Файл қосу

Психологияның қазіргі теорияларын білуі











                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                                «Статистика»
            мамандық үшін 6М010300 - «Педагогика және психология»



                     МАГИСТРАНТТАР ҮШІН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ





















                                    Семей
                                    2014
                                  Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушы:  ___________  30.08.2014  ж.  Турсунгожинова  Г.С.,   псх.ғ.к.,
доценті, кафедра «Педагогикалық психология»

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Кафедра мәжілісінде «Педагогикалық психология»
Хаттама № 1 «03» 09. 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ Джумажанова Г.К.

2.2   Факультеттің   педагогика   оқу-әдістемелік    бюросының    отырысында
қарастырылды
Хаттама № 1 «05» 09. 2014 ж.

Төрайымы _________________ Ахметова Т.Ш.



3 БЕКІТІЛГЕН
Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды
Хаттама № 1 «11»  09. 2014 ж.

Төрайымы ________________ Искакова Г.К.


4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН



















                                   Мазмұны

   1. Жалпы ережелер
   2. Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу
   3. Пәнді оқу бойынша  әдістемелік ұсыныстар
   4. Пәннің форматы
   5. Пәннің саясаты
   6. Баға қою саясаты
   7. Әдебиеттер





































      1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


      1.1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
      Турсунгожинова   Гульнар   Сайлаухановна,   психология    ғылымдарының
кандидаты, доцент
      Кафедра «Педагогикалық психология»
      Байланыс ақпарат – тел: 30-43-41, оқу ғимараты №2, кабинет №304
      Сабақ өткізу орны – дәрісхана №303
      Пән бойынша кредит саны аталуы – 3
      1.2 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты:
      «Статистика» атты курс ерекше курстарға жатады. Оның ерекшелігін,  бір
жағынан,  күрделілігі,   екінші   жағынан,   зор   маңыздылығы   себептейді.
Күрделілігі  деген  ұғымға  оның  көптеген  ғылымдарға   сүйеніп,   көптеген
ғылымдарда   пайдаланатын   ұғымдарды   қолданатынын   жатқызамыз.   Мысалы,
қарастырылатын  пән  психология,  алгебра,  жоғары  математика,  статистика,
кибернетика сияқты білім салаларынан зерттеу әдістерін, құралдарын,  негізгі
түсініктерін  қолданады.  Екінші  жағынан,  жоғарыда  айтып  кеткендей,  бұл
курстың болашақ психолог-маманға маңызы  да  зор,  өйткені  қандай  болмасын
психологиялық  зерттеуді  өткізу  үшін,  қандай   болмасын   болжау   немесе
заңдылықты дәлелдеу үшін, кез келген  психологиялық  механизм  мен  үрдістің
барысын тексеру және тіркеу үшін зерттеуші  математикалық  қортыу  әдістерін
қолданады. Тек қана математикалық қорыту қолданған  зерттеу  дәлелді,  нақты
және ақиқатты болып саналады.
      1.3. Пәнді оқытудың мақсаты:
      Курстың мақсаты болашақ мамандардың  психология  ғылым  саласын  оқып-
зерттеуге бағытталған жоғары білімнен кейінгі негіздерін қалыптастыруды  әрі
қарай жалғастыру.
      1.4 Пәнді оқытудың міндеттері:
         – Психология ғылымының категориялық құрылымын ашу;
         – Пәнге қызығушылықтарын қалыптастыру;
         – Психологиялық білімдер  жүйесін  тәжірибеде  қолдану  дағдыларын
           дамыту
         – Психология негіздерін меңгеруді білуі (негізгі ұғымдар,  негізгі
           құрылымдар);
         – Психологияны оқып-зерттеудің әдістерін қолдана алуға ие болуы;
         – Психологияның қазіргі теорияларын білуі;
         –  Кәсіптік  іс-әрекет  жағдайында  психологиялық  алған   білімін
           қолдану туралы түсінігі болуы;
         – Психологиялық білімдер жүйесін тәжірибеде үйренуі тиіс.
      Бұл  қасиеттер  болашақта,  жұмыста  және  жеке  өмірінде  қабылдайтын
шешімдеріне сын көзбен, жан-жақты  қарауға  мүмкіндік  береді,  көмектеседі.
Олардың белсенді өмір көз қарасынын пайда болуына әсерін тигізеді.
     5. Оқытудың нәтижелері:
      Пәнді оқу нәтижесінде білімалушы міндетті:
      білу:
    – деректердің түрлерін және оларды бейнелеу тәсілдерін;
    – өлшеу шкалаларын;
    – таңдама тәсілді;
    – таңдаманың репрезентативтілігін;
    – таңдаманың сандық сипаттамаларын;
    – бас жиынтық параметрлерін;
    – сенім ықтималдығы мен мәнділік деңгейін;
    – сенім аралығын;
    – орта мәннің стандарттық қатесін;
    – критерий қуаттылығын;
    – бірінші және екінші текті қателіктерді;
    – қалыпты таралу заңының қасиеттерін;
    – Стьюденттің t-критерийлері;
    – жорамалдарды тексерудің параметрлік емес критерийлерін;
    – келісім критерийлерін;
    – бірфакторлы дисперсиялық талдауды;
    – регрессиялық талдауды;
    – корреляциялық тәуелділікті;
    – Пирсон корреляциясының коэффициентін, Спирменнің  рангілік  корреляция
      коэффициентін
      Игеру керек:
    – «Статистика» пәнінің негізгі бағыттары мен принциптерін;
    – «Статистика» пәнінің ерекшеліктерін оқып, үйренуді;
    – «Статистика» пәнінің ғылыми-теориялық негізі;
    – «Статистика» пәнінің ерекшеліктерін бағалау жолдары мен тәсілдерін.
      Меңгеру керек:
    – эпидемиологиялық  талдаудың  негізгі  критерийлерін,  эпидемиологиялық
      көрсеткіштерді;
    – медициналық-биологиялық эксперимент кезеңдерін, оны жоспарлауды;
    – компьютерлік  статистикалық  бағдарламалар:  қолданбалы  бағдарламалар
      пакеті SPSS, Statistica, SAS.
      Қолдана білу керек:
    – «Статистика» пәнінің негізгі әдіс-тәсілдерін қолдана білу;
    –  «Статистика»  пәні  бойынша  меңгерген   білімін   кәсіби   іс-әрекет
      практикасында өздігінен қолдана білу
      Түсіну керек:
    –   «Статистика»   пәнінің   саласындағы   теориялық   және   қолданбалы
      зерттеулерді;
    –    «Статистика»    пәнінің    негіздерінің    негізгі    түсініктерін,
      категорияларын, механизмдерін;
    – «Статистика» пәнінің даму және қалыптасуы тарихын
      Істей алуы керек:
    – деректерді өңдеудің статистикалық әдістерін қолдануды;
    –     биостатистикадағы     өлшеулердің      шынайылығын      бағалауды,
      айырмашылықтардың статистикалық мәнділігін анықтауды;
    – таралудың статистикалық  қатарларын  анықтау  және  олардың  теориялық
      таралу заңдарына сәйкестігін бағалауды;
    – олардың дәлдігі мен сенімділігін бағалауды;
    – статистикалық қатардың сандық сипаттамаларын есептеуді;
    – қалыпты таралу заңы шарттарының орындалуын тексеруді;
    – деректерді графиктік түрде кескіндеуді;
    – бас орта үшін сенім аралығын табуды;
    – бірфакторлық дисперсиялық талдау әдістерін қолдануды;
    – сызықтық регрессия теңдеуін анықтауды;
    – регрессия коэффициентінің мәнділігі жөніндегі жорамалды тексеруді;
    – корреляцияның таңдама коэффициентін есептеуді;
    – корреляция коэффициенті маңыздылық жорамалын тексеруді;
    –  SPSS,  Statisticа,  SAS  қолданбалы  бағдарламалар  пакетімен   жұмыс
      істеуді
    –  қорытынды  кесте  даярлауды:  іс-әрекет  саны,   орташа,   стандартты
      қателіктер, орташа қателіктері;
    – алынған нәтижелеріне интерпретация беруді
      Иемдену керек:
      – SAS, SPSS, Statistica қолданбалы бағдарламалар  пакеттерімен  жұмыс
        істеуді;
      – Стьюденттің, Фишердің, Пирсонның t–критерийімен жұмыс істеуді;
      – Негізгі статистикалық критерийлермен жұмыс істеуге.
      1.6. Пән пререквизиттері:
      1.6.1 Педагогика
      1.6.2 Педагогикадағы ақапараттық технологиялар
      1.6.3 Әлеуметтану.
      1.7. Пән постреквизиттері:
      1.7.1 «Статистика» пәнін оқығаннан кейін  бұл  курстың  қазіргі  кезде
білім  беру  үрдісінде   магистранттардың   ғылыми   зерттеулерден   алынған
материалдарды  математикалық-статистикалық  өңдеуден   өткізе   алу   сияқты
қолданбалы сұрақтармен танысуы керек. Мұны  мына  пәндерді  оқыту  барысында
жүзеге  асыруға  болады:  әлеуметтік   психология,   басқару   психологиясы,
ұйымдастырушылық психология, тұлғааралық қақтығыстар психологиясы.






2 ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ
                                                                     1 кесте

|№  |Тақырып атаулары       |Сағаттар саны               |      |Әдебиеттер |
|   |                       |Дәріс |Лаб.  |Прак.  |БОӨЖ   |БӨЖ   |           |
|   |                       |      |сағат |сағат  |       |      |           |
|1  |Модуль 1. Статистикалық|1     |      |2      |2      |5     |4.1.,4.2.,4|
|   |ғылымның пәні және     |      |      |       |       |      |.4.,4.7.   |
|   |міндеттері             |      |      |       |       |      |           |
|2  |Статистикалық бақылау  |1     |      |2      |2      |5     |4.1.,4.3.,4|
|   |                       |      |      |       |       |      |.4.,4.7.,  |
|   |                       |      |      |       |       |      |4.12.      |
|3  |Модуль 2. Статистикалық|1     |      |2      |2      |5     |4.1.,4.4.,4|
|   |мәліметтерді жинақтау  |      |      |       |       |      |.5.,4.7.,  |
|   |және топтастыру        |      |      |       |       |      |4.10.      |
|4  |Статистикалық кестелер |1     |      |3      |2      |5     |4.1.,4.4.,4|
|   |                       |      |      |       |       |      |.7., 4.11. |
|5  |Статистикалық таратпалы|1     |      |2      |2      |5     |4.1.,4.6.,4|
|   |қатарлар               |      |      |       |       |      |.4.,4.7.,4.|
|   |                       |      |      |       |       |      |9.         |
|6  |Статистикалық          |1     |      |2      |2      |5     |4.1.,4.11.,|
|   |мәліметтердің          |      |      |       |       |      |4.4.,4.7.  |
|   |графикалық көрінісі    |      |      |       |       |      |           |
|7  |Модуль 3. Статистикалық|1     |      |2      |2      |5     |4.1.,4.6.4.|
|   |көрсеткіштер. Көрсеткіш|      |      |       |       |      |3.,4.7.,   |
|   |түрлері                |      |      |       |       |      |4.8.       |
|8  |Статистикада орташа    |2     |      |2      |2      |3     |4.1.,4.6.  |
|   |шамалардың мәні        |      |      |       |       |      |4.3.,4.7., |
|   |                       |      |      |       |       |      |4.5.       |
|9  |Статистикалық          |1     |      |2      |2      |4     |4.2.,4.3., |
|   |көрсеткіштер және бөлу |      |      |       |       |      |4.7.,4.12. |
|   |талдауы. Вариация      |      |      |       |       |      |           |
|   |көрсеткіштері және     |      |      |       |       |      |           |
|   |олардың қасиеттері     |      |      |       |       |      |           |
|10 |Ішінара статистикалық  |1     |      |2      |1      |5     |4.2.,4.3., |
|   |бақылау                |      |      |       |       |      |4.7., 4.11.|
|11 |Регрессиялық талдау    |1     |      |2      |1      |5     |4.2.,4.3., |
|   |                       |      |      |       |       |      |4.7.,4.10. |
|12 |Модуль 4. Корреляциялық|1     |      |3      |1      |5     |4.2.,4.3., |
|   |талдау. Сызықты        |      |      |       |       |      |4.7.,4.8.  |
|   |корреляция             |      |      |       |       |      |           |
|13 |Бас жиынтық            |1     |      |2      |1      |5     |4.2.,4.3.,4|
|   |параметрлерін бағалау. |      |      |       |       |      |.7.,4.9.   |
|   |Статистикалық          |      |      |       |       |      |           |
|   |жорамалдарды тексеру   |      |      |       |       |      |           |
|14 |Кездейсоқ шаманың      |1     |      |2      |1      |5     |4.3.,4.11.,|
|   |типтері                |      |      |       |       |      |4.6.,4.7   |
|Барлығы:                    |15    |-     |30     |23     |67    |           |






      3. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
      Магистрант аталған курс бойынша  мынадай  теориялық  және  практикалық
мәселелерді игеруі керек. Оқу жоспарының көшірмесінде  бөлініп  берілген  әр
сабақ түрлері сағатқа  шағылған,  пәннің  қысқаша  мазмұны,  мақсаттары  мен
міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу  пәнін  меңгерудің  барлық  талаптарына  сай
келеді.  Негізгі  және  қосымша  әдебиеттер  тізімі  бар.   Оқытушылар   мен
магистранттарға арналған жұмыс бағдарламасы берілген. Магистрантқа  арналған
жұмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жүмыс түрлерінің  тізімі
әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр  дәріс  сабағы  бойынша  қысқаша
мәлімет берілген. Тәжірибелік  сабақтардың  тақырыптары  және  әр  тақырыпта
қарастырылатын   мәселелер   жоспар   түрінде   нақты    көрсетілген.    МӨЖ
тапсырмаларын өткізудің  мерзімі,  тақырыптары  және  әдебиеттері  жазылған.
Магистранттардың білімін бағалау әдістемесі бар.
      Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар.
      Мақсаты:  магистранттарды  курс  бойынша  тиісті  теориялық   біліммен
қаруландыру.
      Міндеттері:
      - әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
      - әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
      - пәнге қызығушылығын тудыру және  ары  қарай  өздігінен  жұмыс  істей
білуге үйрету;
      - курс  бойынша  тиісті  білімді  меңгеру  үшін  қажетті  жағдайлармен
қамтамасыз ету.
      Жоғары оқу орындарында  оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  формаларының
бірі - дәріс болып табылады. Ол магистранттарға олар үшін күрделі және  жаңа
ақпараттарды  беруге  тиімді.  Дәріс   магистранттарда   пәнге   қызығушылық
тудырады,  алынған  білімді   практикалық   міндеттерді   шешуде   қолдануға
көмектеседі, тақырыптың  және  қарастырылып  отырған  материалдың  теориялық
жақтарын ашып көрсетеді.
      Дәріс – магистранттарда өздігінен терең білім алуға ізденіс  туғызады.
Дәрісті тыңдау – бұл  өзара  бір-бірімен  байланысқан  танымдық  үрдістердің
(зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.
      Сіздің курс бойынша жан-жақты білім  алуыңыз  дәріс  сабақтарын  толық
тыңдауыңызға  байланысты   екенін   еш   ұмытпаңыз.   Сондықтан   бағдарлама
мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала  қарастырып  жүріңіз.  Сіздің
білімініңізің деңгейі  тек  өзіңіздің  жауапкершілігіңіз  және  өздігіңізден
жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
      Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық:  сабаққа  кешікпеңіз;  дәріс
дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай  жазып
отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік  жұмыстарға  даярлануда
негіз болады.


        Білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын  орындауға
                            әдістемелік нұсқаулар
      Мақсаты: магистранттардың дәріс және  тәжірибелік  сабақтарында  алған
білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.
      Міндеттері:
      - дәріс  және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;
      - теорияны практикамен байланыстыру;
      - библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;
      - алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;
      -   психологиялық-педагогикалық   бақылау    жүргізудің    практикалық
дағдыларын жетілдіру;
      - зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;
      - өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
      - ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.
      Өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін
біліміңізге және  рейтинг  бойынша  жинайтын  ұпайыңызға  айтарлықтай  ықпал
жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті   әрбір  өздік  жұмыс  тапсырмасын  өзіңіз
дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты  болыңыз.
Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау  барысында  басқадан  көшіргеніңіз  немесе
басқаға көшірткеніңіз үшін  жұмысыңыз  мүлдем  есептелінбеуі  немесе  бағасы
төмендетілуі мүмкін.
      Өздік  жұмысын  орындау  формалары  әр  түрлі:  кесте,  таблица  құру,
реферат,  коллоквиум,  сөзжұмбақ,  пікірталас,  конспект   бойынша   талдау,
аннотация жазу және  т.б.  Оларды  орындау  үшін  оқу  әдістемелік  кешеннің
мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.
      Білім алушылардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:
   1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға
      (іштей жылдам  оқи  білу,  библиографиялық  дағдылар,  түрлі  анықтама
      әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып  алу  т.б.  )  ие  болу
      керек.
   2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт,  орын,  тиісті
      әдебиеттер  мен  құралдардың  болуы  т.б.)  керек  етеді,  ең   дұрысы
      кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану.
   3. Өздігінен білім алатын адам  нені  оқитынын  анық  біліп,  ол  жұмысты
      белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
   4.  Алғашқы  кезде  оқытушылардан,  тәжірибелі  оқытушылардан,  кітапхана
      қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
   5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
   6. Оқыған материалды мұқият  ұғатындай  етіп  ұғып,  түсінбеген  жерлерді
      қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
   7.  Анықтама  әдебиеттерді,  энциклопедияларды,  түрлі  сөздіктерді  қоса
      пайдаланып отыру керек.
      Өздік  жұмыс  түрлері:  ауызша;   жазбаша;   практикалық;   теориялық;
шығармашылық.
      Өздік жұмысты орындау барысында  ерік  қалыптасады,  жұмысқа  қабілет,
зейін, оқу еңбегі, тәртібі тәрбиеленеді.
      Өздік жұмыс формалары: реферат орындау; конспектілеу; аннотация  жазу;
тезис орындау; ғылыми баяндамалар жазу және т.б.
      Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.
      Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар:
   1.  Жазып  отырған  тақырыптан  алшақтамай,  оның  мазмұнын  нақты  ашуға
      талпыну.
   2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
   3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын  жоспарға  сай  рет-
      ретімен жүйелі баяндауы қажет.
   4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
   5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
      Сілтеме  –  бұл  белгілі  бір  автордың  ой-пікірін   өз   жұмысымызда
пайдалансақ,  онда  оған  сілтеме  келтіреді,  яғни  ол  әдебиеттің  тізімін
пайдаланғаны бойынша ретімен жазу.
      Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау.
      Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз  көшіру.  Міндетті  түрде  автор,  кітап
(жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі.
      Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау.
      Рецензиялау - оқу материалы, кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу.
      Ғылыми  баяндамалар  –  аудиторияда  оқылатын  немесе  мақала  ретінде
жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының  мазмұнын
баяндайтын ғылыми құжат.
      Эссе  дегеніміз  -  философиялық,  әдеби,   тарихи,   публицистикалық,
әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми  емес,  автордың  жеке
көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазу  барысында  сақталынуы  тиіс
талаптар:
    • Жеке көзқарастың көрінісі;
    • Фактілі дәлелдер (аргументтер);
    • Теоретикалық негіздеме;  
    • Цитаталарды келтіру;
    • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
    • Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
    • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
    • Сауаттылыққа мән беру.
      Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі
      Кітаппен (негізгі әдебиетпен  жұмыс  жасағанда)  жұмыс  жасауда  басты
назар аударылады:
      1. Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан
жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің  немесе  кіріспе  сөздің
авторы); оның тұтастай көлеміне;
      2. Мазмұны  арқылы  кітаптың  жоспарымен  (бөлім,  тарауларымен)  және
қандай жүйеде жазылғанымен танысу;
      3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну  үшін
үстірт танысып шығу;
      4.  Негізгі  мәтіннің  құрылымымен  (жеке  тарауларға;  мәтіннің  жеке
бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу;
      5. Безендірілу сипатына;
      6. Қайталауға берілген сұрақтарға;
      7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.
      Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс.


      4 ПӘННІҢ ТҮРІ (ФОРМАТЫ)
      Семинарға дайындық кезінде магистрант мұғалімнің дәрісін назарға ұстай
отырып,  біршама  ізденіс  жұмыстарын  жасау  қажет.  Ғылыми  мақалалар  мен
монографиялар, сондай-ақ интернет желісінен алынған материалдардағы  керекті
деректер  конспектіленіп  алынады.  Семинар  магистранттың  ізденіс   жұмысы
болғандықтан,  бір  емес  бірнеше  дереккөздерді  пайдалануға  тиісті.  Курс
бойынша  білуге  тиісті  терминдер  мен  шартты  ұғымдарды  оқытушы  қамтып,
түсіндіреді. БӨЖ тақырыптары берілген сұрақтарды қамти отырып, жазбаша  және
ауызша жұмыс түрінде орындалады.  БӨЖ-ді  конспект  түрінде  дәптерге  жазып
өткізу қажет. Сабақ барысында магистранттың теориялық білімі,  белсенділігі,
ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады.


      5 ПӘН САЯСАТЫ
      Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы  саны  шығарылады.
Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырманы орындауы, сабаққа  қатысуы,  МӨЖ
тапсырмаларын,  тиісті  жаттығу   жұмыстарын   орындағаны   жөніндегі   ұпай
жиынтығы, кезеңдік, қорытынды  бақылау  нәтижелері  т.б.  түгел  ескеріледі.
Курсты  оқу  барысында  алынған  барлық   ұпайлар   жинақталып,   бір-біріне
қосылады. Осы курстан алған жиынтық бағаны шығару үшін әрбір  тапсырама  мен
рейтинг  бақылауынан  алынған  баға  және  емтихан  бағаларының  қорытындысы
бойынша орташа балл есептеледі. Барлық тапсырмаларды  көрсетілген  уақытында
өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу  емтиханға  7  күн  қалғанда
аяқталады.   Барлық   тапсырманы    өткізбеген    магистранттар    емтиханға
кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру  арқылы  жұмыс
көлемін ұлғайтылады; Тапсырмалар оқытушы тағайындаған  уақытта  қабылданады.
Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса,  бұрынғы  орындалған  жұмыстарыңыз
есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет  және  осы
мәселеге  қатысты  университет  саясаты  есепке  алынады.  Әрбір   тақырыпты
қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест  арқылы
тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық  сабақтарды
босатпау,   кешікпеу   міндетті.   Себепсіз   сабақтан   қалсаңыз:   қосымша
шығармашылылық  жұмыс  беріледі  (реферат,  көркем  мәтінге  талдау   т.б.);
Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу  үрдісіне
белсенді түрде қатысу қажет.


      6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
      Апта  және  бақылау  түрлері  бойынша  баллдардың   реттелуі   кестеде
келтірілген
      «Статистика» пән бойынша баллдардың реттелуі


                                                                     2 кесте


   |Апта    |Бақылау түрі                      |Жалпы балл      |Ескерту     |
|1       |2                                 |3               |4           |
|        |1-7 апта арасында дәрісханалық    |30              |            |
|        |сабақтарға қатысу                 |                |            |
|        |Семинар                           |30              |            |
|3       |                                  |                |            |
|        |БӨЖ                               |20              |            |
|4       |Семинар                           |10              |            |
|5       |Семинар                           |30              |            |
|        |БӨЖ                               |30              |            |
|        |Семинар                           |30              |            |
|6       |                                  |                |            |
|        |БӨЖ                               |30              |            |
|7       |Семинар                           |0               |            |
|        |Межелік бақылау 1                 |90              |            |
|1-7 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл   |300             |            |
|11   |8-15 апта арасында дәрісханалық      |30              |            |
|     |сабақтарға қатысу                    |                |            |
|     |Семинар                              |30              |            |
|9    |                                     |                |            |
|     |БӨЖ                                  |20              |            |
|     |Семинар                              |30              |            |
|11   |                                     |                |            |
|     |БӨЖ                                  |30              |            |
|13   |Семинар                              |40              |            |
|     |БӨЖ                                  |30              |            |
|15   |Межелік бақылау 2                    |90              |            |
|8-15 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл  |300             |            |
|Емтихан үшін жалпы балл                    |400             |            |
|Академиялық кезең бойынша жалпы балл       |1000            |            |


      7 ӘДЕБИЕТТЕР


      7.1 Негізгі әдебиеттер:
      7.1.1 Гинзбург А.И. Статистика. - СПб: Питер, 2003
      7.1.2 Ефимова М.Р.  Практикум  по  общей  теории  статистики:  учебное
пособие для вузов / М.Р. Ефимова и др. – М.: Финансы и статистика,  2007.  –
368 с.
      7.1.3 Иода Е.В., Герасимов Б.И. Статистика: Учебное пособие. - Тамбов:
ТГТУ, 2004
      7.1.4  Мелкумов  Я.С.  Социально-экономическая   статистика:   учебно-
методическое пособие. – М.: ИМПЭ-ПАБЛИШ, 2007. – 200 с. 
      7.1.5  Переяслова  И.Г.,  Колбачева  Е.Б.  Основы  статистики.   Серия
<Учебники, учебные пособия>. - Ростов н/Д: Феникс, 1999. - 320 с.
      7.1.6 Статистика: учебник  /  И.И.  Елисеева  и  др.;  под  ред.  И.И.
Елисеевой. – М.: Высшее образование, 2008. - 566 с.
      7.1.7 Статистика: Учебно-методические материалы / Степанов  В.Г.  -М.:
МИЭМП, 2005.
      7.1.8 Статистика: Курс лекций/ Харченко Л.П., Долженкова  В.Г.,  Ионин
В.Г. и др.; Под ред. к.э.н.  В.Г.  Ионина.  -  Новосибирск:  Изд-во  НГАЭиУ,
1996.- 310с.
      7.1.9 Шмойлова Р.А. Практикум по теории  статистики:  учебное  пособие
для вузов / Р.А. Шмойлова и др.; под ред. Р.А. Шмойловой. -  М.:  Финансы  и
статистика, 2007. – 41
      7.2 Қосымша әдебиеттер:
      7.2.1 Сборник задач по общей теории статистики.  Учебное  пособие./Под
ред. Серга Л.К. - М.: Информационно-издательский дом <Филин>,  1999.  -  362
с.
      7.2.2 Сиденко А.В., Попов Г.Ю., Матвеева В.М. Статистика:  Учебник.  -
М.: Издательство "Дело и сервис", 2000. - 464 с.
      7.2.3 Статистический словарь. М.: Финстатинформ, 1996.
      7.2.4 Сиденко А.В., Попов Г.Ю., Матвеева В.М. Статистика: Учебник. М.,
2000.
      7.2.5 Социально-экономическая статистика:  Учебник  /  Под  ред.  Б.И.
Башкатова. М., 2002

Пәндер