Файл қосу
Психологияның дербес
ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы 6М010300 «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс магистранттарына арналған МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз 1 ЖАСАЛЫНДЫ Құрастырған: педагогикалық психология кафедрасының доценті, псх.ғ.к. 30.08.2014 ж. ___________ Джумажанова Г.К. 2 КЕЛІСІЛДІ 2.1 Педагогикалық психология кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды. Хаттама № 1 «03» 09. 2014 ж. Кафедра меңгерушісі _______________ псх.ғ.к. Джумажанова Г.К. 2.2 Педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді. Хаттама № 1 «05» 09. 2014 ж. Төрайымы _________________ п.ғ.к. Ахметова Т.Ш. 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданып, басуға ұсынылды. Хаттама №1 «11» 09. 2014ж. ОӘК төрағасы________________ с.ғ.д., профессор Искакова Г.К. 4 «16» 06 2014ж. шыққан ПОӘК-нің № 2 БАСЫЛЫМЫ 05.09.2013 жылғы №1 басылым орнына Мазмұны 1. Жалпы ережелер 2. Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу 3. Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар 4. Курс форматы 5. Курс саясаты 6. Бағалау саясаты 7. Әдебиеттер 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1. Джумажанова Гульжанар Какимжановна, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Байланыс мәліметтері-тел: 30-43-41, №2 оқу корпусы, №302 кабинет Сабақ өтетін орын - №302 аудитория Пәннің аталуы – Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы Кредит саны - 3 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны Қазақстан Республикасында жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен қатар әлеуметтік- гуманитарлық салада да үлкен өзгерістер жасалуда. Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы курсы бүгінгі күннің талабына сай психология мамандығы магистранттары үшін негізгі базалық пән болып есептеледі. Бұл курста жалпы психология ғылымынығ даму мәселелері, әсіресе ғылыми психологиялық зерттеу проблемасы және тұлғаның тұлғалық, сапалары жөніндегі ғылыми-қолданбалы ақпарат осы заманғы психология тарихының дамуы теориялар негізінде беріледі. 1.3. Пәнді оқытудың мақсаты: Курстың мақсаты болашақ мамандардың аталған ғылым саласын оқып- зерттеуге бағытталған кәсіптік білім негіздерін қалыптастыруды әрі қарай жалғастыру. 1.4 Пәнді оқыту міндеттері: Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы пәні ғылымының категориялық құрылымын ашу; – Пәнге қызығушылықтарын қалыптастыру; – Курс бойынша білімдер жүйесін тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту. 1.5 Оқытудың нәтижесі: Курстың соңында магистрант мыналарды білуі керек: – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінің ғылыми-теориялық негіздерін, әдістерді және олардың түрлері, сонымен қатар сапаларын бағалау талаптарын; – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінің зерттеу жұмысының мазмұнын; – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінің мақсаты мен міндеттерін; – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінің формаларын. Игеру керек: – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінің негізгі бағыттары мен принциптерін; – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінің ерекшеліктерін оқып, үйренуді; – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінің ғылыми-теориялық негізі; – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінің ерекшеліктерін бағалау жолдары мен тәсілдерін. Меңгеру керек: – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінің әдістемелерін; – дарынды балалармен жұмыс істеу дағдыларын; – педагогикалық қарым-қатынас дағдыларын. Қолдана білу керек: – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінің негізгі әдіс-тәсілдерін қолдана білу; – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәні бойынша меңгерген білімін кәсіби іс-әрекет практикасында өздігінен қолдана білу Түсіну керек: – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінің саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулерді; – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінің негіздерінің негізгі түсініктерін, категорияларын, механизмдерін; – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінің даму және қалыптасуы тарихын Істей алуы керек: – оқушылар, педагогтар арасыңдағы ағартушылық жұмыстарын жүргізу; – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінің әдістердің нәтижелерін интерпретациялау тәсілдері, зерттеулерді дұрыс жүргізе білуі; – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнін ұйымдастыру, қолдана алу дағдыларының болуы. Иемдену керек: – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінің зерттеу түрлерін жүргізе білу; – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінің салаларында психологиялық диагностиканы ұйымдастыру, қолдана алу дағдыларының болуы. 1.6. Курс пререквизиттері: Жалпы психология, психология тарихы пәндері бойынша алған білімдеріне негізделеді 1.7. Курстың постреквизиті: Жеке айырмашылықтардағы қазіргі психология, магистрлік жұмыстар. 2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛУ Кесте 1 |№ |Тақырыптар атауы |Сағаттар саны |Әдебиеттер | | | |Дәріс |Семи |Лаб |ОЖМӨЖ |МӨЖ | | | | | |нар | | | | | |1 |2 |3 |4 |5 |6 |7 |8 | |1 |Психологиялық білімнің |1 |2 | |2 |5 |4.1.,4.2.,4.4| | |құрылымдық бейнесі | | | | | |.,4.7. | | |тарихи психология | | | | | | | | |ретінде | | | | | | | | |Психология тарихына | | | | | | | | |кіріспе | | | | | | | |2 |Психология тарихындағы |1 |2 | |2 |5 |4.1.,4.3.,4.4| | |ғылыми таным әдістеріне | | | | | |.,4.7., 4.12.| | |талаптар және оның | | | | | | | | |таралуы | | | | | | | | |Антикалық ойшылдардың | | | | | | | | |психологиялық идеялары | | | | | | | |3 |Эксперимент және ғылыми |1 |2 | |2 |5 |4.1.,4.4.,4.5| | |психологияның қалыптасуы| | | | | |.,4.7., 4.10.| | | | | | | | | | | |Психологияның қолданбалы| | | | | | | | |салалары. | | | | | | | |4 |Психологияның дербес |1 |3 | |2 |5 |4.1.,4.4.,4.7| | |ғылым ретіндегі | | | | | |., 4.11. | | |қалыптасуы. | | | | | | | | |Ежелгі шығыс | | | | | | | | |ойшылдарының | | | | | | | | |психологиялық идеялары | | | | | | | |5 |Орта ғасыр мен Қайта |1 |2 | |2 |5 |4.1.,4.6.,4.4| | |өркендеу | | | | | |.,4.7.,4.9. | | |дәуіріндегі психология. | | | | | | | | |Бихевиоризмдегі ғылыми | | | | | | | | |зерттеулердің бастауы | | | | | | | | |мен дамуы | | | | | | | |6 |XVII ғасырдағы Европалық|1 |2 | |2 |5 |4.1.,4.11.,4.| | |психология | | | | | |4., | | |К.Левин еңбектеріндегі | | | | | |4.7. | | |тұтастылық идеясының | | | | | | | | |дамуы | | | | | | | |7 |Психологияның дамуында |1 |2 | |2 |5 |4.1.,4.6.4.3.| | |психоанализ практикаға | | | | | |,4.7., 4.8. | | |бағытталған саласы | | | | | | | | |ретінде | | | | | | | | |Гештальтпсихологияның | | | | | | | | |басталуы мен дамуы. | | | | | | | |8 |Когнитивті психологияның|2 |2 | |2 |3 |4.1.,4.6.4.3.| | |даму тенденциясы, | | | | | |,4.7., | | |жағдайы, тарихы. | | | | | |4.5. | | |И.М.Сеченов және оның | | | | | | | | |психологиядағы идеялары | | | | | | | | |және эксперименттік | | | | | | | | |психологияның бастауы | | | | | | | |9 |Психологиядағы ХІХ – ХХ |1 |2 | |2 |4 |4.2.,4.3.,4.7| | |ғасыр шебіндегі | | | | | |., | | |теориялық | | | | | |4.12. | | |тұжырымдамалар | | | | | | | | |Іс-әрекеттік тұрғының | | | | | | | | |жаңа | | | | | | | | |түсіндіруші | | | | | | | | |мүмкіндіктері | | | | | | | |10 |Психологиядағы |1 |2 | |1 |5 |4.2.,4.3.,4.7| | |жүйелік-іс-әрекеттік | | | | | |., 4.11. | | |тұрғының тарихи | | | | | | | | |және гносеологиялық | | | | | | | | |алғышарттары | | | | | | | | |Іс-әрекеттің жалпы | | | | | | | | |психологиялық | | | | | | | | |тұжырымдамасының дамуы | | | | | | | |11 |Сана мен тұлғаның |1 |2 | |1 |5 |4.2.,4.3.,4.7| | |іс-әрекеттік | | | | | |., | | |тұжырымдамасының дамуы | | | | | |4.10. | | |Танымдық процестерді | | | | | | | | |жүйелік-іс-әрекеттік | | | | | | | | |талдау мәселелері | | | | | | | |12 |Психология тарихындағы |1 |3 | |1 |5 |4.2.,4.3.,4.7| | |ойлау мәселелері | | | | | |.,4.8. | | |Р.Декарт, Дж.Локк және | | | | | | | | |Б.Спинозаның | | | | | | | | |психологиялық ілімдері | | | | | | | |13 |Тұлғаның қазіргі |1 |2 | |1 |5 |4.2.,4.3.,4.7| | |психологиялық | | | | | |.,4.9. | | |концепциялары. | | | | | | | | |ХХ ғасыр | | | | | | | | |психологиясындағы Л.С. | | | | | | | | |Выготскидің идеяларының | | | | | | | | |дамуы | | | | | | | |14 |Қазақ психологиясы |1 |2 | |1 |5 |4.3.,4.11.,4.| | |тарихының елеулі | | | | | |6.,4.7 | | |кезеңдері және | | | | | | | | |Қазақстандағы | | | | | | | | |психологияның бүгінгі | | | | | | | | |жағдайы | | | | | | | | |Барлығы: |15 |30 | |23 |67 | | 3. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР Магистрант аталған курс бойынша мынадай теориялық және практикалық мәселелерді игеруі керек. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмұны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Оқытушылар мен магистранттарға арналған жұмыс бағдарламасы берілген. Магистрантқа арналған жүмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жүмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. МӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Магистранттардың білімін бағалау әдістемесі бар. Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар. Мақсаты: магистранттарды курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру. Міндеттері: - әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру; - әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту; - пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету; - курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету. Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі - дәріс болып табылады. Ол магистранттарға олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс магистранттарда пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді. Дәріс – магистранттарда өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір-бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі. Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады. Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады. Білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар Мақсаты: магистранттардың дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру. Міндеттері: - дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету; - теорияны практикамен байланыстыру; - библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру; - алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу; - психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру; - зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру; - өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту; - ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету. Өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін. Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген. Білім алушылардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер: 1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. 2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану. 3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі оқытушылардан, кітапхана қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор. 5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Өздік жұмыс түрлері: ауызша; жазбаша; практикалық; теориялық; шығармашылық. Өздік жұмысты орындау барысында ерік қалыптасады, жұмысқа қабілет, зейін, оқу еңбегі, тәртібі тәрбиеленеді. Өздік жұмыс формалары: реферат орындау; конспектілеу; аннотация жазу; тезис орындау; ғылыми баяндамалар жазу және т.б. Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау. Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар: 1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. 2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. 3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет- ретімен жүйелі баяндауы қажет. 4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс. 5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау. Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін пайдаланғаны бойынша ретімен жазу. Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау. Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі. Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау. Рецензиялау - оқу материалы, кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу. Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат. Реферат – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылымдық түрде берілетін жұмыс. Реферат жазуға әдістемелік нұсқау Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады, тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар, онда ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады. Реферат ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарда жасаған баяндамалары да реферат деп аталады. Ғылыми кандидаты және ғылым докторы дәрежесіне диссертация қорғаушының авторефераты да рефератқа жатады. Реферат жазуда не ескеріледі? 1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты кішігірім зерттеулер жасау. Ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасау. 2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал. 3. Реферат жазуда негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдылану. 4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасау. 5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін қайдан алынғанын (сілтеме), қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсету қажет. 6. Реферат аудиторияда талқыланады. Рефератты талқылау - шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-амазмұны зор әрекет жұмыс. Бұл кезде сөйлесушілер негізгі мәселеден ауытқымай,нақты тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылап, қорытындысын шығару - маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған магистранттың, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. Рефератмазмұны: - тақырыпқа сай реферат құрылымының деңгейі; - тақырыптың өзектілігі және ақиқаттылығы; - зерттеулердің көлемі және басқа да жаңалықтардың қайнар көзі; - мазмұнның стилі және сауаттылығы; - рефераттың өңделуінің талапқа сәйкестілігі Эссе дегеніміз - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазу барысында сақталынуы тиіс талаптар: • Жеке көзқарастың көрінісі; • Фактілі дәлелдер (аргументтер); • Теоретикалық негіздеме; • Цитаталарды келтіру; • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу; • Логикалық заңдылықтың сақталынуы; • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану; • Сауаттылыққа мән беру. Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады: 1. Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне; 2. Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғанымен танысу; 3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу; 4. Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу; 5. Безендірілу сипатына; 6. Қайталауға берілген сұрақтарға; 7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б. Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс. 4 КУРС ФОРМАТЫ Семинарға дайындық кезінде магистрант мұғалімнің дәрісін назарға ұстай отырып, біршама ізденіс жұмыстарын жасау қажет. Ғылыми мақалалар мен монографиялар, сондай-ақ интернет желісінен алынған материалдардағы керекті деректер конспектіленіп алынады. Семинар магистранттың ізденіс жұмысы болғандықтан, бір емес бірнеше дереккөздерді пайдалануға тиісті. Курс бойынша білуге тиісті терминдер мен шартты ұғымдарды оқытушы қамтып, түсіндіреді. МӨЖ тақырыптары берілген сұрақтарды қамти отырып, жазбаша және ауызша жұмыс түрінде орындалады. МӨЖ-ді конспект түрінде дәптерге жазып өткізу қажет. Сабақ барысында магистранттың теориялық білімі, белсенділігі, ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады. 5 КУРС САЯСАТЫ Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырманы орындауы, сабаққа қатысуы, МӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Курсты оқу барысында алынған барлық ұпайлар жинақталып, бір-біріне қосылады. Осы курстан алған жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырама мен рейтинг бақылауынан алынған баға және емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа балл есептеледі. Барлық тапсырмаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген магистранттар емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемін ұлғайтылады; Тапсырмалар оқытушы тағайындаған уақытта қабылданады. Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау т.б.); Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет. 6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәні бойынша ұпай бөлінісі Кесте 2 |Апта |Бақылау түрі |Ұпай жиыны |Ескерту | |1 |2 |3 |4 | | |1-8 апта бойы |30 | | | |дәріске қатысу | | | | |Семинар |30 | | |3 | | | | | |БӨЖ |20 | | |4 |Семинар |10 | | |5 |Семинар |30 | | | |БӨЖ |30 | | | |Семинар |30 | | |6 | | | | | |БӨЖ |30 | | |7 |Семинар |0 | | | |1аралық бақылау |90 | | |1-7апта бойынша барлық ұпай саны|300 | | |11 |9-15 апта бойы |30 | | | |дәріске қатысу | | | | |Семинар |30 | | |9 | | | | | |БӨЖ |20 | | | |Семинар |30 | | |11 | | | | | |БӨЖ |30 | | |13 |Семинар |40 | | | |БӨЖ |30 | | |15 |2 аралық бақылау |90 | | |9-15 апта бойынша барлық ұпай |300 | | |саны | | | |Емтихан ұпайы |400 | | |Академиялық мерзімге жиынтық |1000 | | |ұпай | | | 7. ӘДЕБИЕТТЕР 7.1 Негізгі әдебиеттер: 7.1.1. Ждан А.Н. История психологии: от античности к современности: Учебник. - М., 199 7.1.2 Марциновская Т.Д. История психологии: учебное пособие для студ. вузов 4-е изд., стереот. - М.: Академия, 2004 7.1.3. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии: В 2т.: Для студентов ВУЗов. - Р. н/Д., 1996 7.1.4. Шульц Д.П., Шульц С.Э. История современной психологии – СПб., 1998 7.1.5. Изучение традиций и научных школ в истории советской психологии / под ред. А.Н. Ждан – М., 1992 7.1.6. Жалпы психология /Богословский В.В. - Алматы, 1980Намазбаева Ж.И. Психология. Оқулық - Алматы, 2005, 2006 7.1.7. Немов Р.С. Психология: Учебник для вузов в 3-х т.- Т.1. -М., 2001 7.2 Қосымша әдебиеттер: 7.2.1. Жарықпаев, Калиев Қазақ тәлім-тәрбиесі – А., Санат, 1995 7.2.2. Донских О.А., Кочеркин А.Н. Античная философия. Мифология в зеркале рефлексии – М., 1993 7.2.3. Петровский А.В. История советской психологии. Формирование основ психологической науки. - М., 1967 7.2.4. Якунин В.Я. История психологии – М., 2001
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz