Файл қосу

Ерте замандағы дене тәрбиесі



                      Дәрістер бойынша қысқаша конспект

№ 1 тақырып: Дене тәрбиесі және спорт тарихы

Дәріс мақстаы: Дене тәрбиесі дамуының тарихиын студенттерге айтып беру

                          Қарастырылатын сұрақтар.

1. Ерте замандағы дене тәрбиесі.
2. Орта ғасырдағы дене тәрбиесі.
3. Капиталистік кезеңдегі дене тәрбиесі.

                                    Дәріс

            Дене тәрбиесі дамуының тарихи тәжірибесі және адамның дене
дамуын зерттеудің эксперименталды әдістері, дене қызметінің ой қызиетіне
қатысын айқындау дене тәрбиесінен білім берудің өскелең ұрпаққа қатысты
мақсаты мен мәнін айқындауда көптеген ғасырлар бойы жол берілген қараңғылық
пен негіздікті жоюға көмектесті.
         Дене тәрбиесінен білім берудің даму тарихындағы ғылыми кезең өзге
тарихи кезеңдерден басқаша. Ең басты айырмашылықтары: 1) ақиқатты тексеріп,
айқындау үшін сан алуан әдістерді қолдану; 2) тәрбиелеу мен үйретуде
тұлғаның құқықтарын  мойындау.
             XVI жүзжылдықта дене тәрбиесі педагогика мен спортқа қатысты
ғылыми ақиқатты жасау кезіңінде, осы шыңдықты іздеп табуға бел байлаған
батыл ойшылдар, данышпан тұлғалар пайда болды. Бүгінгі білім биігінен
қарағанда, олардың тәжірибелері оймен тану дәрежесінде болғанымен, адамға
«жоғарыдан» берілетін терең, «жұмбақ сырлы» даналығы да жоқ емес.
             Бұл ойшылдар мен ғалымдардың өзара тек олардың ішкі көңіл-
күйлеріне ғана бағынған. Олар бір елден бір елге өз білімін, пәлсапалық
ойларын, ғылыми ізденіс тәжірибелерін арақалап өте берген. Өмірі табиғи
өліммен аяқталғандары сирек. Көптеген данышпан тұлғалардың есімдері, көрген
азаптары мен еңбектері Помпонацийден Джордано бруноға дейін философия
тарихынан, медицинадан және әдебиеттерде жазылған шығармаларда қалған.
            Үш ойшыл Бэкон, Декарт және Спиноза ақиқаттармен зерттеулердің
объективті әдістері жинағынан тұратын ғылым құрған. Бұл ғылымның әсері
Исаак Ньютон мен Джон Локктың дүние тануында айқын із қалдырған. Тәрбие
және дене тәрбиесінен білім беру саласында Джон Локк есімі ерекше маңызды.
        Джон Локк 1632 жылдың Урингтон қаласында туылған. 14 жасқа дейін
әкесінің тәрбиесінде болады. Классиккалық білімді Вестминстерская
коллегиясында алды. Бұл жерде ол өз дене дамуына көп уақыт бөлді: доп,
крокет ойнап, жұгірумен, ескек есумен айналысты. 1652 жылы Локк Оксфорд
университетіне оқуға түсті. Бірақ 1683 жылы саяси себептер салдарынан
университетті бітірмей, ол өз елінен кетіп, Голландияға қоныс аударуға
мәжбүр болады.
            1690 жылы ол «Балаларды тәрбиелеу жөнінідегі ойлар» деген
педагогикалық шығармаласын басып шығарды. Мұнда ол тәрбиеленушінің жеке
ерекшеліктерін зерттеп, білім беруді баланың қабілеттері және
бейімділіктеріне орай бағыштау қажет деген негізгі ойын білдірді. Локктың
пікірінше, жеке беімділіктер ойын кезінде айқынырақ ашылады және оны не
мазалайтынын білу үшін, локк тәрбие процесінде кездойсоқтық пн
өзімбілермендіктің болмауы тиіс, тәрбиенің барлық шаралары негізделуі керек
деген пікір білдіреді.
       Тәжірибе және бақылау кезінде Локк өте пайдалы кеңестер берді:
балалр қыста да өте жылы киінбеуі керек, бас киімсіз, жаяу көп жүру,
күнделікті мұздай сумен жуыну пайдалы.
            Жан-Жак Руссо айтқан педаггикалық ойлар өз нәтижесін берді:
Германияда «филанторпиндер» мектептері ашылды, онда тәрбиелеу жүйесі еі
алдымен тәрбиеленушіге мейіріммен қарауға негізделген. Мұнда алғашқы мектеп
Дессау қаласында 1774 жылдың 24 желтоқсанында ашылған.
Дене жаттығуларын оқыту Г. У. Фитқа тапсырылған еді. Ал ол Гутс- Мутспен
бірге неміс гимнастикасының негізін қалаған.
            Г. У. Фит 1763 жылдың 8 қаңтарында Гооксилде, Евердің Ангальт-
Церь қожалығында туылған. Ол княздік жоғары мектебіне ұстаз болып 1786 жылы
ьтағайындалған. 1799 жылы Дессаудағы барлық мектептердің директоры болды.
             Өзінің гимнастикалық еңбектерінде Фит оқушылардың дене
тәрбиесінен білім алуына зор мән беріп, жаттығулардың пайдасы мен әсерін
негіздеген. «Дене жатттығулардың мақсаты,- дейді Фит, -барлық қимылдарды
жасау және адам ағзасындағы оның жетілуіне қызмет ететін күштерді іске
қосу, сөйтіп өз денесін қалыптастыруға жұмылдыру».
            Гутс-Мутс Фитпен тығыз бірлесе отырып, Шнепфенталь мектебі
жағдайында неміс гимнастикасының негізін қалады.
            «Бәрінен бұрын- деп жазады Гутс-Мутс,- дене жаттығуларымен
жоғары білім мекемелерінде, әсіресе біздің университеттерде танысыу тиіс.
Себебі, оларды бітірген дінбасылары қала мен ауылдарға оқытушы ретінде
жіберіледі. Басқа барлық қоғамдық топтарға гимнастика аса қажет, өйткені
олардың денесі ең алдымен мемлекетке қызмет етуі керек. Бұл әсіресе
жауынгерлерге қатысты. Жасөспірімдердің ептілігі мен шынығуын дамыту менің
ұлттық тәрбие жоспарымның ең маңызды бөлігін құрайды».
        Өз жүесінде Гутс-Мутс дене жаттығуларының білім берудегі мәнін
арттыру үшін оларды топтаудың тектік әдісіне сүйенген. Бұл топтау мынадай
ретте келеді:
   1. Секірулер: бір орыннан (екпінсіз), жүгіріп келіп (10қадам).
   2. Жүру мен жүгіру: гимнастикалық алым (минутына 50 адым); еселенген адым
      (10 адым); жүгіру жылдам адым (минутына 150 адым); жүгіру – жылдам,
      созылмалы, жыландап, тізбектеп, ұлулап, бұрыстылармен, өрге қарай
      (тауға).
   3. Лақтыру: тастарды және тас шарларды лақтыру, тастарды төменнен
      құлаштап лақтыру; дискі, найза лақтыру.
   4. Күрес: қарсыласты күрес орнынан ығыстыру; оны жерден көтеру; құлаштап
      жерге тастау ( осыған сәйкес, күрестің үш түрі ерекшеленген: жартылай
      шайқас, жеңіл шайқас, толық шайқас). Күрделі шайқас барлық үлгілерді
      біртұтас жиынтыққа біріктіру.
   5. Өрмелеу: кедір-бұдыр сырықта, ағашта, жұмыр бөренеде, жіп сатыда,
      қанатта.
   6. Тепе-теңдіктегі жаттығулар: бір аяқта және аяқ ұштарында тұру;  жатқан
      ағашпен, жіңішке тақтай және қанат бойымен жылжу; ағаш аяқта жүру;
      конькиде жүгіру; параллель брустарда және әткеншекте жаттығу.
     Бұған қоса жүру және жүзу жаттығулары.
      П. Г. Клиас өзінің гимнастикасы бойынша- «Гимнастиканың бастапқы
негіздері немесе «турнен өнері» атты тұңғыш шығармасы басып шығарды.
Кейінірек Клиасс гимнастикасы бойынша бірнеше кітап жазған, олар Франция,
Англия, Швейцария елдерінде басып шығарылған.
Жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, күресу, жүзу жаттығуларынан басқа, Клиасс
өзінің сабақ беру жүйесіне жаңа: үшбұрышты трапеция үстіндегі жаттығулар;
қиғаш тартылған параллель қанаттардағы, жіп сатыдағы сияқты жаттығулар
енгізді.
Клиас қолданылатын дене жаттығуларының шеңберін кеңейтті де, соның
арқасында гимнастикалық білім тарату саласындағы оқытушы қызметінің аясын
кеңейтті. 1807 жылдан бастап дене жаттығулары барлық корольдік кадет
корпустарына, теңіз және артиллерия оқу орындарына, азаматтық мектептерге
енгізілді. Ал 1827жылдың басынан бастап дене жаттығуларымен 7 ден 15жасқа
дейінгі ұлдардың  барлығы айналысуы міндеттелді. 1813 жылы Нахтегаль дат
үкіметінің алдында 1799 жылы-1830 жылдары аралығында гимнастиканың даму
жағлайы жөнінде есеп берді. Есеп беру «Даниядағы гимнастиканың 1799-1830
ж.ж. енгізілу сәтінен ілгерілуі» деген тақырыппен жарық көрді. Нахтегаль
мынандай еңбектерін басып шығарды: «Гимнастика әдістемесі мен лекцияларға
алғыссөз», «Халықтық және қалалық мектептерге арналған гимнастика оқулығы».
Германияда дене жаттығулары насихаттауд, осы жаттығулардың ұлттық
ерекшеліктерін көрсетуде үлкен ықпал жасаған Фридрих Людвиг Ян болды.
Гимнастика дамуындағы  Л. Янның ұлтшылдық ойлары осы нәннін теориялық
негіздерін жасаудағы оның еңбегін еш кемітпейді. Ян әдісі бойынша
жаттығулар бүкіл германияда таралды. Неміс университетінде олар кенінен
таралды. 1817 жылы көктемінде Ян дене жаттығуларының ұлттық рөлі жөнінде
өзінің 21лекциясын оқыды. Дәл осы жылы Киль және Иен неміс университеттері
дирекциялары оған құрметті доктор атағын берді.
Ян параллель брустарда жасалатын жаттығуларды мынадай жолмен  жүйелейді: а)
тіреуіштегі жаттығулар; б) «сермеу» жаттығулары; в) ілініп тұрудағы
жаттығулар; г) өз денесін брустардан асыра тастау жаттығулары; көлденен
сырықта жасалаиын жаттығуларды ол 6 топқа бөлді; 1) ілініп тұрудағы
жаттығулар, 2) тіреуіштегі жаттығулар, 3) «сырыққа сермеу»; 4) сырықта
«отырған және жатқан қалыпта» жасалатын жаттығулар; 5) күрделі жаттығулар;
6) сырықта айнала асыра тастаумен немесе аударылып түсумен орындалатын
жаттығулар. Көлденең сырық үшін Ян 335-тей жаттығу ойлап тапқан. Немістік
мектеп гимнастикасының негізін қалаушылардың бірі- Адольф Шписс. Шписс
жасөспірім шағында Оффенбах қаласындағы жекеменшік тәрбие мекемесінде
оқыған. Сол кезде ол Гутс-Мутс және Янның дене жаттығулары жүйелерімен
алғаш танысты. Шписс енгізген негізгі жаңалықтар оның «Гимнастика жөніндегі
ілім. Еркін жаттығулардағы гимнастика»; «Жалпы жаттығулардағы гимнастика»;
«Мектептерге арналған гимнастиканы үйрету құралы ретіндегі гимнастика
бойынша кітап» деген іргелі еңбектерінде сипатталған. Оларда ол өзінің
негізгі ойын көрсеткен: мектептерде қолданылатын дене жаттығулары балалар
денесінің дамуы ерекшеліктерін, жынысын және жасын ескеруі қажет. Аталмыш
еңбектерде баяндалған оқытушы Шпис әдісі ұлдар үшін де , қыздар үшін де
жаттығуларды олардың жасына қарай білуді қарастырады. Бұл жерде Шписс дене
жаттығуларын топтастырғанда барынша қарапайым етіп, мектеп талабына
бейімдеген: алтыдан он жасқа дейін және оннан он алты жасқа дейінгілерге
арналған жаттығуларды сипаттаған. Алтыдан он жасқа дейінгі балаларға
төмендегідей оқу материалдары ұсынылған: реттік (саптық) және еркін
жаттығулар; тепе теңдіктегі жаттығулар; тереңге секіру, сырықпен және
«текеден» секірулер; тіреуіште және ілініп тұрып жасалатын жаттығулар;
«ауыр салмақты жылжыту, көтеру және тасу» түріндегі жаттығулар: күрес,
лақтырулар, жүзу және ойындар.
Оннан он алты жасқа дейінгі балаларға қиынырақ жаттығулар ұсынылған: саптық
және еркін жаттығулардың күрделілеу формалары: билер, тепе-теңдіктегі
жаттығулар, гантельдермен секіру, паралель брустарда, бөренеде және
перекладинада орындалатын жаттығулар, «ат» және «текеден» секіру, сырықпен
секірулер, нысанаға лақтыру, т.б.  Шписс нағыз эмпирик еді. Ол балалардың
ойы мен денелерінің жетілуіне әсер ету үшін неғұрлым көп дағдыларды,
тәжірибелерді жан-жақты игеру қажет деп есептеді. Сондықтан жалпылама
түсініктерді ө бетімен игеруге, жаттығуларды таңдаудың жалпы прициптерін,
игеру әдістерін, орындау тәсілдерін тануға аз көңіл бөлді.  Дене тәрбиесін
оқыту тарихының ғылыми кезеңінде орын алған тағы бір құбылыс-дене
жаттығуларының «швед әдісі» немесе «швед гимнастикасы» еді. Оның негізін
қалаушы-Генрих Линг(1776-1839ж. ж ). Тәуелсіз, өткір мінезді бозбала Генрих
Линг Вексода гимназияны тәмамдаған соң, бүкіл елді аралап Еуропаның
көптеген қалаларында болды: Упсада, Стокгольмде бір көрініп, Берлин немесе
Копенгагеннен бір шығып, 1797 жылдың 21 желтоқсанында Линг дін ілімі
кандидаты дәрежесіне емтихан тапсырып, Стокгольмде үй оқытушысы болғаны
белгілі; көп ұзамай ұстаздықты қойып Германия және Данияда саяхаттады;
Франция мен Англияға да барды. Осы дүние кезу арасында ол әскери қызмет те
атқарды.
      Линг құрастырған швед гимнастикасы былай ерекшеленеді:
   1) педагогикалық гимнастика (субъективті-белсенді);
   2) әскери гимнастика (субъективті-пассив);
дәрігерлік (объективті-пассив);
   3) дәрігерлік (объективті-белсенді).
          Линг жүйесі бойынша дене жаттығулары сабақтары құрылымының қазіргі
заманғыларға өте жақын екені П. Ф. Лесгафтың шығармасының мәтінінен
көрінеді. «Мысал үшін өзім қатысқан бір сабақты суреттеп берейін. Бұл
сабақты Яков әулиенің халақ мектебіне Зманн ханым жүргізді. 32 оқушы қыз
болды. Сабақ 45 минутқа созылды. Тек еркін қимылдарда және жүруде олар
бірге жаттықты, ал барлық басқа жаттығуларда олар 6-9 оқушыдан 4 топқа
бөлінді»,-деп жазады Лесгафт.
          1888 жылы П. Ф. Лесгафт өзінің «Мектеп жасындағы балаларға дене
тәрбиесі білімін беру бойынша құрал» атты іргелі еңбегінің бірінші бөлімін,
1901 жылы екінші бөлімін жарыққа шығарды. Лесгафт құрған бүкіл дене
жаттығулар жүйесі балалармен жұмыс істегенде гимнастикалық мәселелермен
қатар дене тәрбиесі білімін берудің маңызды мәселелерімен шешіп отыруды
көздейді. Ол мұндай мәселелер өзіндік білім беру бағыты бар арнайы дене
жаттығуларын үйрету жолымен шешіле алатынын меңзейді. Оқушының рухани өсуі,
денесінің жетілуі факторлары ретінде дене жаттығулары шартты түрде былайша
бөлінеді:
     1) қарапайым жаттығулар;
     2) күрделі жаттығулар;
     3) үйлесімді жаттығулар;
     4) жүйелі, кешенді жаттығулар.
           П. Ф. Лесгафтың «мектеп жасындағы балаларға дене тәрбиесінен
білім беру бойынша құрал» атты классикалық еңбегі – ғасырдың 60-
жылдарындағы дене тәрбиесі мен білім беру ғылымының дамуында негізін
қалаушы болып табылады.

№ 2 тақырып:  Кеңестік жүйедегі дене тәрбиесінің қалыптасуы
Дәріс мақстаы:

                           Қарастырылатын сұрақтар

1. Кеңестік жүйедегі дене тәрбиесінің қалыптасуы.
2. СССР кезіндегі дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері.
3. Кеңестік жүйедегі дене тәрбиесінің жалпы принциптері.


                                    Дәріс



№ 5 тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері.
Дәріс мақстаы: Мектеп жасына дейінгі балардың тәрбиесін дұрыстау

                           Қарастырылатын сұрақтар
   1. Дене мәдениетінің міндеттері
                                    Дәріс
Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және
ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен
байланыстыру;
-  негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және
ептілікті дамыту;
-  еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа,
достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен
қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны
тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы
жөніндегі білімді хабарлау.
3. Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады.
Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану
ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене
жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.
Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері
енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін
туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау
сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи,
қорытынды жасаумен аяқталады.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру
міндеттері шешіледі.
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене
шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы
дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен
ерекшеленеді.
4. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың
денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты
өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге
көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға
әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.
Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары:
секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік
жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.
Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін  толықтыра
алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген
жөн.
5. Оқушыларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының
бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына
дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік
гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы
тіршілік қызметіне тез араласуына  әсерін тигізіп қана қоймай, адамды
сергек жүруге және  көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік
бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс
алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға
көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын
қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту
жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік
пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.
6. Порфирий Корнеевич Иванов - уақытты жарты ғасырға басып озған жан. Оның
қарапайым әдісі - "Детка" немесе "Иванов жүйесі" деп аталады.
Оның нұсқаулары:
•  өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суың суға шомыл. Ыстық суға
шомылсақ, суық сумен нүктесін қой;
•  шомылар алдында, не шомылып жатқанда табиғат аясына шың, жалаң аяғыңмен
жер бас. Ауаны аузыңмен қармап, бірнеше рет дем ал да іштей өзіңе және өзге
жұртқа денсаулық тіле;
•  арақ ішпе, темекі тартпа;
•  аптасына кем дегенде 1 рет тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс;
•  қоршаған ортаны сүй. Айналақа түкірме және ештеме тастама. Бұл сенің
саулығың;
•  денім сау болсын десең барлық адаммен сәлемдес;
•  бойыңдағы жаман қылықтардан арыл. Жұртқа сен және оларды сүй;
•  адамдарға әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар жан-
дүниеңмен көмектес. Ол сенің досықа айналады, соныңмен әлемдік іске ат
салысасыз;
•  жексенбі күні табиғатқа жалақаяң шығып, бірнеше рет тыныс ал да, ойлан;
•  ауру, сырқат, өлім жөнінде ойлаудан қаш. Бұл сенің - жеңісің;
•  ес пен ойды бөле қарама. Оны жүзеге асыр;
•  іс жөніндегі тәжірибеңді үлгі-өнеге ет. Біраң ол үшін мақтанба да,
өзіңді-өзің өреден жоғары ұстама. " Ұлық болсаң-кішік бол".
Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан тазарып, салауатты өмір сүруіне
тигізетін рөлі ерекше.
Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі
сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық
ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-
тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады.


                            Ұсынылған әдебиеттер.

1.  К.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.
2. Е.Сағындықов. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. - Алматы, 1992.
3.  К.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.
4. Ж. Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 1998.
5. Савин Н.В. Педагогика. - Алматы, 1983.


№ 7 тақырып: Туғаннан 7 жасқа дейінгі баланың жас ерекшеліктеріне қарай
дамуы.
Дәріс мақстаы: 7 – жастағы балалардың жастық ерекшеліктері

                           Қарастырылатын сұрақтар
        1. Қимыл – қозғалыстарға үйретудің физиологиялық заңдылықтары
        2. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері

                                    Дәріс
      Қимыл – қозғалыстарға үйретудің физиологиялық заңдылықтары. Адамның
ерікті қимыл – қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде
қатысуымен қабаттаса жүреді.Қимыл – қозғалыстарға үйретудің нәтижесі
жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуіне, оқушылардың
қызығушылығына,оқыту әдістерінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес
келуіне тәуелді.Адамның қимыл – қозғалыс әрекеттері екінші сигналдық
жүйенің қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан қимыл амалдарына үйрету
процесінде оларды іс жүзінде орындап көрсетумен қатар, сөзбен бейнелер
жасалғаны жөн. Алайда, ерікті қимылдарды бойға сіңіру процесінде қимыл
тәжірибесінің шешуші рөл атқаратынын естен шығармаған жөн.Адамның ерікті
қимылдарын жануарлардың шартты рефлекстерімен теңеуге болмайды.
Жануарлардың шартты қимыл рефлекстері, әдетте, шартсыз рефлекстерді немесе
олардың өзгертілген формаларын қайталайды. Ал адам іс - әрекеттерінің
мақсатқа сәйкестілігі туа біткен рефлекстерді қайталауға жатпайды.
Керісінше, ол жеке даму процесіндегі күрделі шартсыз рефлекстердің және
қимыл – қозғалыстардың бойға сіңірілген жаңа формаларының бірлестігі болып
келеді. Адамның қимыл – қозғалыс әрекеттері ең жоғары психикалық
функцияларымен, сана сезімімен және ойлауымен байланысты.Адам мен жануар
үшін бірдей шартты тітіркендіргіштердің биологиялық маңызы мен күштерінің
арасындағы ерекшеліктері өте маңызды. Сыртқы ортаның қандай болсын агенті
адам мен жануарлар үшін шартты рефлекстердің жасалуына сигнал бола алады.
Бірақ адам үшін сөз - өте жоғары маңызды сигнал.Тірек – қимыл аппараты мен
дене сапаларының жетілген деңгейі жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің
алғышарттары болып келеді. Ол оқытудың құрылымдық – функциялық негізі. Жаңа
қимыл – қозғалыстар талаптарын бұл алғышарттар қанағаттандырады, сәйкес
келеді немесе жеткіліксіз болады. Жеткіліксіз жағдайда оқу процесі созылып
кетуі мүмкін. Сондықтан берік морфофункциялық іргетас қалауды жаңа қимыл –
қозғалыстарға үйретудің ең тиімді жолы ретінде қарастыру қажет. Қандай
жағдайда болсын біртұтас организм үшін көздеген мақсатқа тиімді және үнемді
жолдармен жету ережелері өздерінің маңызын жоймайды.Күрделі қимыл –
қозғалыстарға оқытуда логикалық соңына жеткен элементтерді бөлшектеуге
болады. Алайда, балаларды оқыту барысында күрделі қозғалыстар
элементтерінің ішкі тұтастығын сақтайтын әдістер басқадан артық
келеді.Бастапқы кезеңде ол әдістер жеңілдетілген жағдайларда өткізілуі
мүмкін. Мұндай жеңілдетілген жол дене сапаларының максимал дәрежеде
білінуін талап ететін жағдайларда жаттығуларды меңгеру сатыларында жақсы.
Күрделі жаттығуларға үйретудің бірінші кезеңінде, қимыл – қозғалыстар
автоматизмі пайда болғанша,қосымша амалдар мен жағдайларды пайдаланудың
қажеті жоқ.Жаңа қимыл – қозғалыстарды үйренудің табыстылығы балалардың
қимыл әрекеттеріне оңтайлы жағдай жасаумен байланысты. Назарды белсенді
күйге келтірудің түрлі әдістерін қолдану,сабақтың кіріспе бөлімінде болашақ
әрекеттерге жан – сезімдік сезінуді қамтамасыз ету орталық жүйке жүйесінің
оңтайлы қозғыштығын жасауға атсалысады. Күрделі қимыл – қозғалыстарға
шаршаған жағдайда үйрену өте тиімсіз.Қалыптасқан қимыл дағдысының беріктігі
үйреніп жатқан қимылдарды қайталау санына тәуелді. Орындалу дұрыстығын
оқытушының тынымсыз бағалауымен қатар оларды қанша рет қайталауын
қадағалау, жаттығудың жеткілікті меңгерілуінің негізгі шарттарының бірі
болып келеді.Индифференттік тітіркендіргіштердің күші,дәлірек айтқанда,
үйренетін қимыл – қозғалыстардың өзі,оңтайлы дәрежеде болу керек. Шамадан
тыс күшті тітіркендіргіштер,яғни өте күрделі жаттығулар,оқушының қимыл –
қозғалыс функцияларының жастық даму ерекшеліктеріне сай келмейтіндері
меңгерілмейді. Керісінше,күші жағынан әлсіз, баланың ынтасын тудыра
алмайтын қарапайым қимыл – қозғалыстар,оларды қайталай орындау үшін
қозғаушы бола алмайды.
         Ерікті қимылдарды қуаттаушы агенттің индифферентті агентке
қарағанда күші максимал болуы керек. Оқушының әрекеттерін бағалау,түсінік
беру, қателіктерін түзету,үнемі назарда ұстау жаңа қимыл – қозғалыстарға
үйретудің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.Табиғи
қимыл–қозғалыстарға жақын ( мысалы,жүгіріс)
Спорттық жаттығуларға үйрету,оларда қимылдың іштен туа біткен
механизмдерінің( элементтері ) басым болуы себебінен жеңіл келеді. Алайда
оқытуда жіберілген қателіктер қимыл – қозғалыстардың табиғи реттелу
негіздерін жоюы мүмкін. Мұндай қауіпті салдарға қимылдардың қалыпты
физиологиялық реттелу механизмдеріне сәйкес келмейтін үйретудің алуан түрлі
нысанды әдістері мен амалдарын енгізу себеп болады.
Күрделі қимыл – қозғалыстар үйретудің әдістемесін алдын ала мұқият жасауды
талап етеді. Ондай әдістеме балалардың қимыл – қозғалыс функцияларының
реттелуі мен қалыптасуының жалпы заңдылықтары жөніндегі білім негізінде
құрылады. Күрделі қимылдарды орындаған кезде оларға бағытталған саналы
да,жігерлі бақылаулар,қимылдардың табиғи формаларын меңгеруге
қарағанда,ұзағырақ сақталуы керек. Жеке бөлшегі не болмаса тұтас қимыл –
қозғалыс автоматтандырылған сайын,оны санамен бақылау әлсірей береді. Іштен
туа біткен қимыл – қозғалыс әрекеттеріне тән қимыл – қозғалыстар еріксіздік
бейнелеріне ие бола бастайды.Балалар мен жасөспірімдерді қимыл –
қозғалыстарға үйретудің ерекшеліктері. Жаңа қимыл – қозғалыстарға үйрету
қарапайым қимыл актілернің табиғи бейнелерінің жастық алғышарттарына
негізделеді. Тұнғыш балалық шақтағы бейберекет қимыл –
қозғалыстардан,сансыз сынаулар мен байқаулар арқылы,оларды орындаған
шақтарда ұшырасатын сәтсіздіктерден аса отырып, бара – бара мақсатты қимыл
– қозғалыстар қалыптасады. Мақсатқа сәйкес қимыл әрекеттерін қуаттау –
ерікті қозғалыстарды қалыптастыруға бағытталған қажетті әрекеттер.
Мысалы,баланың шап беріп ұстай алатын қимылдарын,бірнеше рет тамақ немесе
басқа биологиялық маңызы зор агенттермен қуаттаса,олар мақсатты сипатты
қимыл әрекеттеріне айналады.
      Тұңғыш даму кезеңдерінде баланың қимыл – қозғалыс( локомоторлық)
функциясы өте қарапайым формаларында іске асады.Бір – екі жастағы бала
жүрісін еске түсірейік. Оның қимыл белсенділігі,көптеген спорт түрлеріндегі
немесе әртістік өнердегі қимыл – қозғалыстарға мүлде ұқсамайды.Қимыл –
қозғалыс функциясының дамуы біркелкі емес. Туғаннан соң бір жасқа деін бала
өте тез өседі. Тұнғыш балалық шақта тұлға бұлшық еттерінің массасы тек
артады. Тек мектептке дейінгі жаста ғана( 5-6 жаста) қолдарының ұсақ бұлшық
еттері тез дамиды. Бұл жаста бала саусақтары дәл және нәзік қимыл –
қозғалыстарға ие бола бастайды.Тірек – қимыл аппаратының және орталық
реттеуші механизмдерінің жетілуі жоғарылаған сайын жаңа қимыл –
қозғалыстарды меңгеру қабілеті артады.Бастауыш сыныптағы балалар,шапшаң
шешім қабылдап орындауды талап ететін,аяқ астынан пайда болатын қимыл –
қозғалыс жағдаяттарына салыстырмалы тез бейімделеді. Қимыл – қозғалыс
дағдыларын үйрену және оларды орнықтыру жеделдігі көптеген жағдайларда
оқытушының шеберлігіне,қуаттау әдістерінің ебін табуына,баланың сабаққа
деген ынта – жігерін арттыра білуге байланысты. Сондықтан физиологиялық әрі
педагогикалық тұрғыдан алғанда да,түсінік беріп,жаттығулардың орындалуына
баға беріп,баланың қимыл әрекеттеріне тұрақты бақылау жасап отырғанымыз
дұрыс.Ерікті қимыл – қозғалыстардың қалыптасуы оқытудың алғашқы
кезеңдерінде шартты рефлекстік әрекеттердің жалпы заңдылықтарна тәуелді.
Жастық даму және түйсіктің қалыптасуы барысында осы заңдылықтар жаңа
сапалық мазмұнға ие бола бастайды. Қимыл – қозғалыстарға саналы ынта –
жігерді бақылау оқудың нәтижелі болуының басты кепілі болып
келеді.Сондықтан қолда бар қуаттаушы агенттердің ішіндегі әлеуметтік маңызы
бар түрін пайдалану маңызды.Баланы жаңа қимыл – қозғалыстарға үйрету
жолындағы қуаттаушы агенттер:мұғалімнің сөзі,әрекет жетістіктерін
бағалауы,баланың өз табыстарының маңызын ұғынуы және өзіне - өзі баға
беруі. Алайда оқытудың тұңғыш кезеңдерінде үйреніп жатқан дене
жаттығуларындағы табыстары қарапайым,сонымен қатар
айқын,жағымды,табиғи,биологиялық мазмұны құпия емес агенттерді пайдаланған
жөн. Қимыл-қозғалыстарды орындап жатқан мезгілдің өзінде немесе орындалып
біткеннен кейін нақты бейнелі қуаттаулар оқытуды жеңілдетеді. Мұндай
әдістер бастауыш сыныптардағы оқушылардың ойлау қасиетінің ерекше бейнелі
болуымен байланысты.Оларда нақты тітіркендіргіштердің әлі де болса көбісі
сөз бейнесіне ие бола қойған жоқ.Сондықтан балаларға қуаттаушы заттық
агенттер әсер етеді.
      Бастауыш сынып жасындағы балалар техникалық жағынан күрделі қимыл –
қозғалыстар формаларын меңгеруге қабілетті. Бұл 7-8 жаста жоғары жүйке
әрекеттерінің дамуы едәуір биік сатыға көтерілгенін көрсетеді. Осы уақытқа
дейін жүйке жасушаларының( клетка) өте маңызды өсу сатысы құрылымдық
саралап жіктеумен аяқталады.Абстракциялық ойлау негізі болатын іштен сөйлеу
мүмкіндіктерінің қалыптасуы қарқынды түрде артады. Алайда ішкі тежелу
процестері әлі де болса жетілмегендіктен,жаңа қимыл – қозғалыстарды жасау
оларға қиынырақ түседі. Баланы қимыл – қозғалыстарға үйрету шапшаңдығы оның
сыртқы әсерлерге деген бейімделгіштігіне байланысты. Балалардың жеке
дамуында түрлі бағыттағы дене жүктемелеріне сезімтал келетін кезеңдер
байқалады( сын кезеңдері). Мысалы,6-8 жастағы баланы коньки тебуге,9-11 жас
кезіндегіден үйрету жеңіл.8-12 жас аралығында, дәлдік пен жоғары
үйлесімділікті, кеңістікті бағдарлай алу қасиетінің қарқынды дамуына
байланысты,іс жүзінде қандай да болсын қимыл – қозғалысқа үйретуге
болады.Мектепке дейінгі жаста екі аяқ пен бір сәттілік қимылдарды(
мысалы,екі аяқпен теуіп секіру) жасау қиындық туғызады, өйткені туа біткен
қайшылас координация әлі де сақталған.Тек 7-8 жасқа дейін аяқпен бір
сәттілік симметриялық қимыл – қозғалыстар жасауға қажетті үйлесімділіктің
физиологиялық механизмдері дамып жетіледі.8-9 жастан бастап жүгіріс пен
жүзудің жылдамдығы қарқынды өсе бастайды,ал 10-11 жасқа жақын жүгіріс
адымдарының жиілігі максимал дәрежесіне жетеді,тіпті 10-11 жастағы балалар
осы жағынан 12-14 жастағы жасөспірімдерден асып түседі.Жасөспірімдік және
бозбалалық жастарға дерексіздік ойлаудың басым болуымен
байланысты,нақты,заттық тітіркендіргіштерге қарағанда,сөз сигналдарына
шартты қимыл рефлекстері тез жасалады.Сондықтан( әсіресе бозбалалық
шақта),негізінен, сөздік әдістерді пайдалану арқылы қимыл – қозғалыстарға
үйрету физиологиялық тұрғыдан негізді. Жасөспірімдер жоғары қозғыштығымен,
өте жоғары қимыл белсенділігімен,қимылдарының ретсіздігімен(
ебедейсіздігімен) ерекшеленеді. Жыныстық жетілу кезеңіне жақын мидың талдау
– түзу функциясының мүмкіндігі жоғарылайды. Дене жаттығулары сабақтарының
мазмұны мен маңызын түйсіну арқылы,жасөспірім олардың түрлерін тез
меңгереді.Жасөспірім психикасының тұрақсыздығы оның дене      деген назарын
үнемі қуаттап тұруды қажет етеді. Бірақ олардың аса күрделі болмағаны жөн.
Күрделі,қиын жатығуларға немесе өте қарапайым жеңіл орындалатын жаттығулар
сияқты қимыл – қозғалыстарға ынта – жігер тез сөнеді.Дене жаттығуларына аса
қол жетімділік техниканы меңгеруге деген немқұрайлылыққа әкеледі. Дәл осы
жаста, жаттығуларды орындау арқылы физикалық жан –жақты даму, проприоцепция
аппаратын жетілдіретін дұрыс техникамен қабаттасуы керек.Тиімді құрылған
дене жаттығуларының сабақтары,организмнің мүшелері мен ұлпаларының
дамуын,өсуін күшейте отырып,биологиялық процестерді құрайды. Жасөспірімдер
өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалай отыра күш жаттығуларымен,ауыр заттарды
көтерумен,күрделі акробатикалық,гимнастикалық және басқа жаттығулармен өзін
- өздері жүктейді. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып,спорттық
жарақаттарға әкелетін және техникалық дилетантизмнің потенциялдық қайнар
көзі болатын жаттығуларды сабақ барысына кіргізугеболмайды.


      Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері. Оқушыларға
әлемдік деңгейде білім, тәрбие беру – қазіргі заман талабы. Бұл заңды да,
өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының ролі барған сайын
артып, моральдық факторлардың ықпал аясы кеңейе түсуде. Адамгершілікке
тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері – оқушылардың белсенді
өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің
бірлігін сақтап, адамгершілік нормаларынан ауытқушылыққа жол бермеуді
қалыптастыру. Бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттағанда бәрін білсем,
үйренсем деп үміттенеді. Нақтылы ойлауға шамасы жетпесе де, азамат болсам
деп қиялдайды. Бастауыш сынып – қиын да күрделі. Оқушылар жас, оның үстіне
ой-өрісі тар, тіл байлығы кем. Сабақтан бұрын ойнағанды жақсы көреді.
Жылауы да, жұбануы да оңай. Ұрсуды, кеюді көтермейді. Олармен тіл табыса
білу үшін үлкендер өз жасын шегеріп, былайша айтқанда, «баламен бала болуға
тура келеді.
Солармен бірдей күй кешесің, бірге ойнайсың, бірге күлесің, қысқасы, бар
тілеуің солармен бірге болуға тиіс. Онсыз білім берем деу құмға сіңген
сумен тең.
      Сабақ басталды дейік. Алдыңда көздері жәудіреп бір топ бала отыр. Олар
саған бір жағы сынай, бір жағы үрке қарайды. Мұғалім қалай қарым-қатынас
жасайтыны, мінезі қандай екені, мектеп тұрмысының көптеген ерекшеліктері
оларға әлі тылсым, жұмбақ.
      Сезімтал ұстаз оқушылармен алғашқы таныстық үстінде – ақ көп нәрсені
аңғара алады. Шәкірттерінің ой-өрісі ауқымын да бірден ажыратады. Баланың
бәрі бірдей емес, кейбіреуі зейінді, зерек, айтқанды лезде ұғып ала қояды.
Ал кейбіреуінің аңғарымпаздығы әлі нашар, ұққанын жеткізіп айта алмайды.
Ондай оқушылармен көбірек жеке жұмыс жүргізуге тура келеді. Ол үшін олардың
мінез-құлықтарын, психологиясын алдын ала жете зерттеп, біліп алу қажет,
мұның сабақ процесінде көп жәрдемі тиеді. Бұл бізге бұрынан белгілі нәрсе
«Мың рет айтып түсіндіргеннен, бір рет көзбен көрген абзал» деген ұлағатты
сөз бар. Бұл жастағы балалар көп сөзділікті ұнатпайды, ауызша айтқанға сене
бермейді. Не нәрсе болса да, көзбен көргені мақұл. Сонда оқушыларда ол
бейне, зат немесе сурет жайында түсінік пайда болады, оның құрылысы, жалпы
көрінісі, қандай іске пайдаланатындығы санасында мәңгі сәулеленеді,
қызығушылығы артады. Мынаны көз алдыңызға елестетіңіздерші: цирктегі
сиқыршыға үлкен де кіші де қызыға қарайды. Көз алдыңда бір заттан бір зат
пайда болып жатады.
      Шынында да керемет нәрсе емес пе? Ал енді сиқыршы соларды қолмен істеп
көрсетпей, сөзбен сипаттап айтып берсе, қызығы болар ма еді? Әрине жоқ.
Сабақ кезінде пайдаланатын көрнекілікпен бірге, оқушылар арасында өзара
жұмыс ұйымдастырудың да көп пайдасы бар. Мысалы: «Сыныпта кім дәптер,
оқулықтарын таза, ұқыпты ұстайды?» деген тақырыпта жұмыс ұйымдастырдым.
Алдымен оқушыларға қағаздың қалай жасалатынын, одан кітап, дәптер істеу
үшін қанша адамның еңбек ететінін интерактивті тақтада слайдпен түсіндіріп,
ақын Нәсіпбек Айтовтың қағаз туралы өлеңін мәнерлеп оқыдым. Бұл көрініс пен
әңгіме балаларға үлкен әсер қалдырды. Әрбір жақсыдан, ұнамды қылық
қалыптастыру барысында. «Кім партада дұрыс отыра алады?», «Кім әдемі
жазады?», «Сыныптың ең үздік оқушысы», «Мен қонақта болғанда», «Амандаса
білу-үлкен әдептілік», «Үзілісте» т.б. тақырыпта жұмыстар жүргізілді,
нәтижелері уақытында жарияланып отырылды. Озып шыққан оқушылар мақтауға,
марапатқа ілінді. Меніңше, бастауыш сынып оқушыларына көп нәрсенің керегі
жоқ. Мұғалімнің дұрыс, әділ көзқарасы, жылы сөзі болса-сол жеткілікті.
Қысқасы: ата-ана мен мұғалім ынтымақпен бірігіп, бүлдіршіннің жеке басының
ерекшеліктерін ескеріп, жұмыс жүргізсе ғана тәрбие ісі әрқашан да оңға
басады.
                            Ұсынылған әдебиеттер:

              1.  К.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986
              2. Ж. Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 1998.
              3. Савин Н.В. Педагогика. - Алматы, 1983.












№ 8 тақырып:  Дене тәрбиесінің құралдары.
Дәріс мақстаы: Дене тәрбиесінің құралдары туралы жалпы түсінік

                           Қарастырылатын құрақтар

   1. Дәстүрлі және дәстүрлі емес құрал-жабдықтар
   2. Эксплатация кезеңіндегі спорттық құрал-жабдықтардың қауіпсіздігі
   3. Гимнастикалық залды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үлгісі
   4. «Көңілді пойыз» спорттық жарыс ойыны


                                    Дәріс

      Дене тәрбиесі жөнінен оқу жұмысын, сыныптан тыс жұмыстарды нәтижелі
өткізу үшін мектептің материалдық базасы - мектеп, спорт алаңы,
гимнастикалық зал бір-біріне сәйкес келуі қажет.
      Спорт алаңы мектептен 40-50 метр қашықтықта орналасуы қажет. Спорт
алаңының айналасы тегіс көгалдандырылуы қажет. Көгал шаңның болмауына,
сонымен қатар ауаның таза болуына көмектеседі.
      Спорт алаңында: ұзындығы 60 м, көлемі 5 м жүгіру жолы, ұзындыққа,
биіктікке, секіретін орын, гимнастикалық жабдықталған орын, ойын,
жаттығулар өткізілетін орынмен жабдықталу қажет.
      Жүгіру жолы тегіс болуы қажет. Жүгіру жолы стандарттық талапқа сай
жасалуы қажет. Жүгіру жолында отыз, қырың, елу метрлерге бөлу, сөре
аймақтары нақты белгіленеді.
      Ұзындыққа секіретін орын. Ұзындыққа секіретін орын спорт алаңының
көлеңкелі жеріне орналасуы қажет. Жаттығу орындау барысында балаларға
көмектеспеу керек.
      Орынды дайындаудағы жүгіретін жол - алаңның оңтүстік жағынан
солтүстікке қарай орналасуы тиімді. Жолдың ұзындығы 25 метр, ені 1-1,5
метр. Секіретін шұңқырдың тереңдігі 40-50 см, ұзындығы 6 метр, ал ені 3
метр болу қажет. Шұңқырдық іші топырақ аралас құммен толтырылады. Шұңқырдың
шетінен 1 метр қашықтықта аяқпен итеріліп, жылжуға арналған тақтайдан белгі
қойылады. Тақтайдың ұзындығы 125 см, ені 50 см. Тақтай ақ түске боялуы
қажет.
      Биіктікке секіретін орын. Биіктікке секіретін орынға қойылатын талап
секіруші қолданатын тақтайшаны немесе жіпті жүгіретін жерден оқушыға
көрінетіндей етіп қою керек.
      Бұл жерде ұзындыққа секіретін шұңқырды пайдалануға болады. Биіктікке
секіру үшін ең қажет құралдар - тіректер, секіргенде қолданылатын тақтайша.
Жіп пен секіргенде пайдаланылатын тіректер бір-бірімен 3-4 метр қашықтыңта
орналастырылады, тіректердің биіктігі 150-160 см. Тіректерде 40 см бастап
қолданылатын тақтайшаларды орналастыру үшін тесіктер жасалынады. Секіру
барысында секіріп түсетін шұңқырлар үнемі қопарылып отырылуы қажет.
      Гимнастикалық залды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үлгісі
Гимнастикалық жаттығулар мен ойын түрлері спорт залда немесе арнайы
жабдықталған сынып бөлмелерін-де өткізіледі, жабдықтау барысында
құралжабдықтардың қойылу орнына ерекше көңіл аударылады. Гимнастикалық
қабырға бөліктерінен бірнеше жасау керек және де терезеге қарама-қарсы
орнату қажет. Гимнгстикалық отырғыштар терезеге көлденең қойылады.
Секіруге арналған құралдар және шешілетін арқандар, межеге лақтыруға
арналған қалқан, гимнастикалық төсеніш, секіруге арналған тіректер,
гимнастикалық және басқа да құрал-жабдыңтар анықталған орындарға қойылады.
Терезелер қорғаныс торларымен, электр шамдары темір тормен бекітіледі.
Гимнастикалық отырғыштардың саны төрттен аз болмау қажет.
Арқандармен биіктікке секіретін құралдар залдың төбесіне мықтап бекітіледі.
      Межеге лақтыруға арналған құралдар 4-6 болу қажет, қалқандары
фанерадан, картоннан жасалады.
      Гимнастикалық қалқандар, керекті биіктікке гимнастикальщ таяқшалар
болуы, сонымен қатар 40-тан кем түспейтін қысқа және ұзын секіртпелер болуы
керек.
      Орташа салмақты доптар 1-1,5 кг, доптар саны - 10.
Кіші салмақты доптардың саны - 40-тан кем емес.
Мектепке гимнастикалық төсеніштердің саны 2-ден кем болмауы керек.
      «Көңілді пойыз» спорттық жарыс ойыны
      Бұл жарыс топтар арасындағы дәстүрлі ұйымдастырылатын жарыс түрі,
ойынды өткізу қатысушылардың санына, жоспар құрылысына өткізілетін орын
жағдайына байланысты.
      Ойынға бастауыш сынып оқушылары қатысады. Жарыстың ерекшелігі
"аялдамадан" "аялдамаға" дейін әр түрлі қимыл-қозғалыстарды тапсырма
ретінде қабылдай отырып нәтижеге жету. Аялдаманың атауы орындалатын қимыл-
қозғалыс ойынының мазмұнына байланысты. Жарыс созылмауы керек, әрбір
аялдамада жаңа тапсырма ала отырып, барлық ойынға қатысушы тапсырманы
бірден орындауы қажет.
      Тапсырма түрлері қызықты жарыс және балалардың көңіл-күйін көтеретін
және жас ерекшелігіне сәйкес келуі керек. Денеге салмақ түсіретін
жаттығулар қарапайым жаттығулармен алмастырылып отырады. Ойын көгалда,
футбол, баскетбол алаңдарында өткізіледі. Ойын барысында оқушылар ойынға
қатысушы, әділ казы, көмекші, төреші және педагогтың қызметін атқарады. Осы
аталғандардың барлығы оқушылардың өз білімін көтеруде, шығармашылық
деңгейде өз бетімен әрекет етуін қалыптастырады"Көңілді пойыз" ойыны алаңда
ойналады. Пойыздың жүру бағыты жолаушылармен белгіленеді. Әр аялдамаға
сәйкес көрсеткіш белгілері, аялдама атауы, пойыздың таңтау уақыты
белгіленуі керек. Ойынға қажетті құрал-жабдықтар алдын ала дайындалады.
"Көңілді пойыз" - жарыс ойынына жеті аялдама кіреді. Төрт доп қатысады.


                            Ұсынылған әдебиеттер:

1.  «Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әді
стемесі» оқу құралы.   Өскемен  С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Баспасы  2006
2.   С. Құбышев Спорттық құрал-жабдықтар// Мектептегі дене шынықтыру
№ 4   2009 жыл.


№ 9 тақырып:  Ерте жастағы балалардың дене тәрбиесі
Дәріс мақстаы: Дене тәрбиесінің және балалардың тәрбиесі туралы түсінік

                           Қарастырылатын сұрақтар

        3. 1 жастағы балалардың дене тәрбиесі
        4. 2 жастағы балалардың дене тәрбиесі


                                    Дәріс


      Дене тәрбиесі бала тәрбиелеуде ақылдылық, өнегелік және
жарасымдылықтың негізігі құралы болып табылады. Оның бір ерекшелігі – әдейі
жинақталған және белгілі жағдайда ұйымдастырылған адам денесінің қимылы.
      Сау балалар бір жасында ересек адамдардың көмегімен немесе үй
жиһаздарынан ұстап, ал кейбіреулері өздері жүре алады. Осы уақытқа дейін
олардың өзіне лайықты омыртқаларының иілісі пайда болады. Бұл өте қиын
қозғалыстар, көптеген бұлшық еттердің топтары мен мүшелерінің алдын ала
келісімділігі.
      1 жастағы балаларды суға шомылдыру арқылы шынықтыруға болады. Баланы
сумен таныстыру: жел толған резенке ойыншықтармен баланың бетіне су шашып,
ал кейінірек ваннада бұрылуға, отыруға және тұруға үйрету керек. Кейде
балалардың жүрерден бұрын суға жүзуді үйренген кездері де бар. Алғашында
балаға душтың жылы суын шашып үйретсе, кейінрек 1 жастағы бала өзіне – өзі
қоя сушашқышымен су шашқанда, бетіне су тисе де, қорықпайтын болады.
      Тәжірибе көрсеткендей, ерте суда жүзуге үйреткен баланың жақсы дамуына
мүмкіндік туғызады да организмнің барлық жүйелеріне дұрыс әсерін тигізеді.
      Шыныққан балалар күннің ылғалдығын, ыстықты және суықты жақсы
көтереді, суық тиіп және басқа да ауруларға онша көп ұшырамайды.
2 жастағы балалардың қозғалыстарын жетілдіретін негізгі жаттығулар: жүру,
өрмелеу, кедергілерден өту, доптармен, ойыншықтармен, обручтармен,
гимнастикалық таяқтармен, скакалкалармен ойнайтын әр түрлі ойындар. Бұл
жастағы балаларға аранлған сабақ түрі – ойын. Ойын арқылы балалар өздерінің
қимыл қозғалыстарға деген сұраныстарын қанағаттандырады. Дене тәрбиесі
жаттығулары сабақтары аптасына 2-3 рет өткізіледі.
      Тәңертеңгілік гимнастиканың ұзақтығы 2 жастағы балалар үшін 5 минутқа
созылады.
      2 жастағы балалардың дене тәрбиесі кезінде барлық дене қуаты
қасиеттерін дамыту міндеттері орындалады. Ең алдымен, ептілік, қимыл
үйлесімділігі қасиеттерін дамытуға назар аудару керек. Олар: тепе-теңдікті
ұстай білу, дәлділік, ырғақтық, әр түрлі қозғалыстар үйлесімділігі. Ойын
кезіндегі қарапайым қимыл-әрекеттерді орындау, қайталау арқылы жылдамдық
қасиеттері дамиды. Жаттығулар арапайым және ойын түрлерінде беріледі.
      Бұл жастағы балаларға берілетін дене қуаты жүктемесі орташа, онша ауыр
да емес, сондай жеңілде емес болып берілуі керек.

                            Ұсынылған әдебиеттер.

 4. Дене шынықтыру пәнәнә оқыту әдістемесі. – Астана – Фелиант, 2007-192 б.
 5. Уанбаев Е. Қ., Уанбаева Ф.Ж.
 6. Сәби және мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің негіздері
 7. Мектептерді даярлау – 2009 - №3 – 10-12 б.Уанбасв Е.Қ. Уанбаева Ф.Ж.
 8. Дене мәдениеті және спорттық теориясы мен әдістемесі – өскемен:  С.
    Аманжолов атындағы ШҚМУ Баспасы 2006.



№ 10 тақырып: Гимнастика, қимыл-қозғалыс ойындары, спорттық жаттығулары
Дәріс мақстаы: Спорттық жаттығуларды студенттерге үйрету

                           Қарастырылатын сұрақтар

   1. Қимыл – қозғалыс ойындары және спорт ойындарының  өздеріне тән
      ерекшеліктері.
   2. Мектеп жасына дейінгі балаларда дене тәрбиесін қалыптастырудағы
      әдістемесі.
   3. Спорттық  ойындарының әдістемелік ерешеліктері.

                                    Дәріс

      Қимыл – қозғалыс ойындары балаларда қалыптасқан қозғалыс әрекеттері
және физикалық сапаларын арттырудың әдісі ретінде қолданылады.
      Ойын барысында бала мақсатқа жету үшін бар зейінін соған аударады. Ол
ойын ережелеріне бағына отырып , қимыл – қозғалыс әрекеттерін арттыра
түседі. Мысалы, сол үшін «Волк во рву» ойыны,балалар ұзындықта  секіруді
үйренгенде ғана, ойнатылады.
      Қимыл – қозғалыс өзіндік спецификасы бар: ол балалардан белгілі бір
белгілерге жылдам реакцияларын және ойын барысында өзгеріп отыратын
жайттарға тез бейімделуді қажет етеді. Ойын  барысындағы әр түрлі
ситуациялық жағдайлар қозғалыстар бағыттарының өзгеруіне, бұлшықеттеріне
жүктеме түсуіне әкеледі. Мысалы, «Ловишки» ойында әрбір бала жүргізушінің
әрекеттерін бақылайды. Жүргізуші жақындай бергенде, бала қарама –қарсы
жаққа жүгіріп, жылдамдығын арттырады. Ол өзін қорғанышта екенін сезгенде
жылдамдығын  азайтады, ал жүргізуші қайта жақындаса, қайта жылдамдығын
арттырып қашады.
      Барлық қимыл – қозғалыс ойыны белгілі бір белгілер бар, яғни сол
белгілер арқылы бір қимыл –қозғалысын өзгертеді. Мысалы, «Дружные ребята»
ойынында «построиться!» деген белгі балаларда жылдам рекция береді, яғни
бұл кезде балалар қимыл – қозғалыс бағыттарын өзгертеді, мұнда ақырын
жүгіріс белгілі бір бағытталған мақсатқа айналады, олар бір  сызық бойына
лезде жиналады.
      Мұндай белсенді қимыл әрекет балаларда  жүйке жүйесін жаттықтырды
және қозу мен тежелу процесстерін бір қалыпта ұстай білуге, және де
байқағыштықты, ойлау қабілетін , кеңістік бағдарлай  білуге  және
тығырықтардан шыға білуге , батылдыққа, шапшаңдыққа үйретеді.
      Көптеген зерттеулер мен тәжірибелер нәтижесінде ересек топтарда және
мектеп алды даярлық топтарында спорттық  ойындар жүргізілу керек деген ойға
келді. Спорттық біртіндеп бағдарламаға ендіреді. Яғни  балалар  қимыл –
қозғалыс ойындарын ұйымдастырылып ойнай бастағаннан бастап. Олар ойын –
эстафета, жарыс түрінде  ұйымдастырылады. Спорттық ойын қимыл – қозғалыс
ойыны қарағанда ұйымшылдықты, байқағыштықты, техникалық әрекеттерді көбірек
қажет етеді.
      Осы спорттық мен басқа ойын  түрлерін біріктіретін белгілер ол
сауықтыру, оқыту және тәрбиелік мәні бар, және де көңіл – күйлерінің
көтерілуі және өздерінің қимыл -  қозғалыс әрекеттерін арттыру.
Бірақта  қимыл – қозғалыс  ойындар спорт ойындарының айырмашылығы
инциативасын көрсете алады және  түрлі қимыл белгіленген әрекет болды және
оның өзіндік спецификасы бар. Командалар құрамында балалар  саны шектелген
және ойын уақыты да шектелген. Ойынды жүргізу шарттарына байланысты арнайы
жасақталған орны болады.
      Берілген ойындар балалар дұрыс дағдылар  қалыптасады. Олар спорттық
ойындар жалпы техникалық дағдыларды меңгерді.
Қозғалыс ойындарының өзіне тән ерекшеліктері.
      Ойын қандай түрде болмасын, баланы қуантады. Ал қимыл – қозғалыс ойыны
ерекше қуанышқа бөлейді. Ол алауан түрлі сәттермен қызықты тосын
әрекеттерге толы. Осы ойындарда балаларда жағымды қасиеттер, көтеріңкі
көңіл – күй қалыптасады.
      Қимыл – қозғалыс ойыны тақырыптарының талдауды қажет етеді.
Кез келген ойын – шығармашылық, дидактикалық, музыкалық және де қимыл-
қозғалысты – бұл балаларды қоршаған ортамен, әлеммен танысуға мүмкіндік
жасайды.
      Қимыл – қозғалыс ойынының мазмұнында көптеген таным процестерін
қалыптастыратын және баланың көзқарасын кеңейтеді. Балалар қоршаған ортаны
дұрыс қабылдау үшін, шынайы жағдай келбеті және шынайы ойындық ситуация
қажет. Бұл арқылы педагог балаларда  эмоциналды түрде ашылуына әсер етеді.
      Қозғалыс ойындарын тәрбиеші әр кезде түрлендіріп отыруы керек.  Бұл
түрлендіру тек қана балалардың қызығушылықтарын арттырып қоймай сонымен
қатар, педагогикалық мәселелерді шешуіне әсер етеді. Яғни балалардың қимыл
– қозғалыстары неғұрлым жақсырақ болуы үшін және де түрлі қиынрақ ойындар
кезінде өзін ұстай білуге , түрлі ситуациялық жағдайлардан шыға білуі үшін
түрлендіріп отырады.
      Дене тәрбиеснің бір маңызды бөлігі ,ол мектеп жасына дейінгі балаларда
физикалық нышандарын дұрыс қалыптастыра білу.
Физикалық нышандарды дұрыс қалыптасытыру, ол баланың морфофункцияналдық,
психофизиологиялық және биологиялық ерекшеліктерімен байланысты болып
келеді. Бұл нышандарды қалыптастыру балаларда болшақта өздеріне деген
сенімділік және психикалық жағынан тұрақты, салмақты, организмі шыныққан,
көңіл – күйі тқрақты және үнемі жақсы көңілде болуы, жаңадан құбылыстарды
заттарды тез қабылдауына әкеледі.
Жылдамдық дене тәрбие теориясында ол : « адамның функцияналдық комплекстік
жағдайы, жәнеде ол қозғалыстың жылдамдығын сипаттайтын, жәнеде қозғалыстың
реакциялық уақыты» болып есептеледі. Яғни ол қозғалыстың ең минималды уақыт
ішінде қимыл жасауы.
Жылдамдық қозғалыстық реакция кезінде анықталады. Реакцияның қарапайым және
күрделі түрлері болады. Қарапайым рекацияда бала алдын ала белгілі іс
–әрекеттерге жауабы. Ал күрделі реакция ол – қозғалыстағы объектіге реакция
не реакцияны таңдау кезі. Мектеп жасына дейінгі балаларға ең тиімдісі
элементарлы қозғалыстағы заттарға реакциясы. Мысалы: допты лақтыру, бір
–бірлеріне лақтыруы және т.б.
Шапшаңдық – жаңадан қимыл – қозғалыстарды лезде, тез қабылдауы және
үйренуі.
      Шапшаңдықтың дамуы ол жүйке жүйесінің икемділігіне, өздерінің қимыл
әрекеттерін түсіне білуі және айналадағы жағдайды түсінуіне байланысты
болып келеді. Қозғалыстық тапсырмалардың орындалуы сол қимлыдың кеңістік,
уақыттық және күштің компанентілігіне байланысты.
Балаларда шапшаңдықтың дамуы ол кеңістікті  бағдарлауына , қимылдарды
кезектесіп, ұйысдасқан түрде орныдалуына байланысты. Шапшаңдық кез келген
қимылдың компоненті болып табылады.
      Күш – спорттық немесе сыртқы құбылыстарға төтеп берудегі бұлшықеттік
жүктеме.
      Күштің көрінуі ол, бастапқыдан, жүйке жүйенің концентрациясына, және
бұлшықеттік аппарттың реттелуіне байланысты.
      Мектеп жасына дейінгі балаларда тәрбиелеуде олардың жас ерекшелігін
және олардың ағзаның ерекшеліктерін ескеру керек. Сондықтан балаларға
олардың жас ерекшеліктерін  ескере отырып , салмақты аз –аздан түсіру
керек.
      Шыдамдылық –белгілі бір қимылдық әрекеттерге төтеп бере алу қабілеті.
Мектеп жасына дейінгі балаларда энергетикалық ресурстары олардың дамуына
көп жұмасалады. Балада біртіндеп жалпы шыдамдылықты дамыту керек.
      Түрлі қимылды әрекеттер балаларға мазасыздық, ауыршаңдық, шаршауға
әкеледі.
      Икемділік – морфофункцияналдық қалыпы тірек – қимыл аппарат жүйесіне
байланысты. Икемділік бұлшықеттердің эластикасына байланысты.
                            Ұсынылған әдебиеттер:

1. Қимыл қозғалыстарға үйрету. // Мектептегі дене шынықтыру  №5 2010 жыл
2. Е.Қ. Уанбаев «Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі» оқу
құралы.   Өскемен  С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Баспасы  2006


№ 11 тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде дене тәрбиесін
ұйымдастыру.
Дәріс мақстаы: Мектеп жасына дейінгі балардың тәрбиесін ұйымдастыру

                           Қарастырылатын сұрақтар
   1. Дене тәрбиесі сабағы
   2. Күн тәртібіндегі дене тәрбиесін сауықтыру жұмыстары.
   3. Үй тапсырмасы.
   4. Белсенді демалыс.
   5. Дене тәрбиесін сауықтыру жұмыстарын қаопына келтіру.
   6. Балалардың өздігінен қимыл- қозғалыс жасауы.
   7. Секциялық үйірме сабақтар.


                                    Дәріс

      Дене тәрбиесі сабақтары. Дене тәрбиесі сабақтары балалар бақшасындағы
3-6 жастағы балалармен дене тәрбиесі жұмыстарын жүргізудің негізгі түріне
жатады. Сабақтың мақсаттары: жаңа қозғалыстарға үйрету, алдыңғы сабақтарда
меңгерген әрекеттерді жетілдіру, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу. Дене
тәрбиесі сабағы тәрбиешінің басшылығымен жетісіне 2- 3 рет жүргізіледі.
Сабақтың ұзактығы 3-4 жастағы балаларға 15-20 мин, 4-5 жасқа дейінгі
балаларға 20-25 мин, 5-6 жастағы балаларға 25-30 мин созылады. Сабақ үш
бөлімге бөлінеді: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімнің міндеттері
- балаларды ұйымдастыру, олардың зейіндерін келешек орындалатын
жаттығуларға шоғырландыру, бала ағзасын негізгі бөлімде орындайтын
жаттығуларға дайындау, денелерін қыздыру. Кіріспе бөлімде негізінен
қозғалыс түріндегі жаттығулар орындалады. Олар: жүру, аяқтың үшімен,
өкшемен жүру, жүгіру, бағыттарын өзгертіп жүру, жүгіру, жыланша жүру,
заттардың арасымен жүру және т.б.
      Сабақтың негізгі бөлімінде балаларға жаңа жаттығулар үйрету, қайталау,
алдыңғы сабақтарда өтілген жаттығуларды жетілдіру және дене қуаты
қасйеттерін тәрбиелеу міндетгері орындалады. Негізгі бөлімде ең алдымен
жалпы дене дамыту жаттығулары, жоғарыдан төмен кезектестікпен — алдымен
қол, иық деңгейі жаттығулары, сонан соң кеуде, аяқ бұлшық ет жаттығулары
орындалады. Жалпы дене дамыту жаттығуларынан кейін спорт түрлерінің негізгі
қозғалыс түріндегі жаттығулары: жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру және
тепе — тендік жаттығулары орындалады. Міндетті түрде негізгі бөлімге балаға
физиологиялық және эмоциялық әсер беретін қозғалмалы ойын түрлері
кіргізіледі.
      Қорытынды бөлімде бала ағзасын қалпына келтіру, босаңсыту жаттығулары
беріледі. Берілген жүктемелерді төмендету үшін жүру жаттығулары, тыныс алу
жаттығулары, қозғалысы аз қозғалмалы ойындар, ықыласқа арналған жатгығулар
орындалады.
Бөлімдердің уақыттары мүмкіндігінше мынандай болуы қажет: кіріспе бөлім - 2-
6 минөт, негізгі бөлім — 15-25 минөт, қорытынды бөлім - 2—3 минөт. Әрбір
бөлімдердің уақыттарының ұзақтығын қойылған міндетгерге, жатғушылардың
жастарына, дене қуаты дайындығына байланысты өзгертуге болады.
      Кіріспе бөлім аяқталған кездегі балалардың жүрек соғу жиіліктері 20-
25%, негізгі бөлімнен кейін 50%, қозғалмалы ойындардан кейін 70-80% немесе
100% аспауы керек. Сабақ аяқталғаннан кейін 2-3 мин кейін баланың жүрек
соғу жиілігі бастапқы деңгейге дейін қалпына келуге тиісті. 3-4 жастағы
балалардың
жүктеме тиімділігі, жүрек соғу жиілігі 130-140 соғу/ мин, 5-7 жастағы
балалардікі 140-150 соғу/мин болады.
      Күн тәртібіндегі дене тәрбиесін сауықтыру жұмыстары.
      Күн кестесінде дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын іс-шараларға:
сабақка дейінгі гимнастика, сергіту минуттары және үзілісті тиімді
ұйымдастыру жатады.
      Күн кестесінде балалардың дене шынықтыруды дұрыс ұйымдастыру,
балалардың  денсаулық жағдайын жақсартуды денесінің дамуын күшейтеді.
Тәңертеңгілік гимнастика - балабақшада күнделікті өткізілетін дене
жаттығулары. Гимнастика, сауықтыру, тәрбиелеу міндеттерін шешеді.
Күнделікті ұйымдастырылған гимнастиканың маңызы зор. Ол ағзаның тіршілік
әрекетін, орталық жүйке жүйесінің қызметін, дұрыс тұлға қалыптастыра
отырып, тыныс алуды тереңдетеді, қан айналысын күшейтеді, зат алмасуға
көмектеседі. Ұжымдық түрде ұйымдастырылған гимнастика жаттығулары балаларды
тәртіптілікке тәрбиелеиді.
Өткізілген орын қажетті санитарлық гигиеналық талаптарға сай болуы керек.
      Гимнастика мазмұнына кіретін жаттығулар:
    а) бұлшық ет топтарынг жан-жақты әсер ету, жүректің бір қалыпты
белсенді қызмет атқаруын;
   ә) дұрыс тұлға қалыптсістыруын;
   б) жаттығулар құрылысы балаларға таныс бірден жылдам қабылдайтын болуын;
  в) көңіл - күйлерін көтеретін;
  г) өткізетін орынға сәйкес болуын ескеру қажет.
      Сергіту минуттары. Сергіту минуттары (қысқа мерзімде дене жаттығулары)
сабақ барысында өткізіледі. Сергіту минуттарының маңызы шаршағанды
ұмыттыратын, психиканың жағымды жай-күйінің қалпына келтіретін қимыл
белсенділігі жолымен оқушының іс-әрекеті сипаты мен дене қалпының
өзгеруінде болып табылады.
      Жаттығулардың мазмұнына иық белдеу еттерінің,
кеуде мен аяқтың негізгі топтарын белсенді іске тартатын, тұлға  түзейтін,
жүйке жүйесінің қызметін жандандыратын балаларға таныс жаттығулар
қолданылады. Мысалы, қолды жоғары көтеру, оны қозғалту, жан-жаққа созу және
төмен түсіру, тартылу, жартылай отыру, аяқты тізеден бүгу, кеудені жан-
жаққа бұру, алға төмен иіліп, ізінше бойды тіктеп түзету, т.б.
Үйрету дене шынықтыру сабағында жүргізіледі.
      Үй тапсырмасы
      Үй тапсырмасын орындау арқылы бала өз бетімен дене тәрбиесі
жаттығуларын меңгеруді, жетілдіруді үйренеді, ал ол оның келешек өміріне
маңызы зор.
      Үй тапсырмаларына көбінесе дене тәрбиесі сабағында үйренген спорт
түрлерінің негізгі, дайындық, жақындататын жаттығуларын қайталау, қимыл
шеберлігін жетілдіру мен дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу жаттығулары
беріледі
      Үйге берілетін тапсырмалар түсінікті, қарапайым, қауіпсіз, еркін
орындалатын жаттығулар түрінде болады. Мұғалім әрбір үй тапсырмасын алдын
ала ойластырып, жоспар жасап, дайындалып барып береді. Ол жаттығулар сабақ
кезінде орындалып жатқан кезде ұсынылып, сабақ соңында қорытынды бөлімде,
тағы да қайталанып айтылып, үй тапсырмасы ретінде беріледі. Үй тапсырмасын
балалар айқын түсінуі үшін, тапсырма толық, нақты түсіндіріле айтылуы,
жаттығу техникасы жақсы деңгейде қөрытылуы тиісті. Үй тапсырмасының
орындалуын мұғалім қадағалағанда, тексергенде ғана бала жауапкершілікті
сезіне бастайды. Ол үй тапсырмаларына байланысты мәселелер ата-аналар
жиналысында түсіндіріліп, оларға маңыздылығы, қадағалау жолдары айтылады.
Осындай көптеген шаралар орындалып, үй тапсырмасын орындау, бақылау дұрыс
шешімін тапқанда ғана ол дене тәрбиесі сабақтарының тиімді әрі жемісті
жүргізілуіне пайдасын тигізеді.
      Белсенді демелыс
      Қозғалмалы ойындар.   Әр  түрлі  қозғалыс мазмұнындағы қозғалмалы
ойындар күнделікті балалар серуенге, таза ауата шыққан кезде орындалады. Ол
ойындар балалардың қозғалыс белсенділіктерін  арттырады, көңіл күйлерін
жақсартады. Қозғалмалы ойындардың мазмұнына жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу,
еңбектеу және басқа қозғалыс әрекеттері кірсді. Бұл ойындардағы үлкен
қозғалыс белсенділігі балалардың дене қуаты қасиеттерінің дамуына, жүрек -
кан тамыры, тыныс алу жүйелерінің қызметтерінің жетілуіне әсер етеді.
      Сергектік сәттері. Сергектік сәттері бала денесінің көп уақыт бір
тыныштық. (статикалық) қалыпта отырып қалған кездерінде орындалады. Ол бір
қалыпта отырып қалған бала денесінін шаршауын тоқтату, демалдыру, ағзаның
қозғалыс қызметтілігін белсендірлендіру, ақыл-ой жұмыс қабілеттілігін
арттыру мақсатында жүргізіледі. Сергектік сәттері есеп, сурет салу,
пластилиннен әр түрлі мүсіндер жасау кездерінде 2-3 минөт, 3-4 женіл
жаттығулар түрінде өткізіледі.
Дене мәдениеті мерекелері. Дене мәдениеті мерекелері салтанатты түрде
балалардың дене тәрбиесі жаттығуларын үйрену, меңгерудегі жетістіктерін
айтуға, мадақтауға, марапаттауға арналады. Дене мәдениеті мерекелері жылына
2-3 рет өткізіледі.
      Дене тәрбиесін сауықтыру жұмыстарын қаопына келтіру.
      Дене тәрбиесі - адамның күш жігер қабілетін дамыту және денсаулығын
жақсарту. Дене шынықтыруға дене тәрбиесі, арнаулы ғылыми білім, спорттағы
табыстар жүйесі енеді. Дене шынықтыру еңбек пен тұрмыс гигиенасы, демалыс
пен еңбектің дұрыс тәртібін, сондай-ақ денсаулықты нығайтып, шынықтыру үшін
күн мен ауаны, суды тиімді пайдалану тәсілдерін қамтиды.
      Денсаулық және спорт күндерін өткізудің нақты уақытын ауа райының
қолайлылығы мен спорт базаларының дайындығына, жергілікті дәстүрлі
мерекелердің өту мерзіміне байланысты әр мекеме өзі белгілейді.
      Денсаулық және спорт күндерінің жарыс кестесіне - таза ауадағы қимыл-
қозғалыс жаттығулары мен түрлі спорт ойындары, саяхат-жорықтар, т.б.
түрлерін енгізуге болады. Денені шынықтыру, спортпен айналысу - адам
денсаулығын жақсартып, ауруға шалдықтырмай, сымбатты, өз-өзіне сенімді,
салауатты өмір сүрудің кепілі.
      Дене тәрбиесі туралы ілім - жалпы дене мүшелерінің дамуы туралы
жинақталған білім жүйесі. Дене мүшелерінің қимыл-қозғалысы жөніндегі
заңдылықтарды, дене жаттығулары мен тактикалық қимылдарды орындау
тәсілдері, оның ережелері туралы білім негізі мен әдістемелік нұсқауларды
меңгермей, дене тәрбиесімен айналысу мүмкін емес. Бұл заңдылықтарды тосын
жағдайларда қолдана білу үшін де білім қажет. Сондай-ақ ұжымдық қарым-
қатынас нормалары мен дене шынықтыру қызметінің қоғамдық маңызы туралы
ілімді білмейінші дұрыс шешім қабылдау мүмкін емес.
      Балалардың өздігінен қимыл- қозғалыс жасауы.
      Балалардын өз беттерімен, өз еріктерімен, өз ұсыныстарымен дене
тәрбиесі жаттығуларын таңдауы олардың қозғалыс тәжірибелерін көрсетеді.
Тәрбиешіге балалардың қандай қозғалыс түрлерін, спорт түрлерінің
жаттығуларын ұнататынын, қандай қозғалыстүрлеріне икемділіктері,
құштарлықтары бар екенін аныктауға көмектеседі. Өз бетімен дене
жаттығуларын орындау арқылы, бір-бірлеріне үйрейген жаттығуларын көрсету
арқылы балалардың қозғалыс тәжірибелері кеңейеді, өздеріне сенімділігі
нығаяды.

                            Ұсынылған әдебиеттер.

1.  К.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.
2. Е.Сағындықов. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. - Алматы, 1992.


Пәндер