Файл қосу
Әлеуметтік - экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің рөлі мен салатын орны
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМК құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-18-34.1.64 | | | |/02-2013 | |ПОӘК | | | |« Қазақстанның экономикалық |№ 1 басылым | | |және әлеуметтік географиясы » |18.09.2013 ж. | | |пәнінің оқу-әдістемелік | | | |материалдары | | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» 5В011600 – «География»мамандығы үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ Семей 2013 Мазмұны |1 |Глоссарий |3 | |2 |Дәрістер |9 | |3 |Практикалық сабақтар |52 | |4 |Студенттердің өздік жұмыстары |53 | Глоссарий Аймақ (лат. Regio - облыс) – бұл термин «аудан» түсінігіне синоним ретінде және нақты шекарасы көрсетілмеген аймақты сипаттау үшін пайдаланылады. Анклав- (француз.enclave) – жан-жағынан басқа мемлекеттің аумағымен қоршалған бір мемлекет аумағының бөлігі. Ассимилияция – (лат. Assimilatio-бірігу, ұқсастыру)- бір халықтың басқа халықтың тілін, мәдениетін үйреніп, бірлесуі; өзінің тілін, мәдениетін және ұлттық сана- сезімін жоғалтуы. Табиғи ассимилация халықтардың этникалық топтарының аралас үйленуі барысында жүзеге асады; күштеу арқылы жүретін ассимилация-қысым көрсетудің нәтижесінде жүзеге асады. (мысалы, туған тілінде кітап басып шығаруға және білім алуға тыйым салу, т.б) Аудан (rayon – тікелей аудармасы шырақ, радиус) – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық әкімшілік белгілі көрсеткіштері негізінде бөлінетін аумақ. Әкімшілік – аумақтық бөлінуі (лат.adminstratio – басқару, басқарма) – мемлекеттің аумақтық жүйесінің ұйымдастырылуы, соның негізінде мемлекеттік басшылық пен билік жүйесінің жұмыс атқаруы. Геосаясат – елдің географиялық жағдайы және басқа физикалық, экономикалық, географиялық факторлармен шартталатын мемлекеттің сыртқы саясаты мен халықаралық қатынасты саяси, әскери-стратегиялық, экологиялық, халықаралық байланыстарға тәуелділігін зерттейтін ғылыми бағыт. Дезурбанизация – урбандалу процесіне белгілі бір қарама- қарсы жағдай, халықтың қаладан тыс жерге шоғырланбауы және қоныстану процесі. Демография – (грекше demos-халық және grafo - жазу) – халық санының өсуі және халықтың ұдайы өсуі. Демографиялық жарылыс – туудың жоғары қарқынын сақтау арқылы өлімнің шұғыл төмендеуі нәтижесінде, халық саны өсімінің күрт артуы. Депопуляция – (depopulation- халықтың азаюы) - халық санының төмендеуі, азаюы. Еңбек өнімділігі - адамның еңбек әрекетінің жемісі, өнімділігі. Бір жұмысшының белгілі уақытта жасап шығарған өнім мөлшері немесе белгілі өнімді жасауға кеткен уақыт бірлігімен есептеледі. Еңбек ресурстары- еңбек ету үшін білім, ойлау қабілеті, қажетті физикалық дамуы бар ел халқының бір бөлігі. Иерархия – (грекше – hierarchia-әулие, arche- билік) – тұтастық элементтері және бөліктерінің жоғарыдан төменге қарай орналасу реті. Импорт (ағыл. Import - әкелу) - басқа мемлекеттерден елге тауар әкелу, тасу. Индустриалиизация (лат. Industria – ынта, жігер) – шаруашылықтың барлық салаларында, өнеркәсіпте, әсіресе ірі машиналық өндірісті жасау нәтижесінде елдің аграрлықтан индустриялдық құрылымға өтуі. Инфрақұрылым (лат.infra – төмен және structura - орналасу)- халықтың күнделікті сұранысын қамтамасыз ету үшін қажетті жүйелер мен қызметтер, құрылыстар, ғимараттар, т.б жиынтығы. Өндірістік инфрақұрылымға: көлік, байланыс, энергетика, сумен қамтамасыз ету; әлеуметтік инфрақұрылымға (қызмет көрсету сферасы)- білім беру, денсаулық сақтау, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, т.б жатқызылады. Кооперациялау- белгілі бір өнімді дайындауды бірлесіп атқаратын дербес кәсіпорындар мен жекелеген шаруашылық салалары арасындағы тығыз өндірістік байланыс. Ол өндірісті мамандандырудың күшеюі және қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы нәтижесінде өрістеуде. Ол даяр бұйым шығаратын жетекші кәсіпорын тапсырмасымен бірнеше өндіріс орындары бірігіп, оларды түйіндермен тетіктермен, дайындамалармен, сондай-ақ агрегаттармен, шала фабрикаттармен қамтамасыз ету ісін қамтиды. Аумақтық жағынан жақын жатқан кәсіпорындардың өзара байланыс тиімділігінің жетілдіруді ұйымдастыру тұрғысындағы іс- шара. Мұның да мамандандыру түрлеріне сәйкес 3 түрі бар. Ол аумақтық (аудан іші немесе ауданаралық) немесе салалық (сала ішіндегі немесе салааралық) принцптер бойынша ұйымдастырылады, өнеркәсіптің экономикалық ұтымдылығын арттыруға бағытталған өндірісті ұйымдастырудың аса маңызды формаларының бірі. Құрамдастыру – бір кәсіпорын аясында әр түрлі өнімдер шығаратын бірнеше өндірісті технологиялық жағынан аумақтық және ұйымдық тұрғыда біріктіретін өндірісті ұйымдастырудың прогресшіл түрі. Ол келесі үш түрде: шикізат өнімдерінсатылап өңдеу; шикізат пен отынды кешенді пайдалану; қалдықтарды қолдану бағытында жүзеге асырылады. Бұл форма-металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп тамақ, ағаш, мұнай өңдеу, т.б. салаларда кеңінен қолданылады. Мысалы: толық циклді металлургия камбинатында бірнеше (шойын, болат, прокат, кокс, химиялық өнім, цемент, т.б.құрылыс материалдарын өндіру)өндіріс түрлері біріктірілген. Қызметкерлердің тапшылығы (лат. defecit - жетіспеу)-қызметкерлердің жетіспеуі, жұмыс орынының жұмыс істеуге ынталылардан көп болуы. Мамандану (лат.specialis дара, ерекше)- Ауданның мамандануы-ауданда белгілі өнім өндірісі немесе белгілі қызмет көрсету түрінің шоғырлануы. Мамандандыру- белгілі бір дайын өнімді, оның жеке бөліктерін даярлау немесе дербес технологиялық операцияларды орындау ісі арнайы бір салаға, оқшауланған кәсіпорныға оның ішіндегі құрылымдарға жүктелуі. Осы тұрғыдағы оның 3 түрі ажыратылады: заттық немесе нақтылы бір дайын өнім шығаруға мамандандыру (станок, автомабиль жасау, аяқкиім, т.б.); тетіктік немесе өнімнің жеке бір тетігін жасауға мамандандыру (поршень, шарик- подшипниктер, реле, т.б.); технологиялық кезеңдерге немесе стадиялық мамандандыру (құрастыру) цех, иіру фабрикасы, құю зауыты, т.б. Мегалополис (грекше megas-үлкен және polis – қала; бұл атау 35 мекеннің қосылуынан пайда болған ертедегі грек қаласы Мегалоаполь атымен аталған) – бірнеше қала агломерациясының бірігуінің нәтижесінде пайда болған ең ірі қоныстану формасы. Мигарция (лат. migratio – көшіп - қону)- халықтың аумақтар бойынша көші- қоны (қоныс аудару, мезгілді және тербелмелі көші-қоны). Миграция сальдосы (итал. saldo өтемақы, есеп, қалдық) – халықтың механикалық өсімі тәріздес белгілі аумаққа қоныс аударып келушілер мен белгілі уақыт аралығында қоныс аударып кетушілер саны (бір жыл ішінде) айырмашылығы. Нәрестелер өлімі – туған мың нәрестеге шаққандағы бір жасқа дейінгі өлгендердің саны. Негізгі өндірістік қорлар-материалдық өндірістің машина жасау, құрал- жабдықтар, өндірістік ғимарат, құрылыстар салуда пайдаланылды. Өнеркәсіп – адамзат қоғамының өндіргіш күштерінің даму денгейіне ықпал етуші шаруашылықтың жетекші саласы. Ол өзі үшін де, шаруашылықтыңбасқа да салалары үшін де әрі адам игілігіне қажетті өзге де материалдық құндылықтарды өндіретін бірегей кешен. Ол шикізат пен материал, отын мен энергия өндірумен бірге өзінің құрамындағы түрлі салалардан алынған немесе ауыл шаруышылығында өндірілген өнімді ары қарай өңдеумен де айналысатын сан мыңдаған арнаулы кәсіпорныдардың жиынтығы. Құрылымы өте күрделі осы кешеннің салаларын атқаратын міндеті мен технологиялық ерекшеліктеріне қарай өндіруші және өнеркәсіп түрлеріне топтастырамыз. Өз кезегінде өндіруші өнеркәсіп өзінің еңбек затын табиғаттан алса, өндіруші өнеркәсіп еңбек өніміне айналған заттарды ғана өңдейді. Өнеркәсіп орталықтары - өнеркәсіп салаларының шоғырланып орналасуымен ерекшеленетін қала немесе кент аумағы. Өнеркәсіп орталықтары, негізінен, өндірістің ауқымдылығымен және құрамының күрделілігімен ерекшеленеді. Ол индустриялдық мазмұндағы қызметімен қоса әрі көлік қатынасында маңызды рөл атқарады. Әдетте, өндіруші өнеркәсіп орталықтары (шахталар, кеніштер, т.б.) өңдеуші өнеркәсіп орталықтарымен (машина жасау, химия, т.б.) салыстырғанда тар профильді болып келеді. Өйткені өндіруші өнеркәсіп орталықтары белгілі бір шикізат түрін немесе табиғат қорын пайдаға жарату мен ғана шектеледі, ал өндәруші өнеркәсіп орталықтарының өндірістік профилі өзінің жан – жақтылығымен сипатталынады. Өнеркәсіп орталықтары өзі орналасқан аумаққа қатысты үйлесімді ұйымдастырушылық рөл атқара отырып, сол жердегі өндіргіш күштердің қарқынды дамуына да зор ықпал жасайды. Өнекәсіп торабы – ортақ мүдделі жағдайда бірыңғайлы көліктік географиялық орнымен, өзара өндірістік – технологиялық байланыстармен бірлестірілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың серіктесіп орналасқан аумағы. Өнеркәсіп торабы бірнеше қаалар мен олардың маңында орналасқан кенттерді қамтиды, өте сирек жағдайда бір қаланың аумағымен де шектелуі мүмкін. Атқаратын қызметіне қарай өндіруші өнекәсіп торабы және өңдеуші өнеркәсіп торабы болып бөлінеді. Өндіруші өнеркәсіп торабы: көмір, мұнай, қара металлургия, т.б салаларға, ал өңдеуші өнеркәсіп торабы: машина жасау, химия, тоқыма және басқа да тармақтарға бөлінеді. Өнеркәсіптің кооперациялануы (лат. cooperatio – ынтымақтастық, әріптестік)- белгілі бір өнімді бірлесіп шығаратын маманданған кәсіпорындардың арасындағы өндірістік байланыс. Өндіруші өнеркәсіп - минералдық ресурстар, кен байыту, құрылыс материалдарын, басқадай шикізат түрлерін өндіру, балық аулау, ағаш дайындау, т.б. салалары жатады. Өндірістік ұйымдастыру - сапалы өнім шығару, оның түрлерін көбейту, еңбек өнімділігін арттыру, өндірістік шығындарды азайту, еңбек жағдайын жақсарту және мамандардың біліктілігін көтеру негізінде өндіріс орынының тиімділігін көтеру мақсатындағы еңбек процесі мен өндіріс заттарын уақыт пен кеңістікте ұтымды ұштастыруға бағытталған іс- шаралар жиынтығы. Ол негізгі, көмекші, қызмет көрсетуші өндірістер мен басқару процестерін қамтиды. Өндірісті ұйымдастыруда түйдекті, дара және партиялық әдістер қолданылады, соңғысында алғашқы екі әдіс ұштастырылады. Өндірісті ұйымдастырудың маңызды формаларына: құрамдастыру, шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау жатады. Өңдеуші өнеркәсіп – аралық өнімдер мен даяр бұйымдар алумен шұғылданатын: металлургия, химия, машина және құрал-жабдықтар жасау, металл және ағаш өндеу, тоқыма тамақ т.б. өнеркәсіп салаларынан тұрады. Өнеркәсіп өзі шығаратын өнім түрлеріне қарай екі үлкен топқа бөлінеді: 1) «А»тобына немесе ауыр өнеркәсіп бөлігіне өндіріс құрал- жабдықтарын (станок,прокат, минералдық тыңвйтқыш, целлюлоза т.б.) жасап шығаруға; 2) «Б» тобына немесе жеңіл өнеркәсіпке күнделікті тұтыну заттарын (тігін, балық, астық өнімі, тағамдар, үй мүліктері, дәрі-дәрмек, т.б.) жасайтын салалар кіреді. Аталмыш қос салалық топ бірнеше кешенді салаларға бөлінеді, ал олар өз кезегінде тармақталып жекеленген өндіріс түрлеріне жіктеледі. Мысалы, машина жасау өнеркәсіп кешені – ауылшаруашылық, энергетикалық, көліктік машиналар, станок, аспаптар жасау, т.б. салаларға бөлінеді, олардың өзі ары қарай жеке өндіріс түрлеріне (көліктік машина жасау-автомабиль, авиация кеме жасау,т.б.), олар өз кезегінде жеке (автомабиль жасау – автобус, жүк, жеңіл, спорттық,т.б) арнайы бағыттарға тармақталады. Приватизация (лат. privatus - жеке)- мемлекеттің меншігіне жеке қожайындарға беру, жекешелендіру. Рекрация (recreatio – қалпына келтіру). Рекрациялық ресурстар – адам денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін, жақсы демалыс үшін жасайтын ресурстар. Субсидия (лат. subsidium –көмек, қолдау)- мемлекеттен әлдебір аймаққа, әлеуметтік топтарға, салаларға бөлінетін ақша қоры. Терминал (лат. terminus – шектен шығу, соңы) – көлік торабының жекешеленген, маманданған бөлігі (мысалы, теңіз портындағы мұнай айлағы, т.б.). Урбанизация (лат. urbanus - қалалық)- қала халқының үлес салмағының өсуі, қалалар рөлінің артуы және қалалық өмір салтының таралуы процесі. Халықтың аймақтарға шоғырлануы (лат. concentratio – жинақталу, үйірілу)- халықтың жеке, орталық, зона, аудандарға шоғырлануы. Шоғырлану процесі халықтың әркелкі орналасуын күшейтеді. Халықтың табиғи өсімі – туу мен өлім саны аралығындағы айырмашылық. Шаруашылықтың салалық құрылымы - өнімнің бағасы, негізгі өндірістік қордың бағасы және жұмыс істейтіндердің саны бойынша әр түрлі өнеркәсіп салаларының арасындағы өзара арақатынасы. Шоғырландыру - өндірісті ірілендіру мақсатында өндіріс құрал-жабдығының, еңбек қорларының және өндірілетін өнімінің барынша іргелі кәсіпорындарға тоғыстырылып жинақталуы. Осындай кәсіпорын аясында – еңбек құралдарын, т.б. жарақатарды жетілдіріп жаңғыртып отыру еңбек және шикізат ресурстарын үнемдеу, еңбек өнімділігін арттыру, тиімді. Олардың ұсақ немесе орта кәсіпорындарға қарағанда техникалық- экономикалық, т.б. артықшылықтарымен қатар пайдасы да мол, бәсекеге қабілеті де зор. Экономикалық аудан- экономикалық – географиялық жағдайы, табиғи, еңбек ресурстары мамандануы. Өндірістің өзара байланыстылығы бойынша айырмашылығы бар аумақ. Экологиялық жағдай – белгілі аумақтағы қоршаған ортаның табиғи жағдайы. Адамның тіршілік әрекеті жағдайларымен бағаланады. Экологиялық жағдайдың нашарлауына қарай қанағаттанарлық, дағдарысты, ауыр, апатты және шиеленіскен экологиялық жағдайлар деп бөлінеді. Экологиялық белсенді халық – жұмыспен қамтылған халық (жұмыс істейтіндер) пен жұмыссыздарды біріктіреді (белсенді түрде жұмыс іздеушілер және еңбекке даярлау). Экспорт (ағыл. Export – сыртқа шығару)- басқа елдерге тауар шығару. Этнос (ағыл.ethnos - халық) – адамдардың – тайпа, халық, ұлыс тарихи қалыптасқан тұрақты топтары. Лекция 1 Тақырыбы: ХХІ ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық саясаты Осы заманғы Қазақстан Евразияның төріне орналасқан бірегей мемлекет. Оның елбасы және орындаушы өкімет билtушісі Президент болып табылады. Республиканың заң шығаратын жоғарғы органы - қос палаталы (сенат және мәжіліс) Парламент, әкімшілік басқаруды Министрлер Кабинеті жүзеге асырады, ол министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің жұмысына басшылық етеді. Қазақстанның жер аумағы 2,7 млн. шаршы шақырымнан асады, мұның өзі жер бетінің 2%, Азия аумағының 6,1%, бұрынғы КСРО иемденген жердің 12,1%, батыстан шығысқа дейін 3000 шақырымнан, солтүстіктен оңтүстікке дейін 1700 шақырымнан астам жерді алып жатыр. Республикамыз солтүстік-батыста Еділ, Орал және Батыс Сібірмен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан жене Түркмениямен,' оңтүстік-шығыста Қытаймен шектеседі. Республика шекарасының жалпы ұзыңдығы 15мың шақырымнан астам, оның 12 мыңы - құрғақ, 3 мыңнан астамы Каспий және Арал теңіздері бойынша су жолдары. Республиканың аймақтары әкімшілік жағынан 14 облысқа, 162 селолық жәпе 30 қалалық аудандарға бөлінеді, мұнда 83 қалада 16,5 млн. адам тұрады, оның 7,8 миллионы қазақтар. 1991 жылы тәуелсіздік алған кезінде Республиканың экономикалық тұжырымдамасы болған жоқ, оның экономикасы әр қилы дамыды. Соның салдарынан Қазақстан терең дағдарыстарды бастан өткерді. Ең алдымен нарықтық экономикаға өту - ұзақ, күрделі және қарама –қайшы үдеріс екенін ескеру керек. Дүниежүзілік тәжірибе бүкіл шаруашылық жүйесін түбегейлі қайта құруға байланысты әлеуметтік – экономикалық реформалар өндіріс деңгейінің, халықтың тұрмыс деңгейінің елеулі төмендеуіне әкеліп соғатынын дәлелдейді. Егемендікке қол жеткеннен кейін Қазақстан алдына республика ерекшелігін және дүниежүзілік тәжірибені ескере экономикалық дамудың дербес жолдын белгілеудің күрделі міндеті қойылды. Сонымен Қазақстанның экономикасының қазіргі жағдайы ең бастысы әлі алда екенін және алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстанда ықтимал мүмкіндіктердің бәрі бар екенін көрсетеді. Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалық мақсаттары мына бағдарлама құжатында анықталады: «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» бағдарламасында (1992 жыл) Назарбаев Н.Ә. экономика саласындағы, яғни қоғамдық өмірдің шешуші саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге өтулі жалғастыру болатынын атап көрсетті: - I кезең 1992-1995 жылдарды макроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процестерін қамтиды: меншіктің едәуір бөлігін жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру; - II кезең (1996-2005 жылдар) экономиканын шикізат базасын өзгертуге қадам басу үшін телекоммуникация мен транспорт жүйелерін жеделдете дамыту, сонымен бірге дамыған тауар және валюта нарықтары капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар мен интеллектуальды меншік нарықтарын қалыптастыру үшін қажет; - III кезең (2006-2012 жылдар) экономиканың ашық түрін жедел қарқынмен дамыту, осының негізінде өтпелі кезеңде стратегиялық мақсаттарға жету және Қазақстанның әлемдік индустриальды елдер катарына кіруі мен әлемлік саудада позициясынын нығайуымен сипатталады. 1997 жылдын қараша айындағы Елбасының Қазақстан халқына жолдауында өтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қортындысы шығарылды, тежеуші факторлары айкындалды. 2030 жылға дейін жүзеге асырауға көзделген жеті ұзақ мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді[ 7]. Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру мына үш кезенде болуы қажет: - 1998-2000 жылдар; 2001-2010 жылдар; 2011-2030 жылдар. Ұзақ мерзімді басылымдықта Қазақстан Республикасы Президенті “ Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуметтік – нарықтық экономика құрудамыз” деп тағы да атап көрсетті. Қабылданатын заңдар мен шешімдер біздің стратегиямыздың жүйесінде болуы керек. “ Қазақстан – 2030” бағдарламасының біріші кезеңінде 1998-2000 жылдар көздеген мақсаттардың жүзеге асуын қорытындылағанда Қазақстан Республикасы Президенті 2000 жылдың 21 ақпанында Республика Үкіметімен кездескенде осы бағдарлама әрбір басшының столындағы кітап болуы тиіс деді[ 15]. XXI ғасырдың қарсанындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық саясатының бес басты бағыттарын айтты: - әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамыту; - басқарудың тиімділігін арттыру; - өндіріс секторына несие беру; - экономикалык шикізат бағдарын өзгерту; - аймақтық диспропорцияларды жою. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының осы бағыттарына кеңінен тоқталайық. Президент әлеуметтік ахуалды жақсарту деп - ең маңызды мәселе халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Үкімет қазіргі кезде жұмыссыздықпен және кедейлікпен күрес туралы бағдарламаны дайындауда Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағын кәсіпкерлікке маңызды рол берілді. Аталған бағдарламада шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, олардың өкілдері Қазақстан шикізатын өңдеуді кеңейтуге, негізделген өндірістерді құруға және дамытуға ат салысуы қажеттігі көздеді. Ел Президенті: «Балтық елдерінде шағын және орта бизнестен әжептәуір дамуында үлкен тәжірибе жинақталғанын көрсетеді. Осы елдерде бюджет кірістерінің жартысынан көбі шағын және орта бизнес арқасында түседі және де әлемлік нарықта ауытқуларға төменгі деңгейіне тәуелді болуы[ 3]. Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының негізгі басымдығы біздің экономикомыздың шикізаттық бағдарын өзгерту болып табылады. Әзірге осы мәселені шешуге байланысты кешенді құрылымдық саясат жоқ. Отандық шикізаттың жаңа, бірінші, екінші, үшінші және төртінші сатыларын құруда ауыл шаруашылығын оңдеу өнеркәсібін құру мен дамытуда айқын белгіленген стратегиясы, импортты алмастыру бағдарламасы жоқ. Мұнай өңдеуді ұйымдастыру, мұнай химиясының басқа да өнімдерінің өндірістерін ұйымдастыру, мұнай өңдеу және мұнай өңдіру үшін машина жасау өнеркәсібін дамыту міндеттері қойылды Бұл тек өнеркәсіптің шикізат бағдарын жоюдың бірқатар жолдары. Осы жұмыстың негізгісі - бәсекеге қабілетті баға мен технологиялық сапаны қамтамасыз ету. Сонымен қатар мынадай міндет қойылды. Бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсібін құру[ 5]. Экономикалық саясаттың тағы бір бағыты аймақтардың дамуындағы диспропорциялар, әсіресе оңтүстік пен солтүстік аудандардағы диспропорциялар оңтүстік аудандарда солтүстік аудандармен салыстырғанда жұмыссыздықтың басымдылығынан болатын табыстар мен кедейлік деңгейі бойынша, халықтың жіктелуінен көрініс табады. Осындай диспропорциялардың салдары халықтың елдің ең қолайлы аудандарына қоныс аударуынан көрінеді. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің әлі іске жаратылмаған әлеуетінде жаңа жұмыс орындарын құруды, шағын және орта бизнесті дамытуда қарастыратын көшіп-қону саясатын жасау міндеті қойылды Осыған байланысты кәсіпкерліктің өмір сүру мен одан әрі даму мәселесі қойылды. Осы жерде халықты жұмыспен қамту, азаматтық құқ, халықтың табыстары, нарықтың коньюнктурасын жақсарту, нарықтық бәсекені қажетті деңгейде ұстау және дамыту сияқты үлкен мәселелердің бастаулары қиылысады[ 11]. XXI ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық саясатының ең негізгі міндеттері: әлеуметтік ахуалды және кәсіпкерлік қызметтің одан әрі қалыптасуын жақсарту. 1.2. Экономикалық даму мен әлеуметтік ахуалды жақсарту жолдары Монополия мемлекеттік экономика жагдайында кәсіпкерлік қызметке жүк тек қана мемлекетте болады.Нарықтық экономика кәсіпксрлік қызмет үшін тек қана мемлекетке ғана емес, сонымен бірге әрбір кәсіпорынға, әрбір жеке адамға мүмкіндік ашты, бұл жағдай нарық экономикасының тұтынушылар қажетгіліктері мен ҒТП-ке жедел түрде қарауын қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлік қызметті құру өтпелі кезеңде мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Барлык деңгейдегі кәсіпкерлік құрылым. халықты барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге халықтың өмір деңгейін көтеруге Қазақстан Республикасының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін кажетті. Әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті[14]. Нарық жағданында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мына түрде бөлуге болады: - масштабы бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік; - кәсіпкерліктің субъектілері бойынша. Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары - жеке тұлғалар келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ зкономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы яғни, ұжымдық кәсіпкерлік. серіктестік. кооперативтер, акционерлік қоғамдар. холдингтер мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады. Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің дамуы кешенді және көп деңгейлі сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады[ 6]. Атақты неміс ғалымы. Экономист Йозефа Аиза Шумппетердің (1883-1950 жылдар) пікірі бойынша. кәсіпкерлік жаңа игілікті жасауға немесе осы немесе басқа игіліктің жаңа сапасын жасауға өндірістің жаңа әдісін ендіруге. жаңа өткізу нарығын игеруге, шикізат немесе жартылай фабрикаттардың жаңа көздерін табуға сәйкес келетін қайта құруды жүргізуге бағытталған.1 Кәсіпкерлік бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және тәуелсіздікке өз бетінше жұмыс істеуге негізделген экономикалыкқ ойлаудынң ерекше типі. Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын — жаңа индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады [ 18]. Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экомомикасында бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады. Атақты ағылшын ғалымы, экономисі Альфред Маршалл атап көрсеткендей, нарық экономикасының негізгі қасиеті -«кәсіпкерлік пен өндірістің еркіндігі». А. Маршаллдың бойынша - кәсіпкер - экономикалық процесстерді жеделдетуші. Нарық экономикасына өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ барлық мәселелерді шешкен жоқ. Оларды шешу үшін мемлекеттің үйлестіру рөлі қажет[ 4]. 1.3.Әлеуметтік – экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің рөлі мен салатын орны Атап көрсеткендей, XXI ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалык саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылады. Оның рөлі әлеуметгік ахуалды жаксартуда жетекші орын алады. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан аталған мәселеге толық талдау керек. Батыс елдерінің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті «өсу үстіндегі бала» деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, «шағын бизнес-бұл өсу үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала алмайды. Ол үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп айналысуы қажет». Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен капитал тезірек айналатын салаларда, атап айтқаңда саудада, қоғамдық тамақтаңдыру және қызметтер салаларында туады. Бірақ, нарықтық экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең инфляциямен басталды, бұл пайыз өсімінің күрт өсуінен және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын бизнестің қаржы базасының жоюына әкелді, бұл өз кезегінде шағын бизнестің қалыптасуының және оның инвестициялық қызметінің заңсыз қалуына соқтырды. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жииаулар мен үлкен салықтардың астында қалды[ 11]. Осы уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда кәсіпкерлік кызметке ынта үзілді, онсыз нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес. Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында, ірі компаниялардын айбынынын артуы ғылыми-техникалық революциянын болуымен шағын және орта фирмалардың сақтатуымен және дамуымен қоса жүрді. Жаңа өнімдердің коптеген түрлерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар «күн» астындағы орын үшін. тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі канағаттандырылмаған жаңа кажеттіліктерді іздеуге можбүр. Сондыктан шағын фирмалардын бір жүмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми-зерттеу мен конструкторлык жүмыстарға шығындары, ірі компаниялардың осындай шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес[ 8]. Қазіргі уакытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа «өнімдсрдің ортақ санында айтарлыктай мол. АҚШ-тың сатып алу федералы басқармасының акпараты бойынша, 50-інші жылдардың ортасынан 70-інші жылдардың ортасына дейін шағын фирмалар (жүмысшылар саны 1000 адамнан аз) әртүрлі жаңалык енгізулердің жартысынан көбін енгізген. Жаңалык енгізулердің төрттен бірі жүмыс істеушілер саны 100 адамдык фирмаларға келеді. Атап айтқанда, шағын компания «Аррlе» жеке компьютерлік өндірісін алғашқылар қатарында енгізді, кейін оларды негізгі өндірушілерлің біріне айналды. Шағын бизнес капиталистік елдерде халықты жұмыспен қамтуды кеңейтуде айтарлықтай рөлі бар. АҚШ-та соңғы 10 жылда жаңа жұмыс орындарының 60%-і 20 адамнан аз жұмыскерлері бар компанияларға келеді. 80-ші жылдардың басында жүмыссыздыктың зор өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер мен мемлекет қайраткерлсрі шағын бизнестен ірі компаниялардағы жұмыс орындары қысқаруының орнын толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын құрал деп санады. Сондықтан капиталистік Елдердің үкіметтері тарапынан шағын бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі [ 2]. Шағын және орта бизнестің болуы және де ірі компаниялардың (монополияның) мүдделеріне сай келсді. Қазір дайын өнімді жасау үшін мындаған әртүрлі детальдар кажет етіледі. Олардың өндірісіне концеріндер мен келісім шарт жүйелерімен байланысқан көптеген шағын және орташа фирмалар маманданады. Электротехника, автомобиль және басқа салалардың кейбір ірі монополияларында 20-30 мыңға дейін шағын компаниялар жүмыс істейді. Атап көрсету керек, шағын және орташа фирмалардың басым көпшілігі ірі компаниялармен келісім қатынастары арқасында жүмыс істейді. Францияда, мысалы, шағын және орташа кәсіпорындардың 40%-ы ірі монополиялармен байланысты. АҚШ-та осындай келісім шарттар жүйесімен 400 мың шамасында немесе 25% шағын кәсіпорындар камтылған, оларда 4,5 млн. адам жұмыспен қамтылған. Жапонияда да осындай жағдай коздеседі. Шағын бизнес кәсіпорынды ашу ісі аз мөлшерде капитал қажет етеді. Техникалық қызмет көрсету саласында кең өріс алады. Өте жиі жағдайда өз ісін өндірістен шығып қалған немесе жұмыс таба алмағандар ашады[ 10]. 80-ші жылдардың басында шағын кәсіпорындар иелерінің тек өз жанұяларындағы адамдардың еңбектерін қолдануы Жапониядағы барлық жұмыспен камтылғаңдардың 32%, Италияда - 29%, Францияда - 21% құрады. Монополистік емес фирмалар жаңа салалар қатарында, әсіресе ақпарат кешенінде өздерінің жағдайларын әжептәуір нығайтады. ҒТП негізінде іскер қызметтер (электронды есептеу машинасы базасында ақпаратты өңдеу, бағдарламаны қамтамасыз ету, инженеринг, кеңес беру бизнесі және осы тәріздес) спектрі калыптасқан. Осындай қызмст ресурстардың айтарлықтай жинақталуын кажет етпейді және де шағын компания шеңберіңде де табысты жүзеге асуы мүмкін. Жеке атағанда, Германияда бағдарламаны қамтамасыз ету саласында 3700 фирмалар жұмыс істейді, олардың көпшілігі (70% шамасында) жұмыскерлер саны 10 адамнан аз компаниялардан құралған [ 12]. Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау үшін мынадай жағдайлар қажет: — еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудын кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау; — оныц дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыпастыру жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем ақшалар); — бағдарламада ғылыми-техникалық прогрестің басымдық бағыттарында шағын кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек; — шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әртүрлі аймақтарында (область орталықтарында) шағын кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты рөлде болуы керек; — ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсіресе сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатыңда ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту[ 16]. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерліктің дамуын жандандыру мен мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар туралы» 1997 жылдың наурызындағы қаулысынын үлкен рөлі бар. Құжат өзінің мазмұны бойынша өтпелі экономика жағдайында шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлеттік бағдарламасы болып табылады. 2001 жылдың басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің 348 мың субъектілірі тіркеледі, бұл елдің жүмыспен қамтылғандардың жалпы санының төрттен бірін құрайды. Шағын кәсіпорындар санын 500 мыңға дейін, оларда жұмыс істеушілер саны халықтың жұмыспен қамтылғанының 40%-на жеткізу міндеті қойылды. Өтпелі экономикада шағын және ірі кәсіпкерліктің дамуы көп деңгейде мемлекет меншігін жекешелендірумен байланысты, себебі жоспарлы экономикада барлық орта және ірі кәсіпорындар мемлекет меншігінде болды және тек жекешелендіру оларды дербес және тәуелсіз етеді [ 7]. Өтпелі экономикада орта және ірі кәсіпкерліктің жұмыс істеуі ең қиын және ең өткір мәселе болып қалады, себебі оның өркен жаюы қоғамдық сананың стериотиптерін жоюмен тікелей байланысты. Барлық мемлекеттік кәсіпорындар 1985 жылдан, қайта құрудын басталу жылынан бастап, толық шаруашылық есепте болды, яғни өзін өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыруда, бірақ, тек жоспардың орындалуы үшін күресті, өнімді өткізу мен өзінің сатып алушысын табу мәселелері берілген кәсіпорындар қамқорлығына кірмеді. Осындай құнды бағдарлар бірнеше ұрпақтар өмірлері бойына қалыптасқан бір сағатта өзгере алған жоқ және нарықтық сипаттағы түсінік пен құндылықтар қалыптаса алған жоқ. Кәсіпкерлік психологиясы тек бір уақытта нарық қатынастарының құрылуымен қалыптасады, ТМД және шығыс Еуропаның көптеген орта және ірі кәсіпорындары үшін кәсіпкерлікке жылжу үшін үлкен кедергі тез өсудегі төлем төлеу алмаушылық пен зор ішкі қарыз болды. Жоспарлы жүйенің тездетіле алынуы мен мемлекеттік және нарықтық басқарудын жаңа құрлымдарынын пайда болуы, олардың копетенциялары, құқтары, міндеттері мен статусы қаңдай екеніне дұрыс анықтамалар енгізбеді. Пайда болған басқару дағдарысы бұрынгы мемлекеттік кәсіпорындардың өзін өзі басқаруға және өзін өзі дамытуға қабілетті және қабілетсіз деп бөлді[ 1]. 1.4. Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясының экономикалық құбылысы Еліміздің жетістігі түбінде дұрыс құрылған стратегиялық жоспардың барына жөне оның шартты түрде орындалуына байланысты. Басшылар (чиновниктер) күнделікті әрекеттерінде көптеген ұсақ және ірі, белгілі және жаңа, күрделі емес және күрделі проблемалармен шұғылдануда. Осы жағдайда олар жеңіл және дағды жолдармен проблемаларды шешуге ұмтылады. Нәтижесінде туған жағдайларды реттеу үшіп басшылар олардың тәуелді болуга мәжбүр болады, аяғында дағдарысқа ұшырайды. Халықаралық тәжрібе бойынша ұзақ мерзімді стратсегиялық жоспарлау қоғамды және мемлекетті әлеуметтік- экономикалық саяси, ғылыми-техникалық проблемаларды шешугс тұжырымдалады. Сонымен ағымды әрекеттерді ұзақ мерзімді стратегиялық жоспармен ұштастыру келесі мүмкіндіктер туғызды: - стратегиялық мақсатқа сәйкестілігін бақылау; - жағдайдың жетегімен жүрмей, оны реттеу; - күнделікті әрекеттерді маңызды мәселелерді шешуге бағыттау; Қазақстанның даму стратегиясын 2030 ж дейін анықтау келесі жағдайлармен түсіндіріледі: біріншіден, республикада бюджетке түсетін кірістің үлкен бөлшегін мұнайдан түсетін табыстар. Ал ғылыми-техникалық болжау бойынша, 2030 ж. дейін мүнай және газды жалпылай басқа энергия көздерімен ауыстыру байқалмайды және мұнайға баға тұрақты болады. Бұл экономикалық саясатқа неғүрлым дәл құруға мүмкіндік береді; екіншіден, 30 жыл бір ұрпақтың өмірінің әлеуметгік белсенді кезеңі; үшіншіден, демографиялық құбылыстар, жаңа капиталдың ұдайы дамуы, дамудың индустриалды- техникалық кезеңдері де ескерілген. Әлемдік тәжрибе бойынша елдер атап айтқанда 30 жыл арасында елеулі нәтижеге жетеді[ 15]. Қазақстанның 2030 ж. дейін даму стратегиясы келесі стартегиялық жоспарлар құру жүйесіне негізделеді: - әр 5 жылда анықталып отыратын 30 жылдық ұзақ мерзімді стартегиялық жоспар; - ұзақ мерзімді жоспарлардың алғашқы кезеңдерін айқындау мақсатпен 10 жылдық даму жоспары; - мемлекеттік органдарға деректі және міндетті сипаты бар 5 жылдың стратегиялық жоспарлар; - 1998 ж. бастап министрліктердің және мекемелердің жұмыстарының жылдық стратегиялық жоспары. Сонымен, даму стратегиясы төрт кезендер бойынша іске асырылатын - бағдарлама құжаты: I. 1998-2000 ж.ж. - Алғашқы, (нольдік) кезең. Бүл кезеңде аралық мақсаттарға жету және стратегиялық орындалуын тексеру арқылы тұрақсыздық даму сатысынан, тұрақты даму сатысына көшу жүзеге асырылады. Мысалы, жекешелендіру аяқтау 1998 ж. ортасын, қаржы секторын реформалау - 1998 ж, төлем дағдарыста жою, ауыл кәсіпорындарын реформалау - 2000ж. белгіленген. Осы кезенде экспорттық мұнай құбырлары іске қосылады. II. 2001-2010 ж.ж. бес жыл және он жылдық стратегиялық жоспарларға негізделген бірінші кезең. Бұл кезеңнің міндеттері; жедел әлеуметтік (кедейлік, жұмыссыздық) мәселелерді шешу; енбек - қаржы сыйымды өндірістерді дамыту; инфрақұрылымды дамыту жабдықтарын іске қосу т.б. Екінші және үшінші: экспорттық құбырларды іскс қосу, экономикалық өсуді жеделдету, қолайсыз демографиялық өзгерістерді жою, қоғамда орта топты қалыптастыру ұсынылады. III. 2011-2020 ж.ж. екінші кезең технологиялық өндіріске көшумен, адамдардың дамуына интенсивті инвестиция жұмсаумен, инфрақұрылымды жетілдірумен байланысты. Осы шаралардың арқасында келесі жетістіктер көзделіп отыр. - интенсивті экономикалық өсу; - қуатты жалпы ағарту потенциалды құру; - демографиялық саясатты белсендіру; - инфрақұрылымды жаңғырту; - экологиялық проблемаларға ерекше көңіл бөлу. IV. 2021-2030 ж.ж. Үшінші кезең ғылым жетістіктерін кеңінен пайдаланатын өндірістерге жалпылай көшуді және таза жан-жақты өндіріс кәсіпорындарына бет бұруды, Қазақстанның экспортқа шығаратын өнімдердің түрлерін көбейтуге көздсйді. Бұл кезеңде алдынғы қатардағы әскери күш қалыптасады[ 13]. Сондықтан, еліміздің ұзақ мерзімді даму мақсаты тәуелді өркендеген және саяси тұрақты Қазақстанды қалыптастыру. Осымен қатар ұлттық бірлестікті, әлеуметтік әділеттікті сақтай отырып, барлық халықты экономикалық әл-ауқатын көтеру. Стратегияның басты экономикалық мақсаты - еліміздің халық шаруашылық құрылымын жайсыз экологиялық жағдайда бірыңғай шикі заттар өндіруден, экологиялық таза аграрлық-индустриялық елдердің қатарына енгізу. Еліміздің 2030 ж. дейін даму стратегиясында Қазақстан Президентінің қойылған мақсаттарға жеткізетін келесі 7 (жеті) ұзақ мерзімдерді жеті басымдықты іске асыру кажеттігін атап кетті. 1. Ұлттық қауіпсіздік, яғни аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемсн мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету. 2. Ішкі саяси түрақтылық пен қоғамдық топтасуы. 3. Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. 4. Қазақстан азаматтарының рынок денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. 5. Энергетика ресурстары. 6. Инфрақүрылым, әсіресе көлік және байланыс. 7. Кәсіби мемлекет, яғни ісіне адал әрі басты мақсаттарымызга қол жеткізуде халықтық өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің және осы заманға ықпалды корпусын жасақтау[ 6]. Қазақстанның әлем шаруашылығына енуі 2.1. Қазақстанда сыртқы экономикалық байланыстың қалыптасуы мен дамуы Әрбір мемлекетте оның табиғи, тарихи және экономикалық жағдайларына сәйкес бір бірімен байланысты және бірін бірі толықтыратып халық шаруашылық салаларының кешені құралады: өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы; қазып шығаратын және өңдеу салалары; өндіріс құралдарын және халық тұтынатын заттар шығаратын т.б. Бірақта бұл жеке бір ел шеңберінде тұйықталған экономика құруға шарт емес. Қазіргі жағдайда әлем шаруашылығынан тыс өзінің әлеуметтік-экономикалық құрылысы және даму деңгейіне қарамастан, бірде бір мемлекет ойдағыдай дамый алмайды. Осыған қарағанда халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бір өрісі әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту болып саналады[ 18]. Дүние жүзілік тәжірибе бойынша бір елдің ішіңде экономикалық реформалар, халық шаруашылығының құрылымын қайта құру, оның ұлттық жағдайлары, проблемалары мен міңдеттеріне мәжбүр. Сонымен бірге халықаралық еңбек бөлісу негізінде әлемдік шаруашылық байланысқа сәтті және тиімді еңбек ішкі қайта құру процесі қалаған нәтиже бермейді. Экономикалық егемендік және нарыққа ену кезінде Қазақстанның сыртқы экономикалық әрекетінің негізгі міндеті халық шарушылығының құрылымын жетілдіру, технологиялық артта қалғанды жою, және республиканың региондардың, кәсінорындарының валюталық қорын қалыптастыру мақсатымен халықаралық еңбек бөлісуіне ынталана қатысу[ 9]. Қазақстан КСРО құрамында болған кезінде республика КСРО сыртқы экономикалық байланыс министрлігі және одақтық сыртқы экономикалық бірлестіктері делдалдығымсн тек Одақтың экспорт жәнс импорт операцияларын қатысып қана отырды. Ал осыдан түскен валюта осы мекеме елде қала берді. Бүкіл одақтық экспортта Қазақстанның үлесі хромит кені бойынша -100%, қорғасын жәнс фосфор – 90%, мырыш және феррохром - 70%, астық (қатты бидай) 60%, ет консервісі - 25-30% болды. Республика шетке негізінен шикізат тасымалдады, ал дайын өнімінің экспорттық көлемі мәз болмады. Мысалы, дайын өнімінің экспорттық мөлшері жалпы шеткс шығарылған өнімнің - 10%, ал Қазақстапның халық шаруашылығының жалпы өнімінің тек 1,5% ғана тең болды[ 4]. Баға қайшылығының нәтижесінде ақшалай есептегендс шеттен әкелінген өнімдердің қүны шетке шығарған өнімдердің құнынан көп есе асып отырды. Басқаша айтқанда республиканың сатқанынан сатып алуы көп болды. Қазақстан өнімдерін тұтынушылар бойынша экспорттық құрыдымы да тиімсіз болды. Экспорттық өнімнің 30% валюталары еркін айырбасталымды елдерге шығарылды, ал 70% бұрынғы социалистік елдерге женілдік жағдайда төмен бағамеи жіберіліп отырды. Экспорттық өнімнің айтарлықтай бөлігін шығаратын металлургия кешенінің кәсіпорындарын тек мемлекеттік тапсырманы орындаған жағдайда валюта түсімінің 30% - ақ қалдырып отырылды. Ал мұнай өндірісі бойынша республика қорына валюта жалпы бөлінбеді. Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі қағидаларын, оны мемлекеттік реттеу тәртіптерін және республиканың нарықтық қатынасқа көшу жағдайында сыртқы экономикалық әрекетте ұйымдарының уәкілдік құқығын анықтау үшін "Сыртқы экономикалық әрекетінің негізгі қағидалары туралы" ҚР заңы қабылданды[ 12]. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық әрекеті әлем елдерінің бірлестіктерімен экономикалық, сауда, валюталық, ғылыми-техникалық, мәдени жәнс басқа қатынастарды қамтиды. Меншіктің түрлеріне тәуелсіз сыртқы экономикалық әрскет субъектілері бар. ҚР тіркелуге алынған сыртқы экономикалық әрекетке қатысатын Қазақстанның занды ұйымдары және азаматтары, шетел заңды ұйымдары және азаматтары саналады. Нарықтық қатынастың қалыптасуы жағдайында сыртқы экономикалық байланыстарды, реформалау; мынадай шараларды іске асыруды көздейді: - өндірісті және сыртқы экономикалық өріс әрекетін тікелей, тұрақты және ұзақ мерзімге біріктіру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық кешенін өсінкілік, тепе-теңдес және орнықты жұмыс істейтін жүйеге өзгерту; - өндірістің әлемдік шаруашылық байланыстарға енуіне мүмкіндік туғызу үшін оны коммерцияландыру; - әлем шаруашылыгына қатысты ашық типтес эконо-мика қалыптастыру; - Қазақстанның экспорттық мүмкіншілігін өсіре беру және ортақ кәсіпкерліктің әр түрлі формаларын дамыту. Мемлекет сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту негізінде ҚР тепе- тендес әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатымен мынадай әрекеттер жасайды: сыртқы экономикалық әрекет істеушілерді тіркейді; мемлекеттік шекара арқылы өтетін товарлар және басқа мүліктер туралы мағлұмдама жасайды; экспорт және импорт реттерін белгілейді[ 2]. Сыртқы экономикалық әрекет субъектері меншік түрлеріне тәуелсіз жұмыстарының түрлерін, көлемін және бағыттарын дербес анықтайды. Олардың ҚР және шетел банкілерінде есеп шот ашуға құқылары бар. Субъектілердің өздерінің әрекеттерінен түскен пайдасы қажетігі салықтар төлегеннен кейін толық өз қарауларында қалады. Сонымен олар оөндірістік әрекеттерін, ұқсас әрекетте қолданатын халықаралық нормалары және ережелерін сақтай жұмыс істеуге міндетті. Маңызды бір жағдай, сыртқы экономикалық әрекеттер табиғат сақтандыру туралы заңарды қатаң сақтауы, жұмыс және іздеулер жүргізгенде қауіпсіздікке кепілдемелі болуы керек [ 5]. Нарыққа өтпелі кезеңде республиканың төлем қабілетсіздігін жою, халықаралық еңбек бөлісу жүйесінде Қазақстанның жағдайын жақсарту және Қазақстан товарларын сату нарықтарын кеңейту қажет. ҚР экономикалық саясатының бір бағыты - ол сыртқы экономикалық әрекеттерін жандандыра түсу. Осыған байланысты отын, металлургия және химия өнеркәсіптерінің стратегиялық өнімдерінен басқа экспорттық өнімдерге мемлекеттік монополиялық қағидадан бас тартылды. Экспорттық товарлар шетелдердегі сауда үйлері және басты әлем сауда биржасы арқылы сатылатын болады. Республиканың сыртқы экономикалық әрекетін жандандыру үшін сыртқы сауда көлеміне шек қою жойылды, мұның мәні шектелетін товарлардың санын күрт қысқарту. Шектелмеген товарлар ішкі нарықта бәсеке негізінде және аукциондарда сатылады. Сыртқа сатылатын өнімдергс рұқсат беру міндеті салааралық лицензия комитетіне берілді, ол экспорт жәнс импорт өзара шартгарга сараптау жүргізеді, ең алдымен олардың әлем бағасына сәйкестігі және ұсынылған технологиялар мен товарлардың сапасының деңгейі бойынша анықталады[ 4]. Сыртқы экономикалық байланысты дамыту және шетел инвесторлары мен несие берушілерді тарту үшін инвестициялық жобалардың тізімін жедел жасап оларды тиісті техника-экономикалық дәлелдеу қажет. Негізгі сауда серіктестері мен инвестицияны өзара қоргау үшін екі жақты келісімдерді дамыту және сонымен қатар осы салада іске асырылып жатқан халықаралық келісімдерге қосылу керек. Шетел инвесторларының іс-әрекеттері тұрақты болғаны және енгізілген өзгерістер қазіргі кездегі жұмыс істеп жатқан инвесторлардың жобалары ақталғанға шейін жағдайларын нашарлатпаған орынды. Қазақстан Республикасының нарыққа өтуі жәнс сыртқы экономикалық әрекеттерді реформалау әлем шаруашылығы бірлестігіне ену үшін қажетті жағдай жасауға шаралар жүргізуді талап етеді. Олар мынадай: - кәсіпкерлікті дамыту және инвестицияға тарту үшін жағдай жасау; - инфрақұрылымды жедел дамыту – көлік және байланыс, қаржы нарығы, банк жүйесі, қазіргі заманға сай ақпарат жүйесі; - халықаралық құқық және маркетинг, қаржы, банк салаларын кадрлар және сыртқы экономикалық әрекеттерге басқа мамандар дайындау; - сыртқы экономикалық байланыс орісінс заңдар жинағын жасап еңдіру және олардың орындалуын бақылау т.т. Сыртқы экономикалық байланыстарды реформалау кезеңдер бойынша жүргізіледі[ 12]. Бірінші кезеңде сыртқы экономикалық әрекеттерді ұштастыру және басқа елдермен экономикалық байланыстарды кеңіту негізінде сыртқы экономикалық байланыстарының нарықтық реформаның жүру және макроэкономикалық тұрақтануға ынталандыруға әсеріне ерекше көңіл бөлінеді. Екінші кезеңде Қазақстанның сыртқа шығаратын өнімдерін әлем нарығына шығаруға ерекше көңіл бөлінеді, бұл болса ұлттық экономикалық бәсекелесу қабілетін көтеруді қажет етеді. Бұл кезең еліміз макроэкономикалық және қаржы тұрақтылығына жетіп, өндіріске қарқынды инвестиция процесі басталғанда туады. Қазақстанның негізгі сауда аймақтары болған КСРО және СЭВ (экономикалық өзара көмек кеңесі) ыдырауына байланысты сыртқы сауданың құрылымы да өзгерді. Республикада маңыздары бірдей сыртқы экономикалық даму бағыттары анықталған - олар ТМД елдері, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония және басқа Оңтүстік-Шығыс Азия елдсрі кіретін "Азия-Тынықмұхит", Түркия, Шығыс Араб елдері кіретін - Азия, Германия, Швейцария, Англия және басқалар кіретін "Европа", негізінен АҚШ кіретін "Америка" региондары. Сонымен, Қазақстан экономикасын шетелдер банкілеріне кіруін жеңілдету, неғүрлым икемді валюта тәртібін ентізу, айқын ұлттық жобаларды іске асыру үшін шетел капиталын "портфель инвестиция" түрінде көбірек тарту қажет[ 7]. 2.2. Қазақстан Республикасында сыртқы сауданың дамуы Қазақстанның жеткілікті экспорт-импорттық мүмкіншілігі бар. Республика жерінде бұрынғы КСРО хром кені қорының 98%, вольфрамның -53%, қорғасынның- 47%, мырыштың - 40%, фосфориттің - 65%-тейі, мыстың - 30% және т.б. қорлар шоғырланған. АӨК-де өсіресе астық және мал шаруашылық өнімдері бойынша едәуір айтарлықтай экспорттык мүмкіншілігі бар. Қазақстанның жер қойнауында әлемде зерттелген пайдалы қазыналардың 1/15 бөлігі орналасқан. Республика вольфрам қоры бойынша әлемде бірінші орында, хромит және фосфорит қорлары - екінші, марганец рудасы - үшінші, қорғасын және молибден қорлары бойынша - төртінші орын алады. Темір рудасы қорынын да әлемдік маңызы бар[ 6]. Қазақстан Республикасының жалпы товар айналым көлемінің 64% ТМД елдерімен сауда жүргізуге келеді, олардың ішінде негізгі серіктестер Ресей, Түркменстан, Өзбекстан. Европалық елдердің сыртқы саудадағы үлесі 22% тей, негізгі серіктестеріміз Германия, Нидерландия, Швейцария, Англия. Азия регионының сыртқы саудадағы сыбағалы үлесі товар айналымының 13% тең, ең тығыз қарым-қатынас жасайтын елдер Қытай, Оңтүстік Корея және Түркия. Қазақстан экспортының құрылымында басым өнімдср металлургия өнімі - 36%, минералды өнімдері - 32%, дәм-тағам жәнс оларды өңдіруге қажет шикізатгар - 12%, химия өнімдері - 11%. Импорттық құрылымында басым түсетін отын-энергетикалық қорлар және минералды шикізаттар 38%, машина, құрал - жабдықтар және транспорт жабдықтары -23%. Экспорттың жалпы көлемінде еркін айырбасталымды валюта бойынша шетке шығарылатын өнімнің 58% сатылады, 30% тұйық валюта бойынша, ал 7% товарлар айырбастау жолымен жүргізіледі[ 11]. Сыртқы экономикалық байланыстарды басқару үшін алғашында Қазақ КСР сыртқы экономикалық байланыс (СЭБ) Комитеті құрылды. Соңынан ол ҚР СЭБ Министрлігі деп аталды, оны қазір сыртқы сауда индустрия, экономика және сауда министрлігі басқарады. Ол облыстарда сыртқы экономикалық байланыс комитеттері арқылы жұмыс жүргізеді. Министрліктің негізгі міндеттері мына төмендегіге саяды: - лицензия беру және экспорттық және импорттық товарларға шектеу қою жөнінде ұсыныстар дайындау; - республика территориясында жұмыс істейтін СЭБ қатысушыларға шетел серіктестерімен сауда, валюта- қаржы, ғылыми-техникалық қарым-қатынас жасауға көмек көрсету; - СЭБ қатысушыларға қажетті жағдайда бәсекелестіктері туралы және әлем нарығындағы бағалар туралы ақпараттар беру т.б. Республикада сыртқы сауданың және халықаралық экономикалық байланыстың дамуына қолғабыс ету үшін ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы (СӨП) - қоғамдық ұйым құрылды. Палатаның негізгі мақсаты мемлекетке экономикалық реформа жүргізуіне көмек көрсету, ал негізгі міндеті отандық кәсәпкерліктің мүддесін қорғау[ 3]. СӨП елімізде 400 астам әр түрлі меншік бойынша жұмыс істейтін акционерлік қоғамдарды, фирмаларды, корпорацияларды, компанияларды біріктіреді және оларға қызмет істейді. Палатаның міндетіне ақпарат жинау, сараптау жүргізу, инвесторлар іздеу, іскер әлеммен байланыс жасау жатады. СӨП орталық аппаратының ұйымдасу құрылымына 5 бөлім кіреді: сыртқы байланыс, ақпарат, инвестиция, құқық-шарт қызметі және еркін төлем сенімді өкілі. СӨП жанында СЭБ қатысушыларының дауларын және келіспеушіліктерін қарайтын тұрақты арбитраж (төрелік) комиссия жұмыс істейді. Республиканың облыс орталықтарында 14 регионалды Қазақстанның СОП жұмыс істейді. Олар "Қазақстан сараптану" фирмасымен бірігіп сыртқы сауда мәміле және халықаралық шарттар жағдайларымен үйлесімді республика кәсіпорындарын келесі сараптау қызметін көрсетеді: - сыртқы экономикалық әрекеттерді құқық жағынан қамтамасыз ету; - форс-мажор жағдайларда (алапат жағдайларда) куәлік беру; - сыртқы сауда және халықаралық байланыс жүргізгсн кезде туған дауларды арбитраж сотта қарау; - республикада халықаралық және ұлттық көрмелерді, презентацияларды (таныстыру рәсімін), семинарларды, симпозиумдарды дайындау және жүргізу; - Қазақстандағы халықаралық жәнс шетсел көрмелсрі және республиканың шетелдегі көрмелері туралы ақпарат беру; - тауардың, шикізаттардың жәнс құрал-жабдықтардың сапасын және санын сараптау; - тауардың пайда болу куәлігін куәландыру; - тікелей байланыстарды орнату және бірлескен кәсіпорындарын құру үшін серіктестер іздеу; - Қазақстанның кәсіпорындарын, бірлестіктерін, ұйымдарын және жеке фирмаларды "Сенімді серіктестер тізіміне' кіргізу; - Қазақстанның басшы кадрларын және мамандарын шетелдерде оқытуды және дайындауды ұйымдастыру; - сыртқы экономикалық әрекетшіліктер туралы ақпарат-анықтамалық құжаттармен қамтамасыз ету[ 14]. СӨП ҚР Еңбек министрлігі және Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетімен бірігіп үұлттық кадрларды қайта дайындау орталығын құру. Жақын және алыс шет елдермен сауда-экономикалық байланыстың дамуына, экспорттық тауарлардың көлемінің өсуіне ТАСИС бағдарламасы шеңберінде құрылған Қазақстан іскер қарым-қатынас орталығында айтарлық үлес қосады. Осы орталықтың территориясында Алматы қаласында ҚР Президентінің Указымен "Атакент" еркін сауда аймағы ашылды, оның міндеттері мынадай: - халықаралық маңызы бар бірыңғай сауда экономикалық жөне көрме- ақпарат кешенін қалыптастыру; - өзара тиімді іскерлік қарым-қатынастардың, өнсркәсіп-технологиялық кооперацияларының дамуына шетел инвестицияларын тартуға қолайлы жағдайлар жасау; - сыртқы сауда операциялары өрісінің кеңеюіне және жеделдетуіне, отандық өнімдердің ,кең көлемде сыртқы нарыққа шығуына жәрдем жасау; - ақпаратгық, маркетингтік және басқа ұйымдасқан қызмет көрсету орындарын дамыту. "Атакент" сауда аймағында шаруашылықпен айналасқан субъектілерге 5 жыл мерзімге салық және экспорттық баж алымын төлеуге жеңілдік беріледі. Сауда аймағы территориясында шеттен әкелінген тауарлар лицензиядан және квотадан босатылады[ 10] 2.3. Қазақстанның Орта Азия және Европа одақтарына интеграциялануы Орта Азия республикаларының (ОАР) экономикалары бір-бірімен тығыз байланыста болды. Бұрынғы бүкілодақтық еңбск бөлісіне өндіргіш күштерді орналастырудағы кемшіліктің салдарынан бұл республикаларда негізінен табиғатты қалай пайдаланатын салалар дамыды. Айта кетсек, Қазақстанның, Өзбекстанның және Қырғызстанның темір жол машина жасайтын өнімдерге қажеттілігі 96%-ке шеттен әкелумен тынды, жеңіл өнеркәсіп құралдарымен - 95%, күрделі тұрмыс техникасына - 90%, химия және мұнай өнеркәсіптерінін құралдарымен - 82%, металлургия жабдықтарымен - 72%, химия-орман кешенінің өнімімен - 70%. Жалпы алғанда, ОАР жақын шетелден халық шаруашылығының 103 саласының (барлығы 104) өнімдерін тасымалдаған, ал өздері 83 салалардың өнімдерін шеткс шығарған. КСРО ыдырауына және шаруашылық байланыстардың бұзылуына байланысты бұрыңғы кеңес республикаларындағы жайсыз беталыс ОАР орын алды[ 8]. Егемендік жариялағаннан кейін ОАР араларында мемлекетаралық айырбас екі жақты келісім негізінде жүргізілді, біракта өндіріс құлдырауында, төлемге қабілетсіздік дағдарысы, мақсаттылық мемлекеттік реттеу саясатының жоқтығы, т.б. жағымды нәтиже бермеді. Осымен қатар, әлем нарығына тез бейімделу ОАР-ды дағдарыстан қысқа мерзімде шығармайды, оған себептер: қатал бәсеке, коммуникациялық жүйенің нашар дамуы, иңдустриалды және аграрлы-шикізаттар өндіретін елдердің өзара қатынастарындағы келеңсіздіктердің көптеп тууы. Осы жағдайда бірігіп, жоғары деңгейдегі тиімді және бәсекелесуге қабілетті экономика құру, республикалардың экспорттық әлеуметтілігін дамыту, экономикалық жәнс экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ОАР алдыңда араласа кірісу қажеттігі туды[ 1]. 1991 ж. Орта Азия және Қазақстан республикааралық ақылдасу Кеңесін құру туралы келісімге республикалар басшылары қолдарын қойған болатын 1994 ж. ОАР президенттері Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан республикалары арасында еркін экономикалық кеңістік құру туралы шартқа қолдарын қойды. Осы жылы қатысушы мемлекеттер басшылары Мемлекетаралық Кеңес, Премьер-министрлері, Сыртқы істер министрлігі Кеңестерін құрды және тұрақты жұмыс істсйтін үйлестік-кеңесу Атқару Комитеті ашылды. Ол Алматы қаласында орналасқан. Орта-Азия қарым-қатынас және даму Банкісі құрылды, оны құрушы қатысушы-үкіметтер. ОАБ- сі Қазақстан және Өзбекстан кәсіпорындарына кір жуғыш машиналарды жинақтау үшін қажет элетроқозғаушыларды жеткізіп тұратын. Қырғыз электромеханизм зауытын АҚ 300 мың АҚШ доллары көлемінде қаржыландыра бастады[17]. 2000 ж. дейін ОАР экономикалық интеграциялау бағдарламасы жасалды. Бағдарлама отын-энергетикалық, химиялық, машина жасау, металлургия, жеңіл өнеркәсіптерді, транспорт және байланыс, құрылыс материал өнеркәсібін қамтиды. Бағдарламада қатысушы мемлекетерді отынның барлық түрлерімсн толық қамтамасыз ету және экспорттық әлеует құру қаралған. Қазақстанның оңтүстік облыстарын және Қырғызстанның солтүстік облыстарын газбен берік қамтамасыз ету мақсатымен ҚР Энергетика және табиғи қор мииистрлігі, "Алаугаз" МХК және "Қыргызгаз" ОБ қатысуымен Бухар газ шығатын ауданнан Алматыға дейін созылатын газ құбырының екінші желісін. қаржыландыру жәнс салу жүргізілуде[ 13]. Орта Азия қарым-қатынас және даму Банкісі "Қаратау" фосфорит бассейнінің шикізат базасын дамытуды, газды, электроэнергиясын, суды өлшейтін аспаптар өндіруді, тұрмыс аспаптарына қажет электродвигателін және жалпы өнеркәсіп механизмдерін өндіруді бірінші кезек жоба ретінде қаржыландырады. Өзбек - Қазақ - Қыргыз жаңа технология орталығы құрылды. Республиканың европалық бағытта сыртқы экономикалық дамуы Европалық Одақпен (ЕО) араластықты ұйғарады. Бұл араластық сыртқы саудада серіктесу және ұзақ мерзімді жинап бағдарламаларды іске асыру жолдарымен жүреді. Халықаралық қатынас жүйесінде ТАСИС (ТМД елдсрі-не техникалық жәрдемдесу бағдарламасы) бірігей оқиға. Бағдарламаның негізгі мақсаты - нарықтық экономиканы қалыптастыруға және оны басқаруға қажет тәжірибе және білім беру. ТАСИС-ті жасау пікірі 1990 ж. туды, ал 1991 ж. Рим қ. Европалық Кеңес (ЕК) мәжілісінде бекітілді. ТАСИС жаңа тәуелсіз мемлекеттерге (ЖТМ) нарықтык экономикага көшуге және демократиялық қоғам құруда экономикалық, саяси, әлеуметтік мәселелерді шешуге қолдау көрсету ЕК бағдарламасы. Осы бағдарламаның шеңберінде "Ноу- хау" дамыту, қадрлар дайындау, құқықтық базасын жасау және стратегиялқ белгілеуге жәрдемдесу үшін ақысыз көмек қаражат тегін беріледі[ 5]. ЕО және Қазақстан арасында ресми дипломатиялық қатынас 1992 ж. орнады, ал 1991 ж. сауда және қарым-қатынас туралы келісімге қол қойылған. 1994 ж. Қазақстанмен "Сауда және қарым-қатынас келісімді" ЕО алдын ала келісім беру ниетімен құжатқа өзінің аты-жөнін жазып, өшпейтін мөрге қол қойды . 1995 ж. Брюссель (Белгия) ЕО сыртқы істер министрлері кеңесі кезінде ПО және Қазақстан арасындағы "Серіктесу және қарым-қатынас туралы келісімге" ресми қол қойылды, бұл өзара қатынастарды дамытуда ерекше кезең. Қазақстанда іс жүзінде ТАСИС бағдарламасы 1992 ж. жүзеге асырыла бастады. Бірінші кезеңде (1992-1993 ж. көктем) тек ұйымдастыру - технологиялық мәселелер шешілген. Ғылыми - техникалық білімдердің, техникалық, технологиялық, өндірістік, коммерциялық және басқа да тәжірибенің, өндіріс технологиясы құпияларының, патентпен қорғалмаған және толық немесе ішінара жарияланбаған өнер табыстардың жиынтығы [ 16]. 1991 ж. индикатинты (ұсынушылық) багдарламасының қарастыруымен жобаларды жүзеге асыру үшін Алматыға бірінші рет Европадан сараптаушылар келді. 1992 ж. күзіңде ТАСИС Координациялық (үйлестіру) бюросы құрылып, жұмыс істей бастады, ол автономиялық тәуелсіз құрылым, әкімшілік ұйымдардың құрамына енбейді. Үйлестіру бюросы мынадай міндеттер атқарады: еліміздің техникалық жәрдемгс нақты қажеттілігін анықтау; европалық тәжірибені және "ноу-хау" тартуды неғүрлым қажет ететін маңызды секторларды анықтау; жобаларды жасау жән оларды басқаруда көмек көрсету. Үйлестіру бюросының іс- әрекеті толық Қазақстаның мүддесіне бағынады. Бюро ҚР Үкіметі мен Европалық комиссия арасында байланыстырушы буын және ақпарат өзегі қызметін атқарады[ 11]. Екінші кезенде (1993 ж. көктемі - 1994 ж. күзі) Қазақстанның техникалық жәрдемге мүддесіне жедел және тез талдау жүргізілді. Осымен қатар негізгі мәселелсрді анықтау, іс-әрекеттердің неғүрлым тиімді түрлерін, тәсілдерін іздеу және іс жүзінде сынау бағыттары бойынша жұмыс жүргізілді. Республиканың европалық құрылымдармен тығыз байланыс жөнге салына бастады. ТАСИС бағдарламасына қатысушы министрліктердің және салалардың 50 астам қызметкерлері Европа елдерінде шет тілдерін тез үйренудің курстарынан өтті. Қазақстанда кадрлар дайындау үшін бірнеше оқу орындары және орталықтар қүрылып, жұмыс істеуде. Олар: - менеджерлер дайындайтын және кәсіпкерлердің эксперименттік оқу орны; - банк қызметкерлсрін дайындайтын орталық; - Қазақстандағы және Европа елдеріндегі серіктестермен іскерлік байланыстарды жөнге қою үшін бизнес -коммуникация орталығы; - энергиямен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс дайындайтын орталық; - отын-энергетикалық кешеніне менеджерлср дайындайтын орталық; - авиадиспетчерлердің мамандықтарын жетілдіруге жәрдем беретін топтар; - менеджмент бизнес оқу орны. Жекешелендіру саласында ТАСИС бағдарламасында Әскери-өнеркәсіп кешенін (ӘӨК), ауыл шаруашылық машина жасау, тоқыма өнеркәсібінің, станок жасау салаларының 46 кәсіпорындарына ерекше көңіл бөлінген. Инвестициялық қорлар (60 жуық) құруға көмек көрсетілген, 100 астам қорларды басқарушылар ТАСИС кеңес берушілсріндс іс жүзінде дайындықтан өтті. ТАСИС сараптаушылары Қ.Р. Ұлттық банкісінің міндеттерін қайта ұйымдастыру жұмысына қатысты. ТАСИС шеңберіңдегі техникалық қарым-қатынас, Арал проблемасын шешуді ізденуде маңызды роль атқарады деген үміт бар. Каспий жобасы да ТАСИС-тің экономикалық қолдау механизмдер арқылы ұйымдастыруда. Айта кету керек, ТАСИС бағдарламасының тиімділігі лезде емес тек ұзақ мерзімді келешекте білінеді, себебі көптеген жобалар стратегиялық мақсаттарды көздейді. Алматыда Европа комиссия-салық түрақты офисы ашылды. Европалық Одақтың және Қазақстан Республикасының қарым-қатынасын нығайта түседі[ 16]. Әлемдік шаруашылық бірлестігіне енуге ұмтылған елдсрдің жаңа әлемдік қарым-қатынасқа қалыптасуы екінші дүние жүзі соғысынан кейін басталды. Бұл жаңа жүйенің мақсаты - халықаралық қаржы ұйымдарының жеңілдік негізінде техникалық және қаржы көмектерді жан-жақты қолдау. "Әлемдік экономикалық қарым-қатынастың жаңа орамы экономикалық өзара жәрдем Кеңесі (СЭВ) және КСРО-ның ыдырауына, жаңа теуелсіз мемлекеттер (ЖТМ) пайда болуына байланысты XX ғасырдың 90-ші жылдарында басталды. Жаңа жүйенің басты институттары Халықаралық қайта құру және даму банкісі (ХҚҚДБ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Бүкіл әлемдік сауда ұйымы (БСҰ), Европа бірлестік комиссия (ЕБК), Европа қайта құру және даму банкісі (ЕҚКДБ), Азия даму Банкісі (АДБ). Қазақстанға ең үлкен көлемде көмек сомасы 32,1 млн. АҚШ долл. тең ТАСИС шеңберіңде ЕБК бюджетінде қаралған. Ең үлкен сома және оқытуды дамытуға, ауыл шаруашылық жобаларын іске асыруға және жекешелендіруге жұмсалады[ 8]. Жан-жақты көмек көрсету көлемі бойынша екінші орында ЕҚҚДБ - 3,36 млн. АҚШ долл. Бұл қаражаттар ауыл шаруашылығы, транспорт және байланыс, энергетика және геологияны дамыту жобаларына жұмсалады. Осымен қатар, банк өрісінің дамуына көмек көрсетуге және шағын және орта бизнесті қолдауға жұмсалмақ. Жан-жақты қолдау көрсетуде үшінші орында ХҚКДБ -1,95 млн. АҚШ долл. Бұл қаражаттар банк жүйесін дамытуға және жекешелендіру бағдарламаларын жасауға пайдалану болжалануда. ХВҚ Қазақстанға қарыздың екі желісі бойынша береді: - 1998 ж. бастап 10 жылдың ішіңде қарызды өтейтін жүйені өзгерту үшін 123 млн. АҚШ долл. беру; - осы сома көлемінде резервті несие беру. АДБ және Жапон ЭКСИМ банкісі (ХВҚ бірге қаржылайды) желісі бойынша Қазақстан жалпы сомасы 205 млн. АҚШ долл. тең айып төлемейтін несие ала алады. Бұл қаражаттар денсаулық сақтау, білім саласына, импорт жүргізу үшін және валюта түсуіне жұмсалады. Халықаралық қаржы ұйымдарының көмегін пайдаланудың үстіне рецилиент- елдер (көмек алушылар) жеке донор-елдермен (көмек берушілер) өзара келісім жасай алады. Екіжақты техникалық көмек аясыңда Қазақстанның АҚШ, Жапония, Германия, Канада, Оңтүстік Кореямен байланысы бар. Осы бес елдермен 1992- 1994 жж. көмек ретінде сомасы 127,4 млн. АҚШ долл.тең келісімдер жасалған, оның 37,5 млн. долл. қабылданып және жүзеге асырылған. АҚШ-тан алынған 89,7 млн. долл. негізінен әлеуметтік мүдделерге, халықтың денсаулығын сақтауға және техникалық көмекке жұмсалды. Жобаның маңызды бөлігі жеке секторлардың дамуына, ақпарат орталықтарын құруға да жұмсалды. Жапонияның техникалық көмегі 17,1 млн. долл. көлемінде денсаулық сақтау, білім салаларына және қоршаған ортаны қорғауға жұмсалады. Германияның көмегі 12,6 млн. долл. көлеміндс негізінен АОК дамытуға пайдаланылады. Канададан түскен қаражаттар 6,4 млн. долл. көлемінде негізінен энергетика, ауыл шаруашылык, өнеркәсіп және сауда салаларын дамытуға жұмсалады. Оңтүстік Кореядан түскен каражат 0,3 млн. долл. сомасында Президент аппаратын, СІМ және педиатрия институтын қолдауға жұмсалды[ 11]. Көпжақты және екіжақты техникалық және қаржы көмектерді жүзеге асыру бірнеше мәселелер туғызуда. Олар: - сырттан келген көмектерді тиімді үйлестіру; - мемлекеттік құрылымдардың көмек және оларды пайдалану туралы жеткілікті ақпаратпен қамту; - шетел кеңесшілерінің қызметтін тиімді пайдалану; - қажетті мамандықтарды деңгейлі кадрлармен толықтырып отыру т.б. Біріккен кәсіпкерліктің географиясы әлемінің 60-қа жуық мемлекеттерін қамтиды. БК ең көп саны Қытай, Түркия, Германия, АҚШ фирмаларымен құрылған. БК азғана санын қоспағаңда, қалыптасу сатысында тұр жөне ұсақ БК жалпы санында шағын кәсіпорындарының басым болуына олардың салалық құрылымында ірі инвестицияны қажет етпсйтін салалардың сыбағалы үлесінің мол болуы себеп. БК құру кезінде ұйымдастырушылар Жарғы қорын жасайды, оған өздерінің ғимараттарын, технологияларын, "ноу-хау", басқа құнды материалдық заттарын және ақша салымдарын салады. БК құру мақсатына мынадай міндеттер ескеріледі: - экологиялық жагдайды бірыңғайлай отырып, шетел капиталын тарту негізінде кеңге бай, бірақ аз меңгерілген региондарды игеру; - нарыққа өту кезеңінде жаңа шаруашылықтар түрлерін меңгеру, шетел прогресті техникасын, технологиясын және басқару тәжірибелерін игеру; - республиканың және оның региондарының экспорттық мүмкіншілігін өсіру; - шетелдермен ғылыми-техникалық және сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту; - жергілікті кәсіпорындардың өндірістік әлуетін тиімді пайдалану т.б. Шетел фирмаларының бірлескен кәсіпшіліктерге еркін қатысуы үшін салық салудан жеңілдіктер және приватизацияларға мүмкіндіктер қаралған[ 18]. . Қорытынды Курстық жұмысымды қорытындылайтын болсам, Қазақстанның экономикалық - әлеуметтік жағдайы халқының әлеуметтік жағдайына, өнеркәсіптің, сауданың, шаруашылықтың және кәсіпкерліктің дамуына, сыртқы экономикалық байланыстарына байланысты анықталады. XXI ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық саясатының ең негізгі міндеттері: әлеуметтік ахуалды және кәсіпкерлік қызметтің одан әрі қалыптасуын жақсарту. Президент әлеуметтік ахуалды жақсарту деп - ең маңызды мәселе халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Үкімет қазіргі кезде жұмыссыздықпен және кедейлікпен күрес туралы бағдарламаны дайындауда Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағын кәсіпкерлікке маңызды рол берілді. Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің дамуы кешенді және көп деңгейлі сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады. Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау үшін мынадай жағдайлар қажет: — еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудын кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау; — оныц дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыпастыру жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем ақшалар); — бағдарламада ғылыми-техникалық прогрестің басымдық бағыттарында шағын кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек; — шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әртүрлі аймақтарында (область орталықтарында) шағын кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты рөлде болуы керек; — ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсіресе сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатыңда ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту. Мемлекет сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту негізінде ҚР тепе- тендес әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатымен мынадай әрекеттер жасайды: сыртқы экономикалық әрекет істеушілерді тіркейді; мемлекеттік шекара арқылы өтетін товарлар және басқа мүліктер туралы мағлұмдама жасайды; экспорт және импорт реттерін белгілейді. Әрбір мемлекетте оның табиғи, тарихи және экономикалық жағдайларына сәйкес бір бірімен байланысты және бірін бірі толықтыратып халық шаруашылық салаларының кешені құралады: өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы; қазып шығаратын және өңдеу салалары; өндіріс құралдарын және халық тұтынатын заттар шығаратын т.б. Бірақта бұл жеке бір ел шеңберінде тұйықталған экономика құруға шарт емес. Қазіргі жағдайда әлем шаруашылығынан тыс өзінің әлеуметтік-экономикалық құрылысы және даму деңгейіне қарамастан, бірде бір мемлекет ойдағыдай дамый алмайды. Осыған қарағанда халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бір өрісі әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту болып саналады. Қазақстанның даму стратегиясын 2030 ж дейін анықтау келесі жағдайлармен түсіндіріледі: біріншіден, республикада бюджетке түсетін кірістің үлкен бөлшегін мұнайдан түсетін табыстар. Ал ғылыми-техникалық болжау бойынша, 2030 ж. дейін мүнай және газды жалпылай басқа энергия көздерімен ауыстыру байқалмайды және мұнайға баға тұрақты болады. Бұл экономикалық саясатқа неғүрлым дәл құруға мүмкіндік береді; екіншіден, 30 жыл бір ұрпақтың өмірінің әлеуметгік белсенді кезеңі; үшіншіден, демографиялық құбылыстар, жаңа капиталдың ұдайы дамуы, дамудың индустриалды- техникалық кезеңдері де ескерілген. Әлемдік тәжрибе бойынша елдер атап айтқанда 30 жыл арасында елеулі нәтижеге жетеді. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Әубәкіров Я. Экономика негіздері. Алматы.: Эверс.2005.-480 бет. 2. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Алматы.: Экономика.2008.-276 бет. 3. Жалпы экономикалық теория. / Шаденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А. Ақтөбе. Полиграфия.2004.-453бет. 4. Экономика. Әлемдік классика. / жетекшісі М.Б.Кенжеғожин. Алматы.: Таймас.2005.-445 бет. 10 том. 5. Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы. Алматы.: Қазақ университеті. 1999.- 212 бет. 6. Арыстанбеков Қ. Қазақстанның дамуы қай деңгейде? // Экономика негіздері: мектепте және ЖОО-да оқыту. 2008. 5. 2-6 бет. 7. Жанділдин Ж. Әлем және Қазақстан. // Дала мен қала. 2008. 30 қазан.-7 бет. 8. Алпысбаева С. Экономика және экономикалық ғылым: шынайы ынтымақтастық тетіктері. // Егемен Қазақстан. 2008. 25 маусым. 10бет. 9. Рақышев Б. Шикізат ресурстары Қазақстанның экономикасының басты тірегі. // Егемен Қазақстан. 2008. 14 мамыр. – 6бет. 10. Парамонов В.В. Экономика Казахстана. – Алматы.: Ғылым.2000. –с 196. 11. Кенжегузин М.Б. Экономика Казахстана на пути преобразований / Институт экономики.- Алматы.: ИЭМОН РК.2001.-С 482. 12. Ермаков В.А. Қазақстан қазіргі дүние әлемінде. – Алматы.: 2002.101 бет. 13. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан. – Астана.2007.256 бет. 14. Қазақстан табысқа жету тарихы әлемдік қоғамдастық көзімен. Алматы.: Таймас. 2005-232 бет. 15. Қазақстан 2030. Алматы.: Юрист,2001.-104 бет. 16. Алшанов Р. Жаһандық экономика және Қазақстан. // Транзитная экономика. 2007.-12-14 бет. 17. Еспаев С. Қазақстан экономикасы: нәтижелері, басымдықтар және міндеттер. // Егемен Қазақстан. 2006. 31 қаңтар. 10б. 18. Кенжеғозин М. Қазақстан экономикасы: басымдықтар мен проблемалар. // Егемен Қазақстан.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz