Файл қосу
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ФИЗИКА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |3 деңгейлі СМК құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-16-13.1.04 | | | |/03-2013 | |ПОӘК | | | |«Физиканы оқыту теориясы» |№ 2 басылым | | |пәнінің оқу-әдістемелік |10.01.2013 ж. | | |материалдары | | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Физиканы оқыту теориясы» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ Семей 2013 Мазмұны |1 |Глоссарий |3 | |2 |Дәрістер |5 | |3 |Практикалық сабақтар |52 | |4 |Студенттердің өздік жұмыстары |53 | 1 ГЛОССАРИЙ Физика – материаның қарапайым және жалпы формаларының қозғалысы және олардың өзара өзгеруі жайындағы ғылым, ол дәл ғылымдар қатарына жатады және бізді қоршаған ортадағы процестер мен құбылыстардың сандық заңдылықтарын оқытады. Физиканы оқыту әдістемесі – физиканы оқытудың дидактикалық принциптерінің қосымшасы болып табылатын педагогикалық ғылым. Физиканы оқыту пәні – физиканы оқыту процесінде оқушыларды дамыту мен тәрбиелеудегі, физиканы оқытудың теориясы мен практикасы. Физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері - үш сұрақтың жауабын іздеу: неге оқытамыз, нені оқытамыз және қалай оқытамыз. Оқыту технологиясы - бұл оқытудың формалары және тәсілдері, әдістері Оқытуды гуманизациялау - барлық оқу-тәрбиелеу процесінің орталық суьбектісі болып табылатын баланың жеке қасиеттеріне баса көңіл аудару. Оқытуды гуманитаризациялау – сәйкес оқу сабақтарында (әлемдіккөзқарас, әдіснамалық, тарихи-бионрафиялық, экологиялық) меңгерілетін ғылымдардың гуманитарлық аспектілеріне баса көңіл аудару. Оқытуды дифференциациялау – оқушылардың жеке шығармашылық және қызығушылық қабілеттерін ескеретін оқу процесін ұйымдастыру. Гимназия - V-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін, ой еңбегіне бейімді оқушыларды дамытатын және тәрбиелетін орта жалпы білім беретін оқу орны. Лицей - VIII-XI немесе X-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін кәсіптік бағытталған жалпы білім беретін мекеме. Колледж – кәсіптік дайындықты жүзеге асыруға бағытталған кәсіптік бағыттағы білім беру мекемесі. Базистік оқу жоспары - орта жалпы білім беретін мекемелердің жұмысын реттейтін құжат. Экология - орта жағдайы мен тірі организмдердің өзара қатиынасы жайындағы ғылым. Ойлау – обьективті шындықты бейнелетін адамзат танымының жоғары басқышы. Әлеуметтік мотивтер – оқушылардың басқа суьбектілермен әртүрлі өзара әсерлермен байланысқан побуждения. Танымдық мотивтер – оқу іскерлік процесімен және мазмұнымен байланысты побуждения. Өткен байланыстар – бьасқа пәндердің ертеректе меңгерілген материалдарымен физика курсының байланысты. Ілеспелі байланыстар – бірмезгілде меңгерілетін әртүрлі оқу пәндерінің ұғымдары, теориялары, заңдары арасындағы байланыс. Алдағы байланыстар - бұл физика курсының материалдары басқа пәндерді меңгеру үшін база болып табылатын байланыстар. Сабақ – бұл мұғалім дәл тағайындалған уақыт мезетінде оқушылардың тұрақты танымдық іскерлік топтарын басқаратын оқытудың ұйымдастырылған формасы. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар – бұл оқу материалының әрбір тақырыбын сабақтар бойынша бөлу. Оқытудың сөздік әдісі – материалды баяндаудың сөздік әдісі (әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, дәріс), сондай-ақ кітаппен жұмыс істеу (оқулықпен, хрестоматиямен, анықтамалық құралдармен, дидактикалық материалдармен және т.б.). Әңгімелеу – меңгерілетін тақырыпқа жататын іс-жүзіндегі материалды жалғасымдылықпен баяндау. Түсіндіру – мұғалімнің жаңа ақпартты дәлелдеп, негіздеп, талдап түсіндіруі. Әңгімелесу - оқытудың «сұрақжауап» әдісі. Оқу эксперименті – бұл сабақта физикалық құбылыстарды арнайы құралдардың көмегімен шығару. Демонстрация – бұл мұғалімнің физикалық құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстарды көрсетуі. Фронтальды тәжірибе – мұғалімнің текелей басшылығынсыз, жазбаша нұсқаулықсыз оқушылардың қандай-да бір практикалық іс-әрекеті (бақылау, өлшеу). Сыныптан тыс тәжірибелер мен бақылаулар - күнделікті ортада, табиғатта, ауылшаруашылық өндірістерінде оқушылардың үйде орындайтын қарапайым тәжірибелері. Физика кабинеті – бұл оқу қондырғыларымен, көрнекі құралдармен, оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған өзара байланысты орындар бөлінген мектептің оқу бөлімшесі. Физикалық есеп – логикалық ойқорыту, физикалық эксперимент және математикалық амалдар процесі қолданлатын физика әдістері негізінде шешілетін кішігірім мәселе. Есептерді шығару технологиясы – есептің шартында берілген және ізделініп отырған шамалар арасындағы байланысты тағайындайтын, есептің жауабына әкелетін амалар мен тәсілдер жиынтығы. Физикалық есептерді шығаруға үйреті технологиясы – оқушыларға есеп шығару дағдысын қалыптастыруға әкелетін тәсілдер жүйесі. Сынақ –сабақ уақытында ұйымдастырылатын оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тексерудің жалпы формасы. Оқытудың техникалық құралдары – техникалық қондырғылардың және олардың арнайы дидактикалық материалдарының жиынтығы. Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) – ақпарат тек дыбыстық каналдар арқылы берілетін оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ). Аудиовизуальды (экранды-дыбыстық) құралдар – бұл ақпаратты бірмезетте көру және дыбыстық каналдар арқылы беретін ОТҚ. Диафильмдер - өзара байланысты текс пен бейнелердің қатаң жалғасымды кадрлары. Дербес (индивидуальная работа) жұмыс – жекелеген оқушылармен физика және техника бойынша жетекшілік жасау мақсатында, осы мақсатта реферат, баяндама және мазмұндама дйындау. Топтық жұмыс – жаңа білімдер мен рактикалық іскерліктерді меңгеру мақсатында оқушылардың тұрақты шағын тобымен және балалардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталып жүргізілетін жүйелі жұмыс. Оқытудың жаңа технологиялары – ЭЕМ көмегімен ақпараттарды көрсету, тарату. Оқытудың компьютерлік технологиясы – бұл техникалық құрал компьютер болып табылатын оқыту жүйесі. Компьютерлік сауаттылық – бұл оқыту құралы ретінде мұғалім мен оқушыға ЭЕМ қолдануға мүмкіндік беретін білім мен іскерлік. 2 Дәрістер 1МИКРОМОДУЛЬ «ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ» 1-тақырып. Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым Дәріс мақсаты: Физиканы оқыту әдістемесінің негізгі міндеттері жайында мағұлымат беру. Орта мектептің қазіргі заманғы даму кезеңіндегі физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері мен өзекті мәселелерін көрсету. Жоспар: 1. Физиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым, зерттеу әдістері мен мәселелері. 2. Орта мектептің қазіргі заманғы даму кезеңіндегі физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері мен өзекті мәселелері. Тақырыптың қысқаша мазмұны: Физиканы мектепте оқыту әдістемесі – педагогика ғылымдары жүйесінің бір тармағы болып саналады. Себебі, педагогика ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең негізгі мәселесі – орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың іс-тәжірибесі мен теориясын қарастыру. Ендеше, оның негізгі міндеті: а) мектеп физика пәнінің оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнын анықтау; ә) оқушыларға физикалық білімдер мен дағдыларың жүйесін ұғындырудың тиімді тәсілдерін, оқыту әдістемесін көрсету. Демек, физиканы оқыту әдістемесі студенттерге кәсіптік-әдістемелік дайындық беруді мақсат етеді. Мектепте физиканы сапалы оқытудың ең бірінші және басты шарт – физика ғылымын мұғалімнің берік меңгеруі, оның зерттеу әдістері мен дамуын тарихын терең түсінуі. Физиканы оқыту әдістемесі, ең алдымен, физика ғылымының зерттеу әдістеріне және оның әдіснамасына сүйенсе, екіншіден, философия, педагогика және психология ғылымдары негізінде дамып келеді. Ол өзінің мақсаттары, зерттейтін мәселелері, пайдаланылатын әдістері бойынша физика ғылымына қарағанда, педагогика ғылымдарына бейімділігі мен жақындығы анағұрлым көп. Сондықтан да, физиканы оқыту әдістемесі педагогика ғылымдарының құрамдас бір саласына жатады. Физика әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері ретінде теориялық талдау, нобайлау, эксперимент, дара тұлға мен қаракетті дамыту теориялары, таным мен сезу және ойлау процестері, дидактикалық принциптер, педагогикалық және психологиялық заңдылықтар, бақылау, мектеп тәжірибесін жинақтау, оқушылардың ойлауы мен еңбек ету ерекшеліктері, т.т. пайдаланылады. Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады. 1.Мектеп физика пәнінің әрбір басқыштарында оқытылатын оқу материалының көлемін және мазмұнын анықтау. Мысалы, мектепте неге газдардың қысымы бірінші басқышта, ал термодинамика негіздерін екінші басқышта оқимыз? Не себепті жарық құбылыстары бірінші және екінші басқыштарда да оқытылады? Мұның дәлелін тек ғана физиканы оқыту әдістемесі курсынан табамыз. 2.Оқу материалын баяндаудың жүйелілігін анықтау. Оқытылатын материалдың бірізділігі, оңайдан қиынға қарай бірте-бірте өсіп отыруы тиіс. 3.Оқушылардың оқу материалын оңай меңгеруінің тиімді әдістері мен тәсілдерін және мұғалімнің әр түрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын көрсету. Мәселен, ауызша баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, эксперимент, анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогия мен нобайлау, т.т. 4.Бағдарламалық материалдарды оқушылардың берік игеруін қамтамасыз ететіндей физиканы оқытудың қажетті материалдық-техникалық базасын анықтау. 5.Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін жасау. 6.Мектепте физиканы оқыту процесінде өткізілетін тәлім-тәрбие жұмыстарға бағыт-бағдар беру. 7.Оқушылардың эксперименттік білімдері мен ебдейліктерін және дағдыларын қалыптастыру. Мұның бәрін жинақтап, физиканы оқыту әдістемесінің ең басты міндеттерін қысқаша мынадай шартты формула түрінде өрнектеуге болады 1.1 схемада көрсетілген: ФОӘ=А+Б+С, мұндағы ФОӘ-физиканы оқыту әдістемесі; А-физиканы не үшін оқытамыз; Б- физикада не нәрсеге үйретеміз; С-физиканы қалай оқытамыз. Яғни, қысқаша айтсақ, олардың негізгі мәні мынада: Оқушылардың айналадағы табиғи құбылыстар мен процестерді диалектикалық- материалистік тұрғыдан дұрыс түсінуі үшін, олардың өмір мен техникада қолданылуын білуі үшін, политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру үшін, физикалық шамалар мен өлшемдерді меңгеруі үшін мектепте физиканы оқыту қажет (А); физиканы оқыту процесінде оқушыларды табиғат құбылыстарын бақылай білуге, оларды талдауға, олардың заңдылықтарын түсініп, практикада қолдана білу ебдейліктеріне үйретеміз, сөйтіп жас жеткіншектерді материалистік ойлауға дағдыландырамыз (Б); физиканы оқыту процесі нәтижелі болуы үшін (С), оқушылардың логикалық санасы мен диалектикалық ойлаудың дамыту мақсатында, әр түрлі әдіс- тәсілдерді кеңінен қолданамыз, оқу материалын негізінен эксперименттік және көрнекілік түрде түсіндіреміз. 1.1 схема Физиканы оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен тығыз байланысты, атап айтқанда ең алдымен физикамен, психологиямен және педагогикамен байланысты (1.2 схема). Бұл ғылымдармен байланыс физика курсының мазмұнынан, сондай-ақ оқыту әдістерінен, тәсілдерінен және формаларынан көрінеді. 1.2 Схема | |ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ | | | | | | |ФИЗИКА | | | |оқу сабақтарын ұйымдастырудың| |оқу сабақтарын ұйымдастырудың | |жалпы формасы | |нақты формасы | |ұжымды| | |қ | | |Психол|Оқу |Саналы түрде |Оқу |Алған білімді|Білімді жаңа | |огиялы|материалдары|қабылдауларын|материалын |таныс |жағдайға | |қ |н дайындау |және |есте сақтау |жағдайға |қолдануларын | |негізд| |түсінулерін |және |қолдануларын |ұйымдастыру | |ері | |ұйымдастыру |игерулерін |ұйымдастыру | | | | | |ұйымдастыру |(2 деңгей) | | | | | |(1 деңгей) | | | |Дидакт|Жаңа |Оқу |Меңгерудің |Жаттығу, |Стандартты | |икалық|материалды |материалдарын|1-деңгейін |лабораториялы|емес | |негізд|өтуге дәлел |құрылымдық-ло|бағалау және |қ жұмыстар, |есептерді, | |ері |келтіру, |гикалық |сұрау, бекіту|игерудің |оның ішінде | | |білімдерді |сызба, | |2-деңгейін |экспериментті | | |өзектендіру |жоспарлар, | |бағалау |игерудің | | | |тірек | | |3-деңгейін | | | |конспектілері| | |бағалау | | | |неегізінде | | | | | | |баяндау | | | | |Әдісте|Әңгімелесу, |Лекция, |Оқулықпен |Есептер |Әртүрлі | |мелік |қызықты |түсіндіру, |жұмыс, |шығару, |есептер | |негізд|тәжірибелерд|әңгімелесу, |дәптерге |оқулықпен |шығаруды және | |ері. |і |демон. |жазу, |жұмыс, |жаттығуларды, | |Оқытуд|демонстрация|тәжірибелер, |әңгімелесу. |фронталь |оқушылардың | |ың |лау, |кестелер, |Есептер |тәжірибелер |өзіндік | |әдіс-т|есептерді |кинофрагмент,|шығару, | |жұмыстарын | |әсілде|шығару. |тақтаға, |кестелер, | |ұйымдастыру | |рін |Мәселелік |дәптерге |графиктер, | | | |таңдау|сұрақтар |жаздыру, ойша|суреттермен | | | | |қою, тарихи |экспериментпе|және | | | | |және ғылыми |н |т.б.жұмыстар | | | | |материалдар |байланыстыру | | | | | |енгізу | | | | | 2-кесте Сабақтың түрлері және құрылымы |Сабақтың |Сабақтың кезеңдері | |түрлері | | |Жаңа |Өтілетін |Жаңа |Бекіту, |Үй тапсырмасын беру. | |материалды |материалды |білімдерді|жаттығу, |Сабақты қорыту (3-5 | |өту сабағы |актуалдау, |қалыптасты|игерудің |мин). | | |өзектілігін,|ру (10-15 |1-деңгейін | | | |маңыздылығын|мин). |бағалау (15| | | |айту және | |мин). | | | |дәлелдер, | | | | | |себептер | | | | | |келтіру | | | | |Алған |Өтілетін |Өздерінде |Білімдері |Үй тапсырмасын беру. | |білімдерін |материалды |бар |мен |Сабақты қорыту (3-5 | |бекіту, |игерудің 1-2|білімдеін |іскерліктер|мин). | |іскерліктері|дәрежесінде |дамыту |ін жаңа | | |мен |қайталау, |және жаңа |жағдайларға| | |шеберліктері|бағалау |іскерлікте|пайдалану | | |н |(10-15 мин).|рді |(3-деңгейі,| | |қалыптастыру| |қалыптасты|15-мин). | | |сабағы | |ру (10-15 | | | | | |мин, 2-3 | | | | | |деңгейі). | | | |Барлық |Өткенді |Жаңа |Білімдеін |Іскерліктер|Үй | |мақсат |қайталау, |білімді |бекіту және|ін дамыту |тапсырмасы| |біріктіріліп|білімдерін |қалыптасты|бағалау |(3-10 мин).|н беру. | |қойылған |бағалау |ру (10-15 |(1-деңгей, | |Сабақты | |аралас сабақ|(10-15 мин).|мин). |5-7 мин). | |қорыту | | | | | | |(3-5 мин).| |Білімдерін |Өтілетін |Білімдері | |Үй тапсырмасын беру. | |талдап |білім |мен | |Сабақты қорыту (3-5 | |қорыту және |бойынша |шеберлікте| |мин). | |жүйеге |теориялық |рін | | | |келтіру |материалды |күрделі | | | |сабағы |қайталау |жағдайларғ| | | | |және талдап |а қолдану | | | | |қорыту |(20-25 | | | | |(15-20 мин).|мин). | | | |Алған |Бақылау жұмысы немесе физикалық диктант, топтап сұрау т.б.| |білімдерді |игерудің барлық деңгейлері бойынша білімдерін тексеру және| |тексеру |бағалау мақсатында өтіледі | |сабағы | | Оқыту процесіндегі мұғалім іс-әрекетінің құрылымы Физика мұғалімі педагог ретінде педагогика ғылымының дамуына, физиканы оқыту әдістемесіне, ал физик-маман ретінде физика ғылымының теориясының іс- жүзінде қолданылуына көңіл бөлуі керек. Физика мұғалімінің ой-өрісінің кеңеюі және ұстаздық шеберлікті меңгеруі жалпы педагогикалық мәселелерді игеруімен байланысты. Кейбір әдістемелік мәселелерді мұғалім оқу сабақтарына дайындалғанда шешеді, ал ол шешімнің дұрыстығын тек сабақтарда тексереді. Мұғалімнің дайындық жұмысына мыналар кіреді: а)жылдық жоспар жасау; ә)тақырыптық жоспар-конспектілер жасау; б)жеке сабақтарға және сыныптан тыс сабақтарға дайындық; в)арнайы ашық сабақтарға дайындалу және оларды өткізу; г)ғылыми конференцияға және педагогикалық оқуларға дайындалу және қатынасу. Жылдық жоспар жасау. Іс жүзінде жылдық жоспар әдістемелік журналдарда, кейбір әдістемелік нұсқауларда және министрліктің нұсқау хатттарында басылып шығып тұрады. Мұғалім әрбір сынып бойынша жылдық жоспарлар жасауға үлкен көңіл бөліп, сабақтың тек тізімін жасаумен шектелмей, бүкіл оқу жұмысын белгілі бір жүйеде қамтуға тырысады. Осы мақсатпен әр сыныпқа жыл сайын физиканы оқыту міндеттерін, оның мазмұнын және осы сыныпқа көшірілген оқушылардың білім дәрежесін көрсетіп, мұғалім жоспар жасайды. Оған мыналар кіреді: жаңа материалды оқып үйрену барысында өткенді жүйелі қайталау; әрбір сабақта жаңа оқу материалының мазмұнын нақты жағдайға байланысты қолдану; ашық сабақтар тақырыбын таңдау; әрбір сабаққа дайындалуға тиісті көрнекілік құралдар тізімін жасау; эксперимент және жазбаша бақылау жұмыстарының мерзімдерін шамалау; физикадан қай жерге және қашан экскурсиялар жасауды белгілеу; оқушылардың өндірістік практикасына басшылық жасау; әр класс оқушылары үшін сыныптан тыс жұмыстар ойластыру. Тақырыптарды әдістемелік талдау. Мұғалімнің алдын ала бірнеше сабаққа яки тарау бойынша жасаған әрбір сабақтың жоспар-конспектісін физикалық- методикалық талдау деп атау қабылданған. Бұл мұғалімнің өзінің пайдалануына арналғандықтан ол оқу бөліміне тапсырылмайды. Бірақ, мектеп директоры, оның оқу ісі жөніндегі орынбасары сабақтың жоспар-конспектісін тексеруге хақылы әрі міндетті. Педагогикалық тәжірибе алмасу үшін ашық сабақтардың үлкен маңызы бар. Егер бұл сабақтар зерттеу сипатында болса, онда олардың сапасы арта түседі. Ашық сабақ барысында мұғалім мейлі ол әңгіме сабағы, не лабораториялық сабақ, не білім тексеру сабағы болсын өзінің іскерлігін көрсетіп қана қоймауы тиіс. Сонымен бірге әдістемелік шеберлігін де көрсете алады. Мұғлімнің өз сабағын талдауы. Сабақты талдау мұғлім үшін шеберлік мектебі, кейінгі сабақтарды ұйымдастырудың неғұрлым тиімді тәсілдерін саналы қолданудың шарты. Дидактикалық категориялар бойынша физика сабағын талдаудың міндеті төмендегілерді анықтау: 1)сабақ дидактикалық принциптер мен оқу тәрбиелік процестерге қойылатын талаптарға, негізгі дидактикалық мақсатқа сәйкес келе ме ? 2)дидактикалық міндеттер тиімді ме және оқушылардың білімін, шеберлігін, дағдыларын жетілдіру мақсатына қол жетті ме? 3)тұтас алғанда сабақтың құрылымы мен ішкі құрамы элементтерінің бірізділігі қандай? 4)оқыту әдістерін ұштастыру көрнекілік пен оқытудың техникалық құралдарын пайдалану сабақтың дидактикалық міндетеріне сай келе ме, оқушылардың танымдық даярлығын жоғары дәрежеге көтере ме, оқыту мен тәрбиені байланыстыруды қамтамасыз ете ме? 5)сол сабақты саралау мен даралау немен сипатталады, өмірмен байланысының мәні неде? Құрылым элементтері бойынша сабақты талдау төмендегілерді айқындайды: сабақтың өзектілік сапасы, өздігінен орындайтын жұмыс қаншалықты табысты орындалды, оқушылар қандай физикалық ұғымдарды тереңдетті, қандай жаңа ұғымдарды меңгерді, қандай дағдыларды игерді, бұрынғы білімнің қаншалықты көлемін қайталады, оқушылардың жауаптарының толықтығы қандай, оқушылардың сабақты айтып беруі, материалдың көлемі оқушылардың мұғалімге қоятын сабақтарының мазмұндылығы және қайталана беретін қателерді талдау үшін жағдай жасалды ма, оқушылардың ойлау жұмыс белсенді болды ма, т.б; 2)оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысына арналған уақыт жеткілікті ме, мұғалім түсіндіргенде ұғымдар толық ашылды ма, жаңа материалдың бұрын оқып үйренген материалмен байланысы болды ма, оқушылардың ішінен кім және қаншалықты ілгері басты, кім материалды әлсіз меңгерді және келесі сабақта кім көмекті қажет етеді; 3)іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысының сапасы, кімде қандай табыстар, сәтсіздіктер болды, оқушылар үй тапсырмасын орындауға әзір ме, т.б; 4)сабақтың қандай элементттері оқушыларға неғұрлым көп тәрбиелік ықпал жасады, келесі сабақта нені күшейтіп, қосымша қандай нақты материалдар келтіру керек, т.б; Одан әрі мұғалім сабақтың барысында қандай кемшіліктер болғанын, қандай мүмкіндіктерді пайдалана алмағанын нақтылап, әдістемелік және дидактикалық қортынды жасайды. Физика мұғалімінің негізгі құжаттары Физика мұғалімінің негізгі құжаттарына: пән бойынша бағдарлама, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ жоспары жатады. Бағдарлама – бұл физика курсының көлемі мен мазмұнын анықтайтын мемлекеттік іс-қағаз. Оны орындау міндетті. Бағдарлама оқушылардың қандай білім алу керектігін, анықтайтын негізгі құжат. Бағдарлама барлық мектептерде бірдей білім алуға көмектеседі. Физика ғылымының алға дамуына, оның техника мен өндірісте қолданылуына, мектептерде орта білім беруді жетілдірудің жаңа міндеттеріне байланысты бағдарламада өзгерістер болып тұрады. Физика оқулығы бағдарламаға сәйкес өзгеріске ұшырап, жазылып отырады. Бағдарламада бүкіл жыл бойына қай сыныпта қанша сағат оқытылатыны және аптасына неше сағат жүретіндігі, әр тарауға қанша сағат бөлінгені көрсетіледі. Әрбір пән мұғалімі бағдарламаны басшылққа ала отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасауы қажет. Жыл бойына бөлінген жалпы сағатты тоқсандарға бөлеміз. I тоқсан: 1 қыркүйек – 4 қараша (9 апта); II тоқсан: 10 қараша – 28 желтоқсан (7апта); III тоқсан: 11 қаңтар -23 наурыз (10 апта); IV тоқсан: 1 сәуір- 25 мамыр (8 апта). Бағдарламада әрбір тарауға сағаттар бөлінген. Бағдарламадағы тарауларға бөлінген сағаттың саны қатып қалған, өзгертуге болмайтын нәрсе емес. Өтілетін тараулардың көлеміне, кейбір тақырыптардың күрделілігіне байланысты резервтегі уақыттан алуға болады. Тарауларға бөлінген сағаттардың ішінде оқу материалын яғни, жаңа білімді меңгерту, алған білімді есеп шығаруда қолдану, лабораториялық жұмыстарды жүргізу және т.б. міндеттер қамтылады. Төмендегі кестеде мысалы ретінде 7-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспардың бір бөлігі 3-кестеде көрсетілген. 3-кесте Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Физика және астрономия, 7-сынып (Барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат) |р№ |Өтілетін тақырыптар |Сағат |Мерзімі |Көресітллетін |Үйге | | | |саны | |демонстрациялық |тапсырма | | | | | |тәжірибелер | | |1 |2 |3 |4 |5 |6 | |І-тарау. Физика және астрономия табиғат туралы ғылымдар (7 сағат) | |1 |Табиғат және адам. |1 | | |§1 | |2 |Физика–табиғат туралы ғылым. |1 | | |§ | | |Физикалық ұғымдар. Физика | | | | | | |және техника. | | | | | |3 |Асторномия-аспан денелері |1 | | |§ | | |туралы ғылым. Орталық Азия | | | | | | |ғалымдарының ғылымды | | | | | | |дамытудағы рөлі. Ерте | | | | | | |дүниедегі халық астрономиясы.| | | | | |4 |Табиғаттағы зерттеудің ғылыми|1 | |Физикалық |§ | | |әдістері. Физикалық | | |приборлар | | | |эксперимент. Физикалық | | | | | | |теория. | | | | | |5 |Физикалық шама. Шамаларды |1 | |Сызғыш, мензурка|§ | | |өлшеу. Өлшеулер мен | | | | | | |есептеулердің дәлдігі. | | | | | |6 |Өлшемдердің метрлік жүйесі. |1 | | |§ | | |Үлкен және кіші сандарды | | | | | | |ықшамдап жазу. | | | | | |7 |№1 зертханалық жұмыс. Өлшеуіш|1 | |Мензурка, |қайталау | | |цилиндр (мензурка) | | |денелер, су | | | |бөліктерінің құнын анықтау. | | | | | | |Дененің көлемін өлшеу. | | | | | Пән мұғалімі күнтізбелік-тақырыптық жоспарды жасағаннан соң, оқу жылының басында пән бірлестігінің отырысында талқыланады, содан кейін мектеп директорының қолы қойлып, мөрімен бекітіледі. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасалғаннан кейін, мұғалім күнделікті сабақты осы жоспар бйоынша жүргізеді және де сабаққа дайындалады. Мұғалімнің сабаққа дайындығы ең алдымен мұғалімнің сабаққа жазған жоспарымен бағаланады. Егер мұғалімнің сабақ жоспары жоқ болса, онда мұғалімнің сабағы нашар өтеді. Себебі, ол сабаққа дайын емес. Сабақ жоспарының үлгісі Күні___________________, айы_________________, сынып_______________ І.Сабақтың тақырыбы: қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың молекулалық құрылысындағы айырмашылық. ІІ.Сабақтың мақсаты: Білімділік: газ тәрізді, сұйық және қатты денелердің құрылысы мен қасиеттерінің ерекшеліктерін түсіндіру. Дамытушылық: газ, сұйық және қатты дене жайында білімдерін тереңдете отырып оқушылардың ой-өрісін дамыту. Тәрбиелік: оқушылардың ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру, ғылыми тұжырым жасауға, өзбеттерімен жұмыс жасай алуға баулу. ІІІ.Сабақтың көрнекілігі: плакат, карточкалар, жалпылама сипаттағы жоспар. IV.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру 2.Өткен тақырыпты қайталау 3.Үй тапсырмасын тексеру 4.Жаңа сабақ 5.Жаңа сабақты бекіту 6.Үйге тапсырма беру 7.Білімдерін бағалау. 1.Ұйымдастыру. 2.Өткен тақырыпты қайталау. а) молекулак-кинетикалық теорияның негізгі қағидасын тұжырымдаңыз; ә) зат мөлшері дегеніміз не? в)молекулалар арасындағы өзара әсер күштері. 3.Үй тапсырмасын тексеру. 4.Жаңа сабақ. Газ, сұйық және қатты дене бөлшектерінің жылулық қозғалысының айырмашылығы мен ұқсастығын МКТ негізінде түсіндіру. Сұрақтарды талдау: 1)неліктен газдар берілген көлемді тұтастай толтырады? 2)сұйықтардың аз сығылатындығын қалай түсіндіруге болады? 3)сұйықтың меншікті пішіні бола ма? Неліктен? 4) қатты дененің өз көлемі мен пішінін сақтау қасиеті неге негізделген? Жаңа сабақты түсіндіру барысында молекуланың „отырықшылық” уақыты ([pic]) бір тербелістің уақытынан ([pic]) едәуір үлкен екеніне көңіл аудару керек. Тұрақты сыртқы күштердің әсер ету ұзақтығы „отырықшылық” уақытынан недәуір үлкен болған жағдайда сұйық „ағады”, өзінің пішінін өзгертеді. Егер күштердің әсер ету ұзақтығы „отырықшылық” уақытымен шамалас болса, онда сұйық өзін қатты дене сияқты ұстанады. 5. Жаңа сабақты бекіту. Жалпылама сипаттағы жоспармен жұмыс (4- кесте). 6. Үй тапсырмасы: § 5, егер кестені толтырып үлгермесе үйде аяқтау, „Жылулық қозғалыс. Ішкі энергия” („Физика 8”) қайталау. 7.Оқушылардың білімдерін бағалау. 4-кесте Заттың күйі |№ |Зат-т|Молекулалардың ара |Негізгі |Молекулалардың|Көлем|Мысал | | |ың |қашықтықтарының |қасиеттері |қозғалу сипаты|і мен| | | |күйі |(молеклулалардың | | |пішін| | | | |өлшемдерімен | | |ін | | | | |салыстырғандағы) | | |сақта| | | | | | | |й ма?| | |1 |Газ |Молекулаларының ара|а)сығылғыштық; |Бір-біріне |Көлем|Бөтелкені| | | |қашықтықтары |ә)меншікті |тартылысы |ін |ң немесе | | | |молекулалардың |көлемі және |жоққа тән |де, |балонның | | | |өздеінің |пішінінің |болғандықтан |пішін|жартысына| | | |өлшемдерінен |болмауы; |молекулалар |ін де|дейін газ| | | |анағұрлым артық |б)молекулалар |барлық бағытта|сақта|толтыруға| | | | |арасындағы ара |қозғала |май-д|болмайды | | | | |қашықтық үлкен |отырып, тез |ы | | | | | | |арада ыдыстың | | | | | | | |ішін түгел | | | | | | | |толтырады | | | |2 |Сұйық|Сұйықтардың |а)сығылмайды; |Бір орнында |Көлем|Бір | | | |молекулалары өте |ә)көлемін |тербеледі, |ін |ыдыстағы | | | |тығыз орналасқан, |сақтайды, бірақ |сосын |сақта|суды | | | |әрбір екі |меншікті пішіні |„секіреді” |йды, |қотарып | | | |молекуланың ара |болмайды |молекулалар |пішін|екінші | | | |қашықтығы | |секірмелі |ін |ыдысқа | | | |молекуланың өз | |қозғалады |өзгер|құюға | | | |өлшемінен кем | | |теді |болады | |3 |Қатты|Молекулалары |а)көлемін де, |Молекулалары |Көлем|Қатты | | |дене |белгілі бір ретпен |пішінін де |белгілі бір |ін де|дененің | | | |орналасқан |сақтайды; |нүктенің |пішін|пішінін | | | | |ә)молекулаларыны|төңірегінде |ін де|өзгерту | | | | |ң белгілі бір |тербеледі |сақта|үшін күш | | | | |ретпен | |йды |жұмсау | | | | |орналасуы; | | |керек | | | | |б)молекулалары | | | | | | | |белгілі бір | | | | | | | |нүктенің | | | | | | | |төңірегінде | | | | | | | |тербеледі | | | | Оқыту әдістерінің жүйесі Физика мұғалімі оқу процесін ұйымдастыруда, оқыту әдістерін таңдауда мектептердің оқу-тәрбие жұмысының ұзақ уақыттық практикасына негізделіп жасалған жалпы әдістемелік қағидалар болып табылатын дидактикалық принциптерді басшылыққа алады. Бұл принциптер өз пәнін оқытуда білім беру және тәрбие беру міндеттерін неғұрлым ойдағыдай шешуді қамтамасыз ету үшін мұғалімнің қалай әрекет жасауға тиістілігі туралы нұсқауларды қамтиды. «Методиканың» мәні «метод-әдіс» деген сөзден шыққандықтан, «оқыту әдісі» деген ұғым физиканы оқытудың бірнеше жолын қарастырады. Олар – кешенді әдіс, жобалық әдіс. Дедуктивтік және индуктивтік әдіс, т.б. Сонымен, оқыту әдісі ұғымы – оқытудың мазмұнына, күллі оқу жұмысының барысына, оқу ісін ұйымдастыруға, әртүрлі шығармашылық шараларға негізделеді. Мұғалімнің білім беруі іскерлікке, дағдыға үйретеді және оқушылардың осыларды меңгеруі оқытудың әртүрлі әдістерімен жүзеге асады. Физика ғылымының өзіндік зерттеу әдісі болатыны секілді физиканы оқытудың да өз әдісі бар. Оқыту әдісі деп мұғалімдердің оқушыларды біліммен қаруландыру тәсілдерін және материалды қабылдату айла-шараларын айтады. Оқыту әдістері – көп тармақтан тұратын, көп компоентті ғылыми-практикалық ұғым. Оқыту әдістерін ғылыми негізде талдау жасасақ, оған әртүрлі тұрғыдан анықтама беруге болады: оқыту әдісі – оқытушы мен оқушының бірлесіп жұмыс істеу тәсілдері; оқыту әдісі – оқу үрдісіндегі алға қойылған мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушының бірігіп атқаратын қарекеті; оқыту әдісі – оқу үрдісіндегі педагог пен оқушының арасындағы өзара әрекет; оқыту әдісі – оқушыларға білім беретін жол; оқыту әдісі – оқушылардың танымдық процесін және олардың жеке басының дамуын ұйымдастыру формасы; оқыту әдісі – оқу үрдісін оптималдандырудың бір амалы. Мұндай тұжырымдамалардың барлығының түпкі мақсаты оқушылардың білім алуының тиімді жолы мен әдіс-амалын анықтау болып табылады. Оқыту әдістерін зерттеу – негізінен дидактиканың міндеті, ал жеке пәнді оқыту, оның ішінде физиканы оқыту әдістемесінің мақсаты – физика мазмұнының ерекшелік сипатына лайықты сабақта оқыту әдістерінің тиімді тәсілдері мен әдістемелік амалдарын қолданудың жолдары мен формаларын анықтау. Мектеп өмірінде оқыту әдістерінің бірнеше түрлері қолданылатыны белгілі, сондықтан оларды классификациялау принциптері де әртүрлі. Олардың ішіндегі дұрыс деп қолданылып келген принцип – оқушылардың алатын білім көздеріне және мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жүргізетін қызметіне байланысты классификациялау. Бұл принцип тұрғысынан оқыту әдістері үш түрге бөлінеді: 1)сөзбен баяндау әдістері; 2)көрнекілік әдістер; 3)практикалық әдістер. Сөзбен баяндау әдістері мұғалімнің ауызша түсіндіруі арқылы жүзеге асырылады. Оқушыларға берілетін білімнің негізгі көзі – мұғалімнің сөзі, ал мұғалімнің әрекеті – сөзбен түсіндіру, оқушылардың қызметі, міндеті – тыңдау, ойланыу және т.б. Мұғалімнің оқу материалын ауызша сөзбен баяндау әдісі әңгімелеу, әңгімелесу (сөйлесу), түсіндіру, дәріс арқылы жүргізіледі. Әңгімелеу – оқу материалын сабақта диалогсыз тек мұғалімнің өзінің үздіксіз сөзбен ауызша баяндау тәсілі. Бұл тәсілді қолданудың мақсаты мынадай: 1)физикалық заңдар мен жаңалықтардың ашылу тарихымен, физик- ғалымдардың (өнер тапқыштың) өмірбаянымен оқушыларды таныстыру қажет болғанда; 2)ғылым мен техниканың жетістіктерімен, даму перспективаларымен менктеп оқушыларын таныстырғанда; 3)физикалық заңдар мен құбылыстардың ғылымдағ техникада, өмірде қолдануын түсіндіргенде, табиғатта және техникалық қондырғыларда байқалатын физикалық құбылыстарды баяндағанда. Әңгімелесу – мұғалім оқушыларда бар білімге, практикалық тәжірибе мен тәжірибелік көрсетулерге сүйеніп, сұрақтардың көмегімен оқушыларды жаңа білім түсінуге және меңгеруге алып келетін оқыту әдісі. Материалды әңгімелеу әдісімен баяндау мұғалім мен оқушы арасында диалог түрінде өтеді. Мұғалім тәжірибелер жасап көрсетіп немесе мектеп оқушылары орындайтын тәжірибелерге сүйеніп, оларға сұрақтар қояды. Диалог түрінде жүргізілетін әңгімелесу тәсілі арқылы: 1)физикалық заңдар (Паскаль, Ньютон заңдары) түсіндіріледі; 2)физикалық құбылыстардың мәні ашылып көрсетіледі; 3)физикалық ұғымдар (үдеу, қуат, ішкі энергия) қалыптастырылады; 4)оқу материалдары қайталанып, бекітіледі; 5)оқушылардың алған білімі, іскерліктері, дағдылары тексеріледі. Түсіндіру – бұл мұғалімнің курстың неғұрлым күрделі мәселелерін дәйектілікпен, қатаң логикалық тұрғыда баяндап беруі. Физиканы оқытуда түсіндіру әдісін мынадай оқу міндеттерін шешу кезінде қолданады: 1)физикалық құбылыстардың мәнін неғұрлым жалпы физикалық теориялар негізінде ашқан кезде; 2)денелердің физикалық қасиеттерін заттардың атомдық-молекулалық құрылысы туралы түсініктер мен электрондық теория негізінде түсіндіргенде; 3)физикалық заңдардың мәнін оқып үйрену мен олардың арасындағы байланысты ашқанда; 4)физикалық құбылыстар мен заңдарға негізделген технологялық процестердің мәнін оқытп үйренген кезде. Түсіндіру көбінесе әңгімелесу әдісімен ұштастырылып отырады, мұғалім оқушыға өз пікірлерін айтып, өзінше түсінік беруді ұсынады. Дәріс - әңгімелеумен және түсіндірмен салыстырғанда баяндаудың үлкен ғылыми қатаңдығымен және едәуір ұзаққа созылатындығымен сипатталады. Дәріс әдісін негізінен жоғары сыныптарда қолдануға болады, өйткені ол оқушылардан ұзақ уақыт бойытұрақты зейін қюды, жоғары дәрежеде дамыған абстрактілі ойлауды, дәріс барысында негізгі идеяларды, қортындыларды, заңдардың тұжырымдамаларын, формулаларды жазып отыру іскерлігін талап етеді. Көрнекілік әдіспен оқу материалын түсіндіргенде мұғалім көрнекі және техникалық құрадарды қолдану арқылы физикалық құбылыстарды, процестерді, денелерді, заттарды көрсетеді, демонстарциялайды, иллюстрациялайды, қолдарына ұстатып, сездіреді. Бұл жағдайда мұғалімнің сөзі қосымша роль атқарады, ал оқушылардың алатын білім көзі көрнекті құралдар болып табылады. Мұнда мұғалімнің оқыту қызметі – көрсету мен демонстарциялау, сабақтағы оқуышлардың оқу қызметі – бақылау, эксперименттік фактілерді көріп ойлану, қортынды жасау, білім қорын байыту. Көрнекілік әдістердің түрлеріне демонстарциялық эксперимент, схема-плакат, сызу-сурет, кино- диафильмдерді және т.б. жатқызуға болады. Педагог Я.А.Коменский көрнекілік әдісті мұғалім үшін «алтын ереже» санаған. Себебі, оның нәтижесінде оқу материалын оқушылардың нәтижелі қабылдауларына мол мүмкіндік туады. Мысалы, көруге болатынды көреді, және т.с.с. Практикалық әдістерге физиканы оқыту процесінде жүргізілетін лабораторялық жұмыстар, физикалық практикумдар, сыныптан тыс бақылаулар жүргізіп, есеп шығару жұмыстары жатады. Олар оқушылардың эксперименттік, өлшеу, зерттеу, жалпыеңбектік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Оқушылардың өзбеттерінше әртүрлі практикалық жұмыстарды орындауы, ізденіп ойлануы, есеп шығаруы олардың алатын білім мен іскерліктерінің көзі болып саналады. Мұнда мұғалімнің қызметі – жұмысқа түсінік-нұсқау беру, тексеру, қортынды жасауға көмектесуі жатады. Бұл көрсетілген әдістердің ешқайсысын әмбебеп әдістер деп қарасыруға болмайды. Оларды қолдану оқыту мақсаттарының түрлеріне сай келуі тиіс. Сабақта олар көбіне «аралас» түрінде қолданылады. Мысалы, мұғалімнің сабақты ауызша баяндап түсіндіруі көбіне көрнекі құралдарды пайдаланып, физикалық эксперментті демонстарциялаумен, яғни көрнекілік әдіспен қос қабат жүреді. Сондай-ақ материалоды сөзбен түсіндіру көбіне практикалық әдіспен (зертханалық жұмыста) бірігіп пайдаланылып отырады. Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары жайында түсіндіріңдер.. 2. Оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы қандай? 3. Мұғалім іс-әрекетінің құрылымы қандай іс-шаралардан тұрады? 4. Физика мұғалімінің негізгі құжаттарын атап беріңдер. 7 - тақырып. Демонстрациялық эксперимент, оның мәні. Дәріс мақсаты: Демонстарциялық эксперимент және оның сабақ түсіндірудегі мәнін ашып көрсету. Жоспар: 1. Физикалық оқу эксперименті, оның міндеттері және жүйесі. 2. Демонстарциялық эксперименттің әдістемесі және оған қойылатын талаптар. 3. Сыныптан тыс тәжірибелер және бақылаулар. Тақырыптың қысқаша мазмұны: Арнаулы құралдардың жәрдемімен физикалық процестерді демонстрациялап көрсету және оқушылардың өздерінің істеп, зерттеп, бақылауы физикалық оқу эксперименті деп аталады. Физикалық оқу эксперименті физиканы оқытудағы ең негізгі көрнекі құрал болып табылады. Өйткені оны пайдаланудың нәтижесінде физикалық ұғымдар (жылдамдық, үдеу, өріс, жарық дисперсиясы және т.б.) қалыптастырылады, құбылыстар арасындағы өзара байланыстар (күш пен масса, ток күші мен кедергі, жылудың механикалық эквиваленті) тағайындалады, физикалық заңдар (Ньютон, Ом заңдары және т.б.) тексеріледі. Ұйымдастыру формасына қарай физикадағы оқу экспериментінің жүйесі мынадай түрлерден құралады (2-сурет): 1)демонстрациялық эксперимент; 2)лабораториялық эксперимент; 3)физикалық практикум; 4)сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент; 5)эксперименттік есептер шығару; 6)қолдан физикалық приборлар мен көрнекі құралдар жасау. |Физикалық оқу эксперименті | |демонстрациялық эксперимент | | | |оқушылард| |Өткізіле| |мазмұн| |Өткізу | |қойылу | |ың | |тін орны| |ы | |тәсілде| |мақсаты | |қатыстыры| |мен | |бойынш| |рі | |бойынша | |луы | |уақыты | |а | |бойынша| | | |бойынша | |бойынша | | | | | | | Е с к е р т у. Сұйықтың көлемін есептегенде көздің шкаланы көру деңгейіне көңіл аударыңдар. Көзді су бетінің жазықтығымен дәл келетін горизонталь деңгейде бағыттау керек (1-сурет). 2-тапсырма. Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау Жұмысты орындау. 1) өлшеуіш цилиндрге қатты дене толық бататындай етіп (1-сурет) су құйып, денені сұйыққа толық батырыңдар. Сонда мензуркадағы судың соңғы және алғашқы деңгейлерінің айырмасы қатты дененің көлеміне тең болады; 2) пішіні мен көлемі әр түрлі 2-3 қатты денені таңдап алып, оны жіңішке жіппен байлап, суы бар өлшеуіш цилиндрге салыңдар да, көлемін анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін 2-кестеге жазыңдар. |2-сурет |2-кесте | | |Өлшейтін дене | | |Сұйықтықтың бастапқы көлемі (V1,см3) | | |Дене мен сұйықтың көлемі (V2,см3) | | |Қатты дененің көлемі (V=V2,-V1), см3 | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | 3) өлшеуіш цилиндрге сыймайтын дененің көлемін шүмегі бар ыдытың көмегімен анықтауға болады (2-сурет). Өлшеу алдында ыдысқа шүмектің жоғары деңгейіне жеткенше су құйылады. Денені ыдыстағы суға батырғанда оның көлеміне тең су асып төгіледі. Төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп, батырылған ірі дененің көлемін анықтайды. Е с к е р т у. Егер зертханада шүмегі бар ыдыс жоқ болса, онда бірінің ішіне бірі сыятын кез келген ыдысты пайдалануға болады. Бұл жағдайда ішкі ыдысқа суды кемеріне дейін толтырып құю керек. Денені суға батырғанда оның көлеміндей су сыртқы ыдысқа құйылады. Құйылған судың көлемін мензуркамен өлшейді. Зертханалық жұмысты орындағаннан соң, жасалған жұмыс бойынша оқушылар қорытынды жасайды. Мұғалім оқушылардың дәптерлерін жинап, тексеріп, оқушылардың жұмысын бағалайды. Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1. Зертханалық сабақты өткізу әдістемесі. 2. Зертханалық жұмыстың физикалық практикумнан айырмашылығы қандай? 9 тақырып «Физика бойынша экскурсиялар, олардың міндеттері мен түрлері» Дәріс мақсаты: Физика бойынша экскурсияларды ұйымдастырудың әдіс- тәсілдерін көрсету, олардың атқарытын міндеттерімен таныстыру. Жоспар: Эксурсия физиканы оқытудың бір формасы. Экскурсиялар, олардың міндеттері мен түрлері. Тақырыптың қысқаша мазмұны: Эксукрсия – оқушыларды нақтылы заттармен және құбылстармен табиғи күйінде таныстыруды қамтамасыз ететін оқу формасы. Олар белгілі оқу материалын өтуге байланысты, немесе сыныптан тыс жұмыс жоспары бойынша өткізіледі. Физикалық экскурсиялар оқу жұмысын жандандырады, оқушылардың ғылымға деген құштарлығын арттырады, олардың білім құмарлығы мен талаптылығын күшейтеді. Оқу жылы ішінде экскурсия өткізу үшін арнаулы күндер бөлінедіә. Бұл күні оқушылар мектепте оқымайды. Оқу процесінде алатын орнына байланысты экукурсиялардың үш түрі бар: алдын- ала өткізілетін, ілеспелі, қортындылау мақсатында өткізілетін экскурсиялар, олар 4-суретте кескінделген. Алдын-ала өткізілетін экскурсиялар – оқушылардың жаңа материалды түсіндірер алдында қажет болатын білімді жинақтауын көздейді. Бұл оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын жеңілдетеді. Қорытынды экскурсиялар – физикатақырыбы, немесе тарауынан өткізілетін жұмысты аяқтап, сыныпта өтілетін материал бойынша білімді бекітуді және тереңдетуді көздейтін шара. 4-сурет. Оқу процесінде өткізілетін экскурсиялардың жүйесі Ілеспелі экскурсиялар – өтілген үлкен тақырып бойынша ұзақ процеске енгізіледі, әңгіме үшін тіректік матреиал беретіндей болып, жеке мәселелерге ілестіріліп жүргізіледі, оны сипаттайды. ФИзикалық экскурсияның мәні – бізді қоршаған дүниені танып білу. Егер экскурсияда көрсетулер болмаса, ол экскурсия болудан қалады, ол кәдімгі лекцияға, немесе әңгімеге айналады. Керісінше, түсіндірме берілмеген экскурсия мақсатсыз саяхатқа айналады, оның білім алуға әсері шамалы. Мақсаты мен тақырбына қарамастан әрбір физикалық экскурсияның өзіне тән белгілері бар. Солардың бірі болмаған жағдайда экскурсия қоршаған ақиқатты танып-білдіру формасы болудан қалады. Тәрбиелеу мен білім беру формасы іспетті экскурсияға тән ерекшелік – көрсету мен айтып беруді ұштастыру. Бұл екеуінің арақатынасы нақты жағдайға қарай өзгеріп отырады. Ол экскурсияның тақырыбына, оқуышлардың құрамына байланысты. Алайда, қандай жағдайда болмасын көрсету мен айтып беру табиғы бірлікте болуы керек. Яғни экскурсия – көрсету, талдау жасаумен; түсінік, ғылыми анықтама берумен қатар жүргізіледі. Экскурсияға қатысушының көргені, мұғалімнің әңгімесі арқылы оның санасында белгілі бір оқиғаларға, құбылыстарға, фактілерге, процестерге нақты тұжырым жасатады. Шынында оқушы экскурсияда тек көріп, тыңдап қана қоймай, сонымен бірге толғанады да. Көргені мен естіген оның бойына күшті сезім туғызады, ол қызығады, қобалжиды, ойланады. Сөйтіп, экскурсия өзінің көрнекілгі, түсініктілігі және әсерлілігі мен білім берудің тиімді формасы болып табылады. Фактілерді тиянақты меңгеруге және есте тұрақты сақтап қалуға себін тигізеді. Демек, дүниеге диалектикалық көзқарас қалыптастырады. Экскурсия орнын таңдағанда, бірінші кезекте, оның экскурсия тақырыбын ашып көрсетудегі маңызына көңіл аударады, мұғалім көптеген фактілерді ескереді. Солардың ішіндегі ең бастылары – барар орынның танымдылық құндылығы, олардың мәлімділігі, ерекшелігі және орналасқан жағдайы. Тақырыбына, экскурсия кезінде көрсетілетін құбылыстың күрделілігіне қарай оның ұзақтығы түрліше болады. Экскурсияның ұзақтығы оның түріне, жүргізу әдісіне, өткізілетін орнына, экскурсияға қатысушы оқушылардың құрамына қарай анықталады. Мәселен, төменгі сынып оқушылары үшін экскурсия ұзаққа созылмағаны жөн. Өйткені, олардың зейін қою, қаракет ету сипаты өзгешелеу. Балалар жалығып, экскурсияның мәліметтеу дәрежесі төмендеп кетпейтіндей етіп құруға мүмкіндік жасау қажет. Сонымен, білім беру ісінде экскурсияның маңызы өзгеше. Экскурсия тақырыбы, сондай-ақ, оны ұйымдастыру тәсілі әртүрлі болады. Олар ең алымен оқу-тәрбие процесінің мақсатына бағышталады. Мысалы, төменгі сыныптарда – ол табиғатты көру мақсатында ұйымдасытылатын экскурсиялар болса, орталау мектептегі оқушылар үшін диалектикалық-материалистік түсінік қалыптастыру мүмкін. Жоғары сыныптардағы оқу-өндірістік экскурсиялар толитехникалық білім беру жолында маңыз атқарады, мектептің өірмен байланысын қалыптастырудың елеулі құралы бола алады. Экскурсияның мүмкіндігі мол, ол өзінің ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің қай түріне де қолайлы. Экскурсияның оқу процесі ретіндегі ғылыми принципі – ең алдымен экскурсия мазмұнының диалектикалық атериализм идеяларына, осы заманғы ғылыми жетістіктерге сәйкес болуын талап етеді. Материалдың терең ғылыми негізде болуы, оқушылардың танымдық ынтасын арттыруға көмектеседі. Физикалық ғылыми білім, ең алдымен шынай шындыққа сүйенеді. Ол эксперимент арқылы тексеілген болмыстық дүниенің жалпы және маңызды заңдылықтарының көрінісі болып есептеледі. Ғылыми принциптің талаптары атериалдың мазмұнына ғана қатысты емес. Бұлар материалды баяндау барысында да қатал сақталып отыруы керек: жүргізуші мұғалімдердің, немесе жетекшілердің фактілерді, құбылыстарды, ұғымдарды ғылыми тұрғыдан түсіндіріп беруі - әрбір экскурсияға тән қасиет. Тәрбие беру – ғылым мақсатарын іске асыруды көздейтін болғандықтан, экскурсияның тиісті идеялық бағыты болуын талап етеді. Экскурсия жүргізуші мұғалім теорияның өмірмен байланысын жүзеге асыру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді жете пайдалануы тиіс. Мысалы, ол белгілі бір теориялық қағиданы келтіріп, оны нақты мысалдармен, фактілермен, цифрлармен нақтылацйды яғни баяндаудың дедуктивті (жалпыдан жалқыға) әдісі қолданылады. Теорияның өмірмен байланысын іске асыру жолында экскурсия жетекшісіне салыстыру тәсілі үлкен мүмкіндік береді. Бұл тәсілді қолданғанда оқушылар табиғаттағы өзгерістер сырын толығырақ және тереңірек түсінеді. Сонымен бірге, көрнекілік принципінің талаптары мен ережелерін сақтап отырудың маңызы да үлкен. Экскурсияның қандай болсын, бәрібір оның адамгершілік, патриоттық сезімдерге тәрбиелейтін материалы болуы шарт. Білім беру мен тәрбиенің танылған формасына айналып отырған физикалық экскурсия ғылыми білімдерді, ғылыми-техникалық білімдерді насихаттаудың тиімді құралы. Өзін өзі бақылау сұрақтары: Эксурсия физиканы оқытудың бір формасы. Экскурсиялар, олардың міндеттері мен түрлері. 1. Ілеспелі экскурсия. 2. Қортынды экскурсия. 3. Алдын-ала өткізілетін экскурсиялар. 10-тақырып. Физика есептерін шығару. Дәріс мақсаты: Есептердің классификациясын көрсеті, оларды шығару әдістемесін меңгерту. Жоспар: Есептердің классификациясы. Оқушыларға физикалық есептерді шығаруға үйрету. Физикалық есептерді шығару технологиясы. Тақырыптың қысқаша мазмұны: Есеп шығару – оқу үрдісінің бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады, себебі ол оқушыларға физикалық ұғымдарды қалыптастыруда, физикалық құбылыстарды игертуде, олардың ойлау қабілетін дамытуда септігі мол. Есептер шығаруды мынадай жағдайларда қолданады: -мәселелік жағдайлар туғызғанда; -жаңа мәлімет беруде; -практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруда; -оқушылардың білімін (нақтылығын, тереңдігін) тексеруде; -оқушылардың алған білімін бекітуде, материалды қайталауда; -техникалық құралдардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіруде; -оқушылардың ығармашылық қабілеттерін жетілдіруде және т.б. Есептерді шығарудың басты шарты – оқушылардың бойында физикалық заңдылықтар жайында білім қорының болуы, физикалық шамаларды дұрыс түсінуі, сондай-ақ оларды өлшеу тәсілі мен өлшем бірлігін білуі болып табылады. Есептерді шығарудың міндетті шартына оқушылардың математикалық дайындығы да жатады. Есептерді шығару физикалық құбылыстарды бақылауды және эксперименттерді жүргізуді қажет ететін белсенді танымдық үрдіс. Эксперимент пен бақылау есептердің шартын анықтауға, жетіспейтін мәліметтерді алуға, шамалар арасындағы байланыстылықты тағайындауға мүмкіндік береді. Мұндай мақсаттарға суреттердің, графиктердің де септігі бар. Есептерді шығару ойлау үрдісі болғандықтан – бұл талдау мен салыстыру үрдісі. Есеп шартын талдау – есепте берілген құбылыстың жалпы суреттемесін көзге елестетуге мүмкіндік береді, осының салдарынан қарастырылып отырған есепте қандай жағдайлар маңызды, қандай мәліметтер арасында байланыс орнату керектігі анықталады. Берілген құбылысты түсіну үшін есеп шартына байланысты кейбір мәселелерді қысқартуға болады. Мысалы, механикада көбіне үйкеліс, геометриялық оптикада «жұқа» линзаның қалыңдығы ескерілмейді және т.с.с. Оқушыларда есеп шығару дағдысын қалыптастыруда есептің шартын жазу техникасына қойылатын талаптың маңызы зор. Есеп шығару үрдісі күрделі, оны мынадай кезеңдерге бөлуге болады: 1)есептің берілгенін оқып, жаңа терминдердің, қиын ұғымдардың мағынасын түсіну; 2)есептің шартын қысқаша жазу, суреті болса салу; 3)есепті талдау, берілген есепте қарастырылатын физикалық процестер мен заңдылықтарды түсіну, фиизкалық шамалардың арасындағы тәуелділіктерді қарастыру, физикалық мағынасына көңіл аудару; 4)есеп шығарудың жосапарын құру (тәжірибе жасау), есепке керекті тұрақтыларды және кестелік мәндерді жазу; 5)физикалық шамаларды СИ жүйесінде жазу; 6)ізделініп отырған физикалық шамамен берілген шамалардың арасындағы заңдылықты тауып, оны жазу; 7)теңдеулерді құру және оларды шешу; 8)ізделініп отырған шаманы есептеу; 9)алынған жауапты талдау. Физикада есептерді көптеген белгілері бойынша классификациялайды: мазмұнына, қойылуына, сұрақты зеттеу тереңдігіне, шығару тәсіліне, қиындық дәрежесіне байланысты және т.б. Мазмұны бойынша ең алдымен есептерді оның физикалық материалына байланысты ажыратады. Мысалы: механика, молекулалық физика, электродинамика т. б. Есептің бұлай ажыратылуы шартты нәрсе, көбінесе есептер физиканың бірнеше бөлімдерін қамтиды. Техника, өндірістік, ауылшаруашылық, транспорт және байланыс жайындағы материалдарды қамтитын есептерді политехникалық мазмұнды есептер деп атайды. Политехникалық есептердің мазмұны меңгерілетін бағдарлама материалымен тығыз байланысты болуы керек. Бірқатар есептер тарихи сипаттағы мәліметтерден: физикалық тәжірибелерден, ғылыми ашылулардан (жаңалықтардан), тіпті тарихи ертегілерден тұрады. Ондай есептерді тарихи мазмұндағы есептер деп атайды. Сұрақтарды зерттеу әдісіне және сипатына байланысты есептерді сапалық және есептеу (сандық) есептері деп ажыратады. Сапалық есептер деп есепті шығару барысыда физикалық шамалардың арасында тек сапалық тәуелділігі ғана тағайындалатын есептерді айтады. Заң бойынша мұндай есептерді шығару барысында есептеулер жүргізбейді. Кейде есептің мұндай түрін әдістемелік әдебиеттерде сұрақ –есептер, логикалық есептер, сапалық сұрақтар деп атайды. Сандық есептер деп есепті шығару барысында физикалық шаманың арасындағы сандық тәуелділік тағайындалатын есептерді айтады. Шығарылу тәсілдеріне байланысты есептерді ауызша, экспериментті, есептеу және графикалық есептер деп ажыратады. Бұлай ажыратудың өзі шартты түрде ғана, өйткені есепті шығару кезінде көбінесе бірнеше тәсілді қолданады. Сапалық есептерді әдетте меңгерілген материалды бекіту құралы ретінде қолданады. Мектеп физика курсының көптеген тақырыптары үшін сапалық есептер негізгі бөлім болып табылады. Есептің мұндай түрі қарастырылған мәселенің физикалық мәнін қалай меңгергенін қысқа уақытта анықтауға мүмкіндік береді. Сапалық есептерді логикалық ой қорыту негізінде шешеді. Сапалық есептерді шығаруда талдау мен салыстыру (анализ және синтез) өзара тығыз байланыста болады, оларды кейде бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Сапалық есептерді шығарудың схемасы мынадай: Есептердің шартын оқу, оның шартындағы барлық терминдерді анықтау (мағынасын түсіну); Есептің шартын талдау, физикалық құбылысты анықтау, түсіну; Талдаудың аналитика-синтетикалық тізбегін құру; Алынған жауапты оның физикалық мағынасымен түсіндіру. Сапалық есептерді шығару әдістеріне қарай оларды екі негізгі топқа ажыратамыз: 1.Қарапайым сапалық есептер: оларды шешу бір физикалық заңдылыққа негізделеді, мұнда ой-қорыту тізбегі қарапайым. 2.Күрделі сапалық есептер: бұл бірнеше қарапайым есептердің комбинациясы немесе жиынтығы болып келеді. Оларды шешуде біршама күрделі ой- қорыту тізбегін құруға тура келеді және бірнеше физикалық заңдылықтар талданады. Мысалы сұрақ есептерін қарастырайық: Бірінші мысал: Неліктен сүрініп кеткен адам алға қарай құлайды? Бұл есептегі басты мәселе инерция құбылысы болып табылады. Сондықтан бұл есепті шешуде ой қорыту тізбегі инерция құбылысын сипаттайтын физикалық заң негізінде құрылады. Қарастырылған жағдайда бұл - Ньютонның бірінші - иерция заңы. Есепті шығару барысында оқушылар заңның негізгі тұжырымдамасын еске түсіреді. Инерция заңын есепке қолдана отырып, мынадай қорытынды жасайды: сүрінген кезде адамның алға қарай құлау себебі қандай да бір кедергінің салдарынан сүрінген аяғы тоқтайды, ал дененің басқа бөлігі инерция бойынша алға қарай қозғалуын жалғастырады. Сұрақ есептерде физикалық формулалармен өрнектелетін әртүрлі тәуелділіктер де қолданылуы мүмкін. Екінші мысал: Қандай тәсілмен адам еденге түсіретін қысымын екі есе арттыруға болады? Алдымен физикалық мәнін талдайық. Есепте қысым жайында сұралып тұр. Қысым – қысым күшінің модулінің ауданға қатынасымен анықталады. Р=F/S. Ендеше қысым қысым күші сияқты ауданға да тәуелді. Сондықтан, біріншіден дәл сол ауданға түсіретін қысым күшін екі есе арттырып қысымды екі есе арттыру. Мұны мынадай тәсілмен жүзеге асыруға болады. Адам қолына өз салмағына тең қосымша жүк алып тұруы керек. Екіншіден, ауданды екі есе кемітіп қысымды арттыруға болады. Ол үшін адамға бір аяғымен тұру жеткілікті және өз тепе-теңдігін бұзбас үшін өз қалпын сәл өзгертсе жеткілікті. Сондай-ақ сапалық есептер график түрінде де берілуі мүмкін. Мұнда зерттеу объектісі физикалық шамалардың графиктік тәуелділігі болып табылады. Кейбір жағдайларда есептің шарты гафикпен берілуі, ал кейбірінде есептің шарты бойынша график тұрғызылуы мүмкін. Есептеу есептері – есептің нәтижесі математикалық амалдардың және есептеулердің көмегімен алынатын есептер. Ондай есептерді әртүрлі жолдармен шығаруға болады. Есептерді шығаруда қолданылатын математикалық амалдарға байланысты алгебралық, геометриялық, тригонометриялық және графиктік тәсілдерге ажыратады. Физикалық есептерді алгебралық тәілмен шығаруды қарастырайық. Физика есептерін бұл тәсілмен шығаруда формулаларды пайдаланады, оларды құрады және алгебралық теңдеулерді шешеді. Алгебралық тәсілді қолданудың қарапайым жағдайы – есепті дайын формула бойынша шығару. Күрделірек есептерді шығаруда бірнеше формулаларды немесе теңдеулер жүйесін қолданып шығарады. Қарапайым есепті алгебралық әдіспен шығарудың мысалын қарастырайық (дайын формула бойынша). Мысалы: Ұзындығы 1 км көлденең қимасының ауданы 10 [pic]мыс өткізгіштің кедергісін анықта. |Бер: |Талдауы: |Шешуі: | |[pic] |[pic] |[pic] | |[pic] | | | |[pic] | | | |[pic] | | | Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1. Физика есептерінің классификациясын көрсетіңдер. 2. Графиктік есептер қалай беріледі? 3. Сандық есептер деген не? 4. Сапалық есептер дегеніміз не? 5. Есеп шығару кезеңдерін көрсетіңдер. 11 -тақырып. Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексеру Дәріс мақсаты: Студенттерді оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексерудің әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Жоспар: Негізгі және орта мектепте оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексерудің ерекшеліктері 1. Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің әдіс- тәсілдері. 2. Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалау Тақырыптың қысқаша мазмұны: Оқушылардың үлгерімін тексеруді дұрыс ұйымдастыру олардың жұмыстарына бақылау жасау үшін қажет. Ол оқушылардың ой-өрісінің дамуына, олардың ойлауы мен сөйлеуіне әсер тетеді, олардың білімдерін жүйеге түсіреді, сондай-ақ мұғалімнің қолданған әдісінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздерінің оқу еңбегіне есеп беріп тұруы оларды жауапкершілікке тәрбиелейді. Физикадан үлгерімді тексеруге – білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру кіреді. Оқушылардың үлгерімін тексерудегі негізгі талаптарға – тексерудің жүйелілігі және бағаның әділ қойылуы жатады. Оқушылардың физикадан білімін ауызша және жазбаша, ал іскерліктер мен дағдыларды эксперименттік және графиктік есептерді шығарудың, бақылау және лабораториялық жұмыстардың көмегімен тексереді. Оқушылардың білімін тексерудің ең кең тараған түрі – ауызша тексеру. Оның көмегімен мұғалім мен оқушының арасында тікелей байланыс жүзеге асады. Білімді ауызша тексеруді сабақтың барысында, қайталау уақытында және жаңа материалды оқып үйренуге дайындық кезінде, сабақтың соңында өткізуге болады. Білімді ауызша тексеру тәсілі екі формада: жеке және жаппай өтеді. 1)жеке дара сұрауда оқушылардың бірі тақтада физикалық құбылысты, заңды немесе құрылғының, приборлардың жұмыс істеу принципін, есептің шешуін жүйелеп түсіндіреді, тәжірибелер жасайды. 2)білімді жаппай тексеруді сабақтың кез-келген кезеңінде өткізуге болады: материалды қайталағанда, жаңа материалды оқып үйрену процесінде және т.б. Білімді тексерудің жазбаша тәсілі бақылау жұмыстарын, тест тапсырмаларын өткізу жолымен жүзеге асады. Жұмыстың ұзақтығы түрліше болуы мүмкін: 10-15 минуттан бір сабақ бойына дейін. Бір сағаттық бақылау жұмысын бір тоқсанда бір-екі рет өткізеді. Практикалық іскерліктер мен дағдыларды тексеруді приборлар мен аспаптардың көмегімен оқушылардың түрлі тәжірибелерді орындау жолымен өткізеді. Мұндай практикалық тексеру жұмыстары жеке-дара, сондай-ақ жаппай өткізіледі. Жеке-дара практикалық тексеруде оқушы қандай-да бір тәжірибені қайталап көрсетіп береді, приборлардың, машинаның құрылысын, жұмыс істеу принципін түсіндіріп береді немесе физикалық шамаларды өлшеу тапсырмасын орындайды. Жаппай практикалық тексеруде мұғалім бүкіл сыныпқа тапсырма береді де, жұмыс барысын қадағалайды. Мұғалім өзінің бақылауларына және оқушылардың жазбаша есеп беруін негізге ала отырып баға қояды. Мұндай жұмыстардың қатарына лабораториялық жұмыстарды жатқызуға болады. Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалау Оқушыладың білімі бес балдық жүйемен бағаланады. Бағаларды қою кезінде мұғалім анықталған критерийлерді жекетшілікке алады, оларға білімдердің тереңдігі, көлемі және меңгерген білімді жалпылай алу мен талдай білу, алған білімдерін танымдық және практикалық іскерліктерге қолдана білу жатады. Білімдерді бағалау кезінде мұғалім физика бойынша жалпы білім беру бағдарламасында келтірілген білімдерді бағалау нормаларын басшылыққа алады. Бағдарламада бағалау кезінде қолданылатын білімдер мен іскерліктер ажыратылып көрсетілген. Оларға мыналар жатады: Физикалық құбылыс жайында: 1.Құбылыстың белгілрі, оның анықтамасы. 2.Оның өту мен байқалу шарттары. 3.Ол құбылысты қазіргі заманғы ғылыми көзқарас тұрғысынан түсіндіріп, дәлелдеу. 4.Оның басқа құбылыстармен байланысы. 5.Құбылыстың практикада ескерілуі. Физикалық шама жайында: 1.Физикалық шамамен сипатталатын құбылыстың қасиеттері. 2.Бұл шамамен басқа шамалардың арасындағы байланысты көрсететін формула. 3.Физикалық шаманың анықтамасы. 4.Оның өлшеу бірліктері. 5.Физикалық шаманы өлшеу тәсілдері. Физикалық заң жайында: 1.Физикалық заң қандай шамалардың арасындағы байланысты тағайындайды. 2.Заңның тұжырымдамасы. 3.Заңды дәлелдейтін тәжірибелер мен эксперименттік факт. 4.Заңды осы заманғы ғылыми теориялар негізінде түсіндіру. 5.Заңды практикада қолданудың (ескерудің) мысалдары. Нысан жайында: 1. Нысанның жалпы сипаттамасы. 2. Пайда болу шарттары. 3. Нысанның физикалық қасиеттері. 4. Сапалық сипаттамалары. 5. Модель. 6. Нысанды сипаттайтын негізгі теңдеулер. 7. Оның мүмкін күйлері. 8. Практикада пайдаланылуы. Тәжірибе жайында: 1. Тәжірибенің мақсаты. 2. Тәжірибенің сызбасы (схемасы). 3. Тәжірибе өтетін жағдайлар. 4. Тәжірибе жасау. 5. Тәжірибенің қорытындысы. Приборлар жайында: 1. Құрылғының қызметі. 2. Құрылғының сызбасы (схемасы). 3. Құрылғының жұмыс істеу принциптері. 4. Қолданылуы. Бағалауға келесі іскерліктер жатады: - табиғат пен техниканың құбылыстарын түсіндіру үшін ұғымдарды, заңдарды және теорияларды қолдану; - оқулықпен өзбетінше жұмыс істеу; - белгілі заңдар мен формулалар негізінде есептерді шығару; - физикалық шамалардың анықтамалық кестелерін пайдалану. Лабораториялық жұмыстарды бағалау кезінде келесі іскерліктер ескеріледі: - тәжірибені жүргізуді жоспарлау; - схема бойынша қондырғыны жинау; - өлшеуіш приборларды қолдану; - бақылаулар жүргізу, өлшеуіш приборлардың мәліметтерін алу, шамалар тәуелділіктерінің кестесін құру және графиктер тұрғызу; - өлшеу нәтижелерін бағалау және өлшеу қателіктерін есептеу (жоғарғы сынып үшін); - істелеген жұмыс бойынша қысқаша есеп беру және қорытынды жасау. Бағдарламада оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау нормасының мысалы келтірілген. «5» бағасы қойылады, егер оқушы: - қарастырылған құбылыстардың және заңдылықтардың, заңдардың мен теориялардың физикалық мәнін дұрыс түсінгенін білген кезде, негізгі ұғымдарға, заңдарға және теорияларға дұрыс анықтама бергенде, сондай-ақ физикалық шамалар мен олардың өлшем бірліктерін және өлшеу тәсілдерін дұрыс анықтағанда; - алынған жауаптың сызбаларын, схемаларын және графиктерін дұрыс орындағанда; - жауапты жеке жоспар бойынша құрғанда, баяндау барысында жаңа мысалдарды қолданғанда, практиалық тапсырмаларды орындау кезінде жаңа жағдайларға білімдерді қолдана білгенде; - физика курсы бойынша меңгерілген және бұрын меңгерілген материал, сондай-ақ басқа пәндерді игеру кезінде меңгерілген материал арасында байланыс орната білгенде; - қателіктерді дұрыс талдағанда. Өзін өзі бақылау сұрақтары: Негізгі және орта мектепте оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тексерудің ерекшеліктерін атаңдар. 1. Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің әдіс- тәсілдерін көрсетіңдер. 2. Оқушылардың білім, іскерлік және дағдыларын тексерудің маңызы мен қажеттілігі қандай? 3. Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалаудың түрлерін көрсетіңдер. 12, 13 -тақырып. Техникалық құралдарды пайдалану, бағдарламалап оқыту тәсілдері Дәріс мақсаты: Теханикалық құралдар мен бағдарламаланған оқыту құралдары ұғымдарына анықтама беру. Оларды қолдану әдістемесін көрсету. Жоспары: 1. Техникалық құралдар. Олардың түрлері 2. Бағдарламаланған оқыту құралдары. Тақырыптың қысқаша мазмұны: 1. Оқытудың техникалық құралдары дегенде техникалық қондырғылардың және оларға арналған арнайы дидиактикалық материалдардың жиынтығын түсенеміз. Орта мектпетердің физика кабинеттерін оқытудың техникалық құрлдарымен жабдықтау және оларды қолдану әдістемесіне 15-20 жылдай уақыт өтті. Қазіргі уақытта мектептердің барлығы дерлік оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарымен жабдықталған. Бұрынғы техникалық құралдарды біртіндеп сырып келеді. Дәстүрлі ОТҚ (оқытудың техникалық құралдары). Дәстүрлі оқытудың техникалық құралдарының әртүрлі классивикациясы бар. Төмендегі схемада соның бірі келтірілген. Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) – ақпарат тек дыбыстық канал бойынша берілетін ОТҚ (ТСО). Оған радио, магнитофон жатады. Бұл жағдайда сәйкесінше дидактикалық құралдар оқу радиоқабылдағыштары және магнитофонды жазбалар болып табылады, мысалы физикалық диктанттарды, текстерді экрандық құрал арқылы бейнелейді. Экрандық (визуальды) құралдар, яғни ақпарттарды көру каналдары бойынша беретін ОТҚ, оған кодоскоп графопроектор жатады - бейнелерді пленкада преокциялайтын прибор; эпидиаскоп – бейнелерді қағазда проекциялау үшін қолданылатын прибор; диапроектор - диапозитивтер және диафильмдерді проекциялауға арналған прибор. Аудиовизуальды (экранды-дыбыстық) құралдар – бұл ақпаратты бірмезгілде көру және дыбыстық каналдар арқылы беретін ОТҚ. Оларға: кинофильмдерді («Украина», «Школьник» және т.б.) демонстрациялауға арналған кинопроектор, телевизор, видеомагнитофон жатады. Осы ОТҚ керекті дидактикалық материалдар төмендегі схемада көрсетілген: Оларды қарастырайық. Диапозитивтер кез-келген статистикалық проекция құралы сияқты экранда қозғалмайтын кескінді алуға мүмкіндік береді; өзінің мүмкіндігі бойынша диапозитвтер қабырға кестелеріне ұқсас. Бірақ диапозитвтің кескіні кестеге қарағанда ірірек бола алады дәл осы оның артықшылығы болып табылады. Диапозитивтер жекелеген кадрлар сияқты (ғалымдардың портреттері, техникалық қондырғылардың фотосуреттері, диаграммалар, графиктер және т.с.с.). Диафильмдер бейнелер мен оған байланысты текстер кадрлардың қатаң жалғасымдылығын бейнелейді. Кадрлардың жалғасымдылығы диафильмге енгізілген мәселенің логикасымен анықталады. Диапозитивтер және диафильмдер өзіндік ақпарат көзі, мұғалім әңгімесінің иллюстрация құралы ретінде қолданылады. Олар оқытудың басқа құралдарымен бірлесе қолданылуы мүмкін. Кодоскоптың көмегімен мөлдір пленкада орындалатын Транспаранттар немес суреттер,чертеждар,тексттер. Оларды үш топқа бөледі: 1) белгілі бір ақпартты қамтитын алдын-ала дайындалған жекеленген транспаранттар; 2) материалды түсіндіру процесінде суреттер мен немесе текстермен толтырылған транспаранттар; 3) әрбіреуі бүтіндей бір кескіндердің фрагментін қамтитын алдын-ала дайындалған транспаранттар сериясы. Кодоскоптың диапроектордан артықшылығы қараңғыланбаған сыныпта да жұмыс істеуге болатындығында. Эпидиаскоп мөлдір емес қағазда дайындалған текстің, суреттердің, чертеждардың проекциясын алуға мүмкіндік береді. Кинофильмдер қозғалыстағы, дамудағы, өзгерістегі обьектілерді көрсетуге мүмкіндік береді. Кинофильмдерде мультипликация көмегімен процестерді моделдеу кеңінен қолданылады. Тікелей бақылауға мүмкін емес обьектілер мен процестерді кино көмегімен көрсетуге болады. Физиканы оқыту процесінде оқу кинофильмдері мақсатты түрде қолданылады: - қуатты микроскоптың көмегімен бақыланатын (броундық қозғалыс) микропроцесстерді демонстрациялауда; - мектепте қойылуы мүмкін (Штерн, Кавендиш тәжірибелері және т.б.) емес іргелі тәжірибелерді демонстрациялауда; - мультипликация (электрондар мен иондардың қозғалысы, электрмагниттік толқындардың таралуы және басқалар) көмегімен құбылыстар мен процестерді моделдеу; - жылдам өтетін процестерді көрсету (қатты дене деформацияларының барлық стадиялары және т.б.); - баяу өтетін процестерді көрсету (қатты денелер диффузиясы және т.б.); - меңгерілген білімдер мен заңдардың техникалық қолданылуын көрсету (интерференцияның, поляризацияның және т.б. қолданылуы). Кинофильм сабақта тұтастай немесе фрагмент бойынша көрсетілуі мүмкін. Ол жаңа материалды меңгеру барысында, немесе мұғалімнің түсіндіруін иллюстрациялау құралы ретінде қолданылуы мүмкін. Соңғы уақытта кинофильмдерді видеофильмдермен алмастыруда. Телевизор, кино сияқты үлкен дидактикалық мүмкіндікке ие, оның көмегімен кино және оған тән құралдарды біріктіреді. Радиоқабылдағыштар оқушылар үшін қосымша апқарат көзі болып табылады. Олар меңгерілген материалмен уақыт бойынша келісілмеген, сондықтан мұғалім ғылыми-танымал радиохабарламаларды магнитофонға жазып алып, сәйкес сабақта қолдана алады. Магнитофонды жазба физикалық диктантарды өткізу кезінде қолданылады. Олай болса, дәстүрлі ОТҚ оқу процесінде үлкен мәнге ие, олар оқушылардың оқу-танымдық іскерлігін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, олар білім көзі және көрнекілік құралы болып табылады. Оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдары Қазіргі заманға ОТҚ жатады: - видеопроекторлар; - қараңғыланған және аз жарықталынған бөлмеде жұмыс істейтін үлкен экран; - дербес компьютер; - видеокамера және видеомагнитофон; - фреймграбер және т.б. А.В.Смирновтың жетекшілігімен жасалған нақты жүйені мысал ретінде қарастыруға болды. Бұл жүйе алдымен МАЖ (АРМ) – мұғалімнің автоматтандырылған жұмыс (физика мұғалімі) орны деп аталды, ал жаңа модификацияда – ОАК (АКП) (оқытушының автоматтандырылған комплексі). Смирновтың ОАК схемасы төмендегі суретте көрсетілген: [pic] Комплекстің орталығы дербес компьютер болып табылады 1 (бұдан кейін ДЭЕМ белгіленеді). Ол видеомагнитофонмен 2 бірге сыртқы проекциялық экранда 4 (өлшемдері, мысалы диагонал бойынша шамамен 3,5 м) түрлі-түсті және ақ- қара ақпаратты бейнелейтін видеопроекторға 3 шыға алады. Кескін экранда жақсы көрінеді, себебі видеопроектор үлкн жарық ағынына ие (900лм). Видеопроектормен 3, диапроектормен 7, проекциялық экранмен 4, терезелерді перделеу 9 және сынып-аудиторияны жарықтандыру (лампы схемасында жарықтандыру көрсетілмеген) дистанциялық пульттың 17 көмегімен басқарылады. Комплекс датчиктермен 16, аналогты-цифрлық түрлендіргіштермен 15 комплектіленеді. Комплексте видеокамерлар 5 және фреймграбердің 6 болуы мұғалімге магнитті лентаға визуальды ақпаратты жазуға мүмкіндік береді. ОАК (АКП) портативті магнитофонмен 8 жарықтандырылған, ол усилителмен 10 және акустикалық аппаратурамен 11жалғанған. Бұл мүмкіндік береді: - магнитті лентаға жазылған тексті шығаруға мүмкіндік береді; - кабинетте сабақтың музыкамен жүргізілуіне жақсы жағдай жасайды; Оқушылардың жеке жұмыстарын ұйымдастыру үшін телефондарды 12 қолдануға болады. ОАК (АКП) көппультті сұрақ-өлшегіш жүйесімен 13 жабдықталған. Ол ДЭЕМ базасында құрылады. Сынып тақтасымен жұмыс Әрбір оқу кабинетінде класс тақтасы бар, әрине ол физика кабинетінде де болады. Ол алдыңғы қабырғада, демонстрациялық үстелдің есігінен сәл жоғары немес оның деңгейінде биіктіке ілінеді, себебі ондағы жазу орныдарында отырған барлық класс оқушыларына көрінетін болуы керек. Тақтаның жұмыс беті линолеумнан немесе қалың әйнектен жасалады, ол қоңыр немесе жасыл түсті болады, қара түсті де тақталар кездеседі. Соңғы уақытта ақ әйнекті тақталар да шыға бастады, оған арнайы фломастер-маркерлермен жазады және суреттер салады. Қазіргі заманғы оқытудың техникалық құраларының (ОТҚ) енуіне байланысты класс тақтасына деген қажеттілік болмайды деген көзқарас қалыптасуы мүмкін. Мұнымен келісуге болмайды. Класс тақтасы физика кабинетінде болған және де бола да береді, себебі оның қажеттілі: - жаңа материалды түсіндіру суреттермен, чертеждармен, схемалармен, формулалармен және жазбалармен жүргізілгенде мұғалімге қажет. Жоғарыда көрсетілген кескіндер – бұл процесс, сабақ элементтері емес, өйткені бұл процесс түсіндіру, және бейнелеу, деталдар анықтап көрсетіледі, керек еместері сүртіледі, басқалармен алмастырылады (мұның барлығын графопроектор пленкасында немесе ЭЕМ-да жасау үнемі жүзеге аса бермейді) үйлеседі; -тақтада жауап беріп тұрған оқушыға суреттерді салу, формулаларды жазу үшін қажет. Физика мұғалімі тақтаға жақсы жаза алуы және сурет сала алуы керек. Егер мұны бірден жасай алмаса, онда сабақтан бос уақытта осы жұмыспен айналысу керек; осы үшін төмендегі дағдыларды қалыптастыру керек: - жазу жақсы көрінуі үшін барды қатты басу керек; - жазбалардың өлшемі өте үлкен, немесе өте кіші болмауын қадағалау керек; - тақтадағы жазбаның горизонтальдығына көңіл аудару керек; - тақтадан қажет емес жазбаларды өшіру үшін губка немес тряпкамен жұмыс істеуді әдітке айналдыру керек. Сынып тақтасындағы сурет дидактикалық мақсатта орындалатындықтан, ол қарапайым болуы керек. Кестелер мен моделдер Кестелер негізінен жаңа оқу материалын түсіндіру үшін және тақтада жүзеге асыру мүмкін болмайтын мұғалімге қажетті иллюстративті материалды қамтиды. Кестелерде, ережеге сай табиғи түрінде көрсету мүмкін емес техникалық қондырғылар бейнеленген. Әдетте құрылымның жалпы түрінен басқа оның конструктивті ерекшеліктерін және барлық деталдарын көруге мүмкіндік беретін кесік бейнеленеді. Кестелер жұқа қағаздарда әртүрлі авторлардың қолымен жасалған, олар рулондармен (класттар, тақырыптар бойынша) дайындалған, мұғалімдер оларды картонға жапсырады. Кестелер осы түрінде класс тақтасының төменгі жағындағы бөлек жәшіктерде сақталған. Қазіргі уақытта жаңа кестелер шығарылмайды. Оларды кестелер мазмұнын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басқа құралдар алмастыруда. Физика мұғалімдерінің іс-тәжірибесіне өз сабақтары үшін қолдан жасалған плакаттар қолданысқа енді, олардың бағасы өте жоғары. Олар сабақтың мазмұнын арттырады, сабақтың көркін кіргізеді. Плакаттардан басқа физика кабинетінде әртүрлі моделдер бар, бұл моделдердің бір бөлігі – заводта жасалған, бір бөлігі – қолдан жасалған моделдер. Моделдер сәйкес приборлармен қондырғыларды меңгеру кезінде көрнекілік функциясын арттыру ролін атқарады. Моделдер статикалық (кристалл тор) және динамикалық, немес кинематикалық (броундық қозғалыс моделі, бу турбиналары және т.б..). Оқушыларға моделдерді дайындау бойынша тапсырмаларды берген пайдалы. 2. Бағдарламаланған оқыту құралдары. Компьютер – қазіргі уақытқа дейінгі мұғалімдердің қолданып жүрген техникалық құралдардың ішіндегі ең тиімді және қуатты құралдардың бірі. Компьютерде бағдарламалық оқыту тәсілдерін жүзеге асыратын оқыту бағдарламаларын бағдарламалық оқыту құралдары деп атайды. Физика сабақтарында ақпараттық компьютерлік технологияны (АКТ) қолдану пәнді меңгеруге деген қызығушылықты арттырады, вертуалды түрде демонстрациялық тәжірибелерді көрсету мүмкіндігін арттырады. Сабақтың барлық түрлерінде компьютерді қолдануға болады: атап айтқанда, жаңа оқу материалын өз беттерінше меңгеруде, есептер шығаруда, білімдерін тексерудің тестік формасында және т.б. қолдану мүмкіндігі бар. Сондай-ақ физика сабақтарында компьютерді қолдану олардың нағыз шығармашылық қабілеттерін арттырады. Және дамыта оқыту принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сабақта компьютерлік техниканы қолдану білім алушылардың оқу процесіне деген мотивациясын көтереді, оқушыларға әлемді тану және таным процесін қабылдауға мүмкіндік береді. Оқу процесінде ақпараттық компьютерлік технологияны қолдануда мұғалім білуі керек: • сабақтарда жұмыс жасай алуы үшін дидактикалық материалдарды дайындау үшін сәйкес редакторлардың көмегімен дыбыстық, сандық, текстік, графикалық ақпараттарды өндеуді; • сабақтарда презентацияларды демонстрациялау үшін MS Power Point редакторын қолданып, берілген оқу материалы бойынша слайдтарды құруды; • өз пәні бойынша дайын бағдарламалық өнімдерді қолдануды; • сабақта электронды оқулықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыруды; • оқу бағдарламалық құралдарды қолдануды; • дайын қабықша-бағдарламаларды пайдаланып тестарды дайындауда. Физика сабақтарында оқушыларды компьютерлік техникаға қатыстырудың әртүрлі тәсілдерін қолдануға болады. Олардың бірі – компьютердің көмегімен физикалық есептерді шығару. Мысалы, 7-сыныпта физиканы оқыту барысында есеп шығаруда компьютерлік технологияны пайдалауға болады. Массасы 14,7 кг тәждің судағы салмағы 13,4 кг массаға сәйкес келеді. Тәж алтыннан жасалған ба? | Бер:|Талдауы |Шешуі | |[pic] |Сұйыққа батырылған дененің салмағы дененің |[pic] | |[pic] |сұйықтан тыс кездегі [pic]салмағы мен [pic]| | | |ығыстырушы күштің айырымына тең болады. | | |[pic] |[pic], мұндағы [pic]-дененің көлемі, |[pic] | | |[pic]-оның тығыздығы, [pic]-сұйықтың | | | |тығыздығы. Сонымен былай жазамыз: | | | |[pic]. | | |[pic] |Мысалы жоғарыда қарастырған есепті | | |шығарып болғаннан кейін мәліметтер | | |қоры терезесін пайдалану арқылы тәждің| | |неден жасалғанын анықтауға болады. Ол | | |үшін алдын-ала дайындалған заттардың | | |тығыздықтар кестесін және есептің | | |берілгендері мен анықталған шама | | |енгізілген кестелер арасында байланыс | | |орнатамыз. | |[pic] |Мәліметтер қоры терезесінде кесте | | |құрылады. Кестеге есептің шарты мен | | |анықталған шама енгізіледі. | |[pic] |Алын-ала құрылған заттардың тығыздығы | | |енгізілген кесте пайдаланылады. | |Есептің шарты бойынша құрылған |[pic] | |кесте мен заттардың тығыздығы | | |енгізілген кестелер арасында | | |байланыс орнатылады. | | |Кестелер арасында байланыс |Соңғы нәтиже берілген сұраныс кестесі | |орнатылғаннан кейін сұраныс |алынады. | |жасалады. |[pic] | |[pic] | | Алынған кесте бойынша тәждің қорғасынан жасалғанын анықтауға болады. Excell бағдарламасының көмегімен есеп шығару және есептің шығарылуы арқылы график салу. №27 (ПРГ, программалық есеп) Екі дененің қозғалыс теңдеулері былай берілген: x1=х01+vt және x2=x02+vt. Денелердің кездесетін уақытын және кездесетін орнының координатын табыңдар. |№ |Х01,м |Х02,м |[pic]1x,м/с |[pic]2x,м/с | |1 |24 |87 |4,2 |2,7 | |2 |63 |-12 |-6,2 |4,1 | |3 |0 |-17 |1,1 |2,6 | |4 |263 |0 |0 |4,9 | |5 |12 |-12 |2,1 |-2,1 | | Бер:|Талдауы | |x1=х01+vt |Кездесу уақыты кездесу шартынан анықталады: | |x2=x02+vt.|Х1(t)= Х2(t), х01+[pic]1xt = x02+[pic]2xt | | |[pic] денелердің кездесу уақытын біле отырып, кедесетін орнының| | |координатын кез-келген қозғалыс теңдеуі арқылы анықтауға | | |болады. | | |x2=x02+vt. | |[pic] |Шешуі | |№ |Х01,м |Х02,м |v1x,м/с|v2x,м/с|t,c |x,м | |1 |24 |87 |4,2 |2,7 |42 |200,4 | |2 |63 |-12 |-6,2 |4,1 |7,28155|17,8543| | | | | | |3 |7 | |3 |0 |-17 |1,1 |2,6 |11,3333|12,4666| | | | | | |3 |7 | |4 |263 |0 |0 |4,9 |53,6734|263 | | | | | | |7 | | |5 |12 |-12 |2,1 |-2,1 |-5,7142|0 | | | | | | |9 | | Excel қолданбалы программасының көмегімен x(t) тәуелділігінің графигін салайық. |t,c |[pic] | |x1,м | | |x2,м | | | | | |0 | | |24 | | |87 | | | | | |42 | | |200,4 | | |200,4 | | | | | | | | | | | | | | Осы есептің pascal бағдарламалау тілінде шығарылуын қарастырайық: Program m1; Var x01,x02, v1,v2,t:real; Begin Writeln (‘Введите нач координату1’); Readln (х01); Writeln (‘Введите нач координату2’); Readln (х02); Writeln (‘Введите скорость1’); Readln (v1); Writeln (‘Введите скорость2’); Readln (v2); t:=(x02-x01)/)v1-v2); Writeln (‘время t=’,t:4:2); Readln; End. Var x01,v1,t, x1:real; Begin Writeln (‘Введите нач координату1’); Readln (х01); Writeln (‘Введите скорость1’); Readln (v1); Writeln (‘Введите время’); Readln (t); X1:=x01+v1*t; Writeln (‘коорд x=’,x:4:2); Readln; End. Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1. Оқытудың техникалық құралдары деп нені түсінеміз? 2. Дәстүрлі оқытудың техникалық құралдарының классификациясын көрсетіңідер. 3. Оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын атаңдар. 14 -тақырып. Физикадан факультативтік курстар. Дәріс мақсаты: Факультативтік курстардың мақсаты, мәнімен таныстыру және оларды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін көрсету. Жоспар: 1. Экскурсия – физиканы оқытудың бір формасы 2. Экскурсия жасауға мүмкін болатын обьектілер 3. Экскурсияны өткізу әдісі Тақырыптың қысқаша мазмұны: 1 Экскурсия – физиканы оқытудың бір формасы Эксукрсия – оқушыларды нақтылы заттармен және құбылстармен табиғи күйінде таныстыруды қамтамасыз ететін оқу формасы. Олар белгілі оқу материалын өтуге байланысты, немесе сыныптан тыс жұмыс жоспары бойынша өткізіледі. Физикалық экскурсиялар оқу жұмысын жандандырады, оқушылардың ғылымға деген құштарлығын арттырады, олардың білім құмарлығы мен талаптылығын күшейтеді. Оқу жылы ішінде экскурсия өткізу үшін арнаулы күндер бөлінедіә. Бұл күні оқушылар мектепте оқымайды. Оқу процесінде алатын орнына байланысты экукурсиялардың үш түрі бар: алдын- ала өткізілетін, ілеспелі, қортындылау мақсатында өткізілетін экскурсиялар, олар 1-суретте кескінделген. 1-сурет. Оқу процесінде өткізілетін экскурсиялардың жүйесі Алдын-ала өткізілетін экскурсиялар – оқушылардың жаңа материалды түсіндірер алдында қажет болатын білімді жинақтауын көздейді. Бұл оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын жеңілдетеді. Қорытынды экскурсиялар – физикатақырыбы, немесе тарауынан өткізілетін жұмысты аяқтап, сыныпта өтілетін материал бойынша білімді бекітуді және тереңдетуді көздейтін шара. Ілеспелі экскурсиялар – өтілген үлкен тақырып бойынша ұзақ процеске енгізіледі, әңгіме үшін тіректік матреиал беретіндей болып, жеке мәселелерге ілестіріліп жүргізіледі, оны сипаттайды. ФИзикалық экскурсияның мәні – бізді қоршаған дүниені танып білу. Егер экскурсияда көрсетулер болмаса, ол экскурсия болудан қалады, ол кәдімгі лекцияға, немесе әңгімеге айналады. Керісінше, түсіндірме берілмеген экскурсия мақсатсыз саяхатқа айналады, оның білім алуға әсері шамалы. Мақсаты мен тақырбына қарамастан әрбір физикалық экскурсияның өзіне тән белгілері бар. Солардың бірі болмаған жағдайда экскурсия қоршаған ақиқатты танып-білдіру формасы болудан қалады. Тәрбиелеу мен білім беру формасы іспетті экскурсияға тән ерекшелік – көрсету мен айтып беруді ұштастыру. Бұл екеуінің арақатынасы нақты жағдайға қарай өзгеріп отырады. Ол экскурсияның тақырыбына, оқуышлардың құрамына байланысты. Алайда, қандай жағдайда болмасын көрсету мен айтып беру табиғы бірлікте болуы керек. Яғни экскурсия – көрсету, талдау жасаумен; түсінік, ғылыми анықтама берумен қатар жүргізіледі. Экскурсияға қатысушының көргені, мұғалімнің әңгімесі арқылы оның санасында белгілі бір оқиғаларға, құбылыстарға, фактілерге, процестерге нақты тұжырым жасатады. Шынында оқушы экскурсияда тек көріп, тыңдап қана қоймай, сонымен бірге толғанады да. Көргені мен естіген оның бойына күшті сезім туғызады, ол қызығады, қобалжиды, ойланады. Сөйтіп, экскурсия өзінің көрнекілгі, түсініктілігі және әсерлілігі мен білім берудің тиімді формасы болып табылады. Фактілерді тиянақты меңгеруге және есте тұрақты сақтап қалуға себін тигізеді. Демек, дүниеге диалектикалық көзқарас қалыптастырады. Экскурсия орнын таңдағанда, бірінші кезекте, оның экскурсия тақырыбын ашып көрсетудегі маңызына көңіл аударады, мұғалім көптеген фактілерді ескереді. Солардың ішіндегі ең бастылары – барар орынның танымдылық құндылығы, олардың мәлімділігі, ерекшелігі және орналасқан жағдайы. Тақырыбына, экскурсия кезінде көрсетілетін құбылыстың күрделілігіне қарай оның ұзақтығы түрліше болады. Экскурсияның ұзақтығы оның түріне, жүргізу әдісіне, өткізілетін орнына, экскурсияға қатысушы оқушылардың құрамына қарай анықталады. Мәселен, төменгі сынып оқушылары үшін экскурсия ұзаққа созылмағаны жөн. Өйткені, олардың зейін қою, қаракет ету сипаты өзгешелеу. Балалар жалығып, экскурсияның мәліметтеу дәрежесі төмендеп кетпейтіндей етіп құруға мүмкіндік жасау қажет. Сонымен, білім беру ісінде экскурсияның маңызы өзгеше. Экскурсия тақырыбы, сондай-ақ, оны ұйымдастыру тәсілі әртүрлі болады. Олар ең алымен оқу-тәрбие процесінің мақсатына бағышталады. Мысалы, төменгі сыныптарда – ол табиғатты көру мақсатында ұйымдасытылатын экскурсиялар болса, орталау мектептегі оқушылар үшін диалектикалық-материалистік түсінік қалыптастыру мүмкін. Жоғары сыныптардағы оқу-өндірістік экскурсиялар толитехникалық білім беру жолында маңыз атқарады, мектептің өірмен байланысын қалыптастырудың елеулі құралы бола алады. Экскурсияның мүмкіндігі мол, ол өзінің ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің қай түріне де қолайлы. Экскурсияның оқу процесі ретіндегі ғылыми принципі – ең алдымен экскурсия мазмұнының диалектикалық атериализм идеяларына, осы заманғы ғылыми жетістіктерге сәйкес болуын талап етеді. Материалдың терең ғылыми негізде болуы, оқушылардың танымдық ынтасын арттыруға көмектеседі. Физикалық ғылыми білім, ең алдымен шынай шындыққа сүйенеді. Ол эксперимент арқылы тексеілген болмыстық дүниенің жалпы және маңызды заңдылықтарының көрінісі болып есептеледі. Ғылыми принциптің талаптары атериалдың мазмұнына ғана қатысты емес. Бұлар материалды баяндау барысында да қатал сақталып отыруы керек: жүргізуші мұғалімдердің, немесе жетекшілердің фактілерді, құбылыстарды, ұғымдарды ғылыми тұрғыдан түсіндіріп беруі - әрбір экскурсияға тән қасиет. Тәрбие беру – ғылым мақсатарын іске асыруды көздейтін болғандықтан, экскурсияның тиісті идеялық бағыты болуын талап етеді. Экскурсия жүргізуші мұғалім теорияның өмірмен байланысын жүзеге асыру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді жете пайдалануы тиіс. Мысалы, ол белгілі бір теориялық қағиданы келтіріп, оны нақты мысалдармен, фактілермен, цифрлармен нақтылацйды яғни баяндаудың дедуктивті (жалпыдан жалқыға) әдісі қолданылады. Теорияның өмірмен байланысын іске асыру жолында экскурсия жетекшісіне салыстыру тәсілі үлкен мүмкіндік береді. Бұл тәсілді қолданғанда оқушылар табиғаттағы өзгерістер сырын толығырақ және тереңірек түсінеді. Сонымен бірге, көрнекілік принципінің талаптары мен ережелерін сақтап отырудың маңызы да үлкен. Экскурсияның қандай болсын, бәрібір оның адамгершілік, патриоттық сезімдерге тәрбиелейтін материалы болуы шарт. Білім беру мен тәрбиенің танылған формасына айналып отырған физикалық экскурсия ғылыми білімдерді, ғылыми-техникалық білімдерді насихаттаудың тиімді құралы. 2 Экскурсия жасауға мүмкін болатын обьектілер Экскурсиялар көрсетілімдік әдісінің бір түрі және оқытудың айрықша ұйымдастыру формасы. Физикалық экскурсияны өткізу барысында әртүрлі әдістердің - әңгіме, лекция, әңгімелесу және т.б. қолданылуы мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі көрсетілімдік әдісімен үйлестіріледі, соған бағынышты. Әдетте экскурсия нақтылы заттарды, құбылыстарды процестерді абиғи жағдайда көріп, қабылдауға мүмкіндік береді. Экскурсия жасалатын обьектімен экскурсанттарды таныстыру үшін мекеме жетекшілері экскурсовод тағайындайды. Экскурсоводтан басқа, машиналлардың және қондырғылардың жұмыс принципімен толығырақ таныстыру үшін тәжірибелі механиктер, маман жұмысшылар бөлінеді. Бірақ экскурсия кезінжде жетекші рөлді мұғалім атқарады. Экскурсоводтар, маман қызеткерлер, жұмысшылар мұғалімді алмастыра алмайды. Олардың сөзі тек мұғалімнің әңгімесін толықтыады. Экскурсия кезінде қауіпсіздік техникасының ережесі қатаң сақталуы керек. Экскурсия кестесі мектеп директорының қолы қойылып, мөрімен бекітіледі. Төменде бағдарламаның жекелеген бөлімі бойынша экскурсия жасауға мүмкін болатын обьектілер көрсетілген (1-кесте). 1-кесте. Бағдарлама бойынша экскурсия өтуі мүмкін обьектілер |сынып |бағдарлама бөлімі |экскурсия жасалатын оьбектілер | |VІІ |Кіріспе. Зат құрылысы |Жөндеу шеберханасы. | | |туралы бастапқы | | | |мағұлыматтар. Денелердің | | | |өзара әсерлесуі. | | | |Қатты денелердің, |Өрттен қорғау депосы. Суқұбыры. | | |сұйықтардың және газдардың |Комбайнның, автомашинаның, | | |қысымы. |трактордың гидроситемасы. | | |Жұмыс және қуат. Энергия. |Құрылыс алаңы. Гидротехникалық | | | |қондырғы. Жел двигателі. | |VІІІ |Жылу құбылыстары |Малдарды тамақтандыру цехы. | | | |Ғимараттарды жылыту жүйесі. Жөндеу | | | |шеберханасының дәнекерлеу бөлімі. | | |Электрлік құбылыстар |Орталық шеберханадағы автотракторлы | | | |электр қондырғыларын ретке келтіру | | | |бөлімі. | | |Электромагниттік |ТЭС, ВЭС, ГЭС. Жергілікті телефон | | |құбылыстар |станциясы. | | |Жарық құбылыстары |Оптикалық құралдарды, фотографиялық | | | |және проекциялық аппаратураларды | | | |жөндеу шеберханасы. | |ІХ |Кинематика негіздері |Ауылшаруашылық өнімдерін алғаш | | | |тазарту пункттері. Құрылыс алаңы. | | |Динамика негіздері |Жөндеу шеберханалары | |Х |Молекула-кинетикалық теория|Астықты кептіру пункті. | | |негіздері | | | |Термодинамика негіздері |Суытқыш қндырғылар және сүт | | | |өңдеу цехы. Сүт заводы. | | | |Метеорологиялық станция. | | |Электр өрісі. Тұрақты ток |Мектеп ғимаратын электр жарықтандыру| | |заңдары |жүйесі. | |ХІ |Электромагниттік |Трансформатор және электр | | |тербелістер мен толқындар |станциялары. | | |Жарық кванттары. Жарықтың |Есептеу орталығы. | | |әсері. | | | |Атом және атом ядросы. |Мал өсіру мен жеміс өсіруде | | | |радиоактивті заттарды қабылдауға | | | |арналған тәжірибелік алаңдар. | Обьектілерге экскурсия жасалғаннан кейін оқушылардың білімдерін тексреу, бекіту мақсатында тақырып бойынша әңгімелесулер, есептер шығаруға болады. Сонда оқушылардың ойында материал терең бекіп, ұзақ сақталады. 3 Экскурсияны өткізу әдісі Белгілі бір физикалық тақырыптың мәнін ашу мақсатын көздейтін әрбір экскурсия оқушылардың жан-жақты дамуына, белсенді және саналы қоғам құраушыларды даярлау ісіне көмегін тигізуі керек. Демек, экскурсия – педагогикалық процесс, оған екі жақ: білім беретін экскурсия жетекшісі мұғалімі және сол білімді меңгермекші – оқушы-экскурссанттар белсенді қатысуы шарт. Сондықтан экскурсияның әдісі педагогика жасаған принциптерге, формалар мен әдістерге, сондай-ақ психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеді. Экскурсияның бұл екі құрамды бөлігі бірінен бірі туындап, белгілі бір көрсету обьектілерінің болуын сөзсіз талап етеді. Экскурсияда түсінік пен ұғымның негізгі көрнекілік принципі болғандықтан, көрсету бірінші орынға қойылады. Экскурсияда жетекші орын алатын көрнекілік құралдарын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: экскурсия обьектілері, қосымша суреттендірілген материалдар және құралдар. Көбіне дидактикалық категорияларға сүйенетін экскурсиялар теориялық және іс-жүзілік білім берудің принциптеріне, соның ішінде түсінікті, жүйелі, дәйекті болу сияқты принциптерге сүйенеді. Түсінікті болу принципі материалдың қиыншылық келтірмеуін, экскурсия жетекшісі хабарлайтын барлық мәліметтерді, теориялық тұжырымдарды және қорытындыларды оқушылар біршама ынта қойғанда меңгере алатындай етіп баяндалуын талап етеді. Бұл принциптің жүзеге асырылуы экскурсия жетекшісінен әрбір экскурсанттың ерекшелігін, олардың білімін, дене және ақыл-ой дамуы дәреждесін ескеруді қажет етеді. Бір тақырыптағы экскурсияның материалы оқушылардың әр тобы үшін әртүрлі баяндалуы керек. Жүйелілік принцип – экскурсия материалының хронологиялық, немесе ой ұласу жағынан қатал байланысы болуын талап етеді. Әрбір экскурсияның бірнеше тақырыпшадан тұратыны белгілі. Олардың мәнін ашып көрсеткенде оқушылар экскурсияның бүкіл тақырыбы бойынша қисыгды, біртұтас түсінік алуы керек. Осы принципті орындау, экскурсия жетекшісі – материалды белгілі бір жүйе бойынша баяндап, жаңа материалды бұрынғы өтілгендермен байланыстырып отыруын, басты ерекшеліктерге көңіл аударуын талап етеді. Экскурсия өткізудің де жалпы және жеке әдісі бар. Жалпы әдіс бұл барлық экскурсияға жарамды болатын көрсету мен баяндап беру тәсілдері. Жеке әдіс – экскурсияның белгілі бір түрлері үшін қолданылады. Экскурсияның мақсаты – экскурсиялық обьектілерді көрсету. Ол белгілі бір әдіске сәйкес, жоспар бойынша жүргізіледі. Обьектілерді көрсету – экскурсия жетекшісінің әңгімесімен ұласып отырады, бұл әңгімелерде обьектілер неғұрлым жақсы көрініп, әсер қалдыратындай болуы керек. Кейбір обьектілірдің бірнеше жерден көрсетілітінін ескерген жөн. Эксурсанттар тұратын орынды таңдағанда экскурсия жетекшісі оқушылардың қауіпсіздігін, сондай-ақ орынның оларға ыңғалы болуын ойластыруы қажет. Көрсетілітін орын көлік жолынан едәуір алыс жерде болуы және сол маңда қандай-да болмасын құрылыс жұмыстары атқарылмауы тиіс. Ауылдық жерлердегі су бөгеттері, сумен қамтамасыз етуге, немесе егістікті суғаруға арналған насос станциялары, суландыру, немесе құрғату жүйелері, жасанды жауын жаудыру қондырғылары мен жел двигательдері – мұның бәрі оқушылар үшін жасалатын экскурсиялардың тамаша оьбектілірі. Олар физика заңдарын түсіндіруге және ауыл шаруашылығының энергетикасымен таныстырудың тамаша жолы. Мұндай экскурсияларға 1-2 сағат уақыт уақыт берілуі тиіс. Кешенді экскурсиялар – бір-біріне байланысты пәндер бойынша (физика және химия, физика және матемтика, т.б.) сабақтардан өткізілетін экскурсиялар түрі. Онда оқушыларға бір обьектілерден екі, не үш пәнге байланысты қандай мәселелерге назар аудару керектігі жөнінде тапсырмалар беріледі. Бұл экскурсиялардың қай-қайсысына да баратын оьбектілер алдын-ала белгіленеді. Ауылдық мектептерде ондай экскурсиялық обьектілер: жылу станциялары, аудандық трактор станциясы, аудандық трактор шеберханасы, ұстахана, гараждар, электр және телефон станциялары т.т. Экскурсия жақсы әсер қалдыру үшін мұғалім де, оқушылар да оған мұқият әсірленуі қажет. Ол үшін мұғалім алдымен экскурсия жасалатын обьектілермен алдын ала танысып, қай обьектіге қандай тақырыпта экскурсия жасауға болатынын ертерек шешіп алады. Мұғалім экскурсия жасалатын кәсіпорынның басшыларымен экскурсия өткіетін күн, ол жерге түсінік беру үшін маман адам белгілеу жайында бірнеше күн бұрын келісім жүргіеді. Көбіне экскурсияда түсінік беруші мұғалімнің өзі болғаны дұрыс. Өйткені, мұғалім өз оқушыларының әзірлігі мен білім көлемін бөтен адамнан гөрі жақсы біледі. Бірақ, мұғалімдер экскурсиялық обьектінің кейбір мәселелерін жете біле бермейтіндіктен, экскурсияда түсінік беруші ретінде сол кәсіпорынның мамандырының бірімен бірігеді. Мұндай жағдайда түсінік беруші адамнан экскурсияда қамтылытын мәселелер жайында, оқушыларға не туралы түсінік беру керектігі жайында әңгімелесіп, тіпті оның қолына экскурсияның кеңірек жасалған жоспарын беріп қойған жөн. Сонда ол, түсінік беруші адам қандай мәселелерге тоқтау керектігін нақты білетін болады. Мұндай оқушылар экскурсиядан көп әсер алады. Экскурсияға әзірлік, оған барар алдындағы физика сабағында кіріспе әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұндай әңгімеде мынадай мәселелер қамтылады: 1. Экскурсияның мақсаты, баратны обьектілер. 2. Обьектілерді аралу тәртібі, оқушылардың неге назар аудару керектігін анықтау. 3. Үйге тапсырманы ұйымдастыру яғни қортынды әңгімеге қажетті сұрақтарға ауызша жауап беру, немесе қысқаша жазбаша есеп жасау, экскурсия материалы бойынша есептер шығару тәртібі, т.б. қарастырылады. 4. Оқушылардың экскурсия кезінде өздерін қалай ұстау керектігін яғни тәртіп сақтауын берілген түсінікті жақсы ұғатындай болып бір-біріне бөгет жасамай тұруын, қаіпсіздік техникасын сақтауын қамтамасыз ету. Кіріспе әңгіме кезінде экскурсиға байланысты схемалар, диафильмдер, немесе кино, т.б. көрнекі құралдарды пайдалануға болады. Егер оқушылар бұл обьектіге бірінші рет экскурсия жасап отырған болса, онда оның даму тариғы, өндірістік мүмкіндігі туралы айтып, сол кәсіпорынмен қысқаша таныстырған жөн. Экскурсияны қорытындылаудың маңызы зор. Бұл қорытынды оқушылардың экскурсиялардан алған әсерлері әлі басылмай тұрған кезде, клесі физика сабағында жүргізілуі тиіс. Ол сабаққа да тиісті көрнекіліктер, түрлі апаптар әзірленеді. Қорытынды жасағанда оқушылар өздеріне тапсырылған мәселелер бойынша айтып береді де. Артынан мұғалім экскурсияны қоытады. Кейбір экскурсиялар әр тарау өтілгеннен кейін, оны қорытндылау мақсатында жүргізіледі. Сонда оқушылар әрбір тараудың теориялық материалын, оның тұрмыста, техникада қолданылуымен байланыстырады, материалды жете ұғады. Егер уақыт тар болмаса, онда экскурсины кейбір тараулардың материалдарын бірден қамтитындай етіп ұйымдасытуға болады. Бұл мәселелр мұғалімге және жергілікті мүмкіншілікке байланысты. Кейде экскурсияға сыныпты толық апарудың орнына, оны топқа бөліп, оқушылардың әрқайсысына жеке тапсырмалар беруге болады. 7-сыныпта өткізілуі мүмкін бір экскурсияның мысалын келтірейін. Экскурсия тақырыбы: Оқушылардың физкиадан алғашқы теориялық білімдерін нығайту. Бұл экскурсия 7-сынытың физикасының бағдарламалық материалдарының бірінші және екінші тарауы толық оқылғаннан кейін өткізіледі. Сөйтіп, мұнда осы екі тараудың материалдары бірдей қамтылады. Экскурсия мақсаты: Оқушыларға қысымды арттыру және кеміту тәсілдерін, Паскаль заңының, қатынас ыдыстар принципінің техникада қолданылуын іс жүзінде көрсету және насостардың құрылысымен, жұмысымен, манометрлермен, т.б. аспаптармен таныстыру. Экскурсияның қорытныдылау тәсілдері. Экскурсия қортындысын шығару әңгіме түрінде жүргізіледі де, оқушылар өздерінің көген-білгендерін сыныпта баяндап береді. Экскурсияны жүргізудің үлгі жоспары: 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. 2. Оқушылардың өздеріне жүктелген тапсырмаларды әңгімелеп беруі. 3. Мұғалімнің бұрын өткен теориялық ұғымдардың техникада қолданылуын оқушылардың көргендері негізінде қысқаша баяндап беруі. Оқушылардың қызығуына байланысты 11-сыныпта «Электр» таруын оқып болғаннан кейін, «Электромагнитік тербелістер мен толқындар» тақырыбы бойынша адиотрансляция торабына, радиохабар жіберетін және радиохабар қабылдайтын тұрақты станцияға экскурсия жасауға болады. Мұғалім экскурсияда көрген-білгендерін айтып берген оқушыларға міндетті түрде баға қояды. Экскурсия нәтижесі. Әртүрлі өндірістерге барып, оларды зерттей отырып, оқушылар ғылыми-ехникалық білімдерін ұлғайтады, тереңдете түседі, түрлі бақылаулар жасайды және бірсыпыра бағалы қорытындылар тиянақтайды, екінші сөзбен айтқанда өндірістік экскурсиялардан кейін оқушылар мектепте оқытылатын оқу матреиалын шын ынтасымен игеріп, мағынасын түсініп, терең ұға бастайды. Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1. Эксукрсия деген не? 2. Эксукрсияның қандай түрлері бар? 3. Экскурсияның өткізу мақсаты қандай? 15 -тақырып. Физикадан сыныптан тыс жұмыстар, түрлері және әдістері Дәріс мақсаты: Сыныптан тыс жұмыстардың түрлерімен, оны ұйымдастырурдың әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Жоспар: Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстар Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен формалары Тақырыптың қысқаша мазмұны: Мектеп физикасы бағдарламасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта ықыласын көтеріп, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы- физикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты. Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық сыныптан тыс жұмыстар деп атайды. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім төмендегідей мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді: Оқушылардың физикалық-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту. Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-жігерін, шығармашылық қабілеттерңн арттыру. Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету. Жас жеткіншектерге саяси, ғылыми, эстетикалық тәрбие беру. Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың өзі екі үлкен топқа бөлінеді: 1. Физика оқу бағдарламасының ауқымына кіретін кластан тыс жұмыстар. Бұған физика сабақтарына қатысты жүргізілетін қосымша жұмыстар жатады: бағдарламада көрсетілген экскурсияларды өткізу. физикадан нашар үлгеретін оқушылармен істелетін жұмыстар (қосымша сабақ, әр балаға жеке түсіндіру, эмтиханға дайындау). физиканы қызыға оқитын оқушылармен қиын және қызықты есептер шығару, физикалық экспериментті даярлау, қолдан физикалық приборлар мен көрнекті құралдар жасау, олимпиада өткізу, жаңа приборлармен танысу. оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына көмектесу (консультация, реферат- баяндамалар жаздырту, табиғат құбылыстарын бақылау, үйде тәжірибелер жасау және өлшеулер жүргізу). Жалпы мұндай жұмыстар физикадан оқу материалының қалыпты және нәтижелі өтілуіне, оқушылардың білімдері мен дағдыларының жүйелі түрде қалыптасуына, класс оқушыларының үлгерімін жақсартуға септігін тигізеді. 2.Физика оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар. Олардың физика сабақтарына тікелей қатысы бола бермейді. Бұл оқушылардың еркі бойынша ұйымдастырылуы керек. Бұл мынадай жұмыстардың түрлерінен тұрады: оқушылардың арнаулы физикалық білімдерін тереңдету; қолданбалы физика салаларын (электротехника, радиотехника, кинотехника, дыбыс техникасы және т.б.) оқу; физикалық приборлардың модельдерін жасау және т.б. Бұларды ұйымдастырудың формалары да әртүрлі, мысалы: қосымша әдебиеттерді оқыту, реферат жаздыру, физикалық кеш өткізу,тақырыптық көрмелер ұйымдастыру, қабырға газеттерін шығару, үйірме жұмыстарын ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың жеке, топ және жаппай қатыстырылуымен орындалатын болып 3-ке бөлінеді. Сыныптан тыс жұмыстар көбіне үйірме түрінде өткізіледі.Үйірмелер физикалық және физика-техникалық болып бөлінеді.Үйірмелерге қатысатын оқушылар саны 10-15-тен аспауы керек.Үйірме жұмысы барлық пәннен мектеп бойынша жоспарлануы қажет. Физика үйірмесінің күнтізбелік (календарлық) жоспары, оған қажетті әдебиеттер тізімі физика кабинетінде ілініп тұруы тиіс. Жалпы үйірмелер мынадай талаптарға сай ұйымдастырылады: 1.Үйірмені ұйымдастыру туралы ұсынысты оқушылардың өздері бергені дұрыс. Ол үшін мұғалім қандай үйірмелер ұйымдастыратынын, оларды кімдер жүргізетінін және әдебиеттер тізімін, үйірме естесін жазып, кабинетке хабарландыру іліп қоюы керек. 2.Үйірмеге оқушылар өз еріктерімен қатысқаны дұрыс. 3.Төменгі және жоғарғы сыныптар үшін бөлек-бөлек топтардың болғаны дұрыс. 4. Үйірмеге қатысқан оқушылардың жұмыстарын барлық мектеп оқушыларына таныстыру үшін көрме ұйымдастырған жөн. 5. Үйірме сабақтарында оқу бағдарламасының міндеттерін орындауға болмайды. Физикадан сыныптан тыс жұмыстарға физика апталығын, кештерді және т.с.с. мәселелер жатады. Жалпы физика кешін өткізу мынадай кезеңдерден тұрады: I. Дайындық кезеңі (1-1,5 ай ) а) мұғалім мен кешті өткізетін оқушылар тобының кештің жоспарын жасауы; ә) баяндамашыларды бөлу; б) тәжірибелер мен экспериментті таңдап алып, даярлау; в) конкурс пен викторинаға есеп сұрақтар таңдау; г) көрнекіліктер жасау; е) кештің бағдарламасыкөрсетілген көркем жазылған хабарландыруды күні бұрын (5-6 күн) іліп қою. II. Кешті өткізу кезеңі (2-2,5 сағат) а) кеш өтетін бөлмені безендіру; ә) кешті жүргізу, өткізу; б) кештің материалдарын жинау; III. Кештің өтілуін талдау, қорытындылау: а) оқушылардың сұрақтарына жауап беру; ә) кештің негізгі бөлімдеріне жауапты оқушылардың есебін тыңдап, талдау; б) кешті өткізудегі кемшіліктердің себептерін ашу; в) кешті қорытындылап, баға беру. Физика және техника бойынша үйірмелер Физикалық үйірмелер – оқушылардың сыныптан тыс өзіндік жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқушылар үйірмеге өз тілегі бойынша жазылады. Үйірме жұмысының мазмұны оқушының ғылымға қабілетін ашуды, болашақ мамандығын сенімді таңдауына көмектесуді қамтамасыз етуі тиіс. Көптеген мектептерде тұрақты, табысты жұмыс істейтін үйірме аттары «Радиоэлектроника», «Информатика», «Техникалық моделдер» тәріздес болады. Физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың тағы басқа сан-алуан интенсивті, қызғылықты түрлері бар: физикалық олимпиада, физикалық кеш. Викторина, шығармашылық кеш, т.с.с. Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1. Физикалық үйірме деген не? 2. Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың түрлері қандай? 3. Практикалық сабақтар ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 1 ТАҚЫРЫБЫ: Қолданыстағы бағдарлама бойынша физиканы оқыту Мақсаты: Орта мектеп физика оқулығы мен қолданыстағы бағдарламаларды талдау. ТАПСЫРМА: 1.7-11 сынып бағдарламасы. 2. 7-11 сынып оқулығы. Жоспары: 1. Физика бойынша бағдарлама – мұғалімнің негізгі құжаты. Деңгейлік және кәсіптік бағыт үшін бағдарламалар пакеті. Оларды салыстырмалы талдау. 2. Физика оқулығы. Физикадан қазіргі заманғы жаңа оқулықтар, оларды салыстырмалы талдау. Қолданыстағы физика оқулығына бағдарламаның сәйкестігі. 3. Жаңа оқу-әдістемелік оқулық. Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар 1. Орта жалпы білім беретін мектептің жаратылыыстану-математикалық бағытындағы 10-1- сыныптарына аралаған бағдарламалар. Авторлары: Башаров Р.Б., Тоқбергенова У.Қ., Қазақбаева Д.М., Байжасарова Г.З., Кронгардт Б.А. -Алматы, 2006.-23 б. 2. Физика: учебник для 10 классов естественно-математического направления общеобразовательных школ / Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Койшибаев. -Алматы: Изд-во «Мектеп», 2006.-352с. 3. Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978. 4. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998. 5. Физика и астрономия: учебник для 9 классов общеобразовательных школ / Р.Башарулы, Д.Казахбаева, У.Токбергенова, Н.Бекбасар. 2-е изд.- Алматы: Изд-во «Мектеп», 2009.-248с. 6. Мякишев Г.Я. и др. Физика. Механика. 10-11 кл. (Для углубл.изучения.) М.: Дрофа,2000. 7. Мякишев Г.Я. и др. Физика. Молекулярная физика. Термодинамика. 10-11 кл. (Для углубл. изучения.) М.: Дрофа,2000. 8. Мякишев Г.Я. и др. Физика. Электродинамика. 10-11 кл. (Для углубленного изучения.) М.: Дрофа, 2000. 9. Мякишев Г.Я. и др. Физика. Колебания и волны.10-11 кл. (Для углубл.изучения.) М.: Дрофа,2000. 10. Мякишев Г.Я. и др. Физика. Оптика. 10-11 кл. (Для углубл.изучения.) М.: Дрофа, 2000. 11. Оценка качества подготовки выпускников основной школы по физике. М.: Дрофа, 2000. 12. Оценка качества подготовки выпускников средней (полной) школы по физике. М.: Дрофа, 2001. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР : 7-11 сынып бағдарламасының мазмұнын, құрылымын қарап шығу. Бағдарлама бойынша оқулықты талдау. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ Бағдарлама – бұл физика курсының көлемі мен мазмұнын анықтайтын мемлекеттік іс-қағаз. Оны орындау міндетті. Бағдарлама оқушылардың қандай білім алу керектігін, анықтайтын негізгі құжат. Бағдарлама барлық мектептерде бірдей білім алуға көмектеседі. Физика ғылымының алға дамуына, оның техника мен өндірісте қолданылуына, мектептерде орта білім беруді жетілдірудің жаңа міндеттеріне байланысты бағдарламада өзгерістер болып тұрады. Физика оқулығы бағдарламаға сәйкес өзгеріске ұшырап, жазылып отырады. Бағдарламада бүкіл жыл бойына қай сыныпта қанша сағат оқытылатыны және аптасына неше сағат жүретіндігі, әр тарауға қанша сағат бөлінгені көрсетіледі. Бағдарламада әрбір тарауға сағаттар бөлінген. Бағдарламадағы тарауларға бөлінген сағаттың саны қатып қалған, өзгертуге болмайтын нәрсе емес. Өтілетін тараулардың көлеміне, кейбір тақырыптардың күрделілігіне байланысты резервтегі уақыттан алуға болады. Тарауларға бөлінген сағаттардың ішінде оқу материалын яғни, жаңа білімді меңгерту, алған білімді есеп шығаруда қолдану, лабораториялық жұмыстарды жүргізу және т.б. міндеттер қамтылады. Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1. Бағдарлама деген не? 1. Бағдарламаның басты мақсаты қандай. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 2-3 ТАҚЫРЫБЫ: Физика мұғалімінің жұмысын жоспарлау. Сабаққа дайындық МАҚСАТЫ: Мектеп физика мұғалімінің жұмысын жоспарлау ерекшелігі. Тақырыптық және сабақ жоспарын құрып үйрену. Жоспары: 1. Жұмысты жоспарлау – оқу жұмысының негізгі кезеңі. Жоспарлау барысындағы тірек құжаттары. 2. Тақырыптық жоспар. 3. Сабақ жоспары. 4. Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар 1. Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978. 2. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998. 3. Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990. 4. Методика преподавания физики в 8–10 классах средней школы /Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980. 5. Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещ.,1981. 6. Вопросы методики обучения физики в современной школе и подготовки учителя физики: Сборник научных трудов. М.: Прометей, 1997. 7. Примерное планирование учебного материала по физике. Журналы “Физика в школе”, газеты “Физика”. Семинардың соңында әрбір студент мектеп физика курсының тақырыптарының бірі бойынша тақырыптық жоспар құруға тапсырма алады. ТАПСЫРМА: 1. 7-11 сыныптарға күнтізбелік жоспар жасау. ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР: Лекция материалдары, Тақырып: Физика сабағы және оны талдау (2 с.) Мақсаты: Физика сабағына қойылатын негізгі талаптарды зерттеу. Физика сабағын талдаумен танысу. Жоспары: 1. Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. 2. Физика сабағына қойылатын талаптар. 3. Сабақ түрлері. 4. Жаңа материалды меңгеру сабағы. 5. Физика сабағын талдау. Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар 1. Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990. 2. Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978. 3. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998. 4. Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы / Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980. 5. Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981. 6. Урок физики в современной школе: творческий поиск учителей: кн. Для учителя. Сост. Э.М. Браверман; / Под. ред. В.Г. Разумовского. М.: Просвещение, 1993. 7. Современный урок физики в средней школе / Под ред. В.Г. Разумовского, Л.С. Хижняковой. М.: Просвещение, 1983. В конце семинара студенты получают конкретное задание по составлению конспекта урока изучения нового материала. Тақырып: Физика сабақтарында оқушылардың құралдармен жұмыс жасауы (2 с.) Мақсаты: Физика бойынша зертханалық сабақтардың түрлерімен танысу, олардың мектеп курсындағы орнын анықтау. Жоспары: 1. Физика курсындағы зертханалық жұмыстардың мәні. 2. Зертханалық сабақтардың түрлері. 3. Фронталь жұмыстарды жүргізу әдістемесі. 4. Физикалық практикумдар. 5. Зерттеулік зертханалық жұмыстар. Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар 1. Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990. 2. Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978. 3. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998. 4. Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы. /Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980. 5. Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981. 6. Хорошавин С.А. Физический эксперимент в средней школе: 6-7 классы. М.: Просвещение, 1988. 7. Демонстрационный эксперимент по физике в средней школе. Ч.1 /Под ред. А.А. Покровского. М.: Просвещение, 1978. 8. Демонстрационный эксперимент по физике в средней школе. Ч.2 /Под. ред. А.А. Покровского. М.: Просвещение, 1978. Тақырып: Білім, іскерлік және дағдыны тексеру және бақылау, тіркеу (1 с.) Мақсаты: Білімдерді тексеру және бақылау әдістері мен формаларын зерттеу, оқушылардың білімдерін бақылау үшін нақты тапсырмалар құруды үйрену. Жоспары: 1. Білімді, іскерлікті және дағдыны жүйелі тексерудің мәні. 2. Оқушыларды жеке (индивидуальды) және фронтальды сұрау. 3. Білімдерді тексерудің жазбаша тәсілі. 4. Білімдерді тексерудің жаңа формалары: физикалық диктант, дидактикалық карточкалар, перфокарталар, бағдарламаланған тапсырмалар және т.б. Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар 1. Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990. 2. Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы /Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980. 3. Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978. 4. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998. 5. Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981. 6. Оноприенко О.В. Проверка знаний, умений и навыков учащихся по физике в средней школе: кн. Для учителя. М.: Просвещение, 1988. 7. Минькова Р.Д., Свириденко Л.К. Проверочные задания по физике в 7,8, и 10 классах средней школы: кн. Для учителя. М.: Просвещение, 1992. Тақырып: Физика сабақтарында есептер шығару (2 с.) Мақсаты: Физика бойынша есептер шығару әдістерін меңгеру, есептеу, графиктік және эксперименттік есептерді шығару әдістемесімен танысу. Жоспары: 1. Физиканы оқытудағы есептердің мәні. 2. Есептердің классификациясы. 3. Физика есептерін шығару әдістемесі. Есептер шығару жолдары, оларды жазу тәсілі. 4. Мектеп физика курсындағы графиктік есептер. 5. Эксперименттік есептер және олардың физика сабақтарындағы орыны. Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар 1. Усова А.В. Практикум по решению физических задач: Для студентов физ.- мат.фак. /А.В.Усова, Н.Н.Тулькибаева М.: Просвещение, 2001, - 206с. 2. Симакин М.В. Методика решения задач по физике для 10 класса естественно- математического направления, Кокшетау: Келешек – 2030, 2008. – 120с. 3. Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990 4. Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы /Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980 5. Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981 6. Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978. 7. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998. 8. Каменецкий С.Е., Орехов В.П. Методика решения задач по физике в средней школе: кн. Для учителя. М.: Просвещение, 1987 9. Усова А.В., Тулькибаева Н.Н. Практикум по решению физических задач.М.:Просвещ.,1992 10. Лукашик В.И., Иванова Е.В. Сборник задач по физике. 7-9 кл. М.: Просвещение, 2001 11. Рымкевич А.П. Сборник задач по физике. 10-11 кл. М.: Дрофа, 2000 12. Степанова Г.Н. Сборник задач по физике. 10-11 кл. М.: Просвещение, 2000 13. Козел С.М. Сборник задач по физике. 10-11 кл. (Для углубленного изучения.) М.: Просвещение, 2000 Семинар барысында жекелеген студенттер оқытушының алдын ала берген тапсырмасы бойыша есептеу, графиктік және эксперименттік есептердің әдістемелік талдауы жауап береді. Тақырып: Физика кабинеті және оны жабдықтау (мектепте өтеді) (2 с.) Мақсаты: Физика кабинетін ұйымдастыру принципімен және оны жабдықтау тәсілдерімен танысу. Жоспары: Физика кабинетімен танысу (қарау) және мұғаліммен әңгімелесу барысында келесі қағидаларды анықтауы керек: 1. физика кабинетін ұйымдастыру принциптері; 2. кабинетті ұйымдастыру жоспары; 3. помещение; 4. қондырғылардың классификациясы; 5. физика кабинетін жабдықтаудағы политехникалық бағыттылық; 6. оқушылардың қолымен жасалған приборлар және қондырғылар; 7. приборлардың инвентаризациясы және каталогизациясы; 8. физика кабинетіндегі кестелер, плакаттар, дидактикалық материалдар; 9. физика кабинетінің даму болашағының жоспары; Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар 1. Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990. 2. Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978. 3. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998. 4. Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы / Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980. 5. Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981. 6. Учебное оборудование по физике в средней школе /Под ред. А.А. Покровского. М.: Просвещение, 1973. 7. Кабинет физики средней школы /Под ред. А.А. Покровского. М.: Просвещение, 1982. Тақырып: Мектеп физика курсында тарихи материалдарды қолдану (1 с.) Мақсаты: Физиканы оқыту барысына тарихи материалдардың мәнін көрсету, тарихи материалдардың мазмұнымен танысу. Жоспары: 1. Мектеп физика курсында тарихи материалдарды қолданудың мәні және орыны, ролі. 2. Орта мектепте физика бойынша тарихи материалдарды қолданудың негізгі бағыттары: ғалымдардың өмірбаянын, ашылулардың тарихын, ұғымдардың қалыптасу тарихын меңгеру. 3. Мектеп физика курсында тарихи материалдарды пайдаланудың формалары мен әдістері. Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар 1. Кудрявцев П.С. Курс истории физики, М.: Просвещение,1975. 2. Спасский Б.И. История физики.Ч.1,2. М.: Высшая школа,1977. 3. Дуков В.М. Исторические обзоры в курсе физики средней школы. М.: Просвещение,1983. 4. Голин Г.И., Филонович С.Ф. Классики физической науки. М.: Высшая школа, 1989. 5. Храмов Ю.А. Физики: Биограф. справочник. М.: Наука,1983. Тақырып: Физика сабағын талдау (мектепте жүргізіледі) (1 с.) Мақсаты: Физика сабағына қатынасу және оған толық талдау. Жоспары: Сабақты бақылау барысында студент келесі кезеңдеге көңіл аударуы керек: 1. Үй тапсырмасын тексеру қалай жүргізілді? Сабақ материалы өткен сабақпен қаншалықты байланысты болды? 2. Мұғалім оқушыларға қандай бағалар қойды? Олар дұрыс бағаланды ма? 3. Сабақтың тақырыбы ашылды ма және мақсатына жетті ме? 4. Материалды баяндау кезінде қандай әдістер қолданылды? 5. Мұғалім мен оқушылардың құралмен жұмыс жасауы. 6. Оқушылардың өз беттерінше жұмыстары қалай ұйымдастырылды? 7. Сабақтың басы мен соңы қалай ұйымдастырылды? Сабақтан соң ұсынылған жоба бойынша сабақ талданады. Тақырып: Білімдерді жалпылау және қайталау сабағы. Оқу конференциялары (1 с.) Мақсаты: Білімдерді жалпылау және қайталау сабақтарының мақсатын және әдістемесінің мәнін анықтау. Жоспары 1. Қайталау – білімдерді меңгеру процесінің міндетті және қажетті бөлігі. 2. материалды қайталаудың формалары мен әдістері. 3. Қайталу-жалпылаушы сабақтар. 4. Орта мектептің физика курсындағы оқу конференциялары. Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар 1. Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990. 2. Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы /Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980. 3. Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981. Тақырып: Физикадан сыныптан тыс жұмыстар (1 с.) Мақсаты: Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстардың түрлерімен және оларды жүргізу әдістемелерімен танысу. Жоспары: 1. Сыныптан тыс жұмыстың мәні. 2. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен формалары. 3. Физикадан сыныптан тыс жұмысиардың жаңа формалары. Семинар соңында студенттер тапсырма алады. 1. Оқытушы ұсынған тақырып бойынша физикалық кештің жоспарын жасау. 2. Физикалық КВН-ды, викториналарды өткізу жоспарын жасау. 3. ИФМ, Физика журналдарындағы сыныптан тыс жұмыстарға арналған мақалаларға шолу жасау. Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар 1. Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978. 2. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998. 3. Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990. 4. Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы /Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980. 5. Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981. 6. Юфанова И.Л. Занимательные вечера по физике в средней школе: кн. для учителя. М.: Просвещение, 1990. 7. Шишкин Н.Н. Клуб юных физиков: кн. для учителя: из опыта работы. М.: Просвещение, 1991. 8. Ланина И.Я. Внеклассная работа по физике. М.: Просвещение, 1978. 9. Браверман Э.М. Внеклассная работа по физике: содержание и методика проведения: М.: Высш.шк., 1990. 10. Журналы “Физика в школе”, рубрика “Внеклассная работа”. 9.Газеты “Физика”, приложение к газете “Первое сентября” Тақырып: Білім берудегі жаңа технологиялар (1 с.) Мақсаты: Физиканы оқытудағы компьютерлік технологиялардың ролін, оның тиімділігін көрсету. Жоспары: 1. Оқыту процесіндегі компьютерлік технологияның орны мен ролі. 2. Компьютерлік технологияны қолданып физика сабағын өткізуді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. 3. Физикалық құбылыстар мен процестерді компьютерлік моделдеу – ғылыми таным әдісі ретінде. 4. Компьютерлік бағдарламалық қамсыздандыру. 5. Физика сабақтарындағы оқушылардың компьютермен өздік жұмысы. 6. Компьютерлік технологияларды қолданудың кейбір мәселелері. Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар 1. Смирнов А.В. Методика применения информационных технологий в обучении физике: учеб.пособие для студ.высш.пед.учеб.заведений /А.В.Смирнов- М.:«Академия»,2008. – 240с. 2. Теория и методика обучения физике в школе:общие вопросы /под ред.С.Е.Каменецкого,М.: 2000 3. Теория и методика обучения физике в школе: частные вопросы /под ред. С.Е. Каменецкого, М.: 2000 4. Лабораторный практикум по теории и методике обучения физике в школе /под ред.С.Е. Каменецкого, С.В.Степанова М.: «Академия», 2002. – 298с. 2. Физика. Математика. Информатика журналдары. 2000-2005 ж. 3. Газеты “Физика” приложение к газете “Первое сентября” за 2005-2010г. 4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ ЖОСПАРЫ Тақырып: «Мектепте фронталь лабораториялық жұмыстарды өткізу әдістемесі. Физикадан экскурсияларды дайындау және өткізу» (2 с.) Фронталь лабораториялық жұмыстарды өткізу технологиясымен танысу, оларға әдістемелік нұсқаулар жиынтығын жасау. Физика бойныша экскурсиялардың міндеттерін, мақсатын және жоспарын жасау. Тақырып: «Мектеп физикалық экспериментінде компьютерлік технологияларды, моделдерді қолдану» (2 с.) Виртуаль лабораториялық жұмыстарды орындау және рәсімдеу, компьютерлік технологияны қолданып өткізген сабақтың фрагментін рәсімдеу және орындау. Тақырып: «Механика бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (3 с.) Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Мензурканың бөлік құнын анықтау. Дененің көлемін анықтау», «Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау», «Кішкене денелерді өлшеу», «Серпімді деформацияны зерделеу», «Сұйықтағы дененің жүзу шартын анықтау», «Архимед заңын тексеру», «Рычагтың тепе-теңдік шартын анықтау», «Денені бірқалыпты көтерген кезде атқарылатын жұмысты анықтау», «Көлбеу жазықтықтың ПӘК анықтау», «Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау», «Суда толқынның таралу жылдамдығын анықтау». Тақырып: «Молекулалық физикадан лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.) Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Температурасы әртүрлі сұйықтарды араластыру кезінде жылу мөлшерін салыстыру», «Мұздың жылу сыйымдылығын анықтау», «Металдардың молярлық жылусыйымдылығын салыстыру», «Тамшы әдісімен сұйықтың беттік керілуін анықтау» Тақырып: «Электродинамика бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.) Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Өткізгіштерді аралас жалғауды зерделеу», «Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тексеру», «Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау», «Электр тізбегін жинау және оның әртүрлі бөлігіндегі ток күшін, кернеуді өлшеу» Тақырып: «Электр және магнетизм бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.) Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Электр тогының қуаты мен жұмысын өлшеу», «Ток көзінің ЭҚК және ішкі кедергісін анықтау», «Электромагниттік индукция құбылысын зерттеу», «Электромагнитті жинау және оның әсерін тексеру» Тақырып: «Оптика бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.) Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Жинағыш линзаның оптикалық күші мен фокус қашықтығын анықтау», «Судың сыну көрсеткішін анықтау», «Жазық пластиналардың көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтау», «Жарықтың интерференциясы мен дифракциясын бақылау», «Дифракциялық тордың көмегімен жарық толқынының ұзындығын анықтау». 5. СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫБТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ 5.1. 7-11 кл. Тақырыптық, календарлық жоспарды жасау 5.2. Физика бойынша экскурсия бағдарламасы мен жоспарын жасау 5.4. Есеп шығару сабақтарында электронды-оқытушы бағдарламаларды қолдану. ----------------------- не нәрсеге үйретеміз? оқыту мазмұны не үшін оқытамыз? оқыту мақсаты қалай оқытамыз? оқыту әдістері, тәсілдері, формалары Экскурсиялар Алдын-ала өткізілетін экскурсиялар Ілеспелі экскурсиялар Қорытынды экскурсиялар диапро- ектор эпидиа- скоп кодо- скоп видомаг- нитофон теле- визор кино- проектор магнитофон Радио Экранды-дыбыстық (аудиовизуальды) Экрандық (визуальды) Дыбыстық (аудио) Оқытудың техникалық құралы Дидактикалық материалдар Дыбыстық құралдар Статистикалық проекция үшін құралдар Динамикалық проекция үшін құралдар Суреттер, сызбалар, мөлдір пленкадағы текстер Суреттер, сызбалар, қағаздағы текстер Диапо- зитивтер Диа- фильмдер Оқу теле -қабылдаулар Видео- жазба Кино- фильмдер Радио- қабылдағыш Дыбыстың магниттік жазбасы Экскурсиялар Алдын-ала өткізілетін экскурсиялар Ілеспелі экскурсиялар Қорытынды экскурсиялар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz