Файл қосу

Басты сот талқылауы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |                     ОӘК  |ПОӘК042-18-20.1.60/02-20|
|                         |                          |13                      |
|«Қылмыстық іс бойынша сот|                          |                        |
|өндірісі» пәнінің        |№1 басылым                |                        |
|студенттерге арналған оқу|02.09.2013ж               |                        |
|жұмыс бағдарламасы       |                          |                        |









                     «ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША СОТ ӨНДІРІСІ»
                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                Студенттерге арналған оқу жұмыс бағдарламасы
                «5В030100»- Құқықтану мамандықтарына арналған




















                                                             Семей
                                    2013


1. ӘЗІРЛЕНДІ
      Құрастырушы Сарбасова Әлия Кабдрасуловна, Семей қаласындағы Шәкәрім
      атындағы мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға
      оқытушысы.
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
      2.1. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университетінің
      «Құқықтану» кафедрасының отырысында
      № 1 хаттама  «02» қыркүйек 2013жыл.

          Кафедра меңгерушісі
      С.Х. Елеманов

      2.2. Гуманитарлық-заң  факультеті оқу-әдістемелік бюросының
      отырысында  № 1 хаттама  «17» қыркүйек 2013 жыл.

         Төраға                                  Ш.С. Кенесбаева


3. БЕКІТІЛДІ
      Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға
      мақұлданды және ұсынылды
          № 1 хаттама  «18» қыркүйек 2013 жыл.

      ОӘК төрағасы, бірінші проректор                   Г.К. Искакова

АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ:

























Мазмұны
1. Жалпы ереже
2. Пәннің мазмұны бойынша және сабақ түрлеріне байланысты сағаттарды бөлу
3. Пәнді оқытуға байналысты оқу әдістемелік нұсқама
4. Курс форматы
5. Курс саясаты
6. Бағалау саясаты
7. Әдебиеттер








































































      1.  Жалпы ережелер
      «Қылмыстық іс бойынша сот өндірісі» 5В030100 «Құқықтану»  мамандығының
студенттеріне арналған. Ол студенттердің пәннің  мазмұнымен,  өзектілігімен,
курс саясатымен және қажеттеліктерімен таныстырады. бұл оқу-әдістелік  кешен
пәнді оқыту кезінде басшылыққа алынады.
         -  Оқытушының аты-жөні – Сарбасова А.К
         -  Кафедра – «Құқықтану»;
         -  Байланыс ақпараты- тел350426, оқу ғимараты №1, кабинет 605;
         -  Пән атауы –« Қылмыстық іс бойынша сот өндірісі»;
         -  Кредиттер саны – 2;
         -  Жұмыс оқу жоспарынан көшірме (Кесте 1);


      1.2 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты.
   Қылмыстық іс бойынша сот өндірісі «құқықтану» бакалавр  мамандығы бойынша
оқытылуы тиіс таңдаулы пәндердің  бірі  болып  табылады.  Қылмыстық  құқықты
оқыту қылмыстық істер бойынша өндірістің    нормалары  және  институттарының
әлеуметтік-саяси мәні мен  заңдық  мазмұнын  ашуды,  олардың  ғылыми  талдау
әдістерін меңгеруді талап етеді. «Қылмыстық іс бойынша сот  өндірісі»  курсы
«5В030100-   құқықтану»   мамандығы   бойынша   Қазақстан    Республикасының
Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім   беру   стандартымен   қарастырылған.
Пәннің   оқу-әдістемелік   кешені   қолданыстағы   қылмыстық   іс    жүргізу
заңнамасына, сонымен қатар аталған  келелі  мәселелер  бойынша  қазақстандық
және ресейлік жетекші ғалымдар жұмыстарының негізінде дайындалды.


   1.3  «ҚР-ның  мемлекет  және  тарих  құқығы»  курсының  негізгі  мақсаты:
студенттердің қылмыстық іс бойынша  сот  өндірісі  пәнінің  жалпы  ережелері
туралы  теориялық  білімді  меңгеруі,  қолданыстағы  қылмыстық   іс  жүргізу
заңнамасын игеруі,  сонымен  қатар  студенттерге  осы  саладағы  тәжірибелік
әрекеті үшін қажетті шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.


   1.4  Пәнді  оқытудың  негізгі  міндеті    студенттердің  аталған   курсқа
қызығушылығын     арттыруға     бағытталған.Студенттердің     әрбір     курс
институттарының  жалпы  және  арнайы  бөлімдерін  меңгеру  керек.   Құқықтық
қатынастарда туындайтын нормаларды қолдану тәртібін оқуы қажет.

   1.5 Курс оқытылуы аяқталған кезінде студент:
-  сот өндірісі  мақсатына  жету  үшін  ойлау  мәдениетін,  талдау,  қорыту,
ақпаратты   қабылдау   қабілетін   меңгеру,   сотталушының   жеке    басының
ерекшеліктері мен жағдайын есепке ала отырып мақсат қою  және  оған  жетудің
жолын таңдай білу;
- қоғамда болып жатқан әлеуметтік-маңызды мәселелер мен  процестерді,  соның
ішінде қылмыстылық жағдайын және жасалған қылмыстың  ерекшеліктерін  талдау,
сондай-ақ олардың келешектегі даму мүмкіндігін болжау;
- қылмыстық  іс жүргізу заңнамасын сақтауды қамтамасыз  ету,  субъектілермен
қылмыстық іс бойынша сот өндірісі саласындағы құқықтың сақталуын  қамтамасыз
ету;
-  қылмыстық  іс  бойынша  сот  өндірісі  барысында  заңдылық  пен  құқықтық
тәртіпті қамтамасыз ету;
- қылмыстық іс жүргізу заңнамасының  түрлі  сот  актілерінің  түсіндірілуіне
жағдай жасау.


   1.6. Курстың басты деректемелері:
   1. ҚР Конституциялық құқығы
   2. ҚР Қылмыстық құқығы
   3. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы


   1.7. Курстың деректемелері:
     1. Криминалистика
     2. Криминология
     3. Соттық сараптама


     2. Пәннің мазмұны бойынша және сабақ түрлеріне  байланысты  сағаттарды
бөлу
                                                                     Кесте 1
|№  |Тақырып атаулары     |Сағаттар                      |Әдебиеттер       |
|п/п|                     |                              |                 |
|   |                     |дәріс|семин |СОЖӨЖ    |СӨЖ   |                 |
|1  |2                    |3    |4     |5        |6     |7                |
|1  |Басты сот отырысына  |2    |1     |1,5      |4,5   |7.1,7.27,3,7.4,7.|
|   |дайындық. Алын ала   |     |      |         |      |5,               |
|   |тыңдау.              |     |      |         |      |7.6,7.7,7.8,7.9  |
|2  |Басты сот талқылауы: |2    |1     |1,5      |4,5   |7.1,7.27,3,7.4,7.|
|   |түсінігі, жалпы      |     |      |         |      |5,               |
|   |шарттары.            |     |      |         |      |7.6,7.7,7.8,7.9  |
|3  |Басты сот            |2    |1     |1,5      |4,5   |7.1,7.27,3,7.4,7.|
|   |талқылауының тәртібі.|     |      |         |      |5,               |
|   |Үкім.                |     |      |         |      |7.6,7.7,7.8,7.9  |
|4  |Алқабилердің         |2    |1     |1,5      |4,5   |7.1,7.27,3,7.4,7.|
|   |қатысумен болатын сот|     |      |         |      |5,               |
|   |өндірісінің          |     |      |         |      |7.6,7.7,7.8,7.9  |
|   |ерекшеліктері.       |     |      |         |      |                 |
|5  |Екінші сатыдағы сот  |2    |1     |1,5      |4,5   |7.1,7.27,3,7.4,7.|
|   |өндірісі.            |     |      |         |      |5,               |
|   |                     |     |      |         |      |7.6,7.7,7.8,7.9  |
|6  |Үкімнің орындалуы.   |2    |1     |1,5      |4,5   |7.1,7.27,3,7.4,7.|
|   |                     |     |      |         |      |5,               |
|   |                     |     |      |         |      |7.6,7.7,7.8,7.9  |
|7  | Қадағалау           |2    |1     |1,5      |4,5   |7.1,7.27,3,7.4,7.|
|   |сатысындағы өндіріс. |     |      |         |      |5,               |
|   |                     |     |      |         |      |7.6,7.7,7.8,7.9  |
|8  | Қайтадан ашылған    |2    |1     |1,5      |4,5   |7.1,7.27,3,7.4,7.|
|   |мән-жайлар           |     |      |         |      |5,               |
|   |нәтижесінде қылмыстық|     |      |         |      |7.6,7.7,7.8,7.9  |
|   |іс бойынша өндірісті |     |      |         |      |                 |
|   |қайта қозғау.        |     |      |         |      |                 |
|9  |Кәмелетке            |2    |1     |1,5      |4,5   |7.1,7.27,3,7.4,7.|
|   |толмағандарға қатысты|     |      |         |      |5,               |
|   |қылмыстық істер      |     |      |         |      |7.6,7.7,7.8,7.9  |
|   |бойынша өндіріс      |     |      |         |      |                 |
|   |ерекшеліктері.       |     |      |         |      |                 |
|10 | Медициналық         |2    |1     |1,5      |4,5   |7.1,7.27,3,7.4,7.|
|   |сипаттағы мәжбүрлеу  |     |      |         |      |5,               |
|   |шараларын қолдану    |     |      |         |      |7.6,7.7,7.8,7.9  |
|   |жөніндегі өндіріс.   |     |      |         |      |                 |
|11 |Тұлғалардың жекелеген|2    |1     |1,5      |4,5   |7.1,7.27,3,7.4,7.|
|   |санаттарына қатысты  |     |      |         |      |5,               |
|   |қылмыстық істер      |     |      |         |      |7.6,7.7,7.8,7.9  |
|   |бойынша өндіріс      |     |      |         |      |                 |
|   |ерекшеліктері.       |     |      |         |      |                 |
|12 |Сот өндірісі         |2    |1     |1,5      |4,5   |7.1,7.27,3,7.4,7.|
|   |саласындағы          |     |      |         |      |5,               |
|   |халықаралық          |     |      |         |      |7.6,7.7,7.8,7.9  |
|   |ынтымақтастық.       |     |      |         |      |                 |
|13 |Қылмыстық сот        |2    |1     |1,5      |4,5   |7.1,7.27,3,7.4,7.|
|   |өндірісіндегі ақтау. |     |      |         |      |5,               |
|   |                     |     |      |         |      |7.6,7.7,7.8,7.9  |




      3. Пәнді оқытуға байналысты оқу әдістемелік нұсқама
      «Қылмыстық іс бойынша сот өндірісі» міндетті түрде оқытылатын пәндер
курсына жатады. Бұл өз алдына оқытушыларға пәннің аса  маңызды  бөлімдерін
жүйелі әрі тереңірек оқытуды жауапты міндет жүктейді.

      4. Курс форматы
       Аудиториялық  уақытқа  кіретіндер:  дәрістер,  оқылған  материалдарды
пікір  алмасу,  әртүрлі  материалдарды  талдау.  Әрбір  сабаққа   студенттер
жоспардағы негізгі және  қосымша әдебиеттер тізіміне сәйкес дайындалуы  тиіс
(негізгі бөлімдер мен тараулар әрбір  сабаққа  анықталып  отырады).  Бақылау
жұмысқа қатыспаған және кешіккен студент ешқандай балл алмайды.

      5.Курс саясаты
       Әрбір  дәріске  қатысып  белсенділік   танытқаны   үшін   5   баллдан
беріледі.Әрбір  семинарда  «өте  жақсы»   жауап    максималды   15   баллмен
теңестіріледі.
          Негізгі ұғымдар әрбір дәріс  барысында  түсіндіріледі.  Сабақтарға
қатысу  және  негізгі  ұғымдарды,   анықтамаларымен,   түсініктерімен   жазу
студенттердін  міндеті.  Егер  студент  белгілі  бір   себептермен   сабаққа
қатыспаса, дәрісті ол топтағы басқа бір студенттер алуы  керек.  Ал  оқытушы
дәрісті сабақтан тысқары уақытта студентке беруді тиіс емес  (қандай  себеп-
салдары  болса  да).  Дәріс  материалдары  және  семинар,   өздік   жұмыстар
тақырыптарына студенттер алдын  ала  таныса  алады,  универсиеттің  сайтында
электронды журналға енгізілген.
           Әрбір  сабақта   студент   қаралатын   материалдарды   талқылауға
белсенділікпен қатысуы керек. Оның белсенділігі жауап беру сапасы  негізінде
бағаланады. Жеке жауап беру мен топ құрамында сөз сөйлей қарастырылады.
           Дәріске қатыспау 0  балл  деп  есептелінбейді,Студенттің  семинар
сабағына  дайын  болмауы  -0  балл   болып   есептелінбейді   және   айыппұл
санкциялары  қолданылады.  Егер  себепті  түрде  сабақтан  қалса  және   оны
растайтын  құжаттары  мөр  басылып  расталса  онда  студент  қалған  сабағын
оқытушының уақыты бос болса тапсырмаларды  ауызша  жауап  беру  арқылы  өтей
алады.  Бірақ ескерте кететін жайт әрбір сабақты бағалау  аптасына  бір  рет
міндетті түрде электронды  журналға  қойылады.  Қойылған  бағалар  автоматты
түрде базада сақталады. Әрбір студен 1 -межелік бақылауды  яғни,  максималды
балл 270 + 30 балл дәріске қатысқаны үшін қосылады  сонда  жалпы  жиыны  300
балл, 100 пайызды деген көрсеткішті жинауы  мүмкін.   2-  межелік  бақылауда
максималды 300 балл, 100 пайыз екуінің жиыны  600  баллды  құрап  100  пайыз
деген көрсеткішке ие болады.
Төмендегі таблицада әрбір сабаққа берілетін баллдар көрсетілген.
        Студенттерге   жазбаша   жұмыстарды   орындау   барысында    Шәкәрім
университетінің  компьтерлерді пайдалануға рұқсат беріледі
       Студенттер  Шәкәрім  университетінің  кітапханасында   жұмыс   істеп,
кітапхана ережесіне сәйкес кітаптарды үйге алуына болады
            Емтихан: қорытыды емтихан тест  бойынша өткізіледі



   6. Бағалау саясаты
Әртүрлі жұмыстар түрлерін  бағалау критерийлері
                                                                     Кесте 2
|Апта   |Бақылау түрі                                 |Барлық |ескертулер   |
|       |                                             |баллдар|             |
|       |                                             |саны   |             |
|1      |2                                            |3      |4            |
|1      |1 және 7 апата бойынша барлық аудиториялық   |30     |             |
|       |сабақтарға қатысу                            |       |             |
|2      |Семинар сабақтарда жауап беру1 және 7 апта   |105    |             |
|       |бойынша                                      |       |             |
|       |                                             |       |             |
|3      |Студенттің өздік жұмысы үй тапсырмасы        |70     |СӨЖ          |
|4      |Эссе (әрбір жұмысқа), Жазбаша ситуациялық    |35     |СОЖӨЖ        |
|       |жұмыс (әрбір жұмысқа), Реферат (әрбір        |       |             |
|       |жұмысқа), Дискуссияда қатысу (әрбір жұмысқа) |       |             |
|5      |                                             |60     |             |
|       |                                             |       |             |
|1 ден 7 апталық оқытудың қорытынды баллдары          |300    |             |СРСП         |
|       |                                             |       |             |
|1      |8 және 15 апта бойынша барлық аудиториялық   |30     |             |
|       |сабақтарға қатысу                            |       |             |
|2      |Семинар сабақтарда жауап беру1 және 7 апта   |105    |             |
|       |бойынша                                      |       |             |
|       |                                             |       |             |
|3      |СӨЖ                                          |70     |             |
|4      |СОЖӨЖ                                        |35     |             |
|5      |2-Межелік бақылау                            |60     |             |
|       |8 ден 15 апталық оқытудың қорытынды баллдары |300    |             |
|Емтихадағы жалпы баллдар                             |400    |             |
|Академиялық кезеңдегі қорытынды баллдар              |1000   |             |




   7. Әдебиеттер
Нормативтік-құқықтық актілер:
   1. Қазақстан Республикасының Конституциясы  1995 жылғы 30
      тамыз (2007.07.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен),
      Қазақстан: Жеті Жарғы,2010

   2. ҚР  қылмыстық  іс  жүргізу  Кодексі  1997.15.12  (  2012.17.07  жағдай
      бойынша) Астана,2012ж.
   3. .«Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте  ұстаудың
      тәртібі мен шарттары туралы»  ҚР Заңы 1999.30.03. Алматы,2005ж.
   4. «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» ҚР Заңы  2000.25.12.
   5. Б.Х.Төлеубеков ҚР қылмыстық әс жүргізу құқығы Алматы,1998
   6. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы.  Оқулық.  /Ред.
      басқ. Б.Х.Төлеубекова және т.б. Астана. КазГЮУ, 2004
   7. Б.Оспанов Қылмыстық процесс. Алматы 2002ж
   8. Қылмыстық процесс,  оқулық/Ред.басқ.  К.Ф.Гуценко.,2-бас,  өзерт.  мен
      толықт. М., Зерцало, 1997ж.
   9. Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Оқулық/ред.басқ.  П.А.Луптнская.,  3-бас.
      өзг. мен толық. М, Юрист, 1998ж.
  10.  Қылмыстық процесс. Оқулық. Ред.басқ. А.С.Кобликов., М.,  норма-Инфра,
      1999 ж.
  11.  Р.Х.Якупов  Қылмыстық  процесс.  Оқулық.  Ред.   басқ.   В.Н.Галузо.,
      М.Зерцало, 1999., 464-б.




Пәндер