Файл қосу

Қар көшкіні




|      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                    |
|ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                              |
|3 деңгейдегі СМЖ құжаты   |         ПОӘК   |ПОӘК-042-14.4.05.1.20.49/03-2011|
|ПОӘК «Табиғи сипаттағы    |№ 3 басылым     |                                |
|құбылыстар»  пәнінің оқу  |05.09.11ж.      |                                |
|әдістемелік материалдары  |№ 2 басылым     |                                |
|                          |30.09.09ж.      |                                |
|                          |орнына          |                                |









                        Пәннің оқу-әдістемелік кешені

     «Табиғи сипаттағы құбылыстар» пәнінен  050731 «Тіршілік әрекетінің
                  қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
                            мамандығына арналған





                         Оқу әдістемелік материалдар
















                                    Семей
                                    2011

      Дәріс №1.  Кіріспе.  ҚР  «Табиғи  және  техногенді  сипаттағы  төтенше
      жағдайлар туралы» заңы.


      Жалпы сұрақтар
     1. ҚР «Табиғи және  техногенді  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  туралы»
        заңы.
     2. Төтенше жағдайлардың туындауына әкелетін стихиялық  құбылыстар  мен
        табиғи процесстердің жіктелуі.
     3. Қазақстан аймағындағы қолайсыз және  қауіпті  табиғи  құбылыстардың
        алуан түрлілігі. Стихиялық апаттар.


      ҚР «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар  туралы»  заңы.
        Қазақстан  Республикасыньң  «Табиғи  техногендік  сипаттағы  төтенше
жагдайлар  туралы»  5.07.1996  ж.  Заңы  (№  116-Ш  10.01.2006ж.  өзгерістер
енгізілген) келесі үғымдарды көрсетеді:
         Төтенше жағдай –  адамдардың  қаза  табуына  әкеліп  соққан  немесе
әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға  және  шаруашылық
жүргізуші  нысандарға  нұқсан  келтірген  немесе  келтіруі  мүмкін,  халықты
едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып,  тіршілік  жағдайын  бұзған
немесе бұзуы мүмкін авария,  зілзала  немесе  апат  салдарынан  белгілі  бір
аумақта туындаған жағдай;
        Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала  (жер  сілкінісі,
сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер  мен  малдың
жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және  ормандардың  кеселдері
мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар;
         Техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар   -   өнеркәсіп,   көлік
авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті  әсер  ететін  улы,
радиоактивті және биологиялық жағынан  қауіпті  заттарды  тарататын  (тарату
қаупі бар) авария, үйлер  мен  ғимараттардың  қирауы,  бөгендердің  бұзылуы,
тіршілікті  қамтамасыз  ететін  электр  –   энергетика   және   коммуникация
жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.
        Төтенше жағдай аумағы  –  төтенше  жағдай  жарияланған  белгілі  бір
аумақ.
        Таралу ауқымы мен материалдық шығынының көлеміне қарай  табиғи  және
техногендік сипаттағы  төтенше  жағдайлар  нысандық,  жергілікті,  аймақтық,
барынша ауқымды болып бөлінеді.
         13.12.2004ж.  ҚР   Үкіметінің   №1310   Қаулысымен   «Табиғи   және
техногендік   сипаттагы   төтенше   жағдайларды   топтастыру»    бекітілген.
Топтастыру  аумағы  бойынша  төтенше   жағдайларды   нысандық,   жергілікті,
аймақтық немесе барынша ауқымды ретінде қарастыру критерииларын бекітеді.
       Табиғи және техногеңдік сипаттағы төтенше жағдайлар нысандық  болады,
егер  авария,  зілзала  немесе  апат  салдарынан   төтенше   жағдай   аймағы
өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықпаса, сонымен  қатар  келесі
зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:
    • қаза тапқандар саны 5 тен 10 адамға дейін;
    •  тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 50 ден 100 адамға дейін;
    •  адамдардың  денсаулығына,  қоршаған  ортаға,  шаруашылық  нысандарына
      келтіретін материалдық шығыны бес мыңнан он бес  мыңға  дейінгі  айлық
      есеп көрсеткішін (АЕК) құрайды.
          Төтенше жағдайлар жергілікті болады, егер авария,  зілзала  немесе
апат салдарынан төтенше жағдай аймағы  өңдірістік  немесе  әлеуметтік  нысан
аумағынан шықса және облыстың екі  ауданына  тараса,  сонымен  қатар  келесі
зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:
    • қаза тапқандар саны 10 тен 50 адамға дейін;
    • тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 100 ден 500 адамға дейін;
    •  адамдардың  денсаулығына,  қоршаған  ортаға,  шаруашылық  нысандарына
      келтіретін материалдық шығыны он бес мыңнан жүз  мыңға  дейінгі  айлық
      есеп көрсеткішін (АЕК) құрайды.
          Төтенше жағдайлар аймактық болады,  егер  авария,  зілзала  немесе
апат салдарынан төтенше жағдай аймағы  өндірістік  немесе  әлеуметтік  нысан
аумағынан шықса және облыстың кем дегеңде үш ауданына тараса немесе  ҚР  екі
облысының аймағында пайда болса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда  болып
немесе пайда болуы мүмкін:
    • қаза тапқандар саны 50 ден 200 адамға дейін;
    • тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 500 ден 1500 адамға дейін;
    •  адамдардың  денсаулығына,  қоршаған  ортаға,  шаруашылық  нысандарына
      келтіретін материалдық шығыны жүз мыңнан екі жүз мыңға  дейінгі  айлық
      есеп көрсеткішін (АЕК) құрайды.
           Табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  барынша
ауқымды болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан  төтенше  жағдай
ҚР үш  және  одан  да  көп  облыстарының  аймақтарына  тараса  немесе  көрші
мемлекеттің шекарасына өтетін болса, сонымен қатар  келесі  зардаптар  пайда
болып немесе пайда болуы мүмкін:
    • қаза тапқандар саны 200 адамнан асса;
    • тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 1500 адамға дейін;
    •  адамдардың  денсаулығына,  қоршаған  ортаға,  шаруашылық  нысандарына
      келтіретін  материалдық  шығыны  екі  жүз  мыңға  дейінгі  айлық  есеп
      көрсеткішін (АЕК) құрайды.
           Төтенше  жағдайлардын  алдын   алу   -   адамдардың   өмірі   мен
денсаулықтарын  сақтау,  материалдық  шығындардың  көлемін  азайту,  төтенше
жағдайлардың пайда болуын едәуір  төмендетуге  бағытталған  және  алдын  ала
жүргізілетін кешеңдік шаралар.
         Төтенше  жағдайды  жою  -  төтенше  жағдай  пайда  болған  жағдайда
адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың  көлемін
азайту үшін,  сонымен қатар төтенше жағдайлардың аумағын  жоюға  бағытталған
құтқару, авариялық – қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстар.
ҚР «Табиги және техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  туралы»  Заңының
негізгі  ұғымдарына  сәйкес  табиги  сипаттағы   төтенше   жағдайларды   жер
сілкінісі, сел, қар көшкіндері, су тасқыны және басқа да  зілзалалар  табиғи
өрттер,  індеттер  және   эпизоотиялар,   ауыл   шаруашылық   өсімдіктерінің
зиянкестермен зақымдалуы секілді дүлей зілзалалар туғызуы мүмкін.
         Басқаша  айтқанда,   мұндай   жағдай   табиғи   сипаттағы   төтенше
жағдайлардың ошақтарының  белгілі бір аймақта пайда болуына  әкеліп  соғатын
үрдістер немесе қауіпті табиғи кұбылыстар нәтижесінде болады.
        Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының зақымдаушы  факторлар
- бұл физикалық, химиялық,  биологиялық  әсерлерімен  немесе  байқалуларымен
сипатталатын, табиғи  төтенше  жағдайлар  ошақтарынан  пайда  болған  сәйкес
шамалармен көрінетін немесе анықталатын  қауіпті  табиғи  құбылыстар  немесе
үрдістер құрамасы.
        Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының  зақымдаушы  әсері  -
бұл адамдардың  өміріне  және  денсаулығына,  ауыл  шаруашылық  малдары  мен
өсімдіктеріне, экономикалық нысандарға және қоршаған табиғи  ортаға  төтенше
жағдайлар көздерінің зақымдаушы факторларының жиынтығы немесе кері әсері.
          Қауіпті  табиғи  құбылыстарға   өзінің   қарқындылығымен,   таралу
ауқымымен және ұзақтығымен адамдарға, экономика  нысандарына  және  қоршаған
табиғи ортаға зақымдаушы әсерін тигізетін табиғи  үрдістердің  әрекеттерінің
нәтижесі немесе табиғи оқиғалар жатады.
        Дүлей зілзала  -  бірден  елеулі  адамның  тіршілігін  бұзып,  үлкен
материалдық құндылықтарды жояды,  сонымен  қатар  адамдардың  қаза  табуына,
жануарлардың өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.
        Табиғи  сипаттағы  төтенше  жағдайлардың  аймағы  –  төтенше  жағдай
ошағының пайда болу нәтижесінде немесе басқа  аудандардан  табиғи  сипаттағы
төтенше жағдайлар пайда болған, оның зардаптары таралғаны болып табылады.


      2 Төтенше жағдайлардың туындауына әкелетін  стихиялық  құбылыстар  мен
табиғи процесстердің жіктелуі.
         ҚР «Табиги және техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  туралы»
Заңының негізгі ұғымдарына сәйкес табиги сипаттағы төтенше  жағдайларды  жер
сілкінісі, сел, қар көшкіндері, су тасқыны және басқа да  зілзалалар  табиғи
өрттер,  індеттер  және   эпизоотиялар,   ауыл   шаруашылық   өсімдіктерінің
зиянкестермен зақымдалуы секілді дүлей зілзалалар туғызуы мүмкін.
         Басқаша  айтқанда,   мұндай   жағдай   табиғи   сипаттағы   төтенше
жағдайлардың ошақтарының  белгілі бір аймақта пайда болуына  әкеліп  соғатын
үрдістер немесе қауіпті табиғи кұбылыстар нәтижесінде болады.
        Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының зақымдаушы  факторлар
- бұл физикалық, химиялық,  биологиялық  әсерлерімен  немесе  байқалуларымен
сипатталатын, табиғи  төтенше  жағдайлар  ошақтарынан  пайда  болған  сәйкес
шамалармен көрінетін немесе анықталатын  қауіпті  табиғи  құбылыстар  немесе
үрдістер құрамасы.
        Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ошақтарының  зақымдаушы  әсері  -
бұл адамдардың  өміріне  және  денсаулығына,  ауыл  шаруашылық  малдары  мен
өсімдіктеріне, экономикалық нысандарға және қоршаған табиғи  ортаға  төтенше
жағдайлар көздерінің зақымдаушы факторларының жиынтығы немесе кері әсері.
          Қауіпті  табиғи  құбылыстарға   өзінің   қарқындылығымен,   таралу
ауқымымен және ұзақтығымен адамдарға, экономика  нысандарына  және  қоршаған
табиғи ортаға зақымдаушы әсерін тигізетін табиғи  үрдістердің  әрекеттерінің
нәтижесі немесе табиғи оқиғалар жатады.
        Дүлей зілзала  -  бірден  елеулі  адамның  тіршілігін  бұзып,  үлкен
материалдық құндылықтарды жояды,  сонымен  қатар  адамдардың  қаза  табуына,
жануарлардың өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.
        Табиғи  сипаттағы  төтенше  жағдайлардың  аймағы  –  төтенше  жағдай
ошағының пайда болу нәтижесінде немесе басқа  аудандардан  табиғи  сипаттағы
төтенше жағдайлар пайда болған, оның зардаптары таралғаны болып табылады.
      Төтенше жағдай - мемлекетке төнген  түрлі  қауіпке  байланысты  елбасы
немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты,  соғыс  қаупі,
техногендік  апат,  халық  ішіндегі  толқу,  т.б.  жағдайларда  жарияланады.
Мұндай  уақытта  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтары  саналы   түрде
шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар  шығарылады.
Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет  басшысы  өзіне  көптеген  абсолютті
өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді.  Олар
жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып  қызмет  жасауға  мәжбүр
болады.  Төтенше  жағдай  жариялау  уақыты,  мерзімі,  сол  кездегі  билікке
берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады. [1]  Төтенше
жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп  соғуы  мүмкін,
олардың   денсаулығына,   қоршаған   ортаға   және   шаруашылық    жүргізуші
объектілерге  нұқсан  келтірген  немесе  келтіруі  мүмкін,  халықты   едәуір
дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік  жағдайын  бұзған  немесе
бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе  апат  салдарынан  белгілі  бір  аумақта
туындаған  жағдай.  Төтенше  жағдай  пайда  болу  себептеріне  қарай  табиғи
сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
      Сұрапыл апаттар дегеніміз – адамдармен жануарлардың өліміне,  халықтың
өмірінің  күрт  бұзылуына,  материалдық  құндылықтардың  жойылуына  әкелетін
құбылыстар. Сұрапыл  апаттар  көбінесе  адамның  қолынан  келмейтін  табиғат
күштерінің әсерінен  болады.  Мысалы;  су  басу,  жер  сілкінісі,  ормандағы
өрттер, көшкін т.б жатады.
      Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор,  кең  байтақ.  Ол
жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар  тасқыны,  қатты  жел,
су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
      Зілзала — бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты  тірлігін  күрт
бұзатын,  материалдық  құндылықтарды  үлкен  шығынға  ұшырататын,  сондай-ақ
адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.
      Әрбір зілзаланың өзіне  тән  физикалық  қасиеті,  пайда  болу  себебі,
қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған  ортаға  өзіндік  ықпал  ету
ерекшелігі бар.
Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен  ауыртпашылық,  келтірер  залалы  мол
төтенше оқиға.
      Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін:  жер
сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы  келеді  екен,  20%  —
тропикалық циклондары, 15% — жер сілкінісінің, ал қалған  25%  —  зілзаланың
басқа түрлері.
      Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне,  Арал  теңізінің  құруына,  Балқаш
көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше  жағдайлар
арасында ерекше орын алады.
       Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға мыналар жатады:
     •  геологиялық қауіпті  құбылыстар  және  үрдістер  (  эндогенді:  жер
       сілкінісі,   жанартаулардың    атқылауы;    экзогенді:    үгінділер,
       сырғымалар, сел);
     •  гидрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;
     • метрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;
     • табиғи өрттер;
     • эпидемиялар және эпизоотиялар;
     • ауыл шаруашылық өсімдіктерінің, ормандардың ауруы мен  зиянкестермен
       зақымдануы.

      3  Қазақстан аймағындағы қолайсыз және  қауіпті  табиғи  құбылыстардың
алуан түрлілігі. Стихиялық апаттар.
      Шығыс  Қазақстан,  Алматы,  Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан,   Қызылорда,
Маңғыстау облыстары мен  Алматы  қаласы  сейсмоқауіпті  аймақта  орналасқан.
Қазақстанның аса қауіпті сейсмоаймағы 450 мың шаршы км  алаңды  алып  жатыр.
Онда өнеркі\әсіптің негізгі қорының 30 пайызы шоғырланып, тұрғын үй  қорының
35 пайызына жуығы орналасқан. Республика халқының 40 пайызы тұрады.
      Жерсілкінісі  қауіпті  аймақтарда  ірі  қалалар  мен  елді   мекендер,
гидротехнкалық ғимараттар мен  зиянды  өндірісті  өнеркәсіп  кәсіпорындарды,
жасанды және су қоймалары, жарылыс қауіпі бар және улы  материалдар  қоймасы
орналасқан. Тұрғын  үй  алқабының  бұзылуымен  қатартізбеленген  нысандардың
кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық  өзгеріске  алып  келуі  мүмкін.
Инженерлік желілер мен коммуникациялардың сейсмикалық бұзылуы  аса  қауіпті.

      Жер сілкінісі кезіндегі қондырғы мен ғимараттың зақымдалуынан шегілген
залал ғимараттың өзінің  зақымдалуынан  шеккен  шығыннан  біршама  есе  асып
түседі.
      Жер сілкінісімен бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның экологиясы
бұзылады. Қопарылма, сырғыма, сел тасқыны және тағы  да  басқа  шаруашылыққа
қосымша  залал  әкеледі.  Жерсілкінісінің  жанама  шығыны  да  орасан   зор:
өндірістік циклдің уақытша тоқтауы, еңбек ресурстарының тартылуы  және  тағы
басқалар. Сонымен қатар, көлік жолдарының зақымдалуына, тұрғын үй  тұрмыстық
жағдайының нашарлауына, халықтың апат аймағынын кетуіне,  ықтимал  қайталама
дүмпуді күтуіне,  ұдайы жүнжу жағдайындағы адамдардың еңбек және  шаруашылық
белсенділігінің төмендеуіне, олардың  денсаулығының  нашарлауына  байланысты
әлеуметтік күрделі ахуал пайда болады.
      Жер сілкінісі салдарының  аса  ауыр  түрлері  ғимараттар  мен  үйлерді
сеймикалық  күшейту   бойынша   жұмыстар   жерсілкінісі   қауіпі   ескерусіз
жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарда  пайда  болады.  Бұған  мысал  ретінде
соңғы жылдары Қазақстанда болған жерсілкіністері салдарын келтіруге  болады.

      1990 жылғы 14 маусымда Шығыс Қазақстан  облысындағы  Зайсан  облысының
шегінде жер сілкінісі  болды.  Рожкова  және  Бақансу  поселкелерінде  дүмпу
жиілігі  8  баллға  жетті.   Кірпіштен   және   тастан   салынған   көптеген
ғимараттардың қабырғалары жарылады, кейбір үйлердің пештері  мен  қоршаулары
құлады. Жалпы 13000 үй зақымдалды немесе бұзылды.
      1993 жылғы 30 желтоқсанда Алматы облысында жер сілкінісі болды. Кіндік
нүктесі Текелі қаласының төңірегінде болды.  Соның  нәтижесінде  сейсмикалық
күшейту шараларынсыз салынған  және  жерсілкінісі  үшін  қолайсыз  алаңдарда
орналасқан барлық тұрғын үй мен  шлак  бетон  құрылғылары  зақымдалады.  300
отбасы  үйсіз  қалды.  Мептептер,  балалар  бақшалары,  басқа  да   қоғамдық
ғимараттар қатты зақымдалды.
      Қазақстан Республикасының ТЖ жөніндегі Комитеті әзірлеген  «Күшті  жер
сілкіністері» жаданма – буклетінде күшті жер сілкінісі кезіндегі  және  одан
кейінгі, сондай – ақ зілзала факторлары пайда болған кездегі іс –  әрекеттер
бойынша ұсыныстар, кеңестер мазмұндалған.   Жаданама  сейсмоқауіпті  аймақта
тұратын халыққа жер сілкінісіне жақсы  даярлануға  және  қауіпті  зілзаладан
өзі мен  жақын  –  жуықтағының  өмірін  сақтауға  көмектесетінін  мәліметтер
берілген.
      Қазақстанда таулы және тау бүктерінің аумағы селдің,  қар  көшкінінің,
сырғыма мен қопарылманың әсеріне жиі  ұшырайды.  Олар  Республика  аумағының
13,3  пайызы  немесе  360000  ш.м.   ауданын   алып   жатыр.   Мұнда   үлкен
ауылшаруашылық жайылымдары, көптеген шаруашылық нысандары  мен  коммуникация
желілері, сондай – ақ халқының жалпы саны 5 миллионға жуық Алматы,  Шымкент,
Тараз сияқты ірі қалалар мен қатар басқада елді мекендер орналасқан.
      Селдердің қуаты мен қиратушылығы бойынша Қазақстан ТМД  –  да  алғашқы
орындардың бірін алады. Республикада 300 ден астам белсенді сел  бассейндері
бар.  Онда,  әртүрлі  сипаттағы  600  астам  сел  белгілері  тіркелген.  Сел
көбінесе қатты нөсерден пайда  болады  –  80  пайызы   шамасы,  мұздықтардың
еруінен болған сел оқиғалары – 15  пайыз  жуық,  қар  тез  еріген  және  жер
сілкінісі кезінде сел сирек пайда болады.
      Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай – ақ Қаратай, Кетмен
және  Тарбағатай  тауларындағы  өзендер  Қазақстандағы  сел   қауіпі   күшті
аудандар  болып  табылады.  Жылдың  жылы  мерзімінде  (мамыр   –   қыркүйек)
Қазақстанның таулы аудандарында сел пайда болады.
      Қазақстанда  қар  көшкіні  қалың  қар   көп   жауатын   және   қолайлы
геоморфологиялық және топырақтық – ботаникалық жағдайлары бар Батыс  Тянь  –
Шянь, Алтай, Іле Алатауы мен  Жоңғар  Алатауының  жоталарында.  Қазақстанның
бүкіл таулы аудандарында қар  көшкіні  болып  тұрады.  Ол  негізінен  қардың
түсуі мен күннің жылынуына байланысты. Қар көшкіні болатын ең қауіпті  кезең
қараша-сәуір, биік тауда қазан-мамыр.
      Үгінділер мен опырылмалар Қазақстанның барлық таулы аудандарында болып
тұрады.  Олардың  пайда  болу  себептері  жерұсті  және  жерасты  сулар  мен
топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның  шаруашылық  қызметі
болып табылады. Аса  ірі  опырылмалар  тектоникалық  ұсақталуға  байланысты.
Осындай учаскелерде пайда болған опырмалар ірі өзендерді  бөгейтін  көлденең
су  тоғандарын  жасай  отыра,  таулы   жазықтықтарды   құрсаулайды.   Мұндай
өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатаудағы  Үлкен  Алматыөзені
жатады.
      Соңғы жылдары Қазақстан  тауларындағы  қопырылмалы  құбылыс  өрістеген
техногендік жүктемеге байланысты саяжай  учаскелерінің  кесінділері  есбінен
жандана түседі. Тау беткейлерінің табиғи  геоморфологиялық  тепе  –  теңдігі
олардың жол, саяжай  ұйшігін  салу,  су  құбырларын  өткізу  және  басқа  да
құрлыстарды  салу  кезіндетірегінің  кесілуінен  бұзылады,   сонымен   қатар
өсімдік-топырақ жамылғысы бұзылып, беткей суармалы сумен ылғалданады.
      Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайда пайда болып,
атмосферадағы тепе – теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ  астынан  бұзылуы
әсер етеді. Дауыл үлкен бұлінушілікке  ұшыратып,  адам  құрбандықтарын  алып
келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келтіреді.
      Жылдамдығы 40 м/сек.  Күшті  дауыл  1998  жылдың  18  сәуірінде  Шығыс
Қазақстан облысында болды. Байланыс пен электр беру желілері  үзіліп,  үйдің
шатырларын ұшыртыпәкетті. 11 ауданның  үстінен  өткен  бұл  дауыл  360  млн.
теңгеге залал келтірді.
      Жалаңашкөл метеостанциясындағы ауданында (Алматы облысы) 1958 жылғы 28
қаңтарда дауыл кезінде соққан желдің жылдамдығы 22 м/сек.
      Бұрқасындар мен қарлы борандар. Қазақ даласының долы желдері қыста аса
қауіпті.  Олар  бұл  уақытта  ұзаққа  созылатын  бұрқасынды  немесе  боранды
тудырады.  Бұрқасындар  қарды  бір  жерден   екінші   жерге   көшіріп,   оны
нығыздайды,  бұл  аумақтағы  қар  жамылғысының   су   ресурстарына   әртүрлі
таралуына  және топырақтың әртүрлі деңгейде тоңазуына алып  келеді.  Сонымен
қатар бұрқасындар авиациясының, темір жол және басқа да көліетердің  қалыпты
жұмысын тоқтататын биік күртік  қардың  пайда  болуына  ықпал  етеді.  Қатты
боран  телеграф  және  телефон  байланысының  бұзылуына  себеп  болады.  Кей
уақытта қысқы жайылымдағы  малдың  жаппай  қырылуына  әкеп  соғады.  Халықты
таяуда  болған  төменгі  температурада  қарлы  боран  туралы  өз   уақытында
құлақтандырылғанына қарамастан 1995 жылғы желтоқсанның аяғында  Қазақстанның
солтүстік және орталық облыстарында 100 ге жуық адам қаза болды.
      Ақмола,  Қарағанды,  Қостанай,   Солтүстік   Қазақстан   және   Ақмола
облыстарында  қыста  орташа  50-60  күн  бұрқасын  болды.  Шығыс   Қазақстан
облысының Жалғыз төбе ауданында бұрқасын күндер  саны  айына  27-  ге  дейін
жетеді.
      Қар басу -  бірнеше тәулік бойы жауатын қалың  қардың  әсерінен  пайда
болады. Соның салдарынан тіршіліктің қалыпты арнасы бұзылады, кейде  адамдар
құрбандықтарына,  малдың   шетінеуіне   және   материалдық   құндылықтарының
жойылуына алып келеді.
      1970-1987 ж. Қазақстан аумағында 600 күшті қар басу тірекліп, оның  50
пайызға жуығы текОңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында  байқалды.  1986
жылы 7 желтоқсанда Ащысайда 10 сағат ішінде 133 мм қар жауды.  Қардың  қатты
жаууы Шығыс Қазақстан  облысында  жиі  байқалады.  Улба  өзенінің  сағасында
биіктгі 2000 метрден асатын Қазақстанның «қар  полюсі»  жатыр,  мұндағы  қар
жамылғысының биіктігі 8 метрге жетеді. 1999  жылдың  қаңтарында  Алматы  мен
Шығыс Қазақстан олыстарында да болып отырады.
      Қазақстан  аумағында  шаңдақ  дауыл  –  сәуір,  мамыр  жәнек  қыркүйек
айларында жиі байқалады. Қыс айларында, егер жер  бетін  қар  жаппаса  сирек
байқалады.  Күшті  шаңдақ  дауыл  Қазақстанның  батысында,  Каспийдің  шығыс
жағалауында, Сырдария өзені мен Арал төңірегіндегі жазықта болып  өтті.  Бұл
дауылдардың  саны  аталған  аудандарда  жылына  5-6  дан   бастап,   бірнеше
ондықтарға жетуі мүмкін.
      Дауыл адам организіміне, қоршаған табиғат пен механизмге жағымсыз әсер
етеді. 1960 жылы 19 мамырда Ертіс бойында шаңдақ дауыл 12  сағатқа  созылып,
соның нәтижесінде егіс алқабы шөлейтке айналды. Дауыл кезінде  қалың  шаңнан
3-4 метр жердегі адам көрінбейді, ал үйлерде күндіз шам жағылды.
      Қазақстандағы апатты шаңдақ  дауылдар  туралы  ертедегі  мәліметтерден
мынаны көруге болады: 1910 жылдың қарашасында кешке  таман  дауыл  басталды.
Алғашқы күні жел алапат күшпен соғып, үш күн бойы толастаған жоқ. Осы  уақыт
бойы күндіз қараңғы болғандықтан үйлерінен шыққан жоқ.  Ауада  шаң  мен  құм
және қармен қатар ұсақ тастар да ұшып жүрді.
      Көптеген  су  басудың  негізгі   себептері   нөсер   жаңбыр,   қардың,
мұздақтардың үздіксіз еруі, қума  жел  болып  табылады.  Судың  көтерілуінен
болатын субасуы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерде  болып  тұрады.
Оңтүстік Қазақстан өзендерінде мұндай құбылыстар ақпан – наурызда,  оңтүстік
– шығыс және Шығыс Қазақстанда наурыз  –  шілдеде,  Республиканың  жазықтағы
өзендерінде наурыз маусымда болады.
      Жаңбыр  тасқындары  Қазақстан   аумағында   таза   түрінде   негізінен
оңтүстіктегі,  солтүстіктегі,   оңтүстік-шығыстағы   тау   етегіндегі   және
ортасындағы өзендерде, сайларда,  көктемнің  аяғында  және  жаз  мезгілінде,
сондай ақ жазғы – күзгі мерзімде Ертіс  бассейнінің  өзендерінде  байқалады.
Олар көбінесе жойқын болып  келеді.  Қума  желге  байланысты  апатты  тасқын
Қазақстан аумағында Орал өзенінде және Каспийдің  бүкіл  солтүстік  –  шығыс
жағалауында болады. Атырау  және  Маңғыстау  облыстарының  бүкіл  шаруашылық
кешеніне орасан зор залал  келтірген  соңғы  жылдардағы  су  тасқыны  Каспий
теңізінің   деңгейінің   көтерілуімен   ушыға   түсуде.    Кептелулер    мен
тосқауылдардан болатын қиратқыш салдары бар тасқынның таралу аудандары  Іле,
Жоңғар Алатауының, Шығыс Қазақстан өзендері болып  табылады.  Олар  күз  бен
көктемде мқз жамылғысының бұзылуы мен пайда болуы кезінде байқалады.

      .Өзін-өзі тексеру сұрақтары
     1. ҚР «Табиғи және  техногенді  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  туралы»
        заңы.
     2. Төтенше жағдайлардың туындауына әкелетін стихиялық  құбылыстар  мен
        табиғи процесстердің жіктелуі.
     3. Қазақстан аймағындағы қолайсыз және  қауіпті  табиғи  құбылыстардың
        алуан түрлілігі.
     4.  Стихиялық апаттар.




















































































      Дәріс  №2.  Литосферада  болатын  стихиялық   құбылыстар,   құбылыстар
түрлері, олардың жіктелуі.


      Жалпы сұрақтар
     1. Жер сілкінісі. Анықтамасы және жіктелуі,  жағымсыз  факторлар.  Жер
        сілкінісінің күші, қарқындылығы, жиілігі және ұзақтығы.
     2. Сейсмикалық белсенді аймақтар.  Алдын  алу  шараларының  тиімділігі
        және болжам.
     3. Жер  сілкінісі кезінде қауіпті қабылдау ерекшелігі.

      1 Жер сілкінісі. Анықтамасы және  жіктелуі,  жағымсыз  факторлар.  Жер
сілкінісінің күші, қарқындылығы, жиілігі және ұзақтығы.
      Геологиялық қауіпті  құбылыстар  және  үрдістер.  Геологиялық  қауіпті
құбылыстарға адамдарға, ауылшаруашылық малдары мен  жануарларына,  экономика
нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін  тигізетін  немесе
тигізуі   мүмкін   геологиялық   құбылыстар   немесе   әр   түрлі    табиғи,
гидродинамикалық  факторларды  немесе  олардың  үйлесімдері   әсерінен   жер
астында пайда болған геологиялық үрдістердің нәтижесінде немесе  геологиялық
жағдайлар жатады.
        Жер сілкінісі – жер қыртысында немесе  мантияның  үстіңгі  бөлігінде
кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда  болған  және  елеулі
ауытқу түрінде үлкен қашыктыққа таралатын жер асты дүмпуі  мен  жер  астының
қозғалысы.  Бұл  геологиялық  құбылыстарды  геофизикалық  бөлім  сейсмология
зерттейді.
       Сейсмикалық әсер – табиғи және  жасанды  себептермен  туындаған,  жер
асты соққылары және жер бетінің тербелісі.
        Сейсмикалық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  —  құқықтық  нормаларды
қабылдау және орындау,  сейсмоқорғаныс  ережелерін  және  талаптарын  жүзеге
асыру, сонымен қатар адамдардың, экономика нысандарына және қоршаған  табиғи
ортаға  жер  сілкінісінің  факторларының  зақымдаушы   әсерінен   қорғанысты
қамтамасыз  етуге  бағытталған  ұйымдастыру,  болжау,  инженерлі-техникалық,
сейсмо қорғаныстық және арнайы шаралар кешенін жүргізу.
         Сейсмикалық   аудандастыру   –   Жер   бетінде   геологиялық   және
геофизикалық  мәліметтермен  кешенді  анализ  базасында  жүзеге  асырылатын,
потенциалды  сейсмикалық  қауіп  дәрежесі  бойынша  жерді  облысқа,  ауданға
немесе жеке учаскелерге бөлу.
       Сейсмикалық облыс – тау – тасты облыс немесе жер қыртысының  белсенді
платформасы, жер  сілкінісі  кезінде  макросейсмикалық  қарқындылықпен  және
топырақтың   максималды   жылдам   тербелісімен   сипатталатын   потенциалды
сейсмикалық қауіп дәрежесі, жер сілкінісі болуының мүмкін шегі.
      Жер сілкінісі кенеттен  пайда  болатын  және  жылдам  таралатын  дүлей
зілзалаға жатады. Оған  дейін  алдын  ала  дайындық  және  көшіру  шараларын
жүргізу  мүмкін  емес,  сондықтан  жер  сілкінісінің   зардаптары   көптеген
экономикалық шығындармен және көптеген адамдардың қаза  болумен  байланысты.
Зардап  шеккендердің  саны  жер  сілкінісінің  орны  мен  күшіне,   халықтың
тығыздығына,  құрылыстардың  сейсмотұрақтылығы  мен  биіктіктеріне,   тәулік
уақытына, зақымдаушы фактордың екінші рет пайда болу мүмкіндігіне,  халықтың
және арнайы іздеу-құтқару  құрамаларының  (ІҚҚ)  дайындықтарының  дәрежесіне
тәуелді.
      Соңғы 500 жылда Жерде жер сілкінісінен  4,5  млн.  адам  қаза  болған.
ЮНЕСКО мәліметтері бойынша жерде жыл  сайын  ондаған  апатты  жер  сілкінісі
тіркеледі. Бақытқа орай, олардың  аз  ғана  бөлігі  жердің  адамдар  тұратын
ауданында болады. Бірақ, адамдар игерген аймақта зілзала зардаптарын,  басқа
да табиғи зілзаламен салыстыру мүмкін емес. Орташа есеп бойынша, жылына  150
қиратушы, 7 мыңға жуық күшті, 19 бір қалыпты, 150  мың  әлсіз  және  бірнеше
млн. адамға білінбейтін, бірақ сейсмограф құралымен білінетін жер  сілкінісі
тіркелінеді.
       Көп жылдар ішіндегі зерттеулердің нәтижесінде, ғалымдар  бір  шешімге
келді, жер қыртысының белсенді  сейсмикалық  негізгі  себебіне  тектоникалық
үрдістер, яғни жер қыртысындағы жалғасқан жаңа  тектоникалық  құрылымдарының
аймақтарында болып жатқан деформация және қозғалыс деп тұжырымдады.
        Тектоникалықтан басқа,  жер  сілкіністері  жанар  таудың  атқылауына
байланысты жанар таулық,  жер  астындағы  бос  жердің  құлауымен  байланысты
таулардың  құлауы,  мысалы   күшті  жарылыстармен,   үлкен   гидротехникалық
ғимараттардың құрылыстарынан, мұнай, газ, кен орындарын,  жер  асты  суларын
өңдеуден туындаған техногендік болып бөлінеді.
       Жер сілкінісі өзінің зардаптарымен қауіпті («екінші  рет  қайталанған
фактор»):
          табиги  зардаптар:  жердің  бұзылуы  (жарықшалар  және  ығысулар);
сырғымалар, көшкіндер, селдер, топырақтың басылуы, цунами;
         адамдардың   іс   әрекетіне   байланысты   зардаптар:   қирандылар,
ғимараттардың  құлауы,  бөгендер  зақымдалған  кездегі  су   басу,   энергия
көздерінің, мұнай  қоймаларының,  газ  өткізгіштердің  зақымдалуынан  болған
өрттер, қуатпен жабдықтау  желілеріндегі,  комуникация,  көлік  құралдарының
зақымдалуы, радиоактивті таралу.
         Мысалы, жер сілкінісінің табиғи зардаптары  1970  жылы  31  мамырда
Тынық мұхитында, оңтүстік Америка жағалауынан 25 шақырым.  Жер  сілкінісінен
130 км орналасқан Ускаран (Перу) тауынын беткейінде жер асты  дүмпуілдерінен
мұздықтар мен тастар құлады, көптеген сырғымалар  мен  сел  тасқындар  пайда
болды, екі қаланын мыңдаған үйлері қирап қалды. 67 мың адам қаза болып,  800
мың адам үйсіз қалды. [Гир Дж., Шах Х.Зыбкая твердь. М., 1988 ].
         Соңғы жылдардағы барынша ауқымды апат:  2004  жылы  26  желтоқсанда
Үнді мұхитындағы жер сілкінісінің нәтижесінде  пайда  болған  үлкен  цунами,
Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия  елдерінің  қатарынынан  280  мың  адамның
өмірін алып кетті.
           Сейсмикалық  толқын — жер сілкінісі  немесе  жарылыс  ошақтарынан
Жерде тараған серпінді тербеліс.
         Жер сілкінісінің ошағы (орталық  нүкте)  –  жер  сілкінісіне  себеп
болатын,  жоғарғы  мантия  немесе  жер  қыртысының  қалыңдығында  жер   асты
соққыларының пайда болған аумағы.  Ошақ  тереңдігі  -  Жер  бетінен  орталық
нүктеге дейінгі қашықтық.
          Жер сілкінісі кіндігі – орталық нүктенің тура  үстінде  орналасқан
жер бетіндегі нүкте.
         Жер сілкінісінің қарқындылығы  –  жер  сілкінісінің  сыртқы  әсері,
шығын дәрежесі, яғни Жер бетінде белгілі бір орында  оның  физикалық  (күші)
байқалуы (1 – ден 12 – ге  дейінгі  шкаламен  есептелінеді).  ТМД  елдерінде
және Европаның кейбір елдерінде МСК – 64 12-балдық шкаласы бекітілген,.
          Жер  сілкінісінің  магнитудасы  –   жер   сілкінісі   дүмпулерінің
(тербелісінің)  сейсмикалық  қуатын  сипаттайтын   мөлшер   (жер   сілкінісі
кіндігінен 100 км қашықтықта сейсмограф жасаған жер дүмпудің микрон  түрінде
белгіленген  ең  жоғарғы  амплитудасы  логарифм  түрінде  анықталады).   Жер
сілкінісін магнитуда бойынша топтастыру пайда  болған  ошағында  сейсмикалық
толқын қуатын бағалаумен қалыптасқан.  Рихтер  шкаласы  (1935  жылы  америка
сейсмографы Ч. Рихтер есімімен) бойынша магнитуда  (М)  0-ден  8,9-ға  дейін
өзгеріп отырады (әлсіз жер сілкінісінен қатты  жер  сілкінісіне  дейін,  өте
сирек апаттар).
        Төменде келтірілген кестеде MSK- 64 шкаласы  бойынша  жер  сілкінісі
қарқындылығының қысқаша салыстырмалы сипаты көрсетілген.

               MSK-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі жиілігінің
                             қысқаша сипаттамасы

|Бал     |Жалпы        |                                                            |
|бойынша |сипаттама    |Сыртқы әсері                                                |
|жиілігі |             |                                                            |
|1       |Байқалмайтын |Жер қыртысының тербелісі құралдар арқылы білінеді           |
|2       |Өте әлсіз    |Тыныш  жағдайдағы адамдар кейбір  жағдайда сезеді           |
|3       |Әлсіз        |Тербелісті көп  адам сезбейді                               |
|4       |Шектеулі     |Жер сілкінісін көп адамдар  сезеді, терезенің сылдырлауы    |
|        |             |байқалады                                                   |
|5       |Айтарлықай   |Заттардың шайқалуы, ұйқыдағы адамдардың көбісі оянады       |
|        |күшті        |                                                            |
|6       |Күшті        |Ғимараттардың жеңіл бұзылуы, сылақтағы                      |
|        |             |жеңіл жарықшақтар                                           |
|7       |Өте күшті    |Сылақтағы жеңіл жарықшақтар және қабырға бөліктерінің түсуі,|
|        |             |қабырғадағы жарықшактардың пайда болуы.                     |
|8       |Қиратқыш     |Қабырғадағы үлкен жарықшақтың пайда болуы, терезенің сыртқы |
|        |             |ернеуі, мұржаның құлауы                                     |
|9       |Талқандағыш  |Кейбір ғимараттың опырылып құлауы: қабырғаның, шатырдың     |
|        |             |құлауы                                                      |
|10      |Жойқын       |Көптеген ғимараттың опырылып құлауы. Жердің  көлденеңнен    |
|        |             |метрге дейін жарылуы                                        |
|11      |Апат         |Жер бетіндегі көпгеген жарықтардың болуы, таудағы көптеген  |
|        |             |опырылулар                                                  |
|12      |Күшті апат   |Көп пішінде бет-бедердің өзгеруі                            |

      2 Сейсмикалық белсенді аймақтар. Алдын алу шараларының тиімділігі және
болжам
      Қазакстан территориясынын айтарлықтай бөлігі (оңтүстік және  оңтүстік-
шығыс) сейсмикалық аудандастыру  картасына  сәйкес,  қарқындылығы  6-9  балл
болатын күшті және қираткыш жер сілкінісі аймағында орналасқан.
          Жер сілкінісін  болжау  -  жер  сілкінісі  болуы  ықтимал  ауданды
немесе уақыт интервалын  және  энергиясын  немесе  жер  сілкінісі  күтілетін
шамадағы магнитуданы анықтау немесе нақтылау.
         Жер сілкінісі – бұл ұзақ уақытты дайындық  және  даму  кезеңі  бар,
орасан зор геологиялық  оқиға.  Тербелістің  тікелей  көзі  болып,  аз  ғана
уақыттың ішінде жер сілкінісін  тудыратын  қиратушы  энергияның  орасан  зор
қорын босататын, тау жынысының төзімділік шегінен асатын, кедергі
шоғырланған кездегі  серпімділік күші әсерінен  жер  массасының  «опырылуы»,
жер сілкіну ошағында туындайтын кенеттен механикалық  қозғалу  барысы  болып
табылады.
         Дайындық барысының ерекшелігі жер сілкінсінің  жаршысы  деген  атқа
ие болған белгілі табиғи құбылыстар түрінде көрінді.
         Мысалы, ғалымдар жер  сілкінісіне  дайындық  кезеңіндегі  жер  асты
сулары  режимінің  өзгерісіне,  жер  асты  суларының  химиялық  және   газды
құрамына  көптен   назар  аударған  (су  деңгейінің  өзгеруі,   оның   жылжу
ерекшелігіне). Жер  сілкінісінің  жаршысы  ретінде  көрінуі  мүмкін  ондаған
геохимиялық көрсеткіштер зерттелуде.
        Тектоникалық қозғалыс орын алатын аудандарда жердің  үстіңгі  қабаты
аздаған өзгерістерге,  еңіске  тап  болады.  Жер  сілкінісінің  алдында  бұл
қозғалыстың қарқыны мен тәртібі өзгереді. Оларды зерттеп  білу  ушін  Жердің
үстіңгі  қабатының  тәртібін  геодезиялық  құрылғылардың   арнайы   әдісімен
зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
         Арнайы бір жер  қыртысының  учаскесінде  жер  сілкінісіне  дайындық
кезеңінде біртіндеп  кедергі  көбейе  түседі,  соның  нәтижесінде  түрлердің
серпімділік құрамы өзгереді, демек, сейсмикалық толқындардың  осы  түрлерден
өту жылдамдығы өзгереді. Соңғысын үнемі зерттеу белгілі бір  нәтижие   беруі
мүмкін.
         Магнит  өрісінің  өзгеруі,  жер  қыртысындағы  электр  тоқтары  мен
атмосфераның  электрлік  жағдайы  зерттелуде.  Жер  асты  сейсмо-акустикалық
зерттеулер жүргізілуде. Жер сілкінісіне дейінгі және  қайталанған  жер  асты
дүмпулері  сарапталады  (форшок  және  афтершок).  Тірі  организмдердің  іс-
әрекетіндегі өзгерістер зерттеледі.
          Толығымен   алғанда   жер   сілкінісінің   келтіретін   зардаптары
қорқынышты  болып  келеді,  сондай-ақ  сәтсіз  болжам  кезіндегі  тәуекелдің
бағасы да, өкінішке орай, орасан зор.  Жер  сілкінісінің  дайындық  процесін
толық сенімділікпен белгілеуге болады, алайда, қашан және  қай  уақытта  жер
сілкінісінің «шаппалы  ілгегі»  жұмыс  істейтінін  толық  сенімділікпен  тап
басып айту - өте қиын. Бұл мәселені шешу ғылымның еншісінде.
        Жер сілкінісінің жаршысы - болатын немесе  болуы  мүмкін,  форшоктар
түрінде, жердің үстіңгі қабатының қозғалуы, геофизикалық алқаптың, жер  асты
суларының құрамы мен режимінің, жер сілкінісі болуы мүмкін аймақ  ошағындағы
заттардың құрамы мен жай күйінің өзгерісі түрінде көрінетін  жерсілкінісінің
белгілері.
         Жер сілкінісін зерттеу саласының белгілі  маманы  К.Моги  (Жапония)
осы бір қиын және әзірге толық шешімін таппаған мәселеге шынайы  түсініктеме
береді. Оның пайымдауынша, болжау мәселесі жақын арада шешілуі мүмкін  емес.
Онымен қоса, болжаудың табиғи жағдайдағы  жалпы  әдісі  болуы  мүмкін  емес.
Жетістік тек жер сілкінісін және оның алдын  алу  құбылыстарын  жүйелі  және
ұзақ мерзімді зерттеу нәтижесінде ғана келуі мүмкін.
         Жер  сікінісінің  жаршысын  зерттеу  үшін  Жапониядағы  сейсмикалық
бақылаулар   стандартталған,   Жапонияның    Метеорологиялық    агенттігінің
телеметрикалық бақылау станцияларының  жеткілікті  дәрежеде  жиі  орналасқан
торабымен қамтамасыз етіледі.  1875  жылдан  бастау  алған  бүл  бақылаулар,
бүгінгі   таңда   қазіргі    заманғы    электромагниттік    сейсмографтармен
жабдықталған. Мұнымен қатар ірі жапондық университеттер, өз кезегіңде  елдің
бүкіл  аумағын   дерлік   қамтып   жатқан   өздерінің   дербес   сейсмикалық
бақылауларын жүргізеді.
         Мұндай  сейсмобақылау  жүйесі  АҚШ,  Қытай,   Ресей   және   бізде,
Қазакстанда да бар.
        А.Я. Сидориннің М., Наука. 1992 ж. жарық  көрген  «Жер  сілкінісінің
жаршысы» атты еңбегінде келесі жер сілкінісінің жаршылары карастырылады:
   1) XX ғасырдың екінші жартысында  апаттық  жер  сілкіністерінің  60%  -ке
      жуығы алғашқы форшокты белсенділікпен көрінді. Сондықтан форшоктар жер
      сілкінісін болжауды жүзеге  асыру  жүйесінде  алдыңғы  қатарлы  орынды
      алады. Жекелеген жағдайда, 1975 жылғы 4 ақпан  күні  7,3  магнитудамен
      Қытайда болған Хайчен жер сілкінісін болжауда дәл форшокты белсенділік
      шешуші роль атқарды;
   2) деформациялық жаршылар жердің үстіңгі қабатының баяу қозғалысын  үнемі
      бақылау жолы арқылы (кеңістікті - уакыттық) зерттеледі;
   3) гравитациялық жаршылар (соның  ішінде  Ай  мен  Күннің  тартылыс  күші
      арқылы туындайтын судың көтерілу құбылысы);
   4) гидрогеодинамикалық жаршылар (жер асты суларының физикалық  жағдайының
      өзгеруі);
   5) электромагниттік жаршылар  (тау  жыныстарындағы  және  т.б.  электрлік
      қарсылығы  және  электролизацияның  өзгеруі,  электромагнит   өрісінің
      өзгерісі);
   6) геомагниттік жаршылар;
   7) геохимиялық жаршылар (жер асты сулары  және  топырақ  асты  газдарының
      химиялық және газды құрамының өзгеруі);
   8) гидрометеорологиялық  жаршылар  (кейбір  мәліметтерге  қарағанда,  күн
      белсенділігінің ауытқуы  жер  қыртысының  тектоникалық  белсенділігіне
      әсер етеді);
   9) биологиялық жаршылар (биологиялық және геофизикалық үдерістердің өзара
      байланысы  мен  бірлігінің   концепциясы   бүгінгі   таңда   жалпылама
      мақұлдауға  ие  болды).  Пайымдауларға  қарағанда,  жер   сілкінісінің
      алдындағы геофизикалық өріс параметрлерінің өзгеруі әр  түрлі  ағзалар
      мен жануарлардың физиологиялық реакциясына ықпал  етеді.  Жануарлардың
      аномалиялық қылықтарын зерттеудің аса қажеттілігі  көп  жағдайда,  бұл
      жаршыларды соңғы күндері және тіпті жер сілкінісі алдындағы сағаттарда
      жер сілкінісін қысқа мерзімді болжау мүмкіндігіне негізделген.
          Келесі  бір  табиғи  сипаттағы  төтенше  жағдай  көздерінің  басым
көпшілігі  сыртқы  (экзогенді)  геологиялық   процесстерге,   геологиялықтан
басқа, жер қыртысында жүретін процестерге жатады.

      3  Жер  сілкінісі кезінде қауіпті қабылдау ерекшелігі.
      Болжау мәселесі - жер асты дүмпуінің орнын, жиілігі мен уақытын алдын-
ала болжау. Жер сілкінісінің хабарлаушылары  мыналар:  сеймикалық  толқындар
жылдамдығының өзгерісі, топырақтағы суларда, радон,  аргон,  гелий  газдары,
фтор және уран  қосылыстарының  бөлінуінін  күрт  өсуі,  скважиналардағы  су
деңгейімен шығынның өзгерісі, үй және жабайы  хайуанаттардын,  балықтар  мен
құстардың  мазасыздануы,  әлсіз  дүмпулердің   қайталануы,   ауаның    әлсіз
бозғылттануы аспалы  шамдардың,  шырақтардың  өзінен  -  өзі  жануы,  жайсыз
сезіну, бас айналу, әлсіздік және басқалар.
    Ғалым сейсмологтардың кейбір үй және  жабайы  хайуандардын,  құстардың,
жәндіктердің, қолда өсірілетін балықтың өздерін ұстау  ерекшеліктері  туралы
былай деп жазады:
    • иттер жер сілкінісінен бірнеше күні бұрын түні бойы  ұлыйды,  нақ  жер
      сілкінердің алдында ешбір себепсіз қатты  үреді,  байлаудан  босануға,
      қожайынын көшеге шығаруға әрекеттенеді;
    • мысықтар жер сілкінерден бірнеше күн бұрын үйден кетіп қалады. Нақ жер
      сілкінердін алдында күшіктерін қауіпсіз  орындарға  апарады,  ағаштың,
      бағанның басына шығып, аянышты мияулайды;
    • шошқалар жер сілкінісінің алдында шошқа қорадан қашып шығып, бір жерге
      топталады, бірін-бірі тістейді;
    • жылқы, қой, ешкі жер сілкінісінің алдында жемнен  бас  тартып,  қораға
      кірмейді, қашуға тырысады. Жылқы тұяғымен  жерді  тартып,  дірілдейді,
      жолда тоқтай береді;
    • сиырлар жер сілкінісінің алдында жайылмайды, сауғызбайды, далады, қора
      ішінде шапқылайды, қатты мөңіреп, жерге аунайды;
    • қояндар алғашқы  дүмпуден  азақ  уақыт  бұрын  тор  ішінде  шарқ  ұрып
      жүгіреді, басымен қабырғаны ұрады;
    • суырлар  жер  сілкінісінің  алдында  інінен  қашып  шығады,  адамдарға
      қорықпай жақындайды;
    • егеуқұйрықтар мен тышқандар жер сілкінісінің  алдында  күндіз  ғимарат
      ішінде жүгіреді, аулаға  тобымен  жиналып,  адамдарға,  итпен  мысыққа
      назар аудармай, бір-біріне ұмтылады;
    • хайуанаттар бағында жер сілкінісінің алдында жыртқыш хайуанаттар,  піл
      «концерт қояды», ал жер сілкінісінің алдында үндерін  шығармай  тордын
      бұрышында жатады;
    • құстар жер сілкінісінің алдында үздіксіз,  қатты  шулайды.  Тауық  жер
      сілкінісінің алдында есі шығып жүгіреді,  кез  келген  жерде  түнейді,
      балапандары ағаш басына ұшып шығады;
    • құрт-құмырсқа жер сілкінісінің алдында өз мекендерінен жаппай көшеді;
    • тасбақа жер сілкінісінің алдында ызақорланады;
    • балықтар жер сілкінісінен 2 күн бұрын қатты мазасызданып,  су  бетінде
      жүреді.
    Хабарлау, ақпарат және басқару жүйесін  құру,  оларды  жұмыс  жағдайында
күтіп ұстау.
     Сейсмикалық  аудандастыру.  Сейсмикалық  аудандастырудың  мақсаты   жер
сілкінісіне ұшыраған аумақты сейсмикалық қауіпті деңгейі әртүрлі  аудандарға
бөлу. Сейсмикалық аудандастыру картасы. Жобалаушылар, құрылысшылар үшін  іс-
әрекетке  жетекшілік  етуге  қызмет   етеді   және   учаскенің   сейсмикалық
қауіптілігін балл бойынша бағалауға, жер  сілкінісінің  ең  жоғарғы  ықтимал
жиілігі, әр түлі  күштегі  жер  асты  дүмпуінің  ықтимал  қайталануы  туралы
мәлімет беруге мүмкіндік береді, осының бәрі  құрылыс  салу  кезінде  білуді
қажет етеді.
     Осындай картаны 1978 жылы Қазақстанның жер сілкінісі қауіпті аудандары
үшін ҚР ҰҒА сейсмологиялық  институтынын  ғалымдары  ҚР  Геология  және  жер
қойнауын қорғау министірлігінің мамандарымен біріге жасады.
    1980 жылы Алматы қаласының   сейсмикалық  аудандастырылуынын  іс  қимыл
картасы енгізілді, бұған сәйкес  қала  құрылысынын  бас  жоспары  өзгертіліп
отырады.
    • Ғимаратты және үй-жайды сеймикалық  төзімділік  үшін  зерттеу,  оларды
      нығайту, қауіпті объектілерді тоқтату және бөлшектеу.
    • Жаңа ғимараттар мен үй-жайлардың сейсмикалық төзімді құрлысы.
    • Қондырғыларды, қысымы жоғары, сұйық газы бар  балондарды,  улы  заттар
      салынған ыдысты сенімді бекіту.
    • Құтқару, инженерлік және басқа арнайы құрамаларды  тұрақты  әзірлікпен
      ұстау, олар мен жаттығу өткізв оларды киіммен,  техникамен,  прибормен
      және аппартурамен қамтамасыз ету.
    • Бірінші кезектегі қажетті заттардың және құтқару  және басқада  тиімді
      жұмыстарды жүргізу  үшін  материалдық  техникалық  құралдардың  (дәрі-
      дәрмек жол қапшығы, арнай жол жабдығы және т.б.) қорын  жасау,  оларды
      аса сенімді және қауіпсіз жерде сақтау.
    • Улы, жанатын және жарылатын заттарды не қорын кәсіпорындар  мен   елді
      мекендерде азайту бойынша шаралар  жүргізу,  оларды  қауіпсіз  аймаққа
      орналастыру.
    • Әр бір мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жер сілкінісі   жағдайында  шұғыл
      шаралар жоспарын әзірлеу.
    • Барлық, жұмысшы, қызметші,  оқушы  және  халықпен  сабақтармен  сейсма
      жаттығуларды тұрақты өткізу.
      Жер сілкінісінің кенеттен пайда болады және  қас  қағымда  өтеді.  Жер
сілкінісі — бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі  бөлігінде  кенеттен
болған қозғалыс  пен  жаратылыс  нәтижесінде  пайда  болған,  елеулі  ауытқу
түрінде,  үлкен  қашықтыққа  таралатын  жер  асты  дүмпуі  мен  жер  астының
қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты  дүмпулерінен,  тербелістен  болады.  Әзірге
ғалымдар жер сілкінісі қашан,  қайда,  қанша  уақыт  болатынын  және  қандай
зардап әкелетінін тура басып  айта  алмай  отыр.  Сейсмикалық  станциялардың
көрсетулері – дәл  емес.  Жыл  сайын  жер  бетінде  100-ден  аса  үлкен  жер
сілкіністері болып тұрады. Жер сілкінісінің уақытын болжау қиын.
Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер  сілкінісі  өте  жойқын
болып келеді.
      Жер  сілкінісінің  барысында  адамдар  қаза  болады,  үйлер,   жолдар,
көпірлер,  каналдар,  тоғандар  мен  басқа  да  инженерлік  ғимараттар,   су
құбырлары,  канализация,  электр  беру  жүйесі  қирайды,   байланыс   желісі
бұзылады,  қар  көшкіні,  сел,  сырғыма  мен  қопарылыс  пайда  болады.  Тау
жыныстарынан  тастар  құлайды,  адамдарға  үрей  болады.  Су  асты  және  су
жағалауындағы жер сілкінісі  кезінде,  теңіз  түбінің  қозғалыс  нәтижесінде
теңіздің гравитациялық толқындарынан цунами  пайда  болып,  құрылыста  үлкен
бүлінушілік жасайды.
      Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттары көпшілікке
мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы  километр  аумағында  жер  сілкіну
қауіпі бар. Бұл аймақта 6 миллионнан астам халық тұрады,  27  қала,  400-ден
астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 пайызға жуық  өндірістік  әлеуеті  осы
аймақта шоғырланған.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік  Қазақстан,  Қызылорда,  Маңғыстау
облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық  қауіпті  аймақта  орналасқан.  Онда
өнеркәсіптің негізгі қорының 30%-ы  шоғырланып,  тұрғын  үй  қорының  35%-на
жуығы  орналасқан,  Республика  халқының  40%-ы  тұрады.  Жер   сілкінісінің
қауіпті бар  аймақтарда  ірі  қалалар  мен  елді  мекендер,  гидротехникалық
ғимараттар  мен  зиянды  өнеркәсіп  орындары,  жасанды  және  су  қоймалары,
жарылғаш және улы материалдар  қоймалары  орналасқан.  Тұрғын  үй  алқабының
бұзылуымен   қатар   тізбеленген   объектілерді   кейбіреулерінің   бұзылуы,
оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін. Инженерлік  желілер  мен
коммуникациялардың жер сілкінудің салдарынан бұзылуы аса қауіпті.
      Жер сілкінісі кезіндегі қондырғы мен ғимаратты зақымдалуынан  шегілген
залал ғимараттың өзінің  зақымдалуынан  шеккен  шығыннан  біршама  есе  асып
түседі.
Жер сілкінісінің бірге  өрт  пайда  болып,  геологиялық  ортаның  экологиясы
бұзылады, қопарылма, сырғыма, сел тасқыны  және  т.б.  шаруашылыққа  қосымша
залал әкеледі.
Жер сілкінісінің жанама шығыны да орасан  зор:  өндірістік  циклдің  уақытша
тоқтауы, еңбек ресурстарының зардапты жоюға  тартылуы  және  тағы  басқалар.
Сонымен қатар көлік жолдарының зақымдануына, тұрғын үй  тұрмыстық  жағдайдың
нашарлануына,   халықтың   апат   аймағынан   кетуіне,   жерасты   дүмпуінің
қайталануын күтуінің  нәтижесінде  адамдардың  ұнжырғысының  түсуіне  әкеліп
соғады.
      Жер сілкінісі салдарының  аса  ауыр  түрлері  ғимараттар  мен  үйлерді
сейсмикалық  күшейту  бойынша  жұмыстар  жер  сілкінісі  қауіпті   ескерусіз
жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарда  пайда  болады.  Бұған  мысал  ретінде
соңғы жылдары Қазақстанда болған жер сілкіністері салдарын келтіруге  болады
(Құлан ауданы Жамбыл облысы).
Халықты, аумақты және шаруашылық  объектілерінің  ықтимал  жер  сілкінісінен
қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды:  сейсмологиялық  бақылау  мен
жер  сілкінісінің  болжамының  республикалық  жүйесін  дамыту;   сейсмикалық
аудандастыру сапасын  жақсарту;  сейсмикалық  төзімді  ғимараттарды  жобалау
және салу; халықтың сейсмикалық  білімін  жақсарту;  басқару;  хабарлау  мен
байланыс  жүйелерін  тұрақты  дайындықта  болуын  ұйымдастыру;  дамыту  және
қолдау;  жер  сілкінісі  кезінде  Азаматтық  қорғаныс  күштерін  тарту  және
тұрақты дайындықта ұстау.
Азаматтық қорғаныс күштері мен  құралдарының  және  өзге  де  шараларға  жер
сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.


      .Өзін-өзі тексеру сұрақтары
     1. Жер сілкінісі. Анықтамасы және жіктелуі, жағымсыз факторлар.
     2. Жер сілкінісінің күші, қарқындылығы, жиілігі және ұзақтығы.
     3. Жер сілкінісінің зардаптары
     4. Жер сілкінісі жиілігінің қысқаша сипаттамасы
     5. Сейсмикалық белсенді аймақтар.  Алдын  алу  шараларының  тиімділігі
        және болжам.
     6. Жер  сілкінісі кезінде қауіпті қабылдау ерекшелігі.
































      Дәріс №3. Көшкіндер. Анықтамасы, жіктелуі, жағымсыз факторлары.
     1. Қеңістіктін таралуы. Күші, қарқындылығы, жиілігі және ұзақтығы.
     2.  Болжам тиімділігі, алдын алу шаралары.


      1 Көшкіндер. Анықтамасы, жіктелуі,  жағымсыз  факторлары.  Қеңістіктін
таралуы. Күші, қарқындылығы, жиілігі және ұзақтығы.
      Қар көшкіні – бұл тау беткейінде жатқан  қалын  қардың  тұрақтылығының
бұзылуына байланысты қардың тез жылжуы.
      Республика аумағында 800-ге жуық қар  көшкінінің  ошақтары  бар,  оның
ішінде  369  ошақ  211-ден   аса   әртүрлі   объектілерге,   мемлекетаралық,
республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар  350  шақырым  автомобиль
жолдарына және 2 мыңға жуық тұрғындарға тікелей қауіп төндіреді.
      Қазақстандық Алтай, Іле, Жетісу, Талас Алатау  және  Қаратау  жоталары
аса көшкінге белсенді болып табалады.
      Осылайша,  Алматы  облысында,  Кіші  және  Үлкен  Алматы   өзендерінің
бассейндерінде (Іле Алатау) қар көшкінінің  123  қалыптасу  ошағы  саналады.
Шымбұлақ спорт кешенінің тау  шаңғы  күрежолы  ауданында,  сондай-ақ  Медеу-
Шымбұлақ жол учаскесінде көшкіндер жылжуы жиі  болғандықтан,  бұл  объектіні
қауіптілігі  жоғары  дәрежеге  жатқызуға  болады.  Жағдайды  ерте  болжамдау
мақсатында Медеу бөгетінің оң жағына қарай көшкін қауіптілігі үшін  қашықтық
мониторинг жүйесі енгізілді.
      Жетісу Алатауда  солтүстік  және  солтүстік-батыс  жота  беткейлерінде
(Көксу, Текелі өзен бассейндерінде) жоғары  қар  көшкінің  қаупіті  10  ошақ
тіркелген 52 әртүрлі объектілерге  және  146  тұрғындарға  қауіп  төндіруде.
Алматы облысында  79объектіге  және  225  тұрғындарға  қауіпті  барлығы  133
көшкін жиналуы анықталды,.
      Шығыс Қазақстан облысында  230  көшкін  жиналуы  саналады  92  әртүрлі
объектілерге 1060 аса тұрғындарға қауіп төндіруде. Автожол бойындағы  көшкін
ошақтары аса қауіпті болып табылады.  262  шақырым  автожол  қар  көшкінінің
астында қалуы мүмкін. Зубовск  кенті,  Огневка,  Каменный  карьер  кенттері,
Серебрянск қаласының маңы, Өскемен қаласы,  Риддер  қаласы,  Алтынсай  ауылы
және т.б.жеті елді мекен қауіпті қар көшкін аймағында орналасқан.
      Оңтүстік Қазақстан облысындаҰғам, Қаратау және Талас  жоталары  көшкін
қауіпті болып табылады, онда 6 көшкін қауіпті учаскелер   тіркелген.Олар  40
түрлі объектілерге және 360 тұрғындарға қауіп төндіреді.
      Республиканың   басқа   өңірлерінде   қар   көшкіндері   елден    және
коммуникациядан   бірталай   алыстау   қашықтарда   орналасқан   шатқалдарда
қалыптасады.
      Көшкін қаупінің белгілері:қар қалыңдығы 20-30  см,  қысқы  қардың  көп
көлемде түсуі; қыс мезгілінде ұзақ уақыт күннің суықтығы немесе  ауа-райының
жылынуы; қар үстіне жауын-шашынның түсуі; қар қаңқасын  жасаушы   қатты  жел
және  тау  беткейлеріне  қарды  үрлеп  тастауы;  тау   беткейлеріндегі   қар
қалыңдығының  биіктігі  30-60см  мөлшерден  артық  болуы;  қар  жамылғысының
ұйтқуы және жатуы, тау жоталарында жарықшақтың пайда болуы.
      Жел көшкіннің қалыптасуы кезіндегі  негізгі  әрекет  етуші  күш  болып
табылады.
Көшкін қаупі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіздік шаралары.
    • Көшкін апаттарының статистикасы  адамдардың  қаза  болуын  сипаттайтын
      барлық үйінділер тікелей адамдардың өздерінен  болғандығын  көрсетеді.
      Қар қалың  түскен  жоталарға  шықпай,  тек  тапталған  жолдармен  ғана
      жүріңіз.
    • Таулы жерлердегі  жағдайларды  ұдайы  бұқаралық  ақпарат  құралдарының
      хабарламасынан тыңдаңыз.
    • 2-3 күн қатарынан қар жауғанда тауға шықпаңыз.
    • Ірі беткейлердің қиылысынан алыстап, аяқ астынан  қардың  шуы  естілсе
      тез арада қозғалысты тоқтатыңыз.
    •  Көктем  мезгілінде,  әсіресе  күннің  екінші  жартысында   қар   еріп
      беткейлерден тез сырғыған кезде аса сақ болыңыз.
    • Көшкін қаупі бар учаскеден өткенде айқайлауға, шулауға болмайды.
    • Көшкін қаупі бар учаскеден өткенде жалғыз, рюкзакты  бір  жақ  бауымен
      көтеріп, абайлап өтіңіз.
    • Қалың қар жамылған беткейлерге  жақын  демалуға  және  лагерлік  шатыр
      қойып тоқталмаңыз.
    •  Қар көшкіні түскен кезде оның жолынан кетіп,  рельеф,  жартас  астына
      тығылыңыз.
    • Тауға ешқашан жалғыз бармаңыз! Топпен  бір  уақытта  қатерде  қалмауға
      жағдай жасаңыз!
   Көшкін қаупі бар учаскелер бойынша қауіпсіздік шаралары:
    • Көшкін қаупі бар беткейден өтуге тыйым салынады.
    •  Күнмен  шағылысқан  беткейлердің  етегінде,  тар  жолдарда   тоқтауға
      болмайды.
    • Қатты дауыстап сөйлеуге, сондай-ақ  беткейде  тегіс  немесе  ұсақ  қар
      түйіршіктерінен жинақталған жерлерге із қалдыруға болмайды.
    • Тас құлайтын науаларды, бос тұрақсыз үйінді, сырғыма  жолдарды  басуға
      болмайды.
    • Еш уақытта ауа-райының бұзылуы кезінде, тез  арада  жылынғанда,  қысым
      түскенде, тұманда, қар түскен соң, бұрқасын  мен  қатты  жел  соққанда
      көшкін қауіпі бар жолға шығуға болмайды.
    • Нашар көрінетін кезде, беткейде қар қалыңдығы  30  см.  және  одан  да
      жоғары болғанда, жауын-шашын жауғанда, қатты  жел  тұрғанда,  бұрқасын
      соққанда, температура кенеттен төмендегенде көшкін қаупі бар  аймақтан
      тез арада кету керек.
    • Көктемде шуақты күндерде көшкін қаупі бар аймаққа түскі  сағат  12.00-
      ден кейін бармау керек.
   Есте сақтаңыздар: Көшкін кезеңінің ұзақтығы тауларда қардың  барына  және
жиналу кезеңіне сәйкес болады. Көшкіннің ең белсенді уақыты  көктем  мезгілі
болып саналады, абай болыңыздар!

      2  Болжам  тиімділігі,  алдын  алу  шаралары.  Қар  көшкіні  -   таулы
аймақтарда болатын қардың,  тастың  көшкіні.  Бұл  құбылыс  көбіне  көлдерде
судың толуынан, мұздардың еруінен болады.  Қар  мен  мұз  еріп,  олар  төмен
қарай ағады. Ағынның биіктігі 10-20  метрге  дейін  (кей  жағдайларда  40-50
метрге дейін), ағу жылдамдығы 3-5 м/с. Көшкіннің астында  қалғандардың  тірі
қалуы мүмкін емес, сондықтан абай болу қажет.
      Республикамызда қауіпті 300 орын тіркеуге алынған, ол жерлерде 600-ден
көп әртүрлі жағдайлар  болған.  Қар  көшкіні  жағдайлары  шамамен  80%,  мұз
еруінен 15% және қар еруі мен жер сілкінісінен 5% болады.
      Қазақстанның ең қауіпті  таулы  аймақтары  болып  Жоңғар,  Талас,  Іле
Алатауы, сондай-ақ Қаратау, Кетмен, Тарбағатай таулары саналады.
      Көшкін қаупі бар кезең - Қазақстанның таулы аймақтарында  күн  жылыған
кезде болады (тамыз-қыркүйек айлары).
      Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20 – 60 градуспен көшкін  қар
жаңа жауған және күн күрт жылынған кезде болады. Көшкін тауда жиі  болуынан,
циклондық құбылыс күшейетін наурыз –  сәуір  айында  көбірек  болады.  Сирек
қайталанатын  көшкіннің  көлемі  1  млн.  текше  метрге,   қозғалысының   ең
үлкенжылдамдығы 100 м/с дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50 пайызыға  жуығы
жазыққа жетіп, халық пен шаруашылық  нысандарына  тікелей  қауіп  төндіреді.
Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шарша метр үшін бірнеше жүз  тоннаға
жетуі керек.
      Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар  көшкіні  болып  тұрады.  Ол
негізінен  қардың  түсуі  мен  күгннің  жылынуына  байланысты.  Қар  көшкіні
болатын ең қауіпті кезең қараша – сәуір, биік тауда қазан – мамыр.
      Көшкіннің  болу  белгілері:  Көшкін  қаупі  бар  аймақтары   жаңбырдың
үздіксіз жауу; Көшкін қаупі бар аймақтарында күннің жылуы; Көлде  деңгейінің
күрт төмендеуі немесе жоңғар жағында шұңқыр пайда болуы; Жер сілкінісі.
      Көшкіннің жақындау қаупі  және  белгілері:Көшкінге  қауіпті  арналарда
судың тоқтап не болмаса күрт азайып кетуі; Көшкінге қаупі арналардың  жоғары
жағында қатты дыбыстың пайда болуы; Көшкін алып келген тастардың  соққысынан
болған қозғалыстар;  Көшкін соққысынан болған шаңды бұлттардың пайда  болуы;
Судың лайлануынан пайда болған көшкін алдындағы себептер.
   Көшкін  қаупі  бар  аймақтарда  қауіпсіздік   шараларын   сақтау:   таулы
аймақтардағы жағдайларды бұқаралық ақпараттық құралдаынан тыңдаңыз;  Қатерлі
аймақта тоқтаусыз жаңбыр жауса, ол жерден тез арада кетуге  тырысыңыз;  Келе
жатқан көшкін ағынына  50-60  м  жақындамаңыз;  Тау  шеттеріне  және  көшкін
ағатын аймаққа тоқтамаңыз; Қауіпті жерлерде адамдар арасындағы қашықтық  20-
30 м болсын; Қаупі бар аймақтарға тынығуға бармаңыз, көлдің  жағысына  лагер
палаткасын  тікпеңіз:  Көшкін  болатынын  сезген  жағдайда,   тауға   шығып,
неғұрлым  алысырақ  кетуге  тырысыңыз;  Көшкін  өткеннен  кейін   ол   жерге
түспеңіз, себебі ол жерде  тағы  да  көшкін  қаупі  болуы  ықтимал;  Қауіпті
аймақтада қауіпсіздік шараларын сақтаңыз; Теңіздің мұз жағында  болу,  қауіп
төнген жағдайда  дауыл  тллқыны  болмағанда  ауа  температурасының  жағымсыз
жағында болу; Көлдің бөгет бойымен, жылжып жүрген үлкен  мұздың  немесе  қар
көшкіні үстімен жүрмеңіз.

      .Өзін-өзі тексеру сұрақтары
     1. Көшкіндер. Анықтамасы, жіктелуі
     2. Көшкін қаупі бар учаскелер бойынша қауіпсіздік шаралары
     3. Көшкіннің болу белгілері
     4. Көшкін қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шаралары






























      Дәріс №4. Сел. Туындау орындары, түрлері.

      Жалпы сұрақтар
    1. Селдің түрлері және ұзақтығы. Селдерді болжау, алдын  алу  шаралары.
       Қазақстанның  селдік   қауіпті   аудандар.   Селдердің   күші   және
       қарқындылығы,  жиілігі.


      1 Селдің түрлері және узақтығы. Селдерді болжау, алдын  алу  шаралары.
Сел сияқты төтенше жағдайдың көзі гидрологиялық құбылыспен тығыз  байланысты
болса да,  соның  өзінде  де  оларды  толық  негізбен  Жердің  бетін  сыртқы
өзгерістерге  ұшырататын  экзогенді   геологиялық   процесстерге   жатқызуға
болады. Бұл тау жынысының күйзелуі мен өзгеруінің  геологиялық  процесстері,
әдеттегідейі  сыртқы  агенттер  әсері  -тау  жыныстарының  мүжілуі,   желдің
жұмысы, жер асты және жер  үсті  сулары,  өзендер,  мұздықтардың  салдарынан
болады.
        Сел - тау жартастарының сынықтары мен су қоспасынан  тұратын,  қатты
жауын немесе қардың қарқынды еруінен, сондай -ақ,  қар  үйіндісі  мен  мұзды
теңіздердің еруінің  нәтижесінде  таулы  өзендер  мен  өзеншіктер  арнасында
кенеттен пайда болатын үлкен қиратушы күштің қарқынды тасқыны.
        Сел (араб тілінен алғанда сайль - қарқынды  тасқын)  –  төмен  қарай
үлкен жылдамдықпен жүріп өтетін және орасан зор қиратушы күшке  ие  лайтасты
су тасқыны, Қазақстаннның оңтүстік және оңтүстік - шығыс  аймағындағы  таулы
аудандардағы  жиі  болатын  құбылыс,  республиканың  жалпы   ауданының   13%
құрайды.
        Сел қаупі бар аймақ  –  селдік  процесстердің  даму  қарқындылығымен
сипатталатын, адамдарға, экономика нысандарына және қоршаған  табиғи  ортаға
қауіп төндіретін аймақ.
        Селге қарсы қорганыс – селдік процестердің пайда болуының алдын  алу
мен дамуына, сондай-ақ атқарушы билік органдары мен жергілікті  өзін  -  өзі
басқару    органдарын   және   халықты   селдің   туу   қаупінен   алдын-ала
хабарландыруға бағытталған құтқару – шектеулі және  инженерлі  –  техникалық
іс-шаралар жиынтығы.
      Сел- тау өзенінің арналарында 3-5 м/с жылдыамдықпен биіктігі  10-20  м
дейін (кейбір жағдайларда 40-50 м дейін) жекелеген толқындармен  қозғалатын,
су мен ұгілген материалдар қоспасындағы қасқағым сәтте өтетін  тау  тасқаны,
ол салмағы 300 тонна үлкен тастың өзін оңай дөңгелетіп әкетеді.
      Сел тасқындары өзен арналарындағы үлкен еңістердің болуынан, борпылдақ
топырақ пен бөлшектелген материалдың  көптігінен,  ұзақ  нөсерден,  қар  мен
мұздақтың  тез  еруінен,  биік  таудағы  өзендерден  бұзып  шағуынан   пайда
болады.Селдің  алапат  талқандағыш  күші  өзінің  жолында  кездескен  барлық
гидротехникалық ғимараттарды қиратып, жазық пен өзен жағаларын бүлдіреді.
      Селдердің қуаты мен  қиратушылығы  бойынша  Қазақстан  ТМД-да  алғашқы
орындарының бірін алады. Республикада 300  астам  белсенді  сел  бассейндері
бар.  Онда,  әртүрлі  сипаттағы  600  астам  сел  белгілері  тіркелген.  Сел
көбінесе қатты нөсерден пайда болады  –  80%  шамасы,  мұздақтардың  еруінен
болған сел оқиғалары - 15 % жуық, қар тез еріген және жер сілкінісі  кезінде
сел сирек пайда болады.
           Іле,  Жоңғар,Талас  Алатауының  жоталарында,  сондай-ақ  Қаратай,
Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы  сел  қаупі  күшті
аудандар болып табылады.
            Жылдың  жылы  мерзімінде  (мамыр-қыркүйек)  Қазақстанның   таулы
аудандарында сел пайда болады.
          Сел қаупінің белгілері:
    - сел қаупі күшті аудандарда қатты нөсердің ұзақ жаууы;
    - биіктегі сел қаупі бар өзендерде ауа суға толып, арнасын бұзып  шығуын
      тудырады;
    - өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуі немесе оның жоғарғы жағында өзен
      бөгетін бұзылуын көрсететін шұңқырдың пайда болуы;
    - өзен бөгетінің бұзылуына алып келетін жер сілкінісі.

        Сел тасқынның тікелей және жақын қаупінің белгілері:
    - морендік-мұздақ кешендегі судың толғандығын айғақтайтын сел қаупі  бар
      арнадағы ағынның тоқтауы немесе күрт бәсеңдеуі;
    - биіктегі сел қаупі бар арнадан күшті гуілдің естілуі;
    - сел айдаған тастың соққысынан топырақтың дірілдеуі;
 - сел толқындарының соққысынан шаңдақ бұлттың пайда болуы;
 - судың қатты лайлануын сипаттайтын сел алдындағы тасқынның пайда болуы.

      Сел қауіпі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіз шаралары:
    - Таудағы жағдай туралы баспасөз хабарларын ұдайы қадағалаңыз.
    - Сел қауіпі бар биіктікте қатты нөсер жауа бастаса жылдам кетіңіз.
    - Сел тасқынына 50-70 м артық жақындамаңыз.
    - Тік жартас пен құлама беткейдің жанына тоқтамаңыз,  өйткені  тасқынның
      соққысынан сырғыма мен опырылма түсуі мүмкін.
    - Сел арналарымен жүрген кезде адамдардың арасындағы қашықтық кемінде 20-
      30 м болуға тиіс.
    -  Сел  қауіпі  бар  арналардың,  өзен  бөгеттерінің   жанына   демалуға
      тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз.
    - Сел тасқынның  белгісін  сезген  бойда  арнадан  қашығырақ  кетіп  тау
      беткейі бойынша мүмкіндігінше жоғары көтеріліңіз.
    -  Сел  тасқыны  өткеннен  кейін  селдік  арнаға  түспеніз,  өйткені  ол
      қайталануы мүмкін.
    - Арнаға  төмен  түскен  кезде  жәнет  онымен  жүргенкезде  әсіресе  ой-
      шұңқырдан аса сақ болыңыз.
    - Морендік-мұздақтық  кешенде  және  оның  бойымен  сел  тасқыны  қауіпі
      болмайтын  немесе  өте  сирек  болатын   кезеңде,   ең   жақсысы   ауа
      температурасы қалыпты кезде жүру ұсынылады.
    - Үйінділер бейберекет жатқан, сондай-ақ мұздақтан немесе қар көшкінінен
      пайда болған кедергілері бар өзен бөгеттерінің жанынан жүрмеңіз.
   Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне  зілзаланың
белгілерін дер кезінде аңықтау мен  белгілеуді  және  ол  туралы  хабарлауды
(ескерту) ұйымдастыру үлкен әсер етеді.
   Көп жағдайда 1-2 сағат бұрын естуі мүмкін. Осындай  тасқынның  жақындауын
дөңгеленіп  және  бір-біріне  соқтығысып  үлкен  жылдамдықпен  келе   жатқан
гүрілден естуге болады.
   Сейсмоқауіпті аудандағы халық  орман  желектерін  кесу,  егіс  жұмыстарын
жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.
     Халыққа сел тасқынның жақындауы туралы хабарлаған  жағдайда,  сондай-ақ
оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте ғимараттан  тез  шығып,
бұл туралы төңіректегілерді ескертіп қауіпсіз орынға бару керек. Өрт  болмау
үшін үйден шыққан кезде пешті сондіріп, газ кранын  жауып,  жарықты  өшіріп,
электроприборларын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қауіпті  аймақтан  малды
айдап  кеткен  жөн.  Халық   қауіпті  аудандардан  уақытша  қауіпсіз  орынға
көшіріледі.
    Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар  қауіпті  жерлерден  қаттар
мен балалардың шығуына көмектеседі. Бірінші кезекте аурулар мен  өз  бетінше
жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл  халық  тоғандарды
нығайтуға, кедергілер тұрғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.
    Сел тасқынына тап болған адамға қолда  бар  барлық  құралдар  мен  көмек
көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ немесе арқан  болуы
мүмкін.  Тасқын  ішіндегі  адамды  оның  шетіне  біртіндеп  жақындай   отыра
тасқынның бағыты бойынша шығару керек.

    Өзін-өзі тексеру сұрақтары
    1. Сел қаупінің белгілері
    2. Сел қауіпі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіз шаралары:
    3. Халықтың сел тасқынның жақындауы  туралы  хабарлаған  жағдайдағы  іс
       әрекеттері
































































      Дәріс №5. Қар көшкіні. Қар көшкінінің түрлері, туындау  орындары,  қар
көшкінінің болу периодтары және жағымсыз факторлары.

      Жалпы сұрақтар
    1. Қар көшкінінің болу уақытын анықтау әдістері, қар көшкінінің қорғану
       тәсілдері.
    2. Қауіпті құбылыстардың басқа түрлері: опырмалар, себілулер, беткейлік
       ағылу, жер бетінің отыруы және ойылымы, эрозия, шаңды дауылдар, т.б.
       Олардың  ерекшеліктері,  жағымсыз  факторлары,  қорғану   құралдары,
       салдарды жою тәсілдері.

    1 Қар көшкінінің болу уақытын анықтау әдістері, қар көшкінінің  қорғану
тәсілдері.
       Қар көшкіні – адамдардың өмірі  мен  денсаулығына  қауіп  төндіретін,
экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға шығын  келтіретін,  жылдам
әрі кенеттен болатын қардың  және  (немесе)  мұздың  таудың  тік  баурайымен
қозғалуы.
      Қар көшкіні – бұл қар  массасының  тау  беткейі  бойынша  төмен  қарай
жылдам лықсуы.
        Қар көшкіні  қауіпі бар аймақ – адамдардың өмірі  мен  денсаулығына,
экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға  зақым  келтіретін  немесе
келтіруі мүмкін қар көшкіні қауіпі бар таулы аймақ.
         Қар көшкінінің тууына ықпал ететін маңызды факторлар қалың қар  мен
таудың тік баурайлары болып табылады. Қар көшкінінің алуан  түрлі  қалыптасу
жағдайының   нәтижесінде   олардың   түрі    мен    көлемінің    айтарлықтай
айырмашылықтары бар.  Қар  көшкіні  тау  баурайындағы  қардың  салмағы  оның
беріктігінен асып кеткен  кезде  пайда  болады.  Қазақстаңдағы  қар  көшкіні
қауіпі бар аймақ 95 мың км2 жуық аймақты алып  жатыр,  жоғарғы  және  орташа
қар көшкіні қауіпі бар аймақ – 25 мың км2  жуық.  Олар  негізінен  еліміздің
таулы аймақтарының шығыс және  оңтүстік  –  шығыс  аймақтарында  орналасқан.
Республикада жаңа жауған қардан пайда болатын және қаркынды жылымық  кезінде
пайда болатын қар көшкіндері саны жағынан көптеп кездеседі.
       Апаттық қар көшкіні құбылыстарының арасынан атап  көрсетуге  болатыны
1966 жылдың наурыз айындағы оқиғаны айтуға болады, 1ле Алатауының  солтүстік
баурайындағы көшкінді қардың жиынтық  көлемі 110 млн. м3 құрады. Аса  үлкен,
300 мың м3 болатын қар көшкіні Кіші Алматы өзенінің  бассейінінде  байқалды.
1951 жылғы кезеңнен Іле Алатауындағы қар көшкінінен 91  адам  зардап  шегіп,
оның ішінде 56 адам қаза тапқан.
        1974 жылы Шығыс Қазақстан облысының  Зубовский  елді  мекенінде  қар
көшкінінен бір мезгілде 30 адам  қаза  тапқан.  Қазақстанда  қар  көшкінінен
қорғау бойынша нақты жұмыстар жүргізіледі.
       Қар көшкініне қарсы  қорганыс  —  қар  көшкіні  тектес  процесстердің
тууының алдын алуға бағытталған, сондай-ақ атқарушы билік немесе  өзін  -өзі
басқару органдарын  және  халықты  қар  көшкіні  қаупі  туралы  дер  кезінде
хабарлаңдыруға бағытталған күзету – шектеулі және инженерлі - техникалық  іс
– шаралардың жиынтығы.

   Қар көшкініне тап болған кездегі өзін – өзі құтқару әдістері:
   1. Көшкін сырғыған жағдайда жүктерді  лақтырып  тастап  бірінші  кезекте
      бірінші кезекте мұзұрғыштан, қапшықтан, шаңғы  мен таяқтан босаныңыз;
   2. Көшкіннің шетіне шығуға  талпынып,  негізгі  қар  массасын  өзіңізден
      өткізіп жіберіңіз;
   3. Шаң тәріздес көшкінге тап болған жағдайда одан тұншығып  қалмас  үшін
      ауыз бен мұрынды бас киіммен жабу керек;
   4. Қолдан келген барлық әдіспен аяқ қолды қозғалта отырып үстіңгі  бетте
      қалуға тырысыңыз
   Егер көшкін басыңыздан жоғары басып қалса,  ол  тоқтағанға  дейін  тізені
ішке бүгіп басты  қозғалту  арқылы  демалу  үшін  беттің  төңірегінен  үлкен
кеңістік  жасауға  тырысыңыз;  көшкін  тоқтағаннан  кейін  төменгі  жақ  пен
үстіңгі  беттің  қайда  екендігін  анықтап,  қолмен  ауыздың   төңірегіндегі
кеңістікті кеңейтіп, сілекейді түкіріп  тастаңыз;  көшкін  кезінде  айқайлау
пайдасыз, бұл тек күшпен  ауа   қорын  шығын  қылады,  егер  құтқарушылардың
қадамы естілсе ғана айқайлауға болады. Сабырлық  сақтап  ұйқымен  күресіңіз.
Тыныс алу үшін қажетті ауаның қар арасынан өтетіндігін есте сақтаңыз.
   Қар көшкіні басып қалған адамды іздеу кезіндегі қажетті іс-әрекет:
   1.  Көшкіннің  қайталану  қаупінің  жоқтығына  көз  жеткізу.  Бір  адамды
      беткейдің үстіңгі бөлігін қарау үшін  қалдыру,  көшкіндегі  жолдасының
      жоғалу нүктесін тез белгілеу.
   2. Зардап шегушіні табу немесе іздеу үшін бағдар  беруі  мүмкін  қандайда
      бір затты табу ұмітімен  осы  нүктеден  төмен  көшкін  конусын  мұқият
      қарау. Көмілген адамның, әдетте, жоғалу нүктесі мен оның  жарықтарының
      аса жеңіл заттары  жатқан  жердің  арасында  болатындығын  есте  ұстау
      керек.
   3. Көшкін бауын немесе сақтандыру арқанның тапқан кезде  зардап  шегушіні
      табу қиынға соқпайды. Ең бірінші кезекте қардан  оның  басын  босатып,
      содан кейін ғана алғашқы дәрігерлік көмек көрсету қажет.
   4. Егер зарлап шегушіні өз күштеріңізбен табу мүмкіндік болмаса,  құтқару
      отрядын шақыру қажет. Оған қатысушылар күрделі ауа  райы  жағдайындағы
      ұзақ жұмысқа әрдайым болуға тиіс.
   5. Егер бақытсыздықтың тікелей куәгері жоқ болса, зардап шегушінің жатқан
      жерін тау бедерінің нысанына, көшкін түріне, оның сырғу бағытына қарай
      анықтайды.Тік  құлама  беткейде  бірінші  кезекте  жайпақ  учаскелерде
      көшкін жылдамдығы бояулайтындықтан қашатты тексереді және онда қар көп
      қалады.  Егер  көшкін  жолында  жекелеген  ағаш,  жартастың  ұшы,  жол
      кездессе, зардап шегушіге осы кедергілерге аялдауға болады.
   6. Қозғалыс жылдамдығы 160 км/с асатын құрғақ үлпілдек қар көшкініне  тап
      болған адамды шетке лақтыруы мүмкін.  Мұндай  жағдайда  көшкін  конусы
      алдындағы едәуір кеңістікті қарау қажет.
   7.  Аймақты  аңықтағаннан  кейін  бағдарлауға  көшеді.   Көшкін   бұрғысы
      серпілмелі  металл  шеңберінен  тұратын  бірнеше  бұралмалы  секциядан
      тұрады.
   8. Құтқарушылар бір-бірі мен аралық сақтап беткейге қарсы тұрып,  бұрғыны
      қарға 3 м тереңдікке еңгізеді.  Содан  соң  беткейдің  үстімен  10  см
      жоғары көтеріліп оны бағыт бойынша іздеуді қайта жалғастырады.  Зардап
      шегушіні осындай әдіспен жылдам табу ықтималдығы-70%.
   9. Екі  мәрте  сәтсіз  бағдарлаудан  кетіп  әрбір  25  см  арқылы  мұқият
      тексеруге кіріседі. Бұл кезде құтқарушылардың  аралығы  30  см  болуға
      тиіс.  Егер  бұрғы  қардың  қалындығынан  топыраққа  жетпесе,  бойлама
      траншея қазу қажет(беткей бойынша төменнен жоғары).
  10. Іздеу жұмыстары зардап шегуші  табылғанға  дейін  жүргізіледі.  Жатқан
      жерін аңықтаған бойда қазу  басталады.  Әуелі  жылдам  қазуға  болады,
      кейін күрекпен дене жарақаттамау үшін сақтық жасаған дұрыс.

    2 Қауіпті құбылыстардың басқа түрлері: опырмалар, себілулер,  беткейлік
ағылу, жер  бетінің  отыруы  және  ойылымы,  эрозия,  шаңды  дауылдар,  т.б.
Олардың ерекшеліктері, жағымсыз факторлары, қорғану құралдары, салдарды  жою
тәсілдері.
       Опырылу (сусыма, тас құлау) – бұл ең алдымен тау  жыныстарының  желге
мүжілу  есебінен  олардың  байланысының,  жер  үсті  және  жер  асты  сулары
қызметінің әлсіреуінен туындайтын құлама және тік жарға тау жынысының  үлкен
массасының, өзен алқабы мен теңіз жағалауына бөлініп, құлауы.
          Сырғыма  –  тау  баурайымен  өз  салмағының  әсерінен   және   тау
баурайының шайылуы, тау жынысының шамадан  тыс  сулануынан  болатын  қосымша
ауыртпалықтар, сейсмикалық дүмпудің және басқа да  процестердің  нәтижесінде
тау жынысы массасының жылжуы.
        Сырғымаға қарсы қорғанысқа жататындар: қар көшкіні процесінің  пайда
болуы мен дамуын тоқтатуға, халық пен  территорияны  қорғауға,  сондай  -ақ,
атқарушы билік пен жергілікті  атқару  органдарын  сырғыманың  қаупі  туралы
казіргі заманғы құралдардың көмегімен хабарландыруға  бағытталған  күзету  –
шектеулі және инженерлі – техникалық іс-шаралар жиынтығы.
         Апаттық салдары бар сырғымалар  Қазақстанның  таулы  аймақтарындағы
жиі  кездесетін  құбылыс  болып   табылады.   Соңғы   мысал   -2004   жылдың
көктеміндегі Алматы облысы, Талғар ауданыңдағы  29  адамның  өмірі  мен  көп
пәтерлі тұрғын үйдің толық қирауына алып келген сырғымалар
      Үгінділер – тау жыныстарының өз салмағының әсерімен  сырғып  қозғалуы.
Олар әдетте өзен жағалауларымен жыраларда, жартастардың немесе  беткейлердің
бойында  пайда  болады,  бұл  негізінен  су   өтетін   қыртыстағы   суланған
топырақтың салдарынан болады.
      Іле Алатауының бөктерінде жартастар мен  жасанды  егітіктердің  үгілуі
жиі болады және айтарлықтай зауал келтіреді.
      Үгінділердің пайда болу себептері мен шарттары әр  түрлі  –  жартастың
биіктігі,  құламалығы  және  қалыбы,  оның  географиялық  құрылымы,   жоғары
жағынан  және  топырақ  астынан  судың  өту  жағдайы,  қосынды   жыныстардың
ерекшелігі, олардың құрылымы, физикалық–механикалық әсер үлкен ықпал  етеді.
Уақыт  өте  құрғау  және  булану,  қату  және  еру,  сондай-ақ  топырақ  суы
деңгейінің жүйелі  өзгеруі  немесе  су  қомасын  салуға  байланысты  олардың
айтарлықтай  көтерілуі,   жартастың  төменгі   бөлігі   өзен   суынан,   сел
тасқындарынан шайылуы немесе жасанды  ойықтармен  кесілуі  (  жол,  траншея,
қазандық) жартастардың тұрақтылығын бұзады және үгінділердің  пайда  болуына
себеп болады. Жыныстарды құрылымен ерекшелігін өзгертетін себептер  арасында
негізгілері жыныстарды желдету және суландыру  және  еріту  болып  табылады.
Беріктігі әлсіз жартастарға қосымша салмақ  үгіндінің  пайда  болуына  себеп
болады. Бұл жасанды статистикалық немесе динамикалық салмақ,  суды  жартасқа
қарай сүзгіден  өткізу  кезіндегі  гидростатикалық  немесе  гидродинамикалық
қысым болуы мүмкін. Жартастарды үйінділермен,  ауыр  ғимараттар  құрылысымен
жаншу  да  үгілуге  алып  келеді.  Динамикалық  және  вибрациялық  салмақтың
әсерінен болатын үгінділер кенеттен және аса  қауіпті  болып  келеді,   олар
жарылыс жұмыстары, бетон араластырғыштар, рельс көлігі  және  басқалар.  Жер
сілкінісі кезіндегі берік тұрған жартастардағы  үгінділердің  үлкен  жиілігі
ұлан ғайыр аймақты қамтиды. Верныйдағы 9 баллдық жер  сілкінісінде  (1887ж.)
үгінділер  қопарлыстар  үлкен  аумақты  қамтыды.  Жер  сілкінісі   кезіндегі
үгінділермен  қопарлыстар  көлемділігімен  және  кенеттен   пайда   болуымен
қауіпті.  Сонымен  қатар  олар  таулы  жазықтықтарда  үйінділерге   айналып,
қарқынды селдің пайда болуына алып келеді. Қарқынды сел жазықтықтың  төменгі
жағымен тау өзендеріне, әсірісе көгалды және  құрылыс  аймаққа  үлкен  зауал
келтіруі мүмкін.
      Үйінділер  кейде  сақтықсыз,  ал  басқа  жағдайда  жердің  геологиялық
жағдайын ескермей шаруашылық жүргізетін орындарда пайда болады. Мысалы:
-  Егер  әр  түрлі  ғимаратты  салу  кезінде  топырақтың  жоғарғы  қабатының
салмағы ұлғайса;
-    Егер қазандық пен шұңқыр қазған кезде жартас үгілсе;
-    Егер орман мен бұталар кесілсе;
-    Егер су құбырымен канализация аққан су жер қыртысына ағатын болса;
-    Егер жер асты су шығатын жер қоқыстанатын болса.
      Үгінділерден  қорғану  көп  ғасырлар  бойында   адамзаттың   аса   ірі
проблеммалардың бірі болып  қалуда.  Үгінділерге  қарсы  шаралар  өз  сипаты
бойынша екі топқа бөлінуі мүкін: әлсіз және қарқынды.
      Бірінші топқа негізінен күзету, шектеу сипатындағы шаралар  жатқызылуы
тиіс, атап айтқанда:
-  үгілетін жартастарды тесуге және оны әр  түрлі  шұңқырларды  қазуға  тиым
салу;
-  қауіпті жиек шегінде  жартастарда,  сондай-ақ  оладың  үстінде  әр  түрлі
заттарды төгуге жол бермеу;
-  жартастарда және  көрсетілген  жиектерде  судың  топыраққа  ағуын  мүлдем
болдырмайтын   тиісті   шараларды   орындаусыз   суды   көбірек    тұтынатын
объектілерді, тоғандарды, суаттарды, ғимараттарды салуға тиым салу;
-  үгілетін учаскі төңірегінде жарылыстар мен тау жыныстарын жургізуге  тиым
салу;
-  үгілетін учаскіге жапсырылыс аймақтарда  темір  жол  поезінің  қозғаласын
қажет жағдайда шектеу;
-  жер асты су өтетін аймақта  су  өткізбейтін  жабылғыларды  орнатуға  тиым
салу;
-  ағаш бұтақ және шөп өсімдіктерін қорғау,  бақыланбайтын  жер  учаскілерін
суаруға , кейде оларды жыртуға тиым салу;
-  канализациясыз су құбыры колонкасымен  тұрақты  су  құбырын  салуға  тиым
салу;
-  үгілетін жартастарға нөсер, ағынды суларды ағызуға жол бермеу;
-  үгілетін аумақты орманға айналдыру.
      Екінші топқа:  әр  түрлі  инженерлік  ғимараттарды  қамтитын  үгіндіні
болдырмау шаралары жатады:  сатылау  әдісі,  тірекқондырғылар  әдісі,  тірек
қабырғалар, контрабанкеттер, бағаналық қытырлар, тұтас бағаналы немесе  жұқа
қабырғалар.
      Үгіндінің пайда болу белгілері мыналар:
-  әуелде зорға байқалатын, біртіндеп кеңейетін және  алдағы  үгілу  көлемін
нобайлайтын доға тәріздес жарықшақтың болуы;
- атмосфералық қалдық есебінен ылғал сүйгіш өсімдік дақтарының пайда болуы;
-  бұрын салынған ғимараттардың қалыпты жағдайының бұзылуы, олардың  бүлінуі
немесе жылжуы;
-  биологиялық қыртыстар қалыбының бұзылуы;
- ағаштардың  қисайған  қылыш  тәріздес  діңгегі  жартастың  баяу  үгінділік
қозғалыста болғандығын байқатады.
      Жартастағы жарықшақты байқаған кезде  әрі  қарай  жүруді  қажеті  жоқ,
өйткені сәл ғана діріл үгілуге алып келуі мүмкін.
      Үгілу белгілері  байқаласымен  ең  алдымен  осы  ауданның  және  соған
жапсарлас елді–мекендердің халқына хабарлау қажет. Адамдар  ненің  болғанын,
ен істеу керектігін білуге  тиіс.  Егер  қажет  болса,  адамдарды  көшіруді,
хайуанаттар мен материалдық құндылықтарды әкетуді ұйымдастыру керек.
      Қажет жағдайда құрама әзірлікке  келтіріледі.  Бірінші  кезекте  көмек
іздеген  және  бұзылған  ғимараттар   мен   үйінділерден   табылған   зардап
шегушілерге  көрсетіледі.  Үгілу  белгісі   байқарған   бойда–ақ   үй–жайдан
мүмкіндігінше  жылдам  шығып,  қауіп   туралы   төңіректегілерге   ескертіп,
қауіпсіз жерге кету керек.
      Үй–жайдан шыққанда пешті өшіру, газ крандарын жабу, электр приборларын
ажырату керек. Үгілу аяқ астынан пайда болғанда аса  қауіпті.  Бұл  жағдайда
ең бастысы–үрейге бой алдармау!
    Опырылма – бұл жыныстардың үгілуіне алып келетін тік жартастардағы  тау
жыныстарының үлкен көлемде  құлауы.  Опырылмалардың  биік,  ірі  жартастарға
тән,  олардың  тұтастығы  тектоникалық  ұсақталудан  немесе  жер   сілкінісі
дүмпуінен  бұзылады.  Олар  үлкен   үйінділерлің   пайда   болуынан   немесе
ел–мекнедердің бұзылуына және ормандардың құлауына алып  келеді,  апатты  су
тасқынымен адамдардың  өліміне  себеп  болады.  Опырылмалар  Тянь–Шань  және
Жоңғария  сияқты  жас  және  өзен  жазықтарымен  тарамдалған  таулы  алқапта
үйреншікті құбылыс. Апатты салдарға  алып  келген  ондаған  алып  қопармалар
белгілі.  Миллион  және  миллиард  тонна  көлеміндегі   қопарылма   материал
(ұсақталған  тау  жыныстарының  массасы  өзен   жазығын   бүтіндей   жабады.
Үйіндіден жоғары ірі тау өзендері пайда болады. Тянь–Шаньдағы  биік  таудағы
көптеген үлкен өзендер (Үлкен Алматы, Есік, Құлсай және  басқалар)  осылайша
пайда болады.
    Үгінділер мен қопарылмалар қауіпті болуымен қатар  келесі  процестердің
дамуына нақты алғы шарттар жасайды. Үйінділердің бұзылуы ірі су тасқыны  мен
селге себеп болды. 1960 жылғы 7 шілдеде есік  тоғаның  Жарысай  селі  шайған
кезде осындай жағдай болды.
    Қопарылмалар тастың құлауы, тау жыныстарында аса қауіпті. Сондықтан  да
биік және тік жартастардын жанында уақытша болу  аса сақтықты  қажет  етеді.
Тік  жартасты  учаскілердің  маңында  палата  лагерлерін  орналастыруға  жол
бермеуге тиіс.
    Қопарылмалар және тас құлаған  кезде  ең  жақсысы  тау  жынысына  қарай
бағыттан айналып өтіп  кеткен  жөн.  Егер  кету  мүмкін  болмаса  жартастың,
ағаштың және т.б. түбінде жасырыну керек.
    Тау қопарылмаларының салдарын жою кезінде жүргізілетін шаралар:
   1. Қауіпті аудандардан адамдар мен жануарларды көшіру;
   2. Зіл зала аудандарында кіре беріс автомобиль және теміржол жолдары  мен
      колонналық жолдардың төсемдерін қалпына келтіру;
   3. Инженерлік құтқару жұмыстары, үйінділерде жартылай бұзылған ғимараттар
      мен суға батқан жерлерден зардап шекендерді қамтиды;
   4. Инженерлік–техника құралдардың көмегімен  үйінді  астында  қалғандарды
      қазып алу;
   5. Зардап шеккендерге су, тамақ пен киім жеткізу;
   6. Авариялық қалпына келтіру жұмыстарын,  жұмыс  әдісі  мен   қорғаныстық
      үгінді қондырғысын жедел орнатуды,  инженерлік-  техниканын  көмегімен
      үйінделерді өтетін жолды жасау, коммуналдық  энергетикалық  желілерді,
      ішкі объектілік және өтетін жолдарды, көпірлер мен ғимараттарын  жедел
      қалпына келтіру;
   7.  Қалпына  келтіруге  болмайтын  және   төңіректегілер   үшін   қауіпті
      ғимараттар мен басқа қондырғыларды бұзу;
   8. Суды табу және тазалау;
   9. Ғимаратты одан әрі бұзылудан сақтау үшін ол үшін қауіпті қондырғыларды
      нығайту жолымен ғимарат пен тұрақжайды жедел қалпына  келтіру  бойынша
      жұмыстар;
  10. Жолды, жол ғимараттарын, су  көздерін,  ғимараттарды  уақытша  қалпына
      келтіруді, елді  мекен  тіршілігі  мен  кәсіпорындар  жұмысын  қалпына
      келтіру мақсатында уақытша  тірек  қабырғаларын,  галерея  үйінділерді
      орнату.
    Тастың құлауы – бұл тауда кездесетін жиі де  қауіпті  апаттардың  бірі,
тастың құлауы әсіресе қар  еріген  уақытта  аса  қауіпті.  Күн  нұры  жартас
қыртысының жоғарғы бөлігін қыздырған бойда  тастың  құлауын  күтуге  болады,
өйткені жарқышақта қатқан су ериді және жартастағы бос тасты ұстай  алмайды.
Құлаған тас  жолдағыларды  қағып,  бүкіл  масса  жартасқа  соғылып,  төменге
құлайды. Тастың  құлауына  ұзақ  жаңбыр  мен  тауды  желдету  процесі  себеп
болады. Тау жыныстарын  құрайтын  бөлік  шытынап,  жекеленген  жарқышақтарға
бөлінеді. Үгіндісімен немесе қатты бүлінген жартаспен көтерілген  адамдардың
бейғам қозғалыстары  да тастың құлауына себеп болады. Сондықтан  аяқ  тұрған
тастың тұрақтылығын, беріктілігін мұқият тексеру қажет, өйткені  ол  төменде
келе жатқан адамдарға құлауы мүмкін.
    Ықтимал тас  құлайтын  жерлерді  айналып  өткен  жөн.  Егер  ол  мүмкін
болмаса, негізгі қозғалыс ережелері  мынандай:  тік  учаскелердегі  бұзылған
қыртыстар айналып өткен жөн. Жартасқа күн  түскен  жағдайда  күн  шағлысатын
жерден кеткен  жөн.  Сол  маңайдан  өткенде  кезекпен  мүмкіндігінше  жылдам
сенімді тосқауылмен өткен жөн.  Тас  құлаған  кезде  жолдастарыңды  айқайлап
ескерт.
   - Тас жоғарыдын құлағанда  жартастың   артына  тасалану  керек,  ал  егер
   мүмкін болмаса, оң–солыңды қозмағаның жөн.
   - Тік бұзылған жартасты учаскілер жанында лагерь құруға  немесе  демалуға
   болмайды.



      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
    1. Қар көшкінінің болу уақытын анықтау әдістері, қар көшкінінің қорғану
       тәсілдері.
    2. Қауіпті құбылыстардың басқа түрлері: опырмалар, себілулер, беткейлік
       ағылу, жер бетінің отыруы және ойылымы, эрозия, шаңды дауылдар, т.б.


    3.  Олардың  ерекшеліктері,  жағымсыз  факторлары,  қорғану  құралдары,
       салдарды жою тәсілдері.






































      Дәріс №6. Гидросферада болатын стихиялық құбылыстар

      Жалпы сұрақтар
    1.  Ішкі  суқоймаларда  болатын  гидрологиялық  қауіпті   құбылыстардың
       түрлері: су тасқыны, су тасу, нөсерлік су  тасу,  желдік  айдамалар,
       судың төмегі деңгейлері, сең буылуы және  тоқтауы,  жер  асты  сулар
       деңгейінің көтерілуі.  Теңіздік  гидрологиялық  қауіпті  құбылыстар:
       тайфундар, теңіз деңгейінің қатты толқулары ( 5 балл  және  одан  да
       көп) немесе тербелісі, мұздық жамылғы және т.б.
    2.  Анықтамасы  және  сипаты,  күші  және  қарқындылығы,  жиілігі  және
       ұзақтығы, зақымдаушы факторлар
    3. Aлдын алу  және  гидросферадағы  әр  қауіпті  құбылыс  үшін  құтқару
       жұмыстарының түрлері.



      1  Ішкі  суқоймаларда  болатын  гидрологиялық  қауіпті   құбылыстардың
түрлері: су тасқыны, су тасу, нөсерлік  су  тасу,  желдік  айдамалар,  судың
төмегі деңгейлері, сең  буылуы  және  тоқтауы,  жер  асты  сулар  деңгейінің
көтерілуі.  Теңіздік  гидрологиялық  қауіпті  құбылыстар:  тайфундар,  теңіз
деңгейінің қатты толқулары ( 5 балл және  одан  да  көп)  немесе  тербелісі,
мұздық жамылғы және т.б.


         Қауіпті  гидрологиялық  құбылыстар  -  әр   түрлі   табиғи   немесе
гидродинамикалық факторлардың  немесе  екеуінің  қосындысының  әсер  етуінен
пайда болатын,  адамдарға,  ауылшаруашлық  малдары  мен  дәнді  дақылдарына,
экономика нысандары мен қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін,  шығу  тегі
гидрологиялық  болып  келетін  оқиға  немесе   гидрологиялық   процесстердің
нәтижесі.
        Су басу –  құрғак  жерді  уақытша  су  алу,  апаттық  құбылыс  болып
табылатын судың жоғарғы деңгейі.
            Ескерту.Су басу су тасу немесе тасқын  кезіңдегі  су  деңгейінің
көтерілу  нәтижесінде,  жинақтау,   жел   толқыту   нәтижесіңде,   сондай-ақ
гидротехникалық құрылғылардың бұзылу кезінде болуы мүмкін.
           Су басулар адам  өлімімен,  тұрғын  және  кәсіпорын  нысандарының
қирауымен байланысты, мал  басының  өлім  -  жітімі  мен  дәнді  дақылдардың
құруымен,  сондай-ақ  қоршаған  ортаға  кері  әсерін  тигізумен  айтарлықтай
шығынға ұшыратады. Соңғы 10 жылда әлемде су  басудан  100  мыңға  жуық  адам
қаза тауып, 1,5 млн. аса адам зардап шеккен,  ал  су  басудан  келген  жалпы
шығын 300 млрд. долларды құраған.
         Қазақстанда апаттық құбылыстардың қатарында су  басуларды  да  атап
көрсетуге болады. Республикада белгілі бір жағдайларда  су  басулар  болатын
ұзындығы 50 км және одан да асатын 800-ге жуық өзен  бар.  Соңғы  10  жылдың
ішіңде Қазақстанда әртүрлі генезисті 300-ден аса  су  басулар  болды,  70%-ы
көктемдегі су тасулармен  байланысты  су  басулар  болса,  20%  -ы  жауын  –
шашынның салдарынан болған және 10%-ы басқа да себептерге байланысты  болған
су басуларға тиесілі. Су басулар Республикада жыл  сайын  тіркеліп  отырады,
1993 жылдың көктеміндегі болған су басу тектес апаттық су басулар өте  сирек
кездеседі, онда қар қорының шамадан тыс көп  болуына  байланысты,  сондай-ақ
қатты жауынның жаууы кенеттен күннің жылуымен  сәйкес  келіп,  республиканың
барлық жазық өзендерінде апаттық тасқындар қалыптасқан еді.
           Айтарлықтай  қауіпті  Каспий  теңізінің  көп  жылдық   деңгейінің
көтерілуі алып  келетін,  теңіздің  солтүстік  жағалауында  жел  толқытуынан
пайда болған су басулар туғызады.
          Су тасу – жыл сайын белгілі бір климаттық  жағдайда  мерзім  сайын
қайталанатын, шағын су көлемімен, жоғарғы және ұзақ мерзімді  су  деңгейінің
көтерілуімен сипатталатын және  қардың  еруімен  немесе  қар  мен  мұздықтың
бірге  еруінен  болатын  өзеннің  сулық   тәртібінің   фазасы.Су   тасуларды
көктемдік, көктем – жаздық, жаздық деп бөледі.
           Тасқын  –  жылдың  бір  мезгілінде  бірнеше   peт   қайталанатын,
жиілігімен,  әдетте,  қысқа  мерзімді  су   шығыны   мен   су   деңгейлермен
сипатталатын және жауын – шашыннан немесе жылымық кезіңдегі  қардың  еруінен
болатын өзеннің сулық тәртібінің фазасы.
         Апаттық  тасқын  -  қирау  мен  құрбандыққа  алып  келетін,  көлемі
жағынан көрнекті, қайталануы жағынан сирек тасқын. Апаттық тасқын  түсінігі,
сондай — ақ салдары қиратуға алып келген су тасуға да қатысты қолданылады.
       Казақстанда 2003-2004 ж. апаттық  салдары  бар  тасқындар  тіркелген.
Мысалы,  Қызылорда  облысындағы  Сырдария  өзенінің   арнасына   айтарлықтай
мөлшердегі судың құйылуынан су басу аймағы  660м3  құрады,  360  –  тан  аса
тұрғындық құрылыс су астында қалды, қауіпсіз аймаққа 2085 адам көшірілді.
         Жинақталу - судың сығылысуын және осыған байланысты  су  деңгейінің
көтерілуін туғызатын мұз көшу кезіндегі мұздықтардың өзен арнасына жиналуы.
         Кептеме – судың сығылысуын және  осыған  байланысты  су  деңгейінің
көтерілуін туғызатын өзен арнасыңдағы  майда мұздардың жиналып қалуы.

        Цунами – су асты және жағалаулардағы  жер  сілкінісі  кезінде  пайда
болатын теңіз толқындары. Қазақстан үшін орын алуы екіталай құбылыс,  алайда
Каспий теңізі айлағында орын алу мүмкіндігін естен шығаруға болмайды.
        Қар көшкіні – адамдардың өмірі мен  денсаулығына  қауіп  төндіретін,
экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға шығын  келтіретін,  жылдам
әрі кенеттен болатын қардың  және  (немесе)  мұздың  таудың  тік  баурайымен
қозғалуы.
        Қар көшкіні  қауіпі бар аймақ – адамдардың өмірі  мен  денсаулығына,
экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға  зақым  келтіретін  немесе
келтіруі мүмкін қар көшкіні қауіпі бар таулы аймақ.
         Қар көшкінінің тууына ықпал ететін маңызды факторлар қалың қар  мен
таудың тік баурайлары болып табылады. Қар көшкінінің алуан  түрлі  қалыптасу
жағдайының   нәтижесінде   олардың   түрі    мен    көлемінің    айтарлықтай
айырмашылықтары бар.  Қар  көшкіні  тау  баурайындағы  қардың  салмағы  оның
беріктігінен асып кеткен  кезде  пайда  болады.  Қазақстаңдағы  қар  көшкіні
қауіпі бар аймақ 95 мың км2 жуық аймақты алып  жатыр,  жоғарғы  және  орташа
қар көшкіні қауіпі бар аймақ – 25 мың км2  жуық.  Олар  негізінен  еліміздің
таулы аймақтарының шығыс және  оңтүстік  –  шығыс  аймақтарында  орналасқан.
Республикада жаңа жауған қардан пайда болатын және қаркынды жылымық  кезінде
пайда болатын қар көшкіндері саны жағынан көптеп кездеседі.
       Апаттық қар көшкіні құбылыстарының арасынан атап  көрсетуге  болатыны
1966 жылдың наурыз айындағы оқиғаны айтуға болады, 1ле Алатауының  солтүстік
баурайындағы көшкінді қардың жиынтық  көлемі 110 млн. м3 құрады. Аса  үлкен,
300 мың м3 болатын қар көшкіні Кіші Алматы өзенінің  бассейінінде  байқалды.
1951 жылғы кезеңнен Іле Алатауындағы қар көшкінінен 91  адам  зардап  шегіп,
оның ішінде 56 адам қаза тапқан.
        1974 жылы Шығыс Қазақстан облысының  Зубовский  елді  мекенінде  қар
көшкінінен бір мезгілде 30 адам  қаза  тапқан.  Қазақстанда  қар  көшкінінен
қорғау бойынша нақты жұмыстар жүргізіледі.
       Қар көшкініне қарсы  қорганыс  —  қар  көшкіні  тектес  процесстердің
тууының алдын алуға бағытталған, сондай-ақ атқарушы билік немесе  өзін  -өзі
басқару органдарын  және  халықты  қар  көшкіні  қаупі  туралы  дер  кезінде
хабарлаңдыруға бағытталған күзету – шектеулі және инженерлі - техникалық  іс
– шаралардың жиынтығы.

      2  Анықтамасы  және  сипаты,  күші  және  қарқындылығы,  жиілігі  және
ұзақтығы, зақымдаушы факторлар, алдын алу  және  гидросферадағы  әр  қауіпті
құбылыс үшін құтқару жұмыстарының түрлері.
      Су  басу  -  өзен,  көл  немесе  теңіз  суының  көтерілу   нәтижесінде
жергілікті жердің белгілі  бір  бөлігінің   судың  астында  қалуы.  Ол  елді
мекендердің су астында қалуына, адам мен малдың өлім – жітіміне  алып  келуі
мүмкін.
      Мыналардың әсерінен су басуы болуы мүмкін:
жауын – шашынның қатты болуынан, қар мен мұздардың күрт еруінен,  тасқын  су
мен сеңдердің кептелуінің салдарынан бөгеттің,  тоғанның  бұзылуынан,  қатты
желден, судағы жер сілкінісінен
      Қазақстанда су басуды тудыру себептері бойынша  оны  үш  топқа  бөлуге
      болады.
      1. Метеорологиялық жағдайлардан туындаған судың басуы:
      Су тасу – судың көктемгі қардың  еруінен көтерілуі.
Мұндай су басу өзендегі  су  деңгейінің  айтарлықтай  өте  ұзақ  уақыт  бойы
көтерілуімен  ерекшеленеді.судың  тасуын  болжауға   болады,   бұл   қажетті
шараларды пайдалануға және үлкен залалдан құтылуға мүмкіндік береді.
Тасқын -  нөсердің немесе қыстағы жылымықтың  салдырынан  судың  аз  уақытта
көтерілуі. Судың бауымен салыстырғанда тасқын ретсіз пайда болады.
      Каспий суларындағы қума жел.
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің суы аса таяз. Ал үлкен аландағы  Каспий
жағалауы ойпатының теңізге қарай кішкентай бұрылысы бар. Осы себепті  көктем
мен  күзде  күшті  желдер  соғатын  уақытта  Ганюшкино  поселкасынан  бастап
/Астрахань  облысымен  шекарада/  Маңғыстаудағы  Бұзашы    түбегіне  дейінгі
теңіз жағалауындағы көптеген елді  мекендерді  50  км  қашықтықтағы  аумақты
бойлай су басады, бұл жерде су деңгейі 1,5-2 метр дейін көтеріледі.
      2 Арнадағы  жағдайдан туындаған немесе күшейтілген су басу.
Мұздың  кептелуінен  –  көктемгі  уақытта  өзендердегі  сеңнін  қозғалысынан
туындайды. Кептелу құбылысы  арнадығы  су  ағысын  кристалдық  мұздың  тұрып
қалуы салдарынан мұз тоғынының пайда болуынан туындайды. Бұл  су  деңгейінің
кейде 2-3 және одан да жоғары күрт көтеруіне  алып  келеді.  Кептелу  әдетте
бірнеше  сағаттың  бойында  болады.  Ал  тәуліктен  асатындары   өте   сирек
кездеседі.
     Мұз тосқауылдарынан   -   күз  бен  қыста  өзен  бетінде  жүзіп  жүрген
мұздың, мұз қабыршағының арнаның аысында  тығындалу  нәтижесінде  туындайды.
Тосқауыл әдетте су деңгейін жайлау көтереді кептелуге қарағанда  айтарлықтай
тұрақты, кейде көптеген күн бойы сақталады және баяу бұзылады.
      3 Мыналардан туындаған немесе күшейтілген антропогендік  сипаттағы  су
басу:
- көпірлердің, гидротехникалық ғимараттардың тығынынан,  өзен  арналарындағы
үйінділерден, арналардағы жасанды ғимараттардан
- жоғарыда орналасқан тоғандар немесе жағалау бөгеттерінің бұзылуынан.



                        Таралуы және қауіпті кезеңдер
  Судың тасуынан болған, судың басуы іс жүзінде Қазақстаның барлық
  аймақтарындағы  өзендерде кездесті. Осындай сипаттағы су басуының пайда
  болуы Оңтүстік Қазақстанның өзендерінде ақпан, март, Оңтүстік шығыс пен
  шығыста наурыз, шілде, еспубликалның жазықтағы өзендерінде наурыз,
  маусымда болады.

      Қазақстан аумағындағы  таза  түріндеі  жаңбыр  суы  негізінен  төменгі
және  орташа  таулы   өзендерде,   сайларда,   Оңтүстік   Шығыстың   уақытша
суағарларында көктемгі және жазғы кезеңдерінің аяғында, ал  Ертіс  аймағының
өзендерінде жалпы күзгі кезеңдерде байқалады. Кейде олар жойқын күшті  болып
келеді.  Жаңбыр  суының  жинақталуының  маңызды  ерекшелігі   орташа   таулы
аймақтарда олардың белгілі бір жағдайда селге айналуы болып табылады.
       Қазақстан  аумағында  қума  желге  байланысты  апатты  су  басу  Орал
өзенінде  және  Каспий  жағалауының  бүкіл   Солтүстік   Шығысының   бойында
байқалады. Атырау және  Маңғыстау  облыстарының  бүкіл  шаруашылығына  үлкен
залал келтірген  соңғы  жылдардағы  судың  басуы  Каспий  теңізі  деңгейінің
жаппай көтерілуінен күшейе түсуде.
      Кептелуден және тосқауылдан туындаған талқандағыш күшке ие су  басудың
таралу аудандары  Іле  Алатауының,  Жоңғар  Алатауының,  Шығыс  Қазақстанның
өзендері болып табылады. Олар  мұз  төсенішінің  бұзылуы  және  пайда  болуы
кезеңінде көктем мен күзде байқалады.
     Апатты су тасқыннан болған ықтимал залалды азайту жөніндегі шаралар
      Су тасқынынан болатын ықтимал  залалды  азайту  мақсатында  апатты  су
тасқыны аймағын ескере отырып, өндірістік ғимараттарды нығайтуға,  халықпен,
шаруашылық кешен объектілерінде  жұмыс істейтін қызметкерлерді өз  уақытында
хабарлауға, бағытталған шаралар жүргізіледі, олардың ішінде:
      - ықтимал апатты су тасқыны аймағында, елді мекендер  мен  шаруашылық
        кешен объекілерін орналастыруды шектеу;
      -  гидродинамикалық  авариялар  кезінде  ықтимал  залалды   төмендету
        жөніндегі  шараларды  ескер  отырып,  гидротехникалық  ғимараттарды
        жасау жөніндегі жобалық және құрылыс жұмыстарын орындау.
      - Елді мекенер мен шаруашылық  кешенді объектілерін  елді  мекендерді
        және  жайылымдарды  қорғай,  гринаждық  жүйені   құру,   жағалауды,
        суағарды бекіту,  ұстау  үшін  бөгет  орнату,  жолды,  көпірді,  су
        келетін каналдар қондырғысын  жөндеу,  шұңқырларды  жоюға  арналған
        авариялық материалдарды  жинақтау  және  бөгеттің,  гидрооқшаулағыш
        қондырғысы  мен  ғимараттың  биіктігін  көтеру,   аласа   ағаштарды
        отырғызу жолымен қорғау.
      - Ықтимал су басу аймағында орналасқан халықты,  шаруашылық  кешенін,
        объектілерінің гидротораппен сенімді байланысын қамтамасыз ету,  су
        басу  қауіпі  немесе  басталғандығы  туралы  оларға  өз   уақытында
        хабарлау.
      - Гидротораптың /тоғанның/ астындағы су деңгейінің  апатты  көтерілуі
        туралы  автматты  дабылдау  жүйесін   құру,   қала   АҚ   және   ТЖ
        органдарының, елді – мекендер мен  шарашылық  кешені  объектілерін,
        гидротораптық/тығынның / жойқындылықпен бұзылуы туралы хабарлау
      - Су  басқан  уақытта  тұтынушыларды  энергиямен  қамсыздандыру  және
        кезектеп ажырату жөніндегі схемаларды әзірлеу.
      - Гидроторап /тоған/ бұзылған кезде су  көлігі  тұрағының  орнын  дер
        кезінде таңдау және ұйымдастыру.
      -  Су  басу  аймағында  қалған  халықты  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету
        жөніндегі  шараларды,  эпидемияға  қарсы  шараларды  өткізуге   дер
        кезіндегі әзірлік.
      - Апатты  су  тасқынының  жағдайындағы  іс-әрекетке  халықты  оқытуды
        ұйымдастыру



      Су тасқыны қаупі пайда болған кездегі өткізілетін шаралар:

      - су басу  болжамына  тұрақты  назар  аудару,  шаруашылықтың  мүдделі
        салаларын гидрологиялық құрылыстардың  қауіпі  дамуы  туралы  жедел
        ескерту.
      - Тоғанның,  бөгеттің, су қоймасы мен басқа объектілерінің  жағдайына
        тұрақты бақылау жасау.
      - Су қоймасындағы судың жинақталуын ретте
      - Ірі өзендерде судың транзиттік жіберілун  жүргзу  /гидротораптардың
        жағасын нығайту немесе  осы  тоғандардың   аса  қауіпсіз  бағыттағы
        бұзылуын ауыздықтау.
      - Жүзу және құтқару құралдарын даярлау
      - Халық пен малды дер кезінде көшруге әзірлік және жүрізу, ықтимал су
        тасқыны ауандарынан материалдық құндылықтарды әкету.
      - Су тасқыны аймағындағы тұрған үйлерді судың басуын  болдырмау  үшін
        белгілі бір  уақытта  топырақ  салынғанқаптармен  бекіту,  үйлердің
        бірінші қабаттарындағы есік пен терезе тақтармен  немесе  үйеңкімен
        шегеленеді.


      Тасқын кезіндегі өндірістік қызметкерлер мен халықтың  өзін-өзі  ұстау
тәртібі және іс-әрекеті
      Халыққа көшудің басталуы  мен  тәртібі  туралы  жергілікті  радиохабар
торабы мен теледидар бойынша, ал жұмыс істейтіндерге кәсіпорын, мекеме  және
оқу  орындары  арқылы,  ал  өндіріс  пен  қызмет  көрсету  саласында   жұмыс
істемейтін халыққа тұрғын үй басқармасы органдары арқылы хабарланады.
      Халыққа жиналатын нүктелерінің орны, осы нүктеге  келу  мерзімі,  көшу
кезінде жаяу баратын  бағыт,  сондай-  ақ  апаттың  күтілген  көлеміне  орай
туындаған жергілікті  жағдайда, оны ауыздықтау  уақытына  қатысты  басқа  да
мәліметтер хабарланады.
      Уақыт  жеткілікті  болған  жағдайда  қауіпті  аймақтағы  халық  дүние-
мүлікпен бірге көшіріледі. Көшіру су басу  аймағынан  тыс  орналасқан  жақын
елді  мекендерге  бойынша  жүргізіледі.  Халық  қоғамдық  ғимараттарға  және
жергілікті   тұрғындардың    тұрғын     алаңдарына    қоныстандыру    жолмен
орналастырылады.
      Кәсіпорындар мен мекемелерде су қаупі   төнге  жағдайда  жұмыс  режимі
өзгереді, ал кей жағдайда жұмыс тоқтайды. Су басу ықпалы  аймақта  мектептер
мен  балалардың  мектепке  дейінгі  мекемелері  уақытша  жұмысын   тоқтатып,
балалар  қауіпсіз   жерге   орналасқан   мектеп   пен   балалар   мекемесіне
ауыстырылады. Егер төменгі  қабатта  тұратын  және  көшедегі  адамдар  судың
көтерілуін байқаса, жоғарғы қабаттардаға көтерілуге,  егер  үй  бір  қабатты
болса,  шатырға  шығуға  тиіс.  әкімшілік  нұсқаумен  жұмыста  болған  кезде
белгіленген тәртіпті сақтап,  биік  жердегі  орындарға  бару  керек.  Далада
кенеттен су  басқан  кезде  дөңеске  немесе  ағашқа  шығып,  әр  түрлі  жүзу
құралдарын пайдаланған жөн.
      Үйден /пәтерден/ шыққан кезде өзіңізбен құжаттарыңызды,  ұндылықтарды,
аса қажетті заттармен, 2-3 тәуліктік азық- түлік қорын алу ұсынылады.
      Судың басуынан сақтауды қажет ететін  және  алу  мүмкін  емес  мүлікті
жоғарғы қабатқа, шатырға шығару  керек.  Үйден  /пәтерден/  шығадың  алдында
электр мен газды ажырату, пешті өшіру, есікі, терезені, ғимараттағы  желдету
және басқа да саңлауларды нығыздап жабу керек.
      Су басқан аумақтағы адамдар іздеу шұғыл ұйымдастырылып,  сол  үшін  АҚ
және ТЖ құрамаларының, әскери бөлімдерінің  жүзу  құралдарының  экипажы  мен
басқа  барлық  қолда  бар  күшпен  құралдар  таратылады.  Құтқару  жұмыстары
кезінде, ұстамдылық  танытып,  құтқарушылар  талабын  қатаң  орындау  керек.
Құтқару құралдарын /катер, қайық,желкен  және  т.б./  шектен  тыс  толтыруға
болмайды, өйткені бұл адамардың өміріне қауіпті.  Көмектің  бірінші  кезекте
балаларға, ауру адамдар мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаға жөн.
      Суда қалған кезде ауыр киім мен аяқ киімді шешіп, жақында жүзіп жүрген
затты пайдалану, көмек күту керек. Жақын маңдағы су  баспаған  жерге,  ағысқ
қырындай жүзе тұрып бару керек.
      Батқан адамға шалқалай жүзіп барған  жақсы.  Жақындаған  оны  басынан,
иығынан, қолынан, жағасынан ұстап, оны шалқалай жатқызып, бос  қолмен  аяқты
семей отырып жағаға қарай жылжу керек.

      Қайықта батқан адамдар ағысқа қарсы, жел соққан кезде жел мен толқынға
қарсы жақындау керек.
      Су басқан кезде жоғарыда келтірілген шаралардан  басқаөтпел  жолдармен
көпірлерді жедел қалпына келтіру, зардап шегуілерге киім мен тамақ  жеткізу,
қосымша бөгетті,  су жіберетін каналдар мен тоғандарды тұрғызу, бұыннан  бар
бөгеттердің  саңылауы  мен  шайылған  жерін  бітеу,  өндірістік   қондырғыны
құтқару, комуналдық энергетика желісінің  зақымдалуын  жою.  Ғимараттар  мен
тұрақтарды қысқа уақытта қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар орындалады.
      Су кеткеннен кейін үзілген және ілулі тұрған  электр  өткізгіштерінен,
зақымдалған газ желісінен сақтану қажет. Үйге кірерде оның бөлшектерінің  су
толқынының соққысынан теңселмейтіндігіне көз жеткізу қажет.  Судан  табылған
азық  –  түлікті  тасқынннан  кейінгі  іркілен  суды  пайдаоануға  болмайды.
Әкелінетін су болмаған жағайда жақын маңдағы құдықты  түбіне  дейін  сарқып,
ол топырақ суымен қайта толғанша күту керек.

      3  Aлдын алу және  гидросферадағы  әр  қауіпті  құбылыс  үшін  құтқару
жұмыстарының түрлері.
      Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың
      тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жылжуы, теңіз суының жағаға ұруы,
      өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қардың еруі ұзаққа созылғанда өте
      қауіпті.
      Елді мекендерде су тасқыны боларда  алдын-ала  қауіпсіздік  дайындығын
жүргізуі керек. Жергілікті  елдің  топографиясын,  климаттық  ерекшеліктерін
және тарихын біле отырып,  су  тасқынының  қалай  болатынын  дәлдікпен  білу
қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет,  үлкен
су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл өзендерді  қамтитын  50-
100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты  қамтитын  үлкен
апаттар болуы мүмкін.
      Гидрологиялық алдын-ала бақылаудың мынадай жүйесі бар:
      • Қысқа мерзімдік (10-12 тәулік);
      • Ұзақ мерзімдік (2-3 айға дейін);
      • Өте ұзақ мерзімдік (3 айдан жоғары).
      Жалпы су тасқыны  деп  нені  айтамыз?  өзеннің  су  режимінің  кезеңі,
өзендегі  салыстырмалы  қысқа  мерзімді  және  өзен  суының  кезеңдік   емес
деңгейінің көтерілуі. Су тасқыны мұздықтардың,  қар  жамылығысының  қарқынды
еруінен және де  шауын-шашын  мөлшерінің  шамадан  көп  болуынан  туындайтын
табиғи құбылыс. Су тасқыны жылдың барлық  мерзімінде  туындауы  мүмкін  және
кезеңдік қайталанбауымен ерекшеленеді.
      Су басу - өзен, көл немесе теңіз суының  көтерілу  нәтижесінде  жердің
белгілі бір бөлігінің су астында қалуы. Сонымен қатар, қардың еруі  жауын  –
шашын, желдің суды айдап алып келуі және  т.б.  нәтижесінде  жердің  белгілі
бөлігінің су астында қалуы.  Су  басудың  айрықша  түріне  өзенді  сағасынан
шығара соққан жел арқылы болған су басулар жатады. Ол  елді  мекендердің  су
астында қалуына, адам мен малдың өлім – жітіміне  алып  келеді.  Су  басулар
көпірлердің, жолдардың, ғимараттардың, құрылыс нысандарының  бұзылуына  әкеп
соғады,  көптеген  материалдық  шығынға  ұшыратады,  ал  судың   аса   күшті
жылдамдығы кезінде  (4м/с жоғары) және судың көтерілуі  жоғары  (2м  жоғары)
болған кезде адам өмірі мен жануарлардың  қырылуына  алып  келеді.  Қираудың
басты себебі – су массасының гидравликалық  соққысының  салдары,  аса  қатты
жылдамдықпен ағатын мұздар, әр түрлі жүзіп жүрген сынық заттар және т.б.  Су
басу аяқ астынан болады және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылады.
      Келтірілген материалдық  шығын  мен  су  алған  алаңға  байланысты  су
басулар мынандай болады:
      • Төменгі су басулар жазықтықта 5-10 жылда бір рет қайталанады;
      • Жоғарғы су басулар, айтарлықтай алаңды алады, 20-25 жылда  бір  рет
        болады;
      • Алапат су басулар, шаруашылық  қызметті  тоқтатып,  халықты  жаппай
        көшіруге алып келеді, 50-100 жылда бір рет болады;
      • Апаттық су басулар үлкен  аумақты  басады,  аса  үлкен  материалдық
        шығынға ұшыратады, шаруашылық қызметтер толығымен тоқтайды, адамдар
        қаза табады, 100-200 жылда бір рет  болады.
      Көптеген  су  басулардың  негізгі  себептері  нөсер  жаңбыр,   қардың,
мұздақтардың үздіксіз еруі, қума жел болып табылады.
      Сырғымалар, бөгеттердің, тоғандардың кенет бұзылуынан пайда болатын су
басу өте қауіпті. Ол өз кезегінде нөсердің  немесе  ұзақ  жаңбырдың  салдары
болып табылады.
      Судың   көтерілуінен   болатын    су   басуы    Қазақстанның    барлық
аймақтарындағы  өзендерде  болып  тұрады.  Оңтүстік  Қазақстан   өзендерінде
мұндай құбылыстар ақпан – наурызда, оңтүстік – шығыс және Шығыс  Қазақстанда
наурыз – шілде  айларында,  республиканың  жазықтағы  өзендерінде  наурыз  –
маусым айларында болуы мүмкін.
      Жаңбыр  тасқындары  Қазақстан   аумағында   таза   түрінде   негізінен
оңтүстіктегі,  оңтүстік  –  шығыстағы  тау   етегіндегі   және   ортасындағы
өзендерде, сайларда, көктемнің аяғында және  жаз  мезгілінде,  сондай  –  ақ
жазғы  –  күзгі  мерзімде  Ертіс  бассейінің  өзендерінде  байқалады.   Олар
көбінесе жойқын болып келеді. Орта таулы  аймақтарындағы  жаңбыр  тасқынының
ерекшелігі белгілі бір жағдайларда олардың селге айналуы болып табылады.
      Қума желге байланысты апатты тасқын Қазақстан аумағында Орал  өзенінде
және Каспийдің бүкіл солтүстік  –  шығыс  жағалауында  болады.  Атырау  және
маңғыстау облыстарының бүкіл шаруашылық кешеніне орасан зор залал  келтірген
соңғы  жылдардағы  су  тасқыны  Каспий  теңізінің  деңгейінің   көтерілуімен
байланысты болады.  Каспий  теңізінің  солтүстік  бөлігінің  суы  аса  таяз.
Каспий теңізі маңы ойпатының үлкен  алаңдарында  теңіздің  болмашы  еңістері
бар, ол солармен байланысты  шалшықтанған  және  сорланған.  Осы  себептерге
байланысты көктемде және күзде күшті желдер  соғатын  мезгілдерде  Ганющенко
поселкесінен   бастап   Маңғыстаудағы   Бұзашы   түбегіне   дейінгі    теңіз
жағалауындағы көптеген елді мекендерді 50 км қашықтықтағы аумақты бойлай  су
басады, бұл жерлерде су деңгейі 1,5 – 2 метрге дейін көтеріледі.
      Кептелулер мен  тосқауылдардан  болатын  қиратқыш  күшке  салдары  бар
тасқынның таралу аудандары Іле, Жоңғар Алатауының, Шығыс Қазақстан  өзендері
болып табылады. Олар күз бен көктемде мұз  жамылғысының  бұзылуы  мен  пайда
болуы кезінде байқалады.
      Өзеннің жоғарғы  бөлігіндегі  мұз  тосқауылдары  топырақ  бөгеттерінің
бұзылу жағдайында тасқын қас қағым сәтте болуы  мүмкін.  Қалған  жағдайларда
су басу қауіпіне дер кезінде назар аударуға мүмкіндік беретін азды  –  көпті
уақыт бар. Алайда қардың көктемгі еруі, құбылмалы  ауа  –  райының  созылуы,
мұз жүрген кезде өзен жағалауына тоқтамаған дұрыс.
      Тау  өзендерінің  тасуын,  сел  және   қар   көшкіні   сияқты   табиғи
құбылыстарды алдын-ала дәл  болжау  мүмкін  емес.  Мұндай  апаттардың  пайда
болуына әсер ететін құбылыстар өте тез арада, кейде бірнеше сағаттың ішінде-
ақ орын алады. Таулы  аймақтардағы  қалың  жаңбыр  немесе  мол  қар  жауатын
кезеңдерді гидрометеорологиялық факторларға сүйене отырып, негізінен  12-ден
24 сағатқа дейін алдын-ала болжауға болады.  Ал  қар  көшкіні  туралы  қауіп
бірнеше  күн  бұрын  анықталып,  хабарланып  отырады.  Сонымен  бірге,   ірі
өзендердегі көктемгі мұз кептелісінің әсерінен су деңгейінің күрт  көтерілуі
салдарынан болатын апатты ахуалдар да алдын-ала ескертіледі.
       Су тасқынынан сақтандыру және оны  азайту   жөніндегі  шаралар.  Елді
мекендердегі  тасқын  кезіндегі  қауіпсіздік  көп  жағдайда   оның   алдында
жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.
      Республика аумағындағы көптеген тасқындардың тасқын судан  болатындығы
белгілі болып отыр. Ескерту жұмыстарының тұтас  жүйесі  бар:  судың  басылуы
күтілетін аумақтағы тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы,  бөгет,  тосқауыл
тұрғызу,  жағаны  биіктету  және  су  түбін  тереңдету  жұмыстарын  жүргізу,
ғимараттар мен үйжайларды судан оқшауландыру қондырғысын қою,  қысқа  бұталы
ағаштар отырғызу, жүзу және құтқару құралдарын жасау және даярлау.
      Төтенше жағдайлар министрлігі су  тасқынның  шараларын  алдын  ала  іс
шараларын  қабылдауға  күнделікті  мониторинг  жүргізіп,  «Қазгидромет»  РМК
мәліметтеріне талдау жұмыстары жүргізіледі. Алдын ала болжам  бойынша,  2011
жылы  Шығыс  Қазақстан  облыстарының  сулары  көтерілуі  мүмкін.  Алдын  ала
дайындықтарын  пысықтауға,  жергілікті  органдар   мен   аймақтарда   көктем
кезіндегі су тасқынына профилактикалық дайындығын жалпы қарастыруға  Төтенше
жағдайлардың комиссиясының жиналыстарын өткізеді.
      Тасқын судың  алдын  алу  үшін  еліміздің  әкімшіліктері,  мемлекеттік
ұйымдары,  шаруа  қожалықтары,  жекеменшік  ұйымдары,  жекелеген   тұрғындар
келесідей қорғану іс-шараларын жүргізу қажет:
      • көлік жолдарындағы  нөсер  ағызғыларды  тазалау,  жол  көпірлерінің
        маңына еріген сулардың жиналуын қадағалап, мұз  кептелулерден,  қар
        мен бұталардан, тұрмыстық  қалдықтардан  үнемі  тазартып  отырулары
        қажет;
      • әрбір жекелеген азамат үй маңынан  өтетін  арықтар  мен  каналдарды
        тұрмыстық қалдықтардан, күл-қоқыстан, бұталардан және де  аулаларын
        қардан тазартып отыру қажет;
      • меншіктік түріне  қарамастан   техникалардың  санын  түгендеп  және
        олардың  су тасқыны кезеңіне дайындығын  тексеріп отыру қажет;
      •  тасқын  су  қаупі  бар  аймақта   орналасқан   елді   мекендердегі
        тұрғындардың құрал-саймандары үнемі дайындықта болуы қажет қажет;
      • тасқын су қаупі төне қалған жағдайда тиісті ұйымдарға  дер  кезінде
        хабар берулері қажет.
      Егер аудан су басудан  жиі  зардап  шегетін  болса,  су  басуы  мүмкін
аумақтың шекарасын сондай – ақ, сирек су басатын, тез жететін  және  тұратын
жерден алыс емес жерлер мен  қыраттарды  есте  сақтап,  зерттеп  алған  жөн.
Адамдарды  көшіру,  жеке  және  топтасып  көшу,  сондай  ақ,  кенеттен  және
қарқынды су басу кезіндегі тәртіп ережелерімен халықты таныстыру.
      Гидротехникалық    ғимараттарды    жөндеу,    көпірлерді,    автокөлік
инфрақұрылымын  қалпына  келтіру  міндеті  жүктелді.  Мүмкіндігінше   тұрғын
үйлерді  және  инженерлік  инфрақұрылымдарды  қалпына  келтіру   жұмыстарына
еліміздің барлық өңірлерін, ұлттық компанияларын  және  холдингілерін  тарту
қажет. Эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстау маңызды. Мал өлімі  қауіпті
инфекциялардың таралып кетуіне әкеліп соқпауы тиіс.
      Еліміздің барлық өңірінің әкімдері, мемлекеттік органдардың  басшылары
су тасқынының алдын алу мәселесін жіті қадағалап,  барлық  су  қоймаларының,
плотиналардың, бөгеттердің, өзге де  гидроғимараттардың  жағдайын  жан-жақты
тексерулері қажеттігін атап өтті. Күні-түні кезекшілік ұйымдастырып,  барлық
мәселені бақылауда ұстау қажет. «Қолайсыз  ауа-райы  мен  арнайы  техниканың
жетіспеуі төтенше жағдайды жою мен оның алдын алу шараларын шұғыл  жүргізуге
мүмкіндік бермеуде. Осыған  байланысты  Үкімет  тарапынан  бірқатар  шаралар
атқарылса                                                               игі.









                                                 Мемлекеттік     органдардың
басшылары су  тасқынының  алдын  алу  мәселесін,  су  тасқынының  салдарынан
келген авариялардан, апаттардан  және  дүлей  зiлзалалардан,  елдiң  халқын,
объектiлерi мен аумағын сенiмдi қорғауды қамтамасыз етудi; мемлекеттiк  және
жедел резервтердiң аумақтық бөлiнген тиiмдi басқару жүйелерiн,  күштерi  мен
құралдарын құруды және олардың дайындығын жоғары деңгейде  ұстауды  қамтитын
ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған апаттарға қарсы  әрекет  жасаудың  жаңа
идеологиясын жасап шығару болып табылады.
      Жоғарыда аталған  мақсатқа  қол  жеткiзу  және  апат  салдарын  азайту
жөніндегі шаралар үшiн мынадай негiзгi мiндеттердi:
      дағдарыстарды  басқарудың  тиiмдi  тетiктерiн,  оның  iшiнде   төтенше
жағдайлар мен азаматтық қорғаныс  саласындағы  мемлекеттік  басқару  жүйесiн
жетiлдiру,  мемлекеттiк  басқару  деңгейлерi  арасындағы  жауапкершiлiк  пен
өкiлеттіктердi оңтайлы бөлу арқылы жасап шығару;
      Қазақстанның табиғи және  техногендiк  сипаттағы  төтенше  жағдайларға
ұшырауға бейiм аумақтарына терең талдау  жүргiзу,  республиканың  әр  өңiрi,
елдi мекенi мен объектiсi үшiн  ықтимал  қауiптер  мен  қатерлердi  анықтау,
олардың халыққа,  материалдық  құндылықтарға  және  қоршаған  табиғи  ортаға
қауiптілiк деңгейiн бағалау;
      қатерлердiң барлығын қамтитын, автоматтандырылған мониторингi  жүйесiн
құру, авариялар, апаттар  және  дүлей  зiлзалалар  болжамдарын  дер  кезiнде
хабарлау және олардың шынайылылығын қамтамасыз ету;
      мемлекеттік  басқарудың,  аумақтардың,  кәсiпорындар  мен   ұйымдардың
барлық деңгейдегi iс-қимылдарын  қамтитын  төтенше  жағдайлардың  алдын  алу
және оларды жою жоспарларының,  азаматтық  қорғаныс  iс-шараларының  жүйесiн
әзiрлеу;
      табиғи сипаттағы  төтенше  жағдайлардың  туындау  салдарларын  барынша
болдырмау не болмаса жұмсарту;
      азаматтық  қорғаныс  жүйесiнiң  әзiрлігін  арттыру,  оны  елдiң   жаңа
геосаяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайына сәйкес келтiру;
      бейбiт  және  соғыс  уақытында  төтенше  жағдайлардағы  iс-қимылдардың
тәртiбi мен ережесiне, төтенше жағдайларда өзiн-өзi қорғау мен  өзара  көмек
көрсетуге халықты оқытудың осы заманғы, тиiмдi жүйесiн  құру,  осы  саладағы
әлемдiк  стандарттар  мен  даму  перспективаларын  ескере  отырып,   төтенше
жағдайларды басқару органдары мен қызметтерi  үшiн  кадрлар  даярлауды  және
қайта даярлауды ұйымдастыру;
      табиғи және техногендiк сипаттағы  төтенше  жағдайлардың  алдын  алуда
және оларды  жоюда,  елiмiздiң  азаматтық  қорғаныс  iс-шараларын  орындауда
халықтың кең түрде қатысуы үшiн жағдайлар қамтамасыз ету;     
      мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейiн қамти отырып, осы заманғы  және
перспективалық  технологиялар  негiзiнде  төтенше  жағдайлар  мен  азаматтық
қорғаныс саласындағы байланыс,  хабарлау,  ақпарат  және  автоматтандырылған
басқару жүйесiн жаңғырту, оларды бiрыңғай басқару жүйесiне кiрiктiру;
      Министрлiкке  ведомстволық  бағынысты  ұйымдардың   ғылыми-практикалық
әлеуетiн  пайдалана  отырып,  төтенше  жағдайлар  мен   азаматтық   қорғаныс
саласында мамандандырылған  ғылыми-зерттеу  және  тәжiрибелiк-конструкторлық
ұйымдар құру, осы  саладағы  жаңа  жетiстiктер  мен  технологияларды  енгiзу
проблемаларын шешудiң ғылыми негiздiлiгiн қамтамасыз ету;
      төтенше  жағдайлар  туындаған  кезде  апаттық  медицинаның   ден   қою
жеделдiгiн, оның жұмыс iстеу тиiмділігiн арттыру;
      Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға  әзiрлiктi
қамтамасыз ету  жөнiндегі  қызметте  басты  басымдық  инженерлiк  iс-шаралар
(ғимараттарды сейсмикалық жағынан нығайту, гидротехникалық және селге  қарсы
құрылыстарды  салу,  қайта  жаңғырту  және  нығайту,  жар  құлау  қаупi  бар
беткейлердi,  өзен  жарқабақтарын  нығайту  және  өзен  арналарын   тазарту,
құрылыс сапасын қатаң бақылау және т.б.) өткiзу болып табылады.
      Сонымен қатар ұйымдастырушылық сипаттағы  шараларды  күшейту  (қауiптi
аумақтарға құрылыс салуға  тыйым  салу,  ол  жерлерден  aдaмдарды  көшiрту),
табиғи қауiптердi болжау, мониторингiнi жақсарту  және  ғылыми  зерттеулердi
тереңдету жөнiнде iс-шаралар қабылдау қажет. Дүлей зiлзалалардан заңды  және
жеке тұлғаларды ерiктi түрде сақтандыруды  дамытуға  ең  қолайлы  сақтандыру
режимiн ұсыну орынды.
      Су тасқынынан,  селден,  сырғымадан  және  қар  көшкiнiнен  шығындарды
азайту  мақсатында  қауiптi  учаскелерде  ғылыми  iзденiстер   және   оларға
паспорттау жүргiзу;
      сел, сырғымалар мен  қар  көшкiндерiнiң  бiрыңғай  тиiмдi  мониторингi
қызметiн құру;
      өзен  жарқабақтарын  нығайту,  арналарды  түзету  және  өзен   табанын
тереңдету бойынша, жағалауды қорғайтын және селден қорғайтын  әрi  басқа  да
гидротехникалық құрылыстардың берiктiлігін арттыру  және  олардың  жаңаларын
салу бойынша, қар көшкiнi мен сырғыма  қаупi  бар  тау  беткейлерiн  нығайту
бойынша,  дер  кезiнде  төмен  қарай  қауiптi  мұздық  көлдердi  ағыту  және
бақылауда ұстап отырып, қар  көшкiнiн  түсiру  бойынша  қажеттi  инженерлiк-
қорғау жұмыстарының көлемiн орындау;
      су қорғау және басқа да қауiптi аймақтарда  тұратын  халықты  кейiннен
қауiпсiз жерлерге көшiре отырып, кезең-кезеңiмен ол  жерлердi  өнеркәсiптiк,
азаматтық және тұрғын үй құрылыстарынан босату қажет.
      Гидрологиялық  және  метеорологиялық  сипаттағы  төтенше  жағдайлардан
халықты қорғаудың тиiмдiлiгiн арттыру:
       қауiптi  табиғи  құбылыстардың  мониторингiн  және  оларды  болжаудың
сапасын арттыру;
      гидрометеорологиялық   болжамдардың,   олардың   iшiнде   ең   алдымен
дауылдарды  ескертудiң,  мұздықтар  мен  су  тасқындары  жағдайының  ғылыми-
негiздемелiк әдiстемесiн әзiрлеу деңгейiн қамтамасыз ету қажет.
       Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау  мақсатында  халыққа
сақтық шаралары жөніндегі  білімді  насихаттау.  Егер  сіздің  ауданыңыз  су
басудан жиі зардап шегетін болса, су басуы мүмкін аумақтың шекарасын  сондай
– ақ, сирек су басатын, тез жететін және тұратын  жерден  алыс  емес  жерлер
мен қыраттарды есте сақтап, зерттеп алған жөн.  Жеке  сақтандыру  шараларына
мыналар жатады: толқын соққыларына төзетін күрделі құрылысты тұрғызу;  жақын
орналасқан жерлердің  топографиялық  биік  нүктелерімен  танысу;  жақындаған
зілзала туралы хабардың әдістері мен нысандарын білу;  тұрғын  үйдің  жанына
топырақ салынған қаптар, тосқауыл қою, топырақ  төгу.  Отбасы  мүшелеріңізді
жеке және топтасып  көшу,  сондай  –  ақ  кенеттен  және  қарқынды  су  басу
кезіндегі тәртіп ережелерімен таныстырыңыз.  Алдын  ала  көшу  кезінде  алып
кететін  қажетті  құралдардың,  мүліктердің,  дәрі  дәрмектердің  тізімдерін
дайындап қойыңыз. Дайындалған құнды заттарды, керекті жылы  киімдерді,  азық
– түлік қорын, су және дәрі дәрмектерді арнайы чемоданға салып қою керек.
      Су басу кезінде не істеу керек. Су басудың қаупі  туралы  және  көшіру
туралы хабарландыру берілген кезде көрсетілген тәртіп бойынша су басу  қаупі
төніп тұрған аймақтан  қауіпсіз  жерге  немесе  қыратқа  шығыңыз,  өзіңізбен
бірге құжаттарды, құнды заттарды, қажетті киімдерді, екі – үш күнге  жететін
бұзылмайтын тамақ қорын алыңыз. Ең соңғы көшіру орнына тіркеліңіз.
      Жеке аулада селдің суы кедергісіз ағуы үшін жұмыстар жүргізіңіз:
      • жақын бұлақтарды, арықтарды қоқыстан және мұздан тазартыңыз
      • аулада су ағатын орларды қазыңыз
      • үй ауласын үйіп көмуге қолда бар материалдарды дайындаңыз  (қаптар,
        топырақ, құм, саз). 
      Алғашқы қажетті заттары бар сөмке немесе арқа қоржынын, ауыз  суы  мен
азық-түліктің аз мөлшердегі қорын  дайындау  қажет.  Су  болмайтындай  жерге
құжаттарды салыңыз. Бағалы заттарды,  қоймадағы  азық-түлік  қорларын  шатыр
астына немесе су баспайтын аймаққа көшіріңіз.
БАҚ-ның ақпараттарын және көлік  құралдары  мен  кәсіпорындардың    үзілмелі
белгілері және сирена дабылдарын мұқият бақылаңыз.  
      Су  басу  жайлы  хабар  алысымен   асығыс   және   көшірілу   пунктері
ұйымдастырылған бағытқа қарай үй-жайларыңызды тастап шығыңыз.
      Егер су деңгейінің жоғарылағанын байқасаңыз жедел аудандық, қалалық ТЖ
қызметіне, жергілікті атқарушы органдарға хабарласыңыз.
      Үйден кетер алдында электр қуаты  мен  газды  сөндірініз,  от  жағатын
пештерді өшірініз, үйдің сыртындағы  барлық  қалқитын  бұйымдарды  бекітіңіз
немесе оларды үйдің  қосымша  бөлмесіне  орналастырыңыз.  Егер  уақыт  болса
құнды заттарды үстіңгі қабатқа немесе тұрғын үйдің шатырына  орналастырыңыз.
Есік терезелерді жабыңыз. Ұйымдастырылған көшіру шаралары болмаған  жағдайда
көмек келіп  жеткенше  немесе  судың  деңгейінің  түскенінше  үйдің  жоғарғы
қабатында, талға немесе жоғары тұрған  жерлерге  орналасыңыз.  Бұнымен  қоса
үнемі апат белгісін беріңіз: күндіз  жақсы  көрінетін  матаны  іліп  қойыңыз
немесе таяққа  қадап  алып  сол  матамен  бұлғап  белгі  беріңіз,  ал  түнде
жарықпен немесе дауыспен белгі беріңіз.
      Құтқарушылар келген кезде ұстанымдылық танытып, қауіпсіздік  шараларын
сақтай отырып, жүзу құралдарына  қарай  өтіңіз.  Құтқарушылардың  талаптарын
қатаң орындап, жүзу құралдарының шамадан тыс  толып  кетуіне  жол  бермеңіз.
Қозғалыс  кезінде  көрсетілген  орыннан  алшақ  кетпеңіз,   жүзу   құралының
бүйіріне отырмаңыз, экипаждың талаптарын қатаң сақтаңыз.
      Су басқан  аймақтан  өздігінен  шығуға  тек  қана  зардап  шеккендерге
дәрігерлік көмек көрсету керек болған жағдайда ғана  шығу  ұсынылады.  Бұған
қоса сенімді жүзу құралы  болу  керек  және  қозғалыс  бағытын  білу  керек.
Өздігінен қозғалған кезде  апат  белгісін  беруді  тоқтатпаңыз.  Суда  жүзіп
жүрген және батып бара жатқан адамдарға көмек көрсетіңіз.
      Егер сіз суда қалсаңыз, төмен қарай тартатын аяқ киімді,  ауыр  киімді
шешіп жүзгіш заттарды, ағашты, басқа да су бетінде  қалқып  жүрген  заттарды
іздеп, көмек күтпей ақ оларды пайдалану керек.
      Су  тасқыны  кезінде  кіреберіс  жолдар  мен  көпірлер  жедел  қалпына
келтіріліпзардап шегушілерге тамақ пен киім жкткізіледі. Қосымша үйінді,  су
ағызатын  каналдар  мен  бөгеттер  тұрғызылады,  бұрыннан  бар   бөгеттердің
шайылған жері  мен  саңылауы  бекітіледі.  Өндіріс  қондырғылардың  құтқару,
жөндеу, ғимараттар мен үй жайларды  тез  қалпына  келтіру  бойынша  жұмыстар
жүргізіледі.
      Су кеткеннен кейін  үзілген  және  ілулу  тұрған  электрөткізгіштерін,
зақымдалған газ құбырынан сақталу қажет. Үйге кіреде  оның  бөліктерінің  су
толқынының соққысынан теңселмейтіндігіне көз жеткізу  қажет.  Суда  табылған
азық – түлікті, тасқыннан кейінгі іркілген суды пайдалануға болмайды.
      Су тасқыны  жағдайындағы  көшіру  туралы,  әдетте,  төтенше  жағдайлар
жөніндегі    комиссияның    арнайы    шешімімен    жарияланады.    Көшірудің
басталатындығы және тәртібі туралы халыққа жергілікті  радиоторабы  желілері
мен жергілікті теледидар бойынша хабарланады.  Жұмыс  істейтіндерге  сонымен
қатар, кәсіпорын, мекеме мен оқу  орындарының  әкімшілігі,  ал  өндіріс  пен
қызмет көрсету саласында жұмыс істемейтіндер  пәтер  иелері  коорперативтері
арқылы хабарлайды. Халыққа көшіру нүктесіне  жиналатын  орынмен,  оған  келу
мерзімі жаяу көшкен  кездегі  бағыт,              сондай  –  ақ,  жергілікті
жағдайда, күтілген апатқа, оны ескерту уақытына орайлас басқа да  мәліметтер
хабарланады.
      Уақыт жеткілікті  болған  жағдайда  халық  қауіпті  аудандардан  дүние
мүлкімен бірге көшіріледі, сол үшін көлік бөлінеді.
      Көшіру су басқан аймаққа жақын орналасқан елді мекендерге жүргізіледі.
Халық  қоғамдық  ғимараттар  мен  жергілікті  тұрғындардың   үйіне   уақытша
қоныстандырылады.
      Су басқан  аумақтағы  адамдарды  ізеужедел  ұйымдастырылып,  сол  үшін
Азаматтық қорғаныс құрамаларының экипаждары таратылады және басқа  да  қолда
бар күштер мен құралдар пайдаланылады.
      Құтқару жұмыстары кезінде  халық  ұстанымдылық  танытып,  құтқарушылар
талаптарын  қатаң  орындауға  тиіс.  Құтқару  құралдарына  басы  артық  адам
отыруға болмайды.
      Құтқарушылар келген кезде  қайыққа  немесе  катерге  айқай  шусыз  бір
бірлеп өту керек. Қайық қозғалған кезде орын ауыстыруға,  қозғалуға,  бортқа
отыруға  рұқсат  етілмейді.  Балаларға,  қарттар  мен  сырқаттарға   бірінші
кезекте көмек көрсетілетінін есте ұстаңыз.
      Тосын су тасқыны жағдайында  (тоғанның,  бөгеттің  бұзылуынан  болған)
халыққа барлық қолда  бар  техникалық  хабарлау  құралдарымен,  оның  ішінде
жылжымалы қондырғылардағы дауыс қатайтқыштың көмегімен жүргізіледі.

      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
    1. Қауіпті гидрологиялық құбылыстар
    2. Қазақстанда су басуды тудыру себептері
    3. Су тасқыны қаупі пайда болған кездегі өткізілетін шаралар
    4. Aлдын алу және құтқару жұмыстарының түрлері.







      Дәріс №7. Атмосферада болатын стихиялық құбылыстар.


      Жалпы сұрақтар
    1.  Метеорологиялық  және  агрометеорологиялық  қауіпті   құбылыстардың
       түрлері: дауылдар, күшті жел,  торнадо,  шквалдар,  құйындар,  дүлей
       құйын, қатты жаңбыр, бұршақ, қалың қар  жауу,  көкмуз,  аяз,  боран,
       ыстық, туман, құрғақшылық, аңызақ.
    2. Анықтамасы және сипаты, кеңістіктік таралуы, күші және қарқындылығы,
       жиілігі  және  ұзақтығы,  жағымсыз  әсерлері,  болжам,   алдын   алу
       шаралары, атмосферадағы әр қауіпті құбылыс үшін құтқару жұмыстарының
       түрлері

      1  Метеорологиялық  және  агрометеорологиялық  қауіпті   құбылыстардың
түрлері: дауылдар, күшті жел,  торнадо,  шквалдар,  құйындар,  дүлей  құйын,
қатты жаңбыр, бұршақ, қалың қар жауу,  көкмуз,  аяз,  боран,  ыстық,  туман,
құрғақшылық, аңызақ.
         Қауіпті метеорологиялық   құбылыстар  –  адамдарға,  ауьлшаруашылық
малдарына және өсімдіктерге,  экономика  нысандарына  және  қоршаған  табиғи
ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін  атмосферада  әртүрлі  табиғи
факторлардың  немесе  олардың  қосыңдысының  ықпалынан   туындайтын   табиғи
процесстер мен құбылыстар.
          Дауыл – жылдамдығы 32  м/с  асатын  (115  км/с  аса),  айтарлықтай
ұзақтығы мен қираткыш күші бар жел.
         Теңіз дауылы — ұзақ уақытты, 20м/с  аса  жылдамдықпен  соғатын  өте
күшті, теңізде қатты толқын және құрғақ жерде қирату тудыратын жел.
        Дауыл (кенеттен соққан) - жел  бағытының  өзгерісімен  қоса  жүретін
конвекциялық процестермен байланысты 20-30 м/с жылдамдықпен  соғатын  желдің
кенеттен қысқа мерзімді күшеюі.
         Күшті  жел  –  ауаның  жер  бетімен   салыстарғандағы   14м/с   аса
жылдамдықпен қозғалуы.
        Ала  құйын  –  ауаның  айналмалы  тік  немесе  көлбеу  ось   бойымен
қозғалатын  атмосфералық  түзілісі.  Құйындағы  ауаның  қозғалыс  жылдамдығы
шамамен 100м/с.
       Құйын - айналу жылдамдығы 100 м/с және одан жоғары, диаметрі  1000  м
болатын, үлкен қиратқыш күшке  ие  ұсақ  масштабты  атмосфералық  күшті  ала
құйын.
      Ұзаққа созылған жауын – бірнеше тәулік  тоқтамай  немесе  ұзақ  дерлік
мерзімде жауатын, тасқынға, су алу мен су астында қалуға алып келетін  сұйық
атмосфералық шөгінділер.
       Қатты қар басу  -  көру  мүмкіндігін  айтарлықтай  нашарлататын  және
көлік  қозғалысын  қиындататын  қардың  қарқынды  ұзақ  жаууы.   Жауын-шашын
мөлшері 12 сағатта және одан төмен уақытта 20мм және одан аса болады.
         Қатты  боран  (күртік   қар)   –   көру   мүмкіндігін   айтарлықтай
нашарлататын  және  көлік  магистралын  қар  басуға  алып  келетін,   қардың
жаууымен бірге болатын қатты желдің жер бетіне қарды  тасымалдауы.  Ұзақтығы
12 сағ. және одан да жоғары, басым жағдайда желдің жылдамдығы  15  м/с  және
одан да жоғары.
      Қатты көк тайғақ – салқындаған тұман немесе жауын  тамшыларының  қатуы
кезіндегі жердің немесе заттардың бетіндегі  мұздың  қалың  қабаты.  Желілер
бойындағы қатқан мұздың диаметрі 20 мм және одан да көбірек болады.
      Бұршақ – жылдың жылы мезгілінде қатты  мұз  түрінде,  әдетте  найзағай
кезіндегі   нөсер   жауынмен   бірге   жауатын   атмосфералық    шөгінділер.
Бөлшектердің диаметрі 5 мм – ден 15 см – ге дейін жетеді.
        Нөсер (қатты жауын) – үлкен  қарқынды  қысқа  мерзімді  атмосфералық
шөгінділер, әдетте жаңбыр түрінде (кейде қар  түрінде)  жауады.  Жауын-шашын
12 сағат және одан аз, мөлшері 50 мм және одан да  көп  болады;  таулы,  сел
және қар көшкіні қауіпі бар аймақтарда 12 сағ. 30мм және одан аса.
        Найзагай – түйдек – жауын бұлттарының  дамуымен  байланысты  бұлттар
мен жер беті  арасындағы  дүркін  –  дүркін  электр  зарядтарымен,  дыбыстық
құбылыстармен, қатты жауын – шашынмен, бұршақпен қоса  жүретін  атмосфералық
құбылыс.
         Қатқақ - ауаның қолайлы орташа  тәуліктік  температурасы  кезіңдегі
жер бетіндегі ауа температурасының 0°С – ге дейін және одан да төмендеуі.
        Ауа  температурасының  күрт  төмендеуі,  жоғарылауы  –  қысқа  уақыт
кезеңі ішіндегі ауа температурасының аномалды төмендеуі  немесе  жоғарылауы.
Ауа температурасының 1-2 тәулік ішінде 10°С-ге және одан аса өзгеруі.
       Қатты тұман - 12 сағ. Және одан ұзақ уақытта 100 м –  ге  дейін  және
одан  да  төмен  болатын,  жер  бетіндегі  ауаға   тікелей   асылған,   көру
мүмкіндігінін айтарлықтай нашарлауымен қоса жүретін,  сұйық  түрге  айналған
заттардың тамшы немесе кристалл түрінде топталуы.
       Шаңды  дауыл  –  көру  мүмкіндігінің  төмендеуімен,  тұқым  және  жас
өсімдіктермен қоса топырақтың жоғарғы қабатының үрленуімен,  егістікті  және
көлік магистралдарын құм басумен сипатталатын үлкен көлемдегі шаңның  немесе
құмның қатты желмен тасымалдануы. Ұзақтығы – желдің  басым  кезінде  15  м/с
және одан да жоғары жылдамдықпен 12 сағ. және одан да жоғары.
        Құрғақшылық – жоғарғы температура және ауа  ылғалдығының  төмендеуін
қоса  алғандағы,  ұзақ  мерзімді  жауын   –   шашынның   болмауы   түріндегі
метеорологиялық факторлардың жиынтығы, өсімдіктердің сулы
тепе – теңдігінің  бұзылуына  және  олардың  қурауына  алып  келеді.  Ауаның
салыстырмалы ылғалдығы 20 күннен астам  сақталып  тұруы,  (күндіз)  ылғалдық
қоры жердің метрлік қабатында 35 мм және одан төмен  болған  кезінде  30%  -
дан аз.
       Аңызақ жел – ұзақ уақыт бойы жоғарғы температураның сақталуы.  Орташа
тәуліктік ауа температурасы желдің жылдамдығы 5  м/с  және  одан  да  жоғары
ауаның ылғалдығы 30% аз болады.


      2 Анықтамасы және сипаты, кеңістіктік таралуы, күші және қарқындылығы,
жиілігі және  ұзақтығы,  жағымсыз  әсерлері,  болжам,  алдын  алу  шаралары,
атмосферадағы әр қауіпті құбылыс үшін құтқару жұмыстарының түрлері.
      Ала құйын – ауаның айналмалы тік немесе көлбеу ось бойымен  қозғалатын
атмосфералық түзілісі. Құйындағы ауаның қозғалыс жылдамдығы шамамен 100м/с.
      Құйын - айналу жылдамдығы 100 м/с және одан жоғары,  диаметрі  1000  м
болатын, үлкен қиратқыш күшке  ие  ұсақ  масштабты  атмосфералық  күшті  ала
құйын.
         Қара құйынның құрылысы өте  қарапайым-  бұл  жер  бетінен  түйдекті
жаңбырлы бұлтқа дейін созылатын  сұйық  құйғыш  сияқты.  Ол  ішкі  қуыс  пен
сыртқы бөліктен  тұрады.  Ішкі  қуыстың  ерекшелігі  –  ауаның  сиреуі  онда
атмосфералық  қысым күрт төмендейді,  сыртқы  бөлікпен  тіпті  төңірегіндегі
ауаны салыстырғанда ол кеңістік сияқты болып келеді.  Сондықтын  да  дағдылы
қысымдағы ауа толған тұйық затпен түйіскенде ол  зат  жарылып,  одан  шыққан
ауа  қара  құйынның  ішкі  қуысына  қарай  ысырылады.  Су  құйғыштың  айналу
жылдамдығы, дәлірек айтқанда оның сыртқы бөлігіндегі  желінің  жылдамдығы  -
қара құйынның маңызды ерекшелігін көрсетіді. Бұл  жылдамдық  әр  түрлі  және
бір су құйғыштың өзінде тез өзгереді. Алайда ол  1200  км/с  332  м/сек  тең
дыбыстың жылдамдығынан асып түсе алады.  Желдің  жылдамдығы  күшейген  сайын
оның қысымы да арта түседі.  Сонымен  қатар  ол  ауамен  топыраққа  қосылған
қоспа салдарынан /ылғалды шаң/ арта түседі.
      Қара  құйынның  келесі  мысалы  бұл   құбылыстың   айрықша   екендігін
көрсетеді.  1947  жылгы  9  сәуірде  АҚШ-тың  Оклахома  штатының   біріндегі
ферманың бір қабатты үйінде фермердің отбасы мен мейман отырды. Кенет  бөлме
қараңғыланып сырт жағынан ерекше дұрсiл мен гуіл естілді.  Екі  ер  адам  не
болғанын білгісі келеді.Олардың есікті ашуы мұң екен,  соққан  құйын  есікті
жұлып  әкетіп  екеуін  де  аспанға  бірақ  көтереді.  Бірнеше  ондаған  мерт
биіктіктен оларды жерге қалықтатып түсірді,бақытқа қарай олар зардап  шеккен
жоқ. Ал үйден ес жұрнақ қалған жоқ. Олар ұшқаннан  кейін  бірнеше  секундтан
кейін ол жарылып сынық бейнесін де көзден  ғайып  болды.  Бір  қызығы  үйдің
едені  орнында  қалып,  оның  ортасындағы  диван  сол  қалпында  қалған,  ал
фермердің әйелі мен оның екі баласы естері  шығып  орындарында  қалған.  Бір
таң қаларлығы олардың жанындағы шағын үстелде шыны кәсесін шамы  тұрған  сол
қалпында қалған. Бұл жағдайқұжат бойынша айғақталған.
      Қазақстанда қара құйын  өте  сирек  байқалады  және  негізінен  орташа
деңгейде болды. 1947 жылғы тамызда алапат күшті  ені  160  метр  қара  құйын
Шығыс қазақстан облысының Северный поселкісінде болып, 17 үйді,  3  мекемені
және 12 шаруашылық тұрағын құлатты.
      Қара  құйыннанның  қозғалысына  қарй  тік  бағытта  жүру  керек.  Қара
құйынның ортасында тап болған жағдайда жинақталып, кез  келген  қозғалмайтын
жерге бекітілген заттан қатты ұстап, мүмкіндігінше бет пен көзді кез  келген
матамен немесе қолмен жабу  керек.  Кез  келген  ауыр,  желпілдейтін  киімді
алдын ала шешіп тастаған жөн.
      Бұрқасындар мен қарлы борандар. Қазақ даласының долы желдері қыста аса
қауіпті.  Олар  бұл  уақытта  ұзаққа  созылатын  бұрқасынды  немесе  боранды
тудырады.  Бұрқасындар  қарды  бір  жерден   екінші   жерге   көшіріп,   оны
нығыздайды,  бұл  аумақтағы  қар  жамылғысының  су  ресурстарына  әр   түрлі
таралуына және топырақтың әр түрлі деңгейде тоңазуына алып  келеді.  Соынмен
қатар бұрқасындар авиацияның, темір жол және басқа  да  көліктердің  қалыпты
жұмыснын тоқтататын биік күртік қардың  пайда  болуына  ықпал  етеді.  Қатты
боран  телеграф  және  телефон  байланынысың  бұзылуына  себеп  болады.  Кей
уақытта қысқы жайылымдағы малдың жаппай қырылуына  әкеп  соқтырады.  Халықты
таяуда болатын төменгі  температурадағы  қарлы  боран  туралы  өз  уақытында
құлақтандырғанына қарамастан 1995 жылғы  желтоқсанның  аяғында  қазақстанның
солтүстік және орталық облыстарында 100-ге жуық адам қаза болды.
      Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік қазақстан және Ақмола облысында
қыста орташа 50-60 күн бұрқасын болды. Шығыс қазақстан облысының  Жалғызтөбе
ауданында бұрқасынды күндер саны айына 27- ге дейін жетеді.
      Ықтимал бұрқасын мен қарлы  боран  туралы  хабар  алған  бойда  сыртқа
шығуды доғара тұру керек. Отынды сақтау мен  өңдеу  үшін  ғимаратты  қымтап,
азық-түлікпен судың артық қорын жинау керек.  Ауылды  жерде  малдың  қажетті
жемі мен суын әзірлеп, оларды жылы қорада ұстау керек. Қажет жағдайда  үйлер
арасында бағдар жасауға күшті желден өтуге көмектесетін арқан байлау  қажет.
Машиналарды жолға аса шұғыл  жағдайда  ғана  шығарып  оларды  сырғанатпайтын
шынжырмен,  азық-түлікпен,  күдіргіш  шаммен  және  киіммен  қамтамасыз  ету
қажет.
      Дауылды жел, бұрқасын, қарлы боран кезіндегі барлық  жұмыс  ұжымдасқан
түрде орындалады. Әрбір жұмысшы бір біріне көмекке  келу  үшін  көз  көретін
жерде болуы  тиіс.  Бұрқасын  кезінде  нақты  көрінген  ныфсаналар:  телефон
желісі, орман, жол бойымен ғана жүру керек. Ең жақсысы үйден  шықпай  отыру.
Егер бұрқасында  автомобильмен  келе  жатып  тап  болсаңыз  тоқтап.,  тұрған
жерді белгілеу керек, сол  үшін  ашық  матаны  ілген  жөн.  Машинаның  үстін
толығымен жауып, қозғалтқышты радиатр жағынан қымтау керек.  Машина  копотын
жерге қарай бұрып, отынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаңыз.  Машинаны  қар
басып қалу қауіпі  болса,  есіктің  бірін  жиі  ашып,  күртік  қарды  әрірек
сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз.  Ол
жұмыс істеп тұрған кезде бөлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып,  қақаған
суықтан бұрын өзіңізден өмірден алып кетуі мүмкін.
      Егер жылынғыңыз  келсе  далаға  шығып,  түтін  трубасын  газдың  ауаға
шықпайтыны етіп көміп тастаңыз. Есіктен  шыққанда  міндетті  түрді  өзіңізді
арқанмен байлаңыз. /бір үшін автомобильде  қалдырыңыз/.  Адам  үйден  немесе
машинадан жарты метр ұзағанда  бағдардан  айырылып,  қаза  болған  жағдайлар
көптеп кездеседі.

      Көктайғақ. Жолдағы көктайғақ аса  қауіпті,  ал  қиылысы  көп  жерлерде
автомобиль қозғаласан мүлдем тоқтатуы мүмкін. Жаяу жүру  өте  қиын.  Әртүрлі
заттардаың аяқ астынан жерге құлауы және ұшуы өте қауіпті.

      Көктайғақ кезінде қалай жарақаттанбауға болады?
      Мұндай ауа райында ең алдымен ойық  немесе  жұмсақ  табанды  аяқ  киім
киген жөн. Былғары әсірісе тайғайды.
      Табанға қиылған паролонның немесе жапсырғыштың  кесіндісін  желімдеуге
болады. Жапсырғыштың   немесе  оқшауландырғыш  лентасын  өкшеге  бір  біріне
айқастырып жапсырып, шығарда құмға үйкеуге болады.  Мұндай  әдіс  1-2  күнге
жетеді.
      Мына қарапайым әдісті қолдануға  болады:  шығар  кезде  өкшені  қырғыш
қағазбен үйкелеуге болады. Көктайғақ уақытында оны өкшеге жапсыруға  болады.
Тағы  бір  қарапайым  кеңес:  табаннан  өкшеге  дейін  2  резина  жүзікшесін
кигізуге болады. Мысалы оны  ескі  қыздырғыштан  кесіп  алуға  болады.Асығып
жүрудің  көктайғақта  қаіпті  екендігін  есте  ұстаған  жөн.  Жолдан  өтетін
уақытта аса сақ болуы керек. Мұндай кезде жүргізушіге өте қиын.
      Құлай білу керек. Құлар кезде  бүгіле  отыра  қолдың  көмегімен  аунап
кетуі керек, сонда сізге бағытталған соққы күші азайып, оның қуаты  айналған
уақытқа кетеді.

      Қардың астында қалу. Табиғаттың  тосын күштерің  көріністерінің  бірі-
қардың астында  қалу.  Бұрқасынмен,  қарлы  боранмен  тығыз  байланысты.  Ол
бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қалың қар  нәтижесінде  пайда
болып, қалыпты тіршілікті бұзады ,ал кейде адам мен малдың өлім –  жітіміне,
материалдық құндылықтардың жойылуына алып келеді.

      1970-1980 жылдар бойында /18 қыс/ Қазақстан аумағында қар басудың  600
жағдайы тіркелді. Олардың жартысы Оңтүстік Қазақстан  мен  Алматы  облысының
үлесіне тиеді.  Қардың  қалың  түсуі  жөніндегі  рекорд  Оңтүстік  Қазақстан
облысына тиесілі. 1986 жылғы 7 желтоқсанда Ащысайда 10 сағат  ішінде  жауған
қар нәтижесінде 133 мм ылғал түсті. /Жаңа жауған  қардың  биіктігі  133  см/
мұны тіпті елестету мүмкін емес.
      Қалың қар Шығыс Қазақстан облысында көп жауады.  2000  метр  биіктікте
Ұлба өзенінің жоғары жағында Қазақстанның «қар полюсі»  орналасқан.  Мұндағы
қар жамылғысының биіктігі 8 метрге дейін жетеді.
      1969 жылдың  қаңтар  –  наурызында  Қазақстанының  Оңтүстік  шығысында
жауған қардың қалыңдығы  1,5-2  метрге  жетеді.Қардың  қалыңдығының  болғаны
соншалықты шөп  маяларына  қуатты  К-700  алып  тракторларында  өте  алмады.
Кейбір аудандарға малшыларға  шөпті  сол  жерде  орналасқан  танк  бөлімдері
жеткізіп береді. Республиканың таулы аудандарында жол  қозғалысын  тақтатқан
қар көшкіндері байқалады.
      Қардың жаууы, боран туралы хабар алған бода, уақыт  болса,  кедергілер
орнатылады. Жолдың, ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20  метр
қалқан, қар тосқауылы қойлады.
      Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс түрлері:
      - жоғалған адам мен малды іздеу;
      - зардап шеккендерге алғашқы медециналық көмек көрсету;
      - жол мен үй-жай төңірегіндегі қарды тазалау.
      - жолда тұрып қалған көлікке көмектесу.
      - комуналдық және энергетикалық желідегі авариаларды жою
      Барлық жұмыс бірнеше адамнан тұратын топпен бірге жүргізіледі.

      Найзағай. Найзағай адам үшін өте қауіпті, сонымен қатар ол авариалық,
ахуалды тудыратын көзге айналуы мүмкін.

      Егер сіз найзағай болардың алдында қала сыртында болсаңыз,  алдын  ала
тоқтап, қауіпсіз орынды іздеңіз. Найзағай  кезінде  орманда  жалғыз  ағаштың
және бір деңгейде  орналасқан  ағаштардың  жанына  тоқтауға  болмайды.  Биік
емес, ұшар басы  қалың  ағаш  арасына  жасырынған  жөн.  Алайда  найзағайдың
еменге, терекке, талшынға, шегершінге жиірек, ал шыршаға,  қарағайға,  бүкке
сирек түсетіндігін есте сақтау  қажет.  Ал  үйеңкі  мен  қайыңға  өте  сирек
түседі. Тоғайдың шетімен  үлкен  егістікте  болу  да  қауіпті.Сулы  жер  мен
суаттардың жанында жүру мен тоқтау да аса қауіпті.
      Таулы жерде найзағай болардың алдында биіктіктен, - жотадан,  төбеден,
төмен  түсу  керек.  Жүрген  немесе  дем  алған  кезде  жартасқа,  қабырғаға
сүйкенуге немесе ұстауға  болмайды.  Жартас  арасында  жасырунуға  болмайды.
Табиғи мекен – жартастағы  үңгірде  қабырғадан  кемінде  2  метр  қашықтықта
жасырынуға болады.
      Ашық алаңда найзағайдан құрғақ шұңқыр мен  жырада  жасырынуға  болады.
Егер олар суға толса одан кеткен жақсы. Құм  мен  тас  аралас  топырақ  таза
топыраққа қарағанда қауіпсіз. Найзағай кезінде жүруге,  абдырауға  болмайды.
Барлық  метал  заттарын  адамдардан  15-20  метр  қашықтықта  жинау   керек.
Отырғанда астыңызға полиэтилен , жапырақ, киім, тас және т.б. қойған  дұрыс.
Арқаны еңкейтіп, басты төмен қаратып, аяқтың табанын бірге қосып,  қатарласа
отырған жақсы. Сулы дене мен киімге найзағай түсу мүмкіндігін есет  сақтаған
жөн.
      Найзағай болардың алдында жүзу құралында болған адам  кешікпей  жағаға
ұмтылу керек. Егер бұл мүмкін болмаса қайықты кептіріп,  құрғақ  киім  киіп,
діңгекті түсіру керек немесе оны  суға  ескек  немесе  бөрене  арқылы  төмен
түсіру керек. Ал бұл жағадайда полиэтилен діңгекке немесе суға тимеуі  тиіс.
Найзағай кезінде якорьді беруге  немесе  таңдауға  болмайды,  өйткені  якорь
арқаны найзағай соққысынан электр өткізгішке айналады.
      Найзағай адам үшін өте қауіпті, сонымен  қатар  ол  авариялық  ахуалды
тудыратын көзге айналуы мүмкін. Найзағай жақындаған кездегі сақтық шаралар:
   1. Егер сіз найзағай болардың алдында қаласыртында  болсаңыз,  алдын  ала
      тоқтап, кауіпсіз  орынды  іздеңіз.  Найзағай  кезінде  орманда  жалғыз
      ағаштың  және  бір  деңгейде  орналасқан  ағаштардың  жанына  тоқтауға
      болмайды. Биік емес, үшар басы  қалың  ағаш  арасына  жасырынған  жөн.
      Алайда найзағайдың еменге,  терекке,  талшынға,шегершінге  жиірек,  ал
      шыршаға, қарағайға, бүкке сирек  түсетіндігін  есте  үстау  қажет.  Ал
      үйеңкі мен қайынға өте сирек түседі. Тоғайдың шеті мен үлкен егістікте
      болу да қауіпті. Сулы жер мен суаттардың жанында жүру мен  тоқтау  аса
      қауіпті.
   2. Таулы жерде найзағай болардың алдында биіктіктен, - жотадан,  төбеден,
      төмен түсу керек. Жүрген немесе дем алған  кезде  жартасқа,  қабырғаға
      сүйкенуге немесе ұстауға болмайды. Табиғи мекен –  жартастағы  үңгірде
      қабырғадан кемінде екі метр қашықтыққа жасырынуға болады.
   3. Ашық алаңда найзағайдан құрғақ шұңқыр мен  жырада  жасырынуға  болады.
      Егер олар суға толса, одан кеткен жақсы. Құм мен  тас  аралас  топырақ
      таза топыраққа қарағанда қауіпсіз.
   4. Найзағай аймағында абдырап жүгіруге болмайды.
   5. Барлық металдық заттарды адамдардан 15-20 метр қашықтыққа қою керек.
   6. Отырар алдында топырақ үстіне полиэтилен, киім төсеңіз.
   7. Арқаны еңкейтіп басты  төмен  қаратып,  аяқтың  табанын  бірге  қосып,
      қатарласа отырған жақсы.
   8. Найзағай болардың алдында жүзу құралында болған адам  кешікпей  жағаға
      ұмтылу керек. Егер бұл мүмкін болмаса, қайықты кептіріп,  құрғақ  киім
      киіп, діңгекті түсіру керек немесе оны суға ескек немесе бөрене арқылы
      төмен түсіру  керек.  Құтқару  желетін,  етікті  киіп,  жаңбыр  суының
      қайықтың сыртына қарай ағатынды етіп полиэтилен жамылу керек.  Ал  бұл
      жағдайда полиэтилен діңгекке немесе суға тимеуі тиіс.Найзағай  кезінде
      якорьді беруге немесе таңдауға болмайды, өйткені якорь арқаны найзағай
      соққысынан электрөткізгішке айналады.
   Найзағай соққан кездегі көмек көрсету әдістері:
       Көмекті  кешіктірмеуге  қажет.  Найзағайдың  соғуынан  адамның   тірі
қалатын кездері де болады. Жасанды тыныс  алдыру  мен  жүректі  сылауды  бір
минуттен артық тоқтатпай, зардап шегушіге өлім  белгілері  ашық  байқалғанша
жалғастыру керек.

      Шаңдақ  дауыл. Шаңдақ  дауыл  - бұл күшті жел салдарынан  жер  бетінен
шаңның,  құмының,  топырақтың,  түздің  және  көлемі  1  мм  аз   басқа   да
бөліктердің ауаға ұшуы.

      Қазақстан  аумағында  шаңдақ   дауыл  –  сәуір,  мамыр  және  қыркүйек
айларында жиі байқалады. Қыс айларында, егер жер  бетін  қар  жаппаса  сирек
байқалады. Күшті шаңдақ  дауыл  Қазақстанның  батысында  ,  Каспийдің  шығыс
жағалауында, Сырдария өзені мен Арал төңірегіндегі жазықта болып  өтті.  Бұл
дауылдардың  саны  аталған  аудандарда  жылына  5-6  дан   бастап,   бірнеше
ондықтарға жетуі мүмкін.
      Дауыл адам организіміне,  қоршаған  табиғат  пен  механизмге  жағымсыз
әсер етеді. 1960 жылғы 19 мамырда Ертіс  бойында  шаңдақ  дауыл  12  сағатқа
созылып, соның нәтижесінде  егіс  алқабы  шөлейтке  айналды.  Дауыл  кезінде
қалың шаңнан 3-4 метр  жердегі  адам  көрінбейтін,  ал  үйлерде  күндіз  шам
жағылды.
      Қазақстандағы апатты шаңдақ  дауылдар  туралы  ертедегі  мәліметтерден
мынаны көруге болады: «1910 жылдың қарашасында кешке таман  дауыл  басталды.
Алғаш күні жел алапат күшпен соғып, 3 күн бойы  толастаған  жоқ.  Осы  уақыт
бойы күндіз қараңғы болғандықтан үйлерінен шыққан жоқ. Ауада шаң,  құм  және
қармен қатар ұсақ тастар да ұшып жүрді. Жел даладағы  малды  белгісіз  жаққа
айдап кетіп, жаппай қырып кетті. Бір Маңғыстақ ауданының өзінде 0,5 млн  қой
мен ешкі, 0,4 млн жылқы, 0,3 млн түйе қырылды.
      Сақтық  шаралары.  Егер  дауылды  шаңдақ  жақындағанда  елді   мекенде
болсаңыз  есік  пен  терезені  нығыздап  жауып,  ғимараттан   шықпаңыз.   Үй
хайуанаттарын, оларға арналған  қораға немесе ғимарат ішіне қамау керек.
      Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда болсаңыз малды  құм
үйінділерінің арасындағы  тасаға  жасыру  қажет.егер  жақын  жерде  сексеуіл
немесе биік бұтақ болса, дауыл аяқталғанша  малды  сол  жерде  ұстай  тұрған
жақсы.
      Егер дауыл сізді елді мекеннен қашық жерде  басталса,  көру  қашықтығы
азайып, адасып кету мүмкін болса, жүруді тоқтау  керек.  Дауыл  аяқталғаннан
кейін немесе көріну қашықтығы бір шақырым және одан асқан  жағдайда  қозғалу
қажет. Егер жолды таппасаңыз сол жерде  қалып,  дауылдан  кейін  бақытсыздық
дабылы – түтіні қатты шығатын материалдан от жаққан жақсы.
      Егер сіз автомобильмен келе жатсаңыз, ештеңе  көрінбесе,  қозғалтқышты
өшіріп,  есік  пен  терезені  мықтап  жакып,  жолдың  шетіне  тоқтау  қажет.
Қозғалтқыштың әуе сүзгісін қымтап, автомобилькорпусын  төмен  түсіру  керек.
Дауыл  аяқталғаннан  кейін  қозғалтқышты  шаңнан,  құмнан  тазартып,    ауау
сүзгісіндегі материалды алып, қозғалтқышты қосып, қозғалысты бастаңыз.
      Егер  шаңдақ дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңзі  түмелеп,
бас киімдеріңзі киіңіз. Көзіңізге шаң мен тас, бір нәрсе түмпей үшін  аранйы
көзілдірік  киіңіз,  егер  ол  жоқ  болса,  дағдылы  көзәнегіңіздің  бүйірін
қолыңызбен жауып қорғанының. Желден тығылатын  қандай  да  бір  пананы  табу
керек: бұтақ, сексеуіл, жер бедерінің ойлы – қырлы  жерін  пайдалану  керек.
Егер қандай  да  бір  жамылғы  болса,  оны  шаңгнан,  суық  желден,  дененің
суынуынан қорғаныс ретінде пайдалануға болады.  Күн  ыстықта  соққан  шаңдық
дауыл кезінде /35°  тан  жоғары/  дененің  ысынуына  қарсы  шаралар  қолдану
қажет. Бұл үшін тәулігіне бір адам үшін 3 литр тұщы судың қоры болуға  тиіс.
Дауыл кезінде судың бірнеше  тамшысын  іше  отырып  организмнен  тер  бөліну
процесін  қамтамасыз  ету  керек.  Мұндай  темпиратурада  жүрісті  тоқтатқан
жақсы.
      Шаңнын тыныс алу органдарына өтуін азайту үшін дауыл  кезінде  дәкенің
бірнеше қабатынан  жасалынған  ауыз  жапқышты  немесе  бет  орамалды  ауызға
байлап алған жөн. Егер мүмкіндік болса, «лепесток» немесе «Р-2»  үлгісіндегі
қорғаныс респираторын пайдаланының.
      Дауыл  кезінде атмосфералық электр мен найзағай  ұшқыны  болса,  үйді,
автомобильді, радиоқабылдағыш пен теледидар апаратурасының антэнасын  жермен
қосу қажет. Қызмет көрсетуші жұмысшылар электр беру және байланыс  желілерін
электр тогынан қорғауды қамтамасыз ету қажет.
      Электр  беру  желілерінің  жеке  тұрған  ағаш   төңірегінен   дауылдан
қорғанатын пана іздеуге болмайды.
      Дауыл – жойқын күші бар және едәуір  созылатын,  300  м/с  (108  км/с)
жылдамдықпен соғатын жел.
      Дауылдардың  пайда  болуына  ауа  айналымының  ерекше  жағдайда  пайда
болып, атмосферадағы  тепетеңдіктің  өте  жоғары  жылдамдықпен  аяқ  астынан
бұзылуы әсер етеді.
      Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам  құрбандықтарын  алып  келеді,
малдар шетінеп, материалдық залал келтіреді.
     Жылдамдығы 40  м/сек.  күшті  дауыл  1998  жылдың  18  сәуірінде  Шығыс
Қазақстан облысында болды. Байланыс пен электрберу  желілері  үзіліп,  үйдің
шатырларын ұшырып әкетті. 11 аудынының үстінен  өткен  бұл  дауыл  360  млн.
теңгеге залал келтірді. Екі адам қаза болды.
     Жалаңашкөл метеостанциясының ауданында (Алматы облысы)  1958  жылғы  28
қаңтарында дауыл кезінде соққан желдің жылдамдығы 22 м/сек.
Дауылдың жойқын салдарын төмендетудің тиімді шарасы  ретінде  таянған  қауіп
туралы халыққа хабарлаудың жақсы ұйымдастырылған жүйесімен қатар  дауылдарды
қауіптілік деңгейі бойынша аудандастыру болып табылады. Ең  қауіпті  аймақта
тұрғын үй салуға тиым салынып, ал қалған  аймақтарда  сейсмикалық  аудандаар
үшін   қабылданған   құрылыс   нормалары   енгізіліп,   онда    пайданылатын
материалдардың қолайлы үлгілері көрсетілуге тиіс.
      Дауылдың  жақындағаны  туралы  хабарлы  алған  бойда  мыналарда  істеу
қажет:
   1. Панахананы, жертөлені әзірлеу;
   2. Есікті, терезені, шатырдағы (желдеткіш) люкті нығыздап жабу;
   3. Есік пен терезенің жел соғатын жағын  ашып  қалдыру,  ғимараттың  ішкі
      қысымының тепе-теңдігін сақтау үшін, оны сол қалпында бекіту;
   4. Төбеден, лоджиядан, самалдықтан жел ұшырып кету  қауіпі  бар  заттарды
      алу;
   5. Ауладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу;
   6. Газды,  электроэнергиясын  ажырату,  суды  жабу,  пешті  сөндіру  және
      арнаулы органға бару;
   7. Өндірісте барлық  сыртқы  жұмыстарды  тоқтату,  кондырғыларды  бекіту,
      агрегаттарды, механизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну;
   8. Ауылға жерлерде фермалардағы мал үшін жемнің судың қорын даярлау.
   Халықтың дауыл кезіндегі іс-әрекеті:
   - бұқаралық ақпарат құралдарын ұдайы тыңдау;
   - ғимарат ішінде ұшқан шыны сынықтарынан сақтанған жөн;
   - жел баяулағаннан кейін панаханадан шығуға мүлдем тиым салынады;
   - далада қалған кезде ең жақын шұңқырды,  іздеу  немесе  жерде  етпетінен
жату керек;
   - орманда болған кезде ең жақсысы ашық орынға шығу;
   -  нөсерлі  дауыл,  найзағай  жарқылдаған  кезде  жалғыз  тұрған   ағашқа
   жасырынбаңыз, электрберу желілерінің тіректеріне жақындамаңыз;
   - дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше
   адам болып шығыңыз.
     Дауылдан кейінгі негізгі жұмыс түрлері:
   - зардап шеккендерді іздеу және жаралыларды ғимарат үйінділерден шығару;
   - жанып жатқан және жартылай жанған ғимараттардағы адамдарды құтқару;
   - зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды  емдеу
   мекемесіне жеткізу;
   - шыққан өртті сөндіру;
   -   өндіріс   объектілеріндегі,   коммуналдық-энергетикалық   желілердегі
   аварияларды жою.
         Сақтық шаралары
      Егер дауылды  шаңдақ  жақындағанда  елді  мекенде  болсаңыз  есік  пен
терезені  нығыздап  жауып,  ғимараттан  шықпаңыз.Үй  хайуанаттарын,   оларға
арналған қораға немесе ғимарат ішіне қамау керек.
     Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда болсаңыз  малды  құм
үйінділерінің арасындағы тасаға жасыру  қажет.  Егер  жақын  жерде  сексеуіл
немесе биік бұтақ болса, дауыл аяқталғанша  малды  сол  жерде  ұстай  тұрған
жақсы.
     Егер дауыл Сіз елді  меккеннен  қашық  жерде  жүргенде  басталса,  көру
қашықтығы азайып, адасып кету мүмкін болса, қозғалысты тоқтату керек.  Дауыл
аяқталғаннан кейін немесе көріну  қашықтығы  бір  шақырым  және  одан  асқан
жағдайда жүру қажет. Егер жолды таппасаңыз сол жерде қалып,  дауылдан  кейін
бақытсыздық дабылы – түтіні қатты шығатын материалды от жаққан жақсы.
     Егер сіз автомобильмен келе жатсаңыз,  ештеңе  көрінбесе,  қозғалтқышты
өшіріп,  есік  пен  терезені  мықтап  жауып,  жолдың  шетіне  тоқтау  қажет.
Қозғалтқыштың әуе сүзгісін қымтап, автомобиль корпусын төмен  түсіру  керек.
Дауыл  аяқталғаннан  кейін  қозғалтқышты  шаңнан,   құмнан   тазартып,   ауа
сүзгісіндегі материалдалып, қозғалтқышты қосып, қозғалысты бастаңыз.
    Егер шаңдақ дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңізді  түймелеп,
бас киімдеріңізді киіңіз. Көзіңізге шаңмен тас, бірнәрсе түспеу үшін  арнайы
көзілдірік киіңіз,  егер  ол  жоқ  болса,  дағдылы  көзәйнегіңіздің  бүйірін
қолңызбен жауып  қорғаныңыз.  Желден  тығылатын  қандайда  бір  пананы  табу
керек: бұтақ, сексеуіл, жер бедерінің ойлы-қарлы  жерін  пайдаланыңыз.  Егер
қандайда бір жамылғы болса,  оны  шаңнан,  суық  желден,  дененің  суынуынан
қорғаныс ретінде пайдалануға болады.
    Күн  ыстықты  соққан  шандақ  дауыл  кезінде  (35%-тан  жоғары)  дененің
ысынуына қарсы шаралар қолдану қажет. Бұл үшін тәулігіне  бір  адам  үшін  8
литр түщы судың қоры болуға тиіс. Дауыл кезінде судың бірнеше  тамшысын  іше
отыра  организмнен  тер  бөліну  процессін  қамтамасыз  ету  керек.   Мұндай
температурада жүрісті тоқтатқан жақсы.
     Шаңның тыныс алу органдарына өтуін азайту үшін  дауыл  кезінде  дәкінің
бірнеше қабатынан  жасалынған  ауыз  жапқышты  немесе  бет  орамалды  ауызға
байлап алған жөн. Егер мүмкіндік болса «Лепесток» немесе  «Р-2»  үлгісіндегі
қорғаныс респираторын пайдаланыңыз.
    Дауыл кезінде атмосфералық  электр  мен  найзағай  ұшқыны  болса,  үйді,
автомобильді,  радиоқабылдағыш  пен  теледидар   аппаратурасының   антенасын
жермен қосу қажет. Қызмет көрсетуші жұмысшылар  электр  беру  және  байланыс
желілерін  электр  тоғынан  қорғауды  қамтамасыз   ету   керек.   Электрберу
желілерінің жеке тұрған ағаш төңірегінен дауылдан  қорғанатын  пана  іздеуге
болмайды.
      Бұрқасындар мен қарлы борандар.  Қазақ даласының  долы  желдері  қыста
аса қауіпті. Олар бұл уақытта ұзаққа  созылатын  бұрқасынды  немесе  боранды
тудырады.
             Бұрқасындар  қарды  бір  жерден  екінші  жерге   көшіріп,   оны
нығыздайды,  бұл  аумақтағы  қар  жамылғысының   су   ресурстарына   әртүрлі
таралуына және топырақтың әртүрлі деңгейінде тоңазуына алып келеді.  Сонымен
қатар бұрқасындар авиацияның,  темір  жол  және  басқа  көліктердің  қалыпты
жұмысын тоқтататып биік күрттік қардың пайда болуына ықпал етеді.
       Қатты  боран  телеграф  және  телефон  байланысының  бұзылуына  себеп
болады.  Кей  уақытта  қысқы  жайылымдағы  малдың  жаппай  қырылуына  әкеліп
соқтырады. Халықты таяуда болатын төменгі температурада қарлы  боран  туралы
өз уақытында құлақтандырғанына қарамастан 1995  жылғы  желтоқсанның  аяғында
Қазақстанның солтүстік және  орталық  облыстарында  100-ге  жуық  адам  қаза
болды.
      Ақмола,  Қарағанды,  Қостанай,   Солтүстік   Қазақстан   және   Ақмола
облыстарында  қыста  орташа  50-60  күн  бұрқасын  болады.  Шығыс  Қазақстан
облысының Жанғыз төбе ауданында  бұрқасын  күндер  саны  айына  27-ге  дейін
жетеді.
      Ықтимал бұрқасын мен қарлы  боран  туралы  хабар  алған  бойда  сыртқа
шығұды доғара тұру керек. Отынды сақтау мен  ондеу  үшін  ғимаратты  қынтап,
азық-түлікпен судың артық қорын жинау керек.  Ауылды  жерде  малдың  қажетті
жемі мен суын әзірлеп, оларды жылы қорада ұстау керек. Қажет жағдайда  үйлер
арасына бағдар жасауға күшті желден өтуге көмектесетін арқан байлау қажет.
      Машиналарды  жолға   аса   шұғыл   жағдайда   ғана   шығарып,   оларды
сырғанатпайтын шынжырмен, азық түлікпен күйдіргіш шаммен және  жылы  киіммен
қамтамасыз ету қажет.
             Дауылды  жел  бұрқасын,  қарлы  боран  кезіндегі  барлық  жұмыс
ұжымдасқан түрде орындалады. Әрбір жұмысшы бір-біріне көмекке келу үшін  көз
көретін   жерде   болуға   тиіс.    Бұрқасын    кезінде    нақты    көрінген
нысаналар:телефон желісі, орман, жол бойымен ғана  жүру  керек.  Ең  жақсысы
үйден шықпай отыру.
     Егер бұрқасынға автомобильмен келе жатып тап  болсаңыз  тоқтап,  тұрған
жерді белгілеу керек, сол  үшін  ашық  матаны  ілген  жөн.  Машинаның  үстін
толығымен жауып, қозғалтқышты радиатор жағынан қымтау керек. Машина  капотын
жерге қарай бұрып отынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы  қоспаңыз.  Машинаны  қар
басып қалу қауіпті болса,  есіктің  бірін  жиі  ашып,  күртік  қарды  әрірек
сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тонсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз,  ол
жұмыс  істеп  тұрған  кезде  бөлінген  улы  газ  автомобиль  ішіне  жиналып,
қақайған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін.
      Егер жалыңғыңыз  келсе  далаға  шығып,  түтен  трубасын  газдың  ауаға
шықпайдандай етіп көміп тастаңыз. Есіктен шыққанда міндетті  түрде  өзіңізді
арқанмен байлаңыз (бір үшін  автомобильде  қалдырыңыз).  Адам  үйден  немесе
машинадан жарты метр ұзағанда  бағдардан  айырылып,  қаза  болған  жағдайлар
көптен кездеседі.
       Қар басу - бірнеше тәулік бойы жауатын қалың  қардың  әсерінен  пайда
болады. Соның салдарынан тіршіліктің қалыпты арнасы бұзылады, кейде  адамдар
құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндықтарының  жойылуына
алып келеді. 1970-1987 жылдары (18 қыс) Қазақстан аумағында  600  күшті  қар
басу тіркеліп,  оның  50%  -ке  жуығы  тек  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Алматы
облыстарында байқалды.  1986 жылы 7 желтоқсанда Ащысайда 10 сағаттың  ішінде
133 мм қар жауды.
      Қардың қатты жаууы  Шығыс  Қазақстан  облысында  жиі  байқалады.  Улба
өзенінің сағасында биіктігі 2000 метрден асатын  Қазақстанның  «қар  полюсі»
жатыр, мұндағы қар жамылғысының биіктігі 8 метрге дейін жетеді.
      1969 жылдың қаңтар-наурызында  Қазақстанның  оңтүстік-шығысында  қалың
жауған қар бір-қатар облыстардың мал қыстайтын жерлеріндегі тау етегін  1,5-
2 метр қар  жамылғысымен  жапты.  Осындай  зілзала  1999  жылдың  қаңтарында
Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында болды.
       Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда жолдың,  ғимараттың  жел
соғатын жағынан қар қалқандары мен тосқауылдар орнатылады.
       Шаңдақ дауыл – бұл күшті жел салдарынан жер бетінен  шаңнын,  құмның,
топырақтың,тұздың және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға ұшуы.
       Қазақстан  аумағында  шаңдақ  дауыл  –  сәуір-мамыр   және   қыркүйек
айларында жиі байқалады. Қыс айларында, егер жер  бетін  қар  жаппаса  сирек
байқалады.  Күшті  шаңдақ  даул  Қазақстанның  батысында,  Каспийдің   шығыс
жағалауында, Сырдария өзені мен Арал төңірегіндегі жазықта болып  өтті.  Бұл
даулдардың  саны  аталған  аудандарда  жылына  5-6   дан   бастап,   бірнеше
ондықтарға жетуі мүмкін.
      Дауыл адам организміне, қоршаған табиғат пен механизме, жағымсыз  әсер
етеді. 1960 жылғы 19 мамырда Ертіс бойында шандақ дауыл 12 сағатқа  созылып,
соның нәтижесінде егіс алқабы шөлеітке айналды. Дауыл кезінде  қалың  шаңнан
3-4 метр жердегі адам көрінбейді, ал үйлерде күндіз шам жағылды.
       Қазақстандағы апатты шаңдақ дауылдар  туралы  ертедегі  мәліметтерден
мынана көруге болады: 1910 жылдың қарашасында кешке  таман  дауыл  басталды.
Алғашқы күні жел алапат күшпен соғып, үш күн бойы толастаған жоқ. Осы  уақыт
бойы күндіз қараңғы болғандықтан үйлерінен шыққан жоқ. Ауада  шаң  құм  және
қармен ұсақ тастар да ұшып жүрді. Жел даладағы малды  белгісіз  жаққа  айдап
кетіп, жаппай қырып кетті. Бір Маңғыстақ ауданының өзінде 0,5  млн  қой  мен
ешкі, 0,4 млн жылқы, 0,3 млн түйе қырылды.


      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
    1. Метеорологиялық қауіпті құбылыстардың түрлері
    2. Анықтамасы және сипаты, кеңістіктік таралуы, күші және қарқындылығы,
       жиілігі  және  ұзақтығы,  жағымсыз  әсерлері,  болжам,   алдын   алу
       шаралары, атмосферадағы әр қауіпті құбылыс үшін құтқару жұмыстарының
       түрлері.






      Дәріс №8. Табиғи өрттер.

      Жалпы сұрақтар
    1.  Табиғи  өрттердің  түрлері:  ормандық,  далалық  және  шымтезектік.
       Олардың сипаттамалары, туындау, даму және таралу ерекшеліктері.
    2. Жағымсыз әсерлері,  болжам,  алдын  алу  шаралары,  табиғи  өрттерді
       таратпау және сондіру тәсілдері.


      1.Табиғи  өрттердің  түрлері:  ормандық,  далалық  және   шымтезектік.
Олардың сипаттамалары, туындау, даму және таралу ерекшеліктері.
        Табиғи  өрт  –  апаттық  түрде  пайда  болатын  және  табиғи  ортада
таралатын бақылаусыз жану процесі.
        Ландшафтық өрт – географиялық ландшафтың  әртүрлі  бөлігін  қамтитын
өрт.
       Орман өрті – орман ауданымен таралатын өрт.
       Дала өрті – далада табиғи түрде пайда болатын  немесе  жасанды  түрде
туындайтын өрттер.
       Шым өрттері - күн сәулесінің қыздыруы кезінде немесе адамдардың  отты
абайсыз пайдалануы нәтижесінде шым батпақтың үстіңгі қабатының жануы.
       Өрт аймагы – апатты құбылыс, авария  немесе  қирау,  адамдардың  отты
абайсыз пайдалануы нәтижесінде белгілі бір аймақта өрттің  пайда  болуы  мен
таралуы.
       Өртті сөндіру - күштер мен  құралдардың  тартылу  процесі,  сондай-ақ
өртті сөндіру үшін әдістер мен тәсілдерді пайдалану.
       Өртті жайылтпау – жанудың  ары  қарай  жайылу  мүмкіндігін  болдырмау
және қолда бар күштер мен құралдар арқылы оның жетістікті  жойылуына  жағдай
жасалуға бағытталған іс-әрекет.
       Өртті жою -  жануды  түкпілікті  жоюға,  сондай-ақ  оның  қайта  жану
мүмкіндігін болдырмауға бағытталған іс-әрекет.
       Мемлекеттік орман  күзеті  -  ормандарды  қорғауды  іске  асыру  үшін
ұйымдастырылған  орман  шаруашылығы  мен  қала  ормандарының,       орман  –
қорықтарды   және   бекітілген   ормандардың   күйін   қадағалау   жөніндегі
мемлекеттік органдардың арнайы қызметі.
       Халықаралық  жіктеу  үлгісімен  табиғи  сипаттағы  төтенше  жағдайлар
қатарынан терминдері мен анықтамалары Қазакстан  Республикасының  нормативті
құқықтық  актілерінде  қолданылатын  негізгі   ұғымдарға   қарсы   келмейтін
биологиялық -  әлеуметті төтенше жағдай  (эпидемия,  эпизоотия,  эпифитотия)
айрықша бөлінеді.
        Өрттер мен жаралыстар техногенді төтенше жағдайлардың  кең  таралған
және аса қауіпті көздерінің бірі болып табылады.
         Өрт  –  адамдардың  өміріне  қауіп   тудыратын   және   материалдық
құндылықтардың жойылуымен қатар жүретін бақылаусыз жану процессі.
        Өрттер орасан зор экономикалық шығын келтіруге қабілетті.
        Өрт қауіпсіздігі - халықтың,  шаруашылық  және  басқа  да  бағыттағы
нысандардың, сондай – ақ  қоршаған  табиғи  ортаның  қауіпті  факторлар  мен
өрттің ықпалынан қорғаныс жағдайы.
        Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз  ету—  нормативті  құқықтық  актілерді,
өрт қауіпсіздігінің ережелері мен талаптарын қабылдау және сақтау, сондай  –
ақ өртке қарсы  іс – шараларды жүргізу.
       Нысанның өрт қауіпсіздігі — регламенттелген мүмкіндікпен өрттің  тууы
мен дамуы және адамдарға өрттің қауіпті факторларының әсер  ету  мүмкіндігін
болғызбау кезіңдегі нысанның жағдайы,  сондай–ақ  материалдық  құндылықтарды
қорғау қамтамасыз етіледі.
       Өрт қаупі - қандай да бір затқа, жағдайға және  процесске  бекітілген
өрттің  пайда болу және  даму  мүмкіндігі.  Дұрысында,  өрттер  жанғыш  және
жарылыс қаупі бар заттардың жарылысымен қатар жүреді.
       Өрт қауіпсіздігінің талаптары  -  өрт  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету
мақсатында күші  бар  заңдар  жиынтығында  немесе  нормативті  –  техникалық
құжаттарда арнайы өкілеттенген мемлекеттік  органдармен  бекітілген,  арнайы
шарт немесе ұйымдастыру және (немесе) техникалық сипаттағы ереже.
        Өртке қарсы іс-шаралар - өртке  қарсы  режимінің  сақталуына,  өртті
алдын ала болдырмауға  және  жылдам  сөндіруге  жағдай  жасауға  бағытталған
ұйымдастыру мен техникалық сипаттағы іс – шаралар.
       Өртке қарсы режим - өрт қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  бағытталған
адамдардың іс - әрекетінің, жұмысты орындау мен нысанды  (өнімді)  пайдалану
ережесінің бекітілген жиынтығы.
        Өрт  қорганысы  -  адамдардың  өмірі  мен  денсаулығын,   шаруашылық
нысандары  мен  қоршаған  табиғи  ортаны   өрттер   алып   келетін   төтенше
жағдайлардан қорғау  мақсатында  бекітілтен  тәртіппен  құрылған,  басқарушы
органдарды, күштер мен құралдарды  біріктіруші  өрт  қауіпсіздігі  жүйесінің
негізгі бөлімі.
       Өрт жаралыс қауіпті  нысан  –  техногенді  төтенше  жағдайдың  тууына
нақты қауіп – қатер тудыратын тез тұтанатын және жарылыс қауіпі  бар  заттар
өндірілетін, пайдаланылатын,  өнделетін,  сақталатын  немесе  тасымалданатын
нысан.




      2.Жағымсыз әсерлері,  болжам,  алдын  алу  шаралары,  табиғи  өрттерді
таратпау және сондіру тәсілдері.
      Өрт – бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза  болуына   және  материалдық
құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі.
      Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі  ережесін  бұзу
себеп болып табылады. От  сөндірілмей  тасталған  сіріңкеден  немесе  темекі
қалдығынан, сөндірілмеген алаудан,  атылғаннан  кейін  құрғақ  шөпке  түскен
ыстық  патроннан,  орманда  ақаулы   техниканы   пайдаланудан   және   басқа
себептерден тұтанады. Өртттің  көпшілігі  адамның  кінәсінан,  7-8  проценті
найзағайдың  соққысынан  құрғақ  ағаштың   жануынан,   2-3   процент   басқа
себептерден /күн түсетін жерге лақтырылған шыны сынығы  күн  сәулесін  өзіне
тартып, қатты қызады/ болады.

      Бүкіл аумақты  қамтитын  зіл-зала  ретіндегі  өрттің  негізгі  түрлері
табиғаттағы өрт, отмандағы және даладағы /егістіктегі/ өрт болып табылады.
      Ормандағы өрт жану жиілігі бойынша әлсіз,  орта  және  күші,  ал  жану
сипаты бойынша төмендегі және жоғарыдағы өрт,  созымдылығы  бойынша  қаулама
және тұрақты болып бөлінеді.
      Орманның төменгі жағындағы өрт  орман төсемінің, топырақ бетіндегі шөп-
шаламның,  ағашың  діңіне  тарай    алмайтын   аласа   ағаштардың   жануымен
сипатталады.Төмендегі өрт аумағының қозғалыс жылдамдығы 0,3-1 м/мин.  /әлсіз
өрт/ 16м/минге дейін /1км/с/ /қатты өрт кезінде/, жалынның биіктігі  1-2  м,
өрт аймағындағы оттың темпиратурасы 400-900°С.
      [pic][pic]


      Орманның жоғарғы жағындағы өрт қылқан жапырақты ормандарда  кездеседі.
Олар  әдетте  төменнен  басталып,   ағаш   дінінің   жануымен   сипатталады.
Жоғарыдағы қаулама өрт кезінде жалын  3-25  км/с  жетіп  үлкен  жылдамдықпен
ағаштан –ағашқа  таралады. Кейде  өрт  шарпымаған  тұтас  учаскеоер  қалады.
Бірқалыпты  жоғарыдағы  өрт  кезінде  от  бүкіл  ағаштың   ұшын   5-8   км/с
жылдамдықпен толық қамтиды. Оттың температурасы 1100 С көтеріледі.
      [pic][pic]
      1997 жылғы жазда бейқамдық  салдарынан  бұрынғы  Семей  облысында  өрт
болып, ол 12 мың га аумақты қамтиды.
      [pic]




      [pic]


      [pic]




      Өрттің тағы  бір  түрі  –  жер  астындағы  өрт,  алайда  ол  Қазақстан
жайындағы тән емес.
      Даладағы (егістіктегі) өрттер құрғақ шөбі бар және астық  өсетін  ашық
алқапта  пайда  болады.  Ол  маусымдық    сипатымен   ерекшеленеді.   Шөптің
(астықтың) өсуіне орай жазда жиі, көктемде сирек болады.,  ал  қыста  мүлдем
болмайды. Олардың таралу жылдамдығы 20-30 км/с жетуі мүмкін. Ормандағы  және
даладағы өртпен күресті жеке авия  базасы,  өрт  химия  станциясы,  бақылау-
күзет нүктесі бар мемлекеттік  қызмет  жүргізеді.  Өрттің  түрі  мен  орнына
қарамастан оны сөндіру 2   кезеңнен  тұрады:  өртті  тоқтату  /жайылтпау/  -
өрттің таралуына шектеу жөніндегі іс -әрекет және өрт ошағын тікелей жою.
      Өрттің  жайылтпай   және   тоқтату   әдістері   көптеген   факторларға
байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі, метиорологиялық  жағдай,  жердің  сипаты,
өрт сөндіру күші мен құралдарының деңгейі.
      Өрт  ошағын  жайылтпау  үшін   өрт   сөндіретін   заттар   қолданылуы,
кедергілердің жасалуы, газ алмасуын өзгертілуі мүмкін.Даладағы жойқын  өртті
ені 20 м дейінгі кедергі қондырғысымен бөгейді. Өрт аумағының  шеті  айналып
жыртылып, орта жағы күдіріледі.
      Үлкен өрт сөндірудің  басты  әдістері:  жалынның  жолына  кедергі  қою
немесе ор қазу (техниканы немесе жарылыспен), алдыңғы жағын өртеу  (күйдіру)
, ыстық шоқты сумен немесе химиялық  затпен  сөндіру  /оның  шінде  ұшақпен/
және басқалар.
      Ормандағы төменде болған өрті топырақпен көмеді, оттың  шоғын  бұтамен
өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді. Күдіру  рі  өрт  кезнде  және
өрт сөндіру үшін күш пен  құрал  жетпеген  жағдайда  қолданылады.  Ол  тірек
алқабынан басталады (өзен, бұлақ, жол), оның өртке  қараған  жағына  жанатын
материалдардан үйінді жасайды (құрғақ шөп,қурай, қорда). Ауаның өртке  қарай
тартылуы сезілген бойда , әуелде 20-30 м учаскедегі өрт  аумағының  ортасына
қарай үйіндіні өртейді, ал кейіннен жалын 20-  м  жылжығаннан  кейін   көрші
учаскелер жағылады. Өртелген алқаптың ені 10-20 м , ал  жердегі  алапат  өрт
кезінде 100 м кем болмауға тиіс.
      Орманның жоғары жағындағы өрттің  сөндіру  қиын,  оны  кедергі  жасау,
күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда  кедергінің   ені
ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыдағы  өрт  аумағының  алдындағы
күйдірілетін кедергінің /жердің/ ені  кемінде  150-200  м  өрт  қанаттарының
алдында кемінде 50м болуға тиіс.
      Даладағы (егістіктегі) өрттердің осындай әдістермен сөндіріледі.
      Орманды өрттен  сақтау.  Практика  өртің  шығуын  болдырмау  жөніндегі
шаралар жүргізу онымен күрестен көрі оңай  және арзан екендігін көрсетеді.
      Өрттен сақтандыру – оны ескертуге,  өрттен  болаын  залалды  болдырмау
және оны табысты сөндіру үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені.
      Бүкіл республика  аумағындағы  орман  өрті  мәселесін  түбегейлі  шешу
бірқатар  күрделі  ұйымдық  және  техникалық  міндеттерді  шешуге,   бірнеше
кезекте жоспарлы тәртіппен жүргізілетін және орман өртернің   пайда  болуын,
таралуын,  және  дамуын  ескертуге  бағытталған   өртке   қарсы   сақтандыру
жұмыстарын жүргізуге байланысты.
Орман өртінің таралуын ескерту жөніндегі шаралар бірқатар орман  шаруашылығы
шараларын жүргізуді, санитарлық кесу, кесетін  жерді  тазалау  және  қоқысты
жинау/, сондай-ақ орманда өртке  қарсы  кедергілердін  жүйесін  жасау,  және
басқа өртке қарсы ғимараттарды  салу  жөніндегі  арнайы  шараларды  өткізуді
қамиды.   Көрсетілген   жұмыстардың    негізгі   көлемі   орман   шаруашылық
кәсіпорындарының, облыстарының әзірлеген жоспар


      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
    1. Табиғи өрттердің түрлері: ормандық, далалық және шымтезектік.
    2. Олардың сипаттамалары, туындау, даму және таралу ерекшеліктері.
    3. Орманды өрттен сақтау шаралары.
























      Дәріс  №9.  Адамдардың,  ауыл   шаруашылық  малдың  жұқпалы  аурулары,
аурулармен және зиянкестермен  ауыл  шаруашылық  өсімдіктердің,  дақылдардың
зақымдануы.


      Жалпы сұрақтар
    1. Адамдардың өте қауіпті жұқпалы  аурулары   (эпидемиялар)  Клиникалық
       белгілер  және  аурулардың  ерекшелігі,  алдын  алу   және   қорғану
       шаралары.
    2. Эпизотия, клиникалық белгілері және аурулардың ерекшелігі, алдын алу
       және қоршаған шаралары.Эпифитотия. Аурудың ерекшелігі мен  белгілері
       және әсер ету сипаттамасы. Жою салдары, қорғану шаралары, алдын  алу
       және болжау.
    3. Жұқпалы аурулардан сақтандыру.


      1 Адамдардың өте қауіпті жұқпалы  аурулары   (эпидемиялар)  Клиникалық
белгілер және аурулардың ерекшелігі, алдын алу және қорғану шаралары.
        Биологиялық, (биологиялық - әлеуметті) төтенше жагдай - белгілі  бір
аймақта  биологиялық  -  әлеуметті  төтенше  жағдай  көзі  шығуы  салдарынан
адамдардың өмір сүру мен қызмет жағдайы, ауылшаруашылық малдарының  тіршілік
етуі мен  өсімдіктердің  өсу  жағдайы  өзгеретін  қалып  және  бұл  жағдайда
адамдардың өмірі  мен  денсаулығына  қауіп  төнеді,  инфекциялық  аурулардың
кеңінен таралып  және  ауылшаруашылық  малдары  мен  өсімдіктерінің  шығынға
ұшырау қауіпі төнеді.
       Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдайдың шығу  көздері
- адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктердің  аса  қауіпті  немесе
кең таралған  ауруларға  шалдығуы,  соның  салдарынан  белгілі  бір  аймақта
биологиялық  -  әлеуметтік  төтенше  жағдайдың  тууы   немесе   пайда   болу
мүмкіндігі.
        Биологиялық  қауіп  –   адамдардың,   ауылшаруашылық   малдары   мен
өсімдіктерінің, қоршаған табиғи  ортаның  биологиялық  төтенше  жағдай  көзі
тудыратын немесе тудырған қауіптен қорғаныс жағдайы.
       Биологиялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  –  құқықтық  нормалардың
сақталуы,  санитарлы  –  гигиеналық   және   санитарлы   –   эпидемологиялық
ережелердің,  технологиялық  және  ұйымдастыру  –   техникалық   талаптардың
орындалуы,   сондай   –   ақ   адамдардың,   ауылшаруашылық   малдары    мен
өсімдіктерінің инфекциялық аурулармен  зақымдалуын  болдырмауға,  әлсіретуге
және жоюға бағытталған тиісті құқықтық, санитарлы – гигиеналық, санитарлы  –
эпидемологиялық, ұйымдастыру және техникалық іс – шаралардың жүргізілуі.
       Аса қауіпті инфекция -  уақыт  пен  кеңістікте  күшейе  түсетін  және
адамдардың, ауылшаруашылық малдарының өмірі  мен  денсаулығына  ауыр  зардап
келтіретін, не  өлімге  алып  келетін  инфекциялық  ауру  түрінде  көрінетін
адамдардың немесе жануарлар ағзасының зақымдалу жағдайы.
       Инфекциялық аурудың қоздырғышы – адамның немесе  жануардың  ағзасында
паразиттенуге  эвалюциялы  бейімделген  және  инфекциялық  ауруға  шалдығуды
тудыруға қабілетті патогенді микро ағза.
      Инфекциялық ауру қоздыргыштарының көзі —  табиғи  сақталу  және  көбею
процесі жүріп және сыртқы ортаға инфекциялық аурудың  қоздырғыштары  бөлініп
жатқан зақымдалған адамның немесе жануардың ағзасы.

       Эпидемия –  нақты  бір  аймақтағы  ауру  –  сырқаудың  саны  әдеттегі
тіркелетін деңгейінен біршама асатын, уақыт пен  кеңістікте  күшейе  түсетін
белгілі  бір  аймақта  адамдардың  жаппай  инфекциялық   ауруының   таралуы.
Эпидемия, ТЖ  ретінде,  зақымдалу  ошағы  мен  инфекциялық  аурумен  ауырған
адамдардың белгілі бір уақыт шегінде немесе территорияда тұруы, адамдар  мен
ауылшаруашылық  малдарының  инфекциялық  ауру   қоздырғыштарымен   зақымдану
мүмкіндігі. Эпидемияның әлеуметтік және биологиялық факторлармен  келісілген
негізінде эпидемиялық процесс жатыр, яғни инфекция  коздырғышының  үзіліссіз
берілу процесі және  дамитын  және  өзара  байланысты  инфекциялық  қалыптың
үзілмейтін тізбегі.
       Кейде аурудың  таралуы  пандемия  сипатын  алады,  яғни  белгілі  бір
табиғи немесе әлеуметтік – гигиеналық жағдайда  бірнеше  мемлекеттің  немесе
құрлықтың  аумағын  қамту.  Салыстырмалы  түрде  ауруға  шалдығудың   жоғары
деңгейі белгілі бір жерде ұзақ уақыт бойы тіркелуі мүмкін. Эпидемияның  тууы
мен  ағымына  табиғи  жағдайдағы  өтетін   процестермен   (табиғи   ошақтық,
эпизоотиялар және т.б.) қатар, ең  басты  әлеуметтік  факторлар  (коммуналды
жабдықталу, тұрмыстық жағдай, денсауық сақтау және т.б.) әсер етеді.
      Эпидемия кезіндегі  аурудың  сипатына  байланысты  инфекцияның  таралу
жолдары мынадай болуы мүмкін:
    •  су және ас арқылы, мысалы, дизентерия және іш сүзегі кезінде;
    • ауа – тамшылы (тұмау кезінде);
    • трансмиссивті – безгек пен бөртпе сүзек кезіңде;
     Эпидемия – адам үшін аса жойқын табиғи құбылыстардың бірі.  Инфекциялық
аурулар, соғысқа қарағанда адам өмірін көптеп  алып  кеткенін  статистиканың
өзі дәлелдеп отыр. Деректер мен жылнамалар орасан зор аумақты қиратқан  және
миллиондаған адамды жойып жіберген жан түршігерлік пандемияның  сипаттамасын
біздің  заманымызға  дейін  жеткізген.  Кейбір   инфекциялық   аурулар   тек
адамдарға ғана тән: азиялық тырысқақ, шешек, іш сүзегі,  бөртпе  сүзек  және
т.б. Сондай – ақ адам мен жануарларға ортақ аурулар да бар: топалаң,  маңқа,
сарып, туляремия және т.б.
        Соңдай – ақ эпидемиялар, үлкен санды адам өлімін, елдерде  ашарлылық
жайлауын, үлкен аймаққа созылатын ірі құрғақшылық тудыратын  апатты  құбылыс
кезінде де орын алады.
       Инфекция жұғу ошағының пайда болғанда  зақымданған  аймақта  карантин
немесе обсервация енгізіледі.
        Карантин – зақымдалу ошағын қоршаған халықтан  толығымен  окшаулауға
және ондағы инфекциялық  ауруды  жоюға  бағытталған  эпидемияға  қарсы  және
тәртіптік  іс  –  шаралардың  жиынтығы.  Ошақ   айналасында   қарулы   күзет
орнатылады, кіруге  және  шығуға,  сондай-ақ,  заттарды  алып  шығуға  тыйым
салынады. Жабдықтау арнайы пункттер арқылы, қатаң  медициналық  қадағалаумен
жүргізіледі.
         Обсервация  –  оқшаулау  –  шығу  мен  кіруге  және   қауіпті   деп
жарияланған  аумақтағы  адамдардаң  қарым  –   қатынас   жасауын   шектеуге,
медициналық  бақылауды  күшейтуге,  жайылудың  алдын  алу  мен   инфекциялық
ауруларды жоюға бағытталған шектеулі іс – шаралардың жүйесі. Обсервация  аса
қауіпті топқа жатпайтын инфекция қоздырғыштарын анықтаған  кезде,  сондай  –
ақ карантин аймағының шекарасымен тікелей жанасатын ауданда енгізіледі

    Негізгі инфекциялық аурулардың қоздырғыштарының қысқаша сипаттамасы,
                      обсервация және карантин мерзімі
|Қоздырғыш   |Орташа         |Аурудың        |Обсервация|Карантин мерзімі мен енгізу |
|            |инкубацнялық   |айналасындарға |мерзімі   |шарты                       |
|            |кезең (тәулік) |қауіпті        |(тәулік)  |                            |
|оба         |1-3            |өте қауіпті    |-         |6 тәулік                    |
|тырысқақ    |1-3            |өте кауіпті    |-         |6 тәулік                    |
|сібір жарасы|1-3            |аз қауіпті     |8         |жаппай ауруға шалдыққанда   |
|            |               |               |          |және карым-қатынастық таралу|
|            |               |               |          |кезінде 8 тәулікке          |
|            |               |               |          |белгіленуі мүмкін           |
|бөртпе сүзек|10-14          |педикулез      |23        |жаппай ауруға шалдыққанда   |
|            |               |болған жағдайда|          |және педикулез болған       |
|            |               |қауіпті        |          |жағдайда 23 тәулікке        |
|            |               |               |          |белгіленуі мүмкін           |
|табиғи шешек|13-14          |өте қауіпті    |-         |17 тәулік                   |

         Әдетте  карантин  және  обсервация  мерзімін   аурудың   максималды
инкубациялық кезеңінің ұзақтығына байланысты белгілейді.  Оны  соңғы  ауруды
госпиталдау мен дезинфекцияның аяқталған кезеңнен санайды.
        Эпидемияның  алдын  алу  үшін  аймақтың,  сумен  қамту  жүйесі   мен
канализацияның тазалығын күшейту керек, халықтың санитарлы сауатын  арттыру,
гигиена ережелері сақталуы тиіс, азық –  түлікті  дұрыс  өндеу  және  сақтау
қажет,  қоздырғыштар  тасымалдаушылардың   әлеуметтік   белсенділігін   және
олардың сау адамдармен қарым – қатынасын шектеу қажет.


      2 Эпизотия, клиникалық белгілері және аурулардың ерекшелігі, алдын алу
және қоршаған шаралары. Эпифитотия. Аурудың ерекшелігі  мен  белгілері  және
әсер ету сипаттамасы. Жою салдары, қорғану шаралары, алдын алу және болжау.
      Эпизоотия - белгілі  бір  аумақтың  шегінде  бір  мезгілде  уақыт  пен
кеңістікте  дамитын,  белгілі  бір  аймақтағы  ауруға   шалдығу   денгейінің
әдеттегі  санынан   айтарлықтай   асатын,   бір   немесе   бірнеше   түрдегі
ауылшаруашылық малдарының арасындағы инфекциялық аурудың таралуы.
        Панзоотия – бірнеше ел және материкті, бүтін  бір  аймақты  қамтитын
үлкен территорияда ауылшаруашылық малдарының  арасында  инфекциялық  аурудың
бір мезгілде жаппай таралуы.
        Энзоотия  -  белгілі  бір  аймақтағы,  шаруашылықта  немесе  пунктте
малдарының арасындағы инфекциялық  аурудың  бір  мезгілде  таралуы,  аталған
аурудың  жаппай  таралуын  шектейтін  табиғи  және   шаруашылық-экономикалық
жағдай.
        Эпизоотиялық  ошақ  -  ауылшаруашылық  малдарының  инфекциялық  ауру
қоздырғыштарының  шыққан  орны.  Қоздырғыштардың  берілуін  болдырмау   үшін
аталған инфекцияларға шалдыққыш малдарды оқшаулайды.
       Эпизоотиялық  жагдай  –  белгілі  бір  уақыт  аралығында,  нақты  бір
аймақта  ауылшаруашылық  малдарының  инфекциялық  ауруларының   көп   таралу
жағдайы.
        Эпизоотиялыққа  қарсы   іс-шаралар   -   патогеңді   микроағзалармен
зақымданған ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауруларының  алдын  алуға,
табуға және жоюға бағытталған іс – шаралар жиынтығы.


      Эпифитотия
         Эпифитотия  -  ауылшаруашылық  дақылдарының  жаппай  жойылуы   және
олардың  өнімділігінің  төмендеуімен  қатар  жүретін  уақыт  пен  кеңістікте
ауылшаруашылық өсімдіктерінің жаппай, біртіндеп күшейе  түсетін  инфекциялық
аурулары және өсімдік зиянкестері санының бірден өсуі.
        Энфитотия  –  белгілі  аймақта  көрініс  табатын  және  бірнеше  жыл
болмашы өзгеріп тұратын өсімдіктердің жаппай ауруға шалдығуы.
         Панфитотия   –   бірнеше   ел   немесе   құрлық   территориясындағы
ауылшаруашылық өсімдіктері  зиянкестерінің  күрт  өсуі  және  өсімдіктерінің
жаппай ауруға шалдығуы.
        Өсімдіктердің  зақымдауы  –  фитопатогеннің  өсімдікке  ену  кезінен
бастап аурудың пайда болуы.
        Өсімдік карантині – әбір елдің тиісті органдарымен  қойылатын  тасып
әкелінуден  елдің  өсімдік  қорын  корғау   және   карантиндік   нысандардың
жайылуының және басқа да аса қауіпті өсімдіктердің зиянды ағзаларының  алдын
алуға бағытталган мемлекеттік іс – шаралар жиынтығы.
       Өсімдік карантині бойынша мемлекеттік қызмет  –  елдегі  іс-шараларды
ұйымдастыру   мен   олардың   жүзеге   асырылуын   қадағалау   міндеттелген,
орталықтандырылған  ведомствоаралық  мемлекеттік  органдар  мен   ұйымдардың
жүйесі.
      Өсімдікдік карантинінің пункті  –  шекаралық  көпірлердегі  және  өзен
порттарындағы,  әуежайлардағы,  теміржол  станцияларындағы,   тас   төселген
жолдардағы өсімдік карантинінің пункттері.


      3  Жұқпалы аурулардан сақтандыру. Жұқпалы  ауруларға  қатысты  ескерту
шараларының кешені жұқпалылық барысының барлық үш  буынына  –  жұқпалы  ауру
көзіне, оның берілу жолына және организм қабілетіне бағытталған.
      Жұқпалы көзіне қатысты өткізілетін шараларға ауруды ертерек,  белсенді
және толық анықтау,  оларды  дер  кезінде  оқшаулау,  емханаға  жатқызу  мен
емдеу, ошақта дезинфекциялық шараларды жүргізу жатады.
      Жұқпалылық барысы екінші буынының – қоздырғыштың берілу жолының үзілуі
аса  маңызды,  сондықтан  ауруды  сақтандыруда  жеке   гигиена   тәртіптерін
сақтауға, халық  арасында  гигиеналық  дағдылар  мен  санитарлық  мәдениетті
сақтауға, сақтандыру және жұқпалылармен күрес шараларын жүргізуде  денсаулық
сақтау органдарына көмектесуге үлкен маңыз беріледі.
      Ауру ошағында азық түлік тағамдарының  сақталуына,  тамақтандыру  және
сумен жабдықтау нысандарының  санитарлық  күйіне,  азық  –  түліктің,  дайын
тағамдардың сақталуы мен тасымалдануына,  суды  пайдалануға,  сондай  –  ақ,
дезинфекциялық шаралардың толық жүргізілуіне ерекше санитарлық –  гигиеналық
бақылау қамтамасыз етіледі.
      Жұқпалы тізбегінің үшінші буынына халықтың  бейімділігіне  бағытталған
сақтандыру шаралары жұқпалы ауруларға қарсы жасанды имумунитет  жасау  болып
табылады. Ауру тудырғыш микроб әсеріне  организмнің  бейімделмеуі  иммунитет
деп аталады. Олар туа біткен (табиғи) және келе біткен  (жасанды)  иммунитет
болып бөлінеді.
      Туа біткен иммунитетке адамның тумасынан белгілі  бір  жұқпалы  ауруға
бой алдырмауы жатады.
      Келе біткен  иммунитетке  шалдыққан  аурудан  кейін  (қызылша,  табиғи
шешек) болмаса егу нәтижесінде (вакциналау) жасалады.
      Дезинфекция немесе зарарсыздандыру адамның қоршаған ортасында жұғымтал
ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар  жиыны.  Дезинфекцияның
жекелеген түрлеріне дезинсекция, яғни  жұқпалы  ауруды  тарататын  жәндіктер
мен  кенелерді  жою  және  дератизация  –  жұқпалылық   тұрғысынан   қауіпті
кеміргіштерді құрту жатады.
      Зарарсыздандыру мақсатына байланысты дезинфекция сақтандыру,  ағымдық,
қорытынды болып бөлінеді.
      Сақтандыру дезинфекциясы жалпы қоғамдық орындар  )асхана,  монша,  кір
жуу орыны, шаштараз, вокзал, вагон т.б.)  арқылы  жұқпалы  аурулардың  пайда
болу және таралу ықтималдығын ескерту мақсатында өтеді.
      Ағымдық дезинфекция жұқпалы аурудың таралуын ескерту мақсатында өтеді:
оны жұқпалы ауруға шалдыққандар жатқан емдеу мекемесінде өткізеді.
      Ақтық  дезинфекцияны  жұқпалы  дертке  шалдыққан  әкетілгеннен  кейін,
сауыққаннан сон немесе қайтыс болғаннан кейін жүргізіледі.
      Дезинфекцияға   тән   көрсеткіштерге   байланысты   зарарсыздандырудың
механикалық, физикалық және химиялық әдістерін қолданады.
      Механикалық әдіске бөлме мен орналасқан дүниені ылғалдап тазарту, киім
кешек пен төсек орынды қағу, шағ  сорғыш  көмегімен,  әктеу  арқылы  бөлмені
шаңнан тазарту жатады.  Залалсыздандырудың  механикалық  тәсілі  әлде  қайда
қарапайым және қолдануға мүмкіндік бар. Ол  сыпыру,  тазалау,  қағу,  барлық
мүмкін заттардың бәрін сабындап жуу, дымқылдап тазалау, ғимаратқа  таза  ауа
кіргізу және желдету, әр түрлі  жерлердегі  микроорганизмдерді  шаңсорғышпен
сорғызу, су мен ауаны фильтрлеу. Бұл тәсілдер  микробтардың  санын  азайтуға
ғана көмектеседі.
      Егер залалсыздандыру қоспаларына, қайнақ суға шылап механикалық  тәсіл
үйлесетін болса, залалсыздандыру тиімділігі артады.
      Қайнату  –  қайнаған   суға  бұзылмайтын  заттарды   заласыздандырудың
қарапайым, қолайлы және сенімді тәсілі. Ол  ыдыстарды,  түкіргішті,  дәретке
отыратын  орынды,  іш  киімдерді,   орамалдарды,   халаттарды,   тамақтардың
қалдықтарын залалсыздандыруға қолданылады.
      Көптеген бактериялар қайнаған суда сол сәтте – ақ   немесе    2  -   5
минутта  өледі.  Кейбір  вирустар  (гепатит  В,С),  сібір  жарасы   спорлары
(ұрықтары) 60 минуттан кейін өледі, сіреспе, делбе  ауруларының  спорлары  3
сағаттан кейін, ал ботулизм (тамақтан  уланатын  ауыр  ауру)  спорлары  -  6
сағаттан кейін өледі. Қайнаған суға 2% - дық ас  содасы  ерітіндісін  немесе
сабын қосса оның залаласыздандыру әрекеті күшейеді.
      Жоғары температурада қыздыру барлық микроорганизмдерді,  соның  ішінде
олардың спорларын да өлтіреді.  Бұған  денеге  жіберілетін  металл  заттарды
(уколдың      инесі)      газ      отына      залалсыздандыру,       спиртке
матырылған  ыстық  тампон  (тығын)  жатады.  Шылапшындарды,  темір  заттарды
(қайшылар, тістеуіктер,  қысқыштар  және  т.  б.)  осылай  залалсыздандыруға
болады.
      От құнды емес зақымдалған заттарды:  макулатура,  қоқыс,   шүберектер,
дәкілер т.б. өртеу үшін пайдаланылады.
      Физикалық әдіс пен құралдар  дезинфекцияның  қарапайым  және  ең  оңай
тәсілі болып табылады.  Олардың  санатына  күн  сәулесі  мен  ультра  күлгін
сәулесімен емделу, қоқыс пен құндылығы жоқ заттарды өртеу,  ыстық  су  бүрку
жатады.  Ультракүлгін  сәуле  (УКС)  үлкен   бактерицидтік   қабілетке   ие.
Ультракүлгін шамдарды жағу кесте бойынша қатаң  жүргізілуі  тиіс,  оны  үйде
барлығы білуі керек, өйткені ультракүлгін сәулелер ауруға соқтыруы мүмкін  -
көздің тез қарығуы, терінің күюі.  Шамның  жарығы  төбеге  немесе  қабырғаға
бағытталады.
      Күн сәулесі жақсы залалсыздандырады, бұл оның спектрінің ультра күлгін
бөлігіне байланысты.
      Залалсыздандырудың химиялық әдістері ауруды күту  кезінде        басты
залалсыздандыру тәсілі болып табылады.
      Хлор әгі – хлор  өткір иісі  бар,  ақ  кристалды  ұнтақ.  Хлор  әгімен
залалсыздандыру хлордың бөлінуіне негізделген. Хлор әгі ішек  аурулары,  ауа
инфекциялары, зооноздар (малдардан  жұғатын  аурулар),  сіреспе  ауруларында
қолданылады.
      Кальций хлориді тұзының үштен екісі  — препарат,  хлорлы  әкке  ұқсас,
бірақ құрамында 50% дейін активті хлор бар. Ұзақ сақталына алады (2-3  жыл).
Хлорлы әк сияқты, 0,1% - 15%  концентрациясы  сәулелену  ерітіндісі  түрінде
қолданылады.
      Хлорамин (БХБ) – хлордың әлсіз исі бар ақ  немесе  сәл  сарғыш  ұнтақ.
Құрамында 30% дейін  белсенді  хлор  бар.  Өзінің  белсенділігін  30%  дейін
төмендетпей   жылдар   бойы   сақтала   алады.   Хлорлы    әктен    айырмасы
хлорамин  маталардың  бояуларын  бүлдірмейді.  0,2%  -  10%   концентрациялы
ерітіндісі  қолды,  щеткаларды,  асхана  ыдыс  –  аяқтарын  және  басқаларды
залалсыздандыру үшін қолданылады.
      Төтенше жағдайлардың салдарларын жою кезінде  санитарлық –  гигиеналық
және эпидемияға қарсы шаралар қолдану қажет. бұл ауру ошағында да, сондай  –
ақ  оған жақын аудандарда да  кенеттен  және  жылдам  індеттік  жағдайлардың
ушығуына байланысты. Мұндай жағдайда апаттың  қираған  және  бұзылған  ошағы
ретінде және соған  қалыптасуын  жалғастырушы  ретінде,  гигиеналық  маңызды
объектілер қатал бақылауға алынады. Оларға жататындар:
     • сумен жабдықтау және құбыр жүйесі;
     •  азық  –  түлік   өндірісі,   қоғамдық   тамақтандыру   және   сауда
       объектілері;
     • коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары;
     • балалардың мектепке дейінгі мекемелері және мектептер;
     • зардап шеккен және зардап шекпеген тұрғын үй қорлары;
     • зардап шеккендер мен аурулар орналастырылған,  емдеу  –  алдын   алу
       мекемелері;
     • көшірілген халықты уақытша орналастыру орындары;
      Эпидемиологиялық ошақтан  орын  ауыстыру  кезінде  анықталған  жұқпалы
ауруды  жұқтырушыларды  қалған  зардап  шегушілерден   оқшаулайды.   Қауіпті
аймақтан аурулар мен саулардың  бірігіп  көшірілуі  олардыі  өміріне  сыртқы
қауіп төніп ұурған (өрт, су тасқыны және басқалар) кезде ғана жүзеге  асады.
Ауруларды сараптау уақытша ашылған немесе стационарлық  емдеу  мекемелерінде
жүргізіледі.
      Көшірудің барлық кезеңінде  жұқпалы  аурумен  ауырғандарды  екі  топқа
бөледі.
      Бірінші  топқа  –  байланысы  жоқ  (жұқпалы  емес)  немесе  бурцеллез,
туляремия, менингококты  ауру  сияқты  шағын  байланыстағы,  кейбір  түрлері
геморрагиялық безгек, ботулизм және басқа жұқпалы аурулар.
      Екінші топқа – аурулары айналасындағыларға қауіп  төндіретін  аурулар,
байланысы бар (жұқпалы) және өте тез жұғатын – оба, сібір жарасы, іш  ауруы,
тырысқақ, вирусты гепатит, қызамық, қызылша, Ласса безгегі,  Эбола  безгегі,
Марбург ауруы және тағы сондайлар.
      Дәрігерлік көмек алып жатқан  басқа  зардап  шегушілерден  бөліп,  екі
топтың да ауруларын жеке  орналастырады  және  емдейді.  Дала  жағдайларында
оларға арнап  шатырлардан  лагерь  жасалады,  ол  ТЖ  жағдайларын  жою  үшін
тартылған   адамдардың   және   басқа   зардап   шегушілердің   лагерлерінен
арақашықтығы қауіпсіз жерге орналасады.
      Апат ауданындағы алдыңғы кезектегі  шаралардың  бірі  –  тереңдетілген
санитарлық  –  эпидемологиялық   барлау  болып  табылады.  Апат  ауданындағы
санитарлық – эпидемологиялық іздестіру  –  кұтқару   қызметі  улы  заттармен
және патогенді  микробтармен,  ауыз  суымен,  азық  –  түлік   тағамдарымен,
сыртқы  орта  объектілерімен  және  зардап  шеккен  халықты  қорғау  жөнінде
шаралар қабылдау,  зақымданған  адамдарды  дер  кезінде  анықтау  мақсатында
қадағалау және зертханалық бақылау ұйымдастырады.
      Нақты шараларға байланысты апат болған  ауданда  зертханалық   бақылау
мен желілік бақылау міндеттері белгіленеді.
      Жергілікті жердің радиоактивті зақымдануы кезінде:
      • жергілікті жердегі радиация деңгейін анықтау;
      • ауыз суының ластануын, азық – түлік  тамақтарының, мал және өсімдік
        тағамдарының радиоактивтілігін анықтау;
      •  радиациялық  қорғау  шараларын  негіздеу  мақсатында  сыртқы  орта
        объектілері  мен  жергілікті  жердің   радиоактивті   зақымдануының
        адамдар үшін қауіптілігін бағалау;
      • азық – түлік  тағамдарына, шикізат пен ауыз суына оларды  пайдалану
        мен ішуте жарамды  екендіктері  туралы  тұжырым  жасауға  сараптама
        өткізу.

      Дератизация – әдістері, құралдары. Дератизация –  жұқпалы   аурулардың
көзі болып табылатын (оба,    туляремия  және  басқа)  кеміргіштерді  құрту.
Дератизация  жасау  үшін  биологиялық,  химиялық  және  механикалық  әдістер
қолданылады.
      Биологиялық әдіс хайуанаттар (мысық, ит және т.б.)  мен    бактериалды
мәдениетке пайдалануға негізделген.
      Механикалық әдісте әр түрлі аулар және қысқыштар қолданылады.
      Жетекші әдіс химиялық әдіс болып табылады. Зооқумарин, ратиндан, мырыш
фосфады  және  жейтін  жемдеріне  қосып  беретін   тышқан   дәрісі   кеңінен
қолданылады. Жер асты коммуникациялық ғимараттарда дератизация  кезінде  газ
тәрізді заттар қолданылады – нілдеткіш  қышқыл, бромды метил,  күкіртті  газ
және басқалар
      Кеміргіштерді жою үшін ұсынылатын химиялық зат.
      Зоокумарин – өзіне тән исі  бар  ақ  немесе  сұрғылт  ұнтақ.  Сақталуы
тұрақты. Суға ерімейді. Ацетонда жақсы ериді, спиртте  жаман,  эфирде  нашар
ериді.  Әрекеттің  созылуы  7  –  15  тәулік.   Қан   тамырларның   өткізгіш
қасиеттерін бұзып, қан кетуіне апарады.
      Ратиндан – көгілдір не басқа түсті (бояғыш  затқа  байланысты)  түссіз
ұнтақ. Сақталуы тұрақты,  суға  ерімейді.  Органикалық  еріткіштерде  ериді.
Әрекет етуінің ұзақтығы 5 – 8  тәулік. Қан тамырларның өткізгіш  қасиеттерін
бұзып, қан кетуіне апарады.
      Мырыш фосфады – сарымсақтың иісі бар  қою  –  сұрғылт  ұнтақ.  Сакқтау
кезінде  фосфорлы  сутек  бөле  отырып  біртіндеп  ыдырайды.  Суда  ерімейді
қышқылда тез ыдырайды. Әрекет етуінің ұзақтығы 2 – 3 тәулік.
      Монофторин  –  күлгін  түсті  кристалл,  сақталуы  тұрақты.   Спиртте,
ацетонда ериді, ыстық суда нашар ериді. Әрекет етуінің ұзақтығы 1 тәулік.
      Өлген кеміргіштердің  сүйегін  мүмкіндігінше  жинап,  залалсыздандырып
барып көмеді. Егер  кеміргіштер  өте  қауіпті  жұқпалы  ауруларды  тасушылар
болып   табылса,   онда   олардың   сүйектерін   тездетіп    өртеу    керек.
Эпидемологиялық ошақта жұмыс  істеу  және  өте  қауіпті  жұқпалы  аурулармен
ауыратын аурулармен байланыста болу кезінде  қорғану костюмдерін кию керек.


      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
     1. Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия.
     2. Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация.
     3. Эпизоотия, Эпифитотия.
     4. Жұқпалы аурулардан сақтандыру.










      Практикалық сабақтар

      Практикалық сабақ №1 Стихиялық құбылыстар мен табиғи процесстердің
жіктелуі.
      Сабақтың мақсаты. Төтенше жағдайлардың туындауына  әкелетін  стихиялық
құбылыстар мен табиғи процесстердің жіктелуі.


      Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1
      Төтенше жағдай - мемлекетке төнген  түрлі  қауіпке  байланысты  елбасы
немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты,  соғыс  қаупі,
техногендік  апат,  халық  ішіндегі  толқу,  т.б.  жағдайларда  жарияланады.
Мұндай  уақытта  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтары  саналы   түрде
шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар  шығарылады.
Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет  басшысы  өзіне  көптеген  абсолютті
өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді.  Олар
жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып  қызмет  жасауға  мәжбүр
болады.  Төтенше  жағдай  жариялау  уақыты,  мерзімі,  сол  кездегі  билікке
берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады.
      Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан  немесе  әкеліп
соғуы  мүмкін,  олардың  денсаулығына,  қоршаған  ортаға   және   шаруашылық
жүргізуші объектілерге нұқсан  келтірген  немесе  келтіруі  мүмкін,  халықты
едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып,  тіршілік  жағдайын  бұзған
немесе бұзуы мүмкін авария,  зілзала  немесе  апат  салдарынан  белгілі  бір
аумақта туындаған  жағдай.  Төтенше  жағдай  пайда  болу  себептеріне  қарай
табиғи   сипаттағы   және   техногендік   сипаттағы   төтенше    жағдайларға
бөлінеді.Төтенше жағдай  дегеніміз  -  табиғат  немесе  өндіріс  апаттарының
зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік  бермейтін,  ол
үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын  және  адам  күшін  талап
ететін жағдай.
      Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор,  кең  байтақ.  Ол
жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар  тасқыны,  қатты  жел,
су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
      Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты  тірлігін  күрт
бұзатын,  материалдық  құндылықтарды  үлкен  шығынға  ұшырататын,  сондай-ақ
адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.
      Әрбір зілзаланың өзіне  тән  физикалық  қасиеті,  пайда  болу  себебі,
қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған  ортаға  өзіндік  ықпал  ету
ерекшелігі бар.
Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен  ауыртпашылық,  келтірер  залалы  мол
төтенше оқиға.
      Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін:  жер
сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы  келеді  екен,  20%  -
тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінісінің, ал қалған  25%  -  зілзаланың
басқа түрлері.
Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына,  Балқаш  көлінің
таяздауына  байланысты  құбылыстар  табиғи   сипаттағы   төтенше   жағдайлар
арасында ерекше орын алады.
       Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға мыналар жатады:
    •   геологиялық  қауіпті  құбылыстар  және  үрдістер   (эндогенді:   жер
      сілкінісі, жанартаулардың атқылауы; экзогенді: үгінділер,  сырғымалар,
      сел);
    •  гидрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;
    • метрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;
    • табиғи өрттер;
    • эпидемиялар және эпизоотиялар;
    • ауыл шаруашылық өсімдіктерінің, ормандардың  ауруы  мен  зиянкестермен
      зақымдануы.


      №1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
    1. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлері
    2. Геологиялық қауіпті құбылыстар
    3. Гидрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;
       Метрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;
    4. Табиғи өрттер;
    5. Эпидемиялар және эпизоотиялар;






































































      Практикалық сабақ №2   Жер сілкінісі.


      Сабақтың  мақсаты:  Жерсілкінісінен  қорғану  шаралары,   жерсілкінісі
кезіндегі халықтың іс әрекеттері

      Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2
      Жер сілкінуіне дейін: Жағдайды көз алдыңызға  елестетіңіз:  қатты  жер
сілкінісі болған кезде егер сіз жұмыста,  үйде,  ал  балаларыңыз  сол  кезде
мектепте немесе балалар бақшасында  болса?  Өзіңіз  бен  отбасы  мүшелерінің
осындай жағдай бола қалған кезде жете зерттеңіз:  тығылу  үшін  ең  қауіпсіз
жер қайда, жер сілкінісі біткеннен кейін  қай  жерде  кездескен  дұрыс  т.б.
Сіздің алдын-ала құрған «сценариіңіз» апат болған жағдайда көмекке келеді.
   Алдын-ала дайын болыңыз:
    • Рюкзак немесе сөмкеңізді құжаттар;
    • Үш күнге жететін тамақ пен су;
    • Алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;
    • Жылжымалы электр фонары мен сіріңке;
    • Жылы киім мен аяқ киім.








       Алғашқы жер сілкінісі кезінде :


    • Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және
   басқалардың да үрейленуіне жол бармеңіз;
    • Газ, су және жарықты сөндіріңіз;
    • Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол
   жерде тұрыңыз, яғни күтіңіз.


      Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу
   күші бес және одан жоғары болса):
    • Екінші  және  одан  да  жоғары  қабатта  болсаңыз  ол  жерден  ешқайда
      кетпеңіз;
    • Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің  жақтауына,  ваннаға
      жатыңыз;
    • Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар
      мен сынықтардан қорғайды.  Өзіңізді  ауыр  жиһаздар  мен  терезелерден
      аулақ ұстаңыз;
    • Лифтіні пайдаланбаңыз.





                            Егер көшеде болсыңыз:
    • Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз,  үзілген
      электр желілерінен алшақ тұрыңыз;
    • Ғимараттың алдың кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз.

                     Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:
    • Ашық алаңда қалыңыз жер сілкінісі біткенше көлік ішінде болыңыз

      Есте болсын. Жер сілкінісі  кезінде  жер  жарылып,  адам  өлімі  сирек
   кездеседі. Жер сілкінісі кезінде  мынадай  жағдайларда  бақытсыздық  орын
   алады:
    • Ғимараттардың кейбір бөліктерінің қирауы;
    • Сынған терезелердің құлауы;
    • Үзілген электр желілері;
    • Пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
    • Өрт;
    • Үрей кезінде бақылаусыз қалған адамдардың мінез-құлқы.
      Егер сіз алдын-ала қауіпсіздік шараларын сақтасаңыз, құрбан болу  саны
   аз болары сөзсіз.

                            Жер сілкінісен кейін:
    • Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсетіңіз;
    • Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесіңіз;
    • Радиоқабылдағышты қосыңыз;
    • Суды, газды, жарықты мүмкіндік болса өшіріңіз;
    • Ашық отты пайдаланбаңыз;
    • Өте сақ болыңыз, ғимаратты  тез  арада  босатыңыз,  яғни  басқа  жаққа
      барыңыз.

                             Назар аударыңыздар!
                         Радио үнемі қосулы тұрсын!
              Төтенше жағдайлар қызметінің дабылын тыңдаңыздар!


               Жер сілкінісіне қарсы қалай әзірленуге болады:
    - Жер сілкінісі кезінде сіз  ғимараттан  шыққыңыз  келсе,  уақыттын  аз
екендігін ескеріп, алдын ала қысқа жолды таңданыз 15-20 секунд;
    -  3-ші және одан жоғарғы қабаттардан кетудін қажеті шамалы, ең жақсысы
дүмпудін күтуге болатын салыстырмалы қауіпсіз орында қалу. Бұл  есік  ойығы,
ішкі қабырғалар арасындағы бұрыш,  каркас  бағанасының,  үстелдің,  партаның
астында  отыру.  Ең  қауіпті  орындар  –  сыртқы  қабырғалардын   шыныланған
ойықтары,  бұрыштағы бөлме, лифт, сатынын баспалдағы, балкон.
    - Шкафты,  сөрені,  суырмаларды  қабырғаға,  еденге  мықтап  бекітіңіз.
Кереуетті  терезенің  жанына  қойманыз.   Сөрелерді   кереуеттің,   есіктің,
плитаның астына қоймаңыз. Жиһазды бөлмеден шығатын жерді  жаппайтындай  етіп
орналастырыңыз.
    -  Дәлізді, өтетін жерді, баспалдақ торларын, есік ойығын жиһазбен және
мүлікпен жаппаңыз.
    - Пәтерден  үйге  кіреберістен  электрді,  газды  және  суды  ажыратуды
үйреніңіз.
    - Үйде консервленген тағам мен суды, құм  салынған  шелекті,  қолшамын,
өрт  сөндіргішті  (автомобильдік),  алғашқы  медициналық  жәрдем  қобдишасын
ұстаңыз. Алғашқы медициналық жәрдемді қабылдау  тәсілін  үйреніңіз.  Қауіпті
заттарды  (улы  химикат,  жылдам  тұтанатын  сұйық)  олар   сынбайтын   және
шашылмайтын сенімді жерде сақтаңыз.
    - Құжаттарды белгілі бір орында сақтаңыз. Артық киім, аяқ- киім (маусым
бойынша), шам, кішкентай балта, қобдиша,  майшам,  сіріңке,  тамақ  салынған
жол қабшығын пәтерден шыға беріс жерде ұстаңыз.
    - Төтенше жағдай кезінде көршілермен өзара көмек және  бірлескен  қимыл
туралы келісіңіз.
    - Жиналатын жерді және көше тәртібін  біліңіз.  Көлік  жайды,  саяжайды
күшті  жер  сілкінісінен  кейінгі  алғашқы  уақытта  уақытша  тұрақ  ретінде
пайдалануға болады. Онда азық-түлікпен  киімнің артық қорын сақтаңыз.
    - Үйде жер сілкінген жағдайда не істеу керектігі  туралы  үнемі  әңгіме
мен жаттығу өткізіңіз.
                      Жер сілкінісінің қауіпті кезіңде:
    Жер сілкінісі қауіпі жағдайында электр  дабылдар,  өндірістік  гудоктар
мен басқада хабарлау құралдары қосылады, бұл  «Баршының  назарына!»  ескерту
дабылын білдіреді. Осы дабыл бойынша радио мен  теледидарды  қосып,  төтенше
жағдай туралы  хабарды  мұқият  тыңдап,  жыне  жергілікті  биліктін  төтенше
жағдай жөніндегі басқару органының нұсқауын нақты орындау қажет.
                           Егер сіз үйде болсаңыз:
   -  Өрт сөндіргішті тексеріңіз, жуынатан бөлмеден су мен шелекті алыңыз;
   -  Өзіңізді қорғауға  қабілетті   киім  мен  аяқ-киімді  киіңіз,  пәтерде
   газды, су мен электрды ажыратып, пешті өшіріңіз;
   - Өзіңізбен бірге алдан  ала  даярлаған  заттар,  құжаттар  салынған  жол
   қапшығын алып, көршілерге хабарлаңыз; жалғыз бастыларға,  ауру  адамдарға
   көмектесіңіз,  ғимараттан шығып, арнайы жиналаттын орынға барыңыз, алдағы
   нұсқауларды күтіңіз;
   -  Қалыпты тіршілік жағдайына жергілікті биліктін немесе  төтенше  жағдай
   жөніндегі басқаруң органының нұсқауы бойынша орылған жөн.


                 Егер сіз көпшілік жүретін орында болсаңыз:
   - Сабыр сақтаңыз, үрей туғызбаңыз, шығуға  асықпаңыз,  адамдардын  жолына
   кедергі жасамаңыз, аурулар мен мүгедектерге көмектесіңіз;
   -   Әкімшілік нұсқауларын орындаңыз.
                           Жер сілкінісі кезінде:
   - Алғашқы дүмпу кезінде 1-2 қабаттың тұрғындары ешбір үрейсіз  ғимараттан
   шығуға, ал одан жоғарғы тұрғындар бастарын  қолмен   ұстап,  салыстырмалы
   қауіпсіз орынға баруға тиіс.
   -  Дүмпу аяқталған бойда арқаңызды  қабырғаға  сүйей  отыра  баспалдақпен
   ғимараттан тез шығып кетіңіз. Газды, суды, электрді ажыратуға  тырысыңыз,
   өзіңізбен бірге құжаттарды, ақшаны, заттарды, қобдиша салынға  жол  қабын
   алыңыз, есікті кілтпен жабыңыз.
   -  Егер көрші пәтерде балалар  мен  қарт  адамдар  қалса,  оларды  көшеге
   шығаруға көмектесіңіз. Сол жерде зардап шеккендерге  алғашқы  медициналық
   көмек көрсетіңіз.
   -  Ғимараттан,  электр  беру  желісінен  алысырақ  кетіңіз.   Белгіленген
   жиналатын орынға барыңыз. Үзілген өткізгіштен сақтаныңыз, оған  балаларды
   жібермеңіз.
   -  Рольде отырғанда ашық  жерге  тоқтаңыз.  Дүмпу  аяқталғанша  машинадан
   шықпаңыз. Қоғамдық көлікте отырған орындарыңызда қалып, дүмпу аяқталғанан
   кейін жүргізушіден есікті ашуды өтініп, итеріспей шығып кетіңіз.
                        Қатты жер сілкінісінен кейін:
   -  Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.
   -  Жеңіл үйіндінің астында қалғандарды босатыңыз.
   - Балалардың, аурулардың, қарттардың қауіпсіздігіне назар аударып, оларды
   жұбатыңыз.
   -  Ғимаратқа кірерден  бұрын  баспалдақтың,  қабарғаның   қауіпінің  бар–
   жоқтығына назар аударыңыз. Қатты  қираған  ғимаратқа  жақындамаңыз.  Ашық
   отты пайдаланбаңыз.
   -   Пәтерге  оралған  бойда  коммуналдық–техникалық   қызмет   дұрыстығын
   тексергенше электрді, газды және су құбырын қоспаңыз.
   -  Телефонды аса қажет мұқтажсыз көп ұстамаңыз.
   - Зақымдалған ғимаратта үйіндіні ашуға  және  құтқару  жұмысын  жүргізуге
   көмектесіңіз.
Бұл жағдайда мына ережелерді сақтак қажет:
   -  Үйінді астында қалған адамдарды  іздестіру,  тың–тыңдаудан  басталады.
   Сол үшін мүмкіндігінше толық тыныштық жағдайын жасаңыз. Үйінділерге назар
   аударыңыз. Қандай да бір секем  дыбыс  естілген  орынды  анықтап,  мұқият
   тыңданыз.
   -  Егер үйінді астында қалған адамға тар  тесік  апратын  болса,  бірінші
   кезекте үйіндіні ашу кезінде оны ауадан, яғни өмірден айырмау  үшін  ұсақ
   шығыршық тас пен шаң ақпау үшін жіңішке  трубаны  немесе  берік  шланганы
   сұғыңыз.
   -  Үйіндіні ашуды өте мұқият жүргізу  керек.  Әуелі  сынықтардың  үстіңгі
   жігін,  бұдан  кейін  арасындағысын.  Сынықтар  үйінділерінен   бағананы,
   құрылыс құрылғысының ірі бөлшегін және т.б. суырып алуға  әрекеттену  аса
   қауіпті. Үйінді аяқ астынан отырып, оның астындағы адамдарды басып  қалуы
   мүмкін. Әуелі бағананы бір өзін  шығарып  алуға,  содан  кейін  ғана  оны
   көтеруге әрекеттену керек.
   -  Тас, бағананы ұшы қысып қалған адамды  босату кезінде  міндетті  түрде
   ең алдымен қолдың  немесе  аяқтың  көрінген  жерін  жіппен  тарту  қажет.
   Басқаша жағдайда көп сағат бойы сынық қыспағында болған адам  қаза  болуы
   мүмкін. Үйінділерді  аршу  кезінде  бір–біріне  тіреліп  тұрған  сынықты,
   қираған ғимараттың  әлсіз  алайда  әлі  құламаған  қабырғасын  итеру  аса
   қауіпті. Бұл адамды құтқару мүмкіндгінен айырады.
Егер сізді қабырғаның сынықтары немесе топырақ басып қалса:
   -  Үнжырғаңыз түспесін, терең және бірқалыпты дем алыңыз. Аштық пен шөлге
   шыдауға дайындалыңыз. Дауыспен немесе қағыспен адамдар назарын аударыңыз.
   Өзіңізді табуды жеңілдету үшін кез келген метел заттың (жүзік, кілт  және
   т.б.) онды-солды бұлғаңыз.
   -  Егер сіздің төңірігініздегі кеңістік аздап бос болса, сіріңке, май шам
   жақпаңыз,  оттегіні  сақтаңыз.  Жаңа  үйіндінің  құламауы   үшін   мұқият
   қозғалыңыз сырттан келген ауанын қозғалысы бойынша  бағдар  жасаңыз.  Тар
   жерден шыққан кезде бұлшық етіңізді еркінсітіп, шынтағынызды  бүйірінізге
   қысыңыз. Еденнен аяғыңызды серпіп көтеріліңіз. Егер сізді  қолыңызда  бар
   заттардың көмегімен (тақтай, кірпіш және т.б.) төбені мықтап тіреңіз және
   көмекті күтіңіз.
   - Егер сізді топырақ басып қалса, ішіңізге қарай бұрылуға  әрекеттеніңіз.
   Өйткені кеудеге және өкпеге қысым түспеуі керек. Қысылған қол  мен  аяқты
   қан айналымы қалпына келу үшін жиі  үйкелеңіз.  Қатты  шөлдеген  жағдайда
   ауызыңызға жалпақ шағын тасты немесе бет орамалдын жұтындысын салып,  оны
   сорыңыз, мұрынмен дем алыңыз.
   -  Егер сіз үйінді астында қалсаңыз сақтықпен  қол  аяғыңызды  қозғалтуға
   тырысыңыз. Бұл жағдайда өзіңізге кедергі жасаған тасты, кірпішті,  ағашты
   және басқа заттарды алуға, қозғалтуға  немесе  сындыруға  әрекеттенбеңіз.
   Өйткені  үйінді  тепе-теңдікте  солар  ұстап  тұруы  мүмкін.      Осындай
   «қоқысты» алсаңыз жүздеген килограмм төмен құлауы  мүмкін.  Қысылған  қол
   мен аяқты төменгі жағынан қазып алған жөн.  Босаған  бойда  бір  бүйірмен
   жатып, аяқты кеудеге  қысып,  қолды  арқаның  астына  салып  иілу  қажет.
   Осылайша, жерге етпетінен жатып, қатты бүгіліп, тізе мен шынтаққа сүйеніп
   жатуға болады.
   -  Егер  сіз  жоғары  жақтан  құтқару  жұмыстарының  дауысын   естісеңіз,
   үйіндіден өзіңіз  шығуға  әрекеттенудін  қажеттілігі  жоқ.  Бұл  қиын  да
   қауіпті. Мұндай тосын жағдайда ең бастысы төзімділікті  жоғалтпау  керек.
   Адамның тірі қалу мерзімі оның рухани жағдайына, күш-жігеріне байланысты.
   Аса қиын жағдайда өмір үшін күрескен адам тірі қалу мүмкіндігін сақтайды.

       №2 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
    1. Жерсілкінісінен қорғану шаралары
    2.  Жерсілкінісі кезіндегі халықтың іс әрекеттері






































      Практикалық сабақ №3 Көшкіндер.
      Сабақтың мақсаты: Көшкіндер кеіндегі халықтың іс  әрекеті,  алдын  алу
      шаралары.


       Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3
      Көшкін қаупінің белгілері:қар қалыңдығы 20-30  см,  қысқы  қардың  көп
көлемде түсуі; қыс мезгілінде ұзақ уақыт күннің суықтығы немесе  ауа-райының
жылынуы; қар үстіне жауын-шашынның түсуі; қар қаңқасын  жасаушы   қатты  жел
және  тау  беткейлеріне  қарды  үрлеп  тастауы;  тау   беткейлеріндегі   қар
қалыңдығының  биіктігі  30-60см  мөлшерден  артық  болуы;  қар  жамылғысының
ұйтқуы және жатуы, тау жоталарында жарықшақтың пайда болуы.
      Жел көшкіннің қалыптасуы кезіндегі  негізгі  әрекет  етуші  күш  болып
табылады.
Көшкін қаупі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіздік шаралары.
    • Көшкін апаттарының статистикасы  адамдардың  қаза  болуын  сипаттайтын
      барлық үйінділер тікелей адамдардың өздерінен  болғандығын  көрсетеді.
      Қар қалың  түскен  жоталарға  шықпай,  тек  тапталған  жолдармен  ғана
      жүріңіз.
    • Таулы жерлердегі  жағдайларды  ұдайы  бұқаралық  ақпарат  құралдарының
      хабарламасынан тыңдаңыз.
    • 2-3 күн қатарынан қар жауғанда тауға шықпаңыз.
    • Ірі беткейлердің қиылысынан алыстап, аяқ астынан  қардың  шуы  естілсе
      тез арада қозғалысты тоқтатыңыз.
    •  Көктем  мезгілінде,  әсіресе  күннің  екінші  жартысында   қар   еріп
      беткейлерден тез сырғыған кезде аса сақ болыңыз.
    • Көшкін қаупі бар учаскеден өткенде айқайлауға, шулауға болмайды.
    • Көшкін қаупі бар учаскеден өткенде жалғыз, рюкзакты  бір  жақ  бауымен
      көтеріп, абайлап өтіңіз.
    • Қалың қар жамылған беткейлерге  жақын  демалуға  және  лагерлік  шатыр
      қойып тоқталмаңыз.
    •  Қар көшкіні түскен кезде оның жолынан кетіп,  рельеф,  жартас  астына
      тығылыңыз.
    • Тауға ешқашан жалғыз бармаңыз! Топпен  бір  уақытта  қатерде  қалмауға
      жағдай жасаңыз!
   Көшкін қаупі бар учаскелер бойынша қауіпсіздік шаралары:
    • Көшкін қаупі бар беткейден өтуге тыйым салынады.
    •  Күнмен  шағылысқан  беткейлердің  етегінде,  тар  жолдарда   тоқтауға
      болмайды.
    • Қатты дауыстап сөйлеуге, сондай-ақ  беткейде  тегіс  немесе  ұсақ  қар
      түйіршіктерінен жинақталған жерлерге із қалдыруға болмайды.
    • Тас құлайтын науаларды, бос тұрақсыз үйінді, сырғыма  жолдарды  басуға
      болмайды.
    • Еш уақытта ауа-райының бұзылуы кезінде, тез  арада  жылынғанда,  қысым
      түскенде, тұманда, қар түскен соң, бұрқасын  мен  қатты  жел  соққанда
      көшкін қауіпі бар жолға шығуға болмайды.
    • Нашар көрінетін кезде, беткейде қар қалыңдығы  30  см.  және  одан  да
      жоғары болғанда, жауын-шашын жауғанда, қатты  жел  тұрғанда,  бұрқасын
      соққанда, температура кенеттен төмендегенде көшкін қаупі бар  аймақтан
      тез арада кету керек.
    • Көктемде шуақты күндерде көшкін қаупі бар аймаққа түскі  сағат  12.00-
      ден кейін бармау керек.
   Есте сақтаңыздар: Көшкін кезеңінің ұзақтығы тауларда қардың  барына  және
жиналу кезеңіне сәйкес болады. Көшкіннің ең белсенді уақыты  көктем  мезгілі
болып саналады, абай болыңыздар!
      Қар көшкіні - таулы аймақтарда болатын  қардың,  тастың  көшкіні.  Бұл
құбылыс көбіне көлдерде судың толуынан, мұздардың еруінен  болады.  Қар  мен
мұз еріп, олар төмен қарай ағады. Ағынның биіктігі 10-20 метрге  дейін  (кей
жағдайларда 40-50 метрге дейін), ағу жылдамдығы 3-5 м/с.  Көшкіннің  астында
қалғандардың тірі қалуы мүмкін емес, сондықтан абай болу қажет.
      Республикамызда қауіпті 300 орын тіркеуге алынған, ол жерлерде 600-ден
көп әртүрлі жағдайлар  болған.  Қар  көшкіні  жағдайлары  шамамен  80%,  мұз
еруінен 15% және қар еруі мен жер сілкінісінен 5% болады.
      Қазақстанның ең қауіпті  таулы  аймақтары  болып  Жоңғар,  Талас,  Іле
Алатауы, сондай-ақ Қаратау, Кетмен, Тарбағатай таулары саналады.
      Көшкін қаупі бар кезең - Қазақстанның таулы аймақтарында  күн  жылыған
кезде болады (тамыз-қыркүйек айлары).
      Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20 – 60 градуспен көшкін  қар
жаңа жауған және күн күрт жылынған кезде болады. Көшкін тауда жиі  болуынан,
циклондық құбылыс күшейетін наурыз –  сәуір  айында  көбірек  болады.  Сирек
қайталанатын  көшкіннің  көлемі  1  млн.  текше  метрге,   қозғалысының   ең
үлкенжылдамдығы 100 м/с дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50 пайызыға  жуығы
жазыққа жетіп, халық пен шаруашылық  нысандарына  тікелей  қауіп  төндіреді.
Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шарша метр үшін бірнеше жүз  тоннаға
жетуі керек.
      Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар  көшкіні  болып  тұрады.  Ол
негізінен  қардың  түсуі  мен  күгннің  жылынуына  байланысты.  Қар  көшкіні
болатын ең қауіпті кезең қараша – сәуір, биік тауда қазан – мамыр.
      Көшкіннің  болу  белгілері:  Көшкін  қаупі  бар  аймақтары   жаңбырдың
үздіксіз жауу; Көшкін қаупі бар аймақтарында күннің жылуы; Көлде  деңгейінің
күрт төмендеуі немесе жоңғар жағында шұңқыр пайда болуы; Жер сілкінісі.
      Көшкіннің жақындау қаупі  және  белгілері:Көшкінге  қауіпті  арналарда
судың тоқтап не болмаса күрт азайып кетуі; Көшкінге қаупі арналардың  жоғары
жағында қатты дыбыстың пайда болуы; Көшкін алып келген тастардың  соққысынан
болған қозғалыстар;  Көшкін соққысынан болған шаңды бұлттардың пайда  болуы;
Судың лайлануынан пайда болған көшкін алдындағы себептер.
   Көшкін  қаупі  бар  аймақтарда  қауіпсіздік   шараларын   сақтау:   таулы
аймақтардағы жағдайларды бұқаралық ақпараттық құралдаынан тыңдаңыз;  Қатерлі
аймақта тоқтаусыз жаңбыр жауса, ол жерден тез арада кетуге  тырысыңыз;  Келе
жатқан көшкін ағынына  50-60  м  жақындамаңыз;  Тау  шеттеріне  және  көшкін
ағатын аймаққа тоқтамаңыз; Қауіпті жерлерде адамдар арасындағы қашықтық  20-
30 м болсын; Қаупі бар аймақтарға тынығуға бармаңыз, көлдің  жағысына  лагер
палаткасын  тікпеңіз:  Көшкін  болатынын  сезген  жағдайда,   тауға   шығып,
неғұрлым  алысырақ  кетуге  тырысыңыз;  Көшкін  өткеннен  кейін   ол   жерге
түспеңіз, себебі ол жерде  тағы  да  көшкін  қаупі  болуы  ықтимал;  Қауіпті
аймақтада қауіпсіздік шараларын сақтаңыз; Теңіздің мұз жағында  болу,  қауіп
төнген жағдайда  дауыл  тллқыны  болмағанда  ауа  температурасының  жағымсыз
жағында болу; Көлдің бөгет бойымен, жылжып жүрген үлкен  мұздың  немесе  қар
көшкіні үстімен жүрмеңіз.


      №3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
     1. Көшкіндер. Анықтамасы, жіктелуі
     2. Көшкін қаупі бар учаскелер бойынша қауіпсіздік шаралары
     3. Көшкіннің болу белгілері
     4. Көшкін қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шаралары











































      Практикалық сабақ №4 Сел.
      Сабақтың мақсаты: Сел кезіндегі халықтың іс әрекеті,  алдын алу
      шаралары.



      Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4
      Сел – тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің  күрт
өзгеруі  және  тау  жыныстары  бұзылуынан  болатын  қуатты  ағын.  Сел  ұзақ
нөсердің  салдарынан,  мұз  бен  қардың  жылдам  еруінен,   моренді,   мұзды
өзендердің  бұзылуынан,  жер  сілкінісінен,   адамның   шаруашылық   қызметі
нәтижесінде  пайда  болады.  Тасқындардың   басқа   түріне   қарағанда   сел
әдеттегідей үздіксіз емес, жекеленген толқындар мен 10  м/с  және  одан  көп
жылдамдықпен қозғалады. Іле, Жоңғар, Талас Алатауының  жоталарында,  сондай-
ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы  өзендер  Қазақстандағы  сел
қауіпі күшті аудандар болып табылады.
      Сел  тасқыны  кезінде  халықтың  өзін-өзі  ұстауы   мен   іс-әрекетіне
зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау  мен  белгілеуді  және  ол  туралы
хабарлауы (ескерту) ұйымдастыру үлкен әсер етеді.
      Сейсмикалық  қауіпті  аудандағы  халық  орман  желектерін  кесу,  егіс
жұмыстарын жүргізу, үй малын  бағу  жөніндегі  нұсқауларды  қатаң  орындауға
тиіс.
      Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарланған жағдайда,  сондай-
ақ оның пайда болуының алғашқы  белгілері  білінген  сәтте,  ғимараттан  тез
шығып, бұл туралы төңіректегілерге ескертіп,  қауіпсіз  орынға  бару  керек.
Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті  сөндіріп,  газ  бұрандысын  жауып,
жарықты өшіріп, электр заттарын ажырату  қажет.  Егер  уақыт  болса,  қаупті
аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша  қауіпсіз
орынға көшіріледі.
      Сел тасқынына тап болған адамға қолда  бар  барлық  құралдармен  көмек
көрсету керек. Мұндай құралдар  құтқарушылар  беретін  таяқ,  арқан,  сырық,
шынжыр  және  т.с.с.  болуы  мүмкін.  Тасқын  ішіндегі  адамды  оның  шетіне
біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты бойынша шығару керек.
      Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар
мен балаларды, аурулар мен өз  бетінше  жүре  алмайтын  адамдарды  шығарады.
Еңбекке қабілетті бүкіл халық толғандарды  нығайтуға,  кедергілер  туғызуға,
ағызғыш каналдар қазуға міндетті.
      Егер сел апатына елді мекен ұшыраса,  онда  іздеу-құтқару  жұмыстарына
әзірленген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әр түрлі құтқару  бөлімшелерінің
айтарлықтай күштері мен құралдары тартылады.

      Сел – тау өзендерінің арналарында  кенеттен  пайда  болатын  деңгейдің
күрт көтерілуі мен  және тау жыныстары болған жоғарғы  деңгейдегі  заттардың
көптілігімен сипатталатын уақытша ағын.
   Сел ұзақ нөсер, мұз бен қардың жылдам еруі, мұзды өзендердің бұзылуы, жер
сілкінісі, адамның  шаруашылық  қызметі  нәтижесінде  пайда  болады.  Арнайы
тасқындарға қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген  толқындармен
10 м /с және одан көп жылдамдықпен қозғалады.
   Сел кенеттен пайда болуымен, алапат толқындағыш күшімен қас-қағым сәттегі
 іс-әрекетімен ерекшеленеді.
   Тікелей сел қаупінің белгілері мыналар: күшті  гуілдін  естілуі,  тасқын,
тас соққысынан топырақтың дірілдеуі, шаңғы бұлттын пайда болуы.
   Селмен күресу үшін:
    • тоғандық қазандық сел қоймасын,  қорғаныс  бөкетін,  сел  ұстағыштарды
      тұтас кедергіні, суды ағызатын насостың  жүйесі  бар  канал  желілерін
      салу;
    •  жұмыс істейтін сел қоймасы аумағында карьерлік әзірлемелер жасау;
    • тоғандық қазандық сел  қоймасында  кіші  кедергілер  мен  сел  арнасын
      тұрақтандыру;
    • сел қаупі бар жерлерді анықтау;
    • адамның шаруашылық қызметін реттеу;
    •  тау  жыныстарын  да  топырақ  жамылғысын  нығайту  және  оның   өсуін
      ынталандыру.
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін:
    • сел  қаупі  бар  өзен  арнасына,  тік  тау  жартастарынын  төңірегінде
      демалуға тоқтамаңыз  және палата лагерін құрмаңыз;
    • тауда мұқият және сақ болыңыз;
    • сел тасқыны белгісін байқаған бойда  арнадан  жартас  бойынша  айналып
      өтуге тырысыңыз;
    • сел тасқыны өткенен кейін суға  түспеңіз,  одан  кейін  келесі  толқын
      болуы мүмкін;
    • ықтимал сел тасқыны аумағында шайып кетпеуі үшін үй, саяжай салмаңыз.
   Халыққа жақындаған сел тасқыны туралы хабарлаған, сондай-ақ оның  алғашқы
белгілері пайда болған жағдайда ғимараттан  жылдам  шығып,  төңіректегілерге
қауіп туралы ескертіп, қауіпсіз жерге бару  керек.  Өрт  болмау  үшін  үйден
шыққанда пешті өшіру, газ краның жабу,  электр  приборларын  ажырату  керек.
Егер уақыт болса, қауіпті  аймақтан  малды  жылдамырақ  айдап  әкету  керек.
Халық бұл аймақтан қауіпсіз жерге көшіріледі.


      №4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
    1. Сел қаупінің белгілері
    2. Сел қауіпі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіз шаралары:
    3. Халықтың сел тасқынның жақындауы  туралы  хабарлаған  жағдайдағы  іс
       әрекеттері










































      Практикалық сабақ №5
      Сабақтың мақсаты: Қар көшкінінен қорғану  тәсілдері.  Шаңды  дауылдар,
опырмалар,т.б.  жағымсыз  факторлары,  қорғану   құралдары,   салдарды   жою
тәсілдері.


      Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5
      Қар көшкіні – бұл қар  массасының  тау  беткейі  бойынша  төмен  қарай
жылдам лықсуы. Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар  көшкіні  қауіпіне
ұшырайды.
Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы  геоморфологиялық
және топырақтық — ботаникалық жағдайлары бар  Батыс  Тянь-шань,  Алтай,  Іле
Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында  болып  жатады.  Көшкіндер  құлама
тау беткейінен көбінесе 20-60 градуспен, көшкін қар  жаңа  жауған  және  күн
күрт жылыған кезде  болады.  Көшкін  тауда  жауын  –шашынның  жиі  болуынан,
циклондық  құбылыс  күшейетін  наурыз-сәуір  айында  көбірек  болады.  Сирек
қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше  метрге,  қозғалысының  ең  үлкен
жылдамдығы 100 метр секундке дейін жетеді.  Барлық  көшкіндердің  50%  жуығы
жазыққа дейін  жетіп,  халық  пен  шаруашылық  объектілеріне  тікелей  қауіп
төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр  үшін  бірнеше
жүз тоннаға жетуі мүмкін.
      Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар  көшкіні  болып  тұрады.  Ол
негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты,  қар  көшкіні  болатын
ең қауіпті кезең қараша-сәуір, ал биік тауда  –  қазан-мамыр.  Тауда  болған
кез-келген адам қысқы кезеңдегі  таудағы  қауіптерді,  сақтандыру  шараларын
білуге міндетті.
      Жай адамдар көшкіндерге қыстың суық мезгілінде тауда болса  тап  болуы
мүмкін. Ал альпенистер мен тауға шығуды әдет қылған туристер бұған жыл  бойы
әзір болуға тиіс. Тау әуезқойларымен  болатын  барлық  бақытсыз  оқиғалардың
25% -на жуығы көшкіннің еншісінде. Ол  әдетте  бағыт  пен  қозғалыс  уақытын
дұрыс таңдай алмаудан,  көшкін  қауіпі  бар  беткейлерден  ебдейсіз  өтуден,
көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден, тәртіп бұзудан болады.
      Тауда болған кезде қоршаған  ортаға  мұқият  қарап,  кездескен  жабайы
хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тау ешкілері қар  көшкінінің  ықтимал
лықсуын алдын ала  сезіп  қауіпті  аймақтан  кетеді),  сондай-ақ  беткейдегі
қардың  төзімділігін  қолда  бар  қауіпсіз  әдістермен  тексеру  қажет.   15
градустан тік беткейлер аса қауіпті  болмағанмен,  қар  көшкінінің  одан  да
жазығырақ беткейлерде лықсу  оқиғалары  белгілі.  Беткей  тік  болған  сайын
көшкіннің лықсу ықтималдылығы  арта  түседі,  алайда  50  градустан  тігірек
беткейлер қауіпті емес, өйткені  қар  жамылғысы  жинақталмайды,  қар  жауған
сайын шағын бөліктермен сырғып түсіп отырады.
Жағдай  сәтті  аяқталса,   зардап   шегушіге   алғашқы   медициналық   көмек
көрсетіледі және ол қауіпсіз жерге апарылды.
      Опырмалар.  Опырмалар  –  ауырлық  күшінің  әсерімен  ылғалды  топырақ
массасының  тмөен  қарай  сырғуы.  Тау  жыныстарындағы  және   жартастардағы
жекеленген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі  жақпарлардың
құлауы.
      Опырмалар Қазақстан барлық таулы ауданыдарында болып  тұрады.  Олардың
пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен  топырақтың  ылғалдануы,
жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Сас  ірі
опырмалар тектоникалық  ұсақталуға  байланысты.  Осындай  учаскілерде  пайда
болған опырмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай  отыра,
таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге  Күнгей  Алатауындағы  Көлсай
өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.
      Опырмалар жылдың кез-келген уақытында,  әдетте,  тіктігі  19  градусқа
жуық жарларда болады. Ірі қопырмалардың алаңы 50-60 га дейін жетеді.
      Опырылманың құралымы. Соңғы жылдары Қазақстан  тауларындағы  опырмалар
құбылыс өрістеген  техногендік  жүктемеге  байланысты  саяжай  учаскелерінің
кесінділері   есебінен   жандана    түсті.    Тау    беткейлерінің    табиғи
геоморфологиялық тепе-теңдігі олардың жол, саяжай үйін салу,  су  құбырларын
өткізу және басқа құрылыстарды салу кезінде тірегінің  кесілуінен  бұзылады,
сонымен қатар өсімдік-топырақ жамылғысы бұзылып,  беткей  топырағы  суырмалы
сумен ылғалданады.  Опырмалар  бұрын  олар  байқалмаған  жерлерде  де  пайда
болады.
      Тұрғындар қопарылманың басталғандығы туралы хабарды  алған  бойда  үй-
жайдан  жылдам  шығып,  төңіректегілерге  қауіп  туралы  ескертіп,  қауіпсіз
орынға барған жөн. Үйден шығарда  пешті  өшіріп,  су  мен  газ  бұрандаларын
жауып, жарық пен басқа да электр қондырғыларын ажырату қажет.
      Қар басу. Қар басу – табиғаттың  тосын  күштері  көріністерінің  бірі.
Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше  сағаттан  тәулікке
дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты  тіршілікті  бұзады,
ал  кейде  адамдар  құрбандықтарына,  малдың  шетінеуіне  және   материалдық
құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады.
      Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса,  кедергілер
орнатылады. Жолдың ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы  15-20  метр
қалқан, қар тосқауылы қойылады.
      Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы  негізгі  жұмыс  түрлері:
жоғалған адам мен малды іздеу; запрдап шеккендерге алғашқы дәрігерлік  көмек
көрсету; жол бойындағы, үй-жай  төңірегіндегі  қарды  тазалау;  жолда  тұрып
қалған  көлікке   көмектесу;   коммуналдық   және   энергетикалық   желідегі
аварияларды жою.
Барлық жұмыс бірнеше адамнан тұратын топпен бірге жүргізіледі.
Егер қар басуға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап,  тұрған  жерді
белгілеу керек, ол үшін ашық матаны ілген  жөн.  Машинаның  үстін  толығымен
жауып, двигательді радиатор  жағынан  қымтау  керек.  Машина  капотын  желге
қарай бұрып, отынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы  қоспаған  жөн.  Машинаны  қар
басып қалу  қаупі  болса,  есіктің  бірін  жиі  ашып,  күртік  қарды  әрірек
сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз,  ол
жұмыс істеп тұрған кезде бүлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып,  қақаған
суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін.
      Машинадан шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз (Бір ұшын
автомобильде қалдырыңыз). Адам үйден немесе машинадан  жарты  метр  ұзағанда
бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптеп кездеседі.
Жолдағы көкайғақ аса қауіпті, ал қилысы көп жерлерде  автомобиль  қозғалысын
мүлдем тоқтатуы мүмкін. Жаяу жүру өте қиын, әр түрлі заттардың  құлауы  және
ұшуы  өте  қауіпті.  Бұл  жағдайларда  ескі  құрылыстардың  маңынан,  электр
желілерінің және олардың діңгектерінің жанынан аулақ кеткен жөн.
      Қар басуы, боран  туралы  хабарды  алған  бойда,  уақыт  болса,  жалпы
қоршаулар, жолдағы ғимарат шетінен 15-20 метр қашықтықта жел соғатын  жақтан
қалқандар орнатылады.
      Сырғыма. Сырғыма –  ауырлық  күшінің  ықпалымен  өзендер  мен  көлдер,
теңіздердің тік жағалауларынан, таулар  мен  сайлардың  жыраларынан  топырақ
массасы мен  тау  жыныстарының  төмен  қарай  тайғанап  ығысуы  (сырғанауы).
Көбінесе жыралардың  сумен  шайылуы,  оның  мол  жауын-шашынмен  шектен  тыс
ылғалдануы, жер сілкіну немесе адамның  іс-әрекеті  (жарылыс  жұмыстар  және
т.б.) болып табылады.
Сырғанау кезінде топырақ көлемі  ондаған  және  жүздеген  мың  текше  метрге
дейін жетіп,  кейбір  жағдайларда  одан  да  көп  болуы  мүмкін.  Сырғыманың
тайғанап ығысуының жылдамдығы  жылына  бірнеше  метрден,  секундына  бірнеше
метрге дейін ауытқуы мүмкін. Сырғыманың тайғанауының ең көп  жылдамдығы  жер
сілкіну кезінде  байқалады.  Топырақ  массасының  сырғуы  тұрғын  үйлер  мен
өндірістік ғимараттардың, инженерлік және жол  құрылымдарының,  магистральді
құбырлар мен электр тасымалдау желілерінің қирап  және  құлауына,  сондай-ақ
адамдардың зақымданып және мерт болуына әкеліп соғуы мүмкін.
      Сырғымаға қалай дайындалу керек. Сырғымалардың мүмкін болу жерлері мен
мөлшермен шекарасы туралы ақпаратты зерделеңіз, сырғыманың пайда болу  қаупі
туралы хабарлау дабылын, сонымен қатар осы дабыл берілген кездегі  іс-әрекет
тәртібін есте сақтаңыз. Ғимараттардың  есіктері  мен  терезелерінің  ашылмай
қалуы, сырғымақауіпті жартастар судың шығуы —  бұл  келе  жатқан  сырғыманың
белгілері болып табылады.  Жақындап  келе  жатқан  сырғыма  белгілері  пайда
болған кезде жақын маңдағы  сырғыма  станциясы  бекетіне  хабарлап,  олардан
ақпарат күтіңіз, ал өзіңіз ахуалға байланысты әрекет жасаңыз.
      Сырғыма кезінде қандай әрекет жасау керек. Сырғыманың пайда болу қаупі
туралы дабыл алған кезде электрқұралдарын, газ аспаптары  мен  су  құбырлары
желісін  ажыратып,  алдын  ала  әзірленген  жоспар  бойынша   дереу   көшуге
дайындалыңыз. Сырғыма станциясының анықтаған сырғыманың  ығысу  жылдамдығына
байланысты,  қауіпті  есепке  ала  отырып,  әрекет  етіңіз.  Ығысудың  әлсіз
жылдамдығында (айына метр) өзіңіздің мүмкіндіктеріңізге қарай әрекет  етіңіз
(құрылысты алдын ала дайындаған орынға көшіріңіз, жиһазды, заттарды  тасыңыз
және т.б.). Сырғыма ығысуының жылдамдығы тәулігіне 0,5  –  1,0  метрден  көп
болса алдын ала өтелген жоспарға  сәйкес  көшіңіз.  Көшу  кезінде  өзіңізбен
бірге  құжаттарды,  құндылықтарды,  ахуалға  байланысты  және   әкімшіліктің
нұсқауымен жылы заттар мен азық-түлік алыңыз. Дереу қауіпсіз жерге  көшіңіз,
және  қажет  болса  құтқарушыларға  қазуға,  опырылымдардың  астынан  зардап
шеккендерді алып шығуға және оларға көмек көрсету үшін жәрдемдесіңіз.
      Сырғыманың  ығысуынан  кейінгі  әрекет.  Сырғыманың  ығысуынан   кейін
сақталып   қалған   құрылымдар    қабырғаларының,    жабындарының    жағдайы
тексеріледі,  электр-,  газ-,   сумен   жабдықтау   желілерінің   зақымдануы
анықталады. Егер  де  Сіз  зардап  шекпесеңіз,  онда  құтқарушылармен  бірге
зардап шеккендерді үйінделерден алып шығыңыз және оларға көмек көрсетіңіз.
      Тау  тастарының  құлауы.  Тау   жыныстарының   кристалдық   торларының
температуралык, өзгерістер әсерінен  кеңеюі  мен  сырылуының  түрліше  болуы
физикалық  үгілуге  негіз  болады.  Бұл  өзгерістер  жыл  маусымдары   айқын
ажыратылатын аудандар мен климат  континенттілігі  жоғары  болатын,  әсіресе
тәуліктік  температура  үлкен  айырма-  шылық  жасайтын  жерлерде   каркынды
жүреді. Мұндай аудандарда үгілу  әсерінен  киыршьщтасты  қорымдар  түзіледі.
Тау жыныстарындағы ұсақ. жарықшақтарға су кіріп, ол  кеңейеді,  түнге  қарай
мұз қатып, жарықтар одан әрі ұлғаяды. Мұндай құбылыс  поляр  маңы  мен  биік
таулы жерлерге, сондай-ақ Сахара сияқты табиғаты «қатал» шөлдерге тән.
      Химиялық үгілу дегеніміз — тау жыныстары мен минералдардың құрамындағы
реакцияға тез түсетін заттардың (оттек, кемір  қышқылы,  тұздар,  қышқылдар,
негіздер)  ауадағы  су  буының  көмегімен  өзгеруі  және  өзара  әрекеттесуі
нәтижесінде  бұзылуы.  Сондықтан  химиялық  үгілу  ылғалды,   ыстық   климат
жағдайындағы субтропиктер мен тропиктерге, сондай-ақ теңіз маңы  аудандарына
тән. Әдетте, үгілудің  барлық  әрекеттері  қатар  жүріп  отырады,  сондықтан
айқын басымдылық танытатын әрекет түрі бірінші кезекте айтылады.  Өсімдіктер
өлемі мен жануарлар дүниесі де  белгілі  дәрежеде  физикалық  және  химиялық
үгілу әрекеттеріне қатысып, кейде тіпті оның жүру қарқынын күшейтеді.
      Өздерің тұратын өлкеде жер  бедері  пішіндерін  қалыптастыруға  қандай
күштер әсер етеді?
      Мәтінге сүйене отырып, оларға нақты мысал келтіріңдер.
      Үгілген  тау  жыныстары  салмағына  қарай  төмен  сырғуы  немесе   тік
беткейлерден етекке құлауы мүмкін. Олар кейде өздерімен бірге басқа  да  тау
жыныстарын сырғытып, ілестіре кетеді. Етекке құлап  түскенде  тау  жыныстары
көбінесе өзара  соқтығысып,  сынып,  ұсақталады.  Неғүрлым  майда  бәлшектер
желмен ұшырылып, шаң-тозаңға  айналады.  Түптеп  келгенде,  үгілудің  барлың
түрлері биік таулардың аласаруына, керісінше неғұрлым ойыс  жатқан  жерлерді
толтыру арқылы жер бедерінің тегістелуіне себепші болады.
      Үгілу енімдері мен борпылдақ жыныстарды тасымалдау арқылы жер  бедерін
өзгертуде  желдің  маңызы  зор.  Жел  әрекетінен  қалыптасатын  жер   бедері
пішіндерін золдық деп атайды. Әсіресе шөлдердегі  құрғақ  климат  жағдайында
жел әрекеті айқын көрінеді, мұнда құмды тебелер мен жалдар,  толқын  тәрізді
эолдық пішіндер таралған.  Теңіздер  мен  көлдердің  жағалауларында  да  жел
әрекетінен түзілген мұндай пішіндер жиі кездеседі.
      Үгілген тау жыныстарын тасымалдауда ағын  су  әрекетінің  алатын  орны
ерекше. Жаңбыр кезінде су беткейлер аркылы ағып,  бір  арнаға  тоғысады.  Ол
әрі карай жер бетін тілімдеп, жыралар, сайлар жасайды. Тіпті  жазық  жердегі
өзендер де еңкіштігі төмен, ағыны баяу болғанына  қарамастан,  өзімен  бірғе
көптеген жыныстарды тасымалдайды. Ал тау өзендері ағыны  қатты  болғандықтан
қүм, саз  сияқты  майда  жыныстармен  қатар,  өте  ірі  тастарды  да  ағызып
әкетеді.


      №5 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
    1. Қар көшкінінің болу уақытын анықтау әдістері, қар көшкінінің қорғану
       тәсілдері.
    2. Қауіпті құбылыстардың басқа түрлері: опырмалар, себілулер, беткейлік
       ағылу, жер бетінің отыруы және ойылымы, эрозия, шаңды дауылдар, т.б.


    3.  Олардың  ерекшеліктері,  жағымсыз  факторлары,  қорғану  құралдары,
       салдарды жою тәсілдері.















      Практикалық сабақ №6 Гидросферада болатын стихиялық құбылыстар.
      Сабақтың мақсаты: Гидрологиялық қауіпті құбылыстар:  тайфундар,  теңіз
деңгейінің қатты толқулары.Анықтамасы  және  сипаты,  зақымдаушы  факторлар,
алдын алу және құтқару жұмыстарының түрлері.


       Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6
      Таудың су тасқыны. Таудан аққан көп су аз  уақыт  ішінде  дүлей  күшке
айналып, жолындағы тау тастарын, топырақтарын  ала  төмен  құлайды.  Олардың
биіктігі 10-20 метрге, кейде 40-50 метрге  дейін  жетеді.  Құлау  шапшаңдығы
секундына 3-5 метрді құрайды. Су тасқынының пайда болу  себептеріне  таудағы
жауынның ұзақ болуын, мұздың кенеттен  мол  еруін,  сол  жердің  топырағының
бостығын, тас жиынтығының көптігін жатқызуға болады.
      Республика бойынша 300-ден аса осындай  қауіпі  бар  тау  бассейіндері
бар. Әсіресе қауіпті жерлерде Іле, Жоңғар, Талас, Алатау,  қаратау,  Кетмен,
тарбағатай таулары жатады. Бұл тауларда осындай тасқындар  жыл  сайын  болып
тұрады.
      Тау су тасқынынан сақтану жолдары:
    • Жауын уақытында және жауын өткеннен кейін 2 күндей тауға шықпау;
    • Тауда тек бұрын адам жүрген жолдармен жүру;
    • Жазда тауда түс қайтқанда, күн қызғанда жүрмеу;
    • Тұманды күні тауға шықпау;
    • Тауда жүргенде айқайламау, шуламау (дауыс ауаға әсер етеді, ауа  қарды
      қозғап жіберуі мүмкін);
    • Қар басқан тау бөктеріне жақындамау;
    • Егер тасқын жылжып келе жатқанын сезсеңіз, оның жолынан шығағу тырысу;
    • Күнделікті теледидар,  радиодан  берілетін  хабарларға  көңіл  аударып
      жүру.
   Су тасқыны. Бұл құбылыс та біздің елімізде жерімізде  жиі  болып  тұрады.
Тек соңғы бес  жылдың  ішінде,  Атырау  облысының  өзінде  ғана  бірнеше  су
тасқыны болды. Бұл өзгерістердің барлығы тек абиғат  күштерімен  ғана  болып
жататын құбылыстар. Әсіресе, Каспий теңізінің  тасуынан  Құрманғазы,  Исатай
аудандары көп зиян шегуде. Мал, қора, қыстақтар, үйлер суға кетуде.
   Жайық, Ойыл,  Эмбі  өзедерінің  суының  көтерілуінен  Қызыл-қоға,  Жылой,
Махамбет аудандары көп зиян шегіп отыр. Каспий  теңізі  мен  Жайық  өзендері
Атырау қаласына қауіп төндіруде. Бұған қарсы облыс басшылары тиісті  шаралар
қолданып (жағаны  бекіту,  елді  мекендерді  қауіпсіз  орындарға  көшіруді),
күрес  жүргізуде.  Осындай  жағдай  2003-2004  жж.  Шардара  су  қоймасында,
Сырдария өзенінің батысында болып, үлкен материалдық шығын әкелді.
   Су басу — өзен, көл немесе  теңіз  суының  деңгейінің  көтеріліп,  жердің
белгілі бір бөлігінің су  астында  қалуы.  Ол  елді  мекендердің  су  астына
қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне алып келеді.
   Көптеген су басудың  негізгі  себептеріне  нөсер  жаңбыр  жаууы,  қардың,
мұздақтардың үздіксіз еруі жатады.
   Сырғымалар, бөгеттерден, тоғандардан кенет бұзылуынан  пайда  болатын  су
басу өте қауіпті болады.
   Судың көтерілуінен болатын су басуы  Қазақстанның  барлық  аймақтарындағы
өзендерде болып тұрады. Оңтүстік  Қазақстан  өзендерінде  мұндай  құбылыстар
ақпан-наурыздан, оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда — наурыз  –  шілдеде,
республиканың жазықтағы өзендерінде – наурыз-маусым айларында болады.
Жаңбырдан болатын тасқындар,  Қазақстан  аумағында  таза  түрінде  негізінен
оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы тау етегінде  және  ортасындағы  өзендерде,
сайларда  көктемнің  аяғында  және  жаз  мезгілінде,  сондай-ақ  жазғы-күзгі
мерзімде. Ертіс байссеіні өзендерінде  байқалады.  Орта  таулы  аймақтардағы
жаңбыр тасқынының ерекшелігі сол,  белгілі  бір  жағдайларда  олардың  селге
айналуы мүмкін.
   Қума желге байланысты апатты тасқын  Қазақстан  аумағында  Орал  өзенінде
және  Каспийдің  бүкіл  солтүстік-шығыс  жағалауында  болады.  Атырау   және
Маңғыстау облыстарының бүкіл шаруашылық кешеніне орасан зор залал  келтірген
соңғы жылдардағы су тасқыны Каспий теңізінің  деңгейінің  көтерілумен  ушыға
түсуде.
Кептелулер мен тосқауылдардан болатын қирату салдары  бар  тасқынның  таралу
аудандары Іле, Жоңғар Алатауының, Шығыс Қазақстан өзендері  болып  табылады.
Олар күз бен көктемде мұз  жамылғысының  бұзылуы  мен  пайда  болуы  кезінде
байқалады.
Өзеннің жоғарғы бөлігінде  мұз  тосқауылдары  топырақ  бөгеттерінің  бұзылуы
жағдайында тасқын қас-қағым сәтте болуы мүмкін.
   Қалған жағдайларда су басу қауіпіне дер кезінде назар аударуға  мүмкіндік
беретін азды-көпті уақыт бар. Алайда қардың  көктемгі  еруі,  құбылмалы  ауа
райының созылуы, мұз жүрген кезде, қар еріп жатқанда және қолайсыз ауа  райы
кезінде батпақтардың үстімен жүрі өте қауіпті. Су  батпақтардың  сінгіштіген
азайтады да, батпаққа батудың қауіпі туады.
   Су тасқыны апаты кезінде мүмкіндігінше төменгі жерден жылдам кетіп,  биік
жерлерге көтерілу қажет.
   Елді мекендегі тасқын  кезінде  қауіпсіздің  көп  жағдайда  оның  алдында
жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.
   Республика аумағындағы көптеген тасқыдардың судың деңгейінің көтерілуінің
болатындығынан белгілі. Алдын  алу  жұмыстарының  тұтас  жүйесі  бар:  судың
басуы болатын  аумақтың  тасқын  судың  арнасын  бұру;  су  қоймасы,  ьөгет,
тосқауыл тұрғызу; жағаны биіктету және түбін тереңдету  жұмыстарын  жүргізу;
ғимараттар мен үй-жайларды судан оқшаландыру қондырғысын қою;  қысқа  бұталы
ағаштар отырғызу; жүзу және құтқару құралдарын жасау  және  даярлау;  толқын
соққыларына төзетін күрделі құрылысты тұрғызу;  отбасының  барлық  мүшелерін
жүзуге үйрету; қайықтың болуы; жақын орналасқан биік жерді білу;  жақындаған
зілзала туарлы  хабарды  алуға  дайын  болу;  тұрғын  үйдің  жанына  топырақ
салынған тосқауылдар қою, топырақ төгу.
Тұрғындарды уақытша көшірудің басталуы мен тәртібі туралы  жергілікті  радио
мен теледидар, ал жұмыс істейтіндерге кәсіпорын, мекеме  және  оқу  орындары
арқылы, ал өндіріс пен  қызмет  көрсету  саласында  жұмыс  істейтін  халыққа
тұрғын үй басқармасы органдары арқылы хабарланады.
   Халыққа жиналатын орынды, жиналу  мерзімін,  көшу  кезінде  жаяу  баратын
бағыт, сондай-ақ апаттың күтілген көлеміне орай туындаған  жағдайларды,  оны
ауыздықтау  жолдарын  және  барысын  және  басқа  да  мәліметтер  хабарланып
отырады.
Уақыт жеткілікті болған  жағдайда  қауіпті  аймақтағы  халық  дүние-мүлкімен
бірге су басу аймағынан тыс орналасқан жақын елді-мекендерге көшіріледі.
   Кәсіпорын  мен  мекемелер  су  қауіпі  төнген  жағдайда  жұмыс   тәртібін
өзгертеді, ал кей жағдайда жұмыс мүлдем тоқтайды. Су  басу  ықтимал  аймақта
мектептер  мен  балалардың  мектепке  дейінгі  мекемелері  уақытша   жұмысын
тоқтатып, балалар қауіпсіз жерге орналасқан ментеп  пен  балалар  мекемесіне
ауыстырылады. Егер  төменгі  қабатта  тұратын  және  кешенді  адамдар  судың
көтерілуін байқаса, жоғарғы  қабаттарға  көтерілуге,  егер  үй  бір  қабатты
болса, шатырға шығу тиіс. Жұмыста әкімшілік нұсқауымен белгіленген  тәртіпті
сақтап, биік орналасқан орындарға көтерілу керек. Далада кенеттен су  басқан
кезде дөңеске немесе ағашқа шығып,  әр  тұрлі  жүзу  құралдарын  пайдаланған
жөн.
Үйден  (пәтерден)  шыққан  кезде  өзіңізбен  бірге   құжаттарыңызды,   құнды
заттарды, аса қажетті заттарды, екі-үш тәулікке жеткілікті азық-түлік  қорын
алу ұсынылады.
Судың басуынан сақтауды қажет ететін және алу мүмкін  емес  мүлікті  жоғарғы
қабатқа, шатырға шығару керек. Үйден (пәтерден) шығардың алдында электр  мен
газды ажырату, пешті өшіру, есікті, терезені, ғимараттағы  желдеткішті  және
басқа да саңлауларды нығыздап жабу керек.
   Су басқан аумақтағы ададмдарды іздеу шұғыл ұйымдастырылып осы жұмысқа  АҚ
және ТЖ құрамалары, әскери бөлімдері, жүзу құралдарының  экипажы  мен  басқа
барлық қолда бар күш  пен  құралдар  тартылады.  Құтқару  жұмыстары  кезінде
ұстамдылық танытып,  құтқарушылар  талабын  бұлжытпай  орындау  керек.  Жүзу
құралдарына (қатар,  қайық,  желкен  және  т.б.)  шектен  тыс  салмақ  алуға
болмайды, өйткені бұл адамдардың өміріне қауіпті. Көмектің  бірінші  кезекте
балаларға, ауру адамдар мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаған жөн.
Су тасқынынан болатын ықтимал залалды азайту мақсатында  апатты  су  тасқыны
аймағын  ескере  отырып,  өндірістік   ғимараттарды   нығайтуға,   халықпен,
шаруашылық кешен объектілерінде  жұмыс істейтін қызметкерлерді өз  уақытында
хабарлауға, бағытталған шаралар жүргізіледі, олардың ішінде:
      - ықтимал апатты су тасқыны аймағында, елді мекендер  мен  шаруашылық
        кешен объекілерін орналастыруды шектеу;
      -  гидродинамикалық  авариялар  кезінде  ықтимал  залалды   төмендету
        жөніндегі  шараларды  ескер  отырып,  гидротехникалық  ғимараттарды
        жасау жөніндегі жобалық және құрылыс жұмыстарын орындау.
      - Елді мекенер мен шаруашылық  кешенді объектілерін  елді  мекендерді
        және  жайылымдарды  қорғай,  гринаждық  жүйені   құру,   жағалауды,
        суағарды бекіту,  ұстау  үшін  бөгет  орнату,  жолды,  көпірді,  су
        келетін каналдар қондырғысын  жөндеу,  шұңқырларды  жоюға  арналған
        авариялық материалдарды  жинақтау  және  бөгеттің,  гидрооқшаулағыш
        қондырғысы  мен  ғимараттың  биіктігін  көтеру,   аласа   ағаштарды
        отырғызу жолымен қорғау.
      - Ықтимал су басу аймағында орналасқан халықты,  шаруашылық  кешенін,
        объектілерінің гидротораппен сенімді байланысын қамтамасыз ету,  су
        басу  қауіпі  немесе  басталғандығы  туралы  оларға  өз   уақытында
        хабарлау.
      - Гидротораптың /тоғанның/ астындағы су деңгейінің  апатты  көтерілуі
        туралы  автматты  дабылдау  жүйесін   құру,   қала   АҚ   және   ТЖ
        органдарының, елді – мекендер мен  шарашылық  кешені  объектілерін,
        гидротораптық/тығынның / жойқындылықпен бұзылуы туралы хабарлау
      - Су  басқан  уақытта  тұтынушыларды  энергиямен  қамсыздандыру  және
        кезектеп ажырату жөніндегі схемаларды әзірлеу.
      - Гидроторап /тоған/ бұзылған кезде су  көлігі  тұрағының  орнын  дер
        кезінде таңдау және ұйымдастыру.
      -  Су  басу  аймағында  қалған  халықты  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету
        жөніндегі  шараларды,  эпидемияға  қарсы  шараларды  өткізуге   дер
        кезіндегі әзірлік.
      - Апатты  су  тасқынының  жағдайындағы  іс-әрекетке  халықты  оқытуды
        ұйымдастыру

      Су тасқыны қаупі пайда болған кездегі өткізілетін шаралар:

      - су басу  болжамына  тұрақты  назар  аудару,  шаруашылықтың  мүдделі
        салаларын гидрологиялық құрылыстардың  қауіпі  дамуы  туралы  жедел
        ескерту.
      - Тоғанның,  бөгеттің, су қоймасы мен басқа объектілерінің  жағдайына
        тұрақты бақылау жасау.
      - Су қоймасындағы судың жинақталуын ретте
      - Ірі өзендерде судың транзиттік жіберілун  жүргзу  /гидротораптардың
        жағасын нығайту немесе  осы  тоғандардың   аса  қауіпсіз  бағыттағы
        бұзылуын ауыздықтау.
      - Жүзу және құтқару құралдарын даярлау
      - Халық пен малды дер кезінде көшруге әзірлік және жүрізу, ықтимал су
        тасқыны ауандарынан материалдық құндылықтарды әкету.
      - Су тасқыны аймағындағы тұрған үйлерді судың басуын  болдырмау  үшін
        белгілі бір  уақытта  топырақ  салынғанқаптармен  бекіту,  үйлердің
        бірінші қабаттарындағы есік пен терезе тақтармен  немесе  үйеңкімен
        шегеленеді.
      Тасқын кезіндегі өндірістік қызметкерлер мен халықтың  өзін-өзі  ұстау
тәртібі  және  іс-әрекеті.  Халыққа  көшудің  басталуы  мен  тәртібі  туралы
жергілікті радиохабар торабы мен теледидар бойынша , ал жұмыс  істейтіндерге
кәсіпорын, мекеме және оқу орындары арқылы, ал өндіріс  пен  қызмет  көрсету
саласында жұмыс істемейтін халыққа тұрғын  үй  басқармасы  органдары  арқылы
хабарланады.
      Халыққа жиналатын нүктелерінің орны, осы нүктеге  келу  мерзімі,  көшу
кезінде жаяу баратын  бағыт,  сондай-  ақ  апаттың  күтілген  көлеміне  орай
туындаған жергілікті  жағдайда, оны ауыздықтау  уақытына  қатысты  басқа  да
мәліметтер хабарланады.
      Уақыт  жеткілікті  болған  жағдайда  қауіпті  аймақтағы  халық  дүние-
мүлікпен бірге көшіріледі. Көшіру су басу  аймағынан  тыс  орналасқан  жақын
елді  мекендерге  бойынша  жүргізіледі.  Халық  қоғамдық  ғимараттарға  және
жергілікті   тұрғындардың    тұрғын     алаңдарына    қоныстандыру    жолмен
орналастырылады.
      Кәсіпорындар мен мекемелерде су қаупі   төнге  жағдайда  жұмыс  режимі
өзгереді, ал кей жағдайда жұмыс тоқтайды. Су басу ықпалы  аймақта  мектептер
мен  балалардың  мектепке  дейінгі  мекемелері  уақытша  жұмысын   тоқтатып,
балалар  қауіпсіз   жерге   орналасқан   мектеп   пен   балалар   мекемесіне
ауыстырылады. Егер төменгі  қабатта  тұратын  және  көшедегі  адамдар  судың
көтерілуін байқаса, жоғарғы қабаттардаға көтерілуге,  егер  үй  бір  қабатты
болса,  шатырға  шығуға  тиіс.  әкімшілік  нұсқаумен  жұмыста  болған  кезде
белгіленген тәртіпті сақтап,  биік  жердегі  орындарға  бару  керек.  Далада
кенеттен су  басқан  кезде  дөңеске  немесе  ағашқа  шығып,  әр  түрлі  жүзу
құралдарын пайдаланған жөн.
      Үйден /пәтерден/ шыққан кезде өзіңізбен құжаттарыңызды,  ұндылықтарды,
аса қажетті заттармен, 2-3 тәуліктік азық- түлік қорын алу ұсынылады.
      Судың басуынан сақтауды қажет ететін  және  алу  мүмкін  емес  мүлікті
жоғарғы қабатқа , шатырға шығару керек.  Үйден  /пәтерден/  шығадың  алдында
электр мен газды ажырату, пешті өшіру, есікі, терезені, ғимараттағы  желдету
және басқа да саңлауларды нығыздап жабу керек.
      Су басқан аумақтағы адамдар іздеу шұғыл ұйымдастырылып,  сол  үшін  АҚ
және ТЖ құрамаларының, әскери бөлімдерінің  жүзу  құралдарының  экипажы  мен
басқа  барлық  қолда  бар  күшпен  құралдар  таратылады.  Құтқару  жұмыстары
кезінде, ұстамдылық  танытып,  құтқарушылар  талабын  қатаң  орындау  керек.
Құтқару құралдарын /катер, қайық,желкен  және  т.б./  шектен  тыс  толтыруға
болмайды, өйткені бұл адамардың өміріне қауіпті.  Көмектің  бірінші  кезекте
балаларға, ауру адамдар мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаға жөн.
      Суда қалған кезде ауыр киім мен аяқ киімді шешіп, жақында жүзіп жүрген
затты пайдалану, көмек күту керек. Жақын маңдағы су  баспаған  жерге,  ағысқ
қырындай жүзе тұрып бару керек.
      Батқан адамға шалқалай жүзіп барған  жақсы.  Жақындаған  оны  басынан,
иығынан, қолынан, жағасынан ұстап, оны шалқалай жатқызып, бос  қолмен  аяқты
семей отырып жағаға қарай жылжу керек.
      Қайықта батқан адамдар ағысқа қарсы, жел соққан кезде жел мен толқынға
қарсы жақындау керек.
      Су басқан кезде жоғарыда келтірілген шаралардан  басқаөтпел  жолдармен
көпірлерді жедел қалпына келтіру, зардап шегуілерге киім мен тамақ  жеткізу,
қосымша бөгетті,  су жіберетін каналдар мен тоғандарды тұрғызу, бұыннан  бар
бөгеттердің  саңылауы  мен  шайылған  жерін  бітеу,  өндірістік   қондырғыны
құтқару, комуналдық энергетика желісінің  зақымдалуын  жою.  Ғимараттар  мен
тұрақтарды қысқа уақытта қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар орындалады.
      Су кеткеннен кейін үзілген және ілулі тұрған  электр  өткізгіштерінен,
зақымдалған газ желісінен сақтану қажет. Үйге кірерде оның бөлшектерінің  су
толқынының соққысынан теңселмейтіндігіне көз жеткізу қажет.  Судан  табылған
азық  –  түлікті  тасқынннан  кейінгі  іркілен  суды  пайдаоануға  болмайды.
Әкелінетін су болмаған жағайда жақын маңдағы құдықты  түбіне  дейін  сарқып,
ол топырақ суымен қайта толғанша күту керек.


      №6 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
    1. Қауіпті гидрологиялық құбылыстар
    2. Қазақстанда су басуды тудыру себептері
    3. Су тасқыны қаупі пайда болған кездегі өткізілетін шаралар
    4. Aлдын алу және құтқару жұмыстарының түрлері.


























































      Практикалық сабақ №7 Метеороглогиялық табиғи құбылыстар.
      Сабақтың мақсаты: Халықтың іс әрекеті,  алдын  алу  шаралары,  құтқару
жұмыстарының түрлері

      Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7
      Дауыл — жойқын күші бар және едуәір  созылатын,  30  м/с  жылдамдықпен
соғатын жел. Дауылдардың пайда болуына  ауа  айналымының  ерекше  жағдайында
пайда  болып,  атмосферадағы  тепе-теңдіктің  өте  жоғары  жылдамдықпен  аяқ
асытнан бұзылуы әсер етеді.
      Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам  құрбандықтарын  алып  келеді,
малдар шетінеп, материалдық залал келітреді. Ең қауіпті  аймақта  тұрғын  үй
салуға  тыйым  салынып,  ал  қалған  аймақтарда  сейсмикалық  аудандар  үшін
қабылданған құрылыс нормалары енгізіліп, онда пайдаланылатын  материалдардың
қолайлы үлгілері көрсетілуге тиіс. Дауыл өзінің  алапат  күшімен  инженерлік
ғимараттарға жер сілкінісінен кем әсер етпейді.
      Шаңдақ дауыл — бұл күшті жел салдарынан  шаңның,  құмның,  топырақтың,
тұздың және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға көтерілуі.
Қазақтсан аумағында шаңдақ дауыл — сәуір, мамыр және қыркүйек айларында  жиі
байқалады.
      Дауылдың жойқын салдарын төмендетудің  тиімді  шарасы,  ол  –  таянған
дауыл қауіпін тұрғындарға дер кезінде  хабарлау  және  дауыл  болып  тұратын
аудандарындағы осыны ескере отырып орналастыру. Ең  қауіпті  аймақта  тұрғын
үй салғызбай, ал қалған аймақтарда  сейсмикалық  аудандар  үшін  қабылданған
құрылыс нормаларын енгізіп, бақылауға алып көмектесу керек.
      Дауылдың жақындағаны туралы хабар алған соң, мына  іс-әрекетті  жүзеге
асыру қажет:
      Панахананы, жертөлені әзірлеу; есікті, терезені, шатырдағы (желдеткіш)
люкті нығыздап жабу; саңылауларды бекіту;  төбеден,  лоджиядан,  самалдықтан
жел ұшырып кету қаупі бар заттарды шығару; даладағы заттарды  бекіту  немесе
үйге кіргізу; газды, электр жүйесін  ажырату,  суды  жабу;  пешті  сөндіріп,
қажет болса қорғаныс панаханаларына барып орналасу керек.
      Өндірісте барлық  сыртқы  жұмыстарды  тоқтату,  қондырғыларды  бекіту,
агрегаттарды, механизмдерді  ажырату  және  панаханаларға  жасырыну,  ауылды
жерлерде фермалардағы мал  үшін  жемнің,  судың  қорын  даярлау,  панаханада
радиоқабылдағышты тұрақты қосып қою  керек.  Ғимарат  ішінде  болған  әйнек,
шыны сынықтарынан және жарықшақтардан сақтанған жөн. Далада қалған кезде  ең
жақын шұңқырды, жел өтінен  сақтайтын  жерлерді  іздеу  керек  немесе  жерге
етпетінен жатады. Орманда  қалғанда  ең  жақсысы  ашық  алаңға  шыққан  жөн,
нөсерлі   дауыл,   найзағай   жарқылдаған   кезде   жалғыз   тұрған   ағашқа
жасырынбаңыз, электр беру  желілерінің  діңгектеріне  жақындамаңыз.  Дауылды
жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше  адам  болып
шығады. Шаңдақ дауыл жақындағанда үйде есік  пен  терезені  нығыздап  жауып,
ғимараттан шықпаған жөн. Үй хайуанаттарын қорға немесе ғимарат  ішіне  қамау
керек.
Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда  болсаңыз,  малды  тасаға
жасыру қажет. Жақын жерде сексеуіл, шеңгел тәрізді бұталы жерде малды  ұстай
тұрған жақсы.
Егер дауыл кезінде елді мекеннен қашықта болсаңыз,  көру  қашықтығы  азайып,
адасып кету қауіпі туса, онда  қозғалысты  тоқтату  қажет.  Егер  адассаңыз,
жарақат алсаңыз, онда өз орныңызды білдіру мақсатында түтіні  қатты  шығатын
матаны, бұтаны, көк шөпті жағып, дыбыс беріп, алыстан көрінетін  ашық  затты
жерге іліп, қам жасағаныңыз жөн.
Егер шаңдық дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңізді түймелеп,  бас
киімдеріңізді киіңіз. Көзіңізге  шаң  мен  тас,  қоқым  түспес  үшін  арнайы
көзілдірік киіңіз. Егер қандай  да  бір  жамылғы  болса,  оны  шаңнан,  суық
желден, дененің суынуынан қалқа ретінде пайдалануға болады.
      Дауылдан, бораннан, буырқасыннан  кейін  құтқару  бөлімшелері  еңбекке
жарамды тұрғындармен  бірге  жасырынған,  жарақаттанған  адамдарды  шығарып,
қауіпсіз жерге немесе емдеу мекемесіне апарады.

          Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару.
Әрбір адам төтенше жағдайға тап болуы мүмкін, мұз үстінде балық аулау,  аңға
шығу, шеру, мұз үстінде жүргенде, ұшақтар  мен  поездтар  апатқа  ұшырағанда
т.б.
      Қыс  мезгілінде  табиғат  адамға  аяныш  жасамайды.  Ол   жеңілтектік,
      білімсіздік, ырықсыздарды қатты жасайды. «Мұзды аймақта» жарақат  алу,
      адам өлімі, мұз астына түсіпкеткенде, далада  қалып  қою,  ауыру  т.б.
      Мұзда қалу жағдайында әр адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару
      ережелерін, аман қалу  жолдарырн,  өзін-өзі  құтқару  амалдарын  дұрыс
      ұйымдастыра білуі қажет.
      Мұздың тығыздығы мен қауіпсіздік шаралары бір адам үшін қыс мезгілінде
(-50 градус) мұз қалыңдығы 4-5 см, екі адамға 8  см,  5-7  адамға  12-14  см
қауіпсіз  болады.Ең  қалың  мұздың  түсі   көкшіл   (не   жасылдау)   ауасыз
(көпіршіксіз) болып келеді. Екі есе әлсіз-  мұз,  сүт  түсті  (қатты  қардан
соң) жарылмай-ақ сынады. Мұздыңүстімен аяқ  астында  майда  жарықшақтар  мен
жәй дыбыс шығарғанда басқадай шаралар болмасы жүруге болады.
      Ең қауіпті мұз:  көктемгі  күн  жылына  бастағанда,  жаңбыр  жауғаннан
кейінге мұз ақ түске айналады, кейде сары түске енеді.
      Күзде боран мен қардан кейінгі  мұз  үстімен  жүруге  болмайды.  Қатты
ағымды өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажат.
      Қан қасымы ми жиілігі анықталмаған жағжайда  жасанды  түрде  «ауыздан-
ауызға» жасау қажет немесе бір мезгілде жүрегіне массаж жасау қажет.
      Зардап  шегушіні  жағаға  жеткізу   түрлері:     Мұз   үстіндегі   жол
ерекшеліктері.
        Өз құрылымына қарай әр өзен, көлдер, мұз қатуы әртүрлі болады.
      Тез  ағатын,  иірімді  өзендердің  жағалауынан  алысырақ  болу  керек,
себебі ортада мұз бүтін қалапта болады. Өзенге немесе жағалауға қардан  таза
жермен өту керек.
      Қар  көп  жиналған  жерде,  жарларда,  қамыс  көп  өскен  жерде,  ағаш
жырғалардың қосылған жерінде, көл, өзендердің (су тез ағатын  жерлерде)  мұз
жұқа болып қатады.
      Суық күндері өзеннің, көлдің қатпай қалатын  жерлерінен  «бу»  шығады.
Көктемде мұз басқан бұталар мен қалың шөп өскен жерлер қауіпті.
      Мұз үстінде жүру ерекшеліктері:
      • қатпаған мұз үстінде шықпаңдар;
      • мұз үстінде топ болып тұрамау керек;
      • мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз;
      • биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз;
      • мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз;
      • мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз;
      • өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер
      Мұз үстінен жүру ережесі: Мұздың толық қатпағанын  білсеңіз,  сырғилап
жүріп, аяғыңызды жұмсақ жерге басқанда мұз  қатпағанын  білсеңіз  тез  қимыл
жасаңыз. Шаңғымен жүргенде топ бірінің артынан бірі жүре отырып, аралап  5-6
метр болуы тиіс. Топ басшысы тәжірибелі болуы тиіс. Топ  басшысының  құтқару
жейдесі,  ұзынтаяғы  болуы  тиіс.  Жай  жүрісте  мұз   тез   сына   қоймайды
(секірмесең,  жүгірмесең).Мұздың  сынуына  ондағы  жарықшық,  түсі  бұзылуы,
үстінде су пайда болуы әсер етеді. Мұндай жағдайлар байқалған жағдайда  өзің
келген ізбен тез артқа қайту керек.
      Егер аяғыңыздың астында мұз  жарылсы:  Мұндай  жағдайда  шу  көтермей,
салқын қандылық танытыңыз. Арқаңыздағы жүгіңізді түсіріп,  келген  ізіңізбен
қайтыңыз. Егер де суға түсіп кетсеңіз, онда артық  жүгіңізден  арылыңыз.  Су
бетінде тұру үшін, мұз бетіне шығуға әрекет жасаңыз. Алдымен мұз бетіне  бір
аяғыңызды, кейін екінші аяғыңызды шығарыңыз. Дем алып, мұз  жарылған  жерден
алыс кетуге тырысыңыз, бар даусыңызбен көмекке шақырыңыз.
      Егер сіз көмек  көрсететін  болсаңыз:  Мұз  жарылған  жерге  ішіңізбен
еңбектеп, екі қолыңызды аяғыңызды етбеттеп жатып жетіңіз, болмаса тақта,  не
шаңғыға сүйеніңіз. Зардап шегушіге жақындап, оған  арқанның,  трос,  белбеу,
шарф т.б. лақтыру керек.
    • мұз ойылған жерге дейін тақта, шаңғы, саты т.б.
   Зардап шегуші сол заттарын біріне қолы жетісімен, жайлап  еңбектеп  өзіңе
тарт.Суға батушыға бір болмаса екі адам ғана болып көмектесе алады.


   Мұз  үстінде  қалып  қойғанда  не  істеу  керек:Шу  көтермей,  даурықпай,
тыныштық  сақтаңыз.  Жағдайды  анықтап,   қасыңыздағы   адамдарды   тыныштық
сақтауға шақырыңыз! Мүмкіндік  болса  1-2  адм  суға  секіріп  жағаға  жүзіп
барып, көмек шақырсын. Мұз үстінде қалғандар  аспанға  оқ  атып,  от  жағып,
дауыстап адамдардың көңілін өздеріне аударуы қажет.
      Құтқару құралдарын ағаштан, резина  камераларынан,  ұйықтайтын  қапшық
т.б. жасауға болады.




















      Үсік алу. Қатты үсікті санаулы минутта алу мүмкін, көбіне адамның
беті, қолы,      аяғы үседі.
      Қалай   жылыну   керек    Қолды    үсік    шалғанда    саусақтарыңызда
жұдырықтарыңызға жинап, киім астына салу, қолыңыз жылып, құрғаған  соң  ғана
қолғабңызды  киіңіз.  Егер  қолқап  ішінде  қолыңыз  тоңса,  онда  қолыңызды
сермеңіз, қолды жұдырығыңызға түймеңіз. Қолыңызды ішіңізге салып  жылытыңыз.
Егер аяғыңызды үсік шалса,орныңыздан қимылдаңыз. Егер бетіңізді үсік  шалса,
бетіңізді төмен қаратып, алға жүріңіз, не 10-20 рет еңкейіп, қимыл  жасаңыз,
үсік шалған бетті жұмсақ матамен сүртуге болады,  қармен  сүртуге  болмайды.
Бетіңізді желден қатты матамен жасалған тұлша арқылы сақтауға болады.





       Көкмұз – бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде,  тротуарларда  болады.
Көкмұз – ауа температурасы 0С-ден –  3  С  пайда  болады,  мұздың  қалыңдығы
бірнеше см. жетеді.
       Мұздақ  –  жер  үстінде  пайда  болатытн  мұздың  жұқа  қабаты,  күн
суығаннан кейін, не жаңбырдан кейін пайда болады.
       Мұздақ үстінде жүргенде табанды нық басып, асықпай, тізені бос қолды
ұстап жүру керек.
       Асығу – көкмұз үстінде құлауға әкеліп соқтырады.

      Қарлы боран (дауыл)
       Егер сіз боранда қалсаңыз:
       Қар үстінен паналайтын орын дайында;
    • ағаштардың арасынан қуыс жер табыңыз;
    • паналайтын орныңызды үлкейтіңіз;
    • ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса балауыз жағыңыз.
                   Паналайтын жерде отырып не істеу керек:
    • паналаған орынды белгілеу керек;
    • бір-біріңе жақын отыру керек;
    • барлық киім түймелерін салып, етек-жеңін дұрыстау керек;
    • Су киімді сығу керек;
    • ыстық шәй, кофе ішу керек;
    • басыңды, аяғыңды барынша жылы ұстау керек;
    • майлы азық пен қант жеу керек
   Түн уақытта не істеу керек:
    • Ішімдік ішпеу;
    • отты қараусыз қалдырмау;
    • орынды себепсіз қалдырмау.
                  Автокөлікте келе жатып боранда қалсаңыз:
    • машинаның жалюзиін жауып, қозғалтқышын радиатор жағынан жабыңыз;
    • автокөлігіңізді қар ұрған жағына қойыңыз;
    • қар астында қалмау үшін көлік айналасын қайта- қайта қардан тазалаңыз;
    • пайдаланған газ шығатын трубаның қармен толып қалуын, сол газдың көлік
      ішіне кірмеуін қадағылыу керек.
 Жылдың
                      Егер автокөлік жолда өшіп қалсы:
    • даурықпаңыз, жағдайды байқаңыз, қай  уақыт,  қай  жерде  тұрғаныңызды,
      елді-мекенге қанша жер бар екенін анықтауға тырысыңыз;
    • егер күтетін болсаңыз, ұйықтап қалмаңыз;
    • егер ары қарай жүретін болсаңыз, трасса  мен  көшеден  шығып  кетпеуге
      тырысыңыз.

      Автокөлікте кемінде 5 дөңгелек  болады,  қажет  болса  біреуін  жағуға
болады.
      Үсіген адамды жылыту жолдары:
      Ең тиімдісі:
    • ваннада (40 С жооғары емес);
    • ыстық суға малынған  сүлгі,  жаймаға  орау,  суысымен  қайты  жылысына
      ауыстырып орау керек.
      Бір мезгілде зардап шегушінің саусақтарын уқалап  отыру  керек,  аяғын
жоғары көреріп қойса, денесі мен басына қан жақсы жүреді.
      Дененің кейбір жерлерінің қатты үсуі өмірге өте қауіпті.
      Мысалы: оттың қасына зардап шегушіні орап отырғызған дұрыс,  оған  өте
ыстық болмауы тиіс, жылынған сайын оттан алыс отырғызған дұрыс.
      Зардап шегуші жылынып, өз қалпына келсе: тәтті шәй немесе  кофе,  егер
лоқсымаса, құспаса онда тамақтандыру қажет.

      Құрғақшылық  –  көбінесе  температураның  жоғарылауынан  және   ауаның
ылғалдығының   төмендеуінен   болады.   Қатты   ыстық   –    қоршаған    ауа
температурасының күрт жоғарылауынан және бірнеше күн ішінде жоғарылауы.  Бұл
адам температурасының 38,8  С  жоғарылап,  дене  температурасының  бұзылуына
әкеліп соқтырады. Дененің қатты қызуы жүрек қызметінің бұзылуына  жеткізеді.
Дене күйюінің белгілері: терінің қызаруы,  қатты  шөлдеу,  дененің  құрғауы.
Ары қарай есінен танып қалу, жүректің тоқтап қалу және демнің жетпеуі.
      Құрғақшылыққа қалай дайындалу керек (қатты  ыстық):
Керек болған  жадғдайда  сұйықтықты  көбірек  іші  керек.  Ыстыққа  арналған
киімдерді, электр құралдарын (желдеткіштер, салқындатқыштар) дайындау.  Егер
сіз ауылдық жерде тұрсаңыз – демалыс орнын, құдықты,  сонымен  қатартерезеге
арналған  шторларды  дайындау  керек.  Мүмкіндігінше   электр   құралдарымен
қамтамасыз ету үшін,  электроэнергия  автономды  бастауышы  алынсын.  Өзіңіз
және отбасыңызды жылу күшейген жағдайда дұрыс қимыл жасай біліңіз.
     Құрғақшылық болған кезде не істеу керек (қатты ыстық кезде)
     Табиғат  апаттары  турал  мәлімет  алып,  халықтарға  көметтесу   үшін
жергілікті   билік   органдарымен    хабарласыңыз.    Зардаптар    қайталану
мүмкіндігіне дайын болыңыз.
     Найзағай – бұл аспандағы  бұлт  арасынан  от  тәрізді  шақпақ.  Қаупі.
Найзағай жарқылы үлкен разрядты токпен тең,  ал  оның  температурасы  300000
градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы  температурадан  6  есе  жоғары).
Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100  мың  километр.  Найзағай
түскенде талдың жанып кетуі де  мүмкін.  Найзағайдың  адамға  түсуі,  өлімге
дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады.
      Найзағай көбінесе қайда түседі? Найзағай  бірінші  биік  затқа  (талға
т.б.) түседі.
      Найзағайға қалай дайындалу  керек.Найзағайдың  түсу  қаупінен  қорғану
үшін, оған қарсы жерасты  орнатқыштарын орнату қажет.
      Табиғатқа шығу алдында  ауа  байы  болжамын  тыңдау  қажет.  Егер  күн
бұзылады деп болжалдаса, басқа күні шыққаныңыз дұрыс болады.
      Егер сіз найзағай болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте оның  жерге
түсу жақындығын  анықтаңыз  және  дауыл  жақындап   не  болмаса  қойғандығын
қараңыз. Жарық жылдамдығының  тездігіне  тездігіне  байланысты  (300000км/с)
онда найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс  кешігуі
арақашықтық  пен  оның  тездігіне  байланысты   анықталады.   Мысалы:   егер
жарқылдан  кейін  найзағайға  5  с  өтсе,  онда  найзағай  фронтының   арасы
340м/с*5с = 1700м.
      Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда  найзағай  фронты  сирейді  ал  егер
дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы.
      Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл  болса,  найзағай  өте  қауіпті.
Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды  жабыңыз.  Пеш
жақпаңыз,  себебі  пеш  трубасынан  шығатын   жоғары   температуралы   газда
қарсыласа  алмаушылық  болады.  Телефонмен  сөйлеспеңіздер:  кейде  найзағай
столбылардың арасында  тартылған  сымдарға  түседі.  Найзағай  болып  жатқан
сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе  жанындағы орнықтарғыштарға,  үйдің
төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен  қатар  теледидар,  радио
және т.б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз.Егер сіз орманда  болсаңыз,  қысқа
талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың  қасына,  әсіресе  қайыңның,
еменнің қастарына тығылмаңыз.  Су  жиналатын  жерде  немесе  оның  жағысында
тұрмаңыз. Жағадан  аласырақ,  яғни  жоғары  жерден  төменге  түсіңіз.  Жазық
далада, егістікте немесе  қорғанатын  жер  болмаған  кезде  жерге  жатпаңыз,
қазылған жердің шетіне аяғыңызды қолыңызбең ұстап  отырыңыз.  Егер  найзағай
дауылы сіз спортпен айналысу барысында болса,  дереу  тоқтатыңыз.  Металлдан
жасалған заттарды (мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш және т.б. ) шетке  қойыңыз
және 20-30 м алыс тұрыңыз. Егер найзағай сіз көліктің ішінде  отырған  кезде
болса,  машинадан  түспей,  терезені  жауып,  радиоқабылдағыштың  антеннасын
төмен түсіріңіз.



      №7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
    1. Метеорологиялық қауіпті құбылыстардың түрлері
    2. Анықтамасы және сипаты, кеңістіктік таралуы, күші және қарқындылығы,
       жиілігі және ұзақтығы, жағымсыз әсерлері
    3. Алдын алу шаралары, атмосферадағы әр қауіпті  құбылыс  үшін  құтқару
       жұмыстарының түрлері.






















      Практикалық сабақ №8 Табиғи өрттер.
      Сабақтың мақсаты: Олардың сипаттамалары,  туындау,  даму  және  таралу
ерекшеліктері.  Жағымсыз  әсерлері,  алдын  алу  шаралары,  табиғи  өрттерді
таратпау және сөндіру тәсілдері

      Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8
      Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі  түрлері  ландшафты
өрттер – орман, орманды дала және дала (егіс) өрттері болып бөлінеді.
Ормандағы  өртті  сөндірудің  негізгі  жолы  суды   пайдалану,   ал   мүмкін
болмағанда өртті қолда бар құралдармен сөндіруге күш  салады.  Мысалы,  отты
топырақпен көму, оттың шоғын бұтамен жанып кетен жерге қарай  сыпыру,  қарсы
от қою, тулақты немесе киізді пайдалану т.с.с.
      Ормандағы  өрттердің  80  пайызы   халықтың   еңбек   немесе   демалыс
орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан,  сондай-ақ  орманда  ақаулы
техниканы пайдалану нәтижесінде болады.
      Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, сондықтан  оны  кедергі
жасау,  күйдіру  және  суды  пайдалану  арқылы   сөндіреді.   Бұл   жағдайда
кедергінің ені  ағаш  биіктігінен  кем  болмауы  керек,  ал  жоғарыдағы  өрт
аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде  150-200  м
өрт қанаттарының алдында кемінде 50 м болуға тиіс.
      Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кішігірім
өрттің өзінде адамдарды жаппай үрей  билеуі  адам  шығынына  әкелуі  мүмкін.
Өзін-өзі ұстап үйреген адам қиын  сәтте  өз  өмірін  құтқарып  қана  қоймай,
басқа адамдарды, материалдық құндылықтарды да құтқара алады.
      Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа  кірсеңіз  панахана  орны
мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Оттан қорғайтын киім  киіп,
керекті жарақтарды (адамдағы мүмкіндігішне арнайы киім,  противогаз,  каска,
түтіннен қорғайтын маска)  пайдалану  керек,  әр  топта  сол  аймақты  жақсы
білетін жол серік болғаны дұрыс. Егер  түтіндеу  аймағындағы  көру  шегі  10
метрден аспаса, ода оған кіруге болмайды.
      Өрттен адамдарды құтқару кезінде өте жылдам әрі тиімді қимылдау қажет,
себебі түтін, улы газ, жоғары температурадағы ыстық, ғимараттың құлауы,  тез
жанатын және улы газ бөлетін  заттардың  болуы  сияқты  қауіптер  кез-келген
жерден шығуы мүмкін. Жанған ғимарат  арқылы  үсті-басқа  ылғал  мата  (киім)
жауып, түтіннен жоғарылай немесе тізерлей қозғалу керек.
      Көп қабатты ғимараттарда, егер  подъезден  шығуға  мүмкіндік  болмаса,
балконды, апаттық люк пен  балкондағы  баспалдықты,  көрші  подъезд  арқылы,
құтқаруға арналған төбенің люгін пайдаланыңыз.  Құтқару  жұмысына  қатысатын
адам, алғашқы медициналық көмекті көрсете білуге тиіс.
                                     Өрт
    • Отпен жұмыс істегенде абай болуға;
    • Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына;
    • Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге;
    • Автокөліктен шыққан жалынға;
    • Күн күркірегендегі найзағайларға;
    • Майланған материалдың үйкелісіне;
    • Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі.

   Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр  желілері  мен  ағаш
бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және  басқа  материалдар
мен  адамдар,  ауылшаруашылық   малдары   өртке   шалдығуы   мүмкін.   Орман
алқабындағы шөптерден, бұталардан,  ағаш  түбіртектерінен,  шырпылардан  өрт
шалады.  Ауа-райы  құрғақ  болған  жылдары  жоғарғы  өрт   желдің   есебінен
ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт  шалады.  Төменгі  өрт
тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге  дейін,  ал  жоғарғы  өрт  желдің
бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.
      Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды.
      Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.

                      Орманда жүргенде есіңізде болсын:
    • Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;
    • Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;
    • Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;
    • Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып,  толық
      өшіріп кетіңіз;
    • Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;
    • Бөтелкенің жәшігі мен сынған  бөтелкелерді  қалдырмаңыз.  Күн  сәулесі
      түсіп өртке айналуы мүмкін;
    • Жаңа  басталған  өртті  сумен,  ағаштың  жапырақты  бұтақтарымен  және
      топырақ тастау арқылы өшіріңіз.

      Ескерту шаралары:
      Өрт  қауіпсіздігін  сақтау  мақсатында  алдын-ала  жол  салу  шаралары
жүргізіледі. Орманның ішінен ағашы  кесіліп  салынған  жол  жасау  және  тас
төсеп орманда ені  5-10 м, ал қылқан жапырақты орманда 50 м-ге дейін.  Елді-
мекендерде су  көздері  мен  тоғандар  30  куб  метр  1  га  алаңға  есеппен
жүргізіледі. Орманға жақын елді-мекендерде тоғандарды уақытылы  тазалау,  су
толтырып қою 1м-ден жоғары орман ағаштарына 10 л су есебімен,  құдықтар  мен
тоғандарды қайта - қайта жөндеу,  тыныс  алу  органдарын  респираторлар  мен
басқа да  жабдықтармен  қамтамасыз  ету  және  құрғақшылық  уақытта  орманға
баруды тоқтату (әсіресе көлікпен). Егер сіз орман  алқабында  немесе  торфқа
жақын жерде, өртке жақын  жерде  болсаңыз  өз  күшіңізбен  өртті  сөндіруге,
әліңіз  жетпесе,  өрт  болып  жатқан  қауіпті   аймақтан   шығу   керектігін
ескертіңіз. Жолға, алаңға, өзеннің жағасы мен  судың  айналасына,  егістікке
шығуын  ұйымдастырыңыз.  Қауіпті  аймақтан  тез   өрт   қимылының   бағытына
перпендикуляр шығыңыз. Егер мүмкін болмаған жағдайда суға кіріңіз немесе  су
киімді жамылыңыз. Өрт болған  жерден  шыққаннан  кейін  тұрған  жері  өрттің
көлемі туралы мекен-жайдың әкімшілігі мен  орман  шаруашылығы,  өрт  сөндіру
қызметіне хабарлау қажет. Өртті сөндіруді ұйымдастыру керек.  Төменгі  өртті
су құйып, ылғалды топрақтармен, аяқпен тастап өшіру  керек.  Торфтағы  өртті
ыстық торфты аударып, су құю арқылы өшіру керек.


      №8 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
    1. Табиғи өрттердің түрлері: ормандық, далалық және шымтезектік.
    2. Олардың сипаттамалары, туындау, даму және таралу ерекшеліктері.
    3. Орманды өрттен сақтау шаралары.


      Практикалық сабақ  №9  Адамдардың,  ауыл   шаруашылық  малдың  жұқпалы
аурулары,  аурулармен  және  зиянкестермен  ауыл  шаруашылық  өсімдіктердің,
дақылдардың зақымдануы.
      Сабақтың мақсаты: Халықтың іс әрекеті, қорғану шаралары, алдын алу
және болжау.


      Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №9
      Жұқпалы  аурулардан  сақтандыру.  Жұқпалы  ауруларға  қатысты  ескерту
шараларының кешені жұқпалылық барысының барлық үш  буынына  –  жұқпалы  ауру
көзіне, оның берілу жолына және организм қабілетіне бағытталған.
      Жұқпалы көзіне қатысты өткізілетін шараларға ауруды ертерек,  белсенді
және толық анықтау,  оларды  дер  кезінде  оқшаулау,  емханаға  жатқызу  мен
емдеу, ошақта дезинфекциялық шараларды жүргізу жатады.
      Жұқпалылық барысы екінші буынының – қоздырғыштың берілу жолының үзілуі
аса  маңызды,  сондықтан  ауруды  сақтандыруда  жеке   гигиена   тәртіптерін
сақтауға, халық  арасында  гигиеналық  дағдылар  мен  санитарлық  мәдениетті
сақтауға, сақтандыру және жұқпалылармен күрес шараларын жүргізуде  денсаулық
сақтау органдарына көмектесуге үлкен маңыз беріледі.
      Ауру ошағында азық түлік тағамдарының  сақталуына,  тамақтандыру  және
сумен жабдықтау нысандарының  санитарлық  күйіне,  азық  –  түліктің,  дайын
тағамдардың сақталуы мен тасымалдануына,  суды  пайдалануға,  сондай  –  ақ,
дезинфекциялық шаралардың толық жүргізілуіне ерекше санитарлық –  гигиеналық
бақылау қамтамасыз етіледі.
      Жұқпалы тізбегінің үшінші буынына халықтың  бейімділігіне  бағытталған
сақтандыру шаралары жұқпалы ауруларға қарсы жасанды имумунитет  жасау  болып
табылады. Ауру тудырғыш микроб әсеріне  организмнің  бейімделмеуі  иммунитет
деп аталады. Олар туа біткен (табиғи) және келе біткен  (жасанды)  иммунитет
болып бөлінеді.
      Туа біткен иммунитетке адамның тумасынан белгілі  бір  жұқпалы  ауруға
бой алдырмауы жатады.
      Келе біткен  иммунитетке  шалдыққан  аурудан  кейін  (қызылша,  табиғи
шешек) болмаса егу нәтижесінде (вакциналау) жасалады.
      Дезинфекция немесе зарарсыздандыру адамның қоршаған ортасында жұғымтал
ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар  жиыны.  Дезинфекцияның
жекелеген түрлеріне дезинсекция, яғни  жұқпалы  ауруды  тарататын  жәндіктер
мен  кенелерді  жою  және  дератизация  –  жұқпалылық   тұрғысынан   қауіпті
кеміргіштерді құрту жатады.
      Зарарсыздандыру мақсатына байланысты дезинфекция сақтандыру,  ағымдық,
қорытынды болып бөлінеді.
      Сақтандыру дезинфекциясы жалпы қоғамдық орындар  )асхана,  монша,  кір
жуу орыны, шаштараз, вокзал, вагон т.б.)  арқылы  жұқпалы  аурулардың  пайда
болу және таралу ықтималдығын ескерту мақсатында өтеді.
      Ағымдық дезинфекция жұқпалы аурудың таралуын ескерту мақсатында өтеді:
оны жұқпалы ауруға шалдыққандар жатқан емдеу мекемесінде өткізеді.
      Ақтық  дезинфекцияны  жұқпалы  дертке  шалдыққан  әкетілгеннен  кейін,
сауыққаннан сон немесе қайтыс болғаннан кейін жүргізіледі.
      Дезинфекцияға   тән   көрсеткіштерге   байланысты   зарарсыздандырудың
механикалық, физикалық және химиялық әдістерін қолданады.
      Механикалық әдіске бөлме мен орналасқан дүниені ылғалдап тазарту, киім
кешек пен төсек орынды қағу, шағ  сорғыш  көмегімен,  әктеу  арқылы  бөлмені
шаңнан тазарту жатады.  Залалсыздандырудың  механикалық  тәсілі  әлде  қайда
қарапайым және қолдануға мүмкіндік бар. Ол  сыпыру,  тазалау,  қағу,  барлық
мүмкін заттардың бәрін сабындап жуу, дымқылдап тазалау, ғимаратқа  таза  ауа
кіргізу және желдету, әр түрлі  жерлердегі  микроорганизмдерді  шаңсорғышпен
сорғызу, су мен ауаны фильтрлеу. Бұл тәсілдер  микробтардың  санын  азайтуға
ғана көмектеседі.
      Егер залалсыздандыру қоспаларына, қайнақ суға шылап механикалық  тәсіл
үйлесетін болса, залалсыздандыру тиімділігі артады.
      Қайнату  –  қайнаған   суға  бұзылмайтын  заттарды   заласыздандырудың
қарапайым, қолайлы және сенімді тәсілі. Ол  ыдыстарды,  түкіргішті,  дәретке
отыратын  орынды,  іш  киімдерді,   орамалдарды,   халаттарды,   тамақтардың
қалдықтарын залалсыздандыруға қолданылады.
      Көптеген бактериялар қайнаған суда сол сәтте – ақ   немесе    2  -   5
минутта  өледі.  Кейбір  вирустар  (гепатит  В,С),  сібір  жарасы   спорлары
(ұрықтары) 60 минуттан кейін өледі, сіреспе, делбе  ауруларының  спорлары  3
сағаттан кейін, ал ботулизм (тамақтан  уланатын  ауыр  ауру)  спорлары  -  6
сағаттан кейін өледі. Қайнаған суға 2% - дық ас  содасы  ерітіндісін  немесе
сабын қосса оның залаласыздандыру әрекеті күшейеді.
      Жоғары температурада қыздыру барлық микроорганизмдерді,  соның  ішінде
олардың спорларын да өлтіреді.  Бұған  денеге  жіберілетін  металл  заттарды
(уколдың      инесі)      газ      отына      залалсыздандыру,       спиртке
матырылған  ыстық  тампон  (тығын)  жатады.  Шылапшындарды,  темір  заттарды
(қайшылар, тістеуіктер,  қысқыштар  және  т.  б.)  осылай  залалсыздандыруға
болады.
      От құнды емес зақымдалған заттарды:  макулатура,  қоқыс,   шүберектер,
дәкілер т.б. өртеу үшін пайдаланылады.
      Физикалық әдіс пен құралдар  дезинфекцияның  қарапайым  және  ең  оңай
тәсілі болып табылады.  Олардың  санатына  күн  сәулесі  мен  ультра  күлгін
сәулесімен емделу, қоқыс пен құндылығы жоқ заттарды өртеу,  ыстық  су  бүрку
жатады.  Ультракүлгін  сәуле  (УКС)  үлкен   бактерицидтік   қабілетке   ие.
Ультракүлгін шамдарды жағу кесте бойынша қатаң  жүргізілуі  тиіс,  оны  үйде
барлығы білуі керек, өйткені ультракүлгін сәулелер ауруға соқтыруы мүмкін  -
көздің тез қарығуы, терінің күюі.  Шамның  жарығы  төбеге  немесе  қабырғаға
бағытталады.
      Күн сәулесі жақсы залалсыздандырады, бұл оның спектрінің ультра күлгін
бөлігіне байланысты.
      Залалсыздандырудың химиялық әдістері ауруды күту  кезінде        басты
залалсыздандыру тәсілі болып табылады.
      Хлор әгі – хлор  өткір иісі  бар,  ақ  кристалды  ұнтақ.  Хлор  әгімен
залалсыздандыру хлордың бөлінуіне негізделген. Хлор әгі ішек  аурулары,  ауа
инфекциялары, зооноздар (малдардан  жұғатын  аурулар),  сіреспе  ауруларында
қолданылады.
      Кальций хлориді тұзының үштен екісі  — препарат,  хлорлы  әкке  ұқсас,
бірақ құрамында 50% дейін активті хлор бар. Ұзақ сақталына алады (2-3  жыл).
Хлорлы әк сияқты, 0,1% - 15%  концентрациясы  сәулелену  ерітіндісі  түрінде
қолданылады.
      Хлорамин (БХБ) – хлордың әлсіз исі бар ақ  немесе  сәл  сарғыш  ұнтақ.
Құрамында 30% дейін  белсенді  хлор  бар.  Өзінің  белсенділігін  30%  дейін
төмендетпей   жылдар   бойы   сақтала   алады.   Хлорлы    әктен    айырмасы
хлорамин  маталардың  бояуларын  бүлдірмейді.  0,2%  -  10%   концентрациялы
ерітіндісі  қолды,  щеткаларды,  асхана  ыдыс  –  аяқтарын  және  басқаларды
залалсыздандыру үшін қолданылады.
      Төтенше жағдайлардың салдарларын жою кезінде  санитарлық –  гигиеналық
және эпидемияға қарсы шаралар қолдану қажет. бұл ауру ошағында да, сондай  –
ақ  оған жақын аудандарда да  кенеттен  және  жылдам  індеттік  жағдайлардың
ушығуына байланысты. Мұндай жағдайда апаттың  қираған  және  бұзылған  ошағы
ретінде және соған  қалыптасуын  жалғастырушы  ретінде,  гигиеналық  маңызды
объектілер қатал бақылауға алынады. Оларға жататындар:
     • сумен жабдықтау және құбыр жүйесі;
     •  азық  –  түлік   өндірісі,   қоғамдық   тамақтандыру   және   сауда
       объектілері;
     • коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары;
     • балалардың мектепке дейінгі мекемелері және мектептер;
     • зардап шеккен және зардап шекпеген тұрғын үй қорлары;
     • зардап шеккендер мен аурулар орналастырылған,  емдеу  –  алдын   алу
       мекемелері;
     • көшірілген халықты уақытша орналастыру орындары;
      Эпидемиологиялық ошақтан  орын  ауыстыру  кезінде  анықталған  жұқпалы
ауруды  жұқтырушыларды  қалған  зардап  шегушілерден   оқшаулайды.   Қауіпті
аймақтан аурулар мен саулардың  бірігіп  көшірілуі  олардыі  өміріне  сыртқы
қауіп төніп ұурған (өрт, су тасқыны және басқалар) кезде ғана жүзеге  асады.
Ауруларды сараптау уақытша ашылған немесе стационарлық  емдеу  мекемелерінде
жүргізіледі.
      Көшірудің барлық кезеңінде  жұқпалы  аурумен  ауырғандарды  екі  топқа
бөледі.
      Бірінші  топқа  –  байланысы  жоқ  (жұқпалы  емес)  немесе  бурцеллез,
туляремия, менингококты  ауру  сияқты  шағын  байланыстағы,  кейбір  түрлері
геморрагиялық безгек, ботулизм және басқа жұқпалы аурулар.
      Екінші топқа – аурулары айналасындағыларға қауіп  төндіретін  аурулар,
байланысы бар (жұқпалы) және өте тез жұғатын – оба, сібір жарасы, іш  ауруы,
тырысқақ, вирусты гепатит, қызамық, қызылша, Ласса безгегі,  Эбола  безгегі,
Марбург ауруы және тағы сондайлар.
      Дәрігерлік көмек алып жатқан  басқа  зардап  шегушілерден  бөліп,  екі
топтың да ауруларын жеке  орналастырады  және  емдейді.  Дала  жағдайларында
оларға арнап  шатырлардан  лагерь  жасалады,  ол  ТЖ  жағдайларын  жою  үшін
тартылған   адамдардың   және   басқа   зардап   шегушілердің   лагерлерінен
арақашықтығы қауіпсіз жерге орналасады.
      Апат ауданындағы алдыңғы кезектегі  шаралардың  бірі  –  тереңдетілген
санитарлық  –  эпидемологиялық   барлау  болып  табылады.  Апат  ауданындағы
санитарлық – эпидемологиялық іздестіру  –  кұтқару   қызметі  улы  заттармен
және патогенді  микробтармен,  ауыз  суымен,  азық  –  түлік   тағамдарымен,
сыртқы  орта  объектілерімен  және  зардап  шеккен  халықты  қорғау  жөнінде
шаралар қабылдау,  зақымданған  адамдарды  дер  кезінде  анықтау  мақсатында
қадағалау және зертханалық бақылау ұйымдастырады.
      Нақты шараларға байланысты апат болған  ауданда  зертханалық   бақылау
мен желілік бақылау міндеттері белгіленеді.
      Жергілікті жердің радиоактивті зақымдануы кезінде:
      • жергілікті жердегі радиация деңгейін анықтау;
      • ауыз суының ластануын, азық – түлік  тамақтарының, мал және өсімдік
        тағамдарының радиоактивтілігін анықтау;
      •  радиациялық  қорғау  шараларын  негіздеу  мақсатында  сыртқы  орта
        объектілері  мен  жергілікті  жердің   радиоактивті   зақымдануының
        адамдар үшін қауіптілігін бағалау;
      • азық – түлік  тағамдарына, шикізат пен ауыз суына оларды  пайдалану
        мен ішуте жарамды  екендіктері  туралы  тұжырым  жасауға  сараптама
        өткізу.

      Дератизация – әдістері, құралдары. Дератизация –  жұқпалы   аурулардың
көзі болып табылатын (оба,    туляремия  және  басқа)  кеміргіштерді  құрту.
Дератизация  жасау  үшін  биологиялық,  химиялық  және  механикалық  әдістер
қолданылады.
      Биологиялық әдіс хайуанаттар (мысық, ит және т.б.)  мен    бактериалды
мәдениетке пайдалануға негізделген.
      Механикалық әдісте әр түрлі аулар және қысқыштар қолданылады.
      Жетекші әдіс химиялық әдіс болып табылады. Зооқумарин, ратиндан, мырыш
фосфады  және  жейтін  жемдеріне  қосып  беретін   тышқан   дәрісі   кеңінен
қолданылады. Жер асты коммуникациялық ғимараттарда дератизация  кезінде  газ
тәрізді заттар қолданылады – нілдеткіш  қышқыл, бромды метил,  күкіртті  газ
және басқалар
      Кеміргіштерді жою үшін ұсынылатын химиялық зат.
      Зоокумарин – өзіне тән исі  бар  ақ  немесе  сұрғылт  ұнтақ.  Сақталуы
тұрақты. Суға ерімейді. Ацетонда жақсы ериді, спиртте  жаман,  эфирде  нашар
ериді.  Әрекеттің  созылуы  7  –  15  тәулік.   Қан   тамырларның   өткізгіш
қасиеттерін бұзып, қан кетуіне апарады.
      Ратиндан – көгілдір не басқа түсті (бояғыш  затқа  байланысты)  түссіз
ұнтақ. Сақталуы тұрақты,  суға  ерімейді.  Органикалық  еріткіштерде  ериді.
Әрекет етуінің ұзақтығы 5 – 8  тәулік. Қан тамырларның өткізгіш  қасиеттерін
бұзып, қан кетуіне апарады.
      Мырыш фосфады – сарымсақтың иісі бар  қою  –  сұрғылт  ұнтақ.  Сакқтау
кезінде  фосфорлы  сутек  бөле  отырып  біртіндеп  ыдырайды.  Суда  ерімейді
қышқылда тез ыдырайды. Әрекет етуінің ұзақтығы 2 – 3 тәулік.
      Монофторин  –  күлгін  түсті  кристалл,  сақталуы  тұрақты.   Спиртте,
ацетонда ериді, ыстық суда нашар ериді. Әрекет етуінің ұзақтығы 1 тәулік.
      Өлген кеміргіштердің  сүйегін  мүмкіндігінше  жинап,  залалсыздандырып
барып көмеді. Егер  кеміргіштер  өте  қауіпті  жұқпалы  ауруларды  тасушылар
болып   табылса,   онда   олардың   сүйектерін   тездетіп    өртеу    керек.
Эпидемологиялық ошақта жұмыс  істеу  және  өте  қауіпті  жұқпалы  аурулармен
ауыратын аурулармен байланыста болу кезінде  қорғану костюмдерін кию керек.


      №9 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
     1. Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия.
     2. Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация.
     3. Эпизоотия, Эпифитотия.
     4. Жұқпалы аурулардан сақтандыру














   Емтихан сұрақтары

   1.  Қазақстан  Республикасының  табиғи  сипаттағы  төтенше   жағдайлардың
      классификациясы?
   2.   Геологиялық   қауіпті   құбылыстар.   Жер   сілкінісі.   Анықтамасы,
      классификациясы. Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті.
   3. Субасудың түрлері. Негізгі себептері. Халықтың сутаскыны мен  су  басу
      кезіндегі іс-әрекеті. Сақтық шаралары.
   4. Қазақстандағы аппатты құбылыстардың тарихы.
   5.    Жер   сілкінісі,   оның   күші,   интенсивтилигі,   жиілігі    және
      созымдылығы.Қазақстанда сейсмоқаупті аумактар.
   6. Қар басу. Қар басу кезіндегі іс-әрекеті. Сақтық шаралары.
   7. Төтенше жағдай кезіндегі материалдық шығын және адам өлімдері.
   8. Дауыл. Халықтың дауыл кезіндегі іс-әрекеті. Дауылдан  кейінгі  негізгі
      жұмыс түрлері.
   9. Табиғи өрттер. Өрттің түрлері,сипаттамасы. Өртті жайылтпаудың  негізгі
      әдістері.
  10. Төтенше жағдай  кезінде  адам  өмірін  және  материальдық  байлықтарды
      сақтау.
  11.  Шаңды  дауыл.  Халықтың  шанды  дауыл  кезіндегі  іс-әрекеті.  Сақтық
      шаралары.
  12. Қатты қар жауғанда, көктайғақ, аяз, сипаттамалары. Сақтау жұмыстарының
      түрлері.
  13. Табиғи сипаттағы төтенше  жағдайлардың  алдын  алу  жөніндегі  шаралар
      (Ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау және болжау).
  14. Халықтың қарлы боран, қар басу кезіндегі іс-әрекеті.
  15. Селдің анықтамасы, күші,жылдамдығы. Қазақстаның селқаупті аумақтары
  16.  Табиғи  төтенше  жағдай  кезінде  дүние  жүзілік   қарым-қатынастарды
      нығайту.
  17. Қазақстанда сырғымалар  болатын  аудандар,  күштері,  интенсивтліктер,
      жиілігі, жылдамдығы. Сырғымалар болған кездегі сақтық шаралар.
  18. Су басу,  сутасқыны.  Каспий  теңіздің  экологиялық  проблемалары.  Су
      басудан сақтандырудын негізгі шаралары. Су басудың зардаптары.
  19.   Литосфераның   аппатық   құбылыстардың   классификациясы,   түрлері,
      сипаттамасы.
  20. Құрғақшылық, ылғалдылық сипаттамасы. Оның алдын алу шаралары.
  21. Сырғымалар мен опырылмалар. Сақтық шаралар.
  22. Қазақстан территориясындағы қауіпті және  зиянды  табиғи  жағдайлардың
      түрлері.
  23.  Сырғымалар,  қаупінің  белгілері:  күші,  интенсивтлігі,  жылдамдығы.
      Сақтық шаралары.
  24. Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары ( аурудың  ерекшеліктері
      , алдын алу және сақтау шаралары
  25. Төтенше жағдайдың классификациясы, сипаттамасы.
  26. Ормандағы және даладағы өрттер, олардың  таралуы.  Өртті  жайылтпаудың
      негізгі әдістері.
  27. Өсімдіктердің аурулары ( аурудың ерекшеліктері, алдын алу және  сақтау
      шаралары)
  28. Жер сілкінісі. Жер сілкінісін болжау және алдын ала дайындық  жұмыстар
      жүргізу.
  29. Сел. Сел қаупінің белгілері, күші, интенсивтилигі, жылдамдығы.
  30.  Табиғи  даладағы  (  егістіктегі)  өрттер.   Өрт   кезіндегі   зардап
      шеккендерді іздеу және көшіру. Сақтық шаралар
  31.  Жердің  эрозиясы,  шанды   дауыл,   олардың   ерекшеліктері,   зиянды
      факторлары, осы мәселелерден қорғау және жою жолдары.
  32. Қарлы борандар, дауылдар. Анықтамалар, сипаттамалары. Халықтың төтенше
      жағдай кезіндегі іс- әрекеті.
  33. Найзағай. Сақтық  шаралары.  Найзағай  соққан  кездегі  көмек  көрсету
      әдістері.
  34. Торнадо. Анықтамасы мен сипаттамасы, күші және интенсивтлигі.
  35. Көктайғақ. Халықтың және әкімшіліктің  көктайғақ  болған  кезінде  іс-
      әрекеті.
  36. Су басқан кездегі қорғау және қалпына келтіру жұмыстары.
  37. Теңіздік гидрологиялық қауіпті құбылыстар: тайфундар, цунами. Халықтың
      төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеті.
  38. Су басудың түрлері: өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу. Су басудың
      негізгі себептері. Сақтық шаралары.
  39. Қарлы боран. Залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар.
  40. Боранан кейінгі негізгі жұмыс түрлері.
  41.  Жер  астындағы  өрттер.  Өртті  жайылтпаудың  негізгі  әдістері.  Өрт
      кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру.
  42. Су басқан аумақтарда адамдарға көмек көрсету. Эвакуация.
  43. Қар көшкіні басып қалған адамдарды  іздестіру,  құтқару  және  кейінгі
      негізгі жұмыс турлері.
  44.  Аяз.  Температураның  төмендеуі   кезіндегі   халық   пен   әкімшілік
      қолданылатын шаралар.
  45. Қатты жамбір. Қатты жамбір болған кезегі қауіпсіз шаралары.
  46. Сел, сырғымалар. Құтқару әдістері, кейінгі негізгі жұмыс түрлері
  47. Қатты жауын-шашын, ірі бұршақ. Залалдан  сақтандыру  және  оны  азайту
      жөніндегі шаралар.
  48. Космостағы қауіпті және зиянды құбылыстар.
  49. Дауылмен, борандын сипаттамасы. Дауылдан және борандан кейінгі негізгі
      жұмыс түрлері.
  50.  Қазақстан  Республикасының  табиғи  сипаттағы  төтенше   жағдайлардың
      классификациясы
  51. Қар басу. Қар басу кезіндегі іс-әрекеті. Сақтық шаралары.
  52. Табиғи өрттер. Өрттің түрлері,сипаттамасы. Өртті жайылтпаудың  негізгі
      әдістері
  53.  Шаңды  дауыл.  Халықтың  шанды  дауыл  кезіндегі  іс-әрекеті.  Сақтық
      шаралары
  54.  Сырғымалар,  қаупінің  белгілері:  күші,  интенсивтлігі,  жылдамдығы.
      Сақтық шаралары.
  55. Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары ( аурудың  ерекшеліктері
      , алдын алу және сақтау шаралары.
  56. Құрғақшылық, ылғалдылық сипаттамасы. Оның алдын алу шаралары.
  57. Найзағай. Сақтық  шаралары.  Найзағай  соққан  кездегі  көмек  көрсету
      әдістері.
  58.  Сырғымалар,  қаупінің  белгілері:  күші,  интенсивтлігі,  жылдамдығы.
      Сақтық шаралары.
  59. Халықтың қарлы боран, қар басу кезіндегі іс-әрекеті.
  60. Дауылмен, борандын сипаттамасы. Дауылдан және борандан кейінгі негізгі
      жұмыс түрлері
                                     &&&



Пәндер