Файл қосу
Тарихты оқытудың әдістері, тәсілдері мен құралдары
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК | | | |042-14-5-2.01.20.10/03-2| | | |009 | |Магистранттарға арналған |№1 басылым 18.09.2008 | | |«Ғылыми педагогикалық |орнына №2 басылым | | |тәжірибедегі жаңашылдық |30.09.2009 | | |технология» пәнінің | | | |оқу-әдістемелік кешені | | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Ғылыми педагогикалық тәжірибедегі жаңашылдық технология» «6М020300»- Тарих мамандығына арналған ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ Семей 2014 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық сабақтар 4. Студенттердің өздік жұмысы Глоcсарий Методика – ежелгі гректің «таным тәсілі», «зерттеу жолы» деген мағынаны білдіреді. Дидактика оқыту немесе үйрету дегенді білдіреді Педагогика – адам тәрбиесі Әдіс- нақты міндетті шешудің мақсатқа жетудің тәсілі Тарихты оқыту әдістемесі – тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны, әдіс- тәсілдері туралы педагогикалық ғылым саласы Дерек- латын тілінен аударғанда «жасалынған», «іске асқан» дегенді білдіреді Негізгі деректер – тарихи уақиғаның идеясын түсіндіреді және негізгі құжат ретінде негізгі тарихи пікірді қалыптастыру Процесс – даму жағдайының бірізділікпен ауысуы Көрнекілік әдістер – оқу материалын оқушылардың және студенттердің көзімен көріп, нақтылы түсіндірулеріне мүмкіндік беру Түсінік- оқып үйренген деректердің негізінде оқушы және студент санасында қалыптасатын тарихи ұғымдар жүйесі Құбылыс – нақты деректе қатыссыз уақытты көрсетілген жалпы ұғым Оқыту- оқушы білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын- ала жоспарланған іс-әрекет. Оқиға- жалғыз жарым дерек Оқыту мазмұны- арнайы таңдап алынған қажетті тәжірибенің бөлшегі. Демонстрация-оқушыларды құбылыстар мен процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысындағы қолданыс Жеке дара қатынас - әрбір оқушының және студенттің ерекшелігін бағалау Дифференциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігі сонымен бірге оқушылардың жеке дара қасиетін ескеру Тәсіл- нақты міндеттерді шешуге бағытталған әрекет Ұғым- деректерді түсіндірумен жеңуде және оқиға мазмұнын нақтылап кеңейту үшін қолданатын сабақтастықты айтамыз Термин- белгілі бір сөздің нақтылы бір мағынасы 2. Дәрістер Дәріс сабағының құрылымы 1 Тақырып. ЖОО және мектепте тарихты оқытудың әдістемесі- педагогикалық пән. 1. ЖОО және мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні 2.Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері мен негізгі факторлары 3.Тарихты оқыту әдістемесінің орны мен ролі Әдістеме дегеніміз-методика. Ежелгі грек тілінен аударғанда «таным тәсілі», «зерттеу жолы» дегенді білдіреді. Ал әдіс дегеніміз- нақты міндетті шешудің, негізгі мақсатқа жетудің жолы. Тарихты оқыту әдістемесі- оқытудың міндеттері, мазмұны мен әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық пән. Оқудың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. ХХ ғасыр басындағы көрнекті әдіскер К.А.Иванов әдістеменің маңызды міндеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін айтады. Әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зерттейді. Әдістеме пәні – педагогикалық процесс, тарихты мұғалімнің оқытуы, оқушының тарихты оқуы туралы мәселелерді қарастырады. Әдістеменің нысаны – оқытудың әдістері, мазмұны мен ұйымдастырылуы туралы ғылым. Оқытудың өзарар және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Оқыту мақсаты ------ оның мазмұны------ білім беру және оны игеруге басшылық жасау ------ оқушы әрекеті ------- оқыту нәтижесі деген тізбекті құрайды. Әрине ол процесс жоспарланған және нақты қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады. Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып-үйрену даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет етеді. ТОӘ- көптеген гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланысты. Және солар арқылы дамиды да. Өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту процесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңғыртып пайдаланады. Мұғалым мен оқушының,студенттің оқу процесі күрделі және көп салалы. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мұғалім өз пәнін жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып,шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса, еш табысқа жете алмайды. Өмірде нашар мұғалімдерді көптеп кездестіруге болады. Өз пәнін жетік білмеуіне байланысты өз білімдерін өзгеоерге оңай жолмен түсіндіре алмайды. Яғни пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? Деген сұрақтарға жауап тақырыпта басты назарда болуы керек. Тарихты оқытудың негізгі факторлары: - мемлекет пен қоғам белгілеген мақсаттар - Стандарт пен бағдарламаларда бекітілген оқулықтар, - Оқыту процесінің ғылыми-әдістемелік ұйымдастырылуы, - Оқушылардың танымдық мүмкіндіктері, - Оқыту нәтижелерін айқындау. Қайталауға және бекітуге арналған сұрақтар. 1.Тарихты оқыту әдістемесі қандай рәг? 2.Қалай пайда болды? 2. Тақырып.Тарихты оқыту әдістемесі курсының қызметі 1.Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің әлеуметтік қызметі 2. ЖОО және мектепте тарихты оқыту әдістемесінің гуманитарлық ғылымдар арасындағы орны Тарихты оқытудың мақсаттары мемлекет дамуының кезеңдерінде өзгеріп отырады. Дегенмен де бүгінгі қоғамда қарама-қарсылық әрекеттер басым. Қазақстандық мектептерде Отан тарихына байланысты мәселелер нақты оқытылмайды. Ал кеңестік кезеңдегі тарих пәнінің мазмұнында таптық сипаттар басым. Дегенменде егемендік пен дербестікке қол жеткізілгеннен кейін Отан тарихы мәселелерін жетік оқытудың бағдараламары жасалып, тың идеялар қолға алынуда. Қазіргі кезеңде тарихи білім берудің мақсаттары: - адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруіне, - тарихи оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен өткізге қабілеттілікті қалыптастыру, - отансүйгіштік пен тарихи тәжірибе гуманизм идеялары негізнде рухани құндылыққа бағыттау, - өз халқының тарихы мен мәдениетін қызығушылықпен құрметтеу т.б. маңызды мәселелерді оқытуға бағытталған шаралар жасалуда. - Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу, - Табиғат пен қоршаған ортаны қорғау, - Әлеуметтік және адамгершілік тәлім-тәрбие беру, - Қазіргі қоғамға кіріккен және оны жетілдіруге ұмтылатын тұлға қалыптастыру. - Жекенің ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу. - Әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушы пікірлерін тыңдау. Таңдау. - Оларды гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау. - Тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзбен бағалауға және дұрыс тұжырымдар жасауға қалыптастыру. Бұл айтылғандар оқытудың жүйесімен байланысты. Жүйе деп - өзара әрекеттесіп, тығыз байланыста болып, белгілі тұтастық, бірлік құрайтын бөліктер жиынтығын айтамыз. Мектепте тарихты оқытудың мазмұны тарих ғылымының дамуы барысында өзгеріп отырады. Әдістеме Отандық және жалпы тарихтың негізгі оқиғалары, фактілері мен құбылыстарын таңдауға, теориялық жинақтау мен анықтамалар қалыптастыруға көмектеседі. Оқыту тарихтың мазмұны мен мелекеттік стандарт, бағдаралама оқулық түрінде көрініс табады. Әдістер: әртүрлі болады. Сөздік, баспа-қолжазбалық көрнекіліктермен, практикалық т.б. Олар мұғалім мен оқушының екі жақты әрекетінен айқындалады. Оқытудың әдістемесі дұрыс болса тарихи білім мен танымдық дағдыларды, ғылыми көзқарас пен сенімді қалыптастырып, дамытуда тиімді нәтиже береді Әдіс, тәсілдер мен оқытудың түрлері ( жалпысыныптық, топтық, дербес) сабақ типтері (қайталау- жинақтау, семинар, зертханалық, саяхат- сабақ), сабақ үстіндегі мұғалім әрекеті мен оқушының оқу құралдары тығыз байланысты. Оқу жұмысының құралдарына оқу процесін қамтамасыз етуге керекті оқулық, жұмыс дәптері, тарихи карта, оқу картиналры, диафильм т.б. сияқты заттарды жатқызамыз. Оқушылардың танымдық мүмкіндіктері оқушының жасына және соған сәйкес тарихи білім мен дағдыны игеру деңгейіне тікелей байланысты. Оқыту нәтижелері қойған мақсаттарды іске асырумен тікелей байланысты. Ол оқыушылардың қол жеткізген білім мен дағдысының, олардың интеллектуалдық, эмоциялық және ерік-жігерінің деңгейіне танытады. Тарих пәні бойынша түрлі тапсырмалар оқушылардың білімін толықтырады. Әдістеменің маңызы мектептегі тарих пәнінің мұғалімі студент үшін мынадай себептермен маңызды: - Оқушының, студенттің тарих пәні бойынша білім мен дағды деңгейін анықтау үшін, -- Сынып, крурс, бөлім және тақырып үшін оқытудың мақсатын анықтау, -- Оқу процесінде жұмыс тиімділігін анықтау және міндетін нақтылау, -- Әдіс пен тәсілдерді ұштастыру, - Тест, қисынды тапсырмалар және тірек сигналдарды қолдану, -- Оқытудың барынша тиімді әдістері түрлері мен құралдарын қолдану, - Оқыту нәтижелерін алдын ала болжап, педагогикалық әрекетке түзету енгізіп отыруға мүмкіндік беруімен бағаланады. Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымының негізгі мәліметтерін таңдап жасайтын курс. Бұл пән педагогика ғылымымен , зерттеу әдісімен және тәрбие мақсатымен байланысты. Ғылыми-зерттеу әдістері деп зерттеудің педагогикалық бақылауды және қалыптастырушы эксперименттің мақсаты, міндеттері мен болжамын анықтауды айтамыз. Педагогикалық бақылау –оқу процесінде ықпал жасамай, тарихты оқыту практикасын зерттеу дегенді білдіреді. Зерттеуші тарих сабақтарына қатысып, оны талдайды. Пән бірлестіктерінің озат тәжірибені жинақтаған материалдарымен танысады. Қалыптастырушы эксперимент тәжірибе жасаушының оқу процесінде белсене араласуын қарастырады. Эксперимент жасаушы ең алдымен зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай әдістемелік талдама жасайды, содан кейін оның тиімділігін оқыту барысында тексереді. Қайталау мен бекітуге арналған сұрақтар: 1. Тарихты оқыту әдістемесі қандай ғылым, ол немен айналысады? 2. Мектепте тарихты оқытудың басты мақсаттары мен міндеттері қандай? 3. Тарихты оқытудың негізгі факторларын ата. 4. Тарихты оқыту әдістемесінің маңызы неде? 3. Тақырып.ХХ ғасырдағы тарихты оқыту әдістемесі пәні 1.ХХ ғасыр басындағы тарихи білім беру 2.1917-1930жж. Тарихи білім беру 3.30-50 жылдардағы тарихи білім берудің құрылымы 4.60-80 жылдардағы мектептерде тарихи білім берудің теориясы мен практикасының жетілуі ХХ ғасыр басында педагогтар тарихи білім ісінде оқыту әдістемесіне көңіл бөле бастады. Сабақтың құрылымын оқушылардың дербес танымдық әрекетін ынталандырып, олардың бойында білімге деген қажеттілікті қалыптастыруға бағыттауға тырысты. Әр кім әртүрлі әдістеме түрлерін дәріптеді. Тарихты оқыту барысында оқушылардың санасында нақты бейне қалыптастыруға ұмтылыс байқалды. Ол үшін оқулық, картиналар мен карталар т.б. көрнекіліктер пайдаланылды. Сонымен бірге сұрақ және жоспар әдісі кең тарады. Олардың авторы пән мұғалімі бола отырып, оқушылар үшін үй тапсырмасында түрлі жұмыс түрлерінде қарастырды. Оқыту процесінде жаңадан іс жүзіндегі зертханалық және драмалау әдістері енгізіле бастады. Іс жүзінді әдістің мәні тарихи дереккөздері негізінде жұмыс істеу. Зертханалық әдіс оқушылардың тарихи құжаттармен, иллюстрациялық материалдармен және ғылыми көпшілік мақалалармен дербес жұмыс жасауға үйрету жүйесін қамтиды. Мұғалым оқушыны тарихи зерттеулердің әлеміне енгізгендей болады. Тағы бір әдіс түрі – оқөушыларды дербес жұмыс жүргіуге үйрету. Яғни драмалау әдісі. Келесі бір әдіс түрі – рефераттау жүйесі. Реферат дайындауды олар оқушылардың бойына дербес жұмыс істей алу дағдыларын дарытатын негігі тәсіл деп қарастырады. Онда оқушы ұсынылған мақала немесе кітаптармен танысу, әдебиеттің мазмұныны баяндау, содан түсінігі бойынша реферат даярлау т.б. шараларды атқарады. Оқушылардың танымдық әрекетінің белсенділігін арттыруда әдіскерлер оқушы жұмысы ғылыми-көпшілік әдебиеттермен, көрнекі құралдармен, оқу кітабымен, оқулықтармен ұштасуы қажет дегенді айтады. Міне осылайша ХХ ғасыр басында педагог кадрларды даярлауға баса назар аударылды. 1911 жылы Мәскеуде 2 жылдық педагогикалық институт ашылып ашылып, жоғары білімді мамандар тартылды. Тыңдаушылардың әдістемелік дайындығына көп көңіл бөлінді. Кейінен бұл мәселеге қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Сатпаев, Ә.Ермеков т.б. араласып, жекеленген пәндер бойынша оқу құралдарын жазып жарыққа шығара бастады. Тарих жүйелі пәнге айланбады. 1917 жылы қазан айында Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ сьезінде В.И.Лениннің ұсынумен А.В.Луначарский басқаратын Халық Ағарту комиссариаты құрылды. Ол адамның бастауыменде жасалған әрекеттер тарихи білім берудің пайдалы жақтарын теріске шығарумен болды. Ол пәннің орнына әлеуметтану, еңбек тарихын ұсынылды. Осылайша тарихи білім беру саласында революциялық қайта құрулар басталды. Тарихты оқу пәні ретінде қоғамтанумен ауыстырылды. 1918 жылы кеңестік еңбек мектебінің негізі қаланды. Алдымен үй тапсырмасын тексеріп, білімін бағалаудың ұпайлық жүйесі, емтихан, жазалау сияқты тәсілдер жойылды. Осы жылғы қабылданған «Біртұтас еңбек мектебі туралы Ереже» бұл жүйені толығымен өзгертті. 1923 жылы мектептерде пәндік оқытудан бас тартылып, оның орнына 1931 жылға дейін кешенді бағдарламамен оқыту енгізілді. Оқушылардың тұлғалық әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудың құралдарының бірі- алған білімдерін іс жүзінде қолдану болды. Тарихи материал жалпытарихтың тиісті бөлімдеріне қосарланып берілді. Оқулықтар мен оқу құралдары болған жоқ, арихи білім бойынша негізгі дереккөзі мұғалімнің ауызша сөзі болды. 30 жылдары тарихи білім берудің жайы өзгерді. Бағдарламалар негізінде жаңа оқулықтар жазылды. Авторлар азаматтық тарихты емес, қоғамдық өмірдің формаларын ғана көрсетуді мақсат тұтты. Отан тарихы оқулықтарда жекеленген қосымша ретінде берілді. 1935-1941жж. Мектептерде тарихты оқыутға бөлінген сағаттар саны 14-тен 25,5 сағатқа дейін өсті. 1934 жылдан «Орта мектептегі тарих» журналы шыға бастады. Жаңа бағдараламалар мен оқулықтар жазуға Н.И.Венаг, А.М.Панкратова, С.И.Ковалев, т.б. қатыстырылды. Бірақ тарих курстарымен жұмыс істеуде әдіскерлер мен ғалым-тарихшылар арасында байланыс болмады. 40 жылдары тарихи білім берудегі кемшіліктер байқалды. Соғыс кезіндегі тарихты оқытуда баса назар аударылған мәселелер патриоттық тәрбие мен интернационалдық бірлікті нығайту міндеті тұрды. 50-70 жылдары оқушылардың «тарихты дұрыс түсінуі» үшін өткен кезең мен қазіргі заман тарихын байланыстыруға баса назар аударылды. Тарихи білім берудің құрылым мен мазмұны өзгеріске қайта түсті. 50 жылдардың соңында тарихи-әдістемелік ой психологиялық-педагогикалық ғылымдармен байланысын нығайту бағытында дамыды. Оқытудың әдіс-*тәсілдері түрлендірілді. 60-80 жылдары. «Мектептерде тарихты оқыту тәртібіндегі өзгерістер туралы» қаулысы тарихты оқытудың құрылымына елеулі өзгерістер енгізілді. Ендігі өзгерістер міндетті түрде орта білімге көшумен байланысты болды. Ол жылдары әдіскерлер А.А.Вагин, Д.И. Никифоров, Н.Г.Дайри, П.В.Гора т.б. сияқты ғалымдар одан әрі жалғастырды. 70-80 жылдары оқушылардың дербестігі мен белсенділігін дамыта оқытудың мақсатына айналды. 80 жылдардың соңында бұрынғы қоғамдық қатынастар жүйесінің ыдырауына байланысты білім беру жүйесі дағдарысқа ұшырады. ХХ хх ғасырдың 90 жылдары «Білім туралы» заңға сәйкес білі беру жүйесін реформалауда тұлға дамуына басымдық беру қағидасы басшылыққа алынды. Плюрализмге жол ашылды. Тарихи білім берудің қайталамау (линейный) қағидасындағы құрылым орныға бастады. Жергілікті жағдайды ескере отырып, біртіндеп бағдарлы мектеп жүйесіне көшірілді. 80-90 жылдары оқу бағдарламалары тарихты оқытудың мақсаттарын ашып көрсететін Түсінік хатпен басталатын. Оның негізінде білім мазмұнын құрайтын деректік және теориялық материалдар бөлімдері қарастырылды. 90 жылдардағы бағдарламаларда бірыңғай білім деңгейін қамтамасыз етуге баса назар аударылды. Ол мемлекеттік құжат ретінде өзгертілді. Және де мемлекеттік стандарттар енгізілді. Оның мынадай ерекшеліктері бар: - білімнің сапасын көтеру қызметі, - бағалау -өлшемдік қызметі, - толыққанды білім алу құқығын қамтамасыз ету, - еліміздің білім беру кеңістігінің бірлігін сақтау қызметі, - білім беруді ізгілендіру қызметі, - басқару қызметі Білім беру стандартының ең басты қызметі- білім беру үрдісінің барлық нысандарының (жеке тұлға, қоғам, мемлекет, аймақ, оқу орны, халықаралық қауымдастық) мүддесін қорғау деп бағалау қажет. Сонымен қоғамдық- гуманитарлық пәндер қатарында ерекше орын алғандықтан да тарих пәнін оқытудың әдістемелік мәселелерін шұғыл түрде шешу міндеті өткір қойылды. Солардың қатарында «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы» (1994 жылы), «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасы» (1995 жылы), «Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасы» (1996 жылы) сияқты құжаттардың мазмұнындада осы мәселелер көтерілген. Қайталау мен бекітуге арналған сұрақтар: 1.ХХ ғасыр басындағы тарихи білім беру жайлы на білесің? 2.1917-1930жж. тарихи білім берудің басты ерекшеліктері неде? 3.Тарихтың дербес курстарының енгізілуінің қандай маңызы болды? 4.60-80 жж. тарихи білім беру құрылымының мазмұнына сипаттама бер. 5.90 жылдардағы Қазақстандағы тарихи білім берудің әдістері. 4. Тақырып. Тарихты оқытудың әдістері, тәсілдері мен құралдары. 1. ЖОО және мектепт оқулығы мен оның құрауыштары 2.Тарих сабақтарында оқулықпен жұмыс істеу жүйесі: дағдылары, тапсырмалар беру, көрнекіліктермен жұмыс т.б. Алғашқы әдіс-тәсіл мектептегі тарих оқулығымен жұмыс істеуден басталады. Оқулық- маңызды білім көзі және оқу құралы. ЖОО және мектеп оқулығының сипаттамасы оқушылардың жас ерекшелігі мен дайындық деңгейіне сәйкес ғылым негіздерін ашуға қойылатын маңызды талаптарды қамтиды. Оқулық сабақ құрылымының негізі ретінде танылады. Кейде оқу процесінде оқулықты қолданудың мүлдем керегі жоқ деген пікірлер де кездеседі. Мектеп оқулықтары мынадай қызмет атқарады: - ақпараттық (білім беру мазмұныны ашады, оқушылардың жасын ескеріп, әр сабақтағы материалдың көлемін белгілейді), - жүйелеушілік (мазмұнды баяндаудың бірізділігін қамтамасыз етеді және жүйелейді), - оқытушылық (білімді меңгертіп, бекітуді жеңілдетеді), - тәрбиелік (тарихты оқытудың тәрбиелік мақсаттарын іске асыруға ықпал жасайды) Оқулық құрауыштары: құрылымы әр түрлі. Оқулықтың әрбір тарауы қисындық конспект сияқты жоспар-схемамен басталуы мүмкін. Оқулық мазмұныныда ұғымдар, терминдер, тірек сөздер ерекшеленеді және түсіндіріледі. Негізгі мәтінде құжаттардан үзінді, анықтамалық аппарат үлгісі мен күрделілік деңгейімен ерекшеленетін сұрақтар мен тапсырмалар қамтылады. Оқулық параграфтардың көлемі біртекті, мазмұны тұжырымдалған, тұтас сипатта болады және олардың саны пәннің оқу жоспарына сай келуі тиіс. Оқулықтың мазмұны негізгі (теориялық және деректік материал) толықтырушы (анықтамалық), түсіндіруші (үлгі, түсініктеме) болып бөлінеді. Негізгі мәтіннің өзегін маңызды идеялар мен ұғымдар, әрекет тәсілдері мен теориясы туралы ақпараттар құрайды. Оқулықтың күрделілігі пәндік, қисындық және тілдік болып бөлінеді. Оқулықтың мәтіннен тыс құрастыруштары безендіру, сұраулар мен тапсырмалар, құжаттар мен көрсеткіш материалдарды қамтиды. Безендендіру мен сұлбалар кітап мазмұнын бейнелі және шартты көрнекіліктер арқылы ашуға пайдаланылады. Оқулықпен алғашқы танысу оны мазмұндап, оқушылардың нені үйренетіндігі, оқулықтың хронологиялық шеңбері туралы ұғымдарды түсіндірумен басталады. Алғашқы сабақтарда оқушыларға бастауыш сыныптан белгілі түсіндіре оқу тәсілін қолданған тиімді. Оқулық бойынша тапсырма біртіндеп күрделене түседі. Оқулық оқушыларға үй тапсырмасын тексеру кезінде қажет. Мұғалымнің бірінші кезектегі міндеті- оқушыларды оқулықтардың түсініксіз жерлерін, белгісіз терминдерді таба білуге үйрету. Жаңа материалды түсіндіруде оқулықтың көмегі мол. Оқулықпен жұмыста мазмұнды және нақты жауап беруге арнайы тапсырмаларды орындау көмектеседі. Ол тапсырмалар: оқу мәтінінен сұраққа жауап тауып, оны дауыстап оқу, өз сөздерімен баяндау, бірнеше сұраққа жауап беру үшін материал таңдау және т.б. болып келеді. Оқулық оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі. Оқушылардың қорытынды жасауға үйреткенде оқулықтың көмегіне сүйенеді. Және де әлдебір пайымдауларды дәлелдеу үшін де оқулық мазмұнымен мәтініне сүйенеді. Жоғарғы сыныптарда оқулық мазмұны білімді тереңдетуге арналған тапсырмалар беріледі. Оқушылардың тақырыпты мұғалымның алдын-ала түсіндіруінсіз өз беттерінше оқып-үйренуі мүмкін. Мұндай мұғалым жаңа тақырыптың материалын, сұрақтар мен тапсырмаларды алдын-ала ұсынып, негізгі ережелерді қысқаша түсіндіруі мүмкін. Сабақта оқулықтағы карталармен де жұмыс жасау керек. Оқулықпен жұмыс істеуде оқушылар дағдысы мыналар. - мәтін үзіндісінің ең бастысын бөліп алу, - оқулық мазмұныны пайдалану, - әңгімелеудің жай жоспарын құрастыру - мәтінді мазмұндап беру, - дереккөздерін қолдану - ұғымдар мен терминдерді пайдалану, оның мазмұныны білу, - дереккөздерін салыстыру - қосымша әдебиеттер арқылы білімді толықтыру оны дамыту және тереңдету. Қайталауға және бекітуге арналған сұрақтар: 1.Мектеп оқулығына қандай талаптар қойылады? 2.Оқулықпен жұмыс жасаудың тәсілдер мен дағдылары туралы баянда. 3.Оқулықпен оқушының жұмыс жасауының әдістері мен ондағы тапсырмалар мазмұны туралы сипаттама. 4.Оқулақтағы көркем суреттер мен карта схемаларымен жұмыс жүргізудің мақсаты туралы на айтуға болады? 5. Тақырып.Оқыту әдістері немесе оқу әрекетінің тәсілдері 1.Оқыту әдістері және оларды топтастыру 2.Сөздік, көрнекі және практикалық әдістер 3.Тәсілдердің көптүрлілігі Оқыту әдістері дегеніміз –оқу процесіндегі оқушы мен мұғалымның өзара байланысты әрекеті мен оқу материалын игеруді ұйымдастырудың тәсілдері. Педагог М.Н.Скаткиннің анықтамасы бойынша әдіс дегеніміз - мұғалымның оқушыны білмеуден білуге, ептілікке жетелейтін жолы, оның ақыл- ой күшін дамыту жолы. ЖОО және мектепте тарих пәнін оқытуда басқа пәндердегі сияқты жалпы педагогикалық-психологиялық әдістер басшылыққа алынады. Тарих пәнінің мазмұнының ерекшеліктеріне және мақсат пен міндеттеріне сәйкес өзіндік әдіс-тәсілдерді де қолданады. Сабақтағы жанды сөз монологтық (иарихи материалды мұғалім немесе оқушының мазмұндауы) және әңгіме түрінде өтеді. Тарихты оқытуда мұғалімнің ауызекі сөзі жетекші рол атқарады, тарихи білім беріледі, танымдық әрекетіне басшылық жасалады. Ауызекі сөзі адамзаттың жүйеленген және жинақталған тәжірибесін жеткізудің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Мұғалым сөзінен тарих ғылымының соны жаңалықтарын, қазіргі күннің мәселелерін шұғыл енгізуге мүмкіндік береді. Мұғалім мұндайда ақпараттық қызмет атқарады. Қисындық және тәрбиелік қызметтер де жан-жақты болуы керек. Сөз көне қатынас құралы. Көрнекі әдістері мен сөзбен тығыз байланысты. Сөздік- баспалық тәсіл жазба мәтінмен жұмыс жүргізгенде қолданылады. Тәсіл ұғымы ретінде сөздік немесе жазба кескіндемелік әрекет түсіндіріледі. Тәсілді көруге немесе естуге болады. Сонымен, әдістемелік тәсілдер – дегеніміз – нақты міндетті шешуге бағытталған әрекет. Жазба-кескіндемелік тәсілдерге мыналар жатады: - оқиғалардың күнтізбесін жасау, - таблица, жаңа сөздер сөздігін жасау, - логикалық сұлбалар мен суреттер салу, - кескін карта толтыру, - сөздік-баспалық мәтінімен жұмыс жасау - құжаттармен жұмыс жасау, - синхрондық кесте жасау - тарихи білімдерді жүйелеу, - салыстыру мен дербес қорытынды жасау - дағдыларды қалыптастыру Оқытудың әдістемелік тәсілдерінің көптігі мұғалімге оларды пайдалануда кең мүмкіндік берумен бірге әр тәсілді парасатылықпен орынды қолдануды талап етеді. Қайталау мен бекітуге арналған сұрақтар: 1.Оқуты әдістері мен тәсілдерінің түрлері туралы жалпы шолулар жаса 2.Оқыту әдістері деген не? 3.Сөздік және жазба кескіндемелік оқыту әдістері 6. Тақырып.Тарихи материалдың құрылымы және оны оқып үйренудің тәсілдері 1.Деректер. Оқиғалар. Құбылыстар. Процестер 2.Тарихи түсінік пен ұғым. 3.Тарихи терминдермен жұмыс Тарихи білім берудің ең басты элементі –ол білім. Білім адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жинақтаған тарих саласындағы мәлімет, танымдардан құралады. Білім қоғамның дамуы туралы ғылыми түсінік қалыптастырады, тарихи шындық және адамзаттың оған қол жеткізу жолдары туралы дүниетанымды негіздейді. Тарихи білімнің құрылымы тарих ғылымының өзін танудан басталады. Оқу мазмұны мыналар. - ғылымның мазмұны - тарихи материалмен теориялық және әдістемелік түрлері мен әдістері - құрылымның қағидалары туралы ғылым негіздерімен жұмыс Оқу процесіндегі оқушылар дерек, құбылыс, оқиға, процесс сияқты санаттарды қолдану арқылы тарихи білім элементтерін игереді. Олар оқиғаның мәнін анықтап, оларды салыстырады. М.Горький «дерек үйретеді, тәрбиелейді» деген. Тарихта дерек нақты жағдайдың, тарихи шындықтың фрагменті ретінде қарастырады. Мысалы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы ұлт-азаттық қозғалыстың жеке дерегі. . Мысалы, ұлы Отан соғысы –негізгі, Курск шайқасы – қосалқы дерек. Бірақ деректер қайталанбайды. Деректерді оқушы есіне сақталып қалуы үшін жан-жақтылық тиімді жұмыстар жасау керек. Негізгі деректер түсінікті болуы тиіс. Сонымен Оқиға деп - жалғыз-жарым дерек. Мысалы: Аңырақай шайқасы, Кенесары көтерілісі т.б. Құбылыс деп – нақты дерекке қатыссыз, орны мен қатысушылары, уақыты көрсетілмеген жалпы ұғымдарды (революция, көтерілістерді) айтамыз. Процесс деп- даму жағдайының бірізділікпен ауысуы. Тарих процесс уақытпен тығыз байланысқан деректер тізбегі, оның байланыстурышысы себеп пен салдар. Мысалы: өнеркәсіптік төңкеріс- мануфактурадан машиналы өнеркәсіпке өтуді сипаттайтын процесс. Тарихты танудың өзі поцеске жатады. Ол деректерді игеруден басталады. Тарихта түсінік пен ұғым дегендер бар. Оқып үйренген деректердің негізінде оқушы санасынад тарихи ұғымдар мен нақты түсініктер қалады. Ондай әдістердің қатарында бейнелеу, суретін салу, нысанды кескіндемелік тұрғыдан қайта жаңғыртуды атауға болады. Дәуірге тән бейне қалыптастыру әсіресе бастауыш және орта буын оқушылары үшін аса қажет. Ғылымда тарихи түсініктің 3 түрі бар. Олар: 1). өткен кезең түсініктері (материалдық, әлеуметтік-саяси, адамдардың тарихи- мәдени т.б.); 2).Тарихи уақыт туралы (тарихи оқиғалар мен құбылыстың ұзақтығы, бірізділігі); Тарихи кеңістік туралы (оқиғаның нақты әрекет ету орнына тәуелділігі). Бұл түсініктердің бірлігі оқушының тарихи танымына негіз қалайды. Ұғым. Тарихи ұғым деректерді түсіндіру мен жүйелеуде. Ұғымдар белгілі бір сабақтастықты сақтау арқылы игеріледі. Олар: көрнекі түсінік – бастапқы ұғымға, қарапайымнан- күрделіге, т.б. осылайша қалыптасады. Тарих ұғым қалыптастыру тәсілдеріне тарихи картина мазмұныны бейнелеу, деректер мен оқиғаны талдау, сюжетті әңгімелеу, практикалық әрекетке макен жасау т.б. Ұғыммен жұмыс орта буын оқушылармен одан әрі жалғасады. Заттардың суретін көрсете отырып, оқушыларға олардың бір-бірінен айырмашылығын табуды ұсынады. Термин белгілі бір сөздің қандай мағына беретіндігін, оның бастапқы мәнін білдіреді. Терминдер әр түрлі тәсілдермен түсіндіріледі. Кейбір терминдерді заттың шыққан жерімен байланыстырады. Тарихи терминдермен жұмыс жасаудың оқыту процесіндегі маңызы ерекше. Оқушылардың тарихи білімдерінің деңгейі өз білгенін қаншалықты нақты әрі дәл айтып бере алуынан байқалады. Тарих пәнінің мұғалымы оқушыларға тарихи білім беруде ұйымдастыратын педагогикалық шаралары мен қолданатын әдістемелік тәсілдерінде терминдермен жұмыс жасауға баса мән беруі тиіс. Оқушыларға тарихи терминдер сөздігін жасату. Бұл жұмыс оқушылардың тарихи білімдерін нығайтуға көп ықпал жасайды. Қайталау мен бекітуге арналған сұрақтар: 1.Тарихи фактілер мен оқиғалар айырмашылығы неде? 2.Құбылыстар мен тарихи процестердің әдістері қандай? 3.Тарихи түсініктер мен тарихи ұғымдар туралы сипаттама бер. 4.Термин және олар туралы түсініктер беріңдер. 7. Тақырып.Басты тарихи деректерді мазмұндау тәсілдері 1. Әңгімелеу тәсілдері 2. Бейнелеу тәсілдері 3. Тапсырма-ойындар Оқыту тәсілдері: әңгімелеу, бейнелеу, тапсырма-ойындар. Басты фактілерді оқып-үйренуде бұл тәсілдер жиі қолданылады. Сабаққа дайындық барысында мұғалім оқу материалын мазмұндаудың тәсілін айқындайды. Тарихты оқытудағы әңгімелеу- тарихи оқиға туралы әңгіме немесе қысқа хабарлама. Әңгімеге қойылатын талаптардың бірі- әрбір тарихи дерекке тән ерекшеліктер туралы ұғым қалыптастыруға көсмектесетін уақыт, кеңістік және адамдардың тарихи сипаттамасының бейнеленуі. Сюжетпен баяндалған әңгіме – драматизммен ерекшеленетін белгілі бір тарихи сюжетке құрылған эмоциялық баяндау. Сюжетті әңгіме шынайы болуы тиіс. Сюжетті әңгімелеудің келесі нысаны – шиеленістіру. Бұл жерде әңгімелеу жанжалды жағдайды шешуге тырысқан екі тұлғаның диалогы түрінде өрбиді. Диалог барысында оқушылар типтік әлеуметтік құбылыстың мәні ашылады. Картиналық бейнелеу деп материалды ауызша баяндау тәсілін айтамыз. Бейнелі сипаттама- бейнелеудің бір түрі. Нақты кезеңдегі қоғамның типтік өкілдерінің сипаттамасын бейнелі деп атаймыз. Бейнелі сипатама оқушыларға берілетін тапсырмаға ұштастырылады. Тарих сабағында қолданылатын тапсырма-ойындардың бір түрі – «Көрнекті тарихи тұлғаларға сипаттама беру» деп аталады. Жекеленген сапалар сипаттаудан тұрады. Ойын арқылы оқытуды көптеген зерттеушілер болашақтың дидактикалық жүйесі деп атайды. Дидактикалық ойындар өзге оқу жұмысының түрлерімен тығыз байланысты Тарих сабағында қолданатын тапсырма ойындардың бір түрі-«Көрнекті тарихи тұлғаларға сипаттама беру» деп аталады. Ондай тәсілдерде мұғалім есімін, уақытын, оқиға орнын атамай тарихи тұлғаның өмірбаяндық мағлұматтарды түгендеуі керек Яғни «тарихи тұлғаны таны», «Кімнің сөзі?», «Бұл кім?» деген сияқты сұрақтар. Бұл ойын элементтерін қолданатын әдіс- тәсілдер болып табылады. Ондайда қатысушылардың белсенділігін көтеруге барынша ықпал жасайды. Ойын әсіресе пәнге қызығушылығын қалыптастыратын жағдайда өтеді. Ондайда мұғалым алдымен ойын тәртібімен таныстырады. Олар жинақы және тапсырманы орындау уақыты шектеулі болып келеді. Қайталау мен бекітуге арналған сұрақтар: 1.Тарихи мәліметтерді баяндаудағы әңгімелесі тәсілдері деген не? 2.Тарихи деректердегі бейнелеу тәсілдері туралы на білесің? 3.Тарихты оқытудағы тапсырма-ойындардың маңызы қандай? 8. Тақырып.Теориялық оқу материалын оқып-үйрену 1.Түсіндіру, пікір, сипаттама беру 2.Тарихты оқытудағы өзекті мәселе қою 3.Оқушылардың ақыл-ой тәсілдері мен дағдылары 4.Теориялық материалды оқып-үйренудегі оқушылар әрекеті Түсіндіру- басты деректер мен теориялық материалды мазмұндаудың кең таралған тәсілдерінің бірі. Бұл түсінік, ұғым , баға, қорытынды, тұжырым түрінде игерілетін ақпараттың бөлігі. Ұғымды мұғалім көмегімен түсіндіреді. Осы тәсілдің көмегімен тарихи деректер мен құбылыстардың мәні мен маңызы, ішкі байланыстардың заңдылығын ашады. Деректерді талдау барысында жасалған бір тұжырым екіншісінен ерекшеленіп тұрады. Түсіндіру әдісі өте жеңіл болады. Сондықтан да ол барлық сыныптарда қолданады. Тарихи білім дайын күйінде беріледі, оқушылар оларды түсініп есте сақтай білуі керек. Пікір деп – ұғымның негізгі белгісін анықтауда қолданылатын түсіндірудің нұсқасы. Бұл тәсіл оқушылардың ойлау және деректерді талдау үлгісін жақсы меңгеруге көмектеседі. Бұл әдіс оқушы ойын белсенді танымдық әрекетке жетелейді. Пікір білдіру оқушылардың назарын аударатындай мәселе болуы шарт. Пән мұғалімі әрбір мәселеге ой толғауы, деректерді салыстырғанда өте пкірілі бола білуі қажет. Осындай әдіс-тәсілдің нәтижесінде оқушы оқу материалының теориялық мазмұныны қиналмай игереді. Мұндайда әрине түрлі көрнекіліктерді пайдаланған дұрыс. Ал мұндай әдістермен тәсілдерге салыстырмалы және жинақтаушы сипаттама берер болсақ тарихи деректермен тарихи ұғымдар, түсініктерді ғылымилығын ескеру дұрыс болмақ . Ал жинақтаушы сипаттаманың мақсаты басқаша. Онда оқылған теориялық материалды қорытып, ұғым қалыптастырады. Белгілі құбылысты жинақтай отырып, оның басты белгілерін логикалық бірізділікпен тізбектейді. Мысалы: колхоз құрылысы туралы баяндағанда оның директивалық жоспарларын, өндіріліген өнімдері мен т.б. мәселелерін анықтауды ұмытпаған дұрыс. Яғни жинақтаушы сипаттама күрделі тарихи құбылысты түсіндірумен аяқталғанда оның маңызды белгілерін байланыстырып атап шығу керек. Сонда ғана бұл тарихи мәселеленің шешімі дұрыс болары анық. Тарихты оқытудағы өзекті мәселе оны мазмұндауда. Ондай мәселе проблемаларды ситуацияларға байланысты баяндау мен түсіндіруде. Алдымен түсіндіру қажеттілігі, сонан соң оны ойлау және сұрақтарға жауап алу сабақ соңында болуы қажет. Тарихты оқытудағы өзекті мәселелерді мұғалімнің теориялық ізденісінен бастау алады. Ондайда пән мұғалімі сабаққа дайындық кезінде назарда ұстағаны дұрыс. Қабілетті оқушылар үшін қызықты тапсырмалар беріп, мәселенің өзектілігн оқушының өз ізденісіде табуы мен шешуіне баса назар аударған дұрыс. Мұндай тәсіл пәнге оқушының қызығушылығын арттырары сөзсіз. Сонымен тарихты оқытудағы өзекті мәселе қалай қалыптасады? Ол оқу материалындағы үйлесімсіздік немесе сабаққа қарама-қарсы сипаттағы құжаттардан үзінділер енгізу және бір мәселеге қарама-қарсылықты әртүрлі көзқарастарды баяндау өзекті мәселе ахуалына негіз болады. Мәселенің мазмұндауынан туындаған міндеттерді оқушылар бұрынғы алған білімдеріне сүйеніп, өз бетінше шешуі тиіс. Ондай ахуал оқушының оқу процесіндегі жеке қабілеттерін қалыптастыру жағдайында шешіледі. Мәселе оқушылардың ақыл-ой дағдылары мен тәсілдері барысында оқу жұмысы тәсілдерінің тасасында елеусіз байқалады. Оқушының тарихи білімдерін игеруі қарапайым орындаулардан көрінеді. Ол 4-5 сыныптардан басталады. Мұғалім оларға тарихи оқығаларды кім?(не?) қайда? Неге? Қалай? Не үшін? Деген сұрақтарға жауап алудан бастап тарихи оқиғалар желісін толық өз түсінігінше баяндауға үйретеді. Ондай тәсілдер сыныптан-сыныпқа өткен сайын күрделенеді. Сол сияқты талдау және жинақтау тәсілдеріде үздіксіз жүріп дами түседі. Тұтас ұғымды ойлау тәсілдері талдау (анализ) және жинақтау (синтез) арқылы жүреді. Және де тарихи оқиғалардың себеп –салдарын дәлелдеу бар. Ондайда дәйектерге жүгінеді. Ақиқаттығын негіздеу арқылы жүреді. Дәлелдеудің дербес пікірлер, негізгі материалдар ретінде құжаттармен статистикалық мәліметтерді пайдалану, қорытынды жасау осының бәрі уақыт өткен сайын толығады. Мұндай жағдайдағы оқушы әрекеті тапсырмаларды толық түсініп, әрине мұғалім көмегімен оның дұрыс талаптарға сай орныдалуына машықтануы қажет. Тапсырмалар бірнеше мақсатты көзделе отырып қойылады. Алғашында мұғалімнің тексеру әдістері арқылы болса, кейіннен жаңа білімді игерудегі оқушының өз бетінше жұмыс жасауынан тұрады. Міне бұл оқушының тарихты және тарихи оқиғаларды жете түсінуіне толық мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер болып табылады. Қайталау мен бекітуге арналған сұрақтар: 1.Тарих сабағында түсіндіру мен пікір айту тәсілдерін қалай қолдануға болады? 2.Тарихи оқиғалар мен құбілістарды салыстырудың тәсілдері қандай? 3.Тарихтағы өзекті мәселелер мен оны анықтап шешудің тәсілдері қандай? 4.Теориялық материалдарды оқып-үйренудегі оқушы әрекеттері туралы не білесің? 9. Тақырып.Оқу дағдылар мен оқу жұмысының тәсілдері 1.Іскерлік пен дағдыны жүйелеу 2.Оқу жұмысының тәсілдері 3.Тарихты оқытуда іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың әдістемесі. Оқушылар тарих сабағында оқу жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін бірнеше әдістемелік шарттарды орындауы қажет. Алдымен оқыту оқушылар үшін түсінікті және қызықты болуы қажет. Тарих сабағында оқу міндеттерін берілген тапсырмаларды орындауда оқушының білімге деген ықыласын ояту арқылы жетілдіру керек. Оқу материалын саналы түрде игеру үшін оқыушылардың дербес жұмыс істеу іскерлігін және дағдыларын қалыптастырудың маңызы зор. Егерде ол жұмыс түрі дұрыс ұйымдастырылмаса берген білімнің нәтижесіздігіне тап боламыз. Сонымен іскерлік деген не? Іскерлік деп- қандай да болмасын қызметтің тәсілін саналы түрде игеруді айтсақ, Жоғары деңгейге жеткізілген іскерлік дағды болып табылады. Демек іскерлік бірте- бірте дағдыға айналады деген сөз. Жалпы дағдыны 4 топқа бөлеміз. 1. Оқу-ұйымдастыру дағдысы- жоспарлау, тапсырманы орныдау, өзін-өзі бағалау, реттеу. 2. Сөздік дағдылар- ауызша және жазбаша мәтіндерді баяндау, мазмұндау, талдау, салыстыру 3. Оқу-ақпараттық дағдылары- оқулық немесе анықтама-библиография, каталогтармен жұмыс 4. Оқу, ақыл-ой дағдылары - әрекетті дәлелдеу, қортыу, мәселені шешу, қабылдау, еске түсіру, өзін-өзі қадағалау Оқу жұмысының тәсілдері дегеніміз тарихи материалды игеру жолындағы әрекеттердің тізбесі. Тәсілдерді құрайтын әрекеттердің тізбесі жұмыстың орындалу тәртібін, оның жалпы бағыттарын айқындайды. Тарихты оқыту барысыныда оқушылардың бойында оқу еңбегінің алдымен ойлау және ақыл-ой дағдылары қалыптастырылады. Ондайда қисынды операциялар атқарылады. Яғни, тарихи мәснге талдау, тарихи фактілер мен құбылыстарды салыстыру, материалды жинақтау, қорытыныды жасау. Оқу дағдылары арнайы тарихи материалды игеруге бағытталса, нәтижесінде тарихи дидактикалық ойлау дағдылары қалыптсады. Тарихты оқыту барысында оқушылардың игеретін дағдылары оқулық мәтінімен, оқу құралдарымен, тарихи құжаттармен деректер арқылы жұмыс жасау және өзіндік ізденістерінен тұрады. Тарихи оқиғалардың мәнін түсінуде оқушылар тарихи процестің жекеленген кезеңдерін немсес ұқсас құбылыстарды сыластыру, себеп-салдарын анықтау, т.б. мәселелерді меңгереді. Әрине басшылық мұғалімнің біліктілігінде. Алдымен іскерлікпен дағдыны қалыптастыру үшін пән мұғалімінің өзі табандылық танытуы қажет. Жетік біліміділік керек. Бұл жұмысты оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып орындаған дұрыс. Дағдыларды қалыптастыру мақсатты болуы тиіс. Әр сабақта қандай дағдыны қандай жолдармен қалыптастыру керек екендігін анықтау дұрысырақ болады. Дағдыларды қалыптастыруда тарих сабағында жаттығу тапсырмаларының жүйелілігі ескеріліп, орындалуы қадағалануы қажет. Мұғалім басшылығымен тәсілдерді игеруге қажетті әрекеттер іске асырылады. Қорытындылау кезеңінде оқушының жаңа жағдайы жаңа материалды өздігінен, дербес қолдануын қамтиды. Дағдыны игеруде әрине уақыт төреші, яғни уақыт әрқилы. Түрлі оқу дағдыларын игеру оқушылардың ғылым негіздерін терең меңгеріп, тарихи құбылыстардың байланысын, маңызын ролін дербес анықтай алуына мүмкіндік береді. Қайталауға және бекітуге арналған сұрақтар: 1.Іскерлік пен дағды деген не? 2.Оқу тәсілдерінің түрлері қандай? 3.Дағдыны қалыптастырудың әдістемесі деген не? 10. Тақырып.Тарихты оқытудағы көрнекілік 1.Оқытудың көрнекі құрал түрлері 2.Шартты-графикалық көрнекіліктер 3.Тарихты оқытудағы техникалық көрнекіліктер Оқушылардың ұғымдар мен түсініктерін, оқылатын құбылысты тікелей немесе оның бейнесінің көмегімен қабылдау арқылы қалыптастыратын оқыту түрі көрнекі оқыту деп аталады. Тарих сабағында көрнекі оқытудың атқаратын ролі ерекше. Тарихи білім көзі ретінде түрлі көрнекі құралдар пайдаланылады. Көрнекі оқыту өткен кезеңмен танысу кезінде сезімге әсер етумен бірге ойлау жүйесіне де ықпал жасап, бірқатар қосымша қызметтер атқарады. Көрнекі құралдарды сабақта қоладну жағдайында оқушылардың өткен тарихи кезең туралы арқылы алынған нақты бейнесі қалыптасатындығын есте ұстау керек. Көрнекі құралдар тарихи фактілерді нақтыландырып, оқушылардың өткен кезең туралы білімдерін жаңғыртады. Көрнекіліктер тарихи құбылыстардың мәнін ашып, негізгі тарихи ұғымдар мен заңдылықтарды қалыптастыруды қамтымасыз етеді. Көрнекіліктер сыртқы белгілеріне қарай: баспалық, экрандық, дыбыстық, ал мазмұны мен тарихи бейнесіне қарай заттық, бейнелеу, шартты-кескіндемелік деп топтастырылады. Және де тарихты оқытудағы көрнекіліктер тағы да мынадай болып топтастырылады. - табиғи алып түрдегі көрнекілік: түпнұсқа түріндегі тарихи ескерткіштер немесе тарихи орындар (Египет пирамидалары, Қызыл Алаң, Республика алаңы) - материалдық мәдениеттің түпнұсқа заттары: (археологиялық қазбалар, еңбек құралдары, нумизматика т.б. (Макеттер, үлгілер т. б.) - Бейнелі көрнекіліктер: (оқу картиналары, репродукциялар) - Шартты-кескіндемелік көрнекіліктер: ( қолжазбалар, тарихи картиналар, аппликация, сұлба, диаграммалар) - Оқытудың техникалық құралдары: ( оқу фильмдері, диафильм, диапозитив, компьютер, видеомагнитофон) Шартты ккескіндемелік көрнекілік тарихи процестің сандық және сапалық мазмұнын ашып, қоғамдық құбылыстардың басты белгілерін, даму бағыттарын айқындап, тарихи ұғымдардың заңдылықтардың себеп-салдарлы байланыстарын игеруге көмектесетін рәміздік бейнелердің жиыны. Оған жататындар: қолжазбалар, тарихи картиналар, аппликация, сұлба, диаграммалар. Көрнекіліктің ерекше түрі тақтаға салынатын суреттер. Сондықтан пән мұғалімі тақтаның мүмкіндігін сабақ үстінде барынша кеңінен пайдалану мұғалімнен шеберлік талап етеді. Оқытудың техникалық құралдары )ОТҚ) білім берудің көрнектілігін, бейнелігін , әсерлілігін күшейтіп, оқушылардың шығармашылық қиялы мен ойлауын ынталандырады. Техникалық құралдарға оқу фильмдері, диафильм, диапозитив, компьютер, видеомагнитофон, телебағдарламалар қолдануға болады. Дегенмен қазіргі кезде мектептерде олар өте сирек кездеседі. Ондай құралдың бірі- кодоскоп. Ол экранға немесе сынып тақтасына мөлдір пленкаға салынған сурет, сызба, сұлба, диаграмма, жазба мәстінді көрсетуге арналады. Тарихты оқытуда кинофильм, оқу фильмдері мен телебағдарламаларды қолданудың ұқсастықтары көп. Оларда оқушыларға сөз бен бейне тұтас күйінде ұсынылады. Қысқа мерзім ішінде оқушылар мол ақпарат ала алады. Ал компьютерлік бағдарламаларда тарихи оқиғаларды имитациялауға үлкен мүмкіндік болады. Сол сияқты ондай мүмкіндік арқылы тарихи процестерді үлгілеуде де пайдаланған дұрыс. Бұл күні оны пайдаланудың уақыты кеңейді. Қайталауға және бекітуге арналған сұрақтар. 1.Көрнекі құралдар түрлерін ата, сипаттама ьер. 2.Оқу картинасын сабақта пайдаланудың әдісі туралы не білесің? 3.Диаграмманы қолданудың қандай әдістерін білесің? 4.Оқу фильмдерін тарих сабағында қолданудың әдістері туралы не білесің? 11. Тақырып.Картографиялық көрнекі құралдар 1.Тарихи карталарға сипаттама 2.Сабақта оларды қолданудың әдістері 3.Картографиялық ойындар Тарихи карталар георгафиялық негізде жасалады. Кішірейтілген және жинақталған үлгіде. Карталарда тарихи оқиғалар мен құбылыстар олардың байланыстары мен орналасуы шартты түрде беріледі. Карталар алғашында б.з.б. ІІІ-І мыңжылдықтарда Вавилон мен Египетте, ХУІІІ ғасырда Ресейде пайда болды. Тарихи және географиялық карталардың айырмашылықтары бар. Георгрфиялық картадағы түстер тарихи карталарда басқа мағына береді. Тарихи карталардың ерекшелігі – оқиғалар мен процестердің қозғалысын ашады. Тарихи қозғалыстар мынадай белгілерде сөйлейді: жебе-әскери соққы, айқасқан қылыш-шайқас алаңы, алау-көтеріліс ошақтары т.б. Тарихи карталардағы аумақтарды қамтуы: .мазмұны және масштабы бойынша ерекшеленеді. Жинақтаушы карталарды тарихи карталар толықтырады. Оқу тақырыбының оқиғалары мен құбылыстарын қамтығандықтан карталар тақырыптық деп аталады.Карталардағы фрагменттер барынша айқын және әсерлі болады. Тарихи оқиғалар әдетте уақыт пен кеңестік шеңберінде өтеді. Оқиғалар қатысты шарттармен байланысты түсіндірілгені дұрыс. Оқушыларға кеңістік туралы түсінігін қалыптастыруда каратамен жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын меңгерткен дұрыс болады. Ол үшін алдымен оқушылардың картографиялық ептілігі мен дағдыларын, картаның шарттарын білдіру қажет. Картографиялық білім тарихи біліммен тығыз бірлікте болуы керек. Себебі тарихи картаны пайдалануды меңгеру аясы тар болмауы керек. Керісінше тарихи оқиғалар мен құбілістарды барынша терең ұғынудың құралы ретінде пайдалануды ойлаған дұрыс. Оқушыларға жаңа тарихи картаны таныстырғанда карта құрлықтың қай бөлігін қамтитындығын және тарихтың қандай хронологиялық кезеңінен көрніс беретіндігін түсіндірген жөн. Сонымен бірге мұғлім каратадан географиялық бағдарларды, маңызды нысандарды көрсетіп, сол кезеңдегі шекараның ерекшеліктерін айқындап, тарихи география бойынша нысандардың сол кездегі және қазіргі атауларымен таныстырған дұрыс болады. Бір каратадан екінші картаға өткенде сабақтастық болуы шарт. Оқушылардың кеңістік туралы ұғымдарын дамытуда оқу карталары мен кратиналар қатар пайдаланылады. Тарихи оқиғалардың мәнін ашуға таптырмас әдіс бұл. Маңызды деректердің географиялық бағдарын еске сақтауға үйрету үшін негізгі мектеп оқушыларына физикалық караталар пайдаланған дұрысырақ. Бұл тәсіл оқушылардың түрлі карталардан тарихи оқиғалар нысанын табуға дағдысын қалыптастырады. Шартты-географиялық көрнекілікті байыптап түсінуде географиялық атаулардың тарихи қалыптасуын білудің маңызы зор. Географиялық атауларды түсіндіруде оның мәнін түсіндірген жөн болады. Мысалы: Сибирь-сыбыр, Саратов-Сарытау, Ангара-Аңғар т.б. Тақырыпқа сай карта болмаса оның орнына басқа картаны қолдануға болмайды. Себебі оқушылар арасында тарихи құбылыстар туралы қате түсініктер қалыптасуы мүмкін. Картамен жұмыс жүргізуде мұғалім оқушылар назарын ауызша баяндаудан кейін тақтадағы каратаға аударып тарихи оқиғалар жерін көрсетеді. Тарихты оқытудағы ойындық тапсырмалар: тарихи картамен жұмыс жасағанда қолданылады. Мысалы: Картадан нысанды көрсету, Кеңістіктегі бағдарларды орналастыру, Не артық?, Аукцион ойындары т.б. Бұл аталған ойындық тапсырмалар әр сыныптардың оқушылар жасын ескеріле отырып орындалады. Оқушылардың тарихи оқиғалар туралы білімдерін еске сақтауға көмектесері сөзсіз. Картографиялық білімдерді нығайтуда тарихи тақырыптағы чайнворд, сөзжұмбақ, анограмма сияқты ойындар оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады. Қайталау және бекітуге арналған сұрақтар: 1.Тарихи карталардың түрлерін ата 2.Тарихи карталардың географиялық карталардан айырмашылығы қандай? 3. Картографиялық дағды және білім деген не? 4 Картографиялық ойын түрлерін ата 12. Тақырып.Тарихты оқытудағы хронология 1.Хронология және оның мақсаттары мен әдістері 2.Хронологиялық ойындар мен тапсырмалар Хронологияның тарих ғылымында алатын орны ерекше. Оқиғаның болған уақыты белгілі болған соң оның бұрынғы және кейінгі оқиғалармен байланысын, сабақтастығын айқындауға болады. Хронология –халықтар мен мемлекеттердің күнтізбесі мен жыл санау жүйесін зерттейтін қосалқы тарихи пән. Ол тарихи оқиғалардың айы, күнін, оқиғалардың кезекпен болғандығын білдіретін ғылым саласы. Мектепте хронологияны оқытудың мақсаты – тарихи оқиғалар мен құбылыстардың сабақтастығын, олардың ұзақтығын көрсету, уақыт өлшемін түсіндіру, жыл санау жүйесімен таныстыру болып табылады. Оған жетудің міндеттері мынадай: - оқушылар санасына тарихи уақыттың дұрыс бейнесін қалыптастыру, - уақыт туралы ұғымының дамуына ықпал жасау, - маңызды оқиғалардың датасы мен уақыт санаттарын (жыл, ғасыр, дәуір) игеруге көмектесу т.б. Мектепте тарихты оқыту маңызына қарай даталарды шартты түрде негізгі және тірек даталары деп бөледі. Негізгі даталар басты деректерге байланысты Мысалы: Қазақ хандығының құрылуы, т.б. Ал тірек датасы сол оқиғалар уақытындағы болған ішінара жағдайлар датасы болуы мүмкін. Оқыту әдістемесі қиын. Сондықтан оқыту кезінде алдымен уақыт өлшемін қалай есептеуді түсіндіру керек. Ол үшін алдымен өткен жылдары қандай оқиғалардың болғандығын еске түсіріп әңгімелеу қажет. Сонан соң 10-12 жыл өмірінде оқушы есінде сақталған ең алғашқы оқығаны еске түсіру арқылы уақыт ұзақтығын түсіндіруге тырысуымыз дұрыс болады. Ал ғасырларды түсіндіргенде былайша түсіндіру керек. Егер төрт таңбалы санның соңғы екеуі нөл болса, онда алғашқы сандар ғасырды білдіреді. Мысалы: 1100-11 (ХІ ғасыр), 1900 -19 (ХІХ ғасыр), т.б. Егер нөлдің орнында басқа сандар болса, 1105- 12 (ХІІ ғасырды), 1916 – 20 (ХХ ғасырды) білдіреді дегенді түсіндіру керек. Рим саны бастапқы ұғымды қалыптастыруда тарих сабағында іске асады. Мысалы: ІУ,У,УІ,УІІ,Х,ХІІІ,ХХІ ғасырлар (4,5,6,7,10,13,21 ) білдіреді. Хронологияны меңгеру бойынша берілетін тапсырмалар әртүрлі болып келеді. Оған: - оқиғаның датасын көрсету, - оқиғаны анықтау, - оқиға мен даталардың арақатынасын белгілеу, - оқиға ұзақтығын анықтау, - хронологиялық сабақтастығын анықтау, - даталардың арасынан белгілі бір процеске қатысын табу, - хронологиялық кесте жасау, - оқиғаның даму кезеңдерін анықтау, - оқиғаның кезеңге қатыстылығын белгілеу, - оқиғалар негізгісін табу, - дәуірлердің өлшемдерін негіздеу т.б. Хронологиялық даталардың қатарын 2 түрлі мазмұнға сай түзуге болады. Бірі- бір ғасырға, екнішісі-оқиғаларға қатысты даталар тізбесі. Ондайда тарихи даталар туралы білімді тексеру үшін сабақтарада түрлі ойындар, байқаулар өткізген дұрыс. Мысалы: даталар бойынша эстафета (ойынға қатысушы команда мүшелері аталған оқиғалар датасын атау), «Уақыт лентасы» (даталарды белгілі бір қағида, хронология бойынша жүйелеу), «Өткен жылдар» ойыны бойынша (әр түрлі мемлекеттерде бір жылда болған тарихи оқиғаларды атау), «Кім жылдам ?» т.б. ойындар. Қайталауға және бекітуге арналған сұрақтар. 1.Хронология дегеніміз не? 2.Хронологиялық сабақтастықты қамтамасыз ету деген не? 3.Тарих сабағында тарихи оқиғалар хронологиясын сақтаудың тәсілдері туралы не білесің? 13. Тақырып. Тарихи құжаттар мен тарихи дереккөздерін оқып-үйрену 1.Тарихи құжаттар және оның түрлері 2.Студенттердің және оқушылардың тарихи құжаттармен жұмыс түрлері 3.Тарихи дереккөздерін конспектілеу және тезистерді дайындау Тарихи құжаттармен тарихи дереккөздеріне адам қолымен жасалған оның қоршаған ортамен байланысының нәтижесі, материалдық мәдениет, салт-дәстүр заттары, жазба ескерткіштер жатады. Негізінен жазба ескерткіштер тарихи құжаттарға жатады . оқушылардың тарихи дамуы үшін оқулықпен жұмыс жасағаннан тікелей тарихи дерек көздерімен (құжаттармен) танысудың маңызы зор. Құжаттаың атқаратын рөліне қарай оның сабақта қолданатын орны белгіленеді. Мысалы зертханалық әдісті қолданғанда құжатты оқып-үйрену оқулықпен жұмыс жасаудан бұрын орындалуы керек. Себебі құжаттану әдістемесін қолданушылар осы тәсілді дұрыс деп есептейді. Тарихи құжаттарды қолданудың маңызы өте зор. Құжаттаың сыртқы түрімен танысу арқылы тарихты оқытудың көрнекілік қағидасы іске асады. Құжат тарихи оқиғалар жөнінде толық мағлұматтар алуға таптырмайтын көрнекілік. Құжаттың маңыздылығы сол- тарихи материалдарды нақтыландырып, өткен оқиғаларды нақтылайды. Және дәуір тынысын сезінуге көмектеседі. Мысалы кез-келген ежелгі тарихи құжаттар мен деректер толық мәліметтер беретіндігін тарихты оқытудың әдістемелік жағын зерттеушілер дәлелдеді. Құжаттармен жұмыс барысында оқушылардың ойлау және қиялдау процесінің белсенділігі артады. Себебі тарихи тақырыптар үшін тарихи құжаттардың рөлі үлкен. Тарихи құжаттардың түрі және оларды сабақтарға пайдаланудың өлшемдері мынадай болмақ. - Топтастыру әдісі немесе зерттеу әдісі онда баяндау-суреттеу құжаттары арқылы жүреді. - Актілік құжаттар – заңдық, шаруашылық, саяст құжаттар (грамоталар, заң, жарлық, сөздер т.б.) - Көркемсөз ескерткіштері – ежелгі және ортағасырлардағы халықтардың ауызекі шығармашылығы (миф, мысал, шешендік сөздер, аңыздар, эпос т.б.) Сабақта қолдану үшін құжаттардың мынадай жақтарын ескеру керек. - тарихты оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сай болуы - сол дәуірдің негізі болуы қажет, - бағдарламалық материалдармен байланысты, - мазмұны мен көлемі оқушылар жасына лайықты, - тұрмыстық және сюжеттік нақтылық болуы керек. Құжаттарды оқушылардың оқып-үйренуі алғашында мұғалім көмегімен болады. Мұғалімнің түсіндіруімен сілтемелер жасап, құжаттан үзінділер пайдаланылады. Оның ішінде тарихи тұлғаларға мінездеме береді. Құжаттармен оқушылардың жұмыс жүргізуі жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі. 5-6 сыныптарда баяндау-суреттеу 3.Практикалық сабақтың құрылымы Тақырып 1 Кіріспе. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Тарихты оқыту әдістемесінің педагогикалық ғылым мен гуманитарлық білім жүйесіндегі орны. 2ТОӘ- педагогикалық пән. Ұсынылатын әдебиет Актуальные вопросы методики обучения истории в средней школе М, 1999 г. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1999ж. Гора П.В. Повышение эффективности обучения истории в средней школе М, Тақырып 2. Тарихты оқыту әдістемесі курсының қызметі Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Тарихты оқыту әдістемесінің әлеуметтік қызметі. 2. Мектепте тарихты оқытудағы әдістеменің орны мен ролі Ұсынылатын әдебиет Актуальные вопросы методики обучения истории в средней школе М, 1999 г. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1999ж. Гора П.В. Повышение эффективности обучения истории в средней школе М, Тақырып 3Тарихты оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму кезеңдері Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Оқыту әдістемесінің теориялық-методологиялық кезеңдеоі. 2.Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі қалыптасуы мен дамуы. Ұсынылатын әдебиет Актуальные вопросы методики обучения истории в средней школе М, 1999 г. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1999ж. Гора П.В. Повышение эффективности обучения истории в средней школе М, Тақырып 4.Тарихты оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму кезеңдері Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.ХХғ. Басындағы тарихты оқыту әдістемесі. 2.Қазіргі кезеңдегі тарихи білім беру. Ұсынылатын әдебиет Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах М,1998 г. 15.Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г. 16.Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г. Тақырып 5. Тарихты оқытудағы әдістер мен тәсілдер Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Оқулық- маңызды білім көзі және оқу қралы. 2.Тарих бойынша оқулық кешені. Ұсынылатын әдебиет Актуальные вопросы методики обучения истории в средней школе М, 1999 г Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1999ж. Гора П.В. Повышение эффективности обучения истории в средней школе М, Тақырып 6. Тарихты оқытудың әдістерін топтастыру Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Пәнді оқытудың әдіс-тәсілдер. Әдістерді топтастыру. 2.Тарихи материалдың құрылымы Ұсынылатын әдебиет Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах М,1998 г. 15.Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г. 16.Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г. Тақырып 7 . Тарихты оқытудағы көрнекіліктер. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Оқытудғы көрнекілік түрлері. 2.Шартты-графикалық (кескіндемелік) көрнекіліктер. Ұсынылатын әдебиет Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах М,1998 г. 15.Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г. 16.Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г. Тақырып 8. Тарихты оқытудағы көрнекіліктер. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Сабақта оны қолданудың жолдары. 2.Тарихи құжаттар мен тарихи деректерді оқып үйрену. 3.Тарихи хронология Оқыту мен есте сақтаудың жолдары. Тарихты оқытудағы көркем әдебиеттермен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. . Ұсынылатын әдебиет Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах М,1998 г. 15.Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г. 16.Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г. Тақырып 9. Тарих пәні бойынша сабақ формалары. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Тарих сабағы және оны дайындау мен өткізу. 2.Сабақ типтері. Аралас сабақ оның бөлімдері. 3.Білімді тексеру, есепке алу. Ұсынылатын әдебиет Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах М,1998 г. 15.Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г. 16.Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г. Тақырып 10. Жоғарғы сыныптардағы тарих пәні. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Жоғарғы сыныптардағы оқу сабақтары. 2. Семинар сабағы мен мектеп дәрісі. 3.Баяндамалар мен рефераттар. Ұсынылатын әдебиет Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах М,1998 г. 15.Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г. 16.Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г. Тақырып 11. Тарихты оқытудағы жаңашылдық. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Тірек конспектілері. 2. Сабақта конспектімен жұмыс жасау әдістемесі. 3.Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі Ұсынылатын әдебиет Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах М,1998 г. 15.Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г. 16.Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г. Тақырып 12. Сабақ түрлері. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Тарих пәні бойынша сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыс түрлері мен оны ұйымдастырудың әдістері. 2.Сабақты өткізудің түріне сипаттама Ұсынылатын әдебиет Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах М,1998 г. 15.Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г. 16.Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г. Тақырып 13. Тарих пәні бойынша түрлі жоспарлар Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Жылдық жоспар құрылымы. 2.Оның ерекшелігі мен маңыздылығы. 3.Студент ерекшелігі ескерілген жылдық жоспарлар. Ұсынылатын әдебиет Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах М,1998 г. 15.Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г. 16.Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г. 4. Магистранттардың өздік жұмысы 4.1. Магистранттардың өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады. Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет. Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет. Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет. Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет. Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет. Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет. Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн. Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет. Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі. Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек. Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады. Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі. Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн. 4.2. Магистранттардың өздік жұмыстарының тақырыптары |Пән бойынша түрлі әдебиеттер тізбегін жасау, қысқаша аннотация жазу | |Пәнге байланысты термин сөздер жинағын құрастыру | |Саяси өмір мәселелері туралы хабарлама бойынша конспектілеу | |Қоғамның саяси- әлеуметтік құрылымы бойынша хабарламамен танысу | |Қазіргі заманғы парадигмалар туралы ақпараттар жазу | |Саяси, Экономикалық әлеуматтанулық тақырыптар бойынша мәліметтермен ой бөлісу. | |Пән бойынша түрлі әдебиеттер тізбегіне аннотация жазу | | Қ.Тоқаевтің еңбегіне конспекті | |«Саясат» журналы бойынша хабарлама | |Қоғамның саяси- әлеуметтік құрылымы хабарлама даярлау | |Қазіргі заманғы парадигмалар мен саяси бағдаралама туралы ақпараттар жинау | | Қазақстан Республикасының мемлекеттігі туралы мәселелер бойынша әңгіме | |Саяси -мәдение, саяси элита мәселелері бойынша хабарлама даярлау | |Дін саясаты және оның мәселелері бойынша хабарлама даярлау | |Саяси-құқықтық пен заңдылықтар жөнінде хабарлама |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz