Файл қосу
Тамақ өнімдерінің реология негіздері
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ | |МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | | | | | | | | | |ПОӘК 042-18-5.1.19/02-2013 | |ПOӘК | | | |«Азық-түлік өнімдерінің |№ __ басылым | | |реологиясы» |«__»_______2013 ж. | | |пәннінің студенттерге | | | |арналған бағдарламасы | | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығына арналған АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ РЕОЛОГИЯСЫ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2013 Алғы сөз 1. ӘЗІРЛЕНДІ Құрастырушылар: А. Мустафаева ____________ Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппаратттары» кафедрасының доцент м.а., т.ғ.к. Б. Кабулов ____________ Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппаратттары» кафедрасының доценті, т.ғ.к. «____» _______2013 ж. 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппаратттары» кафедрасы мәжілісінде қаралды «___» __________ 2013 ж., № ___ хаттама Кафедра меңгерушісі ___________ М. Акимов. 2.2 Инженерлі-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қаралды «___» __________ 2013 ж., № ___ хаттама Төрайым ___________ С. Толеубекова. 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланды және басылымға рұқсат етілді «___» __________ 2013 ж., № ___ хаттама ОӘК төрағасы _______________ Г. Искакова 4 «___» _______20__ ж № __ басылым орнына енгізілді Мазмұны |1 |Жалпы ережелер | | |2 |Пәннің (модульдің) мазмұны және сағаттарды бөлу | | |3 |Пәндерді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар | | |4 |Курс форматы | | |5 |Курс саясаты | | |6 |Бағаларды кою саясаты | | |7 |Әдебиеттер | | 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы және пән бойынша жалпы мәліметтер Оқытушылардың аты-жөні –Мустафаева Аяулым Какеновна. «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» кафедрасы Байланыс ақпараты - № 9 оқу ғимараты, № 109 кабинет, тел: 35-05-90 Сабақ өткізетін аудиториялар № 106 Пәнің аталуы – «Азық-түлік өнімдерінің реологиясы» Кредит саны – 2 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны: «Азық-түлік өнімдерінің реологиясы» – техникалық ғылым. «Азық-түлік өнімдерінің реологиясы» пәнінің зерттеу нысаны - тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттарындағы технологиялық процестердің өту барысында туындайтын өнімдердің физико-механикалық қасиеттері және осы қасиеттердің көмегімен процестерді есептеудің оңтайлы әдістерін меңгеру болып табылады. «Азық-түлік өнімдерінің реологиясы» курсы азық-түлік технологиясы саласының мамандарына арналған теориялық инженерлік негізі болып табылады. Қазіргі замандағы тамақ өндірісі мамандардың технологиялық процестердің кинетикасы мен динамикасы аймағындағы терең білімін қажет етеді. Инженер – өндірістік процестерді технология талаптарына сәйкестендіріп басқарып қана қоймай, сонымен қатар ғылымның соңғы жетістіктеріне сай жоғарғы техникалық деңгейде оңтайлы өтуін қамтамасыз етуі керек. Бұл мақсаттарды орындау үшін маманның әртүрлі инженерлік есептерді шешуге қабілеті болуы міндет. 1.3 Пәнді оқытудың мақсаты: Студентердің «Азық-түлік өнімдерінің реологиясы» жөніндегі білімдерін қалыптастыру, осы алған білімдерін болашақ маман алдағы еңбек тәжірибесінде қолдана алады. 1.4 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері: Студенттерді азық-түлік өнімдерінің реологиясын оқыту арқылы келесі қажеттіліктерді орындау: - қоспалар қосу, технологиялық өңдеу режимдері мен тәсілдерін өзгерту арқылы өнімнің құрамы мен сапасын басқаруды меңгеру - процестер реодинамикасының негізгі заңдарын меңгеру - азық-түлік өнімдерінің реологиялық қасиеттерін анықтау әдістерін меңгеру - азық-түлік өнімдерінің реологиялық қасиеттерін анықтайтын аспаптардың конструкциясын меңгеру. Сонымен қоса, пәннің негізгі мақсаты студенттерді жоғарыда айтылғандарды (анықтамалар, заңдылықтар, есептерді шешу жолдары) меңгерту ғана емес, оларды қолдана білуге үйрету. 1.5 Оқытудан күтілетін нәтижелер: - азық-түлік өнімдерінің реологиясы курсының негізгі (базалық) заңдарын білуі керек; - тамақ өнімдерінің реологиясының негіздерін білуі керек; - теориялық және практикалық мақсаттарға осы алған білімдерін қолдануға дағдылану; - тамақ өнімдерінің құрылымдық механикалық қасиеттерін зерттеуге үйрену; - тамақ өнімдерінің құрылымдық механикалық қасиеттерін анықтауда алған білімдерін қолдануға үйрену; - азық-түлік өнімдерінің реологиясын зерттеуде қолданылатын тәсілдердің мағынасын түсіну; - басқа пәндерді меңгеру барысында «Азық-түлік өнімдерінің реологиясы» пәнінен алған білімдерін қолдана білу; - курстың типтік жобалық талаптарын орындауға дағдылану. 1.6. Курстың пререквизиттері: 1. Инженерлік графика; 2. Азық-түлік өнімдерінің технологиясы 1.7. Курстың постреквизиттері: 1.7.1 Тамақ өндірісінің технологиялық жабдықтары-1 1.7.2 Тамақ өндірісінің технологиялық жабдықтары-2 2 ПӘННІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТТАРДЫ БӨЛУ 1 кесте |№ |Тақырыптың аталуы |Сағаттары | |р/н | | | | | |ДС |ЗС |ОСӨЖ |СӨЖ |Әдебиет | |1 |Тамақ өнімдерінің реология негіздері.|1 |1 |1 |3 |7.1.1 | |2 |Жалпы мағлұматтар және анықтамалар. |1 |1 |1 |3 |7.1.2 | |3 |Реологиялық денелердің |1 |1 |1 |3 |7.1.1 | | |классификациясы және олардың | | | | | | | |құрылымдық-механикалық қасиеттері | | | | | | |4 |Құрылымдық-механикалық қасиеттерді |1 |1 |1 |3 |7.1.2 | | |өлшеу әдістері мен аспаптары | | | | | | |5 |Ығысулық қасиеттерді анықтауға |1 |1 |1 |3 |7.1.1 | | |арналған әдістер мен аспаптар | | | | | | |6 |Тамақ өнімдерінің компрессионды |1 |1 |1 |3 |7.1.1 | | |сипаттамаларын өлшеуге арналған | | | | |-7.1.4 | | |әдістер мен аспаптар | | | | | | |7 |Өнімдердің қатты денелермен шектескен|1 |1 |1 |3 |7.1.1 | | |жеріндегі қасиеттерін анықтау | | | | | | | |әдістері мен аспаптары | | | | | | |8 |Қатты тәріздес тамақ өнімдерінің |1 |1 |1 |3 |7.1.1 | | |ығысулық қасиеттері | | | | | | |9 |Сұйық тәріздес тамақ өнімдерінің |1 |1 |1 |3 |7.1.1 | | |ығысулық қасиеттері | | | | | | |10 |Өнімдердің компрессиондық қасиеттері |1 |1 |1 |3 |7.1.1 | |11 |Өнімдердің беттік сипаттамалары |1 |1 |1 |3 |7.1.1 | |12 |Бейньютондық сұйықтардың ағуы |1 |1 |1 |3 |7.1.1 | |13 |Реологиялық зерттеулерді жүргізуге |1 |1 |1 |3 |7.1.1 | | |арналған әмбебап аспаптары | | | | | | |14 |Тұтқыр-пластикалы өнімдердің қозғалыс|1 |1 |1 |3 |7.1.1 | | |теңдеулері | | | | | | |15 |Тұтқыр-пластикалы өнімдерді |1 |1 |1 |3 |7.1.1 | | |тасымалдауға арналған құрылғылары | | | | | | | |Барлығы |15 |15 |15 |45 | | 3 ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР Пәнді меңгеру барысында тақырыптардың негізгі мазмұнына көңіл аудару керек. Ол үшін студенттің оқулықпен жұмысын жеңілдету мақсатында оқыту- әдістемелік кешені ұсынылады. Әрбір тақырыптың дәрісі соңында өзін-өзі тексеру сұрақтары бар. Оқулықты дұрыс таңдаудың үлкен мағынасы бар. Бірнеше оқулықты қатарынан пайдалану дұрыс емес. Ұсынылған әдебиеттердің ішіндегі біреуін негізгі әдебиет етіп таңдап алу керек. Басқа оқулықтарды егер де қажет тақырып жайында мағлұмат болмағанда немесе аз болған жағдайда пайдаланған жөн. Курсты пәннің бағдарламасына сәйкес тақырыптар легімен меңгерген мақұл. Оқулықпен жұмыс жасау барысында ұсынылған кешендегі мысалдар мен сараптамалар міндетті түрде болуы қажет. Тек осыдан кейін ғана өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап берілуі керек. Теориялық алған білімдерін студенттер практикалық есептерді шығарған кезде ғана меңгерілді деп есептеуге болады. КУРС ФОРМАТЫ Сабақ уақыты аптасына 50 минуттан 2 рет жүргізіледі. Дәріс сабақтарында күрделі, мәселелі сұрақтарды қарастырады. Мысалы дәрістер құрылымы мынадай – сабақ мәнін талқылау немесе блиц-сұрақ (10(15 минут), дәріс (35(40 минут), материалдарды бекіту. Сабақты мұндай құрылымда жүргізу студенттен жүйелілікті, ұсынылған әдебиеттермен өздігінен жұмыс жасай білуді және дәрістегі жаңа тақырып бойынша материалдарды білуді талап етеді. Зертханалық сабақтар теориялық материалдарды тереңірек қарастыруды қажет ететін мәселелерді шешуге арналған. Аудиториялық ОСӨЖ уақытында сіздердің дәріске немесе зертханалық сабаққа дайындалу процесінде, сондай-ақ үйге берген өздік жұмысын орындау кезінде туындаған сұрақтарыңызды қарастырамыз. Сонымен қатар аптасына бір рет, кафедрада бекітілген график бойынша, мен жекелей немесе топпен консультация түрінде ОСӨЖ сабағын өткіземін. Пәнді оқуға арналған сабақ уақытының үштен бір бөлігінде, сіздер менің көмегімсіз өздеріңіз жұмыс жасайсыздар. Өздік жұмысына арналған тапсырмалар түрлері, ОСӨЖ және СӨЖ жоспары – кестесінде көрсетілген. КУРС САЯСАТЫ Пәнді оқуға берілген барлық кезеңде, менің сіздерге қойатын талаптарымның барлығын орныдайсыз және бір-бірімізді түсінеміз деп ойлаймын. 1. Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол сізді курсты толық меңгеруден босатпайды. Егер студент сабақтарды себепті жағдайлармен босатса, онда ол факультет деканатынан анықтама-рұқсат алуға міндетті. Рұқсат алғанан кейін студент сабаққа қатыса алады. Босатқан сабақтардың тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және көрсетілген уақытта оны орындап тапсыру қажет. Тапсырма тиісті бағамен бағаланады, ал босатылған сабақтар үшін баллдар қосылмайды. 2. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық жұмыстарға және емтихандарға белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ өз уақытында және шамаңыз келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында өткізуіңіз керек. Тапсырмаларынызды пунктуальды және уақытында тапсыруларыңыз керек. Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді. Сабақ кезінде студент бұзақылық жасап немесе оқытушының ескертуіне құлақ аспаса, ол студентті сабақтан шығарып жібере алады және ол студентті тәртіпке салу үшін оған қосымша тапсырмалар беріледі. 3. Аудиториялық сабақ уақытында Сіздердің ұялы телефондарыңыз өшіп тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы студентті жауапқа тартуға құқығы бар. 4. Сіздер студенттермен және оқытушыларыңызбен ашық, шыдамды және мейірімді болулары керек. 5. Біреуден көшіріп алу және плагиат (дайын тапсырмаларды қолдану немесе көшіріп алу және басқа студенттердің көмегін пайдалану) үшін Оқытушының студентті аудиториядан шығарып жіберуіне немесе қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар. 6. Межелік аттестация қорытындысы, студенттің сабаққа қатысуымен, өзіндік жұмысты орындауымен, сабақта ауызша және жазбаша жауаптарға байланысты, межелік бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады. 6 БАҒАЛАРДЫ ҚОЮ САЯСАТЫ Пән бойынша үлгерімді бақылау келесі түрде жүзуге асырылады: - ағымдағы бақылау («Азық-түлік өнімдерінің реологиясы» пәнінің оқу процесінің күнтізбелік кестесіне сәйкес жүргізіледі) - межелік бақылау (7 және 15 апталар) - қорытынды бақылау Ағымдағы бақылау кезінде студенттің дәріс және зертханалық сабақтардағы жұмысы бағаланады, сонымен қатар үй тапсырмаларын орындау, рефераттарды жазу және т.с.с. Межелік бақылау – оқытушының қатысуымен тесттерге жауап беру және аудиториялық бақылау жұмыс орындау. Пән бойынша баға 100 %-тік шкала бойынша пайыздық мөлшерімен қойылады. Азық-түлік өнімдерінің реологиясы» пәні бойынша ұпайлардың үлестірілуі Кесте 2 |Апта |Бақылау түрі |Ұпайлар |Ескерту | |1 |2 |3 |4 | |1-7 апталарда дәрістерге және зертханалық |30 | | |сабақтарға қатысу | | | |1 |Тапсырмалар түрлерімен танысу | | | |2 |Ауызша жауап беру |20 |ЗС | |3 |Ауызша жауап беру |20 |ЗС | | |Аудиториялық бақылау жұмыс |15 |ОСӨЖ | |4 |Ауызша жауап беру |20 |ЗС | | |Реферат |30 |СӨЖ | |5 |Ауызша жауап беру |20 |ЗС | | |Аудиториялық бақылау жұмыс |15 |ОСӨЖ | |6 |Ауызша жауап беру |20 |ЗС | | |Реферат |30 |СӨЖ | |7 |Межелік бақылау 1 |80 | | |1-7 апталарда оқу нәтижесінде барлық ұпайлар |300 | | |8-15 апталарда дәрістерге, практикалық және |30 | | |лабораториялық сабақтарға қатысу | | | |8 |Ауызша жауап беру |15 |ЗС | |9 |Ауызша жауап беру |15 |ЗС | |10 |Ауызша жауап беру |15 |ЗС | | |Аудиториялық бақылау жұмыс |15 |ОСӨЖ | | |Ауызша жауап беру |15 |ЗС | |11 | | | | | |Реферат |30 |СӨЖ | |12 |Ауызша жауап беру |15 |ЗС | | |Ауызша жауап беру |15 |ЗС | |13 | | | | | |Аудиториялық бақылау жұмыс |15 |ОСӨЖ | | |Ауызша жауап беру |15 |ЗС | |14 | | | | | |Реферат |30 |СӨЖ | |15 |Межелік бақылау 1 |75 | | |8-15 апталарда оқу нәтижесінде барлық ұпайлар |300 | | |Емтиханға арналған барлық ұпайлар |400 | | |Академиялық кезеңге арналған барлық ұпайлар |1000 | | 7 ӘДЕБИЕТТЕР 7.1 Негізгі әдебиеттер 7.1.1 Горбатов А.В. Реология мясных и молочных продуктов. – М.: Пищевая промышленность, 1979. – 384 с. 7.1.2 Мачихин Ю.А., Мачихин С.А. Инженерная реология пищевых продуктов. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1981. – 215 с. 7.1.3 Реология пищевых продуктов. /Еркебаев М.Ж., Кулажанов Т.К., Мачихин Ю.А., Медведков Е.Б. – Алматы, 2003. – 192 с. 7.1.4 Реология пищевых масс /К.П. Гуськов, Ю.А. Мачихин, С.А. Мачихин и др. – М.: Пищевая промышленность, 1970. – 207 с. 7.1.5 Реометрия пищевого сырья и продуктов: Справочник /Под ред. Ю.А. Мачихина. – М.: Агропромиздат. – 1990 – 271 с. 7.1.6 Горбатов А.В. Реология в мясной промышленности. – М.: ЦНИИИТЭИмясомолпром, 1968. – 67 с. 7.1.7 Рогов И.А., Горбатов А.В. Физические методы обработки пищевых продуктов. – М.: Пищевая промышленность, 1974. – 583 с. 7.1.8 Рогов И.А., Горбатов А.В. Новые физические методы обработки мясопродуктов. – М.: Пищевая пром-сть, 1966. – 304 с. 7.2. Қосымша әдебиеттер 7.2.1 James F. Steffe. Rheological methods in food process engineering. – USA: Freeman Press, 1996. – 428 p. 7.2.2 James F. Steffe and C. Daubert. Bioprocessing pipelines: Rheology and analysis. – USA: Freeman Press, 2006. – 428 p. 7.2.3 Уилкинсон У.Л. Неньютоновские жидкости. - М.: Изд-во «Мир», 1964. 7.2.4 Горбатов А.В. и др. Гидравлика и гидравлические машины для пластично-вязких мясных и молочных продуктов. – М.: Агропромиздат, 1991. – 176 с.: ил. 7.2.5 Антипова Л.В. Методы исследования мяса и мясных продуктов. Учеб. /Антипова Л.В. Глотова И.А., Рогов И.А./ - М.: Колос, 2001. – 571 с.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz