Файл қосу
Өнертабыс формуласының құрылымы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейдегі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | | | | | | | | | |ПОӘК 042–18-9.1.75/03 -2013| |ПОӘК | | | |«Патенттану және лицензиялық |18.09.2013 ж. | | |қызмет» пәнінен |№ 1 басылым | | |оқу-әдістемелік материалдар | | | 5В075000 – «Метрология» мамандығының магистранттарға арналған «Патенттану және лицензиялық қызмет» пәнінен ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2013 Мазмұны |1 |Дәрістер |3 | |2 |Тәжірибелік сабақтар |45 | |3 |Магистранттардың өздік жұмысы |64 | 1 ДӘРІСТЕР № 1 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Санаткерлік меншік. Өнеркәсіптік меншік нысандары Дәріс жоспары: 1 Санаткерлік меншік. Санаткерлік меншіктің құқықтық нысандары. 2 Өнеркәсіптік меншік нысандары. 1 Иесі немесе меншіктеуші өз меншігін өз еркімен қолдануы және оның рұқсатынсыз заң жүзінде ешкім де қолдана алмауы меншіктің маңызды сипаттамасы болып табылады. Меншіктің үш түрі кездеседі: - жылжыйтын заттардан тұратын меншік (тоңазытқыш, сағат, көлік және басқалары); - жылжымайтын меншік (үйлер, ғимараттар, жер және басқалары); - санаткерлік меншік; Санаткерлік меншік әдетте өнеркәсіптік меншікке және авторлық құқықпен қорғалатын шығармаларға бөлінеді. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Дүниежүзілік зерделік меншігі ұйымын (ДЗМҮ) құру туралы Конвенцияның екінші бабына сәйкес санаткерлік меншікке келесілерге қатысты құқықтар кіреді: - әдебиеттік, ғылыми, көркем шығармаларға; - артистердің орындаушылық қызметіне, дауыс жазуға, радио – теледидар бағдарламаларына; - адам қызметінің барлық салаларындағы өнертабыстарға; - ғылыми ашылуларға; - өнеркәсіптік үлгілерге; - тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атаулар мен коммерциялық белгіленулерге; - әділетсіз бәсекелестіктен қорғау және өндіріс, ғылым, әдебиет және көркем сурет облыстарындағы санаткерлік қызметке қатысты барлық басқа құқықтар. Санаткерлік меншіктің құқықтық нысандарына жатады: 1) санаткерлік қызмет нәтижелері; 2) таурлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің азаматтық айналымына қатысушыларды жекешелендіру құралдары; 3) санаткерлік қызметтің және таурлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің азаматтық айналымына қатысушыларды жекешелендіру құралдарының басқа, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен және басқа да заң актілерімен қарастырылатын нәтижелері. 2 Өнеркәсіптік меншік нысандарына өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, пайдалы моделдер жатады. Өнертабыс деп адамның белгілі қызмет аймағындағы техника объектілерін құруға бағытталған мәселенің техникалық шешімін айтады, оның белгілі аналогтармен салыстырғанда жаңалық қасиеті және қазіргі заңдылыққа байланысты құқықтық қорғауы бар. Қазақстандық патенттік заңдылыққа байланысты өнертабысқа құқықтық қорғау беріледі келесі жағдайларда: - егер бұл өнертабыс жаңа болса; - егер оның өнер табушылық деңгейі болса; - егер оны өнеркәсіпте (өндірісте) қолдануға болса. Өнертабыс жаңа болып саналады, егер ол техника деңгейінің мәліметтерінде берілмесе. Өнертабыс өнер табушылық деңгейге ие болады, егер ол мамандық үшін техника деңгейінің мәліметтерінде берілмесе. Техника деңгейінің мәліметтеріне өнертабыстың басымдылық күніне дейін жалпыға ортақ барлық мәліметтер жатады. Өнертабыстың жаңалығын орнатқан кезде техника деңгейінің мәліметтеріне бұрын өнертабыстарға және пайдалы моделдерге басқа авторлардың берген өтінімдері және Қазақстанда патенттелген өнертабыстары мен пайдалы моделдері жатады. Жаңалықтың абсолютті сипаттамасы болады. Өнертабыс өнеркәсіпте (өндірісте) қолдануға жарамды деп саналады, егер ол өнеркәсіпте, ауылшаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтің басқа да салаларында қолданылса ғана. Өнертабыс объектілеріне келесілер жатады: - қондырғылар; - әдістер (биотехнологиялық әдістер, емдеу әдістері, диагностика және сауықтандыру әдістері); - заттар (химиялық, емдеу); - микроағзалар штаммдары, өсімдік және жануар жасушаларының дақылдары; - бұрыннан белгілі қондырғыларды, әдістерді, заттарды, штаммдарды жаңа мақсатпен қолдану. Өнертабысқа мыналар жатпайды: 1) ашылулар, ғылыми теориялар және математикалық әдістер; 2) ұйымдастыру және шаруашылықты басқару әдістері; 3) шартты белгіленулер, кестелер, ережелер; 4) ой операцияларын орындау ережелері мен әдістері; 5) есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен алгоритмдер; 6) ғимараттарды құру схемалары мен жобалары; 7) өнімдердің, бұйымдардың сыртқы түріне ғана қатысты ұсынымдар; 8) қоғамдық қызығушылыққа, адамгершілік принциптеріне қайшы келетін ұсыныстар. Пайдалы модел деп өндіріс құралдары мен тұтыну пәндерінің жаңа конструктивті орындалуын айтады. Пайдалы модел өнертабысқа жақын объекті болып табылады. Пайдалы модел ретінде Қазақстан Республикасында қондырғылар қорғалады. Пайдалы моделге құқықтық қорғау беріледі, егер ол жаңа және өнеркәсіпте қолдануға жарамды деп саналса. Пайдалы модел жаңа деп есептеледі, егер оның барлық белгілерінің жиынтығы техника деңгейінің мәліметтерінде берілмесе. Техника деңгейінің мәліметтерінде пайдалы моделдің басымдылық күніне дейін жалпыға ортақ мәліметтер, сонымен қатар Қазақстан Республикасында басқа тұлғалармен патенттелген пайдалы моделдер кіреді. Пайдалы моделдер ретінде келесі объектілерге қатысты шешімдер қорғалмайды: - әдістерге, заттарға, микро ағзалар штаммдарына, өсімдік және жануар жасушаларының дақылдарына, және оларды жаңа мақсатпен қолдануға қатысты; - жоғарыда аталған патентке қабілетті өнертабыстары ретінде танылмайтын объектілерге қатысты. Өнеркәсіптік үлгі деп сыртқы түрін анықтайтын өнімнің көркемді- конструкторлық шешімін айтады, оның қазіргі заңдылыққа сай құқықтық қорғауы бар. Өнеркәсіптік үлгіге құқықтық қорғау беріледі, егер ол жаңа, айырықша және өнеркәсіпте қолдануға жарамды болса. Өнеркәсіптік үлгі жаңа деп саналады, егер өнімнің эстетикалық және эргономикалық ерекшеліктерін қамтитын барлық белгілердің жиынтығы үлгілердің басымдылық күніне дейін жалпыға ортақ мәліметтерде берілмесе. Өнеркәсіптік үлгі айырықша қасиеттерге ие деп саналады, егер маңызды белгілер өнімнің эстетикалық шығармашылық сипаттарын анықтаса ғана. Өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіпте қолдануға жарамды деп саналады, егер ол бірнеше рет қайта өңделіп шығарылса. Өнеркәсіптік үлгілер көлемдік, жазықтық және аралас болып бөлінеді. Өнеркәсіптік үлгілерге келесілер жатпайды: 1) өнімнің тек қана техникалық функциясымен қамтылған болса; 2) сәулет объектілері өнеркәсіптік, гидротехникалық және басқа стационарлық ғимараттар; 3) басып-шығарылатын өнімдер; 4) сұйық, газ тәрізді, төгілгіш және оларға ұқсас заттардан жасалған пішіні тұрақты емес объектілері; 5) қоғамдық қызығушылыққа, адамгершілік принциптеріне қайшы келетін өнімдер. Тауарлық белгілері (қызмет көрсету белгілері) деп тіркелген сөз түрінде, бейнелеу түрінде немесе басқа да белгіленулерді айтады, олар бір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен қызметтерін басқа шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен қызметтерінен ажырату үшін керек. Тауарлық белгілері (қызмет көрсету белгілері) ретінде тіркелген белгілену әртүрлі түспен немесе бірнеше түстердің қосындысы түрінде тіркелуі мүмкін. Тауар шығарылған жердің атауы деп ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен оны шығаратын жермен, оның ішінде табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарды белгілеу үшін пайдаланылатын географиялық көрсеткішті айтады. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Меншіктің неше түрі бар? 2 Санаткерлік меншіктің құқықтық нысандарын атаңыз? 3 Өнеркәсіптік меншіктің нысандарына қандай нысандар жатады? 4 Өнертабыс дегеніміз не? 5 Қандай нысандар өнертабысқа жатпайды? 6 Пайдалы модель дегеніміз не және қандай нысандарға қатысты пайдалы моделдер ретінде шешімдер қорғалмайды? 7 Өнеркәсіптік үлгілер дегеніміз не және олар нешеге бөлінеді? 8 Өнеркәсіптік үлгілерге қандай нысандар жатпайды? 9 Тауарлық белгілер деп қандай белгілерді айтады? 10 Тауар шығарылған жердің атауы деп қандай көрсеткішті айтады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан .- Алматы: Жетi-Жаргы. 1999 2 Патентоведение. Учебник для вузов. / Под ред. В.А. Рясенцева. - З-е изд., перераб. и доп. - М.: Машиностроение , 1984. -352 с. № 2 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Санаткерлік меншікті қорғаудың заңнамалық негізі Дәріс жоспары: 1 ҚР патент заңы 2 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР заңы 3 «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР заңы ҚР патент заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданды. Ол 38 бапты құрайтын 7 тараудан тұрады. ҚР патент заңымен өнеркәсіптік меншік объектілерін жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүліктік, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар реттеледі. Cанаткерлік меншiктiң өзге объектiлерiн (селекциялық жетiстiктер, интегралдық микротәсiм топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердiң атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актiлерiмен реттеледi. Патент заңның ережелерi қорғау құжаттарын уәкiлеттi орган берген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар негiзiнде патенттер берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын және өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi қopғay саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган. Уәкiлеттi органның құзыретiне: 1) өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу; 2) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге қорғау құжаттарын беру; 3) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау; 4) хаттамаларды жазу және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау, әкiмшiлiк жазалар қолдану; 5) осы Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады. Сараптама жасау ұйымы - мемлекеттiк монополияға жатқызылған салаларда (өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласында қызметтер көрсету) қызметтi жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты ұйым. Сараптама жасау ұйымының құзыретiне: 1) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге өтiнiмдер қабылдау; 2) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге сараптама жүргiзу; 3) қорғалатын өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзу; 4) өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсiптiк үлгiлер туралы мәлiметтердi жариялау; 5) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР заңы 1996 жылдың 10 маусымында қабылданды. Ол 49 бапты құрайтын 5 тараудан тұрады. Бұл заң санаткерлік меншік саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Осы заңға сәйкес авторлық құқық: 1) ҚР аумағында жарияланған не жарияланбаған, бірақ авторлардың немесе олардың құқықтық мурагерлерінің азаматтығына қарамастан ҚР аумағында қандай да болсын объективті нысанда болатын туындыларға қолданылады; 2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бірақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қандай да болсын объективті нысандағы туындыларға қолданылады және ҚР азаматтары – авторлары және олардың құқықтық мұрагерлері деп танылады; 3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бірақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қандай да болсын объективті нысандағы туындыларға қолданылады және авторлардың – шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың ҚР бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп танылады. Егер туынды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алғаш жарияланған күннен кейінгі 30 күн ішінде ҚР аумағында жарияланса, ол Қазақстан Республикасында жарияланды деп саналады. ҚР аумағында туынды халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын болған жағдайда туындының авторы авторлық құқықты алуға негіз болған іс-әрекет немесе мән-жай орын алған мемлекеттік заңы бойынша анықталады. ҚР бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес, егер ол ҚР бекіткен тиісті халықаралық шарттың ережелері бойынша айқындалатын туындының шыққан елінде авторлық құқықтың осы елде белгіленген қолданылу мерзімінің тітуінің салдарынан қоғам игілігіне айналмаса және авторлық құқықтың қолданылу мерзімінің бітуінің салдарынан ҚР қоғамның игілігіне айналмаса, туындыға қорғау беріледі. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР заңы 1999 жылдың 26 шілдесінде қабылданды. Ол 48 бапты құрайтын 13 тараудан тұрады. Бұл заң Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар жығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. ҚР тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар жығарылған жерлердің атаулары туралы заңдары осы заңнан және ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Егер ҚР бекіткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзге ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Мемлекеттік патент ұйымы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады, ол осы заңға сәйкес тауарлар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласында мемлекеттік монополияны қамтамасыз етеді, тауар таңбаларын тіркеуге, тауарлар шығарылған жер атауларын пайдалану құқығын тіркеуге және беруге өтінімдер қабылдайды, олар бойынша сараптама жүргізеді және куәліктер береді, тауар таңбаларын тіркеу туралы және тауарлар шығарылған жер атауларын пайдалану құқығын алу туралы мәліметтердің ресми жарияланымын жүзеге асырады және патент ведомствосының өзіне жүктелген өзге де міндеттерін орындайды. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 ҚР патент заңы қашан қабылданды? 2 Бұл заң неше тараудан және неше таптан тұрады? 3 Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретіне не жатады? 4 Сараптама жасау ұйымының құзыретiн атап шығыңыз. 5 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР заңы қашан қабылданды? 6 Бұл заң қандай тараулардан және баптардан тұрады? 7 Бұл заң қандай қатынастарды реттейді? 8 «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР заңы қашан қабылданды? 9 Бұл заңның баптары мен тарауларын атаңыз. 10 Бұл заң қандай қатынастарды реттейді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Патентное право: Сборник нормативно-правовых актов// Составитель Т.Е. Каудыров, Э.З. Фаизова .- Алматы: Жетi-Жарғы. 1996 2 Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан .- Алматы: Жетi-Жаргы. 1999 3 ҚР патент заңы (1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданды) 4 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР заңы (1996 жылдың 10 маусымында қабылданды) 5 «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР заңы (1999 жылдың 26 шілдесінде қабылданды) № 3 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Патенттік құжаттамалар және оларды қолдану Дәріс жоспары: 1 Патенттік құжаттамалардың түрлері 2 Патенттік құжаттарды қолдану Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындылығы мен дамуы ашылулар мен іргелі өнертабыстарға негізделеді. Принциптік жаңашылдығы мен пайдалылығы бар ірі техникалық шешімдер өндірісті түбірімен өзгертеді. Оларды кеңінен қолдану техника аумағындағы басты позицияларға шығуға мүмкіндік береді. Барлық жаңа, бастапқы, прогрессивті заттар міндетті түрде өнертабыстармен тығыз байланысты. Өнертабыстар өнертабыстық құқықтың объектілері болып табылады, себебі бұл техника облысындағы шығармашылық қызмет нәтижелері құқықпен қорғалады. Сонымен өнертабыс деп халық шаруашылығының, әлеуметтік-мәдени құрылыс немесе мемлекетті қорғау аумағындағы оң әсер беретін жаңа және заттық айырмашылықтары бар техникалық шешімдер мен міндеттер танылады. Патент дегеніміз ұсынылған басымдылық өнертабысты, өнертабысқа авторлықты және патент иеленушінің өнертабысқа ерекше құқығын өнертабыс екендігін куәландыратын құжат. Патенттік құжаттамада өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпарат және өнеркәсіптік меншік объектілеріне патенттік құқық иелері туралы мәліметтер жарияланады. Патенттік құжаттама - өнертабыстар, ашылулар, өнеркәсіптік үлгілер, пайдалы моделдер ретінде өтінім берілген немесе расталған, ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық және жеке әзірлеме нәтижелері туралы ақпаратты, сонымен қатар өнертабыс авторлары, патент иеленуші, диплом иелерінің және өнеркәсіптік үлгілер мен пайдалы моделдерді тіркеу туралы куәліктердің құқығын қорғау туралы ақпараттарды қамтитын басылып шығарылатын және басылып шығарылмайтын құжаттардың жиынтығы. Сондықтан, патенттік құжаттама ретінде ең алдымен патенттік ведомствовалардың ресми басылымдары танылады – авторлық куәлік пен патенттерге өнертабыстарға сипаттама, ашылуларға сипаттама, ресми патенттік бюллетендер, ашылулар мен өнертабыстарға өтінімдерге алдын-ала сипаттамалар жатады. Өнертабыс сипаттамасын алу түріндегі берілген авторлық куәлік пен патенттер туралы ақпараттар патенттік бюллетендерде хабарланады және тіркелген өнертабыс туралы алғашқы хабарлама болып табылады. 80 жылдарда әлемдік патенттік қорда 17 млн жуық өнертабыс сипаттамалары, өнеркәсіптік үлгілерге 5,5 млн патенттер мен куәліктер, пайдалы моделдерге 1,5 млн көп куәліктер есепке алында. Жыл сайын патенттік ведомствоға авторлық куәліктер мен патенттер алу үшін әлемнің 100 мемлекетінен 750 мың өтінім түседі және 150-160 мың өнертабыстарға 450 мыңнан аса қорғау құжаттары беріледі. Патенттік құжаттама патенттік қорда сақталады, ақпараттық қызметтің анықтамалық-ақпараттық қорының құрамдас бөлігі болып табылады. Патенттік қор – анықтамалық-іздеу аппараты бар патенттік құжаттамалардың жүйеленген жиынтығы. Өнертабыстың сипаттамасы патенттік құжаттаманың негізгі түрі болып табылады, олар парақтар немесе брошюралар түрінде шығарылады. әрбір сипаттама тек бір ғана өнертабысқа қатысты және оны түсіну мен жүзеге асыруға қажетті мәліметтерді қамтиды. Әртүрлі мемлекеттердің патенттік ведомствовалары өздерінің патенттік кітапханасын толықтыра отырып, өнертабыс сипаттамаларымен өзара алмасады. Басқа ғылыми-техникалық көздерімен салыстырғанда патенттік құжаттаманың бірқатар ерекшеліктері бар. Патенттік құжаттама соңғы 150-200 жыл аралығында адамзатпен шығарылған ғылыми-техникалық шешімдер туралы ақпараттың ең толық және жүйеленген жиынтығы болып табылады. Техникалық сипаттағы мәліметтермен қатар, патенттік құжаттама патен иеленушінің құқықтары, шетелдік патенттеу бағыттары мен көлемі, құқықтардың әрекет ету мерзімі және тағы басқалар туралы маңызды құқықтық және экономикалық ақпаратты қамтиды. Негізгі өнертабыс сипаттамасы прототиптерді критикалық бағалау мен толық сипаттаумен бірге нақты техникалық шешімдер туралы деректерді қамтиды. Патенттік құжаттама жарнамалық немесе тексерілмеген деректерден тұрмайды, өйткені жаңашылдығының ақиқаттылығы көптеген жағдайларда патенттік сараптамамен тексеріледі. Өнертабыс біруақытта әртүрлі мемлекеттерде патенттелуімен байланысты, бір өнертабыс бойынша бірнеше сипаттамалар басылып шығарылуы мүмкін. Әртүрлі мемлекеттерде бір өнертабысқа берілген патенттер аналогты патенттер деп аталады. Патенттік құжаттаманың маңызды ерекшелігі мазмұнын бірыңғай баяндау болып табылады. Оған өнертабыстар мен патенттік бюллетендердің библиографиялық сипаттамалары мен басқа элементтерінің сипаттамаларын стандарттау және унификациялау жұмыстары әсер етті. Негізінен өнертабыс сипаттамаларында арнайы стандартты тілдік конструкциялар мен жалпы ғылыми терминология қолданылады. Патенттік құжаттамада өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпарат, өнеркәсіптік меншік объектілеріне патенттік құқығы иелері туралы мәліметтер жарияланады. Патенттік құжаттама қатаң анықталған құрылымды болады. Өнертабыс пен пайдалы модель формуласында қысқаша олардың мәні сипатталады. Өнертабыс анықтамасы өнертабыс, пайдалы модельді жасауға себеп болған жағдайларды көрсету, бар және жаңа техника объектілері арасында өзгешіліктерді табу және техниканың жаңа объектісінің жаңашылдығын дәлелдеу үшін қажет болып табылады. Патенттік құжаттамалардағы негізгі материал мен библиографиялық деректердің орналасуы қатаң анықталған. Жиі жағдайларда түсіндіруші суреттер беріледі. Патенттік құжаттамада ақпараттың екі түрі болады: библиографиялық және техникалық. Библиографиялық ақпарат патенттік құжаттаманың бірінші бетінде келтіріледі және төмендегілерден құралады: - баспадан шыққан күннің белгісі, басып шығарушы ведомствоның аталуы, мекен жайы, сонымен қатар патентке кіргізілген тұлғалардың, мысалы, өнертабыс авторларының, патенттік құқық иесі, оның өкілі немесе патенттік агенттің мекен жайлары, фамилиялары; - халықаралық жіктегіш бойынша классификациялық белгіленулер; - өнертабыс атауы, өнертабыс анықтамасының рефераты, негізгі сызба немесе химиялық формула. Сипаттаманы басып шығарғанға дейін өнертабыс туралы мәліметтер мемлекеттік патенттік ведомствовалардың периодты ресми басылымдарында басылады. Ресейде бұл мәліметтер «Ашылулар, өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық белгілер» бюллетендерінде басылып шығарылады. Онда авторлық куәлік немесе патенттер берілген өнертабыстар туралы мәліметтер басылады. Бюллетенде әрбір өнертабыс бойынша өнертабыс авторы (тегі және аты-жөні), өтініш беруші атауы, авторлық куәлік немесе патент нөмірі, өтінім беру күні мен нөмірі, өнертабысты халықаралық жіктеу индекстері, сонымен қатар өнертабыс формуласы, әртүрлі сызбалар мен сұлбалар туралы мәліметтер келтірілген. Қазақстан Республикасының патенттік ведомствосы (санаткерлік меншік құқығы жөніндегі Комитет) екі бөлімнен құралатын «Өнеркәсіптік меншік» ресми бюллетенің шығарады. Бірінші бөлімінде өнертабысқа инновациялық патент, патент және пайдалы модельдерге патент берілуі, ал екінші бөлімінде тауар таңбаларын тіркелуі, тауардың шыққан жерінің аталуы, өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент пен патент берілуі туралы мәлімет жарияланады. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Патент дегеніміз не? 2 Патенттік құжаттамаға қандай құжаттар жатады? 3 Өнертабыстың сипаттамасы деп патенттік құжаттаманың қандай түрін айтады? 4 Библиографиялық және техникалық ақпарат деп қандай ақпаратты айтады? 5 Ресейде шығарылатын «Ашылулар, өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық белгілер» атты бюллетендерінде қандай мәліметтер жарияланады? 6 Қазақстан Республикасының патенттік ведомствосы шығаратын ресми бюллетень қалай аталады? 7 Оның бірінші және екінші бөлімдерінде қандай мәліметтерді табуға болады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан .- Алматы: Жетi-Жаргы. 1999 2 Патентоведение. Учебник для вузов. / Под ред. В.А. Рясенцева. - З-е изд., перераб. и доп. - М.: Машиностроение , 1984. -352 с. № 4 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Өнертабыстарды жіктеу Дәріс жоспары: 1 Өнертабыстардың халықаралық жіктелуі (МКИ) 2 Халықаралық патенттік жіктелуі (МПК) 3 Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктелуі Өнертабыстардың халықаралық жіктелуі (МКИ) немесе халықаралық патенттік жіктелуі (МПК) 1975 жылдың 7 қазанында күшіне енді, ол өнертабыстарға берілетін патенттерді, оның ішінде жарияланған патенттік өтінімдерді, авторлық куәліктерді, пайдалы моделдерді және пайдалылығы туралы куәліктерді қамтитын біраңғай жіктеу жүйесін құру алдын-ала қарастырылады. 1971 жылдың 24 наурызында шыққан халықаралық патенттік жіктеу жөніндегі Страсбург келісімінің негізінде қабылданған халықаралық патенттік жіктеу функционалдық-салалық принцип бойынша құрылған және ол негізгі және қосымша құрал ретінде халықаралық аумақта жіктеу, олар туралы мәліметтерді іздеу үшін қолданылады. Халықаралық патенттік жіктеу қорғау құжатымен қорғауға жататын объектілері бар білімнің барлық салаларын қамтиды. Халықаралық патенттік жіктеу 8 бөлімге (тарауға) бөлінген, олардың шартты атаулары мен А дан Н дейін латын алфавитінің бас әрпімен белгіленген белгіленулері бар. А бөлімі – Адамның өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру; В бөлімі - Әртүрлі технологиялық процестер, тасымалдау; С бөлімі – Химия және металлургия; Д бөлімі – Текстиль, қағаз; Е бөлімі – Құрылыс, тау жұмысы; F бөлімі – Механика, жарық, жылу, қозғалтқыш пен сораптар, қару- жарақтар, жару-қопару жұмыстары; G бөлімі – Физика; Н бөлімі – Тоқ. Халықаралық патенттік жіктеудің құрылымының иерархиясы білімнің барлық салаларын бірнеше жіктеу деңгейіне бөлінумен анықталады. Иерархияның бұл деңгейлері бөлімдерге, кластарға, классішілікке, негізгі топтар мен топшаларға сай болады. Мысалы: А 01 В 1/00 негізгі топ бөлімі класс классішілік 1/24 топша бөлшектелген рубрикалар Халықаралық патенттік жіктеудің рубрикасын ізденістің пәніне (объектісіне) қарай анықтайды. Қажетті рубриканың орнатылуын жеңілдету үшін Өнертабыстардың халықаралық жіктелуі үшін Алфавитті-пәндік көрсеткішті, ал халықаралық патенттік жіктеу үшін терминдер көрсеткішін қолданады. Әрбір бөлім екі араб санымен белгіленген кластарға бөлінеді. Мысалы: А бөлімінде: А 23 – «Құс және тағам өнімдері, оларды өңдеу»; F бөлімінде: F 26 – «Кептіру». Әрбір класта бір немесе бірнеше классішіліктер болады. Классішіліктің индексі класс индексінен және латын алфавитінің бас әрпінен тұрады. Мысалы: А 22 класында екі классішілік бар: А 22 В – «Мал сою ісі»; А 22 С – «Етті, құс пен балықты қайта өңдеу» Әрбір классішілік бөлімшелерге бөлінген, олар «рубрикалар» деп аталады. Рубрика ішінде негізгі (басты) топтар мен топшалар бар. Бөлшектелген рубриканың индексі классішілік индексінен тұрады, содан кейін екі сан және қисық сызық болыды. Негізгі топтың индексі классішілік индексінен тұрады, одан кейін екі немесе үшмәнді сан, қисық сызық және 00 символдары болуы керек. Негізгі топтың мәтіні техниканың саласын анықтайды. Мысалы: А 22 С 11/00 – «Шұжық өнімдерін өндіру»; Ғ 25 В 6/00 – «Компрессорлық машиналар, қоңдырғылар мен бірнеше конденсация контуры бар жүйелер». Топшаның индексі. Топшалар негізгі топқа бағынатын рубрикаларды құрайды. Топша индексі классішілік индексінен, содан кейін бір, екі немесе үшмәнді негізгі топтың нөмірінен, қисық сызықтан, 00 символдарынан басқа екі саннан тұрады. Мысалы: А 22 С 11/02 – шұжық өнімдеріне арналған шприцтер. Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктелуінің 2001 жылы шыққан 8 редакциясы бойынша ол 45 топтан тұрады. 1 кластан 34 класқа дейін – тауарлар. 35 кластан 45 класқа дейін қызметтер. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Халықаралық патенттік жіктеу қандай мақсатпен құрылған? 2 Халықаралық патенттік жіктеуді құру кезінде қандай принципті қолданады? 3 Халықаралық патенттік жіктеудің иерархиялық құрылымында қанша бөлім бар және қандай? 4 Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктелуінің 8 редакциясы бойынша қанша класс бар? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Патентное право: Сборник нормативно-правовых актов// Составитель Т.Е. Каудыров, Э.З. Фаизова .- Алматы: Жетi-Жарғы. 1996 2 Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан .- Алматы: Жетi-Жаргы. 1999 3 Патентоведение. Учебник для вузов. / Под ред. В.А. Рясенцева. - З-е изд., перераб. и доп. - М.: Машиностроение , 1984. -352 с. № 5 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Өнеркәсіптік меншік нысандарын патенттеу жүйелері Дәріс жоспары: 1 Германдық өнертабыстарды жіктеу жүйесі 2 Американдық өнертабыстарды жіктеу жүйесі 3 Өнертабыстарды жіктеудің ағылшындық жүйесі 4 Өнертабыстарды жіктеудің жапондық жүйесі Өнертабыстарды жіктеу – ғылыми-техникалық әдебиеттердің арнайы түрі ретіндегі патенттік құжаттардың ерекшелігі, патенттік құжаттардың арнайы жүйесін қолдану болып табылады. Өнертабыстарды жіктеу мынандай мақсаттарды көздейді: техникалық шешімдерді бөлу, сұранысқа сай патенттік құжаттарды және рубрикаға қатысты басқа да патенттік құжаттарды қамтамасыз ету. Өнертабыстарды жіктеу жүйесінің негізі болып, қордағы патенттік құжаттарды орналастыру және индекстеу табылады. Қолданылатын өнертабыстарды жіктеу көпсатылы жүйе ретінде көрсетіледі. Белгілі өнертабыстарды жіктеуде пәндік-тематикалық (аймақтық), функционалдық және түсіну жүйесін құрудың аралас принципін қолданады. Ресейде алғашқы өнертабыстарды жіктеу 1896 жылы енгізілген. Ол негізгі шағын бөлімдерді қамтыды. Олар рим сандарымен белгіленген. Өнертабыстарды жіктеудің белгілі ұлттық жүйелері ретінде германдық, американдық, ағылшындық, жапондық жүйелерді айтуға болады. 1. 1906 жылы Германияда алғашқы рет германдық өнертабысты жіктеу жүйесі басылып шықты. Бұл жүйе көп уақытқа дейін Кеңес Одағы, Германия, Франция, Норвегия, Австрия, Дания, Нидерланды, Чехия, Швеция, Швейцарияда қолданылатын жүйенің негізі болып табылды. Германдық жіктеу жүйесі негізінен, пәндік-тематикалық принципке негізделіп құрылған. Жіктеу рубрикасы не бұйымды, не технологиялық үрдістерді сипаттайды. Жүйеде 89 класс, 20 000 жуық рубрикаға негізделген. Германдық жүйе 4 категориялық рубрикадан тұрады: класс, классішілік, топ, топша. Бірақ та, жеке кластар сонымен бірге кластар мен қосымша шағын кластарға бөлінеді. Кластар араб сандарымен белгіленеді (15), классішіліктер – латын әрпімен (35 в), бөлімдер (егер, берілген класта болса) - әріптің үстінде индекспен белгіленеді (21 а3), топтар – топшадан кейін үтір арқылы араб сандарымен, топшалар – екі мәнді сандар қисық сызықтан кейін. Толық индексі былай көрінеді: Мысалы; 21 h, 30 02 немесе 21 h, 30/02. Жіктеу жүйесін түсіну тек индекстер иерархиясын қамтамасыз ету арқылы ғана емес, сонымен қатар топшалар деңгейін түсінуді анықтайтын мәтінді орналастыру тәсілін қамтамасыз етеді. Бұл үшін МКИ (ӨХЖ) қолданылады. Германдық жіктеудегі патенттік кластар тәртіп сақтай отырып, А дан Z дейінгі кластардың атауы неміс әріптерімен орналасу арқалы анықталады. Мұндай құрылым тиімсіз болып табылады. Мысалы; құрылыс жұмысына қатысты өнертабыстардағы кластар рубрикасымен индекстеледі. 19,37,80,84. сол себепті, германдық жіктеу жүйесінде ұқсас кластар, топтар немесе топшалар кең қолданылады. Германдық өнертабыс жіктеу жүйесіндегі кең қолданылатын пәндік-тақырыптық принцип әртүрлі класқа қатысты бұйымдарды дайындайтын технологиялық процестердің ерекшелігін көрсетеді. Германдық жіктеу жүйесін 1970 жылға дейін біраз өзгерістермен Кеңес Одағы қолданған. 2. Өнертабыстарды жіктеудің американдық жүйесі алғашқы рет 1830 жылы жарық көрді. Және өнертабыстарды жіктеудің негізгі жүйелерінің бірі болып табылады. Бұл жүйені құру функционалдық принципке негізделген. Осы принциппен қатар, өнертабыстың қай аймаққа жататындығы жөніндегі принцип, сонымен бірге пәндік-тақырыптық принцип те қолданылады. АҚШ-ғы өнертабыстарды жіктеу 300 жуық әрекет етуші кластарды және 100 мың рубрикаларды қамтиды. АҚШ-та кластар нөмірлерінің кезектілігі оның логикалық негізіне қатысы жоқ. Сол себепті, тақырыпқа жақын кластар барлық жіктеу жүйелерінде берілген. Кластағы классішіліктердің саны әртүрлі: бірден бірнеше жүзге дейін барады. Жіктеу индексі сызықшамен бөлінген екі санмен көрсетіледі. Бірінші сан класты білдірсе, екіншісі классішілікті білдіреді. Мысалы; 2-17 индексі. Индекс классішіліктің класқа қатысты иерархиясын көрсетпейді, ол классішіліктің орналасуын анықтайды. АҚШ-тың патенттік ведомствосымен дайындалған, тәртіпке сәйкес көрсетілген өнертабыс бір немесе бірнеше жіктеу индекстеріне негізделеді, жіктеу индексінің біреуі негізгі болып табылса, қалғаны қосымшалар болып табылады. АҚШ-тың өнертабыстарды жіктеуі үнемі қарастырылады және оған өзгерістер енгізіліп отырылады. Сол себепті өнертабыстарды жіктеу жүйесіне қатысты анықтамалық-ізденістік аппараттардыңбарлық элементтері анықталған уақыт мерзіміне қатысты жарамды болып табылады. 3. Өнертабыстарды жіктеудің ағылшындық жүйесі ең бірінші рет 1852-1855 жылдар аралығында дайындалды. Бұл жүйе Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Американың көптеген елдерінің (Бразилия, Аргентина, Колумбия, Уругвай) өнертабыстарды жіктеуі үшін негізі ретінде қолданылған. Өнертабыстарды жіктеудің ағылшындық жүйесіндегі УКИ Ұлыбританияның патенттік ведомствосымен 50 000 жасалған өнертабыстарына нөмірлер сериясымен берілді. 1978 жылы 1 маусымда кіріспе ретінде Ұлыбританияның жаңа патенттік құжаттары басылып шықты, ал 1979 жылы 1 қаңтарда өтініштердің жаңа нөмірлері әрекет етеді. Осыған байланысты бұрынғыдағыдай патенттік серияны анықтау үшін емес, жыл күнтізбесі аралығында әрекет ететін жаңа УКИ (А сериясы) жарық көрді. УКИ-дің А-сериясы өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Оған 152 классішіліктер қосылды, ал 115 классішіліктер толықтай қайта дайындалды. 1980 жылы В-сериялы УКИ шығарылды. Мұнда 70 классішілік қайтадан өңделген және 4 жаңа классішілік енгізілді. Өтініш үшін 1981 жылы С-сериялы УКИ жарық көрді. Әр УКИ бір-бірінен ерекшелене түседі және өзгерістермен толықтырылған, өнертабыстарды жіктеу жүйесінің жандануына және аймақтағы білім деңгейінің өсуіне байланысты. Кейбір классішіліктер толықтай қайтадан дайындалады, ал кейбіреулері жеке өзгерістермен қамтылады. УКИ-дің ақырғысындағы әріпті символдардың орнын сандар басады, олар машиналық өңдеу үшін тиімді. Бұл жүйенің жіктеу индекстері реферативтік патенттік журналда «ABRIdgments of Specificatiop» басылып шығып отырады. Өнертабыстарды жіктеудің ағылшындық жүйесін МКИ-мен байланыстыру жөніндегі Конвенцияда Ұлыбританиямен қол қойғаннан кейін, 1963 жылы жаңа жіктеу енгізілді, ол 8 бөлімді қарастырады. Онда 40 класс, 420 классішілік және 50 000 рубрика бар. Бұл жаңа жүйеде жіктеудің иерархиялық жүйесінен ерекшелінетін фасеттік принцип қолданылады. Негізгі бөлімдер 8 латын алфавитінің әріптерімен белгіленеді: А, В, С, Д, Е, F, G және Н. УКИ-дің әр бөліміне 2-8 дейін класс кіреді. Әр класс араб сандарымен белгіленген. Кластар классішіліктерден тұрады, олар УКИ-дің негізгі шағын бөлімдері болып табылады. Классішіліктер бөлімдегідей латын әріптерімен белгіленген. Классішілік қандай бөлімдерден тұратынын көрсететін негізгі бөлімдерді қамтиды, негізгі бөлімде сілтеме көрсетіледі, онда МКИ-дің рубрикасының сәйкестігі, сонымен қатар УКИ терминдерінің әрекет ету уақыты жөнінде. Классішіліктердің көбі (В1С, В1М, В10 осылардан басқа) әртүрлі рубрикаларын қамтиды. Ұлыбританиядағы УКИ МКИ қарағанда ерекшеленеді, және топтар мен классішіліктерден басқа жіктеулерде кездеспейді және барлық рубрикалар шағын бөлімдер деп аталады. 4. Өнертабыстарды жапондық жіктеу басқа жіктеулерден ерекшелене түседі. Жапондық УКИ-дағы кластар 1-136 дейінгі араб сандарын білдіреді. Ақырғы сан (136) 1961 жылы өзгертілген жоқ. Енгізілген кластар қосымша сандарды қамтиды, мысалы; 13 (7), 13 (9) және т.с.с. Әр класс өндіріс немесе техникалық аймақты қамтиды. 1971 жылы жапондық жүйені сараптауды кейінге қалдыру басылып шығатын өтініштер санын арттыруға алып келді. Сол себепті 1972 жылы бірінші маусымда Жапониядағы Патенттік ведомство тақырыптық серия бойынша кластарды бөлуге өзгерістер енгізілді. Жіктеуде өнертабыстар белгілерінің барлығы қамтылды, сол себепті жапондық бір өнертабыстар жазбаларында 8-9 дейін индекстер көрсетілген. 1980 жылы өнертабыстарды ұлттық жіктеудің орнына Жапонияда жіктеудің негізі ретінде МКИ енгізілді. Бірақ та, көп жағдайларда іздеуде НКИ қолданылады. Әлемдік патенттік қордың көлемінің өсуі, халықаралық әріптестіктің дамуы өнертабыстардың бірлік жүйесін құруға алып келді. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Өнертабыстарды жіктеу дегеніміз не және ол қандай мақсаттарды көздейді? 2 Германдық өнертабысты жіктеу жүйесі ең алғашқы рет қашан басылып шықты? 3 Германдық жіктеу жүйесі қандай принципке негізделіп құрылған? 4 Өнертабыстарды жіктеудің американдық жүйесі алғашқы рет қашан жарық көрді? 5 Бұл жіктеудің ерекшелігі неде? 6 Өнертабыстарды жіктеудің ағылшындық жүйесі ең бірінші рет қашан дайындалды? 7 Бұл жүйе Ұлыбританиядан басқа қай елдерде тарады? 8 Ағылшындық жүйеде қандай принцип қолданылады? 9 Өнертабыстарды жапондық жіктеудің басқа патенттеу жүйелерінен өзгешелігі неде? 10 Қазіргі кезде Жапонияда өнертабыстарды жіктеудің қай жүйесін қолданады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан .- Алматы: Жетi-Жаргы. 1999 2 Патентоведение. Учебник для вузов. / Под ред. В.А. Рясенцева. - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: Машиностроение , 1984. -352 с. 3 Патентное законодательство зарубежных стран. В 2-х т. : Переводы / Сост. Н.К. Финкель. М.: Прогресс. 1987. .- Т.1 - 656 с., Т.2 - 526 с. 4 Патентное право: Сборник нормативно-правовых актов// Составитель Т.Е. Каудыров, Э.З. Фаизова .- Алматы: Жетi-Жарғы. 1996 № 6 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық және өңірлік келісімдер Дәріс жоспары: 1 Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы 2 Таңбаларды халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі 3 Бүкіләлемдік санаткерлік меншік ұйымы. БСМҰ мақсаттары 4 Патенттік кооперация жөніндегі келісім 5 Еуразиялық патенттік конвенция Қазақстан Республикасымен ратифицирленген: әдеби және көркем шығармаларын қорғау жөніндегі Берн Конвенциясы (Париждік Акт, БСМҰ, 1971 ж. 24 шілде), Авторлық құқық және сабақтас құқықты қорғау аймағындағы қарым- қатынастарға келісім (1993 ж. 24 қыркүйегінде Мәскеу қаласында қол қойылған), Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы (1883 ж. 20 наурыз), Бүкіләлемдік санаткерлік меншік ұйымы (ВОИС, 1967 ж. 14 шілде), Таңбаларды халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі (1891 ж. 14 сәуір), Патентті кооперация (бірлесу) жөніндегі келісім-шарт (1970 ж. 19 маусым), Еуразиялық патентті конвенция (1994 ж. 9 қыркүйек). 1) 1883 жылдың 20 наурызында қабылданған өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы. Бұл конвенцияның негізгі принциптері мынандай: біздің елімізде шетелдік өтінушілер үшін (ұлттық тәртіп принципі) және біздің өтінушілердің осы конвенцияның басқа мүше-елдерінде ұлттық тәртіп принципі, сонымен қатар қорғау құжаттарын алуға өтінім берген кезде мүше- елдерінде өтінушілердің басымдылығын сақтау принципі. Мысалы, қазақстандық өтінуші ӨМҚК «Ұлшттық санаткерлік меншік институтына» дұрыс ресімделген өтінім берген кезде (басымдылығы 1999 ж. 18 қаңтардан бастап) бұл басымдылық басқа мүше-елдерінде өнертабысқа және пайдалы моделге өтінім беру жағдайда 12 ай ішінде және тауарлық таңба және өнеркәсіптік үлгіге өтінім берген 6 ай ішінде сақталынады. 2) 1891 жылдың 14 сәуірінде қабылданған таңбаларды халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі, бұл келісім тауарлық таңбалар үшін құқықтық қорғау алуды жеңілдетеді, өтінуші өзінің құқықтарын қорғау үшін көптеген елдерге баруды керек етпейді, Женева қаласында орналасқан БСМҰ халықаралық бюросына бір өтінімді ғана береді. Қалған барлық жұмысты бюроның өзі істейді. 3) 1967 жылдың 14 шілдесінде қабылданған БСМҰ орнататын конвенция – Қазақстанға басқа мемлекеттермен қатар әлемдік қоғамдастықтың маңызды істерін шешуге, өзінің ұлттық құқықты қорғау жүйесінің дамуына ақпараттық, кеңесшілік және қаржылай көмек алуға мүмкіндік береді. БСМҰ қызметінде келесі мақсаттары бар: 1) бүкіләлемде санаткерлік меншікті қорғауда мемлекеттер арасында байланыстарды нығайту арқылы және қажетті жағдайда әрбір басқа халықаралық ұйыммен қарым-қатынастарды орнату; 2) одақтардың әкімшілік қарым-қатынастарын қамтамасыз ету. Мақсаттарына жету үшін БСМҰ өзінің белгілі органдары арқылы және әрбір халықаралық келісімдердің құзыреттіліктерін мойындай отырып, санаткерлік меншікті қорғауда келесі қызметтерді атқарады: 1) бүкіләлемде санаткерлік меншіктің қорғауын жақсартуға және осы салада ұлттық заңнамаларды үйлестіруге арналған шараларды ұйымдастыруға көмектесу; 2) Париждық одақтың және осы одақпен бірлескен арнайы одақтардың әкімшіліктік функцияларын атқару; 3) кез-келген басқа халықаралық келісімнің орындалуы үшін өзіне әкімшіліктік функцияларын алу; 4) санаткерлік меншікті қорғауда халықаралық келісімдерді жасауға септігін тигізу; 5) санаткерлік меншік аумағында заңды-техникалық көмек сұрайтын мемлекеттермен қарым-қатынас орнатады; 6) санаткерлік меншікті қорғауға жататын ақпаратты жинайды және таратады, осы саладағы зерттеулерді жүргізеді және оған қаржы жұмсайды және осы зерттеулердің нәтижелерін жариялайды; 7) халықаралық санаткерлік меншікті қорғауды жеңілдететін қызметтердің жұмыстарын қамтамасыз етеді және қажетті жағдайда осы салада тіркеуді жүргізеді, осы тіркеуге тиісті мәліметтерді жариялайды; 8) басқа да жұмыстарды атқарады. 4) Патенттік кооперация жөніндегі келісім (РСТ) 1970 жылдың 19 маусымында жарық көрді, бұл келісім барлық қатысушылар-мемлекеттерде өнертабыстарға құқықты қорғауңды бір уақытта алуға мүмкіндік беретін БСМҰ Халықаралық бюросында бір өтініш беру арқылы жұмыстарды жеңілдетеді. 5) Еуразиялық патенттік конвенция 1994 жыцлдың 9 қыркүйегінде қабылданды, ол дүниежүзінде ең жаңа патентті конвенция болып табылады. Оған те қана ТМД-ң 9 мемлекеті ғана әзірше кіреді. Бұл конвенция осы елдердің азаматтары мен ұйымдарына өздерінің техникалық жетістіктерін, өнертабыстар түрінде патенттеуге көмектеседі. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы негізінде жататын ұлттық тәртіп принципінің мәні неде? 2 Бүкіләлемдік санаткерлік меншік ұйымының функцияларын атаңыз. 3 Еуразиялық конвенция қашан қабылданды? 4 Еуразиялық патент қандай мемлекеттердің аймағында іске асырылады? 5 Таңбаларды халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі қандай жұмыстарды жеңілдетеді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Патентоведение. Учебник для вузов. / Под ред. В.А. Рясенцева. - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: Машиностроение , 1984. -352 с. 2 Патентное законодательство зарубежных стран. В 2-х т. : Переводы / Сост. Н.К. Финкель. М.: Прогресс. 1987. .- Т.1 - 656 с., Т.2 - 526 с. 3 Патентное право: Сборник нормативно-правовых актов// Составитель Т.Е. Каудыров, Э.З. Фаизова .- Алматы: Жетi-Жарғы. 1996 № 7 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Өнеркәсіптік меншік нысандарына құқық алу тәртібі Дәріс жоспары: 1 Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтінім 2 Пайдалы модельге патент беруге өтінім 3 Өнеркәсіп үлгісіне патент беруге өтінім 4 Өнеркәсіптік меншік объектісінің басымдығы Қорғау құжатын алуға өтінімді сараптама жасау ұйымына қорғау құжатын иелену құқығы бар адам береді. Қорғау құжатын беру туралы өтінім мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде беріледі. Өтінімнің өзге құжаттары мемлекеттік, орыс немесе басқа тілде беріледі. Егер өтінімнің басқа құжаттары өзге тілде берілсе, өтінімге олардың мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса тапсырылады. Аударманы өтінім беруші сараптама жасау ұйымына басқа тілдегі құжаттары бар өтінім түскеннен кейін екі ай ішінде тапсыруға міндетті. Тиісті төлемдер енгізілген ясағдайларда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ ол екі айдан аспауға тиіс. Белгіленген мерзімде аударма табыс етілмеген жағдайда өтінім берілмеген болып есептеледі. Өтінім беруші өтінген немесе рұксат берген не қылмыстық кудалау органдарының немесе соттың талабы болған жагдайларды қослағанда, уәкілетті орган және сараптама жасау ұйымы қорғау кұжатын беру туралы мәліметтер жарияланғанға дейін үшінші тұлғалардың өтінімге қол жеткізуіне рұксат бермеуге тиіс. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтінім Өнертабысқа корғау құжатын беруге өтінім бір өнертабысқа немесе өзара байланыстылығы өнертапкыштық бір ойды құрайтын өнертабыс тобына беріледі (өнертабыс бірлігінің талабы). Өнертабыска өтінімде мынадай құжаттар: 1) өнертабыс авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан орны көрсетілген корғау құжатын беру туралы өтінім; 2) білімнің тиісті саласындағы маманңың өнертабысты жүзеге асыруы үшін толық, жеткілікті ашылған сипаттамасы; 3) өнертабыстың объектісін айқындайтын және оның мәнін білдіретін өнертабыстың формуласы. Формула анық, нақты болуға және сипаттамаға негізделуге тиіс; 4) егер өнертабыстың мәнін түсіну үшін қажет болса, сызбалар және өзге де материалдар; 5) реферат; 6) сенімді өкілдер арқылы іс жүргізілген жағдайда – сенімхат. Өнертабысқа өтінімге өтінім беруге, сонымен бірге ресми сараптама жүргізуге белгіленген мөлшерде ақы төленгенін растайтын құжат және оның мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат қоса тіркеледі, оларды өтінімге қоса немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде тапсыруға болады. Тиісті төлем жасалған жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірак ол екі айдан аспауға тиіс. Төлем жөніндегі кұжаттар белгіленген мерзімде тапсырылмаған жағдайда өтінім берілмеген болып есептеледі. Өнертабысқа өтінім берілген күн сараптама жасау ұйымына осы баптың 2- тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген өтінім құжаттары түскен күн бойынша белгіленеді, ал егер көрсетілген құжаттар бір мезгілде тапсырылмаса, онда тапсырылған құжаттардың соңғысы түскен күні бойынша белгіленеді. Өнертабысқа өтінімді жасауға, ресімдеуге және қарауға қойылатын талаптарды сараптама жасау ұйымы белгілейді. Пайдалы модельге патент беруге өтінім Пайдалы модельге патент беруге өтінім бір пайдалы модельге немесе байланыстылығы бір өнертапқыштык ойды құрайтын пайдалы модельдер тобына (пайдалы модельдер бірлігінің талабы) қатысты болуға тиіс. Пайдалы модельге өтінімде: 1) пайдалы модель авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналаскан орны көрсетілген патент беру туралы өтініш; 2) пайдалы модельді оның жүзеге асырылуы үшін жеткілікті, толық ашатын сипаттамасы; 3) оның мәнін білдіретін, сипаттамаға толық негізделген пайдалы модельдің формуласы; 4) сызбалар; 5) реферат; 6) сенімді өкілдер арқылы іс жүргізген жағдайда - сенімхат болуга тиіс. Пайдалы модельге өтінімге өтінім беруге белгіленген мөлшерде ақы төленгенін растайтын құжат пен оның мөлшерін азайтуга негіздемені растайтын құжат қоса тіркеледі, оларды өтінімге қоса немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде тапсыруға болады. Тиісті төлемдер енгізілген жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауға тиіс. Белгіленген мерзімде төлемдер туралы құжаттар тапсырылмаған жағдайда өтінім берілмеген болып есептеледі. Пайдалы модельге өтінім берілген күн сараптама жасау ұйымына пайдалы модельге патент беру туралы өтінім түскен күні бойынша белгіленеді, онда тегі, есімі, әкесінің аты (егер ол болса) көрсетілуі немесе арыз берушінің толық атауы, сипаттамасы, формуласы және сызбасы болуы керек, ал егер аталған құжаттар бір мезгілде тапсырылмаса, тапсырылған құжаттардың соңғысы түскен күні көрсетіліп белгіленеді. Пайдалы модельге өтінімді жасауға, ресімдеуге және қарауға қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді. Өнеркәсіп үлгісіне патент беруге өтінім Өнеркәсіп үлгісіне патент беруге өтінім бір өнеркәсіп үлгісіне немесе өзара байланыстылығы өнеркәсіп үлгісінің бірлігі талабын қанағаттандыратын өнеркәсіп үлгілері тобына катысты болуға тиіс. Өнеркәсіп үлгісіне өтінімде: 1) өнеркәсіп үлгісі авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан орны көрсетілген патент беру туралы өтініш; 2) мәлімделген үлгі (үлгілер) туралы толық егжей-тегжейлі түсінік беретін бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттің кескіні бейнеленген қайта жасауға жарамды жиынтығы; 4) өнеркәсіп үлгісінің елеулі белгілерінің тізбесін қамтитын сипаттамасы; 5) өкілдер арқылы іс жүргізген жагдайда - сенімхат болуға тиіс. Өнеркәсіп үлгісіне өтінімге өтінім беруге белгіленген мөлшерде ақы төленгенін растайтын құжат және оның мөлшері кемітілуіне арналған негіздемені растайтын құжат қоса тіркеледі, олар өтініммен бірге немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде табыс етілуі мүмкін. Тиісті төлемдер енгізілген жагдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы керек. Төлем жөніндегі құжаттар белгіленген мерзімде тапсырылмаған жағдайда өтінім берілмеген болып есептеледі. Өнеркәсіп үлгісіне өтінім берілген күн болып сараптама жасау ұйымына өнеркәсіптік үлгіге қорғау құжатын беру туралы арызда келтірілген, тегі, есімі, әкесінің аты (егер ол болса) көрсетілуі немесе арыз берушінің толық атауы, сипаттамасы, бұйымның кескіні (макеті) болуы керек, ал егер аталған құжаттар бір мезгілде тапсырылмаса, тапсырылған құжаттардың соңғысының түскен күні көрсетіліп белгіленеді. Өнеркәсіп үлгісіне өтінімді жасауға, ресімдеуге және қарауға қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді. Өнеркәсіптік меншік объектісінің басымдығы Өнеркәсіптік меншік объектісінің өнеркәсіптік меншіктің тиісті объектісіне өтінім берілген күн бойынша белгіленеді. Басымдық, егер өтінім өнертабысқа, пайдалы модельге сараптама жасау ұйымына аталған күннен бастап он екі айдың ішінде, ал өнеркәсіп үлгісіне алты айдың ішінде берілсе, Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке, сондай- ак онда көзделген халықаралық немесе аймақтық ұйымдарда (конвенциялық басымдық) берілген бірінші өтінім күні бойынша белгіленуі мүмкін. Егер өтінім берушіге байланысты емес мән-жаймен конвенциялық басымдық сұраған өтінім аталған мерзімде беріле алмай қалса, соңғысы ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы керек. Конвенциялық басымдықтың құқығын пайдаланғысы келетін өтініш беруші өтінім берген кезде немесе сараптама жасау ұйымына өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде мұны көрсетуге және бірінші өтінімнің куәландырылған көшірмесін қоса беруге немесе оны сараптама жасау ұйымына өтінім- түскен күннен бастап алты айдан кешіктірмей табыс етуге тиіс. Көрсетілген құжатты тапсырмаған жағдайда өтінім беруші конвенциялық басымдыққа құқығын жоғалтады. Бұл жағдайда басымдық өтінімнің сараптама жасау ұйымына келіп түскен күнімен белгіленеді. Егер өтініш берушіге қосымша материалдар шешімнің мәнін өзгертеді және оны берген күні көрсетілген қосымша материалдар сол бойынша табыс етілген өтінім қайтарылып алынбаған және қайтарылып алынды деп саналмаған деп танылуына байланысты оларды назарға алу мүмкін еместігі туралы сараптама жасау ұйымының хабарламасы жіберілген күннен бастап үш ай мерзім өткенге дейін өтініш беруші дербес өтінім ретінде ресімдеген болса, басымдық қосымша материалдар түскен күн бойынша белгіленуі мүмкін. Егер мұндай басымдық сұралып отырған өтінім неғұрлым бұрын берілген өнертабысқа өтінім берілген күннен бастап кем дегенде он екі айда және неғұрлым бұрын берілген пайдалы модельге, өнеркәсіп үлгісіне өтінім - алты айда түссе, басымдық осы өтінім берушінің өтінімнің берілген күнге қайтарып алынбаған және қайтарып алынды деп саналмайтын өнеркәсіптік меншік объектісін ашып көрсететін неғұрлым бұрынғы өтінімі сараптама жасау ұйымына берілген күн бойынша белгіленуі мүмкін. Бұл орайда неғұрлым бұрын берілген өтінім қайтарып алынды деп есептеледі. Басымдықты оған дейін басымдық сұралған өтінімнің берілген күнінен белгілеуге болмайды. Өнеркәсіптік меншік объектісінің бөлектенген өтінім бойынша басымдығы - сол өтінім берушінің сараптама жасау ұйымына берген басымдықтың мәнін ашатын бастапқы өтінімінің күні бойынша, ал бастапқы өтінім бойынша басымдықты неғұрлым ерте белгілеу құқығы болған жағдайда, егер бөлектенген өтінім шағым жасауға мүмкіндігі таусылған сараптама жасау ұйымының бастапқы өтінім бойынша теріс қорытындысы шыққанға дейін берілсе, бастапқы өтінім бойынша - оның басымдық күні бойынша, ал аталған өтінім бойынша сараптама жасау ұйымы оң қорытынды шығарған жағдайда уәкілетті орган қорғау құжатын беру туралы шешім қабылдаған күнге дейін белгіленеді. Басымдық бұрын берілген бірнеше өтінімдердің немесе оларға қосымша материалдардың негізінде, тиісінше осы баптың 2-5 тармақтарында аталған жағдайлар сақтала отырып белгіленуі мүмкін. Егер ұқсас өнеркәсіптік меншік объектілері бір күнде басымдыққа ие болғаны анықталса, басымдық өтінімнің сараптама жасау ұйымына неғұрлым ертерек жіберілген күнін дәлелденген сол өтінім бойынша, ал бұл күндер сәйкес келгенде - сараптама жасау ұйымында неғұрлым бұрынырақ тіркеу нөміріне ие болған өтінім бойынша белгіленеді. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтінімді қандай өнертабысқа береді? 2 Өнертабыска өтінімде қандай құжаттар кіреді? 3 Өнертабысқа өтінімді жасауға, ресімдеуге және қарауға қойылатын талаптарды қандай ұйым белгілейді? 4 Пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгісіне өтінімді жасауға, ресімдеуге және қарауға қойылатын талаптарды қандай орган белгілейді? 5 Өнеркәсіп үлгісіне өтінімде қандай құжаттар енгізілуі керек? 6 Өнеркәсіптік меншік объектісінің басымдығы дегенді қалай түсінесіз? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 ҚР патент заңы (1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданды) № 8 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Патенттік-ақпараттық зерттеулер Дәріс жоспары: 1 Патенттік зерттеулер жөнінде анықтамалар 2 Патенттік зерттеулердің мазмұны 3 Патенттік ізденістердің жүргізілу тәртібі Патенттік зерттеулердің мазмұны және өткізу тәртібі МЕСТ Р 15.011-96 сәйкес жүргізіледі. Бұл стандарт шаруашылық субъектілерінің қызметіне таралады. Ол меншік түріне, мемлекеттік тапсырыстарды орындауға, шаруашылық келісімшарттарға, инициативті жұмыстарға тәуелсіз болып табылады және ұйымға бірыңғай талаптар бекітеді, патенттік зерттеулер нәтижелерін қолдануға, ресімдеуге және жүргізуге бірыңғай талаптар бекітеді және халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылады. Патенттік зерттеулер – шаруашылық қызметі нысандарының техникалық деңгейін және даму тенденциясын, патенттік және тағы басқа ақпараттар негізінде патенттік қабілеттілігін, патенттік тазалығын, бәсекелестігін (белгіленуі бойынша қолдану тиімділігін) зерттеу. Зерттеу нысаны - шаруашылық қызмет нысаны және субъектінің шаруашылық қызметі. Шаруашылық қызмет нысаны – техника нысаны, соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша құрылған нысандар, ноу-хау, шаруашылық субъектісіне көрсетілетін қызметтер. Шаруашылық субъектісі – халықшаруашылығы қызметінің кез-келген мүшесі. Бәсекегеқабілеттілік – шаруашылық қызмет нысанының қандай-да бір кезеңде, нақты нарыққа бәсекелестік немесе қарама-қарсы әсер ету жағдайында коммерциялық немесе басқа табысқа жетуін қамтамасыз ету. Инжиниринг – әртүрлі инженерлік жұмыстарды орындау, коммерциялық негізінде кеңесші қызмет атқару. Патенттік зерттеулер мазмұны мен сипаты жағынан негізгі ғылыми- зерттеу жұмыстарына жатады және шаруашылық субъектісінің шаруашылық қызмет нысанын құру, өндіру, тұтыну, дамыту, қолдану, жөндеу және өндірістен алу туралы шешім қабылдауда негізгі бөлігі болып табылады. Патенттік зерттеулер жеке ғылыми-зерттеу жұмыстар түрінде, шаруашылық субъектісі құрамында болады. Патенттік зерттеулерді шаруашылық субъектісі жүргізеді: - құру бағдарламасын орындаушылар; өндірістің дамуы және техника объектісін құру; - өнімнің тәжірибеде шығуын іргелі зерттеу және қосымша сипаттағы зерттеулер орындаушылары; - ҒЗЖ орындаушылары; - тапсырыс берушілер; - дайындаушылар. Тәжірибелік тұтынылуына байланысты патенттік зерттеулерді жүргізеді: - тапсырыс беруші (негізгі тұтынушы) – болжау, ағымдағы жоспарлау, бағыттағы анықтау кезінде, зерттеулік жобаны, өнімді тұтыну кезінде. - ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындаушы – болжау кезінде, келешекте және ағымдағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау, техника және технико- экономикалық негіздегі жаңа нысандарын құру және енгізуде бағыттарды таңдау; инжинирингті қызметті анықтау кезінде; ғылыми- зерттеу жұмыстарын және кезеңдерін орындау кезінде; ғылыми- техникалық бірлестік құру кезінде. - орындаушы (әзірлеуші, жобалаушы) өз қызметін келешекте және ағымда жоспарлау және жобалау кезінде; нақты жұмыстарды орындау қажеттілігі негізі кезінде; тәжірибелік-конструкторлық, жобалық- конструкторлық, жобалық, технологиялық және тағы басқа жұмыстар және олардың кезеңдерін орындау процесінде; тұтыну түрін таңдау және өнімді тұтыну жағдайын қамтамасыз ету негізі кезінде; басқа ұйымдар мен фирмалардың білімі мен тәжірибесін қолдану сұрақтарын шешу кезінде. - дайындаушы (жеткізуші) кәсіпорынды жаңарту және оны дамыту кезінде, өнімдерді жеткізуде, өнім сапасын көтеру мәселесін шешу кезінде, технологияны дамытуда, кәсіпорынды материалдық және технологиялық қамтамасыз етуде, лицинзиялау және шетелден қоңдырғылармен қамтылған кезде, өнімді жақсартуда, өнімдерді жеткізу туралы мәселелерді шешу және оларға қолайлы жағдай жасау, сонымен қатар, жеткізілген өнімдердің сервистік қызметтері және тағы басқалары. - барлық шаруашылық субъектілер – санаткерлік жеке меншіктің құқықтық күзет нысандарының мәселелерін шешуде. Патенттік ізденістердің жүргізілуі және олардың шешімін көрсету, келісім немесе жоспарлы-техникалық құжаттарда қарастырады. Жұмыстарды жүргізудің келісім құжаттарында екі жақтардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді, сондай-ақ патенттік зерттеулердің шешімдерін, шарттары, сонымен қатар екі жақтың жауапкершілігін қарастырады. Басқа мекемелерді патенттік зерттеуге қатыстыру бойынша жұмыс орындаушы шешеді. Егер басқа мекемелер қатысатын болса, онда келісім мен контракт толтырылады. Патенттік зерттеулердің шешімдерін құжаттарды жасау кезінде қолданады, олар шаруашылық субъектілерге және қабылдаған шешімдерге байланысты болады, сондай-ақ: - болжамдар, бағдарламалар, бизнес-жоспар және кәсіпорын дамуы және қызмет көрсету; - келісім құжаттары; - есептік ғылыми-техникалық, конструкторлық, технологиялық, жобалық құжаттама, техникалық шарт, өндірілген өнімге стандарттар, сонымен қатар, ғылыми-техникалық өнімге жеткізу-қабылдау актілері; - елдегі жеке меншік нысандарының күзетпен қамтамасыз етуге байланысты құжаттамалар; - шаруашылық субъектілердің формалауға және ғылыми-техникалық жеткізушілер, патенттік және коммерциялық саясатқа байланысты құжаттамалар; - шаруашылық субъектілердің салық жеңілдіктеріне құқығын дәлелдейтін құжаттама; - басқа құжаттамалар, құрамында патенттік зерттеудің шешімі болуы мүмкін. Патенттік зерттеудің шешімін шаруашылық субъектіде көрсетілгендей қарастырады және белгілі бір тәртіпте қолданады. Патенттік зерттеу шешімін келісімде көрсетілмесе оны шет елге шығаруға болмайды. Патенттік зерттеулердің мазмұны төмендегідей болады: - шаруашылықтың техникалық нысандарын зерттеу, тенденциясын таңдау және олардың дамуының болжамы; - белгілі бір өнімнің жағдайын зерттеу, зерттеліп жатқан ел кәсіпорынның мінездемесі; - өнімге және қызметке тұтынушылардың талаптарын зерттеу. Патенттік ізденістердің жүргізілу тәртібі мыналарды қарастырады: - патенттік ізденістердің тапсырмаларын анықтау, ізденістердің түрлері мен олардың жүргізілу әдістерін және патенттік ізденістерді жүргізу тапсырмаларын өңдеу; - патенттік және басқа да құжаттардың талаптарын іздеуді анықтау, регламенттік ізденісті өңдеу; - талқыланған регламентке сай патенттік таңдау, ізденіс пен ізденіс есептерін әзірлеу; - талқыланған құжаттарды жүйелеу мен талдау; - патенттік ізденістермен берілген тапсырмаларды растау, иеленген субъектінің ұсыныстарын растау, қорытынды жасау; - ізденістердің нәтижелерін әзірлеу патенттік ізденістердің есебі түрінде. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Патенттік зерттеулердің мазмұны және өткізу тәртібі қандай стандартқа сай жүргізіледі? 2 Патенттік зерттеулер жөнінде қандай анықтамаларды білесіз? 3 Тәжірибелік тұтынылуына байланысты патенттік зерттеулерді кімдер жүргізеді? 4 Патенттік зерттеулердің мазмұны қандай? 5 Патенттік ізденістердің жүргізілу тәртібі нені қарастырады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны» № 9 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Өнертабыс формуласы Дәріс жоспары: 1 Өнертабыс формуласының құрылымы 2 Әртүрлі нысандарға жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері Өнертабыс формуласы инновациялық патент пен патент беретін құқықтық қорғау көлемін анықтау үшін арналады. Өнертабыс формуласы толығымен анықтамада негізделу керек, яғни өнертабысты оның анықтамасында берілген ұғымдармен сипаттау керек. Өнертабыс формуласы, егер онда өтініш беруші мен көрсетілген техникалық нәтижеге жету үшін жеткілікті оның елеулі белгілері толығымен берілсе, оның мәнін көрсететін болып саналады. Өнертабыс формуласында өнертабыс белгілері олардың сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету түрінде көрінеді, яғни олардың мәндік мазмұнының белгілі техникалық деңгейі негізінде маманның біртекті ұғымында болады. 1 Өнертабыс формуласының құрылымы Формула біртізбекті және көп тізбекті болуы немесе бір немесе бірнеше тармақты құрауы мүмкін. Біртізбекті өнертабыс формуласы орындау немесе пайдалану жағдайына қатысты дамыту және анық атауы жоқ бір өнертабыстың маңызды белгілер жиынтығын сипаттауға қолданылады. Көптізбекті өнертабыс формуласы өнертабысты орындау немесе пайдаланудың жеке жағдайларына немесе өнертабыстар тобын сипаттауға қатысты оның белгілер жиынтығын дамыту және анықтау мен бір өнертабысты сипаттау үшін қолданылады. Бір өнертабысты сипаттайтын көп тізбекті формуланың бір тәуелсіз тармағы және оған тәуелді тармағы (тармақтары) болуы мүмкін. Өнертабыстар тобын сипаттайтын көп тізбекті формуланың бірнеше тәуелсіз тармақтары болады, олардың әрқайсысы өнертабыстар тобының біреуіне ғана сипаттайды. Мұндайда топтың әрбір өнертабысы тиісті тәуелсізге бағынышты тәуелді тармақтар келтірілуімен сипатталуға тиіс. Көп тізбекті формула тармақтары бірден бастап, орналасу тәртібімен араб сандарымен нөмірленуге тиіс. Өнертабыстар тобын сипаттайтын формулаларды орналастырған кезде келесі ережелер сақталады: - жекелеген өнертабыстарды сипаттайтын тәуелсіз тармақтарда, әдетте, формуланың басқа тармақтарына сілтемелер болмайды (мұндай сілтемеге тек осы тәуелсіз тармақты ондағы басқа тармақпен толық қайталанбаған жағдайда ғана жол беріледі); - түрлі өнертабыстар топтарын сипаттау үшін бір ғана мазмұнды тәуелді тармақтар келтірілетін жағдайдалардаы қоса отырып, тәуелді тармақтар өздері бағынышты тәуелсіз тармақтар мен топтасады. Формула тармағы, әдетте неғұрлым жақын ұқсас белгілері сәйкес келетін өнертабыс белгілерінен тұратын шектеу бөлімінен, оның ішінде формула баяндалуы басталатын бағыттағы тектік ұғымнан және өнертабысты неғұрлым жақын баламасынан ажыратын белгілер кіретін ерекшелік бөлімінен тұрады. Формула тармағын құрастыру кезінде шектеу бөлімі баяндалған соң «былайша ерекшеленетін» деген сөз тіркесі келтіріліп, бұдан кейін тікелей ерекшелік бөлімі келтіріледі. Өнертабыс формуласы: - дербес химиялық қосылыстар; - микроорганизімдер тегі, өсімдіктер мен жануарлар жасушалары; - бұрыннан белгілі құрылғы, тәсіл, зат, тектерді жаңа мақсатта қолдану; - баламасы жоқ өнертабыстар ретінде сипатталса, шектеулі және ерекшелік бөлімдері тармақтарынан бөлінбей құрастырылады. Формула тармағы бір сөйлем ретінде баяндалады. Өнертабыс формуласының тәуелсіз тармағы бір ғана өнертабысқа қатысты болуға тиіс. Ол өнертабысты құқықтық қорғау сұралып отырған көлемін анықтайтын оның белгілер жиынтығымен сипаттайды және өнертабыс объектісін логикалық анықтау түрінде көрінеді. Өнертабыс формуласының тәуелді тармағы тек оны орындау немесе пайдаланудың жеке жағдайларын сипаттайтын тәуелсіз тармақта, белгілерде келтірілген өнертабыс белгілері жиынтығының дамуын және/немесе анықталуын қарастырады. Формуланың тәуелді тармағының шектеулі бөлігі әдетте тәуелсіз тармақта келтірілгенімен салыстырғанда қысқаша мазмұндалған өнертабыс мақсатын көрсететін тектік ұғымнан және осы тәуелді тармақ жататын тәуелсіз тармақ немесе тәуелді тармақтан тұрады. Тәуелді тармақ формуланың бірнеше тармағына бағынысты болғанда оларға сілтемелер баламаларды пайдаланумен көрсетіледі. Формуланың тәуелді тармағы ол бағынысты формуланың сол тармағында сипатталған өнертабыс белгілері алмастырылмай немесе алып тасталмай баяндалуға тиіс. 2 Әртүрлі нысандарға жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері Құрылғы белгілері формулада оның статистикалық жағдайын сипаттайтындай баяндалады. Құрылғының конструкциялық элементін орындауды сипаттау кезінде оның жылжымалығын, оның белгілі функцияны іске асыру мүмкіндігін (мысалы, бекіту мүмкіндігімен тежеу мүмкіндігі) және т.б. көрсетуге болады. Материалдық объектіге іс-әрекеттерді сипаттайтын тәсіл белгілері осы мақсаттарға етістіктерді пайдаланумен, үшінші жақта, көпше түрде баяндалады (қыздырып жатыр, ылғалдап жатыр, тесіп жатыр және т.б.) Композицияны сипаттайтын өнертабыс формуласына оған кіретін ингредиенттер және қажет болған жағдайларда ингредиенттердің сандық мазмұнына жататын белгілер енгізіледі. Егер композицияны сипаттайтын формуланың ингредиенттердің сандық мазмұнына жататын белгілері болса, онда олар мазмұнның (төменгі және жоғарғы) ең аз және ең көп шегін сипаттайтын кез келген бір маңызды, әдетте, екі маңызды бірлікте көрінеді. Композиция ингредиенттерінің бірінің мазмұны бір маңызда көрсетілуіне болады, ал қалған ингредиенттер мазмұны – осы жалғыз маңызды хақындағы маңыздылар аралығы түрінде көрінеді (мысалы, ингредиенттер мазмұны композицияның негізгі ингредиентіне 100 мас.с. немесе ерітіндінің 1л. келтіріледі). Егер композицияға жататын өнертабыс қосымша ингредиент енгізілуімен сипатталса, формулаға тиісті ерекшелік белгілерінің алдынан «қосымша болады» деген сөз тіркесі енгізіледі. Мақсаты белсенді бастаумен айқындалатын, ал басқа компонеттері осы мақсаттағы композицияларда дәстүрлі қолданылатын шеңбердің бейтарап тасығыштары болып табылатын композициялар үшін формулада тек осы белсенді бастау және композиция құрамындағы оның сандық мазмұны, оның ішінде «тиімді саны» нысанында көрсетуге болады. Мұндай композиция сипатының басқа нұсқасында белсенді бастаудан өзге, «мақсаттық қосымша» жиынтықты ұғымы нысанында басқа компоненттер көрсетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда белсенді бастау мен мақсаттық қосымшаның сандық қатынасы көрсетіледі. Егер өнертабыс белгісі ретінде күрделі құрамды белгілі зат көрсетілсе, оның арнаулы атауын функциясын немесе осы заттың қасиетін және оның негізін көрсетіп пайдалануға жол беріледі. Мұндай жағдайда өнертабыс сипаттамасына осы зат сипатталған ақпарат көзі келтіріледі. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Өнертабыс формуласы не үшін қажет? 2 Өнертабыс формуласының құрылымы қандай? 3 Өнертабыстар тобын сипаттайтын формулаларды орналастырған кезде қандай ережелер сақталады? 4 Біртізбекті және көптізбекті өнертабыс формулалары немен ерекшеленеді? 5 Құрылғыға жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері неде? 6 Тәсілге жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері қандай? 7 Затқа жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері бар ма? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 ҚР патент заңы (1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданды) № 10 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Өтініш материалдарына сараптама жүргізу Дәріс жоспары: 1 Өнертабысқа патент беруге өтiнiмге жасалатын сараптама 2 Өнертабысқа инновациялық патент беруге арналған өтiнiмге сараптама 1 Өнертабысқа патент беруге өтiнiмге жасалатын сараптама Сараптама жасау ұйымына келiп түскен өтiнiм бойынша Патент заңның 17- бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген өтiнiм құжаттарының бар екендiгi және оларға қойылатын талаптардың сақталуы тексерiледi; өтiнiм берiлген күн анықталады. Егер өтiнiм Патент заңның 17- бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларының талаптарын және осы құжаттарға қойылған талаптарды қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiге бұл туралы хабарлайды және жетiспейтiн және (немесе) түзетiлген құжаттарды (мәлiметтердi) осындай хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде табыс етудi ұсынады. Өтiнiм берушi сұратылған және (немесе) түзетiлген құжаттарды (мәлiметтердi) белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, өтiнiм берiлмеген болып есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi. Өнертабысқа патент беруге өтiнiм берiлген күн белгiленгеннен кейiн сараптама жасау ұйымы ол бойынша ресми сараптама жүргiзедi. Ресми сараптама жүргiзу барысында Патент заңның 17-бабының 2- тармағында көзделген құжаттардың бар екендiгi және оларға қойылатын талаптардың сақталуы тексерiледi. Егер өтiнiм берушi өтiнiм бойынша Патент заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдарды табыс еткен болса, сараптама процесiнде олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертпейтiнi тексерiледi. Егер қосымша материалдарда өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ, өнертабыс формуласына енгiзуге жататын белгiлер болса, олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертедi. Қосымша материалдар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертетiн бөлiгiнде өтiнiмдi қарау кезiнде назарға алынбайды және оны өтiнiш берушi дербес өтiнiм ретiнде ресiмдеуi мүмкiн, бұл жөнiнде өтiнiм берушiге хабарланады. Оның құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып берiлген өтiнiм жөнiнде өтiнiш берушiге оны жiберген күннен бастап үш ай мерзiмде түзетiлген немесе жоқ құжаттарды табыс ету ұсынылған сауал жiберiледi. Егер өтiнiм берушi аталған мерзiмде сұратылған құжаттарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi табыс етпесе, өтiнiм қайтарып алған болып есептеледi. Өнертабыс бiрлiгi талабын бұза отырып берiлген өтiнiм бойынша өтiнiм берушiге оған тиiстi хабарлама жiберген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысы қаралуға тиiс екенiн хабарлау және қажет болған жағдайларда өтiнiм құжаттарына нақтылау енгiзу ұсынылады. Бастапқы өтiнiм материалдарына енген басқа өнертабыстар бөлектелген өтiнiмдермен ресiмделуi мүмкiн. Белгiленген өтiнiмдер басымдығы Патент заңның 20-бабының 5- тармағына сәйкес белгiленедi. Егер өтiнiм берушi өзiне бiрлiк талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысын қарау қажет екенiн хабарламаса және нақтыланған құжаттарды табыс етпесе, формулада бiрiншi көрсетiлген, сондай-ақ алғашқысымен байланыстылығы соншалықты, олар өнертабыс бiрлiгi талаптарын қанағаттандыратын басқа да өнертабыстар объектiсi қаралады. Ресми сараптама аяқталғаннан кейiн өтiнiм берушiге оның нәтижесi туралы хабарланады. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейiн сараптама жасау ұйымы өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi. Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама мәлiмделген ұсынысты өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгiн белгiлеудi, техника деңгейiн анықтау үшiн мәлiмделген өнертабысқа қатысты ақпараттық iздестiру жүргiзудi, мәлiмделген объектiнiң (oбъектiлердiң) өнертабыс бiрлiгiнiң талабына және Патент заңның 6-бабында белгiленген патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкестiгiне тексеру жүргiзудi қамтиды және өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленген жағдайда жүзеге асырылады. Мәнi бойынша сараптамаға ақы төлеу ресми сараптаманың нәтижесi туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде сараптама жасау ұйымына өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленгендiгiн растайтын құжатты берген жағдайда жүргiзiледi. Мәнi бойынша сараптамаға ақы төленбеген жағдайда өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi. Мәнi бойынша өтiнiм сараптамасын жүргiзу кезеңiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiден онсыз сараптама өткiзу мүмкiн болмайтын қосымша материалдарды, оның iшiнде өнертабыстың өзгертiлген формуласын сұратып алуға құқылы. Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар, сұратуға немесе өтiнiмге қарсы қойылатын материалдардың көшiрмелерiн өтiнiм берушi оған сараптама жасау ұйымының сұратуы жiберiлген күннен бастап екi ай iшiнде сұратқан жағдайда, аталған көшiрмелер жiберiлген күннен бастап өнертабыстың мәнi өзгертiлмей үш ай мерзiмде табыс етiлуге тиiс. Қосымша материалдарға өнертабыстың мәнiн өзгерткен бөлiгiнде осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiп қолданылады. Егер өтiнiм берушi сұрау салынған материалдарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi белгiленген мерзiмде табыс етпесе, өтiнiм қайтарып алынған болып есептеледi. Егер өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жасау нәтижесiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiндегi мәлiмделген ұсыныс Патент заңның 6-бабында айқындалған өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келетiнiн анықтаса, онда сараптама жасау ұйымы белгiленген басымдықты көрсете отырып патентке өтiнiм берушiмен келiсiлген өнертабыс формуласымен оң қорытынды бередi. Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган өнертабысқа патент беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешiм шығарады. Өтiнiм берiлген өнертабыс өтiнiш берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi. Сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы мына жағдайларда: 1) егер өтiнiм өнертабыс ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болса; 2) егер өтiнiм берушi ұсынылған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлердiң болуы туралы немесе өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын болса немесе оған қатысты өнертабыс бiрлiгi талаптары бұзылуына байланысты қарау өткiзiлмегенi туралы хабарланғаннан кейiн өнертабыс формуласын өзгертпесе берiледi. Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Қарсылықты шағым кеңесi ол түскен күннен бастап төрт ай мерзiмде қарауға тиiс. Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының тиiстi қорытындысы берiлгенге дейiн өтiнiмдi қараудың кез келген сатысында инновациялық патент беру туралы өтiнiшхат бере алады. Бұл жағдайда сараптама Патент заңның 22-1- бабына сәйкес жүргiзiледi. Өтiнiм берушi сараптаманың қарсы қойған барлық материалдарымен таныстырылуы мүмкiн. Өтiнiм берушi сұратқан материалдарды сараптама жасау ұйымы оған сұрау салынған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жiбередi. Осы баптың 3, 4, 7, 8, 10-тармақтарында көзделген және өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiмдердi дәлелдi себептерiнiң болғаны және өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру ақысының төленгенi туралы құжат тапсырылған жағдайда сараптама жасау ұйымы қалпына келтiруi мүмкiн. Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiм бiткен күннен бастап он екi айдан кешiктiрмей беруi мүмкiн. Мұндай өтiнiш сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған құжаттарымен немесе шағым кеңесiне жасалған қарсылықпен бiрге тапсырылады. Егер өтiнiмдi қарау кезiнде онда мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтер анықталса, өтiнiм Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңдарында белгiленген тәртiппен құпияландырылады. 2 Өнертабысқа инновациялық патент беруге арналған өтiнiмге сараптама Сараптама жасау ұйымына келiп түскен өтiнiм бойынша Патент заңның 17- бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген өтiнiм құжаттарының бар екендiгi тексерiледi, өтiнiм берiлген күн анықталады. Егер өтiнiм Патент заңның 17-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларының талаптарын қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiге бұл туралы хабарлайды және жетiспейтiн құжаттарды (мәлiметтердi) осындай хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде табыс етудi ұсынады. Өтiнiм берушi сұратылған құжаттарды (мәлiметтердi) белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, өтiнiм берiлмеген болып есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi. Өнертабысқа инновациялық патент беруге өтiнiм берiлген күн белгiленгеннен кейiн сараптама жасау ұйымы ол бойынша сараптама жүргiзедi, оның процесiнде Патент заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың бар екендiгi, оларға қойылатын белгiленген талаптардың сақталуы, өнертабыс бiрлiгi талабының сақталуы тексерiледi, мәлiмделген шешiмнiң өнертабыс ретiнде қорғалатын oбъектiге жататындығы туралы мәселе қаралады, сондай- ақ басымдық күнi белгiленедi және мәлiмделген шешiмнiң Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың негiзiнде берiлген патенттерге, жарияланған еуразиялық өтiнiмдерге, қаралатын өтiнiмнiң басымдық күнiне дейiн сараптама жасау ұйымына берiлген басқа өтiнiм берушiлердiң керi қайтарып алынбаған өтiнiмдерiне қатысты жергiлiктi жаңалығына тексеру, сондай-ақ өнеркәсiпте қолданылымдығына тексеру жүргiзiледi. Егер өтiнiм берушi өтiнiм бойынша Патент заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдар ұсынған болса, сараптама процесiнде олардың мәлiмделген өнертабыстың мәнiн өзгертпейтiнi тексерiледi. Егер қосымша материалдарда өнертабыс формуласына енгiзiлуге тиiс және өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлер болса, олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертедi. Өтiнiмдi қарау кезiнде қосымша материалдардың өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертетiн бөлiгi назарға алынбайды және өтiнiм берушi оны дербес өтiнiм ретiнде ресiмдеуi мүмкiн, бұл жөнiнде өтiнiм берушiге хабарланады. Өтiнiм құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып берiлген өтiнiм бойынша өтiнiм берушiге сауал жiберiлiп, онда ол жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде түзетiлген немесе жоқ құжаттарды табыс ету ұсынылады. Егер, өтiнiм берушi көрсетiлген мерзiмде сұратылған құжаттарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiш хатты табыс етпесе, өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi. Өнертабыс бiрлiгi талаптарын бұза отырып берiлген өтiнiм бойынша өтiнiм берушiге оған тиiстi хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде өнертабыстың қайсысы қаралуға тиiс екенiн хабарлау және қажет болған жағдайда, өтiнiм құжаттарына нақтылаулар енгiзу ұсынылады. Бастапқы өтiнiм материалдарына енген басқа өнертабыстар бөлектелген өтiнiмдермен ресiмделуi мүмкiн. Бөлектелген өтiнiмдердiң басымдығы Патент заңның 20-бабының 5- тармағына сәйкес белгiленедi. Егер өтiнiм берушi өзiне өнертабыс бiрлiгi талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысын қарау қажет екенiн хабарламаса және нақтыланған құжаттарды табыс етпесе, формулада бiрiншi көрсетiлген объектiнi, сондай-ақ онымен өнертабыс бiрлiгi талаптарын қанағаттандыратындай байланыстағы басқа да өнертабыстарды қарау жүргiзiледi. Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң өнертабыстар ретiнде қорғалатын oбъектiлерге жататыны, құжаттардың белгiленген талаптарға сәйкес келетiнi анықталса және өтiнiм осы баптың 1-тармағына сәйкес жергiлiктi жаңалық және өнеркәсiптiк қолданымдылық шартына жауап беретiн ұсынысты сипаттайтын болса, өтiнiм берушiмен келiсiлген формуладағы инновациялық патентке сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы берiледi. Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган өнертабысқа инновациялық патент беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешiм шығарады. Сараптама жасау ұйымының инновациялық патентке терiс қорытындысы: 1) егер өтiнiм өнертабыс ретiнде қорғалмайтын объектiге қатысты; 2) егер өтiнiм берушi ұсынылған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлердiң болуы туралы немесе өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын немесе өнертабыс бiрлiгi талаптары бұзылуына байланысты оған қатысты қарау өткiзiлмегенi туралы хабарланғаннан кейiн өнертабыс формуласын өзгертпеген; 3) егер өтiнiм осы баптың 1-тармағына сәйкес жергiлiктi жаңалыққа және өнеркәсiптiк қолданылымдық шартына жауап бермейтiн ұсынысты қамтыған жағдайларда берiледi. Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы жiберiлген күннен бастап алты ай мерзiмде оған қарсылығын уәкiлеттi органға бере алады. Қарсылықты апелляциялық кеңес ол түскен күннен бастап екi ай мерзiмде қарауға тиiс. Өтiнiм берушi өтiнiмдi қараудың кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленушi және үшiншi тұлғалар инновациялық патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн техника деңгейiн айқындау үшiн ақпараттық iздестiру жүргiзу туралы өтiнiшхат бере алады, өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiн бағалау онымен салыстырыла отырып жүзеге асырылуы мүмкiн. Сараптама жасау ұйымы Патент заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес өнертабыстар болып танылмайтын oбъектiлерге қатысты ақпараттық iздестiру жүргiзбейдi, бұл туралы ақпараттық iздестiру туралы өтiнiшхат берушi адам хабарланады. Сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiнiң өтiнiмдi қараудың кез келген сатысында берiлген немесе үшiншi тұлғалардың инновациялық патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн берiлген өтiнiш хаты бойынша, бiрақ Патент заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес инновациялық патенттiң қолданылу мерзiмi ұзартылған жағдайда өтiнiм берiлген күннен бастап үш жылдан кешiктiрмей өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi. Мәнi бойынша сараптама өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға тиiстi ақысы төленген жағдайда, сондай-ақ егер өтiнiш хатты өтiнiм берушi жасаған болса, инновациялық патенттiң күшiнде болуын қолдау кезiнде жүзеге асырылады. Мәнi бойынша сараптама Патент заңның 22-бабының 7-10 және 13- тармақтарында көзделген тәртiппен жүргiзiледi. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Өнертабысқа патент беруге өтiнiмге жасалатын сараптама қалай жүргізіледі? 2 Ресми сараптаманы қалай жүргізеді? 3 Мәнi бойынша сараптама дегеніміз не? 4 Өнертабысқа инновациялық патент беруге арналған өтiнiмге сараптаманың патент беруге өтiнiмге жасалатын сараптамадан өзгешеліктері бар ма және қандай? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 ҚР патент заңы (1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданды) № 11 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Өнеркәсіптік меншік нысандарын пайдалануға ерекше құқық Дәріс жоспары: 1 Патент иеленушiнiң ерекше құқығы мен мiндеттерi 2 Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушылық болып танылмайтын әрекеттер 3 Бұрын пайдалану құқығы және уақытша құқықтық қорғау 4 Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға құқық беру 5 Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу 1 Патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауынша пайдалануына ерекше құқығы болады. Патент иеленушi қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға айрықша құқықты осы қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер ресми бюллетеньде жарияланған күннен бастап қорғау құжатының қолданылу кезеңiнде жүзеге асырады. Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi бар өнiмдi дайындау, қолдану, жеткiзу, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзге де енгiзу немесе осы мақсатпен сақтау, сондай-ақ қорғау әдiсiн қолдану өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану болып танылады. Егер өнiмде оны пайдалану күнiне техниканың осы саласындағы белгiлi формуланың тәуелсiз тармағында келтiрiлген өнертабыстар, пайдалы модельдердiң әрбiр белгiсi немесе соларға теңдес белгiлер пайдалану әдiсi болса, өнiм қорғалатын өнертабыс немесе пайдалы модель деп танылады, ал қорғалатын әдiс қолданылған деп табылады. Тiкелей осындай әдiспен дайындалған өнiмдi азаматтық айналымға енгiзу не осы мақсатпен сақтау өнiм алудың қорғалатын әдiсiн пайдалану деп танылады. Егер өнiмде бұйымның ұсынылған кескiндерiнде (макетiнде) көрсетiлген және негiзгi белгiлерiнiң тiзбесiнде келтiрiлген барлық негiзгi белгiлерi болса, қорғалатын өнеркәсiптiк үлгiсi бар болып танылады. Патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға мiндеттi. Қорғау құжаты бiрнеше адамға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану жөнiндегi өзара қатынастар олардың арасындағы келiсiммен айқындалады. Ондай келiсiм болмаған жағдайда патент иеленушiлердiң әрқайсысы қорғалатын объектiнi өз қалауынша пайдалана алады, бiрақ өзге патент иеленушiлерiнiң келiсiмiнсiз басқа адамдарға лицензия немесе қорғау құжатын беруге құқығы жоқ. Патент иеленушi қолданылып жүрген өнеркәсiптiк меншiк объектiсi патенттелгендiгiн көрсететiн ескерту таңбаларын пайдалана алады. Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер алғаш рет жарияланғаннан кейiн өнеркәсiптiк меншiк объектiсi сондай өтiнiш берiлген күннiң алдындағы кез келген төрт жыл iшiнде үздiксiз пайдаланылмаса, патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсi пайдаланбаған және тиiмдi коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан ретте, кез келген адам өзiне күштеп ерекше емес лицензия алып беру туралы сотқа өтiнiш жасауға құқылы. Егер патент иеленушi пайдаланбауын дәлелдi себептерге байланысты екенiн дәлелдемесе, сот аталған лицензияны пайдалану шегiн, төлем мөлшерi мен тәртiбiн белгiлеп, табыс етедi. Төлем мөлшерi қалыптасқан практикаға сәйкес белгiленген лицензияның рыноктық бағасынан төмен болмауға тиiс. Кез келген күштеп лицензия алып беру бiрiншi кезекте Қазақстан Республикасы iшкi рыногының қажеттерiн қамтамасыз етуге тиiс. Күштеу лицензиясы берiлген адам аталған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын басқа адамға тек осы объект пайдаланылатын тиiстi өндiрiспен бiрге беруi мүмкiн. Күштеу лицензиясы оны беруге себеп болып табылатын мән-жай әрекетi доғарылған реттерде сот арқылы тоқтатылуға тиiс. Егер патент иеленушi тиiмдi коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн қорғау құжатының басқа иеленушiсiнiң құқықтарын бұзбай пайдалана алмайтын болса, Қазақстан Республикасы аумағында өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға ерекше емес күштеу лицензиясын беру туралы сотқа арыз беруге құқылы. Аталған лицензияны беру кезiнде қорғау құжаты басқа адамға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану шектерiн, төлем мөлшерiн, мерзiмiн және тәртiбiн сот белгiлеп беруге тиiс. Төлем мөлшерi бұл орайда қалыптасқан практикаға сәйкес белгiленген лицензияның рыноктық бағасынан төмен болмауға тиiс. Осы тармақ негiзiнде алынған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығы бұл құқық берiлген осы өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты берiлген кезде ғана берiлуi мүмкiн. Патент иеленушi алған қорғау құжатын кез келген жеке немесе заңды тұлғаларға бере алады. Беру туралы шарт уәкiлеттi органда мiндеттi түрде тiркелуге тиiс. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты және (немесе) оны алу құқығы мұрагерлiк немесе құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен берiледi. Патент иеленушi қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн жыл сайын ақы төлеп тұруға мiндеттi. 2 Мыналар патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу деп танылмайды: 1) конструкциясында қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бар құралдарды немесе басқа елдердiң көлiк (теңiз, өзен, әуе, жер бетiндегi және ғарыштағы) құралдарын пайдаланған кезде, аталған құралдар Қазақстан Республикасының аумағында уақытша немесе кездейсоқ тұрған және көлiк құралдарының мұқтаждары үшiн пайдаланылып отырған жағдайда қолдану. Егер көлiк құралдары Қазақстан Республикасы көлiк құралдарының иелерiне осындай құқық беретiн елдердiң жеке немесе заңды тұлғаларына тиесiлi болса, мұндай әрекеттер патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушылық болып танылмайды; 2) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi бар құралға ғылыми зерттеу немесе эксперимент жүргiзу; 3) төтенше жағдайлар (табиғи зiлзалалар, апаттар, iрi авариялар) кезiнде мұндай құралдарды кейiннен патент иеленушiге дереу хабарлай отырып және патент иеленушiге мөлшерлес өтемнiң ақысын төлей отырып қолдану; 4) мұндай құралдарды табыс таппай жеке мақсатына қолдану; 5) қиын-қыстау жағдайларда дәрiгердiң рецептi бойынша дәрiханада бiр жолғы дәрi дайындау; 6) егер бұл құралдар Қазақстан Республикасында заңды жолмен азаматтық айналымға енгiзiлсе, қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бар құралдарды қолдану. 3 Өнеркәсiптiң меншiк объектiсiнiң басымдық алған күнiне дейiн Қазақстан Республикасының аумағында оның авторына тәуелсiз жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне ұқсас шешiмдi адал пайдаланған немесе бұған қажет дайындықтар жасаған тұлға мұндай пайдалану көлемiн ұлғайтпай оны өтеусiз пайдалану құқығын (бұрын пайдалану құқығын) сақтайды. Бұрын пайдалану құқығы басқа адамға ұқсас шешiмдi пайдалану орын алған немесе оған қажеттi әзiрлiк жасалған өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн басымдық берiлген күннен бастап, бiрақ өнертабысқа инновациялық патент, патент, өнеркәсiптiк үлгiге патент немесе пайдалы модельге патент беру туралы мәлiметтер ресми жарияланған күнге дейiн пайдалана бастаған адамдар патент иеленушiнiң талап етуi бойынша одан әрi пайдалануын тоқтатуға тиiс. Алайда мұндай адам патент иеленушiнiң осындай пайдалану нәтижесiнде тартқан шығынын орнына келтiруге мiндеттi емес. Ресми немесе ресми танылған халықаралық көрмеге экспонат ретiнде қойылған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне оны көрмеге қойған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей осы объектiге өтiнiм берiлген жағдайда, көрмеге қойылған күннен бастап қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердiң алғашқы жариялануына дейiн уақытша құқықтық қорғау берiледi. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мерзiмде өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдаланушы адам патент иеленушiге қорғау құжаты берiлген соң ақшалай өтемақы төлейдi. Өтемақы мөлшерi тараптардың келiсiмдерiмен белгiленедi. 4 Патент иеленушi болып табылмайтын кез келген адам қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн патент иеленушiнiң рұқсатымен ғана лицензиялық шарт негiзiнде пайдалануға құқылы. Лицензиялық шарт лицензиатқа: 1) лицензиардың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiн және басқа адамдарға лицензия (қарапайым, ерекше емес лицензия) беру құқығын сақтай отырып, оны пайдалану құқығын; 2) лицензиардың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiн сақтай отырып, бiрақ оны пайдалану құқығын басқа адамдарға лицензия (ерекше лицензия) беру құқығынсыз; 3) лицензиардың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiн сақтамай және басқа адамдарға лицензия (толық лицензия) беру құқығынсыз пайдалану құқығын берудi көздеуi мүмкiн. Егер лицензиялық шартта лицензия түрi көзделмесе, ол ерекше емес, қарапайым болып табылады. Лицензиаттың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану ерекше емес лицензияны (қосалқы лицензиялық шарт) басқа адамға (қосалқы лицензиатқа) беру туралы шарт лицензиялық шартта қарастырылған жағдайларда ғана жасалуы мүмкiн. Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиаттың әрекеттерi үшiн лицензиар алдында лицензиат жауапты болады. Өнеркәсiптiк үлгiнi, өнертабысты, пайдалы модельдi пайдалануға арналған лицензиялық шарт пен қосалқы лицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалады және ол уәкiлеттi органда тiркелуге тиiс. Жазбаша нысанды немесе тiркеу туралы талапты сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады. Патент иеленушi уәкiлеттi органға кез келген адамға өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға лицензия (ашық лицензия) алу құқығын беру туралы арыз бере алады. Көрсетiлген лицензияны сатып алуға тiлек бiлдiрушi адам патент иеленушiмен төлемдер туралы шарт жасасып, оны мiндеттi түрде уәкiлеттi органда тiркетуге тиiс. Шарт талаптары бойынша даулар сотта қаралады. Ашық лицензия құқығын беру туралы патент иеленушiнiң өтiнiшi ашық лицензиялар туралы бюллетеньде мәлiметтер жарияланған күннен бастап үш жыл бойына күшiн сақтайды. Көрсетiлген мерзiм шегiнде қорғау құжаттарын күшiнде ұстағаны үшiн төлем ашық лицензиялар туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiнгi жылдан бастап 50 процентке азаяды. Лицензиялық шарт жасалған жағдайда, қорғау құжатын күшiнде ұстау ақысы осы шарт жасалған жылдан кейiнгi жылдан бастап толық көлемде жүргiзiледi. Елде төтенше жағдайлар болғанда немесе басқа да өте қажеттi мән- жайларда Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн патент иеленушiнiң келiсiмiнсiз пайдалануға құқығы бар, бiрақ оған дереу хабарлап және тиiсiнше өтем төлейдi. Өтем мөлшерi туралы дауларды сот шешедi. 5 Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн осы Заңға қайшы пайдаланушы кез келген адам патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушы (қорғау құжатын бұзушы) болып есептеледi. Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалана отырып жасалған өнiмдi рұқсатсыз дайындау, қолдану, жеткiзу, сақтау, сатуға ұсыну, сату және азаматтық айналымға өзгеше енгiзу, сондай-ақ тiкелей қорғау әдiсiмен дайындалған өнiмдi қолдану немесе азаматтық айналымға енгiзу патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу (қорғау құжатын бұзу) болып танылады. Бұл орайда жаңа өнiм өзге де дәлелдемелер болмаған жағдайда қорғалатын әдiспен алынған деп есептеледi. Патент иеленушi: 1) қорғау құжатын бұзуды тоқтатуды; 2) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап, бұзушының келтiрген шығындардың орнын толтыруын және моральдық залалын өтеуiн; 3) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап, қорғау құжатын бұзушы алған пайданы шығындардың орнын толтырудың орнына өндiрiп алуды; 4) қорғау құжатын бұзушының заңдарда белгiленген оннан елу мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш сомасында өтемақы төлеуiн талап етуге. Шығындардың орнын толтыру немесе пайданы алып қою орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi; 5) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап, азаматтық айналымға енгiзiлген немесе осы мақсатта сақталған және қорғау құжатын бұзушы деп танылған өнiмдердi, сондай-ақ қорғау құжатын бұзуға арнайы арналған қаржыларды өз пайдасына алып қоюға; 6) кiмнiң құқығы бұзылғаны туралы мәлiметтер енгiзiлген құқық бұзушылықты мiндеттi түрде жариялауға құқылы. Егер бұл лицензиялық шартта көзделсе, қорғау құжатын бұзушыға талаптарды лицензиаттың да қоюы мүмкiн. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Патент иеленушiнiң ерекше құқығы мен мiндеттерiн атап шығыңыз. 2 Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушылық болып танылмайтын әрекеттерге қандай әрекеттер жатады? 3 Бұрын пайдалану құқығы және уақытша құқықтық қорғауды қалай түсінесіз? 4 Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға құқық беру тәртібі қалай жүргізіледі? 5 Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу үшін қандай жауаптылыққа тартылады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 ҚР патент заңы (1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданды) № 12 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Лицензиялық келісім Дәріс жоспары: 1 Лицензиялық келісімнің түрлері 2 Лицензиялық кампанияны жүргізу кестесі 3 Лицензияланған келісімнің шарттары 4 Лицензияланған келісім-шарттың құрылымы 1 Патентиеленуші өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауы бойынша қолдануға ерекше құқыққа ие. Қорғауға алынған өнеркәсіптік меншік объектісі кіретін өнімді жасау, пайдалану, енгізу, сатуға ұсыну, басқа жолмен азаматтық айланысқа енгізу немесе осындай мақсаттарда сақтау, сонымен қатар қорғалатын әдісті пайдалару өнеркәсіптік меншік объектісін қолдану деп аталады. Кез келген патентиеленуші болып табылмайтын тұлға қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісін қолдану үшін лицензиялық келісім негізінде патент иеленушінің рұқсатын алу арқылы қолдана алады. Лицензиялық келісім бойынша лицензиардың (лицензияны сатушы) шығындарын лицензиатпен (лицензияны сатып алушы) орнын өтелуі қарастырылады. Лицензияланған келісім патенттік ведомствода тіркелуі қажет. Лизцензиялық келісім деп ғылыми техникалық білім иесінің (лицензиар) өз контрагентіне (лицензиатқа) лицензия-рұқсат беру келісімін айтады. Лицензиялық келісімде лицензиардың ерекше құқығын лецензиатпен қолдану көлемі және мерзімі шектеледі. Лицензияның тақырыбы болып өнертабысқа, өнеркәсіптік меншіктің басқа түрлеріне, ноу-хауға құқық табылады. Лицензияның объектісі болып техника объектісі (технология) табылады. Лицензиялық келісімде ноу-хау ретінде көбінесе коммерциялық сипатты кондиденциалды мәлімет алынады. Кейде ноу-хау деп басқару немесе ұйымдастырушы сипаттағы мәліметтер алынады. Лицензиялық келісімнің басқа келісімдерден айырықша негізгі ерекшеліктері болып табылады: 1. Лицензияны сатушы - лицензиярдың келісім затына меншік құқығын сақтап қалуы; 2. Лицензиялық келісімнің мерзімдік сипаты; 3. Лицензиялық келісім әрекетінің аумақтық сипаты; 4. Лицензияны сатушы мен сатып алушы арасындағы есептесудің ерекшелігі; 5. Лицензиялық келісімнің ноу-хауға жасалуы; 6. Лицензиялық келісім объектісін жақсарту бойынша ғылыми- техникалық жетістіктермен өзара алмасу. Лицензиялық келісім ұзақ ғылыми-техникалық қарым-қатынастық туралы келісім болып табылады. Лицензиялық келісімнің мынадай түрлері кездеседі: - қарапайым лицензия; - ерекше лицензия; - толық лицензия; - сублицензия. Әртүрлі лицензиялық келісімдер арасындағы айырмашылық лицензиардың лицензиатқа берген құқықтың көлеміне байланысты. Қарапайым лицензия келісімі бойынша лицензиар лицензиатқа келісімде көрсетілген көлемде келісім объектісін қолдануға ерекше құқығын берумен қатар келісім объектісін өзі қолдану құқығын және үшінші жаққа лицензия беру құқығын қалтырып береді. Ерекше лицензия келісімі бойынша лицензиар лицензиатқа келісімде көрсетілген шекте лицензия объектісін қолдануға ерекше құқық береді. Лицензиялық келісімнің күшінде болу аумағында лицензиар лицензия объектісін өз бетінше қолдан және үшінші жаққа лицензия беру құқығынаң айрылады. Бұл әрекеттерді лицензиар тек қана бірінші келесімді бұзбайтын жағдайда жүзеге асыра алады. Толық лицензия келісімі бойынша лицензиар лицензия объектісін қолдануға өзінің ерекше құқығын лицензиатқа толығынан береді және лицензиялық келісімнің күшінде болу мерзімі ішінде өзі сол құқықтан айырылады. Бұндай жағдайда лицензиялық келісімнің күшінде болу мерзімі патенттің күшінде болу мерзімінен аспайды немесе оған тең болады. Лицензиялық келісімге отыру бұл жерде патентті сату мен бірдей болады. Сублицензия болып өнеркәсіптік меншік объектісінің иесі беретін емес, толық немесе шексіз лицензия бойынша лицензиат беретін лицензия болып табылады. Сублицензия берілетін құқықтың көлемі бойынша қарапайым лицензия болып табылады. Лицензиялық (негізгі) келісімге отыру алдында опциялық (алдын ала) келісім жасалады. 2 Лицензиялық кампанияны жүргізу кестесі 1. Лицензия объектісін айқындау. Жарнама – техникалық іс-әрекеттер жүргізу. 2. Маркентинг зерттеулерін жүргізу. Жарнамалық кампания жүргізу. 3. Лицензияны сатып алушыны табу. 4. Лицензиялық келісімге қатысатын жақтарды және олардың өкілдерін айқындау. 5. Лицензияны сатып алушы мен сатушының қызығушылығын белгілеу. Хаттама толдтыру. 6. Опциялық келісім шартты дайындау. 7. Опциялық келісім шартқа қол қою. 8. Опциялық келісімнің шарттарының лицензиар мен лицензиатпен орындалуы. 9. Лицензиялық келісім шарттың жобасын дайындау. 10. Лицензияның бағасын есептеу. 11. Лицензиялық келісімге қол қою . 12. Лицензиялық келісімді тіркеу үшін патенттік төлемдерді өтеу. 13. Лицензиялық келісімді патенттік ведомствода тіркеу. 14. Лицензиар мен лицензиатпен лицензиялық келісім шарттарының орындалуы. 3 Лицензияланған келісім тек жеке болады. Ол жазылған күйінде көбінесе қорытындыланады және контрагент елдерінде ішікі сауда операциялары мен лицензияланған құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік актілерге сәйкес рәсімделеді. Лицензияланған келісім шарт рөлі әсіресе ерекше. Дұрыс лицензяланған келісімнің мазмұнына байланысты оның орындалуы жақсарады, яғни, нақты лицензияланған келісімнің тиімділігі жоғарлайды. Лицензияның халықаралық сауда тәжірибесінде лицензияланған келісім шарттарына, мазмұнына, формасына белгілі бір талаптар бар. Лицензияланған келісімнің контрагенттері үшін оның жеке мағыналары мен жағдайлары дұрыс талқылаудың үлкен мәні бар. Лицензияланған келісімнің әрекет ету жүйелігінде мүмкін болатын дауларды болдырмау үшін, контрагенттер онда қолданылатын ұғымдарды нақтылап, екі ұғымды сөз болмайтындай қылып анықтама береді. Лицензияның халықаралық сауда тәжірбиесінде шексіз құқық ноу- хауға қатысты қолданылады. Сонда лицензиар басқа лицензиатқа келісіммен берілген территорияда ноу-хауды қолдануға аналогиялық құқықтарды бермейді. Себебі ноу-хау патентпен қорғалмайды, лицензиар лицензиатқа шексіз қолдануды кепілдік бере алмайды, тек жеке жарияламауды кепілдік етеді. Бір мезгілде ол лицензиат ноу-хаудың конфиденциалдылығын кепілдік етіп, тек қана өндірістік қызметті іске асыруға қажет ететіндер ғана таныстыруды талап етеді. Лицензияланған келісімнің шарттары жақтардың міндеттері мен құқықтарын анықтайды, лицензиар мен лицензиаттардың мақсаттарын көрсетеді. Лицензиардың негізгі міндеті өз уақытында барлық қажетті материалдарды беріп, лицензиатқа өндірісті жақсартуда көмек көрсету, мамандарды оқыту, лицензия бойынша өнімді шығару және лицензияны неғұрлым тиімділігін қолдануда көмек көрсету. Лицензиат осы кезде келісіммен бекітілген мерзімде өнеркәсіптік өндірісті жеңілдетіп, лицензия бойынша өнімді тапсыру және келісіммен бекітілген төлемдерді лицензиармен төлеу міндетті болады. Лицензиялық тәуекел лицензиарға поушальды төлем ақы сомма түрінде бір уақытта берілетін немесе 2-3 қабылдауда төленеді және де роялти түрінде- лицензияланған келісімнің әрекеті мерзіміндегі жиілікті пайыздық төлеу төленеді. Ақырғы жағдайда лицензиарға төленетің төлем мөлшерін өнім бірлігінен сату мөлшерін пайыз түрінде немесе оның бағасынан пайыз мөлшерінде тіркелген төлем түрінде бекітіледі. Лицензияланған төлем тек қана ақша күйінде ғана төлембей, шикізат пен басқа тауарлардың лицензия бойынша өнімді жеткізу түрінде де төленеді келісімді міндетті түрде лицензияланған төлемдердің төлеу түрі көрсетіледі. Негізінде ғылыми техникалық жетістіктердің құны, бағасы жататын, тауарлардың құнына қарағанда қолдануға құқық лицензия бойынша беріледі және оны қолдануда пайда болатын пайда мөлшеріне тәуелді болады. Бірақ лицензияланған төлем мөлшері лицензиаттың пайда мөлшері мен анықталмайды. Лицензиат пен лицензиар арасында пайданы бөлу реализацияланған және шығарылған өнім бағасынан лицензиармен белгілі бір процент белгіленіп төленеді. Сол кезде лицензиардың мөлшері барлық пайдадан бөлінбей, тек лицензия қолданған бөлігінен ғана бөлініп төленеді. Лицензия құның есептегенде әдетте өндірістің белгісіз көрсеткіштерінің бағалау әдісі қолданылады және елімізде осы салада белгіленген бағалардың құны негізінде есептейді. Лицензия құны – лицензиаттың пайдасындағы лицензия объектісін қолдану нәтижесінде алынатын лицензиардың төлем мөлшері. Пайданың мөлшерін есептеу үшін лицензиат лицензияланатын өнім бойынша өндіріс шығындарының нақты соммасын есептеп және өнім бірлігінің өз бағасын анықтау. Пайда сатылатын баға мен өнімнің өз бағасының айырмасымен анықталады. Лицензиар үшін бұл әдіс қолайсыз, себебі өндірістің шығындары туралы мәләмет – кәсіпкердің құпиясы. Лицензия құнын бағалаудың бұл түрі лицензияны сатып алушы үшін жаңа тауарды шығаруды жоспарлағанда қолайсыз болады. Бұл кезде лицензияның төлем бағасын анықтау үшін сол салады қабылданған релизациялық бағаның жуық шамалы құрылымының негізінде өндірістік өндірудің белгісіз көрсеткіштерін анықтау әдісі қолданылады. Бірақ тәжірбиеде көп жағдайларда лицензиармен есептеу үшін ағымды төлемдер түрі – роялти қолданылады. Бұл жағдайда ең негізгі сұрақ болып роялтидің әділ мөлшерін анықтау табылады. 4 Лицензияланған келісім-шарттың құрылымы Преамбула 1. Терминдердің анықтамасы. 2. Келісім заты. 3. Техникалық құжаттама. 4. Жетілдірулер мен жақсартулар. 5. Міндеттер мен жауаптылық. 6. Лицензия бойынша өнімді меңгеруде техникалық көмек. 7. Төлемдер. 8. Ақпарат және есеп берушілік. 9. Конфенденциалдықты қамтамасыз ету. 10. Берілетін құқықты қорғау. 11. Жарнама. 12. Дауларды шешу. 13. Келісім шарттың күшінің мерзімі. 14. Басқа шарттар. Жақтардың заңды мекен жайлары мен реквизиттері. Қосымшалар. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Лицензияланған келісім қайда тіркелуі қажет? 2 Лицензияның объектісі болып не табылады? 3 Лицензиялық келісімнің қандай түрлері кездеседі? 4 Лицензиялық кампанияны жүргізу кестесін айтып беріңіз. 5 Лицензияланған келісімнің шарттары қандай? 6 Лицензия құны дегеніміз не? 7 Төлемдердің қандай түрлерін білесіз? 8 Лицензияланған келісім-шарттың құрылымы қандай болады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 ҚР патент заңы (1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданды) 2 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР заңы (1996 жылдың 10 маусымында қабылданды) № 13 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымы Дәріс жоспары: 1 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымы және оның міндеттері 2 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымының функциялары 3 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымының құрылымы Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымы (ДСМҰ) – халықаралық ұйым болып табылады. Оның міндеттеріне келесідей кіреді, бұл: - өнертабыс құқығы және санаткерлік меншіктің иеленушісі дүниежүзінде құқығы қорғалатындай кепілдік береді; - өнертабыс пен автор дүниежүзінде танымал және өз шеберлігіне марапатталатындай жұмыстар атқарады. ДСМҰ-ң тамыры негізінде 1883 жылы болды. Бұл жылы Париж конвенциясының пайда болу жылы, ол өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы – ең бірінші, маңызды халықаралық келісім-шарт болып табылады, бір мемлекеттегі адамдарға көмектесу болса, ал өнеркәсіптік меншігінің құқығы түрінде өздерінің санаткерлік өнертабыстары жөнінде, басқа мемлекеттен қорғаушылық жұмыстарын алу. 1884 жылы Париж конвенциясы 14 мемлекеттік – мүшелермен бірігіп, басқарушылық тапсырмаларды орындау үшін халықаралық бюро құрды.1886 жылы әдеби және шығармашыылқ туындылары жөніндегі Берн конвенция көмегімен халықаралық аренаға Копирайт шықты. Париж конвенция сияқты Берн конвенциясы басқарушылық тапсырмаларды орындау үшін халықаралық бюро құрды. 1893 жылы бұл екі кіші бюролар бірігіп, санаткерлік меншікті қорғау жөнінде «Біріккен халықаралық бюро» атты халықаралық ұйым құрды. Штаты Бернде (Швейцария) орналасқан және штат 7 адамнан тұралы, бұл кіші ұйым қазіргі уақытта Дүниежүзінен 650 адам, 170 мемлекеттік-мүше және аппараттардан тұратын ең мықты құрылым болып табылады. Санаткерлік меншік өскен сайын, оның құрылымы және формасы да өзгереді. 1960 жылы БИРПИ Берннан Женеваға көшті, Біріккен Ұлттар Ұйымы және бұл қалада орналасқан халықаралық ұйымдарға жақын болу үшін. 10 жыл өткеннен кейін ДСМҰ жөнінде Конвенция күшіне енгеннен кейін БИРПИ ДСМҰ өзгерді, мемлекеттік-мүше алдында жауапты болатын хатшыға ие болды. 1974 жылы ДСМҰ БҰҰ мемлекеттік-мүшенің келісімімен санаткерлік меншіктің басқаруы бойынша, мандатпен бірге БҰҰ жүйесінде мамандандырылған ұйым болып табылады. ДСМҰ өзінің рөлін кеңейтті және 1996 жылы жаңа күшпен Бүкіләлемдік Сауда ұйымымен байланысқа түсу туралы келісімге отырады. 1898 жылы БИРПИ 4 халықаралық келісім-шарт орындалса, ал жүз жылдан кейін ДСМҰ 21 келісім орындайды (екеуін басқа халықаралық ұйыммен бірге) және әртүрлі жұмыстық бағдарламаларды және қамтылған жұмыстарды атқарады. ДСМҰ өзінің мемлекеттік мүше арқылы және хатшысы арқылы келесілерге жетуге тырысады: - санаткерлік меншік бойынша процедура және ұлттық заңнамаларды үйлестіру; - өнеркәсіптік меншіктік құқығына халықаралық өтініші жөнінде қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; - санаткерлік меншік жөнінде ақпараттармен алмасу; - басқа мемлекеттер және дамудағы мемлекеттерге құқықтық және техникалық көмек көрсету; - санаткерлік меншіктегі дауларды шешу; - санаткерлік меншік жөнінде құнды ақпараттарды қолдану және рұқсат ету, құрал-жабдықтарды сақтау сияқты ақпараттық технологияны меңгеру. Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымы органдардың басқармасы арқылы келесі функциялар атқарады: - дүниежүзінде санаткерлік меншікті қорғау жұмыстарын жақсарту және бұл салада Ұлттық заңнамаларды үйлестіретін шараларды әзірлеуге қатысады; - Париж Одағы, бұл одақпен пайда болатын және Берн одақтарына байланысты арнайы одақтардың басқарушылық функцияларын атқарады; - санаткерлік меншік қорғауға қатысты шақырылған, халықаралық келісім- шарт қорытындысын шығаруға қатысады; - санаткерлік меншікті қорғауға қатысты ақпараттарды жинайды және ақпараттарды таратады, бұл саладағы зерттеулерді жүргізеді және зерттеулерді мадақтайды және бұл зерттеулердің нәтижелерін басылымға шығарады; - санаткерлік меншік саласында заңды-техникалық көмек бойынша сұраныстарды басқа мемлекеттермен байланысуға ұсынады; - санаткерлік меншіктің халықаралық қорғауды орындайтын қызмет көрсету қамтамасыз ету және кей жағдайда бұл салада тіркеу жұмыстарын орындайды, сонымен қатар берілген тіркеуге қатысты мағлуматтарды басып шығарады; - кез-келген сәйкес басқа қызметтерді атқарады. Бұл функциялар ДСМҰ бекіткен Конвенцияның 4 бабында жазылған, бұл халықаралық ұйымдарының қызметтері жан-жақты болып табылады. Қазіргі уақытта ДСМҰ өнеркәсіптік меншікті қорғаумен байланысты басқа Одақтармен басқару жұмыстарын атқарады: - өнеркәсіптік меншікті қорғау жөнінде Париж Одағы; - Таңбаларды тіркеу үшін қызмет көрсету және тауарларды халықаралық жіктеу жөніндегі Ниц Одағы; - Халықаралық патенттік жіктеу жөніндегі Страсбург Одағы; - Тауарлық таңбаларды халықаралық тіркеу жөніндегі Одақ; - Халықаралық тіркеу және болған жердің атауын қорғау жөніндегі Лиссабон Одағы; - Олимпиадалық нышанды қорғау жөніндегі Найробты Одақ; ДСМҰ құрылымы келесі: 1) 3 басқарушылық кеңес: - Бас Ассамблея; - Конференция; - Координациялау жөнінде Комитет. 2) Басқа органдар: - Өнеркәсіптік меншік жөніндегі ақпарат бойынша ДСМҰ-ң тұрақты комитеті; - Халықаралық бюро. Бас Ассамблея – ДСМҰ мүшелерінен тұратын мемлекеттерден құралады, сонымен қатар Париж және Берн конвенцияның мүшелері болып табылады. Олар бір жылда бір рет жиналады және төтенше жағдайларында сессияға шақырылуы мүмкін. Әр мемлекет бір, не одан да көп одақтың мүшесінде болуына қарамастан, Бас Ассамблея да бір дауысқа ие болады. Бас Ассамблея барлық Одақтар үшін 2 жылға бірлескен бюджет қабылдайды. Конференция – одаққа жатпайтына қарамастан, ДСМҰ барлық мүшелерін қосады. Ол екі жылдық бюджетті бекітеді, санаткерлік меншіктің барлығына қызығушылық танытатын сұрақтарын қарастырады және Одақтың байланысын емес және компенциясын ескеріп кепілдеме бере алады. Конференция бақылаушы ретінде болады және ДСМҰ мүшелері конференцияда бір дауысқа ие. Координациялау жөніндегі комитетіне – ДСМҰ мүшелеріне 51 мемлекет кіреді, олар Берн одақтар, сонымен қатар Швейцария атқарушы комитет мүшесі болып табылады. Комитеттің мүшелері басқарушылық және қаржылық сұрақтарын шешеді, конференцияның күн тәртібін және оның бюджетін жобалауын дайындайды, Бас Ассамблеяға бас директордың орнына кандидатын ұсынады және басқа тапсырмаларды орындайды. Халықаралық бюро – ДСМҰ және одақтың хатшысы болып табылады және мемлекет мүшелерінің бақылауымен іс жүргізеді. Ол конференцияны және жиналыстарды дайындайды, баяндама дайындайды, халықаралық байланысты тереңдету бойынша жоспар және құжаттарды дайындайды, жобалауды құрастырады, ақпараттарды жинайды және тарайды, сонымен қатар бес халықаралық тіркеу қызметін ұйымдастырады. Бюроны бас директоры басқарады. Оны Бас Ассамблея таңдайды, 6 жыл, не одан да көп уәкілеттілігін ұзартуға болады. ДСМҰ өнеркәсіптік меншік аймағында кеңес жүргізеді, кадрларды даярлайды, өнертабысты дамытуды мадақтау мақсатында дамушы мемлекеттерді материал мен ақпараттармен қамтамасыз етеді, патенттелген технологияларды қолға алу үшін жағымды жағдайларды құрайды, тауар белгілерді қорғауды жақсартады. ДСМҰ мерзімдік басылым шығарады, ол «Industrial Properti», «Copiright» (ағылшын, француз және испандық басылым болып шығады), сонымен қатар ғылыми зерттеулер және семинар мәтініне басып шығарады, техникалық сұрақтарды «PCT Gazette» (аптасына 2 рет), «Les Margues Internationales» (әр ай сайын) және «International Designs Bullation» (әр ай сайын) ақпараттандырады. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымының міндеттері қандай? 2 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымы қашан пайда болды? 3 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымы қандай функцияларды атқарады? 4 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымының құрылымы қандай? 5 Бас Ассамблея қандай жұмыстарды атқарады? 6 Конференция не үшін шақырылады? 7 Координациялау жөніндегі комитеттің функциясы неде? 8 Халықаралық бюро не істейді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Патентоведение. Учебник для вузов. / Под ред. В.А. Рясенцева. - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: Машиностроение , 1984. -352 с. 2 Патентное законодательство зарубежных стран. В 2-х т. : Переводы / Сост. Н.К. Финкель. М.: Прогресс. 1987. .- Т.1 - 656 с., Т.2 - 526 с. 3 Патентное право: Сборник нормативно-правовых актов// Составитель Т.Е. Каудыров, Э.З. Фаизова .- Алматы: Жетi-Жарғы. 1996 № 14 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР заңы Дәріс жоспары: 1 Селекциялық жетістікті құқықтық қорғау 2 Селекциялық жетістіктің патентке қабілеттік шарттары 3 Селекциялық жетістіктің атауы 4 Селекциялық жетістіктің басымдығы 5 Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы Бұл заң селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы қызметтің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, селекциялық жетістіктерді жасауға, ашуға, шығаруға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүлікті, сондай-ақ олармен байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді. Селекциялық жетістікті құқықтық қорғау Селекциялық жетістікке құқық Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады жэне патентпен расталады. Патент селекциялық жетістікті пайдалануға патент иесінің айрықша құқығын, оның басымдығын және селекционердің авторлығын куаландырады. Мемлекеттік патент ұйымы (Қазпатент) уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады, ол осы Заңға сәйкес селекциялық жетістіктерге Қазақстан Республикасының патенттерін беру жөніндегі өтінімдерді қарауға қабылдайды, оларға алдын ала сараптама өткізеді, селекциялық жетістіктерді мемлекеттік тізілімін жүргізеді, патенттер береді, селекциялық жетістіктер туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды және патент ведомствосының өзіне жүктелген өзге де міндеттерін жүзеге асырады. Патент қабілеттігі мен шаруашылыққа пайдалылығы жөнінен селекциялық жетістіктерге сараптама жасауды және оларды сынақтан өткізуді мемлекеттік комиссиялар жүзеге асырады, олар өндірісте пайдалануға жіберілген тиісті селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімдерін жүргізеді. Патент селекциялық жетістікке берілген құқықтық қорғау көлемі сорттың, тұқымның сипаттамасына енгізілген белгілердің жиынтығымен анықталады. Өсімдіктердің сортына патенттің қолданылу мерзімі Қазпатентке өтінім берілген күннен бастап-25 жыл, мал тұқымдарына-30 жыл, жүзім, сәндік ағыш, жеміс және орман дақылдары сорттарына, оның ішінде олардың қалемшелеріне-35 жыл болады. Патенттің қолданылу мерзімін патент иесінің өтініші бойынша Қазпатен ұзартады, бірақ ол 10 жылдан аспауы керек. 2 Селекциялық жетістіктің патентке қабілеттілігі Селекциялық жетістіктің патенте қабілеттік шарттары Патент жаңалыгы, ерекшелігі, біртектілігі және тұрақтылығы бар селекциялық жетістікке беріледі. Егер патент беруге өтінім жасалған күнге дейін белгілі бір селекциялық жетістіктің ұрығы немесе басқа да отырғызылатын материалы, асыл тұқымдық материалы мына аумақта: 1) Қазақстан Республикасында-өтінім берілген күнге дейін бір жыл бұрыны; 2) кез келген басқа мемлекетте-өтінім берілген күнге дейін бір жылдық дақылда бойынша төрт жыл бүрын және көп жылдық дақылдар, тұқымдар бойынша алты жыл бүрын сатылмаса және автор немесе оның құқықтық мирасқоры сортты, тұқымды пайдалану үшін басқа адамдарға бермесе, сорт, тұқым жаңа деп есептеледі. Селекциялық жетістіктерді мемлекеттік тізіліміне тиісті тек пен түр енгізілген күнге дейін пайдалануға рұқсат етілген Селециялық жетістіктерді мемлекеттік тізілімінде тіркелген сорт, тұқым сортқа, тұқымға жаңа болуы жөнінде талап қойылмай-ақ патенке қабілетті деп танылуы мүмін. Бұл орайда басымдық берілетін күн мемлекеттік комиссияға пайдалануға рұқсат ету жөнінде өтінім түскен күн бойынша бегіленеді. Мұндай селекциялық жетістіктерге осы Заңның 3-бабында аталған патенттің қолданылу мерзімі пайдалануға рұқсат етілген жылдан бастап патент берілген жыл аралығындағы мерзімге қысқартылады. Осы Заңның 9-бабында көзделген уақытша құқықтық қорғау мұндай селекциялық жетістіктерге қатысты қолданылмайды. Егер сорттың, тұқымның өтінім берілген кезде бар екені жалпыға мәлім кез келген басқа сорттан, тұқымнан анық өзгешелігі болса, олар ерекшелік өлшемдеріне сай келеді. Патент алуға өтінім беру немесе сорттың, тұқымның жаңа сорттардың, тұқымдардың ресми тізіліміне енгізілуі, осы өтінім беру нәтижесінде патент берілген немесе сорт, тұқым аталған тізілімге енгізілген жағдайда, сортты, тұқымды өтінім берілген күннен бастап кез келген елде жалпыға мәлім етеді. Сорттардың, тұымдардың жалпыға мәімдігі өсіру, пайдалану жәе жариялау фактілері бойынша да белгіленуі мүмкін. Сорттың, тұқымның сипатталу және айрықша ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін белгілер қалпына келтірілетін және дәл сипаттауға ыңғайлы болуы тиіс. Егер сорттың, тұқымның көбею ерекшеліктерін есепке алғанда осы сорт өсімдіктері немесе тұқым селекцияланатын белгілері бойынша біртекті болса, сол сорт пен тұқым біртекті деп есептеледі. Егер сорттың, тұқымның негізгі белгілері-әрбір көбеюден кейін, ал көбеюдің ерекше циклы жағдайында көбеюдің әр циклының соңында өзгеріссіз қалса, олар тұрақтылық өлшеміне сай келеді. 3 Селекциялық жетістікке патент алуға өтінім Патент алуға өтінім Қазпатентке беріледі. Автордың немесе оның құқықтық мирасқорының патент алуға өтінім беруге құқығы бар. Селекциялық жетістік қызмет тапсырмасын немесе қызметтік міндеттерді орындау кезінде жасалған, ашылған немесе шығарылған жағдайда, егер автор мен жұмыс берушінің арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, патент алуға өтінім беру құқығы жүмыс берушіге тиесілі болады. Егер селекциялық жетістікті бірнеше адам жасаса, ашса немесе шығарса немесе олар авторларының құқықтық мирасқорлары болса, өтінімді сол өтініш жасаушылар беруі мүмкін. Өтінім сенімхатқа негізделген өкілеттікке сүйеніп, патент алуға байланысты істі жүргізетін өкіл арқылы берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат жазысу мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттік сенім білдірілген өкілсіз патенттермен байланысты істерді жүргізе алады. Патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттілігі оған өтінім беруші немесе патент иесі берген сенімхатпен куаландырылады. Селекциялық жетістікке патент алуға өтінім өсімдіктің әрбір сортына, жануарлардың тұқымына ресімделеді және онда: 1) патент беру туралы өтініш; 2) селекциялық жетістік сауалнамасы; 3) іс өкіл арқылы жүргізілген жағдайда, сенімхат болуға тиіс. Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімге белгіленген мөлшерде өтінім беруге ақы төленгенін растайтын құжат және оның мөлшерін азайту үшін негіздемені растайтын құжат қоса тіркеледі, олар өтініммен бірге немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде табыс етілуі мүмкін, бірақ екі айдан аспауы керек. Берілген мерзімде ақы төленгені туралы құжаттар табыс етілмеген жағдайда өтінім берілмеген деп танылады. Патент алуға арналған өтінім мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде беріледі. Өтінім құжаттарына қойылатын талаптарды және оларды қарау тәртібін Қазпатент белгілейді. Мәлімделген сортқа, тұқымға сараптама жасауға қажетті басқа құжаттар мен материалдар мемлекеттік комиссияның сауал салуы бойынша беріледі. 3 Селекциялық жетістіктің атауы Селекциялық жетістіктің атауы селекциялық жетістікті бір ізге түсіруге мүмкіндік беруге, қысқа болуға, сол немесе соған жақын ботаниқалық немесе зоологиялық түрдің бар селекциялық жетістіктерінің атауларынан өзгеше болуға тиіс. Ол тек цифрлардан ғана тұрмауға, қасиеттеріне, шығу тегіне, селекциялық жетістіктің маңызына, селекционердің жеке басына қатысты жаңылыстырмауға тисі, адамгершілік пен мораль принциптеріне қайшы келмеуге тиіс. Селекциялық жетістікті пайдаланушыға кез келген адам, тіпті патенттің қолданылу мерзімі өтіп кеткен соң да, сорттың, тұқымның «Селекциялық жетістіктерді» мемлекеттік тізілімінде тіркелген атауын көрсетуге міндетті. 4 Селекциялық жетістіктің басымдығы Сорттың, түқымның басымдығы Қазпатентке патент алуы туралы өтініш пен селекциялық жетістік сауал-сұрағынан тұратын өтінім берілген күн бойынша белгіленеді. Басымдық Селекциялық жетістіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға қатысушы елде бірінші өтінімнің берілген күні бойынша белгіленуі мүмкін (конвенциялық басымдық). Өтініш беруші бірінші өтінімнің конвенциялық басымдық құқығын ол берілген күннен бастап 12 ай ішінде пайдаланады. Конвенциялық басымдық құқығын пайдаланғысы келген өтініш беруші Қазпатентке жіберілетін өтінімде бірінші өтінімнің басымдық күнін және келесі өтінім берілген күннен бастап үш ай ішінде бірінші өтінімінің осы өтінім берілген орган куаландырған көшірмесін табыс етуге тиіс. Осы шарттар орындалған жағдайда өтініш беруші бірінші өтінім берілген күннен бастап үш жыл ішінде қосымша құжаттама мен сынақ өткізуге қажетті материал бермеуге құқылы. 5 Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы Алдын ала жүргізілген сараптама Өтінім берілген күннен бастап екі ай мерзім өткен соң Қазпатент ол бойынша алдын ала сараптама жүргізеді. Алдын ала сараптама жүргізу барысында өтінімге басымдық берілген күн белгіленеді, қажетті құжаттардың бар-жоғы және оларға белгіленген талаптардың орындалуы тексеріледі. Патент беруге жасалған өтінімге алдын ала сараптама екі ай мерзімде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда өтініш беруші өтінім берілген күннен бастап екі ай ішінде оған нактылау енгізе алады. Сортқа, тұқымға жасалған өтінімге келіп түскен, өтінімнің алғашқы материалдарында келтірілмеген белгілері бар және өтінім берілген сорттың, тұқымның мәнін өзгертетін қосымша материалдар өтінім қаралған кезде назарға алынбайды. Қазпатенттің алдын ала жүргізілген сараптамасының оң нәтиже алынған жағдайда өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылданады. Өтінімнің және селекциялық жетістік сауал-сұрақтарының көшірмелері мемлекеттік комиссияға жіберіледі. Автордың өзі жасаған, ашқан немесе өсіріп шығарған селекциялық жетістікті патенттің қолданылу мерзімі ішінде пайдаланғаны үшін патент иесінің сыйақы алуға қүқығы бар. Сыйақы төлемінің мөлшері мен шарты патент иеленуші мен автор арасындағы жасасылған шартта белгіленеді. Бұл орайда автор сыйақысының мөлшері патент иеленушінің селекциялық жетістіктерді пайдаланғаны үшін алатын жыл сайынғы түсімдері, соның ішінде лицензия сатудан алатын түсімдері сомасының бес процентінен кем болмауға тиіс. Егер автордың патент иеленушімен шартында өзгеше көзделмесе, авторға сыйақы селекциялық жетістік пайдаланылған әрбір жыл біткенннен кейін алты ай ішінде төленеді. Егер сортты, тұқымды бірнеше автор жасаса, ашса немесе өсіріп шығарса, сыйақы олардың арасындағы келісімге сәйкес бөлінеді. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Селекциялық жетістікті құқықтық қорғау қалай жүргізіледі? 2 Селекциялық жетістіктің патенте қабілеттік шарттарын атаңыз. 3 Селекциялық жетістіктің атауы қандай? 4 Селекциялық жетістіктің басымдығы дегеніміз не? 5 Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы қалай жүргізіледі? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР заңы (1999 жылдың 13 шілдесі) № 15 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: «Интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау туралы» ҚР заңы Дәріс жоспары: 1 Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау 2 Интегралдық микросхемалар топологияларының патентке қабілеттік шарттары «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қоргау туралы» Заңы 2001 жылы 29 маусымда №217-11 бұйрығымен қабылданды. Бұл заң 16 баптан тұрады. Осы Заңмен интегралдық микросхемалар топологияларын жасауға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүліктік, сондай- ақ олармен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар реттеледі. Осы Заңда берілетін құқықтық қорғау түпнұсқалық топологияға ғана қолданылады. Авторды шығармашылық қызметінің нәтижесінде жасалған топология түпнұсқалық топология болып табылады. Топология түпнұсқа емес деп дәлелденбейінше, түпнұсқа деп танылады. Топология элементтерінің жиынтығы интегралдық микросхемаларды әзірлеушілер мен дайындаушыларға ол жасалған күні жалпы мәлім болса, осы Заңмен құқықтық жағынан қорғалмайды. Интегралдық микросхемаларды әзірлеушілер мен дайындаушыларға топология жасалған күні жалпы мәлім болған элементтерден тұратын топология осындай элементтердің жиынтығы тұтас алғанда талаптарын қанағаттандыратын жағдайда ғана құқықтық жағынан қорғалады. Осы Заңда берілетін құқықтық қорғау топологияларда іске асырылуы мүмкін идеяларға, әдістерге, жүйелерге, технологияға немесе құпияландырылған ақпаратқа қолданылмайды. Топологияны шығармашылық еңбегімен жасаған жеке адам оның авторы деп танылады. Егер топология жасауға бірнеше жеке адам қатысса, олардың бәрі оның авторлары (тең авторлары) деп есептеледі. Тең авторларға тиесілі құқықтарды пайдалану тәртібі олардың арасындағы келісіммен белгіленеді. Топология жасауға жеке шығармашылық үлес қоспаған, бірақ авторға тек техникалық, ұйымдастыру түрінде немесе материалдық көмек көрсеткен не оған құқықты ресімдеу мен оны пайдалануға жәрдемдескен жеке адамдар авторлар деп танылмайды. Топологияға авторлық құқығы иеліктен алынбайтын жеке мүліктік емес құқық болып табылады және ол мерзімі белгіленбей қорғала береді. Топологияға айрықша құқықты топологияның авторы не жұмыс беруші немесе тапсырыс беруші немесе олардың құқық мирасқорлары иеленеді. Топологияның бірнеше авторы немесе өзге де құқық иеленушілер иеленетін айрықща құқықты пайдалану тәртібі олардың арасындағы шартта белгіленеді. Мұндай шарт болмаған жағдайда, олардың әрқайсысы қорғалатын топологияны өз қалауына қарай пайдалана алады, бірақ басқа құқық иеленушілердің келісімінсіз оған лицензия беруге немесе айрықша құқығын басқа тұлғаға беруге құқығы жоқ. Құқық иеленушінің рұқсатынсыз мынадай іс-әрекеттер жасау: 1) топологияның түпнұсқалық болып табылмайтын бөлігін ғана көшіруді қоспағанда, оны интегралдық микросхемаға енгізу арқылы немесе өзге де жолмен оны тұтастай немесе оның бір бөлігін көшіру; 2) топологияны, осы топологиямен бірге интегралдық микросхеманы немесе осындай интегралдық микросхемасы бар бұйымды қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату және азаматтық айналымға өзге де жолмен енгізу топологияға айрықша құқықты бұзу болып табылады. Топологияға айрықша құқық басқа тұлғаға шарт бойынша толығымен немесе ішінара берілуі мүмкін, сондай-ақ мұрагерлік бойынша әмбебап құқық мирасқорлық тәртібімен және құқық иеленуші заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде өтеді. Лицензиялық шарт бойынша құқық иеленуші (лицензиар) екінші тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді. Лицензиялық шартта лицензиатқа: 1) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігі мен лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығын сақтай отырып (жай, айрықша емес лицензия); 2) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігін сақтай отырып, бірақ лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз (айрықша лицензия); 3) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігін сақтамай және лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз (толық лицензия) беру көзделуі мүмкін. Егер лицензиялық шартта лицензияның түрі көзделмесе, ол айрықша емес жай лицензия деп аталады. Топологияны пайдалану құқығына айрықша емес лицензияны лицензиаттың басқа тұлғаға (қосалқы лицензиатқа) беруі туралы шарт (қосалқы лицензиялық шарт) лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасалуы мүмкін. Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат лицензиардың алдында қосалқы лицензиаттың іс-әрекеттері үшін жауапты болады. Топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шарт, лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады. Тіркелген топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шарт, тіркелген топологияны пайдалануға лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар уәкілетті органда тіркелуі тиіс. Тіркеуден өтпеген топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шарт, аталған топологияны пайдалануға лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар уәкілетті органда тараптардың келісімі бойынша тіркелуі тиіс. Жазбаша нысанның немесе тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады. Егер жұмыс беруші мен автордың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған топологияға айрықша құқық жұмыс берушіге тиесілі болады. Келісімге келе алмаған жағдайда шешімді сот қабылдайды. Егер автор мен жұмыс берушінің топология жасауға үлесін мөлшерлеу мүмкін болмаса, жұмыс беруші алған немесе алуға тиіс болған пайданың жартысына автордың құқығы танылады. Автор шарт бойынша топология жасау және өзінің жұмыс берушісі болып табылмайтын тапсырыс берушіге топологияға айрықша құқықтар беруге міндеттеме қабылдай алады. Мыналар: 1) топологияны пайда табусыз жеке мақсаттарына, сондай-ақ бағалау, талдау, зерттеу немесе оқыту мақсатында пайдалану; 2) қорғалатын топологияны оның өзін бағалау немесе талдау негізінде жасалған түпнұсқалық басқа топологияға енгізу мен іс-әрекеттерді осындай топологияға қатысты жасау; 3) аталған іс-әрекеттерді басқа автор жасаған топологияға тәуелсіз, ұқсас түпнұсқалық топологияға қатысты жасау құқық иеленушінің айрықша құқығын бұзу деп танылмайды. Топологияның авторы немесе өзге де құқық иеленуші тіркеуге өтінім беру арқылы топологияны уәкілетті органда тіркеуге құқылы. Егер топология бұрын пайдаланылса, тіркеуге өтінім беру ол алғаш пайдаланылған күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін. Тіркеуге өтінім бір топологияға қатысты болуга тиіс және онда: 1) тіркеуді сұраған автор мен тұлғалар аты, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, егер топология бұрын пайдаланылса, ол алғаш пайдаланылған күн көрсетілген топологияны тіркеуге өтініш; 2) рефератты қоса алғанда, топологияны нақтылайтын материалдар; 3) егер тіркеуге өтінім өкіл арқылы берілсе, сенімхат; 4) тіркеу үшін ақы төленгенін растайтын құжат болуға тиіс. Тіркеуге өтінімді жасау мен ресімдеуге қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді. Тексеру оң нәтиже берген жағдайда уәкілетті орган топологияны Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізеді, өтініш берушіге топологияны тіркеу туралы куәлік береді және тіркелген топология туралы мәліметтерді бюллетеньде жарияланады. Өтініш беруші мәліметтер бюллетеньде жарияланғанға дейін өтінім материалдарын уәкілетті органның сауал салуы бойынша немесе өз бастамасы бойынша толықтыруға, нақтылауға және түзетуге құқылы. Тіркеу тәртібін, тіркеу туралы куәлік нысанын, онда көрсетілетін мәліметтер құрамын, сондай-ақ бюллетеньде жарияланатын мәліметтер тізбесін уәкілетті орган белгілейді. Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізілген мәліметтер дұрыс емес деп дәлелденбейінше дұрыс деп есептеледі. Аталған мәліметтердің дұрыстығы үшін өтініш беруші жауапты болады. Құқық иеленушінің өз құқықтары туралы хабарлау үшін топологияны қамтитын бұйымдарда айшықталған Т бас әрпі, топологияға айрықша құқық қолданылатын мерзімнің басталған күні және құқық иеленушіні айқындауға мүмкіндік беретін ақпарат түріндегі ескерту таңбасын пайдалануға құқығы бар (12-бап). Топологияға айрықша құқық топология тіркелген күннен бастап он жыл бойы қолданылады. Егер топология тіркеуден өтпесе, аталған он жылдық мерзім осы топологияның немесе осы топология бар интегралдық микросхемасының дүние жүзінің кез келген елінде алғаш пайдаланылуының құжатпен расталған күнінен бастап есептеледі. Топологияға құқықтарды қорғауды сот: 1) құқықтарды тану; 2) құқық бүзылғанға дейін болған жағдайды қалпына келтіру; 3) құқықты бұзатын немесе оны бұзу қатерін төндіретін іс-әрекеттердің жолын кесу; 4) құқық бұзушының келтірілген залалдар орнын толтыруы және моральдық зиянды өтеуі; 5) залалдың орнын толтыру орнына айрықша құқықты бұзушы тапқан табысты өндіріп алу; 6) айрықша қүқықты бұзушының заңдарда белгіленген он мыңнан елу мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш сомасында өтем төлеуі. Өтем мөлшерін сот залалдың орнын толтыру немесе табысты өндіріп алу орнына белгілейді. 7) Азаматтық айналымға енгізілетін немесе осы мақсатпен сақталатын және айрықша құқықты бұзады деп танылған интегралдық микросхемалар мен осындай микросхемаларды қамтитын бұйымдарды, сондай-ақ арнайы оларды дайындауға арналған материалдар мен жабдықтарды жою немесе құқық иеленушінің пайдасына алып қою; 8) Бұзылған құқық кімге тиесілі екендігі туралы мәліметтерді енгізе отырып, орын алған бұзушылық туралы міндетті түрде жариялау; 9) Заң актілерінде көзделген, топологияға құқықтарды қорғауға байланысты өзге де шаралар қабылдау жолымен жүзеге асырады. Егер лицензиялық шартта көзделсе, айрықша құқықты бұзушыға лицензиат та талап мәлімдеуі мүмкін. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, біліктілік деңгейі қойылатын талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматты сенім білдірілген патентті өкіл бола алады. Сенім білдірілген патентті өкілдерге қойылатын біліктілік талаптарын, оларды аттестаттау және тіркеу тәртібін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен анықтайды. Қазақстан Республикасының тыс жерлерде тұратын жеке адамдар немесе шетелдік заңды тұлғалар топологияларды тіркеу жөніндегі істерді уәкілетті органда тіркелген сенім білдірілген патентті өкілдер арқылы жүргізеді. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ одан тысқары жерлерде уақытша жүрген жеке адамдар Қазақстан Республикасының шегінде хат-хабар алысуға арналған мекен-жайды көрсеткен жағдайда, топологияларды тіркеуге байланысты істерді сенім білдірген патентті өкілсіз-ақ жүргізе алады. Сенім білдірілген патентті өкілдің өкілеттігі оған өтініш беруші, құқық иеленуші берген сенімхатпен күәландырады. Шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалар осы Заңда көзделген құқықтарды Қазақстан Республикасы қатысушы болап табылатын халықаралық шарттарға байланысты немесе өзара принцип негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады. Егер осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінен өзгеше туындамаса, Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда және топологияларды құқықтық қорғауға қатысты өзге де актілерде көзделген құқықтарды Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қоргау туралы» ҚР заңы қашан қабылданды? 2 Құқық иеленушінің рұқсатынсыз қандай іс-әрекеттерді жасауға болмайды? 3 Тіркеуге өтінімді жасау мен ресімдеуге қойылатын талаптарды қандай орган белгілейді? 4 Патентті сенім білдірілген өкілдер қандай жұмыстарды атқарады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 «Интегралдық микросхемаларды қорғау туралы» ҚР заңы (2001 жылы 29 маусымда №217-11 бұйрығымен қабылданды) 2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР №1 тәжірибелік сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Өнеркәсіптік меншік нысандары Материалдық қамтамасыз ету: 1. Қазақстан Республикасының Патент Заңы. 2. Қазақстан Республикасының Заңы «Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері мен тауарлардың шығу тегінің атаулары туралы». 3. Қазақстан Республикасының Заңы «Авторлық құқық және сабақтас құқытар туралы» Әдістемелік нұсқау: Иесі немесе меншіктеуші өз меншігін өз еркімен қолдануы және оның рұқсатынсыз заң жүзінде ешкім де қолдана алмауы меншіктің маңызды сипаттамасы болып табылады. Меншіктің үш түрі кездеседі: - жылжыйтын заттардан тұратын меншік; - жылжымайтын меншік; - санаткерлік меншік. Санаткерлік меншік әдетте өнеркәсіптік меншікке және авторлық құқықпен қорғалатын шығармаларға бөлінеді. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Дүниежүзілік зерделік меншігі ұйымын (ДЗМҮ) құру туралы Конвенцияның екінші бабына сәйкес санаткерлік меншікке келесілерге қатысты құқықтар кіреді: - әдебиеттік, ғылыми, көркем шығармаларға; - артистердің орындаушылық қызметіне, дауыс жазуға, радио – телевизиялық бағдарламаларға; - адам қызметінің барлық салаларындағы өнертабыстарға; - ғылыми ашылуларға; - өнеркәсіптік үлгілерге; - тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атаулар мен коммерциялық белгіленулерге; - әділетсіз бәсекелестіктен қорғау және өндіріс, ғылым, әдебиет және көркем сурет облыстарындағы санаткерлік қызметке қатысты барлық басқа құқықтар. Санаткерлік меншіктің құқықтық нысандарына жатады: 1) санаткерлік қызмет нәтижелері; 2) таурлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтардің азаматтық айналымына қатысушыларды жекешелендіру құралдары; 3) санаткерлік қызметтің және таурлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтардің азаматтық айналымына қатысушыларды жекешелендіру құралдарының басқа, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен және басқа да заң актілерімен қарастырылатын нәтижелері. Тапсырма: «Материалдық қамтамасыз ету» бабында аталған заңдарды оқып; 1. Адамның санаткерлік қазметінің нәтижелері мен жекешелендіру құралдары болып табылатын объектілердің тізімін құру. Өнеркәсіптік меншік объектілерін олардың астын сызу арқылы анықтау. 2. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің: өнертабыс, өнеркәсіптік үлгі, пайдалы модельдың анықтамаларын теріп жазу. 3. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің классификациялық сұлбасын құру және 1- кестені толтыру 1 кесте - Өндірістік меншік нысандарын қорғау туралы ҚР Заңы |Өнеркәсіптік меншік |Құқық қорғайтын заңның аталуы |Заңды қабылдау | |нысандары | |күні | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | №2 тәжірибелік сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Санаткерлік меншікті қорғаудың заңнамалық негізі Материалдық қамтамасыз ету: 1. Қазақстан Республикасы Патент Заңының мәтіні Әдістемелік нұсқау: Қазақстан Республикасында санаткерлік меншіктің объектілерін қорғауды қамтамасыз ететін санаткерлік меншік объектілерін жасау, қолдану және құқықтық қорғаумен байланысты пайда болған мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық база құрылған. Бұл базанің негізін мыналао құрайды: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; Қазақстан Республикасының Патент Заңы; Қазақстан Республикасының «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері мен тауарлардың шығу тегінің атаулары туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы. 1-тапсырма. Патент заңының тиісті тарауларын меңгеріп, екінші кестені толтыру. 2-кесте - Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік меншік объектілеріне берілетін қорғау құжаттардың түрлері |Өнеркәсіптік|Берілетін|Қорғау |Қорғау |Қорғау |Қорғау | |меншік |қорғау |құжатын |құжатының |құжаттының |құжаттының | |нысандарының|құжаты |беру |күшінде |күшінде болу |күшінде болу| |атаулары | |алдындағы |болу |мерзімін |мерзімін | | | |сараптау |мерзімі |ұзарту |ұзарту шарты| | | |түрі | |мүмкіндігі | | | | | | | | | №3 тәжірибелік сабақ (1 сағат) Тақырыбы:Патенттік ведомстволардың ресми бюллетендері Материалдық қамтамасыз ету: 1. Қазақстан Республикасын патенттік ведомствоның ресми бюллетені 2. ССРО патенттік ведомствосының ресми бюллетендері Әдістемелік нұсқау: Патенттік құжаттамада өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпарат, өнеркәсіптік меншік объектілеріне патенттік құқығы иелері туралы мәліметер жарияланады. Патенттік құжаттама қатаң анықталған құрылымды болады. Өнертабыс пен пайдалы модель формуласында қысқаша олардың мәні сипатталады. Өнертабыс анықтамасы өнертабыс, пайдалы модельді жасауға себеп болған жағдайларды көрсету, бар және жаңа техника объектілері арасында өзгешіліктерді табу және техниканың жаңа объектісінің жаңашылдығын дәлелдеу үшін қажет болып табылады. Патенттік құжаттамалардағы негізгі материал мен библиографиялық деректердің орналасуы қатаң анықталған. Жиі жағдайларда түсіндіруші суреттер беріледі. Патенттік құжаттамада ақпараттың екі түрі болады: библиографиялық және техникалық. Библиографиялық ақпарат патенттік құжаттаманың бірінші бетінде келтіріледі және төмендегілерден құралады: - баспадан шыққан күннің белгісі, басып шығарушы ведомствоның аталуы, мекен жайы, сонымен қатар патентке кіргізілген тұлғалардың, мысалы, өнертабыс авторларының, патенттік құқық иесі, оның өкілі немесе патенттік агенттің мекен жайлары, фамилиялары; - халықаралық жіктегіш бойынша классификациялық белгіленулер; - өнертабыс атауы, өнертабыс анықтамасының рефераты, негізгі сызба немесе химиялық формула. Қазақстан Республикасының патенттік ведомствосы (санаткерлік меншік құқығы жөніндегі Комитет) екі бөлімнен құралатын «Өнеркәсіптік меншік» ресми бюллетенің шығарады. Бірінші бөлімінде өнертабысқа алдын ала патент, патент және пайдалы модельдерге патент берілуі, ал екінші бөлімінде тауар таңбаларын тіркелуі, тауардың шыққан жерінің аталуы, өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент пен патент берілуі туралы мәлімет жарияланады. Тапсырма: 1-тапсырма. «Материалдық қамтамасыз ету» бабындағы құжаттарды зерделеу. 2-тапсырма «Материалдық қамтамасыз ету» бабындағы құжаттарда ақпаратты көрсету құрылымын ұғыну. 3-тапсырма. ИНИД – кодтарының мағынасын және ИНИД кодтар бойынша ақпаратты ашу, мына схема бойынша: ИНИД кодтың белгіленуі – ИНИД кодтың мағынасын - бұл кодпен берілген ақпараттық деректерді ашу. Мысалы: (11) 1234567 – қорғайтын құжат номері (4 кесте) 3 кесте - ИНИД – кодтары, ИНИД кодтарының мағынасын және ИНИД кодтары бойынша ақпаратты ашу |ИНИД – код |ИНИД – код мағынасын Ашу |ИНИД код арқылы | |белгіленуі | |ақпаратты алу | |(11) |1234567 |Қорғайтын құжат номері | | | | | №4 тәжірибелік сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Өнертабыстың анықтамасы Материалдық қамтамасыз ету: 1. Қазақстан Республикасы инновациялық патент пен патенке өнертабыстың анықтамалары 2. ССРО авторлық куәліктеріне өнертабыстың анықтамалары 3. «Изобретения стран мира» реферативтік ақпарат 4. «Изобретения за рубежом» библиографиялық ақпарат 5. Ғылыми техникалық құжаттама (ВИНИТИ реферативтік журналдары, ғылыми журналдар, жарнамалық материалдар) Тапсырма: 1-тапсырма. Оқытушымен берілген патенттік және ғылыми техникалық құжаттаманы зерделеу. 2-тапсырма. Жұмыс дәптеріне бір өнертабыс туралы және бір ғылыми еңбек туралы ақпаратты жазу. 3-тапсырма. Патенттік және ғылыми техникалық құжаттамадағы ақпараттың көрсетілу формасын (ауызша) талқылау. 4-тапсырма. ВИНИТИ реферативтік журнал мен патенттік бюллетендегі ақпаратты көрсетілу құрылымына салыстырмалы талдау жүргізу (жазбаша). №5 тәжірибелік сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Халықаралық патенттік жіктеу (ХПЖ) мен тауарлар мен қызметтің халықаралық жіктеудің (ТҚХЖ) құрылымы Материалдық қамтамасыз ету: 1. Халықаралық өнертабыс классификациясы (МКИ, МПК) (МКИ-ге кіріспе. Негізгі топтардың тізімі) 2. Халықаралық өнертабыс классификациясы (жеке бөлімдері бойынша) 3. Халықаралық өнертабыс классификациясының алфавиттік – заттық көрсеткіші (АПУ) 4. Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызметтің халықаралық классификациясы (МКТУ) 5. Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызметтің халықаралық классификациясының алфавиттік – заттық көрсеткіші Әдістемелік нұсқаулар: Ғылыми техниканың арнайы түрі ретінде патенттік құжаттаманың ерекшелігі болып патенттік құжаттардың арнайы реттелу жүйесін - өнертабыс классификациясын қолдану табылады. Өнертабыстың классификациялаудың өнертабыс анықтамасындағы техникалық шешімдерді реттеу және де соңынан патенттік құжаттаманы классификациялық рубрикасы бойынша оңай табу және сұранысқа сәйкес материалдарды табу сияқты мақсаты бар. Қабылданған өнертабыс классификациясы бойынша патенттік құжаттамаларды индекстеу және фондта орналастыру жүргізіледі. Халықаралық өнертабыс классификациясы (Международная классификация изобретений - МКИ) бірқатар Европа елдерінің талқылауы арқылы өнертабыстарды классификациялау жүйелерін жақындату туралы шешім ретінде жобаланған. 2005 жылдың 1 қаңтарынан МКИ–дың 8 – ші басылымы күшіне енді. 2000 жылғы басылымнан бастап классификация «Халық патенттік классификация» (Международная патентная классификация – МПК) деп аталады. МКИ (МПК) деректерді жіктеудің екі принципін: функциясының ұқсастығы және заттық-тақырыптық принциптерін бірге қолдану негізінде құрыылған. МКИ (МПК) рубрикасының құрылымын А23С 12/548 рубрика мысалында көрсетуге болады. А – бөлім А23 – класс А 23С – шағын класс 12/00 – негізгі топ 12/548 – шағын (қосымша) топ. Тауарлар мен қызметтердің классификациясы тауарлар мен қызметтің халықаралық классификациясы (Международная классификация товаров и услуг- МКТУ) негізінде жүзеге асады. Тапсырма: 1-тапсырма. МКИ (МПК) құрылымын меңгеру. Жұмыс дәптеріне бір МКИ (МПК) рубрикасының схемасын мағынасын ашып жазу. 2-тапсырма. Тауарлар мен қызметтің халықаралық классификациясы (МКТУ) құрылымын меңгеру. Жұмыс дәптеріне бір МКТУ рубрикасының схемасын мағынасын ашып жазу. №6 тәжірибелік сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Халықаралық патенттік жіктеу индексін анықтау Материалдық қамтамасыз ету: 1. Халықаралық өнертабыс классификациясы (МКИ). (Кіріспе. Негізгі топтардың тізімі). 2. Халықаралық өнертабыс классификациясы (МКИ) (жеке бөлімдері бойынша) 3. Халықаралық өнертабыс классификациясының алфавиттік-заттық көрсеткіші (Алфавитно-предметный указатель - АПУ) Тапсырма: 1-тапсырма. Нұсқау кестесінен таңдалған объектінің МКИ рубрикасының индексін анықтау (5 кесте) 4 кесте - Тапсырманың нұсқаулары |Нұс-қа|Нысан |Нұс-қа|Нысан | |у | |у | | |1 |2 |3 |4 | |1 |Органикалық |7 |Қамыр илейтын машина | | |тыңайтқыштарды | | | | |енгізетін машина | | | |2 |Спортшыларды дайындау |8 |Тағам өнімдерін ұсақтайтын | | |құрылғысы | |құрылғы | |3 |Картоптан тағам |9 |Майонезді алу әдісі | | |өнімдерін алу әдісі | | | |4 |Сүт және өсімдік |10 |Сұйық шашыратқыш | | |өнімдерін өндіру әдісі | | | |1 |2 |3 |4 | |5 |Мұзды алу құрылғысы |11 |Балмұздақ дайындау үшін | | | | |композиция | |6 |Мата өнімдерін жуу әдісі|12 |Піскен шұжықтарды дайындау әдісі | |13 |Душ құрылғысы |17 |Іштен жану қозғалтқыш үшін | | | | |ауатазартқыш | |14 |Ортадан тепкіш насос |18 |Өндірістердің герметикалығын | | | | |сынауға арналған құрылғы | |15 |Суреті бар пластинаны |19 |Шаңғылар жүретін жолды күтуге | | |сыртқа шығаратын | |арналған құрылғы | | |механизмі бар ойыншық | | | | |фотоаппарат | | | |16 |Алыс қашықтыққа жүгіруге|20 |Галстукты жасау әдісі | | |арналған шаңғылардың аяқ| | | | |киімі | | | №7 тәжірибелік сабақ (1 сағат) Тақырыбы: МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны» Материалдық қамтамсыз ету: 1. МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны» мемлекетаралық стандартын мәтіні. Әдістемелік нұсқау: Патенттік зерттеулер дегеніміз – патенттік және басқа да ақпарат негізінде шаруашылық қызмет объектілерінің бәсекелестік қабілетін, патенттік тазалығын, даму тенденциялары мен техникалық деңгейін зерттеу. Патенттік зерттеудің мақсаты: шығармашылық жұмыстың қайталануының алдын – алу және белгілі техникалық шешімдерді жобалау мен іздеуге керексіз бос күш жұмсаудың алдын – алу, ғылыми техникалық шығармашылық саласындағы авторлық және мемлекеттік мүдделерді қорғау, ғылыми техникалық прогресті тездету үшін отандық және шетелдік санаткерлік жетістіктерді максималды қолдану, дүниежүзілік техниканың бұл саласында ең жоғарғы техника - экономикалық көрсеткіштерге жеткен отандық және шетел өнертабыстардың жеткен деңгейінен асатын жаңа техника шығару. Патенттік зерттеулер объектісі – шаруашылық қызметінің объектілері және шаруашылық қызметтің өзі. Тапсырма: 1-тапсырма. МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны» стандартының тараулары мен құрылымын меңгеріп, стандарттың ақпараттық деректерін жазып алу. 2-тапсырма. №7- практикалық жұмыста қолданылған нұсқау бойынша МЕСТ Р 15.011-96 стандартының А қосымшасының «Задание на поиск» («Іздеуге тапсырма») формасын толтыру 3-тапсырма. №7- практикалық жұмыста қолданылған нұсқау бойынша МЕСТ Р 15.011-96 стандартының Б қосымшасының «Регламент поиска» («Іздеу регламенті») формасын толтыру №8 тәжірибелік сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Патенттік-ақпараттық зерттеулерді жүргізу Материалдық қамтамасыз ету: 1. МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны» мемлекетаралық стандартының мәтіні 2. Қазақстан Республикасы инновациялық патент пен патенке өнертабыстың анықтамалары 3. ССРО авторлық куәліктеріне өнертабыстың анықтамалары 4. «Изобретения стран мира» реферативтік ақпарат 5. «Изобретения за рубежом» библиографиялық ақпарат 6. Ғылыми техникалық құжаттама (ВИНИТИ реферативтік журналдары, ғылыми журналдар, жарнамалық материалдар) Тапсырма: 1-тапсырма. Алдынғы практикалық сабақта құрылған «Іздеуге тапсырма», «Іздеу регламенті» бойынша іздеу жүргізу 2-тапсырма. Табылған ақпаратты жұмыс дәптеріне жазып алу № 9 тәжірибелік сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Патенттік-ақпараттық зерттеулер нәтижелерін жазу Материалдық қамтамасыз ету: 1. МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны» мемлекетаралық стандартының мәтіні 2. Қазақстан Республикасы инновациялық патент пен патенке өнертабыстың анықтамалары 3. ССРО авторлық куәліктеріне өнертабыстың анықтамалары 4. «Изобретения стран мира» реферативтік ақпарат 5. «Изобретения за рубежом» библиографиялық ақпарат 6. Ғылыми техникалық құжаттама (ВИНИТИ реферативтік журналдары, ғылыми журналдар, жарнамалық материалдар) Тапсырма: 1 МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны» талаптарына байланысты алдағы практикалық жұмыстарда өткізген іздеу нәтижелерін жазу, мына ретте: 2 МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны» стандартының 6.1.1-Кестесін толтыру 3 МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны» стандартының 6.1.2-Кестесін толтыру 4 МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны» стандартының Д.1.1-Формасын толтыру. № 10 тәжірибелік сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Өнертабысқа патент алу үшін өтініш беру ретін меңгеру Материалдық қамтамасыз ету: 1. Тәжірибелік сабақтарды орындаудың әдістемелік нұсқаулары 2. Қазақстан Республикасының Патент Заңы Әдістемелік нұсқау: Патентті алу үшін өтініш материалдарын рәсімдеу және қызметтік өнертабысқа құқықты алу ТӘРТІБІ: 1. Өнертабыс объектісін анықтау, техникалық деңгейін саралау 2. Патентті алу үшін өтініш беру туралы шешім қабылдау 3. Өнертабысқа құқықтар көлемін анықтау және өнертабыс формуласын құру 4. Өнертабыс формуласы негізінде өтініш материалдарын дайындау 5. Өтініш беру үшін патенттік төлемдерді өтеу 6. Патенттік ведомствоға жіберілетін құжаттарды жинақтау 7. Патенттік ведомствоға өтініш материалдарын жіберу 8. Басымдылық анықтамасын алу және фирманың сәйкес құжаттарында басымдылық күні мен өтініш номерін тіркеу 9. Сарапшының сұранымдарына жауаптар, үстүрт сараптау жүргізу сатысында сарапшымен хат алмасу 10. Қазақстан Республикасының инновациялық патентін алу туралы шешімді алу және патентті алу үшін төлем төлеу 11. Қазақстан Республикасының инновациялық патентін алу 12. Өнертабыс авторына марапат төлемдерін төлеу 13. Алдын ала патентті күшінде ұстау 14. Өнертабысқа Қазақстан Республикасының патентін алу және инновациялық патентті патентке ауыстыру туралы шешім қабылдау 15. Сарап сұранымдарына жауап, мәні бойынша сараптау жүргізу сатысында сарапшымен хат алмасу 16. Қазақстан Республикасының патентін алу Өнертабысқа өтінім құрамы. Өтінім мыналардан құралуы керек: - инновациялық патент пен патентті алатын өнертабыс авторлары мен инновациялық пен патент кімнің атына сұралатын тұлғаның, олардың мекен жайы мен орны көрсетілген өтініші; - жүзеге асыру үшін толық мәнін ашатын өнертабыс анықтамасы; - анықтамаға толықтай негізделген, мәнің ашатын өнертабыс формуласын; - өнертабыс мәнін ұғыну үшін қажетті сызбалар мен басқа материалдар; - реферат; және т.б. құжаттар. Инновациялық патент пен патент беру туралы өтініш мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде беріледі. Басқа өтініш құжаттары мемлекеттік, орыс немесе басқа тілдерде беріледі. Егер басқа өтініш құжаттары басқа тілде берілсе, онда өтінішке оның мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасы беріледі. Инновациялық патент пен патент беру туралы өтініш төрт данада беріледі, өнертабыс анықтамасы, өнертабыс формуласы, өнертабыстың мәнін ашатын қажетті сызбалар мен басқа материалдар, мемлекеттік немесе орыс тілінде құралған реферат үш данада беріледі. Өнертабыс ретінде кез келген облыстағы техникалық шешімдер қорғауға алынады, егер олар: - өнімге (құрылғыға, затқа, микроорганизмдер тегіне, өсімдік пен жануарлар жасушасының культурасына); - әдіске (материалдарды объектілердің көмегімен материалды объектілерге қызмет ету процесіне); - белгілі өнімді немесе әдісті жаңа мақсаттарға немесе жаңа өнімді нақты мақсатта қолдануға жататын болса. Өнертабыс объектілері ретінде құрылғыға конструкциялар мен өнімдер жатады. Құрылғыны сипаттау үшін келесі белгілер қолданылады: - конструктивті элементтерінің болуы; - элементтер арасында байланыстың болуы; - элементтердің дұрыс орналасуы және т.б. Өнертабыс объектілері ретінде әдістерге материалдарды объектілердің көмегімен материалды объектілерге әрекет жасау процесі жатады. Әдістерді сипаттау үшін келесі белгілер қолданылады: - әрекеттің болуы немесе объектілердің түрлерінің болуы; - уақыт ішінде сондай әрекеттерді орындау реті; - әрекетті жүзеге асыру шарты, тәртібі; - заттар (бастапқы шикізат, реагенттер, катализаторлар, және т.б.), құрылғы (жабдық, аспап және т.б.), микроорганизімдер штаммы, жануарлар мен өсімдіктер жасушаларын қолдану; Өнертабыс объектісі ретінде заттарға мыналар жатады: - жеке химиялық қосылыстар, шартты түрде жоғарғы молекулярлы қосылыстар және генді инженерияның өнімдері (рекомбинатты нуклеин қышқылдары, векторлар және т.б.); - композициялар (құрамдар, қоспалар); - ядролық айналу өнімдері. Композицияларды сипаттау үшін келесі белгілер қолданылады: - сапалы құрам (ингридиенттердің болуы); - мөлшерлік құрам; - композициялар құрылымы; - ингридиенттер құрылымы. Белгісіз құрамды композицияны сипаттау үшін олардың физика-химиялық, физикалық және утиритарлы көрсеткіштері және олу әдісінің белгілері қолданылады. Өнертабыс объектілері ретінде бұрыннан белгілі құрылғы, әдіс, зат, штаммдарды жаңа мақсатта қолдануға оларды басқа жаңа мақсаттарға қолдану жатады. Өтінім бір-бірімен тығыз байланысты, ортақ өнертабыстық ойды құрайтын бір өнертабысқа немесе өнертабыс тобына жату керек (өнертабыс бірегелігі прицибі). Өнертабыс бірегейлігі сақталған болады, егер: - өнертабыс формуласында бір өнертабыс сипатталса; - өнертабыс формуласында өнертабыс тобы сипатталса; - өнертабыстардың ішінде біреуі екіншісін алу (жасау) үшін қолданылса (мысалы: құрылғы немесе зат және алу әдісі құрылғы мен затты алу (жасау) әдісі); - өнертабыстардың ішінде біреуі екіншісін жүзеге асыру үшін қолданылса (мысалы: әдіс және әдісті жүзеге асыру үшін құрылғы); - өнертабыс бір түрге жататын, бір мақсатта қолданылатын, сол бір техникалық шешімді алуды қамтамасыз ететін объектілерге жататын болса. Инновациялық патент пен патентті беру туралы өтініш 1) Инновациялық патент пен патентті беру туралы өтініш ИЗ-1 формасы бойынша (А қосымшасында) беріледі. Сәйкестендірілген бағандарда белгілі бір мәліметтерді сыйдыра алмасық «өтініштің қосымшасына қарау» деп қосымша парақта сәйкес баған көрсетіліп жазылады. (Берілген құжаттардың тізімі бағанада тордың ішінде «Х» қойылады) 2) Жоғары жағында орналасқан «Түсу күні», «Күші», 21, 22, 85 кодты өтініш бағандары өтініш түскен кезде Казпатент толтыру үшін қажет және өтініш берушімен толтырылмайды. 3) «Өтінш» деген сөздің тура үстінде орналасқан 86, 87 кодты бағандар халықаралық өтінімдер Қазақстан Республикасының үлттық фазасына ауыстырылған жағдайда және Еуразия патент конвенсиясының 16-бабына сәйкес еуразиялық өтінім Қазақстан Республикасының ұлттық өтініміне айналдырылған жағдайда толтырылады. 86-код астындағы бағандағы тиісті түсқа "X" таңбасы қойылады және тиісінше халықаралық өтінімнің тіркеу номірі, алушы ведомство белгілеген халықаралық берілу күні, немесе тіркеу номірі және еуразия өтінімінің берілген күні келтіріледі. 87-код астындағы бағанда тиісінше халықаралық өтінімнің халықаралық жарияланған күні және еуразия өтінімінің жарияланған күні көрсетіледі. 4) Инновациялық патент және патент беру туралы өтініш білдірілген бағанда "өтінімшінің (өтінімшілердің) атына" сөзінен кейін инновациялық патент және патент сұралып отырған өтінімнің (өтінімшілер) туралы мәліметтер келтіріледі: жеке тұлғаның тегі, есімі және әкесінің аты (егер ол бар болса), оның үстіне тегі есімің алдында көрсетіледі немесе ресми тіркеу туралы қүжатқа сәйкес заңды түлғаның толық ресми атауы, сондай-ақ елдің ресми атауы мен толық пошта мекен-жайын қоса отырып, тиісінше олардың тұрғылықты жері, орналасқан орны туралы мәліметтер келтіріледі. Шетелдік есімдер және заңды тұлғалардың атаулары сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі транслитерациямен көрсетіледі. Өнертабыстар авторлары батып табылатын өтішмшілердің тұрғылықты жері туралы мәліметтер өтініштің екінші бетіндегі 97-кодта астындағы келтірілген. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын немесе жүрген аттартна алдын ала патент және патент сүралатын шетелдік және жеке тұлғалар үшін елінің коды Дүниежүзілік зерделік меншігі ұйымының (ДЗМҮ) стандарты бойынша SТ.З (егер ол белгіленсе) көрсетіледі. Егер өтінімшілер бірнешеу болса, көрсетілген мәліметтер олардың әрқайсысы үшін келтіріледі. 5) Басымдықты белгілеу туралы өтініші бар баған Заңның 20-бабының 2-5-тармақтарына сәйкес Қазпатентке өтінім берілген күннен бұрынырақта басымдық сұралған кезде ғана толтырылады. Мұндай жағдайда "X" таңбасын қоюмен тиісті тұстарда басымдық сұрауға негізі ескеріліп, негізінде басымдық сұралып отырған өтінім нөмірі немесе қосымша материалдар және басымдық сұралған күні (өтінім берілген күні немесе оған қосымша материалдар) көрсетіледі. Егер басымдық бірнеше өтінімдер негізінде сұралса, барлық өтінімдердің нөмірлері және тиісті жағдайларда сұралған басымдықтың бірнеше күні көрсетіледі. Конвенциялық басымдық сұралған жағдайда ДЗМҮ SТ.З. стандарты бойынша берген елдің коды көрсетіледі. 6) 54-кодтың астындағы бағанда өтініш берілген өнертабыстың (өнертабыс тобы) атауы келтіріледі, бүл өнертабыс сипаттамасында аталған атаумен сәйкес келуге тиіс, өнертабыс атауына арнаулы атау енгізілген жағдайда тиісті түсқа "X" таңбасымен Заңның 9-бабының 4- тармағы талаптарының сақталуы ескеріледі. 7) 98-код астындағы бағанда хат-хабар жазысуға арналған мекен-жай келтіріледі. Хат-хабар жазысатын мекен-жай ретінде Қазақстан Республикасында тұратын жеке түлғаның - өтінімшінің (өтінімшілердің бірінің) тұрғылықты жеріндегі мекен-жайы немесе Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаның тұратын жерінің мекен-жайы өтінімші (өтінімшілер) өкілі түратын жерінің мекен-жайы немесе Қазақстан Республикасы аумағындағы өзге мекен-жайы көрсетілуі мүмкін. 8) 74-код астындағы бағанда өтінімшінің (өтінімшілердің) өкілдері, оның ішінде патенттік сенімді өкілі (патенттік сенімді өкілдері) туралы мәліметтер келтіріледі. Патенттік сенімді өкілі өтінім берілгенге дейін белгіленген жағдайда Қазпатентте оның тегі, есімі және әкесінің аты (егер ол болса), тіркеу нөмірі көрсетіледі. Өзге өкіл тағайындалған жағдайда жеке тұлға үшін тегі, есімі және әкесінің аты (егер ол болса) және заңды тұлға үшін ресми атауы көрсетіледі. Егер өтінімшілер бірнешеу болса, өкіл ретінде өтінімшілердің бірі таңдап алынуы мүмкін. 9) Өтініштің екінші бетіндегі «Тіркелген құжаттар тізімі» бағаны тиісті тұстарына «X» таңбасын қою жолымен және даналар саны және тіркелген құжаттардың он данасындағы парақтар саны көрсетіле отырып толтырылады. Түрлері өтініш нышанында қарастырылмаған ("басқа құжат") тіркелген құжаттардың нақты бағыты көрсетіледі. 10) " Инновациялық патент және патентке өтінім беру және алу құқығы пайда болу негізі" бағанына "X" таңбасын қоюмен алдын ала патент және патентке өтінім беру және алу үшін тиісті негіз (негіздер) ескеріледі. Көрсетілген баған өтінім автор болып табылатын немесе өтінімшілер бірнешеу болса, олардың құрамы авторлар құрамымен сәйкес келгеннен басқа жағдайларда, өтінімшінің (өтінімшілердің) атына алдын ала патент және патент сұралған жағдайда толтырылады. Өтінім беру кұқығын және қорғау құжатын алуды растайтын құжат Қазпатентке тапсырылмайды. 11) 72 және 97-кодтар астындағы бағандарда автор (авторлар) туралы мәліметтер: тегі, есімі және әкесінің аты (егер ол болса), тұрғылықты жерінің толық пошталық мекен-жайы келтіріледі, шетелдіктер үшін ДЗМҮ SТ.З. стандарты бойынша елдің коды көрсетіледі. 12) 7-кодтың астындағы бағанның оң жағына орналасқан бағанда автор өтінімші болып табылса, немесе егер автор алдын ала патент және патентке өтінім беру мен алу құқығын өтінімшіге берген жағдайда автордың қолы мен күні қойылады. Өтінім берілгенге дейін автор қайтыс болған жағдайда туысқандық қатынасы және күні көрсетіле отырып, мүрагердің қолы қойылады. Өтінім беру кезеңінде мүрагерлік құқықты растайтын қандай да болмасын ресми құжаттар талап етілмейді. 13) 72 және 97-кодты бағандар астындағы баған автор (авторлар) алдын ала патент және патент беру туралы мәліметтер жарияланған кезінде өзін (өздерін) осылай атамауды өтінген жағдайда ғана толтырылады. Мұндай жағдайда жарияланым кезінде атамауды өтінген авторлардың әрқайсысының тегі, есімі, әкесінің аты (егер ол болса) жөне олардың қолдары келтіріледі. 14) Өтініштің екінші бетіндегі соңғының алдындағы баған автордың құқықтың мирасқоры өтінім беру құқығын өтінімшіге берген жағдайда толтырылады. Онда қүқықтық мирасқор жайындағы: тегі, есімі жәие әкесінің аты (ол бар болса), жеке түлғаның тұрғылықты жерінің мекен жайы немесе ресми атауы және занды тұлғаның орналасқан жерінің мекен-жайы келтіріледі. Мәліметтерге күнін көрсете отырып, құқықтық мирасқор қолын қояды (авторлық құқықтық мирасқоры заңды тұлға болып табылатын жағдайда мәліметке жетекші қолын қойып, ол мөрмен бекітіледі) 15) Өтініштің жоғарыдағы 12), -14) тармақшаларда көрсетілген бағанын толтыру осы бағанмен қарастырылған мәліметтер мен қолдары бар құжаттарды өтінішпен бір мезгілде тапсыру мен алмастырылуы мүмкін. 16) Егер өтінімші ретінде автор болып табылмайтын тұлға көрсетілсе, өтініштің соңғы "Қолы" бағанын күнін көрсетіп толтыру міндетті. Өтінішке заңды түлғаның атынан ұйым жетекшісі немесе қызметі көрсетіле отырып, осы құрылтайшылық құжатқа уәкілетті заңды тұлға қолын қояды. Егер өтінімшілер бірнешеу болса, өтінішке өтінімшілердің әрбірі қол қояды. Өтінім патенттік сенімді өкіл аркылы берілген кезде өтінішке патенттік сенімді өкіл қол қояды. 17) Осы тармақтың 14) және 16) тармақшаларында көрсетілген өтініш бағансындағы қолдарды қойған адамдардың тегі мен аты-жөндері ашып көрсетіледі. 18) Өтінішке қатысты кез келген өзге мәліметтер ұсынылған әрбір қосымша параққа (өтінішке қосымша) осындай тәртіппен қол қойылады. 19) Өтініш пен оған қосымшаларда түзетулер мен өшірулер болмауға тиіс. Аталған кемшіліктер болған жағдайда өтініш немесе оған қосымшаны дұрыс рәсімдеу талап етіледі. Тапсырма: Қазақстан Республикасының Патент Заңы мен осы әдістемелік нұсқау бойынша өнертабысқа өтінім беруді меңгеріп, жұмыс дәптеріне қызметтік өнертабысқа құқық алу процесінің схемасы мен жұмыс берушінің атына патент алу үшін өтінім материалдарын рәсімдеуді жазу. № 11 тәжірибелік сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Өнертабыс формуласын құру Материалдық қамтамасыз ету: 1. Қазақстан Республикасының инновациялық патент және патентпен қорғалатын өнертабыстың анықтамасы 2. ССРО авторлық куәлігімен қорғалатын өнертабыстың анықтамасы 3. «Өнертабысқа инновациялық патент және патент беруге өтініш құрастыру, беру және құрау жөніндегі нұсқаулық» мәтіні 4. Қазақстан Республикасы патенттік ведомствосының ресми бюллетендері 5. ССРО патенттік ведомствосының ресми бюллетендері. Әдістемелік нұсқау: Өнертабыс формуласының арналуы және оған қойылатын талаптар Өнертабыс формуласы инновациялық патент пен патент беретін құқықтық қорғау көлемін анықтау үшін арналады. Өнертабыс формуласы толығымен анықтамада негізделу керек, яғни өнертабысты оның анықтамасында берілген ұғымдармен сипаттау керек. Өнертабыс формуласы, егер онда өтініш беруші мен көрсетілген техникалық нәтижеге жету үшін жеткілікті оның елеулі белгілері толығымен берілсе, оның мәнін көрсететін болып саналады. Өнертабыс формуласында өнертабыс белгілері олардың идентификациялау (ұқсастыру) мүмкіндігін қамтамасыз ету түрінде көрінеді, яғни олардың мәндік мазмұнының белгілі техникалық деңгейі негізінде маманның біртекті ұғымында болады. Өнертабыс формуласының құрылымы Формула біртізбекті және көп тізбекті болуы немесе бір немесе бірнеше тармақты құрауы мүмкін. Біртізбекті өнертабыс формуласы орындау немесе пайдалану жағдайына қатысты дамыту және анық атауы жоқ бір өнертабыстың маңызды белгілер жиынтығын сипаттауға қолданылады. Көптізбекті өнертабыс формуласы өнертабысты орындау немесе пайдаланудың жеке жағдайларына немесе өнертабыстар тобын сипаттауға қатысты оның белгілер жиынтығын дамыту және анықтау мен бір өнертабысты сипаттау үшін қолданылады. Бір өнертабысты сипаттайтын көп тізбекті формуланың бір тәуелсіз тармағы және оған тәуелді тармағы (тармақтары) болуы мүмкін. Өнертабыстар тобын сипаттайтын көп тізбекті формуланың бірнеше тәуелсіз тармақтары болады, олардың әрқайсысы өнертабыстар тобының біреуіне ғана сипаттайды. Мұндайда топтың әрбір өнертабысы тиісті тәуелсізге бағынышты тәуелді тармақтар келтірілуімен сипатталуға тиіс. Көп тізбекті формула тармақтары бірден бастап, оранласу тәртібімен араб сандарымен нөмірленуге тиіс. Өнертабыстар тобын сипаттайтын формулаларды орналастырған кезде келесі ережелер сақталады: - жекелеген өнертабыстарды сипаттайтын тәуелсіз тармақтарда, әдетте, формуланың басқа тармақтарына сілтемелер болмайды (мұндай сілтемеге тек осы тәуелсіз тармақты ондағы басқа тармақпен толық қайталанбаған жағдайда ғана жол беріледі); - түрлі өнертабыстар топтарын сипаттау үшін бір ғана мазмұнды тәуелді тармақтар келтірілетін жағдайдалардаы қоса отырып, тәуелді тармақтар өздері бағынышты тәуелсіз тармақтар мен топтасады. Формула тармағы, әдетте неғұрлым жақын ұқсас белгілері сәйкес келетін өнертабыс белгілерінен тұратын шектеу бөлімінен, оның ішінде формула баяндалуы басталатын бағыттағы тектік ұғымнан және өнертабысты неғұрлым жақын баламасынан ажыратын белгілер кіретін ерекшелік бөлімінен тұрады. Формула тармағын құрастыру кезінде шектеу бөлімі баяндалған соң «былайша ерекшеленетін» деген сөз тіркесі келтіріліп, бұдан кейін тікелей ерекшелік бөлімі келтіріледі. Өнертабыс формуласы: - дербес химиялық қосылыстар; - микроорганизімдер тегі, өсімдіктер мен жануарлар жасушалары; - бұрыннан белгілі құрылғы, тәсіл, зат, тектерді жаңа мақсатта қолдану; - баламасы жоқ өнертабыстар ретінде сипатталса, шектеулі және ерекшелік бөлімдері тармақтарынан бөлінбей құрастырылады. Формула тармағы бір сөйлем ретінде баяндалады. Өнертабыс формуласының тәуелсіз тармағы бір ғана өнертабысқа қатысты болуға тиіс. Ол өнертабысты құқықтық қорғау сұралып отырған көлемін анықтайтын оның белгілер жиынтығымен сипаттайды және өнертабыс объектісін логикалық анықтау түрінде көрінеді. Өнертабыс формуласының тәуелді тармағы тек оны орындау немесе пайдаланудың жеке жағдайларын сипаттайтын тәуелсіз тармақта, белгілерде келтірілген өнертабыс белгілері жиынтығының дамуын және/немесе анықталуын қарастырады. Формуланың тәуелді тармағының шектеулі бөлігі әдетте тәуелсіз тармақта келтірілгенімен салыстырғанда қысқаша мазмұндалған өнертабыс мақсатын көрсететін тектік ұғымнан және осы тәуелді тармақ жататын тәуелсіз тармақ немесе тәуелді тармақтан тұрады. Тәуелді тармақ формуланың бірнеше тармағына бағынысты болғанда оларға сілтемелер баламаларды пайдаланумен көрсетіледі. Формуланың тәуелді тармағы ол бағынысты формуланың сол тармағында сипатталған өнертабыс белгілері алмастырылмай немесе алып тасталмай баяндалуға тиіс. Құрылғыға жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері Құрылғы белгілері формулада оның статистикалық жағдайын сипаттайтындай баяндалады. Құрылғының конструкциялық элементін орындауды сипаттау кезінде оның жылжымалығын, оның белгілі функцияны іске асыру мүмкіндігін (мысалы, бекіту мүмкіндігімен тежеу мүмкіндігі) және т.б. көрсетуге болады. Тәсілге жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері Материалдық объектіге іс-әрекеттерді сипаттайтын тәсіл белгілері осы мақсаттарға етістіктерді пайдаланумен, үшінші жақта, көпше түрде баяндалады (қыздырып жатыр, ылғалдап жатыр, тесіп жатыр және т.б.) Затқа жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері Композицияны сипаттайтын өнертабыс формуласына оған кіретін ингредиенттер және қажет болған жағдайларда ингредиенттердің сандық мазмұнына жататын белгілер енгізіледі. Егер композицияны сипаттайтын формуланың ингредиенттердің сандық мазмұнына жататын белгілері болса, онда олар мазмұнның (төменгі және жоғарғы) ең аз және ең көп шегін сипаттайтын кез келген бір маңызды, әдетте, екі маңызды бірлікте көрінеді. Композиция ингредиенттерінің бірінің мазмұны бір маңызда көрсетілуіне болады, ал қалған ингредиенттер мазмұны – осы жалғыз маңызды хақындағы маңыздылар аралығы түрінде көрінеді (мысалы, ингредиенттер мазмұны композицияның негізгі ингредиентіне 100 мас.с. немесе ерітіндінің 1л. келтіріледі). Егер композицияға жататын өнертабыс қосымша ингредиент енгізілуімен сипатталса, формулаға тиісті ерекшелік белгілерінің алдынан «қосымша болады» деген сөз тіркесі енгізіледі. Мақсаты белсенді бастаумен айқындалатын, ал басқа компонеттері осы мақсаттағы композицияларда дәстүрлі қолданылатын шеңбердің бейтарап тасығыштары болып табылатын композициялар үшін формулада тек осы белсенді бастау және композиция құрамындағы оның сандық мазмұны, оның ішінде «тиімді саны» нысанында көрсетуге болады. Мұндай композиция сипатының басқа нұсқасында белсенді бастаудан өзге, «мақсаттық қосымша» жиынтықты ұғымы нысанында басқа компоненттер көрсетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда белсенді бастау мен мақсаттық қосымшаның сандық қатынасы көрсетіледі. Егер өнертабыс белгісі ретінде күрделі құрамды белгілі зат көрсетілсе, оның арнаулы атауын функциясын немесе осы заттың қасиетін және оның негізін көрсетіп пайдалануға жол беріледі. Мұндай жағдайда өнертабыс сипаттамасына осы зат сипатталған ақпарат көзі келтіріледі. Тапсырма: Оқытушымен берілген тапсырма бойынша өнертабыс формуласын құру. № 12 тәжірибелік сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Өнертабыс сипаттамасын құру Материалдық қамтамасыз ету: 1. Қазақстан Республикасының инновациялық патент және патентпен қорғалатын өнертабыстың анықтамасы 2. ССРО авторлық куәлігімен қорғалатын өнертабыстың анықтамасы 3. «Өнертабысқа инновациялық патент және патент беруге өтініш құрастыру, беру және құрау жөніндегі нұсқаулық» мәтіні Әдістемелік нұсқау: Өнертабыс сипаттамасының құрылымы Өнертабыс сипаттамасы өнертабысты жүзеге асыру үшін толық, жеткілікті түрде ашылуға тиіс. Сипаттама өнертабыс атауынан (өтінім берілген өнертабыс қатысты болатын халықаралық патент топтамасының (бұдан әрі ХПК) қазіргі редакциясының рубрикасы белгілі болған жағдайда - осы рубрика индексінен) басталады және келесі бөлімдерді қамтиді: - өнертабыс қатысты болатын техника саласы; - техника деңгейі; - өнертабыстың мәні; - сызба сұлбалар тізімі және өзге материалдар (егер олар тіркелсе); - өнертабысты жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтер. Өнертабыстың атауы Өнертабыс атауы әдетте, оның мақсатын сипаттайды және бірлік санымен мазмұндалады. Мұндай жағдайларда: - бірлік санымен қолданылмайтын атауларда; - ортақ құрылымдық формуламен қамтылатын химиялық қосылыстарға жататын өнертабыстар атауларында басқаша болады. Сипаттама бөлімдерінің мазмұны Өнертабысқа қатысты техника саласы Бұл бөлімде өнертабысты қолдану саласы көрсетіледі. Егер мұндай салалар бірнеше болса, ерекшелендіретін саласын көрсетеді. Техника деңгейі Бұл бөлімде мәнді белгілерінің жиынтығы жөнінен өнертабысқа неғұрлым жақын баламасын (прототип) бөліп ала отырып, өтінімшіге белгілі өнертабыс баламалары туралы мәліметтер келтіріледі. Өнертабыс баламасы ретінде өнертабыстың мәнді белгілерінің жиынтығына ұқсас белгілер жиынтығымен сипатталатын өнертабыс басымдағы күніне дейін көпшілікке танымал мәліметтерден белгілі сол мақсаттың амалы көрсетіледі. Әрбір баламаны сипаттау кезінде өтінім берілген өнертабыстың мәнді белгілеріне ұқсас келетіндерді бөліп ала отырып, баламаны сипаттайтын белгілерді, оның ашылған ақпарат көзіндегі библиографиялық мәліметтер келтіріледі, сондай-ақ талап етілетін техникалық нәтижелер алуға кедергі келтіретін өтінімшіге белгілі себептер көрсетіледі. Өнертабыстың мәні Өнертабыстың мәні өнертабыстың техникалық нәтижесін қамтамасыз етуге жеткілікті маңызды белгілер жиынтығында көрінеді. Егер олар қол жеткізілетін техникалық нәтижеге ықпалын тигізсе, яғни көрсетілген нәтижемен себеп-салдары байланыста болса белгілер маңызды белгілерге жатқызылады. Бұл бөлімде өнертабысты жүзеге асыру кезінде алынуы мүмкін техникалық нәтижесі көрсетіліп, шешімі өтінім берілген өнертабысқа бағытталған міндет тыңғылықты ашылады. Өнертабысты сипаттайтын барлық маңызды белгілер келтіріледі, неғұрлым жақын баламаның айырықша ерекшеліктері айқындалады, мұндайда сұралған құқықтық қорғау көлемі таралатын барлық жағдайда техникалық нәтижесін алуды қамтамасыз ететін белгілер жиынтығы және өнертабысты тек жекелеген жағдайларда сипаттайтын, нақтылы орындау нысандарында немесе оны пайдаланудың ерекше жағдайларындағы белгілері көрсетіледі. Техникалық нәтиже өнертабысты жүзеге асыру кезінде немесе іске асыратын құралдар пайдалануда алынуы мүмкін техникалық тиімділік, қасиет, құбылыс және т.б. сипатын білдіреді. Техникалық нәтиже, атап айтқанда, мысалы, айналыс сәтін азайту, үйкеліс коэффициентін төмендету, сыналып қалудың алдын алу, теңселуді төмендету, ісікке қарсы белсенділікті арттыру, дәрілік препарат әрекетін жою, құю құрылымы кемшілігін болдырмау, жұмыс органының ортамен байланысын жақсарту, сұйықтықтың сіңуін төмендету, ылғалдануын жақсарту, жарылуының алдын алу және т.б. байқалуы мүмкін. Сызбалар және өзгеде материалдардағы сұлбалар тізбесі Сипаттаманың бұл бөлімінде сұлбалар тізбесі және олардың әрқайсысында не бейнеленгеніне қысқаша көрсеткіш келтіреді. Егер өнертабыс мәнін түсіндіретін өзге материалдар ұсынылса, олардың мазмұндарына қысқаша түсінік келтіріледі. Өнертабысты жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтер Бұл бөлімде өтінімші көрсеткен бағытта іске асырумен өнертабысты жүзеге асыру мүмкіндігі және «Өнертабыстың мәні» бөлімінде көрсетілген техникалық нәтиже алу мүмкіндігі көрсетіледі. Құрылғыға қатысты өнертабыс үшін бұл бөлімде құрылғыға жататын өнертабысқа сызба сұлбаларына сілтемемен оның конструкциясының (статикалық жағдайда) сипаттамасы келтіріледі. Сипаттамадағы құрылымдық элементтердің цифрлық белгісі олардың сызба сұлбаларындағы толық көлеміндегі цифрлық белгілеріне сәйкес келуге тиіс. Құрылғы конструкциясы сипаттамасынан кейін оның әрекеті немесе сызба сұлбаларына сілтемемен пайдаланылу тәсілі сипатталады, қажет болған жағдайларда өзге де түсіндіруші материалдары (эпюра, уақыт диаграммалары және т.б.) келтіріледі. Тәсілге жататын өнертабыстар үшін мысалдарда материалдық объектіге әрекет тіркестігі (әдістер, операциялар), сондай-ақ әрекет өткізу жағдайы, нақты режимдер (температура, қысым және т.б.), егер бұл қажет болса мұндайда пайдаланылатын құрылғы, заттар және тектер көрсетіледі. Егер тәсіл басымдық күніне дейінге белгілі құралдарды (құрылғы, заттар және тектер) пайдаланумен сипатталса, осы құралдарды көрсету жеткілікті. Белгісіз құралдарды пайдалану кезінде олардың сипаты келтіріледі және қажетті жағдайларда графикалық кескіндемесе тіркеледі. Тәсілде жаңа заттарды пайдалану кезінде оларды алу тәсілі айқындалады. Егер өнертабыс композицияға (қоспа, ерітінді, балқыма, шыны және т.б.) жататын болса оның композициялық құрамына кіретін ингредиенттер, олардың сипаты және сандық қатынасы көрсетілген мысалдар келтіріледі. Композиция алу тәсілі сипатталады, егер ол ингредиент ретінде жаңа затқа иеленсе, оны алудың тәсілі сипатталады. Келтірілген мысалдарда әрбір ингредиенттің мазмұны өнертабыстың аралық маңызды формуласында көрсетілген шегінде болады (өнертабыс формуласындағы ингредиенттердің сандық қатынасы процентінде (масса немесе көлемі жөнінде) мысалда көрсетілген барлық ингредиенттердің жиынтық мазмұны 100%-ке теңеледі). Тапсырма: 1. «Материалдық қамтамасыз ету» бөлімінде берілген материалдар бойынша өнертабыс сипаттамасының құрылымын меңгеру. 2. Алдыңғы практикалық жұмыс материалдары бойынша өнертабыс сипаттамасын құру. № 13 тәжірибелік сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Өнертабысқа өтініш материалдарын жинақтау Материлдық қамтамасыз ету: 1. «Өнертабысқа алдын ала патент беруге өтінім және пайдалы модельге патент беруге өтінім құрастыру, беру және қарау жөніндегі нұсқаулық» мәтіні Әдістемелік нұсқаулар: Сызбалар және өзге де материалдар Сызбалар және өзге түсіндіруші материалдар егер олар өнертабыс мәнін түсіну үшін қажет болған жағдайда ұсынылады. Түсіндіруші материалдар графикалық кескіндемелер (тәсім, сурет, график, эпюр, осциллограмма және т.б.), фотосуреттер және кестелер түрінде ресімделуі мүмкін. Суреттер өнертабысты сызбалар немесе тәсімдермен бейнелеу мүмкін болмаған жағдайларда ұсынылады. Фотосуреттер графикалық кескіндемелерге қосымша ретінде ұсынылады. Төтенше жағдайларда, мысалы, хирургиялық операциялар жасау кезендерін бейнелеу үшін фотосуреттер түсіндіруші материалдардың негізгі түрі ретінде ұсынылуы мүмкін. Сызбалар, тәсімдер және суреттер жеке (жекелеген) парақта ұсынылып, оң жақ жоғарғы бұрышында өнертабыстың атауы келтіріледі. Ұсынылған сызбалар мен өзге де материалдар сипаттама мәтінімен келістірілуге тиіс. Сызбалардағы барлық мәндерге сипаттамада сілтеме болуы тиіс. Реферат Реферат өнертабыс туралы қысқаша ақпарат ұсынады, яғни өнертабыс туралы ақпарат мақсаттары үшін қызмет етеді және атауы, өнертабыс жататын техника саласына сипаттамасы енетін, өнертабыс сипаттамамасының қысқаша баяндалған мазмұнын құрайды және/немесе егер бұл атауынан анық болмаса, қолдану саласы, қол жеткен техникалық деңгейі көрсетілген мәнінің сипаттамасы кіреді. Өнертабыс мәні рефератта әрбір тәуелсіз тармағының барлық маңызды белгілері сақтала отырып, формула еркін баяндалуымен сипатталады. Қажет болған жағдайларда рефератқа сызба немесе химиялық формула кіреді. Рефератқа кірген сызба сипаттамада көрсетілген сызбалардың бір сұлбасымен ұқсас болған жағдайда реферат мәтіні сияқты дана санымен жеке парақта тапсырылады. Рефератта қосымша мәліметтері болуы мүмкін, атап айтқанда, формуланың тәуелді тармақтарының бар жоғы мен саны, графикалық кескіндемелер, кестелер. Реферат мәтінінің көлемі 1000 баспа таңбаға дейін болуға тиіс. Тапсырма: Алдыңғы практикалық жұмыс материалдары бойынша өнертабысқа өтінім беруге барлық құжаттарды дайындау. № 14 тәжірибелік сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Лицензияланған компания схемасын меңгеру Материалдық қамтамасыз ету: 1. Практикалық сабаққа аранлған әдістемелік нұсқау. 2. Қазақстан Республикасының Патент Заңы. Әдістемелік нұсқау: Патентиеленуші өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауы бойынша қолдануға ерекше құқыққа ие. Қорғауға алынған өнеркәсіптік меншік объектісі кіретін өнімді жасау, пайдалану, енгізу, сатуға ұсыну, басқа жолмен азаматтық айланысқа енгізу немесе осындай мақсаттарда сақтау, сонымен қатар қорғалатын әдісті пайдалару өнеркәсіптік меншік объектісін қолдану деп аталады. Кез келген патентиеленуші болып табылмайтын тұлға қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісін қолдану үшін лицензиялық келісім негізінде патент иеленушінің рұқсатын алу арқылы қолдана алады. Лицензиялық келісім бойынша лицензиардың (лицензияны сатушы) шығындарын лицензиатпен (лицензияны сатып алушы) орнын өтелуі қарастырылады. Лицензияланған келісім патенттік ведомствода тіркелуі қажет. Лизцензиялық келісім деп ғылыми техникалық білім иесінің (лицензиар) өз контрагентіне (лицензиатқа) лицензия-рұқсат беру келісімін айтады. Лицензиялық келісімде лицензиардың ерекше құқығын лецензиатпен қолдану көлемі және мерзімі шектеледі. Лицензияның тақырыбы болып өнертабысқа, өнеркәсіптік меншіктің басқа түрлеріне, ноу-хауға құқық табылады. Лицензияның объектісі болып техника объектісі (технология) табылады. Лицензиялық келісімде ноу-хау ретінде көбінесе коммерциялық сипатты кондиденциалды мәлімет алынады. Кейде ноу-хау деп басқару немесе ұйымдастырушы сипаттағы мәліметтер алынады. Лицензиялық келісімнің басқа келісімдерден айырықша негізгі ерекшеліктері балып табылады: 1. Лицензияны сатушы - лицензиярдың келісім затына меншік құқығын сақтап қалуы; 2. Лицензиялық келісімнің мерзімдік сипаты; 3. Лицензиялық келісім әрекетінің аумақтық сипаты; 4. Лицензияны сатушы мен сатып алушы арасындағы есептесудің ерекшелігі; 5. Лицензиялық келісімнің ноу-хауға жасалуы; 6. Лицензиялық келісім объектісін жақсарту бойынша ғылыми- техникалық жетістіктермен өзара алмасу. Лицензиялық келісім ұзақ ғылыми-техникалық қарым-қатынастық туралы келісім болып табылады. Лицензиялық келісімнің мынадай түрлері кездеседі: - қарапайым лицензия; - ерекше лицензия; - толық лицензия; - сублицензия. Әртүрлі лицензиялық келісімдер арасындағы айырмашылық лицензиардың лицензиатқа берген құқықтың көлеміне байланысты. Қарапайым лицензия келісімі бойынша лицензиар лицензиатқа келісімде көрсетілген көлемде келісім объектісін қолдануға ерекше құқығын берумен қатар келісім объектісін өзі қолдану құқығын және үшінші жаққа лицензия беру құқығын қалтырып береді. Ерекше лицензия келісімі бойынша лицензиар лицензиатқа келісімде көрсетілген шекте лицензия объектісін қолдануға ерекше құқық береді. Лицензиялық келісімнің күшінде болу аумағында лицензиар лицензия объектісін өз бетінше қолдан және үшінші жаққа лицензия беру құқығынаң айрылады. Бұл әрекеттерді лицензиар тек қана бірінші келесімді бұзбайтын жағдайда жүзеге асыра алады. Толық лицензия келісімі бойынша лицензиар лицензия объектісін қолдануға өзінің ерекше құқығын лицензиатқа толығынан береді және лицензиялық келісімнің күшінде болу мерзімі ішінде өзі сол құқықтан айырылады. Бұндай жағдайда лицензиялық келісімнің күшінде болу мерзімі патенттің күшінде болу мерзімінен аспайды немесе оған тең болады. Лицензиялық келісімге отыру бұл жерде патентті сату мен бірдей болады. Сублицензия болып өнеркәсіптік меншік объектісінің иесі беретін емес, толық немесе шексіз лицензия бойынша лицензиат беретін лицензия болып табылады. Сублицензия берілетін құқықтың көлемі бойынша қарапайым лицензия болып табылады. Лицензиялық (негізгі) келісімге отыру алдында опциялық (алдын ала) келісім жасалады. Лицензиялық кампанияны жүргізу кестесі 1. Лицензия объектісін айқындау. Жарнама – техникалық іс-әрекеттер жүргізу. 2. Маркентинг зерттеулерін жүргізу. Жарнамалық кампания жүргізу. 3. Лицензияны сатып алушыны табу. 4. Лицензиялық келісімге қатысатын жақтарды және олардың өкілдерін айқындау. 5. Лицензияны сатып алушы мен сатушының қызығушылығын белгілеу. Хаттама толдтыру. 6. Опциялық келісім шартты дайындау. 7. Опциялық келісім шартқа қол қою. 8. Опциялық келісімнің шарттарының лицензиар мен лицензиатпен орындалуы. 9. Лицензиялық келісім шарттың жобасын дайындау. 10. Лицензияның бағасын есептеу. 11. Лицензиялық келісімге қол қою . 12. Лицензиялық келісімді тіркеу үшін патенттік төлемдерді өтеу. 13. Лицензиялық келісімді патенттік ведомствода тіркеу. 14. Лицензиар мен лицензиатпен лицензиялық келісім шарттарының орындалуы. Тапсырма: «Материалдық қамтамасыз ету» бөліміндегі көрсетілген құжаттар бойынша лицензиялау кампаниясын жүргізу кестесін ұғынып, оны жұмыс дәптеріне жазу. № 15 тәжірибелік сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Лицензияланған келісім шартты меңгеру Материалдық қамтамасыз ету: 1. Тәжірибелік жұмыстарды орындау туралы әдістемелік нұсқаулар. 2. Қазақстан Республикасының патент Заңы. Әдістемелік нұсқау: Лицензияланған келісім тек жеке болады. Ол жазылған күйінде көбінесе қорытындыланады және контрагент елдерінде ішікі сауда операциялары мен лицензияланған құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік актілерге сәйкес рәсімделеді. Лицензияланған келісім шарт рөлі әсіресе ерекше. Дұрыс лицензяланған келісімнің мазмұнына байланысты оның орындалуы жақсарады, яғни, нақты лицензияланған келісімнің тиімділігі жоғарлайды. Лицензияның халықаралық сауда тәжірбиесінде лицензияланған келісім шарттарына, мазмұнына, формасына белгілі бір талаптар бар. Лицензияланған келісімнің контрагенттері үшін оның жеке мағыналары мен жағдайлары дұрыс талқылаудың үлкен мәні бар. Лицензияланған келісімнің әрекет ету жүйелігінде мүмкін болатын дауларды болдырмау үшін, контрагенттер онда қолданылатын ұғымдарды нақтылап, екі ұғымды сөз болмайтындай қылып анықтама береді. Лицензияның халықаралық сауда тәжірбиесінде шексіз құқық ноу- хауға қатысты қолданылады. Сонда лицензиар басқа лицензиатқа келісіммен берілген территорияда ноу-хауды қолдануға аналогиялық құқықтарды бермейді. Себебі ноу-хау патентпен қорғалмайды, лицензиар лицензиатқа шексіз қолдануды кепілдік бере алмайды, тек жеке жарияламауды кепілдік етеді. Бір мезгілде ол лицензиат ноу-хаудың конфиденциалдылығын кепілдік етіп, тек қана өндірістік қызметті іске асыруға қажет ететіндер ғана таныстыруды талап етеді. Лицензияланған келісімнің шарттары жақтардың міндеттері мен құқықтарын анықтайды, лицензиар мен лицензиаттардың мақсаттарын көрсетеді. Лицензиардың негізгі міндеті өз уақытында барлық қажетті материалдарды беріп, лицензиатқа өндірісті жақсартуда көмек көрсету, мамандарды оқыту, лицензия бойынша өнімді шығару және лицензияны неғұрлым тиімділігін қолдануда көмек көрсету. Лицензиат осы кезде келісіммен бекітілген мерзімде өнеркәсіптік өндірісті жеңілдетіп, лицензия бойынша өнімді тапсыру және келісіммен бекітілген төлемдерді лицензиармен төлеу міндетті болады. Лицензиялық тәуекел лицензиарға поушальды төлем-қатты сомма түрінде бір уақытта берілетін немесе 2-3 қабылдауда төленеді және де роялти түрінде- лицензияланған келісімнің әрекеті мерзіміндегі жиілікті пайыздық төлеу төленеді. Ақырғы жағдайда лицензиарға төленетің төлем мөлшерін өнім бірлігінен сату мөлшерін пайыз түрінде немесе оның бағасынан пайыз мөлшерінде тіркелген төлем түрінде бекітіледі. Лицензияланған төлем тек қана ақша күйінде ғана төлембей, шикізат пен басқа тауарлардың лицензия бойынша өнімді жеткізу түрінде де төленеді келісімді міндетті түрде лицензияланған төлемдердің төлеу түрі көрсетіледі. Негізінде ғылыми техникалық жетістіктердің құны, бағасы жататын, тауарлардың құнына қарағанда қолдануға құқық лицензия бойынша беріледі және оны қолдануда пайда болатын пайда мөлшеріне тәуелді болады. Бірақ лицензияланған төлем мөлшері лицензиаттың пайда мөлшері мен анықталмайды. Лицензиат пен лицензиар арасында пайданы бөлу реализацияланған және шығарылған өнім бағасынан лицензиармен белгілі бір процент белгіленіп төленеді. Сол кезде лицензиардың мөлшері барлық пайдадан бөлінбей, тек лицензия қолданған бөлігінен ғана бөлініп төленеді. Лицензия құның есептегенде әдетте өндірістің белгісіз көрсеткіштерінің бағалау әдісі қолданылады және елімізде осы салада белгіленген бағалардың құны негізінде есептейді. Лицензия құны – лицензиаттың пайдасындағы лицензия объектісін қолдану нәтижесінде алынатын лицензиардың төлем мөлшері. Пайданың мөлшерін есептеу үшін лицензиат лицензияланатын өнім бойынша өндіріс шығындарының нақты соммасын есептеп және өнім бірлігінің өз бағасын анықтау. Пайда сатылатын баға мен өнімнің өз бағасының айырмасымен анықталады. Лицензиар үшін бұл әдіс қолайсыз, себебі өндірістің шығындары туралы мәләмет – кәсіпкердің құпиясы. Лицензия құнын бағалаудың бұл түрі лицензияны сатып алушы үшін жаңа тауарды шығаруды жоспарлағанда қолайсыз болады. Бұл кезде лицензияның төлем бағасын анықтау үшін сол салады қабылданған релизациялық бағаның жуық шамалы құрылымының негізінде өндірістік өндірудің белгісіз көрсеткіштерін анықтау әдісі қолданылады. Бірақ тәжірбиеде көп жағдайларда лицензиармен есептеу үшін ағымды төлемдер түрі – роялти қолданылады. Бұл жағдайда ең негізгі сұрақ болып роялтидің әділ мөлшерін анықтау табылады. Лицензияланған келісім-шарттың құрылымы: Преамбула 15. Терминдердің анықтамасы. 16. Келісім заты. 17. Техникалық құжаттама. 18. Жетілдірулер мен жақсартулар. 19. Міндеттер мен жауаптылық. 20. Лицензия бойынша өнімді меңгеруде техникалық көмек. 21. Төлемдер. 22. Ақпарат және есеп берушілік. 23. Конфенденциалдықты қамтамасыз ету. 24. Берілетін құқықты қорғау. 25. Жарнама. 26. Дауларды шешу. 27. Келісім шарттың күшінің мерзімі. 28. Басқа шарттар. Жақтардың заңды мекен жайлары мен реквизиттері. Қосымшалар. Тапсырма: 1. «Материалдық қамтамасыз ету» бөлімінде берілген құжаттардағы өндірістік меншік объектілеріне құқық беру сұрақтарына негізделген бөлімдерді оқу. 2. Жұмыс дәптерінде лицензияланған келісім шарттың құрылысы мен құрылымын жазу. 3 МАГИСТРАТТАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 3.1 Курс бойынша өзіндік жұмысты келесі тәртіпте жүргізіп тұруы қажет. Курстың әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын әдебиетті оқып, теориясына көп тоқталмай, оқылатын сұрақтардың мәніне ғана тоқталып, түсініксіз жерлерін белгілеу керек. Содан кейін материалды мұқиятты түрде игеру қажет, яғни теориялық ережелерді, керекті негізгі мәліметтерді арнайы дәптерге жазып тұрады. Курсты оқу барысында студент СӨЖО мен СӨЖ реферат немесе үй тапсырмасы түрінде орындайды, оның басты мақсаты өткен тақырыпты толық меңгеру үшін. Студенттердің өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі: 1 Өнеркәсіптік меншік объектілері 2 «Интегралдық микросхемаларды қорғау туралы» ҚР Заңы 3 Тауар белгісін тіркеу тәртібі 4 Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік Ұйымы (құрылымы және функциялары) 5 ҚР Патенттік ведомствосының патенттік бюллетені 6 «Кейіннен сараптау» патенттеу жүйесі 7 Әртүрлі елдердің (вариант бойынша) өнертабыстарды классификациялау жүйелері 8 Берілген тапсырма бойынша патенттік зертеулер жүргізу 9 Әртүрлі елдердің (вариант бойынша) өнертабыстарды патенттеу жүйелері 3.2 Оқу - әдістемелік әдебиеттердің тізімі: 1 Патентное право: Сборник нормативно-правовых актов// Составитель Т.Е. Каудыров, Э.З. Фаизова .- Алматы: Жетi-Жарғы. 1996 2 Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан .- Алматы: Жетi-Жаргы. 1999 3 Патентоведение. Учебник для вузов. / Под ред. В.А. Рясенцева. - З-е изд., перераб. и доп. - М.: Машиностроение , 1984. -352 с. 4 Патентное законодательство зарубежных стран. В 2-х т. : Переводы / Сост. Н.К. Финкель. М.: Прогресс. 1987. .- Т.1 - 656 с., Т.2 - 526 с. 5 Журнал "Патенты и лицензии" 1997 - 1999 г.г.(по номерам) 6 ҚР патент заңы (1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданды) 7 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР заңы (1996 жылдың 10 маусымында қабылданды) 8 «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР заңы (1999 жылдың 26 шілдесінде қабылданды) 9 МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны»
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz