Файл қосу

Эколгиялық білімнің мақсаты, міндеттері және принциптері



№1 Дәріс. Эколгиялық білімнің мақсаты, міндеттері және принциптері
Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау  үшін  қажетті  білімді,  әдетті,
ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды  дайындауға  ықпал  етіп,
кадрларға білім  беру,  оларды  дайындау  жүйесінің  ажырамас  бөлігі  болып
табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне  ортақ,
кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.

Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие  мен  білім  беру  қоғамның
барлық  мүшесін  қамтуы  керек.  Экологиялық  пәндерді  оқыту   жоғары   оқу
орындарының  барлығында  жүргізілуі  керек.  Алайда,  жоғарыда  айтылғандай,
экологиялық ағарту жұмысы тек  оқытумен  ғана  шектелмеу  керек,  бұл  жерде
баспасөз ақпарат құралдарының, қоғамдық экологиялық ұйымдардың да ролі зор.

Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік принципі бойынша, әртүрлі  екі
процестің  ғылыми   негізделген   әдістемелік   талаптарды   ескере   отырып
адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі.

Үздіксіз принципі,  азаматтардың,  мамандардың,  басшылардың  кәсіби  жұмысы
барысында  қоршаған  ортаға,  адамдар  денсаулығына  жағымсыз  әсер   етуіне
байланысты экологиялық тәрбие  және  білім  беру  жүйесі  бойынша  өздерінің
біліктілігін   көтерудің   құқығы   мен    міндеттерін    білдіреді.Сонымен,
экологиялық тәрбие мен білім  берудің  негізгі  мақсаты  -  қоғамдық  сананы
экологизациялау  болып  табылады.  Экология  міндеті  -   адамның   тіршілік
барысында қалыптасатын рухани  ортасын  сақтау.  Ол  өз  кезегінде  өмірдегі
қоғамдық  мәселелермен  қатар,  өзі  тіршілік  ететін  ортаны  басқаруды  да
белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.

Экологиялық ақпараттар алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында  шешімдер
қабылдауға қоғамның қатысуы бойынша Қазақстан қол қойған  Орхус  Конвенциясы
халықтың экологиялық саясатқа қатысуына үлкен жол ашады.

Қазіргі  таңда  экологиялық  дайындықтан  өткен  тәрбиешілердің  жеткіліксіз
болуына және оқу құралдары мен  бағдарламалардың  болмауына  байланысты  323
000 бала экологиялық тәрбие беру жүйесінен шет қалып  отыр.  3  млн-нан  аса
оқушылар оқитын республика мекетептерінде экология  сабақтары  жүйелі  түрде
өткізілмейді. Оқу процесінде пайдаланатын экология  пәні  бойынша  оқулықтар
мен  оқу  құралдары  ескірген,  қазіргі  таңдағы  Қазақстандағы  экологиялық
проблемалардың ерекшеліктерін көрсете  алмайды.  Осы  күнге  дейін  елімізде
экологиялық білім берудің  біртұтас  бағдарламасы  және  экологиялық  арнайы
мектептер,  гимназиялар,  лицейлер  жоқ   деп   айтуга   болады.Жоғары   оқу
орындарында экологиялық білім  беру  біршама  кәсіби  деңгейде  жүргізіледі.
Қазіргі кезде  Қазақстанның  көптеген  жоғары  оқу  орындарында  экологиялық
пәндері бар факультеттер бар. Айта кетерлігі, халықаралық  талаптар  бойынша
эколог-мамандарды даярлауда тек жетекші университеттер ғана есепке алынады

Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты  -  адамзат  қауымының,  қоғамның,
табиғаттың  және  қоршаған  ортаның  үйлестігін  және  тиімді   пайдаланудың
жолдарын халыққа түсіндіру  мен   табиғатқа  деген  жауапкершілік  қатынасты
қамтамасыз ету. Адам мен табиғат арасындағы  үйлесiмдi  пiкiр-сайыс  ұлттық,
экологиялық мәдениет шеңберiнде ғана  iске асады.

Қоғамда экологиялық білім беруді жүйелі негізде жүргізе отырып,  экологиялық
мәдениетке ие болып,  табиғатқа  туған  анасындай  аяулы  сезіммен  қарау  -
бүгінгі таңда әрбір адамзаттың абыройлы борышы.

Пәндер