Файл қосу

орындау - дайындау - жұмысты - биохимия - заттардың - алмасуы - химиялық



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                       |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                    |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты  |ПОӘК                  |                              |
|                       |                      |                              |
|                       |                      |ПОӘК  042-18-10.1.47/02-2014  |
|ПОӘК                   |                      |                              |
|«Биохимия» пәнінің     |__11.09____2014 ж.    |                              |
|студентке арналған     |№2    басылым         |                              |
|бағдарламасы           |                      |                              |







                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                                 «Биохимия»

                         5В070100 – «Биотехнология»
                               мамандығы үшін


                     СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
















                                    Семей
                                    2014

                                   Кіріспе

    1 ӘЗІРЛЕНГЕН


    Құрастырушы ___________ «__29___»___08___ 2014 ж. А.Ш. Омарова,  Ph.D.,
    «Химия» кафедрасының доцент м.а.


    2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
    2.1 «Химия» кафедрасының отырысында
    «__29__»____08_____  2014 ж. № 1 хаттама


    Кафедра меңгерушісі ____________ Б.Х. Мұсабаева


    2.2   Инженер-технологиялық   факультетінің   оқу-әдістемелік    бюросы
    отырысында


    «__05__» _____09______ 2014 ж. № 1 хаттама


    Төрайымы ______________С.С. Төлеубекова




    3 БЕКІТІЛДІ
    Университеттің  оқу-әдістемелік  кеңесінің  отырысында  басып  шығаруға
    мақұлданған және ұсынылған
    «___11___» ______09______ 2014 ж. № 1 хаттама


    ОӘК төрайымы ____________Г.Қ. Искакова




    4 «18»   09    2013 ж. №1 басылым ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН














                                   Мазмұны

|1    |Жалпы ережелер                                                 |4    |
|2    |Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу      |5    |
|3    |Пәнді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар                |5    |
|4    |Курс форматы                                                   |6    |
|5    |Курс саясаты                                                   |6    |
|6    |Баға қоюдың саясаты                                            |6    |
|7    |Әдебиеттер                                                     |9    |

































     1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
 Омарова Айгүл Шайзолла қызы, PhD, доцент м.а.
«Химия» кафедрасы.
Байланыс ақпараты – тел. 35-05-90,  оқу ғимараты № 9, кабинет  № 418
Сабақ өткізу орны – дәрісхана  № 406
Берілген пән бойынша кредиттер саны –  3
1.2 Пәннің мазмұнын  қысқаша  сипаттау:   Биохимия  –  тіршіліктің  молекула
негізі жөніндегі ғылым. Ол тірі организмнің химиялық құрамын,тірі  материяда
болатын  химиялық  реакцияларды,  тірі  организмдегі  заттардың  биологиялық
функциямен молекуларлық құрамымен өзара байланысын зерттейді. Биохимия  тірі
организмде өтетін процесстерін терең түсіну үшін негізі ғылым болады.
1.3 Пәнді оқыту мақсаты: Білім алушылардың  «Биохимия» курсының  тіршіліктің
молекулалық негізін, биологиялық заттардың құрамын, құрылысын,  қасиеттерін,
осы заттардың тіршіліктің  әрекеті  бойынша  реакцияларын  оқып  білу  болып
табылады.
1.4  Пәнді оқытудың негізгі міндеті:  Биохимия  пәнін  оқып–білудің  негізгі
міндеті - білім алушылар биологиялық маңызды  заттардың  негізгі  кластарын,
осы  заттардың  құрамын,  құрылысын,   қасиеттерін,   организмде   атқаратын
биологиялық  қызметтерін,  әсерінің  механизмдері;  тіршілік   процестерінде
биологиялық  заттардың  өзгеруін,  әрекеттесуін,  зат   алмасуының   негізгі
жолдарын, негізгі биохимиялық  жүйелерінің және  химиялық реакцияларын  оқып
білу керек; биологиялық заттардың құрамын,  құрылысын,  қасиеттерін  зерттеу
үшін практикалы дағды алу керек;
1.5 Оқыту нәтижелері:
Оқып-білудің нәтижесінде білім алушылар мыналарды:
- тірі ағзаның химиялық құрамын,  жоғары  молекулалы  белоктар,  көмірсулар,
майлар   және   нуклеин   қышқылдарының   құрылысын   және   физико-химиялық
қасиеттерін, сол сияқты биологиялық активті заттар – витаминдер,  ферменттер
және гормондардың әсер ету механизмдерін білуі;
-тірі ағзадағы зат алмасу және энергия алмасу туралы білімді меңгеруі;
-  тірі  ағзадағы  зат  алмасудың  катаболизм  және  анаболизм  реакцияларын
игеруі;
-  қоректік  заттарға  және   биологиялық   активті   заттарға   биохимиялық
әдістермен зерттеулер істей алуы;
-Белок биосинтезінің негізгі этаптарын түсінуі керек.

1.6  Курстың пререквизиттері:
1.6.1  Химия

1.7 Курстың постреквизиттері
1.7.1  Өсімдіктер биотехнологиясы;
1.7.2 Цитология;
1.7.3 Физиология;
1.7.4  Молекулалық биология.

   2  ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
                                                                     Кесте 1
|№  |Тақырыптардың атауы          |Сағаттар саны                  |Әдебиеттер  |
|р/с|                             |                               |            |
|   |                             |ДС  |ЗС   |СПС  |БОӨЖ   |БӨЖ   |            |
|   |2                            |3   |4    |5    |6      |7     |8           |
|1. |Кіріспе. Витаминдер.         |1   |4    |     |2      |6     |7.1.1-7.1.2 |
|2. |Ферменттер                   |1   |4    |     |2      |6     |7.1.1-7.1.2 |
|3. |Гормондар                    |1   |2    |     |2      |6     |7.1.1-7.1.2 |
|4. |Зат алмасуы. Биототығу.      |1   |2    |     |2      |6     |7.1.1-7.1.2 |
|5. |Көмірсулар алмасуы және      |3   |4    |     |3      |9     |7.1.1-7.1.2 |
|   |қызметі                      |    |     |     |       |      |            |
|6. |Липидтер алмасуы және тотығуы|2   |2    |     |2      |6     |7.1.1-7.1.2 |
|7. |Аминқышқылдар алмасуы        |2   |4    |     |3      |9     |7.1.1-7.1.2 |
|8. |Нуклеотидтер алмасуы         |2   |4    |     |2.5    |7.5   |7.1.1-7.1.2 |
|9. |Белок биосинтезі             |1   |2    |     |2      |6     |7.1.1-7.1.2 |
|10.|Зат алмасу қарым-қатынасы    |1   |2    |     |2      |6     |7.1.1-7.1.2 |
|   |және бірлігі                 |    |     |     |       |      |            |




   3 ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
   Курсты оқу 5 өзара байланысты оқу түрлерінен тұрады – дәріс,  практикалық
және зертханалық сабақтар, БОӨЖ және БӨЖ. Осылардың ішінде  маңыздысы  дәріс
болып  табылады,  себебі  онда  пәннің  маңызды  да  аса  күрделі  сұрақтары
қарастырылады.   Практикалық   сабақтар   теориялық    материалды    қамтуды
қарастырады. БОӨЖ және БӨЖ күнделікті әрі міндетті дайындық болып  табылады,
олар  нақты  тапсырмалар  бойынша   орындалады   және   мұғалімнің   тұрақты
бақылауында  болады.  Аудиториядан  тыс  өздік  жұмыс  оқу  әдебиетімен,  үй
тапсырмасын орындау және ағымдағы  зертханалық  жұмыстарға  дайындық  сияқты
жұмыстарды қарастырады.



      4 КУРС ФОРМАТЫ
   Берілген нақты пән бойынша аптасына 1 рет 50 минуттық дәріс,  аптасына  1
рет 50 минуттық практикалық сабақ, аптасына 1 рет 100  минуттық  зертханалық
сабақ және аптасына бір рет 50 минуттық БОӨЖ жүргізу қарастырылған.


   5 КУРС САЯСАТЫ
   Сабаққа қатысу: Дәрістерге, зертханалық сабақтар және БОӨЖ  қатысу  қатаң
түрде міндетті болып табылады. Егерде  әлдебір  себептермен  сабаққа  қатыса
алмасаңыз, сізге  барлық  босатқан  сабақтардағы  қабылданбаған  материалдар
үшін жауапкершілік жүктеледі.  Оқу  жоспары  бойынша  босатқан  (қатыспаған)
сабақтарды қайта  қабылдау  қарастырылмаған,  сондықтан  мұғалім  тапсырмасы
бойынша білім алушы босатқан тақырыбы бойынша 5 есеп шығаруы керек.
Тәртіп:  Сабақ  барысында  ұдайы   тәртіпбұзушылық   аудиториядан   қуылумен
жазаланады  және  сәйкесінше  сабақ  босатқаны   үшін   рейтінгілік   бағасы
төмендетіледі.
Зертханалық  сабақтар:  білім  алушы  зертханалық   сабақтарға   зертханалық
жұмыстың конспектісі болып, жұмысты орындау барысын және жұмыстың  теориялық
негіздемесін  білген  жағдайда  ғана  жіберіледі.  Білім  алушы  зертханалық
жұмыстарды және  эксперименттің  нәтижелерін  өңдеуді  өзбетінше  орындайды,
дайын нәтижелерді қолдануға тыйым салынады. Зертханада білім алушы  халатпен
жүруге міндетті және қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауы керек.
Межелік  аттестация:  Межелік  аттестация   қорытындысы   сабаққа   қатысуы,
белгіленген мерзімде БӨЖ орындауы, сабақ барысындағы ауызша  немесе  жазбаша
жауаптарымен,  тестілеу  нәтижелерімен   және   межелік   бақылауды   ескере
қойылады.
Емтихан:  Ауызша  емтихан  немесе  компьютерлік  тестілеу  жүйесі  негізінде
рұқсат  алған  барлық  білім  алушыларға  қорытынды   емтихан   жүргізіледі.
Емтиханның  әрбір тест сұрағы 5 жауаптан  тұрады,  соның  ішінде  бір  дұрыс
жауабымен.   Тест   сұрақтары   барлық   өткен   курс   бөлімдері    бойынша
құрастырылған.

   6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ
Апта және бақылау түрлері бойынша балдардың бөлінуі 2-кестеде көрсетілген.
                  «Биохимия» пәні бойынша балдардың бөлінуі

                                                                     Кесте 2
|Апта    |Бақылау түрі                                   |Барлық  |Ескертпе    |
|        |                                               |балл    |            |
|1       |2                                              |3       |4           |
|        |1-7 апта аралықтарындағы дәріс сабақтарына     |30      |            |
|        |қатысу және дайындық                           |        |            |
|1       |Практикалық сабақ: Майда еритін витаминдер     |        |            |
|1       |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |        |            |
|        |Майда еритін витаминдерге сапалық реакциялар   |        |            |
|2       |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |8       |            |
|        |Суда еритін витаминдерге сапалық реакциялар    |        |            |
|2       |Практикалық сабақ: Суда еритін витаминдердің   |12      |            |
|        |сипаттамасы                                    |        |            |
|3       |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |8       |            |
|        |Ферменттердің жалпы қасиеттері - температураға |        |            |
|        |төзімділігі, талғампаздығы және рН-тың         |        |            |
|        |активтілігіне әсері.                           |        |            |
|3       |Практикалық сабақ: Кофакторлар – коферменттер, |12      |            |
|        |активаторлар, гемдер.                          |        |            |
|4       |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |8       |            |
|        |Ферменттердің әсер ету механизмі. Активаторлар |        |            |
|        |мен ингибиторлардың әсері.                     |        |            |
|4       |Практикалық сабақ: Жасанды жыныс гормондары.   |12      |            |
|        |Сары дене гормоны. Простагландиндер және       |        |            |
|        |тромбоксандар.                                 |        |            |
|5       |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |8       |            |
|        |Гормондар: инсулин мен адреналинге сапалық     |        |            |
|        |реакциялар.                                    |        |            |
|5       |Практикалық сабақ: Биологиялық тотығу.         |12      |            |
|        |Тыныстану тізбегі. Тотыға фосфорлану.          |        |            |
|5       |БӨЖ: Фотосинтез                                |50      |Презентация |
|        |                                               |        |дайындау    |
|6       |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:  Зат|8       |            |
|        |және энергия алмасуы. Биологиялық тотығу       |        |            |
|        |(семинар).                                     |        |            |
|6       |Практикалық сабақ: Көмірсулар. Глюкоза,        |12      |            |
|        |фруктоза және сахарозаның Фишер, Хеорс және    |        |            |
|        |Колли-Толленс бойынша формулалары. Гликозидтік |        |            |
|        |гидроксил. Гликозидтік байланыс.               |        |            |
|6       |БӨЖ: Биологиялық мембраналар                   |50      |Презентация |
|        |                                               |        |дайындау    |
|7       |Межелік бақылау 1 – 1-3 модульдер бойынша      |70      |Оқу         |
|        |тестілеу                                       |        |кестесіне   |
|        |                                               |        |сай         |
|        |1-7 апта аралықтарындағы дәріс сабақтарына     |300     |            |
|        |қатысу және дайындық                           |        |            |
|8       |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |8       |            |
|        |Көмірсулар қасиеттері. Көмірсулардың сапалық   |        |            |
|        |реакциялары.                                   |        |            |
|8       |Практикалық сабақ: Глюкозаның анаэробты        |7       |            |
|        |метаболизмі (глюкоза - пируват). Спирттік ашу. |        |            |
|        |Сүтқышқылды ашу.                               |        |            |
|9       |Практикалық сабақ: Глюкозаның аэробты ыдырауы  |8       |            |
|        |(пируват – ацетил-КоА – Кребс циклі).          |        |            |
|9       |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |7       |            |
|        |Липидтер. Майларға сапалық реакциялар.         |        |            |
|        |Майлардың ерігіштігі. Майдың константасын –    |        |            |
|        |tбалқу, йод санын, қышқыл санын анықтау.       |        |            |
|10      |Практикалық сабақ: Майлар. Триацилглицерол,    |7       |            |
|        |балауыз, сфинголипидтер, фосфолипидтер және    |        |            |
|        |холестеролдың құрылымдық формулалары.          |        |            |
|10      |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |7       |            |
|        |Аминқышқылдары. Амин тобындағы азотты формольды|        |            |
|        |әдіспен анықтау.                               |        |            |
|11      |Практикалық сабақ: Триацилглицерол катаболизмі |7       |            |
|11      |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |7       |            |
|        |Белоктар. Физика-химиялық қасиеттері.          |        |            |
|        |Белоктарды тұнбаға түсіру реакциялары.         |        |            |
|12      |Практикалық сабақ: 20 (-аминқышқылдарының      |7       |            |
|        |құрылысы. Белоктардың жіктелуі.                |        |            |
|12      |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |7       |            |
|        |Белоктарға түсті реакциялар.                   |        |            |
|12      |БӨЖ: Органдар биохимиясы I                     |50      |Реферат жазу|
|13      |Практикалық сабақ: Аминқышқылдарының аралық    |7       |            |
|        |алмасуы (дезаминдеу, трансаминдеу,             |        |            |
|        |декарбоксилдеу). Аммиакты залалсыздау          |        |            |
|        |жолдары.Глицин және тирозин метаболизмі.       |        |            |
|13      |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |7       |            |
|        |Күрделі белок – нуклеопротеиндердің химиялық   |        |            |
|        |құрамын зерттеу: ашытқы гиролизатындағы белокты|        |            |
|        |анықтау; пуринді негіздерді анықтау;           |        |            |
|        |пентоза-альдозаны анықтау; фосфор қышқылын     |        |            |
|        |анықтау. Дифениламинмен ДНҚ сандық анықтау.    |        |            |
|13      |БӨЖ: Oргандар биохимиясы II                    |50      |Реферат жазу|
|14      |Зертханалық жұмысты дайындау және орындау:     |7       |            |
|        |Белок биосинтезі және оның негізгі этаптары    |        |            |
|        |(семинар).                                     |        |            |
|14      |Практикалық сабақ: Практикалық сабақ: ДНҚ және |7       |            |
|        |РНҚ құрылысы: рибоза, дезоксирибоза, пурин және|        |            |
|        |пиримидиндік негіздер, нуклеотидтер,           |        |            |
|        |нуклеозидтер. ДНҚ және РНҚ молекуласының       |        |            |
|        |фрагменті.                                     |        |            |
|15      |Межелік бақылау 2 – 4-7  модульдер бойынша     |70      |Оқу         |
|        |тестілеу                                       |        |кестесіне   |
|        |                                               |        |сай         |
|        |8-15 апталардың оқу қорытындылары бойынша      |300     |            |
|        |барлық балл                                    |        |            |
|        |Емтихан бойынша барлық балл                    |400     |            |
|        |Академиялық период бойынша барлық балл         |1000    |            |


7. ӘДЕБИЕТТЕР
        1. Негізгі әдебиеттер
        7.1.1Сеитов З.С. Биохимия. –Алматы: Агроуниверситет, 2000.-897 с.
        7.1.2 Биологическая химия/под ред. Н.И. Ковалевской.-М.:  Академия,
              2009.-255 с.
        7.1.3  Коваленко  Л.В.  Биохимические  основы  химии   биологически
              активных веществ. –М.: Бином. Лаборатория  знаний,  2010.-228
              с.
        7.1.4   Сейітов   Қ.С.    Биологиялық    химия.-Алматы:    «Қайнар»
              университеті, 1992.-384 б.
        7.1.5 Аблаев Н.Р. Биохимия в схемах  и  рисунках.  –Алматы:  Ғылым,
             2001.-285 с.
        7.1.6  Аксартов   Н.М.   Биохимия   /эл.-ресурс/лекционный   курс.-
             Караганда: КарГУ, 2005.-1 эл. диск.
          7. Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы.- Алматы: Ана тілі, 1993,
             2004.-200 б.
          8. Кайрханов К.К. Методические указания к  лабораторным  занятиям
             по биохимии / издание третье, переработанное и  дополненное  /
             Семипалатинск, ЦНТИ, 2003.





        7.2  Қосымша әдебиеттер

        7.2.1 Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф., Биохимия.-Москва: 2000.-520 с.
        7.2.2  Малахов  А.Г.,  Вишняков  С.И.   Биохимия   с/х   животных.-
             М.:Колос,1984.-345 с.
        7.2.3 Строев Е.А. Биологическая химия. -М.: 1986.-480 с.
        7.2.4 Николаев А.Я. Биохимия. Москва: 1989.-495 с.
        7.2.5 Строев Е. А., Макарова  А.  А.,  Практикум  по  биологической
             химии.       М.: «Высшая школа», 1986. -231с.
Пәндер