Файл қосу
Инновация лат
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ | |ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ | |СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-1830-2013 | |«Педагогикалық инновация» | | | |пәнінің оқу-әдістемелік |№3 – басылым | | |кешені | | | |(оқу әдістемелік | | | |материалдар) | | | «Педагогикалық инновация» ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие мамандыгына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Cемей – 2013 1.ӘЗІРЛЕГЕН: Құрастырушы: 28.08.2013 п.ғ.м., аға оқытушы Мухметова Раукен женисовна 2.ТАЛҚЫЛАНДЫ: 2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды. Хаттама № 1 04.09.2013ж. Кафедра меңгерушісі: ______________ /Джанбубекова М.З./ 2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында. Хаттама № 1 «05» 09.2013ж. Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./ 3. БЕКІТІЛДІ: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды. Хаттама №1 18.09.2013ж. ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./ 4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына) МАЗМҰНЫ 1. Пән бойынша негізгі түсініктер (глоссарий). 2. Пәні бойынша дәрістер кешені. 3. Пәні бойынша практикалық сабақтар кешені 4. Пәні бойынша cтуденттердің өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар 1.«Педагогикалық инновация» пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий) Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. Әдiстеме /методика/ - 1) бiр нәрсенi практикалық орындаудың әдiстерiнің, тәсілдерінің жиынтығы; 2) қандай да бiр ғылымды оқытудың әдiстерi туралы iлiм. Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну керек. Оны ойдан шығаруға болмайды. «Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой – санадағы көрінісі. Белсендiлiк - әлеуметтiк және психикалық белсендiлігiнiң турi: жеке адамның белгiлi бiр iс-әрекетке бағытталғандығының қарқыны. Тiршiлiк және iс- әрекеттерi барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзiн-өзi тәрбиелеу белсендiлiгi дамиды «Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді. Интерактивті сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады. Пассивті оқыту әдістері – оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру); Активті оқыту әдістері (белсенді) оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс); Интерактивті оқыту әдістері – inter (өзара), akt (әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады. Кейс-стади–өзбетінше ойлау қабілетін және шешім қабылдау дағдыларын кӛрсетуге мүмкіндік беретін мәселелі сипаттағы сұрақтарды топпен талдау. PBL (problembasedlearning–мәселеге-бейімдеп оқыту) әдісі -қойылған мәселемен өзбетінше жұмыс істеунәтижесінде студент әртүрлі пәндер бойынша компетенттілік құрылымдарын игеретін оқыту әдісі. TBL (teambasedlearning–кішітоптардаоқыту) әдісі –студентте топта жұмыс істеу дағдысын дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың топтық әдісі Тренинг (ағылш. «to train» - оқыту, жаттықтыру). Егер оқыту интерактивті жүргізілсе, яғни ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса берілген ақпаратты тез меңгереді және алған білімдерін бекіте отырып, мінез-құлық дағдылары қалыптасады т.б. Миға шабуыл әдісі –топта жұмыс істеуде шығармашылық белсенділігін жігерлендіру негізінде студенттерге ситуация шешімі жауабының бірнеше жолынайтуға мүмкіндік беретін, идеялармен шешімдерді қабылдаудың оперативтіәдісі. Тәрбие – адамзаттың тарихи қалыптастырған әлеуметтік тәжірибесін мақсатты түрде ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі. Тәрбие – тәрбиеленушілер бойында көзқарастар мен сенімдер, құндылықтар мен әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру мақсатындағы тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесулерінің процесі. Оқыту – оқушылар бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесулерінің процес. Білім беру – білім, іскерлік, дағдыны игеру процесі мен нәтижесі. Бiлiм беру - қoғaм мүшелеpiнiң aдaмгepшілiк, интеллектуалдық мәдeни жәнe дeне дaмyы мен кәciби білiктiлiгiнiң жoғapы дeңгейiнe қoл жeткiзyдi мaқcaт eтeтiн үздiкciз тәpбиeлey мeн oқытy пpoцeci. Білім беру ұғымын ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци. Дамыту – адам ағзасындағы сапалық және сандық өлшемдердің өзгеру процесі. Қалыптастыру – әр түрлі факторлардың әсерінен индивидтің тұлға болып қалыптасу процесі. Бiлiм берудi информатизациялау - білім беру жүйесін микропроцессорлық техникаға негізделген ақпараттық ӛніммен, құралдармен және технологиялармен қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың комплексі. Білім беру технологиясы - қатысушылардың комфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін жобалаудағы, ұйымдастырудағы, бағдарлаудағы және коррекциялаудағы мұғалімдер мен 20 оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі. Б.Б.Т. кіретіндер: мақсаттық бағытталғандық, сүйенетін ғылыми жүйесі, нәтижені бағалаудың ӛлшемдері, нәтижесі, қолданудағы шектеуліктер. Дамытып оқыту - оқушылардың таным іс-әрекетін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Дәстүрлі оқыту - ең алдымен оқытуды ұйымдастырудың кластық-сабақтық жүйесі тусініледі. Ол Я.А.Коменский белгілеген дидактика принциптеріне негізделіп XVIII ғ. қалыптасып, дүние жүзінің мектептерін де осы күнге дейін оқытуды осылай ұйымдастыру басым болып келеді. Оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі басты ролді білім беру, мұғалімнің іс-әрекеті атқарады. Оны Я.А.Коменскийдің, Н.Пестолоцци, И.Гербарт секілді педагогтардың тұжырымдамасы құрайды. Дәстүрлі емес сабақ - бұл орнатылмаған құрылымы бар импровизациялық оқу жұмысы. Түрлері: интегралды сабақтар, аукцион, парламенттегі дебаттар, ойын, саяхат, музыкалық-театрландырған, сайыс т.б. сабақтар. Сынып дегеніміз-жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімінің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды. Сабақ - оқытудың мiндеттерiн, яғни бiлiм беруiн, тәрбиеленуiн және дамуын шешуге жүйелi түрде қолданатын белгiлi бiр уақыт аралығында тұрақты құрамдағы мұғалiмдер мен оқушылардың iс-әрекетiн ұйымдастырудың формасы. Сабақты дидактикалық мақсатына қарай жіктеудің 5 түрі (типі) бар: жаңа оқу материалын өту сабағы; білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы; жинақтау және жүйелеу сабағы; аралас сабақ; бақылау, білімге, дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы. Сыныптық-сабақтық жҥйе - педагогика саласындағы бағалы жетістіктердің бірі. Сыныптық деп атауы-мектептің барлық оқушыларының ӛздерінің жас шамасы мен білім дәрежесіне сәйкес жеке сыныптарға топтастырылғандығында. Сабақтық деп аталуы-әр пән бойынша оқу курсының бірқатар жеке тараулар мен тақырыптарға, ал тарау мен тақырыптың біркелкі және бірізді орналасқан кесте бойынша бірінен соң келіп отыратын бӛлшектергеқ-сабақтарға бӛлінетігінде. Оқыту әдiстерi - бұл мұғалiм мен оқушылардың оқу тәрбие жұмысының мiндеттерiн шешуге бағытталған өзара бiрлескен iс-әрекетiнiң тәсiлдерi. Оқыту технологиясы /педагогикалық технология/ - дидактикадағы бағыт, оптимальды жүйелердiң принциптерiн анықтаудың және жасаудың, алдын-ала сипаттамалары берiлген қайталауға келетiн дидактикалық процестердi конструкциялауды ғылыми зерттеу аясы. Жаңашыл – мұғалімдер – жаңа педагогикалық жүйелердің авторы, жаңартуды және жаңалықтарды жасаушы, жүзеге асырушы. Жеке адам (тұлға) /личность/ - қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Ол өзінің өмір жолын таңдай алады. Тұлға -қоғамдық-тарихи категория. Оның қоғамдық мәні мен әлеуметтік функциясы жеке адам сипаттамасының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке адам тарихы, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика т.б. зерттеу объектісі. Жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Жаңашылдық (новация) – бұл шығармашылық ғылыми – зерттеу немесе өндірістік қызметтің өнімі, кез – келген құбылыс, оны пайдалану адам өмірінің нақты өмір сүру сферасында белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Жаңашылдық – бұл ерекше сипаты болып қоғамға бұрынырақта белгісіз болған өнімдерді тұрақты іздеу мен жасап шығару болып табылатын, шығармашылық қасиеті бар тұлғалар қызметінің қорытындысы. Жаңашылдық болып мыналар табылуы мүмкін: бұйым түрі, техника мен технология Инновация /лат. - жаңарту. жаңалық, ӛзгерту/ - жаңаның мазмұны және ұйымдастырылуы. Педагогикалық И. бағыттары: білім берудің жаңа мазмұның қалыптастыру; балалардың даму жүйесін, әдістемесін, педагогикалық технологияларын жасау және жүзеге асыру; оқу орындарының жаңа түрлерін құру т.б. – Инновация – кәсіпкердің инновациялық қызметі арқылы инновациялық өнім түрінде нақты өмірге жүзеге асырылған интеллектуалды еңбек нәтижесі ретінде; – Инновация –бұл нарықтық тепе – теңдікті бұзатын бәсекелік күш; – Инновация пайдалы тиімді қамтамасыз ететін жаңа немесе жетілдірілген өнім немесе үрдіс ретінде; – Инновация экономикалық өсу факторы ретінде. Инновациялық қызмет - нәтижесi экономикалық ұсу мен бәсекелестiк қабiлетiлiгi үшiн пайдаланылатын жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдi, технологияларды және ӛнім түрлерiн ұндiрiстiң түрлi салаларына және қоғамды басқару салаларына ұңгiзуге бағытталған қызмет. Инновациялық - білім беру консорциумы - жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады. Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел. Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады. Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс- әрекет. Мұғалім – мұғалімдік қызмет атқаратын адамдар мұғалім қызметкерлер болып есептеледі. Педагогикалық инноватика - Педагогикалық жаңа енгізулер (инновациялар) - мақсатты бағытталған өзгерістер, олар білім беру мекемесінің әрекетіне жаңа, салыстырмалы тұрақты элементтерді енгізеді, сөйтіп оның дамуына және қызметіне тиімді әсер етеді. Педагогикалық жаңа енгізулердің тарауының факторлары: – Кең ауқымдағы әлеуметтік шарттар. Педагогикалық идеяларға қоғамдық қатынастың басымдылығы, білім беру саласындағы мемлекеттің саясаты; – Жекелеген әлеуметтік шарттар: нақты мемлекеттік және қоғамдық институттардың әрекеті бұқаралық ақпарат құралдары, білім беру ұйымдары, өнерпаз шығармашылық педагогикалық бірлестіктер; – Жекелік факторлар: педагогикалық инноватиканы жасаушылардың және насихатшылардың тұлғалық ерекшеліктері. Педагогикалық шеберлiк - кәсіптік педагогикалық іс-әрекетті өзі ұйымдастырудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін жеке адамның қасиеттердің комплексі. Оның элементтері: гуманистік бағытталғандығы; кәсіптік білімдері; педагогикалық қабілеттері; педагогикалық техника. Педагог–жаңашыл – жаңа педагогикалық жүйелердің авторы, жаңартуды және жаңалықтарды жасаушы, жүзеге асырушы. 2. «Педагогикалық инновация» пәні бойынша дәрістер кешені. Тақырып-1. Инновация ұғымы және педагогикалық жүйеге енгізілетін жаңалықтардың мәні мен бағыттылығы. ( 3 -сағ) Инновация ұғымы. Педагогикалық инновацияларға, педагоикалық іс-әрекетке инновациялық бағыттылық беру. Жаңалық енгізудің деңгейілері. Педагогикалық инновацияларды сипаттайтын критерийлер: Инновация ағылшын тілінен аударғанда жүйе ішіндегі өзгерістер деген мағынаны білдіреді. Құрал мен үрдіс ретінде инновация қандай да бір жаңалық енгізу деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық үрдіске қатысты инновацияны оның мақсатына, мазмұнына , оқыту әдістері мен формаларына, мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін ұйымдастыруға жаңалық енгізу деп анықтауға болады. Оқытуда жаңалық енгізілетін жүйе педагоикалық жүйе деп аталады. Педагогикалық жүйе - өзгерістер жағдайында да тұрақты , өзгермейтін компоненттер жиынтығы. Мұндай компоненттер қатарына педаготер, оқушылар, оқу-тәрбие үрдісін басқару, технология және оқыту мен тәрбиелеу мазмұны , әдіс, формалары, құралдары жатады. Педагоикалық іс-әрекетке инновациялық бағыттылық беру бірқатар жағдайлармен анықталады. Біріншіден, қоғамдағы әлеуметтік- экономикалық түрлендірулер білім беру жүйесі, түрлі оқу мекемелеріндегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдіснамасы мен технологиясын түбірімен жаңартуды қажет етеді. Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендіру оқу пәндері көлемін, құрамын өзгертіп , жаңа пәндер негізіп, оқытуды ұйымдастырудың жаңа формалары мен технологияларын іздестіруді қажет етеді. Үшіншіден мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды қабылдау мен меңгеруге қатынасы сипаты өзгереді. Төртіншіден, оқу орындарының нарықтық қатынасқа өтуі бәсекелестік деңгейін көтеруді талап етеді. Педагогикалық инновацияларға : 1) жаңа емес, бірақ өзінің өзектілігін жоймаған және педагогика ғылымы мен практикасы жүйесін қамтитын, әлі толық жетілдірілмеген оқу-тәрбие үдерісін оңтайландырудың жалпы идеялары мен практикалық технологияларын; 2) ізгілік педагогикасының барлық қағидалары мен практикалық технологиялары жиынтығын қарастыруды; 3) жаңа идеяларға негізделген педагогикалық үрдістерді ұйымдастыру мен басқару амалдарын; 4) ақпараттандыру мен жаппай коммуникациялаудың жаңа идеялары мен құралдарына негізделген технологияларды жатқызуға болады. Педагогикалық жүйеге инновациялық түрлендірулер енгізудің басты бағыттары: тұтастай алғандағы педагогикалық жүйе; оқу мекемелері;педагогикалық теория; мұғалім;оқушылар; педагогикалық технология; мазмұны;формалары,әдістері, құралдары;басқару;мақсаты мен нәтижелері. Жаңалық енгізудің үш деңгейі бар: 1. Төменгі деңгейі – атаулар мен тұжырымдамаларды өзгерту ұсынылады. 2. Орташа- мәні емес, тек формаларын өзгерту талданады. 3. Жоғары- жүйені немесе оның негізгі компоненттері мәнін өзгертуі. Тек соңғы деңгейдегі жаңалықтар ғана практикалық жағынан құнды. Педагогикалық инновацияларды сипаттайтын критерийлер: А) оңтайлылық нәтижелер алу үшін жұмсалатын мұғалімдер мен оқушылар күші , құралдар шығынын тиімдендіру көрсеткіші; Б) нәтижелік- мұғалімдер іс-әрекетінде алынған нәтижелердің белгілі бір тұрақтылығы; В) жаңалықтарды жаппай тәжірибеде жасампаздықпен қолдану мүмкіндіктері болуы. Бұл критерийлерді білу педагогикалық жасампаздық іс-әрекеттің негізі болып табылады. Тақырып-2. Оқыту технологиясын ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер. ( 3- сағ) Гуманистік мектеп практикасындағы инновациялық іс-әрекет формалары мен әдістері. Инновациялық оқу мекемелері. Оқу мекемелерінің инновациялылығын көрсететін белгілі өлшемдер. Педагогика- ғылыми білімдер жүйесі. Оның ғылым ретіндегі негізгі сипаттамалары: объективтілік, мақсаттылық, тұрақтылық, қарама- қайшылықсыздық. Кез келген ғылыми теория сияқты , педагогиканың жүйе құраушы басты принципі – ғылымилық. Күшті және тұрақты тәрбие жүйесін тек объективті ғылыми анықталған және практикада дәлелденген қағидалар құрайды. Осыған байланысты педагогикалық теория дамуының инновациялылық бағыттарын анықтауға болады. Бірінші инновациялық бағыт Я.А.Коменскийдің табиғи үйлесімділік педагогикасына қайта оралу. Бұл оқушылардың мүмкіндіктерін түсіне отырып, оқытуды объективті негізде жүргізуді анықтайды. Екінші бағыт педагогикалық жүйені ізгілендіру , яғни гуманистік педагогиканы дамыту болып табылады. Ізгілік педагогикасының мәніне тоқталайық. Гуманизм (латынша humanus-адами, адамшылық) -әлемдегі ең маңызды құндылық адам деп танудың тұтас тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдаманың басты қағидасы тұлғаның жетістіктерін қорғау , оның еріктілігін , бақытты блу құқтарын мойындау , оның өзінің қабілеттіліктерін дамыту және байқату үшін жағдайлар (өмірде,еңбекте, оқуда, т.с.с. )жасау болып табылады. Гуманизм- тұтастай алғанда адам болмысының, жекелей алғанда әрбір адамның жан-жақты маңыздылығын мақұлдайтын идеялар мен құндылықтардың жиынтығы. Гуманистік педагогика- тәрбиеленушіні оқу- тәрбие үдерісінде белсенді ,саналы, тең құқықты, өз мүмкіншіліктеріне сай дамитын қатысушы ретінде анықтайды. Гуманистік педагогика тұлғаға бағытталған. Оның айырмашылық белгілері: ақпаратты меңгерту және белгілі бір білік , дағдыларды қалыптастырудан гөрі тұлғаның психикалық, денелік, интеллектуалдық , құлықтық және басқа сфераларын дамытуға; еркін,өз бетінше ойлай алатын және әрекет ететін тұлғаны, әр түрлі өмір сүру және оқу жағдайларында негізделген таңдау жасай алатын , азамат-гуманистің қалыптасуына қажетті оқу-тәрбие үдерісін қайта құруға басым жағдай жасау блып табылады. Гуманистік педагогика мектептің оқушыға бейімделуін, оған ыңғайлы атмосфера құру және психологиялық қауіпсіздік жағдайын жасауды талап етеді. Гуманистік мектеп практикасындағы инновациялық іс-әрекет формалары мен әдістері: 1. Оқу-тәрбиелік іс-әрекетті дифференциялдандыру. 2. Тәрбиелеу және оқыту үдерістерін жекешелендіру. 3. Әрбір тәрбиеленушінің бейімділіктері мен қабілеттіліктерін дамыту үшін жағдайлар жасау. 4. Гомогенді сыныптар мен параллельдерді қалыптастыру. 5. Оқу-тәрбие іс-әрекетінің ыңғайлылығы. 6. Психологиялық қауіпсіздік, оқушыларды қорғау. 7. Оқушыға,оның күшіне және мүмкіндіктеріне сену. 8. Оқушыны сол күйінде қабылдау. 9. Оқыту мен тәрбие жетістігін қамтамасыз ету. 10. Мектептің мақсаттық бағыттарын өзгерту. 11. Әрбір оқушының даму деңгейін негіздеу. 12. Мұғаліммен рухани кездесу жоқ сырттай оқуды жою. 13. Мұғалімнің ішкі тұлғалық ұстанымдарын өзгерту. 14. Гуманитарлық білім беруді күшейту. Инновациялық оқу мекемелері Қазіргі уақытта оқыту инновациялылығы идеясын үздіксіз жүзеге асырып отыру міндеттерін қамтамасыз ететін жаңа типті оқу мекемелері көптеп пайда болуда. Оларды дәстүрлі мекемелерден айыра білу де маңызды іс болып табылады. Оқу мекемелерінің инновациялылығын көрсететін белгілі өлшемдер: 1) оқу-тәрбие үдерісі табиғи үйлесімділік принципі мен классикалық педагогика принциптеріне негізделеді; 2) педагогикалық жүйе гуманистік бағытта эволюциялық түрде дамиды; 3) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда оқушылар мен мұғалімдердің жүктемесі шамадан тыс артпайды; 4) оқу-тәрбие үдерісінің жоғары нәтижесі оқушылар мен мұғалімдерді селекциялау емес, жүйенің ашылмаған және толық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қолдану арқылы қамтамасыз етіледі; 5) оқу-тәрбие үдерісі өнімділігі қымбат құралдар мен медиажүйе арқылы жүзеге асыру ғана емес, оқу мекемелеріне жаңалық ендіру, емкіні жаңарту, педагогикалық жүйені жетілдіру, оның мүмкіндіктерін тұлға мен қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыруына бағыттау болып табылады. Инновациялық типтегі жаңа оқу мекемелері ретінде гимназия мен лицейді атауға болады. Гимназия- оқу мекемесінің бағытына байланысты білім беру мазмұнының көпнұсқалылығын қамтамасыз ететін, оқу пәндерін тереңдете оқытатын , білім беру пәндері мен ғылым негіздері курстарын бағыт(профиль) бойынша оқушылардың таңдап алуына мүмкіндігі бар жалпы білім беретін оқу мекемесі. Лицей – белгілі бір бағыт бойынша пәндерді тереңдете оқыту жүзеге асырылатын жалпы білім беретін оқу мекемесі. Гимназия мен лицейлердің басқа жалпы білім беру мекемелерінен айырмашылығы білім беру мазмұны тереңдетіліп қана емес, кеңейте өткізіледі, ал оқу курстары интегративті пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың жүйелі ойлауы мен дүниетанымын қалыптастыру жүзеге асырылады. Тақарып-3. Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті (3 -сағ) Инновациялық білім беру жолдары. Педагогтың инновациялык іс-әрекет белгілері. Мұғалімінің инновацилық іс-әрекеттің негізгі міндеттері. Болашақ маманның кәсіби педагогикалық функциялары конструктивтік ұйымдастрышылық, қарым-қатынастық, дамытушылық, ақпараттық, зерттеушілік. Ұйымдастырушылық іс-әрекет міндеттері. Білім сферасына идеалогиялық әдістемелік, психология -педагогиялық және ақпараттық мағлұматтар жатады. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі- білім берудің жүйесінің жасалуы.Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты.Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым- катынас (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу- әдістемелік кешендерге көшу, т.б.) жаңаша ойлау калыптасуда. Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп - мұның түп қазіргі , бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты және оны мектеп тәжірибесіне енгізуге шешуші орынды мұғалім қызметі алатыны анық. Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Оқыту үрдісін басқарудың педагогикалық-психалогиялық мәселелерін аныктауда педагог пен оқушылардың арасындағы карым- қатынастарды ұйымдастыру мұғалімінің теориялык білімінің болуын қажет етеді. Осыған орай, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі бөлімдерінде жаңа мазмұн, оны оқыту әдістемесін студенттерге игертудің түрлі жолдарын іздестірілуде. . Ғылыми-педагогикалык әдебиттерді зерттеу мұғалімнің инавациялық іс- әрекетіне байланысты мәселелер жан-жақты қарастырылғанын көруге мүмкіндік тудырып отыр. Жүйелері бағыттылық зертетеулерде инавациялық іс-әрекет креативті парадигманың жеке бас, регулятивтік-коммуникативтік және қорытынды жүйе бөлшегін талдауда анық айқын қарастырылады. Соңғы он жылдықта «инновация» ұғымы кеңінен таралды. Инновациялық қозғалыстар білім беру жүйесінің жаңартуының маңызды айғағына айналды. Инновациялар бірнеше проблемалар тоғысында пайда болады және ауытқымай, жаңа мәселерді шешеді, білім беру үрдісінің үздіксіз жаңарып тұруына әкеледі. Педагогикалық инновация- тұтас білім беру жүйесінің оның жеке бөлімдерінің компаненттерінің сипаттамасын жақсартатын және жаңалықтардан тұратын, мақсатты өзгерістер. Бұл- жаңалықты меңгеру үрдісі. Бүгінгі күндегі инновациялык білім беру-оку және әлеуметтік- тәрбиелік іс-әрекеттің үрдісі мен нәтижесі, ол жеке адамның және жалпы қоғамның іс- әрекетінің жаңа түрін жоспарлайды және ынталандырады. «Инновация» термині латынның іппоуагіоп -инновацияларды енгізу дегеннен пайда болған.Инноватика философия, психологоия, әлеуметтану, басқару теориясы, экономика және мәдиниеттану пәндерінің тоғысуында жүргізілген зерттеулердің пәнаралық саласы ретінде қалыптасты. Көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да педагогикалық инноватиканың дамуы көпшіліктің қоғамдык-педагогикалық козғалыстарымен, мектептерді жылдам дамыту қажеттілікке байланысты қайшылықпен және мұғалімдердің оны іс-жүзіне асыра алмауымен байланысты. Жаңалықтарды қолдаушылардың жалпы сипаттары да өсе бастады. Осыған байланысты жаңа білімге деген, «инновация», «инновациялық үрдіс» деген жаңа ұғымдарды түсініп- білу қажеттілігі ұлғая түсті. «Жаңалықты еңгізу» (инновация) ұғымы жаңалық ретінде де, және осы жаналықты тәжірибеге енгізу үрдісі ретінде анықталады. Бүгінгі кезде инновациялық педагогикалық үрдістер білім берудің дамуын анықтайтын айғағы бола отырып, өзінің нақты теориялық базасы да бар. Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті құрылымын карастырған кезде, «инновация» және «педагогикалық іс-әрекет» деген негізгі түсініктердің мәнінің мағынасын талдауды колдану керек деген ғалымдардың (В.А.Сластенин мен Л.С.Подымова) ой-пікіріне қосыламыз.Белгілі зерттеушілердің (А.А Бодалев, ф.Н. Гоноболин, В.А. Кан-Калик,С.В. Кондратьева,Н.В Кузин және т.б.) еңбектерінде педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы туралы түсінік жан-жақты қарастырылған. Олар мұндай қасиеттерге жатқызатындары: жалпы және кәсіби мәдениет, педагогикалық бағдарлылық, моральдық қасиеттер, дидактикалық қасиеттері. Сөйлеу қабілеттері, ұйымдастырушылық, коммунативтік, педагогикалық елестету. Бұл ғылымдардың еңбектерінде іскерліктің екі үлкен тобы жіктеліп көрсетілген; операциялық және жеке бас. Бірінші топ білім беру үрдісіне жататын болса, екінші балалармен, ата-аналармен, мектеп оқушысымен нәтижелі карым-қатнас құруға қажетті әлеуметтің жеке бас және операциялық және жеке бас. Бірінші топ білім үрдісіне жататын болса, екінші балалармен, ата-аналармен, мектеп оқушысымен нәтижелі карым-катынас құруға кажетті әлеуметтің және жеке бас іскерліктері жатады. 2.Инновациялық білім беру жолдары Инновациалық іс-әрекет сонымен қатар, жаңашылдықты іздеп шешуге дайын болу қасиетімен де тығыз байланысты. Ал іс-әрекеттің «негізгі құрастырушысы» ретінде Б.Фломов мыналарды бөліп көрсетеді; мотивті, мақсатты, жоспарлауды, күнделікті мағлұматты, өндеуді, оперативті бейнелеуді, шешім қабылдауды, іс- әректтерді, қортындыны тексеру және әрекеттерді түзету. Біздің ойымызша жалпы іс- әрекеттің осы құралы бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекеттіне тән. Автордың айтуы бойынша, мұғалімнің инновациялык іс- әректінің диагностикасында ескерлетін бірнеше ережелер бар; 1. Өз қызметін және әріптестерінің қызметінің қызметін оның жоғарыда сөз болғандай тиімділігін бірізді талаптар бойынша жан- жақты бағалауға үйрету. 2. Ұжымдық істі ұжымдық талдау жасауға, өз жұмысының өзіндік талдауына үйрерту маңызды. 3. Өзінің кәсіби қасиеттерін өзіндік бағалау мен өзіндік тануға көшу, өзіне және баскаға талап коя білуге үйрету. 4. Мұғалімдердің инновациялык қызметін бағалау белгілеріне сүйеніп, педагогикалық кызметті сараптау бағалауға тарту. Осы жұмыстардың барлығында диагностика өзіндік мақсат емес, педагогикалық калыптасудың алғы шарттары мен шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдерді тәрбиелеу тәсілдері. Инновациялық іс-әрекет педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгеретін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен кұру үрдісі. Педагогтың инновациялык іс-әрекеті келесі белгілермен сипатталады: • өзінің жеке касеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, кабылдау кабілеті; • жаңа ғылыми идеалар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен; • жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз тәжірибеге еңгізумен; • педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдері өз бетінше жасаумен: • педагогикалық кертартпалықпен, догмамен, артта қалушылықпен белсенді күрес жүргізумен. Айтылғандарды есепке алғанда, педагогтың өнімді инновациялык іс- әрекеттінің көрсеткіштері мыналар: • педагогикалық еңбектің тиімділігі: • оқу- тәрбие үрдісіне қатысушылардың педагогикалық талаптары мен бағытарының бірлігі; • жеке тұлғаның шығармашылық тұлғасының калыптасуы; • Мұғалім беделінің өсуі, • Оқушылардың істі талдау әдіс- тәсіліне, диактикалық ойларға үйренуі; • Оқу және үрдісінде зерттеу тәсілінің педагогикалық қызмет үлгісіндегі ашулары. Қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына сәйкес «маман моделін» маман профессиограмасын жасау міндеті-жұртшылықтың назарын өзіне аударуда. Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар, педагогтар,психологтар, бар ( Н. В. Кузьмина, Ф. Н. Гоноболин, В. А. Сластенин, А. И. Щербаков, Н.А. Сорокин). В.А. Сластениннің пікірі бойынша, мұғалім профессиограммасы мыналарды қамтиды: 1) коғамның саяси сапалары; 2) Әлуметтік- психология этикалык- педагогикалық және ұстаздык жеке басының сапалары; 3) Психологиялық және педагогикалық даярлық.; 4) Мамандық бойынша даярлық; 5) Пән бойынша даярлайды. Бұл сапалар мұғалімдік қызметке қойылатын жалпы талаптардан туады. Инновацияның мазмұндық құрлымына кіретіндер- білім беру- тәрбиелеу үрдісінде, оқу-тәрбие жұмысын және оларды меңгеріп алу, зерттеу, мектепттегі оқу- тәрбие үрдісіне енгізу. Болашақ ұстаздың инновациялық іс-әрекеті төрт түрлі өлшеммен сипатталады: • инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін сезінуі: •оқу үрдісіне жаңалык енгізуде шығармашылық пен қызмет етуге даярлығының болуы; •енгізілеттін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болуы; •белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс-әрекетті толық өзіне қабылдап, оны енгізе білуі. Бастауыш сынып мұғалімінің инновацилық іс-әрекеттің негізгі міндеттері: *жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау; •жаңалықтың жетімсіз жақатарын анықтап, оны енгізуді ұйымдастыру кезеңді толықтыру мақсатын көздеу; *жаңалықтарды басқа жаңалықтармен салыстырып, олардың тиімдісін таңдап алу, мәні мен зерттелуін анықтау; *жаңалық еңгізілетін ұйымның инновациялық қабілетін бағалау. Бұл міндетті шешу үшін (зерттеу проблемасы бойынша) мынадай қосымша міндеттер қажет: *арнайы әдістемелік әдебиеттерді, қосымша газет- журнал материалдарынан, жекелеген әдіскерлер еңбектерінен инновациялық іс-әрекет түрлерімен танысып, оларға талдау жасау, қолдану мүмкіндіктерін айқындау: *өз іс-әрекетіне үнемі әдістемелік талдау жасап отыру. 1. Болашақ маманның кәсіби педагогикалық функциялары конструктивтік ұйымдастрышылық, қарым-қатынастық, дамытушылық, ақпараттық, зерттеушілік. Бұл функцияларды іске асыруда мұғалім іс- әрекетінің түрлері бөлініп көрсетілген: • өзін оқушының іс-әрекеті жоспарлауда оны дамыту мен қалыптастыру үрдісінде құрылыдык тұрғыда іске асыру іс- әректінің міндеттерін шешу үшін, мұғалім оку- тәрбие жұмысының бастауыш білім берудегі білім мазмұны мен кезеңдерінің әдістемесінің бірлігін сақтау; • оқушы іс- әрекетінің кұрлысын жоспарлау және оған педагогикалық жетекшілік жасау; • негізделген инновациялық іс- әрекетерді таңдау, анықтау; • ұжымдағы оқушыларды жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды ұйымдастыруы кажет. Бұл кұрылымдылық тұрғыны іске асыруда мұғалім ғылымның, әдістеменің соңғы жаңалықтарын, инновациялық іс- әрекетті пайдаланып кұрылған сабақтар жүйесін жасайды. Сабақтын әр кезеңі шығармашылықпен өткізіп, оқушы іс- әрекетін ұйымдастыруда инновациялық іс- әрекетті тиімді қолдану жоспарын жасайды. Ұйымдастырушылық іс-әрекет міндеттерін шешу үшін. • оқушы мен мұғалім арасындағы қарым- қатынасын ұйымдастыру; • оқушының оқудағы психологиялық және практикалық даярлығын ұйымдастыруға жағдай жасау • оқушыларды әртүрі оқу-тәрбие жұмыстарына баулу; • шығармашылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстары ұйымдастыру; • сабақты тыңдауға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру; • сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды дайындай білуі. Қарым- қатынас тұрғысындағы әрекеті іске асыру: • оқушы мен мұғалім арасында іскер қарым-қатынас орнықтыру; • оқу үрдісіндегі үжымдағы оқушылар қарым- қаттынасын жақсарту; Дамытушы тұрғыдағы іске асыру қызметі: • инноватциялық іс-әрекетті оқушының жас өспірім физиологиясына, педагогикалық, психологиялық ерекшелігіне сәйкес қолдану; • оқу үрдісіне оқушының ақыл- ой еңбегін ұйымдастыру; • оку үрдісінде педагогикалық жағдай тудыру арқылы, оқушының өздігінен ойлауымен оқылатын пәнмен шындық болмыс арасындағы байланысты білу; • оқушының білімге қызығушылығын арттыру; • алдынғы қатарлы озық тәжірибелердің оқушы білімін дамытушы әдіс- тәсілдерін қолдану. Ақпараттық функцияны іске асыру қызметі; • оқу материалдарын еркін меңгеріп, оны жеткізе білу әдістемесімен тәсілдерін қолдана білу; • пән мазмұнына ғылыми- дидактикалық талдау енгізу; • оқытуда жаңа технологиялар элементтерін қолдану. Зерттеу функциясы қызметін іске асыруда: • проблема бойынша зерттеу жұмысын жүргізу; • педагогикалық қызмет түрлерін қайта құру мен бағалау; • инновациялық іс- әрекетті тиімді пайдалану мақсатында оқып үйрену. Біз ғалымдардың мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін нәтижелі атқаруға мұғалімнің жеке бас қасиеттеріне авторлардың көбі білімді, дағды мен іскерлікті және бас сапаларды жатқызады. Жұмысымызда жеке бас қасиеттерінің әр көрсеткіштеріне жеке тоқтап, талқылауды жөн көрдік. Білім сферасына идеалогиялық әдістемелік, психология -педагогиялық және ақпараттық мағлұматтар жатады. Идеалогиялық мағлұматтарға: қоғам дамуының тенденцияларын айқындау, бастауыш білім беруді жетілдіру, философиалық, педагогикалық-психологиялық көзқарастарының болуын жатқызадық. Психалогиялық-педагогикалық көрсеткішке :педагогикалық этика, инновациялық іс- әрекетті меңгеруге мұғалімнің психалогиялық даярлығын, жаңалыққа сенімінің болуы, педагогикадан, психалогиядан, әдістемелік пәндерден білімнің болуы, инновациялық іс- әрекет өлшемдерін,алдыңғы қатарлы озық тәжірибе туралы білімнің болуын жаткыздық. Ақпараттық білімге: инновациялық іс-әрекет туралы ақпарат материалдарын жинақтауда, мұғалімнің монографиалық, педагогикалық, анықтамалық әдебиеттерімен жұмыс жүргізе білуін жатқыздық. Өз зерттеуімізде мұғалімнің жеке бас қасиетінің негізгі мамандық қатаң мынадай іскерлік түрлері қалыптасуы қажет деген ойға келіп отырмыз; *бастауыш сыныптарда қолданылатын жаңашыл әдістемелерді анықтау іскерлігі: • әр оқушының жеке басының қабілетінін есепке алу іскерлігі; • оқушылардың таным қабілетін , өздігінен білімін, іскерлігі мен дағдысын жетілдіру іскерлігі; • жаңашыл әдістемелердің мүмкіндігін мақсаткерлікпен пайдалана білу іскерлігі. Тақырып-4. Педагогикалық тәжірибе және озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым, маңызды белгілері. (3-сағ) Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Жаңалық – озат тәжірибенің белгісі. Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс. Көпщілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі. Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады. Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс- тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек. Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады. Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі. Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар: • оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі; • өз беттерімен білім ала білуі; • білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы; • оқушылардың жалпы дамуы. Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді. Жаңалық – озат тәжірибенің төртінші белгісі. Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн. Тақырып-5. Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату. (3- сағ) Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары Мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау іс Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу. Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі – әрі қиын, әрі үрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие салаларындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды. Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы жетістіктер мен мүмкіншіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады. Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып сабақтарына қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ жоспары, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды. Тақырып-6. Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық іс- әрекет. (3-сағ) Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету. Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Н.Нұрахметовтың инновацияны топтарға бөлуі. Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі. Инновациялық процестің кезеңдері: Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету. Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды. 70-80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс-тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі: • білім мазмұнындағы инновация; • оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация; • оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация; • мектептегі басқару жүйесіндегі инновация. Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері: - жеке, бір-бірімен байланысы жоқ; - модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар; - жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер. Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі. Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі. Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс- әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді. Инновациялық процестің кезеңдері: • иновацияның себептері; • жаңалықты жобалау; • жаңалықты жүзеге асыру. Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата- аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор: • мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы; • инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы; • бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу; • әлеуметтік-экономикалық жағдай; • инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар. Тақырып-7. Ынтымақтастық педагогикасы. (3-сағ) Ынтымақтастың - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет. Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуы. Ынтымақтастың - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет. Оған керекті жағдайлар: - мақсаттың бір екенін анық сезіну; - ынтымақтасушы жақтардың қызметш дәл белгілеу; - мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың, т.б. педагогикалық процеске қатысушылардың бір-біріне көмек беру і. Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуына себеп болған оқушылардың білім деңгейінің төмендігі, кеңес педагогикасының баланың еркін және жан- жақты дамуын тежеп, талантын басуы. Ынтымақтастың педагогикасы баланың психикасының саулығын сақтап, күштеп оқытуға, формализмге қарсы шығып, баланы оқуға ынталандырып, табысқа деген сенімін нығайтып, жазалаудың ауыр түрлерін мүлдем қолданбайды, адамгершілік пен ынтымақтың бала өмірінде үлкен маңызы бар екенін жете түсінеді. Жаңашыл мұғалімдер өз мектептерінде 25 жыл бойы идеяларын сынақтан өткізіп, ескі әдіспен жастарды оқытуға болмайтындығын дәлелдеп, мұғалімдерге жақсы жұмыс істеу жолдарын көрсетті. Олар: - балалар мен мұғалімдер, ата-аналар арасындағы ынтымақ; ұжым мүшелерінің шығармашылық жұмысы; - оқушыға атқарушылық және шығармашылық қабілетін •(дамытатын жұмыстар беру; - баланы өзін-өзі және ұжымды талдауға үйрету; тұлғалық дамуы; - тірек идеясы; - жаңарту идеясы; - озу идеясы; - жаңа мектеп; - тұлғаны дамыту идеясы. Кеңес мектебі білім беруге баса назар аударып, іскерлікке аз көңіл бөліп, оқыту мен тәрбиенің негізгі мақсаты оқушыларды дамыту екендігін ұмытып отырған. Ынтымақтастық педагогикасы ақыл-ойды, т.б дамытады. Атқарушылық, шығармашылық қабілет. Балалардың ақыл-қабілетінің дамуын зерттеген Б. Никитин, оны атқарушы, және баланың өздігін тез дамытатын, оның ең негізгі қасиеттерін шығармашылық деп бөледі. Бала дамуының жаңын аймағы - үлкендердің көмегі арқылы баланың атқараалатын істері. Көрнекті кеңес психологы Л.Выготский оқыту мен дамудың байланысын зерттеп, баланы дамыту үшін оған күрделі тапсырмалар беруді ұсынды. В.Шаталов ережелері оқылмаған тақырыптар бойынша оқушыларға есеп шығартады Баланың бір күнінің екінші жартысы оның икемділігін, қызығушылығын дамытуға арналады, бұл міндетті орындауға ересектердің уақыты жетпейтіндіктен, балаға негізінен сабақта білім беріліп, қалған уақытта баланың өзі қызығатын іспен айналысуына жағдай жасаған жөн. Жаңашылдар баланы өзін-өзі құрметтеуге оқу-тәрбие жүмысының барлық кезеңдерінде үйретеді. Өзін-өзі реттеу баланың өзінің іс-әрекеті арқылы жүреді. В.Шаталов үйге тапсырма бермейді, оқушылар оған бөлінген уақытты өздері үшін пайдаланып, тапсырманы тынығып алған соң орындайды. И.Волков үй тапсырмаларын оқушыларға таңдатады. Ш.Амонашвилидің тәрбиеленушілері үй жұмысын өз қалауымен алады. Озат мұғалімдер баланы құрметтеу идеясын іске асырып, бейімділікке қарай жұмыс беріп, оқушының жеке мүмкіндіктерін дамытып, сабақта да қабілетіне қарай жеке тапсырмалар беріп, қарапайым оқыту тәсілдерін қолданып, оқушыларға сабақ бергізіп, олардың шамалы болса да табысын, шығармашылығын мадақтайды. Басып тастау ма, әлде диалог па? Мұғалімдерге балалар өздерінің естігендерін, өсек-аяңдарды, әзілдерді айтып келеді. Дәстүр бойынша мұғалім оларды қайтарып тастайды. Себебі мүғалім өзіне келетін сөзден қорқады. Егер мұғалім оқушыға ол сөздердің дұрыс-бұрыстығын айтпаса, онда оқушы өз пікірін өзгертпейді. Оқушыларды әлеуметтік және саяси жағынан өсіретін демократиялық диалог және мұғалімнің өзгені өз сөзіне сендіре білуі. Жастар философиясы. Мұғалім кез келген жерде окушыға ақыл беріп, оған белгілі нәрселерді айта бермейді, диалог және пікірталас арқылы диалектикалық-материалистік философияны түсіндіреді. Ойын - демократ тұлғаны қалыптастыратын құрал. Мектеп және қоғамдың қатынас. Мектеп ұжымы қоғаммен тығыз байланыста болу керек. Өнімді еңбек - тәрбиенің тамаша құралы Тақырып-8. Қазақстандық және шетелдік жаңашылдардың іс-тәжірибесі. (3-сағ) Архимед Мыңбайұлы Ысқақовтың ұстаздық қызметі. Негізгі идеялары мен тәжірибелері Қ.М.Нұрғалиевтың негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева– Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. Шалва Александрович Амонашвили- Жаңашыл педагогтің қызметі. В.Ф.Шаталов тәжірибесі. С.Н.Лысенкова – Ресей педагогының әдістемесінің негізі. Архимед Мыңбайұлы Ысқақовтың ұстаздық қызметі. Негізгі идеялары мен тәжірибелері: Көпшілік Архимед мектебін "Болашақ" мектебі дейді. Оқу-тәрбие жұмысында бетбұрыс жасау идеясын ұсынып, әр оқушының еркін дамуына, азамат ретінде белсенді әрекет етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясын ұсынды. Педагогикалық процесті еркін демократиялық негізде жүргізу де Мыңбаевтың идеясы. Архимед мектебінің басым көпшілігі ерекше тәрбиені қажет ететін әдеттегі қиын балалар деп аталып жүрген 9-10 сынып оқушылары. Алайда, педагогикалық ұжым өз еріктерімен келген жасөспірімдердің ешқайсысын қиын оқушы деп есептемейді. 200 жасөспірімнің барлығын да, өздерінің бейімділігі мен ынта-ықыласына қарай іске тартып, сенім артып, адал еңбектің пайдасына көздерін жеткізеді. Архимед мектебінің міндеті - балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, олардың өмірдегі өз жолын табуына көмектесу. Бұл мектеп сол кезде жартылай шаруашылық негізде жұмыс істеп, оқушылар түске дейін қалалық жүзден астам өндіріс орындарында міндетті түрде 4 сағат еңбек еткен. Тапқан табыстарының 50 сомын мектеп қорына өткізіп, оны бос уақыттары мен каникулдарын мазмұнды ұйымдастыру үшін жұмсаған. Оқуға деген ынтасына қарай оқушыларға 10 сомнан 50 сомға дейін шәкірт ақысы төленген. Бағдарламаның ерекшелігі – жалпы білім беретін пәндерден басқа әр оқушының қалауына сай бір-екі пәнді тереңдетіп оқытуында, бейнелеу өнері, кино, театр, саз, дін тарихы пәндерін енгізілуде, биология курсының "Экология негіздері" деген қосымша сабақтармен толықтырылуында. Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатымен дене шынықтыру сабағы аптасына 5 рет өткізіліп, бір сабағы міндетті түрде бассейінде өткізілген. II. Қ.М.Нұрғалиевтың негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі Идеясы: Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасына айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсат ету, жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жұмыс істеу. Жаңашыл ұстаздың басына тән басты қасиеттер: ерен ерлігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы, біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті, адамгершілігі, педагогтың ізденімпаздығы, шығармашылығы. Еліміздің таңдаулы мектептерінің бірі Боран мектебі мыңға жуық оқушы оқыған ауылдық жердегі аралас мектеп болған. Мектеп жанындағы оқу өндірістік кешенінде 9-10 сыныптағылар екі жыл ішінде жүргізуші, тракторшы, электрик мамандықтарын алып шыққан. Мектептің бүкіл оқу тәрбие жұмысы техникалық құралдарды қолдануға негізделіп, барлық 40 кабинеттің техникалық орталығы республикамызда тұңғыш рет осы мектепте жасалып, мыңдаған дыбыстық фонограммалардың, диафильмдер, диопозитивтердің, кинофильмдер мен кино-фрагменттердің, магнитофон жазбаларының үлкен қоры жинақталған орталық телестудиясы болған. Студиядағы операторлар да, режиссерлар да 7-сыныптан жоғары оқитындар болды. Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева Қанипа Бітібаева – Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың жаңа жүйесін қалыптастырған ұстаздардың бірі. 1991 жылы 19 мамырда Қанипа Бітібаеваның ғылыми әдістемелік атаулы мектебі ашылып, оның жетекшілігімен ұстаздар "Әдебиетті тереңдетіп оқыту әдістемесін" жетілдіруге ат салысуда. Қ.Омарғалиқызы 70-тен аса мақала мен 23 кітаптың және оқулықтардың авторы. Оның "Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы" атты оқулығында лириканы, эпикалық шығармаларды, драмалық шығармаларды жаңа технологиялармен оқыту жолдары баяндалған. Абай, Мұқағали лирикаларын меңгерудің жолдары тақырыпқа қатысты сабақ еткізудің технологиялық картасы, поэтикалық талдаулардың үлгілері, шығармашылық жұмыстар берілген. Мысалы, жыраулар поэзиясына 40 түрлі тапсырма түрінің берілуі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Эпикалық жанрды меңгертуге қатысты әңгіме, хикаят, роман, жанрларын оқытудың ғылыми-теориялық негізі және сабақ үлгілері бірге ұсынылған. Сонымен қатар, "Абай жолы" эпопеясын оқыту технологиясы мен әдістемесі де жан-жақты сөз болады. Батырлар жырын публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту әдістері берілген. Әсіресе, дамыта оқыту технологиясына сүйене отырып, оқушыларды ғылыми еңбекке баулу мәселелері, дарынды балалардың қабілетін жетілдіру, әдіс- тәсілдері де осы оқулықта көп жазылған. Ұстаздың Абай туындыларын оқытуға негізделген екі кітабы, Мұхтар Әуезов шығармаларын оқытуға бағытталған үш кітабы іргелі еңбектер қатарын молайтты. Шалва Александрович Амонашвили Жаңашыл педагогтің қызметі: профессор, психология ғылымдарының докторы, академик. Негізгі идеялары және педагогикалық ұрындары: ынтымақтастық педагогикасы, жеке тұлғаны демократияландыру. Ш.А.Амонашвили 6 жасар балаға тәрбие және білім берудің мазмұнын, принциптерін, тиімді әдістерін ғылыми негіздеп, оны мектеп тәжірибесі арқылы дәлелдеді. Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты тәрбиелеуде гуманитарландыру идеясын жүзеге асырды. Ұраны: "Тәрбие процесінің барлық салаларында әр баланың жеке басына құрметпен қарау". Шалва Александрович мектеп есігін жаңа ашқан, әлі буыны бекіп үлгермеген 6 жастағы балалардың тауын жығып, талабын қайтармас үшін оларға баға қоймайды. Балалардың еңбегін олардың тындырған істерінің нақты нәтижелерімен бағалайды. Оның оқушыларының дәптерден жасаған қолжазба кітаптары бар. Оған балалар өздерінің алғашқы әңгімелерін жазады, өздерінің салған суреттерін папкаларға жинайды. Балалар табыстарын ата-анасына көрсетіп, мақтанып, оны мектептегі көрмеге қойып, ұжымның рухын көтеріп, оқушыларға күнделікті оқу, білім, өздігінен іздену жолдарын түсіндіреді. Мысалы: В.Амонашвили мәтіннің қатесін тапқызу әдісін қолданады, өзі қате жіберіп балаларға түзеттіреді. Диктанттың бағасын асырып, не кемітіп қою, оқушылардың өздеріне баға қойғызу тәсілдерін қолданады. Амонашвили балалардан өз сабағының ұнаған, ұнамағанын, жақсы етіп қалай өткізуге болатынын сұрап, олардың сұрауымен сабақ береді. В.Ф.Шаталов (1929 жылы туған) – украин педагогы. В.Ф.Шаталов тәжірибесінің бірінші ерекшелігі - оқу процесін оқушылардың іс-әрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге, бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. Шаталов 1-кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндіріп, 2- кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп, 3-кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп, 4-кезеңде оқушылар оқулықпен және тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді. 5-кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дәптертеріне жазып, 6-кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауаптар береді. Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды. Шаталов тәжірибесінің екінші ерекшелігі – бағдарлама нық бір-бірімен байланысты немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту. С.Н.Лысенкова – Ресей педагогы. Әдістемесінің негізі – бастауыш сыныптардағы оқу процесінде тірек сигналдарды пайдалану, оқу материалы туралы оқушыда тұтас түсінік қалыптастырып, "оза оқытып, перспективалы жұмыс жасау". Лысенкова оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, олардың сабаққа барысында көп сөйлеуіне, өздерін-өздері оқытуына көп көңіл бөліп "кері байланыс" – деп атайды. Жалпы С.Н.Лысенкова балаларға ауызша тапсырмаларды аз орындатып, бүкіл сынып қатысатын жазбаша тапсырмаларға ерекше ден қояды. Ол оқушылардың сыныбы ілгерілеген сайын көп пікірталастар өткізгенді дұрыс деп санайды. Тақырып 9. Педагогикалық технология туралы түсінік (3-сағ) 1.Педагогикалық технологиялардың қолданылу жодарын көрсету 2.Оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың маңыздылығы 3.Жаңа технологиялардың теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже беру. 4.Мұғалімдер мен тәрбиешілерге шығармашылық еркіндіктің берілуі. Қазіргі кезеңдегі психологиялық педагогикалық әдебиеттер ғылыми- технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына «жаңа компьютерлік технологияларды» енгізуімен бірге келген «технология» деген ұғым жиі кездеседі. Ғылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт ХХ ғасырдың 60-жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады. педагогикалық технологияны жасаушылардың назары (терминдік түсініктемелеріне қарағанда) педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар саласына бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі негізінен оқушылардың белгілі бір білім жиынтығын меңгеруге бағытталған. Концепция жасаушылардың «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің ерекшеліктерімен ұстаз еңбегінің технологиясының өзгешеліктері арасындағы өзара байланыстардың түрленген түрлерін көрсетудің басылмауы олардың ең осал жері. Егер кәсіби іс-әрекетке жеке өзгерістер енгізілсе еңбек саласында түбегейлі өзгерістерге жету және оның нәтижелеріне аса ықпал жасау мүмкін емес. Бұл тағы да «технология» ұғымының мазмұны туралы айтуға мәжбүр етеді. Бар және жасалынатын жаңа педагогикалық технологияны бағалаудың негізінде: концептуалбдық; Ұстаздық қатысы бар заттық саласының мазмұнын түсіну ұстаздың қатысы бар; ұстаз іс-әрекетінің соңғы парадигмасының нақтылығы; жалпы технология және оның ішінде жеке және педагогикалық технологияның қайда жасалынатынымен және қолданылатындығының саласының ұғымына сипаттама болып отыр. «Технология» деген термин гректің түп тамыры techne-өнер, шеберлік, кәсіп және logos-ғылым, білім деген сөзінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік процестері жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы, мысалы металдардың технологиясы, химиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және т.б. Бұл осы термин өндіру процесі барысында жүзеге асырылып шикізатты материалдарды немесе жартылай фабриканттарды өндеуді жасаудың, жағдайларын, қасиеттерін, формаларын өзгерту әдістерінің жиынтығы ретінде бірқатар басқаша анықталады. Технология ғылым ретінде міндеті- практикада өндіріс процестерінің ең тиімділерін анықтау мен қолдану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және т.б. заңдылықтарды анықтау. Міне осыдан бірқатар өте маңызды айқын анықтамалар туады: -технологияны жасау үшін нақтылы еңбек затының қасиеттерін байланыстарымен қатынастарының жолын сипаттайтын заңдылықтарын білу керек; -еңбек затын өңдеу тәсілдерін білу; -еңбек затының жағдайын анықтай білу (диагностика); -еңбек затының жағдайын өзгерту тәртібін (әрекет тізбегін) жасау. Негізінен ең алдымен көрсетілген технологияның белгілері педагогикалық еңбектің технологиясы дегеніміз не екенін анықтап береді. Педагогикалық технологиялар білім беру аймағына қатынасы болады егер білім берудің мақсаты білім жүйелерін меңгеру ретінде анықталса, онда технологиялар да білім беру сияқты білімнің сапасы мен көлемін меңгерумен бағаланады. Бірақ әдеттегі білім беру моделінің дағдарысы педагогикалық негізгі категорияларының бірқатар мазмұнын қайта қарауға әкеледі. ХҮ ЮНЕСКОның басты конференциясында білім беру дегеніміз әлеуметтік көлеміне келген және дербес жетілген тұлғаның қабілеттері мен мінез-құлықтарын жетілдірудің нәтижесі мен процесі деп есептеу қабылданады. Бұл анықтамаға басқа білім беру тұлға мен қоғамның мүддесіне байланысты жүргізілетін педагогикалық ұйымдастырылған әлеуметтендіру процесі деген анықтамада қайшы келмейді. Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көп тараған анықтама В.П.Беспалько ұсынған: ол педагогикалық технология оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында қолданылған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық технология қол жеткен жетістіктерді сатылы өлшеу мен қорытынды бағалаудың лбъективті мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды. Бірақ бұл анықтамаға көрсетілген бір-бірімен тәуелсіз және дербес өмір сүруін оқыту және тәрбие процестері болады деген оймен келісу қиын. Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым, және ол біртұтас педагогикалық процеспен байланысты. (В.С.Ильин), демек педагогикалық технологияда осы педагогикалық процестің басты белгісіне сәйкес болуы керек. Педагогикалық технологияға берілген басқа да анықтама бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада (В.П.Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастырумен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс- әрекеттің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам және олардың өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындылау (Г.К.Селевко). В.Н.Бордовская мен А.А.Реанның көрсетуінше білім беру технологиялары дегеніміз бұл білім беру процесіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс-әрекеттеріне, ол мақсат мазмұн әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады. Г.М.Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа-ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұнымен, оқу жоспарымен бағдарламаларында ескерілген іс- әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады. В.А.Сластенин бойынша педагогикалық технология деген, ол қатал ғылыми жоспарлау мен дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету. Педагогикалық процестің белгілі бір принциптердің жүйесі негізінде жасалатындықтан, педагогикалық технология сол принциптерді сыртқы және ішкі іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде қарастырылуы олардың объективтік өзара байланысындағы ұстаз тұлғасының тұтасымен көрінетін бірізді жүзеге асыруға бағытталған. Міне, педагогикалық технологияның сабақ беру мен тәрбие жұмысының әдістемесінен айырмашылығы, өзгешелігі осыдан тұрады. Егер «әдістеме» деген ұғым оқыту мен тәрбиелеу әдістерін және оны жүзеге асырушы әрекетінен тыс тұтас комплексті қолдану процедурасын көрсетеді, онда педагогикалық технология оған ұстаз тұлғасының барлық жақтарымен көптеген көріністерімен қосылуын ұйғарады. Сірә осыдан, қандайда болмасын педагогикалық міндет тек қана оған сәй кәсіби маман ұстаздың жүзеге асыратын технологиялар көмегімен тиімді шешілуі мүмкін. Демек, барлық педагогикалық технологиялардың негізгі мәні туралы пікірлердің қарама-қарсылықтарына қарамастан оны сабақ беру мен ұстаздардың жоспарланған мақсаттары мен оқушылардың іс-әрекеттерінің жетістіктеріне жету процесі ретінде түсіндіруге болады. Қандайда болмасын технологияның негізгі бөлігі ол соңғы негізгі жетістікті толық анықтауымен оған жетуді дәлме-дәл бақылау болады. Негізінен, (өндіріс пен әлеуметтік аймақты) қарапайым процесс ол алдын ала жобаланған, өнімнің негізгі қасиеттері мен анықтаудың құралдары анықталғанда осы процес процесті жүргізу үшін жағдайлар мақсатта бір қалыптасып және ол «жіберілсе» ғана технология статусын алады. Жаңа педагогикалық технологияны тиімді меңгеру- мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық қабілетінің қалыптасуына ізгі әсерін тигізіп, өзін- өзі дамытуға көмектеседі. Сабақ біздің заманымызда да оқытудың негізгі түрі ретінде қала береді. Оқыту үрдісінде жаңа технология түрлерін кеңінен ендіру немесе элементерін пайдалану- әрбір мұғалімнің міндеті. Жаңа технологиялар инновациялық оқудың сүйегі бола отырып, оқушының тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын және өзін- өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді. Жаңа технологияны енгізу арқылы оқу үрдісінің деңгейі көтеріліп, оқушының білім мен білігінің артуын интеллектуалды дайындығы мен танымдық қызығушылығын оятуға, денсаулығын сақтауға және жеке тұлғаның адамгершілік- құқықтық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасалады. Осыдан келіп, өзін- өзі көрсетуге қабілетті шығармашылық тұлғадан дамыған, әлеуметтік жеке тұлға қалыптасады. Тақырып 10. Қазіргі білім беру саласына оқытудың озық технологияларын енгізу (3-сағ) 1.Оқу тәрбие процесіне модульдік оқыту технологиясын енгізу тиімділігі 2.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы 3.Деңгейлеп оқыту технологиясы және дамыта оқыту технологиясы 4.Сорос орталығының «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының «Ой қозғау», «Топтастыру», «Кубизм, «Венн диограммасы» стратегиясы Жаңа педагогикалық технология төмендегідей бағыттарға бөлінеді: |№ |Бағыттары |Түрлері | |І |Педагогикалық үрдісте |Педагогикалық қарым- қатынас технологиясы | | |жеке тұлғаның бағыты |Ы.Алтынсариннің | | |негізіндегі педагогикалық|педагогикалық технологиясы | | |технология |Ш. А. Амонашвилидің жеке тұлғалы ізгілік | | | |технологиясы. | | | |И. Ильин жүйесі. | |ІІ |Оқушының іс- әрекетін |Ойындар түріндегі технология. | | |белсендіру және |Проблемалық оқыту технологиясы. | | |қарқындату негізіндегі |Басқа тілдегі мәдениетке коммуникативтік | | |педагогикалық технология |(жан- жақты) оқыту технологиясы. (Е.И. | | | |Пассов) | | | |Оқыту материалын тірек сызбалар, тірек | | | |конспектісі және модельдеу арқылы | | | |қарқындатып оқыту технологиясы. (В.Ф. | | | |Шаталов) | |ІІІ |Оқу үрдісін тиімді |Миға тұтқиылдан шабуыл жасау технологиясы. | | |ұйымдастыру және басқару |С.И. Лысенкованың түсіндірмелі басқаруда | | |негізіндегі педагогикалық|тірек схемаларын пайдалана отырып, | | |технология |перспективті алдыға жылдамдата оқытудың | | | |технологиясы. | | | |Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы. | | | |Деңгейлік дифференциялау технологиясы. | | | |Бағдарламалық оқыту технологиясы | | | |Ұжымдық оқыту технологиясы. (КСО, А.Г. | | | |Ривин, В.К. Дьяченко) | | | |Топтық оқыту технологиясы. | | | |Қомпьютерлік оқыту технологиясы. | | | |Модульдік оқыту технологиясы. (Жанпейісова | | | |М.М.) | |ІҮ |Дидактикалық білім көтеру|«Экология және диалектика» (Л.В.Тарасов) | | |және материалды |«Мәдениет диалогы» (Б.С. Библер, С.Ю. | | |реконструкциялау |Курганов) | | |негізіндегі педагогикалық|Дидактикалық бірліктерді ірілендіру. (П.М. | | |технология |Эрдниев) | | | |Ақыл- ой іс- әрекетін сатылай қалыптастыру | | | |теориясын игеру технологиясы. (МБ. Волович)| |Ү |Жеке пәндік педагогикалық|Сауаттылыққа ерте үйрету және дамыта оқыту | | |технология |технологиясы. (Н.А. Зайцев) | | | |Н. Оразақынованың сатылай талдап оқыту | | | |технологиясы. | | | |Бастауыш мектептің жалпы оқу білігін | | | |жетілдіру технологиясы. (Н.А.Зайцев) | | | |Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы. | | | |Математикалық есептер шешу негізіндегі | | | |оқыту технологиясы (Р.Г.Касаткина) | | | |Сабақтың тиімді жүйелік негізіндегі оқыту | | | |технологиясы. (А.А. Окунев) | | | |Физиканы сатылай оқыту жүйесі. | | | |(Н.Н.Палтышев) | |ҮІ |Альтернативті |Вальдорф педагогикасы. (Р. Штайнер) | | |педагогикалық |Еркін еңбек технологиясы. (С. Ферт) | | |технологиялар |Ықтималдық білім технологиясы. (А.М. Лобок)| | | |Шеберханалық технологиясы. | |ҮІІ |Табиғи байқағыштық |Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа | | |технологиясы |тәрбиелеу технологиясы. (А.М. Кушнир) | | | |2. Өзіндік дамыту технологиясы. | | | |(М.Монтессори) | |ҮІІІ|Дамыта оқыту технологиясы|Дамыта оқыту жүйесі. (В.Занков) | | | |Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту | | | |технологиясы. (И.С. | | | |Якиманская) | | | |Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың дамыта оқыту| | | |технологиясы. | | | |Өзіндік дамыта оқыту технологиясы. (Г.К. | | | |Семеко) | |ІХ |Авторлық мектептің |Педагогикалық бейімделу мектебі. (Е.Д. | | |педагогикалық |Ямбург) | | |технологиясы |Өзін анықтау мектебінің авторлық | | | |технологиясы. (А.Н. Тубельская) | Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің айырмашылықтары |Педагогикалық процесінің|Дәстүрлі сабақ |Дамыта оқыту | |компонеттері |(түсіндірме әдісі) | | |Мақсат |Оқушыларға білім, білік,|Байқампаздығын, ойлауын,| | |дағды қалыптастыру |практикалық әрекетін | | | |дамыту | |Бастапқы мазмұн |Факторлық, мысалдар, |Заңдылықтарды, | | |тақырыптар, дәлелдер |теорияларды, ұғымдарды, | | | |ережелерді қорыту | |Оқытудың формалары |Жеке, топтық, фронтальді|Бірлескен ұжымдық іс- | | | |әрекет | |Оқыту әдістері |Ауызша түсіндіру, |Проблемалық, баяндау, | | |көрнекілік, практикалы |ізденушілік, | | | |зерттеушілік | |Бақылау, бағалау |Оқытудың нәтижесін |Өзін- өзі бақылау, өзін-| | |мұғалімнің бақылауы, |өзі бағалау | | |бағалауы | | 3. Пәні бойынша практикалық сабақтар кешені Тақырып-1. Инновация ұғымы және педагогикалық жүйеге енгізілетін жаңалықтардың мәні мен бағыттылығы. ( 2 -сағ) Инновация ұғымы. Педагогикалық инновацияларға, педагоикалық іс-әрекетке инновациялық бағыттылық беру. Жаңалық енгізудің деңгейілері. Педагогикалық инновацияларды сипаттайтын критерийлер: Тақырып-2. Оқыту технологиясын ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер. ( 2- сағ) Гуманистік мектеп практикасындағы инновациялық іс-әрекет формалары мен әдістері. Инновациялық оқу мекемелері. Оқу мекемелерінің инновациялылығын көрсететін белгілі өлшемдер. Тақарып-3. Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті (2 -сағ) Инновациялық білім беру жолдары. Педагогтың инновациялык іс-әрекет белгілері. Мұғалімінің инновацилық іс-әрекеттің негізгі міндеттері. Болашақ маманның кәсіби педагогикалық функциялары конструктивтік ұйымдастрышылық, қарым-қатынастық, дамытушылық, ақпараттық, зерттеушілік. Ұйымдастырушылық іс-әрекет міндеттері. Білім сферасына идеалогиялық әдістемелік, психология -педагогиялық және ақпараттық мағлұматтар жатады. Тақырып-4. Педагогикалық тәжірибе және озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым, маңызды белгілері. (2-сағ) Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Жаңалық – озат тәжірибенің белгісі. Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Тақырып-5. Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату. (2- сағ) Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары Мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау іс Тақырып-6. Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық іс- әрекет. (2-сағ) Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету. Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Н.Нұрахметовтың инновацияны топтарға бөлуі. Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі. Инновациялық процестің кезеңдері: Тақырып-7. Ынтымақтастық педагогикасы. (2-сағ) Ынтымақтастың - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет. Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуы. Тақырып-8. Қазақстандық және шетелдік жаңашылдардың іс-тәжірибесі. (2-сағ) Архимед Мыңбайұлы Ысқақовтың ұстаздық қызметі. Негізгі идеялары мен тәжірибелері Қ.М.Нұрғалиевтың негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева– Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. Шалва Александрович Амонашвили- Жаңашыл педагогтің қызметі. В.Ф.Шаталов тәжірибесі. С.Н.Лысенкова – Ресей педагогының әдістемесінің негізі. Тақырып 9. Педагогикалық технология туралы түсінік (2-сағ) 1.Педагогикалық технологиялардың қолданылу жодарын көрсету 2.Оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың маңыздылығы 3.Жаңа технологиялардың теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже беру. 4.Мұғалімдер мен тәрбиешілерге шығармашылық еркіндіктің берілуі. Тақырып 10. Қазіргі білім беру саласына оқытудың озық технологияларын енгізу (2-сағ) 1.Оқу тәрбие процесіне модульдік оқыту технологиясын енгізу тиімділігі 2.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы 3.Деңгейлеп оқыту технологиясы және дамыта оқыту технологиясы 4.Сорос орталығының «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының «Ой қозғау», «Топтастыру», «Кубизм, «Венн диограммасы» стратегиясы 4.«Педагогикалық инновация» пәні бойынша cтуденттердің өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар 1. Инновация анықтамасын анықтаңыз. 2. Оқытудың инновациялық әдістері мен түрлері 3. Оқытудың дәстүрлі әдістері мен инновациялық әдістерін салыстыр. 4. Тренингтер мен іскерлік ойындарды қолдану 5. Педагогикалық жүйе дегеніміз не және ол жайлы білудің қандай қажеті бар? 6. Педагогикалық іс-әрекеттегі инновациялылық қандай жағдайларды жүзеге асырумен анықталады? 7. Педагогикалық инновацияларға нені жатқызуға болады? 8. Педагогикалық жүйеге инновациялық түрлендірулер қандай бағыттар бойынша енгізіледі? 9. Педагогикалық жүйелерге жаңалық енгізулер деңгейлерінің мәні қалай сипатталады? 10. Педагогикалық инновациялар қандай критерийлермен сипатталады? 11. Педагогикалық теория инновациялылығы қандай бағыттармен анықталады? 12. Оқу мекемелерінің инновациялылығы қалай сипатталады? 13. Педагогикалық инновациялық іс-әрекет түсінігі 14. Мектеп жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар 15. Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері 16. Оқудың интерактивті әдістері үлгілері. 17. Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті 18. Педагогикалық үдеріске қатысты инновация қандай элементтерге байланысты анықталады? 19. Педагогикалық инновацияларға нені жатқызуға болады? 20. Педагогикалық жүйеге инновациялық түрлендірулер қандай бағыттар бойынша енгізіледі? 21. Педагогикалық жүйелерге жаңалық енгізулер деңгейлерінің мәні қалай сипатталады? 22. Педагогикалық инновациялар қандай критерийлермен сипатталады? 23. Педагогикалық теория инновациялылығы қандай бағыттармен анықталады? 24. Ізгілік педагогикасы қалай анықталады? 25. Гуманизм тұжырымдамасы қағидалары қалай анықталады? 26. Гуманистік педагогика тұлғаны қалай анықтайды? 27. Гуманистік педагогиканың айырмашылық белгілері неде? 28. Оқу мекемелерінің инновациялылығы қалай сипатталады? 29. Гимназияның оқу мекемесі ретіндегі ерекшеліктері қандай?
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz