Файл қосу
Оқыту тәсілі
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ | |БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |4 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-14.05.01.20.31 | | | |/03-2010 | | | | | |Оқытушыға арналған пәннің|Редакция № 2 02.09.09. | | |жұмыс оқу бағдарламасы |орнына Редакция № 3 | | |«Психологияны оқыту |13.09.12. | | |әдістемесі» | | | «ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ (050503 «Психология» мамандықтарына ) ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2010 Алғысөз 1. ЖАСАЛЫНДЫ Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “ Психология” кафедрасының аға оқытушысы Бураханова А.Т. “______” __________ 2010 ж 2.ҚАРАЛДЫ 1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында Хаттама №______"__»________ 2010 жыл Кафедра меңгерушісі: Сатиева Ш.С. 2.2.ГФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында Хаттама №______”__»________ 2010 жыл Төрағасы _______ Колмогорова Г.Б. 3.БЕКІТІЛДІ 3.1.Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды Хаттама №______”__»________ 2010 жыл ОӘК төрағасы, бірінші проректор_________ Молдажанова А.А. Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық және лабораториялық сабақтар 4 Студенттің өздік жұмысы 1 ГЛОССАРИЙ 1. Әдіс – жол, танымдық және тәжірибелік қызмет тәсілі. 2. Оқыту әдісі – білім беру мазмұнын меңгеруді қамтамасыз етудегі оқытушы мен оқушылардың байланысты әрекеттерінің жүйесі. 3. Форма – сыртқы түр 4. Демонстрация – тәжербие, иллюстрация, психологиялық заңдылық құбылыстар арасындағы байланыстар. 5. Тәжірбие – құбылыстың шындығына көз жеткізуде белгілі әрекеттер орындау. 6. Әрекет – субьектінің қоршаған әлемімен динамикалық жүйде қарым – қатынасы. 7. Мотив – субьектінің қажеттілігін қанағаттандыруына байланысты іс- әрекетке ұмтылу. 8. Мақсат – іс - әрекеттің нәтежеге жетуге байланысты саналы қорытынды. 9. Адаптация – Организімнің ортаға бейімделуі. 10. Акселерация – Организімнің жедел дамып жетілуі. 11. Анализ – бүтінді бөлшектеп қарау процесі. 12. Аналогия – ұқсастық. 13. Астения – жүйке жүйесінің психологиялық әлсіздігі. 14. Афазия – сөздің бұзылуы. 15. Аффект – латын сөзі, қорқыныш, алаң болушылық 16. Бихевиоризм – ағылшын сөзі, мінез-құлық 17. Графология – грек сөзі, жазамын, оқу 18. Дедукция – жалпыдан жекеге көшу 19. Деректология – латын сөзі, келістік 20. Индивид – латын сөзі, жара, жеке 21. Индукция – жекеден жалпыға көшу 22. Интенция – латын сөзі, әрекеттену 23. Интеракционизм – бір-біріне әсер ету. 24. Интервью – сухбат, әңгімелесу. 25. Иррадация – жарық шығару, жарқырау, латын сөзі. 26. Коллектив – латын сөзі, жинақтаушы. 27. Коммуникация – латын сөзі, байланыстырамын, араласамын. 28. Комплекс – латын сөзі, байланыс. 29. Конверсия – латын сөзі, өзгеріс. 30. Константность – латын сөзі, тұрақты. 31. Конфликт – латын сөзі, қақтығыс. 32. Корпорация – латын сөзі, бірігу. 33. Лобильность – латын сөзі, тұрақсыз. 34. Лидер – латын сөзі, бастауыш, жүргізуші. 35. Операция – латын сөзі, әрекет. 2 Дәрістік материалдар Психологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша дәріс оқуға әдістемелік нұсқау Жоғары оқу орнындағы дәріс сабақтары студенттердің шығармашылық ізденісте білімді меңгеру арқылы, ғылыми әдебиеттермен өзіндік жұмыс формаларын, стилін таңдауға мүмкіндік береді. Лектор тыңдаушыларын объективті түрде ғана ақпараттандырып қоймауы тиісті. Дәрістегі ғылыми ақпарат сенімді түрде жеткізіліп, әдебиеттермен өзіндік істеуге бағыт берілуі тиіс. Лектордың дәрісі мынадай функциялар атқарады: 1. Бағдарлаушы 2. Түсіндіру 3. сендіру Бағдарлаушы қызметінде дәріс ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып ғылыми теория негіздерін қашан және қандай авторлармен тұжырымдалған, қандай объективті өмірлік қажеттіліктерге тәуелді екенін, қандай ғылыми әдебиеттерге сүйеніп бұл туралы терең оқуға болатындығына бағыт беріледі. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі де дәрістің бағдарлау қызметіне жатады. Түсіндіру қызметі арқылы ғылыми түсініктер, түсіндірілетін теория немесе гипотеза айқындалады. Сендіру қызметі арқылы лектор тұжырымдарын дәлелдемелер негізінде жасауы тиіс. Міндетті түрде фактіні дәлелдей білу қажет. Сендіру функциясы оқу дәрісінде өте маңызды. Студент ғылыми тұжырымдарды өзіндік сенім арқылы меңгеріледі. Лектор дәрісі қызықты өту үшін төмендегі психологиялық шарттар қажет; - аталған ғылыми жүйесінде білімдерді меңгеру; - дәріске деген студент қызығушылығын туғызу; - студенттер түсіндірілген материал жаңалығын сезінуге тиіс; - студенттердің жұмыс істеуге ынталандыруын туғызу. Пән бойынша дәріс оқу әдістемесі. - тақырып бойынша негізгі түсініктерді аудиторияға жеткізу; - мазмұнды дәлелдеу; - материал мазмұның ақпараттығы; - материалдың проблемалылығы. Дәріске негізгі және жан-жақты дайындық – оны жақсы оқудың бір мүмкіндігі болып табылады. Психология пәнінің өзгешелігі. Психология өзіндік бірқатар ерешеліктерге ие салыстырмалы түрде жаңа ғылымдар қатарына жатады. 1. адамзатқа ие ең күрделі құбылыстар туралы психологиялық ілім№ 2. танымның объектісі мен субьектісі бірігетіндіктен психология ерекше орында болып табылады. 3. Психологияның ерекшелігі – оның қайталанбас тәжірибелік салдарларында екен. 4. Психология – перспективасы кең ғылымдардың бірі. Онымен болмай, түрлі аумақтағы ғылымдармен кең байланыстарға ие (бұнда біз биологиялық, математикалық, қоғамдық-саяси аспектілерін бөліп шығарамыз). Психологияны зерттеу мақсаты оны гуманитарлық ғылым ретіндегі мазмұнындағы ерекшеліктері арқылы анықталады. Гуманитарлық таным - зат емес, тұлғаны тануды ұйғаратын ғылыми танымның ерекше түрі. Яғни бұнда субьект-субьект қатынасы орнатылып, танымның дәлдігіне қарағанда оның тереңдігі маңызды болып табылады. Онымен болмай, психологиялық таным тек ғылыми-теориялық және логикалық ойлауды ғана емес, сонымен қатар образдық, көркемөнерлік, символикалық, көрнекі- әрекеттік және т.б. ойлау түрлеріне де мән береді. Осыдан психологияны оқытудың мақсаттарын шығарамыз: 1. Өмірлік қызмет барысының түрлі шарттарындағы қарым-қатынас пен өзара әрекеттесуді құрудың әдіс-тәсілдері мен білімдерін теориялық және практикалық түрде меңгеру; 2. Тек басқа адамдарды ғана-ақ емес, сонымен қатар өзін-өзі қайта құруды білу№ 19 ғ басына қарай рухани өндірістің орнатылуы мен жоғарғы мектепте оқыту көпшіліктік сипатқа ие болады. Ендігәрі қстаз бен шәкірттің бір деңгейде тұрған заман басталғандықтан, дайын білімдерді бере салмай, оқушылар үшін білімтің ашылу үрдісін де ашып көрсету қажет болды. Оқытушының қазіргі күндегі пәндік-академиялық қызметі өзіндік құрылымға ие: 1. Зерттеуші қызмет; 2. Нақты оқыту қызметі; 3. Сыртқы форма – аудитория; 4. ішкі форма – жеке тәжірибе. Академиялық қызмет 2 функцияға ие: оқытушы және тәрбиелеуші. а) Пәнді тарихи және логикалық-теориялық тұрғыдан талдауды; меңгеру процесінің психологиялық-педагогикалық тәсілдерін ұйымдастыруды ұйғарады. б) пәннің дүниетнымдық аспектілерін ашып көрсету; кәсіби әдептілік; оқытудың ұжымдық формаларын ұйымдастырудың барлық түрлерін меңгеру т.б. Пәннің негізгі міндетіне студенттердің меңгерген психологиялық білімдерін түсіндіру, қайта талдау мен басқаруды өткізе алуды қалыптастыру жатады. Психологияны оқытудың мақсаттары гуманитарлық ғылым ретіндегі мазмұнының ерекшеліктерімен анықталады. Ондағы бастапқы рольді әлеуметік ғылымдар мен гуманитарлық танымның әдістері алады. Гуманитарлық танымның ерекшеліктеріне зер сала, психологияны оқытудың мақсаттарын келесідей анықтауға болады: 1. Болашақ педагогтардың кәсіби білімдері аумағындағы психологияның мақсаттары: - оқуға даярлықтың диагностикасы,; - Мақсаттардың, мазмұнның, әдіс-тәсілдерді шыңдау баңыттарын талдау; - Оқушылар ұжымы мен тұлғаның диагностикасы мен мінездемелерді құру; - Мектептегі тәрбие үрдісін шыңдау бағыттарын талдау; - оқу әрекеттері мен өзара тұлғалық қарым-қатынастарды талдау. 2. Студент тұлғасының даму аумағындағы психологияның мақсаттары: - Болашақ педагогтың ғылыми көзқарасы мен құндылықтық бағдарын дамыту; - студент тұлғасының өзіндік санасы мен өзін-өзі ұйымдастыруының дамуы; - Психоло-педагогикалық көркемдің ойлаудың, зейіннің, естің, педагогикалық тактінің дамуы; - қарым-қатынас қабілеттерінің дамуы. Психологияны оқу барысында пайда болатын қиыншылықтарды психологиялық талдау. 1. Неліктен студенттер дәл психологияны оқыған кезде қиыншылықтарға тап болады? 2. Оларды қалай жоюға болады? Теориялық білімді меңгеру қай уақытта анағұрлым нәтижелі және қиыншылықтарсыз өтетін болады? студенттер оқу кезінде теориялық ойлауды қолданған уақытта ғана. Теориялық ойлау оқытылып жатқан пәннің мәнін ашып көрсету мақсатын көздейді, ал эмпирикалық ойлау заттар мен құбылыстардың каталогизациясы мен классификациясын қарастырады. Психологияны оқу кезінде студенттер ойлаудың қай түріне сүйенетіндерін қарастырсақ. Нәтижесінде мынадай кесте шығады: |Оқу тәсілі |Теориялық ойлау |Эмпирикалық ойлау | |Оқыту тәсілі | | | |Теориялық ойлау | | | |Эмпирикалық ойлау | | | Ойлаудың теориялық түріне бағдарланған оқыту тәсіліне: оқу міндеттерінің жүйесі мен проблемалық тәсілді жатқызады. Оқу міндеттерінің жүйесі тәсілі жақындағы және алдағы мүмкіндіктерге бағытталып, мақсат қою, мазмұндық талдау, мазмұндық жоспарлау, мазмұндық рефлексия, басқару, бағалау сынды оқу әрекетінің қалыптасып дамуына алғышарт болады. Оқытудың проблемалық тәсілі жалпы дамуға, естің дамуына тірек болады. Оқытудың бұл тәсілдері теориялық ойлаудың ары қарайғы дамуына үлес қосады, басым болып ойлау үрдістеріне арқа сүйейді, студенттерде оқу мәдениетін қалыптастырады. Эмпирикалық ойлауға бағдарланған оқыту тәсіліне оқытудың барлық тәсілдері жатады. Берілген тәсілдер басым түріне қарай оқу қызметінде ес процестерінің дамуы мен пайдаланылуына арқа сүйеді. Теориялық ойларды пайдалануға бағдарланған оқу тәсіліне іздеу, зерттеу және өндіруші түрлерін жатқызады: олар мазмұндық рефлексияның дамуына, мазмұндық талдау, мазмұндық жомпарлауға, мақсаттарға, ішкі басқаруға әсер етеді. Берілген тәсілдерді меңгерген студенттер оқу еңбегі мәдениетіне ие болады (яғни лекцияларды конспектілей, проблемаларды талдай алады және т.б.), онымен болмай, бұндай студенттерде ЖОО оқй үрдісінде ақыл-ой дамуында жоғары деңгейдегі өзгерістер байқалады. Ойлаудың эмпирикалық түріне бағдарланған оқу тәсілінерепродуктивті тәсіл жатады. Олардың сипаттамасы оқытудың дәстүрлі түрлерінің сипаттамасымен пара- пар. Алайда негізінен осы тәсілдерді қолданатын студенттерде теориялық ойлаудың әлсіз дамуы, оқу қызығушылықтарының тарлығы, тұрақты оқы мотивациясының жоқтығы, жоғары оқу үрейлілігі байқалады. Дәл осы жағдайда студенттер қиыншылықтардың екі қатарына тап болады: қиыншылықтардың бірінші қатары – ол оқыту мен оқу тәсілдерінің арасындағы қарама-қацшылық ретінде көрінсе, екінші қатарында олар оқу міәндетін шешу кезіндегі олардың өздері ие білім деңгейі мен қажетті білім деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық болып табылады. Қиыншылықтар берілген материалдың үлкен көлемі болған кезінде кездеседі, себебі бүнда есте сақтау мен оқытуды қайта жаңғырту процестеріне арқа сүйеу жүреді. Осылайша, біріншіден, психологияны оқу кезіндегі психологиялық емес факультетерде оқитын студенттері оқыту мен оқу міндеттеріне қарамастан қиыншылықтарға тап болады. Екіншіден, проблеманың өзегі оқу кезіндегі пайда болатын қиыншылықтарды кең танымдық қажеттіліктерді қалыптастыруға үлес қосып қиыншылықтар қатарына ауыстыруда болып табылады. Дидактика принциптерінің жалпы сипаттамасы мен олардың психологияны оқыту әдістеріндегі жүзеге асырылуы. Дидактика принциптерінің мәні мен ролін түсіну үшін келесі түсініктерді логикалық қатарға тұрғызу маңызды: «заңдылықтар» - «оқыту теориясы» - «проблема» - «форма» - «әдіс» - «тәсіл» - «құрал». Бұл түсініктердің логикасы: еориядан тәірибеге дейін екені енді ұғынықты. Дидактикадағы заңдылықтар: меңгеру әрдайым белсенді ақыл-ой қызметінде жүреді. Бұл заңдылықтар негізінде оқытудағы белсенділік және өзбеттілік процестері жүзеге асырылады. Дидактикада оқыту екіжақты процесс ретінде анықталады, бұл процесс ұстаз (оқытушы) бен оқушы (студент) арасындағы өзара әрекет ретінде жүзеге асырылады. Бұл үрдісте оқушылар танымдық әрекеттікң білім, ептілік, дағды және тәсілдерін меңгереді. Дидактикалық принциптердің мазмұнын ашсақ, оқыту теориялары педагогтарды оқу сбақтарын қалайша өткізу керек екендігіне, оқушылардың белсенділігіне ұалай күш беру керек екендігіне т.б. бағдарлайды. Оқыту теориясының алгоритмдері дидактика принциптерінің арқасында құрылып келді. Егер де формалар оқытуды ұйымдастырдуың тәсілдері болса, онда әдістер – оқушылармен өзара әрекет етудің тәсілдері болады екен. Әдістің өзіне тәсілдердің белгілі бірізділігі кіреді. Басқаша айтқанда, тәсіл дегеніміз – бұл әдістің органикалық бөлігі болып табылады. Осылайша, теориялар, әдістер мен тәсілдер дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін жүзеге асырады. Қала берсе оқытудың құралдары – визуалды, дыбыстық-техникалық, кинематикалық және т.б. – дидактиканың өзіндік бір тілі болып табылады. Педагогикалық ғылымдағы дидактиканың принциптері бірнеше ғасырлар бойы ойластырылып жасалынып жатыр. Олардың негізін салушысы болып ұлы славяндық педагог Ян Амос Коменский (1592-1670) саналады. Одан кейін оқытудың принциптерін батыс еуропалық және отандық педагогиканың классиктері жалғастырды. Сонымен қатар, дидактика принциптерінің жалғасы әлі де жүзеге асырылып жатыр. Олар екіге бөлінеді: классикалық және қазіргі күндегі пинциптер. Оларға қысқаша сипаттама беріп кетсек. Бірізділік принципі ең басты оқу материалан зерттеудің тәртібі мен логикасын көрсетеді. Преемственность принципі конструктивті жоққа шығару идеясын көрсетеді. Оқытудағы саналылық пен белсенділік принципі оқушының материалды саналы, белсенді оқуын ұйғарады. Меңгерудің беріктігі принципі – жай сөзбен айтқанда – қайталау және жаттау. Жоғарыда аталғандар – дидактиканың классикалық принциптері болып табылады. Дамыта оқыту принципі біз тек фактологиялық қана емес, сонымен қатар теориялық деңгейде ойлауға үйрету болып табылады. Оқыту үшін оптимальды жағдайларды құру принципі – педагог пен оқушы арасындағы жағымды моральдық-психологиялық қатынастың құрылуы мен стихиялы стрестік конфликтілі жағдайлардың профилактикасы т.б. Оқушылардың оқыту процесіне саналы түрде қатысуы принципі. Алға ұстар оқыту принципі оқу материалының меңгерілуі мен оқытылуының белгілі бір ритмін қамтамасыз етуге арналған. Тірек принципі – білім беру үрдісіне тірек болатын конспектілерді енгізуді алғышарттайды, оларды дидактикалық сызбалар дейді. Дидактикалық сызба дегеніміз - өте қысқа, жүйелі түрде жасалынған, эмоционалды формада көрсетілген оқу материалы. Қиыншылықтардың жоғары деңгейінде оқыту принципі оқушылардың ақыл-ой мүмкіндіктерінің белгілі бір шегінде жұмыс істеген кезінде қолданылады. К.Д.Ушинскийдің өзі-ақ ақыл-ой дамуын адам денелік дамуымен салыстырып көрсеткен болатын. Оқытудың әрбір принципі өзіне тән дидактикалық қызметке ие болады. Оқыту принциптері жүйелі жиынтық ретінде пәндік әдістемелердің теориялық тәректерінің бірі болып келеді. Жай сөөбен айтқанда, дидактика – жалғыз болса, қанша пән болса, соншама пәндік әдістемел түрлері болады екен. Дидактикалық принциптердің пәндік әдестемелерінде жүзеге асырылуы – теория мен тәжірибенің байланысының жеке жағдайы болып табылады. Пәнді оқытудың мақсатына – оқушылардың жалпы білім беруі жатады. Оқыту принциптері мұғалімді оқу пәнінің ерекшеліктеріне байланысты оларды қандай формада көрсетуі байғдарлайды. Мұғалім дидактикалық пинциптердің мәнін ұғынған кезде, оның ойлауы ғылыми ойлаумен беттеседі екен. Дидактикалық принциптердің пәндік әдістемелермен байланысы біржақты болып келмейді. Бұнда теория мен тәжірибе байланысының ортақ диалектикасын ұйғару керек. Психологияны оқытудың үрдісі: формалары, құралдары, әдістері. Психология курсы бойынша лекция сабақтарын даярлау және өткізу. Өмір бойы жоғары мектептегі оқытудың бастапқы ұйымдастырылған формасы мен әдістемесі лекция болып болып табылатын. ЖОО лекция – оқытудың дидактикалық циклінің негізгі звеносы. Лекция сөзі латыннан «lection» - оқу дегенді білдіреді. Лекция ежелгі Грецияда пайда болды. Ресейде оқытудың лекциялық формасын дамытқан М.В. Ломоносов болып табылады. Оқытудың лекциялық формасы басқа ешбір сабақ түрімен ауыстырыла алмайтын кездер болады: - жаңа курстар бойынша оқулықтардың жоқ болуы кезінде лекция – ақпараттың негізгі қайнар көзі болып табылады; - нақты тақырып бойынша жаңа оқу материалының оқулықтарда әлі басылып шықпаған кезінде; - оқулықтың белгілі бір тақырыбы өзбетті оқу үшін тым күрделі болған кезе; - курстың негізгі мәселелері бойынша қарама-қарсы концепциялардың болуы кезінде. Лекцияның артықшылықтары: - лектордың аудиторимен көркемөнерлік қарым-қатынасы, эмоционалды әсер етуі; - лекция – білімдердің негізін жалпы түрде алудың өте үнемді тәсілі; - лекция жақсы тыңдалып түсіндірілген кезде ойлау қызметін белсендендіреді. Алайда оқыту процесі лекциядан басталып тәжірибелік сабақтарда жалғасып, өзбетті жұмыста тереңдетіледі. Лекцияға қойылатын талаптар: - лекцияның әдепті жағы - ғылымилық пен ақпараттанғандық - дәлелденгендік - ашық, сенімді мысалдардың болуы - оқытудың эмоционалды формасы - тыңдаушының ойлауын белсендендіру - ойлауға арналған сұрақтарды қою - бірізді қойып сұрақтардың нақты құрылымы мен ашылу логикасы лекция түрі мен құрылымы. Құрылымы бойынша лекциялар бір-бірінен айырылады. Тақырыпты ашу кезінде индуктивті әдісті қолдануға болады:ғылыми қорытындыларға әкелетін мысалдар мен фактілер, сонымен қатар индуктивті әдістерін де қолдануға болады:жалпы жағдайларды түсіндіріп, ары қарай нақты мысалдарда ашып көрсету. ЖОО дәстүрлі лекция әдетте ақпараттанған болып табылады да, оның бәрнеше түрлері болады: Кіріспе лекция – курстың мақсаты, пән жүйесіндегі рөлі мен орнымен таныстырылады. Бұнда ғылыми проблемалар қойылып, гипотезалар алға шығарылады. Шолу лекциясы. Бұл қысқаша конспек емес, - білімбердің неғұрлым жоғары деңгейңнде жүйелендірілуі. Лектордың мұндағы міндеті – студенттерге конспектілеуге мүмкіндік беру;яғни тыңдауға, ойластыруға, қайта ойластыруға, қысқаша жазуға. Проблемалық лекция. Бұндағы оқытушының міндеті – проблемалық жағдай құрып, туденттерді проблеманы шешу жолдарын табуға көмектесу. Бұл үшін жаңа теориялық материалдарды проблемалық тапсырмалар формасында көрсетеді. Проблемалық лекцияның арқасында теориялық ойлаудың дамуы, пән мазмұнына танымдық қызығу, кәсіби мотивация, корпоративтілік қамтамасыз етіледі. Лекция-визуализация. Лекция-визуализация көрнекілік принципінің жүзеге асыру жаңа мүмкіндіктерінің іздеуінің нәтижесі ретінде пайда болады. Көрнекіленген лекция дегеніміз – визуалды формаға түрленген ауызша ақпарат болып табылады.алдын ала даярланған көрнекі материалдар келесідей талаптарға сай болуы қажет: - алынған білімнің жүйелілігін қамтамасыз етуі керек; - жаңа ақпаратты меңгеру; - проблемалық жағдайларды құру мен шешу; - визуализацияның түрлі тәсілдерін демонстрациялау. Көрнекіленген лекциядағы маңызды нәрселер: белгілі бір визуалды бірізділік пен материалды таныстырудың белгілі бір ритмі, оның мөлшерленгендігі, оқытушының аудиториямен қарым-қатынасының шеберлігі мен стилі. Бұндай лекцияға даярланудың негізгі қиыншылықтары – визуалды құралдарды жасап шығару мен лекцияны оқу үрдісінің режиссурасында. Есепке алуға қажетті жағдайлар: - аудиториядағы даярлық мен білімділіктің деңгейі; - кәсіби бағыттылық; - нақты тақырыптың ерекшеліктері. Екі адам қатысатын лекция. Лекцияның бұл түрі екі оқытушының диалогындағы материалда проблемалық оқытудың дамуы болып табылады. Бұнда екі маман теориялық және практикалық сұрақтарды шешудің шынайы жағдайларын модельдейді. Бұндай лекцияның артықшылықтары: - студенттер ие білімдерді өзектеу; - проблемалық жағдай туындайды; - екі бастаудың арқасында студент таңдау жасай алады, педагогтың кәсіби біліктілігі алға шығады. Алдын ала жоспарланған қателері бар лекция. Бұл лекцияның қызметі: - студентердің зейінін белсендендіру; - олардың ойлау әрекеттерін дамыту; - эксперт рөлінде шығуды қалыптастыру. Лекцияға мазмұндық, әдістемелік, әрекет-қылықтық сипаттағы белгілі бір көлемдегі қателіктер енгізіледі. Студенттердің бұндағы міндеті лекция бойында қателіктерді тауып, бекітіп лекция аяғында жауап беру. Қателіктерді талдауға 10-15 минут беріледі. Пресс-конференция лекциясы. Оқытушы студенттерді берілген тақырып бойынша жазбаша сұрақтар қоюды өтінеді. 2-3 минут ішінде студенттер қажетті сұрақтарды формулировкалап оқытушыға өткізеді, ол 3-5 минут ішінде бұл сұрақьтарды топтастырып, лекцияны бастайды. Психология курсында семинарларды ұйымдастыру. «Семинар» сөзі латынның «seminarium» - екпе жер дегенді білдіредң. Қазіргі күндегі ЖОО-нда семинар тәжірибелік сабақтардың негізгі түрінің бірі болып, студенттердің ғылыми ойлау міндетін дамытушы құрал ретінде саналады. Семинарларда келесі педагогикалық міндеттер шешіледі (А.М. Матюшкин бойынша): - кәсіби ойлаудың дамуы; - танымдық мотивация; - оқу жағдайындағы білімдерді кәсіби пайдалану; - білімдерді қайталау мен бекіту;педагогикалық қарым-қатынас. Семинар – бұл студенттермен тікелей байланыс, сенімді қарым- қатынастардың орнауы мен өнімді педагогикалық қарым-қатынас. Студенттерді бағалай сипатындағы жауаптарға, рефераттарды тыңдауға, дискуссияларға бағдарлау керек. Семинар сабақтарын ұйымдастыруда біріккен әрекет принципі жүзеге асады. Білімдерді меңгерудің принципі тапсырманың шешуі индивидуалды түрде емес, ұжымдық формада жүзеге асқанда неғұрлым нәтижелі болады. Семинарға дайындық келесідей жоспарланады: 1. тақырыпты таңдау, міндеттерді анықтау; 2. қосымша әрекеттерді іздестіру; 3. талқылауға арналған сұрақтарды даярлау; 4. жауап беруге арналған тапсырмалар мен тақырыптарды бөліп беру; 5. алдын ала жұмыстар мен кеңес берудің ұйымдастырылуы; 6. жауапты бағалау критерийлерін анықтау; 7. өткізудің әдіс-тәсілдерін таңдау; 8. көрнекілік құралдарын таңдау; 9. семинарды өткізу жоспарын құрастыру. Семинар сабақтарының құрылымы түрлі болуы мүмкін, ол талқылайтын сұрақтардың дидактикалық тапсырмалардың, студенттердің өзбетті жұмысқа даярлану деңгейіне тәуелді болады: 1. оқытушының кіріспе сөзөі: міндеттерді алға қою, проблеманы алға қою, семинарды өткізу жоспарымен таныстыру; 2. студенттердің жауабын тыңдау; 3. талқылау кезінде семинар сұрақтарына мән беру; 4. қорытындыларды шығару. «Эмоциялар және жеке тұлға» атты семинар сабағы. Әдебиеттер: 1. Додонов Б.И. В мире эмоций.Киев, 1987. 2. Немов Р.С. Психология. М., 1994. 3. Петровский А.В. Общая психология. М., 1990. Семинар мақсаты: оқушылардың адамға және адамның өмірлік қызметіне әсер ететін эмоция механизмдері туралы білімдерін жүйеге келтіру. Семинарға даярлық. Семинарға екі апта бүрын оқушылар үш топқа бөлінеді. Семинарды өткізу құрылымын келесі сызба түрінде көрсетуге болады: Оқытушының кіріспе сөзі – топтық жұмыс – 1-топ оқушының жауабы – 2-топ рецензиясы – 3-топ рецензиясы – 2-топ жауабы – 3-топ рецензиясы – 1-топ рецензиясы – 3-топ жауабы – 1-топ рецензиясы – 2-топ рецензиясы – топтық жұмыс бағасы – қорытынды. «Эмоциялар және жеке тұлға» семинарына сұрақтар: 1. эмоциялар дегеніміз не? олардың физиологиялық механизмдері қандай? Эмоциялардың адам өмірлік қызметіне әсері қандай? 2. сезімдерді сезінудің формалары қандай? махаббат сезімдердің қандай категориясына жатады? 3. Өзіндік сана мен өзіндік танымдағы эмоциялардың рөлі қандай? эмоциялар мен адами дербестіктің арасындағы байлпаныс қандай? 4. Эмоциялар көркемөнер саласында қалайша көрініс табады? Семинар сабағы психологияны оқыту кезінде жаңа білімдерді алу сабағы ретінде кең қолданылуы мүмкін. Психология пәні бойынша тәжірибелік (лабораториялық) сабақтарды ұйымдастыру. Лабораториялық сабақ - оқу-зерттеу қызметі кезіндегі студенттердің теориялық-әдістемелік білімдері мен тәжірибелік ептіліктерін қосрлайтын оқытуды ұйымдастырудың формасы. Лабораториялық жұмыстың мазмұнына: - Нормативті құжаттармен таныстыру; - Психологиялық – педагогикалық жағдайларға талдау беру мен оларды шешу; - Ақыл-ойдың дербес және топтық көрсеткіштерін зерттеу; - Ес, ойлау, қабылдау, қиялдың дербес қасиеттерін шығару; - Жеке тұлғаның дербес ерекшеліктерін шығару; - Диагностикалық әдістемелерді зерттеу. Лабораториялық жұмыстардың нәтижелілігі студенттердің бірікке жұмысында жатыр. Ал оның нақты бағдары оқытушының әрекетіне байланысты болады. Лабораториялық жұмыста тапсырмалардың дұрыс құрылып анықталуы өте маңызды, себебі ол берілген өзбетті жұмысқа әкеліп, студенттердің ойлау әрекеттерін белсендендіреді және тәжірибелік жұмыс әдістерімен қаруландырады. Студенттердің бұндай жұмысты өзбетті орындаулары үшін инструктивті карталарды пайдалануға болады. Онда келесі бөлімдер алға шығарылады: 1. тақырыбы; 2. жұмыстың мақсаты; 3. құрылғылар; 4. қайталауға арналған сұрақтар; 5. жұмыс барысы; 6. қорытындылар; 7. алынған мәліметтерді топпен талқылап, оларды график, сызба, кесте, диаграммалар түрінде бекіту. Педагогикалық басшылыққа ерекше назар аудару қажет. Оқытудың алғашқы сатыларында жұмысты орындауға арналған танымдық тапсырмалардың нақты және дәл түсіндірілуі үлкен маңызға ие, себебі бұл үрдісте студенттер тапсырмалардың мәнділігін, оны орындаудың бірізділігін ойластырады. Тапсырмаларды орындау кезінде көптеген студенттерге көмек, әрекеттерінің коррекциясы, аралық нәтижелерді тексеру қажет болады. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру. Өздік жұмыс – студенттердің жоспарланған жұмысы, ол оқытушының әдістемелік басшылығымен, алайда оның тікелей қатысуынсыз жүреді. Өздік жұмыс аудиториялықпен қатар оқу үрдісінің формаларының бірі болып, оның маңызды бөлігі болып табылады. Оның табысты және нәтижелі орындалуы үшін оқытушы жағынан жоспарлау және басқару қажет. Жоғары мектеп оқытушысы студенттерді танымдық әрекеттерін тек қана ұйымдастырады. Студенттер танымды өздері жүзеге асырады. Онымен болмай, өздік жұмыс тәрбиелік маңызға ие, оның формалары түрліше: лекцияларға, семнарларға, лабораториялық жұмыстарға, зачеттерге, емтихандарға даярлық, рефераттарды, курстық жұмыстарды, дипломдық жобаларды орындау. Өздік жұмыс білімдерді тереңдетіп, кеңейтеді, танымдық әрекетке қызығушылық тудырады, танымдық қабілеттерді қалыптастырып дамытады. ЖОО-ғы сабақтардың барлық тұрлері өздік жұмыстардың түрлі формаларын ұйғарады. Өздік жұмысты орындаудың нәтижелілігі тірек болатын дидактикалық материалдарды пайдалануға байланысты болады, ал ол кафедраның жұмысына байланысты: - өздік жұмыстарға арналған тапсырмалар жүйесі; - рефераттар мен докладтар тақырыптары; - лабораториялық жұмысты орфндауға әдістемелік көрсетілімдер; курстық және дипломдық жұмыстардың тематикасы; - міндетті және қосымша әдістердің тізімі; Өздік жүмысты өткізуге қажетті негізгі ұсыныстар: - аудиториялық жұмысты өткізу кезінде барлық студенттердің өздік жұмыс минимумын міндетті түрде орындауын қамтамасыз ету, ал озат студенттер үшін күрделенген тапсырмалар беру; педагогикалық қарым-қатынасты қамтамасыз ететін және үнемі басқаруды қалыпқа келтіретін оқытушының кеңесі қажет; - өздік жұмыстарды орындауға байланысты нақты әдістемелік ережелер, мерзімдерді және тексеру мен өзін-өзі тексерудің графиктерін орнату; - семестрдің басында «кіріспе диагностиканы» өткізу мақсатталған, бұл білімдердегі олқылықтардың болдырмауын көздейді. - өздік жұмысқа арнаулы тапсырмалар екі бөлімнен тұруы мүмкін: міндетті бөлім мен факультативті бөлім, ақырғылары анағұрлым күшті студенттер үшін тапсырылып, қорытынды тексеру кезінде есепке алынады. - Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында қатысуы; Өздік жұмыстар әрекеттік сипатта жүреді, сондықтан оның нәтижелі орындалуын қамтамасыз ететін шарттарды бөліп шығаруға болады: 1. Оқу тапсырмаларының мотивацияланғандығы; 2. танымдық тапсырмалардың нақты берілуі; 3. студенттердің жұмыстарды орындауларының алгоритмі; 4. есеп жасаудың формаларын және оны өткізудің мерзімдерін анықтау; 5. оқытушының кеңес беру көмегі; 6. баға беру компоненті; 7. тексерудің түрлері мен формалары (бақылау жұмысы, тест, семнар, коллоквиум). Психологияны оқыту процесіндегі басқару жұмысын ұйымдастыру Жоғары мектептегі педагогикалық басқару студенттердің оқуына ықпал етіп, олардың әрекет-қылықтарын реттейді. Басқару аумағына келсек? Үш негізгі функцияларды бөліп қарастырады: диагностикалық, оқытушылық, тәрбиелеуші. Диагностикалық қызмет білімдер мен ептіліктер, дағдылар деңгейін аңғарып бағалауға мүмкіндік береді. Оқытушы қызмет оқу материалын меңгеруге байланысты жұмысты күшейтуге, ал тәрбиелеуші қызмет студенттердің іс- әрекеттерін тәртіпке салады және бағыттайды, пәнге шығармашылық қатынасты қалыптастырады. Психологияны оқу кезінде педагогикалық басқарудың түрлі формалары қолданылады (экзамен, зачет, ауызша сұрақ, жазбаша бақылау жұмысы, реферат, коллоквиум, курстық жұмыс, күнделіктер мен бақылаулар). Ауызша сауалнамаларда тек білімдер ғана бақыланбай, сонымен қатар сөйлеу мәнері шыңдалып, түсініктер сөздігі байытылады, педагогикалық қарым- қатынас дамытылады. Жазбаша жұмыстар материалды меңгеру деңгейін құжаттар арқылы орнатуға атсалысады, алайда оқытушы үшін улкен уақыт бөлуді талап етеді. Емтихандар проблема бойынша жүйелі білімдер алуға көмек береді, бірақ студент психикасы үшін қосымша жүктеме болып табылады. Курстық және дипломдық жұмыстар болашақ маманның шығармашыл тұлға қалыптасуына атсалысады. Бақылаудың түрлі формаларын сауатты түрде қолдану – психология оқытушысының шеберлігінің көрсеткіші. Ақырғы онжылдықта көптеген ЖОО-нда білімдерді бақылаудың түрлі жүйелері мен нормалары жасап шығарылып енгізілген болатын, алайда әлі де бесбаллдық шкала басым болып табылады да, семестрдің аяғындағы емтихан шешуші рольді атқарады. Студенттерді бағалау дегеніміз – олардың объективті білімдері мен ептіліктерін бейнелейтін белгілі бір көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Баға студенттің білімдер, ептіліктер мен дағдыларды меңгерудің деңгейң мен сапасын есепке алады. Психология пәні бойынша білім көлемі дегеніміз – бұл осы білімнің негізінде жатқан бастапқы түсініктер, ойлар мен теориялар тізімі. Бастапқы теориялық білімдерді меңгеру студенттерде мақсатталған әрекеттерді қалыптастырады. Бұның бварлығы білімдерді меңгерудің ойлау күшінің белгілі бір деңгейін қамтамасыз ететін белгілі бір деңгейін қалыптастырады. Онымен болмай, бағалау әрекеті білімнің тек қана көлемі, деңгейі мен сапасын ғана бейнелеп қана қоймайды, сонфмен қатар оның қызметтері алуан трүрлі. Бағалау әрекеті арқылы оқудың жағымды мотивтері қалыптасады. Баға алудың негізінде адекватты өзін-өзі бағалау мен өзінің оқу үлгеріміне сын арқылы ұарау қалыптасады. Педагогикалық баға өзіне бағаны (баллды) қосады, яғни оқу үлгерімін бағалаудың көрінісі мен фиксациясының символикалық формасы. Ао бағалық ойлау – оқу нәтижелерінің қысқаша түрдегі аннотациясын, олардың жағымды сәттері мен олқылықтарын қосады. Бағалауды ба,ғамен көп кезде шатастырады. Психологиялық тұрғыдан бұл дұрыс емес. Бағалау тек материалды меңгшерудің фактісін ғана анықтамай, оны меңгермеудің де себептерін анықтайды. Бағалау екі мағынада болады: жағымды және жағымсыз. Баға болса бірнеше рангілік мағынаға ие – 1-ден 5-ке дейін. Бағада студенттің қабілеттері көрінеді, сонымен қатар ол кездейсоқтықтың және студентке объективті емес көзқарастың нәтижесінде де қойылады. «5» (өте жақсы) бағасы толық дұрыс жауап бергенде қойылады. Толық дегеніміз – теориялық дұрыс және логикалық тұрғыдан дәлелденген жауап, бұнда студент өзіне танымал білімдерді толық жіне терең пайдаланады. «4» (жақсы) бағасы – жақсы үлгерім көрсеткіші. Оны студент теориялық материалды түсінгенде, алайда кейбір мәнді емес олқылықтарды жасағанда қояды. «3» (қанағаттанарлық) бағасы – қанағаттанарлық үлгерімнің көрсеткіші. Білімдер фрагменттік сипатта болады, ал студент оларды үлгі бойынша ғана қолдана алады. «2» (қанағаттанарлықсыз) бағасы – дұрыс емес жауап үшін, материалдың негізгі жағдайларын түсінбеу кезінде қойылады. «1» (өте жаман) бағасы жауап бермеген студентке қойылады. Бағалау мен басқарудың негізгі талаптарының біріне олардың объективті болуы жатады. Объективті емес бағаны алдын алу үшін оны аргументтеу керек, яғни жауапты қысқаша түрде сипаттау қажет. Студенттерді бағалау эпизодикалық түрде емес, жүйелі және үнемі өтуі өте маңызды. Басқарудың жүйелілігі студентердің еңбек ету атмосферасын тудырып, ұйымдастыратын маңызды психлогоиялық фактор болып табылады. Оқу үрдісінің түрлі кезеңдерінде студенттердің білімдері, ептіліктері мен дағдыларын бағалаудың алуан түрлері қолданылады. Алдын ала бағалау. Кейбір оқытушылар алдын ала тексеру өткізеді. Ол негізінен жаңа тақырыпты өтудің алдынада не жыл басында диагностикалық мақсатпен өткізіледі. Оның мақсаты – студенттердің жалпы деңгейімен танысу. Алынған нәтижелердің негізінде оқытушы қажет болған жағдайда материалды қайталау (тұсіндіру) өткізіп, оқу-танымдық әоекетті ары қарайғы ұйымдастыруда бұл нәтижелерді есепке алады. Оқу барысынлдағы бағалау күделікті оқу барысында жүзеге асырылады. Оның басты мақсаты – студенттердегі бар білім деңгейі туралы және дәрістер мен семинардағы оқу-тәрбие жұмысының сапасы туралы объективті мәлімет алу. Бақылау кезіндегі алынған ақпарат студенттердің оқу материалын қалай меңгеретітін, олардың ептіліктері мен дағдылары қалай өалыптасатынын оқытушы өз жұмысында пайдалнады. Кезеңдік бағалау. Бір емес, бірнеше сабақта меңгерілген білімдер қоры кезеңдік тексеру кезінде табысты түрдегі нәтижелер көрсетеді. Қорытынды бағалау. Бұндай тексеру түрі шешуші деп аталады. Оның мақсаты – студенттер білімнің жүйесі мен құрылымын анықтау. Қорытынды бағалаудың ерекше формасы – зачеттер мен емтиханждар. Оқытушы ЖОО-ғы педагогикалық үрдістің негізгі фигурасы ретінде Психология оқытушысының тұлғалық және кәсіптік деңгейі Педагогикалық шеберліктің негізі терең білім алу процесінде және сабаққа практикалық дайындалу кезінде қаланады. Педагогикалық шеберліктің негізгі құрылымы: оқыту тапсырмаларды, студенттерді тәрбиелеуді, мақсаттарды анық түсіну; Ойлар мен әрекеттердің тұтастығы; Жоғарғы жеке жауапкершілік; Жүргізілетін сабақтардың сапасын жоғарлату бойынша үнемі жұмыс жасау; Оқытатын пәнді жетік білу; Педагогика және психология бойынша білімдерді меңгеру; ЖОО-да оқыту мен тәрбиелеу принциптері бойынша әрекет ету; Оқыту материалдарын қызықты және ұғынықты түсіндіре алу, көрнекті оқыту құралдарын және техникалық оқыту құралдарын рационалды қолдану; Педагогикалық такт және сабақты жүргізу бойынша талаптарды міндетті түрде сақтау; Қылық-әрекеттің жалпы мәдениетінің жоғары болуы; өткізілген сабақты самокритикалық және терең анализдеу икемі, кемшіліктер мен қателердің себептерін анықтау,бұдан анализді және дұрыс қорытынды жасау. Мұғалімнің кәсіби компитенттілігінің шеберлігінің элементтері оның теориялық және практикалық дайындығының тұтастылығы ретінде көрсетілуі мүмкін. Психологиялық икем мұнда төрт топқа біріктірілген. 1. Нақты оқыту мен тәрбиелеу тапсырмаларында объективті әлеуеметтену процесінің мазмұнын «аударумен» байланысты психологиялық міндеттерді қоя алу: жаңа білімдерді белсенді меңгеруге олардың дайындық деңгейін анықтау мақсатымен байланысты тұлғаны және коллективті зерттеу, проектілеу және психологиялық әсер ету көріністерінің негізінде коллективті және бөлек мұшелерін дамыту; білім беру, тәрбиелеу және дамытушы тапсырмалар комплекстерін ерекшелеу, оларды нақтылау жәнедоминантты тапсырмаларды анықтау. 2. Психологиялық өзара әрекет етуді бағдарлау иекемі логикалық аяқталған психологиялық жүйені құруға және қозғалысқа келтіруге мүмкіндік береді: білім беру - тәрбиелеу және дамытушы тапсырмаларды комплексті жоспарлау; білім беру процессінің мазмұнды негізделген тандау жасау; оны ұйымдастыру формаларын, әдістерін және құралдарын тиімдісін таңдау. 3. Психологиялық әрекеттерді орындау қабілеті, тәрбиелеу және оқытудың компоненттер мен факторлардың арасындағы өзара байланыстарды ерекшелеуді және орнатуды болжайды, оларды іске қосу: керекті жағдайларды жасау (материялды, моральді-психологиялық, ұйымдастырушылық, гигиеналық және т.б.), білім беру процессін жүзеге асыру; студенттіпсихологиялық процесстің объектісінен субъектісіне айналдыратын іс-әрекеттерін дамыту, бірігіп әрекет етуді ұйымдастыру және дамыту; вузды қоршаған ортамен байланысты қамтамасыз ету, сыртқы бағдарланбайтын әсерлерді басқару. 4. Психологиялық тапсырмалардың шешімдерінің процессін және нәтижесін зерттеу қабілеті психологиялық іс-әрекеттің қорытындысын есептеуді, бағалауды талап етеді: өзіндік анализ және психологиялық процестің жүруін және психологтың іс-әрекетін анализдеу; психологиялық тапсырмалардың доминантты және бағындырылған жаңа комплекстерін анаықтау. Психологтың кәсіби компитенттілігін психологиялық мәдениет мазмұны кіреді, оның психологиялық шеберліктің орнығуы мен дамуы шарт. Психологтың шеберлігі, оның психологиялық мәдениеті психологиялық іс-әрекетінің жүзеге асуын әлі кепілдік бола алмайды. Шынайы процесте оның шеберлігі жалпы мәдениетті және әлеуеметтікнормалармен көрінуімен психологтың тұлғасы көрніс табады. Психология мұғалімінің практикалық дайындығы оның кәсіби компитенттілік құрылымында сыртқы(заттық) қабілеттерінен көрініс табады - психологиялық әрекет ету қабілеттерінде. Оған ұйымдастырушылық және коммуникативті қабілеттер. Мұғалімнің ұйымдастырушылық іс-әрекеті оқушыларды әр түлі жұмыстар мен коллектив жұмыстарын ұйымдастыруға қосуды қамтамасыз етеді. Ақпараттық икем. Көбінесе оларды оқыту ақпаратымен тікелей байланыстырады, сонымен қатар олар оны алу тісілдерінде орындары бар. Бұл басып шығару мен компьютерлік қайнар көздерімен жұмыс істеу ебі мен икемдері, оларды дидактикалық әсерлеу қабілеттері, яғни интерпритациялау жәнеақппаратты оқыту мен тәрбиелеу тапсырмаларына икемдеу. Оқушылармен тікелей қарым-қатынас процессінде ақппараттық қабілетер оқу материялдарын анық және нақты жеткізу қабілеттерінен, пән спецификасынан, оқушылардың дайындық деңгейінен, олардың өмірлік тәжірибесінен және жасынан көрінеді; логикалық дұрыс құру және нақты әңгімені, түсіндірмені, қиын мәселелерді жеткізу: материалды мазмұндауда индуктивті және дедуктивті жолдарын үйлесімді қолдану: сұрақтарды түсінікті, қысқа, нақты, және екпінді етіп жеткізу: техникалық, электронды-есептеуіш техникаларды және көрнекілік құралдарды қолдану: ойды графикалар, диаграмма, схемалар, суреттер арқылы көрсетіп жеткізу; оқушылардың жаңа материалдарды әртүрлі әдістерді қолданумен меңгеру деңгейін және сиппатын тез диагностикалау; керек болған жағдайда жоспарды қайта құру және материалдарды мазмұндау құрылымы. Дамытушы икем. Мұндай икемдер жеке оқушылардың және тұтастай топтың «жақын арадағы дамуды» (Л. С. Выготский) анықтауды меңзейді; тәрбиеленушілердің танымдық процесстерін сезімдерін және ерігін дамыту үшін қиын жағдайларды және басқада жағдайларды жасау; танымдық өз бетімен жұмыс істеу және шығармашылық ойлауды, логикалық және функционалды қарым-қатынас орнату қажеттіліктерді стимулдау; салыстыруды, өз бетінше қорытындыға келуді және меңгерген білімдерді қолдануды талап ететін сұрақтарды құру және қою; индивидуалы ерекшелктердің дамуына жағдай жасау, осы мақсатта оқушыларға индивидуалды тәсілдерді жүзеге асыру. Бағдарланған икем. Олар тәрбиеленушілердің моральді-құнды бағдарларына және ғылыми дүние танымына бағытталған. Психология мұғалімінің коммуникативті икемі құрылымды былай көрсетуге болады - перциптивті икемдер тобының өзара байланысқан, өзіндік қатынас жасау және психологиялық техника икемдері. Өзінің қарым-қатынас жасау икемдері. Болатын қатынасты модельдеу этапында психолог ең бірінші өзінің есіне және қиялына сүйенеді. Ол топпен және бөлек мүшелерімен алдында болған қарым-қатынастың ерекшеліктерін ойша қалпына келтіріп көру керек, өзін олардың орындарына қойып көру керек, өзін олармен салыстыру керек, олардың көздерімен әлемде болып жатқанға қарау. Бұл кезеңде сонымен қатар топпен психологиялық контакт орнату икемі керек,бұл оқушыларға ақппаратты беру және олардың қабылдауына көмектеседі; бірігіп шығармашылық әрекет етуді, коллективті ізденісті жасау; тәрбиеленушілерде психологпен қатынасқа және оның беретін пәніне қызығушылықты, бағдарлануды тудыру керек. Психологиялық процесте қатынасты басқару педагогтың зейінін бөліну және оның тұрақтылығын ұстап тұру икемдерін меңгеруді меңзейді; топпен және бөлек студенттермен қарым-қатынас бойынша тиімді қылық-әрекет,көңіл аударту тәсілдерін таңдау; тәрбиеленушілердің істерін анализдеу, олар басшылыққа алған мотивтерін көру, әртүрлі жағдайдағы олардың қылық-әрекеттерін анықтау; студенттердің эмоционалды уайымдарының тәжірибесін жасау, топта жайлы атмосфераны қамтамасыз ету; қатынаста инициативаны басқару, ол үшін бай арсеналды құралдарды қолдану, бұл өзара әрекеттің эффективтілігін жоғарлатады. Қатынас процесінде кері байланысты орнатуға эмпатиялық процестер көмектеседі, ол педагог пен тәрбиеленушілердің өзара әсер ету кезінде пайда болады. Эмоционалды кері байланыс оқушылардың топтың жалпы психологиялық жағдайын түсінудегі қылық-әрекет икемі арқылы жүзеге асады; оқушылардың эмоционалды жағдайының өзгеру сәттерін сезу, олардың жұмыс істеуге дайындығын мен тілектерін, жалпы көңіл-күйлерін: ортақ жұмыстан бөлек оқушылардың бөлінуін қазіргі күнге сай көру. Коммуникативті әрекеттің эффектілігін жоғарлататын құралдарының бірі психологиялық техника болып табылады, оған икем мен еп кіреді, олар бөлек оқушыларды да, толық коллективті де белсенділігін стимулдау үшін керек: тәрбиеленушәлермен қатынаста дұрыс стильді және тонды таңдау икемі, олардың зейіндерін, іс-әрекет тмпін басқару, оқушылардың қылықтарына өзінің көзқарасын көрсете алу ептері. Басқа сөзбен айтқанда, бұл сезімдерді «тапсырыспен» сияқты көрсету икемдері, бұл психологиялық ақылға сиымды болуы керек. Психология пәні оқытушысының өзіндік жұмысы мен өзіндік білім алуының әдістемесі Педагогикалық еңбек - бұл шығармашылық сипаттағы жоғарғы квалификациялы ақыл-ой әрекетінің ерекше түрі, қысымның жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді. ЖОО-ның мұғалім жұмысы - бұл студентті оқыту, тәрбиелеу, дамыту мақсаттарына бағытталған саналы іс-әрекет; оның студентте кәсіби білімнің қалыптасуында, өмірлік позицияны белсенді тәрбиелеуде басты роль болып табылады.кез келген шығармашылық түрлеріндегідей мұғалімдік жұмысында өзіндік ізденістерінде жасалатын нормативті және эвристикалық әрекеттер үйлеседі, әсіресе бұл психолог мұғаліміне тән. Кәсіби шеберлікті меңгеру үшін мұғалімнің өзіндік жұмысы болуы керек, оған: әр оқу сабағына жүйелік дайындалу; жаңа оқу әдебиетімен үнемі жұмыс жасау, олардан практикалық тексеру мен қолдану талап ететіндерін алып көру; әріптестердің тәжірибесін зертеу және тиімділерін, жақсыларын, шынайы керектігін қолдану; өзінің еңбегінде стериотиптерден бас тарту; индивидуалды тәсілдерді жасау (дауыс ырғағын қою, сөйлеу техникасы, граматикалық дұрыстылық, дикция, дыбыстың интонация күші, және т.б.); дене және психологиялық жағдайын өзі реттей алуы.мұғалімдік жұмыстың сәттілігі ең алдымен мұғалімнің кәсіби дайындық пен оның дүние таным деңгейімен анықталады. Тәжірибені жинаумен қатар тиімді жұмыс тәсілдері құрылады, шеберлік келеді, олар кез келген студенттік аудиторияға тез бейімделуге көмектеседі, жұмыста бір жеңілдік пайда болады. Әр мұғалім өз бетімен меңгеретін келесі этаптарды ерекше көрсетеді: Мұғалімнің өзінің мамандығына бейімделу этапы: мұғалімнің алғашқы нормаларды, менталитеттерді, керекті тәсілдерді, техникаларды, технологияларды меңгеруі. Мамандықтағы мұғалімнің өзін актуализациялау этапы: кәсіби нормаларды, өзінің индивидуалды ерекшеліктерінді, мамандықтың құралдары арқылы өзін дамытуды,өзінің позитивті қасиеттерін, индивидуалды стилін бекітудегі, негативті басуға мақсатталған және саналы күшейтуді орындаудағы мұғалімнің өзінің мүмкіндіктерін түсіну. Мұғалімнің шеберлік деңгейіндегі өзінің мамандығын еркін қолдану этапы, мұғалімнің мамандықпен үйлесімділігі: жоғарғы стандарттарды меңгеру, оның алдында жақсы дайындалған жасағандарды, үлгілерді әдістемелерді жақсы деңгейде қайталауы. Шығармашылық деңгейдегі оқытушының өз мамандығын еркін басқару кезеңі: оқытушы өзінің жеке тұлғалық табысын, авторлық жұмыстарды енгізу, өзінің жеке еңбегінде жетілу арқылы өз мамандығының тәжірибесін байытуы. Өзіндік білім беру процессінде оқытушының жеке психикалық ерекшеліктеріне сай қарым-қатынаста және кәсіби іс-әрекетте жеке тұлғалық стилі қалыптасуы тиіс. Өзімен жұмыс істей бастағаннан кейін, өзінің кәсіби маңызды сапаларын көрсетіп, дамытуы керек. Оқытушының маңызды кәсіби сапасы – оның әрекет – қылығының тұрақтылығын қамтамасыздандыратын өз-өзіне деген сенімділік. Әрине, жас оқытушы бұл сапаға толығымен ие бола алмайды. Өз- өзіне деген сенімділіктің жетіспеуі көбінесе жете білушілік деңгейінің төменділігінен, қорқыныштан және өз ісін білудегі әлсіздіктен көрінеді. Бұны жою үшін, ең алдымен өзіндік өзгеріске бағдар қойып, жетіспеушілікті алдын-алу тәсілдерін іздестіру қажет. Мысалы; өзімізге мынандай сұрақты қою арқылы: «Менің идеал оқытушым менің орнымда өзін қалай сезінер еді?» - оқытушы ролге еніп, қиялдағы әрекет – қылық бейнесі бойынша орындайды. Сонымен қатар, кейбір авторлар оқытушының іс-әрекет эффективтілігін жоғарлату үшін, оқытушыны өзіндік жұмысының келесі тапсырмаларын бөліп қарастырады: Кәсіби және мәдени деңгейдің жоғарлауы: - оқытылатын оқу дисциплиналарының, соның ішінде психологияның негізіндегі білімнің жаңаруы және толық жетілуі; - педагогтер – новаторлар және шығармашылық іспен айналысатын оқытушылар идеясының негізіндегі педагогикалық және әдістемелік шеберлігінің жетілуі; - гуманизация, демократизация және жариялық принциптарындағы студенттермен өзара әрекеттестік стилі және әдістердің жетілуі; - өз іс-әрекетінің өзіндік анализ және білім процессінің ғылыми анализ дағдыларын және білімдерін қалыптастыру; Сонымен, оқытушы іс-әрекетінің ғылыми-объективті, жетілудің әдістемелік әр түрлі нұсқаларын зерттеу мынандай қорытынды жасауға көмектеседі, бұл тапсырманы шешу үшін тиімді механизм болып үздіксіз, жеке, дербес, кәсіби өзіндік даму және өзіндік білім беру. Психология маманы жаңа бағдарларды қарапайым әдістемелік нұсқаулар ретінде қабылдай алмайды, ол өз еркімен «оларға өзі баруы» керек. Педагогикалық училищидегі психологияны оқытудағы әдістеме. Оқу – бағдарламалық құжаттамаларды талдау және зерттеу. Оқытушының жұмыс істеуге дайындығы оқу–программалық документациясының анализінен және зерттеуінен басталады. (оқу жоспарынан және оқыту программасынан) Ең біріншіден, оқу жоспарының анализі негізінде мамандарды дайындау жүйесіндегі оқу дисциплиналардың орнын орнатады, яғни оның көлемін, зерттеу мөлшерін және бір-бірімен шектес оқу пәндерін. Бұл жерде ең маңызды нәрсе бір-бірімен шектес пәндерді зерттеудегі мөлшерді анықтап алу қажет, ол олармен байланыс мінезін ұсынуға мүкіндік береді: болып өткен, жалғаспалы немесе келесі. Оқу материалы қайталанбауы үшін, ең біріншіден шектес пәндер бойынша оқу програмасының мазмұнымен танысуымыз керек. Оқу жоспары пәнді зерттеудегі ұйымдастыру жайында жалпы көрініс береді, себебі бұнда оқу процессіндегі ұйымдастыру формалары көрсетіледі (оқу пәндерінің түрлері), сонымен қатар лабораторлы, практикалық жұмыстарға, курстық жобалауға жұмсалған сағаттар мөлшері, оқу курсының аяқталу формалары (зачет, емтихан, курстық жоба немесе жұмыс), міндетті түрде рубежді тексерулер (бақылау жұмыстары, зачеттер, семестрлік емтихандар). Дайындықтың маңызды этапы – пән бойынша оқу программасының анализі және зерттеуі. Ең біріншіден, оқу материалының логикасымен, құрылымымен танысу керек, оқу пәнінің тапсырмалары мен дидактикалық мақсаттарын орнату қажет. Егер пограммада оқу пәнін зерттеу нәтижесінде студенттің не біледі және не білуі керек жайында көрсетілмесе, онда оқытушы оны өздігінен құрастырады. Ол үшін әрбір тақырыптың маңыздысын бөліп қарастырады, әрбір оқу элементінің маңыздылығын бағалайды. Оқытушы программада оқу элементін меңгеру деңгейін шартты белгілермен белгілейді. Кәсіби білімдер және дағдылар қалыптасқан шеңбер көбінесе практикалық сабақтардың мазмұнында көрсетіледі, кейде – программаға деген түсіндірме хатында. Сонымен бірге, оқытушы оқу материалының мазмұнын болашақ маманының кәсіби іс-әрекетінің мазмұнымен байланыстыра отырып, тапсырмаларды, жаттығуларды, есептерді шешу процессінде қалыптаса алатын дағдылар және басқа да білімдерді анықтайды. Оқу программаларының анализін дамыту және тәрбиелеу тапсырмаларының орындалуы үшін оқу материалының мүмкіндіктерінің көрінуін болжайды. Программа анлизі шығармашылық ойларды дамыту үшін оқытушыға материалды белгілеуге, студенттердегі дағдылар мен білімдердің қалыптасуына, танымдық қабілеттерді және қызығушылықтарды дамыту үшін оқу пәнінің мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Әр түрлі тәрбиелік, білімді тапсырмаларды дамытуын шешу үшін, оқу материалының мүмкіндіктерінің анализі оқытушыға сабақ үшін материалды, оқыту әдістемелерін таңдауда еркін хабардар болуға көмектеседі. Оқыту мазмұнын жаңартып және толықтырып отыру қажет, сондықтан да оқу материалын таңдау – бұл педагогтың күнделікті уайымы. Материалмен еркін өолдану үшін, оны жүйелеу керек. Қызықты әңгімелер, экономикалық көрсеткіштер, статистикалық мәлім. Газет материалдарын, статистикалық мәлімдерді өз уақытында жаңартып отыру тиіс. Оқу материалын таңдау нәтижесінде оқытушы картотекаларды жасайды. Календарлы – тематикалық жоспардың құрастырылуы. Алдын-ала программаланған оқу сабақтары бойынша оқу материалдарын тарату үшін, яғни әр бөлімдегі оқу материалдарын зерттеудегі уақытты анықтау үшін календарлы – тематикалық жоспар жасалынады. Ол жаңа оқу программалары нығайтылғаннан кейін өңдейді. Бұл кезең 5-8 жылды қамтиды. Әрине, бұған нақты өзгерулер енуі мумкін. Календарлы – тематикалық жоспарды әр жыл сайын пәндік комиссия қарастырады және толығымен нығайтады немесе әрекеттегі өзгерістерді нығайтады. Календарлы – тематикалық жоспарларды нығайтып, қайта қарауда келесі сұрақтарды қарастырады. А) оқу пәнімен байланысқан ғылым негізінде шешілетін жаңа проблемалар, оқу пәніндегі мамандарды дайындау үшін олардың маңыздылығы. Б) мамандарды дайындау мақсатымен байланысты білімге деген жаңа талаптар. Кәсіби дайындықтарды жақсарту мүмкіндіктері және сабақтардың жеке элементтерінің сапасын жоғарылату. Кейде оқытушыларда оқу пәндерінің түрлерін жоспарлауда қиындықтар туады. Педагогикалық училищилер жоспарларында оқу пәндерінің келесі түрлерін көрсетеді: дәріс, сабақ, семинар, практикалық сабақ, лабораторлы жұмыс және т.б. Сонымен қатар календарлы – тематикалық жоспарда келесі сабақ типтерін бөлуге болады: жаңа оқу материалын зерттеу сабақтары, қиыстырылған бақылау жұмыстары. Календарлы – тематикалық жоспарды өңдеуде біз оның ең бірінші мазмұнына, көлеміне және үй тапсырмасына ерекше зейінімізді аудару қажет. Оқытушының әдістемелік жұмысы. Педагогикалық училищилердегі оқытушының педагогикалық іс-әрекеті өте ауыр, көп еңбекті және көп қырлы болып келеді. Оқытушы еңбегінде жай қайталанатын элементтер жоқ: білім аймағы жиі дамып отырады; студенттердің контингенті өзгереді, педагогикалық ғылым байытылады. Мұның барлығы оқу үрдісінде студенттермен тиімді әріптестік жолмен, оқыту тәсілдермен, формасымен және неғұрлым маңызды әдістермен әркездік ізденісті талап етеді. Оқытушының педагогикалық тәжірибесінің негізгі бөлімі оның ғылыми- педагогикалық жұмысы болып табылады, яғни жиналған тәжірибемен анализді болжамдайды. Әдістемелік жұмыстар педагогикалық мекемелердегі оқытушының міндеттерінің бірі болып табылады, және арнайы пәндерді беру әдістерін жүзеге асыруға бағытталынған. Әдістемелік жұмыстардыңнәтижелерін педагогикалық жиындарда, ғылыми-әдістемелік конференцияларда, педагогикалық оқуларда, статьялардың периодтық басылымдарында, әдістемелік жұмыстардан көруге болады. Оқытушының әдістемелік жұмыстарының нәтижесі болып пән бойынша тапсырмалар мен есептер комплексін шығару, сондай-ақ оқу үрдісінде қолданатын дидактикалық материалдарын қолдану болып табылады. Әдістемелік жұмыстар пәндік (циклдық) комиссия көлемінде ұйымдастырылады. Оның маңызды сәті әдістемелік жұмыстың мазмұнын таңдау, яғни нақты оқу пәніне бағытталуы керек. Төменде оқу мен анализдің кейбір мәселелері келтірілген: 1. Мамандардың кәсіптік әрекеттерінің анализі (нақты мамандық бойынша), орындауға қажетті негізгі еңбек функциялары мен кәсіптік дағдылардың көрінуі 2. Оқу үрдісіндегі маманның кәсіптік әрекетін моделдеу, маманның кәсіптік дайындығының моделі: қажетті дағдыларды меңгеру үшін тапсырмалар комплексін жасау, оқыту мазмұны мен олардың орнын анықтау, оқу бағдарламасына түзетулер енгізу. 3. Педагогикалық білімнің дамуы (нақты мамандықта қолданылады). 4. Студенттердің ойлау белсенділігінің дамуын қамтамасыз ететін оқыту әдістерімен формаларын жүзеге асыру(студенттердің өздік жұмыстарының формалары мен әдістері). 5. Оқыту және кәсіптік практикалық дағдыны меңгеруді қамтамасыз ететін оқыту әдістері мен формаларын жүзеге асыру (практикалық оқытудың әдістері мен формалары). 6. Оқытудың индивидуализация(жеке) жолы: жеке тапсырмалар мен жұмыстар, ұжымдық формадағы жұмыстардың жеке тапсырмалары, оқытудың жеке оқыту жоспары. 7. Дидактикалық материалдарды жасау(оқытылатын программалардың программаланған оқытулары, тапсырмалар комплексі және анализ үшін педагогикалық ситуацияларды жазу) және оқытудың басқа тәсілдері (оқытудың экрандық-дыбыстық тәсілдері үшін фон материалдары). Мұнда тек қана кейбір актуалды бағыттар аталып өтті, яғни әдістемелік жұмыстар ұйымдастырылуы мүмкін. Әрине, әрбір мұндай бағыттар бір мұғалімге өте ауыр, күрделі. Әдетте заттық(циклдық) комиссия мұндай бағыттың біреуін ғана таңдайды, оны нақтылап және анықтап, осылайша, осы жұмысқа әрбір оқытушының еңбегі енеді. Кейде тақырыптар бір жылға ғана алынбайды, бұл оқытушыға мазмұнын жасауға, студенттермен практикалық жұмыста оқыту әдістерін немесе формаларын жасауда мүмкіндік береді, осылайша, оларды жүзеге асырап және оларға сәйкесінше баға береді. Нақты тақырыпты таңдау оқытушының педагогикалық тәжірибесіне байланысты болады. Тәжірибелі педагог өз жұмысы мен әріптестерінің жұмысына анализ жасай алады. Ол өз бетімен, творчествалық түрде оқытудың жаңа әдістерін шыңғара алуға мүмкіндіктері болады. Бастаушы оқытушыға курстың жеке тақырыптары ұсынылады, тақырыптары ұсынылады, тақырыппен терең жұмыс жас маманға курстың негізгі мазмұнын оқуға мүмкіндік береді, оқу сабақтарын жүргізудің түрлі нұсқауларын тақырып бойынша құрастыруға, тапсырмалардың түрлі формаларын жасауда көп жітістіктерге жетеді. Белсенді оқыту әдістерінің психологиялық негізі. 1. Педагогикалық технология ұғымы. 2. Білім беру технологияларының түрлері. Жаңа педагогикалық технология ұғымы тың, белгісіз, жаңа оқыту амалдары, іс-әрекеттерінен ізденуді, яғни, білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізуі, жаңа ізденістерін оңтайлы пайдалану, сол арқылы жоғары көрсеткіштерге жету деген сөз. Жоғары көрсеткіш – білім деңгейін шығармашылық деңгейіне жеткізу деген сөз. «Технология» - грек сөзі, яғни «өнерпаздық, шеберлік, іскерлік» деген ұғымды білдіреді. Ғалым-педагог, психологтар пайымдауына жүгінсек, Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде «оқу – тәрбие процесінің алдын-ала жүйелі түрде жобалануы, оны тәжірибеде жүзеге асыру, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асыру жобасы» деп қарастырады. Беспалько педагогикалық жүйені – педагогикалық технология негізі деп тұжырымдайды. Педагогикалық жүйеде берілетін білім балалардың таңдайтын мамандығына бағытталынуы тиіс. Кәсіпке дайындық – тұлға дамуын жүзеге асырады. Мақсатты білім беру – технологияның басты белгісі . Жоғары оқу орнында білім беру сапасын жетілдіруде тиімді инновациялық технологияларды қолданған маңызды. Бүгінгі күнде білім беру технологияларының кең тараған түрлерін атап айтсақ: - модульдық оқыту технологиясы; - ақпараттық коммуникациялық оқыту технологиясы; - дистанттық оқыту; - дамыта оқыту және т.б. . Модульдік оқыту технологиясының мазмұны мен мақсаты. Модульдік оқыту технологиясы –студент мақсатты жеке бағдарламамен оқитындай етіп оқу үрдісін өзгертеді, қайта құрады. Модульдік оқытудағы мақсат студенттердің өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрену. Оқу мазмұнының меңгерілуі қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асатын жекелеген кешендер түрінде ұсынылады. Тек оқылатын мазмұн көлемі ғана көрсетіліп қоймай, оны меңгеру деңгейі де анықталады. Сонымен қатар студент оқытушымен жұмыс істеудің тиімді жолдары көрсетілген жазбаша нұсқау алады. Модульдер арқылы, басқарушы мен бағынушы арасындағы жеке қарым-қатынас үрдісі арқылы жүзеге асады. Студент көп уақыт өз бетінше жұмыс атқарады, мақсат қоюға, жоспарлауға, өзін ұйымдастыруға және бағалауға үйренеді. Модульді оқыту барысында, студент бойында бұрыннан қалыптасқан іс-әрекет тәсілдерін өзара жинақтау нәтижесінде шығармашылық іс- әрекеттері қалыптасады. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы: - ұйымдастырушылық оқу; - интеллектуалдық оқу; - ақпараттық оқу; - коммуникативтік оқу біліктіліктері жан-жақты ашылып көрсетілуі, блок-модульдік оқыту технологиясының негізгі элементтері анықталынып, олардың тәжірибеде ендіру жолдары көрсетілуі оқу үрдісін жетілдіреді [6.4]. Ақпараттық коммуникациялық оқыту технологиялары және оның ерекшеліктері. Қазіргі білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технология кеңінен қолданылуда, студенттермен байланыс жасауда өте тиімді. Презентациялар технологиясы. Бұл технология, бір жағынан, студенттерге жаңа материалдарды (иллюстрациялар, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, оқытушыларға осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Презентациялар технологиясын пайдалану студенттердің оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін (презентациялық сүйемелдеужұмысын алдын ала мұғалім немесе басқа біреу дайындағанда) қысқартады, ең бастысы мұғалімдерді жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалануға дағдыландырады. Дистанциялық оқыту – ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдар (компьютерлер, телекоммуникациялар, мультимедиа құралдары) және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу (күндіз, сырттай, экстернат) формасы. Бүгінгі таңда осы технология өте кең тараған, ол сырртай оқу жүйесіне балама (альтернатива), нақтырақ айтқанда, қосымша роль атқарып келеді. Дистанциялық оқытудың артықшылықтары: а) компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыларға жылдам жеткізеді; ә) телеконференциялар арқылы нақты уақыт режимінде оқушылардың мұғаліммен сұхбаттасуын ұйымдастыра алатын виртуальды класс жасау мүмкіндігі туды; б) ақапараттық коммуникациялық технологиялардың барлық қуатын оқытуға да, әрі студенттермен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады. Бұл технологияның біздің елімізде кең таралуы үшін әр студентте жақсы техникалық және бағдарламалық құралдар болуы керек. Бұл технологияны жүзеге асырушылар білім сапасына байланысты оның көптеген проблемалары бар екендігін айтуда. [4.2-5]. Дамыта оқыту технологиясының мазмұны әр студенттің өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында; мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметтерінде; әдіс-тәсілдерде, студенттің білім алу белсенділігінің түрінде; оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшелігінде; олардың қарым-қатынас сипатында танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде, т.б. Осы міндеттерге жүгіне отырып, дамыта оқыту идеясының бірнеше түрлерін ажыратуға болады. Дамыта оқыту технологиясының негізін салушылар Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтар оқытудың басты мақсатын жалпы дамытуға бағыттайды. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту үрдісін бағалауға да өзгерістер енгізілген, соның ішінде рейтинг-тестілік жүйе- оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бағалаудың жаңа түрі. Рейтинг-ағылшын тілінде «torat»-«бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген ұғымды білдіреді. Рейтинг жүйесінің мақсаты: -оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру; -оқу-таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиімділігін жетілдіру және әділдігін арттыру. -оқу-таным әрекетіндегі білім,білік, дағды сапасын, дәрежесін бақылауда жүйелілікті қамтамасыз ету; -оқу-таным әрекетіндегі студенттердің жауапкершілігін, белсенділігін арттыру; -текскруде уақытты үнемдеу. Бұл жүйенің ерекшелігі оқытушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық кезеңдерінде олардың білім,білік, дағды нәтижелерін тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады. Бүгінде оқыту процесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану болашақ мамандардың жаңа жағдайларға байланысты ғылыми-зерттеу процесін шығармашылықпен ұйымдастырудың негізгі өлшеміне айналуда. Осы бағыттағы әдістемелерді қолдана білу болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін қалыптастыруда өте маңызды. Бұл мәселені шешуде студенттер оқу үрдісінің мәнін терең түсініп, әдіс-тәсілдерін кең арнада саралап, тәрбиелік бағыттарын бағалап, әдістемелік деңгейін көтеруде жаңа технологияларды тиімді пайдалана білуге дағдылана, оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге үйренеді. Педагогикалық мекемелердегі оқытудың ұйымдастырылған формалары. Арнайы орта оқыту мекемелерінде оқу үрдісі ұйымдастырылған формада көп образдылығымен ерекшеленеді, сондай-ақ мұнда негізгі орынды сабақ алады. Ұйымдастырылған форма ретінде ол әркездік кететін уақытымен (ереже ретінде 2сағат ) сиптталады, студенттер (оқу тобы) құрамы оқыту кабинеттерінеде (аудитория) оқытушының жетекшілігімен арнайы білім алады. Сабақ барысында дидактикалық мақсаттардың комплексі шншіледі: • Студентерге жаңа білімді жеткізу : оқу материалын өз беттермен оқуды ұйымдастыру, алынған білімнің және идеялық көз-қарастардың негізінде сендірудің қалыптасуы: • өтілген материалдарды қайталау және бекіту, нақтылау, алынған білімді жүйелеу,теоретикалық жағдайды эксперимент жүзінде дәлелдеу. • Практикалық дағдылардың қалыптасуы: а) меңгеруге қажетті келесі оқыту пәндерімен (жалпы білімді және жалпы техникалық заттармен): б)кәсіптік дағдылар; в)өзбетімен ой еңбегі дағдысын қалыптастыру; • Студенттердің бақылау, анализ және баға беру дағдылары • Тексерудің нәтижесінде оқу үрдісін түзету;білімді толықтыру және анықтау; Студенттердің танымдық қабілеттерінің дамуы. Сабақтың ең бір ерекшелігі осында жатыр (дидактикалық мақсаттың кең комплексі ), оқу үрдісінің ұйымдардың басқа формаларынан ажырату; Сабақ – оқу үрдісінің экономды формасы, яғни сабақта оқытушы жаңа материалдарды толық түсіндірілгеннен соң, көлеміне байланысты лабороториялық және практикалық қосымша жұмыстарды ұсынады. Сабақ- студенттер үшін неғұрлым ұйымдасқан форма, яғни сабақты жүргізу процесінде оқытушыдан творчестволық дайындықты талап етеді. • Дидактикалық талаптарға келесілер жатады: сабақта дидактиканың негізгі принциптері жүзеге асуы тиіс: ғылыми, жүйелігі және жалғасымдығы, белсенділігі мен саналымдылығы, оқыту бірлігі мен тәрбие беру, теорияның практикамен байланыстылығы, білім мен дағдының қалыптасуы, әрбір студентке жекелей қарым-қатынас және т.б; • Сабақтын нақты мақсатын анықтау : пән бойынша және сабақтың мақсаты бойынша сабақтың жалпы мазмұнын бағдарлама талаптарына сәйкес анықтау: Оқытушының жоғары педагогикалық тәжірибесі, түрлі әдістер мен тәсілдерді оқыту үрдісінде қолдану , қазіргі кездегі дидактикалық техникаларды қолдана білу; Сабақта студенттердің жоғары танымдық белсенділіктерін қамтамасыз ету, студенттердің өз беттерімен ізденіс жұмыстары, проблемалық тапсырмалады шешумен, тапсырманы орындау; Сабақта топтық және жеке жұмыстардың өзара байланысы; • Студенттердің оқу материалдарын меңгеру дайындығы және сәйкесінше олардың деңгейлеріне байланысты дифференциалданған қатынас, дидактикалық материалдардың күрделігіне байланысты түрлі сатыларын кең қолдану; • Сабақта студенттердің әртүрлі әрекеттердің түрлерін рационалды түрде ауысып қолдануы. 3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары. Тақырып 1. Психология пәнінің спецификасы. Жоспары 1. Психологиялық пәндерді оқытудың мақсат міндеттері. 2. Психологияны оқытудың негізгі әдістемесі. Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары. 3. Психологияны оқыту әдістемесіне жалпы мінездеме. Тақырып 2. Психологияны оқытудағы студенттерде болатын қиыншылықтар. Жоспары 1. Жалпы қиындықтар сипаттамасы. 2. Қиындықтардың туындау себептері. Тақырып 3. Дидактика принциптерінің жалпы сипаттамасы. Жоспары: 1. Дидактика: оқыту мен білім беру теориясы және практикасы. 2. Дидактика принциптері. 3. Дидактикалық принциптердің іске асырылуы. Тақырып 4. Дәріс түрлері. Жоспары: 1. Жалпы дәрістің сипаттамасы және оларға қойылатын талаптар. 2. Дәріс түрлері. Тақырып 5. Оқыту топтарына практикалық, семинар және лабораториялық сабақтар ұйымдастыру және жүргізу. Жоспары: 1. Семинар сабақтарын даярлау ерекшеліктері. 2. Лабораториялық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу. 3. Студенттердің өзіндік жұмыстарының жалпы сипаттамасы. Тақырып 6. Психология оқытушысының кәсіби жеке тұлғалық деңгейі. Жоспары: 1. Кәсіби психологтың теориялық және практикалық даярлығы мәселесі. 2. Педагогикалық шеберліктің негізгі құрылымдары. Тақырып 7. Белсенді оқыту әдістері. Жоспары: 1. Педагогикалық шеберліктің негізгі құрылымдары. 2. Іскерлік ойындар. 3. Рөлдік ойындар. 4. Ересектерді оқытудағы ұйымдастырушылық-әрекеттік ойындар. 5. Ересектерді оқытуда ойынды қолданудың жалпы нұсқаулары. Тақырып 8. Педагогикалық училищедегі оқыту формаларын ұйымдастыру. Жоспары: 1. Дидактикалық мақсаттардың комплексі. 2. Дидактикалық талаптар. 3. Педагогикалық училищедегі оқыту сабақтарының ерекшеліктері. 4. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау. Студенттердің өздік жұмыс тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау І. Берілген тақырыпты конспектілеу. Негізгі талаптар: 1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. 3. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. 4. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет- ретімен жүйелі баяндауы қажет. 5. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс. 6. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау. Реферат жазуда не ескеріледі? 1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды. 2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестер алғаны абзал. 3. Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады. 4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады. 5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет. 6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді. Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады. Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар) 1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. 2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. 3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл- кеңес алудың пайдасы зор. 5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару; • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу; • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу; • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету; • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары Студенттердің өздік жұмыс тапсырмалары мен орындалу кестесі |СӨЖО |СӨЖ | |Аудиториялық |Аудиториядан тыс | | |2 |3 |4 | |Психологиялық пәндерді |1. (Бадмаев Б.Ц., 2004)| Кесте құру | |оқыту курсы пәні |алғы сөзін оқыңдар. | | | |Оған өз көзқарасыңды | | | |жазбаша түрде бер | | | |2. Педагогикалық және | | | |психологиялық | | | |білімдердің | | | |салыстырмалы кестесін | | | |жаса | | |Дәріс – жоғары оқу орнында |1. Психологияны оқыту | конспект | |оқытудың дәстүрлі формасы |процесінде жестің | | | |атқаратын функциясын | | | |көрсет. | | | |2. Проблемалық дәріс |тезис | | |тезисін құру | | |Семинар және практикалық |1. Жалпы психология |Сабақ жоспары | |сабақтарға дайындық және |курсы бойынша тақырып | | |өткізу әдістемесі. |таңдап, семинар және | | | |праткикалық сабақ | | | |жоспарын жаса | | | |2. Осы жоспарлардың | | | |салыстырмалы анализін |кесте толтыру | | |жасап, олардың | | | |дидактикалық | | | |ерекшеліктері, | | | |ұқсастықтары, | | | |айырмашылықтарын | | | |кестемен көрсет | | |Психологияда белсенді оқыту|1. Отбасында «Фигура» | Ойын әдістемесі | |әдістері. |ойынын жүргізу | | | |2. Түсіндірмелі- | | | |терминологиялық | | | |ойын құрастыр | | |Психологияны оқыту |Психологиядан 2-3 |салыстырмалы | |процесінде білімді тексеру |бағдарламамен танысып, |анализ | |түрлері және формалары. |ерекшелігін көрсету | | Аралық бақылау сұрақтары 1. Психологиялық пәндерді оқыту курсының пәні, мақсаты, міндеттері. 2. Оқу іс-әрекетіндегі психологиялық теориялар. 3. Студенттердің оқу әрекеті психологиясы. 4. Студенттердің оқу әрекетін қалыптастыру. 5. Психологиядағы оқыту теориясы түсінігі. 6. Педагогикалық технологиялар. 7. ЖОО дамыта оқыту. 8. Белсенді оқыту әдісі. 9. Бағдарламалап оқыту әдісі. 10. Проблемалық оқыту әдісі. 11. Интерактивті оқыту әдісі. 12. Ойын-психологияны кәсіби тұрғыда оқыту құралы. 13. ЖОО психологияны оқыту. 14. Білім беру формалары және олардың өткізілу әдістері. 15. Теориялық психологияны оқытудың әдістемелік ерекшеліктері. 16. Дәрісті оқыту формасы. 17. Оқыту топтарындағы сарамандық сабақтар. 18. Пікірталастарды ұйымдастыру, басқару әдістері. 19. Қолданбалы психологияны оқыту әдістемесі, ерекшеліктері. 20. Проблемалық оқыту әдісі 21. Интерактивті оқыту әдісі 22. Ойын- психологияны кәсіби тұрғыда оқыту құралы 23. ЖОО психологияны оқыту 24. Білім беру формалары және олардың өткізілу әдістері 25. Теориялық психологияны оқытудың әдістемелік ерекшеліктері 26. Дәрісті оқыту формасы 27. Оқыту топтарындағы сарамандық сабақтар 28. Пікірталастарды ұйымдастыру, басқару әдістері 29. Қолданбалы психологияны оқыту әдістемесі, ерекшеліктері 30. Психологиялық пәндерді оқыту курсының пәні, мақсаты, міндеттері 31. Оқу іс-әрекетіндегі психологиялық теориялар 32. Студенттердің оқу әрекеті психологиясы 33. Студенттердің оқу әрекетін қалыптастыру 34. Психологиядағы оқыту теориясы түсінігі 35. Педагогикалық технологиялар 36. ЖОО дамыта оқыту 37. Белсенді оқыту әдісі 38. Бағдарламалап оқыту әдісі.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz