Файл қосу
Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейдегі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | | | | | | | | | |ПОӘК 042–18-9.1.11/03-2014 | | | 18.09.2013 ж. | | |ПОӘК |№ 1 басылымның | | |«Квалиметрия» пәнінен |орнына 11.09.2014 | | |оқу-әдістемелік материалдар |ж. | | | |№ 2 басылым | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Квалиметрия» пәнінен ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2014 Мазмұны |1 |Дәрістер |3 | |2 |Тәжірибелік сабақтар |29 | |3 |Зертханалық сабақтар |33 | |4 |Курстық жұмыс |63 | |5 |Білім алушылардың өздік жұмысы |65 | 1 ДӘРІСТЕР №1 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Кіріспе. Пәннің мақсаты мен негізгі мәселелері Дәрістің жоспары: 1Пәннің мақсаты мен мәселелері. 2 Пәннің құрылымдық-логикалық схемасы. 3 Негізгі терминдер мен анықтамалар. «Квалиметрлеу» термині «квали» - сапа және «метрия» - өлшем немесе бір нәрсенің сандық бағалауы деген екі сөзден тұрады. Сапа бұл жалпы ғылыми категория, оның мәні әрбір объектінің мазмұнын анықтау немесе мәндік анықтамасын табу деп есептеледі. Сапа оның барлық қасиеттерінің, белгілерінің жиынтық бағалауымен және басқа объектілермен қатынастарымен ерекшеленеді. Квалиметрлеу – ғылыми сала, ол әртүрлі объектілердің сапасын сандық әдістермен бағалауын біріктереді. Квалиметрлеудің негізгі мәселелері: өнімнің және қызметтің сапасын сипаттайтын көрсеткіштердің номенклатурасын негіздеу; жобалау кезінде объектілердің сапа көрсеткіштерін анықтау әдістерін дайындап шығару; объектілердің сапа деңгейін оптимизациялау; бұйымдардың параметриялық қатарларын оптимизациялау; жинақтық сапа көрсеткіштерін құру принциптерін дайындап шығару және оларды стандарттау, сапаны басқару мәселелерінде қолдану шараларын негіздеу. Квалиметрлеу – бұл качествоведениенің (сапа жөніндегі кешенді ғылым) құрамына кіретін бөлек ғылым. Качествоведение квалитологиядан, яғни сапа жөніндегі жалпы теориясынан, квалиметрлеуден және сапаны басқарудағы әдістер мен құралдар жөніндегі ілімнен тұрады. Квалиметрлеудің объектілері ретінде «сапа» түсінігі жататын барлық объектілер бола алады. Бұл қарастыруға, зерттеуге келетін тұтас нәрселер де болады. Квалиметрлеудің пәні деп сапаны сандық жағынан бағалауды айтады. Квалиметрлеу үш бөліктен тұрады: 1 – жалпы квалиметрлеу немесе квалиметрлеудің жалпы теориясы, мұнда керекті мәселелер және сұрақтар, сонымен қатар өлшеу және сапаны бағалау әдістері қарастырылады; 2 – объектілердің үлкен топтарының (кластарының) арнайы квалиметрлеуі, мысалы, өнімдерді, процестерді, қызметтерді квалиметрлеу, адамдардың өмірінің сапасын квалиметрлеуге дейін барады; 3 – өнімдердің, процестердің, қызметтердің бөлек түрлерінің пәндік квалиметрлеуі, мысалы, машинажасау өнімдерін квалиметрлеу, құрылыс объектілерін квалиметрлеу, мұнай өнімдерін квалиметрлеу, тоқты квалиметрлеу, азық-түлік тауарларды квалиметрлеу, өндірістік процестерді квалиметрлеу, еңбекті квалиметрлеу, білімді квалиметрлеу. Тұтыну (пайдалану) объектісінің сапасы – адамдардың белгілі қажеттіліктерін қанағаттандыратын қасиеттердің жалпы сипаттамасы. Сапа жөніндегі мұндай түсінік қолданбалы немесе тұтынушылық сипатта жүреді және сондықтан да тар немесе арнайы деп саналады. Бұған қоса сапа жөнінде шектеулі түсініктер де бар, мұндай жағдайда объектінің барлық сипаттары емес, тек қана адамдар үшін маңыздылары ғана қарастырылады. Атап кетсек, нысан пайдасының адамдардың қолдануына арналған немесе қолданысқа енген субъективті бағалауы мен сондай-ақ объективті қасиеттері тұтыну объектісінің сапасы жөніндегі ұғым ретінде қарастырылады. «Квалиметрлеу және сапаны басқару» пәні бойынша келесі терминдер мен анықтамалар кездеседі. Квалиметрлеу – сапаны басқару және стандарттау кезінде қабылданатын шешімдерді дәлелдеу үшін пайдаланатын сапаны бағалаудың сандық әдістерін бірлестіретін ғылыми сала. Өнім – анықталған қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін арналған халықшаруашылық қызметінің заттылық нәтижесі. Өнімнің қасиеті – жасау, пайдалану немесе тұтыну кезінде көрінетін оның объективті ерекшелігі. Өнімнің сапасы – белгіленуіне сәйкес өнімнің анықталған қажеттіліктерді қанағаттандыру жарамдылығын негіздейтін өнімнің қасиеттерінің жиынтығы. Сапа (өнім сапасының) көрсеткіші - өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Өнім сапасының жекеленген (даралық) көрсеткіші - өнімнің қасиеттерінің бірін сипаттайтын көрсеткіш. Өнім сапасының кешенді көрсеткіші - өнімнің бірнеше қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіш. Өнім сапасының базалық көрсеткіші сапаны салыстырмалы бағалау кезінде эталон ретінде қабылданған объектінің сапа көрсеткіші. Өнім сапасының салыстырмалы көрсеткіші салыстырмалы бірлікте көрсетілген бағалынатын өнімнің сапа көрсеткішінің сапаның базалық көрсеткішіне қатынасы. Өнім сапасының интегралдық көрсеткіші объектінің сапасын оның жалпы тиімділік көзқарасынан сипаттайтын және объектіні белгіленуі бойынша пайдалануынан сомалық пайдалы тиімді объектіні жасау және белгіленуі бойынша пайдалану шығындарына қатынасымен көрсетілетін сапаның кешенді көрсеткіші. Жинақтап қорытылған (жалпыланған) көрсеткіш барлық жекеленген (даралық) көрсеткіштерін есепке алу негізінде сапаны формальдық сипаттайтын өлшемсіз көрсеткіш. Басқару объектісі (тұтас басқаруға қатысты) сала, кәсіпорын, жұмыс орны. Басқару объектісі (нақты бір кәсіпорынға қатысты) өнімнің өмірлік циклы. Басқару субъектісі ұжымдарды, техникалық құрылғыларды, материалдық құралдар мен ақпарат ағындарын енгізетін басқару жүйесі. Басқару принциптері басқару шешімдерді қабылдау және қандай болсын факторларға басқару әсерлерді қалыптастыру, сондай-ақ өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын арттыруға жағдай қалыптастыру. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 «Квалиметрлеу» ғылымы нені оқытады? 2 Квалиметрлеудің негізгі мәселелері неде? 3 Квалиметрлеудің құрылымы қандай? 4 Квалиметрлеу саласында қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамаларды атаңыз. Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Федюкин В.К. Основы квалиметрии. Управление качеством продукции. Учебное пособие. – М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 2004. – 296 с. 2 Фомин В.М. Квалиметрия. Управление качеством. Сертификация. Курс лекций. – М.: ЭКМОС, 2000. – 320 с. 3 Федюкин В.К., Дурнев В.Д., Лебедев В.Г. Методы оценки и управление качеством промышленной продукции: Учебник. – М.: Филинъ, 2000. – 328 с. № 2 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Сапа мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулердің әдістемесі Дәрістің жоспары: 1 Тарихынан қысқаша анықтама 2 Сапа жөніндегі зерттеулердің негізгі бағыттары Сапа нысандарының және олардың қасиеттерінің мәнінің сипаттамасы ретінде адамдар үшін тәжірибелік маңызы зор болды. Сондықтан сапаны бағалау сұрақтары өте маңызды болып саналады. Өнімнің сапасын ең алғашқы бағалауы біздің дәуірімізге дейін 15 ғасырда жүргізген еді. Сол кезде Крит аралының гончарлары өздерінің бұйымдарын арнайы белгімен таңбалады, бұл белгілер өндірушінің кім екендігін және өнімнің жоғары сапалы екендігін көрсетті. Бұл «атаулар шкаласы» бойынша сапаны бағалау деп есептелді. Фирмалық таңбалар және тағы да басқа сапа белгілері қазірдің өзінде өнім сапасының бағалау қасиеті ретінде жүреді. Біраз уақыт өткен соң өнімнің сапасын бағалаудың сараптық әдісінің түрі ретінде басқа әдіс қолданды, ол тұтынушылардың жалпы тәжірибелеріне негізделді, мұндай әдіс «ұжым даналығы» деп аталды. Ежелгі кезде сапаны сарапшылық бағалауына мысал ретінде шараптарды дегустациялауды жатқызуға болады. Халықаралық сауданың дамуымен өнімдерді сапа категориялары бойынша жіктеу керек болды, ол үшін өнімнің бөлек қасиетерін ғана өлшемей, сонымен қатар оның сапасын барлық негізгі тұтынушылық қасиеттері бойынша сандық бағалау жүргізу керек болды. Соған байланысты Еуропада және АҚШ-та 19 ғасырдың соңында 20 ғасырдың басында өнімнің сапасын бағалау әдістерін қолданды, әсіресе балдардың көмегімен. Квалиметрлеудің негізгі мәселесі - өнімнің, қызметтердің құжаттамаларына енгізуге жататын сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтау. Квалиметрлеудің бұл аспектісі сапа көрсеткіштерін нормалау бойынша тәжірибесімен бірге пайда болды, Кеңес Одағында оның пайда болуын 1923 жылмен байланыстырады, осы жылы стандарттау бойынша бірінші басылым «Эталондар мен стандарттар Комитетінің бюллетені» басылып шықты. Комитеттің өзі 1922 жылы өлшемдер мен таразылардың бас палатасы негізінде құрылды. Квалиметрлеудің тағы да басқа маңызды аспектілерінің бірі бұл сапаның априорлық бағалауы, яғни техниканың күрделілігінің өсуіне байланысты белсенді дамуы. Пайдалы шешімді табу үшін жаңа өнімді жасау кезінде оның өмірлік циклының ең алғашқы кезеңінде іздеу керек. Әсіресе сапаны бағалаудың есептік әдістеріне көңілді бөлу керек. Аттестациялау жүргізгенде бағаланатын өнімді отандық және шетелдік аналогтармен салыстыру қажет. Ол үшін сәйкес әдістемелері болуы шарт. 50 жылдардың басында техникалық құралдардың сенімділігін қамтамасыз ету мәселесі өзіне көңілін аудартты. Соған байланысты осы жылдары сенімділікті бағалау әдістері жақсы дамыды. Аталған жағдайлардың бәрі әртүрлі нысандардың сапасын бағалау жөніндегі мәселелерді шешу әдістерін бір білім саласына біріктіруге әкелді, ол квалиметрлеу деп аталды. Біріктіруді Ресей мамандықтарының тобы ұйымдастырды, оның негізінде стандарттау жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері болды. Бұл бірлестік 60 жылдардыњ соңында басталды. Келесі жылдары, бірыңғай терминологияны орнататын салааралық нормативтік және әдістемелік құжаттардың үлкен жинағы шықты. Бұл жинақта квалиметрлеудің әртүрлі мәселелерін шешуге арналған ұсыныстар болды. Әсіресе маңыздыларына мыналар жатады: МЕСТ 15467-70 «Өнімнің сапасы. Терминдер» Ұ 50-149-79 «Өнеркәсіптік өнімнің техникалық деңгейін және сапасын бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулар» Ұ 50-64-84 «Біртекті өнімдер топтарының сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын орнататын мемлекеттік стандарттарды жасау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар». Осы құжаттың негізінде «Өнімнің сапа көрсеткіштеріні жүйелері» атты мыңға жуық стандарттар әзірленді, олар нормативтік құжаттамада өнімнің сапасын регламенттеудің квалиметрлеудің негізінде жатады. Шетелде квалиметрлеудің дамуы фирмалардың бәсекелестігіне қарай өнімді өндірушілер (дайындаушылар) максималды түрде пайда табу үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету керек болды. Өнімдерді өндірушілер (дайындаушылар) бәсекелестердің өнімдерін талдау үшін бағалау әдістемелерін керек етті. Көптеген елдерде, мысалы АҚШ-та өнімнің сапасын жобалық бағалау сапаны қамтамасыз етудің жалпыға белгілі принциптерінің бірі болып табылады. Квалиметрлеудің негізгі мәселелері 1971 жылдан бастап сапаны бақылау бойынша Еуропалық ұйымның халықаралық конференцияларында ұнемі талқыланып отырады. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Өнімнің сапасын ең алғашқы бағалауы қашан жүргізілді? 2 Квалиметрлеудің негізгі аспектілері неге негізделген? 3 Бірыңғай терминологияны орнататын салааралық нормативтік және әдістемелік құжаттардың алғашқы жинағына кіретін негізгі құжаттарды атаңыз? 4 Квалиметрлеу шетелде қалай дамыды? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Федюкин В.К. Основы квалиметрии. Управление качеством продукции. Учебное пособие. – М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 2004. – 296 с. 2 Фомин В.М. Квалиметрия. Управление качеством. Сертификация. Курс лекций. – М.: ЭКМОС, 2000. – 320 с. 3 Солод Г.И. Основы квалиметрии: Учебное пособие. М.: Издательство МГИ, 1991.-84 с. № 3 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Сапа деңгейінің динамикасы Дәрістің жоспары: 1 Сапаның 4 деңгейі: стандартқа сәйкестігі, қолдану сәйкестігі, нарықтың талаптарына сәйкестігі, жасырылған қажеттіліктерге сәйкестігі. Сапа жөніндегі түсінік құбылып тұрады. Былтыр ғана тұтынушыны қанағаттандыратын сапа осы жылы оның талаптарына сай келмеуі де мүмкін. Қоғамның дамуының әрбір кезеңінде сапаға деген талаптар жоғарылап келеді. Бұрын сапа ақаулардың жоқтығымен сипатталса, қазіргі кезде сапамен табыс, рухани құндылығының өлшенетін көрсеткіштері және өмірдің сапасын жоғарлату сияқты категорияларды байланыстырады. Сапаның жапон концепциясы бойынша сапаның 4 деңгейі болады, олар туралы түсінік 20 ғасырдың 50 жылдарынан бастап қазіргі күнге дейін өзгеріп тұрады. Бірінші деңгейі – «стандартқа сәйкестігі». Өнімнің сапасы стандарттың сәйкес келетін немесе сәйкес келмейтін талаптары бойынша бағаланады. Ол үшін алдымен талаптарды айќындап, стандарттарды жєне µнімніњ сапасын салыстырып-тексеру тәртібін бекіту керек. Бұл деңгейдің кемшілігі – сапаның міндетті бақылауын жүргізу қажеттілігі мен тұтынушының (нарықтың) талаптарын есептеуінің жоқшылығы. Екінші деңгейі – «қолдану сәйкестігі». Өнім тек қана стандартқа сай болмауы керек, сонымен қатар пайдалану талаптарын да қанағаттандыру керек. Сонда ғана өнім нарықта сұранысқа ие болады. Өнімді пайдаланудың барлық түрлеріне сәйкес болуы үшін, оның сапасы жөнінде фирманың, кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері ғана емес, олармен бірге маркетинг, зерттеулер және дайындау, жоспарлау, сапаны бақылау сияқты бөлімдері де өз күштерін салулары қажет. Нарықтың талдау және қызметаралық басқару әдістері Жапонияда 60 жылдардың соңында – 70 жылдардың басында меңгерілген болатын. Үшінші деңгейі – «нарықтың талаптарына сәйкестігі». Бұл деңгейді төменгі бағамен жоғары сапалы өнімді алуға болады деп түсінеді. Оған жету үшін ақаусыз өндірісті ұйымдастыра білу керек. Мұнда өнімнің сапасы сапа бойынша тексерумен немесе жоғары сапалы құрал-жабдықтармен жетілдіріледі. Яғни өнімді өндіру процестеріне қатысатын әрбір жұмысшының сапаны жоғарлатуға деген ниеті болуы керек. Төртінші деңгейі – «жасырылған (көзге көрінбейтін) қажеттіліктерге сәйкестігі». Дамыған елдерде, мысалы, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Жапонияда нарықта сапа деңгейі бойынша ерекшеленбейтін, тұтынушының айқын талаптарын ғана қанағаттандыратын өнімдер көп. Сондықтан өнімді сату кезінде, тұтынушылардың жасырылған қажеттіліктерін де ескеру қажет. Тұтынушы өзі де білмейді оған не керектігін. Оған әдемі, алам деп ойламаған нәрсе, өнімді ұсынса, ол тұтынушыға ұнап, соны сатып алуы мүмкін. Дүниежүзінде көркейіп келе жатқан фирмалар осы деңгейге жетуге әзір. Сапа бәсекегеқабілеттіліктің белсенді көрсеткіші ретінде отандық экономиканың тұрақты дамуының маңызды факторларының бірі болып табылады. Сапа деңгейі жоғарылғанда ғана Қазақстан өзініњ ең басты стратегиялық мақсатына (Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру) жете алады, яғни шикізатты беруші ел ғана емес, сонымен бірге дамыған, технологиялық деңгейі жағынан жоғары ел ретінде танылса. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 «Стандартқа сәйкестігі» сапаның бірінші деңгейі неге негізделген? 2 «Қолдану сәйкестігі» сапаның екінші деңгейінің мәні неде? 3 «Нарықтың талаптарына сәйкестігі» сапаның үшінші деңгейінің негізі неде? 4 «Жасырылған қажеттіліктерге сәйкестігі» сапаның төртінші деңгейінің мәні неде? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Федюкин В.К. Основы квалиметрии. Управление качеством продукции. Учебное пособие. – М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 2004. – 296 с. 2 Фомин В.М. Квалиметрия. Управление качеством. Сертификация. Курс лекций. – М.: ЭКМОС, 2000. – 320 с. 3 Шишкин И.Ф., Станякин В.М. Квалиметрия и управление качеством: Учебное пособие. - М.:Изд-во ВЗПИ, 1992.-255 с. № 4-5 дәрістер (2 сағат) Тақырыбы: Өнеркәсіптік өнімдердің жіктелуі. Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы Дәрістің жоспары: 1 Өнеркәсіптік өнімдердің жіктелуі 2 Өнімнің сапа көрсеткіштерінің жіктелуі 1 Өнеркәсіптік өнім дегеніміз тұтынушының олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен пайдалануға арналған және пайдалы қасиеттерге ие болатын еңбектің қызметтік процесінің материалданған нәтижесі. Барлық өнеркәсіптік өнім оның сапа деңгейін бағалау мақсатымен 2 негізгі класқа бөлінеді. 1 Пайдалану кезінде шығындалатын немесе жұмсалатын өнім 2 Өз ресурстарын шығындайтын өнім Тағам өнімдерінің жартылай фабрикаттарын жасау кезінде қолданылатын шикізат бірінші класс өніміне жатады. Бірінші класс үш топқа, ал екінші класс екі топқа бөлінеді. Бірінші топ – пайдалану кезінде шығындалатын өнімдер. Екінші топ – материалар мен өнімдер. Үшінші топ – жұмсалатын бұйымдар. Төртінші топ – жөнделмейтін бұйымдар. Бесінші топ – жөнделетін бұйымдар. Бірінші топқа шикізаттар, табиғи жаңармай. Мысалы: газ, пайдалы тыңайтқыштар,көмір, т.б жатады. Екінші топқа материалдар мен өнімдер. Мысалы; бензин, химиялық өнімдер, құрылыс материалдары, медицина препаратары және үшінші топқа кірмейтін тағам өнімдері кіреді. Үшінші топқа бөшкедегі сұйық жаңармайлар, баллондағы газ, жіп, дәрілер, парфюмерлі косметикалық тауарлар, өнеркәсіптік буыптүйілген өнімдер, банкідегі консервілер, кондитерлік бұйымдар, оралған тағам өнімдері. Бұйым деп өнеркәсіптік өнімнің бірлігін айтады. Ол бір немесе бірнеше пәннен тұрады. Мысалы: радиоқабылдағыш, автомобиль, телефон, телевизор, с.с. Шығындалатын бұйым өнеркәсіптік өнім бірлігі, бірақ оның саны үзілмейтін шамалардан саналады (кг, м, см), бірақ ол арнайы өнеркәсіптік орамаларға салынып шығарылады. Әрбір орама шығындалатын бұйым болып саналады. Мысалы: қорапша, канистра, бөтелке, т.с.с. Шығындалатын бұйымға мысал ретінде қорапқа салынған үгітілген кофе және бөтелкедегі сусындар жатады. Төртінші топқа – жөнделмейтін бұйымдар жатады. Көбінесе машина бұйымдары, гайкалар, подшипниктер, кірпіштер. Бесінші топқа – жөнделетін бұйым жатады. Мысалы: технологиялық құрал жабдықтар. Тасымалдауыш машиналар мен құралдар, тұрмыстық аспаптар. Сонымен бірінші класс өнімдері тұтыну процесі кезінде шығындалады, яғни қайта өңдеудің қайталанбас процесі жүреді. Мысалы: жаңармайды алсақ оның жануы, ал тағам өнімдерін алсақ – тірі организмдермен сіңіп алуы. Ал, екінші класс өнімдерін қолданғанда, онда ресурстардың шығындалуы жүреді. Мұнда өнім техникалық жағынан тозғанша қолданылады. 2 Өнімнің сапа көрсеткіштерін шешілетін міндеттерінің мақсаты мен сипатына тәуелді, әртүрлі белгілер бойынша жіктеуге болады. Өнімнің сапа көрсеткіштерінің жіктелуі 1 кестеде көрсетіледі. 1 кесте |Жіктелу белгілері |Сапа көрсеткіштері | |1 |2 | |1 Функционалдық маңыздылығы |1 Белгілену (технологиялық, экономикалық, | | |технико-экономикалық) | |2 Нысанды сипаттайтын қасиеттер |2 Сенімділік, эргономикалық көрсеткіштер, | |бойынша |эстетикалық, технологиялық, | | |тасымалдаушылық, унификациялау, | | |патенттік-құқықтық, экологиялық және | | |қауіпсіздік көрсеткіштері | |3 Жалпылық дәріжесі |3 Жалпы және жеке | |4 Өндіріс процесіндегі |4 Нәтижелерінің пайдалығы | |функционалды рөлі | | |5 Басқару процесіндегі |5 Жоспарлық (нормативтік) және бағалық | |функционалдық рөлі | | |6 Нысанды сипаттайтын |6 Кешенді, топтық жалпыланған, интегралды | |қасиеттердің саны | | |7 Ұсыну формасы мен мәні және |7 Болжаулы, жобалы, өндірістік | |көрсеткіштерді анықтау кезеңдері|технологиялық және пайдалану техникалық | |1 |2 | |8 Бағалау үшін қолдануы бойынша |8 Базалық, бағаланатын өнімнің және | | |салыстырмалы | |9 Нысанды бағалаудағы маңызы |9 Негізгі және қосымша | Сонымен, өнім қолдану саласы бойынша өндірістік техникалық, халықпен тұтынатын тауарлары және әлеуметтік деп үшке бөлінеді. Өндірістік-техникалық – жұмсалу өнімдеріне, машиналар, шикізат пен материалдарға, яғни өндірістік тұтынуға келетін өнім. Ал, халықпен тұтынатын өнімдер (киімдер, тағам өнімдері) өзіне тән және жеке болып бөлінеді. Әлеуметтік өнімдер халықтың қажеттіліктерін орындау мақсатымен қызметтер сфераларында пайдаланатын өнімдер жатады. Мысалы: тасымалдау, байланыс жүйелерінде, мәдени, денсаулық, сақтау, білім салаларында қолданылатын қызметтер мен өнімдер. Конструктивті жағынан орындалу бойынша барлық өнімдер төртке бөлінеді: 1 детальдар; 2 жинақтауыш бірліктері; 3 комплекстер; 4 жинақтар. Детальдар дегеніміз бұл материалдың атауы мен маркасы бойынша бірыңғай дайындалған жинақтауыш бірліктерді қолданбай жасалған бұйым. Мысалы: болттар, гайка, валиктер. Жинақтауыш бірліктер дегеніміз бұл бұйым, бірақ оның құрамды бөліктерін өзара байланыстырады. Арнайы жинақтауыш операцияларды дайындаушы өнеркәсіпте өзара байланыстарады. Мысалы: киімдер, бір-біріне жалғап, автомобилдер, компьютерлер және қалам жатады. Комплекстер – екі немесе одан да көп бұйымдардан жасалған дайындаушы өнеркәсіпте жинақтаушы операцияларды қолданбай жасаған, бірақ өзара қатынасқан тұтыну функцияларын орындауға арналған. Мысалы: цехтың құрал- жабдықтары, яғни оларды тұтыну орындарында бір-бірімен қосады. Детальдар арнайы бұйымдарға жатпайды, себебі олардың құрамды бөліктері жоқ. Ал, жинақтауыш бірліктер, комплекстер және жинақтар арнайы бұйымдарға жатады. Өйткені, олар екі немесе одан да көп бөліктерден тұрады. Бұл бұйымдардың құрамы конструкторлы құжатпен анықталады. Бұл құжат спецификация деп аталады. Осы жоғарыда көрсетілген 3 критерийлер бойынша жіктелу ірі жіктеулі топшаларға өнімді бөледі. Бұл өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін кейбір тәжірибелік мәселелерді шешу үшін өте қажет. Мысалы, жіктелу топшасы бойынша «Шикізат пен табиғи жаңармайларға жататын» және «Материалдар мен өнімдер сияқты» топшаларға өнімнің эргономикалық көрсеткіштері және кейбір эстетикалық көрсеткіштері тән болмайды. Бірақ, егер материалдар мен өнімдер буып-түйілген болса және олар «Шығындалатын бұйымдар» атты топшаға жататын болса, онда бұл көрсеткіштер өте маңызды. Себебі, олар өнімнің бәсекелестігіне үлкен әсер етеді. Өнімнің эстетикалық және эргономикалық көрсеткіштері халықтың тұтыну және әлеуметтік пайдалану өнімдері үшін өндірістік техникалық пайдалану өнімдеріне қарағанда өте пайдалы болып келеді. Бірінші немесе екінші класқа өнімді жатқызу оның қасиеттерін пайдалану сипаттамаларына өте қатты әсерін тигізеді және бұл оныњ терминологиясына да әсер етеді. Мысалы, бірінші кластың өнімдерін қолданғанда «Пайдалану» термині, ал егер екінші кластың өнімдерін қолданса, онда «Тұтыну» деген терминді пайдаланған жөн. Өнімнің нақты жіктелуін білу үшін арнайы жіктеуіштер қолданылады. Функционалды пайдалану жағынан қызметтер екі топқа бөлінеді. Бірінші топ өндірістік және өндірістік емес (халыққа жұмсалатын қызметтер). Осы екі топтың өзі бірнеше түрлерге бөлінеді. Өндірістік қызмет – бұл кәсіпорындар мен бұйымдардан қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі қызмет. Мысалы, кәсіпорын реконструкциясының жобасын дайындап шығару, ақшалай несие беру, жинақтаушы материалдармен қамтамасыз ету және кадрларды оқыту жатады. Өндірістік емес қызметтер – арнайы тұлғалар немесе тұлғалардың топтары жасайды. Олар материалдық және материалдық емес болып екіге бөлінеді. Материалдық қызмет деп тұтынушының материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі қызметті айтады. Оның нәтижесі қайта өңделген өнім болады. Мысалы: ремонтталған автомобиль, салынған үй, тігілген костюм. Материалдық емес немесе қоғамдық мәдени қызмет бұл тұтынушының қоғамдық мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі қызмет. Яғни тұтынушының функционалдыќ аќпараттыќ рухани жєне зияткерлік ќажеттіліктерін аныќтайды (аќыл-ой). Мұндай қызметтің нысаны тұтынушының өзі болады. Мұндай қызметке мысал: ауру адамды емдеу, кітапханада кітапты қолдану мүмкіндігі, мектепте, жоғарғы оқу орнында оқу. Қызметтің келесі түрлері болады: 1) дайындап шығару және зерттеу; 2) несиелеу; 3) оқыту; 4) ремонт жасау; 5) емдеу; 6) сауда жасау; 7) сақтау; 8) жалдау; 9) техникалық қызмет ету; 10) ақпараттық қызмет ету; 11) тұрмыстық коммуналды қызметтер жасау, т.б. Жоғарыда келтірілген өндірістік өнімдердің жіктелуі келесі жағдайларда жүргізіледі: 1 Белгілі өнім тобының көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау кезінде 2 Өнімнің қолдану саласын анықтау кезінде 3 Үлгілер ретінде бір немесе бірнеше бұйымдарды таңдау мүмкіндігін қарастыру жөнінде 4 Әртүрлі өнімнің, олардың сапасын бағалау кезінде көрсеткіштердің номенклатурасын орнату кезінде. 2 Өнімді жіктеу кезінде өнімнің түрі, тобы, топшасы, класы және класс астысы белгілену керек және жіктелу кезінде өнімнің сапалық көрсеткіштері сипатталады. Өнімнің сапа көрсеткіші дегеніміз өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Бұл қасиеттер өнімнің сапасын құрайды. Өнімнңњ бірліктік сапа көрсеткіші – бұл өнімнің тек қана бір қасиетін сипаттайтын сапа көрсеткіші. Өнімнің жинақтық сапа көрсеткіші дегеніміз өнімнің бірнеше қасиетін сипаттайтын өнімнің бірнеше сапа көрсеткіштері. Сипаттайтын қасиеттеріне байланысты сапа көрсеткішетрінің бірнеше тобы болады. 1 Техникалық тиімділіктің жұмсалу көрсеткіштері. Бұл өнімді пайдалану кезінде алынған пайдалы тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер. Олар жұмсалу және қолдану жағынан бір нақты аймақты қамтиды. Мысалы, автомобильдің жүкті көтеруі, қышқылдар үшін олардың концентрациясы, тағам өнімдері үшін тұздың, қанттың, майдың мөлшерлері және зиянды заттардың мөлшері өте маңызды болып келеді. Бұл көрсеткіштердің өзі жіктеуші болып бөлінеді. Яғни, бұл көрсеткіштер маңызы жағынан функционалды болып келеді және олар техникалық тиімділікті сипаттайды. Бұл жіктеуші көрсеткіштердің негізінде өлшемдік және параметрлік өнімдердің қатарлары құрылады. 2 Сенімділік көрсеткіштері. Бұл көрсеткіштерді қарастыру алдында бірнеше түсініктерге тоқталу керек. Сенімділік бұл орнататын шектерде белгілі уақыт ішінде нысандардың параметрлерінің мәндерін сақтау қасиеті. Сенімділік бұл жинақты қасиет, ол нысанның жұмсалу және қолдану жағдайларына байланысты келесі қасиеттерді қамтиды. Ремонтқа жарамдылығы, яғни ұзақ уақытқа шыдамдылығы, тұрақтылығы және төзімділігі. Төзімділік дегеніміз бірнеше уақыт ішінде нысанның жұмыс жасау қасиеттерін сақтау. Жұмысқа шыдамдылығы бұл белгілі орнатылған жағдайларда нысандардың күйін сақтау. Ремонтқа жарамдылығы бұл жұмыс жасау қабілетінің болуы және оның өсу күйінде сақтау болып табылады. Бұл қасиетті сипаттау үшін ремонттың орташа ұзақтылығын (оған жұмсалатын еңбек пен осы ремонтқа кеткен бағасы) қолданады. Келесі екі қасиеттің сипаттамасын жүргізу үшін, яғни төзімділік пен ремонтқа жарамдылық сияқты қасиеттердің дайындық коэффициенті мен техникалық қолдану коэффициенттерін қолданады. Дайындық коэффициенті дегеніміз бұл кез-келген уақыт ішінде нысанның жұмыс істеу қабілетінің күйі. Ал техникалық қолдану коэффициенті дегеніміз нысанның жұмыс жасау күйінде белгілі уақыт ішінде жұмыс жасауы. Ұзақтылығы – бұл нысанның техникалық қамтамасыз ету және ремонтқа жеткізбей ұзақ уақыт жұмыс жасау қабілеті. 3 Эргономикалық көрсеткіштер – бұл өнімнің тұтынушы мен қолдану немесе тұтынуға жарамдылығы көзқарасынан өнімнің сапасын сипаттайтын көрсеткіштер. Эргономика ғылымы – техникалық ғылымның мәліметтерін қолдана алады және инженерлік психология, еңбек гигиенасы, қоғамтану сияқты салалармен тығыз байланысты. Эргономикалық көрсеткіштер 3 топқа бөлінеді: 1 Антропометриялық көрсеткіштер бұл көрсеткіштер адам денесінің пішіні мен өлшеміне қарай өнімді сипаттайды. Мысалы, автомобилдегі орындықтың ұзындығын өзгерту, оны артқа шалқайту бұрышы, т.с.с. 2 Физиологиялық көрсеткіштер – бұл адамның және оның мүшелерінің мүмкіндіктеріне қарай сипаттайтын көрсеткіштер. Мысалы, әртүрлі датчиктерді қолдану және осы датчиктерде берілетін ақпараттарды дұрыстап қабылдау. 3 Гигиеналық көрсеткіштер – бұл көрсеткіштер өнімнің гигиеналық қасиеттерін сипаттайды. Яғни, температураны, ылғалдылықты және әртүрлі дыбыстардың шығуына қарай сипаттайды. 4 Ресурстарды экономды жұмсау көрсеткіштері – бұл өнімді жасау немесе тұтыну кезінде материалды ресурстардың шығындарын сипаттайтын көрсеткіштер. Мысалы, өнімнің салмағын, оператордың саны бір нақты агрегатты қарастыратын операторлардың саны. 5 Экономикалық көрсеткіштер – бұл өнімді сату кезінде қатты әсер ететін көрсеткіштердің бірі, яғни жоғары сапалы өнім жоғары бағамен сатылады. 6 Эстетикалық көрсеткіштер – бұл өнімнің эстетикалық қасиетін сипаттайтын көрсеткіштер. Мысалы, композицияның тұтастығы. Эстетикалық көрсеткіштер балдармен бағаланады және олар арнайы сараптық комиссияның көмегімен бақыланады. 7 Экологиялық көрсеткіштер – бұл өнімді тұтыну және пайдалану кезінде табиғатта зиянды әсердің деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер. Бұл әсерлер ауаға зиянды заттардың төгілуі ретінде немесе судың және жердің ластануы түрінде көрінеді. 8 Өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштері – бұл өнімді тұтыну немесе пайдалану кезінде қамтамасыз етілуі жеке немесе нысандардың жалпы қауіпсіздігін сипаттайды. Мысалы, автомобиль орындығының қауіпсіздігі, тұрақтылығы, трактордың шыдамдылығы. Көлік құралдары үшін қауіпсіздік қасиеті күрделі қасиет түрінде қарастырылады. Сол сияқты автомобиль үшін құрамдық элементтері ретінде мынандай қауіпсіздік қасиеттері: белсенді қауіпсіздік, аварийдан кейінгі қауіпсіздігі. Осы жоғарыда аталған көрсеткіштердің басқа өнімнің сапасын сипаттау үшін басқадай көрсеткіштер пайдалануы мүмкін. Ол өнімнің өзінің ерекшелігіне байланысты болады, олардың жасалу жағдайларына. Мысалы, күн сәулесінен қорғау көрсеткіштері, сол сияқты өнімнің дайындалуыны, тасымалдауына байланысты стандарттау және сертификаттау көрсеткіштері, патенттік құқықтық технологиялық тағы басқа көрсеткіштер. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Өнеркәсіптік өнімдер қалай жіктеледі? 2 Техникалық тиімділіктің жұмсалу көрсеткіштеріне мысал келтіріңіз? 3 Сенімділік көрсеткіштері дегеніміз не? 4 Эргономикалық көрсеткіштер қандай топтарға бөлінген? 5 Гигиеналық көрсеткіштер, ресурстарды экономды жұмсау көрсеткіштері, экономикалық көрсеткіштер деп қандай көрсеткіштерді айтады? 6 Эстетикалық көрсеткіштер, экологиялық көрсеткіштер, өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштерінің ерекшеліктері неде? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Федюкин В.К. Основы квалиметрии. Управление качеством продукции. Учебное пособие. – М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 2004. – 296 с. 2 Фомин В.М. Квалиметрия. Управление качеством. Сертификация. Курс лекций. – М.: ЭКМОС, 2000. – 320 с. 3 Шишкин И.Ф., Станякин В.М. Квалиметрия и управление качеством: Учебное пособие. - М.:Изд-во ВЗПИ, 1992.-255 с. № 6-7 дәрістер (2 сағат) Тақырыбы: Өнімнің сапа деңгейін бағалау Дәрістің жоспары: 1 Өнім сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын (ӨСКН) анықтау. 2 Өнеркәсіптік өнімдердің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау. 3 Жіктеуші және бағалау көрсеткіштері. 4 Өнім сапасын сараптық бағалау әдістері. 1 Өнім сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау кезінде өнімнің сапасының құрамына кіретін және оның техникалық деңгейі мен сапасын бағалау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қасиеттердің сандық сипаттамаларының тізімі белгіленеді. Өнім сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдаудың маңызы принципиалды, себебі жіберілген қателіктер өнім сапасының шың деңгейі туралы бұрмалаған нәтижесін береді. Өнім сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдауын дәлелдеу өнімнің белгілену және пайдалану шарттарын, тұтынушылардың талаптарын талдау, өнімнің сапасын басқару мақсаттарын, сипатталатын қасиеттерінің құрамы мен құрылымын, өнімнің сапасына қойылатын талаптарын есепке алуымен жүргізіледі. Өнім сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау тәртібі келесі: өнімнің түрін (тобын) анықтау; ӨСКН пайдалану мақсатын анықтау; өнімнің сапа көрсеткіштерінің топтарының бастапқы номенклатурасын анықтау; әрбір топ бойынша бастапқы номенклатурасын анықтау; ӨСКН таңдау әдісін анықтау. Өнімнің түрі (тобы) өнімнің белгілену және пайдалану шарттары бойынша өнімнің классификаторлары (жіктеуіштері) бойынша анықталады. ӨСКН пайдалану мақсаттары өнімнің сапасын басқару міндеттеріне сәйкес белгіленеді. Өнім сапасының көрсеткіштерінің тобының бастапқы номенклатурасы өнімнің жіктеулік топталуына тәуелді көрсеткіштердің қолданулуын есепке алуымен таңдалады. Өнімнің әрбір тобы бойынша көрсеткіштердің бастапқы номенклатурасы өнім сапасының көрсеткіштерінің жүйесіне нормативтік құжаттар негізінде таңдалады. ӨСКН таңдау әдісі өнімнің техникалық деңгейін және сапасын бағалау әдістемелерімен белгіленеді. 2 Өнеркәсіптік өнімдердің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау әдістемесі МЕСТ 22851 регламенттелген. Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау өнімнің сапа көрсеткіштерінің деңгейін тепе-теңдік бағалау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін және оның сапасын құрайтын өнімнің қасиеттерінің сандық сипаттамаларының атауларының тізімін белгілейді. Өнеркәсіптік өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын дәлелдеу кезінде келесіні есепке алады: 1 өнімді пайдалану жағдайлары мен белгіленуі; 2 тұтынушылардың талаптарын талдау; 3 өнімнің сапасын басқару міндеттерін; 4 сипаттайтын қасиеттерінің құрамы мен құрылымын; 5 өнімнің сапа көрсеткіштеріне қойылатын негізгі талаптарды. Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдаудың кезеңдері төмендегідей: өнімнің тобын анықтау; өнімнің сапа көрсеткіштерінің пайдалану мақсатын анықтау; өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау әдісін анықтау; сапа көрсеткіштерінің топтарының тізімін анықтау; таңдалған топтардың әрбіреуі бойынша сапаның нақты көрсеткіштерінің тізімін анықтау. Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы типтік, айналмалы және нақты болады. Типті номенклатура сапа көрсеткіштеріне қатысты номенклатура болып есептеледі. Мысалы, кез-келген өнеркәсіпке арналған. Техникалық бұйымдар немесе жалпы қолданысқа арналған өндірістік бұйымға қатысты барлық топтардың толық аралығы. Мысалы, машина және ақпараттардың сапа көрсеткіштерінің типтік номенклатурасы. Айналмалы номенклатура бір атауға, не бірдей немесе жақын функцияға иеленетін және параметр құрамы жағынан ұқсас нақты бұйым топтарын бағалау кезінде қолданылатын номенклатура. Нақты номенклатура өнімнің нақты түрі мен типінің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы. Бұның көмегімен барлық өнім сипаттамаларын қолданып өнімге толық баға беруге болады. 3 Бақылау кезіндегі рөліне тәуелді нысанның сапасының жіктеуші және бағалау көрсеткіштері болады. Сапаның жіктеуші көрсеткіштері нысанның жіктеуішінің таңдалған жүйесіндегі жіктеуші топталуына жатуын сипаттайды және типтің белгіленуін, өлшемін, нысанның қолдану саласы мен пайдалану шарттарын анықтайды. Жіктеуші көрсеткіштерге келесі көрсеткіштер жатады: 1 Өнімнің параметрлік немесе типтік өлшемдік тегін белгілеу үшін қызмет ететін көрсеткіштер (мысалы, вольтметрдің өлшеуінің дәлдігі мен шегі); 2 Өнімнің қолдану саласы мен шарттарын анықтайтын өнімнің орындау көрсеткіштері (мысалы, газ ортасында пайдалану үшін); 3 Өнімнің оның функционалдық мүмкіншіліктерін анықтайтын қосымша құрылғылары немесе қасиеттерінің бар болу көрсеткіштері (мысалы, суға тұраќты). Бағалау көрсеткіштер нысанның сапасын өндіру және пайдалану процесінде түзейтін қасиеттерін сандық сипаттайды. Олар нысанның сапасын нормалау, оның технологиялық деңгейін бағалау, нысанның сапасын тексеру, бақылау, сынау және сертификаттау үшін пайдаланады. 4 Сараптық әдіс - өнімнің сапасының көрсеткіштерінің мәнін сарапшылармен алу. Сарапшы – берілген мәселені шешуге құзыретті маман. Зерттеу нысанына қатысты сарапшының құзыреттілігі – кәсіби құзыреттілік, ал зерттелетін мәселені сараптық шешімін қабылдау әдістемесіне қатысты – сараптық құзыреттілік болып бөлінеді. Сараптық әдіс – сарапшы-мамандардың тәжірибесін және интуициясын пайдалануға негізделген есептерді шешу әдісі. Сараптық әдіс сапа көрсеткіштерін өлшеу және көрсеткіштердің салмақтық коэффициенттерін анықтау үшін қажет. Өнімнің сапа деңгейін бағалаудың сараптық әдісі сапа көрсеткіштерінің мәнін анықтауының басқадай объективті әдістерін қолдануѓа мүмкіншілік болмаған жағдайда пайдалануға болады. Сараптық әдісті келесі жағдайларда қолданады: өнімнің сапасын жалпы бағалау кезінде; бағаланатын өнімді жіктеу кезінде; бағаланатын өнімнің қасиеттерінің көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтаған кезде; өнімнің қасиеттерінің көрсеткіштерінің салмақтық коэффициентін анықтау кезінде; өнімнің сапа көрсеткіштерін органолептикалық әдіспен бағалау кезінде; базалық үлгілерді және сапаның базалық көрсеткіштерінің өлшемсіз мәнін таңдау кезінде; жекеленген және кешенді көрсеткіштердің жиынтығынын негізінде сапаның қорытынды кешенді көрсеткішін анықтау кезінде; өнімді аттестациялау және сертификаттау кезінде. өнімнің сапасын сараптау кезінде балдық бағаларды кең қолданады. Балдық бағалар сарапшылармен тікелей қойылады немесе бағалау процесін қорытындылау нәтижесінде алынады. Балдық бағаларды тікелей белгілеу сарапшылармен бір-бірінен тәуелсіз немесе талқылау процесінде іске асырылады. Қабылданған балдық шкалада балдардың саны әртүрлі болуы мүмкін. Сапа көрсеткіштерін бағалау үшін 5-балдық, 7-балдық және 10-балдық шкалаларды пайдаланады. Сапаның талдап қорытылған көрсеткішін барлық сарапшылармен қойылған бағаларының орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі. Сараптық әдісті бірнеше кәсіпорындарымен тендерлік сайысқа ұсынған техниканы таңдау кезінде жиі қолданады. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Өнім сапасының көрсеткіштерінің номенклатурасын қалай анықтау керек? 2 Өнеркәсіптік өнімдердің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдауын қалай жүргізеді? 3 Жіктеуші және бағалау көрсеткіштерін атаңыз? 4 Өнім сапасын сараптық бағалау әдістерін қалай қолданады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Федюкин В.К. Основы квалиметрии. Управление качеством продукции. Учебное пособие. – М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 2004. – 296 с. 2 Фомин В.М. Квалиметрия. Управление качеством. Сертификация. Курс лекций. – М.: ЭКМОС, 2000. – 320 с. 3 Солод Г.И. Основы квалиметрии: Учебное пособие. М.: Издательство МГИ, 1991.-84 с. № 8-9 дәрістер (2 сағат) Тақырыбы: Квалиметриялық шкалалар Дәрістің жоспары: 1 Атаулар шкаласы 2 Реттілік шкаласы 3 Интервалдар (аралықтар) шкаласы 4 Қатынастар шкаласы Метрология мен квалиметрияға ортақ ұғым боп шкала ұғымы табылады. Метрологияда шкала дегеніміз - өлшем құралының санау қондырғысының бір бөлігі, ол шама мәндірінің тізбекті қатарына сай болатын бір тәртіпте қойылған белгілердің (таңбалардың) қатары. Сонымен метрологияда шкала өлшем құралының бөлігі ретінде қолданылады. Ал квалиметрияда шкала ұғымы математикалық мағынада қолданылады, яғни әртүрлі объектілердің қасиеттерін бағалау мен салыстыру әдісі ретінде жүреді. Тәжірибе жүзінде квалиметриялық шкаланың бес түрін қолдануға болады: атаулар шкаласы, реттілік шкаласы, интервалдар (аралақтар) шкаласы, қатынастар шкаласы және абсолюттік мәндердің шкаласы. Атаулар шкаласы – бірнеше белгісіз өлшемдерді бір өлшеммен салыстыру керек болған жағдайда қолданылады. Атаулар шкаласы бойынша өлшемдерді эквиваленттік, теңдік белгілері болып бірнеше түрге бөледі. Шамалардың мұндай өлшемі ең қарапайым, бірақ ақпаратты беру жағынан ең тиімсіз болып саналады. Бұл шкаланы қолданғанда бірдей емес шаманың ішінен базалық шамамен салыстырғанда қайсысы үлкен немесе қайсысы кіші екенін анықтауға бола алмайды, яғни шамалардың өсуі немесе кемуі: реттілік қатынасы дәлелденбейді. Калибрлеу – бұл өлшемнің арнайы түрі, ол өлшенетін шама мен белгілі калибрдің шамасы арасындағы қатынасты табу мақсатында жүргізіледі. Реттілік шкаласы – бұл өлшемдер шамасы туралы жүйелі түсінік беретін өлшеудің қарапайым әдісінде салыстырылатын өлшемдердің қатынасы белгіленеді. Барлық өлшемдердің жұптап салыстыруымен жүзеге асыратын қарастырылатын өлшемдердің анықталған кезектілігін белгілену әдісі ранжирлеу деп аталады. Ранжирлеумен алынатын өлшем қатарлары – реттілік шкаласы: Q1>Q4>Q2>Q3>Q5 - өсу шкаласы немесе Q3
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz