Файл қосу

Еңбек қорлары




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                    |
|СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ               |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты  |             ПОӘК      |ПОӘК                      |
|                       |                       |042-18-1.1.50./03-2014    |
|ПОӘК                   |                       |                          |
|«Кәсіпорында өндірісті |№1 басылым             |                          |
|ұйымдастыру және       |                       |                          |
|менеджмент»            |                       |                          |
|пәнінен оқу-әдістемелік|                       |                          |
|материалдар            |                       |                          |












  5В090100  «Көлік қозғалысын және пайдаланылуын, тасымалдауды ұйымдастыру»
    мамандығы студенттері  үшін  «Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру және
                                 менеджмент»

                                       ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

                                          ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР






























































Семей- 2014


                                                                 Мазмұны

1. Глоссарий
2. Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру және менеджмент пәні бойынша дәрістер
жинағы:
3. Практикалық сабақтар мазмұны
4. Студенттердің өздік жұмысы


















































   1. Глоссарий


Банкроттық-бұл жекелеген азаматтардың, кәсіпорындардың  т.б.  өз  қарыздарын
төлеуге  қабілетсіздігін   білдіретін   ұғым.   Банкроттық   кәсіпорындардың
жабылуына не таралуына  әкеліп  соқтырады.  Банкротқа   ұшырағандар  қарызды
өтеу үшін өз мүліктерінің бәрін сатуға мәжбұр болады. Экономикалық  дағдарыс
кезінде  банкрот  етек  алып,  барлық  саланы  бірдей  банкроттықа  ұшыратуы
мүмкін, бұл еңбекшілердің  тұрмыс-жағдайын  нашарлатады,  жұмыссыздар  санын
көбейтеді, т.б.
Жалпы пайда, табыс-кәсіпорынның  жалпы  табысынан  барлық  өнімге  (жұмысқа)
кеткен шығынды алып тастағандағы пайда.
Жалпы  өнім-кәсіпорындар  мен  халық  шаруашылығының  жекелеген  салаларында
белгілі бір мерзім ішінде (ай, тоқсан, жыл)  өндірілген  өнімнің  (жұмыстың)
жалпы көлемі, яғни ақшалай көрсетілген жалпы мөлшері.
Табыс, кіріс, түсім-белгілі бір  өнімді  өндіру,  жұмысты  атқарунәтижесінде
тиісті кәсіпорындарға, сауда - өнеркәсіп  мекемелеріне  жән  жеке  адамдарға
түсетін  ақшалай табыс немесе материалдық игіліктер.
Өндіріс шығындары-өнім өндіруге жұмсалған нақты және  затқа  айналған  еңбек
шығындарының  жиынтығы.  Өндіріс  шығындары   қоғамның   өнімдері   өндіруге
жұмсалған шығындары және кәсіпорындардың тауар  өндіруге  жұмсалған  ақшалай
шығындары  болып  бөлінеді.  Қоғамдық  өдіріс  шығындарына  өнімді  өндіруге
жұмсалған өндіріс құрал  –  жабдықтары  бағасының  бір  бөлігі  әне  қажетті
еңбекпен жасалған өнімнің құны кіреді. Олар тауардың жалпы құнын  анықтайды.
Кәсіпорындардың тауар өндіруге жұмсалған  ақшалай  түріндегі  шығындары  сол
өнімнің  өзіндік  құны  түрінде  әрекет  етеді.  Өндіріс  шығындарының   бұл
бөлігіне материалдық қорларға  және  жұмысшылардың  еңбекақысына  жұмсалатын
шығындар жатады. Тауар өндірісі  кезіндегі  өндіріс  шығындары  құн  түрінде
көрініп, іске асады. Оғамдық өндіріс  шығындары  өндірілген  өнімнің  құнына
тең болады.
Материал сіңіргіштік, материалды көп қажет ету-белгілі бір өнімді  өндіруге,
жұмысты орындауға кеткен материалдық қорлар шығынын білдіретін көрсеткіш.
Айналым қаржысы-кәсіпорындар мен  шаруашылық  ұйымдардың  айналым  қаржылары
өндірістік  қор  жасауы  үшін,  аяқталмай  қалғанөнім   қалдықтарын,   дайын
өнімдерді, т.б. мүліктерді дайындау үшін және айналыс пен  өндірістің  басқа
қажеттерін өтеу үшін пайдаланылады.
Айналым қорлары-өндірістің бір циклына тугелмен  пайдаланылатын   өндірістік
қорлардың бір бөлігі. Олардың құны өндірілген  өнімге толығымен  аударылады,
кіреді. Айналым  қорларының  негізгі  элеметтері  еңбек  заттары,  қоймадағы
шикізат, негізгі және қосалқы материалдар, отын  ыдыс,  өндірісте  аяқталмай
қалған  өнім  шала  фабрикат,  арзан  және  тез  тозатын  еңбек   құралдары,
саймандар, алдағы жылдардың  шығындары  т.б.  айналым  қорлары  кәсіпорынның
айналым қаржылар есебінен алынады.
Айналым капиталы- тұтыну процесіндегі өнімге толық  сіңірілетін  және  әрбір
ауспалы айналым ақша түріндегі  түгелдей  қайтып  оралып  отыратын  өндіргіш
капиталдың бір бөлігі.
Өнім көлемі-жеке бір кәсіпорынның, шаруашылықтын   не  саланың  белгілі  бір
уақыт ішінде шығырған немесе істеп шығаруға тиісті өнім мөлшері.
Негізгі  шығындар-өнімді  жасайтын  технологиялық    процесттермен   тікелей
байланысты шығындар (шикізат,  материал, энергия, амортизация, т.б.)
Негізгі қаржы, құрал, қор-өндірістің неізгі  қорға  деген  суранымы  өндіріс
көлеміне анықталады.
Негізгі  қорлар-кәсіпорынның  өдіріс  құралы  мен  еңбек  құрал  жабдықтары.
Өндіріс  процесінде  ұзақ  уақыт  бойы  пайдалынылатын   өндіріс   құрал   –
жабдықтары негізгі қорға жатады.
Өнім,  бұйым-белгілі  бір  уақыт  ішінде  тиісті   кәсіпорынның,   өнеркәсіп
саласының  шығарған өнімнің жиынтығы.
Өндіріс қуаты-өндіріс құрал– жабдықтарын аса  тиімді пайдаланып,  еңбек  пен
өндірісті дұрыс ұйымдастырғанда белгілі  бір  саланың,  кәсіпорының,  цехтің
тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі түрін  шығарудаң  жоғары  қабылеттілігі,
мүмкіндігі.
Өндіріс циклі, айналымы-еңбек заттарын өнімді әзірлеуден бастап  дайын  өнім
шығарғанға дейін өндіріс процессінде болу мерзімі, уақыты.
Өзіндік  құн-өнім  өндіруге  жұмсалған  барлық  шығын.  Өндірілген   өнімнің
өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар:  шикізат,   материал,   электр
энергиясы, амортизациялық жарна,  еңбекақы  т.б.  кіреді.  Өзіндік  құн  сол
кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы
сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Амортизация – ғимарат, машина, т.б.  ұсталуына,  тозуына  қарай  құнын  өтеу
үшін ауық-ауық ұстап отыратын жарна.
Аренда  –  жерді,  малды,  егістікті,  кәсіпорынын,   оның   бөлімшелерінің,
құрлысты, техниканы,  үйді,  мүлікті  уакытшанемесеұзақ  мерзімге  пайдалану
үшін жасалған шарт бйынша белгіленген жағдайда  жалдап  алады  немесе  жалға
береді.  Келісілген  аренда  ақысын  төлейді  немесе  өнімін  береі,   жұмыс
көлемін, қызметтерді орындап түрал\ды, жерді және басқаны жалдап  алу  –  ол
жерді және басқаны пайдалану түрі, шаруашылықты жүргізу үшін алады,  береді.
 Жерді және басқа объектілерді өнім өндіру немесе орындалатын жұмыс  көлемін
ұлғайту үшін соңғы кезде оларды арендаға беруге рұқсат етіледі.
Еңбек биржасы – бұл жұмысшы күшін, еңбекті алып – сату   кезінде  жұмысшылар
мен кәсіпорындар арасындағы делдалдық қызметті жүйелі атқаратын  мемлекеттік
мекеме.
Сыртқы сауда –  бір  елдің,  республиканың  басқа  мемлекетке,  республикаға
тауар  шығаруы  (экспорт)   немесе  оны  әкелуі  (импорт)    арқылы   жүзеге
асырылатын сауда. Сыртқы сауда  экспорт  пен  импорттан  құралады.   Белгілі
кезінде тауарлар экспорттың  құны мен  олардың  импортының  құны  арасындағы
арақатынас сауда балансы деп аталады.
Жүк айналымы – белгілі бір мерзім ішінде тасылған жүктің сандық мөлшері.
Ұдайы  өндіріс-  өндіріс   процесінің   үздіксіз   қайталанып,   жаңғыртылып
отырылуы.
Жүк айналымы- белгілі бір мерзім ішінде тасылған жүктің сандық мөлшері.
Демпинг- бәсеке күрес түрлерінің бірі. Негізінен  сыртқы  рынокторды  иелену
үшін қолданылады.
Диверсификация-  жан-жақты  даму.  Өндіріс   диверсификациясы-   бір-бірімен
байланысты емес көптеген өндіріс түрлерінің қатар дамып  отыруы,  өндірілген
өнімнің таңдаулы жиынтығының ұлғайып отыруы.
Дивиденд- акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін  акционерлерге
ұдайы төленетін кіріс, яғни акция иесінің табысы.
Дотация- өндірілген өнім тиімділігі түрлі себептерден  төмендеуі  салдарынан
кәсіпорындарға  белгілі  бір  шығындарының  орнын  толтыру   үшін   мемлекет
тарапынан берілетін жәрдем ақы.
Нарық  сыйымдылығы-   нарықта   мүмкіндігінше   сатылатын   тауар   мөлшері.
Сұраныстың төлем қабілетіне қарай анықталады.
Заем, қарыз- белгілі шарт бойынша ақшаны  қарызға  алуды  қамтамасыз  ететін
қаржы операциясы. Белгілі мерзімге дейін алынған ақша, зат.
Импорт – елдің ішкі нарығына шетелден тауар әкелу.
Инвентаризация- мүлікті, ақшаны түгелдеу, мүліктерді тізімге  алу.  Мүліктің
түгелдігін, дұрыс сақталуын және қаржы сметасының, есеп  айырысу  тәртібінің
дұрыс жүргізілуін бақылаудың  және  меншік  пен  қоймадағы  мүліктің  есепке
сәйкестігін тексеріп, түгендеп отыру.
Инвестициялық саясат- халық шаруашылығының әртүрлі  салаларында  пайда  табу
мақсатында ұзақ мерзімді капитал салу. Күрделі қаржыны тиімді  пайдаланудың,
оларды  шешу  бағытта  шоғырландырудың,  қоғамдық  өндірісте   тепе-теңдікті
қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдердің жиынтығы.
Инвестиция- пайда не табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі  белгілі
бір  халық  шаруашылығының  саласына:   кәсіпорындарға   күрделі   қаржының,
капиталдың ұзақ мерзімге жұмсалуы.
Интеграция- кейбір өндіріс бөлімдерінің  немесе  оның  элементтерінің  басқа
салалармен бірігуі.
Еңбек қарқындылығы- белгілі  бір  уақыт  өлшемі  ішінде  жұмсалған  еңбектің
деңгейімен, көлемімен анықталатын еңбек қарқыны.
Өндірісті интенсивтендіру- қоғамдық өндірісті дамыту бағыты,  мұнда  өнімнің
үстеме өсуі, ұлттық табыстың көбеюі ең  алдымен  сапаның  өзгеруінің,  еңбек
өнімділігінің артуы, материалды үнемдеп  пайдалану,  өндіріс  қорларын  және
қуатын пайдалануды жақсарту, күрделі қаржы тиімділігін арттыру, өндіріс  пен
еңбекті  ғылыми  жолмен  ұйымдастыру  және  халық   шаруашылығын   басқаруды
жетілдіру нәтижесінде қалыптасады.
Инфляция-  ақшаның  тұрақсыздануы,  құнсыздануы.  Елдің  айналымдағы   қағаз
ақшасының шамадан тыс көбейіп кетуі салдарынан оның құнсыздануы,  яғни  ақша
айналымының мейлінше тұрақсыз болуы.
Инфрақұрылым-  экономиканың  дамуы  мен   адамдардың   тіршілік   әрекетінің
жағдайын жақсартып қамтамасыз ететін салалардың жиынтығы.
Ипотека-  қозғалмайтын  мүліктерді  кепілге  алу  арқылы  банкілердің   ұзақ
мерзімге беретін ақшалай қарызы.
Кадастр- уақтылы бір жүйеге келтіріп жасалатын керекті объектілерді  бағалау
тізімі туралы мәліметтер жиынтығы.
Калькуляция- өнімнің, жұмыстың өзіндік құнын  шығындардың  түр-түрі  бойынша
есептеу.








      2. Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру және менеджмент пәні бойынша
         дәрістер жинағы:
2 ДӘРІСТЕР

    Тақырып 1. Көлік -  материалдық өндірістің маңызды саласы
      Дәріс жоспары:
1. Кәсіпорын түсінігі, негізгі мақсаты және міндеттері
2. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы орта элементтері
3. Кәсіпорындардың жіктелуі
4. Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары
      Семинар  жоспары (1 сағат)
   1. Кәсіпорын дегеніміз не? Оның негізгі міндеттеріне не жатады?
   2. Кәсіпорының ішкі ортасына кіретін негізгі құрамдас элементтер?
   3. Кәсіпорынның сыртқы ортасы элементтері?
   4. Кәсіпорындардың жіктелуін атаңыз.
   5. Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық  формалары:  серіктестіктер,
      қоғамдар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар,  кооперативтер,
      бизнестың басқа формалары
   6. Кәсіпорынның заң алдындағы міндеттемелері және құқықтары.
   7. Кәсіпорындарды тіркеу тәртібін сипаттаңыз.
      Тапсырма
      Тақырып бойынша жазбаша бақылау жұмысына дайындалу (бақылау жұмысы 10
сұрақтан тұрады)
      Әдебиет
                    1. ҚР-ның «Кәсіпорындар туралы» заңы:
                    2.  Дәрістер
   3. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г.
      Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 59-71 б
                    4. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и
                       статистика», 2000 г., 5-15, 37-58 б.
                    5. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и
                       биржи», 1999 г., 75-111 б
                    6. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.:
                       «Инфра-М», 1997 г., 11-35,42-72 бб.
   8. 7. Бейсенова М., Садықбаева А.  Кәсіпорын экономикасы (есептер
      жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 4-12 б

      Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар
      1. Тесттік сұрақтарға жауап беру

    Дәріс:
    1. Көлік деп материалды өндірістің тәуелсіз сферасын көрсетеді. Көліктің
ерекшелігі тасымалдау нәтижесінде материалдық өнім жасалмайды. Жүк пен
жолаушылардың орын ауыстыруының материалдық процесі  көлік өнімі болып
табылады.  Жүк пен жолаушыларды тасымалдау процесінің нәтижесінде
материалдық өзгеріс пайда болады. Олардың уақыт ішіндегі және кеңістікегі
орын ауыстыруы.
    Көлік ол өндіріс процесінің жалғасы: өнім тұтынушыға жеткізілгенде ғана
өндіріс процесі аяқталады. Бұл жерде көлік «әмбебап» өндіріс рөлін
атқарады., яғни әр өнімнің кеңістікте бір жерден екінші жерге орын
ауыстыруы
     Кәсіпорын – бұл дербес шаруашылық жүргізетін  бірлік,  меншігінде  бар
еңбек құралдары көмегімен еңбек заттарын өңдеп,  тұтынушыларға  қажет  дайын
өнім шығарып, пайда алу мақсатымен оны өткізетін,  кәсіби  ұйымдасқан  еңбек
ұжымы. Әр кәсіпорын заңды тұлға ретінде қарастырылады және кәсіпорынды  құру
келісім шарты негізінде жұмыс істейді.
    Заңды тұлғаның негізгі белгілеріне келесі жатады:
    1) Тұлғаның ұйымдық бірлігі болу  керек  –  нақты  және  толық  басқару
       құрылымы болу керек, кәсіпорын цехтерге, жұмыс орындарға және т.с.с.
       бөліну керек;
    2) Мүліктік дербестік – бухгалтерлік баланс негізінде;
    3) Мүліктік жауапкершілік – кәсіпорын барлық қарыздары  бойынша  барлық
       өз мүлігімен жауап беруге тиіс.
      Барлық кәсіпорындар коммерциялық (пайда алу) және коммерциялық емес
(қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, жарым-жартылай пайда алу.
      Әр кәсіпорын өндірістік жүйе ретінде қарастырылады. Жүйе дегеніміз
тұтас бірлікті құрайтын элементтердің және олардың арасындағы
байланыстардың жиынтығы. Кәсіпорын ашық жүйе ретінде қарастырылу керек.
      Кез келген кәсіпорынның өмірлік циклы болады: құрылуы, дамуы,
жетілуі, құлдырауы.
Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
   1. Пайда алу және оны өсіру
   2. Жұмыс орындарын және еңбек ақыны қамтамасыз ету
   3. Қоршаған ортаны қорғау, ластамау
   4. Сапалы өнім шығару
   5. Жұмысшыларға қажет жұмыс жағдайларын жасау
   6. Өз қызметін дамыту


   2. Кәсіпорынның ішкі ортасына кіретін негізгі элементтер:
   А) Өндіріс қорлары
   Б) Адамдар
   В) Ақпарат
   Г) Қаржы
    Капитал – қосымша құн әкелетін кез келген құндылық.
    Кәсіпорын қорлары – экономикалық және экономикалық емес болып бөлінеді.
    1. Материалдық қорлар.
       1. Капитал, негізгі және айналым.
       2. Жер қорлары.
       3. Энергетикалық қорлар.
    2. Материалдық емес қорлар – өнім өңдіруге қатысатын, бірақ материалдық-
       заттық формасы жоқ қорлар.
       1. Авторлық құқық.
       2. Патент.
       3. Сауда маркалары.
       4. Бағдарламалар, ноу-хау және т.с.с.
    3. Еңбек қорлары.
       1. Еңбек
       2. Кәсіпкерлік қабілет.
    4. Қаржы қорлары (экономикалық емес) – кәсіпорында бар ақша:
           — өзіндіке – жарғылық капитал, пайда,  амортизациялық  қор  және
             т.с.с.
           — келтірілген.
           — қарызды.
           —  Басқа  түсімдер  –  сақтық  төлемдер,  мемлекеттік  бюджеттен
             түскен ақша, дивидендтер және с.с.
   Кәсіпорынның сыртқы орта элементтері:
   А) Мемлекеттік органдар
   Б) Кәсіпорындар – бәсекелестер, әріптестер, серіктестер.
   В) Тұтынушылар
   Г) Кәсіпорын қасында тұратын халық


   3. Кәсіпорындардың жіктелуі
   Жіктеу факторлары:
   1) Қолданылатын  қорларына  байланысты  кәсіпорындар  еңбек  сіңіргіштігі
   жоғары, қор сіңіргіштігі жоғары және материал сіңіргіштігі  жоғары  болып
   бөлінеді.  Еңбек  сіңіргіштігі  жоғары  кәсіпорындарда,  көбінесе   еңбек
   бөлінісі  дәрежесі  өте  жоғары.  Бөл  бөліністің  кемшіліктері   еңбекті
   ізгілендіру,  еңбек  қызметін  қызықтыру  және   топтарда   жұмыс   істеу
   тұжырымдамаларын туғызды.
   2) Салаға байланысты кәсіпорындар  келесі  түрде  бөлінеді:  кен  өңдіру,
   өнеркәсіптік кәсіпорындар, ауыл шаруашылық, сауда,  транспорт,  байланыс,
   құрылыс кәсіпорындары, қаржы мекемелері.
   3) Орналасуына қарай. Орналасу жерін таңдау белгілері:
   а) материалдар шығындары (транспорттау шығындарын азайту)
   б) еңбек шығындары (еңбек қорларының жеткіліктілігі, еңбек күші бағасы)
   в) тауарларды сату шығындары және салықтар деңгейі
   г) транспорттық құралдар жеткіліктілігі
   д) энергия шығындары
   е) қоршаған орта жағдайына қарай
   ж) тұтынушылар жеткіліктілігіне
   з) жергілікті жердің ерекшеліктеріне  қарай  (ландшафтысы,  климаты  және
   с.с.)
   и) шетел әріптестерімен байланысуына қарай
   4) кәсіпорын өлшеміне қарай ірі, орташа, шағын  кәсіпорындар  болады.  Ол
   үшін жұмысшылардың саны, жылдық айналымы, негізге  қаржы  мөлшері,  жұмыс
   орындарының саны, бастапқы материалдардың қолданылуы есебке алынады.
   5) меншік формасына қарай жеке, мемлекеттік, ұжымды кәсіпорындар болады.
   6) ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қарай
   4. Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары.

       Шаруашылық серіктестіктер.

  Шаруашылық серіктестіктер  –  белгілі  бір  мақсаттарға  жету  мақсатымен
  кәсіпкерлердің бірігуін айтады. Екі не одан көп  қатусышысы  болу  керек.
  Табыс  енгізген  капитал  үлесіне  сәйкес  бөлінеді.  Барлық  серіктестер
  ұйымның жұмысына міндетті түрде  қатысу  керек.  Жалданды  еңбек  қолдана
  алады. Екі түрі бар:

    1) Толық серіктестік. Оның  мүшелері  кәсіпорын  қарыздары  үшін  бүкіл
       мүлігімен жауап беруге тиіс. Сондықтан да  бұл  ең  сенімді  ұйымның
       түрі. Әр серіктес ұйым атынан басқалардың  келісімінсіз  қызмет  ете
       алады.
    2) Коммандитті серіктестіктер. Мұнда  толық  серіктестермен  бірге  жай
       салымшылар коммандитисттер бола  алады.  Коммандитисттер  компанияны
       басқаруға қатыспайды, тек енгізген капиталдан процент түрінде  пайда
       алады.

       Шаруашылық қоғамдар.

        Шаруашылық қоғам – коммерциялық мақсаттарға байланысты капиталдардың
    бірігуі. Міндетті түрде жарғысы және құрылтай келісім шарты болу керек.
    Қоғамның жұмысына қатыспауға да болады. Түрлері:
        1)   ЖШҚ   –   Жауапкершілігі   шектелген    қоғамдар:    Мүшелердің
           жауапкершілігі  олардың  салымдар  мөлшерімен   ғана   шектелген.
           Қатысушылар саны шектелмеген. Ең сенімсіз кәсіпорын формасы.
        2)  Қосымша  жауапкершілігі  бар  қоғам:  мүшелері  қоғам  қарыздары
           бойынша бүкіл мүлігімен өз  салым  үлесіне  пропорционалды  жауап
           береді.
        3) АҚ: Жарғылық капитал  бірдей  үлестерге  –  акцияларға  бөлінеді.
           Түрлері:
                — ЖАҚ: Акциялар акционерлердің көпшілігі берген  рұқсатымен
                  ғана сатылады. Қоғам мүшелері арасында ғана қолданылады.
                — ААҚ: акциялар еркін сатылады.

       Өндірістік кооперативтер

     – бұл бірлескен өндірістік және шаруашылық қызмет  жүргізу  мақсатымен
адамдардың бірігуі.  Әр құрылтайшы кооператив  жұмысына  тікелей  еңбек  ету
қажет. Жалданды еңбек қолдануға тыйым салынады. Табыс істеген еңбек  үлесіне
қарай бөлінеді. Жауапкершілік  – берген салым (пай) мөлшерінде.

       Унитарлы кәсіпорын.

    Мұнда мүлікке меншік  құқығы  болмайды,  барлық  қызметкерлер  жалданды
болады.
    Екі түрі бар:
                —  Шаруашылық  жүргізу  құқығы  бар:  кәсіпорын   қарыздары
                  бойынша мемлекет жауап береді.
                — Оперативты басқару құқығы бар:  (қазыналық  кәсіпорындар)
                  тек мемлекет ие болады (мысалы қорғаныс өнеркәсібі).
Кәсіпорындар ұйымдарға біріге алады:
Ұйымдардың келесі түрлері болады:
     1. Корпорация – акционерлік қоғам, жалпы мақсаттарға жету үшін бірнеше
        кәсіпорындардың бірігуі, кіретін  кәсіпорын  қарыздары  үшін  жауап
        береді.
     2.  Концерн  –  келісімдік   монополиялық   бірлестік,   шоғырландыру,
        кооперациялау,   мамандану   және   интеграциялау   артықшылықтарын
        қолданады. Ең ірі кәсіпорын түрі.
     3.  Консорциум  –   ірі   экономикалық   бағдарламаны   орындау   үшін
        кәсіпорындардың уақытша бірігуі.
     4. Картель – нарықтарды бөлу, баға деңгейі, өнім өңдіру  үлесі,  төлем
        жасау мерзімдері және т.б. бойынша жасалынған келісім.
     5. Трест –  кәсіпорындар  өз  дербестігінен  толығымен  айрылады,  бір
        орталыққа бағынады.
     6.  Синдикат  –  жабдықтау  және  өткізу  сұрақтары  бойынша  қызметті
        жетілдіру мақсатымен ерікті түрде бірігу түрі.
     7. Холдинг – акционерлік қоғам түрі, өз капиталын басқа компаниялардың
        бақылау пакеттерін сатып алу үшін  қолданады  және  оларға  басқару
        жүргізеді.
     8. Қаржылы-өнеркәсіптік топтар  –  ірі  инвестициялық  бағдарламаларды
        іске  асыру  мақсатымен  өз  активтерін  біріккен  заңды   тұлғалар
        жиынтығы.

          • Тақырып 2. Қазақстанның көлiк және коммуникация кешенi
    • Көлiк қатынасы республика аудандары арасындағы өндiрiстiк  байланысты,
      өнiм алмасуды және сыртқы сауданы қамтамасыз етедi. Өнеркәсiп пен ауыл
      шаруашылығы сияқты көлiк өнiм өндiрмейдi. Бiрақ жүк  пен  жолаушы  тек
      көлiк көмегiмен ғана қозғалысқа келедi. Сондықтан жүк  пен  жолаушының
      көлiк арқылы  қозғалысын  оның  шығаратын  өнiмiне  тең  деп  есептеп,
      көлiктi материалдық, өндiрiстiк салаға жатқызады.
    Көлiк елiмiздiң әр түрлi  аудандары  мен  тұтынушылар  арасындағы  өнiм
алмасуын қамтамасыз етiп, аумақтық еңбек бөлiнiсiн қалыптастырып, елдер  мен
аудандар шаруашылығының мамандануын тереңдетедi.
    Көлiк және коммуникация кешенiнiң  негiзгi  мiндетi  -  шаруашылық  пен
халықтың   жүк   пен   жолаушы   тасымалдау    жөнiндегi    қажетiн    толық
қанағаттандырып, түрлi аудандар арасындағы байланысты қамтамасыз ету.
    Қазақстанның  көлiк  және  коммуникация  кешенiн   (ККК)   темiр   жол,
автомобиль,  әуе,  су  көлiктерi  және  телекоммуникация  құрайды.  Кешеннiң
құрамына ондаған iрi мемелекеттiк және жеке меншiк iрi кәсiпорындар кiредi.
    Оған  iрi  мемлекеттiк   мынадай   iрi   кәсiпорындарды   республикалық
мемлекеттiк кәсiпорын (РМК) “Қазақстан темiр  жолы”,  мемлекеттiк  кәсiпорын
“Казахавтодор”,   жабық   акционерлiк    қоғам    “Эйр    Қазақстан”,    РМК
“Казаэроавиация”, Астана және Алматы аэропорттары, Ақтау теңiз сауда  порты,
акционерлiк қоғам “Казпочта”, ашық  акционерлiк  қоғам  “Казахтелеком”  және
басқаларын жатқызуға болады. Көлiк - коммуникация кешенiнде 420 мыңға  тарта
адам еңбек етедi, Қазақстанның әр-бiр он адамға жуығы  осы  кешенге  тiкелей
немесе жанама қатынасы бар.
         Республикамызда Едiл бойы, Орал, Орталық  Азия  және  Батыс  Сiбiр
сияқты iрi экономикалық  аудандарды  жалғастыратын  қатынас  жолдары  өтедi.
Қазақстанның көлiк көршi аудандарға  ғана  емес,  аудан  аралық,  республика
iшiндегi және алыс шетелдермен арадағы халықаралық байланыстарды  қамтамасыз
ететiн аумақтық-өндiрiстiк байланыстарды да жүзеге асыруы  тиiстi.  Ол  үшiн
көлiк түрлерiнiң бiр-бiрiмен келiсiмдi жұмыс iстеуiнiң маңызы зор.  Көлiкпен
тасылатын  жүктерге  көмiр,  мұнай,  қара  және  түстi   металдар,   құрылыс
материалдары, астық пен ағаш жатады.
    Жалпы көлiк  жүк  айналымының  79%-ы   темiр  жолға,  5%-ы   автомобиль
көлiгiна келсе, ал қалған  4%-ы   көлiктiң  басқа  түрлерiне  келедi.  Бұған
қарағанда  Қазақстанның  көлiгiнде   жетекшi   орынды   темiр   жол   көлiгi
алатындығын көруге болады.
    Кең-байтақ Қазақстан үшiн темiр жол көлiгiнiң басты түрi  бола  отырып,
жүк айналымының 79%-ын, қамтып, жолаушы жүк тасымалының 56% - ын құрайды.
    Революцияға дейiн Қазақстан темiр жолының ұзындығы 2000 шақырым  болып,
Ұлы Сiбiр магистралы оның Солтүстiк жиегiнен Петропавл қаласы  арқылы  өттi.
Ал оның батысында Орынбор – Ташкент темiр жолы  1905—1907  жылдары  салынды.
Қазiргi Қазақстан темiр жолдарының ұзындығы 13,4 мың  шақырымнан  асып  ТМД-
да Ресей, Украинадан кейiнгi үшiншi орынды алып отыр.  Қазақстан  темiр  жол
магистралының әр 1000 мың шақырым жерге жиiлiгi 5,3 шақырым.
    Көлiктiң әр түрiне тән  өзiндiк  ерекшелiктерi  бар.  Темiр  жолды  кез
келген бағытта салуға болады, оған елiмiздiң жер бедерi қолайлы.  Темiр  жол
көлiгi климат жағдайына қарамай жыл бойы үздiксiз  жұмыс  iстейдi.  Жүк  пен
жолаушыны алыс қашықтыққа жеткiзедi.
    Кеңес жылдарында елiмiздiң бүкiл аумағында темiр жол жүйелерi тартылды.
Мұндай негiзгi магистралдардан республиканың iшкi  өнеркәсiптi  аудандарына,
пайдалы қазбалар мен кен орындарына қысқа  жолдар  салынып,  олар  өнеркәсiп
тораптарын,  ауыл  шаруашылық  аудандарын  бiр-бiрiмен  байланыстырды.  Жаңа
темiр жолдардың салынуы елiмiздiң табиғат  байлықтарын  игеру,  экономикасын
көтеруге бағытталды.
    Елiмiз аумағындағы темiр жолдардың iшiнде республика аралық маңызы  бар
меридиандық бағыттағы үш магистралды атауға болады.
         Елiмiздiң батыс аудандары арқылы өтетiн  ескi  темiр  жолдың  бiрi
Орынбор -Ташкент темiр жолы. Ол Қазақстанның батыс және оңтүстiк  аудандарын
байланыстырып, бұл аймақтың табиғат байлықтарын игеру, шаруашылық  салаларын
қалыптастырып, дамытуда маңызы зор болды.  Сонымен  бiрге  Қазақстан  аумағы
арқылы  Ресейдiң  Еуропалық  бөлiгi  аудандары,  Украина  мен  Орталық  Азия
елдерiнiң байланысы жүзеге асады. Қазақстанның iшкi жүк  тасымалында  көмiр,
мұнай, оның өнiмдерi елеулi орын алады.
    Қазақстанның солтүстiк - шығысынан оңтүстiк - батысына  қарай  Семей  -
Алматы - Луговой - Тараз - Шымкент - Арыс темiр жолы өтiп, оның  Луговой   -
Семей арасындағы бөлiгiн Түркiстан - Сiбiр (Түрксiб) темiр жолы деп  атайды.
Бұл темiр жол магисталы 1930 жылдары салынып, оның  құрылысына  алғашқы  рет
қазақ  жұмысшылары  қатысты.  Түрксiбтiң  салынуы  Кендi  Алтай  мен  Жоңғар
Алатауында  энергияны  көп  қажет   ететiн   түстi   металлургияның   дамуы,
Қаратаудың фосфоритiн игеру, соның  негiзiнде  Жамбыл  -  Қаратау  аумақтық-
өндiрiстiк кешенiнiң  қалыптасуына  зор  үлестерiн  тигiздi.  Сонымен  бiрге
темiр жол желiсi бойындағы ескi iрi қалалардың онан  әрi  дамуына  мүмкiндiк
бердi. Түрксiбтен Локоть  станциясы  арқылы  Өскемен,  ал  одан  Риддер  мен
Зырянға тармақ тартылған.
    Қазақстанның  орталық  бөлiгi  арқылы  солтүстіктен  оңтүстiкке   қарай
елiмiздiң  солтүстiк,  орталық  және  оңтүстiк   аудандарын   байланыстырып,
Трансқазақстан деп аталынатын Петропавл - Ақмола - Қарағанды - Мойынты -  Шу
темiр жолы тартылды. Бұл негiзгi  магистральдан  Орталық  Қазақстанның  iшкi
аудандарын, яғни Жарық станциясы арқылы Жезқазғанға, Мойынты


   Тақырып 3. Көлік кәсіпорындарының негізгі өндірістік қорлары (1 сағат)
      Дәріс жоспары:
   1. Негізгі өндірістік қорлар, түсінік беру және құрамы.
   2. Негізгі қорларға баға беру.
   3. Негізгі қорлардың тозуы, ұдайы өндірісі
   4. Негізгі қорлардың амортизациясы
   5. Негізгі қорларды пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер
      Практикалық сабақ (1 сағат)
      Есеп  жинағы  бойынша  1.1.-1.5.  есептерін  шығару,  тақырып  бойынша
   сұрақтарға жауап беру.
      Әдебиет
                    1. Дәрістер
                    2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и
                       статистика», 2000 г., 159-185 б.
                    3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и
                       биржи», 1999 г., 150-167 б
                    4. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.:
                       «Инфра-М», 1997 г., 146-165 б.
9. 5. Бейсенова М., Садықбаева А.  Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы),
   Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 12-24 б
8.      6.  «Кәсіпорын  экономикасы»  курсы  бойынша   практикалық   сабаққа
   арналған есептер
       жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.:  2005,
    4-8 б
    Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар
      Есеп жинағы бойынша өздік жұмысқа арналған есептер (№1, №2, №3, №4).


   Дәріс
   1. Негізгі өндірістік қорлар, түсінік беру және құрамы.
      Негізгі  капитал  (негізгі  қорлар,айналымнан  тыс  активтер,  негізгі
   құралдар)  –  бұл  өзінің  құнын  дайын  өнімге  біртіндеп,  белгілі  бір
   бөліктермен,  бірнеше  өндірістік  цикл  ішінде  түсіретін  және   өзінің
   натуралдық-заттық формасын ұзақ уақыт бойы сақтайтын, жоғалтпайтын  еңбек
   құралдары. Негізгі құралдар өндірістік (өндірістік  процесіне  қатысатын)
   және өндірістік емес (тікелей  қолдануға  арналған,  өндірістік  процеске
   қатыспайды: мед.мекемелер,  мәдениет  үйі,  тұрғын  үй)  болып  бөлінеді.
   Өндірістік қорлар  өз  кезегінде  активті  (өндірістік  процеске  тікелей
   қатысатын) және пассивті (өндірістік процеске жағдай жасайтын) бөліктерге
   бөлінеді.  Негізгі  қорлар  натуралдық  және  ақшалай   түрде   өлшенеді.
   Натуралдық баға беру дегеніміз –  олардың  өндірістік  сипаттамасын  беру
   деген сөз.
    Қолдану мақсатына қарай негізгі қор түрлері:
    1) Ғимараттар (цехтер, қоймалар, т.б.);
    2) Құрлыстар (көпір, тоннель, жолдар, т.б.);
    3)  Тасымалдау  қондырғылары  (құбырлар,    электр   тоғын   тасымалдау
       желілері, т.б.)
    4) Машиналар және жабдықтар:
        а) Күш машиналары және жабдықтары (энергияның түрлерін шығарады);
        б) Жұмыс машиналары мен жабдықтары (еңбек затына әсер етеді);
        в) Өлшеу және реттеу аспаптары;
        г) Есептегіш техника және т.б.
    5) Көлік құралдары;
    6) Құрал-сайман, қызмет ету  мерзімі  1  жылдан  жоғары  болатын  басқа
       құралдар);
    7) Өндірістік және шаруашылық жиһаз;
    8) Жұмысшы және өнім беретін мал;
    9) Көпжылдық өсімдіктер;
   10) Жер құнарлығын өсіруге қажет күрделі шығындар;
   11) Басқа қорлар (мысалы кітапханалық қор).
  Қызмет ету мерзімі 1 жылдан кем болатын заттар негізгі қорларға жатпайды.
  2. Негізгі қорларға баға беру.
    Негізгі қорларға баға беру келесі құн түрлері бойынша жүргізіледі:
                — Негізгі қорлардың бастапқы құны, оларды  сатып  алу  жылы
                  болған бағаларға, жеткізу шығындарына және құру және  қою
                  құнына тәуелді болады.


                  =                    +                              +




                — Қайта  есептеу  құны  –  берілген  жыл  бағалары  бойынша
                  негізгі қорларды  жасау  немесе  сатып  алу  құны  (қайта
                  бағасын анықтау мезетіне байланысты):


                            =                     *





                                         =                   *


                — Қалдық құны бойынша – қорлардың тозуын есебке алу:


                                           =                  —




   - жою құны бойынша – баланстан шығарылатын қордың бағасы
   - баланстық құны  бойынша  –  бухгалтерлік  баланстың  бірінші  бөлімінде
   жазылатын құн
   3. Негізгі қорлардың тозуы, ұдайы өндірісі
    Тозу – негізгі қорлардың  өндірістік  процеске  қатысу  нәтижесінде  өз
құнын  жоғалтуын  сипаттайды.  Негізгі  қорлар   оларды   қолдануға   немесе
қолданбауға тәуелсіз тозуға ұшырайды. Тозудың  екі  түрі  бар:  табиғи  және
моральдык. Табиғи тозу  –  негізгі  қорлардың  пайдалануға  немесе  қоршаған
ортаның ықпалына  байланысты  өз  тұтынушылық,  өнімді  қасиеттерін  жоғалту
процесі. Нәтижесінде жарамсыз боп қалады.  Табиғи тозу  коэффициенті  келесі
формула бойынша анықталады.
                               Кт.т.= Қт/Қбас,
    Мұндағы Қт – тозу құны, Қбас – бастапқы құны
    Моральдық тозу – негізгі қорлардың құны экономикалық тұрғыдан төмендеуі
(ғылыми-техникалық  прогреске  және  әлеуметтік   факторларға   байланысты).
Моральдық тозу түрлері:
    1. Өндірістік: берілген  қорды  өңдіру  шығындары  азаюдың  нәтижесінде
болатын тозу.                         Т = Қб – Ққ.е.
2. Экономикалық: берілген қор бағасына тең бірақ оған қарағанда өнімділігі
жоғары қорлардың пайда болуы: П. Г. Бунича формуласы бойынша:
      Т = Қбе – Қбе/(Өе*Тне) – (Қбж*Тқ*Өе)/(Өж*Тнж)
Мұндағы: Қбе, Қбж – ескі және жаңа машинаның бастапқы құны
      Өе, Өж – ескі және жаңа машинаның жылдық өнімділігі
      Тне, Тнж – ескі және жаңа машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі,
жыл
      Тқ – Ескі техниканың қалған қызмет ету мерзімі, жыл
3. Маркетингтік: берілген машинаға сұраныстың өзгеруіне байланысты,
нарықтағы өзгерістерге байланысты бағаның төмендеуі. Формуласы өндірістік
моральдык тозуға сәйкес анықталады.
      Тозу амортизация түрінде есептеледі.
      Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі – негізгі қорлардың құнын қалпына
келтіру және өсіру шараларының жиынтығы. Интенсивті (сапасы жағынан) және
экстенсивті (саны жағынан) болуы мүмкін. Түрлері:
      А) Жаңа құрылыс; Б) Қайта құру; В) Өндірістің кеңеюі; Г) Техникалық
қайта қарулану; Д) Модернизация (жаңарту); Е) Қорды ауыстыру; Ж) Жөндеу
(күрделі, орташа, ағымдағы, бақылау)
   4. Негізгі қорлардың амортизациясы
      Амортизация –  бұл  негізгі  қорлар  құнының  шығарылған  өнім  құнына
біртіндеп түсу  процесі.  Амортизацияның  жылдық  сомасы  негізгі  қорлардың
қызмет ету мерзіміне тәуелді болады  және  амортизация  нормалары  негізінде
құрылады. Амортизацияның жылдық көлемі келесі формула арқылы табылады:

                                    [pic]


                                    [pic]


  Корт  – негізгі қорлардың орташа жылдық құны.
    Тенг – қорды енгізу айынан бастап жылдың аяғына дейін қалған ай саны.
    Кенг – енгізілетін қорлар құны.
    Ешығ – шығарылатын қорлар құны.
    Тшығ–  қорды шығару айынан бастап жылдың аяғына дейін қалған ай саны.
    Na – амортизация нормасы.
    Амортизация нормасы – қорларды толығымен қалпына келтіру үшін
          амортизациялық төлемдердің нормасы:
    Na = (Қбал – Қжою)*100 % /(Қбал*Тн)
    Қбал, Қжою – қордың баланстық және жою құны


       Әлемдік  тәжірибеде  амортизацияны  есептеудің  бірнеше  тәсілі  бар.
Оларды келесі белгілерге  қарай  жіктейді.  Жабдықтың  тозуын  көбінесе  оны
жоспар бойынша пайдалану уақыты бойынша, кейде  (өте  сирек  жағдайда)  оның
жасайтын жұмыс көлемі бойынша анықтайды.
      Жабдықтың құнын өнім бағасына түсірудің бір қалыптылығына қарай
сызықты (біркелкі)  және біркелкі емес амортизация болады. Соңғысы не
белгілі бір ережеге қарай, не арнайы графикке байланысты әртүрлі
тәсілдермен іске асады.
      Амортизацияның түрлерін қалыпты,  тездетілген  және  баяулатылған  деп
бөлуге болады.
      Экономикалық тұрғыдан  амортизациялық  сомаларды  есептегенде  ақшаның
уақыттағы өзгерісін есебке алу болып табылады. Кейбір әдістер  бұл  жағдайды
есебке алады (яғни амортизациялық төлемдерге саналған процентті),  басқалары
жоқ.
      Әрине,  амортизация  сомаларын  анықтаудың  әртүрлі  әдістері  әртүрлі
нәьтиже береді. Көбінесе, әр кәсіпорын өзінің өндірістік жағдайларын  есебке
алады.
      Әртүрлі әдістерді көрсеткенде келесі көрсеткіштерді пайдаланамыз:
Р — жабдыққа кеткен инвестициялардың бастапқы құны (capital investment,
capital expenditure),
L — жою құны  (terminal value, final value)',
n — амортизация мерзімі, жыл;
Dt —  t жылы болған амортизация көлемі,
Bt —t жылдың аяғында жабдықтың  баланстық (қалдық, амортизацияланбаған)
құны.
Баланстық құнның динамикасын сипаттайтын екі қарапайым теңдеу жазайық:
|[pic]                                        |


      Сәйкесінше  Dt = Bt-1 - Bt , немесе D1 = Р – В1
      Төменде бұл теңдеулер әртүрлі әдістерге байланысты нақтыланады.
Сызықты (біркелкі) модельдер (straight-line method).  Бұл  модель,  көбінесе
өндіріс жағдайларын, экономикалық жағдайларын есебке алмайды.  Оның  негізгі
артықшылығы  –  оның  қарапайымдылығында.  Сонымен  қатар,  бұл  әдіс  басқа
әдістердің   артықшылықтарын   зерттегенде   салыстырмалы   негіз    ретінде
қолданылады. Формуласы:
|[pic]                                        |


Әр жыл аяғындағы қалдық құны келесі формула бойынша анықталады
|[pic]                                        |


      Бұл формулаға қарап, амортизацияның сызықты өсіп жатқанын, ал
баланстық құнының сызықты түрде азаюын көруге болады (сур 1).
      Егер Р және L параметрлері өзгермесе, амортизацияның жылдық сомасы
амортизация мерзіміне тәуелді болады, бұл тәуелділік сызықты емес (сур 2).
Берілген әдісті дамыту арқылы амортизацияны анықтаудың екі  тәсіліне  келуге
болады: істеген уақытқа пропорциональды (machine hour method)  және  өндіріс
көлеміне пропорциональды амортизация. Істеген уақыт бірлігіне саналған  тозу
келесі формула бойынша саналады
|[pic]                        |


мұндағы V — жабдықтың жоспар бойынша жұмыс істеу уақыты
      Сәйкесінше
|[pic]                     |


                  мұндағы vj –  j жылы жұмыс істеген уақыт,
                                    [pic]
      Екінші әдіс егер шығарылатын өнім  біріңғай  болса  ғана  қолданылады,
яғни бұл  жағдайда  тозу  мөлшері  өңдіру  көлеміне  пропорционалды  болады.
Мысалы,  көліктің  тозуы  оның  жүру  жолына  тәуелді  болуы  мүмкін.  Сонда
жоғарыдағы  формулаларды   қолдануға   болады,   бірақ   V   ретінде   жалпы
жоспарланған өнім  көлемі  болса,   vj.   ретінде  j  жылы  шығарылған  өнім
болады.
      Осы аталған екі әдіс біркелкі тәсілге жатқызылады.
       Сызықты   әдіс   шектеріндегі   тездетілген   амортизация   дегеніміз
амортизация нормасын өсіруді айтамыз,  бұл  процесс  жабдықтың  жұмыс  істеу
мерзімін өсірумен пара-пар.
      Сызықты емес әдістер
      Амортизация сомасына проценттерді есептемеу әдістері
      Сызықты емес әдістер өндірістік қызмет  ерекшеліктерін  есебке  алады,
яғни әлдеқайда  икемді  болады.  Бұл  әдістерді  екі  топқа  бөлуге  болады:
проценттерді есебке  алмайтын  және  есебке  алатын  әдістер  (немесе  уақыт
факторын есебке алмайтын және алатын).
Бірінші топқа келесі әдістер жатады:
а) қалдық баланстық құнынан өнімге түсірілетін тұрақты үлес әдісі  (constant
percent depreciation),
б) реттік сандар қосындыларының әдісі (sum of digits method),
в) кестелік әдіс.
Екінші топ әдістері:
г) жиналған резерв әдісі (sinking fund),
д) аннуитет әдісі (annuity method).
Осы әдістерді қарастырайық.
а) қалдық баланстық құнынан өнімге түсірілетін тұрақты үлес әдісі
Бұл әдіс бойынша (тұрақты  үлестер  әдісі)  уақытқа  қарай  жасалынатын   әр
қадамда жабдықтың баланстық құнынан тұрақты үлес өнім  бағасына  түсіріледі,
яғни
|[pic]                     |


мұндағы r — әр амортизациялық мерзімдегі баланстық құнының қысқару үлесі.
Амортизациялық сомалар келесі түрде анықталады:
|[pic]                     |


Егер жабдықты жою құны  берілген  болса,  r  көрсеткішін  анықтауға  болады.
Жабдықты пайдалану мерзімі ішінде оның құны Р шамасынан L-ге  дейін  азаяды.
Осыдан келесі теңдеуді шығаруға болады:
|[pic]                     |


Осыдан r  көрсеткішін табуға болады:
|[pic]                     |


Әрине, егер  L = 0 (толық тозу), онда бұл формуланы қолдануға болмайды.
Егер r алдын-ала берілсе, ал  L  белгісіз  болса,  онда  оны  келесі  айырма
түрінде табуға болады:
|[pic]                     |


Кейде бұл әдіс сызықты әдіспен қоса қолданылады. Бастапқы жылдары  түсірудің
тұрақты  үлестері  әдісі   қолданылса,   кейінгі   жылдарда   сызықты   әдіс
қолданылады.   Нәтижесінде   жабдықты   қолданудың   бастапқы   кезеңдерінде
амортизация қоры тездетіліп саналады. Мысалы, егер бірінші m жылдары  ішінде
жабдықтың бастапқы баланстық құнынан  М  %  түсіру  керек  болса,  онда  бұл
жылдары 100r % түсіріледі. Сонда
|[pic]                     |


Қалған жылдар ішінде (п - m) амортизация сомасы келесі мөлшерде болады:
|[pic]                     |


 
б) Реттік сандар қосындыларының әдісі
Бұл  әдіс,  жоғарыдағы  әдіс  сияқты  амортизацияны  тездетуге  бағытталған.
Жабдық  құнын  түсіру  үлестері  жыл  сайын  азайып  тұрады,  яғни   тозудың
абсолютты сомалары да  төмендейді.  Түсіру  үлестерін  анықтау  үшін  келесі
қадамдар жасайды. Жабдықтың қызмет ету жылдарына реттік  нөмірлер  қойылады:
t = 1,2, ..., л. Бұл нөмірлердің сомасын Q деп  белгілейік  және  ол  түсіру
үлестерін есептеуге негіз болады.
Бұл тәсілді қаржы есебінде уақыттағы әр қадам  сайын  қарызды  өтеу  шамасын
азайту  мақсатымен  қолданады.  Берілген  әдістің  жеке  түрі  ретінде   "78
ережесін" қарастыруға болады. 78 деген бір  жылда  болатын  айлардың  реттік
нөмірлерін қосқанға тең шама
Келесі теңдеу бәріне де әйгілі
|[pic]                     |


Жабдықтың амортизациялынатын құнын түсіру үлестері   j/Q  ара-қатысы  арқылы
табылады, мұндағы      j —  тозуды  есептеу  жылының  кері  ретпен  саналған
нөмері, яғни қызмет ету мерзімі аяғынан  бастап.  Сонда,  бірінші  жыл  үшін
түсіру үлесі n/Q тең болады, екінші жыл үшін — (п - l)/Q және  т.с.с.  Соңғы
жыл үшін 1/Q. Формуланы былай жазуға болады:
|[pic]                      |


T жылдың  соңына  баланстық  құн   (келесі  түсіруден  кейін)  келесі  түрде
анықталады
|[pic]                     |


 Бұл шаманы басқаша да анықтауға болады:
| [pic]                    |


Соңғы теңдеуді ықшамдағанда келесі ара-қатыс шығаруға болады
|[pic]                     |


      в) Кестелік әдіс
Кейбір  елдерде  мемлекеттік  органдар   амортизацияны   санауды   реттейді.
Көбінесе,  бұл  әдістемелер   амортизацияның   жалпы   мерзімін   қысқартуды
көздемейді.  Олар  бастапқы  баланстық  құнын  түсіру  үлестерін  көрсететін
арнайы кестелерді құрастыруға  негізделген.  Мысалы  АҚШ-та  он  бес  жылдық
мерзім берілсе, алдыңғы 5  жылға  амортизация  нормасы  12,  10,  9,  8,  7%
құрайды, келесі төрт жыл ішінде ол  6% тең, ал қалған  алты  жыл  ішінде  5%
болады. Жою құны есебке алынбайды.
       Талдау  өлшемі  ретінде  жабдық  құнының  жартысы  амортизацияланатын
мерзімді атауға болады. Бұл мерзімді медианды деп атауға болады..  Бұл  шама
неғұрлым  аз  болса,  солғұрлым  амортизация  мерзімі  тезірек  өтеді.   Бұл
мерзімді w деп белгілейік. Кейбір жағдайларда оны формула  арқылы  анықтауға
болады, мысалы сызықты модель үшін ол келесі болады:
|[pic]                     |


 
Егер жою құнын ескермесе w = п/2.
Үлестер әдісі үшін w келесі теңдеуден анықтауға болады
|[pic]                     |


Осыдан
|[pic]                     |


Қосындылар әдісі үшін w  шамасын  баланстық  құнының  өзгерісін  сипаттайтын
мәліметтердің интерполяциясын тауып анықтайды.
Баяулатылған амортизацияға  келсек,  іс  жүзінде  ол  өте  сирек  кездесетін
құбылыс,  оны  не  кестелік  әдіс  арқылы  не   жиналған   резерв   (төменде
сипатталған) әдісі арқылы жүзеге асырады.
Амортизация сомасына процентті есептеу арқылы қолданылатын әдістер
г) Жинақталған резерв әдісі
      Амортизациялық төлемдер амортизациялық қорда  жинақталады  және  кейін
ескі жабдықтың  орнына  жаңа  жабдықты  алуға  қолданылады  деп  алайық  (іс
жүзінде  бұл  ақша  кәсіпорынның  ағымдағы  активтеріне  жатады.  Бұл  қорға
түсетін   ақшаға   пайыздар   саналады.   Амортизация   мерзімінің   аяғында
жинақталған ақша сомасы өндірістен шығарылған жабдықтың  құнына  (жою  құнын
есебке алып) тең болу керек. Қор  жасау  үшін  қажет  салымдар  тұрақты  деп
алайық.  Сонда  төлемдердің  бәрі  де  тұрақты  қаржы  рента  –постнумерандо
ретінде қарастырылады, жинақталған сомасы қажет қор мөлшеріне тең болатын.
Тұрақты рентаның жинақталған сомасын анықтау формуласын жазайық
|[pic]                     |


Осыдан бір реттік салым жасау сомасы:
|[pic]                     |


мұндағы s n;i— тұрақты қаржы рентаның өсу коэффициенті.
Жыл аяғындағы жүйелі салымдарды және пайыздардың өсімін есебке  алып  қордың
өсу процесін келесі түрде көрсетуге болады
|[pic]                     |


мұндағы t —  түсіру  мезетінен  бастап  баға  беру  мезетіне  дейінгі  уақыт
интервалы.
Қор  сомасы  уақыттағы  әр  қадам  сайын  үдейі  өсетінін   көруге   болады.
Амортизациялық аударымдар да сәйкес өсу қажет. Сонымен,  бірінші  жылы  тозу
көлемі D тең, екінші жылы —  D(1+i)  және  т.с.с.  t  жылына  саналған  тозу
көлемі келесі формула бойынша анықталады
|[pic]                     |


 
Берілген сомалар әр жылдың  аяғында  қалдық  құнынан  аударылады.  Бұл  әдіс
бойынша амортизация процесі баяулатылған  болып  табылады.  Оның  медианалық
мерзімін келесі теңдеуден шығаруға болады.
|[pic]                     |

|[pic]                     |


 
Қорға салынатын  бірреттік  ақша  сомасы  сызықты  әдіс  бойынша  анықталған
амортизация сомасынан кем болады.
      ҚР да қолданылатын амортизация әдістері
       Сызықты  әдісті   көздейтін   мемлекеттік   органдармен   белгіленген
орталықтандырылған  амортизация  нормаларынан  басқа  амортизацияның   басқа
әдістерін  қолдануға  болады,  өйткені  амортизациялық  қорды   кәсіпорындар
өзінің қызметін дамытуға жіберетін инвестиция ретінде қолдана  алады.  Мұнда
амортизация әдісін таңдағанда ең маңызды фактор ретінде уақыт қолданылады.
      Келесі әдістер қолданылады:
    • Сызықты тәсіл;
    • Кемітілмелі қалдық тәсілі;
    •  Пайдалы  қолдану  мерзім  жылдарының  реттік  нөмерлерінің  қосындысы
      бойынша құнды аудару тәсілі;
    • Құнды өнім көлеміне пропорционалды аудару тәсілі;
    • Амортизацияның тездетілген әдісі (сызықты әдіс бойынша аударым құнының
      3 еседен артық мөлшерде болмау керек).
Жылдық амортизациялық төлемдерді анықтау әдістемесі:
    • Сызықты тәсіл бойынша негізгі қордың бастапқы құнына және  амортизация
      нормасына қарай анықталады;
    • Кемітілмелі қалдық тәсілі бойынша есепті жылдың басында негізгі қордың
      қалдық құнына және  амортизация  нормасына  қарай.  Мұнда  амортизация
      нормасы берілген қорды пайдалы қолдану мерзіміне қарай анықтайды;  бұл
      тәсілде амортизация әсіресе бірінші жылы тездетіліп өседі.
    •  Пайдалы  қолдану  мерзім  жылдарының  реттік  нөмерлерінің  қосындысы
      бойынша құнды аудару тәсілі бойынша  негізгі  қордың  бастапқы  құнына
      және жылдық  ара-қатысқа  қарай  анықтайды.  Бұл  жылдық  ара-қатыстың
      алымында қорды пайдалану  мерзімінің  аяғына  дейін  қалған  жыл  саны
      болса, бөлімінде қордың қызмет ету мерзім жылдары сандарының қосындысы
      қойылады;
    • Өнім көлеміне пропорционалды аудару тәсілі бойынша  есепті  жылы  өнім
      көлемінің натуралдық шамасына және қордың бастапқы құны мен осы  қорды
      пайдалы пайдалану мерзімі ішінде жоспарланатын  өнім  көлемінің  жалпы
      көлемінің  ара-қатысына  қарай  анықталады.  Бұл  тәсіл  негізгі  тозу
      факторы пайдалану мерзімділігі болатын активтер үшін қолданылады.
Бұл  тәсілдердің  амортизация  жылдамдықтары  әртүрлі   болады.   (сур   5).
Амортизациялық төлемдер өзіндік құн элементі болғандықтан, оларды  өсіргенде
пайда көлемі  азаяды,  нәтижесінде  салық  алу  базасы  төмендейді.  Сонымен
қатар, бұл ақша аударымдары кәсіпорын үшін ақша шығыны ретінде болмай (Cash-
out), керісінше кәсіпорынға түсетін ақша түсімдеріне жатады (Cash-in).
      Әртүрлі әдістерді салыстыру
Сонымен, тездетілген  амортизация  әдістері  бастапқы  кезде  өзіндік  құнды
өсіріп, салық салынатын пайда мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді.  Ал  соңғы
жылдары керісінше амортизациялық  төлемдер  азайып,  салық  салынатын  пайда
көлемі өсе бастайды, яғни  салық  салынатын  пайда  көлемі  уақытта  кейінгі
мерзімдерге жылжиды. Ақшаның уақыттағы өзгерісін есебке алғанда  компанияның
ағымдағы салық төлеу шығындары төмендейді.
       Кәсіпорынның  инвестиция  көздері  ретінде  пайда  және   амортизация
болады. Әртүрлі тәсілдер осы екі көрсеткіштің уақыттағы  шамасын  өзгертеді,
сонда  кәсіпорынның  «пайдасын»  анықтау  үшін  қорларды  пайдалану  мерзімі
ішінде амортизацияның жалпы сомасын және таза пайда сомасын бір-біріне  қосу
қажет және ақшаның уақыттағы өзгерісін (дисконтын) есебке алу керек.
   5. Негізгі қорларды пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер
 Көрсеткіштердің екі түрі бар:
    Жалпылама сипаттама беретін:
                — Қор  қайтарылымдылығы  –  негізгі  қордың  әр  бірлігінен
                  шығарылатын өнім көлемі.
                                    [pic]
                — Қор сыйымдылығы – өнімнің  бірлігіне  жұмсалатын  негізгі
                  қор мөлшері.
                                    [pic]
                — Қорлармен қарулану деңгейі – бір адамға саналған  негізгі
                  қор құны.
                                    [pic]
                Аорт.т. – өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың орташа
                тізімдік саны.
    Сапалық көрсеткіштер – негізгі қорлардың сапасын сипаттайды:
Жаңару коэффициенті = Қенг/Қж.бас.;  ҚКж.бас – жыл басындағы НӨҚ құны
Шығу коэффициенті =ҚКшығ /Қж.аяғ; Қж.аяғ – жыл аяғындағы НӨҚ құны
Тозу коэффициенті – жоғарыда формуласы көрсетілген
Негізгі қорлардың өсім коэффициенті = (Кенг – Кшығ)/Қж.аяғ
Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті = (Қбаст – тозу құны)/Қбаст
    2. Негізгі қорларды жеке қолданылуын сипаттайтын көрсеткіштер
жабдықтардың немесе өндірістік ғимараттардың жеке топтарын қолдану
тиімділігін сипаттайды.
    Жабдықты интенсивті пайдалану коэффициенті = Өі.ж./Өпаспорт
(өнімділігіне қарай)
    Жабдықты экстенсивті пайдалану коэффициенті = Ті.ж./Тнәт (уақытына
қарай)
    Жабдықты интегральды пайдалану коэффициенті = Ки*Кэ (қуатына қарай)
Нәтижелі уақыт қоры:
Экономикалық есептеулерде 3 түрлі уақыт қоры қолданылады:
    1. Күнтізбелі уақыт қоры:Tk=365
    2. Номинальды уақыт қоры – заң бойынша белгіленген уақыт қоры:
                      Тн=Тк-(Мейрамдар+Демалыс күндер)
    3. Нәтижелі уақыт қоры – пайдалы жұмыс істеу уақыты:
                 Тэфф=Тк-(Мейрамдар+Демалыстар)-Ткүрд.жөндеу


    Ауданның 1 шаршы метрінен алынатын өнім = ТӨ/S
    Сменалық коэффициент = Жұмыс істелінген станко-сменалардың
саны/қойылған жабдық саны
    Жабдықты тиеу коэффициенті =  жоспарды орындауға қажет уақыт
қоры/нәтижелі уақыт қоры
    Жабдықты күрделі жөндеуден өткізуге кеткен шығындардың экономикалық
тиімділігі:
      Эк.ж. = Бжаңа – (Шк.ж. + Үқ*Т)
мұндағы Бжаңа— жаңа машинаның бағасы  (қайта  есептелінген  құны);  Шк.ж.  —
берілген машинаны күрделі жөндеуден өткізу шығындары; Үқ —  жаңа  және  ескі
машинаны қолданудан түсетін шығын үнемі; Т — жөндеуаралық мерзім (жыл).


      Тақырып 4. Көлік кәсіпорындарының айналым қаржысы (1 сағат)
      Дәріс жоспары:
   1. Айналым қаржысы туралы түсінік.
   2. Айналым қаржының қалыптасу көздері
      3.    АҚ пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер
   4.   Айналым капиталын басқару
   5.   Қорларды басқару модельдері
      Практикалық сабақ (1 сағат)
      Есеп  жинағы  бойынша  берілген  тақырыптың  2.1.,  2.3  тапсырмаларын
   орындау, тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.
      Әдебиет
                    1. Дәрістер
                    2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и
                       статистика», 2000 г., 198-220 б.
                    3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и
                       биржи», 1999 г., 167-194 б
                    4. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.:
                       «Инфра-М», 1997 г., 165-180 б.
10. 5. Бейсенова М., Садықбаева А.  Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы),
   Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 24-36 б
      6. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа  арналған
   есептер жинағы
          /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 19-21
   б
      Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар
      Есеп жинағы бойынша берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс есептерін
шығару (№1, №2, №3, №4).


    1. Айналым қаржысы – бұл ақшалай формада айқындалатын  айналым  қорлары
мен айналыс қорларының жиынтығы. Айналым қорлары өндіріс процесіне  қатысса,
айналыс қорлары айналыс өрісінде қолданылады.
    Айналым қорлары – бір цикл ішінде толығымен тұтынылатын еңбек  заттары.
Айналым  қорлары  өз  құнын  дайын  өнімге  бірден  түсіреді   және   өзінің
натуралдық заттық формасын өзгертеді.
    Айналым қаржының құрамы:
|Айналым қаржысы                                                             |
|Айналым қорлары                       |Айналыс қорлары                      |
|Өндірістік  |Аяқталмаған |Болашақ     |Дайын өнім  |Жібеілген,  |Қосымша     |
|қорлар      |өндіріс     |мерзімнің   |            |бірақ әлі   |қорлар      |
|            |            |шығындары   |            |төленбеген  |            |
|            |            |            |            |өнім        |            |
|Шикізат,    |Жұмыс       |Жаңа        |Тексеруден  |Кәсіпорын   |Кассадағы   |
|материалдар,|орындарында |өнімдерді   |өткен және  |есеп шотына |ақша, есеп  |
|запас       |қалған      |құрастыруға,|қоймада     |төлемі әлі  |шоттағы     |
|бөлшектер   |өндіріс     |ғылыми-зертт|орналасқан  |түспеген,   |ақша,       |
|және с.с    |процестегі  |еу, тәжірибе|дайын өнім  |бірақ       |дебиторлық  |
|            |еңбек       |жұмыстарға  |            |жөнелтілген |қарыздылық  |
|            |заттары     |арналған    |            |өнім        |және т.с.с  |
|            |            |шығындар,   |            |            |            |
|            |            |болашақ     |            |            |            |
|            |            |мерзім      |            |            |            |
|            |            |өзіндік     |            |            |            |
|            |            |құнына      |            |            |            |
|            |            |кіреді.     |            |            |            |


    Айналым қорлары  үздіксіз  қозғалыста  болып  үш  кезеңнен  өту  қажет:
өндірістік, тауарлық және ақшалай кезеңдерден.
       Айналым  қаржысы  екі  бөліктен  тұрады:   тұрақты   және   өзгермелі
капиталдардан.
Тұрақты айналым капиталы (синонимы: ағымдағы активтердің  жүйелі  бөлігі)  —
бүкіл операциялық  цикл  ішінде  олардағы  қажеттілік  мөлшері  салыстырмалы
тұрғыдан тұрақты болатын ағымдағы активтер.
Өзгермелі   айналым   капиталы   (вариацияланатын   ағымдағы   активтер)   —
операциялық циклдың ең шиеленісті  кезеңдерінде  олардағы  қажеттілік  пайда
болатын ағымдағы активтер бөлігі.
Ағымдағы міндеттемелер — мерзімі бір жылдан артық болмайтын қарыздар.
Таза  айналым  капиталы  —  ағымдағы  активтер  мен  ағымдағы  міндеттемелер
арасындағы айырмаға тең болатын көрсеткіш. Оның  жетіспеушілігі  компанияның
жоюылуына  әкелу  мүмкін.  Бұл  көрсеткіштің  деңгейі  компания   қызметінің
тәуекелділігімен және рентабельділігімен тығыз байланыста болады.
Активтер  мен   пассивтер   арасындағы   ара-қатысқа   байланысты   ағымдағы
активтерді қаржыландырудың төрт  стратегиясын  көрсетуге  болады:  идеальды,
консервативты, агрессивты және компромисты. Таза түрде ешқандай  стратегияны
қолдануға  болмайды.  Қорларға  басқару  саясатын  оңтайландырғанда   келесі
есебке алынады:
         • тапсырыс жасалғанда қолданылатын қор деңгейі;
         • қорлардың минимальды мүмкін деңгейі (сақтық қор);
         • тапсырыстың оңтайлы партиясы.
   2. Айналым қаржының қалыптасу көздері
1. Өзіндік АҚ:
         • айналым капиталы  - меншік иелерінің қаржысы
         • пайда — негізгі көзі;
         • тұрақты пассивтер (өзіндік капиталға теңестірілген қаржы):
               • -еңбек ақы бойынша қарыз;
               • -бюджет бойынша қарыз;
               • -ыдыс бойынша қарыз;
               • -алдын ала төленген қаржы.
|[pic]                                                                    |


2. Келтірілген қаржы:
         • қарызды (несиелер);
         • мемлекеттік несие;
         • басқа (мақсаты бойынша пайдаланбағана қорлар мен резервтердің
           қалдықтары).
 АҚ нормалау – айналым қорларының минимальды қажет, экономикалық тұрғыдан
дәлелденген  деңгейін анықтау процесі. Норма көбінесе күндермен
есептелінеді
АҚ нормативі— кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ететін ақшаның
минимальды сомасы.
АҚ нормасы келесі формула бойынша анықталады (Нақ):
|[pic]                                                                 |(3.2)   |


где Тағ — ағымдағы қор (ең үлкен үлес алатын қор); Стр — сақтық қор; Тран —
транспорттық қор; Техн — технологиялық қор; Пр — қабылдау уақыты.
Ағымдағы қор:
|[pic]                                                                |(3.3)    |


мұндағы Сп — жеткізу құны; И — жеткізулер аранысндағы уақыт интервалы.
Сақтық қор
|[pic]                                                                |(3.4)     |


Транспорттық қор жүк айналымы мерзімдерінің (тауарды жабдықтаушыдан сатып
алушыға дейін жеткізу уақыты) құжат айналымы мерзімдерінен асуын
сипаттайды.
Технологиялық қор — материалдарды өндірістке даярлау уақыты.
АҚ нормативы келесі түрде табылады
                                                              Нақ = Р* На.ос
                                                                       (3.5)
мұндағы Р — АҚ орташа күндік шығыны; На.ос — АҚ нормасы. Келесі формуланы
да қолдануға болады
|[pic]                                                                   |(3.6) |


мұндағы В — мерзім ішінде АҚ элементі бойынша шығын (шығару) көлемі  (теңге;
Т — мерзім ұзақтығы (күн); На.ос —  АҚ  элемент  бойынша  нормасы  (күндер).
Аяқталмаған өндіріс бойынша АҚ нормативы
|[pic]                                                                   |(3.7) |


Мұндағы Пц — өндірістік цикл ұзақтығы; К — шығындардың өсім коэффициенті,
біркелкі өсу жағдайында ол келесі формула б-ша табылады:
|[pic]                                                                   |(3.8) |


мұндағы Фе — біруақыттық шығындар; Фн — өсіп жатқан шығындар; С/С — өзіндік
құн. Біркелкі емес өсу жағдайында
                                                                     К = С/П
                                                                            
                                                                       (3.9)
мұндағы С — бұйымның аяқталмаған  өндірістегі  орташа  құны;  П  —  бұйымның
өндірістік өзіндік құны.
Басқа формуласы:
[pic]

[pic]
  К – шығыны өсімі коэффициенті, М –  өнім  өзіндік  құнындағы  материалдық
  шығындар, С – өнімнің өзіндік құны.
    К-ны, көбінесе, өндіріс ортасы нүктесінде анықтайды:
    [pic]
Болашақ мерзімдер шығындарының нормативы
|[pic]                                                                   |(3.10)|


мұндағы П — болашақ мерзімдер шығындарының жоспарлы жылдың басына өтетін
сомасы; Р — сметалар бойынша көзделген келесі жылдың болашақ мерзім
шығындары; С — келесі жылдың өнімінің өзіндік құнына қосылатын болашақ
мерзім шығындары.
      Сондай-ақ келесі формула қолданылады:
[pic]

    мұндағы  αб.п.  –  болашақ  өнім   өзіндік   құнында   болашақ   мерзім
шығындарының алатын үлесі;  Ст.п.  –  болашақ  мерзімнің  тауарлық  өнімінің
өзіндік құны.
    Дайын өнім нормативы

[pic]

3. АҚ пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер
1. Бір айналым ұзақтығы (До)
|[pic]                                                                   |(3.11) |


мұндағы Со — мерзім ішінде АҚ қалдықтары; Тпер — мерзімдегі күндердің саны;
Vреал — өткізілген өнім көлемі.
2. Айналымдылық коэффициенті белгілі бір мерзім ішінде АҚ жасаған айналым
саны
|[pic]                                                                   |(3.12) |


3. АҚ тиеу коэффициенті, өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы АҚ
сомасын көрсетеді
|[pic]                                                                   |(3.13) |


Айналымдылықты өсірудің нәтижесінде АҚ белгілі бір сомасы үнемделеді.
Абсолютті үнем келесі жағдайда болады
|[pic]                                                                  |(3.14) |


мұндағы Со.факт — АҚ іс жүзіндегі қалдықтары; Со.план — жоспарлы көлемі;
Vреал — өткізу көлемі. Абсолютті үнем келесі формула бойынша анықталады
|[pic]                                                                  |(3.15) |


АҚ салыстырмалы үнемі айналымдылықты өндіріс көлемін өсіру арқылы пайда
болады

   4. Айналым капиталын басқару
Қорларға оңтайлы басқару жүргізу үшін мыналар қажет:
         • жоспарлы мерзімге шикізаттағы жалпы қажеттілікті анықтау;
         • шикізатқа тапсырыс берудің оңтайлы партиясын және тапсырыс жасау
           мерзімін мерзім сайын түзетіп тұру;
         • шикізатқа тапсырыс беруге және оны  сақтауға  кеткен  шығындарды
           мерзім сайын түзету және салыстырып тұру.
         • Қорларды сақтау жағдайларын бақылап тұру;
         • Жақсы есеп жүргізу жүйесін қолдану;
Қорларға  талдау  жасау  үшін  айналымдылық  көрсеткіштері  және   факторлық
модельдер қолданылады. Аяқталмаған  өндіріске  оңтайлы  басқару  жүргізгенде
келесі факторлар есебке алынады:
         • Аяқталмаған өндіріс көлемі өндіріс  ерекшелігіне  және  көлеміне
           тәуелді болады;
         • Тұрақты қайталанатын өндірістік процестер  үшін  айналымдылықтың
           стандартты көрсеткіштерін қолдануға болады;
         • Аяқталмаған өндіріс өзіндік құны үш бөліктен тұрады: а)  шикізат
           пен   материалдардың   тура   шығындарынан;   б)   тірі    еңбек
           шығындарынан; в) үстеме шығындарының бір бөлігінен.
Дайын өнімге оңтайлы басқару жүргізу  үшін  келесі  факторларды  есебке  алу
керек:
         • өндірістік цикл аяғы жақындаған сайын дайын өнім өсе береді;
         • ажиотажды сұраныстың болу мүмкіндігі;
         • маусымды тербелістер;
         • жатып қалған және сұранысы аз тауарлар.
Жиһазға қаржы салу екі түрлі тәуекелмен байланысты болады:
а) бағалардың өзгеруі;
б) моральды және табиғи тозуы.
«Дәл  уақытында»  жеткізу  жүйесі  (just-in  time)  келесі  жағдайда  тиімді
болады:
         • ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі жақсы ұйымдастырылған болса;
         •  жабдықтаушылардың  сапаны  және  жеткізуді   бақылаудың   жақсы
           жүйелері бар болса;
         • компанияда  қорларды  басқарудың  жақсы  ұйымдастырылған  жүйесі
           болса.
Сатып алушылармен тиімді қарым-қатынас жасау жүйесі келесіні көздейді:
         • несие беруге болатын клиенттерді сапалы түрде таңдау;
         • оңтайлы несие беру шарттарын анықтау;
         • арызды берудің нақты процедурасы;
         • клиенттердің келісім шартты орындауын бақылау жүйесі.
Әкімшілік жасаудың тиімді жүйесі келісіні көздейді:
         • дебиторларға барлық сұрақтар  бойынша  мерзім  сайын  мониторинг
           жүргізу;
         •  жұмыстарды  аяқтау,  өнімді  жіберу,  төлем   қағаздарын   беру
           арасындағы уақыт интервалдарын ең аз етіп жасау;
         • төлем құжаттарын қажет мекен-жайларға жіберу;
         •  клиенттердің  төлем   жасау   жөнінде   сұрауларын   тыңғылықты
           қарастыру;
         • есеп-айырысу және төлемді алудың нақты процедурасын анықтау.
Кредиторлық қарыздылықты басқарудың алтын ережесі: іскерлік  қарым-қатынасқа
нұқсан келтірмей қарыздылықты төлеу  мерзімін  максимальды  ұзарту.  Ақшаның
және  оған   эквивалентті   қаржының   көлемі   үш   фактормен   анықталады:
ағымдылықпен (ағымдағы  операцияларды  қамтамасыз  ету),  алдын-ала  сақтану
(кенет пайда болатын  төлемдерді  жабу  үшін),  алып-сатарлық  (кенет  пайда
болған тиімді жобаға қатысу үшін). Ақшаны тиімді  басқару  үшін  банкілермен
қарым-қатынастарды  жақсарту  қажет.  Ақшаның  айналымнан  алу  уақыты   деп
аталатын қаржы циклы, қаржы менеджментінің  аса  маңызды  сипаттамасы  болып
табылады. Ақша қозғалысын талдау арқылы ақша  ағынының  сальдосын  ағымдағы,
инвестициялық, қаржы және басқа  операция  нәтижесінде  анықтауға  мүмкіндік
береді. Ақша ағынын болжау  үшін  келесі  көрсетікштерге  баға  беру  керек:
өткізу  көлемі,  табыстың  ақшалай  үлесі,   дебиторлық   және   кредиторлық
қарыздылық, ақша шығындарының көлемі және т.б.
5. Қорларды басқару модельдері
      Басшылар келесі сұрақтарға жауап беруге тиіс:  а)  ақшаның  және  оның
эквиваленттерінің жалпы көлемі қандай болу  керек?  б)  олардың  қай  бөлігі
есеп шотында, қай бөлігі тез өткізілетін бағалы  қағаздарға  аударылу  тиіс?
в) қашан және қандай көлемде ақша  мен  тез  өткізілетін  активтер  арасында
өзара трансформация жасалыну керек.
      Батыста ең кең таралған модельдерге Баумол моделі және  Миллер  —  Орр
моделі жатады. Біріншісі В. Баумол (W. Baumol) 1952 жылы, ал екіншісін —  М.
Миллер (М.  Miller)  және  Д.  Орр  (D.  Оrr)   1966  жылы  құрастырды.  Бұл
модельдерді отандық экономикаға  енгізуге  келесі  факторлар  кедергі  болып
жатыр:  инфляция,  пайыздық  ставкалардың  үлкен  болуы,   бағалы   қағаздар
нарығының нашар дамуы және т.с.с.
      Баумол моделі
      Кәсіпорын мақсатқа сай және оңтайлы ақша қорымен жұмыс істей  бастайды
да оны  біртіндеп  шығындайды.  Тауар  өткізуден  түсетін  ақшаны  кәсіпорын
толығымен қысқамерзімді бағалы қағаздарға  салады.  Ақшаның  қоры  біткеннен
кейін, яғни нольге немесе алдын ала белгіленген  қауіпсіздік  нүктесіне  тең
болғанда кәсіпорын бағалы қағаздардың бөлігін сатып қайтадан  бастапқы  ақша
көлемін қамтамасыз етеді. Сонымен, ақша динамикасы “ара”  тәріздес  графикке
ұқсайды (сур 1).
Толтыру сомасы (Q) келесі формула бойынша анықталады
|                           |[pic]                       |(3.17)               |


мұндағы V — мерзім  ішінде  ақшадағы  болжанатын  қажеттілік  мөлшері  (жыл,
тоқсан, ай);
с — ақшаны бағалы қағаздарға конвертация жасау шығындары;
r— қысқа мерзімді бағалы қағаздардың кәсіпорынға оңтайлы,  жеткілікті  табыс
пайызы, мысалы, мемлекеттік бағалы қағаздарға.
Сонымен, ақшаның орташа қоры Q/2 тең, ал бағалы қағаздарды ақшаға  айналдыру
келісімдерінің  жалпы  саны  (k)  былай  табылады:         к   =   V   :   Q
                                                                    
Ақшаны басқарудың бұл саясатын іске  асырудың  жалпы  шығындары  (ОР)  былай
табылады:
OP=                ck                +                 r                 Q/2
                                                                   
Бұл формуладағы  бірінші  қосылғыш  тура  шығындар  болса,  екіншісі  ақшаны
бағалы қағаздарға салудың орнына оны есеп  шотқа  салу  нәтижесінде  болатын
ұтылыс мөлшері.
      Миллер — Орр моделі
       Баумол  моделі  көбінесе,  ақша  шығындары  тұрақты  және  болжанатын
кәсіпорындарда  қолдануға  болады.  Іс  жүзінде  ондай  кәсіпорындар   сирек
кездеседі, есеп шоттағы ақша кездейсоқ түрде  өзгеру  мүмкін,  және  шамамен
үлкен тербелістер жасауы мүмкін.
      Миллер және Орр құрастырған моделі қарапайым және іс  жүзіне  сай  деп
айтуға болады. Ол  келесі  сұраққа  жауап  беруге  мүмкіндік  жасайды:  егер
ақшаның кірісін және шығысын дәл болжауға болмаса,  кәсіпорын  ақшаны  қалай
басқара алады?  Миллер  және  Орр  модель  құрастырғанда  Бернулли  процесін
қолданды —  бұл  стохастикалық  процесс,  мұнда  мерзімнен  келесі  мерзімге
ақшаның түсімі және шығыны тәуелсіз кездейсоқ оқиғалар ретінде саналады.
      Қаржы  менеджерінің  іс-әрекеттері  сурет  2-де  көрсетілген.  Ақшаның
шоттағы қалдығы кездейсоқ тұрғыда өзгереді, бірақ егер оның мөлшері  белгілі
бір жоғарғы шекке жеткен кезде кәсіпорын  ақшаны  қалыпты  мөлшерге  жеткізу
үшін (қайту нүктесі) сәйкес көлемде бағалы қағаздар сатып алады.  Егер  ақша
көлемі төменгі шекке  жетсе,  кәсіпорын  сәйкес  көлемде  бағалы  қағаздарды
сатады.

             Тақырып 5. Көлік кәсіпорындарының еңбектік қорлары
      Дәріс жоспары:
   1. Фирманың еңбек қорларының құрамы және құрылымы
   2. Жұмыс күшінің қажеттілігін анықтау әдістері
   3. Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері
      Практикалық сабақ (1 сағат)
      Тапсырма
      Есептер жинағы бойынша «Кәсіпорын персоналы» тақырыбы бойынша 3.4.
тапсырмасын орындау.
      Әдебиет
                    1. Дәрістер
                    2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и
                       статистика», 2000 г., 220-230 б.
                    3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и
                       биржи», 1999 г., 203-218 б
                    4. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.:
                       «Инфра-М», 1997 г., 208-223 б.
11. 5. Бейсенова М., Садықбаева А.  Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы),
   Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 36-44 б
       6. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған
   есептер
        жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.:  2005,
   33-35 б
   Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар
      Есеп жинағы бойынша берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс есептерін
шығару (№1, №2, №3), сұрақтарға жауап беру.



   1. Фирманың еңбек қорларының құрамы және құрылымы

      Кәсіпорынның барлық  жұмыскерлері  өнеркәсіпті-өндірістік  персоналға
  (ӨӨП) – өндірісте істейтін және оған  қызмет  көрсететін  адамдарға  және
  өнеркәсіптік  емес  персоналға–  өнім  өңдіруге   қатыспайтын   адамдарға
  бөлінеді. Кәсіпорынның адам санын және еңбек  өнімділігін  есептеуде  тек
  ӨӨП көрсеткіші қолданылады. ӨӨП-ның жалпы саны келесі бөліктерден тұрады:


    [pic]


    Жұмысшылар – еңбек затына тікелей әсер ететіндер – негізгі және көмекші
болып бөлінеді.
    ИТЖ – инженерлі-техникалық жұмыскерлер  –кәсіпорынға  ұйымдастырушылық,
экономикалық, техникалық басқарумен айналысатын адамдар.
    Қызметкерлер – Құжаттармен айналысатын, есепті,  есеп  жүргізу,  талдау
жұмыстармен жұмыскерлер.
    КҚП – кіші қызмет көрсетуші персонал.
    Оқушылар – Кәсіпорында оқитын және оның тізімінде тіркелген адамдар.
    Қорғау бөлімі – қорғаудың барлық түрлері.
    Қазіргі кезде ӨӨП саны келесі формула бойынша табылады:
    [pic]


ӨӨП құрылымы деп жұмыскерлердің белгілі бір категориясының  жалпы  санындағы
пайыздық үлестерін айтады.
    [pic]   , мұндағы чi –i-й топ жұмыскерлер саны.
    Жұмыскерлер   сондай-ақ,   мамандығына,   кәсіби    мамандығына    және
біліктілігіне  қарай  бөлінеді.  Нарықтық  жағдайларда  жаңа  пайда   болған
мамандықтар:  мысалы,  брокер,  дилер,  маклер,  дистрибьютор,  коммивояжер,
т.с.с.


   2. Жұмыс күшінің қажеттілігін анықтау әдістері
       Жұмыскерлер  санын  анықтағанда  олардың  келу  және  тізімдік  санын
есептейді.
    Жұмыскерлердің келу саны  –  өндірістік  бағдарламаны  орындауға  қажет
жұмыскерлердің саны.
    Жұмыскерлердің тізімдік саны – кәсіпорынға  қабылданған,  оның  кадрлық
тізімінде   тіркелген   жұмыскерлер   саны   (іссапарларда,    демалыстарда,
мемлекеттік  және  қоғамдық  міндеттерді  атқаратын,   сырқатқа   байланысты
келмеген жұмыскерлерді есебке алғандағы).
    Жұмысшылардың саны келу және тізімдік  саны  бойынша  табылады,  қалған
жұмыскерлер категориялары тек тізімдік саны бойынша табылады.
    Жұмысшылар саны үш әдіспен анықталады:
    1. Уақыт нормасы бойынша:
[pic]

    ti – i-й бұйымды өңдірудің еңбек сіңіргіштігі, нормо-сағат.
    Ni –i-й бұйымды өңдіру жоспары.
    [pic] - бір жұмысшының нәтижелі уақыт қоры.
    Квн – нормаларды орындау коэффициенті


    2. Штаттық жұмыс орындары бойынша:
[pic]

    [pic] - жабдықтың нәтижелі жұмыс уақыт қоры.
    Ri – i-й жабдыққа қызмет көрсететін жұмысшылар нормасы, саны.


    3. Қызмет көрсету нормалары бойынша:
[pic]
    Но –  бір  адам  қызмет  көрсететін  агрегаттар  саны,  қызмет  көрсеті
    нормасы.
    S – сменалар саны.
  ИТЖ саны жұмысшылардың  жоспарлы  саны  және  басқару  нормасы  негізінде
  анықталады.  Мамандар  және  қызметкерлер  саны  штаттық  кестеге   қарай
  анықталады. КҚП саны қызмет көрсету нормалары арқылы  табылады.  Оқушылар
  саны кадрларды даярлау жоспарына сәйкес есептейді. Қорғау бөлімінің  адам
  санын қорғалатын территория ауданына, пост  санына,  жұмыс  смендылығына,
  жергілікті қалыптасқан криминальды жағдайға қарай анықталады.  ӨӨП  жалпы
  саны барлық жұмыскерлер категорияларды қосу арқылы табылады.

   3. Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері

    Еңбек  өнімділігі  -  тірі  еңбектің  нәтижелігін   сипаттайды.   Еңбек
өнімділігін үздіксіз өсіру – өндірісті кеңейтудің  және  ішкі  жалпы  өнімді
өсірудің бірден-бір қайнар көзі болып табылады.
    Кәсіпорындағы еңбек өнімділігі келесі көрсеткіштермен сипатталады:
         — өңдірумен (ПТ) – уақыт бірлігінде шығарылған өнім көлемі:
                                    [pic]
         — еңбек сіңіргіштікпен – өнім бірлігін шығаруға қажет уақыт:
                                    [pic]

Іс жүзінде еңбек өнімділігін келесі формула бойынша есептейді:
                                    [pic]
Еңбек өнімділігін келесі үш әдіспен есептейді:
     1) Натуралдық: Nt – өнім  натуралдық  өлшем  бірліктермен  анықталады.
        Артықшылығы – қарапайымдылығы, көрнекілігі. кемшілігі –  бір  түрлі
        өнімге ғана қолдануға болады.
[pic]

     2) Ақшалай: өнім ақшалай түрде анықталады.
[pic]
         Nч – таза өнім. артықшылығы – Есептеуі оңай, барлық  өнім  түрлерін
         және жағдайларды есебке алады.  Кемшілігі  –  инфляцияның  әсерінен
         еңбек өнімділігінің өзгеруін дәл анықтауға болмайды.
     3) Еңбекті: орындалған жұмыстарды еңбек-сағаттармен есептейді.
[pic]               мұндағы Qi – i-й жұмыс түрінің көлемі
         ti – i-й жұмыс түрінің еңбек сіңіргіштігі.
         Артықшылығы – барлық өндіріс түрлерінде  қолданылады,  өнім  өңдіру
         нормасын есептеуге болады, бірақ көрнекі емес.
    Жұмыс уақытының қолданылатын бірлігіне қарай  еңбек  өнімділігі  келесі
болуы мүмкін:
     □ Сағаттық:
[pic], мұндағы Т – жұмыс істелінген адам-сағат саны

     □ Күндік:
[pic], мұндағы Т – жұмыс істелінген адам-күндерінің саны
     □ Жылдық:

[pic]

  Еңбек  өнімділігінің  өсуін  анықтау  үшін  үнемделген  жұмысшылар  санын
  табады:
    [pic]

       Еңбек  өнімділігіне  көптеген  факторлар  әсер  етеді:  экономикалық,
ұйымдастырушылық, технологиялық,  техникалық,  басқарушылық,  психологиялық.
Осы факторларды кез келген өндірісте кәсіпорын  жетекшілері  қолдануға  тиіс
және олардың ішінен ең тиімдісін анықтап, іске асыруы қажет.


             Тақырып 6. Көлік кәсіпорындарындарының еңбек ақысы
      Дәріс жоспары:
          1. Еңбек ақының экономикалық мағынасы
          2. Еңбек ақы түрлері, еңбекті төлеу формалары, жүйелері
      Практикалық сабақ (1 сағат)
      Есеп  жинағы  бойынша  берілген  тақырыптың  3.1.,  3.3  тапсырмаларын
   орындау, тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.
        1. Еңбек ақының қандай формаларын білесіз?
        2. Еңбекті төлеуді ұйымдастыру қандай қағидаларға сүйенеді?
        3. Мемлекет еңбекті төлеу процесіне қалай реттеу жұмысын жүргізеді?
        4.  Кесімді  еңбекті  төлеу  формасын  қолданудың  шарттарын   және
           мысалдарын көрсетіңіз.
        5.  Мерзімді  еңбекті  төлеу  формасын  қолданудың  шарттарын  және
           мысалдарын көрсетіңіз.
      Әдебиет
                    1. Дәрістер
                    2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и
                       статистика», 2000 г., 220-230 б.
                    3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и
                       биржи», 1999 г., 203-218 б
                    4. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.:
                       «Инфра-М», 1997 г., 208-223 б.
12. 5. Бейсенова М., Садықбаева А.  Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы),
   Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 36-44 б
       6. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған
   есептер
        жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.:  2005,
   33-35 б
   Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар
      Есеп жинағы бойынша берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс есептерін
шығару (№1, №2, №3), сұрақтарға жауап беру.



   1 Еңбек ақының экономикалық мағынасы
      Еңбек ақы – жұмыскерлердің іс жүзінде істеген жұмысы үшін  және  жұмыс
уақытына  кіретін  уақыт  үшін  ақшалай  және  натуральды   формада   алатын
сыйақылар жиынтығы.
      Еңбек ақы қажетті өнімнің  негізгі  формасы  болып  табылады.  Қажетті
өнімді еңбек бойынша берілетін төлем (мемлекеттік сектор); жұмыс  күші  құны
бойынша  берілетін  төлем  (кооператив,  акционерлік   қоғамдар,   бірлескен
кәсіпорын);  акция  дивидендтері;  жеке  еңбек  қызметінен  түсетін   табыс;
тұтынудың қоғамдық  формалары,  сақтық  және  мейірімділік  қорлары  ретінде
қарастыруға болады.
           Еңбек  ақы  тікелей  еңбек  нәтижелерімен  байланысқан.  Оңтайлы
ұйымдастырылған еңбекті төлеу жүйесі жұмыс нәтижелеріне жақсы  әсер  береді,
яғни жұмыскерлердің ынтасын көтереді.
         Еңбек ақы – тұтынуға жіберілетін қаржының негізгі бөлігі,  ұжымның
жұмыс нәтижелеріне тәуелді болатын табыстың бір бөлігі болып  табылады  және
жұмыскерлер арасында істеген еңбек көлеміне және  сапасына,  салған  капитал
үлесіне тәуелді бөлінеді.
      Еңбекті төлеу қорын қалыптастырудың әртүрлі әдістері бар, оның  ішінде
әсіресе  қолайлы  әдіс  –  нормативті  әдіс  болып  табылады.   Бірақ,   оны
қолданудың бірқатар шарттары бар:  1)  нормативтер  тұрақты,  ұзақ  мерзімді
болу  керек,  өндіріс  көлемінің   өзгеруі   ұжымның   еңбек   жағдайларымен
байланысты болмайтын факторлар әсерінен ғана  болады.  2)  нормативтер  жеке
емес топтық болу керек.
      Экономикасы  дамыған  елдерде  еңбек   ақыны   ұйымдастырудың   икемді
тәсілдері  қолданылады,   яғни   еңбек   ақы   мөлшері   шаруашылық   қызмет
нәтижелеріне, өндіріс нәтижелігіне тәуелді болу керек.  Оны  ұжымды  келісім
шарт  арқылы  іске  асыруға  болады.  Бұл  келісім  шартта   еңбекті   төлеу
ережелері,  еңбек  ақы  деңгейі   мен   еңбек   нәтижелері   арасында   тура
тәуелділікті белгілеу қажет.
       Еңбекті төлеудә ұйымдастыру келісіні көздейді:
кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбегін төлеу формаларын және жүйелерін анықтау;
кәсіпорын  жұмыскерлерінің  жеке   жетістіктері   үшін   қосымша   берілетін
төлемдердің шарттарын және көлемін анықтау;
қызметкерлердің лауазымдық жалақылар жүйесін құрастыру;
жұмыскерлерге сый-ақы берудің көрсеткіштерін және жүйесін дәлелдеу.
       Еңбекті төлеу қағидалары:
шығындар және нәтижелер бойынша төлеу қағидасы;
өндіріс  нәтижелігінің  өсуі  негізінде  еңбекті   төлеу   деңгейін   көтеру
қағидасы;
қоғамдық еңбек өнімділігі өсімінің еңбек ақы өсімінен жоғары болу қағидасы;
еңбек нәтижелегін өсіруге материалдық мүдделіктің болуы қағидасы.
       Дұрыс  ұйымдастырылған   еңбек   ақы   жүйесі   жұмыскерлерді   еңбек
өнімділігін өсіруге және біліктілікті көтеруге ынталандырады.


   2. Еңбек ақы түрлері, еңбекті төлеу формалары, жүйелері
      Еңбек ақыны  тарифтік  және  тарифсіз  жүйелер  бойынша  ұйымдастыруға
болады.

      Тарифтік жүйе

      Тарифтік жүйе келесі элементтерден тұрады:
    1.  Тарифтік-біліктілік  анықтамалық  (ТБА)   –   әртүрлі   жұмыстардың
       сипаттамасы және осы жұмыстарды  орындайтын  жұмысшыларға  қойылатын
       талаптар  бар  құжат.  Әр   жұмысқа   сәйкес   бііліктілік   разряды
       көрсетіледі. Бұл құжатты жұмысшылар  еңбегін  тарифтеу,  яғни  нақты
       разрядты беру үшін қолданады.
    2. Тарифтік сетка – бұл тарифтік разрядтар мен  оларға  сәйкес  болатын
       тарифтік коэффициенттердің шкаласы. Тарифтік коэффициент – эберілген
       разрядтың ставкасы бірінші разряд ставкасынан қаншаға  артық  екенін
       көрсететін шама. Жалпы алғанда 21 разряд бар.
    3. Тарифтік ставка  –  уақыт  бірлігі  үшін  анықталған  еңбекті  төлеу
       шамасы. Тарифтік ставка минимальды еңбек ақы  деңгейімен  байланысты
       болады. Ол үкіметпен белгіленеді және инфляцияға  байланысты  мерзім
       сайын индексацияланады.
    4.  Аудандық  коэффициент  –  жергілікті  климаттық  және  басқа  жұмыс
       шарттарын есебке алады.


[pic]

       Тарифтік қорға қосымша төлемдерге ТБА  мен  көзделмеген  жұмыс  үшін
берілетін төлемдер кіреді (түнде жұмыс істеген үшін, оқушыларды оқыту  үшін,
бригадаға басшылық жасау үшін, жұмыс зияндылығы және т.с.с үшін).
    Сағаттық еңбек ақыға қосымша төлемдерге орындалмаған еңбек  үшін  емес,
заңмен  белгіленген  жағдайлар  үшін  берілетін  төлемдер  (  1  күн  ішінде
мемлекеттік, қоғамдық міндеттерді  орындау  үшін,  1  күн  ішінде  әкімшілік
рұқсатпен алынған демалыстар үшін, кәсіпорын жауапты болған  тоқтап  қалулар
үшін және т.с.с.).
    Күндік  еңбек  ақыға  қосымша  төлемдер  –  бұл  сағаттық  еңбек  ақыға
берілетін төлемдер сияқты, бірақ бір күннен артық уақыт үшін.

    Тарифсіз еңбекті төлеу жүйесі

    Бұл жүйе, көбінесе жұмыс орындарға баллдық баға беруге негізделеді.  Ол
үшін  эксперттер  тобы  берілген  жұмыс  орынға  сипаттама  және   қойылатын
талаптарды белгілейді, нәтижесінде оны баллмен бағалайды. Балл санына  қарай
жұмыс орындарды жеке класстарға  бөледі.  Кәсіпорынның  жалпы  балл  сомасын
тауып, еңбек ақының жоспарлы қорын  есептейді  және  өнім  бірлігіне  немесе
тауар  айналымы  бірлігіне  саналған  еңбек  ақы  мөлшерін   есебке   алатын
коэффициентті анықтайды.
    [pic]
    [pic]- бәсекелестің тауарлық өнімі.
    Одан кейін бір баллдың құнын анықтайды:
    [pic]
      Одан кейін әр  жұмыс  орны  бойынша  минимальды  еңбек  ақы  мөлшерін
анықтайды. Ол үшін бір жұмыс орын баллдарының минимальды  сомасын  бір  балл
құнына көбейтеді. Сосын еңбек ақының жоғарғы мөлшерін табады, ол үшін  жұмыс
орынның максимальды балл санын бір балл құнына көбейтеді.
      Еңбек ақы пайда бөлігі ретінде анықталады. Әр жұмыскерге белгілі  бір
балл мөлшері беріледі тіркеледі. Барлық баллдар кәсіпорын  бойынша  қосылады
да бір балға саналған пайда үлесін табады:
      [pic]


      Еңбекті төлеудің айлықтар жүйесі.

    Бұл кәсіпорында белгіленген  лауазымдық  айлықтар  негізінде  берілетін
ақша. Кәсіпорындағы жылдық еңбек ақы мөлшері келесі түрде табылады:
    [pic]


     Европада сыйақылар еңбек ақының 50% дейін құрайды, АҚШ-та  -  400%  ке
дейін. Олар акциялар немесе басқа бағалы қағаздар пакеттері  түрінде  берілу
мүмкін.

      Еңбек ақы формалары және жүйелері.

    Еңбек ақыны берудің 2 формасы бар:
  - кесімді: еңбек ақы деңгейі шығарылған өнім көлеміне тәуелді болады.  Бұл
  форма бойынша еңбек өнімділігін өсіру ынталандырылады, бірақ  өнім  өңдіру
  нормаларын және кесімді  еңбек  бағаларын  есептеуді  қажет  етеді.  Еңбек
  бағасы – бұл өнім бірлігі үшін берілетін еңбек ақы деңгейі.


       [pic]                    [pic]


    Кесімді еңбек ақы формасының 5 түрлі жүйесі болуы мүмкін:
    1)  Тура  кесімді:  еңбек  ақы   орындалған   жұмыс   мөлшеріне   тура
       пропорцоналды.
    2) Кесімді-сыйлықты: қандай да бір шартқа байланысты  қосымша  сый-ақы
       беріледі. Сыйақы негізгі еңбек ақыдан пайыз түрінде белгіленеді.
    3)  Кесімді-прогрессивті:  еңбек  бағасы  деңгейі  прогрессивті  шкала
       бойынша өсіп отырады.
    4)  Кесімді-жанама:   бұл  жүйе  бойынша  негізгі   өндіріске   қызмет
       көрсететін жұмысшыларға еңбек ақы беріледі.  Еңбек  ақы  жұмысшының
       жеке еңбегіне қарай емес, ол  қызмет  көрсететін  бөлімшенің  жалпы
       нәтижесіне тәуелді болады.
    5) Аккордты: келісім бойынша еңбек ақы  жалпы  орындалған  жұмыс  үшін
       беріледі.   Көбінесе,   ерекше   немесе    авариялық    жағдайларда
       қолданылады.
  - мерзімді: еңбекті істеген уақытқа қарай береді, яғни тарифтік  ставканы
  істеген уақытқа көбейтеді. Екі жүйесі болады:
    1) Қарапайым мерзімді;
    2) Мерзімді -сыйлықты.Кесімді –сыйлықты  сияқты  негізгі  еңбек  ақыға
       сыйақы деңгейі қосылады.

      Тақырып 7. Көлік кәсіпорындарының шығындары және көліктік қызмет
                           көрсетудің өзіндік құны
      Дәріс жоспары:
   1. Өзіндік құн және оның құрылымы
   2. Өндіріске кеткен шығындарды экономикалық элемент бойынша жіктеу
   3. Өндіріске кеткен шығындарды шығын баптары бойынша жіктеу
   4. Өзіндік құнды төмендету
      Практикалық сабақ (1 сағат)
       Сабақта  студенттер  практикалық  сабаққа  арналған  есептер   жинағы
бойынша  өндіріс  шығындарын  және  қызмет   нәтижелерін   анықтауға   (есеп
жинағында  5  және  6  тақырыптар  бойынша)  есеп   шығарады.   Мәліметтерді
студенттер практикалық сабаққа арналған есептер жинағынан алады.
      Тапсырма
      Есептер жинағы бойынша 2 есеп шығару.
      Әдебиет
                    1. Дәрістер
   2. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г.
      Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 398-416 б
                    3. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и
                       статистика», 2000 г., 246-267 б.
                    4. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и
                       биржи», 1999 г., 234-276 б
                    5. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.:
                       «Инфра-М», 1997 г., 180-208 б.
13. 6. Бейсенова М., Садықбаева А.  Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы),
   Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 54-68 б
       7. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған
   есептер
          жинағы /Оқу-тәжірибелік  құрал/  Алибаева  М.М.,  Қалдыбаев  М.М.:
   2005, 46-48, 55-56 б.
      Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар
     1. Есеп жинағында 5 және 6 тақырыптар бойынша өздік жұмысқа арналған
        есептер (№1-4).
     2. Тесттік тапсырмаларға жауап беру (практикалық сабаққа арналған есеп
        жинағында)

   1. Өзіндік құн және оның құрылымы
      Өнімді өңдіру процесінде шикізат, материалдар,  отын,  энергия,  еңбек
ақы және т.с.с шығындар жұмсалады. Олардың жалпы сомасы өнідіріс  шығындарын
құрайды (өнімнің өзіндік құнын).
    Өзіндік құн – өнім өңдіруге жіне өткізуге кеткен барлық шығындар. Жалпы
алғанда өзіндік құнның құрамы келесі түрде көрсетіледі:

      ӨҚ = М + А + ЕА

мұндағы М – материалдық шығындар, А – амортизация, ЕА – еңбек ақы.
    Өзіндік құн бағаның бір бөлігі ретінде қарастырылады:

      Б = ӨҚ + П + ҚҚС

       Өзіндік  құнды  төмендету  арқылы  қоғамның  таза  табысы,  кәсіпорын
пайдасы өседі. Әртүрлі кәсіпорындарда  шығарылатын  бірдей  өнімнің  өзіндік
құны әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары болған өзіндік  құн  кәсіпорында  өндірісі
процесі нашар ұйымдастырылғанын көрсетеді, басқалармен салыстырғанда.
  Өзіндік құн келесі мақсаттарда қолданылады:
     ✓ Бағаны анықтау үшін
     ✓ Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттау үшін
     ✓ Менеджерлер оперативті шешім қабылдау үшін
      Өзіндік құнды барлық өнім  бойынша,  жеке  оның  түрлері,  процестері,
бөлшектері, бөлімшелер мен цехтер бойынша анықтауға болады.
      2. Өндіріске кеткен шығындарды белгілі  бір  белгілерге  қарай  бөлуге
болады. Шығындардың негізгі тобына келесі шығындар кіреді:
— экономикалық элемент бойынша  (экономикалық  мағынасына  қарай)  –  барлық
   шығындар  экономикалық  біріңғайлығы  бар  жеке   топтарға   жинақталады
   (олардың пайда болу орнына  және  мақсатына  тәуелсіз.  Олардың  негізгі
   түрлері:
           ➢   Материалдық   шығындар   –   шикізат   пен    материалдардың
             қайтарылатын қалдық құнын алып тастағандағы құны.
           ➢ Еңбек ақы.
           ➢  Еңбек  ақыдан   жасалынатын   әлеуметтік   төлемдер-зейнетақы
             қорына, жұмыс бастылық қорына, әлеуметтік  сақтандыру  қорына,
             медициналық сақтандыру қорына.
           ➢ амортизация.
           ➢ Басқа шығындар –  жөндеуге  кеткен,  несие  пайыздарын  төлеу,
             айыпақылар, жарнама және т.с.с.
—  3.  шығын  баптары  бойынша:  Шығын  баптары  деп  бір   немесе   бірнеше
   экономикалық  элементі  бар  шығындарды  айтады.   Калькуляция   баптары
   шығындардың мақсатын және пайда болу орнын есебке алады. Өнімнің өзіндік
   құнын  калькуляциялау  деп  өнім  бірлігіне  кеткен  шығындарды  анықтау
   процесін атайды.
      Негізгі шығындар өнім өңдірумен тікелей байланысты болады, ал  үстеме
  және мерзім  шығындары бөлімшелерге, жалпы өндіріске қызмет көрсету  және
  басқару шығындарын сипаттайды.
      Егер шығын бапына бір шығын элементі кірсе оны қарапайым деп  атайды,
  егер бірнеше элемент кірсе, оны кешенді бап деп атайды.
      Шығындарды сондай-ақ, тура және жанама деп бөлуге болады, егер  шығын
  нақты өнім шығарумен байланысты болса,  оны  тура  деп  атайды,  егер  ол
  бірнеше өнімге қатысты болса, оны жанама деп атайды.
      Шығындар калькуляциясы төмендегі кестеде көрсетілген
Калькуляция шығындарының баптары.
|№   |Баптар                           |Шығындар   |Шығын түрі              |
|п.п.|                                 |           |                        |
|1.  |Шикізат пен негізгі материалдар  |негізгі    |қарапайым, тура         |
|2.  |Қайтарылатын қалдықтар құны      |негізгі    |қарапайым, тура         |
|3.  |Жартылай фабрикаттар, көмекші    |негізгі    |қарапайым, тура         |
|    |материалдар                      |           |                        |
|4.  |Техн.мақсаттағы отын және энергия|негізгі    |қарапайым, тура         |
|5.  |Өндір.жұмысш негізгі еңбек ақысы |негізгі    |қарапайым, тура         |
|6.  |Өндір.жұмысш.қосымша еңбек ақысы |негізгі    |қарапайым, тура         |
|7.  |Әлеуметтік төлемдер              |негізгі    |қарапайым, тура         |
|8.  |Жаңа өнімді даярлау және игеру   |негізгі    |кешенді, тура           |
|    |шығыны                           |           |                        |
|9.  |Жабдықты күту және пайд.шығындары|негізгі    |кешенді, жанама         |
|10. |Басқа үстеме шығындар            |үстеме     |кешенді, жанама         |
|Өндірістік өзіндік құн = 1 – 10 сомасы                                      |
|11. |Мерзім шығындары                 |үстеме     |кешенді, жанама         |
|Толық өзіндік құн = Өндірістік өзіндік құн +11                              |


      Шетелде шығындарды өндіріс көлемінің  өзгеруіне  қарай  тұрақты  және
  өзгермелі деп бөледі. Шартты тұрақты шығындар өндіріс көлемінің өзгеруіне
  тәуелсіз болады, ал өзгермелі шығындар оған тура пропорционалды өзгереді.
      Шығындардың тұрақты  және  өзгермелі  болуы  белгілі  бір  релеванттық
облыста ғана болады.  Релеванттық  облысы  –  шығындар  біріңғай  заңдылыққа
бағынатын облыс шектері.
      Әр кәсіпорын үшін (әсіресе жаңа) қай уақыттан бастап ол  пайда  алады
  деген сұраққа жауап табу өте маңызды болады. Сатудың шекті көлемі  –  бұл
  кәсіпорын табыстары оның шығындарына  тең  болатын  өндіріс  көлемі.  Осы
  шекті көлемді анықтау формулалары келесі:
    [pic] – өнім бірлігінің бағасы. [pic] – сатулардың шекті көлемі.
    [pic] – тұрақты шығындар. [pic] – өзгермелі шығындар, өнім бірлігіне
саналған.
    [pic]
    [pic]


    4. Өзіндік құнды  төмендету  әртүрлі  факторларға  тәуелді  болады.  Ең
негізгілерге келесіні жатқызуға болады:
    1) өнім өңдіруді өсіру (тұрақты шығындар бойынша түсетін үнем арқылы).
                                    [pic]
    B1 – өсіруге дейінгі өнім көлемі;
    B2 – өнім шығарудың жаңа мөлшері.
    2) Материал сыйымдылығын азайту (шикізат пен материалдар  бойынша  үнем
       болады).
    3) өнім өңдіру өсімін еңбек ақы өсімінен жоғары етіп жасау  (еңбек  ақы
       бойынша үнем болады).
    4)  Жаңа  техниканы  енгізу  арқылы,  өндірісті  механикаландыру   және
       автоматтандыру.
                                    [pic]
        С1 – шараға дейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны.
        С2 – шарадан кейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны.
        В2 – шарадан кейін шығарылатын өнім көлемі.
5)  өнімнің  қор  сыйымдылығын  азайту  арқылы  (амортизация  бойынша   үнем
  болады).
    6) Қалдықтарды және жоғалтуларды азайту шараларын енгізу.
  Іс жүзінде өзіндік құнның келесі көрсеткіщтері қолданылады:
    1) Өндіріс шығындарының сметасы.
    2) Өнім бірлігінің және тауарлық өнімнің өзіндік құны.
    3) Өзіндік құнды төмендету көрсеткіштері.
    4) Тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.
                                    [pic]
  Кәсіпорында өзіндік құнды жоспарлау процесінде келесі шаралар
  жүргізіледі:
1) Өндірістік бағдарламаны орындауға  қажет  барлық  шығындар  көрсетілетін
   өндіріс шығындарының  сметасы  құрастырылады.  Көбінесе,  сметаны  жалпы
   кәсіпорын бойынша емес, жеке цехтер, бөлімшелер  бойынша  құрастырылады,
   одан кейін нәтижелер қосылады.
2) Жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялайды  (жеке  тапсырыстар,
   секциялар, партиялар  және  т.с.с.  бойынша).  Біріңғай  өнім  шығаратын
   көмекші  цехтарда  (эл.  энергия,   көлік   қызметтері   және   т.с.с.),
   калькуляция  объектісі  ретінде  шығарылатын  өнімнің  бірлігі   алынады
   (кВт./сағ, т. Және т.с.с).
  Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау келесі әдістермен жүзеге асырылады:
  —  нормативтіік  –  материалдық  және   еңбек   нормативтерін   қолдануға
    негізделген.
  — кезеңді – жаппай өндірістерде қолданылады,  мұнда  өнім  бірнеше  өңдеу
    кезеңдерінен өтуге тиіс. Соңғы өнім  оны  бірнеше  кезеңдерде  өңдеудің
    нәтижесі ретінде болады.
  —   Тапсырыс   бойынша-   қайталанбайтын   өнім   бірліктерін   шығаратын
    кәсіпорындарда қолданылады.
  — Операция бойынша – егер тауарлардың жалпы және жеке  сипаттамалары  бар
    болса, қолданылады.


                    Тақырып 8. Табыс, пайда, рентабельдік
          3. Өнімді өткізуден түсетін табыс. Пайда

4 Рентабельділік көрсеткіштері

                     3.   Шаруашылық    қызмет    нәтижелерін    сипаттайтын
   көрсеткіштер, оларды талдау әдістемелері
          4. Фирманың қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер

      Табыс — кәсіпорын есеп шотына  сатып  алушыға  жіберілген  тауар  үшін
түскен ақша. Табыс мөлшері жіберілген өнім құнынан айрықшалану мүмкін.  Оның
факторлары: қоймадағы дайын өнім қалдықтары;  жіберілген,  бірақ  төленбеген
тауарлар;сатып алушыда жауапты сақтауда болатын тауарлар.
       Пайда  —  шаруашылық  қызметтің  нәтижесін  сипаттайтын  экономикалық
категория. Кәсіпорын балансында көрсетілетін пайда баланстық деп аталады.
                    Баланстық пайда үш элементтен тұрады:
1. Өнімді, қызметтерді өткізуден түскен пайда
|                          |Пс=Тс-сыз - ӨҚ            |                          |


мұндағы Тс-сыз. — ҚҚС-сыз, акцизсіз өнімді өткізуден түсетін табыс; ӨҚ—
өзіндік құн
2. Басқа сатулардан (мүлікті) түсетін пайда
|                          |Пб.с.= Тс - Мқк           |                          |


мұндағы Тс — сатудан түскен табыс (ҚҚС-сыз); Мқк— мүліктің қалдық құны.
3. Өткізуден тыс табыстар мен шығындар.
Өткізуден тыс табыстарға келесі жатады:
    • Басқа кәсіпорындар қызметіне қатысу үлесіне қарай алған табыстар;
    • Кәсіпорынның бағалы қағаздары бойынша;
    • Мүлікті жалға беру арқылы;
    • Борышқорлардан түскен айып-ақылар, пенялар, айып төлемдер;
    • Валюталық шоттардың кәсіпорын үшін оң курстық айырмалары және т.с.с.
Өндірістен тыс шығындарға келесі жатады:
    • Сотқа кеткен шығындар;
    • Кәсіпорын төлейтін айып-ақылар, пенялар, айып-төлемдер;
    • Стихиялық аппаттан болған жоғалтулар
    • Ұрлаудан болған шығын;
    • Валюталық шоттар бойынша кәсіпорын үшін теріс кустық айырмалар және
      т.с.с.
Пайданы бөлу: Баланстық пайдадан салықтар және банк несиесі  үшін  төленетін
пайыз алынады. Сонда таза пайда шығады. Осы таза пайданың  құрамынан  сақтық
қор құрылады (акционерлік қоғамдарда 25 % жалпы Жарғылық  капиталдан).  Одан
кейін арнайы қорлар құрылады (өндірісті дамыту  қоры,  тұтыну  қоры,  ерекше
даму  қоры).  Сонымен  қатар,  пайдадан  дивидендтер  төленеді  (акционерлік
қоғамдарда).
    Кәсіпорында  сондай-ақ,  маржинальды  табыс  анықталады.  Ол  өткізуден
түскен табыс пен өзгермелі шығындар арасындағы айырмаға тең. Оның  көмегімен
әр  өнімнің  жалпы  кәсіпорын  пайдасын   құрастырудағы   үлесін   анықтауға
мүмкіндік береді.

                           Рентабельділік көрсеткіштері

    Бұл көрсеткіштер өндіріс нәтижелігін (табыстылығын) немесе осы не басқа
өнім түрін өңдіру нәтижелігін сипаттайды. Рентабельділік түрлері:
    1) Өндіріс рентабельділігі:
                                    [pic]
        АҚ – айналым қаржының орташа қалдық құны.
        Кнег – негізгі қорлар құны.
    2) Бұйым рентабельділігі:
                                    [pic]
    3) Айналым рентабельділігі:
                                    [pic]
        Vр – айналым (сату көлемі).
    4) Капитал рентабельділігі:
                                    [pic]
   3. Шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, оларды  талдау
   әдістемелері
Барлық көрсеткіштер келесі түрде бөлінеді
1.  Фирманың  экономикалық  потенциалын   сипаттайтын   көрсеткіштер.   Олар
фирманың масштабтарын, ұлттық  және  халықаралық  деңгейдегі  орнын  көрсету
үшін қажет.
Активтер,  фирманың  иелегінде  болатын,  өткен  мерзімдерде  алынған   және
фирманың болашақ түсімдерін қамтамасыз ететін құралдардың, қаржының  құрамын
және орналасуын сипаттайды.
Негізгі  капитал,  фирманың  өндірістік  қуаттарын  сипаттайды  (ғимараттар,
құрлыстар, жабдықтар).
Шығарылған өнімнің көлемі мен құны – жалпы  фирма  және  жеке  өнім  түрлері
бойынша анықталады. Оны есептеу  арқылы  фирманың  ұлттық  және  халықаралық
нарықтағы үлесін және орнын, өндіріс құрылымын анықтауға болады.
Фирманың өндіріс және өткізу  кәсіпорындарының  саны  және  орналасуы  -  өз
елінде және шетелдегі мөлшері анықталады.
Фирма инфрақұрылымы:
    • өз транспорты, қоймалары, техникалық қызмет көрсету орталықтары;
    • өзіндік шикізат базалары және энергия көздері.
Фирманың тура күрделі шығындарының мөлшері мен орналыстырылуы - өз  еліндегі
және шетелдегі кәсіпорындарға.
Фирманың ғылыми-зерттеу потенциалы:
    • ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеткен шығындар мөлшері;
    • зерттеу орталықтар мен лабораториялардың саны, орналасуы;
    • онда жұмыс істейтін зерттеушілер саны;
    • ғылыми жұмыстардың негізгі және артықшылығы бар бағыттары;
    • фирмада бар патенттер саны және олардың қолданылуы.
 2. Фирманың жалпы шаруашылық қызмет  нәтижелерін  сипаттайтын  көрсеткіштер
(есепті көрсеткіштер)
Жалпы шығындар көрсеткіштері (General expenses)  жыл  басында  жаңа  нарыққа
ену үшін (enter new markets):
    • маркетингілік қызметке (Marketing);
    • зерттеулерге және дамытуға (Research and development);
    • үстеме шығындар (Overhead);
    • әкімшілік шығындар (Department overhead);
    • рентаны төлеу (Rental costs);
    • өнімді жетілдіру шығындары (Product changeover);
    • өнімді жіберуге кеткен шығындар (Factory fees).
Түсімдерді сипаттайтын көрсеткіштер:  таза пайда;  амортизациялық  төлемдер;
активтерді  сатудан  түскен  ақша;  субсидиялар,  дотациялар;  ұзақмерзімдік
қарызды өсіру; акциялар эмиссиясы; қысқа мерзімдік борышты өсіру.
Қаржыны  жұмсау  көрсеткіштері:  дивиденд  төлеу;  ұйымдастырушылық   шығын;
акциялар эмиссиясын жасау шығыны; күрделі  шығындар;  басқа  айналымнан  тыс
активтерге салымдар; ұзақмерзімдік борышты қайтару; тез  өткізілетін  бағалы
қағаздарды сатып алу; банктегі шоттағы ақшаны өсіру.
 3. Фирманың қызмет ету нәтижелігін сипаттайтын көрсетікштер
Пайда. Өндіріс нәтижелігін анықтау үшін қажет көрсеткіштерді алған  пайдамен
салыстырады. Олар абсолютты және салыстырмалы болып бөлінеді.
Абсолютті көрсеткіштер:
    • жалпы пайда салықтарды төлеуге дейін анықталады;
    •  таза  пайда   салықтарды,  пайыздарды  төлегеннен  кейін  кәсіпорында
      қалатын пайда;
Салыстырмалы көрсеткіштер:
    • пайданың сату көлеміне қатынасы (Profit margin);
    • пайданың активтерге қатынасы (Profit to total assets);
    • пайданың нақты негізгі капиталға қатынасы (Profit to fixed assets);
    • пайданың өзіндік капиталға қатынасы (Profit to net worth);
    • пайданың өзіндік және ұзақмерзімді несиелі капиталға қатынасы  (Profit
      to capital employed) ұзақ  мерзімде  жалпы  инвестерлінген  капиталдың
      тиімділігін сипаттайды.
Өткізілген өнім құны немесе сатулар  көрсеткішін  де  басқа  көрсеткіштермен
салыстырады:
    • сатулардың жалпы құнының активтерге қатынасы (Sales to total assets);
    • сатулардың жалпы құнының нақты негізгі капиталға  қатынасы  (Sales  to
      fixed assets);
    • айналым капиталына қатынасы (Sales to current assets);
    • материалдық-өндірістік қорлар құнына қатынасы (Sales to inventory).
Өндіріс шығындары көрсеткіші -өте маңызды көрсеткіштің бірі.
Жалпы  шығындардың  сатулар  құнына  қатынасы.  ТӨ  1  теңгесіне  шаққандағы
шығындар.
Негізгі капиталдың айналымдылығы және капиталмен қарулану деңгейі:
    • негізгі капитал  айналымдылығы  сатулар  көлемін  жұмыс  істейтіндерге
      қатынасы;
    • капиталмен қарулану деңгейі – негізгі капиталдың баланстық құнын жұмыс
      істейтіндерге  қатынасы (Fixed assets to number of employees).
 4. Фирманың қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер
Фирманың  қаржыландыру  көздеріне  тәуелділігі  және   төлем   қабілеттілігі
анықталады.
Өзіндік  капитал  құрылымы:  акционерлік   капитал;   эмиссияланған   табыс;
капиталға айналдырылған пайда.
Өзіндік капиталдың  активтердің  баланстық  құнына  қатынасы  (Stockholder's
equity  to  total  assets)  фирманың  сыртқы  қаржы  көздеріне  тәуелділігін
сипаттайды. Бұл шама 50% артық болу керек.
Борыштың  жалпы  сомасының  өзіндік  капиталға  қатынасы  (Total   debt   to
stockholder's equity) сыртқы және өзіндік қаржы көздерінің  қатынасы.  Борыш
өзіндік капиталдан  жоғары  болмау  керек.  Талдау  үшін  борыштың  құрылымы
(қысқа  мерзімді  борыштың  үлесі)  және  салықтарды,  еңбек  ақыны,   басқа
төлемдерді жасау бойынша борыш көлемі анықталады:
Өзіндік  капиталдың  нақты   негізгі   капиталға   қатынасы   инвестірленген
капиталдың қай бөлігі өзіндік капиталдан жасалғанын сипаттайды.
Ұзақмерзімді борыштың өзіндік  капиталға  қатынасы  фирманың  қызметі  қанша
мөлшерде ұзақмерзімді несиелер арқылы қаржыландырылатынын сипаттайды
Ақшаның түсімдері (кассалық және  банкідегі  ақша)  (Cash  flow)  өнім  үшін
төлемдердің жасалуына  тәуелді  болады  және  дебиторлық  борышты  қайтаруға
негізделген.
Түскен ақшаның ағымдағы жылда жасалынған күрделі шығындарға  қатынасы  (Cash
flow to capital expenditures)  инвестициялардың  қай  бөлігі  ағымдағы  ақша
арқылы жасалынатынын көрсетеді. Оны өзін-өзі қаржыландыру  коэффициенті  деп
атайды.
Айналым активтерінің қысқа мерзімдік борышқа  қатынасы  (Current  assets  to
current liabilities) Ол 1-ден кем болмау керек..
Ақшаның  және  тез  сатылатын  бағалы  қағаздар  құнының  ағымдағы   айналым
активтеріне қатынасы (Cash and marketable securities to current assets)  Оны
ликвидтілік коэффициенті деп атайды.
Ликвидті қаржының қысқа мерзімдік борышқа қатынасы. Ол төлем  қабілеттілігін
сипаттайды.
Айналым активтерінің жалпы несиелі капиталға  қатынасы  (Current  assets  to
total debt).
       Талдау  жасалғанда  көрсеткіштер   кестелерге   енгізіледі,   бірнеше
мерзімге. Талдау мақсаты – ағымдағы өзгерістерді анықтау және  кемшіліктерді
табу,нәтижесінде басқарушылық шешім құралады.

                  Тақырып 9. Көлік кәсіпорнында баға жасау
Дәріс жоспары:
 1) Баға жасау қағидалары
 2) Баға жасау әдістері
 3) Баға және баға жасау саясатының механизмы

      1. Баға жасау қағидалары
   Баға – күрделі экономикалық категория. Баға негізінде тауарлар  өндірісі.
өткізілуі, олардың құнын  анықтау  мәселесі,  ұлттық  жалпы  өнімді  шығару,
тарату және қолдану және т.с.с. сұрақтар шешіледі.
   Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші  теория  бойынша  тауар  бағасы
оның  құнын  (ұсыныс)  айқындайды  (бағаның   шығынды   теориясы).   Негізін
қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың  ойларынша  тауар
құны оны өңдіруге кеткен еңбек  мөлшерімен  анықталады.  Бұл  теорияның  әрі
қарай дамытқан К.Маркс болатын  (абстрактты  еңбек),  оның  ойынша  тауардың
құны және бағасы болады. Құн – қоғамға  пайдалы  еңбек  шығындары  (орташа).
Әртүрлі  тауарлар  құндарының  ара-қатысы  оларға  кеткен  абстрактты  еңбек
мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы  тауар  құнының
ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ  нарықтық  факторларға
байланысты өзгеруі мүмкін.
   Басқа теория бойынша тауар  бағасы  деп  өндірістік  қорларды  ең  тиімді
пайдалану жағдайында болған ақшалай  шығындар  мөлшерін  айтады.  Яғни,  бұл
жағдайда тауар бағасы өңдірушінің шығындарын сипаттамай, сатып алушының  осы
тауардың пайдалылығын бағалау  деңгейіне  (сұраныс)  тәуелді  болады.  Мұнда
баға тауар құнынан «босатылады» және оның қажеті жоқ.
      Баға жасау қағидалары: 1.Ішкі факторларға бағдарлану (шығындарға):
а)баға шығындарды қайтарып, кәсіпорын дамуына қажет пайда әкелуге тиіс;
б) баға өндіріс факторларын қолдану тиімділігімен анықталады.
2. Сыртқы факторларға бағдарлану (сұраныс, ұсыныс, тұтынушылық қасиеттер
және т.б.:
3. Аралас (ішкі факторлар ұсынысты, сыртқы факторлар сұранысты сипаттайды).
      Баға функциясы деп оның ішкі құрамының (қасиеттерінің) сыртынан
көрінісін айтады. Бағаның 5 функциясын атауға болады:
   а) есебке алу функциясы
   б) Ынталандырушы функция.
   В) Бөлу функциясы.
   Г) Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы.
   Д)  Өндірісті  тиімді  орналастыру  белгісі  ретінде  болуға  бағытталған
бағаның функциясы..
Бірқатар экономикалық белгілерге қарай бағалардың бірнеше жіктеулері бар:
А)  Бағаны  қою  объектісіне  қарай  материалдық  өнімге  және   қызметтерге
қойылатын бағалар болады. Материалдық өнімдерге қойылатын бағалар түрлері:
А.1. Өнеркәсіп өніміне көтерме бағалар. Көтерме  бағалардың  екі  түрі  бар:
кәсіпорынның көтерме бағасы (сату бағасы) және өнеркәсіптің сату бағасы.
А.2. Құрылыс тауарларының бағалары –  үш  түрі  бар:  1.  сметалық  (құрылыс
салу) құн; 2. прейскурантты баға; 3. келісімдік баға.
А.3. Сатып алу бағалары – ауылшаруашылық өнімді сату бағалары.
А.4. Бөлшек сауда бағалары – соңғы тұтынушыларға арналған бағалар.
Б. Қызметтерге қойылатын бағаларды тарифтер деп  атайды.  Олар  транспортты,
коммуналды, тұрмысты болып бөлінеді.
В. Қызмет  ету  өрісіне  қарай  -   әлемдік,  біріңғай  мемлекеттік  (немесе
белбеулі) және аймақтық (зональды, жергілікті) бағалар болады.
Г.  Тұтынушы  жүктерді  жеткізу  бойынша   транспорттық   шығындарды   төлеу
тәртібіне қарай  -  өнімді  шығару  орнындағы  баға  (тауар  шығару  жерінде
тұтынушыға   сатылады);   тасымалдау   шығындарымен   қоса   біріңғай   баға
(тұтынушының  бәріне  де  мекен-жайына  тәуелсіз  біріңғай  бағалар,   мұнда
транспорттық шығындар  орташа  етіп  алынады);  зональды  бағалар  (берілген
зонада тұратын тұтынышыларға біріңғай бағалар қолданылады);  базистік  нүкте
негізінде анықталатын бағалар (фирма  әртүрлі  географиялық  нүктелерде  бір
тауарға базистік баға тағайындайды, сонда іс жүзіндегі бағаны  анықтау  үшін
ең жақын нүктедегі базистік бағаға тұтынушыға жеткізу шығындарын қосады).
Д. Бағаны орнату  тәртібіне  қарай  еркін  және  реттелетін  және  тіркелген
бағалар болады.
Е. Тауардың жаңа болу дәрежесіне қарай жаңа тауарлар бағалары  және  нарықта
ұзақ сатылатын тауар бағалары болады.
Е.1.  Жаңа  тауарға   «қаймақты   алу»   бағасы,   «нарыққа   ену»   бағасы,
«психологиялық» баға, «лидердің  артынан  еру»  бағасы,  өндіріс  шығындарын
өтеу» бағасы, «беделді» баға қолданылады
Е.2. Ұзақ мерзім сатылатын  тауар  бағасы  –  ауыспалы  (скользящая)  немесе
түсіп бара жатқан бағалар  (сұраныс  пен  ұсыныс  ара-қатысына  тәуелділік),
ұзақмерзімді  баға  (жаппай  алынатын  тауар  үшін),  нарықтың   тұтынушылық
сегментіне арналған бағалар (әртүрлі  сегменттерге  әртүрлі  баға  қолдану),
икемді бағалар (сатушы өзі тез арада өзгерте  алатын  бағалар),  артықшылығы
бар бағалар (үлесі 70-80 %  болатын  компаниялар  бағаларын  түсіре  алады),
енді   шығарылмайтын   өнімдерге   бағалар   (берілген   тауарларда   мұқтаж
тұтынушыларға  арналған),  кәсіпорындардың  көбінен  төмен  болатын  бағалар
(басқа тауарды толықтыратын тауарлар  үшін  қолданады),  келісімдік  бағалар
(сатып   алушыға   қосымша   жеңілдіктер   немесе   шегерімдер   жасалынады)
қолданылады.
Ж) Сыртқы тауар айналымын қамтамасыз етуге  қарай  экспортты  және  импортты
бағалар болады. Бұл бағалар әлемдік бағалар деңгейіне тәуелді болады.
Бұл жерде тауарды тасымалдау шығындарын  өтеуге  байланысты  (франкировкаға)
әртүрлі бағалар қолданылады:
Франко- жеткізу станциясы –  тауар  бағасына  оны  вагоннан  шығаруға  дейін
болған транспорттық шығындар кіреді
Франко-жіберу станциясы – тауар бағасына  жіберу  станциясына  дейін  болған
транспорттық шығындар кіреді, кейінгі шығындар бағадан тыс төленеді.
Франко – қай жерге дейін транспорттық шығындар төленетінін көрсетеді.
З) Есебке  алу  және  статистикада  қолданылатын  бағалар  (тіркеу,  талдау,
индекстерді есептеу үшін қажет): бағалар индексы, ағымдағы, орташа  бағалар,
салыстырылатын және өзгеріссіз бағалар жатады.
И) Ғылыми-зерттеу  ұйымдарында,  сондай-ақ,  жобалық,  лимитті  және  шамалы
(болжамды) бағалар қолданылады.
      2. Баға жасау әдістері.
      Жалпы алғанда шығынды және нарықтық әдіс болады. Фирма келесі  бағалар
түрлерін және оларды жасау әдістерін қолданады:
1) жаңа тауарға бағаны белгілеу: ол өз кезегінде патентпен  қорғалған  нарық
үшін шын мәнінде  жаңа  болатын  тауар  үшін  бағаны  анықтау,  нарықта  бар
тауарларға ұқсас болатын  тауар-имитаторға  бағаны  анықтау.  Тауар-имитатор
бойынша фирма оның нарықтағы орнын дұрыс анықтау қажет. Ол  үшін  баға  және
сапа көрсеткіштерінің ара-қатыстары қарастырылады.
|Сапа\Баға          |Жоғары             |Орташа             |Төмен              |
|Жоғары             |Сыйлықты қосылымдар|Нарыққа терең ену  |Құндылық мәнін     |
|                   |стратегиясы        |стратегиясы        |жоғарлату          |
|                   |                   |                   |стратегиясы        |
|Орташа             |Артық қойылған баға|Орташа деңгейлі    |Жақсы сапа         |
|                   |стратегиясы        |баға стратегиясы   |стратегиясы        |
|Төмен              |Ұрлау стратегиясы  |Көркемділігі өтірік|Құндылық мәнін     |
|                   |                   |стратегиясы        |төмендету          |
|                   |                   |                   |стратегиясы        |


2) Тауар номенклатурасы шеңберінде баға жасау.  Мұнда  фирма  өзі  шығаратын
тауар номенклатурасы бойынша бағалар жүйесін құрып максимальды  пайда  алуға
тырысады. 4 типтік жағдай болуы мүмкін:
а) тауар ассортименті шеңберінде бағаны жасау.  Әртүрлі  тауарларға  әртүрлі
деңгейлі бағалар орнатылады (барлық  факторлар,  әсіресе  шығындар  деңгейі,
бәсекелестер бағалары, тұтынушылардың көзқарасы, есебке алыну керек)
б) толықтырғыш  тауарларға  баға  орнату.  Негізгі  тауарға  фирмалар  кейде
қосымша толықтырғыш тауарлар ұсынады.  Негізгі  мәселе:  стандартты  тізімге
және қосымша, толықтырғыш тізімге нені қосу қажет деген сұрақты шешу.
в) Міндетті қосылымдарға бағаларды орнату. Бұл қосылымдар  негізгі  тауармен
қоса қолданылу қажет. Кейде оларға фирмалар асыра бағаларды қояды.
г) Өндірістің қосалқы өнімдеріне бағаны орнату.  Оларды  өткізу  нәтижесінде
негізгі тауардың бағасы кемиді.
3) Бағаларды  географиялық  қағидаға  байланысты  орнату.  5  түрлі  вариант
болады:
а) тауар шығару орнында бағаны анықтау
б) транспорттау шығындарын қосып біріңғай бағаны анықтау
в) зональды бағалар анықтау
г) базистік нүктеге қарай баға орнату
д) фирма транспорттау шығындарын өзі төлеп баға орнатады.
4) Шегерімдері немесе келісулері (зачеты) бар бағаларды орнату.
5) Өткізуді ынталандыруға арналған бағаларды орнату.
6) Дискриминациялық бағаларды орнату.
3. Баға және баға жасау саясатының механизмы
      Баға саясаты  деп  өз  тауарларына,  қызметтеріне  бағаларды  орнатуда
фирма  жетекшілері  ұстанатын  жалпы  қағидалар   жиынтығын   атайды.   Баға
стратегиясы деп осы  қағидаларды  іске  асыруға  мүмкіндік  беретін  әдістер
жиынтығын  атайды.  Баға  саясаты  жалпы  фирма  стратегиясының  бір  бөлімі
ретінде қарастырылады.
       Көптеген  кәсіпорындар  нарық  жағдайларында  өз   қызметін   әртүрлі
жағдайларға байланысты өзгертуге  мәжбүр,  бұл  орайда,  олардың  қолданатын
баға жүйелері және деңгейлері де өзгереді.
      Бағаның өзгеруі аз зерттелген және ТМД елдерінде аз қолданылады.  Баға
өзгерту әдістерінің мақсаттары:
         - ұзақ мерзімге пайда алу;
         - нақты келісім шарттан мақсатты пайда алу;
         - тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру арқылы сатуларды өсіру;
      Баға өзгерту себептері: жер қашықтығы (сыртқы саудада); бағаны шегерім
және   қосылым   жүйелері   арқылы   өзгерту;   сатуды   ынталандыру;   баға
дискриминациясы; тауарға бағаны сатылап төмендету.
      Бағаны сонымен қатар әртүрлі шегерімдер (жеңілдіктер) және  қосылымдар
жасап  өзгертеді.  Оның  алғышарттарына  сатуларды   және   пайданы   өсіру,
бәсекелестерді ығыстыру, нарықтағы орнын сақтау  немесе  жаңа  нарыққа  ену,
өткізуді ынталандыру, жалпы шығындарды азайту міндеттері болып табылады.
      Баға шегерімдерінің келесі негізгі түрлері болады:
А) Сконто – бұл сатып  алушы  тез  арада  (оперативті)  және  ақшалай  төлем
жасағанда берілетін баға шегерімі.
Б) Жеңілдетілген баға  –  белгілі  бір  өнімдерге  жеке  тауар  нарықтарында
немесе жеке тұтынушы топтарына сатуларды ынталандыру үшін қойылады.
В) Сатып алынатын  тауар  көлемі  үшін  шегерім  –   сатып  алынатын  бірдей
тауардың көлемі неғұрлым жоғары  болса,  оның  бағасы  белгілі  бір  пайызға
төмендетіледі.
Г) Жалпы  (қарапайым)  шегерім.  Прейскураннты  немесе  анықтамалық  бағадан
жасалынады.  Көбінесе  20-30  %,  кейде  40  пайызға  дейін  қойылады.   Бұл
шегерімдер кеңінен құрал-жабдықтарды сатуда  немесе  өнеркәсіптік  шикізатты
өткізгенде  қолданылады  (2-5  пайыз).  Сконто   шегерімін   осы   қарапайым
шегерімге жатқызуға болады.
Д) Айналым үшін  шегерім,  бонусты  шегерім.  Тұрақты  тұтынушыларға  арнайы
келісім  негізінде  жасалынады.  Келісім  шартта  бұл  жағдайда   шегерімдер
шкаласы қолданылады (айналым көлеміне қарай).
Е) Функциональды  шегерім  –  сауда  өрісіндегі  шегерім.  Тауар  өңдірушісі
тауапды  өткізуде  (сақтауда,  есеп  жүргізуде)  белгілі  бір   функцияларды
орындайтын тауар қозғалысы қатысушыларына жасайды.
Ж) Прогрессивті шегерім. Сатып  алушы  алдын  ала  белгіленген  және  көлемі
өсетін тауар алғанда берілетін шегерім. Сериялы  тапсырыстар  өңдіруші  үшін
ерекше  пайда  әкеледі,  өйткені  біртипті  тауар  неғұрлым  көп  өңдірілсе,
солғұрлым өндіріс шығындары кемиді.
З)  Дилерлік  шегерім.  Өңдіруші  тұрақты  делдалға  немесе  сауда  өкіліне,
әсіресе шетелдік өкіліне жасайтын шегерім. Бұл  шегерім  түрі  құрал-жабдық,
машиналарды сатқанда жиі қолданылады.
И)  Арнайы  шегерім.  Артықшылығы  бар  тұтынушыларға   (сатушылар   олардың
тапсырыстарына мүдделі)  жасалынады.  Бұл  шегерімдерге  сынау  партияларына
және  тапсырыстарға,  тапсырыстардың   тұрақтылығына   және   мерзім   сайын
жасалуына  байланысты берілетін шегерімдер жатады.
Й) Экспортты шегерімдер. Шетелдік сатып  алушыларға  жасалынады.  Мақсаты  –
сыртқы нарықта тауардың бәсекелестік қабілетін өсіру.
К) Маусымды шегерімдер. Бұл шегерімдер сатушыға өндіріс көлемін бір  қалыпты
ұстауға мүмкіндік береді.
Л) Жасырын шегерімдер.  Бұл  фрахтқа  жасалынған  шегерімдер,  жеңілдетілген
несие немесе процентсіз несие беру, тегін қызмет көрсету,  тегін  үлгі  беру
түрінде жасалынатын жеңілдіктер.
М) Сапасына байланысты  шегерім.  Кейде  өңдіруші  нарықтың  тауар  ыдысына,
қабына,  маркировкасына,  сипаттамаларына  байланысты  сұрауларын  орындауға
қиналғанда, осы тауарларға  қойылатын  бағаға  шегерімдер  қолданады.  Кейін
барлық мәселелер шешілгеннен кейін оларды қайтадан өз деңгейіне жеткізеді.
Н) Бұрын қолданылған жабдықтарды сатудағы шегерімдер.
О)  Сервистік  шегерімдер  –  сатылған  тауарға  қосымша  техникалық  қызмет
көрсетудің, сервис жасаудың орнына шегерімдер беріледі.
П)  Клубтық  шегерімдер.   Өз   мүшелеріне   тауар,   қызмет   сатып   алуда
жеңілдетілген баға ұсынатын ұлттық және халықаралық клубтар.
Р) Мәдениаралық байланыстарды ескергендегі шегерім. Кейбір  елдердің  (шығыс
елдері негізінен) мәдени ерекшеліктеріне байланысты жасалынатын  шегерімдер.

С) Өзара есепке алу. Бұрын алынған ескі  тауарды  жаңаға  ауыстырғанда  оның
бағасы кемітіледі.
3. Өткізуді ынталандыруға бағытталған баға өзгерісі:
А) Қызықтыру бағасы (қармаққа іліндіргіш) – сапасы жоғары болса  да,  әйгілі
тауарды арзан бағамен сату арқылы сату  көлемін  өсіру.  Оны  кейде  «арнайы
ұсыныс» деп атайды.
Б) Арнайы шаралар бағасы. Ерекше ұсыныс кезінде қолданылады. Мысалы,  маусым
аяқталғанша, сату орны жабылар алдында, табиғат апатынан  сапасы  төмендеген
тауарларды сатқанда.
В) Сыйлық (орнын толтыру -компенсация). Бөлшектеп сатуда  өңдірушінің  сатып
алушыға ақша төлеуі (әсіресе  АҚШ  тараған).  Егер  сатып  алушы  өңдірушіге
белгілі бір купон, мәлімдеме жіберсе, тауар  құнының  бір  бөлігін  өңдіруші
оған қайтарады.
Г) Қарызға сатқанда тиімді пайыз ставкаларын  қолдану.  Алғашқы  тауар  үшін
төлеу  үлесі,  қарыздың  үстемесі,  қайтару  уақыты  тұтынушы  үшін   тиімді
жасайды.
Д) Кепілдемелік шарттар және қызмет көрсету (сервис) келісімі.
Е) Адам психологиясына  әсер  ететін  баға  өзгерісі.  Салыстырылатын  тауар
бағасынан әлдеқайда төмен бағамен сату.
Ж) Бағаның жағдайларға байланысты өзгеруі (дискриминация).   Ол  тұтынушылық
сегментке, өнім формасына және қолданылуына, тауар  немесе  фирма  беделіне,
орналасуына, маусымға қарай болуы мүмкін.
З) Ұсынылатын тауар ассортименті бойынша бағаны  сатылап  түсіру.  Кәсіпорын
бір өнімнің бірнеше модификациясын шығарғанда оларға әртүрлі баға  қолданады
(әртүрлі факторларға қарай).
Ерекше қондырғыларға баға сатысы. Жалпы тауардың кейбір бөліктеріне  (машина
қондырғыларына) бағаны әртүрлі етіп жасайды.
Функциональды  жүйелерде  қажет  өнімдерге  баға  сатыларын  жасау.  Негізгі
өнімнің бағасын жоғарлатып, оған қажет қосалқы тауарды  сонымен  қоса  сатып
алушыға беру. Немесе негізгі тауармен қоса тұрақты қажет  заттарды  сатқанда
оның жалпы бағасын оларды жеке –жеке сатқанға қарағанда төмендету.
 И) Баға қосылымы – тсатып алушының ерекше талаптарына  байланысты,  мысалы,
арнайы немесе жеке  тапсырысты  орындағанда,  тауардың  сапасын  көтергенде,
қосымша сервистік қызметтер жасағанда, төлемді  бөліп-бөліп  төлегенде  және
т.с.с. жағдайларда тауар бағасын көтеру.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Баға дегеніміз не?
2. Баға жасау қағидаларын ата?
3. Баға жасау әдістерін білесің бе?
4. Баға және баға жасау саясатының механизмы?
Әдебиет
   1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г.
      Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 268-284 б
   2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000
      г., 267-284 б.
   3. «Баға жасау»  курсы  бойынша  практикалық  сабаққа  арналған  есептер
      жинағы /Оқу-
   4. тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 17-19 б.
   5. Ценообразование/учебно-практическое пособие/П.Н. Шуляк. М.: 2000.
   6. Баға және оның жасалуы/ Жабайхан Кайкен/ Оқулық құрал. Семей.:2002.


Тақырып 10. Инвестициялар, жобалардың тиімділігін есептеу әдістері
Дәріс жоспары:
1. Инвестициялар түсінігі, түрлері
2. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері.
3. Инвестициялық жобаның қаржы жоспары.

1. Инвестициялар түсінігі, түрлері
    Инвестициялар – пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет  объектілеріне
капитал  жұмсау.  Мақсатына  және  мерзіміне  қарай   инвестициялар   келесі
топтарға бөлінеді:
    – қоржынды – бағалы қағаздарды сатып алу және оларға басқару жүргізу.
    – венчурлық – жаңа қызмет өрістеріне немесе  жаңа  өнімдерге  жұмсалатын
      қаржы
    –  тура  –  шаруашылық  жүргізуші  субъектілерінің  жарғылық  капиталына
      жасалынатын салымдар
    –  аннуитеттер  –  сақтандыру  және  зейнетақы   қорларына   жасалынатын
      салымдар.
Жалпы алғанда инвестициялар қоржынды және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар келесі түрде бөлінеді:
1. мүлікке – күрделі шығындар
2.   материалдық   емес   (кадрларды   даярлау,   жарнама,   зерттеулерге,
   құрастыруларға).
Формасына қарай инвестиция түрлері:
1. ақшалай немесе оған эквивалентты қаржымен;
2. жер қорымен;
3. ғимараттармен, құрлыстармен, жабдықпен немесе басқа мүлікпен;
4. ақшалай саналған мүлік құқықтарымен (патент, сауда маркалары, лицензия).
Инвестиция көздері:
1. кәсіпорынның өзіндік қаржысы (пайда, амортизация, сақтандыру қоры);
2. келтірілген қаржы (акция, облигация, бағалы қағаздар  сату);
3. қарызды қаржы (несие, облигациялық қарыз,  шетел  банктердің,  ұйымдардың
   несиелері, сақтандыру және зейнетақы қорларының несиелері);
4. Жоғары тұрған холдингпен, қаржы-өнеркәсіптік топтармен берілетін қаржы;
5. Мемлекеттік бюджет пен қаржы қорларынан тегін салымдар;
6. Шетел инвестициялары.
Инвестициялау қағидалары:
1. «замазка» қағидасы. Инвестиция тиімділігін алдын-ала анықтау.
2. Адаптациялық  шығындар  қағидасы.  Жаңа  инвестициялық  ортаға  бейімделу
   шығындары.
3. Мультипликатор қағидасы. Салалардың  байланысын ескеру.
4. Q  қағидасы.  Қатаң  реттеу  жүргізілмейтін  кәсіпорындарда  қолданылады.
   Инфляцияны, тәуекелді, қайтарып алу мерзімін және капитал салу  шарттарын
   есебке алу.
    Инвестицияларды жасау нәтижелері: экономикалық, техникалық, әлеуметтік,
экологиялық, саяси
      Күрделі шығындар -  өндірістік  қорлардың  құнын  өсіруге  жіберілетін
салым
Күрделі шығын түрлері:
     1. ескі – іс жүзінде істейтін негізгі қорлар құны (Ке).
     2. жаңа – жаңа жабдықтың  құны:  бағасы,  жеткізу  және  орнату  құны,
        модернизация шығыны,  жобалауға,  құрылысқа  және  айналым  қаржыны
        өзгертуге кеткен шығындар:
     3.    [pic]
     4. [pic]                       Кқолд– қолданылған күрделі шығындар.
     5. Кқос=Кж–Ке
2. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері.
Инвестиция тиімділігін анықтағанда келесі көрсеткіштер анықталады:
1.  Коммерциялық  тиімділік  көрсеткіштері  –   тікелей   қатысушылар   үшін
   нәтижелерді сипаттайды.
2. Бюджеттік тиімділік  көрсеткіштері  –  мемлекеттік,  жергілікті  бюджетке
   әсерін сипаттайды.
3. Экономикалық тиімділік  көрсеткіштері–  қатысушылардың,  аймақтың,  жалпы
   елдің  тура  мүддесіне  қатысты  болатын  жоба   бойынша   шығындар   мен
   нәтижелерді сипаттайды.

1) Классикалық әдіс

    Күрделі шығындардың абсолютты нәтижелігін  күрделі  шығындар  тиімділік
коэффициенті сипаттайды:
    [pic]                         П – пайда;  К – күрделі шығын
    Салыстырмалы экономикалық  тиімділік  көрсеткіштері  бірнеше  вариантты
салыстыруға  мүмкіндік  береді.  Ол  үшін  келтірілген  шығындар   формуласы
қолданылады:
    [pic]                            С – жылдық өзіндік құн.
    Ен – экономикалық тиімділіктің нормативты коэффициенті.
    К – күрделі шығындар.             Тн – ақталу мерзімі.
    Тиімді вариантты іске асырудың  экономикалық  нәтижесі  келесі  формула
бойынша табылады:
    [pic]
      Ақталу мерзімі: Та = (К2 – К1)/П(Үж)
      Жылдық экономикалық үнем:   Үж = (С1 – С2)*В2
2) Дисконттау әдісі
Инвестициялар кәсіпорын қызметіне ұзақ уақыт ішінде әсер  етеді.  Шығындарды
мен  нәтижелерді  белгілі  бір  уақыт  шектерінде  бағалайды,  оны   есептеу
горизонты (Т) деп атайды. Осы есептеу горизонтын құрайтын  уақыт  аралықтары
(бірліктері) есептеу қадамдары деп аталынады. Есептеу горизонтының  ұзақтығы
келесі факторларға тәуелді болады:
 – Объектіні жасау және қолдану ұзақтығы;
 – Негізгі технологиялық жабдығының қызмет ету мерзімі;
 – Алдын ала белгіленген пайда сипаттамаларына жетуіне қарай;
 – Инвестор талаптары.
Барлық  шығындар  бастапқы  және  ағымдағы  болып   бөлінеді.   Есептеулерге
қолданылатын бағалар келесі болуы мүмкін:
     1. Базистік  –  белгілі  бір  уақыт  мерзімінде  халық  шаруашылығында
        қалыптасқан бағалар. Олар бүкіл есептеу мерзімі  ішінде  өзгеріссіз
        қалады (Цб).
     2. Болжамды бағалар – баға динамикасын болжау  негізінде  белгіленеді.
        Үнемі түзетіліп отырылады (инфляцияны есебке алмай):
     3. [pic]      [pic] –  t  есептеу  қадамында  бастапқы  tн  мерзімімен
        салыстырғанда өзіндік құнның өзгеру индексы.
     4. Есепті  баға  –  инвестирлеу  нәтижелерін  инфляцияны  есебке  алып
        есептегенде қолданылады:
      [pic]                                 Iи – инфляция индексы.
Инфляция – экономикадағы немесе жеке қор түріне бағалардың өсуі.
[pic]
    Инвестициялар  ұзақ  уақыт  бойы  кәсіпорын   қызметіне   әсер   етуіне
байланысты барлық шығындарды және  нәтижелерді  бастапқы  мерзім  бағаларына
келтіру қажеттігі туындайды. Ол үшін дисконттау коэффициенті қолданылады:
    [pic]                      t – есептеу қадамы.
    Е – дисконт нормасы, капиталға саналған пайда нормасына  тең,  инвестор
өздігінен белгілейді. Ол үшін  банк  депозиттерінің  пайызына,  ірі  сенімді
фирмалар акцияларының дивиденд  пайызына,  өндіріс  рентабельділігіне  назар
аударылады.
    Дисконттау әдісі бойынша келесі көрсеткіштер анықталады:
1. ТКТ – Таза келтірілген табыс (NPV).
2. ТИ – табыстылық индексы.
3. ТІН– Табыстылықтың ішкі нормасы.
4. Т – ақталу мерзімі.
1. ТКТ (NPV)
[pic]
T – есептеу горизонты.    t  –  есептеу  қадамы.        Rt  –   t  қадамында
инвестициялаудың нәтижесі.
Зt –  t қадамы бойынша болған шығындар.        Сонымен қатар келесі  формула
қолданылады:
[pic]    [pic] - t қадамы бойынша инвестицияларсыз болған шығын көлемі
[pic]  –   t қадамында инвестицияларды дисконттау.
Егер ТКТ>0, онда жоба тиімді деп саналады.
2. ТИ (PI)
[pic]            Егер ТИ>1, онда жоба тиімді.
3. ТІТ (IRR)  Келесі теңдеу бойынша табылады:
[pic]
Евн  –  келтірілген  нәтиже  шамасы  келтірілген  күрделі   шығындарға   тең
болғандағы дисконт нормасы.
Егер Евн>Е, онда жоба тиімді.
4. Т – жобаны бастау  уақытынан  бастап  жалпы  интегральды  нәтиже  оң  сан
шыққанға дейінгі минимальды уақыт:
[pic]                            Егер [pic], онда жоба тиімді.

       Жобаның  коммерциялық  нәтижелігі  қаржылық   шығындарды   табыстылық
нормасын қамтамасыз ететін нәтижелерді салыстыру арқылы анықталады.

    Е = Нәтиже/Шығындар
    Әр қадамдағы нәтиже ретінде нақты ақшаның ағыны қолданылады.
    Жобаны іске асырғанда 3 түрлі қызметті бөліп көрсетеді:
1. Инвестициялық – негізгі қорлар құнының өзгерісімен байланысты.
2.  Операциялық  –  кәсіпорынды   басқарумен   және   ағымдағы   шығындармен
   байланысты.
3. Қаржылы – бағалы қағаздар қоржынымен байланысты.
Қызметтің әр түрі ақшаның келуімен және шығуымен байланысты болады.
    [pic]
П – ақшаның түсімі.
О – ақшаның шығыны.
Ф – нәтиже.
    Нақты ақша тасқыгы деп инвестициялық және операциялық қызметтен  түскен
ақша мен шығындар арасындағы айырманы айтады.

    [pic]

    Нақты ақша сальдосы – бұл барлық үш қызмет түрі бойынша ақша  түсімдері
мен шығындары арасындағы айырма.

    [pic]

        Негізгі шарт – аталған көрсеткіштер оң сан шығу керек.


Белгісіздікті және тәуекелді есебке алу.

    Белгісіздік деп ақпараттың  жетпеуін  немесе  толық  еместігін  айтады.
Тәуекел кәсіпкердің өз қаржысын жоғалту ықтималдылығын көрсетеді.
    Белгісіздік пен тәуекелдің келесі түрлерін ескеру қажет:
1. Экономикалық заңдылық, ағымдағы  экономикалық  жағдай,  инвестиция  жасау
   жағдайлары.
2. Сыртқыэкономикалық тәуекел.
3. Саяси жағдай тұрақсыздығы, қолайсыз әлеуметтік-саяси өзгерістер.
4.  Бағалардың  валюталық  курстарының   өзгеруі,   нарық   конъюнктурасының
   өзгеруі.
5. Табиғи-климаттық факторлар.
6. Өндірістік-технологиялық тәуекел.
  Тәуекелді    арнайы    экономикалық-математикалық    әдістер    көмегімен
компьютермен есептеуге болады.
    Егер тәуекел ықтималдлығы белгілі болса, инвестициялардан болатын жалпы
нәтиже математикалық күтім формуласы бойынша анықталады:
    [pic]
    Эi – іске асырудың  i-й шарты бойынша интегральды нәтиже.
    pi – i-й шарттың іске асу ықтималдылығы.
    Жобаны таңдау белгілері: мақсаты,  сыртқы  және  экологиялық  белгілер,
жобаны іске  асыратын  инвестордың  белгілері,  ғылыми-техникалық  белгілер,
коммерциялық  белгілер,  өндірістік  белгілер,  нарық  белгілері,   аймақтық
ерекшеліктерді есебке алатын белгілер.
3. Инвестициялық жобаның қаржы жоспары.
    Қаржы – кәсіпорынның ақша жиынтығы және оларды қалыптастыру, бөлу  және
қолдану жүйесі.
    Қаржы көздері: жеке  жинақтар,  акционерлі  капитал,  пайлық  салымдар,
ұзақмерзімді несие, инвестициялар, бюджеттік ақша.
    Қаржы жоспары  кәсіпорынның  төлем  қабілеттілігін  және  ликвидтілігін
қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қаржы жоспарының үш  түрі  бар:  оперативті
(1 жылға дейін), ағымдағы (1 жыл), перспективті
    Қаржы жоспарына келесі құжаттар жатады:
1. Табыстар мен шығындар жоспары (кәсіпорын пайдалылығын көрсетеді);
2. Несиелік жоспар (қарызды қолдануды сипаттайды);
3. Ақша ағындарының жоспары (ликвидтілікті қамтамасыз етеді);
4. Кәсіпорын балансы (кәсіпорынның қаржы жағдайын сипаттайды).
    Кәсіпорын  балансы  активтерден  (кәсіпорын  меншігіндегі  мүлік)  және
пассивтерден (қаржы көздері) тұрады. Олар бір-біріне тең болу керек.
    Кәсіпорын  активтері  ликвидті  (айналым  қаржы)  және  ликвидті   емес
(негізгі капитал) болып бөлінеді.
    Баланс бойынша келесі көрсеткіштер анықталады:
    1. айналым қаржының ликвидтілігі –  кәсіпорынның  қажет  уақытта  қарыз
       қайтаруға қабілетін көрсетеді.
        1. Абсолютты ликвидтілік коэффициенті:
Кал = Ақша/қысқа мерзімді міндеттемелер >=0.5
        2. Ликвидтілік коэффициенті:
Кл = (Ликвидті активтер - өндірістік  қорлар)/қысқа  мерзімді  міндеттемелер
>=1,0
        3. Ағымдағы ликвидтілік коэффициенті:
Кағл = Ликвидті активте/қысқа мерзімді міндеттемелер >=2
    2.  Автономия   коэффициенті   –   кәсіпорынның   қаржылы   дербестігін
       сипаттайды.
      Ка = Өзіндік капитал/Баланс сомасы >=0.5
    3. Қарызды және өзіндік капиталдың ара-қатыс коэффициенті
К =Ұзақ және қысқа мерзімді қарыз/Өзіндік капитал <=1
    4. Капитал рентабельділігі:
    Қаржының жаңа түрі ретінде лизингты айтуға болады – жалдың ерекше түрі.
    Лизинг – мүлік иесі  мен  жалға  алушы  арасында  мүлікті  белгілі  бір
мерзімге беру, ол үшін рентаны төлеу және, көбінесе, амортизация  мерзімінің
аяғында мүлікті толығымен өзіне алу жөнінде келісім шарт.
    Лизинг пен жал арасындағы айырмашылықтар:
    1) Лизингте толық амортизация төленеді.
    2) Лизинг өнімді өткізудің бір түрі ретінде қолданады.
    3) Лизинг мерзімі келісімде тіркеледі және одан  бас  тартуға  болмайды
       (жалдан бас тартуға болады).
      Лизинг формалары:
    1. Оперативты лизинг: келісім мерзімі амортизация мерзімінен  әлдеқайда
       кем (жалға ұқсас).
    2. Қаржы лизингы: Келісім мерзімі амортизация  мерзіміне  жақын  немесе
       тең болады. Оның түрлері:
а) тура (қарапайым) лизинг:
      Артықшылықтар:
1. Лизинг 100% несие  беруді  көздейді  және  төлемдерді  қолма-қол  төлеуді
   талап етпейді.
2. Жалға алушы жабдықты жаңартуға мүмкіндік алады.
3. Есепте мүлік лизинг беруші балансында болады.
4. Лизинг кепілдемені талап етпейді,  өйткені  кепілдеме  ретінде  жабдықтың
   өзі болады.
5. Барлық  дамыған  елдердің  мемлекеттік  саясаты  лизингтік  операцияларды
   кеңейтуге және дамытуға бағытталған.
Кемшіліктер:
   1. Лизинг берушінің үлкен қаржы шығындары.
   2. ҒТП байланысты жабдық ескірсе және бұл жағдай келісімде  көрсетілмесе,
      төлемдерді амортизация мерзімінің аяғына дейін жасай беру қажет.
   3. Лизингтің жалпы құны несие құнынан, көбінесе жоғары болады.
   4. Лизингтік операцияларды жүргізудің күрделілігі.
   5. Салық жүйесі – салықтардың жиынтығы және оларды есептеу  және  бақылау
      жүйесі.
      Негізгі  қағидалары:  Мүмкіндіктер  бойынша  төлеу;   Артықшылық  үшін
төлеу; Есептеудің қарапайымдылығы және қол жетерлігі.
Функциялар: фискальды; қайта бөлу; ынталандырушы.
        Салықтар   түрлері:   тура;     жанама;      жалпы;          арнайы.
пропорционалды;          прогрессивті.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Инвестициялар түсінігі, түрлері
2. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері.
3. Инвестициялық жобаның қаржы жоспары.
Әдебиет
   1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г.
      Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 336-360 б
   2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000
      г., 134-159 б.
   3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 306-
      326 б
   4. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г.,
      344-364 б.
   5. Бейсенова М., Садықбаева А.  Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы),
      Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 68-78 б
   6. «Кәсіпорын экономикасы» курсы  бойынша  практикалық  сабаққа  арналған
      есептер жинағы
       /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 43 б.

       Тақырып 11. Жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру
Дәріс жоспары:
          1. Көлік кәсіпорындарының  түрлері
      2.  Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру
      3. Жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру

1. Көлік кәсіпорындарының  түрлері
   Көлік кәсіпорындары өздерінің міндеттері бойынша: көлік, қызмет  көрсету,
жөндеу
кәсіпорындарына бөлінеді.
   Көлік кәсіпорындары  кешенді  түрдегі  кәсіпорындар  болып  табылады.  Ол
жүктерді және  жолаушыларды  тасымалдауды,  қозғалмалы  составқа  техникалық
қызмет көрсету мен жөндеуді, сақтауды, қажет жөндеу  материалдарымен,  запас
бөлшектермен жабдықтауды жүзеге асырады.
    Көлік  кәсіпорындары  орындайтын  жұмыстың   сипаты   бойынша:   жүктік,
жолаушылық,
  аралас  (жүктік-жолаушылық),  арнайы  (мед.   жедел   көмек   және   т.б.)
кәсіпорындарына бөлінеді.
   Көлік кәсіпорындары ведомствоға жатуы бойынша: жалпы пайдаланудағы  көлік
құралдары, ведомстволық көлік құралдарына бөлінеді.
   Жалпы пайдаланудағы көлік кәсіпорындары  ведомствоға  жатуға  байланыссыз
барлық кәсіпорындар мен мекемелер  үшін  жүктерді  тасымалдауды  және  қала,
қала маңайындағы, халықаралық маршруттағы тасымалдауды жүзеге асырады.
     Ведомстволық   көлік   кәсіпорындары   өнеркәсіптік,    құрылыс    және
ауылшаруашылық  кәсіпорындарында  құрылады  және  өндірістің   технологиялық
процестеріне байланысты жүктерді тасымалдайды. Әрбір көлік  кәсіпорындарының
өзінің белгілі өндірістік қуаты болады.  Ол  қозғалмалы  составтың  тізімдік
санына және оның жүк көтергіштігіне байланысты.  Техникалық  қызмет  көрсету
және жөндеу кәсіпорындарының  өндірістік  қуаты  техникалық  қызмет  көрсету
линиясының, жөндеудің, өндірістің жетекші буындарының ең  жоғары  қабілетіне
байланысты анықталады.
   Жүктік көлік кәсіпорындары белгілі  жүк  түрлерін  тасымалдауға  (кірпіш,
темір, нан өнімдері және т. б.) маманданған. Жолаушылар  көлігін  біріктіріп
ұйымдастырудың өз ерекшелігі бар. Олар негізінен  автобус  парктерінде  және
таксомоторлық ұйымдар  негізінде  құрылады.  Жолаушылар  көлігін  біріктіріп
құру,  линиядағы  қозғалмалы  составтың  жұмыстық  жетекшілігін  жақсартуға,
оларды   техникалық   жабдықтауға,   ақпараттық   қызметті    ұйымдастыруға,
жолаушыларды тасымалдауды жарнамалауға,  материалдық-техникалық  жабдықтауды
жақсартуға, жабдықты жөндеуге әсерін тигізеді.
   Ірі қалаларда тұтас диспетчерлік қызметпен барлық қалалық көлік  түрлерін
біріктіру тиімді. Кешенді көлік кәсіпорындарымен бірге, қызмет көрсету  және
жөндеу  кәсіпорындары  кең  таралған.   Олар    көлік   құралдарын   сақтау,
техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады.
   Қызмет  көрсетуші  кәсіпорындарға:  гараж,  тұрақтар,  техникалық  қызмет
көрсету  станциялары,  жанармай  құю   станциясы,   көліктік   экспедициялық
кәсіпорындар  (халыққа  және  мекемелерге  құрылыс  материалдарын,   отынды,
тауарларды жеткізу бойынша қызметтерді орындайды,  жүктерді  контейнерлермен
тасымалдайды және т. б.) жатады.
   Көлікті жөндеу кәсіпорындарына: жөндеу,  агрегаттық-жөндеу,  шина  жөндеу
зауыттары, шеберханалар, аккумуляторларды зарядтау станциялары,  маманданған
шеберханалар мен цехтар жатады.
   2. Жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру
 Көлікпен тасымалдау жұмыстарының үлкен бөлігін жүкті тасымалдау алады.  Ол
әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі:
 1. ұйымдастыру;
 2. тасымалдау көлемі;
 3. территориясы және саласы бойынша.
   Тасымалдау ұйымдастыру белгісі бойынша екіге бөлінеді:
 1. жалпы пайдаланудағы көлікпен тасымалдау;
 2. ведомстволық көлікпен тасымалдау.
    Жалпы  пайдаланудағы  көлікпен  жүктерді   тасымалдау    жүктердің   көп
түрлілігімен   және    жүкті    жеткізі    нүктелерімен,    жүктердің    кең
номенклатурасымен сипатталады.
   Ведомстволық көлікпен тасымалдау өндірістік қызмет сипатымен  анықталады.
Ол жұмыстың көлемі ішкі тасымалдау  (кәсіпорын  территориясы  шегінде)  және
сыртқы  (кәсіпорынды  шикізатпен,  отынмен  т.  б.  жабдықтауға  байланысты)
тасымалдаудан құралады.
   Жүк партиясының көлеміне байланысты  тасымалдау  жаппай,  ұсақ  партиялық
және жинақталған түрлерге бөлінеді.
   Жаппай тасымалдау жүктердің бірыңғай үлкен санымен, көлемі,  бағыты  және
құрылымы бойынша, ағынның тұрақтылығымен, бір  түрдегі  қозғалмалы  составты
қолдануымен сипатталады.
   Ұсақ партиялық тасымалдау бірыңғай  жүктердің  аз  ғана  санымен,  бағыты
бойынша, жү ағынының,  тасымалдау  уақытының  тұрақсыздығымен,  әртүрлі  жүк
көтеруді және констукциясы бойынша әртүрлі қозғалмалы  составты  қолдануымен
сипатталады.
   Жүктерді жинақтап тасымалдау халықтың тұрмыстық  қажеттіліктеріне  қызмет
көрсету мақсатында жүзеге асырылады.  Әртүрлі  көптеген  түсіру  пунктерімен
және қозғалмалы составты қолданудың төменгі көрсеткішімен сипатталады.
   Территориялық белгілері бойынша қалалық,  қала  маңындағы,  қала  аралық,
аудан ішілік тасымалдаулар болады.
   Қалалық тасымалдаулар қала ішінде жүзеге асады.
Сипаттамасы:
● тасымалдаудың қысқа қашықтығы;
● қозғалыстың жоғары емес жылдамдығы;
●    жүк     жіберушілер     мен     жүк     алушылардың     үлкен     саны;
                                 ● жүк номенклатурасының әртүрлілігі.
Қалалық  тасымалдау  үшін  конструкциясы  мен   жүк   көтергіштігі   әртүрлі
қозғалмалы состав қолданылады.
   Қала маңындағы тасымалдау сипаттамасы:
● тиеу-түсіру пунктерінің біршама саны;
● жүк ағынының құрылымы салыстырмалы тұрақты;
● кіші және орташа жүк көтеретін көлік құралдары қолданылады;
● жүкті тасымалдау ұзақтығы 20-100км.
   Қала аралық  тасымалдау  жақсы  жетілген,  жақсартылған  жолдарда  жүзеге
асырылады.
Сипаттамасы:
● тасымалдаудың ұзақ ара-қашықтығы;
● қозғалыстың жоғары жылдамдығы;
● үлкен тұрақты жүк ағындарының болуы;
● үлкен жүк көтергіш қозғалмалы составты қолдану.
   Аудан ішіндегі тасымалдаулар бір аудан ішінде жүзеге асады.
Сипаттамасы:
● уақыттша жүк ағыны;
● тасымалдау ара-қашықтығындағы үлкен ауытқулар;
● тұрақсыз
Бұл тасымалдау үшін қозғалмалы составтың әртүрлі түрлері қолданылады.
   Салалық  белгісі  бойынша  жүк  тасымалдаулары  -  құрылыс  материалдарын
тасымалдау, өндіретін және өңдейтін  өнеркәсіп  жүктерін  тасымалдау,  сауда
нүктелері,   қоғамдық   тамақтандыру,    коммуналдық    шаруашылық,    орман
шаруашылығы, ауыл  шаруашылығына  бөлінеді.  Тасымалдаудың  осы  көрсетілген
түрлерінің  әрқайсысы  белгілі  эксплуатациялық  шарттармен    және   сәйкес
қозғалмалы состав түрімен сипатталады.
   Жүк тасымалдаулары орталықтандырылған  және  орталықтандырылмаған   болып
бөлінеді.
   Ұйымдастырудын ең озық  әдісі орталықтандырылған  тасмалдау.  Жабдықтаушы
кәсіпорынның тапсырысы бойынша жүзеге асырылады. Бұл порцеске жүк  жіберуші,
көлік кәсіпорны, жүкті алушы қатысады. Олардың міндеттері:
● жүкті тиеуді жүк жіберуші өзінің құралдарымен, күшімен жүзеге асырады;
● жүкті тасмалдауды  және  оларды  экспедициялауды  көлік  кәсіпорны  жүзеге
асырады;
● жүкті түсіруді жүкті алушы өзінің күшімен, құралдарымен жүзеге асырады.
    Осылайша,  көлік   процесінің   қатысушылары   өзінің   тиісті   белгілі
функцияларын орындайды. Жүктің  барлық  тасымалдауларын  бір  көлік  ұйымына
бағыттау, қозғалмалы составты қолдануды жақсартуға мүмкіндік береді. Яғни:
 1. жүк көтергіштігі мен жүру коэффициентін арттырады;
 2. тиеу-түсіру жұмыстарындағы тоқтап қалуларды азайтады;
 3. тасымалдаулар алдын-ала жасалған графикпен жасалады;
 4. арнайы қозғалмалы состав қолдану мүмкіндігін береді.
Орталықтандырылған тасымалдау жүкті жіберуші үшін де, жүкті  алушы  үшін  де
қолайлы жағдай жасайды. Экономикалық  тиімділігі  жоғары  (жүргізудің  еңбек
өнімділігі жоғары,  қозғалмалы  составтың  жүк  көтергіштігі  артады,  көлік
шығындары артады).
       Жолаушыларды тасымалдау негізінен жалпы пайдаланудағы  көлікпен  және
ведомстволық көлікпен (аз мөлшерде) жүзеге асады. Жолаушыларды  тасымалдауды
көлік  кәсіпорындарын  пайдалану  қызметі  ұйымдастырады.  Олар   қозғалмалы
составты ұтымды пайдалануды  қамтамасыз  етуі  қажет.  Көлік  кәсіпорындарын
пайдалану қызметі қабылданған тасымалдау жүйесіне байланысты басқарылады:
   ● орталықтандырылған;
   ● орталықтандырылмаған.
    Орталықтандырылмаған   жүйеде   әрбір   көлік   кәсіпорны   жүктер   мен
жолаушыларды тасымалдауды өз бетімен жүргізеді.
   Орталықтандырылған жүйеде бұл функцияларды көлік басқармалары  орындайды.
Басқару  жүйесіне  байланысты  көлік  кәсіпорындары  мен   көлікті   басқару
арасындағы  міндеттер  бөлініп  беріледі.  Басқарудың   орталықтандырылмаған
жүйесінде көлік кәсіпорынның  қызметі  кәсіпорын  қызмет  ауданындағы  көлік
байланыстары  мен  жүк   айналымын   зерттейді.   Осының   негізінде   жүкті
жіберушілер бойынша тасымалдау жоспарының жобасын жасайды.  Жоспарға  сәйкес
жүк  жіберушілер  мен  тасымалдауға  шарт  жасайды.  Жүктерді   тасымалдауды
пайдалану жұмыстарын ұйымдастырады. Көлікті басқарудың пайдалану  қызметінің
орталықтандырылған жүйесінде, оның  қызмет  ауданындағы  көлік  байланыстары
жүк  айналымы  зерттейді.  Көлік   кәсіпорнын   орналастыру   және   олардың
арасындағы   қозғалмалы   составтың    тарату    сұрақтары    шешіледі.Көлік
кәсіпорындары ұсынған тасымалдау жоспарлары негізінде жүктерді  тасымалдауды
басқарудың  өндірістік  бағдарламасы  жасалады.  Басқару  процесінде  барлық
көлік кәсіпорынның жүкті тасымалдау жоспарын орындауына  оперативті  бақылау
жүзеге  асырылады.  Әрбір  көлік   кәсіпорынның   қызметі   талданады   және
тасымалдауды ұйымдастыруды жақсартуға шаралар  жасалады.  Көлік  кәсіпорының
пайдалану  қызметінің  және  көлікті  басқврудың  ұйымдастырушылық  құрылымы
құрылады. Басқарудың орталықтандырылмаған жүйесінде  жұмыстың  үлкен  көлемі
көлік кәсіпорының пайдалану қызметіне түседі.  Пайдалану  қызметі  3  топтан
тұрады:
 1. жүктік;
 2. диспетчерлік;
 3. есептік бақылау.
   Жүк тобы:
● тасымалдау шарттарын жасайды;
● өтініштер қабылдайды;
● тасымалдауды жоспарлайды;
● жол жағдайын зерттейді;
● қоймалардың тиеу-түсіру пунктерінің жұмыс режимін зерттейді.
    Диспетчерлік топ қозғалмалы  составтың  жұмысын  оперативті  жоспарлайды
және басқарады. Әрбір көлік құралына жоспар жол қағазында құрастырылады,  ол
жүргізушіге  беріледі.  Диспетчерлік  топ   қозғалмалы   составтың   жұмысын
бақылайды, пайдалануды жақсартады.
   Есептік бақылау тобы:
● жүргізушіден көлік құжаттарын, жол қағаздарын қабылдайды;
● олардың толтырылу дұрыстығын тексереді, өңдейді;
● көлік жұмысының орындалған көлемін анықтайды;
● өңделген жол құжаттарының негізінде тасымалдауға есептеулер жүргізіледі.
    Пайдалану  орталықтандырылған  жүйесінде  көлікті  басқаруда  3  бөлімше
қолданылады:
   1. жүк тобы;
   2. орталықтандырылған диспетчерлік топ;
   3. есептеу-бақылау тобы.
   Көлік кәсіпорндарында кішігірім диспетчерлік топ  болады.  Осыған  сәйкес
пайдалану  қызметі  мен  көлік  кәсіпорын  арасындағы  міндеттер   бөлінеді.
Басқаруды пайдалану қызметі басқарудың барлық көлік құралдары бойынша  толық
жұмыс көлемін орындайды.        Басқарудың  жүк  тобы  тасымалдау  шарттарын
жасайды, өтініштер қабылдайды, барлық көлік  кәсіпорындары  үшін  тасымалдау
ды жоспарлайды.
   Басқарудың  орталықтандырылған  диспетчерлік  тобы  қозғалмалы  составтың
тапсырмасын  орындайды,  жол  қағаздарын  жасайды,   көлік   кәсіпорындарына
таратады, көлік жұмысын бақылайды. Ал көлік кәсіпорынның диспетчерлік тобы:
● дайын жол қағаздарын алады;
● оларды жүргізуге тапсырады;
● линияға көлік құралдарды шығаруды, қайтаруды бақылайды;
● жүргізушіден жол қағаздары мен көлік құжаттарын қабылдайды;
● олардың жазылу дұрыстығын тексереді;
● басқарудың есептік-бақылау тобына өңдеуу үшін береді.
Нәтижесінде   көлік   жұмыстарының   орындалған    көлемі     анықталады.Жүк
жіберушілермен есеп айырылысады.

    Тақырып 12. Қозғалмалы составқа техникалық қызмет көрсету және жөндеу
                            процесін ұйымдастыру
Дәріс жоспары:
        1. Қозғалмалы составқа техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
        2. Қозғалмалы составты жөндеуді ұйымдастыру


1. Қозғалмалы составқа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру
      Көлік кәсіпорынның  тиімді  жұмысы  үшін  техникалық  жөнделген  көлік
құралдарының  қажетті  саны  болуы  тиіс.  Қозғалмалы  составты  пайдалануға
дайындауды көлік кәсіпорынның техникалық қызметті жүзеге асырады.  Техникалы
қызмет  көрсетуді  және  көлік  құралдарына  жөндеуді   ұтымды   ұйымдастыру
нәтижесінде,  олардың  орындалу  шығындарын  төмендетуге   және   қозғалмалы
составтың тоқтап қалуын қысқартуға болады.  Кешенді  көлік  кәсіпорындарында
қозғалмалы составқа техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлері  орындалыды.
Ағымдағы жөндеулер және қажет жағдайда агрегаттарды  күрделі  жөндеу.  Әрбір
нақты жағдайда қолда бар өндірістік техникалық базаны және жөндеудің  кейбір
түрлерін  орындауды  экономикалық  тиімділігі  есепке  алынады.   Техникалық
қызмет көрсету және ағымдағы жөндеуді орындаудың  экономикалық  көрсеткішіне
осы  жұмыстарды  орындауға  кеткен  өзіндік  құнына,  көлік  құралдарын   өз
кәсіпорыннан   басқа   кәсіпорынға   тасымалдауға   байланысты   шығындармен
анықталады.                      Жалпы    пайдаланудағы     барлық     көлік
кәсіпорындарында қозғалмалы составты  ағымдағы  және  күрделі  жөндеу  қажет
жағдайда   орындалады.   Қозғалмалы    составты    ағымды    жөндеу    көлік
кәсіпорындарында,  орталықтандырылған  қызмет   көрсету   базасында   немесе
техникалық қызмет көрсету станцияларында, ал  күрделі  жөндеу  мамандырылған
жөндеу кәсіпорындарында жүзеге  асырылады.  Техникалық  қызмет  көрсету  мен
ағымдағы  жөндеуді  ұйымдастыру  деңгейі   кешенді   техникалық-экономикалық
көрсеткішпен бағаланады. Олардың маңыздылары:
   1. парктің техникалық дайындық коэффициенті;
   2. техникалық жөндеулерге жұмсалған материалдық және  еңбек  шығындарының
көлемі;
   3. техникалық қызмет көрсету мен жөндеу сапасының көрсеткіштері.
   Егер пайдалану жағдайлары (климат, жол)  өзгермесе,  техникалық  дайындық
коэффициентінің шамасы орта тәуліктік жүруі мен қызмет  көрсету  посттарында
тұру уақытына байланысты қозғалмалысоставқа техникалық  қызмет  көрсету  мен
жөндеуді ұйымдастыруда,  оладың  орындау  шығындары,  майлау  материалдардың
шығындары, бөлшектердің шығындары байланысты болады.
   Тасымалдауды жалпы өзіндік құнынан жөндеу шығындары 50% артығын  құрайды.
Сондықтан,  көлік  кәсіпорындарында  оларды  төмендету  шараларын  іздестіру
қажет.
   Техникалық  дайындық  коэффициенті  және  техникалық  қызметке  көрсетуге
жұмсалатын шығындар,  қызмет  көрсету  мен  жөндеуді  ұйымдастырудың  сандық
көрсеткішіне   жатады.   Олармен   қатар   техникалық   жөндеудің    сапалық
көрсеткіштері болады. Оған линияға  техникалық  ақауына  байланысты  кешігіп
шығу саны, техникалық ақауына  байланысты  линиядан  уақытынан  бұрын  қайту
жатады. Бұл көрсеткіштер техникалық қызмет  көрсету  мен  техникалық  жөндеу
сапасына ғана емес пайдалану жағдайларына да байланысты.
   Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге байланысты көлік  кәсіпорындарында
оларды  орындаудың  қабылданған  жүйесіне  сәйкес  орындалады.  Ең   алдымен
техникалық қызмет  көрсеткіші  мен  экономикалық  ұтымды,  мезгілік  уақытын
анықтау қажет. Техникалық қызмет  көрсетудің  санын  өсірген  сайын,  оларды
жүргізу шығындары азаяды, бірақ ағымдағы жөндеу шығындары өседі.

      Тақырып 13. Көлік кәсіпорындарының өндірістік бағдарламасын жасау

  Өндірістік  бағдарлама.  Бұл  бөлімді  өндіріспен   тікелей   шұғылданатын
кәсіпкерлер  жасақтайды.      Басты  мақсат  -  потенциалды   серіктестерді,
болашақ  инвесторларды  нандыру  үшін  кәсіпкер  қандай  мөлшерде,   сапалы,
қажетті  мерзімінде  қызмет  көрсете  алатынын  көрсету  керек.   Өндірістік
бағдарлама мына сұрауларға жауап беруі тиіс:
- қызмет көрсету жұмыс істеп  тұрған  кәсіпорында  өндіріле  ме,  әлде  жаңа
өндірістік қуат жасақтау керек пе? Өндіріске қандай құрал  жабдықтар  керек?
(негізгі машина,  т.б.  құралдардың  станоктардың  тізімі,  саны  және  оның
қысқаша сипаттамасы);
-  керекті  құрал-жабдықтарды  қайдан  алады?  Жабдықтаушылармен   алдын-ала
келісім шарт бар ма?
- қызмет көрсетуге кооперациялану   керек   пе?    Әлде   қызмет  көрсетудің
барлық операциясын өзі жасай ма?
- егер  кооперациялану  керек  болатын  болса,  ол  жағдайда  кіммен  бірігу
жөнінде келісім бар?  Оның қоятын шарты келісуге тұрарлық па?
- шикізат, материалдар, іріктеп жинақталатын құралдар қайдан  алынады?  Оған
жабдықтаушылармен келісім бар ма? Бағасы қандай?
- қызмет көрсету  сапасын  бағалау  қалай  ұйымдастырылады?  Бақылау  құрал-
жабдыктары бар ма? Оны игерген мамандар бар ма?
      Шығатын   жалпы   шығын   қандай  болуы мүмкін? Қызмет көрсетудің  бір
бірлігіне шығын қанша болады? Олардың болашаққа динамикасын келтіру.
      Өндірістік бағдарлама. маңызды элементі  технологаялық  схема  -  онда
қайдан,  қалай   шикізат,   құрал-жабдықтар   қай   жерге,   қандай   ретпен
жеткізетінін көрсету, ол қалай өңделеді, әзір  өнім  -  тауар  қайда  түседі
т.б. Технологиялық схема жасағанда  оның  рационалдығын,  еңбек  ақылығынын,
уақытты, материалдардың  шығынын  қалай  қысқартатындығын  көрсету,  сонымен
бірге  өндіріс  барысында  қызмет  көрсету  түрлерін   өзгерту   мүмкіндігін
ойластыру керек.


               Тақырып 14. Өндірістік қуаттың дамуын басқару.
     Көлік кәсіпорнының қуатын оңтайландырудың екі тәсілі бар: басқару  және
техникалық-экономикалық..  Біріншісі  көбінесе  көліктің  ірі  территориялық
құрылымына   қолданылады  (темір  жолдар  бөлімшелері,  кеме  қатынасы  және
т.б.), белгілі участокте қолайлы режиммен  тасымалдауды  оперативті  басқару
құралдарының  мүмкіндігіне  байланысты.  Екіншісі  жеке   алынған   сызықтық
кәсіпорынға бейімделген  және  дәстүрлі  техникалық-экономикалық  есептеулер
негізінде кәсіпорынның  өндірістік  мүмкіндіктерін  оңтайландырудан  тұрады.
Өндірістік қуаттың көрсеткіштері натуралды және  құндық  көрсеткіштер  болуы
мүмкін: Натуралдық – жүктер мен жолаушыларды тасымалдау  көлемі,  қозғалмалы
составтың саны және жүк көтергіштігі,  көлік  двигателдерінің  жалпы  қуаты,
негізгі  өндірістік  қызмет  ауданы  (территория)  немесе  көлік  көздерінің
созылуы, запас бөлшектер мен материалдарды тұтыну көлемі;
Құндық – белгілі уақыт ішіндегі құн түріндегі өндірістік  қызмет  нәтижелері
(табыстар, шығындар, пайда), негізгі өндірістік қорлардың баланстық құны.
Көлік қызметінің нәтижелері тікелей  қандай  да  бір  көрсеткішпен   өлшенуі
және  көрсетілуі  мүмкін  емес.  Натуралды  көрсеткіштер  жүйесі  өндірістік
мүмкіндіктерді толық сипаттайды. Негізгі өндірістік қорлардың құны,  әсіресе
олардың актив бөлігінің құны  кәсіпорынның  техникалық  деңгейін  және  оның
өндірістік мүмкіндіктерін сипаттайды. Көлік  кәсіпорындары  қуатты  сипаттау
және өлшеу  үшін мынадай көрсеткіштерді жиі  қолданады:  келтірілген  тонна-
километр,жүкті  жіберу  көлемі,  жолаушыларды  жіберу  көлемі,  тиеу  түсіру
жұмыстарының көлемі, пайдаланылатын линия ұзындығы.
Көліктің барлық түрлерінде ең  көкейкесті  міндеті  кәсіпорын  көлемін  және
олардың  дамуын  басқаруды  оңтайландыру.  Көлік  кәсіпорындарының   көлемін
оңтайландырудың  басты  мақсаты  еңбектік   және   материалдық   ресурстарды
үнемдеу,    пайдалану    қызметінің     сапасын     жақсарту,     қозғалмалы
составтыңтоқтауын әне соның салдарынан болатын экономикалық зиянды азайту.
Экономикалық-математикалық әдістер негізінде қолайлы кәсіпорын көлемін  табу
механизмі мен техникасы  әр  түрлі.  Сызықтық  емес  программалау  тәсілдері
қолданылады..Көлік  кәсіпорнының  өндірістік   қуатын   олардың   тасымалдау
қабілеті  сипаттайды. Тасымалдау қабілеті көліктің  өту  (пропускной),  тасу
(провозной), және қайта өңдеу  қабілетімен анықталады.
Өту қабілеті  тұрақты  құрылғыларды,  қозғалысты  ұйымдастыруды  және  жұмыс
технолнгиясын ең жақсы пайдаланғанда, қарастырылатын  объект  арқылы  тәулік
ішінде немесе тәулік бөлігінде өтуі мүмкін поезд, кеме, авто машиналар  және
басқа  көліктің  максималды  саны.  Тасу  қабілеті   қозғалмалы   составтың,
энергияның (отынның) және қызмет көрсетуші персоналдың  болуына  байланысты,
кәсіпорынның осы көлікпен тасуы мүмкін қозғалмалы составтың  ең  үлкен  саны
немесе жүк тоннасы (жолаушы).
Қайта өңдеу қабілеті жүк  өткен  кезде  өз  формасын  өзгертетін  сорттайтын
қоймалардың, айлақ объектілерінің  өндірістік  қуатымен  сипатталады.  Қайта
өңдеу қабілеті өңделген жүк тоннасының санымен немесе есепті кезең  ішіндегі
(сағат, ауысым, тәулік)қозғалмалы состав санымен өлшенеді.

-
      3. Практикалық сабақтар мазмұны


    Тақырып 1. Көлік кәсіпорны -  материалдық өндірістің маңызды саласы
    Кәсіпорын туралы түсінік, түрлері (1 сағат)
    Сабақ мақсаты: студенттерге қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорынның міндеттері, оның ішкі және сыртқы орта элементтері,
ұйымдастырушылық-құқықтық, ұйымдастырушылық-экономикалық формалары жайлы
түсінік беру.
      Тақырып бойынша жазбаша бақылау жұмысына дайындалу (бақылау жұмысы 7
сұрақтан тұрады)
    1) Кәсіпорын дегеніміз не? Оның негізгі міндеттеріне не жатады?
    2) Кәсіпорының ішкі ортасына кіретін негізгі құрамдас элементтер?
    3) Кәсіпорынның сыртқы ортасы элементтері?
    4) Кәсіпорындардың жіктелуін атаңыз.
    5) Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары: серіктестіктер,
       қоғамдар,   коммерциялық    және    коммерциялық    емес    ұйымдар,
       кооперативтер, бизнестың басқа формалары
    6) Кәсіпорынның заң алдындағы міндеттемелері және құқықтары.
    7) Кәсіпорындарды тіркеу тәртібін сипаттаңыз.
Әдебиет
    1) ҚР-ның «Кәсіпорындар туралы» заңы:
    2) Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г.
       Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 59-71 б
    3) Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000
       г., 5-15, 37-58 б.
    4) Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г.,
       75-111 б
    5) Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997
       г., 11-35,42-72 бб.
    6) Бейсенова М., Садықбаева А.  Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы),
       Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 4-12 б


    Тақырып 2. Қазақстанның көлік кешені
    Семинар сұрақтары:
    Қазақстанның көлік кешенінің жағдайын бағалау. Көліктің жекелеген
түрлерін дамыту жағдайы және келешегі. Қазақстан Республикасының көлік
саясаты.


    Тақырып 3. Көлік кәсіпорындарының негізгі қорлары
    Сабақ мақсаты: студенттерді негізгі капитал ұғымымен, негізгі қорлардың
құрамымен, тозу түрлерімен, амортизацияны есептеу әдістерімен, негізгі
қорларды сипаттайтын көрсеткіштермен таныстыра отырып, оларға өз бетінше
есеп шығаруды үйрету. Бұл олардың ойлау қабілетін жоғарлатуға көмектеседі.
    Студенттерді айналым капиталы ұғымымен, айналым қорлардың құрамымен, зу
түрлерімен, амортизацияны есептеу әдістерімен, негізгі қорларды сипаттайтын
көрсеткіштермен таныстыра отырып, оларға өз бетінше есеп шығаруды үйрету.
Бұл олардың ойлау қабілетін жоғарлатуға көмектеседі.


     Есептер
1.1. Жабдықтың бастапқы  бағасы  120  млн.  теңге.  Қызмет  ету  мерзімі  іс
жүзінде —  7  жыл.  Амортизация  нормасы   6  %.  Жабдықтың  қалдық  бағасын
анықтаңыз.
1.2. Амортизацияның жылдық нормасын және сомасын келесі  мәліметтер  бойынша
анықтаңыз:
Бастапқы құны — 10 млн. теңге.
Жойылатын жабдықты өткізуден түсетін түсім — 1,2 млн. теңге.
Жоюға байланысты шығындар — 0,5 млн. теңге.
Нормативтік қызмет ету мерзімі — 8 жыл.
1.3. Экономикалық моральдық тозу көлемін анықтаңыз:
Ескі машинаның бастапқы бағасы — 20 млн. теңге.
Ескі машинаның өнімділігі— 10 мың дана жылына.
Ескі машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі — 10 жыл.
Жаңа машинаның құны — 8 млн. теңге.
Өнімділігі — 30 мың дана жылына.
Ескі машинаның қызмет етуге қалған жыл саны— 2 жыл.
Жаңа машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі — 5 жыл.
1.4. Амортизация нормасы — 10,4 %. Егер нормативтік қызмет ету  мерзімі  4,6
жылға қысқарса амортизация нормасы қалай өзгеру керек. Жою құнын  ескермеуге
болады.
1.5. Тәулік ішінде цехте 50 станок қызмет  етті.  Оның  ішінен  бір  сменада
жұмыс істейтін  20 станок болды, 2 смена істейтін — 10,  3 смена істейтін  —
20. Цехте барлығы 60 станок қойылған. Сменалық коэффициентін анықтаңыз.
1.6. Қойманың толық бастапқы құны — 60 млн. теңге,  оның ішінде ғимарат 50
млн. теңге,  жабдық құны — 10 млн. теңге. Қайта есептеу мезетіне жабдық
бағаларының индексы 0,8,  ал құрылыс-монтаж жұмыстарының индексы 1,02.
Қойманың қайта есептелінген құнын анықтаңыз және моральдық тозуын табыңыз
(абсолютті және салыстырмалы өлшемде).
Әдебиет
   1. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000
      г., 159-185 б.
   2. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г.,
      150-167 б
   3. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000
      г., 146-165 б.
   4. Бейсенова М., Садықбаева А.  Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы),
      Алматы: «Ғылым»,
           2002 ж., 12-24 б
   5. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша  практикалық  сабаққа  арналған
      есептер
          жинағы /Оқу-тәжірибелік  құрал/  Алибаева  М.М.,  Қалдыбаев  М.М.:
    2005, 4-8 б


    Тақырып 4.  Көлік кәсіпорындарының айналым қорлары
    ЕСЕПТЕР
    2.1. Ағымдағы және сақтық қорды табу
|Жеткізу      |Жеткізу құны (млн.      |Жеткізу датасы|Жеткізу құны (млн.     |
|датасы       |теңге)                  |              |теңге)                 |
|15.01        |100                     |01.05         |100                    |
|20.02        |200                     |02.08         |250                    |
|01.03        |150                     |10.10         |200                    |
|20.03        |210                     |01.12         |150                    |


    2.2. Транспорттық қор шамасын анықтау: жүк айналымы мерзімі  —  20  күн;
    құжаттардың пошталық жүрісі — 7 күн; құжаттарды өңдеу —  4  күн;  акцепт
    мерзімі— 3 күн.
    2.3. АҚ нормативын анықтау: өндірістік қорлардың тоқсан ішіндегі  шығыны
    1980 мың теңге; жеткізу интервалы — 16 күн; қабылдау уақыты — 4 күн.
    2.4. Тоқсан ішінде жоспарлы шығын:
  • А материалы б-ша — 45 млн. тг. Норма А = 10 күн;
  • В материалы б-ша — 27 млн. тг. Норма В = 30 күн;
  • С материалы б-ша — 18 млн. тг. Норма С = 20 күн.
    АҚ жалпы нормативын табу.
    2.5.  Өңдірілетін  өнімнің  тоқсан  ішіндегі  көлемі  —   2250   бірлік.
    Өндірістік өзіндік құны — 80 мың. тг/данасы. Бастапқы өндіріс  шығындары
    — 32 мың тг. Өндірістік цикл ұзақтығы — 5 күн. Шығындар біркелкі өседі. 
    Аяқталмаған өндіріс нормативын табу.
    2.6. Тауарлы өнім — 180 млн. тг. Шығару шығыны — 90 млн. тг. Тоқсан — 90
    күн. Дайын өнімге АҚ нормасы — 8 күн. Дайын өнім нормативын табу.
    2.7. Тоқсан ішінде АҚ орташа қалдығы — 270 млн. тг. Өткізу көлемі — 1080
    млн. тг. 1 айналым ұзақтығын табу; АҚ  айналымдылық  коэффициентін  және
    тиеу коэффициентін.
    2.8. Өткізу көлемі — 420 млн. тг. АҚ орташа жылдық құны —  70  млн.  тг.
    Айналымдылықты 1 айналымға өсірсе АҚ үнемін анықтау керек.
    2.9. АҚ абсолютті және салыстырмалы үнемін анықтау.
|Көрсеткіш                   |1 жыл    |2 жыл    |
|Өткізу құны (млн. тг)       |150      |104      |
|АҚ орташа жылдық құны (млн. |15       |10       |
|тг)                         |         |         |


    2.10. АҚ салыстырмалы үнемін анықтау, ағымдағы жылы  өнім  өткізудің  іс
    жүзіндегі көлемі — 25 200 млн. тг. Ағымдағы жылдың аяғында АҚ жалпы құны
    — 2 800 млн. тг. Келесі жылы тауарлық өнім  —     36  000  млн.  тг.  АҚ
    айналымдылығының жоспарлы өсімі — 4 күн.
    2.11. Дайын  өнімнің  қоймадағы  нормативы  —  350 млн.  тг,  ресімдеуге
    жіберілген дайын өнім нормативы — 140 млн. тг.  Тоқсан  ішінде  жоспарлы
    өнім көлемі — 6300 млн. тг. АҚ нормасын табу.
    Тақырып 5. Көлік кәсіпорындарында еңбекті ұйымдастыру және нормалау және
    еңбек ақы
      Практикалық сабақ (1 сағат)
      Есеп  жинағы  бойынша  берілген  тақырыптың  3.1.,  3.3  тапсырмаларын
    орындау, тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.
    Семинар сұрақтары:
    1. Еңбек ақының қандай формаларын білесіз?
    2. Еңбекті төлеуді ұйымдастыру қандай қағидаларға сүйенеді?
    3. Мемлекет еңбекті төлеу процесіне қалай реттеу жұмысын жүргізеді?
    4. Кесімді еңбекті төлеу формасын қолданудың шарттарын  және  мысалдарын
    көрсетіңіз.
    5. Мерзімді еңбекті төлеу формасын қолданудың шарттарын және  мысалдарын
    көрсетіңіз.
      Тапсырма
    Есептер жинағы бойынша «Кәсіпорын персоналы» тақырыбы бойынша 3.4.
    тапсырмасын орындау.


Әдебиет
    1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г.
    Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 132-150 б
    2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000
    г., 230-246 б.
    3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г.,
    472-480 б
    4. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000
    г., 226-234 б.
    Бейсенова М., Садықбаева А.  Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы),
    Алматы: «Ғылым»,
    2002 ж., 44-54 б
    5. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша  практикалық  сабаққа  арналған
    есептер
    жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.:  2005,  35
    б.
      Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар
      1. Есеп жинағында «Кәсіпорын персоналы» тақырыбы бойынша өздік жұмысқа
    арналған есептер (№9, 10).

Тақырып 6. Көлік кәсіпорындарының шығындары және көліктік қызмет көрсетудің
өзіндік құны     Практикалық сабақ (1 сағат)
       Сабақта  студенттер  практикалық  сабаққа  арналған  есептер   жинағы
бойынша  өндіріс  шығындарын  және  қызмет   нәтижелерін   анықтауға   (есеп
жинағында  5  және  6  тақырыптар  бойынша)  есеп   шығарады.   Мәліметтерді
студенттер практикалық сабаққа арналған есептер жинағынан алады.
      Тапсырма
      Есептер жинағы бойынша 2 есеп шығару.
Әдебиет
    1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г.
    Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 132-150 б
    2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000
    г., 230-246 б.
    3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г.,
    472-480 б
    4. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000
    г., 226-234 б.
    Бейсенова М., Садықбаева А.  Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы),
    Алматы: «Ғылым»,
    2002 ж., 44-54 б
    5. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша  практикалық  сабаққа  арналған
    есептер
    жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.:  2005,  35
    б.


Тақырып 7. Табыс, пайда, рентабельдік
Практикалық сабақ (1 сағат)
       Сабақта  студенттер  практикалық  сабаққа  арналған  есептер   жинағы
бойынша табыс, пайда, рентабельдікке арналған есеп шығарады.
      Тапсырма
      Есептер жинағы бойынша 2 есеп шығару.
Әдебиет
    – Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г.
      Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 268-284 б
    – Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000
      г., 267-284 б.
    – «Баға  жасау»  курсы  бойынша  практикалық  сабаққа  арналған  есептер
      жинағы /Оқу-
    – тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 17-19 б.
    – Ценообразование/учебно-практическое пособие/П.Н. Шуляк. М.: 2000.
    – Баға және оның жасалуы/ Жабайхан Кайкен/ Оқулық құрал. Семей.:2002.
      Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар
      «Баға және оның жасалуы» оқу құралында берілген тақырыпқа байланысты
өздік жұмысқа арналған есептер (1-4 вариант).

Тақырып 9. Көлік кәсіпорнында баға жасау
Практикалық сабақ (1 сағат)
       Сабақта  студенттер  практикалық  сабаққа  арналған  есептер   жинағы
бойынша баға жасау әдісін таңдауға арналған есеп шығарады.
      Тапсырма
      Есептер жинағы бойынша 2 есеп шығару.
Әдебиет
    – Шмален Г. Основы и  проблемы  экономики  предприятия/  под  ред.  А.Г.
      Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 268-284 б
    – Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и  статистика»,  2000
      г., 267-284 б.
    – «Баға  жасау»  курсы  бойынша  практикалық  сабаққа  арналған  есептер
      жинағы /Оқу-
    – тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 17-19 б.
    – Ценообразование/учебно-практическое пособие/П.Н. Шуляк. М.: 2000.
    – Баға және оның жасалуы/ Жабайхан Кайкен/ Оқулық құрал. Семей.:2002.
      Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар
      «Баға және оның жасалуы» оқу құралында берілген  тақырыпқа  байланысты
өздік жұмысқа арналған есептер (1-4 вариант).

Тақырып 10. Инвестициялар, жобалардың тиімділігін есептеу әдістері
1. Инвестициялар түсінігі, түрлері
2. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері.
3. Инвестициялық жобаның қаржы жоспары.
Әдебиет
   1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г.
      Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 336-360 б
   2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000
      г., 134-159 б.
   3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 306-
      326 б
   4. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г.,
      344-364 б.
   5. Бейсенова М., Садықбаева А.  Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы),
      Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 68-78 б
   6. «Кәсіпорын экономикасы» курсы  бойынша  практикалық  сабаққа  арналған
      есептер жинағы
       /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 43 б.

       Тақырып 11. Жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру
Дәріс жоспары:
          1. Көлік кәсіпорындарының  түрлері
      2.  Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру
      3. Жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру

Тақырып 12. Қозғалмалы составтың  тасымалдау, техникалық қызмет көрсетуді
және жөндеу процесін ұйымдастыру
Көлік кәсіпорындарындарының түрлері. Жолаушылар  мен  жүктерді  тасымалдауды
ұйымдастыру. Қозғалмалы составқа техникалық  қызмет  көрсету  және  жөндеуді
ұйымдастыру.

Тақырып 13. Көлік кәсіпорындарының өндірістік бағдарламасын жасау
      Жүк айналымы. Жолаушылар  айналымы.  Қазақстан  Республикасының  көлік
кәсіпорындары.  Қазақстан   Республикасының   көлік   құралдары.   Қазақстан
Республикасы көлігімен  тасымалданған  жүктер.  Көлік  түрлері  бойынша  жүк
айналымы. Жалпы пайдаланудағы көлік  түрлері  бойынша  жолаушылар  айналымы.
Жалпы пайдаланудағы көлік жекелеген түрлерімен жолаушыларды тасымалдау.

Тақырып 14. Көлікті басқару
    Семинар сұрақтары:
      Көлік өндірісінің ерекшеліктері және  тасымалдау процесін басқаруды
ұйымдастыру маңызы. Көлікті басқарудың мәні және әдістемелік негіздері.
Өндірістік қуатты дамытуды басқару. Тасымалдау процесін басқаруды
ұйымдастыру. өнеркәсіптік, қалалық және ауылшаруашылық көлікті басқару
ерекшеліктері.


   5. Студенттің өздік жұмысы


СӨЖ №1
5.1 Темір жол көлігінің ел экономикасында атқаратын ролі.

СӨЖ №2
5.2 Көлік шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлар, бағалау,
амортизацияның қазіргі әдістері

СӨЖ №3
   3. Көлік фирмаларында айналым қаржыларын тиімді пайдалану жолдары


СӨЖ №4
      5.4 Көлік фирмаларында қызметкерлердің еңбек мотивациясы

СӨЖ №5
      5.5 Көлік кәсіпорындарында шығындарды басқару

СӨЖ №6
      5.6 Көлік қызметтеріне тарифтерді дифференциациялау түрлері



[pic]
-----------------------
                               Жеткізу шығыны

                                Бастапқы құны

                                Қою (монтаж)

                            Негізгі қорлар бағасы

                             Қайта есептеу құны

                                Бастапқы баға

                         Қайта есептеу коэффициенті

                             Қайта есептеу құны

                                Қалдық бағасы

                         Қайта есептеу коэффициенті


                                 Амортизация

                                Қалдық бағасы


                                Бастапқы баға


Пәндер