Файл қосу
Жоғары деңгейдегі программалау
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |СМЖ 4 деңгейдегі құжаты |Оқу бағдарламасы|ОБ 042-1.01-2013-01 | | «Жоғары деңгейдегі программалау|11.09.2014ж | | |тілдерінің графикалық тәсілдері»|№1 басылым | | |бойынша оқу бағдарламасы | | | Физика-математика факультеті Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы «Жоғары деңгейдегі программалау тілдерінің графикалық тәсілдері» ПӘНІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 6М060200 - «Информатика» мамандығына арналған Курс 2 Оқу формасы _күндізгі Семей 2014 Алғы сөз 1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН Құрастырушы ________ «__ » _______ 2014 ж. И.С. Мусатаева, п.ғ.к., информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті м.а. 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының мәжілісінде Хаттама № 1, «_10_» __09___ 2014 ж. Кафедра меңгерушісі А.А. Абишова 2. Физика-математика факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастылды Хаттама № 1, «_11_ » __09__ 2014 ж. Төрайымы __________ Қ.А. Батырова 3 БЕКІТІЛГЕН Университеттің Оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды. Хаттама № 1, «__11__» ____09___ 2014 ж. ОӘК төрайымы ___________ Г.К. Искакова 4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН Мазмұны |Түсініктеме |4 | |Пән құрылымы |6 | |Пән мазмұны |7 | |Пәннің оқу-әдістемелік және ақпараттық жабдықталуы |8 | |Материалдық техникалық жабдықталуы |9 | 1 Түсініктеме «Жоғары деңгейдегі программалау тілдерінің графикалық тәсілдері» пәні 6М060200-Информатика мамандығы бойынша білі алушыларға арналған. Берілген пән ғылыми-жаратылыстану бағытындағы магистрлердің даярлық деңгейін анықтайтын арнайы пәндердің бірі. Қазіргі кезде, білім беру саласында және т.б. салаларда мәліметтердің графиктік түрде өзгеруі, сол түрде көрнекі жеткізілуі өзекті мәселе болып табылады. Осы пән арқылы берілген мәселелерді шешу жолдары табылары анық. «Жоғары деңгейдегі программалау тілдерінің графикалық тәсілдері» пәні магистранттарға кез келген графикалық есептерді өз бетінше бағдарламалай алуға мүмкіндік береді. Пәннің негізгі бөлімінде Паскаль, Си, ОББ тілдеріндегі графикалық мүмкіндіктер толық берілген. Бұл пәнді толық меңгергеннен кейінгі күтілетін нәтижелер, магистрлердің бұл мүмкіндіктерін ары қарай өз бетімен қолдана алатындығына кепілдік береді. Пәннің қысқаша мазмұны Пәннің негізгі бөлімі магистрантттардың оқу және кәсіби қызметтерінде қолданулары мүмкін графикалық программалармен жұмыс істеулеріне арналған. Пәнде қарастырылған графикалық программалар – жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері болып табылады. Магистранттар кез келген графикалық есептерді өз бетінше бағдарламалай алуға мүмкіндік береді. Пәннің негізгі бөлімінде Паскаль, Си, ОББ тілдеріндегі графикалық мүмкіндіктер толық берілген. Пәнді оқытудың мақсаты: Әр типтегі графикалық пакеттердің мүмкіндіктерін оқып үйрену, ДК-дағы бейнелерді жасап өңдеумен байланысты нақты мәселелерді шешу үшін оптималды құралдарды таңдауға негізделу. Графикалық пакеттердің мүмкіндіктері туралы теориялық және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Пәнді оқытудың міндеттері: 1. Магистранттардың графикалық мүмкіндіктер мен оларды түрлі салада қолдану дағдысын, әдістерін қолдану қағидаларымен қаруландырып, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру; 2. Магистранттарды оқыту және шығармашылық дүниетанымымен жұмыс жүргізуге үйрету; 3. Магистранттарды ғылыми ізденіске, ғылыми әдіснамалық жұмысқа баулу; Оқытудың нәтижелері: Пәнді оқу нәтежесінде білімалушы міндетті – білу: компьтерлік графиканың негізгі ұғымдарын, қолданыстары бойынша мүмкіндіктерімен теориялық мұғлұматтарын білу; векторлық графикамен нақты бейненің моделін құруды; фигуралық және қарапайым мәтінді құрудың барлық тәсілдерін білу; түрлі типті объектілерді өз бетімен құруды, олардың қасиеттерін өзгертуді, оларды өзара позициялауды, функциялардың графигін жазықтықта және кеңістікте құруды, әр түрлі диаграммалар тұрғызуды үйрену. – икемделу: мамандықтары бойынша жұмыс істегенде қолдануға қажетті ДК-дағы бейнелерді жасап өңдеумен байланысты біліктілігін қалыптастыру. – дағдылану: графикалық ақпаратты талдау мен өңдеуге байланысты барлық жобалық жұмыстарды орындау дағдыларын қалыптастыру керек. Құзырлықты қалыптастыру: болашақ мамандырылған қызметте және ғылыми зерттеулерде алған білімдерін және дағдыларын тәжірибеде қолдануға қабілетті. Пәнді оқу негізінде келесі құзыреттіліктер қалыптасады: жалпы: 1. Өзінің пәндік ортасы және оларды қолдану әдістерін алуан түрлі кәсіби және әлеуметтік қызметте ғылыми-жаратылыстану, негізгі және жалпыбілім беретін білімді игеру; 2. Әлеуметтік-гуманитарлы білімді игеру (ҚР-ның негізгі заңнамалық актілері, мәдениеттің болмысы, оның адам өміріндегі ролі, әлеуметтік тәжірибені иелену, сақтау және алмасу жолдары, мәдениеттің негізгі құндылығы, әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдардың негізгі ережелері мен әдістері, оларды әлеуметтік және кәсіби мәселелерді шешу барысында қолдану және әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен үрдістерді талдау қабілеттілігі және т.б.туралы); 3. Ойлау мәдениеті бар, ақпаратты қабылдауға, жалпылауға, талдауға қабілетті және мақсат қойып, оған жету жолдарын таңдай алу; 4. Заманауи қоғамның дамуында ақпараттың болмысы және мағынасын түсінеді; ақпаратты алу, сақтау, өңдеу құрылғыларын және мүмкіндіктерін, негізгі әдістеріне ие; 5. Қажеттi тәжiрибе жасап, мәліметтерді түсiндiрiп және қорытынды жасауды жоспарлауға және өткізуге икемді; 6. Жазбаша және ауызекі тілді ғылыми стильде логикалық дұрыс, дәлелді және анық құру керек икемі болуы керек; 7. Өзін-өзі дамытуға, өзінің біліктілігін және шеберлігін арттыруға талпыныс; 8. Өзінің педагогикалық біліктілігін арттыру мақсатында өзін-өзі тексеру және өзін-өзі бағалай алу; 9. Өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік маңыздылығын түсіну, кәсіби қызметті жүзеге асыруға жоғары уәждемеге ие болу; кәсіби құзыреттілік: 1. Әлеуметтік маңызы бар мәселелерді және үрдістерді талдау қабілеттілігі; 2. Оқу үрдісінде табиғи-ғылым материалдарын және олармен ғылыми еңбектерді зерттеудің әр түрлі кезеңінде жұмыс істеуге икемі бар; 3. Ақпаратты басқару, ғаламдық компьютерлік желілердегі ақпарат құралы ретінде компьютерді қолдану икемі бар; 4. Нақты бір білім беру мекемесінің нақты оқу-тәрбиелік үрдісті қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы әдістерді және технологияны қолдануға даяр; 5. Құзыреттілік: ақпараттар теориясы, алгоритмдеу және программалау, мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер, компьютер архитектурасы және есептеуіш желілер және т.б. облысында; 6. Әр түрлі категориядағы мекендер үшін мәдени-ағартушылық бағдарламаларды құрастыру және жүзеге асыруға, сонымен бірге қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға икемі бар; 7. Сабақ беруге және еркін түрде тілдесуге қазақ тілінің (орыс тілі), ағылшын тілінің грамматикасын лексикасын білу; 8. Өзінің қабілеттілігін шығармашылық талдау және жинақталған тәжірибесін қайта бағалау критериясында ғылым мен техника даму жағдайында қабілеттілікті меңгеру; 9. Компьютерде бейнелерді құру және өңдеумен байланысты нақты есептерді шешу үшін тиімді графикалық құралдарды таңдай білу. Пән пререквизиттер: Компьютерлік графика Объектіге бағдарланған программалау Пән постреквизиттер: Ғылыми зерттеулердегі, магистрлік диссертацияда, магистранттың экспериментальды зерттеу жұмыстарында ақпараттарды өңдеу және талдаудың қолданбалы әдістері. 2 Пәннің құрылымы Пән жалпы 3 кредитті (135 сағат) құрайды, соның ішінде – 2/3 кредит (30 сағат) дәріс сабағы, практикалық (семинар) сабақ - 1/3 кредит (15 сағат), білімі алушылардың өздік жұмыстарына 90 сағат бөлінеді. 3 Пәннің мазмұны Білім беру саласында және т.б. салаларда мәліметтердің графиктік түрде өзгеруі, сол түрде көрнекі жеткізілуі өзекті мәселе болып табылады. Осы пән арқылы берілген мәселелерді шешу жолдары табылары анық. «Жоғары деңгейдегі программалау тілдерінің графикалық тәсілдері» пәні магистранттарға кез келген графикалық есептерді өз бетінше бағдарламалай алуға мүмкіндік береді. Пәннің негізгі бөлімінде Паскаль, Си, ОББ тілдеріндегі графикалық мүмкіндіктер толық берілген. Бұл пәнді толық меңгергеннен кейінгі күтілетін нәтижелер, магистрлердің бұл мүмкіндіктерін ары қарай өз бетімен қолдана алатындығына кепілдік береді. Курсты оқу барысында графикалық мүмкіндіктер толық қарастырылады, Яғни, Компьютерлік графикаға кіріспе. Компьютерлік графиканың тарихы. Қолданушының интерфейсін құру. Қолданушы интерфейстерінің түрлері және оларды құру кезеңдері. Паскаль тілінің графикалық мүмкіндіктері. GRAPH модулі. Графиктік фигуралар салу процедуралары мен функиялары. С тіінде графикалық режимде жұмыс жасау. Негізгі графикалық мүмкіндіктер. Delphi ортасындағы графикалық кластар. Графикалық примитивтерді салу әдістері. Графиктік элементтердің қолданылуы. Сурет салу аумағы. Қозғалысты программалау. Графикалық мәліметтерді баспаға шығару (TPrint объектісі). Delphi ортасында мультимедиялық бағдарламалар жасау. Animate және Media Player компоненті. Дыбысты шығару. HTML-құжатқа суреттер енгізу. HTML-дегі мультимедиа. Тәжірибелік сабақтарыдың тақырыптары 1. Компьютерлік графиканың тарихы. Қолданушының интерфейсін құру. 2. Паскаль тілінің графикалық мүмкіндіктері. GRAPH модулі 3. Графиктік фигуралар салу процедуралары мен функиялары 4. С тіінде графикалық режимде жұмыс жасау 5. Негізгі графикалық мүмкіндіктер 6. Delphi ортасындағы графикалық кластар 7. Графикалық примитивтерді салу әдістері 8. Графиктік элементтердің қолданылуы. Сурет салу аумағы 9. Қозғалысты программалау 10. Графикалық мәліметтерді баспаға шығару (TPrint объектісі) 11. Delphi ортасында мультимедиялық бағдарламалар жасау 12. Animate және Media Player компоненті 13. Дыбысты шығару 14. HTML-құжатқа суреттер енгізу 15. HTML-дегі мультимедиа Өзбетімен жұмысқа арналған тақырыптар тізімі Түрлі графикалық объектілерді қолдануға арналған Turbo Pascal тілінің графикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, 5 бағдарлама құру. ОББ-ң кез келген ортасында мультимедиялық оқыту құралып құру. 4 Пәннің оқу-әдістемелік және ақпараттық жабдықталуы 4.1 Негізгі әдебиеттер: 1. Компьютерлік графика негіздері /Нәби, Ы. – 2009 2. Понятно о Visual Basic .Net. Самоучитель/ /Лукин, С.Н. - 2005Компьютерная графика /Ермеков, Н.Т. - 2010 3. Программирование на языке высокого уровня С/С /Хабибуллин, И.Ш. - 20Зds Max-та сәулет және интерьерлер дизайны /Миловская, О.С. - 2012 4. Язык С в С Builder: Справочное и методическое пособ. / А.Я. Архангельский / - 2008 5. Инженерная и компьютерная графика: учебник /Дегтярев, В.М. - 2010ж. 6. Компьютерлік графика: ПОӘК /Беккасымова, Д.Т. – 2008 7. Компьютерлік графика: Білім аушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені / Құраст.: Г.А.Аскарова, Н.А.Текебаева / - 2012 4.2 Қосымша әдебиеттер: 1. Александровский А.Д «Delphi 5 разработка корпоративных приложений» 2. «Программирование в среде Delphi 7.0»С.В. Глушанов А.Л. Кливцов 3. «Delphi 3. Учебный курс.» Фарманов В.В. 4. «Delphi 3.Учебный курс»Бодровский С. Изд. Дом ПИТЕР, 2001 5. «Delphi 6.Программирование на ObjectPascal»Культин Н.Б. Изд.: БХВ Санкт – Петербург, 2002 6. «Delphi 5. Справочное пособие» Архангельский А.Я. М.: ЗАО Изд. БИНОМ, 2001 7. К. З. Халықова, Ф. З. Тұрғанбаева, Б. Ғ. Бостанов – Программалау тілдерін оқыту: Оқу құралы. – Алматы, 2005. 8. Н. Б. Культин – Основы программирование Delphi 7. Санкт-Петербург. БхВ – Петербург, 2003. 9. Я. Н. Глинский, В. Е. Анохин, В.А. Ряжская – TURBO PASCAL 7.0 и Delphi. Учебное Программалық жабдықталуы 1 Windows ОЖ, 2 Бағдарламалау орталары: C++, C#, Java, Турбо-Паскаль, Delphi. 5 Материалдық-техникалық жабдықталуы Дәрісхана (оқу.ғимар.3, ауд. 102в, 42,56 кв.м.) Қолданылатын құралдар: ауыспалы проектор, ноутбук. Компьютерлік класс (оқу.ғимар.3, ауд. 214 «Жүйелік және қолданбалы бағдармалау») Қолданылатын құралдар: Ғаламтор желісіне қосылған 15 ДК, интерактивті тақта.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz