Сәдуақасов,  М.Қаратайұлы,  Ғ.Тоғжанов   сынды   сол   тұстағы
әдебиет қамқоршылары өзіндік  түйіндеулерін  ортаға  салған.  Қазақ  сынының
басы, М.Әузовтің «Бәйбіше-тоқал» пьесасына  талдау  жасалған  «Қорғансыздар»
мақаласының авторы Д.Кәкітайұлы шығармаға ой кезімен  қарап,  орнықты  пікір
білдіреді.  «Турлі  ұсақ  кулық,  жіңішке  айла,   екіжүзділік,   опасыздық,
қиянатшылдықтардың жасырын ішке тыққан  найзалардың  бақталас,  бәсекелердің
түрлі тарау байланыстарын ашық түрде кестелей шешуден  һәм  тілмен  айтылған
әсерлі суреттерден  көреміз.  Қолға  алған  мәселесін  жете  тексеріп,  түзу
уғынып,  жарыққа  салғанын  байқаймыз»    деп  пьесаның  мазмұнын  қуаламай,
көтерген жүгіне, көркемдігіне баға берген.
    Әдебиетті таптан бөлмеу идеясы тұрғысында  байлам  жасаған  Ғ.Тоғжанов:
«Мұхтар жаңалықты, үлгіні өткеннен  іздейді,  қазақтың  баяғы  батыр,  шешен
биі, сал серісі, ерке қызы, міне, Мұхтардың үлгілі  адамдары  осылар»  деген
сын айтады.
    Көркем  әдебиет,  әдеби  шығарманың  қоғам  тіршілігін  қырағы  байқап,
байыпты зерделеп, терең сезіне білу және  тілек  етуден  гуындайтыны  айқын.
Қазақ әдебиетінде М.Әуезовтің салған сүрлеуі - реализм. Жазушы өз  ортасының
бар шындығынан алыс кете  алмаған,  заман  ақиқатын  әсіре  боямадан  қорғай
отырып, дәлдігімен, шындық өлшемімен берген.
    XX ғасырдың 20-жылдары  әдебиетке  бір  табан  жақын  жүргендердің  сын
айтуды машық көріп, асыра сілтеп,  сынап  қарағаны  жегігіартылған.  «Біздің
осы күнгі жазушы, сылшыларымыз көркем әдебиетті сынай қалса  жүлып  алғандай
белден қос аяқ салады. Орта белінен келіп бастайды. Көбіне  айтаіындары  осы
күнгі көркем әдебиетіміз қандай болуы керек. Қалайша басталуы жөн, ана  ақын
неге өткенді көксей береді, мына ақын неге  әлдеқашан  артта  қалған,  қазақ
ұлтының көрген кемшіліктерін  зарлайды»  деген    түйін    сын  айтушылардың
профессионалдық жақтан толыспағанын,  рухани,  ұлттық  сана  орнын  кеңестік
идеологиямен алмастырғанын аңғартады. XX ғасыр  басында  әдебиеттің  дамуына
үлес қосуға ниет еткендер легі артқанмен, олардың өзі сыңар  пікір  ұстанды.
Кейбірі кеңестік идеологияны қуана қуаттап,  жаңа  әдебиет  жасаудың  негізі
ескіні түп-төркінімен жоюда санаған және ғасырлар  бойы  қордаланған  әдеби-
мәдени мұрамыздың енді қажеті  болмасына  сенген.  Бұларға  ескі  әдебиеттің
құнарлы  тұсынан  үлгі  алмайынша  жаңа  әдебиеттің  пайда  болмасына  кәміл
сенгендердің пікірі  қайшы  келді.  М.Әуезовтің  шығармалары  төркінінде  де
«ескіні  аңсау  бар»  деген  айып  тағылады.  Жазушы  шығармаларына   мұқият
үңілсек, кейіпкерлері арасында астамшылық жасап, әдемі, жеңіл  өмір  сүргені
жоқ. Басымы - өзгенің илеуінде кетіп зар-мұң  арқалағандар,  екінші  бірі  -
кеңес қызметіндегі қарапайым адамдар. Түртпекке  негіз  боларлық  өрескелдік
көрінбегенімен,  қалайда  сүріндірудің  амалын  іздеушілер  де   жоқ   емес.
Дегенмен, тек «түрі ұлттық», «мазмұны  социалистік»  шығармалар  жазуға  ден
қойылған  тұста  Әуезовтің  көркемдік   қуаты   күшті   туындыларын   жоғары
бағалаушылар тағылған мінінен  арши  отыра,  өз  деңгейінде  талдауға  негіз
қойған.
    М.О.Әуезовтің есімі қазақ арасында  Абай  журналына  колемді  мақалалар
жазуы арқылы, ал бұрынғы көп ұлтты Кеңес өкіметінің көлеміне  араға  он  жыл
сала  кеңінен  танылды.   1929   жылы   Мәскеуде   жарық   көрген   «Әдебиет
энциклопедиясында»:  «Ауэзов   публицист,   критик   и   историк   казахской
литературы. В литературе Казахстана Ауэзов как драматург  занимает  почетное
место.  Его  драма  «Каракоз»  с  изумительной  чуткостью   и   исторической
правдивостью восстановившая  национальные  и  бытовые  особенности  народных
певцов Казахстана получил 1-ую премию на конкурсе драматургов в  1926  г.  в
Кызыл-Орде. Особое место занимает  также  «Байбачи-Токал»  (жены-соперницы)»
деп жазылған.
    М.Әуезовтің шығармашылығы жөнінде жазылған еңбектің саны 1917-40 жылдар
аралығында 140-тан асқан,  олардың  басымы  драмалық  шығармаларын  талдауға
арналды. М.Әуезов әдебиеттегі алғашқы қадамын өлеңмен бастайды.  Алайда  бұл
жөнінде естеліктерде ғана айтылғанымен, толымды дерек  жоқ.  Өмірбаяндарының
бірінде өзі де балалық шақта ақындыққа әуестенгенін жасырмаған. Өлең  жазуды
қай уақыттан бастады және ол қандай тақырып қозғап, нені  өзек  етті  -  бұл
әлі күнге дейін зерттеушілердің  алдында  тұрған  түйіні  қиын  сұрақ,  басы
ашылмаған мәселе.
    Ишмұхамет Әлин  өз  естелігінде  М.Әуезовтің  15-16  жасында  көркемсөз
жазуға бейім болғандығын айтады. Бірақ, оның  қандай  талпынысын  байқағаны,
қандай негізге сүйеніп айтқаны беймәлім. Т.Жұртбайдың «Бесігіңді түзе»  атты
еңбегінде Мәден Түсіпбаеваның М.Әуезовтің уыты мен сатирасы мол «Маса»  атты
сықақ-әңгіме  жазғаны  жөніндегі  дерегін  келтіруі  -  жазушы  шығармашылық
жолының әлі күнге беймәлім тұсы барының айғағы. Сондықтан, ақиқатына  жетуде
сүйенерге негіз болмағандықтан 1917 жыл «Алаш»  газеті  бетінде  жарияланған
«Қазақтың өзгеше мінездері» атты мақаласы  мен  тыңнан  түрен  салған  қазақ
драматургиясының басы  «Еңлік-Кебек»  ұлы  тұлғаның  шығармашылық  жолындағы
алғашқы  қадамдары  саналады.  Ұлттық   баспасөздің   алғашқы   қарлығаштары
«Сарыарқа», «Абай», «Қазақ тілі», «Шолпан», «Сана»,  «Ақ  жол»  -  жазушының
шығармашылық қасиетін шыңдап, тамаша туындыларының кеңінен  танылуына  ықпал
еткен басылымдар.
    Жазушының  алғашқы  он  жылда  жазған  шығармаларын  екшеп,  табиғатына
үңілсек, оның кейінгі шығармаларынан бөлектігі айқын аңғарылады.  1932  жылы
жазған ашық хатына дейін қаламгер дала тіршілігін, қазақ өмірінің  тартысты,
қайшылықты тұстарын ерекше шынайылықпен суреттесе, оның  кейінгі  жылдардағы
шығармаларында өкіметтің талабын көп  ескергендігі  байқалады.  Басына  қара
бұлт үйірілген осы жылдардағы қасаң саясат М.Әуезовті өз  туындыларынан  бас
тартуға да мәжбүр етті.
    С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Тоғжанов , Е.Ысмайыловтардың  өткір  сындары
«Қаракөз»,  «Хан  Кене»  пьесалары    теңірегінде    өрбіді.     Сыншылардың
пікірінше, Әуезовтің бұл шығармалары оның  түпкі  арман-тілегінің  көрінісі.
Сондықтан, М.О.Әуезовтің    30-жылдардағы  шығармашы-лығының  келесі  кезеңі
кеңестік санаға сай  тақырыпқа  ойысып,  публицистік  еңбектері  мен  көркем
шығармаларында     қарапайым    адамда    тағдыры,    индус    -трияландыру,
колхоздастыру сынды ірі  мәселелер  көтерілді,  сонымен  қатар  бұл  жылдары
жазушының «Абай» романы жазылды.  Бұл  -  М.Әуезов  шығармашылығына  байыпты
баға беріліп, ғылыми-зерттеу еңбектердің дүгшеге келе бастаған тұсы.  Жазушы
шығармаларының  сонылығы,   көркемдігі,   маңызы   жайлы   Б.Кенжебаев   пен
Шаңғытбаевтың  ,  С.Мұқановтың,  Т.Нұртазиннің  ,   Мұстафиннің   еңбектері,
сонымен қатар орыс тілінде А.Фадеевтің  ,  З.Кедринаның  ,  Ю.Лебединскийдің
еңбектері жарық көріп, жазушының шығармашылық қасиеті А.Нұрқатовтың  «Мұхтар
Әуезов», М.Сильченко мен Смирнованың «М.О.Әуезовтің  творчестволық  жолы»  ,
Е.Лизунованың, Ы.Дүйсенбаевтың «Мұхтар Әуезов»  атты  монографиялық  зерттеу
еңбектерінде сарапталды.
    Ұлы тұлға мұрасын  зерттеу,  талдау  жолында  М.Қаратаев  ,  С.Мұқанов,
Е.Жанпейісов  ,  Р.Нұрғалиев   сынды  зерттеушілер   тың   пікірлер   айтып,
шығармаларының көркемдік құндылығына үңілді.
    Исі қазақтың бар болмыс-бітімін бойына сидырған «Абай»  романының  1949
жылы жарық  көруі  М.Әуезовтің  шығармашылық  қасиетінің  жоғары  бағаланып,
романның көркемдік қуаты мен тіл сұлулығы  турасындағы  зерттеу  еңбектердің
жарыса жарық көруіне әкелді. Жазушының ғұламалық келбетін  танытқан  зерттеу
еңбектің қай-қайсысы болсын, оның  өмірі  мен  өскен  ортасы  жайын  айналып
өтпеген. Жазушының өмір тәжірибесіне кемеңгер  Абай  дәстүрінің  ықпал  етуі
зерттеушілер назарынан тыс қалмады.
    Ұлы жазушы өміріндегі өресі биік  шығармалары  арасынан  1917-1929  жыл
аралығында  жазылған  әңгімелері  мен  драмалық  шығармаларын  екшеп   алып,
ғалымның  қаламгерлік  құдіретінің  қыр-сырына    терең    бойлауға     ниет
қойған  зерттеуші  Ы.Дүйсенбаев  болатын.  Жазушының  шығармашылық   жолының
алғашқы он жылындағы еңбектерінің идеялық астары  мен  ой  көріктілігі,  тіл
сұлулығына тоқталып, сындарлы зерттеу еңбек жасады.
    Тыңнан түрен салу, жаңа, жақсыға ұмтылудың әсіре  қажеттілігіне  өзгені
тәнті етіп,  еліктіру  -  кез  келгеннің  бойына  дарымаған  қасиет.  Бұл  -
табиғаттың тым  сирек  құбылыстарының  бірі.  Олай  болса,  халықтың  рухани
дамуына ұлы Абайдан  кем  үлес  қоспаған  Әуезовті  табиғат  ананың  халқына
берген үлкен сыйы деп қабылдаған абзал. Қазақ драматургиясының  алтын  тасын
М.Әуезовтің қалауының өзі, оның  өзгеден  биік  өресі  мен  парасаттылығының
айғағы.
    М.Әуезовтің  драмадағы  түңғыш  еңбегінің  заманалар  қойнауына  кеткен
ғашықтық  жайлы  ауыр  оқиғаға  арналуы   да   тарихын   таразылап   білуге,
кешегісінің  ақиқатына  жетуге  ұмтылған  азамат  ісі.   «Ұлттық   топырақта
драматургиялық дәстүрдің жоғына қарамай, елдер  әдебиетінен  үйрене  отырып,
Әуезов жанр шарттарына толық жауап бере  алатын  трагедия  жасады.  Сюжеттік
желінің   тартылуы,   композиция   құрудағы   шеберлік   қаламгердің   драма
заңдылықтарын жақсы  білгендігін  көрсетеді»,  -  дейді  ғалым  Р.Нұрғалиев.
М.Әуезовтің   драматургиядағы   қарымды   еңбегін    түпкілікті    зерттеген
Р.Нұрғалиев  Семей  жерінде  жазылып,   алғаш   сахналанған   «Еңлік-Кебек»,
«Бәйбіше-тоқал»,   «Қаракөз»   пьесаларының   ішкі   ерекшелігін,   тұтынған
мақсатын, жазылу жайын үңги қарады.
    М.О.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық  мұрасы  бойынша  «библиографиялық
көрсеткіштер» 1958, 1966, 1968,  1972   жылдары  жарық  көрді.  Бұл  еңбекте
Әуезов  шығармаларының  жариялануы  және  оның  өмірі  мен  шығармашылығының
зерттелуі   жайындағы   еңбектер,   шетел    тілдеріндегі    библиографиялық
мағлұматтар қамтылған еді. Ал М.Әуезовтің  қолжазба  мұрасы   атты  мазмұнды
еңбек  жазушының  жеке  өз  архивінде  сақталған  түрлі  қолжазбалар,  қойын
дәптер, газет-журналдар қиындылары еніп, ғылыми сипаттамаға түсірілді.
    Ұлы тұлғаның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында өмірі мен  шығармашылығына
қатысты  барлық  құжаттар,  деректер  бір  ізге   түсіріліп,   толықтырылып,
хронологиялық тәртіп бойынша жүйеленіп, ғалымдық, педагогтік  және  қоғамдық
қызметтеріне қатысты қызықты деректер «М.О.Әуезовтің өмірі мен  шығармашылық
шежіресі» атты кітапқа енді. Дегенмен, бұл еңбек  әлі  де  толықтыра  түсуді
қажетсінеді. Ұлы дарын иесінің сиясы кеппеген  күйінде  жоғалып  кеткен  «Ел
ағасы» пьесасы мен «Сұғанақ сүр» атты  повесінің,  орыс  тілінен  аударылған
бірнеше шығармаларының және  20-жылдары  жазылған  туындылары  қолжазбасының
табылмағаны осыны айғақтайды.
    М.О.Әуезов шығармаларының жинағы көзі тірісінде, 1955-1957  жылдары,  6
том болып жарық көрді , кейіннен 1967-69 жылдары 12 томдық, 1979-85  жылдары
20 томдық жинағы жарияланды . Бірақ, жазушының  кесек  ойлары,  кейбір  міні
көп, тәрбилік мәні жоқ саналған  шығармалары  көлеңкеде  қала  берді.  Соның
бірі - 1927 жылы жарыққа шыға салып тәркіленген «Әдебиет  тарихы»  еңбегі  .
Кейіннен тарихты, әдеби мұраны  тану  мәселесі  көлденең  қойылған  тұстарда
жазушының әдебиеттің тарихы жайлы еңбегі 20 томдық шығармалар  жинағының  16
томына қысқартылып енді. Едіге, Ерсайын, Шора батыр  жырлары  Нысанбай  ақын
жайындағы зерттеуі қысқартылып, түпнұсқа  мен  кейінгі  жарияланым  арасында
үлкен алшақтық пайда  болды.  Қазақ  әдебиеті  тарихын  зерттеудегі  күрделі
тұңғыш еңбек «Әдебиет тарихы» алғашқы қалпымен тек 1991  жылы  жарық  көріп,
оқырманымен  қауышты.   Жазушының   әр   жылдардағы   шығармалар   жинақтары
әуезовтануға қосылған үлкен үлес болғанымен, оның мол  мұрасын  толық  қамти
алмады. Жазушы шығармаларының елу  томдық  толық  ғылыми  жинағына  телегей-
теңіз мұрасы ғылыми  тексеруден  өтіп,  түзетіліп,  автордың  баспаға  алғаш
ұсынған нұсқасы мен  кейінгі  жарияланымдарына  текстологиялық  салыстырулар
жүргізіле жарияланды. Бұл жинаққа 1917-1969 жылдар аралығындағы  әңгімелері,
повестері, комедия,  трагедия,  драмалары,  мақалалары,  зерттеу  еңбектері,
аудармалары енді. Дархан  дарын  иесінің  1917-1919  жылдардағы  публицистік
еңбектері   қасаң   саясат   тұсында   жарияланбағаны,   көптеген   драмалық
шығармаларына  («Қаракөз»,  «Хан  Кене»)   ескілікті   дәріптеу,   көксеуден
туындаған деген  баға  берілгені  белгілі.   Жазушы   мерейтойы   қарсаңында
оның  өмірі  мен  шығармашылығына  қатысты  көлемді  зерттеулер  жарияланып,
саясат шылауына  түсіп,  өрескел  бұрмаланған  еңбектеріне  жаңаша  көзқарас
тұрғысынан   талдаулар   жүргізілді.   Мәселен,    З.Ахметов,    З.Қабдолов,
Р.Бердібай, Л.Әуезова, М.Мырзахметов, Р.Нұрғалиев,  Қ.Сыздықов,  Б.Майтанов,
Р.Сыздықова, М.Серғалиев, Т.Жұртбай, Б.Жақыптың ғылыми еңбектері  әуезовтану
саласын нығайта түсті.
    Әуезовтануға қомақты үлес қосып, жазушының  күрделі,  көркемдік  әлемін
ашу жолында түпкілікті зерттеу жасаған ғалым,  жазушы  Т.Жұртбайдың  еңбегін
ерекше атаған ләзім. Әуезов шығармашылығы мен өміріне  қатысты  тиянақталған
материал-дары негізінде «Бейуақ» (1990), «Бесігіңді  түзе»  (1997),  «Талқы»
(1997)   атты  көлемді  монографияларында  тың  тұжырымдар  жасап,   алғашқы
нұсқадан кейін жарияланбаған бір мақаласын ғылыми айналымға түсірді.
    Бертінге  дейін  жазушы  шығармаларының   көркемдік   сұлулығына   ғана
тамсанып,  тұшынған  болсақ,  Т.Жұртбай  ол  шығармалардың  шежірелі  Шыңғыс
жерінен тамыр  тартатынын,  әрбірінің  астарында  өмір  шындығы  жатқандығын
нанымды ете, тарихпен  сабақтастыра  отыра  ұсынады.  М.Әуезов  кейіпкерлері
қиялдан туындаған жоқ, әр кейіпкер артында  XX  ғасыр  басында  орыстандыру,
отарлау, ескімен  күресу  саясаты  туындаған  тұста  өмір  кешкен  қарапайым
адамдар бар.
    Заңғар жазушының өскен ортасы, туған жері, өмірінің  колеңкелі-күнгейлі
жақтарын  жүйелі  баяндап,   қоғамдық-жазушылық   еңбегімен   қоса   күрделі
көркемдік әлемінің сырын ашқан К.Оразалин  мен  Д.Досжанов  еңбектерінің  де
әуезовтануда ойып алар орны бар. К.Оразалин «Абайдан соң» атты  шығармасында
М.О.Әуезовтің балалық, бозбалалық, жігіттік  шағынан  мол  мағлұматқа  қанық
етсе, «Абай ауылына саяхат» еңбегінде де жазушы өміріне  қатысты  қызғылықты
деректер ұсынады.  Жарты  ғұмырын  Абай  кезі  кеткеннен  кейінгі  кезеңінің
шындығын жазуға арнаған Оразалин  ұлы  ақынның  ұрпақтарымен  біте  қайнасып
өмір кешкен Әуезовтің бар болмысын ашута тырысады. «Абайдан  соң»  романының
үшінші кітабы Әуезов емірінің Семей кезеңін  аша түсуде аса құнды.  Оразалин
жазушының кіндік қаны  тамған  жері,  өскен  ұясы,  қоршаған  ортасы,  жақын
туыстары жайындағы деректерді  кұрғақ  баяндамай,  Әуезов  үлгісімен  ұлттық
бояуды барынша пайдалана жазған.
    Ұлы жазушының 1919 жылға дейінгі өмір кезеңінде аздаған дау  тудыратын,
шешімін әлі күнге  толық  таба  қоймаған  мәселе  бар.  Ол  жазушының  Семей
қаласында оқуымен байланысты.  Абайдың  құрметіне  1914  және  1915  жылдары
әдеби  кештердің  өткені  белгілі.   М.Әуезов   өмірінің   Семей   қаласымен
байланысты тұсын айқындау ниетінде азды-көпті  тер  төккендердің  зерттеуші,
жазушы   қауымның   бірқатары   Әуезовтің    жоғарыда    аталған    кештерге
қатыспағандығын  айтса,  К.Оразалин  екі   кешке   де   Әуезовтің   қатысып,
ұйымдастыру ісіне араласқанын алға  тартады.  Ахмет  Әуезов  «Бала  Мұхтар»,
«Жас Мұхтар» атты кітаптарында  М.Әуезовтің  балалық  шағынан  мол  мағлұмат
береді.  Жазушының  өмірі  мен  шығармашылығының  шежіресін   жазуда   Ахмет
Әуезовтің еңбегі  негізгі  басшылыққа  алынып,  сілтеме  жасалатын  дереккөз
болуда. Бала Мұхтардың қырдағы қазақ балаларынан еш айырмасыз тірлік  кешуі,
зеректігімен танылып, болашағынан белгі беруі  А.Әуезов  естелігінен  мағлұм
етіледі.
    Жазушы өміріне қатысты деректердің дәлдігі, нақтылығы бәсеңдеу  тұсы  -
оның алғашқы өмір жолына қатысты. Яғни балалық, шәкірттік  шағынан  мағлұмат
беретін  дәлелдер  солғын,  сәйкессіз  тұстар   басым.   Тәуелсіздікке   қол
жеткізгелі бергі  он  жылда  еліміз  өркениет  жолында  көптеген  табыстарға
кенелді. Оның бірі жетпіс жыл  салтанат  құрған  кеңестік  дәуірдің  қыспағы
кесірінен жария етілмей, беймәлім түрде сақталып  келген,  көп  құпиясы  бар
рухани мұраларымызбен қайта қауышуымыз. Жазушының  өмірбаянына  қатысты  «Өз
жайымнан мағлұмат» атты  мақаласы  да  -  талай  жылдар  бойына  жарияланбай
келгені белгілі.
    Жазушының отызыншы жылдарға дейінгі қолжазба күйінде сақталған мақаласы
Смағұл  Сәдуақасовтың  қойған  алты   сұрағына   жауабы,   соңына   «Мұхтар.
Ленинград. Ғинуардың 29-ы»  деп жазылған. Жазушы  1946,  1949,  1950,  1953,
1958,  1959  жылдары  жазған  өмірбаяндарында  ресми  мәліметтерді   көбірек
қолданып, өмірінің маңызды тұстары, өскен ортасы,  білім  жолындағы  алғашқы
баспалдақтар, қоғамдық қызметтері, абайтанудағы  алғашқы  қадамдары  жөнінде
жазады.  Ал,  өз  жайымнан  мағлұматында  жазушы  талғам-түсінігі,   өмірлік
құбылыстарға,  әдебиетке  деген  көзқарастарын   айқын   білдіріп,   пікірін
бүкпесіз жеткізе алған. Ұлы жазушы өмірінің  Семей  кезеңі  жөнінде  толымды
деректер  беріп,  балалық,   шәкірттік   шағы,   қайраткерлік,   оқытушылық,
жазушылық қасиеттерінің шыңдалған шағынан мағлұмат берген  шәкірті,  әдебиет
зерттеушісі - Қайым Мұхамедханов.
    Бала кезінен М.Әуезовтің білгірлігі мен біліктілігіне куә  болып  өскен
ол жазушының Семейде өткізген күндеріне қатысты беймәлім  деректерді  «Қазақ
әдебиеті» газетінде, сондай-ақ, Семейдің облыстық «Семей таңы»  мен  «Иртыш»
газеттері бетінде жариялап тұрған  еді.  Қ.Мұхамедханов  М.Әуезов  жөніндегі
деректерін, ой түйіндеулерін «Мұхтар -семинарист» (Семей таңы, 1977) ,  «Ұлы
жазушы, көрнекті қоғам қайраткері» (Семей таңы, 1977) , «Ұлы жазушы,  ойшыл,
ғалым, ардагер азамат» (Семей таңы, 1977)  атты мақалаларында тұжырымдады.
    М.О.Әуезовтің шығармашылық  мұрасы  таусылмайтын,  сарқылмайтын  кәусар
бұлақ десек, ол бұлақ бастауын ұлыАбай дуниеге  келген  қасиетті  топырақтан
алғаны кумәнсіз. Шежіреге толы  Шыңғыстау  жерінің  құлақ  құрышын  қандырар
әсем әні мен тәтті күйіне, ертегісі мен аңызына қанық  боп  өскен  Мұхтардың
Абай өлеңдерінің мәні мен маңызына ерте елігуі оны үлкен шығармашылық  сапар
шығар жетеледі.
    Түрлі қоғамдық өзгерістерді бастан өткерген М.Әуезов әрбірінің  өзіндік
сипатына терең үңіле қарай, қоғам шындығын,  халық  тұрмысын  шығармаларының
тамыр  соғысына  айналдырды.  Батыс  пен  ніығыс  ойшылдарының  еңбектерімен
танысып, таным көкжиегін кеңейте, әдебиет әлемінің құдіретіне бас иді.  Бала
кезде оқып үйренген  шығыс  әдебиетінің  өкілдері:  әл-Фараби,  Әбуғали  ибн
Сина, Қожа Ахмет Иасауи, Махмұд Хайдар Дулати  сынды  шығыс  ғұламалары  мен
Бальзак, Гете, Жан Жак Руссо  сынды  батыс  ойшылдарының,  Пушкин,  Толстой,
Тургенев, Достоевский  сынды  орыстың  сөз  зергерлері  еңбектерінің  Мұхтар
Әуезовтің шығармашылық өмірінде белгілі орны бар деп білеміз.
    Орыс әдебиеті сыншысы В.Г.Белинский Пушкинді  мәңгі  өмір  сүруші  және
дамушы құбылыс санап, ол жөнінде әр дәуірде  толымды  дәлелдер  айтылғанмен,
келер дәуірдің де жаға баға, сапалы теңеу беретінін айтқан еді. Дәл  осындай
пікірді Әуезов жайында да айтуға болады. Шыңғыс Айтматовтың «Орыс  мәдениеті
үшін Пушкин қандай болса, шығыс халықтарының мәдениеті үшін  Әуезов  сондай»
деуі де жазушы қасиетін шынайы бағалай білуінен туындаған тұжырым.  М.Әуезов
дүниежүзі әдебиетіндегі Стендаль, Дж.  Лондон,  Толстой,  Достоевский  сынды
ірі жазушылар еңбектерінен үлгі алғанымен, ол әдебиетке өзіндік  қасиетімен,
тереңдігімен келді. Бұл жазушылар да замана шындығын реалистік  түрде  шебер
сипаттап, классикалық  туындыларымен  әлемдік  әдебиеттің  төрінен  көрінсе,
білді.  Өз  халқының   тіршілігін,   бесіктегі   баланың   уілін,   шолпысын
сылдырлата, бұрала басқан сұлуды, жас жіпттің  толқынысын,  қысастық  көріп,
етегі жасқа толған кедейдің зарын, ұзатылар қыздың  жан  тебіренісін,  туған
даланың аңызақ желі мен үскірік аязын шығармаларында асқан  сүйіспеншілікпен
суреттеді.
      М.О.Әуезовтің әңгімелеріні зерттелу тарихын қарастыра келе, ұлы
жазушының әңгімелері қазақ әдебиетінің ең бір шоқтығы биік шығармалар болып
табылатынына анық көз жеткіземіз.





















































































  Дәріс №5  М.Әуезов ХХ ғасыр басындағы әңгімелерінің жанрлық ерекшеліктер
                           мен тақырыптық мазмұны




      Мұхтар Әуезов мұрасы көне заманнан  бүгінгі  күнге,  бүгіннен  болашақ
заманаларға шеру тартқан қазақ өмірінің игілік көші сияқты. М.Әуезов  мұрасы
– талай қиян-кескі майдан, алай-түлей шайқастардан аман  қалып,  бар  қазына
қасиетін енді аша бастаған, өз ұрпақтары  арқылы  бүкіл  әлем  жұртының  ұлы
керуеніне қосылған сахара елінің  еркіндігіндей  қымбат,  арманындай  асқақ,
алтын кенішіндей терең, жүрегіндей адал мұра.  Қазақ  әдебиетінің  классигі,
заңғар  суреткер,  біртуар  жазушы,  бірегей  драматург,  публицист,   кемел
әдебиеттанушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазақ елінің көркем шежіресін  жасап,
ХХ ғасырдың үздік шығармалары  саналған  туындыларын  дүниеге  әкелді.  Әлем
әдебиеті Мұхтардың шығармалары  арқылы  ұлы  Абайды  таныды,  көшпелі  қазақ
тұрмысы мен мәдениетіне қанықты.

   Даналық ойдың алыбы саналған Абай қазақ поэзиясының мұзарт шыңы, мызғымас
биігі болса, Мұхтар - қазақ прозасының  хас  шебері,  рухани  құндылығымызды
қастерлеген кемеңгері. ХХ ғасыр басында қазақ қоғамына алапат нәубет  төнген
шақта ұлты үшін бас  көтерген  Алаш  арыстарымен  қатар  тізе  қосып  Мұхтар
Әуезовте  әдебиет  майданына  келді.  Мұхаңның  әдебиеттегі  алғашқы  қадамы
публицистика жанрында басталып, осы  саланың  жаңа  көкжиектерінің  ашылуына
өлшеусіз қызмет жасады.
   Қазақ қоғамының гүлденуіне қапысыз еңбек еткен М.О.Әуезовтің шығармашылық
қайнарына бастау болған алғашқы  мақалаларының  бүгінгі  өміршеңдік  сипатын
ашып,  ұлт  танымы  тұрғысынан   саралау   арқылы   жазушының   шығармашылық
толысуындағы  алар  орнын  айқындамақпыз.  Көп  қырлы,  терең  сырлы  Мұхтар
Әуезовтің  фольклорлық  мұраларды  жинақтау,  оларды  саралау  ісінде  үлкен
ыждаһаттылық танытты. М.Әуезовтің ауыз  әдебиеті  үлгілерін  жинап-бастыруы,
толымды ғылыми зерттеу жүргізуі, қызғыштай қорып, қамқорлық жасауы  –  халық
игілігі үшін жасалған ерен еңбегінің бір көрінісі», деп  мұхтартанушы  ғалым
Р.Бердібай айтқандай,  қазақ  фольклортану  ғылымына  қосқан  үлесі  ерекше.
Мұхтардың ғалымдық келбеті әдеби сын,  теориялық  зерттеу  мақалаларында  да
кеңінен ашылады. Онда  әдеби  құбылыстарды  терең  талдап,  көркемдік  ойдың
дамуын ғылым тілімен жеткізе білген.
    Дарын мен даналықты тұлғасына  тоғыстырған  сыршылдық  пен  сыншылдықты
суреткерлік шеберлігінде шендестірген М.Әуезов сөз  майталманы  болды  десек
артық айтқандық емес. Ол өз  әңгімелерінде  әлеуметтік,  тұрмыстық,  өмірлік
мәселелерді  тақырыптық   арқау   етіп,   оны   көркемдік   және   шынайылық
ерекшеліктер  аясында  жарасымды  үйлестіре  білген.  Халық  мұрасын,  қоғам
игілігін тоғыстырған қазақ әдебиетінің  қарқынды  қарыштауына  талмай  еңбек
етуді мақсат  тұтқан  сөз  майталманы,  ұлы  суреткер  өзінің  туындыларында
көркемдік деген шешім мен шынайылық деген талаптық мүддесінен  шыға  білген.
Қазақ  прозасының  даму,  өсу  жолына  көз  жүгіртсек,  ХХ  ғасыр  басындағы
М.Әуезов   әңгімелері   көркемдік   полотносымен,    шынайылық    ракурсымен
ерекшеленген. Сонысымен де әңгімелерінің халықтық тұғырнамасы  өз  оқырманын
асқақтығымен тартады.  Әңгімелеріндегі  көремдік  және  реалистік  талабымен
ашылатын  халықтық  идеясын  айқында   үшін   әлем   әдебиеті   полотносында
қарастырудың маңызы қашанда зор. Әуезов әңгімелері түп негізі,  асыл  тамары
ұлттық  ауыз  әдебиетінен  бастау  алған.  Осы   бір   асыл   негіз   Әуезов
әңгімелерінің шындықты берудегі әдеби дәстүр мен шынайы  шеберлігінің  кілті
іспеттес.
    М.Әуезов шығармалары қазақ әдебиетіндегі  кешелі-бүгінгі  шығармалардың
қай-қайсысымен қатар қойғанда мазмұны  мен  көркемдігі,  тарихилығы  жағынан
басымдық  танытып,  халықтық  сипатымен  ерекшеленеді,  көркемдігін  әлемдік
әдебиет аясында қарастырғанда ғана шығармашылық құдіретінің сыры  мен  мәнін
ашу мүмкін болады.
    М.О.Әуезовтің  әңгімелерінде  ел  тағдырын  жан-жақты  толғайды,  қоғам
өміріндегі  қайшылыққа,  тартысқа  толы   сәттерді   баяндай   отыра,   өмір
тәжірибесіндегі оқиғаларды да қалтарыс қалдырмайды.
    XX ғасырдың 20-жылдары әдебиеттің теориясы  мен  методологиясы  жөнінде
салиқалы еңбек жазған А.Белецкий көркем әдебиет шығармаларын екі түрге  бөле
қарайды. Оның біріншісі, автобиографиялық нұсқадағы,  беллетристиқаға  ұқсас
шығармаларда  көбіне  автордың  өз  өмір  тәжірибесінен   алынған   деректер
пайдаланылған мемуар немесе ақындар күнделігі. Мұны Руссо, Гете, Жорж  Санд,
Диккенс, Толстой шығармаларынан көруге  болады.  Көркем  шығармалардың  тағы
бір қатарының сюжеті сыртқы ортадан, автордың жеке өмірінен  шеткері  жатқан
оқиғаларға құрылады.
    М.О.Әуезовтің алғашқы шығармаларында осы екі құбылыс та корініс тапқан.
«Қорғансыздың  күні»,  «Қайғылы  жетім»,  «Жуандық»,  «Қаралы  сұлу»,   «Қыр
әңгімелерінде» қазақ өміріндегі болған оқиға шындығы  көрініс  тауып,  автор
өмірінен   тыс   оқиғалар   көркемдік   реңк   алса,   «Үйлену»,    «Ескілік
көлеңкесінде», «Кінәмшіл бойжеткен», «Сөніп  жану»,  «Оқыған  азамат»  сынды
әңгімелер  желісі  тікелей  автордың  өзі  араласып,   қатысқан   оқиғаларға
құрылған.
    Әуезов шығармаларында терең психологизм, лиризм басым, адам жанының сан
алуан құбылыстарын, нәзіктігін суреттеп, ішкі әлеміне терең уңіледі.  Жазушы
қаламынан туған әр шығармада халықтың тек өзіне ғана  тән  қасиеті,  өмірлік
ерекшеліктері, адамгершілік-рухани  құндылықтары  бой  көрсетеді.  Алып  сөз
зергері елінің тағдырына аянышпен  қарап,  жетістігіне  қуанып,  кемшілігіне
қайғыра білетінін ұзақ шығармашылық жолында дәлелдеді.
    М.Базарбаев:  «Сонау  алғашқы  әңгіме,  повестерінен  бастап,  драмалық
шығармалары, атақты «Абай жолы»  романы  -  бәрі  де  алған  кейіпкерлерінің
онымен сезімін терең меңгеріп, солардың жүрегіне жол  таба  білудің,  тағдыр
мен жеке бас аралығындағы  дәнекер  арқаудың  үзілмеуін,  меңзеген  мақсатын
солардың қан тамырының соғуына қарай дәлелдегенін байқатады»  деген  тұжырым
жасаған.
    М.Әуезов қазақтың  шүрайлы  тілінің  мол  қорын  шеберлікпен  пайдалана
отырып, мазмұны мен  мәні  өзгеше,  шынайы,  кұдіретті  шығармаларын  өмірге
әкелді. Солардың бірі - болашақ жазушының қаламгерлік қасиетін танытқан, 20-
жылдардағы  шоқтығы  биік  шығармасы  Қорғансыздың  күнін  1921  жылы  Қызыл
Қазақстан газетінде жарияланған еді. Жиырмадан жаңа  асқан  жас  қаламгердің
төлтума шығармасына С.Мұқанов: «1921 жылы жазған  «Қорғансыздың  күні»  атты
алғашқы әңгімесімен Мұхтар шын мағынасындағы европалық  прозаның  дәрежесіне
көтерілді» деп баға берген.
    Қ.Сыздықов «Қорғансыздың күні»  жөнінде:  «Осы  әңгімеде  тек  құрдымға
кеткен қайғы-мұң ғана емес, мұнда білінер-білінбес болса да булқынып  жатқан
қайсар күш бар, қарауытып тунжыраған мылқау  ағыстың  астында  жатқан  табан
толқын бар сияқты» дейді.
    З.Қабдолов: «Задында шын  мәніндегі  нағыз  үлкен  талант  өзінің  өнер
өрісінде жаттығу жасап, онша  ұзақ  күйбендемейтін  болса  керек.  Әуезовтің
осынау алғашқы әңгімесінің өзінде  өзгеге  ұқсамайтын  өзіндік  мәнер-машығы
бар, кібіртіксіз көсіле жөнелген жорға  қаламның  ізі  сайрап  жатыр»  деген
орнықты пікір білдіреді.
    Алғашқы шығармасының өзі жазушының сойы бөлек. соқтасы ерекше даралығын
аңғартады.  М.Серғалиев:  «Адам,  азамат  ретінде  Мұхтар  Әуезовтің   сәби,
балауса, балғын, өспірім, жігіт кездерді басынан кешкені сөзсіз.  Ал  жазушы
Әуезовтің  бала  балдырған  шағының  болмағаны,  хас  шебер  ретінде  бірден
көпшіліктің назарын аудартқаны әдебиет  сүйер  қауымға  жақсы  мәлім»  деген
түйіндеуге келеді.
      «Қорғансыздың  күні»  арқылы  ол  заманының  шынайы  көрінісін,   ащы
шындығын, тұтас бір қорғансыздар  әлемінің  мұң-зарын  көрсетіп,  оқырманның
ішкі сезімін оятарлық жан  түршігерлік  оқиғаны  баяндады.  Осы  ащы,  зарлы
шындықты  жеткізуде  Әуезов  асқан  шеберлік  танытты:  оқиғаға   қатынасушы
адамдардың тамаша  портреттерін  жасап,  онысымен  әрекет  иелерінің  мінез-
құлқын  да  білдірді.  Табиғат  келбетін  суреттеу   арқылы   адамның   ішкі
толғанысын, сонымен қатар болар істің хабарын берді, тамаша композиция  құра
білді.
    1960 жылы жарыққа шыққан Қазақ совет әдебиетінің очеркі  атты  еңбекте:
«К тому времени, когда М.Ауэзов писал этот рассказ, он был хорошо  знаком  с
произведениями  русских  писателей.  Видимо,  поэтому  в  рассказе   заметны
интонации  «Бедной  Лизы»  Н.М.Қарамзина.  Однако  у  М.Ауәзова  нет  голого
подражания русским писателям: события описанные в рассказе  взяты  из  жизни
казахов, в характерах героев верно подчеркнуты их  национальные  черты»  деп
жазылған еді.
    Қорғансыздың  күні  мен  Бейшара  Лиза  арасындағы   байланыс   -   жас
бойжеткендердің өмірден мезгілсіз өтуі, жас жандарының үзілуі. Бұл  белгілер
әсте екі шығарманың арасындағы  күрделі  байланыс  пен  ұқсастық  бар  деген
түйін емес. Карамзиннің  кейіпкері  махаббаттың  тәтті  дәмін  сезіп,  бойын
құмарлық пен  құштарлық  билеп,  сүйгеніне  құлай  сенеді,  алайда,  соңынан
алданғанын білген  соң,  жас  жанын  өлімге  қияды,  яғни  кейіпкер  әрекеті
субъективті   психологиялық   себеппен   шектелінеді.   Ал,    «Қорғансыздың
күніндегі» Ғазизаны өлімге итермелеген тіптен бөлек жағдай.
    «Қорғансыздың күні» әңгімесі әлеуметтік теңсіздікті, күшті мен әлсіздің
арасындағы қайшылықты, кедейшілікті,  яғни  дала  өмірінің  сүрқия  келбетін
танытады.
    Әдебиет зерттеушілерінің бірқатары Әуезовтің Қорғансыздың күнін Бейшара
Лизамен салыстыруға негіз жоқ екенін  айтқан.  Мәселен,  И.  Ғабдиров:  «Что
касается интонации, она у  Ауэзова  гневная,  сатирическая,  а  у  Карамзина
мягкая,  грустная,  определяемая   различием   замыслов   обоих   писателей.
Следовательно, нет основании для проведения параллели между «Бедной Лизы»  и
«Судьбой беззащитных» деген пікір білдіреді.
    Ал белгілі ғалым  Ә.Әзиев  М.Әуезовтің  «Қорғансыздың  күні»  әңгімесін
Л.ГІушкиннің  «Станция  караушысы»   повесіндегі   қайғылы   жағдайды   еске
түсіретінін  айтады.  Карамзиннің  «Бейшара  Лизасы»,   Пушкиннің   «Станция
қараушысы», Әуезовтің «Қорғансыздың күні»  әңгімелері  арасындағы  жымдасқан
байланыс бар деу жанасымсыз.
    Зерттеушілердің бұл шығармаларда ұқсастық  бар  деген  пікірге  келуіне
албырт, аңғал, пәк сезімді бойжеткендердің, бойын құмарлық билеген  тұрақсыз
серілердің арбауына түсіп, жандарына жара салған, өмірлерін  күрт  өзгерткен
аянышты күйлері себеп болса керек.
    Әуезовтің «Оқыған азамат» әңгімесі қоғам өміріне өзіндік үлесін  қоспақ
ниетте  мәдениет,  ағарту  істеріне  араласып  жүрген   азаматтар   өмірінің
көрінісі.
    Шығарманың жазылуына ықпал еткен  оқиға  жөнінде  Ғ.Сармурзин  көптеген
деректің басын шалады, ал Қ.Мұхамедханов М.Әуезовтің 1940 жылы Семейге  келу
сапары жөнінде жазған мақаласында қаланың Жаңасемей  бөлігін  аралап  жүріп,
көршілес тұрған екі үйге байланысты былайша ой өрбітеді:
    - Мынау үй,- деді Мұхаң әлгі үйді нұсқап, - бір асыл  азаматтың  мекен-
жайы  еді.  Сейтқазы  дейтін  жігіт,  біз  оны  жақсы   көргендіктен   Сейіт
дейтінбіз.  Тоқымбай  дейтін  кісінің  жалғыз  баласы  болатын.  Өзі  сондай
сымбатты,  көркіне  ақылы  сай,  жаны  таза  бір  азамат   болатын.   Біздің
Ахметтермен осы қаладағы екі класстық русско-киргизское училищесінде  оқыған
талапты жас еді. «Ес- аймаққа» сол басшылық ететін. Менің «Ел ағасы»  дейтін
пьесамды даярлап, алғаш сахнаға шығарған режиссер  сол  болатын  деп  барып,
Сейіт үйіне қарсы тұрған үйде Жолдасбай  деген  бай  тұрғанын,  оның  Қатипа
деген қызы Сейітқазының әйелі болғандығын,  -  «Оқыған  азамат»  әңгімесінің
жазылу тарихы,  кейіпкерлер  прототипі  жөнінде  Қ.Мұхамедханов,  Сармұрзин,
Г.Төребаевтардың естеліктері  негізінде  кейінгі  зерттеушілер  де  байламды
пікірге келе алды.
    «Оқыған азаматтағы» Мақсұт - Ес аймақ труппасының  түңғыш  режиссері  -
Сейіт Тоқымбаев. Жұмағұл - осы труппаның белді мүшесі, оқыған азамат  Смағұл
Әмзин екені, әңгіменің шынайы оқиғаның ізімен жазылғаны  бұл  күні  айтылып,
дәлелденді. Әңгімеде XX ғасыр басындағы қала мен  ауыл  тіршілігі,  қазақтың
оқыған азаматтары арасында болған оқиға баяндалған.
    Жазушы шағармасына шындықты арқау  ете  отыра,  әлеуметтік  көзқарасын,
дүниетанымын, ішкі  толғанысын  да  көрсете  алған.  Автор  жылпос  жігіттің
ұнамсыз, әккі әрекетін,  сонымен  қатар  сезім-сезігі  төмен,  жылт  еткенге
жымия қарайтын,  өмірін  қайғы  мен  түңілуден  ада  ету  үшін  адамгершілік
қасиеттерді аттауға да баратын сұлу келіншектің іс-әрекеті, пана болар  қара
орманы, үміт-тірегінен  айырылып,  тірідей  қорланып,  соңынан  ауыр  қазаны
көтере алмастан  ақыл-есінен  айырылып  көз  жұмған  сорлы  шешенің  аянышты
тағдырын баян етеді. М.Әуезов шығармаларына куатты  күш,  тегеурінді  серпін
беріп, шығарманы ажарландырып, көріктендіріп тұрған терең психологизм .
    Бұл  орайда   Б.Майтановтың:   «М.Әуезов   психологизмін   дүние   жүзі
әдебиетіндегі  Стерн,  Стендаль,  Толстой,  Достоевский,  Тургенев,   Чехов,
Джоис, Кафка үлгілерімен салыстыру қажет емес. Әдеби  орта,  ұлттық  дәстүр,
суреттеу объектісі, қаламгер мақсаты, адамдар тағдыры  мен  ара-қатынасы  әр
алуан болғандықтан, стильдік  ізденістер  де  басқаша  шығуы  даусыз»  [деуі
орынды.
    Жазушы әр шығармасында  да  қарапайым  адамның  ішкі  жан  сырын  терең
ұғынып, түйсініп, бір адамның жүрек лүпілі  арқылы  күллі  жұрттың  парасат,
зердесін  таныта  алатын  биік  қасиет   дарыта   алған.   «Оқыған   азамат»
әңгімесіндс  жазушы   оқырманын   адамгершілік   қасиеттердің   маңыз-парқын
таразылай біліп, құндылығын түсіне білуге жетелейді, ақ  пен  қараны,  жақсы
мен жаманды қарама-қарсы қояды. Шығарма табиғат суретімен  басталады:  «Суық
қыстың орта кезі, күн түске тақап қалған. Аспанда  бұлт  жоқ,  ашық.  Жарығы
көз тайдыратын нұрлы күн бүгін жазғы түріне тұскендей болып өзгеше  жарқырап
тұрса да ызғарлы қар, суық ауа қызуын жоғалтып, жарығына жансыздықтың  табын
басып тұрғандай».
    Табиғат келбетін суреттеу барлық жазушыға, ақынға тән қасиет, дегенмен-
де М.Әуезовтің табиғат  келбетін  суреттеуі,  пейзаж  жасау  шеберлігі,  оны
қолдану әдісі ерекше.  М.Әуезов  табиғат  суреті  аркылы  шығармаларына  рең
беріп, бойына қан жугірткен және табиғат суретін шығармаға бастаушы  алғашқы
баспалдақ ретінде қолданған. Шығарманы бастаудың  қиындығын  табиғат  суреті
іліп әкетіп,  ауыр  жугін  өз  мойнына  алып,  автордың  шабытының  шалқуына
өзіндік ықпалын тигізіп тұрғандай.
    Тұрғын халқының көбі қазақ болған Сібірдің  кішілеу  қаласы  қыстың  ақ
киімін даламен бірге жамылып, жабайы  табиғаттың  жайлы  күйін  күйлегендей.
«Бұл қала Сібірдегі үлкен өзендердің бірінің сол  жағасында  орнапты»  деген
сөйлемдер автор  нысана  еткен  қаланың  Семей  екендігі  күмән  тудырмайды.
Оқиғаны үшінші жақтан баяндап, кейіпкерлеріне тура мінездемелер бере  отыра,
олардың іс-әрекеттері арқылы мінез-келбетін аша түседі.
    Науқастың сыртқы пішіні арқылы  оның  жанының  күйзелісін,  ішін  буған
азапты  көрсетуде  шеберлік  танытқан.  Ауру  меңдеп,  хал  үстінде   жатқан
Мақсұттың  портретін  ашуда:  «Беті  ашаңдап  жүдеген.  Әншейін  ақсұр  түсі
күреңденіп ісінген. Көзі қанталап, жастанып апты. Қысқалау қою  қара  мүрты,
сұлу қара қасы, қайырған ұзын қара шашы да қатып  қалғандай  болып,  жабысып
жансызданған сияқты. Еріндері іштегі  қызумен  кеберіп,  жарылып,  қарауытып
қапты. Еті қашып, арыған  жіңішке  қолдары  қазір  де  дірілдеп,  бір  жерге
орнықпай,  ауру  кеудесін  сипалай  береді.  Қолдарының  түсі  сарғыштанған,
тырнақтары көкшілденіп қанталап түр»  деп,  сұлық  жатқан  науқастың  жанына
батқан ауруын, ішкі  азабын  бет  пішінін  суреттеу  арқылы  көрсетеді.  Көз
алдымызға бұрынғы көріктің жұрнағы да қалмаған, ал  бары,  соншалықты  аяныш
тудырарлық күйдегі мүсәпір  жанның  суреті  келеді.  Сөзбен  салынған  сурет
дерсіз.  Ф.М.Достоевскийдің  «Өлі  уйдегі  жазбалар»   агғы   шығармасындағы
адамның  сыртқы  пішішінің  суреттелуінің   соншалықты   дәлдігі,   қылқалам
шеберлерінің талай портреттерді дүниеге әкелуіне  негіз  болғанын  ескерсек,
Әуезов кейіпкерлерінің сыртқы бет әлпеті, эмоциясының суреттемесі арқылы  да
сурет галереясын жасауға болары күмәнсіз. Бет  пішініндегі  алуан  өзгерісті
қырағылықпен байқап, үзілін түсудің аз-ақ  алдында  жатқан  адамның  жүзінен
кешегі жайдарылықты іздегендей.
    Мақсұттың қандай адам екендігін, төсекке таңылғанға дейін нендей  іспен
айналысқанын, оның жетім қалып бара жатқан балалардың  қамын  ойлап,  оларға
еңбек  сіңіре  алмағанына  өкініп,  сандырақтай  сөйлеуі  арқылы   көрсетуге
тырысқан. Төсекте бас көтере алмай жатқан Мақсұт өз жанын ойлап,  қапаланып,
тағдырына өкпелемейді, артында қалып  бара  жатқан  кәрі  шешесінің  ертеңгі
күнін ойлап, қамығады. Ал Қадиша жайына  келсек,  қара  жамылып  күңіренудің
бұл  сұлу  келіншекке  тән  нәрсе  емесін  Мақсұт  та  болжағандай:  «Қадиша
өлмейді. Бірақ ол сенен туған жоқ... Басы көп, бай төркіні бар. Ең  болмаса,
соларға кетіп қалады гой.  Сені  о  да  жылатар»  деген  сөзі  арқылы  автор
Мақсұттың бүгіннен келер күннің белгісін сезгенін көрсете отырып,  мұнысымен
оқиғаның айтарлықтай соңы барын білдіріп, оқырман  көңіліне  де  қызығушылық
ұялатады. Мақсұт татар дәмі таусылып кең дұниемен қоштасты,  артында  зарлап
шешесі қалды. Ал Қадиша болса, жүрек емін Мақсұттың кешегі  досы  Жұмағұлдан
тауып, жарасын тез  жазды,  мұнымен  тынбай  күйеуінен  қалған  барлық  мал-
мұлікке қол салып, адамшылықтан, сезімнен жұрдай  қатыгездік  те  көрсетеді.
Жұмағұл  мен  Қадиша  бір-біріне  ұқсас,  ниеттері  бір  жандар.  Жұмағұлдың
ауылдағы әке-шешесі  де  есебі  түгел,  дүниеқорлығымен  ел  аузында  жүрген
адамдар.  Олардын  көздегені  -  кемпірдің  қолындағы  мал-мүлік.  Шығармада
байлыққа қызыққан бұл адамдардың барды  олжалаудың  көзін  іздеп,  айла  мен
амалға, қатыгездікке де барғандығы аса әсерлі баяндалады.
    Автор жас жұбайлардың әккі  әрекетіне  қолжаулық  болып,  мақсаттарының
жүзеге асуына септігін тигізген оқығандардың ісін де сынайды.  Кәрі  шешенің
баласынан  қалған  бар  мүлікті  Жұмағұл  сияқты  жатқа   беруге   келіспей,
ырзалығыммен бір сабақ  жіп  бермеймін  деп  қарсылық  көрсетуі  Қадиша  мен
Жұмағұл үшін тосын болатын. Талайдан бергі  арманын  кемпірдің  наразылығына
орай тоқтатып,  табан  тіреген  ісінен  айни  коймай,  әлсіз  кейуанаға  күш
көрсетуге де барған олардан не қайыр?! Мақсұттың көзі  тірісіндегі  арасынан
қыл өтпес жақын досы Мейірханның Жұмағұл мен  Қадишаның  тойында  іші  жылай
отыра: Мен сендерді Мақсұт үшін ішуге шақырамын. Жасасын  Мақсұттың  аруағы!
- деп, рөмке көтеруден  өзгеге  дәрмені  жетті  ме?  Тіпті,  Жұмағұлға  ақыл
айтпақ болғанында Мейірхан қызғаншақтық  қылып  жүр  деген  өсекке  танылды.
Мейірханның ішінсн қан жұтып күйзелгенмен, оқиғаның осылайша өрбуіне  шектеу
қоя алмаған.
    Егер кәркем шығармадағы Мейірхан М.Әуезовтің өзі деген  байлам  жасаған
болсақ, Мейірханның бастан өткерген  барлық  күйініш-күйзелісін  М.Әуезовтің
өз басынан өткергені ғой. Сондықтан, өмір  құбылыстарын  өзінің  дүниетанымы
мен  әлеуметтік  көзқарасы  тұрғысынан  саралаған  жазушы  өкініштің  ұрығын
сеуіп, жүрегіне сызат түсірген оқиғаны шығармасына арқау етпеуі мүмкін  емес
еді.
    Ғасыр басындағы қазақ тіршілігі Әуезовтің «Үйлену» атты әңгімесінде  де
айқын көрініс  табады.  Қоғамдағы  ірі  өзгерістерге  халық  өкілдерінің  де
бейімделе түсіп, қадамын қатар алып келе жатқанын көруге  болады.  Ескі  мен
жаңаның  арасындағы  өліара   кезеңдегі   ел   тұрмысы   шығармада   айшықты
белгілермен ашыла тұскен. Шығарма бойында мысқыл да бар. Автор қолындағы  аз
билікке мас болып, мансап сүйген Қасым бейнесі, көп оқып, аз  тоқыған  Оспан
бейнесі арқылы сол тұстағы  аңқау  елге  билік  еткен  белсенділер  әрекетін
корсетеді. Ауылда туып-өсіп, енді жусаған қой мен оқыралаған сиырды,  кемпір
қайнатқан кұртты алғаш көргендей таңдана қараған Оспанның  жасанды  мінезін,
Қасымға берген уәдесінен тез тайған қалыңдықтың тұрақсыздығын көрсете  отыра
кейіпкер мінезін  ашады.  Болатком  бастығы  Қасым  сайлаушы  Оспан  төренің
арбауына оңай түсіп, андаусызда қалыңдығынан айырылды.
    «Қыздың пішіні, мінезі, барлық сөзі де жігітке әбден жақты. Бұл уақытта
Жәмила да «оқыған жігіт» дегенді жаңа көргендіктен,  бұған  өзгеше  көңілмен
қарап, орысша сәнді киінген, қызыл шырайлы сүйкімді пішініне  айрықша  көңіл
бөлгендей болды. Жас жігіттің  ажарлы  пішіні  мұның  да  әр  тұрлі  сезімін
оятқандай еді. Кеудесінде  үміт  пен  күдік  ауысып,  тағатсызданып  отырған
күйеуді ұмытып, сайлаушы төрең өз әзілінің жарастығын іздей бастадың.
    Жәмила бойынан да аса тереңдік,  көргендік  байқалмайды.  Жедел  ойлап,
шолақ шешімге келген ол да сол тұстағы кұрбыларындай, бақытына араша  түсуге
талпыныс жасайды. Ата жолын аттап кетіп, күйеуін  тең  көрмей  оқыған  жігіт
Оспанның  етегінен  ұстайды.  «Үйленудегі»  кейіпкерлердің  іс-әрекеттерінен
Әуезовтің 1920 жылдарда басынан өткен оқиғаларын салыстыра келе  сабақтастық
көруге болады. Бұл дегеніміз, әңгіменің тарихилық негізін айқындайды.
    1920 жылдың жазында Мұхтар Әуезов кеңес қызметінде  жүрген.  Ол  Шыңғыс
болысында жолсапарда болып, қазақ даласында болыстық ревкомдар  кұру  ісіне,
сьезге делегаттар сайлау істеріне араласады, яғни қаладан қырға  өкіл  болып
барған баратын. Автор кейіпкер  бейнесін  сомдауда  өз  басындағы  және  сол
кезендегі босқа де «оқығандар» әрекетін сынға алған болса керек.
    М.Әуезовтің «Сөніп жану» атты әңгімесі ең алғаш  «Заман  еркесі»  деген
атпен 1922 жылы  «Шолпан»  журналында  жарияланады.  Қалыңдық  іздеп,  ауыл-
ауылды аралап,  жұрттың  мақтаулы  қызына  көз  тоқтатқан  әңгіме  кейіпкері
Сыздық қыздың  бойынан  асқан  сұлулық  таппаса  да,  көңіліне  жақын  тұтып
ұнатқан. Құда тұсуге бел байласып, келер жылы қалыңдығына үйленеді.  Алайда,
сезімтал, талғампаз жігіттің арыны  тез  басылды.  Танып  білмей  жар  еткен
адамын сүймейтінін, қате  басқанын  түсінді.  Оларды  жалғр,  дәнекер  болар
дәнеңе жоқ еді. Суынған жігіт көңілі даланы аңсап, бақытын өзгеден іздеді.
    Әңгіменің желісіне үңіле, сонымен қатар Ақылия Түрағұлқызының, Мұғамила
Мұхтарқызының, Әлкей Марғұлан, Мәжит Диханбаевтардың естеліктерін  салыстыра
келе заманының еркесі болған Сыздықтың өмірі мен М.Әуезов  өмірінен  біршама
байланысты көруге болады. Әрине,  бұл  естеліктер  әңгіме  кейіпкері  Сыздық
Мұхтардың тікелей прототипі дегеннен алшақ, және біз  де  дәл  осы  деп  дөп
басып айтудан  аулақпыз.  Дегенмен,  М.Әуезов  өмірімен  сабақтастық  көрген
бірнеше себептерді дәлел етіп  алға  тартуға  болады.  Мәселен,  шығармадағы
тарихи деректі алайық, бұл қазақ  өміріне  айтарлықтай  қайғы  әкелген  1916
жылдың зобалаңы тұсында  өткен  оқиға  екені  аңғарылады.  Демек,  Сыздықтың
қалыңдық айттырып, үйлену уақыты  1916-17-жылдар  шамасы,  М.Әуезов  те  осы
мезгілде үйленеді
    Сыздықтың ел кезіп қалындық іздеуі, айттыруы, үрын  келуі,  аламан  той
жасап үйленуі, кейіннен дәмі  жараспай,  некесінің  бұзылуы  Мұхтар  өміріне
ұқсас. Мұхтар да бұл тұста Көкен атты  ел  азаматының  Райхан  есімді  қызын
алып, шамалы уақыттан соң ажырасып кеткен. Албырт  шақтың  қызуына  малынған
жас Мұхтардың да әлі өзі асын көрмеген асудан өтуге талпынып, алдындағы  қою
тұманға қарамастан ілгері қадам басуға талпынған тұсы  еді.  Үйленудің  адам
өмірінде айтарлықтай орны бар күрделі құбылыс екені рас  және  оның  кейінгі
күндерге де әсер, ықпалын тигізетіні  бұлтартпас  шындық.  Ендеше,  М.Әуезов
шығармасында өмірінде айтарлықтай  орны  бар  алғашқы  некесі  жөніндегі  ой
толғауы заңды құбылыс сияқты.
    Сыздық - оқыған, қала өміріне әбден қанық, талғамы биік, ауылдан шыққан
жігіт. Ол өмірден ерекше нәзіктікті, сырлы, әуезді, тамаша құбылысты  күтеді
және оны некеден іздейді.  Айттырған  қалыңдығын  алғанға  дейін  түрлі  ой-
қиялға батқан  Сыздық  үйленуді  өмірін  күрт  өзгертіп,  бақытқа  батыратын
ғажайып құбылыс санайды. Жігіт: «Бізге, оқып жүрген жігіттерге, қырда  жақсы
тәрбие алған,  мінезі  жақсы,  адамшылығы  бар  ел  қызын  алу  керек.  Соны
тәрбиелеп, адам қылу -  міндет!  Кісіге  шын  дос,  шынымен  бас  сыйлайтын,
өзіңді құрметтей білетін, жаныңа ауыртпалық түсірмейтін, қабағыңа  қарап  іс
қылатын таза жолдас қыр  қызынан  шығады  дейтінбіз.  Соның  ішінде  әсіресе
жақсы тәрбиелі қыз,  жақсы  мінезді  қыз  адал,  момын,  кедей  қызы  болады
дейтінбіз. Мына көрген қыз, өз  ойымша,  сол  сынға  толатын  сияқты»  деген
байсалды пікір білдіргенімен де,  бұл  жайлар  өз  басына  түскенде  бөгетке
қарсы түра алмады, жар етіп алған бүйығы қыз Жәмиланың  кемшілігін  түзетуге
тырыспай, керісінше, сағым қуып алыстай берді.
    Автор шығарманың басынан алғашқы сөздермен соңына дейін  Сыздықтың  ой,
қиял, сезімін, қуанышы мен күйінішін, күмәні мен күдігін ерекше  шеберлікпен
суреттеп, оның мінез-келбеті, болмыс-бітімінің ашыла түсуіне зор күш  салған
тәрізді .
    Қалындық айттыруға туған-туыстарының ықпалымен  бел  байлаған  Сыздыққа
Есімжан, Сүлеймен «...әуелі ақылмен ойлап, көңілді бір жерге тоқтатып  алып,
сонан соң тәуекелмен алуын» өтінеді.  Күмән  мен  күдікті  ой  Сыздықтың  да
тынышын бүзғанмен, келер күнге үміт  артып,  тәуекел  етті,  құда  жібертті,
ендігі асыққаны қайнына бару, қалыңдығын анықтап көру, көңілінде  анда-санда
таныс еместік себебінен туатын болымсыз күдікті жоғалту еді.
    Алайда, қалыңдығын алуға келгенде талайдан бергі  арманы  мен  үмітінің
зая  кеткеніне  өкінгендей  болды:  «Жәмила  бұған  әдептілік,  сыпайылықты,
тіпті, орынсыз жуастыққа, жасықтыққа жеткізген  отсыз  адам  сияқты  көрініп
қалды және де оның алғашында сұлу көрінген коркі де сүреңсіз көрінді.  Бұрын
Сыздық ақ деп ойлап жүрсе, қазірде шикілі-сары сияқты. Бетінің қызылы  бұрын
жұқалаң ұнасымды, ақшыл қызыл сияқты еді, қазірде тұтасқан, қаны шыққан,  ең
ұнамсыз жалпақ қызылдай көрінді. Денесі  бұрын  жіңішке,  сұңғақ  сияқтанса,
қазірде жуан, жауырынды,  икемсіз,  ешбір  нәзіктік  белгісі  жоқ  сүйкімсіз
сияқтанады».
    Жас  жігіт  өз  ойымен  арпалысып,  көзі  де,  көңілі  де   алдайтындай
сияқтанып, алас ұрды. Автор жігіттің алуан түрлі  сезімге  бөленіп,  тұрақты
байламға келе алмай дал болған кейпін тамаша суреттермен  береді.  Сыздықтың
қалыңдық тандаудағы аса ынтықтығы «момын, таза мінез,  таза  жүректі,  кедей
қызы» санаған Жәмилаға кез тоқтатуы,  іштей  сүйіп,  ыстық  қиялын  суретіне
байлауы, соңынан қалындығының  мінез-күлқы,  түр-сипаты  «асығып,  аласұрған
киялға, қызылды-жасылды болып қуантып жүрген  жүрекке  қалыңдығының  қазіргі
қалпы  ешбір  үйлеспейтіндей  көрінген»  күмәні,  арпалыс,  жан   толқынысын
шығармада аса дәлдікпен, нәзіктікпен суреттеген.  Сыздық  бірте-бірте  алған
жарының бойынан ұнамсыз көп кемшілік тауып, алабұртқан сезімі,  жүрек  жылуы
суи бастады.
    Автор шығармада жар таңдаған кербез жігіттің шалыс басқан бұл оқиғасына
өзіндік сынын да білдіреді, сонымен қатар оның бір көрген адамға деген  жылт
еткен болмашы сезімді ұлы күшке балап, ішін  білмей,  сыртын  ұнатып,  күпті
күйге түсірген бұл жайына түсіне де қарайды.  Тіпті,  оқиғаның  басталуынан,
сәтсіз аяқталуына дейінгі  аралықта  өткен  әрбір  оқиғаны  тізбектей  отыра
кейіпкерін айыптан арашалауға тырысқандай  көрінеді.  Өйткені,  Сыздық  жас,
талғампаз, өмірден  сұлулықты,  даналықты  көруге  ұмтылады,  сонымен  қатар
көлденең  келген  бөгетке  қарсы  тұруға,  жоюға   дәрменсіз,   әлі   пісіп-
жетілмеген. Бұл тұста З.Қабдоловтың: «Өз көзімен көрмеген немесе  өзі  сезіп
білмеген   шындықты   жазушы    творчествосында    оның    өз    өмірбаянына
(биографиясына) енбейтін бірде-бір сызық жоқ. Жалғыз-ақ бірде-бір сызық  сол
қалпында емес, ылғи ғана аунап түсіп отырады»   дегені  ойға  түседі.  Бұдан
қорытарымыз,  М.Әуезов  өз  басынан  кешкен  бар   сезім-қиялды,   толғаныс-
тебіреністі Сыздық арқылы көрсеткен тәрізді.
    Дархан дарын иесі «Үйлену» әңгімесіндегі көкірек  көтерген  бос  кеуде,
төре жігіт Оспанның бейнесін ашуда өткір сынмен  мысқылдай  отыра,  жігіттің
журіс-тұрысы мен сөйлеген сөзін,  маңғаздығын  мінейді,  сатира  мен  юморды
ретін келтіріп, орынымен іске жаратқан.
    «Үйлену» әңгімесі «Сана» журналында жарияланып,  соңына  аяғы  бар  деп
жазылады, ал осы жылы жарияланған  «Соніп-жану»  әңгімесі  алғашқыда  «Заман
еркесі» (роман) деп аталған еді.  Бұл  әңгімелердегі  оқиға  желісіне  үңіле
түсіп, Әуезовтің 20-жылдардағы өмір кезеңінен  мағлұмат  беретін  естеліктер
мен тарихи деректерді салыстыра отыра шындық пен  көркемдік  арасында  тығыз
байланыстылық  пен  тұтастықтың  барына  көзіміз  жетеді.  Екі   шығармадағы
кейіпкерлердің Жәмеш және Жәмила болуы да бұл тұжырымымызды нығайта түседі.
    Көркем шығармадағы портрет пен пейзаж  көркем  әдебиет  жаралғалы  өмір
сүріп келе жатқан, сонымен бір туған көркемдік, қажетті буын. Сондықтан  да,
көркем шығармада пейзаждың болмауы мүмкін  емес.  Мұхтар  Әуезовтің  табиғат
бейнесін  кестелі  сұлу  сөз  арқылы  шебер  суреттеген   шығармалары   «Қыр
суреттері» деген атпен Шолпан журналының 1922 жылғы 2-3 және 1923 жылғы  4-5
сандарында жарияланды.
    Топтамаға жазушының «Кешкі дөң басында»,  «Түнгі  ауыл»,  «Қысқы  түн»,
«Қысты күнгі далада»  сынды  әңгімелері  енген  еді.  Туған  жерден  жырақта
жүргендегі, Ташкент қаласында  қаламынан  туған  бұл  әңгімелері  сағыныштың
айқын көрінісіндей. «Кешкі дөң басында» атты әңгімесінде шуақты  жаздың  бір
кешіндегі дала тіршілігін суреттейді « Жан  дүние,  тіршілік  атаулы  ерекше
бір тыныштықта. Бойды сергіткен қоңыр салқын леп дымқыл тұнық  ауада  біліне
бастаған. Зәрі қайтқан қызыл  күн  әлсізденіп,  таудан  асып,  ұясына  кіріп
барады. Жұқалаң, ұзыншақ бұлт қызыл сеңдей болып, батар күнді ентелеп  қамап
түр.
    Табиғаттың бұл көрінісі  ерекше  сабырлылық  танытып,  адамзат  баласын
жайбарақат күй кешуіне, осы  кештен  ләззат  алып  қалуына  мүмкіндік  беріп
тұрғандай. «Қыр суреттері» топтамасына  енген  «Түнгі  ауыл»  әңгімесіндегі:
«Дүниені басқан ауыр тыныштық, ұзаққа созылған жым-жырттық,  мұңмен  созылып
төгілген ай сәулесі жүрек қанын қаттырақ соқтырып,  көңілде  күлімсіреу  мен
болымсыз үміт, рахат күйін құрғандай болады» деген  жолдары  дәл  сол  шақта
Мұхтардың сезімін тоқсан түрлі толқытқан өскен жері,  туған  ортасына  деген
сағынышы болса керек.
    «Қысқы түн»  әңгімесінде  қаһарлы  қыстың  тұманды,  қараңғы  бір  түні
суреттеледі. Ақ боран ұйытқи соғып, ойнақ  салып,  адамзатты  өзіне  тәуелді
еткеніне рахаттанып күліп тұрғандай.  Табиғаттың  бұл  ашу  шақырған  мінезі
жабырқап отырған  отбасын  бұрынғыдан  бетер  күйзелте  түсті.  Хал  үстінде
жатқан жас бала дауылдан шошып, қайта-қайта оянады... Кемпір мен  шал  болса
қасіретке лағнет айта әруақ, әулиеге сыйынады.
    «Жылдай созылған ұзақ түн өтпеді... Суық дауыл, ақ боран  ашылған  жоқ,
бұрынғысындай құтырып, шабынып тұр. Зәрлі түн  әлсіз  жанды  жұтқалы  жалана
берді. Бұл түнмен ауру баланың жаны алыса алған жоқ, аздан соң  демі  бітіп,
үзілді.  Түнгі  боран  басқан  жалғыз  қурайдай,  айдаһарша  аласұрған  суық
табиғаттың арасында баланың әлсіз өмірі де таусылып, жарығы сөнді...».
    «Қыр суреттері» топтамасының 3-әңгімесі «Қысқы  күнгі  дала»   тіршілік
нышаны да білінбейтін ақ даланы бетке  алып,  қарды  омбылай,  асыға  басып,
жалғыз, жаяу келе жатқан, көңілі үміт пен  күдікке  толы  Рәбиға  тағдырынан
сыр береді.
    «Дала жайылған кебінге ұқсайды. Алыстағы биік жота жымырайған пішінімен
тіршілікті көмген молаға ұқсайды»  немесе  «Кір  басқандай  болып,  жабырқау
тартып түнерген  сұр  бұлттар  кәрі  көңілге  келген  қажыған  ойдай  болып,
қамсызданып жүдеу тартады» деген суреттеменің өзі-ақ сүреңсіз  бір  оқиғаның
боларынан хабар бергендей. Көз алдымызда  адам  жанын  сүйсіндіре  қоймайтын
көрініс пайда болды. Бұл - автор ойының түп қазығы. Биік  жотаның  жымыраюы,
молаға ұқсауы, бар тіршілікті көміп  тастауы  әсерлі  көрсетіліп,  бір  ғана
сөйлем  бойынан  тұтас  бір  сүреңсіздіктің  сипаты  аңғарылып  тұр.   Автор
кіршіксіз, таза, ақша бұлттар емес, кір басқан, жабырқау  тартып,  тунерген,
кәрі  көңілге  келген  қажыған   ойдай   болған,   жүдеу   тартқан   бұлттың
суреттемесін береді. Осы бір  ғана  сейлемнің  өзі  автор  шеберлігін  айқын
аңғартады. Жазушы ашық күндегі ақша бұлттардың орнын сұр,  сүреңсіз  бұлттың
басқандығын нақты беруге тырысқан. Бір  ғана  бұлтқа  берілген  сипаттаманың
өзі - градация, әрбір теңеу сол көрініске жаңа сипат  үстеп,  өзге  қырларын
танытып, бірін-бірі толықтырып,  күшейтіп  тұр,  сонымен  қатар  жайма  шуақ
күндегі  көктің  келбетіне  түнерген  күнгі  көрінісі  барынша  қарама-қарсы
қойыла суреттелген.
     «Кешкі дөң басында», «Түнгі ауыл», «Қысқы  түн»,  «Қысты  күнгі  дала»
әңгімелерінде  табиғаттың  түрлі  құбылысын  айшықты   белгілермен   көрсете
білген. Ай мен күн, аспан,  желге  де  жан  бітіріп,  бірде  оларды  адамзат
тіршілігіне қарсы қоя суреттесе, бірде адамзат  баласының  табиғат  әсерінен
ләззат алып, жанына қуат дарытқан тамаша әсерін суреттейді.
    «Ақ боран көк пен жерді бір-біріне араластырған. Аспандағы ай,  жұлдыз,
жердегі қара-құрадан ешбір белгі жоқ, айнала аппақ болып тұтасып алған»  деп
табиғаттың долы  мінезге  басқанын  суреттесе  «Қаракөк  тұңғиық  аспан  күн
батысқа тақаған жерінде қызыл торғындай толқындатып, кейбір  жерінде  қызулы
ерттің жалынындай  жайнайды»  деген  жайбарақат  қалыптағы  табиғат  суретін
береді. Жазушы  шығармаларының,  оның  ішінде  20-жылдардағы  шығармаларының
барлығында адамның ішкі күйін, толғанысын табиғат құбылыстарымен  қатар  қоя
суреттеу бар.
    Әуезов  шығармаларындағы  табиғат  суреті  -  автордың  айтпақ   ойына,
идеясына  жетуге  айрықша  ықпал  ететін  көмекші  фактор.  «Қыр  суреттері»
топтамасына  енген  шағын  төрт  әңгімесінің  қай-қайсысы   болсын   табиғат
көрінісімен басталады да, табиғаттың әсеріне бой түзеген  адамзат  баласының
тіршілігіне ойысады. «Қыр суреттері»  әңгімелер  жалғасы  1935  жылы  шыққан
«Ескілік көлеңкесінде», 1960  жылы  жарық  көрген  «Қараш-қараш»  жинағында,
сонымен қатар шығармаларының жииақтарына аздаған өзгертулер енгізілу  арқылы
басылған.
    «Шолпан»  журналының  1923  жылғы  6-8  сандарында   жарияланған   «Қыр
әңгімелері»,  «Сыбанның  моласында»  және  «Текшенің  бауырында»  әңгімелері
қазақ арасында болған оқиғаның желісімен  жазылған.  Көне  құлақ  адамдардың
әңгімелеріне  көркемдік  рең   қосып   қағаз   бетіне   түсірген.   Сыбанның
моласындағы болған оқиға жайында Мұхтар 1905 жылы естіген екен. Бала  кезден
бұл  әңгімені  жадында  сақтап,  шығармашылықтың  тұтқасын  ұстаған  алғашқы
жылдары  көркемдеп,  әңгіме  түрінде  жазады.  «Сыбанның   моласында»   атты
әңгімесі кезінде батырлығымен ел аузында болған  Жортар  ақсақалдың  басынан
кешкен бір оқиғасы.
    Қара күздің желді бір күні жолға шыққан Жортар  түн  қараңғысында  алға
жүру қиындаған шақта иен тұрған молаға түнеуді  ойлайды.  Мола  ішіне  бұрын
кіріп, бұрышта бұғып отырған адам амалын тауып  Жортарды  қорқытпақ  болады.
Жортар өзінің үрейін үшырған жын-пері  емес  кәдімгі  адам  екендігіне  көзі
жеткен соң, бойын жиып  алып  төбелесе  кетеді.  Сөйтсе,  батырды  қорқытқан
Тоғай бойындағы Бура - Алағаяқ деген батыр болып шығады.  Бұл  оқиғаның  шын
мәнінде болғандығы жөнінде бала кезінде оны жазушымен бірге  тыңдаған  Ахмет
Әуезов  Жас  Мұхтар  атты   кітабында   және   жазушылар   Бегалин   «Сахара
сандуғаштары», Т.Жұртбаев «Бесігіңді түзе»  атты  эссе-кітабында  толыққанды
деректер береді.
    Қыр әңгімелеріне жататын келесі әңгіме «Текшенің  бауырында»  «Сыбанның
моласында» атты әңгімемен  бірге  жарық  көрген.  Текшенің  бауырында  өткен
оқиғаның басты кейіпкері Жобалай әңгімеде ерлігімен,  ұтқырлығымен  көрініп,
еш жанжалсыз,  ұрыс-керіссіз,  айласымен-ақ  Найманның  Мырзатайында  кеткен
есесін қайтарып алды.
    «Қайғылы жетім» әңгімесі жазушы шығармаларының 1936
жылғы «Ескілік көлеңкесі» атты еңбегіне «Жетім» деген атпен
өзгертіліп басылады, жазушының бұдан кейінгі шығармалар
жинақтарында да осы атпен басылған. «Қайғылы жетім» мен
«Жетім»      арасындағы       айырмашылықтар     Әуезов  шығармаларының  елу
томдық толық жинағын әзірлеу барысында анықталып, сараланды.
    Жетім әңгімесінде әке мен шешенің  жылы  алақанынан  айрылған  Қасымның
енді он жасқа келгенде кәрі  әжесінен  айрылған  аянышты  халі  суреттеледі.
Әжесінің дүниеден  өтуі  кішкентай  Қасымды  есейтіп  жібергендей.  Әжесімен
қоштасарда: «Әжетай, мені кімге тастап  кеттің?!  Мені  неге  ала  кетпедің,
менің қаңғып  қалғаным  ба?  деп  зар  жылап,  жиылған  жұрттың  сай-сүйегін
босатты» .
    Қасым жетімдіктің зарын енді тартты, сұм дұниеде тек  жалғыз  өзі  ғана
қалғандай  сезінді.  Келмеске  кеткен  әке-шешесін,  әжесін  түсінде  коріп,
олардың мәңгілікке жол тартқанын әзір  мойындай  қоймай,  талай  уақыт  бойы
тосумен, алысқа телмірумен  болды.  Баланы  қолына  алған  Исаның  көрсеткен
қорлығы, қысастығы  қазақ  аулына  таңсық  емес  жай.  Жазушы  көрсеқызарлық
жасап, жетімнің бар малына иелік етуге құмартып,  оны  ешқашан  таусылмайтын
мол дәулет санаушылардың надандығын, кұңгірт ойлы пасықтығын жеріне  жеткізе
жазды. Анаға тән мейірбандық Қадишаның бойында жоқ, тұлдыр жетімге  басқадан
горі  оның  мейірбандық  танытатын  жоні  бар  еді,   алайда,   таяз   ойлы,
алдындағыдан әріні көре алмайтын, шайпау  мінезді  бейбақтың  қатқан  жүрегі
жібімеді. Бала бойын ашу-ыза  кернеп,  ішкі  арпалысы  күшейді,  ақыры  соры
қайнап, ауылдан безіп, тек әке-шеше қабірі басында тыншу  көретіндей  сезді.
Тау ішін жалғыз кезіп келе жатқан  балаға  ертегі-әңгімелердегі  жын-перілер
елестеді. Қан жұтып, мұң  арқалап  келе  жатқан  Қасымды  одан  бетер  сынай
тұскендей, табиғат та сес көрсетіп, күн күркіреп жарқылдай түсті.  Бұл  ауыр
сынға шыдай алмай бейкүнә сәби көз жұмды.
    «Өз  жайымнан  мағлұматында»:  «Орыс  жазушыларынан   анық   сүйетінім:
Толстой, Достоевский. Адам жанын соларша қойма ақтарғандай  ақтармаған  соң,
жазушылықтың мәні де  жоқ.  Прозаға  психологизм  араласпаса,  езгенің  бәрі
сылдыр су, жабайының тақтақ жолы» деген өктем пікір айтқан М.Әуезов  алғашқы
шығармаларының өзінде осыны шебер пайдалана отырып, адам жанына терең  үңіле
білетін қабілетін байқатады. Әуезов  үлгі  алып,  шеберлігіне  тәнті  болғап
Ф.М.Достоевскийдің әйгілі «Қылмыс пен жазасына»  үңілейік.  Роман  кейіпкері
Раскольниковтың  шығарма  басынан  аяққы  шеніне  дейінгі  көңіл-күйі,   ой-
толғанысы,  ішкі  азабы  және  өмірлік  өзге  құбылыстар,  күштінің  әлсізге
жасаған қиянаты, жан азабын тартып, өмірден дүрыс жол  таба  алмай  безбенге
түскен  тағдырлардың  суреттелуі  жазушы  шеберлігінің  дәлелі,   сондықтан,
М.Әуезовтің осындай құдіретті бойына сыйдырған  ғажайып  туындыға  сүйсініп,
одан үлгі  алуы  заңды  құбылыс  [50].  Оқу  ниетімен  үлкен  қалаға  келіи,
білімнен қол үзген, дос-жарансыз, жарым  көңіл  Раскольниковтің  жан  азабын
тартқан күндерін алдымызға тосады. Жас жігіт қоршаған  ортаның  қаталдығымен
іштей күреске түсіп, жеңу амалын іздегенмен,  жолсызға  түсіп,  аласапыранды
күй кешеді, өзегін өртеғен бұл азап әлсіз  жігіттің  сараң  кемпірдің  жанын
қиюына  әкелді.  Достоевский  өмір  үшін,  әр  таңның  нүрлы  шапағаты  үшін
күресуге ұмтылса да, оған қалай  жетіп,  қандай  әрекет  етерін  білмей  дал
болған жігіттің ішін буған азабын, сезім сырын  сыртқа  шығарды.  Кеудесінде
жаны бар адамды тебірентпей қоймайтын адамзат тағдырының қалтқысыз айнасы.
    Жазушы  тенденциясы  өмірдің  толғақты  мәселелеріне  арналған,  көбіне
жаңашылдық  ұғымды  берік  ұстанған.   Әрине,   1921   жылы   жарық   көрген
«Қорғансыздың күніне» дейін М.Дулатовтың, А.Байтұрсыновтың,  С.Торайғыровтың
белді туындылары жарияланған. Десек те, қазақ прозасына  тың  сүрлеу  салып,
адамның психологиялық өсу процесінің тың үлгісін М.Әуезов  жасады.  Замандас
қаламгерлер тірлік ыңғайына  орай  ел  аралаған  тартыс  пен  таласты,  жаңа
өкімет өзгерісін оқырман  назарына  ұсынып  жатса,  М.Әуезов  жаңа  биліктің
келгеніне  бірер  жылдар  өткенмен  де  қазақ  ауылының   күйзелісті   шағын
ыждағаттылықпен  жазды.  Ұлттық  дәстүріміздің  нақыш   өрнектерін,   бояуын
келтіре отырып, адамның психологиялық келбетін жасай білді.
    Еуропада психологиялық проза жанрлық түр ретінде XIX ғасырдың   аяғында
енген.   Бүгінде   біз   төл   прозамызға   психологиялық   сарын   енгізген
Ж.Аймауытов  деп  жүрміз.  Дегенмен,  М.Әуезовтің  алғашқы  шығармаларындағы
адамның   психологиясын,   жүрек   сырын   нанымды,   әсерлі   баяндай   алу
қабілеттілігінен оларды  психологиялық  шығармалар  деп  атауға  негіз  бар.
Жазушы  өз  шығармаларының  ішінде  1934   жылы   жарық   корген   «Қасеннің
құбылыстарын» ғапа психологиялық очерк  деп  атаған  екен.  Шығармада  алуан
түрлі сезімге бой алдырған кейіпкер жан дүниесін  ашуға  талпыныс  жасалған.
Мұндай қасиет жиырмасыншы жылдардағы шығармаларында молынан кезігеді.
    Батыс жазушылары Д.Джойс, Ф.Кафка, Т.Манн,  Э.Хемингуәй  шығармаларында
адам жанының құпиясы терең ашылып, орыс жазушылары Ф.Достоевекий,  Л.Толстой
шығармаларынан да көрініс тауып  жатса,  қазақ  даласы  төсінде  шеберліктің
шыңын алуға бет алған  М.Әуезов  туындыларында  адамзаттың  ішкі  жан  сыры,
толғанысы орын алды.
    Мұхтар Әуезовтің «Таң» журналында  жарияланған  «Барымта»  [әңгімесі  -
жалшы мен  байдың,  жуан  мен  әлсіздің  тіршілігінің  ақиқаты.  Автор  дау-
жанжалдың, келіспеушіліктің шешімі болған, қазаққа ғана  тән  барымта  жайын
шығармаларының бІріне арқау еткен. Әдетте байлар  арасындағы  қақтығыс  соңы
барымтамен тынған. Әрине, сол барымтаға қымызға  бөртіп,  қозғалуға  жарамай
отырған жуан емес, кедей-кепшік, елдің қарулы азаматтары барған.
    «Осы екі ел ру басы жуандарының  бір-біріне  сыз  өткіземін  деген  бас
таласы, бақкүндестігінен және солардың екі елді бүлдірген  мінезінен  барып,
ақыры, бір-біріне қатты уыққан, қатты андысып, шатасқан  ел  болатын.  Соңғы
екі жылдан бері екі  ел  бір-біріне  әбден  өштесіп  ап,  қолдарынан  келген
қастықтарын аяспайтын еді»  деп, бір-бірінен атақ беделі мен  күшін  асырмақ
боп бақталасқан екі елдің әрекетін суреттейді. Жауласып  отырған  Айдар  мен
Доспол еселерін қолдан жібермеу үшін қарулы  жігіттер  Қалбағайды,  ағайынды
Жоламан  мен  Қонақайды  жұмсайды.  Ашық   егеске   түскен   азаматтар   түн
қараңғылығына  қарамастан,  соңғы  демдері  қалғанша   күреседі.   Не   ушін
жауласты, еселері кімде кетті, оларды бұл сүрақ  ойландырмаған.  Ұзақ  айқас
жігіттердің өмірінің үзілуімен  тынды.  Бір  сұмдықтың  боларын  іші  сезіп,
құдайға  құлшылық  етіп,  жалғызының  тілеуін  тілеумен  болған  Қалбағайдың
шешесі зар илеп, сорлап қала берді, иен  далаға  інісін  тастап,  қан  жұтып
Жоламан кетті. Айдап салушы Айдар  мен  Досболдың  бұл  өлімдерге  қабырғасы
қайысар ма?! Жазушы шығармасын: «Жарық айлы бүгінгі түн  қаралы,  қанды  тұн
болды. өз  намысы  оянбаған  екі  бейбақ  асығы  түгел  әлдекімнің  намысына
итаршылық жасады да, жайрап түсті қос арыс!» деп аяқтайды.
    Ессіз жануар үшін күші мығым, күні өзіне қараған жігіттерді айдап салып
отырғандарды дәулеті ортайған  жоқ,  тек  жалған  намыс  кеуделерін  кернеп,
бәсекеге  түсті.  Қан  жұтқан  жарлы-жақыбайдың  тағдырына  селт   етіп   те
қарамады. Тағдырдың басына салған ауыр тірлігін сыңар қозыдай  бірге  кешкен
ағалы-інілі Қонақай мен Жоламан бір-бірінен дәл осы түні  ажырарын,  өзгеден
ерекше біткен  қайраты  мен  жүрегі  бар  Қалғабайдың  шешесімен  соңғы  рет
көріскенін білген бе еді?
    М.Әуезовтің «Барымта» әңгімесі оның жазушылық ерекшелігінің  бір  кырын
айқын аңғартты.  Жазушы  қазақтың  қанына  біткен  ерен  қасиеттерінің  бірі
барымташылық   жайының   себеп-салдарын,   оның   неден   туындап,    нендей
жағдайлармен аяқталып жататындығын асқан  шеберлікпен  жеткізе  алды.  Қазақ
кәсіп еткен барымтаға жер дауы да, жесір  дауы  да  себеп  болатынымен,  бұл
қантөгіс.пен аяқталған барымта әншейін бәсекеден  туындаған.  Ешбір  күрделі
себепсіз басталған егес арыстардың жер құшуымен тынған.
    Әңгіменің «Таң» журналындағы алғашқы нұсқасы «Қанды  түн»  деген  атпен
жарық көріп, кейіннен 1936 жылы шыққан  «Қараш-қараш»  атты  жинаққа  әңгіме
аты өзгертіліп басылған. М.Әуезовтің 20-жылдардағы  жазылған  шығармаларының
барлығында  дерлік  Кеңес  өкіметінің  алғашқы  жылдарындағы   өмір   кезеңі
қамтылғанмен,  кеңестердің  іс-әрекетін  көтере  дәріптеу,  көзсіз   мақтау,
мадақтау жоқ. «Үйлену», «Оқыған азамат», «Ескілік  көлеңкесінде»,  «Кінәмшіл
бойжеткен» сынды әңгімелерінде жаңа қоғамның жаңалықтары  бой  көрсеткенмен,
бұларда кеңестік  дәуірдің  зор  жетістіктеріне  сүйсіне  қарау  жоққа  тән.
Жазушының бұл уақытта жазған шығармалары ішінде «Жуандық»  әңгімесінде  ғана
Кеңес өкіметіне зор үміт артып, сене қарау байқалады. Алайда,  шығарма  соңы
кеңестерді арқау еткен жатақтың опық жеп,  жерінен  айрылып,  көшіп  кетуіне
ойысады.
    Құлдықтан  құтылып,  етек-жеңін  енді  жинаған  Жақсылықтың  әр  күніне
тәубешілік етіп, жүріп жатқан  бейқам  қалпын  іштарлықпен  қасақана  қиянат
жасаған  Әбіш  бұзды.  Жақсылықтың  Ақөзекке  егін  салуына   өзі   рұқсатын
бергенмен, көз алдында ісі  алға  басып,  түлеп-түрленіп  келе  жатқан  оның
тіршілігі Әбіш байдың кызғанышын тудырмай қоймады. Жылқысын жайқалып  тұрған
егініне әдейі жіберген Әбіш наразылық  білдіріп  келген  оның  өзін  соққыға
жығады. Бұл істе төрелік айту тек ұлықтың қолында  деген  сеніммен  Жақсылық
милиция бастығына жүгінеді, алайда, ел арасында жуандардың  әлі  мен  айласы
басым болып, ұлық кескен үкім тек қағаз жүзінде қала берді.
    М.Әуезовтің бұл шығармасы  реалистік  шындыққа  кұрылған.  Сол  тұстағы
жарлы мен жуанның арасындағы  теке  тіресті  шебер  көрсете  алған,  сонымен
қатар  кеңестік  тәртіптің  әлсіздігін   де   жасырмаған   сыңайлы.   Сыншы-
зерттеушілеріміз   жазушының   Жуандық   әңгімесін    20-жылдардағы    басқа
шығармалармен салыстырғанда жаңа бағытта жазылған шығарма екендігін айтады.
    Расында  да,  мұнда  қазақ  кедейінің  көшпелікті  қойып,   егіншілікке
көшкені,  табысты  еңбектері,  қарапайым  адамдардың  жаңаға  ұмтылуы  сынды
қоғамдағы  ауқымды  өзгерістер   суреттелген.   Кеңес   өкімстінің   алғашқы
жылдарында артель құру, кооператив қауымдарын жасау, егіншілікке  көшу  жайы
шығарманың «Әр рудан жиылған жиырма-отыз үйлі кедей-кепшік осы  өзекке  екі-
үш жылдан бері егін салуды машық қылған» деген жолдарынан көрініс береді .
    Бұл тұстары маңдай терімен адал  еңбек  етіп  жүрген  кедей-кепшік  екі
жақты биліктің шылауында  қалды.  Кеңес  өкіметінің  көмегімен  жерге  иелік
етіп, егін салып отырғанымен елдің жуандары байырғы  жерінен  әлі  де  пайда
көріп, бұрынғы  құлына  әлі  де  қожалық  етуді  көздеді.  Жуандар  қаладағы
«оқығандарға, таныстарға шауып», істі өз пайдасына шешіп,  тағы  да  күшінің
басымдығын көрсетті. Бұл тек бір  ғана  кедейдің  басындағы  жай  емес,  осы
тұста басын тауға да, тасқа да ұрған қаншама кедей-кепшік  жаутаңкөз  болып,
осы күйді кешкені күмәнсіз.
    М.Әуезовтің бұл жылдары жазылған  қазақ  елінің  ауыр  тұрмысы,  азапты
тіршілігі суреттелген  туындылары  қатарында  «Жетім»,  «Барымта»  «Жуандық»
әңгімелері бар. Бұларда қазақ тұрмысының көлеңкелі жақтары  қатыгездігі  мен
тұрпайы жат қылықтары аса дәлдікпен жазылады. Өзгенің  есебінен  күн  көріп,
өзгенің қолымен  от  көсеген  кейбір  әлділердің  қылықтарын,  зәбір  көріп,
запыран жұтқан әлсіздердің бейнесін ұтымды аша білген.
    М.О.Әуезовтің алғашқы  шығармаларының  бірі  –  «Ескілік  көлеңкесінде»
әңгімесі  де  сюжеті  мен  композициясы  шебер  құрылған  көркемдігі   басым
шығарма.  Туындының  табиғатына  үңілсек,  кейіпкерлердің   басынан   кешкен
оқиғалары, психологиялық ерекшеліктері, көңіл  күй,  толғаныс  тебіреністері
М.Әуезовтің 20-жылдары басынан кешкен оқиғаларымен үндестік табады.
    Әңгімедегі  Қабыш  пен  Жәмештің  ара  қатынасы  Мұхтар  мен  Кәмиланың
арасындағы байланысты еріксіз ойға  оралтады.  Кенжеханды  Кәмиланың  күйеуі
Мұсабайдың өзі дерсің. Сөзіміз  дәлелді  болу  үшін  Қабыштың  тәуір  оқыған
жігіттердің бірі болуы, қалада жүріп, елде қалған сүйіктісін  қиялдана  еске
алуы, кыздың атастырылған күйеуінің сансыз кемшіліктерін кезге  ілмей,  оған
баруға бел байлауы сынды әңгіменің ұзын ырғасынан тартылған себептерді  алға
тарта аламыз.
    «Қалада жүргенде Жәмештің ұзын бойлы жіңішке денесі мен сұлу қара көзді
қызыл  жүзі  есінен  кеткен  емес.  Кішкене  күннен  балалық  ұясынан   алып
шыққандай ертегілі қиялы осы пішінге біржолата жабысып өскендей.  Сол  нәзік
сұлу пішін көп жылдың арманы, жасырын  мұңы  еді»  деген  жолдары  Мұхтардың
Кәмилаға деген ынтықтығының белгісі іспетті.  Жігіт  қыздың  ақылға  сиымсыз
әрекетке барып, қате басқанына өзегі өртене өкінгенмен, көзін шелден  аршуға
талпынған әрекеті зая кетті. Су түбінен құрғақ тас іздеп,  кезсіз  іске  бел
байлаған қыз кеудесін өткір өксік тілгілегенше алған  ісінен  таймаған.  Бұл
некенің болу, болмауы да тікелей Жәмештің қолында еді ғой.
    Шығарма соңы Жәмештің қате басып, кезбояушылыққа ергенін кеш  болса  да
түсінуімен  аяқталады.  Мөлдірегсн  жас  сұлудың   өзінің   теңіне   бармай,
шешесінің ырқына көніп, егде тартқан адамға күйеуге шығуға  келісім  беруіне
бір себеп Кенжеханда тоқалдықта болған апайы  Қадишаның:  «..артымда  қалған
жас балалар бар. Мен  дейтін  болса  менің  төркінім  Жәмешті  менің  орныма
берсін» деген өсиет сөзінен аттай алмауы болса, екіншіден,  өзі  пір  тұтып,
әр сөзін жөн санайтын әжесінің шешімі де осы болған. Жәмеш  көп  ойланбастан
бұған үнсіз келісіп, шешеден  өзге  туыс  жақынның  қарсылық  сөзін  құлаққа
ілмеді. «Қабыш дәл бүгінгі күнге шейін Жәмештің мінезін  түсіне  алған  жоқ.
Жәмеш бұрын қол жетпестей алыста сағымданып тұрған  сүйгені  болса,  қазірде
шешуі қиын, туысы жат, дағдысы бөлек бір ауыр жұмбақ та болды».
    Автор осындай сүреңсіз  оқиғаға  жеткізген  жас  қыздың  санасын  улап,
бақытына кедергі болған ескілік салты екенін дәлелдеуге тырысқан.  Жәмиланың
апайы Қадишаның өсиет сөзін, аманатын орындауы, әжесінің  ата-баба  дәстүрін
берік ұстанып, қазақы салтты қызғыштай қоруы сынды сол тұстағы  ел  өмірінде
жиі кездесетін әлеуметтік  рухани  шындықты  кірістіре  отыра  өзінің  ойын,
мақсатын жете түсіндіргендей.
    М.Әуезовтің алғашқы шығармалары «Үйлену» (1923), «Сөніп  жану»  (1923),
«Кім кінәлі» (1923),  «Ескілік  көлеңкесінде»  (1925),  сынды  әңгімелерінде
адам өміріндегі аса жауапты  да  маңызды  құбылыс  -  үйлену,  шаңырақ  құру
мәселесін қозғайды және алған кейіпкерлерінің ішкі әсерлерін,  көзқарастарын
білдіреді. «Таң» журналының соңғы  санында  жарияланған  бұл  әңгіме  соңына
«аяғы бар. Мұхтар» деп  қол  қойылса  да,  кейін  жалғасын  таппаған.  «Таң»
журналының 2-санында жарияланған «Қаралы  сұлу»  әңгімесінде  Мұхтар  Әуезов
өмірден татар дәмі мен ләззаты  ерте  таусылып,  азап  көріп  жаны  қиналған
қазақ әйелінің халін суреттеген.
    Ы.Дүйсенбаев Мұхтар Әуезов шығармашылығына арнаған еңбегінде  жазушының
1920-25 жылдардағы шығармаларын саралай келе қазақ  әйелдерінің  жайын  жан-
жақты және  әр  қырынан  көрсеткен  туындылар  қатарына:  «Үйлену»,  «Қаралы
сұлу», «Кім  кінәлі»,  «Кінәмшіл  бойжеткен»,  «Ескілік  көлеңкесінде»  атты
дүниелерін жатқызады. Зерттеуші пікірінше  «Қаралы  сұлу»  -  шын  мәніндегі
көркем туындыдан гөрі бір ғана эпизодты немесе бір ғана кезенді  суреттейтін
әдеби этюд.
    Т.Жұртбайдың сөзімен айтсақ: «Шыңғыстаудың қат-қабат хикаялары  алғашқы
он  жылда  Мұхтар  шығармашылығының  алтын  өзегіне  айналды.   Ол   тақырып
қорғансыз Ғазиза қыздың тағдырын бейнелейтін алғашкы  әңгімесінен  басталын,
Көксерекпен аяқталады» . Ж.Дәдебаев: «Эпикалық кең  тьіныспен  үлкен  арнада
суреттелетін өмірлік уақиғалардың қай-қайсысы да сезіммен астаса,  лирикалық
лепке бөленіп  отырады.  Лирикалық  сыпаттағы  суреткер  жазушының  эпикалық
баяндауының көлемі мен құрылысын толықтыратын, байытатын факторға  айналады.
Осыдан  келіп  М.Әуезов  прозасы  әрі  эпикалық,  әрі   лирикалық   қасиетке
иеленеді» деп  тұжырымдайды.  Жазушының  әңгімелеріне  де  осы  сынды  пікір
айтуға болады.
      Енді бірде шығарма желісі  өзге  ортадан,  қаламгер  өмірінен  тысқары
шытырман әрекеттерге де құрыла береді. Осындай құбылыстар  М.  Әуезовтің  ХХ
ғасыр басында жазылған әңгімелерінде қатар көрініс табуы кездейсоқтық  емес.
Өзге қоғамдық-  әлеуметтік  шеңбер  аясынан  алынып  әңгімеге  арқау  болған
фабула немесе лейтмотив, традегиялық бояға қанық  тағдырлар  тоғысы  “Қаралы
сұлу”, “Қорғансыздың күні”, “Жуандық”, “Қайғылы жетім”  әңгімелерінде  шебер
өрілсе, автобиографялық оқиғаларға құрылған “Үйлену”, “Кінәмшіл  бойжеткен”,
“Сөніп  жану”,  “Оқыған  азамат”  сынды  бірқатар  әңгімелері  де  көркемдік
шынайылық келбетін аша білген. ХХ  ғасыр  басындағы  әңгімелерінің  мүддесі-
адамзаттың нәзіктігі мен ішкі жан әлеміне терең бойлай  үңіліп,  психологизм
мен сыршылдыққа құрылу. Ұлтының асқақ арманы мен халқының қалауы, сол  дәуір
тынысының ырғағына икемделген өмір  тіршілігін  суреттеу  обьектісіне  арқау
болған.
     20-сыншы жылдар М.Әуезовтың аса  өнікті  жазған,  суреткерлік   «тыңын»
тапқан,  мол барлау, тәжірибе жинаған кезеңі. Оған  дейін  бірсыпыра  жүйелі
білім  алып,  әдебиетпен  жақсы   танысқан  автор  дала  өмірінің  шежіресін
жасауға кіріседі. Ол халықты тәрбиелеудің  орасан  көп  дерттерін  көрсетіп,
әшкерелеу, “әлеуметтік өмір докторы» болу қажет деп санайды. Жұртты  тікелей
күреске  шақырмағанымен,  халық  тіршілігін,   ішкі   қайшылықтарын    асқан
білгірлікпен   шенейді.   «Қорғансыздың   күні»,   «Оқыған   азамат»,   «Қыр
суреттері»,   «Қыр  әңгімелері»,   «Үйлену»,   «Сөніп-жану»,  «Кім  кінәлі»,
«Ескілік көлеңкесінде», «Жетім», «Барымта»,  “Кінәмшіл  бойжеткен»,  «Қаралы
сұлу», «Жуандық», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Көксерек»  сияқты  әңгімелері  мен
повестерінде сол тұстағы қазақ  елі  тіршілігінің  түрлі  қыры  мен  сырлары
елестейді.
      Уақыт  бір  орында  тұрмайды.   Мұхтар   Әуезовтің   1920   жылдардағы
әңгімелерінде   кейіпкерлердің   тартысы   жалпы   адамгершілік   мәселелері
көркемдік әрі шынайылық тұрғысынан қозғалады. Он жыл өтіп,  ел  1930  жылдар
табалдырығынан  аттағанда  қазақ  прозасы  көбіне  көп   әлеуметтік   саясат
мәселелеріне ойысты. Бай мен  кедейдің  қайшылықтары  әдебиет  ауа-райын  да
бұзды. Саясат, солақай тұрпайылық белең алды.  Кеңес  тақырыбына  арнап  «Үш
күн», «Іздер», «Құм мен асқар биік», «Білекке-білек», «Шатқалаң»,  «Қасеннің
құбылыстары»,«Бүркітші», т.б.,  әңгімелерін  жазды.  Бұлар  қазақ  жеріндегі
алғашқы совхоз құрылысы, соған байланысты туған тартыстар суреттелді.
      «Қасеннің  құбылыстары»  жанрын  автор   «психологиялық   очерк»   деп
анықтайды,   М.Әуезовтің   алғашқы   әңгімелерін   оқыған   адам   жазушының
психологиялық талдау өнерін таң қалдырып меңгеріп алғанына көз  жетеді.  Бұл
әңгіменің бас кейіпкері – Қасен  деген  кеңес  чиновнигі.  Көп  жылдар  бойы
маңызды лауазым – жоғары қызыметте болған адам.  Төмендеуі,  асыра  сілтеуі,
қып-қызыл белсенділігі  салдарынан:  «Елдің  ішінен  шыққан  кедей,  еңбекші
байға қарсы дегендер болса, үстінене құс ұшыртып, астынан ит жүгіртіп  сотты
қып, әлекке салып есін жиғызбай, партиясынан айдатқан күндер де болды-ау…
      Тү-у… со кездегі өкіметі не деген жайлы деймін-ау!» - деп күрсінгенде,
көкірегі қарс айырылды. Бұдан әкімшілік-әміршілдік жүйесі  шеңгелін  босатты
деген ұғым  тумайды.  Жап-жақсы  ұрандарды  Қызыл  империя  көрінеу  аяқасты
ететін. Жергілікті халық өкілдерін басқару жұмысына  қатыстыру  керек  деген
ұран ұран күйінде қалды.  Жазушы  бұл  жауапсыздықты  батыл  сынайды.  Кеңес
жүйесінің босаңси бастағанын көрсетеді.
      Қасен істейтін «кеңсенің мамандары көбінесе көпірме сөзге құмар. Жұмыс
істеп отырған бірі де болмайды. Сондықтан іс алға баспайды.  Кеңседегілердің
киерге киімі, ішерге  тамағы  жоқ.  Дегенмен  Қасен  секілді  чиновниктердің
жағдайы  басқаларға  қарағанда  шүкір  –  олар  мемлекеттен  «паек»   алатын
жандарға тіркелген. Сонда да бұрынғы аузынан қазы-қарта  кетпейтін  дәуренін
жоқтайды.
      Әйелі Жәмила да  ұсақ  жан.  Ауылдан  келген  туысқаны  әдемі  табағын
абайсыздан сындырғанына қатты долданды. Қасеннің бұл  күйіне  студент  інісі
Сәлім  сын  көзбен  қарайды,  «Кітап  оқымайды…»  -  деп  жазғырады.   Сәлім
Жәмиланың қылықтарын дүниеқоңыздылық деп бағалайды.  М.  Әуезовтің  әңгімесі
Кеңес өкіметі елге бақыт құсын орнатты деген ресми  насихатқа  қарсылық  боп
көрінеді.  Шындықтың  жалпылама  емес,  нақтылы    болатынын   шығын   проза
дәлелдеді.
      М.Әуезов әңгіме өрісін көркемдік ерекшелік  әрі  шынайылық  тұрғысынан
зор шеберлікпен кеңейте түседі. Әңгіме көлемі ұзарып барып  көлемді  прозаға
ауыса бастайды. «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаясын әуелде  ұзақ  әңгіме  жанрына
жатқызады. «Бұл ұзақ әңгімені ертеде  араб,  латын  әріптерімен  жарияланған
қалпынан автордың түзетіп, өзгерткен жаңа түрі» деген ескертпеге  қарағанда,
ол прозада өзін сенімді сезініп,  енді  суреттеу  алаңын  барынша  кеңейтуге
ұмытылғанын байқаймыз.
      «Қараш-Қараш оқиғасының» бас кейіпкері Бақтығұл көп  уақыт  барымтамен
айналысады.  Ұсталып  қалып,  соққыға  жығылады.   Бұдан   кейін   ол   адал
еңбектенгісі  келіп  Жарасбайға  жалданады.  Болыс   бұны   тағы   барымтаға
аттандырады. Жарасбай өзін ақтау үшін бар пәлені «қарақшы» - деп  Бақтұғылға
жабады. Бақтұғыл қашқын, кезбеге айналды.  Бұл  қорлыққа  шыдай  алмаған  ол
ақыры Жарасбайдан кегін алады. Қараш-Қараш  асуында  оны  аңдып  жүріп  атып
өлтіреді.
      Бақтығұл  өзін  қатал,  аяқ  жетпес  асулардың,  құздардың  баласындай
сезінеді. Солардан пана табады. Тумысында батыр, ержүрек,  әділ  адам  өстіп
арамдық, жауыздық тәлкегіне түседі. Ол бір уақ  таулардың  шыңына  телміріп,
шындықты  сол  биіктерден  іздейтін  тәрізді.  Қаламгер   өз   туындыларында
көркемдік тәсіл, оқиға мен образ шынайылығын, тарихи болмысты  тыңнан  шебер
де тартымды етіп тоғыстырып бейнелейді.  Бақтұғұлдың  прототипі  алаш  арысы
Тұрар Рысқұлбекотің әкесі Рысқұл екендігі белгілі.  Осы  әңгімесінің  тарихи
негізіне де Рысқұлдың басынан кешкендері өзек етіп алынған.
      М.Әуезовтің бұл уақытта жазылған  шығармаларынан  «Көксерек»  хикаясын
ерекше атаған жөн. Бұл ұзақ әңгіменің  тақырыбы  басқа  әңгімелерінен  оқшау
көрінеді. Онда қолда  өскен,  асыранды  Көксерек  атты  бөлтіріктің  тарихы.
Құрмаш  деген  жас  бала  қасқырдың  күшігін  асырайды.  Бөлтірік  өсе  келе
қасқырдың табиғаты  жеңіп,  күндердің  күнінде  тағы  тектестерінің  үйіріне
қосылып  кетеді.  Енді  өзін  өсірген  ауылға  маза  бермей,  малға  тиседі.
Көксеректің жыртқыштық  мінезі  қатал  беріледі.  Автор  мұны  ұтымды  шағын
деталь көмегімен ұтымды жеткізеді: «Ін ішінен жат иіс сезіп,  Көксерек  басы
мен кеудесін сұғып «ыыр» етіп кішкене күйікті күшікті тістеп  суырып  шықты.
Бұны істегенде  ақ  қасқыр  арсылдап  тап  берген  еді,  Көксерек  сонда  да
тоқтамай көк  күшікті  жерге  жұлқып-жұлқып  соғып,  қабырғаларын  кірт-кірт
сындырып өлтіріп тастады». Өз күшігін  аямаған  Көксеректен  адамға  қайырым
қайдан болсын. Ақыры Көксерек өзін асырап өсірген Құрмашты ат үстінен  жұлып
ап, өлтіріп кетеді.  Әуезовтің  «Көксерегі»  атақты  жазушы  Джек  Лондонның
шығармаларымен тақырып жағынан үндес. Бұл кездейсоқ  ұқсастық  емес.  Мұхтар
Әуезов жер жүзі классикасын үйренуді ғана  мақсат  етпеген.  Ол  мұсылмандық
Шығыс поэзиясының нәзира дәстүрін  еске  алып,  жаһанның  ең  керемет  деген
жазушыларымен өнер сынасып, қалам жарыстырып көрген. Бірақ тақырып  болмаса,
өзге жағынан қазақ жазушысының Дж.Лонданның «Ақ  азуына»  тіптеп  ұқсамайды.
Көксерек  сюжеттік  желісі  өзгеше  айтары  да   басқа.   Әуезов   қасқырдың
сүлдесінен  мейірімсіз  қарақшының  тағылық  мінезін  таниды.   Әуезов   Дж.
Лонданның  «Ақ  азуын»  1936  жылы  қазақ  тіліне  аударғаны   белгілі.   Ал
«Көксерек» одан кейін жазылған.  Лондон  шығармасын  аудара  отырып,  өзінің
атақты классиктен артық түспесе  кем  түспейтін  шығарма  жазғанын  мақтаныш
еткен болу керек деп ойлайсың.
      Мұхтар  Әуезовтің  шағын  прозадағы  үздік   табыстары   «Абай   жолы»
эпопеясының  дүниеге  келуіне  бір  жағы  мықты  әзірлік  болды.  А.Нұрқатов
М.Әуезовтің шығармашылығы жайында былай  дейді:  «М.Әуезов  шығармашылығының
алғашқы  жылдарында-ақ  жоғары  көркемдік-реалистік   шығармаларды   жасаған
болатын, оны еске салуымыз қажет,  өйткені  соңғы  уақытқа  дейін  жазушының
көптеген реалистік дүниелері дұрыс бағаланған  жоқ  және  шығармаларының  ең
жақсысы, оның алғашқы кезеңінде жазылғандарынан, жалпы  назарға алынған  жоқ
болатын». Бұл пікірмен келіспеуге болмайды. М.Әуезов шығармалары  талай  рет
сынға ұшырады. Біреулер ұлтшылсың  деп  айыптаса,  біреулер  мүлдем  басқаша
пікір айтты. Әуезовтің ұшан теңіз шығармашылық  әлемі  талай  сынды  басынан
өткерді.
      Мұхтар Әуезов  алғашқы  шығармаларының  көбін  әңгіме  түрінде  жазды.
Әңгіме жанры көлемі шағын болса да,  мағыналық  сиымдылығымен  жазушының  өз
идеялық  және   эстетикалық   бағыт-бағдарын   айқындауға,   өзіндік   стиль
қалыптастырып, суреткерлік шеберлігін жетілдіруге  бірден-бір  қолайлы  еді.
Әңгіме - көркем прозаның ең  ықшамды  түрі.  Бірақ  жеңіл  түрі  емес.  Оның
қиындылығы да сол ықшамдылығында,  аз  сөзге  көп,  терең  мағына  сыйғызып,
негізінен,  бір  оқиғаның  баяндау  арқылы  мол  өмір  шындығын  ашып   беру
қажеттігінде.
      Әңгімеде кейіпкерлердің көп болмайтыны, негізгі геройлар  екеу-үшеуден
аспайтыны да олардың мінез-құлқын, характерін солардың бірнеше нақтылы  бас-
аяғы жинақы іс-әрекеттері арқылы  ашып  беруге  үлкен  суреткерлік  шеберлік
қажет  екенін  аңғартады.   Әңгіме   көркем   прозаның   жазба   әбебиетінде
қалыптасқан түрі, ауыз әдебиетіндегі әңгімелеп  айту  үлгілерімен  тамырлас-
жалғастығы болса да, мүлде жаңа соны жанр. Басты  ерекшелігі  –  қалыптасқан
дәстүрлі баяндау тәсілдерінің шеңберінде қалмайтын  еркіндігі,  шығармашылық
ізденістерге жол беретіні, әңгіме жанрында тақырып таңдау, өмір шындығын  әр
жағынан  қамту  мүмкіндігі  шексіз  десек,  оқиға  желісін  еркін  өрістету,
шығарманың композициялық  құрылысын  неғұрлым  ұғымды,  ширақ  етіп  келтіру
мүмкіндіктері де мол. Әңгіме жанрының ерекшелігі жағынан сан  алуан  түрлері
болады да, мұның  өзі  әр  қилы  суреттеу  тәсілдерін  қолдануға  да  жағдай
туғызады. М.Әуезовтің әңгімелерінен осы жанрды бірден жақсы  иергенін,  оның
өмір шындығын көркемдік  ерекшелігі  тұрғысынан  жан-жақты,  терең  бейнелеу
мүмкіндіктерін толық пайдалана білгенін анық байқаймыз.
      «Қорғансыздың  күні»,   «Оқыған   азамат»,   «Қыр   суреттері»,   «Қыр
әңгімелері»,   «Үйлену»,   «Сөніп-   жану»,    «Кім    кінәлі?»,    «Ескілік
көлеңкесінде»,  «Жетім»,  «Кінәмшіл  бойжеткен»,   «Қаралы   сұлу»   секілді
әңгімелерінің қай-қайсынан да жазушының ауыл  өмірін,  елдің  тұрмыс  жайын,
әдет-ғұрпын жетік білетіні айқын  танылады.  Әсіресе  Мұхтар  Әуезовтің  осы
кездің өзінде- ақ барған  сайын  суреткерлік,  баяндаущылық  шеберлігі  арта
түсіп, сан түрлі адамдардың мінез-ерекшелігін,  психологиясын,  ойлау-сөйлеу
мәнерін  тап  басып  тани  білетін  көрегендігі   мен   сезімталдығы   назар
аудартады.  Сол  замандардағы  қоғамдық  өмірде  орын  алған   алуан   түрлі
мәселелерді – ауыл адамдарының өмір-тұрмысы,  күн  көрісі,  үйлену,  отбасын
құру және құдаласу, күйеу келуі, қыз көру сияқты ескі-әдет ғұрыптар,  оқыған
жігіттердің мінезі,  іс-әрекеттері  –осының  бәрі  адамгершілік  идеялары  -
әйелдің бас бостандығы,  әділеттілікті  жақтау  тұрғысынан  ашып  көрсетеді.
Аталған әңгімелерінде жас жазушының панасыз, қорғансыз  адамдардың  жанашыры
болуға ұмтылып, қайғы-қасіретке душар болған жетім, жесірлердің  ауыр  халін
тебірене бейнеленуінен оның шығармасындағы гуманистік  сипаттың  пафосы  сол
кездің өзінде аса күшті болғаны анық байқалады. «Қорғансыздың күнінде»  жаны
таза, пәк сезімді жас қызға  жасалған  зорлықтың,  қорлаудың  жантүршігерлік
айуандық екенін қандай әсерлі бейнелесе,  басқа  бірталай  әңгімелерінде  де
адал, ар-ұяты бар, бірақ  қолы  қысқа,  жоқшылықты,  өмір  ауыртпалығын  көп
көрген  адамдарды  аяныш  сезімімен  бейнелеп,  әділетсіздікті,  озбырлықты,
дүниеқоңыздықты,  пасықтықты  жеріне  жеткізе  әшкерелейді.  Осыларды   айта
отырып, Мұхтар Әуезов әңгімелерінің басты ерекшелігі қандай  десек,  алдымен
айналады өмір құбылыстарын бейнелеудегі көркемдік  ерекшелік  пен  шыншылдық
суреттеу әдісін шебер қолдана білетіндігі дер едік. Әңгімелерде  баяндалатын
оқиғалардың, бейнеленетін кейіпкерлердің бәрі өмірден  алынған,  сол  ортада
болатын  оқиғалар,   іс-әрекеттерді   бейнелейтін   типтік   мінез,   типтік
характерлер.  Әрине,  кейбір  жайлар  әсірелеп  көрсетілген.  Бірақ,   тіпті
айналадағы табиғат көріністері – даланың қысы, желі, бораны, айлы түні, тау-
тасы – бәрі нақтылы, дәл, анық бейнеленген. Және олар құр  жай  ғана  сурет,
адамдар өмір сүретін орта ғана емес, әңгімедегі  кейіпкерлердің  көңіл-күйі,
қайғысымен үндес келетін, кейде оның тағдырымен ажырамас бірлікте  көрінетін
дүние  болмыстың  нақтылы  ақиқат  белгілері.  Поэтика  тұрғысынан  қарасақ,
табиғат суреті көркемдік символ бейне де бола алады, ол  қуаныш  сезімін  де
не қауіп-қатерден қорқыныш сезімін де күшейте алады.
      Мұхтар Әуезовтің көркемдік стиліне  оқиғаны  асықпай,  байсалды  түрде
баяндау тән. Оның оқиғаны баяндауында кейде суреттеп көрсету жағы басым  да,
ал автордың атынан  кейіпкердің  жай-күйін  түсіндіру  жағы  азырақ  болатын
кездері де  бар.  Жазушы  оқиғаны  баяндай  отырып,  әр  түрлі  жағдайларға,
кейіпкердің әр қадамының дәлелді болуын құнттап, түсінік беретін тұстары  да
аз емес. Оқиғаны асықпай баяндаған  кезде  бұл  тәсілді  көбірек  қолданады.
әсіресе, көлемді көркем шығармада (романда)  оқиғаларды  кейіпкерлердің  іс-
әрекетін бір арнаға түсіру үшін мұндай  авторлық  түсінік  бері  тәсілі  жиі
қолданылады. Мұхтар Әуезовтің  әңгімелері  жайында  айтсақ,  жазушы  оқиғаны
өмірде болған қалпында  баяндағандай  етіп  көрсету  жағынан  Антон  Чеховқа
ұқсаса,  автордың  өзі  араласып  болған  жағдайды  түсіндіруге  бейімділігі
жағынан Лев Толстойға көбірек ұқсайтын сияқты.  Мұхтар  Әуезовтың  1921-1925
жылдары  жазылған  әңгімелері  оның  көркемдік  проза  саласындағы   алғашқы
ізденістерінің  өте  жемісті  болғанын  айғақтай   алады.   Олар   жазушының
суреткерлік шеберлігінің кейін бара-бара шырқау шыңға көтерілуіне жол  ашқан
бастапқы биік белесі болады.
    Жазушының шығармашылық жолындағы алғашқы туындылары одан әрі  жалғасуға
тиіс, түйінсіз әңгімелер емес, әрқайсысы  бас-аяғы  бүтін  көркем  дүниелер.
Алғашқы   жарияланымында   аяғы   бар   деп   жазылған   үйлену,    «Ескілік
көлеңкесінде», соңына басылмаған романнанң деп  ескертпе  берілген  «Бүркіт»
аңшылығының  суреттерің,  роман  деп  басылған  «Заман  еркесі»   әңгімелері
кейіннен жалғасын таплағанымен, олардың әрқайсысында толымды түйін,  тұжырым
бар, яғни автор айтпақ ойын жүйелей алған, мақсатына жеткен.
    Өмірдің шынайы келбетіне терең үңілу,  ащы  шындықты  айтудың  қиындығы
күнделікті идеологияның қалыптасқан қағидасына айналған тұста замана  талабы
қаншалықты тосқауыл  койғанымен,  М.Әуезов  шындықты  баса  айта  алмаса  да
тұспалдап жеткізді,  онысымен  де  ұлтының  ақыл-ойының  кемелденуіне  ықпал
еткені айқын.
    Қазақ әдебиетінің тарихына Мұхтар Әуезов сіңірген еңбек өлшеусіз,  оның
ішінде  ерекше  оқшауырақ  тұрғаны  -  прозалық  шығармалары.  Т.Ахтановтың:
«Әуезов қазақ прозасын ересек, кексе әдебиет дәрежесінде  бастағанмен,  жаңа
оянған жас халықтың рухани балғын қасиетін  көтеріңкі  романтизм  мен  таңғы
шықтай мөлдір лирикасын, керек  десеңіз,  шығыстың  асқақ  сөз  бен  нақышты
суретке құмарлығын бір бойына түгел сыйғыздың деуінің негізі  оның  қазақтың
шын профессионал прозасының дүниеге әкелуінде жатса керек».
    Қорыта айтқанда, М.Әуезов ХХ ғасыр басындағы әңгімелерінің жанрлық және
тақырыптық мазмұн даралығы қазақ прозасын  жаңа  сапаға  көтерді.  Жазушының
әңгімелеріндегі төгілген тіл, бояулы сурет сол заманның  көркемдік  шындығын
көз  алдымызға  әкеледі.  Шығармаларымен  Әуезов  заманының  рухани  тынысын
жеткізді, әлеуметтік мәселелерді көркемдік тұрғыдан зерттеп, қоғам  өмірінің
басты буындарына қорытынды  жасап,  бағалап,  өткенін  таразылап,  болашаққа
багдар  беріп,  заман  шындығын  реалистік  тұрғыдан  жазды.   Жазушы   өмір
шындығының нағыз қайшылықтарын сол  қалпында  бейнелеуге  тырысты,  көлекелі
жақтарын әшкерелеп, жаңғыртып, жаңартуға негіздеді.




















         Дәріс №6  М.Әуезов әңгімелеріндегі «қорғансыздар» тақырыбы



      М.О.Әуезов  әңгімелері  өзіндік   драмалық   табиғатымен,   сондай-ақ,
тарихилық сипатымен дараланады. Жалпы, қай жанр болмасын, қоғам дамуының  әр
түрлі  кезеңдеріндегі  тарихи-эстетикалық  сұраныстарға  орай  туады.  Яғни,
көркем туынды тарихи-эстетикалық сұраныстың нәтижесі десек,  онда  тек  қана
тарихтың ғана сұранысы емес екен. Ал эстетикалықтың ауқымы кең.  Эстетикалық
– ол, мегакатегория. Басқаша айтсақ  көркемдікті  бедерлейтін  барлық  идея,
бейнелеуіш құралдар, стиль, поэтика элементтері одан көрініс табады.  Тарихи
шындық – көркемдік шындыққа айналады: «Әдеби  шығармадағы  тарихи  шындық  –
көркемдік бейнелеу тәсілімен берілетін өмір шындығы, яғни көркемдік  шындық.
Тарихи шығармада өмірде болған уақиғалармен қатар  ойдан  шығарылған  жайлар
да аз болмайды, тарихи тұлғалармен бірге көркем  қиялдан  туған  кейіпкерлер
араласып жүреді. Мәселе, шындап келгенде,  оқиғаның,  кейіпкерлердің  өмірде
болған,  не  болмағанында  емес.  Шығарманың  барлық   мазмұны,   оқиғалары,
кейіпкерлері көркем ой көрігінен өтіп, жинақталып, өзгеше  бейнелілік  сипат
алып  шығатындығында.  Әрине,  тарихи  шығармада  айтылмақ  уақиғаның  өзегі
негізінен өмірде  болған  уақиғалардың  аясында  алынбақ.  Сондықтан  жазушы
маңызды тарихи жайларды, көп нақтылы деректерді анық білуі қажет».
    Бұл  көзқарастағы  біздің  назарымызды  аудартқан  ой,  тарихи  негізді
шығарма жазуда суреткер еркіндігі бола тұра,  тарихи  шындықты  аттап  өтіп,
оны бұрмалауға болмайтыны туралы пікір.  Басқаша  айтқанда,  көркем  шығарма
шындыққа сай нанымды  болып  шығуы  тиіс.  Сонда,  тарихилық  дегеніміз  не?
Көркемдік өзгеріс дегеніміз еркін кету деп те  үстірт  айта  алмасақ  керек.
Көркем шығарманың  тарихи  негізімен  көп  үндесетін  тарихилық  категориясы
турасындағы ғалым А. Ісмақованың пікіріне назар аударайық: «Тарихилық  әдеби
шығарманың  тарихи-әлеуметтік   ортамен,   белгілі   бір   халықтың   мәдени
тарихымен,   салт-дәстүрімен,   ырым-нанымдарымен,   ұлттық   мінез,   ойлау
ерекшеліктерімен,  аңсар-арманымен  тамырлас  құбылыс.  Осынау   «тарихилық»
ұғымы суреткер дүниетанымының шартараптылығына, асқан  білімдарлығына,  яки,
мынадай   таным   кезеңдерінің   1)   өткенді   (ретрогноз),   2)    бүгінгі
(презентогноз),  3)  болашақты  (прогноз)  жетік,   жан-жақты   меңгергеніне
тікелей   қатысты.   Әдебиеттегі   тарихилық   және   зерттеу    саласындағы
методологиялық әдіс ретіндегі тарихилық өмірдегі,  ақиқат  болмыстағы  әрбір
құбылысты тексеру мен бейнелеу жалпы  тарихи  процестің  бір  бөлшегі,  яғни
тарихи сабақтастық негізінде қарастырылуы тиіс.  Сонымен  тарихилық  белгілі
бір заманның нақты  тарихи  жағдайларын,  қайталанбас  келбеті  мен  өзіндік
қасиеттерін, мән-мағынасын,  болмысын,  ұлттық-тарихи  және  өмір  шындығын,
идеялық-танымдық тереңдігін көркемдік тұрғыдан  жырлап,  тарихтың  көркемдік
философиясын шеберлікпен жеткізу» .
    Сайып  келгенде,  көркем  шығарманың  тарихи  негізі,  жалпы   өнердегі
тарихилық өткенді ғана қамтымайды екен. Оның  өміршеңдігі  сонда  өткен  мен
бүгінді, тіпті болашақты ұштастырар  поэтикалық  күш-қуатының  ерекшелігінде
болып  отыр.  Тарихи  шындықтың  көркем  шығармада  бейнеленуі  аса   өзекті
мәселелердің бірі.
         Жазушының  «Ескілік  көлеңкесінде»,  «Кім  кінәлі?»,   «Сөніп-жану»
әлпеттес  шығармалары  кең  тынысты  және  шебер  жазылған.  Бұларда   қазақ
ауылының ескі тіршілігі, оған ене бастаған  өзгерістер,  әйел  басының  еркі
әлі  де  ескілік   шырмауында   екені   өте   қонымды   берілген.   «Ескілік
көлеңкесінің» басқа әңгімелерден бір ерекшелігі сол, онда  ескіліктің  бүкіл
көрінісі жан-жақты және өте қонымды суреттелуінде. Байдың  ерке  қызы  Жәмеш
өзін айнала қоршаған болмыстан бейхабар, бірбет, тәкаппар өседі.  Оның  үлгі
тұтатын әрі ақылшысы, әрі тәрбиешісі - ескілікті аңсайтын, қатал мінез  кәрі
әжесі Мәкен. Бұл сияқты азулы кемпірлердің азғана  ауыл  тұрсын  бүкіл  руды
бір шыбықпен айдаған кездері болған. Жәмештің өз әке-шешесі Мәкен  кемпірдің
алдында құрдай жорғалап, оның бетіне қарсы келіп көрген емес.  Жас  Жәміштің
туған апасы Хадишаны әрі бай, әрі болыс Кенжеханға тоқалдыққа  бергізген  де
осы қияс кемпір еді.
      Алғашқы кезде Хадиша біраз толқыса да, ақыры іштен тынып, қатын үстіне
кете  барған.  Сырт  көзге  оның  өмірі  сәнді,  үлде  мен  бүлдеге  бөленіп
отырғандай. Үй ішіндегі бар билік те оған көшіп жас  тоқал  өзін  емін-еркін
ұстағандай тәрізденеді. Ол күйеуіне ерекше  құрмет  көрсетіп,  үнемі  ықылас
білдіріп отырады, қысқасы, шалқыған  бақытты  өмірге  ие  болғандай.  Бірақ,
мұның бәрі  әлеміш,  алдамшы  көрініс.  Хадиша  мұңға  батқан  жүрек  сырын,
жегідей жеген қапа-қасіретін ешкімге ақтарып ашпайды.  Сөйтіп  жүргенде  көп
ұзамай (күйеуімен алты-ақ  жыл  отасып)  Хадиша  дүние  салады.  Неге  екені
белгісіз, ақырғы өсиет-аманат сөзінде ол өз орнын жас сіңілісі Жәмеш  басып,
артта қалған екі баласын жетімсіретпеуін өтінеді…
      Хадишаның көзі тірісінде  Мәкен  кемпір  мен  Жәмеш  сан  рет  қонаққа
барып, ұзақ  жататын-ды.  Кенжехан  мен  Хадишаның  «тәтті»  тұрмысы  оларға
сондай сүйкімді әрі қызықты көрінетін-ді. Тегі соның әсерінен  болса  керек,
Жәмеш ағасы  Қасымның  (оқыған  жігіт)  қарсылығына  қарамастан,  Кенжеханға
тиюге бірден ризалығын білдіреді. Жазушы барлық жағдайды  мейілінше  нанымды
суреттеген.
      Әңгімедегі тағы бір  басты  қаһарман  –  Қабыш.  Ол  жас  жігіт,  орта
мектепті бітірген, Жәмешке көптен бері ғашық, талай рет  хат  жазса  да  қыз
тарапынан үміт туғызарлық нышан көре алмай келген. Қабыш образы жалаң  емес,
күрделі жасалған. Оның бойындағы ұтымды қасиеттермен қатар, осал жақтары  да
көрсетілген.  Қабыш  көбінесе  қиялға  беріліп,   өмірдегі   тартысқа   онша
бейімділмеген жан ретінде бейнеленген. Жақсы оқыған  дегені  болмаса,  автор
оны үнемі жасықтау, икемсіздеу етіп сипаттаған,  Жәміштен  жылы  жауап  ала-
алмауы да осыда.
      Қанша  ерке  өскенімен  Жәмеш  сұлу  Кенжеханмен  алғашқы  кездесуінен
бастап бірден түңіліп, мүлдем өзгереді. Әйткенмен жазушы  бар  сырды  ашпай,
жұмбақ күйінде қалдырады. Жәмештің Қабышпен кездеспек  болуы  да,  осы  ойын
тез орындау үшін белін бекем бууы да оншалық дәлелденбей қалған. Екі  жастың
дидарласуы  немен  тынғаны  да  ашылмай,  тұйық   күйінде   берілген.   Олар
мұраттарына жетті ме, әлде өмірден опық  жеді  ме,  ол  арасы  де  белгісіз.
Алайда, әңгіменің аяғында жеңгесі Бибішке  Жәміштің  декбірсізденіп  айтқан:
«Тез жүр, тез!» деген  әмір-өтініші,  оның  қалай  да  тұжырымды  біршешімге
келгендігіне оқырманды үміттіргендей болады. Әңгіме - өте көркем, тілі  бай,
оқиғасы тартымды. Жазушы шеберлігінің айқын айғағы.
      «Кім кінәлі?» атты келесі шығармасы да жоғарыдағы әңгімелермен  үндес,
бірақ  бұл  туындыларда  ескіліктің  қанды  жұдырығы  тұрпайы,   жиіркенішті
қалпында сипатталған. Ысмайыл байдың  бой  жеткен  Ғазиза  әкесі  атастырған
жеріне бармайтынын ашып айтады.  Осыдан  барып  тұтқиылдан  оқиға  шиеленісе
түседі. Бір жағынан зіркілдеп  зәрін  шашып  қатал  әке  қаһарманына  мінсе,
екіншіден, шұғыл шақырылған, Жақып күйеу  қалыңдығын  көндіре  алмаған  соң,
оны сілейте сабайды. Ғазиза бұл қорлыққа  шыдамай,  ертеңіне  қатты  ауырып,
ақыры қаза табады. Мұндада бақытсыз қызды  сүйетін  оқыған  жігітбар.  Ол  –
Ісләм, сол Ысмайылдың құдасы әзімбайдың  баласы.  Ғазиза  мен  Ісләм  көптен
таныс, екеуі бірін-бірі сүйеді  де,  әйтседе  олар  ескілікке  қарсы  тұрып,
төтеп беруге жарамайды. Ғазиза  қыршынан  қиылып,  қайғылы  өлімге  ұшыраса,
Ісләм өз елінен, туған-туысқанынан пана таба  алмай  қалаға  аттанады.  Оның
бар қолынан келгені Ғазизаның қабіріне соғып, қоштасуы,  сүйген  жары  есіне
түсіріп егіле жылауы ғана. Замана шындығы осылай еді.
      Бұл топқа жататын шығармалардың ішінде оқшауырақ тұрғаны  –  «Кінәмшәл
бой жеткен» әңгімесі. Мұнда губерниялық қаладағы қазақтың оқыған  жастарының
өмірі суреттелген. әңгімедегі басты кейіпкер – гимназияда  оқып  жүріп,  оны
бітірмей кеткен  қазақ  қызы  Ғайша.  Алғашқыда  ол  құрметке  де  бөленеді.
Қоғамдық қызметке де белсенді араласады, бірақ мұнысы ұзақа бармайды.  Көркі
мен ақылына мастанған  жас  қыз  өз  жұлдызына  сеніп,  оқуын  тастайды  да,
қызметтен де қол үзеді,  Біріңғай  ойын-сауыққа,  сән-салтанантқа  салынады.
Мұнысы бара-бара машыққа айналып,  ол  қыраттан  домалаған  тастай  өзін-өзі
тоқтата алмайды, уақыт озған сайын Ғайша көріктен де, беделден  де  айырылып
құлдырай бастайды.
      Соңғы кезде танысып, зор үмі артқан жігіті Ғаббас та  тұрақтамай,  тез
жалт береді. Ақыр-аяғында Ғайша бәрінен түңіліп, өлімге де басын  байлап,  у
ішіп «азаптан» құтылмақ болады. Бірақ бұл  жолы  да  ерке  өскен  қыз  үрдіс
әрекетке  батылы  бармай,  аман  қалады  да,  бұрынғы  құнарсыз   тіршілігін
жалғастыра береді.
      Шарты түрде екінші  топқа  жатқызған  әңгімелер:  «Жетім»,  «Барымта»,
«Жуандық»  тіпті  басқа  сипаттағы  шығармалар.  Жас  жазушы   мұнда   қазақ
ауылындағы әлеуметтік мәселерді терең де жан-жақты,  шындық  тұрғысынан  өте
шебер көрсете білген.  Бұл  әңгімелерде  халық  ортасынан  шыққан  қарапайым
жандардың шеккен жәбір-жапасы, тартқан азабы,  көрген  қианаты  сипатталады.
Шығарма бір эпизодтан ғана тұрады. Қорлық-зорлыққа  төзе  алмай,  әке-шешесі
мен әжесінің қабірлерін іздеп шыққан  жетім  бала  Қасымның  қазаға  ұшырауы
суреттеледі. Жазушы түндегі тау тіршілігін, табиғат құбылысын  үрейі  қашқан
баланың ішкі сезім толғанысына бейімдеп, өте әсерлі етіп бейнелеген:  «…Биік
тау, мықты қара жартас, бұралған тоғай мен майысқан шалғын- барлығы  да  түн
мезгілінде Қасымның көзіне жат болып кеткендей болып көрінеді. Тас  қабақты,
жұлдыз көзді, түндей қара түсті қара  кемпір  тау  ішін  құйғындай  құтырып,
кезіп жүргенжей. Қара желімен «әпсін» оқып үшкіріп  тұрғандай.  Дүниені  тас
қып қатырып, тылсым буғандай.  Түн  тыныштығын  ұйқылы  қанатын  жалпылдатып
қағып ұшқан жалғыз ғана қарақұс бұзады… Осы  сияқты  ауыр  мезгілде  Қасымды
тау ішінде жетімдік қайғысы жанұшыртып алып келе жатты… Бір мезгілде,  Қасым
қорқып, дірілдеген  жүрекпен  маңайына  жалтаңдап  әр  нәрседен  үркіп  келе
жатқанда, күн жарқ етті.»
       Өмірден алынған осы бір шағын көрінске жазушы  біраз  дүниені  сиғыза
білген. Жас Қасымның қайғылы өлімін  суреттеу  сәтімен  автор  ескі  ауылдың
ауыр тұрмысын, тұйық тіршілік қоршауында азап  шеккен  қарапайым,  дәрменсіз
жанның  панасыз,  аянышты  халін  нанымды  етіп  берген.   Осылардың   бәрін
тәптештеп, саралап жатпай, сараң  баяндау,  жеке  болмысты  қонымды  келтіру
арқылы көкейге ұяаларлық шындықты  ұсынған.  Тау  суреті,  табиғаттың  түнгі
құбылысы, ауру жеңген қарт әженің мейірімді жүзі, жетім  балаға  рақымсыздық
жасаған тас бауыр жауыз адамдардың пасық әрекеттері көз алдыңызда  тұрғандай
болып елестейді.       Суреткер- белгілі дәуір перзенті.  Оның  творчествосы
сол өмірдің сәулесі, көрінісі. Сондықтан  жазушы  шығармалары  өз  дәуірінің
әлеуметтік тіршілігінен, арпалысынан оқшау  болуы  мүмкін  емес.  Бірде  бір
шынайы  суреткер  өз  заманының  саяси-әлеуметтік  мәселелеріне  үн  қоспай,
қатыспай, араласпай қалмақ емес.
      Жазушы адам тағдырын, қоғам тағдырын жырлайды. Соны шығарма  өрнегімен
түсіндіруде өз тәжірибесіне де,  қоғам  тәжірибесіне  де  арқа  сүйейді.  Әр
суреткер-  жан-  сезім  дүниесінің  адамы.  Ол  шығарма  жазу  үстінде   өзі
қайғырып,  өзі  қуанады.  Ол  бүкіл  ой-  сезім   қуатын,   толғанысын   сол
шығармасына төгеді.  Егер  суреткер  өзі  толғанбаса,  онда  сезім  ақиқаты,
шынайылылығы жоқ, ал сезім  шынайылығы  жоқ  жерде,  өнерде  эмоциялық  әсер
шамалы.
       Жазушының  өз  бейнесін  көргіміз  келсе,  біз   оның   шығармаларына
үңілуіміз  керек.  Оның  өмірі  арман  –  мүддесі,   дүниеге   көз   қарасы,
адамгершілігі сол өзі жазған шығармаларында елес береді.  Ол  өзінің  өмірге
деген  сүйіспеншілігін  де,  өмірдегі  жексұрындылыққа  деген  жиренішін  де
шығармасында өрнектеген.
      Көркем шығарманың кішкентай  клеткасы  -  сөз.  Шығарма  шаңырағы  сол
арқылы көтеріледі. Жіптен  кілем  тоқыған  шебер  сияқты,  кірпіштен  зәулім
сарай тұрғызған сәулетшідей  әр  түрлі  болуды  үндестіре  пайдаланып  сурет
салған қыл- қалам шеберіндей жазушы да сөзді кәдеге жаратып,  көркем  туынды
түндігін көтереді. Сол сөз образы  бейнелі  сөйлем  құрылымына  апарады,  ал
сөйлемдер барып белгілі  бір  оқиғаны  құрастырады,  ситуация  жасайды,  сол
оқиғалар бір- бірінен өрістей барып, шығарманың тұтас бітімін  құрайды,  осы
өрілімдер, оқиғалар өрісінде адам бейнесі  жасалады,  олардың  мінез-  құлқы
қалыптасады,  шығарманың  идеялық-  эстетикалық  мазмұны  ашылады.   Қалыпты
сөздер шағарманың көркем құрылымына ену арқылы бір- бірімен  іштей  кірігіп,
қарым- қатынасқа түсу арқылы өнер  жемін  тұрғызады.  Эстетикалық  қатынасқа
енген сөздер алуандаған бейнелі мағынаға ие, оның әр клеткасы әр түрлі  әуен
шертеді, әр түрлі болуымен,  мән-  көркімен  жалт  етеді.  Сөздің  осы  ішкі
формасымен сырына терең барып, соның  құдіиетін  аша  білуден  оны  кәдесіне
жарата білуден жазушы шеберлігі байқалады.
       Әуезовтің суреткерлік болмыс -  бітімі  әсіресе  «Жетім»  әңгімесінде
ерекше көрінеді. Шығарма оқырманын ерекше баурайды. Шығармада  бала  жанының
психологиясы керемет көрініс тапқан.Кішкентай Қасымның  тіршілік  тауқыметін
бейнелей алған, сұмпайлардың сұмдық қылмысын адам  жүрегі  түршігердей  етіп
сипаттап, аяушылық сезімнен мүлде ада болған Иса, топас  та  қатігез,  жетім
ақысын жеген Қадишаның адам төзгісіз қылықтарына оқырманың жиренішін  туғыза
білген.
      М.Әуезовтің  әңгіме,  повестерінде  қазақ  ауылының,  әлеуметтік  өмір
көрінісі, адамның ішкі жан дүниесі, мінез – құлқы,  ортаға,  тағдырға  қарсы
көзқарастары  жақсы  көрініс  тапқан.  Бұл  –   бір.   Екіншіден,   қаламгер
шығармалары көркемдік қасиетімен, жаныр табиғаты мен  талабына  толық  жауап
беруімен бірге қазақ сөз өнерін, соның ішінде көркем проза  үлгісін,  ұлттық
әдеби  дәстүрлерді  әлемдік  әдебиет  биігіне  көтеріп,  руханиат  саласында
өзіндік  із  –  бедер  қалдырғанын   айрықша   айтамыз.   Үшіншіден   жазуша
шығармаларындағы көркемдік  идеялық  ізденістер,  бейнелеу  тәсілдері  басты
тұлғаның жан жүйесін ашудағы  деталь,  портрет,  пейзаж,  ішкі  монолог,  ой
ағыстары тілдік – стильдік құбылыстар, композициялық  үйлесім,  қайталаулар,
даналық ой нақыл сөз, тұрақты сөз тіркестері, мифологиялық кейіпкердің іс  -
әрекеті өз орындарында қолданылып,  сол  жылдардағы  қазақ  прозасын  сыртқы
пішіні  мен  ішкі  мазмұнын,  көркемдік   құрылым   ерекшеліктерін   байыта,
толықтыра түседі.
   Бұдан шығатын түйін  Әуезов  шығармашылық  мұра  –  мирасында  әлеуметтік
меселелерді өткер көтеріп, қозғайды, өмірлік - адами тақырыптар  терең,  жан
– жақты сөз етіледі; кейіпкердің өмір –  тағдыры,  кескін  –  келбеті  уақыт
сырына қарай суреттеледі.
   Әуезов – қазақ болмысы мен мінезінің ғажап  айнасы,  қазақ  өмірінің  кең
тынысты көркем әдебиет пен  көркем  өнердегі  келісті  кескіні,  кемеңгерлік
кестесі. Өз туған ұлтын  бар  артық  –  кемімен  ішінен  үңги  отырып  тану,
зерттеу, соны өзіне ғана, яғни қазаққа ғана емес, жұмы жердің  ұлы  төскейін
жалғайтын кез – келген ұлтқа, кез – келген  жұмыр  басты  пендеге  түсінікті
ете отырып таныту - Әуезов әлемінің сиқырлы да сырлы қасиеті.
  «Ұлы тауды ұлы таулар  ғана  биіктетеді!  Ұлы  мұзартты  ұлы  шыңдар  ғана
асқақтатады!» демекші Әуезов туралы Башқұртстанның халық ақыны Мұстай  Кәрім
былай деді: Мұхтар  Әуезов  ХХ  ғасырдағы  көркем  және  философиялық  ойдың
дүниежүзілік – ғаламдық шыңдарын айқындайтын тұлғалардың  бірінен  саналады.
Оның шығармашылық  данышпандығының  самғаушы  қанаттары  Шығыс  пен  Батысты
бірдей қамтиды. Ол бірақ ең алдымен қазақ өз топырағының ұлы Пайғамбары.  Ол
өз халқының өміріндегі процестерді терең түсініп қана  қойған  жоқ,  сонымен
қатар өз халқының  рухының  ұлылығын,  шабыт  қуатының  өмірмен  мүмкіндігін
күллі әлемге паш  етті.  Ол  дәл  Абайдың  өзіндей  ұлттық  сана  –  сезімді
асқақтатып қана қойған жоқ, сонымен  қатар,  ұлт  өзіне  -  өзі  сын  көзбен
қарауға да үйретті.  Мұның  өзі  кейінгі  буын  ұрпақтар  үшін  тағлым.  Осы
сөздерінде-ақ башқұрт ақыны  бізге,  яғни  келер  ұрпаққа  үлкен  ой  тастап
тұрған жоқ па? Бүкіл әлем  таныған,  құрмет  тұтқан  данышпан  туралы,  оның
еңбектері туралы неге сөз қозғамасқа?  Біз  әр  сыныпта  Әуезов  әңгімелерін
оқып,  ол  кісінің  даналығына,  шешендігіне,  ұлылығына  таңдай  қағысамыз.
Әуезов әлемі бізді өмір сүруге, күресуге, сүюге үйретеді. Оның  шығармаларын
оқу арқылыақ пен қараны, әділетсіздік пен адалдықты ажырата білдік.
   Жазушы осы көркем сөз айшықтарын өзінің  мұратты  мақсатын  жүзеге  асыру
кәдесіне қалай жарата білген. Жазушының уақыт мерзімін алуына ой  жүгіртелік
«Күн батып, ымырт жабылып барады» дейді. Ол  неге  дәл  осы  мерзімді  алды?
Неге  Қасым  дәл  осы  уақытта  жаяу-жалпы  жалғыз  өзі  жолға  шығады?  Осы
сұрақтарға жауапты біз бірден келесі тексттен аламыз. Жазушы ащы  тілмен  өз
кейіпкерлерінің басындағы ауыр халді ашып салады. [69, 47]   Табиғат  балаға
қатал, суық көрінеді. Жан-  жақта  жүдеу  тартып,  жұмарланған  боз  төбелер
қағылы сырымен, дүние шерімен сазарғандай. Бетіндегі ақ көде,  сары  селеуді
сүйретіп сумаңдатып соққан  түн  жклі  желпи  көлеңкеш  сайлар  қара  түннің
қараңғы сырын бауырына жиып,  әлденеге  сақтап  тұрғандай  болады.  Осындағы
қатал, суық табиғат, жүдеу тартып, жұмырланған боз төбелер, қайғылы  сырымен
сайлар, қара түн, қараңғы  сыр.  Осының  бәрі  жазушының  сөйлем  құраудағы,
шеберлігі,  шешендігі.  М.  Әуезов  табиғаттың  сұсты  келбет   –   кескінін
кейіпкерлерінің жан күйзелісін, жан ашуын  тереңдете  бейнелеу  үшін  ұтымды
алған, табиғатты өз мақсатына орай сөйлете білген[69, 95]. Әрі қарай  жазушы
табиғат балаға неге қатал екендігін, оның жаяу жалғыз неге  келе  жатқандығы
туралы түсінік береді.  Оның  өміріндегі  қиыншылықтарды  сөз  етеді.  Әжесі
өлген соң нағыз жетімдік көрген баланы «Жетімдік бұған  өзінің  барлық  суық
пішінінде емін-еркін танытты. Қатал тағдыр  мықты  қолымен  қатты  ұстады  »
деген сөйлем арқылы дөп басады. Осындағы суық  пішін,  қатал  тағдыр,  мықты
қол көріктеуіштері шығарма тілін безендіріп тұрғаны анық.
     Жазушының  құдіретті  күші  тек  өмір  шындығын  жете  тануында  немесе
шеберлігінің кемелдене түсуінде  ғана  емес,  көркем  әдебиеттегі  реалистік
әдісті  терең  меңгере  бастауында  болса  керек.  Қыр  тіршілігіндегі  дау-
жанжалды шешудің ең бір төте және нәтижелі жолы бір кезде  барымта  болатын-
ды. әрине,  бақ  күндес  жуандар  өз  ара  есеп  айрысқанда,  сол  барымтаға
қарамағандығы   қарулы    жігіттерді,    жалшы-жақыбайларын,    кедей-кепшік
ағайындарын  жұмсайтын-ды.Қазақ   даласында   ұзақ   жылдар   болып   келген
барымтаның біреуін Мұхтар Әуезов суреттегенде жанжалдың  түп  себебін  ашуды
тіпті мақсат етпеген. Оның назарына аударған  сол  барымтаға  қатысушылардың
рольдері мен оларға түсетін  салиақтың  ауқымы  мен  азабы.  Әйтпесе,  қоныс
жерлері  шалғай  жатқан,  жылына  жайлауға  шыққан  мезгілде  ғана  бір  рет
кездесетін,  екі  дуанға  қарайтын  Доспол  мен  Айдар  ауылдардың  арасында
бітіспейтін не бар?

    Бұл жерде автор Қалбағайдай батыр жылқышы, ер  жүрек  ағайынды  жігіттер
Қоңқай  мен  Жоламандардың  есіл  ерлігі  мен  қажыр  қайраты  босқа   зайып
болғанын, ақырында екі арыстың (Қалғабай мен Қоңқайдың) қатар  түсіп,  қанға
боялып жатқанына өкінішін білдіреді: «Жарық айлы бүгінгі  түн  қаралы  қанды
болды. Өз намысы  оянбаған  екі  бейбақ,  асығы  түгел  әлдекімнің  намысына
итаршылық жасады да,-жайрап түсті қос арыс!»-деуі де содан.
    «Жуандық»  алғашқы  басылымда»  «Ескі  індет»  деген  атпен  жарияланған
болатын. Бұл шығармасында жазушы  өте  маңызды  екі  мәселені  қозғаған.  Ең
әуелі – қазақ кедейлерінің егіншілікке көшіп қана қоймай,  бұл  істе  елеулі
табысқа  жетуі,  ру  көлемінен  шығып  «…жиырма-отыз   үйлі   кедей-кепшік…»
құрамалардың бірлесіп бас  қосуы,  сонымен  қатар,  жуандарға  қарсы  тұруға
біріге бастаулары.
   Осы аталған әңгімелердің қай-қайсында болсын  жазушы  жапа  шеккен  еңбек
адамдарының жағында, солардың мұңын мұңдап, жырын  жырлағаны  айқын  көрініп
тұр. Үшінші топқа жататын туындылары: «Қыр суреттері» және «Қыр  әңгімелері»
деп аталады. Жоғарыда сөз болған екі топтан бұл  шығармалар  мүлдем  өзгеше.
Ы.Дүйсенбаев  осы  әңгімелері  төңірегінде  ойын  былай   өрбітеді:   «автор
тілесін, тілесмесін, бұл суреттемелері оның  болашақ  ұлы  шығармасын  жазар
алдында жүргізген дайындығына  ұқсайды.  Сараң  сипаттама  арқылы  ол  қазақ
даласының сыр-сипатын, яғни қыраты мен ойпатын,  өзен-суы  мен  көл-бұлағын,
тоғайы мен орманын, тауы мен тасын, ашық  аспанын,  жаз  мезгіліндегі  жайлы
күні  мен  тамылжыған  түнін,  жұпар  желі  мен  найзағайлы  жаңдырын,   қыс
кезіндегі қаһарлы аязы мен құтырған боранын соншалық әсерлі, соншалық  шебер
бейнелеген. Сонымен қатар айнала қоршаған  табиғатты  және  ондағы  үздіксіз
болып жатқан сан алуан құбылысты  автор  жалаң  алмаған.  Адам  өмірне,  сол
адамның қуанышы мен қасіретіне,  жабырқауы  мен  серпінісіне,  тоқырауы  мен
шарықтауына,   қысқасы,   күнделік   тіршілігіндегі   үйреншікті   әрекетіне
байланыстыра отырып суреттейді». Демек, жазушы  қашанда  қазақ  жерін  мекен
еткен қарапаым еңбек адамдарының  бар  болмысын,  тірлік-тынысын  көрсеткен.
«Қыр суреттері » дегеніміз «Кешкі дөң басында,» «Қысқы  түн»,  «Қысқы  күнгі
дала» атты  үш  шағын  бөліктен  тұрады.  Осылардың  қай-қайсысын  алсақ  та
кіріспесінде табиғаттың кейбір көріністері суреттеле  келіп,  сол  жаратылыс
аясындағы жан-жәндіктің,  әсіресе  адам  тіршілігін  сипаттаумен  аяқталады.
Мысалы, «Кешкі дөң басында»  күн  батар  алдындағы  көрініс  былай  алынған:
Аспан  әлемінде  секунд  сайын  болып   жатқан   өзгерістер   көз   алдыңнан
тізбектеліп өтіп жатқандай… Сондағы көріністер: кеш мезгіліндегі  қарбаласта
шұғылданып  жүрген  кәрі-жас,  қатың-қалаш,  серуенге  шыққан   қаз-бозбала,
қағыста оқшауланып хат  оқып  отырған  жас  сұлу,  апақ-сапақта  аңға  шығып
Саршегіріне қаз ілдірген аңшы жігіт… Жаздыгүні қазақ аулының әсем  бір  шағы
көзді тартып, көңілге тыныштық орнатқандай…
      Әйтсе де сол ауыл тірлігінде ауыр жағдайлар аз  болып  па?  Оның  бірі
«Қысқы түнде» көрінеді. Мұнда ұзақ түнгі тау ішіндегі жел  гуілі  мен  боран
ысқырығы, қаһарлы суығы мен ашулы дауылы бейнеленеді. Тұтасып  кеткен  аппақ
даладағы адам баспанасы тым  жұпыны,  тым  жүдеу…  Кішкене  терезеден  түсіп
тұрған әлсіз  жарық  тыстағы  дауыл  лебінен  қалтырағандай,  суықтан  бұғып
бәсеңдегендей… Тынымсыз соққан боран… кішкене үйдегі барлық жан  үшеу  ғана:
қураған кемпір мен шал және  он  жасар  ауру  бала.  Оны  сүзек  меңдеп  хал
үстінде жатыр. Бала дауылдан шошып қайта-қайта оянады… Кемпір  мен  шал  екі
жағында телміріп қарап отыр…
       Үшінші,  шағын  суреттеме  жоғарыдағы   әңгімелер   жалғасы   тәрізді
көрінгенмен, онда  да  қысты  күнгі  дала  –  құбыжық,  қорқынышты  қалпында
суреттесе  де,  оқиғаның  аяқталуына  трагедиялы   хал   жоқ.   Зұлымдықтан,
зорлықтан қашқан жас келіншек Рәбиға  қыстың  қаһарынан  қорықпай,  нені  де
болса көруге белін бекем байлайды да, басына бостандық іздеп  жолға  шығады.
«Енді өлдім-ау!» деп бой сұна берген уақытта оны іздеп шыққан  бауыры  Мұқаш
келіп өлімнен құтқарады.
      «Сыбанның моласы» және «Текшенің бауырында» деп аталатын екі  тараудың
біріншісінде – Жортар батырдың басынан кешіргені мен Сүлейменнің айтқан  бір
оқиғасы келтіріледі. Бұлардың қайсысында  болсын  ертеректе  қазақ  арасында
молынан орын тепкен жортуылдар мен  басқа  әрекеттер  сөз  болады.  М.Әуезов
көне  құлақ  адамдардан  естігендерін  көркемдеп  қағаз  бетіне   түсіргенге
ұқсайды. Әңгіме оқиғасы Арқалық тауының етегінде өтеді.  Шығарманың  алғашқы
жолдарынан-ақ оқырман соншалық  шеберлікпен  суреттелген  бұл  жақтың  қатты
қысына тап болғандай күй кешеді. «С.  қаласының  оңтүстігін  жайлаған  елдің
қалаға қатынасатын қара  жолдың  үстінде  Арқалық  деген  тау  бар.  Даланың
көңілсіз  ұзақ  жолында  қажып  келе  жатқан   керуенге   Арқалық   көрініп,
дәмелендіріп тұрады. Жолдың  аузынан  созылып  жатқан  тұрқы  он  шақырымдай
болғанмен, енсіз кереге сықылды жалғыз тау. Не бауыры, не сыртында  ықтыртын
жоқ ысқаяқ. Арқалық  жадағай  жалғыз  қабат  болған  соң,  қысты  күнде  жел
терістен соқса да паналығы жоқ: азынап тұрады. Қыстың басынан екі жағын  қар
алып, жұмыртқадай қылып тегістеп тастайды. Сондықтан  өзге  жер  ашық  болып
тұрғанда, Арқалықтың бауыры көбінесе бораннан босамайтын. Алыстан  қарағанда
да Арқалық бұдыры жоқ жалаңаш. Көруге көңілсіз». Жазушы даланы соншама  суық
бауыр, қатыгез етіп суреттеуі тегін емес. Қазақтың жадау  күйін,  оған  жаны
ашымастық қыстан жаман  қысып  жіберген  хал-ахуалын  бейнелеуге  бұл  сурет
оқырманды даярлайтындай. Бұл  панасыз  жерді  мегендеген  Күшікбай  батырдың
ұрпақтары кедей-кепшік қонысы бес-алты үйдің қыстауы. Жазушы осы ауылға  бет
бұрған екі жолаушыны суреттейді. Біреуі  болыс  Ақан  мырза,  екіншісі  оның
жандайшабы Қалтай. Екеуі де оңып тұрған жандар емес.    Ақан мырзаның  бойын
құмарлық билеген. Қалтай соны біліп алған, кезекті жемтігі етіп  он  екі  де
бір гүлі ашылмаған Ғазизаның үйіне әкеліп түсіреді.
      Әуезовтің жиырмасыншы жылдардың бас кезінде жазылған әңгімелерінен бір
күтпеген  жаңалықты  байқаймыз.  Жазушы  қазақ  даласына  өзге   көзқараспен
қарайды.  Бұрынғы  ақындардай  мақтамайды,   дәріптемейді.   Ғасырлар   бойы
көшпенді халық осы даланың  мейірімсіз мінезінен жапа  шекті.  әлі  келгенше
оның қаталдығына төтеп бақты. Өзгерістері жоққа  жақын  ескі  ауылдық  әдет-
ғұрпы оқыған жасқа ұнамады. Мұндай тұрмыс,  санасыз  өмір  кешкен  ел  түгел
ілгері баспаса , малмен бірге мал боп кетуінің қаупі бар. Далада  қатыгездік
басым. Ескі ауылдың әдет-ғұрпы  да  соған  қарай  бейімделген.  Қатыгездікке
қарсы тұра алмайтын жасықтар – күштілердің құрбаны.  «Қорғансыздың  күнінде»
бес кейіпкер бар – ол болыс Ақан, оның жандайшабы Қалтай  сол  қатыгездіктен
жаралғандай, ал сексендегі кемпір, оның соқыр келіні  және  немересі  Ғазиза
сол айуандарға ар-инабаттылық жағынан қарсы тұр. Жесір  әйелдер  мен  қыздың
күші бұлшық  еттерінде  емес,  олардың  күші  рухани  тазалығында.  Мәселен,
Ғазиза әжесінің портретіне үңілейік: «Дауылдың қара  бұлтындай  болып  әдейі
басына арналып келе жатқан қайғы-қасіретті  көріп,  соның  алдынан  айласыз-
әлсіз күйде өзінің отырғанын біліп тұрса  да,  кемпір  жүзінде  үлкен  сабыр
бар, күйіп-пісіп жасығандықтан белгі жоқ. Сынбаған ажар,  қажымаған  қайрат,
салқын ерлік». Автор сүйікті кейіпкерлерін сипаттағанда олардың  ішкі  ажар-
көркін сүйсіне суреттейді. Кемпір өз отбасы  туралы  қисынды  әңгіме  шертіп
үйіне  тоқтаған  мырзалардан  жәрдем  дәметкендей  болады.   Соры   қайнаған
бейшаралар шынында да қорғансыз. Бұл – қаралы үй. Жақын әзірде  ғана  жалғыз
баласы  мен  немересінен  айырылған  кемпір  зар  қылып  айтып  отыр.  Жақын
жұрағаттарының сиқы анау. Ұлынан  қалған  азын  аулақ  мүлікті  талапай  қып
бөлісіп алып,  әйелдерді  бір-бірінен  ажыратып  әкетпек.  әрқайсысын  бөтен
адамдардың есігіне телміртпек. Күшікбай  батырдан  жалғыз  қалған  ұрпағы  –
Ғазизаны  күйеуге  бермекші.  Кемпір  көрген  қиянатын  жыр  қып  айтып  сай
сүйегіңді сырқыратады.  Ал  үйіне  келген  қонақтар  оны  жөнімен  тыңдағысы
келмейді,  өйткені  бұлардың  адамгершілік   сезімі-танымы   қатқан   тоңдай
жібімейді.  «Сезімді  адамның  жүрегін  шаныштырып   тіксіндіретін,   жұртты
мінезінен жирендіретін, түңілтетін көрнеу жауыздықтар,  ауыр  халдер  Ақанға
көп әсер бере қойған  жоқ.  Жалғыз-ақ  сол  әңгіменің  ішінде  болып  қорлық
көруші, ыза шегуші, қайратты-қуаты жоқ сорлы  кемпірдің  өзі  айтқандығы  аз
ғана жүрегінің тыныштық, сезімсіз  қалпын  бұзғандай  болып  отырды».  Сорлы
Ғазиза, міне, осындай қаратастың шеңгеліне түсті. Ары  қорланған  қыз  басын
ажалға байлайды. Өмірден өлімді артық санағандықтан  емес.  «Малым  жанымның
садағасы, жаным  арымның  садағасы»  деген  ежелгі  қазақ  халқының  мінезін
қанына сіңіргендіктен.
      Өмірінің соңғы сағатында Ғазиза мына  қорлық  сұмдыққа  қандай  қылығы
үшін тап болғанын көк  аспанға,  адамдарға  ашына  сұрау  салады.  Сонда  да
өмірінің ақтық минуттарында ол  сұм  тағдыры  зұлымдығын  кешірген  секілді.
Балалық жүзінде «Менде жазық жоқ,  мен  тазамын»  -  деген  ашық  тазалықтың
белгісі, қайғы қасіреттен сейілген жас баланың ажары бар», –  деп  аяқталады
әңгіме.
      Әңгімені оқып шыққан оқырман үлкен  ойға  шомады.  «Бұл  үйелмен  ғана
қорғансыз? Иісі қазақ қорғаны кім?»  –  деген  сауалдар  еріксіз  мазалайды.
Осындай үлкен мәселе көтерген жас жазушының кең құлашына,  сезімінің,  ойдың
небір нәзік иірімдерін соншалық бай тілмен дөп  басатын  шеберлігіне  қайран
қаласың. М.әуезов әңгімелерінен біз қазақ  елігің  сол  кездегі  хал-ахуалын
айнадағыдай көреміз. «Кім кінәлі?» деген әңгімесінің  бас  кейіпкері  Ғазиза
бойжеткен қыз. Ол атастырған күйеуіне тигісі келмейді. Өйткені  Ісләм  деген
жігітіне ғашық. Ата-бабаларының дәстүрін бұзғаны үшін Ысмайыл  ақсақал  қызы
мен  әйелі  Қалиманға  қатты  ашулы.  Бірақ  көшпенді  жұртта  әйелдің  орны
бөлегірек. Мұны жас  жазушы  айнытпай  суреттейді.  Қыздың  өз  тағдырын  өз
қолына алғысы келетіні көшпенді елдің ерекшеліктеріне байланысты еді.
 - «Өсіргенің, адыра қалсын! Балаға жақсылық үйрететін ақыл  бар  ма  сенде?
   Сенің ақылың емес пе осыған жеткізіп отырған!  Сенен  басқа  өзің  теңдес
   кісіде кімнің қызы бүйтіп бұзылып, ел-жұртқа жаманаты шығы еді? Осы  елде
   сенен ақымақ шеше, сенің қызыңнан ант ұрған  қыз  көрдің  бе?  Айтып  бер
   деймін соны, құдай ұрғыр! – деп зекірген шалына Қалиман жауабы даяр.
 - Бишара-ау, -дейді ол шалының мүсәпірлігін бетіне басып, - өз балаңды өзің
   қорлап не болды. Дұшпан айтпайтын сөзді өзің айттың ғой. Менің Ғазизамдай
   кімнің қызы бар екен осы атырапта?! Патшаның, ханның қызы  қандай  болса,
   менің баламда сондай.  Кінәсі  –  қатыны  өлген  кәрі  күйеуге  бармаймын
   дейтіні ме?  Ол  үшін  балам  жазықты  емес.  Тіпті  қас  қабағыңа  қарап
   үйдемейіндесем де қоймадың ғой, өл де маған!»
    Бұл диалог қазақ тұрмысында ана рөлі әу бастан асыл болғандығына айғақ.
Шығыстағы көп халықтардан өзге әйелдер өздерін еркінірек ұстайды.  Сондықтан
күйеуімен  тең  сөйлесіп,  пікірін  айтуға  жасқанбайды.   Осы   кейіпкерлер
диалгоның өзінен –ақ нәзік драматизм мен шығармашылық тартыстың  өрістегенін
анық танимыз.
    Мұхтар   Әуезовтің    әлеуметтік    тұрмыс    тауқыметін    бейнелейтін
шығармаларының қатарына   жазушылық  өнердің  алғашқы  баспалдағында  жазған
әңгімелері жатады. Атап  айтсақ,  “Жетім”,  “Қорғансыздың  күні”,  “Қараш  –
Қараш  оқиғасы”.  Бұл  туындылардың   негізнде   өмірде   болған   қарапайым
адамдардың,  қорғансыз  жандардың  тағдыры  тақырып  етіп  алынған.   Мұхтар
Әуезовтің биетіне негізгі лейтмотиві, концептуалдық  түйіні  -  қорғансыздар
жайы. Әңгімелерінің  басты  кейіпкерлері  де  дала  тағылығы  мен  жауыздығы
алдында шарасыз болып, тапталса да бірақ ары  мен  жанының  мөлдірлігін  пәк
қалпында сақтаған Ғазиза, Құрмаш, Қасымдар.  Өмірдің  соншалықты  дәрменсіз,
қарсы тұрар қауқары жоқ бейшаралығын жазу ісін  әдебиет  өнерінде  символизм
яки модернизм деп атайды.

    Бұл  ағым  тұсында  жазушының  көрсетер  дәмені  жоқ  сол   зұлымдықпен
күресудің  жолын   таба   алмай,   еріксіз   жас   тағдырын   құрбан   еткен
кейіпкерлерінің өміріне деген жанашырлық ілтипаты ғана болады.  Бұндай  ағым
қоғамда  саяси  дағдарыстар  болып,  ізгілік   жойылып,   тағылық   үстемдік
құрғанда, өзге бір қоғамдық құрылыс орнап, ескісі күйреп, жаңасы  өз  жолына
түсе алмай тұрған шақта жазылатын шығармашылық көркем тәсіл.

    Кемеңгер жазушы  Мұхтардың  1917–1930  жылдарда  жазған  шығармаларында
осындай ағымдық белгілер айқын көрініс тапқан. Оған ел жағдайы да,  қоғамдық
құбылыстар да сонымен қатар жазушының  ішкі  жан  дүниесіндегі  күйзелістері
бір арнаға тоғыса келіп, шығармашылық  ізденіс  болып  көрініс  табады.  Осы
тұста Мүсілім Базарбаевтың осынау  бір  пікірін  айта  кету  орынды:  «Сонау
алғашқы әңгіме, повестерінен  бастап,  драмалық  шығармалары,  атақты  «Абай
жолы»  романы  –  бәрі  де  алған  кейіпкерлерінің  оны  мен  сезімін  терең
меңгеріп,  солардың  жүрегіне  жол  таба  білудің,  тағдыр  мен   жеке   бас
аралығындағы дәнекер арқаудың  үзілмеуін,  меңзеген  мақсатын  солардың  қан
тамырының соғуына қарай дәлелдегенін байқатады»[50, 28].

    Жазушы жетім балалар тағдырына  қатты  толғанып,  бар  жүрегімен  аяныш
сезімін білдіреді.  Мұхтар  мұншалықты  жан  төзгісіз  тағылыққа  жайбырақат
қарауды ар санайды. Ол өз қаһармандарымен іштей табысып, солармен бірге  бір
күй қабылдап, бар жанымен  қатты  тебіренетіні  әңгіменің  өн  бойынан  анық
байқалады. Сондай әңгімесінің бірі – «Жетім»

    «Жетім» әңгімесінде жазушы Қасымның тағдырын  ашу  арқылы  сол  кездегі
қазақ даласындағы әр жетім  баланың  шынайы  типтік  бейнесін  жасаған.  Бұл
әңгімеде жинақтау тәсілімен қоса даралау әдісі де бар.  Сондықтан  да  Қасым
бейнесін  әбден  жинақталған,  сонымен  бірге  әбден  дараланған  бейне  деп
танимыз.  Типтік  бейне  дегенде  жетімдік  хақысы  әр  кімге   бір   кетіп,
көрінгенге жем болып, кіріптар  күйге  түскен  кісі  табалдырығын  тоздырып,
жалшылықта жүрген жетім өмірі, әр кімнен бір жылы сөз мейірім  күткен  Қасым
мінезі типтік тәсілмен өрілген. Қасым  бейнесінің  даралығы  неде?  Даралығы
сол  естияр  болып,  әжесінен  айырылған   сәттегі   жан   азасын   шырқырай
жеткізуінде де танылады. “ Әже –тай,  мені  тастап  кеттің?  Мені  неге  ала
кетпедің, менің қаңғып қалғаным  ба?  Менің  шынымен  сорлы,  шынымен  жетім
болғаным ба деп зарлағанда, елдің сай  –  сүйегін  босатып,  кәрі  –  жастың
жүрегін еріткен болатын деген әңгіме үзіндісінен Қасымның  әже  қазасын  бар
жанымен түсінген күйін танимыз. Міне осындай  жан  түршіктірер  эпизодтардың
эстетикалық  қуаты  да  драматизмге  толы  суреттеулердің  негізінде  жүзеге
асқан. Әжесінің кешкі мезгілде алдына алып, күпісіне орап  отырып,  тербетіп
айтатын сезімді қоңыр әні  де  жоғалды,  келмеске  кетті.  Әке  -  шешесінен
айырылса да Қасымның басына әжесінің көзі  тірісінде  шын  жетімдік  орнамап
еді. Ал Қасымның әжесінің өлімі Қасымның өз  өлімімен  пара  -  пардай.  Әже
өлімі компазициялық пішінде алғанда шарықтау шегі болып табылады.  Жазушының
шеберлігі де осы. Ол әже өлімі арқылы онсыз да жетім  баланың  күйін  мүлдем
ауырлатады. Шығарманың әсерлі күйі де  бас  қаһарман  Қасымды  соңғы  тірегі
әжесінен айырып, үлкен бір трагедия құрсауын сығымдай түседі.

    Қасымның ендігі тағдыры тірліктегі өмір жолы, бәрі – бәрі Иса мен  оның
көкбет, қатыбас, долы  әйелі  Қадишаның  қолында.  Мұхтар  Әуезовтің  осынау
“Жетім”  әңгімесі  Сәбит  Дөнентаетың  “Көркемтай”  әңгімесімен   сабақтасуы
ерекше бір шетін жайдың ұшығын танытқандай.

    Қос  әңгіменің  мазмұны  мен  пішін,  болмыс  ұқсастығы  әдебиетшілерді
таңдандырмай  қоймасы  анық.  Әңгімелердегі  трагедиялық  шешім  де  барынша
бірдей болуы неліктен деген заңды сұрақ туындайды.

    Сәбит Дөнентаев пен  Мұхтар  Әуезовтің  кешкен  заманы  бір,  жазушылық
мүддесі бір және сол замандағы алапат та жойқын, сонымен қатар  топас  қоғам
алдындағы қаламгерлердің ұстанған тенденция  бірлігінен.  Әңгіменің  еріксіз
адам күлкісін шақыратын Қадиша мінезінің кекселік  тұсы  бар.  Ол  онсыз  да
тағдырдан  таяқ  жеп,  тағдыр  тауқыметін  арқалап  жүрген  Қасымға   берген
Қадишаның қарғысы мен Исаның аяусыз соққыға жығуы. Бұл не деген  сөз?  Сонау
бір қараңғылық ықпалынан шыға алмаған қара  ниетті  жандар  Қадиша  мен  Иса
расынша, жүрегі  мүлдем  тасқа  айналып,  бір  түйір  мейірім  таныта  алмас
топастық танытуы  –  сол  қоғамның  әлсізді  аямайтын,  тағылық  мінезі  мен
жыртқыштық пиғылын  дәл  көрсетеді.Исаның  аты  еркек  болғанымен,  туыстық,
бауырмалдық, жанашырлық мінезден мүлдем мақұрым болып сайқал  әйел  мінезіне
ауысқан жан. Неге десеңіз, өмір тауқыметін онсыз да  тартып   жүрген   әлсіз
де  қорғансыз   жетімге  қол  көтеріп,  өлімші  етіп  соққыға  жығып  салуы,
шындығын айтайық, еркектік емес, керісінше -  сезімі  мүлдемге  тақтайланып,
бар мейірімнен ада болған қатын мінезді танытса керек. Табиғатынан  бауырмал
қазақ халқының мұншалықты ұсақталып, жүрек мейірімінен айырылу себебі  неде?
Жауап тағы біреу. Сол заманның  әлеуметтік тұрмысы бүріп жіберген,  сүреңсіз
пендешілік ниеттің үстемдік алуы, тағылықты, әлсізге күш көрсетуді,  қорлау,
қанау – кәдімгі өмірдің қалыпты ғана ісі,  заңы  деп  таныған  пендешіліктің
қасаң да пасық ой түюуінен.

    Бауыры үшін бауыр еті езілетін, туғаны үшін қоң етін ойып беретін қазақ
үшін жатбауыр мінездің жат, бөтен екендігін біле тұра Исаның  адам  арашалап
алмайтын қатігездікке барынша  бөккен  топастығы-  сол  заманның  әлеуметтік
шешімі я болмаса  озбыр  қоғамның   жетімдер  тағдырына  қарғыс  таңбасындай
басылған әрекеті. Бұл қоғамдық індеттің шын аты – қанаушылық,  саяси  тілмен
айтқанда – капиталистік қоғамның дендеп келуі.

    Иса үшін ең құнды не нәрсе деген заңды сұрақ алдымыздан кес  –кестейді.
Соншалықты үлбіреп тұрған,  қорғансыз  туысы  Қасымды  өлімге  қиғаны  несі?
Сонда  адам  жанынан  артық  нәрсе  болғаны  ма,  иә,  тасбауыр,  паразиттік
қоғамның типтік өкілі Иса үшін Қасым өмірінен де бес –алты  саулығы  қымбат.
Абай тілімен айтсақ «Өзі  үшін  оттаған  хайуанның  бірі».  Исаны  өзі  үшін
оттаған   хайуан  деп  білсек,  сол  қоғамды  не   деп,   қалайша   танимыз?
Капиталистік қоғам бір ғана жетімдер  тағдырына  ғана  өзінің  қасіретті  де
қанды  шеңгелін  құрсап  қана  қойған  жоқ,  сонымен  бірге  Қасым   секілді
қорғансыз аз халықтың отаршыл елдерден  көрген  зорлық-зомбылығының  бір  де
бір кемдігі жоқ.

    Иса да капиталистік шеңгелдің тұтқыны.  Ол   -  дүние  –мүлік  үшін  өз
туысын  құрбандыққа шалуға  әркез  даяр  тұратын  аяр  жан.  Қасымның  жетім
тағдыры: жалғыздық пен қорғансыздығы, ертеңгі күнге деген сенімсіздігі  және
іштен тұйықтанған жатбауырлық мінез табуы – бәрі –бәрі – сол қоғамның ісі.

    Иса мен Қадишаның  дүниеқоңыздығы  Қасымның  әке  –шешесінен,  әжесінен
қалған азын – аулақ он шақты қой, он шақты ірі қараны талан – таражға  салуы
- Қасым бойына жиіркеніш сезімін тудырып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  сол
қылықтарына қарсы жауап,  өз  құқығын  қорғауға  итермеледі.  “Әне  бір  көк
саулық пен қарабас қойды соғымға жібереміз. Қасқа сиырды  сойып,  үй  ішіне,
бала – шағаға саудагерден пұл аламыз”,  -  деп  Қасымның   дүниесін  жаудан,
шабындыдан  түскен  олжадай  ашкөздікпен  бөлісуі  –  бала   жүрегіне    шын
жетімнің халін көрсетіп, жетімдіктің қайырымсыз қара қамытын  кигізеді.  Осы
әңгімеден қазақ даласына дендеп кірген сауда  дүниесінің  болмысын  көреміз.
Шындығын  айтсақ,  Иса  да  Қадиша  да  саудагер,  алып  -  сатар,  дүниешіл
сасыққоңыз пиғылындағы адамдар екенін танытады.

    Қоғамның    жанашырлық,   ізгілік,   гуманистік   қасиеттерін   қашанда
жетімдерге   көрсеткен  мейірімділіктерінен  танимыз.  Қасым   өмір   кешкен
қоғамның  гуманистік мінездерден мүлдемге мақұрым болғанын әңгіме  желісінен
байқаймыз. Малын өз қажеттілігіне жаратып болған  соң,  енді  панасыз  жетім
Қасымның керегі жоқ, көжеге ортақ қылғанша деп,  ұрып-  соғып,  аштан  –  аш
қаңғытып жіберуі – бұл Иса  мен  Қадишаның  типтік  моделі  болып  танылатын
сұрқия да сайқал қоғамның белгілері.

    Қасым - осынау озбыр қоғамның зұлым әрекетіне қарсы шыға алмай,  тағдыр
жазуына  еріксіз  мойынсұнған  қорғансыздардың  әлеуметтік  тобының   өкілі.
Қасымды  даралай  көрсете  түскен  жазушының  ерекше  шеберлігі  де  әңігіме
желісінен мөлдірей  көрінеді. Иә, Қасым  әбден  дараланған  образ[50,  236].
Ал,  образдың  даралық  сипатқа  ие  болуы  жазушының   драматизм,   трагизм
элементтерін сабақтастыра білуінде болса керек.

    Даралық тұстарын санамалай кетсек… Исаға  тас лақтырып өзінің қауқарсыз
болса да ажал алдындағы тұяқ  серпуіндей  әлсіз  ғана  бір  болмашы  әрі  өр
қарсылығы.  Әрине,  жетім  балалардың    баршасы   асыраушысына   қаншалықты
ызаланса да қол көтеруге батылы бара бермейтіні ақиқат. Ал, біздің  кейіпкер
Қасымның және бір даралығы –  аруақ  қанын  сыйлайтын  ер  қазақтың  мінезін
көрсетті. Азғындықтың басы сол Иса мен Қадишаның жетім  қақысын   жеуі,  әрі
аруақтан қорықпай өз озбырлықтарын жүзеге асыруы.

    Қасым - әжеме қатым түсірем, әке –шешемнің аруағына  құран  оқытам  деп
Исадан бар болғаны бір  саулық  сұрауы  -  бас  қаһарманның  жан  асқақтығын
танытады. Қасым - әділетті ту қылып көтерген  кешегі  батыл  көшпенді  елдің
әңгімедегі ең соңғы тұяғы. Азып –тозған озбырлықты  бақыт,  жан  рахаты  деп
түсінген топас та тас жүрек қоғамның бір ғана  ізгілікті  ойлаған  әлсіз  де
бас қаһарманы Қасым ғана.

    Жетімнің еңбегін қанау, оның хақын жеуі - Қадиша мен Иса үшін қарапайым
ғана бір тұрмыс ісі секілді. Қадиша мен Исаның әлемі ‘’кім күшті болса,  сол
–жеңімпаз” деген ұятсыз қағиданы берік ұстанған мейлінше әділетсіз  қоғамның
алғашқы буыны. Қасым өліміне кім себепкер? Әрине, Қасымның  жетімдігі  емес,
керісінше сол бейшара қорғансыздың тынысын тарылтқан Қадишалар  кінәлі.  Иса
- өз тамырынан үзіліп, ата–баба  дәстүрін  мүлдемге  ұмытқан  жаңа  қоғамның
мәңгүрті. Бұл тұста алғанда Иса бейнесі Шыңғыс Айтыматовтың “Боранды  бекет”
туындысындағы Найман ананы өлтірген өз құрсағынан жаралған мәңгүрт  те  мәкі
баласымен тағдырлас әрі рухсыз жандар.

    Барлық  қасіреттің әңгімедегі тамыры, түп  иесі  дүние  үшін  сайтанмен
жолдас болып, керек десе оған жанын сатуға дайын тұртын Қадиша  бейнесі  бар
қырынан ашылған типтік бейне. Әсіресе, күйеуін билеп – төстеп  алған  Қадиша
үшін Исаны өкпеге теуіп, аяққа  басқандай   өктем  мінез  көрсеткендігі  шын
жүрексіз, тас мейір екендігін айғақтайды.

    Өз балалары  бола  тұра   ана  мейірін  түсінбейтіндей  қатігездік  пен
топастық  сезім  танытудың  себебі  де  сол  қоғамның  қазақ  халқын  ұлттық
бояуынан мүлдемге алшақтатып, дүние десе жақынын құрбан етуге  әзір  тұратын
топастығында, дүниеқоңыздығында. Жалпы,  жетім  деген  сөздің  өзі  трагедия
деген ұғыммен пара-пар.

    Жетімдік тақырыбы проза, драма,  поэзияда  болмасын   үнемі  көтеріліп,
қоғамның індеті, мейірімсіздігі екені үнемі  танылып  отырса  да  әлі  күнге
Қадиша сынды мейірімнен ада  мінездер  әлі  күнге  кездесіп  отыратыны  рас.
Әсіресе күйеуін билеп алған Хадишаның қатігез типтік бейнесін қоғамдық  дерт
есебінде  көтерген  жазушы  ойы  мен  ақынның  жан  толғауы  үндестік  табуы
–тақырыптық бірлігінен ғана емес, сонымен бірге  ізгілік  концепциялары  бір
болғандықтан еркін жарасым тапқан.

    Әңгіменің финалы  әкесі мен  шешесінің,  әжесінің  қабірін  іздеп,  тау
–тасты аралап жүріп, күздің қара  суығына  ұрыныған  бала  түн  қараңғысында
зәресі ұшып, шошынып қазаға ұшырайды. Әңгімеде мифтік мотивт те сәтті  шешім
тапқан. Ұзын бойлы қара кісінің  артымнан  ер  деп  онсыз  да  сорлы  баланы
артынан жүгіртіп, қараңғылыққа шақыруы - нағыз археомифтік сарын.  Әңгіменің
осындай финалмен аяқталуы да драмалық шығармаларға тән суреткерлік  тәсілден
өріс алған.

    Біздің атамыз қазақтың түсінігінде адам өлер алдында  әзірейілді  көрді
деген дүниетанымның сыр ұшығы жатса, екіншіден, қараңғылыққа шақырған   адам
баланың көзіне көрінген ажал есебінде. Қасымның ұзынға еріп жүгіруі  -  өлім
алдындағы бой жазу іспетті  далбаса  әрекет.  Өлім  мен  өмірдің  арасындағы
беймақсат сандалыс.

    М.Әуезов  құдіретті  сөз  өнерін  биік  шеберлік   деңгейіне  жеткізіп,
қолдана білді. Және сол  арқылы  көркемдігі   ғажайып  шығармаларды  жарыққа
әкелді. Солардың бірі балаларға арналған  қаламгердің ұлы  суреткерлік   әрі
шеберлік қырын тантатын тағы бір туындысы  –  1921  жылы  “Қызыл  Қазақстан”
газетінде жарияланған “Қорғансыздың күні” әңгімесі.

      “Қорғансыздың күні” әңгімесінде қазақ даласын жайлаған, қазақ  елінің
ішін аралаған  зұлымдық пен қатігездік шебер сурттеліп, оқушыны  эстетикалық
биік әсерге жетелеп, қорған  болар  тұлдыры  жоқ   шын  мәнісіндегі  мүсәпір
жандардың   өмірін   әңгімеге  арқау  етіп  алған,  әрі  сонысымен   оқиғаны
драматизациялап, тарихилық  сипатқа  құрып,  оқырманға  ой  лейтмотивін  дәл
жеткізеді.

      Он  екіде  бір  гүлі  ашылмаған  сорлы   уыз  жастың  қатігездік  пен
қасіреттің шеңгеліне түсіп, нәпсі құмар жанашырлықтан мүлдемге  жұрдай  қара
пиғылды пенделердің тұзағына түсіп қалған өр тағдыр  иесі,  бас  қаһарман  –
Ғазиза. Бұл әңгіме басы,   оқиға  өрбитін   орын  –  табиғатты  суреттеуімен
басталуы да  - композициялық  сәтті  шешім.  Қыз  тағдырының   ызғарлығындай
табиғат та қатал мінез танытып, қыр көрсетуі де – оқырманды  трагедиялық  ой
- түйімге дайындайтын платформа  іспетті.  Шығармадағы  оқиға,   қаһармандар
тұрмысы мен табиғат мінезі  қатар өріліп,  ортақ  бір  ызғар  үндестігі  бар
екенін танытады. Бұл дегеніміздің өзі арысы психологиялық паралелизм  болса,
берісі   қаһарман  табиғатын  ашуға  қызмет  етіп  тұрған  деталь  есебінде.
Суреткердің  басты көздеген  шығармашылық нысанасы, оқырман  қауымға  айтпақ
ой- сыры- бейкүнә Ғазизаның  аяусыз әрі жазықсыз қорланып,  өзіне  ғана  тән
қатал, кешірімсіз үкім шығарып, ажал құшағына  берілуі.  Жазушы   шығарманың
прологы іспетті бастауында табиғат суреті мен қыздың  ет  жақын  туыстарының
қабірі басындағы өмірмен қоштасу сәтіне дейінгі аралықта  қабағат  дамытылып
отырған.

      Табиғат суретінен кейінгі  кезекте  Күшікпай  кезеңі,  батырдың  өмір
сүрген уақыты, батылдығы  мен  ерлігі   суреттеледі.  Автордың  бұл  тұстағы
жазушылық -  концептуалдық мүддесі  - батырдың соңғы демі  тоқтағанға  дейін
өр мінезі мен жауға  кеудесін, намысын жауға таптатпаған асыл  тегін  таныту
болса, Ғазиза болса уыз жастығына қарамастан сол  асыл  тектен  бойына  мұра
қылып алған  ары мен намысын ешкімге таптатпай  дүниеден  баз  кешуді  қалап
алады. Кешегі батыр баба да, бүгінгі аяулы ғана еліктің лағындай  соншалықты
қорғансыз қыздың да ерлік өлімдері бірдей. Екі өлімдегі ұқсастық неде  деген
сұрақ  тууы  әділетті.  Екеуінде  де  жауына  өз  өрлігі   мен   мөлдірлігін
таптатпай, қорлықтан  өлімді  артық  санаған  ұят  пен  намыс  кодесктерінің
бірдейлігі әрі кешегі көшпенді елдің  ар  мәдениетін  танытатын  тектіліктің
бірлігі. Автордың Күшікбай мен  Ғазиза  ажалын  салыстыра  көрсетуі  де  осы
мақсаттан туындаған.

    Қаладан елге қайтып келе жатқан болыс Ақан мен оның жандайшап әрі  әккі
де айлалы жырынды жолсерігі Қалтайға берілген мінездемелер қаншалықты  қысқа
болса, соншалықты нақтылығымен  ерекшеленеді. Ақанның  түнгі  жеңіл  жүріске
әсіре құмарлығы мен қожайынға жағына білуді  өмірінің  мақсаты  деп  таныған
Қалтайдың қара ниетті, арам  пиғылды  адам  екендігін  еш  қиындықсыз  оқиға
өрбіп болмастан-ақ  аңғаруға болады. Бұл турасында жас ғалым,  мұхтартанушы,
ф.ғ.к. Мұқажанова Раушан Мұратханқызының  пікірін  тілге  тиек  ету  орынды:
«Жауыздықтың құрбаны болған пәк сезімді  Ғазизаның  өлімін  суреттеу  сәтіне
дейін жазушы бірнеше  түйдекті  оқиғаның  басын  біріктіріп  сабақтай  отыра
межеге жеткен. Яғни, табиғат суреті, Күшікбай кезеңінің  тарихы,  жолаушылар
жайы, кедей үй тұрмысының  суреттелуі,  кемпірдің  әңгімесі   мәреге  шығуға
жетелер баспалдақтар тәрізді».

     Жүргіншілер бейіт секілді  сұрықсыз, қу моладай күңіренген жұпыны үйге
түсіп, түнемек болуы –оқиға желісінің бастауы болады.  Бұл  тұста  жылпақай,
әккі, сұрқия Қалтай  өзінің  пасық  ойын   алдын-ала  жоспарлап  алған.  Екі
бірдей ет жақынынан айырылған қаралы үйдің ендігі  тұрғындары  –  қауқарсыз,
қарт кейуана, зағип ана, уыз жас Ғазизаның   алдағы  тағдарлары  -   күңгірт
болса да  келер қауіптен беймәлім қонақжай үйтін. Үш  мүсәпір  жүргіншілерді
құдайы қонақтай қарсы  алып,  барымен  базар  болып,  әп  сәтте  мәре  –сәре
қалыпқа түсуі – қазақы менталит. Ұлттық менталитетті көрсетуде  де  М.Әуезов
драматизациялауға мейлінше күш салған.

    Шай үстінде кейуана қатал да   адам  төзгісіз   ауыр  бейнетінің  жайын
болысқа мұң қылып шағып, ішкі  зарын  бір  ағытуы  да  образдар  табиғатының
ашыла түсуіне қызмет  етеді.  «Жаны  ашымастың  басы  ауырмас»  деген  қазақ
мақалының кебі. Алайда, әуел бастан томырықтық пен  ішкі  аяр  есебін  бүгіп
келген  жүргіншілерді  кемпірдің  зары  еш  жібіте  алмады.  Жазушы  Ақанның
безбүйрек мінезін соншалықты қысқа қайырыммен шебер аша  салған.  “Жалғыз  –
ақ сол әңгіменің ішінде болып, қорлық көруші, ыза шегуші қайраты, қуаты  жоқ
сорлы кемпірдің өзі айтқандығы аз ғана жүрегінің тыныштық,  сезімсіз  қалпын
бұзғандай болып отырды.

    Ғазизаның арын  аяққа  таптап,  өзінің  нәпсіқұмар  хайуандығын  жүзеге
асырған Ақан өз қиянатынан боран  түнде  ізім  –  ғайым  жоғалған  бейкүнәні
іздеуге де бармай, кемпірдің зарынан құтылғанша асық  болып,  таңды  атырған
соң беті бүлк етпестен тартып отырады. Таң атқанша Ақанның  сабасына  түсіп,
шалыс әрекетін мойындар  мезет  болған  еді.  Бірақ  ауызы  қанға  бұлғанған
жәдігөй боранның суығынан ықтап, қаралы үйге қайта кіреді.  Жазушы  Ғазизаға
зорлық жасаған Ақанды оқиға орнынан бірден шектетпейді. Оны қайтадан  отауға
енгізеді. Ақанның зарлы үйден түнде аттанып кетпеуі жұбатпақ болған  ниеттен
емес, қасқырға жем боламын деген қорқаулықтан. Ғазиза ше? Қорлық  пен  мазақ
көрген Ғазизаның алдында бірі өмірге, бірі  өлімге  апарар  екі  айырым  жол
жатты.  «Жастығына  лайық  болған  үміт,  қиялдың  бәрі   де   ойын   басқан
қараңғылыққа батты,  көңіліндегі  өмір  сүрсем  деген  оттың  ақырғы  жалыны
сөнді. Ғазизаның көңілін бұл қиял кернеген сайын, үйге  кіру  керексіз  бола
бастады».  Қорлыққа төзбеген намысы өр Ғазиза  әкесі  мен  бауырының  бейіті
басында ол да ажал құшты.

    Әңгіменің  тарихилық  негізі  де  шығарманың  өмірде   алынған   шындық
екендігін танытады. Әңгіменің тарихилығы турасында әдебиет  сыншысы,  жазушы
Тұрсын Жұртбаев Мұхтар Әуезовтің осы әңгімесіндегі Ақан  болыстың  протатипі
Кәкітайұлы Біләл деп көрсетеді. Біләл Абайдың туысы бола  тұрса  да,  мен  –
мен такаппарлығын ағайын –  жұртына,  тіпті  әкесі  Кәкітайға  да  танытудан
айылын жимаған. Кәкітай 1915 жылдың көктемінде кіші әйелі Бибі үйінде  төсек
тартып жатқанда, көңілін  сұрай  келіп  тұрып,  «Кәкем  қалай?»-  депті  де,
дағдысынша аттан түспей  қайтып  кетіпті.  Есі  кіресілі  –  шығасылы  болып
жатқан Кәкітай: «Осы Біләл келді ме?» – дейді  екен.  Біләл  ісінен  түңіліп
отырған туыстың бірі шыдамай  Кәкітайға  бәрін  бүкпей  айтса  керек.  Сонда
Кәкітай: - Әй, Біләл - ай, жынданып өлерсің- ау, сен жынданып өлерсің-  ау,-
деп кейіген екен. Сол Біләл айтқандай жынданып өліпті.  Әңгіменің  тарихилық
сипатын көрсетер қаһармандардың шынайы өмірден  алынған   болмыс  пен  бітім
екендігін   Ахмет   Әуезов,   Ғайса   Сармурзин,    Тұрсын    Жұртбаевтардың
дәлелдеулерімен  танылған   тарихи  шындық   көркемдік   фонында  да  өзінің
полифониялық  сарынын  жоғалтпай,  қайта  шоқтығы  асқақтай  көріне  түскен.
Т.Жұртбаевтың “Бесігіңді түзе” атты эссе кітабында,  мұхтарттануға   өзіндік
үлес қосқан Б.Байғалиевтің Біләлдің  расында болыс  болғандығын  дәлелдейтін
мұрағат құжатарын тапқанын айта кеткен дұрыс.

    Зерттеуші Қ.Сыздықов   “Қорғансыздың  күні”  әңгімесі  жөнінде:    “Осы
әңгімеде тек құрдымға кеткен қайғы – мұң ғана емес, мұнда білінер-  білінбес
болса да  бұлқынып  жатқан  қайсар  күш  бар,  қарауытып  тұнжыраған  мылқау
ағыстың  астында жатқан табан  толқын  бар  сияқты.”  –  деп  пікірін  айтуы
әңгіменің  драмалық табиғатын  айқындар  мінңмен,  идеялық  тереңдігін   тап
басып көрсетеді.

    Зұлымдықтың қанды құрсауының   тұтқыны  болған,  қайғы  мен  қасіреттің
ауыр жүгін арқалай алмай  шорт  кеткен  бейкүнә  да  пәк  бейнесін  сомдауда
суреткер Әуезов жазушылық шеберліктің озық үлгісін  ұсынады.   “Қорғансыздың
күні” турасында сөз қозғағанда сөз өнерінің  ірге тасын  қалаушылардың  бірі
де бірегейі болған  Зейнолла  Қабдоловтың  төмендегі  пікірін   айту  арқылы
туындының мазмұны мен  пішініне   әділ  баға  береміз.  «Қорғансыздың  күні»
әңгімесі арқылы жазушы  сол  заманның   қатыгез,  қатыгез  болса  да  шынайы
тұрмыс келбетін, зарлы да мұңлы  тағдырлар тоғысын   көрсетеді.  Бұл  әңгіме
қазақ әдебиеті үшін  қосылған сүбелі  үлес.  Ондағы  фоьклорлық  үлгі  болып
табылатын Күшікбай батыр әңгімесі де, Ғазиза бейнесі де соншалықты  астасып,
сабақтасып бала жанын ізгілікке, мейірімділікке шақыратын көркем бейнелер.

            Мұхтар Әуезов  өстіп  даланың  кең  мінезін  тарылтқан  тәртіпке
наразылық білдіреді. Ол ескі салт-сананың жақсылыққа баспайтынына да  қарсы.
«Ғазизаның өлімі Ісләмнің сиқырынан болыпты» – деген өсекті  Жақыптың  ауылы
таратса, бұл да керенаулық мінезден. «Надан елдің көбін  бұл  сияқты  әңгіме
сендіретін бір себеп – бұл сөздің  ортасында  мінезі  ұғымсыз,  жүріс-тұрысы
белгісіз оқыған жігіттің болғаны  еді».  Ісләм  өз  аулынан  қалаға  кететін
болады.  Кетіп  бара  жатқанда  жігіт  арбасын  тоқтатып,  түсіп   Ғазизаның
бейітіне қарай беттеді…  «Жүректі  жанышқан  ыстық  дертпен  қолы  дірілдеп,
құранның  бір  бетін  ашқанда,  әуелгі  екі-үш  бетінде  Ғазизаның   қолымен
жазылған Ісләмнің аты тұр екен. Ісләм  жазулы  жерді  қайта-қайта  сүйгенде,
көзінің жасы ыршып, қолынан құран түсіп қалып,  Ғазизаның  қабырын  құшақтай
жығылып, өкіріп жылай бастады».
      Түйіндей айтқанда, Мұхтар Әуезовтің тарихилық  негізден  бастау  алып,
драмалық тартыстар бітімімен өрілген әңгімелеріндегі  қорғансыздар  тақырыбы
өмірдің өзіндей шынайылығымен  оқырман  жанын  баурайтын  эстетикалық  қуаты
қазақ прозасының даму, өрістеу жолында үлкен шығармашылық бел болғаны анық.














               Дәріс №7  М.О.Әуезов шығармаларындағы тарихилық




      М.О.Әуезов әңгімелерінің басты даралағы  трагизм  табиғаты,  тарихилық
сипаты ұлттық  танымды  айшықтауға  құрылуында.  Ұлы  суреткердің  ХХ  ғасыр
басындағы әңгімелерінің асыл негізі қазақы  өмір  мен  қазақы  дүниетанымның
ерешелік қырлары  арқылы  танылып  әлемдік  әдебиеттің  тамырына  нәр  болып
байланғаны анық. Ұлттық танымды  әңгіме табиғатының астары етіп  алу  арқылы
туындыларының ұлттық калориті бай, алаш өмірінің бояуы қанық.  «Қорғансыздың
күні»,  «Жетім»,  «Жуандық»,   «Барымта»   деп   аталатын   тағы   бір   топ
әңгімелерінде М.Әуезов кейіпкерлерін халықтың  жуан  ортасынан  табу  арқылы
әңгіменің реалистік сипатын тереңдетсе, қазақ тұрмысы мен қазақ  өмірін  ашу
арқылы типтік образдарды жасау шеберлігіне көтерілген.
    Суреткердің тарихи шындықты көркем шығармаға материал ретінде пайдалану
барысында  сұрыптау,  екшеу,  сондай-ақ  жинақтау  сияқты  күрделі  үрдістен
өзінің  стиліне  бейімдейтіні  айқын.  Яғни,  тарихи  дерек,  өмір   шындығы
көптеген  көркемдік  өзгерістерге,  тұлғалар  типтік  сипаттағы   бейнелерге
айналады. Тарихи шындық пен көркемдік  шындық  байланысынан  көркем  шығарма
туындайтынын ғалым Қажым Жұмалиев түйіп  айтқан:  «...Тарихи  оқиғаның  ізі,
сәулесі болып әдеби  мұралар  туып  отырды.  Олардың  кейбіреулері  оқиғаның
жалпы, ұлы сорабын сақтаса, ескірген  сайын  әңгімеде  көмескіленіп  оқиғаға
қиял араласып, шын болған оқиғамен,  болуға  мүмкін  емес  ғажайып  нәрселер
қатар келіп отырса, кейбіреулері күні кеше ғана болып  өткен,  ізі  суымаған
тарихи оқиғаның негізінде туды».
      Ұлы  суреткер  қай  жанрда  қалам  тербемесін  жазушылық   стилі   мен
суреткерлік  даралығы  ерекшеленіп   тұрады.   Қаламгердің   әңгімелеріндегі
таргедия табиғаты мен  драмаларындағы  трагизм  астасып,  сабақтасып  жатыр.
Мұхтар  Әуезов  әңгімелері  арқылы  драматургия  саласына  келген   қаламгер
екендігі  белгілі.  Ол  трагедия  жанрында  «Еңлік–Кебек»,  «Бәйбіше–тоқал»,
«Қаракөз» секілді үздік көркем шығармалар жасады. Трагедия –  драматургияның
ең қиын да, күрделі де жанры. Өмірде кездесетін әр алуан қайғылы халдің  кез
келгені трагедиялық конфликтіге арқау  бола  алмайды.  Қоғамдық,  әлеуметтік
зор мәні бар конфликт ғана трагедияның  негізін  қалайды,  яғни  трагедиялық
конфликт  –  нақты  өмірдің  шындығын,   тарихи   мәнін   әнгімелейтін   ірі
характерлердің, жеңуге болмастай ерекше күшті қайшылықтардың тартысы.
    М.Әуезовтің  20  -  жылдары  жарық  көрген  пьесалары  қазақ   қоғамының
қайшылыққа толы тарихи жағдайын терең, жан – жақты талдап  –  таныта  білді.
«Еңлік  –  Кебек»,  «Бәйбіше   –   тоқал»,   «Қаракөз»   пьесалары   –   төл
драматургиямыздың дамуына тигізген ықпалы, әсері орасан  зор  еңбектер.  Бұл
пьесалар 20 - жылдардағы  қазақ  драматургиясының  жай  –  күйін,  дәрежесін
танытып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  осы  күнгі  ұлттық  театр  өнерінің,
драматургия жанрының қанатын кеңге жая өркендеуіне қосқан үлесі мол болды.
    Көркем  әдебиеттің  өшкенді  жандырып,  өлгенді   тірілтетін   құдіретті
қасиетін ұлы дана жазушы, кең ақылды,  терең  ойлы  кемеңгер  Мұхтар  Әуезов
«Еңлік – Кебек» трагедиясымен көрсетіп берді. Жиырма жасар Мұхтар  Әуезовтің
қиялын қозғап, қолына қалам алдырған  Еңлік  пен  Кебек  жайлы  халық  аңызы
болатын. Махаббат жолында  құрбан  болған  Еңлік  пен  Кебек  атты  ғашықтар
тағдыры  ХІХ  ғасыр  соңында  баспасөз  бетінде  жарияланды.  Оның   бірінші
нұсқасын «Дала уалаяты»  газеті  31-39  сандарында  1892  жылы  «Қазақтардың
естерінен кетпей жүрген  бір  сөз»  деген  атпен  жариялап,  1900  жылы  осы
газеттің 46-санында қос ғашықтың аянышты тағдыры жөнінде  «Қазақ  тұрмысынан
хикая» деген әңгіме жариялайды. Міне, әңгіменің табиғаты драмалық  шығармаға
сұранып тұрғанын әңгіме шебері М.Әуезов анық көре білді.
   Қос ғашық Еңлік пен  Кебек  тағдыры  жайлы  М.Әуезов  драмасы  қойылғанға
дейін аңызға айналған бұл оқиғаның екі  әңгіме,  екі  поэма  түріндегі  төрт
нұсқасы жарияланған. Яғни  драмалық  шығармаға  арқау  болғанға  дейін  аңыз
қолдан – қолға өтіп,  сараланып,  оның  тұрақты  сюжеттік  желісі  тартылып,
образдар қалпы айқындалып, халықтық идея дәстүрлі арнаға түскен.
   Бірі – ұстаз, бірі – шәкірт  есепті  екі  адамның  жазған  шығармаларының
өзара ұқсап тұруының пәлендей айып –  шамы  жоқ.  Мұхтарға  «Жолсыз  жазаны»
Ақыштың ұзатылу тойына қойылуына рұқсатын  берген  Шәкәрімнің  өзі.  Арадағы
келісімді  жүргізген  –  Тұрағұл.  Және   дәл   сол   Жидебайда,   пьесадағы
кейіпкерлердің  ұрпағының  ішінде  тұрып  поэмаға  қандай  да  бір   өзгеріс
еңгізудің өзі мүмкін емес – тін. Екіншіден, Мұхтардың өз  жаңалығы  да  бар.
Ол – оқиғаның өзегін  билер  айтысына  құрды.  Бұл  феодалдық  қоғамның  ірі
қайраткерлерінің  образы  арқылы  әлеуметтік  жағдайдың  сырын  ашуға   желі
тартты. Трагедияның түп  тамырын  шешендік  өмірімен,  билер  кеңесі  арқылы
ашқан ең үздік туындының бірі осы «Еңлік – Кебек»[71,100].
   «Еңлік – Кебектегі» екі жастың арасындағы  уыз  махаббат  өрістей  түсіп,
көп тақырыпты қамтиды. Мысалы, адамгершілік, адамның  жеке  басын  қадірлеу,
ел бірлігін көксеу, бұқара халыққа бейбітшілік өмір тілеу,  болашаққа  үміт,
сенім көзімен қарау тәрізді  күрделі  мәселелер  қозғалады.  Осылардың  бәрі
құрғақ баяндау  арқылы  емес,  көркем  әдебиеттің  өзіне  тән  заңы  бойынша
негізгі кейіпкерлердің әрекеті, талас  –  тартысы,  яғни  конфликт  өрбуімен
беріледі.
      «Еңлік  –  Кебектің»  аса  қасиетінің  бірі  –  каһармандардың  жан  –
жақтылығы. Негізінен ұрт мінезді  көрінген  Есеннің  өзі  әр  түрлі  халден,
күйден хабар береді. Ол жар  сүюге  ұмтылады.  Оның  Еңлікке  деген  ықыласы
әуелде ру намысын жыртудан басталса да, кейін жақын таныса келе Есен  ақылды
да сұлу қызды шын жүрегімен сүйеді.
    Тарихи  құбылысты  сахнада  саралау  арқылы  көркемдік  шындықты  шынайы
жеткізу және ондай дәрежеге тұңғыш шығармасы арқылы  көтерілу  –  кез-келген
таланттың маңдайына жазылмаған. «Еңлік – Кебек»  арқылы  Мұхтар  сол  шырқау
биікке шықты да, қайтып ол тұғырдан түспеді. Жиырма жаста  жазған  шығармасы
қазақ ұлтының рухани өмірін  жаңа  арнаға  түсіріп,  өркениетті  ұлы  көштің
қатарына қосты. Міне, жазушы драмасндағы тартысты оқиғалар  мен  трагедиялық
сюжеттер әңгімелерінде де ерекше орын алған. Мысалы, «Жуандық» әңгімесі  сол
жақсылық жаңалықты қуана паш етуден басталады. «Ақөзектің егіні биылғы  жылы
бұл атыраптың алды болып тұр. Бір болыс Қараадыр «Ақөзек  озды»  десіп  аңыз
қылысты.
            Егін салу кәсібі ХХ ғасыр  басындағы  көшпенді  қазақ  елі  үшін
жаңалық. Өйткені ертеден бері қазақтар мал бағып күн көретін көшпенді  қазақ
ауылы  Жақсылық  бастаған   бұл   жаңалықты   түсініп   кете   қойған   жоқ.
Түсінбейтінін білсе  де,  мынандай  жауыздықты  олардан  күтпеген:  «Тап-тал
түсте жүз қаралы жылқы шеттегі бір аңыз ақ бидайына емін-еркін  кіріп  алып,
бырт-бырт  үзіп  талқандап  жүр.  Бұл  қорлыққа  шыдамаған  Жақсылық  ұлыққа
шағымдануға бел  байлайды.  Жаңадан  орнаған  Кеңес  өкіметі  «кедейлер  мен
байларды теңестіреді» деген әңгімені құлағы шалып қалғаны  бар-ды.  Жақсылық
шағымы бойынша милиция Әбіш  пен  Құрманды  қамауға  алады.  Бірақ  ауылдағы
сыбайластар  өзара  ақылдасып,  байларды  құтқарудың  амалын  іздеп  табады.
Момын, еңбекқор Жақсылық қайта-қайта жоғарыға  арызданып  өкіметтің  мазасын
алуға бата алмады. Ақыры,  «Ұрысы  жуан  болса,  мал  иесі  өледінің»  аяғын
құшып, егінін жинап алған соң, боқыраудың басында қызыл  қарын  жас  баласын
шұбартып, Жақсылық Ақөзекті ықтиярсыз тастап көшіп кетті», -  деп  аяқталады
әңгіме. Әңгіменің тілі мөлдіреп, образдар әрекеті нанымды ашылып,  оқырманды
оқиғалардың драматизиациялық жүлгесі эстетикалық әсер тұңғиығына тартады.
      «Оқыған  азамат»,  «Кінәмшіл  бойжеткен»,  «Сөніп  жану»  деп  аталған
әңгімелер  тақырыбы  тарихилық  пен  драмалық  табиғатты  шебер  ұштастырған
жазушы ізденістері сәтті болған[50, 236]. Жазушы  қалаға  келіп  «мәдениетке
үйрене» бастаған қазақ  жастарының  тұрмысына  енген  өзгерістерді,  сонымен
қатар жастар тәрбиесі, құлықтылық, ар-инабаттылық мәселелерін алға  тартады.
Ұлт  мәденитінің  ассемилияцияға  ұшырау  қаупінен   сақтандырады.   «Оқыған
азамат» әңгімесінің оқиғасы негізінде  қалада  болады.  Бұл  қала  Сібірдегі
үлкен өзендерінің бірінің сол жағасында орнаған. «Ретпен салынған сұлу  қала
емес. Орта жері болмаса, шеттерінде тәртіп жоқ.  Оның  үстіне  шет-шеттеріне
шашыратып салған қазақтың жер үйлері тәртіпке ұқсаған сиықтың  бәрін  бұзып,
қаланың  шеттерін  түйенің  жыртылған  ескі  жабуындай  жалба-жұлба   ғылып,
ыдыратып тоздырып тұр.
Мейірхан деген оқыған жігіт қалада тұратын  жолдасы  Мақсұттың  үйіне  жедел
шақырумен келді.  Жолдасы  қатты  ауру  үстінде  жатыр  екен…  Күндер  өтті.
Мейірхан бұл үйге Мақсұт өлген соң көп соқпады.  Бұрынғы  жолдастарынан  осы
күнде бұл үйге келетіндер –  Жұмағұл  мен  Ақай.  Жұмағұлдың  көздегені  жас
қаралы әйелді жұбатқан болып, оның  көңілін  өзіне  бұрғызу.  Бұл  Жұмағұлға
онша қиындықпен түспейді. Өйткені әйелдің «сырты қаралы болса, ішіне  қаралы
көңіл таусылған сияқты».
Көп  кешікпей  Жұмағұл  мен  Қадиша  жолдастарын  үйлену  тойына   шақырады.
Қаладағы баласы байдың қызын алыпты  деген  әңгімені  естігенде  әкесі:  «Ол
немені біз оқытқанда, «ылғи бізден шығын шығара бер» деп  оқытып  па  едік?»
деп бұлқан-талқан  болады.  Сөйтіп  жүргенде,  Жұмағұл  келіншегімен  ауылға
келеді. Бала мен әке, келін мен ене бірін-бірі таниды… Бұларды соншалық  тез
жақындастырып жіберген себеп – дүниеқоңыздық деген  дерт  еді.  «Сараңдыққа,
қанағатсыздыққы келгенде жас келін кәрі енесінен асып түседі. Мінез  бірлігі
«жас-кәрі», «оқыған-оқымаған» деген айырымдарға қарамай-ақ,  бұл  адамдардың
басын  қосып,  бірін-біріне  үйлестіреді».  Бұл   дегеніміз   кешегі   текті
ұрпақтың,   текті   ұлттың   азғындап   мінезінің   кесектігінен   айырылып,
ұсақталғандығын  танытады.  Бұл  әңгімеде   суреткер   оқиғаларды   драмалық
шығармаға  тән  көркемдік  градациясымен  дамта  отырып,   қазақ   мінезінің
қиямпұрыс қыңыр жолсыздыққа басып бара жатқанын көріп, дабыл қағады.
      М.Әуезов кейіпкерлерінің  шынайы  келбетін  ашып  беру  арқылы  ұлттық
болмыстың бір  кездегі  мәрттігінен  тоналғандығын  реалистік  әдіспен  бере
білген. Шеберлік деп  айтсақ  айтқандай.  Тойымсыздық  ар-ұяттан  бездіреді.
Олар қаладағы Мақсұттың  жалғыз  қалған  шешесінің  үйі  мен  мүлігіне  ауыз
салады.
      Бұл сұмдыққа  шыдамаған  сорлы  кемпір  бойы  сіресіп,  көзі  жұмылып,
жақтары тістесіп үзіліп кетеді. Жұмағұл,  Қадишаның  мұраты  орнына  келеді.
«Оқыған азамат» пен  М.Әуезов  әңгімесінің  атын  тырнақшаның  ішіне  алған.
Жазушы әңгімесінде: білім негізінде  адамгершілік,  ар-инабаттылық  болмаса,
елге  пайдасы  шамалы  дегісі  келеді.   Дәл   осндай   трагедия   жазушының
пьессаларында д  орын  алады.  Мәселен,  Әуезов  «Бәйбіше  –  тоқал»  арқылы
қазақтың   тұрпайы   тіршілігін,   заман    шындығын    көрсетті.    Шығарма
кейіпкерлерінің қай – қайсысын алсаңыз, әрекеттері,  арман,  тілек,  мақсаты
бір  ғана  нәрсе  –  мал-мүлік  төңірегінен  өрбиді.  Дәмеш  –   билікқұмар,
дүниеқорлардың тағдырының не жарқын жарастық  табуына,  не  терең  шыңырауға
батуына  негіз  басар  адам  есебінде.  Сорлы  қыздың  өз  пікірі,  сезіммен
санаспай, өзгелер тағдырын шешіп, мақсаттарына жетуін көксейді.  Әуезов  бұл
шығармасында талас, өшпенділік,  қатыгездікті,  махаббат  пен  мейірімді  де
көрсете алған. Кейіпкерлер арқылы түрлі мінезді,  түрлі  пиғылды  адамдардың
бейнесін ашады.  Шығармада  ақ  пейілді  адал  жандар  да,  қара  жүрек  тас
бауырлар да бар.
      Жазушының суреткерлік  шеберлігі,  әсіресе  кейіпкердің  мінезін,  жан
дүниесін  суреттеуінен   айқын   танылады.   Алғашқы   «Қорғансыздың   күні»
әңгімесінде кейіпкер бейнесін сипаттаудың  бірнеше  ұтымды  тәсілдері  көңіл
аудартады. Негізгі кейіпкері Ғазизаны жазушы: «Көрген көзге алғашқы  жерден-
ақ сүйкімділігін сездіретін уыз жас. Жалғыз-ақ, ұяң,  жұмсақ  қарайтын  қара
көзіне және ылғи шытынған, кірбеңдеген қабағында қалың уайымның  солған  ізі
бар. Пішіні мұңды,  жүдеу.  Жасбасына  орнаған  қайғы,  жүрегін  жеген  дерт
сыртында  шығып  тұр»,  -  деп,  ықшамды  түрде  мінездейді.  Оның  күйініш-
қайғысын, ой-толғанысын, жанталасқан әрекетін көбінше сырттай қарап  баяндау
арқылы әсерлі көрсетеді. Өзін  сөйлетуі  аз.  Тек  Қалтай  Ақанға  жеңтайлық
етпекші болып, Ғазизаға сөз айта бастағн кезде ол қатты ашуланып:
 - Сенің ойыңдағы сұмдығыңды білмей тұрмын ба? Аулақ жүр!  Мен  сенің  мазақ
қылатын кісің емеспін! – дегеннен есті қыздың есті қыздың  ұстамдылығы  анық
байқалады. Бірақ Ғазизаның мінезі – оның жетімдікке,  жоқшылыққа  төзсе  де,
қорлық-мазаққа  шыдай  алмаған  адалдық,  адамгершілік   қасиетін,   ашу-ыза
үстіндегі өзін шарасыздықтан өлімге қиған тосын  шешімінен  толық  танылады.
Ал  Ғазизаның  әжесі  мүлде  басқаша  бейнеленген.  Жазушының  оны   тікелей
сипаттауы ықшамдығана,  кемпірдің  өзін  ұзақ  сөйлету  арқылы  бас  көтерер
адамдарынан айырылып,  жетім-жесір  болып  қалған  бейшаралардың  ауыр  хал-
жағдайы туралы көп жайды анық білдіреді. Кемпірдің  айтқан  сөздерінен  оның
өз жай-күйі де байқалса,  басқа  кейіпкердің  де  мінезі  айқындала  түседі.
Мысалы, Ақан болыстың осы үйдегі жетім-жесірлер  тағдырдың  салған  соншалық
ауыр азабын тартып отырғанын  естіп-білсе  де,  көзімен  көргендей  болсада,
ешбір шіміркпестен жас қызға зорлық жасаудан тайынбайтыны оның шектен  асқан
жауыздыққа бейім екенін айқындай  түседі.  Болыс  атанып  жүрген  Ақан  қыз-
келіншек іздесе, қолы  жетпейді  емес.  Жетім-жесір,  сүйеніші  жоқ  адамдар
маған не қыла алады деп, соларды зар еңіреткеніне арланбайды.
    Қазақ тарихы өзінің көркемдік шежіресімен   әдебиет  айнасында  барынша
сәуленеледі. Асылы, әдебиет - тарих шындығын болашақ  нәсілге  апарар  алтын
көпір. Ұлт  руханиатының  зердесінде  тереңдеп  тамыр  алған  тарих  ақиқаты
көркем сөз жұпарымен қошталғанда ғана мәнді мұра, асыл сырға  айналмақ.  Ұлт
өмірінің ақтаңдағын, аласапыран тұстарын, қиын –қыстауда арқа –тірек  болған
арыс тұлғаларын жыр ету, дастан қылу - тарихты қастерлеу, тарихқа  құрметпен
қарау.
       Көркем  шығарма  сақасына  тарих  шындығын  алтын   өзек   етіп   құю
көшпенділер сөз  өнеріндегі  ұрпақтан  –ұрпаққа  беріліп  отырған  көркемдік
дәстүр. Ежелгі  дәуір  әдебиетінің  жауһарлары  саналған  “Алып  Ер  Тоңға”,
“Ширақ батыр”, “Еділ батыр” сынды тарихи жырлар өзінің көркемдік  –  идеялық
қуатымен елге қорған болған тұлғаларды  аңызға  айналдырды.  Тасқа  қашалған
“Күлтегін”, “Тоныкөк” жырлары келешек ұрпақтарға елдікті,  ерлікті  дәріптей
үлгі етеді. Тарихи әділет әдеби бітім  –болмысымен  әр  буынға  сан  қырынан
танылып, ұлттық санада жаңғырады, сөз киесімен жанданады.
    Тарихта кемеңгерлер келбеті ұлт өміріндегі шешуші оқиғалар  ұлттың  өсу
жолындағы тарихи оқиғаларға қатысын,, қиындықтан қисын, асуларда  адастырмас
жол іздеді, жұрты үшін жанкештілікке,  ұлт  тағдыры  үшін  тәуекелдікке  бел
буды.
    Ұлы  суреткер  М.Әуезовтің  ХХ   ғасыр   басындағы   көркемдігі   кемел
әңгімелерінің   тақырыптық   мазмұны,   идеялық   тереңдігі,    композициялқ
үйлесімдігі толыққанды шебер құырылымын тіл көркемдігі барынша келісті  етіп
жіберген. Тақырып - көркем шығарманың  басты  ірге  тасы.  Әр  түрлі  ұлттық
факторлар  әсерінен  әр  алуан  оқиғалы  шығармлар  туындайтынын  М.О.Әуезов
әңгімелерінен анық байқаймыз. Қазақ  өмірріне  бар  жанмен  құштар  М.Әуезов
ұлтымыздың тағдырын өз әңгімелерінің айнымас арқауы етеді.
    Тарихи  шындық  пен  көркем  тіл  Әуезов  әңгімелерінің  негізгі  тіні,
эстетикалық энергетикасы. Тарихи шындық  жазушы  туындыларында  фон  ретінде
ғана алынып қоймайды, ультра үнді ұлттық бояуымен қанықтырады. Әуезовтің  ХХ
ғасыр басындағы   полифониялық  әңгімелері  дәуір  тынысын  тап  басып,  дөп
көрсетеді. Осылайша тарихилық шеберін шымыралата, ширықтыра түседі.
     Тарихи шындық  көркемдік құраладары болып танылған даралау,  жинақтау,
жалпылау  сынды  әдістер  полотносында  қазақ  қоғамының  тұтас  бір   дәуір
шындығын  шарықтата көрсетеді Сөзіміздің  айғағы  мұхтартанушы  Т.Жұртбайдың
сөзімен тұжырсақ: «Шыңғыстаудың қат  –  қабат  хикаялары  алғашқы  он  жылда
Мұхтар шығармашылығының алтын өзегіне айналды. Ол тақырып  қорғансыз  Ғазиза
қыздың  тағдырын  бейнелейтін  алғашқы  әңгімесінен  басталып,   Көксерекпен
аяқталады».
    Көркем шығарма құндылығын бағалайтын оқырманның   жүрегінде  жатталатын
Әуезов әңгімелерінің өзіндік тән қаситі мен қадірі деп танырылық  белгісі  –
суреттеп отырған  тақырыптың  тарихилығын  көркемдік  аяда  ұлттық  нақышпен
зерделеуінде. Туған  халқының  қордалы  әдет  –ғұрпын,  әлеуметтік  жағдайы,
қоғамдық болмыс  –бітімі,  ұлттқ  өресін  терең  де  кең  тұрғыда  суреттеуі
қаламгер  туындыларының  эстетикалық  және  психологиялық,  сыншылдық   және
сыршылыдық қуатын зорайтады.
    Және бір атап айтар ерекшелік ХХ ғасыр басындағы Әуезов әңгімелеріндегі
астар мен пішінде, көркемдік пен түрде, шынайы оқиға  жүлгесінде  өзеге  бір
сыршыл да нәзік үндестік бар. Шеберлік сыны да сыры да осында  болса  керек.
Бұл арқылы қаламгердің өз дәуіріндегі ұстанған  шындықты  берудегі  өміірлік
мұрат  –мақсаты  айқындалады.   Қазақ   қоғамның   ескі   дәуірін,   кереғар
құбылыстарын шеберлікпен ашады.
    Тек өз басын, өз  пайдасын  ойлайтын  қаталдықтың,  озбырлықтың  оқыған
жігіттердің  де  бойынан  табылатыны   «Оқыған   азамат»   атты   әңгімедегі
Жұмағұлдың бейнесі арқылы айқын көрініс  тапқан.  Ол  жесір  қалған  досының
әйелі Қадишаға үйленіп, аяқ астынан дайын үй-жай,  қанша  дүниеге  ие  болып
шыға келеді. Бірақ оны да азсынып, өлген жігіттің кәрі  шешесінің  қолындағы
мал-мүлікті де ретін тауып  тартып  алудың  қамына  кіріседі.  Мұны  естеген
кемпірдің есі ауысып, ауруға шалдығып, ұзамай қайтыс болады.
      Оқыған, қалада білім  алған  жігіттердің  типтері  әр  алуан.  Осындай
оқыған  азаматтың  біреуі  –  «Сөніп-жану»  әңгімесіндегі   Сыздық.    Ресей
патшасының құлауы нәтижесінде шет аймақтарда да болып  жатқан  өзгерістердің
бетін қалаға барып байқап, естіп білсе  де,  ол  қоғамдық  өмірге  араласып,
орныды қызмет  етуге  асықпайды,  қыз  көру,  үйленудің  қамында  ел  ішінде
жүреді. Бірде аң аулаған жігіттерге қосылып кетіп, соны қызықтап,  онон  соң
отардағы жылқышылардың арасында қос ішінде уақытын  өткізеді.  Өзі  «әйелдің
әр қилысын көріп, көп  талғап  үйренген»  жігіт  болғандықтан  ба,  Жәмиланы
жолдастарымен ауылына барып көріп, түрін, түсін, мінезін ұнатқандай  болады,
бірақ ғашық болып елжіреген  сезім  тумағанын  ойлап,  осы  таңдауым  қалай,
ауылдағы ұяң, жасық қыздардың бірі емес пе өзі деген күдік  тек  ойына  келе
береді. Сөйтіп, тағы барып анықтап көріп, үйленуге бел байлайды.
      Қыз оңаша отауға кіріп, екеуі  жалғыз  қалғанда  ыстық  сезімге  бойын
жеңдіріп,  кейін  басқа  күйге  түскендей  болады,  қалыңдығының  қылығынан,
сөзінен өзі іздеген  нәзіктілікті  байқай  алмады.  Сондықтанда  да,  аз-кем
ойланып жүріп, «не болсада Жәмиланы аламын,  қатын  қылып  көремін!  Кейінгі
күні немен тынарын көріп жатармын» деп, тезірек үйленуге бекінеді.  Жәмиланы
алып, жазды келіншегімен ауылда өткізеді  де,  онан  соң  өзі  қалаға  кетіп
қалады. Қаладағы ойын-жиындарға араласып жүріп,  жесір,  жас  орыс  әйелімен
танысып, өзге дүниені ұмытып, жаңа бағытын,  нағыз  ғашығын  енді  тапқандай
болып, сонымен көңіл қосып жүре береді. Зерек, сөзшең жігіт  ауылды  жердегі
қыз көру, күйеу келгенде қалыңдығымен оны кездестіру секілді  бұрынғы  әдет-
ғұрыптарға сын көзімен қарайды, өз  еркімен  үйленеген  келіншегі  Жәмиланың
кемшіліктерін көріп, айниды. Бірақ оған  ауылда  қалған  жас  келіншегі  мен
кішкене баламның жағдайы  не  күйде  екен  деген  ой  келмейді.  Ескі  әдет-
ғұрыптардың осал жақтары болатынына жазушы да  назар  аударып,  бір  күлкілі
жағдайды келтіреді. Таңдауымыз орнықты болсын, тағы біреудің  қызын  көреміз
деп жолдастарымен барғанда, Сыздық өзі қайтып кетіп, еріп барған  жолдастары
бір қызды көреді. Бірақ ол қыз  іздеп  барған  қыздың  өзі  емес,  жанындағы
малшының қызы екенін олар кейін біледі.
      Жазушы әйелдің бас бостандығын жақтап,  бұл  мәселеге  айырықша  назар
аударады. «Үйлену» атты әңгімеде Жәмила ата-атансы атастырып  қойған  жерге,
Қасым болысқа әйел үстіне барудан бас тартып, нұсқаушы болып қаладан  келген
жас жігіт Оспанды ұнатып,  сонымен  қашып  кетеді.  Бұдан  қазақ  қыздарының
күйеуге шығу, жанұя құруында өзгеріс бар екенін, олар өз таңдауымен  өмірлік
жар болатын адам табуға ұмтыла бастағанын көреміз. Бірақ ескі  әдет-ғұрыптың
ықпалы да әлі күшінде.
      «Кім кінәлі?» атты әңгімесінде жазушы қатыны өлген кәрі  Жақыпқа  әйел
болуға  көне  алмаған  Ғазизаның   трагедиясын   бар   ықыласымен   тебірене
суреттейді. Жақыптың айтпақ болған  ойынның  бәрін  ашық  айт  деген  сөзіне
иланып, Ғазиза ішкі  сырын  бүкпей,  ақтарылып,  ашық  айтып  салады:  «Олай
болса, көңілімді ойлайтыным: саған жолдас болғым келмейді. Осы істің  бәріне
көніп жүрсем - әуелі тағдырдың, екінші, ата-ананың зорлығымен  ғана  жүрмін.
Ісләмді жақсы көретінім рас, құдайдан жасырмағанды  адамнан жасырайын  ба!?»
Қыз мені менсімбейді деген сөз тарайтын болды деп өзіеше  қорланған,  жалған
намысқа бойын жеңдірген Жақып  қызды  ұрып-соғып,  тепкілеп,  өлімші  қылып,
кетіп қалады. Содан қыз ауруға шалдығып, сандырақтап, есі  кіргендей  болған
кездежасынан  білетін,  жақында  кездесіп,   ынтықтығын   білдірген   жігіті
Ісләмға: «Ісләм, жаным! Кетіп қалма! Осында  бол,  кетсең-қорқамын!…  дейді.
Мұны естіген жұрт,  әсіресе,  күйеу  жағы,  Ісләм  дуалап  басын  айландырып
қойған екен сөз таратады[69, 265].  Ауыр  соққыдан  айыға  алмаған  жас  қыз
топастықтың, қара күштің, зұлымдықтың құрбаны болады.
      Әрине, әлі өз теңіне қосылып, бақыт іздеу дәрежесіне  жетпеген  қыздар
да аз емес. «Ескілік көлеңкесінде» атты жас қыз елудегі шалға қайтыс  болған
тоқалы, өз әпкесінің орнына қатын үстіне өз ықтиярымен тимекші.  Бұл-Жәмешке
«ескілік үлгісі әбден  жұққандықтан».  Бірақ  күйеуі  келіп,  соның  жанында
болып шыққаннан кейін: «алғаш рет жар өмірінің шетін,  шын  пішінін»  көрген
соң, қыздың көңіліне өзгеріс енеді.  Ешкімге,  жеңгесіне  де  сыр  бермейді.
Жәмештің бұл өзгерген жай күйін жазушы:  «Бірақ  ұйқы  көрген  жоқ.  Үндемей
күрсінеді, іші у жұтып  жібергендей  пәре-пәре.  әлдекімнің  қолы  қастықпен
ішкізген зәр сиақты»… «…өксіп-өксіп жылап алды»-деп бейнелейді. Жәмеш  сырын
ішіне түйіп алып, талай  жылдар  бойы  құмар  болып  жүрген  жігіт  Қабышпен
кездесуге бел байлайды. Жеңгесі Бибіш екеуі осындай ниетпен  отаудан  шығып,
сөз байласқан жерге, ауылдың сырттағы тоғайға беттегенін әсерлі  бейнелейді:
«…Жәмештің  жүзі  дағдылы  күйінен  өзгеріп,  жүдеп  сұрланып  тұр  еді.  Ол
күрсінді де, Бибіштің білегін қысып: «Тез жүр, тез!»-  деді.  әңгіме  осымен
аяқталады. Бұдан қыздың тағдыры енді мүлде өзгереді  дегендей  әсер  алмасақ
та, оның көңіліне қобалжу кіргенін де аңғарғандай боламыз.
      Драмалық  және  тарихилық   негізден  нәр  алған  әңгімелерден  Мұхтар
Әуезовтің бұл саладағы идеялық, көркемдік ізденістері жарқын,өнімді  екенін,
тақырыбы, жанрлық өзгешелігі, көркемдік стилі, баяндау,  суреттеу  тәсілдері
қай жағынан алсақ та, жаңалығы мол екенін байқаймыз.  Портрет  пен  авторлық
сипаттау, пейзаж (табиғат  суреті),  монолог  (кейіпкер  сөзі)  және  диолог
(өзара сөйлесу), кейіпкердің іс-әрекетінің сюжеттік қақтығыс арқылы  көрнуі,
оқиғаны баяндау тәсілі (автордың  немесе  кейіпкердің  атынан)-осының  бәрін
орнымен, керекті жерін пайдалана отырып, Мұхтар Әуезов сан алуан  адамдардың
бейнесін типтік дәрежеге көте  сипаттап  бере  алған.  Жазушының  қолданатын
көркемдік әдісі жағынан  келсек,  ол  осы  жанрдаорыс,  Еуропа,  дүние  жүзі
әдебиетінде жинақталған құнды көркемдік тәжірибеге сүйене отырып,  сан-алуан
бейнелеу тәсілдерін өз суреттеу мәнеріне орайлас пайдалана алған,  негізінен
реалистік әдісті қолданған дейміз. Реалистік көркемдік әдісті  кең  мағынада
алып,  өмір  құбылыстарын  жан-жақты,  терең  танып-білу,  тексеріп   талдау
негізінде  бейнелейтін  көркемдік  әдіс  деп  қарасақ,  оған  символика  да,
романтикалық сарын да, басқадай өзге көркемдік әдістерге тән  деп  саналатын
бейнелеу  тәсілдері   жат   емес   екені,   біздің   пайымдауымызша,   талас
тудырмайды[29, 65].
      Әуезовтегі  әйелдер  әлемі  дегенде  тіл  ұшында  ең  алдымен  жүректе
жатталып, көңілде хатталып  қалған  әдемі  есімдер  тізбегі  орала  кететіні
анық. Содан соң лезде ұлы жазушы сомдаған  айдай  ару,  армандай  асыл  жар,
аяулы  ана  бейнелері  жадыңда  қайта  жаңғырып  жараса   жымыңдаған   жарық
жұлдыздардай жайнап сала  береді.  Бірінен  бірі  дара,  бірінен  бірі  дана
бейнелердің  ешқайсысы  да  ешуақыт  адамды  бей-жай  қалдырмайды.  Бір  сәт
Еңіліктің  махабатты  мұңға  ораса,  Ғазизаның  қызғалдақ  ғұмыры   өзегіңді
өртейді, Қаракөздің көз жасы күрсіндірсе,  қаралы  сұлудың  сайқал  сезіммен
арпалысы селт еткізеді. Ал, Әуезов әңгімелеріндегі  әйелдер  әлемінде  бұдан
әрі  тереңдеп  енген  сайын  әйел  бақыты,  әйел  қасіреті,  әйел  тауқыметі
дегеннің не екеннін жан дүниеңмен түсіне бастайсың.
      Әйел –ана, жар – жұбай ма, бұла – бойжеткен бе… әйтеуір қияпаты  бөлек
қазақ  қызының мінез құлқын, іс-әрекетін, сыр  сезімін,  қимыл-қылығын  дәл,
терең, нәзік суреттеуге келгенде шіркін шебер алдына жан салмайды. Сонда  әр
бейненің тастан қашалғандай бедер табатыны  сондай,  әрқайсысы  –  бір  адам
ғана емес, бір топ  адамның  жиынтық  бейнесі  боп  оқырманның  көз  алдында
тұрады да, есінде қалады.  Жазушы әңгімелерінде  орын  алған  әйел  тақырыбы
оның драмалық шығармаларында да үлкен мәнге ие. Мәселен,  «Қаракөз»  пьесасы
–  характерлер  сипаты  толық  ашылған,   күрделі   психологиялық   тартысқа
құрылған, драматургияның қатал талаптарына жауап бере алатын дүние.  Пьесада
Сырым, Нарша, Қаракөз, Мөржанның ішкі жан  дүниесінде  болып  жатқан  астаң-
кестең сезім қақтығыстары, ой мен сезім қайшылықтары шиыршық атқан  тартысқа
ұласқан.
   Қаракөз бен Сырым  өз  заманының  озық  жандары.  Махаббат  теңсіздігіне,
әділетсіздікке қарсы шығып, өз бостандықтарын қорғау  –  ол  заманда  екінің
бірінен келе бермейтін ерлік құбылыс.  Қазақтың  феодалдық  заманында  Нарша
сияқты әлдінің  баласын  менсінбей,  Мөржан  сияқты  азулылармен  арпаласып,
дәстүр, жоралғы – жобаны бұзу,  өзінің  сүйгенімен  қосылып  алып,  шымылдық
ішінде айтыс құру Қаракөз бойына аз әрекет емес. Қабағынан қар жауған  қатал
Маржанның  алдында  ол  міз  бақпай,  өзін  еркін  ұстайды.  Айбарлы  әженің
сұрағына көзінің астымен бір қарап алып барып, баяу да селқос жауап  береді.
Ел билігін ұстаған осы кісінің зілді ескертуі өңменінен өтіп, еңсесін  басып
кеткен сияқты. Кейіпкер характеріндегі осы бір өзгеріс барған сайын  дендеп,
қыз тағдырында болатын алдағы  ауыр  трагедияның  түрткісі  іспеттес.  Сырым
кіріп келгенде Қаракөз әлгі селқостығынан бір сәт арылғандай  бойы  жазылып,
еңсесін  көтергендей  өңіне  өзгеріс  енеді.  Бұл  –  уақытша  ғана  алданыш
белгісі. «Жар–жарға» қосылып шырқаған сазды әуеннен  қыз  мұңы  сезілгендей.
Қаракөздің  осы  қимыл-әрекеттері  мұнан  кейінгі   көріністердегі   сұрғылт
тартқан жүзіне, селқос  қимылына  үйлесім  тауып,  оның  жындану  сахнасының
заңды бастамасы сияқты шынайы бейнелеу тапқан.
         Пьесадағы орталық кейіпкердің бірі- Нарша. Ол әлдінің  баласы  бола
тұра, қалыңмалы төленген  қалыңдығын  күшпен  алмай,  өз  махаббатымен,  шын
ниетімен  келгенін  қалайды.  Қаракөздің  оны  менсінбеуі  трагедияға  душар
етеді. Қалыңмалы төленген, енді  не  істесе  де  өз  еркінде  деп  түсінетін
надандық мінезден іргесі аулақ Наршаның достарына шешіліп мұң  шағуы  салған
жерден ситуацияны ширықтырып, көрермен  ықыласын  арттырады.  Нарша  аузымен
Қаракөз  сырттай  сипатталады.  Сыпайы,  сұлу  мінезді,  қылықты   қыз   көз
алдыңызға елестейді. Ата – баба дәстүрімен дүниесін төгіп, заңды  күйеу  боп
келе  жатқан  Нарша  кеудесінде  удай  дерт:  Қаракөз  оны  сүймейді,  майда
мінезбен кері серпіп отыр. Наршаның екі ұдай хал – жайы өзіне қаншама  батса
да, ол сыр білдірмей, Қаракөзді қатты сыйлайды,  сезімін  түңілтерлік  зілді
сөзге бармайды. Қаракөз бен Сырымның құпиясы ашылған  шақта  да  Нарша  асыл
жарынсыз өзіне жарық күн  жоқ  екенін  терең  ұғынады,  көпке  дейін  үмітін
үзбей, жынданған Қаракөзді бағып – қағудан  бас  тартпайды.  Тек  сүйгенінің
өлімінен соң ғана үзіліп, мәңгіге сапар шегеді.

   Бұрын солқылдаған бойжеткен, азат  құс  болып  жүрген  Қаракөз  қалыңмал,
бата, сұмдық әділетсіздікті алғаш өз  басына  қаралы  күн  туып,  жатқа  жем
болып бара жатқан сәтте  ғана  ұғынады.  Қараңғы  жылдар  қойнынан  қыстығып
шыққан толқынның жаңа буын, жас төлі теңсіздікке қара  таңба  басып,  шенеп,
жер етсе де, бәрібір шеңбер аттап, қатал заңды елемей кете алмайды.
   Драматург басты қаһармандары Наршаны да, Қаракөзді де,  Сырымды  да  ішкі
толғаныс, зор тебіреніс үстіндегі ситуацияда  алып,  конфликтінің  одан  әрі
шиеленісуін қаузайды.
   Сырым алғашқы адымында шалдуар жігіт немесе думан  қуған  тентек  ретінде
елестеуі де ықтимал. Бірақ, Қаракөздің қатты боранда үш күн, үш түн  адасуы,
жұрттың бәрі одан күдер үзген кезде сал Сырымның өз басын өлімге байлап  жас
аруды  іздеп  табуы  оның  бейғам  өміріне   зор   жаңалық   енгізеді.   Жас
жеткіншектің сезімі оянып, ғашықтық отына кіріптар болады, шын  өмірді  тани
бастайды. Ал Қаракөзбен  екеуі  арасында  тосыннан  тұтанған  үлкен  сезімді
шайқамай, төкпей, саф қалпында алып шығу, мәңгілік етіп сақтау  үшін  аянбай
күресу керек. Өйткені, арманына  жету  жолында  оның  алдына  кесе  көлденең
тұрған кедергілер аз емес... Солардың  ең  негізгісі:  ежелден  келе  жатқан
әдет – ғұрып. Жеті атадан бергі жерде қыз алып, қыз беріспеу - әншейін  жора
болудан кетіп, талай ұрпақ  өмірінде  сыннан  өткен  қатал  қағида.  Пьесада
Мөржан бәйбіше сол  ескіліктің  көзі,  айғағы  болып  қана  қоймайды,  соның
қорғаны, жақтаушысы, символы. Сондықтан Сырым қаншама еркінсісе  де,  түптеп
келгенде, қаһарлы кемпірге шындап қарсы тұра алмай, тайқақси  береді.  Қайта
Қаракөз  бетпе–бет  келгенде  тайынбауға  айналғанда  Мөржан   бәйбіше   өзі
шегінеді, мән – жайды анықтағысы келмейді, себебін ашуға жүрексінеді.
   Сырымға деген зор  махаббаты,  үлкен  сүйіспеншіліктің  көкіректе  жанған
жарық  сәулесі  әділетсіздіктің,  зұлымдықтың  қара   түнегіне   тұмшаланып,
тағдырдың қатыгез қылышы екеуінің арасындағы  қимастық  жібін  шорт  кескелі
тұрған сәтте Қаракөз Мөржанмен бетпе – бет келеді. Өз заманының бел  баласы,
ескілік моралінің адал қызметшісі Мөржан үшін  Қаракөз  қылығы  ауыз  айтуға
бармас сұмдық, ел естімеген масқара.
   Қаракөздің қайғысы, көкірек жарған зары, арман  –  тілегі  Сырым  аузынан
өлең болып сорғалайды. Ескіліктің, әділетсіздіктің шашбауын көтерген,  соның
жоғын  жоқтаушы  құл  өлең,  маймөңке  өлең,  қызметші  өлең  емес,  жігерді
қайнатып, ыза – кекті тасытатын сыншыл өлең, тентек өлең төгіледі:
                       Бүгінгі күн түрленген қынаулымын,
                       Айналамда көз де көп, сынаулымын,
                       Іштегі дерт сонда да шықсын сыртқа,
                       Ризалық жоқ, мен зарлы жылаулымын, жар – жар!
   Сырым аузымен айтылған Қаракөз өксігі, ең алдымен Маржан етіне тиген  қып
– қызыл шоқ болса, ғашықтық өртіне күйіп жүрген Наршаға да  аз  қайғы  емес.
Той үстіндегі қыз бен жігіттің  шымшыма  әзіл,  ұсақ  қалжыңы  былай  қалып,
шарай топтың, барша әлеуметтің көзінше сын сүңгісі бүйіріне қадалған  Мөржан
бірінші болып бас көтереді...

   Мөржан ұғымында, Сырым – ата-баба дәстүрін  басқа  тепкен  тентек.  Арасы
алты ата ғана болатын Қарагөзді құтты  орнына  қондыру  үшін  ақ  адал  бата
беріп, оң сапарға шығарып салу орнына, сұмдық сөзін қоздатқан қисық.
   Сырым ұғымында, Мөржан – сүйген  жары  Қаракөзді  малмен  матап,  басқаға
жөнелтуші, зорлық көрсетіп, тізесін  батырушы  қанды  кол,  талай  боздақтың
обалына қалған қызыл көзді пәле, ескіліктің дүлей күзетшісі.
      «Ағасының немере қарындасына ғашықтық хикаясы көкейге қонымды  болмаса
да, драматург осындай ерекше конфликтіні құнттап, сол орайда  туатын  тартыс
шытырманына  қызығып  кеткен.  Пьесадағы  басқа  күйлерді  былай   қойғанда,
қалыңмалы  алынған,  ұзатылып  бара  жатқан  Қаракөз  бен  Сырым  арасындағы
сүйіспеншілікті  суреттеудің  өзі  драматургтің  революция  алдындағы  қазақ
өміріндегі құдалық дәстүрін құптамайтынын,  одан  туатын  кеселдерді  мансұқ
еткенін айғақтайды» .
      «Қаракөз – типтік бейне деген ұғымға саяды» дей келіп, Тұрсын Жұртбаев
«Қаракөз» пьесасының тарихи негізгі жайында былай дейді:  «Өз  көзі  көрген,
немесе  естіп  қанық  білген,  өзіне  ерекше  әсер  қалдырған  оқиғалар  қай
жазушының да творчествосында мен мұндалап тұрады. Ал  Әуезов  творчествосына
бұл айрықша  тән  қасиет.  Мұхаңның  қай  шығармасын  алсаң  да  өзін  қатты
толқытқан,  тебіренткен  жайлар   туралы   жазылғанын   көресіз.   «Қаракөз»
трагедиясы да ұлы жазушының өзі өскен Абай  ауылы  төңірегіндегі  оқиғаларды
өзек еткен. 1926 жылғы тұңғыш  пьесалар  конкурсында  бас  бәйге  алған  бұл
әйгілі драмасына Құнанбайдың  офицер  ұлы  Халиолла  Өскенбаевтың  және  сол
Құнанбайдың немересі Әмір Құдайбердиевтің, Шаған өзенінің сағасындағы  Ғалия
мен  Ниязбек  атты  ғашықтардың  басынан  кешкен  оқиғалар   негіз   болғаны
байқалады...  Пьесаның  алғашқы  нұсқасында  Қаракөз  бен  Сырым   немерелес
делінеді.
   Халиолла Құнанбайдың тоқалы Айқыздан туған...  Демалыс  кезінде  Шыңғысқа
бара жатып, Халиолла Семейдегі Тінібай дегеннің қызын ұнатып, көңіл  қосады.
Тінібайдың әйелі Құнанбайдың қызы, Халиолланың әпкесі. Бірақ ана қыз,  басқа
әйелінен туады. Яғни қандық жақындығы жоқ,  сөйтсе  де  қазақ  дәстүрі  оған
иліге қойсын ба, ал Құнанбай шариғаты  онан  да  қатал.  Әке  –  шешелерінің
рұқсат бермейтінін білген қос ғашық жасырынып, қаладан қашып шығады.  Қыздың
ағайындары  қала  әкіміне  өтімді  болған  соң  үш  полицей  ертіп   қуғынға
шығады... Сөйтіп, екі ғашық қолға түседі. Ел ішінде үлкен тартыс  туындайды.
Тергеу кезінде қыз сөзінен, сертінен  таймайды.  Халиолла  да  зар  –  мұңын
шағады. Бірақ, Құнанбай мен Тінібай ызғарынан қаймыққан  қала  әкімдері  екі
жастың махаббатын көре тұра ара түсе алмапты. Әділетсіз үкімнен запа  шеккен
қыз ақылдан адасады. Құнанбайдың қаталдығына, қатыгез мінезіне  ренжіп,  әрі
ғашығынан айрылған Халиолла Омбыға кетеді, қайтып  келмей  қояды.  Ғашығының
шалыққа шалдыққанын естіп, өзі  де  құсаланып,  көп  ұзамай  қайтыс  болады.
Міне, «Қаракөздегі» қыздың сүйген, жүрегі қалаған Сырымнан  айрылғаннан  соң
ақылынан адасуы осы оқиғадан алынған. «Қаракөз» арқылы  автор  халықтың  бай
ауыз әдебиетін, тек  қазаққа  ғана  тән  салт  пен  дәстүрі,  әдет,  әдеп  –
ғұрыптардың белгісін таныта білді. Малға сатылып, сүйгенін  қимастан  артына
қарайлай,  мұң  арқалаған  бойжеткенді   Қаракөз   бейнесі   арқылы,   Сырым
бейнесімен ғашығынан айырылып, запыран  жұтқан  жігітті  көрсетеді.  Пьесада
автор халықтың салтын,  дәстүрлік  ерекшілігін  молынан  пайдаланады,  бірақ
сыншылдық көзқараста болады.
      Қаламгер дара тұлғалардың тағдырын жіті зерделі таныта  отырып,  мұқым
қазақ қоғамның тұрмыс –тіршілігіне адамгершілік, пәлсапалық түйін  дарытады.
Дәуір  мен  нәсіл,  замана  мен  адам  арасындағы  адам  арсындағы  ажырамас
үздіксіз  қарым  –  қатынасты  психологиялық,  нәзік  сыршылдық,  пәлсапалық
беліглер турасында бағалап, екшеуі жазушыға қойылар талап биігінен  табылуға
ықпал етеді.
      Сөзімізді түйіндесек, жазушының  әңгімелері   көркем  сөзбен  салынған
сурет,  кестеленген  өрнекті  тіл  тұтас   дәуірдің  өмірлік  шындығын   көз
алдымызға  бәз  қалпында  ұсынады,  санамызға  сол  кезеңдегі  ұлт  болмысын
сәулелендіреді. Әуезовтің  жүрдек  те  жүйрік  қаламынан  тамған  бал  тілді
әңгімелері  қазақ қоғамының рухани  адамгершілік,  философиялық,  моральдік,
дүниетанымдық, саяси ойларды көркемдік тұрғыда  тоғыстыра  білді.  Жаңалыққа
жаны  құштар   жазушы   тарихи   шындықты   драмалық   пішінде   көркемдеген
әңгімелерінде  ұлт   тірлігінің  күнгей  тұстарын  аяусыз  әшкерелеп,  шенеп
отырған. әрі мораль мен гуманизм  ізгілігіне  жат  дүниелерді  өткір  тілмен
сынайды.
         Дәріс №8     М.Әуезовтің «Қилы заман» повесінің көркемдігі


      А.Нұрқатов М.Әуезовтің шығармашылығы жайында былай дейді: «М.Әуезов
шығармашылығының   алғашқы   жылдарында-ақ   жоғары   көркемдік-реалистік
шығармаларды жасаған болатын, оны  еске  салуымыз  қажет,  өйткені  соңғы
уақытқа дейін жазушының көптеген реалистік дүниелері дұрыс бағаланған жоқ
және шығармаларының ең жақсысы, оның алғашқы  кезеңінде  жазылғандарынан,
жалпы  назарға алынған жоқ болатын». Бұл  пікірмен  келіспеуге  болмайды.
М.Әуезов шығармалары талай рет  сынға  ұшырады.  Біреулер  ұлтшылсың  деп
айыптаса, біреулер мүлдем  басқаша  пікір  айтты.  Әуезовтің  ұшан  теңіз
шығармашылық әлемі талай сынды басынан өткерді.
      “Қилы  заманның”   жариялануы   оқушы   жұртшылық   үшін   қуанышты
құбылыс.Мұнан атақты суреткердің үлкен өнер жолына белді буып,білек түріп
кіріскен шабытты кезеңін,көркемдеп  жинақтаудың  өрісіне  беттеген  шағын
танығандай  боламыз.Болашақ  “Абай  жолы”  эпопеясы   авторының   таланты
толысқан,қандай  қиын  жанрды  да  баурап  алуға  бабы  келген  тұсы  осы
шығармадан айқын аңғарылады.
      Сондықтан “Қилы заман” туралы сөз  қозғалу  қай  жағынан  алсақ  та
қызық.Бұл  шығарма,бір  есептеген,жазушының  көркем   прозадағы   алғашқы
тәжірибелерін    қорытындылаған    ,оның    кең    көлемді     полотнолар
жасауға,психологиялық талдауға жеткенін сипаттайтын саты,сапалық  секіріс
секілді.
       Ең алдымен “Қилы заманның ”  жанры  туралы  бірер  сөз.  Ә.Шәріпов
журналдық басылымға жазған алғы сөзінде мұны “эпикалық  байсалды  баяндау
тәсіліне,психологиялық   сезім   күйлерінің    тереңдігіне,характерлердің
сомдалуына,ел  өмірінің  бүге-шігесіне  дейін  жомарт  қаламға  ғана  тән
дарқандықпен берілуіне қарағанда повестен гөрі романға лайық  туынды”-деп
бағалайды.Бұл сөздерде  шындық жатқанын құптамасқа болмайды.
       Тек қана көлемнің шағындығы болмаса, “Қилы заманда” роман жанрының
нышаны толық табылғандай.Қарқара  жәрмеңкесі  басындағы  әкімдер  ортасы,
патшаның 1916 жылғы маусым  жарлығын  қабыл  алмаған  халықтың  стихиялық
қозғалысы,елді басқарушылардың іс-әрекеті,ел азамттарының қапыда ұсталып,
абақтыда азап шегуіннің  суреттелуі,ұлықтардың  Жәмеңке  өлімі  кезіндегі
қаскүнемдігін  көріп,халықтың  тағы  да  ереуілдеп  шығу,көптің  қаһарына
шыдамай,отыршыл  өкілдердің  жәрмеңкеден  қашып   кетуі,патша   әскерінің
мейірісіз жазалушығынан сескеенген жұрттың  туып-өскен   қонысын  еріксіз
қалдырып, тау асып босып көшуі секілді жүйелі, желілі қат-қаюат  сюжеттік
өрілімдер нағыз романдық оқиғаның жүгін көтеріп тұр.
       Бір немесе бірнеше адамның  емес,  бүкіл  бір  рулы  елдің  тағдыр
таласына түсіп, азаттық, бақыт үшін күресін көрсеті тек романға ғана  тән
сыбаға. Шығармада аталатын қырықтиан сатам кейіпкердің дені өздеріне  тән
іс-әрекет атқарады. “Қилы заманда” патша жарлығына наразылық қозғалысының
бір емес,екі  кезеңі   елес  береді.Алғашқыда  ел  сөзін  Ұзақ,  Жәсеңке,
Серікбай Әубәкір секілді дуалы ауыз ересектер ұстаса,кейін күрес  кезегін
Көкбай, Баймағамбет,Жансейіттер алады.Сонымен шығармада  көтерілген  идея
мен көрсетілген қаһармандар,оқиғалар  “Қилы  замнның”  романдық  белгісін
айқындайды.
       Бұл шығармасына айтордың көзқарасын,аңсарын  айқындайтын  аса  бір
қымбат  деректі.А.Пантиелевтің  “Ұлан  даланың  жыршысы”  деген   естелік
мақаласынан табамыз. М.Әуезовтің  көп   араласқан,  сырласқан  достарының
бірі-А.Пантиелев  суреткердің   шығармашылық  сырын    тереңірек   тануға
көмектесетін дәлелдер келтірген.Аталған естелігіне ол мынадай  бір  қызық
тұжырым айтады. “Әуезов өзінің ертеректе жазған шығармаларын,әсіресе орыс
повесін орыс оқырмандарына,  қаламдас  орыс   достарына  көрсетуді  арман
етеді”. Осының  ізінше жазушымен арада болған әңгімені еске алдады.  “Осы
бір  дүниелікті  қаншама  азаптанып,қинала  отырып   жазғанымды   сезетін
шығарсыз  деп  ойлаймын,-дейтін  Әуезов,-қазір  қазақ  халқының  қаншалық
тұңғиық түнек түбінен бас көтеріп, бой  жазып  шыққандығын  ойлаудың  өзі
сонша қорқынышты”. [2,200]
       Шығарманың жанрын жазушының өзі қалай  түсінгенін  осы  естеліктен
табмыз.Жетісу елінің 1916 жылғы  азаттық  қозғалысы  оқиғасы  суреткердің
қатты  қызықтырғаны  соншалық,ол  трилогия  жазуға  да,ниеттенген   екен.
“Әуезов “Қилы заман” ойға алған  трилогияның  бірінші  бөлімі,-деуші  еді
Екінші бөлімнің геройы-Серкібайдың азамат  соғысына  қатысқан  балас,  ал
үшінші Серікбайдың Отан соғысына басынан аяғына дейіңн қатысқан  немесері
болуға  керек;  олардың  бәрі  де  өмірде  обған,бар,   тірі   адамдар,ал
тағдырлары қаншалық таңданарлық болса,соншалық көңілге  қонымды  да”  Бұл
айтылғандар біздің пікірімізге дәйектеме берерлік мысалдар.
       “Қилы заманда” жазушы халқымыздың ұлт-азаттық қозғалысының  көркем
суреттерін жасаған.  Мұнда  алғы  кезекте  зорлыққа,астамшылыққа  көнгісі
келмей,   әділетсіздік    атаулыға    қарсы    тұрған    ерлер    бейнесі
көрсетілген.Суреткердің шығарма негізіне 1916 жыл  оқиғасын  таңдап  алуы
кездейсоқ емес.Бұл материал оның күрескер тұлғасын жасамақ   ниетіне  сай
келеді.Отаншыл,  азамат қаламгер қазақ халқының Қазан төңкерісі қарсаңына
һөз бойынан үлкен жігер,қайрат тауып,елдік намыс үшін ата жаумен  айқасқа
шыққан халық  санасындағы сапалық ілгерілеу деп бағалағаны  айқын.  “Қилы
заман” М.Әуезовтің дүниетанымындағы зор өзгерістердің де гышаны секілді.
       Егер ол бұдан бұрынғы кейбір әңгімелерінде мүшкіл ахылін көрсетсе,
аталған шығарма  қалыптасып қалған көне тәртіпке былай  көнгісі  келмеген
қаөармандар тұлғасын мүсіндеді.Бұдан  шығатын  тағы  бір  ірі  қорытынды-
М.Әуезов өз шығармашылығында оевлюциялық ьақырыпқа,револуциялық ьақырыпқа
замандас,қаламдас серіктерінің көбінен бұрын дендеп барғандығы.
       Ақиқатшыл суреткер өзі анық зеттеп білмеген  мәселеге қалам ұрмағы
белгілі.Оның революция алдындағы,кеңес өкіметтінің  алғашқы  жылдарындағы
өмірдің  өте   мәнді  тұстарын  көрсететін    әңгімелерінің   өзі   халық
өміріндегі   өзгерістерді    керемет    шеберлікпен    аңғартатын.Олардың
қайсыбіреулерінде ұран  тастап  немесе  ескілікті  “талқан  етіп”  жүрген
кейціпкерлер  кездеспегенімен,өмірдің  шымырлап  жатқан  тереңіде   қылаң
берген белгілерді білгірлікпен көрсету жағы күшті болатын.
       Қоғам өмірін өзгертуге бағытталған  анық  іс-әрекетті  алғаш   кең
көлемде кемел бейнеленген шағырмасының бірі “Қараш-қараш” оқиғасы  болса,
екіншісі “Қилы заман” еді.Соңғы туынды елдің азаттық пен ар үшін шайқасын
сенімді  серпінмен   жарлаған.халықтың   бойындағы   тасқындаған   күштің
құдіретін көрсете алуы жағынан кезінде  “Қилы  заманға”  барабар  келетін
шығарма  сирек.  Елдің  революциялық  ұмтылысын  сөрсетуде  “Қилы  заман”
ғибратты дәстүр салды дей алмыз.
       Шыңғыс Айтматов бұл шығарманың  жазушының  шығармашылық  сапардағы
орны мен маңызын діл таныған. “Қилы заман” Әуезовтің “Абай  жолынан”  көп
бұрын,сол  кездің  өзінде-ақ   ке   тыныты   эпикалық   баяндау   нысанын
игергендігін дәлелдейді.Осы тұрғыдан алғанда “Қилы заман”-кейін Әуезовтің
телегей-теңіз эпопеясын тудырған ең  алғашқы  қуатты  арналардың  бірі...
Жазушы талантының эволюциялық қалыптасыуының айқын мысалы”
       Жазушы бұл  шығармасына  түп   тұлғаны  нағыз  өмірдің  ізінен,ізі
суымаған тарихи оқиғаның белгілі қайраткерлерінен тапты.Автор  1916  жылы
Албан  көтерілісі  болып   өткен   жерге   барып,   көптеген   адамдармен
тілдескен.Ол кезде  көтеріліске  қатысқан  кісілердің  бірталайының  көзі
тірі еді.Бүкіл бір аймақты дүрліктірген  бұл  оқиғаны  анық-қанығына  көз
жеткізу  жазушының қолына қалам ұстатқызған.
       М.Әуезоа  өзінің  шығарма  қаһармандары  Ұзақ  Саурықовтың,Жәмеңке
Мәмбетовтың  тағы   басқаларының   тарихына   қатысты   қыруар   мағлұмат
жинағанын,бұлар турасында бір емес,  әлденеше кітап  жазуға  бел  буғанын
А.Пантиелев  естелігінен көрсетіп өткен едік. Кесек,,  көркемдігі  қуатты
шығарманың биік аңсардан,үлкен мұарттан,елдің тағдарына күшті әсер  еткен
оқиғалардан ғана  туатындыға  да  “Қилы  заман”  куә  бола  алады.  Ұзақ,
Жәмеңке,Серікбай,Әубәкір  секілді  табанды,саналы,халыцқ   мүддесі   үшін
өздерін құрбан етуге даяр ерлер бейнесін жасау- қазақ әдебиетінің  қорына
қосылған тың табыс болатын.
           Қаламгер  ешқашан  болған  істің  көшірмесін  ұсынбайтыны,өмір
шындығынан  көркем шындық тудыру үшін автордың эстетикалық  мұраты  ықпал
ететіні мәлім.Ендеше, М.Әуезовтің халық қозғалысын,оның қайсар,ер мінезді
басшыларын  көрсетуді  нысана  етуі,ең   алдымен   өз   басының   дүниені
революциялық   жолмен   өзгертуге   деген   сенімінің    беріктігін    де
әйгілейді.Ұзақ, Жәрмеңкелер қоғам құрылысын саналы   түрде  қайта  құруды
көздеген күрескерлер болмаса да, обьективтік  жағынан  патшалық  саясатқа
қарсы азатшыл қызмет атқарған ерлер болып саналады.
        Тарихи шындық – көркемдік шындыққа айналады: «Әдеби  шығармадағы
тарихи шындық – көркемдік бейнелеу тәсілімен берілетін өмір шындығы, яғни
көркемдік шындық. Тарихи шығармада өмірде болған уақиғалармен қатар ойдан
шығарылған жайлар да аз болмайды, тарихи тұлғалармен бірге көркем қиялдан
туған кейіпкерлер араласып жүреді.  Мәселе,  шындап  келгенде,  оқиғаның,
кейіпкерлердің өмірде болған, не  болмағанында  емес.  Шығарманың  барлық
мазмұны, оқиғалары, кейіпкерлері көркем ой  көрігінен  өтіп,  жинақталып,
өзгеше бейнелілік сипат  алып  шығатындығында.  Әрине,  тарихи  шығармада
айтылмақ уақиғаның өзегі негізінен  өмірде  болған  уақиғалардың  аясында
алынбақ. Сондықтан жазушы маңызды тарихи жайларды, көп нақтылы деректерді
анық білуі қажет».
        Тарихи  шындық  -Өмір  шындығының  тарихи   тақырыпқа   арналған
шығармадағы көркемдік көрінісі.Тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі  нақтылы
құбылыстар,болған   уақиғалар,өмір   сүрген   тұлғалар   арқау    болады.
Тарихтың,халық өмірінің шынайы болмысын елестету арқылы  өткеннің  сипаты
анықталады.Алайда, әдеби  шығармадағы  тарихи  шындық-көркемдік  бейнелеу
тәсілімен берілетін өмір шындығы,  яғни  көркем  шындық.Тарихи  шығармада
өмірде   болған   уақиғалармен   қатар   ойдан   шығарылған   жайлар   аз
болмайды,тарихи  тұлғалармен  бірге  көркем  қиялдан  туған   кейіпкерлер
араласып жүреді.
        Мәселе шындап келгенде  оқиғаның,кейіпкердің  өмірде  болған  не
болмағында емес.шығарманың барлық мазмұны ,оқиғалары,кейіпкерлері  көркем
ой   көрігінен   етіп,   жинақталып,   өзгеше   бейнелілік   сипат   алып
шығатындығында. Әрине тарихи шығармада айтылмақ уақиғаның өзегі негізінен
өмірде болған уақиғалардың аясында алынбақ.
        Сондықтан  жазушы  маңызды  тарихи   жайларды,көптеген   нақтылы
деректерді анық білу қажет.Ол қанша көркем суреттеулерге барса да  тарихи
шындықты   аттап   өтіп,бұрмалауға   хақысы   жоқ.өткен    дәуір    қалай
суреттелмесін,бәрібір сол кездің өз болмысын білдіруі керек.
        Шындыққа сай нанымды шығуы тиіс.Бұл үшін тарихи дерек  көздеріне
сүйену шарт.Сонда ғана бұрынғы қоғам  өмірі,халық  тұрмысы  өз  қалпынджа
сенімді бейнеленбек.
        Қоғамның даму процесі,саяси таптар  мен  топтар,  кейіпкерлердің
мінезі,іс-әрекеті өз  уақытының  қалпына  орай  алыну  керек.Осының  бәрі
суреткерлікпен жанды түрде көркем  бейнеленіп берілсе,  тарихи  шындықтың
әсері, оқырманға  берер  танымдық  мәні  арта   түседі.  Тарихи  шындықты
әдебиетте  көрсету  әдістері,тәсілдері   бірте-бірте   қалыптасып,өрістеп
келеді.Орыс   әдебиетінде   бұл   саладағы   шоқтығы   биік   шығармалар-
А.С.Пушкиннің “Борис Годунов”  атты  драмасы,ал  көркем  проза  саласында
Л.Толстойдың  “Соғыс  және   бейбітшілік”   атты   роман   эпопеясы.қазақ
әдебиетіндегі үздік тарихи туынды-М.О.Әуезовтың эпопеясы- “Абай жолы”,  :
Есенберлиннің “Көшпенділерін” де  танымдық  мәні  үлкен  әдеби  туындылар
қатарында аталған жөн.
        Тарихи  жанр   қазақ   әдебиетінде   соңғы   кезеңдерде   елеулі
жетістіктерге жете алды дей аламыз.
        Ал, көркемдік  шындық  болса,   өмір  шындығының  жазушының  ой-
елегінен,шығармашылық  көрігінен  өтіп,   қорытылып,әдеби  шығармалардағы
баяндалған,көркем суретке айналған  қалпы.
        Көркемдік шындық  өмірдегі  шынщдықты  кең  толғап  түсіну,терең
сезіну,оған жазушы қатынасын білдіру арқылы туады. Көркемдік және  тарихи
шындықтың  астасып  келіп  кең  ауқымды,  күрделі   шығармалар   тудырған
М.О.Әуезовтің қаламынан “Қилы  заман”повесі  дүниеге  келгенде  шығармаға
арқау болған оқиға туралы нақтылы шындықты айту әлі де мүмкін  емес  еді.
Халық    бір     көтеріліске     селдей     қаптап,бөгесіндерді     басып
өтетіндігін,стихиялық қозғалыс  ел  билеушілердің  зәресін  ұшыра  алатын
“Қилы заман” қапысыз, шебер аңғартады.
        М.Әуезов бейбіт жатқан Албан елінің 1916 жылғы  маусым  жарлығын
естігенде іште тұншығып жатқан кегі  оянып,дүр  сілкініп  шыққанын,сөйтіп
айбарлы  күке  айналғанын  өмір  шындығында  да,    мінезге   де   сәйкес
кесетеленген. Патшалық  әкімдердің, қазақтың  өз  арасынан  шыққан  озбыр
болыс, жебір тілмаштардың  қинаятын  көп  көрген,өз  жеріне,малына  иелік
етуден қалған,адамдық  құқықтан  жұрдай  болған  халықтың  аянышты  халін
жазушы шығарманың өн бойын  кейде  кейіпкерлер  сөзімен,кейде  өз  атынан
төтелей дәлелдеп түсіндіріп отырады.
        Қазақ  кедейінің есепсіз зорлық көріп  келгенін  шығарманың   ең
басында келтірілген эпизод-  жерін  саудагердің  малынан  қорғағаны  үшін
“кінәлі”   болғандарды   пристав   Подпороков   тергеген   тұстан   айқын
танимыз.Қарапайым  адамның  зәредей  тілегімен  есептесу  дегенді  мансап
иелері  мүлде  ұмытқандығы  приставтың  жазықсыз  жандарға   айқап   мына
сөздерінен толық саналады.
       “Сендер   ақымақтар   жәрмеңкеге   келген   саудагердің    алдынан
шығып,қарсылық қыласың!..Олардың малын  жерімізге  түсті  деп  қуалайсың!
Сендер де жер бар ма? Жер патшанікі,ал саудагер малы да патшаныкі!”
       Міне, осы секілді  әділетсіздік,зомбылықты  көп  көрген  халдықтың
“патшаға адам бермейміз”  деп бұрқ етіп көтерілуі  табиғим.Повесте  елдің
стихиялық  қозғалысының  басталу,өршу,  басылу  кезеңі  жүйелі   оқиғалар
үстінде нанымды ашылады.Көптің  кекке  қайралған  қимыл-әрекетін  көрсету
жөнінде   “Қилы    заман”    қазақ    әдебиетінде    жаңашыл    сипатымен
ерекшеленеді.Мұнда халықтың отаршылдыққа деген жиіркеніші  зор  көркемдік
қуатпен бенеленген.Бұл ретте Ш.Айматовтың тағы да  бір  пікірін  келтіріп
өту артық емес.
       “Царизмге,оның  зорлықщыл  аппараттарына  деген  өшпенділікті  жас
Әуезовтей   соншалық   суперткерлік   нанымдылықпен    көрсеткен,патшаның
отаршылдық саясатының безбүйрек қаталдығы мен айуандығын соншалықты ашына
әшкерлеген,көшпенді  елдің  өзіне  жат  патшалық   әкімшілік    жүйесінің
қабылдамауынынң табиғатын мол мысалмен ала отырып,  соншалық  тереңдікпен
ашып берген,  сорына  қарай  көтеріліске  шығып,  сонысы  үшін  қан  жоса
қырғынға ұшырап, туып-өскен жерінен  қуылған қарапайым  халықтың  қасірет
қайғысын ет жүрегі езіле отырып айтып берген мұндай шығарманы  мен  шығыс
әдебиеттерінен сирек кездестірдім”
       Шығарма авторының әлеуметтік  қайшылықтарды аша білгендігін ерекше
ескерту лазым. Стихиялы түрде өрбіген  көтерілістің  кезінде  байлар  мен
кедейлер  мүддесінің  екі  тарапқа  айрылғандығын  автор    сара   жіктеп
көрсетеді.Сонымен  қатар  еңбекші  бұқараның  өз  ішіндегі  болыс,билерге
сенімінің жоқтығы, оларды жат санайтындығы әуео бастан-ақ аңғарылады.
       Бұны “патшаға  жігіт  бермейміз”  дегенді  айтуға  бекінген  елдің
ауқымы байқатады.Бір мысал келтірейік: “Бұл жиындағы үлкендердің  бәрінің
де көңғіліндегі  күдігі  болыстарда  болатын.Алғашқы  сөз  байланған  соң
ендігі міндет соларды ауыздықтау екені барлығына да мәсіл жұмыс,  кезекті
мәселе сияқты  болатын. Бұның да байқауын Ұзақ айтып береді.Бірақ болысқа
ел қабағын танытып,үнемі тәубесін еске түсіргендей сескенетін  бір  мінез
ісеп жіберу керек.  Ұлық алдына барғанда қайқақтамас  үшін  қалың  топтың
ұжымын  анық көрсетіп,шырық бұзған кісіге көп айдыны қалай төңкерілетінін
ашық сездіру керек.Жәмеңке осыны ойлады да:
      -Болыстың  барлығы  шырық  бұза  бермес.Бірақ  бәрі  бірдей   елдік
ойлайды,ұлыққа сатпайды деп айтуға болмайды.Ертең мен бір бозқасқа  айтып
сойып, бір қауыс елді жиғалы отырмын.Албан  Болыстарының  бәрі  де  сонда
келер.Бұдан былай тантырмай, аяқты нық  бас  деген  сөзді  қауым  алдында
айтарымыз да,біржолата шегерерміз.Содан  әрі  ауа  жайылған  болса,  онда
мұтайымның малы мен басын елдің қолы білсін. Албанның ақ  патшамен  қатар
мың да бір жауы сол дерміз”
       Көтеріліс  басщыларының  бірі-Ұзақтың  туған  ағасы  Тұнғатар  бас
сауғалап,өз қасын ғана ойлап,жан сақтайды.Халық  қозғалысы  осылайша  бай
мен  кедейдің  ғана  емес,ағалы-інілінің  де   жігіт   ажыратуға   мәжбүр
еткен.Кейін Албан елінің көтерілісі  қырғынға  ұшырап  ел  көшкенде  ескі
жұртта  патшалыққа  тіреу  болып  келген  бірнеше   байдың   ауылы   ғана
қалады.Мұның бәрі “Қилы заманда” әлеуметтік қайшылықтың іші мен тысы жан-
жақты атылғанын дәлелдейді.
       Отаршылдық саясаттың ең асқынған түрі-геноцидтік жексұрын  кескіні
“Қилы заманда” ақиқат көрінісін тапқан.Қарақол шаһарына айдалып апарылған
Ұзақ,   Жәрмеңке,Серікбай,Әубәкір   сынды   ел   басшыларын   айуандықпен
азаптаушылық,уланып өлген Жәмеңкенің  денесін  өз  жерінде  қоюға  рұқсат
етпеушілік,халықтың  наразылығын  әдейі  өршітіп,артынан  “айыпты”   етіп
көрсетіп,қанын судай ағызуға  жоспарлы  түрде  әзірленушілік  патшалықтың
нағыз жауыз тәсілі болатын.Тұтас халықты жер бетінен жоқ  қылып  жіберуге
отаршы жендеттер шімірікпестен баратыны  әшкерленген.  Шығармадан  үзінді
келтірсек:
       ”Солар Әубәкірдің қатынынан  Жәмеңкенің  естіген  соң,  сол  арада
абақты ұлығына барып, қарияның өлігін сұраған.
           “Өзіміз таза арулап, қолымыздан қоямызкісіміздің сүйегін  бер”
десіп еді. Бұған абақты ұлығы өз бетімен жауап бере алмай, астыртын уезге
ақылдасып келіп,Жәмеңкенің өлігін бермейтінін айтқан.
            Елге  Жәмеңке  жағдайынан  хабар  жіберуден   бұрын   Қарақол
басындағы жігіттер  бұндағы  ұлық  атаулының  барлығына  барып,  сөйлесіп
,арылып шыққан. Ешқайсысы да жарытып жауап берген жоқ.
          Әйтеуір  бірдеңе  айтты  дегізбек  үшін,абақтыда  өлген  жазалы
кісіні заң бойынша ел қолына беруге  болмайды.Мұсылман  әдетінен  молдаға
жаназасын шығартып, өзіміз қойғызамыз деген болды.
       Қарқараға Жәмеңкенің өлімі жайында хабарды  әкелушілер  осы  сөзді
қоса әкелген.Көп  елдің  аласыз  көңілмен  тұтас  кәдірленген  қариясының
сезікті өлімімен бірге мынадай қылып сүйегін  де  бермей  қоюы  естімеген
сұмдық  сияқтанады.Жазушы  “Қилы  заманда”  шет  жағалап  ғана  көрсеткен
мәселені-ағайынды қоғамдық мүдделерін кереғар кету жағдайын  кейін  “Абай
жолының ” көп беттерінде түбірлеп,обьектив өмір,ағыстарына да, мінезге де
сәйкес етіп ашады.
         Бұған Абаймен бірге туған  бауыры  Тәкежанның  көзқарастары  мен
өмірлік принциптеріндегі алшақтықтардың кең  жүйеде  көрсетілгені  мысал.
Бұндай қарама-қайшылық “Абай жолында” үлкен тартыстар,өштіктер  туғызған.
Кедейлерге Тәкеждандар жасаған көп қиянатты тыям,әділет  арашашысы  болам
деп Абайлардың қаншама сарсаң болғаны белгілі.  Ақын  өмірінің  қасіретке
толы талай шақтары дәл  осылай,алыстан  емес,  жақынна  шыққан  жаулардың
қастандығынан туады.тіпті, Абайдың ішінде мұз қатқан  надан,  қуыс  кеуде
байлардан  көрген  тақсіретінің  де  бір  ұшытығы   ағайынмен   алалығына
тіреледі.Бір  ата-анадан  тараған  жандардың  да  әлеуметтік   орны   мен
мақсатына сәйкес түрліше  нысана  көздейтінін,бұл  айырмашылықтың  жеңіл-
желпі  шешілмейтінін,олардың  өмірмен  бірге  кететін  жаулықтарға  апара
алатынын М.Әуезовтің алғыр қаламы сонау  жырмасыншы  жылдардың  өзінде-ақ
көрсете білгенін атап өткіміз келеді.
       “Қилы заманда” 1916 жылғы азатық қозғалысының Жетісуда ғана  емес,
Қырғызстанда да лап еткені,көптеген  қырғыз  жігіттерінің  абақтыда  опат
тапқаны,ауылдары шабылғаны,қуғын-сүргін көргені  ескерліпі  отырады.Бұдан
бұқара халықтың әлдеқашан мүдделес,ниеттес  болып  келгендігінің  нышанын
көреміз.
       М.Әуезовтің  кейіннен  “Абай  жолы”  романында  толық   кемелденіп
көрінген шеберлігі “Қилы заманда” да  еркін  танылғандай.Егер  автор  бұл
шығарманы қайта бір қарап шығуға үлгергенінде повесть анағұрлым  ажарлана
түскендей екен.Үлкен реалистік   көркемдік  жинақтауларға  тән  қасиеттің
бәрі де “Қилы заман” бойынан  табылады.Қаһармандардың  пішіні  мен  ісін,
мінезін даралық ерекшелігі мен беруде автор қалыптасқан өрнек танытады.
       Қаһарман  мінездерін   ашудың   түрлі   амалын   жазушы   қолданып
көрген.басты  кейіпкерлердің  іс-әрекеті  сырт  қарағанда  қалың  болмаса
да,олардың тұлғасы тілдік мінездесулер,бір де болса  бірегей  дәл,  нақты
берілген суреттер арқылы  ашылады.Мәселен, ,көтеріліс басшыларынынң бірі-
Ұзақты үш-төрт рет көреміз.бірақ  ол  әр  эпизод  сайын  ірілене,даралана
түседі.
       Халықтың бас біріктіріп, жігерлі ұйымшылдықпен патша жарлығына қарсы
келерлік ниетін көргенде Ұзақ: “Ақ патша тоз-тоз қылып әкетіп  еді,  құдайға
шүкіо, қартайған  шағымда  болса  да,елдің  бір  әкенің  баласындай  жамырап
табысқан күнін  бір көдік... Жалғыз арман: жас шағымда кездеспеді не  керек”
(журналдың ілгеріде көрсетілген нөмірі      Бұл  сөздерге   парасат,  білік,
үміт,арман,өкініш күшті айтылған. Ұзақтың да,  Жәмеңкенің  де  терең  саналы
ойлары    мен    сөздері    олардың    табиғатындағы    үлкен    дарынды,кең
пайымдылықты,кесек мінезді кәміл білдіреді.Ұзақтың тағы  бір  ретте  айтқан:
“киіз туырлықты қазақтың бүгінгідей ынтымақ,тілегің қосылып,  ел  болам  деп
ту көтерген,ұран салған күнін көрое  алмай  өттік.Енді  міне  сойған  қойдай
бұзып-жарып,он екі жілікке бөліп,боршалап тастаған  заманда  шығып,  біз  де
кісі  болдық дейміз.Мақтанар, жұбанаржері бар ма” деген мұңы,өкініші  аралас
сөздреі оның ішкі тұлғасын қмақтандыра түседі.
       Осылайша   Ұзақты    біз   шығармада   аз   кездестірсек    те,мінез
ашылар,мейілінші  дәл  берілген  суреттер  арқылы  танимыз.Оның   абақтыдағы
қалпын жазушы сараң сөздермен тұжырады,сонда да  болса,ол  бізге  өмір  бойы
сыр мінез адамдай жақын тартады.
       Прокурордың  сұрағанда  ол:  “Мен  сенімен  сөйлеспеймін.сенің  ісің
зорлық.Зорлықшымен сөйлесушіме еді?  Жауап  бермеймін”  деген  сөзден  басқа
айтпады.Осы қысқа сөзде өр мінезді,,қайратты,кекті,  арманды  адамның  құлқы
жатыр.Елін шауып малын талап,  халықты  қан-жоса  етіп  жүріп,сондай  сорақы
істерін басқаға жауып, “заңдандырмақшы”  болған  әкімге  бұдан  артық  жауап
лайық келмес еді. Бүкіл бір елді қырғынға  батырған  зұлым  жаумен  осылайша
ғана жауаптасу Ұзақтың сөзін ұлағаттай салмақты етеді.
       Ұзақтың басынан батырға тән байсалды тұжырымдылық  пен  шешімділікті
байқасақ, ел  ақсақалды  Жәмеңкенің  сөздерінен  халық  данылығын  санасында
дарытқан үлкен естілікті танимыз. Әубәкірдің батыл, өжет мінезі,  тар  жерде
ақыл   табар   алғырлығы   елестейді.пристав   Подпороковтың,жылпос    болыс
Рақымбайдың   айласы   да,   арамдығы   да   дәл    суреттелген.Мұның    өзі
кейіпкерлдердің мінез адаралығын нақты,сенімді ашуда автордың көп  іздегенін
аңғартса     керек.Қаһарамандарға     портрет      беру,табиғат      суретін
кестелеу,монолог,жанама мінездеу тәсілдерін жазушы кең қолданған.
       М.Әуезовтің қаламына тән стилдік сипат, көркемдік кестелеу заңдылығы
мен  айырықшалығы  “Қилы  заманан”  көрінеді.   Құбылыстардың   мән-жағдайын
авторлық  баяндаудың  өзі  суретке,мінездеуге  ұласып   кетіп   отыруы   бұл
шығармада жиі кездесетін көрініс.
       Пристав Подпороковтың Албан елінің болыстарын жинап  алып,  патшаның
маусым  жарлығын  естіртуге  арналған   кеңесінің   суретін   мысалға   алып
кетейік.Осы  жиынның  үстінде  Подпороковтан   бастап   тілмаш   оспан,болыс
Рақымбай  секілді  қилы-қилы  жандардың   түр-түсінің   құбылыстарына,іштегі
ойларына дейін  анық  көрінеді.Құбылыстарды  кейде  автордың  сөзімен,  кейд
кейіпкердің көзімен суреттейтін тәсіл шығармада негізгі  тәсілдердің  біріне
айналған.
       Жазушының қою бояулы,алуан түсті дарқан көркемдік  қолтаңбасы  “Қилы
заманда” өте жатық, әсем, ісмерлі түскен.
       Эпитет пен теңеуді, мінездеуді  кілемнің  түсіндей   құлпыртып,тығыз
қалайтын автордың айшықты,оймышты, сан  құбылмалы  сөз  кестесін  шығарманың
кез  келген  бетінен  кездестіреміз.Мұны  туындының   ең   басындағы:   “Жаз
жауынды,мол сулы,қалың шалғынды,қызықты,қалың  албанның  ертегідей  бай,сұлу
жайлауцлары: Үш Мерке, Дөңгелек саз,Үшқарқара,сырт,  Лабас-жайлау  күндердің
жасыл торғын шымылдығын,көк  жібек  бесігі”   деген  сөйлемнен  де  байқауға
болады.Біріңғай мүшелі сөздерді топтап,тіркестіріп,үстемелеп қолдану  жағына
автор ерекше ден қойған.
       Шығарманың сөз кестесінің жалпы тұлғасынан  бояудың  кейде  тым  мол
жағылғанын,оны  өзі  қайсыбір  ретте  сөздердің  мағынасын   көмескелендіріп
тұрғанын аңғараар едік.Бұны біз дарыны дәуірлеп,суреткерлік  қауты  толысқан
жазушының табиғи қадамы деп білеміз. “Абай жолында” автор суперт  кестелерін
тізуге,сөз  қолдануға  анағұрлым  талғампаз,үнемшіл   болғанын   тәжірибенің
артуынан деп қарау керек.
       Асы жайлауының табиғат суретін берген тұс ғажап! Мұнда  әрбір   сөз,
тіркес  көзге,  көңілге  елестерліктей   дәл,анық,бояуы   қанық,қара   сөбен
берілген поэзия.
       “Қилы заманда”  халықтың  аңыз  әңгімелері,шешендік  сөздері  орынын
тауып,оқиға  өріліміне  үйлескен.Қарт  Жәмеңкенің  халыққа   қарата   айтқан
сөзінен ескі жыраулардың дана тілмарлығы елес береді. “баяғыдан  бері  албан
баласы қарын шаша алынбағандай болып,ала  бөтен  амандықпен  келіп  еді.мына
жетпіс беске келгенше малы,басы пәле қазаға ұшырағаныны көрген жоқ  едік.Бұл
тау арқасындағы елдің ұйқысы қалың еді.
        Таудың киігіндей кей жайылған тіршілігі бар еді.албанның  тоқсанға,
жүзге келген шалы болса да, бұл елдің қыс  күнінде  жұтағанын,  жаз  күнінде
індетке  ұшырағанын білмеп еді....Енді мына бүгінгі күн мынадай кер  заманға
кездестік.Қалың апат селге киліктік”
         “Қилы   заманға”   қатысты   әңгімені    Ш.Айтматовтың   төмендегі
тебіреністі сөздерімен тұйықтауды  жөн  көрдік.  “Өткендегі  шексіз  тұңғиық
халық қасіреті мен біздің бүгінгі шындығымыздың арасы жер  мен  көктей,тіпті
салыстыруға келмейтін  категориялар.Бірақ  ол  өткеннің   ішіндегі  жақсылық
жағы-жұрт  еңсе  көтеріп,патшаның  отаршылдық   қанауына   қарсы   халдықтың
стихиялық   толқуы,өз   істерінің   дұрыстығына   көздері   жетіп,еркіндікке
ұмтылып,адам рухының соншалықты мол қуатын танытып, зорлық-зомбылыққа  қарсы
тұруы таңқалуға болатын дүние”.
       “Қилы   заман”    ұзақ   жылдар   бойында   баспа    жүзін    көрмей
келгенімен,жазушының санысанан шығып  кеткен  дүниелік  емес-ті.  Шығарманың
азатшылық  идеясы,әсіресе,түрлі  табиғи,шыншыл  адам  типтері  “Абай   жолы”
эпопеясында  кей  тараптан   дамытыла  елес  бергенін,көркейе,келісті  бітім
тапқанын  аңғару қиын емес.
       Тобықты   елінде,Семейде   билік,үстемдік   жасап    жүрген    патша
чиновниктерінің  бейнелерінде,әсіресе,   “тентек   ояз”   тұлғасында   “Қилы
замандағы” Подпороковтан ауысқан “белгілер” барға ұқсайды. Сол сияқты роман-
эпопеядағы болыс-билер іс-әрекетінде албан  атқамінерлерінің  кейіп-кескінін
елестетерлік тұстар кездеседі.Әсіресе, “Қилы замандағы”  ел  қамқоры,  өткір
тілді,шешен  Жәмеңке  мен  “Абай  жолындағы”  кедей,жатақтар   жоқшысы,үлкен
саналы ерлік  пен  адамшылыққа  қабілетті,асыл  ойлары  мен  ізгі  армандары
сөздерінде ұшқындап тұратын нағыз  халық  даналығын  бойына  жинаған  дерлік
Дәрмекбай  арасындағы   “жақындық”  үстірт  қарағанда  да   көзге   шалынбай
қалмайды.
       Ал кейбір тұста Ұзақ батырдың  ел тағдыры мен намысын   армандаған
сәттері,кесек мінезі,қасиетті  толғаныстары  “Абай  жолындағы”  Базарлыны
еске түсіреді.Мұның өзі араға көп жылдар салып барып  жазылған,екі  басқа
тақырыпқаарналған  шығармалардың  бітіміндегі   қайсыбір   үндестік   пен
сарындастықтың,жазушы көкірегіне ұялаған идеялардың түрлі көлемде көрініс
табуының жарқын мысалы секілді.
       Сонымен  “Абай  жолына”    барардағы   идеялық-көркемдік   сатылар
қаламгерлік  әңгімелерімен  де,  “Қараш-Қараш  оқиғасы”,   “Қилы   заман”
повестерімен де табиғи қалыптасқанын көреміз.
       Тарихи  негізді  шығарманың  ең  бір  қиын  сәті   ондағы   тарихи
бейнелерді көрсету сәтінде монологқа немесе диалогқа көп бой ұрып, немесе
баяндай түсіндіруде оқырманды жалықтырып алу қаупі бар.
         Ол  жөнінде  ғалым  Василий  Цыренович  Найдаков  былай   дейді:
«Трудность  создания  образов  исторических  героев  породила   и   такой
недостаток, как обилие монологогов, диалогов и вообще разговоров, главное
назначение которых  сообщить  читателью  нечто  о  том  или  ином  герое,
событии». Мұхтар Әуезов тарихи негізді  туындылар жаза отырып  жоғарыдағы
аталғандай кемшілік жібермеген. Повестагі  әрбір  монолог,  әрбір  диалог
жанды, әрі даралық ерекшелігімен өзгешеленеді.
       Қорыта  атқанда,  “Қилы  заманда”  1916  жылғы  Жетісудағы   халық
қозғалысының көркем ескерткіші,ел үшін жанын пида еткен  ерлердің  жарқын
тұлғасы  жасалған.Бұл-дәуірдің  көп   қайшылығын,мол   қатпарын   ашатын,
отаншылдық,перзенттік     аңсардан      туған,жүрекқанымен      жазылған,
терең,қаситетті,кәделі   ойларға,ұлы    үмітке      толы    туынды.Мұндай
кең,еңелі,сом сурет бейнелер жасай алған,адам  мінезініің  диалектикасына
барған суреткердің  прозадағы кезекті ірі туындысы  оынң  есімін  әлемдік
даңқа бөлген “Абай жолы” сынды зеңгір эпопеға ұласуы барынша табиғи.






















      Дәріс №9 “Қилы заман” повесіндегі ұлттық дүниетаным және  трагизм



      Қазақтың қилы тарихындағы “ақтаңдық беттердің” бірі-1916 жылғы  ұлт
–азаттық көтерілісі.

       Қазақстанның көптеген аймақтарында кең  көлемде  өріс  алған  ұлт-
азаттық көтеріңліс-жетісуда “Қарқара” деген атпен тарихқа енді.
       Жетісудағы “Қарқара көтерілісінің” ұлттық-тарихи мәні әдеби-рухани
құндылықтары мен өзіндік  ерекшлеіктері,сыр  сипаттарының  болғанын  айту
абзал. Атап айтқанда: “Қарқара көтерілісі”-патшалық Ресейдің  отаршылдық-
геноцидтік саясатының діңгегін құлатқан саналы қарсылық нәтижесі.
       Қарқара  көтерілісі-қазақ  халқының  ұлттық   санасының,азаматтық-
патриоттық рухының биіктігін дәлелдеген саяси-тарихи құбылыс.
       Бұл көтеріліс патша саясатының да қанды жоспарын айқындап берді.Ол
жоспар бойынша,ең әуелі қазақты   қазаққа  қарсы  қойып,  іштей  ыдырату;
араларына от тастау арқылы  бір-бірне жау ету;одан кейін онсыз да патшаға
тісін қайрап жүрген намысшыл  қазақтың  шамына  тиетін  әрекеттер  арқылы
қақтығыстарға итермелеу;  сол  қақтығыстарды  қарулы  көтеріліске  ұтымды
ұластыру; содан кейін барып көтерілісті басу сылтауымен қырып-жою,қорқыту
арқылы қазақтардың өз жерін тастап кетуге  мәжбүрлеу; босаған жерді емін-
еркін  иемдену көзделді.
       Қарқара көтерілісінің көсемдері патшаның  бұл  саясатын  күнібұрын
білген,күндердің бір күнінде  әйтеуір  бір  құрбан  болатынын   түсінген.
Сондықтан да июнь жарлығын желеу етіп  бас  көтерген.  Өйтпесе  өздерінен
кейінгі ұрпақ не өлікке,не тірі өлікке айналатынын толық түсінген.
       Қарқара көтерілісінің көсемдері (Жәмеңке 78 жаста, Ұзақ 65  жаста,
Әубәкір  49   жаста)-шетінен   ел   басындағы   болыстар,қазіргі   тілмен
айтқанда,мемлекеттік қызметтегілер.Патша  өкіметінің  жергілікті  басқару
органдарының қызметкерлері. Бірақ  олар  ұлттық  мүддені  қызметтен  биік
қойған патриоттар еді. Бұл да-бүгінге   қажетті  сабақтардың  бірі.  1916
жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің бостандық пен еркіндікке ұмтылса халықтың
сипаты басым болғанын,отаршылдыққа  қарсылық жолындағы табанды да  саналы
әрекет еткенін өмір, уақыт шындықтары барынша айқындап  отыр.Азаттық  пен
бостандық    өлшемі,тәуелсіздік    тағылымдары-тарихи    категория.Ұлттың
қалыптасуы мен дамуындағы басты көрсеткіш екенінің де  адамзат  тарихында
мың сан мысал-деректері бар.
       1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің  де  адамзаттық  маңызы,әдеби-
тарихи құндылықтарыкөп екендігін де осы реттен еске алған жөн..
       Ұлт  тарихындағы-1916  жылғы  көтеріліс  хақында   БАҚ   жүйесінде
айтылып-жазылған материалдар көптеп  кездеседі.Жекеленген  жинақ,кітаптар
да бар. Зерттеп-зерделенген еңбектер де жетерлік.
       Тарихи   повесть   Қызылдорда   қаласында   жарық    көрді.Повесть
табиғатына, жанры мен  көркемдігіне  қатысты  қилы  көзқарас,кереғар  ой-
пікірлер көп айтылды.Осы тұста әдебиетте-партиялық,таптық бағыт кең  өріс
алса, туынды авторы- “байшыл”, “ұлтшыл”  сынды  “атақ-даңқа”  оп-оаңй  ие
болды.Тарихи  повесть  зиянды  деп  табылды.Алайда,   тарихи   повестьтің
табиғаты   мен    тағдырына    ,жазылуы    мен    жариялануына    қатысты
көзқарас,ізденістер мол.
       М.Әуезовтің   өмірі    мен    шығармашылығын    зерттеп-зерделеген
әдебиеттанушылардың    басым    бөлігі-туынды    табиғатың    жанр    мен
жауапкершілікті,көлемі мен  құрылымың  оқиға  жүйесінің  кең  өрістілігін
негізін   назарда   ұстап,   оны   роман   қатарына    қосады    (мысалы,
Р.Бердібай,Ә.Шәріпов, Р.Нұрғали,Т.Жұртбай,Б.Майтанов,Т.Тоқбергенов т.б.)
       Алайда,ақиқатқа табан тіресек, “Қила заман” повесінің  тарихы  мен
тағдырына алаңдаушылықпен де, қызығушылықпен  де  қараған,  әрі  М.Әуезов
шығармашылығын ол туындысыз сөз етуді-арға сын яки  қиянат  деп  түсінген
сол кездегі жас қаламгер  һәм  ізденуші  Р.Нұрғали  “Қилы  заман”  қандай
туынды?-деген мақала  жазған-ды.  Тарихи  повестің  табиғаты,жазылуы  мен
жариялануы  жөнінде-  “Бір  мақала  хақында”  деген  жазушы  еңбегі   мен
шығармашылығына арналған эссесі де жарияланды  Онда,әрине  жазушы  еңбегі
мен дүниетанымын иірімдеріне,өмір оқиғасы  мен  көркемдік  шындыққа,уақы-
сынаптың құбылыс-құпияларына кең орын беріледі.
       Тарихи повесть арады  алпыс  жылдан  астам  уақыт  өткенде  “Лихая
година” деген атпен А.Н.Пантиелевтің  аударуына  “Новый  мир”  журналында
орыс тілінде ажрияланды.   Жазушы Ш.Айтматов алғы сөз жазды.
       Қаламгердің тарихи туындысы “Жұлдыз” журналында басылып (1974,№8),
“Жазушы” баспасынан жарық көрген повестер  мен әңгімелер жинағына енді.
       “Қила заман” тарихи повесінің  орыс  тіліндегі  басылымына  жазған
алғы сөзінде Ш.Айтматов: “Абай  жолына”  дейін  де  Әуезов  айтулы  шебер
болатын. “Қилы заман” Әуезовтің “Абай  жолынан”  көп  бұрын,  сол  кездің
өзінде-ақ,кең   тынысты   эпикалық    баяндау    формасын    игергендігін
дәлелдейді.Осы тұрғыдан алғанда “Қила заман”- кейін  Әуезовтің   телегей-
теңіз эпопеясын тудырған ең қуатты арналардың бірі.
       Әдебиет     те     –-даму     үстіндегі     құбылыс     ол      да
өзгереді,күрделенеді,біртіндеп       жаңа,соны        сапаларға        ие
болады.Заман,дәуір,әлеуметтіік жағдай оған қашанда  ен  таңбасын  салады.
Елдің  саяси,рухани  және  экономикалық  дамуы   әдебиеттің   де   дамуын
тездетін,оны тың белестерге үздіксіз  көтеріп  отырады.Соның  нәтижесінде
өмір  құбылысын  жалаң  оқиғалар,қара  дүрсін  баяндаулар   арқылы   бере
салмай,адамға қатты әсер ететін,көркем образ  арқылы  бере  салмай,адамға
қатты әсер  етітін,көркем  образ  арқылы  бейнелеп  беретін  жаңа   әдеби
әдістер, жаңа жанрлар пайда бола бастайды.
       Дамудың бұл озық құбылыстарын алға қарай  ұмтылған  халықтың  асыл
ойы,эстетикалық     танымы,өнері,білгір,     білімді     дарын     иелері
тудырады.Әдебиет-жекеленген     ақын      жазушылардың      творчестволық
күшімен,солардың  жазған  еңбектрімен  жасалса,әдебиет  жанрлары  да  сол
көркем  сөз  өнерлерінің  тынымсыз  ізденулерімен  алға   басады.Жинақтап
айтқанда, халыққа жалпы әсер ететін қоғамдық сананың ықпалды бір формасы-
көркем әдебиеттің күрделі  процеске  ойысуы  да  әрқашан  қоғам  өмірінің
белгілі бір  кезеңіндегі  ілгерілеу  сатысына,дамуы  қарқынына,әлеуметтік
талап-тірегіне байланысты болып отырады.
       Мұны  дәлелдейтін   нақты  жайларды   алыстан   іздеудің   құажеті
шамалы.Халқымыздың ауыз әдебиетінде тек ертегі,аңыз түрінде өрбіген проза
саласы қоғам мүшелерінің дүниетанымы ілгерлеп, хат тануға, жазу дәстүріне
көшкен кезде енді фольклорлық қалыптан біртіндеп   шығып,қоршаған  өмірді
шындық тұрғысында бейнелеуге талпына бастады.Алдымен  ұлы  орыс  халқының
озық әдебиетіне көз салып,одан үлгі өнеге  алған  қазақтың  демократияшыл
бағыттағы жазба әдебиетінің октябрьге дейінгі даму жолына көз  салсақ,бір
ғана проза  саласынан  очерк,публицистика,новелла,әңгіме,  тіпті  повесть
немесе роман жанрлары туа бастағанын байқаймыз.Қазақ  әдебиеті  тарихында
бұрын бейтаныс саналған  бұл  жанрлардың  Шоқан,Ыбырай,Абай,Сұлтанмахмұт,
Спандияр,Бейімбет шығармаларынан бастап  өріс  алуы  тіпті  де  кездейсоқ
нәрсе емес.
       Ал енді, осы орайда поыесть жанрының  өзіне   әдейілеп  тоқталатын
болсақ,  оның  да   қоғамдық   мазмұнға   лайық   әдеби   форма   ретінде
тууы,дамуы,қалыптасуы бір күнде жүзеге асқан құбылыс  емес.Ол  да  кезең-
кезең тарихи жағдайды,елеулі процесті басынан өткерген.
          Патшалық   саясатқа   ,оның   зорлықшыл   аппараттарына   деген
өшпенділікті   жас   Әунзовтей   соншалық    суреткерлік    нанымдылықпен
көрсеткен,патшаның  отаршылдық   саясатының   безбүйрек   қаталдығы   мен
айуандығын соншалық ашына әшкерлеген,көшпенді халықтың өзіне жат патшалық
әкімшілік   жүйесін   қабылдамауының   табиғатын   мол   мысалымен    ала
отырып,соншалық  тереңдікпен   ашып   берген,сорына   қарай   көтеріліске
шығып,сонысы үшін қан жоса  қырғынға  ұшырап,туып-өскен  жерінен  қуылған
қарапайым халықтың қасірет-қайғысын ет жүрегі езіле отырып  айтып  берген
мұндай  шығарманы мен шығыс әдебиетінен сирек  кездестірдім”,-деп  туынды
табиғаты  мен  мұратының,шындық  пен  шеберлік  сипаттарының   айқын   да
бедерлігін бүкпесіз айтып,ағынан жарылады.
       Жазушы ғалым Ә.Шәріповтың “Қилы  заман”  тарихи  повесіне  қатысты
жазған алғы сөзінде маңызды мән де,сырлы сипаттар да  мол:  “Заманымыздың
ұлы суреткері-Мұхтар  Әуезов  эпикалық  құлашы  кең,қарпуы  мол  қаламгер
екенін  ең  алғашқы  шығарманың  өзінде-ақ   танытқан  болатын.Аайда,оның
алғашқы  шығармаларында  суреттелетін   өмір,баяндалатын  оқиға  көбінесе
революциядан  бұрынғы  кезең  болғандықтан,сол  тұстағысында   тақырыптың
ескілігі авторға кінә болып тағылды.
       Мұхтар Әуезовты біздің баррикаданың қарсы бетіндегі қаламгерлердің
қатарына қосып қарайтын социологиялық  солақай  сынның  салқыны  жазушыны
жиырмасыншы  жылдардың  аяқ  шенінде  жазған  “Қилы  заман”  повесіне  де
тиді.Эпикалық байсалды баяндау тәсіліне,психологиялық   сезім  күйлерінің
тереңдігіне, характерлердің сомдалуына,ел  өмірінің  бүге-шүгесіне  дейін
жомарт қаламға тән дархандықпен берілуіне қарағанда,повестен  гөрі  роман
деуге лайық бұл туынды 1928 жылы Қызылорда қаласында бір рет  жеке  кітап
болып басылды да, қайтіп жарияланбады...
       “Қилы заманда” Албан сияқты момын елдің қара бөрікті қарапйым  қыр
қазағының патшалық Россияның пристав Подпоруков (қазақ арасында “Ақжелке”
атанып кеткен), урядник Плодников  ағы  солар   сияқты  жебір  әкімдеріне
байлынсты  айтқан  кейбір  наразылық   сөздерінің   артық-кемін   бүгінгі
жетпісінші жылдардың оқырмандарына түсіндіріп  жатудың  көп  қажеті  бола
қоймас”.
       “Қилы заман” повесінің қайта жарық көруі мен  аудармасы  хақындағы
шындық сырлары жазушы-сатирик Ғ.Қабышұлының “Қила  заман”  және  “Әдекең”
атты естелігінде де кеңінен көрініс береді.
       Бұл айтылған  жайттардың  бәрінен  әрине  “Қила  заман”  повесінің
тарихы мен  тағдыры,туынды  табиғаты  мен  ізденіс  арналары,жазылуы  мен
жариялануы жайы,қысқасы  жазушы  еңбегі  мен  шығармашылық  мұраттар,өмір
оқиғалары мен оны  қабылдау мен қорыту,танып-талдау тәжірибелері,образдар
жүйесіне қатысты пайымдау мен саралау сипаттары,көркемдік таным мен стиль
төңірегіндегі ойлар мен  толғаныстар,шеберлік  пен  шешендіктің  мың  сан
үлгі-өнегелері   жан-жақты   көрініс   табады.Осы   реттен    келгенде,ҚР
мемлекеттік  сыйлығының  иегері,ақын,  Н.Оразалиннің:  “Ұлы   суреткердің
отызға толар-толмас жасында ойын тербетіп, жүрегін  қоғаған  қанды  оқиға
туралы  атақты   туынды   Қарқара   көтерілісінің   әлі   қайғы-қоламтасы
көңілдерден  басылан  қоймаған,көзімен  көргендердің  біразы  ата-қонысын
тастап,іргедегі  Қытай  жеріне   ауып   кеткенімен   дені   өксік-наласын
көкірегіне түйіп,әнге қосып, жырға айналдырған,көтеріліс басшылар ы жайлы
аңызға беріксіз ақиқатт  ел  ішінде  гулеп   тұрған  1927  жылы  жазылған
болатын.
       Қарқара  көтерілісі  туралы  ресми  идеологияның  көзқарасы  ауып-
төгіліп,қырық түрлі баға беріп,ақиқаттың тоны  әлденеше айналдырып жатқан
тұманы мен күмәні қалың кезде жас Әуезовтің мұндай ұлт намысы  мен  халық
қасіретін  мейілінше  ащы,барынша  шыншыл  етіп  көркем   баяндауы,   сол
дәуір,сол кезеңнің тұрғысынан алғанда да,бүгінгі заманның көркемдік өлшем
биігінен қарағанда да нағыз суреткер ерлігі еді.
       Бұл    сайып    келгенде,отарлық    езгінің     адам     төзгіссіз
қиянатын,қиянатқа барар жолдағы пенделік  әлсіздіктер мен  озбырлықтардың
бет  пердесін  жарқыратып  ашар  үлкен  әдебиетке  ғана   тән   көркемдік
тәсілдерді  молынан  пайдаланған,шығарма   жаратудың   әлемдік   деңгейге
көтерілген    ұлт    топырағындағы     орасан     үлгісі     еді.”,-деген
көзқарас,түйіндердің маңызы зор [9]
       Империялық саясаттың содырлы сойқанын,қанқұйлы қырғынның  қытымыры
да,құйтырқы,зәрлі  де  зымиян  әрекеттерін  жазушы   ғалым   Т.Жұртбайдың
ізденіс,көзқарастарымен  де  тиянақтауға  болады:  “қилы  заман”   повесі
көтерген мәселесі мен көркемдік  дәрежесінің  сұңғылығымен,күрделілігімен
ғана емес,сонымен қатар қылшылдаған  жігіт  Мұхтардың  жастық  дәуренінің
қызықты,қызу,махабатты күндердің куәсіндей болған өмірлік құбылысымен  де
қымбат.Мәңгілік мұхитына құяр өмір дариясының ағыстарында “қилы  заманды”
жақсы көрген перзентіндей аялап,алақанға салған қызыл шоқтай үрлеп ұстап,
ертеңіне мазасыздана үміт артқан. Сондықтан да  бұл  шығарма  ұлы  адмның
ақырғы  жалын  демін,көкірек  табының  жылуын  алып  қалумен  де   ыстық.
Сонысымен де қасиетті,  сол  қасиеті  мен  де  қадірлі,  сол  қадірі  мен
ынтазарлы “Қилы заман” Енді туынды табиғаты мен тағылымы туралы сөз еткен
жөн. Кітаптың  алғашқы  бетінде:  “Әуезұлы  Мұхтар.  Қилы  заман.  Тарихи
повесть  (Ұзын  әңгіме)  1916  жылғы  Албан   көтерілісінен.   Қызылорда:
Қазақстан баспасы,1928 жыл” деген  анықтама  берілген.  “баспадан”  деген
қосымша және бар.  “Қосымшаны”  тұтас  оқысақ,баспа  ұстанымы  мен  уақыт
ұстанымы мен уақыт тынысын терең сезінуге болады:
       “Қилы заман” романы  қазақ ішінде болған зор уақиға  1916  жылдағы
Жетісудағы  Албан  қазақтарының  “ақ  патша  ”  жарлығына  қарсы  жасаған
көтерілісінің   қимылын    суреттейді.Бұл    уақиға     қазақ    арасында
төңкерісшілдік  мәні бар,тарихи маңызы зор құбылыс.
       Қазақ тарихында 1916 жылдың орны бөлек.1916 жылдың уақиғасында ұлт
қозғалысының,ұл  ішіндегі  тап  тартыстарының  бай  мен   болыстың,тілмаш
төрелердің  зұлымдықтарының,ұлтшыл   оқығандардың   жақсы-жаман   істеген
істердің бәрін де ашып жазу,дұрыс суреттеу керек еді.
       Бірақ, жасыратыны жоқ, мұны жазып отырған Мұхтардың   бұдан  бұрын
жазғандардың  көбі  ескі  сарын,ол  әлі  күнге  дейін  ескіліктің   жырын
жырлай,жоғын жоқтап жүр. Ол  осы  күнге  дейін  ескі  қазақтың  ескілігін
көксеп жүрген адам. Жаңа  жұртшылдықтан  гөрі,әлі  де  болса  ескішілікті
артытқ бағалап жүрген жазушы Әрине  мұндай  аты  басқа,заты  бөлек  теріс
адамнан  тарихи  уақиғаны  түп-иүгел  Маркс  жолымен,еңбекшілер   жолымен
жазылуын күтуге қоюға мүмкін нәрсе емес.
       Бірақ жазушы өзінше бұл әлеумет өзгерістерін жөндеп суреттедім деп
жазған романы.Біз бұл романды  басарда  да  өзіміз  кейбір  кемшіліктерін
көрсетіп,түзерттірген болдық.
       Мұның үстіне бұл сияқты суретпен  жазылған  көркем  әдебиет  бізде
жоқтың қасында.
       Міне,  осы  жағдайларды  оқушылардың   алдына   салып,күні   бұрын
ескерткіміз келеді.
       Оқушылар!
       Осы жағдайларды еске алып, бұл романды оқырда сын  көзімен  қарап,
теріс суреттері, теріс  беті  болса  ашық  айтып  сынап,мінеп  оқулыраңыз
керек,Бұл кітап шыққан соң да дұрыс  сындарыңызды  баспасөз  жүзі  арқылы
білдіргеніңіз жөн.”
       Біздің ойымызша,   баспадан деген  қосымшада  кезең-уақыт  тынысын
терең де байыпты барлаған астар да , кемел келешекке  үміт  сенім  артқан
талап-талғам да бар. Бұл жайтты Ғ Мүсірепов пен Р.Нұрғали арасында сұхбат
әңгімеден де айқын аңғарамыз: “-Бұл  өзі  жазылып  біткен  күннен  бастап
тағдыры ауыр болған  шығарма.Бурабайдағы  ауыл   шаруашылық  техникумының
оқытушылығының аяқ астынын көтеріліп,Қызылордаға,сол кездегі Қазақстанның
астанасы үлкен қызметке, “қазақстан” баспасына Бас  редактор  болып   дік
ете түсейін. Мұхтардың аңай шығармасы турасында көп әңгіме  ,дау-шар  бар
екен. Екі жақ  дай-дай.бірі  аспанға  шығанмақ,  екіншісі  жермен  жексен
етпек.Оқи баспат едім, тартып әкетіп барады.
        Бұрын пьесаларын,әңгімелерін  білуші едім  Журналдарда  басылған.
Кітап болып шыққандарды бар.Мұхтар қалай күрт өскен  деп  таң  қалдым.бар
болғаны  отыз-ақ жаста. Соншалық ауыр да терең күрделі де қиын  тақырыпқа
қаймықпай  барып, орасан көркем туынды жасаған.  Ресми  қызметте  отырған
кісіге   шығармасы туралы ағынан жарылып пікір айтуға  болмайды,  ,мақтау
жағынан сақтық қажет. Әсіресе, қызыл көз  пәленің  бірі  байбалам  салып,
аттандап шыға келсе,біреуге жақсылық  істемек  түгіл  өз  басыңды  қорғай
алмай қаласың.Содан анау “алғы сөзді” ойлап таптым...
       Ресей мен  Қазақстан  қарым-қатынастың  күрделі  кезеңін  көрсетіп
отырса, отаршылық тепкісіндегі  елдің  трагедиясын  айтып  отырсе,  ондай
намысты туындыға қалай ара түспейсің? “Қилы заман ” басталуына бел шешіп,
білек сыбанып кірісіп кеткенімді казірдің өзінде жас кезімде жасаған  бір
батылдығымдай көремін”
       Асылы, Қазақ-Ресей қарым-қатынасы қай кезең-уақытта да күрделі һәм
қалтарыс-иірімі мол болғаны белгілі. Бүгінгі  Қазақстанның,  яки  “қазақ”
деген ежелгі  атауы-  “қайсақ”  ,  “кигиз-кайсак”  аталды.Қазақ  арасында
–христиан дінін өндіру жолында  әр  алуан  айла-шарғы  жасалғанын  жасыру
қиын.Қазақ   даласында   орыс   түземдік   аралас   мектептердің   ашылуы
миссионерлік бағыттар негізінде-орындастыру саясатына кең  өріс  берілуі-
жай ғана бауырластық,терең тамырлы достық емес,керісінше  ұлттық  мұратқа
көлеңке   түсіру,өткен   тарих   пен   тұғырлы   тұлғаларды,мәдени-рухани
құндылықтарды аяқасты ету.




















     Дәріс № 10  «Қараш –қараш оқиғасы» повесіндегі  тақырыптық, идеялық
                                  ерекшелік

      Мұхтар Әуезов бір сөзінде: «Менің ойымша,  өзінің  ұлттық  әдебиетінің
топырағында тұрып-ақ белгілі дәрежеде Тургеневпен,  Толстойдан,  Горькийден,
тіпті Достоевскийден де үйренуге болады. Ал Чеховқа келсек, оның  өзін  ғана
сүю, жақсы көру арқылы соның шәкірті бола қою қиын, тіпті,  мүмкін  де  емес
сияқты. Ол үшін өзіңнің творчестволық табиғатыңмен соған ұқсас болып,  бүкіл
ішкі  бітіміңмен,  терең  лирикалық  сазыңмен  соған  туыстас  жақын   болып
жаратылуың керек»,- деген болатын.
      Еліктеу, үйрену сықылды мәселенің өзін, белгілі бір қалыптасқан  әдеби
форманы сол қалпында өзгертпей иемдену деп, бір  жақты  түсінбей,  керісінше
творчестволық тиімді әсерлерді  іштей қабылдау деп  қараған  М.Әуезов  қырық
жылдан  астам уақытқа созылған жазушылық  сапарында  бұл  игі  қадамынан  еш
айныған емес. Ол шығыс, батыс, әсіресе орыс  классикасының  бай  дәстүрлерін
өз ұлтының арғы-бергі өнері, дәстүр жетістіктерімен шебер ұштастырып,  соның
асыл жемісінен эстетикалық қуат  алды,  биік  творчестволық  мұратты   өзіне
мақсат етіп  қойды. Ежелден көршілес ,  аралас-құралас,  дәмі-тұзы,  достығы
жарасқан  ұлы орыс  әдебиетінің  гуманизмі,  демократтық  озық  тенденциясы,
романтикалы,  сыншыл  реализмі  оған  бағыт-бағдар  сілтеді.   Көркемөнердің
классикалық үлгілерін осылайша сусындаған  М.Әуезов  20-жылдардың  өзінде-ақ
халық көңіліне ұнамды, әрі етене  жақын, қызықты да  дара  стиль  тапты.  Ал
реализмнің өзі де сол оңтайлы  әдеби  әдеби  нормадан,  икемді  айла,  амал,
тәсілдерден құралатыны түсінікті.
      Творчество балаңдығынан, жалаң еліктеу дәуірінен өтпей,  бірден  үлкен
әдебиет  деңгейінің  күшті  қайраткерлеріңдей   боп,   кәдімгі   қалыптасқан
суреткерлік қуатта, үздік  шеберлік  тәсілінде  жазған  М.Әуезов  20-жылдары
қазақ совет әдебиетінің көркемдік жағынан өрге басуына зор ықпал жасады.  Ол
тапқан,  ол  дамытқан  әдеби  әдістер  мен  бейнелеу  амалдары,   қиындықпен
қиысқан шындық өмір суреттері, шешендікпен  өрілген  ой  қазыналары  кейінге
жас  қаламгер  буынға  өнеге  болды.  Ол  мазмұн  мен   түрдің   бөлінбейтін
көркекмдік астасуларын әрдайым берік қадағалап, оны ерекше  сәулетпен   іске
асырып отырды.Өзі айтқандай  әрқашан терең  лирикалық  сазға  мейілінше  бой
ұратын жазушының ертеректегі шығармаларының өзінен де осынау жарық  дүниенің
әр алуан бояуға, әр алуан сырға толы,  керемет  қым-ғуыт  өмірін  сезінесін.
Шабытты,  жарқын  ойының   нұрлы  қуатын  ұлттық  қасиетке  толы,   көрікті,
шыныққан, шыншыл шығармалар тудыруға жұмсаған  Мұхтардың  осы  дара  таланты
мен шеберлігі  оның  «  Қараш-қараш  оқиғасы»,  «Көксерек»  повестерінен  де
мүдіріссіз аңғарылады. Астық,  ынтазар  ықыластан,  өте   нәзік  суреткерлік
таланттан туған  бұл  шығармалардың  оқиғасы  дұрыс  сұрыпталған,  көркемдік
формасы ақаусыз табылған, тілі келіскен, аяқталған тұтас  көркем  қасиетімен
сүйсінтеді. 20-жылдардағы М.Әуезов қалың  оқушы жүрегіне  осы  ерекшелігімен
танылды.
      Әдебиет   әлеміндегі   небір   ұлылық   пен   жасампаздықтың   баршасы
творчестволық арманнан туғаны  рас  болса,  бүгінгі  әбден  марқайған  қазақ
совет  әдебиетінің   де  өзінің   алғашқы  өркендеу    барысында    сандаған
қаламгерлері қолдауынан, олардың  асыл мұрат, биік мақсат бірлігінен,  түрлі
ізденістер мен тәжірибелердің тоғысып,  бір арнаға құйылуынан  нәр,   қуатты
күш  алғанын  тағы  да  атап,  еске  саламыз.  Мұхтар  Әуезов  қанша  көркем
жазғанымен де әдебиетіміздің сол туу, қалыптасу  шағында  көптің  бірі  ғана
болды.   Осы  тарихи  кезеңде  алғы  буынның  қатарында  жүріп,   творчество
саласында қисапсыз көп еңбек сіңірді. Жан-жақты  біоім,  шарқ  ұрған  шабыт,
биік талғам,  өзгеше шеберлік оны жұрт құрметіне бөледі. Жазушы  сонау  1921
жылғы  «Қорғансыздың күні» мен  1929  жылғы  «Көксеректің»  аралығындағы  аз
ғана уақыт ішінде әдебиет пен өнер – білім  тақырыбында  оннан  аса  мақала,
ірілі-уақты он сегіз әңгіме, үш пьеса, үш повесть жазды.
      «Қарақ-қараш оқиғасы», «Көксерек» повестері  жазылғанға  дейін  жазушы
қаламынан  туған  ірілі-  уақты   көркем  дүниелердің  өзі   Мұхтардың   ірі
суреткерлік  тұлғасын  айырықша  танытты.  Оның  қорғансыз,  жапа    шеккен,
қаналаған,  қазаға   ұшыраған   қарапайым   адамдарды    суреттеген   немесе
махаббат, мораль мәселелерін  толғаған, ауылдағы  және   қаладағы  қыздарды,
оқыған  жігіттерді  әр  қырынан  көрсеткен,  болмаса  туған  жер  табиғатына
арналған шығармаларынан сезілетін зор жаңалық –  мазмұн  мен   түрдің  шебер
ұштасуы,  қазақтың  сөз  өнерінің  бар  қуатында  қолданылуы,  психологиялық
дәлелдемелердің  күштілігі.  Былайша  айтқанда,   Мұхтар   көркем   прозаның
психологиялық жағы басым келген ең кестелі  де  шынайы  үлгісіне  еркін  жол
салғандай. Әр   әңгімесі  мен  новелласынан  жоғарыда  автордың  өзі  айтқан
Толстой, Тургенев, Чехов, Горький  дәстүріндегідей  асқан   реалистік  кемел
сезіліп отырады.
      М.  Әуезовтің  жазуға  әбден  құлшына,  ширыға  кіріскен  әрі   мінсіз
төселген, өмір құбылыстарының ең бір қалтарыста жатқан  сырларын  ашып,  кең
эпикалық өріске құлаш сермеген шағы ендігі  жерде  повесть  жанрынан  көріне
бастайды. Бұл тұста оның қаламгерлік  өнері  атақты  ағылшын  жазушысы  Джек
Лондон сияқты  қақырдың қылықтары  мен  «психологиясын»  зор    білгірлікпен
жазған «Көксерек» повесін көрінеді.
      1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналының 2,  3-сандарында  басылған,  тосын
тақырыпты,  өзгеше  бітімді  бұл  шығарма  тек  ересектер  үшін  ғана  емес,
жасөспірімдерге  зор  базарлық  саналды.  Құрмаш  дейтін  баланың   асыранды
бөлтірігі жонданып, сызданып, өсе  келе  өзі  тектес   жыртқыштардың  тобына
қосылғаны, иесін жазым еткені баяндалады. Жүйрік ат,  жақсы  ит,  қыран  құс
ұстауды машық еткен қазақтың аңшылық  кәсіптерінен  туған  әңгімелер  тобына
жататын бұл туындыда автор мал өсірген  елдің  қысы-жазы  қасқырдан  көретін
кесапатын, жыртқыш аюанаттардың  алыс  мекен  тұрақтарын  шебер  суреттейді.
Оқиға сұлу  табиғат  төрінде,  жылдың  төрт  мезгіл  шағында  жүріп  жатады.
Жыртқаш аңдар ішінде осы  есті,  пәлелі  қасқырдың  серік  іздеудегі,  тамақ
аулаудағы қулық, сұрқиялық әрекеттерін, оның  керемет  қанкөздігін  соншалық
білгірлікпен, шегіне жеткізіп суреттейді. Жазушы аңға да, табиғатқа  да  тіл
бітіргендей көркем өрнектер салады.
      Үлкен-кішінің бәріне ұнайтын «Көксерек» әлгі бастапқы басылымынан  соң
талай рет жарық көрді. 1936 жылы «Қараш-Қараш»  жинағына  кірді.  1957  жылы
«Пионер» журналының 9-санында басылды.  1960  жылы  жазушының  «Қараш-Қараш»
деген атпен қайта шыққан көлемді жинағына еніп, 1962 жылы  «Көксерек»  деген
атпен өз алдына кітап болып шықты. 1960 жылы Алексей Пантилиев оны  автордың
тікелей көмегімен  орысшаға аударды, бірнеше  рет  одақ  көлеміне  таратады.
Сондай-ақ, 1962 жылы өзбек тіліне аударылып, кітап болып шықты.
      Революциядан   бұрынғы   өмірінің  сан  қилы  саласын  үнемі  прозаның
новелла, әңгіме тәрізді ықшам саласында   көбірек   бейнелеп  келген  жазушы
енді повесть сияқты ірі жанрға ойысқанда халықтың немесе оның жеке  өкілінің
таптық тартыстарын көрсетуге күш салады.
      20-жылдардағы  М.Әуезов  творчествосын  барлағанда  оның   социалистік
реализм әдісін әлі де жете меңгере  қоймаған  кезін,  романтикалы   сарынмен
сабақтасқан сыншылдық реализм бағытын ұстанған шағын есате тұту керек.  Өмір
құбылыстарын революциялық  күрес  жолына  қарай  мезгей  жазу  ол  тудырған,
көркемдігі жоғары  шығармалардың  өзінен  сезілмеуі  содан.  Бірақ,  қазіргі
кезекте қарастырылатын  «Қараш-Қараш  оқиғасы»  повесінен  қанаушы  тап  пен
бұқараның арасындағы тамыры терең қайшылық шебер  ашылған.  Бұл  –  стихиялы
түрде болса да,  халықтың  жеке  өкілінің  күшті  қарсылығын,  психологиялық
сезімге,  мықты  ерлікке  толы  образын  шексіз  танытатын  аса  бір  шынайы
классикалық шығарма.
      Жас қазақ прозасындағы  туу, қалыптасуға бет алу шағында айырықша роль
атқарған   «Қараш-Қараш   оқиғасы»   повесі   Мұхтар   Әуезовтің   Ленинград
университетіндегі  славян-орыс  бөлімінде   оқып  жүрген  кезінде   жазылды.
Шығарма 1927 жылдың аяғында  («Жаңа  мектеп»),  №  11-12  және  1928  жылдың
басында («Жаңа мектеп», № 1,2-3,4-5) тұңғыш рет жарық көрді. Одан  соң  1936
жылы әңгімелер жинағына кірді. Содан жиырма үш  жыл  үзілістен  кейін  автор
аталған туындысының идеялық-көркемдік дәрежесін одан  әрі  көтеріп,  жанрлық
ерекшелігін  едәуір  шыңдай  түсті.  Сөйтіп  бұл  нұсқа  1959   жылы   жазда
«Социалистік Қазақстан» газетіне  (23-30  авнуст,  1-3  сентябрь)  ұсынылды.
1960 жылы «Қараш-Қараш» деген атпен шыққан көлемді жинағы  осы  шығармасымен
және ашылды.
      Ал повестің басқа тілдерге аударылып, басылуына келсек, ол әр  кезеңде
әр алуан атпен шығып отырды. Ең алғаш оның бірер тарауы отызыншы   жылдардың
орта шенінде жазушы  Н.Ановтың  көмегімен  орысшаға   аударылды.  1935  жылы
А.Гамовтың әдеби өңдеуімен бұл аударма «Литературный  Казахстан»  журналында
 (№5-6) «Расплата» деген атпен жарияланды. Бұдан кейін  шығарманы  автордлың
1959  жылғы  түзеген  нұсқасы  бойынша   Алексей  Пантилиев  орысшаға  түгел
аударды. Ол «Выстрел на перевале» («Асуда  атылған  оқ»)  деген  атпен  1961
жылы 27 июнде «Литературная газетада» үзіндісі «Дружба  народов»  журналында
(№7) «Хараш-Хараш» деген атпен тұтастай басылды. Кейін осы  аударма  бойынша
«Қараш-Қараш оқиғасы» орысша екі рет («Выстрел на перевале»,  москва,  1962;
Алма-Ата, 1964) жеке кітап болып шықты.
      «Қараш-Қараш оқиғасы»  сонымен  қатар  Отанымыздың  басқа  да  туысқан
халықтары тіліне және шет тіліне де  аударылды.  Мәселен,  И.  Қошқартаевтың
аударыуымен өзбек  тілінде  («Қараш-Қараш»,  Ташкент,  1962),  И.  Стонустың
аударуымен литва тілінде («Выстрел на перевале», Вильнюс, 1963.) жеке  кітап
болып шықты. «Месть Бактыгула» («Бақтығұл  кегі»)деген  атпен   алғаш  шеьел
тіліне  аударылған  французша  нұсқасы  (Москва,  журнал,  «произведения   и
мнения» на французком языке, 1961,  №9)  қазақ  жазушысының  даңқын  шырқата
түсті. Атақты «Абай жолы» эпопеясының томдарымен 1958-1960 жылдарда  танысып
үлгерген және М.Әуезовтің суреткерлік құдіретіне  шексіз  сүйсінген  Франция
оқырмандары  повестің  Октябрь  төңкерісі  алдындағы  қазақ  өмірінің  қатал
шындығын бейнелеген көркмдік дәрежесіне тағы да  қайран  қалысты.  «Юманите»
газетіне осы шығарма қақында мақала жазған жазушы Андре Стиль:
      «Бұл шығарма өткен өмір жайын айна өатесіз, әрі мейілінше әсерлі  баян
етеді... Осынау қарапайым оқиғаның  аясында ақ отаудай шыңдарын қар  басқан,
асқар таулар мен шалқар дала да, дүлдүл жүйріктер мен  тулап  аққан  өзендер
де, жаралы халықтың табиғи ақылдылығы мен ірілігі,  қайраты  да  бар.  Тіпті
осы стилінің айқындығымен, ара-тұр сөз ормадарымен Гомерді еске түсіреді.  »
- деге болатын.
      Қазіргі  кезде «Выстрел на перевале» деген атпен  басқа  да  шет  жұрт
тілдеріне, атап айтқанда неміс және араб тілдеріне аударылды.  Сөйтіп  қазақ
халқының революциядан  бұрынғы  өмір  тіршілігінен,  сол  кездегі  әлді  мен
әлсіздің, тоқшылық пен жоқшылықтың  өзара  келіспейтін,  тынымсыз  қақтығыс-
қайшылығынан ғажап көркемдік  кемелмен  сыр  шертетін  бұл  повесть  бүгінгі
капитализм бұғауында иеленген елдер оқушыларына осылайша біртіндеп жетті.
      «Қараш-Қараш оқиғасы» уақыттың, тап тартыстың қиын  кезінде,  жазылды.
Оның  өзекті   материалы  өмірде  нақты  болған  фактіден  алынды.   Белгілі
мемлекет қайраткері – Тұрардың әкесі Рысқұлдың  қар  басқан  Талғар  тауының
Қараш-Қараш деп аталатын бір биік асуында бұғынып  жатып,  өзінің  ата  жауы
Саймасай болсыты  атып өлтіргені, сол кезде он  жастан  ғана  асқан  Тұрарды
қасына алып, Алматы  абақтысында  жатқаны  осы  шығарманың  жазылуына  басты
себеп болғаны жұртқа мәлім.  Бірақ,  автор  бұл  кесек  еңбегін  ел  жағасын
ұстатқан сол оқиғаның сырт көшірмесі  етіп  шығармай,  оны  нағыз  көркемдік
образдың мінсіз соғылған жиынтығы, қорытындысы етіп бейнелейді.
      Бұл шақта әдебие те тап тартыстың майданында араласып, қызу ат салысып
жатқан  кезі  еді.  Оның  ішінде  Мұхтардың  «Қараш-Қараш   оиғасы»   сияқты
реалистік  шығармалары  да  елеулі  роль  атқарды.   Ескі   қоғамның   қатал
ғұрыптарын, революция тегеурініне төзе  алмай,  қурап  бара  жатқан  өрескел
кеселдерін  шенеді,  сынады.  Көркемдік  үлгімен  көрсетті.  Өмір   шындығын
сыншылдық-реалистік тұрғыда бейнелеу 20-жылдардағы  М.Әуезов  шығармаларының
нақты идеялық  бағыты  болғанын  атап  өткенбіз.  Күні,  болашағы  жоқ  ескі
дүниені жеріне жеткізе әшкерлеп, мінеп,  сынаудың  өзі  де  ол  кезде  үлкен
жетістік болды. Және ол совет өкіметін нығайту шағында зор  пайда  келтірді.
Мұхтар  «Қараш-Қараш  оқиғасы»  повесін  жазу  үстінде  де   романтизм   мен
реализмнің  сол  уақыттағы  тарихи  -  әлеуметтік  жағдайға  қолайлы  тиген,
ұштасқан дәстүрлерін пайдаланды. Бұл  ретте  оған  М.Горькийдің  ертеректегі
шығармалары елеулі әсер етті. Мұны дәлелдеу  үшін  М.Әуезовтің:  «Горькийдің
образдық – сюжеттік  желілерінің  ішінен  «Челакаш»  повесі  менің   «Қараш-
Қараш» повесімнің қаһарманы Бақтығұлдың әлеуметтік  ортасы  мен   характерін
суреттеуіме зор әсерін тигізгенін өзімнің  творчестволық  тәжірибемнен  анық
білемін» деген сөзін еске алу орынды.
      Батыс Еуропа мен ұлы орыс классиктерін  көп  оқып,  әдебиет  сахнасына
бірден  зор  дайындықпен  шыққан   өзгеше   талант   иесінің   20-жылдардағы
шығармаларына байланысты  мынадай  бір  қызықты  фактіге  де  көңғіл  аудара
кетейік. «Абай» эпопеясының соңғы  кітабын  орысшаға  аударумен  шұғылданған
Николай Ановпен сөйлескенде, ол : «сізге Анатоль Франс ұнаса, маған  Бальзак
ұнайды» деп әзілдеген еді. Ал, француздың ХІХ ғасырдағы осы ең ірі  жазушысы
бальзакты К.Мркс: «Шындық қатынасты үздік  терең  түсіне  білген  адам»  деп
санаған-да. Демек М. Әуезовтің Батыс  Европа  жазушыларынан  Бальзакты,  ұлы
орыс жазушыларынан Гогольді сүйіп оқуды да оның өзгеше  сипатты  сұңғылалығы
мен кемеңгерлігінің  бір қыры болса керек.
      Жазушының дәл жиырма жасында  жазылған  және  елу  жылға  тақау  уақыт
сахнадан түспей келе жатқан «Еңлік-Кебетің» аса  жоғары  сапалы  романтикалы
трагедия  дәрежесіне  көтерілуі  немесе  атақты  «Қарагөз»   трагедиясындағы
Қарагөздің «Гамлеттегі» Офелиядан артық болмаса, кем соқпауы адамды  еріксіз
таңырқататын  ғажап  құьылыстар  емес  пе.   Мұхтардың   европада   Бальзак,
шекспир, Флобер, Диккенс,  орыста  Пушкин,  Л.Толстой,  Тургенев,  Гончаров,
Гоголь тәрізді бүкіл әлемге аты мәшһүр болған ұлы реалистер  творчествосымен
аса жақын танысуы Ленинград университетінен бұрын да болды.  Әрине,  болашақ
суреткердің  мұндағы  словян-орыс   бөлімін   таңдауы,   онда   оқып   жүріп
академиктер – В.В. Бартольд, А.Н. Самойлович, С.Е. Малов сықылды  ірі  шығыс
зерттеушілердің  лекцияларын  тыңдауы  М.  Әуезовты  физиология  мен   шығыс
тарихына кенелтті.  Славян-орыс  бөлімі  орыс  тілін  Мұхтардың  екінші  ана
тіліне  айналдырды.  Ғажап,  алғыр,  зерек  жасты   лингвистикаға,   әдебиет
теориясына жетілдірді. Осылайша  толысып,  қаламгерлік  парасаты  кең  ашыла
түскен,  жазушылық  өнерпаздығы  бірқыдыру   төселген   сәтте   «Қараш-Қараш
оқиғасының» өрнегі қаланды.
      Әлі балаң көркем әдебиетімізде реализм  мен  романтизм  элементтерінің
аралас өмір сүргенін осы «Қараш-Қараш оқиғасы» повесінен де  айқын  көреміз.
Бұл  әдеби  дәстүрді  асқантворчестволықпен  қолданған  Мұхтар  революциадан
бұрынғы дала тіршілігінің  ең бір қатал шындығын алып, оны  ұлттық  қасиетке
тән деп, өзіндік сайма-сай көркемдік дәрежеде, аса шеберлікпен жазып  шықты.
Ол бұл шығармасында да шабыт шұғыласын төктің. Өмірдің екі  жақты  бейнесін:
бір жағы –  мыңқыған  дәулет,  өктем  жуандық,  үздіксіз  барымта,  ұрлықпен
баюшылық, түрлі қулық –сұмдық пен зұлымдыққа бейім тұрушылық; екінші жағы  –
үстем таптың құлдығынан, қанауынан туған кедейлік, еріксіз ит күнін  кешуге,
ауыр тұрмыс шарасыздығына ұрынушылық, қапеліме де пәлеге  ұшырап,  өкінішпен
жаза шегішілік сияқты  сахара  тіршілігін  автор  терең  тамырымен  қопарып,
жазушылықұ ерен талантпен суреттеді.
      Әрине, 20-жылдардың аяққы шенінде жалпы негізгі нұсқасы  қаланған  бұл
шығармаға автордың кейін тағы да оралып,  оның  көркемдік  қуатын  одан  әрі
жетілдіргені аздап тоқтала кететін жай. Жұртқа белгілі жазушы өзінің  ертеде
жазған көптеген әңгімелерін, «Еңлек-Кебек», «Қарагөз»  сияқты  трагедияларын
көркемдік електеп өткізуге елуінші  жылдары  қайталап  соқты.  «Қараш-Қараш»
оқиғасы  да  осындай  күй  кешті.  Туған  баласындай  қымбат  саналатын   әр
шығармасына қарайлап  соғып,  қайта-қайта  шыңдай  беру  әлемге  аты  әйгілі
жазушылардың бәрінің де творчестволық тәжірибесінде жиі кездескен   құбылыс.
Мәселен, Оноре де Бальзак өлер алдында  өзін  емдеген  дәрігерден:  «  маған
енді алты күн бересіз бе: Алты күн бұл көп емес қой... мен өзімнің  елі  том
шығармамды тездете қарап шығар едім...  Оның  нашар  беттерін  жұлып  тастар
едім.  Жақсысына  жаңа  ажар  берере  едім.  Адамның  жігері  дүние  ғажапты
тудырады.  Мен өзім жасаған сол бір дүниеге  алты  күн  ішінде  мәңгі  өлмес
өмір берер едім» деген жоқ па.
      «Қараш-Қараш оқиғасының» 1927 жылы  «Жаңа  мектеп»  журналына  шыққан,
сондай-ақ 1936 жылы және 1960 жылы жинақтарға енген  басылымдарын  салыстыра
отырып байқағанда, М.Әуезов еңбегінің бейнеті де анық сезіледі.  Ең  алғашқы
журналда  жарияланған  нұсқасы  мен  1936  жылғы  нұсқасының  арасында   көп
айырма болмағанымен, өзгерген немесе қысқарған  жеке сөздер , сөйлемдер  жиі
ұшырасып отырады.
      Повестің ең мықты өңдеуге  ұшырауы,көркемдік  және  идеялық  сапасының
барынша артып, жандана түсуі,  1959-1960  жылдардағы  басылымнан  байқалады.
Жанр ерекшелігін, сюжет өмірін қатты ескерген автор  бұрынғы  жеті  тараудан
тұратын шығармасының беташары етіп,  тыңнан  толық  бір  жаңа  тарау  қосты.
Алғашқы  нұсқада  бала-шағасын  асырап,  жан  сақтау   үшін   дамылсыз   түн
мезгілінде жылқы алу жорығына шығатын, көбіне  із  жасыруды  ойлап,алысмтағы
малды ауылдарды торитын Бақтығұл  нағыз  ұры  болып  суреттелетін.  Повестің
1927 жылғы  жариялануында  болсын,  бұлардағы  бірінші  тарауда  Бақтығұлдың
күзгі жауынды, суық лайсаң  түнде Торайғыр, Мерке сияқты алыс  жерді  көздеп
шыққаны, әйтеуір жылқы  алып,  артындағы  аш-жалаңаш,жаураған  үйіне  орайлы
олжа түсірем дегеннен өзге  қаперінде  түк  болмайтын.  Ал  жаңадан  жазылып
қосылған  алғы тарауда Бақтығұл бейнесі бірден басқаша болып ашылады.  Мұнда
Қозыбақтай жуан ауылдың сотқар байы – Сәлменнен жазықсыз  соққы  жеп,  күзгі
суыққа қуылған,сол кеселден төсек тартып, науқасқа шалдыққан  Тектіғұл  бар.
Бұл-бұрынғы басылымдарда кездеспеген тың кейіпкер.
      Согдай-ақ  осы ақырғы жөндеуде Тектіғұлдан  өзге  де  тың  кейіпкерлер
(Сәлмен, Асан, Афанасий Федотыч)қосылды. Бақтығұлдың  бұрынғы  «қара  қатын»
деп аталып отыратын әйеліне Қатша, Сәлемннің қорқақ,  момын  малайына  Қоқай
деген ат берілді. Шегеті руының ішіндегі қалман ауылы –  Бүрген  болысындағы
Ораз ауылы бп өзгерді. Торайғыр, Мерке сияқты аз айтылатын кейбір  жер,  су,
жайлау аттары сызылып тасталды.
      Автор бұрынғы нұсқаның көп тарауларына  бюатыл  түрде  қалам  тигізіп,
бұрын өз бетінше жылқы алуды кәсіп  еткен,  соңғы  бір  ұрлықта  жоқшылардың
тапқан айыбынан құтылу үшін шалқар болысы  –  жарасбайға  жағынып,  үздіксіз
барымтаға  қатысатын,  осы  мықты   ауылдың   жорықшы,   жортушысы   атанған
Бақтығұлдың образын өзгеше бейнеге келтірді.  Елдің  адал  ақы  малын  алып,
қан қақсатып кететін Бақтығұлдың жүрегіне соңғы жөндеуде кек сезімін  құйып,
оны  таптық  тартысқа  қарай  икемді.Мұны  дәлелдеу  үшін  мынадай  мысалдар
келтірейік.
      1936 жылғы жинақта:
« - Күздің ұзақ түні мынау. Қазіргі алған малмен соқтырып жүріп кетсем,  таң
атқанша қайда бармаймын? Ізімді жауын шаяды. Шыққаныма  екі  күн  болса  да,
күннің лайсаңы жібермей қойды. Ілгері басуға өзім де  жаурап,  жайым  бітті.
Атым да мына суда, мына тау ішінің  тайғағында  өндіріс  жүріс  жүре  алатын
емес. Түк алмай қайтпақпын ба, қаңғырып жүріп  нәр  сызбай  өлмекпін  бе?  –
деп, маңайына шашақталған ұры көзбен айнала қарап алды» (5-бет)
      1960 жылғы жинақта:
      « - Күздің ұзақ түні мынау. Қазір алған малмен соқтырып кетсем, таң
атқанша ұзап кетем. Осы жауын ізімді де шаяды. Түк алмай қайтпақпын
ба?Қаңғырып жүріп, қадалған жерден нәр сызбай кеткенім бе? -  деді.
      Түн баласында  малмен араласа жүрген машықты көзбен маңайды  тағы  бір
шола қарады.»
      Көріп отырмыз, 1936 жылғы нұсқада Бақтығұл  жылқы ұрлау үшін  екі  күн
алысқа сапар шексе, соңғы нұсқада ол кектеніп аттанған, әдейі қадалған  жері
– Сәлменнің жылқысына қол салады.  Сондай-ақ,  недеуір  ықшамдалып,  барынша
айқынданып, көріктеніп шыққан соңғы абхацта  бұрынғы  «Ұры  көзбен»  дегенді
енді «машықты көбен» деген  сөзбен  ауыстырғаны  автордың  бақтығұл  образын
оңалта түскенін аңғартады.
      Тағы да мысалдар. 1936 жылғы жинақта:
      « - Бұл жауын қашан біткенін қайдам  білмекпін.  Жауын  бітпесе  иттей
қатып, өстіп сүмеңдеп бермекпін бе? – деп әр нәрсені еске алып,  аз  бөгелді
де аяғында:
      - Жоқ. Болды. Енді мыжыма. Қайда барсаң да саған қолынан  мал  беретін
кісі жоқ. Әкеңнің дайындаға малы жоқ, осы  да  жетеді.  Дөң  жайлау.  Аламын
осыдан – деп, бозды тебініп  қалып,  оң  жағындағы   бетке  қарай  қапталдап
өрлей бастады.»
      1960 жинақта;
      «- Бұл жауынның  қашан бітетінін  қайдан  білейін.  Ол  бітпесе  иттей
қатып, осылай сүмеңдей бермекпін  бе?  –  деп,  әр  нәрсені  еске  алып,  аз
бөгелді де аяғында: - Сәлменнің өз  жылқысы  болмай,  Қозыбақтың  басқа  бір
ауылының жылқысы болса да, аламын осыдан. Қозыбақтың  бәрінің  де  жылқысыны
баққанмын. Бар Қозықбақ түгел менің қанды  мойын  құнікерім!  –  деп,  бозды
тебініп қалып, оң жағындағы бетке қарай қапталдап өрлей бастады» (9 бет)
      1936 жылғы жинақта:
      «Басында үйден аттанғанда ойдағысы  жалғыз  Сәлмен  жылқысы  еді.  «Ең
болмаса Сәтті қолға берсе»- деп еді. Енді жол  қиындығы,  күзгі  түн  суығы,
аштықпен бұралу -  бәрі жиналып келіп, өзге Қозхыбақтың жылқысына  болса  да
тиісуге жетектеді.» (9 бет).
      1936 жылғы жинақта:
      «Көп  шабылған  сырқынды,  сақ  ұры,  қой  торыған  бөрідей   жұтынып,
қомданып, ширап алды»
      1960 жылғы жинақта:
      «Жасынан  өздігінен  мұндай  жүрісті  кәсіп  етпесе  де,   «Жортуылшы,
жорықшы» - деп аттандырып, Қозыбақ ауылы мұны жылқыдан басқа  түнгі  жүріске
көп жұмсаған»
      Бұл келтірілген салыстырулардан Бақтұғыл  образының   қандай  дәрежеге
көтерілгендігін, оның бойына қандай  таптық  сана,  көркемдік,  типтің  сапа
құйылғандығын көрі қиын емес.
      Повестің бастапқы басылымдарының  өзі  де  тақырыбының  шыншылдығымен,
шығамашылық  әсерлігімен  уағында  оқушысын  ерекше  баураған  болатын.  Қыр
өмірінің  революцияға  дейінгі  ескі  тіршілігі  –   байлық   пен   кедейлік
арасындағы теңсіздік, әлді мен  әлсіз  арасындағы  тартыс,  зорлық-зомбылық,
кедейдің шеккен қорлығы, екі жақтың тайталасы тәуір-ақ берілген  еді.  Солай
бола тұрса да, жалпы шығарма тағдырына, әсіресе ондағы адам  образдарына  еш
уақытта  селсоқ,  жайбарақат  қарамайтын  жазушы   «Қараш-Қараш   оқиғасына»
әдейілеп,  қайта  айналып  соққан.  Ертеректе  жазылған  әңгіме  повестердің
тәуір үлгісіне жататын, реализмі басым бұл күрделі туындысының  кейбір  кем-
кетігін көргендікпен байқап, оларды ойдағыдай жөндеп  шыққан.  Оқиғаның  кей
тарауындағы  артық  саналғандарын  аяусыз  сылып,   оған   лайықты,   ұтымды
эпизодтар берген,кейде тіпті тыңнан қосқан.  Өмірі  сырын,  адам  характерін
тереңдетіп аша түсетін соны баяндаулар, әсем суреттеулер,  ойлы  тұжырымдар,
тың мінездемелер, жаңа диологтар  дарытқан.  Сондай-ақ,  орайсыз  де  тапқан
кейбір  жеке  сөз,  сөйлемдер  қайта  реакцияланып,  образды  бейнелер   мен
теңеулер молыққан. Бүкіл  шығарманың  әуелгі  көркіне  тағы  да  көркм  бояу
салған.  Мұның  баршасы  повестің  ерекше  тынысын  кеңейтіп,  идеялық  және
көркемдік дәрежесін арттырған. Сөйтіп  шығарма  бұрынғысынан  де   мәнденіп,
ажарланып, шыныға түскен
      Жазушылық қызметінің әрбір қадамына  үнемі  осылайша  жауапкершілікпен
қараған  Мұхтардың  «Қараш-Қараш  оқиғасын»  қайтадан  өңдеу  үстіндегі  бұл
орасан қызметі әсіресе бүгінгі жас қаламгерлерге ұлкен үлгі болардай.
      Мұхтар Әуезовтың оқиғаны ең мәнді, шұғыл жерінен-ең ауыр, не ең  нәзік
сәтінен  бастап,  содан  әрі  қарай  оқушысын  билеп,  қалқытсыз   сендіріп,
бұтақтатып, өрбітіп  әкете  беретін,  баяндағыштық  және  суреткерлік  өнері
мұнда да ерен қуатымен көрінеді.
      « - Қайран Тектім-ай... Алпамсадай арысым едің... Қаңбақтай  жеп-жеңіл
боп қаңсап қалғансың-ау. Қолыма салмағын  білінсеші  ,-  деп,  ауру  жігітті
қолына көтерген ағасы енді төсекті жайғап салған әйелі Қатшаның қасына  алып
келді ».
      Бірден ағаның қатты  тебіреніп  күйінген,  сырқта  тепкен  осы  шыншыл
сөздерінде және автордың өзінің  жанама  баяндауында  қаншалықты  сезім  мен
күй, қаншалықты  нанымды  картина,  аянышты  хал  жатыр.  Үйде  оқушыға  әлі
белгісіз жан азабын тартқан, ағаға тірек, алпамсадай бір аурулы ересек  кісі
бар екен. Оның әбден арыған, құр сүлдер сүйегін көзіне жас  алғандай  болып,
үн қатып, туған ағасы Бақтұғыл көтерді. Жеңгенің қолдан келер бар  жақсылығы
– оған жайлы төсек салу, сусын беру.
      Осы бір ғана шағын диолог пен соңғы автор баяндауында бұл үйдің басына
төнген ауыр қайғы, қас-қабақ білінеді. Туган інісінің әлгі әлсіз  жағдайына,
өз  жүрегінің  күйініш  сезімін  жаңағыдай,  лықып  шыққан  сөзбен  тебірене
жеткізіп, ауру жанды зор қайратпен ұқыптап, жеп-жеңіл  көтеріп  тұрған  асыл
ағаның  бейнесі  көз  алдыңа  келеді.  «Қараш-Қараш  оқиғасында»  ең   басты
кейіпкер – Бақтығұл образы осылайша бірден толымды боп көріне бастайды.
      Көркем  әдебиетте  адам   образы   әр   алуан   хал-харекет:   қуаныш,
сүйініш,күйініш үстінде, тартыс, қақтығыс, іс-әрекет үстінде ашылады  десек,
бұл повестің осы жаңадан қосылған  бірінші  тарауының  өзінде  өмірдің  ауыр
күйі, адам қасіреті айта қалғандай боп берілген. Бақтығұл інісі  Тектіғұлдың
қатты демігіп, өңі қуарып, әлсіреп  қалған  жағдайын  жаңағыдай  аза  тұтса,
жеңгесі Қатша да қайнысын  ұққандай    сезім  білдіріп,  бас  изеп,  шерлене
күрсініп алады. Ағасы мен жеңгесінің көз алдында ауру  жігіт  ыңырап,  күйік
құсасын сыртқа шығарады:
      « - Кескен  теректей құлатты ғой мені. Қу жоқшылық бір құлатты.  Аямас
дұспанның  соққы   жазасы  әпкетті  міне  –  бар  дәрменім...  Нем  қалды?..
Тектіғұл ініңнің орнына кімің қалды  сенің?  »  -  деп,  баяғы   ер  қайраты
мүлдем   кеміген,   дерті   асқынған    жігіт    жыламсырап    үн    береді.
«Кегім...кегім... кетті....» дейді.
      Ертеде ел ішіндегі қалың сүзектен әке-шешесі қаза болып, жастай  жетім
қалған ағалы-інілі  екеу  табандатқан  жиырма  жыл  бойы  сәлменннің  малайы
болған. Соның ішінде он сегіз жыл жылқы баққан Бақтығұлдың,  талай  жыл  қой
бағып, одан әзер деп биеншілікке, қолы жеткен Тектіғұлдың,  он  жылдай  бойы
есігінде күндік кешкен Қатшаның сезген сырлары, көрген азаптары  көп.  Бұлар
бүкіл Қозыбақ ауылының, ондағы ағайынды әулет  иелері  –  Сәт,  Сәлмендердің
қырғын-жойқын  істерін,  бармытамен  алдырған,  астыртып  байыған   малдарын
біледі. Сәлменнің  әмірімен  қайсыбіреулердің  жылқысын  Бақтығұлдың   талай
барымталап  әкелген,  бай  ауылдың  намысы  үшін  талай  төбелес   шайқасына
қатысқан кездері де болған. Қаншама есепсіз еңбек, ауыр бейнет, бай  үкіміне
үнемі құлшылықпен мойын ұсыну бұл еті тірі,  бірақ  панасыз,  кедей  жандары
ылғи қор етіп келеді. Отызды қусырған, әлі үйленбеген Тектіғұл болса  мынау.
Ол кешікпей өмірмен қош айтпақ. Оның  қасірет  шегіп,  шексіз  арманмен  көз
жұмуы тақау. Бұлардың маңдайына  жазған  қу  жоқшылық,  қайғылы  бақытсыздық
баяғы сол өзгермеген қалпында.
      Сәлмен мен Сәт билеген Қозыбақтың бай, жуан ауылдың кезінде мыңқ етпес
малайы, кедей, епті ұрысы, батыл барымташысы,  кейде  сойыл  сілтеп,  ұрысқа
кіретін мықты, дойыр жігіті –  Бақтығұлдың   енді  кекті  сезімі  оянды.  Ол
інісінің сырқаты үстінде одан сайын тұтанып, кектене түседі.
      Қолшыл, жәбіршіл Сәлменнің есігінен былтыр күзде  ақыры  кетіп  тынған
Бақтығұлда мына әл үстіндегі ауру адамға  жас  сорпа  ғып  беретін  жығылған
Тектіғұл көктем туа жарық дүниеден аттанады.  Автордың   шебер  жазған   осы
тың тарауында аса бір мүшкіл   хал  Бақтығұл  семьясының  басынан  көрінеді.
Бірден аямас өмір қайшылығын, жоқшылық  тұқыртқан  кедей  жандар  тіршілігін
жазушының осылай қалың, астарлы бояумен беруінің мәнісі не, басты  кейіпкер,
бұрынғы  ұры  Бақтығұлдың  образын   жаңа  қырынан  ашу,  оның  өзіндік  ой-
сезімдерінің,  знідік  намыс-санасының  түрлі  иірімдеріне   іргесін  сомдап
қалау. «Қанатым едің, арыстандай арысым едің,  не жазығың бар  еді?  Сен  не
көрмедің? Мен тірі  қалғаншы,  бірге  неге  өлмедім?»  деп,  Бақтығұл  қатты
күйзеліп, қапаланады.
      Мұндайлық ашыну, ақырғы сөз айту ашулы Бақтығұлды тар  шеңберлі  болса
да, ойлаған ойының бір батыл қадамына  итеруі  ықтимал.  Бұған  оқушы  кәміл
сеніп отырады. Сонымен, бұл жаңа тарау оқиғаның  арғы  дамуына  нақты  бағыт
сілтейді. Повестің негізгі тақырып арқауын, идеялық бағытын, авторлың  нақты
позициясын айқынырақ танытады. Ендігі жерде  Бақтығұл  образы  бұрынғы  жеке
бас күйбелеңімен жүретін, айсыз түнде жылқы алып,айыпқа ұшырайтын  жортуылшы
ғана емес, енді оның бұл жолдағы  іс-әрекетінде  жауыз  күшке  деген  елеулі
таптық қарсылық, іштен  қозданған  кек  адылыны  пайда  болады.  Ол  –  дала
төскейінде ұзақ жылдар жылқы баққан, көп жортқан, қысы-жазы  қиыншылықты  да
көп көрегн, пісіп қатқан, қайраты да төзімді кісі. Ерге лайық  намыс  жиған,
әділ  ашуға  басқан   қайсар   адам   боп   тұлғаланады.   Халықтың   ұлттық
қасиеттерінің аса нанымды мінездерін бойына жиған  Бақтығұл  жарлы-жақпайдың
шын өкілі, құлдың пен қаналудың  қара  қамытын  киген  көптің  бірі  ретінде
суреттеледі. Сәлмен бай, жуан  ауылға «менің қанды құныкерім»  деп  аттанды.
Арып-ашып аштай қатқан ұйқысыз батыр үйіне бір семіз боп  биені  әкеп,  алып
соғып жайратады. Бірақ, артынан іле қу,ыншы жетіп,  Сәлмен  бастаған  сотқар
топ оны соққыға жығады. Оған қоса сауып отырған сиырын,  аяқ  артар  көлігін
айдап әкетеді. Абақтыға жапқызбақшы болып, ауыр қастық, пәле салады.
      Оқиғаның бұдан  арғы  өрбуінде  Мұхтардың  ұстанған  тағы  бір  тамаша
шындығы бар. Ол – ещ сауаты жоқ,  әліпті  таяқ  деп  білмейтін  қырдың  қара
дүрсін, алпамса адамының абақтыфдан қоқуы, далбасаға  басуы,  уақытша  болса
да Жарасбайдың көлеңкесін паналап, барынша шатасуы. Мұның өзі  басын  тауға,
тасқа ұрған сорлы  кедейдің шарасыздығынан  туады.  Тіршілігінде  еш  жаудан
сескеніп көрмеген батыл жанның өліп кетуі хақ, ал  бірақ,  абақтыны  құбыжық
санауы, одан сескенуі  кездейсоқ  та  нәрсе  емес.  Бұл  орынды  деталь  қыр
өміріне тән шындық болмыс еді.
      Типтік характерлерді типтік жағдайда,  асқан  нанымды  түрде  бейнелеу
үшін детальдің ролі зор. Совет  әдебиетінің  атасы  М.  Горький  кейіпкердің
типтенген  бейнесін  сан  алуан  іс-әрекеттер  мен  мінездердің  қалыптасқан
жынтығы  саналған.   Сонымен   қатар,   ол   аса   бір   характерлі   таптық
ерекшеліктерді бақылау, салыстыру, сұрыптап,  таңдап  алу  тәсілдерін  жақсы
меңгерген және  сол  ерекшеліктерді  оймен  түйіп,  қиыстырып,  бір  адамның
басына сиғызған  жазушыны  асқан  дарынды  әдебиетші  тұтқан.  Әдеби  образ,
әлеуметтік  тип  осылай  жасалатынын,  және  де  ой  мен  қиял   көркемдікті
туғызатын техниканың аса маңызды амалы екенін ол даналықпен ескерткен.
      Осындай талаптарға толық жауап  беретін  «Қараш-Қараш  оқғасы»  -  сан
түрлі қақтығыстарға толы, тартыс түйіні аса ірі  жатқан  кұрделі,  қат-қабат
шиеленіс- шытырманы мол шығарма. Бұл Бақтығұлдай  ашынған,  шын  кедей,  шын
батыл  адамның  аянышты  өмір  хикаясын  шертеді.  Оқыған   сайын   оқушысын
көркемдік  қуатқа  бөлейді.  Шығармадағы  барған  сайын  өрши  түсетін   кек
Герценнің «Күрес- пенің поэзиям» дейтін белгілі қағидасына дөп келеді.
      1963 жылы «Простор» журналына рецензиясы шыққан Е. Ғабдыровтың  жаңсақ
айтқанындай, бұл  повесть  он  тараудан  емес,  сегіз  тараудан  тұрады.  Әр
тараудың әр оқиғасы шашырамай да шетінемей, мінсіз, жұмыр, сом дүние  жасап,
Бақтығұл төңірегіне сайып отырады. Селтиіп,  бөлек  тұрған  ешбір  детальды,
бөлек кеткен ешбір эпизод немесе жеке оқиғасын көрмейсің. Іштей  астарланып,
жіптесіп, сағымдасып,  егізгі  қаһарманды  ұзақ  есте  тұтқыза,  зор  типтік
дәрежеге көтерген ақаусыз дүние.
      Содыр-сойқандылықты  ашық  жасайтын  Сәт,  Сәлменге,   бүкіл   Қозыбақ
ауылына,  пәлені  түптеп  қазатын,  асқан  армза  пиғылды  Жарасбайға  қарсы
Бақтығұл  заңды  түрде  бас  көтереді.  Қаталы  тағдырдың  ағысымен   малтып
Бақтығұл оның  толқынынан  кейде  батып,  кейде  шығып,   ақырында  қашқынға
пйналды. Алатаудың заңғар биігіне  өрлеген қас тағасына  ұқсап,  қиын  кезбе
өмір кешеді. Жойқын гүріл, сатыр-сұтырмен сайды жаңғыртқан  көк  долы  жайын
су – Талғар  да оған еш бөгет жасай  алмайды. Жүрегін  көк  өртіне  қақтаған
есіл ердің ойға мықтап түйген  бір  ғана  саналы  мақсаты  бар.  Ол  –  енді
ешкімге де табынбай, тақымы қатты батқан ата жауынан өш алу.  Сәт,  Сәлмені,
Жарасбайы  келсін  мейлі,  бәрібір,  өкпеден  атып,  тастай  қатыруға  әзір.
Жоқшылықпен,  жылаулармен   өткен  барлық   ғұмырдағы   батыл   жолды   енді
тапқандай.  Оған өмірдің мына кезіккен тосқауылы, қанжосын өзені  түк  емес.
Ол оны  бойға  еркін  күшпен  аттамақ.  Сөйтіп  ойлағаны  іске  асса,  кекті
мақсатын орындап, қандай құдайдың болса да, қаналған көпке  өнеге  дарытатын
мықты бір бас көтеру еді.
      Сахара тіршілігінде өте сирек ұшырайтын мұндай кесек іске тәуелсіз бел
буған Бақтығұлдың нанымды тұлғасын автор  біртіндеп,  сатылап  өсіреді.   Ол
алғы тарауда соққыға өле жығылған інісі Тектіғұлды ақтап:  «Жанымнан  садаға
кетсін сенің малың. Құлағын ұрайын. Мен де  айтамын  соны»,  -  деп,  Сәлмен
байға тік келеді. Одан жылқы алуға бара  жатып:  «бар  Қозыбақ  түгел  менің
қанды мойын құныкерім!», «Ең  болмаса  Сәтті  қолға  берсе!»  деп  кіжінеді.
Артынан қуғыншы боп жеткен тасыр  мінезді  Сәлменнің  өзіне  де  ол:  «Немді
алмадың: Жанымды да алғансың. Жар деген жалғыз қанатым-  Тектімді  тепкіңмен
өлтірмеп пе едің:»,- деп тап береді. Одан Жарасбайды сағалап, адасып  қалған
мезетінде: «бірінен кетіп, біріне жетіп  ең,  не  таптың?»,-  деп  өзіне-өзі
сауал салады. Өршіген кесел ақыры оны билердің алдына шығарғанда жан  жарасы
қысқан бақтығұл: «Өртеп жеңдер,  бүйтіп  итшілеп  жүрген  тіршіліктің  бұдан
былай маған бес тиынға да керегі де  жоқ...  Бірақ  қоймаларыңды  көрдім!»,-
деп, буынып тұрып, сазарып жүріп кетеді. Ал, ең ақырына таман ол әлгіден  де
гөрі терең ойлана түсіп:  «Тіршілікті   темір  тұзақтың  ішіне  салып,  тірі
шығарамын деп ойлаған жанның  көрген  күні  бар  болсын.  Одан  өлім  артық,
бәрібір бұл да өлім. Ләнет, ләнет болсын бұд күйге, бұл күнге!  »-деп,  азап
өмірге,  заманның  золығына,  тұрпайы   заң-жора,  әдет   ғұрыптарына   үкім
айтады. Қасқырдай тиген дұспандарының бірін өлтіріп, баяғы  құбыжық   көрген
абақтысына жатып, қасына алған баласы Сейітке: «Қалқатайым-ау, оқу оқы.  Ала
қағаздан басыңды алма.  Сені  бірдемеге  жеткізсе,  осы  жеткізеді.  Әйтпесе
көремісің- міне, менің не болғанымды?», «Оқысаң, соның бәрінен сен  артасың.
Маған тигендей, саған  тие  алмайды.  Көзің  ашылады»,  -деп  жол  сілтейді.
Сөйтіп  автор  өзінің  ағартушылық  тиетінен   туған   түйінді   сөзін   бас
кейіпкерінің аузына салады.
      Жаумен жапа-жалғыз  алысқан  арыстандай,   есті  әке  шығарма  соңында
уақытша жаза торына қамалған.  Алда атар  азттық  таңы  бар.  Ол  тым  жақын
сияқты.  Абақты камерасындағы ақылды орыс тұтқыны афанасий Федотыч  та  соны
күтеді.
      Ашылар таңды, босанар күнді арман  шұғыласындай   аңсаған  Бақтығұлдың
оқып, есейіп, басқаша жолмен күресетін  ұрпағы  бар.  Ол-  Афанасий  Федотыч
орысша сөзге, сауатқа баулыған баласы Сейіт. «Оқуға ұғымда, ерекше  талапты,
момын қара бала  болашақ заманның белгісіз бір жарығына  осы  абақты  ішінде
сенген көңілмен күн санап, ер жетіп келе жатыр».
      Романтикалы,  сыншылық үлгіде туған және  ағартушылық  бағыт  ұстанған
бұл ғажап шығарма оқушысының жан жүйесін баурап, үйіріп ала келіп,  осылайша
тамамдалады.















































           Дәріс №11 «Қараш-Қараш оқиғасы»   повесінің  көркемдігі

      Реалистік шығарманың ең басты негізі -  өмір  шындығы,  сол  шындықтың
романтикалы жақтары. Бұл жағынан алып қарағанда  М.  Әуезовтің  «Қараш-қараш
оқиғасы» повесі  айта  қалғандай  екені  жоғарыда  біраз  дәлелденді.  Қазір
туындының көркемдік сапасының тағы басқа қалтарыстарына тоқталып байқайық.
      Шығармадағы  қамтылған  жайлар  революциядан  бұрынғы  дала  тіршілігі
дегенбіз. Автордың ұсынған идеясының түп тамыры сол кездегі   патриархалдық-
феодалдық өмірдің кеселінен, екі таптың қиянкескі тартысынан  шығып  жатқаны
түсінікті. Белинскийдің данышпандық қағидасы бойынша  шығарма  сырт  жағынан
идеяның  мағынасын  іске  асыратыны  даусыз.  Яғни  сыртқы  құбылысты  дұрыс
сипаттау бар да, оның ішкі сырын аша көрсету бар.   Бұл  екеуінің  байланысы
қашан да бірге. Ал, енді осы мазмұн  мен  түр  тұтастығын  М.  Әуезов  берік
сақтай отырып, оны қандай шынайы өнермен жеткізген десеңізші!
      Жазушы алдымен сол азапты өмірдің  өзіндік  атмосферасын  дәл  береді.
Мұнда көкейге  қонымсыз,  шалағай  қалған,  жалған  жатқан  көріністер  жоқ.
Қазақтың жазда жайлауға шығып, мал жаятын, суық  түссе  қиырдағы   қыстауына
барып қыстайтын өмірі, кәсібі, байлығы, кедейлігі, өзара  жаулығы,  тартысы,
халықтың мінезі,  ұлттық рухы келісті де бапты шеберлікпен жөн  табады.  Сол
сыртқы құбылыс пен  ішкі  мазмұнның  бір-бірімен  байланысқан   сырын  ашуда
Мұхтар қолданған  көркемдік  тәсіл  қандай!  Соның  бір  ғана  штрихыретінде
мынадай эпизод төңірегін сөз етелік.
       Сайдағы қыстауына жеткен Бақтығұл  Сәлменнің  бір  боз  биесін  бүгін
жардый қылып, жайратып тастаған еді. Оның асылған семіз, дәмді еті  әлі  өзі
түгіл,  ашыққан  бала-шағасының  аузына  да  тиген  жоқ.  Естияр  ұлы  Сейіт
ұйықтамай «жылы, жарық оттың қасында бұрқылдап қайнап жатқан   жылқының  жас
етінің» иісі сезеді. Әйелі «Қатша етті тез пісірмек боп,  отты  қатты  жағып
асығады. Ерінің шаршағаны асты  тездетуді тілейді. Бірталай уақыт өткен  соң
кішкене қазанның асы да қайнап, пісуге» жақындайды. «Қатша қол  жуатын  жылы
суды шәугімге құйып, қалғып отырған күйеуін» оятады.  Бақтығұл  да  жадырап,
«бас жағында жерде жетқан белдігінен өткір,  ұзын қара пышақты суырып  алып,
сол қолының бармағынмен сүйкеп жүзін» көреді. Өткір пышақ «семіздің  майында
сынатпай дорғалағалы тұр». Солры кедейдің төріне қонған  бар  жақсылық  осы-
ақ. Кенеттен ол әлсіз  шырағданның  отындай  жалп  етіп  сөнеді.  Тыстан  ит
үреді. Тасырлатып жау келеді.  Боз биенің қазандағы  былқыған  етін   кәніг,
бүлік топ астын бір түйірін үй ішіне татырмастан өздері бөліп жеп алады.
      Міне,  осы   эпизодты   талдап   көрсек,   мұның   өзінде   қаншалықты
психологиялық қуат жатыр. Алғашқы маздаған от, былқып  піскен  ет,  ашыққан,
жаураған   үй   ішінің   күтінісі   бір   өзгеше   тыныштық,   тыным   шағын
туғызғанымен, артында не сыры бары белгісіз бұл оқиға  оқушыны  қыл  үстінде
лыпылдатып ұстап отырады. Әкенің өткір  пышағы  семіз  етке  тиер  ме  екен?
Ұзақты күн нәр татпаған бала Сейіт тояр ма екен? Жоқ, олай  болмайды.  Қайта
ата-ана қатты мазаққа ұшырайды, қорлыққа батады.
       Жұпыны үйдің бұл тып тыныш жағдайы бүлінеді. Апыл-ғұпыл ет асаған көп
қасқырдың қылығына Қатша жылап қана қарсылық  білдіреді.  Сейіт  томсырайып,
әке бір шетте лажсыз күйзеліп,  отырып  қалады.  Сан  түрлі  адамдардың  сан
түрлі мінездері мен күй-сезімдерін ашқан бұл эпизод бас кейіпкердің  образын
да ашады. Ол әлгі қорлықтан кейін Сәлменді көсеумен соғады.  Өзі  де  мықтап
жазаланады.
      Кейіпкерді өсіретін, шығармадағы өмірді жандандырып, сыртқы құбылыстың
сырын ашатын ең басты кілт – оқиға, тартыс, мінез қақтығыстырады.  Бұл  жағы
«Қараш-Қараш оқиғасында» жетерлік. Жоқшылық пен бейнеттің  тақсыреттің  жете
тартқан, сол үшін жазықты болған, және  де  санасы  әлі  кемтар,  қарапайым,
бірақ мойымайтын, ер пішінді.  Бақтығұлдың  кінәсіздігі  Жарасбайдың  билері
алдында жақсы көрінеді.
      «Бақтығұл күйіп кеткендей болды. Мал-Жарасбай, Сәрсеннің  екеуі  бөліп
жеген малы еді. Айыпсыздың ызасы мен  реніші  кернеп  кетті.  Көріп  отырған
жәбір- жапасына, жалғыздығына өзіне-өзінің  жаны  ашығандай  көзі  жасаурап,
тамағы  кеберсіп,  аузына  сөз  түспеді»,  -   деген  автор   мінездемесінен
Бақтығұлдың ауыр қапасы, жалғыздығы, кінәлі еместігі айқын танылады.
      М.Әуезовтың кейіпкерлер аузына салған диалогтары да мінсіз.  Өз  есебі
ішінде болған Бақтығұл таудан атып  алған  арқарын  жарасбайдың  бәйбішесіне
сыйға тартқанда, шіренген Шалқар болысы қасындағы әйеліне: «-  Кіргізіп  ал,
несі бар дейсің. Өз тауыңның аңы  екен,  бермеймін  десе  де,  алып  қалатын
жөнің бар емес пе?»,-  деп сөз тастайды. Бұл  диалогпен  Жарасбайдың  қандай
зымиян  адам   екені  айтқызбай-ақ  сезіледі.   Басқадай   мінездемені   көп
тілемейтін осындай тапқырлықтың өзі де образ жасаудың соны үлгісі.
      Жазу  үстінде  айырықша  шеберлікпен  қызмет  істейтін  М.Әуезов  үшін
бұзылмайтын заң- өмір шындығын нанымды бейнелеп, образдарды  даралап  беруге
күш салу. Және  де ол ешнәрсені себепсіз алмайды. Қажет деп  табылған  жанды
жансыздың бәрінің де  сырын  саралап  ашады.  Өмір  детальдары  арқылы  өмір
шеңберін кеңейтіп бейнелейді.
      Мысалға: Сейіт жөніндегі мынадай мінездемелерді келтірейік: «Бұл  бала
әке  мен  шешенің  қуаныш-қызығынан,  көңілді-көңілсіз  күйлерінен   әрдайым
әлденеден шетірек болатын». Неге олай? Оның  себебі,  бұл  үйде  қуаныш  аз,
қайғы қасірет  көп.  Ауыр  тұрмыс,  көңілсіз  от  басы  баланы  қаршадайынан
еріксіз естияр еткен. Оның жүрегі ауыртпалықты көргісі келмейді.
      «Кейде үй іші томсарып, ашумен тырысып отырғанда, ол  ерекше  желігіп,
өз-өзінен көтеріліп,  ойнап кетеді.» Неге бұлай? Мұның   мәнісі,  бала  тағы
да естиярлығын жасап, титтей де болса да ата-ана көңілін аулауға тырысады.
      «Ал тағы бір кезде үй іші мәз-мейрам болып отырғанда жабырқап, мең-зең
боп үндемей қалатын  да әдеті бар. Ондай  күйлері  болғанда  ,  алдына  үйіп
төгіп  қойған молшылықтың барлығы  да  оншалық   әсер  ете  алмайтын.  Қуана
алмай, қоңыр тартып, әке-шешесін ұғына алмағандай, сазара қарап қалатын.»
      Егер,  бала  Сейітке  берілген  осы  мінездеме   детальдарын   сыпырып
тастасақ,  әке  образы  сөзсіз  кемшін    соғар   еді.   Абақтыда   Афанасий
Федотычтан  сабақ  алған,  жайнап  өсіп  келе  жатқан  он   жасар   ұрпағына
Бақтығұлдың өзінің де үміт артқан сөздерінің ешбір құны болмас еді.
      Повесте ауылдың жоқ-жұқана жағдайы, Тектіғұл, Қатша, Қатубай, Афанасий
Федотыч тәрізді қарапайым жандар  да  нанымды  образдармен  көңіл  аударады.
Олардың Адамгершілік бейнелері шағын штрихтардың өзімен-ақ  жақсы  беріледі.
Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды:  сыртқы  құбылыс  пен  ішкі  мазмұнның
сырлары осындай жай-күй,  өмір  детальдарымен  де  ашылады,  образдар  кесек
мүсінді істермен қатар, шындық тамшыларынан да құрылады  дейміз.  Сондай-ақ,
20- жылдардағы творчествосында М.Әуезов Гогольше  тым  қарапайым  адамдардың
тағдырына ерекше назар аударғанын байқаймыз. Бұған жазушының бұл  кезеңдегі,
әңгімелері мен повсетері толық дәлел болғандай.
      «Қараш-Қараш  оқиғасынан»  аңдалып  отырғанындай,   Мұхтардың   ерекше
ұстанатын тағы бір шеберлік әдісі-адам портретін  біздегі  кейбір  жазушылар
сияқты  біржолата  үйіп-төгіп  тастамайтыны.  Ол  кейіпкердің   сыртқы   түр
пішіндерін  мінез,  қимыл,  психологиялық  әрекеттерімен  үнемі  қабыстырып,
шығармасының өне бойында біртіндеп жасайды. Ол  адам  портретін  көбіне  іс-
әрекет, сезімс мен күй үстінде  суреттейді.  Адамның  денесін,  көзін,  бет-
бейнесін жай  ғана  айтып  қоймай,  соның  өзінен  де  тиісті  образ  жасап,
жандандырып, ойнатып көрсетеді.
      Бізде жағымсыз кейіпкер біткеннің  портретін  өте  жексұрын,  ұсқынсыз
етіп суретту сияқты жарамсыз әдет әлі де ұшырайды.  Мұндай  лайықсыз  шартты
Мұхтар әсте қолданбайды. Оны «Қараш-Қараш оқиғасы» повесіндегі «Ұзын  бойлы,
қызыл  жүзді  семіз...  қызара   бөртіп,   ажарланып»   тұрған   Жарасбайдың
бейнесінен  байқай  аламыз.  Адамға  жалпы  мінездеме  бергенде   де   автор
психологизмге жиі барады.
      Повестің көркемдік  құрылысы да әсем; оқиға  дамуы  оқушысын  үздіксіз
тартып, еліктіріп, қашан біткенше тыныштық алғызбай ұстап отырады.  Тектіғұл
мен Бақтығұлдың сәлмен, Сәт байларға малай болған  көп жылғы елеусіз  еңбек,
тіршілік тырбаныстары тек әдеби шегініс турасында, өз  өлшемінде  баяндалады
да,  қалған  бар  оқиға  шығарма  жанрына  лайықталып,  нақтылық,   шағындық
шартымен  үдейді.  Повестің  бас-аяғының   жұмырланып,   ықшамды,   тартымды
шығуының өзі – оқиғаларды осылай сұрыптап,  екшеп,  ең  күрделілерін  алудың
жемісі. Мұның үстіне жазушы туған халқының шұрайлы сөз өнерін төгіп  салған.
Әсіресе  шығарманың  шырқау  шегіндегі  Бақтығұл  сезімі,  сол   сезімдермен
ұштасқан   тамаша   табиғат   суреттері   көркемсөздің   қайталанбас   ғажап
маржандарымен жазылған.
      «Қазіргі Бақтығұлдың келе жатқан  жері-  Талғардың  сайды  құлап,  тар
шатқа тығылып, тік еңісте суық дыбыспен құлап  ағатын  жері.  Қазанда  қатты
қайнаған судан өнебойымен түгел бұрқылдап, қайнап жатқан сияқты.  Ұзақ  бойы
түгелімен бұрқ-сарқ етіп тасиды. Талас салып, жарысып екпіндей жөнелген жік-
жік ағын,  толқындар жүз жыланның сумаң қағып  жарысқанындай»  деген  жолдар
«Теректің сайындағы»:
      «Арыстанның жалындай бұйра толқын,
      Айдаһардай бүктеліп, жүз бұралып...»
      Деген Абай аудармасындағы сыршыл, нәзік Лермонтов лирикаларымен рухтас
сияқты.
      «Қараш-Қараш оқиғасының» сегізінші тарауындағы  бақтығұл  сезімдерімен
қабысып жататын табиғаттың суық та сұлу көркі – арғы-бергі  әдеби  үлгілерде
аса сирек ұшырасатын картина. Ол дұшпанына қатты «кектеніп,  зығыры  қайнап,
қатты тасып» жүрген, «ойдағы арман, мұң, намыс» күйігіне батқан  Бақтығұлдың
ішкі жан дүниесімен  тығыз  байланыста  ажар  табады.  «Күз  аспаны  кірлеп,
мұнартып, алыстағы қарлы биіктердің басына сәлдедей  бұл  оралып,  томсарып,
сұрланып» тұрады. «Дүние  иесіз-елсіз  жым-жырт...  Сарымсақтының  қарағайлы
шоқысы» үрпиеді. «Соның күнбатыс алдына таман,  төмен  жерде  ернеу  жолы...
қып-қызыл болып жатады екен. Аққан қан орны сияқты ұқсасаң  ұқса  ...  деді»
Соңғысы жауына оқ боп тиетін Бақтығұлдың сезімі.
      Немесе мына жолдарды көрейік:
      «Сол қара шаттың жоғарғы үсті-  шашырай  біткен  тоғайы  бар  Назардың
биігі... Бұлардың бәрінен әрі бұлтты  сұр  аспанға  ақ  шашты  басын  созып,
Ожардың қарлы биігі жарқырайды...  Бұл  күнде  ерекше  жаттыққа,  жайындыққа
екілендіріп тартқандай болады ».
      «Бақтығұлдың  нық  бекінген  ойына...аянышты  білмейтін,   қаталдықпен
суынған,  асау  жаулық  жайын  сыбырлағандай  болады...  Биік,  суық,  мұзды
басынан күздің жүдеген сұр күнінің ортасында тіл келгендей.  Тасты  ,  мұзды
табиғат бір ерекше ат, жайын қимылды  ыстық  көріп,  соны  ашынып,  жалынып,
тілегендей болады».
      «Тау басына тырмысып, қаптап,  өрлеп  жатқан  қалың  қара  топтар  қол
сияқты».
      «Ожардың қарлы басының... астынан тақыр-тас ерекше қызылданады.  Соның
төменгі түбінен Түргенннің асау суының бас басталады».
      «Бұл көріністе: күшті екпіні бар қатты ағын ұлы тасқынды еске түсіріп,
омыраулап ұмтылуға, шапшаңдап іс істеуге екілендіріп, жетелеп турғандай».
      «Бүгінгі Бақтығұлға  жан   иесінің  ішінде  күйі  жақын  жандар  солар
сияқты».
      Иесіз тауда шарқ ұрған, арпалысқан адам жаны табиғатпен,  оның  қашып-
пысқан жазықсыз аңдарымен осылай ұғысады.  Тілсіз,  меңіреу  тау-тас  өзінің
жойқын, суық, сұлу сәулетімен кейіпкерді таң етіп,   оған  өзі  өмір  сүрген
заманның ағарған шашынан,  әжімімен,  өмір  ағынына  елес  береді.  Бақтығұл
көңілі  ендігі жерде  осы  тылсым  буған  таулардан  самсаған  қалың  қолды,
екпіні күшті ұлы тасқынды тілейді. Онысы – адмды жетелейтін асыл арманы.  Не
деген психологиялық күш.
      Сөз  құдіретін  осынша   пайдаланып,  адам   мен   табиғаттың   тамаша
пластикалық сырына өстіп табыну  бұрығы  қазақ  повестерінде  аз  кездескені
мәлім. Мұндай теңдесі жоқ шеберлік көбіне көп М.Әуезов  творчествосына тән.
      Бұл шығармадағы Бақтығұлдың  иесіз  тауда  табиғатпен  қауышуы  «Абай»
эпопеясының төртінші кітабындағы егде тартқан Абайды жазды күні  жақын  биік
сарғыш төбеге шығып  тұратын  сәттерімен  бара-бар  соғады.  Бұл  ретте  ұлы
суреткердің әлемге аты әйгілі эпопеяға қандай әзірліктермен  өткені  өзінен-
өзі ұғынықты.
      Ұлы Абай  туралы, туған халқы туралы том-том романдар жазуға кірісудің
үлкен бір кезеңі боп табылатын «қараш-Қараш оқиғасы» повесі  дүниенің  басқа
бөлігіндегі езілген жұрттардың жүрегіне   қуатты  рух  беретін  аса  айтулы,
классикалық кесек туынды. Оның әлем әдебиетіндегі алатын қасиетті  орны  сол
себептен де биік.




















Дәріс №12  М.Әуезовтің  «Еңлік-Кебек» оқиғасының тарихи негізі
      Әр суреткер өзі жете біліп таныған,  зердесіне  терең  сіңіп,  жарыққа
шығармауына болмастай боп бұлқынған оқиғаны бейнелеуге тиіс. Одан ауытқыған
суреткер шығармасы, бері салғанда, ұшпа бұлттай сырғыма дүние болмақ.
            «Еңлік-Кебек» оқиғасы ХҮІІІ ғасырдың үшінші  ширегінде,  дәлірек
топшылағанда, 1770-1780 жылдардың  аралығында  Шыңғыс  тауының  алқабындағы
Бөкенші өзенінің бойы мен Кіші Орда тауының балақ сілемінде өткен.  Шәкәрім
бұл оқиғаның «1780 жыл шамасында, осы  Шыңғыс  тауында  Матай  мен  Тобықты
арасында болған іс» , - деп түсінік береді.
      «Еңлік-Кебек» оқиғасы туралы бұрмалап айтушылар кездеседі. Тобықты елі
1723 жылы Сырдариядан ауып, Ор-Елек,  Ойыл-Қиыл  өлкесін  жаз  жайлап,  қыс
Мұғаджар таулары мен Ырғыз, Торғай өтіп жыл сайын жылжи көшіп отырған қалың
ел Мамай батырдың  бастауымен  1775-1776  жылдар  шамасында  қазіргі  Семей
өңіріндегі  Шыңғыс  тауына  келіп  орнығады.   Ол   жөнінде   «Еңлік-Кебек»
дастанында былай дейді:
      Келгені Тобықтының осы маңға
      Мың жеті жүз сексенге тақалғанда,
      Елді бастап әкелген Мамай батыр
      Орда, Көкен, Ащысу, Доғалаңға .
      Ол кездерде Шыңғыс  бөктерінде  он-он  бес  жыл  бұрын  келген  найман
қапталдай жайғасқан:
      Туысқанын қия алмай жүр деп сен де,
      Көп айтқан Кеңгірбай мен Қараменде.
      Бос тұрған соң Шыңғысқа Матай қонған,
      Біздің ел әне-міне деп жүргенде  .
      Сондықтан да тобықты елі Шыңғыстаудың етегін баса, сыбан мен  матайдың
арасына сыналай тұрақ тебеді. Қол  күші,  ақыл-айласымен  екі  жағын  кезек
қағыстырып, қонысын кеңейте береді. Кеңгірбай:
      Кейде жау боп Матаймен, кейде бітіп,
      Есі-дерті Шыңғыста, айтпайды ойын  ,- дейді.
      Ығыса-ығыса сыбан, матай Шыңғыстың сыртына іркіледі. Жер  дауы,  жесір
дауы өршиді.
              Тобықты руы тарихында бұл елге үш-төрт ғасыр бойына  үш  оқиға
беттеріне түскен шіркеудей, көңілдеріне түйткіл болып келген.
            Әнет бабаңның көшке ере алмай тау басында қалуын бұлар ол жалғыз
бізге емес,бүкіл халқымыз басына түскен ауыртпалықтың ауыр бір көрінісі деп
біледі.
             Ал, Қалқаманның оққа байлануы мен Кебектің ат құйрығына таңылуы
және Қодардың дарға тартылуына келгенде кімі болсын күмілжи береді.  Тіпті,
осы үш оқиға сауал боп Абай алдында тартылыпты деген  де  сарын  бар.  Абай
Құнекеңнің тірі кезінде, Найман Ұлан-Бұланның асына  туыстарына  басшы  боп
барса керек. Тобықтыларға бөлінген үйге Абай бастап  кіргенде,  тіркестіріп
тіккен киіз үйдің біріншісінде бір келбетті қарт отырған екен.
             Абай ізетпен сәлем беріпті. Қарт:
            -Құнекеңнің Абайы сенсің ғой, қарағым.  Көрсем  деп  ем  көрдім?
Сәлеміңе рахмет! Алла разы болсын! Мына бір сөзге  мойын  бұршы.  «Садақтың
оғы, аттың жалы, түйенің қомы»  деген  бар  ғой.Сен  шешу  айтпасаң,  ешкім
айтпай жүр, қарақ, - депті.Абай тыңдапты да, еш жауап  қайтпай  төргі  үйге
еніп кетіпті. Қарт та қайта сөз өрбітпейді.
           Серіктері Абайға:
    - Абай-ау, бәріміз бір саған бастатып сен бар  деп  сеніп  келдік.  Әлгі
      шалдың сөзі не сөз? Жауабы жоқ сөз бе?
      Абай:
    - Ол дауасы жоқ сөз. Дауасын тапсам да оны ұғатын сендер жоқ!.. Садақтың
      оғы дегені – Тобықты Қалқаманды неге оққа байлап  бердің?  Аттың  жалы
      дегені – Кебекті неге ат құйрығына сүйретіп  өлтірттің?  Түйенің  қомы
      дегені – Қодарды келінімен дарға тартқаны қалай? деген  сөз  емес  пе?
      Дауасыз сөз дейтінім сол! Дауасын сендер айтасыңдар ма, әлде?!
      Бір тобықты:- Біз оны біле қоятын болсақ, бәріміз Абай болмас  па  ек.
Өзің айтсаңшы, Абай?
    - Оның дауасын келешек айтады, келешек – депті  Абай .
              Тобықтыларға кездескен қиракезік осы үш оқиға кезінде бұл руды
билеуші өз тұсындағы  қазақ  ұлтының  маңдайына  сирек  бітетін  аса  кесек
тұлғалы қайраткерлер:
      Әнет баба - қазақ баба деп атаған, қазақ жолына да, шариғатқа да жетік
ғұлама.
      Кеңгірбай – «тістеген жерде тісім, ұстаған жерде қолым кетсін»  дейтін
тізесінен қан келсе де қаймықпас би.
      Қодарды  жазалауды  өз  қолында  ұстаған  Құнанбай  туралы  жеткілікті
айтылған. Осы сөздерді айту себебім  –  бұл  біртуар  кемеңгер  жандар  сол
кездегі ұлтымыз тірлігінде кездесе бермейтін  кірмелі,  шешілмес  күрмеулі,
асырас аслы іске кездескендігінен  қатал үкімге барған  және  дұрыс  барған
дейміз.
              Кебек ақ қой сойып, аруақты атап,  ақ  бата  жасалған,  күйеуі
ұрын келген біреудің оң жақтағы қалыңдығын алып қашты.
            Жасалуына бас кеңесші  Әнет  бабаң  болған  Тәуке  ханның  «Жеті
Жарғысында» қалың малы  төленіп,  күйеуі  ұрын  барған,  ақ  бата  жасалған
қалыңдық алып қашылса, еркек те, әйел де  ат  құйрығына  тағылып,  сүйретіп
өлтіретін бап болып, үрдіске айналған. Ежелден елімізде жер дауы мен  жесір
дауы халық берекесін кетірген  дауасы  жоқ  бүліншілік  басы  болғандықтан,
Төле, Қазыбек,  Әйтекедей  кемеңгерлеріміз  осындай  қатал  заң  арқылы  ел
бірлігін сақтап, сырт жауына қарсы халық боп жұмыла күресу  шарты  сол  заң
деп білген және ол үрдісті өте дұрыс енгізген.
             «Ақтабан шұбырындыдан» соң, есін әлі  жия  қоймай,  ата  қонысы
Шыңғыстауға іргесі тиіп, әл жиямызба  дегенде,  Кебек  Матаймен  арандатуға
барады. Тобықтыға «не құру,  не  Матайдың  дегеніне  көніп,  Шыңғыста  ірге
теуіп, ұрпақ өсіріп, ел болуды» тағдыр ұсынғандай. Кеңгірбай Кебекті құрбан
етіп, Тобықты руын сақтап қалуды таңдайды. Сіз Еңліктің  нағашысы  Қабанбай
батыр, берілген жері Сыбан Байғара «азуы  алты  қарыс»  Ақтайлақ  би  туысы
екенін ұмытпағайсыз.  Кебекті  қорғаймын  деп,  Тобықтылар  соғысқа  шықса,
кімдермен  шайқасатынын  бағамдайсыз  ба?  Онда  «аз  ауыл  Тобықты»  қалың
Найманның қарсысына шығып, тұқымы құрымақ, телімге түспек. Кеңгірбай  бидің
кемел ақыл иесі, қайыспас берік қатты мінездің адамы болатындығы сонда – ол
Кебек қандай ел ардағы, ер шолпаны болсын туған жұрты үшін құрбан етеді. Ел
иесінің елі үшін еткен құрбаны қазақ тарихында жалғыз Кебек болмаса  керек-
ті.
              Нақтылай түссек, осыдан екі ғасырдай  бұрын  Тобықты-Шыңғыстау
елі Еңлік-Кебек оқиғасына тап болады.  М.Әуезов:  «Шыңғыстың  бұрынғы  иесі
матай болады. Сол матайды Кеңгірбай тұсында тобықты ру басылары алғаш  ірге
тепкен жерінен  тайдырмақ  болды.  Бұның  арты  көп  шабуыл  болған.  Қазақ
оқушысының көпшілігіне мәлім болған «Еңлік-Кебек» оқиғасы дәл  осы  алғашқы
талас-тартыстың кезін көрсетуші  еді.  Ол  заманда  ел  билеген  бектер  өз
үстемдігін  жүргізу  үшін  ру-руды  бір-біріне  айдап  сала  берген»,-  деп
түсініктеме береді. Бұл жағдай жайшылықтағы әйел  алып  қашудан  жөн-жосығы
бөлек еді. Кебектің жанұясы бар, балалы жігіт. Сыртқа, ішке   бірдей  атағы
шыққан азамат. Тоқтамыс батырдың соңына ертіп дәме  еткен  «ел  шетіне  жау
келсе ту түбінен табылар» жас батыр.
               Еңлік болса қатардағы Матайдың жай бір  қызы  емес,  Қабанбай
батырдың жиені. Құда түсіп, қалың төлеген жері -  Сыбан  руындағы  Ақтайлақ
бидің туған баласы Кеңесбайдың  ұлы.  Және  жуырда  ғана  қалыңдығымен  қол
ұстасып қайтып, күн ұзатпай отауына түсірмек-тін. Матаймен  Сыбан  кезекпе-
кезек келіп,  бірі  жесіріне,  бірі  қызына  сұрау  салып,  желекті  найза,
желектеп шоқпар көтеріп, сойыл сүйреткендер қоршауы тарылып, ел  үстін  шаң
басты. Өмірлері әп-сәтте  сұрғылт  түске  боялды.  «Бардың  ісі  пәрменмен,
жоқтың ісі дәрменмен» - Дадандағы даусың жетсе де көпке күшің түгіл, шашқан
топырағың шаң емес пе? Кеше сақадай саймын деп, Шыңғысқа беттегендегі сойыл
соғар қол саны «70»-тен аспаған. Өзге азаматы көш алып жүріп, мал  айдаудан
артылмайды. Не істеу керек? Матай-Сыбанды  жайбарақаттандырып,  айқұлақтана
қалған арғы наймандарды да тыныштандырып уақытты соза түскен жөн.  Кебектің
ағасы Тоқтамыс ел ішінде еместігіне сілтейік. Айдың екеуі  өтті.  Қайтарған
жауабы жоқ. Матай елшісінің келуі жиіледі. Олардың талабы біреу-ақ: «Екеуін
ұстап берсін, өлтіреміз, малға бітпейміз!» Кебек болса,  «Мен  Еңлік  өлген
жерде өлемін. Мені туыстарым «шіріген жүмыртқа десе  өздері  білсін!».  Осы
сергелденде және айдан артық уақыт өтті. Тобықты Сыбанға сөз салса  жауабы:
Тобықты бізбен емес, Матаймен сөйлессін!. Түн құрғатпаған шабыс...  Соғысқа
анық бет алғандай. Не істеу керек? Кеңгірбай: «... Әлде, иә, иә. Әлде  Әнет
бабамша ұрпақ келешегі үшін еркек тоқты құрбандық деймін бе?  Көкенай  долы
биліксіз-ақ Мамырдың қанын шашты. Көкенай  өз  қарындасын  өлтіріп,  Әнетке
айтар уәж қалдырды ма...Тобықты бүтін болсын десек, халқымның  салт-дәстүрі
сақталсын десе мен өз қызымды өлтірдім екен, ол інісі  Әйтектің  Қалқаманын
өлімге қисын». Бабаң шарасыз боп, тек аллаға сиынып,  тағдырдан  үміт  етті
ғой. Тағдыр әділ.  Өйткені,  жазмышта  кімнің  болсын  тағдырын  белгілеуші
аллаһтың өзі ғой. «Кебекті өз қолымен ұстап берсіні  не  Матайдың!  Кесімім
менің ұстап беру емес! Тек  тобықтылар  Кебекке  қорған  болмайды.  Кесімім
осы!».
            Оқиғаның тарихи негізі,  желісі  бар  екенін  ешкім  де  теріске
шығармайды. Ондағы тарихи тұлғалар, жер-су аттары, болған  оқиғалар  тарихи
көптеген  мәліметтермен  сәйкес  келеді.   Мәселен,   Ш.Құдайбердіұлы   мен
М.Әуезов шығармаларының негізгі арқауы махаббат трагедиясы болғанымен, олар
замана кейпін нақтылау, оқиғаның ескі күндерде  өткенін,  ендігі  жерде  ел
арасында мұндай келеңсіз істер болмауына тиісін дәлелдей түсу үшін хикаяның
өмірлік фонына айрықша  мән  береді,  шағын  көлемді  тарихи  ақпар  жасап,
Ақтабан Шұбырынды  күндерін, елдің  қырғынға ұшырап,  азып-тозуын  сипаттай
келе,  қазақтардың  қайтадан  күш  жиып,  жауға  қарсы  аттанғанын,   үлкен
жеңістерге  жеткенін  айтады.  Мысалы,  дастанда:  Нысан  абыздың   Есенмен
тілдескендегі ақтабан шұбырынды туралы  толғанысы  былай  берілген:  “Батыр
десем… белге шықпай ойда ойнақшыр бейпіл ме ең. Азамат  десем,  ауыл  үйдің
тентегі ме ең? Мақтамаймын Кебекті, құптамаймын  сені  де.  Кегім  десем  –
зықымды алған зұңғарды айтсам не етуші ед? Ашуды айтсам  ақтабан  шұбырынды
ма еді ұмытарым, тастарым. Елдігім қайда сондағы?.. Қусам соны қусамшы.
            Шәкәрім ақын өзінің алдыңғы жазған эпикалық шығармаларын, ондағы
тарихи ақпарды келесі шығармасында  атап  өтіп,  бір-бірімен  байланыстырып
отырады.
      Поэмада:   Қалмақ шауып, қазақтан алған кегін,
                        Қалқаман қиссасында жазып едім.
                        Мың жеті жүз жиырма үшінші жыл,
                        Ақтабан шұбырынды болды  дедім .
      Ал, пьесада  билер сахнасында Кеңгірбайға наразылығын  Абыз  Қалқаман-
Мамыр оқиғасымен байланыстырып білдіреді.  “Не  дейсің?..  Не  деп  келесің
сен?.. Әнет бабаң серік пе саған… бұ шақта!.. О-о-о!.. Сонау…  сонау  ма?..
Қалқаман-Мамыр етпек пе ең? Сұмдық!  Ерінің  жаны,  бөрінің  аузына  түскен
сұмдық заман! Сұм заман!..”.  Бұл жолдарда тарихи  оқиғалардың  ізі  сайрап
жатыр . Болған оқиғаның әлеуметтік астарын Шәкәрім шығармаға  арқау  етеді.
Ақынның ондағы ойы елдің бірлігіне нұқсан келтіретін  тексіз  қылықтан  бас
тартуға бағдар беру сияқты. Осы оқиға болардың алдында ғана қазақ  халқының
тарихына  нәубат  болып  келген  қазақ-қалмақ  соғысы  болған  еді.   Соның
нәтижесінде қазақ халқының тарихында «Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл  сұлама»
зобалаңы болды. Бір ғасырдан асқан екі  ағайын  ел,  ұлы  даланың  көшпенді
елдерінің соғысында бірі жеңіп, екіншісі тарихи аренадан кетуі  керек  еді.
Және де оған  дем  беріп,  қақтығысқа  жел  берген  сырттай  бақылаушы  екі
империяның болғанын тарихтан  білеміз.  Жүз  жылдық  соғыста  қазақ  елінің
жеңіске жеткені мәлім. Бұл  жеңіс  қазақ  халқын  да  әлсіретіп,  теңселтіп
кеткен еді. Қазақ халқының басына Абылайдың келуі, содан қалмақтың қазақтан
жеңілуі тарихи негіз ретінде «Еңлік-Кебек әңгімесі» бөліміне  дейін  аталып
өтеді:
      Сол соғыс – хан Абылай келген кезі,
      Қалмақтың сыбағасын берген кезі.
      Керек болса оқыңдар шежіремнен,
      Жазылған сонда анықтап түгел сөзі.


      Сонан кейін қалмақты қазақ қырған,
      Жиылып шаба берді ойдан, қырдан.
      Тарбағатай-Шыңғыстың жан-жағында,
      Көшпелі көп қалмақ бар бұрын тұрған.


      Қырылған соң қалмақтар жаман сасқан,
      Нор-жайсаң, Шәуешектен аса қашқан,
      Ата қоныс Арқаны босатып ап,
      Қазақ келіп қалмақтың орнын басқан .
      «Еңлік-Кебектің» эпиграфтық сөзі  тарихи  негізді  болғанмен,  шығарма
сюжетіне қатыссыз «Аңдатуда», немесе прологта философиялық толғам бар:
      Өткен адам болады көзден таса,
      Өлді, өшті оны ешкім ойламаса:
      Ол кетсе де белгісі жоғалмайды,
      Керектісін ескеріп, ұмытпаса.


      Ақылдың кей іс жауы, кей іс досы,
      Бұл екі істен болмайды өмір босы.
      Досыңды – жау, дұспанды дос көрсетіп
      Көзді байлап нәпсінің қылғаны осы .
       Бұндағы «досыңды – жау», дұспанды дос көрсетіп, көзді байлап нәпсінің
қылған осы»  деген  жолдар,  ақын  өзі  аңдатып  отырған  ойды  түйіндеген.
Қазақтың қазақты жау көріп бір-бірімен қырқысып ұсақталуы,  іштей  ұстасуы,
өзара  жерге  таласуы  «көзді  байлап,  нәпсіге  бой  алдырғанын   астарлап
көрсетеді. Дәл осы  кезеңге  тап  болған  Еңлік  пен  Кебектің  тағдыры  да
трагедиялық. Бірақ, халқы аңыз-жырға қосып өз жадында сақтаған.  Осы  кезең
туралы айтылған көрнекті жазушы, білікті ғалым Мұхтар Мағауиннің  мына  бір
пікірі аса  құнды  деп  танимыз:  «...  ұмытылмауға  тиіс,  кейінгіні  ойға
қалдырар, ғибраты мол  хикая  –  Еңлік  пен  Кебектің  тағдыры.  Шығарманың
негізгі  арқауы  махаббат  трагедиясы  болғанымен,  автор   замана   кейпін
нақтылау, оқиғаның ескі күндерде өткенін, ендігі жерде ел  арасында  мұндай
келеңсіз істер болмауына тиісін дәлелдей түсу үшін хикаяның өмірлік  фонына
айрықша мән береді, шағын көлемді тарихи  ақпар  жасап,  Ақтабан  Шұбырынды
күндерін, елдің қырғынға ұшырап,  азып-тозуын  сипаттай  келе,  қазақтардың
қайтадан күш  жиып,  жауға  қарсы  аттанғанын,  үлкен  жеңістерге  жеткенін
айтады. Автор мақсаты – жоңғар соғыстарының шежіресін  жасау  емес,  Еңлік-
Кебек трагедиясына себеп болған қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды  айқындау.
Сондықтан да, ақын ойрат одағы жойылғаннан соңғы кезеңде  шығыс  облыстарға
ауа көшкен рулардың өзара күресіне арнайы тоқталады. Хандық  өкімет  құлап,
әркім өз басына би болған замандағы бұл қақтығыс  ел  мүддесінен  емес,  ру
мүддесінен,  ағайынға  тиесілі  жайлау,  қыстауды  тартып  алу   мақсатынан
туындаған еді. Әрине, тар жерде тек отырып, аштан қырылмадың деп  Тобықтыны
кінәлау қиын, бірақ кең қонысының бір өңірін қаны қарайып  келген  ағайынға
қимаған Матайды да ақтау мүмкін емес. Енді ағайын арасында күрес  басталды.
Дәл осындай кезеңде албырт көңіл, ақ махаббат  табыстырған  Тобықты  жігіті
Кебек пен Матай қызы Еңліктің тағдыры қандай болмағы айтпаса да  түсінікті»
.
              Оқиға шежіресі Б.Исабаевтің еңбегінде былай жалғасады:  «Сыбан
Матайға жеме-жемге келгенде қол қоспаған болды. Өлтіруге Кебек пен  Еңлікті
қош көрмеген! Бәсе, бұл соны медеу етіп, Сыбан  жұртынан  соны  күтіп  еді-
ау.Шараң не, есіл Кебек тағдырына сол жазылған соң... Енді  қалған  Тобықты
жұртын шоқ ұстау керек. Ер құны болған «атқа қоныс Шыңғысқа  тіс-тырнағымен
жабысып көрсін! Ащысудағы Көкшелерді Қалбадан қайыру  керек.  Қабекең  соны
істеді. Бұл  Көкше  жұртының  мәңгілік  мақтаны  болды.  Көкшелер  осылайша
Шыңғыстың Хан биігін қасиетті Қабекеңнің өз қолынан алды.
      Тобықты тас-түйін боп алды. Бірақ Қабекеңді я бақыты, я соры  дегендей
тағы бір тағдыр көрмесі тосқан еді. Біріншісі — үш кісі қанын төккен  Матай
жұрты Шыңғыста орнығып отыра алмады. Ері өліп, қара жамылса да Тобықты селт
етпеді. Қозғалар түрі жоқ. Басшысы Кеңгірбай екі апта жер бауырлап  жатыпты
да сергіпті деседі. Жуантаяқтар шашау шыққан Матай ауылдарының малын  тапа-
тал түсте-ақ айдап әкетуде. Шамасы, бұдан  былай  олардың  сойысы  Матайдан
болмақ. Енді Матай Тобықтыға қол көтере алар ма? Қолдары  қан,  ісі  теріс.
Бұл қаншаға созылмақ. Кеңгірбай көз жіберіп қана отыр. Көршілік қатысты сап
тыйды. Я атысы, я шабысы  жоқ  дегенді  не  істеу  керектің  салмағы  Матай
жұртына түскен еді. Ол жұрттың басшы би-батырлары емес,  бұл  түйінді  оның
жай бұқарасы шешті. Матайлар Еңлік-Кебек қазасынан соң екі-үш ай  өтпей-ақ,
Шар-Делбегетей өңіріне көшіп, Шыңғысты босатты. Тобықтылар  босаған  жұртқа
бірлеп-екілеп ие бола берді...» .
      Соңы белгілі. Ер шолпаны Кебек, ару Еңлік өлтірілді...
           Жалпы, Еңлік пен Кебекке шығарылған  үкім  халықты  тыйып  ұстау,
қалыптасқан тұрмыстық-құқықтық үрдісті  қалпынан  шығармау  үшін  жасалған.
Алайда, халық  қашанда  ұлы  сезімді  әлдилеген,  жалпы  адамзат  тарихында
асқақтатқан. Сондықтан, Еңлік пен Кебек оқиғасы халық  арасына  кең  тарап,
жас  ынтық  жүректерге  нұр  құйған,  аңызға  айналған  ғашықтық   сезімнің
символына айналып кете барды. Ол  сезімді  халық  жадында  сақтаса,  жастар
жүрек қоймасында сақтады, жер де, тас та, уілдеген жел де ұлы далаға жайды.
Міне, осылай ақиқат пен аңыз астарласа  дамыды.  Жұмырланып,  сюжет  мәйегі
қалыптасқан ауыз әдебиетінің өнер туындысына  келе-келе  көркем  шығарманың
жазылғаны заңды көркемдік құбылыс еді.
       Дәріс №13  Қазақ әдебиетіндегі «Еңлік-Кебек» сюжетінің таралуы


        Еңлік-Кебек оқиғасы екі ғасырдан астам уақыт бойы сөз болып  келеді.
Егер бұл оқиғаның алғашқы баспа  бетіндегі  1892  жылы  атауымен  сөйлесек,
«Қазақтардың есінен кетпей жүрген бір  сөз».  Ал,  Шәкәрім  Құдайбердиевтің
Абайдың көзі тірісі кезінде жазылып, 1912 жылы «Жәрдем»  баспасы  бетіндегі
атауымен атасақ, «Жолсыз жаза, яки кез болған іс» (Самосуд или случайность)
«Еңлік-Кебек» деп атаған. Біріншісі - бұл оқиғаға  Абайдың  төл  шәкірттері
Мағауия Абайұлы, Шәкәрім Құдайбердиевтер поэма арнаса, болашақ  ұлы  жазушы
М.О.Әуезов «Еңлік-Кебек» тағдырын өзек етіп пьеса жазған.
      «Еңлік-Кебектің» жеті нұсқасы  мәлім.  Бұлардың  екеуі  әңгіме,  екеуі
поэма, біреуі интермедия, екеуі пьеса .
            Қазақ Совет  Энциклопедиясында  жарияланған  “Еңлік-Кебек”  атты
мақалада: “Еңлік-Кебек” – адал  махаббатты,  ескі  заманның  әділетсіздігін
баяндайтын белгілі қазақ  поэмасы.  Поэма  төңкерістен  бұрын  бірнеше  рет
жарияланған. Алғашқы нұсқасы “Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір  сөз”
деген атпен 1892жылы “Дала Уалаяты” газетінің 31-39 сандарында басылған.  …
Поэма 1900 жылы “Дала Уалаяты” газетінде “Қазақтың тұрмысынан хикая”  деген
атпен қайта  басылды.  Мұнда  мазмұны,  сюжеттік  желісі  бұрынғы  қалпында
қалған, тек адам, жер-су аттары өзгерген. “Еңлік-Кебек”  поэмасы  негізінде
М.Әуезов осы аттас трагедиясын  жазды”,  -  делінген.  Осы  мақала  жайында
“Семей  таңы”  газетінде  Қайым  Мұхаметхановтың  сын  мақаласы   басылады.
Ғалымның пікірі: “1892 жылы “Дала Уалаяты” газетінде “Қазақтардың естерінен
кетпей жүрген бір сөз” деген атпен басылған поэма емес, әңгіме. Газетте  де
“әңгіме”деп аталған. Бұл әңгіме ең  әуелі  “Сибирский  вестник”  газетінде:
“Незабытое прошлое и настоящее киргизов” Очерки – деген атпен орыс  тілінде
жарияланған  және  очерктің  соңында   жазған   адамның-автордың   аты   да
көрсетілген.  Ал,  “Дала  Уалаяты”  газеті  очеркі  содан  көшіріп   басып,
орысшасымен қатар қазақша аудармасын да берген”, - дейді .
      Мақалада одан әрі очерктің мазмұнына тоқталып және  бұның  поэма  емес
екенін айтып, орыс тілінде жарияланған түпнұсқасынан мысал  келтіреді.  Сол
келтірілген мысалға қысқаша тоқталып өтейік. Очеркте: «В  своих  очерках  я
ограничусь пока не большим, сравнительно, куском площади,  той  ее  частью,
которую занимают северо-западная часть гор Чингиз-тау и его отрогчи» -  дей
келіп, Шыңғыс, Орда, Доғалаң, Шұнай, Ақшоқы таулары,  Ши,  Ащысу  алқаптары
жайын баяндайды. Мақалада очерктің жалпы  мазмұнына  тоқталып  өткен.  Яғни
бірінші тарауда Шыңғыс тауының Хан аталатын биігіне  байланысты  ел  есінде
сақталған  аңыз-әңгімелердің  баяндалуы,  екінші  тарауда  қазақтың  құрмет
тұтып,  бұлжытпай  орындайтыны,  заңды   бұзушлар   болса,   қатал   жазаға
тартылатыны айтылады. Одан әрі ерте замандағы  қазақ  жастары  мен  кейінгі
заман жастарының махаббат мәселесіне көзқарастарын  салыстырып  сөз  етеді.
Және очерктің үшінші бөлімі туралы айта келіп, автордың сөзін келтіреді: «В
памяти народной осталось несколько рассказов пока поделюсь с читателями»  -
деп, Кебек батыр жайына келетінін айтқан. Мақаланы қорытып,  Қ.Мұхаметханов
көзқарасын дәл айтсақ: «1892 жылы жарияланған бұл очеркті  поэма  деп  атау
дұрыс емес. Поэма 1900 жылы «Дала уалаяты» газетінде  «Қазақтың  тұрмысынан
хикая» деген атпен қайта басылды, - деу дұрыс емес.  Газеттегі  тақырыбының
өзінде «хикая» делінген ғой, орысша  аудармасында  да  «Легенда  про  былое
киргизов» делінген, өлең-жыр емес, қара сөзбен баяндалған әңгіме», - дейді.
Сонымен, «Дала уалаяты» газетінде басылған поэма емес, қара сөзбен жазылған
әңгіме екенін көреміз.
            Ү.Субханбердина  төңкерістен  бұрын  мерзімді  баспасөз  бетінде
жарияланған көркем шығармалар жинағын 1970 жылы “Әдеби  мұра”  деген  атпен
жеке кітап етіп бастырады. Онда поэма туралы былай делінеді: “Қазақ  елінің
болмысынан, өмірінде болған  шындықтан  алынған,  кейін  ел  аузында  аңыз-
әңгімеге айналып кеткен әңгімелердің ішінде газет бетіне  басылған  “Еңлік-
Кебек” әңгімесінің орны ерекше. “Еңлік-Кебек” аңыз-әңгімесі қазақ даласында
үстем тап өкілдерінің билеп-төстеп тұрған  кездегі  ескі  салт-сана,  әдет-
ғұрыптың қаймағы бұзылмаған кезінде, шын сүйіскен жастардың  бақыт  тілеуі.
“Басбұзарлық” болып көрінген кезде болған  шындық.  Әңгіменің  бір  нұсқасы
“Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз” деп басылса,  екінші  нұсқасы
“Қазақ тұрмысынан хикая” деп басылған”, - дейді .
      Еңлік пен Кебек оқиғасына байланысты әр  түрлі  жанрда  қазақ  тілінде
хатқа түскен бес  көркем  шығарманың  жазылуының  өзі  бұл  оқиғаның  халық
арасындағы салмағын байқатқандай. “Қазақтардың естерінен кетпей жүрген  бір
сөз”  деген  атпен  1892  жылы  “Дала  уалаятының  газетінің”  он   санында
жарияланды  (№29,30,31,32-40).  Әңгіме  “Ұмтылған”  деген  бүркеншік  атпен
берілген.  “Ұмтылған”,  яғни  “Мұтылған”  –  Шәкәрімнің  бүркеншік   есімі.
Сондықтан да, бұл әңгімені бірауыздан Шәкәрімнің шығармасы  деп  қабылдауға
болады. Бірақ, Шәкәрім  шығармаларын  зерттеп  жүрген  жазушы  М.Мағауиннің
айтуынша, бұл шығарма – Шәкәрімдікі емес, Абайдікі.
      М.Мағауин «Абайдың белгісіз әңгімесі» деген мақаласында бұл  әңгіменің
Абай шығармасы деп танығанымен, бұл жаңалықты не қостап, не қарсы болып жақ
ашқан әдебиет  зерттеушілері  болмады.  Мұхтар  Мағауиннің  пікіріне  назар
аударайық: «Біздің Ғылым Академиясындағы ағайындардың сөз ыңғайына (дәлірек
айтсақ, мүлде үнсіз отыруына) қарағанда, бұл  әңгіме  ұлы  ақынның  кезекті
кітабы басылғанда да қаперге  ілінбей  қалатын  тәрізді.  Сондықтын,  «Дала
уалаяты»  газетінде  бұдан  жүз  жыл  бұрын  (1892,  №29,   31-32,   34-40)
жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген  бір  сөз»  атты  хикаяның
авторы кім деген мәселеге арнайы тоқталуға келіп тұр.
          Алдымен ескерте кетейік, аталмыш  хикая  әдебиет  тарихында  мүлде
белгісіз дүние емес. Бұл шығарманың авторы туралы да  сөз  айтылған.  Бірақ
Абай есімі аталмады. Шәкәрім туындысы деп шамаланды. Басты дәлел – хикаяның
бақытсыз  ғашықтар  Еңлік-Кебек  пен  Қалқаман-Мамыр   тағдырына   арналуы.
Шәкәрімнің аты жалада жүрген кездің өзінде оның дәл осы тақырыпқа жазылған,
халық арасына кең тараған поэмалары барын  ешкім  теріске  шығара  алмайтын
еді...  Бұған  қосымша  дәлел  -  әңгіме  авторының  лақап  аты.   Байыптап
қарағанда, бұл екі жағдай да шығарманы кім жазғанын нақтылауға  негіз  бола
алмайтынына көз  жетеді.  Аңыздық  немесе  деректі  бір  сюжеттің  әлденеше
қаламгер назарына ілінуі - әдебиет тарихында жиі кездесетін  құбылыс.  Оның
үстіне,  Абайдың  өз  шәкірттеріне  кейбір  тақырыптар  төңірегінде  арнайы
тапсырма  беріп  отырғаны,  ал  Еңлік-Кебек   оқиғасын   жазуды   Шәкәрімге
міндеттегені белгілі. Екіншіден, «Дала уалаятының газетіндегі»  әңгіме  қол
қойған – «Ұмытылған», яғни – «талаптанушы», «ізденуші» болса, Шәкәрім де өз
өмірінің соңғы  кезеңіндегі  біраз  шығармасына  «Ұмытылған»,  яғни  «естен
шыққан», «ескерусіз қалған» (дәлірек айтсақ,  «Мұтылған»)  деп  қол  қояды.
Араб жазуының кілтипаны көп, әңгіме  авторы  –  «Ұмытылған»  болған  күннің
өзінде, бұл – 1892 жылы отыз төрт жасқа жаңа шыққан  Шәкәрімнен  гөрі,  сөз
өнерінің асқар биігіне жеткен, алайда «қалың елі  –  қазағына»  әлі  таныла
алмай, тар қапаста күңіреніп отырған Абайға көбірек үйлеседі».
           Баспасөз бетінде бұл оқиғаға байланысты ел аузынан алынған «Қазақ
турасынан хикая» деген атпен осы әңгіменің тағы бір нұсқасы  болады.  Мұнда
батыр – Сергелі,  қыз  –  Қаңлық,  абыз  –  Келдей,  Тоқтамыс  –  Бесқабан,
Кеңгірбай - Шалпақ деп өзгергені болмаса,  оқиға  желісі  бір,  кей  тұстар
сөзбе-сөз келіп отырады. Ғалым Ш.Сәтбаева екі әңгімені де Шәкәрімге телиді.
«Мы  считем,  что  вышеназванные  очерки  написано  Шакаримом  и   является
результатом проведенного им тщательного анализа  известных  сюжетов  легенд
для подготовки и создания поэтических  вариантов  поэм  «Калкаман-Мамыр»  и
«Енлик-Кебек».  Думается,  он  решил  вначале   опубликовать   прозаические
варианты поэм. Вполне вероятно, что бывая по служебным делам  в  Омске  где
выходил «Сибирский Вестник», он и принес туда  свои  очерки».Бұл  әңгіменің
авторы да белгісіз. Мұхтар Мағауин аталған екі әңгімені  Шәкәрімдікі  емес,
Абай әңгімелері деген пікірге сырттай тон пішіп  келмейді.  Бір  ескеретіні
осы екі әңгіме де алдымен орыс тілінде жарық көрген. «Қазақтардың естерінен
кетпей жүрген бір сөз» әңгімесінің  орысша  нұсқасының  соңында  «Сибирский
вестник» газетінен алынып басылғандығы  айтылса,  «Қазақ  турасынан  хикая»
орыстың «Природа и люди» журналынан алынғандығы көрсетілген. Бұл Еңлік  пен
Кебек оқиғасының орыс оқырмандарының да қызығушылығын  оятқанын  аңғартады.
Ал, бұл еңбектерді орыс тілінде кім баспаға ұсынған деген мәселеге  келсек,
Ә.Марғұланның  деректері  бұл  әңгімелерді  Абайдың  орысша  оқыған   інісі
Халиоллаға   меншіктейді.   Ел   ішінде   аңыз-әңгімелерді   жинап,    орыс
оқымыстыларын таныстырған  адамның  бірі  –  Халиолла.  Демек,  Еңлік-Кебек
оқиғасының алдымен орыс басылымдарында жарық көруі  Халиолланың  еншісінде.
Алғашында бұл аңызды хатқа түсіруші Халиолла да, кейіннен 1892 жылғысы Абай
өңдеуінен өтуі мүмкін. Әңгіме Абай мен Халиоллаға ортақ  десек,  Шәкәрімнің
бүркеншік есімінің тұруына  себеп не?  Бұған  бірнеше  ой-барлау  жүргізуге
болады. Жазған шығармаларын өз атынан жарияламауы  –  Абайдың  машықты  ісі
болғандығы белгілі.  Оның  түрлі  себептері  де  болған.  1889  жылы  «Дала
уалаятының газетіне» «Жаз», «Болыс болдым мінеки»  деген  өлеңдері  шәкірті
Көкбайдың атынан берілсе, Коншиннің  жариялауы  бойынша  шыққан  «Орта  жүз
қазақтарының рулары туралы» шежірені де ел ішіндегі дау-дамайдан  сақтанып,
өз  атынан  бергізбеген.  Ал,  Еңлік-Кебектің  тағдыры  тіпті   ауыр.   Ата
дәстүрінен аттағандарды жазалап, әділ билік айтқан бір рулы  елдің  ұранына
айналған Кеңгірбайға қарсы сөз айту ел ішінің  жан-жалына  әкелетінін  Абай
жақсы білген. Бұдан шығатын қорытынды, Халиолла  адамдардың  атын  өзгертіп
берсе, Абай өз нұсқасын атынан  жариялауды  жөн  көрмеген.  Шығарманың  түп
қазығы Халиолланікі болғандықтан Абай  «Мұтылған»  деген  бүркеншік  есімін
беруі мүмкін. Байыбына барып қарасақ, «Мұтылған» Абай мен  Шәкәрімнен  гөрі
қыршыннан қиылған,  жазған  еңбектері  сақталмай  ұмыт  болып  бара  жатқан
Халиолла Өскенбайұлына келеді.Демек, «Қазақтардың естерінен  кетпей  жүрген
бір сөз» деген әңгімені алғашында ел аузынан жазып алған Халиолла да,  Абай
ол әңгімелерді нағыз көркемдік талаптарға сай етіп өңдеген.
      Қ.Мұхаметхановтың жоғарыда  аталған  сыни  мақаласында  мынадай  пікір
айтылады: “Әдебиет тарихында мәлім болған “Еңлік-Кебек” атты екі поэма бар.
Біреуі  –  төңкерістен   бұрын,   1912   жылы   Семей   қаласында   “Ядрам”
баспаханасынан жеке кітап болып, “Жолсыз жаза, яки кез болған іс”  (Самосуд
или случайность) “Еңлік-Кебек” деген атпен басылып шыққан поэма. Екіншісі –
ақын Мағауия Абайұлының жазған поэмасы.  Мағауияның  “Еңлік-Кебек”  дастаны
Абайдың айтуы бойынша жазылып,  төңкерістен  бұрын  жарық  көрмеген.  Поэма
бірінші рет Х.Сүйіншәлиев құрастырған  “Дастандар”  атты  кітапта  басылды.

      Мұхтар Омарханұлы Әуезов “Еңлік-Кебек” пьесасының негізіне  Шәкәрімнің
“Жолсыз жаза” атты дастанындағы үлгіні желі етіп алады. Пьесаның  көркемдік
талабына орай оқиға желісі  сәл  өзгерді,  жаңадан  кісі  аттары   қосылды.
Тарихи  шындықтың  жүлдесін  сақтау  үшін  бұл  оқиғаға   қатыссыз   тарихи
тұлғаларды кейіпкер етіп алды. Пьесаның бұл нұсқасы сақталмаған. 1922  жылы
екінші нұсқасы Орынбор қаласында басылды,  1943  жылы  пьеса  толықтырылып,
түзетіліп үшінші нұсқасы жазылған.  «Ұсақ  ауытқуларды  айтпағанда,  барлық
нұсқадағы оқиға,  оның  баяндалу  реті,  аяқталуы,  аты  аталатын  адамдар,
негізінен бірдей. Адам бейнелерін кескіндеу де ұқсас. Кебек – батыр,  Еңлік
– асқақ махаббат иесі, Кеңгірбай – опасыз болып көрінеді. Шыңғыстау,  Орда,
Хан, Доғалаң, Ащысу барлық нұсқада аталады» .
      Бұл пьеса қазақ халқының тұңғыш пьесасы болып тарихқа енді  және  оның
айналған орны да - Абай ақынның қонысы - Ойқұдық,  Абай-Әйгерім  киіз  үйі.
Бұл күнді кейінгі зерттеушілер 1917 жылдың маусым айының  7-күні  деп  жүр.
Осылайша, қазақ театры шымылдығы сол күні  Абай  шаңырағында  ашылған.  Ал,
Мұқаң болса, қаламынан 30-дан астам пьеса  туғызған  қазақ  қаламгерлерінің
бас драматургі болады. Жазушы академик  Сәбит  Мұқанов  «Қазақ  әдебиетінде
драма М.Әуезовтің еншісі» дейтіні де содан.
      Екінші көңіл бөлерлік нәрсе, жоғарыдағы поэмалар мен пьеса  ел  ішінде
көп тараған аңыз негізінде жазылған. Бұл үш  автордың  де  сүйенгені  хатқа
түскен қүжат емес, ауызша әңгімелер. Бірақ, біз үш автордың да артында  ¥лы
Абайдың тұрғандығын ұмытпауымыз жөн.
      Иә, Еңлік-Кебек  шығарма  обьектісі  есебінде  асқан  бақытты-ақ!  Қос
мұңлық тағдырын алдымен ұлы Абай мұңдады.  Абайға  дейін  Еңлік  пен  Кебек
есімдері ұмытылу кезеңінде еді. «¥лға бұғау, қызға тұсау  болған  заманның»
қос құрбандарының есімдерін ұмытылу қапасынан тұңғыш рет жарыққа  ұлы  Абай
шығарады.
      XX ғасыр басталарда алдымен  Абайдың  сүйікті  ұлы  ақын  Мағауия  мен
Шәкәрім кезегімен жырлайды, қос ғашық тағдырын кезегімен мұңдайды.
      Ал, қай автор оқиғаны қалай өрістетті, оқиға шиеленісін қалай шешті -
ол басқа әңгіме. Біз соған тоқталуды мақсат еттік.
            “Абай  жолына”  үңілейік.  Шәкірттерін  ертіп  Еңлік  пен  Кебек
моласының басында  тұрып:  “Осы  жалғыз  мола  осынау  елсіз  жотаға  пайда
болғалы, міне, биыл жүз рет жадырап жаз, кірбең тартып күз кепті.  Сол  бір
ықылымнан бергі көп буындар тіршілігінің үнсіз куәсі – осы  мола.  Бұл  қос
мола – ішіне аса бір ауыр сыр бүккен молалар. Шаңда  бір  осы  тұсқа  соғып
өткенде,  әлдебір  арылмаған  қарызым  бардай  боламын.   Ақындық   қарызым
сияқтанады. Бұнда жатқан бір қыз,  бір  жігіт.  Жігіті  Кебек,  қызы  Еңлік
атанушы еді!  – деген кезде Абайдың үні ажарланып, машықты қалпына  ауысып,
қатаң сөйледі”.  Абайдың ақындық қарызын шәкірттері өтеді.
      Әкесінен «Еңлік-Кебек әңгімесін өлеңге айналдыруға  тапсырма  алғанда,
Мағауия ортасына танымал ақын еді. Сайыпқыран ақындар арасынан қатерлі  осы
тақырыпты Мағауияға жырлауды тапсыруды  оған  ұлы  ақынның  сенгендігі  еді
дейміз. Өйткені, Тобықтының жалпы жұрты, басымы кейінгі жастар, қыз  шолпан
Еңлікті, ер серкесі Кебекті, шеткі Ақшоқы басында қалып,  із-тозсыз  кеткен
жас сәбиді аяйтын. Ел зердесінде ұстайтын. Арырақ  барсақ,  оларды  сүйгені
үшін  отқа  байланған  Қалқаман  ман  Мамырдай  емес,  тіпті  кінәсіз   деп
білгендей. Тек  онысын  жарыққа  шығаруға  алдында  аса  алмайтын  ел  иесі
Кеңгірбайдай Еренқабырға көлденең тұратын.Бұл Абайды да толғандырған.  Ақыр
соңы, сол түйінді асу бермес аспан тауды өнер тілімен, ақын  үнімен  шешуді
сүйікті ұлы Мағаш орындауы керек еді. Бұл  толғанысты  ұғу  үшін  Мұхтардың
«Абай жолы» романының үшінші кітабының «Абай аға» тарауындағы оқиғаны  еске
түсіріңіздер. Мұқаң: «Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Ауада дымқыл  сыз  бар»
деп бастайды. Иә, жазушыда да, бас кейіпкері Абайда да қиналыс  бар.  Сонда
да ақындардың мүшәйрасы басталады. Жазушы:
      Мағаш: Күз түсті ме, бәтір-ау, неге тондың.
      Ақылбай: Оның рас, бозарып түсің де оңды.
      Кәкітай: Бірін тон, бірін оң, жүмысы жоқ
      Ойыңа түк кірмейді Кәкітай шоңның, - деп  ақындарды  шабыт  қиналысына
салып ап, одан соң қырандар  бәсекесіне  түсіреді.  Бірақ,  романда  сіздер
«Еңлік-Кебекті» жырлауды Мағауияға да, Шұбарға да тапсырмай, Абай  Дәрменге
тапсырды ғой деп ұшқары пікір түймеңіздер.  Дәрмен  ойдан  алынған,  Мұхтар
Әуезовтың адвокаты дейміз бе, қосалқы өмірде болмаған кейіпкері ғой.
      Еңлік пен Кебек оқиғасы тарихи шындық болғанмен, оның  төңірегін  аңыз
тармаған. Оның үстіне, сол тұстағы тыңдаушы  жұрт  санасының  дәрежесін  де
ескермей болмайды. Надандық, ескішілдіктің жасаған зұлымдық  актісі  осылай
жасалды. Тек, қос ғашыққа жасаған мейірімі екеуінің денелерін  бір  қабырға
жерлейді.Біздің дұға жасап, ізет-құрмет  жасап  жүргеніміз  сол  орын.  Ал,
Еңлік-Кебектен қалған ұрпақ Ермек  ер  жетіп,  дұшпандарынан  кек  қайтарды
деген аңыз-қисса Еңлік-Кебекті қимай жырға  қосқан  аты-жөні  белгісіз  бір
тобықты ақыны деп білеміз.; Енді  Мағауия  поэмасының  Шәкәрім  поэмасындай
халық арасына кең тарамағанына және бұл поэмаға  деген  ұлы  Абай  пікіріне
көңіл  аударғымыз  келеді.  Анығында  бұл  екі  жағдай  бір-бірімен   тығыз
байланыстағы нәрсе. Әрине бұл жайында жазылып қалған  екі  дүние  жоқ.  Бір
ауыз-екі әңгімеге  және  сол  тұстағы  тарихи  шындық  логикаға  сүйенеміз.
Мағауия  поэмасын  тыңдаған  соң,  Абай  Кеңгірбайдай  бидің  тобықты  руын
Шыңғыстауға қоныстандырудағы, оны  қабырғалы  ру  етудегі  орасан  еңбегіне
тоқтап: «Кеңгірбай би болмаса Тобықты  ел  болмас  еді.  Шыңғыс  бізге  жер
болмас еді. Қу көсе көселікке салған екенсің, Қисса жұртқа таратылмасын. Ел
арасы бүлінеді. Бірақ, Еңлік пен Кебек оқиғасы  ұмытылмауы  керек.  Шәкәрім
сен жазшы , бірақ асықпассың!» - депті . Шәкәрім  асықпаған.  Еңлік-  Кебек
қиссасы жазылған. Бір Абай  ғана  емес,  сол  ақындар  кеңесі  поэманы  сан
талқыласа керек. Сондықтан да , сол кездегі жағдайды  түсіндіру  мақсатында
Шәкәрім поэмасына кіріспе беріп шеті  момын  жұртының  "Ақтабан  шұбырынды"
қырғынына ұшырау тарихын баяндап, Тобықты руының   ата  мекені  Шыңғыстауға
1780  ж  тақалғанда  көшіп  келгенін  суреттейді.  Найман-Матай  көп   еді.
Кеңгірбай  бидің  Кебекті  қорғап  қалуға  шамасы  жоқ  еді  деген  нұсқаны
дәлелдейді. Кеңгірбай шешімі:
      Емес пе Әнет бабаң менің атам,
      Қабыл ма бірақ ондай менің атам .
      Көшсем қоныс, отырсам орным жоқ,
      Қайтейін көрсетемін тыныш жатсам.
      Иә, Әнет бабасы аз Тобықты  бірлікте  болу  үшін  ,  немере  қарындасы
Мамырды алған Қалқаманды оққа байлағанындай бұл да ел мен жер үшін  Кебекті
құрбандыққа  қияды.  М.Әуезов  үш  реткі  пьесасын  түзегенде   Социалистік
реализмге бейімдетіп берсе де, Кеңгірбайды ақтай алмайды,  шешімін  оңашаға
шығартады. Бұдан Мұхтардың Тобықты биін ақтағысы келгендей.
      Ал  поэмадағы  Мағауия  шешіміне  келсек,  1885-1990  жылдар-Ырғызбай-
Шігітектесі бүтін тобықтыны,  Шыңғыстауды  уысында  ұстаған  алпауыт  рудың
жұлқысқан кезі. Жылқы алысқан. Құнанбай айыптаудан жаңа құрылған  Кеңгірбай
немерелерінің  Сібірге  топтап  айдалған  кезі.  Бұл  оқиғалардың   Мағауия
поэмасына әсері тиеді десек онымыз шын бола ма? ¥лы Абайдың өз басында  осы
ру араздығына кіріскені, кәне. Бірақ, ұлы қашанда ұлы.  Сондықтан  да  Абай
әрі тарихи шындықтан, әрі ел берекесінен аттамады десек жөн.  Өзгеден  гөрі
алысты болжап поэманы тараттырмады дейміз. 1951 жылы Әуезовтың басына  бүлт
үйірілгенде  бәсекелесі  Сәбит  Мұқанов  Мағауия  поэмасы  неге   Әуезовтың
архивінен бір ғана дала боп шығады? — деп күмән да келтірген екен.  Мағауия
Абайұлының  «Еңлік-Кебек»  поэмасының  тарихы  туралы  Қайым  Мұхамедханұлы
мынадай дерек келтіреді: «Еңлік-Кебек» - Мағауияның  ақындық  қадамын  жаңа
бастаған  шағында  жазған  алғашқы  поэмасы.   Мағауияның   өз   қолжазбасы
сақталмаған. Поэманың бір ғана көшірме қолжазбасы, 1940 жылы, Мұхтар Әуезов
өз архивін тәртіпке келтіріп, реттетіп жатқан кезде,  көп  қағаздың  ішінен
табылады. Поэманы көшіріп  жазған  Дайырбай  Қожанұлы.  Бұл  кісі  де  Абай
шығармаларын көшіріп  жазып,  елге  таратушылардың  бірі  болған.  Дайырбай
қолжазбасы тозыңқырап қалған екен. Қайта көшіріп жазу  оңайға  түскен  жоқ,
«Еңлік-Кебек» поэмасын Дайырбай қай жылы, қайдан көшіріп жазғаны анықталған
жоқ. Мағауияның «Еңлік-Кебек» поэмасының бізге  жеткізген  жалғыз  қолжазба
нұсқасы осы» .
      1952 жылы Мұхтар Әуезов Алматы қаласында  Жамбыл  киносына  байланысты
Ленинградқа баратын ақсақалдарды  жинап,  бір  үйде  мәжіліс  өткізеді.  Ол
адамдар: Ғали (Кәкен), Тоқмұхамет, Ыдырыс, Абылқасым, Жолай, Омар,  Жұматай
т.б. Олардың мәжілісіне С.Қарамендин де қатысып,  көрген  жайларын  былайша
баяндайды: «Мұқаңа ақсақалдар көптеген сұрақтар қойды,  кітаптарда,  газет-
журналдарда жарияланып жүрген  әр  түрлі  мақалалардың  кемшіліктері,  оның
ішінде Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек оқиғалары сөз болды және өздері  білетін
басқа да тарихи әңгімелер тілге тиек етілді. Бұларды аса ынта қойып  тыңдап
отырған Мұқаң  бір  мезет  маған  бұрылып  бәрін  жазып  ал,  деген  ишарат
білдірді. Сонда Тоқмұхамет Шәкенов деген ақсақал: «Мұқа,  Абай  Еңлік-Кебек
оқиғасын дастан етіп жазыңдар деп Шәкәрім  мен  Мағауияға  тапсырған  деуші
еді. Абай Шәкәрім жазғанын мүлтіксіз жақсы екен деп  бағалап,  Мағауиянікін
қабылдамаған дейді. Осы рас па?», - деді.  Мұқаң:  «Рас,  бірақ  осы  күнгі
жағдайда Мағауияны қолдап жүрміз», -  деді.Сосын  Ыдырыс  ақсақал:  «Өмірде
Дәркембай, Дәрмен дегендердің  болғаны рас, бірақ  Дәрмен  ақын  емес  еді,
ендеше ол қалай Еңлік-Кебекті жазды?» Сосын «Абай жолы» эпопеяңыздағы Шұбар
– Ырғызбай Тілеуберді емес пе екен?»,-деді. Мұқаң  бұл  сұрақтардың  бәріне
жауап берді. «Ыдырыс аға, сіздікі шындық, Дәрмен  деп  жазғаным  –  Шәкәрім
ақын, Шұбар деп жазылған – Тілеуберді.  Мұндай  жағдай  орыс  халқының  ұлы
жазушылары Лев Толстой мен Гоголь шығармаларында кездеседі. Мен де солардың
жоба-тәртібін қолдандым»,-деді жазушы.
           Жазушылық даңқы жұмыр  жер  бетіне  кеткен  ұлы  суреткер  Әуезов
өзінің 45  жылдық  жазушылық  ғұмырында  нені  суреттесін  жеңілжортпалыққа
барған емес.
      Ол жарық дүниеге келген  адамзат  ұрпағының  бірі  есебінде  де,  Алла
берген зор дарын иесі тұлға есебінде де асқан бақытты болатын. Абайдай ақын
поэзиясының кәусарына жөргегінен сусындап, қана ішті. Тілі де Абай тілі боп
шықты. Жарықтық: « Менің  шығармаларымда  Абай  тілі  бар.  Соған  шүкірлік
етемін» дегенді тегін айтпаған да болар. Сонымен біздің айтпағымыз:  Жазушы
туардан бір ғасырдай уақыт бұрын Шыңғыстау  елінде  бұландай  бұлықсыған-ел
қорғаны -ер шолпаны Кебек батыр мен қасы қара құндыздай, жанары  жарқыраған
қарақат көзді, еліктің лағындай мүсінді, бал  тілді,  өр  мінезді  ару  қыз
Еңлікті қатыгез рубасыларының ескі салттың құрбаны етіп, асаудың  құйрығына
өз қолдарымен байлап жібергені жөніндегі 20 жасар Әуезов Мұхтардың бұдан 90
жыл бұрын жазған Еңлік-Кебек пьесасы туралы.
      Оқиғаны Мағауия мен  Шәкәрім  ақын  жырлағаннан  соң  он-он  бес  жыл
шамасында бұл тақырыпқа М.Әуезов қалам  тартады.  Және  ауыздан-ауызға  тез
тарағыш дастан емес, ұлттық әдебиетімізде бұрын болмаған  ұшқыны  жаңа-жаңа
шашырау үстіндегі пьеса тіліне түсіріп сахналайды. «Еңлік-Кебек» пьесасы  -
халқымыз өнеріндегі алғашқы жазылған әм сахналанған пьесалардың бірі.  Оның
авторы да қазақ әдебиетіндегі проза жанрының  көшбасшы  классигі  -  Мұхтар
Әуезов. Оның алғаш сахналанып қойылған орны да ертегі  аңызындай.  Ол  орын
Абай ауылының көктеуі -Ойқұдық қонысы. Ойынға қатысушылар:  Абай  аулы  мен
Әуезқожа аулының өнерпаз жастары. Олар қазақ сахарасынан іздеп жүріп  сирек
кезіктірер шетінен әнші, шетінен күйші, дені ақын баршасы да  оқыған  зиялы
жастар еді. Біз Еңлік-Кебек шығарма  обьектісі  есебінде  айырықша  бақытты
екендігін қадап айтып, атап көрсеткіміз келеді.
       1917 жылдың 7  маусымы  күні  Абай  туған  сыртқы  Қасқабұлақтан  қол
созымдай жердегі ақын қонысында - Абайдың өз киіз үйі Әйгерім үйінде тұңғыш
көрсетілімі өтеді.
      Пьесаның көрсетілуі сахнадан адамдар әрекетін көрмеген  қыр  қазақтары
үшін үлкен бір жаңалық болады.  Кебек  пен  Еңліктің  ғибратты  ісі,  терең
махаббаты сырына енді қанған көрермендер оларға  болған  сұмдық  қаталдықты
айыптап тарқасады. Еңлік болып сахнаға шығатын бірде-бір әйел  болмай,  бұл
рөльді Мұхтардың ағасы Ахмет Әуезов, Жапал рөлін Абайдың немересі Жебірейіл
ойнайды.  Ахметке  аттың  құйрығынан  бұрым  өріп  тағады.  Ауыл  жастарына
сахнаның ежелгі өнерпаздары, күлдіргілері, әншілері  қосылады.Ойынға  солар
да  араласады.  Әрі  автор,  әрі  режиссер  Мұхтардың   үйретуімен   ойынға
қатысушылар  пьесаның  сөздерін  жаттайды.  Әнмен   айтылатын   өлең   сөзі
болмағандықтан олар пьесаның мәтінін оңайлықпен жаттай алмайды.
            Спектакль бес күн  бойы  дайындалады.  Әйгерім  үлкен  екі  үйді
қосып, біреуін сахна  етуге  рұқсат  береді.  Артистер  айтатын  сөздерінен
жаңылып қаламыз деп қорыққаннан кейін автор суфлерлік қызмет  те  атқарады.
Ол үлкен сандықтың тасасына жасырынып алып, оқиға өрбуіне  сәйкес  пьесаның
сөздерін  қайталап  айтып  тұрады  .  Ойнаушылар  кейде  суфлерді  тыңдамай
өздерінше сөйлеп кетеді,  осы  орайда  ойнаушылар  аузынан  шыққан  орынды,
ұтымды, шебер сөздер үлгісін кейін автор  1922  жылы  жариялаған  пьесасына
енгізеді.
           «Еңлік-Кебектің» толыға түскен бір түрін  1922  жылдары  жазылған
нұсқадан көресіз.  Мұнда  сюжет,  композиция,  конфликт,  диалог,  монолог,
интрига барлығы да көркем пьесаға тән қалыпта, олардың бір-біріне  үйлеспей
шанжау-шанжау тұрғаны байқалмайды. Пьеса тынысы  кеңейе  түскен,  шығармаға
тың  персонаждар  қосылады,  уақиға  қоюланады,  кейіпкерлердің   қоғамдық,
халықтық бейнесі айқындала түседі.
           Мұхтар Әуезов «Еңлік-Кебектің» халық санасында  қалыптасқан  көне
нұсқаларын дұрыс пайдаланған, әңгіменің халық ойына ұялаған негізгі сарынын
бұзып жібермейді. Автор халық қазынасына айналған әдеби әңгімені жаңғыртып,
оның көркемдік, реалистік өресін әлдеқайда өсіріп, халыққа қайта  қайырады,
халық сүйікті ұлы мен қызын сахнадан көріп, қошеметпен қарсы алады.
      Әрине, Еңлік-Кебектің алғашқы қойылым  қарапайым  болғанына  күмәніміз
болмаса да, сол қарапайым дүниені сахналау үшін де әжептәуір  дүние  керек-
ті. Бірақ, оны сахналаушы жас Мұхтар белгілі  дәрежеде  дайындығы  бар,  аз
болса да тәжірибелі автор өзіндік беті  бар  сахналаушы  (қоюшы),  режиссер
дегеніміз жөн болар.
      Жиырма жастағы Мұхтар оған дейін  «Ел  ағасы»  деген  шып-шымыр  шағын
пьеса жазды. Ал, сол кездегі  Мұхтар  жүрген  орта  —  Семей  қаласы  зиялы
жастарының ұлтжандылығы, ұлт өнерін дамытуға деген құштарлығы хақында қалай
айтса да сияр еді.  Бүгінде  сол  кездегі  Семей  қаласын  қазақтың  Санкт-
Петербургі деген баға тіпті де көтере сөйлеген сөз емес. Семейде 1890  жылы
«Музыка және драмалық  өнер  әуесқойларының  қоғамы»  құрылып,отызға  тарта
тұрақты  әуесқойлардың   басын   қосып,   арнайы   жарғымен-жұмыс   істеген
шығармашылық   ұйым   болады.   Қоғамның   сахнасында    шағын    пьесалар,
интермедиялармен  бірге,  әдеби-музыкалық  кештер  жиі  өткізіліп   тұрады.
Осылайша,  Семейде  алғашқы  әуесқойлық  театрдың  негізі  қаланады.   1900
жылдардың  алғашқы  жылдарында  ашыла  бастаған   түрлі   оқу   орындарының
мұғалімдері мен оқушы жастары  осы  қоғамның  тәжірибесіне  сүйеніп,  театр
өнерін жандандыра түседі. 1913-1914 жылдары қаладағы  қазақ,  татар  оқыған
жастары «Шығыс кеші» деген атпен  ойын-сауық  кешін  ұйымдастырып  отырған.
Оның белсенді ұйымдастырушылары әрі қатысушылары Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар
Әуезов,  Қаныш  Сәтбаев  секілді  талантты  жастар  болады.  Мұндай  рухани
жұмыстарды ұйымдастырып, қазақ жастарын өнерге баулыған - Нұрғали Құлжанов,
Нәзипа Құлжанова, ақын Тайыр Жомартбаевтар. Сол кездегі  ел  есінде  ерекше
сақталған сауық кеші - 1914  жылдың  қаңтарында  Абайдың  өлгеніне  10  жыл
толуына арналған кеш болады. «Айқап» журналы «Абайдың өлеңі айтылады  деген
хабарды есітіп, қаладағы, қырдағы қазақтың көбіне билет жетпей қалды»-  деп
жазады. Қазіргі еліміздегі аса көрнекті театр сыншысы  Балғыбек  Құндақбаев
«Мұхтар Әуезов жэне театр» деген монографиялық зерттеу еңбегінде: «М.Әуезов
Абай туралы тұңғыш ресми сөзді осында естіді. Сонымен бірге ауылдағы  түрлі
жиындарда, ас пен тойларда, жәрмеңкеде ғана  айтылатын  Абай  өлеңдері  мен
әндерін Әлмағамбет Қапсаламов, Мұқа Әзілханов, Қали  Бекбергенов,  Қайықбек
Айнағұлов сияқты сол  кездегі  белгілі  өнерпаздардың  орындауында  сахнада
тыңдайды. Түптеп келгенде, бұл ұлы ақын шығармаларының  Европа  үлгісіндегі
концертте  тұңғыш  орындаушы  еді.  Мұнан  кейінгі  жылдардағы   ойын-сауық
кештерін  Жүсіпбек  Аймауытов  пен  Мұхтар  Әуезов  әлгі   әнші-күйшілердің
қатысуымен үнемі ұйымдастырып  отырған”  –  дейді.  Мұнан  кейінгі  Семейде
өткізілген ойын-сауық кешінің шыңы 1916 жылы 13 ақпанда өткізілген  сахнаға
бейімделген “Біржан-Сара” айтысының қойылуы болады. Бұл – театрлық  өнердің
сол уақыттағы мүмкіншілігін толық, жинақы, ел көңілінен  шыққан  қызғылықты
көркем қойылған ойын екен. Ойынның   екінші  жартысында  концерт  берілген.
Оның  басы  –  Мұхтардың  сол  тұстағы  болған  оқиғаларды   жазған   барша
естеліктерде бар.
              Сонымен, осы айтылғандардың тәжірибе жинақтап ысылған  болашақ
қазақ театр өнерінің бас драматургі  Мұхтар  Омарханұлы  Әуезов  Еңлік  пен
Кебектей махаббат құрбандығы болған қос ғашықтың арман-зарын   өнер  көгіне
ұмытылмастай етіп мәңгілікке таңбалап, алтын әріппен жаздай игілікті тарихи
ісін бастайды.
              Қазақтың алғашқы профессионал театрының  1926  жылы  Қызылорда
қаласында  ашылғаны  мәлім.   “Еңлік-Кебек”   осы   профессионал   театрдың
сахнасында  1926  жылдың  қаңтарында  Серке  Қожамқұловтың   режиссурасымен
шығады.  Содан  былай  Еңлік-Кебек  кезегімен  ашылған  қазақ  театрларының
күллісінің сахнасында қойылып келеді.
      Мұхтар  Омарханұлы  бұл  туындысын   төрт   рет   түзеп,   сындап   өз
лабараториясынан өткізген екен. Шәкәрімнің “Еңлік-Кебек” поэмасының  ықпалы
болғанын сол кезздегі мерзімді  баспасөз  беттерінде  жазды:  “Өткен  мамыр
айының аяғында бір жерде отырған Абайдың он шақты ұлының 14-15 жасы  игілік
мақсатпен бір ұйым ашты. Ұйым аты  “Талап”  болды.  Ұйымға  кірген  талапты
жігіттердің алды 100, арты 10-15  теңге  жарна  жинады.  Бұдан  басқа  ұйым
мүшелері отбасы 3 теңге беріп, ұйым  қазынасын  толықтыра  беруге  міндетті
болды. Бұл ұйым ашылғандағы әзіргі көздеген мақсаты - әлдері келгенше кітап
бастыра бермек. Онан соң бұл ұйым  Шәкәрім  қажының  “Еңлік-Кебегін”  театр
түріне айналдырып, Тұрағұл  Құнанбаев  мырзаның  бір  бала  ұзатқан  тойына
представление істеп, ойын көрсетті. Екі үй қатарластырып тігіледі. Билет 50
тиын  болды.  Ойын  басталар  алдында  семинарист  Мұхтар   Әуезов   пьеса-
представлениенің  мақсаты  жолынан  сөз   сөйлеп,   халықты   болар   іспен
таныстырады” .
      Бұдан Мұхтар  Әуезовтің  “Еңлік-Кебек”  пьесасының  жазылуына  Шәкәрім
поэмасының ықпалы болғанын байқасақ, сонымен қатар тек поэманы ғана негізге
алмай, халық арасында кең тараған  аңызға  да  сүйенген.  Мұхтар  Әуезовтің
драмалық шығармасының  тарихи  негізі  жөнінде  академик  Рымғали  Нұрғали:
“Мұхтар “Еңлік-Кебегінің”  сюжеті негізінен халық аңызының бұрынғы  әңгіме,
поэма түрінде келген нұсқаларының іргесінен  тарайды.  Тобықты  мен  Найман
арасында  нақты  болған  оқиғаның  драма  материалы  екенін  ұғыну  –   жас
қаламгердің жазушылық көрегендігін аңғартады.
          “Еңлік-Кебек”  –  қазақ  драматургиясының  классикалық  шығармасы,
театр өнерінде оны аттап өтуге болмайтын асу, қазақ  сахнасының  күллісінің
сынақта пьесасы болумен қатар қазақ актерларының баба буынынан бүгінгі бала
буынына дейінгісінің сынақтап өтер спектакльдернің  бірі.  Қазақ  актерлары
Қалыбек, Серке  Қожамқұлов,  Елубай  Өмірзақов  ағалар  мен   Қапан,  Күләш
Байсейітова,  Шара  Жиенқұлова  апайларымыз  секілді  ұлы   әртістеріміздің
әрқайсысы “Еңлік-Кебектегі” рөлдерді  түгел  ойнап  шыңдалған.  Сонымен  де
Еңлік-Кебек бақытты!
            «Еңлік-Кебек» трагедиясының сюжеттік желісі барлық шығармада бір
болғанмен, әр жанрда әр түрлі көрініс береді. Әңгіме жанрында ол  қарапайым
баяндалса, поэма жанрда сюжет көптеген қосымшалар, детальдар,  эпизодтармен
толығып көлемді шығармаға айналады. Ал енді драма жанрында  сюжет  одан  да
бетер  күрделеніп,  көптеген  қосымшалар,  детальдар,  эпизодтармен   қатар
шығарманың кемелденген шағын байқатады.
      Екі ғашық, Еңлік пен Кебек тағдырына жазылған  бұл  көркем  шығармалар
қазақ халқының  бір  кездегі  өмірі,  салт-санасы,  арманын  көрсетіп  қана
қоймай, осы шығармаларды жазған әр ақын-жазушының өзіндік өресімен,  көркем
қиялымен таныстырады. Сондай-ақ, бұл  шығармалар  қазақ  әдебиетінің  жанры
түрлерінің қалыптаса түсуіне әсер  етіп,  көркемдік  сезім  жетіле  түсуіне
септігін тигізді.















                       Пайдаланылған дебиеттер тізімі:


 1. Әуезова Л. М.О.Әуезов творчествосында Қазақстан тарихының  проблемалары.
    Алматы, 1977
 2. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. Алматы, 1975.
 3. Нұрқатов А. М.Әуезов творчествосы. Алматы, 1965.
 4. Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары. Алматы, 1982.
 5. Әдібаева Х. Уақыт және суреткер. Алматы, 1962.
 6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. З.Ахметов, Т.Шаңбаев. Алматы, 1997.
 7. Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. Алматы, 1986.
 8. Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989.
 9. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. Алматы, 1979.
10. Бердібаев Р. Роман және заман. Алматы, 1967.
11. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. Алматы, 1991.
12. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. Алматы, 2002.
13. Дербісәлин Ә. Дәстүр мен жалғастық. Алматы, 1976.
14. Дүйсенов М. Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі. Алматы, 1997.
15. Исабеков Д. Ұлттық рух және мәдениет. Егеменді Қазақстан, 06.07.2001.
16. Лизунова Е. Мастерство М.Ауэзова. Алматы, 1968.
17. Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. Алматы, 1970.
18. Нұрғалиев Р. Трагедия табиғаты. Алматы, 1968.
19. Нұрғалиев Р. Айдын. Алматы, 1985.
20. Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар. Алматы, 1968.
21. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. Алматы, 1962.
22. Рахымжанов Т. Қазіргі қазақ романының поэтикасы. Алматы, 1992.
23. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. Алматы, 1993.
24. Ыбырайым Б. Сырлы әлем. Алматы, 1997.
25. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары.  Алматы,
    2001.
26. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, 1994.
27. Кәрібозұлы Б. Сырлы сөз сипаты. Алматы, 1997.
28. Кенжебаев Б. Шындық пен шеберлік. Алматы, 1986.
29. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. Алматы, 1984.
30. Нарымбетов Ә. Қазіргі қазақ поэмасы. Алматы, 1982.
31. Сәтбаева Ш. Әдеби байланыстар. Алматы, 1974.
32.  Шәріпов  Ә.  Қазіргі  дәуір   және   қазақ   совет   әдебиетінің   даму
    проблемалары.
33. Исабаев Б. Ұлылар мекені. Новосибирск 2004.- 623б.
34.  Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы.т.15. Алматы: Жазушы, 1984.-   б.


35. Жанболатұлы М. Би ата. Семей 2008. -  342бет.
36.  Шәкәрім 2 томдық I том. Құраст.Жармұхамедұлы М., Атығай Б., Ибраев  С.,
    Рысқұлова Г. Алматы:Ел шежіре, 2008.- 506б.



















































Пәндер