Файл қосу

Қан жасаушы мүшелер



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                     |
|ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                            |
|3 деңгейлі СМЖ құжат       |ПОӘК               | ПОӘК 042-14.01.            |
|                           |                   |20.95/01-2012               |
|ПОӘК                       |2012ж. №1  басылым |                            |
|«Жануарлар анатомиясы»     |                   |                            |
|пәніне арналған            |                   |                            |
|оқу-әдістемелік материалдар|                   |                            |






                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                           «Жануарлар анатомиясы»


         5В080300- «Аң өсіру және аңшарушылығы» мамандығына арналған



                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
















                                 Семей- 2012












                                   Мазмұны


1.Глоссарий

2. Дәріс оқулар

3.Зертханалық сабақтар

4. СОӨЖ

5. Студенттің өздік жұмысы









































   1. Глоссарийлар


1.1.Аборальный- ауызға қарамарсы бағыт
1.2.Акромион- жаурының дистальді өсінідісі
1.3.Аксон- жүйке жасушасының ұзын өсіндісі
1.4.Анастомоз- қан тамырларының өз-ара қатысуы
1.5.Ангиология- тамырлар тұралы ілім
1.6.Апикальный- төбеде орналасуы
1.7.Афферентный- әкелгіш, сезгіш
1.8.Бифуркация- кенірдектің екі бронхтарға бөлінуі
1.9.Бурса-  капшық
1.10.Вагус- кезеген
1.11.Васкуляризация- қанмен көректену
1.12.Вентральный- құрсаққа бағыт
1.13.Вертебральный- омыртқалық
1.14.Волярный- алақан беті
1.15.Ганглий- түйін
1.16.Дентин— тістің негізгі заты
1.17.Депрессор- төмендететің
1.18.Десмоз- байлам
1.19.Диафиз- түтүкті сүйектің денесі
1.20.Дилятатор- кенейткіш
1.21.Дорсальный- арқаға бағыт
1.22.Иннервация- жүйкелендіру
1.23.Инспирация- дем алу
1.24.Интима-  қан тамырларының ішкі қабаты
1.25.Кардиа- өнештің асқазанға кіреберсі
1.26.Конституция- дене құрылысың анатомо-физиологиялық жиынтығының
ерекшелігі
1.27.Кутикула- шәштің сыртқы қабығы
1.28.Лакуна- ойық
1.29.Леватор- көтергіш
1.30.Лимфа- лимфа тамырларындағы сүйықтық
1.31.Медиальный- ортаға жақын бағыт
1.32.Медианный- ортада орналасқан
1.33.Миология- бұлшықет тұралы ілім
1.34.Овуляция- жұмыртқалықтан жетілген жұмыртқа жасушасының шығуы
1.35.Остеоцит- сүйек жасушасы
1.36.Париетальный- қабырғалық
1.37.Перикард- жүрек қабы
1.38.Пилорус- Асқазаның ішектерге ашылуы
1.39.Пронация- аяқтын ішіне қарай айналуы
1.40.Септа- аралық
1.41.Синдесмология- сүйектердің байланысуы
1.42.Синовия- бүын қуысының сүйығы
1.43.Синус- қуыс
1.44.Сома- дене
1.45.Сомит- мезодерманың дорсальді бөлімі
1.46.Спермиогенез- сперматозоидтің дамуы
1.47.Трабекула- саты
1.48.Фасция- дәнекер ұлпадаң түзелген қабық
1.49.Фолликулы- көпіршектер
1.50.Фронтальный- мандайлық
1.51.Хоаны- мұрын қуысынаң жутқыншаққа ашылатың тесіктер
1.52.Экспирация- дем шығару
1.53.Экстензия- бүгілдіргіш
1.54.Эндокард- жүректің ішкі қабаты
1.55.Эпистрофей- екінші моыйн омыртқасы

2.Дәріс оқулар


   Дәріс 1. Кіріспе.  Жануарлар организмінің құрылысындағы анатомиялық
   ерекшеліктер.


Дәріс сабақтың мазмұны: 1. Анатомия  әдістері  және  манызы.  2.   Жануарлар
организмнің құрылысының заңдылықтары.

      Анатомия ғылымы организмді  жан-жақты  зерттеуіне  байланысты  бірнеше
салаға бөлінеді. Оларға сипаттамалы, топографиялық, мүсіндік  (пластикалық),
функционалды,    динамикалық,     антропологиялық,     салыстырмалы     және
микроскопиялық анатомиялар жатады.  Анатомиялық білімді меңгеру адамдар  мен
жануарлар  арасындағы  айырмашылықты  дұрыс  бағалауға   мүмкіндік   береді.
Зоологиялық  классификация  бойынша  адам   барлық   омыртқалылармен   бірге
хордалылар   типіне   жатады,   себебі   эмбриональдық   даму   кезінде   де
редукцияланған хорда қалыптасуына  байланысты  омыртқалылардың  тармақтарына
осьтік қаңқасы – омыртқа жотасы болады.
      Жануарлар  омыртқалылардың  ішіндегі  тірі  туатын  және  ана  сүтімен
қоректенетін  – сүтқоректілер класына жатады.
      Организмнің тұтастығы оның жеке бөліктерінің құрылымдық қосындысы  мен
олардың байланысы арқылы жүзеге асады. Ал байланыс оның  түрлі  тамырларында
қуыстықтары мен кеңістіктеріндегі ағып жатқан сұйықтықтар  мен  организмдегі
барлық  процестерді  реттеп  отыратын  нерв  жүйесіне  байланысты.  Организм
бөліктерінің сұйықтығы арқылы  байланысын  гуморальды  байланыс  деп  атаса,
нерв жүйесі арқылы реттелуін нерв  регуляциясы  деп  атайды.  Сонымен  бірге
организм   тұтастығы   вегетативтік   және   анимальдық,   психикалық   және
соматикалық процестердің бірлігіне де байланысты.
2. Дене мүшесі деп, дененің белгілі  бір  құрылысындағы,  пішініңдегі  өзіне
тән қызмет атқаратын дене бөлігіне айтылады. Мүшеге  сүйек,  бұлшықет,  без,
асқазан т.б. жатады. әрбір мүшенің негізгі бөлігі өзіне  тән  ұлпадан  пайда
болады.  Сол  ұлпа  мүшенің  негізгі  қызметің  атқарады.   Кейбір   мүшенің
құрылысында екіө үш түрлі ұлпа басты қызмет атқарады.  Денедегі барлық мүше-
 құрылысына, қызметіне, дамуына байланысты жүйелерге бөлінеді.
1. Қимыл жүйесіне барлық сүйек, оларды жалғаушы шеміршек,  буын  мен  бүлшық
   ет кіреді.
2.   Ас  қорыту  жүйесі-  тағамды  қабылдайды  ұсатады,  жұтады,   қорытады,
   сініреді.
3.  Тыныс алу жүйесінің қатынасуымен ішкі және сыртқы тыныс алу, газ  алмасу
   құбылыстары өтеді. Тыныс алу жүйесіне  мұрын  қуысы,  көмекей,  кенірдек,
   өкпе, плевра қатысады.
4. Несеп шығару жүйесі. Денеде тіршілік  әрекеті  нәтижесінде  пайда  болған
   керексіз заттарды сыртқы ортаға шығарады.
5. Жыныс жүйесіне көбею мүшелері кіреді. Жыныс  мүшелері  мен  несеп  шығару
   мүшелерінің дамуы тығыз байланысты.
      Денедегі жүйелер мен мүшелердің қызметі бір-бірімен  тығыз  байланысты
екені белгілі.  Жануар денесінің бүтіндігін сақтауға  қан  айналу  жүйесінің
манызы зор. Қан және лимфа  тамырлары  арқылы,  қан  бүкіл  денеге  жайылып,
көректік заттарды, гормондарды, ферментерді жүйелер мен мүшелердің  қызметің
реттейтің заттарды тасымалдайды. Жануар денесінің  бір  тұтастығын  сақтауда
жүйке жүйесі негізгі  қызмет  атқарады.  Бұл  жүйе  мүшелер  мен  жүйелердің
қызметің реттейді.

Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы,  Білім
1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;
3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия  сельскохозяйственных  животных  с
основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.

Дәріс 2.  Біліктік қаңқаның анатомиялық құрылысы.

Мазмұны: 1.Жануарлар қаңқасының морфофункционалдық сипаттамасы.Қаңқаның
бөліктерге бөлінуі. 2.Біліктік  қаңқаның құрылысы.

      Дәнекер, шеміршек, сүйек ұлпалары арқылы белгілі бір заңдылықпен өзара
байланысқан сүйектер мен шеміршектердің жиынтығын- қанқа деп  атайды.  Сүйек
адам және жануар денесіндегі негізгі жанды мүше болып  табылады.  Ол  өзінің
қаттылық қасиетінің  арқасында  денені  қимылға  келтірумен  бірге  тіректік
қызмет атқарады. Сүйекте негізінен сүйек тканінен басқа  нерв  және  дәнекер
тканьдері болады. Олар сүйек құрылысында  қан, лимфа  тамырларын  және  нерв
талшықтарын  түзеді.  Сүйек  сүйек  қабығынан,   сыртқы   жалпы   қабығынан,
остеондардан, сүйектің саңылау қуыстарынан тұрады.
      Сүйекті сыртынан дәнекер тканьнен тұратын сүйек қабы қоршап жатады. Ол
қан тамырлы болады, осы қан тамырлары арқылы сүйек қоректенің  отырады.  Қан
тамырлары мен нерв талшықтары сүйек  ішіне  арнаулы  тесіктер  арқылы  еніп,
қоректенуімен  қатар  нервтендіреді,  сонымен   бірге   қорғаныштық   қызмет
атқарады. Ол екі қабаттан түзілген. Сыртқы қалың  дәнекер  ткані  және  ішкі
остеобласт қабаты. Сүйек қабының ішкі қабаты сүйек жасайтын  клеткалардан  –
остеобластардан  түзілген.  Осы  сүйек   клеткаларының   көбею   нәтижесінде
сүйекте жаңа қабаттар пайда болып, сүйекті көлденең өсіреді.
      Қаңқа біліктік және шеттік болып екіге бөлінеді. Біліктік  қаңқа  бас,
мойын, тұлға және құйрық сүйектерін біріктіреді. Жануар қаңқасының  құрылысы
дене  мүшелеріне  сәйкес  топтасып,  тұлға,  қол-аяқ  және  бас  сүйектеріне
бөлінеді.  Тұлға  сүйектері  омыртқа  жотасы  мен  мен  көкірек  клеткасынан
құралады. Омыртқа жотасы бой тізбектеле орналасқан 33-34 омыртқадан  тұрады.
Көкірек клеткасы алыдынан төс сүйегімен, арт жағынан көкірек  омыртқаларымен
шектелетін 12 жұп қабырғалардан түзілген.
2. Біліктік қанқа бас, мойын,  тұлға  және  құйрық  сүйектерін  біріктіреді.
Омыртқа бағанасы- омыртқалардың өзара  байланысу  нәьтжесінде  түзілген.  Ол
өзін құрайтын омыртқалардың түрлеріне  сәйкес  мойын,  арқа,  бел,  құйымшақ
және құйрық бөлімдерінен  тұрады.  Көкірек  керегесі-  арқа  омыртқаларынан,
қабырғалардаң және төс сүйегінен құралып, көкірек куысының  сүйектік  негізі
болып  табылады.  Бас  қанқасы   бір-бірімен   тұтаса   байланысқан   жалпақ
сүйектерден құралған. Бас сүйектері  негізінен  ми  сауты  және  бет  бөлімі
болып екіге бөлінеді.

Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы,  Білім
1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;
3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия  сельскохозяйственных  животных  с
основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.


Дәріс 3. Шеттік қаңқаның анатомиялық құрылысы.

Мазмұны: 1.Шеттік қаңқаның     жалпы   сипаттамасы.  2.Қол-аяқ  сүйектерінің
құрылысы.
       Шеттік  қаңқа  немесе  алдыңғы  аяқ  қаңқасы  (кеуделік)  және  артқы
(жамбастық)  аяқ  сүйектерінен  құралған.  Қол  сүйектері  негізінен   еркін
қозғалмайтын немесе иық белдеуі ( жауырын), еркін қозғалатын  немесе  қолдың
өз сүйектерінен тоқпан жілік, білек және қол басынан тұрады.
      Аяқ сүйектері қол сүйектеріне сәйкес келеді.  Оларға  жамбас  белдеуі,
ортан  жілік,  сирақ  және  аяқ  басының  сүйектері  жатады.  Жамбас  сүйегі
қимылсыз байланысқан үш бөліктен түзілген: мықын, шонданай,  шат  сүйектері.
Осы үш сүйектің біріккен жеріндегі  ойысты  ұршық  ойысы  деп  атайды.  Оған
ортан жіліктің ұршық басы енеді. Ортан  жілік  адам  сүйегінің  ішіндегі  ең
ұзын, ең ірісі. Оның  денесі  –диафизі  және  екі  шеті  –  эпифизі  болады.
Жоғарғы басын проксимальды, ал төменгі жағын дистальды эпифизі  деп  атайды.
Сирақ сүйектері  екі  сүйектен  түзілген:  асық  жілік,  шыбық  сүйегі,табан
сүйектері ұзынша келген  бес  сүйек.  Әрбір  табан  сүйегінің  орта  бөлігін
денесі, арт жақ тегіс  келген  жерін  негізі,  ал  алдына  жұмырлана  біткен
бөлігін басы дейді.
2.  Аяқ сүйектері екі бөлімнен құралады: 1/ еркін қозғалмайтың бөлім  немесе
иық жамбас белдеу; 2/ еркің қозғалатың бөлім. Иық  белдеуге  жаурын  жатады.
Жаурынө жалпақ келген, үшбырышты сүйек.  Оның  латеральдік  және  қабырғалық
беттері,  дорсальдік,  краниальдік,  каудальдік  жиектері  және  үш   бұрышы
болады.  Жамбас  белдеуі-  бірөбірімен  шеміршек  арқылы   жартылай   түтаса
байланысқан қос жамбас сүйектерінен тұрады. Алдыңғы аяқтың еркің  қозғалатың
бөлігіне: тоқпан жілік, білек сүйектері, аяқ  басы  қанқасы  жатады.   Артқы
аяқтың еркің қозғалатын бөлігіне: ортан жілік, сирақ  сүйектері,  артқы  аяқ
басы қанқасы жатады.

Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы,  Білім
1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;
3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия  сельскохозяйственных  животных  с
основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.

      Дәріс 4. Синдесмология.

Мазмұны:1.Сүйектер  байланысының   түрлері.   Синартроз.   2.Диартроз   және
буындардың қозғалыстары.
      1. Сүйектердің байланысы қаңқа сүйектерінің бір-бірімен өзара  белгілі
бір  заңдылықпен  байланысуын  қамтамасыз  етеді.  Жануарлар  қаңқаларындағы
сүйектер байланысы екі түрге бөлінеді: тұтаса (үздіксіз)  байланыс,  буындық
(үздікті) байланыс. Егер сүйектер бір-бірімен тікелей  саңылаусыз,  қимылсыз
қосылса олар синартрозды байланыстар  деп,  ал  бір-бірімен  аралық  саңылау
қалдырып  қимылды  қосылса  диартрозды  байланыстар   деп   атайды.   Тұтаса
байланыстарға: синостоз (сүйек  ұлпасы  арқылы  байланыс),  синсаркоз  (  ет
ұлпасы  арқылы  байланыс),  синхондроз(шеміршек  ұлпасы  арқылы   байланыс),
синдесмоз  (дәнекер  ұлпасы  арқылы   байланыс),   синэластоз   (эластикалық
талшықтар арқылы  байланыс)  жатады.  Сүйектердің  түтаса  байланыс  түрінде
сүйекаралық қозғалыс шектеулі түрде жүреді немесе ол мүлдем болмайды.
      2. Буын құрылысына қатысатын  сүйек  санына  қарай  жай  және  күрделі
буындар деп бөлінеді.  Әрбір  буын  буын  бетінен,  оны  жауып  жатқан  буын
шеміршегінен және буын қапшығынан түзілген. Буын беті деп екі сүйектің  бір-
біріне қараған, буындасқан жерін айтады. Буындасушы сүйектердің беттері бір-
біріне сай келеді.  Сүйектердің  буын  беттері  шеміршекпен  жабылады.  Буын
қуысы дегеніміз – екі сүйек  аралығындағы  саңылау  қуыс.  Ол  екі  қабаттан
тұрады: сыртқы (фиюброзды), ішкі (синовиальды). Буындарды шар,  эллипс,  ер,
шығыршық, цилиндр тәрізді, жазық пішінді деп  бөлеміз.  Буындық  байланыстар
дененің  кеністіктегі  қозғалуын  болмаса  оның   бөліктерінің   бір-бірімен
салыстырмалы жағдайдағы қимылын іске асырады. Соңдықтан,  оларды  қозғалмалы
байланыстар деп атайды.

Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы,  Білім
1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;
3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия  сельскохозяйственных  животных  с
основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.

Дәріс 5.  Миология.

Мазмұны:1. Бұлшық еттердің маңызы, түрлері. 2.Бас,  мойын,  тұлға  және  аяқ
бұлшық еттері.
      1.Бұлшық ет дененің барлық қимылына қатысады. Бұлшық ет  -  өзіне  тән
пішіні,атқаратын  қызметі  бар  дененің  мүшесі.  Ол  бұлшық  ет  ұлпасынан,
борпылдақ  және  қатты  дәнекер  ұлпалардан,   қан   тамырлары   мен   жүйке
ұлпаларынан тұрады. Оның негізі – бұлшық ет  ұлпасы.  Бұлшық   ет  ұлпасының
екі түрі бар: көлденең жолақты және бірыңғай салалы. Қаңқаның бұлшық  еті  –
көлденең жолақты.Бұлшық еттер пішіні мен көлеміне қарай  қарапайым,  күрделі
және қауырысынды болып үш топқа бөледі.  Атқаратын  қызметіне  қарай  бүлшық
еттер динамикалық және статиқалық топтарға  бөлінеді.  Бұлшық  еттің  жұмысы
негізінен оның жиырылғыштық, тітіркенгіштік және  серпімділік  қасиеттерінің
байланысы арқасында жүзеге асады. Тұлға бұлшық  еттері  –  арқа,  кеуде,  іш
бұлшық  еттері  болып  бөлінеді.  Арқаның  бұлшық  еттері:  беткейдегі  және
тереңдегі болып бөлінеді. Бұлшық еттердің  қосымша  құрылымдарына  кілегейлі
қалталар,  кілегейлі  қынаптар,  қатпарлар,  сесам  сүйектері,  ет   шандыры
жатады. Бұлар бұлшық еттердің қалыпты  жұмыс  істеуіне  көмектесіп  отырады.
Шандыр жапқыштар жеке  етті  немесе  еттер  тобын  (бүгетін,  жазатын)  және
дененің бөлек еттерін  (иық,  сан,  балтыр,  білек  еттерін)  қаптап  қоршап
жатады.  Сесам  сүйектері  көбінесе  ет  пен  буын   сіңірлерінің   арасында
кездеседі.
      2. Бас бұлшық еттерің ымдау және шайнау топтарына бөледі. Ымдау бұлшық
еттердің бір ұшы табиғи тесіктердің қабырғаларында аяқталып, олардың ашылып-
жабылу, кенею, таралу  сияқты  қызметтерің  жүзеге  асырады.  Шайнау  бұлшық
еттеріне: үлкен шайнау бұлшық ет, самайлық бұлшық ет,  қанаттық  бұлшық  ет,
қосқұрсақтық бұлшық ет  жатады.   Иық  белдеуінің  бүлшық  еттері:  трапеция
тәрізді бұлшық ет,ромб тәрізді, вентральдік тісті бұлшық ет, төс-бас  бұлшық
ет,арқаның тым жалпақ бұлшық ет жатады.  Көкірек  бұлшық  еттері  екі  топқа
бөлінеді: инспираторлар / дем алу  бұлшық  еттер/  және  экспираторлар  /дем
шығару бұлшық еттер/. Құрсақ бүлшық еттеріне: құрсақтың сыртқы қиғаш  бұлшық
еті, құрсақьың ішкі қиғаш бұлшық еті, құрсақтын  көлденең  бүлшық  еті  және
тік бүлшық еті жатады.


Әдебиетер:

Дәріс 6. Тері жабыны және оның туындылары.

Мазмұны:1. Терінің құрылысы және қызметтері. 2.Тері бездерінің құрылысы  мен
қызметі.
      1. Тері жабыны,  немесе  жалпы  жабын  –  организмнің  сыртқы  ортамен
тікелей жанасатын сыртқы  қабығы.  Ол  қорғаныш  қызметін  атқарады  (денені
зақымданудан сақтайды, организмнің суды босқа  шығындауына  және  оған  ауру
тудырушы микробтардың, бөгде заттардың  енуіне  жол  бермейді).  Тері  сезім
мүшесі.  Оның  сезімталдығы  оның  қорғаныш  қызметіне  тікелей  байланысты.
Мұнымен қатар тері  ыдырау  өнімдерін  сыртқа  шығару,  дене  температурасын
үнемі бір қалыпта ұстап тұру және аз мөлшерде болса  да  дем  алу   қызметін
атқарады.  Тері үш қабаттан тұрады: оның үстіңгі жұқа қабаты  эпидермис  деп
аталады.  Ол   көп   қабатты   мүйізделетін   жалпақ   эпителийден   тұрады.
Эпидермистің астында негізгі  тері  қабаты  –  дерма  жатады.  Дерманың  өзі
емізікше және торлы қабаттардан  түзілген.  Емізікше  қабат  –  эпидермистің
астында орналасып, одан  негіздік  мембрана  арқылы  бөлінген.  Бұл  қабатты
борпылдақ  дәнекер  және  торлы  ұлпалар  араласа  түзеді.  Емізікше   қабат
эпидермисті қоректендіруші қан тамырлары мен жүйке ұштарына өте бай.
      2. Тері бездеріне май, тер  және  сүт  бездері  жатады.  Май   бездері
құрылысы  жағынан  қарапайым  көпіршікті  бездерге  жатады.  Без  өзегі  түк
түбіріне  ашылады.  Без  көп  қабатты  эпителийден  құралған.  Май   бездері
дерманың емізікше қабатында түк түбірлеріне жақын  орналасады.  Тер  бездері
құрылысы жағынан қарапайым түтікше бездерге жатады. Түтікше қабырғасы  жалаң
қабат куб тәрізді эпителийден  тұрады.  Без  өзекшесі  түк  түбіріне  немесе
терінің  сыртқы  бетіне  тікелей  ашылады.  Тер  арқылы  артық  су,   ыдырау
өнімдері, зәр, керексіз тұздар сыртқа  шығарылады.  Сүт  бездері  құрылысына
байланысты күрделі көпіршекті- түтүкті бездерге жатады.


Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы,  Білім
1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;
3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия  сельскохозяйственных  животных  с
основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.


Дәріс 7. Ас қорыту жүйесі.

Мазмұны: 1.Ішкі мүшелердің жалпы сипаттамасы. 2.Ас қорыту мүшелерінің  жалпы
морфофункциональдік сипаттамасы.
            1. Ішкі мүшелерге  ас  қорыту,  тыныс  алу,  зәр  шығару,  жыныс
мүшелері мен ішкі секреция бездері жатады.  Бұл  мүшелер  жүйелері  көкірек,
құрсақ және жамбас қуысында жататындықтан  оларды ішкі мүшелер  деп  атайды.
Дененің негізгі бөліктері: бас, мойын, тұлға,  қол  және  аяқ.  Тұлға  кеуде
және іш  (құрсақ)  қуыстарынан  тұрады.  Олардың  арасын  көкет  бөледі.  Іш
қуысының төменгі жағын «жамбас қуысы» деп атайды. Ішкі мүшелердің  шекарасын
анықтау мақсатында денені шартты сызықтармен бірнеше бөліктерге бөлеміз.  Іш
қуысы екі горизонталь сызық арқылы 3  аймаққа  бөлінеді.  Жоғарғы  сызық  оң
және  сол  жақтағы  онекінші  қабырғаның  ең  төменгі  нүктесінің  аралығын,
төменгі сызық мықынның алдыңғы жоғарғы қыры  аралығын  қосып,  іш  қуысын  3
аймаққа бөледі. Олар-жоғарғы құрсақ үсті, ортадағы  құрсақ,  төменгі  құрсақ
асты. Іштің  тік  бұлшық  етінің  сыртқы  шетінен  жүргізілген  сызық  әрбір
аймақты үш бөлікке бөледі. Жоғарғы құрсақ аймағы – оң, сол және ортаңғы,  ал
құрсақ аймағы – оң, сол бүйір және кіндік. Құрсақ асты аймағы оң, сол  мықын
және шат бөлігінен тұрады.

Ішкі мұшелерді құрылысына  қарай  паренхиматозды  және  қуысты  болып  екіге
бөледі. Қуысты мұшелердің өзі түтүкті және қабатты қатпарлы болып  бөлінеді.
Бәрлық  түтүкті  қуысты  мұшелердің  қабырғасы  үш   қабықтан   түрады:   1/
кілегейлі, 2/ бұлшық етті, 3/ сірілі. 2. Ас қорыту жүйесі ұзына  бой  жатқан
түтік тәрізді. Оның  ішкі  қабырғасы  қоректік  заттармен  тығыз  байланысты
келеді. Бұл мүшелер арқылы сыртқы орта  мен  организм  арасында  зат  алмасу
процесі өтеді.
Қарынасты безі аралас бездер қатарына жатады.  Бауыр – адам  денесіндегі  ең
үлкен без, оның салмағы 1,5 кг-ға дейін барады.  Бауыр  құрсақ  қуысының  оң
жағында диафрагма күмбезінің  астында,  төменгі  қабырғаларға  таяу  жатады.
Бауырдан шыққан бауыр өзегі өт шығарып отырады.  Бұл  өзек  қапшық  өзегімен
жалғасып, жалпы өт өзегін түзеді де,  қарынасты  безінің  өзегімен  бірігіп,
онекі елі ішекке ашылады. Егер ас қорыту процесі .   Ас  қорыту  аппаратының
бірінші бөлімі ауыз қуысынан басталады. Ол көмей тесігі арқылы  жұтқыншақпен
байланысады, одан кейін өңеш, қарын, аш  ішек,  тоқ  ішек,  ең  соңынан  тік
ішекпен аяқталады.  Ас  қорыту  аппараты  топографиялық  орналасу  жағдайына
қарай бас, мойын, көкірек,  құрсақ  және  жамбас  бөліктеріне  бөлінеді.  Ас
қорыту  мүшелерінің  құрылысы  қоректенетін  тамақ   ерекшеліктеріне   қарай
түзілген. Мысалы тек өсімдік, немесе етпен қоректенетін жануарларға  келсек,
олардың ас қорыту мүшелері өте ерекше құрылыста келеді. Ал адам тағамның  әр
түрін қабылдағаннан кейін оның ас қорыту  мүшелерінде  белгілі  бір  тағамға
бейімделген ерекшелігі болмайды. Ас қорыту жүйесінің әр түрлі  бөлігі  түрлі
қызмет атқаратындықтан құрылысы мен пішіні де  түрліше  болып  келеді.  Оның
жалпы ұзындығы 8-10  метрге  дейін  жетеді.  Тағамды  механикалық  майдалау,
шайнау ауыз  қуысының  қызметі  болып  есептелінеді.  Осыған  байланысты  ас
қорыту мүшелерінің ішінде тек қана осы бөлігінің  негізі сүйектен  түзілген.
 Ас қорыту мүшелерінің көбі қуысты, олардың кенересі үш  қабаттан  түзілген.
Оларға: кілегейлі (ішкі), бірыңғай салалы ет  (ортаңғы)  және  сір  (сыртқы)
қабаттары жатады. Кілегейлі қабаты –  барлық  ас  қорыту  органдарының  ішкі
бетін астарлап, асты қорыту және оны сіңіру қызметтерін атқарады.  Сондықтан
да  кілегейлі  қабат  өте  күрделі  эптиелий,  жазық  ет  және   кілегейасты
қабаттардан түзілген. Мұндай құрылыс ішектің оңай созылып, кеңейіп  тұруына,
ішіндегі тағамдардың қорытылуына жағдай  жасайды.  Бұл  қабатта  қан,  лимфа
тамырлары  және  нерв  талшықтары  тарамдалып  жатады.  Кілегейлі   қабаттар
өздерінен сөл (секрет) шығарып тұратын бездерге де  бай  келеді.    Бірыңғай
салалы ет қабаты – кілегей және сір қабаттарының аралығында  орналасқан.  Ас
қорыту жүйесінің жоғарғы бөліктері  ғана  көлденең  жолақты  ет  ткандерінен
түзілсе, ал қалған бөліктері өңештің ортаңғы бөлігі,  қарын,  аш  ішек  және
тоқ ішек органдарының қабырғасы бірыңғай  салалы  ет  ткандерінен  түзілген.
Бұл  мүшелердің  ет  талшықтары  негізінде  екі  бағытта  орналасқан.   Ішкі
талшықтары  –  көлденең,  сыртқы  талшықтары  ұзына  бой  жатады.   Осы   ет
талшықтарының жиырылуына байланысты тағам  жылжиды  және  механикалық  түрде
сөлдермен   араласып   қорытылады.    Жалпақ    ішек    қимылын     толқынды
(перистальтикалы) қимыл дейді.  Сір  қабат  –  ішкі  мүшелердің  сырт  жағын
қоршап, қорғаныс қызметін атқарады. Оның  ішімен  қарынға,  ішекке  тамырлар
мен нервтер өтеді. Бұл қабат кілегей бөліп, мүшенің сыртын ылғалдап  тұрады.
Сонымен бірге ас қорытуға сілекей бездері,  қарынасты  безі,  бауыр  белсене
қатысады. Сілекей бездері үш жұп болады: шықшыт, тіласты,  жақасты.  Олардың
шығаратын сөлін сілекей сөлі деп атайды,  ал  олар  өз  аттарына  сай  жерде
жатады. Қарынасты безі асқазанның астыңғы жағында  (ІІ)  беломыртқа  тұсында
сір қабықшамен жабылып жатады. Бас бөлімі жуандап, онекі елі ішектің  иініне
кіріп орналасқан. Денесі бел  омыртқаға  көлденең  келіп,  асқазанға  жанаса
жатады. Құйрық бөлімі көкбауырға дейін жетеді. Қарынасты  безінен  тәулігіне
2 литр шамасындай сөл шығарылады, оны панкреат сөлі  деп  атайды.  Қарынасты
безінің жүрмесе, өт  қапшығына жиналады.


Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы,  Білім
1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;
3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия  сельскохозяйственных  животных  с
основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.


Дәріс 8.  Тыныс алу жүйесі.

Мазмұны: 1.Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметтері.

      Тыныс алу мүшелерінің  организм  тіршілігінде  маңызы  зор.  Олар  газ
алмасу, дыбыс шығару, сөйлеу  қызметтерін  атқарады.  Тыныс  алу  аппаратына
мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронхылар және өкпе  жатады.  Мұрын
қуысының негізі сүйек пен шеміршектен түзіліп, сыртқы терімен жабылып,  ішкі
беті кілегей қабықшамен астарланып жатады. Мұрын қуысының кілегей  қабаттары
қан тамырларына өте  бай,  оның  беті  көп  қатарлы  кірпікшелі  эпителиймен
жабылған. Сонымен қатар көптеген  бездері  де  болады.  Мұрынға  енген  шаң-
тозаңды эпителий кірпікшелері ұстап қалады, ал  бездерден  бөлінген  кілегей
микроорганизмдерді өлтіріп отырады. Көз  жасы  арнаулы  түтік  арқылы  мұрын
қуысына еніп, кілегейлі қабатын ылғалдап тұрады. Көмекей тыныс жолының  ғана
емес, сонымен  бірге  сөйлеу  аппаратының  ды  бір  бөлігі  болып  табылады.
Көмекей мойынның  алдыңғы  жағында  орналасып  алдынан  және  екі  бүйірінен
бұлшық еттермен жабылған. Көмекейдің қалқандық  қыры  тері  астында  білініп
жатады. Оның шеміршектері өзара бұлшық еттермен байламдар арқылы  қозғалмалы
түрде қосылысқан. Құрамында бірнеше гиалин және  серпімді  шеміршектер  бар.
Оның тақ шеміршектеріне: қалқанша шеміршегі,  оймақ  тәрізді  шеміршек  және
көмекей қақпақшасы, ал жұп шеміршектеріне қалақша және  мүйізше  шеміршектер
жатады.  Көмекей  шеміршектерінің  филогенетикалық  жетілу  тегіне  қарасақ,
олардың  ең  алғашқысы  қалақша  және  оймақ   тәрізді   шеміршектер   болып
есептелінеді.  Қалақша  шеміршек  пен  көмекей  қақпақшасы  өте  жас  орган,
сондықтан олар тек сүтқоректі жануарларда  ғана  кездеседі.  Жалпы  алғанда,
көмекейдің  құрылысы  өте  күрделі,  әсіресе  ол  адамда  сөйлеу   қызметіне
байланысты күшті дамыған.  Кеңірдек және бронхылар. Кеңірдек  төменгі  мойын
омыртқалар тұсынан көмекейді оймақ тәрізді  шеміршегінен  басталып,  көкірек
қуысымен түсіп, өңештің алдыңғы жағынан оң және  сол  бронхыларға  бөлінеді.
Кеңірдек  16-20 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады, оның ұзындығы  9-15
см болады.  Кеңірдектің  гиалин  шеміршегінен  тұратын  жартылай  сақиналары
сақина тәрізді  сіңір  байламдары  арқылы  байланысып  жатады.  Оның  мұндай
құрылыста  болуы  қабысып  қалмай,  ауаның  еркін  өтуіне  жағдай   жасайды.
Сақиналы байламдар мойынды қимылдатқанда  кеңірдектің  ұзаруына,  қысқаруына
себеп болады. Кеңірдек ІҮ көкірек омыртқа тұсында бронхыларға (оң және  сол)
бөлінеді, оларды негізгі бронхылар деп те  атайды.  Мұның  да  іш  жағындағы
кілегей қабатының беті кірпікшелі эпителиймен жабылған. Оң жақ бронхы  қысқа
әрі жуан, ұзындығы 3 см, 4-7 жартылай сақиналы  шеміршектерден  тұрады.  Сол
жақ бронхы ұзын, әрі жіңішкелеу,  мұның  ұзындығы  4-5  см,  7-12  сақинадан
тұрады.  Әрбір  бронхы  өз  өкпелеріне  енгеннен  кейін  бронхы  бұтақтарына
тармақталады.  Өкпе – көкірек қуысын алып жатқан  конус  тәрізді  орган,  ал
олардың көлемі мен пішіні көкірек  клеткасына  байланысты.  Өкпенің  негізгі
қызметі – газ алмасу процесінсіз адам тіршілік ете  алмайды.   Адамның  жасы
және атқаратын жұмысы өкпенің көлемі мен  пішініне  әсер  етеді.  Өкпе  жаңа
туған балада көкірек қуысының үштен  бір  бөлігін  алып  жатады,  оның  өсуі
алғашқы үш айда, толық жетілуі  жеті  жаста  аяқталады.  Осыдан  кейін  өкпе
денемен қатар өседі. Өкпе салмағы жаңа туған кезде 80-90 гр, ересек  адамада
1 кг болады. Терең тыныс алғанда өкпеге 4500-5000 см3  дейін ауа сияды,  бұл
өкпенің өмірлік сиымдылығы деп аталады. 3500 см3  –дей  ауа  өкпеде  қалады,
мұны қалдық ауа деп атайды. Өкпенің көлемі әр түрлі,  сол  өкпеге  қарағанда
оң өкпе үлкендеу келеді.

      Өкпені жауып жатқан сір (сероздық қабықша) плевра деп аталады, ол  осы
мүшелерді орап жатқан жұқа,  жылтыр  қабықша.  Егер  плевра  өкпенің  сыртын
жауып жатса, оны өкпелі (висцеральды)  плевра  қабықшасы,  ал  егер  көкірек
қуысының  қабығын  астарлап  жатса,  оны  қабырғалық  (париетальды)   плевра
қабықшасы  деп  атайды.  Екі  қабықшаның   арасындағы   саңылау   кеңістікті
плеврааралық қуыс деп атайды. Бұл қуыстың қысымы сыртқы атмосфера  қысымынан
төмен болады, әрі  осы  қуыста  плеврааралық  үйкелісті  азайтатын  сероздық
ылғал болады.

Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы,  Білім
1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;
3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия  сельскохозяйственных  животных  с
основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.


Дәріс 9.Несеп шығару аппараты.

Мазмұны: 1.Несеп шығару мүшелерінің  жалпы  сипаттамасы.  2.  Несепе  шығару
мүшелерінің құрылысы және қызметі.
      1.Несеп   шығару   жүйесі   жыныс   мүшелерімен   морфологиялық   және
физиологиялық  жағынан  тығыз  байланыста  келеді.  Несеп  шығару  жүйесінің
қызметі организмде  пайда  болған  зәрді  организмнен  шығару  болса,  жыныс
жүйесі көбею функциясын атқарады. Осының нәтижесінде зәр шығару  және  жыныс
мүшелері бір жүйе болып саналады. Себебі  еркек  малдарда  зәр  шығару  және
тұқым шығару жолдары бірігіп жалпы ортақ жол  құрайды.  Ал  ұрғашы  малдарда
екі жүйенің жолдары екі бөлек болғанымен ортақ несеп-жыныс аппаратын  түзеді
және  бір-бірімен  тығыз   байланыста   жатады.   Несеп   шығару   мүшелері-
организмдегі зат алмасу процесінің соңғы ыдырау өнімі-  несепті  организмнен
сыртқы ортаға шығарады. Несеп шығару мүшелері екі  бөлімге  бөлінеді.  Олар:
негізгі несеп  түзуші  мүшелер-  жүп  бүйрек  және  несеп  шығарушы  жолдар-
несепағар, қуық, несепшығар /уретра/.
      2. Зәр шығару мүшелеріне бүйрек, несепағар,  қуық  және  несеп  каналы
жатады. Бүйрек – құрсақ қуысында жоғарғы бел омыртқалар тұсында  орналасқан.
Бір-біріне бас жақтарымен жақын жатады. Бүйректің орналасуы жас  және  жыныс
ерекшеліктеріне байланысты  келеді.  Әйелдерде  төмендеу,  жас  нәрестелерде
одан да төмен, жамбас ішіне түсе орналасқан. Сырт  жағынан  тығыз  фиброзды,
оңай сыпырылатын  дәнекер  тканьді  қапшықпен  қапталған.  Бүйректер  құрсақ
қабырғасына жақсы бекіген. Бүйрек ыдырау процесінде  пайда  болған  керексіз
заттарды органмизмнен шығарып,  қанды  тұрақты  жағдайға  келтіріп  отырады.
Бүйрек жұмысы нервтік  және  гуморальдық  жолмен  реттеліп  отырады.  Бүйрек
құрамында  екі  түрлі   нерв   талшықтары   кездеседі:   симпатикалық   және
парасимпатикалық.  Симпатикалық  нерв  импульстері  арқылы   қан   тамырлары
таралып,  зәр  бөлу   азаяды.   Ал   парасимпатикалық   нерв   талшықтарының
импульстерінің әсерінен керісінше, несеп бөліну процесі  көбейеді.  Бүйректе
лимфа жүйесі де жақсы жетілген.
      Несепағар – бүйрек түбегінен басталып, төмен қарай жүріп отырып қуыққа
келіп  жалғасады.  Оны  құрсақ  және  жамбас  бөлігіне   бөледі.   Несепағар
қабырғасы үш қабаттан түзілген: ішкі кілегей қабат іш жағын  астарлап  ұзына
бойына қыртыстана жатса, ортаңғы қабаты жазық ет  тканінен  түзілген.  Мұның
өзі екі бағытта жатқан ет талшықтарынан тұрады: сыртқы –  сақиналы,  ішкі  –
ұзына бой. Ет талшықтарының жиырылу  нәтижесінде  бүйректен  бөлініп  шыққан
несеп әрдайым қуыққа қарай ағып отырады. Қуық – зәр уақытша жиналып  тұратын
мүше. Ол жамбас қуысында шат сүйегінің артында орналасқан. Оның  түбі,  ұшы,
денесі болады. Қуық түбінен несеп каналы басталады. Ол  жоғарғы  және  артқы
жағынан сір  қабатымен  қапталған,  ортаңғы  қабаты  үш  бағытта  жатқан  ет
талышқтарынан түзілген. Оның сыртқы және ішкі талшықтары  ұзына  бой  жатса,
ортасындағысы оралып, көлденең  орналасқан.  Бұл  ет  талшықтарының  жиырылу
нәтижесінде қуық несептен босатылады.  Несепағардың  қуыққа  ашылар  тұсында
кілегей қабықшасы қатпар түзеді. Ол  қатпар  қиғаштанып,  клапан  тәрізденіп
несепағардың аузын жауып, несептің  кейін  кетуіне  кедергі  болады.   Несеп
каналы – қуықтың зәр шығаратын түтігі.


Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы,  Білім
1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;
3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия  сельскохозяйственных  животных  с
основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.


Дәріс 10.  Көбею мүшелері.

Мазмұны:  1.Аталық  және   аналық   жыныс   мүшелерінің   морфофункционалдық
сипаттамасы.  2. Жыныс жүйесінің маңызы.
      1. Жыныс мүшелері көбею функциясын атқарады. Олар аталық  және  аналық
жыныс мүшелері болып бөлінеді. Аталық жыныс мүшелері ішкі және сыртқы  болып
бөлінеді. Оның ішкі мүшелеріне шәует  шығаратын  өзек,  шәует  көпіршіктері,
қуық түбі безі, ал сыртқы мүшелеріне сыртқы жыныс мүшесі, несеп каналы  және
аталық жыныс безі, ұма жатады. Аталық жыныс  безінің  сыртқы  пішіні  эллипс
тәрізді. Ол ек түрлі (ішкі және сыртқы секрециялық) жұмыс атақарады.  Сыртқы
секрециялық жұмыс деп жыныс клеткаларын – сперматозоидтарды  шығрауын,  ішкі
секрециялық жұмыс деп қан  мен  лимфаға  бөліп  отыратын  жыныс  гормондарын
атайды. Аталық жыныс безінің  арт  жағына  жабыса,  оның  қосалқысы  жатады.
Аталық  жыныс  безі  қосалқысымен  және  шәует  шығарар   өзектің   басталар
бөлігімен ұма ішінде орналасады. Жыныс безіне  келетін  қан  тамырлары  нерв
талшықтары сонымен бірге шәует шығарар өзек,  дәнекер  тканьді  қабықшасымен
жабылып, шәует бауын түзеді. Ол  ұма  ішінде  жоғары  көтеріліп  шат  каналы
арқылы жамбас қуысына келеді. Осы жерде шәует  шығарар  өзек  тамырлары  мен
нервтерінен ажырап, төмен қарай жүріп отырып кіші жамбас қуысына өтеді.  Бұл
несеп каналына ашылмастан бұрын  бүйір  кеңістігін  жасап,  шәует  қуықшасын
түзеді де, жыныс клеткалырының қойма маңызын  атқарады.  Шәует  қуықшасы  үш
қабықшадан тұрады: ішкі – кілегейлі, ортаңғы – бірыңғай салалы ет, сыртқы  –
дәнекер тканьді болып  келеді.  Шәует  қуықшасының  жоғарғы  кеңейген  жерін
денесі, төменгі жіңішкеріп келген бөлігін  шәует  шашар  өзегі  деп  атайды.
Шәует қуықшасы түссіз келген сұйықтыққа толы болып  келеді.  Оның  құрамында
сперматозоидтар болады, сондықтан оны сперма жинаушы қойма деп атайды.  Оның
кілегейлі  қабатынан  бөлігінен  сұйықтық   сперманы   әрі   сұйылтып,   әрі
активтендіреді.  Ұма  –  аталық  жыныс  безінің  қапшығы,  оның  ортасы   ет
пердесімен екі бөлікке бөлінген. Қабырғасы алты  қабаттан  тұрады:  теріасты
майы, беткей шандыр, ет қабаты,  терең  шандыр  және  ішектен  түзілген  сір
қабықша.
      Мұны ішкі секрециялық (эндокриндік) десе,  ал  жұмыртқа  клеткалырының
бөлінуін сыртқы секрециялық жұмыс деп атайды. Аналық без  сыртқы  (қыртысты)
және ішкі  (милы)  қабаттардан  түзілген.   Аналық  жыныс  бездегі  жұмыртқа
клеткасының дамып жетілу процесі  фолликулаларда  өтеді.  Жұмыртқа  клеткасы
жатыр түтігімен жүріп отырып, жатыр қуысына түседі. Мұнда жұмыртқа  клеткасы
аталық клетка - сперматозоидпен қосылып ұрықтану процесі жүреді.  Жатыр  жас
ерекшеліктеріне және атқаратын жұмысына  байланысты  көлемі  де,  пішіні  де
өзгеріп қыз баланың жатыр мойны денесіне  қарағанда  ұзындау  келеді,  14-15
жаста  жалпы  жыныстық  жетілуіне  байланысты    өзінің   көлеміне   жетеді.
Қартайған  сайын  кері  даму  процесі  жүретіндіктен   оның   жалпы   көлемі
кішірейіп, тығыздалып, жатыр мойны қысқарады.  Қынап – алдынан артына  қарай
қысыңқы келген ұзындығы 9-10 см саңылау қуыстық.  Оның  жоғарғы  жағы  жатыр
мойнымен айнала қалталана  жатады.  Оларды  қынаптың  алдыңғы  (тайыз)  және
артқы (терең) күмбездері  деп  атайды.  Сыртқы  аналық  жыныс  мүшелеріне  –
үлкен, кіші жыныс еріндері, клитор, қынап кіреберісі жатады.


Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы,  Білім
1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;
3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия  сельскохозяйственных  животных  с
основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.


Дәріс 11. Жүрек қан тамырлар жүйесі.

Мазмұны: 1. Жүрек қан тамырлар жүйесінің дамуы және сипаттамасы.  2.Жүректің
құрылысы. Тамырлар тарамдалуының заңдылықтары.
      1.Тамырлар жүйесіне түсінік беретін анатомия саласы –  ангиология  деп
аталады. Бұл  жүйеге  орталығы  –  жүрек,  қан  және  лимфа  тамырлары,  қан
жасайтын  мүшелер  (көкбауыр,  сүйек  майы,  лимфатикалық  бездер)   жатады.
Тамырлар жүйесінің қызметтері  өте  күрделі.  Олар  барлық  мүшелерді  өзара
байланыстырып,  нерв  жүйесінің   басқаруымен   организмнің   біртұстастығын
сақтауға қатынасады.  Сонымен  қатар  бір  мүшенің  шығаратын  затын  екніші
мүшеге жеткізіп, жалпы организмнің қызметіне әсер етеді.  Бұл  ішкі  орталық
(гуморальдық) байланыс деп аталады. Қан арқылы зат және газ  алмасу  процесі
өтеді. Қанның тағы бір қызметі  –  организмді  әр  түрлі  аурулар  туғызатын
заттар мен бактериялардан қорғауы.  Ересек адамда орта есеппен  алғанда  5-6
литрдей қан болады. Организмнің жалпы  жағдайын  қан  құрамының  өзгерісінен
байқауға болады. Қан  айналу  жүйесінің  тамырлары  атқаратын  қызметтеріне,
құрылысының ерекшелігіне қарап артерия, вена, капилляр қан  тамырлары  болып
бөлінеді. Артерия, вена, капилляр қан тамырларынан тұйық қан айналу  шеңбері
пайда болады. Артерия қан тамыры  қанды  жүректен  мүшелерге  жеткізеді.  Ең
үлкен артерия қан тамыры қолқа  (аорта)  екіншісі  өкпе  сабауы.  Артериялар
ірі, орта, майда  және орналасуына  байланысты  мүшелердің  сыртындағы  және
оның ішіндегі артериялар  болып  бөлінеді.  Мүшенің  артериясы  оның  ішінде
артериолаларға  дейін  тармақталады,  капиллярларға  жалғасады.   Вена   қан
тамырлары  арқылы  қан  мүшелерден  жүрекке   ағып   келеді.   Қан   алдымен
венулаларға, одан мүшелердің ішіндегі майда веналарға,  одан  ірі  веналарға
бірігеді. Денедегі барлық вена бірігіп жүрекке құяды.  Өкпе  веналары  қанды
өкпеден жинап, жүрекке құяды.
      2. Тамырлар жүйесінің орталығы –  жүрек.  Ол  іші  қуыс  келген,  етті
орган. Ол қалың  ет  пердесі  арқылы  бір-бірімен  қатыспайтын  екі  бөлікке
бөлінеді. Оның әрбір бөлімі жүрекше мен  қарыншадан  түзілген.  Екі  жүрекше
жиырылып қанды қарыншаларға өткізеді, ал қарыншалар үлкен және  кіші  шеңбер
қан  айналыстарына  жібереді.  Атқаратын   қызметтеріне   қарай   тамырларды
артериялар, веналар, капиллярлар деп бөледі. Жүректен қанды органдарға  алып
кетіп жатқан тамырлар  –  артериялар,  ал  органдардан  жүрекке  алып  келіп
жатқан тамырлар – веналар деп аталады. Артерия тамырлары мен вена  тамырлары
арасындағы  кездесетін майда тамырлар – капиллярлар деп аталады.  Организмде
қан айналу жүйесі бір-бірімен байланысып жатқан кіші және үлкен  қан  айналу
шеңберлеріне бөлінеді. Кіші (өкпелік) қан айналу шеңбері оң қарыншадан  өкпе
артериясы арқылы басталып, жоғары қарай көтеріліп екі тарамға  бөлінеді.  Әр
артерия тарамы өз өкпесіне енгеннен кейін, ұсақ капиллярларға бөлінеді.  Осы
капиллярлар бірігуінің нәтижесінде пайда болған  өкпе  веналары  арқылы  сол
жүрекшеге келіп құятын қан айналу жолын кіші шеңбер  немесе  өкпелік  шеңбер
деп атайды. Үлкен қан айналу шеңбер  деп  жүректің  сол  қарыншасынан  қолқа
тамырлары арқылы басталып, бүкіл  денеге  тарамдалып,  одан  вена  тамырлары
арқылы келіп оң жүрекшемен аяқталатын жолды айтамыз.
      Жүрек – конус тәрізді етті орган,  оның  жоғарғы,  толық  келген  жағы
жүректің негізі, ал төменгі сүйірленіп жатқан жағын жүрек  ұшы  деп  атайды.
Жүректің төмен қарап диафрагма үстінде жатқан  бетін  диафрагмалық,  алдыңғы
жағын жүректің төсқабырғалық беті дейді. Орта есеппе жүрекке  300  см3   қан
сияды. Орта салмағы  250-300 г болады. Ол жүрек қабының  ішінде  орналасқан.
Жүректің ішкі қабырғасы – эндокард, ортаңғысы – миокард,  сыртқы  –  эпикард
қабаттарынан түзілген.


Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы,  Білім
1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;
3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия  сельскохозяйственных  животных  с
основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.


Дәріс 12. Лимфа жүйесі.

Мазмұны: 1.Лимфа айналым жүйесінің құрылысы және маңызы.

       Лимфа жүйесі деп вена жүйесін  толықтырып  тұратын  тамырлар  жүйесін
атайды. Лимфа жүйесінің организм  үшін  маңызы  өте  зор.  Себебі  оның  зат
алмасу  және  фагоцитарлық  процестерге  қатысы  бар.  Тканьаралық  сұйықтық
организмнің ішкі ортасы болып табылады. Осы ортада қан мен ткань  арасындағы
зат алмасу процесі лимфа арқылы іске асырылады. Себебі тканьаралық  сұйықтық
қайтадан  қанға  толық  сорылмай,  майда  лимфа  капиллярларға  өтеді,  олар
біртіндеп жинақталып  лимфа  тамырларына  айналады.  Денедегі  барлық  лимфа
тамырлары жинақталып, көкірек және оң жақ лимфа өзектерін түзеді. Осы  лимфа
өзектері  арқылы  ткань  сұйықтығы  мойындырық  және  бұғанасты  веналарының
қосылысынан пайда болған веноздық бұрышқа келіп  ашылады.  Қорытып  айтқанда
лимфа сұйықтығы ткань аралығында  қаннан  пайда  болып,  ақыр  аяғанда  вена
қанына келіп араласады..  Лимфа  түйіндері  тізе  буынында,  тақым  астында,
жамбас,  шат,  шынтақ  буынында,  қолтық,  жақ  астында,  мойында,   өкпеде,
бронхыда, ішек шадырқайында кездеседі. Организмдегі барлық  лимфа  тамырлары
көкірек және оң жақ лимфа өзектеріне барып аяқталады.
      Лимфа тамырлары лимфа капиллярларының  бірігуінен  пайда  болады.  Бұл
тамырлардың қабырға құрылысы  қан  тамырларының  қабырғасынан  жұқа  келеді.
Лимфа бездері лимфа тамырларының жолында топталып жатады. Осыған орай  лимфа
тамырлары лимфа бездерінен өтеді. Лимфа бездері  әр  түрлі  пішінде  болады.
Олардың  сыртқы  капсуласы  жиырылып,  ішіндегі   сұйықты   сығып   шығаруға
көмектеседі.  Бездерде  пайда  болған  ақ  түйіршіктер  (лейкоциттер)  лимфа
сұйықтығына араласып, оның құрамын өзгертіп отырады


Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы,  Білім
1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;
3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия  сельскохозяйственных  животных  с
основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.


Дәріс 13. Ішкі секреция бездері.

Мазмұны1. Эндокринді  жүйенің  жалпы  сипаттамасы  және  жіктелуі.  2.  Ішкі
секреция бездерінің құрылысы мен маңызы.

      Организімде бездер екі үлкен топқа – сыртқы және  ішкі  сөл  бездеріне
бөлінеді.  Сыртқы  сөл  немесе  экзокриндік  бездер   сөлін   дененің   қуыс
мүшелеріне, сыртқы ортаға шығарады. Бұл  бездерге  сілекей,  асқазан,  ішек,
тер, т.б.бездер жатады.
      Эндокриндік немесе ішкі сөл бездері деп сөлін жасуша  арқылы  қан  мен
лимфа тамырларынка шағаратын бездерді айтады. Эндокриндік бездерге  гипофиз,
эпифиз, гипоталамус ядролары, қалқанша, қалқанша маңы,  айырша,  ұйқы  безі,
бүйрек  үсті  безі,  жыныс  бездері  кіреді.  Ішкі  сөл  бездерінің   денеде
орналасуы: мида –гипофиз, эпифиз, эпиталамус ядролары,  мойында  және  кеуде
қуысында – қалқанша, қалқанша маңы және айырша бездер; іш  қуысында  –  ұйқы
және бүйрек үсті  бездері;  жамбас  қуысында  –  жыныс  бездері  орналасқан.
Сонымен  бірге  қазіргі  замандағы  зерттеулер  бойынша  ас  қорыту  жолының
бойындағы және тыныс мүшелеріндегі бездер ішкі секреция бездерінің  құрамына
кіреді. Гипоталамус немесе томпақ асты аймағы – гипофиз.  Оған  сұр  томпақ,
көру жолы, көру жолының айқасы, емізікше дене кіреді. Гипофиз-ми  қосымшасы,
«түрік ер тоқымының» ойығындағы  ішкі  секреция  безі.  Көру  айқастары  көз
алмасынан басталатын көру жүйкесінің кейбір  талшықтарының  айқасынан  пайда
болады. Сұр томпақ жылу және зат алмасуын реттейтін  қыртыс  асты  орталығы.
Гипоталамуста 32 жұп вегетативтік  жүйке  ортасының  қыртыс  асты  орталығы.
Олар  ішкі  ортаның  тұрақтылығын  сақтайтын,  ақуыз,  май  көмірсу,  тұз-су
алмасуын реттейді. Снымен бірге гипоталамуста дененің  жылуын,  қанағаттану,
қанағаттанбау, қанның құрамы мен осмотикалық қысымын  реттейтін  оорталықтар
бар. Гипоталамуста ашу орталығы орналасқан.

Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы,  Білім
1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;
3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия  сельскохозяйственных  животных  с
основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.


Дәріс 14. Қан жасаушы мүшелер.

Мазмұны: 1.Қан жасау  мүшлерінің  морфофункциональдық  сипаттамасы.  2.  Қан
жасау мұшелерінің құрылысы, қызметі.
      Қан  жасайтын  мүшелер  қан  айналу  және  лимфа   жүйесінің   бойында
орналасқан.  Қан  жасайтын  мүшелерге  сүйек  майлары,  лимфа  бездері  және
көкбауыр  жатады.  Қан  жасу  мүшелері  организмде   иммунитетке   қатысады.
Иммунитет – дененің сұрыпталу құбылысында қалыптасқан,  денеге  енген  бөгде
денелерге  жауап  ретінде  ерекше   қорғаныс   заттар   түзуге   икемділігі.
Иммунитеттің екі түрі бар. 1) туа біткен (түрлердің, ерекше), 2) жүре  пайда
болған. Тума иммунитет әр түрдің өзіне тән болады да, тұқым  қуалайды.  Жүре
пайда болған иммунитет табиғи және жасанда болып бөлінеді. Табиғи  иммунитет
белсенді (актив) және баяу (пассив) түрде пайда болады.
      2.Сүйек майы сүйектің кемік бөлігінде орналасады.  Эмбриональдық  даму
дәуірінде жіліктің түтік  бөлігіндегі  майдан  да  қан  заты  пайда  болады.
Сүйектің  кемік  затында  орналасқан  қызыл   майда   үздіксіз   қызыл   қан
түйіршіктері   (эритроциттер),   ақ    қан    түйіпшіктері    (лейкоциттер),
гранулоциттер мен  тромбоциттер  пайда  болып  отырады.  Эритроциттер  дамып
жетілгенше   бірнеше   кезеңдерден   өтеді.   Жетілген   эритроциттер    мен
гранулоциттер ретикулярлы тканьдердің кеңістігінен капиллярларға  еніп,  қан
айналу жүйесіне қосылады.  Көкбауыр асқазан мен диафрагма  аралығындағы  сол
жақ қабырға етегінде орналасқан мүше. Ол  қызметі  жағынан  қан  және  лимфа
айналу  жүйесімен  тығыз  байланыста  келеді.  Көкбауырдың  бір  жағы  дөңес
(диафрагмалық беті), екінші жағы ойыс (ішкі  беті),  түсі  қызыл-күрең,  өзі
жұмсақ. Сыртынан фиброзды дәнекер қабатпен оралады.  Егер  көкбауырды  екіге
бөлсе ақ және қызыл  пульпадан  тұратынын  көреміз.  Ақ  пульпасы  лимфоидты
тканьнен түзілген, онда лимфоциттер пайда болады.  Ал  ретикулярлы  тканьнен
түзілген пульпада қанның қызыл  түйіршіктері  (эритроциттер)  пайда  болады.
Көкбауыр  қан  жасайтын  қызметінен  басқа  мерзімі  біткен  эритроциттердің
ыдырайтын жері болып есептеледі. Сондықтан да кейде қан  ауруына  ұшырағанда
эритроциттердің көбірек бұзылуына байланысты көкбауыр  өте  үлкейіп  кетеді.
Көкбауыр қан сақтайтын қойма қызметін де атқарып, қан қысымын  реттеуіне  де
қатысады.


Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы,  Білім
1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;
3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия  сельскохозяйственных  животных  с
основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.


15.Тақырып.  Жүйке жүйесі және сезім мүшелері.

Мазмұны:1.Жүйке жүйесіне  жалпы  сипаттама.  Жүйке  жүйесінің  құрылысындағы
жалпы принциптер. 2.Жұлын. Ми. Есту және көру мүшелері.

      Жүйке жүйесі жан-жануалар мен адамда ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде
қалыптасқан. Жүйке жүйесі ұрықтың даму кезеңінде пайда  бола  бастайды.  Екі
апталық  ұрық  денесінің,  долрзальді  (арқа  жақ)  бөлігінде   эктодермадан
(сыртқы ұрық жапырақшасы) ми-нерв пластинкасы қалыптасады.  Даму  нәтижесіне
байланысты пластинканың  екі  жақ  ұзына  бой  жиегі  қалыңдап,  бір-бірімен
бірігіп, ұзынша келген нерв түтігін түзеді.  Нерв  түтігі  хорданың  үстіңгі
жағында параллель жатады.  Оның  алдыңғы  бөлігі  біртіндеп  ми  бөліктеріне
айнала бастаса, артқы ұзынша  бөлігінен  жұлын  пайда  болады.  Ал  түтіктің
қалыңдап  келіп  қосылған  жиегі  генглиозды   пластинкаға   айналады.   Осы
генглиозды пластинкадан  бара-бара  омыртқааралық  жұлын  түйіндері  мен  ми
нервтерінің түйіндері дамиды. Нерв  түтігінің  алдыңғы  жақ  қуысы  кеңейіп,
өзгеріп  ми  қарыншаларын  түзсе,  артқы  бөлігінің  қуысы  жұлын   каналына
айналады.  Нерв  жүйесі   сыртқы  ортаның  түрлі   құбылыстарының   әсерінен
өзгеріп,    күрделеніп    отырады.    Осыған     байланысты,     ішкі-сыртқы
тітіркендіргіштерді  қабылдап,  оған  жауап  беріп,   организмді   өзгермелі
жағдайларға бейімдейді. Жүйке жүйесі барлық органдардың,  тұтас  организмнің
жұмыс-әрекетін  басқарып,  күрделі  физиологиялық   процестердің   үйлесімді
жүруін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі ми мен  жұлыннан  және  одан  тарайтын
нервтерден тұрады. Ми мен жұлынды орталық жүйке жүйесі, олардан  тарамдалған
нервтерді шеткі жүйке жүйесі деп атайды. Жалпы жүйке  жүйесі  нерв  тканінен
нейрондар  мен  нейроглиядан,  т.б.  тканьдерден  түзілген.  Нейроглия  нерв
клеткасының тірегі болумен қатар,  оған  белгілі  бір  пішін  беріп,  оларды
қоректендіру (трофикалық) жұмысына қатысады. Сезім мүшелері құрылым  жағынан
жүйке  жүйесінің  құрамына  кіреді.  Омыртқалы  жануарларда   жүйке   жүйесі
күрделеніп  тіршілікке   қажетті   иіс,   дәм,   есту,   көру,   тепе-теңдік
органдарының рецепторлары шоғырланады. Вегетативті жүйке жүйесі  құрылысының
ерекшеліктеріне және атқаратын  қызметтеріне  байланысты  симпатикалық  және
парасимпатикалық деп бөлінеді. Вегетативтік орталықтар ми мен жұлындағы  сұр
заттың белгілі бір  жерлерде  топтасып  орналасуының  нәтижесінде  түзіледі.
Вегетаитвтік  жүйке  жүйесінің  орефлекторлық   доғасынындағы   нейрондардың
орналасу  жағдайларында  ерекшелік  бар.  Себебі  олардың   мүшелер  мен  ми
арасындағы эфференттік  жолы  екі  нейрондық  жол  болып  табылады.  Бірінші
нейрон ми  мен  жұлында  жатса,  екінші  эфференттік  нейрон  нервтендіретін
мүшелерге жақын немесе мүшелер ішіндегі түйіндерде орналасады.

Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы,  Білім
1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;
3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия  сельскохозяйственных  животных  с
основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.

3. Зертханалық сабақтар

   Зертханалық сабақ 1.Анатомиялық  терминдер,  жазықтар.  Типті  омыртқаның
құрылысы.
Сабақтың мақсаты: жануарлар денесіндегі жазықтарды, одан шығатын  бағыттарды
түсініп, зерттеу. Омыртқа құрылысымен танысу.

1. Тапсырма. Кесте арқылы жануар денесінің  аумақтарың,  бөліктерің  зерттеп
оқу. Сүйек сегментінің элементерімен танысу/ омыртқа, екі қабырға, төс/.
2. Тапсырма. Арқа омыртқасының құрылысы.  Омыртқа  құрылысы  жағынан  аралас
сүйектерге жатады. Әрбір  омыртқа  денеден,  доғадан,  жұп  буын,  көлденең,
емізікше және  тақ  жоталық  өсінділерден  тұрады.  Арқа  омыртқалары  мойын
омыртқаларға  қарағанда   ірілеу   жетілген.   Олардың   әрқайсысына   келіп
қабырғалар тіркеледі. Сол себептен көлденең өсіндісі  мен  денесінде  буынды
беттері болады. Көлденең өсіндісі буын беті  алдыңғы  жағында  жатады.  Дене
бөлігіндегі жартылай  буын  ойыстары  омыртқа  жотасын  түзе  келгенде  бір-
бірімен  қосылып,  бүтін  буын  ойысын  түзеді.   Бұл   омыртқалардың   арқа
өсінділері ұзын әрі сәл төмен  қарай  бағытталған.  Тірек  қимыл  аппаратына
сүйектер мен сүйек аралық байланыстар  және бұлшық еттер жатады. Типті  арқа
омыртқа құрылысымен танысып болғаннан кейін,  оның  ерекшеліктерін  зерттеп,
дәптерге сүретің салу керек.
3.    Тапсырма.    Жануарлар    денесі    арқылы     үш     жазық     өтеді:
сагиттальды,сегментальды  және  фронтальды.  Сагиттальды   жазық   жануарлар
денесінің алдынан артына қарай жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі де,  денені
оң және сол бөліктерге бөледі. Сегментальды жазық жануар  денесіне  көлденең
жүргізіледі  немесе  сегменттерге  параллель  өтеді  де,  жануарлар  денесін
алдыңғы және артқы бөліктерге бөледі: бас жағы – краниальды, құйрық  жағы  –
каудальды.  Фронтальды жазық маңдайға параллель  жүргізіледі:  арқа  жағы  –
дорзальды,  құрсақ  жағы  –  вентральды  деп  аталады.  Негізгі  анатомиялық
жазықтарды және терминдерді жазып жаттау керек.

Бақылау сүрақтары: 1. Тұлғанның негізгі аумақтары. 2. Жазықтарды  және  оның
бағыттарың атаныз. 3. Қай сүйектер толық сүйек сегмент құрамына  жатады.  4.
Типті омыртқа құрылысы.


      Зертханалық сабақ 2. Омыртқа бағанасының құрылысы.


Сабақтың мақсаты: Омыртқа  бағанасының  әр  бөлігінде  жатқан  омыртқалардың
құрылыс ерекшеліктерін зерттеп түсіну.

1. Тапсырма. Мойын омыртқаларының құрылысын  зерттеу.  Мойын  омыртқаларының
санына, құрылысына, пішініне назар аударыныздар. Бірінші және  екінші  мойын
омыртқаларының құрылысың дәптерге салып белгіленіздер.
2. Тапсырма. Омыртқа жотасының құрылысымен  танысып  болғаннан  кейін,  оның
әрбір  бөлігінде  жатқан  омыртқалылардың  ерекшеліктердін  зерттеп  ажырату
білу. Бел, сегіз көз, қүйрық омыртқалыларың құрылысың зерттеп оңу.
3. Тапсырма.  Омыртқа  жотасының  малдың  түріне  байланысты  ерекшеліктерің
оқыныздар.
Бақылау сұрақтары: 1. Мойын  омыртқалыларының  құрылысы.  2.  Бірінші  мойын
омыртқасының ерекшеліктері. 3. Екінші мойын омытқасының  құрылысы.  4.  Бел,
сегіз көз омыртқалыларының құрылысы және саны.

      Зертханалық сабақ 3. Бас қаңқасының құрылысы.


Сабақтың  мақсаты:  бас  сүйегінің  жалпы  құрылысымен,  оның   бөлімдерімен
танысып, ерекшеліктерін  зерттеп оқу.

1. Тапсырма. Бас қаңқасы бір-бірімен тұтаса байланысқан  жалпақ  сүйектерден
құралған.  Бұл  сүйектер  тіршілік  үшін  өте  қажетті,  көптеген  мүшелерді
қорғап, қоршап тұрады. Бас сүйектері негізінен  ми  сауыты  мен  бет  бөлімі
болып екіге бөлінеді. Ми сауытының іші қуысты, онда нерв  жүйесінің  негізгі
бөлімі - ми жатады. Ми сауытының сүйектеріне  шүйде,  төбе,  маңдай,  самай,
сына және тор сауыттары жатады. Ми сауты сүйектерінің құрылыс  ерекшелігімен
танысып, оларды анатомиялық препарат арқылы зерттеп оқу.
2. Тапсырма. Бас қаңқасының бет бөлімі  алуан  түрлі  сүйектерден  түзілген.
Бұған жоғарғы жақ, шықшыт, мұрын, көз, кеңірсік, төменгі  жақ,  таңдай  және
тіласты  сүйектері  жатады.   Бет   бөлімінің   сүйектерінің   құрылысындағы
ерекшеліктерің зерттеу.
3. Тапсырма. Мандай және төбе сүйектерінің схемасын дәптерге салыныздар.

Бақылау  сұрақтар:  1.  Бас  қанқасы  қандай  бөлімдерден  құралған,  2.  Ми
саутының  төбесін  құрайтын  сүйектерді  анатыздар,  3.  Ми  саутының  артқы
қабырғасын  құрайтын  сүйектер,  4.  Ми   саутында   кездесетің   тесіктерді
көрсетініз, 5. Бет бөліміне қандай сүйектер жатады, 6.  Жоғарғы  жақ  сүйегі
бөлімдерін атаныз.

      Зертханалық сабақ 4.Алдыңғы  аяқ сүйектерінің құрылысы.


Сабақтың мақсаты: Алдыңғы  аяқ қаңқасын бөлімдерге бөліп, зерттеп оқу.

1. Тапсырма. Аяқ  қаңқасы: Иық белдеуі мен еркін  сүйектерінен  тұрады.  Иық
белдеуі мен еркін қозғалатын  сүйектердің  жалпы  құрылыс  схемасын  зерттеп
оқу. Өз кезегінде Иық белдеуі жаурынаң, ал  еркін  қозғалатын  бөлім  тоқпан
жілік, білек және аяқ басы сүйектерінен құралған.
2.  Тапсырма.  Препарат  арқылы  тоқпан  жіліктің  және  білек  сүйектерінің
құрылысын зерттеп оқу. Дәптерге бул сүйектерінің  құрылысын  салып  белгілеу
керек.
3. Тапсырма. Білезік, алдыңғы жіліншік және бақай сүйектерінің құрылысы  мен
ерекшеліктерің зерттеп оқу керек.

Бақылау сұрақтары: 1. Кеуделік  аяқ  қандай  бөлімдерден  құралған,  2.  Иық
белдеуіне қандай сүйектер жатады, 3.  Тоқпан  жіліктің  құрылысы,  4.  Білек
сүйектерінің құрылысы, 5.  Кеуделік  аяқ  басы  қанқасы  қандай  сүйектерден
құралған,  6.   Бақай   сүйектерінің   құрылысы   мен   үй   жануарларындағы
ерекшеліктері.

Зертханалық сабақ 5. Артқы аяқ сүйектерінің құрылысы

Сабақтың мақсаты: Артқы  аяқ қаңқасын бөлімдерге бөліп, зерттеп оқу.

1. Тапсырма. Аяқ  қаңқасы: жамбас белдеуі мен  еркін   сүйектерінен  тұрады.
Жамбас белдеуі  мен  еркін  қозғалатын  сүйектердің.жалпы  құрылыс  схемасын
зерттеп оқу. Өз кезегінде жамбас  белдеуі  жамбастан,  ал  еркін  қозғалатын
бөлім ортан жілік, сирақ және аяқ басы сүйектерінен құралған.
2.  Тапсырма.  Препарат  арқылы  ортан  жілітің  және   сирақ   сүйектерінің
құрылысын зерттеп оқу. Дәптерге бул сүйектерінің  құрылысын  салып  белгілеу
керек.
3. тапсырма. Тілерсек, артқы жіліншік және бақай сүйектерінің  құрылысы  мен
ерекшеліктерің зерттеп оқу керек.

Бақылау сұрақтары: 1. Жамбастық аяқ қандай бөлімдерден құралған,  2.  Жамбас
белдеуіне қандай сүйектер жатады,  3.  Ортан  жіліктің  құрылысы,  4.  Сирақ
сүйектерінің құрылысы, 5. Жамбастық  аяқ  басы  қанқасы  қандай  сүйектерден
құралған,  6.   Бақай   сүйектерінің   құрылысы   мен   үй   жануарларындағы
ерекшеліктері.

Зертханалық сабақ 6.  Синдесмология.

Сабақтың мақсаты: Қаңқадағы сүйекаралық байланыс түрлерін  зерттеу.  Буынның
құрылысы, олардың түрлері, пішіндері.

1.  Тапсырма.  Түтаса   байланыстың   түрлерің   анықтаныздар.   Сүйектердің
байланысы қаңқа  сүйектерінің  бір-бірімен  өзара  белгілі  бір  заңдылықпен
байланысуын қамтамасыз етеді. Жануарлар  қаңқаларындағы  сүйектер  байланысы
екі түрге бөлінеді: тұтаса (үздіксіз) байланыс, буындық (үздікті)  байланыс.
Тұтаса байланыстарға: синостоз (сүйек ұлпасы арқылы байланыс),  синсаркоз  (
ет ұлпасы арқылы байланыс),  синхондроз(шеміршек  ұлпасы  арқылы  байланыс),
синдесмоз  (дәнекер  ұлпасы  арқылы   байланыс),   синэластоз   (эластикалық
талшықтар арқылы байланыс)  жатады.  Буындар  қозғалыс  түріне   қарай:  бір
білікті, қос білікті және  көп  білікті  болып  бөлінеді,  құрылысына  қарай
қарапайым буындар және күрделі буындар болып бөлінеді.
2. Тапсырма. Буының жалпы құрылысын оқып, оны дәптерге  салып  белгіленіздер
/ буын капсуласы,  синовий,  буын  шеміршегі,  буын  қуысы,  буын  беттері/.
Буындардың бекем болып тұруына негізінде үш  жағдай  әсер  етеді:  1)  сіңір
байламдарының  қатуы;  2)  бұлшық  еттердің  тартымы   (тонусы);   3)   буын
қуысындағы  қысымның  атмосфералық  қысымға   қарағанда   кем   болуы.   Осы
жағдайлардың  ара  қатынасының  өзгеруіне  байланысты  түрлі  буын  аурулары
туындауы мүмкін.
3. Тапсырма. Қызметіне байланысты буындардың түрлерің анықтаныздар.
4. Тапсырма.  Бас  қанқа  сүйектерінің   және  омыртқалыларының  байласуының
   зерттеп оқыныздар.

Бақылау  сүрақтар:  1.  Сүйектер  байланысының  қандай  түрлері  болады,  2.
Сүйектердің тұтаса байланысуы түрлері, 2. Буын дегеніміз не,  3.  Құрылысына
қарай қандай буындарды білесіз, 4. Жамбас сүйектері қалай байланысады.

      Зертханалық сабақ 7.  Бас және мойын бұлшық еттері.
Сабақтың мақсаты: Бас, мойын, арқа бұлшық  еттерін  оқып,  зерттеу.  Олардың
топографиясы, қызметтері.

1. Тапсырма: Мойынның бұлшық еттерінің  құрылысы  мен  жұмысын  зерттеу.  Үй
жануарлар  қанқалары,  омыртқа  бағанасының  бұлшық  еттерінің  препаратарын
пайдалану керек. Омыртқа  бағанасының  бұлшық  еттері  екі  топқа  бөлінеді:
дорсальдік /жазылдырғыш/ және вентральдік /бүгілдіргіш/.
2. Тапсырма. Бастын  ымдау  және  шайнау  еттерінің  құрылысы  мен  қызметің
зерттеп оқу керек. Әрбір еттің басталатын және  бекитін  жағдайын  білгеннен
кейін, олардын қызметін анықтау керек.

Бақылау сұрақтар: 1.  Омыртқа  бағанасының  бұлшық  еттері  қандай  топтарға
бөлінеді, 2.  Омыртқа  бағанасының  дорсальдік  бұлшық  еттерің  атаныз,  3.
Омыртқа бағанасының вентральдің бұлшық еттерің атаныз, 4. Бас бұлшық  еттері
қандай топтарға бөлінеді, 5. Ымдау бұлшық еттерің атаныз, 6.  Шайнау  бұлшық
еттерің атаныз.


Зертханалық сабақ 8.  Көкірек және құрсақ қабырғасының бұлшық еттері.

Сабақтың мақсаты: Көкірек, құрсақ  қабырғасының  бұлшық  еттерінің  құрылысы
мен қызметімен танысу.

1. Тапсырма. Көкірек клеткасының бұлшық еттері дененің алдыңғы бөлігінде
қабырғаларды жаба жатады. Олардың жоғарғы шекаралары мойынмен шектелсе,
төменгі жағы соңғы қабырғалар жиегі мен төстің семсер өсіндісі болып
саналады. Тұлға еттері арқа, көкірек және құрсақ бұлшық еттері деп
бөлінеді.

Көкірек бұлшық еттері теріасты және меншікті  еттер  болып  екіге  бөлінеді.
Беткей еттері жиырылған кезде қол сүйектерін қимылға келтіріп  отырады.  Бұл
еттерге көкіректі үлкен және кіші  еттері,  бұғанаасты  және  алдыңғы  тісті
еттер жатады. Әр бір еттің басталатын және бекитін білгеннен кейін,  олардың
қызметін анықтау керек.
2. Тапсырма. Құрсақ бөлігі  төменгі  қабырғалар  жиегінен  басталып,  жамбас
сүйегінің мықын қырына дейін созылады. Құрсақ еттері  орналасқан  жерілеріне
қарай алдыңғы, екі бүйір және артқы құрсақ еттері  болып  бөлінеді.  Алдыңғы
құрсақ еттеріне тік және пирамидалық еттер, бүйір бетіне сыртқы, ішкі  қиғаш
еттері мен көлденең құрсақ еті, ал сыртқы еттерге белдің шаршы еті жатады.

Бақылау сұрақтар: 1. Көкірек бұлшық  еттері  қандай  топтарға  бөлінеді,  2.
Экспираторлар дегеніміз не, 3. Құрсақ  бұлшық  еттерін  атаныз.  Олардың  ет
талшықтары қалай бағытталған, 4. Қандай бұлшық еттер  құрсақтан  ақ  сызығын
түзеді.

Зертханалық сабақ 9. Аяқ бұлшық еттері.

Сабақтың мақсаты: Аяқ бұлшық еттерінің топографиясын және  қызметтерін  оқып
зерттеу.

1.Тапсырма.  Алдыңғы  аяқ  бұлшық  еттерінің  құрылысын   зерттеу,   олардың
жиырылғандағы  атқаратын  қызметтерің  білу.Аяқ  бұлшық  еттері  орналасуына
қарай иық  белдеуінің еттері және аяқтың еркін қозғалатын  бөлігінің  еттері
болып екіге бөлінеді.
2. Тапсырма. Жамбастық аяқ бұлшық еттерінің орналасу тәртібі  мен  атқаратын
қызметтерімен танысу керек.Жамбас белдеуінің бұлшық еттері ішкі және  сыртқы
топқа бөлінеді. Сыртқы еттерге жамбас сүйегін сыртқы жағынан  қоршап  жатқан
бұлшық еттер кіреді. Бұл еттер жамбас буынының жан-жағынан өтіп,  оны  түрлі
қозғалыстарға келтіреді. Жамбастың ішкі жағында жатқан бұлшық еттерге:  бел-
мықын еті, алмұрт тәрізді ет, ішкі қолсұғар еті,  құймышақ  еті  жатады.  Ал
жамбастың сыртқы жағында жатқан еттеріне үлкен, ортаңғы кіші бөкесе  еттері,
санның жалпақ шандырын керетін ет, егіз  еттер,  санның  шаршы  және  сыртқы
қолсұғар еттері жатады.  Аяқтың  еркін  қозғалып  тұратын  бөлігінің  бұлшық
еттері немесе аяқтың өз еттері аяқ сүйектерініің  бөлінуіне  сәйкес  бұл  да
сан, сирақ және аяқ басының бұлшық еттері болаып бөлінеді. Сан немесе  ортан
жілік бұлшық еттері санның ортан жілігін қоршап  жатады.  Бұл  еттер  өзінің
орналасуы мен қызметтеріне байланысты  алдыңғы,  ішкі  және  артқы  топтарға
бөлінеді. Олардың алдыңғы топ  еттері  санды  бүгу  қызметін  атқарса,  ішкі
еттері ішке тарту, ал сырт жақ еттері санды жамбас  буынынан  жазу  қызметін
атқарады.
Бақылау сұрақтары: 1. Кеуделік аяқ бұлшық еттерін  қандай  топтарға  бөледі,
2. Иықтық буынның бұлшық еттерің атаныз, 3. Шынтақтық буынның қандай  бұлшық
еттері бар, 4.  Жамбас-  ортан  жіліктік  буынның  жазылдырғыш  ет  топтарын
атаныз, 5. Бақайлық буынға қандай бұлшық еттер әсер етеді.


Зертханалық сабақ 10.Тері жабыны және оның туындылары.

Сабақтың мақсаты: Терінің құрылысымен,  атқаратын  қызметімен  танысу,  тері
туындылары.

1. Тапсырма. Тері құрылысын түрлі түсті  атластар  мен  таблицалардан  қарап
оқу. Көрген білгенін қысқаша түрде сипаттап жазып, суретін  салу  керек.Тері
жалпы дененің сыртын жауып жатады. Онда сезімтал  нерв  рецепторлары,  тері,
май  бездері,  ет  тканьдері  орналасады.  Тері  организмді  сыртқы  ортамен
тікелей байланыстырып тұрғандықтан қорғаныш, сезім, зат алмасу,  тер  шығару
және тағы да  басқа  маңызды  қызметтер  атқарады.  Тері  негізінде  беткей,
меншікті,  шел  қабаттарынан  түзілген.  Терінің   беткей   қабаты,   немесе
эпидермис. Терінің меншікті қабаты мезодермадан пайда болып,  дәнекер  ткань
мен серпімді талшықтардан түзілген. Серпімді  талшықтар  әртүрлі  бағыттарда
жатып, торлар түзеді. Бұл қабатта  қан  тамырларының  торлары  мен  сезімтал
нерв  ұштары  орналасады.  Терінің  шел  немесе  май  қабаты  негізінде  май
тканінен түзілген.
2.  Тапсырма.  Тері  бездері  өздерінің  шығаратын  затына  байланысты   май
бездері, тер бездері және сүт бездері болып бөлінеді.  Май  бездері  терінің
барлық  бөлігінде  кездеседі.  Тер  бездері  терінің  терең  шел   қабатында
кездеседі. Олар шумақталып келіп тер шығаратын түтігі арқылы тік  көтеріліп,
тері бетіне ашылады.
3. Тапсырма. Тұяқтын құрылысын зерттеп оқу. Тұяқ төрт  бөлімнен  тұрады:  1/
тұяқ төбесі, 2/ тұяқжұлығы, 3/  тұяқ  қабырғасы,  4/  тұяқ  ұлтаны.  Суретін
дәптерге салып белгілеу керек.
Бақылау сұрақтар:1. Терінің анатомиялық  құрылысы,  2.  Терінің  қызметтерің
атаныздар, 3. Терінің туындыларын атаныздар, 4.  Тұяқтын  құрылысы,  5.  Май
және тері бездерінің құрылысы.

Зертханалық сабақ 11,12.   Ас қорыту мүшелерінің құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Ауыз қуысының, жұтқыншақ, өңеш, асқазанның  құрылысы  және
қызметтерімен танысу.

1. Тапсырма. Ауыз қуысының  құрылысын  зерттеп  оқу  керек.  Ауыз  қуысы  ас
қорыту жүйесінің алдыңғы мүшесі. Ауыз жұтқыншақпен жалғасады да,  ас  қорыту
жүйесінің бас бөлімін құрайды. Ауыз арқылы азықты  тістеп  үзеді,  шайнайды,
сілекеймен жібітеді, тілмен  араластырып  сорады  және  жұтады.  Ауыз  қуысы
еріндер  мен  ұрттан,  қызыл  иек  пен  тістерден,  тілден,  қызыл   иектен,
таңдайдан тұрады.

2. Тапсырма. Ұй жануарлар  тістерінің  анатомиялық  құрылысын  зерттеп,  тіс
формуласымен танысу. Тістер атқаратын қызметіне,  құрылысына  және  орналасу
орнына қарай әртүрлі болып келеді. Тістін суретің салып белгілеу керек.

3.  Тапсырма.  Т  ілдің   анатомиялық   құрылысымен   танысу.   Тілдің   дәм
емікзікшелерінің түрлерін, орналасуын анықтау керек. Тілдің суретін салу.

4. Тапсырма.  Жұтқыншақтын  құрылысын  зерттеп,  онын  қабырға  қабаттарының
ерекшелігін түсіну.

5. Тапсырма. Өңеш жұтқыншақты қарынмен  жалғастырып,  жұтылған  азықты  ауыз
қуысынан  қарынға  жеткізетін  ұзын  түтікше  етті-жарғақты  мүше.  Денедегі
орналасу орнына қарай өңешті үш бөлікке бөледі:  мойындық,  көкіректік  және
құрсақтық бөліктер.

6. Тапсырма. Асқазан ас  қорыту  жолының  кеңейген  бөлігі,  асты  сақтайды,
қорытады және асты қорыту үшін  сөл  бөліп  шығарады.  Асқазан  іш  қуысының
жоғарысыныда көкет  пен  бауырдың  астында  орналасқан,  оның  үлкен  бөлігі
омыртқа жотасының сол  жағында  орналасқан.  Асқазанның  құрылысы:  кардиал,
пилорик бөлігі, денесі, түбі, алдыңғы, артқы қабырғасы. Алдыңғы  және  артқы
қабырғаларының  шектесуінен  кіші  және  үлкен   иірімдер   пайдап   болады.
Асқазанның қабырғасының құрылысы  үш  қабаттан  тұрады:ішкі  шырышты,  шырыш
асты қабаты; бұлшық ет қабаты, сір, сір асты қабаты.

Бақылау  сұрақтар:  1.  Ауыз  қуысының  құрылысы,  2.   Тістің   анатомиялық
құрылысы, 3. Тілдің дәм сезу  емікзікшелерінің түрлерін, орналасуын  атаныз,
4. Ірі сілекей безедерді атаныздар, 5. Жұтқыншақтын қызметтері,  6.  Өнештін
бөлімдерің атаныздар, 7. Асқазанның түрлері.



      13,14. Тақырып.   Тыныс алу мүшелері.
Сабақтың  мақсаты:  Тыныс  алу  мүшелерінің  құрылысын,  қызметтерін   оқып,
зерттеу.

1. Тапсырма. Тыныс алу мүшелерінің құрылысына  жалпы  анықтама  беру  керек.
Тыныс алу мүшелері организмде газ алмасу қызметін  атқарады.  Мұнымен  қатар
тыныс алу жүйесінде иіс сезу, дыбыс  мүшелері  де  орналасады.  Қызметтеріне
қарай тыныс алу аппараттары тыныс  жолдары  және  газ  алмасу  мүшесі  болып
бөлінеді. Тыныс жолдарына мұрын, аңқа  (жұтқыншақтың  ауа  жүретін  бөлігі),
көмекей, кеңірдек, бронхтар жатады. Газ алмасу қызметін өкпе атқарады.

2. Тапсырма. Мұрын ішкі жағынан  мұрын  пердесі  арқылы  екі  мұрын  қуысына
бөлінеді. Мұрын қуысының  кіреберіс  тесіктері  және  жұтқыншаққа  шығаберіс
тесіктері хоандар болады. Мұрын қуысы ішкі бетінің  тек  алдыңғы  жағы  ғана
тері тектес кілегейлі қабықпен қапталған.

3. Тапсырма. Көмекей тыныс алуға керекті  ауаны  өткізетін  тыныс  жолдарына
жатады. Оның ортаңғы қабығының негізін бір-бірімен қозғалмалы байланысқан  5
шеміршек түзеді, олар сақиналық, қалқанша, жұп, ожауша және бөбешіктік.

4. Тапсырма.  Кеңірдек  түтік  тәрізді  мүше,  көмекейді  өкпе  бронхтарымен
жалғастырады.

Бақылау сұрақтар: 1. Мұрынын анатомиялық құрылысы,  2.  Мұрын  қуысы  қандай
бөліктерге бөлінеді, 3. Көмекей қабырғасында қандай  шеміршектер  орналасқан
және олар бір-бірімен қалай байланысады, 4.  Дыбыстық  аппартының  орналасуы
орны мен құрылысы, 5. Кенірдектің құрылысы, 6. Бифуркация дегеніміз не?

Зертханалық сабақ 15. Зәр шығару мүшелерінің құрылысы.

Сабақтың  мақсаты:  Несеп  түзуші  мүшелер  мен  несеп   шығару   жолдарының
құрылысын зерттеу және олардың құрылыс ерекшеліктерін білу.

1. Тапсырма. Зәр шығару мүшелерінің құрылысына жалпы  анықтама  беру  керек.
Зәр шығару мүшелері екі бөлімге бөлінеді. Олар: негізгі зәр түзуші  мүшелер-
жүп бүйрек және зәр шығарушы жолдар- несепағар, қуық, несепшығар.
2. Тапсырма. Бүйрек  препараты  мен  сүткөректілердің  бүйрегің  пайдаланып,
сыртқы және ішкі қабатының құрылысын  көру.  Сырт  жағынан  тығыз  фиброзды,
оңай сыпырылатын  дәнекер  тканьді  қапшықпен  қапталған.  Бүйректер  құрсақ
қабырғасына жақсы бекіген. Бүйрек ыдырау процесінде  пайда  болған  керексіз
заттарды организмнен шығарып, қанды тұрақты жағдайға келтіріп отырады.
3.  Тапсырма.   Несепағырдың,  қуқтын  құрылысы  және  манызын  таблица  мен
муляждер арқылы оқып түсіну керек.Несепағар  –  бүйрек  түбегінен  басталып,
төмен қарай жүріп отырып қуыққа келіп  жалғасады.  Оны  құрсақ  және  жамбас
бөлігіне бөледі. Несепағар қабырғасы  үш  қабаттан  түзілген:  ішкі  кілегей
қабат іш жағын астарлап ұзына бойына қыртыстана жатса, ортаңғы қабаты  жазық
ет тканінен түзілген. Қуық – зәрдің уақытша жиналып тұратын мүше. Ол  жамбас
қуысында шат сүйегінің артында орналасқан. Оның түбі,  ұшы,  денесі  болады.
Қуық түбінен несеп каналы басталады. Несеп каналы –  қуықтың  зәр  шығаратын
түтігі.
Бақылау сұрақтар: 1. Зәр шығару жүйесі қай басқа жүйіемен тығыз  байланысты,
2.  Бүйректің құрылысы, 3. Бүйректің түрлері,  4.  Бұйректің  қай  бөлімінде
зәр түзіледі, 5. Несепағардын құрылысы, 6. Қуықтын құрылысы.



Зертханалық сабақ 16.  Аталық жыныс мүшелерінің құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Аталық жыныс мүшелерінің құрылысы және   қызметтерін  оқып
зерттеу.

1. Тапсырма.  Аталық  жыныс  мүшелерінің  құрылысын,  манызын  зерттеп  оқу.
Аталық жыныс мұшелеріне ен, ен қосымшасы,  шәуеттік  жол,  ен  қабы,  несеп-
жыныс  өзегі,  қосалқы  жыныстық  бездер,  атлық  жыныс  мүшесі  жатады.  Ен
құрылысын, топографиясан, манызын зерттеп оқу. Дәптерге  ен,  ен  қосымшасын
суретін салы керек.
2. Тапсырма. Шәует жолынын, несеп- жыныс өзегінің,  ен  баудың  құрылысымен,
топографиясын зерттеп оқу керек.
3. Тапсырма. Қосалқы жыныс бездерінің және аталық  жыныс  мүшесінің  құрысын
оқып зертте, қызметерін білу қажет.

Бақылау сұрақтар:1. Аталық жыныс мүшелерін  атап,  препараттан  көрсету,  2.
Еннің,  енбаудын  құрылымы,  3.  Шәует  өзегінің,  несеп-  жыныс   каналынын
құрылысы, 4. Сыртқы жыныс мүшесінің құрылысы.

Зертханалық сабақ 17. Аналық жыныс мүшелерінің құрылысы.

Сабақтың  мақсаты:   Аналық   жыныс   мүшелерінің   құрылысымен,   атқаратын
қызметтерімен танысу.

1. Тапсырма. Аналық  жыныс мүшелер – сыртқы және ішкі болып екіге  бөлінеді.
Оның ішкі мүшелеріне аналық жыныс безі, жатыр, жатыр  түтіктері,  қынап,  ал
сыртқысына үлкен және кіші жыныс еріндері, қынаптың  кіреберісі  және  несеп
каналы жатады. Аналық жыныс безі – жұп орган. Кіші  жамбас  ішінде  жатырдың
екі  жағын  ала  орналасқан.  Аналық  бездің  функциясы  өте  күрделі,  яғни
жұмыртқа клеталарының өсіп-дамуымен бірге, қанға жыныстық гормондарды  бөліп
отырады. Аналық жыныс безінің құрысын дәптерге салып, оны белгілеу керек.

2. Тапсырма. Жатыр түтігі – жатырдың екі жағынан басталып  көлденең  созылып
жатады. Оның бір жағы жіңішкеріп келіп жатырға ашылса,  екінші  жағы  құйғыш
тәрізді кеңейіп келіп құрсақ қуысына ашылады. Жатыр түтігінің  ұзындығы  10-
12 см, ені 0,5 см, сырты сір қабықшамен толығынан оралған.

3. Тапсырма.  Жатыр  –  алмұрт  тәрізді  бірыңғай  салалы  ет  талышқтарынан
түзілген қуысты  мүше.  Ол  кіші  жамбас  қуысында,  қуық  пен  тік  ішектің
аралығында орналасқан. Ұрықтанған жұмыртқа  клеткасы  жатырға  жатыр  түтігі
арқылы енгеннен бастап, босанғанға дейін өсіп-дамиды. Жатырдың  жоғарғы  түп
бөлігіне екі жатыр түтігі ашылады. Жатыр  қабырғасы  үш  қабаттан  түзілген:
сыртқы периметриум –жатырдың сыртын айнала жауып жатқан сір қабаты.  Ортаңғы
қабат – миометриум – өте қалың жетілген ет қабаты, ішкі қабат –  эндометриум
– жатырдың іш жағын астарлап жатқан кілегейлі қабат.

Бақылау сұрақтар:  1.  Аналық  жыныс  жүйесіне  қандай  мүшелер  жатады,  2.
Жұмыртқалықтын құрылысы, манызы, 3.  Жатыр  түтігің  құрылысы,  4.  Жатырдың
құрылысы, онын малда түрлері, 5. Сыртқы аналық жыныс мүшелеріне не жатады ?



Зертханалық сабақ 18,19. Жүрек-қан тамырлар жүйесі.

Сабақтың мақсаты: Жүректің құрылысы және қызметі. Қан тамырлар,  қан  айналу
шеңберлері.

1. Тапсырма. Жүректің құрылысын, топографиясын, қызметің зерттеп оқу.  Жүрек
тұйықталған қан  тамырларымен үздіксіз қамтамасыз етіп отыратын, қан  айналу
жүйесінің қуысты-етті мүшесі. Оның пішіні конус тәрізді болып келеді.  Жүрек
ішкі жағынан  ет  пердесі  арқылы  екі  бөлікке  бөлінеді.  Әрбір  бөлік  өз
кезегінде жүрекшеден және қарыншадан тұрады. Жүрек төрт камерадан:  оң  және
сол жүрекшеден, оң және сол қарыншадан құралады. Жүрекшелер  мен  қарыншалар
бір-бірімен жүрекше-қарынша тесіктері арқылы қатысады.  Жүрек  қабырғасы  үш
қабаттан: ішкі-эндокардтан, ортаңғы-миокардтан, сыртқы-эпикардтан тұрады.
2. Тапсырма. Артерия  және  вена  тамырлардың  құрысымен  танысу.  Кіші  қан
айналу   шеңберінің   негізгі   артериалар   мен   веналарының   тарамдалуын
зерттеу.Үлкен қан айналу шеңбері деп қанның жүректің сол  қарыншасынан  оның
оң жүрекшесіне дейінгі аралық жүріп өткен жолын  айтады.    Тамырлар  жүйесі
организмдегі зат алмасу процесінің үздіксіз  жүруін,  дененің  біртұтастығын
қамтамасыз етеді.  Тамырлар  жүйесі  шығу  тегі  құрылысы,  қызметі  жағынан
тектес бір-бірімен тығыз байланысты үш жүйеден түзілген.  Олар:  қан  айналу
жүйесі, лимфа  айналу  жүйесі,  қан  жасаушы  мүшелер.  Қан  айналу  жүйесін
тұйықталған  қан  тамырлары  артериялар,  веналар,  капиллярлар  және  жүрек
құрайды.
3. Тапсырма.  Аяқты көректеніретің негізгі артерияларды зерттеп оқу.
4. Тапсырма.  Организмнің  негізгі  вена  тамырларымен  танысу.  Капиллярдың
құрылысын мен қызметің зерттеп оқу.

Бақылау сұрақтар:1.  Жүректің  және  жүрек  қабының  құрылысы,  2.  Жүректің
топографиясы, 3. Артери және вена тамырларының құрылысындағы  ерекшіліктері,
4. Кіші қан айналу шнңбері, 5. Аорта доғасы, 6. Құрсақ аортасының таралуы.

Зертханалық сабақ 20. Лимфа жүйесі.

Сабақтың мақсаты:  Лимфа  жүйесінің   қызметтерімен,  лимфа  тамырлары  және
түйіндерімен танысып, зерттеу.

1. Тапсырма. Лимфа жүйесіне жатады: лимфа саңылаулары,  лимфа  капиллярлары,
лимфа тамырлары, лимфа  бездері.  Лимфа  жүйесінің  құрылысын  атластар  мен
түсті  таблицалар  арқылы  сипаттап  қысқаша  жазу.  Лимфа  тамырлары  лимфа
капиллярларының  бірігуінен  пайда   болады.   Организмдегі   барлық   лимфа
тамырлары көкірек және  оң  жақ  лимфа  өзектеріне  барып  аяқталады.  Лимфа
құрамы жалпы жағдайға байланысты өзгеріп  тұрады.  Бұл  тамырлардың  қабырға
құрылысы қан тамырларының қабырғасынан жұқа келеді.
2. Тапсырма. Лимфа  бездері  лимфа  тамырларының  жолында  топталып  жатады.
Осыған орай лимфа тамырлары лимфа бездерінен өтеді. Лимфа бездері  әр  түрлі
пішінде болады. Олардың сыртқы капсуласы жиырылып,  ішіндегі  сұйықты  сығып
шығаруға көмектеседі. Бездерде пайда  болған  ақ  түйіршіктер  (лейкоциттер)
лимфа  сұйықтығына  араласып,  оның  құрамын  өзгертіп  отырады.  Бір  лимфа
безінің құрылысын салып, белгілеу керек.

Бақылау сұрақтар: 1. Лимфа  тамырлар  құрылысындағы  ерекшелітер,  2.  Лимфа
бездерінде қандай қан жасушалары түзіледі, 3.  Лимфа  безінің  құрылысы,  4.
Лимфа безінің лимфа әкелгіш және лимфа әкеткіш тамырлары  қалай  орналасады,
5. Лимфа дегеніміз не?

Зертханалық сабақ 21,22.  Ішкі секреция бездері және қан жасаушы мүшелер.

Сабақтың мақсаты: Ішкі  секреция  бездерінің  және  қан  жасаушы  мүшелердің
құрылысын зерттеп, оқу. ІСБ және қан жасау мүшелерінің жіктелуі.

1. Тапсырма. Мына сұрақтарды талқыланыздар: 1. Қандай мүшелер миелоидты,  ал
қандай мүшелер лимфоидты қан жасау мүшелеріне жатады  ?  2.  Қандай  мүшелер
лимфоэпителиальды деп  аталады  ?  3.  Қандай  қан  жасау  мүшелері  орталық
иммундық жүйеге, ао қайсысы иммундық жүйеінің шеткі мүшелеріне жатады ?
2. Тапсырма. Көкбаурдың құрылысын, топографиясын, қызметін зерттеу.  Суретін
салып, белгілеу керек.
3. Тапсырма. Айырша безінің құрылысымен қызметімен танысу.
4. Тапсырма. Эндокринді жүйе жіктелуін үғып алу.  Эндокринді  мүшелерге  тән
құрылыс белгілерін меңгеріп алып,  не  себепті  гипофиз  эндокринді  жүйенің
басты орталық безі есептелетінің анықтау.
5.  Тапсырма.  Қалқанша  безінің  құрылысын  зерттеп  оқу.  Суретін   салып,
белгілеу кажет.

Бақылау сұрақтар: 1. Қан жасау мүшелерге қандай  мүшелер  жатады  ?  2.  Қан
жасау мүшелерінің қызметтері,  3.  Көкбаурдың  құрылысы,  4.  Ішкі  секреция
бездеріне аныықтама  берініз,  5.  Қалқанша  безінің  анатомиялық  құрылысы,
қызметі.

      Зертханалық сабақ 23.  Жұлын.


Сабақтың  мақсаты:  Жұлынның  құрылысы,  топографиясын,  атқаратын  қызметі,
маңызын зерттеп оқу.

1.Тапсырма. Жүйке ұлпасының құрамын, олардың даму көздері неде  екенін  ұгып
алу. Нейроциттердің құрылым белгілеріне және олардың  рефлекторлық  доғадағы
орналасуына қарай жіктелуін ұғып  алу.  Жйке  жасушаларының  құрылысын  салу
керек.
2.  Тапсырма.  Жұлыннін  құрылысын,  әрі  оны  қимыл-  қозғалыстың   орталық
реттеушісі және жүйке қозу толқынын  өткізуші  мүше  ретінде  зерттеп  білу.
Жота және вегетативтік  түйіндердің  құрылысындағы  ерекшеліктерін  меңгеріп
алу. Жұлын омыртқа каналының ішінде жатады.  Ол  ауыз  омыртқасының  тұсында
сопақша миға жалғасады. Жұлын тізбектеліп  жатқан  31  сегменттен  түзілген.
Оның әрбір сегментінің екі жанынан алдыңғы  және  артқы  жұлын  түбіршіктері
шығып, омыртқааралық тесіктің тұсында  бір-бірімен  қосылып,  31  пар  жұлын
нервсін түзеді.

Бақылау сұрақтар: 1. Рефлекторлық  доғаның  үзбелерін  атаныздар,  2.  Жүйке
жүйесін қандай жасушалар  құрайды,  3.  Жүлыннын  сүр  және  ақ  заты  неден
құралады, 4.  Жұлынын  құрылысы,  қызметі,  5.  Жұлыннын  топографиясы  және
сегментерге бөлінуі.

      Зертханалық сабақ 24,25.  Бас мидың құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Ми құрылысын, топографиясын зерттеп оқу.

1. Тапсырма. Препарат  арқылы  мидын  бәрлық  бөлімдерің  зерттеп  оқу.Ми  –
жануарлар  организмінде  үздіксіз  жүретін   барлық   процестерді   реттеуші
жүйкелік қызметтерді іске асыратын жүйке жүйесінің орталық  мүшесі.  Ми  бас
сүйегінің ми  сауытында  орналасады.  Ми  сырт  жағынан  қатты,  торлы  және
тамырлы үш қабықшалармен қапталған. Ми терең  көлденең  саңылау  арқылы  екі
бөлімге бөлінеді: үлкен және ромб тәріздес ми. Үлкен  ми  1)  соңғы  ми;  2)
аралық ми; 3) ортаңғы мидан тұрады. Ромб тәріздес ми: 1) артқы  ми  және  2)
сопақша мидан тұрады.
2. Тапсырма. Мишық,  үлкен  ми  сынарлары  құрылыс  ерекшеліктерін  зерттеу.
Оларды бір-бірінен ажырата білу.
3. Тапсырма. Ромб тәрізді мидың құрылысын зерттеп оқу.
4. Тапсырма. Сонғы мидын құрылысын зерттеп оқу.

Бақылау сұрақтар: 1. Үлкен  ми  бөлімдерінің  атаныз,  2.  Ромб  тәрізді  ми
бөліктері, 3. Мишық сопақша ми мен, ми көпірімен және төрт  төмпекпен  қалай
жалғасқан? 4. Соңғы мидын құрылысы қандай.


Зертханалық сабақ 26.  Жұлындық жүйкелер.

Сабақтың мақсаты: Мойындық, кеуделік жұлындық жүйкелерді зерттеп оқу.

1.   Тапсырма.   Жұлындық   жүйкелердің   түзілуін,   олардың    тарамдалуын
білу.Жүйкелер қызметіне қарай үш топқа бөлінеді: сезімтал,  қозғалтқыш  және
аралас.  Сезімтал  жүйкелер  орталыққа  тебетін,  ал  қозғалтқыш  орталықтан
тебетін тітіркеністерді өткізеді.  Аралас  жүйкелердің  құрамына  екеуі  де;
яғни қозғалтқыш және сезімтал талышқатры енеді. Тітіркеніс қарама-қарсы  екі
бағытта өтеді. Жұлындық жүйкелер топографиясына  қарай  мойындық,  кеуделік,
белдік, құймышақтық және құйрықтық болып бөлінеді.
2. Тапсырма.  Мойындық  жүйкелер  жұлынның  төрт  жоғарғы  мойын  жүйкесінің
алдыңғы тармақтарынан пайда болады. Олардың әрқайсысы 3  тармаққа  бөлінеді.
Мойындық және арқалық жұлындық жүйкелердің түзілуін  және  тарамдалуын  білу
керек.
3. Тапсырма. Иық өрімі мойынның төрт төменгі, бір  кеуде  жүйесінің  алдыңғы
тармақтыранан пайда болған. Ол алдыңғы және  артқы  сатылы  бұлшық  еттердің
аралығынан өтіп, бұғана  үсті  шұңқырында  бұғана  үсті  артериясымен  қатар
жатады. Иық торының ұзын тармақтары қолды, ал қысқасы иық белдеуінің  бұлшық
еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді. Иық торының қысқа тармақтарының  ішіндегі
ең ірісі қолтық асты жүйкесі.  Иық  өрімінің  ұзын  тармақтары:  1)  ішкергі
(медиальды) тері жүйкесі – иықтың ішкі бетінің  терісін  жүйкелендіреді;  2)
білектің ішкергі тері  жүйесі;  3)  ортаңғы  жүйке  білектің  барлық  бүгуші
топтағы бұлшық еттерін жүйкелендіреді. 4) шынтақ жүйкесі білектің қол  басын
бүгетін бұлшық еттерін, бармақтың тереңдегі бүгуші бұлшық  еттерін  жүйкемен
қамтамасыз етеді. 5) шыбық жүйкесі иық өрімінің ірі жүйкесі.
Бақылау сүрақтар: 1. Қандай жүлындық жүйкелерді білесіздер, 2. Жүлындық
жүйкелер түзілуі мен тармақталуын атаныз, 3. Мойындық жүйкелердің
дорсальдік және вентральдік тармақтары мойының қандай бөліктерін
жүйкелендіреді, 4. Иық торабынын тарамдалуы.

      Зертханалық сабақ 27. Бастық жүйкелер / бірінші 6 жүп/.


Сабақтың мақсаты: 6 жұп бастық жүйкелердің тарамдануын зерттеп оқу.

1. Тапсырма. Бастық жүйкелер барлығы 12 жұп болып, ми  бағынынан  басталады.
Олар  атқаратын  қызметтеріне  қарай  сезімтал,   қозғалтқыш   және   аралас
жүйкелерге бөлінеді. І жұп – иістік жүйкелер  мұрынның  кілегейлі  қабығында
орналасқан иіс сезгіш жасушаларының нейроциттері болып табылады;  ІІ  жұп  –
көрулік   жүйке,   көздің   торлы   қабығында   орналасқан    мультиполярлық
жасушалардың нейроциттерінен пайда болады; ІІІ жұп –  көзқимылдатқыш  жүйке,
ортаңғы мидың үлкен ми аяқшаларынан басталады;  ІҮ  жұп  –  шығырлық  жүйке,
ортаңғы мидан көздік саңылау арқылы көздікке еніп, көздің  дорсальдық  қиғаш
бұлшық етінде тарамдалады; Ү жұп –  үшкілдік  жүйке  мидан  шығатын  ең  ірі
аралас жүйкесі; ҮІ жұп - әкеткіш жүйке сопақша мидан шығып,  көздік  саңылау
арқылы көздікке өтеді де, көз алмасы бұлшық еттеріне барады.
Бақылау сұрақтар:  1.  Атқаратын  қызметіне  қарай  қандай  бастық  жүйкелер
болады, 2. Сезімтал бастық жүйкелерді атаныздар,  3.  Қозғалтқыш  жүйкелерге
тоқталаныз, 4. Қандай бастық жүйкелер аралас болып табылады.

      Зертханалық сабақ 28. Вегетативті жүйке жүйесі.


Сабақтың  мақсаты:  Вегетативті  жүйке  жүйесінің  қызметін   зерттеп   оқу.
Симпатикалық бөлім.

1. Тапсырма. Жүйке жүйесінің  вегетативті  бөлігінің  соматикалық  бөлігінен
айырмашылығы ішкі органдарды, қан және лимфа тамырларын,  жүректі,  бездерді
жүйкелендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесінің орталық  және  шеткі  бөлімдері
болады. Орталық бөлігіне ми мен жұлын жатса, шеткі бөлігіне нерв  түйіндері,
нерв талшықтары, нерв өрімдері жатады. Вегетативтік жүйке жүйесі  құрылысына
және атқаратын қызметтеріне байланысты  симпатикалық  және  парасимпатикалық
бөліктерден  тұрады.   Дәптерге   вегетативті   жүйке   жүйесінің   схемасын
салыныздар.
2. Тапсырма. Симпатикалық бөлім  жүрек  тамыр  аралық  мүшелер  жүйесін,  ал
парасимпатикалық бөлім барлық  ішкі  мүшелер  мен  бездерді  жүйкелендіреді.
Жүйке  жүйесінің  вегетативті  бөлімінің  құрамына  вегетативті  орталықтар,
вегетативтік түйіндер (ганглийлер), вегетативтік жүйкелер және  вегетативтік
тораптар  кіреді.  Вегетативтік  орталықтар  ми  мен  жұлындағы  сұр  заттың
белгілі бір жерде топтасып орналасуының нәтижесінде  түзіледі.  Вегетативтік
жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің құрамына мынадай  құрылымдар  кіреді:
а)   оң    және    сол    симпатикалық    бағандар,    б)    омыртқамаңайлық
(паравертебральдік)  түйіндер,   в)   миелинді   преганглионарлық   жүйкелік
талшықтар, г) миелинсіз постганглионарлық жүйкелік талшықтар.

Бақылау сұрақтар: 1.  Вегетативті  жүйке  жүйесінің  жалпы  сипаттамасы,  2.
Симпатикалық  бөлім  нені  жүйкелендіреді,  3.  Парасимпатикалық   бөлімінің
құрылысы.

      Зертханалық сабақ 29,30. Сезім мүшелері.


Сабақтың мақсаты:  көру  және  есту  мүшелерінің  құрылысы  мен  қызметтері.
Анализаторлар туралы ұғым.

1.  Тапсырма.  Анализаторлар  түралы  ұғым.  Организмге  әсер  ететін  түрлі
тітіркендіргіштер, сезімтал нерв талшықтарының ұштары –  рецепторлар  арқылы
қабылданады.  Олар  арнаулы  сезім  органдарында  және  денеде   орналасқан.
Омыртқалыларда нерв жүйесі күрделеніп тіршілікке  қажетті  иіс,  дәм,  есту,
көру,  тепе-теңдік  органдарының  рецепторлары   шоғырланады.    Рецепторлар
арқылы қабылданған қозу ми қыртыстарына жеткізіліп отырылады,  онда  талдау,
талқылау процесі жүріп, сезім ажыратылады. Сондықтан да  организм  дүниедегі
бар затты сезім арқылы қабыдап, анализаторлары арқылы түсінік алады.
2. Тапсырма. Көру мүшесінін құрылысы.  Көру  мүшелері  көз  алмасынан,  көру
нервісінен және  қосымша  аппараттардан  тұрады.  Көз  алмасы  бас  сүйектің
алдыңғы жағындағы көз шарасының ішінде орналасқан. Көз алмасы  үш  қабықтан:
сыртқы тығыз талшықты, ортаңғы-тамырлы қабық, ішкі торлы қабықтан  түзілген.
Көздің құрылысын салып, белгілеу керек.
3.  Тапсырма.  Құлақтын  құрылымы  туралы  білімді   бекіту.   Есту   мүшесі
орналасуына, атқаратын қызметіне қарай сыртқы,  ортаңғы  және  ішкі  құлаққа
бөлінеді.  Есту  –  тепе-теңдік  анализаторының  рецепторлары  ішкі  құлақта
орналасқан.  Ал  сыртқы  және  ортаңғы  құлақтар  аталған   анализаторлардың
көмекші құрылымы болып саналады.
Бақылау сүрақтар:  1.  Сезім  мүшелеріне  жалпы  анықтама,  олардың  негізгі
бөлімдері, 2.  Көз  алмасының  қабырғасындағы  сыртқы  қабығының  бөлімдерін
атаныздар,  3.  Есту  тепе-теңдік  анализаторының  құрылысы,   4.   Құлақтын
құрылысы.




   4. СОӨЖ


Студенттердің оқытушы басшылығымен өздік жұмыстары

      Дәріс сабағының жоспары  / 1сағ/

Тақырып 1. Жануарлар организмінің құрылысындағы анатомиялық ерекшеліктер.

Семинар сұрақтары: 1., 2. Жасушаның  морфлогиясы,  3.  Организмнің  дамуынын
биоморфологиялық заңдылықтары, 4. Мүше, жүйе, организм  туралы  түсінік,  5.
Ұлпалар.



   Зертханалық сабақтын жоспары / 1 сағ/


1. Тақырып. Қабырға және төс сүйегінің құрылысы


2. Тапсырма. Қабырға иіліп келген  жұқа  12  сүйектен  түзілген.  Қабырғаның
орта жерін қабырғаның денесі, алдыңғы және артқы бөліктері қабырға  ұшы  деп
аталады. Қабырға басынан кейінгі сәл жіңішкеріп келген жерін қабырға  мойны,
одан кейінгі дөңесті қабырға бұдыры деп  атайды.  Қабырға  сүйегін  дәптерге
салу.

2. Тапсырма. Төс сүйегінің құрылысын сипаттап, зерттеп оқу, суретін салу.



      Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/

2. Тақырып. Білікті қанқанын морфологиясы.

Семинар  сұрақтары:  1.  Сүйектің  мүше   ретінде   құрылысы,   2.   Омыртқа
бағанасынын  түрге  байланысты  құрылыс  ерекшеліктері,  3.  Қанқанын  мойын
бөлігі, 4. Көкірек клеткасынын түрге байланысты құрылыс ерекшеліктері.



      Зертханалық сабағынын жоспары /2 сағ/

2,3.  Тақырыптар.  Омыртқа  бағанасынын  және  бас  қанқасынын  салыстырмалы
анатомиясы.

1.  Тапсырма.  Омыртқа  бағанасынын  барлық  бөлімдерінің  түрге  байланысты
құрылыс ерекшеліктерімен танысу.

2. Тапсырма.  Бірінші,  екінші  және  жетінші  мойын  омыртқаларынын  малдын
түріне байланысты құрылысын ажырату.

3. Тапсырма. Бас қанқасынын ми сауты мен бет  бөлімінін  сүйектерінін  түрге
байланысты құрылыс ерекшелігімен танысу.



       Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/

3. Тақырып. Шеттік қанқанын морфологиясы.

Семинар сұрақтары: 1. Еркін қоғалатын аяқ  сүектерінің  үзбелері,  2.  Білек
қанқасынын турге байланысты құрылыс ерекшеліктері,  3.  Білезік  сүйектердің
түрге байланысты ерекшеліктері, 4. Иық және жамбас белдеудің сүйектері.





       Зертханалық сабағынын жоспары /2 сағ/

4,5. Тақырып. Иық және жамбас белдеу сүйектері. Артқы аяқтын автоподиі.

1. Тапсырма. Иық және жамбас  белдеудің  сүйектері,  олардын  құрылысы  және
қызметі. Жеке сүйектердің суретін салу.

2.  тапсырма.  Артқы  аяқ  бас  сүйектерді  алдынғы  аяқ  бас   сүйектерімен
салыстырып   оқу   керек.   Малдын   түріне   байланысты   олардын   құрылыс
ерекшеліктерімен танысу.



      Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/

4. Тақырып. Синдесмология.

Семинар сұрақтары: 1. Сүйектердің байланысу түрлері,  2.Буын  дегеніміз  не?
3. Буындардың қозғалысқа байланысты түрлері, 4. Омыртқалардың байланысы,  5.
Аяқ  сүйектерінін  буындары   және   байламдары,   6.   Түлға   сүйектерінің
байламдары.



      Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/

6. Тақырып. Тігіс түрлері. Аяқ сүйектерінің буындары және байламдары.

1. Тапсырма. Бас қанқасы арқылы тігіс түрлерімен танысу және оларды  ажырату
білу. Бас қанқасында барлық тігіс түрлері  кездеседі  /  тісті,  қабыршақты,
жапырақша т.б./

2.  Тапсырма.  Буындардын  құрылысына  және  қызметіне  байланысты  түрлерін
зерттеп  оқу.  Күрделі  буындардың  байламдарымен  танысу.  Барлық   күрделі
буындарды атап шығыныздар.

3. Тапсырма. Қай буында ен көп байлам кездеседі ?



      Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/

5. Миология.
Семинар сұрақтары: 1. Құрылысына  байланысты  бүлшық  еттердің  түрлері,  2.
Жасқа байланысты бүлшық еттердің ерекшеліктері, 3. Бүлшық  еттердің  қосымша
құрылымдары, 4. Бүлшық еттердің дамуы.



      Зертханалық сабақтардын жоспары /3 сағ/

7,8,9 Тақырыптар. Фасциялар. Синовиальды  бурсалар,  қуыстар.  Жамбас  терен
бұлшық еттері.

1. Тапсырма. Бүлшық  еттің  қосымша  құрылымдарымен  танысу.  Препарат  және
таблица  арқылы  беткей,  терен  фасциялардын   топографиясын,   қызметтерін
зерттеп оқу.

2.  Тапсырма.  Оқутышы  көмегімен   препаровке   кезінде   бұлшық   еттердің
сінірлеріне, бурсаларына көніл аударыныздар.

3.  Тапсырма.  Білезік  және  жіліншек  буындардын   сақиналы   байламдарын,
бурсаларды, сінірлерді тауып алыныздар.

4. Тапсырма. Жамбастын терен бүлшық еттерін зерттеп оқу.

      Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/.

6. Тақырып. Тері түындылары.
Семинар сұрақтары: 1.Терінің дамуы, 2. Шәштің құрылысы және түрлері, 3.  Сүт
безеінің құрылысы, 4. Терінің қатты түындылары, 5. Шәштің дамуы.

      Зертханалың сабақтын жоспары /1 сағ/

10. Тақырып. Тері түындылары.

1. Тапсырма. Сүт безінің құрысымен танысу. Бул  мүше  паренхиматозды  мүшеге
жатады,  қызметіне  байланысты  мерокринді  безеге  жатады.  Суретін  салып,
белгілеу керек.

2. Тапсырма. Шәштің құрылысын зерттеу. Шәштің тамырына  көніл  аударыныздар.
Шәштің түрлері және  қызметтерімен танысу.

      Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/.

7. Тақырып. Ас қорыту мүшелері.
Семинар сұрақтары: 1. Ішкі мүшелер туралы түсінің, 2.  Серозды  қуыстар,  3.
Баурдың құрылысы, 4. Үйқы безенің құрылысы, 5. Ас қорыту мүшелерінің  дамуы,
6. Сілекей безедерінің құрылысы.

      Зертханалың сабақтын жоспары /2 сағ/

11,12. Тақырып. Ішектер. Бауыр мен ұйңы безі.

1. Тапсырма. Жінішке  және  жуан  ішек  бөлімдерінің  анатомиялық  құрысымен
танысу. Олардың қабырға  құрылыс  ерекшеліктерін  зерттеп  оқу.  Құрылысымен
танысқаннан кейін олардың атқаратын қызметерінің қалай өтетінін түсіну.

2. тапсырма. Бауыр құрылысы мен қызметін зерттеп оқу.  Ас  қорыту  және  зат
алмасу процестеріне тиетін әсерін түсіну.

3. Тапсырма. Ұйқы безеінің құрылысымен танысу.   Препарат,  атластар  арқылы
көргеннен кейін сыртқы пішіні мен құрылысын зерттеп, суретін салу.

4. Тапсырма. Ас қорыту мүшелерінің топографиясын зерттеп оқу.

      Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/.

8. Тақырып. Тыныс алу мүшелері.
Семинар  сұрақтары:  1.  Мұрын  жолдарының  манызы,  2.  Мұрын  синустарының
манызы, 3. Кенірдектін манызы және топографиясы,  4.  Өкпенің  құрылысы,  5.
Плавра дегенімз не ? 6. Тыныс алу мүшелерінің басты қызметтері.



      Зертханалың сабақтын жоспары /2 сағ/

13,14 Тақырыптар. Өкпе. Плевра.

1.  Тапсырма.  Көніл  аударатын   жағдай,   бронхының   бронхы   бұтақтарына
дихотомиялық  тарамлалуы.  Бұл  тарамдалудың  дем  алумен  дем  шығарғандағы
өтетін ауанын жылдамдығына әсер ететін манызы қандай екенін түсіну.  Өкпенін
құрылысын зерттеп оқу. Дәптерге суретін салу. Өкпе-  пішіні  кесілген  конус
тәріздес тыныс алу жүйесінің негізгі  мүшесі.  Құрылысы  жағынан  түтікшелі-
көпіршікті, қомақты паренхиматозды мүше. Өкпе тыныс алу жолдарынан және  газ
алмасу бөлімінен тұрады. Тыныс алу жолдарын бронхиальдік тарам  деп  атайды.
Бөлімаралық  сай  арқылы  өкпе  краниальдік   және   каудальдік   бөліктерге
бөлінеді.

2. Тапсырма. Плевранын маңызын және құрылысын зерттеп оқу.

3. Тапсырма. Тыныс алу мүшелерінің топографиясын талқылау.

      Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/

9. Тақырып. Зәр шығару мұшелері.
Семинар сұрақтары: 1. Зәр шығару мүшелерінің филогенезі, 2. Бүйрек  типтері,
3. Зәр шығару мүшелерінін манызы, 4. Зәр шығару каналынын құрылысы.



      Зертханалың сабақтын жоспары /1 сағ/

15. Тақырып. Бүйрек түрлері. Нефронын құрылысы.

1. Тапсырма. Бүйрек түрлерімен  танысу  және  оларды  ажырату  білу.  Бүйрек
суретін салып, белгілеу керек.

2.  Тапсырма.  Бүйректің  негізгі  құрылымдық  және  функциональдік  бөлігі-
нефронын  құрылысын  зерттеп  оқу.  Бүйректін  көлденен  кесінді  препаратын
анықтап қарау керек.



      Дәріс сабағының жоспары /1 сағ/

10. Тақырып. Жыныс мүшелері.
Семинар  сұрақтары:  1.  Жыныс  жүйесінің  филогенезі,   2.   Аталық   жыныс
мүшелерінің топографиясы және  түрге  байланысты  ерекшеліктері,  3.  Аналық
жыныс мүшелерінің  топографиясы  және  түрге  байланысты  ерекшеліктері,  4.
Жатырдың түрлері, Қосымша аталық жыныс бездері,5.  Үманын құрылысы.

      Зертханалың сабақтын жоспары /2 сағ/

16,17 Тақырып. Қосымша аталық жыныс безедері. Жұмыртқалықтын құрылысы.

1.  Тапсырма.  Қосымша  аталық   жыныс   безедерінің   құрылысын,   манызын,
топографиясын зерттеп оқу. Аталық жыныс мүшесінің құрылысы.

2. Тапсырма. Аналық жыныс безінің сыртқы және  ішкі  секрециялық  кызметімен
танысу. Жұмыртқалықтын түрге  байланысты  құрылыс  ерекшеліктерімен  танысу.
Сары денешек, овогенез және овуляция деген ұғымдарды түсіну.



      Дәріс сабағынын жоспары / 1сағ/

11. Тақырып. Жүрек- қан тамырлар жүйесі.
Семинар сұрақтары: 1. Жүрек- қан  тамырлар  жүйесінің  организмдегі  манызы,
дамуы, 2. Жүректін өткізгіш  жүйесі,  3.  Артерио-  веноздық  анатомоздардың
қызметі, құрылысы, 4. Жүректің қабаттары, 5. Қан тамырларының дамуы.



      Зертханалық сабақтарынын жоспары /2 сағ/

18,19 Тақырыптар. Жүрек- қан тамырлар жүйесі.

1. Тапсырма. Артери және вена қан тамырларының құрылысымен  танысу.  Олардын
қабарға құрылысының ерекшеліктерін білу.

2. Тапсырма. Артериялардын жіктелуі, қызметі.

3.  Тапсырма.  Веналврдың  жіктелуі.  Организмнің  негізгі  вна   тамырлары,
манызы.

      Дәріс сабағынын жоспары / 1сағ/

12.Тақырып. Лимфа жүйесі.

Семинар  сұрақтары:  1.  Лимфа  тамырларынын  құрылысы,  2.  Лимфа   түйінің
құрылысы, манызы,  3.  Негізіг  лимфа  түйіндердің  және  лимфа  өзектерінің
орналасуы, 4. Лимфа қүрамы.

      Зертханалық сабақтарынын жоспары /1 сағ/

20. Тақырып. Лимфа жүйесі.

1.  Тапсырма.   Препарат,   сурет   арқылы   лимфа   түйінің   макро-   және
микроскопиялық құрылысын  зерттеп  оқу.  Лимфа  түйінің  құрылысын  дәптерге
салып, белгілеу керек.

2. Тапсырма. Лимфа  сүйығының  ағу  жолын  зерттеу.Лимфа  түйінің  иммунитет
пайда болуына ролі.



      Дәріс сабағынын жоспары / 1сағ/

13.  Тақырып. Ішкі секреция бездері.
Семинар сұрақтары: 1. Эпифиздің құрылысы, манызы, дамуы,  2.  Қалқанша  маны
безі, 3. Кальцитониноциттердің ролі, 4. Бүйрек  үсті  безі,  онын  құрылысы,
қызметі, 5. Гипоталамо- гипофизарлық жүйе туралы түсінік.



      Зертханалық сабақтарынын жоспары /2 сағ/

21. Тақырып. Ішкі секреция бездері.

1. Тапсырма. Қалқанша маны безідің құрылысындағы ерешеліктерін зерттеу.

2. Тапсырма. Бүйрек үсті бездің  морфологиясын  зерттеп  оқу.  Гормондарының
қызметі, басқа мүшелерінің қызметіне әсері. Бездің  паренхимасын  не  түзеді
және оның капсуласы мен стромасы қандай ұлпалардан тұрады.

3. Тапсырма. Гипоталамо- гипофизарлық жүйе туралы түсінік.



      Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/

14. Тақырып. Қан жасау мүшелері.
Семинар сұрақтары: 1. Қан жасау мүшелердің дамуы, 2.  Қан  жасау  мүшелердің
негізін қай ұлпа құрайды, 3. Миелоидті ұлпа дегеніміз не? 4. Лимфоидті  ұлпа
дегеніміз не ? 5. Көк бауырдың ақ пульпасын неден түзілген,  6.  Шеттік  қан
жасау мүшелері.



      Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/

22. Тақырып. Қан жасау мүшелері.

1.  Тапсырма.  Айырша  бездің  құрылысы,   жасқа   байланысты   өзгерістері.
Иммунитетке қатысуы.

2. Тапсырма. Шеттік қан жасау  мүшелерінің  морфологиясын  талқылау.  Шеттік
мүшелерде Т- және В- зоналары қай жерде орналасады.

3. Тапсырма. Көк бауырдын қанмен қамтамасуы.



      Дәріс сабағынын жоспары /1 сағ/

15. Тақырып. Перифериялық жүйке жүйесі.  Вегетативті жүйке жүйесі.
Семинар сұрақтары: 1. Шеттік жүйке жүйесінің дамуы, 2. Анализатор  дегеніміз
не ?  3.  Жұлындық  жүйкелер,  4.  Бастық  жүйкелер,  5.  Вегетативті  жүйке
жүйесінің  жалпы  сипаттамасы,   6.   Симпатикалық   және   парасимпатикалақ
бөлімдер.



      Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/

23. Тақырып. Жұлын.

1.Тапсырма. Жұлынның көлденен кесіндісін қарап, оның сүр  және  ақ  заттарын
анықтап қарау керек. Жұлынның сұр затында қандай ядролар бар,  оларды  атап,
әр ядроның орналасқан жереін көрсету керек.  2.  Тапсырма.  Жануар  жұлынның
вентральді мүйізшілері зақымдалған, қандай қызметтер бұзылды ?

3. Тапсырма. Жұлынның қабақтарын зерттеп оқу.



      Зертханалық сабағынын жоспары /2 сағ/

24,25 Тақырыптар. Бас ми.

1. Тапсырма. Мидың бөлімдерін түсті атластан қарап,  ми  муляжінен  анықтау.
  Иіс сезу мидын құрысын зерттеп оқу.
2. Тапсырма. Жалпы мидың сагитальды кесіндісін алып, суретін салу.

3. Тапсырма. Соңғы мидын құрылысын анықтап түсіну.

4. Тапсырма. Ми сыңарларының қатпарлары мен сайларын зерттеп, суретін салу.

      Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/

26. Тақырып. Жұлындық жүйкелер.

1.  Тапсырма.  Сегізкөз  торабы  негізінде  сегізкөз   нервтерінің   алдынғы
  бұталарының өрімінен түзіледі, бүл ен ірі торап болып саналады.  Сегізкөз
  торабының нервтерін зерттеп оқу.
2.   Тапсырма.   Арқалық   және   вегетативтік    түйіндердің    құрылысынын
  ерекшеліктерін меңгеріп алу.
3. Тапсырма. Қол мен аяқ еттеріне баратын нервтер қай тораптардан  басталады
  және қандай нервтер.


   Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/

27. Тақырып.  Бастық жүйкелер /7-12 жұп/.

1. Тапсырма. Атлас пен таблицалардан  7-12  жұп  нервтердің  түбіршіктерінің
  жатқан жерін тауып, әрқайсысының атын жаттау.
2. Тапсырма. Әрбір ми нервисінің жатқан ми орталығын  тауып,  қысқаша  жазып
  алу.
3. Тапсырма. Ми нервтердің  қай  органдарды  нервтендіретінін  зерттеп  білу
  және сипаттап жазу.


     Зертханалық сабағынын жоспары /1 сағ/

28. Тақырып. Вегетативті жүйке жүйесі /парасимпатикалық бөлімі/.

1. Тапсырма.  Парасимпатикалық  нерв  жүйесінің  орталық  бөлімдерімен  нерв
  жолдарын /түйінге дейінгі,  түйіннен  кейінге/  зерттеп,  қай  органдарды
  жүкелендіретің білу.
2. Тапсырма. Организімде қандай өрімдер /нерв тораптары/ бар  соны  анықтау.
  Парасимпатикалық нерв талшықтары қай ми нервтерінің  құрамында  бар  және
  қандай органдарды жүкелендіретің сипаттау.


   Зертханалық сабағынын жоспары /2 сағ/

29,30. Тақыптар.  Анализаторлар.

1. Тапсырма. Көру мүшесінің құрылысын  таблицалар  мен  көздің  бөлектенетін
  моделінен қарап оқып түсіну. Көз құрылысының және оның әрбір  қабықшасына
  анықтама беріп, жалпы суретін салу.
2.  Тапсырма.  Атластар  мен  таблицалардан  есту  және  тепеөтеңдік  сақтау
  мүшелердің құрылысын оқып оларды алмалы-салмалы модельдерімен  салыстыру.
  Ұлудын көлденең кесіндісін алып есту механизмінің түйісуін түсіну.
3. Тапсырма. Дәм сезу мүшесінің құрылысын оқып, суретін салу.
4. Тапсырма. Иіс сезу анализаторының құрылысын түсініп, схемасын салу.

5. Студенттің өздік жұмысы

    Студенттің өз бетімен дайындығын ұйымдастыруы.

    Ол үшін алдымен оқулықтан, дәрістерден  деректерді  қайталап,  одан  сон
препараттармен  жұмыс  істеуге  көшу  қажет,  басқаша  айтқанда  ілімнен  іс
тәжрибеге бағытталған жөн.

    Өз бетімен емтиханға  дайындалу  үшін  студент  алдымен  білім  қалдығын
талдап алып, жоспарлауы қажет.  Өз  білімін  тексеруге  студент  әр  сабаққа
арналған бақылау сұрақтармен пән бағдарламасын пайдаланғаны дұрыс.  Қандайда
болмасын мәлімет, деректерді  игеруде,  оның  көрнекті  құралдарының  маңызы
зор. Ол  үшін  оқулықтағы,  атластағы  және  осы  практикумдегі  препараттар
бейнесін ықыласпен қарау орынды.Өз бетімен  дайындалу  жоспарында  кафедрада
белгіленген тақырыптық кенес уақытында ескеру қажет.







    Жазбаша жұмыстың тақырыптары:

1.Жануар организмнің құрысындағы жалпы зандылықтар
2. Білікті қанқаның дамуы туралы қысқаша мәллеметтер
3. Шеттік қанқаның онтогенезі
4. Аяқ буындарының байламдары
5.  Бұлшықеттердің жалпы сипаттамасы және олардың жіктелуі
6. Тері және оның туындыларының дамуы
7. Ішкі мүшелер, дене және серозды қуыстар туралы түсінік
9. Сүйектердің пішініне, құрылысына және орналысуына қарай жіктелуі
10. Буынның байламдары, қуыстары, шеміршектері және синовий суйығы
11. Бұлшықет жүйесінің жалпы сипаттамасы және оның денеде орналысуы
12. Тері жабының фило- және онтогенезі
13. Ас қорыту түтігінің дамуы және оның даму сатысында өзгеруі

14. Бауыр мен ұйқы безінің манызы

15. Бронхиальды және альвеолярлы бутағы

16. Зәрдің түзілу механизмі

17. Жыныс бездерінің эндокринді қызметі

18. Овуляция туралы түсінік. Сары денешіктің түзілуі
19. Жүрек және қан тамырлар жүйесінің дамуы
20. Қан жасау қызметінің  қалыптасуы

21. Ішкі секреция бездерінің дамуы

22. Орталық жүйке жүйесіне сыртқы және ішкі орта факторлардың әсері
23. Анализаторлар туралы түсінік

    Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологясымен пәнінен
                             емтихан сұрақтары.
1.  Жануар дене құрылысының заңдылықтары.
2. Бастың бет бөлімі / сүйектер, байланыс түрлері, бұлшық  еттер,  тамырлар,
   жүйкелер, түрге және жасқа байланысты ерекшеліктері /.
3.  Тоқ  ішек  /құрылысы,  топографиясы,   көректенуі,   иннервация,   түрге
   байланысты ерекшеліктері /.
4. Анатомияның даму тарихы
5. Бас қаңқасының ми бөлімі /сүйектері, байланысу  түрлері,  бұлшық  еттері,
   қан, жүйке тамырлары, жасқа және түрге байланысты ерекшеліктері/
6.  Ащы  ішек  /бұлшық  еттері,  қан,  жүйке  тамырлары,  жасқа  және  түрге
   байланысты ерекшеліктері/
7. Эволюциялық дамудағы түр және қызмет  бірлігі,  морфологияның  дамуындағы
   анатомдардың ролі.
8. Мойын бөлімі /сүйектері,  байланыс  түрлері,  бұлшық  еттері,  тамырлары,
   нервтері, түрге байланысты ерекшеліктері/.
9. Бауыр және ұйқы безі  /құрылысы,  орналасуы,  қан  айналымы,  жүйкеленуі,
   түрге байланысты ерекшеліктері/.
10. Анатомияны зерттеудегі эволюциялық және функциональдық бағыттар.
11.  Иық  белдеуі  аймағы  /сүйектері,  бұлшық  еттері,  жасқа  және   түрге
   байланысты ерекшеліктері, қан тамырлар, нервтер/.
12. Мұрын қуысы /құрылысы, қан тамырлары, жүйкелері, қосалқы қуыстар /.
13. Анатомиялық зерттеу әдістері.
14. Иық бөлімі /сүйектері, бұлшық еттері, жүйкелері, жасқа және түрге
   байланысты ерекшеліктері /.
15.  Жумыртқалық және ұрық жолы /құрылысы, орналасқан жері, түрге және
   жасқа байланысты ерекшеліктері, қан тамырлары, жүйкелері/.
16. Осьтер, жазықтар, бағыттар. Негізігі анатомиялық терминдер.
17. Шынтақ аймағы /сүйектері, бұлшық еттері, жүйкелері, жасқа және түрге
   байланысты ерекшеліктері /
18. Жатыр /құрылысы, типі, орналасқан жері, жасқа және түрге байланысты
   ерекшеліктері /.
19. Филогенез, онтогенез, аномалия туралы түсінік.
20. Білезік аймағы  /сүйектері, байланыстары, бұлшықеттері, тамырлары,
   нервтері, қозғалыс сипаттамасы/
21. Жамбас, жамбас қуысының артериясы.
22.Мүшелер, мүшелер жүйесі туралы түсінік.

22. Саусақ бөлімі /сүйектері, қызметіне байланысты өзгерісі, жүйкеленуі,
   бұлшық еті, қан тамырлары /.
23. Аталық жыныс мүшесі, препуций және косалқы аталық жыныс бездері (түр
   ерекшеліктері, қанмен қамтамасыз етілуі, жүйкеленуі/.
24. Веналардың ерекшеліктері.
25. Тістер /түрі, құрылысы, типтері/.
26. Соңғы мидың құрылысы және қызметі.
27. Сүйектердің үзіліссіз байланысы.
28. Фасция туралы түсінік. Тері асты фасциялар мен бұлшықеттер.
29.  Бастық жүйкелер (7-12 жұп).
30. Тұлға қаңқасының дамуы.
31. Тізе аймағы /сүйектері, бұлшық еттері, жүйкелері, тамырлары, жасқа  және
   түрге байланысты ерекшеліктері /.
32.  Сүт  безінің  құрылысы  /  тамырлары,  жүйкелері,  жасқа   және   түрге
   байланысты ерекшеліктері/.
33. Сүйектердің байланысының түрлері, жіктелуі.
34. Бел-сегізкөз шоғыры.
35. Жүрек, жүрек қабы /құрылысы, орналасуы, қан айналымы, жүйкеленуі/.
36. Бас қаңқасының онтогенезі.
37. Көкірек аймағы /сүйектері, бұлшық ететрі, жүйкелері,  жасқа  және  түрге
   байланысты ерекшеліктері /.
38. Ортаңғы және аралық ми /құрылысы, орналасуы, қызметінің маңызы/.
39. Бұлшық еттің мүше ретіндегі құрылысы, қосымша құрылымдары.
40.  Тірсек  аймағы  (түр  ерекшеліктері,  бұлшық  еттері,  қан   тамырлары,
   жүйкеленуі).
41.  Өңеш  және  жұтқыншақ  /құрылысы,  орналасуы,  түр  ерекшеліктері,  қан
   айналымы, жүйкеленуі/.
42. Бұлшық еттердің құрылысына, пішініне, қызметіне қарай жіктелуі.
43. Артқы аяқ  саусақ  аймағы  (сүйектері,  қызметіне  байланысты  өзгерісі,
   бұлшық еттері, қан тамырлары, түр ерекшеліктері/
44. Құрсақ аортасы (топографиясы, аортадан таралатын тамырлар/.
45. Аяқ қаңқасының онтогенезі.
46.  Тізе  буыны  аймағы  (құрылысы,  функциональдық  ерекшеліктері,  бұлшық
   еттері, қан тамырлары, нервтері).
47. Жұлын  (құрылысы, орналасуы, жұлын қабы, қан айналымы).
48. Сүйектің мүше ретіндегі құрылысы, классификациясы.
49. Тұлғаның бел бөлімі /сүйектері, бұлшық  еттері,  жүйкелері,  жасқа  және
   түрге байланысты ерекшеліктері /.
50. Бастық жүйкелер (1-У1 жұп).
52. Сероздық қуыстар. Плевра және іш астарының жолы. Ішек қуысын аймақтарға
бөлу.
53. Тілерсек сүйек аймағы (сүйектері, байланысы, қозғалысы, тамырлары,
   жүйкелері).
54. Тыныс алу, ас қорыту жүйесіндегі ерекшеліктер.
55. Тыныс алу жүйесінің фило- онтогенезі.
56. Сегізкөз аймағы  /сүйектері, бұлшық еттері, жүйкелері, жасқа және  түрге
   байланысты ерекшеліктері /.
57. Көздің құрылысы.
58. Ас қорыту мүшелерінің фило- онтогенезі.
59. Жануарлардың бөксе аймағы /сүйектері, бұлшық  еттері,  жүйкелері,  жасқа
   және түрге байланысты ерекшеліктері /.
60. Ромб тәріздес ми /құрылысы, қызметінің маңызы/.
61. Несеп-жыныс мүшелерінің фило-онтогенезі.
62.  Жануарлардың  кұйрық  аймағы  /сүйегі,  байланысы,  түрге  және   жасқа
   байланысты ерекшеліктері, бұлшық еттері, қан тамырлары, нервтері/.
63.  Кеуде қолқасы.
64.  Жұлынның фило-  онтогенезі.
65.  Сегізкөз аймағы /сүйектері, бұлшық ететрі, жүйкелері, жасқа және  түрге
   байланысты ерекшеліктері /.
66. Өкпе, кеңірдк, бронхтар /қан  тамырлары,  жүйкелері,  жасқа  және  түрге
байланысты ерекшеліктері /.
67.Бас мидың фило-  онтогенезі.
68. Тұсамыс сүйегі аймағы  (сүйектері,  байланысы,  қозғалысы,  бұлшық  еті,
   жүйкесі, қан тамырлары).
69. Бүйрек, қуық,  несепағар, несеп шығару өзегі.
70. Қан тамырлар жүйесінің фило-онтогенезі.
71. Иық буыны аймағы (сүйектері, байланысы,  қозғалысы,  жүйкеленуі,  қанмен
   қамтамасыз етілуі).
72.  Асқазан  (құрылысы,  орналасуы,  түрге  байланысты  ерекшеліктері,  қан
   айналымы, жүйкеленуі).
73. Ішкі секреция бездеріне жалпы сипаттама.
74.  Шынтақ  буыны  аймағы  (сүйектері,  байланысы,  бұлшық  еттері,  бурсы,
   қозғалысы, қан айналымы, нервтері).
75. Тұяқтың құрылысы.
76. Лимфа жүйесіне жалпы сипаттама .
77. Топай буыны  аймағы  (сүйектері,  байланысы,  қозғалысы,  нервтері,  қан
   тамырлары).
78.  Күйіс  қайтаратын  малдардың  асқазаны  (құрылысы,  түрге  және   жасқа
   байланысты ерекшеліктері, орналасуы, қан айналымы, нервтері).
79. Қан жасаушы мүшелерге жалпы сипаттама.
80. Терінің туындылары (май табанның, мүйіздің, шаштың құрылысы).
81.  Ең,  еңқап,  еңкосымшасы,  еңбау,  шәует  жолы  (құрылысы,   орналасуы,
   ерекшеліктері, қан тамырлары, нервтері).
82. Қан тамырларының   таралуы заңдылықтары,  тамырлардың  жасқа  байланысты
   өзгеруі.
83. Құрсақ бқлшықеттері  (орналасуы,  шап  каналының  қалыптасуы,  іштің  ақ
   сызығы, қанмен қамтамасыз етілуі, жүйкеленуі).
84.  Иық шоғыры .
85.  Қаңқаның бөліктерге бөлунуі.
86.Жамбас-ортан жілік   аймағы  (құрылысы,  қозғалысы,  бұлшық  еті,  қанмен
қаматамсыз етілуі, жүйкеленуі).
86. Ересек организмнің және ұрықтың қан айналымы.
87. Жүйке жүйесінің вегетативті бөліміне жалпы сипаттама.
88. Ауыз қуысы (тіл, түр ерекшеліктері, қан айналымы, жүйкеленуі).
89. Есту мүшесінің құрылысы.
90. Қан жасаушы мүшелерге жалпы сипаттама.




Пәндер