Файл қосу
Құтқарушылардың жылжуы
| ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейдегі СМЖ құжаты | ПОӘК |ПОӘК-042-14.4.05.1.20.60/03-2011 | |ПОӘК «Құтқару жұмыстары |№ 1 басылым | | |және төтенше жағдайсалдарын|05.09.2011ж. | | |жою тактикасы» пәнінің оқу| | | |әдістемелік материалдары | | | Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған Оқу әдістемелік материалдары Семей 2011 Глоссарилар Апаттық жағдай - қауіпті жағдай, оқиғаның алдын – алу мүмкін емес жағдай. Апаттық жиілілік - халықаралық тербеліс жиілігі, толқын ұзындығы, авариялық немесе апаттық хабарлама таратуда кемелік немесе жағалаулық радиостанция жұмыс істейді. Авариялық - қалпына келтіру жұмыстары – жеке бүліну ошақтары мен жоғары қауіпті аймақтағы бірінші кезектегі жұмыс, коммуналды желілердегі авариялар мен бүлінулерді жою, халықтың өмір сүруге қажетті жағдай жасау, сонымен қоса аумақты санитарлық тазарту және залалсыздандыру. Апаттық құтқару қызметі – басқару және қаржы органдарының жиынтығы, ТЖ ескерту және салдарын жоюға арналған, бір жүйеге функцияналды біріктірілген, негізіне авариялық құтқару құрамалар кіреді. Апаттық - құтқару жұмыстары – адамдарды құтқаруға материалды және мәдени құндылықтарды, ТЖ аймағындағы табиғи ортаны сақтауға, ТЖ жою немесе оның басқа да қауіпті факторға жалғасып кетуіне жол бермеуге бағытталған іс – шаралар. Авариялық - құтқару жұмыстары – бұл жұмыстарды жүргізетін адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді және арнайы дайындықты, экипировка және құралдарды қажет етеді. Апаттық – құтқару құрамалары – өздігінен немесе апаттық құтқару қызметіне кіретін құрылым, апаттық құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған, негізін құтқарушылар құрайды, арнайы техникамен, құрал-жабдық, аспап және материалдармен жабдықталған құрамалар. Авария - механизм, машина құрылғы, объектінің бүлінуі, жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін, адамдардың денсаулығымен өміріне қауіп төндіреді. Авиакатастрофа – авиациалық техниканың апатқа ұшырауы. Аман қалу – адамның экстрималды жағдайда өмір сүру қабілеті. Азаматтық қорғаныс – қорғаныс, инженерлік – техникалық және ұйымдастыру шаралар жүйесі, бейбіт халықты қорғау шараларын ұйымдастыру. Апат аймағы – ТЖ салдарын жоюға арналған жедел және қосымша көмекті қажет ететін ТЖ аумағының бөлімі. Биологиялық қауіпсіздік – биологиялық ТЖ салдарынан адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді, қоршаған табиғи ортаны қорғау. Басқару нүктесі – ТЖ салдарын жою құралдары және нүктелерін бақылайтын жабдықталған инженерлік немесе көліктік құрал. Барлау – бір нәрсені арнайы мақсатта зерттеу. Ескерту дабылы – ТЖ пайда болуы жөніндегі хабарлама. Дезинфикация – инфекциялық аурудың қоздырғышын жою. Дегазация – авариялық химиялық қауіпті бейтараптандыру және жою. Дозиметрлік бақылау – радиоактивті сәулелену мөлшерін анықтау. Зақымдау аумағы – қоршаған ортаға, адамдар өмірі мен денсаулығына әсер ететін қауіпті концентрациялы химиялық заттар әкелінген және таралған аумақ немесе акватория. Залалсыздандыру – ластануды, аумақтың зақымдануын, нысандардың, судың, азық түліктің ластануын шекті рұқсат етілген шегіне дейін төмендету. Газқағар – газ тәріздес заттармен шаңдардан тыныс алу органдарын қорғауға арналған құрал. Жол көлік оқиғасы – транспорттық авария, жол жүру кезінде пайда болған оқиға, транспорттың қатысуымен адамның дене жарақатын алуы, кейде өлімге жететін оқиға. Транспорттың бүлінуі жол, ғимарат, жүк немесе басқа да материалды шығынға әкеледі. Жерсілкінісі – жер қабатында және мантияда аяқ астынан бірігу және ажырау нәтижесінде пайда болады. Алыс қашықтықтарға серіппелі толқын түрінде таралатын жер бетінің және жер астының тербелістері мен дүмпулері. Жаралану – ағзаның немесе тіннің абайсызда бұзылуы. Темір жол авариясы – бір немесе бірнеше составтың бүлінуі, поезд қозғалысының тоқтауы, бір немесе бірнеше адамның қайтыс болуы, адамдарға ауыр дене жарақат алуы мен сипатталатын темір жол апаты. Төтенше жағдай – белгілі бір аумақта апат, катастрофа, қауіпті табиғи құбылыс, табиғи жағдай нәтижесінде болған, адам шығынына, тіршілік жағдайының бұзылуына, қоршаған ортаға шығын әкелген оқиға. ТЖ қауіпсіздік – халықты, халықшаруашылық объектілерін, қоршаған ортаны ТЖ қаупінен қорғау Тіршілікті қамтамасыз ету – тіршілікті қамтамасыз етуге арналған іс- шаралар. ТЖ аумағында халықты қорғау – адам шығынын шекті қысқартуға немесе болдырмауға бағытталған іс-шаралар. ТЖ қаупі бар аумақ – ТЖ қаупі пайда болуы ықтимал аумақ немесе акватория. ТЖ көзі – қауіпті табиғи немесе техногенді құбылыс барысында пайда болуы мүмкін ТЖ комиссиясы – жұмысты басқару және жұмыс кординациясымен танысу, ведомстваның териториядағы ТЖ ескерту және салдарын жоюға арналған функционалды құрылым. ТЖ алдын алу кезіндегі кезек күттірмейтін жұмыстар - халыққа, ТЖ зардап шегушіге медициналық және т.б көмектер көрсетуге, адамдардың өмірін, денсаулығын, жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған жан-жақты апаттық-құтқару жұмыстар әрекеті. Тікұшаққа арналған құтқару арбалары – жараланғандарды, ауырғандарды тікұшақпен тасымалдауға қолданылатын жеке құтқару құралы. Тікұшақтың құтқару торы – суда қалғандарды тікұшақпен құтқаруға пайдаланатын жеке құтқару құралдары ТЖ мен жұмыс істеу үшін технологиялық құралдар кешені – ТЖ аумағындағы жұмыстарға арналған негізгі және қосымша техникалық құрал. ТЖ салдарын жою – ТЖ зонасында барлау жүргізу, кезек күттірмейтін жұмыстар, зардап шегушілермен адамдарға тіршілік қамтамасыз етуін ұйымдастыру. ТЖ дайындау – халықты және аймақты қорғауға бағытталған шаралар кешені. Төменгі су басу – судың ғимараттың жерастындағы бөлігіне енуі. ТЖ көзінің зақымдаушы факторы – ТЖ көзінен қалыптасқан және физикалық, химиялық, биологиялық байқалулармен сипатталатын қауіпті құбылыс немесе процесс. ТЖ күштері мен құралдары – ТЖ салдарын жоюға және алдын алуға арналған күштер мен құралдар. Тұрақты дайындық күштері – ТЖ аумағындағы жұмыстарды жедел жүргізуге арналған және үнемі кезекшілікте болатын күштер. Тәжірбие – тәжірбие жағдайында жинақталған білім, дағды, әдет. Техногендік төтенше жағдай – адамның өндірістік іс – әрекеті себебінен пайда болатын төтенше жағдай. Топографиялық карталар – аймақ жайлы жан – жақты карта Токсиндер – улы заттар Табиғи төтенше жағдай – себебі табиғи күштерден болатын ТЖ.. Табиғи апат – ірі масштабты және ауыр салдарлы, қоршаған ортаның басқа компоненттері мен ландшафтың қайтымсыз өзгеруімен қоса жүретін табиғат апаты. Тәуекел – алдын алу әрекетінде сәтсіздікке ұшырау мүмкіндігінің дәрежесі. Теңіз дауылының алдын – алу аса қауіпті гидрометерологиялық құбылыстар мүмкіндігін ұйымдарға және халыққа алдын – ала ескерту. Катастрофа – адам шығындарымен болатын ірі авария. Квалификация – кәсіптік дайындық деңгейі. Клиникалық өлім – көрінетін тіршілік белгілері байқалмайтын ағзаның терминалды күйі. Қорғаныс құрылымы – адамдарды, техникалық мүліктерді ТЖ нәтижесінде пайда болады және қауіп қатерден қорғайтын инженерлік құрылым. Құлама – жартасты және тік таулардың бөлінуі және төмен қарай құлауы. Қауіпті табиғи құбылыс – қарқындылығымен, көлемімен, іс-әрекет ұзақтығымен теріс әрекет көрсететін табиғи оқиға. Қар көшкіні – ауырлық күші әсерінен қардың төмен қарай жылжуы. Қауіптілігі мүмкін нысан – ТЖ болуы мүмкін нысан. Құтқарушы – апатты құтқару жұмыстарын жүргізуші азамат. Құтқару құралы – адамды құтқару үшін қолданылатын арнайы техникалық құрал. «Қара жәшік» - әуе кемесінің күйі туралы маңызды ақпаратты автоматты жазуға арналған, ТЖ пайда болуы кезінде және апаттық жағдайларда сенімді мәліметтер алуға арналған құрылғы. Радиация – бір заттан бөлінетін радиация. Радиоактивті ластану – атмосферада, суда, жерде радиоактивті заттардың болуы. Радиоактивтік – белсенді радиациалық сәулеленумен бірге жүретін атом ядроларының ыдырауы. Рация – тасымалданатын радиостанция. Сараптау – қорытынды жасайтын сұрақтарды қарастыру. Сәулелену – радиоактивті сәулеленудің тірі ағзаға әсері. Су басу ауданы – су басу кезінде су астында қалған аймақ. Санитарлық тазалау – ластануға ұшыраған адамдардың сілекейлі қабықшаларымен тері жабындарын жуу және механикалық тазалау, сондай – ақ ТЖ аймағынан шыққанда киіммен аяқ киімді залалсыздандыру. Өрт – бақылаусыз жану, бір нәрсені кең орап жанған алау. Өрт қауіпі – өрт пайда болу мүмкіндігі. Шығындар – адамдардың қаза болуы, жаралануы, ауруына байланысты қатардан шығу Шлем – басты қорғауға арналған зат. Полигон – сынақ жүргізуге арналған орын. Профилактика – алдын – алу шараларының жиынтығы. Химиялық апат – химиялық зиянды заттардың қалдықтары. Цунами – жерсілкінісінің әсерінен пайда болатын теңіз толқыны. Эвакуация – ТЖ кезіндегі қауіпті жерлерден адамдарды алып шығу. Эпидемия – кең тараған адам ауруы Эпицентр – жер сілкінісінің аймағында орналасқан жер бетіндегі белгіленген аймақ. ДӘРІСТЕР №1 дәріс. Кіріспе. Пәннің міндеті, мақсаты, оқыту себептері Жалпы сұрақтар 1. Пәннің жалпы мазмұны 2. Пәннің міндеті мен мақсаты 3. Пәнді оқыту себептері Пәннің жалпы мазмұны. «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы» пәні табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құрылған апаттық құтқару қызметі мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметі кезінде қоғамдық қатынастарды, мемлекеттік төтенше жағдай қызметінің ұйымдастырушылық негіздерін, олардың ТЖ салдарын жоюдағы мүмкіндіктерін, төтенше жағдай уақытында апаттық-құтқару отрядтарын құру, оларды дайындау, жұмысқа пайдалану ретін және олардың жұмыстарын басқаруды қарастырады. ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті – зардап шегушілерді жедел іздеу және оларға дер кезінде көмек көрсету. ТЖ құтқару жұмыстарының тактикасы және төтенше жағдай салдарын жоюды сәтті өткізудің ең маңызды элементі басқару – ІҚЖ ұйымдастыру, үйлестіру, жетекшілік ету мен өткізу бойынша іс – шаралардың жиынтығы болып табылады. Оқу құралында құтқарушыларды кәсіптік дайындау бойынша материалдар, төтенше жағдайда іздеу – құтқару жұмыстарын енгізу және ұйымдастыру, зардап шеккендерге көмек көрсету және іздеу – құтқару жұмыстары кезінде қауіпсіздік шаралары қарастырылған. «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы» пәні жедел – құтқару отрядының кәсіби құтқарушылар жеке құрамын дайындауда, АҚ әскери бөлімдерінде және ҚР ТЖМ мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінде, АҚ аумақтық және нысандық құрамаларында, ТЖ және АҚ құрама қызметтерін дайындайды. «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы» пәнінің басты мақсаты – барынша қысқа уақытта, минималды шығынмен және залалмен, ІҚЖ толық жиынтығын жедел жүргізу бойынша күштер мен құралдардың тиімді қызметіне жағдай жасау. «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы» пәнінің негізгі міндеттері: ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті – зардап шегушілерді жедел іздеу және оларға дер кезінде көмек көрсету. ТЖ ІҚЖ сәтті өткізудің ең маңызды элементі басқару – ІҚЖ ұйымдастыру, үйлестіру, жетекшілік ету мен өткізу бойынша іс – шаралардың жиынтығы болып табылады. ІҚЖ басқарудың басты мақсаты – барынша қысқа уақытта, минималды шығынмен және залалмен, ІҚЖ толық жиынтығын жедел жүргізу бойынша күштер мен құралдардың тиімді қызметіне жағдай жасау. ІҚЖ басқарудың негізгі міндеттері: • ақпарат жинап, оны талдау және өндеу, нақты жағдайға баға беру, шешім қабылдау, жұмыстарды жоспарлау; • жағдайдың үздіксіз мониторингі, болжамдарды өндеу және нұсқаларын дамыту; • шынайы жағдайды бағалау, жұмыс жоспарының көлемін, сипатын өзгерісін анықтау; • ТЖ факторының қауіптілік деңгейлерін, қауіпті аймақтар шекарасын анықтау; • күштер мен құралдарды есептеу; • міндет қою және оны орындаушыларға жеткізу; • барлық ІҚЖ қатысушыларының арасындағы үйлесімділік пен әрекеттестікті қамтамасыз ету; • жұмыстың нәтижесін талдау, ішінара түзетулер енгізу; • тапсырманың орындалуын бақылау. • ақпарат жинап, оны талдау және өндеу, нақты жағдайға баға беру, шешім қабылдау, жұмыстарды жоспарлау; • жағдайдың үздіксіз мониторингі, болжамдарды өндеу және нұсқаларын дамыту; • шынайы жағдайды бағалау, жұмыс жоспарының көлемін, сипатын өзгерісін анықтау; • ТЖ факторының қауіптілік деңгейлерін, қауіпті аймақтар шекарасын анықтау; • күштер мен құралдарды есептеу; • міндет қою және оны орындаушыларға жеткізу; • барлық ІҚЖ қатысушыларының арасындағы үйлесімділік пен әрекеттестікті қамтамасыз ету; • жұмыстың нәтижесін талдау, ішінара түзетулер енгізу; • тапсырманың орындалуын бақылау. Пәнді оқытудың мақсаты. Пәнді оқытудағы мақсат төтенше жағдайлардан сақтандыру, оның салдарын жоюға бағытталған шаралардың ұйымдастырылуын, жоспарлануын және орындалуын жан - жақты оқыту. Пәнді оқытудың себептері: 1. Төтенше жағдайлардың алдын-алу, жұмыс жүргізуді ұйымдастыратын мемлекеттік жүйені; 2. Азаматтық қорғанысқа байланысты шаралардың орындалатын түрлерін; 3. Төтенше жағдайлардан халықты қорғаудың тиімділігін арттыру мен негізгі жқмыс бағыттарын жақсарту жолдарын; 4. ТЖ сақтандыру, жұмыс жүргізудің мемлекеттік жүйесінің даму перспективасы туралы; 5. ТЖ қорғанудың озық тәжірбиелері туралы оқыту. Осыған орай әрбір студент оқу барысында өз шеберлігін, әдістермен тәсілдердің бәрін көрсете білу керек. Пәннің жалпы міндеті Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар құрылымындағы мамандықтарды дайындау. Пәнді оқу барысында студент білу қажет: • табиғи сипаттағы апаттар мен катастрофалардан сақтандыру немесе салдарын жоюға бағытталған шараларды атқарудың ұйымдастырушылық негіздерін; • радиациалық немесе химиялық залал жағдайын есептей бағалай білуі; • ҚР аумағындағы құтқарушылар мен апаттық-құтқару құрылымдарын аттестатциялау туралы заңдылықтарды және олардың құрамдары мен міндеттерін; • төтенше жағдай уақытында апаттық құтқару отрядтарын құру; • апаттар, табиғи апаттар кезінде халықты қорғау үшін шұғыл шараларды ұйымдастырып оны басқара білуді; • ҚР ішкі істер, қорғаныс министрлігі және ТЖ агенствасының апаттардан халықты қорғауға құрылған құрылымдарының іс- қимылдарын үйлестіріп, бағыттай алулары керек; • ТЖ кезінде атқарылатын жұмыстарды жоспарлауды ұйымдастыра білулері қажет. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Пәнді оқу барысында студент білу қажет 2. Пәнді оқытудың себептері № 2 дәріс. ІҚЖ басқару. Кезекшілікті, хабарлауды, байланысты ұйымдастыру Жалпы сұрақтар 1. ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті 2. ІҚЖ басқару жүйесінің жоғарғы буыны 3. Құтқарушылар мен кезекшілердің негізгі міндеттері ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті – зардап шегушілерді жедел іздеу және оларға дер кезінде көмек көрсету. ТЖ ІҚЖ сәтті өткізудің ең маңызды элементі басқару – ІҚЖ ұйымдастыру, үйлестіру, жетекшілік ету мен өткізу бойынша іс– шаралардың жиынтығы болып табылады. ІҚЖ басқарудың басты мақсаты – барынша қысқа уақытта, минималды шығынмен және залалмен, ІҚЖ толық жиынтығын жедел жүргізу бойынша күштер мен құралдардың тиімді қызметіне жағдай жасау. ІҚЖ басқарудың негізгі міндеттері: • ақпарат жинап, оны талдау және өндеу, нақты жағдайға баға беру, шешім қабылдау, жұмыстарды жоспарлау; • жағдайдың үздіксіз мониторингі, болжамдарды өндеу және нұсқаларын дамыту; • шынайы жағдайды бағалау, жұмыс жоспарының көлемін, сипатын өзгерісін анықтау; • ТЖ факторының қауіптілік деңгейлерін, қауіпті аймақтар шекарасын анықтау; • күштер мен құралдарды есептеу; • міндет қою және оны орындаушыларға жеткізу; • барлық ІҚЖ қатысушыларының арасындағы үйлесімділік пен әрекеттестікті қамтамасыз ету; • жұмыстың нәтижесін талдау, түзетулер енгізу, тапсырманың орындалуын бақылау. ІҚЖ басқару жүйесінің жоғарғы буыны ҚР ТЖМ Дағдарыс орталығы болып табылады. ІҚЖ басқару жүйесінің ТЖ кезінде тиімді іс – қимыл жасауы үшін арнайы басқару пункттері құрылады, олар байланыс құралдарымен жабдықталған және техникамен және көлікпен қамтамасыз етілген. Олар тұрақты және жылжымалы да бола алады. ІҚЖ – ға қатысатын барлық күштер мен құралдарда басқаруды, олардың әрекеттестігін ұйымдастыруды, қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етуді ІҚЖ басшысы жүзеге асырады. ІҚЖ басшылығының негізгі қағидаты жеке дара басшылық ұстанымы болып табылады. Бұл жұмысқа қатысушылардың барлығы басшыға бағынатындығын және қабылданатын шешімдердің мүлтіксіз орындалатындығын білдіреді. Қойылған міндеттерді жедел шешу мақсатында қызметте кезекшіліктердің келесі түрлері ұйымдастырылады: • тұрақты, тәулік бойы; • іздеу – құтқару жұмыстарын жүргізу мерзімі; • ТЖ болуы ықтимал кезеңде; • жоғарыдағы басшылықтың бұйрығы бойынша; Кезекшіліктің түрін ІҚҚ басшысы нақты жағдайға байланысты белгілейді сонымен бірге кезек ету графигін де бекітеді. Кезекшілердің негізгі міндеті ақпарат алу, оларды мекемелерге тапсыру, қызметкерлерге хабарлау, жедел іздестіру – құтқару жұмыстарын өткізуге және дайындыққа қатысу. Құтқарушылар мен қызметкерлерді хабарландыру радио және телефон байланыстары арқылы, шақыру құрылғылары және шабармандар жіберу арқылы жүргізіледі. Байланыс – бұл нақты ұйым мен іздестіру – құтқару және авариялық- қалпына келтіру жұмыстарын жедел өткізудің маңызды элементі. Байланыстың ең негізгі бір түрі радиобайланыс болып табылады. ТЖ аймағына жылжу кезінде ол KB және УКВ радиостанциясы командалық – штабтық машинасымен немесе басқа көлік құралдарымен жөнделеді. Радиохабарды өткізу тәртібі алдын ала белгіленіп, экипаж, станция, байланыс операторлары мен басқа да тартылған мамандарға жеткізіледі. ІҚЖ өткізу кезінде тораптар мен байланыс станциялары, ереже бойынша, бір дегеннен, сонымен қоса барлық элементтер бір уақытта құрастырылады. Тораптар мен байланыс станцияларының орналасуы мен инженерлік жабдықталуы: • байланыс құралдары мен жеке құрамды ТЖ – ның зақымдаушы әсерінен қорғауды; • талап етілген байланысты уақытында орнатуды және басқару пунктінің лауазымды тұлғаларына жеткізуді; • байланыс құралдарының пайдалануға қолайлы болуын; • ТЖ зақым келтіру факторларының қауіпі төнген кезде жылдам көшіру мүмкіндігін; • байланысты жедел басқару мүмкіндігін қамтамасыз ету керек. ТЖ аймағында тораптар мен байланыс станцияларының жылдам әрі ширақ орналасуын қамтамасыз ету үшін, бұйрық жеке құрамға аймаққа көшер алдында беріледі, олар келгенде болған жағдайға сәйкес анықтай алады. Байланыс тораптары мен олардың элементтерін орналастыратын орынды тандау кезінде ұйымдар мен радио – радиожелілік және сым байланыстарының шарттарын, байланыс құралдарын орналастыру мен оларды күзету мүмкіндіктерін ескеру керек. Радиобайланыс радиобағыт және радиожелісі арқылы тәулік бойы немесе сеанс бойынша жүзеге асырылады. Пайдаланылатын қысқа толқынды радио байланыстың негізгі түрі – бір полюсті модуляция тәртібіндегі телефон (БПМТ). Ультрақысқа толқынды радио байланыстың негізгі түрі – модуляциялық жиілік тәртібіндегі телефон. (ЖМТ). Сым құралдарымен байланыс бағыт бойынша және ось бойынша өрістеп отырады. Алғашқы ұйымдастыру, ереже бойынша, бөліктерді, жеке бөлімшелерді қосу және далалық кабель желілерін жүргізуді басқару пункттері арасында болады. Екіншісі – бірнеше басқару пункттері арасында бір кабелді желілер бойынша ұйымдастырылады. Негізінен сымдық телефон байланысы қолданылады. ІҚЖ кезінде құтқарушылар мен басшылар арасындағы байланыстардың үзілмеуі үшін мобильді және тасымалданушы радиостанциалар қолданылады. Ауруханалармен және басқа ұйымдармен, сонымен қатар, едәуір қашықтықта орналасқан күштермен байланыс үшін, ұялы телефон байланысы, сондай – ақ СВ және УКВ диапозонды радиостанциялар пайдаланылады. Жұмыс түрлерінің көптігі, олардың орындалу шарттары, ТЖ – ның әртүрлі қысылтаяң – ерекше факторларының әсері, уақыт тапшылығы құтқарушылардың жабдықталуына, соның ішінде ІҚЖ жүргізу кезінде қолданатын қорғану құралдарына, құрал – саймандарға, көлік құралдарына жоғары талап қояды. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. ІҚЖ басқарудың негізгі міндеттері 2. Дағдарыс орталығы 3. Жеке дара басшылық ұстанымы 4. Байланыс, Радиохабарды өткізу тәртібі № 3 дәріс. Құтқарушылардың жылжуы Жалпы сұрақтар 1. Құтқарушылардың ойлы - қырлы жерлерде жылжуы 2. Құтқарушылардың қорым (таудан құлаған майда тастар) үстімен жылжуы 3. Үйінді жағдайындағы, Үйіндінің үстінен жылжулар 4. Қысылысу жағдайындағы жылжулар Қарда, мұзда жылжу Құтқарушылар қызметінің кәсіби ерекшелігінің бірі олардың ІҚЖ өткізу орнына қарай және тікелей ТЖ аймағына жылжуы. Құтқарушылардың ІҚЖ өткізуге қатысулары туралы шешім қабылданған соң, оларды жұмыс орнына жеткізу тәсілдерін анықтайды. Сонымен қатар, жасақтың орналасқан жері мен жұмыс орнының арақашықтығын, ТЖ сипатын, құтқарушылардың және қажетті техникалар мен қолда бар көлік құралдарының санын ескеру керек. Құтқарушылар мен жүктерді жеткізудің негізгі көлігі автомобильдер, поездер, ұшақтар, су кемелері болып табылады. Құтқарушылардың жылжуы оларға арналған адамдар мен жүктерді тасу жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелердің талабына сәйкес жүзеге асырылады. Аталған құжаттарда көлік құралдарын тиеу (түсіру), жолаушыларды орналастыру, қауіпсіздік техникасы, қозғалыс жылдамдығы талаптары егжей – тегжейлі баяндалған. Құтқарушылардың ойлы - қырлы жерлерде жылжуы Ойлы – қырлы жерлер деп, биік таусыз үстіртті, ойпатты жерлерді айтады. Оған жағдайдың әр түрлілігі тән, соның ішінде тегіс жерлерімен бірге, қыраттар, төбелер, сайлар, жазықтар, көлдер, су айдындары, өсімдіктер жатады. Бірыңғай үстірт жерлерде жылжу ұзындығы мен жиілігі шамамен бір қалыпты адыммен сипатталады. Аяқты көтерген жағдайда бұлшық етті барынша бос ұстау қажет. Аяқты жерге түсіргенде бұлшық ет қайтадан қатаяды. Тобықтың, аяқ буындарының зақымдануынан қашу үшін аяқты қисайтпай, күшті табанға түсіріп аяқты тік ұстау керек. Тізені сәл бүгіп жүрген дұрыс. Қадамның алшақтығы мен жиілігі ол әр адамда әртүрлі және ол көптеген факторларға: бойға, салмаққа, күшке, тәжірбиеге, адамның жаттығуына, жер бедеріне, көтерген жүктің салмағына байланысты. Тік жерлерде қадам ұзындығы жартысынан көбіне қысқарады, кейде ол аяқтың тұрқымен тең немесе одан да қысқа болуы мүмкін. Тегіс жерлермен жылжу кезінде орташа жылдамдық сағатына 4-5 км, ал орман ішінде, батпақта, бұталар арасында, нулы жерде, қарда, құмда жылжу кезінде жылдамдық азаяды. Құтқарушылардың қорым (таудан құлаған майда тастар) үстімен жылжуы. Беткеймен жылжуды жеңілдету үшін аңдардың сүрлеулерін, ойдым – ойдым шұңқырларды, жатқан сенімді заттарды, мұз жарғыштарды қолдану керек. Тастың құлауы мүмкін болғандықтан. қорым үстінде жүргенде ерекше назар аудару керек. Қорымдар аяққа жайлы және жайсыз, ұсақ, орташа. ірі тастардан тұрады. Үйінді жағдайындағы жылжулар. ІҚЖ жүргізу құтқарушылардың үйінділердің үстімен жылжу қажеттілігін тудырады. Жолда сенімсіз элементтер мен қосымша кедергілер болмаған жағдайда жұмыс орнына жылжудың ең қысқа төте бағыты таңдалып алынады. Құтқарушылар үйіңді жағдайында жылжу кезінде өте сақ болу керек, өйткені онда: • зардап шегушілер және материалдық құндылықтар; • ғимараттың құламай қалған бірақ құлау қаупі бар бөліктері мен элементтері; • қуыс және олардың шөгіп қалуы; • бос қалған жерлерде жанғыш және жарылу қаупі бар газдардың жиналуы нәтижесіндегі жарылыстар; • өрт және түтін; • бұзылған коммуналдық желі мен өнім құбырлары; • зиянды заттар, соның ішінде ҚӘУЗ сияқты көптеген күтпеген оқиғалар болуы мүмкін. Үйіндіге тікелей жақын жылжу кезінде аман қалған құрылысқа назар аудару керек, өйткені олар өте қауіпті. Бұл олардың кенеттен құлап қалу мүмкіндігімен байланысты. Бұзылған коммуналдық шаруашылық жүйесінің де қаупі аз емес. Жекелеген жағдайларда өрт қаупі, жарылу қаупі немесе уланудың қаупі болады. Үйіндінің үстінен жылжу кезінде қолайлы және қауіпсіз маршрутты таңдайды. Мұндайда аяқ басатын жерге ерекше назар аударады. Сенімді деген затты ғана басу керек. Кейбір жағдайларда жолдан тақтайларды, құбырларды, арматураларды құрылыстың қалдықтарын алып тастау керек. Үйінділердің үстімен жылжу кезінде мұқтаждық болмаса бұзылған ғимараттардың ішіне кіруге, олардың жанында тұруға болмайды. Үйінділердің үстімен жүгірудің, секірудің, оған ауыр заттар лақтырудың керегі жоқ. Бұл құтқарушыларды жарақаттауы мүмкін және зардап шеккендердің денсаулығы мен өміріне қосымша қауіп төндіреді. ІҚЖ жүргізу аймағында кейбір қираған құрылыс болған жағдайда оның ішінде қалған адамдарға көмек көрсету қажет. Осыған байланысты құтқарушылар құрылыстың сенімділігін бағалаулары, жылжудың әдістерін анықтаулары, зардап шеккендерді шығаруы және көшірулері керек. Қысылысу жағдайындағы жылжулар. Құтқарушылардың ІҚЖ өткізу кезінде қысылысу жағдайында жүрулеріне тура келеді (тар жер, құдық, жарық, құбыр). Мұндай жылжудың ерекшелігі: бір бүйірлеп қырымен, арқасымен, төрт аяқтап ыңғайсыз қалыпта жылжумен жүзеге асуы. Бұған клаустрофобия негізінде пайда болған жабық кеңістіктегі үрей, үнемі қорқыныш сезімінде болумен байланысты психологиялық дискомфортты қосу қажет. Ереже бойынша, жабық кеңістікте уландырғыш және жарылу қаупі бар заттар жиналады және онда жарық болмайды. Қысылыс жағдайындағы жұмыс арнайы құралдармен немесе оқшауланған газқағармен жұмыс аймағындағы ауаны тексергеннен кейін жүргізіледі. Қысылыс жағдайында болған құтқарушы арқанмен сақтандырылуы керек. Жұмыс орны мен баратын жолына жарық түсіру үшін арнайы фонарлар қолданылады. Қарда жылжу. Құтқарушылар қарда – жаяу, шаңғы, шана, қарда жүргіш, жол талғамайтын техникаларды қолданып жылжуды жүзеге асырады. Кең таралған тәсілдің бірі – жаяу жүру. Оның жылдамдығы қар жамылғысының биіктігі мен құрылымына, жер өзгешелігіне байланысты. Қар жамылғысының биіктігі 0,3 м және одан да көбірек болса, жаяу жылжу ауыр болады. Бұл жаңа жауған қарда немесе қар жатқан жекелеген шұңқырларда тұтас жол салу ерекшелігімен байланысты. Бұның бәрі көп күшті қажет етеді және тез шаршатады. Сондықтан терең қарда жаяу жылжу кезінде алдыда жүрген құтқарушыны жиі ауыстырып отыру қажет. Қар аяқ киімге түспес үшін шалбар киіп, оның балағын төменгі жағынан байлап қою керек. Құтқарушылардың қарда жылжу жылдамдығын арттыруға және уақытты үнемдеуге арнайы ыңғайлы қар да киетін аяқ киім (снегоступтар) көмектеседі. Олар қалыңдығы 7 мм, ұзындық пішіні 420 мм және ені 200 мм қырлы сопақша ағаш рамадан жасалған. Рама ернеуінен диаметрі 8-9 мм 20-25 тесік тесіледі, сол арқылы ремен баулармен айқастырылып байланады. Жасалған торға брезент немесе 80 х 270 мм өлшемді тығыз мата және снегоступтарды байлап қоятын шығыршық бекітіледі. Кейде қардың үстіне қабыршақ – мұз жамылғысы пайда болады. Ол қалың қатты және шамадан тыс тайғанақ болады. Құтқарушылардың мұз – қатқақпен жылжуы жоғарғы дәрежедегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды және арнайы құрылғыларды қолдануды талап етеді (имек темірлер, тіреуіштер). Құтқарушылардың қар басқан беткейлерде жылжуына ерекше көңіл аударулары керек. Мұндай жағдайларда міндетті түрде альпеншток, мұз жарғыш, сырғанамайтын ыңғайлы аяқ киімдерді пайдалану керек. Қалың қарда мұз жарғыш қалақпен, аяқтың ұшымен немесе бәтеңкенің өкшесімен тесіп тепкішек жасауға болады. Қарлы беткейде құлаған кезде құтқарушы ішімен айналып, беткейге бетін қаратып отырып, аяғын жинап, аяғының ұшымен беткейді тірей отырып, козғалысты тоқтатуы керек. Кейбір жағдайларда құтқарушылар ІҚЖ өткізу орнына шаңғы арқылы жетеді. Кедір – бұдыр жерлерде туристік шаңғыны қолдануға болады, олардың жұмыс беті үлкен және аяқтың ұшы мен өкше жағы жалпағырақ. Онымен қалың қарда еркін жүруге болады, оларды көп кедергілер (ағаштар, бұталар, тастар) арасында меңгеру оңай. Таудан түсуге немесе шаңғымен жылжуға спорттық (жүгіретін) шаңғылар қолданылады. Барлау жасау, зардап шеккендерді іздеу және оларды тасымалдауда, құтқарушыларды және жүктерді жұмыс орнына тасуға қарда жүргіштер, жол талғамайтын көліктер және тау шаңғылары қолданылады. Мұздағы жылжулар. Құтқарушылардың мұзбен қозғалулары оларға жоғары талап қояды: қауіпсіз мұздың қалыңдығы тұщы суда 10 см және ащы суда 15 см болып есептеледі. Мұздың қалыңдығын анықтау үшін оны бұрғылау (ою) керек. Мұздың сенімділігін анықтау үшін салмағы жеңіл бір құтқарушыны қауіпсіздік мақсатында міндетті түрде арқанмен сақтандырып оны мұз үстімен жүргізу қажет. Егер мұз өзіне тән дыбыстар шығарса, онымен жылжу кезінде сытырласа онда жүруге болмайды. Мұз сынған жағдайда міндетті түрде ауыр киімдерді тастап, мұздың үстіне шығып ішімен жатып, шаңғыға немесе шаңғының таяғына сүйеніп, жағаға қарай еңбектеу керек. Бетін қар немесе су жапқан мұздың үстінде жүру кезінде сақ болған жөн. Бір мұздан екінші мұзға секіру кезінде тіреуіштер мұздың шетіне 50 см жақын болмауы керек. Мұзда бірнеше адам топталып алуға немесе жүкті бір орынға үйіп жинап қоюға болмайды. Мұзбен жүрушілер мен құтқарушылардың қауіпсіз арасы 5м және одан да көбірек болу керек. Мұз шоғырларында жылжу кезінде тек қана мықты мұз сеңін ғана басу керек. Көктемдегі еру кезінде мұздың бетіне су молырақ жайылады, мұз кеуекті және нашар болады, Мұндай мұзбен жылжуға болмайды. Олардан жүзу құралдарының көмегімен өту керек. Құтқарушылар мұзбен жылжу кезінде табаны сырғанамайтын аяқ киімдер немесе арнайы сырғанамайтын құрылғы пайдалану керек. Егер мұздың бетін еріген су басса, онда рифленген табанды резеңкелі аяқ киім кию қажет. Негізі қауіп мұз басқан батпақтан келеді. Олардың бетінде жұқа мұзды «саңылау» жиі қалады ол адам салмағынан сытырлап сынады. Балдыр шөппен, ағаш өскіндерімен немесе бұталармен жабылған батпақтар нашар қатады. Дөңесті батпақтар біркелкі қатпайды. Ереже бойынша, батпақтың ортасы оның шетінен жақсы қатады. Қалың қар қабатымен жабылған батпақтар өте қауіпті ондағы су баяу және әрелкі қатады. Батпақтарда жылжу. Батпақ деп – тұрып қалған сулар мен ерекше өсімдіктері бар жерді айтады. Батпақтар сазды, сағалы, орманды, шым тезекті болады. Батпақтың үстімен құтқарушылар жүрген кезде, ол адам өміріне өте қауіпті болғандықтан тиісті шаралар қарастырылуы керек. Жабысқақ топырақ, су, өсімдіктер, томарлар, батпақты телімдер, үнемі қорқыныш сезімі, құтқарушыларға жайсыздық туғызады. Су мөлшерінің көптігі киімдердің, аяқ киімдердің, керек жабдықтардың су болуына әкеледі. Батпақпен жүру жылдамдығы өте баяу. Құрғақ қырат жерлердің болмауынан от жағу тіпті мүмкін емес. Жылжу алдында жергілікті тұрғындардан батпақтың «сипатын», соқпақ жолдарды, батпақты жерге салынған құрғақ жолдарды, қауіпті учаскелерді қалай айналып өту қажеттігі туралы ақпарат алу қажет. Барлық киімдер су өткізбейтін матамен оралу керек. Жол қапшықтың бауын барынша босату керек. Құтқару кеудешесі болса, оны киуі тиіс. Денеге поролонды кілемшелерді бекітіп қоюға болады, ал аяқ киімді аяққа мұқият байлап қою керек. Батпақпен жүретін құтқарушылардың арасы 5-7 м болу керек. Алдағы жүрушіні арқанмен сақтандыру керек. Қозғалысқа қатысушылардың бәрінде тереңдікті өлшеу үшін ұзындығы 3-4 м сырықтар, түбін қармалаушылар, тепе – теңдікті ұстайтын және құлаған жағдайда тірейтін тіреуіштері болу керек. Сырықты оңтайлы жағдайда кеуде алдына жерге қатарластыра ұстап жылжуға перпендикуляр бағыттайды. Батпақ пен мүкті алқаптарда, бұталармен немесе тамырлы өсімдіктер арқылы томардан томарға секіре жылжуға болады. Қадамдар қысқа болу керек, бір орыңда тоқтап қалуға болмайды. Тек қана қапы жерлерде немесе ағашы бар жерлерде ғана дем алуға болады. Батпақта жалғыз жүруге болмайды. Егер адам батпаққа құласа, онда оған жол қапшығын тастап, көлденең жағдайға түсіп, қадаға сүйенуі керек. Бірден шұғыл қимыл жасамай, тырбаңдамай жайлап шығу керек. Зардап шегушіге арқанды немесе сырықты қолданып көмек көрсету қажет. Зардап шегушіге жақындау кезінде құтқарушы арқанмен сақтандырылу керек. Батпақ арқылы жүруді жеңілдету үшін құтқарушылар фанер кесектерінен, бұталардан, жеңіл металлдардан жасалған «батпақта жүргіштерді» қолдана алады. Батпақта жүргішті аяққа бекіту, олардың қажетті жағдайда тез шешілуін қамтамасыз ету қажет. Құтқарушылардың батпақпен жылжу кезінде жолындағы ағаштарды белгілермен таңбалап, бұталарға бұйымдар, қарақшылар іліп жүруі керек. Құтқарушылардың үңгірлерде жылжуы. Үңгір – жердің үстіңгі бетінде ашылатын бір немесе бірнеше саңылаудан кіретін жер қабатының жоғарғы қалыңдықтағы қуысы. Егер үңгірдің ені мен биіктігі оның ұзындығынан артық болса, онда ол үңгір деп аталады. Тік қуыстың тереңдігі 20 м кем болса құдық, ал 20 м артық болса шахта деп аталады. Үңгір еріген су мен қардың әсерінен, бүлінген су тасқындарынан, адам әрекеттерінің нәтижесінде пайда болады. Жанар таулы, мұзды, тұзды, теңізді, үңгірлер бар. Үңгірлер түрлеріне қарай цилиндрлі, конусты, саңылаулы, күрделі (құдық және шахта) болады. Орналасуы бойынша – көлденең, еңкіш, тік. Үңгірлер бір қабатты және көп қабатты болады. Құтқарушылардың үңгірлерде жылжуының ерекшелігі толық қараңғылық пен жүз пайызды ауа дымқылдығымен белгіленеді. Қараңғыда қашықтықты дұрыс бағаламағандықтан және тастардың орнықсыздығынан тастан тасқа, кемерден кемерге секіруге болмайды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арқандар мен сатылар қолданылады. Үңгірлерді арнайы үңгірге арналған шамдармен, фонарлармен жарықтандырады. Үңгірлерде жылжудағы негізгі қауіп – қатер табиғи опырылып құлаулар және тас құлаулар, ластанған ауа, қолда бар су қоры, адасу мүмкіндігі, түтін шығулар, тар жолдар, психикалық шалдығулармен байланысты. Өзін өзі тексерцу сұрақтары 5. Құтқарушылардың ойлы - қырлы жерлерде жылжуы 6. Құтқарушылардың қорым (таудан құлаған майда тастар) үстімен жылжуы 7. Үйінді жағдайындағы, Үйіндінің үстінен жылжулар 8. Қысылысу жағдайындағы жылжулар Қарда, мұзда жыл №4 дәріс. Жергілікті жерді бағдарлау Жалпы сұрақтар 1. Көкжиек жағын құбылнамамен, аспан шырақтарымен, (компаспен) анықтау. 2. Топографиялық карталар 3. Дабыл берудің түрлері мен белгілері Құтқарушылардың маңызды кәсіби шеберлігі жергілікті жерге бағдар жасау болып табылады. Бағдарлау – өзіңнің тұрған жерінің көкжиек жағына қарай шамамен анықтау. Солтүстік (N), Оңтүстік (S), Шығыс (О), Батыс (W). Бағдарлауды құбылнамамен (компаспен), аспан шырақтарымен, жұлдыздармен, айналадағы заттармен, жер белгілерімен, топографиялық карталармен жүзеге асыруға болады. Көкжиек жағын құбылнамамен (компаспен) анықтау. Қолда бар дұрыс істейтін құбылнама көкжиек жақтарын анықтаудағы барлық тәжірбиелік мәселелерді шешеді. Оны қолданудың әдісі жалпыға мәлім. Құбылнаманың дұрыстығын тексеру үшін тіліне металды затты апарып тигізеді де оны тепе – теңдікті қалыптан шығару арқылы тексереді. Металды затты алғаннан кейін тіл бастапқы жағдайына түсуі керек. Егер тіл бастапқы жағдайға түспесе онда мұндай құбылнаманы қолдануға болмайды. Көкжиек жағын аспан шырақтарымен анықтау. Күннің шығып тұрған ауа райының ашық кезінде көкжиек жағын күн арқылы анықтауға болады. Таңғы сағ.7-де күн шығыста, ал caғ. 13-те оңтүстікте, сағ. 19 шамасында батыста болады. Қолда сағат бар болса, көкжиек жағы келесі түрде анықталады. Сағат тілі күнге бағытталуы қажет, бұл жағдайда сағат тілі мен «1» цифрын бөлетін бұрыштың тік сызық циферблаты оңтүстікті көрсетеді. Сағат жергілікті уақытты көрсетуі керек. Тәуліктің түнгі мерзімінде бұлт пен тұман болмаған кезде көкжиек жағын Поляр жұлдызы арқылы анықтауға болады. Поляр жұлдызы үнемі солтүстікте болады және жұлдыздардың арасында өзінің жарығымен бөлек шығады. Поляр жұлдызын аспаннан іздеу үшін 7 жарықжұлдыздан тұратын «ожау» Жетіқарақшыны табу керек. Егер ойша соңғы жұлдыз арқылы тура сызық жүргізіп және жұлдыздар арасына бес есе қашықтықты белгілесе бесінші бөліктің соңында Поляр жұлдызы болады. Орманда көкжиек жағын орман шаруашылығын жүргізетін жүйелер арқылы (қара жолдар, кварталды бағаналар) анықтайды. Қара жолдар солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай бағытта кесіледі. Қара жолдардың қиылысқан жерлерінде кварталды бағаналар орналасқан, онда квартал нөмері көрсететін цифрлар жазылған. Екі ең кіші цифрлар шегі үнемі солтүстікке бағытталған. Ормандағы сенімді бағыт сілтеуші, ағаш бағаналарындағы таңбалар. Олар адам кеудесінен биігірек, соқпақтардың (жолдардың) оң жағына қарай қойылады. Ағаштардағы бірнеше таңбаларға қарап жол немесе тұрақтың жақындығын білуге болады. Көкжиек жақты шамамен жергілікті белгімен жорамалдауға болады. Жеке тұрған ағаштардың қабықтарының солтүстік бетін мүк басқан. Қайың қабығының солтүстік бетінде ашық қара дақтары мен жарықтары аз болады. Көктемде оңтүстік бетте қар тез ериді. Құмырсқалардың илеулері мен аралардың ұялары ағаштар мен тастардың оңтүстік бетінде орналасқан. Көктемде құс керуендері оңтүстіктен солтүстікке, ал күзде кері бағытта ұшады. Тастардың, жартастардың, ағаштан жасалған шатырлардың, әдетте солтүстік бетін мүк басады. Қылқан жапырақты ағаштардан шайыр бөлінеді және әдетте оңтүстік бетінен көп жиналады. Ең әуелі оңтүстік беттегі жидектер мен жемістер мерзімінен бұрын пісіп жетіледі. Жергілікті белгілермен бір – екі рет бақылау жасап, көкжиек жақтың орналасу бағдары туралы үзілді – кесілді жорамалдауға болмайды. Жорамалды алғашқы қорытындыны қайта – қайта тексергеннен кейін жасауға болады. Топографиялық карталар Құтқарушылар жергілікті жерді топографиялық картаның көмегі арқылы бағдарлай білулері керек. Топографиялық карта шартты белгінің көмегімен түсірілген қағаздағы нақты ақпаратты көрсетеді. Топографиялық карта арқылы жерді зерттеуге және бағалауға, қашықтықты, алаңды, тік беткейді, нүкте биіктігін, бағдар жасауды жүзеге асыруға болады. Топографиялық карта арқылы бағдарлауды жүргізу үшін оны көкжиек жаққа қарай бағдарлау керек. Картаны құбылнаманың көмегімен немесе жергілікті шамалаулар арқылы бағдарлауға болады. Бұл жұмыстарды жасағаннан кейін және картадан өздерінің тұрған орнын анықтағаннан кейін құтқарушылар маршрут қозғалысын белгілейді де негізгі бағыт – бағдарды таңдайды. Жылжу уақытында маршруттың дұрыстығын ерекше қадағалап отыру керек. Түнде жылжу кезінде бір бірін көре алатын жақын ара қашықтықтағы бағдарлар таңдалады. Жылжудың дұрыстығына күдіктенген жағдайда үнемі картаны жергілікті жермен салыстыра отырып, өзінің тұрған орнын анықтауға болады. Дабыл берудің түрлері мен белгілері ІҚЖ жүргізу кезінде құтқарушылар тапсырманы орындау барысында көбіне халық тұратын жерден алыста, «далалық жағдайда» бірнеше күн болып, әр түрлі кездейсоқ шырғалаңдарға ұшырауы мүмкін, осының барлығы олардың бұл жағдайларда жұмыс істеуіне қосымша талап қояды. ІҚЖ кетер алдында құтқарушылар еңбек құралдары және қорғану құралдарымен қатар, кез – келген климаттық – географиялық аймақ жағдайында керек болатын қажетті заттардың келесідей топтамаларын: • соның көмегімен 30-40 км қашықтықтан апат дабылын беруге болатын дабылды айнаны; • шам немесе от жағуға немесе баспананы жылытуға қажетті аңшы сіріңкесін, жанатын құрғақ таблеткаларды; • дабыл беруге арналған ысқырықты; • пышақ, балта, күрек ретінде пайдалануға болатын қынапты үлкен пышақты; • құбылнама, нығыздалған фольга кесіндісі мен полиэтиленді, балық аулайтын жабдықтарды, дабыл оқтарын, дәрі – дәрмектердің авариялық топтамаларын, су мен азық – түлік қорларын өздерімен бірге алулары керек. Дабыл беру. Құтқарушылар тәжірбиеде арнайы дабылдардың қолдануын білулері және дабыл бере алулары керек. Өзінің тұрған орнын көрсету үшін құтқарушылар күндіз және түннің жарығында от түтінін қолдана алады. Егер отқа резеңке, оқшаулар қиындылары, майлы шүберектер тастаса, бұлтты күндері жақсы көрінетін қара түтін шығады. Ауа райы ашық күні жақсы көрінетін ақ түтін алу үшін отқа жасыл жапырақтар, жас шөптер, піспеген мүк тастау керек. Жерден әуе жолы көлігіне (ұшаққа) дабыл беру үшін арнайы дабылды айна қолдануға болады. Оны көзден 25-30 см қашықтықта ұстау қажет және ұшақты бұрыш саңылауы арқылы көруге болады; айнаны бұрып, жарық дақты бұрыш саңылауына сиыстыру керек. Дабыл айнасы болмаған жағдайда үсті жалтырақ затты қолдануға болады. Бұрыштау үшін заттың орталығына саңылау құралын жасау керек. Жарық сәулесін ұшақ моторының шуы естілмеген жағдайда да көкжиектің сызығын бойлай жіберу керек. Түнде дабыл үшін қол электр – фонаригінің жарығы, алау, от қолданылуы мүмкін. Сал үстінде жағылған от апат дабылының бір түрі болып табылады. Дабыл берудің жақсы құралы ұшақ (тікұшақ) жақындағанда қарға, жерге, суға, мұзға тастайтын ашық боялған заттар мен арнайы бояйтын ұнтақтар (флюорецин, уранин). Жекелеген жағдайда дыбысты дабылдарды (айқай, атыс, тарсылдату) дабылды ракеталарды, түтіндету құтысын қолдануға болады. Соңғы кезде қол жеткен өңдеу жетістігінің бірі «нысананы көрсету» төрт жанатын бояумен жабылған түнде лампасы лап етіп жанатын нейлон қабықты кішкентай резеңке әуе шары; оның жарығы 4-5 км қашықтықтан жақсы көрінеді. Ұшар алдында шар кішкентай капсуладағы гелиймен толтырылады және 90 м биіктікте нейлонды арқанмен ұсталып тұрады. Жиынтық массасы 1,5 кг құрайды. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Көкжиек жағын құбылнамамен, аспан шырақтарымен, (компаспен) анықтау. 2. Топографиялық карталар 3. Дабыл берудің түрлері мен белгілері № 4 дәріс. Құралдар және сигнализация дабылдары Жалпы сұрақтар 1. Тікұшақты жерден басқару дабылы 2. Дабыл беру құралдары 3. Құтқарушыларға жабық орындарда жұмыс істеулері 4. Құралдар және сигнализация дабылдары Тікұшақты жерден басқару дабылы «Жерге қонуға рұқсат етіледі» – қолдары Ү әрпі нысанын (yes – иә!) жасай отырып бір жағына қарай сәл ажыратылып жоғары көтеріледі. «Жерге қонуға рұқсат етілмейді» – диагонал бойынша оң қолы жоғары көтерілген, ал диагонал бойынша сол қолы төмен түсірілген, N әрпі нысанын (No – жоқ!) жасағандай белгі береді. «Қалықтап тұруды орындау» – қолдары иық деңгейінде екі жаққа қарай созылады. «Төмен түсіру» – қолдары иық деңгейінде екі жаққа қарай көлденең созылған. Көлденең жағдайдағы қолдың алақаны төмен қарап, ырғақпен тербетеді. «Көтерілу» – олдары иық деңгейінде екі жаққа қарай көлденең созылған, алақандары жоғары қараған. Көлденең жағдайдағы қол ырғақпен тербеледі. «Солға карай орын ауыстыру» – оң жақ қолы иығы деңгейінде көлденең созылған. Сол қолымен ырғақты тербеліс жасайды. «Онға қарай орын ауыстыру» – сол жақ қолы иығы деңгейінде көлденең созылған. Оң қолымен ырғақты тербеліс жасайды. «Алға қарай орын ауыстыру» – қолдары созулы, алақандары бетке қаратылып, шынтақтан сәл бүгілген, тік жағдайда ырғақты қимыл жасайды. «Артқа қарай орын ауыстыру» – қолдары созулы, алақандары тікұшақ жаққа қарай қаратылып, шынтақтан сәл бүгілген, тік жағдайда тікұшақ жакққа қарай ырғақты қимыл жасайды. «Конып болды» – қолдар төмен түсірілген, алдына қарай айқастырылған. «Қалықтап тұрған жерінен солға қарай орын ауыстыру» – оңжақ қолы көлденең созылған, сол қолы жоғары көтерілген, тікұшақтың орын ауыстыру бағытына қарай ырғақты қимыл жасайды. «Қалықтап тұрған жерінен оңға қарай орын ауыстыру» – сол жақ қолы көлденең созылған, оң қолы жоғары көтерілген, тікұшақтың орын ауыстыру бағытына қарай ырғақты қимыл жасайды. «ОК» (О'кей!) - бәрі дұрыс! – оң жақ қолы алға қарай сәл көтеріліп созылған, саусақтары жұдырық болып жұмылған, бас бармағы жоғары жақты көрсетеді. «Жүк тіркелген» – қолы белдік деңгейінде шынтақтан бүгілген, жоғары – төмен ырғақты тербеледі. «Жүкті түсіру» немесе «жүкшығырды тоқтату» – оң жақ қолының жұдырығы түйілген, белдігі деңгейінде шынтағынан бүгілген, оң қолы алақанымен төмен қаратылған, оңға – солға ырғақты қимыл жасайды. ІҚЖ жүргізу кезінде құтқарушыларға жабық орындарда жұмыс істеулеріне тура келеді. Жабық ғимаратқа кіретін құтқарушы жіп байланатын сақтанатын белдік тағуға міндетті; оның екінші ұшын сыртта тұрған құтқарушы ұстап тұрады. Арқанның көмегімен берілетін негізгі дабылға келесілер жатады: Бақылаушыдан: бір рет жұлқу – «Өзіңді қалай сезінесің?» үш рет жұлқу – «Шық!» Жұмыс істеушіден: бір рет жұлқу – «Өзімді жақсы сезінемін!» екі peт жұлқу – «Ауа жетіспейді!» үш рет жұлқу «Шығамын, жеңімді ұста!» төрт және көп рет тарту – «Өз бетіммен шыға алмаймын!». Жарық жоқ ғимаратқа кіруге (түсуге) болмайды. Жарық түсіру үшін жарылуға қауіпсіз аккумуляторлы электр фонарьларын қолдану керек. Жердегі құтқару жасағы базалық лагермен, жердегі басқа да іздеу топтарымен және әуе іздестіру мекемелерімен байланыста болулары керек. Бұл үшін байланыс құралдары мен дабыл құралдары қолданылады. Дабыл беру құралдары: • құтқарушылардың тұрған жерін анықтауға; • көңіл бөлуге; • қажетті ақпаратты беруге мүмкіндік береді. Құралдар және сигнализация дабылдары Төменде көрсетілген дабылдар халықаралық деп есептеледі және құтқарушылар оларды өз елінде қалай қолданса, сырт елдерде де солай қолдана алады. Кез – келген дыбыстармен немесе жарық құралдарымен берілетін дабылдар: • «Көмек қажет ететін» - 1 мин ішінде бір қалыпты дабылды үш рет береді, содан кейін минуттық үзіліс, қайтадан үш рет дабыл беріледі және т.б.; • «Көмек бара жатыр» - 1 мин ішінде бір қалыпты дабыл үш рет беріледі, содан кейін минуттық үзіліс, қайтадан үш рет дабыл беріледі және т.б. Ысқырық және электр фонарының көмегімен берілетін дабылдар: • «Дабыл» - 3 минутқа жалғасатын қысқа дабыл; • «Дабылды тоқтату» - үш қысқа дабыл, содан кейін – қысқа үзіліс, қайтадан үш дабыл және солай 3 минутқа жалғасады; • «Жәрдем керек» - ІҚЖ жүргізу кезінде осы дабыл «Сигнал» дабылы секілді, бірақ оны жауап алғанға дейін береді; • «Иә» – екі созылмалы дабыл, содан кейін қысқа үзіліс және дабыл қайтадан екі рет созылады; • «Жоқ» – екі қысқа дабыл, содан кейін қысқа үзіліс және қайтадан екі қысқа дабыл; • «Тұрған жерді көрсететін» – жалғаспалы үзік – үзік дабыл; Сиренамен берілетін дабыл: • «Дабыл» - 1 минут ішінде үндестігін өзгертетін уілдеп ұли шыққан дабыл; • «Дабылды тоқтату» - 1 минут ішінде бір үндестікте үзіліссіз шыкққан дабыл; • «Тұрған жерді көрсететін» – уақыты шектеусіз бір үндестікте үзіліссіз шыққан дабыл; Қоңыраумен берілетін дабыл: • «Дабыл» - 1 минут ішінде қоныраудың тез үздіксіз соғылуы; • «Дабылды тоқтату» - қоңырау тез – тез соғылатын үш қысқа дабыл, содан кейін қысқа үзіліс және 1 минутқа жалғасатын үш қысқа дабыл; • «Тұрған жерді көрсететін» – қоңырауды жәйлап соғу түріндегі созылмалы дабыл. Ракеталармен берілетін дабыл: • «Жәрдем керек» - зілзала дабылы қандай да бір ракетаның түсімен байланысты болмауы керек; • «Көмек бара жатыр» – ақ және қызыл түстегі ракетены ретімен ату; • «Дабылды тоқтату» – жасыл ракета; • «Жәрдем керек» - қызыл ракета; • «Тұрған жерді көрсететін» – ақ ракета. Кез – келген ракета, оны жіберу себебі белгісіз болғанда, зілзала дабылы деп есептелу керек. Ракетаны жіберер алдында оның түсін тексеру қажет. Ол металл пластинкаға тігілетін гильзаны тығындайтын оқ тығыны болып табылады. Түстен бөлек пластинкаға ракетаның түсін анықтау үшін нүкте – дөңестер қашалады. Бір нүкте қызыл түске, екеуі – жасыл түске, үшеуі – ақ түске сәйкес келеді. Ракеталар бейбіт уақытта тауда тек ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылуы қажет. Оларды ату ракетницадан (белгі беретін тапанша) немесе арнайы құрылғыдан жүзеге асырылады. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Тікұшақты жерден басқару дабылы 2. Дабыл беру құралдары 3. Құтқарушыларға жабық орындарда жұмыс істеулері 4. Құралдар және сигнализация дабылдары №5 дәріс. Уақытша тұрақтарды ұйымдастыру Жалпы сұрақтар 1. Оттар – түрлері, алаңдары, жағылуы 2. Шатырларды құру тәртібі 3. Ауыз суды пайдаланудың тәртібі Ұзаққа созылатын ІҚЖ жүргізу кезінде дамылдайтын уақытша үйлер, тұрақ пен демалыстар ұйымдастыруға ауа райы өзінше талаптар қояды. Осыны ескере отырып, құтқарушылар дамылдайтын орын – тұрақ ұйымдастырады. Ол көшкін қаупінен және тас құлауларынан қауіпсіз телімдерде, ішетін су көздеріне жақын, шырпылар мен отын қорлары бар жерлерде болуы керек. Дамылдайтын орынды тау өзендерінің кеуіп қалған арналарына, қалың бұталардың ішіне, қылқан жапырақ қопаларына, құрғақ, қуыс және шірік ағаштардың жандарына орналастыруға болмайды. Алаңнан тастарды, бұтақтарды, қоқыстарды алып тастап, оларды тегістеп, тазартқаннан кейін құтқарушылар шатырларды орналастыруға кірісе алады. Шатырлар келесі тәртіпте құрылады: • шатырды жазады; • созып және түптерін шегелеп қояды; • тіреуіштер орнатады және жіпті тартады; • есікті іліп және төбенің жіптерін тартады • төбедегі қатпарларды керіп тарту (босату) арқылы кетіреді; • жаңбыр жауған жағдайда су ағып кету үшін шатырды айналдырып ені мен тереңдігі 8-10 см шұңқыр қазу керек; Шатырдың астына құрғақ жапырақ, шөп, папоротник, қамыс, мүк салуға болады. Қарда (мұзда) шатыр құру кезінде еденге бос жол қапшықтар, арқандар, көрпе, поролон төсеу керек. Қазықтар жерге бұрышы 45° болатындай етіліп, 20-25 см тереңдікте қағылады. Шатырды бекітіп қою үшін ағаштар, тастар, кемерлер қолданылуы мүмкін. Шатырдың артқы қабырғасын желдің басым жағына қарай орналастыру керек. Шатыр болмаған жағдайда брезент, полиэтилен астында немесе қолда бар материалдардан (бұтақтардан, бөренелерден, жапырақтардан, қамыстардан) күрке жасауға болады. Ол тегіс және құрғақ жерде, ашық немесе орманның шетінде салынады. Қыста түнейтін алаң қардан және мұздан тазартылуы қажет. Қар қалың жауған қыста құтқарушылар қардан баспана жасап алулары керек. Олардың ішінде ең қарапайымы – шұңқыр, ол ағаштардың айналасында қазылады, көлемі адам санына байланысты. Шұңқырдың үстін бұтақтармен, нығыздалған маталар мен жауып, жылылықты сақтауды жақсарту үшін үстіне қар тасталады. Қар үңгірін, қар жертөлесін, және қардан op қазуға болады. Қардан жасалған баспанаға кірерде киімдерді қардан, батпақтан тазартып, өзіңмен бірге күрек немесе пышақ ала кіру қажет, олар желдеткіш тесіктерді жасауға және қар басқан жағдайда қолданылуы мүмкін. Оттар – түрлері, алаңдары, жағылуы Тамақ дайындау, жылыну, киімдерді кептіру, дабылдар үшін құтқарушылар келесі түрдегі оттарды қолданады: «күрке», «құдық», «тайга», «нодья», «камин», «полинезийялық», «жұлдызша», «пирамида». «Күрке» шайды тез дайындауға және лагерді жарықтандыруға ыңғайлы. «Құдық» («шеген») бұл отты тамақты үлкен ыдыста дайындау, суланып қалған киімді кептіру керек болғанда жағады. «Құдықта» отын «күркеге» қарағанда ақырын жанады; жоғары температураны құрайтын шоқ шығарады. «Тайгада» тамақты бір уақытта бірнеше қазанда дайындауға болады. Бір жуан шөркеге (жуандығы шамамен 20 см) міндетті түрде жел жаққа қаратылып, астыңғы бұрыштары 30° жақындасатын бірнеше жіңішке кепкен шөрке салады. Отын ұзақ жанады. Бұндай оттың жанына түнеуге болады. «Нодья» тамақ дайындауға, түнеу кезінде жылынуға, киімдер мен аяқ киімдерді кептіруге жақсы. Бір – біріне жақын ұзындығы 3 м дейін құрғақ бөрене салады олардың арасындағы саңылауға тез жанатын отын жағады (жіңішке құрғақ бұтақшалар, қабық), содан кейін үстіне сондай ұзындықта, қалыңдығы 20-25 см үшінші құрғақ бөрене салады. Бөрене домалап кетпес үшін олардың екі шетінен жерге қазық қағып тастайды. Бұл қазықтар әрі қазан іліп қоятын таяқтарға тіреуіш болып қызмет етеді. «Нодья» ақырын жанады, бірақ тегіс жалындап бірнеше сағат жанады. [pic] «күркe» «құдық» «тайгада» «нодья» [pic] «камин» «полинезийялық» «жұлдызша» «пирамида» Кез – келген отты алаңды дайындап алған соң ғана жағу керек: кепкен шөп – шалам мен шемшек теру. жерді тереңдету құрылғысы, от жанатын орынды тастармен қоршау. Отқа отын ретінде құрғақ ағаштарды, шөп – шаламдарды, қамыстарды, бұталарды пайдаланады. Жанып жатқан кезде шыршалар, қарағай, самырсын, талшын, бал қарағай ұшқынды көп шығаратыны байқалған. Емен, үйеңкі, шегіршін, шамшат ақырын жанады. Отты тез тұтату үшін тамызық (қабық, ұсақ және құрғақ бұтақтар мен шөркелер, резеңке кесінділері, қағаз, кепкен отын) керек. Ол «күркелерге» немесе «құдықтарға» тығыздалып салынады. Тамызық тез жану үшін оған балауыз шамның кесіндісін немесе құрғақ спирт салады. Отты сіріңкенің, күн сәулесінің және ұлғайтқыш әйнектің, үйкелеудің, атудың көмегімен жағуға болады. Соңғы жағдайда: • оқты ашып онда тек қана дәріні қалдыру; • дәрінің үстіне құрғақ мақта салу; • қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жерді ату қажет; • ескірген мақта оттың тұтанып – жануын қамтамасыз етеді; • қысқы уақытта от жағу үшін қарды топыраққа дейін тазалау немесе қарға жуан бөренелерді төсеу керек, өйткені еріген қар отты өшіріп тастайды. Оттың жайылуын болдырмау үшін оны шұңқырлармен немесе тастармен қоршау керек. Оттан шатырға дейінгі қауіпсіз қашықтық 10 м. болу қажет. Ауыз суды пайдаланудың тәртібі Жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейін ұстау үшін құтқарушы ауыз суды оңтайлы пайдалануы қажет. Организм жоғалтқан судың орны толтырылуы керек, әйтпесе дененің құрғауы басталады. Адам 1-2% массаға тең суды жоғалтса, денені қатты шөл қысады; 3-5% жоғалтса, лоқсу, қысылу, селқостық, шаршау болады; 10% жоғалтса, организм де қайтымсыз өзгеріс пайда болады; 20% жоғалтса, адам өледі.Су мұқтаждығы жұмыстың орындалу қарқынына, температураға және ауа ылғалдығы мен адам денесінің массасына байланысты. Біркелкі температурадағы аудандарда шектеулі күш жұмсау кезінде суды тәулігіне тұтыну 1,5-2,0 л, шөл және шөлейт аймақтарда 4-6 л және одан да жоғары болады. Артық күш жұмсау мен жүйке ауыртпалығы кезінде суды тұтыну 2-3 есе артады. Табиғи және жасанды су айдындарындағы су қауіпсіз пайдаланудың талаптарын қанағаттандырмайды. Сондықтан оны пайдаланар алдында қайнатқан дұрыс. Ластанған немесе лайланған суды қайнатар алдында марганцовкалы қышқыл калийімен немесе арнайы препараттармен тазалау керек. Сонымен қатар суды дымқыл жерді терең қазып, нығыздалған мата мен арнайы сүзгіштерді қолдана отырып, сүзуге болады. Егер су шамадан тыс ащы болса (теңіз, тұзды көл), онда оны булау мен конденсация тәсілі арқылы тұщыландыру керек. Тұз жетіспеген суларға (биік тау су айдындары, тау көлдері) тұз салуға болады. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Оттар – түрлері, алаңдары, жағылуы 2. Шатырларды құру тәртібі 3. Ауыз суды пайдаланудың тәртіб №6 дәріс. ТЖ аймағын барлау Жалпы сұрақтар 1. Барлаудың міндеттері 2. Барлаудың түрлері Барлау ТЖ зардабын жою жұмыстарын жүргізуде, құтқарушылардың, зардап шеккендердің, халықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды кезең болып табылады. Барлаудың міндеттері: • ТЖ аймағы мен сипатын анықтау; • зардап шеккендердің табылу орны мен олардың жағдайларын анықтау; • радиоактивті, химиялық, биологиялық зақымдану дәрежелерін белгілеу; • ТЖ аймағындағы нысаналардың (құрылыс, инженерлік қатынас жолдарын, байланыс желілерін, су көздерін) жағдайын бағалау; • өрт ошақтарын табу; • жұмыс орнына кіру жолдарын және зардап шеккеңдер мен халықты көшіру жолдарын анықтау; • ІҚЖ жүргізу жоспарын анықтау. Барлау тәжірибелі құтқарушының қатысуымен жер бетінде, әуе, су, жер асты, су асты тәсілдерімен жүргізіледі. Барлау мәліметтері жұмыс басшысына беріледі және картаға немесе нысана жоспарына түсіріліп, бақылау журналына енгізіледі. Барлаушылар радиация деңгейіне аспаптық дозиметрикалық бақылау ұйымдастырады, химиялық және биологиялық жағдайды, ластанған аймақты анықтайды және белгілейді, қираған, су басқан, бұзылған нысаналардың дәрежелерін анықтайды. Жер бетіндегі барлау – барлаудың негізгі түрі болып табылады. Ол жаяу құтқарушылардың З-5 адамнан құралған тобымен жүргізіледі, сонымен қатар жер беті көлік құралдары мен арнайы аспаптарды қолданады. Барлаушылар көзбен шолып және бақылау аспаптарымен нысандардың жағдайы мен қоршаған табиғи ортаны барлап, анықтайды. Жер бетіндегі барлаудың міндетіне адамдар тұра алатын және адамдар болуы мүмкін жердегі баспаналарды, жертөлелерді, жер асты ғимараттарын табу, олармен байланыс орнату, кейбір жағдайларда – ауа кіретін саңылауларды тазалау, ақпараттар, азық – түлік, дәрі – дәрмектер беру, радиация деңгейіне өлшеулер жүргізу, химиялық зақымдануды, ТЖ аймағындағы биологиялық жағдайларды, өрт жағдайын анықтау кіреді. Радиологиялық барлау. Радиологиялық барлауды жүргізуге құтқарушылар арнайы аспаптарды қолданады (РР-5А, ДРГ-01Т, ДК-22В. МОК-1, МДӨ-11 және т.б.). Радиация деңгейі 0,5 Р/с және одан жоғары болса, жергілікті жер радиоактивті зақымданған деп есептеледі. Жұмысты жаяу жүргізген кезде барлауды 30 Р/с радиация деңгейіне дейін жеткізу және одан аспауы қажет. Машиналарда - 100 Р/с дейін одан асырылмайды, арнайы техникада (танк, бронетранспортер) 200 Р/с дейін, ұшақтарда немесе тікұшақтарда 200 Р/с жоғары. Құтқарушылардың радиоактивті зақымданған жерлерде қауіпсіз болған уақыты, радиоактивті сәулелену көлемі мен қорғану және қозғалу құралдарын қолданатын коэффицентін есепке ала отырып, арнайы кестелермен есептеледі. Өлшеулер жолдың әр 50-100 м сайын өткізіледі, сонымен қатар құралдың датчигін жер деңгейінен (10-15см) бір қашықтықта орналастыру керек. Зақымданған топырақ, су, құрылыс деңгейін дәл анықтау үшін барлаушылар оны кейін зақымданған аймақтан тыс жерлерде зерттеу үшін сынама алады. Сынама радиация деңгейі ең көп жерлерден алынуы керек. Алынған сынаманың әр өлшемі, нақты орны мен уақытының нәтижесі тіркеу журналына жазылады. Химиялық барлау қолда бар және жергілікті жердегі ауаның, су көздерінің, шаруашылық нысандардың химиялық зақымдану дәрежесін белгілейді. Ол химиялық барлауға әскери аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ауаның сынамасы ҚӘУЗ анықтау орындарында, бұл заттың сынамасы сұйық жағдайда – топыракқа төгілген немесе сіңген жерлерде алынады. Химиялық барлауды жүргізу кезінде ҚӘУЗ жиналуы мүмкін жерлерге (құдықтарға, шахталарға, жер төле ғимараттарына, шұңқырларға және т.б.) ерекше назар аударылады. Барлаудың негізінде зақымдану картограммалары жасалады. Инженерлік барлау қирау дәрежесі мен сипатын, коммуналдық–энергетикалық жүйенің, жолдардың, көпірлердің, өткелдердің жағдайларын, зардап шеккендердің табылу орындарын, іздестіру – құтқару және авариялық – қалпына келтіру жұмыстары өткізілетін көлемдер мен тәсілдерді анықтау үшін өткізіледі. Инженерлік барлау: • әуеде – ұшатын аппараттарды қолданумен (ұшақтар, тікұшақтар); • жер бетінде – арнайы барлау машиналарын, бронетранспортерлерді және әдеттегі көлік құралдарын қолданумен жүргізілуі мүмкін. Инженерлік барлаудың көлемі мен сипаты табиғи жағдайлардың, ТЖ өту ерекшелігінің, белгіленген жұмыстың түрі мен көлемінің жағдайына байланысты. Бұзылған және қираған ғимараттарды қарау кезінде олардың сыртын тексеріп шығады, сол арқылы қабырғаның жағдайы және ғимараттың саңлаулары анықталады: олардың бұдан әрі бұзылу қаупінің барлығы мен жоқтығы тексеріледі. Сонымен қатар қираған ғимараттардың үйінділер сипаты, оларды айналып өту мүмкіндіктері, өту құрылысы және оларды жинау жұмыстарының көлемі белгіленеді. Зақымданған құрылысқа қауіп төнуі аз жақтан жақындау керек, сонымен қатар деформацияның жалғасуы мен жақында қирау мүмкіндігін көрсететін өзгеше шу, сыбдыр және сатұр – сұтыр дыбыстардың жоқ екендігіне тындап көз жеткізу қажет. Fимараттың жеке бөліктерін тексеру кезінде: • тас құрылысын тексеру кезінде – қабырғаның ауытқып кетуіне, қабырғалардың жарылуына, қабырғалар мен төбелердің арасындағы байланысқа; • темір бетон құрылысын тексеру кезінде – бетонның және арматураның жағдайына, жарықшаққа және деформацияға, тіреуіштің толықтай ішке кіруіне, аркаға, жиналу құрылымына; • металдан салынған құрылысты тексеру кезінде – элементтің майысуына және жарылуына, дәнекерленген бұрыш пен тірек бөлшектерінің қосылған жеріне; • ағаштан салынған құрылысты тексеру кезінде – элементтердің сынуына, қабаттасатын жерінің зақымдануына, қағылған темірлердің сақталуына, құрылыс төбелерінің ісініп – иіліп төмен түсіп кетуіне және баған – тіректердің жағдайына ерекше көңіл аудару керек. Өрт барлауы ТЖ аймағындағы өрттің жағдайдын анықтау мен табу үшін жүргізіледі. Өрттің ауданы мен көлемі анықталғаннан кейін құрылымдардың құтқару жұмыстарын жүргізу орнына жылжуын қамтамасыз ету үшін жүру жолдары мен өртті жоюға ең қолайлы жолдар анықталады. Медициналық барлау ТЖ аймағындағы санитарлық – індеттік жағдайды анықтау үшін ұйымдастырылады. Оның жүргізілуіне медициналық құрылым, бөлімшелер, мекемелер және арнайы медициналық барлау топтары тартылады. Медициналық барлау: • зақымданған ошақ аумағын; • биологиялық құралдарға индикация жүргізеді; • зақымданғандардың саны мен жағдайын анықтайды; • зақымданғандарды емдеу мекемесіне және медициналық құрылымды барлау орындарына көшіру алдында, оларды орналастыратын орындарды анықтайды; • жұмыстың көлемі мен оларды жүргізуге қажетті тартылатын күш пен құралдардың санын анықтайды. Биологиялық барлау жергілікті жердің, ауаның, судың, азық–түліктердің зақымдануын анықтау үшін, зақымданған шекараны анықтау, зақымдану әсеріне душар болған адамдарды тауып алу, жасалатын жұмыстың көлемі мен сипатын анықтау үшін жүргізіледі. Ол ауадан, топырақтан, өсімдіктерден, әртүрлі заттар мен нұсқалардың үстіңгі беттерін шайып өтулерден, зерттеу үшін іріктеп алынған жәндіктер мен кеміргіштерден сынама алу жолы арқылы жүзеге асырылады. Іздестіру – құтқару жұмыстары барлаумен бірге бір мезгілде де, ол аяқталғаннан кейін де жүргізіле береді. Оның әрі қарай дамуын бақылап тұру үшін ТЖ жойылмайынша барлауды тоқтатпау қажет. Әуе барлауы ұшақтардың, тік ұшақтардың және басқа да ұшатын аппараттардың көмегімен, көзбен шолып қарау және дозиметрлық бақылау, суретке түсіру және теледидарлык трансляциямен жүзеге асырылады. Алынған ақпарат картаға түсіріледі немесе радио арқылы жұмысты басқарушыға хабарланады. Су барлауы суда немесе судың астында болған ТЖ туралы нақты мәліметтерді алу және анықтау мақсатында ұйымдастырылады. Бұл мақсаттар үшін қайықтар, кемелер, су асты аппараттары, сүңгуірлер қолданылады. Су барлауының басты міндетіне: • ТЖ сипатын бағалау және зерттеу • зардап шеккендерді іздестіру және оларға көмек көрсету; • жоғалып кеткен немесе суға батып кеткен нысаналарды іздеу, олардың жағдайын бағалау және көмек көрсету нұсқаларын дайындау; • суға радиологиялық және биологиялық бақылау жүргізу; • жағдайларды білу және оның даму болжамын әзірлеу; • дабыл белгілерін орнату; • гидротехникалық ғимараттың жағдайын (тосқауыл, бөгет, шлюздер, су асты іргетастар) анықтау жатады. Жер асты барлау жер астындағы (шахталардағы, метролардағы, үңгірлердегі, жер асты ғимараттарындағы) ТЖ туралы мәліметтерді зерттеу және анықтау мақсатында жүргізіледі. Оны жүргізу кезінде: • жердің астына түсетін; • жағдайды бағалап, ол туралы басқарушыға баяндайтын; • зардап шеккендерді іздеп және оларға көмек көрсететін; • жердің бетіне оралатын құтқарушылардың қауіпсіздігіне мұқият назар аудару қажет. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Жер бетіндегі, әуе, су астындағы барлау 2. Радиологиялық, химиялық, биологиялық барлау 3. Инженрелік, өрт барлауы, 4. Медициналық барлау №7 дәріс. Зардап шеккендерді іздеу – ережесі. әдістері. тәсілдері Жалпы сұрақтар 1) Көзбен шолу әдісі 2) Есту әдісі (дыбысты) 3) Техниканы пайдаланып іздеу ТЖ зардабын жою кезінде зардап шеккендерді іздеу және оларға бірінші медициналық көмек көрсету құтқарушылардың басты міндеті болып табылады. Зардап шегушілерді іздеу, барлаудың нәтижесімен танысудан, жұмыс жүргізу аймағымен (орнымен) зерттеуден, ТЖ сипатын және іздеуді жүргізу әдісін анықтаудан басталады. Зардап шеккендерді іздеу тәсілдерінің негізгі қатарына жататындар: көзбен шолу, есту (дыбысты), жергілікті жерді барлау, барлап қарау, ізбен іздеу, көргендерден сұрау, әуеден іздеу, жануарларды арнайы құралдармен іздеу. Адам 90% жуық ақпаратты көру көмегімен алады. Сондықтан зардап шеккендерді іздеудің негізгі әдісі көзбен шолу. Ол жергілікті жерді қараудан және зардап шеккендердің тұрған жерін анықтаудан тұрады. Көзбен шолу әдісі. Көзбен іздеу барлық көрінетін аумақты немесе ТЖ аймағын қараудан басталады. Сонымен қатар, құтқарушы бір орында немесе қозғалып жүріп бақылау жүргізеді. Көз жетерлік жерлерді көру үшін жергілікті жердің, шарттарын қолдану қажет: тауға, мұнай мұнарасына, үйдің төбесіне, ағашқа шығу. Көзбен іздеуді жүргізу үшін қолайлы жағдай – ауа райының ашық болуы. Оптималды көзбен шолу мақсатында мақсатқа сәйкес дүрбілер, ұлғайтқыш әйнектер, түнде көретін құралдар қолданылады. Олар адамның көзі жетпейтін қашықтықтар мен жағдайларда бақылау жүргізеді. Түнгі уақытта, қараңғы тыныш кеңістіктерде, үңгірлерде, тұманда немесе түтінде көзбен іздеу жұмысын жүргізу үшін прожекторлар, фонарлар, шамдар, алаулар, жарық түсіретін ракеталар қолданылуы керек. Кейде оттың немесе фонардың жарығын көру мақсатында көзбен іздеу түнде істелінеді. Үлкен каланың жарықтары 60 км қашықтықта, тік прожектордың жарығы - 50 км қашықтықта, автомобиль фарының жарығы -10 км қашықтықта, алау оты - 8 км қашықтықта, электр фонарының жарығы - 3-4 км қашықтықта көрінеді. Күндіз бақылау кезінде үлкен мұнаралар, шіркеулер, элеваторлар 18-20 км, елді мекендер -15-16 км, ірі үйлер -9-10 км, зауыт құбырлары 6-8 км, олардан шығатын түтін - 50 км, адамдар 1,5-2,0 км қашықтықтан көрінеді. Көру сезімталдығын терең және қалыпты дем алу, бетті және желкені салқын су немесе қармен қайта – қайта сүрту көмегімен жоғарылатуға болады. Жарық – сәулелі, қарлы, мұзды, су кеңістігі жағдайында көзбен бақылауды қолдану кезінде қара көзілдірік, күнқағарларды міндетті түрде пайдалану керек. Барлық алынған ақпаратты құтқарушылар бақылау журналына, картаға енгізеді немесе штабқа жібереді. Есту әдісі (дыбысты). Көзбен шолу қиындаған кезде немесе оны қолданыла алмаса, онда зардап шегушілерден дыбысты ақпарат алу арқылы жүргізеді. Негізгі дыбысты дабылға жататындар: әңгіме, айқай, ыңырсу, жылау, ысқыру, дем алу, алақанмен шапалақтау, дүрсіл, тарсыл, ату, жару, двигатель дыбысы, иттің үруі, құстардың шуы. Дыбысты дабылдар және олардың естілу қашықтығы |дыбысты дабыл |қашықтық | |Жарылыс |2- 15 км | |Пойыз шуы, паравоз гудогы, сирена |7-10 км | |Трактордың гүрілі |3 - 7 км | |Мылтық дауысы |2 - 3 км | |Автомобиль гүрілі, аттың кісінеуі, иттің |2-3 км | |үруі | | |Адамның айқайы |1,0- 1,5 км | |Құлаған ағаштың сатыры |0,8 км | | ағаштарды кесу және аралау |0,5 км | Зардап шегушілерді іздеу кезінде құтқарушылар үнемі аз ғана уақыт арасында жауап қайтуын тыңдап, дыбысты дабылды өздері бере алады. Дыбысты ақпаратты есту үшін барлық жұмыс түрін бірнеше минутқа тоқтату керек. Сол уақытта барлығы дыбысты ақпаратты тындаулары керек және оның орны мен келген бағытын анықтап зардап шеккендерді іздеуге кірісулері қажет. Егер құлақ дыбысты дабылдарды ести алмайтын болса, онда арнайы акустикалық құралдар қолданылады: жаңғырық, геофон. Олардың жұмыс істеу қағидаттары адамның тіршілік ету сипатын білдіретін (дем алу, ынырсу, айғайлау, жүрек соғысы, қозғалысына) негізделген. Зардап шеккендерді акустикалық құралдармен іздеу әдісі зардап шегушілердің болуы мүмкін жерлердегі шуды (дыбысты) өлшейді. Мұнда «Пеленг – 1» акустикалық құралын пайдалана отырып жақсы нәтижеге жетеді. Іздеуді тоқтату туралы тек жұмыс жетекшісі ғана шешім шығара алады. Зардап шеккендерді іздеудің бір тиімді тәсілі көзімен көргендерден сұрау. Сұралатын адам ретінде зардап шеккендерді көрген, ТЖ туралы естіген адам тартылады. Көзімен көргендермен әнгіме кезінде келесі тақырыптар мен сұрақтар қозғалады: • ТЖ орны, уақыты, масштабы; • қолда бар уландырғыш заттар (УЗ), өрттер, қауіпті жарылғыш заттар; • ТЖ аймағын зерттеу кезіндегі қиындықтар; • зардап шеккен адамдар мен оларды көзімен көрген адамдардың соңғы кездескен жері мен уақыты; • зардап шеккендердің қозғалу бағыты; • зардап шеккен адамдардың алған жарақаты мен сынған жерлерінің сипаты. Зардап шегушілерді іздеуге арнайы үйретілген кинологтардың иттері қатысады. Бұл тәсіл олардың табиғи иіс сезуі мен әрекет ету қабілетіне негізделген (үруі, дұрыс тұруы, үйреншікті қозғалысы ). Іздеу кезінде иттер зардап шегуші болуы мүмкін жерлерді иіскейді (үйінді, көшкін, тар кеңістік). Бұл жануарларды пайдалану тиімділігі ауада түтіннің, бір иістің болуы кезінде төмендейді. Іздеудің бір тәсілі, өзінің иіс сезімін пайдалануда құтқарушының ептілігіне байланысты. Түтіннің иісі бойынша оттың, үйдің, дамылдау орнының жанып жатқан жерін анықтауға болады; жақсы иіс сезімі ауадағы кейбір уландырғыш газдар – аммиактың, хлордың, көмірсутектің барын тамақ пен судың сапасын анықтайды. Зардап шеккендерді сезу көмегі арқылы іздеу затқа тиісумен ақпарат алуға негізделеді және лай суда, қарда көруі шектеулі болған жағдайларда қолданылады. Техниканы пайдаланып іздеу Зардап шеккендерді үлкен аумақтарда іздеуді тездету үшін ұшқыш аппараттарын, өзен (теңіз) кемелерін, жер техикаларын қолданады. Зардап шеккендерді үлкен аумақтарда көзбен шолып іздеу үшін авиациялық техника пайдаланылады. Мұндай тәсіл көбінесе авиациялық, теңіз апаттарында, су басуларда, апатты өрттер кезінде тиімді. Іздестіруге қатысатын тік ұшақтар мен ұшақтар бортында зардап шегушілерді тапқан кезде тастайтын азық – түлік, жүзу құралдарының қоры болу қажет. Жеке жағдайда құтқарушыларды әуеден түсіреді. Суда және судың астында іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде өзі жүретін құралдар пайдаланылады. Акваторияны қарау көзбен шолу арқылы жүзеге асырылады, ал суға батып кеткен нысаналар арнайы аспаптармен немесе сунгуірлердің көмегімен табылады. Ол адам үшін тіршілік ортасы бола алмайтындықтан, зардап шеккендерді судың астында іздеу ерекше сипатта болады. Арнайы аспаптарсыз адам судың астында шамамен 3-4 мин бола алады, ал суық суда бірненше минуттан кейін қаза болады. Бұл іздеу сүңгуірдің жабдықтарын, торларын, «имек темір», жүзу құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Құтқарушылар іздеуді негізгі жергілікті жердің бет – бедерін тиімді қолдана отырып жүргізуі керек. Көзбен шолып қарауды ұзын ағаштың немесе таудың шыңына шығып жүзеге асырған жөн. Осы жерлерден дыбыс дабылдарын берген жақсы. Іздеу кезінде жануарлар мен құстардың іс – әрекетін пайдалануға болады (қорыққан жануарлардың немесе құстардың айқай шуы). Зардап шеккендерді тәулік бойы іздеуді ұйымдастыру мақсатында құтқарушылар жұмыс орындарын жарықтандырулары керек. Бұл мақсатқа: ашық жалын (от, алау); автономды қуаттағы электрлі жарық түсіргіш аспаптар; стационарлы қуаттағы электрлі жарық түсіргіш аспаптар; жарық түсіргіштер; жарық түсіретін ракеталар; шамдар; білтелер, сіріңкелер, көліктердің және басқа техникалардың фарлары. Зардап шеккендерді тапқаннан кейін құтқарушылар оларды қоршаудан босатуға кіріседі. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Көзбен шолу әдісі 2. Есту әдісі (дыбысты) 3. Техниканы пайдаланып іздеу 4. Дыбысты дабылдар және олардың естілу қашықтығы № 8 дәріс. Зардап шеккендерді қоршаудан босату Жалпы сұрақтар 1. Зардап шеккендерді қоршаудан босату. Ұзақ уақыт басып қалу синдромы туралы түсінік 2. Басу синдромының анық белгілері 3. Үйінділер мен сынықтардың астынан зардап шегушілерді шығарып алу тәртібі 4. Үйінді кезіндегі ерекше жарақаттар Зардап шеккендерді қоршаудан босату ІҚЖ – нің маңызды кезеңі болып табылады. Төменде оның негізгі тәсілдері мен жолдары көрсетіліп отыр: • зардап шегушінің кеңістіктегі орыны мен жағдайын анықтау; • зардап шегушілерге құтқарушылардың жетуін қамтамасыз ету; • зардап шегушіні босатып шығару және алғашқы медициналық көмек көрсету. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Зардап шегушіні босатарда басып кету синдромы әсерін есте сақтаңыз – асығыс қимыл жағдайды қиындатуы мүмкін. Зардап шегушілерді қоршаудан босату жұмыстарын жүргізіп болғаннан кейін құтқарушылар оларды тасуға кіріседі. ҒИМАРАТТАР МЕН ТЕХНИКА ҚИРАНДЫЛАРЫНЫҢ АСТЫНАН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕРДІ ШЫҒАРУ КЕЗІНДЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУ КЕРЕК Өлімге алып келетін құтқару – ғимараттың және техниканың қирандыларынан зардап шегушілерді дұрыс шығарып алмаған жағдайда кездесіп тұратын шарасыз үрейлі парадокс. Ұзақ уақыт басып қалу синдромы туралы түсінік Табиғи зілзала және апат аймақтарында құтқарушылар мен медқызметкерлердің жұмыс тәжірбиесі зардап шегушіні қирандылардың астынан тез алып шығу, құтқаруға әрдайым алып келе бермейді. Адам тәулік бойы басудың астында аяғымен тұрып босатқаннан кейін қайтыс болған жағдайда, құтқарушылардың түсінбестігін және өкінішін елестетуге болады. Басылып қалған аяқ – қолдардың қысылған қан тамырларында алмасу өнімдері жинақталып, ыдырау мен организмге аса улы келетін ұлпалардың зақымдануы болады. ЕСІҢДЕ БОЛСЫН! Басу ұзағырақ болған сайын токсинді соққы қаттырақ болады және ажал жылдамырақ келеді. Зардап шегушінің жарақат алған аяқ – қолдарына үлкен мөлшерде сұйықтық жиналумен де жағдайы нашарлап, ауруы күшейе түседі. Аяқтарын босату кезінде оған 2-3 литрге дейін плазма толады. Аяқ –қолдың көлемі лезде ұлғаяды, бұлшық еттің пішіні жоғалады, ісік тығыздала бастайды әрі аяқ қаттылығымен ағашқа ұқсай бастайды. Жіліншіктің тамырының жиі соғуы байқалмайды. Сәл ғана қозғалыс тіпті сүйек сынуы болмаса да азапты ауру тудырады. Басу синдромынан: • аяқ – қолдарды басу 15 минуттан көп болған кезде; • ісік пайда болғанда және аяқ бұлшық етінің рельефі жоғалған кезде; • егер жіліншікте тамыр соғуы байқалмаса күдіктену қажет. Зардап шеккендердің бірінші минутта және босатылғаннан кейін бірнеше тәуліктен кейін қаза болу себептері. Плазманың үлкен мөлшерде зақымданған аяқ–қолға (қан айналымының көлемі 30% дейін) етуі организмді айтарлықтай құрғатып қоймайды, артериальды қысымды түсіреді сонымен қатар концентраттан тыс уыттарды да туындатады. Бұл (организмдегі сұйықтық босатылған аяқ – қолға, ал уытты ыдырау өнімдері және миоглобин зақымданған аймақтан қан тамыр арнасына бағытталады) барлық мүшелер мен жүйелердің, жүрек қызметінің лезде қысылуына мүмкіндік туғызады. Нақ осы жағдай үйінділер мен қирандылардың астынан шығарып алғаннан кейін бірінші минуттан кейін қаза болудың себебіне әкеледі. Ұзақ уақыт басу синдромы кезіндегі басқа да қауіпті асқыну – ол бұлшық ет талшығының зақымдану нәтижесінде қанға бос миоглабиннің пайда болуы. Миоглабиннің үлкен молекулалары міндетті түрде бүйректің арналарын зақымдайды ол бүйрек жеткіліксіздігіне алып келеді. Бірінші тәуліктің өзінде зәр ашық – қызыл түсті болады (зәрде миоглабиннің болу белгілері), ал келесі тәулікте бүйрек жеткіліксіздігінің даму мөлшеріне байланысты зәрдің бөлінуі толығымен тоқтатылады. Зардап шегуші жедел бүйрек жеткіліксіздігінен қайтыс болады. Басу синдромының анық белгілері: • босатылғаннан кейін жағдайының бірден едәуір нашарлауы; • қызғылт немесе қызыл зәрдің пайда болуы. Үйінділер мен сынықтардың астынан зардап шегушілерді шығарып алу тәртібі Яғни, кедергілерді лезде жойып тастауға болмайды екен. Біріншіден, плазманы ауыстыратын ерітінділерді ішке жіберуді реттеу керек, ал олар болмаған жағдайда сусынды молырақ беру қажет. 1,5-2 литр сұйықтықты тамшылатып беру қорғайтын бұрау салудан және аяқ – қолды сақтаудан құтылдырады. Суықты пайдалану жағдайды жақсартады. Шығарып алғаннан кейін барлық аяқ – қолды бинтпен қаттырақ байлау қажет (аяқты өкшеден шатқа дейін, қолдан иыққа дейін) Бұл тек қана ісікті азайтпайды, сонымен бірге таралып кеткен плазманың көлемін шектейді. Аяқ қолды босатқанға дейін: • жылы сусын және ауыруын басатын дәрі – дәрмек беру; • басылып жатқан жерден төмен суық басу (мүмкіндігінше). Үйінді кезіндегі ерекше жарақаттар Үйіндіде қалған адамдардағы ерекше жарақаттарға сынықтар, жарақат алулар, мидың шайқалулары жатады. Өзгеше жарақаттарға бұлшық еттерді және ішкі органдардың ұзақ басылып жатуы – ұзақ басу синдромы жатады. Бұл жарақаттың әртүрлілігі басылып қалған дене мүшесіндегі заттардың алмасуын және қан кетуді тоқтатумен сипатталды ол уытты өнімдердің ыдырап жиналуына және қарқынды пайда болуына, ұлпалардың бұзылуына, зат алмастыру өнімдерінің қышқылдануының тапшылығына әкеліп соқтырады. Басылып қалған дене мүшесін босатқаннан кейін және қан айналымы қалпына келтірілгеннен кейін организмге үлкен мөлшерде уыт жайылады. Ол зақымданған дене мүшелерінің көлеміне және басылу уақытына тікелей байланысты. Сонымен қатар, зақымданған бөліктердегі уыттардың беті қайтқаннан кейін, осы орындарға үлкен мөлшерде қан плазмалары толады (кейде 3 – 4л). Аяқ – қолдардың көлемі лезде ұлғаяды, бұлшық еттің пішіні бұзылады, ісік барынша тығыздалып, адамның жанын ауыртады. Уыттарды және қан плазмаларын қайта бөлу организмнің барлық жүйесіндегі қызметтерге қысым келтіреді және ол зардап шегушілерді үйіндінің астынан алып шыққанан кейінгі бірінші минутта өлуіне себеп болады. Зақымданған бұлшық еттерде уытты заттардың пайда болуымен қатар бір мезгілде миоглобин молекулалары пайда болады. Олар қанмен бірге бүйрекке түседі де олардың өзекшелерін зақымдайды, бұл бүйрек жетіспеушілігіне әкеледі да содан адам өлуі мүмкін. Дененің ұзақ басылып жатуы кезінде зардап шегушінің өмірін сақтап қалу үшін, оны босатқанға дейін оның қанына плазма алмастыратын ерітінді жіберу, жылы суды көп беру, зақымданған жерге суық басу қажет. Босатқаннан кейін лезде басылып қалған жерді ісікті және таралып бара жатқан плазманың көлемін азайту үшін қаттылап бинтпен таңып тастау керек. Сынық болса да, болмаса да зақымданған сүйектерге таңғыш тақтай қойылады, суық басылады, ауырғанын басатын дәрілер беріледі, міндетті түрде зардап шегушіні «жасанды бүйрек» аппараты бар емдеу мекемесіне жеткізеді. Құтқарушыға басып қалудың нақты басталған уақытын білу өте маңызды, бірінші – екінші сағатта жарақаттың салдары кері сипатта жүреді және адамға қауіпсіз болады. Осы уақыт аралығында құтқарушылар мүмкіндігінше көп адамды босатып алулары керек. Зардап шегушілерді басып қалу синдромынан құтқару кезіндегі тиімді көмек көрсету әдістері мыналар: • Апат болғанан кейінгі алғашқы 2 сағаттың ішінде зардап шегушілерді басып қалудан босату үшін барлық күш пен құралдарды жұмылдыру керек, ол уыттың денеге ең аз мөлшерде жайылуын қамтамасыз етеді. • Екі сағаттан кейін зардап шегушілерді екі топқа болу керек (жеңіл жараланғандар және ауыр жарақат алғандар). Жарақаттың сипаты басылып қалған ткандардың массасына және зардап шегушінің жалпы жағдайына байланысты бөлінеді. Басып қалудан жеңіл жарақат алғандарды тез босатып алып, емдеу мекемесіне жіберу қажет. Ауыр жарақат алған зардап шегушілерді басып қалудан босату кезінде, оларды тасымалдау алдында зақымданған ұлпалардағы қан айналымына түрткі болмайтындай етіп босатып алу керек. Көмек көрсеткенде асықпай, рет – ретімен ауырғанын сездірмейтін, плазмасы бар қосынды жіберіп, мол сусын ішкізіп, зақымданған аяқ – қолдарды бинтпен таңып, суық басып, бұрау және таңғыш тақтайшалар салу керек. • Ауыр науқастар реанимациялық терапия және хирургиялық емдеу жүргізуді керек етеді. Сондықтан олар стационарлы емдеу мекемесіне жіберілулері керек. Егер ауыр науқастарды емдеу мекемесіне жеткізу мүмкін болмаса, онда зардап шегушінің келісімін алып, сол жерде аяқ – қолдардағы бұрауларды шешпей кесуге кірісу керек. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Зардап шеккендерді қоршаудан босату 2. Ұзақ уақыт басып қалу синдромы туралы түсінік 3. Үйінділер мен сынықтардың астынан зардап шегушілерді шығарып алу тәртібі 4. Үйінді кезіндегі ерекше жарақаттар № 9 дәріс. Зардап шеккендерді тасымалдау Жалпы сұрақтар 1. Зардап шегушілерді тасымалдау кезінде пайдаланылатын негізгі шаралар 2. Адамдардың жаппай зақымдануы кезінде зардап шегушілерді тасымалдау 3. Тасымалдаудың тәсілдері мен құралдары Кез келген ТЖ жағдайын жою кезіндегі ІҚЖ – нің өте маңыздысы зардап шегушілерді тасымалдау. Тасымалдаудың тәсілдері мен құралдары нақты жағдайлар мен шарттарды, соның ішінде ТЖ сипатын, зардап шегушілердің табылған орындарын, жарақаттану дәрежесін, қолда бар арнайы қажетті құралдарды және тасымалдау қашықтығын ескере отырып анықталады. Тасымалдау кезіндегі жанын жеген ауру зардап шегушілердің жағдайларын нашарлатады және есінен тандырады. Зардап шегушілерді тасымалдау әртүрлі ортада қауіпті және зиянды заттар бар болса (ауада, суда, сусымалы материалдарда) қолмен бір немесе бірнеше құтқарушымен арнайы құрылғы құралдарын және сол құралдарын пайдалану немесе оларсыз, көлденеңінен, еңкейтіп жүзеге асырады. Кейбір жағдайларда тасымалдауды автомобильдік, авиациялық, темір жол, су, көлік транспорттарын пайдалу арқылы жүргізеді. Зардап шегушілерді тасымалдау кезінде пайдаланылатын негізгі шаралар: • тасымалдау тәсілін анықтау; • зардап шегушілерді арнайы құрылғыларға және қолда бар көлік құралдарына дайындау; • жолды анықтау; • зардап шегушілерді және құтқарушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету; • тосқауылдарды игеру, зардап шегушілердің жағдайын бақылау, демалуды ұйымдастыру; • зардап шегушілерді көлік құралына тиеу. Зардап шегушілерді тасымалдайытын әдістерді, құралдарды, жағдайларды тандауда басты кезекте жарақаттың түрлері, ауру сипаты орын алады. Дұрыс қабылданған шешім зардап шегушінің өмірін сақтап қалады олардың қиналуларын жеңілдетеді және тезірек сауығып кетулерін қамтамасыз етеді. Зардап шегушілерді арқасымен, ішімен, қырымен, жатқызып, отырғызып тасымалдайды. Сонымен қатар басы көтеріңкі немесе түсірулі, аяқтары созылған немесе бүгілген болуы мүмкін. Бұл мақсат үшін жұмсақ білікшелер қолданылады. Зардап шегушілерді тасымалдаудың ең бір ұтымды ұсынылған және таралған әдісі зембілді пайдалану. Зембілдер штаттық (медициналық) немесе қолдан жасалған (ойдан шығарылған) болып келеді. Соңғысын жасау үшін ұзындығы 1,5- 2,0м екі қада қажет (таяқ, шыбық) олардың арасына тығыздалған мата, пальто, шинель, арқанды байлап қою қажет. Зардап шегушіні зембілмен екі, үш, төрт адам ғана алып жүре алады, сонымен қатар сақтықпен, зембілді теңселтпей, өр және құлама жерлерде үнемі зембілді дұрыс қалыпта (көлденеңнен) қадағалап отыру керек. Зардап шегушіні зембілге келесі түрде жатқызады. Бір құтқарушы қолын бастың және белдің астына, келесісі – жамбас пен аяқтың астына қойып бір уақытта көтеріп жатқызады. Әдетте зардап шегушіні аяғымен алға қарай жатқызады. Тосқауылдарды игеру үшін (терезе ойығы, қираған қабырға, шарбақ) қажет: • зембілді жерге тосқауылдың алдына қояды; • зембілдің екі жағынан тұрып, қолмен зембілдің ағаштарынан ұстайды; • зембілдің бас жағын аздап көтеріп оны бөгетке қояды; • құтқарушының біреуі тосқауылды аттап өтеді; • зембілді тосқауылдың үстімен бір мезгілде көтеріп әкеліп, оған жақын жақ аяғын түсіреді; • тосқауылды келесі құтқарушы аттап өтеді; • зембілді жерге қояды да бір мезгілде көтереді, қозғалыс осылай қайталана береді. Осындай әдістермен жарықтардан, шұңқырлардан, саңылаулардан да өтеді. Зардап шегушіні зембілмен биіктіктен түсіру қажет болған жағдайда оны зембілге берік байлап қою қажет. Түсіру тік немесе көлденең жағдайда жүзеге асырылады. Тасымалдау уақытында құтқарушылар үнемі зардап шеккендердің жағдайына (дем алуына, тамыр соғуына, өзін ұстауына) көңіл аударуы керек және егер бұл қажет болса медициналық көмек көрсету қажет (жасанды дем алдыру, дәрі жіберу, жүрекке массаж жасау, ауырсынуды басу). Тасымалдау кезінде үлкен қашықтыққа дем алуға, тамақ ішуге және гигиеналық шаралар жүргізуге уақыт бөлу қажет. Жылдың суық уақыттарында суықты ескерту үшін шаралар қолдану керек (зардап шегушіні қалың матамен жабу, жылы сусын беру, жылытқы пайдалану). Зардап шегушіге құтқарушының сенімді іс – әрекеті, оның моралдық – психологиялық қолдауы өте маңызды. Адамдардың жаппай зақымдануы кезінде зардап шегушілерді тасымалдауда дұрыс кезекті таңдау төтенше маңызды. Бұл жерде негізгі белгі зақымданудың ауырлығы және адамның жағдайы. Бірінші кезекте балалар мен ессіз және есеңгіреу жағдайындағы, ішіне қан кеткен, аяқ– қолдары кесілген, ашық сынықтармен, күйіктермен, ұзақ басылып қалу синдромымен, операциялардан шыққан аурулар тасымалданады. Содан кейін жабық сынықты, сыртына қан кеткен зардап шеккендер тасымалданады. Олардың соңынан аз қан кеткен, жараланған, буыны шыққандар тасымалданады. Зардап шегушілерді тез арада емдеу мекемесіне жеткізу үшін арнайы медициналық немесе әдеттегі көлік пайдаланылады. Зардап шеккендерді жүк таситын көлікте тасымалдау зембілде немесе тікелей жүзеге асырылады. Бірінші кезекте ауруы қатты науқастарды басын кабинаға қаратып тиеиді. Бос орындарға жеңіл жарақат алғандар отырғызылады. Зембілсіз тасымалдау кезінде алдымен оған балласттар себеді (топырақ, құм, сабан). Балласттардың үстіне жұмсақ төсемдер (матрастар кілемдер, поролондар) салынады.. Зардап шеккендерді теміржол вагонына тиеу тамбур немесе терезе арқылы жүзеге асырылады. Ең әуелі адамдарды үстіңгі, ал содан кейін төменгі тақтаға орналастырады. Барлық зардап шеккендер жарақаттың ауырлығымен топталады осыған байланысты тиеудің кезегі анықталады. Су және әуе көлігімен тасымалдау жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады. Жұқпалы аурумен ауырған ауруларды қоршаған ортамен байланыстырмайтын тәсілмен тасымалдайды. Зардап шегушілерді тиеуді бірнеше құтқарушылар жүзеге асырады. Зардап шегушілерді тасымалдаудың қалпы жарақаттың және зардап шеккеннің жағдайына қарап анықталады. [pic] Жарақатқа байланысты зардап шегушілерді тасымалдаудың қолайлы қалыптары | Жарақаттың түрлері Қалып | |Бастағы мидың шайқалуы |Шалқадан жаткызып | |Бастың және беттің алдыңғы бөлігіндегі |Шалқадан жатқызып | |жарақаттар | | |Омыртқаның зақымдануы |Шалқадан жатқызып | |Жамбас сүйегінің және төменгі аяқ – |Шалқадан жаткызып | |қолдардын сынуы | | |Есіңкіреу жағдайында |Шалқадан жаткызып | |Ішек – қарын мушелерінің жарақаттары |Шалқадан жатқызып | |Төстің жарақаттануы |Шалқадан жатқызыл | |Төменгі аяқ – қолдарды кесу |Жарақаттанған аяқтың астына | | |білік қойып шалқадан жатқызып | |Шұғыл хирургиялық аурулар (соқырішек, | | |ойық, жарық, жарықтың шығып кетуі) |Шалқадан жатқызып | |Қансырау |Төстің және бастың астына білік | | |қойып ішпен жатқызып | |Арқаның жарақаттануы |Іш пен немесе он жақ бүйірімен | |Бастың желке бөлігінің жарақаты |Ішпен жатқызып | |Мойынның жарақаты |Басын төске еңкейіп жартылай | | |отырғызып | |Аяқ – қолдардың ұштары кесілгендер |Отырып қолды жоғары көтеріп | |Көздің, кеуденің, тыныс |Отырғызып | |алу жолдарының жарақаты | | |Аяқ – қолдардың ұштарының жарақаты |Отырғызып | |Жараланған, кесілген, |Отырғызып | |терісі сыдырылғандар | | |Арқаның, бөксенің, аяқтың үстіңгі|Ішпен жатқызып | |жағының жарақаты | | |Иық жарақаты |Отырғызып | Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Жарақатқа байланысты зардап шегушілерді тасымалдаудың қолайлы қалыптары 2. Зардап шегушілерді тасымалдаудың қалпы 3. Адамдардың жаппай зақымдануы кезінде зардап шегушілерді тасымалдау 4. Тасымалдаудың тәсілдері мен құралдары № 10 дәріс. Төтенше жағдай кезіндегі іздеу құтқару жұмыстарын жүргізу Жалпы сұрақтар 1. Авиациялық көліктердегі іздестіру – құтқару жұмыстары 2. авариялық – құтқару командалары 3. Әуе кемесінің бортынан көшіру 4. Теміржол көлігінде ІҚЖ жүргізу Жолаушыларды тасу кезінде ТЖ зардабын жою 5. Автокөліктердегі ТЖ зардабын жою кезіндегі ІҚЖ жүргізу Авиациялық көліктердегі іздестіру – құтқару жұмыстары. Жердің әуе кеңістігінде үнемі мыңдаған ұшқыш аппараттар жүреді (ұшақтар, тік ұшақтар, әуе шарлары, дельтапландар). Олар жолаушыларды, жүктерді тасиды, ғылыми, әскери және арнайы тапсырмаларды орындайды. Авиа көлікте ТЖ пайда болуы және санының өсу ерекшілігі авиа құралдардың үлкен жылдамдықта қозғалуынан, олардың бортында жанар май мөлшерінің көптігі мен жарылғыш заттардың болуынан, апатқа ұшырайтын әуе кемесінде қауіпсіздікті сақтайтын тиімді шаралардың болмауынан. Авиа көліктердегі ТЖ кезінде жарақаттанудың және қаза болудың негізгі факторы, соққыдан және өрттен пайда болған күштер болып табылады. Авиациядағы ТЖ себептері жарылыстар, өрттер, ұшу – қону алқабынан шығып кетуі, әуе кемесінің құлаулары. Авиакөліктегі ТЖ – ны төмендету жөнінідегі тұрақты жұмысқа қарамастан әуе кемесінде авариялар мен апаттар жиі кездеседі. Авиакөліктегі ТЖ – ның негізгі бөлігі (шамамен 80%) әуежай ауданында болады (тұрақ, ұшу, қонуға кіру, қону). Бұл жерде авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуді – диспетчерлік, старттық, өрттен – құтқару, медициналық, инженерлік, мамандандырылған көліктер, тасымалдаушы, полициялар, АҚҚ сияқты әрбір қызметтің есептемелері кіретін авариялық – құтқару командалары (АҚК) жүзеге асырады. Әуе кемесінен авария туралы ақпарат алған соң АҚҚ шұғыл жұмысқа кірісуге міндетті. Авиа апатта құрбан болғандардың саны тікелей әуе кемесінің қирау дәрежесіне, жылудан зақымдануына және өрт кезіндегі тұншығуға, жоғары орналасқан жүктесіктер арқылы борттан құлаған жүктердің адамдарды жарақаттауына, жолаушылар іс – қимылының ұйымшылдығына және үйлесілімділігіне, экипажға, құтқарушыларға байланысты. Авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуге, оларды көшіруге тіпті мүмкіндік бермейтін үрейлі дүрбелең бөгет жасайды. Авиакөліктегі ТЖ кезінде адамдарды құтқару жөніндегі алғашқы шаралар, оларды көшірумен байланысты. Әртүрлі топтағы әуе кемесіндегі көшіру мүмкіндігінің бір – бірінен айырмашылығы бар. Олар салондардың құрастырылуына, жолаушылардың санына, қолда бар запасқа және авариялық шығуларға, оларды жұмысқа дайындау уакытына байланысты. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының талабына сәйкес (ИКАО) барлық жолаушылар ТЖ жағдайында борттың бір жағында орналасқан шығу жолы арқылы 90 сек ішінде әуе кемесін тастап кетулері қажет. Апаттық жағдай кезінде барлық негізгі, қызметтік, запас есіктер адамдарды көшіру үшін пайдаланылуы қажет. Ол экипаж кабинасында арнайы жүктесіктерді, құтқарушылар жасаған жүк тесіктерді, желдеткіштерді бұзу арқылы жүзеге асуы мүмкін. Апаттық шығу есіктерінде құлып тұтқалары қарапайым орнатылған олар көрініп тұрады және ашу кезінде үлкен күшті қажет етпейді. Әуе кемесінің бортынан көшіру ТЖ кезінде әуе кемесінің бортынан адамдарды және экипаж мүшелерін көшіру жылжымалы басқыштарды және өрт сатыларын, арқан жүйелерін қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Әуе кемесінің өзінде сонымен қатар, шығатын есік жанында көшіруге арналған арнайы құралдар бар: үрленген басқыштар, матадан жасалған науа, құтқару арқандары. [pic] ТН – 2 үрленген басқыштары (Ил – 62) кіретін есік алдындағы люктің астында немесе (Ту – 154) лақтырмалы платформасында, ТН – 3 басқышы алдыңғы кіру есігінің лақтырмалы платформасына орналасады. ТН – 2 (ТН – 3) үрленген басқышын жұмыс жағдайына алып келу үшін (Ил – 62) люгінің астындағы авариялық есікті ашу қажет, басқышты суыру және люкке бекіту қажет. Ту – 154 ке және Ту – 134-ке авариялық шығу алдындағы еденге басқыш бекітілген төсемді тастау керек, екі тотыққан көміртекті баллонға және басқышқа бұралған, біріктіретін шланг жарылған жоқпа немесе айналып кетпеді ме соны тексерген жөн, содан кейін басқышты қабымен кеменің сыртына шығару керек. Басқышты түзулегеннен кейін тұтқамен екі тотыққан көміртек баллон винтеліне мықтап бұрау керек. Басқыш 10-12 сек ішінде газға толады және жұмыс жағдайы ұшақтан жерге дейін 45-50° бұрышты алады. ТН – 2 пен және ТН – З пен кем дегенде 2 адам басқышпен бір уақытта қатар түсуге рұқсат етіледі. Бір үрленген басқыштың жіберу қабілеті 2,5-3,0 минутта 100 адам. Матадан жасалған науа, ереже бойынша, шамамен оң жағындағы шығатын жерінде: Ил – 2 нің люгі астындағы еденде, Ту – 154 тің шығуға жақын багаждағы сөреде, Ту – 134 тің экипаж гардеробында болуы тиіс. Матадан жасалған науа тартпа шұғыл көшіру кезінде қызметтік және запас шығулар арқылы адамдарды жерге түсіреді. Ол қоспалы матадан жасалған «қаптық жамылғы – шатыр». Есікті (люкті) ашқаннан кейін науаны қаптан шығару керек және науаның ілмектерін есіктің үстіңгі және төменгі бөлігіне іліп қою керек. Науаны жерге тастап, әуе кемесінен кенеп матаны 4-5 м созып тартады. 2 (Ту – 134) немесе 4 (Ту – 154) ілмектерінен ұстап тұрып жолаушыларды төмен түсіреді. Матадан жасалған науамен оның міндетті түрде сақтануымен, бір уақытта 1 адамнан түсіруге рұқсат етіледі. Әрбір авариялық шығуда, сонымен қатар экипаж кабинасындағы желдеткіштің үстінде немесе люктерде фюзеляждың тіреуішіне бекітілген құтқарушы арқандар бар. Желдеткішті немесе люктерді ашып арқан сыртқа шығарылады. Ил – 86 және Як – 42 ге жолаушыларды және экипаж мүшелерін авариялық көшіруге арналған авариялық есіктер бар, олардың ішінде үрлеген басқыштар болады. Есіктердін авариялық ашылуы барысында контейнерлерден баллоннан ауамен толтырылып үрленген науа автоматты түрде шығады. Ил – 86 да екі жолды басқыш бір уақытта әуе кемесінен шығуы мүмкін және басқышпен 4 адам қатар жүре алады. Як – 42 та бір жолды басқыш, бір уақытта басқышта 2 адам қатар жүре алуы мүмкін. Авариялық көшіру кезінде құтқарушылар экипажбен бірге жолаушыларға көмек көрсетеді және олардың сақтануын қамтамасыз етеді. Бірінші кезекте балаларды, әйелдерді, қарт адамдарды көшіреді, тек содан кейін барлық қалғандарын көшіреді. Адамдарды зақымданған үрлеген басқыштармен немесе науалармен не болмаса олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін басқа да қауіпті факторлар кезінде көшіруге болмайды. Ессіз жатқан немесе ауыр дене жарақатын алған жолаушыларды зембілмен, брезентпен, қалқанмен абайлап шығарады және арқанның көмегімен жерге түсіреді. Көшіруді аяқтағаннан кейін құтқарушылар жолаушылар салонындағы жабық орындарды және экипаж кабиналарын, сонымен қатар ас үйді. гардеробтарды, санитарлық – гигиеналық және жүк бөлмелерін және экипаж құрамын тексереді, әйтпесе оларды құтқарылғандардың мәліметтерімен салыстырады және тарату кезінде зардап шеккендерді тапқанға дейін іздеуді жалғастырады. Авиакөліктегі өрттер [pic] Өрт қоса шыққан авиациялық оқиға ерекше қауіп төндіреді. Өрттің шығуына келесілер мүмкіндік береді: • бортта авиациялық отынның және басқа да жанармай сұйықтықтарының болуы; • жолаушы салонындағы декоротивті өңдеуге және құрылыс материалдары ретінде айтарлықтай тез тұтанатын және түтінді көп шығаратын және толық жанып бітпеген улы зат болу қасиетіне ие материалдарды пайдалану; • әуе кемесінің айналасына тез өртенетін авиациялық жанармайдың төгілуі кезінде сырттың тез жануына және оттың салон ішіне кіруіне алып келетін фюзеляж қабының отқа төзімсіздігі. Жолаушылар салоны ішіндегі өрт жабық аумақтағы өртке жатады. Өрт кезінде салон ішіндегі адамдардың зақымдануының негізгі себебінің бірі өртенген өнімдермен улану болып табылады. Екі оксидтті көміртек тарағаннан кейін 2-3 минуттан соң салонда адам өліміне әкелетін концентрацияға жетеді. Салонның ішіндегі өртті сөндіру, жолаушыларды және экипаждарды құтқару, есікті, қанат үстіндегі люктерді және фюзелюждың қаптамаларын ашудан және құтқарушылардың апаттық кеменің ішіне кіруден басталады. Фюзеляжды ашу кезінде өрттің қарқыны артады жалынмен және өрттің температурасымен алынған кеңістік көлемі лезде үдеп кеңейеді. Құтқарушылар ыстықтан және газ түтіндерінен қорғайтын жеке құралдармен, жұмыс жеңқап сызықтарымен, көбіршік шығаратын ерітінділермен, және жабылатын оқпандармен (РС-Б, РСК-50, КР-Б саптамасымен НРГ-5 және т.б.) жабдықталулары керек. Салонды қою түтіннің қаптауы және токсинді заттардың болуы зардап шегушілердің де құтқарушылардың да жағдайын қиындатады. Сондықтан құтқарушылар көру мүмкіндігі шектеулі, токсинді заттардың жоғары концентрациясында және айтарлықтай температурада келісіммен әрекет етуі тиіс. Айтып кеткендей, әуе кемесі ішіндегі өрт кезінде жолаушьшар салонының биіктігінде температура қаншалықты тез жайылса, онда құтқарушылар өртті сөндірудің алғашқы сатысында, орта көлемді температура төмен түскенге дейін, еңкейіп жүріп, жолаушылар салонының үстіңгі температуралық қабатын салқындата отырып жұмыс істейді. Түтінді ауада жұмыс істеу кезінде бір құтқарушы фюзеляждың сыртында болуы керек және кеменің ішінде жұмыс істеп жатқан құтқарушылар сияқты онда да қорғаныс құралдары болу қажет. Оның міндетіне түтінді салондағы құтқарушылармен байланыста болу, зардап шегушіге және қажет болған жағдайда басқа да құтқарушыларға дереу көмек көрсету кіреді. Апат аймағынан зардап шегушілерді шығарып алғаннан кейін оларды одан ары тану үшін қаза болғандардың сүйектерін жинауға кірісу керек. Тек осыдан кейін ғана әуе кемесін және ол тасымалдауға алып бара жатқан жүктерді құтқаруға кіріседі. Егер жүктер жоғары материалдық және мәдени құндылыққа ие болса, сондай – ақ аса қауіпті жүктер ерекше жағдай (жарылыс қауіпі бар және радиоактивті заттар, ҚӘУЗ және т.б.) болып табылады. Мұндай жағдайда адамдарды және жүктерді құтқару бір уақытта жүргізіледі. Кейбір авиациялық апатарда әуе кемесінің бортында болғандардың бәрі қаза болады. Бұндай апат орындарында құтқарушылардың жұмысы қаза болғандардың сүйектерін іздеуге, әуе кемесінің сұлбасын және «қара жәшік», ТЖ даму суретін қайта жасаудан аспайды. Теміржол көлігінде ІҚЖ жүргізу. Көлік жүйесіндегі жетекші орынға теміржол көлігі тиесілі. Қазақстанның темір жолымен арнайы құрамдағы мыңдаған жүктер, жолаушылар жүріп тұрады. Теміржол көлігі құрамына: • теміржол төсемдері (рельстер, шпалдар, бұру тетіктері); • теміржол құрамы (локомотивтер, вагондар, цистерналар, платформалар); • теміржол депосы (жөндеу шеберханалары, қоймалық ғимараттар, запас жолдар), теміржол вокзалдары кіреді. Теміржол көлігінің ерекше сипатына: • жылжымалы составтың үлкен массасы жатады. Жүк поезінің жалпы массасы шамамен 5 мың.т, жолаушылар составының массасы шамамен 1 мың. т, цистернаның массасы - 80-100 т.; • составтағы вагонның санын анықтау: жолаушылар тасымалдайтын поездарда ортамен 16, жүк поезында 75. Составтағы вагонның ең көп саны – 110; • жоғары кернеулі электртоғы (30 кВ дейін), жылжу составының жоғары жылдамдығы, жолдың қауіпті учаскелері (көпірлер,тоннелдер); • қолда бар адамдар факторы (локомотивті басқару, құрамдарды іріктеу, диспечерлік қызмет ету); Теміржол адамдар үшін потенциалді қауіп төндіреді. Бұл қауіпті жүктерді тасымалдаумен, олардың поезға, станцияға, қоймаларға жиналуына, локомотивтерге ЖЖМ отын түрінде пайдалануға байланысты. Барлық жоғарыда айтып кеткен факторлар теміржол көлігінде әртүрлі авариялар мен апаттардың болуына әкеледі. Теміржолдағы ТЖ ретінде: жылжымалы составтың жолдан шығуы, құлау, апаттар, өрттер, жарылстар, қауіпті жүктердің жойылуы және өлімге, жарақаттануға, улануға, эгологиялық шығынға ұшыратуға алып келетін басқа да оқиғалар. Теміржол көлігіндегі ТЖ туралы ақпаратты телефон байланысы арқылы немесе поезд бастығы арқылы жақын арадағы кезекшіге хабарлайды. Апат орнына құтқарушылар келгенде: • барлау жүргізіледі және жағдайды бағалайды; • қауіпті аймақ шекарасын анықтайды және оған қоршау орнатады; • зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ІҚЖ жүргізіледі; • ТЖ зардабын жояды (ТЖ көздерін жою, өртті сөндіру және т.б.). Жолаушыларды тасу кезінде ТЖ зардабын жою Адамдарды темір жол арқылы тасымалдау үшін 160 адам сиятын жолаушылар вагоны қолданылады. Вагонның ұзындығы 24 м, ені-3,5 м, массасы 50 т екі есікпен қамтылған. Олар үш қырлы немесе төрт қырлы дөңбекті кілтпен ашылатын арнайы құлыптармен жабдықталған. Кіретін есіктер вагонның ішіне қарай ашылады. Вагонның ішіндегі өтетін жердің ені 110 см құрайды. Вагон электр жабдық, желдеткіш, жылу жабдық жүйелерімен жабдықталған. Жолаушылар үшін поездың кенеттен тоқтауы және вагондардың аударылуы қауіп төндіреді. Сонымен қатар жолаушылардың текшеден құлаулары, олардың жарақаттануы болады. Әдеттегі жарақаттарға денені соғып алу, сынықтар, бас миының шайқалуы, дене бөлігінің басылып қалуы жатады. Вагондағы зардап шегушілерге көмек көрсету үшін құтқарушылар: • вагонға кіретін есіктен, терезе ойығынан және арнайы жасалған люктер арқылы кіруге; • зардап шегушілерді іздеуге, олардың босатылуын және көшірілуін ұйымдастыруға; • зардап шеккендерге бірінші медициналық көмекті ұйымдастыруға міндетті. Құтқарушылардың вагонға енуі кіретін есік арқылы оларды вагонның сыртынан немесе ішінен ашқаннан кейін жүзеге асырады. Олар сығылысып қалған жағдайда сүймен, ауыр балға, кескіш, механикаландырылған құралдар қолданылады. Вагонға терезе ойығы арқылы кіру үшін сүйеп қоятын және ілінетін сатылар, арқандар пайдаланылады. Құтқарушылар терезеге бір – бірінің үстіне шығып немесе біреуі келесісінің қолынан тартып кіре алады. Мұнда ерекше қауіпті терезе әйнегінің кесектері тудырады, оларды міндетті түрде алып тастаулары керек. Вагонға кіргеннен кейін құтқарушылар купе есіктерін ашуға, іздеуге, көшіруге, зардап шеккендерге көмек көрсетуге кіріседі. [pic] Құтқарушылардың жолаушылар вагонына кірулері: 1 – есік арқылы, 2 – арқанның көмегімен, 3 – сатымен, 4 – бір – бірінің көмегімен, 5 – люк арқылы Вагонның астында қалған адамдарды құтқару үшін оны, қажет болған жағдайда көтереді. Бұл жұмыстар жүк көтеретін кранның немесе арнайы жүк көтеретін үлкен домкраттың көмегімен орындалады. Кейде зардап шеккендерді вагонның астынан тиісті жерді қазып немесе құрылысқа ойық жасап шығарады. Адамдар үшін жолаушылар вагонында болған өрт ерекше қауіп төндіреді. Ішкі бөлмеде қолданылатын тез жанатын және жанғыш материалдарды (ағаш, пластмассалар, бояғыш заттар) электр өткізгіштер вагонның отқа тез орануына ықпал етеді. Жолаушылар поездындағы өрт тез таралады. Кейде вагондарды бірінен кейін бірін алады. Әсіресе бұл поезд жүріп бара жатқан уақытта жиі кездеседі. Вагон дәлізіндегі өрттің таралу жылдамдығы 5м/мин, купеде-2,5м/мин құрайды. Сөйтіп 15-20 минут ішіңде вагон толығымен жалынға оранады: ондағы жану температурасы 950 °С жетеді, ал жолаушыларды көшіруге тек қана 1,5-2,0 минут қалады. Қатты жанғыш материалдар жанған кезде вагон едені өртенеді ол 15-20 мин. Қатты жанатын жанғыш материалдардың жану жалынының биіктігі 10 см жетеді, жалынның температурасы 1100 °С, өрттің жану жылдамдығы 1,4м/мин құрайды. Тепловоздардағы өрт үлкен мөлшердегі отынның болуымен қиындай түседі (5-6т) және жағатын материалдар (1,5-2,0 т). Өрт кезінде жолаушылар вагонында өрт барысында болатын зақымдану факторлары болып, жоғары температура, тіктеп жанатын от, уландырғыш заттар табылады. Осының бәрі үрейлі дүрбеленді күшейтеді. Жолаушылар поезындағы өрт кезінде құтқарушылардың негізгі міндеті барлық зардап шеккендерді жедел іздестіруді және оларды вагоннан қауіпсіз орынға көшіруді жүргізу, қозғалу уақытында жанып жатқан составты тастап кеткендсрді іздеп табу, өртті жоюға қатысу. Жолаушылар вагонындағы жарылыстар ТЖ бір түрі болып табылады. Олар адамдардың жарақаттануына және қаза болуына, өрттің шығуына, жылжымалы составтың аударылуына және жолдардың бұзылуына әкеледі. Жарылудың себебі жарылу қаупі бар заттарды тасымалдауда ережені бұзу, тексеру жолында (төменде) жарылу қаупі бар қоспаның, лаңкестік актіні тергеу құрамының пайда болуы. Кейде жолаушылар поезі қар үйінділерімен, топырақтармен, құлаған тастармен, көшкіндермен, сел тасқындарымен, сумен жабылады. Мұндай жағдайда зардап шеккендерді босату үшін және оларға көмек көрсету үшін шұғыл шара қолдану қажет. Автомобиль көлігінде ІКЖ жүргізу. Автомобиль көлігіндегі ТЖ Көліктің барлық түрінің ішінен қайғылы зардап пен материалдық зиянға көп ұшырайтыны саны жағынан автомобиль көлігі. Автокөліктердегі ТЖ негізгі себебі болып соғысу (37,9%), аударылу (16,1 %), басқада оқиғалар (8,9%). Қалаларда және елді мекендерде 60%, тас жолдарда 40% авариялар мен апаттар болады. Автокөліктердегі ТЖ негізгі сипаттамасы – тосыннан болуы, көлік құралының кілт тоқтауы, оның өзгеруі. Кейбір жағдайларда автомобиль авариялары жарылыстармен, өрттермен, уландыратын заттардың төгілуімен, автомобилдердің құзға, суға түсуімен сипатталады. Автокөлік құралдарының көшкіннің, сел тасқынының, қар басып қалу және құлаған тастардың астында қалу жағдайлары жиі болады. Автокөліктердегі авария адамдардың жарақаттануына және қаза болуына әкеледі. Автожолдағы ТЖ – кенеттен болған динамикалық соққының салдарынан, жарылыстан, өрттен болатын әдеттегі жарақат – бұған жаралап алу, сүйектердің сынуы, бас миының шайқалуы, ішкі ағзалардың зақымдануы, күйіктер жатады. Автокөлікте ТЖ ішінен ең жиі кездесетіні (қарама – қарсы, бүйір жағымен, жанама) соқтығысу болып табылады. Кез – келген соқтығысу автомобилдердің қарама – қарсы келген қозғалысында болады. Ол көлік құралының алдыңғы (лобовой) бөлігінің пішінінің өзгеруіне, қозғалыстың күрт тоқтауына, есіктердің сыналасуына, салондағы немесе кабинадағы адамдардың қысылысуына (сығылысуына), әйнектердің тұтас сынуына әкеп соқтырады. Көлік құралы түрінің өзгеру дәрежесі және кабинадағы немесе салондағы адамдардың жарақаттану деңгейі қозғалыстың жылдамдығына және соғысқан автомобильдің массасына байланысты. 60 км/с жылдамдықта келе жатқан екі жеңіл автомобиль қарама – қарсы соғысқан кезінде алдыңғы бөліктің түрі өзгереді: жүргізуші рульге, ал жолаушы салонның элементтеріне қысылып, басылып қалады. Автомобильдің ұзындығы 0,5 м азаяды. Ал жылдамдықтың 120 км/с ұлғаюы автомобилдердің барлық жан – жағынын түрін өзгертуге және салон ішіндегі адамдардың қысылып басылуына әкеледі. Бүйірімен соқтығысу – бір автомобильдің келесісінің бүйір бұрышының кез – келген бөлігін соғу. Мұның нәтижесі – есіктердің және кузовтардың түрін өзгертуге, адамдардың қысылып, басылуына әкеледі. Кейде бүйірінен соққы алған автомобиль аударылады. Бүйір соқтығысуы соққы болған салон жақтағы адамдар үшін қауіпті. Жанама соқтығысу қарама – қарсы немесе бір бағытта қозғалған кезде болады. Автомобильдер бүйір жағымен соқтығысады. Сонымен қатар адамдар жарақаттанады, көліктің үстіңгі бүйір жақтарының пішіні өзгереді. Қағу қозғалмайтын (бағана, ағаш, қабырға, дуал, автомобиль) немесе қозғалатын (автомобиль, поезд, трамвай, трактор, велосипед) заттарды барып соғу. Оның сипаттамасы автомобильдің кенеттен тоқтауы, күшті динамикалық соққының пайда болуы, бұл автомобилдің алдыңғы бөлігін зақымдап, салон мен кабинадағы адамдардың жарақат алуына алып келеді. Аударылу – автокөліктерде өте жиі кездесетін ТЖ – ның бірі. Ол бүйірден соғудың, кілт бұрылудың, автомобильдің жолдың шетіндегі (бойындағы) жардың бетіне шығып кетуінің салдарынан болады. Автомобиль бүйірімен немесе төбесімен аударылады. Әсіресе автомобиль бірнеше рет аударылғанда қауіпті. Бұл сыртының, төбесінің едәуір зақымдануына, салондағы адамдардың қысылып қалуына, олардың жерге құлауына және басылуына, бензиннің төгілуіне, жарылысқа, өртке алып келеді. Автокөліктердегі ТЖ зардабын жою кезіндегі ІҚЖ жүргізу үшін құтқарушыларда өрт сөндіру саймандары, жабдықтар, көтеруге арналған машиналар, ауыр заттарды көмкеру және ауыстыру, әртүрлі металл кескіндерін кесу, зардап шеккендерді және автокөліктерді іздеу құралдары, жарықтандыру, байланыс, қорғау, зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, оларды көшіру, тіршілігін қамтамасыз ету, су астындағы жұмыстар, қауіпті заттарды жинастыру және залалсыздандыру құралдары болу керек. Кейбір жағдайда жұмыстар альпинистік жабдықтарды пайдаланып жүргізіледі. Ереже бойынша, автомобильдік ТЖ жолда немесе оған тікелей жақын жерде болады. Бұл құтқарушылардың және арнайы техникалардың тікелей жұмыс орнына тез жетуін және олардың шұғыл жүргізіуін қамтамасыз етеді. Зардап шеккендерге көмек көрсетудегі құтқарушылардың іс – қимылдары Авария кезінде адамдар автомобильдің салонынан немесе кабинасынан шығып кете алмайтын жағдай жиі болады. Олар салонның алдыңғы немесе бүйір жағына, креслоның арқасына, тағандарға және қалқаларға қысылып қалады. Мұндай жағдайда ең әуелі көмек қысылмаған, тек автомобиль салонына қамалып қалғандарға көрсетіледі. Олар салоннан терезе ойықтары, люктер, есіктер арқылы өз беттерімен немесе құтқарушылардың көмегімен шығып кете алады. Содан кейін құтқарушылар көлік құралына қысылып қалған адамдарды құтқаруға кіріседі. Болған оқиғаларға байланысты табақ және темірлер, әртүрлі кескінді металдар жылжиды, тағандар, қалқалар, орындықтар қысылып қалады. Сыртына, төбесіне, астына саңылаулар салынады, жекелеген жағдайларда төбесі толығымен алынып тасталады. Бұл жұмыстар механикаландырылған техниканың көмегімен орындалады, ал ол болмаған кезде сүймен, ауыр балға, балта, қысқыш, жинағыш, сонымен бірге қолға іліккен құралдар – құбыр кесегі, тас пайдаланылады. Зардап шеккендерді автомобильдің астынан шығарып алу Автомобильдің астында қалған зардап шеккендерге көмек көрсету үшін екі негізгі әдіс қолданылады: • автомобильді арнайы жүк көтеретін механизімнің және жабдықтардың (автокран, көтергіш, домкрат, иінтірек) немесе қолмен бірнеше құтқарушылардың көмегімен көтереді; • жер асты жолын салады. Зардап шегушіні автомобильдің астынан шығарып алу: 1 – иінтіректің көмегімен; 2 – кранмен; 3 – қолмен; 4 – домкратпен; 5 – қазу жолымен. [pic] Су көліктерінде ІҚЖ жүргізу Суда орын алған ТЖ – ның барлығы өзіне тән ерекшеліктерге негізделген, атап айтқанда: • тағайындалу жағынан, эксплуатациялық сипатымен, жылжу жылдамдығымен бір – бірінен әр түрлілігімен ерекшелінетін судың көлік құралдары; • су апатының жиі әсер етуі; • тексеру жолына кемелердің ұзақ келуі; • үлкен мөлшермен бір уақытта қауіпті зиянды өнімдерді тасымалдау. Су транспортындағы ТЖ негізгі себебі болып: • аударыла теңселуімен орнықтылығын жойып, кеменің бортқа немесе толқынға қарай құлауы; • кеменің қалқығыштығының жоғалуы; • қайраңға тұрып қалу; • басқа кемемен немесе бөгетке соқтығысу (рифтерге, су астындағы жартасқа, мұнай платформаларына, айсбергке); • өрттер мен жарылыстар; • апатқа ұшыраған кемеден жанар – жағар май өнімдері және ҚӘУЗ судың бетіне ағуы; • адамның борттан құлауы. Апатқа ұшыраған кеме судың бетінде, қайыранда тұрып қалуы, жағаға шығып қалуы, батып кетуі мүмкін. Сонымен қатар зардап шегушілер соның бортында, құтқаратын жүзу құралдарында, суда, судың астында қалулары мүмкін. Су көлігінде апаттың негізгі дабылы ТЖ орнының координаттарын көрсете отырып Халықаралық көмекке шақыру – дабылы SOS. Бұл дабылды алғаннан кейін апат ауданына жақын жүрген кемелер көмек көрсету үшін соған қарай беттейді, ал қажет болған жағдайда құтқарушы кемесін жібереді. Кейде апатқа ұшыраған кеме қауiп дабылын бере алмайды. Ол егер белгіленген уақытта байланысқа шықпаса, жоғалды деп есептеледі. Бұдан кейін соңғы байланысқа шыккан ауданға іздеуші кемелер жіберіледі олар кеменің соңғы байланысқа шыққан уақытынан қаншалықты жерге кетуі мүмкін болатын жерлердің барлық аумақтарын тексереді. ІҚЖ құтқарушы кемелері, авиация, ғарыштық спутниктер жұмылдырылады. ІҚЖ жедел ұйымдастыру және жүргізу мақсатында келесі ақпаратты білу қажет: • ТЖ орнын, кеменің түрін, жүктің сипатын, борттағы адамдардың санын, олардың орнын және жалпы жағдайын; • кеменің жағдайын; • зардаптың себебін және ТЖ болуы мүмкін түрлерін. Құтқарушыларды ІҚЖ орнына жеткізу катерлермен, қайықтармен, яхталармен немесе әуемен – тікұшақтармен, гидропландармен, экранопландармен жүзеге асырылады. Құтқарушылар апат аймағындағы еш құтқару құралдары жоқ, судағы зардап шеккендерді тездетіп құтқаруға кіріседі; содан кейін – судың бетінде әртүрлі заттардың көмегімен тұрғандарды, жеке құтқарушы құралдарымен киінгендерді; одан ары кімдер топталған құтқарушы құралдарында болса, соларға көмек көрсетіледі. Апатқа ұшыраған кемеге өту. Шынжыр арқан. Құтқарушылар судағы зардап шеккендерге көмек көрсетіп болғаннан кейін, апатқа ұшыраған кемеге бірнеше тәсіл арқылы өтуді жүзеге асырады: • сатымен (негізгі, кіре беріс, лоцман, дауылдан қорғайтын саты) және көпірмен,арқанмен, арнайы тор мен кәрзеңкелерді пайдаланып; • иллюминатор арқылы, арнайы жасалған люк арқылы; • тікұшақты пайдаланып. Зардап шеккендерді көшіру Арқандап байлауды жүргізу мүмкіндік болмаған жағдайда құтқарушылар кемеге қайықпен келеді және оның бортына лебедканың және арнайы тордың немесе дауылдан қорғайтын сатының көмегімен көтеріледі. Қайықтың өз бетімен еркін жүзіп кетуін болдырмау мақсатында және зардап шеккендерді қабылдау үшін онда екі құтқарушы қалады. Кеменің суға батып кеткен кезіндегі іс – әрекеттер Кеме суға батып кеткенде ІҚЖ және зардап шеккендерді босатуды құтқарушы – аквалангшы және құтқарушы сүңгуіршілер жүргізеді. Батып кеткен кемеге кіру үшін люктер, кіретін есіктер. ойықтар пайдаланылады. Кеме аударылған кезінде адамдар ішкі бөлмелерде қамалып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда құтқарушылар кеменің сыртын тарсылдатып, олармен байланыс орнатады, содан кейін оған гидро қайшының, электрлі араның, электрлі ажарлайтын машинаның көмегімен қажеттілігінше жылдамдатып ойық жасайды. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Авиациялық көліктердегі іздестіру – құтқару жұмыстары 2. авариялық – құтқару командалары 3. Әуе кемесінің бортынан көшіру 4. Теміржол көлігінде ІҚЖ жүргізу Жолаушыларды тасу кезінде ТЖ зардабын жою 5. Автокөліктердегі ТЖ зардабын жою кезіндегі ІҚЖ жүргізу №11 дәріс. Құбыр жүргізу көлігіндегі ІКЖ. Жалпы сұрақтар 1. Өнім өткізгішінде болған ТЖ кездегі іс – әрекеттер 2. Технологиялық жүйелердегі ҚӘУ3 аварияларды жою 3. Мұнай өнімдері төгілген кездегі іс – әрекеттер 4. Газ құбырындағы аварияларды жою Құбыр жүргізу көлігі – сұйық, газ тәрізді заттарды немесе қатты өнімдерді құбыр арқылы қашықтыққа жіберуді жүзеге асыратын көліктің түрі. Құбыр желілі көлігін ұйғарылуына және аумақтық орналасуына байланысты магистральді және өндірістік (технологиялық) деп ажыратады. Магистральді құбыр желілі көлігіне газ мұнай құбыры жатады, онымен өнімдер шығарылатын орыннан өндейтін және тұтыныс орнына тасымалданады – зауытқа немесе теңіз портына танкерлерді ауыстырып тиеу және одан әрі тасымалдау үшін. Магистральді өнімдер желілері бойынша зауыттан дайын мұнай өнімдері тұтыныс аудандарына жеткізіледі. Технологиялық құбыр желілері өндірістік өнеркәсіп құбыр желілерінің үштен бірін құрайды. Олармен газ, бу, шикізат болып келетін сұйықтық, жартылай фабрикат, дайын өнімдер, өндірістің қалдықтары немесе қалыпты ағымдағы технологиялық үдеріс үшін қажетті өнімдер тасымалданады. Технологиялық құбыр желілерімен өртке қатысты қауіпті және денсаулыққа зиянды өнімдер тасымалданады, сонымен қатар, оған қоса әртүрлі қысымдағы және температурадағы қауіпті заттар тасымалданады. Соңғы уақытта өнім өткізгіштердегі ТЖ санының өсуі байқалуда, оның негізгі себебі болып : • өнім өткізгіш элементтерінің физикалық және моральдық қызметі жағынан тозуы; • адам факторы (өнімдерді құбырға жабық ысырма кезіндегі қысыммен жіберу, көліктік және т.б. авария кезінде өнім өткізгіш элементтерінің зақымдануы); • дүлей зілзала (жер сілкінісі, көшкін, опырылма және т.б.); • адамдардың қылмысты әрекеттері (теракт, рұқсат берілмеген өнім өткізгішке жалғау және т.б.). Барлық осы құбылыстар өнім өткізгіш элементтерінің қирауына немесе бұзылуына әкеледі, оның салдарлары: ҚӘУЗ, жанғыш газдың, қайнаған судың, будың және басқа да агрессивті заттардың таралуына, мұнайдың және мұнай өнімдерінің жайылуына, өрттерге және жарылыстарға, жергілікті жердің және қоршаған ауаның ластануын, экологиялық апат масштабына дейін жеткізуі мүмкін. Өнім өткізгішінде болған ТЖ кездегі іс – әрекеттер, құтқарушылар жұмыстың келесі түрін орындайды: • бірінші кезекте адамдарды қауіпті аймақтан (әсіресе бұл авария болған кәсіпорынға қатысты), сонымен қатар қажет болған жағдайда, жергілікті жердің іргелес аудандарынан құтқару және көшіру; • екінші рет зақымдау факторлары болуы және және ТЖ қайта өрбуі мүмкін масштабтарды бағалау үшін зақымданған ошақтарға барлау жүргізеді; • жұмысты жүргізу үшін қажетті адамдардың, техникалардың, қорғаныс құралдарының, құралдар мен аспаптардың санын анықтайды; • зақымданған ошаққа жылжитын бағытты, жұмыстың орындалу реттілігін, авария орнында құтқарушылардың тіршілігін қамтамасыз етуге көмектесетін қажетті жабдықтардың, техникалардың, жүйелердің қажетті орналасу орнын анықтайды; • аварияны оқшаулайды және оның зардабын жоюды жүзеге асырады. Өнім өткізгіш зақымданған кезде қандай жағдай болса да, тез арада ысырманың, сұқпаның және басқа да тиекті, ілгекті құрылғылардың көмегімен авариялық участкені оқшаулау қажет. Бір мезгілде сиымдылық өзгереді, сорғыштардың және компрессорлардың жұмыстары тоқтатылады. Ірі авариялар кезінде барлық кәсіпорындардың қызметі тоқтатылуы мүмкін. ҚӘУЗ және басқа да агрессивті заттардың төгілуі кезінде төгілудің құрамын және концентрациясын анықтау мақсатында химиялық барлау жүзеге асырылады. Бұл үшін химиялық барлаудың әскери аспаптары және шаруашылық нысанасында қолданылатын индикациялық аспаптар пайдаланылады. Химиялық барлаудың әскери аспаптары келесіге бөлінеді: • индикаторлық түтік қолданылатын аспаптар (ППХР, ВПХР, ПХР – MB және т.б.); • индикацияның иондық және биохимиялық (ПРХР және т.б.) әдісімен жұмыс істейтін аспаптар (ГСА – 12, ГСА – 13 және т.б.). Шаруашылық нысаналарында әмбебап газ сараптағыш УГ – 2 қолданылады. Химиялық барлау комплектациялық аспабына оларды сақтау жұмысқа дайындау және пайдалану нұсқаулығы кіреді. Технологиялық жүйелердегі ҚӘУ3 аварияларды жою және таралған немесе төгілген жағдайда оларды залалсыз ету кезінде авария орнына тек қана оқшаулайтын газқағармен және қорғайтын киіммен жел жағынан жақындау қажет. Сүзгілік газқағарды жоғары консентрациялы улы булар жоқ болған кезде қолдануға рұқсат етіледі. Іздестіру – құтқару жұмыстарын нысананың газ құтқару қызметінің жеке құрамының қатысуымен жүргізген дұрыс, өйткені нысананың әкімшілігінің келісімімсіз техникалық коммуникациядағы крандарды, вентильдерді өз бетінше жабу және ашу, құрылғыларды және аппаратураларды ауыстыру жұмыстың жүргізілуіне теріс әсері тиуі мүмкін. Қажетті жағдайда құтқарушылар нысан аумағына және оған меншік жергілікке залалсыздандыру жүргізеді. Бұл үшін пайдаланылатын құралдар бейтараптауға қажет заттың сипатына сәйкес келу керек. ҚӘУЗ залалсыздандыру химиялық, физико – механикалық және механикалық әдсітермен жүргізіледі. Химиялық әдіс кезінде ҚӘУЗ газдан тазарту (бейтараптау) жүргізіледі, зақымданған алаңға газдан тазартылған ерітінділерді құяды. Бұл үшін құйып – жуатын және өрт сөндіру көліктері, су сорғылары, жылжымалы және тасылатын бүркігіштер қолданылады. Мұнай өнімдері төгілген кездегі іс – әрекеттер Апат болған кезде мұнай өнімдері төгілгенде, өнім өткізгішінде келесі жұмыстар орындалады: • коммуникацияның зақымданған бөліктері өшіріледі; • шұңқырға, ойға сонымен қатар жер дуалдарымен қоршалған аумаққа жиналатын өнімдердің одан ары жайылуын тоқтатады; • мұнай өнімін сорып, запастағы сиымдылыққа ауыстырады. Мұнай және мұнай өнімін бейтараптау өте қиын, өйткені олар нашар араласады және басқа заттармен химиялық реакцияға түседі, сонымен қатар оның құрамында үлкен мөлшерде әртүрлі компоненттер бар. Сондықтан мұнай өнімдерін газсыздандыру үшін басқа әдістер қолданылады. Физика – механикалық әдіс кезінде ҚӘУЗ және агрессивті заттарды залалсыздандыру күйдіріледі немесе радиобелсенді двигателдің ыстық газының әсерімен буға айналдырылады. Көбінесе күйдіруге мұнай өнімдері жатады. Бұл әдісті, егер ыстық заттарда екінші рет өрт шығару немесе қоршаған табиғи ортаға зиян келтіру қауіпі болмаса ғана қолдануға болады. Залалсыздандырудың механикалық әдісі зақымданған жердің немесе қардың қабатын алып тастау. Жергілікті жер участкелері мен қатты төсемдерсіз жолдардағы улы заттар бульдозерлердің, скреперлердің, грейдерлердің көмегімен үстіңгі қабатты кесіп, немесе зақымданған участкеге зақымданбаған топырақ сеуіп жояды. Газ құбырындағы аварияларды жою Газ құбырындағы аварияларды жою ең әуелі оның зақымданған бөлігінің өшірілуінен, оған және газгольдер станциясында орналасқан газ құбырларын ілмек құралдарымен (құлыптармен, ысырмалармен) бекітуден басталады. Төмен қысымдағы газ құбырындағы құбырларды кесу немесе жару кезінде олардың шетін ағаш тығындармен бекітеді, балшық жағады немесе табақ рәзіңкемен орайды, муфт орнатып құбырдағы жарықты дәнекерлеп бекітеді немесе бітейді. Жарықтарды құбырларды уақытша нығыздалған бинтпен, балшық жағып немесе қамыт салып табақ резеңкемен орап бекітіп тастауға болады. Газ тұтанған кезде газ құбырында оның қысымын төмендетеді, содан кейін алауды құммен, топырақпен, балшықпен өшіреді, газ құбырына сулы брезент жабады содан кейін топырақпен көмеді де су құяды. Жер астындағы құбыр өткізгіштерден газдың шығуын іздеу үшін қызметтік иттер пайдаланылады. Газбен бүлінген жерде жарылыстан қашу үшін: сіріңке жағуға, темекі шегуге, ұшқын шығаратын құралдарды, қозғалтқышпен жұмыс істейтін көліктерді және механизімдерді пайдалануға тиым салынады. Қысымда тұрған, сонымен қатар ғимараттардағы газ құбырымен жұмысты тек қана түрлі түсті металдан жасалған құралмен жасайды. Болат құралдардан ұшқын шығармау үшін минералданған маймен майлануы керек. Газбен бүлінген участкелерде жұмыс орнын жарықтандыру үшін тек қана жарылу қаупі жоқ аккумуляторлы фонарьларды пайдалануға рұқсат етіледі. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Өнім өткізгішінде болған ТЖ кездегі іс – әрекеттер 2. Технологиялық жүйелердегі ҚӘУ3 аварияларды жою 3. Мұнай өнімдері төгілген кездегі іс – әрекеттер 4. Газ құбырындағы аварияларды жою № 12 дәріс. Өрт жағдайындағы ІҚЖ Жалпы сұрақтар 1. Өрттің негізгі зиян келтіретін факторлары 2. Өрт болып жатқан аралықтың аймақтары 3. Құтқарушылардың өрт кезіндегі негізгі міндеті Өрттің орнына байланысты – тұрмыстық, өнеркәсіптік (техногенді) және табиғи болып бөлінеді. Өрт болып жатқан аралық үш аймаққа бөлінеді: жану, жылу әсері, түтіндену. Жанғыш материалдар мен заттар тұрған және олар тікелей жанып жатқан кеңістіктің бөлігі жану аймағы болып табылады. Өрттің негізін құраушы от (жалын), түтін, күл, күйе. Бу және газ болатын кеңістік жалын деп аталады. Ауада қалқып тұрған жағдайда жанбайтын ұсақ күйе бөлшектері мен қатты тотықтар түтін түзеді, айтарлықтай үлкен жанбайтын бөлшектер күл түзеді. Өрттің негізгі зиян келтіретін факторлары: ашық от, ұшқындар, жылы сәулелену, түтін, төмендетілген оттек концентрациясы, жанған уытты өнімдер (көгерткіш қышқыл, көміртек тотығы, фосген, акрилонитрил), құлайтын заттар мен құрылыстар. Әрбір өрттің өзіндік сипатты белгісі бар: Түтіннің қара түсі өртте күйенің бары туралы дәлелдейді, ол мұнай өнімінің, резеңкелердің, көмірлердің жанып жатқанының белгісі. Ақшыл түтін – онда магний тотығының және едәуір мөлшерде су буының барлығы. Оттектің көлеміне байланысты жалын жарқырамайтын (50% дейін) және жарқырайтын (50% жоғары) болады. Жанып жатқан затта көміртек болған кезде жалын ыс бөліп шығарады. Өзіне тән ерекше иіспен, түспен, дәмімен, көздің шырышты қабықшаларына әсер етуімен, дем алу жолдарымен құтқарушылар ауадағы (түтіндегі) қауіпті затты анықтай алады. Мұндай заттардың сипатты белгілері төменде көрсетлген: Аммиак. Өткір иісті, дем алу жолдарын тітіркендіреді, көзді ауыртады және жасауратады, жөтелдіреді. Хлорлы сутек. Ащы иісті, дем алу жолдарын қатты тітіркендіреді, қарлығуды, тұншығу сезімін қоздырады. Цианисті сутек. Ашты бадам иісті, өңешті тырналап жатқанын сезінеді, ауызда күйдіргіш ащы дәмді сезінеді. Күкіртті газ. Өткір иісті, өте кішкене концентрация көздің шырышты қабықтарын, дем алу жолдарын тітіркендіреді, тым жоғары концентрациялар қарлығуға алып келеді. Формальдегид. Түтіннің ақ нығыздалған түрі, көздің шырышты қабықтарын, мұрынды, дем алу жолдарын тітіркендіреді. Хлор. Ащы иісті жасыл – сары газ, дем алу жолдарын тітіркендіреді. Іздеу және құтқару жұмыстары Құтқарушылардың өрт кезіндегі негізгі міндеті – зардап шеккендерді іздеу және көмек көрсету. Құтқару жұмыстары: • зардап шеккендерді өрт аймағында тауып алу кезінде; • өрттің адамның өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірген кезінде; • құрылыстың жарылу немесе қирау қаупі болған кезде; • адамдар өз беттерімен қауіпті жерден кете алмаған жағдайда; • үрейлі – дүрбелең болған жағдайда жүргізіледі. Адамдарды құтқару тәртібі өрттің нақты жағдайына байланысты анықталады. Бірінші кезекте өмірлеріне қауіп төніп тұрған зардап шеккендерге, сонымен қатар балаларға, ауруларға, қарт адамдарға көмек көрсетіледі. Fимараттарда өрт болған кезде: • зардап шеккендердің құтқарушылардың алып жүруімен шығуы; • зардап шеккендерді сатымен, арқанмен, жең қаптармен көшіру, тік ұшақпен көшіру үшін төбеге көтеру – аман қалудың негізгі әдісі болып табылады. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқарушылар алып жүре алатын қысқа және қауіпсіз жолдарды таңдаулары керек: • негізгі кіретін және шығатын, запас (өрт) шығулар, өрт сатылары; • сатыны, арқанды пайдалану арқылы терезе ойықтары және балкондар; • қабырғаларға және жабық жерлерге құтқарушылар жасаған саңылаулар. Зардап шегушілер отырған жабық терезелер мен есіктерді құтқарушылар сүйменнің, ауыр балғаның, балтаның, кескіштің, балғаның, электрлі және пневматикалық құралдың, газэлектр балқытуды және жарудың көмегімен ашу керек. Жанып жатқан ғимараттың есігін абайлап ашу керек және кенеттен от және түтін шыққан жағдайда жарақат және күйік алмас үшін оның бір шетіне қарай тұру қажет. Терезені ашу келесі әдіс арқылы жүргізіледі. Құтқарушы оған сатымен немесе механикалық көтергіш құрылғысымен көтеріледі. Егер терезе торланған болса, онда торды кесу керек. Торды алып тастау үшін сылақты терезенің периметрімен алып тастайды, содан кейін кірпіштерді оның бекітіліп тұрған орнынан ұрып шығарады. Бұл жұмыстар терезенің үстіңгі бөлігінен басталады. Терезені аша алмаған жағдайда әйнекті сындыру керек, рамада қалған сынықтарды алып тастап ғимаратқа кіру қажет. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқарушыларға металдан, жұқа тақтайдан, черепицадан, шифердан, руберойдтан жасалған шатырды ашуға тура келеді. Металл шатырларды сүйменнің, балтаның, араның, металдан жасалған тістеуікпен және қол араның көмегімен ашады. Черепицалы және шиферлі шатырлар торға арамен кесіп саңылау жасап черепицаларды және шиферлерді ашу жолымен жүргізіледі; руберойдты шатырға саңылау (ойық) балтамен, сүйменмен, арамен, электр ажарлайтын машинамен жасалады. Жұқа тақтайлы шатыр төбені ашып және сүйменнің, балтаның, көмегімен тақтайларды жұлып алады. Оған ойық 2-3 тақтайды алып тастағаннан кейін арамен жасалады. Сабан және қамыс төбелерді төбені жабатын материалдарды багроммен және вилламен алып тастайды. Құтқарушылар ғимараттың ішіне кіргеннен кейін олар зардап шеккендерді іздеуге кіріседі. Бұл жұмысқа бір уақытта бірнеше адам қатысуы керек, оның үстіне олар бір – бірімен үнемі радио, дауыс, ым, жарық дабылдар арқылы байланыста болулары тиіс. Іздеу кезінде барлық ғимарат қаралып шығады, дауыспен және тарсылмен дабыл беріледі, жауап, ыңырсу, айқай белгілері болуы мүмкін. Құтқарушылар ереже бойынша үлкен адамдар жанып жатқан үйден есікке, терезеге, балкондарға жиналып өз беттерінше шығуға тырысатынын білу керек; балалар бұрышқа, төсектің, үстелдің астына, шкафтардың артына немесе шкафтардың ішіне тығылады, қоймаларға, дәретхана және ванна бөлмелеріне жасырынады. Шақырған дауыстарға олар мүлде жауап бермейді десе де болады. Іздеу тек барлық зардап шеккендерді тапқаннан кейін тоқтатылады. Ғимарат қатты түтін болған жағдайда құтқарушылар кешіктермей терезелер мен есіктерді ашып желдетулері керек. Кейде түтін сорып алғыштарды пайдалану орынды. Түтінді бір мезгілде салқындататын және оның катты бөлшектерін серігітетін сумен тазартылған сорғалатып ағызғышпен азайтуға болады. Зардап шегушіні тапқаннан кейін құтқарушы оған ылғалды мата жабады, қолынан ұстайды немесе қолына алып қауіпсіз орынға (көтеріп апарады) шығарады. Зардап шегушінің аузы мен мұрны дымқыл о рамалмен, шарфпен, бас жаулықпен жабылады, оған газқағар немесе оттек маскасын кигізеді. Адамды түтінденген, жанып жатқан, ыстық аймақтан шығара отырып, қолында арнайы қорғаныс құралдары болмаса, құтқарушының өзі басын нығыздалған дымқыл матамен орап, көрпемен, жамылғымен орану керек. Қауіпті аймақтан тез және абайлап, ал ашық отты жерден жүгіріп өту қажет. Өрт кезінде адамдардың жарақат алуы және қаза болуы тұншығудан, уытты жанған өнімнен уланудан, ыстықтан зақымданудан, өрт аймағынан өз бетімен шыққан кезде құлаудан, жарылған кезде және заттардың құлауы кезінде, қысылып қалудан және үрейлі – дүрбелең уақытында болады. Егер адамдар үрейлі болса, онда құтқарушылар өздерін байсалды және сенімді ұстаулары қажет, бұйрықты айқын дауыспен беріп, үрейлі көңіл – күйді тез және лезде басулары керек. Клубта, кинотеатрда, циркте, концерт залында, адамдардың көп жиналатын жерлерінде өрт болған кезде құтқарушылар бірінші кезекте балкондағы, галереядағы, адамдарға көмек көрсетулері керек, өйткені бұл жерлерде жанған өнімдер тез қаулап жиналады да температура көтеріледі. Емдеу мекемесінде өрт болған жағдайда құтқарушылар медицина құрамымен жақын араласып жұмыс істеп және оның нұсқауларын орындау керек. Балалар мекемесінде өрт болған жағдайда құтқарушылар барлық бөлмелерді, шкафтарды, төсектерді, қабырға мен перделердің арасын мұқият қарап шығуға міндетті, содан кейін балаларды қауіпсіз орынға (көтеріп алып) шығарады. Өзін өзі тексерусұрақтары 1. Өрттің негізгі зиян келтіретін факторлары 2. Өрт болып жатқан аралықтың аймақтары 3. Құтқарушылардың өрт кезіндегі негізгі міндеті 4. Ұұтқарушылар ауадағы (түтіндегі) қауіпті затты анықтауы. №13 дәріс Радиоактивті зақымдану және ҚӘУЗ шығу (төгілу) аймағындағы ІҚЖ Жалпы сұрақтар 1. Радиациялық зақымдану дәрежесі 2. Радиациялық, химиялық барлау 3. Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет 4. Зардап шеккендерді іздеу Радиоактивті ластанумен байланысты төтенше жағдай, ереже бойынша, атом электр станцияларында, атомдық өндіріс кәсіпорындарында, радиоактивті заттарды таситын және пайдаланатын қондырғылар мен көлік құралдарында, сондай – ақ ядролық жарылыс нәтижесінде орын алады. Радиациялық зақымдану дәрежесі. Радиоактивті ластану жағдайында ІКЖ жүргізудің негізі ерекшелігі: • құтқарушылардың радиоактивтілікпен ластанған аймаққа жету уақытын қатал белгілеу; • кезекшілік жұмыстарын ұйымдастыру; • жеке қорғану құралын (ЖҚҚ), техникалардың қорғаныс құралдарын, көліктерді, бұзылмаған ғимараттарды пайдалану; • алынған сәулелену мөлшеріне үздіксіз бақылау жүргізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады. Жергілікті жердің радиоактивтілікпен ластануы кезінде адамдарды сәулеленуден қорғау жағдайын жасау өте қиын. Сондықтан радиоактивті заттармен ластанған аймақтағы іс – әрекет кезінде белгілі бір уақытқа рұқсат етілген сәулелену мөлшері орнатылады, олар ережеге бойынша, адамдарды сәулелену (радиациямен) зақымдануды болдырмау керек. Радиациялық барлау. Радиациямен ластанған аймақта ІҚЖ жүргізудің тиімділігі көбінесе сол жерде болған радиациялық жағдайдың нақты мәліметтеріне байланысты. Осы мақсатпен келесі міндеттерді шешетін радиациялық барлау жүргізіледі: • жергілікті жерде және ауаның жерге жақын қабатының радиоактивті затпен ластануын табу және бұл туралы жұмыс басшысына ақпарат беру; • құрылым жылжитын бағыттағы гамма – сәулелену мөлшерінің күштілігін анықтау және радиоактивтілікпен ластанған аймақтың шекарасын белгілеу; • ластанған участкелерді игеру үшін айналып өту жолдарын (қажет болған жағдайда) іздеу; • радиациялык жағдайдың өзгеру динамикасына бақылау жасау; • судан, азық – түліктерден, өсімдіктерден, топырақтан, объектілерден, техникалардан, мүліктерден сынама алу және оларды зертханаға жіберу; • метрологиялық бақылау; • радиоактивтіліклен ластанған аймақтан шыққан құрылымның жеке құрамына дозиметриялық бақылау жүргізу. Радиациялық барлауды ұйымдастыру кезінде жұмысты жүргізетін ауданда ішкі жағдайдың өзгеруін (желдің бағыты және т.б.) немесе радиоактивтік ластанудың қайталануы мүмкін екенін есепке алу қажст. Құрылым орналасқан аудандағы радиациялық жағдайды бақылау үшін, сонымен қатар жұмысты жүргізетін объектідерде радиацияны бақылайтын күзет орны құрылады, олардың негізгі міндетіне: • дер кезінде радиоактивті ластануды табу және хабарландыру дабылын беру; радиоактивті зат бұлтының қозғалыс бағытын анықтау; • күзет ауданында радиоактивті затпен ластанған участкелерді барлау, сонымен қатар метеорологиялық бақылау жатады. Радиациялық бақылау орны тәртіп бойынша үш адамнан тұрады. Ол сәулелену мөлшерінің ДП-5 (А,Б,В), ДРГ- 01Т және т.б. өлшеуіштерімен, №3 метеокомплектпен, ИД-11 (ДКП-02 және т.б.) сәулелену мөлшерінің қуатты жеке өлшеуіштерімен, ИД-1 сәулелену мөлшерінің өлшеуіштерімен, секундомермен, хабарландыру және байланыс құралдарымен, радиациялық жағдайдың параметрін жазатын журналмен, ауа сынамасын алатын жабдық жиынтығымен жабдықталған. Іздестіру - құтқару жұмыстарын жүргізудің технологиясы. Іздестіру – құтқару жұмыстары радиоактивті ластану жағдайында мыналарды қамтиды: • ластанған аймаққа барлау жүргізеді және зардап шеккендерді іздейді; • ластанған аймақты және сәулелену көздерін оқшаулайды; • зардап шеккендерді қоршаудан босатады, оларға шұғыл дәрігерлік көмек көрсетеді, оларды ластанған аймақтан көшіреді; • ТЖ зардабын жояды. Радиациялық авария жағдайында және олардың зардаптарын жою кезінде қолданылатын жеке қорғаныс құралдарына: • негізгі арнайы киім (комбинезондар, костюмдер, халаттар, шәпкілер, мақта – матадан және аралас маталардан тігілген шұлықтар) және қосымша (алжапқыштар, жартылай халаттар, пленкалы және резиналанған материалдардан жартылай комбинезондар); • тыныс алу мүшелерін қорғайтын жеке құралдар (ТМҚЖҚ) (респираторлар, сүзгіш газқағарлар, оқшаулағыш тыныс алу аппараттары, пневмомаскалар, пневмошлемдер, пневмокурткалар және т.б.); • оқшаулағыш костюмдер, арнайы аяқ – киімдер (негізгі және қосымша); • қолды қорғайтын құралдар (резеңкелі, пленкалы, мақта – маталы саусақты биялай немесе қолғаптар); • көзді қорғайтын құралдар (қорғайтын көзілдіріктер, қалкандар және т.б.); • қорғайтын құрылғылар (қолмен ұстайтын, белбеулер және т.б.) жатады. Радиациялық авария болған кезде радиометриялық бақылауды және радиациялық жағдайды бағалау нәтижесіне негіздеп, авария аймағын екі аймаққа бөлу орынды. Бірінші аймаққа (қатаң тәртіптегі аймаққа) жоғарғы қабат пен ауаның радиоактивті ластануының белгіленген деңгейден жоғарлауы байқалған ғимараттар мен аумақты жатқызады. Бұл аймаққа келгенде ЖҚҚ негізгі арнайы киімдермен қоса бірқатар қосымша киімдерді қолдану (мысалы; ТМҚЖҚ, пленкалы немесе резеңкелі материалдардан жасалған қосымша арнайы киімдер, қосымша арнайы аяқ – киімдер және оқшаулағыш костюмдер және т.б.) талап етіледі. Екінші аймаққа (радиациялық қауіпсіздік тәртібіндегі аймақ) ауа мен жоғарғы қабаттардың радиоактивті ластану деңгейі авариялар жағдайымен шартталған, рұқсат етілген көлемде болатын ғимараттар мен аумақтарды жатқызуға болады. Адамдарды бұл аймақта қорғау үшін және радиоактивті ластанудың таралуын болдырмау үшін авария зардабын жоюға қатысқан тұлғалар респираторларды пайдаланып немесе олар сыз негізгі арнайы киім жиынтығын кию жеткілікті. Ластанған аумаққа кіру міндетті түрде киімін толық ауыстырып кию және санитарлық рұқсатнама арқылы ұйымдастырылады, ал ғимаратқа және бірінші аймақтағы аумаққа кіру санитарлық шлюз немесе санитарлық барьер арқылы қосымша ЖҚҚ қолданумен ұйымдастырылады. Авария зардаптарын жою жұмыстарын жүргізу кезінде, ЖҚҚ дұрыс таңдаудың негізгі критериі ретінде сол немесе басқа аймақтағы келесідей: • жұмыс жүргізу кезінде ауадағы радиоактивті заттардың күтілген немесе өлшенген концентрациясы туралы; • жоғарғы қабаттардың радиоактивтілікпен ластану деңгейі туралы; • ластанған ерітінділерді құю (соның ішінде қатерсіздендіретін) немесе пароэжекциялық бүркігіштерді қатерсіздендіру үшін булы қоспаны қолдану мүмкіндігі туралы: • ауырлық (қиындық) категориясы және жұмысты орындау ұзақтығы туралы; • жұмыс орнындағы микроклимат және ауадағы газ құрамы туралы (температура, ылғалдық, ауада оттектің болуы, улы және жарылу қаупі бар газ қоспалары және т.б.) мәліметтерді пайдалану керек. ТЖ зардабын жоюдағы барлық жағдайда да жоғары концентрациялы (50% көп) бу шығаратын улы заттар бар ғимараттарға, боксқа, сиымдылыққа, цистерналарға, құдықтарға кұтқарушылардың кіруі кезінде ТМЖҚҚ ретінде оқшаулағыш демалатын аппараттар немесе шлангалы ЖҚҚ қолданылуы керек. ТЖ сипатына, оның ауырлығына орай, сондай – ақ түріне және алда тұрған жұмысқа байланысты құтқарушылар авария орынына келгеннен кейін штаттық авариялық жиынтықпен ЖҚҚ қалай қамтамасыз етілсе, сол объектінің ЖҚҚ қорымен солай қамтамасыз етіледі (мысалы, шлангалы ЖҚҚ және т.б.). ҚӘУЗ шығу (төгілу) аймағындағы ІҚЖ. Қатты әсер ететін улы заттар – бұл химиялық зат немесе қоспалар, олар қоршаған ортаға төгілген не болмаса шашылған кезде, адамдардың не жануарлардың жаппай зақымдануына, сонымен қатар ауаның, құмның, судың, өсімдіктердің және әр түрлі объектілердің зақымдануы. Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет. Атмосфераға немесе жергілікті жерге ҚӘУЗ жайылғанын байқағаннан бастап –ақ: • қауіпті аймақта болуы мүмкін барлық адамдарға тез арада хабарлау; • қажет болған жағдайда ҚӘУЗ бұлтының буы қозғалып бара жатқан аймаққа тап болдырмау есебімен оларды жедел көшіру жүргізіледі; • көмекті қажет ететін зардап шеккендерді сонымен қатар құрылыс қирандыларының немесе ғимарат бөлшектерінің астында қалып қалғандарды іздеуді ұйымдастыру қажет; • қандай да бір себеппен қауіпті аймақтан шыға алмайтын барлық тұлғалар қажетті ЖҚҚ камтамасыз етілулері керек; • ҚӘУЗ – дің одан ары төгілуін тоқтату үшін зақымданған участкелер өшіріледі, бекіткіш құрылғылар жабылады; • зақымданған сиымдылықтың төңірегіне, егер солай істеу қажет болса, топырақ үйінділері жасалады немесе шұңқырлар қазылады; • жағдайды болжау және ҚӘУЗ буымен зақымданған ауаның қозғалыс бағытын анықтау мақсатында үздіксіз метеорологиялық бақылау жасауға ерекше көңіл аударылады. ҚӘУЗ зақымданған аймақта химиялық барлау ұйымдастырылады. Ол объектідегі ЖҚҚ тарта отырып, химиялық барлау аспаптарымен қамтамасыз етілген, зақымданған ошақты тексеруден бастайды және оған ҚӘУЗ – дың қаншалықты бар екендігі мен олардың ауадағы концентрациясын және топырақ сынамасының сұрыпталуын анықтау кіреді. Зақымданған ошақта химиялық барлау жүргізу кезінде, ҚӘУЗ бары әрбір ғимараттарда 20-30 м кейін, үлкен ғимараттарда 10-15 м кейін аныкқталады. ҚӘУ3 жиналуы мүмкін участкелерге (жер төле ғимараттарына, нашар желдетілетін жерлерге) ерекше көңіл аударылады. Ауаның сынамасын ҚӘУ3 анықталған жерлерден, ҚӘУЗ сынамасын сұйық түрде олардың тамған жерлерінен алады. Авария болған объекті аумағынан топырақтың сынамасы алынады. Елді мекендерде химиялық барлау көшелер мен айналымдардың жағалауларына аса мұқияттықпен жүргізіледі. Жеке аулаларда, ғимараттарда, үй жанындағы телімдерде және басқа да объектілерде барлауды шолғыншылар жаяу жүру тәртібімен жүзеге асырады. Мұндай жағдайда қоршау белгілері көше қиылыстарына, аулалардан шығатын жерлерге және ғимараттардың кіре берістеріне, аулаларда және көшелердің жақсы көрінетін жерлеріне қойылады. ҚӘУЗ жергілікті жерде және ауада барын анықтау үшін химиялық барлаудың әскери аспаптары және шаруашылық нысанында индикацияға пайдаланатын аспаптар қолданылады. Зардап шеккендерді іздеу үшін: • құтқару жұмыстарының барлық участкелерін оған қоса ашық өндірістік алаңдарды, үйінділерді, зақымданған ғимараттарды сондай – ақ зақымданған аймақтағы өндірістік және тұрғын үйлерді тексеру; • зардап шеккендердің табылу орнын анықтау және белгілеу, мүмкіндігінше олармен байланыс орнату; • зардап шеккендердің жағдайын анықтау; • зардап шегушілерге өрттің, түтіннің, құрылыстардың және олардың қирандыларының орнықсыздығын, құлау мүмкіндігін және қаупін айқындау; • зардап шеккендерді құтқару жұмыстарының шамамен орындалған көлемін және тәсілін анықтау, оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету мүмкіндігін бағалау және басқа зақымдаушы факторлардың адамға тигізер әсерін жою және шектеу қажет. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Радиациялық зақымдану дәрежесі 2. Іздестіру - құтқару жұмыстарын жүргізудің технологиясы 3. Радиациялық авария болған кездегі авария аймағы 4. Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет №14 дәріс. Қауіпті құрылыстардың қирауы Жалпы сұрақтар 1. Қауіпті құрылыстардың қирауы 2. Қауіпті құрылыстардың қирауы кезіндегі құтқарушылардың міндеті 3. Басылып қалған баспаналарды іздеу ТЖ аймағында көбінесе қираған ғимараттар қалады. Олар өздерінің күтпеген жерден қирауына байланысты қауіп төндіреді. Бұл құрылыстар арнайы тетіктерге бекітілулері қажет (тіреуіш, таяғыштар) немесе қиратылуы керек. Қирату үш негізгі тәсілдермен жүзеге асырылады: [pic] Шар – тоқпақтың көмегімен Ауыр тартқыш құралының көмегі қиратылады қиратылады ( лебедкалар, тракторлар, машиналар) [pic] Жарылыстың көмегімен қирату Жару жұмыстарын арнайы дайындалған құтқарушылар жүзеге асырулары керек. Бұл жұмыстарды жүргізетін аймақ қоршалуы тиіс. Көптеген ғимараттар адамдардың болуы мүмкін жертөлелер мен, баспаналармен, технологиялық үй асты қоймаларымен жабдықталады. Пайда болған үйінділер, тәртіп бойынша, шыға берістерді жабады, ауаның кіруін қиындатады, бұл баспаналарда адамдардың өз беттерімен шығуына мүмкіндік бермейді. Құтқарушылардың міндетіне: • басылып қалған баспаналарды іздеу; • баспананың ішіндегі жағдайды (адамдардың саны, олардың жағдайы, бұзылған баспананың дәрежесі, судың, тамақтың, дәрі – дәрмектердің бар – жоғын) анықтау; • баспанаға ауаның, судың, тамақтың, дәрі – дәрмектердің, таңатын материалдарды, қорғау құралдарын беруді ұйымдастыру; • баспананы қазу, тазалау, зардап шегушілерді көшіру, оларға көмек көрсету кіреді. Басылып қалған баспаналарды іздеу қала, аудан, көшелердің жоспарының көмегімен, ішкі белгілерімен (ауа алу құбырлары), дыбысты дабылдармен (айқай, ыңырсу, тарсылдату), итті пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Баспананы тапқаннан кейін зардап шегушілермен байланыс орнатылады (дауыспен, тарсылдатумен, радио арқылы немесе телефон байланысымен). Құтқарушылар баспананы тазалауға және қазуға бір уақытта кіріседі. Бірінші кезекте люктердің, есіктердің, ойықтардың ауа алу кұбырларының орындары босатылады және тазартылады. Егер мұндай мүмкіндік болмаса онда құтқарушылар қабырғаға немесе жабық жерлерге тесік ояды. Бұл жұмыстар бетон сүйменнің, шой балғаның, сүйменнің, ауыр балғаның, кескіштің, күректің көмегімен орындалады. Тесіктер ауа, су, тамақ, дәрі – әрмектер беру үшін қызмет етеді. Оларды кеңейткеннен кейін олар адамдарды көшіру үшін пайдаланылады. Жарым – жартылай бұзылған ғимараттардағы адамдарды құтқару жұмыстары ішкі қабырғалардың бұзылуын және бос тұрған құрылыстарды, ішкі бөлмелерді, адамдардың табылу орнын және оларды көшіру мүмкіндігін қараудан және тексеруден басталады. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Қиратудың негізгі тәсілдері 2. Қауіпті құрылыстардың қирауы кезіндегі құтқарушылардың міндеті 3. Басылып қалған баспаналарды іздеу №15 дәріс. Төтенше жағдай кезіндегі іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу Жалпы сұрақтар 1. Үйінді жағдайларында іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу 2. Үйінділер пайда болуының салдары 3. Үйіндіні үстінен аршу Үйінді жағдайларында іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу. Үйінді деп құрылыс материалдарының және конструкциялардың, технологиялық жабдықтардың, санитарлық – техникалық құрылғылардың, жиһаздардың, үй аспаптарының, тастардың бей–берекет үйіліп жатуы айтылады. Үйіндінің пайда болуының себебі табиғи дүлей апаттар (жер сілкінісі, су тасқыны, цунами, дауыл, боран, опырылулар, көшкін, сел тасқындары), материалдардың тозуына және бұзылуына әкелетін табиғи әсерлердің факторлары (атмосфералық ылғалдық, жер астындағы сулар, ауа температурасының күрт өзгеруі, шөгіп қалған топырақ), құрылысты жобалау сатысындағы қателіктер, нысананы пайдаланудағы ережелердің бұзылуы, әскери қимылдар болуы мүмкін. Құрылыстың бұзылу дәрежесі бұзатын фактордың күшіне, оның әсерінің жалғасу ұзақтығына, конструкцияның сейсмотұрақтығына, құрылыстың сапасына, құрылыстың тозу дәрежесіне (ескіруіне) байланысты. Үйінділер бірыңғай (тұтас) және жеке (әр жерде) болады. Үйінділер шартты түрде темір бетонды және кірпішті болып бөлінеді. Темір бетонды үйінділер темір бетон қалдықтарынан, бетон, металл және ағаш конструкцияларынан, қаланған кірпіштердің құлаған қалдықтарынан, технологиялық жабдықтардың элеметтерінен тұрады. Олар үлкен көлемдегі ірі элементтермен, көбінесе өзара қосылып жатқан қуыстармен және тұрақсыз элеметтермен сипатталады. Кірпішті үйінділер кірпіш сынықтарынан, кірпіш кесектерінен, сылақтан, темір бетонның қалдықтарынан, металл, ағаш конструкцияларынан тұрады. Олар ірі элементтер мен қуыстың болмауынан өте қалыңдығымен сипатталады. Үйінділер пайда болуы электр қуатының бұзылуына, жылу, газ, сантехникалық және басқа жүйелердің бұзылуына әкеп соғады. Бұл өрт шығу, жарылыс, су басу, электр тоғының зақымдану қаупін төндіреді. Әсіресе қауіпті заттар шығарылатын және сақталатын өнеркәсіп құрылыстарындағы үйінділер өте қауіпті. Әдетте құрылыстың қирап, үйінділердің пайда болуы адамдардың қоршауда қалуына, жарақаттануына және олардың өліміне алып келеді. Зардап шегушілер бұзылған жер төлелердің және жер асты қорғау ғимараттарының, технологиялық үй асты қоймасының және бірінші қабаттағы үйлердің үйіндісіндегі үстіңгі, ортаңғы және төменгі бөліктерінде болуы мүмкін. Жекелеген жағдайларда олар әртүрлі қабаттарда көбінесе қираған ғимараттарда, қуыстарда және бос жерлерде, шатырларда қалулары мүмкін. Үйінді жағдайларында іздестіру – құтқару жұмыстары төмендегідей барлау жүргізуден басталады: • ТЖ аймағын және оның сипатын анықтау;ъ • зардап шегушілердің тұрған орнын және жағдайларын анықтау; • ТЖ аймағындағы нысаналардың жағдайын (инженерлік жүйенің құрылысын, коммуникациясын) бағалау; • химиялық, бактериологиялық зақымданудың, уландыратын және жарылу қаупі бар заттардың өрт ошақтарын анықтау; • кіре беріс жолдардың аралығын анықтау, техникаларды белгілеу, зардап шеккендерді көшіру жолдарын қарастыру. Барлау жүргізіп болғаннан кейін құтқарушылар зардап шегушілерге көмек көрсету үшін үйінділерді аршуға кіріседі. Сонымен бірге, бұл жерде екі негізгі тәсілдер қолданылады: үйіндіні үстінен аршу және үйіндіге кіретін тар жол, тесік жасау. Үйіндіні үстінен аршу – үйіндінің үстіңгі бөлігіндегі зардап шегушілерге көмек көрсету үшін және оларға еркін баруды жүзеге асырады. Үйінділер қолмен сүйменді, күректі, қалақты пайдаланып тазартылады. Үйіндінің ірі және ауыр элеметтерін көтеріп басқа жаққа қою үшін жүк көтеретін құралдар (домкраттар, лебедкалар, крандар) қолданылады. Үйіндіге кіретін тар жол, тесік жасау. Көбінесе зардап шегушілер үйіндінің түпкі жағында болады. Оларды шығарып алу үшін құтқарушылар адамдарға дейін жететін қысқа қашықтықты ескере отырып, үйіндінің бөліктерін жеңіл аршитын арнайы тар жол (тесік) жасайды. Тар жолды үлкен кесектерге тікелей жақын жерден жасауға болмайды, өйткені олар опырылып, құлап жұмысты қиындатады. Тесікті көлденең, көлбеу және тік бағытта жасайды. Тесіктің қолайлы ені - 0,8-0,9м, биіктігі- 0,9-1,0 м. Тесікті жасау жөніндегі жұмысты бірнеше топ (3-4 адамнан), қолмен немесе құралдарды пайдаланып істейді. Олардың міндеттеріне үйінділерді аршу, тесіктерді жасау, тіреу элементтерін дайындау және құру, шығарылған үйінділерді тазалау, зардап шегушілерді босатып алу және оларды тасымалдау жатады. Өтетін тесіктерді жасау кезінде құтқарушыларды ауыстыру төрт аяқтап, еңбектеп, арқасымен жатып, екпетінен жатып жер бауырлап, ішпен, бүйірімен жылжи отырып жүзеге асырылады. Егер құтқарушының жылжуы кезінде ірі темір бетондар, металдар, ағаштар, кірпіш бұйымдары бөгет жасаса, онда оларды айналып өту қажет, егер ондай мүмкіндік болмаса бұзу керек, кейбір жағдайда оларға тесік жасауға болады. Өтетін тесікті жасау кезінде қабырғаның қирауына жол бермеу мақсатында, оның сенімді бекітілуіне ерекше назар аудару қажет. Бұл үшін арнайы алдын – ала дайындап қойған: тіреуіштер, тірек таяныштар, тақтайшалар, қырлы кесектер, қалқандар, сияқты тіреуіш материалдар қолданылады. Өтетін тесіктерді жасау кезінде үйіндінің үстіңгі жағынан құтқарушылардың және техникалардың жүруіне рұқсат етілмейді. Өтетін тесіктерді және өтетін жерлердің жұмыстарын жасап болғаннан соң құтқарушылар адамдарды босатуға кіріседі. Бірінші кезекте зардап шегушінің жағдайы және оның алған жарақатының дәрежесі анықталады. Содан кейін басылып қалған немесе қысылып қалған дене мүшелеріне бір уақытта бұрау және қысып тұратын таңғыш байлап босатады, ауыз және мұрын қуыстары тазартылады, зардап шегушінің үстіндегі қирандылардың майда бөлшектері, қоқыстар, ұсақ тастар алынып тасталады. Зардап шегушінің жағдайына байланысты оны шығарып алу және тасымалдау әдістері таңдалады. Зардап шегушіні үйіндіден кем дегенде екі құтқарушы шығарып алу керек. Егер мұндай мүмкіндік болса, онда оны қолынан немесе үстіңгі иық белдеуінен тартып шығарады. Егер бұл мүмкін болмаса, онда құтқарушылар оның иық белдеуінің және сегіз көзінің астына қолын салып, тек содан кейін ғана зардап шегушіні абайлап шығарады. Кейде зардап шегушіні жатқызу үшін тығыз матаны немесе зембілді қолданған қолайлы. Егер зардап шегуші үйіндінің үлкен және ауыр элементтерінің астында қалса онда оны қысқыштың, домкраттың, жүк көтеретін техникалардың көмегімен босатады. Зардап шегуші топыраққа басылып қалған жағдайда оны қазып алу арқылы босатуға болады. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Үйіндіні үстінен аршу әдістері 2. Зардап шеккендерге көмек көрсетудегі құтқарушылардың іс – қимылдары 3. Жолаушыларды тасу кезінде ТЖ зардабын жою 4. Автомобиль көлігінде ІКЖ жүргізу. Автомобиль көлігіндегі ТЖ 3 Тәжірбиелік сабақтар №1 Тәжірбие сабағының тақырыбы: ТЖ салдарын жоюға байланысты шараларын жоспарлауды ұйымдастыру Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Жоспар: Төтенше жағдай салдарын жою төтенше жағдай аумағында және оған жататын аудандарда барлаудың барлық түрлерін және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу қамтиды. Сондай-ақ төтенше жағдай салдарын жою күштерінің құрамын және зардап шегуші халықтың тіршілігін қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайды жоюды ұйымдастыру оның сипатымен көлеміне байланысты. Төтенше жағдайды жоюдың негізгі ұйымдастырушысы – төтенше жағдай бойынша комиссия, атқарушы орган немесе экономика нысанын басқару органының функцианалдық құрылымы. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бөлімшелері атқарушы биліктің органы болып табылады. Азаматтық қорғаныстың күнделікті жүргізу және бақылауға арналған және іс-шараларды орындау. Белгілі ведмоствалық ауданда мүмкін болатын төтенше жағдай туралы жорамал мәліметтерді пайдалана отырып Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай бөлімі төтенше жағдайды жою жоспарын құрады. Ол мынаны қарастырады: • апаттық аймақтың қысқаша сипаты (зақымдану ошағы); • төтенше жағдайды жоюдағы қолданылатын күштер мен құралдар; • жұмыс реттілігі; • төтенше жағдай аумағында қоғамдық тәртіп сақтау ережелері; • медициналық шараларды ұйымдастыру; • қауіпсіздікті қамтамасыз ету; • басқаруды ұйымдастыру; • материалдық техникалық сұрақтарды қамтамасыз ету: Көптеген жағдайларда төтенше жағдайларды жою төтенше жағдайлардың жедел қимылдауына байланысты. Бұл жетекшілік және күнделікті басқару органдарының ТЖ пайда болуының ақпараты алына салысымен бірлесіп қызмет етуіне тәуелді. Төтенше жағдай комиссия төрағасы ТЖ көлемі және сипаты бойынша мәліметтерді пайдаланып негізгі міндеттерді, құралдар мен күштер құрамын, жеке құрам қорғанысын, адамдарды құтқару тәртібін көрсететін шешім шығарады. Апат аймағынан сенімді ақпараттар алу үшін маман химиктер, инженерлер, дәрігерлер, өрт сөндірушілерден құралған кешенді барлау ұйымдастырылады. Радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану мөлшерін анықтайды. Инженерлік барлау бөлімшелері жолдардың, ғимараттардың коммуналды энергетикалық желілердің, үйінді түрлерін және сипатын бағалайды. Жұмыс көлемін және қажетті инженерлік техниканы анықтайды. Өрт сөндіру тобының барлау бөлімшелері өрт жағдайын - тұтас және жеке өрттер бөлігін, өрт сөндіру әдістерін, су көздері орындарынанықтайды. Медициналық барлау бөлімшелері санитарлық – гигиеналық жағдайларды, зардап шегушілер жатқан жерлерді табады. Оларға көрсетілетін медициналық көмек көлемін анықтайды. Қажеттілік туындағанда инфекция таратушы қоздырғыштарды зертханада анықтауға арналған үлгілер алатын маман- эпидемиологтарды бөлімшеге қосады. Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандарында барлау жүргізгенде фитосанитарлық бақылау мамандары және ветеринарлар шақырылады. Төтенше салдарын жоюда апаттық құтқару және басқа да қалпына келтіру жұмыстары кезінде сараптамасын жүргізу сатылап жүргізіледі және қысқа уақытта ретпен жүргізіледі. Бірінші сатысында нысандар және халықты жедел қорғау мәселесі жүргізіледі және дайындық жасау қарастырылады. Ең алдымен халыққа және жұмысшыларға ТЖ туралы ескерту жүзеге асырылады. Екінші сатысында негізгі міндет құтқару жұмыстарын тікелей жүргізу жүзеге асырылады. Сонымен қатар бірінші саты міндеттері қоса жүргізіледі. Алғашқы тәртіпті қорғаныс мекендеріне жолдар салу жүргізіледі. Жергілікті шамалы үйінділерде жол сынықтар мен қалдықтарды тазалау арқылы салынады. Жолдар, өткелдер салу үшін қолда бар механика, автокрандар, бульдозерлер қолданылады. Жол салу жұмыстары аяқталғаннан кейін өрт болып жатқан жердегі өртті сөндіру және адамдарды іздестіру құтқару жұмыстары, қорғаныс мекендерін тауып, оларға таза ауа жіберу жұмыстары жүргізіледі. Газдан құтқару отрядтары газға толған нысандармен мекендерде жұмыс жүргізеді. Ең алдымен газ жолы табылып, шығу себептерін анықтайды, құтқару жұмыстарын жүргізеді. Химиялық ластануда ҚХЗ таралуын шектеу мақсатында, топырақ, және топырақ асты суларының ластанбауы үшін келесі әдіс-тәсілдер пайдаланылады: • төгілген затты тасымалдау; • ҚХЗ таралуына бөгет жасау; • ҚХЗ табиғи үңгірлерге жинау. Әртүрлі органдардан және арнайы кешендік барлаудан алынған мәліметтер негізінде төтенше жағдай бойынша комиссия төрағасы жағдайды бағалап шешім қабылдайды. АҚҚ мен құрамалары қызметінің негізгі принциптері мыналар: • Төтенше жағдай туындаған кезде адамдардың өмірін құтқару мен олардың денсаулығын сақтау қ.о. қорғау міндеттерінің бақылауын көздейтін ізгілік пен қайырымдылық. • Төтенше жағдай жою жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізудің міндеттілігі. • АҚҚ мен құрамаларында дара басшылық құтқару жұмыстары мен шұңыл жұмыстарды жүргізу кезінде өзін-өзі ақтайтын тәуелділік жөніндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. • АҚҚ мен құрамаларының төтенше жағдай жедел назар аударуға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге ұдайы әзірлігі. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Азаматтық қорғаныстың күнделікті жүргізу және бақылауға арналған және іс-шараларды орындау 2. АҚҚ мен құрамалары қызметінің негізгі принциптері мыналар: 3. Төтенше салдарын жоюда апаттық құтқару және басқа да қалпына келтіру жұмыстары кезінде сараптамасын жүргізу №2 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Құтқарушылардың жабдықтарына қойылатын талаптар Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Жоспар: Құтқарушылардың жабдықталуына қойылатын талаптар Жұмыстың әр алуан түрлері, олардың орындалу шарттары, ТЖ әртүрлі айрықша әсерінің ықпал етуі, уақыттың тапшылығы құтқарушылардың жабдықталуына, соның ішінде ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын қорғау құралдарына, саймандарға, механизмдерге, тетіктерге және көліктерге де жоғары талап қояды. ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын қорғау құралдарына, саймандарға, механизмдерге, тетіктерге және көліктерге де жоғары талап қояды. Олар келесі: • қауіпсіздік, сенімділік, көп профилділік; • жабдықталуға қолайлылық жасау; • барлық жағдайда жұмысқа қабілеттілік; • құтқарушылардың психофизиологиялық мүмкіндігіне сәйкес келу сиякты талаптарды қанағаттандыру керек. ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын құрал – саймандардың, көліктердің, механизмдер мен қорғау құралдарының шамамен мыңға жуық атаулары бар толық тізбелерінің болуы қажет. Олардың ішіндегі төменде көрсетілгендері жиі қолданылады Жабдықтар мен саймандар нақты жағдайға байланысты тандалады. ІҚЖ сәтті болуы құтқарушылардың материалдық – техникалармен жабдықталуына тікелей байланысты. Байланыс құралдары өзінің ұйғарылған қызметіне барынша сәйкес келетіндей болып тандалуы тиіс. Алыс қашықтықта байланысты қамтамасыз ету үшін стационарлы радиостанцияларды, ал тікелей жұмыс орнындағы байланысты жүргізу үшін тасымалданатын радиостанцияларды қолданады. Радиотәртіпті эфирде ұстау үшін барлық келіссөздер қысқа, айқын және анық болу керек. Құтқарушылардың жабдықтануына жарық және дабылдың дыбыстық құралдары: ракеталар, фонарлар, дабылдар, ысқырықтар кіру қажет. Қажетті ақпаратты алуға, (жол туралы анықтама, метеорологиялық мәліметтер мен болжам алу және т.б.) өкіметтің жергілікті органдарының әкімшілік көмегі, басқа ұйымдармен өзара әрекеттесу мәселелеріне ІҚЖ көлікпен (өздерінің көліктері болмаған кезде) қамтамасыз ету жатады. Таудағы ІҚЖ – на туристер, тау шаңғышылары, спелеологтар, әскери қызметкерлер және жергілікті тұрғындар араласуы мүмкін. Әдетте оларға арнайы керек – жарақпен қамтамасыз ету мен физикалық дайындықты талап етпейтін болмашы міндеттер жүктеледі. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Құтқарушылардың жабдықталуына қойылатын талаптар 2. ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын қорғау құралдарына, саймандарға, механизмдерге, тетіктерге және көліктерге қойылатын талаптар 3. Жабдықтар мен саймандар №3 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Құтқару жұмыстарын жүргізудегі күштер мен басқару органдарының байланыс, хабарлау, қорғау, барлау аспаптары құралдарымен жабдықталуы Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Жоспар: Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар байланыс және хабардар ету қызметі Азаматтық қорғанысты басқару органдарын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар қаупі туралы халықты және басқару органдарын уақытында хабардар етуді ұйымдастыру, қазіргі заманғы зарарсыздандыру құралдарын қолдануды қамтамасыз ету мақсатымен құрылады. Құтқару жұмыстарын жүргізудегі күштер мен басқару органдарының байланыс, хабарлау, қорғау қызметтің міндеттері: Төтенше жағдайлар қаупі мен туындайы туралы, қазіргі заманғы зарарсыздандыру құралдарын қолдану, радиоактивті, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымдану қаупі туралы халықты хабардар ету; Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын, азаматтық қорғаныстың арнайы іс-шараларын бейбіт және әскери уақытта жалпы мемлекеттік, ведомствалық мекемелер мен байланыс арналарын пайдалануды қамтамасыз ету; Кез-келген заңды тұлғаға тиесілі жұмыс істеп тұрған байланыс жүйелері мен түрлерінің үнемі дайындығын олардың ұйымдастырушылық- құқықтық түрлеріне байланыссыз халықты төтенге жағдайлар туралы бейбіт және соғыс уақытында хабардар ету; Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар басқару органдарымен бірлесе отырып халықты қорғау жөніндегі іс-шаралардың өтуі, территорияны және ұйымдарды қорғау, құтқару және шұғыл жұмыстарды төтенше жағдайлар аудандары мен зақымдану ошақтарында өткізу туралы байланысты жоспарлау мен ұйымдастыру; Байланыс және хабарлар ету жүйесін дамыту мен жетілдіру; Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар іс-шараларын автоматтандырылған басқару жүйесін құру; Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі сигналдарды тарату (қабылдау) ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету; Облыстардың, қалалардың, аудандардың Азаматтық қорғаныс бастықтарын, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органның басшыларын, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығының басқару пунктерінде байланыс құралдарының үнемі дайындықта болуын ұстау, байланыспен үздіксіз қамтамасыз ету; Байланыс құрылымдарын құруды, ұйымдастыру мен тармақтауды, олардың дайындығын, жеке құраммен, техникамен және мүлікпен қамтамасыз етілуін басқару; Байланыс желілері мен құрылыстарында апаттық жұмыстарды жүргізу; Байланыс және хабардар ету құралдарының жағдайын, олардың тез арада қалпына келуі мен істен шыққан жағдайда жөнделуін жүйелі түрде бақылау мен сапалы қызмет көрсету; Басқа министрліктер мен ведомостволардың байланыс құрылымдарымен Азаматтық қорғаныс күштерімен, апаттық-құтқару құрылымдарының қызметтерімен, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметімен, арнайы тұтынушылармен, жергілікті атқарушы органдармен бейбіт және соғыс уақыты кезінде төтенше жағдайларды басқаруда басқару органдарын байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара байланысты ұйымдастыру; Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі басқару органдарына халықаралық(қалааралық) сөйлесулерді, телеграф және почта байланыстарын уақытында бөлуді қамтамасыз ету, олардың тапсырыстарына сәйкес белгіленген нормалар бойынша басқа тұтынушылармен байланысты, сонымен бірге келісім-шарт негізінде барлық деңгейдегі байланыс пен хабардар етуді пайдалану-техникалық жағынан қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; Байланыс қызметінің шұғыл дайындығын ұйымдастыру мен жүргізу; Туындаған жағдай туралы деректерді жинау, оларға талдау жасау, қызмет бастықтарының шешім қабылдауы үшін ұсыныстарды әзірлеу, орындаушыларға дейін міндеттерді қою мен жеткізуді, уақытша және тұрақты сұлба бойынша байланысты қалпына келтіру, орындауды бақылауды ұйымдастыру; Төтенше жағдайлар аймақтарында, зақымдану ошақтарында Азаматтық қорғаныс күштерінің қозғалысын байланыспен қамтамасыз ету, белгіленген бағыттар бойынша халықты жылжытуды қамтамасыз ету. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Құтқару жұмыстарын жүргізудегі күштер мен басқару органдарының байланыс, хабарлау, қорғау қызметтің міндеттері 2. Байланыс қызметінің шұғыл дайындығын ұйымдастыру мен жүргізу №4 Тәжірбие сабағының тақырыбы:Такелажды жұмыстар Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Жоспар: ТЖ кезіндегі такелажды жұмыстар. ТЖ зардабын жою кезінде құтқарушылар мынандай жұмыстарды жиі орындайды: әртүрлі жүктерді буады, оларды көтереді, орынын ауыстырады, түсіреді, тораптарды шешеді, болат және зығыр арқандарды жалғайды, шығырларды іледі, жүк көтеретін техникасын орнатады. Бұл жұмыстың барлығы такелажға қатысты. ТЖ кезіндегі такелажды жұмыстардың ерекшелігі жүктердің әртүрлігіне, басым көпшілігінде қоятын арнайы орынның жоқтығына, тұтас тұрмай бұзылуы салдарынан тасымалдау кезінде жүктің аяқ асты құлауына, жұмыс жағдайының әркелкілілігіне негізделеді. Такелажды жұмыстың күрделі ерекшелігі және жауапкершілігі көп тонналы жүктердің астында қалған зардап шегушілерге көмек көрсету кезінде. Такелажды жұмысты орындау үшін негізгі жүк көтеретін құралдар болып: • иінтіректер, лебедкалар, домкраттар, жүк көтергіштер, аспалы арқан тростар; • жүк көтеретін крандар, тікұшақ – крандар жатады. Такелажды жұмысты орындау үшін: • болаттар, зығырлар, синтетикалық арқандар, шынжырлар, орағыштар; • жүкті іліп алатын құрылғы, ілмектер, полиспастар, анкерлі құрылғылар; • аударғыштар, тартқыштар сияқты қосалқы құрылғылар жатады. Жүктерді шағын биіктікке көтеру және ауыстыру үшін (20-40 см) құтқарушылар домкратты пайдаланады. Олар елеусіз мөлшерде және массада тасымалдаушы жүк көтеретін механизм. Домкраттар тақтайшалы, бұрандалы, гидравликалық, пневмогидравликалық, сына тәрізді болады. Олар мықты табандарға орнатылады және адамның бұлшық ет күшімен іске келтіріледі. Бір жүк көтергіш жетпеген жағдайда бір уақытта 2-3 домкратты қолдануға болады. Жүкті көтергеннен кейін оның астына ағашты немесе металды тіреуіш қою қажет. Содан кейін домкратты босату жұмыстары орындалады. Жүктің массасы он шақты болған жағдайда кейде жүз тонна болса онда арнайы жалпақ пневмакөтергіштер қолданылады. Жүктерді көтеру және ауыстыру лебедканың және жүк көтергіштердің (қол иінтіректердің, барабандардың) көмегімен жүзеге асырылады. Олар жерге ілінеді немесе орнатылады. Жүктерді бекіту үшін ілмек және арқандар қолданылады. Такелажды жұмыстар көбінесе пневмодоңғалақтар немесе шынжыр табан сонымен қатар тік ұшақ – крандардың жүру кезінде жүк көтергіш крандардың көмегімен орындалады. Орау үшін (жүктерді орау) орағыш, болаттар, зығырлар, синтетикалық арқандар, шынжырлар, қамтығыштар, ілгектер қолданылады. Такелажды жұмыстың маңызды элементіне жүктерді алып жүру және оларды ауыстыру, түсіру, орнату, орау жатады. Жүкті ауада ауыстыру кезінде теңселісті болғызбау мақсатында кеңістікте және кідірісте жүкті бағдарлау үшін жіп құрылғысы – тартқыш қолданылады оның бір ұшы жүкке ал екінші ұшы құтқарушының қолында болады. Қауіпсіздік ережесі. Жүкті түсіргеннен және бекіткеннен кейін оны (орналастыру) орау жүргізіледі. Жүктің орауын жеңілдету үшің және құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, адамның қатысуынсыз орауды қамтамасыз ететін арнайы жартылай автоматты құрылғы пайдаланған дұрыс. Кранда істейтін жұмысшы және ораушы – құтқарушылардың арасындағы байланысты орнату үшін радиотелефонды байланыс және белгі беретін дабыл қолданылады. Кейде зардап шеккендерді босатып алу үшін жүкті тек кана шамалы биіктікке көтеру қажет. Бұл жағдайда оның астына арнайы тіреуіштер немесе қолмен материалдан жасалған тіреуіштер қойылады. Тек содан кейін ғана зардап шегушіге көмек көрсету керек. Такелажды жұмысты жүргізу кезінде құтқарушылардың қауіпсіздігі олардың қозғалыстарының сәйкестігіне, қолданылатын жабдықтардың және техникалардың сенімділігіне, шұғыл жағдайларда өздерін қалай ұстау ережелерін білулеріне байланысты. Такелажды жұмысты жүргізуге қатысушылардың негізі қауіпсіздік ережесі – ешқашан жүктің астында тұрмау. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Такелажды жұмысты орындау үшін негізгі жүк көтеретін құралдар 2. Такелажды жұмысты орындау үшін қосалқы құрылғылар құралдар 3. Такелажды жұмыс кезінде жүктерді алып жүру 4. Қауіпсіздік ережесі №5 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Теңестірілген тағам Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Жоспар: Құтқарушылардың берілген тапсырмаларды табысты орындауы тек жұмыс бойында ақыл – ойының және дене күшінің қабілетті болуына қолдау көрсетіліп отырғанда ғана мүмкін. Бұның негізі теңестірілген тағамда жатыр. Тағамда тек қана ақуыз, май, көмірсутектердің дұрыс байланысуы ғана емес, сонымен қатар оларда міндетті түрде қолда бар басқа да биологиялық белсенді заттардың болуы маңызды. Теңестірілген тағам. Құтқарушының күндізгі рационы дененің әрбір килограмм массасында 1,5 г ақуыздан аз болмау керек, соншама май көмірсутектен 4 есе көп, сонымен қатар 30-35 г ас тұзы, су және т.б. болу кажет. Үдемелі жүктемелер кезіндегі рацион Орташа және орташадан жоғары үдемелі жүктеме кезінде адам организмнің күш жұмсауы күніне 3200 ден 4000 ккал құрайды. Төтенше жүктеме кезінде жұмсалатын күш 4600-5000 ккал дейін көтеріледі. Сондықтан тағам рационы организмге қажетті барлық элементтен тұратын әртүрлі өнімдерден құрылуы керек. Тағам рационы орман өнімдерімен (саңырауқұлақтар, жидектер, жабайы ағаштардың жемістері), ауланған аң, балық өнімдерімен толықтырылуы мүмкін. Тағам өнімдерін тұтыну белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асады, ыстық асты күніне мүмкіндігінше екі – үш рет және бір мезгілде ішкен пайдалы. Түскі асқа күндізгі рационнан 40%, таңертеңгі асқа - 35%, кешкі асқа - 25% жұмсалады. Ауыз суды пайдаланудың тәртібі Жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейін ұстау үшін құтқарушы ауыз суды оңтайлы пайдалануы қажет. Организм жоғалтқан судың орны толтырылуы керек, әйтпесе дененің құрғауы басталады. Адам 1-2% массаға тең суды жоғалтса, денені қатты шөл қысады; 3-5% жоғалтса, лоқсу, қысылу, селқостық, шаршау болады; 10% жоғалтса, организм де қайтымсыз өзгеріс пайда болады; 20% жоғалтса, адам өледі. Су мұқтаждығы жұмыстың орындалу қарқынына, температураға және ауа ылғалдығы мен адам денесінің массасына байланысты. Біркелкі температурадағы аудандарда шектеулі күш жұмсау кезінде суды тәулігіне тұтыну 1,5-2,0 л, шөл және шөлейт аймақтарда 4-6 л және одан да жоғары болады. Артық күш жұмсау мен жүйке ауыртпалығы кезінде суды тұтыну 2-3 есе артады. Табиғи және жасанды су айдындарындағы су қауіпсіз пайдаланудың талаптарын қанағаттандырмайды. Сондықтан оны пайдаланар алдында қайнатқан дұрыс. Ластанған немесе лайланған суды қайнатар алдында марганцовкалы қышқыл калийімен немесе арнайы препараттармен тазалау керек. Сонымен қатар суды дымқыл жерді терең қазып, нығыздалған мата мен арнайы сүзгіштерді қолдана отырып, сүзуге болады. Егер су шамадан тыс ащы болса (теңіз, тұзды көл), онда оны булау мен конденсация тәсілі арқылы тұщыландыру керек. Тұз жетіспеген суларға (биік тау су айдындары, тау көлдері) тұз салуға болады. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Теңестірілген тағам түсінігі 2. Үдемелі жүктемелер кезіндегі рацион 3. Ауыз суды пайдаланудың тәртібі №6 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Авиациялық көліктегі іздестіру – құтқару жұмыстары Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Жоспар: Жердің әуе кеңістігінде үнемі мыңдаған ұшқыш аппараттар жүреді (ұшақтар, тік ұшақтар, әуе шарлары, дельтапландар). Олар жолаушыларды, жүктерді тасиды, ғылыми, әскери және арнайы тапсырмаларды орындайды. Жыл сайынғы статистика ТЖ – ның авиакөліктерде кездесетін жағдайларының мыңдап саналатынын куәландырады. 1996 жылы адамдар әлемінде теракт салдарларын және кеңестік кезенде шығарылған ұшақтардағы апаттарды есептемегенде, соңғы он жылдың ішінде авиа апаттан қайтыс болғандар саны 1187 адамды құрады. Авиа көлікте ТЖ пайда болуы және санының өсу ерекшілігі авиа құралдардың үлкен жылдамдықта қозғалуынан, олардың бортында жанар май мөлшерінің көптігі мен жарылғыш заттардың болуынан, адамдардың салонның бекітулі кеңістігінде болуынан, апатқа ұшырайтын әуе кемесінде қауіпсіздікті сақтайтын тиімді шаралардың болмауынан. Авиа көліктердегі ТЖ кезінде жарақаттанудың және қаза болудың негізгі факторы, соққыдан және өрттен пайда болған күштер болып табылады. Авиациядағы ТЖ себептері жарылыстар, өрттер, ұшу – қону алқабынан шығып кетуі, әуе кемесінің құлаулары. Ұшудың қауіпсіздігі: • жобалауды қатал регламенттеумен, құрылулармен, әуе кемесін сынаумен және әуе кемесін, авиациялық двигателдер мен жабдықтарды сертификаттаумен; • техникалық талаптың толық тізімімен және әуе кемесінің, олардың элементтерінің, жүйелерінің, агрегаттарының және жабдықтарының нормативті сипаттамасымен; • оларды дайындау және қызмет көрсету жөніндегі міндетті ережелері тізімімен бірге, әуе кемесін пайдаланудың техникалық жүйесімен; • әуежайға, аэродрамдарға, эуе жолдарға техникалық талаптармен және нормативтермен; • әуе қозғалысын басқару ұйымының ережелерімен; • авиақозғалысын қамтамасыз ететін, метеоқызметінің жұмыс тәртібімен; • авиа окиғаларды тексеру жүйесімен қамтамасыз етіледі. Авиакөліктегі ТЖ – ны төмендету жөнінідегі тұрақты жұмысқа қарамастан әуе кемесінде авариялар мен апаттар жиі кездеседі. Олар авиа тұрақта, ұшу кезінде, отыруға кіру кезінде, отыру кезінде болады. Авиакөліктегі ТЖ – ның негізгі бөлігі (шамамен 80%) әуежай ауданында болады (тұрақ, ұшу, қонуға кіру, қону). Бұл жерде авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуді – диспетчерлік, старттық, өрттен – құтқару, медициналық, инженерлік, мамандандырылған көліктер, тасымалдаушы, полициялар, АҚҚ сияқты әрбір қызметтің есептемелері кіретін авариялық – құтқару командалары (АҚК) жүзеге асырады. Әуе кемесінен авария туралы ақпарат алған соң АҚҚ шұғыл жұмысқа кірісуге міндетті. Авиа апатта құрбан болғандардың саны тікелей әуе кемесінің қирау дәрежесіне, жылудан зақымдануына және өрт кезіндегі тұншығуға, жоғары орналасқан жүктесіктер арқылы борттан құлаған жүктердің адамдарды жарақаттауына, жолаушылар іс – қимылының ұйымшылдығына және үйлесілімділігіне, экипажға, құтқарушыларға байланысты. Авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуге, оларды көшіруге тіпті мүмкіндік бермейтін үрейлі дүрбелең бөгет жасайды. Авиакөліктегі ТЖ кезінде адамдарды құтқару жөніндегі алғашқы шаралар, оларды көшірумен байланысты. Әртүрлі топтағы әуе кемесіндегі көшіру мүмкіндігінің бір — бірінен айырмашылығы бар. Олар салон-ардың құастырылуына, жолаушылардың санына, қолда бар запасқа жэнс аварияльщ шығуларға, оларды жұмысқа дайындау уакытына байланысты. Халықаралық заматтық авиация ұйымының талабына сәйкес (ИКАО) барлық жолаушылар ТЖ жағдайында борттың бір жағында орналасқан шығу жолы арқылы 90 сек ішінде әуе кемесін тастап кетулері қажет. Апаттық жағдай кезінде барлық негізгі, қызметтік, запас есіктер адмдарды көшіру үшін пайдаланылуы қажет. Ол экипаж кабинасында арнайы жүктесіктерді, құтқарушылар жасаған жүк тесіктерді, желдеткіштерді бұзу арқылы жүзеге асуы мүмкін. Авариялық шығу құлпының конструкциялары салонның ішінен қалай ашылса сыртынан да олардың солай ашылу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Шығғатын есікті іш жағынан экипаж мүшелері немесе жолаушылар ашады. Бұл жұмысты сыртынан құтқарушылар орындайды. Олар авариялық шығуға жылжымалы басқыш, арнайы автокөліктік құралдар алып келеді, арқан жүйелерін іледі. Апаттық шығу есіктерінде құлып тұтқалары қарапайым орнатылған олар көрініп тұрады және ашу кезінде үлкен күшті қажет етпейді. Кейде өрт салдарынан пайда болған фюзеляждың өзгеріске ұшырауы және жоғарығы температура есіктердің және қол тесіктердің сыналасуына әкеледі. Бұндай жағдайда құтқарушъшар фюзеляжды ашуға кіріседі. Фюзсляждың барлық ұзындығына үлкен қысымдағы электр өткізгіш және құбыр жүргізетін гидрожүйелер қойылғандықтан ашу орнына еркін жете алмайды. Олардың зақымдануы косымша қиындықтарға алып келуі мүмкін. Ашудың қолайлы орындары фюзеляжда ақ фонда сары түсті тұмаршалармен (бұрыштармен) белгіленген. Ашылу дискілі араларды, электр өңдейтін машиналарды, арнайы қысқыштарды және балталарды қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл жұмыстарды тез және барлық сақтану шараларын қадағалай отырып жүргізу керек. Әуе кемесінің бортынан көшіру ТЖ кезінде әуе кемесінің бортынан адамдарды және экипаж мүшелерін көшіру жылжымалы басқыштарды және өрт сатыларын, ірі автомобильдердің сыртқы қабын, арқан жүйелерін қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Әуе кемесінің өзінде сонымен қатар, шығатын есік жанында көшіруге арналған арнайы құралдар бар: үрленген басқыштар, матадан жасалған науа, құтқару арқандары. [pic] ТН – 2 үрленген басқыштары (Ил – 62) кіретін есік алдындағы люктің астында немесе (Ту – 154) лақтырмалы платформасында, ТН – 3 басқышы алдыңғы кіру есігінің лақтырмалы платформасына орналасады. ТН – 2 (ТН – 3) үрленген басқышын жұмыс жағдайына алып келу үшін (Ил – 62) люгінің астындағы авариялық есікті ашу қажет, басқышты суыру және люкке бекіту қажет. Ту – 154 ке және Ту – 134-ке авариялық шығу алдындағы еденге басқыш бекітілген төсемді тастау керек, екі тотыққан көміртекті баллонға және басқышқа бұралған, біріктіретін шланг жарылған жоқпа немесе айналып кетпеді ме соны тексерген жөн, содан кейін басқышты қабымен кеменің сыртына шығару керек. Басқышты түзулегеннен кейін тұтқамен екі тотыққан көміртек баллон винтеліне мықтап бұрау керек. Басқыш 10-12 с ішінде газға толады және жұмыс жағдайы ұшақтан жерге дейін 45-50° бұрышты алады. ТН – 2 пен және ТН – З пен кем дегенде 2 адам басқышпен бір уақытта қатар түсуге рұқсат етіледі. Бір үрленген басқыштың жіберу қабілеті 2,5-3,0 минутта 100 адам. Матадан жасалған науа, ереже бойынша, шамамен фюзеляждың оң жағындағы шығатын жерінде: Ил – 2 нің люгі астындағы еденде, Ту – 154 тің шығуға жақын багаждағы сөреде, Ту – 134 тің экипаж гардеробында болуы тиіс. Матадан жасалған науа тартпа шұғыл көшіру кезінде қызметтік және запас шығулар арқылы адамдарды жерге түсіреді. Ол қоспалы матадан жасалған «қаптық жамылғы – шатыр». Есікті (люкті) ашқаннан кейін науаны қаптан шығару керек және науаның ілмектерін есіктің үстіңгі және төменгі бөлігіне іліп қою керек. Науаны жерге тастап, әуе кемесінен кенеп матаны 4-5 м созып тартады. 2 (Ту – 134) немесе 4 (Ту – 154) ілмектерінен ұстап тұрып жолаушыларды төмен түсіреді. Матадан жасалған науамен оның міндетті түрде сақтануымен, бір уақытта 1 адамнан түсіруге рұқсат етіледі. Әрбір авариялық шығуда, сонымен қатар экипаж кабинасындағы желдеткіштің үстінде немесе люктерде фюзеляждың тіреуішіне бекітілген құтқарушы арқандар бар. Желдеткішті немесе люктерді ашып арқан сыртқа шығарылады. Ил – 86 және Як – 42 ге жолаушыларды және экипаж мүшелерін авариялық көшіруге арналған авариялық есіктер бар, олардың ішінде үрлеген басқыштар болады. Есіктердін авариялық ашылуы барысында контейнерлерден баллоннан ауамен толтырылып үрленген науа автоматты түрде шығады. Ил – 86 да екі жолды басқыш бір уақытта әуе кемесінен шығуы мүмкін және басқышпен 4 адам қатар жүре алады. Як – 42 та бір жолды басқыш, бір уақытта басқышта 2 адам қатар жүре алуы мүмкін. Авариялық көшіру кезінде құтқарушылар экипажбен бірге жолаушыларға көмек көрсетеді және олардың сақтануын қамтамасыз етеді. Бірінші кезекте балаларды, әйелдерді, қарт адамдарды көшіреді, тек содан кейін барлық қалғандарын көшіреді. Адамдарды зақымданған үрлеген басқыштармен немесе науалармен не болмаса олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін басқа да қауіпті факторлар кезінде көшіруге болмайды. Ессіз жатқан немесе ауыр дене жарақатын алған жолаушыларды зембілмен, брезентпен, қалқанмен абайлап шығарады және арқанның көмегімен жерге түсіреді. Көшіруді аяқтағаннан кейін құтқарушылар жолаушылар салонындағы жабық орындарды және экипаж кабиналарын, сонымен қатар ас үйді. гардеробтарды, санитарлық – гигиеналық және жүк бөлмелерін және экипаж құрамын тексереді, әйтпесе оларды құтқарылғандардың мәліметтерімен салыстырады және тарату кезінде зардап шеккендерді тапқанға дейін іздеуді жалғастырады. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Авиа көліктердегі ТЖ кезінде жарақаттанудың негізгі факторы 2. Авариялық – құтқару командаларының міндеттер 3. Авиакөліктегі ТЖ кезінде адамдарды құтқару жөніндегі алғашқы шаралар 4. Әуе кемесінің бортынан көшіру №7 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Теміржол көлігінде ІҚЖ жүргізу Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Жоспар: Теміржол адамдар үшін потенциалді қауіп төндіреді. Бұл қауіпті жүктерді тасымалдаумен, олардың поезға, станцияға, қоймаларға жиналуына, локомотивтерге ЖЖМ отын түрінде пайдалануға байланысты. Барлық жоғарыда айтып кеткен факторлар теміржол көлігінде әртүрлі авариялар мен апаттардың болуына әкеледі. Теміржолдағы ТЖ ретінде түсіндірілетіндер: жылжымалы составтың жолдан шығуы, құлау, апаттар, өрттер, жарылстар, қауіпті жүктердің жойылуы және өлімге, жарақаттануға, улануға, эгологиялық шығынға ұшыратуға алып келетін басқа да оқиғалар. Көлік жүйесіндегі жетекші орынға теміржол көлігі тиесілі. Қазақстанның темір жолымен арнайы құрамдағы мыңдаған жүктер, жолаушылар жүріп тұрады. Теміржол көлігі құрамына: • теміржол төсемдері (рельстер, шпалдар, бұру тетіктері); • теміржол құрамы (локомотивтер, вагондар, цистерналар, платформалар); • теміржол депосы (жөндеу шеберханалары, қоймалық ғимараттар, запас жолдар), теміржол вокзалдары кіреді. Теміржол көлігінің ерекше сипатына: • жылжымалы составтың үлкен массасы жатады. Жүк поезінің жалпы массасы шамамен 5 мың.т, жолаушылар составының массасы шамамен 1 мың. т, цистернаның массасы - 80-100 т.; • составтағы вагонның санын анықтау: жолаушылар тасымалдайтын поездарда ортамен 16, жүк поезында 75. Составтағы вагонның ең көп саны – 110; • жоғары кернеулі электртоғы (30 кВ дейін), жылжу составының жоғары жылдамдығы, жолдың қауіпті учаскелері (көпірлер,тоннелдер, еңістер, өрлер); • қолда бар адамдар факторы (локомотивті басқару, құрамдарды іріктеу, диспеичерлік қызмет ету); Теміржол көлігіндегі ТЖ туралы ақпаратты телефон байланысы арқылы немесе поезд бастығы арқылы жақын арадағы кезекшіге хабарлайды. Апат орнына құтқарушылар келгенде: • барлау жүргізіледі және жағдайды бағалайды; • қауіпті аймақ шекарасын анықтайды және оған қоршау орнатады; • зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ІҚЖ жүргізіледі; • ТЖ зардабын жояды (ТЖ көздерін жою, өртті сөндіру және т.б.). Жолаушыларды тасу кезінде ТЖ зардабын жою Адамдарды темір жол арқылы тасымалдау үшін 160 адам сиятын жолаушылар вагоны қолданылады. Вагонның ұзындығы 24 м, ені-3,5 м, массасы 50 т екі есікпен қамтылған. Олар үш қырлы немесе төрт қырлы дөңбекті кілтпен ашылатын арнайы құлыптармен жабдықталған. Кіретін есіктер вагонның ішіне қарай ашылады. Вагонның ішіндегі өтетін жердің ені 110 см құрайды. Вагон электр жабдық, желдеткіш, жылу жабдық жүйелерімен жабдықталған. Жолаушылар үшін поездың кенеттен тоқтауы және вагондардың аударылуы қауіп төндіреді. Сонымен қатар жолаушылардың текшеден құлаулары, олардың жарақаттануы болады. Әдеттегі жарақаттарға денені соғып алу, сынықтар, бас миының шайқалуы, дене бөлігінің басылып қалуы жатады. Вагондағы зардап шегушілерге көмек көрсету үшін құтқарушылар: • вагонға кіретін есіктен, терезе ойығынан және арнайы жасалған люктер арқылы кіруге; • зардап шегушілерді іздеуге, олардың босатылуын және көшірілуін ұйымдастыруға; • зардап шеккендерге бірінші медициналық көмекті ұйымдастыруға міндетті. Құтқарушылардың вагонға енуі кіретін есік арқылы оларды вагонның сыртынан немесе ішінен ашқаннан кейін жүзеге асырады. Олар сыналасып қалған жағдайда сүймен, ауыр балға, кескіш, механикаландырылған құралдар қолданылады. Вагонға терезе ойығы арқылы кіру үшін сүйеп қоятын және ілінетін сатылар, арқандар пайдаланылады. Құтқарушылар терезеге бір – бірінің үстіне шығып немесе біреуі келесісінің қолынан тартып кіре алады. Мұнда ерекше қауіпті терезе әйнегінің кесектері тудырады, оларды міндетті түрде алып тастаулары керек. Вагонға кіргеннен кейін құтқарушылар купе есіктерін ашуға, іздеуге, көшіруге, зардап шеккендерге көмек көрсетуге кіріседі. [pic] Құтқарушылардың жолаушылар вагонына кірулері: 1 – есік арқылы, 2 – арқанның көмегімен, 3 – сатымен, 4 – бір – бірінің көмегімен, 5 – люк арқылы Вагонның астында қалған адамдарды құтқару үшін оны, қажет болған жағдайда көтереді. Бұл жұмыстар жүк көтеретін кранның немесе арнайы жүк көтеретін үлкен домкраттың көмегімен орындалады. Кейде зардап шеккендерді вагонның астынан тиісті жерді қазып немесе құрылысқа ойық жасап шығарады. Адамдар үшін жолаушылар вагонында болған өрт ерекше қауіп төндіреді. Ішкі бөлмеде қолданылатын тез жанатын және жанғыш материалдарды (ағаш, пластмассалар, бояғыш заттар) электр өткізгіштер вагонның отқа тез орануына ықпал етеді. Жолаушылар поездындағы өрт тез таралады. Кейде вагондарды бірінен кейін бірін алады. Әсіресе бұл поезд жүріп бара жатқан уақытта жиі кездеседі. Вагон дәлізіндегі өрттің таралу жылдамдығы 5м/мин, купеде-2,5м/мин құрайды. Сөйтіп 15-20 минут ішіңде вагон толығымен жалынға оранады: ондағы жану температурасы 950 °С жетеді, ал жолаушыларды көшіруге тек қана 1,5-2,0 минут қалады. Қатты жанғыш материалдар жанған кезде вагон едені өртенеді ол 15-20 мин. Қатты жанатын жанғыш материалдардың жану жалынының биіктігі 10 см жетеді, жалынның температурасы 1100 °С, өрттің жану жылдамдығы 1,4м/мин құрайды. Тепловоздардағы өрт үлкен мөлшердегі отынның болуымен қиындай түседі (5-6т) және жағатын материалдар (1,5-2,0 т). Өрт кезінде жолаушылар вагонында өрт барысында болатын зақымдану факторлары болып, жоғары температура, тіктеп жанатын от, уландырғыш заттар табылады. Осының бәрі үрейлі дүрбеленді күшейтеді. Жолаушылар поезындағы өрт кезінде құтқарушылардың негізгі міндеті барлық зардап шеккендерді жедел іздестіруді және оларды вагоннан қауіпсіз орынға көшіруді жүргізу, қозғалу уақытында жанып жатқан составты тастап кеткендсрді іздеп табу, өртті жоюға қатысу. Жолаушылар вагонындағы жарылыстар ТЖ бір түрі болып табылады. Олар адамдардың жарақаттануына және қаза болуына, өрттің шығуына, жылжымалы составтың аударылуына және жолдардың бұзылуына әкеледі. Жарылудың себебі жарылу қаупі бар заттарды тасымалдауда ережені бұзу, тексеру жолында (төменде) жарылу қаупі бар қоспаның, лаңкестік актіні тергеу құрамының пайда болуы. Кейде жолаушылар поезі қар үйінділерімен, топырақтармен, құлаған тастармен, көшкіндермен, сел тасқындарымен, сумен жабылады. Мұндай жағдайда зардап шеккендерді босату үшін және оларға көмек көрсету үшін шұғыл шара қолдану қажет. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Апат орнына құтқарушылар келгендегі алғашқы іс әрекетері 2. Жолаушыларды тасу кезінде ТЖ зардабын жою 3. Құтқарушылардың вагонға енуі 4. Вагонның астында қалған адамдарды құтқару №8 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Автомобиль көлігінде ІҚЖ жүргізу Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Жоспар: Көліктің барлық түрінің ішінен қайғылы зардап пен материалдық зиянға көп ұшырайтыны саны жағынан автомобиль көлігінің еншісінде. Дүние жүзілік денсаулық сактау ұйымының мәліметі бойынша авто жолдарда аврияның және апаттың нәтижесінде жыл сайын әлемде 300 мыңнан көп адам қаза болады, шамамен 8 млн. адам жарақат алады. Соңғы жылдағы әлемдік статистика мұндай ТЖ зардабының ауырлығын және тенденцияның өсу санының тұрақтылығын дәлелдейді. Қазақстан Республикасында жыл сайын автожолда 3 мыңнан астам адам қаза болады. Автокөліктердегі ТЖ негізгі себебі болып соғысу (37,9%), аударылу (16,1 %), басқада оқиғалар (8,9%). Қалаларда және елді мекендерде 60%, тас жолдарда 40% авариялар мен апаттар болады, тас жолдарда автомобильдер көбінесе аударылады, қалаларда және елді мекендерде соқтығысады. Тас жолдардағы ТЖ зардабы, ереже бойынша, елді мекендерге және қалаларға қарағанда ауырырақ. Көбінесе ТЖ шілде – қыркүйек айларында (қарбалас кез – тамыз). Автокөліктердегі ТЖ негізгі сипаттамасы – тосыннан болуы, көлік құралының кілт тоқтауы, оның өзгеруі, есіктердің сыналануы. Кейбір жағдайларда автомобиль авариялары жарылыстармен, өрттермен, уландыратын заттардың төгілуімен, автомобилдердің құзға, суға түсуімен сипатталады. Автокөлік құралдарының көшкіннің, сел тасқынының, қар басып қалу және құлаған тастардың астында қалу жағдайлары жиі болады. Бұл ТЖ ауыр және қайғылы зардаптармен ерекшеленеді. Автокөліктердегі авария адамдардың жарақаттануына және қаза болуына әкеледі. Автожолдағы ТЖ – кенеттен болған динамикалық соққының салдарынан, жарылыстан, өрттен болатын әдеттегі жарақат – бұған жаралап алу, сүйектердің сынуы, бас миының шайқалуы, ішкі ағзалардың зақымдануы, күйіктер жатады. Автокөлікте ТЖ ішінен ең жиі кездесетіні (қарама – қарсы, бүйір жағымен, жанама) соқтығысу болып табылады. Кез – келген соқтығысу автомобилдердің қарама – қарсы келген қозғалысында болады. Ол көлік құралының алдыңғы (лобовой) бөлігінің пішінінің өзгеруіне, қозғалыстың күрт тоқтауына, есіктердің сыналасуына, салондағы немесе кабинадағы адамдардың қысылысуына (сығылысуына), әйнектердің тұтас сынуына әкеп соқтырады. Көлік құралы түрінің өзгеру дәрежесі және кабинадағы немесе салондағы адамдардың жарақаттану деңгейі қозғалыстың жылдамдығына және соғысқан автомобильдің массасына байланысты. 60 км/с жылдамдықта келе жатқан екі жеңіл автомобиль қарама – қарсы соғысқан кезінде алдыңғы бөліктің түрі өзгереді: жүргізуші рульге, ал жолаушы салонның элементтеріне қысылып, басылып қалады. Автомобильдің ұзындығы 0,5 м азаяды. Ал жылдамдықтың 120 км/с ұлғаюы автомобилдердің барлық жан – жағынын түрін өзгертуге және салон ішіндегі адамдардың қысылып басылуына әкеледі. Бүйірімен соқтығысу – бір автомобильдің келесісінің бүйір бұрышының кез – келген бөлігін соғу. Мұның нәтижесі – есіктердің және кузовтардың түрін өзгертуге, адамдардың қысылып, басылуына әкеледі. Кейде бүйірінен соққы алған автомобиль аударылады. Бүйір соқтығысуы соққы болған салон жақтағы адамдар үшін қауіпті. Жанама соқтығысу қарама – қарсы немесе бір бағытта қозғалған кезде болады. Автомобильдер бүйір жағымен соқтығысады. Сонымен қатар адамдар жарақаттанады, көліктің үстіңгі бүйір жақтарының пішіні өзгереді. Қағу қозғалмайтын (бағана, ағаш, қабырға, дуал, автомобиль) немесе қозғалатын (автомобиль, поезд, трамвай, трактор, велосипед) заттарды барып соғу. Оның сипаттамасы автомобильдің кенеттен тоқтауы, күшті динамикалық соққының пайда болуы, бұл автомобилдің алдыңғы бөлігін зақымдап, салон мен кабинадағы адамдардың жарақат алуына алып келеді. Кей жағдайларда поезға, трамвайға, тролейбусқа және автомобильге соқтығысу ТЖ себебі болып табылады. Бұл авариялар ауыр зардаптарға алып келеді. Аударылу – автокөліктерде өте жиі кездесетін ТЖ – ның бірі. Ол бүйірден соғудың, кілт бұрылудың, автомобильдің жолдың шетіндегі (бойындағы) жардың бетіне шығып кетуінің салдарынан болады. Автомобиль бүйірімен немесе төбесімен аударылады. Әсіресе автомобиль бірнеше рет аударылғанда қауіпті. Бұл сыртының, төбесінің едәуір зақымдануына, салондағы адамдардың қысылып қалуына, олардың жерге құлауына және басылуына, бензиннің төгілуіне, жарылысқа, өртке алып келеді. Авариялар мен апаттардың қауіп төндіретін мөлшерлері уларды, радиациялық – қауіпті, өрт және жарылу қаупі бар өнімдерді таситын арнайы автокөліктерді есепке алып қабылданады. Мұндай авариялар мен апаттардың ерекшелігі – жарылыстар және төгілулерден кейін адамдардың жарақат алуымен және қаза болуымен қатар, қоршаған табиғи ортаның ластануы мүмкін. Автокөліктердегі ТЖ зардабын жою кезіндегі ІҚЖ жүргізу үшін құтқарушыларда өрт сөндіру саймандары, жабдықтар, көтеруге арналған машиналар, ауыр заттарды көмкеру және ауыстыру, әртүрлі металл кескіндерін кесу, зардап шеккендерді және автокөліктерді іздеу құралдары, жарықтандыру, байланыс, қорғау, зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, оларды көшіру, тіршілігін қамтамасыз ету, су астындағы жұмыстар, қауіпті заттарды жинастыру және залалсыздандыру құралдары болу керек. Кейбір жағдайда жұмыстар альпинистік жабдықтарды пайдаланып жүргізіледі. Ереже бойынша, автомобильдік ТЖ жолда немесе оған тікелей жақын жерде болады. Бұл құтқарушылардың және арнайы техникалардың тікелей жұмыс орнына тез жетуін және олардың шұғыл жүргізіуін қамтамасыз етеді. Көлік құралдары қар көшкініне, сел тасқынына, тас құлауларға, опырылуларға, күртік қарға тап болғанда, сонымен бірге жолда автокөлік кептемесі болған жағдайда кешігулер болады. Зардап шеккендерге көмек көрсетудегі құтқарушылардың іс – қимылдары Авария кезінде адамдар автомобильдің салонынан немесе кабинасынан шығып кете алмайтын жағдай жиі болады. Олар салонның алдыңғы немесе бүйір жағына, креслоның арқасына, тағандарға және қалқаларға қысылып қалады. Мұндай жағдайда ең әуелі көмек қысылмаған, тек автомобиль салонына қамалып қалғандарға көрсетіледі. Олар салоннан терезе ойықтары, люктер, есіктер арқылы өз беттерімен немесе құтқарушылардың көмегімен шығып кете алады. Содан кейін құтқарушылар көлік құралына қысылып қалған адамдарды құтқаруға кіріседі. Болған оқиғаларға байланысты табақ және темірлер, әртүрлі кескінді металдар жылжиды, тағандар, қалқалар, орындықтар қысылып қалады. Сыртына, төбесіне, астына саңылаулар салынады, жекелеген жағдайларда төбесі толығымен алынып тасталады. Бұл жұмыстар механикаландырылған техниканың көмегімен орындалады, ал ол болмаған кезде сүймен, ауыр балға, балта, қысқыш, жинағыш, сонымен бірге қолға іліккен құралдар – құбыр кесегі, тас пайдаланылады. Зардап шеккендерді автомобильдің астынан шығарып алу Автомобильдің астында қалған зардап шеккендерге көмек көрсету үшін екі негізгі әдіс қолданылады: • автомобильді арнайы жүк көтеретін механизімнің және жабдықтардың (автокран, көтергіш, домкрат, иінтірек) немесе қолмен бірнеше құтқарушылардың көмегімен көтереді; • жер асты жолын салады. Зардап шегушіні автомобильдің астынан шығарып алу: 1 – иінтіректің көмегімен; 2 – кранмен; 3 – қолмен; 4 – домкратпен; 5 – қазу жолымен. [pic] Егер автомобиль көлігінде ТЖ кезінде өрт шықса, онда құтқарушылар тез арада оларда бар барлық өрт сөндіретін құралдарды пайдаланып оны жоюға кірісуге міндетті. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Автокөліктердегі ТЖ негізгі сипаттамасы 2. Автокөліктердегі ТЖ негізгі себебі 3. Автокөліктердегі ТЖ зардабын жою кезіндегі ІҚЖ жүргізу 4. Зардап шеккендерге көмек көрсетудегі құтқарушылардың іс – қимылдары 5. Зардап шеккендерді автомобильдің астынан шығарып алу №9 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Су көліктеріндегі ІҚЖ Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Жоспар: Жер шарының төрттен үшін мұхит, теңіз, көл, өзен сулары алып жатыр. Дүние жүзілік мұхит суларын жүктерді, жолаушыларды таситын, арнайы тапсырмаларды орындайтын әртүрлі мыңдаған су және су асты жүзу құралдары. Су көліктерінің ең негізгі түрі мыналар: құйылатын өнімдерді, сусымалы жүктерді, жолаушыларды және арнайы таситын кемелер. Қазіргі заман флоты жаңа электронды навигациялық және радиолокациалық аспаптармен, суда кеменің орнықтылығын жүйелермен демеу, яғни кеменің судағы жағдайының сенімділігі мен сыртқы күшке қарсы тұру қабілеттілігімен, басқа да қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырылған. Осыған қарамастан судың беті осы күнге дейін апаттық жағдайға ұшыраған адамдардың қаза болуының негізгі көзі болып келеді. Есептей келгенде, барлық әлемде теңізде және мұхитта жыл сайын 200 мыңнан артық адам қаза болады екен. Суда орын алған ТЖ – ның барлығы өзіне тән ерекшеліктерге негізделген, атап айтқанда: тағайындалу жағынан, эксплуатациялық сипатымен, жылжу жылдамдығымен бір – бірінен әр түрлілігімен ерекшелінетін судың көлік құралдары; су апатының жиі әсер етуі; тексеру жолына кемелердің ұзақ келуі; үлкен мөлшермен бір уақытта қауіпті зиянды өнімдерді тасымалдау. Су транспортындағы ТЖ негізгі себебі болып: аударыла теңселуімен орнықтылығын жойып, кеменің бортқа немесе толқынға қарай құлауы; кеменің қалқығыштығының жоғалуы; басқа кемемен немесе бөгетке соқтығысу (рифтерге, су астындағы жартасқа, мұнай платформаларына, айсбергке); өрттер мен жарылыстар; апатқа ұшыраған кемеден жанар – жағар май өнімдері және ҚӘУЗ судың бетіне ағуы; адамның борттан құлауы. Апатқа ұшыраған кеме судың бетінде, қайыранда тұрып қалуы, жағаға шығып қалуы, батып кетуі мүмкін. Сонымен қатар зардап шегушілер соның бортында, құтқаратын жүзу құралдарында, суда, судың астында қалулары мүмкін. Су көлігінде апаттың негізгі дабылы ТЖ орнының координаттарын көрсете отырып Халықаралық көмекке шақыру – дабылы SOS. Бұл дабылды алғаннан кейін апат ауданына жақын жүрген кемелер көмек көрсету үшін соған қарай беттейді, ал қажет болған жағдайда құтқарушы кемесін жібереді. Кеме жағадан алыс емес, көрінетін жерде апатка ұшыраған жағдайда оптикалық құралдарды пайдаланады (дүрбі, ұзын дүрбі, перископ) не болмаса дыбысты және дыбысты дабыл алу арқылы анықталады. Кеменің батқан орны шамамен жергілікті бағытпен анықталады. ТЖ ауданындағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін, құтқарушы кеме солай қарай жылдам беттейді. Кейде апатқа ұшыраған кеме қауiп дабылын бере алмайды. Ол егер белгіленген уақытта байланысқа шықпаса, жоғалды деп есептеледі. Бұдан кейін соңғы байланысқа шыккан ауданға іздеуші кемелер жіберіледі олар кеменің соңғы байланысқа шыққан уақытынан қаншалықты жерге кетуі мүмкін болатын жерлердің барлық аумақтарын тексереді. ІҚЖ құтқарушы кемелері, авиация, ғарыштық спутниктер жұмылдырылады. ІҚЖ жедел ұйымдастыру жәнс жүргізу мақсатында келесі ақпаратты білу қажет: • ТЖ орнын, кеменің түрін, жүктің сипатын, борттағы адамдардың санын, олардың орнын және жалпы жағдайын; • кеменің жағдайын; • зардаптың себебін және ТЖ болуы мүмкін түрлерін. Құтқарушыларды ІҚЖ орнына жеткізу катерлермен, қайықтармен, яхталармен немесе әуемен – тікұшақтармен, гидропландармен, экранопландармен жүзеге асырылады. Құтқарушылар апат аймағындағы еш құтқару құралдары жоқ, судағы зардап шеккендерді тездетіп құтқаруға кіріседі; содан кейін – судың бетінде әртүрлі заттардың көмегімен тұрғандарды, жеке құтқарушы құралдарымен киінгендерді; одан ары кімдер топталған құтқарушы құралдарында болса, соларға көмек көрсетіледі. Адамдарды құтқару кемелерінің немесе тікұшақтың бортына арқанның (жіптің) немесе желілердің көмегімен көтереді. Бұл жұмыстарды шұғыл жүргізудің қажеттілігі адам организміндегі жоғары дәрежелі жылуға судың кері әсер етуімен байланысты. Апатқа ұшыраған кемеге өту. Шынжыр арқан. Құтқарушылар судағы зардап шеккендерге көмек көрсетіп болғаннан кейін, апатқа ұшыраған кемеге бірнеше тәсіл арқылы өтуді жүзеге асырады: • сатымен (негізгі, кіре беріс, лоцман, дауылдан қорғайтын саты) және көпірмен,арқанмен, арнайы тор мен кәрзеңкелерді пайдаланып; • иллюминатор арқылы, арнайы жасалған люк арқылы; • тікұшақты пайдаланып. Басқышпен қозғалу кезінде: • аяқты алмастыра отырып, оған адамдардың жиналуына жол бермей; • адамдар легінің қарсы келу мүмкіндігін туғызбай. • Кеменің бортынан дауылдан қорғайтын сатымен, арқанмен, тормен түсу кезінде құтқарушылар, палубадағы 2 адамды көтере алатын арқанмен сақтанады. Зардап шеккендерді құтқару және ауыстырып тиеу жұмыстарын жүргізу кемені болат арқанмен байлап жүзеге асырылады. Оны жүзеге асырар алдында бортты сатылардан, кішкентай қайықтардан, арқандардан босатады. Арқандап байлауды болат арқан ұшының көмегімен жүргізеді. Болат арқанның ұшын мықтылап бекіту сенімді болу керек және ешқандай қиындықсыз құрал – сайман қолданбай тез шешу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. Болат арқанды байлап болғаннан кейін саты түсірілуі мүмкін. Адамдардың бір кемеден келесі кемеге өтуі арнайы көпірмен жүзеге асырылады. Өту орындарына көрсеткіш белгілер орнатылады, ал түнгі уақытта жарық түсіру ұйымдастырылады. Экипаж және құтқарушылар қатысатын көшіруді кеменің капитаны тікелей өзі басқарады. Арқандап байлау, адамдардың орнын ауыстыру және ауыстырып тиеу жұмыстары желдің күші 3 балдан және теңіздің толқыны 2 балдан жоғары емес болғанда орындалады (Біркелкі толқын. Толқынның биіктігі 0,25 – 0,75м). Зардап шеккендерді көшіру Арқандап байлауды жүргізу мүмкіндік болмаған жағдайда құтқарушылар кемеге қайықпен келеді және оның бортына лебедканың және арнайы тордың немесе дауылдан қорғайтын сатының көмегімен көтеріледі. Қайықтың өз бетімен еркін жүзіп кетуін болдырмау мақсатында және зардап шеккендерді қабылдау үшін онда екі құтқарушы қалады. Кемеге өткеннен кейін құтқарушылар зардап шеккендерге көмек көрсетуге және оларды суға түсетін немесе бортқа арқандап байланатын арнайы топтық жүзу құралдарына (қайықтарға, кішкентай қайықтарға, салға) көшіруге кіріседі. Зардап шеккендерді көшіру арнайы торларды, кәрзеңкелерді, тік ұшақтарды пайдалана отырып, саты, арқан арқылы жүзеге асырылады. Адамдардың жалпы салмағы олар отырған топтық жүзу құралының жүкті көтеру салмағынан асырылмау керек. Топтық жүк құралдарын жағаға немесе құтқарушылар кемесіне ауыстыру ескектің, желкеннің, мотордың немесе буксирдің көмегімен жүзеге асырылады. Жүзу құралында болған кезде тұруға, бортқа отыруға, жүзу құралын басқарғанда кедергі жасауға, апатқа ұшыраған кеменің бортынан жүзу құралын қолмен итеруге, жүзу құралын теңселтуге және өз бетімен оны тастап кетуге тиым салынады. Зардап шеккендердің жағаға шығуы көпірмен немесе тікелей құтқарушылардың көмегімен жүзеге асады. Зардап шеккендер құтқарушылардың кемесіне ең қауіпті тәсілдің бірімен көтеріледі. Егер құтқару жұмыстары түнде жүргізілсе, онда сатыларға, жүзу құралдарына, арқандарға жарық түсіруді қарастыру қажет. ІҚЖ кемеде жүргізу кезінде құтқарушыларға жабық орындарда жұмыс істеулеріне тура келеді. Мұндай жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жабық ғимараттар мұқият желдетілуі керек, ол жердегі ауа ортасының құрамын аспаптармен анықтап алу керек. Жабық ғимаратқа кіретін құтқарушы жіп байланатын сақтанатын белдік тағуға міндетті; оның екінші ұшын сыртта тұрған құтқарушы ұстап тұрады. Шұғыл жағдайда, желдетуге уақыт болмаса, жабық ғимаратқа кіру (тусу) тек қана оқшаулайтын костюммен немесе ауа кіретін шлангалы газ қағармен және міндетті түрде арқанды пайдалану арқылы жүзеге асуы мүмкін. Арқанның көмегімен берілетін негізгі дабылға келесілер жатады: Бақылаушыдан: бір рет жұлқу – «Өзіңді қалай сезінесің?» үш рет жұлқу – «Шық!» Жұмыс істеушіден: бір рет жұлқу – «Өзімді жақсы сезінемін!» екі peт жұлқу – «Ауа жетіспейді!» үш рет жұлқу «Шығамын, жеңімді ұста!» төрт және көп рет тарту – «Өз бетіммен шыға алмаймын!». Жарық жоқ ғимаратқа кіруге (түсуге) болмайды. Жарық түсіру үшін жарылуға қауіпсіз аккумуляторлы электр фонарьларын қолдану керек. Кеменің суға батып кеткен кезіндегі іс – әрекеттер Кеме суға батып кеткенде ІҚЖ және зардап шеккендерді босатуды құтқарушы – аквалангшы және құтқарушы сүңгуіршілер жүргізеді. Батып кеткен кемеге кіру үшін люктер, кіретін есіктер. ойықтар пайдаланылады. Сонымен қатар бөлмелерден ауаның шығып кетуіне жол бермеу керек. Егер кіретін есіктер және люктер сыпаланып қалса, онда оларды ашады. Кейбір жағдайда құткарушылар кеменің сыртқы қабын кеседі және түбіне жақын жерден гидравликалық қайшымен немесе газды кескішпен ойық жасайды. Кеме аударылған кезінде адамдар ішкі бөлмелерде қамалып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда құтқарушылар кеменің сыртын тарсылдатып, олармен байланыс орнатады, содан кейін оған гидро қайшының, электрлі араның, электрлі ажарлайтын машинаның көмегімен қажеттілігінше жылдамдатып ойық жасайды. Кемені судың үстінде ұстап тұрған ауа қорын сақтап қалу үшін құтқарушылар ойыққа ауа қоңырауын орнатады. Кемені қайраңға тұрғызу кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету, кеме сыртының герметикасын анықтау үшін кемеге су асты барлау жүргізу, кемені қайраңнан алу, бағытын анықтау, кемені жүктен босатуға қатысу, буксирді өткізу үшін кемені тарту жұмыстары орындалады. Кемені қайраңға тұрғызу кезінде тесіліп қалса, құтқарушылар зақымданған тесіктердің дәрежесін анықтайды, тесіктерді бітеуге кіріседі, корпустан суды сорып алады. Тесіктер корпустың ішкі жағынан жұмсақ пластырмен бекітіледі. Бұл үшін пластырды тесіктен су кеменің ішіне кіріп кетпейтіндей етіп бекітеді. Корпустан суды сорып алу кезінде сорғыштың күші тесікті пластырмен нығыздап тығындайды. Апатқа ұшыраған кеменің бортынан суды copy үшін құтқарушылар пайдалануға ыңғайлы жерге ауыстырылатын және орнатылатын батырымды сорғыны көтереді. Сорғылар құтқарушылар кемесіндегі электр қондырғылы күш беретін электр кабелімен жалғанады. Дауылды ауа райы кезінде электр кабелі қалтқының көмегімен судың бетіне қойылады. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Су транспортындағы ТЖ негізгі себебі 2. ІҚЖ жедел ұйымдастыру жәнс жүргізу мақсатында қандай ақпаратты білу қажет? 3. Апатқа ұшыраған кемеге өту 4. Арқанның көмегімен берілетін негізгі дабылдар 5. Кеменің суға батып кеткен кезіндегі іс – әрекеттер 6. Зардап шеккендерді көшіру №10 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Аспалы арқан жолдар Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Жоспар: Таулы, ойлы – қырлы және өтуге қиын жерлерде адамдар мен жүктерді тасымалдау үшін аспалы арқан жолдар пайдаланылады. Олар бір және екі арқанды айналмалы және вагоншаның маятникті козғалысы сияқты болады. Жолаушылардың арқанды жолдарында әртүрлі мөлшерге есептелген арнайы жолаушылар вагоны пайдаланылады (4 – тен 100 - дейін). Мұндай жолдың созыңқылығы – бірнеше километр, ал көтерілу биіктігі - 3 км дейін. Вагонның қозғалыс жылдамдығы 2 – ден 12м/с дейін. Тауда орналасқан туристік орталықтардағы жолдарда жүріс кезінде жолаушыларды отырғызатын және түсіретін бір және екі орынды арқанды – креслолы отырғыштар кеңінен қолданылады. Мұндай жолдың жылдамдығы 1,0 – 2,5 м/с құрайды. 1 сағат жұмыс ішінде 1000 адам тасымалданады. Арқанды жолмен жылжу кезінде жолаушылардың жер деңгейінен орналасу биіктігі – бірнеше метрден ондаған метрге дейін. Тау шаңғышыларын шаңғымен тікелей тас жолға ауыстыру үшін бір арқанды буксирлі жолдар пайдаланылады. Ауыстыру 1,5м/с жылдамдықта жүзеге асырылады, сонымен бірге адам шаңғысымен тартылатын арқанға бекітілген ілгіштен ұстап тұрады. Кейбір жағдайда жолаушыларды және жүктерді бір уақытта тасу үшін құрамдастырылған арқан жолы қолданылады. Арқанды жолда болатын негізі ТЖ – тартылатын арқанның кенеттен тоқтауы. Бұл вагондар мен адамдар отырған креслолардың жер бетінде сыналасып қалуына әкеледі. Мұндай жағдайда зардап шегушілер ұзақ метеорологиялық қолайсыз факторларға тап болады (суық, жауын, жел), жайсыздықты және жүйкелік – эмоциялық қобалжушылықты бастан кешеді. Зардап шеккендерді арқанды жолмен көшіру келесі әдіс арқылы жүзеге асырылады. Егер жергілікті жердің шарты мүмкіндік берсе, онда зардап шеккендерді құтқарушы белбеуінің немесе кеудеге орайтын кендір (синтетикалык) арқаннан жасалған қол асты лебедканың көмегімен жарты кабинадағы арнайы ойық арқылы жерге түсіреді. Құтқарушылардың міндеті сыналасып қалған вагонға арқан арқылы көтерілу және адамдардың түсуін ұйымдастыру. Креслолы аспалы арқан жолындағы аялдамада ұзақ тұрып қалған зардап шеккендерді жерге түсіру үшін серіппелі тежеуіштен және асылмалы баспалдақтан тұратын жеңіл түрде тасылатын арба құрылғысы кеңінен қолданылады. Арбаны тіреуішімен арқанға бекітеді, құтқарушы баспалдаққа отырады және «башмақ» тежеуішті басып өзі жүргішпен немесе жерде келе жатқан басқа құткарушының көмегімен арбамен бірге жақын арадағы креслоға ауысады. Баспалдақпен зардап шегушіге жетіп, онын жамбас жағын қамтитын бауы бар құтқарушы белбеуін кигізеді, құтқарушы зардап шегуші жерге түскенге дейін ұстап тұратын тежеуіш лебедкасы арқылы өтетін арқанды іледі. Арбаны креслоның қысқышы арқылы ауыстырып, құтқарушы келесі зардап шегушіге жылжиды. Маятникті аспалы арқан жолыңда зардап шеккендерді жерге көшіруге мүмкіндік бермейтін өтуі қиын тас жол участкесіне 10 адамға дейін сиятын қосымша құтқару вагондары қарастырылады, олар негізгі көтеретін арқанға орнатылады және қосымша автономды жетектен қосымша арқанмен қозғалысқа келтіріледі. Соңғысын станцияға немесе (барабанды лебедка түрінде) бір немесе бірнеше тірекке орналастырады. Құтқарушы вагоны қосымшадан негізгі арқанға ауысып жүргізіледі, зардап шеккендер люктің бүйірінен немесе терезе арқылы вагонға өтеді және тобымен станцияға немесе тірекке жеткізіледі. Бұл мақсат үшін өздігінен жүретін вагондар пайдаланылады. Арқанды – кресло жолындағы авария кезіңде көшірудің келесі әдісіне рұқсат етіледі. Құтқарушы жіпті арқанға жалғап алып, өз бетімен немесе құтқарушымен бірге көшпекші болған зардап шегушіге сол арқанмен көтеріледі. Егер зардап шегушіні сыналасу аймағындағы жерге тікелей түсіруге мүмкін болмаса, онда оны тірекке тасымалдау қажет және тірек құралын пайдаланып жерге түсіру керек. Ең соңғысы: егер жоғарыда көрсетілген әдістердің біреуі де жарамаса, онда зардап шеккендерді құтқаруға тік ұшақ шақырылады. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Арқанды жолда болатын негізі ТЖ 2. Зардап шеккендерді арқанды жолмен көшіру 3. Зардап шеккендерді жерге түсіру 4. Маятникті аспалы арқан, Арқанды – кресло жолындары №11 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Тауда іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Жоспар: Қатпарлы және қатпарлы – кесекті жер қыртысынан тұратын таулар кең аумақты алып жатыр (барлық жер бетінің 12%). Олар теңіз деңгейінен бірнеше мыңдаған метрге дейін биіктікте және өз шектерінде биіктіктерін кенеттен өзгертіп отыруымен сипатталады. Тау климаты аса суықтығымен ерекшеленеді. Оларға бір тәулік ішінде ондаған градусқа дейін температураның күрт түсуі, ауа райының лезде өзгеруі тән. Адам өмірі үшін таулар ерекше қауіпті табиғи ландшафтардың бірі болып саналады. Таудағы қауіптілік екі топқа бөлінеді: объективтік, таудың өзінің табиғатымен байланысты және субъективті, негізінде адамның даралық қасиеті жатады. Таудагы табиғи қауіптілікке таудың бет – бедері, суық, қатты жел, тұман, қарлы – мұз жабулар, көшкіндер, тас құлаулар, жартастар, қарлы күнқағарлар, мұздар, құздар, жартастар, тау көлдері, тау қуыстары, тау ернеулері жатады. Таудағы жеке қауіп - катерлерге қауіпті білмеу, жағдайды қате бағалау, дайындық деңгейінің жеткіліксіздігі, зорығу, қате қозғалыстар, қауіптілікті елемеу, жабдықтар мен саймандардың болмауы немесе дұрыс қолданбау, өзінің мүмкіндіктерін асыра көрсету, келіспей әрекет етушілік. Тауда қауіптің көбі спорт түрімен айналысатын яғни тосқауылдарды игеретін адамдарға төнеді, өйткені олардың басты мақсаты кедергіні жеңу болып табылады, ал тәуекел – әрекетке түрткі болатын басты себептің бірі. Адамдардың бұл санатына альпинистер, тау туристері, спелелогтар, тау шаңғышылары, тау көлдері бойынша жүзу құралдарымен жүретін саяхатшылар (байдаркалар, салдар, үрлемелі қайықтар) жатады. Ұйымдастырылмаған және дайындалмаған турист топтарына үлкен қауіп – қатер төнеді. Сонымен қатар тауда әртүрлі жұмыс істеп жүрген адамдар да: геологтар, карта сызушылар, құтқарушылар, туристік базалар мен альпинистер лагеріне қызмет көрсетіп жүрген қызметкерлер құрамы, сонымен қатар тауда үнемі немесе уақытша тұратын адамдар (жергілікті тұрғындар, демалушылар және т.б.) қауіпті жағдайға тап болуы мүмкін. Таудағы адамдардың қауіпсіздігін жоғарлату үшін өткізілетін барлық шараларға қарамастан, таулы жерлерде болатын ТЖ саны, жоғары деңгейде тұрақты қалып отыр. Таудағы ТЖ негізі болып: үсіп қалу (қатып қалу), құздан, мұз шыңдардан, беткейлерден құлау, көшкінге, тас құлауларына, опырылымдарға, тау көлдеріне, жартастарға түсу, өз бетінше қозғалу мүмкіндігі болмау, бағыттан ауытқып кету, метеорологиялық факторлардың әсері, арқандарға ілініп қалу, адамдардың тау үңгірлерінде қалып қалуы, тау шаңғы жолындағы жарақаттар, арқанды – кресло жолдарындағы авариялар, техникалардың (автомобильдер, ұшақтар, тік ұшақтар) құлауы. Таудың өзіне тән өзгеше ерекшеліктері ІҚЖ қатысып жүрген құтқарушыларға жоғары талап қояды. Олар: • тауды және мұндай жағдайда жұмыстың ерекшелігін білуге, жоғары біліктіліті болуға, биік тау жағдайындағы жұмысқа бейім болуға, тауға арналған және тау құтқару жабдықтарын пайдалана білуге, іздеу әдістерін жетік меңгеруге және зардап шеккендерге көмек көрсету тәсілдерін білуге; • жақсы физикалық дайындықта болуға, аса төзімді де сабырлы және жұмысқа қабілетті болуға, жүйке жүйесі мықты және байсалды, салмақты болуға, реакцияның жеткілікті дәрежедегі жылдамдығына; • жағдайдың, қауіп – қатердің дәрежесін дұрыс бағалай білуге, тау жағдайында аман қалуға; • парыз бен жауапкершілік сезімін сезіне білуге міндетті. Тауда ІҚЖ ұйымдастыру мен жүргізудің басты қағидаты дара басшылық қағидаты болып табылады. Ол жұмыстың жүруіне жауап беретін команда жетекшісінің бұйрығын бұлжытпай орындауға негізделген. Құтқару жасағының құрамы және оның жетекшісі біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі ескеріліп алынады. ІҚЖ қаншалықты күрделі де қауіпті болса, жетекшілер мен құтқарушылардың біліктілігі де соншалықты жоғары болуы керек. Таудағы жарақат алғандарды тасымалдау. Тауда түйіндерді дұрыстап байламау салдарлары адамдардың жарақаттануына, тіпті қаза табуына әкеп соғады. Егер жазатайым жағдай бәрібір орын алса, онда жарақаттанғандарды тез арада қауіпсіз жерге жеткізуге тура келеді. Көптеген қиындық жартасты аймақтарда тасымалдау кезінде кездеседі. Егер жарақаттанған адам болмашы жарақат алса, онда оның қасына серік қоспай – ақ төмен түсіруге болады. Түсіру бағыты тас құлайтын аймақ болмауы керек және аялдайтын алаңның болуы шарт. Төмен түсіру кезінде сенімді болу үшін бірнеше қоршауға алынған қармақ немесе жартастың ұшы (мұзды бағана) болуы керек. Жарақаттанғандарды түсіруге арналған арқан блок немесе полипаст арқылы өтеді. Мұзда немесе мұздақтарда түсіру жүйесі кезінде мұз шапқышпен бекітілуі керек. Жол серігі жоқ жарақаттанған адам арқанмен ілмектенген күркеге түсіріледі, жарақаттанушы мүмкіндігінше құздан аяқ және қолымен итеріліп, шегініп отыруы керек. Ауыр соққы алған жарақаттанушыны жол серікпен бірге түсіру керек. Жол серігі жоқ болса күркеге түсіру негізгі арқанның соңына қарай, негізгі арқанмен бірге ұзындығы 1,0-1,2 м репшнурдың көмегімен іске асады. Негізгі арқан соңына қосарланған өткізгіш түйінін байлап, ілмекті жарақаттанушының санына кигізеді. Ілмектің ұзындығы 40-45 см шамадан аспауы керек. Күркеге түсірудің қандай жағдайында болмасын, негізгі арқанға қоса ұстап тұратын түйін жарақаттанушының басының деңгейінде репшнурмен байланады және сақтандыру белдігіне қозғалмастай етіп түймелейді. Бұл адамның аударылып кетпеуі үшін жасалынады. Жарақаттанушыны күркеге жол серікпен түсіру кезінде әрбір екі арқанның соңында екі реттен жол серіктің қос түйінін байлау керек, ол жарақаттанушы мен жол серіктің отыруы үшін қажет. Содан кейін бір түйін күркешеден 1,2 м арақашықта, ал екіншісі 90 см ара қашықтықты сақтау үшін екі арқанға да жай түйіннен байланады. Жол серік күркенің ұзын жақ аяғын кисе, ал жарақаттанушы қысқасын (90 см) киеді. Жарақаттанушы және жол серік біріктіруші түйіннен төмен, ұстап тұратын түйінен арқан арқылы кеудесін ораған ілмектен тартып біріктіріп байланады. Ауыр жарақат алғандарды көлденең қалыпта зембілмен түсіреді. Ал жол серік зембіл оның кеудесіне деңгейлес болатындай етіп, сақтандырушы пояспен немесе репшнурмен арқанға байланады. Қабырғамен түсу және беткей бойынша ауыстыру үшін де зембілше себет пайдаланылады. Негізгі жіптің соңына жол серіктің шағын түйіні (бұл зембілдің соңғы жағы – «аяғы») байланады. Содан кейін жіпке жоғарғы жағын кеңейтетін иірмек салынады; иірмектің ұзындығы жарақаттанушының денесінің көлеміне байланысты, ал саны – оның бойының ұзындығына байланысты. Тасымалдаушың жағдайын жақсарту үшін тасымалдау кезінде өрмені мүмкіндігінше жиі салған дұрыс. Ұйықтайтын мөшектегі немесе палаткаға оралған тасымалдаушыны арқан өрмесіне жатқызып, аяғынан бастап орап байлайды. Қалай тасымалдауға байланысты (тау беткейінен бе немесе қабырғадан ба) зембілге сырық байлайды немесе түсіретін арқанға оларды карабинмен бекітеді. Соңғы жағдайда түсетін арқанға басы мен аяғының арасынан жіберетін жіптердің арасына кергіш жасайды. Түсіретін жіпті тежеу екі немесе төрт карабиннен кейін жүзеге асырылады. Карабиндердің жартысын балғаның саптарымен немесе мұз жарғыштармен ауыстыруға болады. Карабин тежегіштерімен түсу ақырын және жіпті бірқалыпты жібере отырып жүзеге асырылады. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Таудағы қауіптіліктің түрлері 2. Таудағы ТЖ негізі 3. Таудағы жарақат алғандарды тасымалдау. 4. Таудың ІҚЖ қатысып жүрген құтқарушыларға қойылатын талаптар №12 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Суда іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Жоспар: Қазақстанның су кеңістіктерінде күн сайын іздеу жүргізіп, адамдарды құтқаруды, апаттық - құтқару жұмыстарын; мұнайдың, мұнай өнімдерінің және ҚӘУЗ ағуын тоқтатуды; арнайы тағайындалған су асты жұмысын жүргізуді талап ететін ТЖ болып отырады. Адамдардың суға кетіп өлуі елдің күрделі қиындықтарының бірі болып жалғасып келеді. Ресми мәліметтер бойынша, су ай сайын 64 қазақстандықтың өмірін алып кетіп отырады. Соңғы он жыл ішінде (1998-2007ж.ж.) Қазақстанда 7669 адам суға кеткен. Судағы іздестіру – құтқару жұмыстары іздестіру ауданын оқшаулаудан басталады. Егер төтенше жағдай куәгерлердің көз алдында болса немесе су айдынының мөлшері онша үлкен болмаса, онда іздестіру ауданын оқшаулау онша қиынға түспейді. Бақылау мерзімі ішінде шығу немесе адамды (адамдар тобын) жоғалту іздестіру ауданын кеңейтеді. Өзенде бұл оның жағалары арасында дәліз болады. Зардап шегушілерді іздестіру ауданын анықтау кезінде негізгі де, су асты су ағысымен де жылдамдығы мен қозғалыс бағытын іздестіру қажет. Судағы іздестіру жұмысы нақты су жағдайында қолдануға болатын: катерлер, үрленген моторлы және ескекті қайықтар және басқа қолда бар құтқару құралдары қарастырылады және зардап шегуші су ішінде болған кезде жүргізіледі. Өзендерде іздестіру жұмысы зардап шегуші суға кеткен жерден бастап, өзеннің ағысымен төмен қарай жүргізіледі. Қарауда ерекше назарды: су иірімі, су өсімдіктері, жекелеген тастар, бөренелер және т. б. ағыс зардап шегушіні алып кететін жаққа қарай судың біркелкі емес жеріне аудара отырып, бүкіл су кеңестігінде жүргізу керек. Кейбір жерлерді құтқарушыларды сақтандыра отырып, жағадан қарауға болады. Іздеу зардап шегушіден үміт үзілгенге дейін жүргізіледі және де: • зардап шегушінің болуы мүмкін ауданды тиянақты түрде толық зерттеп болғаннан кейін; • зардап шегушінің мүмкін болатын тұрған жері толық тексерілгеннен кейін; • зардап шегушінің тірі екендігіне ешқандай сенім қалмағаннан кейін ғана іздеу тоқтатылады. Суда құтқару – ережелері, қолданыстары. Суда немесе мұзда адамның қаза болуының себебі әр түрлі: жүзе білмеу, суда өзін өзі ұстау ережесін бұзу, мас күйінде суға түсу, қорқыныш және т.б. Үрейге бой алдырған адам, жағдайды дұрыс бағдарлай алмайды, ол ойсыз әрекст жасап, тез шаршайды да батып кетеді. Батып бара жатқандарға көмек көрсету үшін жақсы жүзе және сүңги білу керек, құтқару ережелерін білу және құрсаудан шығу, зардап шегушіні жетегіне алу әдістерін дұрыс қолдана білу тиіс. Судағы адамды құтқара отырып, болған жағдайларға мән бере қарап, абайлап, ойлана әрекет ету керек, қауіп төнген жағдайда абыржуға болмайды. Батып бара жатқан адамға дейінгі қашықтықты, ағыс жылдамдығын, қолда бар құтқару құралдарын, су толқындарын және т.б. дұрыс ескеру қажет. Қолдану құралдарын пайдалана отырып, зардап шегушіні құтқару кезінде оған мүмкіндігінше жақын бару керек. Сонымен қатар, жүзуші құралдардан пайда болған су толқындары зардап шегушінің жағдайын төмендететінін және оның суға жылдам батып кететінін ескерген жөн. Батушыға жақындаған кезде бурамалармен, ескектермен немесе жүзетін құралдардың корпустарымен қағып кетпеуді қадағалау керек. Зардап шегушіні су бетінде ұстап тұру және оны шығару үшін оған арнайы құтқару құралы (шеңберлер, шарлар, жіптер және т.б.) қолданылады, қолда бар құралдар (қадалар, сатылар, торлар және т.б.) пайдаланылады. Құтқару шеңберін беру үшін оны бір қолмен ұстау керек, екінші қолмен ұштары бекітіліп мықтап тартылған сым арқаннан ұстап, иық деңгейінде екі – үш рет айналдыра сілтей отырып, оны судағы адамның не оң жағына, не сол жағына 0,5 - 2,0 метрдей арақашықтықта түсетіндей етіп лақтыру керек. Батып бара жатқан адамға қатерден шеңберді беру борт жақтан жүзеге асырылады. Қайықтан бергенде оны аударып алмау үшін шеңберді кеменің артқы жағынан немесе тұмсығынан беру керек. Батып бара жатқан адамға шеңберді тура лақтыруға болмайды, өйткені ол адамның басына тиюі мүмкін немесе одан асып түсуі мүмкін. Кей кезде құтқарушы шеңберге Александрова ұшын байлайды, соның көмегімен зардап шегуші жүзуші құралға тартылады. Зардап шегушіге Александрова ұшын беру үшін құтқарушы арқан ұшындағы кішкене ілгекті сол жақ қолдың білегіне кигізеді және жіптің үлкен бөлігін сонда ұстап тұрады. Оң қолымен жіптің төрттен ұшын үлкен ілгегімен ұстап, бірнеше рет кең құлаштай сермей отырып, жіпті батып бара жатқан адамға ол қалтқыдан немесе жіптен ұстайтындай етіп лақтырады. Зардап шегуші жағаға (жүзуші құралға) қарай жұлқымай, абайлап тартылуы тиіс. Александрова ұшын 25 метрге дейінгі қашықтықта тастауға болады. Құтқару шарын беру келесі түрде жүзеге асады, бір қолымен құтқару шарын, ал екінші қолымен оларды бекітіп тұрған тросты ұстайды. Содан кейін айналдыра отырып екі – үш рет құлаштап сермейді де, одан кейін оның не оң жағына не сол жағына түсетіндей етіп шарларды зардап шегушіге қарай лақтырады. Қажет болған жағдайда шарға Александрова ұшын бекітеді, соның көмегімен зардап шегуші жағаға (жүзуші құралға) қарай тартылады. Егер жағаға дейін онша алыс болмаса, онда зардап шегушіні қайыққа қарай тарту міндетті емес: егер оның жағдайы мүмкіндік берсе ол кеменің артқы жағынан немесе жүзуші құралдың жібінен ұстап жетектелуі тиіс. Егер зардап шегушінің өз бетімен ұстауға жағдайы келмесе, онда оны аяқтарын салбыратып кеменің артқы жағында отырған құтқарушының денесі арқылы қайыққа сүйретіп әкеледі. Мұндай әдіс қайықтың тегіс емес кемерлерінде зардап шегушінің денесінің жарақаттануынан құтқарады. Зардап шегушіні борты биік жүзуші құралдарға мінгізу басқыш, саты, арқан немесе тордың көмегімен жүзеге асырылады. Егер жүзуші құралдарды пайдалану мүмкін болмаса, онда құтқарушы зардап шегушіге жүзіп келеді. Құлаштап жүзген дұрыс, өйткені жүзудің бұл стилі өте жылдам жүзуге мүмкіндік береді. Суда болу кезінде құтқарушы су айдынына тән қауіпті факторларға қарсы тұра білуі керек. Құтқарушы үшін де, зардап шегуші үшін де денені суық алуы немесе бұлшық еттердің шаршауы өте қауіпті. Қолдың саусақтары қарысқан кезде, жұдырықты түйіп және қайтадан ашу керек. Егер бір қол талса, онда бүйірлеп жатып, су астындағы келесі қолмен жұмыс істеу керек. Егер іштің бұлшық еттері тартылатын болса, шалқадан жатып, тізені ішке қарай ширақ тарту керек. Егер балтырдың сіңірі тартылса, онда аяқты судың үстіне шығарып, табанды өзіңе қарай ширақ тарту керек. Жамбастың сіңірі тартылғанда , аяқты тізеге кілт бүтіп, өкшені қолмен қатты мыту керек. Су асты өсімдіктері де қауіп төндіреді: Оған оралып қалсаң, тұншығып қалуың мүмкін. Одан ұстай отырып, кілт қимыл жасамай, бос қолмен одан босанып шығып және қауіпті орыннан абайлап жылжып кету қажет. Иірімге тап болғанда, құтқарушы демді тездетіп ішке тартып, келесі жаққа қарай (ағыс бойынша) жұлқына отырып су бетіне жүзіп шығу керек. Суда болған кезде, демді ішке тартқанда, толқындардың соғылуы араларында тартуды қадағалап отыру керек. Толқынға қарсы жүзе отырып, оның үстіне жайлап көтерілуі және астына жайлап түсуді ескеру қажет. Үлкен толқындарда терең дем алып алып, астына қарай сүңгіп кету керек. Зардап шегушіге үнемі арт жағынан келген дұрыс. Егер олай істеу мүмкін болмаса, батып бара жатқан адамның астына қарай сүңгіп, сол жақ қолымен оның оң жақ аяғының тізесінен төмен ұстап, ал оң жақ қолының алақанымен сол жақ тізесін алдыңғы жағынан қатты итеріп, батып бара жатқан адамды өзіне қарай арқасымен бұру керек. Бұл тәсіл үш түрлі жағдайда қолданылады, зардап шегуші бейберекет әрекет жасаған кезде немесе құтқарушыға қарсылық көрсеткен кезде қолданылады. Зардап шегушінің арт жағында тұрып құтқарушы өзінің оң қолын оның он жақ қолтығының астынан босатады да оның қолдары мен иығынан мықтап ұстап алып, онымен бірге судың бетіне жүзіп шығады. Зардан шегушіні жетекке алу тәсілі екі топқа бөлінеді: зардап шегуші құтқарушыға тыныш бағынған кезде қолымен қысып ұстамайды, ал зардап шегуші құтқарушыға бағынбаған кезде қолымен қысып ұстап жетекке алады. Құтқарушы басынан ұстап жетекке алғанда, қолын созып, бас бармағы зардап шегушінің бетінде, ал шынашақ – оның жағының төменгі жағында болатындай етіп ұстайды. Оның бетін су бетіне тартып шығара отырып, арқасымен жүзе және аяғымен жұмыс істей отырып, құтқарушы суға кеткен адамды катерге, шлюпке немесе жағаға жеткізеді. Қолтығының астынан қапсыра ұстай отырып жетекке алғанда құтқарушы оны аяғының көмегімен жетектейді. Қолынан қапсыра ұстап жетектеу кезінде құтқарушы, ар жағынан келіп, өзінің сол жақ (оң) қолдарын зардап шегушінің тиісті қолдарына салады. Содан кейін оның сол жақ (оң) қолдарынан шынтақтан жоғары ұстап, оны арқасымен өзіне қарай қыса ұстап, бүйірлей жүзіп қауіпсіз орынға алып келеді. Бір қолы мен аяғы бос болғанда бүйірлей жүзу, құтқарушыға жан – жағын бағдарлап алуға, зардап шегушіні тасымалдау кезінде бағытты таңдауға және оны ұзақ қашықтыққа жетегіне алуға мүмкіндік береді. Шынтақтан жоғары қапсыра құшақтай отырып жетекке алу кезінде құтқарушы зардап шегушінің шынтағынан құшақтап, оны артқа қарай тартады, содан кейін сол жақ (оң) қолдарын зардап шегушінің қолтығының астына тығып, оны зардап шегушінің арқасына апарады. Одан кейін сол жақ (оң) қолдарымен зардап шегушінің сол жақ (оң) қолдарын шынтақтан жоғары ұстап, оны арқасымен өзіне қарай қыса тартады. Шаштан ұстап немесе жағадан ұстап жетекке алу кезінде құтқарушы, шашынан немесе жағасынан ұстап, бос қолдары мен аяқтарын жұмыс істете отырып, бүйірімен жүзеді. Адамды жетекке алу кезінде түзуленген қолымен оны басынан демей отырып, су оның тыныс алу жолдарына кетпеу үшін, судың бетіне алып шығады. Суға кеткен адам әдетте есеңгіреу жағдайында, қорқып, зәресі ұшқан кейіпте болады. Сондықтан, құтқарушыны көрген кезде ол оны тас қылып құшақтап алады, бұл екеуін де өлімге алып баруы мүмкін. Зардап шегушінің құшағынан босау үшін құтқарушы, үлкен күш жұмсауы керек, кей кезде күш қолдануына тура келеді. Көбінесе зардап шегуші құтқарушының қолының саусақтарынан, мойнынан (алдынан және артынан), денесінен (қолы арқылы немесе қолы астынан), аяқтарынан ұстайды. Мұндай жағдайда құтқарушы су астына сүңгіп кетуі тиіс. Егер сүңгу көмектеспесе, онда зардап шегушінің құшағынан құтылудың келесі тәсілдерін қолданады. Қолдарының саусақтарын құрсаудан құтқару. Құтқарушы, ең алдымен, суға кетушінің бас бармақтарының қалай тұрғанын анықтайды. Содан кейін күшті жұлқыныспен оның басбармақтарын қайырып, қолдарын ажыратады. Сонымен бірге, аяғын ішіне тартып, оны адамның кеудесіне тірей отырып, ол одан сытылып шығады да, содан кейін шұғыл қимылмен зардап шегушіні арқасына қарай аударып, өзіне тартады да жетегіне алады. Алдыңғы жағынан мойнына оралған зардап шегушіден босану. Құтқарушы алақанымен зардап шегушінің иегінің астынан тірей отырып, бас бармағымен және сұқ саусағымен оның мұрнын жабуға тырысады, осы сәтте келесі қолымен суға кетушіні белінен қапсыра ұстайды. Содан кейін, саусақтарымен мұрнын қыса отырып, адамды өзіне қарай қатты тартады және шалқайта отырып иегінің астынан кілт итермелейді. Іштен төмен қарай тізеге соққы беріп босануды күшейтуге болады, бірақ бұл тәсіл басқа шара қалмағанда ғана қолданылады. Артқы жағынан мойнына оралған зардап шегушіден босану. Кұтқарушы бір қолымен зардап шегушінің қарама – қарсы қолының саусақарынан ұстайды, ал екінші қолымен саусақтан алады. Содан кейін, шынтақты кілт жоғары көтере отырып және саусақтарды төмен қайыра отырып, суға кетушінің қолынан сытылып шығады, бірақ ұстаған қолдарын босатпайды, ал зардап шегушіні арқасына қарай аударып, өзіне тартады да жетегіне алады. Қол арқылы денені құрсаудан босату. Құтқарушы, саусақтарын бүгіп, жұдырығын түйеді, бас бармағымен суға кетушінің қабырға жағына соққы беріп, оны жетегіне алады. Қол астымен денені құрсаудан босату. Құтқаушы бұл құрсаудан артқы жағынан мойнына оралған зардап шегушіден босану тәсілін қолдана отырып құтылады. Аяқтан алған құрсаудан босану. Құтқарушы бір қолымен суға кетушінің желке жағынан басын құшақтайды, ал екінші қолымен – иегінің астынан (қарама – қарсы жағынан) ұстайды, оны күшпен келесі жаққа бүйірге қарай бұрады да босанғанға дейін жібермей ұстап тұрады. Содан кейін, суға кетушінің басын босатпастан, онымен бірге су бетіне жүзіп шығады да, жетегіне алады. Егер суға кетушінің құрсауынан босату үшін жасалған тәсіл еш нәтиже бермесе, онда уақыт өткізбей оны қайталау керек. Егер зардап шегуші батып кетсе, онда оны су айдынының түбінен көтеріп шығу керек. Егер зардап шегуші топырақта бетін жоғары қаратып жатса, онда құтқарушы оның бас жағынан келіп, оны көтереді. Содан кейін зардап шегушіні қолтығының астынан алып, құтқарушы жылдамдатып су түбінен көтеріліп, су бетіне жүзіп шығады да оны жетегіне алады. Егер адам топырақта бетімен жатса, онда құтқарушы оған аяқ жағынан келіп, қолтығының астынан құшақтап көтеріп, судың бетіне қарай көтеріледі. Зардап шегушіні иығына немесе жамбасына сүйеп судан алып шығады. Қауіпсіз жерге жеткеннен соң, құтқарушы алғашқы көмекті көрсете бастайды. Өзін өзі тексерцу сұрақтары 1. Суда құтқару – ережелері, қолданыстары 2. Суда құтқару құралдарын пайдалану 3. Судағы іздестіру – құтқару жұмыстары №13 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Тік ұшақты пайдаланып ІҚЖ жүргізу Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Жоспар: Бүгінгі таңда бірде – бір құтқару қызметі тік ұшақтан айналып өте алмайды, әсіресе, елді мекендерден алыстағы жолсыз аудандарда, сондай – ақ жер жағдайлары қатынасқа қиын аудандарда ІҚЖ жүргізу кезінде тікұшақ пайдаланылады. ІҚЖ жүргізу, әсіресе тауларда, күрделі мәселе. Теңіз деңгейінен өте үлкен биіктік, тік жартастармен және биік құздармен қоршалған тар жол, тау беткейлерінің қызуларының әртүрлілігіне байланысты ауаның күшті ағысы, жел бағытының кенеттен өзгеруі, тұман), қардан көру қашықтығының азаюы, бұлттылық және көптеген басқа да күтпеген факторлар немесе оқиға болған жердің үстінде тікұшақтың қона алмауына себеп болады, кейде тіпті ұшуға мүмкіндік бермейді. Тікұшақты қолдану туралы шешімді авиа отрядтың басшыларымен және тікұшақтың командирімен келісе отырып, іздестіру – құтқару отрядының (ІҚО), ІҚҚ бастығы қабылдайды. Өкінішке орай, құтқару операциясының тиімді орындауының кепілі болып табылатын, тікұшақ үнемі ұша бермейді. Оқиғаа болған жерге қарай ұшу кезінде метеожағдай соншалықты өзгеруі мүмкін, тікұшақтың командирі аэропортқа қайтып оралу туралы шешім қабылдауға мәжбүр болады. Сондықтан құтқару операциясын жоспарлау кезінде, тікұшақты пайдаланудан басқа оған жердегі (судағы) ІҚО қосу керек. Тікұшақты қолдана отырып жүргізілетін ІҚЖ кезінде, тікұшақ бортында отырған тікұшақ экипажы мен жердегі (судағы) ІҚО мүшелері арасында өзара әрекеттестікке қол жеткізілуі тиіс. Тікұшақты пайдаланған құтқару қызметі: • ТЖ орнына олардың жұмысына қажетті құралдармен және жабдықтармен қоса ІҚО мүшелерін тез жеткізуді; • зардап шегушіні жақын жердегі емделу мекемесіне апаруды; • ІҚЖ өткізілетін ауданға, әсіресе көлік және энергетикалық артериядан шеттетілген елді мекендерге барлық қажетті жүктерді қосымша жеткізуді; • бағыт бойынша іздестіріп ұшу немесе апат болған ауданды тексеруді; • тауларда ІҚЖ жүргізу кезінде жасанды тау көшкінін болдыруды; • түсуі қиын жерлерден зардап шегушілерді алып кету немесе көтеруді қамтамасыз етеді. ІҚЖ тікұшақтарды пайдалану онда болатын уақытты айтарлықтай азайтады, тартылатын күштер мен құрал – жабдықтардың санын қысқартады, зардап шегушілерді құтқару мүмкіндігін бірден арттырады. Тікұшақты қабылдау туралы шешімді қабылдамас бұрын дұрыс және қарсы дәлелдердің бәрін жан – жақты қарау керек. Алынған алғашқы ақпаратты талдау жолымен зардап шегушіні басқадай амалдармен тасудың қандай мүмкіндіктері бар екенін анықтау керек. Орын алған оқиғаға байланысты (метеожағдайдың нашарлығы, қонатын алаңның жоқтығы, ақпарат алу уақытының кештігі және басқалар) зардап шегушіні жердегі (судағы) көліктермен тасыған дұрыс. Орын алған оқиғаларды бағалау кезінде, ең алдымен, келесі жағдайларға: • зардап шегушінің денсаулық жағдайына, төтенше дәрігерлік көмектің қажеттігіне; • емдеу мекемесі бар жақын арадағы елді мекеннің оқиға болған жердей қашықтығына; • жер бетінде қолдану тәсілдерімен көмек көрсету мүмкіндігіне; • оқиға болған жерге немесе бағыт бойынша ұшуға шамамен ауа райы жағдайын болжауға; • тікұшақты пайдаланбай көмек көрсету мүмкіндігіне назар аудару керек. Тікұшақты пайдаланумен ІҚЖ өткізу кезіндегі метеожағдай келесі талаптарды: • бұлттылық – қону орнынан жоғары: - 2000 метрге дейінгі абсолюттік биіктіктен 350 м төмен емес және 2000 м жоғары абсолюттік биіктік 600 м төмен болмауын; • көрінуі – қону алаңының биіктігіне көлденең бойынша: - 200 м дейінгі абсолюттік биіктік кезінде 5 км кем емес және 2000 м жоғары абсолюттік биіктік кезінде 10 км кем болмауын; • жел – тар шатқалдарда, шұңқырларда 5 м/с артық емес және ашық асуларда, аңғарларда, адырларда, үстірттерде 15 м/с артық болмауын қанағаттандыру тиіс. Бұлтты күн немесе беткейдің көлеңке жағы мұңдай жағдайда тікұшақтың ұшқышына қонатын алаң мен жергілікті жердің еңістігі ара қашықтығын айыру қиын болғандықтан, қонуға қолайсыздық туғызады. • Тікұшақ жел күші 15 м/с болғанда ұшады, желдің күші 12 м/с болғанда қалықтап тұра алады және қона алады. Ұшқыштар үшін ең қолайлысы 5 – 6 м/с. Ұшқыштар желдің болмағанын да онша қаламайды, қалықтап тұруы және қонуы күшті жел тұрғандағы сияқты. ІҚЖ жүргізу үшін құтқару қызметі негізінен көлік ретінде және жолаушыларға пайдалануға жіберілген Ми-8 тікұшағының әртүрлі нұсқаларын қолданады. Ми – 8 жолаушылар нұсқасы салонның ерекшелігіне байланысты, бортқа 9 – 11 немесе 28 – 32 жолаушы қабылдай алады. Ми – 8 тасымалдаушы нұсқасына үлкен жүк тиейтін люк, байлайтын арқандар, басқыштар және 24 адамға арналған шалқаймалы орындықтар болады. Құтқару қызметінің Ми – 8 тікұшағы жүк сиымдылығы 3000 кг сыртқы аспалы борттық жебе ілгішпен жабдықталған және қалықтап тұру режімінде 150 кг дейін бортқа жүк көтеретін жебелі жүкшығыр болады. Тікұшақтың кабинасына кіргізілетін жүктің ең үлкен массасы – 4000 кг. 28 жолаушы мен ұшу ұзақтығы – 500 км. Ұшудың максималды биіктігі – 6000 м. Тікұшақтарға тегістікке, төбелер мен таулы жерлерге вертодромдарға және 4500 м биіктікте орналасқан алаңдарға қонуға рұқсат етіледі. Тікұшақтан түсіп болғаннан кейін оған, ереже бойынша, двигатель өшіріліп, винт тоқтағаннан кейін ғана жақындайды. Тікұшақ командирі (пилот) жерге түскеннен кейін де әр түрлі себептермен тікұшақтың жағдайын өзгертуге болатынын еске сақтау керек, мысалы, ұшуға шешім қабылдау. Жерге қонғаннан кейін ІКЖ жетекшісі тікұшақтың командирімен одан әрі не істеу керектігін келіседі. Барлық құтқарушылар, әсіресе дала бөлімшелерінің қызметкерлері, жерге қондырушы тросик жерге толық тигенге дейін, тікұшақтың фюзеляжына қол тигізуге болмайтынын алдын ала ескертулері керек. Зардап шегушілер салынған зембілдерді, сондай – ақ әр түрлі жабдықтарды мүмкіндігінше жерге тақата отырып және оған параллелді тасымалдау керек. Арқандар, олардың ұштары винттің қалақтарына оралып қалмауы үшін, шумақталып ұсталуы тиіс, жабдықтардың жеңіл заттары тиянақтап буылып – түйіліп, арқа қапшығына немесе басқа да ыдыстарға салынуы қажет. Шаңғыларды, шаңғылардың таяқтарын, шатырларды, бос зембілдерді – оларды тек қана көлденең ұстап тасиды. Олай болмаған жағдайда жабдықтың шығарылған бөлігі негізгі винттің қалақтарына түсіп қалуы мүмкін, ол адамға ғана емес тік ұшақ үшін де қауіпті. Негізгі винттің қалақтары айналып тұрған жағдайда, тікұшақтан оның қонған жерінен жоғары жерге қарай кетуге болмайды, ол қалақтың айналу радиусіне түсіп қалу каупін төндіреді, бұл өз кезегінде қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін. Жерге қонғаннан кейін құтқарушылар бортмеханиктің рұқсатымен ғана тікұшақтан шыға алады. Қону алаңындағы құтқарушылардың барлық іс – әрекеттеріне ІҚЖ бастығы немесе олар арнайы тағайындаған адам басшылық етеді. Тікұшақтың қасында жұмыс істейтін құтқарушылар, қорғайтын каскалар киіп, оның бауын иектің астынан мықтап байлауы және қорғаушы көзілдірік киюі тиіс, көзілдірік негізгі винттің қалақтары жасаған ауа қозғалысынан жерден көтерілген шаңдардың, қарлардың және басқа заттардың ұшқындарының көзге түсуінен сақтайды. Ұшу кезінде немесе қону кезінде құтқарушылар қону алаңынан қауіпсіз қашықтықта болуы тиіс, соның ішінде тікұшақ двигателін жүргізу кезінде. Барлық жеңіл заттар (шаңғыға арналған шәпкілер, қолғаптар, репшнурлар, ыдыстар және т.б.) 50 м. радиусте олар тікұшақтың турбиналары мен винттеріне түсіп қалудан қашу мақсатында әр түрлі амалдар қолданылуы тиіс. Оның үстіне винттің айналуынан пайда болған ауа легі, егер операция тау басында жүріп жатса, жеңіл заттарды төмен қарай ұшырып жіберуі мүмкін. Тікелей тікұшақтың ішінде барлық жабдықтар бортмеханик көрсеткен жерге қойылады, қажет болған жағдайда сақтандырылады. Құтқарушылар орындықтарға отырғызылады және тікұшақтың ішіндегі арнайы ремендермен сақтандырылады. Ұшу кезінде, қонғанда, қалықтап тұрғанда өз еркімен кабинада козғалуға тиым салынады, өйткені ол тік ұшақтың тепе – теңдігін бұзады, әсіресе зардап шегушілер мен жабдықтарды көтеру немесе түсіру кезінде. Тікұшақ ауада болған кезде өзін өзі сақтандыруды қолданбай ашық есіктің алдына жайғасуға болмайды, тікұшақтың кабинесінде, сондай – ақ тоқтап тұрған кезде оның қасында темекі тартуға болмайды. Тікұшақтың әрекеттеріне түзету Бейтаныс қону алаңына қону кезінде, тікұшақтың ұшқышына көмек көрсету мақсатында жерден оның әрекетіне түзету енгізу керек. Түзету екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады: радиостанцияның көмегімен немесе құтқарушылардың бірінің қолымен берілген дабылдардың көмегімен. Дәл осылай етіп ракеталарды, дабыл оттарын, жалауларды, ал кешкі немесе түнгі уақыттарда – электр фонарларын пайдалануға болады. Дабылдар күні бұрын берілуі керек, дабыл берушінің қажет бола қалған жағдайда бірінші дабылдан кейін екінші дабылды беретіндей уақыты болуы тиіс. Дұрыс және тез қонатын алаңды анықтау үшін тік ұшақ көрінген кезде ракетаны тура жіберсе тікұшаққа тиетіндіктен қырындатып жіберу керек. Төмендеу қонатын алаңға 100-200 метр қалғанда жүзеге асырылады. Тікұшақтың экипажы алаңды тапқан кезде, сол арқылы экипажға оның бағытын көрсете отырып, ракетаны жел бағыты бойынша жіберу керек. Егер дабыл ракетасы жоқ болса, жел бағытын келесі түрде көрсетуге болады. Құтқарушылар алаң орталығынан оңға қарай 3 – 4 метр жерде бір – бірінің желкесіне қарап, қолдарын екі жаққа созып, желге арқасын беріп тұруы керек. Ұшқыш қону кезінде, оған бетін беріп оның сол жағында тұрған адамдарды көреді. Үзілмелі тоқтап – тоқтап соғатын желде тік осьті айнала денемен 80°- 90° - қа бұрылып, айналмалы қимыл жасайды. №14 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Жоспар: ТЖ - ның пайда болуы және дамуы көбінесе зардап шегуші халықтың арасында індет аурулары мен жұқпалы аурулардың таралуын арттырады. Стихиялық апаттар мен техногендік сипаттағы апаттар ошағында, сондай – ақ әскери әрекет зоналарында тіршілік ету жағдайы бірден төмендейді, адамдардың көпшілігінде механикалық жарақаттар, күйіктер және организмнің табиғи қарсы тұруын айтарлықтай төмендететін оттың шарпуы, күйзеліс жағдайын туындатады. Халық тұрғын үйден, элекр жарығынан, ішетін судан айрылады, санитарлық – гигиеналық қызметтің жұмысы бұзылады. Азық – түлікті ұйымдастыру төмендейді. ТЖ кезінде биологиялық қарудың аса үлкен қоры аймаққа кең жайылып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда жарақаттанған халық төтенше дәрігерлік – санитарлық көмекті қажет етеді, ұйымдастырудың ең радикалды өзгерісі және басқару органдарының, емдеу – алдын алу мекемелерінің және санитарлық – экономикалық қызметтің жұмыстарының әдеттегі ырғағы талап етіледі. Індетке қарсы шаралар медициналық (емдеу мекемелері, төтенше медициналық көмек орталықтары және т.б.) және медициналық емес (құтқарушылар, халық және т.б.) күштермен және қаражат – құралдармен өткізіледі. Әрекеттердің келісілгендігін ұйымдастыру үшін әкімшілік бірақ бір – бірімен байланыссыз әртүрлі атқарушылар, жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың жанынан құрамында әртүрлі ведомостардың мамандары бар санитарлық – эпидамияға қарсы комиссиялар құрылады. Індет процесі жұқпалы аурулардан пайда болады. Сонымен қатар, жұқпалы аурулардың таралуы жалпы сипаттамаға ие болып, уақыт пен кеңістіктің белгілі бір шекараларында эпидемологиялық ошақ қалыптастырылады. Зақымдау ошақтары шекаралары – бұл жалпы экономикалық көліктік байланыстары бар қалалардың шеттері мен елді мекендер. Төтенше жағдайлардың салдарларын жою кезінде санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар қолдану қажет. бұл ауру ошағында да, сондай – ақ оған жақын аудандарда да кенеттен және жылдам індеттік жағдайлардың ушығуына байланысты. Мұндай жағдайда апаттың қираған және бұзылған ошағы ретінде және соған қалыптасуын жалғастырушы ретінде, гигиеналық маңызды объектілер қатал бақылауға алынады. Оларға жататындар: • сумен жабдықтау және құбыр жүйесі; • азық – түлік өндірісі, қоғамдық тамақтандыру және сауда объектілері; • коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары; • балалардың мектепке дейінгі мекемелері және мектептер; • зардап шеккен және зардап шекпеген тұрғын үй қорлары; • зардап шеккендер мен аурулар орналастырылған, емдеу – алдын алу мекемелері; • көшірілген халықты уақытша орналастыру орындары; • келген құтқарушылардың орналасқан жері; • сыртқы орта объектілері; • радиоактвті заттармен және т.б. ҚӘУЗ – дің қайталап зақымдау көздері болып отырған өндіріс объектілері. Құтқару және апаттық қалпына келтіру жұмыстарын өткізу үшін ҚР ТЖМ АҚҚ, армиялық бөлімшелер, құрылыс ұйымдары тартылады. Апат болған ошаққа бірінші болып кірген құтқарушылар зардап шегушілердің сыртқы бет – әлпетіне қарап олардың ауру екенін немесе аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауру қаупі бар екенін анықтай білулері керек. Негізгі өте қауіпті жұқпалы – оба, тырысқақ, гемморагиялық вирустық безгектің (ГВБ) кейбір түрлері және шешек ауруларының белгілері ары қарай міндетті түрде берілуі тиіс. Жұмыс режиміне сәйкес қорғану костюмдері Орындалатын жұмыстың сипатына байланысты, қорғану костюмдерінің келесі түрлері пайдаланылады: Бірінші түрі - комбинезоннан немесе пижамадан, капюшоннан (үлкен жаулықтан), обаға қарсы халаттан, мақта – дәкелі маскадан (тозаңға қарсы респиратор), көзілдіріктерден, рәзіңке қолғаптардан, ұйықтардан, рәзіңке немесе керзі етіктер мен орамалдан тұратын толық қорғану костюмі. Екінші түрі – қорғану костюмі, комбинезоннан немесе пижамадан, капюшоннан (үлкен жаулықтан), мақта – дәкелі маскадан рәзіңке қолғаптардан, ұйықтардан, рәзіңке немесе керзі етіктер мен орамалдан тұратын толық қорғану костюмі. Үшінші түрі - қорғану костюмі, пижамадан, обаға қарсы халаттан, үлкен жаулықтан, рәзінке қолғаптардан, ұйықтардан, тәпішкелерден (немесе туфлиден) тұратын қорғану костюмі. Қорғану костюмдерін кию және шешу тәртібі Костюмді келесі тәртіпте киеді: комбинезонды пижаманы, ұйықтарды, етіктерді, капюшонды және обаға қарсы халатты рет – ретімен киеді. Қажет болған жағдайда фонендоскопты пайдаланады, оны капюшонды (үлкен жаулықты) киер алдында киеді. Халаттың жағасындағы бауларды, халаттың белдігін алдынғы жағынан сол жаққа қарата байлайды, жеңдердегі бауларды да осылай етіп байлайды. Респиратор (масканы) бетке ауыз бен мұрын жабық болатындай етіп киеді, ол үшін респиратордың жоғарғы шеті көз аумағының төменгі деңгейінде болуы тиіс, ал төменгі жағы – иектің астына енуі керек. Масканың жоғарғы бауын ілгек арқылы желкеден байлайды, ал төменгі жағын – төбеге (орап байлайтын таңғыш түрінде) байлайды. Респираторды кигеннен кейін мұрынның екі қанатын мақтамен тығындайды. Көзілдірік капюшонға (үлкен жаулыққа) тығыз орналасуы қажет, әйнектері оны терлеуден сақтандыратын, арнайы қарындашпен немесе сабынның кұрғақ кесіндісімен сүртілуі тиіс. Ауадан фильтрлейтін орындарға мақта тығыны салынады. Одан кейін қолғаптар (үрлеп олардың жыртылмағандығын тексеруден өткізгеннен кейін) халаттың оң жағындағы белдікке орамал ілінеді. Жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы бөлінген ғимаратта немесе жұмыс жүргізілген сол бөлмеде. бірақ сол жерді толық залалсыздандырғаннан кейін қорғану костюмін шешеді. Костюмді залалсыздандыру үшін келесілер қарастырылуы тиіс: • етік немесе галоштың сырт жағын тазалағыш ерітіндімен сүрту үшін шылапшын немесе шағын күбі; • костюмді шешу процесінде тазалағыш ерітіндісі бар шылапшын қолғапарды тазалау үшін; • көзілдірікті және фонендоскопты тазалау үшін, қиюластырылған тығынымен 70% спиртті банкі; • мақта – дәкелі маскаларды тазалау үшін, тазалағыш ерітіндісі бар немесе сабынды су құйылған кастрөлдер; • халатты, капюшон (жаулықты), орамалды тазалау үшін, тазалағыш ерітіндісі бар металдан жасалған күбіні; • қолғаптарды тазалау үшін, тазалағыш ерітіндісі бар металл кастрөл мен шыны банкілер пайдаланылады. Костюмді залалсыздандыру кезінде тазалағыш ерітіндісі бар ыдысқа оны тұтастай батырып салады. Егер залалсыздандыру автоклавирлі, қайнаған немесе дезкамерада жасалса, костюм сырт жағынан залалсыздандырылған ерітіндімен өнделетін күбіге (биксилер, камералық қапшықтар) салынады. Костюмді баппен асықпай шешеді. 1 – 2 минут ішінде қолды сыртындағы қолғабымен тазалаушы ерітінді ішінде (8% лизол, 5% карболды қышқыл ерітіндісі, 3% хлорамин ерітіндісі) жуып ұстайды. Костюмнің әрбір элементін шешкен сайын қол қолғабымен залалсыздандыру ерітіндісіне жуылады. Халаттың белінен орамал ақырын шығарылады. Тазалауыш ерітіндіге жақсылап батырылған мақта тығынымен сүртіледі, кленка алжапқышты сыртқы жағынан ішке қарай бүктей отырып шешеді. Екінші жұп қолғапты және жеңге киетінді шешеді. Етіктер (галоштар) тазалағыш ерітіндіге жақсылап матырылған (әрбір етікке жеке тығын қолданылады) жоғарыдан төмен қарай мақта тығындармен сүртіледі. Дененің ашық терісіне тигізіп алмай, фонендоскопты алады. Көзілдірік екі қолмен бірдей алға, артқа, жоғары, төмен тарта отырып бастан шығарылады. Респиратор оның сырт жағын бетке тигізіп алмай алынады. Халаттың жағасындағы бауын шешеді, белдікті шешеді, қолғаптың жоғарғы жақ шетін түсіріп, жеңдегі бауларды шешеді, оның сыртқы жағын ішке орай отырып, халатты шешеді. Сырт жағынан ішке орай отырып, еппен жинап, капюшонды шешеді. Қолғаптарды шешеді, залалсыздандыру ерітіндісі ішінде оның бүтіндігін (әрине үрлеп емес) тексереді. Тазалағыш ерітінді құйған бакқа етікті (галошты) тағы да жуады да оларды шешеді. Қорғау костюмін шешкеннен кейін қолдарын сабынды жылы сумен тазалап жуады, содан кейін душ қабылдайды. Қорғау киімдері бір рет пайдаланғаннан кейін 2% сода ерітіндісінде қайнату жолымен (30 минут), автоклавирлеуде (1 атм 30 минут ішінде), залалсыздандыру ерітіндісінде (3% хлорамин ерітіндісінде 2 сағат бойы) шыланады. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Төтенше жағдайлардың салдарларын жою кезінде санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар 2. Жұмыс режиміне сәйкес қорғану костюмдері 3. Гигиеналық маңызды объектілер 4. Жұмыс аяқталғаннан кейінгі шаралар №15 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Құтқарушыларды түсіру және зардап шегушілерді көшіру Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Жоспар: Қондыратын алаң бар болса, оған қойылатын барлық талаптарды сақтай отырып, тиісті метеожағдайда тікұшақ жерге қонады да зардап шеккендерді денсаулық жағдайына және ұшу уақытына байланысты жақын – маңдағы немесе аэропорт орналасқан жердегі емдеу мекемесіне көшіреді. Кейде, жағдайға байланысты, борттағы аралық алаңға зардап шегушілерді және құтқарушыларды қабылдау қолайлы, ең бастысы қауіпсіз болады. Құтқарушыларды түсіру келесі жүйелілікте жүзеге асырылады: • ІҚЖ жетекшісі немесе ол тағайындаған құтқарушы алдын ала дайындаған арқанды жүкшығырдың карабиніне іледі, әйтпесе ұшқыш қажет болған жағдайда оны тікұшақтан тез түсіре алмайды; • бортмеханик есікті ашады; • бортмеханиктің бұйрығы бойынша ІҚО жетекшісі немесе ол тағайындаған құтқарушы арқанды төмен түсіреді. Бұл кезде тікұшақ тек қалыкқтап тұруы керек, әйтпесе арқан құйрық жағындағы винтке түсіп қалуы мүмкін. Тастаған жіп жер бетіне жетпей қалған жағдайда, оны қайтадан тікұшаққа тартып алады. Одан әрі алдын ала дайындалған одан ұзындау екінші арқан ілінеді және тасталынады; • екі тежегіш карабинмен күркеше киген бірінші құтқарушы, есіктің алдындағы ойыққа отырады, арқанды екі тежеуіш карабиніне салады және оларды аспа түйін мен тікелей жоғары көтереді; • екінші құтқарушы, түсіруге дайындала отырып, бірінші құтқарушының өзін – өзі сақтандыруын қоршауға алады; • бортмеханиктің бұйрығы бойынша бірінші құтқарушы арқанға біртіндеп күш түсіріп, бетімен тікұшақтың корпусына қарай бұрылып, жұлқымай баяу түсе бастайды; • жерге түскеннен кейін құтқарушы қажет болған жағдайда өзін – өзі құтқаруды ұйымдастырады, арқанды ағытып, келесі құтқарушының түсуі үшін «ОК» белгісін береді; • құтқарушы жерге түскеннен кейін жерге түсетін келесі құтқарушыға көмек көрсету үшін орнында қалады; • соңғы құтқарушы жерге түскеннен кейін арқан бортмеханикпен немесе бортта қалған құтқарушымен бірге төмен түсіріледі. Тікұшақтың қалықтап тұру режімінде құтқарушыларды ұйымдастыру және төмен түсіру тым жоғары биіктікте барлық құтқару қызметінде, ереже бойынша, жоғарыда көрсетілген сызба бойынша жүргізіледі. Тік ұшақтың түріне және оған орнатылған қосымша жабдықтарға байланысты құтқарушыларды түсіру екі арқанмен бір – бірлеп, кезектесіп жүзеге асырылады, ол түсіруді айтарлықтай тездетеді, бірінші құтқарушы жерге түскен кезде екіншісі екінші арқанмен жерге түсе бастайды. Түсіру кезінде әртүрлі тежеуіш құрылғылары пайдаланылады. Құтқарушы тікұшаққа бекітілген шынжыр арқанның көмегімен негізгі арқан бойынша түседі. Бұл тәсіл көп уақыт шығынын талап етеді және ерекше жағдайларда ғана қолданылады. Зембілдерді түсіру борттағы жүкшығырдың көмегімен жүзеге асырылады. Төменде оны қабылдау жеңіл болу үшін зембілге репшнур байлануы тиіс. Тікұшақтың оқиға болған жерге қонуы мүмкін болмаса немесе оған жақын жерде арнайы альпинистік зембілдер болса солар, не болмаса тікұшақтың қалықтап тұру режімінде зардап шегушіні көтеру үшін «Акья» түріндегі зембілдер қолданылады. Зәбірленушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін, егер тікұшақ шақырылған болса ұшып келу уақыты шамамен белгілі болса, тасымалдауға дайындайды, сол үшін оған жылы киімдер кигізеді, оны құтқару қапшықтарына немесе палаткаларға орайды (бұл олардың алған жарақаттары мен ауа райының жағдайларына байланысты), егер бар болса зембілдерге жатқызады. Зардап шегушілер немесе құтқарушылар тік беткейлерде болса, тікұшақтың винтінен пайда болған ауа легіне түсіп қалмау үшін, зардап шегуші мен зембіл үшін сақтандыру ұйымдастырады, ал құтқарушылардың өздеріне өзін – өзі сақтандыру қолданылады. Жүкшығырдың (ЛПГ – 2, ЛПГ – 3, ЛПГ – 150) көмегімен зардап шегушіні көтеру кезінде келесідей жүйелілік қадағаланады: • тікұшақ келген кезде бортмеханик жүкшығырды іске қосады және шынжыр арқанды жібереді; • құтқарушы немесе топтардың қатысушысы, зардап шегушінің қасында бола отырып, төмен түсірілетін арқан жер бетіне тигеннен кейін, оны зембілдің аспалы жүйесіне бекітіп, қолына жүкшығырдың карабинін алады, тікұшақтың бортына көтеру үшін бұйрық береді. Мүмкін болса резеңке қолғаппен жүкшығыр карабинін шынжыр арқан тартылып болғанша қолымен ұстап тұрады. Содан кейін құтқарушы зембілдердің шынжыр арқанды шыр айналып кетуіне жол бермей, тікұшақтың астыңғы жағында тік сызықпен тұрғанға дейін зембілдерді ұстап тұрады; • бортмеханик пен құтқарушы зембілдерді тартып көтеріп, оларды кабиналарға кіргізеді. Кей кездері зембілдегі зардап шегушілерді бірге еріп келген бір құтқарушымен қоса көтереді. Бұл зардап шегушіні көтеру кезінде көмек көрсету үшін және тікұшақтың корпусына зардап шегушілердің соғылуын болдырмау үшін жасалады. Мұндай жағдайда тікұшақтың бортына алдымен зардап шегуші, содан кейін жол серікті кіргізеді. Зембілдердің іліну жүйелерін қысқа жасау керек. Жүкшығыры мен зембілдің төменгі бөлігінің шамамен арақашықтығы – 80 – 90 см. Зембілдің зардап шегушімен және жолсерікпен қосқандағы жалпы салмағы туралы ұмытпау керек, өйткені рұқсат етілген максималды жүк салмағы 150 кг – ден аспауы керек. Зембілдегі зардап шегушіні тікұшақтың кабинасына оның бас жағынан бастап кіргізеді. Зембілдер есіктен кірісімен оларды тікұшактың еденінде бекітілген шығыршықтардың біріне сақтандыру ілгегімен карабинге іліп сақтандыру қажет. Зардап шегушіні, егер оның денсаулық жағдайы мүмкіндік берсе, оның өзін жеке байлап тікұшаққа көтеру керек. Мұндай жағдайда барлық істелетін әрекет бортқа зардап шегушіні зембілмен көтергендегі іс – әрекетке ұқсас болады. Зардап шегуші, егер ол мүмкін болса, тікұшақтың кабинасына көтерілуде бортмеханик пен құтқарушыға көмектеседі. Зардап шегуші есіктен кірген кезде тікұшақтың ішіне сакқтандыру ілгегімен бекітілген карабин зардап шегушінің орамасына бекітіледі. Тікұшақтың бортына құтқарушы да осындай амалмен көтеріледі. Уақытты үнемдеу мақсатында алдын ала әрбір құтқарушыға дайындалған сақтандыру карабинімен кеудеден байлау және өзін өзі сақтандыру күркеше кигізілуі тиіс. Жүкқапшық иықтарына кигізіледі. Сақтандырушы карабині жүкшығыр карабиніне бекітіледі. Күркешеден сақтандыру карабиніне репшнурмен сақтандыру тікұшақ бортына көтерілу кезінде адамның денесі аударылып кетпеуі үшін пайдаланылады. Зембілдер мен құтқарушыларды тікұшақ бортына қабылдау кезінде бортмеханик және оған көмектесуші құтқарушы өзін өзі сақтандырылуы тиіс. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Құтқарушыларды түсірудің жүйелері 2. Зардап шегушіні көтеру кезіндегі жүйелілік 3. Зембілдерді түсіру 4. Құтқарушыларды түсіру және зардап шегушілерді көшіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz