Файл қосу
Психологияны зерттеудің негізгі әдістері
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ | |БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК | | | |042-18-16.1.03/03-2013 | |«Жалпы психология І» |№1 басылым 18.09.2013 ж. | | |пәні бойынша | | | |оқу-әдістемелік | | | |материалдар | | | ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Жалпы психология І» «5В050300» – «Психология»мамандығына арналған ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2013 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық және лабораториялық сабақтар 4 Курстық жұмыс (проект) 5 Студенттің өздік жұмысы 1 ГЛОССАРИЙ 1. Абстракция – заттар немесе құбылыстарды зерттеу мақсатындағы оның белгілі бір белгілері мен қасиеттерін ойша бөліп алу. 2. Психология – психиканың даму заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, ғылыми теориялық ұғымдардың қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. 3. Психика – тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі ағза мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі. 4. Адаптация – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының ерекшеліктеріне сезім мүшелерінің бейімделуі. 5. Анимизм – жан мен рухтың ауыспалылығы және олардың объективті тірлігі туралы ежелгі ілім. 6. Ассоциация – психикалық құбылыстардың өзара байланысы. 7. Аутагенді жаттығулар – адамның өз психикалық құбылыстары мен әрекет қылығын басқаруға бағытталған өзін-өзі сендіру, бағыттауға арналған арнайы жаттығулардың комплексі. 8. Сана – психиканың жоғары деңгейде дамуы. 9. Бейсана (астар сана) – адамның психологиялық қасиет, процесс және кейіпінің санадан тыс көрнісі. 10. Методологиялық принцип – детерминизм принципі, сана бірлігі мен әрекеттің дамуы. 11. Жеке тұлға - әрекеттің субъекті мен объектісі ретінде. 12. Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі. 13. Темперамент – жүйке жүйесінің тума қаситтерінен туындайтын ерекшелік. 14. Индивид - әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші. 15. Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі. 16. Ассоциация – ол байланыс елестеуі, олардың арасындағы сыртқы механикалық байланыстар. 17. Экстриоризация - әрекет барысында белгілі бір қиындықтардың туындауы. 18. Анализатор – тітіркендіргіштерге орай рефлекторлы түрде қайтадан өзгеріп, жасалып отыруы. 19. Символ – белгі. 20. Ретикулярлық формация – импульстардың төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алуы. 21. Рефлекс – Сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның жауап беру реакциясы. Латын тілінен аударғанда “бейнелеу” деген мағынаны білдіреді. 22. Тест – сынақ. Психологияда адамның дара басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. 23. Стимул – қозғаушы, жандандырушы әсер. 24. Динамикалық стереотип – шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің құрылуы. 25. Интериоризация, экстериоризация – сыртқы болмыс әрекеттерінің ішкі идеалық факторларға, ал адамның ішкі ақыл-ой әрекетінің сыртқы іс- әрекеттерге айналуы. 26. Дедукция – жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы. 27. Индукция – жекеден жалпыға қарай дамитын логиклық ой қорытындысы. 28. Аналогия – жекеден жекеге қарай дамитын продуктивті ой қорытындысы. 29. Инстинкт – ағзада туа берілетін шартсыз рефлекстер негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы. 30. Перцептивті әсер – қабылдау поцесіне қатысты әсерлену түрлері. 31. Иллюзия – латын сөзі, мағынасы – алдану. Алдануда қабылданған нәрселер мен заттар бір-біріне сәйкес келмей, бұрмаланады. 32. Галлюцинация – қиялдану, шатасу деген түсінікті білдіреді. Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған теріс, бұрмаланған бейнелердің тууы. 33. Апперцепция – латын сөзі, қазақша “жан толқуы”.Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі. 34. Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі “төркін” дегенді білдіреді. Бұл- психскалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін әдіс. 35. Интероверт – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой- пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері. 36. Экстраверт – Адамдардың ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отыруы. 2.1 І-МОДУЛЬ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ 1-тақырып. Психология пәніне кіріспе. 1. Психология – ғылым ретінде. 2. Психологиялық білімнің маңызы. 3. Негізгі психологиялық түсініктер және категориялар. Психология аймағында қарастырылатын білімге деген қызығушылық өте ертедегі, б.э.д. соңғы ғасырлардағы философиялық ойлардан әлем жаратылысының, оның ішінде жан мен рух мәселелерінің құпияларын ашуға тырысқандықтарын байқауға болады. Психология ғылым ретінде басқа пәндерге қарағанда ерекше қасиеттерге ие. Психологияны зерттелген, тексерілген білімдер жүйесі ретінде көпшілік біле бермейді. Түрлі ғылыми және практикалық міндеттерді шешу арқылы ғана психологиямен арнайы айналысуға болады. Ал өмірлік құбылыс жүйесі ретінде психология кез-келген адамға таныс. Адамға психология өз түйсінігі, бейнесі, елестетуі, ойлауы, сөйлеуі, қиялы, қызығушылығы эмоция-сезімі және т.б. түрінде беріледі. “Психология”термині алғаш ХҮІ-ғасырда пайда болып, ол адамның өз санасында оңай бақыланатын психикалық құбылыстарды зерттеумен айналысса, ХҮІІ-ХІХ ғасырдың ортасы аралығында психологтардың зерттеу сферасы кеңейе түсіп, бейсаналық процестер мен адамның іс-әрекетін зерттей бастады. Одан кейін психологиялық зерттеулердің аумағы кеңейіп, “психология” атауы бастапқы тар мағынасын жоғалта бастады. Дегенмен ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің нәтижесінде бұл ғылым саласы өзінің бұрынғы атауын сақтап келеді. Психологияның зерттейтін объектісі - өзінде бірнеше көптеген субъективті құбылыстарды енгізетін адам және жануарлар психикасы, психологиялық деректер мен заң, заңдылықтар. Психика – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының адам миында бейнеленуі және соның негізінде адам қылығы мен әрекетін реттестіру. Мысалы, оның бір компоненті ретінде түйсік, ес, ойлау арқылы адам қоршаған ортаны танып біледі. Сондықтан бұларды танымдық процестер деп атайды. Ал кейбір құбылыстар оның басқалармен қарым-қатынасын реттейді, әрекет қылықтарды басқарады. Оларды психиклық қасиет, психикалық кейіптер дейді(қажеттңлік, мақсат, қызығушылық, эмоция ,сезім, икемділік, және т.б.. Адам баласы өзінің танымдық процестері арқылы ортаны танып, біліп қана қоймайды, оған әсер етеді, өзінің түрлі материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Адамның бұндай қылықтарын ұғып, түсіндіру үшін біз келесі “жеке тұлға ” ұғымына кездесеміз. Психикалық процестер, психикалық қасиеттер және қалып негізгі психологиялық категогриялар бола отырып жеке дара зерттелінгенімен, олар өзара бір-бірімен өте тығыз байланыста, және адамның өмір сүру қызметі болып табылады. Адам психологиясын және әрекет- қылығын зерттей отырып, ғалымдар оны бір жағынан адамның биологиялық табиғатынан, екінші жағынанан – оның өзіндік жеке тәжірибесінен, үшінші жақтан – қоғамда қалыптасатын заңдылықтардың негізінде іздестіреді. Сонымен, қазіргі психологияның зерттейтін негізгі құбылыс типтерін схема түрінде көрсетуге болады: психикалық психикалық психикалық процестер кейіптер қасиеттер жекелік топтық ішкі сыртқы (психикалық) (әрекет-қылықтық) Бұлар, психологияда зерттелінетін құбылыстарды анықтайтын негізгі түсініктер. 2-тақырып. Психиологияның ғылымдар жүйесіндегі орны. 1. Психологияның басқа ғылымдармен байланысы. 2. Психолгияның жеке салаларға тарамдалуы. 3. Қазіргі заман психологиясының міндеттері. Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психологияның оларадың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге болвды. Әр түрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның жаратылыстану білімдерінің даму деңгейі мен классификациялау схемасынан келіп шығады. Қоғамның рухани даму тарихында бірде-бір білім саласы ғылымдар жүйесіндегі өз орнын психология іліміндей жиі өзгертіп көрген емес. Академик Б. М. Кедров ұсынған сарап бойынша мазмұны жағынан психология көп тарапты байланыстарға негізделген. Олар: жаратылыстану, философиялық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар. Ғылымдардың негізгі тобының мұндай орналасуы олардың пәні мен әдістерінің психология пәні мен әдістеріне нақты жақындығынан. Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі – зерттеу объектісі адам болып табылатын барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру. Психоллогиялық құбылыстардың адам өмірі мен әрекетінің объектив жағдайларымен тәуелдік заңдылықтарын аша отырып, психология осы әсерлердің мидағы бейнелеу механизмдерін де айқындайды. Осыған байланысты, психология физиологиямен , дәлірек айтсақ жоғары жүйке қызметі физиологиясымен өте жақын. Қоғамдық ғылымдармен байланыс үлкен маңызға ие. Тарих, эконмика, социология, өнертану, заң және т.б. салалардағы зерттелінетін проблемалар психологиямен тікелей байланысты. Психологияның педагогикамен байланысы туралы К.Д.Ушинский: “Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет”, - деді. Дербес ғылым саласы ретінде психолгия аймағында өзара байланысы сырт көзге түсе бермейтін бірнеше салалар бар. Егер психологияның алғашында теориялық тарапы басымдау, дүниетанымдық пән болса, қазіргі кезде өзінің танымдық қызметін сақтай отырып өндірістегі, мемлекеттік басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық сақтау, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің бір саласына айналуда. Психология салаларын жіктеудің негізгі приципі – психикалық іс-әрекетте даму принципі. Бүгінгі күне психологиның көптеген салалары бар. Мысалы: педагогикалық психология – адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашады. Салалары: оқу психологиясы, тәрбие психологиясы, мұғалім психологиясы. Медициналық психология – дәрігер қызыметі мен сырқат адамның психологиялық мәнін зерттейді. Салалары: нейропсихология, фармопсихология, психотерапия, психопрофилактика. Заң психологиясы – құқық жүйесін іске асыруға байланысты психикалық мәселелерді қарастырады. Салалары: қылмыскер психологиясы, үкім шығарушы психологиясы, орындаушы психологиясы. Жас ерекшелік психологиясы – жеке адамның әртүрлі психикалық құбылыстарының онтогенезін зерттейді. Салалары: балалар психологиясы, жас өспірімдер психологиясы, ересектер психологиясы, герантология Арнайы психология – дамуы қалыптан шыққан адамдар психологиясының ерекшеліктерін зерттейді. Салалары: олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология. Салыстырмалы психология – психикалық өмірдің филогенетикалық формаларын зерттейді. Қазіргі кезде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті – психикалық іс-әрекетті даму барысында байланыстыра зерттеу. Соңғы кезде психологиялық зерттеу аймағы кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттармен толығуда. Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді, бұрын кезікпеген эмпирикалыұ деректермен толығуда. Психология зерттейтін құбылыстар әлемі өте үлкен. Оның ішінде күрделілігі әр деңгейдегі адам қалпы мен қасиеттері, процестері, яғни сезім мүшелеріне әсер етуші объектінің қарапайым белгілерінен бастап,жеке адам мотивтерінің өзіндік ерекшеліктері кіреді. 3-тақырып. Психологияны зерттеу әдістері. 1. Интроспекция әдісі – алғашқы зерттеу әдісі ретінде. 2. Психологияны зерттеудің негізгі әдістері. 3. Психологияны зерттеу әдістерінің өзіндік ерекшеліктері. Ғылым- бұл ең бірінші зерттеу. Сондықтан ғылымның мәні – оның пәнге бағыттылығымен анықталмайды.Ол өзінің белгілі бір әдістерін де қажет етеді. Әдіс – танып білу жолы. Әдістер арқылы ғылым пән ретінде танылады. Психология басқа ғылымдар сияқты,бір емес бірнеше әдістемелердің жиынтығынан тұрады. Жаратылыстану және нақты ғылымдар әдістерін пайдалана отырып, психологияөткен ғасырдың екінші жартысында дербес ғылым болып, жан-жақты дами бастады. Бұл уақытқа дейін психологиялық білім негізінен өзін-өзі бақылау (интроспекция. әдісі арқылы дамыды. Көп уақытқа дейін бұл әдіс негігі ғана емес, психологияның жалғыз әдісі болып келді. Ол негізінен екі тұжырымдамаға байланысты: 1. Сана “жабық” оны сыртқы бақылаушы көре алмайды; 2. Сана субъектінің өзіне ашыла алады (репрезентацияланады.. Бұл тұжырымдама бойынша нақты адамның өзі ғана сааны зерттей алады, басқа оны ешкім зерттей алмайды. Интроспекция әдісінің идеологі философ Дж. Локк(1632-1704. болды. Ол Декартың танып білу мүмкіншілігі тезисін одан әрі дамытты. Локк бойынша барлық білім алудың екі қайнар көзі бар: 1. Сыртқы дүние объектісі; 2. Өзіміздің ақыл-ой әрекетіміз. Сыртқы дүние объектісіне адам өзінің ішкі сезімдерін бағыттайды, соның қортындысында сыртқы затар туралы әсер алады. Ал ақыл-ой әрекеті негізінде ішкі сезім-рефлексия жасалады. Локк оны “бақылау”, адамның өзінің іс- әрекетін бағыттау деді.Ақыл-ой Локк бойынша ойлау, тану, тілек, ықыласдеп қарастырылады. Рефлексия іс-әрекеттің ерекше бағыты, сонымен бірге субъектінің кәмілеттігін көрсетеді. Психикалық процестер оның ойынша екі деңгейде өтеді. Бірінші деңгейдегі процеске ол қабылдау, ойлау, ықылас және т.б. кірсе, екінші деңгейге – бақылау немесе қабылданатын образдар мен ойлауды қайта жасау. Интроспекциялық қабілеттілік өздігінен пайда болмайды. Бұл әдісті меңгеру үшін көп жаттығу қажет. Локк материалистік позицияда бола отырып, оның іліміне параллель ассоциативті бағыт дамыды. Оның да қайнар көзі – сенсуалистік материализм болды. Бірақ, егер, бірінші принципке назарын көбірек аударса, ассоциативтік бағыттың өкілдері өздерінің ой пікірлерін екінші принципке негіздей құрды. Ассоциативтік психологияның пайда болуы Д.Юм, Д.Гартли есімдерімен байланысты. Д.Гартли(1705-1757. материалистерге өзін қарсы қойды, бірақ өзінің ассоциативтік теориясын материалистік негізде құрды. Психикалық құбылыстардың себебін вибрацияда деді. Оның ойынша жүйке жүйесі физикалық заңдылықтарға бағынады. Сондықтан оның іс-әрекет өнімінде қатаң себептер қатарын құрайды. Бұл себептер қатары барлық ағзадағы тәртіпті қамтиды: сыртқы ортаның вибрациясы, ж.ж. вибрациясы, бұлшық ет вибрациясы. Вибрация туралы ілімді Д.Юм өзінің ассоциативтік психологиясында одан әрі дамытты. Д.Юм (1711-1776. негізгі принцип ретінде ассоциацияны енгізді. Оның ойынша , сананың күрделі формаларының пайда болуы, “мен”ұғымымен бірге “елестердің бөлшегі” өзара сыртқы (ассоциациялармен. байланыстармен бірігеді. Психика туралы мәліметті тәжірибе арқылы ғана алуға болады деді. Тәжірибе түйсік, эмоция, идея, әсерлер көшірмесі дептүсіндірді. Юм негізгі эксперименттік психологияның пайда болуына жол ашты. Интроспекция әдісі осы кезеңде ерекше қолданылды. Эксперименттік зерттеулер интроспекция арқылы зерттелінді. Алайда, интроспекциялық әдісті кеңінен қолдану психологияның дамуына өз кедергісін тигізіп, оны дағдарысқа әкелді. Интроспекцивті психология позициясынан психика сана ға теңестірілді. Бұның негізінде сана өзіне-өзі тұйықталды, сондықтан психиканың объективті болмыс пен нақты субъекті байланысы жойылады. Психолог өзін-өзі бақылайды деген түсінік өзінің рпктикалық ұстанымын таба алмады. Сондықтан практикадапсихологияға деген қызығушылық төмендеді. Алайда сонымен қоса, психикалық ойдың дамуы да байқалды: ✓ Сана элементі теориясы(В.Вундт, Э.Титченер, ✓ Сана актісі психологиясы (Ф.Брентано.. ✓ Сана лгі теориясы (У.Джеймс., ✓ Феноменалды алаң теорисы, ✓ В.Дильтейдің суреттемелі психологиясы. Интроспекцивті психология негізінде 1879 ж. Лейпцигте В.Вундт алғаш эксперименттік лаборатория ашты. Қазіргі психологияда өзін-өзі бақылау қолданылады және оның өзіндік ерекшелігі бар. Психологияны зерттеудің негізгі әдістері. Кесте 1 |Негігі әдіс |Негізгі әдістің нұсқалары | |Бақылау |Сырттан бақылау | | |Өзін-өзі бақылау | | |Еркінбақылау | | |Стандартизацияланған | | |Қосылған | | |Қосымша | |Сауалнама |Жазбаша | | |Ауызша | | |Еркін | | |Стандартизацияланған | |Тест |Сауалнама-тест | | |Тапсырма-тест | | |Проективті тест | |Эксперимент |Табиғи | | |Лабораториялық | |Үлгілеу |Математикалық | | |Логикалық | | |Техникалық | | |Кибернетикалық | Психологтар бақылауды адам психикасын танып білудің бірден бір жолы дейді . Дегенмен, 1968-1980 ж.ж. бақылауды тіптен қолданылмаған кездері де болды. Негізгі әдіс болып стандартизациялау кең қолданылды. Кейбір әдебиеттерде бақылау қосымша әдіс ретінде қабылданды. Алайда 1920-1930ж.ж. көптеген психологиялық жаңалықтар бақылау негізінде жасалды (Ш.Бюллер, В.Штерн, А.А.Люблинская, Л.С.Выготский, Ж.Пиаже және т.б... Жалпы бақылау ғылымға дейінгі психологияда ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, іс-әрекетерді бақылаулар арқылы берілді. Бақылау бірінші, мақсат қоюдан басталады, одан кейін бізді қызықтырып отырған фактіден нені бақылауымыз керек, яғни бақылау пәні анықталады. Екіншіден, әдебиеттер мен бақылау объектісінің тәсілдерімен танысу. Үшіншіден, бақылау объектісін іріктеу, олар бақыланылатын құбылыстардың психикалық негізін ашып көрсетуі тиіс. Бақылау техникасы: ✓ Алдын-ала регистрациялық парақтарды даярлау; ✓ Жазып алатын техникалық құралдарды тексеру; ✓ Бақылауға енуі мүмкін жағдаяттарды алдын-ала ойластыру; ✓ Орын әзірлеу; ✓ Бақыланушының реалды өмірі мен бақылау кестесін белгілеу. Бақылау сауалнамамен бірлікте қкарастырылады. Ауызша сауалнама – сыналушының тәртібі мен реакциясын бақылау кезінде пайдаланылады. Сауалнаманың бұл түрі адам психикасына тереңрек үңілуіне әсерін тигізеді. Зерттеу барысының жүруіне сәйкес қойылатын сұрақтарды коррекциялауға мүмкіндік бар. Бірақ, сауалнаманың бұл түрі ұзақ мерзімді қажет етеді және жауаптың объективтілігі сыналушының жеке бас ерекшелігіне, оның тәртібіне байланысты. Жазбаша сауалнама – қысқа мерзімде көп адамдарды қамтуға болады. Көп тараған түрі – анкета.Кемшілігі: сыналушының жауап кезіндегі реакциясын алдын алуға болмайды. Еркін сауалнама – қойылатын сұрақтар алдыы-ала анықталмайды. Сыналушы туралы көптеген хабарлама алуға мүмкідік бар. Психологиялық құбылыстарды сандық бағалау ХІХ ғ. ІІ-жартысында басталды. Математиканы психологияға енгізу әдістемелерді стандартизациялауға әкелді. Стандартизациялаудың негізгі мағынасы екі немесе бірнеше адамдарды салыстыру барысында психологиялық зерттеулердің қателік, кемшіліктерінің минималдылыққа жеткізу. Бұндай психологиялық әдіске тест жатады. Бұл әдіс кеңінен қолданылады. Себебі: алынған мәліметтерді нақты, сапалы түрде бір-бірімен салыстыруға, практикада қолдануға болады. Экспериент – объективті әдіс. Зерттелінетін құбылысқа арнайы жасанды жағдаяттар әзірленеді де, сол құбылыс анықталады. Экспериенттің негізгі жетістігі зерттелінетін феноменнің себеп-салдарлық байланысы басқа феномендермен салыстырылады, ғылыми түрде құбылыстардың пайда болуы мен дамуы түсіндіріледі. Лабораториялық экспериент зертелінетін құбылыстарды тереңірек бағалау үшін түрлі аспаптарды қолдану арқылы жасанды жағдаяттарды әзірлейді. Ал табиғи экспериент қалыпты өмір жағдайында жасалынады. Табиғи экспериентті алғаш қолдануға енгізген А.Ф.Лазурский болды. Үлгілеу – психологиялық ғылымның келесі бір әдісі. Бұл әдісті басқа әдістерді пайдалануда қиындық келтірген кездері пайдаланған тиімді.Үлгілеу психикалық құбылыстарды зерттеу барысында ол туралы белгілі бір хабарламаны пайдалану кезінде сыналушының өзінің нақты қатысуынсынсыз да жүргізіледі. 4-тақырып. Психиологияның жаратылыстану-ғылыми негіздері. 1. Жүйке жүйесі туралы жалпы түсінік. 2. Адамның орталық жүйке жүйесінің құрылысы. 3. Қызметі және қасиетіне сипаттама. Адам әрекет-қылығы сәтті болуы үшін оның ішкі кейіпі мен ол өмір сүріп отырған сытрқы ортаның шарттары және қолданылатын практикалық әрекеттері бір-біріне сәйкес келіп отыруы қажет. Физиологиялық деңгейде бұлардың барлығының фукцияларын біріктіруді қамтамасыз ететін орталық жүйке жүйесі. Органикалық дүниенің ұзаққа созылған эволюциясында – қарапайым тіршілік иелерінен адамға дейін - әрекет-қылықтың физиологиялық механизмдері үздіксіз жетілуде болды. Мысалы қарапайым жәндіктер түйсік, қозғалыс, ас қорыту сияқты қарапайым қызметті орындай алады. Олардың мүмкіндіктері шектеулі. Ал жоғары дамыған жануарларда арнайы қызмет орындаушы тән мүшелері даралана бастады. Қарапайымдар сигналдарды қабылдау қызметін (рецептор. атқарса, екіншілері – бұлшық еттер мен әртүрлі без секрецияларын (эффектор. іске қосады. Сонымен, қажеттілікке орай жеке мүшелер мен олардың қызметі жіктелгенімен, организмнің біртұтас тіршілігі мен тән мүшелерінің өзара байланысын орталық жүйке жүйесі (центральная нервная система. қамтамасыз етеді. Ж.Ж. жалпы түзілімі барша омыртқалылада бірдей. Бұл жүйенің негізгі элементі – жүйке жасушалар немесе нейрондар. Нейрон жасуша тәнінен (дендрит – қозу қабылдау. және өсінділерден (аксон – қозуды жеткізу. құралады. Аксонның дендритпен байланысы синапс деп аталады. Негізінен нейрондар орталық жүйке жүйесінде атқаратын ерекше арнаулы қызметтеріне қарай оларды үш типке бөлуге болады: сенсорлы нейрон – рецептордан о.ж.ж. жүйке импульстарын жеткізуші, қозғаушы нейрон – о.ж.ж. жүйке импульстарын қозғалыс мүшелеріне жеткізуші, локальды байланыс нейроны – жүйке импульстарын о.ж.ж. бір бөлімінен екіншісіне жеткізуші. Осы нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Ж.Ж. орталық және перифериялық (шеткі. бөлімдерден тұрады. О.Ж.Ж бас миы, аралық ми және арқа миынан тұрады. ЖЖ қалған бөліктері перифериялық бөлімге кіреді. Бұл шеткі жж миға сырттан келетін әсерлерді жеткізіп, сол әсерлерге мидың реакциясын жүзеге асырып отырады. Бұл жүйенің екі түрлі жүйкелік өткізгіш талшықтары бар: 1. сырқы тітіркендіргіштерден алынған қозу толқындарын ми және басқа орталық жж бөлімдеріне жеткізетін афференттік жүйке талшықтары. 2. ми және басқа да бөлімдердің импульстерін бұлшық етке, сезім мүшелеріне жеткізуші эфферентік жүйке талшықтары. ЖЖ барша бөлімдері өзара тығыз байланыста. Бірақ олардың әрқайсысының ролі бірдей емес. Арқа миы мен мидың бағаналы бөлігі – сопақша ми, орта мимен қосыла тума рефлекстер орталығына бірігеді. Арқа миында ең қарапайым рефлекстер орталығы (тізе рефлексі. бар. Дене мен қол-аяқ бұлшық еттерін реттейтін , ішкі мүшелер жұмысын басқарушы рефлекторлық орталықтар да осы арқа миында. Жоғары психикалық функциялармен, атап айтқанда ойлау мен сананың қызметі бас миы қабығының қызметімен байланысты. 5-тақырып. Бас миының құрлысы 1. Ми қыртысының негізгі өрістері және қызметтері. 2. Бас миы қабығының қызметі. 3. Орталық жүйке жүйесіндегі жағдай, ролі және ретикулярлық формацияның қызметі. Бас миы дистантты рецепторлық мүшелердің эволюциялық дамуының негізінде қалыптасқан ж.ж. өте күрделі бөлімі б.т. Ерекше рольді бас миында оң және сол жақ жартышарлар, сонымен қатар олардың негізгі тарамдары атқарады. Ми бөліктері сан алуан жүйке қызметін орындайды. Олардың орналасу деңгейі жоғарлаған сайын, оның қызметі де күрделене түседі. Бәрінен төмен орналасқан арқа миы, оның қызметі - бұлшық ет топтары мен ішкі мүшелер қызметін реттеу.Оның үстінде мишықпен бірге сопақша ми орналасқан.Сопақша ми дененің қызметтерін орайластыра басқарады (дем алу, қан айналу, ас қорыту және т.б... Бұлардан жоғарыорталық жүйке бөлігі – күрделі қозғалыстар менбүкіл дене қалпын реттеуге қатысатын – орта ми орн-ды. Сопақша ми мен орта ми бас миының бағаналы бөлігін құрайды. О.Ж.Ж. ең жоғары бөліктері бас миының үлкен жартышарларына біріккен.үлкен жартышарлардың құрамына қабық асты түйіндері деп аталатын тереңдегі жүйке клеткаларының тұтас жиынтығы кіреді.Жартышарлардың үстіңгі бетінде жүйке жасушалар қабаты – бас миы қабығы көмкерілген. Бұл қабық қыртыс, сай, қатпар күйінде анықталады. К.Бродман ұсынған классификацияға байланысты, б.м.қ. 11 аймақ., 52 өріске бөлуге болады. Неғұрлым дамыған өрістерінде жүйке клеткаларының 6-7 қабаттары орналасқан және қабат саны сол бөліктердің ескілігіне байланысты. Ескі қабық бір ғана қабаттан тұрады және қабық астынан толықтай бөлінген. Адамның бүкіл б.м.қ. 95,6 % көлемі жаңа қабықтан, ежелгі қабық – 0,6 %, ескі қабық – 2,6 % аумақты алып жатыр. Үлкен ми сыңарларының бүкіл бет аймағын бірнеше көлемді бөліктерге жіктеуге болады.Бас миы сыңарларының сырқы бөлігі – желке аймақ(қара құс., ол алдыңғы таратпа төбе (еңбек. аймақтарына жалғасады.Алдыңғы, аумағы жағынан ми сыңарларының ең үлкен бөлігі – маңдай аймағы – адамда ғана жақсы дамыған. Осындай жіктеулерге сәйкес көру әсерлерінің анализі мен синтезі – желке аймағының жоғары бөлігінде (есту зонасы.; сезу және ет-сүйек аппараттарындағы тітіркенушілер – төбе (еңбек. аймағының алдыңғы бөлігінде орналасқан. 6-тақырып. Адам миы және психи-ка: байланыс принципі және жалпы механизмі. 1. Писхикалық құбылыстарды ми жұмысымен салыстыру. 2. Рефлекторлық доға туралы негізгі концепцуалдық моделдер. 3. Локализация ұғымына қарсы және оны қолдайтын аргументтер. Психикалық құбылыстар мен адам миының қызметінің өзара байланысы туралы өте ерте кезде айтыла бастаған (Алкмеон Кротонский, Гиппократ). ХХ ғ. басында адам миында жүзеге асырылатын органикалық процестер мен психикалық құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін арнайы екі ғылым саласы қарастырыла бастады. Олар: жоғары жүйке қызметі физиологиясы және психофизиология. Күрделі психикалық процестердің мидағы ұйымдастырылуын жете түсіну үшін адам миы қызметі туралы қазіргі заманғы ғылыми деректерді білу қажет. А.Р.Лурия бойынша бас миы аппараттарының қызыметімен байланысты келесі принциптерді білуіміз қажет. Ми Біріншілер ағзаның жаңа тәжірибені меңгеруі және дене реакцияларын басқаруға байланысты мида жүріп жатқан органикалық процестерді зерттеді. Ал екінші сала өкілдері психиканың анатомиялық-физиологиялық негіздерін зерттеді. Бірақ ортақ болып, еспен байланысты құбылыстарды енгізетін үйрену (научения) түсінігі. Психологиялық құбылыстар мен әрекет-қылықтың адам организімі және ми жұмысымен байланыстылығын И.М.Сеченев ұсынып, оны И.П.Павлов дамытты. Ол шартты рефлекторлық үйрену құбылысын ашты. Бұл теорияны жалғастырған Н.А.Бернштейн, К.Халл (организм әрекет-қылығының теориясы – тірі организмнің өзін-өзі ерекше әрекет-қылықтық және генетикобиологиялық механгизмдер арқылы реттестіруі), П.К.Анохин (функционалды жүйе моделі). Жоғарыда айтылған ми құрылымының үш блоктілігімен психикалық функциялардың локализациясы проблемасы п.б. Бұл б-ша локализационизм және антилокализационизм деп аталатын екі көзқа рас бар. Біріншісі бойынша , адамның әрбір психикалық қасиеті немесе қалыпы мидың белгілі бір шектеулі аймағымен байланысты. Демек психикалық құбылыстарды адам миының жоғарғы және төменгі бетіндегі нақты орындарға орналастыруға болады. Бұдан кейін ми участогінің біреуінің қызыметінің бұзылуы басқа да түрлі функциялардың бұзылуына әкелетіндігі анықталды. Бұл келесі альтернативті білімнің -антилокализационизмге жол ашты. Ақпаратты қабылдау мен өңдеуді қамтамасыз етуші,өз әрекетінің бағдарламасын түзу, олардың өзара әрекеттес қызметте болуын бақылайтын адамның бас миы құрылымдары әрдайым бүтін бірлікте жұмыс атқарады. Бұл аппарат өте күрделі, сондықтан бұл жете дараланғанбірнеше бөліктерден тұрады. Дегенмен,бір бөлігі зақымдалатын болса, бүкіл аппараттың қызметіне зақым тиеді. Адам бас миында үш негізгі блок дараланады. Біріншісі – ақпарат қабылдап, өңдеуге, сонымен бірге бағдар түзу процесі мен олардың іске асуын қадағалап, қажетті ми қабығының іс-қуатына жәрдем береді. Екінші блок – адамға сыртқы орта мен өз тәні мүшелерінен жететін ақпараттардың қабылдануы, өңделуі және сақталуына байланысты процестерді жүзеге асырады. Үшінші блок - әрекет жоспарын түзейді, оның орындалуын реттеп , іске асырады және табысты нәтижеге жетуін қамтаамасыз етеді. Адамныңсанлы іс-әрекетін қалыптастырушы осы үш блок бас миының оқшауланған бөліктерінде орналасып, өзара үйлесімді қызмет атқарады. Бірінші блокқа сипаттама. Бұл блокты – ми қабығына қуат беру (тонус. блогі немесе энергетикалық болок деп те аталады. Түрлі процестердің өз деңгейінде орындалуы үшін ми қабығының қуатын қажетті дәрежеде тұрақты сақтау қажет.Тек тиісті қуатпен қамтамасыз етілген жағдайда ғана, одан тиісті ақпараттытаңдап,қабылдау; олардың ізін жадыда қалдыру, нақты әрекет мазмұны мен бағытын қалыптастырумүмкін болды, яғни қозу мүмкіншілігі жеткілікті болу қажет.1-ші блок қуаты негізінен екі жағдайға тәуелді. 1- шісі, ми қабығының сергек қалпын сақтау үшін оған сыртқы орта ақпараты ізінүзбестен, легімен келіп жатуы қажет. Болмаса, жануар мүлги бастайды немесе адамның сергектігі төмендейді. 1-шісі, сонымен шеткі аймақтардан түсетін тұрақты тітіркендіргіштер. 2-шісі бұл ағзаның ішкі зат алмасу процестері мен биологиялық қуаттар негізін құрайтын – импульстер. Мысалы, қарын ашқанда, ол туралы хабар ми қабығына ретикулярлы формацияның(мидың белсенділік қуатын көтеруші нейрондар шоғы. көмегімен жеткізіледі. Осыдан организм жағдайының импульстері қабық қуатын төмендетпей, оның сергектігінің кепілі болады. Екінші блок, сезім органдарының сырттан жеткізген сигналдарының анализі және синтезіне байланысты қызмет атқарып, адамға келіп түсетін ақпаратты қабылдайды, өңдейді, сақтайды.Бұл блок аппараттарын талдағыштың (анализаторлар. орталық бөліктері деп те атауға болады. Үшінші блок, оның құрамына үлкен ми сыңарларының алғы бөліктеріндегі маңдай аппараттары кіреді. Адамның саналы іс-әрекеті ақпаратты қабылдау мен өңдеуден басталып, тиісті іс жоспарын жасап, қажетті ниет қалыптастыру және түзілген іс-әрекеттік бағдарламаға сай сыртқы (қозғалыс., ішкі (ақыл-ой. қызметін орындаумен аяқталады. Ми қабығы қуатының тұрақтылығын қолдаушы екінші көз – ағзаның ішкі зат алмасу процестері мен биологиялық қуаттар негізін құрайтын – импульстер. М-ы, аштықтан хабар беруші ағза қалпы жоғары баған мен гипоталамус аппараттарымен реттеледі.Ми қабығына ретикулярлы формацияның көмегімен жеткізілген осы ағза жағдайының импульстері қабық қуатын төмендетпей, оның сергектігінің кепілі болып табылады.Ми қабығында тіл, сөз араласуымен тек адамға ғана қатысты ең жоғары ниеттер мен қажеттерді тудырушы ақпараттарға орай туындайтын әрекет- қылық бағдарламасының қуатын сақтауда маңызға ие болатын үшінші көзі – бәсеңдеуші ретикуляциялық формация болып табылады. 7-тақырып. Мидағы психикалық процестер және адам жағдайының анатомиялық физиологиялық көріністері. 1. Таным процестерінің қалыптасуына қатысатын дене органдары, ми құрылымы және физ. механизмдер. 2. Мотивация мен эмоцияның органикалық негіздері. Сенсорлы процестердің негізгі құрылымы және олардың анатомиялық- физиологиялық субстраты Таблица 7 |Модальдік |Сезім органы |Түйсіну сапасы |Берілген | | | | |түйсіктердің | | | | |жұмысымен | | | | |байланысты | | | | |рецепторлар | |Көру |Торлар |Қанықтылық |Таяқшалар мен | | | |Контраст |колбалар | | | |Қозғалыс | | | | |Ауқым | | | | |Түс | | |Есту |Улитка |Жоғарылылығы |Тарамша клеткалар | | | |Тембр | | |Тепе-теңдік |Вестибулярлы |Ауыртпалық күші |Макулярлы және | | |аппарат |Айналыс |вестибулярлы | | | | |клеткалар | |Сезіну |Тері |Қысым |Руфини шектеулері | | | |Вибрация |Меркель дискілері | |Дәм |Тіл |Тәтті немесе |Тіл ұшындағы дәм | | | |қышқыл дәм |бүршіктері | | | |Ащы немесе тұзды | | | | |дәм | | |Иіс |Иіс жүйкелері |Гүл, жидек, мускус|Иіс рецепторлары | | | |және пикантты | | | | |иістер | | Басқа да мидағы психикалық процестер және адам жағдайының анатомиялық физиологиялық көріністері кесте-суреттер арқылы түсіндіріледі. 8-тақырып. Психика мен әрекет-қылықтың төменгі формаларының қалыптасуы. 1. Психика туралы түсінік. 2. Психиканың даму сатылары. 3. Жануарлар психикасының ерекшеліктері. Психика – ғылым ретінде психолгоияның зерттейтін көптеген субъективті құбылыстарын біріктіретін жалпы түсінік. Психика табиғатын түсіндіретін философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші түсінік бойынша , психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі жоғары дамудағы тірі материяның ерекшелігі. Ал идеалистік көзқарас бойынша, психиканың түсіндірілуіне бір емес екі бастама. Материалдық және идеалистік. Олар бір-біріне тәуелсіз, бір-біріне тең келмейтін жеке бастамалар. Дамуда байланыс жасай отырып, олар өз заңдары бойынша дамиды. Материалистік түсінік бойынша психикалық құбылыстар ұзақ биологиялық даму негізінде п.б. Қазіргі уақыт тірі материаның жоғары дамуын көрсетеді. Қазіргі зерттееулер б-ша бір клеткалы қарапайымдардың психикалық құбылыстарына тән ерекшелік,: биологиялық маңызды деген тітіркендіргіштерге сыртқы белсенділік,ішкі жағдайдың өзгеруін реттеуге деген қабілеттілік.Материалистердің айтуынша, психикалық құбылыстар жерде тіршілік болғаннан кейін, көп уақыт өткеннен кейін ғана пайда болған. Алғашқы кезеңде тіршілік иесі биологиялық тітіркенушілік пен өзін-өзі сақтау қасиетіне ие болды.Ол қоршаған ортаменбайланыс механизімін жүзеге асырды, көбейді, ұлғайды. Кейін дамудың келесі сатысында оларға сезімталдық пен үйренуге деген қабілеттілік қосылды. Жер бетінде алғашқы тіршілік белгісі 2-3 миллиард жыл бұрын химиялық, органикалық қосылулардан, одан кейін қарапайым бір клеткалы тіршілік иелері п.б. Олар биологиялық эволюцияға жол салып, көбею, генетикалық жүре п.б. ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы беруге жол салды. Кейін тіршілік иелерінің эволюциялық өзін-өзі жетілдіруі арқылы организмдерде ерекше органдар п.б. Бұл – жүйке жүйесі. Оның дамуы мен жетілуіне орай, психикалық өмір сүруге қажетті: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сана, рефлексия қалыптаса бастады. Ж:Ж құрылысының күрделенуі психика дамуының қайнар көзі болды. Дамудың келесі маңызды стимулы өмір сүру шарттарының күрделенуі. Ол организм құрлысын өзгертуге әкеледі. Дүниені бейнелеу қабілеттілігі п.б. Психиканың жетілуіне шындық өмір әсерін тигізеді: ол тіршілік иелерінде Ж.Ж.Ж. мен психиканың бейнелеу деңгейлері болуын талап етті. Психика дамуы мен жан-жанкарларда тәртіп дамуы қалай жүзеге асты? Психикалық бейнелердің даму деңгейі мен стадиясына байланысты божамдарды А.Н.Леонтьев өзінің “Писихиканың даму проблемасы”еңбегінде ұсынды. Кейін оны толықтырып, нақтылаған К.Э.Фабри болды. ОЛ жануарлар психологиясының соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, дәлелдемелер келтірді. Жануарлар тәртібі мен психикасының даму деңгейінің стадиялары. (А.Н.Леонтьев, К.Э.Фабри бойынша.) Кесте 2 |Псикалық бейнелеу |Ерекшеліктері |Бұл даму деңгейіне| |деңгейі мен стадиясы | |жеткен тіршілік | | | |иелері | |І.Элементарлы сенсорлы| | | |психика стадиясы | | | |І.І. Төменгі деңгей – |Ортаның биологиялық мәнді |Арапайым төменгі, | |сезгіштік элементінің |ерекшелігіне байланысты нақты, |көпклеткалы | |примитивтілігі, |анық реакцияларды қозғалыс |организмдер. | |тітіркенушіліктің |бағыты мен жылдамдықты | | |дамуы |өзгертуге бағыттау. Қозғалыстың| | | |қарапайым формалары. Мәнерлі | | | |тәртіптің әлсіздігі, | | | |биологиялық бейтарап. Ортаның | | | |өмірлік маңызы бар әсерлеріне | | | |қалыыптаспаған, қабілеттілік | | | |әлсіз, бағытталмаған | | | |қимыл-қозғалыс белсенділігі. | | |І.ІІ. жоғары деңгей – |Биолог. Бейтарап |Сақиналы құрттар, | |түйсіктің болуы, |тітіркендіргіштерге анық |бауырымен | |манипуляцияның негізгі|реакция, дамыған |жорғалаушы | |органы – жақтың пайда |қимыл-қозғалыс, жағымды |молюскалар және | |болуы. Қарапайым |тітіркендіргіштерді белсенді |т.б. | |шартты рефлекстерді |іздеу. Индивидуалды тәжірибе | | |қалыптастыруға |үйрену ролі мөлшерінің аздығы. | | |қабілеттілігі. |Тәртіпте негізгі мән – қатал | | | |туа біткен бағдарламалар. | | |ІІ. Перцептивті | | | |психика стадиясы. | | | |ІІ.І. Төменгі деңгей –|Қозғалыс дағдыларын |Балықтар және т.б.| |сыртқы әрекетті |қалыптастыру. Ригидті, |омырқасыз | |заттардың формасы, |генетикалық бағдарланған |жәндіктер. | |образына қарай |компоненттер басымдылық | | |бейнелеу. Интеграция |көрсетеді. Қимыл-қозғалыс | | |зат образын жүйелеуде |қабілеттілігі күрделі және | | |әсеретуші факторлерді |әртүрлі (сүңгу, жүгіру, секіру,| | |біріктіру. |өрмелеу,ұшу және т.б.., жағымды| | | |тітіркендіргіштерді белсенді | | | |іздеу.Жағымсыздардан бас тарту,| | | |дамыған қорғаныс тәртібі. | | |ІІ.ІІ. Жоғары деңгей –|Әрект-қылықтың жоғары дамыған |Жоғары | |ойлаудың элементарлы |инстинктивті формалары. |омыртқалылар | |формалары. |Үйренуге деген қабілеттілік. | | |ІІ.ІІІ. Ең жоғары |Арнайы маманданған органдар |Маймылдар және | |деңгей – практикалық |манипуляциясын анықтау: табан, |кейбір жоғары | |әрекеттерде ерекше |қол. Әрекет-қылықтың |омыртқалылар. | |бағдарлама |зерттеушілік формаларының | | |–зерттеушілік, |дамуы. Олардың бұрын | | |дайындық формаларын |қабылданған іскерлік, білім | | |анықтау. Бір міндетті |дағдыларын кеңінен пайдалану. | | |түрлі жолдармен шешу | | | |қабілеттілігі. Бір рет| | | |табылған шешімді жаңа | | | |жағдайға тасымалдау. | | | |Қарапайым құралдарды | | | |әзірлеу, оны | | | |іс-әректте қолдану. | | | |Биологиялық | | | |қажеттіліке | | | |байланыссыз қоршаған | | | |ортаны танып білу | | | |қабілеттілігі. | | | Жануарлар психикасының ерекшеліктері эволюцияда қалыптасқан тума (инстинктік. әрект-қылығымен, олардың жеке ауыспалы немесе дағдылы әрекет формаларыжәне интеллекттік әрекет-қылыққа байланысты анықталады. 9-тақырып. Адамның жоғары психикалық функцияларының дамуы. 1. Адам психикасы - даму өнімі ретінде. 2. Психиканың дамуындағы негізгі мәселелер. 3. Психика мен әрекет-қылық дамуының негізгі этаптары: инстинкт, дағды, интеллект. Адам психикасы дамудың өнімі б.т. Даму дегеніміз – кез-келген құбылыстың сандық және сапалық өзгеруін көрсететін объективті процесс. Адамға қатысты дамудың келесі түрлерін көрсетуге болады: физикалық даму, физиологиялық даму, әлеуметтік даму, рухани даму, психикалық даму. Психиканың даму мен қалыптасуын генетикалық психология, зоопсихология,және жас ерекшелі психологиясы зерттейді және бұл мәселеге елеулі жаңалықтардыХХ-ғасырдың ортасында көптеп енгізілді.Бұл мәселені зерттеуге байланысты екі үлкен ағым қалыптасты: эволюцианистік және диалектикалық материалистік.Бірінші ағым – психиканы үздіксіз немесе бірізділікпен байланыстырады. Ал екінші ағым – психикалық дамуды зерттеудің бір аймағы деп қана емес, психологияның барлық мәселелерін зерттеудің әдісі және жалпы принципі ретінде қарастырды. Өйткені психиканың және барлық құбылыстардың заңдылықтары тек дамуда деп түсіндірді. Адамның психикалық даму процесін дұрыс тсіну үшін, оның негізгі мазмұнын түсініп алу қажет. Яғни, психикалық даму дегеніміз, шындықты бейнелеудің танымдық және әрекеттік формаларының күрделенуі. Кез-келген организм қоршаған ортаның бір бөлігі бола отырып, одан бөліне бастайды, бірақ сол ортамен байланыста болады. Сол сияқты психикалық даму процесінде де тұлға өзін шындықтан неғұрлым алып шыққанымен , соғұрлым онымен байланыста болады. Бейнелеудің неғұрлым жоғары формаларына ауыса отырып, м-ы, зат немесе құбылысты қабылдап, түйсінудегі сенсорлы талдаулардан ортаның байланыс қатынастарын ажыратушыойлауға ауысуында, тұлға шындықтың неғұрлым кеңірек сфераларына еніп, онымен байланысқа түседі. Психика дамуының сатылары – байланыс, бөліну сатылары б.т. Адамның психикалық дамуының қарқынына адамзаттың қол жеткізген негізгі үш жетістігі өз әсерін тигізді. Олар: 1. еңбек құралдырын жасау; 2. материалдық және мәдени-рухани заттарын өндіру; 3. тілдің, сөздің қалыптасуы. Психика мен әрекет-қылық дамуының негізгі этаптары: Әрект-қылық дегенде қоршаған ортамен байланысты қамтамасыз ететін ұйымдасқан іс-әрекеті ұғымын жатқызуға болады. Адамның санасының ішкі жоспары әрекет-қылықтан бөлек қарастырылса жануарларда психика менәрекет-қылық бірге қарастырылады, сондықтан психиканы оқып-зерттеу , оның компоненті ретінде әрекет-қылықты да қарастыруға болады. Негізінен түрлі әрект-қылыққа байланысты, индивидтің эволюциялық дамуында психологиялық табиғаты жағынан үш түрлі типтегі әрекет- қылықты ажыратуға боады: 1. инстинктивті әрект-қылық, 2. дағды, 3. интеллект. Жануарлардың барлық әрекет-қылығы “инстинктивті” б.т. Бұлардың психика мен әрекет-қылық формаларының барлығы тіршілік етудің биологиялық формаларының негізінде қалыптасады. Яғни, бұл формалар саналы емес, биологиялық қажеттіліктен туындайтын “соқыр” әрект. Инстинктивті әрекет-қылық келесі ерекшеліктермен анықталады: ✓ Мотивтің спецификалық тәсілі; ✓ Орындаудың өзіндік ерекше спецификалық механизмі. Сондықтан инстинктивті әрекет-қылық өте күрделі процесс, ол орг. мотивациядан туындайды да, алғашқыда автоматталған реакциялар арқылы орындалады.Бұл әрекет-қылықтың басқа формаларынан ерекшелене отырып, олармен тығыз байланыста. М-ы, балапанның шоқу әректі – туған бетте дайын тұрған инстинктивті механизм бола отырып, дағды, интеллектінің элементтері біртіндеп қосылады. Шоқу ол үшін инст. әрекет, ол басында бидайды да , ұсақ тасты да, моншақты да бірдей шоқып көреді.Осы жерде онда қайсысы жеуге жарамды, қайсысы жарамсыз екендігі ас қорыту реакциясы арқылы ажыратады. Дағды үйрену немесе жеке тәжірибенің негізінде туындаған, нәтижесінде автоматталынған әрект. Көптеген жәндік, жануарларда шарсыз тітіркендіргіштерді пайдалана отырып белгілі әрекеттерге дағдыландыруға болатындығы туралы көптеген эксперименттер жасалынды (Керен Иерекс, К.Т.Тернер.. Дағды – тарихи ұғым. Дағды да түрлі даму сатыларына қарай өзгеріп отырады және дағдының табиғаты қабылдау табиғатына байланысты болады. Өйткені қабылдау негізінде дағды байланысатын сәйкес әрекеттер дифференциалданады. Сонымен қатар, оқыту, үйрету процесінде дағды әрекет-қылығының екі компоненттен тұратындығы анықталды (Э.Толмен.: ✓ Білім ✓ Білімді қолдану Бұнда адамға тән қателесу, қолданып көру әдістері байқалады. Адам психикасының генезисінің даму мәселесі бұдан әрі алдыға жылжуды талап етеді. Бұл неғұрлым жоғары форма – “интеллектуалды” әрекет-қылық.. Интеллектуалды әрекет әрқашан біртіндеп қолданылатын операциялар түріндегі автоматты да, стереотипті де компоненттерден тұрады. Бұл мәселе олардың күрделенуіне байланысты түрлі даму стадияларынан өтеді. Интеллектуалды әрекеттің дамуымен әрекет-қылықтың икемділігі арта түседі. Интеллектуалды әрекеттің негізіндегі “саналы” әрекет-қылық, бір жағынан белгілі ситуацияларға деген объективті қатынас ерекшелігімен және екінші жағынан , индивидтің тарихи дамуымен анықталады. Адам интеллектісі қоршаған ортаны, шындықты танып білуге, әрекетін басқаруға бағытталады және сол шындықпен тікелей әсерлесу процесінде қалыптасады. Ол қоршаған ортаға деген қызығушылық деңгейі танымдық форманың өзіндік ерекшелігі ретінде қызмет атқарады. Интеллект дамуы , тек сандық өлшемнің өзгеруімен емес, оның сапалық өзгеруімен анықталады. 10-тақырып. Сананың пайда болуы және дамуы 1. Сананың негізгі белгілері. 2. Сана шындықты бейнелеудің формасы ретінде. 3. Сананың қалыптасуының алғышарттары. Шындықтың жаңа формасы, яғни өмірдің адамдық формасының қалыптасуының нәтижесінде сана қалыптасты. Бұндағы субъект (адам) өзінің тіршілік аймағынан шыға алатындығы, өзінің өмірлерін түрлі міндеттергебағындыруға, өз ісіне жауап беруге , алдына түрлі міндеттерді қоя білуге ,сондай-ақ , өзінің өмір сүру ортасының шарттарына бейімделіп қана қоймай, оны өзгертуге қабілетті екендігі байқалады. Барлық тіршілік иелерінің ішіндегі адамның өмір сүру формасы ерекше, осыған сәйкес психиканың жаңа және жоғары формасы – адам санасының қалыптасуы және оның дамуы психология ғылымының негізгі мәселелерінің бірі. Сананың пайда болуымен психикалық іс-әрекет жаңа сапалық ерекшелігіне ие болады. Қоршаған орта мен ондағы қарым-қатынасты адамның түсінуі, олармен әрекеттесуі кезінде, онда қоршаған және өз өміріне деген рефлексиясы п.б. Сондықтан сананың болуы адамды оны қоршаған ортадан бөлектендіреді. Сананың ерекшелігін, санадан бөлек зат немесе құбылысқа танымдық әрекет көрсетуінен байқаймыз. Адамның шындықты бейнелеуінің ерекше тәсілі ретінде пайда болуы, тілдің пайда болуымен тікелей байланысты: тіл – сананың пайда болуының негізгі шарты.Санадан өткізу – объективті шындықты көпшілік қабылдаған зат немесе құбылыстың мағынасын сөз арқылы бейнелеу. Сана мен тілдің байланысы тығыз және шартты. Тіл - әлеуметтік индивид ретіндегі адамның саналылығының белгісі.Бұнда тілдің өзі бірқатар байланыстарға : қоғамдық әрекеттерге, онда қалыптасқан білімге және т.б. тәуелді. Осы тәуелділіктің негізінде ғана тіл адам санасы үшін маңызды ролге ие болды.Сана мәселесін дайын, қалыптасып болған құрылым ретінде қарастыруға болмайды. Сана адамның қоршаған ортамен әрекеттесу деңгейіне қарай, яғни бүкіл өмір сүру процесінде дамып отырады.Бұл жағдайда негізгі психологиялық орталық проблемасы – адамның ортаны түсінуі болып табылады. Сана адамның психикалық іс-әрекеттін толық қамтымайды.Сана әрекет- қылықты басқару қызметін атқарады. Сана – психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекетінің формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық-тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана – бұл қоғамдық болмыс. Сонымен, сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады: 1. Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрамына барша танымдық процестер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял. 2. Санада субъект пен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектей, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам ғана тіршілік иелері арасында өзін тануға, психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті. 3. Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгерте алады, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналымақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру,себеп салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолдарын айқындау және т.б. 4. Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішінде күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды. 11-тақырып. Сана және бейсана (астар сана). 1. Психикалық процесс, қасиет және қалыптағы бейсаналық бастаудың көрнісі. 2. Бейсаналық психикалық құбылыстардың типтері. 3. Сана және бейсананың өзара байланысы. Адамның психикалық процесс, қасиет және қалыпының реттеуші деңгейі болып тек қана сана болып табылмайды. Кейбір жағдайда адам өзінің ішкі дүниесі туралы мәселенің барлығын түсіндіре алмайды, кейбір жағдайда өзінің әрекет –қылығын басқара алмауы мүмкін. Санамен қатар адамда бейсана бар., және ол адам психикасының ажырамас құрамды бөлігі. Бейсаналық бастау барлық психикалық процесс, қасиет және қалыптарының функциясында болады. М-ы, бейсаналы түйсікке – тепе-теңдік түйсігін жатқызуға болады. Бейсаналы көру және есту түйсіктері болады, олар арқылы есту және көру орталықтарында түрлі ырықсыз рефлекстік реакциялар жүзеге асырылады. Бейсаналы бейнелер бұрын көргенді тануда, түрлі объект, зат, құбылысты қабылдауда тану сезімінің болуы арқылы байқалады. Бейсаналы ес – бұл ұзақ уақыттың және генетикалық есептің жемісі. Бұл ес, ойлау, қабылдау, зейінді басқарады. Бейсаналы ойлау адамның түрлі шығармашылық міндеттерді шешу кезінде туындаса, бейсаналы сөйлеу – бұл ішкі сөйлеу б.т. Сннымен қатар бейсаналы қозғаушы күштер болады. Олар адамның түрлі әрекет қылықтарында байқалады. Сонымен қатар бейсаналы құбылысқа адамдардың белгілі уақыттағы саналы әрекетінің уақыт өте келе бейсаналыққа айналуы. М-ы, жүзу, түрлі құралдыарды пайдалану. Бейсаналық құбылыстың келесі типіне, З.Фрейд келтірген жеке тұлғалық бейсаналылық құбылыстарды жатқызуға болады: түрлі цензура, тиым салулардың негізіндегі адам санасы сферасынан алшақтатылынған ой, ықылас, қажеттілік, ұмтылыстар. Аталған бейсаналық құбылыстардың барлық типтері адам әрекетімен және оның саналы реттелуімен тікелей байланысты. Бірінші тип – бұл, жалпы психикалық әрекет-қылықтарын реттестіру звеносына жатады және мәліметтің сезім мүшелерінен немесе ес қорынан санаға (бас миы қыртысына) бару жолында туындайды. Екінші тип - бұны да осы жолдағы белгілі этап деп қарастыруға болады, бірақ қозғалыста бұл кері бағытта жүреді, яғни, санадан астар санаға қарай қозғалады. Бейсаналы құбылыс пен сана да әрекетті басқару қызметін атқарады, бірақ олардық функционалдық ролі әртүрлі. Сана әрекет-қылықтың неғұрлым күрделі формаларын басқарады, өйткені әрекеттің бұндай түрлері тұрақты зейінді, саналы бақылауды іске қосылады: ✓ Адамның алдында күтпеген жағдайлар туындағанда, күрделі интеллектуалды мәселелерді шешуде; ✓ Ден мүшесі немесе ой қозғалысының жүзеге асырылуындағы физикалық және психологиялық қарама-қайшылықтарын шешу талап етілген жағдайда; ✓ Түрлі кофликтілі ситуациялардан шығудың жолын іздестіру кезінде; ✓ Дереу әрекет етуді қажет ететін, өмірге қауіп төнген жағдайларда. Адам өмірінде бұндай жағдаяттар әруақытта кездесіп отырады, сондықтан әрекет қылықты реттеп отырушы ретінде сана үнемі қызмет үстінде. Түрлі әрект-қылықтар бейсаналы реттестіру деңгейінде жүзеге асырылып отырылады. Саналы және бейсаналылықтың әрекет-қылықты реттестірудегі өзара байланысын ғылыми тұрғыдан зерттеу, мәліметтерді жинақтау әлі де аяқталған жоқ. Өйткені әрекет-қылықты реттестіру құралы ретінде сана және бейсаналық құбылыстардың небір жаңа мәліметтері күнүзбей берілуде. Бейсаналылықтың жеке тұлғалық қасиеті туралы мәселе психолог- зерттеушілердің ең қызықтыратын объектісі. Бұл мәселе б-ша З.Фрейд көптеген еңбектер жазған. Осының негізінде қазіргі психологияда бейсана проблемасын ғылыми түсінігі екі бағытқа бөлінеді: 1. психоанализ теориясы; 2. астарлы психикалық нұсқаулар (установки). 12-тақырып. Психология және адам туралы ғылымдар. 1. Психология және тарих. 2. Психологияның философияық бастауы. 3. Әлеуметтанумен байланысы. Адам қоршаған орта өмірінің, табиғаттың, сондайақ қоғамның құрамды бір бөлігі. Сондықтан психология зерттеу объектісі адам болып табылатын ғылымдармен тікелей байланысты. Адам психикасын және әрекет-қылығын оның биологиялық бастауларын, ағзаның қызмет ету заңдылықтары мен құрылымын зерттеп алмай,оны толық түсіну мүмкін емес. Адам санасының қалыптасуын қарастырғанда, оның біртіндеп уақыт өте келе қалыптасқандығын және шыңдалғандығын байқаймыз. Тарихты сараптау адам үшін, оның қазіргікейіпі, психологиясын түсіну үшін қажет. Немовтың пікірінше адам ерекше биологиялық организм ретінде басқа тіршілік иелерінен 1,7 миллион жыл бұрынбөлінсе, ол қоғамдық өмірдің субъектісі ретінде 50000 жыл бұрын ғана өмір сүруде. Бірақ оның осы уақыт ішінде жасақталған материалдық және рухани мәдениетінің арқасында өзінің жоғары психикалық процестердің, жеке қасиеттердің иегері ретінде Адам болды. АЛ бұл кезең адам үшін тарихи кезең. Адам туғаннан табиғат тылсымынан тыс жасанды әлеуметтік ортада өмір сүреді, дамиды. Біздің айналамыздағы нәрсенің барлығы адам қолының, оның іскерлігінің жемісі. Ал бұның барлығы адам психологиясының көрністері. Сондықтан түрлі психологиялық қасиетері бар қазіргі адамды зертеп тану үшін, адам тарихын, оның ішінде материалдық және рухани мәдениеттің қалыптасу тарихын зерттеп білу қажет. Олар: түрлі халық және ұлттардың философиялық ұғымдары, діни сенімдері, дәстүр және т.б. Психология және тарихтың өзара байланысы іштей және сырттай болуы мүмкін Іштей байланыс дегеніміз, аталған ғылым салаларының біріншісінің өз проблемасын шешуде, екіншісінің мәліметтерін өзіне көмекке алу мақсатында байланысуы. Сыртқы байланыс бір ғылым саласының екінші ғылым саласының әдіс тәсілдерін қолдануда жүзеге асырады. Тарих пен психологияның өзара байланысы жалпы ғылыми теорияны жасақтауда көрінеді Бұндай теориялардың бірі, адамның жоғ. психикалық қызметінің мәдени-тарихи дамуының теориясы (Л.С.Выготский). Бұл байланыстың негізінде психологияны зерттеудің тарихи әдісі жасақталынды. Кез-келген психологиялық құбылыстың табиғатын, заңдылықтарын зерттеу үшін, оның фило және онтогенетикалық дамуын қарастыру қажеттігімен негізделінеді. Философия мен психологияның байланысы неғұрлым тығыз, өйткені: 1. олар екеуі де қатар дами бастады; 2. ғасырлар бойы психология философияның бір бөлігі ретінде қарастырылды; 3. екі ғылым саласының зерттеу объектісі, онда қаралатын мәселелердің өзіндік ерекшелігі, бұдан туындайтын қиындықтардың ұқсастығы. Психологияның әлеуметтеанумен байланысы қоғамды, жеке тұлғаны, оның мотивтері, әлеуметтік топтпарды, олардың өзара қарым-қатынасы жөніндегі проблемаларды шешуден көрінеді. Атап айтқанда әлеуметтану әлеуметтік психолгиядан жеке тұлғаны , адам аралық қатынасты зерттеу әдістерін алып қолданса, психологтар , ғылыми мәліметтерді жинақтауда дәстүрлі әлеуметтанулық тәсілдер: анкета, сауалнамаларды қолданады. Сонымен қатар, бұл екі ғылым сласының қатар қатысуымен шешілетін проблемалар да жоқ емес. Бұлар – адамаралық қатынастар, ұлттық психология, экономика, саясат, мемлекет аралық қатынастар проблемасы. Сондайақ, әлеуметтендіру, әлеуметтік бағыт, олардың қалыптасуы мен қайта жасалуы. Бұндағы жеке ұғымдар мен ғылыми тұжырымдамалардың негізінде түрлі теориялар бар. Олардың бірі әлеуметтік үйрету теориясы (теория социального научения).Бұл теорияның пәні әлеуметтендіру. Әлеуметтендіру индивидтің қоғамдық тәжірибені игеруі, оны қолдануы, осының негізіндегі оның жеке тұлғаға айналуы. Әлеуметтендіру. Сонымен қатар, адамгершілік нормаларды, адамаралық қатынастар мәдениетін, басқа адамдар арасында өзін-өз ұстау, түрлі әлеуметтік рольдерді, іс-әрекет түрлерін игеруді қамтиды. Әрбір жаңа ұрпақ үшін әлеуметтендірудің небір жаңа мүмкіндіктері ашылуда. 13-тақырып. Психологияның дамуының тарихи кезеңдері. 1. Психологияның дамуының тарихи кезеңдері. 2. Психологиялық білімдердің пайда болуы, оған деген қызығушылықтың ежелгілігі. 3. Қайта өрлеу дәуірінен 19-ғасырдың ортасына дейінгі психологияның дамуы. Психологияның дамуының тарихи кезеңдері: І-кезең – ғылыми қолданыста психология термин ретінде ХҮІ ғ. қолданыла бастады, яғни әр адамның өзінде аңғарылатын жандық немесе психикалық құбылыстарды қарастыратын сала ретінде қалыптасуына дейінгі; ІІ-кезең – ХҮІІ- ХІХғ.ғ. психологтардың зерттеу аймағының астар санадағы психикалық процестер мен адамның іс-әрекеті аумағында кеңейуі; ІІІ- кезең – ХІХ ғ. ортасынан ХХ ғ. екінші жартысына дейінгі психологиялық білімдердің қайта құрылуы. ІҮ –кезең – қазіргі психологияның дамуы. Қазіргі психологияның негізгі принциптерін толық түсіну үшін, оның қалыптасу тарихына тоқталуымыз қажет. Өйткені, қазіргі негізгі ғылыми түсініктердің бастауы, олардың бірнеше түрлі өзгерістерге түскен байланыстарында. Адам баласының санасында ең алғаш ғылыми түсініктер пайда болғаннан бастап психологияда зерттелінетін мәселелерге қызығушылықтар байқала бастады. Ғылыми бағыттарға ең алғаш, жан туралы мифологиялық көзқарастарға қарсы шыққан түсініктер жүйесі кіреді.Олардың бірі: анимизм (жан, рух). Бұл бағыт бойынша жан қозғалыс және жылу бар жердің бәрінде бар екендігін айтады.Бұнда жанның өзі жеке , тәуелсіз құбылыс ретінде қарастырылады, жан мен тән бір-бірінен дербес өзара параллельді түрде тіршілік етеді. Анимизм әлемнің рухтануы философиялық білім. ҮІІ-Ү (б.э.д.) ғ.ғ. натурфилософиялық бағыт өрістеді.Оның өкілдері: Фалес, Анаксимен, Гераклит. Олар жаңа гилозиоизм бағытын алға тартты. Жан енді материяның егізі емес, оның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды. Жан құбылысын түсіндіру әлемнің негізгі үш бастауының негізінде болды: су, ауа және от. Жер бетіндегі нәрсенің барлығы осы материялық бастаулардың құрамдас бөлігі, оның ішінде жанның бастауы оттан деді (Фалес). Ү-І (б.э.д.) ғ.ғ. натурфилософтардың жаңа ағымы басталды. Ол – атомистік бағыт. (Демокрит, Эпикур; Лукреция). Жанды олар мүше ретінде, өмір сүре алатын дене деп қарастырды. Бұл мүше рухты (немесе сананы) басқарады. Жан – дене мүшесі бола отырып, жеке ұсақ шар тәрізді қозғалыстағы атомдардан тұрады деді. Атомистік бағыттың бұл мәліметтері сол кезде өмір сүрген Аристотельдің “Жан туралы трактатында” беріліп, жан туралы білім философияның дербес тарауы ретінде енгізілді. Бұл ең алғаш ғылыми-психологиялық білім ретінде танылды. Аристотельдің еңбегіндегі жан атомдарының қозғалыс динамикасы арқылы, қабылдау, ес, ойлау, түс көру құбылыстары түсіндірілді. Жан атомдары өз бетімен өмір сүреді, ол тәннен алыстауы немесе оған енуі мүмкін деді. Бұдан кейін (428-348 ж.ж.) идеализм бағыты өріс алды (Платон). Бұл псих. Түсініктердің дамуының алдыңғы этапын алмастыра отырып, оның логикалық жалғасы болды.Негізі: жан құбылыстарын классификациялау, яғни ақыл-ой, ерлік (ерік),құмарту (мотив) деп бөліп қарады. Олар дененің әр бөлігінде орналасқан: ақыл-ой – баста, ерлік – кеудеде, құмарлық – асқазан маңайында. Адамда жанның бір бөлігінің басқасынан басым болуы, сол адамның жеке ерекшелігін көрсетеді, тіпті оның әлеуметтік шығу тегімен салыстырылады. Жанның материалдық емес негізі ретінде идея, оның мәңгілік екендігін дәріптеді. Натурфилософтар жанның материалистік және идеалистік түсініктерін біріктіруге тырысты. Сол кездегі философияның теологиямен өте тығыз байланысы жанды ғылыми әдістермен болмайтындығын нақтылады. Идеализмнің ғылымға қосқан үлесі: тән мен жанның ара қатынасы туралы білімге (дуализмге) бастау салғанында. Бұдан кейін осы идеалистік бағыттың негізіндегі сананы идеалистік тұрғыдан түсіндіріледі (Платон, Августин). Бұл өз кезегінде психологияны зерттеу әдісі ретінде интроспекцияның өзін бақылау (өзінде болып жатқан өзгерістердің негізінде психологиялық құбылыстарды түсіндіру) пайда болуына әсер етті. Бұл психологияны зерттеудегі негізгі әдіс ретінде екі жүз жыл мөлшерінде өмір сүрді. Өзін-өзі тану әдісі – жанның білім алуға сезім мүшелерінң беретін тәжірибелерінен ерекшеленетін өз тәжірибесін жинақтауға бейім екендігі жайында байқаулар жүргізіле басталды. Осылайша, ХІҮ- ХҮІ ғ.ғ. “психология” термині п.б. бастады. 14-тақырып. 19-ғасырдың ортасынан 20-ғасырдың екінші жартысына дейінгі психологиялық білімдердің дамуы. 1. ХІХ-ғ. ортасына дейінгі психологияның дамуы. 2. Психология ғылымының дамуындағы дағдарыстың негізгі заңдылықтары. 3. ХХ-ғ. басындағы дағдарыстың нәтижесінде өз алдына бөлек шыққан негізгі бағыттар. ХІХ-ғ. ортасына дейінгі психологияның дамуына әсерін тигізген басқа ғылым салаларының: жаратылыстану, медициналық және түрлі өнер салаларында қарқынды даму басталды. Жан туралы білім сол кездегі дінмен күрестің нәтижесінде көптеген қиындықтарға ұшырағанымен өз дамуында жалғасын тапты. Бұның қозғаушы күші ретінде сол кездегі ағылшын, француз және басқада европа материалистерінің көзқарастары болды. Сол кездегі нақты ғылымдардың ішінде күшті дамыған механика саласы. Механика түрлі, күрделі қозғалыстарды жасайтын машиналарды жасаумен айналысты. Ал олардың қозғалысы, адам және жануарлардың қозғалысына ұқсайтындығы аңғарылды. Осының нәтижесінде адам қозғалысын, тіпті психикасын машинаның механика заңдылықтарымен түсіндіруге ыңғай біліне бастады. Нәтижесінде ең алғаш “рефлекс” ұғымы осы күрделі ұйымдастырылған “машинаның”, яғни тірі организмнің сырттан келетін әсерге механиканың қозғалмалы жауабы ретінде енгізілді. Ал техника мен әрекет қылықтың өзара байланысын түсіндіруде келесі бағыт туындады. Дуализм - әлемде бір-біріне тәуелсіз, бөлек екі бастаудың: материя және рухтың бар екендігін нақтылайды. Әрі қарай психологиялық білімнің дамуы келесідей болды: адам және жануарлар денесі күрделі машина түрінде қарастырылады, сонымен қатар жануарларға қарағанда адам денесінің жұмысы оның жанымен реттеледі, демек, органикалық емес қажеттіліктерімен (Рене Декарт). Дуализм бағытына қарсы детерминизм бағыты өріс алды (Б.Спиноза). Кез- келген құбылыстың жалпы себептілігі және оның жаратылыстың ғылымдық түсініктері болатындығын дәлелдеуге тырысты. Ең алғаш бейсаналық және оның санамен байланысы туралы неміс ғалымы Лейбинц өз зерттеулерін жүргізе бастады. Бұдан кейін , ХҮІІІ ғ. психологияның ғылым ретінде дамуына үлесін қосқан эмпиризм және сенсуализм ағымдары дүниеге келді. Эмпиризм - өзіндік тәжірибе мен адамның оны жинақтау заңдылықтарын және тәжірибенің санадан басымдылығын дәлелдеді. Сенсуализм – психикалық өмірдің негізін сезімдік әсерлену, сезімдік танымның басымдылығын нақтылайды. Бұл көзқараста негізінен түйсік туралы идеалистік және материалистік екі көзқарастардың күресі байқалады. Э. және С. де тума өзгермейтін идеяларды жоққа шығарып, дамудың мүмкіндігі ретінде тәжірибенің басымдығын дәріптеді. Психика мен әрекет –қылықтың табиғаты туралы білімдегі күрт бұрылыс ХІХ ғ. ІІ-жартысында болды. Бұл бұрылыс сол кездегі ғылыми дүниетанымда болып жатқан үлкен де , маңызды оқиғалармен байланысты болды: ✓ Дене құрлысы процестері мен жан құбылыстарының арасындағы тығыз байланысты анықтаған медицинадағы (психиатриядағы) жаңалықтар, яғни, дуализм бағыты дәріптеген материалдың және идеалистік құбылыстардың бөлек , байланыссыз екендігі туралы тұжырымдамасы жоққа шығарылды (байқау, бақылаулардың негізінде). ✓ Жан түсінігінің адам өміріндегі ролі туралы сұрақтардың мазмұны тым өткір бола бастады, яғни, ағза физиология заңдылықтарымен, дене механика заңдылықтарымен жұмыс істей беретін болса, адамға сана, басқада психикалық құбылыстар мен процестердің қажеті қандай ? ✓ Адамның - әрекет қылығын механикалық тұрғыдан түсіндіру өз мағынасын жоғалта бастады . Әрине, механика тұрғысынан қарапайым, біртүрлі қозғалысты түсіндіруге болады, бірақ оның ауыспалылығын, бірнеше нұсқалылығын, оның ағзалық психикалық кейіпіне тәуелділігін түсіндіре алмайды. Адамның әрекет-қылығының жоғары формасы ретіндегі ойды құрғақ рефлекс тұрғысынан түсіндіру жеткіліксіз болды. ✓ ХІХ ғ. ортасында Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы ұсынылды. Ол адам мен жануарларды анатомиялық тұрғыдан жақындастырып, олардың дене құрылымдарындағы ортақ заңдылықты көрсетті. Ең алғаш адам мен жануар психикасының бірлігін айтты. Енді адам биологиялық тұрғыдан ерекше тіршілік иесі болмай қалғандай болды. Тіпті эмоцияның өзі тек адамдарға ғана емес, кейбір маймыл түрлеріне де тән екендігі дәлелденді. Бұл мәліметтердің негізінде адам мен жануарларға ортақ нәрселерді іздестіруге деген қызығушылықтар көріне бастады, әсіресе , интеллектуалдық және сөздік қабілеттерге байланысты. ХІХ ғ. ортасынан бастап психология өз алдына бөлек ғылым ретінде қарастырыла бастады. Осы уақытқа дейін оның негігі әдісі – интроспекция болды. 1879 ж. Неміс психологы, физиолог және философ В.Вундт (1832-1920 ж.ж.) алғаш рет психологияға ғылыми лабораториялық экспериментті енгізді. Сананы элементтерге бөлу және олардың арасындағы байланыс заңдылықтарын физиологиялық тұрғыдан түсіндірді. Осының негізінде ерекше ғылым саласы – сезім мүшелерінің эксперименталды психофизиологиясы қарастырыла басталынды. Бұнымен қатар психологияда бұрын қолданылмаған бірнеше жаңа ғылыми терминдер қосыла бастады: психофизика, психометриядағы жетістіктерді айтуға болады. Бұдан кейін жеке өзгешеліктердің психологиясы (дифференциальная психология) зеріттелінді (Ф.Гальтон). Ол егіздер әдісін қолдана отырып жеке психологиялық өзгешеліктердің детерминизациясындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның өзара байланысын салыстыра отырып түсіндірді. Детерминизм – белгілі факторлардың негізінде психикалық құбылыстардың өзара тәуелділік заңдылықтарын зерттейді. Келесі кезекте жасанды лабораториялық эксперименттің кемшіліктері байқалып, адамдардың реалды психикалық өмірі мен әрекет-қылығын табиғи жағдайда зерттеу қажеттілігі туындап, табиғи эксперимент әдісі қолданыла бастады. Эксперименттің бұл түрін түрлі салаларда А.Ф.Лазурский (жеке тума психологиясы), В.М.Бехтерев (ұсақ топтар психологиясы). Бұл табиғи эксперименттің нәтижесінде балалар , педагогикалық, зоопсихология, әлеуметтік және мәдени-тарихи психология, психотехника салалары п. б. Сана психологиясын психика жөніндегі жаңа тұжырымдамалармен толықтыру немесе оны ауыстыруды мақсат еткен жаңа бағыттар: Бихевиоризм – ХХ ғ. американ психологиясының басты бағыты: ол психологияның мақсаты сананы тану емес, әрекет-қылықты зерттеу деп білді. Б. Теориясы негізінде адам мен жануарлардың әрекет-қылығы – сыртқы орта әсеріне (стимул) болған организмнің кері (сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген түсінік жатыр.(Э. Торндайк, Дж.Уотсон) Гештальтпсихология – ХХ ғ. бас кезінде Германияда п.б. идеалистік психолгияның бір бағыты (М.Вертхаймер, В.Келлер, К.Кофман, К.Левин). Г. механикалық жаратылыстану ғылымының жалпы дағдарысқа ұшырауына байланысты ассоциативті психологияға қарсылық білдіру рухында туды. Генетикалық психология – психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала отырып, Ж.Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық принцип дәрежесіне көтерді. Фрейдизм – жеке адамның жан төркінін, дамуын иррационализм мен мистика сияқты психикалық факторларды саналы әрекетке тікелей қарсы қоюмен дәлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт (З.Фрейд). 15-тақырып. Кеңестік психологияның қалыптасуы және қазіргі психологияның жағдайы. 1. Кеңестік психологиялық ойдың дамуы. 2. 20-жылдардағы кеңес психологтарының зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары. 3. Қазіргі психологияның дамуы және ондағы негізгі принциптері. Біздің еліміздегі психологияға деген қызығушылық тың п.б. психология ғылымының өз алдына бөлек сала ретінде бөлініп шығу процесінің негізінде болды. Кеңестік психологияның дамуына әсерін тигізген И.М.Сеченевтің психофизизиологияда ашқан жаңалықтары (Рефлексы головного мозга). Кейін оның еңбектерін толықтырып, дамытқан В.М.Бехтерев, И.П.Павлов. Ресей ғалымдарының теорияларындағы психиканың табиғи-ғылыми негіздері. Әрекет-қылықтың Жрғары жүйке психикалық қызметі реттелуі жөніндегі И.М.Сеченов И.П.Павлов теориясы тағылымы Психиканың табиғи – ғылыми негіздері Психиканың Жүйелі динамикалық қызметтік оқшаулап шектеу жүйелері жөніндегі (локализация) П.К.Анохин жөніндегі А.Р.Лурия Теориясы теориясы Кеңестік дәуердегі психология ғылымы өз пәнінің диалектикалық- материалистік бағытын дәріптеу күресінде дамыды. 1923 жылы бірінші Психоневрологиялық съезд шақырылып, онда психологияны марксизм негізінде қарастыру міндеті қабылданған болатын. Бірақ материалистік тұрғыдан тұсінудің негізі үлкен идеалық-теориялық күрес барысында - әсте, ақырын қаланып, әдістері белгіленді, аса маңызды болған ғылыми әдіснамалық принциптер бір жүйеге келді. Орыс, кеңес психология ғылымының бой көтеруіне еңбек сіңірген ғалымдар:Б.Г.Ананьев, П.П.Блонский, А.С.Выготский, А.В.Запорожец, К.Н.Корнилов, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, А.А.Смирнов және басқалар болды. Кеңестер Одағының психологиялық ой орталықтары Москва, Киев, Тбилиси қалаларындағы психологиялық ғылыми- зерттеу иниституттарында, сондай-ақ университеттер пен педагогикалық иниституттардың психолгия кафедраларында болды. 30-60 жылдарда отандық психологияда бірнеше мектептер мен бағыттар өріс алды. Олар: Д.Н.Узназде мектебі. Ол бағыттау түсінігін қолдана отырып, оны көптеген псих. Құбылыстарды зерттеуде қолданды. Келесі мектеп, Л.С.Выготскидің басқаруымен ММУ-де жұмыс жасаған зерттеушілер тобы. Бұлар жалпы және педагогикалық психологияның мәселелерімен айналысты. С.Л.Рубинштейн мектебі де жалпы және пед. психологиямен айналысты, бірақ ол әсер етудің ғылыми емес әдістерін қолданданғаны үшін өткір сынға алынды. Ол психологиялық проблемасы жағынан мазмұны өте кең “Жалпы психология негіздері” еңбегін жазды (1940ж басылған, 1989 ж қайта басылған). Психология ғылымының негізгі принциптері 30-жылдары жүйелестірілді. Олардың ішінде негізгілері: детерминизм (себеп-салдық) принципі, сана мен іс-әрекет пинципі, даму пинципі. Детерминизм принципі бойынша әрқандай психологиялыққұбылыс өмір салты, қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады, тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді. Жануарлар психикасының дамуы табиғи сұрыптаумен айғақталады да, ал адам санасының дамуы- түпкілігінде қоғамдық даму ережелерімен, өндіріс әдістерінің даму заңдарымен анықталады. Ғылым тарихында алғашқы рет марксизм қоғамдық құбылыстардың материалистік негізін түсіндіріп, қоғам дамуының заңдарын көрсетіп берді. Сонымен, психиканың адамдық қасиеттерге тән ерекшеліктері мен сананың пайда болуын және дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеуге нақты негіз қаланды. Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Сана және іс-әрекет – жантану ғылымының өзекті категориялары. Бұл принциптің жүйелі зерттеуі 30-жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейн. Ол “іс-әрекет және сана назар аударылған объекттің екі, әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас: теңдік емес, бірлік” – деп жазған. Даму принципі. Даму категориясы философия ғылымының түсініктер жүйесінде жетекші маңызға ие. Даму илеясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала, кейін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналды. Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады. Барша заңдылықтар, соның ішінде психикалық та, даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап және жойылуына орай танылады (Л.С.Рубинштейн). 80-жылдардан бастап отандық психологияда жаңа кезең басталды десе болады. Ол елде болып жатқан саяси түрлі оқиғалармен байланысты. Шетел психологиясының зерттеу тенденциялары сарапталып, қалыптасқан идеологиялық стереотиптерден, саяси догмалардан арылу басталып, оларды неғұрлым жаңа құрылымдармен ауыстыру процесі жүруде. 3.1 І-МОДУЛЬ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ СҰРАҚТАРЫ №1 семинар сабағы. Психология ғылым саласы ретінде Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Психология – психика механизімі мен оның заңдылықтарын зерттеуші ғылым саласы ретінде. 2. Психиология ғылымында қарастырылатын негізгі мәселелер. 3. Қазіргі заман психологиясында қарастырылатын жалпы түсініктер. 4. Қазіргі заман психологиясының оқыту және тәрбиелеуге байланысты арнаулы салалары. Әдістемелік нұсқау: Психологияның ғылым саласы ретінде даму перспективасына сараптама жасай отырып, негізгі қарастырылатын ұғымдарға студенттердің өз түсініктерін беруі көзделеді. Әдебиеттер: 1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988 2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М., 2003 3. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. - А., 2005 4. Сатиева Ш.С.Психология С. 2007 №2-3 семинар сабағы. Психологияның пәні, міндеттері мен зерттеу әдістері Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Психологиялық зерттеу әдісінің негізгі мәселелері. 2. Психологиялық зерттеу әдістері тарихынан мәліметтер. 3. Бақылау, өзін-өзі бақылау, олардың танымдық ролі. 4. Психологиядағы моделдеу, сауалнама, эксперимент, психологиялық тесттер. Әдістемелік нұсқау: Психологияның теориялық және методологиялық негіздерін талдау. Зерттеу әдістерінің қалыптасу заңдылықтарына көңіл аударып, психиологиядағы зерттеу әдістерінің өзіндік жетістіктері және кемшіліктеріне сараптама жасаңыз. Әдебиеттер: 1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988 2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М., 2003 3. Жарықбаев Қ. Психология. – А., 2001 4. Сатиева Ш.С.Психология С. 2007 5. Соколова Е.Т. Проективные методы исследования личности. – М.,1980 6. Ломов Б.Ф. Методологические и теоретические проблемы психологии – М., 1984 №4-5 семинар сабағы. Психологияның жаратылыстану-ғылыми негіздері Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Адамның орталық жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі және қасиетіне сипаттама. 2. Ми қыртысының негізгі өрістері және қызметтері. Ми қыртысы, жартышарлар, гипоталамус, гипофиз. 3. Орталық жүйке жүйесіндегі жағдай, ролі және ретикулярлық формацияның қызметі. Әдістемелік нұсқау: Адамның орталық жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі және қасиет- сапаларына анатомиялық-физиологиялық сараптама жасаңыз. Әдебиеттер: 1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988 2. Гамезо М.В., Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998 3. Лурия А. Мозг человека и психические процессы. Т 1.- М.,1963 4. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003 5. Русалов В.М. Биологические основы индивидуально-психологических различий. – М., 1979 №6-7 семинар сабағы. Адам миы және психика: байланыс принципі және жалпы механизмі Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Психикалық процестердің адам миының жұмысымен байланысы. 2. Қозғалысты реттеудегі психиканың қатысуы туралы Н.А.Бернштейннің ілімі. 3. Әрекет-қылықты реттеудегі психикалық және физиологиялық құбылыстардың өзара байланыс моделі ретінде П.К.Анохин бойынша функционалдық жүйе концепциясы. 4. А.Р.Лурия зерттеулері бойынша мидың негізгі функционалды блоктары. 5. Ырықты зейіннің физиологиялық механизмі туралы Т.Рибоның теориясы. Әдістемелік нұсқау: Адам миы мен психиканың байланыс қызметінің приципін ашыңыз. Психикалық құбылыстарды ми қызметі жұмысымен салыстыра отырып, бұл бағыттағы орыс физиологтарының еңбектері мен олардың ұсынған концепцияларын талдау жасаңыз. Әдебиеттер: 1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988 2. Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998 3. Лурия А. Мозг человека и психические процессы. Т 1.- М.,1963 4. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003 5. Русалов В.М. Биологические основы индивидуально-психологических различий. – М., 1979 №8 семинар сабағы. Психика мен әрекет-қылықтың төменгі формаларының қалыптасуы Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері. 2. Жүйке жүйесінің пайда болуы және оның психиканың дамуындағы ролі. 3. Жануарлар тәртібі мен психикасының даму деңгейінің стадияларын талдау(А.Н.Леонтьев, К.Э.Фабри бойынша). Әдістемелік нұсқау: Психиканың шығу тегін материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге көңіл аударыңыз. Бұл екі бағыттың ұсынатын аргументтерінің жағымды және жағымсыз жақтарын зерделеңіз. Әдебиеттер: 1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988 2. Гамезо М.В., Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998 3. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003 4. Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: В2т. Т.1. – М., 1983 5. Столяренко Л.Д. Основы психолоии. – Ростов-на Дону, 1996 №9 семинар сабағы. Адамның жоғары психикалық функцияларының дамуы Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Жоғары психикалық функция туралы түсінік. 2. Жоғары психикалық қызметтің дамуының негізгі көздері мен алғышарттары. 3. Таным процестерінің жоғары психикалық функция ретінде даму ерекшеліктері. Әдістемелік нұсқау: Жоғары психикалық қызметтің дамуының негізгі көздері мен алғышарттарына (белгілер жүйесіне, материалдық заттар және рухани мәдениеттің қалыптасуына) талдау жасаңыз. Адам және жануарлар психикасының дамуын кесте жұмысы арқылы салыстырыңыз. Әдебиеттер: 1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988 2. Гримак Л.П.Резервы человеческғой психики. Введение в психологию активности. – М., 1989 3. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003 4. Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: В2т. Т.1. – М., 1983 5. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб., 2004 5. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. - А., 2005 6. Столяренко Л.Д. Основы психолоии. – Ростов-на Дону, 1996 №10-11 семинар сабағы. Сананың пайда болуы және дамуы. Бейсана Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Сананың негізгі белгілері. 2. Сана адамның шындықты бейнелеуінің формасы ретінде. 3. Сананың қалыптасуының алғы шарттары. Әдістемелік нұсқау: Сананың фило-онтогенетикалық даму бағыттарына талдау жасай отырып, адам санасының мүмкіндіктеріне мысалдар келтіріңіз. Оларға психологиялық талдау жасаңыз. Адам әркет-қылығындағы, психикалық процестер кейіп және қасиеттеріндегі бейсаналылықтық көрінуін түсіндіруге байланысты қалыптасқан психологиялық ағымдардың тұжырымдамаларына көңіл аударыңыз. Әдебиеттер: 1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988 2. Гримак Л.П.Резервы человеческғой психики. Введение в психологию активности. – М., 1989 3. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003 4. Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: В2т. Т.1. – М., 1983 5. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб., 2004 6. Столяренко Л.Д. Основы психолоии. – Ростов-на Дону, 1996 №12 семинар сабағы. Психология және адам туралы ғылымдар Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Психология ғылымының тарих, философия арасындағы қалыптасқан байланыстар. 2. Әлеуметтану ғылым салаларымен байланысы,олардың өзара толықтырулары. 3. Психология және педагогика одағының дәстүрлілігі. Әдістемелік нұсқау: Психология ғылымының тарих, философия және педагогика ғылымдарымен өзара байланысын тарихи және қазіргі заман тұрғысынан түсіндіріңіз. Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесін шешудегі педагогика мен психологияның бірігуінің объективті және субъективті мәселелерін қарастырыңыз. Әдебиеттер: 1. Андреева Г.М. Социальная психология. – М., 1988 2. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988 3. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003 4. Крысько В.Г. Психология и педагогика в схемах и таблицах (Учебно- методическое пособие). – М., 2000 №13-14 семинар сабағы. Психологияның дамуының тарихи кезеңдері Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Психологиялық білімдердің пайда болуы,оған деген қызығушылықтың ежелгілігі. 2. Қайта өрлеу дәуірінен 19-ғасырдың ортасына дейінгі психологияның дамуы. 3. 19-ғасырдың ортасынан 20-ғасырдың екінші жартысына дейінгі психологиялық білімдердің дамуы. Әдістемелік нұсқау: Психологияның дамуының тарихи кезеңдеріне хронологиялық сараптама жасаңыз. Психологияның дамуына өз үлестерін қосқан негізгі ғылыми жаңалықтарға (Р.Декарттың рефлекс туралы ілімі; Эмпиризм және сенсуализм; Интроспекция әдісінің пайда болуы; Психофизиологияның, эксперименталды психологияның қалыптасуы; Психологияның жеке ғылым саласына айналуы; Осы кезеңдегі психологиядағы дағдарыстың себептері;Бихевиоризм, гештальтпсихология, фрейдизм бағыттарының қалыптасуы) тезаирус жасаңыз. Әдебиеттер: 1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988 2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003 3. Ждан А.Н. История психологии: От античности до наших дней. – М., 1990 4. Ярошевский М.Г. История психологии. – М., 1985 №15 семинар сабағы. Кеңестік психологияның қалыптасуы және қазіргі психологияның жағдайы Талқылауға арналған сұрақтар: 1. 20-жылдардағы кеңес психологтарының ғылыми-зерттеудің негізгі бағыттары. 2. С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, Д.Н.Узназденің жаңа ғылым мектептерінің ашылуы. 3. Қалыптасқан негізгі бағыттардың қарастыратын мәселелері. Әдістемелік нұсқау: Қазіргі заманғы психологиялық ғылымдардың дамуының негізгі тенденцияларына талдау жасаңыз. Қазақстанда психология ғылымының дамуына байланысты мәліметтер жинақтаңыз. Әдебиеттер: 1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию, курс лекции. –М., 1988 2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003 3. Ярошевский М.Г.Анциферова Л.И. Развитие и современное состояние зарубежной психологии. – М., 1974 4. Жарыкбаев К. Психологическя наука в Казахстане. - А., 2002 4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса). Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс- әрекетте қолданылуынан тұрады. СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді. І. Берілген тақырыпты конспектілеу. Негізгі талаптар: 1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. 2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. 3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет- ретімен жүйелі баяндауы қажет. 4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс. 5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау. Реферат жазуда не ескеріледі? 1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды. 2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал. 3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады. 4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады. 5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет. 6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді. Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады. Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар) 1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. 2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. 3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл- кеңес алудың пайдасы зор. 5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару; • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу; • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу; • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету; • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру. 4.2.1 СӨЖ тақырыптарының тізімі Кесте 3 |СӨЖО |СӨЖ | |Аудиториялық |Аудиториядан тыс | | |2 |3 |4 | |Қазіргі заман |Келесі ұғымдарды |С.Л. Рубинштейн б-ша | |психологиясында зерттелуші |салыстыру: индивид, |жеке тұлға құрылымы. | |құбылыстар жүйесі. |жеке тұлға, даралық. |(конспект) | | |(Терминологиялық | | | |сөздікпен жұмыс) | | |Психологиялық білімдердің |(Терминологиялық |Жеке тұлғаны | |педагогикалық теория мен |сөздікпен жұмыс) |зерттеудегі негізгі үш | |практика үшін | |кезеңге салыстырмалы | |маңызы. | |сараптама жасау. | |Психологиялық зерттеу |Монографиямен жұмыс: |Р.С.Немов б-ша жеке | |әдістері |Леонтьв А.Н. |тұлғаның қазіргі | |және онтогенездік дамуы. |Деятельность. Сознание.|теорияларын | | |Личность. – М., 1982 |классификациялау | | | |схемасын сызу. | |Адамның психологиялық қалпы|Монаграфиямен жұмыс: |Р.С.Немов бойынша жеке | |мен қасиеттері және |Братусь Б.С. Аномалии |тұлғаның қазіргі | |физиологиялық факторлар . |личности. – М., 1998 |теорияларын | | | |классификациялау | | | |кестесін сызу. | |Ми және психика. |Рубинштейн С.Л. Основы |(Терминологиялық | | |общей психологий. – |сөздікпен жұмыс) | | |СПБ., 1999 551-583 | | | |беттерді конспектілеу. | | |Адам психикасы мен |Адам психикасы мен |(Терминологиялық | |әрекет-қылығы |әрекет-қылығының |сөздікпен жұмыс) | |ның дамуында биологиялық |физиологиялық | | |және әлеуметтік |негіздерін | | |факторлардың ролі. |түсіндірудегі түрлі | | | |концепцияларды | | | |салыстыру. | | |Мидың құрылым бірліктері |Психология. Словарь |Мидың құрылым | |қызметінің адамның |/Под общ ред. |бірліктері қызметі | |психикалық процестері мен |А.В.Петровского, М.Г. |туралы. (еркін шығарма)| |қалыбына байланыстылығы. |Ярошевского | | |Адам санасының қызметіндегі|Рубинштейн С.Л. Основы |Адамда сөйлеудің | |сөйлеудің ролі. |общей психологий. – |көрінуі мен белгілеріне| | |СПБ., 1999 587-606 |мысалдар келтіру. | | |беттерді конспектілеу. | | |Психология және әлеуметтану|Психология. Словарь |Психология және | |салаларының түйісуінде |/Под общ ред. |әлеуметтанудың көрінуі | |пайда болатын адам |А.В.Петровского, М.Г. |мен белгілеріне | |психологиясындағы негізгі |Ярошевского |мысалдар келтіру. | |проблемалар. | | | |Мекендік теориясының ғылыми|Мекендік теориясының |Мекендік теориясының | |негізі және оған қарсы |ғылыми негізі, |ғылыми негізінің | |көзқарастар. |қажеттігі және |көрінуі мен белгілеріне| | |мотивациясымен |мысалдар келтіру. | | |байланысын теориялық | | | |тұрғыда дәлелдеу. | | | 19-ғасырдың ортасына |19-ғасырдың ортасына |(Терминологиялық | |дейінгі психология дамуының|дейінгі әрекетке |сөздікпен жұмыс) | |негізгі кезеңдері. |теориялық талдау жасау.| | |Психологияның дербес |Психологияның дербес |Адамның психология | |ғылымға айналу тарихы. |ғылымға айналу тарихы |ның дербес ғылымға | | |ұғымдарына анықтама |айналу тарихы | | |беру. (Терминологиялық |сферасының құрылысымен | | |сөздікпен жұмыс) |танысу. | |Психологиялық зерттеудің |Психологиялық |Психологиялық | |қазіргі кезең бағыттары. |зерттеудің қазіргі |зерттеудің қазіргі | | |кезең бағыттары |кезең бағыттары | | | |зерттеудің қысқаша | | | |тарихи талдауын жасау. |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz