Файл қосу
Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3-деңгейлі СМЖ | | | |құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-18-28.1.08/03-2013 | |ПОӘК «орыс мектептерінде |______2013 жылғы | | |қазақ тілін оқытудың |№ басылым | | |инновациялық технологиялары» | | | |пәніне арналған | | | |оқу-әдістемелік материалдар | | | 5В 012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған «Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың инновациялық технологиялары» ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2013 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәріс сабақтарының мазмұны 3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны 4 Студенттердің өздік жұмысы 5 Өзгерістерді тіркеу парағы 6 Әріптестердің танысуы 1 ГЛОССАРИЙ Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар. Білім беру мазмұны - жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, педагогикалық адаптацияланған білім, іскерлік, дағдылардың, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен эмоционалдық-жігерлік қатынас тәжірибесінің жиынтығы немесе жүйесі. Мемлекеттік білім беру стандарты – мемлекеттік нормалар деп танылған және қоғам сұраныстары мен тұлға қажеттігі мен мүмкіндіктеріне сай білім деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі. Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат. Оқу бағдарламасы - оқу пәніне байланысты білім, іскерлік, дағдылардың мазмұнын ашатын нормативтік құжат. Оқу бағдарламасы оқу жоспары негізінде жасалады. Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап. Дидактика - («didaktikas» - оқытушы, «didasko» - оқушы) грек тілінен аударғанда оқыту мен үйрету деген мағынаны білдіреді,білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін оқыту теориясы, педагогика ғылымның саласы. Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын – ала жоспарланған іс - әрекет. Оқыту - қазіргі заман талаптарын ескере отырып, оқушы тұлғасын, білім, іскерлік, дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалаптастару мен дамыту процесі. Оқыту процесі - бұл білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушыарасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс - әрекет. Білім — адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы - талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады. Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекетінің іске асырылуы. Білімсіз қандай болса да іскерлік болуымүмкін емес. Дағды - бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетте машықтандыру. Заңдылық дегеніміз құбылыстар мен процестер арасындағы объективті, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанап отыратын өзара байланыс. Дидактикалық принциптер – оқытудың негізгі мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдерін, әдістерін мақсатына, заңдылықтарына сай орындайтын қағидалар жүйесі. Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс - әрекетінің сыртқы көрінісі. Сабақ – мазмұны, уақыты, ұйымдастырылуына қарай аяқталған оқыту үрдісінің бөлігі. Сабақ- ол ұжымдық оқыту формасы, оған оқушылардың тұрақты құрамы, шектелген оқу уақыты (45 минут), алдын-ала құрылған сабақ кестесі, оқу жұмысын бір ғана материал төңірегінде ұйымдастыру тән. Сабақ құрылымы - сабақтың барысында оның құрамдас бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуы. Оқыту әдістері - оқытудың мақсатты міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал- тәсілдері мен құралдарының жиынтығы. Оқу тәсілдері - оқыту әдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы “әдіс” түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Оқу құрал-жабдықтары - бұл білім алу, ептіліктерді қалыптастыру көздері. «Оқу құрал –жабдықтары» түсінігі кең және тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқу және көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар және т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға көмекші жағдаяттардың бәрі деп түсінеміз, яғни оқыту әдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бәрі осы оқу жабдықтарын құрайды. Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді. Бағалау - оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал. Сынақ – қорытынды бақылаудың айырықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады. Емтихан – оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы. Педагогикалық технологиялар - теориялық білімдерді тұтас педагогикалық үрдістің қызметін практика жүзінде іске асыруға бағытталған және сол үрдіс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның да даму динамикасын көруге болатын, педагогтар мен оқушылардың өздерін-өздері дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс-әрекеттер кешені. 2 ДӘРІСТЕР 1-дәріс. Оқу орыс тілінде жүрілетін мектептерде қазақ тілін оқытудың үрдістеріне байланысты жаңа бағыт бойынша ізденістер. Дәріс мазмұны: Қазіргі заманда Қазақстанның өзіне ғана тән ұлттық сипаты бар білім беру жүйесін одан әрі дамыту,білім беру сапасында әлемнің басқада алдыңғы қатарлы беделді де,белді елдерімен қатар жұмыс жасау,қазақ тілін дамытуда өзіндік үлес қосу,бүкіл әлемдік деңгейге көтеру, білім беру ісінде әлеуметтік кеңістікке шығу алдағы тұрған міндеттер. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш.Қаланованың, Ж.Қараевтің, Ш.Таубаеваның, Қ.Қабдықайровтың, С.Көшімбетованың ғылыми зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады.Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр.Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын құдіретті күш –білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы-бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогика технологиялар – бұл білімнің; басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды». Бүгінгі таңда П.М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық технологиясы В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модулбді оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Қазақстанда Ж.А.Қараевтің, Ә.Жүнісбековтың,Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Дәстүрлі сыныптық – сабақ жүйесінің барлық элементерінің және сабақты құрастыру техноглогияларын қолданумен қатар, мұғалім келесі педагогикалық технологияларды пайдалана алады: Ойын технологиялары, проблемаларды оқыту, оқу зерттеуін ұйымдастыру технологиясы, жобалау әдісі, ақпараттық – комуникациялық технологиялар. Осылардың ішіндегі ойын технологиясы туралы айтпақшымын. Ойын - балалардың шынайы және ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің» қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. («Мен оқушымын», «Мен және менің отбасым», «Мен жолаушымын», «Біз жолаушымыз», «Адамдардың кәсібі», «Мен кәсіпкермін», «Біз қонақтамыз») Мұндай ойын түрлерінің ерекшелігі - жоғары көңіл-күйде ойналатын рөлдер шынайы сезімге, ойға, ниетке толы болады және бала үлкендер сияқты дәрігер, эколог, жол көрсетуші болғысы келеді. Бұл ойындарда балалардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеледі. Ойын іс- әрекетінің мотивациясы еркіндікті, таңдау мүмкіндігін, қажеттілігін, өз- өзіне сенімін, өзін-өзі дамытуын қамтамасыз етеді. Сонымен, ойын арқылы келесі маңызды міндеттер : баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі; баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Мұғалім ойын технологияларын пайдалана отырып, баланың әр қырынан көрінуіне (интеллектуалдылық, шығармашылық, эмоционалдылық, коммуникативтік) және оның мінез-құлқында, қарым- қатынасында, оқуында пайда болатын әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды. Орыс сыныптарында оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын бірудің сөйлеген сөзін, жазғаның түсіне алатын дәрежеге жеткізу. Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін кіріктіре отырып шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мұғалімнің міндеті. Қазіргі кезеңде әлі де болса, орта мектеп оқушыларының білімдерінде формализмнің элементтері кездесуде. Оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалык мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру керек. Окушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар біліміңдегі формализм элементтерін жояды. Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсеңділігінің артуына білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді, жалпы айтқанда оқу процесінің деңгейін көтереді. Білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім койған мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс. Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі — сабақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек ету — адамның негізгі қайраткерліктері. Ойын - әрқашан кішкене білім, кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайыңдайды. Ойынды алданыш және көңіл көтеру деп ойлайтындар қателеседі. Кейбір педагогтар мен психологтардың мектеп жасындағы балалар, ойын жасынан өтіп кетті, — деуі бекер. Ойындағы оқиға-жайлар сабаққа әр қилылық нәр береді, сабақты қызық етеді, оған эмоциялық бояу береді. Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді. Балалар сөйлескен жағдайда, ол тәртіпті бүзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту алады. Ойын жағдайын балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлармен алмасатындай, ақылдасатындай, бір-біріне дәлелдей алатындай, бір-бірін бағалайтындай етіп, ұйымдастыру керек. Ойыңдар қолданылған сабақтарда оқушылар белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық ойынға тән нәрсе, оның топтық түрде өтуіне байланысты. Топтық түрде сабақтағы білім алу, традициялык білім беру «мұғалім — оқушы» өрнегін күрделендіреді. Яғни, өрнек былай күрделенеді: «мұғалім — топ — оқушы», бұдан келесі өрнек туындайды: «оқушы — оқушы». «Оқушы — оқушы» жүйесінде «топ-оқушы», «оқушы — топ» өрнектері өздігінен туындап жатады және оқушылар білмейтіндерін көрсетуге тырыспайды. Балалар бір-бірінің ойларымен пікірлерімен алмасады, дәлелдейді, қателеседі, өз ойларын ортаға салады, негіздейді, тексереді, қателерін түзейді. Ойын барысындағы пікірлер алмасу нәтижесінде, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Қазақ тілі сабақтарында ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір- біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұңдай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімінің болуы, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады. Мұғалімнің ең басты мақсаты — сабақ мақсаты мен қолданылатын ойынның мақсатын ескере отырып, сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарда, оны орынды қолдана білу. Оқушылар мен мұғалімнің ойынға ынтасы болған жағдайда ғана, ойын жүруі мүмкін. Ешқандай ойынды формалды ойнауға болмайды. Әрбір дидактикалық ойынға, бір жағынан дидактикалық жаттығуларды орындау тән, мысалы: затқа немесе құбылысқа жалпы сипат беру, олардың ерекшеліктерін табу сияқты жүмыстар, оқушыларды үқсастықты, айырмашылықты,құбылыстарды табуға, байқауға баулиды. Бұл мағынадағы ойындардың үйрету қасиеті бар. Ендігі бір жағынан, дидактикалық ойындарға тән нәрсе ойнау. Оқушының назары біріншіден соған ауады, ал ойын барысында ойынның білім беру мақсатының калай орындалатындығы байқалмай қалады. Сондықтан, сабақтарда өтілетін ойындар оқушыларға жәй сабақ ретінде емес, жәй алданыш ретінде де емес, қызықты жұмыс ретінде беріледі. Ойынды жүргізу үшін сынып командаларға бөлінеді. Команда қүрамын қалаулары бойынша жасауға болар еді, дегенмен топ құрамы аралас және топтардың күштері тең болуы керек. Ойынды жүргізудегі мүғалімнің маңызды орынын атап өтейін. Педагогикалық бірлестік жүзеге асқан жағдайда жақсы нәтижеге жетуге болады. Ойынның идеясын, көбіне, мұғалім ойлап табады. Оқушылардың ойынды ойлап- құрауы өте пайдалы, өйткені қандайда да біртақырыпқа ойын ойлап табу үшін, сол тақырыпты оқушы терең білуі керек. Сондықтан, мұғалім, әсіресе осы жұмысты орындаған оқушының еңбегін бағалау тиіс. Қазіргі мұғалім әрбір сабаққа, тақырыпқа және әр сыныптың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын таңдай білуі қажет. Сонымен қатар оқушыларды өзіндік жұмыска үйрету, олардың ізденісін ұйымдастыру және кейбір материалдарды кең көлемде беріп, тәрбиелік мақсатқа жету үшін де оқыту формаларын тандай білу керек. Бір сабақтың өзінде қолданатын әдістерді кезектестіріп, оқушыларды шаршатпай, материалды қызықты жеткізе білуді де ескерген жөн. Өзара қатынасқа және сөйлесуге құрылған оқыту оқу процесінде белсенді формаларды қолдану арқылы іске асырылады. Олар: Топтық , жұптық, ұжымдық. Оқытудың бұл формалары жалпы немесе құрылымдық деп аталады. Бұдан басқа нақты немесе арнайы формалары бар: Семинар, Оқу конференциялары , Диспут, Топтық пікірталас т.б. Оқу процесін жандандыру құралдарының ішінде ойын, ойын арқылы оқыту ерекше орыналады. Қазіргі уақытта педагогикада оқыту мен ойынды топтастыруға қадам жасалынуда, Тіпті бұл жерде еңбек негізінде оларды қосу туралы болып отыр. С.Ф.Занько, Ю.С.Тюнникова және С.М. Тюнниковалардың пікірінше,оқу және дидактикалық ойындардың айырмашылығы мынада оқу ойындары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша-оқу,ал дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан түрін тек толықтыру. Оқу ойыны-бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып,неғұрлым аз шаршайды,оқу қызметінен жағымды эмоциялар алады. Дидактикалық ойындар-оқытудың маңызды құралы. Дидактикалық ойындар-оқыту мақсатын жүзеге асыруға арнайы арналған ойындар. Дидактикалық ойындар байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады. Оның мақсаты: Жаңаша білім беру мазмұнына көшу, нақты іс-әрекет жүргізу, ізденушілікпен жұмыс істейтін оқушы тәрбиелеу. Міндеттері: Оқушының қызығушылығын арттыру, Іскерлік ойындар ұйымдастыру, Теория мен практиканы ұштастыру. Бұл жерде мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларды бақылайды, бақылау нәтижелерін өңдейді, алған нәтижелерді хабарлайды. Оқушының іс-әрекеті: Оқуға оң көз-қарас,жаңаны танып білу,икемділік пен дағдыларын игеру, өз жетістіктерін өздері бақылау. Іскерлік ойындар:симпозиум,аквариум,ұжымдық әрекет. Іскер ойындарының құрылымы: Талдауға проблема беру, Оқушыларды топқа бөлу ,проблеманы талдау, сынып алдында шешімін айту. Қазақ тілін оқутуда ойын түрлерін мынадай мақсатарда қолдану тиімді: 1. Алфавитті дұрыс меңгерту 2. Орфографияны дұрыс оқыту 3. Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру 4. Грамматикалық құрылымды меңгеру 5. Оқушының ойын дамыту,дұрыс жазу,айту Қазақ тілі сабағында оқытудың жаңа технологиялары ,интерактивті әдістер жиі қолданылады. Басқа ұлт өкілдерін оқытуда даралай және деңгейлеп оқыту әдістерін қолдану керек. Инновациялық әдіс тәсілдерді ретімен ендіру арқылы оқытушы оқушының қызығуын, белсенділігін арттыру арқылы сабақтың сапасы көтеріледі. Әдебиеттер 1. Білім туралы. Қазақстан Республикасының заңы. Алматы. Литература,1999,96-б. 2. Қазақстан мектебі. № 11, 2004 3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» (Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы) Алматы. «Білім баспасы», 1998, 96 бет. 4. М.М. Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002 5. Қ.Ақпаева.Оқу орыс тілінде жүретінде мектептерде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері.Алматы, Рауан, 1997 6. 12 - жылдық білім, №2 2007 7. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. Алматы, Атамұра, 2001 2-дәріс. Білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктері. Дәріс мазмұны: Бүгінгі күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Педагогика ғылымында баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылыс көбеюде. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі — маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді . Бүгінгі мақсат — әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. «Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Инновация латыншадан аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді немесе "инновация" — бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті. Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрдік. Сөл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. Мемлекеттік білім стаңдарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние. Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Жаңа технологияны қолдану оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі. Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді. Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр. Инновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты. Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары) және өзінің басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Ал жаңа өзгеріс нәтижесі білім беру мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі. Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке түлғаның дамуы. Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады. Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бәсеке күшейіп отыр, тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде. Осындай кезеңде өз өмірін сақтап қалуы үшін мектеп үздіксіз өз қызметін жақсартуға және қайта құруға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге мәжбүр. Білім беру қоғамдық әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады. Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың белгілі дәрежесінің нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады. Дегенмен, кері байланыс та бар. Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді. Ол қоғамдық дамуды тездетуі немесе тежеуі мүмкін. Осы тұрғысынан қарайтын болсақ, білім берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек қана салдары болып қоймай, қажетті шарттары да болып табылады. Педагогтердің идеясы, ойлап шығарулары мен ашулары сияқты кез келген инновациялық қызметінің нәтижесі мектептер мен педагогика ғылымының прогрессивті дамуына ықпал етуі керек. Бұл қызметті күнделікті тіршілік әрекеті мен психологиялық және тағы да басқа стресс сияқты нәрселерден құтқарып, шығармашылық ой заңдылығы бойынша және ғылымның өзіне тән дамуының кең өріс алуына мүмкіндік беруі керек. Жалпы, білім беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық қана емес, ол қоғамдық та мәселе болып табылады, білім беру қызметі қоғам үшін ерекше ықылас білдіріп, балалар үшін бұл саладағы жаңалыққа қоғамның мүдделі екенін де айтуымыз керек. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет. Оқушылармен жұмыс істеудің жаңа үлгілері мен тәсілдерін енгізу және қабылдау біздің мектептердің үздіксіз мұқтаждықтарынан туындайды. Сондықтан біз білім беруді демократияландыру мен ізгілендіруді үздіксіз жүріп, дамып отыратын қоғамдық үрдіс ретінде түсінеміз . Білім беру жүйесінде инновацияны енгізу, қабылдау мен жетілдірудегі тоқтаусыз үрдіс ретінде, күнделікті білім беру қызметінің бөлігі ретінде қарауды талап етеді. Білім беру жүйесі құрылымының өзі қоғам үшін, өмір сүріп отырған деңгейінде сақтап қалу үшін оның тамыры табиғатта, біздің қоғамның негізінде жатқанын түсіну керек. Дәл сол себептен қоғам құрылымындағы әрбір маңызды өзгеріс өзімен бірге білім беру жүйесін де жаңалыққа тартады. Осындай жағдайда білім беру жүйесі қоғамдық қызметтің басқа салаларымен бірлесе отырып қана аяғынан тұрып кетеді. Бұл жерде жоспарлы және сыртқы әсермен емес, ішкі себептермен болған жаңалықтар арасындағы сырттан және білім берудің өзінің ішінен болған өзгерістердің нақты шекараларын анықтау өте қиын екенін атап өткен жөн. Өйткені, инновациялар бір мезгілде қайта құрудың әрі негізгі нәтижесі, әрі ең тиімді тәсілі болып табылады. Мұндай жағдай білім беру мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, сондай-ақ, "МҰҒАЛІМ- ОҚУШЫ" қарым-қатынасындағы әдістеме мен үлгісін және мазмұнын да жаңалыққа жетелейді. Еліміз егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне аса мән берілуде. Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінің талабына сай білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытумен қатар ғаламдық ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда. Ғылым мен техниканың дамуымен әлеуметтік өмір деңгейі де өзгеріп отырады. Осының бәрі табиғат байлығына адам миы мен күшінің жұмысынан туады. Әр адамның ойы мен білімі әр қоғамға қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондайлық керек. Мұның өзі дүние бір бірімен байланыста дамитынын ондағы адам мен қоғамаралық қатынасты да қадағалай білген жөн. "Қазақстан Республикасының білім беру дамыту туралы тұжырымдамасының" басты мәнділігі - ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі иедеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып отыр. Тұжырымдаманың басты ерекшелігі мен артықшылығы білім берудің ұлттық жүйесін қайта құрудың принципті жаңа идеяларын ұсынуында болып отыр. Бүгінгі қоғамда мектеп қабырғасында және жоғары оқу орнында оқып білім алып жатқан жас ұрпақ алдында "Қазақстан - 2030" бағдарламасында көрсетілген "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл- ауқатының артуы" сияқты ұзақ мерзімдік асыру стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерді сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар даярлау қажеттігін алға тартады. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Назарбев Н. "Қазақстан — 2030" Барлық қазақстандықтардың өсіп- өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1997ж, 176 бет 2. Демеуова Ләззат. Ғаламдық ойлауға бейімдеу. "Қазақстан мектебі" №12 Алматы, 2003- 3 бет. 3. Жошыбаева Гүлнар. Ұлттық мектеп - ел еңсесі. "Қазақстан мектебі", №12, 2003-13 бет. 4. Қоянбаева Сәуле. Танымдық қызығуды белсендіру. "Қазақстан мектебі" №6, 2003 5. Границкая А.С. Научить думать и действовать. Адаптивная система обучения в школе. Просвещение, 1991. 6. Дамитов Б.К., Фредман Л.М. Физические задачи и методы их решения. Алматы, Мектеп, 1987, 160-6. 7. Пидкасистый П.И. Самостоятельная деятельность школьника в обучении. Москва, 1980. 3-дәріс. Инновациялық технологияларды қолдану. Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Сол мақсатқа жету үшін сұрақтар туындайды. Сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектептен шыққан оқушы бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек? Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология. Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады. Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың әдістері неде? 1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек. 2) жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді. 3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады. Жаңа оқыту технологиясының түрлері көп. Кейбіреуін атап айтатын болсақ, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (оқушылардың белсенділігі жоғарылап, өздерінің күштеріне деген сенімдері арта бастайды), М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» (оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық потенциалын дамытуға бағытталған), Ж.Қараев пен Ж.Кобдикованың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» (деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту идеясы жүзеге асырылады). Сонымен қатар, деңгейлеп саралап оқытуға тоқталып өтсем, әдетте сабақты жақсы оқитын, жалпы әзірлігі жеткілікті, ізденімпаз оқушылар әр сыныптың 30- 40% құрайды, олар тапсырманы жүйе-жүйесімен дәйекті түрде белгіленген уақыт ішінде орындап шығады, ал үлгерімі орташа немесе төмен оқушылар қосымша тапсырмаларды ысырып қойып, әуелі негізгі элементтерді орындайды да, оларды әбден меңгерген соң барып, қосымша тапсырмаларға қайта айналып соғады. Оқушылар тапсырманың негізгі бөлігін белгіленген уақытта, яғни 15-17 минутта орындап шығуы үшін мен тапсырманың саны мен күрделілігін мұқият іріктеп аламын. Сабақ кезінде интерактивті тақтамен жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыру, оқытудың әр деңгейлі әдісін қолдануға жағдай жасайды. Бұл әдіс тапсырманың мазмұны мен күрделілік дәрежесін өзгерту арқылы оқушылардың материалды игеру қарқынының мүмкіндіктерін ескере отырып, оларға әр түрлі көмек көрсетуге жол ашады. Осы мақсатпен Ж.А.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаланамыз. Ол оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі. 1.Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда оқушылар алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады. 2.Алгоритмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды. 3.Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады. 4.Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Қазіргі кезеңде әр мұғалім үшін көмек болатын «ақпараттық- коммуникативтік технологиялар (АКТ)» деп айта аламыз. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Президентінің: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деген бағдарлы сөзі ұстаздардың алдына қойылар міндеттерді де саралайды. Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. «Білім туралы заңда» оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген. Ақпараттық технологияның жедел қарқынмен дамуына байланысты түрлерінің қызметі де өзгеруде. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты әлемдік ақпараттық кеңістікке ену. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін интернет желісіне қосылу және пайдалану қажет. Қазір компьютерлер біздің өміріміздің барлық салаларына, оның ішінде білім беру салаларына да енді. Бұған дәлел 1997 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру» мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі: компьютер техникасымен қамтамасыз етудің әлемдік көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін орта білім беру ұйымдарын Интернет желісіне қосу. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған Мемлекеттiк бағдарламасының басым бағыттарының бірі - бiлiм беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгiзу болып табылады. Мақсаты: Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. • Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады (2015- 50%; 2020 -90%) • Интернет желісіне қосылу көзделіп отыр. Пайдаланылған әдебиеттер 1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. 2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» жолдауы. 3. Қабдиева С. //Бастауыш мектеп – 2004 - №2 – 21б. 4. Қазанғапова Л. //Бастауыш мектеп – 2001 - №2 – 9б. 5. Сеңкібаев С. //Ұлт тағылымы – 2001 - №2 – 14-19 б. 6. Тоқаев Қ. //Қазақстан мұғалімі – 2000 – 19 қаңтар 1-3б. Битуова Т. //Мектеп – 2006 - №10 – 1б 4 – дәріс Қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың кәсіби шеберліктерін қалыптастыру Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуын, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері: Мақсат —> мазмұн —> форма —> әдіс —> оқыту көрнекілігі болса, бүгінде жаңа технология бойынша оқып үйрену —> меңгеру —> өмірге ендіру —> дамыту болып өзгерген. Егемен еліміздің экономикасы мен саясатының, білім мен ғылымның тұтқасын өзге емес, өз еліміздің азаматтары ұстауы керек. Оның негізі бүгін қалануы тиіс. Бұл міндетті шешетін - болашақ қазақ мектебі. Құрғақ қиялдан болашаққа нақты ұсыныс керек. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Казіргі кезде педагогикалық технология ұғымы педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Әдістемелік ізденіс-жаңалыққа жол ашу. Мұғалімдер әдістемелік ізденістерді басшылыққа ала отырып, еңбекті сабақ үрдісінде білулері керек. Қазіргі кезде көп айтылып, талқыланып жүрген жаңалықтарды оқыту үрдісіне енгізу, яғни, инновациялау инновациялық үш бөлімнен тұрады: І-бөлім. Кәсіби шеберлік ІІ – бөлім. Біліктілік дағдылары ІІІ-бөлім. Жүзеге асыру, қолдану. Қазіргі заманғы білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы – оқытудың негізгі мақсаты Оқушылардың танымдық ой белсенділігін қалыптастыруда ойын сабақтарын өткізу оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау кабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды. Сондықтан оқушылар сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу үшін өтілген материалды үнемі кайталап отыруды әдетке айналдырады. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, олардың шығармашылык ой-өрістерін, түсінік-танымдарын еселеп, арттыра түседі. Ойын сабақ оқушылардың логикалық ой-өрісін, сана-сезімін дамытуда, олардың әр түрлі шамалар мен бірліктердің, терминдер мен заңдылықтардың, құбылыстар мен өзгерістердің атын есте сақтауға көмектеседі. Сабаққа дайындық барысында оқушылар әр түрлі газет-журналдарды, көмекші құралдар мен анықтама кітаптарды пайдаланады, яғни бір сөзбен айтқанда оқушылардың өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау қабілетін арттырады. Ең бастысы ойындар оқушылардың көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. Ойынның әлеуметтік бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д.Б.Элькониннің сөзімен айтсақ: "Ойын - ол адамдардың арасындағы әлеуметтік ара-қатынас, практикалық білімдері және қызметі". Оқу ойындарын қолданудың жағымды жақтарына американдық авторлар мыналарды жатқызады: ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда өз тәжірибесімен оқытуға мүмкіндік береді; ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз; ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабілеттілігін және қажетті әлеуметтік мінез-құлықтың түрін таңдауға, үрдістер мен құбылыстардың деректерін түсінуге, стратегиялық баламаны шешім қабылдауға, тәуекелге бел байлауға үйретеді; ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай арттыруда, ойынға қатысушылар оқытушының ролін ойнап, бірін-бірі белгілі бір деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өздерінің қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді. Жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады. I кезең. Дайындық (рольдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау) II кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау) III кезең. Қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдары іздестіру) Іскерлік ойындарының дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық (әлеуметтендірушілік) маңызы зор. Оқушылар әрбір сабақтан мол білімділік, тәрбиелік, дамушылық алу керек. Сондықтан пәнаралық байланыс арқылы сабақтың біліми, ғылыми сипатымен қатар оның тәрбиелік танымдық, адамгершілік мазмұнда ұйымдастырылуын ойластырған абзал. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының болуы. Білім беру саласындағы қазіргі оңды өзгерістер әрбір мұғалімнен өз ісіне мұқияттылықты талап етеді. Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз. Баланың білімге деген қызығуын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпыну. Ол жүйе мына төмендегідей: Шығармашылықпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар. Әр түрлі анықтамалықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру. Ғылыми әдебиеттердің оқуға баулу. Жарыстар, сайыстар, әр түрлі танымдық ойындар ұйымдастыру. Интернет, телеарна мен мерзімді баспасөздерде берілген соңғы жаңалықтарымен таныстырып отыру. Қызықты тәжірибелерді, сапалық есептерді көбірек қолдану. Мұғалімнің айшықты, өмірден алынған дәйектерді сабақта қолдану. Осы әдістерді сабақта қолдана отырып оқушының ойлау тәсілдерін бақылауға болады. Берілген материалдан оқушы ең маңыздысын, ең бастысын бөліп алады, басқа нәрселермен салыстырады, оны жүйелеп, қорытындылайды, нақтылайды, анықтайды және ұғымға түсінік береді, оны дәлелдейді немесе жоққа шығарады, модельдейді. Жаңағы тәсілдерді қолданғанын оқушының сөзінен, тұжырымынан байқауға болады. Қорыта келгенде, ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар заманы. Сондықтанда жер бетінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер туралы спутник, интернет арқылы мағлұматтар оқушыларға жеткізіліп, айтылады. Пайдаланылған әдебиеттер 1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. 2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» жолдауы. 3. Қабдиева С. //Бастауыш мектеп – 2004 - №2 – 21б. 4. Қазанғапова Л. //Бастауыш мектеп – 2001 - №2 – 9б. 5. Сеңкібаев С. //Ұлт тағылымы – 2001 - №2 – 14-19 б. 6. Тоқаев Қ. //Қазақстан мұғалімі – 2000 – 19 қаңтар 1-3б. Битуова Т. //Мектеп – 2006 - №10 – 1б 5-дәріс. Қазақ тілі сабақтарында тиімді тәсілдерді пайдалана отырып, жеке тұлғаның кәсіби біліктілігін арттыру. ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс. Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Біз «ақпараттық жарылыс» дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Ғылыми білім мен ақпарат көздерінің мөлшері тез өсуде. АКТ оқыту мақсаты • бағдарламалау дағдыларын дамыту; • мәтіндік редактор, электрондық кесте басқа да тәжірибе қосымшаларды пайдалануға үйрету; • желіден, СВ-КОМ-нан ақпарат іздеуге үйрету, т.б.; • желі көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылатын педагогтық және ғылыми қауымдастықтың түрлі елдер іскерлік ортасы өкілдерінің басын қосатын үшінші Халықаралық Қазақтан мен ТМД елдерінің білімді ақпараттандыру форумы өтті. «Қашықтан оқыту- үздіксіз білім формасы: тәжірибе және даму болашағы» оқытуға арналған бағдарламалық құралдар жасау әдіснамалық атты ғылыми секциялар жұмыс жасап, тұңғыш рет білім берудің барлық деңгейлеріне арналған екіжүзден аса электрондық басылымдар ұсынылды. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай- ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Осылайша оқыту құралдарының бірі –электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал. Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі-пәндік білім, екіншісі-компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулыққа оқу технологиялары жинақталған. Мысалы: ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, тірек- сигналдар арқылы оқыту, т.с.с. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есіндежақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі «E-learning» электронды оқытуды да айта кету керек. Жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық технологияларды пайдалану – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің тура жолы. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб. 2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет. 3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар. 4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998 5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000 6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная технология. Москва, 2001 7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998 6 – дәріс Инновациялық технологияларды қазақ тілі пәні арқылы орыс аудитоиясының оқушыларына меңгерту. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің алға қойған мақсаты-өзінің зерттейтін обьектісі жан-жақты танып білу, зандылықтарын айкындау демек ғылыми зертеу әдісі дегеніміз белгісізді тану, айқындау. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қай түрінде болсын, зерттелетін обьектіні танып білу мынадай үш түрлі әрекеті бойынша іске асырылады, бірінші – қажетті материалдарды, фактілер жинау, екінші – жиналған факті немесе материалдарды талдау, салыстыру, үшінші – сол фактілер негізінде теориялық тұжырымдар, қорытындылар жасау. Құбылысты, обьектіні ғылыми танып-білу процесінде іске асырылатын бұл әрекетті қазақ тілін оқыту әдістемесіне де негізгі кезеңдер болып саналады. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері мыналар: әдістемелік әдебиеттерді талдау, зертеу, сабақ процесін көру, бақылау, анкетамен жұмыс жүргізу, жеке әңгімелесу әдісі, эксперимент әдісі. Сонымен қатар, қазақ тілі сабақтарында қатысымдық әдісін қолданып, аймақтық компонентін кеңінен пайдаланамын. Неліктен қатысымдық әдіске тоқталдым? Мәселені дұрыс ашу үшін ең бірінші қатысымдық әдістің негізін құрайтын принциптерін көрсетейік. Ф.Оразбаева басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын қатысымдық әдісті өзіндік принциптер арқылы ажыратады. Олар: 1. Тіке байланыс 2. Адамның жеке қабілетін ескеру 3. Сөйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау 4. Сатылап даму 5. Динамикалық өзгеру 6. Өзектілік Қатысымдық әдістің пайдаланудың тиімді жолы – оның тіке байланысқа негізделіп, адаммен – адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір- бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб. 2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет. 3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар. 4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998 5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000 6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная технология. Москва, 2001 7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998 7-дәріс. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТҮРЛЕРІ. Қазіргі заманның қоғамдық-әлеуметтік басты мәселелерінің бірі- басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлей білуі. Осы мәселені шешу барысында жалпы білім беру мектептерінде, орта және жоғары оқу орындарында әртүрлі технологиялар жүйелері еніп, қазақ тілін оқыту әдістемесі де өз нәтижесін беріп келеді. Оқу орындарында жаңа технологиялар арқылы оқыту қазақ тілін үйретудің сапасы мен маңызын арттырады. Өз тәжірибемде білім берудің мынадай технологиялар түрлерін үнемі қолданудамын: - деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту технологиясы; - модулдік технология; - дамыта оқыту технологиясы; - ақыл-ой, іс-әрекеттердің кезең бойынша қалыптасу технологиясы; - танымдық іс-әрекеттерді жандандырудың тәсілдерін оқыту технологиясы; - ынтымақтастықта оқыту технологиясы. Орыс тілді дәрісханада қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаттарының бірі- тіл үйренушінің қатысымдық біліктілігін қалыптастырып, сөйлеу қабілетін дамыту. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, ойын еркін білдіру, тиімді шешімдер қабылдауға жеке тұлғаны қалыптастыру. Біз, оқытушылар, бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, түрлі тәсілдер, әдістер және инновациялық технологиялрды қолдануымыз керек. Әр оқытушы заман талабына сай өз жүргізетін пәні бойынша жаңа технологияларды пайдаланса, болашақ маманның білім сапасын тереңдетіп пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. 80-ші жылдардағы жаңа технологиялардың бірі – В.Шаталов технологиясы. Сол жылдары біз сабақ беру барысында жаңа технология ретінде жиі қолданғанбыз. Ғалым тірек сигналдар арқылы үйрету әдістерін ұсынған. Тірек сигналдарды қолданған кезінде, тыңдаушылардың есте сақтау қабілеттері дамиды. Ал бүгінгі техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау – мұның бәр оқытушының қойылатын талаптары. Қазіргі әдістемелік әдебиеттерде «технология» деген ұғым «оқыту» деген ұғыммен жиі кездеседі. «Техника» терминінің екі мағынасы бар: 1.Өндіріс құралдарының жиынтығы. 2. Бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы. «Технология» термині сол тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Бірінші кезеңде білімді көмекші құралсыз берген; екінші кезңде оқулық арқылы; ал бүгінгі заманда оқыту технологиясы үлкен өзгеріске түсті. Бүгін біз сабақ барысында тірек сызбалардан қалып, ақпараттық технологиялар арқылы (компьютер, электрондық оқулық, интернет) оқытамыз. Оқыту технологиясы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қалай сабақты ұйымдастыру керек, қандай принциптер арқылы, қандай факторларды үнемі ескеру керек деген сұрақтарға жауап іздейді. Сондықтан, оқыту технологиясы оқытудың мақсат, мазмұн, принцип, әдіс және құралдармен тығыз байланысты. Қоғам талабына сай инноваиялық технологияны меңгеру ғалым В.Максимов өз зерттеулерінде келесі инновациялық технологияларының түрлерін ұсынады: - құрылымдық логикалық технология; - интеграциялық технология; - ойындар технологиясы; - тренингтік технологиясы; - ақпараттық технология; - сұхбаттық технология. Бүгінгі кезде әдістеме саласында жоғары аталған технологиялар жиі қолданылуда. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей шарттар қажет: - оқу үрдісін белсендіру және басшылыққа алу; - студенттердің ғылыми-әдістемелік, оқыту әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарға алу; - жаңа пәндік білім стандартымен танысу. Осы шарттарды үнемі ескеріп жүрсек, педагогика ғылымы жаңа технологияны тиімді пайдаланумен ерекшелінеді. Білім беру барысында оқыту, тәрбиелеу бағыттарын инновациялық технологиямен жетілдіру қажет. Студенттердің өзіндік жұмыстарының орындалуын бақылауға бағалауымыз керек. Қазіргі инновациялық технологиялардың жиі қолданылатыны – ақпараттық технологиялар. Оларды пайдалану барысында бұрыннан біз көбінесе компьютерді қолданып, сабақты түрлендіріп, студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын дамытамыз. Осындай сабақтар өткізгенде, оқыту процесін дараландырады және студенттердің ойын дербестігі мен белсенділігін арттырады. Компьтердің әдістемелік және дидактикалық мүмкіншіліктерін пайдаланып, ақпараттық технологияларды қолдану студенттердің танымдық және өзіндік белсенділігін арттыратын ойын элементтері арқылы үйрету оқыту процесін тұрақтандыруға мүмкіншілік береді. Компьютер арқылы мәтінді теру, берілген қателерді түзету, мәтін бойынша тапсырмалар орындау және тағы басқа сабақ түрлерін өткізуге болады. Кейде студентпен де жеке жұмыс жасай аламыз. Оқу барысында студенттердің ақпараттық технологияларды пайдалануы, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік сараптау, жоспарлау мүмкіндіктеріне негізделген оқытылу мүмкіндігін береді. Студенттің дамуын үйлесімді нәтижеге жеткізу үшін оқу жүйесі ғылыми- педагогикалық негізінде жасалуы қажет. Сабақ кезінде модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, студенттердің жеке дамуына көңіл бөлуге болады. Модульдік оқыту технологиясы жаңа технологиясының әр пән бойынша ерекше қолдануда. Оқу модулі 3 құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, негізгі бөлімінен және қорыту. Әр модульге оқытушы өз уақытын бөліп, қойылған ақсаттарына жетуге тырысады. Оқытушы сабақты ұйымдастыру түрлерін ойластырады. Оқу материалдарын тақырыптың мазмұнына сәйкес деңгейлік тапсыру болуы қажет. Әр деңгейді орындап, ең соңғыда студент баға алады. Инновациялық технологияларға мультимедиялық сабақтар да жатады. Ағылшын тілінде multimedia, латын тілінде multum – көп және media, medium –жинақ дегенді білдіреді , яғни құрамына бірнеше мәтін, сурет, бейне, көрініс, анимация кіреді. Мультимедиялық сабақтарда қойылатын мақсаттар: студенттердің компьютерлік технологиясын қолдану арқылы оқыту, үйрену, танымдық әрекетін жүзеге асыру және өз бетінше жұмыс істеу дағдысы мен шығармашылыққа қабілеттерін дамыту. Сабақта келесі қажетті шарттар орындалуы керек: - студенттің жеке тұлғасын дайындау; - ойлау қабілетін жетілдіру; - эстетикалық тәрбие; - нақты бір шешім қабылдауға қалыптастыру; - пәнаралық байланыстарды тереңдету. Мультимедиялық сабақ өткізу кезінде студенттер ақпаратты тек қана қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге оны өңдеп, жеткізу әрекеттерін орындайды. Бұл кезде оқытушының мақсаты студенттерде қажетті ақпаратты табу, сұрыптап, оны жүйелеу мен жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ол оқу пәнінің тақырыбын қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар мен жағдайларды және проблемаларды шешумен байланыстыра отырып, студенттерге жобаны дайындау тапсырмасын ұсынады. Бұл тапсырманы орындау мен оны қорғау кезеңі студенттердің топ алдында сөйлеу мәдениетін, ойын жүйелеу білу мен өзіндік көз-қарастың және ой-пікірлерін қорғай білу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмаларды қорғау топтың алдында орындалады және олардың өзара қарым-қатынасын талап етеді. Сонымен, мультимедиялық жобаны құру - студенттерге қажетті теориялық білім мен танымдық қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді әдіс болып табылады. Инновациялық технологияларға бүгінгі кезде – электрондық оқулықтар да жиі қолданылуда. Оқытушы бағдарламаға сай өз электрондық оқулығын дайындайды. Білім саласында компьютер студент үшін құрал, ал оқытушы үшін ол күнделікті қолданылатын жұмысшы болып табылады. Электрондық оқулықтар – ғылыми негізінде дайындалған педагогикалық- ақпараттық өнім. Электрондық оқулық арқылы студенттер тапсырманы қызыға орындайды, кейде қателерін өздері табады. Электрондық оқулықтар – оқытушылар үшін күннен күнге дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Мұны пайдалану барысында оқытушы ғылыми-әдістемелік электрондық оқулықты пайдаланғанда сабақтың ыңғайына қарай қосымша материалдарды кірістіруге болады. Электрондық оқулық көрнекілік ретінде де, оқу мен компьютер арасындағы байланыс жасауда да студенттерге көп көмек көрсетеді. Студенттердің тілін дамыта оқытудың нәтижесінде студент қазақ тілінің сөз байлығын толық игеру, тілдің фонетикалық және сөзжасам жүйесін жақсы меңгеру, морфологиялық , синтаксистік тәсілдерді игеріп, оларды практикалық тіл жасау дағдысында дұрыс пайдалана білуі тиіс. Сонда ғана студент тілді күнделікті өмірінде дұрыс пайдаланумен қатар тілдің қатысымдағы стильдік, эмоциялық, көріктеу, көркемдеу қызметтеріне де түсініп қолдана алады. Сондықтан, студенттердің тілін дамыту үшін, ең алдымен, олардың сөздік қорын байыту; әдеби тілдің нормасында сөйлемдерді дұрыс құрауды үйрету; ойларын жүйелі ауызша, жазбаша жеткізе білу дағдылары мен шеберлігін қалыптастыруы қажет. Қалыптасқан білім беру жүйесін жетілдіру ісінде қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың маңызы жөніндегі мәселе соңғы екі онжылдық бойына өзекті болып отыр. Әрбір педагог: мектеп мұғалімі немесе жоғары оқу орнының оқытушысы болсын, басты мақсат - білім беру сапасын қамтамасыз ету. Ал ол үшін ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қолданылуы үлкен дәрежеде септігін тигізетіні сөзсіз. Жоғарыда көрсетілген инновациялық технологиялардың түрлері қазіргі жағдайда жоғары оқу орнының оқу процесінде қолдануға өте тиімді. Білім берудің мемлекеттік стандарттарында анықталған оқытудың мазмұнына ешбір нұсқан келтірмейді, керісінше оқу пәндерінің бағдарламасында көрсетілген мақсатқа оқытудың бұрыннан қалыптасқан әдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Н.Амирғалина. «Білім берудің инновациялық технологияларының бірі- тірек конспектілері». // Білім. Алматы, № 4, 2009ж., (17-19б.). 2. Г. Амандыкова. «Шет тілін оқыту әдістемесі». Алматы, 2007ж., (103- 105 б.). 3. Ж.Садуова «Инновациялқ технологияларды білім беруде қолдану».// Білім. Алматы, № 5, 2006ж., (22-24). 4. Г. Такишева. « Модулдік оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі», // Білім. Алматы, № 4, 2009ж., (14-17б.). 8-дәріс. Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілге деген қызығушылығын қалыптастыру. Еңбек, ойын және оқу ерте кезден-ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, дүние танымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен. Қазақ халқының ұлттық ойындарының педагогикадағы ролі туралы алғашқы пікірлерін айтқан Ә.А.Диваев, М.О.Әуезов. Ойын арқылы оқыту технологиясы бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет. Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын – ала әзірлеу. Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі. Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету. Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады. Қазақ тілі сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын оқушылардың сол орындалатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады. Олар : Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға, жазуға жаттықтыруға; Оқушыларды тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға; Жағдаяттар туғызып, іс-әрекеттер арқылы сөйлетіп үйренуге. Белгілі педагог А.С.Макаренко баланың ойын үстінде түрлі таным түсініктері, қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын атап көрсеткен. Сабақта ойналатын дидактикалық ойындардың пайдасы өте зор. Ол ойындарды тақырып бойынша өзгертіп тұруға ыңғайлы болады. Ойынның мақсаты, шарты балаларға түсіндіріледі. Ойындарды төмендегі мақсатта пайдалануға болады. Араларға көмек ойыны. Ойынның мақсаты: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ойынның шарты : тақтаға араның ұясындағы балға келе жатқан аюдың сүреті ілінеді. Аюдың балға келе жатқандығын ескертуге күзетші ара басқа араларға кетеді. Оқушыларға тақырыпқа байланысты грамматикалық тапсырмалар беріледі. Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрау. Көптік жалғауын дұрыс жалғау. Септік жалғауларын табу. Қазақ тілі сабағындағы ойын технологиясының мақсаты оқушылардың сабақта үйренген сөздерін ауызекі сөйлеуде, күнделікті қарым-қатынаста дұрыс қолдануға үйрету. Барлық сыныптарда «Жыл мезгілдері» деген модуль бар. Қазақтың ұлттық ойындарының бір қыдыруы асық ойынынан тұрады. Асықты «Сен айт», Мәтінді жалғастыр ойындарында қолдануға болады. Бұл ойындар асық лақтыру арқылы жүреді де, баланы шапшандыққа, тез ойлауға дағдыландырады. Сабақта ұлттық ойын элементтерін қолдану барысында мұғалім сөздермен таныстырады, дұрыс айтуға үйретеді, салт-дәстүрді сүюге тәрбиелейді. Оқушылар көбінесе сабақта ойын түрлерінің жиі болуына жақсы дағдыланады. Ойын элементтерін тиімді қолдану 1-4 сыныптарда өте тиімді деп ойлаймын, себебі тез жазу, оқу, мақмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб. 2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет. 3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар. 4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998 5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000 6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная технология. Москва, 2001 7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998 9-дәріс. Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі. Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім- тәрбие және білім беруді жетілдірудің, мемлекеттік тілді оқытудың басым бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық. Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс. Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді. Елбасы бекіткен Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің және білім деңгейін арттырудың шешуші тұтқасы болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы. Орыс мектептерінде Қазақ тілін, мемлекеттік тілді оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып, қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды. Қазақ тілі сабағында оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында меңгерумен байланысты оқу әрекетінің түрлері; 1) эмпирикалық әрекет қабылдау кезеңі ретінде; - монитор экранындағы фонына назар аудару; - фондағы жекеленген жаттығуларға зейін аудару; - нақты жаттығуды және айрықшаланған сөздерді суреттеу; - нақты сөйлемдерді кешенді бейнелеу; 2)жаттығуды танытуға бағытталған эвристикалық әрекет ретінде; - жаттығуды абстрактілі ойлау; - жаттығуды түрлендіру жолдарын іздеу; 3)жаттығуды түрлендіру мен жаңа білім алуға бағытталған репродуктивтік әрекет ретінде; - таңдалған жаттығу бойынша сөйлемді түрлендіру; - таныс жаттығу түрлерін жасау; - берілген жаттығуды бағалау; 4) дағдыны қалыптастыруға арналған практикалық әрекет; - дағдыны таныс жағдайда қолдану; - таныс емес жағдайда дағды қалыптастыру Осы кезеңдер бойынша сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында оқу әрекеті қалыптасып, белсенді қызмет етуге ұмтылады. Бұл әр оқушының дербес компьютердің және мұғалімнің көмегімен өзара түсінісу ортасында қазақ тілі сабағында жаңа білімдерді алуына, танымдық іс-әрекетін дамытуына айтарлықтай септігін тигізеді және оқушының танымын, тілдік құзіреттілігін қалыптастыруда бірігіп жұмыс жасаудың жоғары түрлеріне көтереді. Компьютерлер мен интерактивті тақтаны оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге, қазақша тілдік қатынасты игеруге мүмкіндік береді. Ақпараттық технологияны қолдануда, әдетте шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, бірігіп шешу мәселелері ұсынылады, рольдік ойындар пайдаланылады, білгірлігінің қалыптасуы барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Демек, ақпаратты технологияны пайдалану оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде тиімді. Тыңдап – түсіну, көріп – байқау құралдарының концепциясында оқыту былайша орналасады: тыңдау – сөйлеу – оқу – жазу. Оның ішінде ауызша қабылдау (тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады. Тыңдап – түсіну , көріп – байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі – аудио құралдар, радио мен теледидардың хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б. Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады: біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; екіншіден, оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді, үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оқушының тілін дамытады. Тіл үйренудегі тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады. Мысалы, оқушылардың аудиомәтіннің жалпы мазмұнын түсінгендіктерін тексеру үшін мынадай жұмыстар жүргіземін: а) Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақ беремін, әр сұраққа екі жауап ұсынамын; ә) Бірнеше сөйлем беремін, солардың біреуі ғана аудиомәтіннің мазмұнына сәйкес келеді. Орыс сыныптарында оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Оның бірі – түсінгенін дұрыс айта білу, яғни сөйлемді дұрыс құрастыру, жеке дыбыстарды, сөз тіркестерін дұрыс оқуы. Екіншіден, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды ( ы, і, ә, ө, ү, ұ, ң ) меңгермейінше, қазақша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерту барысында компьютерлік ойындардың да тигізер пайдасы зор. Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор. Мысалы, 8 сыныптағы қазақ тілі салбағында «Мемлекеттік рәміздер тарихы» тақырыбын өткен кезде алдын – ала дайындаған сурет, сызба және қозғалыстағы көріністер арқылы білім игертуді жүзеге асырдым. Ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ қойылады, оқушы пікірі, жауаптары тыңдалып болған соң сурет астында жасырынған жауапты көру мүмкіндігі беріледі. Мұнда оқушы өз білімін өзі тексере алады және пәнге деген қызығушылығы оянады. Оқушының коммуникативтік қарым-қатынасын, тілдік құзіреттілігін, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұптық, топтық тапсырмалар беріледі. Мысалы, берілген сөздерді орыс тіліне аударып, сөйлем құрайды немесе сурет салады. Жұпта жасаған жұмыстарын ортаға салады. Мұнан оқушылардың айтылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттерін байқауға болады. Қазақ тілі сабағында мынадай тапсырмаларды да орындатуға болады: компьютер экранына бір сөйлем жазылады. Ол сөйлем белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап, қатесіз компьютерге енгізсе, онда ойлану уақыты екі есеге азайтылады. Егер дұрыс жауап берілмесе, ойлану уақыты ұзартылады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың сөйлем мағынасын түсіну, есте сақтау дағдыларын қалыптастырады. Нәтижесінде, тапсырманы қандай дәрежеде орындағандығында байланысты ұпай санын көрсету оқушының өз білім дәрежесін сезінуге мүмкіндік береді. Қорыта келгенде: «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте – мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды мемлекеттік тілді оқытуда тиімді пайдалану – жаңа білім берудің бірден – бір шарты. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сабақ барысында ақпараттық технологияны қолданудың жақсы жақтары: •Түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді. •2.Әр сабақта сөйлеу әрекетінің бес түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым, айтылым. •3.Әр сабақ төмендегілерді қамтиды: а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас; •ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың •арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі. •4.Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады. •5. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін •табысты байланыстырады. •6.Компьютерлік желілермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың тілдік сауаттылығы, шығармашылық потенциалының, тілдік құзіреттілігінің дамуына мүмкіндік туады. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб. 2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет. 3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар. 4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998 5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000 6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная технология. Москва, 2001 7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998 10дәріс. Оқытудың озық технологиялары туралы жалпы түсінік. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А. Каменскийдің, И. Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін- өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер- оқытушы мен оқушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Егер «жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ, біздің ойымызша, төмендегідей анықтама дәл келеді: Жеке тұлға- бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән: 1)адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы; 2)өзіне және өзімен-өзінің, дүние дүниемен қатынастарының жүйесі; 3) іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекеттерінің жиынтығы; 4)айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі; 5) қажеттілік жүйесі; 6) шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы; 7) сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы; Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Оқыту, білім беру барысында біршама жаңалықтар бар. Соның ішінде дамыта оқыту, модульдік оқыту, интеграциялап оқыту, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту, проблемалық оқыту,қашықтан оқыту, т.б. бар. Осы атап өткендеріміздің ішінен ең бірінші модульдік оқытуға тоқталайық. Ол үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен, қорытынды бөлімінен тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Оқу модулінің ерекшелігі- жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады. Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша(10- 20мин.), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Сөйлесу бөлімінде танымдық прцесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әекет етуіне құрылған. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар) қолдану- оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында, кейіннен- алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады. 3,4- сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі.(III, II деңгейлер). I деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне интелектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең –кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті. Технология ауқымында оқу процесі мынадай бастапқы жағдайда құрылады: баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттерінің жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып, қалыптасады. Танымдық қызметіне рахаттанып, қанағаттану - әр оқушының соңында жоғары нәтижеге қол жеткізуінің маңызды факторларының бірі. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен және оның құрылысымен және жүру барысымен алдын-ала таныстырады. Оқу бөлігінің қорытынды бөлімі- бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында бірін-бірі оқытуды, бір-біріне көмегі құпталса, ал бұл бөлімінде оқушы өзінің алған білімін, білігі мен дағдысын өзі көрсетуі тиіс. Менің ойымша, бұл технология: • Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға; • Танымдық процестерді (жады, ойлау, зейін, елестету қабілеті) дамытуға; • Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға; • Белсенді өзіндік қорын,ауызша және жазбаша тілін дамытуға; • Тұлғаның қиындықтарға дайын болу және жеңе білу, қарым- қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб. 2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет. 3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар. 4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998 5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000 6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная технология. Москва, 2001 7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998 11-дәріс. Проблемалық оқыту технологиясы Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмылады. Проблемалық ситуацияны шешу арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауы дамиды, интеллектуалдық таным үрдісі жетіледі. Проблемалық оқытуға негізделген жұмыстар, тапсырмалар оқушылардың ғана өзіндік ойлауына, өзіндік ізденісіне бағытталады, білімді өз беттерімен алуға жол ашады, таным белсенділігін арттыруға түрткі жасайды. Проблемалық сұрақтарды, ситуацияны шешу- шығармашылық үдеріс. Ал шығармашылық, өнерпаздық сөзінің мәні- жеке тұлғаның бірнәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі. Бұл технологияның өіндік ерекшелігі мен маңызын поляк ғалымы В.Оконь төмендегідей саралайды: « Под проблемным обучением, мы понимаем совокупность таких действий, как организация проблемных ситуаций,формулирование прблемы, оказание учеником необходимой помощи в решении проблем, проверка этих решений, руководство процессом систематизации и закрепления приобретенных знании». Ал проблемалық оқыту айналасында ұзақ жылдар бойы зерттеу жүргізген М.Махмутов « В основе проблемного обучения лежит учебная проблема, сущностью которой является диалектическое противоречие между известными ученику знаниями, умениями и навыками и новыми фактами, явлениями, для понимания и обьяснения которых прежних знаний недостаточно» деген тұжырым айтады. | | | |1. Білімді проблема |Мұғалім сабақты жай хабарлап,не баяндап түсіндірмейді. | |негізінде баяндау |Проблема қоя отырып түсіндіреді.Оқушылардың таным | | |белсенділігін арттыру, біріге отырып оны шешу жолдары | | |мақсат етіледі. Оқушыларды іздендіруге, табуға | | |жұмылдырады. | |2.Оқушыларды іздену, | | |зерттеу іс-әрекетіне |2.Мұғалім оқушылар алдында проблема қояды, ол | |кіргізу |проблемаға балалардың назарын аударады, сабақ | | |түсіндіру барысында сұрақ-жауап, басқа да өнімді | | |тәсілдер арқылы оны шешуге түрткі жасайды. | |3.Оқытудың зерттеу | | |әдісі |3. Оқушылар проблеманы шешу үшін болжам жасайды, | | |дәлелдеу, салыстыру, қортынды шығару тәсілдерін, | | |амалдарын іздестіреді. Өз беттерімен, өз | | |ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді. | Екі ғалымның пікірін қарастырғанда проблемалық оқыту туралы ортақ бір тұжырым шығады. Ол - оның негізінде бір бейтаныс проблеманың жататыны, ол проблеманы шешу қажеттігі, ол үшін бұрынғы білімге сүйену, бірақ оның мақсатқа толық апармайтыны. Проблемалық оқытудың басты белгілерін М.Н.Скаткин өзінің аталмыш еңбегінде былай көрсетеді. Проблема шешу, проблемалық тапсырмалар, сұрақтар әртүрлі іс- әрекеттер арқылы жүзеге асады. Бұл үдерісте әсіресе пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Проблемалық оқытудың тиімділігі- ол оқушының өз дербес іс- әрекеті арқылы проблеманы шешуі, сол жолдағы ізденісі, шығармашылық өнімге қол жеткізуі. Проблемалық оқытуға негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін талап етеді,ол тапсырмалардың барлығы оқушылардың шығармашылық қабілетін, дарынын дамытуға бағытталады. Проблемалық оқыту технологиясынан дұрыс іздене білгенде ғана ол тіл дамытуда өнімді, нәтижелі қорытынды береді. Әсіресе пәнаралық байланыстағы проблемалық оқытуды басшылыққа алған шығармашылық жұмыстар тіл дамытудың ең өнімді жолы болып табылады. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб. 2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет. 3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар. 4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998 5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000 6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная технология. Москва, 2001 7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998 12-дәріс. Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі. Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп,сабақ үрдісіне ендіру мол ізденушілікті талап етеді.Әрине,ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып,жаңа технологиямен сабақ беріп отырса,оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады.Сондықтан да қазіргі ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа технологияның алатын орны ерекше. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,рухани,азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытуға көмектеседі.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы,профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып сабақ жүргіземін. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат-баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын. 1.Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы. 2.Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы. 3.Берілген білімді пысықтау. 4.Оқушының білімін тексеру, бақылау. 5.Шығармашылық қабілетін арттыру. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып,сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар.Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында..Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін,нені меңгергенін,нені меңгермегенін біледі,соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып,басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды,әрі тырысады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады. Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекеше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады. Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған. 1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей, бұны орындауға барлығы міндетті. 2-3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы, ал 4-деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды. Әрине, барлық оқушы 4-деңгейді түгел орындап шығады деу артық. 1-2 деңгейді түгел жуық орындайды да, озат оқитындар алға кетеді. Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы – оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрінің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі. Ж.Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады. Қорыта келгенде деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың тиімділігі: - оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады; - оқушының жеке қабілеті айқындалады; - іштей бір-бірінен қалмауға тырысады; -тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабіліеті артады; -сынып оқушылары толық бағаланады; -әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады. Демек, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға,белсенділігін арттыруға,шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Беспалко В.П. «Слагаемые педагогической технологии».-М.Педагогика, 1989. 44 б. 2. Кобдикова Ж.У. Оқыту процесін технологияландыру. А:2000 ж.61б. 3. Қараев. Ж.А,Кобдикова Ж.У. Актуальные проблемы модернизации педагогической системы на основе технологического подхода. А: 2005.34 б. 4. Бақзыбекова.Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.-А: Қазақ тілі, №4, 2007.16б. 5.Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2 ,2004. 47 б. 13-дәріс. Қазақ тілі сабағында дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі. Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкесте ндіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс- тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтаспедагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиісді деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барыс ында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білуқабілетт ерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте с ақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлға ның қалыптасуына үлкен ықпалететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта о қытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау а рқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушыныңөз ой- пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Қазақстан жоғарғы мектебі,2004 №1. 5-20 бб. 2.Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы.Жоба// Қазақстан мұғалімі-1997 №14, 1-бет. 3.Қазақ тіліне арналған бағдарламалар. 4.Селевко Г.К. Современные образовательные технология. Москва 1998 5.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000 6.Гузеев В.В. Планирование результатов образование и образовательная технология. Москва, 2001 7. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Ақтөбе, 1998 14-дәріс. Қашықтан оқыту технологиясы Әлемдік деңгейде қазіргі кезде қашықтан оқыту жүйесі кеңінен орын алуда: АҚШ, Ұлыбритания, Ресей т.б. елдерде. Қашықтан оқытудың негізгі белгілері Икемділік. Қашықтан оқыту жүйесінде білім алушылар лекция немесе семинар түріндегі жүйелі сабақтарға қатыспай-ақ, өзіне ыңғайлы мезгілде, ыңғайлы орында, ыңғайлы қарқынмен жұмыс істей алады. Мұндай жүйе өзінің қалыпты өмір сүру тәртібін бұзғысы келмейтіндер үшін өте қолайлы. Оқуға тапсыру үшін студенттің арнайы білім цензінің болуы міндетті емес. Әркім тандаған пәнін меңгергенше оқи алады, яғни мерзімі шектеусіз. Модульдік. Қашықтан оқыту бағдарламасының негізінде модульдік ұстанымы бар. Әрбір жеке курс белгілі бір пән туралы жалпы түсінік береді. Бұл жеке тұлғаның немесе топтың қажеттіліктерін өтерліктей тәуелсіз курс-моделдер жиынтығына оқу бағдарламасын құрастыруға мүмкіндік береді. Экономикалық тиімділік. Әлемдік білім беру жүйесінің орташа есебі бойынша қашықтан оқыту дәстүрлі білім беру түрлеріне қарағанда 50% төмен екені анықталды. Білім сапасын арнайы мамандырылған бақылау. Қашықтан оқыту жүйесінде бақылау түрлері ретінде қашықтан ұйымдастырылған емтихандар, әңгімелесу, экстернат, компьютерлік ойшылдық тест жүйесі пайдаланылады. Қашықтан оқыту технологиясы- тұлғаның белгілі бір білім жүйесін меңгеруі үшін бақылау жүргізіліп отырарлықтай қарым-қатынас құралдары, формалары және әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. Қорыта келгенде білім жүйесіндегі өзгерістер, шығармашылыққа деген еркіндік, демократиялық сипат білім беру ұйымдары мен мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктеп, таңдау мүмкіндігін беріп отыр.Бұрынғыдай білім мазмұны пәндік білім жиынтығы емес, ендігі білім нәтижесі оқытудың мақсатын бірлесе шешуден, оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуден көрінбек. Оқытудың мақсаты қазіргі өзгермелі дүниеде алған білімнің негізінде өзін-өзі таныта алатын, дамытатын, адамгершілік тұрғыда дұрыс шешім қабылдай білетін, ұлттық санасы жоғары, жан-жақты білімді, мәдениетті, қоғамға лайық, шығармашылық қабілеті қалыптасқан тұлғаны дамытуға бағытталады. Сондықтан қазіргі білім беруде құзыреттілікті көрсете алатын, әлеуметтік және кәсіби ортада өз білімін пайдаланып, өз пікірін білдіре алатын, өзінше әрекет жасай алатын зиялы тұлға үлгісі алдыңғы орында тұр. Сондықтан пайдаланып келген оқыту әдістемесінің жаңа педагогикалық технологияларға ұласуының қажеттігі туындайды. Яғни әлеуметтік тәжірибенің барлық элементтерін бүгінгі оқыту ерекшелігімен үйлестірген жағдайда білім мазмұны жаңа сипат алады, әдістемелік жүйеге айналады. Көрнекті неміс педагогі Адольф Дистерверг «Жаман мұғалім шындықты өз деңгейіне жеткізеді, хабарлайды, ал жақсы ұстаз шәкірттерін шындыққа жетуге баулиды»,деген пікірі бүгінгі талаптарға сай келеді. Жаңа технология негізінде оқушы, біріншіден, таныс тәсілдер арқылы бұрыннан таныс үлгілер бойынша жұмысты іске асырады.Екіншіден, танымдық іс-әрекет арқылы білім мазмұнын нәтижеге бағдарлайды. Үшіншіден, шығармашылық іс-әрекет арқылы таныс емес жағдайға проблемалық жағдаяттардан шығу жолдарын қарастырады, жеке адамның тұлғаланылуымен ерекшелінеді. Осындай күрделі іс-әрекет түрлерімен қарым-қатынасқа түсе отырып, бүгінгі талапқа сай құзыреттілік негізінде өзінің әлеуетін көтеруді жүзеге асырады. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. М.М.Жанпейісова Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде Алматы 2006 2. Қазақ тілі мен әдебиеті 2008,4 3. Қазақ тілі мен әдебиеті 2007,9 4. Ізденіс. Филология сер. 2010,1 5. Қазақ тілі мен әдебиеті 2006,7 15-дәріс. Инновациялық технологияларды қазақ тілі сабағында қолданудың тиімді жолдары. Қазіргі таңда жеткіншек ұрпақ - мектеп оқушыларына білім беруге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өскелең өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті. Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ. Қазақ тілін оқыту – қиын да қызық жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын ұстаздарға қойылатын басты талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушыларға сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының ой-өрісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу.Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын. Технология мен әдістеменің мақсаты бір – “қалай оқыту мәселелерін қарастырады”.‘‘Сабақ беру жай ғана шеберлік емес,ол-жаңадан жаңаны табатын өнер деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады»,- деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Ұстаз баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды. “Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Яғни, әр қазақ тілі сабақтарын слайдтар қолдану арқылы өткізсек, әр сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз. Біз ұстаздар қауымы қандай да болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Соның бірі – “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясын сабақты жоспарлауда қолданудың тиімділігі. Өйткені мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуіне болады. . Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді.Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түседі. 3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР |Тақырып атауы |сағат саны | |1. Оқу орыс тілінде жүрілетін мектептерде қазақ |1 | |тілін оқытудың үрдістеріне байланысты жаңа бағыт | | |бойынша ізденістер. | | |2. Білім берудегі инновациялық технологияларды |1 | |пайдалану ерекшеліктері. | | |3. Инновациялық технологияларды қолдану |1 | |4. Қазақ тілі сабағында инновациялық |1 | |технологияларды қолдану арқылы оқушылардың кәсіби | | |шеберліктерін қалыптастыру | | |5. Қазақ тілі сабақтарында тиімді тәсілдерді |1 | |пайдалана отырып, жеке тұлғаның кәсіби біліктілігін| | |арттыру. | | |6. Инновациялық технологияларды қазақ тілі пәні |1 | |арқылы орыс аудитоиясының оқушыларына меңгерту. | | |7. Қазақ тілі сабағында қолданылатын инновациялық |1 | |технологиялар түрлері. | | |8. Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын |1 | |қолдану арқылы оқушыларының тілге деген | | |қызығушылығын қалыптастыру. | | |9. Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды |1 | |пайдалану тиімділігі. | | |10. Оқытудың озық технологиялары туралы жалпы |1 | |түсінік | | |11. Проблемалық оқыту технологиясы |1 | |12. Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту |1 | |технологиясын қолданудың тиімділігі | | |13. Қазақ тілі сабағында дамыта оқыту технолгиясын|1 | |қолдану тиімділігі. | | |14. Қашықтан оқыту технологиясы |1 | |15. Инновациялық технологияларды қазақ тілі |1 | |сабағында қолданудың тиімді жолдары. | | |Барлығы |15 | 4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 4.1 Жаңа технологиялар туралы түсініктер. (баяндама). 4.2 Әдіскер-ғылымдардың жаңа технология туралы зерттеулері. (конспект) 4.3 Оқытудың ізгілендіру технологиясы. (сабақ үлгісі) 4.4 Дебат технологиясы. (сабақ үлгісі) 4.5 Модульдік технология. (сабақ үлгісі) 4.6 Компьютерлі технология. (сабақ үлгісі) 4.7 Жекелеп оқыту технологиясы. (сабақ үлгісі) 4.8 Топтастыру технологиясы. (сабақ үлгісі) 4.9 Бағдарламалық технология. (сабақ үлгісі) 4.10 Дамыта оқыту технологиясы. (сабақ үлгісі) 4.11 Ұжымдық оқыту технологиясы. (сабақ үлгісі) 4.12 Қазақ тілін оқыту барысында оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу (реферат). 4.13 Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар. (реферат). 4.14 Тіл дамыту сабағы 4.15 Бақылау жұмысы 6 ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ |Өзгерістің |Құжаттың |Өзгеріс |Хабарламаның |Өзгеріс енгізілді | |рет нөмірі |тарауы |түрі |нөмірі және | | | |пункті |(ауыстыру, |күні | | | | |жою, қосу) | | | | | | | |Күні |Аты-жөні, | | | | | | |қолы, | | | | | | |қызметі | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | 6. ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ТАНЫСУЫ |№ |Қызметі |Аты-жөні |Уақыт|Қолы |Өзгерту № |Уақыты |Қолы | |о/қ | | |ы | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz