Файл қосу

Жарылысқа қауіпті заттар



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                         |
|ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |ПОӘК              |ПОӘК 042-14.4.05.1.20.45/03-2011  |
|                         |                  |                                  |
|                         |                  |                                  |
|ПОӘК «Жану және жарылыс  |№ 2 басылым       |                                  |
|теориясы» пәнінің оқу    |30.09.11.         |                                  |
|әдістемелік материалдары |                  |                                  |








                        Пәннің оқу-әдістемелік кешені

    «Жану және жарылыс теориясы» пәнінен  5В073100  «Тіршілік әрекетінің
       қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған




                        Оқу әдістемелік материалдары

















                                    Семей
                                    2011
                                 1 Гласарий
Ауада өздігінен жанатын зат – сары фосфор және сұйық сутектік фосфор.
Табиғи өрт – апаттық  түрде  пайда  болатын  және  табиғи  ортада  таралатын
бақылаусыз жану процесі.
Ландшафтық өрт – географиялық ландшафтың әртүрлі бөлігін қамтитын өрт.
Орман өрті – орман ауданымен таралатын өрт.
Дала  өрті  –  далада  табиғи  түрде  пайда  болатын  немесе  жасанды  түрде
туындайтын өрттер.
Шым өрттері  -  күн  сәулесінің  қыздыруы  кезінде  немесе  адамдардың  отты
абайсыз пайдалануы нәтижесінде шым батпақтың үстіңгі қабатының жануы.
Өрт аймағы – апатты құбылыс, авария немесе қирау,  адамдардың  отты  абайсыз
пайдалануы нәтижесінде белгілі бір аймақта өрттің пайда болуы мен таралуы.
Өртті сөндіру - күштер мен  құралдардың  тартылу  процесі,  сондай-ақ  өртті
сөндіру үшін әдістер мен тәсілдерді пайдалану.
Өртті жайылтпау – жанудың ары қарай жайылу мүмкіндігін болдырмау және  қолда
бар күштер мен құралдар арқылы оның  жетістікті  жойылуына  жағдай  жасалуға
бағытталған іс-әрекет.
Өртті жою - жануды түкпілікті жоюға, сондай-ақ оның қайта  жану  мүмкіндігін
болдырмауға бағытталған іс-әрекет.
Мемлекеттік  орман  күзеті   -   ормандарды   қорғауды   іске   асыру   үшін
ұйымдастырылған  орман  шаруашылығы  мен  қала  ормандарының,       орман  –
қорықтарды   және   бекітілген   ормандардың   күйін   қадағалау   жөніндегі
мемлекеттік органдардың арнайы қызметі.
Өрт   –   адамдардың    өміріне    қауіп    тудыратын    және    материалдық
құндылықтардың жойылуымен қатар жүретін бақылаусыз жану процессі.
Өрт  қауіпсіздігі  -  халықтың,   шаруашылық   және   басқа   да   бағыттағы
нысандардың, сондай – ақ  қоршаған  табиғи  ортаның  қауіпті  факторлар  мен
өрттің ықпалынан қорғаныс жағдайы.
Өрт  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету—  нормативті  құқықтық  актілерді,   өрт
қауіпсіздігінің ережелері мен талаптарын қабылдау және сақтау, сондай  –  ақ
өртке қарсы  іс – шараларды жүргізу.
Нысанның өрт қауіпсіздігі — регламенттелген  мүмкіндікпен  өрттің  тууы  мен
дамуы және адамдарға  өрттің  қауіпті  факторларының  әсер  ету  мүмкіндігін
болғызбау кезіңдегі нысанның жағдайы,  сондай–ақ  материалдық  құндылықтарды
қорғау қамтамасыз етіледі.
Өрт қаупі - қандай да бір затқа, жағдайға және процесске  бекітілген  өрттің
пайда болу және даму  мүмкіндігі.  Дұрысында,  өрттер  жанғыш  және  жарылыс
қаупі бар заттардың жарылысымен қатар жүреді.
Өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету  мақсатында
күші  бар  заңдар  жиынтығында  немесе                         нормативті  –
техникалық   құжаттарда   арнайы   өкілеттенген   мемлекеттік    органдармен
бекітілген,  арнайы  шарт  немесе  ұйымдастыру  және   (немесе)   техникалық
сипаттағы ереже.
Өртке қарсы іс-шаралар - өртке қарсы режимінің сақталуына, өртті  алдын  ала
болдырмауға және жылдам сөндіруге  жағдай  жасауға  бағытталған  ұйымдастыру
мен техникалық сипаттағы іс – шаралар.
  Өртке  қарсы  режим  -  өрт  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  бағытталған
адамдардың іс - әрекетінің, жұмысты орындау мен нысанды  (өнімді)  пайдалану
ережесінің бекітілген жиынтығы.
Өрт қорганысы - адамдардың өмірі мен денсаулығын, шаруашылық  нысандары  мен
қоршаған табиғи ортаны  өрттер  алып  келетін  төтенше  жағдайлардан  қорғау
мақсатында бекітілтен тәртіппен құрылған, басқарушы органдарды,  күштер  мен
құралдарды біріктіруші өрт қауіпсіздігі жүйесінің негізгі бөлімі.
Өрт жаралыс қауіпті нысан – техногенді төтенше жағдайдың тууына нақты  қауіп
– қатер тудыратын тез тұтанатын және жарылыс қауіпі бар заттар  өндірілетін,
пайдаланылатын, өнделетін, сақталатын немесе тасымалданатын нысан.
Жарылыс – заттардың  физикалық  және  химиялық  араласуының  жылдам  жүретін
процессі,  үлкен  көлемдегі  энергияның  қысқа  уақыт  аралығында   шектеулі
мөлшерде шығуы. Ол лезде кеңейген  кезде  қоршаған  денелерге  соққы  әсерін
(соққы толқын, қысым, қирату) туғызатын өте  жоғарғы  қысымды  қатты  қызған
газдың (плазманың) түзілуін алып келеді. Қатты ортадағы жарылыс оның  қирауы
мен бөлшектелуіне алып келеді, ауада немесе суда болса, ауалы  гидрологиялық
соққы толқын туғызады, олар өз кезегінде  сол  жерде  орналасқан  нысандарға
қиратушы әсерін тигізеді.
Жарылыс ңауіпті нысан (ЖҚН) - белгілі жағдайларда жарылыс қауіпі бар  заттар
(өнімдер) сақталатын, пайдаланылатын, тасымалданатын нысан.
Жарылыс қауіпі бар заттар - оттың, сілкінудің,  үйкелудің  әсерінен  жарылуы
мүмкін зат.
Соққы толқын – жарылыстың  зақымдаушы  факторларының  бірі  болып  табылатын
заттың кенеттен тығыздығы, қысымы мен температурасының жоғарылауы  жүргенде,
жоғарғы дыбыстық жылдамдықпен таралатын ауыспалы аймақ.
Соққы толқын фронтындагы артық қысым — сокқы толқын  фронтындағы  максималды
қысым  мен  осы  фронт  алдындағы  қалыпты  атмосфералық  қысым   арасындағы
айырмашылық.
Жарқ етіп жану-қатты және газ  күйіндегі  заттардың  жоғарғы  жағында  пайда
болған булардың тез жануы;
Тұтанып жалындау –  заттардың  қайнау  температурасына  дейін  қызып  жануды
қолдайтын заттардың булануына дейінгі кезеңді айтады.  Тез  жалындайтын  47-
50С  жанатын 50-80С ;
Өздігінен жалындау – заттардың басқа жылу көздерінен қызып,  өзіндік  қызуға
айналуы.
Өздігінен жану  – заттардың өздігінен қызуы арқылы болған жануды айтады.
Атылып жану  – заттардың тез арада көп мөлшерде жылу шығарып, газ  қысымының
жоғарлауын айтады.
Жанбайтын зат  – атмосфералық  ауада  жануға  қабілеті  жоқ  заттар.  Оларға
материалдар, қоспалар, бұйымдар.
Жанатын өнім бөлетін заттар немесе  сумен  және  бір-бірімен  әрекеттескенде
жылу бөлетін заттар.
Тотықтырғыштар: калий пермаганаты,  натрий  оксиді,  хром  оксиді,  қорғасын
оксиді, азот қышқылы, сұйық оттегі.
Қиын жанатын зат – тұтатқыш немесе жанғыш көздің әсерінен  жануға  қабілетті
заттар.
Жанатын зат - жанғыш заттар ( сутек, метан, пропан, этан).
Сұйық жанғыш  заттар ( ацетон, бензин, бензол, диэтил эфир.
Жанғыштық тобы – заттарды және материалдарды жану  қабілеттілігіне  жіктеуде
пайдаланылатын өрт қауіптілігінің негізгі көрсеткіші.
Оңай тұтанатын заттар – төмен энергиялы жану көзінің аз  уақыттағы  (30  сек
дейін) әсерінен тұтана алатын заттарды және материалдар.
Оталу  температурасы  –  жанғыш  заттың  беткі  қабатында  арнайы   сынақтар
өткізгенде жану көзі арқылы тұтануға мүмкіндігі бар булар мен  газдар  пайда
болады.
Оталу  температурасы  –  сұйықтарды  өрт  қауіптілігі   бойынша   жіктегенде
өндірістегі жарылыс және өрт қауіпінің деңгейін белгілеуде пайдаланылады.
Тұтану температурасы – арнайы сынақтар  шарттарында  зат  өзінен  булар  мен
газдарды тұрақты жанатын  жалын  тудыратын  жылдамдықпен  бөлетін  ең  төмен
температура.
Өздігінен  тұтану  температурасы  –  арнайы  сынақтар   шарттарында  жалынды
жануымен  аяқталатын  экзотермиялық  реакциясының  жылдамдығы  бірден  артуы
болатын зат температурасы.
Өрт таралуының жоғарғы және төменгі  концентрациялық  шегі  –  «Жанғыш  зат-
тотықтырғыш орта» қоспасындағы жанармайды  минимал  (максималды)  мөлшерінің
болуы.
Өздігінен  қызу  температурасы  –  заттың  өздігінен  қызуы  бықсуға  немесе
жалындап жануға қабілетсіз болатын ең төмен температура.
Бықсу температурасы – бықсу пайда  болып,  аяқталатын  экзометриялық  тотығу
реакцияларының  жылдамдығының  бірден  өсуі  болатын  температура.  Оталудың
минималды энергиясы – газдың, будың, шаңның ауамен араласқан оңай  тұтанатын
қоспасын оталдыруға қабілетті электр разрядының энергиясының мәні.
Оттег индексі – арнайы зерттеулер жағдайында заттардың шырақ  тәрізді  жануы
мүмкін болатын оттегілі-азотты қоспадағы оттегінің минимал мөлшері.
Күлге  айналу  жылдамдығы  –  уақыт  бірлігінен  жанып  кететін  жанғыш  зат
мөлшері.
                                 2 Дәрістер

№1 дәріс. Кіріспе.  Пәннің жалпы мазмұны. Жану теориясы. (2 сағат)

      Жалпы сұрақтар
   1. Жану және жарылыс процесстерінің физико-химиялық негіздері.
   2. Негізгі түсініктер, анықтамалар.
   3. Жану, жарылыс. Жану мен жарылысқа қажетті жағдайлар.
   4. Тұтану көздері. Жану түрлері

   Пәннің жалпы мазмұны.  «Жану  және  жарылыс  теориясы»  пәні   адамзаттың
техногендік әрекеттерімен жүретін жану және жарылыс процестері  заңдылықтары
туралы студенттерге білім береді.  Өрт  бұл  адамдардың,  жануарлардың  қаза
болуына алып келетін бақылаусыз жану процессі. Заттардың немесе  материалдың
өрт  және  жарылыстың  қауіпінің  сипаттамасына   жеткілікті  және   қажетті
көрсеткіштер санын, олардың өндіру өңдеу, тасымалдау,  сақтауына  байланысты
нысанның  өрттік  қауіпсіздігін  қамтамасыз   ететін   жүйесін   жетілдіруді
анықтайды. Пән «Жану теориясы» және «Жарылыс теориясы»  деген  екі  бөлімнен
тұрады.
   Пәнді  оқытудың  міндеттері.  Заттардың  және  материалдардың  өрт   және
жарылыстық қауіпі, оның агрегаттық күйі және пайдалану жағдайларына  тәуелді
болатын  көрсеткіштермен  анықтау,   техногендік  заттарды  жағу  және  жару
процестерін  сипаттауға   қажетті   сандық   бағалау   параметрлері   туралы
мәліметтер алу.
   Пәнді оқу барысында студент білу қажет. Жану  процестерінің  анықтамасын,
жану сипатына  байланысты  матаериалдардың  жіктелуін,  әртүрлі  заттар  мен
материалдардың    жану   және   жарылыс    процесстерінің    физико-химиялық
негіздерін, авариялық,  ядролық,  детанациялық,  дефлаграциялық.  жарылыстың
түрлерін білуі қажет.
   Пәнді оқу барысында студент істей алуы қажет.
   Жалын көзі немесе тотықтырғыш аумағындағы әртүрлі  қатынасындағы  жарылыс
пен жанудың пайда болуы қауіпін болжай  білу,   газ  және  газ  қоспаларының
өртке  қауіптілігін  анықтай  білу,   Төтенше   жағдай   кезіндегі   жарылыс
параметрлерін және  өрт  кезіндегі  өнімдердің  жану  құрамын  болжай  білуі
қажет.

    Жану процессінің анықтамасы. Жанудың түрлері.
   Жану дегеніміз- күрделі физико-химиялық  процесс.  Жану  кезінде  жанатын
затпен тотықтырушылар  қосылады  да,  жылу  және  жарық  бөледі.  Қандай  да
болмасын жану процесі үшін мөлшерлі және тотықтырғыштар керек.
   Тотықтырғыштар: оттегі, хлор, бром, азот қышқылы, бертоле тұзы.
   Жанатын заттар: қатты, сұйық, газ күйінде кездесуі мүмкін. Бұл  заттардың
барлығы жанған кезде жарық және жылу шығарады.
   Жанудың түрлері. Жанудың бірнеше түрлері бар:
     • Жарқ етіп жану-қатты және газ  күйіндегі  заттардың  жоғарғы  жағында
       пайда болған булардың тез жануы;
     • Тұтанып жалындау  –  заттардың  қайнау  температурасына  дейін  қызып
       жануды қолдайтын заттардың  булануына  дейінгі  кезеңді  айтады.  Тез
       жалындайтын 47-50С  жанатын 50-80С ;
     • Өздігінен жалындау – заттардың басқа жылу көздерінен  қызып,  өзіндік
       қызуға айналуы.
     • Өздігінен жану дегеніміз – заттардың өздігінен  қызуы  арқылы  болған
       жануды айтады.
     • Атылып жану  дегеніміз  –  заттардың  тез  арада  көп  мөлшерде  жылу
       шығарып, газ қысымының жоғарлауын айтады.
    Жану  сипатына  байланысты  құрылыс  материалдары  3   түрге   бөлінеді:
жанбайтын, қиын жанатын, жанатын.
    Жанбайтын зат дегеніміз – атмосфералық ауада жануға қабілеті жоқ заттар.
Оларға материалдар, қоспалар, бұйымдар. Жанбайтын заттардың көпшілігі  өртке
қауіпті. Оларды мынандай топтарға бөлуге болады
    Жанатын өнім бөлетін заттар немесе сумен және бір-бірімен әрекеттескенде
жылу бөлетін  заттар.   Олар:  кальций  карбиді,  металл  күйіндегі  натрий,
қортылмаған әк , сұйытылған қышқылдар ( күкірт және тұз)
    Тотықтырғыштар: калий пермаганаты, натрий оксиді, хром оксиді,  қорғасын
оксиді, азот қышқылы, сұйық оттегі.
    Ауада өздігінен жанатын зат – сары фосфор және сұйық сутектік фосфор.
    Қиын жанатын зат дегеніміз –  тұтатқыш  немесе  жанғыш  көздің  әсерінен
жануға қабілетті заттар. Бұл заттар жанғыш көз жойылғаннан кейін жанбайды.
    Жанатын зат дегеніміз- жанғыш заттар ( сутек,  метан,  пропан,  этан)  .
Сұйық жанғыш  заттар ( ацетон, бензин, бензол, диэтил эфир) .  Қатты  заттар
қатты заттар (полистиролл,ағаш өнімдері,қағаз бұйымдары)


 Жану процесінің физико-химиялық негіздері. Жану процесінің  түрлері,  кедей
және бай қоспалар, химиялық жану процесінің түрлері.
      Жану дегеніміз көп мөлшерде жылу мен жарық бөліну мен өте тез  жүретін
химиялық тотығу реакциясы.  Жану  реакциясы  болу  үшін  жанғыш  заттың  көп
мөлшері  және  тұтатқыш  көзі  болуы  керек.  Жану  процесі  гомогенді  және
гетерогенді деп екіге бөлінеді.
      Гомогенді жану  дегеніміз  –  бастапқы  заттар  бір  агрегаттық  күйде
болатын жану. Мысалы: газ-газ, сұйық-сұйық. .  Гетерогенді  жану  дегеніміз-
бастапқы  заттар  әртүрлі  агрегаттық  күйде  болады  және  жанғанда  бөліну
шекарасы байқалады. Мысалы: қатты және сұйық заттың оттегі қатысында  жануы.
Жанудың  жалынының  таралу  жылдамдығына  байланысты  дефлаграциялық  (ондық
м\с), жарылыстық (жүздік м\с), детонациялық (мыңдық  м\с)  бөледі,  көбінесе
өрттер дефлограциялық жанумен ерекшеленеді.  Жанғыш  және  тотықтырғыштардың
қатынасына байланысты қоспаларды кедей және бай қоспалар деп  бөледі.  Кедей
қоспалардың  құрамында  тотықтырғыштар  көп  болады,  ал   бай   қоспалардың
құрамында  жанғыш  заттардың  мөлшері  көп  болады.  Өздігінен  тез  жүретін
химиялық жану реакциясының 3 түрі бар: жылулық, тізбектік, комбинирленген.
      Шынайы  жану  процесі  комбинирленген,  тізбектік,  жылулық   механизм
бойынша өтеді. Жану процесінің пайда болуының  бірнеше  этапы  бар:  тұтану,
жарқ етіп жану, тұтанып жалындау, өздігінен жану, атылып жану.

      Жанудың және жарылыстың физико-химиялық негіздері. Жану және жарылысқа
 қажетті жағдайлар.
      Жану – жылу және жарық бөлінуімен  бірге  жүретін  тотығудың  химиялық
реакциясы. Үрдістің жүру жылдамдығына байланысты жану  өздігінен  жану  және
жарылыс түрінде болуы мүмкін.
       Жарылыс – қалыпты мөлшерде жарық пен жылудың  аз  уақытқа  бөлінуімен
жүретін жанудың жеке түрі.
      Жану процесі үшін:
      • Жанғыш заттан және тотықтырғыштан тұратын жану ортасы
      • Жалын көзі болуы керек.
    Жану үрдісі пайда болуы үшін жану ортасы жалын көзінің көмегімен белгілі
температураға дейін қыздырылған болуы  керек.  Жану  пайда  болғаннан  кейін
жану аумағы жанудың тұрақты көзіне  айналады.  Жанудың  пайда  болуы  немесе
жалғасуы жанғыш зат пен оттегінің белгілі жану көзінің жылулық  энергиясының
қоры болғанда ғана мүмкін болады.  Тұрақты  жанудың  үлкен  жылдамдығы  таза
оттегіде байқалады, ең азы ауада  14-15  пайыз  оттегі  болғанда  байқалады.
Ауада оттегі аз болғанда заттардың үлкен бөлігінің жануы тоқтайды.
      Жанудың келесі түрлері:
     • толық- оттегінің жеткілікті немесе артық мөлшеріндегі жану;
     • толық емес – оттегі жетіспгендегі жану.
    Толық жану кезінде  көміртегі  оксиді,  су,  азот,  күкіртті  ангидрид,
фосфорлы ангидрид жану өнімдері болады. Толық емес жануда өткір  иісті,  улы
жанғыш және жарылысқа қауіпті заттар түзіледі: көміртегі  оксиді,  спирттер,
қышқылдар, альдегидтер т.б. Заттардың жануы тек оттекті  ортада  ғана  емес,
сонымен қатар хлорлы, бром буы бар күкіртті орталарда да жану жүруі  мүмкін.

    Жанғыш заттар үш агрегаттық күйде болады: сұйық,  қатты,  газ  тәрізді.
Жеке қатты заттар қыздырғанда  ериді  де,  буланып  кетеді,  тағы  біреулері
ыдырайды және газ тәрізді өнімдер мен көмір түріндегі қатты  қалдық  бөледі,
келесілері  ыдырамайды   және   балқымайды.   Жанғыш   заттардың   көпшілігі
агрегаттық күйіне тәуелсіз қыздырған кезде газ тәрізді өнімдер түзеді,  олар
оттегімен  араласқанда  жанғыш  ортаға  айналады.          Жанармайды   және
тотықтырғышты агрегаттық күйіне байланысты былай бөледі:
     • гомогенді жану – газ тәрізді тотықтырғыштыортада  газдардың  және  бу
       түзуші жанғыш заттардың жануы.
     • жарылғыш заттардың және күкірттің жануы
     • гетерогенді жану газ тәрізді тотықтырғышты ортада  сұйық  және  қатты
       жанғыш заттардың жануы
     • сұйық жанғыш қоспа – сұйық тотықтырғыш жүйесіндегі жану

    Жалынның таралуы. Жану теориясының негізгі сұрағы.  Жалынның  таралуының
келесі режимдерін қарастырады:
     • жанудың қалыпты режимі;
     • дефлеграционды жану;
     • детонация.
      Жанудың қалыпты режимі екі фазалы диффузионды гетерогенді жану кезінде
байқалады.  Жану  жылдамдығы  оттегі  дифузиясының  жану   аумағына   жанғыш
заттарға жетуімен анықталады. Жалынның таралуы жалынның  алдыңғы  нүктесінен
оның  жазықтығының  нормасымен  анықталады.  Мұндай  жануды  және   жазықтың
бойымен қозғалмайтын қоспа арқылы жалынның  таралу  жылдамдығы  қалыпты  деп
аталады.
       Жанудың  қалыпты  жылдамдықтары  үлкен  болмайды.   Мұндай   жағдайда
қысымның артуы және соққы толқынының пайда болуы да болмайды.
      Нақты шарттарда ішкі үрдістердің және сыртқы асқындырушы  факторлардың
әсерінің   нәтижесінде   өрт   фронтының   бұрылуына   әкеледі,   бұл   жану
жылдамдығының өсуіне әсер етеді. Өрттің таралуы секундына  10-100м  жеткенде
жарылысты жану болады. Жарылысты  жануда  жану  өнімдері  1,5-3000  градусқа
дейін қызады, ал жабық жүйелердегі қысым 0,6-0,9мПА-ға дейін артады.
       Жану реакциясының жарылыстық режимге дейін  жету  үшін  газдарда  0,1
сек, буларда 0,2 сек, шаңда 0,5 сек жеткілікті.
 Кейбір жағдайларда жарылысты  жану  детонациялы  процеске  айналуы  мүмкін,
мұнда өрттің таралу жылдамдығы дыбыстың  таралу  жылдамдығынан  асып  кетеді
және 1-5 км/сек болады. Бұл жағдай өрт фронтының бұрылуына және өрт  бетінің
үлкейуіне  әкелетін  материалды  ағындардың  үлкен  турбулизациясы   кезінде
туады.Бұл кезде соққы толқыны пайда болып, қоспа температурасының  тығыздығы
және  қысымы  бірден  өседі.  Қоспаның   осы   параметрлері   артқан   кезде
детонациялық толқын пайда болады.
      Қоспаның детонациялық бұлтының шегіндегі  артық  қысым  2мПА-ға  дейін
жетеді.
  Жанғыш  заттардың  соққы  толқынымен  енгізілетін  және   энергияның   тез
бөлінуімен қоса жүретін химиялық процесс детонация деп аталады.


    Өзін өзі тексеру сұрақтары:
   1. Пәннің жалпы мазмұны, міндеттері.
   2. Негізгі түсініктер, анықтамалар
   3. Жану процессінің анықтамасы. Жанудың түрлері.
   4.   Жану   түрлері:   түгелдей,   жартылай,   гомогенді,    гетерогенді,
      дефлаграциялық жарылғыштық,  детанациялық.


   №2 дәріс. Жану өнімдерінің құрамы. (3 сағат)


   Жалпы сұрақтар
   1. Жану кезіндегі ауаның шығыны.
   2. Адиабаттық жану температурасы.
   3. Жанудың тізбектік реакциясы. Реакция жылуы.

   Жану  кезіндегі  ауаның  шығыны.  Жану  —  энергияның  қарқынды  бөлініп,
қоршаған ортамен жылу және масса алмасуы арқылы  жүретін  физикалық-химиялық
реакция. Жану реакциясы жүру үшін жүйеде активті аралық заттардың  (тізбекті
жану) немесе жылудың (жылулық жану)  жинақталуы  шарт.  Ең  көп  тарағаны  —
жылулық жану Жылулық жану — әр  түрлі  формада  өтетін  күшті  экзотермиялық
реакция. Жануға: жүйенің бүкіл  көлемінде  реакция  жылдамдығының  өздігінен
үдеуі (өздігінен тұтануы); сырттан әкелінген энергия көзінен  шағын  көлемде
реакция жылдамдығының өздігінен үдеуі (отпен  тұтату);  кеңістікте  тарайтын
реакцияны тар аймақта жүргізу; белгілі бір көлемде алғашқы заттарды  әкеліп,
реакция өнімдерін  алып  кетіп  отырғанда  өздігінен  қызуы  болатын  жоғары
температурада  жүретін  стационарлық  немесе  квазистационарлық   реакциялар
жатады. Жанудың және оны өшірудің  мынадай  жағдайлары  бар:  температураны,
қысымды, жүйе өлшемін, т.б. аздап өзгерткенде баяу жүретін  реакцияның  жану
режиміне өтуі немесе, керісінше,  жану  тоқтауы  мүмкін.  Реакция  гомогенді
жануда  реагенттердің  молекулалық   деңгейде   араласқан   қоспасында,   ал
гетерогенді жануда жануға қатысатын  заттардың  бөліну  шекарасында  жүреді.
Буланатын сұйық  жанғыш  заттардың  ауамен  жанасуы  кезінде  пайда  болатын
гетерогенді жану кең таралған. Жану өнімдері газ,  конденсацияланған  заттар
түрінде болуы мүмкін.  Конденсацияланған  фазадағы  газсыз  жануда  бастапқы
және аралық заттар, реакция өнімдері болады. жанудың  химиялық  табиғаты  әр
түрлі. Жану, негізінен, оттек қатысуымен жүреді.  Сондай-ақ,  оттексіз  жану
реакциялары да белгілі: ацетиленнің,  жарылғыш  заттардың,  бір  компонентті
реактивтік  отынның  ыдырауы;  металдарды  хлорлау,  фторлау,  азоттау  және
гидрлеу;  элементтерден  карбидтерді,   боридтерді,   силицидтерді   тікелей
синтездеу, т.б.

   Өрт немесе  жарылыс  қауіпі  бар  материалдар  мен  құралдар  көрсеткіші.
Заттардың және материалдардың өрт немесе жарылыстың қауіпі  оның  агрегаттық
күйі  және  оны  пайдалану  жағдайларына  тәуелді  болатын   көрсеткіштермен
анықталады.
 Заттардың және материалдардың өрт және жарылыстық  қауіпінің  сипаттамасына
жеткілікті  және  қауіпті   көрсеткіштер   саны   олардың   өндіру,   өңдеу,
тасымалдау, сақтауына байланысты нысанның  өрттік  қауіпсіздігін  қамтамасыз
ететін жүйесін жетілдірушімен анықталады.
 Төменде заттардың және материалдардың негізгі  көрсеткіштері  және  олардың
тәжірбиеде пайдалану облысының түсініктері келтірілген.
 Жанғыштық тобы- заттарды және материалдарды жану  қабілеттілігіне  жіктеуде
пайдаланылатын   өрт   қауіптілігінің   негізгі   көрсеткіші.   Жанғыштығына
байланысты заттар мен  материалдар  3  топқа  бөлінеді:  Жанбайтын  –  ауада
жануға қабілетсіз заттар мен материалдар: қиын жанатын –  жану  көзі  арқылы
ауада жанатын, бірақ жану көзі болмаса, өздігінен жанбайтын материалдар  мен
заттар. Жанатын - өздігінен жана алатын, жану көзінен де жанатын  және  жану
көзі болмаса да, өздігінен  жана  беретін  заттар  мен  материалдар.  Жанғыш
заттар мен материалдар тобынан оңай тұтанатын заттар  мен  материалды  бөліп
қарастырады.  Оңай тұтанатын заттар деп  төмен  энергиялы  жану  көзінің  аз
уақыттағы (30 сек дейін) әсерінен тұтана алатын заттарды және  материалдарды
айтады.  Жанғыштық  тобы  материалдарды  жанғыштығы  бойынша  бөлу   кезінде
бөлмелердің  және  ғимараттардың  өрт   және   жарылыс   қауіпінің   сапасын
анықтауда,  жарылыс  қауіпі  бар  аймақтардың  кластарын   белгілеуде,   өрт
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды әзірлеуде қолданылады.
 Оталу  температурасы  –  жанғыш  заттың  беткі  қабатында  арнайы  сынақтар
өткізгенде жану көзі арқылы тұтануға мүмкіндігі бар булар мен  газдар  пайда
болады. Ең төменгі  температура.  Оталу  температурасы  ұғымы  сұйықтардыөрт
қауіптілігі  бойынша  жіктегенде  өндірістегі  жарылыс  және  өрт  қауіпінің
деңгейін белгілеуде пайдаланылады.
 Тұтану температурасы -  арнайы сынақтар шарттарында зат  өзінен  булар  мен
газдарды тұрақты жанатын  жалын  тудыратын  жылдамдықпен  бөлетін  ең  төмен
температура.  Тұтану  температурасы  ұғымы  заттардың   жанғыштық   топтарын
белгілеуде,  жабдықтардың  және  технологиялық  процестердің   өрт   қауіпін
бағалауда пайдаланылады.
  Өздігінен  тұтану  температурасы-  арнайы  сынақтар   шарттарында  жалынды
жануымен  аяқталатын  экзотермиялық  реакциясының  жылдамдығы  бірден  артуы
болатын зат температурасы. Бұл ұғым заттардың  өрт  және  жарылыс  қауіпінін
бағалауда,   жарылыстан   қорғалған   электр   жабдығының   типін   таңдауда
қолданылады.
 Өрт таралуының жоғарғы және  төменгі  концентрациялық  шегі-  «Жанғыш  зат-
тотықтырғыш орта» қоспасындағы жанармайды  минимал  (максималды)  мөлшерінің
болуы.
  Өрттің  таралуының  температуралық  шегі  заттың  қаныққан  буының   нақты
тотықтырғыш  ортада  концентрация  түзетін  температура  өрттің   таралуының
концентрациялы шегіне сәйкес.
 Өздігінен қызу  температурасы  –  заттың  өздігінен  қызуы  бықсуға  немесе
жалындап жануға қабілетсіз болатын ең төмен температура.
 Өздігінен қызу температурасы  ұғымы  затты  қыздырудың  қауіпсіз  шарттарын
таңдауда, технологиялық процестердің өрттік қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуде
қолданылады.
 Бықсу температурасы- бықсу пайда  болып,  аяқталатын  экзометриялық  тотығу
реакцияларының жылдамдығының  бірден  өсуі  болатын  температура.  Бұл  ұғым
өрттің себептерін сараптауда кеңінен қолданылады.
 Жылулық  өздігінен  тұтану  жағдайлары  қоршаған  орта  температурасы,  зат
массасы және оның өздігінен тұтану сәтіне дейінгі уақыт арасындағы  тәжірбие
арқылы  алынған  қатынас.  Жылулық  өздігінен  тұтану  жағдайларын   бағалау
нәтижесі өздігінен тұтанатын заттарды  сақтау  және  тасымалдаудың  қауіпсіз
жағдайларын таңдауда пайдалану керек.
 Оталудың минималды энергиясы- газдың, будың, шаңның ауамен  араласқан  оңай
тұтанатын  қоспасын  оталдыруға  қабілетті  электр  разрядының  энергиясының
мәні. Бұл ұғым  технологиялық  процесстердің  электростатикалық  және  ұшқын
шығару қауіпсіздігіне қолданылады.
 Оттег индексі – арнайы зерттеулер жағдайында заттардың шырақ тәрізді  жануы
мүмкін болатын оттегілі-азотты қоспадағы оттегінің минимал  мөлшері.  Оттегі
индексі мәні төмен жанғыштыққа ие  полимерлі  композицияларды  өңдеуде  және
қатты заттардың жанғыштығын бақылауда қолданылады.
 Сумен,  оттегімен  және  басқа  заттармен  әсерлескенде  жарылу  және  жану
қабілеті-кейбір заттардың ерекше өрттік  қауіпсіздігін  сипаттайтын  сапалық
көрсеткіш.
  өрт  таралуының  қалыпты  жылдамдығы   өрт   фронтының   беткі   қабатында
перпендикуляр  бағытта  жанбаған   газға   қатысты   өрт   фронтының   ауысу
жылдамдығы. өрт таралуының қалыпты жылдамдығы мәні газды,  булы  қоспалардың
жарылыс қысымының көтерілу жылдамдығын есептеуде қолданылады.
  Күлге  айналу  жылдамдығы  –уақыт  бірлігінен  жанып  кететін  жанғыш  зат
мөлшері.   Күлге   айналу   жылдамдығы   өрт   жағдайларында   заттың   жану
қарқындылығын сипаттайды.

Жану өнімдерінің улылық көрсеткіші – жану кезінде тәжірибе жануарларының  50
процентін  өнімге  әкелетін  өнімнің  жабық  кеңістіктің   көлем   бірлігіне
қатынасы. Жану өнімдерінің улылық көрсеткішінің мәні  полимер  материалдарды
салыстырып бағалауда қолданады.
    - төтенше қауіпті – улылық көрсеткіші-13г/м3
    - жоғары қауіпті – улылық көрсеткіші- 13 тен 40 г/м3 дейін
    - қалыпты қауіпті - улылық көрсеткіші- 40 тан 120 г/м3 дейін
    - аз қауіпті - улылық көрсеткіші- 120 г/м3 тан жоғары.
   Минималды  жарылыс  қауіпі  болатын  оттегі  мөлшері  –  қоспада   жанғыш
заттардың қандай концентрациясы болса да қоспаның тұтануы мен  жануы  мүмкін
болмайтын концентрация.  Бұл технологиялық жабдықтың  өртке  және  жарылысқа
шыдау режимін таңдауда, пневмокөліктің қауіпсіз жұмыс  жағдайларын  таңдауда
қолданылады.
  Жұмыстың максимал қысымы – газ, бу, шаңды қосылыстың  жабық  ыдыста  101,3
кПА  бастапқы  қысымда  жарылуының  ең  жоғары  қысымы.   Бұл  технологиялық
процестердің  өрт  және  жарылыс   қауіпсіздігінің   шараларын   қарастыруда
қолданады.
  Жарылыс кезінде қысымның арту  жылдамдығы-  шаңды,  газды,  булы  қоспаның
жарылыс қысымына тәуелді болатын жарылыстың өнімділік қысымы. Қысымның  арту
жылдамдығын сақтандырғыш құрылғылардың есептеулерінде пайдалану керек.

    Өзін өзі тексеру сұрақтары:
   1. Жану кезіндегі ауаның шығыны.
   2. Адиабаттық жану температурасы.
   3. Жанудың тізбектік реакциясы. Реакция жылуы.



      №3 дәріс. Жалынның құрылымы және ұзындығы. Жалынның  тұрақтылығы  және
түрлері (қалыпты, диффузиялық, ламинарлы, турбулентті) (2 сағат)


      Жалпы сұрақтар
   1. Жалынның құрылымы және ұзындығы.
   2. Жалынның тұрақтылығы және түрлері  (қалыпты,  диффузиялық,  ламинарлы,
      турбулентті)


   Жалынның құрылымы  және  ұзындығы.  Өрт-материалды  құндылықтарды  жоюмен
қатар, адам өміріне қауіп төндіретін бақылаусыз жану  процессі.  Өрт  қауіпі
бар  нысан  –  кейбір  жағдайларда  тұтану  қасиетіне  ие  болатын   өнімдер
өндірілетін (сақтайтын, тасымалдайтын) нысан.
   Өндірістік апаттар және табиғи апаттар кезінде өрт пайда болуының негізгі
себептері:
    - қазандықтардың, тез тұтанатын  және  жарылысқа  қауіпті  сұйықтар  мен
      газдарға толы құбырлар мен ыдыстардың қирауы;
    - зақымдалған немесе жартылай қираған ғимараттардағы  электр  сымдарының
      қысқа тұйықталуы;
    - кейбір заттар мен материалдардың жануы және жарылыуы;
   Көмірлі шаң ауамен  қоспада  жарылатын  қоспаны  тудырады,  шаң  тым  тез
жанса,соғұрлым жанатын ұшпалы заттар, және олардың калориясы көбірек.
   Шаңның ылғалыдығымен  күлінің  жоғарлауы  олардың  жарылыс  қауіпсіздігін
төмендетеді. Шаң жүйесіндегі шаңның  өршуі  көмірдің  өзінің  жануынан  және
шаңның қалуының нәтижесінде болады.  Көмір  шаңының  жарылуы  шаң  қызғаннан
алынған, газ пайда болатын өнімдердің өршу салдарынан болады.
   Біздің  көмірлер  үшін  шаң  жүйесінде  кислород  құрамы16  %  дейін   бу
берілгендіктен төмендегенде әуе шаңы қоспасының өршуін жояды.
Жарылыстардың маңызды бөлігі оларды  жібергенде  және  тоқтатқанда  кескенде
болады,шаңның ірі  фракциясының  құрамы  азайғанда,  шаң  ылғалдығы  азаяды,
жүйеде кислородтың құрамы көтеріледі және  шаң  концентрациясы  түседі  және
диірменнің  температурасы  көтеріледі.Жарылыста  бүлінгеннен   шаі   жүйесін
сақтау  үшін,  ол  жарылысты  қақпақтармен   жабдықталады.   Шаң   жүйесінде
қондырылатын, жарылыс қақпағының кесігі, шаң жүйесі көлемінің 0,025 м2 на  1
м3 кем емес сәйкес болу керек.
   Жарылыс қақпақтары диірменнің кіретін және шығатын  қылтасына,  диірменді
желдеткіштің сорылуында  және  қысып  толтырылуында,  сепараторда,  циклонда
және бункерлі шаңда қондырылады.
Шаң  жүйесінің  жарылуын  болдырмау  үшін  қажетті:шаң  жүйесінің  шаңдануын
болдырмау, цехте тазалық сақтау; кестеге сәйкес шаң және  көмірдің  жарамсыз
болып  қалады;  ауысымның  басында  және  соңында  диірменнің  кіретін  және
шығатын қылтасын жиі тексереді және шаң жүйесінің әр  жіберген  сайын.Ауысым
ағынында  көмірдің  ылғалдығына  байланысты  циклон   жағдайын   және   оның
бітелуіне  ағынның   қайтарылуын   тексереді;   70оС   жоғары   аэро   қоспа
температурасының жоғарлауына жібермейді; кесілген режимде  диірменнің  жұмыс
істеуіне жіберілмейді. Диірменге көмір салуды тоқтатқанда  –  диірмен  дереу
тоқтатылсын; бункерде шаңның  температурасын  оның  65оС  жоғары  жоғарлауын
жібермей бақылайды, 65оС жоғары жоғарлағанда ПТБ  сәйкес  әрекеттейді,  яғни
температураның  жоғарлау  себебін  анықтайды(шаң   сіңіруінің   тұрып   қалу
ұзақтығынан жергілікті  ошақтардың  бар  болуы,  жарылыс  қақпақтары  арқылы
сорылу  орындарының  мүмкіндіктері,  және  т.б)  Шаң  бункерін  өзінің   шаң
жүйесінің немесе ең  жоғарғы  деңгейге  дейін  шнектерді  толтырады.  Егерде
температура  отырса,  оның  жарамсыз  болып  қалуын   жіберілетін   деңгейін
минимуға дейін жеткізу және  өрт  сөндіру  сызығынан  бу  беру;бу  қазандары
орындары тоқтатқанда ыстық резервке 3 тәулікті мерзімді
мерзімге дейін шаңмен, қажетті;шаң  сіңіру  шиберін  жабады,  олардан  шаңды
шығару және бу қазандары тоқтағаннан кейін  шаң  бункерін  циклон  астындағы
асбестпен толтырып және  бункерден  сорғышты  жауып  қоршайды;  ауысымға  2-
реттен кем емес шнеки шаңын тексереді, оның жіберілу алдында  жану  ошағының
жоқ болуын тексереді. Ауысым сайын жарылыс қақпағының  түзулігін  тексереді;
күнделікті  циклондардың  кірілетін  трубкаларын  тексереді  және  тәуліктік
ведомостіде онда жиналғандарды жою; жану ошағы барда шаң  шығару  жіберулігі
оларды толық жойғанна кейін рұқсат етіледі.Шаң бункерінде жану ошағын  өшіру
үшін, диірмен барабанына өрт сөндіру сызығын өткізеді. Өрт  сөндіру  сызығын
сондай ақ шаңды шнекке, сепараторға, шаң циклонына диірменді  желдеткіштерге
және ауа қыздырытушарға өткізеді; диірменді  жүйедегі  өршіген  ауаны  жұмыс
істемейтін бу қазандары орнына жағуға тыйым  салынады;  жанатын  қондырғылар
(муфельдер  және  мазутты  форсункалар)  15  минут   ішінде   бу   қазандары
орындарында жағу желдеткішінен кейін ғана  рұқсат  етіледі;қазанды  жаққанда
негізгі  жарылғыны  қосу   жағу   қондырғысының   жану   факелының   орнықты
жетістігінде;ішкі тексеріс, шаң әзірлеу  жабдығын  тазалу  және  жөндеу  цех
басшылығының жазбаша рұқсатынан кейін және  ТҚ  тиісті  ережесін  сақтағанда
жіберіледі; әуе  шаңы  жылжытылатын  қоспасымен  шаң  жүйесі  элементтерінің
ашылуына  рұқсат  етілмейді;шаң  толып  тұрған  шаң  бункеріне   персоналдың
түсуіне рұқсат  етілмейді;жабдықтың  ішінде  және  оның  сыртында  тұтатылып
тұрған ошақты сумен немесе  өзге  тәсілмен  өшіреді  немесе  сыпырады;  ашық
тұтытатылған  ошақты  құммен  немесе   ұсақ   күлмен   өшіреді,   су   аздап
шашыратқанда рұқсат етіледі.


   Жалынның  тұрақтылығы  және  түрлері  (қалыпты,  диффузиялық,  ламинарлы,
турбулентті)  Жану өнімдерінің тұтанғыштығы тұтану, лап ету  және  өздігінен
тұтану температураларымен  бағаланады.  Бұл  көрсеткіштер  жану  өнімдерінің
өртке қауіптілігін сипаттайды және олардың жарылуының төменгі  және  жоғарғы
шектерімен тікелей байланысты. Демек, тұтану жану  өнімі  буларының  белгілі
бір концентрацияларында ауамен жанғыш қоспа түзгенде пайда болады.
   Лап ету температурасы деп  белгілі  жағдайларда  қыздырылған  жану  өнімі
қоршаған ауамен жалын жақындатқан кезде лап ететін қоспа  булары  жеткілікті
мөлшерде  түзілетін  температура  айтылады.Лап  ету  температурасы   бойынша
мұнайларда немесе мұнай өнімдерінде  жеңіл  буланатын  көмірсутектердің  бар
екендігін айтуға болады. Қазіргі уақытта  лап  ету  температурасы  майлайтын
майлардың,  дизельдік  отындардың,  тракторлық  керосиндердің  және  еріткіш
бензиндердің    нормаланатын    көрсеткіші    болып     табылады.     Жоғары
температураларда  жұмыс  істейтін   майлар   үшін   нормаланатын   лап   ету
температурасы 300-3100С, кейбір  трансмиссиялық  және  индустриалдық  майлар
үшін бұл көрсеткіш 95-1350С.
   Тұтану температурасы деп белгілі жағдайларда қоршаған ауамен  ашық  жалын
жақындатқан кезде тұтанып, 5 сек. кем емес уақыт бойы жанатын булар  мөлшері
бөлінетін минималды температура айтылады.
   Өрттердің   салдары    олардың    зақымдаушы    факторларының    әсерімен
түсіндіріледі.  Өрттің  негізгі  зақымдаушы  факторлары-оттың  жанып  жатқан
затқа тікелей  әсері  және  жоғары  температурадағы  заттар  мен  нысандарға
сәулелену есебінен әсер етуі. Заттардың  жану  нәтижесінде  олардың  үгілуі,
қирауы,  қатардан  шығуы  болады.  Ғимараттар   мен   құрылыстардың   жанғыш
материалдардан  жасалған  барлық  элементтері  жойылады.  Қатты  температура
әсері  металл  бағаналардың,  бөгеттердің   т.б.   құрылыстың   деформацияға
ұшырауына,   құлауына   әкеледі.    Кірпіш    қабырғалар    мен    бағаналар
деформацияланады. Силикат кірпіш 500-600 градусқа дейін қызғанда  қабатталып
ыдырауы және мүлде үгілуі байқалады.  Өрт  кезінде  технологиялық  жабдықтар
көлік  құралдары  толық  және  жартылай  жойылады.  Үй  және  ауылшаруашылық
жануарлары қырылады. Адамдар түрлі дәрежедегі күйікке шалынады.
 Өрттердің  екіншілік  салдары:  жарылыстар,  улы  және  ластаушы  заттардың
қоршаған  ортаға  таралуы;   өрт   жетпеген   бөлмелерге   өртті   сөндіруге
қолданылған су үлкен шығын  әкеледі.  Өрттің  әлеуметтік  және  экономикалық
ауыр   салдарына   халық   шаруашылық   нысанының   шаруашылық   және   т.б.
функцияларының тоқтауы жатады.
 өрт әсерінен болған өндірістік апаттар салдары өз  сипаты  бойынша  ядролық
зақымдалу ошағындағы жарықтық сәулелену  салдарына  ұқсас  және  жаппай  өрт
энергиясы мегатонналық ядролық жарылыс әсерінен де асып кетуі мүмкін.

   Өзін өзі тексеру сұрақтары:
   1. Өндірістік апаттар және табиғи  апаттар  кезінде  өрт  пайда  болуының
      негізгі себептері
   2. Жану өнімдерінің тұтанғыштығы
   3. Өрттердің салдары олардың зақымдаушы факторлары


   № 4 дәріс.  Өрт жарылғыш заттардың және материалдардың көрсеткіштері.  (3
сағат)

   Жалпы сұрақтар
   1. Өрт жарылғыш заттардың және материалдардың көрсеткіштері
   2. Жануға байланысты заттардың топтары: жанбайтын, ауыр жанатын.
   3. Жарылыс, өрт-жарылыс және өрт қауіпіне  байланысты  барлық  өнімдердің
      категорияға бөлінуі
   4. Масштабы және қарқындылығы бойынша өрт түрлері


   Өрттің пайда болуы өндіріс сипатына, ғимараттар мен материалдардың  өртке
төзімділігіне, тұтану деңгейіне тәуелді болады.
  Жарылыс,  өрт-жарылыс  және  өрт  қауіпіне  байланысты  барлық  өнімдер  6
категорияға бөлінеді: А,Б,В,Г,Д,Е.
 А-мұнай өңдеуші зауыттар, химиялық өнеркәсіптер, құбырлар,  мұнай  өнімдері
қоймалары.
 Б- көмір шаңын, ағаш ұнтағын, ұнтақ қант,  диірменнің  ұнтақтау  бөліктерін
тасымалдау және дайындау цехтары:
 В- ағаш өңдеу, орман отау шаруашылықтары т.б. өндірістер.
  Г  –  сәулелі  жарық  бөлінумен  және  ұшқын  және  жалын   қоса   жүретін
балқытылған, ыстық түрдегі жанбайтын материалдардың  және  заттардың  алыну,
сақталу және қолданылуының технологиялық өндірісі.
 Д- суық түрдегі жанбайтын  заттар  мен  материалдарды  сақтау  және  өндіру
процесстері.
 Неғұрлым өртке қауіпті кәсіпорындарда А,Б,В категорияларының  кәсіпорындары
жатады. Г және Д категориясының кәсіпорындары өрт қауіпі жоқ  кәсіпорындарға
жатады.
 өрт қауіпі – заттағы , күйдегі процесстегі өрттің пайда болу немесе  таралу
мүмкіндігі.
 Ғимараттардың өртке төзімділігі ғимараттардың  жоғары  температура  әсеріне
кедергі көрсету қабілеті.  Ғимараттардың өртке төзімділігі  олардың  негізгі
бөліктерінің өртке төзімділігінің шегіне тәуелді.
 Барлық құрылыс материалдары жануы бойынша 3 топқа бөлінеді:
    - жанбайтын – от немесе жоғары температурада  тұтанбайтын,  бықсымайтын,
      үгілмейтін материалдар;
    -  қиын  жанатын  –  от  немесе  жоғары  температурада  қиын  тұтанатын,
      бықситын, егер жану көзі болмаса жану  және  бықсу  процесі  тоқтайтын
      материалдар;
    - жанатын – от немесе жоғары температурада жанатын немесе тұтанатын,  от
      көзі әкетілген соң да жануын тоқтатпайтын материалдар.
   Жанбайтын   материалдардан   жасалған   ғимараттар   от   немесе   жоғары
температураға белгілі бір уақыт аралығында ғана төзімді болады.
  Құрастырмалардың   (конструкция)   отқа   төзімділігінің   шегі   уақытпен
анықталады, яғни аралық жарылулар, құламайтын және  200  градусқа  қызбайтын
ғимарат төзімді деп саналады.
 Құрылыс құрастырмаларының отқа төзімділігі жану уақытымен  анықталады  және
сағатпен өлшенеді.
 Масштабы және қарқындылығы бойынша өрт келесі  түрге  бөлінеді:  жеке  өрт,
тұтас өрт, отты дауыл, жаппай өрт.
 Жеке өрт –  жеке  ғимарат  немесе  үйде  пайда  болатын  өрт.  Жеке  өрттер
арасындағы   құрылыс   аумақтарынан   адамдарды   және   техниканы   жылулық
сәулеленуден қорғау құралдарынсыз өткізуге болады.
 Тұтас өрт – құрылыстың белгілі бөлігіндегі ғимараттардың  көпшілігінің  бір
уақытта  қарқынды  жануы.   Бұл   жағдайда   адамдарды,   техниканы   қорғау
құралдарынсыз өткізу мүмкін емес.
 Отты дауыл – тұтас  өрттің  таралуының  ерекше  түрі.   Оның  сипаты:  таза
ауаның жан-жақтан 50 км/сағ аз емес жылдамдықпен өрт алаңының  шегіне  қарай
ағынының нәтижесі.

 Жаппай өрт – ғимараттың 25 процентінің артық  көлемін  қамтыған  жеке  және
тұтас өрттердің жиынтығы.  Халық  шаруашылығы  нысандарындағы  ,  әлеуметтік
мәдени тұрмыстағы ірі өрттерге  мыналар  жатады:  мұнай  бұрқақтарының  және
газдың өрттері; мұнай  және  мұнай  өнімдерінің,  ыдыстағы  жанғыш  сұйықтың
өрті; каучук, резина  өнімдерінің,  резина-  техника  өндірісі  қоймасындағы
өрттер; ағаш материалдары қоймасындағы  өрт;  химикаттар  қоймасындағы  өрт;
химиялық,  мұнай  өңдеуші  кәсіпорындардағы  технологиялық   қондырғылардағы
өрттер; ағаштан жасалған тұрғын үйлер, мекемелердегі өрттер:
 Өрттер келесі параметрлермен сипатталады:
    - өрт ұзақтығы - өрттің басталуынан толық өшуіне дейінгі уақыт;
    - ішкі  өрт  температурасы-  бөлмедегі  газды  ортаның  орташа  көлемдік
      температурасы;
    - ашық өрт температурасы- жалын температурасы;
    - өрт алаңы- тік және көлденең жазықтықтарға жану  аумағының  проекциясы
      ауданы;
    - жану аумағы- жанғыш заттардың жануға дайындалуы өтетін кеңістік;
    - жылулық әсер аумағы-жану аумағына қосылатын, жылулық әсер құрылыс және
      материалдар жағдайын көрнекі өзгерістерге әкелетін кеңістік;
    - түтін басу аумағы- түтін газымен толатын, адам  денсаулығына,  өміріне
      қатер төндіретін, жану аумағына қосылатын кеңістік;
    - тұтас өрттің таралу жылдамдығы-өрттің орын ауыстыру жылдамдығы;
    - өрттің таралуы-жану аумағының материалдар  бетінде  жылу  өткізгіштік,
      жылу реакциясы және конвекция есебінен таралуы.

   Өзін өзі  тексеру сұрақтары
   1. Өрт жарылғыш заттардың және материалдардың көрсеткіштері
   2. Жануға байланысты заттардың топтары
   3. Жарылыс, өрт-жарылыс және өрт қауіпіне  байланысты  барлық  өнімдердің
      категорияға бөлінуі
   4. Масштабы және қарқындылығы бойынша өрт түрлері








   № 5 дәріс. Жарылыс теориясы. (2 сағат)

   Жалпы сұрақтар
   1. Жарылыс теориясы және оның түсініктері.
   2.  ГОСТ Р22.010-96 бойынша жарылыс, жарылыстың  меншікті  күші,  жарылыс
      қауіпті жүйе. Жарылыстың есептері.
   3.  Жарылыстың  түрлері:   физикалық,   химиялық    авариялық,   ядролық,
      детанациялық, дефлаграциялық.
   4. Жарылысқа қауіпті заттар.

   Жарылыс теориясы және оның түсініктері. Жарылғыш заттар — сыртқы  әсердің
ықпалымен өте тез химиялық  өзгеріске  түсіп,  жылу  бөлініп,  катты  қызған
газдардың түзілуінен  күшті  соққы  пайда  болатын  химиялық  құрамалар  мен
қоспалар. Жарылғыш заттар оқты, минаны, снарядты лақтыруға  қажетті  энергия
көзі  болып  табылады,  сондай-ақ  әр  түрлі   жару   жүмыстарын   орындауда
қолданылады. Мысалы, бұрандалы патронның салмағы 3,25 г болатын дәрі  заряды
атылғанда  0,001  секунд  ішінде  жанып,  3   каллорий   жылу   бөледі   де,
температурасы жарылыс сәтінде 2400-2900°-қа тең 3 л газ  шығарады.  Газ  ете
жоғары кысым тудырады (3000 кг/см2) да, оқты  ұңғы  каналынан  700  м/сектан
аса жылдамдықпен айдайды. Жарылғыш заттар қолданылу сипатына карай:
    • бөлшектегіш (бризанттық),
    • лақтырғыш (дәрі)
    • пиротехникалық болып болінеді.
   Ядролық  жарылғыш   заттар   дегеніміз   —   жарғыш   сипаттағы   ядролық
(термоядролық) реакция нәтижесінде қас-кағым сәтте өте көп мөлшерде  энергия
шығаратын зат. Мүмкін  болатын  шығын  және  залал  көзқарасында  жарылыстар
үлкен және ерекше қауіп төндіреді.
    Жарылыс-шекті көлемдегі үлкен мөлшерлі энергияның қысқа  мерзімде  босап
шығуы.  Жарылыс жедел кеңеюі кезінде қоршаған заттарға соққылық  механикалық
әсер көрсететін  жоғары  дәрежедегі  қысымдағы  өте  қатты  қыздырылған  газ
(плазма) пайда болуына әкеледі. Қатты ортадағы жарылыс оның қирауы мен  және
ұсақталуымен ,  әуе  және  сулы  ортада  –  ауа  немесе  гидравикалық  соққы
толқынының пайда болуымен қатар жүреді.
   Жарылыстық соққы  –  жарылыс  кезінде  қысымның,  тығыздықтың  және  орта
температурасының бірден өсуі жүретін  орта  қозғалысы.  Жарылыстық  соққының
алдыңғы шебі ортада тез таралады. Жарылыстың  соққы  әсерінен  жарылыс  оның
ошағынан алыс тұрған заттарға, нысандарға механикалық әсер береді.
    Жарылыс болуы мүмкін:
    - конденсацияланған жанғыш заттардың детонациясы нәтижесінде;
    - тұтанатын газ және шаң бұлтының тез жануы нәтижесінде;
    - қатты қыздырылған сұйыққа немесе қысылған газға толы ыдыстың  күтпеген
      қирауынан;
    - қызыдрылған қатты заттардың суық сұйықтармен араласуы нәтижесінде.
 Энергия тасымалдаушы түріне және энергия бөліну жағдайларына қарай  жарылыс
кезінде энергия көзі химиялық та, физикалық та процесстер болуы мүмкін.
  Химиялық  жарылыс  энергиясы  көзі-  тез  және  өздігінен  өтетін   жанғыш
заттардың тотықтырғышпен немесе  тұрақсыз  қосылыстардың  термиялық  ыдырауы
әсерінен болатын экзотермиялық реакциялар.
 Қысылған газдар энергиясы көзі-сұйықтың  қарқынды  булануына  немесе  газға
айналуына, температураның өсуіне әкелетінаппараттың жабық  көлеміндегі  ішкі
және сыртқы энергиясы.
 Химиялық  заттардың  энерго  тасымалдаушылары  қатты,  сұйық,  газ  тәрізді
заттар және қышқылды ортадағы жанғыш заттардың аэробөлшектері.

      Жарылыс, жарылыстың меншікті күші, жарылыс  қауіпті  жүйе.  Жарылыстың
есептері
      Өрт және жарылыс қаупі  бар  нысандардағы  апаттардың  алдын-алу  және
халық  пен қызметшілерді қорғау  шаралары.  Экономикалық  әлеуметті,  тұрмыс
және тұрғын үйлердегі  өрттер  мен  жарылыстар  осы  нысандағы  адамдар  мен
халыққа үлкен қауіп тудырады  және  орасан  зор  материалды  шығынға  әкелуі
мүмкін.  өндірістік  және  тұрғын  үй  ғимараттары  мен   нысандардағы   өрт
қауіпсіздігі туралы сұрақтар үлкен маңызға ие және мемлекеттік шешімдер  мен
қаулылар арқылы бекітіледі. Өрт қауіпсіздігі өрттің  алдын  алу  шараларымен
және белсенді өрттен қорғау ұйымдастырылуымен қамтамасыз етіледі.
 Өрттің алдын  алу  түсінігі-өрттің  пайда  болуын  ескертуге  және  олардан
келетін шығынды болдырмау шараларын құруға бағытталған шаралар кешені.
 Белсенді өрттен қорғау – пайда болатын өрттермен  табысты  күресу  жолдарын
және жарылыс қауіпі бар жағдайларды болдырмауды  ұйымдастыратын шаралар.
 Нысандарды өртке қарсы қорғау  негіздері  стандарттармен  бекітілген  (ГОСТ
12.1.004-76   «Өрт   қауіпсіздігі»   және    ГОСТ    12.1.010-76    «Жарылыс
қауіпсіздігі»)
   Өрттің алдын алу шаралары өндірістегі технологиялық процестердің  негізгі
құрамдас бөлігі. Өрттің алдын алу шараларын ұйымдастырумен  Мемлекеттік  өрт
бақылау органдары айналысады.
 Өрттің алдын алуға қол жеткізу үшін:
    - өрт нормалары  мен  ережелерін  әзірлеу  және  нысандарға  енгізу  мен
      орындалуын бақылау керек:
    - өртке қарсы құралдардың дайын тұруын және жетілдіруін қамтамасыз ету;
    - нысандарды, тұрғын  үйлерде  және  қоғамдық  орындарда  өрт-техникалық
      зерттеулерді үнемі жүргізу;
    - халыққа өрт-техникалық білімді насихаттау керек.
  Өрттің алдын алу  шаралары  ұйымдастырушылық,  техникалық,  режимдік  және
пайдаланушылық деп бөлінеді.
  Ұйымдастырушылық шаралар қарастырады:
    - жабдықты және көлікті дұрыс пайдалануды;
    - ғимараттар мен нысандардың дұрыс құрылуын;
    - жұмысшылардың және нысан қызметкерлерінің өртке қарсы нұсқауларын;
    -   өрттік   –техникалық   комиссиялардың,   ерікті   өрт   құрылымдарын
      ұйымдастыруды;
    - өрт құрылымдарын күшейту жөніндегі сұрақтар мен бұйпрықтарды шығаруды.


 Техникалық шараларға мыналар жатады:
    - ғимараттарды жобалауда электр өткізгіштерді және жабдықтарды ,  жылыту
      жүйесін, желдету жүйесін, жарықтандыру жүйелерін орнатуда өртке  қарсы
      ережелермен нормаларды ұстану;
    - жабдықтарды дұрыс орналастыру.
 Режимді сипаттағы шаралар - өрт қауіпі бар орындарда дәнекерлеу және  басқа
да отпен байланысты жұмыстар жүретін бөлмелерде шылым шегуге тиым салу.
Пайдаланушылық шаралары – технологиялық жабдықты өз уақытында сынау,  жөндеу
және жағдайын бақылау.
  Өрттің  алдын  алу  нысан   түріне   байланысты   жүргізіледі.   Азаматтық
ғимараттарда,  қоймаларда,  базаларда,   өндірістік   нысандарда,   көлікте,
ормандарда және шымтезек әзірлеуде әртүрлі шаралар ұйымдастырылады.
  Азаматтық ғимараттарда жылыту жүйесі, электрмен  жабдықтау,  газды  немесе
керосинді құралдармен байланысты өртке қарсы шараларды қарастырады.
  Қоймаларда, базаларда,  дүкендердегі  өрттің  алдын  алу  шаралары  келесі
ережелерді қамтиды:
    - ғимараттар құрылысы кезінде арақашықтықты сақтау
    - ішкі су құбырын құру;
    - өрт және өрт күзет дабылының құрылғысы
    - үлкен қойма бөлмелерін өртке төзімді қабырғалардан тұрғызу
    - тез тұтанатын және жарылғыш заттарды бөлек сақтау
    - пеш пен газбен жылытуға тиым салу.
   Өнеркәсіп  нысандарындағы  өрт  профилактикасы  барлық  нысандарға  ортақ
талаптар негізінде ұйымдастырылады.
  Ғимараттардың өртке төзімділігін арттыру үшін ағаш  құрастырмаларды  гипс,
цемент және т.б. заттармен сылау немесе оларға өртке  төзімді  бояулар  жағу
керек. Лифт және  басқа  да  механикалық  құрлдар  адамдарды  тасымалдағанда
есепке алынбайды.  Эвакуация  жолдарының  ені  1м  кем  болмауы  керек,  осы
жолдардағы есіктер ені 0,8 кем емес болуы керек. Эвакуацияға  қажетті  уақыт
СНиП терде бекітіледі.
 Жарылысты болдырмау шаралары.
 Жарылысты болдырмаудың 3 принцпі белгілі:
    - жарылғыш жүйелердің қалыптасуына жол бермеу;
    - жану себептерінің алдын алу;
    - жану салдарына төзімді құрылғы шеңберіндегі өрт ошағын жайылтпау.
   Жанғыш жүйелердің түзілуіне қарсы 3 әдіс бар:
    - қоспадағы жанғыш заттар концентрациясын  тұтану  концентрациясынан  аз
      деңгейде болуын қадағалау;
    - сұйық оттегімен жұмыс істейтін  құралдар  мен  қондырғыларды  тазалау.
      Жанғыш майлар  қызғанда  термиялық  ыдырауға  түседі  де,  өзінен  тез
      жанатын көмірсутекті функциялар бөледі.
   Жану бастамасының алдын алу
     Жануға  бастама  болатын  заттарға  электр  разрядтары  мен   фрикциялы
қшқындар жатады. Статистикалық зарядтардың пайда   болуы  және  жинақталуына
диэлектрлік  сұйықтар  жағымды  орта  болады,  сондай-ақ  қатты  және  сұйық
күйдегі бөлшектері бар газдар  да  осы  ортаға  жатады.  Фрикциялы  ұшқындар
металл заттардың үйкелісінде немесе қатты соққы кезінде пайда болады.
  Қоспалар жарылысы кезінде  адамдар  мен  жабдықтарды  зақымданудан  сақтау
әдістері.
  - жарылыс кезінде максимал қысымға төтеп бере  алатын  мықты  құрылыстарды
жобалау;
  - жарылыс қауіпі бар аймақтарда  жануды  қолдағанға  аз  ғана  оттегі  бар
инертті орта жасау;
  - жарылыс қауіпі бар аймақты мықты қабырғамен оқшаулау;
  - жарылыс қаупі бар  өнеркәсіпті  жарылыс  кезінде  қоршаған  ортаға  зиян
келтірмейтін орындарға орналастыру;
  - жарылысты өшіру;
  - жұмысшылар үшін панахана тұрғызу.

      Жарылғыш  заттар.  Қатты  және  сұйық  энерготасымалдаушылар  көбінесе
конденсациалық жарылғыш заттар класына жатқызады.
  Жарылғыш заттар дегеніміз көп  мөлшерде  жылу  бөле  және  газ  түзілуімен
қатар жүретін, жылдам химиялық реакцияға түсетін химиялық қосылыстар  немесе
заттар  қоспасы.   Жарылғыш  заттар  құрамына  тотықтырғыштар  немесе  басқа
химиялық тұрақсыз қосылыстар кіреді. Жарылыс болар кезде осы заттарда  үлкен
жылдамдықпен  экзотермиялық   тотығу-тотықсыздану   реакциясы   немесе   көп
мөлшерде  жылу  энергиясын  және  газ  бөлетін  термиялық  ыдырау  реакциясы
жүреді. Бұл реакция қызу, соққы, үйкеліс, басқа жарылғыш  заттардың  жарылуы
немесе басқа сыртқы әсер нәтижесінде пайда болып, жылу немесе масса  алмасу,
соққы толқыны жолымен заряд бойына таралады.
  Жарылғыш заттар ыдырауға бейім болады, бұл кезде  молекулааралық  байланыс
энергиясы жылу түрінде бөлінеді,  сонымен  қоса,  температура  артқан  сайын
жарылғыш  заттар  ыдырауы  арта  түседі.  Салыстырмалы  төмен  температурада
жарылғыш заттардың ыдырау жылдамдығы көп болмайды және ұзақ  уақыт  бойы  өз
күйіндегі байқалатын өзгерістерді елемейді.  Бұл  жағдайда  жарылғыш  заттар
мен қоршаған орта арасында жылулық тепе – теңдік орнайды.
   Егер  жарылғыш  заттар  арқылы  бөлінетін  жылу  қоршаған  ортаға  тарала
алмайтын жағдай туындаса, температураның  артуына  қатысты  жарылғыш  заттар
өздігінен үдемелі химиялық ыдыраупроцесі  жүреді,  ол  жылулық  жарылыс  деп
аталады.
  Жарылыс процесінің жүзеге асуының басқа да  жолдары  бар:  мұнда  химиялық
реакция  жарылғыш  зат  заряд  бойымен  толқын  түрінде   қабаттан   қабатқа
таралады. Заряд бойында қозғалып келе жатқан  толқынның  алғы  фронты  соққы
толқыны, яғни  бастапқы  күйден  өте  жоғары  температуралы  күйге  ауысатын
толқын.
  Соққы толқынымен қоса жүретін, энергияның жылдам бөлінуі болатын  жарылғыш
заттар химиялық өзгерісі детонация деп аталады.
  Детонация кезіндегі реакция жылдамдығы  бірнеше  км/сек-қа  жетеді.  Қатты
жарылғыш заттар             сек  уақыт  аралығында  жоғары  қысымдағы  тығыз
газға айналуы мүмкін. жылдам кеңейіп, қысылған газ  қоршаған  ортаға  орасан
күшке ие соққы береді, жарылыс туындайды. Зарядқа жақын нысандар  ұсатылады,
күшті  пластикалық  деформацияға  ұшырайды.   Жарылыстан   алыс   орналасқан
нысандар бүлінуге  аз  ұшырайды.  Жарылғыш  заттар  бризанттілігі  детонация
кезіндегі жылдамдық пен заряд  тығыздығына  байланысты  анықталады.  Жұмысқа
қабілеттілігі жылумен, сондай – ақ жарылыс  кезінде  түзілетін  газ  тәрізді
өнімдер көлемімен анықталады.
 Жарылғыш заттардың неізгі сипаттамасы: бризанттілік, жұмысқа  қабілеттілік,
химиялық  және   физикалық   тұрақтылық,   сыртқы   әсерлерге   сезімталдық,
детонациялық қабілет.
  Жарылғыш заттарға келесі заттар жатады:  құрамында  оттег  бар  қосылыстар
(асқын  тотықтар,  нитриттер,  нитрозды   қосылыстар,   хлорлы   қышқылдар),
құрамында оттегі болмайтын кейбір заттар (ацетилин, гидрозин)
  Жарылыс қабілеті бар  кейбір  заттар:   нимтроқосылыстар  (тринитротолуол,
тетрил, гексоген, нитроглицерин), азот қышқылының тұздары (аммоний нитраты)
  Бұл заттар таза күйінде  емес,  қоспа  ретінде  қолданылады.   Жарылғыштық
қасиеті  бойынша  жарылғыш  заттар  келесі   топқа   бөлінеді:   біріншілік,
бризантты (екіншілік), күкіртті.
  Біріншілік жарылғыш заттар жарылыстың  айналымының  жоғары  жылдамдығымен,
жоғары сезімталдықпен,  тұрақсыз  жануымке,  атмосфералық  қысым  кезінде-ақ
детонацияға  ұшырауымен  сипатталады.  Жарылыс  үйкеліс,  әдейі   тамызудан,
соққыдан туындайды. Бұл  топтың  негізгі  өкілдері  қорғасын  азиді,  тұтқыр
сынап, тетразен, қорғасын тринитрозезецинаты. Бұл жарылғыш заттар  басқа  да
жарылғыш заттардың жарылысын тудыру  үшін  қолданылады.  Бризантты  жарылғыш
заттар инертті, сыртқы әсерлерге сезімталдығы  төмен  келеді.  Бұл  жарылғыш
заттардың жануы детонацияға мықты қабықша болса ғана  көшеді.  Пайдаланғанда
қауіптілігі   аздау.   Бризантты   жарылғыш   заттар   негізгі    өкілдеріне
нитроқосылыстар және нитрат  негізді  жарылғыш  қоспалар,  хлораттар,  сұйық
оттегілі қосылыстар:  тринитроталуол,  тетрил,  гексоген,  октоген.  Жарылыс
жұмыстарын жүргізгенде пайдаланылады.
   Күкіртті  жарылғыш  заттар  тұрақты  жануға  ие,  ең  қатал   жағдайларда
детонацияға ұшырамайды.
  Жарылыс түрлерін келесі 3 топқа жіктеуге болады:
    -  аз  уақыт  аралығында  біраз  ғана  кеңістікке  таралатын  энергияның
      бақылаусыз және жылдам босап шығуы (жарылыс процессі)
    - жанармайлы-оттегілі қоспа бұлтының түзілуі немесе басқа  химиялық  газ
      тәрізді,  шаң  тәрізді  заттардың  қалыптасуы  және  жылдам  жарылысқа
      айналуы (көлемді жарылыс)
    -  құбырлардағы,  ыдыстардағы  немесе   т.б.   жоғары   қысымда   немесе
      қыздырылған сұйық толтырылған ыдыстардағы жарылыс.
    Жарылыстар   химиялық,   ядролық,   электромагнитті   сығылған    газдар
энергиясының босап  шығуы  есебінен  жүреді.   Көбінесе  жарылыстар  жарылыс
қауіпі бар нысандарда жүреді.
   Жарылыс қауіпі бар  нысан-  белгілі  жағдайларда  жарылыс  қабілетіне  ие
болатын  заттар  өндірілетін,  сақталатын,  пайдаланылатын,   тасымалданатын
нысан.
  Жарылыс қауіпі бар нысандарға келесі нысандар жатады:
    - қорғаныс, мұнай өндіруші, мұнай-химиялық,  химиялық,  газды  өнеркәсіп
      орындары;
    - нан өндіруші, тігін және фармацевтикалық өнеркәсіптер;
    - оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтар қоймалары;
    Жарылыстың негізгі зақымдаушы факторлары:
 1. ядролық  жарылыс  кезінде,   жарылғыш  заттардың  детонациясын  тудырушы
жарылыс кезінде, газды-оттегілі,  жанармайлы-оттегілі  қоспалар  жарылысында
пайда болатын соққы толқыны
 2.технологиялық жабдық, құрылыс  бөлшектерінің  түрлі  бөліктерінің  ұшпалы
сынықтарымен пайда болатын сынықты аудандар;
   Газды-оттегілі  орта  жарылысы  кезінде   3   жартылай   сфералық   аймақ
қалыптасады: 1. толық бүліну аймағы 2. жарылыс өнімдерінің әсері  аймағы  3.
оттегілі соққы толқынының әсер аймағы.
  Зақымдаушы факторлардың негізгі параметрлері: 1. оттегілі  оттегілі  соққы
толқыны – оның фронтындағы артық қысым. 2.  сынықты  аймақ-  сынықтар  саны,
олардың кинетикалық энергиясы мен таралу радиусы.
   Кез-клген жарылыстың соққы толқыны көптеген адам шығынын және  ғимараттар
элементтерінің қирауын тудырады. Жарылыстан  зақымдалу  аймағының  өлшемдері
олардың  қуатының   артуымен  қоса  өседі   .   соққы   толқынының   ғимарат
элементтеріне әсері жүктемелердің  күрделі  кешенімен  сипатталады:  тікелей
қысым, шағылысу қысымы, ағу қысымы,  сейсможарылыс  толқындарының  жүктемесі
т.с.с
   Соққы  толқынының  әсеріне  ғимараттар  элементтерінің  кедергісін  соққы
толқынының фронтындағы артық қысым  шамасымен  сипаттау  қабылданған.  Артық
қысым ғимараттар элементтерінің соққы толқыны әсеріне кедергісінің   әмбебап
сипаттамасы ретінде пайдаланылады.  өнеркәсіптер  апатындағы  жарылыстардағы
ғимараттардың сипаты мен деңгейі:  жарылыс  қуатына,  ғимараттың  техникалық
сипатына , нысанның жобалануына тәуелді болады.
   Жарылыстың  зақымдаушы  факторларының  әсері  нәтижесінде  ғимараттардың,
нысандардың,   технологиялық   жабдықтың,   көлік   құралдарының,   байланыс
элементтері мен басқа нысандардың қирауы және адамдар шығыны болады.


      № 6 дәріс. Жарылыстың негізгі параметрлері, факторлары. (3 сағат)

    Жалпы сұрақтар.
    1. Жарылыстың күшті толқындары.
    2. Жарылғыш заттар. Жарылғыш заттар мінездемелері.
    3. ЖЗ жіктелуі: біріншілік (иницирлеуші), екіншілік( бризантты, ұшқыш).

    Жарылыстың күшті  толқындары.  Ауаның  соққы  толқыны  туралы  түсінік.
Жарылыс және өрт қауіпі бар өндірістердегі апаттар кезінде  ауамен  араласып
өрт және жарылыс  қаупі  бар  қоспалар  түзетін  көмірсутекті  өнімдер,  газ
тәрізді қоспалар пайда болып, қосылыстар қалыптасады.  Осы  жағынан  алғанда
келесі  көмірсутекті  газдардың  ауамен  қоспасы  қауіпті  саналады:  метан,
пропан, бутан, этилен, пропилен және бутилен т.б.
    Жеңіл   тұтанатын   сұйықтар    буларының    қоспасы,    белгілі    бір
концентрациядағы шаң  немесе  мата  бөлшектері  де  жарылыс  қаупін  тудыруы
мүмкін.  Жарылыс  ғимараттардың  ,  технологиялық   жабдықтың,   құбырлардың
қирауына немесе зақымдалуына әкеледі. Бұл құбылыстар жарылыспен  ғана  емес,
жарылыс кезінде қалыптасатын соққы толқынымен де байланысты.  Соққы  толқыны
деп дыбыс жылдамдығынан  жоғары  жылдамдықпен  қозғалатын,  ортаның  негізгі
физикалық  параметрлерінің  күйін  бұзумен  сипатталатын  толқынды  айтамыз.
Қандай ортада таралғанына  байланысты  толқынды  –  ауадағы  соққы  толқыны,
судағы немесе топырақтағы сейсможарылысты толқын деп бөледі.
    Ауадағы соққы толқыны – қатты қысылған ауаның жарылыс  ортасынан  дыбыс
жылдамдығынан  жоғары  жылдамдықпен  таралуы.   Ауадағы   соққы   толқынының
ерекшелігі оның артынан ауа ағынының қозғалып отыруы.
 Ауадағы соққы толқынының пайда болу механизмі келесідей:   жарылыс  кезінде
көп мөлшерде газ тәрізді өнімдер түзіледі, олар өте  жоғары  қысымда  болады
да бірден жібере салған серіппе тәрізді кеңейе түседі. Осының  есебінен  ауа
қысылады, оның қысымы, тығыздығы, температурасы артады.
Жарылыс өнімінің жинағы кеңейіп,  қоршаған  ауаны  ығыстырып,  қысылған  ауа
аймағын түзеді. Соққы толқыны  сығылу  және  тарамдалу  фазаларынан  тұрады.
Соққы толқыны сығылу фазасында қысым атмосфералық  қысымнан  жоғары  болады,
ал  тарамдалғанда  төмен  болады.  Ауаның  неғұрлым  жоғары  қысымы   сығылу
фазасында толқын фронтында байқалады.

   Жарылғыш заттар.  Жарылғыш  заттар  мінездемелері.  Жарылыс  –  заттардың
физикалық  және  химиялық  араласуының  жылдам   жүретін   процессі,   үлкен
көлемдегі энергияның қысқа уақыт  аралығында  шектеулі  мөлшерде  шығуы.  Ол
лезде кеңейген кезде қоршаған денелерге соққы әсерін (соққы  толқын,  қысым,
қирату) туғызатын  өте  жоғарғы  қысымды  қатты  қызған  газдың  (плазманың)
түзілуін алып келеді. Қатты ортадағы жарылыс оның қирауы  мен  бөлшектелуіне
алып келеді, ауада немесе  суда  болса,  ауалы  гидрологиялық  соққы  толқын
туғызады, олар өз кезегінде сол жерде орналасқан нысандарға қиратушы  әсерін
тигізеді.
       Жарылыстар химиялық  энергия  (ең  бастысы,  жарылғыш  заттар,  газды
қоспа және т.б.), электромагнит энергия (ұшқынды разряд, лазерлі ұшқын  және
т.б.), тығыздалған газдар энергиясының (қысым  ыдыс  –  баллонның,  құбырдың
және т.б. мықтылық деңгейінен асқан кезде) шығуы салдарынан болады.
       Жарылыс ңауіпті нысан (ЖҚН) - белгілі жағдайларда жарылыс қауіпі  бар
заттар (өнімдер) сақталатын, пайдаланылатын, тасымалданатын нысан.
        ЖҚН  –  ға  қорғаныстық,  мұнай  шығаратын,  көмір  қазатын,   мұнай
өндейтін,   химиялық,    газды,    тоқымалық,    нан    тағамдарының    және
дәрі –  дәрімек  өнеркәсіптері,  тез  тұтанатын  және  жанатын  сұйықтықтар,
сұйытылған газ қоймалары жатады. Жарылысты авариялар  көбінесе  көмірсутекті
(метан, этан, пропан) газдарды көп мөлшерде қолданатын немесе өндірісте  бар
кәсіпорын   өндірістерінде   болады.   Қазандықтардағы    қазандар,    газды
аппаратура,  химиялық  зауыттардағы  өнімдер   мен   жартылай   фабрикаттар,
бензиннің   және   басқа   да   компоненттердің   булары,   диірмендер   мен
элеваторлардағы  ұнның  тозаңы,  қант  зауыттарындағы  қант   ұнтағы,   ағаш
өңдейтін кәсіпорындардағы ағаш тозаңы жарылады. Тұрғын  үйлердегі  тұрмыстық
газдардың жарылуы мүмкін.
        Жарылыс қауіпі бар заттар - оттың,  сілкінудің,  үйкелудің  әсерінен
жарылуы мүмкін зат.
        Соққы  толқын  –  жарылыстың  зақымдаушы  факторларының  бірі  болып
табылатын заттың кенеттен тығыздығы, қысымы мен температурасының  жоғарылауы
жүргенде, жоғарғы дыбыстық жылдамдықпен таралатын ауыспалы аймақ.
       Соққы толқын фронтындагы  артық  қысым  —  сокқы  толқын  фронтындағы
максималды  қысым  мен  осы  фронт  алдындағы  қалыпты  атмосфералық   қысым
арасындағы айырмашылық.

Жарылыс  пен  өрт  қауіпі  бар  өндірістердің  сенімділігін  қамтамасыз  ету
шаралары  және  апат  әсерінен  болатын  материалды  және  адамдар   шығынын
төмендетуге бағытталған шаралар.

Өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар:
 1. Ғимараттардың  сыртқы  қорғандарын  СНиП  2.09.02-85  пен  сәйкес  жеңіл
тасталатын құрылыстық  материалдардан  салу.  Жеңіл  тасталатын  материалдар
ретінде терезелерді әйнектеу, шамдарды қорғаныштауды қарастыруға болады.
 2. Апаттық желдетуді қолдану.  Негізгі  желдетудің  мақсаты-  технологиялық
үрдіс қалыпты өтуде бөлмедегі  өрт  және  жарылыс  қауіпсіздігін  қамтамасыз
ету.   Автоматты  апаттық  желдету  негізгі  желдету  істен  шыққанда   іске
қосылады, ал технологиялық үрдіс бұзылғанда негізгі желдетуге көмектеседі.
    3.    Өнеркәсіптік    бөлмелердегі     атмосфераны     флегматизациялау.
Флегматизация мақсаты жарылыс қауіпі бар ортаның  қалыптасуының  алдын  алу.
Флегматизацияның  екі  әдісі  мүмкін,  олар  жарылыс  қауіпі  бар  өнеркәсіп
орындарындағы  ауаны  араластыруға  негізделген.  1.  инертті  еріткіштермен
(азот, су буы) 2. жану ингибиторлары
 4. өнеркәсіп орындарындағы ауада жарылыс қаупі бар және жанғыш  газдар  мен
булардың   жиналуын   бақылау.   Бұл   мақсатта   газоанализаторлар,   газды
дабылқаққыштар және индикаторлар қолданылады.
 5. Жарылыс және өрт қаупі  бар  ортада  жану  көздерін  жою.  Бұл  мақсатта
келесі әдістер тиімді болып саналады.
- апаттар кезінде түзілетін булар мен газдардың  жану  көздермен  байланысын
болдырмау;
- жарылыстан қорғалған электр жабдығын қолдану;
- түзілген заттардың өздігінен жану температурасына дейінқызуын шықтау;
- соқтығысқанда ұшқын шығармайтын материалдарды пайдалану.
 Материалды және адам шығындарын төмендетуге бағытталған шаралар:
1. Жұмысшыларды қорғану құралдарын пайдалануға, төтенше жағдай кезіндегі іс-
әрекеттке, құтқару қызметтеріне үйрену;
2.  Үлкен ғимараттарды жанбайтын қабырғалармен, секцияларға бөлу;
3.  Ғимараттардың  арақашықтығын  көршілес  екі  ғимараттың   биіктіктерінің
орташа шамасына сай етіп алу;
4. Тез тұтанатын және жанғыш заттарды бөлек блоктарға орналастыру;
5. Аласа нысандарды топырақпен жауып, қауіпсіздігін арттыру;
6. Биік нысандарды жан-жағынан бекіту;
7. Жарылыс қауіпі бар, жанғыш заттар қорын азайту.
  Апат болжамы бар кәсіпорын жұмысын сенімді қылуға бағытталған шаралар.
1. Электрмен қамту жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз ету;
2. Газбен қамыту сенімділігін қамтамасыз ету;
3. Сумен қамыту жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз ету;
4. Бумен және жылумен қамыту жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз ету;
5. Өндірістік және шаруашылық канализациясының сенімділігін арттыру;
6. Басқару  пунктерін,  диспетчер  пунктерін,  АТС  радиотораптарды  сенімді
қорғау;
7.  Жергілікті  билік  органдарымен,  АҚ  және  олардың  штабтарының  жоғары
бастықтарымен сенімді байланыс.

  Өзін өзі тексеру сұрақтары


   1. Жарылыстың күшті толқындары.
   2. Ауаның соққы толқыны туралы түсінік.
   3. Жарылғыш заттар. Жарылғыш заттар мінездемелері.
   4. ЖЗ жіктелуі
   5. Жарылыс пен өрт қауіпі бар өндірістердің сенімділігін  қамтамасыз  ету
      шаралары
   6. Апат әсерінен болатын  материалды  және  адамдар  шығынын  төмендетуге
      бағытталған шаралар














                            Тәжірбиелік сабақтар

      № 1 тәжірбиелік сабақ  «Қатты отын құрамындағы ылғалдылықты анықтау»


      1 Жұмыстың бағыты
      Жұмыстың  мақсаты  тас  көмірдің  аналитикалық  тексермесінің  (проба)
ылғалдылығын  анықтау.  Сынақ  қорытындысын   көмірдің   негізгі   сапасымен
салыстыру. Алынған қорытынды арқылы отынның  ылғалдылығының  (влажность)  бу
шығару генераторының қондырғы-сының үнемі тигізер жерін көрсету.


      2 Теориялық анықтама
      Ылғалдылық отынның негізгі анықтамаларының  бірі  болып  табылады.  Ол
барлық  қатты  отын  (  твердое  топливо)  түрлерінде  балласт  жүргізіледі.
Отынның  ылғалдылығы  оның  көмірлену  дәрежісіне  (углефикация),   орналасу
дәрежесіне, өндіру (добычи),  тасымалдау  және  сақтау  (хранение)  тәсіліне
байланысты.
      Отынның ылғалдылығы жану кезіндегі жылулығын, жану (горение)  процесін
және бу шығару  генераторының  (парогенератор)  пайдалы  әсер  коэффицентін,
басқара жандыру қондырғыларының көрсеткіштерін төмендетеді.
      Ылғалдылық   пен   отынның   байланысын   келесі   түрлерге    бөледі:
адсорбциондық,  кондесиро-түтікшелік  (капилляр),  коллоидтық,  меха-никалық
ұстамды  және  кристаллогидраттық.  Техникалық  сұрыптау   кезінде   отынның
ылғалдылығын жоғары көрсетілген түрлерге бөлмейді.  Ондай  жағдайда  отынның
ылғалдылығын келесі түрлерге бөлу кезкілген қолданылады:
      а) жалпы (общая) немесе жұмыстық ылғалдылық жұмыс  қалпындағы  отынның
ылғалдылық жұмыс қалпындағы отынның ылғалдылығымен анықталады;
      б) құрғақ ауадағы отынның ылғалдылығы немесе отынның табиғи жағдайдағы
ылғалдылығы;
      в)   гигроскопиялық   ылғалдылық    –    отынның    қоршаған    ауаның
температурасының T = 293±1°С және салыстырмалы  ауаның  ылғалдылығының  φ  =
65±5°С; кезіндегі құрғақ ауа ылғалдылығына дейін кептірілген ылғалдылығы;
      г) отынның лабораториялық тексермесінің (проба) ылғалды-лығы;
      д) отынның аналитикалық тексермесінің ылғалдылығы.


      3 Лабораториялық қондырғының сипаттамасы
      Қондырғының құрамына: өлшемді отын салынған құмыршыларды (тигеля)  (3)
қыздыруға  арналған  (сурет  1)  қонтақтылы  термометр  (2)   және   желдету
(естественная  вентиляция)  қолданылатын  тесіктері  бар  электрлі   кептіру
сандықшасы (шкаф); ылғалдылықты сорып алатын  химиялық  реактивті  эксикатор
(4)  кіреді.  Кептіру  қондырғысының   ішіндегі   температура   105-110   °С
деңгейінде.


      [pic]


      Сурет 1 – зертханалық қондырғы


      4 Жұмысты орындау тәртібі
      Аналитикалық   тексерменің   (проба)   ылғалдылығын    Р    52917-2008
мемлекеттік стандартқа  (ГОСТ)  [8]  сәйкес  анықтайды.  Әдістің  мақсаты  -
өлшемді  отынның  110,1  г  кептіру  сандықшасында  105-110°С  температурада
негізгі массаға ( ылғалдылық буланып  біткенше)  дейін  көтеріледі.  Кептіру
температурасының 105-110°С болуы, бұл  температура  деңгейіндегі  су  буының
қысымы атмосфералық ауаның  қысымынан  (  давление)  артық  болып,  булануды
тездетіндігінен.
      Сұрыптауды (анализ) бір мезгілде екі өлшемде төмендегідей өткізеді:
      1 Отынның аналитикалық тексермесін  (аналитикалық  пробасың)  қасықпен
құтының (банка) ішінде араластырып, екі-үш жерден әртүрлі  тереңдікте  1±0,1
өлшемдікті алып өлшенген таразы  құмыршаларына  (тигельге)  салады.  Өлшеуді
дәлділігі 0,0002 г аналитикалық таразыда өткізеді.
      2 Өлшемді отын салыгған, қақпағы жартылай жабылған құмыршаны  алдынала
қыздырылған кептіру қондырғысына салып кептіреді: тас көмірді, антрацит  пен
жанғыш  сланецті  –  30  минут;  қоңыр  көмір  мен  сумен  байыту  өнімдерін
(продукты мокрого обогащения) – 60 минут.
      3  Отын  салынған  құмыршаны  негізгі  уақыт  өткеннен  кейін  кептіру
сандықщасынан (шкафтан) алып, қақпағың жауып, алдымен  екі-үш  минут  ауада,
одан соң эксикаторда бөлме температурасына дейін суытып  алып,  содан  кейін
өлшейді.
      4 Өлшегеннен кейін 30 минут  бақылаулық  (контроль)  кептіру  өткізіп,
өлшемді қайта  өлшейді.  Екі  рет  өткізілген  сұрыптаудың  көрсеткіштерінің
айырмасы (расхождение) 0,3 аспау керек.
      Тәжірибе көрсеткіштері төмендегі кестеде көрсетіледі.


Кесте


      |Құмыра-  |Құмырашаның (тигельдін) салмағы, гр                   |
|шаның    |                                                      |
|(тигель-д|                                                      |
|ін) №    |                                                      |
|         |     |өлшемді     |1-ші      |2-ші      |Салмақтың    |
|         |бос, |отынмен, m2 |кептіру-де|кептіру-де|азаюы,       |
|         |m1   |            |н кейін,  |н кейін,  |m2-m4        |
|         |     |            |m3        |m4        |             |
|1        |     |            |          |          |             |
|2        |     |            |          |          |             |


      5 Өлшем көрсеткіштерін өндеу
      Аналитикалық тексермедегі (аналитикалық проба) көмірдің ылғалдылығы, %
мына өрнек (формула) бойынша анықталады.


      [pic]                                              (1)


      Жұмысқа қолданылатын отынның ылғалдылығы


      [pic],                                             (2)


      Егер Wсырт  –  отынды  кептіру  кезіндегі  азаятын  салмақтың  өлшемді
отынның   салмағы   мен   арасындағы   айырмасы,   немесе   отынның   сыртқы
ылғалдылығы,%


                                                                       [pic]
     (3)


      Жұмысты орындаған кезде  сыртқы  ылғалдылық  оқытушының  нұсқауымен  (
указание) алынады.


      6 Зертханалық  жұмысқа дайындық үшін тапсырма
      Бұл жұмысты алғаш орындайтын студенттер, жұмыстың орындалу  нұсқауымен
танысуы  керек,  жұмыстың  мазмұны  мен  сипаттамасымен  және   де   бақылау
сұрақтарында қойылған сұрақтарды пысықтап, тиісінше жауап бере білу керек.


      7 Бақылау сұрақтары
      1 Көмірлену (углефикация) дәрежесі дегеніміз не?
      2 Эксикатордың міндеті?
      3 Отынның жасының өсуіне  байланысты  коллоидты  ылғалдылыққа  тигізер
әсері?
      4 Отынның жоғарғы ылғалдылығының жану процессіне тигізер әсері.
      5 Отынның жоғары мөлшердегі ылғалдылығы оның  жану  процессіне  қандай
әсерін тигізеді?
      6 Отынның ең басты жану элементі не болып есептелінеді?
      7 Отынның ішкі балластына не жатады?
      8  Отынның  жасы  неғұрлым  үлкен  болса,  капиллярлық   ылғалдылықтың
соғұрлым әсері?
      9 Қандай отында коллоидты ылғалдылық жоғары?
      10 Қандай температурада гидратты ылғалдылық жойылады?


      8 Қолданылған әдебиеттер
      1 Резников М.И., Липов Ю.М. Паровые котлы тепловых  электростанций.  –
М.: Энергоиздат, 1981. – 240 с.
      2 Белосельский Б.С.,  Вдовченко  В.С.  Контроль  твердого  топлива  на
электростанциях. Учебник для вузов. – М., 1987. – 176 с.
      3 Панкратов Г.П. Сборник задач по теплотехнике.  М.:  «Высшая  школа»,
1986.  – 248 с.
      4 Мунц  В.А.,  Павлюк  Е.Ю.   Основы  теории  горения  топлив :  Учеб.
пособие. Екатеринбург: ГОУ ВПО УГТУ-УПИ, 2005. –  102 с.

      5 ГОСТ Р 52917-2008. Топливо твердое минеральное.  Методы  определения
влаги в аналитической пробе. М.: ИПК Издательство стандартов, 2002. – 5 с.




      № 2 Тәжірбиелік сабақ «Қатты отынның күлділігін анықтау»


      1 Жұмыстың бағыты
      Жұмыстың мақсаты – тас  көмірдің  аналитикалық  тексермесінің  (проба)
күлділігін  анықтап,  оны  жұмыс  массасымен  салыстырып  есептеу.   Алынған
қорытындыны  сапалы  көмір  мөлшерімен  (норма)  салыстыру.  Күлділіктің  бу
генераторлық  қондырғысының  техникалық  –  экономикалық  көрсеткішіне  және
жұмысына тигізер әсерін сипаттау.


      2 Теориялық анықтама
      Отын  түрлерінң  барлығы  органикалық  және  минералдық   бөлшектерден
құрылады. Отын жанған  кезде  органикалық  бөлшектер  жанып  кетеді  де,  ал
қалған  қоспалар  жоғары  температураның   әсерінен   әртүрлі   өзгерістерге
ұшырайды (ұшып кетеді, бөлінеді, тотығады  (окисляются)),  содан  кейін  күл
пайда болады. Күл дегеніміз  –  жанбайтын  заттардың  қоспасы   (силикаттар,
карбонаттар, әртүрлі металлдардың тотықтары, т.б). Күл жоғары  температурада
және қажетті ауа мөлшерімен, бүкіл жанғыш бөлшектері  (компоненттері)  жанып
біткенен кейін отынның минералды құрамынан (массасынаң) түзеді.
      Жоғары температурада  түзілетін  минералды  кұрамдар  қоспасы  түзілме
(шлак) деп аталады. Түзілме мен күлді  қосып  отынның  (көмірдің)  күлділіғі
(зольность) деп атайды.
      Отынның   күділігі    жанғыш    бөлшектерді    (горючие    компоненты)
азайтатындықтан отынның жанған  кездегі  жылулығы  кемітіледі  (азаяды),  бу
генераторы  қондырғысының  үнемі  (экономичность)  кемітіледі  және  отынның
жануы күрделінеді (қиындатылады).


      3 Зертханалық қондырғының сипаты
      Қондырғының құрамы: ауа кіретін және отынның жанған кезіндегі түзілген
заттардың шығуы үшін арналған екі тесігі  бар  муфельдік  электр  пеші  (1);
фарфор қайықшалар мен құмырашылар
(2); отынды  күйдіру  үшін  қолданылатын  муфел  ішіндегі  ыстықты  өлшейтін
термопара мен милливольтметр (3); күкірт қышқылы мен құмырашаларды  (тигель)
салқындататын эксикатор (4).




                                [pic]


































      Сурет 2 – зертханалық қондырғы


      4 Жұмысты орындау тәртібі
      Тас  көмір,  антрацид  және  жанғыш  сланецтерді   күлділгі   11022-95
мемлекеттік стандартқа (ГОСТ) сәйкес,  тездетіп  күлдендіру  әдісімен  (  по
методу ускоренного озоления) анықталады. Әдістің мағынасы – 35 минут  ішінде
800±25°С ыстықта ауа еркін кіріп  тұрған  муфельде  өлшемді  отынды  қыздыру
болып  табылады.  Күлдың  қалдығы   мен  бастапқы   алынған  отынның   өлшем
салмағының  бөлінгіші  отынның  аналитикалық  тексермесінің  күлділігі   деп
есептелінеді (зольность в аналитической пробе).
      Қатты бөлшектер ұшып кетпеу үшін, күлдендіруді  жалын  шығармай,  баяу
жүргізу керек. Өлшем жанбай, бек бықсу (тлеть) керек, ал от шыққан  жағдайда
құмырашаның бетін бірнеше секундқа жауып өшіруге тиіс.  Кері  жағдайда  кокс
түзілуі мүмкін, ол ауыр жанады.
      1  Алдын  ала  өлшенген  құмырашаларға  1±0,1  г  отын  салады.  Өлшеу
дәлділігі (точность взвешивания) мұнда да, будан кейін де 0,0002 г.
      2 Өлшемді отын салынған құмырашыларды қалыңдығы  3  мм  құрыш  (болат)
немесе  керамикалық  күйтабақшаларға   (табақшаларға)   қояды.   Құмырашалар
салынған  күйтабақшаны   800±25°С   ыстықтыққа   көтерілгенден   соң   муфел
қондырғысының шетіне есігін ашып қойып 3 минут ұстайды.
      3   Жоғарыда   көрсетілген   уақыттан   кейін   құмырашалар   салынған
күйтабақшаны 2 см/мин жылдамдықпен муфел қондырғысының ішіне жылжытады.
      4 Күйдіру аяқталғаннан кейін құмырашаларды ашық ауада 5 минут суытады,
содан соң  эксикаторда  бөлменің  температурасына  дейін  суытып  алады  да,
өлшейді. Тексеру үшін күйдіру жүргізілмейді.
      5 Алынатын анализ қорытынды дұрыс болу үшін 2-3 отынымен  өлшемді  бір
уақытта   параллел   қыздырылады.   Алынған    көрсеткіштердің    арасындағы
айырмашылық 0,2-0,5% тен аспау керек.
      Өлшеудің көрсеткіштері төменгі кестеге енгізіледі.
Кесте


      |Құмыра-     |                  Құмырашалардың салмағы, гр       |
|шалардың    |                                                   |
|№           |                                                   |
|            |бос,   |өлшемді     |қатты         |салмақтың     |
|            |m1     |отынымен, m2|қыздыр-ғаннан |кемуі,        |
|            |       |            |кейін күлімен,|m3-m2         |
|            |       |            |m3            |              |
|1           |       |            |              |              |
|2           |       |            |              |              |


      5 Өлшем көрсеткіштерін өңдеу
      Отынның аналитикалық тексермесінің күлділігі мына өрнекпен анықталады


      [pic]


      мұнда: ∆m - күл қалдығының салмағы, г; m-өлшемді отынның салмағы, г.
        Жұмыс салмағындағы отынның күлділігі


      [pic]


      Мұнда Wжұм,  Wa  –  жұмыс  салмағының  және  аналитикалық  тексерменің
дымқылдылығы (ылғалдылығы), Wжұм  және  Wa  белгілері  зертханалық  жұмыстың
көрсеткіштеріне сай алынады.


      6 Зертханалық  жұмысқа дайындық үшін тапсырма
      Бұл жұмысты алғаш орындайтын студенттер, жұмыстың орындалу  нұсқауымен
танысуы  керек,  жұмыстың  мазмұны  мен  сипаттамасымен  және   де   бақылау
сұрақтарында қойылған сұрақтарды пысықтап, тиісінше жауап бере білу керек.


      7 Бақылау сұрақтары
      1  Күлдің  балқу  (қорыту)  температурасына  байланысты  энергетикалық
отынның бөлінуі (классификациясы).
      2 Күлдің қасиеттерін түгендеу?
      3 Жұмыс орындау тәртібі қандай?
      4 Күл мен түзбе (қоқыс/шлак) дегеніміз не?
      5 Отынның жанғыш салмағына қарай қарапайым (элементар)
құрамы?
      6 Отын жанған кезде қандай процестер жүреді?


      8 Қолданылған әдебиеттер
      1 Резников М.И., Липов Ю.М. Паровые котлы тепловых электростанций. –
М.: Энергоиздат, 1981. – 240 с.
      2 Белосельский Б.С.,  Вдовченко  В.С.  Контроль  твердого  топлива  на
электростанциях. Учебник для вузов. – М., 1987. – 176 с.
      3. Панкратов Г.П. Сборник задач по теплотехнике. М.: «Высшая школа»,
1986.  – 248 с.

      4 Мунц В.А. , Павлюк Е.Ю.  Основы теории горения топлив : Учеб.
пособие. Екатеринбург: ГОУ ВПО УГТУ-УПИ, 2005. –  102 с.


      5 ГОСТ 11022-90. Топливо твердое минеральное. Методы определения
зольности. М.: ИПК Издательство стандартов,


2002. – 7 с.






















      № 3 тәжірбиелік сабақ «Қатты отыннан бөлініп  шығатын  ұшқыш  заттарды
анықтау және ұшпайтын құрамдарын классификациялау»


      1 Жұмыстың бағыты
       Жұмыстың мақсаты - тас көмірдің аналитикалық тексермесінің  бөлінетін
ұшқыш заттарын анықтау. Көрсетілген  кестеге  байланысты  түзілген  ұшпайтын
қалдықты сұрыптау (классификациялау).


      2 Теориялық сипаттама
      Құрғақ қатты отынды  ауасыз  қыздырғанда  одан  белгілі  бір  мөлшерде
органикалық және минералдық бөлшектер, бу  және  газ  түрінде  бөлінеді  де,
олар ұшқыш заттар деп аталынады. Ұшқыш заттар  құрамына  (летучие  вещества)
оттегі,  азот,  күкірттің  ұшқыш  бөлігі,  сутегі  кіреді.  Ұшқыш  заттардың
мөлшері отынның  геологиялық  жасына  байланысты  болады  да,  жасың  өсуіне
байланысты  ұшқыш  заттар  кемиеді.  Бұл  отынның  жер  қабаттарында  бөліну
дәрежесіне байланысты.
      Жоғары температурасында (tқыздыру =  750-1000°С)  күйдірілген  отыннан
түзілетін ұшпайтын заттар түзілісі кокс, ал (tқыздыру =  500-550°С)  болатын
түзілістер жартылай кокс деп аталады.
      Ұшпайтын  заттардың  мөлшері   отындың   пайдалы   жұмсаудың   негізгі
көрсеткіштерінің  бірі  болып  табылады.  Олар  органикалық  отынды  негізде
өндірістік  сұрыптауда  және  негізгі  қазан-ошақ  қондырғылар  үшін  отынды
талқандату (ұнтақтауының) көрсеткіштерінің бірі.


       3 Лабораториялық қондырғының сипаттамасы
       Қатты отыннан бөлінетін ұшқыш заттарды  анықтайтын  қондырғы  ретінде
күлділікті анықтайтын қондырғы қолданылады. (№ 2 зертханалық жұмысты қара)


      4 Жұмысты орындау тәртібі
      Ұшқыш заттарды анықтау 6382-2001 мемлекеттік стандарт (ГОСТ)  әдісімен
жүргізіледі.  Бұл  әдістің  мағынасы:  отынның   аналитикалық   тексерісімен
құмырашаға  салып,  қақпағын  жауып,  850  °С  ыстықтыққа  дейін   7   минут
мөлшерінде  қыздыру.  Ыстықтықтың   көрсетілген   мөлшерде   алыну   себебі,
ыстықтықты  одан  әрі  көтерген  жағдайда  ұшқыш  заттар  тым  көп  бөлініп,
ішіндегі газ қысымы төмендейді де (құмырашаның ішіндегі), құмырашаның  ішіне
ауа кіруі немесе өлшемнің тотығуы мүмкін.
      Тәжірибе екі тексермемен қатар мына түрде жүргізіеді:
      1 Алдын ала  өлшенген  қақпақты  құмырашаларға  1±0,1  г  аналитикалық
тексермелер салыналы. Бір өлшем құмырашаларға саларға  дейін  лабораториялық
пресспен соғылады. Өлшеу дәлділігі 0,0002 г.
      2 Ауызы жабық, өлшемді көмір салынған құмырашаларды  табақшаға  салып,
тездетіп муфел қондырғысының тұрақты ыстық (860°С) аймағына орналастырып,  7
минут  ыстықтықты  қадағалап  ұстайды.  Құмырашаларды  орналастырған   кезде
азайған  ыстықтық  3  минутте  қайтадан  850±10°С  жеткізілуі  керек.  Бұлай
болмаған жағдайда тәжірибе қайталанады.
      3 Жеті минут  өткеннен  кейін  құмырашаларды  табақшамен  бірге  муфел
қондырғысынан алады да, қақпағын ашпай тұрып, алдымен ашық  ауада  5  минут,
одан соң эксикаторда бөлмелік температураға дейін суытады да, өлшейді.
      4 Өлшеп  болғаннан  кейін,  құмырашалардың  бетін  ашып  қарайды  және
ұшпайтын  түзілмелерді  сұрыптап,  көрсетілген  кестеге  енгізеді.  Ұшпайтын
заттар қалдығы сығылмаған өлшем арқылы анықталады.
        Өлшеу көрсеткіштері төмендегі кестеге енгізіледі.


Кесте


      |Құмыра-     |                  Құмырашалардың салмағы, гр               |
|шалардың    |                                                           |
|№           |                                                           |
|            |   Бос, m1      |өлшемді      |Ұшқыш        |Салмақтың    |
|            |                |отынымен, m2 |заттарсыз, m3|кемуі,       |
|            |                |             |             |m3-m2        |
|1           |                |             |             |             |
|2           |                |             |             |             |


         Бір аналитикалық тексерменің  қатар  өткізілген  екі  тәжірибесінің
айырмашылығы мына сандардан жоғары болмауы тиіс:
      9 % кем ұшқыш заттары бар – көмір үшін – 0,3 %;
      9 %-тен  45% -ке дейін ұшқыш заттары бар – көмір үшін - 0,5 %;
      45 % жоғары ұшқыш заттары бар көмір үшін – 1,0 %.


      5 Өлшем көрсеткіштерін өндеу
      Аналитикалық тексермені Vа және жанғыш  масса  ретінде  есептелген  Vг
отынның құрамындағы ұшқыш заттар мына өрнек бойынша есептеледі:


      [pic]


      мұнда ∆m - өлшемдік отынның массасының азаюы, г;
                   m - өлшемдік массасы, г;
                  Wа – отынның аналитикалық ылғалдылығы, %


      [pic]


      мұнда Wа, Аа – аналитикалық тексерменің ылғалдылығы мен  күлділігі;  W
мен A  белгілері  №  1  және  №  2  лабораториялық  жұмыстың  қорытындысынан
алынады.


Кесте. - Ұшқыш емес қалдықты сұрыптау


      |Ұшқыш емес қалдықтарға мінездеме    |Қалыпты түрі                        |
|Ұнтақ тәріздес                      |Құмыраның түбіндегі ұсақ ұнтақ      |
|Жабысқан                            |Саусақпен аздап басқанда ұнтаққа    |
|                                    |айналады                            |
|Шала күйдірілген                    |Саусақпен аздап басқанда бөлшектеніп|
|                                    |қалады                              |
|Күйдірілген, бірақ балқытылмаған    |Бөлшектеу үшін біраз күш жұмсау     |
|                                    |керек                               |
|Балқытылған, бірақ қопсытылмаған    |Сырты күміс түсті жылтырайтын жалпақ|
|                                    |шелпекше                            |
|Балқытылған, қопсытылған            |15 мм биіктігі бар, сырты күміс     |
|                                    |түсті қалдық                        |
|Балқытылған, өте қопсыған           |15 мм биіктіктен асатын, сырты күміс|
|                                    |түсті қалдық                        |




      5 Зертханалық  жұмысқа дайындық үшін тапсырма
      Бұл жұмысты алғаш орындайтын студенттер, жұмыстың орындалу  нұсқауымен
танысуы  керек,  жұмыстың  мазмұны  мен  сипаттамасымен  және   де   бақылау
сұрақтарында қойылған сұрақтарды пысықтап, тиісінше жауап бере білу керек.


      6 Бақылау сұрақтары
      1 Отынның жасына қарай ұшқыш заттардың бөлінуі қалай өзгереді?
      2 Түзілме (кокс) дегеніміз не?
      3 Мөлшері 9 % артық ұшқыш заттары бар отын қалай аталады?
      4 Мөлшері 24-37% ұшқыш заттар бөлінетін майлы көмірдің түзілме  (кокс)
қалдығы қандай болады?
      5 Текшелі (плиталы), қатарлы, кокысты (штыб) көмірлер  қандай  белгісі
арқылы сұрыпталады?
      6 Мөлшері 9 % төмен ұшқыш заттары бар отын түрлері?
      7 Ұшқыш  жанғыш  заттардың  көбеюі  отынның  тұтануына  қандай  әсерін
тигізеді?
      8 Қатты және сұйық отынның қандай бөлігі жанбайтын болып есептелінеді?
      9 Қандай құрамалар (компонентер) отынның толық  жанған  кездегі  өнімі
болып есептелінеді?


      7 Қолданылған әдебиеттер
      1 Резников М.И., Липов Ю.М. Паровые котлы тепловых электростанций. –
М.: Энергоиздат, 1981. – 240 с.
      2 Панкратов Г.П. Сборник задач по теплотехнике. М.: «Высшая школа»,
1986.  – 248 с.
      3 Белосельский Б.С.,  Вдовченко  В.С.  Контроль  твердого  топлива  на
электростанциях. Учебник для вузов. – М., 1987. – 176 с.
      4 Мунц В.А. , Павлюк Е.Ю.  Основы теории горения топлив : Учеб.
пособие. Екатеринбург: ГОУ ВПО УГТУ-УПИ, 2005. –  102 с.

      5 ГОСТ 6382-2001 (ИСО 562-98, ИСО 5071-1-97). Межгосудар-ственный
стандарт. Топливо твердое минеральное. Методы опреде-ления выхода летучих
веществ. М.: ИПК Издательство стандартов, 2002. – 6 с.




      №  4  тәжірбиелік  сабақ  «Сұйық  отынның   жарқ   ету   және   тұтану
температурасын анықтау»


      1 Жұмыстың бағыты


      Жұмыстың  мақсаты  –  мазуттың  (жанармайдың)  жарқ  ету  және  тұтану
(жалындау) температурасын анықтау. Алынған көрсеткіштерді  мазуттың  негізгі
көрсеткіштерімен салыстыру, тегін (маркасың) анықтау.


       2 Теориялық сипаттама
      Жарқ ету (вспышка) температурасы деп, сұйық отынның  (немесе  басқадай
мұнай  өнімдерінің,  мысалы,  жанармайдың)  нақтылы  жағдайда  қыздырылғанда
бөлінетін будың мөлшерінің қоршаған ауамен қоспасының жалынды  жақындатқанда
тұтану температурасын айтады. Бұл жағдайда отынның өзі әлі жанбайды.
      Егер отынға жалынды жақындатқан кезде будың тұтануынан  кейін  (5  сек
кем  емес)  отынның  өзі  жанса,   ол   температура   тұтану   (воспламения)
температурасы деп аталынады. Бір  мұнай  өнімдері  үшін  екі  температуралық
айырмасы аса үлкен  болмайды, әдетте 60-70°С аспайды. Отынның жарқ ету  және
тұтану (жалындау)   температурасы  қайнау  температурасының  қысымы  азайған
кезде артады.


      3 Зертханалық қондырғының сипаты
      Қондырғының құрамында: (3 сурет) ішкі  құмыраша  (1);  сырты  құмыраша
(2); термометр (3); штатив (4); барометр  (5);  үш  деңге  дейін  қыздыратын
электрлі қыздырғыш (6):
      1 – ші деңгей – қуатты максималды – 800 кВт, 2  –  ші  деңгей  –  орта
қуатты – 400 кВт, 3-ші деңгей  – аз қуатты – 200 кВт.


      4 Жұмысты орындау тәртібі
        Мазуттың жарқ  ету  және  тұтану  (жалындау)  температурасы  4333-87
мемлекеттік  стандартқа  (ГОСТ)   сәйкес,   ашық   құмырашада   төмендегідей
анықталады:
      1  Бензинмен  жуылған   таза   және   құрғатылған   құмырашаның   20°С
температурасына дейін газды қыздырғышта қыздырып, қыздырылған  құм  салынған
сыртқы  құмырашаға  (тигельге),  орналастырады.  Ішкі   құмырашаға   мазутты
шеңберлі (кольцевой) деңгейге дейін құяды.


      [pic]


                           Сурет 3 – зертханалық қондырғы


      2  Ішкі  құмырашаға,  термометр  құмырашының  ішіндегі   отынның   дәл
ортасында болғандай етіліп тігінен орналастырылады.
      3 Сыртқы құмырашаны қыздыратын электрлі қыздырғышты  екінші  деңгейіне
қойып мазутты 50 °С дейін, минутына 10 °С жыл-дамдықпен қыздырады.
      Температура 50°С жеткізілген отынға  сусыздандыру  үшін,  қатты  қызып
тұрған ас тұзы мен немесе калций сульфаты қосылады. Сусыздандырылған  отынды
 90°С температураға  дейін  минутына  4°С  көтеріп  қыздыру  үшін  электрлік
қыздырғышты үшінші деңгейге қою керек.
      4 Мөлшері 90°С  температурада  (тұтану  температурасы  шамасында  10°С
төмен) білтені (фитиль) жағып,  мазуттан  10-14  мм  қашықтықта  құмырашаның
шетінен екінші шетіне дейін жалынды екі-үш секундта айналдыру керек.  Бұндай
тәжірибені әрбір екі градус сайын,  температураны  көтеріп  отырып,  бірінші
тұтануға дейін қайталау  керек.  Тұтану  кезіндегі  термометрдің  көрсеткіші
кестеге кіргізіледі.
      5  Отынның  тұтану  температурасын  анықтаған  соң,  оны   әрбір   2°С
температураға  көтеріп  жаға  отырып,  минутына  4°С  жылдам-дықпен  қыздыру
керек.
      Жалындау  температурасынан,  сол   сәтте   термометрмен   дәлелденетін
температура алынады.  Ол  сыналатын  отынға  жалынды  тигізген  кезде  пайда
болады және ол кем дегенде 5 секунд жанады.
      Сынау көрсеткіштері төмендегі кестеге кіргізіледі.




Кесте

|Тәжірибенің жасалу     |Қыздыру жылдамдығы,    |Термометр    |
|уақыты, минута.        |град/мин               |көрсеткіші,  |
|                       |                       |°С           |
|Тәжірибенің басталуы   |                       |             |
|                       |                       |             |



      5 Өлшеу көрсеткіштерін өндеу
      Тұтану мен жану температурасы,   t'жарқ  ету  және  t'тұтану    сәйкес
белгіленіп,  тәжірибенің  нәтижесінде  анықталады.  Алынған  көрсеткішке  ∆t
деген түзету енгізіледі,  егер  армосфералық  қысымы  (давление)  бірқалыпты
қысымнан (760 мм. сынап  бағанасы)  ауытқуы  болса  мына  өрнек  (  формула)
бойынша анықталынады


             ∆t=0,0345*(760-Р), °С


      мұнда: 0,0345 – атмосфералық қысым  1  мм  сынап  бағанасына  өзгерген
кездегі жарқ ету температурасының өзгеруі; Р- тұтану  температурасы  белгілі
болғандағы қысым, мм с.б.
      Жарқ ету мен тұтану температурасы түзету есебімен


             tжарқ ету = t'жарқ ету ± ∆t, °С,


             tтұтану =t´тұтану ± ∆t, °С.


      Түзетуді барометрлік қысым 760 мм сына бағанасынан төмен болған  кезде
қосады  да,  ал  егер  ол  760  мм  сынап  бағанасынан  жоғары  болса   алып
тасталынады.


      6 Зертханалық  жұмысқа дайындық үшін тапсырма
      Бұл жұмысты алғаш орындайтын студенттер, жұмыстың орындалу  нұсқауымен
танысуы  керек,  жұмыстың  мазмұны  мен  сипаттамасымен  және   де   бақылау
сұрақтарында қойылған сұрақтарды пысықтап, тиісінше жауап бере білу керек.


      7 Бақылау сұрақтары
      1 Отынның жану жылулығы дегеніміз не?
      2 Шартты отын дегеніміз не?
      3 Қазан агрегаттының жандыру  қондырғыларында  сұйық  отынның  қайсысы
жанады?
      4 Мазуттың қандай таңбалары (маркалары) болады?
      5 Мазуттың жарқ ету температурасы дегеніміз не?
      6 Отынның төменгі жану  жылулығы  Qрн  оның  Wp  ылғалдылығымен  қалай
байланысты?
      7 Мазутты қайдан алады?
      8 Мазуттың таңбасындағы М100, М40...  әрпінің  артындағы  сандар  нені
көрсетеді?
      9 Сұйық отын тамшыларының  жануы  мен  қатты  отын  жануының  механизм
арысындағы айырмашылық неде?
      10 Тұтану температурасы дегеніміз не?


      8 Қолданылған әдебиеттер
      1 Резников М.И., Липов Ю.М. Паровые котлы тепловых  электростанций.  –
М.: Энергоиздат, 1981. – 240 с.
      2 Панкратов Г.П. Сборник задач по теплотехнике.  М.:  «Высшая  школа»,
1986.  – 248 с.
      3 Белосельский Б.С.,  Вдовченко  В.С.  Контроль  твердого  топлива  на
электростанциях. Учебник для вузов. – М., 1987. – 176 с.
      4. Мунц В.А. , Павлюк  Е.Ю.   Основы  теории  горения  топлив :  Учеб.
пособие. Екатеринбург: ГОУ ВПО УГТУ-УПИ, 2005. –  102 с.

      5 ГОСТ 4333-87 Нефтепродукты. Методы определения температур вспышки  и
воспламенения в открытом тигле (Утвержден 1988-07-01).




      № 5 тәжірбиелік сабақ «Көмір саның елеп сұрыптау»


      1 Жұмыстың бағыты
      Жұмыстың мақсаты – көмір шаңының ұнтақталу мөлшерін анықтау және көмір
шаңының 90 мкм,  200  мкм  елеуіші  бойынша  өтуін  анықтау.  Көмір  шаңының
ұнтақталу   мөлшерінің   (тонина   помола)   бу   генераторы   қондырғысының
үнемділігіне тигізетін әсерін сұрыптау.


      2 Теориялық анықтама
      Көмір шаңның елеп сұрыптау, ұнтақтаудың жұқалығың (жіңішкеліғің немесе
еркешеліктерін) анықтауға арналады. Шаңды (елеулі белгілі  бір)   мөлшердегі
тесіктері бар елеуіштерде жүргізіледі.  Елеуіштегі  қалған  шаңның  салмағы,
алғашқы   алынған   санның   пайызы   (%)   көлемінде   ұнтақтау   жұқалығың
(ерекшелігінің) көрсеткіші болады және Rx әрпімен белгіленеді,  өйткені  «Х»
тесіктің ендік өлшемі.
      Алғашқы салмақ бойынша елеуіштен өткел (өту)  пайыз  түріндеғі  шаңнын
саны деп аталынады да, Дх әрпімен белгіленеді. Әрбір елеуіш үшін  R  +  D  =
100 % тепе теңдігі дұрыс.
      Энергетика  саласында  тас  көмірді  жағу  кезіндегі  шаңның   сапасын
қолдануды бақылау кезінде, шаңнын  еленуімен  (рассевка)  90  және  200  мкм
елеуішіндегі антрациттер мен жартылай антрациттер азаяды.
      Энергетика саласында тас көмірді, антрациттер мен жартылай антрациттер
жағу кезіндегі шаңның сапасын қолдануды бақылау кезінде,  90  және  200  мкм
шаңнын еленуімен щек қойылады (анықталынады).


      3 Жұмыс жүргізу тәртібі
      Көмір шаңының ұнтақталу  мөлшері  және  елеуіштен  өтуі,  қолмен  елеу
арқылы (25 г мөлшерінде өлшемді тексерме алынып) ұялары 90 және 200 мкм  бар
елеуіштерінде келесі жолмен жүргізіледі:
      1 Шаңнын орташа тексермесін (пробасың) алады  да,  25  г  дәлділігімен
мұнда да, одан әрі де 0,01 г техникалық таразда өлшейді.
      2  Өлшемді   орташа   тексермемен   90   мкм   ұялары   бар   елеуішке
орналастырылады да, қақпағы мен және түбімен  жабады.  Елеуішті  бір  қолдан
екінші  қолға  лақтырып  отырып,  минутына  120  соғу  жылдамдығымен  елеуді
жүргізу керек.
      Елеуішті 3-4 минутте бір рет 90°С  горизантальдық  тегістікке  аударып
отыру керек және әрбір аударған сайын елеуіштің екі жағынан алақанмен  соғып
отыру керек. Әрбір 2-3 минут сайын елеуішті астынғы жаынан  жұмсақ  щеткамен
тазалау керек. Елеуді 20  минут  мөлшерінде  жүргізіледі.  Әрбір  елеуіштегі
елеу жұмысының санның аяқталғанын  қадағалау  үшін,  таза  ақ  қағазда  елеу
жұмысын жүргізу керек.   Егер  қағаздың  бетінде  тек  қана  аздаған  шаңнын
дәндері пайда болса, елеу бітті деп есептелінеді.
      3 Елеу біткен соң елеуішті қағып,  қалдықтарды  таразының  табақтарына
салып  өлшейді.  Сонымен  қатар  елеуіштен  өткен  кездегі  түбінде   қалған
қалдықтарды да өлшенеді.
      4 Мөлшері 90 мкм өлшемді (размер)  ұялы  елеуіштегі  қалдықтары  өлшеп
біткен соң 200 мкм өлшемді ұялы елеуішке  төгеді  де,  жоғары  әдіспен  елеу
жұмысын  жүргізелі.  200  мкм  елеуіште  елеу  жұмысы  5  мин.    мөлшерінде
жүргізіледі. Елеу біткен соң қалдықтар өлшенеді.
      Көмір шаңының елену көрсеткіші төменгі кестеде көрсетіледі.

Кесте


      |Тәжірибе  |90 мкм      |200 мкм      |       |     |      |       |
|уақыты,   |елеуіштегі  |елеуіштегі   |R90, % |R200,|D90пр,|D200пр,|
|мин       |қалдық      |қалдық       |       |%    |%     |%      |
g90, гgпр, гg200, гgпр, г
5 Өлшеу көрсеткішін өңдеу
Ұнтақтау мөлшері (тонина помола) мына өрнек бойынша есептелінеді

[pic]                        [pic]

[pic] және [pic] – шаңның салмағы, еленгеннен кейінгі 90 және 200 мкм өлшемді (размер) ұялы елеуіштегі қалғандары, г;
[pic] – еленетін шаңның тексермесінің алдынғы салмағы, г.
Елеуіш өтуі осылай табылады

[pic]                 [pic]

[pic] және [pic] – елеуіштен өткен, шаңның салмақтының мәртебелер, г. 


6 Зертханалық  жұмысқа дайындық үшін тапсырма
Бұл жұмысты алғаш орындайтын студенттер, жұмыстың орындалу нұсқауымен танысуы керек, жұмыстың мазмұны мен сипаттамасымен және де бақылау сұрақтарында қойылған сұрақтарды пысықтап, тиісінше жауап бере білу керек.

7 Бақылау сұрақтары
1 Елеуіш неге қолданылады?
2 Сепараторда не болады?
3 Көмір шаңнын ылғалдылығы арту оқиғада не болады?
4 Отынның қайсы элементтері жанатын болады: 
C+H+O+N+S+W+A=100%
5 Отынның қайсы түрі барынша көп (максималды) жылулық береді?
6 Қандай құрамалар (отын жанған кезде) отынның толықсыз жанған өнімі болып есептелінеді? 
7 Отынның қандай бөлігі жанбайтын болып есептелінеді?
8 Отынның қандай құрамалары сыртқы балласт деп есептелінеді?
9 «СИ» жүйесінде қандай мөлшерлікпен отынның жану жылулық есептелінеді?
10 Отынның ұнтақтау (ұсақтау) заңы?

Қолданылған әдебиеттер
 1 Резников М.И., Липов Ю.М. Паровые котлы тепловых элек-тростанций. – М.: Энергоиздат, 1981. – 240 с.
 2 Белосельский Б.С., Вдовченко В.С. Контроль твердого топлива на электростанциях. Учебник для вузов. – М., 1987. – 176 с. 
3 Трембовля В.И., Фингер Е.Д., Авдеева А.А. Теплотехнические испытания котельных установок. – М.: Энергия, 1977. – 297 с.
4 Мунц В.А. , Павлюк Е.Ю.  Основы теории горения топлив : Учеб. пособие. Екатеринбург: ГОУ ВПО УГТУ-УПИ, 2005. –  102 с.
5 ГОСТ 2093-82 Топливо твердое. Ситовый метод определения гранулометрического состава.




№ 6 тәжірбиелік сабақ «Өрт пен жарылыстың алдын алу туралы халыққа нұсқаулар жүргізу»

Жұмыстың бағыты
Жұмыстың мақсаты – өрт қауіпсіздігәі туралы,  өрт қауіпсіздігін сақтау және өрт кезіндегі ұтымды әрекеттер, олардың өрт қаупін төмендетуге әсері,  нысан қызметкерлері өрт және жарылысты болдырмау үшін нысанда бекітілген өрт қауіпсіздігі ереже, нормалары және Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы нұсқауларына сай әрекет жасау, жұмыстағы жарылысты және өртті болдырмау үшін және олар пайда болған жағдайда өмір мен мүлікті сақтап қалу мақсатында келесі ережелерді сақтау туралы оқып үйрену. 

    Өрттер мен жарылыстар.   Өрттер мен жаралыстар техногенді төтенше жағдайлардың кең таралған және аса қауіпті көздерінің бірі болып табылады.
        Өрт – адамдардың өміріне қауіп тудыратын және материалдық          құндылықтардың жойылуымен қатар жүретін бақылаусыз жану процессі.
        Өрттер орасан зор экономикалық шығын келтіруге қабілетті. 
        Өрт қауіпсіздігі – халықтың, шаруашылық және басқа да бағыттағы нысандардың, сондай – ақ қоршаған табиғи ортаның қауіпті факторлар мен өрттің ықпалынан қорғаныс жағдайы.
        Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету— нормативті құқықтық актілерді, өрт қауіпсіздігінің ережелері мен талаптарын қабылдау және сақтау, сондай – ақ өртке қарсы  іс – шараларды жүргізу.
       Нысанның өрт қауіпсіздігі — регламенттелген мүмкіндікпен өрттің тууы мен дамуы және адамдарға өрттің қауіпті факторларының әсер ету мүмкіндігін болғызбау кезіңдегі нысанның жағдайы, сондай–ақ материалдық құндылықтарды қорғау қамтамасыз етіледі.
       Өрт қаупі – қандай да бір затқа, жағдайға және процесске бекітілген өрттің  пайда болу және даму мүмкіндігі. Дұрысында, өрттер жанғыш және жарылыс қаупі бар заттардың жарылысымен қатар жүреді.
       Өрт қауіпсіздігінің талаптары – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күші бар заңдар жиынтығында немесе   нормативті – техникалық құжаттарда арнайы өкілеттенген мемлекеттік органдармен бекітілген, арнайы шарт немесе ұйымдастыру және (немесе) техникалық сипаттағы ереже.
        Өртке қарсы іс-шаралар – өртке қарсы режимінің сақталуына, өртті алдын ала болдырмауға және жылдам сөндіруге жағдай жасауға бағытталған ұйымдастыру мен техникалық сипаттағы іс – шаралар.
       Өртке қарсы режим – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған адамдардың іс – әрекетінің, жұмысты орындау мен нысанды (өнімді) пайдалану ережесінің бекітілген жиынтығы.
       Өрт қорганысы – адамдардың өмірі мен денсаулығын, шаруашылық нысандары мен қоршаған табиғи ортаны өрттер алып келетін төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында бекітілтен тәртіппен құрылған, басқарушы органдарды, күштер мен құралдарды біріктіруші өрт қауіпсіздігі жүйесінің негізгі бөлімі.
       Өрт жаралыс қауіпті нысан – техногенді төтенше жағдайдың тууына нақты қауіп – қатер тудыратын тез тұтанатын және жарылыс қауіпі бар заттар өндірілетін, пайдаланылатын, өнделетін, сақталатын немесе тасымалданатын нысан.

  Өрт қауіпсіздігін сақтау және өрт кезіндегі ұтымды әрекеттер өрт қаупін төмендетуге әсерін тигізеді, адамдар мен мүліктерді құтқаруға көмектеседі. Нысан ұқызметкерлері өрт және жарылысты болдырмау үшін нысанда бекітілген өрт қауіпсіздігі ереже, нормалары және Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы нұсқауларына сай әрекет жасайды. 
  Жұмыстағы жарылысты және өртті болдырмау үшін және олар пайда болған жағдайда өмір мен мүлікті сақтап қалу мақсатында келесі ережелерді сақтау керек: 
үйде тез тұтанатын сұйықтар мен жарылғыш заттар сақталуына жол бермеу; 
аз мөлшердегі тез тұтанатын сұйықтар мен жарылғыш заттарды  тығыз жабылатын қақпақты ыдыста, қыздыру құралдарынан алыс жерде сақтау керек. Соққыға , шайқалуға, төгілуге мүмкіндік бермеу;
бояу, лактарды, аэрозольдерді ашық отта қыздырмау, бензинмен жумау; 
баспалдақтар мен өрт жолдарын жиһаз және т.б. заттармен толтырмау; 
электр құралдарын жарылғыш заттарға жақын қоймау; 
бөлмелердің электр жабдықтарын бұзылмаған күйде ұстау, электр қыздырғыштарын, қосып қалдырмауға, электр желісңн өте көп жүктемеу; 
шылым шеккенде және ашық от пайдаланғанда  қауіпсіздікті сақтау;
өрт сөндіргіш баллонды пайдалану ережелерін білу, зақымданғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін білу.
  Өрт кезінде адамдарға ауаның жоғары температурасы, түтін, көміртек оксидінің концентрациясы ең жоғары қауіптудырады. Мұндай жағдайда адамдарды құтқару және өртті сөндіру кезінде келесі ережелерді сақтау керек: 
жанып жатқан бөлмеге кірер алдында басты су орамалмен жабу; 
түтінге толы бөлмені ашқанда таза ауа әсерінен жалынның өрщуінен сақтану; 
түтінге толы бөлмеде еңбектеп жүру; 
жанып жатқан киімді сөндіру үшін оның бетін мықтап жабу; 
жерге домалап, отты сөндіру , жүгіруге болмайды; өртті сөндіргенде өрт сөндіргіш құралдарды, өрт крандарын, су, құм, топырақ және т.б.заттарды пайдалану; 
электр желілері жанғанда алдымен желіні ажырату керек;
егер қоғамдық орындарда өрт дабылы қағылса, жылдам нысаннан шығу; 
жанып жатқан ғимараттан эвакуациялау кезінде негізгілермен қоса, қосымша жолдар мен сатыларды пайдалану керек. 

Жарылыстың ғимараттарға, жабдықтарға, нысандарға әсері
Жарылыс кезінде өте қуатты, қысқа мерзімді және ауыспалы жүктеме пайда болады. Бұл жүктеме жарылыстың газ тәрізді өнімдеріне және соққы толқыны әсері нәтижесінде пайда болады. 
  Жарылыс өнімдері мен соққы толқыны әсеріне үлкен өлшемді және биік ғимараттар мен нысандар, темір қаңқасы жоқ нысандар ұшырайды. Жер асты және топыраққа мықтап бекіген нысандар қирауға төтеп бере алады. Соққы толқыны параметрлерінің ішіндегі ең шешушісі – артық қысым. Ал аз ауданды биік жабдықтың қирауы кезіндегі әсер етуші параметр – жылдамдықтық күш. 
  Қирау толық, күшті, орташа және әлсіз болып бөлінеді. 
  Толық қирау. Нысандар мен ғимараттардың аралық қабырғалары, төбелері, барлық негізгі құрылымы қираған, қалпына келтіру мүмкін емес. Жабдықтар, механикалық құралдар, техника қалпына келтіруге келмейді. Коммуникациялық-энергетикалық желілерде кабельдер үзілуі , құбырлар қирауы, жоғарыда ілінген (бағанада ілінген) электр тасымалдаушы тараптардың тірегінің құлауы байқалады. 
  Күшті қирау. Ғимараттар мен нысандардың жетекші құрылыстары көрнекі деформацияға ұшыраған, аралық қабырғалардың үлкен бөлігі қираған. Қалпына келтіруге болады. Жабдықтар мен механизмдердің де біразы қираған және деформацияланған. Жабдықтың жеке тараптары мен бөлшектері қосымша бөлшек ретінде пайдалануға жарамды. Коммуникациялық электр желілерінде жерасты желілерінің жеке бөлшектерінде үзілулер мен деформация байқалады. 
 Орташа қирау. Ғимараттар мен нысандарда негізгі емес, екіншілік құрылымдар (аралық қабырғалар, шатыр, терезе, есіктер) қираған. Сыртқы қабырғалар жарылуы мүмкін. Жертөлелер зақым шекпеген, бөлменің біразы пайдалануға жарамды. Қалпына келтіру үшін жан-жақты жөндеу жұмыстарын жүргізу керек, оны арнайы мамандарсыз жасауға болады. Жабдықтарды да жөндеуден өткізу керек. 
 Әлсіз қирау.  Ғимараттар мен нысандарда ішкі бөгеттердің біразы қираған. Есік, терезелерге біраз зақым келген. Жабдықтар әлсіз ғана деформацияланған. КЭЖ де ғимарат элементтерінің ғ нысандардың, жабдықтардың әлсіз ғана қирауы байқалады. Оларды жөндеу жұмыстарымен қлпына келтіруге болады. 
Өрт сөндіру құралдары
  Өрттерді сөндіру үшін су, су буы немесе арнайы химиялық құралдарды пайдаланады. Өртті сөндіру үшін су ортақ су құбырынан немесе арнайы өрт су қоймасынан келеді. Су екпіні арнайы өрт сорғыларымен көтеріледі. Су құбыры желілермен келетін өрт су көзі арнайы құдықта болады және оған гидранттар-қатпайтын крандар орнатылады. 
   Суды оңай тұтанатын сұйықтарға (бензин, май, керосин) қолдануға тиым салынады. Себебі су олардан ауыр болғандықтан , астыға жиналып жану бетін кеңейтеді. Сумен кальций карбиді мен селитраны да өшіруге болмайды. , олар сумен әрекеттескенде жанғыш заттар түзеді. Суды электр қондырғыларын сөндіруге тиым салынады, су ағыны арқылы ток соғу қауіпі болады. 
  Кейбір өрт қауіпі бар цехтарда спринклері бар өрт сөндіру құралдары қолданылады. 
  Спринклерлі құрылғылары өрт туралы автоматты дабыл беру және өрттің өршу жылдамдығы шектелген нысандарды қорғау үшін қолданылады. Бұл жағдайда дәл уақытында іске қосылған спринклерлер өрттің шығу көзін дер кезінде жоюға мүмкіндік береді. Спринклері құрылғы сумен қамтамасыз ету көзі, сорғыш, бақылау белгі беру жүйесі, су құбыры және спринклерлі түтікшелерден тұрады. Спринклерлі құрылғыларды пайдалану олармен қамтамасыз етілген ғимараттарда шыққан өрттердің ең кемінде 90 процентін сөндіретінін көрсетті, олардың көпшілігі өрт сөндіру құрылымдардың келуіне дейін сөндіреді. 
  Дренчерлі құрылғылар бөлменің бүкіл аумағындағы өртті толық автоматты және қолмен өшіруге , сондай-ақ есік пен терезеге арналған саңылауларда су пердесін құруға, технологиялық құралдардың жекеленген элементтерін суландыруға арналған. Дренчерлік түтікшелердің құлпы болмайды. Олардың шығу саңылаулары үнемі ашық болады. 
  Химиялық көбікпен сөндіруді тез тұтанатын сұйықтар қоймасында қолданады. Көбік арнайы көбік түзуші ұнтақтан жасалады. Жанып жатқан жерге сепкенде көбік оны жану аймағынан оқшаулайды. 
  Ауа-көбікті өрт сөндіргіштер  мұнай өнімдері қоймасындағы өрттерді сөндіру үшін қолданылады. Ауа-көбікті сөндіргіш ол қоспа: ауа-90 процент, су-9,5 процент және көбік түзгіш 0,5 прцент. 
  Көмірқышқылды сөндіру қондырғылары кез келген өртті сөндіруге қолданылады. 
  Бумен сөндіру қондырғылары жабық бөлмеде, қазандықтары бар орындарда болған өртті сөндіруге пайдаланылады. 
  Кейінгі жылдарда өрт сөндіру құралдары ретінде неорганикалық сілтілік металдар тұздары негізіндегі ұнтақтық қоспаларды кеңінен қолданылады. Олар жоғары өрт сөндіргіштік әсерге ие және универсалды. 
  Өрт сөндірудің алғашқылық құралдары
Өртті бастапқы сатысында  жою үшін қолда бар және өртті сөндірудің алғашқы құралдары қолданылады. Қолда бар құралдар өртті сөндіруге алдын ала дайындалмаған заттар. Оларға су, құм, топырақ, түрлі заттар жатады. 
  Алғашқылық құралдар – өртті сөндіруге алдын ала дайындалған заттар мен құралдар.  Халық шаруашылығы нысандарында алғашқылық өртсөндіру құралдары ретінде құм, су , қомша (киіз) т.б. заттар қойылады. 
  Мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сай жану материалына байланысты келесі өрт кластарын бөледі: А- негізінен органикалық негіздіқатты заттардың жануы, В-жанғыш сұйықтар мен балқитын қатты заттардың жануы, С- газдардың жануы, Д- металдардың жануы. Елімізде бұлардан басқа Е- кернеудегі құралдардың жануы деңгейі енгізілген. 
  Ранецті өрт сөндіргіш орман өрттерін сөндіруде пайдаланылады. 
  Көмірқышқылды өрт сөндіргіштер қатты, сұйық заттардың өрттерін , кітап қоймаларындағы, элетр қондырғыларындағы өртті сөндіруге қолданылады. Бұл құралдар көмірқышқылы улы болғандықтан, пайдаланылуы шектеулі. 
 Хладонды өрт сөндіргіштер. Өрт сөндіргіш зат ретінде 1211 және 2402 хладондары қолданылады. Сақтау мерзімі 10 жылға дейін. Хладонды өрт сөндіргіштер барлық класс өрттерін сөндіруге жарайды, бірақ улы болғандықтан және атмосфераның озон қабатын бұзуға қабілетті болуына байланысты шектеулі. 
  Ұнтақ өрт сөндіргіштер универсалды, олар да барлық класты өрттерді сөндіруге қолданылады, температура диапазоны үлкен. 1 ден 10 л ға дейін қолға ұстайтын болып жасалады. Қалғандары қозғалмалы және стационар болады. 
Кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру.
  Өртке қарсы режимді және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау кәсіпорын жетекшесіне және цех бастықтарына жүктеледі. Кәсіпорын жетекшісінің міндеттері: 
- өрт қауіпсіздігінің ережелерінің құрылыстық нормалар мен нысандарды салу, жобалау, пайдаланудағы нұсқауларды қатаң орындалуын қамтамасыз ету;
- кәсіпорында өрт күзетін, ерікті өрт дружиналарын, өрт дружиналарын, өрт-техникалық комиссияларын құру және оларды басқару;
- өрт сөндіру құралдарын жабдықтау; 
- цехтардағы, зертханалардағы, базалардың өндірістік бөліктеріндегі, қоймаларындағы өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларды тағайындау. 
  Әр кәсіпорын үшін жалпы нысандық және цехтың өртке қарсы нұсқаулары әзірленеді, нұсқаулармен таныстыру және өрт-техникалық сабақтар өткізіледі. 
  Кәсіпорындарды жоспарлауда ғимараттарға өрт сөндіру автомобильдерінің оңай жақындауы қажет. Жалынның ғимараттың бір бөлігінен екіншісіне таралуын болдырмау үшін өртке қарсы бөгеттер орнатады, олар өртке қарсы қабырғалар, өалқалар, жабулар, сонымен қатар өртке қарсы аймақ және су перделері болып табылады. Өртке қарсы бөгеттер жанбайтын материалдардан (отқа төзімділігі 2,5 сағаттан аз емес) жасалуы қажет. 
  Өрт кезінде үлкен қауіпті құрамында уландырғыш, ал кейде жарылыс қаупі бар заттары бар жану өнімдері түтін алады. Оларды жою үшін түтін люктары қарастырылады, олар бағытталған түтін жойылуын қамтамасыз 


Бақылау сұрақтары: 
Өрттер мен жарылыстар
Жарылыстың ғимараттарға, жабдықтарға, нысандарға әсері
Кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру
Өрт сөндіру құралдары
Пәндер